31072015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№144 (28622) 31 ШІЛДЕ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Аќ Олимпиада: Алматы ма, Бейжіѕ бе? 4-бет Бала баќыты неде? 7-бет Əлеуметтік саќтандыру əлеуеті арта береді 8-бет Ўлы дала мəдениеті шаќырады! 10-бет

МОЛАЙЄАН МЇМКІНДІК

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі оның өз тəуелсіздігін алғаннан кейінгі уақыттарда қол жеткізген жаңа бір жетістігі болып табылады. Сондықтан да бұл оқиғаға қуанушылар мен еліміздің жаңа қадамын құптаушылар қатары толастар емес. Төменде сондай ой-пікірлерге толы хаттардың бір тобын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

ЇМІТ ЇЛКЕН

Їкімет басшысы К.Мəсімов халыќаралыќ Олимпиада комитетініѕ сессиясы ќарсаѕында халыќаралыќ БАЌ ґкілдерімен кездесті Қазақстан Премьер-министрі Кəрім Мəсімов КуалаЛумпурда өтетін халықаралық Олимпиада комитетінің 128ші сессиясы қарсаңында халықаралық БАҚ-тар өкілдерімен кездесті. Олардың қатарында Associated Press, Reuters, Agency France Press, Around The Rings, Inside The Games сияқты халықаралық жаңалықтар агенттіктері мен бизнес басылымдар, сондай-ақ, AIPS халықаралық Спорт баспасөзі ассоциациясының президенті Джанни Мерло болды. Еске сала кетейік, бүгін, яғни 31 шілде күні Малайзия астанасында халықаралық Олимпиада комитеті өзінің кезекті сессиясында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өткізілетін қаланы белгілейтін болады. Қазіргі таңда Алматы мен Бейжің қалалары Олимпиаданы

АҚПАРАТТАР аєыны ● Елімізде дəрілік көмекті қолжетімді ету мақсатында дəрілердің шектеулі бағасы белгіленген Ұлттық дəрілік формуляр əзірленіп жатыр. Оған клиникалық тиімділігі дəлелденген дəрілер ғана енгізіледі. Құжатты дайындауға Еуропа мен Австралияның ең үздік сарапшылары, сондай-ақ отандық мамандар қатысуда. ● Қазақстанда балалардың құқығын қорғау бойынша бірқатар заң жобалары қабылданды. Осы жылдың 6 айы бойынша қылмыстың азаюы – 27, салыстырмалылығы – 2,5 пайызды құрады. Ал соңғы 10 жылда жасөспірімдер қылмысының деңгейі тұрақты түрде 6 пайызға азайып келеді. ● Республикада 2020 жылы

қабылдаудан үмітті болып отыр. Қазақстанда қысқы Олимпиада ойындарын өткізудің ерекшелігі мен оған қатысты ойпайымдар туралы өзіне қойылған сауалдарға жауап бере отырып, Кəрім Мəсімов Алматының нағыз спорттың қысқы түрлерін өткізуге лайық қала екенін, қалың қар

жамылған 4 мың метр биіктіктегі таулардың қоршап жатқанын атап көрсетті. Сонымен бірге, Алматы ойындар үшін қажетті өте ыңғайлы орналасқан спорт нысандарының 70 пайызына ие. Осы тұрғыдан-ақ қала қысқы ойындарды өткізуге барынша лайық. Сондай-ақ, БАҚ өкілдері қала инфрақұрылымдарының дамуы, автомобиль жолдарын жаңғырту мен кеңейту мəселелері туралы да сұрады. Алматыда қысқы Олимпиа даны өткізу, Ойын дардың онда өтер-өтпесіне қарамастан, қа зірдің өзінде жоспарланып отырған инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға түрткі болмақ,

деді Қазақстан Үкіметінің басшысы. Оның айтуынша, «Алматы-2022» тұжырымдамасы неғұрлым ыңғайлы болып табылады, нысандардың бəрі Олимпиадалық деревнядан 30 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, жолға орта есеппен 30-45 минуттай уақыт кетеді. Нысандар Олимпиадалық деревняның айналасында «жұлдызша» түрінде алты түрлі бағытта орналасатын болады. Оның өзі көлік ағынын жеке-жеке тарамдандыра отырып, қозғалыс қиындығын болдырмауға жағдай жасайды. Кездесуде сондай-ақ, Ойын дарды қаржыландыруға, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға қатысты мəселелер де қозғалды. «Егемен-ақпарат». ––––––––––––––– (Тақырыпқа байланысты материалдар топтамасын 4-беттен оқисыздар).

Елімізге жаѕа сапалы ґнімдер келетін болады Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) – халықаралық сауда ережелерін либерализм қағидаттарына қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастағандықтан биылғы жылы 20 жыл толып отыр. Бүгінде Қазақстан халқы көптен күткен тарихи күні Дүниежүзілік сауда ұйымы бас кеңесінің отырысының қорытындысында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына 162-ші ел болып қосылуы туралы хаттамаға қол қойып, құжатты ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо рəсімдеді. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс-тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Сауда кедергілерін азайту

немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда, импортқа қойылатын көлемдік шектеулер. Бүгінде əлемде технологияның қарыштап дамуы жүріп жатқан кез. Қазақстан дамыған елдердің құрал-жабдықтарын, басқа да сапалы тауарларын төмен бағада алу арқылы жəне өз елімізде өндірген тауарларды шетелдерге шығару арқылы дамыған 30 елдің қатарына қосылуды көздейді. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу елімізде жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың сапалы арзан тауарларды сатып алуға қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады. Біздің Жамбыл облысының Байзақ ауданында да өндіріп

жатқан тауарларымыз сапалы бəсекелестікке қабілетті құс, мал жəне егін шаруашылығы қарыштап дамуда. Аудан шаруа қожалықтары мен жеке кəсіпкерлер өндірген сапалы арзан тауарларын жəрмеңкелерге, базарға шығарып сатып қомақты қаржы табу арқылы аудан бюджетін ұлғайтуға үлестерін қосуда. Алдағы уақытта Қазақстан тұрғындары арзан сапалы тауарларды сатып алу, сату арқылы тұрмыс жағдайын көтеретін болады. Осыған зор сеніммен қараймыз. Төле НАРЖАНОВ, Байзақ аудандық тарихиөлкетану музейінің қызметкері.

Жамбыл облысы. –––––––––––––– (ДСҰ-ға байланысты материалдар топтамасын 3-беттен оқисыздар).

● Мəселенің мəнісі 6 мың шақырымнан астам жол ақылы болады. Мұнда ұлттық оператор міндетін орындайтын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық жолдарға ақылы жүйенi енгiзу құзырын алады. ● «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы 2015 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша 6122 мың тонна мұнай өндір ді. «Өзенмұнайгаз» бен «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамдарының жалпы өндіру көлемі 4107 мың тоннаны құрады. Бұл – 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артық. ● Алматыда биыл Сайран көлін абаттандыру жұмыс тарына 160 млн. теңге жұмсалды. Көлдің жағалауына қ ұ м ды ж а ғ а ж а й ж а с а л ы п ,

шатырлар, 8 киім ауыстыратын орындар, қоқыс тастайтын жəшігі бар 80 орындық, 4 балалар ойнайтын кешен, волейбол алаңы, 4 спорттық тренажер жəне жиек жол шамдары орнатылды. ● Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері өндірілген өнім көлемі 584,3 млрд. теңгені құрады. Олардың 520 млрд. теңгесі тау-кен индустриясына тиесілі, ал 42 млрд. теңгесі қайта өңдеу өнеркəсібінің үлесінде. Сондай-ақ, облыста 308,7 млрд. теңгенің 40 жобасы жүзеге асырылып, 1 мың 890 жұмыс орны ашылды. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

 Үйренетін үрдіс

Біліміѕ ќалай, балаќай?

Семейде есепті калькулятордан да тез шыєаратын ментальді арифметика орталыєы ашылды Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист.

Жаңадан ашылған «ISMA» (International School of Mental Arith metic) орталығында есеп тегіш құралдардың көмегінсіз есептеудің ең оңтайлы тəсілі – ментальды арифметика курстарын үйретеді. Есептің жауабын қазіргі заман технологиясынан да ұшқыр қиялмен жылдам шығарудың бұл тəсілін ғылымда ментальды арифметика деп атайды. Бұл адамды ептілікке, тез ойлап, жылдам шешім қабылдауға үйретеді. Қысқасы, көне əдістің адамға келтірер пайдасы мол. Ментальді арифметика халықаралық деңгейде расталған бағдарлама, дүниежүзіндегі қырықтан аса елдердің білім жүйесінде тіркелген. Осы тəсілді меңгерген балалар өсе келе логикаға мықты болып,

əртүрлі ғылыми жаңалықтарды ашып жүр. 5-16 жас аралығындағы оқушылар ментальды арифметиканы үйрене алады. Бала бұл саланы ерте игерсе олар көптеген жетістіктерге жетеді, дейді мамандар. Орталықта ең алдымен тегін байқап көру сабағына қатысуға болады. Есептеу адам ойымен жəне қолымен іске асады. Сөйтіп, оқу оймен – көз алдына сандарды елестету, ал қолмен – шот құралының көмегіне сүйену арқылы жүргізіледі. «Бағдарлама 10 деңгейден тұрады. Əр деңгей 2,5-3 ай көлемінде жүреді, – дейді орталық маманы Дидар Қабдуллин. – Сабақтар аптасына бір рет екі сабақтан өтеді жəне күнделікті үй жаттығуын www. ismakz.com порталы арқылы жасайды. Сабақтар қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде жүреді». СЕМЕЙ.

Несиелендіру: сіз ќанша ќарызсыз? Елімізде 1999-2005 жылдар аралығында жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау бойынша несиелендіру бағдарламасы жүзеге асырылғаны мəлім. Бағдарлама қолданыста болған сол жылдары жоғары оқу орындарында 58 мың 360 студент білім алып, олардың оқуына бюджеттен жалпы көлемі 15,3 млрд. теңгені құрайтын қаржы бөлінген-тін. Алайда, Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында несиелендіру бойынша білім алып жүрген студенттердің барлығы 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік білім гранттарына ауыстырылды. Білім жəне ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев өзінің бір сөзінде: «Қазіргі таңда министрлікке қарасты «Қаржы орталығы» АҚ кезінде мемлекеттік білім беру несиесімен оқығандардың қарыздарын өтеу мəселесін қолға алып жатыр», – деген болатын. Осыған орай, бұл мəселе қалай шешімін табуда? Экс-студенттер өздерінің мемлекет алдында қарызы барын біле ме, əлде білмей ме? Біз Астанадағы «Қаржы орталығына» хабарласып, осы мəселеге қатысты өз сауалдарымызды қойған едік. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Орталық мамандарының айтуынша, мемлекеттік білім беру несиелері 15 жылға берілген, сəйкесінше, 1999 жылы несиелендіру бағдарламасы бойынша оқыған алғашқы студенттердің қарызды төлеу мерзімі 2014 жылы аяқталған. Десек те, сол жылдардағы студентжастардың басым көпшілігі шынымен де өздерінің мемлекет алдында қарыздары барын «білмейтін» болып шыққан. Осы орайда, бұл орталық бұрын берілген жəне өтелген несиелерді мониторингілеу жəне олардың есебін жүргізу, қарыз сомасы туралы талаптар мен хабарламалар жіберу, сот жəне сотқа дейінгі тəртіппен несиелер бойынша берешекті өндіріп алу, несиені өтеу шотына түскен қаражатты республикалық бюджеттің кірісіне аудару жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді екен. Орталықтың Білім беру несиесін мониторингілеу жəне жас мамандарды жұмысқа тұрғызу департаментінің директоры Мəди Шабаровтың сөзіне қарағанда, 2014

жылдан бастап, қарызды өндіріп алу жұмыстары күшейтіліпті. Бұл ретте, «Қаржы орталығы» АҚ Мемлекеттік кредиттік бюромен бірлесіп, несие бойынша өз міндеттерін орындамай жүрген жəне берешегі бар қарыз иелері туралы деректерді аталған Кредиттік бюроға тапсыру жөніндегі дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. «Бұл кейбір мемлекеттік қызметтерді, несиелерді алуда жəне шетелге шығу мен т.с.с кейбір жағдайларда ықылассыз қарыз иелерінің мүмкіндіктерін шектейді»,– дейді Мəди Құрманғалиұлы. Осылайша, білім алуға берілген несиенің 5,0 млрд. теңгесі өтеліп, бюджетке қайтарылыпты. Мəселен, тек 2014 жылдың өзінде 1,06 млрд. теңге қайтарылған екен. Оның ішінде, 12 мың 805 адам борыштарын толық өтеп, өз міндеттерін орындаса, 227 адамның берешек сомасы қарыз алушының түрлі себептермен қайтыс болуына байланысты кешіріліп, есептен шығарылған. Ал қазіргі таңда қарызын толық өтемеген 45 мың 328 азамат бар көрінеді. Біз алғашында несие жүйесімен

оқыған, кейіннен грантқа ауысқан студенттерге қатысты жүргізіліп жатқан іс-шаралар төңірегінде де өз сауалымызды қойдық. Бұл сауалға жауап берген М.Шабаров несиелендіру жүйесінен грантқа ауысу қарыз алушыны несиесін қайтару бойынша міндеттемеден босатпайтынын жеткізді. Сондықтан, қарызгер грантқа ауыстырылғанға дейін оның оқуына жұмсалған несие сомасын қайтаруға міндетті екен. «Орташа есеппен алғанда, 1 студенттің қарыз сомасы 200 мың теңгені құрайды», – дейді департамент директоры. Көп жағдайда, қарыздың өтелмеуінің бірнеше себебі бар екен. Бі ріншіден, несие кепіл затсыз жəне ұзақ мерзімді болған дықтан, қарыз алушының жəне оған кепілдік берушінің немқұрайдылығы, екіншіден, сотқа дейінгі реттеу тəртібімен қарыз сомасы, өтеу мерзімдері жəне несие міндеттемелерін уақтылы орындамаудың салдары туралы хабарлау үшін қарыз алушының тіркелген мекен жайы немесе нақты тұрғылықты мекен жайы жөнінде мəліметтің берілмеуі себеп болатын көрінеді. «Бүгінде несиені қайтару бойынша өз міндеттерін өз

еркімен орындамаған азаматтарға қатысты қарызды сот тəртібімен өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жағдайда төлемдерді кешіктіргені үшін тұрақсыздық айыппұлы негізгі қарызбен қоса өндіріп алынады», – дейді Мəди Құрманғалиұлы. Оның айтуынша, заңнамаға сəйкес, қарыз алушы қайтыс болғанда ғана мемлекеттік білім беру жəне студенттік несиелер бойынша талаптар тоқтатылады екен. Біз «Қаржы орталығы» мамандарынан несиелендіру жүйесімен білім алған кейбір студенттердің бұл жағдайдан хабарсыз екенін алға тартып, осы мəселеге қатысты түсінік беруін өтіндік. Бұл сауалға жауап берген орталық маманы Жанар Тастанбекова мемлекеттік білім беру жəне студенттік несиелендірудің өтелу тəртібі туралы ақпарат қарызгер студенттерді хабардар ету үшін өз уақытында еліміздің барлық жоғары оқу орындарына жіберілгендігін, сондай-ақ, бұл ақпараттың республикалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында ауық-ауық басылып тұрғанын жəне «Қаржы орталығы» АҚ сайтында орналастырылғандығын жеткізді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.