SARYARQA Павлодар облыстық газеті 1929 жылғы 15 ақпаннан шығады
ssamaly29@gmail.com
SAMALY
www.saryarka-samaly.kz
facebook.com/saryarka15
ЭКОНОМИКА
Әлеуетті еселейтін экспорт
8 маусым, сенбі 2019 жыл №64 (15384)
@saryarka_samaly
Нақпа-нақ Павлодар қаласында биыл жазда
40 000-нан астам оқушы сауықтыру және еңбек шараларымен қамтылады СЕНАТ
Елеулі резервтер бар Сенатта Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалды.
Ет-сүт өнімдері нарығындағы отандық үлесті арттыруға септігін тигізіп отырған кәсіпорындардың бірі – павлодарлық «Рубиком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Заман ағымымен лайықты ілесіп келе жатқан кәсіпорын бәсекеге қабілетті, өндірісте табысты болу үшін өнім көлемі мен сапасын арттыруды қолға алған. Қазіргі уақытта компания Қытай нарығын бағындыруды жоспарлап отыр.
«Әдебиет әлемі»:
Жалғасы 2-бетте
ЕСТАЙ МЕН НЫҒЫМАННЫҢ СӨЗ ҚАҒЫСУЫ (Қимадиден Нығымановтың ешбір жерде жарияланбаған сирек қолжазбалар қорынан). Естай Беркімбаев менің әкем Нығыманмен дос-жаран адам болған. Екеуі кейде қағысып та қалатын. Ондай сөз-барымталары әркез болып тұратын. 1934 жылдың жазы болатын. Біздің колхоз Салпаң көлі жағасында еді. Әкем балық аулайтын құрмасын жер үйге айқара жауып, жамап жатқан. Пошта бөлімінен хат тасушы қарт кісінің күнде өтетін жолы біздің үйдің сыртына жақын еді. Толығырақ 5-бетте
Gismeteo.kz сайтының болжамына сүйенсек, алдағы аптада облыс аумағында ауа райы жаңбырлы болады. Өңірлердің басым бөлігінде ақ жаңбыр болып, найзағай ойнауы мүмкін. Облыс бойынша күндіз +23+25, түнде +12+14 градус жылы болады деп күтілуде.
Сенаторлар алдында осы мәселе бойынша баяндама жасаған ҚР Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов 2018 жылы экономиканың негізгі салаларында оң өсу қарқыны сақталғанын, оған экономиканы әртараптандыру, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», агроөнеркәсіп саласын дамыту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру және і шкі тұтыну белсенді лі гі н бі рті ндеп қалпына келтіру себеп болғанын атап өтті. - Салықтар 2017 жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға өсіп, 846 млрд. теңге көлемінде бюджетке қосымша жиналды. Шығыстар 99,8 пайызға орындалып, 9,6 трлн. теңгеге атқарылды. Республикалық бюджеттің әлеуметтік шығыстарының үлесі 44 пайыз болып қалыптасты. Бюджет тапшылығы 729 млрд. теңгені құрады. Ол жоспардан 17,5 пайызға төмен және ішкі жалпы өнімге шаққанда 1,2 пайыз, – деді Б.Шолпанқұлов. Өз кезегінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова 2018 жылдың бюджеті белгіленген параметрлер шегінде орындалғанын атап өтті. Оған жеткілікті қолайлы макроэкономикалық жағдай да, Үкіметтің атқарған жұмысы да ықпал еткен. Есеп комитеті мемлекеттік ресурстарды пайдалануда тиімділікті арттыру үшін елеулі резервтердің бар екеніне назар аударып отыр. – Бұл резервтердің мақсаты не? Кіріс бөлігінде бұл – көлеңкелі айналымды қысқарту және салықтық әкімшілендірулерді ретке келтіру. Біздің ойымызша, фискалдық саясатты жалған кәсіпорындар мен заңсыз бизнеске қатысты талапты қатаңдатуға қарай ауыстыру қажет. Жылдың соңында бюджеттің атқарылуы мәселесін адал кәсіпкерлердің аванстық төлемдері есебінен шешпеу қажет. Керісінше, олар мемлекет тарапынан қолдауды сезінулері тиіс, – дейді Н.Годунова. Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.
2
8 маусым, сенбі, 2019 жыл
Бөле-жара Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір аптаның аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер балапанды апта сайын санайды. Осы жеті күнде жер бетіндегі тіршіліктен көңілге оғаш, көзге ерекше көрінгені жетерлік. Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде, дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә болған, бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?
Көк қағаздың құны озған заман Алдағы уақытта теңгенің долларға шаққандағы бағамы көтерілетін болса, Ұлттық банк интервенция жасауға бел буып отыр. Дей тұрғанмен, мамандар ондай келеңсіздіктің орын алмайтынына сенімді. Әлеуметтік желілерде тарап жүрген «сайлаудан кейін доллар ырыққа көнбей, қымбаттап кетеді» деген - қауесет әңгіме дейді бас банктің өкі лдері. Себебі, оған қазіргі сәтте ешбір негіз жоқ. Ал соңғы күндері америкалық көк қағаз құнының 5 теңгеге өсіп шыға келгені мұнай бағасының арзандауынан орын алыпты. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова АҚШ ақшасының «шарықтағанына» әдеттегідей мұнай бағасы себеп дейді. Өйткені «қара алтынның» құны соңғы күндері шамамен 10 долларға арзандап, баррелі 61 доллардан сатылып жатыр. Десе де, Ұлттық банк теңгені ң шамадан тыс арзандап кетуі не жол бермейміз деп сендірді. - Әлемдегі сауда текетіресінің күшеюінен Brent маркалы мұнайдың бағасы түсті. Тиісінше бұл теңгемізге әсер етіп отыр. Валютамызға қауіп төнсе, Ұлттық банк валюталық интервенция жасауға құқылы. Жағдайды бақылап отырмыз,дейді ол. Ал, теңгені әлсіреткен мұнай бағасының арзандауына не себеп? Сарапшылар бұған Американы кінәлап отыр. Айтуларынша, нарықты жаулау үшін Вашингтон мұнай экспорттаушы Иран, Венесуэла сияқты елдерге санкция салып, өзі «қара алтынды» шамадан тыс өндіріп жатыр. Тіпті, артық қор жиналып, баға құлдырап кеткен. Бұлай жалғаса берсе, теңге әлі де әлсіреуі мүмкін. Отандық экономистердің сөзіне сүйенсек, АҚШ президенті Д.Трамп өз елінің мүддесі тұрғысында әрекет етіп жатыр. Сондықтан доллар 387-390-ға дейін баруы мүмкін. Бірақ, 400-ге жақындамайды. Оған ешқандай экономикалық себеп жоқ, дейді сарапшылар.
Бекеттердегі бейберекеттік Қазақстандағы газ құю бекеттері жаппай тексерілуі мүмкін. Төтенше жағдайлар комитеті осындай ұсыныс жасап отыр. Себебі жердің астына көмілуі тиіс үлкен газ цистерналары топырақтың үстінде, шақырайған күннің астында тұра береді екен. Қазір елде көлік иелері үшін газ отыны үлкен сұранысқа ие. Газ баллон жабдығын қосымша орнатып, қалтасындағы ақшасын үнемдеп жүргендер көп. Көгілдір отынның бағасы арзан болғанымен, оның жанғыш әрі жарылғыш қаупі бензиннен екі есе жоғары екенін ескеру қажет. Ал жол бойында саңырауқұлақша қаптап кеткен газ құю бекеттерінің барлығында қауіпсіздік мәселесі ескеріледі деп айту қиын. Мамандар осы мәселені айрықша бақылауға алуды сұрап отыр. Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер өз қызметкерлері кемшіліктердің көбін көріп отырғанын, алайда оларды түзетуге кірісе алмайтындарын айтып, қынжылды. Өйткені, алғашқы үш жыл бизнесті тексеруге болмайды. Әкімдік жер бөліп береді. Бірақ ол жердің қауіпсіздігімен шаруасы жоқ. Ал жоғарыдағы комитет бизнесті тексеру үшін заңға өзгеріс енгізейік десе, Ұлттық экономика министрлігі де, Бас прокуратура да қолдамай отырған көрінеді. Жаппай тексеріс жүргізуге қауіпсіздік тұрғысында негіз бар. Осыдан бір апта бұрын Қызылордада газ құю бекеттерінің бірінде газ баллоны жарылған. Салдарынан 15 жастағы баланың беті-қолы күйіп қалыпты. Сөйтсе, жеткіншек ол жерге тұрмыстық газ баллонын толтырып алу үшін барған екен. Ал ереже бойынша олай істеуге болмайды. Алдағы уақытта төтенше жағдайлар комитеті қауіпсіздік шараларын қатаң бақыламақ ниетте. Жалпы, сұйылтылған газбен жүретін көліктерді заң бойынша жерасты автотұрағына және көлік тұрағы ғимараттарының бірінші қабатына қоюға болмайтынын да ескерген абзал. Төтенше жағдай қызметкерлері осы заңды да күшейте түсуді көздеп отыр.
«Блатной» көліктер бәле болды Алматыдағы республикалық әскери мектеп аумағында кортежбен серуен жасаған түлектердің қылығы үшін үш бірдей подполковник қызметінен кетті. Әлгі «блатной» көліктер шеруінен түсірілген бейнежазбалар бұған дейін әлеуметтік желіде тарап, қызу пікірталас тудырған. Осыны ескерген Қорғаныс министрлігінің басшылығы арнайы бұйрықпен мектеп басшылығын түгел қызметінен босатты. Одан қалды, қымбат көліктерді рұқсатсыз мектеп аумағына кіргізген көлік иелері де жауапкершілікке тартылатын болды. Ал түлектерге қатысты ешқандай шара қолданылмайды деді министрлік өкілдері. Орын алған оқиға мектептегі тәрбие жұмысының нашар ұйымдастырылуы салдарынан болған деген ұйғарым жасалып отыр.
Апта оқиғаларын бөле-жара сөзсөз еткен - Апта оқиғаларын бөле-жара еткен
Мұрат АЯҒАНОВ. Мұрат АЯҒАНОВ.
АҚПАРАТ
САРЫАРҚА САМАЛЫ
ЕРТЕҢ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ КҮНІ
Сайлау учаскелері дайын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша науқан қорытынды кезеңіне көшті. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы бүгінге дейін кандидаттардың 1412 сенімді тұлғасын тіркеді. 2019 жылдың 9-шы маусымында облыстағы 543 сайлау учаскесінде дауыс беру шаралары өтеді. Алпысбай ХОНЖ Атқарушы органдар сайлау комиссияларымен бірлесіп, сайлауалды үгітнасихат материалдарын орналастыру және сайлаушылармен кездесу орындарын анықтаған. Облыстық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларына дауыс беруге құқық беретін 5515 куәлік дайындап, тапсырды. – Дауыс беруге арналған өңірдегі 543 сайлау учаскесінің 23-і қолжетімділігі шектеулі сайлаушыларға арналған. Олар аурухана, изолятор, әскери бөлімшелер сияқты орындар. Мүмкіндігі шектеулі
тұлғалар үшін барлық сайлау учаскесінде арнайы кабиналар орнатылды, бұрыштар жабдықталды. Дауыс беру кезінде сайлаушы жеке кабинаға жалғыз кіреді. Азаматтың кімге дауыс бергені туралы өзгеге ақпарат беруіне, сайлау жәшігі маңында тұрып суретке түсуіне болмайды, дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолова. Сондай-ақ тұрғындардың өздері туралы мәліметтерді нақтылау
мақсатында облыстың 3 қаласы мен 10 ауданында 13 Call-орталығы жұмыс істейтінін еске саламыз. Сайлаушылар өз учаскесінің мекенжайын жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы да анықтай алады. Ол үшін сайтқа ЖСН нөмірін енгізсеңіз болғаны.
Әлеуетті еселейтін экспорт Басы 1-бетте Айдана ҚУАНЫШЕВА Еліміздегі ет өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын доңыз етін өздері өндірсе, сиыр етін облысымыздағы шаруа қожалықтарынан тасымалдайды. Құс етінен де тапшылық жоқ. Иелігіндегі 20 мың гектар жерге мал азығын өсірумен айналысады. «Рубиком» өнімдері аймағымызда ғана емес, елімі здің өзге өңірлеріне кеңінен танымал. Тіпті, Ресейге экспортталып, көршілес мемлекеттің нарығынан орын алып отыр. Бұл ретте Омбы, Новосібір, Красноярск сынды қалаларда сауда нүктелері бар. Көршілес елге жылына шамамен 150 тонна өнім тасымалдайды. Кәсіпорынның коммерциялық директоры Максим Щербаков мұндай нәтижелерге тоқмейілсімей, ет-сүт өңдеу өнді рі сі н одан әрі дамытуды жоспарлап отырғанын айтады. Осылайша, тұтас ел экономикасының ілгерілеуіне үлес қоспақ. Бүгінде Ленин кентінде орналасқан ет өңдеу комбинатында 700-ге жуық
адам еңбек етеді. Мұнда тәулігіне шамамен 40 тонна өнім шығарады. - Қазіргі уақытта ет өнімін Қытай нарығына шығаруды жоспарлап отырмыз. Павлодарлық тауар өндірушілерге Күншығыс елінің нарығы ашылған жағдайда көп көлемде өнім экспорттауға дайынбыз. Бүгінде тиісті келіссөздер жүргізілуде. Болашақта сүт комбинатын шикізатпен қамту үшін тауарлы сүт фермасын іске қосуды да жоспарлап отырмыз. Бұл келесі жылдың еншісіндегі жоба болмақ, - дейді М.Щербаков. Кәсіпорында ет өнімдерін дайындау автоматтандырылған жүйеге сәйкес жүргізілетінін атап өткен жөн. Жалпы, облысымызда ет экспортын дамыту бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Марат Шұғаевтың сөзінше, ет экспортын екі есеге көбейту жоспарда бар. Өңірде ет шаруашылығы бағытында өндірістік қуаттылығы 13,4 мың бас болатын 10 бордақылау алаңы бар. Биыл 5 мың басқа арналған бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. - Былтыр 1300 тоннадан астам ет пен
ет өнімі экспортқа шығарылды. Биыл бұл көлем 2300 тоннаны құрайды деп жоспарлануда. Бұл ретте «Рубиком» және «Смак-ПВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің орны зор. Алдағы уақытта бұл қатарға Шарбақты ауданындағы «Абай» ЖШС қосылмақ. «Рубиком» кәсіпорны ет өнімін Қытайға шығаруды көздеп отыр. Бұл мәселе ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі деңгейінде келісілуде, дейді М.Шұғаев. Марат Шұғаев «Рубиком» кәсіпорнындағы доңыз өсіруге арналған селекциялық-генетикалық орталықтың қызметіне оң бағасын берді. Оның сөзінше, 65 мың бас малы бар кешеннің арқасында Павлодар облысы елімізде аталмыш өнім түрін өндіру бойынша бірінші орынды алады. Кәсіпорын жылына 12 мың тонна ет шығарады. Оның 50 пайызы сиыр еті болса, қалғаны шошқа еті. Бүгінде облыста 28 ірі және орта тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді. Сүт шаруашылығын дамыту мақсатында 2023 жылға дейін тағы 10-нан астам тауарлы сүт фермасы салынады деп күтілуде.
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев №52 арнайы балабақшаға 1 млн. теңгенің сертификатын табыс етті. Бұл қаржыға мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиеленушілеріне қажетті құрал-жабдықтар сатып алынбақ. Бүгінде аталмыш балабақшада ерекше білім беруді қажет ететін 78 балғын бар. Оның ішінде психикалық дамуы тежелген 29 бала және сөйлеу қабілеті бұзылған 49 бала тәрбиеленуде. Денсаулығында ауытқуы бар бүлдіршіндерге 2 дефектолог, 5 логопед маман қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, музыкалық жетекші, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, психолог, психиатр, физиодәрігерлер жұмыс істейді. Бұл мамандардың барлығы балалардың дені сау болып, психологиялық жағдайын түзету үшін тынбай еңбектенуде, дейді қалалық білім беру бөлімінің өкілдері. Шаһар басшысы, сондай-ақ, балабақша аумағында құрылған АРТ-алаңды тамашалады. Мұндағы әр студияда тәрбиеленушілердің ой-өрісінің дамуы үшін қолайлы жағдай жасалған. Алдағы уақытта балғындар игілігі үшін бақша тағы да жаңа құрал-жабдықтармен толығып, олардың жан-жақты білім мен тәрбие алуына мол мүмкіндік берілмек.
Н.ШОДЫР.
Қомақты қаржы балалар игілігіне!
АЙНА
САРЫАРҚА САМАЛЫ
8 маусым, сенбі, 2019 жыл ТАҒЗЫМ
Қайсар мінезді еді
Облыс орталығында шетелден келген жастардың ҰБТ-ға дайындығы талқыланды. Оған өңірдегі үш университеттің «Foundation» дайындық бөлімінде білім алып жатқан жастар қатысты.
Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ - Алма Мұқанқызының жарқын бейнесі бі здің есімі зде мәңгі сақталып қалды. Ол бүкіл елге танымал, өте сыйлы басшы бола бі лді. Тынымсыз еңбек, терең біліммен профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін жете білді. Халқының адал перзенті болған апамыз өмірінің соңғы сәті не дейі н саналы ғұмырын халқына арнады, - деді ол. Алма Мұқанқызы 1981 жылы Павлодар облыстық партия комитетінің идеология хатшысы болып тағайындалады. 1991 жылы Моңғолияда шет елдермен байланыс жасайтын достық және мәдениет қоғамының директоры қызметін атқарған. Кеңес Одағы
ҰБТ
Грант саны еселенді
Алма Әжібаеваны бұқара еліміздің дамуына зор үлес қосқан қоғам қайраткері ретінде жақсы таниды. Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы идеологтың атқарған ерен істерін замандастары бүгінде құрметпен еске алады. Алма Мұқанқызы ортамызда болғанда биыл 80 жасқа толар еді.
М.Катаев атындағы оқушылар сарайында қоғам қайраткерінің замандастары мен әріптестері, туған-туыстары жиналып, Алма Мұқанқызын еске алды. «Халқының сүйі кті қызы» атты шараға арнайы қатысқан облыс әкі мі ні ң орынбасары Асхат Оралов елінің еркесіне айналған Алма Әжібаеваның еңбегі мен есімін кейінгі ұрпаққа таныту басты парызымыз деп атап өтті. - Қазақ даласында жарқырап алға шығып, басшылық қызметте жүрген тек ел ағалары ғана емес, ұлтымыздың батыр қыздары да жетерлік. Алма Мұқанқызы сондай қайраткер әйелдердің бірі әрі бірегейі болған еді. Бүгінгі шараға келген әр адамның жанарынан ол кісіге деген үлкен құрмет пен сағынышты аңғару қиын емес. Өз басым Алма апайдың еліміз үшін атқарған жұмысына, қажырлы еңбегіне бас ие отырып, кейінгі буын үлгі алуы керек деп ойлаймын, - деді А.Оралов. Еске алу кешінде павлодарлық зиялы қауым марқұмды бі р минут үнсі зді кпен еске алып, естелік-сырларымен бөлісті. Қоғам қайраткері Боранбай Ысқақов Ертістің алғашқы идеологын былай деп еске алды:
3
ыдырағаннан кейін елге оралып, облыстық телерадиокорпорацияның төрайымы қызметін зейнетке шыққанға дейі н атқарған. 1995 жылы өмі рден түйгені мол тарих ғылымдарының кандидаты, профессор атағы бар Алма Әжібаева Павлодар мемлекеттік университетіне оқытушы болып орналасып, дәріс береді. Ол - қай салада болсын өзінің іскерлігімен айналасындағыларды тәнті ете білген қазақтың қайраткер қыздарының бірі.
Күләш ҚҰРМАНАЛИЕВА, А.Әжібаеваның туысы: - Алма әпкеміздің ұлты үшін атқарған еңбегі орасан. Оған бүгінгі кеште айтылған есті естеліктер дәлел. Ол кісінің бар ғұмырын еліне қызмет етуге арнағаны туралы өте көп айтылуда. Әпкеміз отбасында, ағайынтуысы арасында да зор беделге ие болды. Әулетіміздің ұйытқысы, әрбір істе бастамашыл болып жүретін, көзі тірі болғанда әлі талай ауқымды істер атқарар еді. Көзімізден кеткенімен, көңілімізден ойып тұрып орын алған Алма әпкені елі ұмытқан жоқ. Ұмытпайда да!
ЖАЗ-2019
«Балдәуренде» қызық мол Бұрнағы күні Мичурин елді мекеніндегі «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында «Сәбидің күлкісі - әлемнің сыңғыры» деген атаумен жетінші жазғы лагерь маусымы салтанатты түрде ашылды. Нұржайна ШОДЫР Игі шараға Павлодар қалалық білім беру бөлімінің тәрбие секторының жетекшісі Жанар Тәжікова, Мичурин ауылының әкімі Оралбек Көпенов қатысып, балалардың жазғы демалысын көңілді өткізулеріне тілектес екендігін білдірді. Жазғы демалыс уақытында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаумен қатар, оларды сауықтырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауды мақсат еткен лагерьге шаһарға қарасты 40 мектептен 95 оқушы жолдама алды. Олардың қатарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар бар. Павлодар қалалық білім беру бөлімі мамандарының айтуынша, аталмыш лагерьдің бір кезеңі 10 күннен тұрады. Осы уақыт аралығында бір баланың демалуы үшін төлемақы құны 25 мың теңгені құрайды. Ал әлеуметтік санатқа жататын оқушылар үшін (жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, көпбалалы отбасылардың балалары) 80 пайыз жеңілдік қарастырылған. Бастысы, бұл лагерьде балалардың жақсы демалуы үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтар болсақ, оқушыларға күніне 5 мезгіл тамақ беріліп, тұзды шахта, оттекті коктейль, ультрадыбысты ингалятор, биоптрон, фито-шай сынды сауықтыру шаралары мен түрлі үйірмелер ұйымдастырылатын болады.
«Балдәурен» лагерінің бірінші кезеңінде «Қош келдіңдер, бүлдіршіндер!», «Алақай, балақай!», «Біз жарқыраймыз, жайнаймыз!», «Екі жұлдыз», «Ертегілер әлемі», «Baldauren TV», «Қазақстан алтын бесігім!», «КТК», «Қош бол, ғажайып әлем», «Денсаулық - зор байлық» деген тақырыптарда демалушыларға арналған қызықты шаралар өткізілмек. Сонымен қатар, мұнда оқушылар үшін түрлі байқаулар мен спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылып, балалар көңілін көтермек. Осы жылдың маусым айынан тамызға дейінгі аралықта аталған лагерьде шаһар бойынша 720 бала демалады деп жоспарлануда.
Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ «ҚР ЖОО-дағы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ашылған дайындық бөлімдері және шет елдегі қазақ жастары» тақырыбында өткен кездесуге «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының, облыстық ішкі саясат басқармасының басшылары, Нұр-Сұлтан қаласы «Отандастар» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мәдени-ғылыми департаментінің мамандары мен өңірдегі студент жастар қатысты. - Шетте тұрған қандастарымыздың жағдайы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есінен бір сәтте де шыққан емес. Моңғолия елінен ұлы көш 1991 жылы басталып, бүгі нгі күнге дейі н жалғасуда. 1996 жылы шетелде тұратын отандастарымызды қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама қабылданған. Сол жылы еліміздің ЖОО-да 1000-ға жуық түлек грант негізінде білім алды. Былтыр қолдарыңызға аттестат алғаннан кейі н ҚР ЖОО түсу үші н бі р жыл тегін дайындықтан өттіңіздер. Көптеген ұстаздар жастардың әлеуметтік жағдайларына, оқу сапасына және тәртібіне көңіл бөліп, ауқымды жұмыс атқарды, деді Болат Заут. Ал «Отандастар» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мәдени-ғылыми департаментінің қызметкері Нұрымжан Жұмағазин биылғы білім гранттары жайынан ақпараттар берді. - Бүгінгі күнге дейін квота жалпы республикалық гранттан екі пайыз бөлінген болса, ендігі уақытта екі есеге артып, 4 пайызға өсті. Бұл - шамамен 1500 орын. Квота ҰБТ тапсырған кезде межедегі балды жинай алмаған жағдайда ЖОО-ға түсуге мүмкіндік береді. Бірақ шекті балды жинау міндетті. Бұдан басқа, магистратураға түсу үшін стипендиялық бағдарлама іске қосылды. Шетелдегі қандастарымыз емтиханға құжаттарын онлайн режимде тапсырып, оқуға түсе алады. Олар үшін жатын орны, стипендия қарастырылған. «Отандастар» қоғамының ұйымдастыруымен қазақ тілін дамыту мақсатында әлемнің қазақтар көп шоғырланған 14 қаласында онлайн кластар ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сайт арқылы қазақ тілін үйреніп, ұлттық салт-дәстүр және әдет-ғұрып туралы ақпарат алуға болады, - дейді Нұрымжан Жұмағазин. Сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов ҰБТ-ға дайындықтың әді с-тәсі лдері мен бөлі сті. Моңғолия елі - Бай-Өлке аймағынан келіп, С.Торайғыров атындағы ПМУ-да дайындықтан өтіп жатқан Сағатбек Ерсінұлы болашақта спортшы болуды армандайды. - 2018 жылдың тамыз айында келген болатынмын. Содан бері Павлодар өзімнің туған қаламдай болып кетті. Бізді биылғы жылдың оқу грантының саны артқаны қуантады. Бұл - шеттегі қазақ жастарына беріліп отырған зор мүмкіндік. Қазақ «Өзге жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», - дейді емес пе?! Болашақта осы жақта білім алып, өз еліме қызмет етуді армандаймын, - дейді ол. Айта кетелік, бүгінде «Foundation» факультетіндегі дайындық бөлімінде Моңғолия, Қытай, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 120-ға жуық жас білім алуда. Олардың 70-сі С.Торайғыров атындағы ПМУ-де, ал қалған 50-і ПМПУ мен ИнЕУ-де.
4
АУЫЛ-АЙМАҚ
ФУТБОЛ
8 маусым, сенбі, 2019 жыл
САРЫАРҚА САМАЛЫ
Ең үздігі - «Ertis-1» Павлодарда ERG Кубогы үшін (Еуразиялық Топ) балалар арасында футболдан ұйымдастырылған халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Аталған компанияның демеушілігімен өткен ала доп додасына еліміздің әр облысынан келген алты команда және Ресейден келген екі команда қатысты. Турнир нәтижесі бойынша «Ertis-1» командасы жасыл алаңда барлық қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды.
Атап айтқанда, ойын алаңына жергілікті «Ertis» футбол орталығынан екі команда, Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінен бір команда шықса («ОРМБЖМ»), басқа қалалардан «Астана», «Семей», «Шахтёр» командалары арнайы келді. Сонымен қатар, Ресейдің Барнауыл қаласының «Динамо», Омбы қаласының «Авангард» жастар командалары өнер көрсетті. Жарыс 2009 жылы туған жас жеткіншектер арасында өтті. Жарыс маусым айының 1-і күні басталып, бес күнге жалғасты. Алғашқы күні жасыл алаңда жергілікті «Ertis-1» командасы қарағандылық «Шахтерді» қабылдаса, біздің «ОРМБЖМ» ойыншылары Ресейдің Барнауыл қаласынан келген «Динамо» ойыншыларымен ойнады. Сондай-ақ, «Ertis-2» мен өскемендік «Алтай» коман-
далары алаңда шеберлік сынасты. Ең жоғары ұпай жинаған төрт команда финалда ойнады. Олар «Ertis-1» мен «Динамо», «Шахтер» мен «ОРМБЖМ» командалары болатын. Алғашқы екеуі чемпиондық атаққа таласса, соңғы екеуі үшінші орын үшін тартысты. «Жұлдыз» стадионында өткен «Ertis-1» мен «Динамо» арасындағы матч тартысты өтті. Чемпиондық
кубокты олжалау үшін бар мүмкіндіктерін көрсете білді. Бұл кездесуде біздің балалар өз жанкүйерлерін жерге қаратпады. Шабуылшы Гапур Мержоев ойынның бірінші таймында қарсыластар қақпасына гол салса, шабуылшы Савелий Дорожкин есепті еселеп, тағы екі ұпай алып берді. Өз кезегінде барнауылдық «Динамо» ойыншылары да павлодарлықтардың
қақпа-сына екі доп салып, есеп айырмасын азайта түсті. Ойын – 3:1 есебімен түйінделіп, Павлодардың «Ertis-1» командасы чемпион атанды. Ал «Динамо» екінші орынды қанағат тұтты. Қарағандылық «Шахтер» мен павлодарлық «ОРМБЖМ» командалары арасындағы кездесуді біздің балалар сәтсіз аяқтады. Ойын нәтижесі бойынша «Шахтер» футболшылары басым түсіп, үшінші орынға ие болды. Осы турнир кезінде ерекше ойын көрсетіп, командасын алға сүйреген бірнеше футболшы арнайы номинацияларға ие болды. Мысалы, «Астана» командасының мүшесі Рамазан Танбай турнирдің «Үздік қорғаушысы» номинациясын жеңіп алса, «Шахтердің» қақпашысы Никита Килджиев «Үздік қақпашы» деген атаққа ие болды. «ОРМБЖМ»
АҚҚУЛЫ АУДАНЫ
(20109)
Саябақтың иелері барлық балаларды тәртіпті, ұқыпты, жанашыр болуға шақырып, жинақылық тәртібін орнатыпты. Тәртіпке барлық балалар бағынады дегенді де алға тартты. Өмірзақ Исағұлов - Аққулы ауданының Құрметті азаматы, Жамбыл ауылдық округіндегі ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданға аты мәлім қолөнер шебері. Аймақтың дамуына өз үлесін үнемі қосып жүретін Исағұловтардай азаматтар көп болса дейміз.
Жуырда «ASTAL AGRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мал саны абердин-ангус тұқымды 110 баспен көбейді. Ірі қара Ресей Федерациясынан әкелінді. Бұл бағытқа 84 млн. теңге қаржы жұмсалған. Ағымдағы жылдың соңына дейін аталмыш бағдарлама арқылы «Ай Агро» ЖШС мен «Асылов» шаруа қожалығы да мал алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, «Асылов», «Жамбыл», «Марат» шаруа қожалықтарындағы төрт түлік саны ұсақ малмен көбеймек. Атап өтерлігі, жыл басынан бері ауданда ірі қара саны 29,8 мың басқа өсті. Сәйкесінше, ет өнімдерін өндіру көлемі де артып отыр.
Э.ӘБЕТЖАНОВА.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.
МАЙ АУДАНЫ
Тіркеу жеңілдетілді
Емлелер түсіндірілді
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ауданның бірқатар тұрғыны жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін бастауда.
Аудан орталығында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары ауылдық округтердің әкімдеріне және мемлекеттік мекеме басшыларына жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емлеережелерін түсіндірді.
Бұл ретте, облыстық кәсіпкерлер палатасы Успен аудандық филиалының өңір тұрғындарына оңтайлы қызмет көрсетіп отырғанын атап өткен жөн. Мәселен, филиалда кәсіппен айналысқысы келетін азаматтар үшін бір айлық тегін курстар ұйымдастырылуда. Кәсіби білімін шыңдап, мемлекеттен жеңілдетілген несие алушылар мен грант иегерлері бүгінде еңбегінің жемісін көріп отыр. Сондай жандардың бірі - Жұмабек Қалиев. Ол мемлекеттен алған қайтарымсыз грантына үй құстарының балапандарын жұмыртқадан жасанды жолмен шығаруға арналған екі инкубатор сатып алған. Айтуынша, бұл инкубаторға бір мезгілде 98 жұмыртқа қоюға болады екен. Аппаратты ағымдағы жылдың сәуір айында алғаш рет пайдаланған Жұмабек Қалиев тауық жұмыртқасының 98-ін қойып, нәтижесінде 72 жұмыртқа шөже болып шыққан. Соның арқасында өнім беру деңгейі 73%-дан асты, дейді кәсіпкер. Атап өтерлігі, 2018 жылдың соңғы үш айында аудан бойынша 60 адам қайтарымсыз грант алған.
Ауқымды шараға аудан әкімінің орынбасары Ризагүл Неғманова мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Шарбақты аудандық бөлімшесінің төрағасы Зағыт Қаһарман қатысты. Жиын барысында З.Қаһарман қазақ әліпбиінің тарихына тоқтала келе, өңірде латын қарпіне көшу процесі қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. - 1929 жылдан бастап Қазақстан аумағында латынға бейімделген әліпби – «Бірыңғай түркі әліпбиі» пайда болған. Латын жазуына негізделген бұл жазу 1939 жылға дейін қолданып, 11 жылдан кейін латын әліпбиінің орнына кирилл әліпбиі келді. 1940 жылы «Латын жазуына бейімделген қазақ жазуын орыс жазуының негізінде жаңа әліпбиге көшіру» туралы заң қабылданған болатын. Ал қазір кирилл қарпінен латынға көшу еліміз үшін тиімді. Бұл біздің әлемдік өркениетпен ықпалдасуымызға, ағылшын тілін және интернетті толық үйренуімізге мол мүмкіндік бермек, - деді ол. Ал мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қазына Қадысқызы жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндірді.
Н.КЕҢЕСБАЙ.
Тілеуберді САХАБА.
Ауданда «Сыбаға»ЕКІБАСТҰЗ бағдарламасы аясында мал ҚАЛАСЫ санын арттырып отырған шаруа қожалықтары бар.
ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ
Кәсіпкерге қолдау бар
- Менің футболмен шұғылданғаныма 4 жыл болды. Алаңда жартылай қорғаушы ретінде ойнаймын. Бүгінгі турнирге қатысып, коман-дамыздың чемпион болуына үлес қосу - мен үшін үлкен жетістік. Соңғы қарсыласымыз өте мықты болды. Балалар бар мүмкіндіктерін көрсетіп, нәтижесінде жеңіске жеттік. Командалас достарыма және жаттықтырушымыз Нұрлан Төлегенұлына ерекше алғысымды айтамын.
Мал саны артуда
Аққулы ауданының Жамбыл ауылында балалар саябағы ашылды. Спорттың бірнеше түрі бойынша арнайы алаңдары бар саябақты ауыл тұрғындары, әкелі-балалы Өмірзақ және Азамат Исағұловтар өз қаражаты есебінен салып, кішкентай жерлестерін бір қуантып тастады.
УСПЕН АУДАНЫ
Ернұр САЙЛАУОВ, «Ertis-1» командасының ойын-
шысы:
ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ
Балалар саябағы ашылды Осылайша, олар ауылдың көркеюіне азаматтық үлестерін қосып отыр. Саябақтың құрылысы бір айдан астам уақытқа созылды. Онда футбол, баскетбол, волейбол алаңдары мен әткеншектер, сырғанақтар, карусельдер орналастырылған. Сондай-ақ, 50-ге жуық ағаш отырғызылып, түрлі жастағы балаларға арналған ойыншықтар да сатып алынды. Саябақта велосипедке арналған тұрақ та бар. Таң азаннан ауыл балалары мұнда жиналып, ымырт жабылғанша доп қуады.
командасының өкілі Есен Мадияр «Үздік жартылай қорғаушы», «Ertis-1» -дің ойыншысы, ерекше шеберлігімен көзге түскен Гапур Мержоев «Үздік сұрмерген», Савелий Дорожкин «Үздік шабуылшы» атанса, «Динамоның» шабуылшысы Амир Чанба «Үздік ойыншы» номанциясымен марапатталды. Сонымен қатар,
халықаралық турнирдің «Үздік бапкері» аталымы «Ertis-1» командасының жаттықтырушысы Нұрлан Байжұмановқа бұйырды. - Биылғы турнирдің деңгейі айтарлықтай жоғары болды. Командалар жақсы дайындықпен келіпті. Әрине, арасында мұндай кәсіби алаңда «піспеген» балалар да бар екен. Олар уақыт өте келе шыңдалады деп сенеміз. Осындай ірі ойынға демеушілік жасап, жас жеткіншектердің спорттық бәсекелестігін арттырған «ERG» компаниясы басшылығына алғысымызды айтамыз. Сондай-ақ, қатысушы командаларға және олардың ж ат т ық т ыру шы л ар ын а алдағы уақытта сәттілік тілейміз. Балалардың барлығы жақсы футболшы боларына күмән жоқ, ең бастысы, жақсы адам болып өсуі керек, — деді облыстық футбол федерациясының президенті Ойрат Садуов.
Өз тілшіміз.
Білім беру бөлімінің берген ақпаратына сүйенсек, алдағы оқу жылында 6-7 жастағы 175 бала 1-сыныпқа барады. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын 12 баланың 1-сыныпқа бару-бармауы ата-аналарының қалауы бойынша шешілетін болады. Сондай-ақ, аталған ауданда баланы 1-сыныпқа тіркеу жолдары барынша жеңілдетілді. Енді ата-аналар үйден шықпай-ақ балаларын смартфон және компьютер арқылы тізімге енгізе алады. Мектептерге өтініш беру 1 маусым мен 30 тамыз аралығында https://mektep.sitcen.kz платформасы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, 1-сыныпқа балаларды қабылдауға қажетті құжаттар тізімінен тұрғылықты мекенжай туралы анықтама алынып тасталды. Май ауданындағы жалпы орта білім беретін мектептер тарапынан балаларды 1-сыныпқа қабылдау мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, аудандық білім бөлімінің «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желі лерінде, сондай-ақ мектеп сайттарында осы тақырып төңірегіндегі ақпараттар орналастырылды. Еске сала кетейік, балалардың ата-аналары өздеріне ұнаған кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқылы. Егер білім беру ұйымы өтінішіңізді қабылдаудан бас тартса, жергілікті білім басқармасына шағымдана аласыз.
А.ӘБДІЛҰЛЫ.
САРЫАРҚА САМАЛЫ МҰРА
Естай мен Нығыманның сөз қағысуы (Қимадиден Нығымановтың ешбір жерде жарияланбаған сирек қолжазбалар қорынан) Естай Беркімбаев менің әкем Нығыманмен дос-жаран адам болған. Екеуі кейде қағысып та қалатын. Ондай сөз-барымталары әркез болып тұратын. 1934 жылдың жазы болатын. Біздің колхоз Салпаң көлі жағасында еді. Әкем балық аулайтын құрмасын жер үйге айқара жауып, жамап жатқан. Пошта бөлі мі нен хат тасушы қарт кі сі ні ң күнде өтетін жолы біздің үйдің сыртына жақын еді. Сол арбадан түскен қапсағай ұзын кісі әкейге қарай ентелей басты. Алыстан таныған әкей де қарсы барып, екі ақсақал айқара құшақтасып, кеуделері н тақаса қысып айрылысты да, екі нші жағымен және қауышып айырылысты. Содан барып амандыққа кірісті. Бұл келген көп үзілістен кейін көріскен Естай ақын екен. Естай біздің үйге қонақ болды. Әкей мен шешей бұл кі сі мен жараса әзілдесіп отырды. Аракідік өлеңмен қағысып қалады. Сондағы бір сөз қағыстары есімде қалыпты.
Нығыман: Естай сен қыр мен ойды кезіп жүрсің, Ел-жұрттан, қатын-бала безіп жүрсің. Жаяулап «Жайқоңыр» деп ән саласың, Қорланға әнші болған күнің құрсын! Естай: Әй, Ныға! Шайпаулаған тілің құрсын, Оң жолға бұл сапарда Тәңірім бұрсын. Кемдігін кедейліктің тартып жүрмін, Бір түрі күн көрістің болғаннан соң. Қайтейік, Маралдыны қалдырдық қой, Ақ үкі, алтын балдақ алдырдық қой. Кешегі өзің көрген жастық шақта, Жүрекке айықпас дерт салдырдық қой. Байлардың атын қарап, сарқытын жеп, Қор болдық бір заманға аз жүріп ек. Килігіп көз таныстың күлкісіне, Кеудеде шықпаған жан жүрміз ғой тек. Осыны сен айтқан соң жаза салдым, Әр жерге дәм-тұз тартқан талай бардым. Жөн екен сенің-дағы бұл айтқаның, Қасына бармақпын мен балалардың. Олар әр нені айтып көп сырласып, Естай ертеңінде келген уақытында «Пошта шалға» ілесіп аттанып кетті. Естайдың бұдан кейін де талай келгенін білем. Көптеген сөздеріне де куәгер едім. Ол кезде мен бастауыш мектепті бі тірген, жатқа бірнеше дастандар бі летін кезім. Домбыра шертіп өлең айтқанда: «Мынау - әкеңе бітпеген өнер», - дегені бар Естайдың. Онысы біздің әкей домбыраны аса машық етпей, тастап кеткен кісі. Өзім ес білгенде әкейдің домбыра ұстағанын көрген емеспін. Ол кісі өлеңді әндетіп, ау жамағанда, етік тіккенде домбырасыз айтып отыратын. Мен талай бір қысаларды әкейдің айтуымен жазып алып жаттадым. Сонда әкей маған жаздырып отырып, жаңылып кеткен жерлерінде азырақ әндетіп алып есі не түсі реті н еді. Әкемні ң, ескі ше оқуға болмаса, сауаты жоқ кісі еді. Оның өлеңдерінен менің жазып алғаным өзінің шығарған «Ермек батыр» қысасы және ел арасында тараған түрі к ертегісі «Бақтыжардың қырық мисалы» дейтін ертегі. Әңгімені өлеңмен бастап жазған 1600 жолдай дастаны бар.
Ақын Қимадиден НЫҒЫМАНОВТЫҢ мұрағатынан.
ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ
8 маусым, сенбі, 2019 жыл
а д ы л а Арш
5
ӘҢГІМЕ
(Болған түнгі оқиға ізімен) Жел екпіні кең даланың сарғайған шөп бастарын тірілтіп, дірілдетіп елеңдете бастаған. Күн салқын. Күздің кәдімгі қара салқыны тиген. Аспанда қаптаған қорғасын бұлттар жөңкіп, батысқа қарай ығысады. Шоғырланып, қоюлана түседі. Қазір осы әрекет күннің шырайын да, райын да бұзуға мейлінше тырмысып-ақ жатыр. Минут сайын әрі кеткенде қарлы жаңбырды ешбір шүбәсіз күткендейсің.
«Кіші Ақжардың» оңтүстік алқабы мидай жазық дала. Рас, оңтүсті к батыс тұста «Ақирек-Аршалы» әрі сексентоқсан шақырым жерде, «Үшқара», «Қалмаққырылған» тауларының сілемдері мен ұшар бастары күн жарықта мұнартып тұрар еді. Қазір айнала күңгірт тартқандықтан, тауларды дүрбімен қарасаң да көрінбес. Тым қашықта емес, қара жол үстінде бір қарайған елестейді, өзі қозғалмайтын сияқты. Бір орында қалшиып тұрғандай. Жобалағанда не трактор, не жүк машинасы тәрізді. Әйтеуір, толық анықтай қою қиын. Биыл жылдағы демалысым жоқ іздеумен өтті. Туған жердің ой-шұнқыры маған бес саусақтай мәлім. Салтпын. Жолсыз бүлкектеп келем. Астымдағы қарагер белі қайыспайтын мықты әрі мінісқор, жуас еді. Қамшы салдырмайды,тізгінмен шаужайлап қалсаң болды, сар желіске сала жөнеледі. Дегенмен, желісі қаттылау, адамды соғады. Жанақ нағашымның шаруасына пайдаланып жүрген аты. Жоқ іздеуге әкеме бермей, осы нағашым маған берген. - Жиен назарына қалмайын, ала ғой, тек шапқылап мертіктіріп алма, деп қатты ескерткен. Іздеген жоғым осал емес. Әкемнің есі к пен төрдей тарғыл биесі мен май алып семірген құла байталы көзден ғайып болғанына жұмаға ауып барады. - Тарғыл биені қасқыр жесін, кісі жесін, мейлі, япырай, құла байталды құдама байлап еді м. Анада әкеті ңдер, күз түсті, айырылып қалам деп құдайдың зарын қылдым. Болмады ғой. Соғымға әлі ерте, қар түссі н деп қасарысты құда, деп әкем өмірі жанынан түспейтін қу таяғымен жер сабалады. Қайың мықты деген шын екен. Жай ағаш болса, әкемнің жерді мына сабасынан баяғыда шырт сынар еді. Таяқ маған да тиіп қалмай ма деп қобалжыдым. - Құдай маған пайдасыз ұл берді. Бүйтіп берген балаңды, құдай, өзің ал. Бес күн қаңғырса да, бір сыбысын біле алмаған жаман шірікті не қылайын, деп әкем ашу шақырды. Былтыр ғана қарындасым қалаға тұрмысқа шыққан. Күйеуі кәдімгі көп қазақтың қара домалақ баласы. Айқайлап тұрған қызметі жоқ, слесарь көрінеді. Тек индустриалды институтта сырттай оқитынын білген соң, көңілге тоқ санайыз. Алақандай ауылдың жағын тыйып бақ. - «Е, е, Айнабайдың қызы кімге тиіпті, күйеуі кім болып істейді екен?» - деп қыршаңқы сұраудан ауыз жаппағанда әкем: - Күйеу балам күзетші, - деп қиқар жауап береді жұртқа. Айналайын қазақ құда сыйлау салтын өмірі қисайтып көрген бе?! Екі жаққа қайырымы бірдей салтты артқа тартпай, жоғалтып отырған, құла байталды әкем құдасына көлденең тартқан. Қос құда қол алысып, қоштасқанда құдамыз:«Қаланың қай жері не сыйғызамыз, суы мол, жері құнарлы ауылыңызда жүре берсін. Сыйға - сый, сыраға - бал деген осы-дағы. Жүдә ризамын», - дегенін ме ауызғы үйде түнде құдаға асқан семіз ісектің сүбесін турап жеп отырып, құлағым шалып қалған. Сонда құдамыз құла байталды кейі нге қалдырып кеті п еді. Енді құла байтал әкемні ң і ші н удай ашытпағанда қайтсін!
II Павлодар теміржол милиция бөлімшесінің бастығы подполковник Қалел Құсбеков әлдекіммен телефон арқылы жалғасып тұрғанда лейтенант Быков Василий Васильевич кабинетке асығыс еді. - Жолдас подполковник Қалел Құсбекович, - дей бергенде Быковқа Қалел қолымен тысқа шыға тұруға белгі берді. Телефон трубкасын орнына орнықтырғаннан кейін: - Лейтенант Быков! - деп дауыстады. - Асығыс кіріп қалғанымды кешіріңіз, жолдас подполковник, - деді лейтенант сасып. - Тыныштық па? - деп сұрады Қалел. - Вагондардан екі жәшік үнді шай, екі жәшік «Қазақстан» сигареті қолды болыпты. - Осы биыл ұры көбейіп тұр-ау, деді биязы ғана Қалел. Қалел толық, орта бойлы, сәл қоңыр түстілеу, жылы өңді жігіт. Ұшқары кетпей, сабырлы әрі байсалды сөйлейтін жан еді. Ақкөңіл адамдардың әдеті ме, Қалел сөйлегенде сәл-пәл күлімсірей сөйлейді. Бүгін ол қызметіне милиция формасымен келмепті. Жалпы, азаматтар киетін киіммен қызметіне кіріскен. Үстіне ашық сұр костюм мен қызғыл жібек көйлек киген. - Күні кеше платформадан ұрланған 30 текше метр тақтай орнына келді. Енді бүгі н шай, темекі жоқ. Болмайды, мойнын астына келтіріп, бүгін түннен қалдырмай ұрыны ұстау керек. Бұл іс жүк артқан шоферлердің қолынан келеді. Көліксі з адам жәшіктерді арқалап әкете алмайды, - деп алды Қалел. Қалел ойланып отырып, тағы да салмақпен сөйлей кетті. - Екі жәшік шай, екі жәшік сигарет бір-бірден таратса да, қалаға жұғын болмайды. Бір әккі саудагер шофер қаладан тыс жерге әкетіп, ұқсатуы мүмкін. Дегенмен, сіз базарды байқаңыз. Шай сатып жүрген біреу іліксе, дереу жауапқа тартыңыз. Ал мына іске өзім кі рі сем. Сі зге түсі ні кті ме? - деді Қалел Быковқа тесірейе қарап. - Түсінікті, жолдас подполковник. Шыға беруге бола ма? - деп өтінді лейтенант. Қалел оның шығуына рұқсат берді. Қалел ұрланған заттарды табу үшін қала ішіне оперативті топ құрды. Қаншама айтқанмен, Қалелдің құрығы ұзын боп шыққандай. Тексере келгенде, қаланың сауда орнының қоймаларына «ШР 11-73» номерлі машина үнемі жүк тасып тұрған. Осы машина азанда Май ауданына жүк әкеткені белгілі болды. Ізді суытпай Қалел шофер сержант Әдетов Қайролламен түс ауа Май ауданына жолға шықты... III Мен ағаш сияқты қарайғанға келгенде, қас қарайды. Қарлы жаңбыр төпеп тұр. Үсті-басым мұздап, қатып барады.Ат жалы мұздаққа айналды. Көзі не түскен еріген қарды қамшының сабымен сырын мазам кете бастады. Әрі қалшылдап барам. Жер-көк көктайғаққа айналды. Қарагер кей–кейде тайғанақтап қалады. Мынадай қарлы лайсаңда мал таба қою екі талай шығар деп көңілсіз ойға терең батып келем. Жарықтық, қарагердің тұмсығы қарайғанға бір-ақ тірелгенде ғана жүк машинасының тоқтап тұрғанын білдім.
- Ей,біреу бар ма? - деп дауыстадым. - Кім керек еді? - деп бір еңгезердей адам шылбырыма жармаса кетті. - Жоқ іздеп жүрмін. Көзіңізге жол-жөнекей тарғыл бие мен құла байтал түспеді ме? - Жоқ, мазаны алма!? - Машинаның қорабына үңілсем, екі бірдей жылқы теңкиіп жатыр. Сирақтарын сыммен буып тастапты. Біреуі басын көтеріп, пысқырып та жіберді. - Әй мынау не жылқылар? - дедім анаған. - Өлмей тұрғанда кет осы жерден. «Қарашеңгелдегі» ағайыныма қойған жылқыларым. Ет керек, біреуін соғымға соям, біреуін сатам: - Доңғалағыма жел жібере алмай жатсам, пәле қайдан келдің, - деп шофер ал бұрқыра. Мен сіріңке жағып, жылқыға тесірейе қарасам, әкемнің жылқылары екен. - Әй, жігітім, мынау менің жылқыларым ғой. Өтірікті ысқыртпа. «Қарашеңгелдің» маңатында басқан жоқсың. «Кіші Ақжар» мен «Үлкен Ақжардың» нақ ортасында тұрсың. Түсір жылқыларымды, - дедім оған. Ол иығымнан қол ағаштай темірмен салып жіберді. Көзімнен от жарқ етті. Әрең дегенде аттың басын бұрып кетуге мәжбүр болдым. Дес бергенде, бір машинаның жарығы жылт етті. Машина таянған сайын жарығы күшейе түсті. Сәтінде «Газ-69» маркалы жеңіл машина біздің жанымызға келіп тоқтай қалмасы бар ма. Ішінен екі бірдей адам секіріп түсті. Машинаның шамы жанып тұрды. Қалел қалта фонарымен машинаның нөмеріне үңілді де, шоферіне: - Сабазың, шайды алысқа ұқсаттың-ау, дегенде, ол Қалелге темір көтерді. Қалел көз ілестірмей, онысын қағып түсірді. Темірмен қоса өзі де ұшып кетті. Ол атып тұрды. Бірақ бұл кезде Қайролла оның қолын шап берген. Енді бұл милиционерлердің алдында тырп етпей қалды. - Мені қара басты. Төрт балам, кәрі әке-шешем бар еді. Бір жолға... деп мыңқылдады шофер. - Қолыңмен істегенді мойныңмен көтересің. Саған мемлекеттің машнасын ұрлыққа жексін деп тапсырған жоқ. Ұрлықсыз да табысты күректеп табасың. Мынадай соққында түнделетіп, ерігіп жүрген жоқпыз. «Ұрлық түбі - қорлық» екенін біл, деп Қалел машинаның қорабын тексерді. - Әй, сен бар ғой, нағыз баукеспе ұры екенсің. Енді қаланы жайлап, совхоздың малына ауыз салдым де, - деді Қалел. Ол оған ақырып, зекірген жоқ. - Жолдас бастық, бұл менің жылқыларым. Алты күн іздеп, әуреге түстім. Мына сайтанның қолына қалай түскені не таңым бар. Мі не, паспорты,деп мен де далбалақтап кеттім. Жылқылардың түр-түсі паспорттағыдай болып шықты. Сол жерде акт жасалып, Қалел жылқыларымды алдыма салды. Қуанышымда шек болмады. Қалелге рахметімді жаудырдым... Бі р түнде Қалелді ң қаладан үш жүз шақырым жерге шығып кеткен ұрыны тап басуы айтарлықтай ерлік іс еді. Совет милициясының ісі сан алуан ерлік қимылға толы ғой! Қарлы жаңбыр әлі төпеп тұр.
Төкен АЙДАРХАНОВ.
6
АҚ ҚАУЫРСЫН
8 маусым, сенбі, 2019 жыл
САРЫАРҚА САМАЛЫ
АҚЫН ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА - 80 ЖЫЛ!
Менің музам – Фариза Асылы, Фаризаны, Фариза Оңғарсынованың атақ-даңқын атау қажет емес. Есімінің өзі «өлеңді аялап та саялап» өткен, «дара күндерінің, нала түндерінің сенімі болған, серігі болған» жыр жолдары биік парасат иесі екенін айғақтап тұр. Ақынның сұлу жырларымен 2-курста оқып жүргенімде етене таныстым. Бас алмай оқыдым. Әлі оқумен келемін. Төгіліп түскен шумақтары жанымды жылылыққа бөледі. Қаламгердің жыр жинақтарының ішінде «Шілдесінің» шоқтығы биік. Осы жыр жинағының алғысөзінде бір құрбысының «Фариза, сенің жырларыңды оқығанда, Атыраудан Алматыға жаяу барғандай ентігіп қаламын» деген жолдары келтіріліпті. Расында да, ақын жан тебі рені сі н қайталанбас сұлу жырларында өрнектеді. Қазақ қызының бал сезі мі н, күйі ні ші мен сүйі ні ші н жырларына арқау еткен Фариза ерекше дарын иесі еді. Өзі айтпақшы, әнге арнайы өлең жазбаса да, композиторлар ән жазды. Әншілер шырқады, бірден елдің жүрегін жаулады. Өлеңмен өрілген өмірге деген құштарлығы құз-жартасты жарып шығып, мойнын көкке созатын қарағай–шыршадайын шымырлана, шиыршық ата түсті. Мінезді жырларының өн бойынан асқақ рух пен нәзік иірім қоса өрілді. Сонау сексенінші жылдардың басында Алматыдағы Шет тілдер педагогикалық институтында оқып жүргенімізде әдебиет әлеміндегі жаңалықтарды қалт жібермейтін едік. Баспадан жаңа шыққан шығарманы оқып шыққанша асық болатынбыз. Кейін оқуды бітіріп, елге оралдық. Еңбек еттік. Ұмытпасам, 1987 жылы жазда Алматыға жолым түсті. Шаруамды бітірген соң жолға шығуға әзірлендім. Кенет автобус аялдамасынан он екі ақынмен кездесу кеші өтетіні жайлы хабарландыруды көрдім. Кездесудің өтуіне әлі бір апта бар. Соған қарамастан, дереу билетімді тапсырдым. Сырбай мен Ғафу, Тұманбай мен Қадыр, Жарасқан, Мұхтар Шаханов пен Фариза Оңғарсынова. Қалай бармасқа мұндай жыр кешіне?! ...Бардым. Концерт залының фойесінде ақындардың жыр жинақтары сатылып жатыр екен. Фаризаның кітаптары сатылып кетіпті. Амалсыздан бір открытка сатып алдым. Қолтаңба алуға. Кеште арқалы ақындар жырларына кезек берді. Фариза да өлеңдерін оқыды. Байқаймын, оқырмандардың дені Фариза мен Мұхтар Шахановтан қолтаңба алуда. Фариза өз жыр жинақтарына ғана қолтаңбасын беретінін айтып жатты. Залда отырып, бір парақ қағазға «Фариза апай, кітаптарыңыз сатылып кетті. Мына открыткаға қолтаңбаңызды берсеңіз, Роза. Павлодар» деп жазып, оны открытканың і ші не салып, сахнаға жөнелттім. Қараймын, Фариза оқыды да, жазып берді. Қолтаңбасында «Роза, айналайын! Осы жыр кешінен бір белгі болсын осы жолдар. Сұлу ғұмыр ті леймі н. Фариза апай» деп маржандай жазуымен жазыпты. Мұндай қуанбаспын. Содан бері де жылжып талай жылдар өтті. Ел астанасы Сарыарқаның төсіне көшті. Фариза апай Парламентке депутат болып сайланды. Жаңа ғасырдың басы. 2003 жыл, бі лем. Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінде тілшімін. Бірде қаладағы «Атамұра» ұлттық орталығынан хабарласты. Павлодарға сапарлап келген Фариза ақын Екібастұзға соғатын көрінеді. Апайым Сая Молдайып екеуіміз бірге істейтінбіз. Сол-ақ екен, құстай ұшып «Атамұраға» жеттік. Жолай үйге соғып, ақынның «Шілдесін», 2 томдық жыр жинағын, «Маңғыстау монологын», «Шашы ағарған қыз» және т.б. кітаптарын ала шықтым. Қолымда - гитара. Жиырма шақты адам жинала қалыпты. Фариза Оңғарсынова келді. Қарсы алдық. Үстінде ақ шалбар, жеңіл кофта. Өзімен жүздесуге келген үркердей топқа көңілі толмағандай болды. Халқының ардақтысы ғой. Қазақы екі дөңгелек үстелге жайғастық. Сөз арасында шығармашылығына қатысты бірер сауал қойдық. Гитарамен Мұқағалидың «Фаризасын» орындадым. Соңынан естелік үшін суретке түстік. Фариза апай: «Қыздар, менің жырларымды қайдан білесіңдер?» деп қояды таңырқай. Көпшілік Фариза апайды шығарып салуға сыртқа шықты. Ақын қоштасып, анадайда күтіп тұрған ақшаңқан көлігіне беттеді. Мен болсам апаймен әңгімелесе қалайша көлігіне дейін барғанымды бі лмеппін. Кенет маған: «Егер Екібастұзға шақырсаңдар, оқырман қауыммен шығармашылық кешімді өткізуге
бейілмін», - деді де, ұялы телефонының нөмірін берді. Содан Фариза апайды қалайда Екібастұзға шақырудың орайын келтіруді ойластырдым. 1957 жылы іргетасы қаланған қалаға қазақ қаламгері ат басын бұрғанын естімеппін. Бірде Астанаға әдейілеп бардым. Парламентке. Фариза Оңғарсыноваға. Жетінші қабатта отырады екен. Жылы шыраймен қарсы алды. Шығармашылық кешін өткізуге шақыра келгенімді айттым. Өзінің қай өлеңін, қандай жыр жинақтарын білетінімді сұрады. Мен болсам жыр жинақтарына қоса, қай өлеңіне қай композитор ән жазғанын,
,,
Сәуірдің ақ таңында Екібастұздағы кешін өткізуге Фариза Оңғарсынова да келіп жетті. Алдымен ақын «Самал» қонақ үйі не тоқтады. Сәлемдесуге әрі шығармашылық кешінің сценарийін шолып шықсын деп қонақ үйге бардым. «Отарқа» газетінің сол кездегі редакторы марқұм А.Қаңтарбаев сұхбат алып отыр екен. Ол кісі шығып кеткен соң Фариза апай маған: «Роза, мені жергі лі кті әкі мді кке айтпай, өзі ң шақырғансың ба? Мендей адамды олай шақырмайды ғой», - деді. Сонда мен: «Апай, осыған дейін бірер рет ақындарды шақыруға ұсыныс жасағаныммен, жоғары жақтан қолдау таппадым. Сосын осылай әрекет еттім», - деп едім, күлімсіреп, құшақтап бауырына қысты. Сценарийді шолды да, бәрі жөнімен жазылған деп өзіме қайтарды. Жергілікті режиссер Әмина Қалдыбаева кештің өн-бойын музыкамен келісті көркемдегенін, әнші Ләззат Шушаева әндерін айтатын өнерпаздарды іріктеуге атсалысқанын айта кету керек. Фариза ақын шығармашылық кешінің тегін болуын қалады. Қала ортасындағы зәулі м «Өнер» мәдениет сарайында ине шаншар орын болмады. Қаншама адам сыймай сыртта қалды, ауыл-елден кездесуге арнайы келген адамдардың сыймай қалғаны қиын болды... Өз басым бұрын-соңды мұндай нөпір халықты көрген емен. Қайран Фариза апай сөз арасында көпшілікке «мені Екібастұзға шақырған жергілікті билік емес, өлеңімді сүйіп оқитын мына Роза» деп мені меңземесі бар ма...
...Сол күні екібастұздық жырсүйер қауым Фариза ақынның сұлу жырларына бір қанықты. Жыр кешін жұрт әлі жыр ғып айтады. Тіптен нөпір халықтың арасынан сыртқа шығу мүмкін еместей көрінді...
оны қандай танымал әнші орындайтынына дейін жіпке тіздім. Бір өлеңін жатқа оқып бердім. Кешін «Фариза, Фаризажан, Фариза-жыр» деп атауды ұсындым. Ақын ұсынысымды құп алды. Сол күні Қ.Қуанышбаев атындағы театрда жазушы, драматург Дулат Исабековтің «Актриса» («Алтын тордағы тоты құс») спектаклінің премьерасы екен. Соған шақырыпты Фариза апайды. Маған соған кел деді. Онсыз да театр десе ішкен асымды жерге қоямын. Кешкісін күйеу балам Нариманды ертіп бардым. Фариза апай алдыңғы қатарда отыр екен. Біздерді өзінің тұсындағы екінші қатардағы орынға шақырды. Қойылым аншлагпен өтті. «Актриса» рөліндегі Лейла Ханинга тамаша сомдады. Соңынан актриса өзіне ұсынған қып-қызыл раушан гүл шоғырын сахнадан Фариза апайға ұсынды. Ал Фариза апай оны артына бұрылып, маған берді. Ақынның бұл әрекетін хас өнерге, поэзияға деген құрметі деп ризашылықпен қабылдадым. Екібастұзға келісімен жергілікті әкімдікке хабарласып, Фариза Оңғарсынованы шақырып келгенімді, жыр кешін өткізсек деген ойымды жеткіздім. Жергілікті билік бірден келісті. Ұйымдастыру комитетін құрдық. Алдымен мектеп оқушылары арасында Фаризаның өлеңдерін жатқа оқудан конкурс өткіздік. Бір қуанарлығы, бұл байқауға ауыл мектебінің ұл-қыздары да қуана қатысты. «Атамұра» орталығында өткен байқауда 120 бала бақ сынады. Поэзияны ерекше мәнерлеп оқығандары ақынмен жүздесуде оқу құрметіне ие болды. Іле кештің сценарийін жазуға кірістім. Фариза апай менің өтінішіммен 130 жыр жинағын беріп жіберді. Жұртшылық кітаптарды пышақ үстінен талап әкетті. Шығармашылық кешіне тағы да ала келуін өтінген едім. Әкелмепті. «Ыңғайсыздандым» дейді. Мұндай қарапайым болар ма?!
Фариза дегенде, Махамбетті, Мұқағалиды, өлеңдеріне ән жазған композитор Әсет Бейсеуовті айналып өтуге болмас. Кешті ақынның шығармашылығына қатысты сауал бере отыра, жүргіздім. Залдан да сауалдар ағылды. Жергілікті өнерпаздар Фаризаның әндерін шырқаса, студент жастар мен оқушылар өлеңдерін, орыс ті ліне аударылған өлеңдерін жатқа оқыды. Өзі де жырларына кезек берді. Бір жарым сағатқа лайықталған кеш үш сағатқа созылды. Сонда Фариза апай: «Мына отырған көпші лі кті ң бәрі өзді гі нен келі п отыр ма?» деп таңырқап сыбырлайды маған. «Әрине, апай, елді ң бәрі Сі зді ң өлеңдері ңі зді сүйі п оқиды», - деп қоямын. Сол жолы өзінің сүйікті өлеңі «Кеттің енді, жаныма жанашыр кім», «Мен сонда жылап қалғам» сияқты өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыдым. Жұрт қолтаңбасын алуға кітаптарын таба алмай сеңдей соғылысты. Кеш біткен соң көпшілік сахнаға лап қойып, Фариза апайдан қолтаңба алуға ұмтылды. Сол күні екібастұздық жырсүйер қауым Фариза ақынның сұлу жырларына бі р қанықты. Жыр кеші н жұрт әлі жыр ғып айтады. Тіптен нөпір халықтың арасынан сыртқа шығу мүмкін еместей көрінді. Ішке кі ре алмай қалған халық фойеде «Фариза ақынды көріп қалсақ екен» десіп бірінбірі таптап кетердей әлі күтіп тұр екен. Содан мәдениет үйінің қосалқы есігінің кілтін таптырып, Фариза апайды сыртқа басқа жағынан шығарды. Жергілікті әкімдік Фариза апайға мейрамханада дастарқан жайды. Әйтсе де, «Далаға келіп-кеткендей болмай, біздің үйден де дәм татып кетіңіз» деп шаңырағымызға шақырған едім... Келді Фариза апай. Қазіргі Шәкәрім к., 5-үйдің, 17-пәтеріне бас сұқты. Сол үйде табанының ізі қалды. Бір қызығы,
аяқ астынан үйге кісі толды да кетті. Бәрі ақынмен жақын бі лісуге асық. Сол күні ән айтылды. Өлең оқылды. Ұмытылмас кеш болды. Қимай шығарып салдық. Ертеңіне апай Астанаға жүріп кетті. Екі күннен соң звондап тұр. «Роза, менің кешімді өткіземін деп, шаршап қалған жоқсың ба? Кештерімнің бұрын-соңды осындай деңгейде өткенін білмеппін. Керемет өтті. Саған алғысым шексіз», - деп ризашылығын білдірді. Айтқандайын, сол кездегі ҚР Вице-Премьері Иманғали Тасмағанбетов алаңдаушылық білдіріп, Павлодар облысының әкімдігіне хабарласқан екен. Шамасы Фариза ақынның кеші ойдағыдай өтер ме екен деп қобалжыса керек. Кешке Павлодар облыстық радиосының сол кездегі басшысы, журналист Ғалия Балтабай да келіп қатысып, таспаға жазып алды. Біз Фариза апайдың үйіне қонаққа барарда Ғалия Балтабай республикалық радиодан Екібастұздағы кешті беріп жатты. Фариза апай: «Қазақ радиосынан» анадағы кешті беріп жатыр, тыңдаңдаршы», - деп звондады. Қандай сәйкестік! Сол жылы күзге салым Фариза апай Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 110 жылдығын Павлодар қаласында атап өтуге ұйытқы болды. Кешті өзі жүргізді. Ж.Аймауытов театрының актерлері театрландырылған көрініс көрсетті. Одан кейін Павлодар мемлекеттік университеті ақынмен жүздесті. «Павлодарға мен үшін келдің ғой. Менің машинама отыр, ала кетейін», - деп қайтарда мені қасына отырғызып алды. Жолай әлем, қала берді неміс әдебиетін тілге тиек етістік. «Генрих Гейненің өлеңдерін түпнұсқада оқисың ғой. Менің өлеңдерімнен айырмашылығы қалай?» деп сұрады. «Генрихтің лирикасы ғажап қой. Деңгейлессіз. Фариза апай, сіз - әлемдік деңгейдегі ақынсыз. Әттең әлем тілдеріне аударылсаңыз ғой», дедім. Әңгімелесе отыра Екібастұзға қалай жеткенімізді білмей қалдық. Олар әрі қарай Астанаға жүріп кетті. Кейін тағы бірде Сая екеуімізді Астанаға үйіне арнайы қонаққа шақырды. Тіпті, жеңіл көлікпен тоқтаған үйімізден алып кетті. Үйінде ақын, әнші, композитор Елена Әбдіхалықовамен таныстық. Ол Мәдениет министрлігінде қызмет етіп жүр екен. Тағамдарды өзі дайындапты. Тіл үйіреді. Әлдебір неміс аудармашысы Фариза ақынның өлеңдерін аудармақшы болса керек. Үйінде ақын оның алдына құрметті қонақ ретінде қойдың басын ұсыныпты. Ол болса, таңырқап, мұрнын шүйі рген ғой. Сонда мі незді ақын: «Мені ң ұлттық тамағымды менсі нбей отырған сен өлеңдерімді аударып жарытпассың» деп, өлеңінің неміс тіліне аударуына келісімін бермепті. Дастарқан басында ақын Ақан серінің әйгілі «Балқадишасының» сөздерінің «Күйеуім сексен бесте, шал Қадиша» деп келетін тұсының жаңсақ орындалып жүргенін айтып отырды. Расында да, ол жайында сонау бір жылдары «Жалын» журналында Ілия Жақановтың жазғаны есте. Өзі осы
САРЫАРҚА САМАЛЫ әнді домбырада салды. Дауысы ерекше. Қазақ әдебиетінің аяқалысына қатысты ойларын білдірді. Өмірінің соңғы жылдарында сырқаттанып, Германияда ем қабылдап жүрді. Бірде сол жақтан ұялы телефоныма хабарласты. «Роза, неге хабарласпайсың? Мына жақта неміс дәрігерлері өлеңдерімді ана тілінде оқығанша асық. Тіл білмеген қиын екен. Әйтсе де, Германияға сені ала кетсем бе деген ой келген-ді. Маған еріп барар ма едің?» деп сұрады. «Әрине, апай, барған болар едім», - дедім. «Менің осында келгеніме жеті ай болды. Сенің бала-шағаң, жұмысың бар ғой», - деп күрсінді. Сол жолы соңғы рет сөйлескеніміз екен. Қазір Фариза ақынмен етене араласа алмағаныма, өзімнің құнтсыздығыма қатты өкінемін. 1978 жылдың 23 қаңтарында әкем бақиға аттанып, жаным жабырқаған болса, Фариза ақын да дәл сол күні мына жалғанмен қош айтысып, өзегімді өртеді. Жаныма жақын жандардың бір күнде өтуінің астарында әлдебір тылсым сырдың тартылысы жатқандай ма, қалай?! Өмірі өлеңмен өрілген ақын:
«...Тағдыр ғұмыр кештірмей малша маған, Кемтар етпей, Кенде етпей ар-санадан Ғұмыр бітті. Мен кешкен сәттің бірін Сезіне алмай өтеді қаншама адам...», -
деп жазып қалдырыпты. Мынандай жыр жолдарын жазудың өзіне де күш-жігер керек шығар. Аяулы ақынды мәңгілік мекеніне шығарып салуға теңіз толқынындай лықсыған халықта есеп жоқ. Біз де бардық. Қимастықпен қош айтыстық. Атырауда кіндік қаны тамып, саналы өмірін Алматыда өткізген ақынға мәңгілік мекен Астанадан бұйырды. Енді ақынның мәңгілік ғұмыры басталды. Халқы сүйіп оқитын асқақ та, асау жырлары барда, ақын тірі. Фариза ақынның өмірден өткеніне қырық күн толғанда Екібастұзда ақынды еске алу кешін ұйымдастырдым. Бұл жолы да әндері шырқалып, сыршыл да, сыншыл жырлары оқылды. Естеліктер айтылды. Тек қана Фариза жоқ. Ақын тек поэзия ғана емес, прозаны да ақ өлеңдей төгі лтті. Есі лтті. Өзін баяғыда Атыраудан Алматыға алдыртқан жазушы Шерхан Мұртаза кейін «Фаризаның поэзиясы – шың, прозасы - сол шыңды тіреп тұрған шоқылар» деп баға берді. Айтса-айтқандай-ақ, Фаризаның жырлары халқының баға жетпес рухани құндылығына айналды. Жазушы Ғабит Мүсірепов «Көркем сөз майданында ақынға, жазушыға, еркекке, әйелге, кәріге, жасқа деп шектеліп қойылған саржайлау да жоқ, құлазыған қу дала да жоқ. Ащы көл де ортақ, тұщы көл де ортақ. Ғарышқа дейінгі биіктік те ортақ. Жер-ананың отты жүрегіне дейінгі тереңдік те ортақ. Ерлік, батылдық, адалдық, ұяттылық, арлылық, намысқойлық сияқты адамгершілік-азаматтық қасиеттердің бәрі де ортақ. Мен қазақтың ақын қызы Фаризаны осындай асқарлардың биігінде көремін...», - деген екен. Ақиық ақын Мұқағали қазақ поэзиясының падишасына арнаған «Фаризаға» атты жыр жолдарында: «...Біздерді де жоқтайтын жан болса егер, шаң басқан архивтерден табылармыз» дегенімен, әзірге екеуінің де жыр жинақтарын шаң баса қоймағаны анық. Өйткені екеуі де - елінің ардақтысы, аяулысы. Халық оларды іздеп тауып оқумен келеді. Қыз-ғұмыры жырмен өрілген ақын бірде «Астанада «Ақындар аллеясын» салса етті» дегені бар-ды. Расында да, уақыт өте келе Елорданың төрінен қазақ ақындарына неге аллея ашылмасқа?! Оның төрінен ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ асқақ бейнесі орын алса игі. Ол маңда ақындар жырларын оқу үрдіске айналса, тіптен мұндай аллеялар еліміздің бар өңірінде ашылса, о бастан ақындыққа, жыршылыққа жаны құмар қазақтың Поэзияға деген құрметі болар еді. «Кейі нгі ұрпаққа «кезі нде қазақ деген халық болған, олар мынадай бұйымдарды тұтынған» деп музейде көрсетуге шақ қалған кезде, ана тіліміз босағадан сығалауға шақ қалған кезде егемендік алдық» дегені бар Фариза ақынның. «Фариза - аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы» деп Әбіш Кекілбаев айтқандайын, ақын жырлары қазақ деген халық барда жоғалып кетуі тіптен де мүмкін емес. Ол әлі алдағы ғасырларға барады. Бі р бі лері м, мені ң пі рі м де, музам да – ФАРИЗА!
Рауза МҰСАБАЕВА,
аудармашы, Екібастұз қаласы.
АЙБОЗ
8 маусым, сенбі, 2019 жыл
7
Мәди туралы мөлтек сөз Ақтоғай ауданы Жаңабет ауылында туып-өскен Ұлы Отан соғысының ардагері, ақын, жазушы, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаушы Қимадиден Нығыманов көзі тірісінде ел ішіндегі ақсақалдардан ұлт тарихына қатысты көптеген әңгімелер жазып алған. Ол мұраларды Қазақстан Ғылым академиясына да өткізген. Солардың бірі - Мәди Бәпиұлы туралы Ақтоғай ауданының ақсақалы, 1904 жылы туған А.Есмағамбетовтен жазып алған әңгімені назарларыңызға ұсынамыз. Қарағанды облысы Қу ауданы, Арқалық совхозының жері бұрын Қарқаралы уезі, Едрей болысы атанған. Соған қарасты үшінші ауыл - Мәдидің туған ауылы. Бұл ауылды Үшқара деп атайды. Үшқарада Мәди Алшынбаев 1875 жылы дүниеге келген. Үшқара тауының маңында Кең жайылыс, Айрық деген жерлер бар. Қазір сол жерлерде совхоздың фермалары орналасқан. Ол Айрықты Алшынбайдың Айрығы деп атайды. Мәдидің руы - Қаракесек. Қаракесек ішінде Орта жүзге аты шыққан әділ шешен, даңқы тарих төрінен орын алған Қаз дауысты Қазыбек би - осы Мәдидің арғы тегі. Қазыбектен Бекболат туады. Одан - Ті ленші, Ті ленші ден атақты бай Алшынбай. Алшынбайдан Қақабай, Бәпи, Шәпи, Бепеу және Қосық атты бес бала туады. Оның ішіндегі Бәпидің баласы - біз айтқалы отырған Мәди. Әкесі шаруа-шарқы шағын кедей болады да, ағайын арасында көңіл қалыс басталады. Әкесімен қатар жүруге жараған кезінде мұның кедейлі гі беті не мі н болып басылады. Өз теңдесі қатарында өнерлі де, бір-екі кісілік күші бар адам болады. Айтқан кемістік сөздерді басынан асыруға намыс көреді де, ағайын арасынан жік табады. Ауыл кедейлеріне көрсеткен зәбір-жапалардың дұрыс еместігін көрген ол көп ұзамай сол кездегі болыс басы өз ағасы Қақабай Алшынбаевтан бастап барлық байларға қарсы шығып, шаншудай қадалады. Қасына қарулы жігі т жинап, сол байларды мұқату үшін малдарын тартып-талап алып, жұқа шаруаға таратып, қысы-жазы тау жайлап кетеді. Болыс Қақабай і ні сі өзі не і стеген бұл ісіне жауап ретінде оны 1912 жылы Қараөткелге айдатып, түрмеге жабады. Мәдидің атақты «Қаракесек» әні осы түрмеде жатқанда туған.
қайта тапсырайын, - деп айғай көтереді. Мәди оны оп-оңай аударып тастап, атын мініп, қашып құтылып кетеді. Сол кезде айтқан өлеңі мынау екен:
Сұрасаң руымды Қаракесек, Досымнан дұшпаным көп қылған өсек. Үстінде құс мамықтың толық сусем, Бұл күнде қу қарағай болды төсек.
Атыңнан айналайын, Қарқаралы, Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады. Сайыңнан сайғақ құрлы пана таппай, Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы.
Міндім де Қаракөкк, жылыстадым, Бардым да Қараөткелге ,жыл қыстадым. Науқасым жанға батып жатқан кезде, Болмады жан аяйтын туысқаным.
Қонғаны ауылымның Талды-ау деймін, Жағалап ел жайлауға барды-ау деймін. Кір жуып, кіндік кескен туған жерлер, Артыңа бір қарамай қалды-ау деймін.
Мәди Қараөткел түрмесінде аяқ-қолы кісендеулі жатқанда үйінен хабар болмай зарығып, жұбайы Қазиға да «Зарығу» әнін шығарған.
Сәлемхат келмеді ғой Қазижаннан, Тілеймін медет бер деп бір Құдайдан. Қайтпаған қара тастан қайран жүрек, Қорқады осы күні бұл қамаудан, –
деп налиды. Мәди Қараөткел түрмесінде екі жыл жатқаннан кейін оны одан бетер қатаң ұстау мақсатында Көкшетау түрмесіне апарып қамайды. Сонда ол:
Басынан Үшқараның құлағаным, Кекілін кербестінің сылағаным. Түскенде сен есіме, қайран елім, Құшақтап қу тақтайды жылағаным, -
деп әндетеді. Осы түрмеде бар керегі жарты қадақ нан екендігін де өлеңге қосқан. Қажырлы ер Мәди аяқтағы кісені мен қақпаны бұзып, жаз айында қашып шығады. Жаяулапжалпылап төрт күн жүріп, бір байдың ескі жұртына келіп паналайды. Бір күні шөп шауып жатқан жұртты көріп, маңайға көз салып тұрса, атқа теңдеп артқан сүйретпесі бар бір адам келе жатқанын байқайды. Сол адамды күтіп алып, жөн сұрасады. Ол Қарауыл ішіндегі Жалмағамбет деген бай екен. Өз жайын жасырмай айтып, қымыз сұрағанда бай: - Сені қымыз беріп аяудың орнына тиісті жеріңе апарып
Он бір күн мекендедім құба жонды, Сырт бүтін, іш өртеніп қайғы толды. Ет қатты, қымыз ашты дейтін басым, Орыстың қара наны балдай болды. Мәди сол шапқан күйінде Үшқараға жетіп, әкесі Бәпидің иесіз қорасын паналайды. Ол кезде Үшқара тауының маңы толған ел болатын. Мәдидің қашып жүргенін сезіп бір дұшпаны болыстыққа хабарлайды. Қақабай сегі з қызыл бөрі кті лері н (полиция) жіберіп ұстатады да, үшінші рет жер аударуға үкім жасайды. Сонда Мәди:
Өз қорам деп келіп ем, Өз халқым деп сеніп ем. Мұнша қоймай ұстайтын, Бұл халыққа не қып ем, - деп кейиді. Алшынбайдың бір әйелінен туған Сіләмбек Алшынбаев мұндай қаныпезерлікке шыдай алмай, ағасын жақтап сөз көтереді. Ағайын арасынан шыққан екіұдай сөз ру басындағылардың ашуын қоздырады. Осы жайлы Сіләмбек бауырына қарап тұрып Мәди:
- Сіләмбек, ортадағы сен бәйтерек, Қорғалар бұтағыңа сан көбелек. Майысып сол бұтағың сынып кетсе, Болғанмен құр бәйтерек неге керек, -
дейді табан аузында. Ағайын арасында азулы, өзі орысша оқыған ұлықтарға беделді Қақабай Алшынбаев Мәдиді 1916 жылы Атбасарға жер аудартады. Осыған орай «Қарқаралы» әні туады.
Атбасар түрмесіне жер аударылған Мәди крестьянский начальниктен осы маңда өзі не кесі лген жаңа мерзі мі н өтеп шығуға ант береді. Атбасарда алты ай болғаннан кейі н 1916 жылдың ақырында босап шығып, Қарқаралыдағы өз еліне келеді. Бұл кезде Алшынбаев Қақабай болыстықтан түсіп, әкесіне 2500 жылқы, 3500 қой біткен атақты бай 28 жастағы Айғожа Теміржанов болады. Бұл да Мәдиді ел бүлдірген қарақшы санайтын қасқырдың бөлтірігі еді. Қудалап күн көрсетпейді. Бірақ 1917 жылғы ақпан революциясының салқынынан әкімдердің есі ауыса бастаған болатын. Патша түсіп, Керенский тұрып, оның артынан Колчак келіп, елдің әр иесінің қолында бір тұл болған кез еді. Ешкімге сенбеген Мәди бұл кездері Үшқара мен Қарқаралы тауларын жеке жайлап жатады. 1917 жылы күзгі салым
Ердей болысына сессия құруға Аяғанов Ахметқали деген оқыған қазақ шығады. Айғожа Ахметқалимен бірге оқыған дос екен. Мәдиді оған хабарлап ұстатпақ болады. Ахметқали арнаулы шақыртумен 12 полицей алдырып іздетеді. Мәди Үшқара тауының бауырында Қара құдық деген жерде полицейлермен атысып қолға түседі. Бұл 1917 жылдың сентябрь айы болатын. Сонда Мәдидің пристав Аяғановқа айтқан: «Сен Аяғанов Теміржановтан алған параң кісі құнына тұрса, сора бер қанымды. Кедей халқын зәбірлеу қолдарыңнан келеді. Егер күнім туса, мен де көрермін. Қолыңнан келгеніңді істе, аяма мені, мен кезек алсам, сендерді аямаймын», - деген бір ауыз сөзін елі жадында сақтаған. Қол-аяғын артына байлап, қараңғы тас қорада 15 күн зәбірлегеннен кейін Мәдиді Қарқаралының түрмесіне әкетеді. Сол жатқаннан ол 1918 жылы Колчак туы жығылған соң төңкеріс кезінде босап, елге келеді. Көп көрген ауыр мехнаттан кейін есіл ер ауруға шалдығып, көпке дейін айыға алмай жүреді. Төңкеріс тағдырын тез түсінген Құланшы руынан шыққан Малдыбаев Мұстақым деген жігіт елді әлі де байлар билептөстеуін көріп, қасына топ жиып, қарсы шығады. Ауруынан айыға бастаған Мәди Бәпиұлы Мұстақыммен тізе қосып дос болады. Бұлар елге тізесі батқан Айғожа болысты түсіртуге, кедейден болыс сайлауға елді бөле-жарып, соңына ертіп алады. Дүние-малы мен көп таныстыға бар Айғожа болыс сол кездегі Қарқаралы управление начальнигі Мей-Варгановтың аузын алып, майлап қояды. 1919 жылдың басында Малдыбаевты ұстатып түрмеге жабады. Серігінен айрылған Мәди тиісті орындарға арыз жазып, ісін қуып, көп уақытын босқа өткізеді. 1919 жылдың қысы бойы Малдыбаев түрмеде отырып қалады. Айтқожадан алған парасын жұта алмай қалған Мей-Варганов Мәдидің арызына бас ауыртпай, үзілді-кесілді жауап береді. Мәди мұның үстінен жоғары орынға арыз жолдайды. Ол арыз да Мей-Варгановтың қолына түсіп, Мәдимен одан бетер өштесе түседі. Бұл уақыттарда жеңілген ақтар бет-бетімен қашып кетіп жатқан аласапыран 1919 жылдың жазғытұры болатын. Дутов, Черепанов деген әскербасылар Қарқаралыға орнап алған еді. Кім болса соны түрлі сылтаумен торғай құрлы көрмей атып тастап жатқан кез болатын. Малдыбаев жұмысымен Қарқаралыда жүрген Мәдиге бұл кез өте қауіпті болды. Мей-Варганов болса Мәдиді тауып, оны атып өлтіруді қандықол Жасанов дейтінге тапсырады. Мәди ізін тіміскілеп түскен Жасанов жауыз 1919 жылы марттың 27-сі күні Мәдиді атып өлтіреді. Ақтың әскері мен қызыл, бай мен кедей, іш пен тыс араласып жатқан уақытта Мәдидің жаласын зерттеуге халықтың мұршасы болған жоқ. Есіл ерінен айырылып еңіреген халық Қарқаралының қасындағы Сарыбиіктің бетіне жол үстіне Мәдиді жерлейді. Кейін басына ескерткіш орнатылды. Баспаға дайындаған -
Бейбіт БӨЖЕН,
Павлодар қаласы.
8
жебе
8 маусым, сенбі, 2019 жыл
Мәңгі бұлт тұрмас сенің басыңда, Өмір көркем, өмір қызық, расында. «Қыс артынан жаз шығады» ақиқат. Жаныңдағы жақсылықты жасырма! Ғ.САПАРОВ.
Өлең – өмірінің шуағы
Жыр әлемінде өмір шындығын көркем тілде ақындық биік тұрғыдан шеберлікпен жырлауға екінің-бірінің өресі жете бермейді. Мұндай мүмкіндік тек хас дарынның ғана қолынан келсе керек. Сондай таланттың бірі биыл асқаралы 60 жасқа толып отырған Ертіс-Баян өңіріне белгілі азамат Сапаров Ғабит Көпжасарұлы.
Ол 1959 жылы 11 маусымда бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданы Өндіріс ауылындағы мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1969 жылдан Павлодар облысы Май ауданында тұрды. 1974 жылы Жалтыр 8 жылдық мектебін, 1976 жылы Белогорье орта мектебін аяқтады. Бір жыл «Жалтыр» совхозының құрылыс учаскесінде жұмысшы болды. 1977 жылы Семейдің Н.Крупская атындағы пединститутының филология факультетіне түсіп, 1982 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Содан кейін Жалтыр мектебінде, клубында, мәдениет бөлімінде, «Шамшырақ» газетінің редакциясында қызмет атқарды. 1993
жылдан Баскөл ауылындағы А.Иманов атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Қазіргі таңда жоғарғы санатты ұстаз «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубында қызмет атқарып жүр. Ғабит Сапаров облыс жұртшылығына өзінің көркем ойы мен кестелі сөзінің арқасында танылды. Оның жүрек тебіренісі өлең болып ағылып, ерке Ертістің суындай жырға сусаған қалың оқырманның шөлін қандырды. Шығармалары республикалық газеттер мен «Жұлдыз», «Абай» журналдарында жарияланды. Сондай-ақ облыстық «Сарыарқа самалы» және біздің аудандық «Шамшырақ» газетінде тұрақты түрде басылып келеді. Ғ.Сапаров талай мәрте сөз барымтасына түсіп олжалы болды. Мәселен, 1988 жылы Мәшһүр Жүсіп атамызға
Поэма Мен әскерде болған жоқпын, не шара, Басқа біреу бақытымды күзетті. Туған Отан, бір ұлыңды кеш, Ана, Көктем өтті оқуменен, күз өтті. Содан кейін отау құрды, үйленді, Бала-шаға жыл өткен соң көбейді. Одан кейін ауыратын күйге енді... Ол осылай ақталады, не дейді?! Бірақ сені ол өлеңімен қорғады, Тек өзіңе жүрек отын арнады. Алыстардан қайтып жатса олжалы, Ол өзіңді жырларына жалғады... Туған Отан! Аман болшы, тірегім, Суық көздер аңдымасын көгіңді! Жүрегімнің түбінде өзің түнедің, Қараңғыдан жарық болып көріндің! Күн болар ма қанқұмарлар сорлайтын, Бейбіт күнді, бейбіт жырды тіледі ел. Қиын күнде қару алып қорғайтын, Бір ұлыңның бар екенін біле бер! Хабар келді. Хабар келді қайғылы, «Сөнген екен Ақжан аға ай-күні!» «Дұшмандардың минасынан мерт болды, Тірісінде көрмеген жан қаймығып!». Қандай еді? Ақкөңіл жан болатын. Жүрегі оның Отаным деп соғатын... Сол бір таңда халқымыздың жадына, Мәңгілікке жазып кетті ол атын! Аудан халқы қарақұрым жиналған, Жүздерінде қасірет тұр қиналған. ...Анасына ақырғы рет иіскетпей, Табытыңды ақ цинктен құйған ба? Суретің тұр қара лента асынған, Үн жоқ, түн жоқ, өте бердік қасыңнан. Жаралдың ба кездеспейтін асылдан, Жаралдың ба жарқылдаған жасыннан. ...Білмен, білмен, әйтеуір, Көз жасымды өзгелерден жасырғам. Қаралы әуен жезді оркестр ойнайды, Елде – қайғы, жерде – қайғы, ой – қайғы. «Жақсы керек жерге-дағы» деген бар, Жақсы адамды көп жүргізіп қоймайды. Қозғалады табыт салған машина, Өртене ме, ішің удай аши ма? ... Жиырмада ғой, жапырақтай жиырмада, Ерік берсем ағыл-тегіл ашуға! Қарғыс атқыр соғысты сол тоқтатсам, Шоқ бассам да тоқтамаспын, от бассам! ...Құлағына жеткізер ме ед дұшманның, Аналардың ащы даусын жоқтасқан! Мен тірімін! Қараймын жұлдыздарға. (Қатайып кеткенін-ай түнгі ызғар да). Топ-топ болып кинодан шығып жатыр, Шат-шадыман бүгінгі ұл-қыздар да. Сен жоғалдың, Мәңгілік оралмайсың, Жаурамайсың сен енді, тоңа алмайсың. Он сегізде кетіп ең ортамыздан, Сен енді мәңгі әке бола алмайсың?! Жоқсың сен. Тірлігімнің керегі не?
САРЫАРҚА САМАЛЫ
арналған облыстық айтыста Қанат Шайғазинмен полигон тақырыбын қозғап, Май ауданы тұрғындарының онкологиялық аурулардан қынадай қырылып жатқанын тілге тиек етті. Мәшһүр Жүсіптің басына кесене салу, Маңғыстаудан құлпытас әкеліп қою секілді ұсыныстар айтты. Кейіннен осы айтылғандардың барлығы жүзеге асып, Олжас Сүлейменов бастаған «Семей - Невада» қозғалысы құрылды. 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Семей ядролық полигоны толықтай жабылды. Мәшһүр Жүсіп бабамыз мәңгілік байыз тапқан Ескелді мекенінде зәулім кесене тұрғызылып, оған Маңғыстаудың тастары пайдаланылды. «Невада – Семей» қозғалысы құрылып, Алматыдан ақын Олжас Сүлейменовтің айбынды дауысы қазақ сахарасына жеткенде, қолына дәптер
алып, ауданымызда қозғалысқа қолдау көрсетуге алғаш дауыс жинаған да осы Ғабит Сапаров ағамыз болатын. Ғ.Сапаров айтыста ғана емес, жазба поэзияда да дарынымен көзге түсе білді. Павлодар облысында өткен I қаламгерлер байқауында Жаяу Мұса атындағы сыйлықты жеңіп алды. Ол көбінесе қысқа да нұсқа жазады. Айтары анық, сөзі тиянақты. Ақынның өзгелерден ерекшелігі, ел ішінен шыққан дарындарды көрсе, қуанады. Демеу болып, жақсылығын асырып, жыр арнайды. Оның өлеңдері өзіндік көркемдігімен, қарапайымдылығымен қуатты да тартымды. Орынсыз пәлсапаға бой ұрып, ақыл айтып кетпейді. Жыр дариясы жиһан кездіріп, қилы-қилы тағдырлармен табыстырып, сан қиырға саяхат құрғызады. Оның Отанға, туған жерге деген отты өлеңдері жігеріңді жаниды. Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде әйгілі спортшы, қандасымыз Мұстафа Өзтүрік Павлодар облысына ат басын тіреп, жас дарындармен кездесті. Ғабит Сапаровтың осы жүздесуде оқыған рухқа толы арнау өлеңі талай жастың қиялына қанат бітірді. Ғ.Сапаров қоғамда
н а т с н а ғ Ау
Ғабит САПАРОВ
(Ауғанстанда қаза тапқан қазақ солдаты Ерсін Мұқашевқа арналады)
(ықшамдалып алынды)
Өмірімнің ендігі қорегі не? Кеткенде меніменен басқа жаққа, Жетер ме ең, жетпес пе едің кемеліңе? Тірімін, Сүйіктімін, аяулымын, Қосылатын жарыммен таяу күнім. Күйеу жолдас сен өзің болмағасын, Қан жұтамын, қайғырам, қаяулымын... Есіңде ме? Жамалмен таныстырдың, Белгісіз бір гүліндей алыс қырдың, Қолымды алды жанары жаутаң қағып, Сізді сырттай білуші ем, қуаныштымын! «Сіз» демегін, ол саған «сіз» бола ма, Жарасқанмен ұяңдық қыз балаға. «Сен» десеңші, ол мен ғой, екінші мен, «Сіз», «сіз» деп кім досына сызданады? Жарайды онда, үшеуіміз «сен» болайық, Дос болайық, достыққа кең болайық. Зәлімдік пен зұлымдық ойламайық, Тойымызды өзіңсіз тойламайық! Күлдік сосын. Білдік пе қысқалығын, Кедергіге өмірдің ұсталығын. Сендер жаққа айналып келмейтінін, Көктеменің көгілдір құстарының... Әкеміз жыламады, шыдап тұрды. Военкомат. Анамыз жылап тұрды. Ауыр «Лиаз» ақырын қозғалғанда, Айғай-шудан, дүбірден құлақ тұнды... Әкең қалды, артыңда анаң қалды, Кластастар, достарың, Жамал қалды, Төсінде сен құйғытқан құр асаумен, Құла бел, қуқыл төбе, далаң қалды... Мен кеттім, басқа ауданға, басқа жаққа, Солдаттық өмірімді бастамаққа, Тіледім сенің ғана тілеуіңді, «Кез қылма атқан оққа, қашқан оққа!» Қайтейін, өзіңменен бара алмадым, Асқарым, Алатауым, ақ арманым! «Мен бар ғой, бармын ғой мен, өлмеспін мен, Ал Еркін... тірі ме?» деп алаңдадым... Жүрегім бірдеңені сезгендейін, Болдым мен бұл өмірден безгендейін. Жігіттер біздің елге қайтатұғын, Халықаралық жағдай да өзгермеді! ... Кеш білдім, кеткеніңді, өлгеніңді, Кеш білдім семгеніңді, сөнгеніңді. Өртенген от жалында өміріңмен, Өлімді де мәңгілік женгеніңді! Мен келемін дәлізімен мектептің, Стенділер. Космонавтар қаз-қатар. Одан әрі оң жағыңа бұрылсаң,
Мәңгілік от – картоннан Қызыл алау маздатар, Белгісіз бір сағыныш жүрегіңді сыздатар, Портреті Еркіннің қабырғадан тіл қатар! Саптағыдай қасында жауынгерлер тұр қатар. Бәрі болған Ауғанда... Бүйірдегі бейбіт елге дұшман оғы жауғанда. ..Мына жігіт аман жетті оқтардан. «Қайбір адам шығар дейсің сотқардан!» Дегендердің бірі мен. Қазір көрсем... сол жігіттің түрінен Сезгендеймін байыптылық орасан, Бәрін көріп, бәрін біліп болғандай, Тұңғиығы көп болатын ормандай, Кәріқұлақ тоқсандағы шалдардай, Өзгеріске осындай бүкіл ауыл таңқалған... Медалінің барлығын да кейін білдік біз оның, Қайырбайдың баласы келген екен түзеліп... Медаліңді қалай алдың? – деп сұрадық бір күні, Сол мезетте жиып алды езуінде күлкіні. Дұшмандардың қауіпті бір нүктесін Түн ішінде жойған ек... Сөйтіп соңғы нүктені гранатпен қойған ек... Соған берді медалды... Мына жігіт аман жетті ауданға, Беріп қайтты сыңар қолын Ауғанға. Бір взводтай жігіттен осы ғана сау қалған... Қалғандары – қара жердің қойнында, Қазалары қарғыс атқыр дұшмандардың мойнында. Қоршап алып бәрін құртып жіберген, «Өліп қалған» жерлесім, Аман қалған пленнен... Қазір жақсы. Үйленген, Көк теректей жасыннан Аман қалған... күйгенмен... Ән айтып жатыр, ән айтып жатыр бардылар, Елжіреп тыңдар сөз ұғар халық, ән құмар. «Қоршауда қалды советтің жап-жас солдаты, Таусылды оғы, қолында гранат соңғы бар! Кетпесін қашып, советтің ерін ұстаңдар! Гүрс етті бір кез. Тыйылды арзан айғай-шу, Толқынмен бірге күлдері көкке ұшқанда!» Ән айтып жатыр, ән айтып жатыр солдаттар, Әндері – елге тартылып жатқан тармақтар. Ей, ақын! Сенің кеудеңде болса шын жүрек, Ауғаннан келген солдатқа өлең арнап қал, Солдатқа өлең арнап қал...
Мерей
кездесетін қилы-қилы мәселелерді дер кезінде көтере білді. Курчатов қаласында атом станциясының салуына алғашқылардың бірі болып қарсы болғанын да оқырман жақсы біледі. Қаламын қару қылып, елінің бары мен жоғын жырына арқау етіп келе жатқан ақынның 60 жылдық мерейтойы атаусыз қалмаса екен дейміз. Тым болмағанда аудан көлемінде тойланса, елдің ықылас, ниеті шығармашыл жанның шабытына шабыт қосып, мәртебесін бір көтеріп тастар еді. «Өнер – өмір. Өлең – өмірдің шуағы. Ақындық - екінің бірінің басына қона бермейтін бақыт. Талант – тәңірдің сыйы. Әлемді түрлі қиыншылықтардан иман мен поэзия ғана құтқарады» - депті бір ойшыл. Қойнауына қасиет пен құт дарып, шаңырағына өлең түнеген өлке – Май елінің өнерін өрістетіп, оған өзіндік қолтаңбасын қалдырумен келе жатқан ақын Ғабит Көпжасарұлының поэзия әлеміне бергенінен берері көп болсын!
М.ХАЙРУЛЛИНА,
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, Баскөл ауылы, Май ауданы.
Поэма бітті. Соғыстар бірақ біткен жоқ. Ошағы оттың әлемде мынау тіптен көп. Ертеңгі күні не болар екен Ауғанның? Қыраттың, белдің, түксиген ан-оу таулардың? Баспанасына айналып кетіп жүрмей ме, Соғысқан біздер осынау жылдар жаулардың?! Не болар екен шындықты айтқан диқанға, Қалдырған біздер ескерткіш қылып гитарға? Не өтер екен шәкіртттер ертең тарихтан, Не айтар екен жалаңаш барлық, арықтар? Не айтар екен артынан біздің ауғандық, Соғыстан әбден қажыған, шаршап жалыққан? Осындай сұрақ, сұрақтар алда - сұрақтар. Бәрін де көрдік. Журналист, бізден сұрап қал. «Мама! Мама! Тірімін. Тұтқындамын. Толстой геройының ұқтым халін. Мама! Мама! Жазғанда осы хатты, Көрер ме ең көздерімде шық тұрғанын... Сағындым ауылымның сағым кешін, Сағындым бақасын да, бытпылдағын... Өзегім өртенеді өкініштен, Ауа емес, жауыздықтың жұттым зәрін... Не керек, айтып-айтпай, халім жаман. Ұл едім еркін өскен, жалындаған. Еңсемді езгілетпей өлсем деймін, Кіршіксіз медет берсін арым маған. Көруді пендесіне жазбағандай, Өзіңді, қарындасты, бауырды аман... Бар болса дозақ деген осы болар, Бойымда бір жерім жоқ ауырмаған... Бердім мен осы хатты жақсы адамнан, Қол созып қиындықта тастамаған. Дұшманға қолға түскен ауыстырсын, Солай деп хат жазғайсың астанаға... Ұлыңды танымассың қазір көрсең, Жағына жүн қаптаған – басқа бала... «Бір өлім өзектіге» деген сөз бар, Кездесу болары анық, саспа, мама!» Оқысаң көзіңе жас құйылады, Сұмдықты ұғар емес миым әлі, Дәл қазір, осы қазір, осы сәтте, Солдатты өлтіруге бұйырады? «Шурави» атылғанын қызықтауға, Қыстақтың жас-кәрісі жиылады? Белгілі нахақ қанның төгілері, Белгілі қыршын жастың қиылары... «Адамнан хайуанды көрмедім, - деп, Адамның баласына сенбедім», - деп. Бір ойшыл күңіреніп өткен екен, Көп татқан тәттісін де, кермегін де. ... Құтқару тұтқындарды – қасиетті іс, Қорқаудың қорланбасын ермегінде. Бүл күнде бүкіл әлем құлақ тігер, Шығатын Кремльден сергек үнге... Жазбаған хабарсыз боп, жоғалуға, Тұтқындар Отанына оралуда. Созылған ащы ішектей өлеңімді, Болар ед осыменен доғаруға... Советтің қайыспаған қайсар ұлын, Атуға дұшман қолы оқ алуда... Қозысы туған жердің қор болады-ау, Тап келіп жат өлкенің Қодарына...
RÝHANI JAŃǴYRÝ
САРЫАРҚА САМАЛЫ
8 маусым, сенбі, 2019 жыл
9
Ұлттық сананың жаңғыруы ісімізден көрінеді Осыдан екі жыл бұрын Тұңғыш Президенттің бастамасымен қолға алынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ұлттық рухани-әлеуметтік дамуымыздың бағыт-бағдарын айқындап берген болатын. Елбасының өзі айтқандай, бұл аяқ астынан пайда бола қалған жоба емес. Көпке белгілі, 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ел аумағындағы тарихимәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылды. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» атты бағдарлама негізінде әлемнің белгілі архив-мұрағаттарынан төл тарихымызға қатысты құжаттар жиналып, зерделенді. Міне, осындай игілікті бастамалардың заңды жалғасы ретінде дүниеге келген аталмыш бағдарлама қазір барлық аймақтар бойынша қолдау тауып, жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі аспектілерінің бірі – қоғамдық сананы жаңғырту. Бұл еліміздегі саяси және экономикалық ахуалды ғана қамтып қоймай, жалпы рухани-мәдени тірлігімізге сілкініс беріп, ұлттық сананы жаңғыртудағы жаңа бір қадам. Осы бағдарламаны қай жағынан алып қарасақ та, оның негізгі мақсаты – адами капиталды дамыту. Яғни, ел тұрғындары тек әлеуметтік-экономикалық жағынан ғана қамтылып қоймай, оның замана талабына сай мәдени-рухани дамуына, ұлт ретінде өзін-өзі тануына ықпал етпек. Бүгінде еліміздің әр аймағында жобалық кеңселер ашылып, жұмыс топтары құрылып, осы бағытта сан-салалы шаруалар атқарылуда. Аталмыш бағдарлама бүгінгі күнде Ертіс-Павлодар өңірінде де жаппай қолдау тауып, бірнеше бағытта бірегей шаруалар атқарылып жатқанын айтқымыз келеді. Тарихымызды танудағы атқарылатын игілікті істердің бірі – аты белгілі адамдардың басын қарайту, яғни белгі қою, кесене көтеру, т.б. Павлодар облысында бұл дәстүр қай заманда болсын үзі лген жоқ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде былтырғы жылы Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған Мұса Шорманұлы жатқан қорымға Маңғыстаудың ақ тасынан үлкен мемориалдық кешен тұрғызылып, мазмұнды мәдени-тарихи шара өткізілді. Облыс орталығындағы Усолка шағын ауданында атақты әнші Майра Уәлиқызының ескерткіші орнатылып, Ақтоғай ауданындағы Естай Беркімбаевтың кесенесі жөнделіп, Май ауданында Ақбалық хазіретке, Шарбақты ауданында Темірғалы Нұрекеновке кесене көтерілді.
Ұлттық таным-түсінігімізді қалыптастыру үшін аса қажет шаруалардың бірі – сакралды орындарды анықтау. Әрине, «сакралдының» бәрін киелі, қасиетті деп түсінсек, Құдайға күнәлі болармыз. Дегенмен, бұған дейін халыққа белгілі болып келген Мәшһүр Жүсіп, Исабек ишан, ҒабдұлУахит хазірет, Таймас әулие, Түйте әулиенің тасы секілді жерлерді халық өзі бұрыннан қасиетті санап, тәу етіп келген. Өткен жылдары руханитарихи бағдарламаның шеңберінде Баянауылдағы Қоңыр әулие үңгірі, Екібастұздың Шиқылдақ ауылдық округіндегі Амалдық сопы мазары, Ақкөл ауылдық округіндегі Күреңбай сыншы зираты тізімге кірді. Ақсу қаласына қарайтын Сарышығанақ ауылындағы Тастеке әулиенің
,,
есімдері ескерусіз қалып қойғаны тағы да рас. Олардың арасында ел қорғаған батыр мен бағлан да, халыққа имандылық шашқан әулие мен абыз да, елге тұтқа болған би мен шешен де бар. Мысалы, Торайғыр би Едігеұлы, Жанақ әулие Жаңабатырұлы, Үкібай би Найзабекұлы, Көпей сопы Сермұхамметұлы, Лекер әулие Бекболатұлы, Айтмұхаммет әулие Исабайұлы, Қопа шешен Аққозыұлы, Омар дәрігер Тайтекеұлы, Түйте әулие Дүйсенейұлы, Әліпбайдың Ыбырайы (дуана, әулие), Дәрібай ақын Баяндыұлы, Қырықбай әнші Жұмабекұлы, кен көзін таба білген Қосым Пішенбайұлы, Кәркей қажы Атажанұлы, Шұғай халфе Кенебайұлы, ақын Жүнісбек Жолдинов, қазақ әдебиетінің
...Өткен жылдары руханитарихи бағдарламаның шеңберінде Баянауылдағы Қоңыр әулие үңгірі, Екібастұздың Шиқылдақ ауылдық округіндегі Амалдық сопы мазары, Ақкөл ауылдық округіндегі Күреңбай сыншы зираты тізімге кірді.
зираты, Шарбақты ауданының Есі лбай ауылындағы Шәкәу мола (Айтмұхаммат) Таңжанұлының зираты, Аққулы ауданындағы Шоғбан қожа Алдамжарұлының зираттары көтеріліп, белгілер қойылды. Солай десек те, кеңес билігінің тұсында Ертіс-Баянаула өңірінен шыққан талай тарихи тұлғалардың
бастауында тұрған адамдардың бірі Қадыр Тайшықов, оның інісі, журналист Насыр Ноғаев, Алаш қайраткері Ахметолла Барлыбаев, алғашқы қазақ зиялыларының бірі, әдебиетші-сыншы, Қазақ көркем әдебиет баспасының тұңғыш директоры Рақымжан Жаманқұлов, ақын, драматург Аллажар Теміржанов,
т.б. бар. Енді осы қоғамдық сананы жаңғырту жобасының шеңберінде аталған адамдардың есімдерін қайтадан жаңғыртып, олардың шын мәнінде кім болғанын бүгінгі ұрпаққа жеткізу міндеті тұр. Сөзіміз дәлелді болуы үшін осы аталған тарихи тұлғалардың өмірінен бірер дерек келтірелік. Жанақ Жаңабатырұлы - көзінің тірісінде әулие атанған адам. Әкесі Жаңабатыр да, өзі де - Абылай заманының билері. Жаңабатыр би жайлы Мәшһүр Жүсіп: «Абылай заманындағы билердің қақ маңдайы еді» – деп жазады. Бір таңқаларлығы, Алла тағала бір басына әулиелік пен ғұламалықты қатар берген Мәшһүр Жүсіп Жанақ әулиенің қасиеті жайлы қашанда таңдай қағып жазады. «Жанақ «Аттым!» десе, мал болсын, жан болсын мұрттай ұшады!» – дейді. Жанақ әулиенің бұл қасиетінің жұмбағын бүгінгі ғылым да шеше алмайтыны рас. Сонда Жанақ жаратушының пейілі түскен ерекше жаратылған пенде ме? Болмаса көзбайлаушы ма? Қалай десек те, әйтеуір пенде баласының түсінігінен биік тұрған бір тылсым күштің иесі. Заманында «Қаһарлы Жанақ», «Дұғалы оқ Жанақ» атанған дейді. Бұл адам жөнінде Мәшһүр Жүсіп тағы да былай деп жазады: «Жанақтың бейіті Сілетінің арғы қабағында, Соқсаң-соқ деп аталатын шаттың қарсысында. Керей, Қанжығалы елдері ауырған малын апарып түнетіп, жазылып кетеді екен. 1914 жылы 56 жасымда әдейі іздеп барып, дұға оқып, басына түнеп, «дұғалы оғын» алып қайттым». Яғни, Мәшһүр ана дүниедегі Жанақтың рухымен тілдесіп, оның ерекше қасиетін – «дұғалы оғын» сұрап алған екен. Ал оның аруағымен қалай тілдесіп, қалай сұрап алды, ол да біз үшін жұмбақ. Оны Мәшһүр Жүсіп әулиенің өзі ғана біледі. Кейін осы «дұғалы оқты» кейбір басбұзарларға қарсы Мәшекең де қолданған екен. Баянауыл өңірінен шыққан феноменнің тағы бірі – Әліпбайдың Ыбырайы. Халық бұл кісіні «Әліпбайдың дуанасы» деп атап кеткен. Өмірінде үкіметке жұмыс істеп көрмеген, тек дуаналықпен жүрген бұл кісі соғыс басталғасын ауылдық кеңеске келіп: «Ер азаматтар болса майданға кетті, енді колхозға қолғабысымды тигізейін, маған пошта тасуды бер» деп сұрап алған екен. Сөйтіп, дуана ауылдан 100 шақырым қашықтықтағы аудан орталығы Баяннан күнбе-күн пошта тасып тұрыпты. Барып-қайту жолы 200 шақырым. Таңертең сөмкесін иығына іліп, бүлкектетіп шығып кеткен дуана сәске түс болмай
ауданға жетіп, поштаны алып, түс ауа үйінде отырады екен. Ол кезде белі берік атпен де бұлай жүре алмайсың. Дуананы көтеріп жүреті н қандай күш екені н ешкі м білмейді... Баян жерінен шыққан таңқаларлық адамдардың бірі – дәрігер Омар Тайтекеұлы. Бұл адамға сонау арғы бабаларынан емшілік қонған. Жаз айларында Қарақұдық деген жерге жайлауға шыққасын, ем алам дегендер осылай қарай ағылып, қара күзге дейін жайлау басы бір емшілік орталыққа айналады екен. Мұса мырзаның заманында Омар дәрігер Омбы генерал-губернаторының баласының басына ота жасағаны жайлы мына бір әңгіме бүгінге жетіп отыр. Генералдың жалғыз ұлы басынан қатты науқастанып, Ресей мен шет елдерде қаратып, ем табылмайды. Осы жағдайды білетін аға сұлтан Мұса Шорманұлы губернаторға кі сі салып, бі зде бір белгі лі емші бар, соған көрсетпес пе екен, сағатын салса жазылып кетер дейді. Сөйтіп, Омбыдағы ұлық Омарды әдейілеп қалаға алдырады. Баланы әбден қарап көрген Омар дәрігер: «Баланың ми қабатында құрт бар екен. Оны алу үшін бас сүйектің қақпақшасын ашу керек. Оны жасайтын дәрігерді Петербордан алдырсаңыз, қалғанын мен өзім атқарар едім» – депті. Ресейден келген ғалым-дәрігерлер бұған қарсы болады. Бі рақ Омар оларға бұның ақырғы мүмкіндік екенін дәлелдегесін, олар келісімін беріп, баланың бас сүйегін ашса, айтқандай, баланың ми қабығына жабысып бі р қара құрт тұр екен. Бұны көрген ресейлік дәрігер бас салып пинцетпен жұлып алмақшы болады. Оны қолынан ұстай алып тоқтатқан Омар әуелі шырпы тұтатып, сосын оны қолма-қол өшіріп, ыстық басын құртты арқасына баса қояды. Арқасынан ыстық өткен құрттың ми қабатына сұққан аяқтарын жазып алғанда, енді алуыңызға болады депті. Омар дәрігердің осындай табиғи емшілік қасиетіне генералгубернатор мен орыс дәрігерлері тәнті болған екен. Біз сөзіміз дәлелді болуы үшін осы өңірде жасап өткен, ел ішінде есімдері ұмытылмай қалған екі-үш адам жайлы аз ғана ақпарат ұсындық. Ал ізденер болсақ, бұл секілді тарихи тұлғалар әлі де жетерлік. Оның бәрі - алдағы уақытта атқарылатын шаруалар.
Сайлау БАЙБОСЫН,
жазушы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
ЖАЗ-2019
10
8 маусым, сенбі, 2019 жыл
МЕЗГІЛ
«Бірлік» достарын шақырады! Қ.Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебі жазғы мектеп жанындағы «Бірлік» лагерінің есігін айқара ашып, 100-ден астам кішкентай достарын қарсы алды.
Жыл сайын мектеп педагогтары балалардың демалыс уақыттарын тиімді өткізу мақсатында шығармашылық алаңдарын құрып, алуан-түрлі шаралар мен ойынсауық, концерттер мен байқаулар ұйымдастырады. Биыл мектеп көлемінде балаларды «Алтын қазына», «Дауыс», «Қызықты зертхана», «Олимпиялық ойындар» сынды жаңа жобалар, кездесулер күтіп тұр. Қала аумағында жалпы білім беру мектептері арасында «Поликультурный вернисаж» жобасын өткізу жоспарлануда. Жалпы мектеп жобалары мен шаралары балалар мен жасөспірімдер арасында
қазақстандық патриотизм мен толлеранттылық қасиеттерін қалыптастырып, этностардың мәдени және рухани құндылықтарын дамыту, сақтау мақсатында іске асырылады. Жазғы демалысты көптен күтіп сағынған балалақайлар бірінші күнді тәрбиешілерімен бірге концерттік бағдарламамен және «Квест ойынымен» бастады. Әр аялдамада балалар музыкалық білім, асық ойнау, логика, шығармашылық, бірлік және тапқырлыққа сыналды. Балақайлар жағымды көңіл-күй мен Алғыс хаттарға және медальдерге ие болды. Қонаққа келген
САРЫАРҚА САМАЛЫ
2019 жылдың 25 маусым күні Павлодар облысы аналогтық хабар таратудан цифрлық хабар таратуға көшеді
4 мектеп оқушысы мен тәрбиешілері мектеп ұжымына алғыстарын бі лдірді. Бұл мерекелі күні бізбен бірге ата-аналар мен Павлодар облысы ҚХА мүшелері де болып, балақайларды құттықтады. Маусым айы бойы мектеп өз тәрбиеленушілерімен қатар қала мектептерінің оқушыларын қабылдап, қала бойынша балалардың жазғы уақытын ұтымды өткізулеріне атсалысады. Шілде және тамыз айларына да жоспарларымыз аз емес. Ұлттық бөлімшелер «Бір шаңырақ астында» жазғы облыстық фестиваліне қызу дайындық үстінде. Өткізілетін түрлі бағдарламалар нәтижесінде жаз бойы балалардың демалысы мен бос уақытын максималды түрде қамту күтілуде.
Б.АЙТЖАНОВА,
лагерь жетекшісі.
ДАМУ
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың қиын жолдары Адам баласы сияқты мемлекет те өзінің қалыптасу жолынан өтеді. Бастапқы кезеңде мемлекет барынша ықпал ете алғанымен, шектен тыс орталықтандыру елдің дамуын тежейтін кезең де келіп жетеді. Сонда азаматтардың позитивті белсенділігі, оларды өз үйін, шаруашылығы, ауылдық округін басқаруға тарту қажеттігін түсіне бастайсың. Мұндай мүмкіндік бізде бар және ол заңды түрде ресімделген. Жергілікті өзін-өзі басқару процесіне қатысу арқылы азаматтар өз ауылының, қаласының дамуына ықпал ету мүмкіндігіне ие болады. Бірақ мұндай мүмкіндіктің болуы бір бөлек те, оны і ске асыру бі р бөлек. Қоғамның белсенді қатысуынсыз жергілікті өзін-өзі басқару – тек фикция. Мұндай игі іске қоғамды қатыстыру біршама уақыт пен күш-жігерді қажет етеді. Алайда, тиімді басқару нәтижелі болып, өмір сүру сапасы арта бастағанда, осынау игі і стерге қосқан өз үлесің үшін мақтаныш сезімі оянып, бұл салаға деген қызығушылығың арта түсетіні анық. Қоғамды жергілікті өзін-өзі басқару процесіне қатысуға мәжбүрлеуге болмайды. Бұл істі ынталандырудың түрлі нысандарын бірте-бірте пайдалану, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, қоғамның мойындауымен уәждеу қажет. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қазақстандық үлгісін қалыптастыру кезінде шетелдік тәжірибеге сүйеніп қана қоймай, еліміздің тарихын да ескеру қажет. Ұлы дала аумағындағы жергілікті өзін-өзі басқару тарихы көптеген ғасырларға созылып жатыр және рулық-тайпалық қоғамдастық дәуірден бастау алады. Ру старшындары мен тайпа көсемдері құрылтайларда және көшпенділердің жиындарында сайланатын болған. Сайланғаннан кейін оларға даулы мәселелерді шешуге, әскери бөлімшелерді басқару өкілеттіктері берілген. Рулық қауымдар ауқымды автономияға иелік етіп, жергілікті, тіпті саяси проблемаларды шешуде көп ықпал етіп отырған. Қазақстандағы өзін-өзі басқаруды дамытудың заманауи кезеңі жайында айтар болсақ, әдетте бұл кезеңді ел егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болып жарияланған күнінен бастаймыз. Реформалар басталған кезде жеке меншік: жалпыодақтық, республикалық және коммуналдық (жергілікті) болып үш түрде қолданылды. Әкімшілік-аумақтық бірлік коммуналдық меншік субъектісіне жатқызылды, сайланған жергілікті кеңестер тұрғындардың атынан мүлі кке иелі к етіп, оны пайдалана алды. 1991 жылғы ақпанда «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ ССР халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы» Қазақ ССР заңы қабылданды. Мұнда жергілікті кеңестердің жеке материалдық және қаржылық базасы мен өкілетті органдардың үстемдігі қағидаты бекітілді. Жергілікті кеңестің төрағасы бір мезгілде Атқарушы комитеттің төрағасы болып сайланды. Келесі кезең 1992 жылғы қаңтарда «өкілетті органдардың үстемдігі» қағидаты «өкілетті және атқарушы-басқарушы органдардың функциялары мен өкілеттіктерінің аражігін ажырату» қағидатына ауыстырылды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлі жоққа шығарылмай, Қазақстан Республикасының Президентіне, немесе облыстық әкімшіліктің басшысына есеп беретін жергілікті әкімшілік басшыларының институты енгізілді. 1992 жылғы ақпанда ҚР Президентінің «Экономикалық реформа жағдайында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметiн жетiлдiру туралы» Жарлығына қол қойылды. Мұнда тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президентінен бастап жергілікті әкімшіліктің басшыларына дейінгі барлық атқарушы-басқарушы органдардың бі рыңғай жүйесі бекі ті лді. Жергі лі кті әкі мші лі к басшыларының институты енгізілгеннен кейін атқарушы биліктің сатылас жүйесі қалпына келтірілді, алайда жергілікті өкілетті органдарды бұрынғысынша Кеңестер түрінде қалды. Бұл ретте, әкімшілік органдар билікке толық дерлік ие болды, ал нақты функциялардың жоқтығына байланысты өкілді органдардың рөлі жергілікті мемлекеттік басқару тетігінде маңыздылығы аз болды. 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған тұңғыш Қазақстан Республикасы Конституциясында жергілікті өзін-өзі басқару дейтін қоғамның демократиялық институты мүлдем қарастырылмаған. Алайда, жергілікті жерлерде көптеген аумақтық қоғамдастықтарда қоғамдық өзін-өзі басқару комитеттері (КОС), көше, үй және орамдық комитеттер құрылды. Өткен жылдары орын алған билікті күшті орталықтандыру ісі өз-өзін ақтады, өйткені негізгі басымды міндеттер – мемлекет құру, ел егеменді гі н нығайту және салдары реті нде
мемлекеттік басқару жүйесін орталықтандыруды заң тұрғысынан бекіту болды. Алайда, қазіргі кезеңде билікті шектен тыс орталықтандыру еліміздің дамуын тежей бастады. 1995 жылғы тамызда қазіргі қолданыстағы Конституция қабылданды. Онда бізде «жергілікті өзін-өзі басқару танылады» және «жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қалалық және ауылдық қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады» делінген. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құру жөніндегі келесі қадам 2007 жылғы 21 мамырда жасалды, ол кезде қолданыстағы Конституцияға өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын болды, сондай-ақ жергілікті қауымдостықтардың органдарына мемлекеттік функцияларды беру мүмкіндігі бекітілді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негізі – Конституция, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң және ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығы болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңына жергілікті өзін-өзі басқаруға азаматтардың қатысуын реттейтін толықтырулар енгізілді. Қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасу процесін түйіндей қойған жоқ. Керісінше, бұл процесс дамудың бастапқы сатысында десек те болады. Осы орайда, Қазақстан үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қалыптасу тәжірибесі қызығушылық тудырып отыр. Мысалы, Польшаның заң шығарушылары 1990 жылдың өзінде ұлттық актілерінде жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі Еуропалық хартияның негізгі тәртібін бекітті. 1990 жылғы қаңтардан бастап Польшада жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң күшіне енді, оған сәйкес жергі лікті өзін-өзі басқару азаматтардың құқығына басымдық бере отырып, субсидиарлық қағидат негі зінде жүзеге асырылуы қажет. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудың базалық негізі ретінде гмина (қауым) сайланды. Жергілікті қоғамдастықтың басқарушылық қызметі жергілікті гминдік (жергілікті) өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады: олардың негізгі міндеті дәл Польшадағы мемлекеттік билік органдары сияқты – тұрғындарға қызмет көрсету. Өзін-өзі басқару ісі Польшаның дамуында үлкен рөл атқарды. Жергілікті тұрғындардың белсенділігінің арқасында Польша елеулі өзгерді. Егер барлығы орталықтан ғана басқарылып келген болса, ел дамуында ілгерілеу мүмкін болмас еді. Реформаның арқасында өз гминдары мен поветаларын басқаруға қабілетті жергілікті әкімшілер қоғамдастығы пайда болды. Сарапшылардың пікірінше, өзін-өзі басқару ісін қайта жаңғырту Польшадағы неғұрлым сәтті реформалардың бірі болды. Франциядағы жергілікті өзін-өзі басқару ісі де мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін талқылау барысында қарастырылды. Франция өзінің әкімшілік бөлінісі бойынша барлық еуропа мемлекеттері арасындағы ең «бытыраңқысы» болып саналады. Бұл елде 36 мыңнан астам коммуна (елді мекендер) бар, ал олардың үштен бі рі нде 200-ге жетержетпес тұрғын тұрады. Француз коммуналарын ірілендіру реформасы жүз жылдан астам уақыт бойы түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылып келді. Ірі ленді ру тәжі рибесі ні ң позитивті де, сол сияқты теріс жағы бар. Муниципалитеттерді күштеп біріктіру сәтсіз аяқталды. Муниципалитеттерді ерікті түрде біріктіру кезінде табысқа қол жеткізілді. Біріктіру жоғарғы жақтың бастамасы болғанымен, бұл шаруа тарихи қалыптасқан кооперациялар, зерттеулер мен күрделі түсіндіру жұмыстары ескеріле отырып, атқарылды. Әкімшілік-аумақтық бірліктерді біріктіруді іске асыру стратегиясы ойластырылған кезде экономикалық өсудің «полюсын» құруға, өңіраралық салыстырмалы түрде әлеуметтік кереғарлықты жоюға, жеке алынған өңірде және жалпы елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді. Бұл жүйе жұмыс істеуі үшін жай ғана заңдарды өзгерту жеткіліксіз. Өйткені, заң шығарушы адамдар, мекемелер мен өзін-өзі
басқару органдары әрекет ететін заңдық шеңбер ғана сызады. Егер адамдар реформаның мәнін түсінбейтін болса, заң басқа мазмұнмен толтырылады не мүлдем қолданылмайды. Реформалар кезі нде қоғамның оны түсі нуі нде үлкен проблемалар бар. Заңға қарағанда адамдардың менталитеті айтарлықтай баяу өзгереді. Осының өзі заңнамалық өзгерістер мен азаматтардың іс-қимылдарының өзгерісін үйлестіру проблемасын білдіреді. Егер заң баяу өзгеретін болса, онда қоғам өкілдері қанағатсыздық танытуы мүмкін, өйткені, әрекет ете алмай қалады. Ал егер өзгерістер жылдам жүріп жатса, адамдар заңның мәнін түсінбейді және заң жұмыс істемейді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі әрқайсысының өз міндеті шешіліп отыратын кезең-кезеңмен жүзеге асатынын халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Әр кезеңнің ұзақтығы қоғамның болып жатқан өзгерістердің мәнін түсініп, оған бейімделуіне жеткілікті болуы тиіс. Әр елдің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жергілікті ерекшеліктер ескеріле отырып, жүргізілген көптеген реформалардың нәтижесі болып табылады, сондықтан тіпті ең үздік деген шетелдік тәжірибенің өзі Қазақстанның жағдайына оп-оңай көшіруге келмейді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту процесі заңнамалық базаны өзгертуді ғана емес, сол сияқты жергілікті қоғамдастықтың азаматтық белсенділігінің өсуін болжайды. Алайда, жергілікті қоғамдастың жиналыстары мен олармен жұмыс істейтін ауыл әкімдері аппараттарының мамандары үшін ұйымдастырылатын семинарлардың нәтижесі халықтың белсенділігі төмен деңгейде қалып отырғанын көрсетіп отыр. Пассивтілік бүгінгі азаматтық институттардың – жергілікті қоғамдастық жиналыстарының, бюджет қаражатының шығыстарына жүргізілетін мониторингтің, жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері жұмысының тиімсіздігіне әкеледі. Қолданыстағы заңнама шеңберінде ауыл әкімі жергілікті деңгейдегі мәселелердің шешімі туралы есеп беруге, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын даярлап, бекітуге ұсынуға, олар қабылдайтын шешімдерді түсіндіруге міндетті. Жергілікті қоғамдастықтың жиыны жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың құрамын, басым міндеттерін және оларды іске асыру мерзімдерін айқындайды, сондай-ақ аудан мәслихатына жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы жергілікті бюджеттік бағдарламаларды талқылау, жергі лі кті өзі н өзі басқарудың кі рі с көздерін пайдалану, сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруды келі су, қажет болған кезде әкімді қызметінен босату туралы мәселеге бастамашылық жасау өкілеттігі болуы тиіс. Жергілікті өзін өзі басқарудың белсенді және пассивті түрін пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) мысалында қарастыруға болады. ПИК қызметіне қатысу азаматтарға басқарудың практикалық тәжірибесін алуға бірегей мүмкіндік және пассивтілік тыныштық кепілі емес, керісінше, қажетсіз нәтижелерге әкелуі мүмкін түсінігін береді. ПИК-те ғана азаматтық қоғамның табысты дамуына қажетті: - пікірталасты тең дәрежеде жүргізу; - қажеттіліктер мен мүмкіндіктердің теңгерімділігіне қол жеткізуге; - қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға және басқа дағдылануға болады. Сондықтан біз ПИК азаматтарды жергілікті басқарушылық шешімдерін қабылдау процесіне тиімді қатысуға дайындайтын мектеп деп атай аламыз. Азаматтардың пассивтілігінің себебі неде? Бұның і ші нде ең негі згі сі реті нде мыналарды айқындауға болатын шығар: - күш-жігердің шешім қабылдау процесіне әсер ету мүмкіндігіне сенбеу. - басқаруға қатысудың і с жүзі нде тәжі рибесінің болмауы. - қажетті білімнің жоқтығы. Білместікті біліммен жеңуге болады, тәжірибе жұмыс барысында жинақталады, сенімсіздікті сәтті қызмет ету мысалдарымен жеңуге болады. Жергілікті өзін-өзі басқару өзінің табиғатына қарай тұрғындарға ең жақын болып табылады. Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға белсенді қатысуы әкімдердің шешімдерін қабылдау процесінің ашықтығына, жергілікті маңызы бар мәселелерді тиімді шешуге, өмі р сүру сапасын жақсартуға, ауылдар мен қалалардың өркендеуіне әкеледі. Еліміздің тұрақты дамуы әрқайсымызға байланысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және бағалау департаменті.
Мемлекеттік қызметке орналасу үшін нені білу қажет? Әкімшілік және құқық қорғау органдарына қызметке түсу бірнеше сабақтас кезеңдерден тұрады, олардың бірі – тестілеу. Қазіргі уақытта әкімшілік қызметке түсуге арналған тестілеуді ұйымдастыру және оны өткізу рәсімі құқық қорғау қызметіне түсуге арналған тестілеумен бірдей болып келеді. Тестілеу «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-ның арнайы жабдықталған залында, Жеңіс алаңы көшесі, 5а, 409-кабинетте өткізіледі. Тестілеу арнайы компьютерлік бағдарлама бойынша өтеді. Тестілеуші тінтуір арқылы сұрақтың бір дұрыс жауабын таңдап, келесі сұраққа ауысу жолымен жауаптарды белгілейді. Тестілеу залында бейнебақылау камералары және әр мониторда орнатылған веб-камералар арқылы бейнетіркеу жүргізіледі. Тестілеу уақытында тестілеу залына электронды қабылдау-табыстау құрылғыларын (оның ішінде мобильді және өзге де электронды жабдықтарды) кіргізуге тыйым салынады. Осындай құрылғылар тестілеу уақытына ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтау үшін қойылады. Аталған құрылғылар тестілеуге дейін өшірілуі тиіс, бұл жөнінде оператор нұсқама берген кезде хабарландыруы қажет. Бұдан басқа, зал ұялы байланыс сигналдарын басатын құрылғылармен, сондай-ақ жеке куәлік чипіндегі ақпаратты оқуға және үміткерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін карт-ридерлермен жабдықталған. Тестілеу екі оқшауланған бөліктен тұрады: мемлекеттік тілді білу тестісін қамтитын заңнаманы білу тестілеуі және жеке қасиеттерді бағалау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне орналасуға үміткерлер мен құқық қорғау қызметіне түсушілер мемлекеттік тілді және заңнаманы білу тестілеуін тапсырады. Ол үшін үміткер, ең әуелі, заңнаманы білу тестілеуінің
бағдарламасын таңдап, одан кейін E-gov немесе Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы (ХҚКО) тестілеуге тіркеледі (қаланы, өтетін күні мен уақытын таңдайды) және тестілеуге қатысады. Тестілеуге жазылу «электронды үкімет» веб-порталында қалыптастырылатын жазбахат арқылы расталады, онда тестілеудің өтетін күні, уақыты және орны көрсетіледі. Заңнаманы білу тестілеуінен сәтті өткен үміткерлер уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімде жеке қасиеттерді бағалау тестілеуінен өтеді. «Б» корпусының лауазымдарына орналасуға үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне дұрыстық деңгейін анықтау тапсырмалары енгізілген. Тестілеу нәтижесінде 50%-дан төмен мән жинаған үміткерлерге бір айдан кейін ғана қайтадан тапсыруға рұқсат етіледі. Бүгінгі күні тестілеуге 723 адам қатысты, оның ішінде 438 адам мемлекеттік әкімшілік қызметке түсті, яғни 60,5%-ы қажетті ұпай санын жинады, 285 қатысушы немесе 39%-ы шекті мәннен аса алмады. 274 үміткер құқық қорғау қызметіне іріктеуге қатысты, олардың 129-ы немесе 48%-ы сәтті өтті, 145-і немесе 52%-ы шекті мәннен аса алмады.
Н.ЖАХИН,
мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары.
ХАБАРЛАМА
САРЫАРҚА САМАЛЫ
8 маусым, сенбі, 2019 жыл
БАСПАСӨЗ - 2019
Тиімді жарнама!
Газетке жазылуды ұмытпаңыз! Құрметті оқырмандар! Облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне 2019 жылдың екінші жартысына жазылу жүргізілуде
«Халық радиосы» - 100.5 FM толқыны өз жарнамаңызды «Бизнес FM» бағдарламасында орналастырудың ерекше мүмкіндігін ұсынады. Дыбыс роликтерін әзірлеу және жалға беру бағасы 3000 теңгеден бастап, ал хабарландырудың әрбір сөзі үшін 100 теңге, 10 сөзден асса, бағасы 80 теңге болады. Жарнамаңыз күніне 24 рет шығып, тыңдаушылардың 90%-дан астамын қамтиды. Бұл жарнама беруші үшін ең тиімді де нәтижелі болатыны сөзсіз! «Халық радиосы» толқынындағы «Бизнес FM» бағдарламасы Сізді міндетті түрде естиді!
Press» ЖШС–нің Редакцияда ресімделу «Қазпошта» АҚ–ның бөлімшесі «Alash бөлімшелері арқылы және алу мен жазылу арқылы жазылу жазылу Индексі 55441 6 ай Павлодар қ. Павлодар қ. (аптасына қала ауыл үш нөмір) 4868,20 теңге 5186,40 теңге 4865 теңге 3810 теңге Жазылу мерзімі
Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел. 32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта»
ғимаратында, Академик Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел. 61-63-18) ресімдей аласыз. Одан басқа, баламалы жазылуды Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады.
Хабарландыру Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының азаматтарынан бизнеске «Бизнестің жол картасы - 2020» Бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары» төртінші бағыты аясында «Қолданыстағы кәсіпкерлік қызмет жүргізу үшін сервистік қолдау» компоненті бойынша қызметтерді көрсету үшін жұмысқа қабылдау өтінімдерін іріктеу кезеңінің басталғанын хабарлайды: - Бухгалтерлік және салық есебін жүргізу қызметтері, сондай-ақ статистикалық есебін құрумен байланысты қолданыстағы кәсі пкерлі к қызметті жүргі зу үші н сервисті к қолдаудың келесі түрлерін көрсету үшін менеджерлер-кеңесшілері. Өтінімдер 2019 жылғы 14 маусым сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Іріктеуге қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: - жоғары білімі бар болуы; - қызметтер көрсету түрлері бойынша кеңестер өткізу 1 (бір) жылдан кем емес немесе осы салада 2 жылдан кем емес тәжірибесінің болуы; - мемлекеттік және орыс тілдерін білу; - дербес компьютерді еркін меңгеру. Қажетті құжаттардың тізімі: 1) өтініш үлгі бойынша; 2) жеке куәлігінің көшірмесі; 3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 4) растайтын құжаттары қоса бері лген (дипломдар, аттестаттар, куәліктер, көрсетілген қызметтер актілерінің және т.б. көшірмелері) үлгі бойынша ізденушінің сауалнамасы. Жоғарыда аталған құжаттар тезтікпеге салынып, қолма-қол немесе пошта бойынша өтінімдерді қабылдаудың көрсетілген мерзімінде ұсынылады. Өтінім нысанын және іріктеуге қатысу шарттарын Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде мына мекенжай бойынша қағаз тасығышта алуға болады: Павлодар қ., Луговая к., 16 үй, немесе сұрау бойынша z.shaimerdenova@atameken.kz электрондық поштаға электронды түрде алуға болады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасында қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы Шаймерденова Заринаға хабарласуға болады. Тел. 8 (7182) 66-03-11 (ішк. 5554, 5511). (20108)
Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға 50 данадан кем емес жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз. Тел. 8 (718 2) 66-15-41.
Құрметті оқырмандар! «Найзатас» әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналына 2019 жылдың екінші жартысына жазылу жүргізілуде Жазылу мерзімі
6 ай
«Қазпошта» АҚ–ның бөлімшесі арқылы жазылу
қала
Индексі 67276 ауыл
3384,90 теңге
3397,80 теңге
«Alash Press» ЖШС–нің бөлімшелері арқылы жазылу
Редакцияда ресімделу және алу мен жазылу
Павлодар қ.
Павлодар қ.
3380 теңге
3120 теңге
Үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен «Найзатас» журналына кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қаласы Ак.Сәтбаев көшесі, 50 (тел. 32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан Қазпошта ғимаратында, Академик Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел. 61-63-18) ресімдей аласыз. Одан басқа (баламалы) редакция арқылы жазылуды Астана көшесі, 143-үй мекенжайында ресімдеп, журналды тікелей редакциядан алуға болады. Тел. 8 (7182) 66-15-41.
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығару тәртібін айқындау туралы» №258/9 қаулысына өзгерістер енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) нәтижелерін дөңгелек үстел арқылы қоғамдық талқылауды өткізу туралы хабарлаймыз. Дөңгелек үстел ағымдағы жылғы 21 маусым сағат 15.00-де Жеңіс алаңы, 5б, 903 каб. мекенжайы бойынша Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) өтеді. Одан басқа, РӘТ нәтижелері мен алдын ала Басқарманың интернетресурсында, сондай-ақ ашық НҚА порталында танысуға болады, онда олар "on-line" талқылауды өткі зу үші н 2019 жылғы 14 маусымнан бастап 2019 жылғы 18 маусымды қоса алғанда орналастырылады.
Павлодар облысында бюджеттің 4-деңгейін енгізудің қорытындылары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде бюджеттің 4-деңгейін және жергілікті өзін-өзі басқарудың (ЖӨӨБ) коммуналдық меншігін енгізуді қарастыратын ЖӨӨБ дамыту мәселелері жөнінде Заң қабылданды. 2018 жылдан бастап Павлодар облысының 32 ауылдық округінде 4-деңгейдің дербес бюджеттері енгізілді. 2018 жыл ішінде ауылдар әкімдері деңгейінде жоспарлау алғаш рет жүргізілгендіктен бюджеттің кірі с бөліміне де, шығыс бөліміне де түзетулер жүргізілді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша оң нәтиже ретінде 26 ауылдық округ бойынша 53,0 млн. теңгеге кіріс бөлімінің асыра орындалуын атап өтуге болады. Асыра орындаудың барлық сомасы ауылдық округтер әкімдеріне жергілікті қоғамдастықтың мәселелерін шешуге материалдық ынталандыру ретінде қосымша бағытталды. Меншікті кіріс көздері бойынша неғұрлым көп сома Ертіс ауылдық округінде - 7,5 млн. теңге. Жиналыс шешімі бойынша осы қаражат Ертіс ауылында жастар гүлбағын дамытуға бағытталды. Тереңкөл және Песчан ауылдық округінде 6,8 млн. теңге. Аудан орталығында тротуар-
ларды жөндеу және Песчаное ауылындағы Даңқ обелискін ағымдағы жөндеу жоспарлануда. Ақтоғай ауылында 5,3 млн. теңге Мүткенов көшесінде шағын футбол алаңын жайғастыруға бағытталатын болады. Успен ауылдық округінде 1,5 млн. теңге («Балапан» балабақшасы КМҚК материалдықтехникалық базасын нығайтуға). Железин, Баянауыл, Көктүбек ауылдық округтерінде тұрғындар 9,6 млн. теңге сомаға балалардың 4 спорт-ойын алаңқайын орнату жөнінде шешім қабылдады. Павлодар ауданының ауылдық округтері бойынша жалпы кірістер бойынша асыра орындалу 10,6 млн. теңге сомада жиналды, қаражат жергілікті қоғамдастықтың ағымдағы мәселелерін шешуге бағытталады (көше жарығын жөндеу жұмыстары, ұйымдастыру техникасын сатып алу және т.б.). Ақсу қаласының ауылдық аймағы бойынша 2018 жыл ішінде асыра орындалу сомасы
3,1 млн. теңгені құрады, оны Қалқаман ауылында ФСС (фекальдық-сорғы станциясы) реконструкциялауға және Алғабас ауылдық округіне энергия үнемдейтін шамдар сатып алуға бағыттау шешім етілді. Павлодар қаласының ауылдық аймағы бойынша 2018 жыл ішінде асыра орындалу сомасы 5,9 млн. теңгені құрады, оны ағымдағы мәселелерді шешуге бағыттау шешім етілді (көгал шөпті шабу, ауылдарды санитариялық тазалау, кентішілік жолдардағы шұңқырларды жөндеу). Екібастұз қаласының Солнечный кентінде нысаналы трансферттер 1,2 млн. теңге сомаға жағажай аймағын жайғастыру үшін бағытталды. Шамамен 200,0-500,0 мың теңгеге асыра орындалудың болмашы сомалары да назардан тыс қалған жоқ, осы қаражат есебінен әкімдіктер мен учаскелік инспекторларды ұйымдастыру техникасымен жарақтандыру, елді мекендерде бейнекамераларды орнату және басқа шығыстарға мәселелер шешілуде. Бірінші тоқсанда қаражатты ауылдық дербес бюджеттерге табыстау бойынша тиісті рәсімдер жүргізілді, қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өтуде және маусым айында барлығы жобаларды іске асыруға кіріседі.
Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.
11
САРЫАРҚА САМАЛЫ
МЕНШІК ИЕСІ
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 30.09.2014 ж. №14562-Г куәлігі берілген.
Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен марапатталды. ЖШС директоры Асқар ШӨМШЕКОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Телефоны: 66-15-30 ЖШС-нің мекенжайы. Павлодар қаласы, Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй. Редакцияның мекенжайы. 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Теле/факс 66-15-30
Газеттің электронды поштасы: ssamaly29@gmail.com. Бас редактордың орынбасары - 66-14-61. Жауапты хатшы - 65-12-74. Әлеуметтік бөлім - 66-14-63, 66-15-31, 66-15-32. Экономика, саясат- 66-14-64, 66-15-28, 66-14-65. «Айналайын» - 66-14-63. «Жас times» - 66-15-32.
Жарнама бөлімі: s_samaIy_reklama@maiI.ru 66-15-42, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі - 66-15-41. Фототілші, корректорлар 65-12-74. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 13446 дана, бүгінгі көлемі 3 б.т. «Дом печати» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны. 8 (7182) 61-80-26. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 1120 Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. «Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Баспа индексі 65441.
12
ДУМАН
8 маусым, сенбі, 2019 жыл
САРЫАРҚА САМАЛЫ ДІН - ДІҢГЕК
Айшықты Ораза Айт
Генаға қолдау көрсетті
Ұлық мейрам - Ораза Айт мерекесінің құрметіне 5 маусым күні таңғы сағат 7.00-де өңірдегі барлық мешіттерде Ораза Айт намазы оқылды. Сондай-ақ бұл күні «Ел үлесі пәтерге!» науқаны бойынша Павлодар облысындағы мешіт жамағаттары атынан көп балалы, жалғызбасты анаға Ақсу қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйға берілді. Бұдан соң Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің алаңында Ораза Айт мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мәшһүр Жүсіп орталық мешітіне жиналған жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы діни мейраммен құттықтай келе, Ақсу қаласында тұратын көпбалалы анаға 3 бөлмелі пәтердің кілтін сыйға берді. Баспана толықтай жөндеуден өтіп, үй жиһаздарымен жабдықталған. Бұл күні қаладағы «Ақмешіт», «Ғазиз», «Әбу Бәкір Сыддық», «Бижан», «Ар-Рахман», «Умар әл-фаруқ» мешіттері бірлесіп, «Ораза Айт - берекелі мереке» атты мәдени-руханиспорттық шаралар ұйымдастырды. Мерекелік шараға шамамен 10 мыңға жуық адам қатысты. Балаларға арналып жеңілдетілген бағамен түрлі тәтті-дәмділер сатылатын дүңгіршектер де өз орындарын тапты. Алаңға тегін батуттар, алтыбақан және спорттық ойын құрылғылары орнатылды. Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы жиналғандарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде жамағатқа
отыз күн оразадан кейін сүйіншілеп келген Ораза Айт мерекесіне аман-есен жеткен мұсылмандардың отбасыларына амандық, Отанға тыныштық тіледі. Бұл күні жастар арасында қазақ күресі, арқан тарту, қол күрестіру, кір көтеру қатарлы спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ жасөспірімдер мен балаларға арнап мешіт ұстаздары Құран оқу жарысы, көңілді старт, викторина, өлең-тақпақтарды мәнерлеп оқу сайыстарын өткізді. Дәстүрлі «Қайырымдылық жәрмеңкесі» де назардан тыс қалған жоқ. Жергілікті өнер жұлдыздары ән мен жырдан шашу шашты. Спорттық сайыстарда озық өнер көрсеткен командалар мен жеке жеңімпаздарға арнайы сый-сыяпат жасалып, марапаттар табыс етілді. Мерекелік шараларға қатысқан барлық бүлдіршіндерге арнап сатып алынған 1 миллион теңгенің ойыншықтары мен сыйлық кітаптары үлестірілді.
МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ
Облыстық Иса Байзақов атындағы филармонияның Р.Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі 41-ші жекпе-жегін өткізгелі отырған қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қолдап, арнайы челендж түсірді.
Сондай-ақ, қаладағы «Самал» сауықтыру орталығында тәрбиеленіп жатқан 20 бала арнайы дайындалған дастарқаннан дәм татып, жеке сыйсыяпаттарға кенелді. «Қолдан-қолға!» акциясы аясында қайырымдылық қызметі демеушілер арқылы 30 отба-сына азық-түлікпен көмек берді. Шара барысында 24 қазан палау пісірілді. Сондай-ақ 1000 литр минералды су және 1500 дана тандыр нан тегін таратылды. Жиналғандар «Ораза қабыл болсын!», «Айт құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтап, мәре-сәре болып, ерекше қуанышқа бөленді. Шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қаладағы «Еріктілер тобы» ерекше үлес қосты. Осылайша, Ораза Айт мерекесі естен кетпестей болып аталып өтті.
Өнер ордасының қыз-жігіттері қалалық Естай атындағы мәдениет үйінің ішіне «G» белгісін бейнелей отырып, әйгілі футболдың гимнін түрлі аспаптардың сүйемелдеуімен орындап, «Гена - чемпион!» деп әндетті. И.Байзақов атындағы филармонияның бас редакторы Сәуле Мұқанованың айтуынша, бұл шара республикалық «Мені ң елі м» акциясы негі зі нде әрі ел мақтанышына қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылған. - Негізі, бұл - оркестрдің орындаушылары Әсел Арынова мен Юлия Кузинаның идеясы. Қыздар өз ойларын айтқаннан кейін, ұжым болып қолдап, аталмыш челенджді түсірдік. Небары екі күннің ішінде әлеуметтік желілерде 25 мыңнан астам қаралым жинаған видеоның астына чемпионды қолдап пікір білдірген жерлестеріміз өте көп, - дейді ол. Айта кетелік, Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы жекпе-жек 9 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 9.00-де басталады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.
ОҚЫРМАН ОЙ АЙТАДЫ
Ауыл мешіттеріне алаңдаймын Биылғы Ораза жылдағыдан ерекше құрметпен, Аллаға деген ризашылықпен, ұйымдасқан түрде өтті десем, қателеспеген болар едім. Осы орайда ойда жүрген біраз мәселені айта кетейін: Біріншіден, ауыл-қала орталықтарында соңғы кездері көптеген мешіттер салынды. Бірақ осы мешіттердің жағдайы мәз емес. Себебі, Алла үйін ұстап тұруға қаражат жетіспейді. Ауылдағы тұрғындар саны азайды. Жылына бір рет келетін пітір садақасынан қомақты қаражат жиналмайды. Сондықтан осы
мәселені қарастыру керек деп ойламын. Бұл орайда Үкімет тарапынан да қолдау қажет. Жергі лі кті ді ни басқарма қаражат мәселесін шешуі керек. Әулиелі орындарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы көмек көрсетіліп жатыр, ол дұрыс, ал мешіттер тыс қалып қойды. Екіншіден, қалалық жерлерде әсіресе Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан шаһарларында мешіттерге
түскен тиын-тебенді, (садақадан, бітірден, зекеттен, автотұрақтан, асханадан) ауыл мешіттеріне аудару қажет. Қазіргі таңда керісінше, аудан мен қала мешіттерінен жиналған ақшаның 30-33%-ы орталыққа аударылады. Осы мәселені қайта қарау керек. Бұл - менің өз ойым. Үшіншіден, жағдайы бар кез келген азамат туған елі не көмек көрсетуі қажет. Тым болмаса зекетті ауылындағы жетім-жесірге, көпбалалы отбасына, жергілікті мешітке беруі керек.
Абызбай АДАМОВ,
Павлодар қаласы.
ОЛИМПИАДА
Ізденген жетер мұратқа Жақында киелі Баянауыл өңірінде халықаралық «ІХ Сәтбаев олимпиадасы» өтті. Әйгілі жерлесіміз, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың құрметіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі білім додасына 168 оқушыдан құрылған 27 команда қатысты. Нұржайна ШОДЫР Олардың қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан және өзге де өңірлерден, республикалық білім беру ұйымдарынан, Назарбаев Зияткерлік мектептерінен, сондай-ақ көршілес Ресей Федерациясының Новосібір қаласынан келген жас зияткерлер бар. Олимпиада қатысушылары математика, химия, биология, физика, география және информатика пәндері бойынша білімдерін таразылады. Білім сынының қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атағын 59 оқушы иеленді, оның ішінде І орынды 10 бала, ІІ орынды 21, ал ІІІ орынды 28 шәкірт алды.
Командалық біріншілікте жеңімпаз кубогын Павлодар облысының командасы еншіледі. Оның құрамында облыстық көп салалы лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Әбілмәжитова Алина, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушылары Жақсылық Нұршат, Абай Диана, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Лим Владимир, Трусов Егор, «Білім-Инновация» лицейинтернатының 8-сынып оқушысы Масағұтов Тамерлан бар екенін атап өткен жөн. Ал жүлделі ІІ орынды Нұр-Сұлтан қаласынан келген республикалық физикаматематикалық мектебі және Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері иеленді. Сондай-ақ, ІІІ орынға Орал қаласынан келген «БілімИнновация» лицей-интернаты мен Алматы қаласы құрама командасы ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«Венециялық егіздер» фестивальде Облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкадрама театры Нұр-Сұлтан қаласында өтетін халықаралық «SAMGAU» театрлар фестивалінің VII маусымына қатысуға жолдама алды. «SAMGAU» театрлар фестиваліне өнер ұжымы италиялық драматург Карло Гольдонидің «Венециялық егіздер» комедиясымен қатысуды жөн көріпті. Аталмыш қойылымның премьерасын павлодарлық көрермендер 27-28 ақпан күндері тамашалаған болатын. Ғашығын іздеген ағайынды егіздердің өмірінен сыр шертетін, шытырман оқиғаға толы спектакльдің қоюшы режиссері – Батырбек Шамбетов. - Дәстүрлі түрде жетінші мәрте шымылдығын түргелі тұрған мәдени шараға Ресей, Литва, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен және еліміздің бірнеше өңірінің театрлары жолдама алған. Біз ұсынып отырған «Венециялық егіздер» комедиясында ән де, күй де, би де бар. Әртістер италиялық композиторлардың әндерін симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста орындайды. Қойылымның басты рөлі н Абзал Жақып сомдайды, дейді театрдың әдеби-драма бөлімінің меңгерушісі Нұркен Тұрлыбек. Еске саламыз, театр фестивалі 10-17 маусым күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Облыстық театр 15 маусым күні сағат 16.00-де «Жастар театрының» сахнасында өнер көрсетеді. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!
Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.