region

Page 1

Қазақстанның болашағы білімді және еңбекқор жастардың қолында. Н.Ә. Назарбаев

15.02.2013

1


Ресми ақпарат ОТКРЫТ НОВЫЙ ДЕТСКО-МОЛОДЕЖНЫЙ

ЦЕНТР СПОРТА

В Павлодаре состоялось открытие современного детско-молодежного центра спорта «Толагай». В церемонии открытия принял участие аким области Е. Арын, ветераны спорта, заслуженные тренера РК, спортсмены, жители города, СМИ. - Перед нами Глава государства Н.А. Назарбаев обозначил четкую задачу привлечь население к массовому занятию физической культурой и спортом. В последние годы в регионе построено много спортивных объектов. В настоящее время реализуется проект «Sport.City. Pavlodar». Из областного бюджета выделены значительные средства в города и районы, направленные на развитие спортивной инфраструктуры. Сегодня в регионе расширяется доступность спортивной инфраструктуры для массового занятия населения спортом. Мы должны поддерживать развитие спорта, особенно детского. В прошлом году казахстанские спортсмены на Олимпийских играх в Лондоне доказали, что наша страна является спортивной державой. Потенциал у нас имеется, и мы обязаны поддерживать, создавать все необходимые условия для наших спортсменов, - отметил аким области. Новый, современный центр станет базой развития здорового образа жизни для жителей Павлодара. Он состоит из 4 спортивных залов, функционируют 2 зала для бокса, теннисный зал, бильярдная. Центр рассчитан на 150 – 200 человек. В спортивном комплексе будут проводиться занятия по 10 видам спорта, занятия могут посещать все желающие в возрасте от 5 до 29 лет. Сайт акимата Павлодарской области

ПОЗНАТЬ ТОНКОСТИ ПРОФЕССИИ

В Экибастузском колледже № 18 им. К. Пшенбаева реализуется пилотный проект по дуальной системе обучения по специальности «Электрослесарь по обслуживанию и ремонту оборудования». Учебное заведение заключило с ТОО «Богатырь Көмір» договор о социальном партнерстве, составлен и защищен на учебно-методическом совете МОН РК рабочий план подготовки специалистов. Группа из 18 будущих электрослесарей после практики, которую они проходят на угледобывающем предприятии, сдадут экзамен на квалификационный разряд слесаря по обслуживанию и ремонту оборудования. В период практики учащиеся колледжа зачислены в штат компании и получают заработную плату – 18 тысяч тенге. Познавать тонкости профессии молодым рабочим помогают опытные рабочие, получающие доплату за работу с учениками. Сайт акимата Павлодарской области

ОБЛЫС ӘКІМІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ Таяуда аймақ басшысы Ерлан Арын Павлодар қаласын абаттандыру мәселесі бойынша кеңес өткізіп, оның барысында Павлодар қаласын абаттандырудың негізгі позициялары мен міндеттерін айқындады. Павлодар қаласының әкімі О.Қайыргелдинов берген ақпар бойынша, қаланы абаттандыруға және қаланың жолдары мен көшелерін күтіп ұстауға 2,4 млрд. теңге қарастырылған. Бөлінген қаражатқа көк желекті күту бойынша гүлзарлар егу және орнату, ағаш отырғызу, ағаштарды санитарлық кесу, қырқу, ағаштарды өңдеу, олардың ұшар бастарын сәндеу, субұрқақтарды күту және жөндеу, сондай-ақ қалаға кіре берісте екі стелла орнату сияқты бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда. «Сарыарқа» шағын ауданын салу бойынша да жұмыстар жалғасуда, онда 12-16 қабаттық 107 блок-секция салу қарастырылған. Бұл тұрғын үйдің бірінші қабатында шағын орталық, аула клубтары, коммерциялық нысандар сияқты тұрғын емес әлеуметтік нысандар орналаспақ. Өткен жылы 28 тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінде 25 тұрғын үйдің қасбетін жөндеудің эскиздік нұсқалары әзірленген. «Рубиком» ЖШС-нің бас директоры В.Руф «Рубиком» ЖШС-нің Мегаорталығы құрылысының іске асырылуы жөнінде баяндады, ағымдағы жылғы 15 наурызда Мегаорталықтың «А» блогын ашу жоспарланып отыр. Кеңес қорытындысы бойынша Ерлан Арын Павлодар қаласының әкіміне қаланы абаттандыру бойынша іс-шараларды жалғастыруды және қаланың коммуналдық қызметінің материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

БИЛІКТІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жақында облыстық әкімдікте қызметкерлер құрамын басқару тиімділігін арттыру мақсатында кеңес өтті. Кеңестің жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Облыс әкімдігінде облыс әкімі аппаратының басшысы Қ.Кәрімовтің төрағалығымен ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Жарлығын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өтті. Жиын барысында облыс бойынша қызметкерлер құрамын басқару тиімділігін бағалаудың алдын-ала қорытындысы, облыс, мемлекеттік органдарының бос лауазымдарының мониторингі қаралып, талқыланды, қызметкерлер құрамын басқару тиімділігін бағалаудың әдістемесі түсіндірілді. Павлодар облысы әкімдігінің сайтынан

МАҚСҰТЫМ - ТІЛ ҰСТАРТЫП, ӨНЕР ШАШПАҚ Сәрсенбі күні «Колос» балалар мәдени-сауық орталығында «Абай оқуларынан» қалалық көркемсөз оқуларының байқауы өтті. Байқауға 18-35 жас аралығындағы 16 талапкер қатысты. Іс-шараны «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Байқау Ұлы Абайдың шығармашылығы арқылы қазақ тілінің көркемділігін, бай қорын насихаттау, Абай шығармаларын оқу арқылы көркемсөз шеберлігін, тіл мәдениетін шындау, мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын орындауды мақсат етті. Байқау Абайдың бір өлеңі мен қара сөзін толықтай жатқа, мәнерлеп оқу және әндерін орындау болып, үш кезеңге бөлінді. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар тағайындалды. Байқауда жүзден жүйрік атанып, жүлделі І орынды жеңіп алған Ольга Борисова (музыкалық колледжі) болды. ІІ жүлделі орынға Ирина Рудь (Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі) пен Дарина Полешко (№34 мектеп) ие болды. Ал, ІІІ орынға Рүстем Целепоткин «Павлодар технологиялық колледжі), Елена Меркулова (Павлодар инновациялық көппрофильді колледжі) және Ксения Некрасова (№40 орта мектеп) лайық деп танылды. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

2

«СӘЛЕМ, БИЗНЕС!» ЖАСТАР ЖАҢА ЖОБАСЫ Павлодарда «Сәлем, бизнес!» атты жастар идеялары мен жобаларының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені «Бота» қоғамдық қорының қаржылай қолдауымен павлодарлық «Әріптестік орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Жобаға ПМПИ-дің кәсіптік оқыту теориясы және әдістемесі кафедрасының оқытушылары мен студенттері қолдау көрсетті. Аталмыш іс-шарада балалар үйлері мен мектеп-интернаттарынан 250-ден астам тәрбиеленуші жергілікті нарық қызметтері және тауарларды шығаруға бағытталған өздерінің идеялары мен жобаларын таныстырды.

АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ Облыстық зағип жандар мен нашар көретін азаматтарға арнайы арналған кітапханасында «Есте сақтаймыз!..» атты поэтикалық - әдеби кеш өтті. Әдеби кешке интернационалдық борышын орындау кезінде көз жанарынан айырылған Ауған соғысының ардагерлері қатысты. Іс-шарада павлодарлық Ауған соғысының ардагерлері Александр Шумилов пен Александар Казаков өздерінің жеке шығармашылығынан өлең үзінділерін оқыды. Олар жиналған қауымға ауған жеріндегі қазақстандық жауынгерлердің ерліктерінен бірталай сыр шертті. Батыр ағалардың батылдығына тәнті болған мектеп оқушылары Отанды қорғау, патриоттық тәрбие, ерлік туралы өлеңдерді мәнерлеп, жатқа оқыды. Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Бұл - өскелең ұрпақтың қасиетті борышы! М.Акошева, облыстық зағип жандар мен нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың бөлім меңгерушісі

15.02.2013


Ақпарат ағыны

КЕРЕКУЛІКТЕР ЖАС ӘНШІ Д.КОЛДУНМЕН ЖҮЗДЕСТІ Өткен аптаның соңында Бірінші Каналдың «Фабрика Звезд-6» жобасының жеңімпазы, белорус әншісі, композитор Дмитрий Колдун Павлодар қаласына ат басын тіреді. Қалалық «Достық үйі» мәдени орталығына жиналған белорус этномәдени тобының белсенділері мен жастары, мәдени қызметкерлер, БАҚ өкілдері қадірлі мейманды қазақтың шашуы, славян халықтарының каравай нанымен, тамаша әнмен қол соғып, қарсы алды. Әнші келісілген кездесуге өз тобындағы достарымен келді. Керекуліктер зор ілтипат білдіріп, қадірлі қонаққа құрмет көрсетті. Павлодардағы Қазақстан Халықтар Ассамблеясының өкілі, белорус этномәдени орталығының төрайымы Л.И.Богнат әншіге қала халқы атынан ізгі тілектерін жеткізіп, бірқатар естелік сыйлықтарды табыс етті. Кездесуге жиналғандар Д.Колдунның мектептегі шақтары, шығармашылығы мен жетістіктері, алдағы жоспарлары туралы білгілері келген сауалдарына қызықты, әрі татымды жауаптар алды. - Мен «Қазақстан» деген елдің барын мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімде естіген бо-

Ұлт және идея сөзінде қаншама тылсым күш бар. Өйткені, ұлттың идеясы немесе ұлттық болмыс болмаса мемлекет болып қалыптаспайды, қалыптаса да алмайды.

латынмын. Сондықтан, Қазақстанды жатырқап, «жат» ел деп айта алмаймын. Біраз жыл бұрын келгендегіге қарағанда, Қазақстан көркейіп, өзгеріп кетіпті. Мен Қазақстанның барлық жетістіктеріне өте қуаныштымын, - деді ол еліміз жайлы пікірін білгісі келген жастарға ағынан жарылып. Айгүл МОЛДАШ

ТЕАТР СТУДИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПРЕМЬЕРАСЫ Алдағы өткен демалыста Ж.Аймауытов атындағы театр сахнасында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының театр студиясының әзірлеуімен, «Ақмаңдайлым» қойылымының кезекті премьерасы өтті. Қойылымды ПМПИ ректоры, оқытушылары және студенттер мен ата-аналар тамашалады. Қазақ вальсінің королі, ән патшасы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын, өнерін келешек ұрпаққа насихаттау барысында студенттердің талантын ашып, өнерін шыңдау, жан-жақты білікті, өнерлі педагогтерді даярлау мақсаты алға тар-

тылды. Қойылымға жетекшілік еткен Қазақстан Республикасының мәдениетіне еңбегі сіңген әртіс, әрі режиссер - Дінмұхамед Ұябай болды. Студенттер сазгердің өмірі мен шығармашылығынан қысқаша көрініс орындап, «Ақмаңдайлым», «Ана туралы жыр», «Арыс жағасында», «Ақ бантик» атты әндермен көрермен қауымның көңілін қанаттандырды.

И ЗВУК ГИТАРЫ НЕЗАБВЕННЫЙ... В рамках декады общегуманитарных дисциплин, посвященной 75-летию Павлодарской области, в колледже № 9 г. Павлодара проведен вечер «И звук гитары незабвенный…». На вечер были приглашены известные барды нашего города, члены клуба авторской песни «Серебряные струны» Маулен Кожахметов, Константин Симонов, поэт и композитор Вячеслав Кухарев. Исполнители бардовской песни, участники и дипломанты областных, республиканских и международных конкурсов авторской песни представили свои самые любимые произведения, посвященные Родине, любимому городу: «Живи, Земля!», «Город детства», «Благодарность Павлодару», «Павлодар – любимый город», «Павлодар – Астана – Алматы». В исполнении М. Кожахметова прозвучали песни, посвященные батырам казахской степи «Қазақ батырлары», Афганской войне «Братство боевое», «Белый танец свечей». В исполнении К. Симонова и В. Кухарева – песни о любви «Любимая, ты жди», «Дождь», «Моя звезда». Гости ответили на вопросы учащихся, рассказали о творческих планах. М. Кожахметов пригласил сту-

дентов для обучения игре на гитаре в клуб любителей бардовской песни «Медные струны». А самым запоминающимся для студентов было совместное исполнение песни Виктора Цоя «Звезда по имени Солнце». Такие встречи оставляют в душах ребят частицы тепла, доброты, интереса к песенному творчеству. Сайт акимата Павлодарской области

ВЫБЕРИ СВОЮ ПРОФЕССИЮ! На заводе ТОО «Нефтехим LTD» побывали воспитанники детской деревни и школы-интерната № 2 г. Павлодара. Это предприятие открыло новую страницу в истории отечественной нефтехимии. Оно производит отечественный продукт, позволяющий получать высококачественный бензин и полипропилен для выпуска пластиковых материалов и технических тканей. Успешную производственную деятельность «Нефтехим LTD» совмещает с благотворительностью, за которую предприятие удостоено награды «Меценат образования» Министерства образования и науки РК. На заводе ребятам показали лаборатории, познакомили с технологией производства, ответили на

вопросы. Юным гостям сообщили, в каких учебных заведениях готовят специалистов для нефтехимического производства, подробно рассказали об условиях труда, социальном пакете и зарплате, позволяющей молодым специалистам купить квартиру по ипотеке. Многих будущих выпускников перспектива стать нефтехимиками заинтересовала. Все больше павлодарских предприятий участвуют в профориентации выпускников детдомов и интернатов, отметили в департаменте по защите прав детей. Сайт акимата Павлодарской области

УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ ПАВЛОДАРСКОГО ПРИИРТЫШЬЯ! Прокуратурой области совместно с заинтересованными государственными органами проводится акция «Защитим права детей!». Цель акции улучшение жилищного состояния детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, выпускников интернатных учреждений, их трудоустройство, обеспечение соблюдения иных прав детей. Информируя о проведении акции, просим принять активное участие жителей нашей области в предоставлении имеющейся информации о нарушении

прав детей. Успех акции зависит только от хорошо скоординированных действий всех органов, общественных движений и всех граждан. С февраля по июнь 2013 года каждый из Вас может позвонить на телефон доверия (без определителя) и сообщить об имеющейся информации. Облпрокуратура – по тел.: 315012, 315011. Прокуратура города Павлодара – по тел.: 559060, 510657.

Страницу подготовил Ерсаин ЕРТЫСБАЕВ

15.02.2013

Прокуратура области

Сондықтан, «ұлттық идеяны белгілі бір халықтың өзегі» деп ұққан жөн. Иә, мұратсыз, мақсатсыз жұрт ұлт болып қалыптаспайды һәм сақталып қалуы да әсте мүмкiн емес. Ендеше ортақ идеясыз халық ретінде биікті бағдарлап, бағындыра алмайды. Осы жерде, «қазақ ұлтының ұлттық идеясы, ұлттық идеологиясы бар ма?» деген заңды сауал көлденеңнен алдымызға шығады. Осы сұраққа тоқталмастан бұрын қазақ ұлтының сан ғасырлық ұлттық идеясы қандай болғандығы жайлы азкем сөз етсек. Иә, кезінде Еуразияның дархан даласында емін-еркін мекендеген бабаларымыздың тұтас құрлықты уысында ұстап, әмір ету идеясы болды. Сосын бес ғасыр бұрын қазақ хандығының қалыптаса бастаған тұсында ұлттық идеяның өзегi мемлекеттiктi нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру, көрші Ресей, Қытай, Жоңғар мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнату болып еді. Одан кейінгі заманда ұлт ретінде, мемлекет ретінде, «Мәңгі Ел» ретінде өмір кешуді жалғастырудың өзегін іздеді. Уақыт-керуен қазақ басына сын сағат салып, Абылай хан тұсында тарих сахнасында ұлт ретінде сақталып қалудың жолдары қарастырылды. Ал, Кеңестiк Қазақстандағы ұлттық идеяның тарихы мен тағдырын бiр ауыз сөзбен айтсақ: «Ол – ұлтжанды тұлғалардың қасiретi мен қуғын-сүргiнге ұшырағаны, кешегi әр алуан ұлттық идеяны әу бастағы тартымды мәнмағынасынан жұрдай болған утопиялық социалистiк идеяның алмастырғаны. Ол – өз елiндегi, өз жерiндегi қазақтың күшпен таңылған саяси-идеологиялық тапшыл ұрандар мен адасулар әсерiнен қазақтан жатсынуға бет түзегенi. Кеңестiк жылдардағы Қазақстанда қазақтың санасы мен жүрегiн билеп алған ұлттық идея болған жоқ», – дейді белгілі тарихшы ғалым Х.Әбжанов. Осы ортақ ұлттық идея, идеология деген қасиетті ұғымнан тәлім алмаған буын қайта тірілген қазақтың Тәуелсіздігін қалыптастырды һәм бекітті. Бірінші кезекте экономика, сосын ұлттық рух деген принцип Қазақстанды қуатты мемлекетте айналдырды. Ендігі жерде уақыт сынынан аман өткен қазақ халқы қайта ұлттық идеясын іздеуде. Бұл заңды да. Өйткені, бұл – табиғи жағдай. Бүгінде ұлттық идея «ата аманаты – қазақ тілінде», бірі «бабалар өзегіне сіңген ислам дінінде» деуде. Мойындаймыз, аталғандар – ұлттың ұлт болып қалуының негізгі өзегі, тірегі. Дей тұрғанмен, ауызбіршілік, татулық, бейбітшілік, өзге ұлттарды қазаққа сіңіру де ұлттық идеяның бастысы болуы шарт. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынды. Асылы, қазақтың басты идеясының негізгісі бабалар аңсаған «Мәңгілік Ел» құру болса керек… Құрметті оқырмандар, егерде Сіздердің алып қосар тұщымды ойпікірлеріңіз болса редакцияға хат жолдаңыздар.

3


Сұхбат

За три года службы в полиции молодой участковый инспектор Южного отдела УВД г. Павлодара успел отличиться и стать примером для своих коллег. За проявленную смелость при задержании вооруженных грабителей старший лейтенант Алмак Кыпшакпаев был награжден медалью «К 75-летию Павлодарской области». О том, какой интересной и в то же время опасной может быть работа участкового, Алмак рассказал нашей газете.

ОРУЖИЕ ПРИМЕНЯЕМ РЕДКО - Здравствуйте, Алмак, как давно Вы в полиции? - В полиции я с 18 марта 2010 года. Пришел сюда после того, как закончил Павлодарский государственный университет им С. Торайгырова. - Когда Вы поняли, что хотите стать полицейским? - Еще в детстве мне нравились фильмы, в которых полицейские ловят бандитов. Я видел в их работе долю благородства, ведь они рискуют жизнью, чтобы законопослушные граждане могли спокойно трудиться. Когда я смотрел на сотрудников в форме, мне хотелось быть как они, бороться с преступностью и стоять на страже закона. Тогда я для себя решил, что стану полицейским. - Расскажите нашим читателям о том смелом поступке, за который Вы получили медаль? - Это было днем, где-то во второй половине дня. В ходе патрулирования мы проезжали через перекресток улиц Толстого и Катаева. Нам навстречу выбежал парень и объяснил, что на него напали с применением огнестрельного оружия. Мы с напарником погнались за преступниками, в результате чего задержали двух лиц кавказской внешности. Один из них был в маске и с обрезом в руках. Как оказалось, они напали на автомобиль экспедиторов с целью завладения денежными средствами. - Вам не было страшно, ведь Вас могли ранить? - На тот момент не думал, страшно или не страшно. Сначала делаешь, и только потом думаешь. Если бы мы замешкались, у преступников появилась бы возможность сбежать. - А в чем заключается повседневная работа участкового инспектора? - Мы реагируем на вызовы семейного характера, предупреждаем административные правонарушения. Вообще, к нам обращаются по разным вопросам. К примеру, когда шумят соседи, то в первую очередь звонят нам. Мы приезжаем, со-

ставляем протокол и принимаем необходимые меры. Доступно объясняем, что есть закон, Административный кодекс, и его нужно соблюдать. Если нужно, задерживаем и везем в отделение. - Часто Вам приходится применять силу при задержании? - Нет, скорее даже редко. В большинстве случаев достаточно быть в форме полицейского, чтобы нарушитель не стал оказывать сопротивление. К тому же не так часто возникает необходимость задержания.

ВАЖНО УМЕТЬ РАЗБИРАТЬСЯ В ЛЮДЯХ… - Каким должен быть участковый? - Он должен быть вежливым по отношению к гражданам и корректным в разговоре с ними. Нельзя сказать, что наша работа нервная, но иногда больше всего помогает умение сохранять спокойствие в любой ситуации. Да и форма должна быть всегда чистой и выглаженной, ведь люди судят по участковому обо всей полиции. - Наверное, в Вашей работе важно быть хорошим психологом? - Участковый инспектор работает с населением, поэтому с каждым человеком нужно найти общий язык. Люди попадаются разные, с разными характерами и представлениями о жизни. И каждому нужно помочь, с каждым поговорить. Именно поэтому так важно уметь разбираться в людях. Например, пожилым людям нужно уделить больше внимания, чтобы понять их проблемы. Особый подход нужен к людям, уже отбывавшим наказание в местах лишения свободы. Кроме того, иногда к нам обращаются впечатлительные люди на грани нервного срыва. В эти минуты им требуется в первую очередь психологическая помощь. - В обычной жизни Вы остаетесь полицейским или же отдыхаете от работы? - Когда я не в полицейской форме, я все равно остаюсь сотрудником полиции. Смотрю, чтобы сохранялся общественный порядок. Наверное, все дело в чувстве ответственности, которое

Работникам правоохранительных органов с 1 января 2013 года повышены зарплаты, сообщает пресс-служба МВД РК. - Министерством внутренних дел в составе сводной бюджетной заявки по республиканскому бюджету на 2013 – 2015 годы включено и поддержано республиканской бюджетной комиссией повышение доплат за специальные звания сотрудникам ОВД – 35 322,5 млн тенге, - говорится в сообщении. При этом средний размер денежного довольствия с учетом повышения доплаты за специальное звание с 1 января 2013 года составит: - начальника районного управления внутренних дел подполковника полиции с выслугой свыше 20 лет – 226 405 тенге (действующий 175 562 тенге); - участкового инспектора капитана полиции с выслугой 5-7 лет – 134 667 тенге (действующий 100 618 тенге); - оперуполномоченного, следователя районного звена майора полиции с выслугой 5-7 лет – 117 733 тенге (действующий 72 535 тенге); - оперуполномоченного центрального аппарата майора полиции с выслугой 5-7 лет – 142 397 тенге (действующий 97 199 тенге).

4

bnews.kz

непременно появляется при такой работе. Если вижу правонарушение, то сразу же стараюсь предотвратить его. Думаю, если бы все люди проявляли свою гражданскую позицию, преступлений совершалось бы меньше. - Вы учите людей бдительности и правилам поведения? - Да, обязательно. Обычно мы приезжаем на предприятия, собираем работников и проводим с ними профилактические беседы. Объясняем, как вести себя в той или иной ситуации. К тому же посещаем школы, где рассказываем учащимся о том, с какими правонарушениями они могут столкнуться и почему так важно знать законы нашей страны.

СПОРТ НАУЧИЛ МЕНЯ СТРЕМИТЬСЯ К ЦЕЛИ… - Ваша работа похожа на то, что показывают в фильмах – перестрелки, погони? - Бывает так, что похожа. Но такие случаи происходят не каждый день. Чаще всего я имею дело с административными правонарушениями. Большое внимание у нас на участке уделяют именно профилактической работе. Ведь намного лучше предотвратить преступление, когда еще никто не пострадал. - Расскажите о своих увлечениях, Алмак. - В свободное время я смотрю советские и российские фильмы. Один из моих любимых фильмов - «Ментовские войны». Еще в свободное время я играю в футбол. Спорт научил меня стремиться к цели и добиваться её. - Какая у Вас цель в жизни? - У меня есть одна большая цель – стать генералом. - Что Вы посоветуете ребятам, которые мечтают стать полицейскими? - Стремитесь к этому. Развивайте в себе такие качества, как честность, жажда справедливости, уважайте закон. Будьте примером для сверстников и, конечно же, занимайтесь спортом!

- Участковых сегодня у нас не хватает: для доведения до норм дополнительно требуется ввести по стране до 733 участковых и 2830 их помощников, а также открыть еще 385 участковых пунктов полиции в городах и населенных пунктах, - сказал глава МВД РК Калмуханбет Касымов на правительственном часе в Мажилисе Парламента Казахстана.

По информации министра, в Казахстане 2700 участковых пунктов полиции, из них более полутора тысяч нуждаются в ремонте, в большей их части не созданы условия для работы с населением. - Пока мы еще не можем обеспечить доступ участковых к имеющимся информационным базам, поэтому необходимо компьютеризировать каждый участковый пункт, пока к информационным банкам данных

подключено лишь 13 процентов участковых пунктов, - отметил он. При этом, по словам министра, с участием участковых инспекторов «раскрываются сотни преступлений». - Сегодня участковыми ведется профилактическая работа с более чем 18 тысячами лиц, склонных к совершению правонарушений. Но потенциал этой службы реализуется еще не в полной мере. Недостаточно эффективна профилактическая работа с ранее судимыми лицами, предупредительная работа с неблагополучными семьями, - сказал глава МВД. Отвечая на вопросы депутатов, он отметил, что выборность участковых – хорошая мысль. «Мы ею занимаемся. В этом году проводим в Актобе, Павлодаре. Несколько участковых будем предлагать выбирать», проинформировал он. Tengrinews.kz

15.02.2013


«14 АҚПАН» ДЕП ТУРА ЖОЛДАН АДАСПАЙЫҚ! Тәуелсіздік алғаннан бері Әулие Валентин күнін ұлттық мерекеден кем қарсы алмайтын болды жастар. Көптеген елдер Әулие Валентин күнін атап өтуді заңмен тиым салып жатыр. Мәселен, Иранның Үкіметі Әулие Валентин күнін атап өтуді заңға қайшы деп жариялады. Үкімет бұл мереке батыстың өмір сүру дағдысын дәріптейді деген шешімге келіп, Әулие Валентин күніне арналып сатылатын барлық тауарларға да тыйым салған екен. Ал көрші Өзбекстанда Валентин күнін мерекелеуге әлдеқашан заң жүзінде тиым салып, атқарушы билік бақылап отыр. Ал бізде ше? Бізде жағдай басқаша. Қайта жылды артқа тастаған сайын Әулие Валентин күнін атап өтуіміз ұлғайып бара жатқандай. «ВАЛЕНТИН» КҮНІНДЕ ӘЛДЕБІРЕУЛЕР ҚОМАҚТЫ ПАЙДА ТАБАДЫ Қала дүкендері мен базарларда «Қасиетті Валентин күні» үшін сатылып жатқан түрлі түсті жүрекшелер мен ленталар, қос ғашықтың бейнесіндегі бұйымдар көздің жауын алады. Ақпан айы басталар шақта қаламыздың сауда орындарының мұндай заттарға толатынына көзіміз де үйренді. Рас, елімізде 14 ақпан – «Әулие Валентин күнін» тойлау дәстүрі кең етек алып барады. Бұл күні жастар бір-біріне әлгі сауда орындарында сатылып жатқан мағынасыз заттарды сыйға тартып әлек болады. Жақында қаламыздағы «Манақбай» сауда орнындағы қызылды-жасылды болып жайнап тұрған «валентинкаларға» көзім түсті. «Мен сені сүйемін!», «Ты мой, я твоя!», «Мой страстный!», «Я помню первый поцелуй!», «Зайчик мой!», «Я не забуду наше первое свидание!» «Бүгін тек екеуміз болатын күн!» секілді мәтіндер жазылып, сыртына ұятты суреттер бейнеленген көлемі әртүрлі валентикаларды көрдім. Валентикалардың бағасы да әр қилы. Бағасы 45, 50 теңгеден бастап 500 теңге тұрады екен. Міне, осындай сипаттағы «валентинкаларды» «Әулие Валентин күнінде» студенттерді айтпағанда, мектеп оқушылары қалталарын қағып, бір-біріне сыйлап жатады. Бүгінгі күні адамдардың «валентинка» алып, осы «мерекені» атап өту құштарлығының арқасында біреулер үлкен табыс тауып жатыр. Қаншалықты көп адам осындай мерекелерді атап өтсе, корпорациялардың табысы соншалықты молаяды. Өйткені кейбір деректерде «Әулие Валентин күні» бәзбіреулердің коммерциялық бизнес жа-

сауы үшін шығарып отырған пәлсапасы шындыққа жанасады. Себебі, Еуропалық еріккен ессіз еркектер осы күнге орай Кения, Эквадор, Колумбия елдерінен бір ғана Люфтганза Карго компаниясы арқылы бір миллион тонна раушан гүлін жеткізуге тапсырыс береді екен. АҚШ-қа күніне 25 рейске дейін ұшақпен гүл тасымалданады да, осы күндері колумбиялық гүл өсірушілер жылдық табыстың 30 пайызына қол жеткізеді деген ақпарат бар. Осы күн қарсаңында американдықтар 108 миллион тал қызыл раушан гүлін сатып алып, кәмпиттің өзіне 692 миллион доллар жұмсайды екен. Иә, ойланған адам мұның астарында адам мен қоғамды аздыруға, рухани және ұлттық құндылықтарды жоюға бағытталған жүйелі тәсіл жатқанын анық байқайды. Өкінішке орай, бүгінгі қоғам мұны үн қатпай қабылдап, бойына сіңіріп үлгерді. Бұл тәсіл адамның достық, махаббат деген ұғымдарға жеңіл-желпі қарауынан туындайтын болашақ отбасылық өмірінің құлдырап бұзылуына соқтыруы әбден мүмкін. Ал Ислам дінінде адамдар арасындағы өзара махаббат Алла тағаланың разылығы үшін ғана болуын және Оның заңдарының шеңберінен шықпауын бұйырады. «ВАЛЕНТИН» КҮНІНІҢ ЗИЯНЫ... Аталарымыздан аманат болып қалған дініміз Ислам екенін естен шығарып, жылтыраққа жабысқан жас баладай біреудің қаңсығын таңсық көріп ел жұртта болмаған «ерлік» көрсетіп жүрген жағдайымыз шындық. Әзірге дәл осы «ғашықтар күнінің» зиянын, яғни қанша бойжеткеннің осы күні абыройынан айрылатынын, «ғашығына» қолы жетпеген қанша жігіттің дәл осы күннің қызуымен тамырын кесіп, ауруханаға түскенін немесе балконнан секіріп, опат болғанын, осы күннің «құрметіне» жасалған дискотекаларда уыздай жастарымыздың қаншасы есірткімен уланғанын, «тойдағы» төбелесте қанша бас жарылып, қанша көз шыққанын ешкім есептемеген сыңайлы... Есептесе ондай оқиғалардың көптігінен көз сүрініп, санынан жаңылары анық. P.S. Бейресми деректерге қарағанда, Тәуелсіздік күні немесе Наурыз мейрамы күні үйленгеннен гөрі «Валентин күні» үйленетін жастар қатары жыл санап өсіп келе жатыр екен. Егерде заңды неке кесетіндері көбейсе жақсы ғой! Батыстық миссионерлік мерекенің басты мақсаты да – осы. Демек, өзге елдер секілді заң тұрғысынан тиым салмау жастарды рухани аздырып, адастыратыны хақ.

Бүгінде телевидение – тұтас қоғамды тәрбиелейтін қуатты құрал. Өйткені, асығыс заманда ата-ананың тәлімді тәрбиесін көгілдір экран тартып алғанын айттық. Жас ұрпақ телеэкраннан нені көрсе, соны айна қатесіз өмірде қайталауда. Отандық экранның үстем бөлігі жат елдік телеөндірістер еншісіне тиетіні анық. Мәселен, корей, түрік, ресейлік және Латын америкалық көп сериалдары, батыстың фантастикалық боевиктері, үнді драмалық кинолары – қазіргі телевидение тұтынатын негізгі өнімдер. Оған жақында үнді телесериалы қосылды. Ал өзімізде шығып жатқан аз ғана телевидение өндірістері жайлы айтудың өзі ұят. Бұл жайлы ойымызды сабақтамас бұрын шетелдік өндірістердің жалпы тұрпатын анықтап көрелік. Жат елдік фильмдердің ортақ сюжеті: – Қос ғашықтың арасындағы махаббат. – Әйелінің немесе күйеуінің көзіне шөп салу. – Ғашықтар арасына түсетін жағымсыз кейіпкер. – Оқиға сюжеті зәулім үйде өтеді. – Үйдегі қызметшілер ас бөлмеде негізгі кейіпкер жайында өсек айтады. – Міндетті түрде бір жаман әйел немесе кемпір, я болмаса қыз болады. – Қыз зорлау фактісі орын алады. – Кейіпкер есірткі, қару, мафия істеріне араласып, аяғында жеңіп шығады. – Аурухана дәліздеріндегі көріністер, дәрігерден хабар күту. – Байдың жалғыз баласы ұрланады. – Біреудің бірнеше жыл көрмеген әкесі, шешесі т.б пайда болады. – Адамға оқ тисе де өлмейді. – Әйел үйінен кетіп қалады. Қайтып келеді. – Адамдар бай болса да, кедей болса да үнемі таксимен жүреді. Тағысын тағы айта беруге болады. Мысал үшін, дәл осы сюжеттерді «Дениз» сериалынан-ақ байқауға болады. Ал, фантастикалық боевиктер тапа-тал түсте көшедегі атыс-шабыс, жарылыс, қантөгіс, зорлау, ұрлау, кек алу секілді оқиғалар желісімен құралған, яки көрермендерге бір сарынды киноларды ұсынамыз. Осыдан кейін кәмелетке толмаған қызды зорлап, ойнап жүрген баланы өлтіріп, қапқа салып кетіпті дегендей жаңалықтарды таратып, себебін іздейміз. Себеп-салдарын іздесек, бірінші кезекте өзімізден көру керекпіз. Одан басқа

амал жоқ. Өйткені, батыс бізге ақша беріп, «мына боевиктерді елінде көрсет» деп жатқан жоқ ғой. Оны өзіміз сатып алып, сосын жарнамалар арқылы майын тамызып насихаттап, көрерменге ұсынудамыз. Демек... Енді жоғарыда келтірген жайттардан өнеге боларлық сюжеттер тауып көріңізші... Отандық кино өндірушілер де батысқа елеңдеп, шетелден әртіс алдырып, қаржыны ауаға шашуда. Бар армандары – шетел таныса, шетел көрсе. Ал, өзіміздің көрермендер жайы қызықтырар емес. Ақиқатында, қазақ көрермендерін күнделікті өмірде болып жатқан оқиғалар желісімен құрылған кинолар қызықтыратыны аңғарылады. Неге дейсіз бе? Өзбек фильмдерін мысалға келтіруге болады. Қарапайым өзбек отбасындағы тәлімі мол, салт-дәстүрін дәріптейтін киноларды өзбек тілінде оңтүстіктегі ағайындар көруде. Тағы да неге дерсіз? Өйткені, қарапайым қазақтың өмірдегі болмысына жақын. Сондықтан да оқиғаның желісін ұзақтан іздегенше, ауылдағы қарапайым қазақтың суға зар болып отырғанын және т.б. көрсетсе болмас па еді?! Тарихи кино түсірем десе, Кенесары ханның ерлігі жүздеген сериалға арқау болар еді. Ал 300 жылдық жоңғармен болған жаугершілік заманның желісімен түсірілген сериалдар түсірілсе, жас ұрпаққа өнеге болмас па еді? Кейбір елдерде ойдан шығарылған кинолар көп, ал бізде тарихи сюжет деген бастан асады. Керей мен Жәнібек қазақ туын қалай тікті? Бұл да – киноның арқауы. Мұстафа Шоқайға ғана арналғаны болмаса, алаш қайраткерлері жайлы түсірілген кино бар деп айта алмаймыз. Оны да ескерсек. Былайша айтқанда эстрада әртістерін экранға шығарып, мағынасы жоқ сайқымазақтық бағдармалар жасағаннан басқа ешнәрсе бітірген жоқпыз әлі.

Халқымызда «етек-жеңді жинау» деген жақсы сөз бар. Бұл елдің алды-артын шолып, қиынқыстау кезеңдерде қолда барын үнеммен пайдалануын білдіреді. Өмірдің алды – үміт екенін ескерсек, келешекке желкен жайған игіліктерді тиімді ете білу арқылы жұртшылықтың ырысын арттыруға болады. Алайда, мақсатты істе есептілік болмаса, шаруаның кері кеткені. Сәрсенбі күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңейтілген кеңестегі сөйлеген сөзінің негізгі арқауы осы есептілік пен елгезектік мәселесіне арналды. Елбасы кейбір мемлекеттік бағдарламалардың бақылаусыз кеткенін, соның салдарынан қазынаға құйылған миллиардтаған қаржының өз орнын таппай отырғанын қадап айтты. Елбасы бүгінде жұртшылықтың жаппай қымбат тұратын зәулім ғимараттарға әуестене бастағанын, кейбір өңірлерде даңғарадай етіп тұрғызылған мектептер оқушылардың аздығынан жарым-жартылай бос тұрғанын жеткізді. Мемлекет басшысы бұған дейін билік органдарына жобаларды, құрылыстың ескі нормалары мен ережелерін қайта қарау туралы тапсырма берген. Өкініштісі, ол әлі күнге орындалмаған. Осыны назарға алған Президент бұдан былай мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау саласында тың жерден жаңа құрылыс ғимараттарын тұрғызуға тыйым салды. Республика бойынша бүгінге дейін 189 мектеп, 68 денсаулық сақтау нысаны апатты жағдайда тұр. 92 мектепте 33 мың бала үш ауысымда оқуға мәжбүр болып отыр. «Бөлінген қаржылар мен қолда бар ресурстар осы жылдан бастап әлеуметтік нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу мен үш ауысымды мектептер проблемасын шешуге бағытталсын», деп тапсырды Ұлт көшбасшысы. Расында, бұған дейін біздің өңірде де, әсіресе, ауылдық аймақтарда іші-сырты көз тартарлық, жылтыраған зәулім мектеп ғимараттары тұрғызылды. Кейін оларға оқушыларды толтыра алмай, басы қатқан аудан басшыларын да көргеміз. Кең сарайдай орта оқу орындарының оқушыларға сапалы білім беруге негізделгенін ескерсек, ғимараттар осы мақсатқа ғана ыңғайластырып салынуы керек еді. Әрине, мектеп қажет, бірақ оның жылтырақ тұрпатынан гөрі, ішіндегі білім беру мәселесі маңыздырақ. Облыстық білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл біздің өңірде төрт бірдей мектептің құрылыстары басталады. Дәлірек айтқанда, Шарбақты ауданы орталығында (300 орындық), Павлодар қаласында (1200), Кенжекөл елді мекенінде (600) және Баянауылдың Майқайың кентінде (420). Төрт нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 3,2 миллиард теңге қарастырылған. Білім саласының мамандарының сөзінше, бұл ғимараттар қажеттіліктен туындап отыр. Мәселен, Шарбақты ауданындағы мектеп сонау кеңес заманында ескі жобамен салынған. Ескі нысан білім сапасына өз салдарын тигізіп келеді. Президент дағдарыс жағдайында еңбекпен қамтуды және экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін Үкіметке жаңадан «Жол картасын» даярлауды жүктеді. 2008-2009 жылдарғы «Жол картасы» бағдарламасы елге көп жақсылығын ала келгенін еске алайық. Жаңа бағдарлама соның негізінде өріледі. Жиында бұдан басқа бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мен жоғары өнімді өндіріс құру керектігі де айтылды. Біздің облыста ауыр өнеркәсіп саласында, ауыл шаруашылығында, басқа да маңызды секторларда кадрлар тапшылығы бар. Осы мәселені жеделдетіп шешетін мезгіл жеткен секілді. Мұрат АЯҒАНОВ

15.02.2013

5


Интеллектуалды алаң Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біз «Мәңгілік Ел» боламыз», – деп «Мәңгілік Ел» идеясын алға тартып, болашақ бағдарамызды айқындап берген еді. Содан бері «Мәңгілік Ел» тақырыбы күн тәртібінен түспей, зиялылар мен ғалымдар, жастардың талқылайтын тақырыбының біріне айналды... Мейіржан ЖАНҰЗАҚОВ, Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

– Негізінде «Мәңгілік ел» идеясы бүгін ғана туған мәселе емес. «Мәңгілік» мұратты даңқты бабаларымыз сандаған ғасырлар бойы аңсады және жолын іздеді. «Мәңгілік» идеяны жүзеге асыру үшін Елбасы Тәуелсіздіктің тұғырын қондыра бастаған уақыттан бастап риясыз қызмет етті һәм етуде. Сондықтан да, Астана төрінде өткен жылы «Мәңгілік Ел» Салтанат қақпасы орын тепті. Артынша, Елбасы дәстүрлі ХІІІ Стратегиялық Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынды. Иә, болашағымызды баянды ететін «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясына Елбасы ерекше екпін беріп айтты. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев Жолдауында: «Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын, адамзаттың мәңгілік құндылықтары ерік-жігері мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерін сіңіруге шақырамын. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры болатынына кәміл сенемін. ХХІ ғасыр бейбітшілік пен тұрақтылықтың гүлденген ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсаттарымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын. «Мәңгілік Ел» болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын», – деп сөзін тәмамдады. Демек, Қазақстанның ендігі жердегі басты құндылығы мен ұлттық идеясының негізі «Мәңгі Ел» ретінде қуатты да айбатты ел болып өмір сүру мәселесі тұр. Шындығында да, Елбасының көрсеткен бағыт-бағдарымен жүрсек, «ХХІ ғасыр – Қазақстанның алтын ғасыры» болып, тарихи сахнада «Мәңгілік Ел» ретінде өмір сүреміз. Бұл үшін бүгіннен бастап ел азаматтары талмай еңбек етіп, Елбасының Жолдауында көрсетілген міндеттерді орындау қажет. Өз басым бүгінгі атқарылып жатқан істер Қазақстанның «Мәңгілік Ел» ретінде салтанат құруы үшін жасалып жатыр деп есептеймін.

Юрий ПОМИНОВ, почетный журналист РК, председатель Павлодарской областной организации Союза журналистов Казахстана:

ИСТОЧНИК ДУХОВНОГО БОГАТСТВА

– В заключительной части своего Послания Глава государства отметил, что мы вступаем в такой период развития нашей государственности, когда вопросы духовного будут иметь не меньшее значение, чем вопросы экономического, материального порядка. И я высоко оцениваю эти слова Президента, так, без духовного начала не может формироваться полноценная личность. Деньги и материальные ценности не должны быть в основе воспитания современного человека, так как мы должны сохранять свой культурный код: язык, духовность, традиции, искусство. Ведь с его потерей мы потеряем свою нацию. Литература всегда была для людей источником духовного обогащения, и отрадно отметить, что в нашей стране все большее значение придается работе по сохранению этого источника. Так, совсем недавно к 20-летию независимости Республики Казахстан в Павлодарском государственном университете им. С. Торайгырова было издано большое собрание произведений писателей и поэтов Павлодарского Прииртышья под названием «Кереку-баян өңірі ақынжазушыларының антологиясы». Многотомное фундаментальное издание включает в себя практически всё литературное наследие нашего региона. Я убежден, что казахстанцы 2050 года – это будет поколение образованных, свободных и духовно богатых людей.

6

Роза ҚАДЫСОВА, Павлодар облысы мәдениет басқармасының бастығы:

«МӘҢГІЛІК» ИДЕЯСЫ – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

– Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Біз болашаққа көз тігіп, Тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық», – деген болатын. Еліміздің әулиетін арттырып, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарынан көрінуді мақсат еткен Жолдауда «Мәңгілік Ел» идеясы орын алуы заңды. Яғни, қазақстандықтардың ендігі жердегі ұлттық идеологиясы «Мәңгілік Ел», «Мәңгі жасау» қағидалары болуы керек. Ал, «Мәңгі Ел» идеясын көз алдымызға елестеткенде Елбасы Жолдауындағы: «Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін? Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар – жаңа білім меңгеруге құштар. Олар –еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары. Мен 2050 жылғы Қазақстан жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Ол – барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді», – деген тұжырымын айтуға болады. Сонымен қатар, Қазақстанның мәдениеті, өнері, ғылымы жоғары деңгейде дамып, әлем елдеріне үлгі болатынына сенемін. Өйткені, бүгінде ол үшін барлық жағдайлар жасалуда. Мәселен, «Мәдени мұра» стратегиялық бағдарламасы және тағы басқа мәдениет саласын дамытатын халықшыл игі істер атқарылуда. Демек, Отанымыз бабалар мұрат еткен «Мәнгілік Ел» ретінде өмір сүрмек. Ол үшін бүгінде барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалауда. Сол себепті, Елбасының асыл мақсаты, бабаларымыз сандаған ғасырлар мұрат тұтқан «Мәңгілік» идеясы қазақстандықтардың ортақ құндылығы болуы тиіс.

Ольга СВЕТЕНКОВА, актриса Павлодарского областного драматического театра им. А.П. Чехова:

ОБЕРЕГАТЬ СВОЮ КУЛЬТУРУ

- В своем Послании народу Казахстана Н. Назарбаев говорил о том, что казахстанцы 2050 года – это общество образованных и свободных людей. Я думаю, что понастоящему свободным может быть только человек с высокими моральными принципами. Независимо от убеждений и вероисповедания у каждого казахстанца будущего на первом месте будут общечеловеческие нравственные ценности. Вдобавок ко всему я согласна с тем, что знание трех языков откроет нам границы для общения со всеми народами. Свободно путешествуя по миру, подавая пример высокой культуры, казахстанцы покажут, как прекрасна наша родина. Уже сейчас Казахстан признан в международном сообществе, а к 2050 году мы станем обществом справедливости и больших возможностей. В нем будут созданы все условия для целеустремленных людей. Мир и спокойствие в нашей стране – это та основа, которая позволяет талантам нашей страны добиваться успехов. И в неспокойном мире будущего так важно их сохранить. Казахстанец будущего должен быть патриотом своей страны и гражданином мира одновременно. Мы не можем вариться в своем котле, ведь, оградив себя от мира в попытке сохранить культуру, мы, в конце концов, ее потеряем. Но мы и не можем позволить процессу глобализации поглотить нас, тогда с нами никто не будет считаться. И только оберегая свою культуру, открывая ее миру, мы сможем вбирать из мирового опыта самое лучшее. Когда мы окажемся на одном уровне с развитыми странами, у нас будет что им предложить. Сейчас мы должны приложить все усилия к реализации Стратегии «Казахстан-2050». Любой из нас может внести свой вклад в общий успех. Для этого каждый должен стремиться к совершенству в той сфере, в которой его призвание.

15.02.2013


«ЖАСтар - ОТАНға!» Девятого февраля 2013 года в Павлодарском государственном университете им. С. Торайгырова в зале ученых заседаний Управлением по вопросам молодежной политики Павлодарской области было организовано заседание Совета молодых ученых, созданного по инициативе акима области Ерлана Арын. Основными целями деятельности Совета являются: активизация профессионального научного роста молодых ученых области, объединение их усилий для разработки актуальных научных проблем и решения приоритетных научных задач. А также развитие инновационной деятельности молодых ученых, повышение вклада молодых ученых и специалистов Павлодарской области в развитие науки, образования и экономики области, развитие и укрепление межрегиональных и международных связей молодых ученых и специалистов Павлодарской области. Участниками Совета молодых ученых являются представители СМУ высших учебных заведений области: Павлодарского государственного университета им. С. Торайгырова, Павлодарского государственного педагогического института, Инновационного Евразийского университета и Экибастузского инженерно-технического института. Председатель Совета молодых ученых кандидат экономических наук Сауле Рахимова в ходе выступления подчеркнула, что создание, презентация, внедрение и признание инновационных разработок и проектов могут и должны пополнять научный потенциал индустриального Павлодара. Они должны стать развивающей силой в промышленной, экономической и социальной сферах не только нашего города, но и всей республики. Также ею был отмечен тот факт, что Совет молодых ученых – это большая и серьезная поддержка со стороны государства той молоде-

жи, которая вносит научный вклад в развитие и индустриализацию нашей области. Своего рода доказательством слов Сауле Абайбековны стала презентация модульной установки «ТЭКРИ», созданной и внедренной в учебный процесс в Павлодарском колледже № 7. Об уникальности, особенностях в использовании инновационной разработки в учебном процессе рассказала отличник образования РК, мастер производственного обучения высшей категории Павлодарского колледжа № 7 Клавдия Радченко. «Модульная установка «ТЭКРИ» стала для наших студентов хорошим помощником, позволяющим во многом облегчить представление об основных видах производства на предприятии», - отметила К. Радченко. О том, насколько интереснее, продуктивнее и нагляднее стали занятия с использованием модульной установки, рассказал студент 2 кур-

са специальности «Электролизник расплавленных солей» Павлодарского колледжа № 7 Талгат Шаймарданов. Также были продемонстрированы учебные мастерские, которые оснащены новейшими установками, отвечающими в полном объеме требованиям современного производства на заводе. Между АО «Алюминий Казахстана», АО «Казахстанский электролизный завод» и Павлодарским колледжем № 7 существует тесное сотрудничество в области обновления программ профессионального образования, организации и проведения оплачиваемой практики, также ведущие специалисты завода являются председателями ГАК. Такое партнерство в первую очередь подразумевает привлечение квалифицированных кадров не только на заводы, но и для производства по республике в целом. Об этом и рассказал в ходе своего интервью директор Павлодарского коллед-

жа № 7 кандидат химических наук Александр Болдашевский. Также им был отмечен такой немаловажный факт: по окончании колледжа выпускникам предоставляются рабочие места на АО «Алюминий Казахстана» и АО «Казахстанский электролизный завод». Молодежь – носитель огромного интеллектуального потенциала, с молодежью связан прогресс современной науки. Государственная молодежная политика нацелена на развитие научного потенциала нашей страны. Потому Совет молодых ученых, созданный по поручению Главы государства и акима Павлодарской области при Управлении по вопросам молодежной политики Павлодарской области, будет способствовать выявлению талантливой молодежи, созданию базы инновационных идей и проектов. Управление по вопросам молодежной политики

ЖАСОТАН ПАТРИОТИЗМДЫ ҚОЛДАЙДЫ Успен ауданының «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық ішкі саясат бөлімі мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен әскерге дейінгі жастағы жастармен кездесу өткізді. Кездесуге Успен ауданының жастары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты. Кездесу барысында Успен ауданы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Саят Елгонденов жастарға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың дәуірлік сипаттағы жаңа Жолдауынан туындайтын міндеттер, «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі Стратегиясы туралы, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері тоталитарлық секта, діни экстремизмнің зияны, ұлтаралық келісім, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлері қазақстандық патриотизм жайында баяндама жасады. Кездесуге қатысқан жастар аталған бағдарламалық құжаттар мемлекет тарапынан тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті шаралардың барлығын қамтиды. Сондай-ақ, жас азаматтардың әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарастарына, діни ұстанымдарына қарамастан бірдей жағдайлар тудырылып отыр екендігін жеткізді. Успен ауданының «Жас Отан» жастар қанаты

15.02.2013

С УВАЖЕНИЕМ К ВЕТЕРАНАМ В медиацентре Павлодарского государственного университета им. С. Торайгырова прошла встреча между активистами первичной ячейки молодежного крыла «Жас Отан» НДП «Нур Отан» госуниверситета и ветеранами Афганской войны, под названием «Живой микрофон». - Главной целью данного мероприятия является воспитание у молодого поколения патриотических чувств к родной стране, также мы хотели выразить уважение и благодарность ветеранам за их героизм, проявленный на войне. 15 февраля исполняется 24 года со дня окончательного вывода советских войск из Афганистана, и в честь этого события жасотановцы поздравили ветеранов с праздником, - сказал Данияр Айтышев, студент ПГУ, один из организаторов мероприятия. В ходе встречи между активистами и ветеранами состоялся большой и интересный диалог, в рамках которого активисты задавали свои вопросы и поздравляли ветеранов.

Страницу подготовил Ерсаин ЕРТЫСБАЕВ

7


Журналистік зерттеу В свою очередь, на недавней встрече с активом представительной и исполнительной власти Павлодарской области председатель Сената Парламента Республики Казахстан Кайрат Мами отметил: «Павлодар – индустриальный регион не только с большим производственным потенциалом, но и с туристским, нельзя забывать о необходимости развивать туризм». О том же неоднократно заявлял и глава нашего региона Ерлан Арын. Мы, в свою очередь, попытались выявить точки роста для туризма в Павлодарской области и определить, какие шаги будут предприниматься на пути развития туристического кластера нашего региона.

В августе прошлого года на совещании по вопросам развития северных регионов Казахстана Глава государства Н.А. Назарбаев сказал о необходимости развития туризма в Павлодарской области и других северных областях страны. «Туризм – это огромный источник доходов и часть экономики любой страны, - подчеркнул Президент. – Необходимо развивать туристский потенциал Зерендинского, Айыртауского, Баянаульского и других районов северных областей».

ПРОБЛЕМЫ ИНДУСТРИИ Туризм имеет огромное значение для развития региональной экономики. Во многих странах мира сфера туризма стала существенным фактором развития. Туризм рассматривается в качестве катализатора региональной экономики, позволяющего задействовать весь комплекс рекреационных ресурсов и использовать совокупный производственный и социальнокультурный потенциал территории при сохранении экологического и культурного разнообразия. Именно поэтому целесообразность развития туризма в павлодарском регионе не вызывает сомнений. Сегодня в сфере павлодарского туризма существует ряд проблемных вопросов, решение которых позволит создать условия для дальнейшего развития туристического кластера. Основная проблема – состояние объектов туризма, которое, мягко говоря, оставляет желать лучшего. Материальная база ряда гостиниц, пансионатов, домов и баз отдыха, санаторно-курортных учреждений Павлодарской области имеет существенную степень морального и физического износа. Другая причина, отпугивающая казахстанских и иностранных туристов, – невысокий уровень сервиса и труднодоступность исторических мест на территории области. Недостаточность специализированных туристских кадров в обслуживающей сфере – еще одна из основных проблем, препятствующих развитию туризма в павлодарском регионе. Эта проблема касается не только вопроса отсутствия квалифицированного персонала на объектах индустрии павлодарского туризма, но и качества подготовки кадров для туристской отрасли. Для решения этих и множества других проблем в регионе принят и реализуется Стратегический план управления туризма, физической культуры и спорта Павлодарской области на 2011 – 2015 годы. Его параметры направлены на создание высокоэффективной и конкурентоспособной туристской инфраструктуры Павлодарской области Одна из базовых целей Стратегического плана – обеспечение условий для дальнейшего развития туристской индустрии. Здесь предусматривается ряд целевых индикаторов. Так, совокупный доход организаций, предоставляющих услуги в сфере туристской деятельности, в 2015 году должен увеличиться на 15 процентов от уровня 2008 года. Ожидается увеличение объема въездного туризма в 2015 году до 10,7 тыс. человек (в 2008 году – 5,5 тыс. человек), а объем внутреннего туризма в 2015 году составит 220 тыс. человек (2008 год – 100 тыс. человек). Объем туристских услуг к 2015 году возрастет до 182,0 млн. тенге (в 2010 году - 112,8 млн. тенге), количество же объектов придорожной инфраструктуры в Павлодарской области должно возрасти к 2015 году до 157 (в 2010 году – 140). Также рассматривается необходимость увеличения количества новых объектов туристской индустрии за счет привлечения инвесторов. Стратегический план призван значительно повысить качество туристских услуг в Павлодарской области. Для этого предусмотрено несколько путей реализации. Необходимо увеличить количество обучающих семинаров, круглых столов по проблемам формирования и развития туристской отрасли, обеспечить участие представителей области в республиканских, региональных научно-практических конференциях, семинарах и совещаниях по развитию туризма. Другие важные мероприятия – проведение

8

выставки туристских возможностей районов Павлодарской области, а также внедрение узнаваемого туристского логотипа и единого стиля презентационных материалов туристского продукта региона. Для формирования и дальнейшего развития туристского имиджа Павлодарской области необходимо участие представителей региона в международных туристских выставках. НОВЫЙ «БАЯН» Баянаул – туристическая жемчужина Павлодарской области. Именно о развитии туристического кластера Баянаульского района говорил Глава государства на августовском совещании по вопросам развития северных регионов Казахстана. В Программе развития территории Баянаульского района на 2011 – 2015 годы признается, что при наличии благоприятных факторов потенциал туризма, уникальные возможности туристско-рекреационного комплекса Баянаульского района используются не в полной мере. Материальная база средств размещения и другая инфраструктура туризма нуждаются в модернизации и развитии. Въездной и внутренний туризм слабо развит. В соответствии с поручением Главы государства, сегодня в Баянаульском районе проводится большая работа по формированию туристического кластера, управлением туризма, физической культуры и спорта разработан План мероприятий по развитию туристической инфраструктуры Баянаульского района на 2012 – 2015 годы. Цели ставятся самые высокие: Баянаул в скором времени должен стать современным курортом мирового уровня. Для контроля над ходом выполнения плана 8 февраля туристическую базу «Баянаул» на озере Жасыбай с рабочим визитом посетил аким Павлодарской области Ерлан Арын. Здесь состоялось совещание, в ходе которого главе региона были представлены конкретные проекты, направленные на развитие баянаульского туристического кластера. Наиболее важный аспект развития туризма – это укрепление транспортной инфраструктуры туристической зоны Баянаульского района. Планом предусмотрено 8 проектов ремонта и строительства внутренних дорог, причем 2 проекта – среднего ремонта автодорог «Подъезд к с. Торайгыр» и «Подъезд к оз. Жасыбай» – будут реализованы уже в нынешнем году. Также, по словам главы региона, на территории Баянаульского парка необходимо в кратчайшие сроки наладить сотовую связь. Эта задача также будет выполнена в течение нынешнего года. Другой аспект – обновление объектов туризма на территории Баянаульского района и строительство новых объектов. Один проект по строительству уже утвержден: на территории национального парка в скором времени будет возведен современный отель мирового класса. Переход на круглогодичный режим работы объектов туризма положительным образом скажется на доходах организаций. С этой целью, как отметил аким Павлодарской области, намечается постепенный переход 25 – 30 процентов объектов отдыха на круглогодичный режим работы. «В дальнейшем ко всем строящимся на территории национального парка объектам будет единое требование: нужно, чтобы они работали круглогодично», - подчеркнул Ерлан Арын. Строительство двух лыжных баз также призвано в значительной степени способствовать привлечению туристов в Баянаул в зимнее время. План развития туристического кластера Баянаула

предусматривает также ряд проектов, направленных на укрепление духовной культуры Прииртышья: строительство музея и гостиницы на могиле Машхура Жусипа Копеева, установка древних тюркских часов и кургана с «усами» (курган с каменными грядами), реэкспозиция музея-мемориала академика К. Сатпаева, строительство музея природы Баянаульского района. Цель всех этих преобразований – за пять лет в два раза увеличить количество туристов, посещающих Баянаул. «Эту задачу мы обязательно выполним», заверил аким Павлодарской области. ЧУДОДЕЙСТВЕННАЯ ГРЯЗЬ Огромный потенциал у Павлодарской области в плане развития лечебно-оздоровительного туриз-

ма. В первую очередь это касается сферы грязелечения. На территории области расположены озера с уникальными грязями, оказывающими целебное воздействие; некоторые из них давно стали местами паломничества для местных жителей и приезжих гостей. Особую популярность и наиболее развитую инфраструктуру имеют озера Мойылды и Маралды. Свойства и состав грязи и рапы озера Мойылды, что расположено к северо-востоку от Павлодара, до конца не изучены; известно, что в них входят чуть ли не все элементы таблицы Менделеева. Грязь и рапа при лечении дают мощный оздоровительный эффект. Более того, на дне озера имеются еще и залежи голубой косметической глины, оказывающей сильный омолаживающий эффект. Расположенный рядом с озером санаторий «Мойылды» имеет свой источник минеральной воды, используемый для лечения желудочно-кишечных заболеваний, болезней обмена веществ и эндокринной системы, профессиональных отравлений тяжелыми металлами, заболеваний кожи и многих других недугов. Слава об эффективности лечебных грязей санатория распространена далеко за пределами Казахстана: на лечение сюда едут пациенты из России, Белоруссии, Германии, других стран Европы. Не менее эффективен состав грязей озера Маралды. Однако этими озерами не стоит ограничиваться, ведь Павлодарская область известна наличием большого количества зон, которые – и опыт санатория «Мойылды» это доказывает – могли бы в будущем стать международными грязелечебными курортами. Строительство санаториев и укрепление материально-технической базы в таких зонах, несомненно, способствовали бы развитию лечебно-оздоровительного туризма в Павлодарской области. ЛЕС – В ЗОНЕ ОСОБОГО ВНИМАНИЯ Одной из главных достопримечательностей Павлодарского Прииртышья является Чалдайский ленточный бор, который входит в действующий с 2003 года государственный лесной природный резерват «Ертіс орманы». Данный резерват является особо охраняемой природной территорией со статусом природоохранного и научного учреждения. И это неспроста, ведь над одним из главных богатств степного края, местом с уникальным туристическим потенциалом в последние десятилетия нависла серьезная угроза, виной чему – пожары и незаконные вырубки. Сегодня сохранить Чалдайский лес, растущий на территории Павлодарского Прииртышья со времен ледникового периода, – святая обязанность жителей области. И отрадно, что в результате целенаправленной деятельности работников резервата «Ертіс орманы» ежегодно сокращается количество фактов незаконной вырубки деревьев. Также планом управления «Ертіс орманы» предусматривается за 25 лет восстановить сгоревшие леса на площади 50 703 га путем ежегодной посадки сосновых лесных культур на площади 2 028 га. До недавних времен здесь имелись серьезные проблемы: два лесных питомника не способны были обеспечить необходимое количество сеянцев. Однако в прошлом году на территории Павлодарской области при поддержке Всемирного банка был открыт новый питомник стоимостью 135 млн тенге. В скором времени в новом и старом питомниках посеют саженцы на площади 12 гектаров. Они будут выращиваться с применением новейшей системы капельного орошения, что значительно повысит качество роста саженцев сосны.

15.02.2013


Тұлға

ҚОШКЕ ЕСІМІ НЕГЕ ЕЛЕНБЕЙ ҚАЛДЫ

қас қылмауға уәделесіпті. Кейін атыс болғанда Жуантаяқ Төбет дейтін батыр Кенесарының қолының бір батырын қуып, найзаламақшы болған екен, соны Құнанбай қуып жүріп сабап, боқтапты», – деп тағы бір қырынан жазады. Бұл жерден біз Құнекеңнің орыс отаршыларына жаны қас болып, ұлт азаттық көтеріліс басшысы Кенесарыны іштей қолдағанын көреміз. *** Шөбересі Ахат Құдайбердіұлы: «Әкесі молдадан оқытып, Құнанбай шала хат танып қалса да, әкесі Өскенбайға келген хаттарды бір-біріне салыстырып, өз талабымен хаты толық танып, түрікше жазылған кітаптарды еркін оқи алатын болды. Қазақ балаларының, сахара жұртының сауатты, көзі ашық болуын көздеген Құнанбай өзінің күзегінен алғаш рет ұста жалдап, там салдырып, мұсылманша мектеп ашады. Жылына Түркістанға бір мәрте керуен жіберіп, түрік тіліндегі шығыс әдебиеті жұлдыздарының кітабын тең-тең етіп алғызып, шәкірттерге таратып беріп отырған. Қағаз-қаламды да өз қаражатымен алғызған... Сол мектептің орны – «Ескі там» әлі бар», – деп жазыпты.

Азаттықтың ақ таңы жарқырап атқан алғашқы жылдары алаш арыстарының есімдері ақталып, ортамызға қайта оралған тұста төбеміз көкке жеткені белгілі. Қазақ зиялыларының өнегелі ісін жас ұрпақ біліп өссін деген ниетпен халық олардың есімін жер-су, елді мекендерге берді.

*** Шәкәрім: «Омбыдағы орыс ұлығының назарына ерте ілігіп, жұртқа жаққан қызметі үшін әуелі старшын, сосын аға сұлтан шенін алған. Құнанбай қашан Меккеге қажылық сапарға барғанша ел адамдары «мырза» деп атап кеткен. Ел аузында бұл кісінің діндарлығы мен ел билеу жөніндегі ірілік, мықтылығы, алысты болжағыш ақылдылығы көп айтылады. Одан соң мінезінің суықтық, қаттылығы, сонымен бірге мырзалығы жайынан көп кездеседі. Намаз оқушы кедейлерге ат беру, киім беру сияқты әдеттері көп болса керек...», – деп жазады. Ел аузында бір сөз бар: бірде Абай өз шығарған сөздеріне мастанып: – Әке! Мен сенен асып тудым, – десе керек. Сонда Құнекең: – Менен асып туамын десең, алдымен маған ұқсап өзіңнен асырып ұл туғызып ал, – деген-мыс. *** Бірде Жамбыл (Жабаев) атамыздан жазушылардың бірі сұрапты: – Сіз қазақтың арғы-бергі тарихында ең мықтысы, бірегейі деп кімді атар едіңіз? Жәкең біраз ойланып: – Құнанбайдан артығы болмас, –депті. – Қалайша?! – деп таң қалыпты жазушылар – Абайды қайда қоясыз? – Е, Құнанбай сияқты әкеден Абай туады да, – депті Жәкең. Кейінірек жаңағы жазушы сауалды Мұхаңа (Әуезов) да қояды. Мұхаң іркілмей: – Абай, – деп жауап беріпті. – Жоқ, Мұха, олай емес екен. Жәкең басқаша жауап берді. – Пәлі! Не депті сонда? – «Құнанбай» депті. Мұхаң үндемей ойланып қалыпты, содан соң: – Иә, Жәкең тегін қария емес екен... – депті. *** Арғын Тобықтының атақты биі Ырғызбайдың Өскенбайының жалғыз ұлы Құнанбай (1804-1885) бала кезінен айтқанынан қайтпайтын, өжет, бірбеткей, тікмінез болып өседі. Бойы ортадан биік, қол-аяғы сырықтай, маңдайы кереқарыс, жүзі нұрлы, ажарлы кісі болған көрінеді. Кезінде жаугершілік ұрыста оң көзінен айырылады. Жалғыз көзімен шаншылып қараған кезде кісінің дәті шыдамай, бұрылып кетеді екен. «Абай жолындағы» орта жастағы Құнанбайдың сырт бейнесі осындай болып елестетіледі. *** Құнанбайдың анасы Зере айтыпты: «Түсімде пірім Өскенбай кең алаша үстінде малдас құрып, алып алтын сақаны иіріп отыр екен. Алтын сақа-ғайыптағы аңның құлжасынан алынған білем. Алашаның үстіне тәйкесінен түскен сайын маңайына жарық сәуле шашатын көрінеді. Жорыған кісілер: бойыңа біткен – қошқардай ұл, сол ұл есейе келе елді соңына ілестіреді депті». Сонда туған ұл-атақты Құнекең екен. Сол Зере анамыз бертін келе әңгімелесіп отырады екен: «мен Құнашты бір күн дәретсіз емізіп көргем жоқ және омырауымды тазалап жумай, «бисмилла» деп айтпай емізген мезгілім болған емес», – депті. *** ХІХ ғасырда поляк саяхатшысы А.Янушкевич: «Құнанбай би... Барақ сұлтаннан аз-ақ үлкен, бұл да – қыр еліне әйгілі адам. Қарапайым қазақтың баласы, жаратылысынан ақыл дарыған, зерек, қара сөзге шешен, ойлы, тыңғылықты кісі, халқының қамын ойлайтын, қыр елінің әдет-ғұрып заңына және шариғат жолына жүйрік, орыс елінің қырғыздар (қазақтар) туралы заң ережелерін де жақсы біледі, параға сатылмайтын әділ би, үлгілі мұсылман, қарадан шыққан Құнанбайды жұрт пайғамбардай көреді», – деп жазған. *** Шәкәрім жазыпты: «Қажы марқұмның (Құнанбайдың) алдына келген қазақ намаз оқымай жүрген болса, намаз оқушы еді, «насыбай харам» деп бір молла айтқан соң, «насыбай атқандардың мұрнына тотияйын құямын» деп насыбайшыларды да тиып еді. Бұрын зекет бермейтұғын қазаққа зекет бергізген де сол кісі еді. Осы күнгі Қарқаралыдағы мешіт сол кісінің салғызған құдайы қылған мешіті еді». Ендеше шариғатта көрсеткен харамдардан тиып, халқын намазға жығылуға үйретіп, ең алғаш Алла Тағаланың 5 парызының бірі болған зекеттің орындалуына назар аударып, құдайға құлшылық жасайтын орын – мешітті де Арқа өңіріне алғаш салдырған Құнанбай десек қателесе қоймаспыз. *** Әйгілі Біржан мен Сара айтысында ақын Әріп (Тәңірбергенұлы) «Құтыма тіл тигізбе, ер Құнанбай: алашқа шыққан даңқы кер бұландай» деп ұлы додада дәріптейді. *** М.Әуезов Құнанбай туралы: «Қолға найза ұстап, астына жүйрік ат мініп, өз малын өзі бағып, жауға шапқыш, жау түсіргіш жігіт болған... Құнанбай қолмен келе жатқан қазақты жиып алып, Құрқұдықтың ішінде кеңесіп, Кенесарыны ұстамауға,

15.02.2013

*** Абай атамыз арқа сүйер білімді ұлы Әбіш өлгенде: «Арғы атасы қажы еді, Бейіштен татқан шәрбетті. Жарықтықтың өнері айтуға тілді тербетті. Адалдық, ақыл жасынан, қозғапты, тыныштық бермепті. Мал түгіл жанға мырза еді, әр қиынға сермепті. Мұңды, шерлі, жоқ-жітік, аңсап алдын кернепті. Бәрінің көңілін тындырып, біреуін ала көрмепті. Әділ, мырза, ер болып, әлемге жайған өрнекті. Тәубесін еске түсіріп, тентекті тиып жерлепті. Қазақтың ұлы қамалап, іздеген жүзін көрмекті. Ақылынан ап қайтқан, өлгенше болар ермекті. Ол сыпатты қазақтан дүниеге ешкім келмепті. Өлмейтін атақ қалдырып, дүниеге көңілін бөлмепті. Жарлығына Алланың ерте ойлаған көнбек-ті», – деп әкесі Құнанбайдың ұлағатты істерін, өнегесін тебірене еске алады да: «Олар да тірі қалған жоқ, тірлік арты өлмек-ті.Оны да алды бұл өлім, сабырлық қылсақ керек-ті», – деп өзіне жұбату айтады. *** Құнанбай бірде Шорманның Мұсасына: «Пұт болдым деп мақтанба, пұттан да ауыр батпан бар. Биікпін деп мақтанба, асқар-асқар таулар бар, ар жағында аспан бар. Басыма бақыт қонды деп, тосылмаймын енді деп, алдаушы жалған дүниеге ғапыл болып азбаңдар. Қарсы келген дұшпанның, басы келіп иілсе, оған да қыл бостандық, аяққа салып баспаңдар», – деп тәкаппарлығын басыпты дейді. Енді бірде басына іс түсіп Сібірге айдалып келген керей Бейсеке деген кісіге: «Жаңылмас, қате баспас хан бола ма? Тапжылмас, табан таймас жан бола ма? Бәйгеге күнде қоссақ алдын бермес, тұлпарда арықтаса сән бола ма? Шықпайды жан кесімді қаза келмей, асыл ерлер өтті ме, наза көрмей? Ел үшін еңбек етіп азап тартқан, мақшарда бейішке енер жаза көрмей», – деп жігерлендірген екен. *** Ел аузында Құнекең айтты деген сөз біршама көп. Соның бірі: «Бақ тайса ажарыңа қарамайды. Біреуді біреу сырттай табалайды. Басына қарапайым бір іс түссе, қылды деп білместікпен шамалайды, «адамның басы – Алланың добы» деген, дәм тартса әр тарапқа домалайды». *** Құнанбай жер ортаға келіп ел билігінен бірте-бірте суынып, бұл дүние қызығынан о дүние қызығына ойша ойысып, тақуалыққа бет бұрғаны мәлім. Сол кезде Түркістандағы әйгілі Қарнақ медресесіне арнайы адам жіберіп, осы медресенің түлегі әрі көкірегі ояу, қажырлы Бердіқожаға пейілі түсіп, кейінше араларынан қыл өтпейтін дос болады, үйелменімен жанына көшіріп алады. Құнанбай қалыптастырған ортадан оның белінен өрбіген Абай мен Шәкәрім, сонымен қатар Бердіқожаның шөбересі әлем таныған жазушы Мұхтар Омарханұлы да дүниеге келіпті. М.Әуезовты «Абайдың баласы екен» дейтіндер де бар. Әрине, Ол (Әуезов) – Абайдың рухани баласы. «Алыпты алып ғана арқалай алады». Алаш қайраткерлерінің аманатын ақтаған Әуезов Абайды әлем көгіне арқалап шығарды. Абайды әлемге мойындатуы арқылы қазақ деген халықты дүниеге паш етті. Сол арқылы өзінің де ұлылығын көрсете білді. Иә, қазақ халқының бетке ұстар осы үш алыбы «жұрты пайғамбардай жақсы көретін Құнанбайдың» (Янушкевич) ауылында туып, қазақ деген ұлттың ұлылығын әлемге мойындатты. *** Абай 39 жасында өзінің әйгілі 37-қара сөзіндегі мына жолдарды әкесінің басына тәжім етіп шығарған деген жорамал бар: «Дүние – үлкен көл, замана – соққан жел. Алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер. Кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер». *** Айтпақшы, 1992 жылы 8 желтоқсанда Елбасы Н.Назарбаевтың араб елдерін аралап қайтқан сапары бойынша республикалық теледидардан сұқбат берілді. Сонда бір көрермен: «Меккедегі Құнанбайдың үйін көрдіңіз бе?», – деп сауал қойғанда Елбасы: «Көрдім, сол тарихи такия-жайды жөндеп, қалпына келтіруді ойластырған жөн», – депті. Демек, Сириядағы Әл-Фараби, Мысырдағы Бейбарыс зираттарына жөндеу жүргізіп, ата-бабалар аруағын ұлықтаған біздің Үкіметтің Меккедегі екі ғасыр бұрын Құнекеңнің қазақтарға арнап салдырған қонақ үйіне де назар аударатын мезгілі жеткен болар! Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Мәселен, Баянауыл ауданында ондаған ауыл ұлы перзенттердің есімімен аталды. Сол атауларды беру сәтінде халықтың жаппай қуанып, дүркіретіп той тойлағаны әлі күнге есімізде. Алаш ардақтылары ортамызға тіріліп келгендей күй кештік. Бір әттегенайы, сол азаматтардың арасында Қошке Кемеңгерұлының есімі еленбей қала берді. Бүгінде біздің облыста оның атымен аталған елді мекен тұрмақ, үлкен қалаларда шағын көше де жоқ. Ж.Шанин, Ж.Аймауытов сынды ұлылар есімдерінің өзі Павлодар қаласындағы шет жатқан, он шақты үйден тұратын көше қалтарыстарына берілгені де көңілге кірбің ұялатады. Алаш қайраткері, ғалым, драматург, педагог, жазушы Қошке Кемеңгерұлының есімін кез келген қазақ баласы біледі. Өз заманында сонысымен қатар, журналист, дәрігер, аудармашы, тарихшы, тіл маманы болған арда азамат қуғынсүргін құрбанына айналғанымен, артында қалған мұрасы өлген жоқ. Қошке Кемеңгерұлының тағдырталайы зиялыларымыздың жарқын ғұмырымен қат-қабат байланысып жатыр. Ұлт зиялысы Ресейдің Омбы өңірінде дүниеге келгенімен, ата-бабасы Баянауыл өлкесін мекен еткен еді. Сондықтан, оның ғұмыры Кереку-Баян өңірімен тығыз байланыста өтті. Өмірін қазақ халқының өз алдына ел болып шығу мұратына сарп етіп, қаншама арпалыс жылдарды басынан өткерсе де, ол сол кездегі қазақ әдебиеті мен журналистикасының, ғылымының дамуына еңбек сіңірмей қалған жоқ. 1915 жылы Омбыда құрылған «Бірлік» атты қазақ жастары ұйымына мүше болу Қошке үшін қайраткерлік өмірдің бастауына айналғандығы айқын. 1916-1918 жылдары шыққан «Балапан» атты қолжазба журналына Қ.Кемеңгерұлының редакторлық жасағандығы да оның қаламгерлік қарымына серпін берді. Кейіннен қалап алған мамандығы дәрігер болғандықтан, талайларға шарапаты тиеді. Тіпті, елге танымал ақын Иса Байзақұлының ауруға шалдыққан бас құйқасын жазғанын да көнекөз қариялардан естігенім бар. Сан қырлы дарын иесінің қазақ тарихының зерттелуіне қосқан үлесі де зор. Оның «Қазақ тарихынан» деп аталатын еңбегі сол кезеңдегі отандық ғылымда тың қадам болып саналды. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Тарихтың дәл суреттерімен толығырақ танысамын деген кісі болса, қазақ тілінде шыққан Халел Досмұхамедұлының «Исатай - Махамбет» жырының басына жазған баяншысы мен Қошмұхамбет Кемеңгерұлының «Қазақ тарихынан» деген еңбектерін қарап өтсін дейміз», – деп бағалаған екен. Жұрты үшін осындай ауқымды істерді атқарған зиялы тұлғаның есімі бүгінде Баянауыл ауданындағы бір ғана мектепке берілген. Одан басқа Қошке атымен аталатын мекемені не көшені өңірден іздеп таппайсыз. Елді тыңдата алатын ағаларымыз осы кемшілікті ескеріп, Қ.Кемеңгерұлының есімін облыс орталығындағы көшелердің біріне берсе дейміз. Артында қалған жұрағаты да, жергілікті халық та бұл ұсынысты қолдайды деген сенім мол. Мұрат АЯҒАНОВ

9


Өнер өңірі Бүгінгі таңда халық назары қазақ сатирасына жаңа леп әкелген өнер ордасы – «Астана қаласының көңілді тапқырлар театрына» ерекше. Көпшілік арасында «Базар жоқ» деп аталып кеткен бұл ұжымның құрылғанына екі жылдан астам уақыт өтсе де, ел аралап концерт қойып, республикалық сахналарда жылына ең көп өнер көрсететін театр ретінде де етене таныс. Бүгінгі қонағымыз – аталмыш театрдың директоры, белгілі сықақшы Тұрсынбек Қабатов.

– Сіз басқарып отырған театрға жастар КВН-нан өсіп-өніп жиналып жатыр. Оларға қандай талаптар қоясыз? – Халық жинап, кастинг өткізбейміз. Театр құрылған уақытта құрамында жеті жігіт болды. Бүгінде жиырмадан астам таланттылар өнер көрсетуде. Жұмысты бастаған кезде әзіл саласында жүрген көңілді әрі тапқырларды шақырдым. Кейіннен «мені алыңыздаршы» деп хабарласқан жігіттердің арасынан таңдаулыларын қатарымызға қостық. – «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді. Өнерге баулып жүрген ізбасарларыңыз бар ма?

– Қазақ халқы өнерге кенде емес. Кішкентай кезінен бастап өзін жан-жақты қырынан көрсетіп жатады. Сол секілді әзіл-қалжыңға, актерлікке жақын балалар бар. Оларды өнерге баулып, білгенімізді үйретіп жүрміз. Шәкірттеріміз үшінші, төртінші сыныпта оқиды. Алдағы уақытта осы өнерпаз балалармен бірігіп концерт берсек деген ой бар.

санды, шынайы дегендей. Біз көбінесе өмірде болған, орын алған шынайы жағдайды сахналаймыз. Күйбең тіршілікпен «өмірдің өзі юмор» екенін ұмытып кетіп жатамыз. Сондықтан халық тірлігін алдына ұсынамыз. Салт-дәстүрге, әдетғұрыпқа қатысты да көп жағдай бар. Осының барлығын шынайы, жүрекпен ойнаймыз. Сыры осында болар.

– Концерт беретін театрлардың көшін бастап тұрсыздар. Әрқашан зал лық толы, көрермен көңілі көтеріңкі болады. Мұның сыры неде? – Әзілдің түрлері көп. Фантастикалық, жа-

– Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдарында театрға қатысты сын пікірлер де кездеседі... – Әрине, онсыз болмайды ғой. Егер біреу сен жайлы айтса, демек сені назарға алғаны деген ұғым бар емес пе? Бұл бір жағынан жақсы да. Әйтсе де, егер айтар ой-пікірлерін өзіме тікелей айтса құп болар еді. Сыртымнан айтқаны ерсілеу. Бізде күндестік деген дүние бар. Біреу алға қарай адымдаса, бір қадам артқа тартады. Орынды болса игі ғой. Жақсы пікірлер де бар. Жақында белгілі сатирик ағамыз Мұхтар Шерім: «Концертті көрдік, жарайсыңдар, өнерлерің өрге жүзсін», -деп хабарласып, тілегін білдіріп жатыр. Бұл - біз үшін үлкен қуаныш. – Сонымен қатар, «Базар жоқ» деген атауға қарсы адамдар да бар. – «Базар жоқ» – жаргон емес! Әр адам бұл тіркесті әрқалай түсінетін секілді. Біз бұл тіркесті тамаша, керемет деген ұғыммен байланыстырамыз. Бұрын тамаша деп жатса, қазіргі жастар «базар жоқ» дейді. Бұл атаудың пайда болу тарихы да қызық. 2009 жылы Алматы қаласында алғашқы концертімді бермек болдым. Республика сарайын жалға алайын десем, дүйсенбі күні ғана бос екен. Қасымдағы адамдар «қорықпа, халық келеді, дүйсенбі күні базар жоқ, жұмыс істемейді» деп сендірді. Осы сөз жадымда сақталды да концертті «Базар жоқ» деп атадық. Бұл тек концерттің аты, театрдың ресми атауы емес. Халық есінде осылай қалған соң, ел арасында «базар жоқ» атанып кеттік. Көпшілігі осы сөзге қатысты сыни ойларын айтып жатады. Жаргон, өзге тілдің сөзі деп. Бірақ, «Мафия мен тақия» да, «МузАрт» та қазақтың сөзі емес қой. – Сахнада өнер көрсеткенде, «Саз әлемі» бағдарламасын жүргізген уақытта «аха» сөзін жиі қолданасыз. Байқап отырғаным, сұхбат барысында бірде бір рет айтпадыңыз. Сонда бұл сөз сахналық фишкаңыз ба? – Соңғы концертте «аха» деп мүлде айтқан емеспін. Әр сөздің өзіндік қолданылуы бар. Мұны да «фишка» деп атауға болар. Кезінде Асылбек Боранбаев ағамыз «иә, иә» деген сөзді жиі қолданатын. Халық арасында есте сақталып қалудың бір әдісі ғой. – Болашақта стильді өзгерту ойда бар ма? – Біз монолог ретінде өнер көрсетеміз. Өзіңіз атап өткендей, көрермендеріміз баршылық. Демек, ұстанған бағытымыз дұрыс. Сондықтан да үлкен жаңалық бола қоймас. – Алға қойған қандай жоспарлар бар? – Ойлар көп қой. Жаңа ғимаратта жұмыс істесек жақсы болар еді. Ең бастысы, театр ұжымын екі аудиторияға лайықтасақ па дейміз. Алдыңғы буын өкілдеріне жеке, жастарға жеке. – Отбасыңыз жайлы айта отырсаңыз... – Үйленгенмін, үш қызымның әкесімін. Әдемі, Айару, Айым есімді қыздарым бар.

10

– Әңгімеңізге рахмет!

15.02.2013 15.02.2013


Еңбек - адамның мәртебесі Азат Сатыбалдин Павлодар мұнай-химия зауытында қызмет атқарады. Жас болса да табысты еңбек етіп келе жатыр. Оның бір айғағы – «Кәсібінің үздік маманы» номинациясымен марапатталуы.

Мектеп қабырғасында білім алып жүрген кездеақ Азат химия пәніне ерекше қызығушылық танытып, болашақ мамандығын осы сабақпен байланыстырады. Сөйтіп, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Химия» бакалавры бойынша тәмамдайды. Одан соң білімін магистратурада жалғастырып, химия ғылымының магистрі атанды. - Еңбек жолымды ғылыммен байланыстырамын деп ойлайтынмын, - дейді Азат. Кейін зауытта жұмыс істеуді шештім. Осылайша Павлодар мұнай-химия зауытының қызметкерлері санатына қосылдым. Жоғары разряд бесінші болып саналатын қызметтің 4 разрядты химиялық талдама лаборантымын. Үш жылдық еңбек өтілім бар. Өндіріс саласы жылдан жылға артып, жаңа инновациялар, технологиялар қолданылып келеді. Мұндай заманауи процесстерге жоғары стандарттарға сай білім алған маман аса қажет. Әрі құрал-жабдықтар шетелден әкелінетіндіктен, оның «тілін» білетін қызметкерлерге сұраныс жоғары. Осындай талаптарға сай Азат химиялық талдама лаборантының жұмыс барысымен таныстырды.

ЛАБОРАНТТЫҢ БІР КҮНІ

- Химиялық талдама лаборанты экологиялық мәселелерді қарастырады. Зауыт аймағындағы топырақтың, судың, ауаның химиялық құрамын анықтайды. Біздің экологиялық лаборотория екіге бөлінеді: бірі – суды зерттесе, екіншісі ауаның құрамын анықтаумен айналысады. Мен көп жағдайда ауаны талдадым. Жұмыс күні өрт қауіпсіздігі құралдарын тексерумен, зауыттың арнайы киімін киюден басталады. Формасыз зауыт аймағында жүріп-тұруға тыйым салынған. Одан кейін метеофакторларды тексеріп, желдің қай бағытта соғып тұрғанын анықтаймын. Соғу бағыты бойынша ауа құрамын тексеруге кірісемін. Ауаны жинайтын арнайы құрылғы көмегімен оны құралға жинап, зертханаға әкелемін. Химиялық заттарды сіңіретін арнайы ерітінді бар. Ол арқылы жиналған ауаның құрамы анықталады. Оның компоненттері – фенол, күкіртсутегі және көмірсутегі. Олар нормаға сәйкес белгілі бір мөлшерде болуы керек. Мәселен, күкіртсутек көлемі зауыт аймағында 3 мл/м3-тан, ал сыртында 0,0006 мл/м3-тан аспа-

15.02.2013

уы тиіс. Ал егер көрсеткіш бұл нормадан асып жатса, қоршаған ортаны қорғау бөліміне хабарлаймыз, олар тиісті шараларды қолданады. Сонымен қатар, біз тек өндіріс орны аймағындағы ауаны ғана емес, жұмыскерлердің қызмет орындарындағы ауа құрамын да қадағалаймыз. Ауадағы ауыр металл, оксидтер концентрациясын анықтаймыз.

ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАНДАРДАН ҮЙРЕНГЕНІМ КӨП

- Студенттік кезімде мен ешбір өндіріс орнының жұмысымен таныспаппын. Сондықтан болар, ПМХЗ келгенде мен үшін қондырғылармен жұмыс жасау, түрлі сараптамалар жүргізу қызық болды әрі құлшынысымды оятты. Осы ретте жұмыс орнында екінші рет студент болдым. Себебі, жоғары оқу орнында алған білімнің жөні бір бөлек, тәжірибенің жөні бір бөлек. Осында мен алдыңғы буыннан көпті үйрендім. Зауыт ашылғалы қызмет істеп жатқан білікті мамандар бар, олар көп көмек берді. Атап айтқанда, лаборант Светлана Ивановна Полякова, инженерлер Рима Леонидовна Ковальниц және Наталья Сергеевна Филиповаларға алғысымды білдіремін. «Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы» дегендей, білмегенімді толықтырып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

ЖЕҢІСІМЕ СЕНБЕДІМ

- Зауытта «Жас мамандар» кеңесі қызмет етеді. Олар «Кәсібінің үздік маманы» байқауы туралы хабарландыру таратты. Мұны естіген соң, бағымды сынап көрейін деп, қатысуға ниет білдірдім. Қызығушылық пайда болды. Ал нәтижесінде жеңімпаз атанғанымды білген сәтте қуандым, бірақ шыны керек, жеңісіме сенбедім, осындай қорытындыны күтпеген едім. Еңбегімнің бағаланғанына риза болдым. «Еңбек етсең емерсің» деп тегін айтылмаса керек. Бұл сайыстан соң басшылықтың назарына ілігіп, бөлім бастықтары басқа қызметке ауысуға ұсыныс жасады. Сөйтіп, лауазымым жоғарылап, қазір техникалық бөлімде инженер-технолог болып еңбек етемін. Бұл қызмет пен лаборант жұмысының ерекшелігі - алғашқысы зауыттағы барлық қондырғының жұмыс істеу технологиясын қадағаласа, екіншісі бірнеше құралдар

көмегімен ғана байланысты. Технолог жұмысы маған қиынға соққан жоқ, себебі мен химиялық талдамалар жасау арқылы қандай қондырғы қандай өнім шығаратынын, одан қандай заттар бөлінетінін жетік меңгерген болатынмын. Қазіргі қызметіме сәйкес, мен технологияның жүру процесіне жауаптымын. Соңғы өнімнің сапасы осыған тікелей байланысты. Егер технология дұрыс жүргізілмесе, бензин, дизельдік отын және тағы да басқа өнімдер сапасыз болады. Сондықтан артылар жүк ауыр.

МАМАНДАРҒА ЗОР КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ

Павлодар мұнай-химия зауытының басшылығы қызметкерлерге, әсіресе жастарға көп көңіл бөледі. Үнемі әлеуметтік жағдайымызды сұрап, қажет болған жағдайда қол ұшын беруге дайын. Жақында көп пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін әріптестеріме табыс етті. Отбасын құруды қаласаң да зауыт басшылығы қаржылай көмек көрсетеді. Өндіріс басшыларының жасап отырған үлкен мүмкіндіктерінің бірі – Mini MBA бағдарламасы. Бұл білімді, білікті арттыруға қажет Халықаралық бизнес академиясының қысқартылған оқу бағдарламасы. Инженертехнолог қызметіне ауысқаннан соң осы оқуға кірістім. Бізге шетелдік мамандар келіп, дәрістер оқиды, семинарлар жүргізеді, өзара тәжірибе алмасамыз. Бизнес процесстердің жүргізілуі, басшылық шешімдерді қабылдау, бухгалтерлік есеп және аудит салалары бойынша сабақтар жүргізіледі. Соңғы оқуларды Латвиядан келген маман өткізді. Және бұл оқулардың қаражатын өндіріс орны толықтай өз мойнына алып отыр. Ал біз мұндай керемет мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысамыз.

СПОРТТЫ СЕРІК ЕТІП...

- ПМХЗ спортты дамыту да жақсы жолға қойылған. Түрлі спорт түрлерінен сайыстар жүйелі түрде ұйымдастырылады. Мысалы, волейбол, баскетбол, шаңғы және т.б. Олардың тұрақты қатысушысымын. Мұндай спорттық додалар тек денсаулықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттаумен ғана емес, әріптестердің тығыз қарым-қатынас орнатуымен де құнды.

11


Қалың қалай, студент?

Қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты жастардың пікірі, көпшілікті қызықтыратын сауалдарға жастардың жауабы – «3 сауал» айдарында. 1. Еліміздің патриоты қандай болуы керек? 2. ҚР Әнұранының мәтінін жатқа білесіз бе? 3. Жастардың басты проблемасы қандай деп ойлайсыз? Асан МӘДЕНИЕТ, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті: 1. Отан үшін жанын аямайтын, мемлекеттік тілді еркін білетін, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды қадірлейтін азаматты патриот деп білемін. Патриот болу үшін көп нәрсе қажет емес сияқты, бірақ отансүйгіштік қасиеті биік тұратын жастар жетерлік деп айта алмаймын. Мұның барлығы тәрбиеге тікелей байланысты. Ертеде ата-бабаларымыз арасында патриоттық саясат жүргізілмесе де олар өз халқын білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, сүйе білді. Ал біздің қатарластарымыздың басым бөлігі өзге елді өз елінен биік қояды. Бұл ұлттық сана-сезімнің құлдырауына әкелуі мүмкін. Сондықтан барлығын да отбасынан, тәрбиеден бастау керек менің ойымша. 2. Әрине, жатқа білемін. Кез келген уақытта жаңылмай айтып беруге дайынмын. 3. Жастардың басты проблемасы – жатақхана, шәкіртақының аз болуы, жұмыссыздық деп жатады. Бірақ, менің ойымша, басты түйткіл – олардың рухани азуы. Бастысы осы. Сәуле ЖАМАЛОВА, Инновациялық Еуразия университетінің студенті: 1. Патриоттық – Отанын сүю, ал Отанын сүю – тек өзі үшін ғана емес, туған-туыстары, достары, жалпы барша халық үшін игілікті іс жасап, олардың қуаныштарына қуанатын, қайғысына ортақтасатын адамның бойында болатын қасиет. Мен өзімді елімнің патриоты деп санаймын. Өйткені Қазақстанның мәртебесін көтеру үшін барлығын жасауға дайынмын. 2. Әнұранның мәтінін білемін, алайда кей кездері ескі нұсқасын айтып қаламын. Санада алғаш рет жатталып қалған сол нұсқа болғандықтан бәлкім. 3. Жастарды студент кезінде қаражат, жатын орын мәселесі толғандырады. Ал қолға диплом алған соң жұмыстың табылмауы мазалайды. Еркебұлан ҚАЙЫРОВ, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенті: 1. Патриотизм – елге деген сүйіспеншілік, саяси және адами құндылық принципі. Оның астарында Отанның жетістіктеріне деген мақтаныш, мәдени құндылықтарды сақтау, елдің дамуына үлес қосу сынды ұғымдар жатыр. Және, менің ойымша, патриоттық сана-сезім мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттік тілді құрметтеуден басталады. 2. Әнұранның мәтін жатқа білмеу – әр азаматқа сын деп ойлаймын. Әр адам оның сөзін білуге міндетті. Жақында теледидардан осы тақырып жайлы сауалнамаға көзім түсті. Сонда қариялар «біз зейнеткерміз, сондықтан Әнұран мәтінін білмейміз» деп ақталды. Елдігіміздің нышаны саналатын мәтінді еліміздің кез келген азаматы түнгі ұйқысынан оятып сұраса да жатқа айтуға тиіс деп санаймын. Бұл ретте алдыңғы толқын аға-апалардың бұл сөзі ешқандай қисынға келмейді. Сондықтан тек жастарды ғана емес, егде жастағы тұрғындарды да патриоттық сезімге баулу керек. 3. Менің ойымша, проблемаларды айта берсе, тізімі таусылмайды. Әр жастың өзекті мәселесі әр түрлі. Біреу ай сайын пәтерден пәтерге көшіп, жалға ақша таба алмай жүрсе, басқасы жауапсыз махаббаттан азап шегіп жүр. Сол себепті ортақ бір проблема бар деп айта алмаймын.

Сұрақ: Мен биыл жоғары оқу орнын тәмамдаймын. 4 жыл бойы жақсы және үздік бағаларға оқыдым. Көкейімдегі сауал - «Үздік диплом» алу үшін түлекке қойылар талаптар қандай? Нұрсұлу ИСАБЕКОВА, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті: Жауап: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «20» сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесінің» 3-бөлімі Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру туралы 65 тармағында төмендегідей жазылған: «Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А-, В-, В, В+ деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) «А», «А-» деген бағаға тапсырған бакалавриат және арнайы жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыған білім алушыға, барлық оқу кезенде қайта тапсырылған емтихандар болмағанда үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі».

12

Жастар қоғамның төрттен бір бөлігі десек, олардың басым бөлігін студенттер құрайды. Елімізде жоғары оқу ордалары мен колледждерде білім алушылар саны 600 мыңнан астам екен. Біз осы студенттер жайлы көп айтамыз, жазамыз, бірақ «студент» сөзінің түпкі мағынасын, олардың қызық пен шыжыққа толы өмір сәттерін біле бермейміз. Жоғары оқу орындары пайда бола бастаған кезде аталмыш білім ордасында тәлім алушыларды «школяр» деп атайтын. Кейін жоғары оқу орнындағы жастардың ұмтылушы, қызығушы екендіктерін байқап, студент, яғни білімге құштар, талпынушылар деген атау берді. Сонымен қатар, кейбір деректерде университеттер құрылғанда «студия» деп аталып, студент деген сөздің шығу тегі осы сөзге тікелей байланысты деп жазылған. Ал факультет – қабілеттілік, декан – ондық, ректор – басқарушы деген мағынаны білдіреді екен. Мектеп өмірімен қош айтысқан әр түлектің мақсаты айқын – студент атану. Ол тек белгілі бір мамандықты таңдауымен ғана емес, қызыққа толы күндер, ұйқысыз түндерімен де тартады. Әрине, бірінші курста «оқысам, білсем» екен деп талпына келеді жастар. Алайда екінші курста бұл ұмтылыс азайып, «қыдырсам, сабаққа бармай, ұйықтасам» дегенге ауысады. Үшінші курсқа аяқ басқанда «жұмыс істесем, ақша тапсам» дейтін студенттер соңғы жылда «биыл оқуды аяқтаймыз ғой, диплом алсақ болды» деген бейбастылыққа салынады. Осылайша студенттік шақ та зулап өте шығады. Ал қолға диплом алып, жұмысқа орналасқан соң (бірден орналасса әрине) «қайран, сол кездер! Төрт жылда ананы істеп алу керек еді, мына қызықтан құр қалдым» деген ойлар мазалайды, бірақ уақыт қайта келмейді.

100 ҚОЙЫҢЫЗШЫ...

Бүгінде университеттер кредиттік жүйе арқылы білім беруде. Яғни оқу үрдісінің өзіндік заманауи, еуропалық стандарттарға сай бағдарламасы бар. Оған сәйкес студенттер өз бағаларын интернет арқылы, нақтырақ айтқанда оқу орнының сайты көмегімен бақылап отыр. Егер оқу үлгерімі 50-ден төмен болса жан ұшыра жүгіреді. Ал кейбіреулері «100 қойыңызшы» деп оқытушысына қолқа салады. Бұл 50, 100 деген не деп отырған шығарсыздар. Бұл бүгінгі күнгі студенттің бағасы. Оның дәріске қатысуы, тәжірибелік тапсырмаларды орындап, өздік жұмыстармен айналусуы 0-100-ге дейінгі пайыздық өлшеммен өлшенеді. 50 баллдан кем алған студенттің бағасы дәстүрлі баға жүйесі бойынша екіге, ал 100 беске тең. Сондықтан білім алушылар 100 пайызға жетуге ұмтылады.

СТУДЕНТТІҢ ЖҰМЫС ОРНЫ

Иә, иә, жұмыс орны. Қазіргі кезде студенттердің бестен бірі оқу мен қызметті қатар алып жүреді екен. Олардың еңбек ететін бағытын үшке бөліп қарастыруға болады: алғашқысы - асхана, кафе, түнгi клубтардағы даяшы, күзетшi, қоғамдық көлiктерде кондуктор және сатушы қызметi, қара жұмыстың түр-түрi, мәселен, жүк тасушы, көлiк жүргiзушi және т.б. Мұндай қызмет түрлері ауысыммен жасалатындықтан, студенттерге ыңғайлы. Екінші топқа өз мамандығы бойынша тәжірибе жинақтап және қосымша қаражат табуды мақсат тұтқан жандар еңбек ететін қызмет түрлерін жатқызуға болады. Мәселен, болашақ заңгер нотариустың немесе адвокаттың жанында жүріп, тәжірибе жинаса, қаламды серік еткендер журналистика саласында бағын сынайды.

Ата-анасының бизнесімен айналысып, олардың қол астында жұмыс істейтін жастарды үшінші топ ретінде қарастырады.

ЖАТАҚХАНА – «ХАН САРАЙЫ»

Ауылдан немесе басқа қаладан келетін жастың алғашқы мақсаты – жатақханадан орын алу. Бұйырса, жақсы, әрине. Өзіңді «Хан сарайында» жатқандай сезінесің, себебі келімді-кетімді кісі көп. Кеш батқаннан таң атқанша қызу әңгіме, ән айтып, көңіл көтеру – барлығы да бөлмеңде міндетті түрде өтеді. Тамаққа да ортақтасындар саны көп. Бірақ жылдар өте бөлмеңнің есігі ақырын жабыла бастайды, ас уақытында келушілер саны да азаяды. Керісінше, сен өзге бөлмелердің «қадірменді қонағына» айналасың.

«РОЛЛТОН» – СТУДЕНТТЕРДІҢ ТӨЛ ТАҒАМЫ

Бұл стереотипті бұзар шақ келді. Студенттер тек осы тез дайындалатын тағаммен ғана тамақтанбайды. Кез келген университет немесе колледждің асханасына бас сұқсаңыз олардың қалай тамақтанатынын көресіз. Оқытушылар мен қызметкерлерден артық болмаса, кем тапсырыс бермейді. Жатақханалардан да көп жағдайда 5 минутта-ақ пісетін лапшалардың емес, дәмді тағамдардың иісі шығады.

СТУДЕНТТІК ӨМІР – ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАСЫ

Шынымен де солай. Кез келген сауық кешін, концерттің көркін келтіретін осы жастар. Кинотеатрлар мен түнгі клубтарды қаржымен қамтамасыз етіп отырғандардың басым бөлігі де студенттер. Күндіз кітапханалардағы кітаптардың шаңын бір қағып алатын олар кешке би алаңдарының шаңын шығарады. «Жас шағыңда ойна да күл» деген аталар сөзін қалт жіберіп жатқан жоқ.

«ЕҢ БАЙ АДАМДАР – СТУДЕНТТЕР»

Қоғамда екі керағар пікір бар: біреулері студенттерді ең кедей әлеуметтік топ ретінде көрсе, басқалары, керісінше, оларды байлар санатына қосады. Бірінші пікірдің қалыптасу себебі түсінікті: шәкіртақыға қарап жүрген студент қайдан бай болсын деген ой келеді. Ал олардың қолындағы қымбат ұялы телефондар (көбінесе ол смартфон немесе айфон), үстеріндегі брендті киім, қымбат ресторандар мен түнгі клубтардың тұрақты келуішісі болуы – бәрі де еріксіз «ең бай адамдар - студенттер» деген ойға әкеледі. Соңғы кездері оқытушылармен салыстырғанда студенттер жеке көлігімен жиі көзге көрінеді. Бұл да олардың «қалтасы қалың» деген пікірге саяды. Студент – қастерлі ұғым. Ол білім алушы, ізденуші. Студенттік кез – өмірдің мәнді де мағыналы кезеңінің бірі. Осы шақты басынан өткерген адам бақытты. Сондықтан бақыттарыңызды бағалай біліңіздер, студенттер!

15.02.2013


Вакансия Учитесь сотрудничать... Наибольшего успеха в работе и в жизни добиваются те, кто хорошо помнит, что вокруг них тоже люди и что у них тоже есть свои надежды, цели и мечты. Кто научился работать и жить среди людей и вместе с ними, весьма интересуется тем, что думают и чувствуют окружающие.

Г. ПАВЛОДАР, 32-16-55 Кол-во ед.

№ п/п

Название вакантной должности

Администратор

4

48

Инженер-энергетик

1

Аккумуляторщик

1

49

Инспектор

1 1

№ п/п

Название вакантной должности

1 2

Кол-во ед.

3

Акушер

4

50

Инспектор по кадрам

4

Архивариус

1

51

Инструктор

8

5

Бармен

2

52

2

6

Бетонщик

10

Инструктор по физической культуре

7

Библиотекарь

2

53

Кабельщик-спайщик

1

8

Бухгалтер

14

54

Каменщик

17

9

Водитель автомобиля

37

55

Кассир

2

10

Водитель погрузчика

2

56

Кассир торгового зала

1

11

Водитель трамвая

27

57

Кладовщик

3

12

Воспитатель

1

58

Командир земснаряда

13

Воспитатель детского сада (яслей-сада)

23

59

Комендант

1

14

Врач

31

60

Кондитер

1

15

Врач-специалист

1

61

Кондуктор общественного транспорта

32

16

Газорезчик

5

62

Контролер

12

17

Геодезист

1

63

Контролер в литейном производстве

7

18

Главный бухгалтер

3

64

Главный энергетик (в промышленности)

1

Контролер продукции медицинского назначения

1

19

65

1

20

Главный энергетик (в прочих отраслях)

1

Контролер радиоэлектронной аппаратуры и приборов

21

Горничная

2

66

Контролер-кассир

1

22

Горный инженер или металлург

1

67

Кочегар-обжигальщик

1

68

2

23

Грузчик

1

Кузнец на молотах и прессах

24

Дворник

30

69

Кулинар мучных изделий

1

25

Дезинфектор

2

70

Курьер

1

26

Делопроизводитель

2

71

Кухонный рабочий

7 1

Диетолог

2

72

Лаборант

27

2

Дизайнер

1

73

Лебедчик

28

74

Лифтер

27

29

Диспетчер

3

30

Диспетчер по авиаперевозкам в приписн. аэропорт

1

75

Маляр

1

76

Мастер

4

31

Дозировщик

1

77

Мастер производственного обучения

3

32

Журналист

1

78

Мастер службы

1

33

Заведующий хозяйством

1

79

Мастер участка

3

34

Закройщик

1

80

Машинист автогрейдера

1

35

Звукооператор

1

81

Машинист бульдозера

6

36

Изготовитель мясных полуфабрикатов

11

82

Машинист высотно-ком-

1

37

Изготовитель полуфабрикатов из мяса птицы

1

83

Машинист котельной установки

1

38

Инженер

20

84

7

ОБРАЗОВАНИЕ: - укажите законченные учебные заведения, полученные дипломы, свидетельства и т.п., которые Вы имеете.

39

Инженер-электронщик

1

Машинист крана (крановщик)

40

1

85

Машинист мостового перегружателя

1

ОПЫТ РАБОТЫ: - дается в обратном хронологическом порядке с указанием дат, мест работы, должностей, основных функций и достижений.

Инженер по охране труда и технике безопасности

41

Инженер по ремонту

1

86

Машинист насосных установок

4

42

Инженер по стандартизации

1

87

Машинист погрузочной машины

1

ДОПОЛНИТЕЛЬНАЯ ИНФОМАЦИЯ: - можно указать любые дополнительные сведения, которые представят Вас в выгодном свете.

43

Инженер-инспектор

1

88

Машинист экскаватора

8

44

Инженер-конструктор

5

89

Медицинская сестра

17

45

Инженер-механик

1

90

1

46

Инженер-технолог

2

Менеджер (в коммерческой деятельности)

47

Инженер-электрик

3

91

Менеджер (в прочих отраслях)

22

Учитесь общаться... Чиновники, занимающиеся наймом и увольнением работников, отмечают, что, по крайней мере, 75% из них "не обладают навыками общения". А умение общаться – единственный и важнейший фактор успеха руководителей производства и представителей многих профессий. Не обязательно быть пламенным оратором, хотя в определенных случаях и это может пригодиться, но необходимо уметь четко изложить, устно или письменно, свои мысли, заручиться поддержкой других и установить с ними действенный контакт. Важнее всего научиться слушать. Не переставая учитесь и растите на работе... Преуспевающие люди не самодовольны. Они стараются обогатить свой опыт и освоить новые области деятельности. Всегда пытаются расширить сферу своих знаний и ответственности. Они много читают, посещают семинары, учатся на всевозможных курсах, за новое дело берутся без колебаний. Только не отчаивайтесь... Не все получается так, как хочется. Люди, которые получают от своей работы все, что можно, при неудачах не отчаиваются и спрашивают себя: "Чему же научила меня эта неудача? Как поступить в следующий раз?" Они терпеливы и упорно идут к заветной цели, не теряя уверенности в себе после временных трудностей. Получайте удовольствие от работы и от жизни... Самые преуспевающие люди не трудоголики. Им нравится то, чем они занимаются на работе. И не только с чисто профессиональной точки зрения, но и вообще. Однако они не одержимы своей работой и умеют наслаждаться жизнью и вне службы. Это помогает им хорошо отдохнуть и вернуться на работу со свежими силами. У них хватает времени и на семью, и на друзей, и на себя.

Фамилия, имя, отчество Адрес, телефон Дата и место рождения Семейное положение ЦЕЛЬ: - укажите, какую работу Вы можете и хотите выполнять; то, на что Вы претендуете, косвенно показывает, каким специалистом Вы себя считаете. Последующие разделы должны показать обоснованность Ваших притязаний.

ДАТА НАПИСАНИЯ РЕЗЮМЕ: - указание даты составления резюме добавляет ему четкость и конкретность, желательно, чтобы представляемое резюме всегда имело свежую дату.

Алия КАНТАРБАЕВА

15.02.2013

землесоса,

прессорной установки

2

Приглашаем молодежь в возрасте от 18 до 29 лет отправлять свои резюме по указанному адресу: 140000, г. Павлодар, ул. Ленина, 143, каб. 203 или т/факс: 8 (7182) 618050

13


Ауылым - алтын бесігім

АГРОҚАЛАШЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КІРПІШІ ҚАЛАНДЫ

«ЖАНДАРБЕК» МЕШІТІНДЕ ӨТКЕН МӘУЛІТ

Өткен аптада Павлодар облысының әкімі Е.Арын Железин ауданына арнайы іс-сапармен барды.

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының орталық «Жандарбек» мешіті асыл Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.)-тің туған күні - Мәуліт мерекесін жылдағыдай аудандық мәдениет үйінде арнайы мерекелік шарамен қарсы алды.

Железин ауданында мемлекеттік ауқымды индустриалды-инвестициялық жобаның іске асуына байланысты, «Пахарь» ауылшаруашылығы бой көтеруде. Жобаның басты мақсаты: Елбасының Қазақстан халқына биылғы Жолдауы аясында ауыл-шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруды насихаттау. Сонымен қатар, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру арқылы ауылдағы әлеуметтің әл-ауқатын жақсарту көзделуде. Осыған орай, ауыл шаруашылығын индустрияландыру, яғни саланы техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырып, еңбек өнімділігін арттыруға қол жеткізілмек. Аймақ басшысы Е.Мұхтарұлы агроқалашықтағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Жаңадан орын тепкен «Пахарь» ауыл шаруашылығы көлемі 10 мың гектар аумақты алып жатыр. Алғашқы құрылыстың бастамасы ретінде екі қабатты тұрғын үйдің қабырғасы да қалануда. Сондай-ақ, агроқалашықта зәулім спорткешені, балабақша, бассейн және орташа бағадағы дүкендер салу мәселесі де шешілген. Шаруашылықта 120 жұмыс орны ашылып, жұмысшыларды тегін пәтермен қамтамасыз ету жағы қарастырылған. Аудан әкімінің айтуынша, агроқалашықтың алғашқы тұрғындары құрылыс жұмыстары аяқталып, күн жылынып, жер кеңіген кезде көшірілмек. Ерлан Арын Железин ауданындағы «Башмачный» ауылдық округінде болып, аудан басшысы Қ.Нүкеновтың кезекті халыққа есеп беру жиналысына қатысты. Аймақ басшысы Железин ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен атқарылған ауқымды істеріне оң баға беріп, аудан әкімі Қ.Теміршотұлына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұлықталып өткен рухани кеште жиналған қауым Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі, адамдық болмысы туралы ғибратты дәріс тыңдап, ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі Қ.Жолдыбайұлының бейне-роликте жазылған уағыз-насихатын тамашалады. Аудан әкімінің орынбасары М.Ақанұлы жиылған халықты Мәуліт мерекесімен құттықтады. Соңынан, облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ драма театры әртістерінің орындауында имандылық тақырыбында шағын көріністер ойналып, «Жандарбек» мешіті мен Железин аудандық мешіті шәкірттерінің орындауларында Пайғамбарымызғы (с.ғ.с.) салауаттар айтылды. Облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ драма театрының әншілері: Б.Қаппасов, К.Қарымсақов, Б.Смағұлов, Қ.Шармановтың орындауында Алланы сүю, Отанды сүю, имандылық тақырыптарында иләһи әндер шырқалды. Облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Шәкизадаұлы ардақты Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) тану, Оның (с.ғ.с.) өнегелі де тағылымға толы өмірі хақында кең көлемде уағыз-насихат оқыды.

Ермұрат РАМАЗАНҰЛЫ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

АНА ТІЛІМ – АРДАҒЫМ! Кестеге сәйкес, ішкі саясат бөлімі басқармасының жастар саясатының бас маманы Р.Айдарханованың ұйымдастыруымен, Павлодар облысының 75 жылдығына орай «Ана тілім – ардағым!» атты сайыс өтті. Сайысқа ауылдық округтер мен білім беру бөлімінің ұжымдары қатысты. Сайыс шарты бойынша қатысушылар мақала, фоторепортаж және сурет салып тапсырды. Шараны өткізудегі басты мақсат: мемлекеттік тілді дамыту, ел ішінен дарынды жастарды тауып, олардың қабілеттерін ұштауға жағдай жасау болды. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Б.Жылқыбаев атындағы өнер мектебінде өтті. «Ең үздік мақала» аталымы бойынша І жүлделі орынды Малайсары орта мектебінің мұғалімі А.Тұрыспекова иеленді. «Ең үздік фоторепортаж» аталымы Майтүбек орта мектебінің мұғалімі А.Қиналиденнің еншісіне бұйырды. Ал, «Ең үздік сурет» аталымы бойынша аудандық оқушылар үйінің оқытушысы С.А.Коппель І орынға ие болды. Жеңімпаздарды жастар саясаты жөніндегі бас маман Р.Айдарханова марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Майлайсары жалпы орта білім беретін мектеп 2001 жылдан бастап облыстық денсаулықты нығайту мектептері қатарына енгізілді. Бүгінде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, ата-аналарға салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұттық. Жақында мектебімізде дәстүрге айналған «Әкем, шешем және мен» спорттық эстафеталық жарысы өткізілді. Шараны өткізуге Малайсары орта мектебі демеушілік етті. Спорттық іс-шараға аудандық білім беру бөлімінің спорт әдіскері А.Қ.Темірғалинов қатысты. Сайысқа Жалтыр орта мектебінен Исаевтар, Солтановтар, Жарылғасимовтардың отбасылары қатысты. Жарыс сегіз бөлімнен тұрды. Әр бөлімнің ойындары ептілікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа құрылып, өте қызықты, тартымды өтті. Сайыс қорытындысы бойынша І орынға Бакауовтар, ІІ орынға Солтановтар, ІІІ орынға Жарылғасимовтар мен Исаевтардың отбасылары ие болды. Жеңімпаздар Мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Ұжымымыз атынан Малайсары селолық округ әкімшілігі мен Малайсары ауылының мәдениет ұжымына алғысымызды білдіреміз. Ж.Шәріпбекова, Малайсары ОМ.

ЖАСТАР ЗИЯТКЕРЛІК КЛУБЫ ІСКЕ КІРІСТІ

МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Таяуда Успен ауылында жастар саясаты және отансүйгіштік тәрбие беру жөніндегі аудандық кеңестің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Дисюпова және ауылдар мен ауылдық округ әкімдері, жастармен жұмыс жасау жөніндегі нұсқаушылары қатысты.

Жексенбі күні Ертіс ауданының халқы аудандық мәдениет үйінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туған күні - Мәуліт мерекесі өтті. Игі шараның өтуіне аудандық «Ержан» мешіті мұрындық болды.

Жиын барысында жақында құрылған «УМИК» жастар зияткерлік клубының жетекшісі С.Тайтаева сөз алды. Ол «Дельта-Кредит» қоғамдық қорымен іске асырылып жатқан маңызды жобаның мазмұнымен таныстырды. С.Тайтаева аталмыш клуб мүшелерінің жергілікті мемлекеттік билікке арнаған Үндеуін оқыды. Сондай-ақ, зияткерлік мектеп әрбір жас адамның әлеуетін арттыру мақсатындағы барлық шараларда белсенділік көрсетуге дайын екендерін жеткізді. Отырыс соңында аудан жастарының бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі «УМИК» жастар зияткерлік клубының идеялары бірауыздан қолдау тауып, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.

ЖАҢА ЖОБАНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ Жақында Успен ауданында кәсіпкерлік қызметтің маркетингтік талдауы жобасының тұсаукесері ұйымдастырылды. Бұл – аудандағы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеудің алғашқы кезеңі болмақ. Маркетингтік зерттеу аудандағы кәсіпкерліктің даму деңгейі, бизнес саласында кадрлардың тұрақтамау көрсеткіші, аудан және ауылдардағы өзара бәсекелестік деңгейі мен салалық арақатынас бойынша ауданның бүгінгі даму деңгейін анықтауға бағытталды. Сарапшы А.Е.Жилина кәсіпкерлер арасында бірқатар сауалнамалар жүргізді. Кәсіпкерлердің білімін, біліктілігін, мүмкіндіктері мен қажеттілігін және ауданның нарығы мен ерекшеліктеріне зерттеу жүргізді. Талдау нәтижесінде бірқатар татымды ұсыныстарды алға тартты.

14

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Қ.Қозыбаев, облыстық орталық Мәшһүр-Жүсіп мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Шәкизатұлы, ауыл имамдары, ауыл молдалары қатысты. Алдымен, аудан халқын толғандырған басты мәселе - бас имамды тағайындау сөз болды. Өкіл имам бұл мәселенің туындау себебін өңірдегі діни мамандардың тапшылығынан деп түсіндірді. Сөйтіп, түйінін таппаған түбегейлі мәселе тағы да кезек күтіп, кейінге ысырылды. Жиын барысында Ислам діні туралы бейнефильм көрсетілді. Аудан имамы С.Ибраев мерекенің тарихы мен маңызына тоқталды. «Ертіс нұры» аудандық газетінің тілшісі Қ.Жарасова Мұхаммед Пайғамбардың ғибратты ғұмырын мұсылман қауымға өнеге ретінде баян етті. Ал, Иса Байзақов ауылының имамы Б.Исаханов өзінің «Пайғамбарға салуат» өлеңімен тыңдармандарын ұйытты. Мерекеде аудандық мәдениет үйінің «Дарын» триосы мен Железин аудандық мешітінің шәкірттері діни әндер шырқап, жас ақын Қ.Шорманов тағылымды терме орындады. Әсіресе, діни өлеңді жатқа оқыған кішкентай Айғаным Жарас үлкендердің алғысына бөленді. Шара соңында Мәуліт мерекесінде белсенділік танытқан азаматтарға «Алғыс хат» пен сыйлықтар табыс етілді. Мереке құрметіне орай, «Арман» мейрамханасында ас берілді.

15.02.2013


Руханият

«Отан отбасынан басталады» деген сөздің маңызы ешқашан жоғалмақ емес ӨТКЕН КҮНДЕ БЕЛГІ БАР Осыдан жиырма жыл бұрын қазақ отбасы қандай еді? Ол кезде қазақ отбасында әкенің рөлі басым болатын. Бәріміз әкеге қарап бой түзеп, «әкені» асқар тауға теңеп, «әкеге» еліктейтінбіз. Әлі естеріңізде болар, «әкең келе жатыр» дегенненақ тырбаңдап, тәртіптене қалатынбыз. Мұны – бір деңіз. Екіншіден, қазақ отбасы сол шақтарда материалдық қажеттіліктерге аса мән бермейтін. Шынымен солай еді... Сол тұста нарыққа үркей қарайтынтұғын. Тіптен, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жекешелендіруге таңырқа қарап, базарда сауда жасауға арланып, намыстанғанымыз ақиқат. Үшіншіден, сол кезде рухани құндылықтарға баса назар аударылатын еді. Сондықтан, отбасы өте қажетті, ешнәрсемен өзгертуге болмайтын кешегі киелі баспалдақ болатын. Бұл бір өткен күннің дәурені еді. Демек, кешегі отбасының бүгінгі отбасыдан айырмасы осы. ЗАМАНЫНА ҚАРАЙ АДАМЫ Бүгінгі нарықтық принциптерге бейімделген отбасы қандай? Ал осыдан жиырма жыл бұрынғы отбасымен салыстырып, бағамдасаңыз, жаңа тұрпаттағы отбасының қалыптасқанын байқайсыз. Бұл қалай дейсіз бе? Ендеше, назар салыңыз. Жалпы, қазіргі уақытта қаражат атойлап тұр. Өйткені, тұрмыс-тіршіліктің көзі – ақшада. Содан болар, қазіргі жаңа қоғамның адамдары есеп-қисаппен өмір кешуде. Нарықтық қоғамның принциптері «әке институтын» әлсіреткенін айту керек. Иә, бүгінгі таңда қазақ отбасында әке рөлі, салмағы төмендеді. Сондықтан да әке тәлімін алмаған ұрпақтың адам нанғысыз әрекеттеріне куә болудамыз. Бірақ, нарықтық қоғам тыңбай еңбек етуге, уақытты тиімді жұмыстарға жұмылдыруға үйретіп жатыр. Мұны «бір» деп қаперге алыңыз. Екіншіден, нарықтық үрдіс есеппен өмір сүруге үйретті. Бір ғана мысал келтірейік. Қазіргі таңда жастар үйленер алдында «болашақ жарынан келетін пайданы» ойлайды. Соның салдарынан жас отбасының көп уақыт өтпей-ақ ажырасуы орын алуда. Нәтижесінде

Жыртқыш тұқымдастардың бұлай өзгеріске ұшырауы генетиктерді де қатты ойландырса керек. Зерттеу барысында шыққан қорытындыға көңіл аударсақ: шошқаның еті мен сүтінде «sutoksin» атты улы зат бар екен. Ол зат шошқаның сүтін ішкен жолбарыстарға қатты әсер еткен. Денесіндегі шошыну бездерінің қызметін бұзған. Соның әсерінен жыртқыш жануардың сипаты өзгеріпті. Момақан, бейшара күйге ауысқан. Одан кейін тек шошқада ғана болатын «трихима» құрты жолбарыстарға тез жұғып, оларды миғұлаға айналдырып жіберген. Осылай жолбарыстан шошқаға ассимиляциялану процесі басталған. Жыртқыштардың гендік қорындағы қарсыласу элементтері жойылғаны соншалық, шошқаның сүтімен қоректенген аңдардың сүтіндегі ақуыз құрамы өзгеріп, доңыздікімен бірдей болып шықса керек. Ассимиляцияланған жолбарыстарға шошқаның торайларын емізгенде жатсынуды білмепті. Ең сорақысы, жыртқыш аңдарға ғана тән ми құрамындағы тез тітіркендіргіш жасушалары өзінен-өзі семіп кеткен. Жануарлардың табиғи генетикалық болмысынан айырылғаны байқалған. Былайша айтқанда, жауы мен досын ажырата алмайтын мәңгүрт, бойкүйез, бейғам, кеще, есалаң күйге ауысып кетіпті. ҚАЙҒЫДАН ӨЛГЕН ЖОЛБАРЫС Жуықта ақпараттық бағыттағы www. mobus. сom порталында елең етерлік жаңалық жарияланды. Украинаның Днепропетровский облысы Хащевое ауданына қарасты Марьяновка селосынан 10 шақырым қашықта орналасқан «Үш аю» зоопаркінде «Багира» атты Амур жолбарысы күшіктеген. Таутанда (жолбарыстың ұрғашысы) аланын (күшігін) асырайтын сүті болмағандықтан Л.Бобрик атты зоопарк қызметкері көзін ашпаған кішкентай жыртқыштарды көршілес орналасқан шошқа фермасына алып барып, жаңа төлдеген мегежіннің бауырына салыпты. Арада ай өтеді. Дәу шошқаның балбыраған емшегін шолпшолп сорған 3 күшік көзін ашып, бауырын көтерген соң «шошқа анасына» елжірей қарапты. Күн жылынып, ел аяғы кеңігеннен кейін парк қызметкерлері 3 күшікті бір ай жалғыз жатқан анасына алып келеді. Тұқымы жыртқыш пәлелер бір күні бас салып барлық шошқаларды қырып тастауы мүмкін ғой, одан да, тарғыл анасының қасында тырт-тырт қасынып жата берсін… Қызық болғанда, жолбарыс күшіктерін кезек-кезек иіскеп көріп, күндей күркіреп ақырған. Азу тісін ақситып, шоқтық жүнін шодырайтып, ішін тартып ырылдағанда Багираның мұндай

15.02.2013

бірінші сыныптың оқушысы компьютерді еркін меңгеріп, ғаламтордан өзіне керектісін де, керексізін де алуда. Негізінде нарықтық қоғамға бейімделген қазақ отбасының бүгінгі жағдайын толық ашу үшін монографиялық еңбектерді арқау еткен жөн. Дегенмен, негізгі бағамдағанымыз осы. Бұл тұста, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «жаңа қазақстандық отбасының моделін» әр түрлі мінберлерде айтып жүр.

жетім қалған перзентке не әкесі, не анасы жарытып тәрбие бермейді. Мұның нәтижесін өздеріңіз-ақ түсінетін шығарсыздар. Үшіншіден, ата-аналар өз міндеттерін дұрыс атқарып жатыр ма? Көпке топырақ шашпаймыз. Бірақ, қазақ отбасы «әкелік», «аналық» жауапкершіліктерден қашып, бар кінәні мектеп ұстаздарына итере салуды әдетке айналдырғанын жоққа шығара алмаймыз. Баласы сабақтан кейін құлап қалса да ұстаздар кінәлі бүгінде. Демек, жас ұрпақ ата-ана тәрбиесімен сусындай алмай, «рухани ашаршылыққа, рухани күйзеліске» ұшырауда. Дегенмен, жас «өркендер» заманауи технологияның құлағында ойнайды. Керек десеңіз,

ОСЫ ОРАЙДА Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылды қорытындылауға және «Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттерін іске асыру мәселесіне арналған кеңесте «жаңа қазақстандық отбасының моделі» жайлы сөз етті. Кеңес барысында Елбасы: «Отбасы – кішігірім мемлекет» деп бекер айтылмаған. Әрбір азамат өзінің отбасына, өміріне осылай жоспар құрып өмір сүруі керек. Әркімде «бюджеттік мәдениет» болуы тиіс. Халқымыз табысына қарай тақиясын шақтап, көрпесіне қарай көсілуді үйренуі қажет. Дағдарыс бітті деп, үнемшілдікті ұмытуға әсте болмайды, ол әлі де жалғасуда. Үйдегі жарық пен суды үнемдеуден бастап, қалтадағы телефон, тақымдағы көлікке дейін осыны ескерген абзал», – деді. Елбасының бұл ойларынан ұғатынымыз, отбасы шағын мемлекет болса, сол кішігірім мемлекеттің жоспарлы бюджеті, «бюджеттік мәдениеті» болуы шарт. Сонымен қатар, тұрмыстағы электр қуаты мен суды асқан үнемшілдікпен жаратып, ысырап жасамау әсте дұрыс. Себебі, болашақ ұрпаққа Құдайдың берген жер асты мен үстіндегі табиғи қазыналарынан мұра қалдыру қажетпіз. Р.S.: Қысқасы, қазақстандық отбасы «бюджеттік мәдениеті» қалыптасқан, нарықтық есеп-қисаптан жан-жақты хабардар және рухани игілікке мойын бұрған болуы шарт. Олай болмады екен, жаһандану заманында тұтас мемлекет жойылады. Ермұрат РАМАЗАНҰЛЫ

шашып, жатырын жарып шыққан ұрпақтарының далдұлын шығарып, бұтын-бұт, қолын-қол етіп шашып жіберген. Кешікпей қайғыдан өзі де өліп кеткен…

Шығыс Азия құрлығында орын тепкен Таиланд елінің Паттайя қаласында «Шрирача» атты жануарлар паркі орналасқан. Паркке бас сұққандар адам айтса сенгісіз жағдайға куә болады. Онда атақты Бенгаль жолбарысы дүлей доңызды құшақтап тып-тыныш мүлгіп отыр. Олар бір ененің құрсағын жарып шыққан аға-бауыр сияқты... Тап-тату. мінезін көрмеген парк қызметкерлері жаппай жағасын ұстап, бір сәт абдырап тұрып қалған. Кішкентай үш күшік болса, ырылдағанның не екенін түсінбей жайбарақат тайраңдап жүр. Жүріс-тұрысы шошқадан аумайды. Құлақтары салпиып тыпың-тыпың жүгіреді. Жарықтық ұрғашы жолбарыс шошқа-күшіктерінің қылығына әбден қанып болған соң көзінен жалын мен жас аралас ұшқын

ҚОЯННАН ҚОРЫҚҚАН ЖОЛБАРЫС Жалпы жолбарысты бағындырудың екі түрлі әдісі бар көрінеді. Соның бірі – мәжбүрлеу һәм ұрып-соғып жуасыту. Осы тәсілді алғаш рет қолданып жолбарысты цирк манежіне алып шыққан адам – франуз А.Мартэн. Бұл кісі 1831 жылы Африка жолбарысын жуасытқан. Одан кейін 1890 жылы тағы да осындай тәсіл қолданып, еуропалық цирк өнерпаздары Э.Дерлинг пен Ю.Зетт жыртқыш жануарларды үйірімен үйретіп, цирк алаңында өнер көрсетіпті. 1900-шы жылдары К.Гагенбек бастаған орыс әртістері ұрмай-соқпай жолбарысты өзіне бағындыратын тәсіл ойлап тапқан. Бұл әдісті артынан В.Л.Дуров жетілдірсе керек. Ол былай: орыс әртістері жаңа туған жолбарыс күшігінің шаранасын кептірмей тұрып, үйретуші әйелдің жып-жылы қойнына салып жіберетін болған. Қыңсылаған бейшара күшік түртініп жүріп, сасық тер сіңген, сары жалпақ омырауды шолпшолп сорып, ауызданады. Бір апта сары қарын, жалпақ төсте жатып ұйықтайды. Осылай күшік күнінде мұрнына сіңген сасық иіс әлгі бейбақты өмір бойы құл етуге жетіп жатыр. Өсіп-жетіліп азуы алты қарыс жолбарыс болғанның өзінде мұрнына баяғы иіс келсе кірерге тесік таппай бажылдайды екен. Сонымен қашан қартайып өлгенге дейін сүйір сапты қамшыдан зәресі ұшып, цирктің алаңында аттай шапқылайды. Одан туған күшік те сол баяғы таз кейіпті киеді. Қысқасы, бүтін бір үйір жолбарысты орыс әйелдің төс иісі құл қылып жібереді… Бұдан да сорақысы, осындай тәлім-тәрбиемен ер жеткен жолбарысты биолог-ғалымдар тәжірибе жасап көру үшін орманға жіберіпті. Өздігінен өмір сүре алар ма екен… Цирк жолбарысы өздігінен өмір сүре алмапты. Ең ғажабы, Алла жаратқан табиғи бейімділігінен ажыраған. Кең жазирада алшаң-алшаң басып жүретін түйсіктен түйір де қалмаған. Тікен басып көрмеген табаны болбырап, төрт аяғымен тік жүру мұң болыпты. Бәрінен де қызығы, әлгі тарғыл шерінің талдың түбінен орғып шыққан ор қояннан қорқып, айнала қашқанын қайтерсіз… Ақыры өздігінен өмір сүре алмай өлетін болғандықтан, жарымес жолбарысты ғалымдар циркке қайта алып келген көрінеді. Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ namys.kz

15


Жыр-маржан ҚАРА ДАУЫЛ Сорғалатып соққанда қара дауыл, Абыр-сабыр болып-ақ қалады ауыл. Атой салып жүрекке асау құнан қырға безіп, Қағады дала дабыл.

Айналаның көңілін қара басты, Аласапыран ажарын ала қашты. Қара дауыл... Бір сәтте өте шығып, Көкжиектің құмымен жағаласты.

Қырқа жақтан құйғытса қара құйын, Аласұрған сезімім маған қиын. Өрім талды аяған бәйтеректен еміс-еміс шығады адами үн.

Ауылдағы, шіркін-ай, бала дәуір! Қара аспанда бұрқайтын қара дауыл. Сол дауылды сағынған қара балаң Көк түтінге тұншығып қалада жүр...

Серікболсын Дүйсембай 1993 жылы Баянауыл ауданы, Жаяу Мұса ауылында дүниеге келген. Ы.Алтынсарин атындағы Павлодар облыстық қазақ гимназия-интернатын 2011 жылы «Алтын белгіге» аяқтап, Астанадағы Назарбаев Университетіне түсті. Қазір осы оқу ордасының Инженерия мектебінде 2-курс студенті.

КӨК АДЫР, КЕРҚҰЛЫН ӘН Толқынына көміліп ақ сағымның сары бел шалғайдағы, Сімірді де саумалын ақша нұрдың, Қалғыды тау қойнауы. Сыңғырлатып шаттықтың қоңырауын, Тас бұлақ жорта ағуда. Аруана тау жібіген омырауын емізді бота қырға. Желбіреген қазбауыр ақ ұлпа бұлт бағады жел қабағын. Ұшарында құзарттың дамыл тауып, Керілді кермарал Күн. Жоны күйіп шілденің аптабынан жөңкіліп шарқ ұрып бел, Жағалауға толқыны ақтарылған жатады алқынып көл. Желмен жеткен қоңыр саз шерлі құлан көңілін елжіреткен. Көк адырға жетеді керқұлын ән Ойнақтап көкжиектен. Жүрісінен керуеннің бір ырғақты сыр тыңдап атырап бар, Ақ самалдың лебінен діріл қақты жап-жасыл жапырақтар. ...Найзағайлы бұлтқа ұрған өз маңдайын құзарттың ұлы дауысын Кілт естідім, Талма енді, жезтаңдайым, Алланың нұры жаусын! Үзілме, бозторғай үн...

Бұйырмай кеткен қайран қыраным-ай... Қимаста кеткен Қайсарым-ай.... Бұл құрбымның келешегінен күдер үзгені емес, бұл тек қана қарс айрылған көңіл күнделігінің құлазыған парағынан парлаған жүрек жасы еді. Қас қарайып, тіршілік толастағанға дейін есікке тіреліп босағамда баз кешіп отырды. Жұрт жиылып, жастықтарын жастанған сәтте ғана Марал орнынан түрегеліп, үйге ентеледі. Мен сені жылатуға да, жұбатуға да тиіс емеспін, Марал! Қайсардың кімге үйленетінін де біледі екенмін, ендеше ештеңе айтпастан мұң мәнерлеген махаббатыңнан айығып ал. Мен қашан да рухани қолдаушыңмын ғой, кезкелген сәтте жаныңнан табыламын дедім. Менің де көңілім көлдей көлбектеп, Айханымның бұл қылығына, тіпті қылығы емес қой, бұл қастандығына қайранмын, жоқ қайран да емес шығармын, қалтарып қалдым, қасқыр екеш қасқырдың өзі қандасына қас қылмаушы еді, ендеше етбауырлы әпкесі неге сіңлісінің сай-сүйегін осылайша сыздатты? Қайсар мен Айханымның жартыжылдан бері жасырын кездесіп жүргендерін есіткен соң, Маралмен адам көрінісі қоштасқан. Манағы мұңды жанардың жасы тыйылып, ащы жастан ойыла жаздап тұрған оймақ көздер енді маған қарай ойысты. Мен ол көзқарасқа тынышсыз тыпыршып қалдым. Жанымның жібі үзілердей құрбыма ішім ашып, оны қапсыра құшақтай алдым. "Маралжан, егер еңсеңді түсірген жағдаятпен бөлісем десең, тыңдауға әзірмін, ал егер үнсіз қала берсең, мен де сені үнсіз түсінуге бармын. Өмір деген өткінші, ал оның шеңберінде болмашы нәрселер шыр айналып жатады, бірақ бәрі уақыттың керуеніне ілесіп кете барады, сондықтан...", – дей бергенімде Марал мығым үнмен сыр шерте бастады: "Қайсар менің жердегі

16

МАХАББАТ ГЕОМЕТРИЯСЫ

ДҮРБЕЛЕҢДЕ Қоңыр үнді қобыздың шертіп қылын, Кәусар жасын көзінде көлкітті кім? Құба белден құлаған құла Тарих, Қабырғаңнан іздеймін Қорқыт күнін. Қара қызыл құйынын төгіп өрттің, Кеме сырды теңселтіп, тебіренттің, Үрке көшкен үркер боп шашылғанда, Меңіреу түн көгінен меруерт мұң. Жанарына түнетіп тамшы нұрды, Сағым арман толқынын қарсы бұрды. Қыран намыс құлдилап ұшқан шақта Іздерінен алқызыл қан шұбырды.

Көңіліме мұң ұялап не түрлі, Жүрегіме сан ой келіп бекінді. Саған деген пәк сезімім, аяулым, Тұрақты әркез пи-дің мәні секілді. Теорема деп қажап өткен өзін мың, Пифагор да иесі еді төзімнің. Үшбұрыштың формуласын жазғанмен, Формуласын жаза алмады сезімнің. Мен бе сонда жас жүрегі жаралы ер?! Күлкіңменен таң шуағын ала кел. Бір-бірімен қиылыспас ешқашан екеуіміз қос түзуміз параллель. Мені, жаным, кінәла да сөк, мейлі, Нұрлы жүзің көз алдымнан кетпейді. Ғашықтығым – аксиома, өйткені, ол дәлелдеуді мүлде қажет етпейді.

Жалғандықтың жармасса бұлты Күнге, Дір етеді гауһар ой су түбінде. Семсер жүзді сертімнің мұзға айналған қыраулары ілулі кірпігімде.

Шар тәрізді Жер бетінен жартымды Таба алмасам, ер болмаспын тартымды. Екеуіміз қос вектормыз коллинеар, Бірақ, жаным, бағыттары әр түрлі.

Мұңлық жүрек қалса да жұбанып сәт, Дүрбелеңге бұл тірлік тұрады ұқсап. Шынжырменен шідерлеп тастар ма еді, Тұлпар өмір мойнына бұғалық сап?!..

Жаратқаннан жаусын саған шапағат, Катеттердей тұра алмаспыз қатар-ақ. Бұл өмірде параллель боп қалсақ та, Сол түзудей шексіз біздің махаббат!

жұлдызымдай еді, онымен үнемі жарқырап жүремін дегенмін, ол менің қанатымдай еді, енді құздан құлаған құстаймын. Қиын маған, қиналып жатырмын. Жігіт болғасын жеңілтек қимылдарға жақын тұратыны шын шығар, бірақ Айханым ше, айым боп толған, күнімдей болған Айханымым ше...", – деп діріл басқан дауысы көл жасының дабырына ұласты тағы да. "Соңғы кезде Қайсардың маған қырын қарап жүргенін байқасам да, еш мойындамай келдім. Бәрін уақытқа тапсырдым. Осыдан бір апта бұрын менің қатты науқастанып қалғанмын, есіңде ме, сен ол күні қалаға кеткен едің. Өне бойымды өңмен күй кернеп, әлсіздігіме әзер шыдап жатқанымда көзіме Қайсар оттай басылды. Маған жіберген жанары жалынсыз еді... мен оған қолымды ұсынып қысып ұстадым, осы сәт оның қипалақтап қалғанын көрдім. Сөйтсем, ар жағында Айханым тұр екен, Қайсардың бұл қылығын әпкемнің оқыс түрде жанымыздан табылғанынан көрдім де, аялы алақанымнан Қайсарымның қолдарын босаттым, бұнымды көрген әпкем теріс айналып кетті. Менің қисапсыз қиналып жатқанымды Қайсар сезді ме, білмеймін, жүдеу тартқан жүзіме жайылған ыстық жасыма мұздай қолдарымен қалтарыс берді. Мені желқайықтай шыр айналдырып, жанымдағы дертке жеңілдік сыйлағаны да Қайсарымның осы әрекеті еді. Қуанышымның беренінде балқыған бақытымда шек жоқ еді, бірақ... бақытты ұнамды ұларымның көздерінен көре алмадым... Ол іштей тынған сайын, менің де шыдамым шыңырауға жеткендей болды. Тұла бойымды тұмшалап тұрған тірліксіз дерт дес бермей қинады. Осы мезетте меңіреу мәнсіздікпен жалынышты жанарымды жібердім. Қайсар болса нық дауыспен: «Қол-аяғым байлаулы, сен маған өкпелеме», – деп дүрсе қойды да, жүрегімді қан

қақсатып қалдыра берді. Төрт қабырғада телміріп, қымтарылған қасіретіме қандыққандай болып, жаныма Айханым келді. Менің онсыз да мәз емес ахуалыма адамдық танытса болатын еді ғой, әттең... әпкем олай жасамады. Түпсіз қараңғылықты қанжығасына тыққан тереземнің жақтауын ұрғылап: – Қайсар енді ешқашан келмейді – деп дабыра салды. " – Айхан, Қайсар саған солай айтты ма, не деп кетті, айтшы... – Соншалықты аңқау болмашы, – деді әпкем зілді кекесінмен. – Айхан, түсіндіріп айтшы енді, оның басқа біреуі бар ма, көрдің бе? – Міне Марал, ақиқатымды ащы дерсің, бірақ шындығы осы, басқаша болуы мүмкін емес, – деді шаттана күліп. – Айханжан, өтінемін, күлмеші, олай етпеші, Қайсарды менен басқа ешкімге қимаушы едің ғой, енді не өзгерді? – Білесің бе, бақытымды таптым. Бақыттымын, Марал! – Әпке-ау, менің бақытсыздығым сені бақытты етуі мүмкін емес қой, соңыңнан ерген еркеңе бауырыңды бұршы, әпке. Қайсардың бұл қылығына ренжімеші, ол қайтып келеді, келмей қайда барсын, бес жыл бастан кешірген бақытты тарихымыз тұрғанда, басқаша болуы мүмкін емес қой, сен оны кешірші, сен оған ренжімеші, Айхан. Осы кезде орнынан осылып тұрып Айхан маған бар шындықты шыңыңа шығарып бүкпесіз жайды. Қайсарды ешқашан күйеубала етіп қабылдамағанын, онымен алты ай шамасында «бал күндерді» өткізгенін өткірлеп айтты. «Опасыздар, опық жегіздіңдер, орнымды неге саған беру керек екенмін, мен оны сүйемін, әу бастан менің Қайсарым еді ғой» деппін дегбірім қашып. Сол сәтте Айхан Қайсармен шаңырақ шаттығын құратынын айтты, бұл сөзін құр көрсем де, енді етбауырым езіліп есіркеу халдемін. Екі жұмадан соң, «Айханым мен...» деп жылап жіберді. Той жайында айтып тұрғаны айдан анық еді. Эльмира Абетжанова (Жалғасы бар)

15.02.2013


Спорт әлемі ФИНПОЛ ПРОВЕРИТ

После успешного выступления казахстанской сборной на Олимпийских играх в Лондоне теперь как бы по инерции ждешь успехов и на зимней Олимпиаде в Сочи-2014. Только вот здесь наши надежды на олимпийские медали не столь велики. За всю историю зимних Олимпийских игр их завоевывали лишь двое: лыжник Владимир Смирнов и конькобежка Людмила Прокашева. Все остальные наши спортсмены завершали свои выступления далеко от пьедестала. А каковы перспективы в этом плане? В частности, в нашем регионе. Есть ли среди наших спортсменов кандидаты в олимпийскую сборную страны? Может ли кто-нибудь из них в ближайшее время приблизиться к олимпийскому достижению Прокашевой? Заслуженный мастер спорта СССР, бронзовая медалистка зимней Олимпиады в Нагано, победитель и призер этапов Кубка мира считает такую постановку вопроса вполне актуальной. С ней согласны многие специалисты. Общеизвестно, что в плане подготовки спортсменов высокого международного уровня очень многое решает на-

личие на местах современной спортивной базы. Во многом изменит положение дел к лучшему строительство спортивного микрорайона «Спорт-сити «Павлодар». Здесь, кроме всего прочего, будет построен многофункциональный крытый спортивный комплекс, включающий в себя ледовые площадки для хоккея, кёрлинга и фигурного катания. Произойдёт это уже через год-два. Тогда можно будет начать отбор перспективных молодых спортсменов. А они у нас обязательно появятся. Что касается конькобежного спорта, то здесь представителям нашего региона, похоже, ещё долго ничего не светит на международных соревнованиях. Развитие этого медалеёмкого вида в приоритетных планах пока не значится. Стало быть, о подготовке конькобежцев международного уровня в наших условиях речь не идёт. Так что, как говорят в таких случаях, олимпийские награды у нас ещё впереди!

По некоторым данным, делами футбольного клуба «Атырау» занялась финансовая полиция. Как сообщает сайт azh.kz, причиной такого внимания стали большие долги клуба (более 600 миллионов тенге). В том числе перед тренерами и игроками. Если до 6 марта они не будут погашены, кое-кому из футбольного руководства может сильно не поздоровиться. Кстати, подобными нарушениями у нас грешат довольно часто, и есть тому примеры.

ЗАРАБАТЫВАЮТ

Как сообщает портал azerisport.com, один из сербских агентов в своём интервью озвучил цифры. По его словам, сербские футбольные легионеры получают в среднем 200 тысяч евро, выступая за клубы Казахстана и Азербайджана. В Казахстане из футболистов с паспортами граждан Сербии можно составить две полноценные команды премьер-лиги. Только вот навскидку можно припомнить лишь две – три фамилии.

ЗАБЫЛИ?

Важное событие в спортивной жизни страны, каковым, безусловно, является совещание Азиатской волейбольной конфедерации (AVC), обозначило ряд вопросов и проблем. На этом представительном форуме в Пекине присутствовал и принял активное участие в его работе генеральный секретарь Федерации волейбола РК Ермек Сырлыбаев. Поскольку Ермек Амирбекович свободно владеет английским языком, он не нуждался в переводчике и всю информацию получал из первых рук. Нужно сказать, что наш представитель занимает в Азиатской волейбольной конфедерации очень ответственный пост председателя Комитета по проведению соревнований. Ермек Сырлыбаев в своём интервью порталу «Sports. kz» рассказал о своей рабочей поездке на совещание, а также о проблемах наших национальных сборных – мужской и женской. В частности он сказал, что Комитет по проведению соревнований определил все турниры в Азии вплоть до 2016 года. Принято решение, что АVC теперь будет составлять свой континентальный рейтинг. Это позволит более объективно оценивать выступление наших сборных на международной арене. К примеру, в турнирах, проводимых под эгидой Азиатской конфедерации, наши сборные, как мужская, так и женская, а также юношеские и молодежные выступают вполне успешно. А вот в мировом масштабе эти успехи выглядят не столь заметно. Так, опубликованный недавно рейтинг Международной федерации (FIVB), честно говоря, не особо порадовал. Женская сборная Казахстана в нем на 30-м месте, а мужская делит строчки с 47-й по 50-ю. (Кстати, в обеих сборных есть представители нашей области – это Инна Матвеева из «Иртыш-Казхром» и Нариман Сулейманов, представляющий волейбольный клуб «Павлодар», - О.П.). Но на самом деле наши сборные улучшили свои позиции. Причём есть такой очень важный, можно даже сказать, жизненно важный показатель, как финансирование. Так вот наша женская команда находится в положении «финансово обеспеченная». Это означает, что в случае затруднений с поездкой у команд, находящихся в рейтинге выше нашей, сборная Казахстана может заменить какую-

либо из них на крупном международном турнире. Это что касается женской национальной сборной Казахстана. Говоря о наших мужчинах, можно подчеркнуть, что у них в новом сезоне календарь соревнований довольно плотный. Судите сами. Лидер чемпионата страны Национальной лиги ВК «Алматы», игроки которого составляют костяк сборной, выступит на клубном чемпионате Азии. Затем в мае состоится коммерческий турнир «Challenge Cup», на котором играют сильные сборные Австралии и Китая. В августе нашей команде предстоит участие в традиционном Кубке Президента РК, а также в новом отборе от Центральной Азии, где соперниками будут сборные Афганистана, Омана и Узбекистана. И в сентябре главный турнир года – чемпионат Азии. Правда, что касается мужской сборной, нужно заметить, что, по мнению ряда специалистов, наша команда в последнее время явно не прогрессирует. Этому, конечно, есть ряд объяснений: происходит смена поколений, и многие игроки уже исчерпали свой потенциал. Значит, нужно подтягивать молодежь, не может быть, чтобы у нас в Казахстане не нашлось бы талантливых высокорослых ребят. Искать надо! Но Ермек Сырлыбаев вместе с главным тренером национальной сборной Геннадием Паршиным, похоже, собираются комплектовать сборную путём натурализации легионеров. Довольно спорное решение, которое может быть принято на ближайшем исполкоме ФВРК. Кстати, в женской Национальной лиге чемпионата Казахстана был принят регламент, согласно которому один из легионеров клуба должен быть возрастом до 25 лет. Понятно, для чего это было сделано. Однако из их числа пока не видно достойных кандидатов в национальную сборную. Где они? Кто их видел?

Молодежная сборная Казахстана, довольно посредственно выступившая в турнире «Кубок стран Содружества», тем не менее, запомнилась своей игрой. Особенно привлек внимание специалистов и скаутов 20-летний Бауржан Исламхан. К талантливому полузащитнику присматривались селекционеры донецкого «Металлурга», московского «Динамо» и казанского «Рубина». Тем не менее, никаких конкретных предложений нашей восходящей звезде пока не поступало.

А НАДО ЛИ?

Женская сборная Казахстана по хоккею отметилась очередным провалом, выступая в Германии в отборочном олимпийском турнире. Казахстанские хоккеистки, потерпев три поражения от сборных Чехии (1:5), Китая (1:2) и Германии (0:5), заняли привычное последнее место. Так стоит ли развивать у нас женский хоккей – над этим нужно подумать.

ПОКОРЯЮТ «ЕНИСЕЙ»

Футболисты шымкентского «Ордабасы» в очередном контрольном матче обыграли российский клуб первой лиги «Енисей» (Красноярск) – 3:1. Причем казахстанцы пропустили первыми. Но бывший игрок павлодарского «Иртыша» Глеб Мальцев и опять же бывший игрок сборной Казахстана Андрей Карпович принесли победу «Ордабасы». Ранее россиян с таким же счетом переиграл павлодарский «Иртыш».

БРАЗИЛЬСКАЯ СОСТАВЛЯЮЩАЯ

После ухода бразильца Жоао Карлоса Барбозы с поста главного тренера алматинского футзального «Кайрата» его место занял другой бразилец, Маркао. Ранее он тренировал бразильские клубы и сборную Парагвая. Кстати, «Кайрат» более чем наполовину состоит из бразильских легионеров, что вряд ли можно назвать отрадным для нас явлением. Остальные наши футзальные клубы такой роскоши себе позволить не могут.

С НОВЫМ ШЕФОМ!

Задача, поставленная перед сборной Казахстана, выглядела однозначно: только первое место. Только победа в олимпийском предварительном турнире позволяла казахстанским хоккеистам получить путевку на Олимпиаду в Сочи-2014. Соперники у нас были серьёзные. Сборные Латвии и Франции, входящие в топ-дивизион мировой элиты, и команда Великобритании. Англичане, правда, звёзд с неба не хватают, но прогрессируют год от года. Первую игру против французов, считавшихся едва ли не главными претендентами на победу в турнире, наши провели с похвальным старанием. Играли с хорошей самоотдачей, активно прессинговали. И при изрядной доле везения смогли добиться заслуженной победы – 3:2. Правда, внимательный взгляд со стороны не мог не заметить не слишком надежной игры вратаря Колесника. Страж ворот играл далеко не безошибочно, но счастье в тот день было на его стороне. Вторая игра со сборной Латвии должна была во многом ответить на вопрос: кто станет победителем турнира? На стороне латышей была мощная поддержка болельщиков, как неотъемлемый атрибут хозяев площадки. Начало для наших вышло обескураживающим. Уже к третьей минуте игры сборная Латвии ведёт со счётом 2:0. Во многом благодаря неуверенной игре Колесника, которого сразу заменил Еремеев. К чести казахстанских хоккеистов, они не упали духом и сумели выровнять положение – 2:2. Трудно сказать, как завершилась бы эта встреча, но в середине третьего периода грубейшую и,

15.02.2013

как оказалось, роковую ошибку совершил свежеиспеченный игрок сборной Казахстана Кевин Даллмэн. При выходе из своей зоны он потерял шайбу, и латвийцы вышли втроем против одного защитника. Остальное было делом техники – 3:2 в пользу сборной Латвии. На последней минуте наши устроили настоящий штурм ворот хозяев и… сравняли счет. Правда, заброшенная Краснослободцевым шайба вызвала сильное подозрение главного арбитра, и он её не засчитал. При видеопросмотре было хорошо видно, что наш форвард лихо послал шайбу в угол ворот коньком, а не клюшкой, что не по правилам. Заключительную игру с англичанами сборная Казахстана провела с хорошим настроем и добилась уверенной победы – 6:0. Но судьба единственной путевки на зимний олимпийский турнир в Сочи-2014 решалась во встрече Латвия – Франция. Победа французов в овертайме 3:2 принесла им моральное удовлетворение, а проигравшим латышам первое место в турнире. Так что в Сочи едет Латвия.

Талдыкорганский футбольный клуб «Жетысу» возглавил известный специалист Омари Тетрадзе. Ранее он тренировал команды «Волга» (Нижний Новгород) и «Крылья Советов» (Самара).

ТРЯХНУ СТАРИНОЙ!

Известный казахстанский футболист 39-летний вратарь Даниил Рихард новый сезон начнет в составе команды первой лиги «Спартак» (Семей). Рихард, ранее выступавший во многих казахстанских командах, в последнее время это павлодарский «Иртыш» и кокшетауский «Окжетпес», отличается уверенной надежной игрой и хорошо ценится на футбольном трансферном рынке.

НЕ ДАЛИ ДОДРАТЬСЯ…

Товарищеская встреча футбольных команд «Днепр» (Днепропетровск) и «Краснодар», прошедшая в Испании, не была доиграна до конца из-за потасовки, возникшей незадолго до окончания матча между игроками обеих команд. Судья принял решение прекратить встречу и результат аннулировать.

17


ҰМЫТПАЙЫН ДЕСЕҢІЗ... Адамның жаттап алғанының

бәрі мәңгі есінде сақталып қалмайды, көбі ұмытылады. Әрбір адам ұмытшақтыққа қарсы күресу үшін мынандай негізгі ережелерді есінде сақтағаны жөн. 1. Ұмытшақтықпен күрестегі негізгі әдісқайталап отыру. Адам жаттап алғанын, оқығанын, білімін қайталап нығайтып отырмаса, бәрін де бірте-бірте ұмытады. 2. Жатталған нәрсе бастапқы кезде тез ұмытылады. Сол себепті оны 5 және 10 күннен кейін қайталап көрсе, бастапқы 5 күнде ұмытылғаны кейінгі бес күнде ұмытылғанынан әдеуір артық болады. 3. Жатталған нәрсені ұмытып кеткен соң қайталау пайдасыз, ұмытпай тұрып қайталау қажет.

1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ. Пластик терезелерін реттеу – терезені орнатқаннан кейін де, қолдану барысында да қажет болып қалатын қызмет түрі. Пластик терезелерін не үшін реттеу керек? Бірінші себеп – бұл қабырғалардың отыруы, яғни терезе жармасы жақтауға кей тұста тиіп тұрады. Екіншіден, пластик терезелері дұрыс жабылмайды, яғни терезені алғашында дұрыс орнатпаған; ұсақ-түйек заттар немесе нақты бір ілгектері орта деңгейде тұрған жоқ (аз кездесетін жағдай).

СІЗ ЖӘНЕ БАЛАҢЫЗ БІР-БІРІҢІЗДІ ТҮСІНЕ АЛАСЫЗДАР МА? 1. Балаңызда қиындықтар кездескен немесе ғашық болып қалған жағдайды Сіз қалай байқадыңыз? а) ол өзі маған бұл туралы айтты б) ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарлады в) мен ана болғандықтан, бұны сездім г) бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым 2. Сіздің балаңыздың досы Сізді: а) екінші анасы сияқты сезінеді б) Сіз кіргенде үндемей қалады в) құрметпен, бірақ салқын қарайды г) құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды Үшіншіден, көп уақыт бойы қолданыста болған терезе тығыздағышы нығыз тұрмайтындықтан, жел өтіп тұрады. Үш жағдайда да белгілі бір шараларды қолданбас бұрын терезені жай ғана реттеп жөндеп көру керек. 2. РЕТТЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Жабылған кезде терезе жармасы жақтауға тиіп тұрған нұсқаны реттеудің әдісін қарастырып көрейік. Ол үшін арнайы алты қырлы құрал қолданылады. - Бірінші кезең: үстіңгі ілгекті (кері итеру механизмі болып табылады) яғни, жарма жақтауға қосылған тұсты, жарманың астыүстіне қарай жылжыту арқылы реттеу керек. Реттеуді жүзеге асыру үшін, терезені ашамыз, реттеу бұрандасын (ол жармада орналасқан) табамыз да, алты қырлы құралмен бұраймыз. Одан кейін терезені жауып көреміз, керек болса қайтадан реттейміз. - Екінші кезең: астыңғы ілгекті жарманың астыүстіне қарай реттейді. Оны реттеу үшін пластик жақтауында орналасқан астыңғы бұранданы бұрайды. Ал жарманы асты-үстіне қарай реттеу үшін терезенің жармасында орналасқан алты қырды айналдырамыз. - Үшінші кезең: жарманың терезе жақтауына қалай қосылып тұрғанын анықтап алу керек. Жарманың бүйір жағындағы терезені жабатын механизмдерді (жарма бойында ондай бірнеше механизм бар) тауып аламыз, оны жапқан кезде, жақтауға кіретін басын (бұрағыш не алты қыр көмегімен) айналдырамыз. Басы эксцентрик күйінде жасалғандықтан, жарманың жақтауға қосылған тұсын реттеуге мүмкіндік береді. Сіз көрсететін қызмет түрлері: - қарапайым құлыптарды күрделі құлыптарға ауыстыру; - бұзылған шыныпакеттерді ауыстыру; - терезе бекітулерін реттеу; - жөндеуге келмейтін жарманы алып тастау; - резеңкелі аралық қабатты ауыстыру. 3. БОЛЖАМДЫ ЕСЕПТЕУЛЕР. 3.1. Шығыстар: - құрал-саймандар – 5 000 теңге. - жақтауға арналған резеңке – 1 метр – 20 теңге * 100 м = 2 000 теңге. 3.2. Табыс: - бір терезені реттеу – 1 000 теңге. - бір терезенің резеңкесін ауыстыру – 200 теңге. - бір терезенің шынысын ауыстыру – 1 000 теңге. - бір құлыпты ауыстыру – 200 теңге.

18

namys.kz

3. Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз Сізді шақыра ма? а) кейде б) жоқ, ешқашан в) шақырды, бірақ мен келіспедім г) олардың жиналатын орны маған ұнамайды 4. Көптеген ата-аналар балалары олардың заттарын тұтынатыны (пайдаланатыны) жайлы шағымданады. Ал Сіздің жағдайыңызда: а) бұлай болмайды, себебі олар үшін бұл заттар модадан шығып қалған б) бұлай болмайды, себебі оған сәйкес (шақ) келмейді в) мен әркез өз заттарымды оның шкафынан іздеуіме тура келеді г) рұқсат бермеймін, себебі әрбір адам өз затын пайдалануы қажет

ЖҮЗ ЖЫЛ ЖАСАҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ? Ақ мамық төсекте көп жата бермеңіз. Жүз

жасаған адамдардың көпшілігі өмір бойы ерте тұрған. Тамақты көп жемеңіз. Семіздік өміріңізді қысқартады. Болашаққа сеніммен қараңыз. Зейнеткерлікке шыққаныңызда белсенділік танытыңыз. Дәріні мүмкіндігінше аз қабылдаңыз. Денсаулығыңызды көп ойлай бермеңіз. Шылым шекпеңіз. Шылым шеккендерден өзіңізді аулақ ұстаңыз. Өз хоббиіңіз болсын. Сұйықты, әсіресе, суды көп ішпеңіз. Өмірдік рахатына бөленіңіз. Нашар көңіл-күйіңізді дене еңбегімен жеңіңіз. Кофе ішпеңіз, шай ішіңіз. Шаршағанды басу үшін жарты сағат ванна қабылдаңыз. Күнде бір уақытта жатып ұйықтамаңыз. Түннің ортасына дейін кино көріңіз, қонаққа барыңыз, өздеріңіз қонақ күтіңіздер. Бірақ, спирттік ішімдіктер ішпеңіз. Денені шынықтырыңыз, баяу жүгіріңіз, шомылыңыз, велосипед тебіңіз. Электр қуатын үнемдемеңіз. Үйіңізде 150 ватты шам жанып тұрсын, ол сіздің өміріңізді де жарық етеді. Жақсы, жайдары, ақкөңілді достарыңыз көп болсын. Олар - стресске қарсы таптырмайтын ем. Егер кімде-кім бұған сенбесе, өзі білсін.

ҚАРТАЙМАУДЫҢ АМАЛЫ ТАБЫЛДЫ Қартаймаудың амалы табылды, бірақ оның

ТЕСТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: 4-6 рет «а» жауабы болса – ешбір күдіксіз Сіз – жақсы ата-анасыз. Ең дұрысы, Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз. 3 немесе одан аз «а» жауабы – өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары жөнінде көбірек білуге тырысыңыз.

қауіпті тұстары да бар сияқты. Қазақстан өткен маусым айында әлемдегі жасушалық технологиялардың негізіндегі наномедицинаға ресми түрде мүшелікке өткен болатын. Сөйтіп біздің елдің денсаулық сақтаушылары жуырда американдық Мейнард Хоу басқаратын «Стамедика Сэлл Техн Инк» компаниясымен бес жылға арналған жоба бойынша жұмыс істеуді бастады. Үш кезеңнен тұратын бұл жоба бойынша біздің ел де науқастарды діңдік жасуша (стволовые клетки) арқылы емдеуді қолға алмақ. Діңдік жасуша дегеніміз не? Діңдік жасуша әйел мен ер адамның жұмыртқа жасушасы қосылған кезде пайда болады. Яғни ұрықтанудан кейінгі, болашақ адам пайда болардан алдыңғы саты. Бұл жасушада болашақ ағза, оның құрылысы мен дамуы туралы бүкіл ақпарат сақталады. Эмбрионның дәл осы бұзылмаған кезінде онда бүкіл гендік: жүйке, ми, бұлшық ет, сүйек құрылымы, жалпы болашақ адамға қатысты барлық ақпарат болады. Онымен түрлі ауыр науқастарды емдейді. Ақпарат беттеріндегі мәліметтерге сенсек, діңдік жасуша арқылы емделгісі келген адамға донор ретінде өз жасушалары қолданылуы керек екен. Сонда жасуша ағзаға тез сіңіп кететін көрінеді, ал егер ауруға бөтеннен алынған діңдік жасуша енгізілетін болса, адамның бойында жат дүниені қабылдау үшін түрлі реакциялар жүріп, соңы түрлі ісік (рак) ауруларын тудыратын көрінеді. Егер осы мәлімет рас болса, американдықтар халықаралық нарыққа патенттелген өнім шығару үшін өздері сырттан әкелген жасушаларымен Қазақстан халқын сынақ құралына айналдырмақ деген күдік туындайды. Сондықтан біздің денсаулық сақшылары әрбір қадамын байқап-байқап басса болар еді. Жаңа технология жақсы дүние болғанмен, болашағы бұлыңғыр болып тұр ғой...

Салтанат НЫСАНБЕКОВА

http://meninkyzmetim.ucoz.kz

5. Сіз балаңыздың телехабарлардың біріне қызығушылығын байқап қалдыңыз, Сіз: а) оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқ б) балаңыздан: “саған бұл хабар ұнай ма?” – деп сұрайсыз в) ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп үміттенемін г) біраз уақыт мазмұнының егжей-тегжейін ұғуға тырысамын, ал содан кейін онымен бірге талқылаймын 6. Сіз балаңыз дүниеге келгеннен бері бірнеше рет былай дедіңіз: “біздің кезімізде бұлай ... болмаған” а) 1 немесе 2 рет, бірақ мен бәрі өзгеретінін мойындаймын б) қаншама рет айтқаным тіпті есімде жоқ в) аз ғана, қайталай бергеннен ештеңеге жете алмаймын г) мен бұлай оған айтқан жоқпын

15.02.2013


Тамсанар

КӨҢІЛ АЙТУ Көп уақыт Әдебиет және өнер институты мен Тіл білімі институты бір шаңырақ астында болды ғой. Әдебиетші ғалым Нина Сергеевна Смирнова деген кісінің шешесі қайтыс болып, бір топ тілшілер үйіне көңіл айтуға барыпты. Ішіндегі үлкені Әсет Болғанбаев екен. Басқалары көңіл айтуды соған жүктепті. Орысша көңіл айтуды біле бермейтін Әсекең қазақша сөз бастайды ғой. – Нина Сергеевна, смерть всем присуща. Сегодня мама умерла, завтра вы умрете, после завтра – мы, – депті. Сонда Н.С.Смирнова: «Лучше завтра ты умри», – деген екен. Жаңбыр – бұлттан бөлініп, жерге түсетін атмосфералық су тамшылары, тосап. Ақ жаңбыр – бірқалыпта толассыз ұзақ жауатын жаңбыр. Боз жаңбыр – жаңбырдың баяу, сілбірегі жауатын түрі. Бұршақ – мұз күйінде түсетін кішкене домалақ түйіршік, атмосфералық жауын-шашын. Бұршақ жаңбыр – атмосфералық су тамшыларының салқындықтан кішігірім бұршаққа айналып жаууы. Былғары бүрку – атмосфералық тосаптың тамшыламай бүркуі. Қара жаңбыр – күзгі қалың жаңбыр. Қарлы жаңбыр – ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жауын. Мұзақ – жаңбыр тамшыларының жерге мұз болып түсуі. Нөсер – төгіп-төгіп жауып, тез аяқталатын будақ жаңбыр. Өткінші жаңбыр – аспан күмбезі көшпелі ала бұлттанып, тез жауып өтетін жаңбыр. Соқыр жауын – күн көзі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші жаңбыр. Сылбыр жаңбыр – желсіз күнгі жай жаңбыр. Сіркіреу – өте баяу себезгілеп жауу. Сірлету – жаңбырдың бүркуден, сіркіреуден мол, нөсерден саябыр жаууы. Себездеу – жайлап бүрку, баяулап жауу. Сілбілеу – жаңбырдың жайлап ұзақ жаууы. Сел – қар мен мұздың еруінен немесе қатты нөсердің салдарынан болатын су тасқыны. Сіркіреме – өте ұсақ тамшы түрінде түсетін майда жауын. Шық – суық түндерде және таңертең топырақ бетіне не шөп басына тұрып қалатын мөлдіреген тамшы су, атмосфералық дымқыл. Кемпірқосақ – жаңбырдан кейін аспан күмбезінде түрлі-түсті доға түрінде көрінетін жолақ, атмосферадағы оптикалық құбылыс. Қос кемпірқосақ – Күн сәулесі жаңбыр тамшысына белгілі бір бұрыш жасай түсіп, оның ішінде екі рет шағылысуы нәтижесінде қабаттас түскен екінші кемпірқосақ. Ай кемпірқосақ – түнгі ай сәулесінің осындай әсерінен пайда болған кемпірқосақ. Ошаған – кемпірқосақтың көне атауы. Найзағай – будақ жаңбыр бұлттарынан не қатпарлы жаңбыр бұлттарынан дауыл кезінде пайда болатын аса күшті электр ұшқындары. Күркір – бұлтты күндері найзағай жарқылдағанда пайда болатын жаңғырыққан қатты дыбыс.

ОНЫ ТАЙЫР АЙТҚАН... Бір жолы Баспасөз үйінде Мұзафар Әлімбаев бастаған бір топ кісі лифтіге отырған кезде Кәдірбек Сегізбаев сыймай қалса керек. Ол қысылып-қымтырылып кимелеп кірмек болады. Сонда Мұзағаң оған қарап: – Кәне, осы арада ойланбай бір мысал айтшы, ала кетейік, – дейді. Кәдірбек те саспастан: – Жазатыны – мақал, өзі сондай нахал! – деп тартып қалыпты. Ал Мұзағаң болса: – Оттапсың, оны Тайыр айтқан! Өзіңнен көр. Сен қалдың, біз кеттік, – деген екен.

Бақытбек СМАҒҰЛ, Мәжіліс депутаты: – Мен үшін Тәуелсіздіктің құндылығын арттыра түсер қасиетті нәрселер өте көп. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Елбасымыз тәуелсіз елдің шекарасын бекітіп алуға күш салды. Кезінде ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған жеріміздің әрбір мүйісі біз үшін қымбат болуы керек. Сондықтан ендігі жерде осы жерімізді қорғап, халық санын өсіріп, өз жерімізге өзіміздің ие болуымыз қажет. Тәуелсіздікті алу қиын болғанымен, оны ұстап тұрудың одан да қиын екені сөзсіз. Сондықтан алдағы уақытта тіккен туымыз жығылмай, одан әрі биіктеп, Тәуелсіз еліміздің керегесі кеңейе түссе деп тілеймін. Тәуелсіз елдің санасы тәуелсіз өрендерін тәрбиелеп, ұлтымыздың рухын асқақтата беру ендігі жерде басты мақсатымыз болуы керек. Қайыркен ҚҰНАПИНА, тарих ғылымының кандидаты, әдіскер-ұстаз: – Мен үшін Тәуелсіздіктің құндылығы – ана тіліміздің қанатын кең жайып келе жатқанында. Бүгінде қара домалақ қазақ балаларының бірбірімен қазақша амандасып, қазақша сөйлесіп жатқанын көрген сайын қуанамын. Сондықтан ана тіліміз одан әрі дамып, қазақ тілінің мәртебесі көтеріле түссе екен. Сондай-ақ бүгінгі таңда ханымыз бен батырларымызды ұрпағымыздың танып жатқаны қуантады. Әлі есімде, телеарнада сұхбат алып жатқан журналист қазақ жастарының бірінен: «Абылай хан деген кім?» – деп сұрады. Сонда оның «Білмеймін, І Петрдің патша болғанын білемін» деп жауап бергенін естігенде, ел ретінде құрып бара жатырмыз-ау деп қорыққанмын. Бір кездері қазақ деген ұлтты, хан, батырларымен қосып ұмыттыру саясаты жүргені белгілі. Ал бүгінде тарихымызды жаңғыртып, қазақ ұлтының сақталуына септігі тиген бабаларымыздың ескерткіштері бой көтеріп жатыр. Ең бастысы, Тәуелсіздік қазақ ұлтының намысын оятты. Мен тіліміз бен ата-бабаларымыздың жаңғырып жатқанына қуанамын. Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, жазушы-драматург: – Мен 80-жылдардың аяғында «Қазақ әдебиеті» газетіне циклді топтама мақала жаздым. Онда мен қазақ ұлтының тіл мәселесі, рухани-мәдени мәселесі, моральдық тұрғыда азғындап, ішкілікке салынып, діннен безініп бара жатқанына алаңдап жаздым. Дәл осы жағдай сақталып тұра берсе, қазақ деген ұлттың құрып кетуі әбден мүмкін екенін айттым. Шыны керек, ол жылдар ұлтымыз сынға түскен өте қиын жылдар еді. Сол кездері тіпті маған біреулер «сен неге қазақ деген ұлт құрып бара жатыр деген мақала жаздың» деп ренжіді. Бірақ ол кезде шындығы сол еді. Иншалла, бүгінде сол кездегі күдігімнің бәрі сейілді. Ең алдымен, мен үшін Тәуелсіздіктің құндылығы – қазақ халқының ұлт ретінде жойылудан сақталып қалуында. Тәуелсіздіктің жемісін біз бүгінде көріп жатырмыз. Тіліміз, дініміз, діліміз қайтарылды. Рас, қазір де ел ретінде азды-көпті мәселелеріміз бар. Бірақ ұлт ретінде сақталып қалып, үлкен сыннан өткеннен кейін ендігі қиындықтар бізге қорқынышты еместей көрінеді. Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ, http://alashainasy.kz

15.02.2013

«...деген екен» кітабынан

Айтыс – әлем халықтары ішінде сөз бен әуен арқылы бәйгеге қосқан жүйріктей бәс таласу еншісі тек қазаққа ғана бұйырыпты. Айтыс десе, атқан таңы өнерге малынған қазақтың делебесі елестейді. Арқаланып, артына халықты медеу еткен дүлдүлдерің даты көзге ұрады. Яки, айтыс десе, қазақтың үні, өткен-кеткен тарихы, даналық дастандары, талай ғасыр хатпен емес, ауыздан-ауызға ілініп жеткен ұлы ойлар, бар қазақтың болмысы елестейді, танылады. Бүгінде қазақтың төл өнері – айтыс өркендеп дамудың жоғарғы деңгейіне жетіп отыр. Қаулап өскен өнерпаз жастардың қатары көңіл толтырады. Ақынын ардақтап, патшадай ұмсынған қазақ елінде өлең сөзінің орны қашанда асқақ қалпында қала бермек.

Сіз білесіз бе, басқа жәндіктердің балалары сияқты адамның баласы 6-7 айлығына дейін тек мұрнымен демалады. Сіз білесіз бе, бір айлық баланың жұдырығын жұмуынан бір күндік баланың жұдырығын жұмуы күштірек. Сіз білесіз бе, жаңа туылған нәресте жасыл түс пен қызыл түсті көргенмен, көк түсті көре алмайды. Сіз білесіз бе, 6-7 айлық сәби бір уақытта ауа жұтып және тамақ жұта

Сіз білесіз бе, бір екі жыл бұрын Уэльс білім департаменті сабақ үстінде 6 жасар оқушыларға «аяз ата жоқ» дегені үшін ұстазды жұмыстан шығарған. Ұстазынан мұндай сөзді күтпеген оқушылар үйлеріне жылап барған. Ұстаздың бұл қылығы ата-аналардың арыз-шағым жазуына себепші болған. Сіз білесіз бе, Жапонияда балаларға қатысты «жаман», «бұзық» деген сөздерді қолдануға мүлдем тыйым салынған.

алады, ал үлкендер олай істей алмайды. Сіз білесіз бе, статистика бойынша ана сүтімен қоректенген балалардың тісі сирек қисық болады. Сіз білесіз бе, біздің жер шарымыздағы туылған балалардың үшіншісі «кесер тілімімен» туылады. Сіз білесіз бе, туылатын балалардың 10% ғана айтылған уақытында туылады, ал қалған 90% ерте немесе кеш туылады. Сіз білесіз бе, көп балалар сейсенбі күні туылады, ал туу көрсеткіші аз күн – сенбі мен жексенбі. Сіз білесіз бе, баласы көп әке – сұлтан Исмаил. Оның қазіргі таңда 548 ұлы және 340 қызы бар. Сіз білесіз бе, статистика бойынша 3-4 жасар балалар күніне 12000 сөз айтып, шамамен 900 сұрақ қояды екен. Сіз білесіз бе, Швецияда 12 жасқа дейінгі балаларға бағытталған жарнамаларға заңмен тыйым салынған, өйткені бұл жаста балалар кез-келген нәрсеге бірден қызығады, бұл олардың психикасының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін екен. Сіз білесіз бе, ең ескі ойыншыққа 3000 жыл, ол бұрынғы Парсы жерінен табылған, қазір Франциядағы Лувр мұражайында сақтаулы.

Сіз білесіз бе, 3 жасар баланың даусы 200 үлкен адамның даусынан қатты шығады. Сіз білесіз бе, орта есеппен 4 жасар бала күніне 437 сұрақ қояды екен. Сіз білесіз бе, Кореяда баланың жасы анасының құрсағында болған 9-айынан бастап жазылады екен. Құжаттар бойынша олар дүниежүзіндегі өзінің құрдастарынан бір жас үлкен болады. Сіз білесіз бе, Қытайда адамдардың көптігіне байланысты бір жанұяда бір бала деген заң шыққан. Сол себепті қытайлық жанұялар тек ұл бала болса ғана дүниеге әкеледі екен. Егер УЗИ қыз баланы көрсетсе, олар сол кезде өзінің жүктілігін жасанды жолмен тоқтатады. Сондықтан да қазіргі таңда қытайда қыз балалар ұл балаларға қарағанда 20 000 000-ға аз. Сіз білесіз бе, дүниежүзінде балаларды қорғау күні болса, Сейшел аралдарында бір ай балалар күні болады. Сіз білесіз бе, ең көп бала туған ананың баласының саны 69-ға жеткен. Сіз білесіз бе, ең көп егіздер дүниеге келетін мемлекет – Нигерия, бірден 11 егіз босанған аналар осында кездеседі. Ал ең аз егіздер дүниеге келетін мемлекет ол –Жапония, 250 ананың біреуінде ғана кездеседі екен.

19


Соңғы бет Әр сенбі сайын «ҚазақстанПавлодар» телеарнасынан «Уақыт керуен» ақпараттықсараптамалық бағдарламасын көріңіздер Ежелгі грек аңыздарында патшадан бастап, қол бастаған қолбасыларға дейінгі атқамінерлер халық алдында өздерінің атқарған еңбектері жөнінде есеп беретін делінеді. Көне заманнан бастау алған бұл үрдіс қазіргі демократиялы елдерде кө-рініс беріп жүр. Біздің елде де облыс, қала және аудан әкімдері ел алдында есептік кездесулерін өткізді. Бірақ, әкімдердің есебі бір сарынды болып кеткен жоқ па? Бұған халықтың пікірі қандай? Джиу-джитсудан Еуропаның екі дүркін, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, біздің жерлесіміз. Ол - №8 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Руслан Тезекбаев. - Руслан, әңгімемізді спортқа келуіңнен бастайық... - Бала кезімнен шығыс жекпе-жектеріне қызығып қарайтынмын, үнемі кинолар көретінмін бұл спорт түріне қатысты. Содан өзім де жеті жасымнан бастап спортпен шұғылданып келемін. Спортқа әкелген әкем. Ақсу қаласында тұрған кезімде қоян-қолтық ұрыспен айналыстым. Кейін оқуыма байланысты Павлодарға қоныс аударған соң джиуджитсу секциясына бардым. - Жаттықтырушыларың кім? - Алғашқы жаттықтырушым – Жанат Латипов, қазір Дәулет Әлжановтың қол астында жаттығамын. - Жетістіктеріңе тоқталып өтсең... - 2010 және 2012 жылдары Еуропа чемпионатына қатыстым. Алғашқы жылы төрт алтын медаль тақтым, ал өткен жылы үш алтын медальді еншіледім. Қазақстан чемпионатында бес рет чемпион атандым. Өткен жылы, 17 жасымда 18 жастан асқан спортшылар арасындағы турнирде де Қазақстан чемпионы болдым. Шыны керек, жеңісімді ешкім күтпеп еді. Жаттықтырушым да таңданыс білдірді. Ол мені көрсін, тәжірибе жинасын деп қатыстырған болатын. Ал мен ересектер қатарынан суырылып алға шығып, жеңістің биік тұғырынан көріндім. Сонымен қатар, осы додада ҚР Спорт шебері атағын иелендім. - Қандай белбеу иегерісің? - Қара белбеуім бар. - Ал қандай салмақ дәрежесінде додаларға түсіп жүрсің? - 57 килограммда. - Білуімше, джиу-джитсудың бірнеше түрі бар: спорттық, бразилиялық, тағы бірқатары. Саған қайсысы жақын? - Павлодарда иригуми-го деген түрі қолданылады. Мұнда шынтақпен, тіземен ұруға, партерде күресуге рұқсат етіледі. Бразилиялық түрі партерге негізделген, бірақ ол Қазақстанда қарқын алды деп айта алмаймыз. Енді ғана енгізіліп жатыр. - Мәселен сен иригуми-гоны жақсы меңгергенсің, ал қарсыласаңыз – бразилиялық түрінің шебері. Сонда қандай әдіс-тәсіл қолданасың? - Мен көбінесе боксерлік техниканы қолданамын және жеңістерімнің басым бөлігі – партерде белдесуімнің нәтижесі. - Сенің Қазақстандағы және әлемдегі басты қарсыласың кім? - Әр адамның басты қарсыласы – өзі. Егер ол өз-өзін жеңе білсе, кез-келген қарсыласымен қаймықпай кездесіп, тегеурінді қарсылық көрсететін болады. - Қандай спортшыны үлгі ретінде қарастырасың? - Федор Емельяненконың спорттық карьерасын үнемі назарда ұстаймын. Оның әр жекпе-жегін қалт жібермеймін. - Алдағы жоспарларыңмен бөліссең... - Наурыз айының соңында Қазақстан чемпионаты және әлем чемпионатының іріектеу кезеңдері өтеді. Ал сәуір айында Мәскеу қаласында Әлем чемпионаты ұйымдастырылмақ. Осы сайыстарға тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмын. - Жеңіс жолың жалғаса берсін! - Рахмет!

Меншік иесі:

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Центр аналитической информации» ЖШС-і, «Регион.kz» облыстық газеті. Басылым Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Бұл туралы 23.11.2012 ж. № 13189-Г куәлігі берілген.

20

Директор: Руслан БІЛӘЛОВ Бас редакторы: Нұрлат БАЙГЕНЖЕЕВ Жауапты хатшы: Ерсайын ЕРТІСБАЕВ Тілшілер: Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА Айгүл МОЛДАШ Дмитрий ЛАРИОНОВ Дизайн: Әсет ТЕМІРБАЕВ Корректорлар: Дана МҰРАТОВА Құралай АБУШАХМАНОВА

Ендеше, талдамалық хабардың бұл жолғы басты тақырыбы – әкімдер есебі.

Сенбінің кешінде, сағат 17:50-де терең талдауларға негізделген «Уақыт керуенді» тамашалаңыздар, ағайын!

- Сұқ саусағымды көтеріп, тыйым салудың орнына саусақтарымен сурет салуды үйретер едім. - Қателерін түзетуді азайтып, оған деген жақындығымды арттырар едім. - Тек көзіммен қадағалап, сағат шектеуін доғарар едім. - Көп көңіл бөліп, мейірімімді молайтар едім. - Бірге серуенге шығып, батпырауық ұшырар едім. - Қаталдық танытудың орнына онымен бірге асыр салып ойнар едім. - Қырда бірге қыдырып, түнде жұлдыздарды тамашалар едім. - Аз ұрсып, көп құшақтар едім. - Қатал тәртіптің қыспағына алмай, қайта жылы шырай танытып, үнемі қолдау көрсетіп, ынталандырар едім. - Сүйіспеншілікті көп үйретер едім.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қоры «Тюркская академия» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басып шығарған «Қазіргі түркология» сериясындағы рухани-құнды әдебиеттермен толықты. Барлық басылымдарды баспаға ҚР Білім және ғылым министрлігі, Түркі Академиясының Ғылыми үйлестіру кеңесі ұсынды. Кітаптар қазақ және орыс тілдерінде 26 атауды құрайды. Ғалым-түркологтар Ш.Шарапатұлының «Түркі лексикасының семантикалық деривациясы», А.Дүйсенбінің «Түркі аңыздары мен әпсаналары», М.Ескееваның «Көне түркі жазба мұраларының лингвофилософиялық негіздері» мен «Түркі тілдері жүйесіндегі қазақ тілінің тарихи орны», А.Ерімбетованың «Түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың архетиптері», Ұ.Исабекованың «Орта ғасырдағы түркі тілдерінің даму тарихы», Г.Сағидолданың «ТүркіМоңғол тілдік байланысы: топонимия және фразеология» және «Түркі-Моңғол дүние бейнесінің тілдік фрагменттері», Х.Абжановтың «Түркі әлеміндегі Қазақстан: іргелі тарих және методология», Қ.Алпысбаевтың «Түркі мұрасы және қазіргі қазақ әдебиеті», А.Ерімбетованың «Түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың архетиптері», «Түркі әлемінің көшбасшылары: өткені мен бүгіні» және т.б. Осы кітаптардың арқасында әр оқырман терең қойнауда жатқан түркі әлемінің мәдени, рухани құндылықтарын ашады. Бұл басылымдар кітапхана үшін үлкен сый. Әр кітап өзінің орнын, өзінің оқырманын тауып, келушілер арасында үлкен қызығушылық тудырады деп сенеміз. М. Исакаева

Редакцияның мекенжайы: 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143 үй. E-mail: regionkz@mail.ru Біздің сайт: www.region-pvl.kz Байланыс телефондарымыз: Директор: 61-81-10 Редакция/факс: 61 80 07 Маркетинг және жарнама бөлімі: 65-12-75 Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарға жауап беруді міндетке алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі мүмкін. Жарияланған мақалаларды, фотосуреттерді және безендірулерді көшірмелеу тек КМК рұқсатымен жүзеге асырылады. Басылым Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларына және облысымыздың барлық аудандарына тарайды.

«Регион.kz» газетіне «Қазпошта» ААҚ, Главпочтамт және «KazPress» ЖШСнің пошта бөлімшелерінде жазылуға болады. Газет аптасына бір рет шығады, апталық таралымы 8 000 дана. Тапсырыс № Г13-2193 Павлодар облыстық «Вестник» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Әуезов көшесі, 15-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефондары: 8/7187/ 34-47-00; 34-60-20

15.02.2013


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.