30102013

Page 1

24 саєат №242 (28181) 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады

 Еркін елдің ертеңі

Їкілі їміт

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Георгий Маргвелашвилиге оның Грузия Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Г.Маргвелашвилидің жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметі Грузияның одан əрі жан-жақты дамуы мен өркендеуіне септігін тигізетініне сенімін білдірген. «Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық біздің елдеріміз

халықтарының игілігі үшін өзара сенім мен құрмет жағдайында алда да дами беретініне сенемін», деп атап өткен Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Г.Маргвелашвилиге зор денсаулық жəне жауапты қызметінде мол табыс, сондай-ақ достас грузин халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

 Біз – қазақстандықтармыз!

Депутаттыќ топтыѕ кезекті отырысы Парламент Мəжілісіндегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының кезекті отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кеше қуанышты хабар жетті. 14 жастағы қазақстандық мəнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 2014 жылғы ақпан айында Сочиде өтетін XXII Қысқы Олимпия ойындарының көрсетілім сынағына қатысатын болыпты. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Біз Лиза туралы алғаш рет бұдан 2 жылға жуық уақыт бұрын, 2011 жылғы желтоқсан айында, ол Германияның Дортмунд қаласында жасөспірімдер арасында болып өткен халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алған кезде жазғанбыз. Сол жолы 11 жасар қыздың Қызылорда облысындағы Арал қаласының тумасы екенін де баяндаған едік. Лиза бала жасынан спортқа, соның ішінде мəнерлеп сырғанауға қызығып өсіпті. Қызының осындай ынтасын білген əкесі Байтақ Тұрсынбаев Мəскеу қаласына көшіп барады. Оның Лизадан жасы үлкен Тимур атты ұлы да бар екен. Қазір төрт адамнан

тұратын отбасы Ресей астанасында тұрып жатыр. «Менің қызым 14-ке енді ғана толатын болғандықтан, Олимпия ойындарының мəнерлеп сырғанаудан ересектер арасында өтетін негізгі жарысына жіберілген жоқ. Сондықтан ол мұнда тек көрсетілім сынағына қатысады», – деп түсіндірді Элизабеттің əрі менеджері болып табылатын əкесі Байтақ. Оның айтуына қарағанда, Лиза қазір алдағы желтоқсан айының 5-і мен 8-і аралығында Жапонияда өтетін жасөспірімдердің əлемдік Гран-приінің финалына дайындалып жатқан көрінеді. Еске сала кетейік, ол осы Гран-придің таяуда Минскіде өткен кезекті кезеңінде екінші орыннан көрінген еді. Элизабет Тұрсынбаева – жасөспірімдердің 2013-2014 жыл дарғы маусымға арналған əлемдік Гран-приінің 5 кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы үштіктің құрамына енді. Ол сондай-ақ Ресей үздік жасөспірімдерінің «топ-5» шеңберінен де орын алған. Бұған дейін, яғни 2010, 2011 жəне 2012 жылдары Қазақстанның чемпионы атанып үлгерген айдынды Аралдың ақботасы биылғы 2013 жылы Мəскеу қаласының біріншілігінде де алдына жан салмапты. Бір ғажабы, талантты қыз тек мəнерлеп

 Ел тынысы: мың бір мысал

Бірегей кешен Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Құрылысы еліміздің индустрияландыру картасына енген серпінді жобалардың бірі – «Өскемен құс фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 20 мың тонна өнім өндіреді. Өскеменде шығарылатын құс еті, одан жасалатын тауық шұжығы қазір еліміздің барлық қалаларында саудаланады. Бір Астананың өзінде 164 сауда дүкендерінде құс фабрикасының өнімдері сатылады екен. Жақында кəсіпорын өмірінде тағы бір игі іс жүзеге асып, «Айтас-МП» шұжық фабрикасын пайдалануға берді. «Өскемен құс фабрикасы» жаңа кəсіпорны құрылысына 1 миллиард 800 миллион теңге қаржы жұмсалды. Оның 40 пайызын кəсіпорын өз қаржысы, ал 60 пайызын несие берушілер есебінен жүзеге асырды. Шын мəнінде, елімізде теңдесі жоқ, тəулігіне 30-40 тонна құс етін өңдеу арқылы шұжықтың, құс еті деликатесін шығаратын фабрика Швейцария, Австрия, Германия, Польша, басқа мемлекеттердің қондырғыларымен жəне жабдықтарымен монтаждалған. Қазір кəсіпорында 200 адам жұмыс істесе, толық қуатына енгенде 400 адам еңбек етпек. Жаңа фабриканың салтанатты ашылуына Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Қаржы министрі Болат Жəмішев, Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан құс өндірушілер одағының президенті

Руслан Шарипов, Алматы, Павлодар, Қарағанды облыстары əкімдерінің орынбасарлары, «Өскемен құс фабрикасы» ЖШС-інің бас директоры Серік Толықбаев қатысты. Жиынды ашқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда жаңа кəсіпорынның ерекше орын алатынын, ет өнімдерін Ресей мен Беларуське экспортқа шығару арқылы еліміздің атағын шығарудың мүмкіндігі туып отырғанын айта келіп, кəсіпорын басшысы Серік Құмалбекұлына алғысын айтты. Өскеменнің елге сыйлы қариялары лентаны қиған соң келген қонақтар алып цехтың ішіне енді. Міне, бір жерде жұмысшылар ақ желең жамылып алып, құс етін бөлшектеп жатыр. Содан кейін ол тоңазытқышта бірнеше сағат суытылып, бабына жеткен соң бірден сауда орындарына жөнелтіледі. Құс етін суытатын мұз арнайы қораптан шығып жатыр. «Тəулігіне 9 тонна пісірілген шұжық, 9 тонна қақталған құс еті, басқа да деликатес, барлығы 40 тонна шұжық шығады», деп кəсіпорын басшысы Серік Толықбаев қысқаша таныстырып өтті. Мұнда еңбек ететін жұмысшыларға жуынатын жер, киім ілетін, демалатын орын бөлінген, тегін тамақ, арнайы киім беріледі. «Өскемен құс фабрикасы» ұжымы алдағы уақытта да ізденіс пен ілкімділік таныта бермек. ӨСКЕМЕН.

сырғанаумен ғана шектеліп қалмаған екен. Ол бос уақытында, сондай-ақ, скрипкамен жəне фортепьяномен шұғылданатын болып шықты. Жақында музыкалық мектептің скрипка сыныбын тəмамдап шықпақшы. Дегенмен, ол өзінің негізгі армандарын спортпен байланыстыра қарастырады. Лиза мəнерлеп сырғанаудан Олимпия ойындары мен əлем чемпионы болуды армандайды. Айта кету керек, үстіміздегі жылы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының демеушілік етуімен Лизаға бірқатар жарыстарға қатысу мүмкіндігі жасалды. Ал жылдың соңынан бастап оны Канада жаттықтырушысы Брайн Орсер даярлай бастайтын болады.

Парламент Мəжілісінің «Қазақ стан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының отырысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XV съезінде берген тапсырмаларын іске асыруға байла нысты мəселелер қаралды. Қазақстан халқы Ассамблея сының Ұлттық бірлік доктринасы мен «Нұр Отан» партиясы Доктринасының ортақ мақсаттары елдің тұрақтылығын жəне халықтың бірлігі мен əлауқатын сақтауға бағытталған. «Нұр Отан» партиясының Доктринасы туралы баяндама жасаған Парламент Мəжілісінің депутаты, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының мүшесі Шалатай Мырзахметов партияның миссиясы, құндылықтары, жалпыға бірдей факторлар мен партияның тарихи жауапкершілігі, Қазақстан өркендеуінің шарттары ретінде бірлік пен жалпы ға бірдей келісім, отбасы құнды лықтары, қоғамды дамытудағы мемлекеттің рөлі, тиімді мемлекеттік басқару жəне мемлекеттік қызметтердің сапасы, Қазақстанның бүкіл азаматтары өмірінің сапасын жақсарту туралы жан-жақты айтып берді. Пікір алмасу кезінде депутаттар А.Мурадов, В.Киянский, З.Саяпова сөз сөйледі.

Мамандар дайындауєа айрыќша мəн берген жґн Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде өткен Үкімет отырысында білім жəне ғылым саласына қатысты бірқатар мəселелер талқыланды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Жиын басында С.Ахметов еліміздің білім мен ғылым деңгейін əлемдік стандарттарға жақындату Үкімет алдындағы маңызды міндет екендігіне тоқталып, бұл Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап көрсеткен басым бағыттардың бірі саналатынын айтып өтті.

Үкімет отырысының күн тəртібіндегі басты тақырып турасында Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов баяндады. Ол мектепке дейін жəне мектеп қабырғасында оқыту жайына, техникалық жəне кəсіптік білім берудің жүйелі міндеттеріне тоқталып, тұтастай алғанда, білім беру үдерісін одан əрі жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы хабарлады.

Министрдің айтуынша, «Ба ла пан» бағдарламасының арқасында бүгінде мектепке дейінгі оқытуға 3-6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы екі есеге артып, 36-дан 71,5 пайызға дейін өскен. Сондай-ақ, білім саласында мектепке дейінгі сапалы оқытуға тең қолжетімдікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа даму бағдарламаларын енгізу, кадрлар дайындау бойынша ресурстық орталық құру, оған қоса, 2014 жылы ерте даму тұжырымдамасын жасау жоспарланып отыр. Ал білім беру инфрақұрылымдарын дамыту мəселелеріне

Екінші мəселе бойынша Парламент Мəжілісінің депутаты, Парламент Мəжілісіндегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобы төрағасының орынбасары Егор Каппель сөз сөйледі. Ол партияаралық ынтымақтастық, бейбітшілік пен азаматтық келісімді қамтамасыз ету мəселелері бойынша депутаттық топтың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру қажеттігі, материалдарды міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, əрбір тоқсанға əзірленетін медиа-жоспарды іске асыруға «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобы мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету туралы, Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі күніне орай саяси партиялар фракцияларының қатысуымен «Бір ел – бір тағдыр» брифингіне дайындық жəне оны өткізу жөнінде хабарлады. қатысты сөзінде министр 2014 жылы республикалық бюджет есебінен 50 мектеп салу көзделіп отырға нын, алдағы үш жыл ішінде 146 мектеп салынатынын жеткізді. Нəтижесінде 2016 жылға қарай апатты мектептер үлесінің 3 пайыздан 1,5 пайызға дейін кемитінін, ал жалпы білім беру жүйесіндегі үш ауысымдық оқыту 1,3 пайыздан 0,1 пайызға дейін қысқаратынын атап өтті. Техникалық жəне кəсіптік білім беруде айрықша назар білім беру мен бизнестің əріптестігін нығайтуға, кадр ларды Үдемелі ин дустриялық-инновация лық да му бағдарламасының басым дық тарымен байланыстыра отырып дайындауға аударылады.

 Грузияның Орталық сайлау комиссиясы президент тік сайлаудың қорытындысын шығарды. Бюллетеньдер 100 пайыз есептелген соң «Грузия арманы» билеуші коалициясынан кандидат Георгий Маргвелашвилидің 62,11 пайыз дауыс алғаны белгілі болды. Оған 1 миллион 12 мың 214 адам өз дауыстарын беріпті.  Қытай басшылығы Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңында болған автомобиль апатын лаңкестік деп қабылдап отыр. Оқиға салдарынан көлік ішіндегі 3 жанкештіні қосқанда, 5 адам қаза тапса, 38-і жарақат алған еді. Биліктегілер лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районының екі тұрғынына іздеу жариялаған.  Сауд Арабиясының Жоғарғы мүфтиі Абдул Азиз əл Шейх сөз сөйлеп, онда жас отандастарына Сириядағы соғысқа баруға асықпауға ақыл-кеңес берген. Мүфтидің сөзіне қарағанда, соғыс ісқимылдарына қатысу жиһад жолын таңдағандар үшін міндетті болып табылмайды. Ресей либерал-демократиялық партиясының серкесі Владимир Жириновский «атың шықпаса, жер өрте» əрекетін тағы қайталады. Ол «Жекпежек» бағдарламасында «Солтүстік Кавказды тікенек сыммен қоршап тастау керек» деп мəлімдеді. Сондай-ақ, Кавказ республикаларында үшінші бала үшін айыппұл енгізіп, тұрғындар өсімін қысқарту қажеттігін талап етті. Мемдуманың комитет төрағасы Гаджимет Сафаралиев бас прокурор Юрий Чайкадан оспадар депутаттың мəлімдемесін тексеруді өтініп отыр.  Латвияның Вентспилс, Кулдигу жəне Талси қалалары сұрапыл дауыл салдарынан толықтай электр жарығынсыз қалды. Қалаларда жанармай құю стансалары жұмыс істемейді. Электр жарығы тұрғын үйлер мен мекемелерде атымен жоқ. Ауруханалар мен басқа да стратегиялық нысандар генераторлармен жұ мыс істеп тұр. Аталған қалаларға қуат қашан берілетіні беймəлім.  «Тəжікстан темір жолы» Ресей жағынан Воронеж облысының Терновка стансасындағы темір жол бойында «Мəскеу – Душанбе» бағытындағы пойызға жасалған шабуылдан келген шығынның орнын толтыруды талап етіп отыр. Мұндай оқиға бұрынсоңды орын алып көрмесе, оны соңғы кездегі Ресейдегі антимигранттық көңіл-күйдің күшеюімен байланыстыруға болатындай.  Мысырдың кунгфудан чемпионы Мохаммед Юсеф елдің бұрынғы президенті Мохаммед Мурсиді қолдағаны үшін алтын медалінен айырылып қалды. Бұған қоса, билік басындағылар спортшыға əлемдік аренада өз елінің намысын қорғауға тыйым салды. Дисквалификацияның қан ша уақытқа созылатыны туралы мəлімет жоқ.  Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) өзінің ресми сайтында əлемнің ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» сыйлығынан үміткер 23 футболшының тізімін жариялады. Олардың қатарында аталған допты төрт мəрте алған Л.Месси, сондай-ақ Э.Азар. Г.Бейл, З.Ибрагимович, А.Иньеста Ф.Лам, Р.Левандовский, Р. ван Перси, К.Роналду, т.б. бар. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.

(Соңы 2-бетте).

Бїгінгі нґмірде:

Бір єасыр ґткен соѕ

6-бет

МЕРГЕН ЌЫЗДЫЅ АРУАЄЫН МАЗАЛАМАЙЫЌ

8-бет

ШЕБЕРЛІКТІЅ ШЫЅЫ – ШЫНДЫЌ

ЌАЗАЌ ƏНДЕРІ МƏСКЕУДЕ ШЫРЌАЛАДЫ

9-10-беттер

16-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.