Оқу мен оқытуда мұғалім көшбасшылығының мәні мен дамыту жолдары

Page 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

Абделиева Г.А. Култаева А.Ж. Карымбаева С.М.

ОҚУ МЕН ОҚЫТУДА МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ Әдістемелік нұсқаулық

Тараз, 2014


УДК 371.671.12 ББК 74.204 А13 Жамбыл облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының Сараптау Кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (№8 хаттама, 23.10.2014 ж.) Пікір берушілер: Смаилова У.М. - «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Жамбыл облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының «Деңгейлік бағдарламалар орталығының» тренері, физика-математика ғылымдарының кандидаты Карымбаева К.М. – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А13 Оқу мен оқытуда мұғалім көшбасшылығының мәні мен дамыту жолдары: Әдістемелік нұсқаулық / Г.А.Абделиева, А.Ж. Култаева, С.М.Карымбаева/ – Тараз, 2014 – 45 бет. ISBN 978-601-7211-40-0 Бұл әдістемелік нұсқаулық оқу үрдісінде өзара терең байланыстағы бағыттау мен бағдарлаудағы жаңа құндылықты қалыптастыруда көшбасшы мұғалім екендігін негіздейді. Мектептегі табысты көшбасшының жоғары деңгейге қол жеткізуге ұмтылысында оптимистік көзқарастың маңызын қарастырады. Осы әдістемелік нұсқаулық үшінші (базалық) деңгей бойынша дайындықтан өтетін курс мұғалімдері мен тренерлеріне, жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі мен педагогтерге оқыту үрдісінде кошбасшылық жұмыстарды ұйымдастыруда негізге алатын қосымша құрал ретінде пайдалануға ұсынылады. УДК 371.671.12 ББК 74.204

© Абделиева Г.А., 2014


Мазмұны:

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .4 1. Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы. . . . . . . . . . . . .7 1.1. Көшбасшы мұғалім – заманауи қоғам айнасы . . . . . . . . . .13 1.2. Педагогтің оқу-танымдық әдістерін белсенді ету арқылы көшбасшылықты дамыту тәжірибесі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18 2. Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер. . . . . . . . . . 22 3. Лидерге қажетті 21 қасиет арқылы оптимистік көзқарасты дамыту . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28 4. Тәжірибелік шеберлік сыныптар жоспары . . . . . . . . . . . . . 32 Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 44 Әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .45

3


КІРІСПЕ «Ұстазы қандай болса, қоғамы сондай болар» деген аталы сөз бекерден-бекер айтылмаса керек. Ұстаздың ұстанымы, алға қойған мақсаты, жеткен жетістігі – бұның барлығы көшбасшылық қырының ашылуына әкеледі. Қалайша? Мұғалім алдында отырған оқушының алған білімін саралай келе, оқушы айтылғанды ұқса, ұстанымының орындалғаны, оны өмірде қолдана білсе, мақсатының орындалғаны, оқушы өмірде жетістікке сол білім арқылы жетсе, демек мұғалімнің жетістікке жеткені. Ал бұның барлығы бір-ақ нәрсе, яғни көшбасшы бола білуінде емес пе? Психологияда айтылғандай, мұғалім көшбасшы болу үшін басқарудың түрлі тәсілін қолданады және қоғамдық қарымқатынас үшін сөйлесу әдістерін, яғни өзінің іс-әрекетін жеткізу үшін тағы да тәсіл таңдайды. Бірақ нағыз көшбасшы – кез-келген адамды таң қалдыра отырып өзіне еріксіз қаратып алу. Мен ұстанған мынадай жақсы сөз бар: «Баланы таң қалдыруды ұмытпа, даналық таң қалудан басталады». Міне, балаға бағыт бер, оның ісәрекет жасай алуы үшін сен оған дем бер, таң қалдыр, сол әрекетіңізден кейін ол бала өмірге ұмтылсын, жетістікке жетсін. Мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры бұл – ең бірінші өзінөзі көрсете білуі, таң қалдыруы, алдында отырған баланы бақылай отырып басқаруы, жеке ақыл-ой үдерісінің көрінісі, мейірімділігі, принципті ұстануы, қамқор бола білуі, сонымен қатар еңбекқорлығы мен оптимистік көзқарасы. Фросттың айтуы бойынша, адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Неліктен бұлай делінеді? Көшбасшы болу деген сөз оқушыны, болмаса өзге де субьектіні басқару емес, оны өзі жетістікке жететіндей жағдай туғызып, бақылап, бағыт беріп отыру. Оқушыны оқытудың өзін көшбасшылық деп атап өтетін болсақ, кездескен кедергілерді өзінің тәжірибесіне сүйеніп, өзіндік рефлексиясына қарай отырып шеше алады. Рефлексия бұл әр істі дамытудың алғы шарты болып есептеледі. Ал енді мұғалімнің ұстанымы деген не? Бұл мектеп ұғымында бірегей және жалпылама заң. Оны біз ойлап тапқан 4


жоқпыз. Ол нәрсе іс-әрекетпен бірге жүретін жағдай. Ұстанымы нық мұғалім әр әрекетке жауапты, бағытталған нәтижеге жету үшін барын салатын тұлға болып келеді. Жапон халқында аталы сөз бар «Мұғалім - бұл ұлттық игілік» делінеді. Мұғалім не жасаса да көшбасшы. Тек қана ол оқушының ұлттық құндылықтарының дамуына әкеп соқтыруы қажет. Көшбасшылық қасиетті біз бұрын басқару, жоғарыдан қарау, әр істі бақылау деп танып келдік. Ал қазір ше? Жоқ, біз қазір көшбасшы мұғалімді тәрбиенің, білімнің, оқушы ісінің дамытушысы ретінде қарастырамыз. Қазақстан Республикасы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі- кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп қарастырылады. Шын мәнінде солай емес пе? Кәсіби дағды бұл ұстанымың, педагогикалық шеберлік бұл - көшбасшылығың, ал жеке тұлғаны дамыта отырып оған білім беру, бұл - мұғалімдік мәртебең. Сыныпта отырып, әр баланың ісін бақылап, олардың жұмыстарына көзбен рефлексия жасап отырса, мұғалім нағыз дарынды талант иесі болар еді. Өз ісіне тәжірибе жинақтаса, терең кәсіби біліктілігі болса және ұжымдық іс-әрекет болса соның ішінде желілік қоғамдастықта отырса - бұл мұғалім зерттеуші емес, мұғалім дамыту жұмысының көшбасшысы болып саналады. Сол кезде әріптестерден де, баладан да жоғары биік мәртебелі болып сыйлы маман иесі бола алар еді. Жапон халқында тағы да мынадай жақсы сөз бар: «Үш қадам кейін шегінсең де, мұғалімнің көлеңкесін баспа». Қандай керемет айтылған сөз. Көшбасшы болған мұғалім неге осы айтылған сөзге лайық болмасқа?! Сонда, айтылатын нәрсе- білімді тек мұғалімдер бере алады, ол берсе адам білім алса ізгілікті болады, ал дұрыс нәтижелі білім алған адам- нені болса да зерделей алуына көмектеседі. Жетістікке жету үшін білім алу, көп іздену - бұның барлығын білсе адам ізгілікті болады. Ал осыған байланысты қызықты ақпарат - біреуді оқытып отырса бұл жағдай оңайырақ болмақ. 5


Көшбасшы болу үшін –ең алдымен ізденіс, оқу, білімді тереңдету. Тек ізгілікті білім ғана емес, ізденісті талап ететін нағыз мұғалімнің жұмысы. Қазіргі мұғалім көшбасшы ретінде сабақты бақылап, оны жүргізіп отырса, одан білім алған бала келешекте көшбасшы бола алатын, өмірде сол білімді қолдана алатын дәрежеге жеткізу нағыз көшбасшылық қасиет. Көшбасшы болу дегеніміз Мұғалім оқушыны оқытқан кезде өзінің ең жақсы деген төрт қасиетімен ерекшеленеді. Біріншісі- ол жомарт, қолы ашық, қолындағы барымен бөлісетін азамат болу. Екіншісі – ол барлық адаммен қандай жағдай болса да тіл табысу. Жетістікке жетем деген адам- ол кез келген адамға өзінің жағымды мінезімен, алдында тұрған адамды өзіне баурап алуымен ерекшеленсе, міне нағыз көшбасшы осы адам болмақ. Үшінші- барлық адамға, соның ішінде өзімен бірге жұмыс істейтін әріптестерге шын ниетпен, көңілмен көмек беру. Төртіншісі- бұл өзің білмеген нәрсені өзгеге үйретем деп әуре болудың қажеттігі жоқ. Міне, осы жағдайларды қарастырып, аталған төрт қасиеттің бәрі мұғалім бойында, сонымен қатар, болашақта жас жеткіншектің бойына нұр құямын деген болашақ ұстаздардың бойында табылса көшбасшылықтың тамшысы басталды дей беріңіз. Көшбасшы мұғалім қай кезде пайда болады? Әрине ол әлеуметтік ортада. Жетістікке жеткісі келетін әлеуметтік ортада көшбасшы болу- оңай емес. Себебі: әр маман өз ісінің маманы. Көшбасшы мұғалім- ол қандай болуы шарт. Сол үшін әр маманның бойында әр түрлі қасиет: креативті болу, оптимистік көзқарас, белсенді, мақсатқа жету жолындағы бірбеткейлігі, идеяшыл, ұйымдастырушы, өздігінен шешім қабылдаушы, өзінің айтқанын өзгеге ұғындыру арқылы табысқа жету, сенімділік және шығармашыл жұмыскер болуы шарт. Нағыз көшбасшы мұғалімде- тәуіптің көзі, ақынның жүрегі, суретшінің қиялы болса ешқандай кедергісіз өз мақсатына жете алар еді демекпін.

6


1. Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы Қазіргі қоғамда көшбасшыларды тек көшбасшылар ғана тәрбиелейді, егер мектеп пен отбасы бірігіп жұмыс жасаса, жалпы қоғам болып жұмылса мақсат сәтті жүзеге асады. Мұғалімдердің көшбасшылығын дамытумен қатар, оқушының да көшбасшылық қасиетін дамыту өте маңызды, сондай-ақ өз идеясы мен өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік дамыған жастарды тәрбиелеу маңызды. Қазіргі таңда біліктілікті арттыру жүйесінің мазмұнына айтарлықтай өзгерістер енгізілді, яғни деңгейлік оқыту мәселесі қолға алынды. Соның бір айғағы ретінде жаңа мазмұндағы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы (үшінші деңгей) туралы айтуға болады. Ал бұл мақсатты жүзеге асыратын ең негізгі тұлға – бұл мұғалім. Мектеп жүмысы мен оқушылардың табысқа жетуіне ықпал ететін негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011). Сондықтан заманауи мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен сенімі, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Пажарес (1992) білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне әсер етеді. Демек, құзырлы мұғалім сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларды қабылдауға дайын болу керек. Осыған байланысты бағдарламаның негізгі мақсаты: мұғалім бойында Шульманның «үш көмекшісі» (Shulman, 2007) деп аталатын қасиеттерді қалыптастыру. Бағдарламаның негізін құрайтын жеті модульдің бірі – оқытудағы басқару және көшбасшылық. Мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуетін олардың кәсіби өсуіне, бірлескен кәсіби білім құруларына ықпал ететіндей қолдау білдірген жағдайда ғана көрсете алады деген тақырып пікірталасқа негізделеді. Бұл көзқарасты Хертс Кам Нетворк желісі және «Мұғалім көшбасшылығы» халықаралық жобасы қолдап отыр. Ол педагогикалық жүйе сәтті болу үшін, оқыту барлық деңгейде қатар жүру керек, яғни оқыту оқушыларды, студенттерді, мұғалімдерді 7


және де мектеп жүйесінде қызмет жасайтын қосымша қызметкерлерді түгел қамту керек деген көзқарасқа негізделген (MacBeath et al., 2006). Мұғалімдерді дамыту жөніндегі жұмысқа басшылық жасаудың негізгі принциптерін зерттеуге бағыттау Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Сондай кезде көшбасшы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға әсер етуге болады [2]. Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилік түсінудің нақты тәсілі талап етіледі (Hoyle, 1974). Біз таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босануымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір тағайындалған стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оның орнына кәсібилікке бағытталған ұжымдық және кешенді тәсіл қажет (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Осы тәсілдің шеңберінде қоғамдастықтың бір бөлігі – көшбасшы мұғалім (Bolam, McMahon, Stollet al., 2005) ұсынған көзқарасқа сәйкес зерттеулер мен инновацияларға негізделген тәжірибе жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер арқылы құрылады. Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестеріне және айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады (Frost, 2011). Дәстүрлі оқыту үрдісінде «мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» ретінде қарастырылмайтын еді. Ол өзі үшін, өзінің пәні үшін жауап беретін жай мұғалім еді. Ал жаңа мазмұндағы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасында (үшінші деңгей) мұғалімнің қоғамдағы орнына, мектептегі рөліне ерекше назар аударылған. Яғни, бүгінгі күнде – мұғалім мектептегі өзгеріс үрдісін басқаратын және көшбасшылық ететен негізгі тұлға. • Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер: • іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға; • өзгерістер енгізу үшін әріптестермен стратегиялық шешімдер қабылдауға; 8


бірігіп жүмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға; кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін [2]. Осыған байланысты «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде мұғалімдер көшбасшы ретінде өзінің мектебіндегі ұстаздарды серіктестікке тартып, рефлексия, өзін-өзі бағалау, жоспар құру, кеңес беру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Сонымен қатар, әрбір көшбасшы- мұғалім осы жобаны іске асыру барысында менің істәжірибемде не өзгерді? Болашақта нені өзгертемін? Оқу үрдісін дамыту мақсатында қандай стратегияларды қолданамын? т.б. сұрақтар төңірігінде үнемі ойлануы керек. Жалпы алғанда, курс тыңдаушылары Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының өте маңызды екендігі, болашақта өз іс-тәжірибесінде қолданып, жақсы табыстарға жететіндігі туралы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Менде, мұғалімдер сияқты, болашақта өзімнің іс-тәжірибемде жаңа бағдарламаның негізгі идеяларын қолданамын деп ойлаймын. • •

Нәтижеге мұғалім

бағыттаушы

жаңа

тұрпатты

көшбасшы

Мектептегі табысты көшбасшы үнемі ашық, басқадан үйренуге даяр, негізгі құндылықтар жүйесінің аясындағы ойлары бір беткей деуден гөрі, көнбіс деуге келеді; табанды (мәселен, жоғары талап үдерісінен шығуға, қызметкерлерін уәждеуге ұмтылысында; іске берілгендігінде; барлығын оқытып, жоғары деңгейге қол жеткізуге ұмтылысында) оптимист.’ (Лейтвуд, 2006) Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етеді. Осыған сәйкес біздің елімізде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектеп үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «21 ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол да маңыздылығы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды 21-ғасырға қалай дайындайды?» 9


деген келелі тұжырымдар. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен, біз, мұғалімдер, өзгеруіміз қажет. Ол үшін заманауи тәсілдерді меңгеруіміз керек. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, 21-ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқу әдістемелері арасында сыңдарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. XXI -ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс. Ол сонымен бірге ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгерген, ғаламдасуға байланысты «Интернет» жүйесін меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу керек. Осы қасиеттерді дұрыс ұстану мен меңгеру арқылы жаңа форматты ұстаз қасиетіне ие болатынына сенемін Менің ұғымдағы мұғалімнің көшбасшылығы- мектептегі әкімшілік міндеттермен шектеліп қалмайтын және мұғалімге әкімшілік өкілеттік пен жауапкершілікті жүктеуді көздемейтін, керісінше мұғалімнің мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге бастама жасауды және мәртебесінің қандайлығына қарамастан бұл өзгерістерге қолдау көрсетуді өз еркімен таңдауын білдіретін қызметі деп ойлаймын. Жаңа форматтағы мұғалімнің өзіне сенімді болу үшін: 1.Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсету 10


2.Көшбасшылық – ерекше құндылықтарды қолдану. 3. Көшбасшы -оқушы алға қойған мақсатқа жету үшін топта күшжігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізуді қалыптастыруды естен шығармау Мұғалім көшбасшы ретінде өзіндік ұстымдарын басшылыққа алып, сыныпқа сабақ беру барысында зор ықпал ете отырып, белгілі шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылатындығын жеткізу. Дүрыс бағытпен жұмыс жасаған көшбасшы әр уақытты оқушылардың сеніміне ие болу арқылы оқушыларды жаңа бағытпен тәрбиелей алу керек.Осы әрекеттерді дұрыс таңдай алған көшбасшы жаңа идеяларды ұсына алады. Сонда оқушылар өз сабағын жоғары қызығушылық деңгейде орындауға дағдыланады . Сынып алдында достарымен қарым-қатынас жасай біледі топ алдында сөйлей біледі, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдей алады, эмоцияларын басқара алу және т.с.с. дағдылары қалыптасады Мұғалімдердің көшбасшылығын дамытумен қатар, оқушының да көшбасшылық қасиетін дамыту өте маңызды, сондай-ақ өз идеясы мен өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік дамыған жастарды тәрбиелеу маңызды. Жаңа форматты оқыту технологиясы бойынша, сабақ барысында әр оқушыны көшбасшылық дәрежеге жеткізу, оларға қолдау көрсету әр мұғалімнің тікелей міндеті болып танылады. Жаңа форматты оқыту технологиясы осы жағдайды жоғары дәрежеге жеткізу үшін енгізілгені менің ойымша өте орынды және дұрыс болды. Өйткені дәстүрлі сабақ беру барысында оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін ашу және дамыту мүмкіндіктер пайдаланылды. Егерде сіз көшбасшылық әрекеттеріңізбен оқушылардың білімін және өмірін жақсы арнаға бұрғыңыз келсе, мақсатыңызға адал екеніңізді көру үшін, жүректің терең түбіне үңілу керек деп ойлаймын. Оқушыларға бере алатын ең жақсы нәрсе, сонымен бірге оларды өздеріңізге тартудың тағы бір жолы. Бұл жақсы нәтижеге әкеледі. Өз ортасында ерекше көзге түсе білетін жеке тұлға қалыптасты.Сонымен қатар өз жұмысын жақсы білетін ұстаз пайда болды. 11


Оқушыларды биік деңгейге көтере алатын жек тұлға пайда болды. Білім беруде-көшбасшыға алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, сыныбында немесе топта жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер қажет екендігі пайда болады. Мектепте көшбасшылықты жүзеге асыруда Абай Құнанбаевтың "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек" деген сөзін әрдайым өзіме ұстаным етіп келемін. Абай атамыздың осындай ой түйіні қазіргі әлемдік білім беру жүйесінде маңызды орынға ие . Осыған сәйкес Шульман :мұғалімде «үш көмекші» (Shulman, 2007) «бас,қол,жүрек» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады деген. Бұл идеяны жүзеге асыруда Кембридж университетінің профессорлары Джон Макбет пен Дэвит Фросттың «Мұғалімнің көшбасшылығы» туралы жазған еңбектеріне сүйенемін. Іс- тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу. Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер өзінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады. Көшбасшы болу үшін: 1.Бастаманы өзіне алады. 2.Құрбы- құрдастарын құрметтейді. 3.Басқалармен жылдам тіл табысады. 4.Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады. 5.Мақсатқа жету үшін топты жігерлендіру қабілетін көрсетеді. 6.Өзіне сенімді. 7.Жаңа жағдайларға тез төселеді. Көшбасшылықты жүзеге асыру үшін мұғалім жаңа технологияларды, яғни, жеті модульді меңгеруі қажет деп ойлаймын. Көшбасшылықты жүзеге асыру үшін, өзім беретін сыныптарда білім сапасын арттыруға байланысты жұмыс жұргізудемін. Балаларды оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы 12


оқудың жоғары мәдениетті деңгейін орнатуға барынша күш жұмсаудамын. Білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарына зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. Мен сабақ барысында төменде көрсетілген оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызы бойынша мониторинг пайдаланамын. Көшбасшы мұғалім ретінде әріптестеріме өз тәжірибесіне жеті модульді енгізуге арқылы сабақ өткізулеріне көмек қолын созудамын. Әріптестерімен жаңа модульдермен жұмыс істеу арқылы оларға көмектесу мақсатында олармен біріге отырып жұмыс істеп, өз әріптестерім жүзеге асыратын өзгерістерді ойластырып, зерттеудемін. Бейнетаспаға түсірген сабақтарды бірге талқылап,келесі өткізетін сабақтарына жоспар бірлесіп жасауға шақырудамын. Әр сабақта оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысулары керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. 1.1.

Көшбасшы мұғалім – заманауи қоғам айнасы

Қоғам өзгеріп, күн сайын жаңашыл тұрпатта әлемдік деңгейге сай қарыштап дамып келеді. Қазіргі сұраныстарға сәйкес тың идеяларға қолдау табылып, оң бастамалардың қолданысқа енуіне жол ашылғаны рас. Жаңа реформалардың ішінде білім саласына қатысты қыруар жұмыс атқарылып келеді. Постиндустриялық әлемде «білім - ғылым - инновация» үштігі басқарып, мемлекет пен тұлғаның дамуындағы еңбектің рөлі, әлеуметтік және экономикалық даму арасындағы өзара терең байланысты, бағыттау мен бағдарлаудағы жаңа құндылықты қалыптастыру қажеттігіне басты назар аударылуда. Заманауи қоғамның өсуі, өркендеуі тікелей білім берумен байланысты екені анық. Олай болса, қазіргі мемлекеттің келбеті, заманауи қоғам 13


айнасы – қазіргі мектеп және жаңа тұрпатты, көшбасшы мұғалім екендігі анық. Мемлекет мәдениетінің қайнар көзі - мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық ісәрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың: «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол -адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс», - деген сөзінмен өз ойымызбен сабақтасақ, үлкен жауапкершілікті талап ететін, халықтың мүддесі үшін, келер ұрпақ үшін, ел болашағы үшін мазмұнды да, мәнді іс атқарып, қызмет етіп жүрген білім ошағы - МЕКТЕП пен оның жаны МҰҒАЛІМ деп білеміз. Жаңашыл мектепке қойылатын талап мұғалімнің ізденімпаздығы, кәсіби құзыреттілігі, шығармашылық шеберлігі, ғылыми-теориялық әлеуетіне, көшбасшылық қабілетінің жоғары деңгейде болуына жетелейді. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде «жаңа типті мұғалім», «мұғалім идеалы», «шебер мұғалім», «жаңа тұрпатты мұғалім», «құзыретті мұғалім», «мұғалім имеджі», «кәсіпқой мұғалім», «көшбасшы мұғалім» және т.б. терминдер жиі қолданылып жүр. Осыған орай, жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда «Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының» жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге – рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Ал мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді. Сонымен қатар кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу14


тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады деп атап көрсетілген. Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: * әдіснамалық; * жалпымәдени; * пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы: • біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; • екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; • үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты. Ал шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты. Демек, жоғарыда келтірілген қазіргі мұғалім келбетіне байланысты ойпікірлер мен анықтамалардан шығатын қорытынды: мұғалім көшбасшылығына негізделіп отыр. Олай болса, осы көшбасшылық мәселесіне толыққанды тоқталып өтейік. Көшбасшы болу әрине оңай емес, ол үшін асқан шеберлік талант, ұтқыр ойлы, білімді қажет ететіні белгілі. Мұғалімнің көшбасшылығы оның нық сенімі мен мықты ұстанымында 15


екенін рас. Ол ұстанымын сабақ беру барысында ғана өзгертпей әріптестерімнің арасында да басқа жерде де жаңашыл идеялар қалыптастыра білуі шарт. Ұстаным арқылы мұғалім кез -келген ортада, көзқарас қалыптастыра алу қажет. Сол қалыптастырған көзқарас арқылы шешім қабылдап іс-әрекетке көшеді. Мектептегі іс-тәжірибе басында көшбасшылық жасау, өзіндік көзқарасты қалыптастыра отырып, жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп, жаңа заманауи мұғалім болуға ұмтылу қажет. Осы орайда, бұл аталған мәселелерді жүзеге асыруға қазіргі білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан Кембридждік жобаның ролі орасан зор деп айтуға болады. Кешегі мұғалім қазіргі жаңа тұрпатты педагогқа айналады, оның көшбасшылық қабілеті артады, сыни тұрғыдан ойлау дағдысы жетіледі, кәсіби шеберлігі, шығармашылық құзыреттілігі артады. Бұның бәрі шын мәнінде болатын құбылыс. Себебі аталмыш жоба бойынша деңгейлік біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдер жаңашыл бағытта өзгереді. Әдістемесі шыңдалады, ғылыми-теориялық әлеуеті дамиды, көкірек көзі оянып, жаңаны үйренуге деген құлшынысы артып, қазіргі қоғамның сұранысына сай бәсекекге қабілетті маман болары сөзсіз. Енді аталмыш жобаға аз-кем тоқталып өтсек. Бұл жоба: * біріншіден, оқыту мен зерттеуге ынта-жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін оқушыларға қамқорлық көрсете отырып ықпал ететін және бағдар беретін мұғалімдерге; * екіншіден, әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратынын; сондайақ оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдерге; * үшіншіден, оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін, оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Бұдан әрі неге қол жеткізу керек?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», 16


«Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін мұғалімдерге; * төртіншіден, бастапқы идеядан өзге идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, тереңдетіп бере алатын мұғалімдерге қосымша көмек ретінде ұсынылады. Демек, бұл – дайын білім мен идеяларды ұсыну емес, оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруы болып табылады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 9-б) Негізінен бұл жобаның басты мақсатының өзі көшбасшылық жасай отырып, оқушыларды көшбасшылық жасауға дағдыландыру. Мұғалім жай ғана оқытушы емес, ол сонымен қатар, өзінің сабақ беріп жүрген сыныптарының алдында көшбасшы бола білу қажет. Яғни әрбір ұстаз осы атауға лайық болуы тиісті және өзінің алдында отырған оқушыларды басқара білуі қажет. Сонымен бірге олардың әрбір жұмыстарын қадағалап, олардың пікірін тыңдай отырып айтқан пікірлеріне тиісті бағаларын беріп, олардың өз идеяларын ашып айта алатын, сабақ барысында өзін еркін ұстай білуге мүмкіндік жасай білуі керек. Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 88-б). Я.А.Коменскийдің «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана» деген нақылы мен Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, одан басқаларға өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз» деген қағидаларын бүгінгі күннің жаңашыл, жаңа форматты мұғалімдеріне арналған қағида екені сөзсіз.Кез-келген мұғалім көшбасшы бола бермейді, тек бойында мол күш жігері бар өмірге деген көзқарастары мен құзіреттілігі жоғары мұғалімнің қолынан келеді. Өзінің шебер ұйымдастырушылығы арқылы өз тобын жинап құзіреттілік таныта білетін мұғалім ғана өз ортасына беделді әрі көшбасшы бола алады. 17


Сонымен, ойымды қорыта келе, мұғалім – мектептің жүрегі іспеттес, ал мұғалімнің ішкі жан дүниесі рухани байлыққа кенелген кезде ғана мектепке түбегейлі өзеріс енгізе отырып, өзі көшбасшылық жасайды. Ал көшбасшы мұғалім – қазіргі өзгермелі, бәсекеге қабілетті дамушы қоғамның айнасы болуы шарт. Заманауи қоғам келбеті көшбасшы мұғалім мен және көшбасшы жастармен өлшенеді. 1.2.

Педагогтің оқу-танымдық әдістерін белсенді ету арқылы көшбасшылықты дамыту тәжірибесі

«Ұстазы қандай болса, қоғамы сондай болар» деген аталы сөз бекерден-бекер айтылмаса керек. Ұстаздың ұстанымы, алға қойған мақсаты, жеткен жетістігі – бұның барлығы көшбасшылық қырының ашылуына әкеледі. Қалайша? Мұғалім алдында отырған оқушының алған білімін саралай келе, бағыттау мен реттеу арқылы жүзеге асады. Мектептегі табысты көшбасшы үнемі ашық, басқадан үйренуге даяр; негізгі құндылықтар жүйесінің аясындағы ойларын бірбеткей деуден ғөрі, көнбіс деуге келеді; табанды (мәселен, жоғары талап үдерісінен шығуға, қызметкерлерін уәждеуге ұмтылысында; іске берілгендігінде; барлығын оқытып, жоғары деңгейге қол жеткізуге ұмтылысында) оптимист.’ (Лейтвуд, 2006) Оқушыларға саналы білім беру қызметімде маңызды дүниелерді ұстана білдім, ол Құндылықтар – яғни, Мен үшін не маңызды? Мен нені өзгерткім келеді? Мұғалім үшін ең басты құндылық – алдында отырған оқушы бойында тұлғалылықты қалыптастыру. Жаңа ғасырдың талабына сай құзыретті тұлға қалыптастыру.  Ұстаным – Мен оны қандай түрде көргім келеді? Еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы.  Статегиялық іс-әрекет – Өзгерістер енгізуім үшін не істеуім керек? 18


1. Іс -тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіме жауапкершілік алу. 2. Оқытудың түрлі әдістерін қолдана отырып, оқу сапасын арттыруға байланысты эксперимент жасау және оның тимділігін анықтау мақсатында ақпарат жинау. 3.Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу әріптестеріммен стратегиялық шешімдерді бірлесіп таңдау.

үшін

Көшбасшылық – оқушылардың өз қалауын өзіне орындатқыза алатын өнер түрі. Көшбасшы мақсаты биік, көреген, әділ болуы тиіс. Бұл тұста Абай Құнанбаевтың "Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек" деген қанатты сөздері Шульманның (Shulman, 2007) мұғалімнің «үш көмекші»-не де келіп саяды. Көшбасшылықты жүзеге асыру мақсатында өзім беретін сыныптарда білім сапасын арттыруға байланысты жұмыс жүргіздім. Балаларды оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы оқудың жоғары мәдениетті деңгейін орнатуға бағыттадым. Білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарына зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. Оқушылар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. Сандық құрылғылар оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге оқу үрдісін басқаруда көмектесетін маңызды құрал болып табылады. 19


- Топтық жұмыстарда онлайн-конференция өткізу (сондай-ақ мұғалімдер қауымдастығында), арнайы тақырыпты қайталау кезінде, немесе жобалық іс-әрекет кезінде... Спикерлік дағдыларды дамыту, онлайн эфирде сөйлеу дағдылары көшбасшылыққа қажетті дағдылардың бірі. - «Электронды диалог» өткізу, skype, messenger сияқты бағдарламалар көмегімен. – Жұптық, топтық жұмыстарда диалогтық оқыту негізінің симметриясы болып табылады. Мысалы, мультимедиялық файл жазу дағдысын дамыту мақсатында «Абайдың қара сөзін» мәнерлеп оқу арқылы дыбыс жазу, сыныптасына файлды жіберу, жұптық бағалау. - Агент, браузер арқылы желілік ортада файл жіберу, салыстырмалы кестелерді бірлесе толтыру. Әр сабақта оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысулары керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Оқу үрдісін бақылай келе, оқушылар бойында белсенділік, бәсекелестік, инициатива, көшбасшылық қасиеттердің дамыған өзгерісін байқадым. Көшбасшыны көшбасшы тәрбиелейді... Егер мұғалімдер қауымдастығы жұмыла қызмет атқарса, берілген мақсат сәтті жұзеге асады. “Көшбасшылық дегеніміз дұрыс қадам жасау, ал басқару – қадамды дұрыс жасау” деген америкалық ғалым, психолог, басқару ісіндегі кеңесші Уорен Гамалиэл Беннистің сөздері әр педагогты ойландыруы қажет. Осы жауапты еңбек жолында сіздерге тек қажымас қайрат, талмас қанат тілеймін! Көшбасшылықтың өзекті элементтері • • •

Ресурстарды тиімді қолдану мақсатында әр күн, әр тоқсан және әр жыл үшін қажеттіліктерді ұйымдастыру; Тиімді және оңтайлы жүйелерді қолдану; Қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жүйе орнату; 20


• • •

Оқыту сапасы мен оқушылар оқу үлгерімінің мониторингінің тиімді және оңтайлы жүйесін қамтамасыз ету; Мектептің ұстанымы мен мақсаттарына сай келетін тізбектелген және ықпалдастырылған саясатты әзірлеу; Құрылым мен мектеп мәдениеті арасындағы өзара байланысты түсіну.

21


2. Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер «Оқудағы көшбасшылық» ұғымының мәні зияткерлік оқудың стандарттарымен салыстырылатын жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатындағы көшбасшылықпен теңестірілетін, ал қазіргі кезде оқу үдерісі анағұрлым терең түсдіріледі, ол зияткерлік жетістіктерге байланысты және тек қана нәтижелерді бағалау мен танымдық стандарттарды күрделендірумен шектеліп қала алмайды. 1. Бүгінде «Оқудағы көшбасшылық» – оқушының эмоционалдықөнегелілік сауаттылығы, эмоционалдық-қалыпты оқуы және жанжақты дамуы; бұл 2.Жердегі ең маңызды мәселе – оқыту сапасын арттыру басымдығы. 3. Қазіргі түсінікте көшбасшылық мектеп директорына немесе білім беру жүйесінің жоғарғы басшылығына ғана тән нәрсе емес. 4. Заманауи зерттеулер көрсетіп отырғандай, көшбасшылық кеңінен тараған болса, әрі бір адамның қарекетіне қарағанда, көшбасшылар тобының ықпалы үстемірек болған жағдайда көшбасшылықтың мектепке ықпалы анағұрлым тиімдірек болмақ, пайымдауынша, мектеп көшбасшылығы әдетте өктемдік ретінде түсініледі де, бір адамның басшылығымен, жеке көсемдікпен шектеліп қалады. Бір адамның күші мен ықпалына қатысты орнығып қалған ұстанымға бірлескен, командалық, бірнеше адамның көшбасшылығы қарсы қойылады. 5. Мектептер қызметкерлердің ғана емес, оқушылардың, ата-аналардың да бағалы әлеуетін пайдалана алмайтын болса, оны пайдалануға құқылы болмаса, өткеннің қатесін қайталамақ. Бірнеше адамның көшбасшылығы шын мәнінде білім беретін зияткерлік мектептердің мықты құралы болып табылады». 6. Макбеттің «білім алушы мектебі» мұғалімнің кәсібилігін кең тұрғыдан қарауды талап етеді. Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі . Біз таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған 22


тәсілден босануымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын, кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет .Бұл тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі. Мұндай тәсіл қолданылған жағдайда кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілікті пір тұтатын мұғалімдер өздерінің әріптестері 7. мен айналасындағыларға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады. 8. Заманауи түсінік Англия мектептерінде жүргізілген Ұлттық көшбасшылық колледжінің зерттеуі (2004) тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріліп отыратын мектептерде оқушыны оқыту мен оқуының сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданылатындығымен ерекшеленетінін көрсетті. Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады. 9. Элмор (2006) жауапкершілік саясаты мықты мектеп жүйесінде көшбасшылық тәжірибені жетілдіру құралы болып табылады деп есептейді. Ал оқуға бағытталған көшбасшылық дәл осындай болып табылады. 10. Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу 11. мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. 23


Бұндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға 12. бағытталған көшбасшылықты тарату және дамытуға басымдық беру қажет. 13. Макбеттің (2004) зерттеуі көшбасшылықтың табысты болуының алты факторын қарастырады: 14. Жай бөлініс: персоналдың олар үшін белгіленген рөлдер лауазымдық нұсқаулар шегінде жұмыс істеуінен күтілетін нәтижені меңзейді. Жай бөлініс үдерісінің барлыққызметкерлер үшін жоғары дәрежелі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде артықшылығы мол. Маңайдағылар өздерінің қайда екенін біледі. Жай бөлініс батыл, түбегейлі өзгеріс енгізу үшін қажетті талап болуы мүмкін. 15. Прагматикалық бөлініс: Бұл тәсіл болып жатқан оқиғаларға сәйкес әрекет етуді білдіреді және де мектепке сырттан жасалатын, күн сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп тұратын жұмыс жүктемесін қамтиды. 16. Стратегиялық бөлініс: Мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа 17. бағытталушылық – стратегиялық бөліністің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл бөліністі біз, мысалы, мұқият ойластырылған кадрлық тағайындаулардан көре аламыз, ол жағдайда олар жеке дара шеберлігі тұрғысынан емес, негізінен олардың мектептегі көшбасшылықты дамытуға қосқан үлесі тұрғысынан қарастырылады. 18. Кезеңдік бөлініс: Бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым 19. бөлігінде кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа да ие. Себебі өздеріне көшбасшылық тән екендігін көрсете алған мұғалімдерге жауапкершілік те көп жүктеледі. Мұғалімдер өздерінің көшбасшылыққа қабілетті екендігін қаншалықты дәлелдей алса, оларға жүктелетін жауапкершіліктің мөлшері де соншалықты арта бермек. 20. Бастамашылық бөлініс: Бұндай бөлініс кезінде көшбасшылық мұғалімдерге 24


21. бөлініп берілмейді, яғни көшбасшыны тағайындамайды, мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға толық негіз бар. Көшбасшылық қабілеттері бар мұғалімдер өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу жауапкершілігін өз мойындарына алып, өздері ықпал ететін аймақ ауқымын кеңейтеді, кейде бұл үдеріс басшылықтың қатысуынсыз да болып жатады. 22. Бөлініс мәдениеті: Бұл жағдайда «кім» дегеннен гөрі, «не» дегенге баса назар аударылады. Көшбасшылық нақты қызмет саласында және жекелеген адамдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Мұғалімдер әріптестерімен бірлесе отырып, бастама білдіреді, оларда ешқандай басшы, жетекші деген болмайды. Бұл адам рухының, қайратының көрінісі, мектептің орныққан дәстүрлері, оның жалпы мәдениетінің көрсеткіші десе де болады. Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты: 23. Құрметтеу (басқаның пікірін тыңдау және бағалау); 24. Жеке қарым-қатынас (кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым-қатынас); 25. Құзыреттілік (басқалармен өзара қарым-қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол жеткізе білу); 26. Адалдық (өзара сенімді және шынайы қарым-қатынас). 27. Осы Бағдарламада негізінен «көшбасшылықты бөлу мәдениетіне» артықшылық беріледі. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы (МКДЖ) жетекшіліктің бұл түрінің кең тарағаны болып табылады. Ол жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер: • іс-тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу; • оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдерді бірлесіп таңдау; • деректерді бірлесіп жинау және қолдану; • кәсіби білімді қалыптастыруға және таратуға атсалысу үшін көшбасшылықты нығайтудың ерекше тәсілі болып табылады. 25


28. Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МКДЖ бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек . 29. Дамыту жұмысы белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады. Ұжымдық іс-әрекет Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа «дауысын» күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіндіктерін жеке де, ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін. Ұстаздардың жетекші топтарында және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет. Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі. Білімнің бұл негіздері – зерттеулерге негізделген білім емес, бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс-әрекет жасау үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс. Жоғарыда айтылғанның барлығы: адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру – адамдардың зерделеп үйренуі үшін көрсетілетін көмектер жиынтығы; жалпы алғанда, тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады деген дәлелдерге келіп саяды. Қалған қоғамдық институттар (саясаткерлер, зерттеушілер, мемлекеттік емес ұйымдар және халықаралық органдар, яғни Бүкіләлемдік банк және ОЭСЗ) қолдау мен жаңа идеяларды ұсына алады. Бұл, әрине, оптимистік көзқарас, бірақ оптимизмге ынталандыру – мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры болып табылады. 26


Мұғалімдер үшін көшбасшылықтың маңызы Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың бірнеше мәні бар: • мұғалім өзінің оқыту және оқу үдерістерін түсінуін нақтылау; • оқыту және оқу үдерістерін әріптестерімен талқылауға мүмкіндік беру; • ересектерді де, балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы оқудың жоғары мәдениетті деңгейін орнату; • оқудың қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектемей, одан әрі кеңейту; • оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы; • әріптестерді кәсіби дамыту үшін барлық оқушылардың мүмкіндіктерін бөлуге болатындығына сенімді болу; • оқыту мен оқу үдерістеріне әлеуметті, ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдардытарту. Осы көшбасшылықтың маңыздылығының бірі бұл оқу үдерісіндегі оқушыларды оқыту. Яғни өз тәжірибемде аптаның бірінші күні оқушыларымның орындарын әртүрлі әдістер арқылы ауыстырып, әр топтың көшбасшыларын анықтап алып отырдым. Сыныбымда жиырма алты оқушы болды, сол оқушыларымның барлығы да жыл барысында топтың көшбасшысы болып шықты. Оқушыларым көшбасшы болғанда өздеріне деген сенімдері және жауапкершіліктері күшие түсті. Әр топтың көшбасшылары өз міндеттерін атқарып топ мүшелерін әділ бағалап, топтың ережесін сақтауға, ат салысып отырды. Оқушыларыма жаңа әдіс-тәсілдермен өткізіліп жүрген сабақтарым қатты ұнайды. Сонымен қатар 7 модуль аясында жоспарланып жүрген сабақтарымның үлгілері Республикалық ғылыми- әдістемелік және педагогикалық журналдардан жарық көруде. Болашақта 7 модульдің ішіндегі көшбасшылықты басшылыққа алып жұмыстануым, өз жалғасын нәтижелі табады деп ойлаймын. 27


3. Лидерге қажетті 21 көзқарасты дамыту

қасиет

арқылы

оптимистік

Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде. Адамдарды өзіне тартатын және сол арқылы маңызды істер шешетін адамдар санатынан болу үшін шынайы көшбасшыға керек қасиеттерді өз бойыңыздан іздедіңіз бе? Менің айтқалы отырғаным келесі: егер сіз уақыт бөліп, ішкі дүниеңізде өзіңіз қалағандай, тіпті ешкімге айтпаған ең батыл армандарыңызды орындайтын, қаншалықты дәрежеде керекті қасиеттеріңізді өз бойыңыздан табалар едіңіз? Бұл әркім өзіне қоюға тиіс шынайы сұрақ және әркім оған шынайы жауап беру керек! Егер толық деңгейде өзінің шынайы әлеуетін жүзеге асырғысы келсе. Көшбасшылық жөнінде Америкада ғана емес, басқа да елдердегі атақты сарапшы, INJOY GROUP – жеке және көшбасшылық қасиеттерді барынша жоғарлатуға көмектесетін ұйымның өкілінің бірі Джон Максвеллдің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты кітабында жоғарыдағы сұрақтарға толық жауап аласыздар. Барлық шарықтау мен құлдыраулар көшбасшылықпен анықталады. Ал ол қасиеттер шынымен іште қалыптасады. Егер ішіңізде сіз қалағандай көшбасшы болсаңыз, өмірде де дәл сондай көшбасшыға айнала аласыз. Адамдар сіздің артыңыздан еруді қалайтын болады. Ал бұл жағдай орнаған кезде, сіз әлемдегі адам жасай алатын бар мәселені шеше алатын адамға айналасыз!!! Бірінші қасиет. Мінез-құлық: жартастай берік бол! Көшбасшылық – еркектер мен әйелдерді бір мақсатқа жетелейтін қасиет, сонымен қатар сенімділік ұялататын мінез-құлық.

28


Бернард Монтгомери , британдық фельдмаршал өмірлік қиын жағдайларда көшбасшының қалай әрекет ететіндігі оның мінезі туралы көп нәрсе айтады. Күйзеліс мінез-құлықты қалыптастырмайды, алайда оны айқындап ашады. Үлкен қиыншылық – жолайрыққа апаратын, адамды таңдау үстіне қоятын, өзгерісті сәт: не мінез-құлық көрсету не мәмілеге келу. Әр кез адам, жағымсыз салдарға апарса да, мінез-құлықты таңдаса, өзін шыңдай түседі. Мінезқұлықты жан-жақты дамыту мен нығайту – бұл көшбасшылық қана емес, жеке қасиеттерді дамытатын біздің негізгі шартымыз. Адам мінез-құлық жайлы не білу керек? • Мінез-құлық жай сөзге қарағанда көбірек нәрсе. Кезкелген адам бүтін мінез-құлықпен және тереңдей инабаттылықтың иесімін деп айта алады, бірақ оның дұрыс немесе бұрыстығын ісі арқылы білуге болады. • Дарын – сый болса, мінез-құлық сіздің өз таңдауыңыз. Біз таңдау жасаған кезде, мінез-құлықты да қалыптастырамыз – қиыншылықпен күресу не қуысқа тығылу, оңай ақша табу не оның толық құнын төлеу. • Мінез-құлық адамдармен қарым-қатынаста жетістікке әкеледі. Әр кез көшбасшылық басқа адамдарды тартуды білдіреді. Егер сіз босаң мінезді екеніңізді адамдар білетін болса, ешқашан сіздің артыңыздан ермейді. • Көшбасшылар мінез-құлықтың шегінен ары аса алмайды. Сіз жетістікке жете салып, басын жоғалтқан дарынды адамдарды көріп едіңіздер ме? Оның кілті әрине мінез-құлықта жатыр. Өзіңіздің айтқан сөздеріңіз бен істеріңіз қаншалықты сай келеді? Қандай да бір істі соңына дейін апарамын деген сөзіңізде қаншалықты тұрасыз? Егер балаларыңызға концерттік орындау кезіне дейін немесе футбол басталғанға дейін бір затты істеуге уәде берсеңіз, не істейсіз? Сіздің қол алысуыңызға заң жүзінде рәсімделген келісім шарт ретінде сене алады ма? Нағыз мінез-құлық дегеніміз - ішкі жан-дүниеңіздің үлкен болуы. Екінші қасиет. Харизма : бірінші қалыптасқан әсер, бәрін шеше алады! 29


Мен ешқашан қандай қызметте болмасын, сын-пікірге қарағанда, мақтаулардың әсерінен жақсы жұмыс істейтін, көбірек үлес қосатын адамды көрмеппін,- Дэн Рэйланд. Харизма дегеніміз – адамдарды өзіңізге тарту қабілеті. Барлық мінез-құлықтар сияқты адам оны өзі дамыта алады. Өзіңізді басқаларға тартымды болу үшін не істеу керек? Өмірді сүю. Адамдар өмірді сүйетін көшбасшыларды жақсы көреді. Егер адамдарды тартқыңыз келсе, онда кіммен араласқанды жақсы көрсеңіз, соған ұқсас болу керексіз. Сіз араласқысы келетін адам қандай? Ұрысқақ па? Қасарысып қалған ба? Торығудан шығалмайтындар ма? Әрине, жоқ. Сіздің сүйіктілеріңіз қуанады, наразылық етпейді. Бастысы өмірді сүйеді!!! Әр адамға бестік бағаны қою. Бұл адамдарға бере алатын ең жақсы нәрсе, сонымен бірге оларды өздеріңізге тартудың тағы бір жолы. Бұл жақсы нәтижеге әкеледі. Бұны автор адамдарға бестік бағаны қою дейді. Джак Визельдің айтуы бойынша «Өздерінің күшіне байланысты миллионер болған жүз адамды зерттеу барысында, олардың жалғыз ортақ қасиетін анықтады. Осы іскер әйелдер мен еркектердің барлығы басқа адамдардың тек жақсы қасиетін көре білетіндігі.» Адамдарға үміт отын сыйлау. Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды былай сипаттаған «үмітпен жүретіндер» деп. Егер сіз қоршағандарды осы нұрмен бөлей алсаңыз, онда адамдарды магнит тәрізді тартасыздар. Өзіңізбен және өзіңіздің қадыр-қасиетіңізбен бөлісу. Адамдарды артыңыздан ілестіре жүріп, оларға өзіңізде бар нәрсені сыйлаңыз. Сіздің қорларыңыз, даналығыңыз, тіпті күнделікті өмірдегі жайттар олардың да игілігіне айналсын Харизма жайында сөз болғанда, әр адам өзін басқа біреудің орнына қоя білу керек. Шынайы харизма, өзін ойлаудан бұрын, өзгелерлің қамын ойлайтын көшбасшыларға тән қасиет!!! Назарды өзіңізге емес, басқа адамдарға салу. Бұл харизма!

30


Үшінші қасиет. Ісіңізге жан-тәніңізбен берілу: адамдарды бос арманшылдардан ажыратады.

• •

ол

істі

Кімде-кім өзінің уақыты үшін бар мүмкін нәрсені жасаса, барлық уақыттарда өмір сүреді,-деген екен Иоганн Фридрих Шиллер. Іске жан-тәнмен берілудің шынайы табиғатын қарастырайық? Іске адалдықтың басы жүректе жатады. Егерде сіз көшбасшылық әрекеттеріңізбен басқалардың өмірін жақсы арнаға бұрғыңыз келсе, мақсатыңызға адал екеніңізді көру үшін, жүректің терең түбіне үңіліңіз. Іске адалдық нақты іс-әрекеттермен айқындалады. Іске адалдықтың жалғыз өлшемі – ісәрекет. Артур Гордон айтқандай : «Сөзді айтудан оңайы жоқ, ал сол айтылған сөз бойынша өмір сүруден қиыны жоқ. ». Ал сіз өз алған міндеттерді орындау барысында, іске адал боласыз ба? Іске адалдық, жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Көшбасшы ретінде сіздер – көптеген кедергілер мен қарсылықтарға тап боласыздар. Алдыға жылжытатын жалғыз ықпал, сіздің ісіңізге деген адал болуыңыз. Өз мақсаттарыңызға жете аласыздар ма? Сіз жүзеге асыра алатын және оған мүмкіндіктеріңіз жететін нәрсені орындадыңыздар ма? Сізге адамдар сеніп, сіздің артыңыздан ілеседі ме? Егер жауабыңыз оң болмаса, онда сіз ісіңізге адал емессіз!!!

31


4. Тәжірибелік шеберлік сыныптар жоспары Тренинг: «Қарым-қатынас және тыңдай білу» Мақсаты: қарым-қатынас үдерісінің маңыздылығын түсіндіру, кері байланысқа түсуде ақпараттардың түрленуін түсіндіру, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру. Тренинг барысы: «Сәлем! Сәлем! Сәлем!» сергіту жаттығуы. «Бұзық телефон» жаттығу. «Қарым-қатынас психологиясы» ақпараттық блок. «Нұсқау бойынша сурет салу» жаттығу. «Сіз тыңдай білесіз бе?» сауалнама. «Әр түрлі қимыл жағдайларында тыңдай білу» жаттығу. «Сәлем! Сәлем! Сәлем!» сергіту жаттығуы. Топ мүшелері, арқасымен шеңбер жасап тұрады да, жайлап өз-өздерін айналады. Жүргізуші қасындағы қатысушыға өзі бүгін естігісі келетін сәлемдесу түрін қасындағы келесі қатысушыға сыбырмен айтуы тиіс. Тапсырма жүргізушіге қайтып келгенше жалғасады. Келесі қатысушылар да өз сәлемдерін араға 2-3 адам салып жіберіп отырады. Жаттығуды музыка әуенімен жүргізген дұрыс болады. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 1.

Жаттығуды талқылау: Өз сәлемдемеңізді қайтып алғанда қандай күйде болдыңыз? Жіберген сәлемдемеңіз сол күйінде қайтты ма? Олардың өзгеріске ұшырауына қандай әсер болды деп ойлайсыз? - Ақпарат өзгеріске ұшырамай қайтуы үшін не әрекет жасауға болады? 2. «Бұзық телефон» жаттығу. Жаттығуға қатысушылардың біреуінен басқасынынң бәрі бөлмеден шығуы тиіс. Қалған жалғыз қатысушыға жүргізуші бір ақпарат береді. сол ақпаратты келесі қатысушыны шақырып айтуы тиіс. Жаттығу барлық қатысушы ақпаратты естігенге дейін жалғасады. -

32


Үлгі: Біздің мектепке жаңа компьютерлер сатып алынды. Бір айдан соң қазір кітапхана тұрған бөлмеде комьютер класын орнатады. Ал кітапхананы бірінші қабаттағы басқа бөлмеге ауыстырады. Кешкісін комьтерлерде түрлі ойындар ойнауға болады. Ол үшін мектеп учаскесінде көгалдандыру жұмыстарына қатысу қажет. Талқылау: -

Ақпаратты бір қатысушы екіншісіне бергенде неліктен өзгеріске ұшырады деп ойлайсыздар? Ақпараттың қай бөлігі өзгеріске ұшырады және неліктен? Қанша адамнан өткен ақпарат көздеріне сене беруге болады ма? 3. «Қарым-қатынас психологиясы» ақпараттық блок. Қатысушыларға қарым-қатынас психологиясы туралы 15-20 минуттық ақпарат берілуі керек. 4. «Нұсқау бойынша сурет салу» жаттығу. Қатысушылар бір-біріне арқасымен екі-екіден бөлініп отырады. Әрбір жұптан бір

қатысушыға суретбейнеленген карточкалар беріледі. Қатысушы сол карточкадағы суретті нұсқау бере отырып, екінші қатысушыға бейнелетуі тиіс. Алғашында сурет салып отырған қатысушы нұсқаушыға ешқандай сұрақ қоймауы тиіс. Кейінгі айналымда сұрақ қоюларына болады. Сурет үлгілері:

33


Талқылау: -

берілген ақпаратты дұрыс түсіндіре алу үшін қандай әрекеттер қажет? қарым-қатынаста дұрыс түсіндіре алудың маңызы бар ма? 5. «Сіз тыңдай білесіз бе?» сауалнама.

Нұсқау: Сіздерге 12 сұрақ беріліп отыр. Көп ойланбастан, жылдам «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар берулеріңізді сұранамын. Жауаптарыңыз шынайы болады деп сенемін 1. Екінші бар адамның сөзін тез аяқтап, сізге де сөйлеуге мүмкіндік бергенін асыға күтетін кездеріңіз көп болады ма? 2. Мәселенің анық-қанығына жетпестен шешім қабылдаған сәттеріңіз жиі болып тұрады ма? 3. «Сіз көбіне өзіңізге ұнайтын ақпараттарды ғана тыңдайсыз» деген қағидамен келісесіз бе? 4. Әңгіме айтушыны тыңдауда эмоциялық жағдайыңыз кедергі келтірмей ме? 5. Серіктесіңіз өз ой-пікірін айтып отырғанда сіз көп алаңдайсыз ба? 6. Әңгіме барысында мағыналы тұсына қарағанда, болмашы ұсақ-түйектерді есіңізде ұстап қалатын сәттеріңіз болады ма? 7. Өз көзқарасыңыз, ұстанымдарыңыз басқа адамды тыңдауға кедергі келтірмей ме? 8. Егер серіктесіңізді түсіну қиынға соқса, оны тыңдауды тоқтатасыз ба? 9. Сөйлешіге деген негативті позиция жиі бола ма? 10. Сөйлеушінің сөзін жиі бөлесіз бе? 11. Әңгіме барысында сөйлешінің көзіне тіке қараудан қашасыз ба? 12. Әңгіме айтушыны кенеттен тоқтатып, өз ойыңыз бен шешіміңізді айтқыңыз келетін сәттеріңіз болады ма? Нәтижесін өңдеу:

34


Қатысушылар өздерінің «жоқ» деген жауаптарын есептеулері қажет. 10-12 ұпай. Сіз серіктесіңізді жақсы тыңдай білесіз. Өз эмоцияңыз оның сөзін ұнатпасаңыз да аяғына дейін, ұғып тыңдауға кедергі жасамайды. Сондықтан көп адамдар сізбен қарым-қатынас жасағанды ұнатады. 8-10 ұпай. Көп жағдайда серіктесіңізді тыңдай білуге тырысасыз. Ұнамаған жағдайдың өзінде оның сөзін аяғына дейін тыңдай аласыз. Егер серіктесіңізден жалығып кетсеңіз дипломатиялық түрде онымен қарым-қатынасты тоқтатуға мүмкіндігіңіз бар. Кей жағдайда оның сөзін бөліп жіберіп, өз ойыңызды айтып үлгересіз. 8 ұпайдан төмен. Өкінішке орай, қарым-қатынасқа түсуде сіз басқа адамдарды тыңдай білу өнеріне машықтанбағансыз. Сіз олардың сөзін көп бөлесіз, сөздің аяғына дейін тыңдауға шыдамдылығыңыз жетпейді. Оның айтқан сөзі ұнамаса, мүлде тыңдамай қоя саласыз. 6. «Әр түрлі қимыл жағдайларында тыңдай білу» жаттығу. Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Әр жұптағы бір қатысушы сөйлеуші, ал екншісі – тыңдаушы болады. Қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы отырып, жүргізуші бұйрық бергенде әңгімелерін бастайды (не айтқысы келсе, соны айта беруге болады). 1 минуттан соң сөйлеушілерге «тұру» туралы бұйрық беріледі, ал тыңдаушылар өз орындарында отыра береді. Тағы 1 минуттан соң екі қатысушы да орындарынан тұрады, бірақ бір-біріне теріс қарап тұрулары тиіс. Бұдан соң екі қатысушы өз ролдерін ауыстырып, жаттығуды қайталайды. Талқылау: -

Әңгілемені қандай жағдайда жүргізген орынды? Неліктен? Неліктен қиыл жағдайы өзгеріске ұшырағанда қарымқатынас тиімділігі өзгереді? 35


Тест: "Сіз көшбасшы бола аласыз ба?"

1. Бала кезіңізде үлкеннің тілін алу мен өзгеге бағыну сіз үшін ауыр болды ма? Иә (10 ұпай) Есімде жоқ, білмеймін (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай) 2. «Ғылым мен мәдениеттегі жетістіктерге тек билік ете алатын жандар ғана қол жеткізе алады»деген пікірмен келісесіз бе? Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай) Жоқ, келіспеймін (0 ұпай) 3. «Нағыз ер-азамат әйел затын өз талаптары мен заңдарына бағындыра білу керек» деген ойға көзқарасыңыз? Өте дұрыс (10 ұпай) Нақты айта алмаймын (5 ұпай) Дұрыс емес (0 ұпай) 4. Жақын жандарыңыздың асты-үстіңізге түсіп, еркелеткендігі сізге ұнайды ма? Иә, оған еш қарсылығым жоқ (10 ұпай) Кейде-кейде (5 ұпай) Шынымды айтсам, ұнамайды (0 ұпай) 5. «Әйел заты көнбіс болу керек» деген пікірмен келісесіз бе? Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай) 36


Жоқ, келіспеймін (0 ұпай) 6. «Мені қоршаған жандардың жағдайын жақсарту үшін мойныма көп дүниені жүктеп алдым. Алайда, мұны біреу білсе, біреу білмес». Сізге таныс жағдай ма? Иә, дәл қазіргі менің жағдайым (10 ұпай) Таныс жағдай, тек мұны барлығы білуге тиісті емес (5 ұпай) Жоқ, мұндай жағдайға ұшыраған емеспін (0 ұпай) 7. «Мықты адам» деген теңеуге сай келетін жан көшбасшы бола алады» деген пікірмен келісесіз бе? Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай) Жоқ, келіспеймін (0 ұпай) 8. Оңтайлы нәтижені тез табу керек болатын кейбір жағдайларда шешімді тез қабылдайсыз ба? Иә, тез табуға тырысамын (10 ұпай) Нақты айта алмаймын (5 ұпай) Жоқ, шешімді бірден қабылдай алмаймын (0 ұпай) 9. Мен өзгелерді өзіме бағындырып, билік ете аламын Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай) Жоқ, билік ете алмаймын (0 ұпай) 10. Ешкімнің алдында ашылып сөйлеп, өзімді толық көрсеткім келмейді Иә (10 ұпай) Білмеймін, әр кезде әр қалай (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай) 11. Мен беймаза, тыныш өмірді армандаймын Иә, іште жатқан сондай арманым бар (10 ұпай) Білмеймін, ол туралы ойланбаппын (5 ұпай) Менің ондай арманым жоқ (0 ұпай) 12. Бағынышты адам бастығының кез келген тапсырмасын орындай білуі керек Иә, әрине (10 ұпай) 37


Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай) Жоқ, келіспеймін (0 ұпай) 13. Жақын жандармен тілдескен кезде, әсіресе, олардан өтінішжәрдем сұраған іштей бір қарсылықтың тұрғанын сеземін Иә, мұндай сезімдер менде жиі болады (10 ұпай) Білмеймін, аса мән бермеппін (5 ұпай) Жоқ, мұндай сезімде болған емеспін (0 ұпай) 14. Менен өзгелер түсінік сұрап, ақталуымды талап етеді. Иә, онсыз да түсінікті дүниелерді қайта сұрап жатады (10 ұпай) Білмеймін, байқамаған екенмін (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай) 15. Менің мінезім үйіміздің тірегі әкемнің/анамның мінезіне ұқсас Иә (10 ұпай) Білмеймін (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай) Тест нәтижесі 150-100 ұпай: Сіз өктем жансыз. Сіз үшін алынбайтын қамал жоқ. Кез келген жағдайдың оңтайлы шешімін таба аласыз. Өзгені өзіңізге бағындыра аласыз. Басшы болуға лайықты жансыз. 99-50 ұпай: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалмен өмір сүресіз. Барлығын ақылға салып, сабырлықты серік етесіз. Сіз басшылық ете аласыз, сондай-ақ, берген тапсырманы тыңғылықты орындайсыз. 49-0 ұпай: Сіз өте көнбіс жансыз. Өз күшіңізге өзіңіз сенбейсіз. Алайда, сіз оңтайлы шешім қабылдай аласыз. Өзгеден үлгі алып, мінез-құлқыңызды өзгертуге тырысып бағасы «Көшбасшы болғым келеді!»

38


Үздіктің үздігі атану үшін ең алдымен өзгелерден қандай артықшылығыңыз бар екенін біліп алуыңыз қажет. Мүмкін шахматты мықты ойнап, ән айтатын шығарсыз, әлде әңгіме айтудың хас шеберісіз бе? Осылайша өзіңіздің ерекше қасиетіңізді тауып, оны дамыта біліңіз. Назарларыңызға сыныпта көшбасшы болуға көмектесетін кеңестер ұсынамыз: 1. Ерекше қасиетіңізді дамытып қана қоймай, бағалай түсіңіз. Ең майда деген заттарға позитивті көңіл-күймен қарау арқылы әбден жолыңыз болуы мүмкін. 2. Ерекше қасиетіңізді қажет жерде, қажет уақытта көрсете біліңіз. Мысалы, математика сабағында тамаша ән салатыныңызды көрсетіп жатудың қажеті жоқ. Ал сыныппен бірге жиналған мерекелік кештерде, мектептегі жарыстарда әніңізге орын табылады.

3. Үздік болуды дәреже мен басқару қабілетімен шатастырмаңыз. Ол маңызды жауапкершілікті мойынға алып, оның шешімін дұрыс табумен тең. 4. Кез келген үздік көшбасшы ойын анық жеткізіп, ұтымды идеялар айта білуі тиіс. Ал көпшіліктің алдында қысылмай сөйлеу үшін дебаттарға жазылып немесе айнаның алдында диктофонның 39


көмегімен сөйлеп дағдылануыңызға болады. Диктофонға жазып алған даусыңызды қайта тыңдаған соң паразит, шамадан тыс көп қайталанатын сөздерді анықтай аласыз. Кемшіліктеріңізді осылай нақты біліп алғаныңыз жөн. 5. Көшбасшының әрдайым өз пікірі болады. Бұл барлық жерде басқаларға қарсы шығу деген сөз емес. Тек өзіндік ойыңызды айтудан қорықпау. Сыныптастары көшбасшының сөздерімен келіспесе де, үнемі құрметтейді. Ал достардың арасында құрметке ие болу – көшбасшы болудың алғашқы сатысы.

Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және т.б. Ең бірінші кезекте оның мінезі жақсы болуы тиіс. Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер: 1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс. 2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау. 3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді. 40


4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.

5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады. 6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар. 7. Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды. 8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді. 9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады. 10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады. 11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі. 12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады. 13. Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды. Олай болса, іске сәт! Сіз көшбасшы болуға лайықсыз! 41


Көшбасшылық - бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы орындалған жұмсысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көр қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды. Сіздің көшбасшылық қасиеттеріңіз төмендегілерге тәуелді: · Сіздің мінезіңіздің сипаттамалары, туа біткен, жүре біткен · Өмірдегі жағдайлар, өзіңізді көрсететін жерлер · Сіздің ішкі жан дүниеңіз және зейініңіз адамдарға әсер етеді Көшбасшылық адамның мінезі негізінде құралады. Көшбасшы болу үшін сізге өзіңіздің дамуыңызға , жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек. Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді. Әдетте шын көшбасшы болып адам 30-35 жаста өмірілік тәжірибе жинағанда болады. Адамдарды басқару бойынша адамдар екі типке бөлінеді: · «ойыншылар» · «ашықтар» «Ойыншылар» сыртқа жақсы әсер қалдырады, бірақ еш одан пайда жоқ. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері жоқ және олар оны пайдаға орай тез өзгертіп отырады. Олардың өз пайдаларын ойлауы арқасында осы жақсы әсердің арқасында өзгелерге шығын жатқанын жасырып қалады. Бұл өз рөлдерімен маскаларын әрқашанда өзгертіп отыратын «ойыншылар» деп аталады. «Ойыншылар» карьера қуған және ешкімге дер бермейтін, өз мақсатын ған көздеген адамдар. «Ашықтар» бұл ұжым көзқарасымен әрекет ететін көшбасшылар. Олар «ойыншылардың» толықтай қарама-қарсы түрі. Бұл адамдар нағыз көшбасшылар болып есептеледі және бұл адамдар ұжыммен шын қарым-қатынас құрады. «Ашықтар» қоршаған ортаның үлкен беделіне ие болады. Мұндай адамдар «Ойыншыларға» қарағанда аздау болады. Тұлғаның дамуы жиі адамның өзін өзгерте алуына деген сенімнің жоғымен тежеледі. Өмірдің әрбір сатысында адамдар өмірлік тәжірибенің негізінде өсуі мен алынған сабақтарға мән бермей, 42


жеңіліске ұшыраудың арасында таңдау жасап отырады. Көшбасшылыққа деген талпыныс өз өміріңізде жасалған әрбір қадам үшін жауап беруіңізді талап етеді, - деп бастады өз сөзін Арман Идрисов. Кейде адамдарда өздерін өзгерту үшін қажет идеялар мен табандылық жетіспейді. Олар бұл білімді атақты адамдардың өмірбаяндары мен естеліктерін оқу арқылы алуға тырысады. Бұл көшбасшылыққа апаратын ең сенімді жол деп ойлайды. Бірақ, бұл дұрыс емес. Әрбір адамның өмірлік жағдайлары, тарихи ахуалдары ерекше,- деді Қауымдастық Кеңесінің мүшесі. Данат Жумин өз кезегінде жастармен бірге биліктің не екендігіне, оның не үшін қажет екеніне, оны қолданып елді қалай гүлдендіруге болатынына көз жеткізуге тырысты. Бұл тақырыптың жастар тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болуы жастардың өз еліне пайда әкелуге деген ұмтылысына байланысты, - деді кездесуден кейін «Болашақ» Қауымдастығының мүшесі. Болашақ көшбасшының мақсаты - өзінің әдістері мен қабілеттерін табу және талдау, өз мүмкіншіліктерін анықтау, өзгеше әрекет етуді үйрену. Өз жеңісіңе сенуіңізге ешқандай негіз болмаса да, жеңіске жететініңізге сенгеніңіз жөн. Көшбасшылық - ең әуелі, өз бірегейлігіңді ұғыну

43


ҚОРЫТЫНДЫ «Өзіңіздің жан-дүниеңізге жақын жұмыс табыңыз, сонда Сізге бүкіл өміріңізде бір күнде жұмыс жасауға тура келмейді», – деген екен шығыс ойшылы Конфуций. Мұғалімдер дамыту жөніндегі жұмысқа нұсқаулық етудің негізгі қағидаттарын зерттей алады және көп жағдайда өз тәжірибесін жақсартуға бағытталған шағын жобаларға қатыса алады деп күтіледі. Тыңдаушының өз ісін дамытуын жоспарлауы мен қарым-қатынасқа түсуі де, тіпті ораторлық шеберліктің жетіспеуі де өзара қиыншылықтар туғызатыны белгілі болды. Басқару кейде саналы, кейде бейсаналы түрде тығырыққа әкеп тіреп жатады. Сол үшін бұл тақырыпты кең ауқымда қарау тиімдірек болар деген ой туындады. Көшбасшылық дегенді «көзге түсе беру» деп түсіну қажет пе? Көшбасшылық дегеніміз -сабақ үстінде туындаған қиындықты тез арада реттей алатын, жас немесе тәжірибесі аз мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсете алатын маман. Себебі, мектептегі оқыту мен оқудың бүгінге дейінгі жайкүйін жақсартудың жолдарын қарастыру- маңызды. Әріптестік әрекеттер, жаңа бастамалар, әрекет үстінде туындаған ойлар – олардың ертеңгі жұмыстарының анықталған шарттарына айналатынына күмән жоқ. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді. Іс – әрекетке үлкен өзгерістер енгізуде, ең бастысы менің ұстанымымның көзқарасыма, қабылдаған шешіміме және іс-әрекеттің негізіне әсері болады. Алайда әр түрлі дәстүрлі ұстанымдар жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі де мүмкін. Құзырлы оқудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. (Нұсқаулық,8-бет). Әр мұғалімнің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман болуы. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл көшбасшы тұлға. 44


Әдебиеттер 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей Астана 2013 жыл 2. Тренерлерге арналған Нұсқаулық, үшінші (негізгі) деңгей Астана 2013 жыл 3. Нусқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж.,88б. 4. Республикалық журнал «Тренер Edicition» «Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» (Арзиева А.Т.) «Деңгейлік бағдарламалар» орталығының тренері, 2013., 5-7-б.

45


Абделиева Г.А. Култаева А.Ж. Карымбаева С.М.

ОҚУ МЕН ОҚЫТУДА МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ Әдістемелік нұсқаулық

_____________________________________ Басуға 23.10.2014 жылы қол қойылған Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты баспаханасында шығарылған


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.