30112013

Page 1

Кеше Астанада «Болашаќ» халыќаралыќ баєдарламасыныѕ 20 жылдыєына арналєан форум ґтті. Оєан Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев ќатысып, сґз сґйледі.

№265 (28204) 30 ҚАРАША СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ:

«БОЛАШАЌ» – БІЗДІЅ СЕНІМДІ СТРАТЕГИЯЛЫЌ ТАЅДАУЫМЫЗ

Кеше елордадағы Тəуелсіздік сарайында Білім жəне ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған «Болашақ» стипендиаттары мен түлектерінің форумы болып өтті. Оған аймақтардан 1500-ге жуық «Болашақ» түлектері, Президент Əкімшілігінің, сондай-ақ, ел Үкіметінің өкілдері мен Парламент депутаттары, Мемлекет басшысы өз сөзін де форумға қатысушыларды «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдық мерейтойымен

дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, оқу орындарының, ғылыми орталықтардың жетекшілері қатысты. Мерейтойлық жиынға қатысушылар «Қазақстан-2050» Стратегиясынан туындайтын міндеттерді əңгіме арқауына айналдырып, өткен 20 жылдың қорытындыларын тілге тиек етті, осы орайда алда атқарылар істердің көкжиегін айқындады. Форумға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.

құт тықтады жəне оның еге мен Қазақстан тарихына алтын əріптермен жазылатын беттердің бірі екенін атап өтті.

Бұдан 20 жыл бұрын, тəуелсіздіктің қиын дəуірінің бастапқы жылдарында біздің лайықты болашағымызды көре білу əркімге

бұйыра қойған жоқ. Мен жаңа білім алып, елімізді алға апарулары үшін алғашқы стипендиаттарды жібердім. Экономика күйреу жағдайында тұрды, іс жүзінде барлық ірі өндіріс орындары тоқтап қалды. Инфляция бірден өсіп кетті, жұмыссыздық көбейді. Ел «жабайы капитализмге» енді. Ол кезде біз нарықтық қатынастарға жаңа ғана өте бастадық. Оның не екенін білгендер аз еді. Тіпті ең тəжірибелі басқарушылардың жаңа экономикалық жəне əлеуметтік процестерді қалай басқару, егемен мемлекетті қалай құру туралы түсінігінің өзі бұлдыр болатын. Ол кезде елімізде жаңа нарықтық экономикаға көшу

жөнінен мамандар болған жоқ. Тəуелсіз Қазақстанға халықаралық деңгейдегі сапалы білімі бар кəсіби кадрлар өте қажет болды. Жекешелендіру жүргізіп, елімізге инвестиция тарту керек болды. Бұл біздің сенімді стратегиялық таңдауымыз еді. Біз мұны, міне, 20 жылдан бері басшылыққа алып келеміз, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті республикамыз 15 жыл ішінде «Қазақстан-2030» Стратегиясын табысты іске асыра отырып, таңданарлықтай нəтижелерге жеткенін, енді ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын алға қойып отырғанын айтты. Осы жылдар ішінде тақыр

жерден серпінді даму баспалдағына түскен шағын жəне орта бизнеске негізделген тиімді экономиканың негізі қаланды, деп жалғастырды сөзін Елбасы. Əлеуметтік салада да үлкен өзгерістер орын алды. Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі бірнеше есе артты. Ғылым жəне білім беру саласында халықаралық стандарттарды енгізе отырып, түбегейлі өзгерту мəселесі ойдағыдай жүзеге асырылуда. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің, ұлттық жəне жекеменшік компаниялардың топ менеджерлерінің кəсіби буы ны қалыптасты. Қазақстан əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің құрамына кірді. Бұл

Ќазаќстан бастамалары ќолдауєа лайыќ Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған ҰҚШҰ, ТМД жəне ЕурАзЭҚ Парламенттік жəне Парламентаралық ассамблеялары шеңберіндегі ынтымақтастық шараларына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келген қазақстандық Парламент Сенаты мен Мəжілісі делегацияларының жұмыс кестесі өте тығыздығымен ерекшеленді. Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан» – Санкт-Петербургтен.

Олар екі күн бойы ҰҚШҰ, ТМД жəне ЕурАзЭҚ ПАА

шеңберіндегі отырыстарға қатысты, ал Төрағалар осының үстіне ТМД елдеріндегі өздерінің əріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді. Осы шаралардың бəрі де маңызды, олардың бəрі де ТМД

аумағындағы парламентаралық интеграциялық үдерістердің өрістей түсуіне елеулі ықпалын тигізетін шаралар екені сөзсіз еді. Соның ішінде Қазақстан төрағалық ететін ЕурАзЭҚ ПАА отырысын оның төрағасы Н.Нығматулин жүргізіп отырды. Бұл ұйым біздің елдеріміздің экономикалық ынтымақтастығын арттыру жолында көптеген шаралардың бастамашысы болып келеді, деді ол отырысты ашқан сөзінде.

Бұрнағы күні кешкісін ТМД ПАА Кеңесінің отырысы басталды. Оған ТМД елдері парламенттері палаталарының басшылары мүше болып табылады. Оны Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы əрі ТМД ПАА Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко ашып, жүргізіп отырды. Ол алдымен Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаевты бұрынғы қыз метіне қайта сайлануымен

Бірлескен іс-ќимылдар нəтижесі Кеше Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, кеңес аясында С.Ахметов бірқатар елдердің үкімет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан» – Ташкенттен.

Құрамына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тəжікстан жəне Өзбекстан сынды алты мемлекет кіретін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (ШЫҰ) осыған дейінгі отырысы Бішкекте өткен болатын. Міне, араға бір жыл салып, аталған ұйымға мүше елдердің алты үкімет басшысы Ташкентте бас қосып отыр. Əрине, кеңес отырысына ұйымға мүше мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар, ұйымға бақылаушы

елдер – Ауғанстан, Үндістан, Иран, Моңғолия, Пəкстан жəне үнқатысу жөніндегі əріптестер – Беларусь, Түркия, Шри-Ланка өкілдері де қатысты. Кеңес отырысы алдымен шағын құрамда басталып, кейін кеңейтілген құрамда жалғасты. Онда сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан ары дамыту жəне нығайту, гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету бойынша шаралар талқыланды. Қазіргі таңда ШЫҰ-ның негізгі міндеттері аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылықты жəне қауіпсіздікті сақтау, экономикалық жəне

гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Жалпы, кешегі кеңес отырысында талқыланған тақырыптар да осы салаларды қамтыды. Қазақстан Премьер-Министрі С.Ахметов кеңейтілген құрамдағы кездесуде сөз сөйледі. Ол ұйым алдында тұрған маңызды мəселелерге тоқталып, Қазақстан тарапынан ұсыныстар айтты. Мəселен, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігерін бір арнада шоғырландыру керектігіне назар аударды. Сондай-ақ, ШЫҰ мемлекеттерінің көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығының қабылданған бағдарламасын орындау жөніндегі шаралар жоспарын, одан əрі дамыту шаралары тізімін егжей-тегжейлі жүзеге асыруда

жүйелілік қажет. Жағдай шапшаң өзгеріп отырған бүгінгі заманда ШЫҰ хатшылығы көрсетілген құжаттарды жүзеге асыру барысына арнайы бақылау жасауы жəне қажеттілігіне қарай оларды дер кезінде жандандыруға бастамашы болуы керек, деді ол. Бұған іс жүзінде көмектесуге біздің ел үнемі дайын екендігін мəлімдеді. Отырыста талқыланған өзекті мəселелердің бірі – Даму банкін құру жұмыстары аясында өрбіген болатын. Естеріңізде болса, ШЫҰ-ға мүше елдердің Даму банкін ашудың қағидалық келісімі туралы шешімге 2011 жылы қол қойылған. Қазіргі таңда оның қаржы үлгісін қалыптастыру жұмыстары жүзеге асуда. Осыған қатысты С.Ахметов Қазақстан ұстанымдарын білдірді. Сонымен қатар, Даму банкі

міндетті мен 2005 жылы қойған болатынмын. Осыдан бір жыл бұрын, «2030-Стратегиясының» орындалуына байланысты мен Қазақстанның 2050 жылдарға дейінгі Даму стратегиясын алға қойдым. Бұл мемлекет өзінің алдына осындай ұзақ мерзімге арналған мақсат қойып, өз қызметінің болашақ векторын айқындайтын əлемдегі ең озық мысалдардың бірі болса керек. Біздің алдымызда жаңа мақсаттар тұр. 2050-Стратегиялық бағдарламасындағы басты міндет – еліміздің əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі болып табылады. (Жалғасы 2-3-беттерде). əріптестері атынан құттықтап, еңбегіне жеміс тіледі. Одан əрі В.Матвиенко отырысқа ТМДның экономикалық сотының басшылары да қатысып отырғанын ескертіп, ортақ құқықтық кеңістікті жасауға игілікті ықпал етуді көздеп біз экономикалық сотпен ынтымақтастық орнату туралы к е л і с і м г е қ о л қойдық, деді. Сонымен бірге, ол отырысқа ТМД елдері Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің жəне Кəсіподақтар конфедерациясының өкілдері, т.б. қатысып отырғанын жеткізді. (Соңы 5-бетте). мен Даму қорының қызметін қалыптастыру қағидаларына келісу жөніндегі жұмысты аяқтау, сондай-ақ, оларды іске қосу ШЫҰ-ның басқа елдер мен ұйымдар үшін тартымдылығы мен экономикалық ынтымақтастығы тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. ШЫҰ Іскерлік кеңесі, Нақты жобаларды жүзеге асыру жөніндегі банкаралық бірлестік сияқты үкіметтік емес құрылымдардың қызметін қайта бағдарлау қажет, деген С.Ахметов ШЫҰ арнайы жұмыс топтарының қызметіне талдау жасау əлсіз тұстарымызды анықтауға мүмкіндік беретінін алға тартты. Үкімет басшысы ұйымның энергетика клубын құру жайына да тоқталып, алда кеден саласы, аймақтардағы су мəселелері төңірегінде де кешенді жұмыстар атқарылуы тиістігін атап көрсетті. (Соңы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.