30072015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№143 (28621) 30 ШІЛДЕ БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

МАЌСАТ ЕТТІК, МАЌСАТЌА ЖЕТТІК!

 Өңір өмірі

КЇРЕ ЖОЛ

ќажетін ґтейтін кəсіпорын Теміртауда бой кґтерді

Осыған дейін газетімізде хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылдың 28 шілдесі күні Швейцарияның астанасы – Женева қаласында Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас кеңесінің отырысы өтті. Іргелі ұйымның бұл алқалы жиынына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы барып қатысты. Елбасының сонау Еуропада өткен мəжіліске қатысуының себебі де өте маңызды болатын. Яғни, дəл осы күні Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып ресми түрде қабылданды. Осынау елеулі оқиға отандастарымызды да бейжай қалдыра алған жоқ. Көптеген қазақстандықтар еліміздің түкпір-түкпірінен хат жазып, өздерінің қуаныштарын білдіріп, осы жайтқа қатысты ой-пікірлерін жеткізуде. Төменде осындай хаттардың бір тобын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылған өзекті мəселенің бірі – Отанымыздың жүрегі Астанадан Қазақ станның əр қиырына тақтайдай етіп тарам-тарам тас жол салу еді. «Жол – шын мəнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі», деп бұған ерекше мəн берген болатын Елбасы. Президент тапсырмасының қазіргі т аңда мемлекеттік маңызы бар жоба ретінде бағаланып, іске аса бастағаны, əлбетте, көңілге қуаныш сезімін ұялатады. Бұған дəлел ретінде бүгінгі күнде аталған жобаның бір тармағы – Астана-Теміртау автожолы құрылысының да күн-түн демей қызу қарқынмен жүріп жатқанын айтуға болады. Қайрат ƏБІЛДИНОВ, журналист.

Таяуда Теміртаудан Астанаға қарай шығаберістегі күре жолдың бойында бетон жəне асфальт жамылғысын өндіруге арналған мобильді шағын зауыт бой көтерді. Бұл өндіріс ошағын қысқа ғана уақыт ішінде «Сине Мидас Строй» ЖШС салды. Зауыт шығаратын құрғақ бетон қоспасы жоғарыда айтылған Астана-Теміртау автожолының қажетін ашпақ. Жалпы, құрғақ бетон дегеніміз – бейорганикалық ұстастырғыш (портландцемент) пен толтырғыштан (20 мм-ге дейінгі түйірлер) тұратын беріктігі аса жоғары қоспа. Бұдан бөлек, оның

құрамында сапалық қасиетін арттыратын химиялық қоспалардың бүтіндей бір жиынтығы болады. Өндірісте бұл өнімді негізінен салынатын ғимараттардың тірек арқаулары мен іргетастарының мықты болуы үшін пайдаланады. Міне, мұндай берік материалдың тас жолдың табанына төселетіндігі де содан болса керек. «Сине Мидас Строй» ЖШС демекші, бұл кəсіпорын АстанаТеміртау күре жолының металлургтер қаласы мен Баймырза деп аталатын ауыл арасындағы ұзындығы 28 шақырым болатын бөлігін салады. «Сине Мидас Строй» ЖШСнің учаске шебері Рамазан Қадыровтың айтуынша, компания

жол табанына күніне 800 метрге дейін бетон төсейді екен. «Таза бетон мұндай болмайды. Мұны біздің тілімізде «құрғақ бетон» деп атайды, – дейді учаске шебері. – Немесе асфальттің астына төсейтін «жастық» деуге де болады. Құрғақ бетон жер табанына жаймаланған соң оның үстін қалыңдығы 20 см. болатын асфальт басады. Одан кейін тағы да 20 см. жəне 5 см. болып екі қатпар асфальт жабылады. Сонда,

Ќазаќ єарышкерініѕ сапары Ол 10 тəулікке созылмаќшы

бəрін қосқанда құрғақ бетонның үстіне 45 см. қалыңдыққа дейін асфальт төселеді». «Сине Мидас Строй» ЖШС мұндай шаруамен бірінші рет айналысып отырған жоқ екен. Бұған дейін олар Қызылорда облысында дəл осындай əдіспен 45 шақырым жол салыпты. Бұл жұмысты компания үш жылдың ішінде сапалы түрде атқарып шыққан. (Соңы 7-бетте).

 Оймақтай ой Азамат жолы – ар жолы.

Бұл туралы кеше Алматыда Қазақстан баспасөз клубында журналистермен болған кездесуде Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Еркін Шай мағамбетов мəлімдеді. Сондай-ақ, кездесуде Қазақстанның ғарыштық ғылымындағы жетістіктері мен даму болашағы кеңінен сөз болды.

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.

«Егемен Қазақстан».

жоспарланған. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында біз ғарышта бірқатар шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Оның үстіне бұл ұшу сапары Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау шараларымен сəйкес келеді. Сондықтан ғарышкеріміз Айдын Айымбетов халықаралық ғарыш стансасынан күллі əлемге Қазақстанда болып жатқан игі шаралар жайында əңгімелейтін болады», – деді Еркін Мұстафаұлы. Мамандардың айтуынша, қазір отандық ғылыми бағдарлама «Роскосмос» федералдық ғарыш агенттігі тарапынан мақұлданып жатыр. Зерттеулердің негізгі бағыттарына келер болсақ, бірінші кезекте ғарыштық мониторинг жасау, яғни Арал теңізінің, Каспий теңізінің, шаңды дауылдардың жəне мұнайдан ластанған аумақтардың ахуалын бақылау шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар, биотехнология жəне биомедицина салалары бойынша зерттеулер жүзеге асырылады. (Соңы 7-бетте).

Иə, əлем есігі ашылды Қазақ халқының о бастан көршісімен татулықты, араласқұралас болуды мақсат тұтқан, алыстағы елмен де бауырласуды қалап тұратын кеңпейілдігі бар. Осы тұрғыдан айтқанда, Қазақстан шекарасын тарс жауып алып, көршімен араласпау, алыстағы өркениетті мемлекеттермен байланыс жасамауға бекінген ел емес. Бүгінгі жаһандану дəуірінде көршілес, тіпті, экономикасы

Ассамблеялар тəжірибе алмасты

Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ,

Журналистерді қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов жайлы мағлұматтар қызықтырды. Е.Шаймағамбетов бұл күнді 2009 жылдан бері күтіп жүргендерін, өкінішке қарай, елдегі экономикалық дағдарыстың салдарынан ол мақсаттарына жете алмағанын, енді Қазақстан мен Ресей басшылығының шешімі бойынша қазақстандық ғарышкердің биыл қыркүйек айында ғарышқа ұшатынын, сонымен қатар, осы ұшу сапары барысында қазақстандық ғалымдардың тапсырмасымен зерттеулер жүргізу мақсатында бірқатар ғарыштық тəжірибелер жүргізілетіндігін жеткізді. – Бұл бірінші бағдарлама емес, – деді төраға орынбасары. – Отандық бағдарламалар бойынша күні бүгінге дейін төрт ғарыштық сапар жүзеге асты. Əзірге жоспарланып отырған міндеттер сол бағдарламалардың жалғасы. Ғарышта қазақстандық ғарышкер отандық ғылым үшін бірқатар тəжірибелер жүргізетін болады. Айдын Айымбетов «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша үстіміздегі жылдың 2 қыркүйегінде таңғы сағат 10:30-да ұшады. 12 қыркүйекте шамамен таңғы сағат 7-де қону

Нұрлыбек РАХМАНОВ, журналист,

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Орал қаласында «Қазақ стан мен Ресейдің шекаралас өңір лері арасындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту» тақы ры бында халықаралық дөң ге лек үстел мəжілісі өткі зіл ді. Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен халықаралық жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Хатшылық

меңгерушісі Ера лы Тоғ жанов, Ресей халықтары Ассамблеясының төраға сы Светлана Смирнова, Орынбор облысы халықтары Ассам блеясының төрағасы Веналий Амелин, Қазақстан Парламентінің депутаттары Рашид Ахметов пен Елена Тарасенко жəне «Жайық – достық өзені» атты Қазақстан мен Ресейдің тарихи-мəдени жəне экологиялық экспедициясының мүшелері, республика аумағындағы этномəдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. (Соңы 7-бетте).

 Мəселенің мəнісі

Тарта жесеѕ, тай ќалады...

«АрселорМиттал Теміртау» жўмысшыларыныѕ жалаќысын ќысќартпаќшы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығы өз қызметкерлерінің еңбекақысын 25 пайызға қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде компания басшысы Виджай Махадеван мəлімдеді. – Маған мұндай мəлімдеме жасау оңай тиіп тұрған жоқ. Алайда, ниеті түзу жəне біздің компания үшін бағалы қызметкерлер мынаны білуі керек. Біріншіден, егер компания болашағым тұрақты болсын дейтін болса, онда шығынды азайту өте қажет

шара. Екіншіден, мұндай жолға бару жұмыс орындарын жаппай қысқартудан əлдеқайда тəуір, – деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры. Компания басшылығы Қа зақ стан Республикасы Үкіметінің мүшелерімен кездесіп, осы қадамға не себептен барып отырғандықтарын түсіндіріпті. Ендігі кезекте кеншілердің кəсіподақ ұйымымен келіссөздер басталмақшы. «Рыноктағы бұрын болып көрмеген

«Нўрлы Жол» ќўрлыќтарды жалєайды 2-3-беттер Президент жəне сот билігі 6-бет Еуропаны босќындар жайлап барады 8-бет Мазницинніѕ махаббаты 10-бет

жағдайларға байланысты, компания Қазақстан Республикасы Үкі метіне, кəсіподаққа жəне өзінің қызметкерлеріне барлық жұмысшыларының еңбекақысын 1 тамыздан бастап 25%-ға қысқарту жөніндегі ұйғарымын хабарлады», – делінген компанияның БАҚ өкілдеріне таратқан баспасөз хабарламасында. Бұл мəлімдеменің компания жұмысшыларына ауыр тиері сөзсіз. Соған қарамастан, өндіріс бас шылығы

келіссөздер арқылы əрбір қызметкерге қалыптасқан жағдайды түсіндіруге тырысатынын жеткізді. Компанияның мұндай қадамға баруына бірнеше сыртқы факторлар əсер етіп отыр екен. Мəселен, қазіргі таңда Қазақстанға көрші Ресейден келетін импорт көлемі өсе түскен. Бұл жерде Ресей рублінің девальвацияға ұшырауы баға бəсекесіне қатты əсерін тигізіпті. Яғни, Ресейден келетін өнім импортының бағасы біздегіге қарағанда анағұрлым арзан. Соның кесірінен компания металл, көмір жəне кен өндіру ісінде шығынға белшеден бата бастаған. (Соңы 10-бетте).

жан-жақты өркендеген елдермен стратегиялық, іскерлік байланысты орнатпаған болсақ, əлемдік даму үдерістерінен, өркениеттің көшінен кеш қалар едік. Тəубе делік, еліміз тəуелсіздігін алғалы бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды əлемдегі ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосу үшін ерен еңбек сіңіріп келеді. Соның бір дəлелі – 19 жыл бұрын ДСҰ-ға мүше

АҚПАРАТТАР аєыны  Елімізде 2015 жылғы екінші тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жала қысы 124 227 теңгені құрады. Ұлттық экономика министрлігі статистика агенттігінің ақпары бойынша, оның индексі 2014 жылғы екінші тоқсанға 102,9 пайыз, ал нақты жалақы индексі 98,6 пайызды құрады.  «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ порты Қытайдан алғашқы контейнерлер пойызын қабылдады. «Құрғақ порттың» құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған, бүгінде оның операторы «KTZE-Khorgos Gateway» алғашқы 30 контейнерді қайта тиеді жəне кедендік рəсімдеуден өткізді.  Астанада жастар кəсіпкер лігін несиелеудің жаңа бағдарламасы қолға алынды. Жобаны жүзеге асыруға «Даму» қорынан 300 млн. жəне Астана əкімдігінен 300 млн. теңге қаражат бөлінді.  «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының кəсіпкері жылыжайын кеңейту үшін 10 млн. теңге несие алды. Ол өз кəсібін 2010 жылы бастаған екен. Кəсіпшілігінің көлемі 50 сотық жерді алып жатыр.  Қызылорда облысы халықаралық қаржы институттарымен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Еуропалық

болуға талпыныс танытуы. Қазір бұл ұйымда 161 ел болса, енді солардың қатарына Қазақстан да қосылды. Бұл – біздің еліміздің тарихи жеңісі! Елдің өркениет талаптарымен өркен жаюына бастайтын ДСҰ-ға мүше болуы шынында да тарихи оқиға! Еліміздің мəртебесі өсті. Елдің мəртебесі – Елбасының мəртебесі! (Соңы 4-бетте).

қайта құру жəне даму банкі облыс орталығына су бұру жəне оны сумен қамтамасыз ету, электр жəне жылумен жабдықтау жұмысын қаржыландыруды көздеп отыр.  Маңғыстау облысында жыл басынан бері екі индустриалды жоба жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда 850 жұмыс орнын ұсынатын 101 млрд. теңгенің 16 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде Ақтау халықаралық тауар портын кеңейту, үй құрылысы комбинаты мен наубайхана ашу жобалары бар.  Павлодар облысында «Бизнестің жол картасы-2020» жаңа бағдарламасына қатысуға ауыл кəсіпкерлері тартылады. 2016 жылдан бастап шағын кəсіпкерлік субъектілерін несиелеу, қаржы ұйымдарының несиелеріне пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жəне несиелеу ұйымдарының заемдары бойынша кепілдіктер беру қолданылады.  Солтүстік Қазақстан облысында «Атай СҚ» құс фабрикасы өндірістік қуатын үш есеге ұлғайтты. «Бизнестің жол картасы-2020» жобасы аясында фабрика жаңғыртылып, өндірістік қуаты жылына 106 млн. жұмыртқа шығаруға жетті, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.