31102013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№243 (28182) 31 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Наќты тапсырмалар берілді

 Қазақстан судьяларының VІ съезі қарсаңында

Егемен елдіѕ еѕсесін кґтерген сот жїйесі

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Абылай хан армандап, ата-бабамыз аңсаған азаттық таңы атып, еліміз егемендік алып, халқымыз еркіндікке қол жеткізіп, əлемде Қазақстан деген жаңа мемлекет пайда болды. Осы күннен бастап тəуелсіз елді басқару тізгіні бүкіл халықтың қолдауымен Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа берілді. Тəуелсіздіктің алғашқы қиын-қыстау жылдарында Елбасы өзінің көрегендігімен көпұлтты Қазақстан халқының тыныштығы мен ынтымағын сақтап, оларды ел бірлігі идеясына біріктіріп, жас мемлекеттің іргетасын қалап қана қоймай, сол кезеңдегі барлық қиыншылықтарды жеңіп шықты.

Шаралар ќабылдау тапсырылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көлік жəне коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

С.Қайырбекова Мемлекет басшысына еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жай-күйі мен басымдықтары, сондай-ақ, министрліктің өткен жылдағы қызметінің негізгі нəтижелері туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев ана мен бала өлімін əлі азайту, сондай-ақ, халықтың денсаулық деңгейін арттыру мен қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту жөнінде жүйелі шаралар қабыл дау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Министр Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нəтижелері туралы əңгімеледі. Мысалы, 2013 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша, 2012 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, ана өлімі 24%-ға, бала өлімі 17%-ға, қан тамыры жүйесі ауруынан болатын өлім 6%-ға, қатерлі жаңа пайда болған аурулар 4%-ға, туберкулез ауруы 23,6 %-ға төмендеген. Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев ұлт денсаулығын нығайтуға жəне бəсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған бірнеше нақты тапсырма берді.

Отырыстыѕ кїн тəртібі белгіленді

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Бюрода Қаржы жəне бюджет комитетіне еліміздің заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру жəне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары берілді. Сондайақ, осы комитет «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы», «Республикалық жəне облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала,

Астана бюджеттері арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» жəне «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобаларына бас комитет болып белгіленді. Депутаттар сондай-ақ, палатаның бүгін болатын отырысының күн тəртібін де талқылады. Отырыста бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы заң жобаларын қарау жоспарланып отыр.

Жол қауіпсіздігі шаралары күшейеді 2-бет Қазақ боксының қанаты қатайған шақ 4-бет «Қазақ дегенде жүрегі шын соғатын...» 5-бет Жемқорлық жоқ дегенге кім сенеді? 6-бет

Кездесу барысында А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды іске асыру барысы, сондай-ақ, көлік инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның əзірленуі туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуы мен азаматтарымыз үшін қажетті барлық көлік инфрақұрылымдарын жетілдіру мақсатында бағдарламаны əзірлеу кезінде кешенді көзқарастардың қажеттігіне назар аударды. А.Жұмағалиев жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жай-күйі мен оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысы барысы, Орталық – Оңтүстік, Орталық – Батыс жəне Орталық – Шығыс бағыттары бойынша автожолдарды дамыту жайында əңгімелеп берді.

Əзірленіп жатқан бағдарламаға сəйкес, 2020 жылға дейін 30 мың шақырым автожолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, 260 сервис нысанын, қалаларда 10 автовокзал, аудан орталықтарында 50 автостанса жəне ауылдарда жолаушыларға қызмет көрсететін 216 қосын салу, сондай-ақ, барлық теміржол вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, əуежайларды қайта жөндеуден өткізу жоспарлануда. Кездесу қорытындысында, Мемлекет басшысы көлік логистикасының тиімділігін одан əрі арттыру жəне көлік инфрақұрылымдарын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, сондайақ, қаралған өзге де мəселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Зорлыќ-зомбылыќќа заѕ талаптары ќатаяды

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мəселесіне қатысты заң жобасын қарады. Сондай-ақ, Түркиямен жəне Қытаймен сотталған адамдарды беру жəне Чехиямен өзара құқықтық көмек алмасу шарттары талқыға салынды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Тұрмыстық зорлықзомбылыққа қарсы мəселелер бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін заң жобасы туралы баяндаманы Мəжіліс депутаты Светлана Бычкова жасады. Негізінен бұл заң жобасына

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Басты маќсат – Елбасы алєа ќойєан міндеттер їдесінен шыєу

Барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды, атқарылған жұмыстарға толы жəне жауапкершілігі мол болған 2013 жыл аяқталып келе жатыр. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқымызға ұсынған, маңыздылығы бойынша тарихи деп атауға лайық «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру басталды. Осы орайда, құқық қорғау жүйесін одан əрі жаңғырту оның басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл мəселеге байланысты біз Президент Əкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик ШПЕКБАЕВҚА жолығып, бірнеше сұрақ қойған едік.

депутаттар бастамашы болыпты. Баяндамашының айтуына қарағанда, өткен жылы осы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 32 мың қорғаныстық ұйғарым енгізілсе, үстіміздегі жылдың үш тоқсанында ол 35,7 пайызға көп орындалған. Егер де 2012 жылы 3,2 мыңнан астам құқық бұзушылыққа ерекше талап қойылса, ал үстіміздегі жылда бұл көрсеткіш 3,8

– Алик Жатқамбайұлы, ең алдымен, Стратегияның ерекшелігі мен маңызы туралы айтып өтсеңіз. Бұл жерде əңгіме Қазақстанның əлемнің 30 бəсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылу үдерісіне соны серпін беретін елімізді дамытудың бірегей стратегиясы туралы болып отыр емес пе? – Əрине, Мемлекет басшысы қоғамға уақыт пен өркениет талаптарына сəйкес келетін қағидатты жаңа даму тұжырымдамасын ұсынды. Ол прагматизм қағидаттарына, өзара жауапкершілікке, еңбекке деген ерекше қатынасқа, дəстүрлі жəне қазіргі заманғы көзқарас құндылықтарының синтезіне негізделген. (Соңы 3-бетте).

мыңға жеткен. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында жауапкершілік арттырылып, қылмыс жасаушылар қатары азайған. Мəселен, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 10,7 пайызға, ал адам өліміне алып келетін жағдайлар 211ден 158-ге дейін төмендеген. Сондай-ақ, биылдың өзінде əйелдерді қорғау жөніндегі ішкі істер құрылымдарына 37 мың əйел арызданған. Бұл ретте дағдарыстық орталықтардың қолдауына жүгінген əйелдердің қатары 11 мыңды құраса, солардың 9 мыңы құқықтық, психологиялық кеңестер алыпты. Тіпті, үкіметтік емес жəне халықаралық ұйымдар да əйелдерге қолдау көрсетуде. (Соңы 2-бетте).

Қайрат МƏМИ,

Жоғарғы Сот Төрағасы.

Президентіміздің ел басқарудағы басты ұстанымы Тыныштық, Тұрақтылық, Ынтымақ пен Бірлік атты ұлы құндылықтарына бүгінгі таңда бүкіл əлем қызыға қарап, осы қағидаттарды үлгі тұтуда. Қазақстан Республикасында толыққанды демократияның салтанат құруына нық қадам жасалып, құқықтық-саяси тұрғыда дамудың жаңа кезеңі қызу қарқын алды. Бұл қоғамдық жəне мемлекеттік мүдделердің жаңа теңгермелігіне, мемлекеттік құрылыстың жаңа тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесінің қалыптасуына өзінің ықпалын тигізіп, құқықтық демократияның əлемдік өркениетке сай ретімен жəне жүйелі түрде жүзеге асырылуына мүмкіндік берді. Бір мəселенің басы ашық: өр ке ниетті жəне демократиясы дамыған мемлекет пəрменді сот жүйесінсіз болуы мүмкін емес, өйткені, пəрменді жəне тəуелсіз сот билігі – мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы үйлесімді өзара байланыстың кепілі, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың басты құралы. Сот жүйесінің де өзіндік қалыптасу, іздену, өсу жолы бар. Ең бастысы, Тəуелсіздігіміздің бір жемісіндей, елімізде тəуелсіз сот билігінің орнығуын қамтамасыз ете алған терең əрі сапалы өзгерістер болғандығы да анық. Ата Заңымызға сəйкес сот жүйесі де мемлекеттік биліктің бір тармағына айналды. Соттардың қоғамдағы орны нақтыланып, беделі мен мəртебесі арта түсті. Адалдық пен туралықты ту ете білген əділдіктің ақордасы бүгінде белгілі бір сара жолға түсіп, беталысын айқындап, асқар таудай айшықталып, əлемдік сот жүйесімен иық теңестіріп қалғаны да анық байқалады. Тəуелсіздік алған жылдар ішінде сот қызметін қамтамасыз етуді заңнамалық тұрғыдан жетілдіру, судьялардың тəуелсіздігін, олардың мəртебесін көтеру бағытында

ең толғақты деген мəселелер шешіліп, жүзеге асырылуымен қатар, соттарды қаржылық жəне материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету тұрғысында көптеген жұмыстар атқарылғаны анық. Бұған нақты дəлелдер де баршылық. Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Халықаралық Судьялар қауымдастығына мүшелік ке қабылдау туралы өтініші қаралуына байланысты еліміздің соттарының жұмысымен танысу үшін келген сол қауымдастықтың сарапшысы АҚШ-тың Минессота штатының аға судьясы Пол Магнуссон мырза Ақмола облысында болған сапарында Бурабай аудандық сотының ғимаратымен танысып, соттың материалдық-техникалық жағынан қалай қамтамасыз етілгенін, сот мəжілісі залдарының бейне-дыбыс жазба қондырғыларымен жабдықталғанын, судьялардың жұмыс істеуіне жасалған жағдайларды көріп, өзінің таңғалысын жасырмай, өте жоғары баға берген болатын. Дəл осындай бағаны Түркия мемлекетінің судьялары мен прокурорлары Жоғары Кеңесінің төрайымы Несибе Өзер ханым да беріп, Республика сот жүйесінің болашағына толағай табыстар тілеген еді. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалық жаңалықтардың жемісі ретінде – тəуелсіз, тек азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты мақсат етіп қойған, жаңа нарықтық қатынастардан туындайтын даулардың барлық түрін əділетті де заң жүзінде шешуге қабілетті жаңа сот жүйесінің құрылғанын жəне тұрақты қызмет істеп жатқанын атап айту керек. Сот жүйесінің жаңа түрін қалыптастыру мен құру, соттарға құқықтық мемлекетке тəн өкілеттіктерді толық көлемде беру, олардың жоғары əрі жауапты əлеуметтік рөлін нығайту – мемлекеттің негізгі саяси басымдығы болды. (Соңы 2-бетте).

 Басты байлық

Шымкентте бїйрек ауыстыруєа болады

Жақында Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен АНАМ Корей университетінің госпиталі (Сеул қаласы, Оңтүстік Корея) екіжақты бірлескен меморандумға қол қойды. Меморандумда көрсетілгендей, медицинадағы түрлі салалар бойынша, оның ішінде бүйрек ауыстыруда Оңтүстік Кореяның жетекші мамандары жергілікті кадрларды оқытып, кеңес бермек. Сол сияқты, мұнда тəжірибе алмасу да қарастырылған.

«Қазір облыста 300 науқас созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ақырғы стадиясы бойынша диализ бағдарламасында тұр əрі олардың саны жыл сайын көбейіп, төмендейтін түрі жоқ. Оңтүстік Қазақстанда алыс-жақын шетелдерде донорлық бүйрек ауыстыру операциясы жасалған 40 науқас есепте тұрады. Олар өмір бойы құны қымбат иммуносупрессивті дəрі-дəрмектерді тегін алып, оңалтудан өтеді. Денсаулық сақтау басқармасы бұл науқастар үшін облыстық қан орталығында қандағы иммуноспрессивтің концентрациясын тегін анықтауға жағдай жасап қойған. Бұрын олар осы зерттеуге бола Өзбекстан, Алматы, Қытайға барып келуге мəжбүр еді», – дейді бұл жөнінде

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жұмағали Исмайлов. Денсаулық сақтау министрлі гінде бүйрек ауыстыруға кезекте 21 оңтүстікқазақстандық тұр. Өңірде трансплантациялық қызметті құруда денсаулық сақтау басқармасы ауқымды жұмыстар атқарып, қазір ағза мүше лерін трансплантациялауға, яғни, ауыстыруға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Биылғы жылдың ақпан айында оңтүстікқазақстандық мамандар трансплантология бойынша АНАМ Корей университеті госпиталінің (Сеул қаласы, Оңтүстік Корея) базасында жəне №9 Минск қалалық ауруханасы (Беларусь Республикасы) базасында оқып келді. Қажетті

барлық дəрі-дəрмектер мен медициналық құралдар сатып алынды, донорлар мен реципиенттер дайындалды. АНАМ госпиталімен бірлескен меморандум аясында биылғы жылдың басында алғаш рет Қазақстанда бүйрек ауыстыру өңірлік деңгейде – Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында жүзеге асырылды. Сөйтіп, корейлік əріптестердің қатысуымен төрт пациентке сəтті операция жасалды. Қазіргі уақытта олардың барлығы күнделікті өмір салтын ұстануда. Медицинадағы осы бір аса қажетті бағытты дамытуға Оңтүстік Қазақстан облыстық əкімдігі мен мəслихаты зор ықпал етуде, солардың қолдауымен 2013 жылы бүйрек ауыстыру бойынша шеберлік-сыныптарын ұйымдастыруға жəне өткізуге жергілікті бюджеттен 18 млн. теңге бөлінді. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласында жоғары технологияның белсенді трансферті жергілікті кадрлардың біліктілігін көтеруге, əлемдік деңгейге жақындатуға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде біздің өңірімізде тұрғындарға медициналық көмектің жоғары деңгейде көрсетілуіне мүмкіндік береді. Арман ƏБДІРАШҰЛЫ. Оңтүстік Қазақстан облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
31102013 by Egemen - Issuu