Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»
ФОНЕТИКА САЛАСЫ БОЙЫНША ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Тараз, 2015
ƏОЖ 80/81 КБЖ 81.2 Б20 Пікір берушілер: Мұқашев Т.Ә. - М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының доценті Тойганбекова Ш.М. - «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Инновациялық технологиялар және жаратылыстануғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауым. профессор
Б20 Фонетика саласы бойынша деңгейлік тапсырмалар / Байхадамова Б.Е./ Әдістемелік құрал. – Тараз, 2015, 36 бет. ISBN 978-601-7825-04-1 Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының Сараптау кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (№7. хаттама, 4.09. 2015ж.) Әдістемелік құралда деңгейлеп оқыту технологиясының негізінде тіл білімінің бір саласы фонетика бойынша екі нұсқада құрастырылған деңгейлік тапсырмалар мен қосымша тапсырмалар және талдау үлгісі берілген. Әдістемелік құрал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған. ƏОЖ 80/81 КБЖ 81.2 Б20 ISBN 978-601-7825-04-1
© Байхадамова Б.Е. 2015
Кіріспе Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбегейлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістердің түрлерін білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін арттыру арқылы шығармашылыққа жетелеу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Сондықтан, мұғалім өзінің өткізетін пәніне және тақырыбын ашатын әдіс-тәсілдерді таңдап, іріктеп, оны оқу үдерісінде қолдануға міндетті. Сонымен қатар оқушының технологияны қабылдауына, ынтасы мен құштарлығына да назар аударылуы тиіс. Сондай әдістің бірі ретінде оқушылардың өткен тақырыбын қалай меңгергендігін және сол тақырыптың аясында шығармашылықпен қаншалықты жұмыс жасай алатындығын анықтау мақсатында деңгейлеп оқыту технологиясының негізінде деңгейлік тапсырмаларды ұсынылған. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытатын, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға яғни, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар фонетика саласының бөлімдері арқылы жасалған. Дауысты, дауыссыз дыбыстар, буын, тасымал, екпін, ықпал түрлері, үндестік заңы, т.б. Сонымен қатар фонетиканың негізінде тәжірибелік тапсырмалармен шектелмей теориялық тұрғыдан да қарастырылған. Тапсырмалардың көпшілігі оқушының іс-әрекеттік-компетенттік тәсілге бейімделуіне мүмкіндік береді. Мектептегі оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайынан, өмір талабынан туындап отыр. Деңгейлік тапсырмалар оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде берілген. Бірінші деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарт деңгейі, мұны барлық оқушылар орындауға міндетті. Екінші деңгей күрделенеді, бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылардың барлығы құқылы, ал үшінші деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзіндік пікірін жеткізе алатын, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды. 1-деңгей: міндетті, оқушылық; 2-деңгей: күрделенген; 3-деңгей: шығармашылық – өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру. 1-деңгейдегі тапсырмаларға: Жаттап алуға лайықталған болуы керек. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру тиіс; 2-деңгейлі тапсырмаларға: өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар.Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін 3
тапсырмалар. Бұлар: логикалық тапсырмалар немесе мәтінмен жұмыстар жүйесі берілген. 3-шығармашылық деңгей тапсырмалары: Мұнда әр оқушы өзіндік шығармашылық жұмыспен айналысады. Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстарымен —шығарма, әңгіме, ертегі құрастырып жазу, белгілі бір тілдік ұғымға байланысты реферат жазу, бір-бірінің шығармашылық жұмысына пікір жазу сияқты тапсырмаларды жүргізу болады. Фонетика өткеннен кейін оқушыға «сол тақырып бойынша қандай сызба немесе кесте құрастырар едің?" деген сияқты шығармашылығын дамытуға арналған сұрақтар беруге болады. Сонда әр оқушы тақырып аясында өзінің сызбасын сызып ұсынады. Әрбір тақырыптық деңгейлік тапсырмалар екі нұсқада құрастырылған және қосымша тапсырмалар жүйесі де берілген. Деңгейлік тапсырмалар оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне; оқушыны ынталандыруға; оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастық қарымқатынас достығына; оқушының өз білімін өзін бағалай білуіне; баға әділдігіне; білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
4
1.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ ТІЛ БІЛІМІНІҢ САЛАСЫ ФОНЕТИКА Тілдік қатынас әдетте екі түрлі формада жасалады: ауызша және жазбаша. Жазбаша беріде, жазумен байланысты болды. Ал, ауызша форма ойды білдірудің құралы, қатынас құралы – тілмен ол алғаш пайда болған күннен бері бірге жасап келеді. Фонетиканың негізгі зерттеу обьектісі – тілдің ауызша формасы бұдан жазбаша форманың фонетикаға қатысы жоқ екен деген ұғым тумау керек. Мәтінге (жазуға) фонетикалық талдау оның айтылуына негізделеді. Адам баласының тілі-дыбыстық тіл. Оның ойы, айтар пікірі белгілі бір дыбыстық комплекстен тұратын сөздердің арқасындаіске асады. Сондықтан да тіл дыбыстарын, оларға тән түрлі заңдылықтарды білудің мәні зор. Дыбыстық өзгерістерді есепке алмай тұрып, лексикалық, грамматикалық құбылыстардың төркінін, өзгеріп дамуын айқындау мүмкін емес. Фонетика (грекше phonetikos – дыбыстық) – дыбыс туралы iлiм, тiлдiң дыбыс жүйесiн зерттейтiн тiл бiлiмiнiң бiр саласы. Фонетика – зерттейтiн объектiсi жағынан қарастыратын мәселесi жағынан да тiл бiлiмiнiң басқа бөлiмдерiнен ерекшеленiп тұрады. А.Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесi деп ойлаған. Әрине бұл екеуi синоним түрiнде қолданылатынын ескеру керек. Дыбыс жүйесi карастыратын мәселелер: тiл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлерi, iштей жiктелуi, сөз iшiнде бiрiне-бiрi ықпал етiп, үйлесетiн, үндесiп, тiркесiп тұрудың тетiгi, буын, екпiн, сөйлеу мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б... Сондықтан да фонетиканың тiл бiлiмiнде алатын орны үлкен. Фонетика тiл дыбыстарын және оның заңдылықтарын тексеруде белгiлi бiр тiлдiк теориялық қағидаларға сүйенедi. Тіл дыбысы – тілдің ең кіші бөлшегі. Дыбыста мағына болмайды, бірақ сөз бен сөзді бір-бірінен мағына жағынан ажыратады. Мысалы: бақ-бар-батбай-бас; қал-тал-сал-жал т.б. Дыбыс – сөздіңөмір сүру формасы болса, әріп-дыбысқа берілген шартты таңба. Бір дыбыс түрлі белгімен өрнектеле береді. Мыс:б-b д,-d т.б. «Дыбыс таңбасын қарып деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қарып бар дейміз. Дыбыс пен қарып екеуі – екі басқа нарсе. Бір-біріне қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс- естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қарып-көрінетін, естілмейтін нәрсе» (А.Байтұрсынов Тіл тағылымы А.,1922ж). Әліпби сөзі арабтың алиф және би деп аталатын алғашқы екі әрпінің атауынан алынған. Әліпби – жазудағы әріптердің реті мен тәртібі. Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар. Оның 9-ы қазақ тілінің өзіне тән әріптер – ә,ғ,қ,ө,ұ,ү,і,һ, 33-і орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер. Тіл білімінде әріптерді айтылуына қарай негізгі (басты) және қосалқы деп айтады. Егер әріп сөз ішіндегідей айтылса негізгі, ал сөз ішіндегіден 5
бөлек дыбысталса қосалқы деп айтады. Мысалы: кісі, сөн, қызық сөздерінде і, н, ы әріптері анық дыбысталса, өмір сөнбеді, құлын сөздерінде і-ү, н-м, е-о, ы-ұ дыбыстары сияқты естіледі. Әріптердің бұл өзгерісі фонетикалық заңдылықтарға қатысты болғанымен, жазылуы орфография ережелеріне сай жүргізілмейді. Тіл дыбыстарын жасауға өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, бөбешік, тіс, таңдай, жақ, ерін т.б. қатысады. Оларды дыбыстау мүшелері немесе сөйлеу мүшелері деп атайды. Фонетика зерттеу мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы болып келеді. Сипаттамалы (синхрониялық) фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі осы саланың объектісі болып табылады. Тарихи (диахрониялық) фонетика тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері, олардың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін мәселелері үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер бойынша айқындалды. Тілдің дыбыстық жүйесін қазіргі және тарихи тұрғыдан қарастырған кезде туыс тілдердің фонетикасын да ескерген абзал. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындауға мүмкіндік береді. Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқындау салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Салыстырмалы және тарихи фонетика көбіне бір-бірімен тығыз байланыста болады да, зерттеулерде қатар қолданылады. Туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салыстырып зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді.
6
ФОНЕТИКАНЫҢ (КЛАССИФИКАЦИЯСЫ) ЖІКТЕЛУІ
ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ Тіл дыбыстары екі үлкен топқа бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар Өкпеден шыққан фонациялық ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай шықса, онда дауысты дыбыс деп аталады. Дауысты дыбыстың ерекшеліктері: 1. Дауысты дыбыстар дауыстан, тоннан тұрады, салдыр әлсіз болады. 2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз шығады, дыбыстау мүшелері түгелге дерілік қатысады. 3. Дауыстылар буын құрайды. 4. Дауыстыларға екпін түспейді. 5. Дауыстыларды созып айтуға болады. 6. Қазақ тілінде дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Қазіргі қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә,о,ө,е,ұ,ү,ы,і,э,и,у.
7
Тілдің қатысына қарай жіңішке ә,е,ө,ү,і,(и) Жақтың қатысына қарай ашық қысаң а,ә,о,ө,е,э ы,і,и,у,ұ,ү Ерін мен езудің қатасына қарай еріндік езулік о,ұ,ү,ө,у а,ә,е,ы,і,и,э
жуан а,о,ұ,ы,(у)
Тіл кейін шегініп, артқа қарай тартылыңқырай түсіп айтылған дыбыстар-жуан дауыстылар, ал тіл алға қарай созылыңқырай түсіп айтылған дыбыстар жіңішке дауыстылар болады. Еріндік дауыстылар еріннің дөңгеленіп сүйірленуінен жасалса, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа тартылып, езу жиырылады. Астыңғы жақтың мүмкіндігінше төмен түсіп, кең ашылуы арқылы жасалатын дауыстылар ашық, жақтың сәл-пәл ғана ашылуы арқылы жасалатын дауыстылар қысаңдар деп аталады. Дауыссыз дыбыстар Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері: - дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары; - дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады; - дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды; - дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады; -дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды; -дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды. Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш. Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар: - үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз 8
дыбыстары; - айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары; -жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары. 1. Қатаң дауыссыздар Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш. 2. Ұяң дауыссыздар Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады. Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з. 3. Үнді дауыссыздар Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді: -ауыз жолды: й, л, р, у; -мұрын жолды: м, н, ң. 4. Ерін дауыссыздары Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз. Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у. 5. Тіл дауыссыздары Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз. Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді: - тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш; - тіл ортасы: г, к; - тіл арты: ғ, қ, ң. 6. Шұғыл дауыссыздар Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз. Шұғыл дауыссыздарға мыналар жатады: б, г, ғ, д, к, қ, м, н, ң, п, т. 7.Ызың дауыссыздар Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында саңылау өткелі арқылы өтуінен пайда болатын дауыссыз дыбыстарды ызың (жуысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз. Ызың дауыссыздарға мыналар жатады: ж, з, й, л, с, у, ш. 8.Діріл дауыссыз Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында дыбыстау үзілісі мен тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбысты діріл дауыссыз деп атаймыз. Ол р дыбысы болып табылады. 9
№ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Қатаң дауыссыздар К Қ П С Т Ф х Ц Ч Ш Щ
Ұяң дауыссыздар б в г ғ д ж з һ
Үнді дауыссыздар м р й л н ң у
Кестеге қарайтын болсақ, қатаңдар мен ұяң дауыссыздардың айтылу жағынан ұқсастығына қарай жұп құрайтынын көреміз. Мысалы:п-б,ф-в,т-д т.б. Буын Сөздердің естілуіне қарай бірнеше фонетикалық бөліктерге бөлуге болады. Сөзді бөлікке белгілі бір тәртіппен ғана бөле аламыз. Әр бөлік бірбір буыннан тұрады. Буын – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобы. Мысалы: қа-ла-мыз-да, бі-ле-тін-де-рі-міз-дің. Буынның негізгі белгілері 1. Жеке тұрып, дауысты дыбысөзі бір буын құрайды: а-па, ө-рік. 2. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып буын құрай алмайды. 3. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: е-рек-ше. Мұнда үш дауысты дыбыс, үш буын бар. 4. «Екі дауыссыз бір буынды қатар келетін болса, дауыстының соңынан ғана келеді. Еш уақытта алдында екі дауыссыз қатар келмейді» (Қ.Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерА.1999). Қ.Жұбанов «Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып (өйткені дауыстының соңында дауыссыз болмай да қалады, біреу, екеу де бола береді), әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміз» - дейді. Буын түрлері Ашық буын-бір ғана дауысты дыбыстан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын. Мысалы: ә-ке, ба-ла, ба-ға-ла-са т.б. Тұйық буын-дауыстыдан басталып дауыссызға аяқталатын буын. Мысалы:ар, ұл, ант т.б. Бітеу буын-дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын. Мысалы:бес, сөз, дос-тың т.б.
10
Тасымал Сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынның келесі жолға бөлініп жазылуы тасымал деп аталады. Тасымалдау кезінде еске ұстайтын ережелер 1. Сөзді тасымалдау буын жігінен басталады: тө-менірек, төменірек, төмені-рек 2. Й және у дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады:қиын, жу-ын, құ-йын т.б. 3. Сөзді тасымалдағанда бір әріпті жол соңына қалдыру немесе келесі жолға тасымалдау дұрыс емес. 4. Екі әріптен құралған я,ю,е аяқталған сөздер тасымалданбайды: сия, қию. 5. Аты және әкесінің аты қысқартылып, басқа дыбысы ғана жазылғанда, фамилиясынан бөліп, тасымал жасауға болмайды: Ә.-Жұмабаев, Ә.Қ.-Жұмабаев деу дұрыс емес. 6. Қысқартылған өлшем атаулары тіркескен сөзінен бөлінбейді: 100-г, 25-см. 7. Бас әріп немесе бас әріп пен алғашқы сөз буыны қысқарған сөздер тасымалданбайды. Үндестік заңы Қазақ тілінің байырғы сөздеріндегі дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасында бір-бірімен үйлесіп, ыңғайласып айтылады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қарай қосымша жуан не жіңішке дыбыстан жалғанады. Мысалы: дыбыс-тар, дыбыс-тың, әріп-ке, әріп-тің. Сөздің соңғы дыбысының қатаң, ұяң, үнділігіне байланысты келесі дыбыс та бейімделіп келеді. Дыбыстардың бұл үйлесімділігі үндестік заңы деп аталады. Үндестік заңы буын үндестігі және дыбыс үндестігі деп бөлінеді. Буын үндестігі Сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып айтылу заңдылығын буын үндестігі дейміз. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп атайды. Қазақ тілінің байырғы сөздері бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке буындардан құрылған. Сонымен бірге қазақ тілінде сөз ішінде жуан, жіңішке дыбыстар араласып келеді. Бұндай ерекшелік төмендегідей жағдайларда 1. Басқа тілден енген сөздерде (кітап, мұғалім, қадір т.б.);
11
2. Біріккен сөздер мен қос сөздерде (бойжеткен, қыз-келіншек) кездеседі. Бұл сөздерге қосымша соңғы буынға қарай жалғанады (бойжеткен-ді, баспасөз-де); Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Қазіргі қазақ тіліндегі мынандай қосымшалардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында жалғанады. 1. Көмектес септік жалғауы: доп-пен, өзен-мен т.б. 2. –нікі, -дікі, -тікі (тіуелдікті білдіретін жұрнақ), -жан, -тай, -тал, -дар,-еке, -тар: қала-нікі, шеше-тай, білім-дар, ата-еке, көке-жан. 3. –хана,-стан,-кент,-күнем: дәрі-хана, Шым-кент, пайда-күнем т.б. 4. –кер,-гер,-қор,-паз,-қой,-қой,-ғой,-көй,-гөй,-кеш,-уар: қалам-гер, өнер-паз, кәсіп-қой, бата-гөй. 5. –ов,-ова,-ев,-ева,-ин,-ина: Сейсенбеков-тің, Алмабаев-тың. Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан, жіңішкелігіне қарай жалғанады. 6. Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын -бей, -би қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды: бей-берекет, бей – бастық, бей-бақ. Дыбыс үндестігі Ауызекі сөйлеу кезінде дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ыңғайласа айтылады. Мысалы: жанбады-жамбады, жанған-жаңған. Айтылуда б дыбысының әсерінен н дыбысы м дыбысына өзгерсе, екінші мысалда ғ тіл арты дыбысы н тіл алды дыбысының ң тіл арты дыбысына ауыстырып тұр. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, үйлесе үндесе айтылуы дыбыс үндестігі немесе ықпал деп аталады. Дауыссыз дыбыстар сөз ішінде ғана емес бір-бірімен сөз арасында да үйлесіп, ыңғайласып келеді. Мысалы: қарағой, ағжүн (қара қой, ақжүн) т.б. Ықпалдың түрлері Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: 1.ілгерінді ықпал 2.кейінді ықпал 3.тоғыспалы ықпал Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың алдыңғысының соңғысына ықпал етуі. Ілгерінді ықпал заңдылықтары: 1. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, жалғанатын қосымша да қатаңнан басталады. Мысалы, тасты, көппен, шашқа, т.б.
12
2. Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, жалғанатын қосымша ұяңнан басталады. Мысалы, жұлдызға, сөзбен, т.б.
да
3. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, жалғанатын қосымша не ұяңнан, не үндіден басталады. Мысалы, шағалалар, шағаланы; егінмен, егінді, т.б. 4. Сөздің соңғы дыбысы ш болып, қосымша с дыбысынан басталса, түбірдегі с дыбысы шболып айтылады. Мысалы, көшсін – көшшін, ұшса – ұшша, т.б. 5. Сөздің соңы дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға бітсе, екінші сөздің басындағы қатаң к, қдыбыстары ұяң г, ғ болып айтылады: Меңдіқыз – Меңдіғыз, қара қой – қара ғой, Байкөкше – Байгөкше, бозкөде – бозгөде, Тұрарқожа – Тұрарғожа, жай қалмау – жай ғалмау, Байқоңыр – Байғоңыр, т.б. 6. Сөздің алғашқы сыңарындағы қатаң дауыссыздардың ықпалынан екінші сыңардағы ұяң дауыссыздар айтуда қатаң болып айтылады: Тұратбек – Тұратпек, Жолдасбай – Жолдаспай, Сәтбай – Сәтпай, т. б. Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың соңғысының алдыңғысына ықпал етуі. Кейінді ықпал заңдылықтары: 1. Қатаң қ, к, п дыбыстарына біткен сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда, түбірдегі қатаң дауыссыз дыбыс ұяң дауыссыз дыбысқа айналады: Мысалы,тілек+і – тілегі, құлақ+ы – құлағы, соқ+у – соғу, доп+ы – добы, сеп+е+ді – себеді, т. б. 2. Н дыбысына біткен сөзге б және п дыбысынан басталған қосымша жалғанғанда түбірдегі ндыбысы м болып айтылады. Мысалы, сенбе – сембе, он бес – ом бес, сәрсенбі – сәрсембі, Жанпейіс – Жампейіс, т. б. 3. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, ғ, г дыбыстарының алдынан келгенде айтуда ң болып өзгереді. Мысалы, Дүйсенғали – Дүйсеңғали, Сәрсенкүл – Сәрсеңкүл, түнгі – түңгі, сәнқой – сәңқой, т. б. 4. Ш дыбысының алдынан келген с және з дыбыстары айтуда ш болып өзгеріп кетеді. Мысалы, құрылысшы – құрылышшы, сөзшең – сөшшең, таныс шығар – таныш шығар, Бозшағыл – Бошшағыл, Тасшайнар – Ташшайнар, т. б. 5. Түбір сөз соңғы з дыбысы кейінгі с дыбысының ықпалынан с болып айтылады. Мысалы, сөзсіз – сөссіз, сазсырнай – сассырнай, жүз сом – жүс сом, жазса – жасса, т. б. 13
6.Алғашқы сөз з дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, з дыбысы ж болып айтылады. Мысалы, Оразжан – Оражжан, құзжартас – құж-жартас, көз жазбау – көж жазбау, күз жақын – күж жақын, т. б. 7. Кейбір сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыстың соңғысының ықпалынан алдыңғы дауысты дыбыс айтуда түсіп қалады. Мысалы, Сарыөзек – Сарөзек, алтыатар – алтатар, қара ала – қарала, жеті ешкі – жетешкі, шеткі үй – шеткүй, т.б. Орфография мен орфоэпия Орфография (грекше «дұрыс» және «жазамын» деген сөздер) – жазудағы бірізді ережелердің жүйесін жасап, зерттейтін фонетиканың бөлігі. Орфография ережелері дыбыстарды әріппен беруде сөздерді олардың қоысмшаларымен жазу немесе сөз бен сөздің бірге, бөлек дефиспен қолданылуын, бас әріп, тасымалдың тәртіп заңдылықтарын реттейді. Жоғарыдағы заңдылықтардың жиынтығы принциптер деп аталады. Қазіргі қазақ тілінің орфографиялық ережелері морфологиялық, фонетикалық, дәстүрлі принциптерге негізделген. 1.Морфологиялық принцип – сөздің морфемалар құрамы негізге алынып, дыбыс алмасу, өзгеру заңдылықтары ескерілмей, алғашқы қалыпты сақтап жазу. Мысалы: құрылысшы(құрылышшы емес), өзенге (өзөңгө емес). 2.Фонетикалық принцип-сөзге жалғанатын қосымшаның түбір сөздің соңғы буынына, соңғы дыбысына қарай қосылуы. Мысалы: бала+ның, жер+ге. 3.Дәстүрлі принцип-сөз жазылуындағы бұрыннан қалыптасып, әдетке айналған қалыпты бұзбау. Мысалы: белбеу (белбау емес), кәмпит(конфет емес). Орфоэпия –сөз ішіндегі, сөз арасындағы дыбыстар өзгерісін ескеріп, ұлттың сөйлеу ерекшеліктерін сақтау заңдылықтары. Мысалы: жазылуы Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы (Абай). Айтылуы:өлөң-сөздүң патшасы, сөз-сарасы. Жазу кезінде орфографиялық ережелер сақталуы тиіс. Қазіргі қазақ тілінің жазу ережелері 1983 жылы шыққан «Қазақ тілінің орфографиялық» сөздігінде көрсетілген. Екпін Екпін – сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөлшектерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы. 14
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді. Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні негізінен соңғы буынға түседі. Мысалы: бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі. Ой екпіні – сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді. Тіркес екпіні бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбіне күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып. Дыбыс екпіні - сөз ішіндегі дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: пай-пай та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңілкүйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білідіреді.
15
2.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР ТІЛ ДЫБЫСТАРЫ. ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ 1-нұсқа
I деңгей 1. Фонетика нені зерттейді? 2. Төмендегі әрбір сөзде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Астана, тәртіп, жазушы, алтыбақан, кітап, оныншы, нан, кесек, нәресте. 3. Қазақ тіліне тән дыбыстарды жаз. II деңгей 1. Дыбыстан әріптің айырмашылығын айт және неше дыбыс, неше әріп барын жаз. 2. Төмендегі дыбыстардан антоним сөздер құра. А, л, ж, т, с, қ, н, б, ы, і, е, к, и, ө, о, р, ү, з, м, д, г. Үл г і: бар - жоқ. 3. Жеті санына байланысты асыл сөздерді жаз. «Жеті атаңды білесің бе?» деген тақырыпқа мәтін құра. III деңгей 1.Төмендегі сөздерге тиісті дыбысты қой және сол сөздерге синоним сөздер жаз. Үл...ілі, е...еу, қай...р, пә...ер, қор...ақ, жо...ары, мейірі...сіз, м...йдан. 2. Мәтіндегі сөздерді әліпби тәртібімен жаз және үш, бес санына арналған қасиетті сөздер жаз. Үш жамандық: Нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу. 3.Қазақ әліпбиінің авторы туралы шағын эссе жаз. ТІЛ ДЫБЫСТАРЫ. ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ 2-нұсқа I деңгей 1. Әліпбиді жазып шық. 2. Тіл дыбыстары қалай жасалады? 3. Дыбыс дегеніміз не? II деңгей 1. Әріп дегеніміз не? Төмендегі сөздерде қанша әріп бар? Балалар, мектеп, баспасөз, шығарма, сусындар, мекеме, мәжіліс. 2. Төмендегі сөздердің дыбыстарын өзгертіп жаз және сөз магынасына тигізетін әсерін түсіндір. Қас, жақ, көк, мал, тек. Үл г і: кез, тез, сез, без, жез. 3. Дыбыстар туралы жұмбақ шығар. 16
Үл г і: Түнде бармын, Қыста жоқпын. Күнде бармын, Күзде жоқпын. [Н] III деңгей 1.Берілген сөздерді транскрипция бойынша жазыңыз. Лаж, лашын, рахмет, разы, леген, рұқсат, Лұқпан, Рүстем, леп, Ресей 2.Қазақтың төл сөзінде кездеспейтін дыбыстарды және қазақ тіліне тән дыбыстарды жаз. Оларды мысалмен дәлелде. 3.Тарихи ескерткіштердің аттарын дұрыстап жаз және төл дыбыстарға мән бер. ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР 1 нұсқа I деңгей 1. Дауысты дыбыстар қалай жасалады? 2. Дауысты дыбыстарды жазып шық. 3. Мәтіндегі дауысты дыбыстардың астын сыз. Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық- әурешілдікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық, қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. (А.Құнанбайұлы) II деңгей 1.Бірыңғай жуан дауысты дыбыстарға сипаттама бере отырып, олардың өзара айырымдық және ортақ белгілерін көрсетіп, жақтың және ерін мен езудің қатысына қарай мысалдар арқылы талдаңыз. 2.Еңбекке арналған мақал-мәтелдерді жазып, мағынасын түсіндір және ашық пен қысаң дауысты дыбыстардың астын сыз. 3.Мәтінде не туралы айтылган? Мәтінге өз ойыңды жалғастырып жаз. Туған жердің қадірін туғалы сыртқа шықпаған кісі қайдан білсін? Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатылғанына талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін? III деңгей 1.Берілген сөздердің қанша дыбыстан, қанша әріптен тұратынын дәлелдеңіз және де дыбыс пен әріпке анықтама беріңіз. Жұмыс, тіл, сызығы, домбыра, совхоз, кезек, зерттеу, туралы, ми, ит, институт, университет, ою, қоян. 2. Дауысты дыбыстарға жұмбақ шығар. Үл г і: Көкте бар, Жерде жоқ. 17
Көзде бар, Қолда жоқ. (Ө) 3. Батырлар жырларынан бірыңғай дауысты (ассонанс) басталатын үзінділерді тап.
дыбыстан
ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР 2нұсқа I деңгей 1.Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын дыбыстарды тап және мысалдар келтір. 2. Дауысты дыбыстарды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай бөліңіз. 3. Әрбір тармағы «Е» дыбысынан басталатын төрт жолды өлең шумағын жазыңыз. II деңгей 1. Ашық, қысаң, езулік, еріндік, дауыстыларды жазып шық. 2. [У] дыбысының ерекшелігін айт және мысал келтір. 3.Төменде берілген есімдер қай шығарманың кейіпкерлері? Кейіпкерлерге қысқаша сипаттама бер. Ұлжан, Зере, Барлас, Байкөкше. III деңгей 1. Дауысты дыбыстардың басты ерекшелігін түсіндір және мысалмен дәлелде. 2.Тіл туралы айтылған ұлағатты ойларды жаз және осы сөздердегі дыбыстарды дауысты дыбыстың түрлеріне қарап топтап жаз. Үлг і:Тіл жоқ жерде ұлт жоқ (Ш.Айтматов) Жуан - о, ұ Жіңішке - і, е Ашық - о, е Қысаң - і, ұ Езулік - і, е Еріндік - ұ, о. 3. Өлеңнің авторы туралы немесе «Отырардың күйреуі» деген тақырыпта әңгіме жаз. Алты ай бойы ерлік салтқа орын берген Отырар, Алты ай бойы алапатта жеңілмеген Отырар Алты-ақ күнде жермен-жексен қирады. Ақыл-ойын жалындатқан, Өнер, ғылым шамын жаққан Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады. 18
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР 1 нұсқа I деңгей 1. Дауыссыз дыбыстардың жасалу жолы. 2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды жазыңыз. 3. Мәтіннен дауыссыз дыбыстарды табыңыз. Абай - өз заманының жаршысы. Оның шығармалары - сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс-тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі-бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейілінше айқында толық бейнеленген. Абайға баратын жол - ұзақ жол. (Ж. Смағұлов) II деңгей 1.Үнді және үяң дауыссыз дыбыстарды жазып шық. 2.Төмендегі сөздерге керекті әріптерді жаз және қандай дыбыс екенін анықта. Бота...өз, ше...ара, бейсе...бі, қысты...үні, Жомарт...ек, қа...арман, гау...ар, Сар...арқа, ба...ыт. 3. Дауыссыз дыбыстардан жұмбақ құрастыр. Үлгі: Алтында бар, Күмісте жоқ. Алмада бар, Жемісте жоқ. [Л] III деңгей 1.Тұрақты тіркестерді жазып, мағынасын түсіндір және қатаң дауыссыздардың астын бір, үнді дауыссыздардың астын екі, ұяң дауыссыздардың астын ирек сызықпен сыз. 2.Берілген әрбір екі сөздің дауыссыздарының өзіндік ерекшеліктерін ажыратып көрсет: көл-төл, сақ-сәкі, аш-ат, жаз-саз, қар-хал, бас, тақ, мал, доп, өң, өн. 3. «Тарихы терең - Тараз» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз.
I деңгей
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР 2-нұсқа
1. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? 2. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып, [И] дыбысының ерекшелігін түсіндір. Бидай, сиыр, ериді, айна, жайдары, ит, сөйлейді. 3. Дауыссыз дыбыстарды ретімен жазып шық. 19
II деңгей 1.Төменде дауыссыздары бірдей, тек дауыстылар арқылы мағыналары ажыратылатын сөздер берілген. Осы сөздерді «жуан-жіңішке», «еріндік-езулік», «ашық-қысаң» айырым белгілері бойынша жазып шығыңыз. Көл, ал, төс, бір, бал, күл, жал, жөн, сәл, күң, жең, қар, үн, том, жым, зікір, күн, көм, жұм, түс, ел, кел, кір, бұр, тіл, көң, он, ел, жұл, қор, кәр, күл, тос, сел, бір, сәл, іл, құл, тым, күң, тіл, жем, өн, қыр, зәкір, сөл, жар, жыл, қын, кір, құр, тас, түс, көн, бүр, сал, жөн, тыл, кем, құр, іл, бұл, жал, ұн, жан, жел, құн, жүн, кіл, кең, қыр, жыр, тыс, жол, жең, зекір. 2. Дауыссыз дыбыстардың салдыр мен үннің қатысына қарап бөлінуін жазып шық және мәтіндегі дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жаса. Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз. Адамның шын мағынасымен «Адам» болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай жалпы адамзатты сүюі шарт (М.Жұмабаев). 3. Бірыңғай дауыссыз дыбыстан аяқталатын өлең шумағын құрастыр. III деңгей 1.Жұп дауыссыз дыбыстарды жаз және мысал келтір. 2.Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса және дыбыс болмайтын әріптерді тап. Қою, қоян, ноян, фельетон, стиль, аю, кею. 3. Қазақ тіліне тән дыбыстардан басталатын қалалардың атын тап және сол қалалардың ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама бер. БУЫН. ТАСЫМАЛ 1нұсқа I деңгей 1. Тасымал туралы айт. 2. Төмендегі дыбыстардан буын құрайтын дыбыстардың астын сыз. Д, қ, ө, ж, с, е, ш, і, т, з, ү, л. 3. Төмендегі сөздерді буынға бөліп жаз. Қағаз, бүкіл, алтын, жаңа, мақта, көреген, тамыз, таныс, жайна. II деңгей 1.Тек бір буыннан тұратын сөздерді жаз. Үлгі: ер, ұлт. 2.Мәтінде тасымалдауға болмайтын сөздердің астын сыз. 20
Аты жоқ Алдар арып-ашып, азып-тозып, екі күндік жерді бір апта жүріп, Шықбермес Шығайбайдың аулына да жетеді. Кім келіп, кім кетіп жатқанын мүлт жібермей бақылап отыру үшін есігін жолға қаратып, киіз үйін төбенінің басына тіккен. Алдар көсе үйдің сыртымен жағалап, көрінбей келеді. Сараң бай үйінің сыртына қамыс төсеп тастапты. Аяқ бассаң, сықырлап, хабар береді. Аддар оның бәрін бір-бірлеп жинап, былайырақ шығарып тастады. (Ертегілер елінде) 3.«Жаманат» сөзін қандай сөздермен тіркестіре аламыз? адам, жануар, зат, құбылыс, тіркестерді тауып жаз. III деңгей 1. Тасымалдауға байланысты соңғы шығарылған ереже. 2. Төмендегі сөздерді тасымалдауға бола ма? Тасымалданса қалай тасымалдайсың? Электр, станция, ансамбль, вольт. 3. «Астана – әсем қала» атты тақырыпқа шағын шығарма жаз және ғимраттардың «Ханшатыр, пирамида» сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз. БУЫН. ТАСЫМАЛ 2-нұсқа I деңгей 1. Буын құрайтын дыбыстарды жаз. 2. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп жаз. Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап түр. Өмір үшін талмай ізденіңдер?» - дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады. (Ғ.Мүсірепов) 3.Тасымалдауға болмайтын сөзді және буынды тап. Ата-ана, жасырынбақ, ат, шебер, бет, талап, көктем, көк, жаз, ай, жұлдыз, мол, айқын. II деңгей 1.Төмендегі сөздерден ашық буынды тап. Жазушылар, Алматы, кәсіпкер, ел, бала, жақын, тасымал, қырман, жемістер, алтын, қазық. 2. Дауыстыдан бастап тасымалдауға болатын сөздерді және тасымалдауға болмайтын сөздерді тап. 5 кг, ақ, 10 см, тай, сиыр, М.Әуезов, Қазақстан, жақ , кітапхана, жазық, жуық, қиын, тау. 4.Тасымалдауға болмайтын Жетісудегі өзеннің атын тап және ол туралы қандай аңыз білесің? III деңгей 1.Мәтіндегі сөздерді буын түрлеріне қарай талда. 21
Сәлем - арабтың «тыныштық», «бейбітшілік» мағынасындағы «ассалам» сөзінен шыққан. Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні – ең алдымен бетпе-бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану, ниеттерінің ақ, адал, таза екенін білдіру. 2.Тасымалдауға болмайтын сөздердің оншақты түрін жаз. 3.«Мен мұғалім болсам...» тақырыбында эссе жаз. Мәтіндегі сөздерден тұйық буынды және тасымалдауға болмайтын сөздерді тап. ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ. БУЫН ҮНДЕСТІГІ 1-нұсқа
I деңгей 1. Үндестік заңының ережесі? Мысал келтір. 2. Буын үндестігі туралы айт және төмендегі сөздерді буынга бөл. Жарнама, алма, тау, құлын, жүлдыз, әке-шеше. 3. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар араласып келген сөздерді жаз. Үлгі: Астан-кестен (қос сөз) Екібастұз (біріккен сөз) Алгебра (басқа тілден енген сөз). II деңгей 1. Үндестік заңының түрлері. Мысал келтір. 2. Төмендегі мәтіннен сөздерге қосымшалардың жалғану ерекшелігін айт. Жиналған жұрт, театр келгеннен бері талай қойылымды көріп, ләззаттанған, жұрт пьеса авторын, оны қойған режиссерді, басты рөлдерде ойнайтын Күләш, Құрманбек, Қанабектерді сахнаға шақырды. Міне, бұлар - Республиканың халық әртістері, пьесадағы көркемөнердің жаршысы. 3. Соңғы буында [э] [я] және [ю] [х] дыбысы бар және [рк] [рг] [кс] [ск] [нк] [лк] [нг] [кт] сияқты дыбыстар тіркесінен аяқталган сөздерге қандай қосымшалар жалганады? Мысалдармен дәлелде. III деңгей 1. Жуан буынды сөзді бір бөлек, жіңішке буынды сөзді бір бөлек, аралас буынды сөзді бір бөлек жаз және мысал келтір. Аймақ, жұмыс, Кішітау, бүйір, Жезқазған, геометриялық, қазіргі, сал-сері, географияда, солтүстік, оңтүстік, кездесулер, қыз-келіншек. 2. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жаз және мысал келтір. 3. «Мұсылманның бес парызы» деген тақырыпқа мәтін құрап, ішінен басқа тілден енген сөздерді тауып, оның буын үндестігіне байланысты ерекшелігін түсіндір.
22
ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ. БУЫН ҮНДЕСТІГІ 2-нұсқа I деңгей 1. «Үндестік заңы» деп аталуының себебін түсіндір. 2. Төмендегі сөздерден буын құрайтын дыбыстардың астын сыз. Кезекшілер, тауға, аспан, көкпен, жазық, арыстан, аққу, айна, еңбекші, жылқы, күздеу, күлкі. 3. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар араласып келетін сөздерге мысал жаз. II деңгей 1. Төмендегі сөздерден буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды тап. Мектептің, жүрекпен, түнімен, асхана, бейнет, сіңілімдікі, бикеш, арызқой, жалақор. 2. Тек жіңішке қосымша жалғанатын дыбыстар тіркесін жаз және мысал келтір. 3. Тұрмыстық заттарға байланысты жаңылтпаш құрастыр. III деңгей 1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар деп айтылуының себебін түсіндір және буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді табыңыз. Байдікі күзек алады десіп жүрді. Бір күні таңертең тұрсақ, байдың үйінің алдында қойлар көгендеулі тұр. Үлкендер белдеріне ескі шапан, жаманжұман киім байланып алған. Біреулері қырықтық қайрап отыр. Біреулері қой жығып жатыр. Біреулері қой қырқып отыр.(А.Байтұрсынұлы). 2. Төмендегі сөздерге қосымша жалғап жаз және жалғанған қосымшаларды түсіндір. Фильм, руль, альбом, киоск, повесть, грамм, конспект, табель, банк. 3.«Жазғы кеш» тақырыбына шағын мәтін жаз. ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ. ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОЭПИЯ 1-нұсқа I деңгей 1. Орфография деген не? 2. Төмендегі сөздерді орфография бойынша жазып шық. Башшы -сүссе -өнүм -түу-ыйық -тоқыу -іріу-шегара-көкөніс 3.Дыбыстар үндесуінің жасалу жолы. II деңгей 1. Ілгерінді ықпалдан кейінді ықпалдың айырмашылығын түсіндір. 2. Төмендегі сөйлемнен ілгерінді және кейінді ықпалды тап. 23
Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болды. («Қазақтың би-шешендері» жинағы) 3. Түбір мен қосымша, біріккен сөз, сөз тіркестері аралығындағы кейінді ықпалдарға мысалдар жаз. III деңгей 1.Түбір мен қосымша, біріккен сөз, сөз тіркестері аралығындағы ілгерінді ықпалға мысалдар жаз. 2. Ана туралы бір шумақ өлең шығарып, оны буын үндестігіне қарай талда. 3. Киелі сандардың ерекшелігін айт. ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ. ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОЭПИЯ 2 нұсқа Iдеңгей 1. Дыбыс үндестігінің буын үндестігінен айырмашылығын айт. 2. Мына сөздердің айтылуын жаз. Көзқарас, шекара, бейсенбі, білекте, қашса, шашса. 3. Екінші сыңары аралық, тану, сымақ сөздерінен келетін бірікке сөздерді жаз. II деңгей 1.Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді? Мысалмен дәлелде. 2.Мына сөздерге [у] дыбысын жалғап жаз және қандай дыбыс үндестігіне ұшырағанын тап. Тап, жап, қақ, тақ, соқ, жақ, төк, сөк, бүк, ақ. 3. Орфография және орфоэпия туралы айт. Абайдың кез келген өлеңін орфоэпиялық нормамен жазып шық. III деңгей 1. Сөз тіркестерінің аралығындағы ілгерінді және кейінді ықпалды тап. Атың кім? ақ лақ, әкеп бер, сақ бол, көк аспан, көз сал, он бес, төрт қанат. 2. Мәтінді буын және дыбыс үндестігіне қарай талдап шық. Дене шынықтыру жаттығуларымен шүғылдансаң, дәріге пысқырып та қарамайсың. Дене шынықтыру жаттығулары әр адамның жасына, әлқуатына сәйкес әрқилы болу қажет. Орта жастағыларға салт атпен қыдыру тиімді болса, күш-қуаты кеміген адамдарға жаяу жүргені пайдалы. Сондай-ақ бозбалаға қолайлы тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал. (Ибн Сина) 4.Жұмбақтың шешуін тап және шешуінің атына байланысты шағын мәтін жаз. 24
Тігуге де ыңғайлы, Жығуға да ыңғайлы. Көп қанатты мекен-жай. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ 1 нұсқа I деңгей 1. Ілгерінді ықпал дегеніміз не? Мысал келтір. 2. Ілгерінді ықпалдың кездесетін орнын анықта. 3. Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды анықтаңыз Басшысы білімді болса, ел азбас. Түнгі аспан тыныштыққа бөленгендей маужырайды. Құлагердің алдынан қашса, аң құтылмас, артынан қуса жылқы жетпес. Ол маған мазмұнды, мағыналы әңгіме айтып берді. «Ынтымақ түбі – береке» деген мақалдың мәні зор. II деңгей 1.Сөйлем ішіндегі біріккен сөздерден ілгерінді ықпалды табыңыз. Жанаргүл – осы үйдің жалғыз қызы. Осы ойды Талғатбек те айтты. Асылмұрат еліне сағынып оралды. Айт мерекесіне Гүлмайра да келді. Жаннұр сол сәтте сағынышқа бой алдырғанын сезінді. 2.Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды көрсетіңіз. Тоқтай қалды, кеше болды, қатты жүрген, бөлінген жылқылар, еңкейген кәрі, кешке жақын, тізеге тиген, екіндіге қарай екеуі барды, себебін айт. 3.Күрделі сөздегі ілгерінді ықпалды анықтаңыз. Тасбақа, шүйіншөп, адыраспан, Өмірұзақ, Сарыарқа, Қызылорда, алтыбақан. ІІІ деңгей «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбын зертте және елімізде кереметтер қатарына қосар едің?
нені
ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ 2 нұсқа I деңгей 1. Ілгерінді ықпалдың басқа ықпалдан айырмашылығы. 2. Ілгерінді ықпалдың ережесін белгілеңіз. Дауысты дыбыстардың емілесін зерттейді, дауыссыз дыбыстардың емілесін зерттейді, қатар тұрған екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі, алдыңғы дыбыстың соңғы дыбысқа әсер етуі, соңғы дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері. 3.Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды анықтаңыз. 25
Кешкісін есікті ашсын. Болат әскерде аспазшы болған. Оның соғыстан аман келді. Жомарт жайбарақат отыр. Биылғы қыс қатал болды. II деңгей 1. Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындарын көрсетіңіз. 2. Тұрақты сөз тіркестерін жазып, ілгерінді ықпалды табыңыз. 3. «Ауыз» сөзіне байланысты тұрақты тіркестерді жазып, мағынасын анықтаңыз. ІІІ деңгей 1. Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындарын көрсетіңіз. 2. «Менің таңдаған мамандығым» тақырыбына шағын жаз. ЕКПІН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 1 нұсқа I деңгей 1. Екпін дегеніміз не? 2. Мына мәтіннен сөз екпінін тап. Жастардың бүгінгі міндеті - оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Сондықтан, жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек. (Ғ.Мұратбаев) 3. Дыбыс екпіні туралы айт және оған мысал келтір. II деңгей 1. Қазақ тіліндегі екпіннің ерекшелігі, түрлері және бағынбайтын қосымшаларды қатыстырып мәтін құраңыз. 2. Төмендегі шешендік сөзбен ой екпінін тап. Бостандықтың қадірін Жабылғанда білерсің. Қалтаңдағы ақшаңды Қағылғанда білерсің. Денсаулықтың қадірін Ауырға нда білерсің. Ақ бетіңнің қадірін Қан кеткенде білерсің. («Шешендік сөздер»)
екпінге
3. Мәтіндегі кісі аттары туралы білетініңді жаз және мәтіннің жалғасын жаз. Абылай ханның тұсында Қарауыл Қанайұлы Бекболат би Қаздауысты Қазыбекке, Шақшақұлы Жәнібекке еріп, кіші жүз алшынға бір дауға барады. Бітім сөйлеуге кіші жүзден бір кісі шығады. Амандықтан кейін әлгі кісі алақанын ашып үндемей тұрады. 26
III деңгей 1. Ана, еңбек, Отан тақырыптарына мақал-мәтелдер жазып, мағынасына байланысты түсінік бер және тірк ес екпінді көрсет. 2. Мәтіндегі сөздерді барлық екпін түрлеріне қарай талда және мәтіндегі пікірге өз көзқарасың туралы жаз. Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, күнәліні кешіре біл... Өзің де, өзгеге де жақсылық тіле... Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте. (Ахмед Йүгінеки) 3. Өлең кімдікі және не туралы жазылған? «Қызыл кітапқа» енген аңқұстар туралы шағын шығарма жаз. Кей қазақ әдет қылған киік атып, Мүйізін пайда қылып, шетке сатып, Сандалған бір киікке ұшырастым, Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып. ЕКПІН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 2-нұсқа I деңгей 1. Екпін нешеге бөлінеді? 2. Сөйлемдерден дыбыс екпінін тауып, астын сыз. Босағадан аттай беріп: «Би-исми-л-лаһи-р-рахмани-рахим - қайырымды, шапағатты Алла атымен» деп, Ақ інгенге қарай адымдап ала жөнелді. Жүрегі түскір су-у-у ете қалды. Түйе үстінен бұрыла беріп, көріп қалды: - Атпа! - деп, Ақ інгеннің басын бұра бергенше болмады, садақтың өткір жебесі оғы зың-ң-ң етті де, сол жақ тар қолтықтың астынан келіп кірш ете қалды. (Ж.Аймауытов) 3. Төмендегі өлең шумағынан сөз екпінін тап. Көк майса бетегелі жерің қайда? Күмістей толқындаған көлің қайда? Ың-жың боп жер қайысқан төрт түлікпен Жөңкіліп, көшіп қонған елің қайда? (М.Дулатов) II деңгей 1.Екпіннің түрлерін көрсет және мысалдар келтір. 2. Мәтіндегі тіркес екпінді тап. Хан мен қадірлес, халықпен сырлас қария едіңіз. Хан артында қара тұман қалды, қара тұман ортасында мен қалдым. Көзсіз көбелектей болып қалғанымда, осы уақытқа дейінгі ат ізін салмағаныңызға, несін жасырайын, өкпелеп жүр едім. («Шешендік сөздер») 27
3.Берілген сөйлемдерді ондағы сөздерге логикалық екпін түсетіндей етіп құрып, екпін түскен сөздердің орын тәртібі мен айтылу мақсатын түсіндіріңіз. Ұзамай бұл дүрбелеңде де аяқталды. Бәйкен қарт сақтық, ұстамдылық, керектігін ескертті (Ғ.Мүс.). Тимка менімен бұл жолы да амандасқан жоқ (Ғ.Мұст.). Осы ауылға жаңадан келген мұғалімсіз. Мен саған әбден түсінікті етіп айтып берейін. Жомарт жымия күліп, үнсіз қалды (Ә.Әл.). III деңгей 1. Төмендегі мәтінді екпін түрлеріне талда. Ел ішіндегі ауыр хал мен өкілдерінің озбырлығын айтып, Жетек шешен Әбілқайыр ханға бірнеше рет барды. Бірақ хан сөзге құлақ аспай елдің тұрмысын жеңілдету қамын ойламады. Осыған ренжіген Жетес рулы елімен бергі көп момынға қарай көшіп кетеді. Әйтседе көш кеш шығып қалып, мөлшерлі жерге, көп момынға жете алмай, қыс түсіп кетіп, жолда қыстап қалады. («Шешендік сөздер») 2. Мөңке би Сырымға үш сұрақ қойыпты, сұраққа жауап бер. Таудан биік не бар? Судан терең не бар? Оттан өткір не бар? («Шешеидік сөздер») 3.Бірыңғай дауыссыз дыбыстан басталатын өлең шумағын құрастыр және екпін түскен дыбысты немесе буынды көрсет. Қосымша тапсырмалар 1 тапсырма № 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Дыбыстар А Ұ И О Ы Ө Ү І Е Ә О, ө Ұ,ү И, ы А, о Ә,ө Ү,і А,ұ У,ө Ұ,ы Ө,ұ Ы, и,і,е
Жуан +
Жіңішке
Ашық +
28
Қысаң
Еріндік
Езулік +
22 23 24 25 26
О,а,ә,е А,о,ұ,ы О,ө,ұ,ү А,ә,е,и Ұ,ү,у,о
2 тапсырма № 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
П Ч В Г Ф Р Т Л Б К М Қ Ғ Ш Й С З Д У Ж Н Ц Х Һ Г,д Й,л
3 тапсырма
№ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Дыбыстар
Мысалдар Алаша Дүлдүл От Аласа ор Жол Көл Айт Қас Тарс Боса Бағалау
Ашық буын +
Ұяң
Тұйық буын
29
Үнді
Бітеу буын
Қатаң +
Аралас буын
13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
Жазайық Сәл Ағеке Бағбан Аналық Тамаша Қант болжаусыз аласапыран Дәстүрлі Оңаша Белбеу Ант мазмұндама
4 тапсырма №
Мысалдар
1 2 3 4 5 6 7 8
бір күні Жанбады боз жігіт айтып бар атың кім Меңдіқұл қара көз жұмыс шамасы тұзсыз ары қарай Қандыағаш сенбі дүниеқор өсімтал жанға рахат Қараөзек Есжан Асанбек жүз жол дәріхана бес жыл қазжуа Айлакер Мұраттікі жылы қора Басеке
9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
Сөз ішіндегі ілгерінді ықпал
Сөз аралығындағы ілгерінді ықпал +
Сөз ішіндегі кейінді ықпал
30
Сөз аралығындағы ілгерінді ықпал
Тоғыспал ы ықпал
Үндестік заңына бағынбай тын қосымша
5 тапсырма №
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
Мысалдар
Сәтпек Баралмады Рәтбек Көзүлдүрүк Бүгінгі Бұрынғы Жұмысшы Күмшшан Құрұлұшшұ Саралма Құмырсқа Қыйылыс Сияқты Байыйды Жиналыс Қиындық Ойыушы Жәмилә Рәсуа Жайбарақат Ләзәт Жұлұн ығы-жығы қара ала Бозжан
6 тапсырма
№
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 13 14 15 16 17 18
Мысалдар
Сәтпек Баралмады Рәтбек Көзүлдүрүк Бүгінгі Бұрынғы Жұмысшы Күмшшан Құрұлұшшұ Саралма Құмырсқа Қыйылыс Сияқты Байыйды Жиналыс Қиындық Ойыушы
Сөздің орфографиялық нормасы
Сөздің орфоэпиялық нормасы
Сөздің орфографиялық нормасы
Сөздің орфоэпиялық нормасы
31
19 20 21 22 23 24 25 26
Жәмилә Рәсуа Жайбарақат Ләзәт Жұлұн ығы-жығы қара ала Бозжан
Фонетиканы қорытындылау тапсырмасы: Фонетика бойынша сызба немесе схема сызыңыз. Фонетикалық талдау үлгісі
Талдау реті: 1.Сөзді буындарға бөл, буындардың түрін ата. 2.Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатынасына қарай талда. 3.Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, дауыссыздың қай түріне жататынын анықта. 4.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта. 5.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма? Бар болса, түсіндір. Талдау үлгісі: құлыншақ – құ-лын-шақ, үш буынды: 1-ашық, 2, 3 – бітеу буын. қ-дауыссыз, қатаң ұ-тілдің қатысына қарау дауысты, жақтың қатысына қарай қысаң, еріннің қатысына қарай еріндік л-дауыссыз үнді ы-дауысты, жуан, езулік н-дауыссыз, үнді ш-дауысты, қатаң а-дауысты, жуан, ашық, езулік қ-дауыссыз, қатаң А) Сөздің 1 буынындағы «ұ» ерінді дауыстының әсерінен 2-буындағы «ы» дыбысы «ұ» болып айтылады: құ-лұн-шақ. Ә) Сөздің үш буынындағы да дауысты дыбыстардың жуан болуы үндестік заңына бағынады.
32
Ескертпе ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------33
Ескертпе ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------34
Әдебиеттер 1.Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, №4.1938. 2.Қыдырниязова А. Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы А.2012ж. 3.Қыдырниязова А., Карина Л. Орфография және тыныс белгілер А.2010ж. 4.Мырзабеков С. «Дыбыс жүйесi». Алматы, 1999ж. 5.Мырзабеков С. «Қазақ тiлiнiң фонетикасы» Алматы, 1995ж. 6.Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері. Пед.ғыл.докт.дис.-Алматы, 1996 7.Прәлиева А., Әбуева К. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. – Алматы, 1992ж. 8.«Қазақтың би-шешендері» жинағы А.1995ж. 9.«Шешендік сөздер» жинағы А.1998ж. 10. І.Жансүгіров «Қартқожа» романы 11. М.Әуезов «Абай жолы» романы 12.Бейсенбаев К. «Қазiргi қазақ тiлi фонетикасы». Алматы, 1973ж. 13. Кәтенбаева Б. Қазақ тілінен метоликалық нұсқау. – Алматы, 1993. 14.Дүйсебаева М. Фонетиканы оқыту // Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1988 15.Жанпейісова М.Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде А.2006ж. 16.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990ж. 17.Кеңесбаев I., Ғ.Мұсабаев «Қазiргi қазақ тiлi» (лекция мен фонетика). Алматы, 1995 ж. 18.Қазақ тілі талапкерге арналған оқулық – тест Шың-кітап.2009ж. 19.Қазақ тілінің анықтамалығы А.2009ж. 20.Құрман Н.Ж. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері: Монография. – Астана: Тіл комитеті, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы 2000ж.
35
МАЗМҰНЫ Кіріспе................................................................................................................. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ. Тіл білімінің саласы фонетика ............................................................................... Дыбыстардың жіктелуі....................................................................................... Дауысты дыбыстар............................................................................................. Дауыссыз дыбыстар........................................................................................... Буын.................................................................................................................... Тасымал.............................................................................................................. Үндестік заңы..................................................................................................... Буын үндестігі...................................................................................................... Дыбыс үндестігі................................................................................................... Орфография мен орфоэпия................................................................................ Екпін..................................................................................................................... ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ Деңгейлік тапсырмалар...................................................................................... Қосымша тапсырмалар....................................................................................... Фонетикалық талдау үлгілері............................................................................. Ескертпе............................................................................................................... Әдебиеттер..........................................................................................................
36
3 5 7 7 8 10 11 11 11 12 14 14 16 28 33 33 35