31032015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№57 (28535) 31 НАУРЫЗ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кəрімовке Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхатта сайлау нəтижелері И.Кəрімовтің халық алдындағы беделінің, елдің əлеуметтікэкономикалық дамуына жəне Өзбекстанның халықаралық қоғамдастықтағы абыройын нығайтуға бағытталған парасатты саясатына көрсетілген кең қолдаудың айқын дəлелі екені атап өтілген. Мемлекет басшысы, сондайақ, И.Кəрімовтің басшылығымен Өзбекстанның одан əрі өркендей

беретініне сенім білдірген. «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырлас қарым-қатынастар стратегиялық ынты мақтастық деңгейінде нығая түсетініне кəміл сенемін», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентіне зор денсаулық жəне жауапты қызметінде табыс, ал бауырлас өзбек халқына татулық пен бақ-береке тіледі.

Елшімен екіжаќты əѕгіме

● Өңір өмірі

Созаќтыѕ сары сазаны Қазір «алма піс, аузыма түс» деп отыратын заман емес. Қолы қимылдағанның аузы да қимылдайды. Облыс əкімі Асқар Мырзахметов орта шаруалардың қолына мықтап күрек ұстатқан. Үлкен шаруашылыққа шамаң келмейді екен, өз отбасыңды еркін асырарлықтай кəсіпті меңгер. Жеңілдетілген несиемен он сауын сиыр ал. Бордақылауға он өгіз ал. Уақытпен жемін, шөбін бер, суар. Сүтті қайда өткізем демейсің, осы мақсатқа арнайы құрылған селолық тұтынушы кооперативі бар. Бордақыланған өгіздерді қай базарға шығарам деп басыңды қатырма, кооператив өзі сойып, өзі өткізіп, қолыңа келісілген ақшаңды əкеп береді. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Польшаның Қазақстандағы елшісі Яцек Ключковскиді қабылдады, ол жоғары деңгейдегі парламенттік алмасуларды үдетудің маңызы туралы айтты. Польша Сенатының Төрағасы (Маршалы) Б.Борусевичтің тілегі ескеріліп, оның биыл Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Польша елшісінің өтінішіне орай Сенат Төрағасы Қазақстандағы сайлау алдындағы жағдай, «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыру барысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 20 жылдығын мерекелеу жайын таныстырды. Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» съезінде жария еткен бес институттық реформаның мазмұнына ерекше назар аударды. Ол, сондай-ақ, аймақтағы ахуал туралы өз ойларымен бөлісіп, Еуразиялық экономикалық одақ жəне Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметі туралы елшіні хабардар етті. Польша елшісі Қазақстан

халқы Ассамблеясының жұмысын жоғары бағалады, оның пікірінше, қызметі көпұлтты Қазақстан халқының біртұтастығын нығайтуға бағытталған Ассамблея маңызды институтқа айналды. Мемлекет басшысы басқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді жұмысы, мыңдаған поляк диаспорасының мүдделері ескерілгені көрініс тауып отырғаны атап өтілді. Я.Ключковскидің пікірінше, Қазақстанда жүргізіліп келе жатқан сындарлы ұлттық саясат əлемнің түрлі аймақтарындағы күрделі оқиғалардың аясында аса маңызды болып табылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Ќазаќстан-Вьетнам:

Əріптестіктіѕ жаѕа кґкжиегі

Бұл ауыл шаруашылығы үшін ең тиімді тəсіл болып тұр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы да қай қажетіңізді ашуға дайын. Осылайша орта шаруаның жағдайы біршама жақсарып қалды. Қалайда ауыл еңбеккерлерін жұмыспен қамтуды ойлайтын облыс əкімі енді облыста 2015-2016 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын қолға алған. Мұндағы мақсат балық шаруашылығын дамыту арқылы табысқа шығу. Оңтүстікте ерсіліқарсылы аққан ағын су көп болмағанымен «Шардара» су қоймасы, оған жалғас «Көксарай» су реттегіші, Шəмшінің əні арқылы жалпақ Қазақстанға

əйгілі Арыс өзені, арынды Келес, Ақсу, Қарасу сияқты шағын өзендер, Сырдариядай мол айдын бар. Бөлініп қашқан сағаларын іскер жігіттер жалға алып, шабақ жіберіп пайдаға шыға бастаған. Өткенде газетімізде Отырардың бекіре тұқымдас балығы жайлы айттық. Облыс басшысы аймақта 27 тауарлы балық шаруашылығын құрмақ ниетте. Осы жобаны қолдау үшін «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС 400 млн. теңге жеңілдетілген несие беріп отыр. Осы берекелі шаруаға арқа мен қойындасып жатқан Созақ ауданы да кірісіп кетті.

Кеше «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрында Мəдениет жəне спорт министрлігі бастамасымен «Мəңгілік ел – елдің біріктіруші күші» атты форум өтті. Еліміздің түкпіртүкпірінен 200-ге жуық зиялы қауым өкілдері қатысқан басқосуда ПремьерМинистрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев сөз сөйлеп, «Мəңгілік ел» идеясының маңызына тоқталды. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев «Мəңгілік ел» идеясы құрғақ ұран емес, қоғамдық жүйені бекіте түсерлік

іс-қайратымыз екенін, бұл орайда мəдениет пен өнер қызметкерлерінің алдында бірқатар маңызды міндеттер тұрғанын тілге тиек ете келіп, патриоттық рухтағы туындылар жасау шығармашылық адамдары үшін қазіргі таңдағы басты мəселе болып табылатынын айтты. Кезінде жазушылар, өнер адамдары билік пен халық арасындағы рухани алтын көпір, ал шығармашылық одақтар идеология қалыптастырушы ұйым болып саналатын. Бүгінде жазушыларды, өнер адамдарын халық бірден тани бермейді, шығармаларын жетік білмейді. Сондықтан қазір кез келген шығарма бəсекеге қабілетті болуы керектігін, кітап шығаруға бөлінген мемлекеттік қаржыға ең сапалы əдеби туындылар ғана ие болуы қажеттігін алға тартты. Мысалы, елордада Елбасының жеке кітапханасы жұмыс істейді.

Нўрлы Жол – болашаќ баєдары Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Астана мен Ханой арасын бөліп тұрған 4 мың шақырымнан асатын жол өзара ынтымақтастықты тереңдете түскісі келетін əріптестерге ешқандай бөгет бола алмайды. Бұл – қос мемлекет халықтарының достық қарым-қатынасы мен екі ел басшыларының уағдаластығының жемісі. Вьетнам Қазақстанды жəне мемлекеттің маңызды бастамаларын

жақсы біледі, сондықтан, алдағы ынтымақтастыққа жоғары сенім артады. Екі ел арасындағы осы сындарлы қатынастың одан əрі дамуына Парламент өкілдері де өз үлестерін қоспақ. Бұл тақырып қазақстандық делегация мүшелерінің Вьетнам жерінде өткізген кездесулерінің бірінде əңгіме арқауына айналды. (Соңы 2-бетте).

Шардараның сары сазанына енді жерік болмайды. Кəсіпорын алдағы уақытта балық өнімдерін өңдейтін шағын цехтар ашып, ішкі нарық пен экспортқа шықпақ ниетте. Бұл бос қиял емес. Əрбір іс осындай шағын бастаулардан қуат алады. Баяғыда Аралдың бір қызы қырға ұзатылғанда «бал татыған балықтың етін менсінбейтін басым қолаңса сасыған қой етіне қор болатын болдым», деп сыңсып барады дейді. Сол айтқандай, төрт түлігімен мəшһүр Созақ енді алдыңызға білектей сазанын сыйға тартады. Оңтүстік Қазақстан облысы.

«Мəѕгілік ел» – бабалар аѕсаєан мўрат

Кеше Астанада «Нұрлы Жол – қазақстандық даму жолы» тақырыбында «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының II форумы болып өтті. Оған ПремьерМинистрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты.

Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған қазақстандық парламентшілер делегациясы ресми сапармен Вьетнам Социалистік Республикасында болды.

Созақтағы «Бабата» су қоймасына «KazGoldFish» серіктестігі 100 мың шабақ жіберді. Таудан еріген қардан құралған су қоймасының суы тұщы болғандықтан балығының еті бал татиды. Серіктестік өкілінің айтуы бойынша, осы шабақтар қоңыр күзде бүйірлері сары алтындай жарқыраған кебеже бас сазандарға айналады. Оларды күтіп баптайтын ихтиолог мамандар бар. Созақ ауданының əкімі Аманғали Аймыр заев та мұртынан күледі. Əкімнің көңілденетініндей бар. Балық шаруашылығы 15-20 адамға жұмыс орны. Екіншіден, малымен, жер асты байлығымен даңқы шыққан созақтықтар

«Мемлекет басшысы қазіргі заманда болып жатқан геосаяси жағдайларды ескере келе, дəстүрлі жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын бұрынғысынан сəл ертерек, қараша айында жариялады. Ондағы Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеті қазіргі дүниежүзілік дағдарыс Қазақстанға өзінің əсерін тигізбейтіндей етіп, елдің əлауқатын төмендетпей алып шығу болатын. Соған орай «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ондағы ең негізгі мақсат – инфрақұрылымдарды дамыту арқылы халықты жұмыспен қамту, елімізде жұмыссыздардың қатарын көбейтпеу. Əрбір бағдарлама толық мəнінде жүзеге асуы үшін, нəтиже беруі үшін ол тиісті қаржылық жағынан қамтылуы керек. Өздеріңіз

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жақсы білесіздер, осы бағдарламаны үш жылдың ішінде жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 10 млрд. доллар қаралып отыр, сондай-ақ, оған қосымша мемлекетімізде жұмыс істеп жатқан халықаралық ұйымдардың, еліміздегі ірі кəсіпорындардың есебінен қаншама қаржы бөлініп отыр. Бір сөзбен айтқанда, бұл мемлекеттік бағдарлама қаржымен толық қамтамасыз етілген. Егер бағдарлама ойдағыдай жүзеге асып, толық нəтижесін беретін болса, ең кем дегенде 400 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады деп күті луде», деді форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Б.Сапарбаев. Сондай-ақ, ол сөз арасында əлемде бұдан бұрын да, талай дағдарыстар орын алғанын, əсіресе, соңғы 2007-2009 жылдарда қазіргі кезден де қиын жағдай болған. (Соңы 6-бетте).

Сол сияқты Ұлттық академиялық кітапхана жанынан Мырзатай Жолдасбековтің жеке кітапханасы ашылды. Осындай кітапханалар өңірлерде де ашылуы керек, деді. Сонымен қатар, жақында «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы өткізілгенін, оған азаматтар жеке қорындағы заттарын, 400-ге жуық экспонаттарды музейге əкеп тапсырғанын, жастарды патриоттық рухта тəрбиелейтін, олардың өз халқының тарихын білуге ықпал ететін мұндай игілікті істерді барлық облыстарда ұйымдастыру қажеттігін жеткізген ПремьерМинистрдің орынбасары: «Қазақстанның болашағы, дамуы жастарға байланысты. Біздің негізгі міндетіміз –Мəңгілік елдің арқауы болатын жастарды тəрбиелеу», деп атап өтті. (Соңы 6-бетте).

● Елімізде соңғы 5 жылда сауда саласындағы өсім 13-15 пайызды құрады. Парламент Мəжілісінің депутаты Елена Тарасенконың айтуынша, мемлекетімізде бөлшек сауда көлемі 1995 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта 40 есеге өскен. ● «ҚазАгро» холдингі 100 млн. АҚШ доллары кө леміндегі қарызын дер кезінде өтеді. Құрылымның баспасөз қызметі хабарлағандай, агроөнеркəсіптік кешенді қаржылай сауықтыруға, ауылшаруашылық техникаларының лизингіне, ірі қара малды сатып алуға жұмсалған бұл қара жат кезінде HSBC Bank PLC банкіден (Шотландия Корольдік банкі) тартылған-ды. ● Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатысатын əскери техникалар Астанаға жеткізілді. Қор ғаныс министрлігінің мəлі метінше, елордаға келген эшелон құрамында келісімшарт қызметіндегі əскери қызметшілер жəне əскери оқу орындарының курсанттары бар. ● Талдықорғанда қант қызылшасын өңдейтін орталықтарға арнайы техникалар тапсырылды. Олар қаржылық лизингіге жеңілдікпен берілді. Шараға облыс əкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қатысты. Құны 1 млрд. теңгелік бұл жобаны «Жетісу» ƏКК» ҰК» акционерлік қоғамы жүзеге асыруда. Жоба бойынша сервистік-дайындау орталықтарының (СДО) базасында МТС-тар құру қарастырылған. Бүгінге дейін Қаратал, Көксу, Ескелді жəне Сарқан аудандарында 6 СДО құрылған. ● Шымкенттік кəсіпорын айына 45 мың шұлық шығара алады. Өндіріс технологі Бушини Мауроның сөзіне қарағанда, Inspiration кооперативі Италия мен Германиядан шыға рыл ған қондырғылармен жаб дықталған. Мұнда алуан түсті 10 шұлық түрін дайындауға мүмкіндік бар. Модельді итальян дизайнерлері əзірлейді. Əзірге бұл өнімдер отандық дүкендерде сатылады. Алайда, фабрика басшылығы алдағы уақытта шетелге нарыққа шығуды жоспарлап отыр. ● Ақмола облысының кəсіпкері балаларға арналған ойын-сауық кешенін ашты. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 92 млн. теңгенің несиесін алып, дүкен, дəмханасы бар «Ақ желкен» балаларға арналған ойын-сауық орнын іске қосқан Шучье қаласының тұрғыны Білəл Сəкенов бүгінде өз кəсібін одан əрі дамытуды көздеуде. ● Павлодар облысында 1 млн. гектардан астам жерге егін егіледі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ернұр Əйткенов мəлім еткендей, көктемгі дала жұмыстарына уақтылы кірісу мақсатында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-тың құрылымдық бөлімшелеріне жалпы көлемі 1,16 млрд. теңгені құрайтын жеңілдетілген несие берілген. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

Маќсатымыз – бейбітшілік пен жасампаздыќ Кеше Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Бейбітшілік пен жасампаздық үнқатысуы» атты Қазақстан мен Ресей зиялылары форумының мəжілісі өтті. Іс-шараны «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Қазақстан азаматтық альянсы», «Еуразиялық мониторинг» талдамалық зерттеу лер орталығы (Қазақстан Республикасы), «Север-Юг» саяси орталығы (Ресей Федерациясы), «Еуразиялық зерттеулер институты» даму қоры (Ресей Федерациясы) ұйымдастырды. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі мен Ресей

Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаттары, қоғамдық жəне ардагерлер ұйымдарының жетекшілері, академиялық қауымдастық, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері, сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің алдыңғы қатарлы сарапшылары мен танымал қоғам жəне саяси қайраткерлері қатысты. Қазақстан Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев форум қатысушыларын құттықтап, сөз сөйледі.

Жиынға қатысушылар атап өткендей, Қазақстанда жүргізіліп келе атқан мемлекеттік сарабдал саясаттың арқасында тəуелсіздік жылдары Қазақстан экономикалық қуатты, саяси тұрақты ел ретінде сəтті дамуда. Елде ұлтаралық жəне кон фессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты. Жыл сайын Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделі артып келеді. Сарапшылар Қазақстанның экономикалық қуатының қоры мол екенін атап өтті. Оған, ең алдымен, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты кепіл бола алады. (Соңы 2-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Батысќа бет алєан керуен 6-бет

Ўлт арын арлаєан 9-бет

Теѕдесі жоќ ота 14-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.