Сіз ќолыѕызєа «Егемен Ќазаќстанныѕ» екі мыѕ он їшінші жылдаєы соѕєы нґмірін ўстап отырсыз, ардаќты аєайын. Ел ґмірінде айшыќты ізі бар таєы бір жыл артта ќалды. Мемлекетіміз тəуелсіздік тарихыныѕ кезекті белесінен абыроймен ґтті. Еліміз аман, жўртымыз тыныш, жїзіміз жарќын. Жемісті де жеѕісті жолымыз Жылќы жылында да жаќсылыќпен жалєаса берсін!
№285 (28224) 31 ЖЕЛТОҚСАН СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Жыл жеѕісі
Жыл Жолдауы
Елулікке ендік Мырзагелді КЕМЕЛ,
экономика ғылымдарының докторы.
Жасампаздыќ жоспары Сағындық САТЫБАЛДИН,
экономика ғылымдарының докторы, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ҰҒА академигі.
Егер 2013 жыл несімен есте қалды дер болса, онда кідірместен Қазақстанымыздың «2050 Стратегиясы» бойынша жұмыс істеуді бастауымен дер едім. «2050 Стратегиясының» мерзімінен бұрын орындалатын бағдарлама екенін бұған дейін де талай бұқаралық ақпарат құралдарында талдап, жазғандықтан бұл жолы оған тоқталып жатпаймын. Тек осы бағдарламаның артықшылығы неде деген сұраққа жауап бергенді жөн көрдім. Өйткені, əлемнің бірқатар елдері өздеріне ұзақ мерзімді даму бағдарламаларын қабылдағаны баршаға белгілі. Ал біздің бағдарлама олардан несімен айрықша, міне, қалың жұртшылықтың білгісі келетіні осы. Біздер, экономист ғалымдар, мұны алыс болашақтарға қызмет ететін бағдарлама есебінде қарастырамыз. Ол 2050 жылға дейінгі кезеңдегі жұмыс ауқымын белгілеп бергенімен сол бойынша алынған нəтижелер ХХІ ғасыр түгіл ХХІІ ғасырға, одан арғы талай ғасырларға қызмет ететін ұлт дамуының берік негізі болмақ. Міне, бұл – біздің бағдарламамыздың басты артықшылығы. Өйткені, біз экономикалық саланы түбірінен өзгертіп, оны көптараптандырып, сол арқылы тұрғындардың əлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартып, биік белеске, дəлірек айтсақ, əлемнің дамыған 30 елі деңгейіне көтерілеміз. Екінші айырмашылық осы алғашқысынан туындайды. Түсінікті тілмен айтар болсақ, қазіргі таңда біздің Қазақстан да көптеген дамушы елдер секілді дамыған елдердің шикізат аймағы саналып жүр. Ал шикізатқа «байланғанда» көретін күнің жақсы болмайтынын Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялаған Жолдауында атап көрсеткен болатын. Демек, өндірісті толық индустрияландырып, индустрияның өзін инновациялық негізде құрып, ақыр аяғында қосымша
құны мол тауарлы өндіріс жасау керек. Міне, Елбасымыздың атқарушы билікке жүктеген міндеті осы болды. Бір сөзбен айтқанда, біз «2050 Стратегиясын» жүзеге асыра отырып, жоқты бар етеміз. Анығын айтсақ, қазіргіге дейін біздің елде мүлде аты да естілмеген тауарлы өндіріс пен қызмет көрсету инфрақұрылымдары пайда болады. Экспортымызда шикізат пен соңғы тауарлы өнімдердің көлемі шамамен теңеседі. Демек, біз халықаралық тауар биржаларындағы шикізаттың ауытқымалы бағасына тəуелділіктен арыламыз. Бұл əлемдік дағдарыстар жағдайында біздегі салдардың аз болуын қамтамасыз ететін ең дұрыс жол. Үшіншіден, осындай өндіріс құру арқылы халқымыз сапалық жоғары деңгейге көтеріледі. Айталық, бұрын атын да естіп білмеген жаңа мамандықтарды жастарымыз меңгеретін болады. Осыған өмірімізден бірақ мысал келтірейін. Оралда шағын кеме жасау зауыты бар. Бұлардың азғантай өнімдерін қазіргі таңда еліміз пайдалануда. Олар шығаратын шағын кемелер Каспий теңізінде шекара күзеті үшін пайдаланылуда. Ал енді дамуымыздың сұранысын қанағаттандыру үшін бұл зауыт үлкен кемелер мен танкерлер шығара бастауы керек. Əзірге зауыт филиалын Ақтауда ашу керек деген ой бар. Түбінде бұл ойдың жүзеге асатынына сенімдімін. Өйткені, біз Ақтау арқылы теңіз жолымен өз өнімдерімізді Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия елдеріне экспорттауға тиіс боламыз ғой. Бұдан шығатын қорытынды, бізге қалай болғанда да мол жүк көтеретін, сыйымдылығы жоғары танкерлер мен кемелер қажеттің қажеті. Олай болса, зауыт қайтсек те ашылады. Бұл дегеніңіз, ақтаулықтар бұдан былай мүлде жаңа мамандықты игереді деген сөз. Кемені пайдалану үшін навигациялық байланыс жүйесі тек жер серіктерінің көмегімен атқарылады. Байқадыңыздар ма, мұндай мамандық Қазақстанда ешқашан оқытылмаған да. Сонымен бірге, Каспий теңізі өндіріс пен тасымалдың алаңы болатындықтан мұндағы фауна мен флора экологтардың жіті назарында болуға тиіс. Демек, экологтар да теңіздің
Көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Волгоград қаласындағы террорлық əрекеттерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаевтың террорлық əрекеттер салдарынан көп адамның өліміне əкеліп соқтырған қайғылы жағдай туралы хабарды күйзеле қабылдағаны атап өтілген. Қазақстан Президенті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтығын білдірген қолдау сөзін жəне барша Ресей Федерациясы халқына көңіл айтуын жеткізуді сұраған. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы терроризмнің кез келген түрі мен көрінісін батыл айыптап, барша əлемдік қоғамдастықты бұл зұлматпен күресу үшін ынтымақтастық аясын кеңейтуге шақыратынын атап өткен.
беті мен жағалауын тексерумен ғана шектелмей, тұңғиық түбінде қандай өзгерістер болып жатқанын біліп отыратын жаңа мамандықтармен толығуы қажет. Мінекей, «2050 Стратегиясы» бойынша Қазақстанның қалай өзгеретінін осы мысалдан-ақ көруге болады. Төртінші артықшылық «жасыл энергетика» бағдарламасы осы «2050 Стратегиясының» құрамдас бір бөлігі болып шығатындығы. Жасыл энергетика бағдарламасын жүзеге асыра отырып, біз қоршаған орта мен ауаны одан əрі ластаудан арыламыз. Керісінше осы уақытқа дейін пайдасын көрмей келген Жел, Күн жəне Тау өзендерінің ағысын энергия көзіне айналдырып, нəтижесінде энергия тасымалын азайтып, оның тұтыну бағасын төменгі деңгейде ұстап тұратын боламыз. Осы уақытқа дейін Қазақстан əрбір тауарлы өндіріс бірлігіне көп энергия жұмсап келген «сауатсыз елдер» қатарында болды. Енді «2050 Стратегиясы» бізді осы бір келеңсіздіктен шығаратын игілік бағдарламасы болмақшы. «2050 Стратегиясын» жүзеге асырған шақта Қазақстан əлемнің төрт түстігімен тікелей жəне толық іркіліссіз байланысқа шығатын елге айналады. Батыс ЕуропаБатыс Қытай транзиттік тасымал жолы толық қуатында жұмыс істей бастайды. Бұл дегеніңіз транзиттік тасымалдан түсетін мол қаражат қана емес, сонымен бірге қосымша жəне халықаралық сұранысқа қызмет ететін қосымша мамандықтар мен жұмыс орындары пайда болады деген сөз. «Логистика» деген сөз қазір біздің тілімізге енген терминдей көрінеді. Ал 2050 жылға қарай бұл өзіміздің қазақтың төл сөзі болып кетері даусыз. Исламға дейін қазақтар кітап, əліппе, рамазан, құран сөздерін білмеді ғой. Қазір аталған сөздер біздің ана тіліміздің көркін ашып тұр. Демек, тіліміз дамуымызға сай жаңа сөздермен байи түсетін болады.
Қазақстан Республикасының Президенті осыдан он жылдай бұрын өзінің Қазақстан халқына екі Жолдауын Қазақстанның бəсекеге қабілет ілік тақырыбына арнады. Елдер арасындағы бəсекеге қабілеттілік көрсеткішін айқындау рейтингінің есептеле бастағанына да 30 жылдай болды. Бұл бастабында əрі талдамалық, əрі саяси құрал ретінде пайда болған еді. Талдамалық болатыны, бұл көрсеткіш арқылы əрбір елдің жағдайы мен болашақтағы алар орны айқындала түсетіндігі, ал саяси дейтініміз – бəсекеге қабілеттіліктің өсуі бір мезгілде қоғамның демократиялық дамуын жəне өмірдің жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді. 1985 жылы алдымен АҚШта бəсекелестік мəселелері жөніндегі комиссия құрылып, сəл кейінірек бəсекеге қабілеттілік жөніндегі Кеңес болып қайта құрылған бұл ұйымда басында 60 шақты ел тіркеліп, онда бəсекеге қабілеттілік индексі екі бағытта, яғни экономикалық өсудің бəсекеге қабілеттілігі мен іскерлік ортаның бəсекеге қабілеттілігі бойынша есептелді. Бірте-бірте бұл екі индекстің жеткіліксіз екені байқалды. Ғасыр басынан бері бəсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін
ерік-жігері мен ұлттық келісім факторлары да есепке алынатындығын айта кетпекпіз. Тəуелсіздіктің бастапқы жылдарының өзінде-ақ біздің Президентіміз мемлекеттік құрылымның бүкіл жүйесі реформаланбай, яғни экономиканың нақты секторларында реформа жүргізілмей жекеленген салалық бағдарламалармен алға жылжу қиын екендігіне көз жеткізді де, алдымен əкімшілік жүйесінен бастап түрлі реформаларды жүзеге асыра бастады. Бастапқы мақсат – макроэкономикалық тұрақтылыққа жету болды. Ол экономикада нарықтық тетіктердің іске қосылуына, елге сыртқы инвестицияның көптеп келуіне, қаржы жəне ақша-несие жүйесінің тұрақтануына жол ашты. Соның нəтижесінде, 1994 жылы еліміздегі ішкі жалпы өнім көлемі жан басына шаққанда 700 долларды құраса, қазір ол 17 есе өсті. Тəуелсіздіктің 22 жылы ішінде ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік тікелей инвестиция тартылды. Ішкі инвестиция көлемі бұдан да артып түсті. Еліміз алдағы уақытта да инвестиция тарту бағытындағы байланыстарын кеңейте түсетін болады. 2010 жылы Қазақстан, Ресей жəне Беларусь елдерінің Кедендік одағы іске қосылды. Осы арқылы 170 миллион адамды қамтитын ірі нарыққа жол ашылды. Бұл арқылы еліміз ресейлік жəне беларусьтік көлік инфрақұрылымын жеңілдікті жағдайда пайдалануға қол жеткізуде. Іс жүзінде батыста – Еуроодақ шекараларына, шығыста – Жапония мен Азия-Тынық мұхит елдерінің рыноктарына шығуға мүмкіндік жасалды. Ал, əріптестеріміз біз арқылы Қытайдың үлкен рыногына шығу мүмкіндігіне ие болды.
(Соңы 3-бетте).
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Мемлекеттік ќызметшілердіѕ жəне мемлекеттік əкімшілік ќызметтіѕ кадр резервіне алынєан адамдардыѕ таєылымдамасын ўйымдастыру мен одан ґту ќаєидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19бабының 2-тармағына сəйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің жəне мемлекеттік əкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту қағидалары бекітілсін. ---------------------------------------
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 27 желтоқсан. № 718
Мемлекеттік қызметшілердің жəне мемлекеттік əкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту қағидаларын 11-беттен оқисыздар.
(Соңы 3-бетте).
Президент поштасынан
Жаѕа жылєа еѕ ізгі тілек
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Достық ауылының ақсақалдар кеңесі өкілдерінен хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының атына жолдаған хатында авторлар ауылдық аумақтарды дамыту мəселесіне көңіл бөлгені үшін барша ауылдастары атынан алғыстарын білдірген. Ақсақалдар кеңесінің өкілдері Қазақстанды əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосуды мақсат еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылдануының маңызы зор екеніне тоқталған. Авторлар жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың арқасында өз ауылдарының қарқынды дамуын да атап өткен. «Достық ауылында бірлік пен келісімде
Да востағы Бүкілəлемдік экономи калық форумы, Лозаннадағы менеджмент университеті мен Гарвард университетіндегі зерттеу орталықтары есептеп келеді. Қазақстан 1997 жылдан бері Давос форумының индексіне қатысушы. Оның көрсеткіштерін 104 елдің 8700 маманы айқындайды. Еліміз алдымен адам əлеуетінің даму индексіне қатысты, сөйтіп 2000-2005 жылдары 73-80-ші орындарды иеленді. Давос форумының толық өлшеу көрсеткішіне біз 2005 жылдан бастап кірдік жəне сол жылы 61-орынды иелендік. Содан 2011 жылға дейін жыл сайын 60-72-орындар арасында болдық. Бəсекеге қабілеттіліктің ең басты көрсеткіші – ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы көлемі. Бұл көрсеткіш жоғарылаған сайын елдің байығандығы, ондағы адам өмірінің сапасы жақсара түскендігі көрінеді. Бұл жөнінде біздің көрсеткішіміз 2012 жылы – 11000, 2013 жылы – 12000 долларды құрады. Бəсекеге қабілеттіліктің басқа субиндекстеріне келсек, олар – бизнестің бəсекеге қабілеттілігі, бизнес жүргізу еркіндігі, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі, елдердің еркіндігі (экономика мен салық жүйесінің еркіндігіне қоса тұрғындардың жеке еркіндігі). Бұларға қоса халықтың білім деңгейі, адам капиталының дамуы, инновациялық даму, істі орындау сапасы, адамдардың саяси
өмір сүріп келе жатқан түрлі ұлт өкілдері өскелең буынды Отанға деген сүйіспеншілік рухында, сондай-ақ, мəдени жəне адамгершілік құндылықтарды сақтауға тəрбиелеуде», – делінген хатта. Бұған қоса, Ақсақалдар кеңесінің өкілдері биылғы наурызда «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 300 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы басталғанынан хабардар еткен. Хат соңында авторлар Мемлекет басшысын алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, өздерінің ең ізгі тілектерін білдірген.
Заѕ жобалары – тиісті комитеттерге
Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюросы комитеттерге Мəжілісте мақұлданған заң жобаларын бөлді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Халықаралық қатынас тар, қорғаныс жəне қауіп сіздік комитетіне ТМД-ға қатысушы мемлекеттер күштерінің əуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің əуе кемесін басып алу (ұшы рып əкету) туралы ақпаратты алған
кез дегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді ратификация лау туралы заң жобасы берілді. Сондай-ақ, осы комитетке Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мү ше мемлекеттердің аумақтарына əскери инфрақұрылым объектілерін
орналастыру туралы хаттаманы ратификациялау туралы құжат та берілді. Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитеті жол жүрісі туралы заң жобасына жəне соған сəйкес ілеспе заң жобасына бас комитет болып белгіленді. Заңнамаға қайта құрылым дауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан əрі дамыту мəселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Қаржы жəне бюджет комитетіне берілді.