30082014

Page 1

КОНСТИТУЦИЯ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ Қазақстан халқы ел дамуы мен бірлігінің, азаматтар құқықтарының мүлтіксіз сақталуының кепілі – Конституция күнін жан-жақты атап өтуде. Ата Заң 19 жыл ішінде қоғам мен биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып келеді.

№169 (28393) 30 ТАМЫЗ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті Н.Ə.Назарбаевтыѕ ќазаќстандыќтарды Конституция кїнімен ќўттыќтауы

1 қыркүйек – Білім күні

Қымбатты отандастар! Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. 19 жыл бұрын осы күні халқы мыз бүкілхалықтық референдумда Қазақстанды зайырлы, құқықтық жəне біртұтас мемлекет ретінде жариялаған Ата Заңды қабылдады. Конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде халық бірлігі, қоғамдық жəне рухани келісім, саяси тұрақтылық қоғамымыздың ерекше құндылықтарын құрайды. Мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына жол ашқан Конституцияның əлеуеті жоғары экономикалық өрлеу мен азаматтар əл-ауқатының артуын қамтамасыз етеді. Біздің Конституциямыз «Қазақстан-2050» Стратегиясының əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі жөніндегі тарихи мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың берік негізі болып табылады. Келесі жылы республикалық референдумда еліміздің Конститу ция сының қабылданғанына 20 жыл толады. Ата Заңымыздың мерейтойы жалпымемлекеттік деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен бірге тойланады. Осы екі айтулы оқиға жылнамамыздағы ортақ байланысты құрайды. Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбітшілік пен ынтымақ, табыс пен құтбереке тілеймін!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Əлеуметтікэкономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

АҚПАРАТТАР аєыны ●Қазақстан екi айда Ресейге 242 мың тонна қайтарылатын мұнай өнiмдерiн жеткiзеді. Бұл туралы айтқан Энергетика министрiнiң бiрiншi орынбасары Ұзақбай Қарабалин: «Біз Ресеймен 2012-2013 жылдары өндірілген мұнай өнiмдерi үшiн қайтарымды түрде мұнай жеткiзу туралы келiсiмге келгенбіз», деді. ●Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға 50 млрд. теңге бөлінді. Мұның аясында құны 8 млрд. теңгеге жуықтайтын «Ақбұлақ» бағдарламасы да бар. Қазір аймақта 21 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 10 жоба толық жүзеге асырылады. ● Ақтөбе облысында жасыл аймақтың 950 га жеріне орман қорғау бойынша жұмыстар жүргізілді. Биылғы жылы сондай-ақ, қайта қалпына келтіру мақсатында 193,9 га жердің қураған ағаштары кесіліп, 125,37 га жерге орман ағаштары отырғызылады. Бұған дейін 210,1 га жер ағашпен толықтырылды. ●Қарағанды облысының əкімі білімге инновация керек деп есептейді. Мұны мұғалімдердің тамыз мəслихатында айтқан Нұрмұхамбет Əбдібеков білім беруді дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына енетін 15 нақты жобаны анықтап берді. ● Шымкент қаласында төртінші ауданның атын қоюға көпшілік атсалысып жатыр. Бұл қалалық мəслихат депутаттарының жұртты осыған үлес қосуға шақыруы арқылы мүмкін болды. Бүгін шымды шаһарда осыған арналған

алғашқы қоғамдық тыңдау өткізіледі. ● Атырау облысында əрқайсысы 280 орындық 27 балабақша ашылады. «Өкінішке қарай, облысымыз республика бойынша мектепке дейінгі балалар мекемесімен қамтамасыз етілу жағынан 9-орында тұр. Сондықтан балалардың басым көпшілігі балабақшаларға бару мүмкіндігіне ие болулары үшін бар күш-жігерімізді салып жатырмыз», – деді осыған орай облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов. ● Германиядан Таразға неміс фольклоры əндерін жинаушылар келді. Келген меймандар – Якоб Фишер мен Александр Вайц мұнда алдымен неміс этномəдени орталығының жұмысымен танысып, неміс əндерін орындау жөнінде мастер-класс өткізді. ● Қостанай облысының Федоров ауданында қуыршақ театры ашылғалы жатыр. Ауданда 13 мəдениет үйі бар. Жақында бұлардың қатарына тағы бір осындай ошақ қосылмақшы. «Иволга-Холдинг» ЖШС бас директорының орынбасары Владимир Рыдченко оны қуыршақ театры ретінде пайдалануға беру жөнінде шешім қабылданғанын айтты. Хабарлар «ҚазАқпарат», Аlau.kz, Egemen.kz агенттіктері, Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдігі, «Индустриальная Караганда», «Знамя труда» газеттері сайттарының деректері бойынша дайындалды.

Жаѕа іс-ќимыл жобасы

Суретті түсірген Игорь БУРГАНДИНОВ.

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнінің бес жылдығын атап өтуге орай кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов журналистермен Қазақстанның ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл жобасы тақырыбында брифинг өткізді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Брифингке БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасы департаментінің жетекшісі Айнұр Баймырза да қатысты. Кездесу ядролық сынақтардың зардабынан қаза болған шейіттерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Одан əрі сөз кезегі Барлыбай Садықовқа берілді. Ядролық қарусыздану, таратпау жəне ядролық қауіпсіздік – жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күн тəртібінің əрдайым басты мəселесі болып табылады. Ядролық

арсеналдың кемуіне қарамастан, қарудың бұл түрінің əлемдегі қоры əлі де өте көп жəне ол қолданылған жағдайда Жер шарын бірнеше рет жоқ етуге жетеді. Міне, сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарусыздану жəне оны таратпау мəселелеріне ерекше мəн беріп, бұл салада аса маңызды бастамаларды алға тартып отыр. Адамзатты ядролық қарудан азат ету жəне жаппай қырыпжою қаруларын таратпау режімін нығайтуға бағытталған Президент

Биылғы жаңа оқу жылында Отанымыздағы 7307 мектеп табалдырығын – 2 525 047 оқушы аттайды. Олардың арасындағы 1-сыныпқа баратын бүлдіршіндердің болжамды саны 277 575-ті құрайтын көрінеді. Аталған білім ұяларының 3796-сы қазақ, 1349-ы орыс, 2090-ы аралас тілді, 72-сі өзге ұлт балаларының мектебі екен. Қазақ тілінде оқитын ұл мен қыздың жалпы саны – 1 348 843, ал орыс тілінде білім алып жүрген оқушылар – 703094, аралас тілді мектепте білім алатындар 422111 оқушыны құрайды. Еліміз бойынша жаңа оқу жылында 68 мектеп ашылатын болса, оның 18-і Шығыс Қазақстан облысының, 17-сі Оңтүстік Қазақстан облысының, 9-ы Алматы облысының, 6-уы Қызылорда облысының, 4-еуі Ақмола облысының еншісіне тисе, Астана қаласы – 6, Алматы 1 мектептің тұсаукесерін өткізеді.

(Соңы 4-бетте).

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.

ҐМІРІ – ЕРТЕГІ, ЕЛДІЅ – ЕРТЕЅІ

(Білім күніне арналған топтаманы 5-беттен оқисыздар).

БЕЙБІТШІЛІК ЖАРШЫСЫ «Невада-Семей» антиядролыќ ќозєалысыныѕ 25 жылдыєы Шыєыс ґѕірінде кеѕінен аталып ґтті Кеше халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына 25 жыл толуына орай Семей мен Курчатов қалаларында бірқатар ауқымды іс-шаралар өтті. Əлемнің 17 мемлекетінен келген меймандар алдымен Семей шаһарындағы хакім Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Қонақтар екі топқа бөлініп, бір тобы Курчатов қаласындағы «Ядролық технологиялар паркі» АҚ базасындағы ИЛУ-10 радиациялық зарарсыздандыру корпусы, Ұлттық ядролық орталығының зертханалық корпусы жəне «ТОКАМАК» КТМ нысандарында болып, «Бейбіт атом – бейбітшілік мақсатында» атты дөңгелек үстел отырысына қатысты. Ал МАГАТЭ, БҰҰ, ЮНИСЕФ өкілдері, АҚШ,

Корея, ҚХР, Украина, Белоруссия, Франция мен Жапония елдерінің елшілері мен дипломаттары, еліміздің орталық мемлекеттік органдарының өкілдері, депутаттар, қоғамдық ұйымдар жетекшілері жəне «Невада-Семей» қозғалысының мүшелерінен құралған екінші топ Семей қаласындағы ядролық медицина саласын дамытудағы кластерлік жүйемен танысып, жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ, тарихи-өлкетану музейінде

ұйымдастырылған «Хиросима мен Нагасаки туралы естелік» атты Нагасаки ұлттық мемориалдық кешенінің көрмесін тамашалады. Күннің екінші жартысында қос делегация өкілдері «НевадаСемей» қозғалысының 25 жылдығына арналған халықаралық конференция жұмысына қатыс ты. «Ұлттық қасіреттен – ұл ттық мақтанышқа» атты конференцияның қатысушыларына Елба сы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған үндеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орын ба са ры Ералы Тоғжанов жеткізді. Сондай-ақ, облыс əкімі Берді бек Сапарбаев, «НевадаСемей» халықаралық антиядролық қозғалысының жетекшісі, ақын Олжас Сүлейменов, «Хиросима» мəдени қорының төрағасы, «Мэрлер бейбітшілік үшін»

қозғалысының бас хатшысы Комизо Ясуеши, белгілі қоғам қайраткері, қозғалыс мүшесі Мұрат Əуезов жəне тағы басқа меймандар Семей полигонының зардабы мен бүгінгі қазақстандық ядролық қарусыздану бастамалары жөнінде өз ойларымен бөлісті. Ядролық сынақ құрбандарын еске алуға арналған шара Түйемойнақ аралында жалғасты. Мəртебелі меймандар «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. «Бейбітшілік» стелласы жанында өткен жалпықалалық антиядролық акцияға 10 мыңнан астам адам қатысты. (Материалдың кеңейтілген нұсқасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар). СЕМЕЙ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.