Бїгінгі нґмірде:
№249 (28727) 30 ЖЕЛТОҚСАН СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Жаѕа Жыл – жарќын мереке
Маќсатымыз – ілгерілеу 4-бет Бала жанын жараламайыќ 5-бет Толќында туып, теѕізде тербелген 6-бет Ќаллекиліктердіѕ кезекті жеѕісі 11-бет
● Мемлекет мерейі
ЄЎМЫРНАМА ЄИБРАТТАРЫ Нўрсўлтан Назарбаев туралы «ЖЗЛ» сериясынан жарыќ кґрген кітапты оќыєаннан кейінгі толєаныс Сауытбек АБДРАХМАНОВ.
Сенім
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Думан» ойын-сауық кешенінде өткен Астананың жаңажылдық кешіне қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жиналғандарға сөз арнаған Мемлекет басшысы алдағы жылды республикамыз өз Тəуелсіздігінің
25 жылдығы аясында өткізетінін айтты. Ұлы мерекені лайықты қарсы
Телефон арќылы сґйлесті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Əзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Əлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Əзербайжан Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы Жаңа жылмен құттықтады. Мемлекеттер басшылары əңгіме барысында екіжақты
ынтымақтастықтың қазіргі мəселелерін талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге Əзербайжан жағы бастамашы болды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 26 желтоқсан
№1071
Астана, Үкімет Үйі
Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 314-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Əсет Өрентайұлы Исе ке шев инвестициялық ом будсмен болып тағайын далсын. 2. «Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы №32 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015., №3, 16-құжат). 3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі жəне ресми жария лануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МƏСІМОВ.
Конституция – Ўлы Дала елініѕ ќўндылыєы Кеше еліміздің саяси жүйесінде айрықша орынға ие Конституциялық Кеңесте салтанатты жиын өтіп, онда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 20 жылдығы атап өтілді. Шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова мен Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Марат Бекетаев, Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, еліміздегі жетекші оқу орындарының басшылары, көрнекті заңгер-ғалымдар мен халықаралық ұйымдар жəне құқық қорғау мекемелерінің өкілдері қатысты. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, журналист.
Отырысты ашқан Конституция лық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов шараға қатысушыларды айтулы күнмен құттық тап, Кеңестің осы кезге дейін атқарған қызметіне тоқталып өтті. «Конституциялық Кеңес бүгінге дейін 150-ден астам мем лекеттік маңызы жоғары шешім шығарған болса, оның басым бөлігі нормативтік қаулылар болып табылады. Сондай-ақ, оған қоса елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Парламентке
жыл сайынғы жолдаулар мен өзге де актілері бар», деді Кеңес Төрағасы. Сонымен қатар, ол мұндай шешімдер қолданыстағы құқық жүйесінің дамуына, өмірде кездесетін қиын дықтардың заңды жолмен шешілуіне, мемлекеттік органдардың, демократиялық институт тардың жəне азаматтық қоғам құрылымдарының қызмет атқаруына оң ықпалын тигізетіндігіне тоқталып, сөз кезегін Гүл ша ра Наушақызына берді. Мемлекеттік хатшы жиынға қатысушыларды құттықтай келе, былай деді: (Соңы 5-бетте).
алу үшін бүкіл еліміз жұмыла еңбек ететін болады. Егемендік жылдары жаңа ел қалыптасты, оған барша қазақстандықтардың күш-жігері арқылы қол жеткізілді. Көпэтносты жəне көпконфессиялы халқымызға
бірлескен жұмыс үшін зор алғысымды білдіргім келеді, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев баршаны алдағы Жаңа жылмен құттықтады жəне елімізге игілік, əр үйге татулық пен келісім тіледі.
Қайырымдылық кешінен түскен қаражат түгелімен «Мейірімділік» Ерікті қоғамы» қорына аударылады. –––––––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Ертеѕгі кїнге сенім жоєары Елбасы ќўттыќтауы осыны аѕєартты
Жаңа жыл алдында Парламенттің бірлескен отырыс өткізетін үлкен залында кеше тағы бір жиын болды. Бұл жолғы қос палата депутаттары жəне Сенат пен Мəжіліс аппараты қызметкерлерінің қатысуымен өткен отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл депутаттық корпусқа, Сенат пен Мəжіліс аппараттарының қызметкерлеріне жаңажылдық құттықтауы жария етілді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов жиынды сөз сөйлеп аша келіп, Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа жыл мерекесіне орай, Парламент депутаттарына жəне Сенат пен Мəжіліс аппаратының қызметкерлеріне арнайы құттықтау жолдағанын жеткізді. Сөйтті де, сөзді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді. Төрағаның оқылу ын дағы құттықтау мəтінінде былай делініпті: «Қазақстан Республикасының Парламентіне! Құрметті депутаттар, құрметті Парла мент Сенатының жəне Мəжілісінің аппарат қызметкерлері! Өтіп бара жатқан жыл Қазақстан үдемелі даму жолымен батыл ілгерілей түсті. Президент сайлауы өтіп, ол қоғамымыздың тұтастығын, елді
толайым жаңғырту үшін таңдап алған бағытымыздың дұрыстығын дəлелдеп берді. Бұл жыл тарихи жадыны жаңғырту, мемлекеттілікті, жалпыұлттық бірлікті нығайту рухында өтті. Фашизммен соғыстағы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы, Ата
Заңымыздың 20 жылдығы айрықша маңызды оқиғаларға айналды. Қазақ хандығының 550 жылдығын жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өттік». (Соңы 5-бетте).
Айналасы екі айдың ішінде басылымға жазылымның жайын қамдаумен еліміздің барлық өңірлерінде түгелдей болып шықтық. Бірер облысқа екі реттен баруға да тура келді. Оқырмандармен көптеген кездесулер өткізілді. Əкімдермен əбден əңгімелескеніміз тағы рас. Сол жүрісіміздің нəтижесі де, шүкіршілік, жақсы болғалы тұр. Алдыңғы күні, яғни 28 желтоқсанда облыстардағы меншікті тілшілерімізден түскен мəліметтердің өзі газет таралымы қазір-ақ 200 мыңдық межені еркін еңсергенін көрсетеді. «Қазпошта» қаптың түбін қаққанда, бұған дейін есепке алынбай келген «Эврика пресс», «Номад пресс», «Ernur press», «Alash press», «Евразия пресс», «Казах пресс» сияқты серіктестіктер жан-жақтан жүргізген жазылымды қосқанда желтоқсанның соңғы күндерінде келер жылғы оқырмандар қатарына шамамен он мыңдай, кейде тіпті одан да көп сан қосылатынын тəжірибеден жақсы білеміз. Оқырмандармен кездесулер жылда ұйымдастырылады. Оқырмандарды газетке жазылуға насихаттау жылда жүргізіледі. Соның өзінде де биылғы жазылымның жайы басқашалау болар-ау, жұртшылықтың көңілкүйі өзгерер-ау деп ойлағанбыз. Неге басқашалай болмасын, неге көңіл-күй өзгермесін, егер сан түрлі себептерге, соның ішінде мұнай мен газдың, металдың барлық түрлерінің бағасы құлдырап түсіп кетуіне байланысты елдің экспорттық əлеуеті əжептəуір əлсіресе, бюджет кірісі 40 пайызға азайса, егер мемлекет қаржы жетімсіздігін нақты сезініп отырса, содан барып көп ақшаны қажет ететін күрделі құрылыстардың біразы қазірше салынбай қоя тұратыны, тіпті құрылысы басталып қалған нысандардың да біразы тоқтатыла тұратыны, қысқасы көрпеге қарай көсілуге тура келетіні ашық айтылып жатса? Жоқ, олай емес. Халықтың көңіл-күйі өзгермеген. Шүкіршілігі – сол шүкіршілік. Тəубешілігі – сол тəубешілік. Дастарқаны – сол дастарқан. Құдалығы – сол құдалық. Тойы
– сол той. Тіпті, теңге бағамының өзгеруі де шетелден тауар таситын аз ағайыннан басқаның уайымына айнала қоймаған. Сонда не, халық қазіргі жағдайдың күрделілігін онша түсінбей отыр ма? Жоқ, түсініп отыр. Əлемдік дағдарыстың бұл толқыны бұрынғылардан қатты соғатынын, екпіні бірнеше жылға жететінін біліп те отыр. Түсіне тұра, біле тұра еңсесін биік ұстап отыр. Ең əрі барғанда «Көппен көрген ұлы той» деп отыр. Осындай жағдайда да халықты əлеуметтік қолдау саясаты жалғасып жатқанына, бюджет қызметкерлерінің, мұғалімдердің, дəрігерлердің жалақысы орташа есеппен алғанда үштен бір бөліктей өсетініне разылығын айтып отыр. Неге бұлай? Себеп көп. Қай іске де кеңдікпен, сабырмен, төзімділікпен қарайтын қайран халқымыздың далалық дара даналығы бір себеп. Жаратқан Иеміздің қазақтың жерінің астын да, үстін де қымбат қазынаға толтырып қойған жомарттығының арқасында қолымыз жетіп отырған байлыққа сену бір себеп. Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тату-тəтті тұрып, берекелі тіршілік құрып жатқан халықтың уақыт сынынан өткен достығына, бірлік бар жерде тірлік болатынына сену бір себеп. Себептердің себебі – Қазақстан халқының Елбасына сенімі. (Соңы 2-3-беттерде).
● Өңір өмірі
Соны серпіліс сезіледі Əрине, осының бəрі кəсіпкерлердің жаңашыл жобаларының жемісі екені даусыз. Сондай өзгеше жобаның бірі – түйе жəне қой жүндерін өңдейтін фабрика. Мұны Əлімжан Балжігітов дейтін іскер кəсіпкер қолға алды. Оның көптен ойында жүрген жобасы алдымен төрт түлік ұстаушылардың қызығушылығын оятты. Өйткені, тек Атырауда ғана емес, іргелес өңірлерде де түйе мен қой жүнін өңдейтін фабрика кездеспейді. Осы олқылық төрт түлік ұстайтын əр отбасының қорасында тең-тең жүннің текке жиналуына сеп болары даусыз. Осы себептен болар, кəсіпкер жобасына «Атырау» əлеуметтіккəсіпкерлік корпорациясы АҚ қолдау танытты. Сөйтіп, аталған корпорация мен «Достан Ата» шаруа қожалығы бұл жобаны іске асыру үшін 2 432,0 млн. теңге жаратты.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».
Қай істі болсын, қолға алу үшін алдымен ынта қажет екен. Мұны бұрын мұнай-газ жəне балық өнеркəсібімен ғана танымал болған Атыраудың бүгінгі əлеуметтік-экономикалық өркендеуіндегі соны серпілістен байқауға болады. Иə, бұған дейін бұл өңірде «қара алтын» қайнары мен су айдынынан сүзілген маржан тектес балық өнімдеріне ғана басымдық берілуші еді. Енді мұнайлы өңірдің бүгінгі қарқынды дамуында бетбұрыс басталды. Нақтылай айтқанда, соңғы жылдары дамуы кенжелеп қалған ауыл шаруашылығы саласына деген көзқарас түптамырымен өзгерді. Тек соңғы бір-екі жылдың ішінде үдемелі индустриялық-инновациялық да му бағдарламасымен іске қосылған жобалардың нəтижесінде Атырау өңірі азықтүлікпен өзін өзі толық қамти алатын деңгейге көтерілді. Тіпті, құс фабрикаларында миллиондап
шығарылатын жұмыртқаның артылған бөлігі өзге өңірлерге жіберіледі. Бұрын-соңды кездеспеген сан алуан түрлі
көкөніс салаттары мен ешкі мен сиыр сүтінен иогурт секілді таңсық өнімдердің бірнешеуі шығарылады. Бұрыннан қалбырға
тек төрт түлік еті ғана салынады деуші едік. Енді қалбырға қазыны да салып шығаруға болатынына Атырауда көз жетті.
(Соңы 11-бетте).
–––––––––––––
Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.