Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»
Бақтыбаева К.С., Әлімбек Д.Қ. ON-LINE САБАҒЫН ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ Әдістемелік құрал
Тараз, 2014
ӘӨЖ 373.1 ББК 74.202 Б 21 Пікір берушілер: Ибраимова Л.Н. –Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Смайлова Ұ.М. – «Өрлеу» АҚ БАҰО Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері, физикаматематика ғылымдарының кандидаты Б21
Бақтыбаева К.С., Д.Қ.Әлімбек. Оn-line сабағын өткізу әдістемесі: Әдістемелік құрал –Тараз, 2014. – 41 бет.
ISBN 978-601-7211-39-4 Әдістемелік құралда оқушылардың жеке дамуы траекториясын анықтау мен дамытудың тәсілі ретінде on-line сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері, сипаты мен түрлері қарастырылған. Бұл құрал мектеп мұғалімдеріне сабақтарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, сондай-ақ сабақтарды on-line режимінде өткізу ерекшеліктеріне назар аударылған.
Жамбыл облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының Сараптау Кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (№8 хаттама, 23.10.2014 ж.) ӘӨЖ 373.1 ББК 74.202
ISBN 978-601-7211-39-4
© Бактыбаева К.С., Әлімбек Д.Қ., 2014
Мазмұны Алғы сөз................................................................................................................3 1.Онлайн сабақтардың сипаты мен түрлері......................................................4 2.Elluminate қолдану арқылы өткізілетін сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі..............................................................................................................9 3. Онлайн режимінде интерактивті сабақтарды өткізу нұсқаулығы............27 Әдебиеттер ........................................................................................................41
3
Алғы сөз Экономиканың дамуы мен қызметінің жаңа жағдайында орта білім беру жүйесі соңғы онжылдықта бұрынғы қалыптасқан сапалы білім беру дегеніміз не деген мәселені қайта қарастыруға мәжбүр болып отыр. Қазіргі білім беру жүйесінің міндеті тұлғаның тек білімін, біліктілік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар техника мен технология, еңбекті ұйымдастырудағы өзгерістерге бейімделу қабілеттерін дамыту болып табылады. Бұл мәселені шешу білім мазмұнын модернизациялау, білім беру технологияларының тиімділігін арттырумен және сөз жоқ білім мақсаты мен нәтижесін саралаумен байланысты. Бүгінгі қоғам өз даму жолында ақпараттық коммуникаиялық байланыс мәселелері көкейкесті болған білім беруді ақпараттандырудың жаңа сатысына өтті. Ақпараттық коммуникациялық байланыс жағдайында педагог ролі оқушыларды жергілікті және ғаламдық желілер ортасында өз бетінше ақпарат іздеп, талдауға, жаһандану жағдайында іс-әрекетті бағалау, негізгі тенденциялар проекциясын өз траекториясына өзгертуді іске асыру жолдарын таңдауға бағыттай отырып өзгереді. Желілік әлемде қарым-қатынас жасаудың объективті жағдайы білім беру процесінің барлық субъектілеріне ақпарат алмасу мен алуға теңдесіз мүмкіндік беретін кең жолақты қолжетімділік болып табылады. Интернет ақпараттардың әзірлену, алыну, таратылу қолжетімділігіне кепілдік беретін ашықтық сипатымен және коммуникацияға арналған жаңа тораптармен кеңейтілуімен коммуникациялық медиум ретінде адамдарға ғаламдық ақпараттық білім беру ортасында қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Орта мектепте ақпараттық коммуникациялық қарым қатынас мәселесі қазіргі уақытта білім алудың заманауи педагогикалық тәсілі ретінде онлайн сабақтарды өткізу алгоритмін анықтау жолымен шешілуде. Онлайн сабақ оқу орнының ақпараттық-білім ортасына жұмылдырылған білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің өнімді интеракцияға мақсатты бағыттап ұйымдастырылған үдеріс. Мектептерде онлайн сабақтарды ұйымдастырудың ғылыми негізделген әдістемелік ережелерінің болмауы желі арқылы қарым қатынас жасаудың көптеген мәселелерін шешуді қиындатады.
4
1. Онлайн сабақтардың сипаты мен түрлері Онлайн сабақ – қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру формасы және дидактикалық циклдің бірегейі. Дидактикалық онлайн сабақ оқушылар мен мұғалім іс әрекетінің мазмұнын біріктіретін, оқу материалын игеру заңдылықтары мен технологиялық және пәндік жағдайлармен реттелетін, құрылымы анықталған, дидактикалық мақсат бірлігімен сипатталады. Ұйымдастырушылық тұрғыда онлайн сабақ оған жіберілетін уақыттың анықталуымен, оқушылар құрамының тұрақтылығымен, бекітілген сабақ кестесі бойынша, бір ғана виртуалды сыныпта өткізілуімен сипатталады. Онлайн-сабақтардың негізгі типтері: жаңа білімді қабылдау мен игеруді ұйымдастыру, білімін және дағдыларын қалыптастыру, проблемалық сабақ, аралас сабақ. Онлайн сабақтың педагогикалық ерекшеліктері: – Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасының тәрбиелік және оқыту функциясының, оқыту құралдары мен мазмұнының бірілігі; – «Форум», «Чат», «Блог» және т.б. режимдерде жазбаша жауаптары арқылы көрінетін оқушылардың белсенділігі; – Танымдық іс-әрекетін дамыту (яғни шығармашылық ізденіс үдерісінде жаңашылдықты тану білігі мен талпынысы); – Дидактикалық мақсаттың бірлігі және оған жекелеген элементтердің немесе сабақ бөлігінің бағыныштылығы; – Сабақты және оның бөліктерін оқу материалдарын игеру заңдылықтарын, оқу орны мен оқыту әдістерін немесе оқыту жүйесін тұтас алғанда бөліктерін (тақырыбы, бөлімдері, курстары), білім мазмұнын есепке ала отырып құрылымдау. Сабақ тиімділігін қамтамасыз ететін бұл сипаттардың міндеттілігі бір жағынан оқыту үдерісінің объективтілігінен, екінші жағынан –білім мазмұны мен игеру заңдылықтарын және т.б. мұғалімнің тануына тәуелділігінен көрініс береді (Оқыту үдерісінің субъективті аспектісі). Сонымен қатар сабаққа қойылатын талаптарды сақтау оқушы топтарының ерекшелігіне және даму деңгейіне сәйкес мұғалімнің әдістемелік шеберлік еркіндігі мен шығармашылығын шектемейді. Онлайн сабақ педагогы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жеткілікті деңгейде игерген болуы керек. Қашықтықтан оқыту жүйесінде оқу іс-әрекетін ұйымдастыру оқытушыдан оқыту үдерісін дәстүрлі оқыту жүйесінен ерекшеленетін, арнайы ақпараттық-білім беру ортасында құрылымдауды талап етеді. Мұғалім «сыныпты» географиялық орнына қарамастан өзіне ыңғайлы уақытта жинай алады. Сыныптағы оқушылар жұмысын Интернет-технологиясы желісінің ресурстарын қолдану арқылы келесідей ұйымдастыруға болады: • фронтальды (жаңа материалды игеру); • жеке (оқу ақпаратын іздеу, таңдау және талдау); 5
• топтық (ортақ оқу жобасын орындау); Онлайн сабақтың негізгі мақсаты сабақтың үштағанды дидактикалық мақсатына сәйкес келеді. білім беру аспектісі: білімін кеңейту, әртүрлі ғылыми әдістерді қолдану дағдысын бекіту, оқып үйрену объектілерінің ара қатынасы мен байланысын зерделеу; дамыту аспектісі: оқушыларда танымдық қызығушылықтарын, талдау, салыстыру, жалпылау білігін, пәнаралық байланысты құрылымдауды дамыту, шығармашылық іс-әрекеттерін белсендендіру; тәрбиелік аспектісі: ғылыми дүниетанымын тәрбиелеу, жеке және топтық жұмысты нақты ұйымдастыру білігі, көмек беру, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыру. Виртуалды оқу сыныбы (ВОС) – бұл шамамен бір жастағы және бірдей дайындықтағы оқушыларды біріктірудің негізгі ұйымдастырушылық формасы. Онлайн сабақтарды ұйымдастырудың маңызды аспектісі оқушы мен мұғалім арасында тиімді қатынас орнатуға жағдай тудыратын интерактивтілік болып табылады. Видеоконференция технологиясын пайдалану арқылы онлайн сабақ жүргізу әдістемесі. Видеоконференция технологиясын қолдана отырып өткізілетін онлайн сабақ георафиялық орналасуымен шектелмейтін білікті педагогтар мен оқушылардың қатысуы арқылы нақты интерактивті режимде өткізіледі. Онлайн сабаққа қолжеткізу және қатысу үшін жеке компьютерлері немесе өз мектебіндегі компьютерлік сынып компьютерлерін қолдана алады. Екі жақты коммуникация үйден немесе мектептен шықпастан тікелей сыныпта, оқуға ыңғайлы жағдай жасай отырып, тиімді және сапалы сабақ жүргізуге мүмкіндік береді. Сабақта әдетте бір педагог және әрқайсысы жүйеге қосулы алты-сегіз оқушы болады. Сабақ барысында мультимедиалық материалдар: видео, бейне, мәтіндер мен аудиожазбалар қолданылады. Онлайн сабақтарды ұйымдастыру үшін білім беру үдерісіне қатысушы субъектілердің байланысын орнататын білімдік ортаны қолдану керек. Ақпараттық-білімдік орта көпшілік жағдайда портал ретінде жылдамдығы жоғары байланыс арнасы арқылы Интернетке қосылған дамыған қолданушылық интерфейсі бар және белгілі бір аудиторияға бағытталған тұжырымдамалық және мазмұндық жағынан кең ауқымды ақпараттық ресурстар мен қызметтерге қолжетімді болатын желілік торап. Технологиялық тұрғыдан алғанда портал Интернеттегі ресурстар мен қызметтердің жүйелі түрде деңгейлік бірігуі немесе біртұтас мәліметтер қоры мен бірыңғай ақпарат алмасу стандарттарымен біріктірілген сайттар жүйесі болып табылады. Қазіргі кезде әрбір білім мекемесінің өз білім порталы бар, бұл үрдіс біртіндеп колледждер мен мектептерде де байқалуда. 6
Педагогикалық платформа ретінде ақпараттық-білімдік орта оқу үрдісінің барлық түрлерін және білім беруге қатысушы субъектілер арасындағы байланыс түрлерін қолдайды. Өз кезегінде портал қашықтан әрекеттесу ортасы ретінде әр түрлі ақпараттық ресурстарды жариялау құралымен және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ете алуы керек. Ақпараттық ресурстарға оқу бағдарламалары мен жоспарлары, сабақ жоспарлары, әдістемелік мақалалар мен құралдар, слайдтар жиынтығы, электронды оқыту құралдары, сандық интерактивті мультимедиалық білімдік ресурстар (СИМБР), тестілеуші бағдарламалар, лекциялар мәтіндері т.с.с. жатады. Порталдың ажырамас ерекшеліктерінің бірі үлгерім мен білім сапасының мониторингінің нәтижелері, тестілік білім үзіктерінің қорытындыларының болуы. Онлайн сабақты жүргізгізу оқушылардан оқу материалдарын электрондық оқулықтар, дискідегі СИМБР түрінде электрондық поштадан немесе порталдан алады. Онлайн сабақтарға дәстүрлі сабақтарға қойылатын талаптар қойылады, яғни әрбір сабақта білім бағаланады, шаблон немесе түсініктерді тексеру арқылы жаттығулар орындалады. Әр сабақтан соң оқушыларға электрондық оқулықтардан үй жұмысы беріледі. Видеоконференция технологиясында бейне және аудио мәліметтерді жоғарғы жылдамдықтармен беру, форумдар, чаттар аясындағы соңғы жетістіктер қолданылады. Оқушылар порталда тіркелгеннен кейін ВСБ-не кіруге мүмкіндік беретін қолданушы аты мен құпиясөзін алады. Сабақ материалдары дауыстық нұсқаулықтар, бейнежазбалар арқылы беріледі. Сабақ барысында оқушылар мұғалімді көріп отырады, ал мұғалім вебкамера қосулы тұрған қатысушыларды көре алады. Олар микрофоны бар гарнитура арқылы сөйлеседі, PowerPoint презентацияларын, бейнеклиптарды, аудиожазбаларды, суреттер мен мәтіндерді көруге мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалім нақты уақытта өзекті ақпараттар алу үшін веб-сайттарға бірлесе кіруі мүмкін. Пәндер бойынша онлайн сабақтарды жобалау және жүргізу әдістемесі мақсаттардан нәтижеге дейінгі үдерістер автоматтандырылған дидактикалық бірліктер болып табылатын СИМБР-на негізделеді. Олар мамандандырылған технологиялар (әрбір жаңа оқиғалардан кейін автоматты жаңарып отыратын браузер терезесі) немесе арнайы технологияға негізделген «чат эмуляторы» болуы мүмкін. Сонымен қатар қолданушының таңдауына байланысты ашылатын оқу курсының немесе жекелеген сабақтың форумдар, әрбір қатысушының электрондық пошта жәшігі және барлығы бірлесе бір мезгілде жұмыс жасай алатын жалпықолжетімді құжат қолданылады. Осылайша бір терезеде сабақ ресурстарын қолдану тәсілі арқылы сабаққа қатысушылардың қарым-қатынасы жүзеге асырылады. Осы уақытта ресурс орындалатын қадамдардың реттілігі мен мазмұндық толықтырылуы орындалады. 7
Онлайн сабақта бірнеше үдерістер бір мезгілде жүргізілуі мүмкін, сынып оқушыларын бірнеше топқа бөліп, олармен әр түрлі чаттар, форумдарда әрекеттесіп, басқа топпен тестілеу жүргізуге болады. Бұл кезде сабақтың веб-орындалуы конференция, ойтүрткі, сөзжарыс, байқаулар т.с.с. формасын алады. Форумда оқу курсы бойынша жалпы ұйымдастырушылық сипаттағы ақпараттар орналастырылады. Әрбір мұғалімге өзінің сәлемдесуін және соның ішінде алдағы сабақтың жоспары мен қажетті нұсқаулықтарды орналастыру ұсынылады. Ең бастысы мұғалім алдағы жұмыс ережелерін нақты белгілеп, қолжетімді оқу материалдарын зерделеуді ұйымдастыруды жобалап алуы қажет. Бұл пәннің мақсаттарымен және міндеттерімен, сабақ мазмұнының бастапқы жағдайымен, курсты зерделеудегі мазмұндық бағыттармен анықталады. Онлайн сабақтарда проблемалық сұрақтар мен мәселелер жан-жақты талданады. Проблемалық сұрақтар оқушылардың ойлау белсенділігін арттырып, шығармашылық зерттеушілік жұмысқа жетелейді. Сұрақтар алдын ала бағдар ретінде форумда жарияланып, қорытынды талқылауда мини-конференция түрінде оқушылардың ұтымды жауаптарын талдауға ұсынылады. Сабақты жобалау үшін мұғалімде қай сабақта басқа сабақтың қандай терминдері қолданылатыны, олардың арасында ортақ сілтемелер барлығын көрсететін «оқу пәнінің картасы» болғаны жөн. Интернет-сабақтар кезінде картадағы мәтіндік сілтемелер арқылы қажетті ресурстарға оңай өтуге болады. Онлайн сабақ алдында дәстүрлі сабақтағыдай мұғалім қолданылатын әдістемелерін тағы бір рет саралап алады. Қажеттілікке қарай сабақ мазмұны мен түріне толықтырулар енгізілетін болса, бұл туралы оқушыларға хабарлау керек. Онлайн сабақтарды ұйымдастырудың тағы бір нұсқасы рольдік ойындар түріндегі сабақ болып табылады. Сынып оқушылары кіші топтарға бөлініп, өз терезелерінде ұсынылған тапсырманы талқылайды. Топтарға төмендегідей тапсырмалар ұсынылуы мүмкін: 1. Сабақ мәтінін талдау. Автордың көзқарасы туралы не айтасың? 2. Аталған көзқарастарға сәйкес ресурстарды Интернеттен тауып, сілтемелерін форумға орналастыру. 3. Берілген тақырыптар бойынша отандық және шет елдік ғалымдардың пікірлерін қысқаша сипаттау. 4. Тақырып бойынша интернет беттерінде қандай ақпараттар бар, оларға өзіңнің пікірің қандай? 5. Форумда түсініктерді талқылау, салыстыру, қолданылу жолдарын ұсыну.
8
2. Elluminate қолдану арқылы ұйымдастыру әдістемесі
өткізілетін
сабақтарды
Интерактивті құрылғылар мен Elluminate бағдарламалық қамсыздандырылуын қолданып ұйымдастырылған сабақтардың дәстүрлі сабақтарға қарағанда біршама артықшылықтары бар: сабақтың ақпараттық кеңістігін кеңейту, мұғалім мен оқушы әрекеттерінің коммуникациялық құраушысын дамыту, басқа мектептермен, жоғарғы оқу орындарымен бірлесе кіріктірілген сабақтар өткізу, сабаққа қатысушы топтар мен кіші топтардың географиялық орналасуынан тәуелсіз «сынып» жинау. Бұл модель алыс аудандардың, оқушы саны аз мектептер үшін өте қолайлы. Интерактивті құрылғыларды қолданып өткізетін онлайн сабақтарды ұйымдастыру төмендегідей кезеңдерден тұрады: Тақырыпты анонстауға білікті мамандар тартылады; Мұғалім түсіндірмесі жоғарғы оқу орынының оқытушысы немесе практик-маманның пікірлерімен сүйемелденеді; Білімін бақылау кезінде топтар менкіші топтар жасаған жобалар қорғалады, оларға сабаққа тартылған мамандар пікір айтаалады. Онлайн сабақ құрылымы дәстүрлі сабақ құрылымындай: білімдерін өзектендіру, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бақылау. Қолданылатын әдістеріде ұқсас: түсіндірмелі-иллюстрацияланған, репродуктивтік, дербесізденушілік, т.б. Бірақ интерактивтілікке бағытталуы, конультантмамандармен жедел байланыс, сабақтың ақпараттық кеңістігінің кең болуы ашық білім алу түріне көшіреді. Интерактивті онлайн сабақтардың дидактикалық мүмкіндіктері: • Басқа пәндермен кіріктірілуі; • Бағдарламалық жадығаттар аясында берілетін ақпараттардың жүйелілігі және ғылыми деңгейінің жоғары болуы; • Компьютерлік коммуникациялар мен интерактивтілік мүмкіндіктерін қолдануды барынша қамтамасыз ету; • Оқыту үрдісінің әдістемелік сүйемелденуі. Телекоммуникациялық және интерактивтік технологияларды қолдану жаңа сападағы интернет коммуникацияларға қол жеткізіп, жоғарғы және мамандандырылған оқу орындарының оқытушы, мамандарынан жедел консультациялық көмек алуға жағдай жасайды. Сонымен қатар сабақтың ақпараттық кеңістігін кеңейтіп қана қоймай, сапалы педагогикалық диалог ұйымдастыруға жол ашады. Мұндай онлайн сабақтың негізіне бейнеконференция байланысы технологиясы алынады, арнайы қосымша құрылғылар (веб-камера, дыбыс микшері, микрофон, т.с.с.) қолданылады. Бейнеконференция байланысының сапасы құрылғылар мен телекоммуникациялық каналдың өткізу мүмкіндігіне тәуелді болады. Бейнеконференциялардың дидактикалық қасиеттері: Оқытушы мен оқушылардың синхронды ақпарат алмасуы; 9
Оқу іс-әрекеттерін түрлендіру; Демонстрациялық оқу жадығаттарын мультимедиалық түрде беру, эксперименттер мен тәжірибелер жасау және оны топпен талдау, ақпаратты интерпретациялауды ұйымдастыру. Онлайн сабақтарды ұйымдастырғанда төмендегідей принциптер ұсталынады: Жүйелілік принципі барлық оқыту кезеңдерінде қамтамасыз етіледі; • Оқушылармен жеке жұмыс принциптері олардың жасерекшеліктерін, білім деңгейін, оқу жадығаттарын қабылдау машықтарын, қызығушылығын ескеруге бағытталады; • Оқушылардың белсенділік принципі интернет технологияларды қолдануда ақпараттар ағымында бағдарлай алуымен және өзіндік ойлау қабілеті арқылы анықталады; • Білім ресурстарын тарату принциптері оқу ақпараттарын ұсыну және жеткізу түрлерімен анықталады; • Оқыту үрдісіне авторлық қатысу принципі; • Интерактивтілік принциптері желілік коммуникациялар арқылы білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың байланыс жасауымен анықталады. Elluminate Live!Программасының интерфейсі
10
Қатысушылар терезесі Рұқсат беру
Сұрыптау Қол көтеру
Уақытша шығу
Эмоциялар
Қолды көтеріп/түсірген кезде тізім автоматты түрде қайта сұрыпталады.
11
• Басқару құралдары – Қатысушы атын таңдап, менюді ашу үшін тышқанның оң жақ кнопкасын шертіңіз. – Модератор статусын алып тастаңыз немесе беріңіз
Қатысушылар терезесі: Іс-әрекет индикаторлары • Сары ореол • Қызыл және жирен индикаторлар – Сынып тақтасы – Аудио – Программаларды бөлу – Видео
Хабар мәтінін енгізу өңезі
Хабарды жіберу кнопкасы
Кімге жіберу қажеттігін таңдау 12
Хабарларды фильтрлеу ережесі
Дата/уақытты тіркеу
• •
• •
Хабарландыру Жалпы және жеке хабарлар Түстер сәйкестігі: – Қара - жалпы – Көк – сіз жіберген немесе қабылдаған жеке хабарлар – Қызыл – қатысушыдан қатысушыға жеке хабарлама – Ерекшеленген мәтін – хабарландыру Рұқсат Сақтау
Дыбыс терезесі (аудио)
• • •
Микрофонды оптималды баптау Қатысушы дыбысын баптау Дыбысты баптау көмекшісі 13 – Tools Audio Audio Setup Wizard
Видео терезесі
Сынып тақтасын лездік суретке түсіріп алу
14
Қолданушы мәліметтері
• • • •
Tools Preferences > Profile (PC users) Elluminate Live! Preferences > Profile (Mac users) Tools > Profile > Show Profiles Жазу/жүргізу кезінде қолжетімді
Сессияны жазып алу • Басқару элементтері – кнопкаларына қол жеткізу – ИнструментыМагнитофонСтереть записанное… • Индикатор • Жазба электрондық хат сілтемесінен, веб-беттен, шынайы мессенджерден қолжетімді. Презентацияларды жүктеу
15
Файлды жүктеу
Ауысу кнопкасы
Қажетті слайдқа өту
Сынып тақтасының құралдарын пайдалану
16
Ерекшелеу құралы
Мәліметтерді тақтаға жүктеу
Кескіні бар файлды жүктеу Шаблон қосу Экран түсірілімін қосу
Алдыңғы сақталған суретті немесе PowerPoint презентациясын, тақтаны жүктеу
Тақта қосу
Суретті жүктеу
17
Шаблонды жүктеу
Экран түсірілімі • Компьютердегі қандай да бір программаның экраннан кескінін алу үшін қолданылады.
18
Түсірілімді тақтаға орналастыру
Тақтаны сақтау • Қолжетімді форматтар – WBD, WBP, PDF, PNG
Сауалнама жүргізу • Типтері • Нәтижені шығару • Нәтижені жасыру • Нәтижені құлыптау • Нәтижені жариялау
19
Жауаптарды есепке алу және тазарту
– Модератор жауаптарды тазарта алады
Сауалнама үлгісі • PowerPoint файлын Elluminate Live! Сессиясына жүктеу үшін қай кнопканы басу керек?
A
C
B
D
Сауалнама нәтижелерін сақтау
20
Презентация режимі • Қатысушыларды толық –экранды режимге көшіреді – Бөлінетін қосымшаны немесе тақтаны бейнелейді – Қолданушылар мазмұнның тек бөлігін ғана көреді
21
Презентация режимі және қосымшаларды бөлістіру
Модератор
Участник
Тақта - презентациялау режимі
Презентация режимін аяқтайды және презентация режиміне ауыстырады
22
Ішкі топтар (жұмыс бөлмесі мен тақтаның қалған атрибуттары бар жұмыс тобының бөлігі) • Сұрақтар – Ішкі топты құру – Мазмұнын алдын ала жүктеу – Қатысушыларды ішкі топтарға ауыстыру – Ішкі топтарды жабу
Ішкі топтар – Автоматты бөлістіру • Бөлмені жылдам әзірлеп, толтыру • Қатысушылар терезесінен тышқанның оң жақ кнопкасын шерту және DistributeParticipantsтаңдау (Қатысушыларды бөлістіру)
23
Ішкі топтарды басқару • Қатысушылар – Қол көтеру – Жеке хат алмасу – Әрекет индикаторы
Ішкі топ бөлмесінің мазмұнын басқару • Негізгі жұмыс бөлмесінен Жүктеңіз, Қиыңыз, Көшіріңіз&Қойыңызнемесе Экран шолушысын пайдаланыңыз
24
Бөлмеден бөлмеге ауысу • Атауды таңдап, тышқан кнопкасының оң жағын шертіңіз • Бірнеше бөлме таңдау мүмкіндігі бар
Жазбалар • Модераторлар мен қатысушылар жұмыс сессиясы кезінде ескертпелер жасай алады. • Ескертпелер қолданушы компьютерінде автоматты түрде сақталады • Ескертпелер жазбалармен синхрондалады
25
Ескертпе терезесі
Файл алмасу • Файлды серверге жүктеу • Қатысушылар файлды өз
компьютерлеріне сақтай алады
26
Берілген файлдарды алу • Файлдар қатысушылар жүктеу үшін қойылады – Қатысушы Сохранить пунктін таңдауы керек – Қатысушыларды қосымша хабардар етуге болады
3. Онлайн режимінде интерактивті сабақтарды өткізу нұсқаулығы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету атап көрсетілген. Орта білім беруде оқушы, мұғалім қазіргі ақпараттық технологияларды тиімді қолдана білуі және интернет ақпараттарын пайдалана алуы тиіс. Білім беруді ақпараттандырудың жаңа бағыты – дәріс сабақтарын online режимінде өткізу болып табылады. ElluminateLive виртуалды сынып бөлмесі арқылы интерактивті онлайн сабақтарыөткізіледі. Онлайн режиміндегі сабақтар өзіне тән әмбебаптығы, интерактивтілігі, қызметінің көп жақтылығымен ерекшелінеді. Онлайн сабақтарды өткізу үшін www.elp.kz порталында өз бөлмеңіздің болуы қажет. www.elp.kz порталынанбөлме міндетті түрде сатып алынады,бөлме аты (логин), құпия сөзі (пароль) жолданады. Егерде лицензиялар мерзімі аяқталса, тіркелген мерзім аралығынан ұзартып отыру қажет. www.elp.kz порталы арқылы тәжірибе алмасуға, ақпарат жіберуге,әріптестеріңізбен қарым-қатынас жасай отырып, өз жеке блогыңызда хабарлама жариялауға мүмкіндіктер бар. Сабақта тақырыптық Интернет ресурстарын қолдану әдістемесі Сабақта тақырыптық Интернет ресурстарды қолдану әдістемесі келесі әдістемелік тәсілдерді пайдалану мүмкіндітеріне негізделеді: 27
1. Мұғалімнің Интернет ресурстарын пайдалануы: қажетті тақырып бойынша сайттарды зерттеу, басқа сыныптар мен пән мұғалімдерімен бірлескен әрекет, порталда жеке материалдарды жариялау; 2. Оқушылардың Интернет ресурстарын пайдалануы: мәтіндік матералдарды оқуда және онлайн инструменттерді пайдалану; Білімді игеруді бағалау: Өзін-өзі тексеруге арналған тесттер, желілік конкурстар, олимпиадалар, викториналар. Онлайн сабақтарды өткізу әдістемесінде жоба әдісін қолдануға болады. Жоба әдісі – оқушылардың бірлескен оқу-танымдық, шығармашылық, ойын әрекеттерін жалпы мақсатқа жету үшін ұйымдастыру тәсілінің бірі ретінде түсіндіріледі. Жоба бойынша жұмыс жасау барысында Интернеттің барлық мүмкіндіктерін іске қосуға болады. Қажетті мәліметтерді іздестіру барысында жобаға қатысушылар виртуалды кітапханалар, мәліметтер қоры, виртуалды кафе мен мұражай, электронды поштаның мүмкіндігін пайдалануға болатын түрлі білім беретін мәліметтер серверлері, телеконференциялар, чат технологияларына кіреді. Жоба дайындау барысында әр қатысушы график, анимация, мультипликацияларды қолдануға мүмкіндік ашатын мәтіндік, графикалық редакторларды, түрлі желілік бағдарламаларды пайдаланады. Интернет ресурстарды пайдалану арқылы Онлайн сабақты ұйымдастыру алгоритмі: 1. мұғалімнің сабақты Интернет ресурстарды, оның ішінде СИМБРда (санды интербелсенді мультимедиялық білімдік ресурстары) жоқ, тереңдетілген мәліметтерді, қолдану арқылы жоспарлау. 2. сабаққа дайындалу алдында ең жақсы деген ресурстардың тізімін жасаудан бастау (тақырып, пән, міндеттері бойынша Web-адресімен анықтамалық портал құру) 3. оқушылардың жаңа білімді игеруіне және бекітуіне арналған тапсырмалардың ішіне мұғалім құрған веб-беттердің тізімімен де жұмыстарды кіріктіру. Мұғалімге алдын ала тапсырмалардың күрделілігін, олардың көлемін, топ санын (оқушылардың жеке жұмыс жасауы да мүмкін) анықтап алу қажет. Мұнда ең маңыздысы тапсырмалардың қайталанбауын қадағалау. 4. Берілген сайттармен жоба бойынша жұмыс жасау оқушылардың берген мәліметтерінің сапасына қарай бағалауына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Тапсырманың бұл түрі жай мәлімет іздеу ғана емес, сонымен қатар шешім қабылдау, өз ойын, пікірін айту, оны негіздеуден тұрады. Оқушылардың жұмыстары төмендегі әрекеттерден тұрады: - Web-сайтты бағалау, мәліметтің шындыққа сай екенін және сапасын анықтау; - анықтамалық басылымды пайдалану; - ұқсас тақырыптарды түрлі дерекнамалармен салыстыру; 28
- қойылған міндеттерге сай түрлі зерттеу стратегияларын мәліметіздеу жүйесін қолдану, - жұмысты жүйелеу, зерттеу қорытындысын жазу; - пайданаған дерек көздерге сілтемелер жасау. 5. Әдістің тиімділігі оқушылардың орындаған тапсырмаларын көпшілік алдында қорғауымен анықталады. Мұнда бір-бірлеріне түсіндіру арқылы жұптық жұмыс принципі жүзеге асады. 6. Интернет-ресурстарды қолдану арқылы оқыту нәтижелерінің тиімділігінің мониторингісі. Онлайн сабақтың жалғасы ретінде сыныптан тыс іс-шаралар пәндер бойынша интернеттен өзбетінше қосымша материалдар іздестірумен байланысты болуы мүмкін. Бұл жерде біліммен бөлісу, басқа сыныптармен бірігу, алған ақпаратты ой елегінен өткізу және оны порталда жариялау. Сонымен, онлайн сабақтар өткізу барысында интернет көздерін пайдалану оқушылардың бойында проблеманы терең зерттеумен қатар ақпараттық мәдениеттілік пен шығармашылықты қалыптастырады. Онлайн сабақтарды өткізуде демонстарциялық тәжірибеніпайдалану әдістемелі Копьютерлік технологияларды қолдану оқу таныстырылымдардың сапасын едәуір көтеруге мүмкіндік береді. Заманауи проекциялық жабдықтар физикалық, химиялық басқа да үрдістерді, оқу материалын көрнекілікпен қамтамасыз етудің маңызды факторы. Компьютерде жасалған анимациялық модельдер үрдістер мен құбылыстардың мәнін түсінуде өте тиімді. Әсіресе тікелей эксперимент жасауға мүмкіндік болмаған жағдайда оларды қолдану өте қолайлы. Мысалы, компьютердің көмегімен газдағы кинетикалық үрдістерді, сұйықтықтағы молекулалық құбылыстарды, микроәлемдегі кванттық құбылыстар т.б. көрсету. Дәстүрлі оқытуда физикалық құбылыстарды көрсету ішінара оқу демонстарциялар арқылы шешіледі, алайда жақсы лабораториялық жабдықтарболғанның өзінде, оқу демонстрациясы жиі ізделіп отырған шешімді тек жанама дәлелдей алады, өйткені ол жанама өлшемдер негізінде жасалған есептеулерден алынады. Мұндай жағдайда белгілі теориялық заңдылықтар сүйене жасалған физикалық құбылыстың имитациялық моделі өте пайдалы. Модельді көрсету кез келген үрдістің сапалық және сандық сипатамасын жасауға мүмкіндік береді. Жақсы жабдықталған білім немесе ғылыми орталықтарындағывидео конференцбайланыс технологиялары мен лабораториялық жабқытарды пайдалану арқылы нақты уақыт ішіндематериалды түсіну мен меңгеруді арттыратын демонстрациялық тәжірибені ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Интернет-технологиялар, оның ішінде спутниктік технологияларды 29
пайдалану оқу үдерісінде ақпараттық-комминикациялық технологиялардың жоғары сатысын қолдануды қамтамасыз етеді. On-line технологиялар нақты уақыт режимінде, күнделікті аудиториялық сабақтарға көлемінде ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді, бірақ оқу кабинеттерін компьютерлік және проекциялық жабдықтармен, Интернетке шығу, видеоконференц байланыс үшін құралдармен жабдықтау және мұғалім мен оқушының компьютер алдында бір мезгілде қатысуын талап етеді. On-line-ның ің тиімдісі бейнеконференц байланыс болып табылады. Жоғарыда аталған жағдайларды жасай алмаған кезде (техникалық, технологиялық, кадрлық) мектепте демонстрациялық тәжірибенің CDROM дағы жазбасын немесе СИМБР материалдарын пайдалануға болады. Бұл жағдайда сабақта демонстрациялық тәжірибені пайдалану мульмедиа сабақ өткізудің бір нұсқасы болып табылады. On-line режи On-line режимінде демонстрациялық тәжірибе қолдану арқылы өткізілген сабақтың ерекшелігі оның мазмұндығы және мақсатымен анықталады. Әдеттегідей демонстрациялық тәжірибені қолдану сабақта көрнекілікті нығайту үшін, сонымен қатар қайталау мен бақылау үшін қажет. Жаңа тақырыпты оқу барысында on-line режимінде демонстрациялық тәжірибені қолдану өте тиімді, ал өткен материалды қайталау мен бақылауда – СИМБР демонстрациялық тәжірибесін пайдалану қолайлы. Мұндай материадарды қолдану оқушыларға өзбетінше немесе мұғалімнің көмегімен лабораториялық жұмысты немесе эксперимент жүргізуге үлкен ықпалы бар. Демонстрациялық тәжірибені қолдану төмендегіні көрсетеді: - Көрнекілік бақыланатын құбылыстар мен үдерістердің мәнін түсінуді және оқу материалын меңгеруді жеңілдетеді. - Оқушылардың танымдық белсенділігі артады, өйткені интербелсенділік үдей бастайды (онлайн технологияларды қолданған жағдайда нақты уақытта тәжірибе жүргізетін маманмен диалогқа түсуді меңзейді ) - Тәжірибе жүргізудің жазбаларын қолдану жағдайында оқушыларда оқыған материалдарын даралау, қажетті қарқын мен СИМБРда жұмыс жасау жағдайын таңдау мүмкіндігі пайда болады. Онлайн режиміндегі демонстрациялық тәжірибе немесе CD-ROM-ға жазылған СИМБР қолданып өткізген сабақ оқушыларды мектепте бағасы немесе эксперименттік сипатына байланысты қол жеткізе алмауы мүмкін демонстрациялық тәжірибемен таныстыруға жағдай туғызады. Жоғарыда айтылған спутник байланысы негізіндегі Интернеттехнологиялар қолданған сабақтарда онлайн режиміндегі желілік коммуникациялық кеңістік ұйымдастырылуы мүмкін, сабақты өткізуге 30
кеңесші немесе негізгі педагог ретінде нақты эксперимент жүргізіп жатқан демонстраторды /көрсетуші/ тартуға болады. Сонымен демонстарциялық тәжірибе қолдану арқылы өткізілген сабақ пәннің ақпараттық кеңістігін кеңейтеді, сапалы көрнекі материалдармен қамтамасыз етеді және мамандарды тарту арқылы оны талдауға мүмкіндік береді. Онлайн режимінде демонстарциялық тәжірибені қолдану арқылы оқыту білім беру үдерісін ұйымдастырудың негізгі талаптарын ашатын қағидалар жүйесі негізінде жүзеге асырылады: - Жүйелілік қағидасы оқытудың түрлі кезеңдерінде онлайн режимінде демонстарциялық тәжірибені немесе CD-ROM жазбаларын қолдану арқылы жүзеге асады. - оқушылармен жеке жұмыс қағидасы олардың жас ерекшеліктері, білім деңгейі, қызығушылығы, оқу жадығаттарын қабылдаумашықтары, дайындық дәрежесіне бағытталады. - Білім беру ресурстарын үлестіру қағидасы оқу ақпараттарын ұсыну формалары мен оларды жеткізу тәсілдерінде байқалады. - Оқыту үдерісіне авторлық қатысу қағидасы (мысалы, басқа білім беру ұйымының эксперимент жүргізушісінің сабаққа қатысуы) - Интербелсенділік қағидасы интербелсенді желілік қатынастар немесе CD-ROM жазбаларымен жұмысарқылы жүзеге асады. Сыныпта оқушылардың онлайн режимінде демонстарциялық тәжірибелерді қолдану арқылы жұмысы төмендегідей ұйымдастырылуы мүмкін: • фронтальды (жаңа материалды оқу); • жеке (CD-ROM жазбаларымен жұмыс кезінде); • топта (демонстрациялық оқу жадығаттар нәтижесі бойынша жоба дайындау); Сабақтың құрылымында оқыту үдерісінің барлық құрамдас бөліктері мен кезеңдері, сонымен қатар міндетті қызмет түрлерінің алмасуы көрінуі мүмкін: • оқу материалдарын қайталау; • білім,білік, дағдыларын қалыптастыру (оқу ақпаратын ұғыну және түсіну, оқу материалын бекіту); • оқуматериалдарынтәжірибедеқолдану, мәліметтіталдау (шағын топтарда жобалық жұмыстар орындау); • Материалды меңгеру деңгей бақылау. Онлайн режимінде демонстрациялық тәжірибелерді қолдану сабағының негізгі мақсаты сабақтың дидактикалық мақсаттарына сәйкес келеді: - Білімділік аспектісі: білімді кеңейту, демонстрациялық тәжірибенің көрнекі сипаттамасымен байланысқан нақты образ қалыптастыру, 31
- Дамытушылық аспектісі: оқушылардың танымдық қызығушылығын, жалпылау, талдау, салыстыру біліктіліктерін дамыту, оқушылардың шығармашылық әрекетін белсендіру; - Тәрбиелік акпектісі: ғылыми көзқарасты, өзбетінше және топтық жұмысты, өзін-өзі реттеуді ұйымдастыру қабілетін тәрбиелеу. CD-ге жазылған СИМБР-дағы онлайн режиміндегі демонстрациялық тәжірибелерді қолдану сабағының сыныптық-сағаттық жүйеде қолданылған демонстрациялық тәжірибеден өзінің әдістемелік мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар: - Мұғалімнің бір мезгілде теориялық мағлұмат беру және жоғары дәрежедегі демонстрациялық материалдарды көрсету арқылы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру; - Оқушыларды оқу міндеттерін шешу үшін компьютерлік техниканы қолдануға үйрету мүмкіндігі; - Оқушылардың жеке жұмыс жасауын және олардың танымдық дербестігін және шығармашылығын ұйымдастыру; - Компьютерде жұмыс жасау арқылы, соның ішінде мультимедиялық әсерлерді пайдалану барысында оқуға ынтасын арттыру; - Оқушылардың көркем-бейнелі, сыни ойлауын дамыту; - Оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру CD-ге жазылған СИМБР арқылы демонстарциялық тәжірибені қолдану сабағының негізгі мақсаты оқыту үдерісінде заманауи ақпараттың қарқынды дамыған ортада оқушылардың өнімді өзіндік шығармашылық әрекетін дамыту болып табылады. Сабақтарда қолданылатын бағдарламалық және техникалық құралдар оқытудың дәстүрлі әдістерін жетілдіруге, өзіндік ерекшелік енгізуге ықпал етеді. Сабағында онлайн режимінде түрлі демонстарциялық оқу жадығаттарын пайдалана отырып ұйымдастырған мұғалім тек жаңа ақпарат таратушы емес, сонымен қатар оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға, олардың оқу материалын толық әрі терең меңгеруге ықпал ететін кеңес беруші ролін атқарады. Онлайн режіміндегі немесе СИМБР демонстарциялық жабдықтарды қолдану арқылы ұйымдастырылатын сабақтарда келесі әдістемелік тәсілдерді қолдануға болады: 1. Мұғалімнің онлайн режіміндегі немесе СИМБР-дағы демонстрациялық жабдықтарды қолдануы: демонстрациялық жабдықтарды сабақ құрылымының белгілі кезеңіне енгізу, бақыланып отырған экспериментті талқылауды, бақыланатын жұмыс бойынша ақпарат іздестіру бойынша жобалық жұмыстар ұйымдастыру. Мәселен, мұғалім дауысын өшіріп қойып оқушыны бақылап отырған үдеріске 32
түсініктеме беруді, кадрды тоқтатып қойып үдерістің жалғасын сипаттауды, оны түсіндіруді сұрайды. Оқушылардың онлайн режіміндегі немесе СИМБР-дағы демонстрациялық жабдықтарды қолдануы: жаңа тақырыпты өту кезінде оқып жатқан құбылыстар мен үдерістердің тәжірибелік дәлелін бақылайды, тәжірибе нәтижесінің сипаттамасын жазады, Интернет желісінде немесе басқа дерекнамалардан бақыланып отырған тәжірибелердің шынайылығын табады. Білімді бақылау: қолданылған демонстрациялық тәжірибені түсіндіретін, теориялық материалдың мазмұны бойынша тесттер; тәжірибе нітижесін сипаттау. Сабақта онлайн режіміндегі немесе СИМБР-дағы демонстрациялық жабдықтарды қолдану кезінде сабақ құрылымндағы барлық негізгі кезеңдер сақталады, тек олардың мерзімдік сипаттамасы өзгеруі мүмкін. Онлайн режіміндегі немесе СИМБР-дағы демонстрациялық жабдықтарды қолдану арқылы сабақты ұйымдастыру әдістемесі: - Мұғалім онлайн режіміндегі немесе СИМБР-дағы демонстрациялық жабдықтарды қолдану арқылы сабақ жоспарлайды. Тақырып таңдауда оны оқу кезінде демонстрациялық жабдықтардың оқу үдерісіне үйлесімді енетінін ескереді. - Мұғалім алдын ала қажетті ресурстар дайындайды, онлайн режимінде тәжірибе жүргізу мүмкіншілігін анықтайды немесе CD-ге жазылған демонстарциялық тәжірибені қолдануды ұйымдастырады. - Мұғалім тақырыпты түсіндіру барысында демонстрациялық тәжірибені бақылау мен оны талдауды ұйымдастырады. - Оқушылар демонстрациялық тәжірибені бақылайды, оның нәтижелерін талдайды, сынып алдында қорғайды. Қорытынды жасау формасы мен көлемін мұғалім бақылау алдында белгілейді. - Онлайн режіміндегі немесе СИМБР-дағы демонстрациялық жабдықтарды қолдану арқылы оқыту тиімділігінің мониторингі. Көпмақсатты дәстүрлі сабақтан басқа оқушылардың зерттеу немесе жобалық жұмыстарды орындауда CD-ге жазылған демонстарциялық тәжірибені қолдану тиімді болып табылады. Спутниктік байланысты қолдану арқылы онлайн сабақты өткізудің әдістемесі. Дәстүрлі сабақпен салыстырғанда спутник байланысы негізіндегі өткізетін онлайн сабақтың артықшылығы көп: сабақтың ақпараттық аясын кеңейту, мұғалім мен оқушы әрекетінде коммуникативті байланысты дамыту, басқа мектептердің мұғалімдерін тарту арқылы кіріктірілген сабақтар өткізу мүмкіндігінің артуы, сабаққа қатысушы топтар мен кіші топтардың географиялық орналасуынан 33
тәуелсіз «сынып» жинау. Бұл модель алыс аудандардың, оқушы саны аз мектептер үшін өте қолайлы. Интерактивті құрылғыларды қолданып өткізетін онлайн сабақтарды ұйымдастыру төмендегідей кезеңдерден тұрады: • Тақырыпты анонстауға білікті мамандар тартылады; • Мұғалім түсіндірмесі жоғарғы оқу орынының оқытушысы немесе практик-маманның пікірлерімен сүйемелденеді; • Білімін бақылау кезінде топтар мен кіші топтар жасаған жобалар қорғалады, оларға сабаққа тартылған мамандар пікір айта алады. Спутник байланысы арқылы өткізілген онлайн сабақ құрылымы дәстүрлі сабақ құрылымындай: білімдерін өзектендіру, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бақылау. Қолданылатын әдістері де ұқсас: түсіндірмелі-иллюстрацияланған, репродуктивтік, дербес-ізденушілік, т.б. Бірақ интерактивтілікке бағытталуы, конультант-мамандармен жедел байланыс, сабақтың ақпараттық кеңістігінің кең болуы ашық білім алу түріне көшіреді. Интерактивті онлайн сабақтардың дидактикалық мүмкіндіктері: • басқа пәндермен кіріктірілуі; • бағдарламалық жадығаттар аясында берілетін ақпараттардың жүйелілігі және ғылыми деңгейінің жоғары болуы; • компьютерлік коммуникациялар мен интерактивтілік мүмкіндіктерін қолдануды барынша қамтамасыз ету; • оқыту үрдісінің әдістемелік сүйемелденуі. Спутниктік технологияларды қолдану жаңа сападағы интернет коммуникацияларға қол жеткізіп, жоғарғы және мемендандырылған оқу орындарының оқытушы, мамандарынан жедел консультациялық көмек алуға жағдай жасайды. Сонымен қатар сабақтың ақпараттық кеңістігін кеңейтіп қана қоймай, сапалы педагогикалық диалог ұйымдастыруға жол ашады. Мұндай онлайн сабақтың негізіне бейнеконференция байланысы технологиясы алынады, арнайы қосымша құрылғылар (веб-камера, дыбыс микшері, микрофон, т.с.с.) қолданылады. Бейнеконференция байланысының сапасы құрылғылар мен телекоммуникациялық каналдың өткізу мүмкіндігіне тәуелді болады Бейнеконференциялардың дидактикалық қасиеттері: • оқытушы мен оқушылардың синхронды ақпарат алмасуы; • оқу іс-әрекеттерін түрлендіру; Демонстрациялық оқу жадығаттарын мультимедиалық түрде беру, эксперименттер мен тәжірибелер жасау және оны топпен талдау, ақпаратты интерпретациялауды ұйымдастыру. Онлайн сабақтарды ұйымдастырғанда төмендегідей принциптер негізделеді: • жүйелілік принципі барлық оқыту кезеңдерінде қамтамасыз • етіледі; 34
• оқушылармен жеке жұмыс принциптері олардың жас ерекшеліктерін, білім деңгейін, оқу жадығаттарын қабылдау машықтарын, қызығушылығын ескеруге бағытталады; • оқушылардың белсенділік принципі интернет технологияларды қолдануда ақпараттар ағымында бағдарлай алуымен және өзіндік ойлау қабілеті арқылы анықталады; • білім ресурстарын тарату принциптері оқу ақпараттарын ұсыну және жеткізу түрлерімен анықталады; • оқыту үрдісіне авторлық қатысу принципі; • интерактивтілік принциптері желілік коммуникациялар арқылы білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың байланыс жасауымен анықталады. Онлайн сабақтарын өткізу нұсқаулығы 1.Онлайн сабақтар мен конференцияларға қосылу үшін Java бағдарламасы компьютеріңізде орнатылуы қажет. Егер сізде Java бағдарламасы орнатылмаған болса, www.java.com сайтынан жүктеулеріңізге болады. Жүктеуге арналған сілтеме: http://www.java.com/ru/download/chrome.jsp?locale=ru.
Java бағдарламасын орнату үшін «Согласиться и начать бесплатную загрузку» батырмасын басып, пайда болған терезеден «Сохранить»→«Запустить»→ «Установить» (Install), Java бағдарламасы орнатылғанша күтіңіз. Орнатып болған соң, «Закрыть» (Close) батырмасын басыңыз. 35
2.Онлайн сабақтар мен үшін http://1.sabak.kzсайтына кіріңіз.
конференцияларға
қосылу
3.http://1.sabak.kz сайты автоматты түрде www.elp.kz порталына кіреді. Порталдың оң жақ бөлігінде орналасқан ИНТЕРАКТИВНЫЕ КЛАССЫ батырмасын басыңыз.
4. http://1.sabak.kz сайтының Онлайн Сабақ Қазақстан беті ашылады. Бұл бетте www.elp.kz порталына тіркелген барлық бөлмелер орналасқан.Жоғарғы бөліктегі«Login Name:» жолына өзіңіздің логиніңізді, ал «Password:» жолына құпиясөзіңізді енгізіңізде басыңыз.
батырмасын
5. Өзіңізге қажетті бетке барып, виртуалды сынып бөлмесін таңдаңыз. Мысалы “Өрлеу“ БАҰО” АҚ-ның филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының zmb_ipk бөлмесі 5 бетте орналасқан.
36
Часть рисунка с идентификатором отношения rId101 не найдена в файле.
Бөлмені таңдап, басқаннан соң Java файлы іске қосылады (Java файлы автоматты түрде іске қосылады). 6.Java бағдарламасын орнатып, браузерді алғаш қосқаныңызда Java бағдарламасы қолдануға рұқсат сұрауы мүмкін. Браузердің төменгі оң жақ бұрышында пайда болған мәзірдегі «Сохранить» батырмасын басыңыз.
37
7.Жүктелген файлды басыңыз, meeting(1).jnlp
38
8. meeting(1).jnlp іске қосқылғаннан кейінJava 7 терезесі пайда болады.
9.Java 7 бағдарламасының қауіпсіздік терезесі пайда болуы керек. Суретте көрсетілгендей белгі қойып, «Run» («Пуск») батырмасын басыңыз.
10. Сонғы қадам экран бетінде Elluminate Live v10 терезесі пайда болады. Бағдарламаның жүктелуіне біраз уақыт қажет.
39
11.ElluminateLive бағдарламасы жүктелгеннен кейін виртуалды сынып бөлмесіне кіреді. 12. Elluminate Live бағдарламасындағы өз бөлмеңізге кіргеннен соң міндетті түрде инструменты батырмасын басып АУДИО, ВИДЕО режимін тексеріп, бағдарлама толық жүктелгеннен кейін, жоспарланған онлайн режиміндегі сабақтар мен конференцияларды өткізуге болады. Қорыта айтқанда, онлайн режиміндегі сабақтар мен конференциялар тәжірибе алмасуға, ақпарат жіберуге, білім құрылымының сапасын кәсіби тұрғыдан қалыптастыруға мүмкіндік береді.
40
Әдебиеттер 1. Концепция развития образования до 2015 г.. - Астана, 2005. 2. Есполов Т.Е., Кунанбаева С.С., Курманалина Ш.Х., Моминбаев Б.К., Г.К., Сулеев Д.К. Педагогическая технология Нургалиева информатизации образования. – Алматы: РЦИО, 2002. – 268с. 3. Полат Е.С. Дистанционное обучение. - М.: Владос, 1998.-192 с. 4. Ахметова Г.Б. Методология и технология формирования сетевой готовности будущих специалистов. – Алматы, 2009. – 270 с. 5. Тажигулова А.И. Педагогическая методология и технология информатизации среднего образования. – Алматы, 2009. – 280 с. 6. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы; перспективы использования. – М.: ШколаПресс, 1994 – 250 с.
41