24 саєат №106 (28330) 31 МАМЫР СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Қазақстанда 31 мамырда менің 1997 жылғы Жарлығыммен бекітілген Саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып келе жатқанына 17 жыл болды. Біздің барша халқымыз үшін бұл күн ерекше тарихи мəнге ие. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін миллиондаған адамға қайғы-қасірет əкелді. Қазақ халқының көрнекті перзенттері – Шəкəрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Сəкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин жəне басқа да көптеген саңлақтарымыз қуғынсүргін құрбандары болды. Қатал тоталитарлық жүйенің барлық ауыртпалығын қазақ халқымен бірге жер аударылған 1,5 миллион неміс, поляк, корей, чешен, түрік, грек жəне басқа да халықтар өкілдері көтерді. Зұлмат заманға қарамастан, барынан айырылған жандар біздің жерімізден жаңа баспана тауып, жан жылуына, түсіністік пен қамқорлыққа ие болды. Бүгінгі іс-шаралардың қоғамдық келісімнің айрықша институты болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында өтіп жатуының терең мəні бар. Татулық, бірлік жəне тұрақтылық – бұл Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының маңызды принциптері жəне «2050» Стратегиясының биік мақсаттарына қол жеткізудің басты шарты. Бұл мəңгілік құндылықтар еліміздің өркендеуінің сенімді негізі болып табылады. Тарихымыздың қасіретті беттері, саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандары əрқашан біздің жадымызда жəне оны ұмытпау біздің қасиетті борышымыз.
1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күні
КЇН КЇЛСІН! КЇНМЕН КЇЛСІН БЇЛДІРШІН!
Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.
Саяси ќуєын-сїргін жəне ашаршылыќ ќўрбандарын еске алу кїніне арналєан шараларєа ќатысушыларєа
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Одаќ – жетекші орынєа жетудіѕ алєышарты Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Парламент Сенатының отырысы болды. Палата отырысын аша келіп, Сенат Төрағасы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылуы аясында депутаттық корпустың алдында тұрған міндеттерге əріптестерінің назарын аударды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
«Мемлекет басшысы атап көрсет кендей, қазақстандық өнімдердің, капиталдың, жұмыс күштерінің еркін қозғалысы, бірлескен кəсіпорындар құру, сонымен қатар, байланыстарды күшейту – осының барлығы ел экономикасының дамуына оң ықпал етпек. Құрлық ішінде орналасқан ірі мемлекет ретінде Қазақстан үшін көршілес елдермен тығыз ынтымақтастық орнату – тек аймақтық нарыққа шығатын жол ғана емес, сонымен бірге, «əлем елдерімен терезесі тең» елге айналудың бірден-бір жолы болмақ. Осындай айрықша мүмкіндікті тиімді қолданып, жүзеге асыру ісі бəрімізге тікелей байланысты болатыны сөзсіз», деді Сенат Төрағасы. Қ.Тоқаев, сондай-ақ, мемлекеттік биліктің барлық тармақтары Қа зақстанның осы Одақтағы мүдделерін сапалы түрде қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуі қажет екенін атап өтті. «Ең алдымен, Парламент кеше Мемлекет басшылары қол қойған шартты ратификациялап, экономикалық ынтымақтастықты
кеңейтуге бағытталған құқықтық негіздемені жетілдіру жұмыстарын жалғастыруы керек», деді ол. Сенат отырысында Аграрлық мəселелер, табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып Сергей Плотников сайланды. Қ.Тоқаев депутат, тұрақты комитет төрағасы ретіндегі жемісті қызметі үшін сенаторлар атынан Сергей Кулагинге алғыс айтты жəне Ақмола облысының əкімі лауазымында табысты еңбек етуіне тілектестігін білдірді. Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары Николай Мамонтов пен Нүрия Сынғалиева орнынан түсуіне байланысты қызметінен босатылды. Сенаторлар, сонымен бірге, Серік Əбдірахманов пен Мейрам Жанғұттиновты Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне сайлады. Конституцияға сəйкес, Сенат Қазақстан Республикасы Прези дентінің Жоғары Сот Кеңесі ұсынымына негізделген ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың судьяларын сайлайды. (Соңы 4-бетте).
Палатаныѕ кїн тəртібі ќаралды
Кеше Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тəртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.
Депутаттардың талқылауына екінші оқылымға экстремизмге жəне терроризмге қарсы іс-қимыл мəселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер жəне электр энергетикасы объектілерінің жұмысын бақылауды жəне қадағалауды ұйымдастыру мəселелері туралы заң жобалары шығарылатын болды. Күн тəртібіне ратификацияланатын екі заң жобасы: Сингапурмен үкіметаралық табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім мен Халықаралық Қайта
құру жəне даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісім қосылды. Сонымен қатар, осы жалпы отырыста Мəжіліс депутаттары «Қылмыстық əрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою жəне тəркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасына түзету енгізуді қарастырады. Палатаға «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тəртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарастыру ұсынылады.
Əрбір сəтіміз баланы ќорєауєа арналсын «Бала – адамның бауыр еті» деп жатамыз. Тіпті, дүние жүзі болып сəбилердің мерекесін атап өтіп, балақандарға қуаныш сыйлауға асығамыз. Өміріміздің жалғасы һəм мемлекетіміздің келешегі – балаларымызға не қажет дегенде əуелі ойға келетіні денсаулық. Осы ретте еліміздегі педиатрия саласының жай-күйінен сыр тартпақ ниетпен отандық балалар хирургиясының атасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Камал ОРМАНТАЕВПЕН əңгімелескен едік. – Камал аға, балалардың халықаралық мерекесіне орай əңгімеңізді бала денсаулығына қатысты мəселеден бастасаңыз. – Əлемде балаларды қорғай тын жəне балалардың мəселесі мен терең айналысатын БҰҰ-ның арнайы бағдарламасымен жұ мыс істейтін ЮНИСЕФ дейтін ұйым бар. Оның бергі жағында 1996 жылы біздің елімізде қабылданған «Балалар құқығы туралы» Заң да бар. Бүкілəлемдік ұйымдардың
Ортаќ пікір білдірілген кездесу
Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Кубаның Қазақстандағы Төтенше жəне толық өкілетті елшісі Карлос Энрике Вальдес Де Ла Консепсионды қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Сұхбаттастар Қазақстан-Куба ынтымақ тастығы мəселелерінің кең ауқымын талқылап, денсаулық сақтау, туризм, спорт салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту мəселелерін перспективалы бағыт ретінде атап өтті. Палата Төрағасы Мəжілістің қызметі туралы айта келіп, депутаттық корпустың Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді əлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына кіргізу жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін жүргізіп жатқан заң шығару жұмысына баса мəн берді. Өз кезегінде елші Қазақстанның ел Президентінің басшылығымен қол жеткізген табыстарын жоғары бағалады. Бұл ретте елші біздің елімізде «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген мақсаттарға жету үшін толық мүмкіндік бар екеніне сенім білдірді. Қ.Жақыпов жəне К.Вальдес Де Ла Консепсион Қазақстан-Куба қатынастарын дамытуға парламентаралық байланыстарды нығайту да өз ықпалын тигізетіні туралы ортақ пікір білдірді.
əрекеті өз алдына, өзімізде қабылданған заң қандай деңгейде жұмыс істеп тұр деген сұрақ əрқайсымыздың көкейімізде тұр. 1959 жылы Алматы медициналық институтының педиатрия факультетін бітіргеннен бастап балалар денсаулығымен тұрақты айналысып келемін. Егемен ел болдық деп бұған дейін қолданылған озық тəжірибелерден бас тарту қаншалықты ақылға қонымды? Кеңес дəуіріндегі медицинада жақсы дəстүр мен
● Оймақтай ой
шипалы тəсілдер де болды. Ең бастысы, ол кездің өмір тəжірибесінде маман даярлау, шəкірт тəрбиелеу деген секілді мемлекеттің нығаюына қызмет ететін жақсы жүйе бар еді, қазір сол бағыттан ажырап қалдық. Оған дəлел ретінде осыдан 7-8 жыл бұрын еліміздің медицина мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарында педиатрия факультетінің қысқарып кетуін айтар едім. Педиатр маман даярлайтын факультеттер ТМД көлеміндегі барлық республикаларда бар. Əлемнің іргелі елдері де, тіпті, медицинасы шарықтап дамып кеткен мемлекеттер де бұл саладан бас тартқан жоқ. Мəселен, сəби өмірге келген соң жылайды, мазасызданады. Қай жері ауыратынын айтуға тіл жоқ. Оның мазасыздану себебін анықтайтын сол саланың дəрігері керек. Одан кейін нəрестенің хал-ахуалын анықтайтын арнайы аппаратура керек. Медициналық құрал-жабдық күнненкүнге көбейіп келе жатқанымен, медицина мамандарының білім деңгейі əлі төмен деген ойдамын. (Соңы 6-бетте).
Мысырда өткен президенттік сайлауда бұрынғы қорғаныс министрі, отставкадағы генерал Əбдел Фаттах ас-Сиси жеңіске жетті. «Мұсылман бауырлар» сайлау қорытындыларын мойындамайтынын мəлімдеді. Бірақ халықаралық қоғамдастық сайлаудың барлық халықаралық талаптарға сай өткенін танитынын хабарлап үлгерді. Германияның Майнц қаласында 17-20 маусым күндері əуе шабуылы нан қорғаныс саласы бойынша халық аралық конферен ция өтеді деп жоспарланған. Шараны ұйымдастырушылар оған қатысу туралы Ресейдің тапсырысын қабылдамай тастады. Мəскеу мұны аталған саладағы ынтымақтастықты тоқтатуға қадам деп бағалап отыр. Сербия мен Босния жəне Герцеговинадағы су тасқынынан Сербияда 51 адам, ал Босния жəне Герцеговинада 24 адам опат болғаны белгілі болып отыр. Бұл елдер тарихында бұрын-соңды болып көрмеген табиғат апаты ауыл шаруашылығы саласына да зор кесапат əкелді. Кейбір елді мекендер жермен-жексен болды. Халыққа үкімет тарапынан жəрдем керек. Ресейде жаңа сүңгуір қайық сынақтан өткізу үшін Балтық теңізіне түсірілді. «Варшавянка» деп аталатын дизельді-электрлі сүңгуір қайық сынақтан сəтті өткен жағдайда Қара теңіз флотына жіберілмекші. Оның су бетіндегі жылдамдығы 20 узелді, сүңгу тереңдігі 300 метрді, автономды жүзуі 45 күнді құрайды. Экипажы – 52 адам. Су астындағы су сыйым дылығы шамамен 4000 тонна. Түркияның конституциялық соты YouTube сайтына тосқауыл қойылуын заңсыз деп тапты. Конституциялық сот бейнехостингке қол жетімділікті шектеу азаматтардың құқын бұзу деп санайды. Ал тос қауыл қоюдың бастамашысы елдің премьер-министрі Ре жеп Тайып Ердоған екен. Сайтта Түркияның жоғары шенді шенеуніктері Сириядағы əскери операцияны талқыласа керек. Ресейдің Мəскеу қалалық соты ерлі-зайыпты Магомед жəне Халимат Расуловтарды сəйкесінше 18 жəне 12,5 жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Оларға Матвеев базарында тəртіп сақ шысына шабуыл жасады деген айып тағылыпты. Ерлі-зайыптылар полиция 15 жастағы өспірім қызды зорламақ болды деген күдікпен ұстамақ болған Магомед Магомедовке араша түссе керек. Қытайда көшедегі əжетхана септигіне түсіп кеткен ұялы телефонды алуға əрекет жасаған екі адам қаза тауып, тағы төртеуі зардап шеккен. Бұл оқиға Хэнань провинциясында орын алған. Қаза болғандар қалтафонын түсіріп алған келіншектің күйеуі мен оған жанұшырып көмекке ұмтылған анасы көрінеді.
Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді.
Бүгінгі нөмірде:
Жан көріністерінің ең қымбаты – ой. Мағжан ЖҰМАБАЕВ.
Айнымас асыл
і г е д н і г ө к Қазақш ұшақ ы ғ 8-бет ң ұ т
і с ї т ѕ і н н е Тїм
7-бет
ЌАСІРЕТІ СОЄЫСТАН ДА КЇШТІ КЕСАПАТ
15-бет 11-бет
Кїлесіѕ. 13-бет
Кейде кїрсінесіѕ...