SARYARQA Павлодар облыстық газеті 1929 жылғы 15 ақпаннан шығады
ssamaly29@gmail.com
SAMALY
www.saryarka-samaly.kz
facebook.com/saryarka15
ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ
Алматыға - 2 сағатта!
1 маусым, сенбі 2019 жыл №61 (15381)
@saryarka_samaly
Нақпа-нақ Оқушылардың жазғы демалысында аймақта
758 лагерь жұмыс істейтін болады РУХ
Абай мерейтойы кеңінен аталады ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы құжатқа қол қойды.
Суретті түсірген – Валерий Бугаев.
Бұдан былай Павлодар мен Алматы арасына қатынау үшін тәуліктеп уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Ол үшін «Fly Arystan» әуе компаниясының ұшағына алдын ала билет алсаңыз болғаны. Діттеген жеріңізге небары 2 сағатта жетесіз. Аталмыш қызметтің бағасы да қолжетімді. Жалғасы 4-бетте
Газетке жазылуды ұмытпаңыз!
БАСПАСӨЗ - 2019
Құрметті оқырмандар! Облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне 2019 жылдың екінші жартысына жазылу жүргізілуде Жазылу мерзімі 6 ай (аптасына үш нөмір)
«Қазпошта» АҚ–ның бөлімшесі арқылы жазылу Индексі 55441 қала ауыл 4868,20 5186,40 теңге теңге
«Alash Press» ЖШС–нің Редакцияда бөлімшелері арқылы ресімделу және жазылу алу мен жазылу Павлодар қ.
Павлодар қ.
4865 теңге
3810 теңге
Бі здің газетімі зге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткі зі лумен кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел. 32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында, Академик Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел. 61-63-18) ресімдей аласыз. Одан басқа, баламалы жазылуды Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады.
Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Бі зді ң кез келген басылымға 50 данадан кем емес жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз. Тел. 8 (718 2) 66-15-41.
Gismeteo.kz сайтының болжауы бойынша, алдағы аптада облыста күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Ауаның орташа температурасы күндіз +19, +22, ал түнде +12, +14, градус болмақ. Бейсенбі, жұма күндері кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейе түседі. Жаңбырлы күндер апта соңына дейін жалғасатын болады.
2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 1 шілдеге дейін 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрсын, - делінген жарлықта. Президент 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды бекітуді тапсырды. Сондай-ақ Жарлықта былай делінген: Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін кешенді жаңғырту жөнінде қажетті шаралар қабылдасын; 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізсін; Абай Құнанбайұлының еңбектерін кең таралған негізгі шет тілдеріне сапалы аударуды жүзеге асыру, басып шығару және халықаралық ілгерілету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын; Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі мәселені пысықтасын; осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді. Абай Құнанбаев 1845 жылы Жидебай шатқалында (Семейден 180 шақырым) дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысына барған кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдық тойы мемлекеттік деңгейде аталып өтетініне уәде берді. «Біз - тарихтан үлгі алатын және ұлы ата-бабаларымызға құрмет көрсететін халықпыз. Абайдың отаны әлемнің түкпіртүкпірінен туристерді қарсы алуға лайықты ірі орталыққа айналуы тиіс. Бұл - біздің ата-бабаларымыз алдындағы борышымыз және өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі», деді ол кезде Мемлекет басшысы.
«Тенгриньюс» ақпарат агенттігі.
2
1 маусым, сенбі, 2019 жыл
Бөле-жара Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір аптаның аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер балапанды апта сайын санайды. Осы жеті күнде жер бетіндегі тіршіліктен көңілге оғаш, көзге ерекше көрінгені жетерлік. Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде, дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә болған, бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?
Одақ құрсақ та, импортқа тәуелдіміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы болды. Бұл шешім Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразия экономикалық одағының саммиті барысында қабылданды. Одақтың құрылғанына биыл 5 жыл толып отыр. Мерейтойлық алқалы жиынның қазақ жерінде өтуі бекер емес. Тарихи құжатқа Елордада қол қойылып, еуразиялық одақ пайда болған еді. Әрі оны құру туралы идеяның авторы Нұрсұлтан Назарбаев. Саммитте ортақ экономикалық кеңістіктің ақсап тұрған тұстары кеңінен сөз болды. Мемлекет басшылары әлемді жайлаған дағдарыстан шығып, алға жылжудың жолдарын талқылады. Себебі, интеграциялық ұйымның ақсап тұрған тұстары жетерлік. Әсіресе, тауар айналым көлемі көңіл көншітпейді. Оның үстіне беделді одаққа мүше елдер әлі күнге дейін импортқа тәуелді. Тіпті, азықтүлікке дейін сырттан тасымалдап отыр. - Біз ет пен сүтті, тіпті әскерилердің киіміне дейін импорттаймыз. Бұл - ұят нәрсе. Мұның бәрін өзімізден шығаруға болады. Нарықты кеңейтіп, ақша табуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға үлкен мүмкіндіктер бар. Бірақ, мұны да тиімді пайдаланбай отырмыз, -деді Елбасы. Ал Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков қырғыздар миллиардтардың тауарын нарыққа заңсыз кіргізеді деп айыптағандарға мұңын шақты. «Шекарада мұндай былық жоқ. Сенбесеңіздер үш жақты бақылау енгізейік» деп, ренішін білдірді. Ол көршілес елдерде жұмыс істеп, күн көрген қырғыздардың еңбек өтілі үшін алаңдап отыр. РФ басшысы Владимир Путин Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің азаматтары бір-біріне келіп жұмыс істеген кезде еңбек өтілін есепке алып, зейнетақы төлемін аударуды ұсынды. Айтуынша, бұл барлығына тиімді болады. Ел басшылары айтқан осы және өзге де ұсыныстар Армения астанасы - Ереванда төрт айдан кейін талқыланбақ. Ол жиында өзге мемлекеттермен де алыс-берісті ұлғайту жайы айрықша назарға алынады. Еуразиялық одақ өзгелерден сырт айналу үшін құрылған жоқ, керісінше Еуроодақпен де тығыз байланыс орнату қажетпіз деді президенттер.
Жол бекеттерінен құтыламыз Жол полицейлерінің басым бөлігі үшін «табыс табудың» амалына айналып кеткен жол бойындағы бекеттер жойылмақ. Қазақстанның ішкі істер саласы осындай оң қадамға барып отыр. Анығын айтқанда, елдің ішіндегі бекеттер қысқарып, олар тек жалпы елдің шекаралық аумақтарында ғана қалдырылмақ. - Ішкі бекеттерде жұмыс істейтін 300-ге тарта қызметкер басқа құрылымдарға ауыстырылады. Ал жол бойында босап қалған бекеттер қыстың суығында жылынатын немесе дағдарыстық жағдайлар үшін пайдаланылады. Қалаларға кіре берістегі бекеттер де алынып тасталады. Олар бірақ кезең-кезең бойынша таратылатынын атап өткім келеді, - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди. Бұл ретте тыйым салынған заттардың көліктер арқылы тасымалдануы жиілей түспей ме деген күмән танытты тәуелсіз сарапшылар. Полицейлер ондай тауарларды бақылауға біздің мүмкіндіктеріміз мол дейді. Жол бойындағы бекеттерді жою іс-шарасы 1 шілдеге дейін аяқталмақ. Бұл өзгеріс ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының бірі деп қабылданып отыр. Десе де, бұл тұрғыда ұрланған мал-мүлік, көліктер мен басқа да материалдық құндылықтардың бақылаусыз жолмен үлкен қалаларға өтіп кетуі қаупін тудыратыны жасырын емес. Құқық қорғаушылар бұл істе айла-амалдар ойлап табады деген сенімдеміз.
Түркімендерге не күн туды? Түркіменстаннан 2008-2018 жылдары 1 миллион 879 мың адам көшіп кеткен. Олар біржола елден кеткен немесе тұрақты жұмыс істеуге аттанған. Алайда жұмыс істеуге кеткендер елге қайтпапты. Елде соңғы рет халық санағы 2012 жылы желтоқсанда өткен екен. Бірақ Түркіменстан үкіметі елдегі халық саны мен көшіп кететіндерге қатысты ресми статистиканы жарияламауды құп көрген. Ашық деректерде Түркіменстандағы халық саны 5,5 миллион деп көрсетіледі. Алайда кейбір дерек көздері шын мәнінде азаматтар саны 3,3 миллионнан аспайтынын айтады. Түркіменстанды 2007 жылдан бері Гурбангулы Бердімұхамедов басқарады. Бұрын ол Түркіменстанның денсаулық сақтау министрі және осы елдің алғашқы президенті Сапармұрат Ниязовтың жеке дәрігері болған еді. Апта оқиғаларын бөле-жара сөз еткен -
Мұрат АЯҒАНОВ.
АҚПАРАТ
САРЫАРҚА САМАЛЫ
9 МАУСЫМ – ҚР ПРЕЗИДИДЕНТІН САЙЛАУ КҮНІ
Теледебатта не айтылды? «Хабар» арнасында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар арасында тікелей эфир арқылы телевизиялық пікірталас өтті. ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлау алдындағы телевизиялық пікірталас пен пікірсайысты жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірлеген болатын. Ол регламент бойынша, телепікірталас 3 раундқа бөлінді. Теледебатқа «Ұлы дала қыран-
дары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігінен Сәдібек Түгел, «Nur Otan» партиясынан кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев штабының басшысы Мәулен «ҚР Кәсіподақтар Әшімбаев,
федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Амангелді Таспихов, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан үміткер Дания Еспаеваның республикалық сайлауалды штабы басшысы Азат «Ауыл» халықтықПеруашов,
демократиялық патриоттық партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбековтің республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Әли Бектаев,
Қазақстанның коммунистік халық партиясынан Жамбыл Ахметбеков және «Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық бірлестігінен Әміржан
Қосанов қатысты. Кандидаттар мен олардың өкілдері іркілген жоқ. Әр кезеңде берілген 90 секунд ішінде өз бағдарламалары мен ой-пайымдарын нақты жеткізуге тырысты. «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен үміткер Амангелді Таспихов еңбек адам өмірі үшін маңызды екенін атап өтті. Елдің сенімімен кезінде депутат болғанын алға тартқан ол Президент болып сайланса, өкілеттілігі аяқталғаннан кейін де ауылда тұруға дайын екенін жеткізді. Дания Еспаеваның атынан қатысқан Азат Перуашевтің айтуынша, «әркім жақсы өмірді армандайды». Ол Дания Еспаеваның өз өмірімен елсүйер азамат болудың үлгісін көрсетіп отырғанын атап өтті. Ақжолдықтар әділдікті орнатып, жемқорлықты жеңу керектігіне тоқталды. Еуропадағыдай өмір сүру үшін Еуропа құндылықтарын
қабылдау қажеттілігіне көңіл аударды. «Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық бірлестігінен кандидат Әміржан Қосанов осы жылдар бойы демократиялық құндылықтарға талпынған әріптестерінің мұраттарына адал екенін атап өтті. Оның айтуынша, үш нәрсені - бостандық, шындық, әділеттілікті халыққа қайтаратын уақыт келді. Сондай-ақ кандидат Қазақстанның парламенттік-президенттік жүйеге өтуі керектігін жеткізді. Ал қолына қамшы ұстаған Сәдібек Түгел ешқандай партияға мүше емес екенін еске салды. Ол Қазақстанға оңды өзгерістер мен тың серпілістер әкелу үшін кандидат ретінде келіп отырғанын айтады. Кандидат ұлы дала мәдениетін жаңғыртуға, тілді, салт-дәстүрін дамытуға ден қоймақ. Халықты тек мемлекеттік тілде сөйлеуге, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуге шақырды. Коммунистердің атынан сынға түскен Жамбыл Ахметбеков әлемдегі мәселелердің бәрінің басында олигархия тұрғанын айтады. Біз Батыстың құндылықтарын, ақшаның мәртебесін қабылдамаймыз дейді ол. Ахметбеков жұмыс істеп жүргендер жақсы өмір сүруі керектігін, коммунистер еңбекті жоғары бағалайтынын, елді тонаған
адамдар сотқа тартылуы керектігін алға тартты. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан үміткер Төлеутай Рахымбековтің атынан қатысқан Әли Бектаев қазіргі таңда партия ауыл мәселесін түбегейлі шешуге күш жұмсайтынын жеткізді. Кандидат агросектордың мықты маманы екенін, Бейімбетше айтқанда, «ауылдың гүлденуі - елдің гүлденуі» екенін тілге тиек етті. Ауыл - руханияттың қайнар көзі, салт-дәстүрді сақтаушысы. Сондықтан халқымызды азық-түлікпен қамтып отырған ауылдың жағдайы жақсы болуы тиіс. Ең соңғы болып «Nur Otan» партиясынан кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сөз сөйлеген Мәулен Әшімбаев еліміз тарихи кезеңді бастан өткеріп жатқанын айтты. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Елбасының қасында жүріп, егемендігімізді күшейтуге үлесін қосып келе жатқан үлкен тұлға. Қай қызметте болса да, парасаттылығымен танылған отаншыл азамат. Мәулен Әшімбаев барша қазақстандықтарды Елбасы қолдаған Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.
Өз тілшіміз.
ОТАНДЫҚ ӨНІМ
Шығындарын өтеп береді Шағын және орта бизнес субъектілері өндіретін отандық өнімдерді еліміздегі ірі компанияларға өткізу, көрші елдер нарығына шығару кезінде кедергілер көп кездесетін көрінеді. Бұл жөнінде облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасында өткен дөңгелек үстел барысында айтылды. Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ Жиында «Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдері павлодарлық кәсіпкерлерге өнімін ілгерілетуде, жүйе құраушы кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушыларға өткізуде жәрдем көрсетілетінін айтты. Нақтысы, аталмыш акционерлік қоғамның өнеркәсіптік кооперацияны дамыту орталығының директоры Руслан Ибрагимов шағын және орта бизнес субъектілерінің отандық өнімдерін экспортқа шығарудың тиімді тәсілдері қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Индустриялықинновациялық қызмет субъектілерінің шығындарын өтеу жағы белгіленбек. Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің нарығына шығуға және Қазақстанның ірі кәсіпорнының талаптарына сай келу үшін шағын және орта бизнестен тауарына түрлі сертификат талап етілетіні белгілі. Міне, осы халықаралық сертификаттауға жұмсалатын шығынның 80 пайызын Үкімет аталған орталыққа өтеу құзыретін берген. Сонымен қатар, өзге елдерде кәсіпорындардың өкілдіктерін ашу, рәсімдеу, оның жұмыс жүргізуіне,
жарнамалық материалдар, тауарлық белгі рәсімдеуге жұмсалатын шығынды да өтеуде орталық көмек көрсетпек. Кәсіпорын өтінім бергеннен кейін орталық мамандары талдап, шешім шығарады. Тағы бір тиімділігі, шет ел нарығына тауарын шығаратын бизнесмендердің шығындарын өтеуде де қол ұшын бермек. Ірі кәсіпорындар үшін шығынның 30 пайызы өтелсе, орта бизнеске 50 пайыз, ал шағын кәсіпорындарға 60 пайыз көлемінде жеңілдік жасалынбақ. Жеткізушілерді дамыту қызметін құру көзделіп отыр. Мұндай жобаны Қазақстан аумағында қолға алуды Бүкіләлемдік банк ұсыныпты. Дөңгелек үстел барысында отандық өнімдердің мемлекеттік сатып алулардағы үлесі жайлы да айтылды. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіровтің айтуынша, өңірімізде 2017 жылы тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулардағы үлесі 36 пайыз болса, былтыр 45,9 пайызға жеткен. Өнеркәсіптік ірі кәсіпорындар отандық өндірушілермен ынтымақтаса жұмыс істеуге, отандық өнімдерді тұтынуға дайын, деді басқарма басшысы. Дегенмен, отырысқа келген шағын және орта бизнес өкілдері мемлекеттік сатып алуларда отандық
өнімге басымдық беру жағы әлі де жетілдіруді қажет ететінін алға тартты. Мәселен, аймағымызда автокөліктерге арналған тосол, антифриз өнімдерін шығаратын кәсіпкер ірі кәсіпорындарда тауарды қабылдауда сапасын бақылаудың жоқтығынан ресейлік бәсекелестерінен ұтылып отырғанын айтып, наразылық білдірді. Айтуынша, павлодарлық өнім көрші елдікінен әлдеқайда сапасы жоғары. Бірақ, оған мән берілмейтініне қапалы. Сондай-ақ, бұған дейін мемлекеттік сатып алулардың бұрынғы жүйесінде отандық өндірушілерге 25 пайыздық жеңілдік қарастырылса, қазіргі E-port сауда алаңында бұл тетік алынып тасталғаны да өңір кәсіпкерлеріне ауыр тиген. ERG кәсіпорындар тобына бағытталған сауалдар да аз болмады. Компания өкілі отандық шағын және орта бизнес иелерін жүйе құраушы кәсіпорындар тұтынатын тауарларды өңірімізде шығаруға құлық танытса, тек қуанып, қол ұшын беруге әзір екендерін атап өтті. Жиында өзге де мәселелер көтерілді. Мамандар әрбір сауалды жеке қарап, кәсіби кеңес берді. Шара соңында бірқатар жүйеқұраушы кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес арасында ұзақ мерзімді келісім жөніндегі меморандумға қол қойылды.
АЙНА
САРЫАРҚА САМАЛЫ
1 маусым, сенбі, 2019 жыл
ТАҒЗЫМ
Құрбандарды еске алды
Шараға облыс әкімі Болат Бақауов, қуғынға түскен репрессия құрбандарының ұрпақтары мен өңір тұрғындары қатысты. Осы жылдары Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Азалы уақыттарда қазақстандық ғылым, мәдениет, саясат саласының беткеұстар азаматтарынан айырылдық. Жазықсыз жапа шегіп, ел үшін құрбан болған жандардың рухына тағзым етеміз, деді өңір басшысы Б.Бақауов. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап бұл күн ресми түрде аталып өтіліп келеді. Жиынға қатысқандардың
бірі - репрессия құрбаны Сапарғали Аймағамбетұлының ұлы Амангелді Аймағамбетов. - Мен әкемді көрген жоқпын. Ол кісі көзі ашық, көкірегі ояу азамат болған екен. Медреседе діни білім алып, кейін ел басқару ісіне араласқан. Құқық қорғау саласында да беделді қызметтер атқарды. Жезқазғандағы Жаңаарқа ауданын басқарды. Әкем 1938 жылы «Жапонияның тыңшысы» деген жалған жаламен ұсталып, Қиыр шығысқа айдауға кеткен екен. Мен ол кезде іштегі бала едім. Әкем аман-есен елге оралсын деп нағашы әжем есімімді Амангелді қойыпты. Кейін тиісті орындарға барып жүріп, әкемнің ақталғаны туралы мәлімет алдым. Бірақ ол
кезде бәрі де кеш еді, - дейді қала тұрғыны А.Аймағамбетов. Жиынға қатысушылар құрбандарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, ескерткіш алаңына гүл шоқтарын қойды. Бұдан соң саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алушылар ескі мұсылман зиратына барып, азалы жылдарда осында жерленген аруақтардың рухына тағзым етті. Сондай-ақ бұл күні облыс орталығындағы Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры алдындағы Алаш арысының ескерткіші маңында еске алу шарасы өтті. Осы сипаттағы жиын белгілі ақын Павел Васильев ескерткіші маңында да болды. Сонымен қатар, Г.Потанин атындағы облыстық
Суретті түсірген - Валерий Бугаев.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы нәубетті жылдарда мыңдаған тағдырлар қыршынынан қиылды. Жазықсыз жала жабылып, атылды, асылды, айдауға түсті. Кеше облыс орталығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары ескерткіші маңында боздақтарды еске алуға арналған қаралы жиын өтті. Алпысбай ХОНЖ
3
тарихи-өлкетану мұражайында «Зар заман естелігі» атты кездесу кеші ұйымдастырылып, қаралы күндерден сыр шертетін көрме әзірленді. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде, облыстық көркемсурет мұражайында, Шафер
мұражай үйінде де көрмелер ұйымдастырылып, танымдық шаралар өткізілді. Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында ұлт қайраткері М.Дулатовтың «Оян, қазақ, Ойлан, қазақ» тарихи драмасы сахналанды.
ӨҢІР
Шешілмеген мәселе көп Соңғы үш жылда Железин ауданының даму көрсеткіші едәуір төмендеген. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі мен ет өнімдерін өндіру көрсеткіші көңіл көншітпейді. Жергілікті халық саны 700-ден астам адамға азайған. Ауылшаруашылық саласы да өз деңгейінде дамымай отыр. Астықты өлкенің егіс алқабының көлемі 4 мың гектарға кеміген.
Ертіс – әлеуметтік және экономикалық тұрғыда алға шығуға әлеуетті аудан. Мұнда ауыл шаруашылығы саласын дамытудың барлық мүмкіндігі бар. Бірақ, соған қарамастан ауыл шаруашылығы тауарларын қайта өңдейтін кәсіпорындар жоқтың қасы.
Қайта өңдеу кәсіпорындары керек
Суретті түсірген - Валерий Бугаев.
Тілеуберді САХАБА
Айдана ҚУАНЫШЕВА Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Железин ауданына жасаған жұмыс сапары барысында сөз етті. Көшпелі кеңес барысында аудан басшысы Қанат Кашкиров биылғы 4 ай қорытындысы бойынша есеп беріп, өңірдің әлеуметтікэкономикалық даму көрсеткіші жөнінде баяндама жасады. Қанат Шаймарданұлының сөзінше, қаңтар-сәуір айы аралығында ауданда мал және құс саны артқан. Мәселен, ірі қара саны 29,8 мыңға, құс саны 89 мыңға дейін жеткен. Бұл ретте аудан басшысы «Сыбаға» бағдарламасының өз деңгейінде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Жуырда «Астал Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі ірі қара саны 110 бас абердин - ангус тұқымды малмен көбейген. Ағымдағы жылдың соңына дейін аталмыш бағдарлама арқылы «Ай Агро» ЖШС мен «Асылов» шаруа қожалығы да мал алуды жоспарлап отыр. Биыл «Ауыл - ел бесі гі » жобасы арқылы бірқатар әлеуметтік нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Мәселен, бұрынғы әкімшілік ғимаратта Балалар өнер мектебі мен Жастар орталығының құрылысы бастау алса, «Балапан» сәбилер бақшасы мен
аудан орталығындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, 15 көшедегі жолға асфальт төселмек. Бұл бағытқа жалпы сомасы 383,7 млн. теңге қаржы бағытталып отыр. Аудан әкі мі ні ң есебі н тыңдаған Болат Жұмабекұлы жоғарыда келтірілген ірі қара мен құс санының көлемі 2016 жылғы көрсеткішпен тең екенін айтты. Яғни, соңғы үш жылда мал санында өсім байқалмайды. Сәйкесі нше, ет және сүт өні мдері н өндіру көрсеткіші де төмен. - Соңғы екі жылда Железин ауданына 4,4 млрд. теңге қаржы бөлінді. «Ауыл - ел бесігі» жобасына да қомақты қаражат бағытталып отыр. Бұл ретте жергілікті ауылдық округ әкімдері мен депутаттарға, қоғамдық кеңес мүшелеріне құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауда ұстауды тапсырамын. Ауданда салықтан түсетін кіріс мөлшерінің көлемі төмендеп кеткен. Жеке инвестиция көлемі де азайған. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі жанынан Аналитикалық орталық ашылған. Арнайы топ әрбір ауданның даму көрсеткішіне сараптама жасайды. Тексеру шарасы барысында аудандардағы әлеуметтік нысандарда 288 күзетші жұмыс істейтіні белгілі болды. Яғни, әр мекемені кем дегенде 3 адам
күзетеді деген сөз. Оларға жылына 150 млн. теңге қаражат жұмсалады екен. Қазіргі уақытта барлық нысанда бейнебақылау орнатылған, учаскелік инспекторлар да жұмыс істейді. Аталмыш қаражатқа аудан ішіндегі көп мәселені шешуге болады. Елді мекенде жол бойына дәмхана салу мәселесін талайдан бері айтып келемін. Павлодар-Омбы бағыты бойынша жолаушылар аялдайтын орын жоқ. Осы мәселелерді бақылауға алып, жол бойындағы кәсіпті дамыту бойынша жобалық-сметалық құжат дайындауды жүктеймін, - деді Болат Жұмабекұлы. Кешенді отырыс кезінде жергілікті тұрғындар аймақ басшысына көкейдегі сауалдарын жолдады. Оның ішінде құрылыс нысандарының жобасы, жол жөндеу, су құбырын тарту мәселелері сөз етілді. Бұл ретте Болат Жұмабекұлы аудан әкіміне тұрғындарды жеке қабылдап, жағдайды шешуді тапсырды. Ал «Автобаза» мөлтек ауданындағы су құбырына қатысты мәселені 2020 жылдың бюджетіне енгізуді жүктеді. Жұмыс сапары барысында өңір басшысы жергілікті сайлау учаскелерінің жұмысы мен жаңадан салынып жатқан спорт кешенінің құрылысымен танысты.
Железин ауданы.
Бұл жөнінде облыс әкімі Болат Бақауов аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты. Ал, аудан әкімі Серік Батырғожинов қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын мәлімдеп, алдағы уақытта барлық кемшілікті толықтыратынына уәде берді. Ағымдағы жылдың 4 айында аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 488,0 млн. теңгені құрады. Ауданда 1055 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның 975-і нақты жұмыс істеп тұр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға артқандағысы. Аталған шаруашылықтардың көп бөлігі аграрлық салада жұмыс істейді. Биыл ірі қара мал басы 3,4 пайыз, жылқы – 12 пайыз, шошқа - 2,1 пайыз, ұсақ мал 3,7 пайызға өсті. - Ауданымыздағы шаруа қожалықтары жыл басынан бері 245 млн. теңгеге 362 бас ангус сиырларын сатып алды. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 530 бас асыл тұқымды қара мал сатып алу жоспарлануда. Кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алу қарқынды жүріп жатыр. Жыл басынан бері ауданға 34 бірлік ірі техника келді. Осы арқылы алдағы уақытта егін шаруашылығы саласына үлкен өзгеріс әкелеміз деп отырмыз. Мысалы, «JOHN Deere-1890» маркалы тұқым сепкіш тракторларына алғаш болып біздің диқандар қол жеткізіп отыр, - деді Ертіс ауданының әкімі Серік Барлыбайұлы. Аймақ басшысы аудан әкімінің есебін тыңдағаннан кейін мұндағы ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштердің өте төмен екенін айтты. Содан кейін шикізат өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарын ашып, халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне көңіл бөлу керектігін тапсырды. - Сіз басқарған үш жылдың ішінде мен осы ауданға тоғызыншы мәрте келіп отырмын. Бірақ, осы аралықта ауданның даму көрсеткіші көңіл көншітпейді. Әсіресе, ет және сүт өнімдерін өндіру бағытында жұмыс жүргізілмеген. Ертіс – облыс бойынша астығымен көзге түсетін ірі аудандардың бірі. Өкінішке қарай, осы мүмкіндікті өз деңгейінде пайдалана алмай отырсыздар. Тіпті, экономикалық бағытта ешбір жоба жүзеге асырылмай келеді, - деді Болат Жұмабекұлы. Аудан басшысының сөзінше, бүгінгі күндегі шешілмей тұрған мәселелердің бірі – 11 пәтері бар 4 қабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткі зу. Бұл мақсатқа шамамен 55 миллион теңге керек. Нысанның жобалық-сметалық құжаты әзірленген. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім берілді. Егер күрделі жөндеу жұмысы жүргізілсе, тұрғын үйге мұқтаждарға жалға беруді жоспарлаған. Екінші мәселе – ауданда коммуналдық салаға қажетті арнайы техникалар жоқ. Атап айтқанда, су құбыры желілерін қалпына келтіруге арналған экскаватор және ассенизаторлық КамАз автомашинасын сатып алу керек. Аймақ басшысы Ертіс ауданына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы кәсіпорнының алқабын аралады. Алдымен аудан орталығындағы «Талапкер» шаруа қожалығының диірменінде болып, жұмысымен танысты. Сонымен қатар, аудан іргесіндегі «Опытный» ЖШС-не арнайы барды. Бұл шаруашылыққа жақында ғана жалпы ұзындығы 500 метр болатын жер суару құрылғысы орнатылған. Соңғы үлгіде құрастырылған «TL» маркалы голландиялық құрылғының бағасы – 34 миллион теңге.
Ертіс ауданы.
4
ТІРШІЛІК
1 маусым, сенбі, 2019 жыл
МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ
Алматыға 2 сағатта! Басы 1-бетте
Алпысбай ХОНЖ
Павлодар-Алматы-Павлодар авиарейсінің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Болат Бақауов қатысып, Алматыдан алғаш рет ұшып келген жолаушыларды қарсы алды. Әуе рейсі ндегі қонақтарды «Эйр Астана» компаниясының президенті Питер Фостер бастап келді. - «Fly Arystan» әуе компаниясы Елбасының тапсырмасымен құрылды. Бұл ел тұрғын- дары үшін жылдам әрі қолжетімді тасымал құралы болмақ. Бұдан былай жолаушылар 13 мың теңгеге пойызға билет алып, 2 тәулікке жуық уақытын жол жүруге шығындамайтын болады. «Fly Arystan» әуе компаниясы арқылы 8 мың теңгенің билетімен Алматыға сапарлай аласыз. Осындай қолжетімді әуе рейсін іске қосқаны үшін Питер Фостер мырзаға алғыс айтамын, - деді аймақ басшысы Болат Жұмабекұлы. Ал Питер Фостер болса алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жетілдіре түсе-тіндігін, сондай-ақ билет құнын қымбаттатпай сақтап қалатынын айтты. Оның сөзінше,
бүгінде қос қаланың арасына 2 ұшақ қатынайды. Алдағы қазан айында тағы да 2 әуе кемесі қолданысқа беріліп, Павлодар - Нұр-Сұлтан арасында жаңа әуе рейсі іске қосылады деп жоспарлануда. Аталған компанияның 180 орындық Airmus A320 ұшақтары әр күн сайын сағат 18.50-де Павлодардан ұшып, 20.40-та Алматыға қонатын болады. Ал Алматыдан сапар шеккен жолаушыны күн сайын сағат 18.20-да Павлодар әуежайынан күтіп ала аласыз. Алғашқы әуе рейсімен Алматыға баруға бел буған жолаушының бірі Павлодар қаласының тұрғыны Виталий Катов. - Мен Алматыға бару билетін 12 мамыр күні 8234 теңгеге сатып алдым. Кері қайтар билеттің ақысы бұдан сәл қымбатқа түсті. Дегенмен, жолға бұрынғыдай 30-40 мың теңге жұмсамағаныма қуанып отырмын. Енді Алматыдағы достарыма жиі барып тұратын болдым, - дейді жолаушы. «Fly Arystan» жайлы толығырақ білгіңіз келсе әуе компаниясының flyarystan.com ресми сайтынан қажетті ақпарат ала аласыз. Сондай-ақ бұл компания 2022 жылға дейін әуекемелер санын 15-ке дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қалаларына негіздеуді жоспарлауда.
САРЫАРҚА САМАЛЫ
Шыбын-шіркейдің беті қайтарылды Облысымызда шыбын-шіркейге қарсы дәрілеудің бірінші кезеңі аяқталды. Ғылыми қызметкерлердің мәліметтері бойынша, бұл жұмыстар оң нәтижесін беріп отыр. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Облыс әкімдігінде өткен төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияның отырысында шыбын-шіркеймен күрестің аралық қорытындысы шығарылды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Иманзаиповтың айтуынша, қазіргі таңда Ертіс өзенінің арнасына шіркей санын төмендетуге бағытталған 160 тонна бактицид төгілген. - Бүгін біз Кенжекөл ауылы маңында бұл биопрепараттың көмегімен шектелген аумақты өңдеуге кірісеміз. Жалпы, биыл біз проблемалық орындарда шыбыншіркеймен тиімді күресу үшін белгілі бір аумақты жекелей өңдеу жағын ұлғайттық, - деді Е.Иманзаипов. Сонымен қатар, мамандар күн сайын масаға қарсы тосқауылды өңдеулер жүргізуді жалғастыруда. Бұл жұмыстар Ертіс өзенінің оң және сол жағалауларында, Павлодар қаласының саябақтарында жүргізілуде. - Біз күн сайын шыбын-шіркейдің ұрық шашуы ықтимал орындарын комиссиялық түрде тексереміз. Бірақ бүгінгі таңда энтомологиялық жағдай тұрақты әрі ең бастысы, бақылауға келеді. Шіркей мен
масаның саны белгіленген норма шегінде, ол көтері ле қалса, бі з бі рден өңдеу жүргі зуге ұсыным жасаймыз. Департаментімізде 55-38-30 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді. Осы нөмір бойынша энтомологиялық ахуал туралы ақпарат, кеңес алуға болады, - деді облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Ирина Сорокина.
Өз тілшіміз.
Дамудың жаңа импульсі Павлодар облысында денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларын цифрландыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Бірқатар мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылып, мектеп табалдырығын аттайтын оқушылар мен балабақша кезегі электронды форматта жүзеге асуда. Емханадағы кезек саны азайып, мамандар қағазбастылықтан арылған.
кесуге мүмкіндік береді. Заманауи «Theater office» бөлмесі аймағымыздағы 52 мектепте ашылған. Жыл соңына дейін жергілікті бюджет қаражаты есебі мен демеушілердің көмегімен тағы 15 мектепте ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының қолдауымен облыста 29 IT-сынып жұмыс істейді. Оның 18-і ауылдық мектептерде ашылған. Бұл
Айдана ҚУАНЫШЕВА
Тіркеу бөлімі таратылды
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан игі істер облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында сөз етілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ержановтың айтуынша, аймағымыздағы 333 медициналық нысан интернет желісімен қамтылған. 4312 жұмыс орны компьютерлік техникамен жабдықталған. 760 мыңнан астам тұрғынның денсаулығына қатысты мәлімет электронды денсаулық құжатына енгізілді. 2017 жылы 22 қағаз түрі электронды форматқа ауыстырылса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 236-ға жетті. - Цифрландыру нәтижесінде медициналық ұйымдардағы тіркеу бөлімі амбулаторлық карталардан толығымен арылып, мамандар ақпараттық-анықтамалық қызметте жұмыс істеуде. 40-тан астам тіркеу бөлімінің қызметкерлері аталмыш орыннан босатылып, жұртшылықтың цифрлық сауатын арттыруға көмек көрсетуде. Тұрғындар «App Store» және «Play Market» мобильді қосымшаларын пайдаланып, медициналық қызмет түрлерін автоматты түрде пайдалана алады. Бүгінде аймағымызда 147 мыңнан астам адам әлеуметтік желіні белсенді қолданады. Бұған дейін адамдар дәрігерден кеңес алу үшін 37 минут жұмсаса, цифрландырудың нәтижесінде бұл уақыт екі есе азайып, 16 минутты құрады, - дейді Ерлан Кенжетайұлы.
қызметтің бұлтты ақпараттық жүйесі» жобасы жүзеге асырылуда. Жаңа жүйе Павлодар, екі бастұз, Ақсу қалаларындағы 230 бі лі м беру мекемесіне енгізілмек. Аталмыш жоба еліміздегі қаржылық есеп пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни, бағдарлама арқылы бюджет жоспары мен қаржыландыру, бухгалтерлік есеп, құжат алмасу істері бір жүйеде жұмыс істейтін болады. «Қауіпсіз мектеп» жобасы арқылы оқушылардың сабаққа қатысуы мен бі лі м беру мекемелері қызметкерлерінің жұмысқа келуі қадағаланатын болады. Бұл арқылы балалардың мектепке келуімен қатар, үйге шыққаны бейнебақылауға жазылады. Оқушылардың сабаққа келгені мен мектептен шыққан уақыты жөнінде СМС-хабарлама жолданатын болады. Қазіргі уақытта жаңа жоба облысымыздың мамандандырылған 9 мектебінде енгізілуде. Жыл сайын білім беру мекемелерінің компьютерлік базасы да нығаюда. 2018 жылы 865 компьютермен толықса, ағымдағы жылы жалпы сомасы 167,7 млн. теңгеге 668 бірлік компьютер сатып алынбақ.
Сандық сапаға көшуде
Ерлан Ержановтың сөзінше, медициналық тіркеу бөлімдерін қысқарту арқылы 48 млн. теңге қаражат үнемделген. Бұған дейін амбулаторлық картаны жоғалту бойынша жыл сайын 300 шағым түссе, электронды денсаулық құжаты бұл мәселеге нүкте қойған.
Бала бақылауда болады Бі лім беру саласында да оң өзгері стер бар. Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Карамбаевтың сөзінше, өңірдегі 362 мектепке Wi-Fi желісі тартылған. Балабақша кезегіне қою мен жолдама алу ісі автоматты түрде жүзеге асырылуда. Мұндай жұмыстар ата-аналардың уақытын үнемдеп, жемқорлықтың жолын
ретте 63 мұғалім Инновациялық Еуразия Университетінде арнайы курсқа қатысып, 40 ұстаз жоғары білім деңгейін меңгерді. Бұдан бөлек, облыста 27 техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарында «Platonys» автоматты жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Онда студенттердің оқу үлгерімі енгізіліп, ата-аналар баласының сабағын қадағалай алады. Жастар үшін «Колледж абитуриенті» порталы ашылған. Бұл арқылы оқуға түскісі келетін түлектер аймағымыздағы барлық колледж туралы мағлұматқа қол жеткі зуге болады. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде «Қауіпсіз мектеп», «Бұлтты бухгалтерия» жобаларын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. - «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Есеп және әкімшілік-шаруашылық
Өткен жылы Павлодар облысының мем- лекеттік мұрағаты мекемесін цифрландыру бойынша облыстық бюджеттен 72,2 млн. теңге бөлінген. Бұл ретте 13,2 млн. теңгеге екі заманауи сканер және 15,0 млн. теңгеге тігілген құжаттарды сканерлеуге арналған құрылғы сатып алынды. Сонымен қатар, «Электронды мұрағат құжаты» ақпараттық жүйесі орнатылған. Бұл бағытқа 20,0 млн. теңге қаржы жұмсалды. Бұдан бөлек, 24,0 млн. теңгеге серверлік құрылғы сатып алынды. Бүгінде заманауи сканерлердің көмегімен 1053 жазба мен 14476 іс сандық сапаға ауыстырылды. Ағымдағы жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша мемлекеттік мұрағатта сақтауға арналған қағаз жүзі ндегі і стерді ң саны 600 мыңнан асады. Жиын соңында тұрақты комиссия мүшелері аталмыш бағыттағы жұмыстарды назарда ұстайтындарын айтты.
ҰЛТ САУЛЫҒЫ
Ауырмайтын жол ізде! Басымыз ауырып, балтырымыз сыздағанда емханаға бас сұғамыз. Өкінішке қарай, сырқаттың алғашқы белгілері басталғанда өздігімізден емделіп, асқынғанда ғана дәрігердің көмегіне жүгінетініміз бар. Денсаулығымызға деген салғырттықтың салдары ағзадағы дерттің асқынуына, иммунитетіміздің әлсіреуіне әкеледі. Айдана ҚУАНЫШЕВА Статистикалық мәлімет бойынша елімізде жылына 2,9 миллионға жуық адам ауруханада ем қабылдайды екен. Оның 70 пайызға жуығы немесе 1,9 миллионы жедел жәрдем көмегімен шұғыл жеткізілгендер. Мамандар әрбір оныншы тұрғынның өміріне қауіп төнгенде ғана дәрігер көмегіне жүгінетінін айтады. Бұл жағдайға науқастардың бағасы қымбат дәрілерді қабылдауды қалтасы көтермей, емдік сараптамадан бас тартатыны себеп болуда. Ресми статистикалық деректерге сүйенетін болсақ, өткен жылы елімізде 19,3 мың адам түрлі аурудан көз жұмған. Өкініштісі, оның 7,5 мыңы еңбекке жарамды жасында бақилық болыпты. 2018 жылы Павлодар облысында 5 ауру түрінен өлім-жітім көп тіркелді. Оның ішінде 1912 адам онкологиялық сырқаттан, 1433 адам қан айналымы жүйесінің бұзылуынан, 805 адам ас қорыту жүйесінің нашарлауынан, 712 адам түрлі оқыс оқиға, улану, жарақаттан,
463 адам тыныс жолдарының тарылуынан көз жұмыпты. Мамандар мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін көрсетілетін, шы-
ғыны аз диагностикалық ем-шаралардың көмегімен сырқатты емдеуге болатынын айтады. 2019 жылы Павлодар облысының денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 39 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде 12,7 млрд. теңге емханалықамбулаторлық көмекке, профилактикалық іс-шараларға жұмсалады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазиновтің сөзінше, тегін медициналық көмекті мемлекеттік мекемелерде ғана емес, жекеменшік ұйымдарда да алуға болады. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 64 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның 31-і - жекеменшік.
КАДР ТАПШЫЛЫҒЫ Елімізде дәрігер жүктемесін азайту өзекті мәселе қатарында екені белгілі. Бұл ретте бір дәрігерге келетін халық жүктемесін 1700-ге азайту көзделуде. Павлодар облысында жас мамандарды жұмысқа тарту мақсатында жасалып жатқан қолдау аталмыш мәселені шешуге септігін тигізбек. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, аймағымызда бір дәрігерлік учаскенің қаралуына жазылатын адамдардың саны 2500-ден асады екен. Биыл бірқатар шаралардың нәтижесінде аталмыш жүктемені 2000-ға дейін азайтуға мүмкіндік туды. Бүгінде облысымызда қызмет ететін жалпы тәжірибелік дәрігерлер саны аз. Сондықтан барлық учаскеде бұл мәселені шешу оңайға соқпайды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Алмагүл Ахметжанованың айтуынша, ағымдағы жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры учаскелердегі жүктеме нормативін азайту үшін қаржы бөлген. Бүгінде облысымызда 328 жалпы тәжірибелік дәрігер учаскесі жұмыс істейді. Оның 39-ы биыл ашылса, жыл соңына дейін олардың саны тағы 19-ға артады деп күтілуде. Кадр тапшылығын азайту үшін өңірімізге медицина қызметкерлері көптеп тарты-
2018 жылмен салыстырғанда жеке клиникалардың саны 5 ұйымға артқан. Аймақ жұртшылығының денсаулығына ерекше мән берген жергі лікті дәрігерлер «Медицина жақын!» акциясы аясында облысымыздың шалғай ауылдарына жолға шығып, тұрғындарды медициналық тексеруден өткізді. Жуырда Павлодар облыстық ауруханасының бірінші мамандандырылған бригадасы Тереңкөл ауданы Береговое ауылының тұрғындарын қабылдады. Жұртшылық терапевт, лор, стоматолог, окулист, гинеколог және зертханашы сынды білікті мамандардың көмегін алды. Дәрігерлер кейбір науқастарға толық тексеруден өтуі үшін облыстық ауруханаға жолдама берді. Акция барысында көпбалалы ана Гүлстан Нейфельд алты баласы мен өзінің денсаулығын тексерістен өткізіп, мамандарға алғысын білдірді. - Ауылда тұрғандықтан барлық баламды аудан орталығындағы ауруханаға апаруға жағдай бола бермейді. Дәрігерлердің ауылымызға келіп, жұртшылықты медициналық тексеруден өткізгеніне риза болдық. Мұндай шара жыл сайын ұйымдастырылса екен деген тілегіміз бар, - дейді көпбалалы ана. Сонымен қатар, мұндай акция Железин ауданының Жаңа жұлдыз ауылында да өткізілді. 300-ден астам тұрғын мен 142 бала медициналық тексерістен өтіп, мамандардың кеңесін алды. - Ауыл тұрғындары көпшілігі жүрек-қан тамырлары мен асқазан-ішек аурулары бойынша көп жүгінеді. Ауқымды шараның нәтижесінде көптеген тұрғындарға облыс орталығындағы емханаларда тексерістен өтуге жолдама бердік. Бастысы, тұрғындар ризашылығын білдіруде. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады деген ойдамыз, - дейді Павлодар облыстық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігері Гүлнәр Имағұлова. Аталмыш акция аймағымыздың барлық аудандарында өткізіледі деп жоспарлануда. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, денсаулығымызға мән беріп, дәрігердің қабылдауына дер кезінде жазылайық!
Емханадағы кезек азая ма?
луда. Сәуір айында аймағымыздың бас дәрігерлері Қарағанды, Семей, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының медициналық академияларында бос орындар жәрмеңкесіне барып, жалпы тәжірибе дәрігерлері кадрларын тартуға бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 92 түлекпен келісімшарт жасалды. Яғни, аймағымыздағы медицина мекемелері жас мамандарды қызметке қабылдамақ.
Биылғы жылдан бастап, жоғары оқу орнына мемлекеттік грант ұтып алған түлектер медициналық ұйымдарда үш жыл еңбек етуге міндеттелгенін атап өткен жөн. Бұдан бөлек, жас мамандарды баспанамен қамту, көтермеақы төлеу мәселелері де ерекше назарға алынып отыр. Мұндай қолдаудың нәтижесінде жергілікті емханаларда кезек саны едәуір азайып, кадр тапшылығы мәселесін жоюға жол ашылмақ.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.
1 маусым, сенбі, 2019 жыл ТЕМІРҚАЗЫҚ
САРЫАРҚА САМАЛЫ
5
Беттің үйлестірушісі -
Айдана ҚУАНЫШЕВА Тел: 8(7182)-66-15-31
Қозғалыс керек Қазіргі адамдар жұмысбасты деп жатамыз. Таңның атысынан кеш батқанға дейін компьютерге телміріп отыратындар да бар. Жұмыс уақыты аяқталып, үйде отырғанда ұялы телефоннан бас алмай жатамыз... Шыны керек, қазіргі адамдар діттеген жерге көлікпен барғанды әдетке айналдырған. Мамандар ағзада қимыл-қозғалыстың тұрақты болмауы ауруға әкеп соқтыратынын айтады. Бұлшық еттің апта, ай, жылдар бойы дұрыс жұмыс істемеуінің салдарынан тінаралық ұсақ тамырларға қан бармайды екен. Дәрігерлердің сөзінше, жаңа туған сәби денесінің 23 пайызын бұлшық ет құрайды. Оның мөлшері 8 жастағы балада 27 пайызды, 15 жастағы жасөспірімде 32 пайызды құраса, 18-20 жастағылардың денесінің 44 пайызын алады. Медицина саласының мамандарының сөзінше, 25 жасқа дейін бұлшық еттің өсуі, толысуы табиғи жолмен жүреді. Ал 25 жастан асқаннан кейін жаттығумен айналыспайтындарда әрбір 5 жыл сайын бұлшық ет талшығының диаметрі кішірейе бастайды екен. Көбі несе бұл жағдай жастар арасында бас ауруын туғызады. Салдарынан бұлшық етті қимыл-қозғалысқа түсірудің орнына бас ауруын емдеуге бағытталған түрлі дәрі-дәрмек ішіп, ағзасын әлсірете түседі. Бұлшық ет қызметінің бәсеңдеуіне ұсақ тамырлардың сола бастауы себеп болады екен. Себебі сол кішкене тамырлар оттегімен байытылған қанды жеткізетін көрінеді. Сондықтан аяқ бұлшық еттерінің күшін қалпына келтіру әр адамның өзіне байланысты. Ағзадағы қимылқозғалыстың аздығы есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, ойлау қабілетінің азаюына әкеледі. Бастағы қан айналымы иық пен жауырын бұлшық еттерінің қызметіне байланысты дейді мамандар. Жүрек қызметінің 40-50 жаста әлсіреп жататыны да қозғалыстың аздығынан орын алады екен. Соңғы кезде бұл дерт жастар арасында да белең алып келе жатқанын білеміз. Кардиологтар жасы 35-тен асқандардың жүрегі ерте сыр бере бастағанын айтады. Тіпті, жүрек-қан тамырлары ауруларының көрсеткіші бойынша еліміз алдыңғы қатарда тұр. Бұл дертке шалдығуға бұлшық ет пен миға қан тасымалдайтын тамырлардың зақымдануы себеп болуда. Ал қан айналымының қызметі адамның қимылқозғалысына байланысты реттеледі. Сондықтан әр күніміздің жарты немесе бір сағатын жаттығуға арнап, денсаулығымызды қалыпқа келтірейік. Кез келген дерттің алдын алу, өмірімізді ұзарту – өз қолымызда!
6
1 маусым, сенбі, 2019 жыл
RÝHANI JAŃǴYRÝ
Қазба жұмыстары басталмақ Жақында Успен ауданында археологиялық қазба жұмыстары басталады деп жоспарлануда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынғалы отырған аталмыш іс-шараларды жүзеге асыруға қазынадан қомақты қаржы қарастырылмақ.
САРЫАРҚА САМАЛЫ
Зерттеу жұмыстары жалғасады Железин ауданында облысымыздың киелі орындарының картасына енген бірнеше орын бар. Соның бірі «Алтын төбе» қорғаны. Бұл нысан Жаңа жұлдыз ауылынан 20 шақырым қашықтықта, Саржан өзенінің маңында орналасқан. Айдана ҚУАНЫШЕВА
Нұржайна ШОДЫР Успен аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Болат Байзақовтың айтуынша, бұл өңірде бұрын-соңды қазба жұмыстары жүргізілмепті. Алдағы уақытта археологиялық зерттеулердің нәтижесінде құнды жәдігерлер мен мол мәліметтер табылады деген сенім бар. - Туған өлкенің тарихын таныпбіліп, ғасырлар бойы сыры ашылмай келген құнды жәдігерлерді, қасиетті орындарды зерттеу – бүгінгі ұрпақ парызы. Осы мақсатта жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аймағымызда толағай жұмыстар атқарылуда. Бұл - қуантарлық жағдай. Ендігі кезекте Успен өңіріне археологиялық зерттеу жүргізілмек. Аудандағы көнекөз қариялардың сөзіне қарағанда өткен ғасырларда мұнда қазақ ауылдары болған екен. Сондықтан қазба жұмыстары жақсы нәтиже береді деп үміттенеміз.
Негізі, Успен өңірінде 1907-1909 жылдары Щербин экспедициясы жүргізілген деген дерек бар. Бұдан кейін ауданда археологиялық зерттеу шарасы мүлдем болмаған. Енді көп кешікпей бұл бағыттағы жұмыстар басталады деп жоспарлануда, - дейді Болат Байзақов. Осылайша, алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Успен ауданында қолға алынатын ғылыми жұмыстардың нәтижесінде тарихи, мәдени мұра нысандары мен археологиялық ескерткіштер зерттеліп, құнды мағлұматтар қоры толығатын болады. Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, қазба жұмыстарына қазынадан шамамен 1 200 000 теңге көлемінде қаржы бөлінеді деп күтілуде. Аталмыш зерттеу шараларымен
облыс орталығындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы «Margulan Centre» аймақтық археологиялық орталығының мамандары айналысады. - Біз алдымен Успен ауданына барып, барлау жұмыстарын жүргіземіз. Яғни, істі қай жерден бастау керектігін нақтылап, бағытымызды белгілейміз. Содан кейін ғана жоспар бойынша жұмысқа кірісеміз. Ал оның қанша уақытқа созылатынын дөп басып айту қиын, сондықтан бәрі уақыт еншісінде, дейді «Margulan Centre» аймақтық археологиялық орталығының ғылыми қызметкері Еңлік Әбеуова. Аудан әкімдігі ұсынған ақпарат бойынша бұл бағыттағы жұмыстар осы жаз айларында басталып, 2020 жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады деп жоспарлануда.
Кесенені аралады
Баянауыл ауданында алдағы уақытта сакралды орындарды аралауға арналған «Rýhty Qazaqstan» бірегей экскурсиялық туры іске қосылмақ. Бұл жоба арқылы жастарға, туристерге әсем өлкенің киелі мекендерін таныстыру мақсат етілген. Яғни, туристерді тарту көзделіп отыр.
Жуырда Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Баянауыл ауданы Ескелді шатқалындағы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне барды. Бұл сапар Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Туған жер – тұғырым» және «Ті лді к келісім» жобалары шеңберінде ұйымдастырылды. Балалар М.Ж.Көпейұлының кесенесіне зиярат жасап, Мәшһүр Жүсіптің қайта жабдықталған мұражайында болып, ғұламаның өмірі мен шығармашылығы жөні нде бі лі кті мамандардың тарапынан көп мағлұмат алды. Мұражайдағы экспонаттарды тамашалап, ғұламаның ғұмырбаяны мен өнегелі ісінен ғибрат алды. Арнайы шалынған құрмалдық етінен ас әзірленіп, Мәшһүр бабамыздың
Ерекше экскурсия Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ
аруағына құран бағышталды. Осы орайда, балалардың сапарға шығуына атсалысқан Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Диана Мұхановаға, көлікпен қамтамасыз еткен Ербол Солтаналин, полиция капитаны М.Ахтаев пен А.Әміров сынды жомарт азамат-
тарға да алғыс айтқымыз келеді. Рухани сапар балалар ауылының тәрбиеленушілеріне тың серпіліс сыйлады.
«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесі.
Бейнероликте баяндалады Баянауыл ауданында жастарға көне салт-дәстүрлерді дәріптеудің заманауи тәсілі қолға алынбақ. Ұмыт бола бастаған рухани азығымызды оралту мақсатында жүзеге асатын жоба «Ryh-salt» деп аталады. Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әйгерім Мекеннің мәлімдеуінше, мұндай идеяны мәдениет
Көнекөз қариялардың айтуынша, аталған орыннан темір дәуіріндегі көшпелі халықтың мұрасы табылған. Соның ішінде жебенің ұштары сияқты бірқатар құралдар бар. Мұнда көп жылдан бері қазба жұмыстары жүргізілмеген болатын. Былтыр «Алтын төбе» қорғанында көлемді зерттеу жұмыстары жүргізілген. Алайда тарихи орынның сыры толық ашылмаған. Яғни, әлі де кешенді қазба жұмыстарын жүргізу қажет. Ғалымдар бұл ежелгі қорғанның облыс аумағында теңдесі жоқ екенін айтуда. Бұдан бөлек, Железин ауданының аумағында неолит дәуіріне жататын Пеньки - 1 және Пеньки - 2 тұрақтары бар. Олар Қазақстан селолық округінің аумағында орналасқан. Ең көне заттар Пеньки - 1 тұрағынан табылған. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде аталған аумақта бұрғы, пышақ, жебені ң ұшын және басқа да қару-жарақ жасауға арналған темір пластиналар анықталған. Сондай-ақ, қыштан жасалған ыдыстар да табылды. Кейбір ыдыстардың бетінде ойып салынған түрлі сызбаларды да анық көруге болады. Пеньки - 2 тұрағы неолит дәуі рі ні ң соңына жатады. Сәйкесінше, аталған орыннан табылған құрал-жабдықтар да өзгеше. Мысалы, жебенің ұштары ұзарып, екі жағынан да қашалған. Тұрақтан көп балта табылған. Ыдыстардың сырты қалыңдай түсіп, бедерленген суреттері де өзгерген. Ғалымдар мұндағы үйлердің қабырғасы ағаштан жасалып, шатыры қамыспен жабылған деген болжам айтуда.
саласының ардагері Жамбы Ипатқызы ұсынған. Ол жастар арасында ұлттық құндылықтарымызды заманға лайықтап ұсынудың тиімділігі молын алға тартқан. Сондықтан ауызша айтып қана қоймай, көнерген салтдәстүрімізді бейнероликтер түрінде
түсіріп, кейінгі буынға насихатталмақ. Ұйымдастырушылар ерулік беру, шашбау тағу сынды соңғы кездері қоғамда қолданыла бермейтін салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуды көздейді. Яғни, салт-дәстүрлердің әр қадамы айтылып, жасалып, таспаға жазылатын болады. Бүгінгі буын бейнероликтер арқылы ұмытыла бастаған ұлттық құндылықтарымен қауышады.
Баянауыл ауданы.
Аудандық ішкі саясат бөлімі мен дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі бірлесіп қолға алып отыр. Бірегей жобаның алғашқы сапары мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылмақ. Ауданның жас мемлекеттік қызметшілерін өңірдің сакралды орындарына апарып, таныстыру жоспарланған. Айта кету керек, аталмыш ауданда бүгінде 40-қа тарта жас мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлі мі ні ң бас маманы Нұрқанат Дәрі мні ң айтуынша, экскурсияның маршрутына республикалық сакралды орындар тізіміне Баянауылдан енген төрт нысан кірмек. Олар - Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Қоңыр әулие үңгірі, «Ақ келін» тарихи-мемориалдық кешені, Жасыбай батыр зираты. Сондай-ақ, жастар, туристер облыстық тізімдегі ауданның 15 сакралды орнына да баратын болады. «Жастар жылы» қолға алынып отырған жоба барынша жас азаматтарды тартуға бағытталмақ. Жас буынның рухани азық алып, еліміздің тарихында, мәдениетінде маңызы зор нысандарды танып-біліп жүруіне жетелемек. Жобаны жыл сайын жүзеге асыру көзделген.
Баянауыл ауданы.
RÝHANI JAŃǴYRÝ
САРЫАРҚА САМАЛЫ
1 маусым, сенбі, 2019 жыл
7
Қазақтың музыка мәдениеті Қазақ ұлт болып қалыптасқан уақыттан халқымыздың төл музыкасы бірге дамыды. Ән-күй арқылы әдет-ғұрып, дәстүрлі салт-сана ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, көшпелі халқымыздың рухани мәдениетіне айналды. Әлдилеген сәбиден бастап қарттарымызға дейін қуаныш пен мұңын музыка арқылы жеткізді. Бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, сүндет той, т.б. ойын-сауық, ән-күймен әсерленіп отырды. Әсіресе, лирикалық-әлеуметтік тақырыпқа арналған, формасы күрделі музыкалар орындаушылығы жағынан мықты шеберлікті қажет етті. Қазақ халқының ақын, жырау, жыршы, әнші, өлеңші, күйшілері музыкалық мәдениеттің негізін қалады. Сондықтан да болар, шеттен келген адамдар ХVІІІ-ХІХ ғасырлар бойы қазақ халқының өмірі мен салтын бақылап, халықтың өнерге деген қабілетін, суырып-салма ақындығын, еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін ән-күйге деген әуестігіне таңдана қараған. Ерте заманнан бүгінгі күндерге дейін әуен және ән өнерінің шыққаны туралы қазақ халқының аңызы бар. Бұл аңыз бойынша, әуеде қалықтаған құдіретті ән көшпенді қазақтың ұлы даласынан ұшып бара жатып төмендеген, сондықтан оны естіген халықтың табиғатынан бойына музыкалық қабілеті дарыған. Тағы да бір халықтың айтуында «Жаратқан Тәңір әр қазақтың жанына туғанынан күйдің бөлшегін салған», – дейді. Қазақ халқы әр қоғам мүшелерінің жас ерекшеліктеріне қарай әуен аспаптары, оның түрлері, құрамы және орындау ерекшеліктерін қалыптастыра білген. Жас балалар шеберлердің қолымен жасалған, сыртын жылтыр бояулармен бояп, әр түрлі өрнектермен әшекейлеген, әр түрлі аңдардың, құстардың, балықтардың, үй жануарларының бейнесіндегі саз балшықтан жасалған үрмелі аспаптармен ойнап, үйренген. Олар осындай әуен құшағында, анасының бесік жырымен, үлкендердің өсиет-өлеңдерін тыңдап, өмірге деген көзқарастары қалыптасып, үлкен өмірге аяқ басқан. Содан соң жастардың әуезге, әнге деген білімдері мен шеберліктері әртүрлі отырыстарда қайым-айтыс, тартыс, қара өлең айту арқылы шыңдалып отырған. Есейе келе ән қорына махаббат әуендері, тойларда айтылатын жар-жар, қалыңдықтың қоштасу әні және де аңшылардың аңға шығарда, сарбаз әскерлердің жорыққа аттанарда қолданған дабыл, дауылпаз, шыңдауыл секілді аспаптардың үндері мен толықтырылып отырған. Ал үлкендер өз ән-күйлерінде елдің бірлігі, халықтың мұң-мұқтажы, салт-дәстүрі мен айтыстарды өз руларының жеңіс, жетістіктерін жырға қосып жырлаған. Ақсақал, қариялар әуен арқылы жастарға өнеге-өсиет, өмірдің өткінші, бақыттың баянсыз, жалындаған жастықтың да жастығы қисайып, қарттықтың кіретінін терең ойланып, түсінуге шақырған.
Міне, ғасырлар бойы көшпенді қазақ халқының жылдан-жылға, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып келе жатқан ән-әуен өнері осындай болса керек. Сондықтан да бұл халқымыздың тарихында ерекше орын алмақ. ХХ ғасырдың басына дейін, қазақ халқының рухани байлығы әкеден балаға, ұстаздан шәкіртке, өткеннен болашаққа тек ауызба-ауыз беріліп отырған. Көшпенді, жартылай көшпенді өмір де халықтың музыкалық дәстүрі мен саз аспаптарының, көркем өнердің бір тамаша үлгісі ретінде ауызша және ақындық өнерінің дамып, қалыптасуына өз әсерін тигізді. Бастапқы даму кезеңінде халық музыкасы діни және тұрмыс-салт, дәстүр сабақтастығын жырлауға арналған құрал ретінде қаралды. Қазақ халқының ұлттық этнос ретінде қалыптасу кезеңінде жыраулардың жыр толғаулары көбінесе атабаба дәстүрі мен батырлықерлікті дәріптеуге көп арналған. Қыл қобыз бен домбыраның сүйемелдеуімен орындалатын мыңнан аса жыр жолдары төгілген, жүзден аса маржан жырлар халық есінде жатталып қалған. Қазақ халқының бұрынғы және қазіргі тарихында ойып орын алатын «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Еңлік-Кебек» жыр-эпостары ерліктің белгісі, ұлттың алтын қазынасы ретінде осы заманға жеткен. Кейінірек пайда болған күй өнері де өзінің тылсым табиғатымен тәнті еткен. Дәстүрлі жыр өнері мен құдіретті күй өнерінің бастауында әрине қыл қобызын арқалаған Қорқыт бабамыздың тұрғаны айдан анық. Кейбір күйлерден тірі табиғаттың тылсым үнімен қоса өмір мен өлімді, тіршіліктің мағынасына үңілген ұлылықты сезінгендей
боласың. Бірақ барлық дерлік күйлерден қайталана естілетін әуенбұл тәңірге жалбарыну, ұрпаққа өсиет, ата-бабалар дәстүрі, табиғат тылсым күштері мен аруақтарға арнаулар. Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихы ғасырлар қойнауына терең кетеді. Көне қала Хорезмге жасаған археологиялық қазбалар кезінде табылған екі ішекті музыкалық аспаптарда ойнап отырған мүсіндер – домбыраның шығу тарихының көнеден басталатындығының куәсі. Ғалымдардың пайымдауынша, 2000 жыл бұрын пайда болған Хорезм екі ішекті аспаптарының қазақ домбырасымен төркіндес екендігі және бұл аспаптардың Қазақстан территориясында пайда болған ежелгі көшпенділердің алғашқы аспаптары екені анықталып отыр. Домбыра мен сыбызғы саздарының ежелгі үлгілері ретінде жеткен күй дастандары өте көп. Мысалы, «Аққу», «Қаз», «Нар», «Ақсақ құлан», «Ақсақ қыз», «Жорға аю» және қайғы-мұңға толы «Зарлау», «Жетім қыз». Бұл күйлерде ежелгі көшпенділердің діні, салт-дәстүрі, қуаныш-қайғысы мыңдаған ғасырлар бойы сақталып, бізге жеткен. Тек ХІХ ғасырда қазақ музыкасы діни әуендерден арылып, толыққанды көркемөнер саласы болып дами бастады. Осы кезеңде аспаптар ақындар айтысында, өлең өнерінде халық арасында кеңінен тарап, рухани қолдау тауып, қарқынды алға басты. Әртүрлі жанрлар қалыптаса бастады. Кең байтақ Қазақстан өңірінде әр түрлі сазгерлер мен орындаушылар мектебі ашылып, әр өлкелердің әуендері жарық көрді. Мәселен, Батыс Қазақстан төкпе күйдің отаны саналса, Сарыарқа өңірі дәстүрлі ән орталығы, оңтүстік өңір жыраулық, шешенді к сөз өнері не басымдық берді. Ал Жетісу ақындар айтысын
дамытты. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай, Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаев аттары тек қазақтың емес, әлемдік музыка мәдениетінде ойып орын алған. Олардың шығармашылығы өзіндік жарқын стилімен және музыкалық қайталанбас таңбаларымен қазақ классикалық музыка мәдениетінің мақтанышына айналды. Қара халықты құдіретті музыка үнімен сусындата отырып, олардың өздері де халық арасында үлкен құрмет пен ілтипатқа ие болған. Олардың ең талантты, үздіктеріне халық сал, сері атағын берген. ХІХ ғасырдың қазақ кәсіби музыканттары өздерінің музыкалық шығармаларын орындауымен қатар, сөз өнері, импровизация, өте жоғары дәрежедегі вокалдық техникасын, музыкалық аспаптарда виртуоздық орындауымен, театр және цирк өнерінің элементтерін араластырғанын орта ғасырдағы Батыс Еуропа музыканттар арасында дамыған жанглер, трубадур, трувер, мейстер, миннизингерлер өнерімен бір дәрежеде қарастыруға болады. ХХ ғасырда қазақ музыка мәдениеті музыкалық жаңа формалармен және жанрлармен байытылды. Азғантай уақыт аралығында бүкіл классикалық Еуропа музыка өнерін – операны, симфонияны, балетті, контатаны, ораторияны, ансамбльді, оркестрді, хор орындаушылық формасын меңгеріп қана қоймай, жазбаша типтегі музыка өнерінің жаңа кәсіби сазгерлік мектептерін ашты. 30-40 жылдары қазақ ұлттық мәтінді өнерін және еуропалық классикалық музыканы органикалық синтез жасау арқылы қазақ опера өнерінде Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегі», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абайы», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара» классикалық туындылары дүниеге келді. Бұл туындылардың драматургиялық және музыкалық негізі қазақ фольклоры мен ауызша кәсіби музыканың бай қорынан алынған болатын. 60-70-ші жылдары республикада еуропалық аспаптық музыканың қиын жанры - симфонияның дамыған уақыты. Формасы жағынан классикалық симфонияға келетін Ғ.Жұбанова мен К.Кужамьяровтың симфониялық күй синтезі өмірге келді. Әсіресе ғалым-фольклорист Б.Сарыбаев жаңғыртқан қазақ халқының ежелгі ұмыт болған музыка аспаптарын құрамына енгізген «Отырар сазы» фольклорлықэтнографиялық оркестрі халық арасында үлкен беделге ие болды. Бұл жерде оркестрдің басшысыдирижері, сазгер, домбырашы Н.Тілендиевтің сіңірген еңбегі өте зор. Қазіргі заманда Қазақстанда музыка өнері әр түрлі салада дамып келе жатыр. Еуропалық орындаушылық
және композиторлық творчестволық жанрдан басқа республикамызда рок, эстрада, джаз және әлемдік діни музыкалық концессиясы, фольклор, ауызша кәсіби орындаушылық шеберліктері дамыған ұйғыр, неміс, кәріс, дұңған, орыс, татар музыкалық ұжымдары бар. Қазақстан – орындаушылық таланттары жағынан әлемдік классикалық музыка дәрежесіне көтерілген Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Г.Есімова, Ә.Дінішев, Г.Қыдырбекова, А.Мұсаходжаева, Ж.Әубәкіровалардың Отаны ретінде белгілі. Сондай-ақ М.Бейсенғалиев, Е.Құрманғалиев, апалы-сіңлі Нақыпбековалардың шет елде ұйымдастырған қазақ музыкалық диаспоралары да өз жұмысын жалғастыруда. Халық тәрбиесі ғасырлар бойы сараланып, ой-арманның тіршілік тынысы, шаруашылық кәсібі мен отбасы, аймақтық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие, салт-сана, өнер-білім, тарих дәстүрімен байланыста болып, үнемі өркендеп, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан әлеуметті-философиялық тарихипедагогикалы, мәдени көркемді, музыкалы-эстетикалы мұра болып қалыптасты. Әлеуметтік-мәдени мұра неғұрлым бай, алуан арналы болса, өткен мен бүгінгі мәдениет мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән-мағынасы терең, мақсаты айқын, тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты ой-толғаныстары күшті қауым, жан-жақты дамыған ерекше тұлға тәрбиелейтін боламыз. Қазіргі Қазақстан Республикасының аймағында жүргізілген археологиялық қазбалардың, тарихи зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, көшпелі даладағы тайпалар тек малшы, жауынгер ғана емес, сонымен бірге тамаша сәулетші, мүсінші, суретші, ұста, зергер, әнші, жыршы, термеші, айтыскер болған. Әрі домбыра, шертер, қобыз, шаңқобыз, сазқурай, сырнай, жетіген, асатаяқ, т.б. музыка аспаптары, ән-күй мәдениеті жоғары дәрежеде дамығандығын байқау қиынға түспейді. Қазақ халқының музыкалық қазынасы үшінші мыңжылдықтың алғашқы кезеңіне дейін өзінің сан қырлы көркемдік сипатымен сақталып, көшпенділердің руханияттық және эстетикалық талғамдарына сәйкес ұлттық діліміздің сарқылмас бұлағына айналуда. Көне музыкалықпоэтикалық нұсқалар – ұмытылмас бабалар даналығы, ғасырлардан жеткен өшпес сарын. Теңдесі жоқ рухани байлығымыз ауызекі түрде қалыптасып, әр заманда сұрыпталып, тек өзіне тән сұлу да сүйкімді әуенімен, қайталанбас ұлттық ерекшеліктерімен, сан түрлі бояуларымен ХХІ жүзжылдықта өз жалғасын табуда.
Р.ҚАШКАНОВА,
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың аға оқытушысы.
МӘДЕНИЕТ
«Джульеттаға хат» Облыстық Иса Байзақов атындағы филармонияның симфониялық оркестрі павлодарлық көрермендеріне әсерлі кеш сыйлады. Концерт барысында өнер ұжымы тыңдармандарына бірқатар тосын сый жасады. Естай атындағы мәдениет сарайында өткен ән кеші не келгендердің қатары көп болды. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өткен концертте өнерпаздар «Алтын қазына» жинағына енген шетел классикасы мен қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындады. Тыңдармандарды ерекше күйге бөлеген симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған «Укол зонтиком»
кинофильмінің саундтрекі болды. Сонымен қатар, Италия әншісі Ромало Тизано, Нұр-Сұлтан қаласынан келген Шахризада Тыныштық және жерлесіміз Мақсат Қасеновтің орындауындағы әр жанрдағы әндер де келушілердің құлақ құрышын қандырды. Оркестрдің дирижері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Рақымжанов. - Бүгінгі кештің ерекшелігі, өнерпаздар тенор, сопрано, баритон жанрында 30-ға жуық әнді өз тыңдармандарына жеткі зі п отыр. Симфониялық оркестр «Джульеттаға хат» атты концерттік бағдарламасы арқылы осы маусымды қорытындылап жатыр. Біздің филармонияның құрамында 10 шығармашылық ұжым бар. Олардың барлығы 15-ші шілдеге дейін өздерінің маусымжабар кештерін беретін болады, - дейді Иса Байзақов атындағы филармонияның бас редакторы Сәуле Мұқаева. Айта кетелік, симфониялық оркестр жазғы демалыстан
оралғаннан кейін күз айында павлодарлық тыңдармандарына жеке шығармашылық ән кешін беруді жоспарлап отыр.
Қ.МҮСӘЙІП.
8
ШАРАПАТ
1 маусым, сенбі, 2019 жыл
СҰХБАТ
САРЫАРҚА САМАЛЫ
«Баланы қорғау – болашақты қорғау» Бала - адам өміріндегі баға жетпес бақыт, елдің ертеңгі болашағы, ұлттың жалғасы. Сондықтан бала тәрбиесі мен оның құқықтарының қорғалуына айрықша мән берілуі тиіс. Осы мақсатта елімізде ҚР Білім және ғылым министрлігі жанынан балалардың құқықтарын қорғау комитеті, сондай-ақ аймақтардағы білім беру басқармаларында балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімдері құрылған болатын. Мұндай бөлім біздің өңірде де бар. Ал балалар игілігі үшін аталмыш мекемеде қандай жұмыстар қолға алынуда? Жалпы, павлодарлық ұл-қыздардың құқықтары өз деңгейінде қорғалып жүр ме? Осы сұрақтарға жауап алу үшін облыстық білім беру басқармасының балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Гүлмира Бәшіровамен сұхбаттасқанды жөн көрдік. ерекше көңіл бөлінуде. Біздегі статистикалық мәлімет бойынша 2016 жылы 100 бала, ал ағымдағы жылдың 1 қаңтарында 120 бала патронаттық тәрбиеде болған. Ал 2017 жылдың қаңтар айынан бастап отбасылық құрылыстың жаңа нысандары ретінде «Қабылдау және қонақ отбасы» жобасы енгізілді. Республика көлемінде мұндай 35 отбасы құрылды. Оның 10-ы Павлодар облысында екенін атап өткен жөн. Бұл ретте, басқа отбасына баратын баланың жаңа орынға әбден сіңісіп кетуін, жағдайының жақсы болуын қадағалап отырамыз. Негізінен, білім беру бөлімдерінде бала асырап алушы ата-аналар мектебі жұмыс істейді, онда баланы өз қамқорлығына алуға ниет бі лді рген отбасыларын і рі ктеу, олардың балаларды қабылдауға деген әлеуметтік-психологиялық дайындығын тексеру және осы бағыттағы өзге де маңызды жұмыстар жүргі зі леді. Мұның бәрі қамкөңі л балаларға отбасының бақытын сыйлауға бағытталған ізгі іс-шара екенін атап өткен жөн. Сондықтан бұл қайырымдылық шарасына облыстағы мейірімді отбасыларын белсенді атсалысуға шақырамын.
- Бүгінгі жеткіншек – егемен еліміздің жарқын болашағы. Сол үшін біз балалардың барынша алаңсыз, бақытты да бейбі т өмір сүруін әркез бақылауда ұстап, олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Бұл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады. Облыстық білім беру басқармасына қарасты балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімі осы мақсатта көп жұмыс атқаруда. Атап айтар болсақ, мектеп жасындағы жеткіншектердің, соның і ші нде денсаулығында кемі сті гі бар, яғни, мүмкіндігі шектеулі балалардың ел қатарлы жаппай орта білім алуына жағдай жасау, кәмелет жасына толмағандар арасындағы өз-өзі не қол жұмсау оқиғаларының орын алуына тосқауыл қою, зорлық-зомбылық пен қатыгездікке жол бермеу, оқушылар еңбегін пайдалануға тыйым салу және бала құқығын қорғауға қатысты өзге де мәселелерді әрдайым назарда ұстаймыз. Сонымен қатар, облысқа қарасты аудандар мен ауылдардағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету үшін қамқоршылық, қорғаншылық органдарының қызметін үйлестіру ісімен де шұғылданудамыз. Бастысы, бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар оң нәтиже беруде. Айрықша атап өтерлі гі, елі мі зде соңғы жылдары «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнін» жоғары деңгейде мерекелеуге мемлекет тарапынан ерекше мән беріліп отыр. Мәселен, бүгінде аймақта «Нұрлы болашақ» атты кең ауқымды акция ұйымдастырылуда. Осыған орай облыс орталығында, қалалар мен аудандарда балалар шығармашылығының фестивальдері, театрландырылған көркем қойылымдар, карнавалдар, концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар, басқа да қызықты шаралар көптеп өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, 1 маусым күні өңірдегі барлық саябақ пен ойын-сауық кешені балалар үшін қызмет көрсетіп, қалалық жерлерде балалардың қоғамдық көлі ктерде тегі н жүруі не, кинотеатрлар, театрлар, бассейндер мен спорт залдарға ақысыз кіруіне мүмкіндік жасалды. Жалпы, «Нұрлы болашақ» акциясы 15-інші маусымға дейін жалғасатын болады. Аталмыш шара аясында өтіп жатқан игі істердің барлығы балалардың бақыты үшін қолға алынуда. Бұл - мемлекеттің балғындарға деген шексіз қамқорлығының белгісі.
- Облыстағы балалардың қазіргі жағдайын қалай бағалайсыз? Әсіресе, жайсыз отбасындағы балалардың жай-күйі басқарма тарапынан қаншалықты қадағаланады? - Бұл мәселені әрдайым назарда ұстаймыз. Себебі, барлық бала бақытты болуға, жақсы да жайлы өмір сүруге лайық. Қазіргі таңда облыстағы жалпы білім беру мекемелерінде әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған отбасыларынан шыққан 13 469 бала есепте тұр. Соның ішінде көпбалалы отбасыларда – 5 111, аз қамтылған отбасыларда - 877, жетім және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған 877 бала мен 97 мүмкіндігі шектеулі жеткіншек бар. Аталған санаттағы
Сурет интернеттен алынды.
- Гүлмира Қайырбергенқызы, алдымен өзіңіз тізгінін ұстап отырған бөлімнің жұмысы жөнінде айта кетсеңіз...
балаларды тиісті әлеуметтік көмекпен қамту үшін жалпыға міндетті оқу қорынан тегін ыстық тамақ пен киім-кешек сатып алуға қажетті қаражат бөлінді. Сонымен қатар, мектептерде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында демеушілерді тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Айталық, жыл сайын «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке мұқтаж мыңдаған оқушыға қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, өткен оқу жылының басында облыс бойынша 17 889 балаға жалпы сомасы 150,8 млн. теңгені ң көмегі үлесті рі лді. Ал бүгінгі күні аймақтағы көмекке мұқтаж 603 балаға жалпы сомасы 7 060,8 мың теңгенің көмегі ұсынылып, маусымдық киім, мектепке қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін 3,0 млн. теңгеден астам қаржының материалдық көмегі көрсетілді. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады. Міне, осының бәрін қорытындылай келе біздің өңірдегі балалардың қазіргі жағдайы ойдағыдай деп есептеймін.
- Елімізде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің санын азайту мәселесі алға қойылғаны белгілі. Бұл ретте, өңірдегі ахуал қалай? - Балалар үйі - жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің ыстық ұясы. Олар осы орында өсіп, өніп, білім алып, содан кейін ғана қияға қанат қағады. Ал соңғы жылдары елімізде қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысы жанданып, нәтижесінде балалар үйінің тәрбиеленушілері «жаңа отбасыларын» таба бастады. Яғни, патронаттық тәрбие беру ісі дұрыс жолға қойылды. Соның арқасында аймағымызда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны күрт азайды. Бүгінгі таңда облыс бойынша осындай 1688 бала бар. Қуантарлығы, мұндай балалардың саны жылдан-жылға кеміп келеді. Салыстыратын болсақ, 2010 жылы аймақта 2 102 жетім және ата-ана
қамқорлығынсыз қалған бала болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш едәуір азайған. Осыған байланысты балалар үйлерін паналаған тәрбиеленушілердің де қатары қысқаруда. Мысалы, 2010 жылы балалар үйінде 810 бала тұрса, бүгінде небары 395 бала тәрбиеленуде. Мұның бәрі осы
Дерек пен дәйек: • Республика бойынша 5 млн. 623 мыңнан астам бала бар; • Оның ішінде 2 млн. 255 мыңға жуығы мектепке дейінгі жастағы балалар; • 18 жасқа дейінгі 600 мыңға жуық бала бар; • 26 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар; • Облыс бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасыларынан шыққан 13 469 бала есепте тұр; • Оның ішінде көпбалалы отбасыларда – 5 111 бала; • Аз қамтылған отбасыларда 877 бала; • Жетім және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған 1688 бала бар.
бағытта қолға алынған жұмыстардың жемісі деп білемін. Айта кетерлігі, аймағымызда қамқорсыз қалған балаларды жеке отбасыларына орналастырудың баламалы түрі саналатын патронаттық тәрбие беру ісін дамытуға
- Бүгінгінің ата-анасы бала тәрбиесінде нені ескеруі қажет? - Әр ата-ана алдымен баласының денінің саулығы мен жанының саулығына айрықша назар аударуы тиіс. Себебі, бала мен ата-ана арасындағы қарымқатынас сапасы сол баланың саулығымен анықталады десем, артық айтқандық болмас. Он екі мүшесі сау, жаны таза балғыннан болашақта білімді де тәрбиелі азамат шығатыны сөзсіз. Алайда бүгінгі қоғамда бала тәрбиесі не кері әсері н тигі зеті н қауі п көп екені алаңдатады. Сондықтан атааналар қауымы өз баласының тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарағаны жөн. Иә, қазіргідей ғылым мен техниканың, ғаламтордың дамыған заманында бала тәрбиесімен айналысу өте күрделі мәселе. Жеткіншектеріміздің көбі бос уақытын ғаламторда отырумен өткізеді. Ал оның не көріп отырғанын бақылайтындар кемде-кем. Мұның қаншалықты қауіпті екені айтпаса да түсі ні кті. Сол үші н қазі ргі ата-аналар ғаламтордың балаға теріс әсер етуіне жол бермей, мұнда көрген ақпараттарының барлығы бірдей шындыққа жанаса бермейтінін түсіндіріп, дұрыс бағыт беруі тиіс. Менің ойымша, бүгінгі бала тәрбиесіндегі басты күресті ғаламторды пайдалана білу тәртібінен бастау керек. Сол арқылы біз баламыздың құқығын қорғай аламыз. Ал бала құқығын қорғау болашақты қорғау деген сөз.
- Балаларды қорғау күні қарсаңында қандай тілек айтасыз? - Елімізде балалардың бақытты өмір сүруі үшін көп мүмкіндік жасалуда. Мұндай қолдаулар әлі де көрсетіле береді. Бастысы, балаларымыз осыны сезініп, мемлекет үшін әрқайсысының орны ерек екенін түсінсе екен деймін. Барлық балаға зор денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеймін.
- Әңгімеңізге рақмет! Сұхбаттасқан Нұржайна ШОДЫР.
САРЫАРҚА САМАЛЫ
Мерекелік шығарылым арды қорғау күні ал ал б қ ы ал ар қ ы ал Бүгін - х Бәрекелд і!
! Құрметті жас достар
ыз өздеріңнен – сендерсіңдер. Халқым рбие алып, ы ағ ш ла бо н қы ар ж ің ім, саналы тә Егемен елімізд Сондықтан сапалы біл . ді йым қуанта те кү іт үм н ке үл мен ұстаздарыңды әрдарулерің үшін ың ар ст уы -т ын ай ағ , қытты өмір сү ата-аналарыңды з. Елімізде сендердің ба ғалай біліңдер. Ең бастысы, пі ес кт ле ті е рің ле ру бе уда. Осы мүмкіндікті ба ін естен барлық жағдай жасал кемел келешегі – сендердің қолдарыңда екен ың нн Тәуелсіз Қазақста й отырып, шығармаңдар! жүректен құттықта ын ш н ме ке ре ме гі гін Баршаңды бү тілейміз! қы ба тты балалық шақ алайын» қосымшасы. Ізгі ниетпен – «Айн ел д і! Бәрек
Дара бала
Аталмыш мерекенің тарихына көз жүгіртер болсақ, оны өткізу туралы шешім 1949 жылдың қараша айында халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған. Уикипедия деректеріне сүйенсек, алғаш рет халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. Бі рі ккен Ұлттар Ұйымы бұл бастаманы бірден қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Айрықша атап өтерлігі, бұл бағыттағы мәселелерге біздің мемлекет те баса назар аударуда. Осы мереке қарсаңында балалар үшін көп іс-шаралар жүзеге асады. Мәселен, соның бірі ретінде жазғы лагерь өз жұмысын бастайды. Жалпы, елімізде балаларға бейбітшілік пен жақсы да жайлы өмір сыйлау үшін көп мүмкіндік жасалуда. Сонысымен де бұл мерекенің мән-маңызы зор.
1. 2. 3. 4. 5. 6.
8.
* * * «Сендер - тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар. Осы жауапкершілікті сезіне біліңдер». * * * «Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек!». * * * «Біз сендердің білікті маман, болашағы жарқын отаншыл азамат болып өсулерің үшін барлығын жасап келеміз».
Ермек ӨТЕТІЛЕУОВ
Сөзжұмбақ
7.
* * * «Сендердің бәрің лайықты өмірдің, әл-ауқаттың, жаңа өмір сапасына қол жеткізудің тек еңбек арқылы ғана келетінін есте сақтауларың керек».
Балаларға базарлық
Н.АҚЫТЕГІ.
1 маусым - бүкіл әлемде балаларды қорғау күні ретінде аталып өтеді. Сондықтан бұл күн «халықаралық мейрам» деген мәртебеге ие болып, 70 жылға жуық уақыт бойы мерекеленіп келеді.
«Мен сендерді интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын».
ҚР Тұңғыш Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Ол 5 жасынан бастап Павлодар қаласындағы балалар көркемсурет мектебінде білім алады. Кішкентай кезінен-ақ сурет салғанды жаны жақсы көретін Іңкәр дарынды да дара бала, дейді ұстаздары. Себебі, оның бұған дейін де жеткен жетістіктері мол екен. Атап айтар болсақ, ол 2017 жылы Чехия елінде өткен халықаралық графика байқауының дипломанты атанған. Ал 2018 жылы Мәскеуде ұйымдастырылған «Шекарасыз балалаық шақ» атты халықаралық балалар бейнелеу өнері байқауында жүлделі III орынға ие болып, Ресейдің Старый Оскол қаласындағы «Қызыл кітап балалар көзімен» атты халықаралық сайыста лауреат атанған. Талапты да талантты жерлесімізге асар асуың биік болсын дейміз.
Мереке несімен мәнді?
Санаңда сақта!
* * * «Сендердің алдарыңнан ата-бабаларың армандап көрмеген ғаламат мүмкіндіктер ашылуда. Біздің жеңісті жолымыз бен жасампаз дәстүрімізді сендер лайықты жалғастыруға тиіссіңдер!».
Жақында 11 жасар талантты жерлесіміз Іңкәр Абзал «Халық сүйіктісі» қазақ ұлттық ғаламтор байқауының «Балғын суретші» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, ол аталмыш шараның негізгі нышаны болып келетін мүсіншемен марапатын да қанжығасына байлады.
Білгенге - маржан!
Ұлыдан - ұлағат
Ата тілегі
Балама!
Айналайын балашым, Аман болсын анашың! Аман болсын әкең де, Ағатайың, тәтең де! Өзің тәтті балдай бол, Өсіп, өсіп, таудай бол, Өмір жолын таңдай біл! Оқуда зерек бол. Ұйқыда сергек бол, Істе шебер бол. Сөзде шешен бол, Ойда мәнді бол, Тойда сәнді бол, Ұрыста батыр бол – Жұртыңа татыр бол!
Жат екен мыналар демесін, Тыңдашы әкеңнің кеңесін. Өз ақылың жететін түрі жоқ, Әкеңнің сарқытын жемесең. Өмірдің қағып бір шегесін Үйренші, түк білмес демесін. Одан соң бастай бер ұялмай Өзгемен пәлсапа егесін. Әйтпесе арыңды төгесің, Желге кетеді-ау кеңесім. Желқайық тоқтата алмайды Теңіздің тереңшіл кемесін.
Балапан жыр
Жан әкем
П а в л о д а р
1. Мектеп мүлкі. 2. Қазақтың ұлы ақыны. 3. Адам тасымалдайтын көлік. 4. Ешкінің төлі. 5. Түйенің төлі. 6. Қазақтың ұлттық аспабы.
Әбділдә ТӘЖІБАЕВ
барымсың, Қамқоршым даан әкем. ж , ің Әкем мен қылмаған, Ешкімнен кем әкем. р Арқа сүйер на
Аға Аға деген асыл ғой, Ақыл айтып жүретін. Аға барда алдыңда, Қорғаушың бар білетін.
Жаннұр НҰРЛАНҚЫЗЫ,
Ана 7. Ең қадірлі адам. 8. Облысымыздағы үлкен өзен. Құрастырған – Мирас ҚҰДИЯР, 4-сынып оқушысы, Ертіс ауданы.
оқушы, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылы.
, Ана, ана, анашым ді. ің өз ем өт Сыйлап етпей, Айтқаныңды екі зіңді. сө әр н мы ай ңд Ты
НОВ, Қайыр ҚҰСА ЙоқЫ ушысы,
№14 мектептің қаласы. Павлодар
Асыл әжем Сізге ешкім жетпейді, Асыл әжем, ақ әжем. Ақылыңнан нәр алдым, Мейірімді жан әжем.
Сәбина СЕЙІТОВА,
№5 мектептің оқушысы Екібастұз қаласы. «Айналайынды» үйлестірген - Нұржайна ШОДЫР.
10
ТАРИХ
1 маусым, сенбі, 2019 жыл
САРЫАРҚА САМАЛЫ
Зиялы қауымның есінде болар, 1989 жылғы тұңғыш Тіл Заңын қабылдау мәселесі оңайлықпен шешіле қоймаған ғой. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі сессиясында бұл мәселе төңірегінде бірауыздылық болмапты. Екіұдай, талас пікірлер де айтылыпты. Тек Республика басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей араласуының арқасында қазақ тілі өз тұғырына қонғанын екінің бірі біле бермесі айқын.
Ортақ мүддеге ұмтылған басылым Н.Назарбаевтың: «Сіздердің өз тілін мемлекеттік тіл ретінде қалпына келті руге ұмтылып отырған халыққа неге көмектескілеріңіз келмейді? Территориясында «Карлаг», «Гулаг», «Алжир» орын тепкен, атом полигоны салынған, бүгін қиын жағдайды бастан өткеріп жатқан халыққа неге көмектескілеріңіз келмейді? Сіздер кімнің тізе бүккенін қалап отырсыздар?» дегені Жоғарғы Кеңес депутаттарына үлкен әсер етіпті. Осыдан кейін ғана халық қалаулыларының беті бері бұрыла бастайды. Егер Нұрсұлтан Әбішұлы басқа бағыт ұстанғанда ті лімі здің тағдыры басқаша шеші лі п кетуі де мүмкі н болыпты. Дегенмен, халқымыздың бақытына қарай осылайша қазақ тілінің басына бағы қайта оралады. Енді бүкіл халық, әр мекеме мен әр ұйым алдында осы қол жеткен жетістікті баянды ету, оны іске асыру міндеті тұрды. Бұл Заңның ең басты артықшылығы – қазақ тілін мемлекеттік тіл деп қабылдағанында. Тіліміздің беделі көтерілді. Мәртебесі артты. Бұл шын мәнісінде халқымыздың егемендік пен тәуелсіздік жолындағы күресінің алғашқы жеңістерінің бірі болатын. Осы Заң қабылданған кезден оның талаптарын орындау жолындағы жанашырлардың бірі ретінде айтарым: Заң талаптарын іске асыру оңайға түспеді. Ана тілімізде ісқағаздарын жүргізу саласын алсақ, мамандар тапшы болды. Осы шаруаны қолға алғандардың тәжірибелері болмады. Бірқатар мекемелер амалсыздан тіл білетін зейнеткерлерді де пайдаланды. Осындай жағдай мектептерде сабақ беретін мұғалімдер қатарынан да кездесетін. Мысалы, Екібастұз қаласындағы мектептерде қазақ тілінен 88 мұғалім сабақ берсе, олардың тек жетеуі ні ң ғана арнайы білімі бар болып шығыпты. Ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізуде көмекші, әдістемелік құралдар да жоқтың қасы болатын. Осы кезеңде басшылыққа алған бірден-бір құралымыз Қазақ ССР Жоғарғы Советы Президиумы мен республика Министрлер Советінің 1985 жылы ұсынған «Рекомендации по оформлению документов в исполнительном комитете районного, городского, районного в городе, поселкового и аульного Советов народных депутатов» деген жинағы болды. Ал бертін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті 1992 жылғы 30 маусымдағы №562 қаулысымен бекітілген «Қазақ-стан Республикасының барлық ұйымдық-құқықтық нысандарындағы бірлестіктерінде (кәсіпорындарында), мекемелері мен ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың Негізгі ережелері» басшылыққа алынды. Сол сияқты қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізудің материалдық-техникалық базасы да тым нашар еді. Қазақша басатын машинкалар болмады, әрі кеңсе хатшыларының да бұл і ске деген дағдылары ойдан шықпайтын. Ісқағаздарын қазақша жүргізудегі осындай қолбайлаулардың жолдарын іздестіре бастадық. Алғашқы бетте бұл жауапты іске облыс орталығындағы Асқар Алыпқашев басқаратын «Ізденіс» («Поиск») өндірістік кооперативі қол ұшын созды. Бұл кооператив Май және Баянауыл аудандарына орыс шрифіндегі қырық «Ятрань», «Листвица» машинкаларын қазақ шрифтілеріне айналдырып, 30 кеңсе хатшысын курстан өткізді. Ал қаладағы №9 өндірістік-техникалық училище, тұрмыстық қызмет көрсету фабрикасы, агроөнеркәсіп техникумы, Баянауыл ауданындағы №27 кәсіптік-техникалық училище және
облыстық әкімшілік жанындағы «Контакт» оқу орталығы мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізушілер мен машинка басушыларды даярлай бастады. Туған ті лді жұртшылыққа насихаттауда, оны күнделі кті жұмыс және і сқағаздарын қазақшалау тіліне айналдыруда халық депутаттары Май, Ақсу, Екібастұз аудандық кеңестерінің төрағалары И.Б.Әбдіхалықов, Қ.Е.Есімханов, Ч.Ж.Зәйкенов, Лебяжі ауданындағы Қызыл ағаш ауылдық кеңесінің төрағасы Б.Р.Әлкеев, Екібастұз ауданына қарасты Ақкөл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мұхамеджанұлы, Ақтоғай ауданының Қожамжар ауылындағы орта мектептің мұғалімі Қ.Б.Кәрімов басқаларға үлгі көрсетті. Жергілікті кеңестердің ұйымдастырушылық жұмыстарының, белсенді басшылар мен тіл жанашырларының арқасында Тіл Заңы талаптары бірте-бірте іске аса бастады. Айталық, 1989 жылы облыс бойынша ісқағаздарын тек Баянауыл ауданындағы Жосалы ауылдық кеңесі ғана (төрағасы – Р.Ыбыраев) қазақ тілінде жүргізсе, 1991 жылы 14 ауылдық кеңес ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізуді қолға алды. Облыстық
,,
... Тіліміздің беделі көтерілді. Мәртебесі артты. Бұл шын мәнісінде халқымыздың егемендік пен тәуелсіздік жолындағы күресінің алғашқы жеңістерінің бірі болатын...
материалдық-техникалық жабдықтау басқармасы арқылы алғаш рет 20 қазақ шрифті лі машинка алынса, кейіннен «Ромашка» деп аталатын қазақ және орыс шрифтілі шағын электронды машинкасы жеткілікті мөлшерде жеткізілді. Мемлекеттік тіл – қазақ тілін ресми шаралар өткізетін, ісқағаздар жүргізетін, хат алысу ті ліне айналдыру мақсатында өз тарапымыздан да мекемелер мен ұйымдар мамандарына практикалық көмек көрсетіп бақтық. Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде «Ісқағаз-дарын қазақша жүргізейік!» айдары ашылып, онда «Жергілікті кеңестерде жиі қолданылатын ісқағаздарының үлгілері», «Кеңес сессияларын өткізу жөніндегі құжаттар үлгілері», «Ауылдық кеңес сессиясы мәжіліс хатының үлгісі» сияқты ісқағаздарының үлгілері жарияланды. Біздің «Мемлекеттік тілдің тағдырына басшылар жауапты», «Ісқағаздарын сауатты жүргізуге мамандар жауапты», «Құжат сапасы мамандардың даярлығына байланысты» деген және т.б. мақалаларымыз да осы кезде «Сарыарқа самалы» газетінде жарияланып, басшылар мен мамандардың бұл шаруаға баса көңіл бөлулеріне айтарлықтай түрткі болған-ды.
Облыстық теледидар да кеңінен пайдаланылды. Оның арнайы хабарларында Лебяжі және Май аудандарындағы Қызыл ағаш, Майтүбек ауылдық, Ақсу аудандық Кеңестерінің Тіл Заңы талаптарын орындаудағы іс-тәжірибелері тақырыптық кино-көріністер көрсету арқылы насихатталды. Ал 1997 жылғы 11 ші лдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң қабылданып, оны іске асыруға байланысты Үкі мет бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарлама негізіндегі облыстық бағдарламаны орындау барысында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге ісқағаздарын жүргізушілер мен аудармашыларды даярлауға облыстық «Қазақ тілі» қоғамы үлкен үлес қосты. Осы қоғам жанынан құрылған тіл мамандарының біліктілігін жетілдіру орталығы (директоры – Т.Б.Кентай) екі жыл ішінде 400-ге жуық маманды курстық даярлықтан өткізді. Бұл игі шаруаға О.Жармакин, А.Тұрышев, Ж.Сарбалаев, Б.Сағындықұлы, А.Зейнулина, Р.Шақаман сынды ғалымдар мен мемлекеттік мекемелердің жекелеген білікті де тәжірибелі мамандары белсене қатысты. Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған облыстық бағдарламасының орындалу барысы әр деңгейдегі әкімдіктердің алқа мәжілістерінде қаралды. Мамандардың біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында жер-жерде семинар-кеңестер өткізілді. Осы жылдары жинақталған тәжірибе негізінде облыс ішкі саясат және тілдерді дамыту департаменттерінің қолдауларымен көмекші және әдістемелік құралдар шығарылып, олар қалалық және аудандық, жергілікті жерлердегі әкімдіктерге, мекемелер мен ұйымдардың ісқағаздарын
жүргізушілері мен аудармашыларына таратылды. Сондай құралдардың бірі біздің «Ісқағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізу мәселелері» (Павлодар – 2006 жыл) әдістемелік құралымыз болатын. Республика Үкіметі бекіткен кесте бойынша облысымызда 2007 жылы ісқағаздары мемлекеттік тілге көшірілуі тиіс болды. Осы орайда «Ісқағаздарын ана тілімізде жүргізуді қалайша жолға қоюға болады?» деген сұраққа жауап іздедік. Сонда жан-жақты ойластыра келіп, «Ісқағаздарын жүргізумен, құжаттарды сараптаумен айналысатын мамандарды оқыту тиімділігін арттырмайынша, ісіміз айтарлықтай өні мді болмайды. Ол үші н әр қалада, әр ауданда, ірі-ірі мекемелер мен ұйымдарда білікті мамандардан құрылған әдістемелік көмек көрсету тобы жұмыс істеуі керек» деген қорытындыға келдік. Ал әдістемелік көмек көрсету тобы, ең алдымен, кемінде айына бір рет нұсқаулық кеңес өткізіп тұруға тиіс. Біз бір жыл ішінде өткізілетін осындай он екі кеңесте қарастырылатын мәселелерді жіктеп көрсетіп бердік. Сондай-ақ нұсқаулық кеңестерді өткізуде қосымша пайдаланылатын әдебиет те қоса берілді. Мұндай әдебиет қатарына А.Алдашева, З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменовалардың «Ресми ісқағаздары» (Астана – 2002 жыл) мен Б.Жахина, А.Құрманова, И.Қайырбековалардың «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу курсы» (Көкшетау – 2003 жыл) құралдарын жатқыздық. Міне, осы әдістемелік, көмекші құралдар да, сондай-ақ М.Қасымбеков, Қ.Әлімқұлов, К.Юсупов, Ж.Әлмешев және Ә.Сапарбековалар құрастырған «Екі тілде іс жүргізу» сөздік-анықтамалық (Алматы – 1994 жыл) пен С. Тоқсанбайдың «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздігі» де (Алматы – 1999 жыл) сала мамандарына айтарлықтай көмектерін тигізді. Кейіннен облысымызда ісқағаздарын жүргізу мен аударма жасау істерінің Б.Нұрмағанбетова (облыс бойынша жылжымайтын мүлік орталығы), Б.Түсіпова (Екібастұз қаласы әкімінің ақпараты), Қ.Мағзұмов (Баянауыл ауданы әкімінің аппараты), А.Құнанбаева (Ұлттық Банктің Павлодар филиалы) сынды біршама тәжірибе жинақтаған мамандары таныла бастады. Осы аталған құралдар мен өз істерінің білікті мамандары туралы да материалдар «Сарыарқа самалы» газетінде үнемі жарияланып отырылды. Қорыта айтқанда, облыстық «Сарыарқа самалы» газеті мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі материалдарды тұрақты түрде оқырмандар назарына ұсынып отырды. Осылайша, бұл басылым Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» қаулысын орындауда ана тілін меңгеру және осы тілде ісқағаздарын жүргізу мәселелерін күн тәртібінен бір түсірген емес.
Ульян МАҚҰЛ,
Павлодар қаласы.
ХАБАРЛАМА
САРЫАРҚА САМАЛЫ
РЕЙД
Браконьерлікке бұғау бола ма? Биыл мемлекеттік орман қоры аумағында браконьерлік фактілерді анықтау және жолын кесу бойынша 82 рейдтік шара жүргізілген. Нәтижесінде 1 аң аулау, 7 балық аулау ережесін бұзу дерегі анықталды.
Биыл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аң аулау және балық аулау ережелерін бұзу 50 пайызға артты. Алдағы уақытта браконьерлік оқиғаларын болдырмау және анықтау мақсатында облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы, орман күзеті қызметкерлері, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізетін болады. Сонымен қатар, мемлекеттік орман қоры аумағында күн сайын жерүсті бақылау жүзеге асырылады. Табиғатты қорғау іс-шаралары шеңберінде аталмыш басқарма жыл сайын Павлодар облысының көлдерін балықтандыру жұмыстарын жүргізеді. Соңғы үш жылда облыста Торайғыр, Сабындыкөл, Жасыбай көлдері балықтандырылды. Жалпы алғанда 242,1 мың дана тұқы шабағы жіберілді. Осы су қоймаларына тауарлық балық жіберу оң нәтиже беріп келеді. 2017 жылдан бастап
көлдерде әуесқойлық (спорттық) балық аулау бойынша жарыстар өткізілуде. Ағымдағы жылы Біржанкөл және Торайғыр көлдеріне тұқы шабақтарының 145,4 мың данасын жіберу жоспарлануда. Айта кетерлігі, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының міндетін атқарушының бұйрығымен далалық тұщы су айдындарында, Ертіс өзенінде, оның жайылма су айдындары мен Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараға дейін 10 мамырдан 20 маусымға дейін, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың барлық су қоймаларында балық аулауға тыйым салынады.
Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы.
Павлодар облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының мекенжайы өзгерді Құрметті бизнес субъектілері, Павлодар облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы келесі мекенжай бойынша орналасты: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16. Мұнда Сіздер бұрынғыдай өздеріңіздің құқықтарыңызды қорғауға, бизнес-жобаларыңызды сүйемелдеуді, кәсіпкерлікті жүргізудегі сервистік қызметтерді, кәсіпкерлерді қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруы бойынша кеңестер алуға, оқуға жазылуға, тауардың шыққан жері туралы және СТ-KZ сертификаттарын ала аласыз. Анықтама телефоны: 66-03-11, 65-44-11. (2097)
«Казлифт және Компания» ЖШС Павлодар қаласының тұрғындарын 2019 жылдың 1 мамырынан бастап лифтілерге қызмет көрсету тарифі 1 шаршы метрден 19,8 теңгеге өзгертілетіндігін хабарлайды.
«Тұрғын үй лифті және Компания» ЖШС Павлодар қаласының тұрғындарын 2019 жылдың 1 мамырынан бастап лифтілерге қызмет көрсету тарифі 1 шаршы метрден 19,8 теңгеге өзгертілетіндігін хабарлайды. (557)
(556)
Ветеринария саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Мемлекет басшысы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыруға назар аударды. Бұл бағыттағы басым міндеттердің бірі қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуінде мемлекеттік қызметшілермен тікелей байланысын төмендету болып табылады. Қойылған міндеттерді мүлтіксіз орындау мақсатында, облыстың ветеринариялық қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық Департаменті мен тығыз қарымқатынаста мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіруге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізеді. «Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Павлодар облысының ветеринария басқармасы көрсетеді. Қалалар мен аудандардың ветеринария бөлімдері екі мемлекеттік қызмет көрсетеді 1. «Ветеринариялы-санитариялық қорытынды беру объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау». 2. «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»
Ветеринария бөлімдерінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен екі қызмет көрсетіледі: 1. «Ветеринариялық анықтама беру»; 2. «Ветеринариялық паспорт бере отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу». Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында кәсіпкерлерге, оның ішінде ветеринария саласындағы талаптар саны қысқаруда. ҚР 2016 жылғы 29 наурыздағы №479-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен «Ветеринария туралы» ҚР Заңынан алынып тасталды. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізілімінен ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйегінде №548 қаулысымен алынып тасталды Енді ветеринариялық препараттарды сату, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу бойынша бизнесті ашу және жүргізу үшін, сондай-ақ ветеринариялық емдеу-алдын алу қызметін жүзеге асыру кезінде кәсіби аттестаттаудан өту талап етілмейді. Ветеринария саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты барлық мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалар «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» ММ-не Павлодар қаласы, Мир көшесі, 22 мекенжайы бойынша немесе 8(7182) 66-18-32 телефондары бойынша хабарласа алады.
1 маусым, сенбі, 2019 жыл
САРЫАРҚА
АКЦИЯ
САМАЛЫ
«Мектебіме тағзым»
МЕНШІК ИЕСІ
Қоғамға қозғау салған Елбасы кешегімізді саралап, келешегімізді кемелдендіруге үндеп, «ұлттық кодты» сақтап қалудың сан алуан бағытын байыптайтын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында бүгінгі таңда аудан мектептерінде «Мектебіме тағзым» акциясы кең көлемде өткізілуде. Жас ұрпаққа туған жерге тағзым етудің үлгісін көрсету, сол арқылы оларда сананың ашықтығын дамыту, табысты болу жолында бәсекеге қабілетті қалыптастыруға ықпал ету, бі лімнің салтанат құруы үшін заманауи материалдық-техникалық базаны нығайтуды жүзеге асыру мақсатындағы акция Қазан жалпы орта мектебінде өз жалғасын тапты. Шара барысында ардагер ұстаздар, 1984, 1989, 1999, 2004 жылғы түлектері сөз алып, киелі қара шаңырақтарына тағзым жасады. Іс-шараға келген барлық азаматтар мектепке көмектерін көрсетті. Солардың бірі, 1984 жылғы түлектер мектепке шахмат кабинетінің жиһаздарын сыйға тартса, 1989 жылғы түлектер «Сымбат» би тобына ұлттық нақыштағы әдемі көйлектер сыйлады, 1999 жылғы түлектер мектепке қызыл кілем, 2004 жылғы түлектер көгал шапқыш және микрофон сыйлады. Мектебіміздің үздік және сабақтарды
11
босатпаған оқушыларға «Теміржан» шаруа қожалығының басшысы Теміржанов Назымбек Жансапұлың атынан қаржылай сыйлықтары табысталды. Бұл игі іс-шара келесі жылы да өз жалғасын табатынына сенім білдіріп, түлектер мен Теміржанов Назымбек Жансапұлына алғысымызды айтамыз.
М. МАГНҰРОВА,
Қазан ЖОББМ психологы.
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 30.09.2014 ж. №14562-Г куәлігі берілген.
Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен марапатталды. ЖШС директоры Асқар ШӨМШЕКОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Телефоны: 66-15-30
(20100)
Тиімді жарнама! «Халық радиосы» - 100.5 FM толқыны өз жарнамаңызды «Бизнес FM» бағдарламасында орналастырудың ерекше мүмкіндігін ұсынады. Дыбыс роликтерін әзірлеу және жалға беру бағасы 3000 теңгеден бастап, ал хабарландырудың әрбір сөзі үшін 100 теңге, 10 сөзден асса, бағасы 80 теңге болады. Жарнамаңыз күніне 24 рет шығып, тыңдаушылардың 90%-дан астамын қамтиды. Бұл жарнама беруші үшін ең тиімді де нәтижелі болатыны сөзсіз! «Халық радиосы» толқынындағы «Бизнес FM» бағдарламасы Сізді міндетті түрде естиді!
Автомобиль жолының жабылуы туралы хабарландыру 2019 жылдың 1 маусымнан бастап «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы «автомобиль жолының 1201-1206 шақырымына күрделі жөндеу жүргізу және Шідерті ауылы – Бозшакөл ауылының темір жолының үстінен өтетін жол өтпесін қайта жаңарту (Қарағандыға бұрылу) нысаны бойынша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты автомобиль жолы уақытша жабылады. Қарағандыға шығу схемаға сәйкес Бозшакөл ауылы арқылы жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
ЖШС-нің мекенжайы. Павлодар қаласы, Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй. Редакцияның мекенжайы. 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Теле/факс 66-15-30
Газеттің электронды поштасы: ssamaly29@gmail.com. Бас редактордың орынбасары - 66-14-61. Жауапты хатшы - 65-12-74. Әлеуметтік бөлім - 66-14-63, 66-15-31, 66-15-32. Экономика, саясат- 66-14-64, 66-15-28, 66-14-65. «Айналайын» - 66-14-63. «Жас times» - 66-15-32.
Жарнама бөлімі: s_samaIy_reklama@maiI.ru 66-15-42, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі - 66-15-41. Фототілші, корректорлар 65-12-74. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 13446 дана, бүгінгі көлемі 3 б.т. «Дом печати» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны. 8 (7182) 61-80-26. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 1068 Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. «Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті.
(549)
Баспа индексі 65441.
К өңiлашар 1 маусым, сенбі, 2019 жыл
Жата-жастана жазған - Алпысбай
САРЫАРҚА САМАЛЫ
Жаз басталды, алақай, Мерекеңмен, балақай! Аюдың әдепсіз баласы Еркелеткен анасы Болды аюдың баласы. Анасына тартыпты, Түрі, түсі дәл тіпті. Ана тыным алғалы Көлеңкелеп жатса да, Жата кетер ол-дағы Анасына жастана. Жығылса, ана аяйды. – Көкем-ау, – деп көтеріп, Кім бар осы маңайда, Ақылы бұған жетерлік. Бал тауыпты ол бүгін. Жүргендей-ақ ашығып, Кіріменен қолының Жей бастады асығып. Беті-қолы малшынып, Былғады үстін бал жағып. – Тамақ ішсең, мұның не! Тым сабырсыз болма, – деп, Жүнін жалап күнімен, Жуып ана болды әлек. Ата-анасы сөйлессе, Бөгет жасар сөзіне. Үндемей-ақ ол кезде Болады ғой төзуге. Міне, бүгін тағы да Жүгіріп кеп үңгірге, Жол бермей қарт аюға Өзі бұрын кірді үйге. Көз ілмей таңды атырды, Тыным көрмей бақырды. Кетті кеше жоғалып, Анасы ойлап іздеуде. Үсті-басы былғанып, Үйге келді бір кезде. – Алаңда аунап жаттым, – деп, Анасына айтты кеп. Апарғанда қонаққа Тағы бастап пәлені,
Бала тілі - бал! - Әже, мен сені қатты жақсы көремін, - деді Айдос. - Қалай жақсы көресің? - деді әжесі көңілі жайланып. - Осы бөлмеден, анау балконға дейін... - деді Айдос қолын шошайтып.
Кішкентай екі бала сөйлесіп тұр: - Туған күнің қашан? - 20 қарашада. - Қай жылы? - Жыл сайын ғой...
***
Мұғалім: - Алмас, сабаққа неге кешіктің? - деп сұрады. - Милиционер ағай маған: «Жолдан асықпай өт», деген соң, асықпадым.
***
Әжесі немересіне: - Балам, егер жөтелетін болсаң, аузыңды қолыңмен жауып жөтел, дейді. Сонда немересі: - Әже қорықпаңыз, менің тістерім сізді-кіндей ұшып кетпейді, - депті. ***
Кішкентай бала жүгіріп келіп: - Апа, апа, қайнап жатқан қазанның ішіне тышқан түсіп кетті, - депті. Апасы шошып кетіп: - Алып тастадың ба? Күйіп қалмадың ба? Не істедің? - десе, баласы: - Тышқанды ұстасын деп артынан мысықты салып жібердім, - депті. ***
Самат ағасына мақтанды: - Мен, мектепаралық жарыста бір шақырымды 1 минутта жүгіріп өттім. - Ой, сен әлемдік рекордтан да асып түсіпсің ғой, - деді ағасы күліп. - Иә, мен жүгіретін қысқа жолды білемін ғой, - деді Самат.
Қалдырды ол ұятқа. – Қауып алды әйелді. Итеріп қап бұтақтан Бөбектерді құлатқан. Үш күн ана қайғырып, Сенделді ана үш күндей. – Ақылымнан айрылып, Сергелдеңге түстім ғой. Ақылдасты ерімен: - Қайда барса төбелес, Жұртшылықты елемес. – Маған несін айтасың. Деді ол, – өзің қайдасың? - Сен балаға анасың, Ана үйретер баласын. Не қылмайды бұл әлі! Сонша өсіп тасқаны, Әкесін де ұрғалы Қол көтере бастады. - Жетті сенің азабың (Көтерсін бе мазағын). Ашуланып таяқтап, Тартқызды әке сазайын. Ұру деген баланы Болмаса да ұнамды іс, Кейде керек болады Осындайда бұл әдіс. Жаны ашып құр жылауда, Ұйқы көрмей жүр ана, Бар қайғысы бір ғана Қырсық болды-ау бұл бала. Қарап тұрсаң ісіне, Дәл осындай есері Балалардың ішінде Кездеседі деседі.
Мүбәрак ЖАМАНБАЛИНОВ, балалар ақыны.
Зауқымжоқ Беті сатпақ, Аяқ батпақ, «Қолыңды жу!» – десең егер, Бір сөзі бар алған жаттап: «Зауқым жоқ!» Өзі қорқақ, Үсті салтақ, Сығырайтып екі көзін,
«Мұрныңды сүрт!» – десе біреу, Қайталайды әлгі сөзін: «Зауқым жоқ!» Оныменен ойнауға да Зауқымыз жоқ. Міне, шатақ! Шын есімін ұмыттық та, Зауқымжоқ деп кеттік атап.
Қазірбек Әкесі айтты: «Тезірек Көмек бер!» – деп өзің кеп. Болмаса да басқа ісі, Жауап берді: «Қазір» – деп. Анасы айтты: «Жылдам жет!» «Ішер асың әзір», – деп. Соқпаса да тәбеті.
Жауап берді: «Қазір» – деп. «Қазір, қазір, қазір!» – деп, Дайын жауап әзірлеп, Жүргеннен соң ел оған Ат қойыпты әзілдеп.
Ақылбек ШАЯХМЕТ.
Із Әкесі:
Қанша айтсам да миыңа түк қонбаған, Түрің құрсын сайқымазақ сомдаған! Төбелесіп анаумен бір, мынаумен, Неге жаға жыртысасың, оңбаған?! Жұлып алған кітабыңның тысын кім? Шимайлаған дәптеріңнің ішін кім? Көзге шұқып мұғалімің көрсетті, Жерге кірер тесік таппай қысылдым. Мектепке айтпа үйдің пыш-пыш өсегін, Олай қылсаң тіліңді мен кесемін. Қараңғыда сыныптағы қыздарды, Бүжәй болып қорқытқаның не сенің?
Неге ұрладың көрші үйдің сен алмасын? Ұрлықпенен көбеймейді мал-басың. Байқап қалып сенің су ми басыңды, Бағбан көрші қарбыз қылып жармасын. Анашың да жасқа малды жанарын, Мен ұяттан күйіп-жанып барамын. Уәдеңді берші маған дәл қазір, Қашан өзі түзелесің, қарағым?
Баласы:
Тайталасқа түспеймін ғой сізбенен, Әкемсіз ғой, сізге арнаймын ізгі өлең. Мен ешқайда шектен шығып кеткем жоқ, Жүріп келем өзің салған ізбенен... Алпысбай ӘБДІЛҰЛЫ.