31012014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№21 (28245) 31 ҚАҢТАР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

 Жасампаздық жемістері

«Сарыарќа» – индустрияландыру тірегі Бұдан үш жыл бұрын Елба сының Жарлығымен Қарағандыда құрылған «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағындағы жаңа кəсіпорындар алдының құрылысы аяқталып, бір қата рының биыл іске кірісе бастауы жақындап келеді. Жалпы, аумағы 500 гектар жерді қамтушы орында орналасқан өндірістер негізінен өңірге ең қажетті өнім дерді өндіруге бағыт ұстағалы отыр.

тұрғысында үлкен өзгерістер жасайды. Аталған аймақ қанат қаққаннан бері 4 зауыт салынып, 9-ының құрылысы биылғы жыл аяғына дейін бітпек. Ол индустриялық парк негізінде металлургияны жəне металл өңдеуді дамыту үшін құрылған болатын. Былтыр инфрақұрылым толығымен қалыптастырылды. Жылу, су желілері, электр, жол жүйелері тартылды. 13 компанияға жер телімдері берілді. Өз жобаларын іске асырушы кəсіпорындар бəрі шикізатты отандық өндірушілерден тұтынады. Электр қуаты еш делдалдардың араласуынсыз жергілікті негізгі көздерден тікелей жеткізіледі. Сол арқылы энергия қымбатшылығына ұрынбайды.

Тұңғыш Президентіміздің жаңа Жолдауында «Көптеген болжамдар бойынша алдағы 1517 жыл Қазақстанның ауқымды серпілісі үшін мүмкін діктер терезесі болмақ» деп көрсетілгендей, индустрияны иннова циялық негізде құруды терең детуге, тауарлы өндірісті қа лыптастыруға, экспорттық əлеуетті көтеруге алдымен біздің аймақ оңтайлы. Соны орындап, үлгі көрсетпек. Мұнда көптеген технологиялық жаңалықтар мен ғылыми жетістіктерді игеруге, серпінді жобаларды жасау мен іске асыруға, инвестиция тартуға қолайлы жағдай осы саланы түбегейлі өзгертетіні даусыз,– дейді «Сарыарқа» АЭА

Кəсіпкерлермен келелі кездесу Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Астанада Қазақстанның Ұлттық кəсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездесті. Келелі кеңеске құрылған жиынға Үкімет басшысы өзі төрағалық етті. Кеңесте елдегі кəсіпкерлікті дамыту шаралары сөз болды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Кездесуге Үкімет құрамы толық дерлік келді. Онымен қатар, Парламент депутаттары

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кезекті жалпы отырысында жол жүрісі, оңалту мен банкроттық, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жəне өзге де заң жобалары қаралды. «Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан».

Бұл АЭА басқарма төрағасы Əлен Ысқақовтың айтуынша, мұнда қызметтерін құру үшін əзірге тіркелген 33 қатысушы өз жобаларын іске асыруға 3 млрд. теңге салса, қатарларын толықтыруға ұмтылушылар тағы табылып жатқан көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, өнеркəсіптік базалық саласы мықты облыстың арнайы бөлінген, жұмысты ұйымдастырып, дамытуға барынша жағдай жасалған аймағы, əсіресе, шетелдік ірі компанияларды қызықтыра түсуде екен. Алдағы алты жылда 300 млрд. теңге инвестиция тартылуға тиістілігі соны көрсетеді. 8 мыңға тарта адамның еңбектенуге мүмкіндігі боса-болмасын қарағандылықтардың біразы күткен қуанышты оқиға. Соған орай бұрын аты да естіліп көрмеген жаңа мамандықтар меңгеріп, алғашқы еңбеккерлері атануға тілек білдірушілер аз емес. Сондықтан таңдаулыларын қабылдау қоса жүргізілудегі шаралардың бірі. Мұның өзі заман талап-талғамына сай сапалық деңгейі жоғары кадрларды қалыптастыруға жол ашып отыр. Сонымен, қаланың Бұқар жы рау ауданымен шектес тұсындағы бұған дейін бос жатқан бөлігінде қандай кəсіпорын дар ірге көтермекші дегенде, бəрінің де ішкі жəне сыртқы рынокта бəсекелестікке қабілетті, өтімділігі жоғары өнім дер шығаруға бейімді құры лымдар болмақтығын атап өткен орынды. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында экономиканы əртараптандыру жəне оны шикізаттық емес жоғары технологиялық жолға бағдарлау жөнінде алға қойған міндеттеріне байланысты олар соның бастауы

Жолда жїру жауапкершілігі кїшейтіледі Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

Айқын НЕСІПБАЙ,

мен «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ-тың басшылары, сондай-ақ, бірнеше ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты. Ал, Ұлттық кəсіпкерлер палатасының Астанадағы аппараты мен

(Қоғамдық-саяси үдерістер Сарапшылық-жобалау бюросының сарапшылар тобы дайындаған тезиспен 3-беттен таныса аласыздар).

аймақтардан келген өкілдері үстел басынан орын алды. Отырысты ашқан ПремьерМинистр Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында елімізде шағын жəне орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлгенін айтты. (Соңы 2-бетте).

кəсіпкерлік бөлімінің басшысы Тілеубек Дүйсебаев. Ол түсіндіргендей, «Сарыарқаның» басты ерекшелігі мемлекеттік үдемелі индус трия лық-инновациялық даму бағдарламасының мақсаттарына сəйкес өңірде экономиканы əрта раптандырудың тəжірибелік алаң қайы ретінде танылып, осы үдеріске көшбасшы болуға тиіс. Бұл дегеніміз не, мəселен, электронды жəне оптикалық зат тар, мұнай-газ өнеркəсібіне арналған жылу сақтау қабілеті бар құбырлар, құрылысқа қажетті металл емес құрылғылар мен бұйымдар, теміржол вагондарын жөндеу, металл өңдеу, арматуралар, резинотехникалық жəне пластмасса жабдықтар, компрессорлар мен редукторлар, интерактивтік оқыту құралдарын, қысқасы облыс қана емес, еліміз өңірлері өндірісінің мұқтажын өтейтін сан алуан өнім түрлерін өндіру істің негізгі нысанасына айналады. Мұндағы зауыттардың халықаралық стандарттағы «ISO 9000» сапа сертификатымен жұмыс істеуі талап етіледі. Өйткені, қазақстандық тұтынушылар сұранысын қанағаттандырумен қатар, заттар мен жабдықтардың бір бөлігін экспортқа шығару көзделе ді. Бұған қолайлы резерв тік мүмкіндіктер бар əрі ғылымитехникалық əлеует жақсы жағдай жасамақ. Бүгінде алғашқылардың

бірі болып жұмысқа кіріскен «Бемер Арматура», «Изоплюс Центральная Азия», «Centraj Asia», «Лидос LTD» сияқты ЖШС-лер алғашқы эксклюзивті өнімдерін шығару үстінде.Таяу арада басқа да кəсіпорындар ашылып, «Сарыарқа» құлашы қеңейеді. Жалпы алғанда, отандық, шетелдік 53 компанияның қанаты астындағы өндірістердің бəрі іске қосылғанда жылына 246 млрд. теңгенің өнімі өндірілуге қол жеткізілмек. Бұл – облыстың өңірлік өнімінің тең жартысына жуығын құрайды деген сөз. Сөйтіп, күні кеше армандай көрінген мақсаттың бірі осылайша нақты іске асады. Бұл күнде асыра айтқандық емес, қыстың қиыншылығына қарамастан, осынау аймақ аумағында күннен-күнге бірінен соң бірі бой көтерген кəсіпорындар шоғыры шоқталып келеді. Бұлар ертеңдері өз алдына бөлек индустриялық кешендер орталығы болғалы, алысқа танылғалы тұр. Əрқайсысы өндіретін өнімдер əртүрлі. Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей, Қазақстанның ресурстарына, азық-түлігіне, индустрияландыру өнімдеріне сұраныс арта түсетіндігінің бір тірегі осы «Сарыарқа» боларына онда орын теуіп, жалынды істерге құлшынушы компаниялар сенімді. ҚАРАҒАНДЫ.

 Айтайын дегенім...

Ана тілініѕ абыройын ойласаќ... Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы биылғы Жолдауында қазақ тілін дамыту мен орнықтырудың ең ізгі де парасатты, икемді де ілкімді жолын атап көрсетті. Бұл мемлекеттік тілді оқытатын орталықтар арқылы республиканың байырғы тұрғындарынан өзге барша қазақстандықтардың қазақ тілін оқыпүйренуіне жол ашылғаны. Əрине, мұның өзі бұған дейін тəжірибеде өзін толығымен ақтағаны да, қазақ тілін үйренгісі, білгісі келетін өзге ұлт өкілдерінің саны жылданжылға өсіп келе жатқаны да басы ашық ақиқат. Президент атап көрсеткендей, олардың саны былтырғыға қарағанда, биыл 10 пайызға өскен. Бұл қанағат етуге тұрарлықтай жақсы көрсеткіш екені белгілі. Өңірдегі журналистік бақылаулар мен зерттеулер барысы мемлекеттік тілге құрмет пен ілтипат білдіріп отырғандардың дені отыз бес жасқа дейінгі жас адамдар екенін көрсетеді. Өткен аптада Жолдауды талқылауға байланысты өткізілген облыс активінде солардың бірі жарыссөзге шығып, қазақ тілін үйренуге қатысты өз ой-пікірін ортаға салды. (Соңы 2-бетте).

Ќазаќстандыќ дипломатияныѕ 2020 жылєа дейінгі пішімі 3-бет Мəѕгілік ел ўстанымы – ўлтымыздыѕ ўлы баєдары 4-5-беттер Ќўмныѕ ќўны ќанша? 6-бет Дїние додасыныѕ дїбірі 10-бет

Күн тəртібінде бірінші болып талқыға салынған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу жəне өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бірауыздан қабылданды. Келісім салық салуға, мемлекеттік сатып алуға, уағдаласушы тарап берген субсидияларға немесе гранттарға қолданылмайды. Тиісінше экспроприация, ұлт меншігіне алу, инвесторға өтемақы төлеу жəне дауларды шешуге қатысты нормалар көрініс тапқан. Жəне де тараптар арасындағы дауларды шешу мақсатында ұйымдастырылған халықаралық төрелік соттар мəселесі назардан тыс қалмапты. Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев атап өткендей, 2005 жылдан бастап еліміз экономикасындағы Вьетнам инвестициясының көлемі 2,4 миллион АҚШ долларын құраған. Ал екі ел арасындағы сауда айналымы 221,8 миллион

доллар болса, бұл өткен жылға қарағанда, 2 есеге артық. Сондай-ақ, кешегі отырыста «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы да қолдау тапты. Хаттамаға 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мəскеу қаласында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Ресей басшылары қол қойған. Келісімге құқық қорғау органдары мен арнайы жасақтарға арналған техника мен құралдарды жеңілдікті шарттармен жеткізуді жүзеге асыру кезінде шығыстарды еркін айырбасталатын валютамен жүзеге асыру көзделеді. Əсіресе, Ресей рублімен төлеу мүмкіндігі ұсынылады. Құжат ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған. (Соңы 2-бетте).

Ґѕірлердіѕ ґзекті мəселелері

Кеше Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен Өңірлік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мəжілісі болып өтті. Оның жұмысына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен облыстар жəне Астана, Алматы қалалары əкімдерінің орынбасарлары қатысты. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Алқа мəжілісінде ведомствоның 2013 жылғы жұмыс қорытындылары, сонымен қатар, ағымдағы жылға қойылған міндеттері туралы осы министрлік басшысы Болат Жəмішев жасаған баяндамада өңірлерді дамыту, қала құрылысы жəне жер кадастрын құру жайы, сонымен қатар, «Қолжетімді тұрғын үй», «Моноқалаларды дамыту», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту», «Ақ бұлақ», «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының іске асы рылу барысы туралы сөз бол ды. Б.Жəмішев ел аумағын

АҚПАРАТТАР аєыны  Үстіміздегі жылы Қазақстандағы ауылдарды да мы туға 5,6 млрд. теңге қаралады. Өңірлік даму министрі Болат Жəмішев бұл қар жының коммуналдық шаруашылық жобалары мен əлеуметтік жəне инженерлік инфрақұрылым нысандарын жөндеуге жұмсалатынын жеткізді.  Биылдан бастап елімізде жыл сайын 10 млн. шаршы метрден астам баспана тапсырылатын болады. Кеше Өңірлік даму министрлігінің алқа мəжілісінде айтылған бұл тұжырым жергілікті əкімдерге тұрғын үйлерді жаңғырту мəселесімен белсенді түрде айналысу керектігін білдіреді.  2015 жылы Назарбаев Университеті базасында медициналық мектеп ашылады. Ондағы білім толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі. Мұнда сондай-ақ, онкологиялық орталық құру туралы жоспар да бар. Бүгінде бас миының ісіктері, ортақ онкология жəне балаларға арналған бөлімшелер жұмыс істейді.  Астана түбіндегі Талдыкөл сарқынды су жинақ тау шысын жою жобасы 2016 жылға қарай аяқталады. «Жобаның мақсаты – тазартылған сарқынды суларды Есіл өзеніне жіберіп, Талдыкөл су жинақтаушысының ауданын 2 мыңнан 600 гектарға дейін азайту», деді қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Павел Кулагин.  Оңтүстік Қазақстанда 44,5 млрд.

ұйымдастырудың бас схемасын іске асыру аясында жақындағы үш жыл ішінде Аумақтық даму дың өңіраралық схемасы əзірленетіндігін айтып өтті. Қазіргі күні «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға екпін берілуде. Олардың коммуналдық саласындағы пайда болған проблемаларды шешу үшін 2013 жылы қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғайтылды (6 млрд.тан 14,8 млрд. теңгеге дейін). Бұл моноқалалардың инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту жəне абаттандыру бойынша 195 жобаны іске асыруға ықпал етті. (Соңы 2-бетте).

теңгенің 59 ин вес тициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Кеше облыс əкімі Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өт кен кəсіпкерлік жəне ин дус трия лықинновациялық даму басқармасының жиынында осы арқылы 5 мыңнан астам жұмыс орындарын ашу межеленіп отырғаны да айтылды. Мұның қатарындағы жалпы құны 28,8 млрд. теңгені құрайтын 21 жоба Индустрияландыру картасына енген.  Қостанай облысында прокуратураның араласуымен 9000 адам жалақыларын алды. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен облыс прокуроры Марат Қайыбжанов кеше, сондай-ақ, жер телімдерін алу мен игеруге қатысты да бірқатар кемшіліктердің анықталып, олар бойынша нақты шаралар қолданылғанын тілге тиек етті.  Ақмола облысында сүзбе шығаратын цех іске қосылады. Астананы азықтүлікпен қамту бағдарламасы аясында қолға алынған бұл жобаны Ақкөл ауданындағы «Экомилк» ЖШС биылдан бастап жүзеге асырады. Жаңа цех іске қосылғанда 110 адам тұрақты еңбекпен қамтылады.  Өскеменде Шəкəрімнің «ҚалқаманМамыр» поэма сының орыс тіліндегі нұсқасы кітап болып шықты. Ақынның аталмыш дастанын Шығыс Қазақстан облысына танымал журналист Қабдылқайыр Құдайбергенов орыс тіліне аударған. Egemen.kz хабарлары мен облыстық əкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.