АҚПАРАТТАР аєыны №213 (28436) 31 ҚАЗАН ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
Ќазаќстанныѕ Əмірліктермен ќатынас ќарќыны жоєары Елбасы Нұрсұлтан Н а за р б аев А бу- Д а бидің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Əмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Əл Нахайянмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде сауда-эконо микалық, инвестициялық жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың басымдығы бар мəселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Əл Нахайян өңірлік жəне халықаралық күн тəртібінің өзекті тұстарын талқылады. Қазақстан басшысы Біріккен Араб Əмірліктерінің даму қарқыны жоғары екеніне назар аудара отырып, елдеріміздің арасындағы өзара іс-қимыл соңғы жылдары барлық негізгі
● Атамекен
Ел рухын еѕселеткен сапар
бағыттар бойынша нығайғанын атап өтті. Əңгіме барысында Таяу Шығыс елдерінің ішінде БАƏнің Қазақстандағы негізгі инвес тор лардың бірі болып
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында бірқатар халықаралық құжаттар қаралды. Атап айтқанда, Ресей Фе дерациясымен, Белоруссиямен жəне Швейцариямен арадағы қарым-қатынастарға құрылған заң жобалары талқыға салынды. «Егемен Қазақстан».
Күн тəртібіндегі алғашқы мəселе «Азаматтық іс жүргізу мəселелері жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша баяндаманы Əділет министрі Берік Имашев жасады. Министр конвенцияда сот жəне соттан тыс құжаттарды тапсыру, сот тапсырмаларын орындау үшін мүше мемлекеттердің уəкілетті органдарының жəне дипломатиялық өкілдіктердің өзара іс-қимылының жеңіл детілген тəртібі айқындалғандығын
отырғаны да айтылды. Тығыз ын т ымақтаст ықт ың мысал дары ретінде Астанадағы көпфункциялы «Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысын, «Al Hilal Bank» ислам банкі
ерекше атады. Бір елдің табысы аз азаматтары дəрменсіз деп танылған жағдайда Конвенцияға мүше басқа мемлекеттің аумағында азаматтық хал актілерінен үзінді көшірмелерді немесе құқықтық көмекті тегін алуы мүмкіндігі қарастырылған. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрауды орындау мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тəртібіне нұқсан келтіруі мүмкін жағдайларда мемлекеттің көмек көрсетуден бас тартуға құқығы бар. Конвенцияға 48 мемлекет мүше, оның 11-імен ғана Қазақстанның құқықтық көмек
көрсету туралы халықаралық шарттары бар. Сондықтан конвенцияның күшіне енуі Қазақстан үшін басқа қалған мемлекеттермен (37) ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Заң жобасы бірауыздан қабылданды. Бұдан кейін депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы аза маттарының Ресей Федерациясының аумағында жəне Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тəртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқыдан өткізді. Келісім құзіретті органдарға 30 күн ішінде міндетті тіркеусіз Қазақстан мен Ресей азаматтарының тараптар аумағындағы болуын жеңілдетілген тəртіппен белгілеуді көздейді. Сұрақ беру рəсімінде депутаттар сауалдарына Ішкі істер
● Заманмен үндес заңғар басылым
Кїнделікті іздейтініміз – «Егемен Ќазаќстан»
Мен – журналиспін! Кешегі С.М.Киров атындағы, бүгінгі Əл-Фараби атындағы ұлттық университет түлегімін. Қазақ жур налистикасының тарихында ерекше орны бар Қайыржан Бекхожин, Тауман Амандосов, Темірбек Қожакеев, Төлеубай Ыдырысов, Əбілфайыз Ыдырысов, Марат Барманқұлов сияқты профессорлардың дəрісін тыңдап, тəлім алған жүздеген жандардың бірімін жəне бүкіл шығармашылық қызметімде еліміздің бас газеті – кешегі «Социалистік Қа зақстан», бүгінгі «Егемен Қазақстанды» үлгі-өнеге тұтып, əр санын асыға күтіп, зер сала оқитын оқырманның бірі де өзіміз. «Егемен Қазақстан» – байыпты газет, əр сөзін салмақтап, саралап, көкірек көзінен өткізіп барып қана өз оқырманына ұсынады. Əсіреқызылдан аулақ, жалған дақпырт іздеп, əуреге түспейді. Өмірдің өз суреттерін баяғы Би-ағаңша (Майлин) шебер береді. Біз, əсіресе, газеттің «Етжеңді» нөмірін асыға күтеміз. Ондағы тарихи-танымдық, мəдени-əлеуметтік мəселелерді қыртысымен қопарып көрсететін материалдар оқырман талабынан
шығады. Мұның өзі бүгінгі оқырман үшін осындай дүниелер көбірек керек деген сөз. Маған газеттің Қазақ елінің арыс азаматтары туралы жазған очерк-суреттемелері ерекше жақын. Кеше ғана жарияланған Қуа ныш Сұлтановтың мемлекет жəне қоғам қайраткері Орал Мұха мед жанов туралы эссесі төгіліп-ақ тұр. «Егемен Қазақстан» елімізде болып жатқан іргелі мəселелердің бəріне де жедел үн қосады. «Ұлытау төріндегі сұхбаттан» кейін қаншама аузы дуалы азаматтар тақырыпты жалғастырып,
қаншама тамаша пікірлер өрбітті. Соларды оқи отырып, Еліміз үшін, Елбасы үшін мақтандық. Ал республикалық «Мерейлі отбасы» байқауынан түйген ойлар ше? Солардың бəрі қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға, отбасылық ұстанымдарды насихаттауға тамаша серпін берді. Газеттің еліміздің əр облысында меншікті тілшілері бар. Өңірлердегі көкейкесті мəселелерді сол əріптестеріміз жедел көтеріп, жариялап жатады. Қостанай жұртшылығы осы өңірдегі тілші Нəзира Жəрімбетова қарындасымызды құрмет тұтады, оны əдейі іздеп келетін жа мағат та жеткілікті. Мұның бəрі Ахмет Байтұрсынұлы айтқан «Əуелі, газет – халықтың көзі, құлағы һəм тілі» екенінің тағы бір дəлелі болса керек. 95 жылдық тарихы бар, күнделікті іздейтініміз «Егемен Қазақстан» газеті елімен бірге жасап, жайнай түсері хақ. Сəлім МЕҢДІБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мəдениет қайраткері, Қостанай қаласының құрметті азаматы.
Бїгінгі нґмірде: Ўлттыќ идеологияныѕ темірќазыєы – мемлекеттілік
7-бет
Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы – Мемлекеттік хатшының міндетін атқарушы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадрлық саясат жəне құқық қорғау органдары мəселелері жөніндегі комиссияның кезекті мəжілісі болып өтті.
Комиссияның мəжілісінде елдің құқық қорғау органдарындағы кадрлық саясат мəселелері, сондай-ақ, Мемлекет басшысының ел құқық қорғау органдарының іс басындағы құрамы мен кадрлық резервін нығайту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудың барысы қаралды.
мен Қазақстандағы «Фалах» бірлескен инвестициялық қордың қызметін айтуға болады.
––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Халыќаралыќ ќўжаттар ќабылданды
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
Комиссияныѕ кезекті отырысы
«Ќайраѕда ќалєан ќўќыќ» 8-бет
«Ќимай сені барамын» 14-бет
министрі Қалмұханбет Қасымов жауап берді. Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков өз сұрағында қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты Қылмыстық кодекске жаңадан сепаратистік қозғалыстарға жол бермеу мақсатында қосымша бап енгізілгенін алға тартты. Депутат бұл ретте Шы ғыс Қазақстан облысына көрші елден келіп-кетушілер саны көбейгендігін, интернет желілерінде сепаратистік мағынада материалдар жариялана бастағанын, осындай күрделі кезеңде кез келген көрші елдің азаматының 30 күн еш жерде тіркелмеуі ұлттық қауіпсіздікке, тұ рақ тылыққа нұқсан келтірмей ме, деген сауалын көлденең тартты.
«Менің елім – Мəңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» этнографиялық экспедициясы Ақтаудан шыққалы бері жолындағы барлық облыс орталықтарын басып өтіп, 7 мың шақырымнан астам жолды еңсерген еді. Сөйтіп, аталған экспедиция Оңтүстік Қазақстан облысына атбасын тіреген болатын. Меймандар облыс орталығы – Шымкент қаласымен таныстығын қазір қалаға солтүстік жағынан кіретіндердің барлығын қарсы алатын аты аңызға айналған Бəйдібек би монументінен бастады. Көру алаңынан Шымкенттің келбеті айқын көрінеді. Кім-кім үшін де осы жерден артық суретке түсетін жер де таппайсың. Сондықтан да болар, экспедиция мүшелері ескерткішке суретке түсуге ұмтылды.
Бəйдібек бидің ескерткіші монументтің етегін ала 42 гектар аумақта салынып жатқан этнотарихи кешен құрылысының тек бір бөлігі ғана. Осы күзде ғана пайдалануға берілген Наурыз алаңы қазіргі кезде рəсімдер, салтдəстүрлер орталығы мен тарихиөлкетану музейін толықтырып тұр. «Тұлпар» демалыс аймағы да жұртшылыққа қызмет көрсетуге дайын. (Соңы 6-бетте).
Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.
● Соңғы 9 айда елімізде энергия өндіру 11 пайызға артқан. Республикамыздағы барлық типтегі 76 электр стансасы 67,79 млрд. кВт/с энергия қуатын берген. Бұл стансалардың арасында кейінгі 5 жылда іске қосылған 6 жел электр стансасы бар. ● Елімізде биыл ашылған «Иджара» ислам лизингтік компаниясы 4,5 млн. доллар инвестиция құйған. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов көрсетілген қаржы 16 жобаны жүзеге асыруға жұмсалғанын мəлімдеді. Қазіргі таңда Бахрейн, Малайзия мен Катар елдерінің қаржылық институттарымен байланыс орнату көзделіп отыр. ● Астанада кейінгі жылдарда мешіт салуға 4 жер телімі бөлінген. Қаланың дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жорабек Дəуренов келер жылы елордадағы мешіттер саны 1011-ге жететінін мəлімдеді. ● Алматыда 370 отбасы қоныс тойын тойлады. Қала əкімі Ахметжан Есімов «ескі үйлерді сүру» бағдарламасы бойынша салынған 14 жаңа үйді тұрғындардың игілігіне берді. ● Оңтүстік Қазақстанда 112 білім беру нысаны салынып жатыр. Облыстық əкімдік баспасөз қызметінің мəліметтерінде көрсетілгендей, өңірде «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 100 мектепке дейінгі мекеме ашылған. Жалпы, аймақта 1356 осы іспеттес құрылым бар. Бұларда балалардың 72,9 пайызы қамтылған. ● Шымкентте жеке кəсіпкер жасанды мəрмəр өндіруді қолға алды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқасында 6 млн. теңге ұтып алған Серік Дəрібаевтың қарауындағы цехта шығарылатын материал сапасы жағынан табиғи мəрмəр мен граниттен асып түседі. Мұнда 9 адам жұмыс істейді. ● Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 45 пəтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс əкімі Сергей Кулагин тұрғындарға жаңа пəтердің кілтін салтанатты жағдайда тапсырды. Айта кетейік, табиғат апатынан қираған үйлерді қалпына келтіру мақсатында республикалық жəне облыстық бюджеттен 2 млрд. 169 млн. 877 мың теңге қаржы бөлінген. ● Батыс Қазақстанда өнеркəсіп саласындағы орташа жалақы 210 мың теңгеден асты. Облыстық статистика департаментінің дерегі бойынша, ең көп жалақы Бөрлі ауданында төленеді екен. Бұл аймақтағы орташа еңбекақы 247,6 мың теңгені құрап отыр. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің жəне «Алматы» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
(Соңы 6-бетте).
● Өмірдің өзегі – өндіріс
БОЛАТ Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Бір қарағанда болат балқыту ісі тек Қарағанды, Өскемен секілді ірі өндірісті қалаларға ғана тəн тірлік сияқты. Бірақ, қазір нарық заманы ғой, көзін тапқандар шөл даладан көл жасап жатыр емес пе?! Қалай айтсақ та, темірден түйін түюді басты мақсаты еткен Тараз қаласындағы «Запчасть» АҚ-тың жұмысы күннен-күнге кең қанат жайып келеді. Біз бұл кəсіпорындағы оң тірліктерге жақында ғана еліміздің Инвестициялар жəне даму министрлігі мен «Бəйтерек» ұлттық холдингі ұйымдастырған «Қазақстанда жасалған» пресс-туры сапарында куə болдық. Бүгінде бұл кəсіпорын түрлі темір бұйымдары мен құрылыс жабдықтарын жасау үшін болат балқытып, өнімдерін Түркия мен Сирия елдеріне экспорттап отыр. Осынау инвестициялық жобаны зауыт басшылары осыдан бес жыл бұрын қолға алған еді. Сонау 1938 жылы іргетасы қаланып, жарты ғасырдан астам уақыт жұмысын өркендетіп, тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында түрлі жағдайларды бастан кешірген зауыттың бүгінде жаңа тынысы ашылды деп айтуға толық негіз бар. – Кешегі Кеңес заманы тұсында бұл кəсіпорын негізінен ауылшаруашылық жəне əскери техникаларға қажетті жабдықтар шығарумен айналысты, – дейді «Запчасть» АҚ-тың директоры Дмитрий Ан. – Жаңа инвестордың келуіне байланысты біз теміржол көлігіне арналған тежегіш қалыптарын, арнайы тетіктерді шығаруды қолға алдық. Ал, 2012 жылдан бастап қуаты жылына 12 мың тонна болат балқытуға жететін арнайы цех іске қосылды. Бұл үшін ДСП-3 моделіндегі 4 пеш, желілік конвейер жəне екі термопеш
қайтадан жабдықталды. Дəл қазір зауытта 120 адам еңбек етеді. Шығарылып жатқан өнім негізінен тау-кен өнеркəсібі, жылу-энергия кешені жəне телекоммуникация саласында пайдаланылып жатыр. Өткен жылы осы болат балқыту цехында 20 мың тонна темір құйындылары дайындалды. Дəл қазір кəсіпорын басшылары шетелге өнімді шығару көлемін көбейтіп, есесіне арматур, басқа да құрылыс материалдарын шығаратын цех ашуды жоспарлап отыр екен. – Заманауи үлгідегі технологиямен жабдықталып, халықаралық стандартқа сай өнім шығаратын мұндай зауыттар елімізде көп емес, – дейді бізбен əңгімесінде Дмитрий Ан. – Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде біздің кəсіпорынға салық, жер мəселесінде біраз жеңілдіктер
жасалынды. «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша банктен жеңілдетілген несие алып, оған Қытайдан арнайы шақырылған 14 маман жабдықтарды жөндеуден өткізіп əрі жергілікті мамандарды оқытып жатыр. Сондай-ақ инновацияны қолдау бағдарламасы негізінде тежегіш қалып өндірісін жандандыру үшін «Бəйте рек» ұлттық холдингінен алын ған қомақты қаржының арқасында өнім көлемін жылына бес мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік туғалы тұр. Осының нəтижесінде балқыту цехын жаңалап, жеңіл көлікке қажетті қосалқы бөлшек шығаруды жоспарлаудамыз. Бұл əрине, қара металдың шетелге таза шикізат күйінде кетуін азайтады. Бірақ, бұл нəтижеге қол жеткізу үшін шикізат көлемін əлі де 3 есеге көтеру қажет. Ол бір жағы зауыт жұмысшылары жалақысының көбеюіне сеп болатыны белгілі. Əзірге зауыт жұмысшылары 80 мың, ал инженерлер 120 мың теңгеге дейін жалақы алады. Олардың тынымсыз еңбегі мен басшылықтың жан-жақты ізденісі кəсіпорынның табысын еселей түсетіні анық. Жамбыл облысы.