24 саєат №186 (28664) 30 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
NEW FUTURE
НЎРСЎЛТАН НАЗАРБАЕВ ƏЛЕМДІК ЌОЄАМДАСТЫЌТЫ ЖАЅА БОЛАШАЌ ЖОСПАРЫН ЖАСАУЄА ШАЌЫРДЫ Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық – Қазақстанның сыртқы саясатының түйінді басымдықтарының бірі. Ұйымның қызметін қай жағынан да толықтай қолдайтын Астана БҰҰ-ны халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік, орнықты даму мен əлемдік қоғамдастық мүшелері арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тікелей жауапты жаһандағы жалғыз əмбебап сан қырлы институт ретінде қарастырады. Əсіресе, соңғы жылдарда еліміздің БҰҰ-мен өзара іс-қимылы мазмұны жағынан анағұрлым байи түсті, бүгінгі таңда əріптестіктің жаңа деңгейіне көтеріле алатындай əлеует бар деп те айтудың жөні келеді.
отарсыздану жүзеге асырылғаны, БҰҰның бүкілəлемдік мінберге айналғаны анық. Бұл аз ба? Аз емес. Жоқ, аз емес деудің өзі аз. Бұл – ұлы міндеттердің жүзеге асырылуы. БҰҰ жетпіс жылда жүріп өткен жолға осындай жинақтаушы бағаның дəл осы сессияның барысында бір берілуі əбден орынды болды.
Еѕ басты байлыќ – бейбітшілік
Сауытбек АБДРАХМАНОВ, «Егемен Қазақстан» – Нью-Йорктен.
Бас мінберден берілген баєа
халықаралық өмірдің сан қырына əдемі əсер етіп келеді деудің ешқандай артықтығы жоқ. Нью-Йорктен жолданып, газеттің кешегі нөмірінде жарияланған «Жер-жаһанның жиыны» атты репортажымызда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан атынан енгізген ұсыныстары арқылы БҰҰ қабылдаған шешімдердің бірқатарын көзінен тізіп өткендіктен, ол тақырыпқа қайта оралып жатпаймыз. Осы жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанның БҰҰ-мен сан қырлы ынтымақтастығына көп көңіл бөліп келді, Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ штаб-пəтеріне 7 рет ресми сапар жасауы, Ұйымның Бас Ассамблеясының жұмысына 6 рет қатысуы соның бір дəлелі. БҰҰ Бас хатшылары Қазақстанға бірнеше рет сапар жасады. Қазіргі Бас хатшы Пан Ги Мунның, тіпті, бір жылда (2010) бізге екі рет келген кезі де болған. Ол Қазақстанға биыл да келіп, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысып қайтты. 2011 жылдың наурыз айында тағы бір жақсы жаңалық жетті – Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женева бөлімшесінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұл қызметті 2013 жылдың қазан айына дейін атқарған Қасым-Жомарт Кемелұлын БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Женева бөлімшесін соғыстан кейінгі кезеңде басқарған адамдардың арасындағы ең жемісті жұмыс істегені деп бағалағанын да газет оқырмандарына айта кетуді артық көрмей отырмыз. «Соғыстан кейінгі кезеңде» дегенге таңданып, «БҰҰ-ның өзі соғыстан кейін құрылған жоқ па еді?» деп қалмаңыз,
бұлай бөле айтудың себебі бар – БҰҰ-ның ізашары болған Ұлттар Лигасының штабпəтері Женевада орналасқан болатын. Ел абыройын асырған бұл баға ең алдымен осынау аса лауазымды қызметке Қазақстан өкілін ұсынып, БҰҰ тарихында тұңғыш рет Женева бөлімшесінің басшылығына бүкіл Азия елдерінің арасынан біздің азаматымыздың тағайындалуына қол жеткізген Елбасымыздың БҰҰ басшылығы алдындағы, халықаралық қоғамдастықтағы биік беделінің арқасы екені талассыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың алдыңғы күні əлемнің бас мінберінен сөйлеген сөзі Елбасымыздың дүйім дүние дидарындағы абыройын асыра түсетін болады. БҰҰға бұрын келгенімізде де көргенбіз, осы жолы да үш күннен бері таңертеңнен кешке дейін баспасөз қызметінің атшаптырым залында отырып, планета елдері көшбасшыларының кейбірі сөйлеген кезде бірқатар журналист ағайындардың талайы орнынан тұрып, бой жазып келетініне, кофе ішіп, сергіп қайтатынына көзіміз үйреніп те қалды. Баспасөз қызметін айтасыз, мұндағы басты залдың өзінде шешендер сөйлеп жатқанда сыртқа шығып жүре беру табиғи жай саналады. Назарбаев сөйлегенде журналистердің бəрі үлкен мониторларға көз тіге қалды. Елбасымызға дейінгі сөйлеген шешендер БҰҰ Бас Ассамблеясының бұл сессиясы 70-ші, мерейтойлық сессия екенін онша ауызға ала қоймаған болатын. Адамзат мұншама мəселеге алаңдап отырған мына аласапыранда қайдағы жетпіс жылдық, қайдағы мерейтой деген қисынға салса керек, тегі. Дегенмен, осындай белесті бір
кезеңдерде өткен уақытқа оймен оралып, Ұйым жұмысының негізгі қорытындыларына баға берудің əбден-ақ жөні бар емес пе? Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің ə дегеннен баршаны үйіріп алғанының бір себебі алдымен осы жайдың басын аша айтқаны дер едік. Қазақстан басшысы өз сөзінің кіріспе бөлігінде былай деді: «Біріккен Ұлттар Ұйымы қазірдің өзінде жаһандық тұрғыдан тарихи мəні бар міндеттерді орындады. Біріншіден, планетамызда адамдар жетпіс жыл бойы дүниежүзілік соғыссыз өмір сүріп келеді. Екіншіден, əлемде аса ауқымды отарсыздандыру жүзеге асырылды. Біріккен Ұлттар Ұйымын 70 жыл бұрын 51 мемлекет құрды. Ол кезде əлемнің көп бөлігін колониялар мен тəуелді аймақтар алып жатты. Бүгінде əлемдік қоғамдастықта 193 тəуелсіз ел бар. Үшіншіден, Біріккен Ұлттар Ұйымы күн сайынғы, қиын, бірақ қауіпсіздік пен даму үшін баршаға қажетті үнқатысудың бүкілəлемдік мінберіне айналды. Адамзат одан өзінің əралуандықтағы бірлігін, біздің ғажап бірегей планетамыздың тағдырына қатыстылығының ортақтығын сезінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының негізін салушылар алдағы алыс болашаққа ой көзімен қарай білді. Əлем бүгінде олардың бастамалары мен орындалған арманының жемісін көріп отыр». Не нəрсеге де көңіл толмаушылық білдіруге болады, атқарылған қандай іске талап қоя беруді де орынды дейік, əйтсе де барды бар деу жөн. БҰҰ құрылғалы бергі жетпіс жылда əлемде дүниежүзілік соғыс өрті тұтанбағаны, аса ауқымды
● Əлем жəне Қазақстан
Есіл-Нева: келешектіѕ кґкжиегі кеѕ Үстіміздегі жылғы 23-25 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Əбдіқалықова жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласында өткен Еуразиялық əйелдер форумына қатысып, баяндама жасаған болатын. Сапары барысында Гүлшара Əбдіқалықова аталған қалада тұратын отандастарымызбен жүздесіп, ТМД-ға қатысушы елдердің Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің төрайымы, Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы В.И.Матвиенкомен кездескен еді. Гүлшара Наушақызы сапарының соңында аталған форумға арнайы келген бірқатар елдердің делегация басшыларымен де кездесулер өткізген-тін.
Ежелгі көрші, етене əріптес са налатын Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының сан алуан салада жаңа белеске шығып, жандана түсуіне екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин арасында жасалып келе жатқан стратегиялық
маңызды уағдаластықтар елеулі рөл атқаруда. Тамыры тереңге кеткен екіжақты экономикалық, əлеуметтік, мəдени байланыстар бұл жолы тағы бір жаңа арнамен толықты. Ресейдің солтүстік астанасы саналатын Нева жағалауындағы Санкт-Петербург қаласында
тұңғыш рет өткізілген Еуразиялық əйелдер форумы – əлеуметтік қауіпсіздік пен орнықты даму, сенім мен ілгерілеушілік жолындағы халықаралық ынтымақтастық, өзгермелі экономика тұсында əйелдердің қатысу мүмкіндігін кеңейту жəне басқа да əлеуметтік маңызды мəселелерді басты тақырып етіп алды. Мемлекеттік хатшы Г.Əбдіқалықова бастап барған қазақстандық делегацияның құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың жəне Ұлттық банктің басшылары, Ұлттық комиссияның мүшелері енді. Ал аталған форумға əлемнің 77 елінен 700-ден астам делегат қатысты. Бұл мəртебелі форум ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассам блея сы Кеңесінің шешімімен ұйымдастырылды. (Соңы 3-бетте).
● Оймақтай ой Даңққа жеткізетін жол еңбекпен салынады.
(Жалғасы 2-бетте).
Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.
Бүгінгі нөмірде:
Ойрат одағы Қыл байрақты, құрым тоқымды қалмақтар кім?
7-8-беттер
Публилий СИР.
11-бет
Ұлылар ұластығы
ЌАЛТАРЫСТА ЌАЛМАЙТЫН Аќын ЌАЋАРМАНДАР атаусыз, кесене ќараусыз 6-бет
Мұның басты кепілі – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің сыртқы саясатын ұдайы басты назарда ұстауы. Бұл арада «басты назарда» деген сөз тіркесін журналистік штамп деп қарай салудың жөні жоқ. Былайша қарағанда, Президент ел дамуына қатысты барлық мəселелерге бірдей қарауға тиісті. Солайы солай. Бірақ сол мəселелердің арасында да мəселенің мəселесі бар. Мемлекет басшысының тікелей өзі ұдайы басты назарда ұстамаса болмайтын ол мəселе – сыртқы саясат. Сондықтан да Елбасымыз егемендіктің елең-алаңында-ақ, Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мəжілісінде сөйлеген сөзінде «Сыртқы саясат – Президент саясаты» деп басын ашып тұрып айтқан. Сыртқы саясатты ел Президенті өзі айқындайды, қалыптастырады, жүргізеді. Қазақстанның тəуелсіздік жылдарындағы қомақты табыстарының арқауын іздегенде бізді егемендік жолына өзімізбен қатар түскен елдердің алғы легіне шығарған факторлардың арасынан сарабдал сыртқы саясатты алдымен айтатынымыз анық. Осы ширек ғасырдай уақыттың ішінде таңымыздың тыныш атуы, кешіміздің бейбіт батуы, халықтың ұйқыға алаңсыз жатуы ең алдымен елдің айналасын таспен емес, доспен қоршаған, жан-жағымыздағы шекараны біржолата шегендетіп берген, алыс-жақындағы елдердің бəрімен бірдей өзара тиімді ынтымақтастық орната алған, Қазақстанды халықаралық қоғамдастықтың лайықты да белсенді мүшесіне айналдырған Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси қызметі екендігі айдан анық. Елбасының бұл қызметі елдің өзіне қатысты мəселелерді шешумен қатар,
Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің терроризм қатеріне байланысты айтқан тұсы кім-кімді де ойлантарлықтай. «Жетпіс жыл бойы əлемдік қоғамдастық əскери қақтығыстарды ақылға қонымды шешудің түйінін табуға тырысып келеді. Бірақ қақтығыстар азаяр емес. Олар кейбір елдерде мемлекеттілікті күйретудің салдарынан шектен шыққан халықаралық терроризмге ұласуда» – бұл сөздерге ендігі жерде талай-талай сілтеме жасалатынын осы бастан-ақ айта беруге болады. «Мемлекеттілікті күйрету», «шектен шыққан халықаралық терроризм» деген сөздердің салмағын сезіну үшін сыртқы саясаттың жілігін шағып, майын ішу тіпті де міндет емес. Сонда қалай ету керек? Не істеу керек? Қазақстан басшысы бұл орайда мынандай ойларын əлемдік қоғамдастық талқысына салып отыр: «Адамзат соғыстардың алдын алу жəне қақтығыстардың салдарын еңсерудің ескірген тəсілдерінен оларды мəнмағынасыз ететін жаңа даму стратегиясына өтуге тиіс. Ол үшін алыстағы болашаққа батыл көз салып, Біріккен Ұлттар Ұйымына 100 жыл толатын кездегі əлемнің қандай болатынын көре білуіміз керек. Мен Жер бетіндегі өркениет таяудағы отыз жылда соғыстар мен қақтығыстардың шиеленген түйінін даналықпен тарқату үшін күш-жігер таба алатынына сенімдімін. ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті əлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын жəне оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс. Сол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының 100 жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын əзірлеуді ұсынамын. Оның мəні – барлық ұлттардың əлемдік инфрақұрылымға, ресурстарға жəне нарықтарға қол жеткізуінің əділ шарттары негізінде əлемдік дамудың жаңа трендін қалыптастыру, сондай-ақ, адамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті орнықтыру». Дəл осылай айтылды. Зулап бара жатқан заман. БҰҰ-ның 100 жылдығы деген де жетіп келеді əлі. Бұйыртса, ол күнді біз де көріп қалармыз, көре алмағандарымыздың балалары көрер, немерелері көрер. Елімізді ойласақ, өзімізді ойласақ, балаларымызды, балаларымыздың балаларының балаларын ойласақ, біз бұл туралы толғанбай тұра алмаймыз. Сол кезде мына əлем қандай болады?
Таулы Қарабақта тағы да кикілжің көрініс берді. Дүйсенбіге қараған түні Армения мен Əзербайжан арасында пайда болған қарулы қақтығыс кезінде екі жақтан оншақты əскери қызметкер қаза тапты. Соңғы жылдары Таулы Қарабақ пен оған жапсарлас жатқан жеті аудан – Əзербайжан аумағының 20 пайызы Армения қарулы күштерінің бақылауында. Ауғанстанның əскерилері талибтер басып алған Құндыз қаласына қарсы шабуылға шықты. Ауғанстан қорғаныс министрлігінен хабарланғанындай, Құндызға жақын маңға жаңа күштер жеткізілген. Əскерилер қазірдің өзінде түрме мен полиция басқармасының ғимаратын қайтарғаны туралы мəлімдеп отыр. Иран президенті Хасан Рухани өзінің БҰҰ Бас Ассамблеясы алдындағы сөзінде Меккедегі қажылыққа барушылар арасындағы жүздеген адамның қазасына алып келген оқиғаға жол берді деп Эр-Рияд тарапына сын садағын қадады. Ал ол АҚШты Ирак пен Ауғанстанға баса-көктеп кірді деп айыптай келе, Вашингтонның террорлық саясат жүргізіп келе жатқанын көлденең тартты. Ресей Федерациясының көлік министрлігі үкімет басшысы Дмитрий Медведевтің тапсырмасы бойынша 25 қазаннан бастап Украина əуе компаниялары үшін Ресейдің əуе кеңістігін жабатын болды. Ал бұған дейін Украина мемлекеттік əуе қызметі 25 қазаннан бастап Ресей əуе тасымалдаушыларының Украинаға ұшып баруына тыйым салған еді. Ресей жағынікі Украина шешіміне жауап болып табылады. Катар алдағы бес жыл бедерінде АҚШ экономикасына шамамен 35 миллиард доллар салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Блумберг» хабарлады. Аталған елдің арнайы қоры Нью-Йоркте өзінің кеңсесін ашып үлгерсе, ол Америкадағы жаңа жəне бұрынғы инвестициялық əріптестермен байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көрінеді. Куба НАТО мен Батыстың Ресейге қарсы санкцияларының кеңейтілуіне қарсы пікір білдірді. Бұл туралы Куба мемлекеттік жəне министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастро БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы барысында мəлімдеді. «Біз аталған елге қатысты əділетсіз де біржақты мұндай шешімге наразымыз», деп атап көрсетті Кастро. Ресей президенті Владимир Путин жаңа пре зиденттік мерзімге қалатынқалмайтынын елдегі, сондайақ, əлемдегі жағдайларға жəне өзінің көңіл-күйіне байланысты шешетінін мəлімдеді. Ол бұл мəлімдемесін америкалық журналист Чарли Роузға берген сұхбатында жасады. Путин, сонымен қатар, өзі кеткеннен кейін Ресейді бəсекеге қабілетті, дамыған мемлекет ретінде көргісі келетінін де жасырған жоқ. НАСА Марс планетасында маусымдық кезеңдерде пайда болатын тұзды сұйық су анықталғанын мəлімдеді. Бұл сұйықтық жылдың жылы кезеңдерінде көрініс берсе, суық түскен соң ғайып болады екен. АҚШ-тың ғарыш агенттігі бұл жаңалығын арнайы ұйымдастырылған баспасөз мəслихатында жария етті.
10-бет
9-бет
СОҒЫСТЫҢ СҰҒЫ ТИГЕН 14-бет