31072014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №147 (28371) 31 ШІЛДЕ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Телефон арќылы сґйлесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Əңгімелесу барысында екі елдің Президенттері екіжақты ынтымақтастық жəне Еуразиялық экономикалық одақты дамыту мəселелерін, сондай-ақ қыркүйекте болатын жоғары деңгейдегі кездесуге дайындық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары Украинадағы ахуал жəне қалыптасып отырған дағдарыстан

шығу жолдары жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті бейбіт тұрғындардың, ең алдымен, əйелдер мен балалардың қаза болуына байланысты алаңдаушылық білдірді жəне қақтығысушы жақтардың оқ атуды доғарып, Украинада бейбіт келіссөздерді бастау үшін барлық шараларды қабылдайды деп үміттенетінін айтты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Басымдыќќа ие міндеттер баєдары Мемлекет басшысы елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мəселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңеске Премьер-Министр К.Мəсімов, Президент Əкім шілігінің Басшысы Н.Нығматулин жəне Президенттің

көмекшісі Е.Орынбаев қатысты. Кеңеске қатысушылар биылғы 7 айдағы елдің əлеуметтік-экономикалық даму

қорытындыларын, Қазақстанның əлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөнін дегі шаралардың жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған басымдығы бар міндеттерді қарады. Нұрсұлтан Назарбаев

Бензин баєасы тамызда тўраќты бола ма? Қазір əр ай сайын бензин бағасында қандай өзгеріс болар екен деген мəселе көпшілік көңілін күпті ететіні рас. Себебі, əлемдік мұнай нарығындағы ауыспалы бағаның салдарынан біздің елде де бензин аяқасты қымбаттап кетуі əбден мүмкін. Ал бензин қымбаттады дегенше, көп нəрсенің бағасы көтеріліп шыға келері айтпаса да түсінікті. Бірақ, біздің Үкімет бағаны тұрақты ұстап тұруға барынша тырысып бағуда. Осыған орай алдағы тамыз айында да бензин бағасы тұрақты болмақ. Бұл жөнінде кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мұнай жəне газ министрі Ұзақбай Қарабалин мəлімдеді. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

«Тамыздың басында елімізде бензин мен дизель отыны бағасы көтерілмейді, айдың аяғына дейін сол қалпында тұрады деп ойлаймыз. Жалпы, жанар-жағармай бағасына қатысты талқылаулар ай сайын орын алып тұрады. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бензин бағасын талқылау басталған, ол жалғасып келеді əрі ведомствоаралық комиссия отырыстарында, біздің министрлікте де, басқа мəжілістерде, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, Үкіметте де осы мəсе ле лер

айтылады. Ендеше, бензин мəселесі талқыланған сайын оның бағасы көтерілуі мүмкін деген сөзді білдірмейді», деді Ұ.Қарабалин. Сонымен қатар, министр бүгінгі күні Қазақстандағы бензин бағасы еліміз шекараласатын мемлекеттерге – Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстанға қарағанда төмен екенін атап өтті. Сондайақ, брифинг барысында министр мұнай саласындағы өткен жарты жылдың қорытындысымен бөлісті. Министрдің мəліметінше, Қазақстанда ағымдағы жылдың 6 айында 21,1 млрд. текше метр газ өндірілді, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда

102 пайызды құрап отыр. Есепті кезеңде тауарлы құрғақ газ өндіру 14 млрд. текше метрді құраса, сұйытылған газ 1 186,5 мың тоннаны құрады. Мəселен, «ҚазТрансГаз» компаниясы мен «Азиягазқұбыры» желісі бойынша алты айда еліміздің аумағы арқылы 46 млрд. текше метрге жуық газ тасымалданған. «Табиғи газға ішкі сұраныс айтарлықтай артты. Жарты жыл ішінде бұл 6,9 млрд. текше метрді құрады, бұл өткен жылғы кезеңге 120 пайызға дейін барады. Осының өзі өңірлерді газдандыру жөніндегі бағдарламаның табысты жүзеге асып жатқанын білдіреді. Газдандырудың бас жоспарына сəйкес, бұл жұмыс əлі де жалғасады», деді министр. Ұ.Қарабалин 2017 жылдан бастап Қазақстан толығымен еуростандарт бензинімен қамтамасыз етілетінін де атап өтті. Қазіргі таңда қазақстандық үш мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2016 жылы аяқталады деп күтіліп отыр. (Соңы 6-бетте).

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына төменде көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.

эко номика мен əлеуметтік саланың негізгі мəселелеріне арналған кеңейтілген Үкімет отырысын өткізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Украинадағы ішкі саяси ахуалдың жəне сонымен байланысты халықаралық оқиғалардың отандық экономиканың дамуына ықпал ету ықтималдығының түрлі аспектілері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

 Оймақтай ой Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді. Əбу-Насыр ƏЛ-ФАРАБИ.

● Жағымды жаңалық

Ауылдаєы жаѕа зауыт «Уражай» серіктестігінде сағатына 10 тонна құрамажем өндіретін зауыт пайдалануға берілді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Бүгінгі күні ауданда сүт жəне ет бағытындағы мал шаруашылығы жақсы дамып отыр. «Малдың қоңы аузында» дегендей, ЖШС мұны жем-шөп құнарлығымен байланыстырады. Сондықтан, малшы қауым жаңа зауыт кешенді жұмысқа серпін береді деген сенімде. Осында ірі қара малдың құрамажеміне əртүрлі дəрумендер көптеп қосылады. Əртүрлі дəрумендер қосылған құрама азық жекеменшік секторына да сатыла бастады. Келешекте өнімнің 15-20 пайызын жақын шетелге экспорттау көзделіп отыр. Сондай-ақ, бүгінгі күні серіктестікте үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында инвестициялық жоба жүзеге асырылып, тəулігіне 250 тонна ұнды əртүрлі көлемдегі қаптарға салатын арнайы қондырғы қалпына келтірілді. Бұл өніммен аудан жəне еліміздің өзге өңірлері қамтамасыз етілетін болады. Ақмола облысы, Жақсы ауданы.

Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ «Ерекше стратегиялыќ маѕызы бар су шаруашылыєы ќўрылыстарыныѕ тізбесі туралы» 2004 жылєы 1 ќарашадаєы №1466 жəне «Концессияєа беруге жатпайтын объектілердіѕ тізбесі туралы» 2007 жылєы 5 наурыздаєы №294 жарлыќтарына ґзгерістер мен толыќтыру енгізу туралы Қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруа шылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы №1466 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №44, 543-құжат): тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға жəне сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 25-бабының 3-тармағына сəйкес қаулы етемін:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға жəне сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі бекітілсін.»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға жəне сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі»; 3-тармақтың 17) тармақшасының орыс тіліндегі мəтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мəтіні өзгеріссіз қалады; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Осы тізбенің 3-тармағында аталған су шаруашылығы

құрылыстары (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) жалға жəне сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.»; 2) «Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 нау рыздағы №294 Жарлығына (Қа зақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №7, 80-құжат; 2012 ж., №60, 819-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мына қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, гидротораптар, басқа да гидротехникалық құрылыстар): 1) Астана; 2) Алматы; 3) Ақтау; 4) Ақтөбе; 5) Атырау; 6) Қарағанды; 7) Көкшетау; 8) Қостанай; 9) Қызылорда; 10) Павлодар; 11) Петропавл; 12) Талдықорған; 13) Тараз; 14) Орал; 15) Өскемен; 16) Шымкент; 17) Семей; 18) Түркістан;

19) Теміртау; 20) Екібастұз; 21) Рудный; 22) Жезқазған; 23) Кентау; 24) Балқаш; 25) Жаңаөзен; 26) Сəтбаев; 27) Ақсу; 28) Риддер; 29) Арыс; 30) Степногорск; 31) Шахтинск; 32) Саран; 33) Қапшағай; 34) Арқалық; 35) Лисаковск; 36) Приозерск.».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 25 шілде. №866

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Мемлекеттік ґртке ќарсы ќызмет органдары жалауларыныѕ сипаттамасын бекіту туралы

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 59-бабының 3-тармағына сəйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасы бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекеттік өртке қарсы қыз мет органдары туларының сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі №445 Жарлығы; 2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15

қыркүйектегі №445 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 ақпандағы №1148 Жарлығы. 3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 25 шілде. №867 ––––––––––––––––––

«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасын бекіту туралы» Жарлықтың түсініктемесін 6-беттен оқисыздар.

● Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17 млн. тонна астық бастырылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркəсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Қасенов мəлім етті. ● Қазақстанда 16 инновациялық жобаның авторлары 710 млн. теңгелік грант қаржысын алды. Бiлiм жəне ғылым вице-министрi Тахир Балықбаев кеше «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясында үздік танылған ғалымдарға гранттар тапсырды. Мұның өзі министрліктің Дүниежүзiлiк банкпен бiрлесе жүргізген шарасы арқасында мүмкін болды. ● Астанада халықаралық Достық күні атап өтілді. Оның шеңберінде «Жер-ана» алаңында балаларға арналған спорттық мереке қанат жайды. Шарада алау оты жағылып, «Көңілді старт» сайысы өткізілді. Мұның соңы əуеге шар ұшыруға ұласты. ● «ҚазАгро» Қызылорда облысы жобаларын қолдауға 3,6 млрд. теңге бөлді. Хабарламада бұл қаражаттың аймақтағы агроөнеркəсіптік кешенді дамытуға жұмсалатыны айтылған. Жыл басынан бері холдинг 1,4 мың бас сиыр мен 61 бас асыл тұқымды бұқа сатып алуға көмектесті. ● Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы қосымша 91 мың тонна ет дайындалады. Облыс əкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша, бұдан басқа 72 мың тонна сүт, 27 млн. дана жұмыртқа межеленгеннен артық өндіріледі. «Бүгінгі таңда мемлекеттік «Ірі қара мал экспортының əлеуетін дамыту» жобасына қатысуға қызығушылық танытқан 5075 агроқұрылымның тізімі анықталды. Оларға қажетті несие қаржы көлемі 12 млрд. теңге екені есептеп шығарылды», – делінген хабарламада. ● Қостанай облысында оқулықтар сатып алуға 327 млн. теңге беріліп отыр. Облыс əкімінің орынбасары Серік Бектұрғановтың мəлім еткеніндей, осыған орай баспа орындарымен тиісті келісімшарт жасалған, олардан кітап өнімдерін алып келетін жеткізушілер белгіленіп қойылған. ● Шымкентте қысқы кезеңге дайындық жұмыстары үшін 808 млн. теңге қарастырылды. Бұл туралы баяндаған қала əкімі Дархан Сатыбалды биыл орта лықтандырылған жүйеге тағы 2 мыңға жуық тұрғын үйдің қосылғанын айтты. ● Өскеменде медици на қызметкерлеріне арналған көпқабатты үйдің құрылысы басталғалы тұр. Бірінші қалалық аурухананың жанынан бой көтеретін бұл ғимаратта 70 пəтер болады. Оның құрылысы келесі жылы бітіп, пайдалануға беріледі. «Бұлар қызметтік тұрғынжай болмақ, – деді қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Ермек Омарбеков осыған орай. – Бүгінгі таңда қалаға 108 дəрігер жетіспейді. Қазір медициналық жоғары оқу орындарының 29 түлегімен келісім бар». ● Қызылорда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз қалаға айналады. Бұл туралы V шақырылған қалалық мəслихаттың кезектен тыс ХХХІ сессиясында қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев депутаттар алдында берген есебінде айтты. Мұндай азаматтардың қоғамдық көліктерде еркін жүруі үшін де тиісті жұмыстар жасалып жатыр. Хабарлар «ҚазАқпарат», Bnews.kz, Egemen.kz, YKnews.kz, агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша дайындалды.

Бїгінгі нґмірде: Ќазаќстанныѕ болат жол магистральдарына – 110 жыл 4-5-беттер

Ќоєам індеттен арылып, аурудан айыєуы керек 6-бет

Нəтижелі дамудыѕ іргелі шешімдері 8-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.