Қазақстан халқы ел дамуы мен бірлігінің, азаматтар құқықтарының мүлтіксіз сақталуының кепілі – Конституция күнін жан-жақты атап өтуде. Ата Заң 18 жыл ішінде қоғам мен биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып келеді.
№201 (28140) 30 ТАМЫЗ ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
Жемісті реформалар жїргізу жалєасады Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті Н.Ə. Назарбаевтыѕ Конституция кїніне орай Ќазаќстан халќын ќўттыќтауы Қымбатты отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепі ліне айналды. Тиімді құ қық тық жүйені орнықтыру ар қы лы біз экономикалық өсімге жə не қоғамның əл-ауқатының артуына қол жеткізіп, елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық. Əкімшілік жəне құқықтық реформалар, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, əлеуметтік жаң ғырту – мұның бəрі берік конс ти туциялық негізде жүзеге асырылуда жəне халықтың өмір сүру деңгейін одан əрі ұлғайтуға бағыт талған. Біздің сыртқы саясаттағы жүйелі бастамаларымыз Қазақстанның халықаралық
беделінің ұдайы өсуін қамтамасыз етуде. Биыл еліміз 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясында көзделген мақсаттарды іске асыруға кірісті. Соның ең бастысы – Қазақстанның əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі. Стратегияның барлық мақсаттарына қол жеткізу қазақстандықтардың бірлігі мен Конституция қағидаларын мүлтіксіз орындау негізінде ғана мүмкін болмақ. Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – əрбір азаматтың құрметті парызы жəне қасиетті міндеті. Барша қазақстандықтарға игілік пен бақ-береке тілеймін! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, дами берсін! Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Таєайындау
Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше жəне өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясының, жаңа Қылмыстық-іс жүргізу кодексі мен Қылмыстық-атқару кодексі жаңа редакциясының жобаларын қарауға арналған кеңес өткізді. Өз сөзінде Қазақстан Президенті соңғы үш жылда еліміздің құқық қорғау органдары жүйесіне елеулі реформа жүргізілгенін атап өтті. – Қазақстан халқына былтырғы Жолдауымда құқық қорғау жүйесіне реформа жүргізу, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясының, жаңа Қылмыстықіс жүргізу кодексі мен Қылмыстық-атқару
кодексінің жаңа редакциясының жобаларын əзірлеу туралы тапсырма берген едім. Жыл бойы тиісті жұмыс жүргізілді. Енді біз əзірленген жобаларды қарап шығып, оларды Парламентке енгізу жөнінде тапсырма беруіміз қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кеңес барысында Қылмыстық жəне Қылмыстық-іс жүргізу кодекстерінің
жобалары бойынша жасаған баяндамасында Бас прокурор Асхат Дауылбаев жобаларда қылмыстың барлық жаңа түріне қарсы тиімді күрес жүргізу үшін негіз қаланғанын, балалар мен жеткіншектердің құқықтары мен бостандықтарына кез келген озбырлық көрсетушіліктің қатаң жазаланатынын атап өтті. Бас прокурор адам өліміне байланысты емес орташа жəне орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін негізгі жаза ретінде көлемі ұлғайтылған айыппұл белгіленгенін атап өтті. –Қылмыстық кодекс жобасында түзету
● 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні Қайрат МƏМИ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы:
Ўлы ќўндылыќтарды ўлыќтаєан ќўжат Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тəуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден-бір құжат. Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған, биыл қабылданғанына 18 жыл толған Конституция əлемдік стандартқа сəйкес келетін саяси, экономикалық жəне əлеуметтік мəнге ие. Өткен 18 жыл ішінде қоғам мен биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде Конституциялық принцип жəне оның нормасы еліміздің тəуелсіздігін, эко номикалық реформасын нығайтудың басты құралына айналды. Елімізде заңдылық пен конституциялық тəртіптің салтанат құруы негізгі бағыт саналады. Заңдылықты бұлжытпай орындау немесе сақтай білу жауапкершілігі – Қазақстанның тұрақты дамуына жағдай жасай отырып, мемлекетіміздің өзекті деген бағыт-бағдарындағы барлық құқықтық қызметтің өркен жаюына жол ашып берді. Ал əрбір азамат өзін мемлекет міндетті түрде қорғай алатынын нық сезінді, конституциялық заңдылық азаматтар мен адамдардың құқығына жəне бостандығына нақты кепілдік беретініне кəміл сенді. Қазақстанның демократиялық, зайырлы жəне құқықтық мемлекет ретінде орнығуы Конституцияда қаралған президенттік басқару жүйесінің əсеріне тікелей байланыс ты. Қазіргі таңда нақ осы басқару – мемлекетіміздің тəуелсіздігін қамтамасыз етіп, экономикалық жəне саяси реформаны жүргізуге, елдегі ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік беріп отыр. Ата Заңымыз бойынша Президент – елді жаңғыртудың бастамашысы жəне іске асырушысы, Конституцияның сенімді кепілі. Осы орайда өткен күндерге көз
жіберсек, ел егемендігін алғаннан берідегі уақыт ішінде Елбасы ның басшылығымен Конституциялық жəне құқықтық жүйені эволюциялық тұрғыда сатылап реформалау нəтижесінде мемлекеттік биліктің теңгерімді де тиімді жүйесі қалыптастырылды. Конституцияның 3-бабында: “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық, халық билікті тікелей республикалық референдум жəне еркін сайлау арқылы жүзеге асыратындығы, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға беретіндігі, Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмай тындығы, билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудала на тындығы, халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге республика Президентінің, сондайақ Парламенттің де құқығы бар екендігі, республика Үкіметі өзіне берілген өкілеттіктер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізетіндігі” атап көрсетілген. Бұл орайда Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекітуін жəне осы бастаманың нəтижесінде биыл мəслихат арқылы ауыл əкімдерінің сайлауының сəтті өтуін елімізде Ата Заң талабының мүлтіксіз орындалуының жəне Қазақстанның демократиялық үрдіске адалдығының нақты дəлелі ретінде атап өтуге болады. Ауылдық округ əкімдерінің сайлануы қоғамды одан əрі демократияландырудың маңызды кезеңі болып табылады жəне жергілікті жерлерде басқарудың тиімділігі мен айқындығын арттыруға мүм кіндік береді. (Соңы 2-бетте).
Конституционализм əлеуеті пікір алысќанда артады
Кеше елордада Конституция күніне арналған «Конституция – қоғам мен мемлекет даму стратегиясының негізі» атты ғылыми-тəжірибелік конференция болып өтті. Жыл сайынғы дəстүрлі өтіп тұратын бұл кезекті шара барысында Қазақстанның конституциялық дамуындағы жəне қоғам мен мемлекетті əлеуметтік жаңғыртудағы мəселелер кеңінен сөз болды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Сөз орайы келгенде шараны ұйымдас тыруға Конституциялық Кеңес, Бас прокуратура, Адам құқықтары жөніндегі уə кіл, Астана қаласының əкімдігі, Еуропа Кеңесі Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясы (Венеция ко миссиясы), Қазақстан халқы Ассамблеясы, Халықаралық заңгерлер одағы, Қазақстан заңгерлер одағы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті атсалысқандығын айта кеткен жөн. Алқалы жиын жұмысына еліміздің Премьер-Министрі, Парламент Сенатының Төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Президент Əкімшілігінің Басшысы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ 19 ел мен халықаралық беделді ұйымдардың өкілдері қатысты.
Атап айтқанда, алқалы жиынға БҰҰ, Еуропа Кеңесі, Еуропа Одағы, ЕҚЫҰ өкілдері, Əзербайжан, Белоруссия, Болгария жəне Түркия Конституциялық соттарының төрағалары, Корея жəне Тəжікстан омбудсмендері, Армения, Ауғанстан, Литва, Молдова, Ресей, Өзбекстан, Украина, Германия, Хорватия жəне басқа да елдердің конституциялық əділет органдары мен парламенттерінің мүшелері, сонымен бірге, шетелдік жəне отандық танымал заңгерғалымдар мен сарапшылар келді. Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция жұмысын Конституциялық Кеңес Төрағасы Игорь Рогов сөз сөйлеп ашты. Конституциялық Кеңес Төрағасы атал ған халықаралық шарада ең басты қарас тырылатын мəселелер Қа зақ стан Республикасы Президенті Н.Ə.На зарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық құ жа тының құқықтық аспектілерін жүзеге асыру болып табылатынын ерекше атап кетті.
Ал еліміздің Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин конференция қатысушыларына Елбасының құттықтауын жеткізді. Елбасы өз сөзінде қатысушыларды Конституция күнімен шын жүректен құт тықтай мын, дей келіп, Ата Заңның мемлеке тіміздің табысты дамуының берік іргетасы екендігіне ерекше тоқталған. Конституцияның арқасында мемлекеттік жəне жеке меншіктің теңдігі, кəсіпкерліктің дербестігі мен меншікті қоғам мүддесіне пайдалану қағидаттарына сəйкес Қазақстан экономикасы дамып келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы əлеуметтік мемлекет ретінде еңбек бостандығы құқығына кепілдік береді. Неке мен отбасын, ананы, əке мен баланы мемлекеттің қорғауына алып, халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді, делінген Елбасының құттықтауында. Президент сондай-ақ еліміздің Ата Заңы мемлекеттік билік бірлігінің, оның барлық тармақтарының тиімді өзара ісқимылының негізін қалағандығын да ерекше атап кеткен. Конституциялық қағидалар негізінде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара əріптестігі іске асып, жергілікті өзін өзі басқару дамуда. Оған тəуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет болып өткен жергілікті əкімдер сайлауы дəлел бола алады. Консти туцияны бұлжытпай орындау Қазақстандағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайтудың сенімді кепілі. Бүгінде Қазақстан 2050 жылға дейінгі стратегияны іске асыруда. Оның басты мақсаты – əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену. Бұл мақсатты жұмыс Конституция мен заңдардың тəртібін мүлтіксіз сақтауды міндеттейді. Конференцияға қатысушылардың барлығының жұмысына жеміс жəне кəсіби қызметіне табыс тілеймін, дейді Нұрсұлтан Əбішұлы құттықтауының соңында. Бұдан кейін сөз алған Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми Құқықтық саясат тұжырымдамасында атап өтілгендей, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі құқықтық дамуының басты мақсаты мен негізгі бағдары Конституцияның ережелері мен идеяларын толық жəне дəйекті түрде іске асыру дегенді баса айтты. (Соңы 2-бетте).
жұмыстарын атқару тəртібі мен мазмұны өзгеріп, айыппұлға жақын балама ретінде белгіленді жəне бюджетке төленуі тиіс нақты сома көлемінде есептелді, – деді А.Дауылбаев. Бұған қоса, Бас прокурор Қылмыстық кодекстің жобасы 467 баптан – 98-і Жалпы жəне 369-ы Ерекше бөлімнен тұратынын, сонымен бірге, «ілеспелі» заңжоба ретінде 12 кодекс пен 47 заңға түзетулер енгізуді қарастыратынын мəлім етті. (Соңы 4-бетте).
● 1 қыркүйек – Білім күні
Егемен елдіѕ тірегі – білімді ўрпаќ ● Бүгінгі күнде Қазақстан – балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші бойынша ТМД елдері арасында көш бастап келеді. ●12 жылдық оқытуға көшуге дайындық алдағы басты басымдықтардың қатарынан саналады. ● Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асуда.
Білім күніне арналған топтаманы 7-беттен оқисыздар.