31072013

Page 1

24 саєат №180 (28119) 31 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Американың бір қатар штаттарында фас тфуд индус триясы қызметкерлерінің ереуілі болып өтті. Burger King, McDonald’s жəне Wendy’s жедел тамақтану ресторандарының наразылық білдірген қызметкерлері өз отбасыларымен бірге көшелерге шығып, компания басшылығынан жұмыс сағатына төленетін ақыны 7,5-тен 15 долларға дейін өсіруді талап етті.

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда? «Əлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан мемлекет негізінен өз жолынан өтті, тұтастай алғанда өзінің осы функциясын тиімді орындады. Енді – кезек бизнестікі». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.

«Отау стройдыѕ» ойєа алєан оѕды істері

Бизнес жəне қайырымдылық. Бұл екі сөздің арасында қандай байланыс бар екені бəріне түсінікті ғой деймін. Бизнес жасап, ісің оңға басты ма, шамаң келсе сауап үшін жоқ-жітікке көмектес, қайырымдылық жаса. Əйтсе де, қайырымдылық жасау да оңай тірлік емес. Қазақта «Қайырымдылықты қара шаңырағыңнан баста» деген аталы сөз бар. Бұл алдымен өзіңді, өзіңнің отбасыңды жарылқа, сосын барып өзгеге көмектес деген сөз. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Жыл сайын осы тақырыпта Астанада үлкен жиын өтеді. Биылғы «Қазақстандағы қайырымдылық: Бизнес жəне қайырымдылық» атты ІV халықаралық конференцияда «Нұр Отан» ХДП Төрағасының

бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қайырымдылық істерімен елдің алғысына бөленген кəсіпкер азаматтардың жасаған жақсылықтарын айтып, мерейлерін бір тасытқаны бар. Сол жиынның сахнасында екі адамның суреті ілулі тұрды. Əрине, ол бейнелердің жайдан-жай ілінбегені анық. Бір қызығы, екі азаматтың да жүздері бірден көзіме жылы ұшырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін бұзушы əуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 4-тармағына сəйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін бұзушы əуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидалары бекітілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 25 шілде. № 604 ---------------------------------------(«Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін бұзушы əуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы» Жарлықтың қағидаларын 2-беттен оқисыздар).

 Жанайқай

«Аралда» ќалєан ауылдар Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

«Алло, біз Алматы облысы, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарына қарасты Бəйтерек ауылы жəне Автомобилист, Медик 3, Гвоздика, Луч баубақша бірлестіктерінің мыңдаған тұрғындарымыз. Бірінің аты елге естілсе, екіншісі халыққа көрсетілмейтін құжаттарында ғана жазылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік жəне тағы басқа құрылымдар алып

экскаваторларымен ауылдарымызды айналдыра 7-8 карьер қазып, күндіз-түні тынбай 40 тонналық КамАЗ автокөліктерімен тасымалдауда. Үйімізге кірген шаң-тозаң, ішіп отырған тамағымызға түсетін тас-құмды айтпағанда, күннен күнге баспанамызға жақындап келе жатқан жар қай күні опырылып, жауын суымен үйімізбен бірге қайда ағызып əкетер екен деген үрей маза бермейді. (Соңы 3-бетте).

Бірі – əлемдегі ең бай жандардың бірі болса да қарапайымдылығымен, қайырымды істерімен танымал болған əйгілі Билл Гейтс болатын. Ал, екіншісі – Оңтүстікте ту тіккен, бірақ берекелі тірліктерінің арқасында бүкіл елімізге мəлім болған «Отау строй» құрылыс компаниясының директоры Əлімқұл Молдасейітов еді. Билл Гейтс туралы əңгіме бөлек. Əлем халқы оның əрбір басқан қадамын, əрбір ісін, елге жасаған жомарттығын жақсы біледі. Ал, Əлімқұл Молдасейітов қайдан жүр? Шынын айту керек, алғашында «мына суреттегі адам дəл соның өзі ме, мүмкін қателесіп ілініп кеткен шығар» деген де ойым болған. Бірақ, ғаламторды

 Швейцарияның Гранжпре-Марнан қаласы маңында соқтығысқан пойыздардың бірінің машинисі қираған локомотивтің ішінен өлі күйінде табылған. Оның қаза тапқаны мүрдені ашу процедурасынан кейін ресми расталмақ. Екінші машинист апаттан жарақат алғанымен, тірі қалған көрінеді.  Ирактың астанасы Бағдад пен Басра қаласында бірнеше дүркін жарылыстар орын алған. Алдын-ала хабарланған мəліметтер бойынша, жарылыс сал дарынан 48 адам қаза тауып, 220 адамның түрлі дене жарақаттарын алғаны белгілі болып отыр. Тек Бағдадтың өзінде ғана мина қо йылған 11 автомобиль жа рыл ған, олардың бесеуі мұсылман-шииттер тұратын аудандарда орын алған.

ақтарып, «Отау строй» туралы көптеген ақпараттарды оқығаннан кейін суреттегі жүзі жылы азаматтың Əлімқұлдың нақ өзі екеніне, сондай-ақ оның осы жиынның төрінде тұруға нағыз лайық кəсіпкер екеніне көзім жетті. Əлімқұлдың есімін алғаш рет жазушы Мархабат Байғұт ағамыздың аузынан естігенмін. Былтыр қаламгер ағамыздың «Жоғалған Жұрнақ» атты шығармасы облыстық драма театрында қойылды. Желтоқсан оқиғасының адамдардың жүрегіне салған зардабын өте нəзік те шебер жеткізе білген осы қойылым соңында сөз алған Мархабат аға «Жұрнақтың» сахна төріне шығуына демеушілік жасаған Əлімқұл Молдасейітовтің еңбегін атап көрсетіп, алғысын білдірген-ді. Сол жолы Əлімқұл Молдасейітовтің өнерді түсінетін, қадірлей білетін, шама-шарқынша қолдай жүретін меценат азамат екенін аңғардым. Иə, он жылдан бері құрылыс саласында нəтижелі еңбек етіп келе жатқан «Отау строй» бүгінде Оңтүстікке ғана емес, бүкіл елімізге танымал компания. Бұл мекеме еліміздің барлық өңірінде құрылыс жұмысы енді-енді қарқын алып жатқан жылдары шырайлы Шымкентте қазығын қақты. Компания басшылығы елде жаппай жүріп жатқан тұрғын үй, өнеркəсіп жəне коммуналдық меншік нысандарының құрылысын салуға белсенді түрде

Тунис үкіметі елде жалғасып жатқан саяси дағ дарыстың одан бетер шиеленісе түсуіне қарамастан отставкаға кетуге ниетті емес. Орын алған тəртіпсіздіктерге байланысты елдің премьерминистрі Али Лараед ұлттық теледидар арқылы сөз сөйлеп, біз билікке жармасып отырған жоқпыз, бірақ біздің алдымызда міндеттер тұр, ал, біз олардың атқарылуы үшін жауаптымыз, деп атап көрсеткен.

атсалысуды басты мақсат етіп қойыпты. «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең əуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тəртіп керек» деген екен заңғар жазушы Мұхтар Əуезов. Сол айтпақшы, жақсы ниетпен, үлкен ерік-жігермен келелі бір істі қолға алған Əлімқұл қай кезде де кəсіпкерлік саласында тəжірибесі мол, үнемі бағыт-бағдар сілтеп отыратын туған ағасы Қайрат Құсейінұлының ақыл-кеңесіне сүйенді. Сөйтіп қажырлы еңбектің арқасында «Отау строй» аздаған жылдардың ішінде етегін кеңге жайып, шынында нағыз құрылыс отауына айналды. (Соңы 2-бетте).

 Мəссаған!

Канададан... соєым келеді Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Сенгің келмесе де амал не, сенуге көнесің. Ғасырлар бойғы дəстүрлі тағамымыз түрлерін жаппай дайындау, ежелден қасиетті азығымызды өндіруді иелену енді шетелдіктер еншісіне көшіпті. Қымыздан бастап құрт, жентке дейін. Бірер күн татылмаса түске кіретін əйгілі қазы-қарта, жал-жая да алыстан əкелінетін болыпты. Ашып айтқанда, апыр-ау, мынау біздің байырғы асыл асымыз ғой дейтін ештеңе қалмай барады екен. Ай-күннің аман-сауында бəрінен айырылып отырғанымызға не жорық?..

 Полицей формасын киген бірнеше ондаған тəліптер сейсенбіге қараған түні Пəкстанның солтүстік батысын дағы Дера-Исмаил-Хан қаласындағы түрмеге шабуыл жасады. Соның салдарынан жүздеген тұтқын қашып кеткен. Бұл түрмедегі бес мың тұтқынның ішінде ондаған тəліптер мен тыйым салынған радикалды топтардың содырлары бар.

Пəленбай тонна ет, пəленбай тонна сүт өндіреді делінетін шаруашылықтардың өнімдері қайда? Əлде бəсекелесе алмай ма? Немесе өзгенің жылтырағына əуестік жеңіп жүр ме? Əйтеуір, бұл сырдың басықасындағылар болмаса басқаларымызға түсіну қиын. Ал түсіну тіпті қиындай түсуі тағы бар. Кеше əлемдік ғаламтор хабарлары ішінен жылқы етін Канадада өндіретіні, бір бөлігін қайда дейсіз ғой, бізге, Қазақстанға жөнелтуі мəлім болып қалды. Сиыр еті Аргентинадан, қой еті Моңғолиядан тасылуын естуші едік. Жылқы еті де алыстан əкеліне бастауына жетіппіз. Шүкір, қинап бара жатқан қысылшаң

жағдай жоқ сияқты еді, мұншалықты кіріптарлыққа неге кірдік. Түсініп көріңіз. Сонда ол даламызда еркін жайылып, шөбін таңдап жеп, суын талғап ішіп, еті шипа болатын жылқымызға тең келсе бір сəрі ғой, жегуден қалжыраған, мінуден шаршаған, қорегі талғамсыз, дəмі нəрсіз, «жеп еті, ішіп сорпасы жоқ», мұны да былай қойғанда, денсаулыққа зиянды əсері бар мал еті болуы мүмкіндігі туралы жай қалай білінбеуі тағы түсініксіз. Қазақ мұндай жылқының етін ешқашан кəдеге жаратпаған. Сол білініп тұрған өзгенің қалдығы еріксіз тықпаланғаны не жөн! «Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпе артық» делінген емес пе еді! Өзіміздікі жақсы еді ғой. ҚАРАҒАНДЫ.

Алдын ала бағалаулар бойынша, Канн қаласындағы Carlton қонақ үйіндегі көрмеден ұр лан ған бриллианттардың құны 103 миллион еуроны құрайды. Бұл тек осы өңір тарихындағы ғана емес, сонымен бірге бүкіл əлем бойынша көлемі жағынан ең үлкен ұрлық болып отыр. Күзетшіні тапаншамен қорқытқан тонаушы асыл тастар толған чемоданын алып, қонақ үйден жайбарақат шығып кеткен көрінеді.  Грузияның мəдениет министрі Иосиф Сталиннің ескерткішін оның туған қаласы Гориге қайтару жөнінде шешім қабылдады. Ведомство осылайша кеңестік көсем ескерткішін қайта қалпына келтіру туралы қалалық жиналыстың ұсынысын қанағаттандырды. Ескерткіш Сталиннің туған күніне орай 21 желтоқсанда қалпына келтірілетін болады.  Мəскеу базарларында дүй сен бі күні басталған полицейлердің профилактикалық операциясы бары сында қа зір дің өзінде 470-тен астам адам қамауға алынған. Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді.

Бїгінгі нґмірде:

КЕ П Е Н ЗЕЙ ХАТ «Кереку» деу ќазаќ тілін ќорлау 5-бет

6-бет

Талас аєады...

9-10-беттер

Єарифолладан бата алєан 13-бет

Мезгіл мен мезет 15-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
31072013 by Egemen - Issuu