Ислам дінінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы және қазіргі кезеңгі жағдайы

Page 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

ИСЛАМ ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАҒДАЙЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Тараз, 2015


ӘОЖ 297. (574) ББК 86.38 (5 Каз) Е 85 Пікір берушілер: Тойганбекова Ш.М. – «Өрлеу» АҚ БАҰО Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. қауым.проф. Копбаева М.Р. – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, ф.ғ.д.

Е85 Есмырзаева А.О. Ислам дінінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы және қазіргі кезеңдегі жағдайы: әдістемелік құрал. – Тараз, 2015 – 68 б. ISBN 978-601-7825-08-9 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының Сараптау Кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (Хаттама №8. 09.10.2015ж.)

Бұл әдістемелік құралда ислам дінінің пайда болған уақытын, қалыптасқан тарихы және ислам дінінің қазіргі Қазақстандағы жағдайы туралы кеңінен айтылған. Әдістемелік құрал білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, біліктілікті арттыру иститутының оқытушыларына, жалпы педагогтерге және жоғарғы сынып оқушыларына арналған. ӘОЖ 297. (574) ББК 86.38 (5 Каз) Е 85 ISBN 978-601-7825-08-9

© Есмырзаева А.О., 2015


КІРІСПЕ Адамзат тарихының барлық өркениеттерінде ең өзекті және субстанциональді факторға ие болған мәселелердің бірі - діни мәселелер болып табылады. Әрбір өркениет - бұл міндетті іргетасты шешуге ұмтылып, әдіснамалық кемшіліктерге жол берді. Бізге ең жақын өркениет - кеңестік тоталитарлық жүйе де бұл мәселені радикалды, түпкілікті шешуге ұмтылып, уақыт көрсеткеніндей сәткіздіктерге ұшырады. Еуропалық қатаң рационалистік идеялардың бір нұсқасы ретінде көрінген кеңестік коммунистік жүйе жеңілістерінің бірін дінге қатысты теориялық және әдіснамалық дәрменсіздігі құрайды. Кеңес жылдарында жинақталған теориялық және әдіснамалық тәжірибелерді бүгінгі қоғамдық ғылымдар жеткен жетістіктер тұрғысынан бағамдау, тәжірибелік сараптамалар жүргізу - тарих ғылымының өзекті мәселелері кешенін құрайды. Кеңестік жүйе ыдырағаннан кейін және идеологиялық өктемдіктен арылу, бұрынғы Кеңес республикаларында дін мәселесінің шешілуін жақындатқандай көрінген. Алайда, парадоксальдылығы сонда, жаңа тарихи жағдайларда діни факторлар жаңа қырынан көрініп және қазіргі мәдени үдерістерге белсенді араласып, саяси күшті құрауға ұмтылуда. Осы тұрғыдан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретіні: діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны» , - деген ескертпесі бүгінде айрықша мағынаға ие. Дін қашанда қоғамның, мемлекеттің, адамның өмірінде дүниеге көзқарас пен сенімдер жүйесі ретінде маңызды орын алып келеді. Дін жеке адамның және қоғамның өмірінің күрделі рухани құбылысы есебінде қарастырылады. Оларды топтап көрсетсек, мынадай негізгі аспектілерін көреміз: - дін дегеніміз - жеке адамның, ұжымның, қоғамның рухани өмірінің аймағы; - дін дегеніміз - әлемді рухани-тәжірибелік тұрғыда меңгеру; - дін - рухани өндіріс аймағы; - дін - қоғам санасының бір формасы, идеялық жемісі мен формасы. Әлемдік тарихқа, көне өркениеттер мен ежелгі мәдениеттерге назар салсақ, дін әр уақыт мәдениеттер мен өркениеттердің дамуына (жазба мәдениеті мен ғылыми-зерттеу саласының, өнердің дамуына) ықпал еткендігін байқауға болады. Діни мәдениет құндылықтарының дамуы мен таралуына, әрі олардың атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізілуіне септігін тигізген. Дін өз кезегінде орасан үлкен интеграциялық күшке ие құбылыс болып табылады. Ол қоғамның ішінде интеграциялық үрдістердің күшеюіне, адамдардың арасында бауырмалдылық пен бір-біріне деген сүйіспеншіліктің артуына әсер тигізбек. Қоғам ішіндегі бірлік пен ынтымақтың жалғасуына ықпал етеді. Дін – кез келген жеке адам, қоғам, ұлт өміріндегі ең маңызды фактор. Бүкіл адамзат тарихында Ислам дінінің алар орны ерекше. 3


Біздің қазақ халқы – мұсылман, діні – ислам екендігі үнемі Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев биік мінбелерден тектен текке айтып жүргені жоқ. Сан ғасырлар бойы исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдетғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған. Өкінішке орай, кешегі «қызыл империя» ата-бабаларымыз қасиеттеген, түпкі табиғи болмысына айналдырған ислам дінін мансұқтап, ұрпақтарына құбыжық еткен атеистік тәрбие сәл болмағанда алтын діңгегінен ажыратып, мәңгүрт ете жаздады. Құдайға шүкір, қазір тәуелсіздігіміз өз қолымызда, егеменді елміз. Халқымыз ислам дінімен қайта қауышып, көпшілік имандылыққа бой ұруда. Қазақ халқының тарихына қарайтын болсақ, ірілі-ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосып, қазақтың ұлт ретінде, бірегей халық етіп қалыптастырған күш осы ислам діні. Ислам қауымдастығына қосылмаған түркі тайпалары болса мүлдем басқа мәдениет тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде алтайлықтар, хакастар, якуттар секілді және тағы сол сияқты халықтарды айтуға болады. Демек, әр халықтың мәдени ортасын анықтайтын басты фактор – дін. Дін мәдениетті қалыптастырушы негізгі фактор. Әсіресе, бүгінгі Қазақ елінің ұлттық тарихы мен мұрасын қайта жандандыру кезеңінде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ-ғасырдағы халқымыздың өсіпөркендеуінің басты құралы дініміз. Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Ислам қатаң монотеизмнің, яғни бірқұдайлылықтың діні болып табылады Алланың жалғыз болуы мен тұтас болуы туралы сенімнің әмбебап ұстанымы «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ» деген формуламен айқындалады. Шын мәнінде, рухани тазалықтың, ар-ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін. Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады. Ислам дінін уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке ұшырауына бұл діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық, жалаңаштық құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмайды. Сондықтан, құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру, тайпа шонжарларына тиімді болмады. Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді. 4


Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Мыңдаған жылдар бойы дінге негізделген мәдениет тарихта өзінің жанды сөзін сақтап келді. Бір жағынан ойлап қарасақ, өзінің діни рухын сақтау тарихта тұтас бір халықтың сақталуының кепілі болып келді» деген еді. Расында, дін мен мемлекет заң жүзінде жеке тұрғанымен, дін өкілдері мен мемлекет тарапының мүддесі бір, олар еліміздің тәуелсіздігіне, ішкі тыныштығына, ынтымағының артуы жолында қызмет ететіні даусыз. Бүгінгідей ислам дінінің кең өріс алып, мешіт-медреселердің көптеп ашылып жатуы, үлкен-кішінің мешітке жиі баруы да еліміздегі экономикалық реформаның дұрыс бағытта жүргізіліп, жұртшылықтың әл-ауқатының артқанының айғағы. Сондықтан, дін саясаттан тысқары тұр, мұсылмандық мемлекеттен алшақ жатыр деп айта алмаймыз. Мемлекеттің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы ұтымды саясаты маңызды. Бұл – тек елдегі бір ғана дінді бөліп қарау емес, ислам дінінің қоғам өміріндегі маңызын көрсете отырып, басқа конфессия өкілдерін тұрақтылық пен бейбітшілік секілді ортақ құндылықтар төңірегінде келелі келіссөздерге жетелеген көреген саясат жолы.

5


1. ИСЛАМ ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНДАҒЫ ТАРИХИ ӘЛЕУМЕТТІК, САЯСИ ЖАҒДАЙЛАР Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ислам – үш әлемдік діндердің ішінде ең жас дін болып саналады. Ислам – үш әлемдік діндердің ішінде ең жас дін болып саналады. Ислам сөзі араб тілінен аударғанда бағыныштылық деген сөзді, ал муслим немесе мұсылман атауы өзін Аллаға берілген, яғни мұндай бағыныштықты өмір сүру салты ретінде қабылдаған деген мағынаны білдіреді. Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері Пайғамбардың көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба — Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті халифтер» заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады. Әділетті Халифтерден кейін билік басына Умәйя әулетінің халифтері келіп, олардың кезеңі «Умәуи заманы» аталды. Умәуилер заманында халифат Иберия түбегіне (қазіргі Испания) шейін жетіп, сол жақта халифат билігі орнады. Халифаттағы билікке Пайғамбардың көкесі Аббас ибн АбдульМутталибтың әулеті таласып, Умәуи халифтерінен билікті тартып алды. Аббасилер кезеңі сонымен қатар «Исламның алтын ғасыры» деп аталады, себебі осы халифтердің кезінде ғылым мен әдебиет бұрынғы арабтардың жетістіктерінен асып түсіп, үлкен даму алды. Аббасилердің билігі көптеген себебтермен әлсіреп, бұрынғы халифат жерлерінде дербес Тулунилер, Фатимилер, Селжұқилер және т.б. мемлекеттер пайда болды. Осы кезде кресшілердің Иерусалим қаласын басып алуды мақсат еткен жорығы баталып, 194 жылға созылған крест жорықтары басталды. Кейбір мұсылман мемлекеттері кресшілерге қарсы соғысқа шығып, олардан басып алынған қалаларды қайтарды. Бұл жағдай Мысырда мәмлүктердің билігі келіп, кресшілерді Шам қалаларынан қуып шыққанға шейін жалғасты. Осы кезде шығыста Шыңғыс ханның немересі Хұлағу халифаттың астанасы болған Бағдадты басып алды. Аббасилер халифат ата-анасын Әл-Қаһираға (Каир) көшірді және осы уақыттан бастап аббасилердің билігі тек формальды түрде сақталып, нағыз билік мәмлүк сұлтандарының қолында шоғырланды. Осыдан кейін Аббасилер заманындағыдай мұсылмандарды біріктіретін мемлекет Осман империясы құрылғанға шейін болған жоқ. Осман сұлтандары мұсылмандардың қол астына бұған дейін жауланбаған көптеген жерлерді қосты. Оның ішінде Европадағы Балқан түбегін жаулау мен сол жақта Ислам дінін тарату болды. Жетінші Осман сұлтаны Мұхаммед I кезінде Константинополь қаласы мұсылмандардың қол астына өтті. 1516-шы жылы сұлтан Селим І Шам мен Мысыр жерлерін басып алып, ақырғы аббаси халифінен халиф 6


атағын алды. Осыдан кейін 408 жыл бойы Осман әулеті халифтер ретінде билік құрды. Және бұл кезең «Османилер заманы» аталып кетті. Бұл кезде Осман империясынан бөлек Ирандағы Сефевилер мемлекеті, әмір Темір мемлекеті сияқты бірнеше мемлекеттер құрылды. Осман империясы құлағаннан кейін мұсылмандар бір-бірін ортақ дін, тіл мен мәдениет біріктіретін дербес мемлекеттерге бөлініп кетті. Ислам дінінің негізін салушы Һашим әулетінен шыққан Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Абдуль-Мутталиб. Һашим әулеті өз кезегінде арабтың Құрайш тайпасының бір бөлігі. Ол Ислам уағыздауын бастамай тұрып та пұттарға табынбай, бірқұдайшылық жолын ұстанған. Ол Аллаһқа құлшылық қылып, дұға ету үшін Рамазан айында керек-жарақтарын алып Меккенің қасындағы Нұр тауындағы Хира үңгіріне баратын болған. Міне, бір күні Хира үңгірінде отырған сәтінде оған Аллаһ жіберген Жәбірейіл періште ең бірінші рет аян етеді. Бұл «Аләқ» сүресінің алғашқы аяттары болатын. Мұхаммед пайғамбар Аллаһтың уахиын адамдар арасында жасырын уағыздай бастайды. Оған ең бірінші боп оның әйелі Хадиджа бинт Хууәйлид, көкесінің ұлы Әли ибн Әбу Талиб, ең жақын досы Әбу Бәкір сеніп, иман келтіреді. Ол құрайштардың арасында пұттарға табынбай, тек бір Аллаһқа ғана құлшылық қылуға шақырады. Осыны білген олар Мұхаммедке ерушілерді азаптап, діннен қайтуға мәжбүрлей бастайды. Бұны көрген Мұхаммед пайғамбар ізбасарларына һижра жасауға рұқсат береді. Ең бірінші дін үшін көшу Эфиопия еліне болып, 80 адамнан тұратын топтың ішінде Осман ибн Аффан мен Джафар ибн Әбу Талиб болады. Көмекшілері мен тірегі болған көкесі Әбу Талиб пен әйелі Хадиджа қайтыс болғаннан кейін көпқұдайшылардың мұсылмандарға деген қысымы күшейе түседі. Ясриб (Медине) қаласының бір топ адамы Ислам дінін қабылдап, Мұхаммедке көмектесуге уәде етеді. Дінді аман сақтау үшін мұсылмандар жасырын түрде Медине қаласына көше бастайды. Ең соңғылардың қатарында һижраны Мұхаммед пайғамбар мен Әбу Бәкір жасап, Медине қаласына келеді. Осы кезден бастап Ясриб қаласы Медине (яғни «мәдинә ән-нәбәуийә» — пайғамбардың қаласы) атана бастайды. Һижраның екінші жылы меккелік көпқұдайшылармен Бадр құдықтарының қасында шайқас болып, мұсылмандар Ислам тарихында алғашқы рет жеңіске жетеді. Бұған жауап ретінде келесі жылы меккеліктер Ухуд тауының қасында мұсылмандарды жеңіп, олар шегінуге мәжбүр болады. Келесі жылы мұсылмандар мен меккеліктер арасында «Худайбия келісімі» аталған он жыл бойы соғыспауға келісім жасалады. Меккеліктер жағынан қауіп сейілгеннен кейін мұсылмандар осыған дейін жауласып келген яһудилерге шабуыл жасап, оларды жеңеді. Меккеліктермен болған келісімнен кейін сегіз жыл өткеннен кейін, Мұхаммед пайғамбар еш шайқассыз Меккені басып алады. Исламға қарсы өлең жазған 10 адамнан басқасының барлығы кешіріліп, оларға амандық беріледі. Меккені мұсылмандар басып алғаннан кейін Қасиетті Қағбаның ішіндегі барлық пұттар сындырылып, көпқұдайшылық белгілірінен тазартылады. 7


Меккені алғаннан кейін Мұхаммед пайғамбар екі жыл өмір сүріп, өмірінің соңғы жылы жүздеген мың мұсылманмен бірге қажылық жасайды. Арафатта отырған кезінде оған Аллаһ тарапынан ең соңғы аят түседі: Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жөн. Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды. Сонымен бірге, Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су сөзі, оның жанындағы Әулиелі қагатас Қаабы Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды. Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы болды. Олардың бейнесі Қаабаның маңдайына орналасқан болатын. Кейбір мұсылман аңыздарында Кааба мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректі де кездестіреміз. Меккенің орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналсуға қолайсыз болды. Сондықтан меккеліктер шамаларына, қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай Мекке шонжарларына сауда керуендеріне қосылатын. Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауын тездетіп тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті. Оны қуаттайтын көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенуді уағыздайтын діни идеология керек болды. Сол сияқты Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін – ханффизм бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы түрінде шықты. Ханифтер сол уақытқа дейінгі үстем болып келген политеизмге қарсы күресті. Тайпалық көп құдайлардың орнына тек бір құдай рахманға жалбарыну керек деп уағыздады. Бірақ ханифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де қолдау таппады. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке қарсы күреске шыққан араб қоғамының жарлы, кедей көпшілігі сагуктар ханифизмнен көксеген мақсатын көрмеді. Өйткені бұл діни идеологияның үйретуінше анық өмір, шын бастандық о дүниеде ғана, бұл дүниеде қызығы жоқ, өткінші деп уағыздады. Ақыр заман боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм езілгендер мен қаналғандар арасында тарай алмады. Бірақ, Ханифизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты болды. Жаппай, жалпылама уағыздан гөрі құдайды адамдар арасында жіберген өкілі 8


(рассул алла) бар деу арқылы монотеистік дінді уағыздау ұтымдырақ еді. Ол өкілдің ролін меккелік орта саудагер Мухаммед атқарды. Құдайдың пайғамбарлық сүрелерінің мазмұнына қарағанда, Мұхаммед Ханифтер табынан шыққан. Ол 610 жылы жаңа дінді уағыздай бастады. Бірақ, Мұхаммед пен оның серіктестіктерінің араб тайпаларының діни сенімдері мен ұғымдарына өзгеріс енгіземіз десек ойлары Меккеде сәтсіздікке ұшырайды. Меккедегі үстем тайпа басшыларының құғынына түскен Мұхаммед тобы 622 жылы Ярсиб (Медине) пайғамбар қаласына көшеді. Оны мұсылман жыл санауының басы Хиджра деп атап, мұсылмандар өздерінің жаңа жыл санауын бастайды. Ислам дінін уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке ұшырауына бұл діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық, жалаңаштық құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмайды. Сондықтан, құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру, тайпа шонжарларына тиімді болмады. Қысқасы Меккеде дін тарау үшін: 1) Ислам дінінің әлеуметтік тірегі болмады; 2) Меккеліктер үшін политеизмнің сақталуы пайдалылырақ болды. Бірақ Меккенің мұсылмандар қауымымен келісімге келуінің маңызды себебі бар еді: 1) Ислам дініндегі жалғыз құдай – алла – күрейшт тайпасының құдайы болатын; 2) Мұсылмандардың аллаға тағзым ететін орталығы Кааба храмы болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін үстемдік жасаған уақытта да өз саясатын жүргізуге толық мүмкіндігін сақтады. Осы біз жоғарыда көрсеткен сбептердің нәтижесінде Меккенің мұсылмандық орталыққа айналуымен Ислам діні араб тайпаларының басым көпшілігіне тарады. 632 жылы Мұхаммед өлгеннен кейін мұсылман қауымын Абу-Бекр (632634) басқарды. Ол Халиф (пайғамбардың орынбасарлары. Өкіметті әскери, саяси және дін жағынан басқарушы адам) деп аталды. Алғашқы үш халифтің: Абу-Бекрдің, Омардың (634-644) және Османның (644-656) тұсында МеккеМедина әскери күштері көрші елдерге ауыз сала бастады. VII-VIII ғасырлар ішінде арабтар Сирияны, Иранды, Египетті, Солтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны жаулап алды. Араб халифатының идеологиясы ислам діні болды. Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді. 1.1 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері Қазақстан жеріне және Орталық азия территориясына мұсылмандық идеялардың енуі б.з.д VII-VIIIғ. анықталады. Қазіргі Қазақстан аумағында ислам дінінің тарауы бірнеше ғасырға созылған үрдіс. Алғашында жана дін ооңтүстік аудандарға енді. Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында 9


бұл дін бейбіт жолмен Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды. Х ғ. Соңында Жетісу мен Сырдарияның отырықшы халықтарының арасында тұрақталды. Ислам дінінің жергілікті халықтар арасына енуі бейбіт жолмен жүрді және халықты қыспаққа алмады. Исламды түрлі ұлтатар мен түрлі тап өкілдері өз еркімен қабылдады. Ислам дінінің ХVІІ ғ.б. таралуы моңғол шапқыншылығы әсерімен тежелді, бұл шапқыншылық Орта Азия мен Қазақстанға діндік тәстүрлі діндері бар жаңа халық топтарын (түрлі түркі) моңғол тайпалары( әкелді. Көптеген қалалар қиратылып, ғылыми –мәдени орталықтар тоналып, мешіт-медреселер күлталқан болды. Алайда, жергілікті мәдени-рухани дәстүрлер кейін қиыншылықтарда жеңіп, уақыт өте келе қайта жаңғырды. . Моңғол басқыншылары ислам дінін қабылдап, түркі тіліне көшті. Берке хан (1255-1266) тұсында Алтын Орданың мұсылмандықты қабылдауынан кейін ислам діні нық тұрды. Бұл үрдіс келесі хандармен (Тудеменгу, Өзбек) жалғасын тапты. Ислам дінінің көшпенді ақсүйектер арасында кең тарауы, (оның) мұсылмандық дін ілімінің барша қоғам таптарында нық орныққанын білдірмейді. Қарапайым халық ата-бабаларынан қалған діни түсінігін ұзақ сақтады. Ислам діні XVғ. Жәнібек және Керей сұлтандары негізін салған қазақ хандығының ресми діні болды. Қазақ халқының қалыптасуы кезінде исламның енуі хандар билігінің нығаюына және әртүрлі қазақ руларының бір этникалық топқа бірігуіне ықпал етті. Қазақ хандығының халқы ханафиттік мазхабтын сүнниттік ислам бағытын ұстанмен қоғамдық және жеке өмірде тәңіршілдік және шаманизм элементтерін исламмен араластыра қолданған. Аймақтағы ислам дінінің нығаюы пұтқа табынушылықты ығыстырмады. Діни синкритизм, яғни пұтқа табыну мен ислам дінінің үйлесімі қалыптасты. Осылайша, қазақ даласында исламға дейінгі наным-сенім элементтерін қамтыған халықтық ислам кең дамыды. Ислам діні Қазақстанға VIII ғасырдың соңынан бастап IX ғасырдың басында тарай бастады. 766 жылы Қарлұқ Ханы Қазақстанның Жетісу және Оңтүстік аймақтарын жаулап алып, мұсылман мәдениетін таратты. X ғасырдың басында Қарахандықтар мемлекетін кұрған Сатұқ Абд әл-Керим Боғра ханның (915-955) баласы 960 жылы исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. Дегенмен бұл діннің ұзақ жылдар бойы кең байтақ қазақ жеріне таралғанын барлық зерттеушілер қолдайды. Қазақ даласында исламға дейінгі дәуірде түркілердің төл діні – тәңірлік сенім салтанат құрып тұрды. Тәңірлік сенімнің діліміздегі, дәстүріміздегі, мәдениетіміздегі іздері әлі сайрап жатыр. Сонымен қатар еліміздің жекелеген өңірлерінде исламға дейін христиан діні мен зороастризмнің (отқа табынушылық) де белгілі бір тарихи мерзім ішінде өмір сүргені белгілі. Олар исламдық деректердің өзінде «тарса» (христиан) және «мұғ» (отқа табынушы) қауымдар ретінде атап көрсетіледі. 10


Исламның алғашқы кезеңінде бейбіт жолмен дінге бет бұрмаған елдерге исламды таратудың бір жолы қарулы күрес болды. Дін тарату жолындағы соғыстардың Орта Азия жерінде де көптеп жүргізілгенін біздің тарих тұрмақ, араб-парсы тарихи деректері де жоққа шығармайды. Өзіміз мектеп оқулығынан білетін Мауараннахрда дін жорықтарын жүргізген араб қолбасшысы Қутайба ибн Муслимнің мазары қазіргі Өзбекстан жерінде әлі тұр. Қазақ даласында қаншама араб әскербасыларының қабірі қалды. Жаңа келген дін қаншалықты озық әрі өркениетті болса да, ешбір халық мың жыл ұстанған ата-баба дінінен айнып, оған бірден бойұсына қоймайтыны белгілі. Исламға дейінгі дәуірде жоғары дәрежеде ұйымдасқан әкімшілікбасқару жүйесі, жауынгерлік өнерді терең меңгерген әскері, тас кітаптарға тарихын таңбалаған жазу мәдениеті болған, адамгершілікті ту еткен мол рухани мұраға, жарты әлемді жаулап, «бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген» даңқты тарихқа ие түркі жұрты жаңа дінге қарсылықсыз бас иді деу қисынға келмейді. Бойұсыну болмаған жерде қақтығыс міндетті түрде болады. Қазақ жерінде де, әсіресе қазіргі Өзбекстанмен шектес өңірлерде талай қарулы қақтығыс болды. Қарумен бағындыра алмаған тұста бітімге тоқтап, бейбіт дін тарату келісіміне келген оқиғалар да орын алды. Мұның барлығы рухани шежірелерде де, кешегі кеңестік тарих оқулықтарында да тәптіштеп жазылған болатын. Кеңестік биліктің дінге көзқарасы теріс болғанымен, тарихи фактілердің бұрмалауға көне бермейтіні баршаға белгілі. Оңтүстік өңірге орныққаннан кейін қазақ даласының қалған өлкелеріне исламның таралуы бейбіт жүзеге асты деуге болады. Байырғы тәңірлік сенім мен жаңа ислам дінін бірқұдайлық қағидалары мен имандылық ұстанымдары біріктірді. Ислам діні мен тәңірлік сенімнің астасуы ғасырлар бойы жүрді. Нәтижесінде дүниенің бір түкпірінен тау асып, тас басып жеткен ислам діні ұлтымыздың жан дүниесімен, рухани құндылықтарымен, табиғи сенімдерімен терең үйлесім тауып, бірте-бірте біздің мәдениетімізді құрушы, болмысымызды қалыптастырушы дінге айналды. Жоғарыда көрсеткендей, Қазақстанға Ислам діні караханидтер (ХІ-ХІІ ғғ.) тұсында да едәуір таралды. Әсересе, В.В.Бартольдтың айтуына қарағанда, моңғолдар жаулап алған жерлердің бәрінде XIV ғасырда Ислам діні үстем дінге айналды. Сондықтан моңғолдар жаулау тұсында да бұл дін қазақ даласында бірте-бірте тамыр жая бастады. Ақсақ Темір тұсында Ислам дінінің маңызы мұнан да жоғары көтерілді. Себебі, Темір заманында ірі қалаларда мешіттер салынды. Темір Ислам дінінен басқа діндерге қарсы болды. Ол Ислам дінінің идеологиясын нығайтты. Ислам дінінің таралуының тағы бір себептері Орта Азиядағы Ислам дінінің орталықтары Хиуа мен Бұхара үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар көрші елдермен қатынаста (тәжік, татар, азербайжан) олардың исламдық көзқарастары да әсер етті. Ислам діні қазақ даласына енген сайын бұл байланыс діни негізде нығая түсті. Қазақ халқының тарихында ұлттық-мемлекеттік идеология дәрежесіне көтерілген біртұтас ілімдерді жасаған даңқты тұлғалар болды. Ұлтымыздың 11


болмысын қалыптастырған, құндылықтық бағдарын белгілеген осындай ілімдердің бірегейі – Қожа Ахмет Ясауи ілімі. Ясауи ілімін бірыңғай діни-мистикалық ілім ретінде бағалау орынды емес. Ясауи ілімі – ең алдымен рухани-моральдық ілім. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл Ясауи жасаған ілім өз бастауын түркі халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарынан алады. Қожа Ахмет Ясауи осы рухани құндылықтарды жинақтап, қорытып, оны ислам дінінің қағидаларымен үйлестіріп, біртұтас ілімге айналдырды. Ясауи өз ілімінің барлық қағидаларын ханафи мазхабы ұстанымдарының аясында дамытты. Ясауи ілімі барша түркі халықтарының, соның ішінде ол дүниеге келген өлкенің иесі – қазақ халқының да ислами дүниетанымына негіз болып қаланды. Қазақ халқының діни-ислами түсініктері Ясауи ілімінің аясында қалыптасты. Ұлттың ар-ождан кодексі ролін атқарған Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдары қазақ халқының рухани-моральдық қағидаларында көрініс тапты. Мұның нақты мысалын біз халқымыздың ізгілікке, имандылыққа негізделген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінен, жыр-аңыздары мен мақал-мәтелдерінен, кешегі жыраулар поэзиясы мен би-шешендердің нақыл сөздерінен, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп секілді көрнекті тұлғаларымыздың туындыларынан айқын аңғарамыз. Сондықтан халқымыздың ұлт болып қалыптасуы мен дамуына, ұлттық ерекшеліктерінің берік сақталуына Ясауи ілімі тікелей әсер етті деп біз сеніммен айта аламыз. Соңғы кездері айтылып жүрген: «Қытай халқы үшін Конфуций ілімінің мәні қандай болса, Қазақстан қоғамы үшін Ясауи ілімінің маңызы да сондай ерекше» деген пікір осындай келелі ойлардан түйінделген тұжырым. Ясауи ілімі өзге рухани ілімдерден ұлттық ұстанымдарымызбен терең қабысуымен ерекшеленеді. Рухани тазалық пен кемелдікті мақсат еткен Ясауи жан тазалығы, ар тазалығы, жүрек тазалығы қағидаларын бірінші орынға қойды. Ол өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді. «Жаным – арымның садағасы», «Жарлы болсаң да арлы бол» деген қазақ халқы да осы ілімді жан-жүрегімен қабылдаған. Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдарының бірі – мәмілегерлік, яғни толеранттылық. «Бөгде дін өкіліне де азар бермеу – Пайғамбар сүннеті» («Сүннет ерміш кафир олса берма азар») деп жазған Ясауи кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды насихат еткен. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай сөздері де осы ақиқатқа тіреледі. Ясауи іліміндегі «Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеуге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді. Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған. Халқымыз бұл қағиданы: «Еңкейгенге еңкей – атаңнан қалған құл емес, Шалқайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес» деген мақалмен түйіндеген. Ясауи ілімі ағартушылыққа, ғылым-білімге шақырады. Ясауи: «Адамды ақиқатқа жеткізетін бірден-бір жол – ғылым жолы» деп жазған. Ясауи еңбектерінде ғылымға ұмтылу, надандықтан қашу мәселелері жиі көтеріледі, 12


шынайы ғалымдар ерекше құрметтеледі. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Ақыл – азбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен», «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деп мақалдаған ұлтымыздың ұстанымдары да осы қағидалардан қиыс кетпейді. Ясауи ілімінде «Халыққа қызмет ету – Хаққа қызмет ету» деген ұстаным бар. Бұл қағида қоғамға адал қызмет етуді насихаттайды, отаншылдыққа, елді сүюге, бауырмалдық пен жанашырлыққа, өзара құрмет пен сыйластыққа тәрбиелейді. Осы бір қағида өзгеге қол ұшын беруге қашанда құлшынып тұратын біздің халқымыздың болмысына сіңген деуге болады. «Өз үйінде ою оймағанның кісі үйінде сырмақ сыратыны» да осыдан болса керек. Қожа Ахмет Ясауи көшпелі түркі халықтарының ағайындық, бауырмалдық сезімдерді басты орынға қоятын ізгі дүниетанымымен, туыстық қатынастарға негізделген рулық-тайпалық құрылымымен етене таныс болған. Сондықтан ол ашық зікір тәжірибесін қолданып, әйелдер мен ерлердің зікірге бірге қатысуына мүмкіндік берген. Осы әрекеті үшін өзімен замандас дін ғұламалары Ясауиді «бүлікшіл», «дінсіз» деп қатаң айыптады. Бірақ Ясауи олармен күрес барысында өз ілімінің дұрыстығын дәлелдеп, сол арқылы халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын қорғап қалды. Ясауи ілімінің осындай ерекшеліктері жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ қауымындағы әйелдер мен қыздарды хижаб пен пәренжі киюден қорғауға бір себеп болды. Ясауи ілімінде қонақжайлық дәстүрі адамды рухани кемелдікке бастайтын ерекше дәстүр саналады. Ясауи ілімін таратушылар барған жерлерінде «суфра тұту», яғни «дастархан жаю» дәстүрін ұстанған. Көпшілікке, келімді-кетімді жолаушыларға арнап жайылған дастархан басындағы сұхбатқа рухани ілім иесі – Қызыр келіп қатысады деп саналған. Қазақ халқының «Қонақ келсе, Қыдыр келеді», «Қырықтың бірі – Қыдыр» деген мақалдары осы дәстүрден туындаған. Осындай қағидалар арқылы Ясауи ілімі халықтың болмысына сіңіп, қазақ дүниетанымының, ұлт менталитетінің негізіне айналды. Дұрысы, Ясауи өз ілімі арқылы тарих тереңінен бастау алатын ұлт құндылықтарын ислами сүзгіден өткізіп берді. Біз Ясауи ілімін ұлтымыздың рухани тарихының тағылымды тәжірибесі ретінде қабылдауға тиіспіз. Қазақ халқы ислам діні аясында ұлт болып қалыптасса, қазақы исламның бітім-болмысы, қазақ мұсылмандығы Ясауи ілімі арқылы қалыптасты. Ясауи ілімінің қазіргі қоғам үшін де маңызы зор. Бұл ілімді бүгінгі күннің кәдесіне асыратын тетіктерді жасақтау қажет. Өйткені Ясауи ілімі тек тарихи роль атқарып қана қойған жоқ. Бұл ілімде қазіргі қоғамға қажетті иделогиялық ұстанымдардың барлығының негізі қаланған. Қазіргі зайырлы, өркениетті Қазақстан қоғамына зәру парасатты идеология мен қастерлі қағидалар Ясауи ілімінде көрініс тапқан. Рухани тәжірибесі аса бай қазақ халқы өзінің ұлттық бастауларындағы осындай табиғи, тұнық ілімдерді жаңғырту арқылы жаһандану жағдайында да өзінің бірегей болмысын сақтап қала алады. Тарихтың тар жол, тайғақ кешуінде ұлтты ұйыстыра білген Ясауи ілімі қазіргі қазақ қоғамына да рухани бағдар болмақ. Тамырын туған топырағымыздан 13


алатын, ұлттық болмысымыз бен ділімізге етене жақын Ясауи ілімін бүгінгі Қазақстан мемлекетінің идеологиялық тұғырнамасы ретінде орнықтыруға барлық негіздер бар. Ясауи ілімін ел игілігіне жаратып, ақыл-ойының өзегіне айналдыратын тетіктерді жүйелі, мақсатты түрде жүзеге асырсақ, ұтарымыз көп болмақ. Ең алдымен Ясауи ілімі өзінің кең мазмұндылығымен қазіргі өскелең буынның рухани сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыра алатынын ескеруіміз керек. Аталмыш ілімінің негізгі қағидаларын заманауи өмірге бейімдеп қайта жаңғырту арқылы қазіргі қазақ қоғамындағы көптеген рухани проблемалардың алдын алуға болады. Бұл әсіресе идеологиялық бос кеңістікті жаппай толтырып жатқан экстремистік жат ағымдар мен деструктивті діни қозғалыстар идеологиясының ықпалын сөзсіз төмендетеді. Сонымен, қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады... Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің 14


көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты. Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албания, Болгарияда, Түркида, Югославияда, Африкадағы Мавританың, Тунис, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алды. Біздің елімізде Ислам діні Орта Азия Республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында орын алды. Қазіргі кейбір статистикалық әрекеттерге жүгінсек дүние жүзінде мұсылмандардың саны – 1 миллиард адам екен. Ислам діні шыққанға дейін Алла (Аллах) деген Құдайға бас иген арабтар бұл ұғымды қатардағы Құдайлардың бірі есебінде қабылдады. Құрайштар тайпаласы Мекке қаласын қоршаған Құдайлар бейнесін және Қағбаның ішіндегі рулық Құдайлардың бейнелерін сақтап, қызмет етіп, біз «Алла үйінің» адамымыз, «Алламен көршіміз» деп санаған. Тек Мұхаммед пайғамбардың тұсында «Аллаға» жеке Құдай түсінігі берілді. Мұхаммед бір ғана «Жаратушы күшті» мойындады, ол «күші» - Алла еді. Ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед пайғамбар 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Абдолла Бен Абдул-Муталиб Мұхаммед туған кезде сауда-саттық жолда жүріп, Ясриб қаласында өз баласын көре алмай қайтыс болды. Анасы Амина 4 жасқа дейін баласын «ауылға», бедуинге Халима ас-Саадияға беріп асыратты. Мұхаммед 6 жасқа толғанда анасымен Ясриб қаласына қонаққа барып, ал қайтар жолында анасы Амина қатты ауырып, Абве қонысында дүние салады. Мұхаммедтің атасы Абдул-Муталиб Мұхаммедті 8 жасқа дейін тәрбиелейді. Атасы дүние салғаннан соң, немере ағасы Абу Талиб Мұхаммедті өзінің жанұясына алады. 12 жасынан бастап Абу Талиб Мұхаммедті өзімен бірге басқа елдерге сауда-саттық жасағанда алып жүреді. Мұхаммед ер жеткен соң, сауда-саттықты өзі жасай бастайды. Сонымен қатар, Хуайлид қызы Хадиша (жесір әйел) Мұхаммедке ірі тауарлар беріп, сауда-саттық жасатады. Қатарынан екі рет алыс елдерге барып, Хадиша ның тауарларын сатып, үлкен олжамен қайтқан еңбегі мен адалдығы ұнап, Хадиша Мұхаммедке тұрмысқа шығуына ризашылығын беріп, үйленеді. Ол кезде Мұхаммед 25 жасқа, ал Хадиша 40 жасқа толған кездері болатын. Осындай жас айырмашылығына қарамастан олар бақытты өмір сүреді. Хадиша болса Мұхаммедтен 6 бала: екі ұл, төрт қыз көреді. Өкінішке орай Фатимадан басқа балалары Мұхаммедтің тірі кезінде дүниеден өткен. Хадиша Мұхаммедтің тек әйелі ғана емес, ең жақын досы болып, Мұхаммедті барлық жағынан қолдап жәрдем беріп отырды. Мұхаммед болса Хадишаны сүйгендіктен және сыйлағандықтан оның тірі кезінде басқа әйелге үйленбеген. Мұхаммед өз уақытында сауда-саттық жолында жүріп, көптеген діндермен таныс болған. Меккенің өзінде де көптеген діндер өкілдері 15


болғанымен, Мұхаммед осы діндердің біреуін де қабылдамай, өз жолымен жүрді. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, ислам уағызында «Құран» Алланың сөзі, ол Алланың құлы әрі Елшісі Мұхаммед пайғамбарға Жәбірәйіл періште арқылы түсірілген. Бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділері мезгіл-мезгіл жіберілген. Ал Мұхаммед сол Құдайдың берген өсиеттерін халыққа ауызша жеткізіп отырды. Құрандағы барлық сүрелер (бөлімдер) көлеміне қарай ретімен орналасқан. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен анықталады. Ислам дінінің шығуына байланысты Мұхаммедтің ауызекі айтқан қасиетті сөздері және Мұхаммедтің күнделікті өмірдегі мінез-кұлқы мен іс-әрекеттері арқылы «сунна» қалыптасқан. Суннаның немесе Хадистің шығу себебі Құран кітабындағы 114 сүре арқылы барлық мұсылман өмірінің катынастарын көрсету мүмкін болмағандықтан, қандай бір іс-әрекетке кездессе, мұсылман шешімді Мұхаммед өмірінен табуы керектігімен байланысты болды. Екіншіден, хадис арқылы мұсылман өміріне жаңа әдет-ғұрыптар енгізуге икемді болды. ХІ-ХІІ ғасырларда Құран мен Суннаның арқасында фикх (мұсылман заңы) немесе шариат құрастырылды. Шариат пен фикх синоним есебінде қолданылады. Фикһ - мемлекет пен қоғам арасындағы, азаматтық қатынастарды реттейтін құқық (заңы). Шариғат жолдары - Құдай жолдары, оларды орындау әрбір мұсылманның борышы. Шариғатта діни әдет-ғұрыптар, діни салттарды орындау жолдары да көрсетіледі. Фикһ сол орындаудың практикалық жолдарын, қалай орындау керектігін көрсетеді. Шариғат төрт Ислам құқығына негізделген: Құран, Сунна, Иджма (мұсылман қауымының және оқымыстылардың пікірлеріне) және Қияс (ұқсату арқылы жасалатын пікірлер). Құранда заңдық, этикалық меже мен діни, азаматтық және қылмыстық талаптар бар. Екі-үш мыңдай заңдық шешімдер Суннада қамтылған. Мұсылман дінінің парыздары. «Ислам» деген ұғым араб тілінде «бас июшілік», «құлшылық» деген мағына бойынша құлшылық ету, табыну екі бөлімнен түрады. Біріншісі – міндетті түрде, ал екінші бөлімі ерікті түрде орындалатын діни іс-әрекеттер. Біріншіге «парыз» болған бес амал (іс-әрекет) жатады. Олар: 1. Иман (таухид) – «сену» деген сөз, яғни бір Құдайға сену, «бір Алладан басқа Құдай жоқ және Мұхаммед оның бізге жіберген елшісі» - дегенге сену. 2. Намаз - арабша «салят». Намаз ғибадаты Аллаға сыйыну, тілек тілеу, құлдық қылумен өтеді. Күн сайын бес рет сыйыну (намаз). Әрбір сыйыну (намаз) ракаттан (араб тілінде құран сүресінен үзінді, дене тұрғысы мен қозғалысы) тұрады. Жұма күнгі намазды ер адамдар үшін мешітте оқу уәжіб. Намазға қалай дайындалу керек, қалай оқылуы керектігі шариғатта рет-ретімен көрсетілген. 3. Зекет (қайыр) - жылына бір рет мұсылмандар мешітке зекет беріп отырулары керек. Ислам діні мемлекеттік дін деген елдерде, барлық меншігінің 16


нақты кұнының немесе оның таза пайдасының 2,5%-ын құрайды. Мүсылмандардың түсінігі бойынша, зекет-қайырымдылық, мейірімді іс, ресми салық, ерікті кұрбандық т.б. Ислам дінінде басқа да садақа беру бар, мүгедек, жесір, жетім адамдарға қайырымдылық ету. 4. Ораза - арабша «ас-саум» ұстау, «Рамазан» айында отыз күн ораза ұстау. Ораза ұстауда таң атқаннан кешке дейін тамақ ішуден, судан, жыныстық қатынастан толық тыйылуды білдіреді. Ораза тек нәпсіні тазалау емес, рухани тазаруға да жатады. Денсаулыққа жақсы әсерін тигізеді деп түсіндіріледі. Рамазан айы ең «қасиетті ай» - ораза әрбір пенденің адамгершілігін білдіретін сауапты іс деп түсініледі. 5. Қажылық (хадж) – мүмкіндігі бар әрбір мұсылман өмірінде ең болмағанда бір рет Мекке мен Мәдинеге барып, Каабаны айналып, намаз оқып, Мұхаммедтің бейітіне құран оқып, құрбан шалып қайтады. Қажылықты өтеген адамдарға «қажы» атағы беріледі. Оның кіші мешітті басқаруға құқығы бар. Әрбір мұсылман ең болмағанда Аллаға, оның періштелеріне, кітаптарына, пағамбарларына, өлгеннен соң қайта тірілуге және жақсылық пен жамандық тағдыры Алланың қолында екеніне сенуі керек. Сонымен, барлық діндердің дамуы тарихы болғаны сияқты Қазақстандағы ислам дінінің өзіндік тарихы болып, елдің ежелгі және орта ғасырларындағы мәдени және рухани өмірінде елеулі рөл атқарды. Ислам дінінің Қазақстан жерінде таралуы үлкен тарихи кезеңдерді құрады. VIII ғасырдан бастау алған бұл үрдіс XIX – ғасырға дейін жалғасты және Отандық тарихтағы аса күрделі қоғамдық саяси және мәдени құбылысты құрады. Ислам дінінің орта ғасырлардағы Қазақстан тарихында алған орнына сәйкес, мынандай тұжырымдар жасауға болады: ислам дінінің негізгі қағидалары мен нормалары ежелгі түркі халықтарына жат болған жоқ, керісінше төл мәдениетінің онан әрі дамуына ықпал етті; Ислам діні Қазақстан жеріне негізінен бейбіт жолмен тарады; Жаңа діннің Қазақстан жерінде орнығу хронологиялық жағынан ұзақ мерзімді қамтыды; Көшпенді өмір салтының басымдығына сәйкес, қазақтардың діни санасына екіқұдайылықпен тән болды (түркі – исламдық); Классикалық мұсылман елдері халықтарының діни санасынан, қазақтардың діни санасы шеткерілік сипатымен ерекшеленді. 1.2 Исламның негізгі ағымдары Ислам діні таралу барысында бірнеше ағымдарға бөлінген. Негізгі екі ағым - суннизм және шиизм. Суннизм. Ислам дінінің ең үлкен ағымы (90%) - сунниттер. Суннаның (хадистің) алты жинағын құранмен бірдей мойындаған көпшілік мұсылмандарды ахль-ас суннә, яғни сунниттер деп атады. Суннизмнің негізгі айырмашылығы: алғашқы төрт халифатты заңды деп мойындау; хадисты ешбір 17


күмәнсіз мойындау; суннизмнің 4 мектебінің (маликиттік, шафииттік, ханафиттік немесе ханбалиттік) біріне жату. Шиизм. Араб елінде, Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан соң халифаттық басқару басталды. Төртінші халиф Алидің тұсында ең үлкен рулардың арасынан алауыздық көзқарастар пайда болды. Омейядтар рулары құрайш руынан шыққан Алиге қарсы шығып, біртұтас халифаттық басқаруды қолдамады. Мұның салдары Алиді өлтірумен аяқталды. Алиді жақтаушылар «екі нұр» деген (теория) көзқарас таратты, бұл көзқарас бойынша: бірінші нұр Мұхаммед болса, екінші нұр Али еді. Олар «Құранға Алидің де атын пайғамбар ретінде ендіру керек еді» деп есептеді. Осылай, Алиді де пайғамбар есебінде қабылдаушылар шииттер (арабша – «топ», «партия») деп аталды. Осының арқасында Шииттер Құранға тағы бір сүре қосты. Шииттер қасиетті аңызында, сүнниттік халифтар билікті заңсыз күшпен тартып алушылар деп түсіндіреді. Олар Алиді және оның ұрпағын өздерінің заңды басшылары деп санап, сүнниттік халифтарға Мұхаммедтің қызы Фатима мен Алиден тараған ұрпақтың 12 имамын қарсы қояды. Шииалардың діни догмасының құрастырылуы VII ғасырдың ортасында Аббасид династиясында жасалды. IX ғасырда шииттердің 12-ші имамы жоқ болып кетті, оның аты Мұхаммед әл-Махди болатын деген аңыз таратты. Ол көрінбейтін басшы деп жарияланды, өйткені ол өлген жоқ, оны Алла тағала өзіне керек болғандықтан, жасырып қойды деп сенеді. Алла тағала қажет болған кезде оны қайтып жер бетіне жібереді, ол келіп жер бетіне әділеттік орнатады дейді. Сөйтіп «Махди» (жасырын имам) мен оның жер бетіне қайта оралуы жөнінде ілім шиизмнің басты уағызына айналды. Шиит ағымынан көптеген қауымдар (партия) бөлініп шықты және ол қауымдар өз бетімен тағы да ұсақ қауымдарға бөлініп отырды. Ең үлкен қауымдары: қайсандықтар, зейдиттер, имамиттер, «шектелген» шииттер және исмаилиттер. Қазіргі кезде әлемдегі сүннит мұсылмандардың жартысынан көбі Ханафи мазһабын ұстанады. Ал Ханафилердің басым көпшілігі Имам Матуридидің бір жүйеге келтірген сенім негіздерін басшылыққа алады. Матуридилік мектептің ғұламалары бір жүйеге келтірген иман негіздері – Орта Азия, Түркия, Балқан түбегі, Қытай, Үндістан, Пәкістан аймағындағы мұсылмандар арасында кеңінен жайылған. Әсіресе, бұл жүйе түркі халықтары арасында көбірек таралған. Әрине, оның ішінде Қазақстан мұсылмандары да бар. Қазақ мәдениеті ғасырлар бойы Құран мен сүннетке негізделген имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы мен имам Матуриди сенім мектебінен сусындаған. «Мәзхаб» тілдік мағынасы – жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Ал, шариғы мағынасы арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран және Пайғамбар сүннетінен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығын білдіреді. Ата-бабамыздың ықылым заманнан бері ұстанып келген сара жолы – 2011 жылы 11 қазанда қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның кіріспесінде «Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар18


ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады» деп атап көрсетілгендей исламның Ханафи бағыты. Әлем мұсылмандары шариғат заңын ұстануда Ханафи, Шафи’и, Ханбали, Малики болып бөлінсе, сенім мәселесін Матуриди және Әшғари мектептерінің қағидалары арқылы таниды. Бұл екі мектептің қағидалары мен ұстанымы – классикалық дәстүрлі ислам. Яғни, екеуі де Құран Кәрім мен Мұхаммед Пайғамбардың сүннет жолына негізделген. Ал, Әбу Ханифа мәзхабы – біздің өмір салтымызбен біте қайнасып, үндесіп жатыр. Бұл діни мектептің біздің болмысымызда тамыры тереңге кетіп, ұлттық мәдениетімізбен сабақтасып кеткен. Бір сөзбен айтқанда Әбу Ханифа мәзхабы – қазақ мұсылмандығының алтын діңгегі. Исламның бір мазхабын ұстауға деген ынта халықтар үшін бірлікті, түсіністікті, ұйымшылдықты қалыптастырады. Оған бірнеше ғасырлар бойы Орталық Азияда діни негізде ешқандай қақтығыстардың, тартыстардың және өзара жауласушылықтың болмағандығы дәлел. Діни танымдағы біртектілік басқа теріс ұғымдардың белең алуына жол бермейді. Сенім негіздерінде Матуриди ақидасын ұстану Қазақстан мұсылмандарының басым бөлігіне тән. Ежелгі Азия жерінде жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мәдениет негізінде даңқты Тұран өркениетін қалыптастырған түбі бір түркі жұртының барлық мәдени жетістіктері ортағасырлық Орта Азия өркениетінде жалғасын тапқан болатын. Түркі, араб, парсы мәдениеттерінің тоғысында толысып, олардың үздік жетістіктерін саралап сіңірген, Фарабидей әлемге әйгілі энциклопедист ғалымды дүниеге келтірген ортағасырлық Орта Азия өркениеті кемеліне келген шағында имам Матуриди сынды дін ғұламасын тарих төріне шығарды. Өркениет нәрімен өз топырағында сусындағандықтан да Матуриди ақидасында ұлттық дүниетаным – Орта Азиялық менталитет кеңінен көрініс тапты. Соның нәтижесінде Матуриди ақидасы қасаң қағидаларға емес, ізгі құндылықтарға негізделді. Матуриди ақидасының ерекшелігі саналатын ұстанымдар – Алланың өзі қаласа, күнәларды кешіретіні, адамға өзі көтере алмайтын жүкті артпайтыны, Жаратушының әрбір ісінің себебі мен хикметі барлығы, иман мен исламның бір екендігі, иманның көбеймейтіні және азаймайтыны, адамның жақсы мен жаманды Алла сый еткен ақыл арқылы танитыны – осылардың барлығының негізінде көшпелі өркениет құндылықтарын қоса сіңірген кең өрісті дүниетаным, ашық пікірлі пайымдау, өркениетті таразылау қабілеті, биік адамсүйгіштік құндылықтар жатыр. Кез келген өркениет біртұтас құндылықтар, біртекті түсініктер, бірыңғай дүниетаным қалыптасқан өлкеде өз деңгейіне көтерілмек. Өркениет өз 19


тұлғасын тудырады, тұлға өз кезегінде өркениетке соны серпін береді. Имам Матуридидің ғибратты ғұмыры мен хикметті ілімі де осындай екі жақты байланыстың – өркениеттен ала білген және өркениетке бере білген тұлғалық тағдырдың жарқын көрінісі. Басқаша айтқанда, қазақ дүниетанымындағы Матуриди ақидасы айқын із қалдырған. Сонымен қатар Матуриди көзқарастарына Орта Азиялық, соның ішінде қазақы діл елеулі әсер еткен. Сунизм – қоғам дамуының талаптарына байланысты үстем тап қажетін өтеуге құрандағы догмалар жеткіліксіз болды. Сондықтан, заман ағысына қарай адамдардың өзара қатынасын, халифтің ірі феодалдардың ісін растайтын Мұхаммед пайғамбардың тірі кезінде айтқан сөздері, жарлықтары, істеген істері, дағдылары туралы қасиетті аңыздар деген хадистер жинағы есунна шықты. Сунна жекелеген топтардың үстем таптардың мүдделерін қорғауға айналады. Біріне-бірі қайшы келетін хадистердің көбеюі оларды ретке келтіріп, жинақтауды қажет етті. Оныі ішінде бізге белгілі алты сүнну жинағы, осы күнге дейін қадірлі деп саналатыны Бұхари Имам құрастырған жинақ «ас-Сахих». Сөйтіп, сүннәні құранмен бірдей мойындаған көпшілік мұсфлмандар ахль-ас сүннә яғни сүниттер деп атады. Шиизм (арабтың ши,-партия, топ деген сөз) ислам дінінің алғашқы уақытында ортодоксальды сүннизм бағытына қарсы шыққан діни бағыт. Алғашқы шиизм партиясының, тобының өкідері төртінші халиф Әлидің (Ғалидің) маңайына жиналды. Шиналар сүннәні мойындағанымен құранмен қатар өздерінің аңыздар жинағы хабарды пайдаланды. Құранға екі «Нұр» дейтін сүре қосты. Ол екі Нұры – Мұхаммед пен Әли. Шиналар қазір Иранда, Иракта, Йеменде, Кенияда, Азербайжанда кездеседі. Сопылық (дәруіштік) – Ислам дінінің алғашқы жылдары пайда болған аскеттік ағым ретінде IX ғасырда пайда болды. Дегенмен бұл бағыттың алғашқы көріністері араб қоғамында VIII ғасырдың өзінде-ақ кездесетін. Ал кейіннен аскеттер киетін күн шанның «Сүфи», одан «софылық» деген атына байланысты ол сопылық деп аталды. Олардың негізгі мақсаты – шектен шыққан кедейлік, баспанасыздық, ауыр экономикалық жағдай, қарапайым адамдардың ауыр халден шығатын жол іздеуі керек екендігін көрсетті. Ол жолды олар аскеттік өмірден көрді фатализм – тағдырға сену, бұл дүние қызығын қабылдамау, жаман киім кию - алғашқы сопылықтың әлеуметтік саяси қанауға қарсы қойғандары болды. Сопылардың фанатик-діншіл болуды үгіттеуі билік қолдарында тұрған дін иелеріне ұнады да. Кейіннен сопылар қауымы шығып, оны басқаратындарды Шейх деп атады. Беделді Шейхтар өз жандарында оқушыларды ұстайтын. Олар Мюридтер (Мұрт) деп аталатын болды. Сопылар мектебі бірнеше ағымдарға бөлінді. Орта Азия мен Қазақстанда сопфлар мектебінің Ясевизы, Нақбандизм сияқты ағымдары орын алды. Сопылықтың ең күрделі түрі Дершивизм, диванизм түрінде қазіргі Тәжікстан аймағында көптеп кездеседі. 20


Мұсылман елдерінде ислам дінінің жаңаруына, рухани мәдениеттің дамуына үлкен әсерін тигізген Суфизм немесе оны сопылық ілімі болды. Сопылық ілім мен тәжірибе бастаулары адамзат қоғамының алғашқы кезеңінен белгілі. Діни ілім негіздеріне сүйенсек, Алла жаратқан алғашқы саналы тіршілік иесі Адам пайғамбардың өзі сопылық жолдың бірқатар сатысын өткерген. Сопылық барлық пайғамбарларға ұласқан рухани ілім болып табылады. Сондықтан пайғамбарлар арқылы уағыздалған барлық дінде сопылықтың белгілі бір көріністері бар. Исламдағы сопылық өмір салтын ұстанған алғашқы тұлға – Мұхаммед пайғамбар. Пайғамбарымыздың өмір деректерінен оның сопылыққа тән бірқатар қағидаларды пайғамбарлықты қабылдағанға дейін де ұстанғаны белгілі. Пайғамбарлық кезеңінен бастап (610ж.), бұл ілім өзінің кемелдену сатысына өтті. «Мұхаммед пайғамбар Миғраж сапарында Алла Тағаламен тоқсан тоғыз мың ауыз сөз сөйлесті. Соның отыз үш мыңы шариғаттан, отыз үш мыңы тариқаттан, отыз үш мыңы хақиқаттан айтылды. Алла тарапынан Мұхаммед пайғамбарға: «Отыз үш мың шариғат сөзін барлық пенделерге айтып түсіндір. Отыз үш мың тариқат сөзін таңдаулыларға ғана айт. Отыз үш мың хақиқат сөзін ешкімге айтушы болма» деп әмір етілді» делінеді мұсылман жазба деректерінде. Бұл мағлұмат сопылықтың негізгі мәні исламмен бір екендігін айғақтайды. Мұхаммед пайғамбардың өзі бүкіл саналы өмірін тікелей сопылықпен байланыстырған. Сопылық – Мұхаммед пайғамбардың өмір салты. «Шариғат – менің сөздерім, тариқат – менің істерім, ал хақиқат – менің халім» деген пайғамбар хадисі де соны дәлелдейді. Мұхаммед пайғамбардың істеген істерін жасау – мұсылман үмбеті үшін сүннет болып саналады. Демек, тариқат жолы, яғни сопылық – мұсылмандар үшін сүннет. Алладан әмір етілген істер – парыз, яғни орындалуы міндетті істер. Сүннет парыздан кейінгі екінші орында тұрады. Сүннетті мүмкіндігінше орындауға тырысу керек, ол сауабы мол, дұрыс әрі қайырлы іс болып табылады. Хадистің бастауы – Құранда, сүннеттің бастауы парызда болғандықтан, сүннет саналатын істер мұсылмандықта парыздан кем құрметтелмейді. Исламның ұлы тұлғасы – Мұхаммед пайғамбардың өмір сүру салты болып табылатын сопылық – мұсылман қауымы үшін иманды, салауатты, парасатты өмірдің кемел үлгісі саналады. Сондықтан ислам діні тараған кеңістікте ғасырлар бойы сопылық ілім мен тәжірибе де кеңінен қанат жайған. Мәдениеті, дүниетанымы, салт-дәстүрі түрліше өлкелерге тараған сопылықтың сан түрлі мектептері, әдістемелері, бағыттары қалыптасқан. Сопылық атын жамылған адасқан ағымдар да барлық дәуірлерде бой көрсетіп отырды. Бірақ ислам дінінің өзегінен жаралған шынайы сопылық ілімнің негізгі мәні өзгерген жоқ. Исламның көптеген ұлы ғұламалары мен ақындары (Имам Ғазали, Имам Раббани, Жунайд Бағдади, Баязид Бистами, Хасан Басри, Қожа Хафиз, Әбдірахман Жәми, Әлішер Науайи) сопылықты өмір салтына айналдырды. 21


Сопылық ілімді зерттеушілер бұл ілімнің қалыптасу сатысы үш кезеңнен тұрады деп есептейді: 1. Пайғамбарымыз (с.а.у.) заманынан басталып, сахабалар, олардың жолын қуушылар (табииндер) және олардың ізіне ерушілер кезеңіне ұласқан аскеттік (зухдият) кезең. 2. Тасаууф (суфизм) кезеңі. VІІІ-ХІ ғасырлар арасын қамтыған бұл кезеңде суфизмнің теориялық базасы, негізгі түсініктері мен терминдері қалыптасты. 3. Тариқаттар кезеңі ХІІ-ХVІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде ислам елдерінің қоғамдық-саяси өміріне елеулі әсер еткен сопылықтағы негізгі тариқаттар қалыптасқан. Сопылықтың негізгі мәні – адамның өзін-өзі тануы, өзін тану арқылы Алланы тануы болып табылады. Сопылықтың негізгі мақсаты – ақиқатты тауып, Аллаға қауышу, басқаша айтқанда өз бастауына оралу. Ол үшін ең алдымен шариғат ілімін толық меңгеріп, шариғат бұйырған істерді мүлтіксіз орындап, рухани дәрежесін көтеру қажет. Осыдан кейін Алланы танудың екінші сатысы – тариқатқа, яғни сопылық жолға қадам басуға болады. Бұл жолдың негізгі мақсаты – Хақ дидарын көре алатын кемел адам дәрежесіне жету. Сопылық жолына талап еткендер шариғат бұйырған барлық істермен қоса тариқаттың риязаттарын (жаттығуларын) орындауға тиіс. Ұдайы ғибадатқұлшылық жасап, ораза тұтып, зікір салу, өзін-өзі үнемі бақылауда ұстау арқылы сопы тәннің барлық қалауынан арылуы қажет. Дүниенің қам-қайғысын ұмытып, әрбір демінде Алланы еске алып отыратындай дәрежеде жүрегін тазартуға тиіс. Мұхаммед пайғамбар секілді көркем мінез-құлыққа ие болып, ахлақтық (моральдық) кемелдікке жетуге ұмтылуы керек. Яғни сопы рух дәрежесінде өмір сүре алатын деңгейге көтерілуі қажет. Осындай дәрежеде тазарып, биіктеген рухтың мүмкіндіктері ұлғайып, қарапайым адамдарда жоқ қабілет-қасиеттерге ие болады. Сопылық жолда жүргендердің көпшілігінің түрлі кереметтерге ие әулиелер болатыны сондықтан. Бірақ сопылықтың мақсаты – әулиелік емес, рухтың барлық мүмкіндіктерін ашып, өзін жаратқан Алланы көру дәрежесіне ұласу. Хақ дидарын талап етуші сопыларды «дидар талап» деп атау осыдан қалыптасқан. Рухтың алғаш жаратылған қалпындағы саф таза дәрежесіне жету Алламен-ақиқатпен қауышу халіне ұластырады. Себебі рух алғашқы жаратылысында Алланың жанында, Алламен бір болған. Руханилықтың биік сатысына көтерілу сол әлімсақтағы бірлікті қайта орнықтыруға мүмкіндік береді. Сопылықтағы «уахдатул-ужуд» – «болмыстың бірлігі» концепциясының мәні осыған саяды. Бұл концепцияның негізін салушы Ибн Араби (1240 ж. қ. б.). деп саналады. Садр ад-Дин Конияуи (1224 ж. қ.б.), Юнус Эмре, ибн әл-Фарид (1234 ж. қ.б.), Жалал ад-Дин Руми (1273 ж. қ.б.) секілді сопылар осы көзқарасты дамытты. Дегенмен бұл концепция иррационалды әдіске негізделгендіктен, нақты тәжірибеге құрылған шариғат заңдылықтарымен сәйкес келе бермеді. Сондықтан бұл көзқарас бірқатар ислам ғалымдары тарапынан сынға ұшырап отырды. 22


Сопылықтағы екінші концепция «уахдатуш-шухуд» – «көрудің (куәліктің) бірлігі» деп аталады. Бұл концепция бойынша рухани тәжірибемен айналысушы адам Алламен бірігуге емес, Онымен жүздесуге, Оның жақындығын сезінуге ұмтылуы тиіс. Бұл ұмтылыс шариғат заңдылықтарына қайшы келмеуі қажет. «Уахдатуш-шухуд» концепциясы «рухани кемелдік сатысында адам Алламен біріге алмайды, тек оны сезінеді, оның бірлігіне куә болады» деген ұстанымға негізделеді. Яғни болмыс біреу емес, «барлық нәрсе Жаратушымен бір» емес, «барлық нәрсе Жаратушыдан» деп саналады. Сондықтан бұл көзқарасты ұстанушылар «уахдатул-ужуд» концепциясын ұстанушыларды «дінсіз» деп айыптауға дейін барды. Ақыл-ойға көбірек негізделген «уахдатуш-шухуд» концепциясын қолдаушылардың көпшілігі діни экстазға жеткізетін сопылық тәжірибелерге де қарсы болды. Аталмыш көзқарастың негізін салушы кубрауийа тариқатының белгілі өкілі Ала ад-Даула ас-Симнани (1336ж. қ.б.) болатын. Ал концепцияны дамытушы әрі толықтырып, тұжырымдаушы «екінші мыңжылдықтың жаңартушысы» атанған Ахмад әл-Фаруқ ас-Сирхинди (имам Раббани, 1615ж. қ.б.) болды. Сопылықтағы осы көзқарас ресми ислам тарапынан көбірек қолдау тапты. Дегенмен имам Раббанидің «уахдатуш-шухуд» концепциясын ұстанып, дамытқанына қарамастан оның ізбасарлары болып табылатын нақшбандийа тариқатының кейінгі өкілдері «уахдатул-ужуд» концепциясын ұстанды. Сопылық ілімді шариғат заңдылықтарымен бітістіру жолында исламның бірқатар ғалымдары еңбек етті. Солардың ең көрнектісі Әбу Хамид әл-Ғазали (1111 ж. қ.б.) болатын. Сопылықтың мән-мағынасын толық ұғыну үшін ғұлама ғалым дүнияуи істерді тәрк етіп, тариқат жолына түседі. Ұзақ жылдық рухани ізденістер негізінде жазылған имам Ғазалидің «Дін ғылымдарының қайта өрлеуі» атты еңбегі шариғатшы ғалымдар ұстанымдары мен сопылық ілімді қолдаушыларды ымыраластырып қана қойған жоқ, сонымен қатар кейінгі сопылық тариқаттардың шариғат заңдылықтары аясында дамуына елеулі ықпал етті. Дегенмен дүниені танудың иррационалды жолы болған сопылықты шариғатшылардың терістеуі де ғасырлар бойы жалғасып келді. Бұл фактор бір жағынан шариғат ілімін ғана ұстанушылардың адам санасының даму заңдылықтарын дұрыс қабылдай алмағанын, тарихи дәуірлерде оларға елеулі дәрежедегі шектелушілік тән болғанын көрсетеді. Осы шектелушілік екі бағыттағы пікір қайшылықтарының негізгі себептерінің біріне айналды. Сопылық тариқаттар әртүрлі формада жаңғыра бастаған қазіргі тұста да шариғат пен тариқат арасындағы пікір келіспеушіліктері қайта жанданып отыр. Мұның өзі исламдағы танымдық бағыттардың ойлау жүйесі тарихи дәуірлерде айтарлықтай өзгере қоймағанын аңғартады. Сопылық XI-XII ғасырларда ислам дінінің негзгі бағыттарымен тоғысып кеткенімен, өзінің дербестігін сақтап қалды. Сопылық қауым байыған Шйхтарға және бұрынғыша аскеттік өмір жасайтын, араларында арамтамақ, алдауыштарды көп дәруіштерге бөлінеді. Дегенмен, олар да феодал дана бастап, әсіресе нахшбандия ағымының ірі өкілі Ахрардан кейін Шейхтар арасынан қарамағында мыңдаған Морид-құлдары бар феодалдар шыға бастады. 23


1.3 Ислам дінінің негізі - Құран Ислам дінінің негізі ретінде Құран болып табылады. Құранда бұл діннің негізгі қағидалары, ережелері көрсетілген. Исламның Қасиетті жазуы – Құранды Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен уағыздаушы қызметі туралы мәліметтердің жалғыз сенімді дереккөзі ретінде есептейді. Өмірбаяндық сипаттағы алғашқы жазба шығармалар тек VIII ғ. ортасында пайда болды. Мұсылман аңызы бойынша Құран қасиетті жазуы Мұхамед пайғамбардың Джебраил періштеден алынған және Алла тағының қасында аспанда сақталынған деп айтылады. Тарихи мәліметтерге сәйкес Құран Пайғамбардың өлімінен кейін бірнеше онжылдықтардан кейін жазылғаны және өз таризында екі редакциядан өткені туралы делінеді. Сол редакциялардың біріншісі – ол Мұхамедтің жеке хатшысымен және оған барлық жақын адамдармен жазылған хаттары бірнеше жыл бойы жинақталған және салыстырылған кезде Омар халифпен құрастырылды. Екінші редакциясы, ең соңғы нұсқасы 644 жылдан 656 жылға дейінгі аралықта Осман халифі кезінде, яғни «Алла ашуларының» барлық тізімідері мен нұсқалары жинақталып, Құранның бірінші редакциясымен салыстырылып, әр түрлі нұсқаларды мақұлдап немесе қабылданбай, құрастырушылар барлық түпнұсқаларды жойған кезде жасалынды. Одан кейін жазба түрінде Құранның төрт дұрыс нұсқалары жасалынды, олар әлемнің төрт жағына: Шығысқа – Иранға, Парсы еліне, Батысқа – Мысырға, Солтүстікке – Сирияға, Ливан еліне, Иорданияға, Оңтүстікке – Йеменге жіберілді. Құранның алғашқы рәсімделген жазулары VII-VIII ғғ. болды, ары-қарай Інжілден гөрі Құран редакциялық-әдеби өңдеуге ұшырамады. құралады. Ислам дәстүріне сәйкес Құранды аудару мүмкін емес, оны тек түсіндіруге болады, осыдан құрандық түсіндірмелер (тақсыр Әл-Құран) әдебиетінің көп санының пайда болуын түсіндіруге болады. Алайда осы діннің мәдени мирасқорлықтың қирауымен қосталған рулық құрылыстан таптық құрылысқа дейін екі тарихи кезеңнің межелігінде пайда болуына байланысты ежелгі Аравияның рухани өмірінің көптеген көріністері біздің түсінігіміз үшін әрқашан жоқ болуына әсер еткенін атап өту қажет. Тіпті арабтардың кейбір ұрпақтары идеологиялық тілде өз арғы аталарын түсінбей алмады, ал ортағасырларда Құранды түсіндірулерсіз мүлдем оқи алмайды. Сондықтан Құранның мәтінімен алғаш рет танысуға ұмтылатын адам нақты композициялық жолы бар біртұтас әдеби шығарманы іздемеу керек, яғни Құран ешбір жоспарсыз стихиялық түрде (ашулардың сәттері пайда болған кезде) жазылған болатын. Ол 610-632 жж. аралығындағы жиырма жыл ішінде пайғамбармен айтылған әртүрлі пікір сөздерден, өсиеттерден, «пайғамбарлық ашулардан», нақылдардан, дуалардан, этикалық-құқықтық және рәсімдік ұйғарымдардан тұрады. Сурелер өлең шумақтарына бөлінеді (айа – «таңба», «белгі», «ғажап»; бізде «айат» деп айтылады), Құранда 6204-тен 6232-ге айат бар. Сүре мен айаттардың реттілігі де ережелерге бағынады, сүрелер ұзындығы бойынша: ең 24


ұзын – басында, ең қысқасы – соңында орналасқан. Әдетте, сүрелер меккелік, яғни хиджраға (араб тілінде – қоныс аудару, кету – Мұхамедтің Меккадан Мединаға көшуі) дейін Меккеде пайғамбармен алынған ашулар болып және мединалық болып екіге бөлінеді. Редакцияға дейін Құран ауызша түрде ойда сақталынып беріліп отырды. Құранды жатқа білген адамдар хафиз деген атаққа ие болды. Ұзындығы мен орналасуына қарамастан барлық сүрелер «Бісміллә» «Қайырымды, рақымшыл Аллах атымен» деген бұлжымас рәсімдік сөзден басталады. Құранды ыңғайлы түрде пайдалану үшін әрбір сүреде өзінің бірінші сөзіне байланысты өз атауы болады, бірақ әдетте бұл атаулар сол тарауда мазмұндалған мәселеге ешбір байланысы болмайды. Құран «Фатиха» деген сүреден басталады. Бұл сүре исламға кіріспе ретінде болып табылады, өйткені оның мазмұнында исламның негізгі идеялары қысқаша түрде айтылған. Исламда сенімдер мен доктриналар христиандықта сияқты онша маңызды еместігін атап өту қажет. Ислам үшін тек белгілі бір діни оқытушылық пайымдауларды ұстанбау ғана емес, сонымен қатар адамдар нақты бір өмір салтпен өмір сүру қажеттілігі маңызды болып табылады. Исламда ортодоксиядан гөрі (дұрыс дін), ортопраксияны (дұрыс әрекет) ұстанады. Осымен әр мұсылман мұндай жағдайларда Пайғамбар сияқты жасау керек. Өзгеріп жатқан дүниеге қарамастан, мұсылмандар Мұхамед үлгісіне бет ұстау қажет және ол сияқты әрекет жасау керек. Осыған байланысты Құраннан кейінгі келесі дереккөз ретінде Сунна болады. Сунна (араб тілінде – жол, үлгі, мысал) барлық өмірлік мәселелерді шешуде әрекет етудің үлгісі болатын Мұхамедтің және оның ізбасарларының пікірлері (каул) мен істері (фи'л) туралы куәлік қағаз ретінде болып табылады. Ол ІХ ғ. мұсылмандық дін мамандарымен құрастырылған болатын. Сунна хадистер (сунниттерде) және ахбарлар (шииттерде, араб тілінде – шиттік имамдарға берілген хат, әңгіме) түрінде жазылған. Композиялық тұрғыдан, әрбір хадис әңгіменің өзінен (матн) және оны таратушылардың тізбегін көрсететін сілтемеден (иснад) тұрады. Мұхамедтің ең жақын ортасынан келетін хадистер күшті иснады бар хадистер деп аталады, ал сенімсіз хадистерге әлсіз синады бар хадистер жатады. Жалпы айтқанда, Суннаны білмейтін білімді мұсылман, дін маманы, факих ( араб тілінде – тұсіну, білу; мұсылман заңгері, фикха мәслелері бойынша маман) ретінде болу мүмкін емес.

25


ІІ. ИСЛАМ ДІНІНІҢ ӘДЕТ-ҒҰРПЫ, МЕЙРАМДАРЫ, ДОГМАЛАРЫ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ Ислам діні - әдет-ғұрыпқа, мейрамдарға толы дедік біз жоғарыда. Ислам дінінің әдет-ғұрыптары мен мейрамдарының көпшілігі тіпті барлығы десе де болады. Ислам дініне дейінгі діндерден алынған, ислам дінінде оларға жаңа әлеуметтік сипат және мән берілген. Құдайға құлшылық ету табыну ислам дінінде 2 бөлімнен тұрады: 1. Міндетті түрде орындауға тиісті шаралар: бұған бес парыз (иман, бес уақыт намаз, ораза, зәкет-ұшыр, қажыға бару) жатады. Шариғат бойынша бұл парыздарды мұсылмандар бұлжытпай, мерзімінде орындап тұруға тиіс. Діни уағыз бойынша «құдай-тағаланың әмірін орындап, құлшылық еткендер», яғни намаз оықп, ораза ұстап, қайыр-садақа бергендер ғана «жұмақтың» тәрінен орын алады да, ал оларды орындамағандар «тозаққа» барады. Дін иелері, молда-ишандар діни парыздарды, әдет-ғұрыптар мен мейрамдарды дінге сенушілердің мүлтіксіз орындап отыруын талап етеді. 2. Ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет, Мұстахб, Мухаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі Қазақтан арасында тарамаған. Бес парыз деген не? Иман-нану, сену деген сөз, яғни «Бір алладан басқа құлдық ететін күш жоқ. Мұхаммед алланың бізге жіберген елшісі» - дегенге сену. Намаз – таң, бесін, екенді ақшам және ясих намаздары болып бөлінеді. Оларды оқу ислам дініне вороастризмнен (ерте Иран діні) енген. Араб тілін білмейтін дінге сенушілер намаз сөздерін де құдай атынан айтылатын керемет күш бар деп ұғады. Ораза (сауым) ұстау исламнан бұрынғы діндерде де болған. Олардың ораза ұстауы күнаға, үш күнде бір, үш айлық және т.б. әртүрлі болып келген. Рамазан июль айында отыз күн ораза ұстаудың түбі ертедегі арабтардың шаруашылық-тұрмыс жағдайының қиындығына байланысты туған. Ислам дінінен көп бұрын арапбар жанып тұрған шілдеде күн бұрын нәр тартпай көкке қарап, жаңбыр тілеумен болған. Тіршіліктің қамын кешке және түнде ғана ойлап, жетімсіз азық-түлікті тек түнде ғана ойлап, ішетін болған. «Рамазан» айының аты арабша «Рамад» - ыстық кез деген»мағына береді. Ал ислам діні оразаға жаңаша мән беріп, оның кейбір шарттарын өзгертумен шектелді. Оразаның мәні адамдарды бір аллаға құлшылық етуге, тір өмірдегі жалған өмірге қызықпай, келешек мәңгілік «О дүниенің» қамын ойлауға баулиды. Рамазан айында мұсылмандар дін басшыларына жыл сайын жан басына бес қадақтан ақ бидай, немесе оның ақшалай құнын беруі керек. Мұны пітір деп атайды. Айт намазын оқығанға дейінгі пітір төленбесе, адамның отыз күн ұстаған оразасы зая кетеді. Онымен бірге рамазан айында түнде ымырт жабылғаннан кейін ислам дінін дәріптейтін «тарауық» намазы оықлады.

26


Дін иелері ораза ұстайтын Рамазан айын Құран аяттарын алла тағаланың Мұхаммедлке жібере бастаған айы, сондықтан бұл айда барлық тілектер орындалады – мыс деп үйретеді. Зекет – малға, ғұшыр астыққа салынатын діни салықтар. Кезінде бұлар Мұхаммедпен оның ізбасарларының әскерлерінің жабдықтау мақсатында жиналатын. Кейін дін иелерінің табыс көзіне айналды. Зекеттің мөлшері 40 қойдан 1 қой, 30 сиырдан 1 тайынша, 5 түйеден 1 қой, жылқы ақшаға шағылып, 40 сомнан 1 сом есебінде төленіп отыруы тиіс. Ғұшырдың мөлшері жиналған өнімнің табыстың 10 проценті болып белгіленеді. Дін иелері бұл салықтарды уақытылы төлемегендердің мал-мүліктері арам болады, өздері тозаққа барады деп қорқытады. Қажы (поломничество) мұсылмандар үшін бірінші парыз. Әрбір мұсылман күші жетсе өмірінде бір рет Мекке мен Мединеге барып, Каабаны айналып, намаз оықп, Мұхамедтің бейітіне намаз оқып, құрбан шалып, қайтуы тиіс. Сонда ғана бұндай адамға қажы атағы беріледі. Құрбан шалушылық араб тайпаларының алғашқы діни ғұрыптарынан алынған. Ерте кезде олар Меккеге келіп, Кааба құрбандық жасаған құдайларынан малдарын аман сақтауды, төлін көбейтуді, егін шығымын жақсартуды сұраған. Кейін келе осы ғұрып жаңа мағынаға ие болды да, Ибрагим пайғамбардың жалғыз баласы Исмаилды алла жолына шалмақ болыпты-мыс деген аңызбен ұштасады. Құрбанның мөлшері әртүрлі. Мысалы, бір адамға ұсық мал, 7 адамға сиры, 9 адамға түйе шалуға рұқсат етіледі. Құрбандық малы жоқтарға – тауыққаз союға, оларда болмаса ақшалай құдайы беруге рұқсат етіледі. Құрбандыққа тек аша тұяқ малдар сойылған. Құрбандыққа шалынған мал «О дүниеге барғанда қыяметтің қыл көпірінен қиып өтетін пыраққа айналады-мыс. Ал күнәсі көп адамдар қыяметтің қыл көпірінен өте алмай – тозақ отына жанадымыс». Сүннет екі түрлі. 1. Намазға байланысты орындалады. Өйткені шариғат бойынша намаз парыздан және сүнеттен тұрады. Сүниттер екеуін де оқиды, ал шиитер сүнетін оқымайды. 2. Сүнеттің екінші түрі – балаларды сүндетке отырғызу. Молдалар бұл ғұрыпты Мұхаммед пайғамбар өсиет еткен дейді. Баланы сүндетке отырғызуды алғаш рет діни кәдеге еврейлер айналдырған. Содан кейін ол ислам дінінен орын тепкен, жаңа мазмұн алған. Яғни сүндетке отырғызу дінге сенушіліктің сырт көрінісі мен мұсылмандарды басқа діндегілерден оқшаулайтын және дәріптейтін құралға айналды. Ислам дінінің бірнеше мейрамдары бар. Оларды дерлік барлығы, оның әдет-ғұрыптары және догмаларымен тығыз байланысты. Солардың ішіндегі кең тарағаны ораза мен құрбан айттары. Бұл айттардың алғашқы түрлері ислам дінінен көп жылдар бұрын пайда болған және ораза ұстау мен құрбан шалу әдет-ғұрыптарына байланысты орындалып отырған. Ислам дінінде ораза және құрбан мейрамдары жаңа мәнге иен болды. Ораза мейрамы ораза біткеннен соң Рамаза айынан кейінгі Шаввал айының бірінші күні басталатын ауыз ашу (айт) мейрамы. Бұл мейрам кезінде мұсылманда ислам дінінің талаптарын толық орындауы тиіс. Кімде-кім ораза 27


ережесін бұзса немесе ораза ұстамаса, ол күнәлары үшін айып тартуы – пітірсадақа беруі тиіс. Құрбан мейрамы ораза мейрамынан кейін 70 күн өткеннен соң жасалады. Айт мейрамы күндерінде дінге сенушілердің іс-әрекеті тек дін жолымен ғана өлшенетін өмір нормаларының орындалатынын баса айтамыз. Себебі – догма бойынша бұл күндері әр адам өз бойындағы күналарынан арылу үшін құрбан шалуға тиісті. Ислам діні тараған кездерде шариғатқа сүйеніп істелетін халық арасына сіңісті болып кеткен ескілікті әдет-ғұрыптардың басқа да түрлері бар. Мысалы, жеке адам өміріне байланысты орындалатын жанұя тұрғысынан алынған бала туу, үйлену, өлім және т.б. құбылыстарымен байланысты мейрамдар мен қайғылы-қаралы күндерді өткізу дәстүрлері. Әулиелер аруағына табыну өте көне әдет-ғұрыптардың бірі. Бұл мәселенің де әлеуметтік мазмұны, саяси бағытының болғаны мәлім. Себебі, мұсылмандық әулиелер қатарына халифтер, сұлтандар, хандар мен билер, яғни өмірдегі алған орнын ол өлгеннен кейін де дәл айқындығынан айырамыз. Сол үшін олардың табытын сақтайтын күмбездер, мазарлар, табыттар ислам діні тараған барлық жерлерде орын алды десек, қазіргі Қазақстан территориясында оның мәні мазмұн-мақсаты өте жоғары. Мысалы – Қазақстан жеріндегі ерте дәуірдегі ірі қалалар Тараз, Сайрам, Түркістан т.б. көптеп саналатын әулие жерлер мен орындардың өзі осы ойымыздың айғағы деп түсуініміз керек. Сонымен бірге, ислам дінінің алғашқы шаққан уақытынан бастап-ақ, оны қостаушылардың және қарсы жақ өкілдерінің арасында түсініспеушіліктер болғанына тарихтың өзі куә. Соның нәтижесінде ерестік, еркін ойлық пікірлердің қалыптасуы, әлеуметтік-саяси қайшылықтардың шығуы, ресми, табиғи ислам дінінің сунизм және шиизм сияқты екі бағыттың дүниеге келуін, ықпал үшін күрестің әсері деп білуіміз керек. Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қаиметті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхамедтің аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Құранда арабтардың сол кездегі феодалдық құрылысының идеологиясы жинақталған. Бұл идеология мұсылмандардың азаматтық, қылмыстық заңдары мен әдет-ғұрыптарының негізі болды. Ол қасиетті кітапта егін салған халықтардың әр дәуірдегі өмірінен алынған заңдар мен шежірелердің, ғұрыптар мен салттардың және астарлы сөздердің алуан түрі кездеседі. Мұнда өткен өмір мен болашақ заман туралы аңыздар да толып жатыр. Осындайлық діни қағида, заңдармен қатар, құранда құдай мен оның пайғамбарлары туралы адамның, жалпы әлемнің жер үстіндегі тіршіліктің жаратылуы да көптеген жорамалдар бар. Дін құранның негізгі нұсқасы жеті қабат аспан үстінде мәңгібақи сақталады дейді, Әзірейіл періште құранды көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп тұрыпты, пайғамбар мұны жазып отырыпты. Құдайдың берген өмірі, өткендігі оқиғалар мен қазіргі мен болашақ оқиғалардың барлығы осы кітапта жазылған. Сол жазудың мазмұнын перілерден қорғап тұрады екен. Құдай сөзі болғандықтан құран-өмірдің шын 28


мәнісіндегі ережесі және кез-келген діндар мұсылман үшін болашақтағы барлық үміттің көзі. Бұған ешбір де ешбір шек келтіруге тиіс емес, өйткені оны құдаййдың өзі көктен аян етіп, адамдарға сыйға тартты делінеді. Мұсылмандар құранның өзін ғана емес, мазмұнын ғана емес, әрбір әріпі мен қағазын да қасиетті санайды, құран сөзіне еш нәрсені теңімейді, құраннан асыл, онан артық бұл дүниеде ештеңе жоқ деп біледі. Құран ұстап ант береді. Бірақ қазақ арасында құраннан нанды жоғары қою дәстүрі бар. Егер нанға қолың жетпесе, құранды аяғыңның астына қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды. Тұжырымдай келе, Ислам қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке баулуға қызмет етеді. Ислам діні тек Алланың айтқанына бой ұсыну деген мағынаны білдіреді. Яғни адамдарды жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтарушы дін. Ислам діні қоғамды біріктіуге, қоғамдағы тыныштықты сақтауға үйретені дін. Имандылық негіздері: Иманның басы – сенім. Иманның тәні – намаз. Иманның жүрегі – құран. Иманның көрінісі – ықылас. Иманның нұры – шындық. Иманның дәмі – тазалық. Иманның жемісі – ораза. Иманның шипасы – ар, ұят.Ислам дінінің негізін салушы, есімі көзінің тірісінде аңызға айнадған Мұхаммед Пайғамбар (570-632 жж) еді. Ол өзінің шәкірттеріне айтып отырып мұсылман діні қағидалары мен ережелерін жинақтаған «Құранды» берілген діни, құқылық, моральдық және тұрмыстық ережелер негізінен 5 негізгі принципке бағындырылды және оларды орындау әрбір адал мұсылманға міндеттеледі. Исламның 5 шарты:  Алланың барлығына,  Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарға сену;  Намаз;  Ораза;  Зекет;  Қажылық исламның Алла атына берілген тәлім-тәрбиелік, уағызөсиет, ереже-қағидалар жиынтығын шариғат деп атайды. Иманның 6 шарты:  Алла тағалаға иман келтіру;  Періштелерге иман келтіру;  Кітаптарына иман келтіру;  Пайғамбарларына иман келтіру;  Ақырет күніне иман келтіру;  Жазмыш пен қазаға иман келтіру. 29


2.1 Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы Қазақтардың ең бір қадірлеп-құрметтейтін дәстүрі — өлген ата-баба аруақтарына табыну. Өлген ата-баба аруаққа айналып, тірілердің зор құрметіне ие болады. Олар тірі ұрпақтарының әдет-ғұрып заңдарын, кәде-қаумет, салттарын сақтап жүрулерін талап етеді. Ата-баба аруағына асы болғандарға олар әр түрлі ауруларды мал-жанына әкеледі, құрғақшылыққа душар етіп, бірде-бір тамшы жаңбыр жаудырмайды, қажет болса, әйелдерді бала табудан махрұм етіп, ұрпағын өсірмейді деп ойлайды. Сол себепті де қазақтар ата-баба аруағын разы етуге тырысады, олар жолына малдарын құрбандыққа шалып, үнемі есте ұстап, оларға жалбарынып отырады. Өлімін күтіп, төрінен көрі жақын қалған қарттарды аса құрмет тұтып, ақсақал, отағасы деп сыйлайды. Оның себебін бұл қарттар өлгендер мен тірілер арасындағы байланыстырғыш деп қарағандықтан ғой дейміз. Сондықтан да қазақтар ата-анасын өте құрмет етеді. Өлгендеріне шаң жуытпайды, аруаққа айналдырады. Әрине, мұндай құрметке кез келген қарт ие бола бермейді. Әр рудан оза шауып, ақылпарасатымен, істеген ісімен ел құрметіне бөленгендер ғана үлкен құрметке ие болады. Мұндай дуалы ауызды адамдар көзі тірісінде-ақ әулиеге, өлгеннен соң аруаққа айналған. Мұндай адамдардың сөзін де жыр қылып айтып, қабірін де құрметтеген. Дегенмен де, әркімнің өз ата-бабасы өзіне жақын, әрбір семья, от басы – ошақ қасының өзіне қас аруақтары болып, оларға жалбарынған. Әрине, «ата-баба аруағын» құдайға теңеуге болмайды. Оларды Алламен екі ортадағы жебеуші деуге болады. Біреуге наразы болып ашуланғанда «аруақ атсын», «аруақ ұрсын» деп қарғайды. Қазақтар былай қарағанда, момақан көрінгенмен, егерде өзінің және семьясының намысына тиетіндей бірдеме істелінсе, онда қазақтар шыдай алмайды, қажет болса, намысқа шыдамай өлуге дейін барады. Ежелден-ақ қазақ халқы үйленуге мән, маңыз берген, «От басы – ошақ қасы» деп, семьяға ерекше мән бере отырып, сол «от басы – ошақ қасының» беріктігін көздеген. Әрдайым «от басы» — семья берік әрі тату-тәтті болса, сол семьядан өрбитін ұрпақтар да жақсы болып өсетінін жете білген. О бастан дұрыс таңдалған семья бұзылмаған. «От басы – ошақ қасын» бүлдіргендер, семьяны сақтай алмағандар қоғамдық теріс пікірге ұшыраған. Сол себепті де революцияға дейінгі қазақ семьяларының өте сирек болмаса, бұзылғандары кездеспейді. Оның себеп-салдары өте көп. Мен осы зерттеу жұмысымда шамамның келгенінше сол себеп-салдарынайтып өтейін. Қазақ семьясы тек қана ер, әйел және балаларынан ғана емес, үлкен семьядан (патронимия) тұрған, яғни әкесі мен анасы, үйленген ұлдары, қажет болса үйленген немере-шөбересі, былайша айтқанда, «ата-бабалары» бір болып, оларды үлкен әкесі басқарған. Оларды мұндай бірігуге мәжбүр еткен жалпы экономикалық мүдделері ғана емес, сол секілді қандастық-туыстық, намыс біршілдігі деп ұғуымыз керек. Мұндай үлкен семья бірге тамақ ішкен, бәрі бірге маңызды үй мәселесін шешкен. Рас, енші алып, бөлек отау еткенімен, енші алып бөлінген ұлдары ата ақылынан тыс кете алмай, әке нұсқауымен 30


жүріп отырған. Барлық тұрмыстық мәселелерді (мысалы, өлім-жітім, көші-қон, қонақ күту, т.б.) әке шешкен. Өйткені үйлену оңай болғанымен, семья болу оңай емес, семья беріктігі, дәулеттілігі, көңіл-күйінің жақсы болуы бәрі сол «от басы—ошақ қасынан». Сол семьяға деген сүйіспеншілік, туысқанға деген мейірбандық туысқандардың өзара мақсат-міндеттерін айқындап, олардың жауапкершілігін, коллектившілдігін арттырған. Мұндай семья оңайлықпен күйремеген, қайта ауызбіршілігі нығайып, біріне-бірі таяныш болып, табалдырықтары мықты болған. Үлкенсемья болғаннан соң, әрине, оның мүшелері арасындағы мақсатмүдделері бір-біріне қайшы келіп жатуы мүмкін ғой. Бірақ мұндай кереғарлық мақсат мүддесінен асып кете алмаған, әрі ондай таласты мәселелерді бәрі ақылдасып кеңесіп шешіп отырған. Өйткені «ақылдасып пішкен тонешуақытта да қысқа болмайды». «Алтау ала болса—ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса— төбедегі келеді». Әрине, мұндай нақыл сөздерді әрбір қазақ жете түсініп, сол нұсқамен амал еткен. Бұл бір салдары. Екінші салдары, рулық қоғамның алғашқы бастамасынан-ақ пайда болып, әрі—қоғамда жиі ұшырасып отырған «қанға – қан, жанға – жан» дәстүрі, яғни «құн» алу. «Бір қарын майды бір құмалақ шіріьеді» дегендей, қоғам болғаннан соң «бір биден ала да туады, құла да туады», яғни қоғам ішінде жақсылары да, жамандары да болады. Үлкен семьяға келтірген намыс – сол семьяның кісісін өлтіру, жесірін алу, малын ұрлау, т.б. қылмыстар сол үлкен семья түгіл, бүкіл руына жағылған күйе. Сондықтан да бүкіл ру қажет болса «өз ұраны» шақырылғанда, атқа мінбеу, сойыл ұстамау ездік саналған. Қайсы ру болмасын намысын қолдан бермеген. Заң органдарының күштеу аппараты болмаған заманда қылмыстының жазасын тек қана осындай жолмен қайтару бірден-бір дұрыс жол еді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілеріміз «құн», «қанды кек» қайтару институтына тосырқай қарап, жылы лебізін білдірмеуі өкінішті. Күштеу аппараты жоқ қоғамда бұлай істеу кісіні өлтіру ниеті бар адамды алдымен қылмыс істер алдында мыңда бір рет ойлануды, егер қылмыс істеп, кісі өлтірсе тек өзіне ғана емес, бүкіл туысқандарына келетін кесірін пайымдауды талап етеді. Бұл—қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолы. Егер «қанды қол» кісі өлтірсе, не өзі өледі, не бүкіл туыстары болып «құн» төлейді, бұл оңай шаруа емес, оның үстіне «бүлінген елден бүлдірген алма» деп, ондай рудан басқалар шеттеп, «қанды қолдарын» беттеріне басқан, қыз беріп, қыз алмауға тырысқан. Дегенмен, қазақ қоғамында кісі өлімі болып тұрған. Ол руаралық қақтығыстарда, жер дауында, жесір дауында, мал дауында, барымтада кездесіп отырған. Ал жеке адамдардың қылмыстық ниетпен кісі өлтіріп, тонап-талауы кездеспеген. Қазақ семьясының басында әке тұруы себепті, туысқандық қатынастар әке жағынан басталып, «жеті атаға» дейінгі аралықтағы туыстар (жеті ата – 200 жыл шамасын қамтиды) «қандастар», «аталастар» саналған. Немере-шөбереге дейін – «ата баласы», ал жеті атаға дейін – аталастар, онан әрі –туысқанруластар, одан әрі – тайпаластар, одан әрі – жүздестер саналған. Ең жоғарғы 31


бірігуі – Үш Жүз—қазақ, ең жоғарғы түркі тайпасының бірігуі—«Алаш» балалары (олар: Алты Алаш – қазақ, өзбек, ноғай, қырғыз, қарақалпақ және башқұрт). Ал әйел жағынан туыстастық «құда», «нағашы», «жиен» секілді жақындықтардан құралады... Семьяда әке ролі күшті болған. Сондықтан да қазақтар пәленшенің баласы, пәленшенің ауылы деп, сол әке атымен атаған, бөлек үй болғанымен, өз атымен атамаған. «Әкеге қарап – ұл өсер, шешеге қарап – қыз өсер», «Ата ұлы – құл», «Атасыз ұл – жетесіз құл» деген мақал-мәтелдерден, сол секілді, «әкесі үстінен ұлы арыз айта алмаған», «әкесі ұлын өлтіруге, жалшылыққа беруге праволы» деген заңдардан біз атаның қоғамдық тұрмыста алатын орнын жақсы түсінеміз. Қазақтарда ұлдардың үлкені мен кішілерінің қарым-қатынасы әке мен бала қарым-қатынасындай. Үлкенді сыйлау, оны тыңдау – қазақтардың мықты ұстанған жолы. Үлкенді құрметтеп, сыйлағандарды тәртіпті, көргенді санаған. Әрине, бұлар өздері ертең үлкен болып, қартайғанда соңғылары да өздеріне дәл осындай құрмет көрсететінін жақсы түсінген. «Әкеңе не жасасаң, алдыңа сол келеді» деп халық текке айтпаған. Алайда қазақтар балаларына аса мейірімді, оларды ешқашан ұрыпсоқпаған. Жалпы бұл әдет Шығыс халықтарына жақын, етене мінез-құлық. Ағылшын зерттеушісі Э. У. Лэйн көптеген жылдар бойы Египетте тұрып, мұнан 150 жыл алдын өзі көріп, әбден біліп жазған сөзін айтсақ дұрыс болар деп ойлаймын. Ол: «Египеттіктер балаларын қаншама еркелетіп, еркімен жіберсе де, олар өз әке-шешесіне шектен тыс, ізетпен қарап, құрметтейді. Мұсылмандар әке-шешесіне бағынбаған балаларды пұтқа табынушылар, адам өлтірушілер, біреуге ойнастық етті деп жалған куә болушылар, әйел қаза болғанына қарамай сол секілді жетім-жесірдің мал-мүлкін талан-таражға салушылар, сүтқорлықшылар және дінсіздермен күрес жүргізуден бас тартушылар іспетті санап, өте ауыр қылмыс санаған», — деп жазады. «Баланы— жастан, әйелді—бастан» дегендей, бала тәрбиесіне қазақтар үлкен мән берген. Тәрбие білімнен жоғары қойылған. «Егер әкесі пияз, атасы сарымсақ болса, ұлында қандай хош иіс болмақ?»—деп арабтар айтқандай, бала «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Үлкен семья шаруашылыққа өте тиімді, жұмыс қолы мәселесін шешуге пайдадан басқа зияны жоқ еді. Ұлын үйлендірерде ата-анасы «құда» болар жұртын таңдап, сынап барып «құда түскен». «Құда түсу» қалың малсыз болмаған. Көптеген зерттеушілеріміз «қалың мал» институтын кертартпа деп бағалайды. Біз бұған қосыла бермейміз. Рас, қалың мал әйел мен еркектің тең праволығын жойып, ер адам алдына әйелдерді тәуелді ететіні рас. Оны біз тек «қалың мал» тілегендіктен, мал сияқты сатып алды деп қарамай, ұзақ дәуірлер қалыптасқан «семья», отбасы, ошақ-қасы дәстүрлерінен іздеуіміз керек. Сондықтан да шығыстанушы совет ғалымы А. М. Васильев: «Қалыңмалды тек қана қыздарды сатып алу деп қарамау керек. Қалыңмал ертеңгі күні ажырасқан жағдайда өмір сүруі үшін не 32


әке-шешесінде, не өзінде қалатын нәрсе. Оның үстіне оның бір бөлігі той өткізу, жасау жасау, т.б. жаратылады» —деп анығын көрсетеді. Сайып келгенде қазақтар қалыңмалды қыздың өзіне жаратқан. Ұзатылатын қыздың бір ғана сәукелесінің қалың мал алып қыз әкесі байымаған, қалыңмал беріп алыс-беріс жасаған. Алғаш жігіт жағы әкелсе, қыз жағы да дәл сондай етіп ілулерін, киіттерін қайтарған. Қазіргі бояуды қою жағып, үйленушілер бейне бір қарызға белшесінен батып, кіріптарлық халге түседі деген пікірді қалыптастырған. Содан барып, қалыңмал сияқты жоралардың бәрі де өз ретінде, әркімнің шамашарқына орай, бай кедейлігіне байланысты өтелінген. Қазақтар өз қандастарынан, жақын-туыстарынан қыз алмаған. Әсіресе, жеті атаға дейін қыз алуға мүлдем қарсы болған. Олар әрдайым алыстан, қан араласпаған рудан алған. Бұл медициналық, адамгершілік тұрғыдан алып қарағанда өте дұрыс жол. Оның үстіне «қара тамырды қазақ» туыстыруға, біріне-бірін жақын етуді көздеген. Көптеген Шығыс елдері халықтары бұл жөнінен қазақтарға теңесе алмайды. Шығыс халықтарын былай қойғанда, өз туыстарымыз—түркі халықтары арасында немерелес туыстары өзара қыз беріп, қыз алысатын дәстүр бар. Қазақ—қыздың түріне, сұлулығына емес, алдымен ақылына, тәлім-тәрбиесіне қараған. «Шешесін көріп –қызын ал», «Қайын алма, қайын-жұрт ал» деп, көргенді жердің қызын алуға тырысқан. Сол себепті де қазақтар өздері араласып, көріп жүрген жерге құда түсіп, ұлдарын үйлендірген. Ұлдары бұған қарсылық етпеген. Өйткені әке-шешесі, туысқандары кәмелетке енді жеткен жасөспірімнен гөрі көп нәрсені білген, түсінген. Одан ұлдары опық жемеген. Кейбір зерттеушілердің артығырақ айтса да: «Қазақтар үйленбейді, үйлендіреді» деулері, міне, осыдан туындайды. Мұндай ақылдасып, ойланып үйлендірілген ұл семья шырқын бұза алмаған. Бұрын қазақ семьясы түгелге жуық ажыраспаған. «Қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман» деп, ерінен ажырасқан әйелдерге, «қатын қоя бергіш» деп ұлдарға қазақтар жақын қарап, ондай болуға жол бермеген. «Пәленшенің баласы не қызынан үлгі алма!» деген сөзден аулақ болуға тырысқан. Қазақ қыздары керікті, қара көз, қара шашты, мығым әрі еңбексүйгіш болып келеді. Оны біз таза ауа, ағарған ішуден, кішкентайынан еңбекке араласуынан деп білеміз. Қазақтар басқа халықтарға, олардың дініне қарамай сирек те болса үйленген. Мұндай жәйттер қалмақтармен екі арадағы жаугершілік кезінде жиі ұшырасты. Кейін шариғат заңы әсерінен қазақтар қыздарын діні басқаға тұрмысқа беруге тиым салған. Рас, шариғат заңында мұсылман адам христиан, еврей, зороастрийлерге үйленуге рұқсат етіп, тек мәжуасилік діндегілерге (анимисткаларға) үйленуге рұқсат етпейді. Мұсылманға тұрмысқа шыққан мұсылман емес әйелдер өз дінінде қала беруге еркі бар, бірақ онан туған балалар мұсылман болып есептелген. Ал мұсылман әйелдердің кәпірлерге тұрмысқа шығуына рұқсат жоқ. Қазақтар да осы жолды ұстанған. Егер тұрмысқа шықса, онда өлім жазасына кесілгенін біз қазақтардың әдет-ғұрып заңдарынан жақсы білеміз. Қазақтарда қыз 16, ер бала 15 жастан үйленіп, отау құруға рұқсат етілген. 33


Қазақтар ажырасу үшін үйленбеген. Біз жоғарыда айтып өткеніміздей шариғатта мүлдем ажырасудың 17 формуласы бар. Бұлардың ішінен «талақ», яғни «мен сені тастадым» деп талақ айту ең қиыны. Мұндай сөзді айтқаннан соң, ері әйеліне қайта қосыла алмайды. Қайтадан қосылу үшін әйелі басқа біреуге некеге тұрып, сонан кейін онан ажырасып қана өз еріне некеге тұра алады. Бұл шариғат заңының қазақтарға енбегенін айта кеткеніміз жөн. Қазақтарда күйеуінен ажырасқан әйелге баласы берілмеген. Өйткені әйел басқа рудан саналып, ал, балалары әкесінің мирасқоры болғандықтан деп ұғуымыз керек. «Келін» болып түскен алғашқы жыл, қазақ қыздары үшін өте ауыр да қиын болған. Олар «жат» жұртқа келіп, жыл бойына қажет болса, екі-үш балалы болғанынша бүкіл руластары сынағында, сынауында болып, қажет десеңіз жаңа түскен келінді келген қонақтарға дейін сынаған. Әрине, мұндай сынаудың тәрбиелік мәні ерекше екенін айтқымыз келеді. Жас келін бет алды тайраңдамай, «отау иесі» болғанын, өзінің үйінде алған өнегесі мен тәрбиесін көрсете отырып, ене мен жеңгелерінен әдептілікті, қонақ күтуді әрі үй шаруасы жұмыстарын, туысқан-туғандарға, үлкен-кішіге қарым-қатынасын, жалпы айтқанда, күнделікті тұрмыс-тіршілікте өзін ұстап, әдепті болуды, сыпайылықты үйренеді. Әйелдер аяғы ауыр болып, бала тапқанға дейінгі аралықта қазақтар арасында көптеген әдеттер мен сенімдер қалыптасқан. Семьяда қыздан гөрі ұл тапқанды ұнатқан. Алайда, қыз болса да өкінбеген. Қазақтар ұлын да, қызын да мәпелеп, бар мейірімін аямаған. Қазақтарда «әйелдер босанатын үй» болмағаны көпке мәлім. Оның есесіне әрбір қазақ әйелдері «босандыру» шарттарын, жолдарын, қиын-қыстау жағдайларын жақсы біліп, босанушыларға үлкен жәрдем көрсете алған. Сондықтан да «босану» қазақ әйелдеріне көп қиындық келтірмеген. Нәрестенің кіндігін кескен әйел «кіндік шеше» атанған. Әрине, босанар алдын «кіндік кесуге» қазақтар көбіне баласы көп, тәлім-тәрбиелі әйелдерді шақырған. «Кіндік шешеге» нәрестенің бір мінезі ұқсайды деп санаған. Шындығында да, бұл сөздің жаны бар «Кіндік шешесінің» бір мәнерін ұстанбайтын бала сирек кездеседі. Әрине, оған біз мән бере бермейміз. Оның үстіне қазір «әйелдер босанатын үйде» босанып, ол «кіндік шешенің» мінез-құлқын көбіне біле бермейміз. «Кіндік шешесін» кез келген адам сыйлап, құрметтеген. «Кіндік шешесіне» бала алғашқы табысынан сыйлық берген. Жаңа туылған балаға ат қою да көбіне ақылдасып шешілген. Дегенмен ұл балаға әкесі, қыз балаға шешесі не әпкелері ат қойған. Азан шақырып ат қою рәсімі де қызық. Исламға дейінгі бала есімдерін, исламнан кейін оның әсерінен қойылған есімдерден оңай ажыратуға болады. Арабша мәнді аттардың бәрі ислам әсерінен енген. Болашақ туылатын ұрпағының денсаулығы жайлы, тұқымдарының таза болуы жайлы қазақтар некелеспей тұрып-ақ ойланған. Сол себепті де тым әріден, алыс рулардан қыз алған. Қазақтарда нәсілдік-генетикалық сырқаттың 34


болмауы осыдан болса керек. Қазақтарда құда болатын жағының жұқпалы ауру бар-жоғына не ақыл-есі дұрыстығына ерекше мән берген. Аяғы ауыр әйелдерге барлық жағдай жасалған. Жерік асын қайдан болсын тауып берген. Ауыр жүк көтертпеген. Қазақтарда алкоголь ішімдіктер мүлдем пайдаланылмаған. Екі қабат әйелді түнде жалғыз қалдырмаған. Оған барлық уақытта да жағдай жасап, тыныштық орнатқан. Бала туылып, жарық дүниеге келуі қазақ семьясына үлкен қуаныш әкелген. Туылған балаға да көп жағдай жасалған. Жаңа туған баланың қас жауы—суық тигізіп алу. Әсіресе, қыстың күндері киіз үйді барынша жылы ұстаған. Әдетте шала туған 6-7 айлық сәбилер өмір сүрген. Мұндай балаларды қазақтар Шалабай деп атаған. Ал 8 айлығында туғандар өліп қалған. Нәресте туылғаннан соң 1-2 сағаттан соң емізген. Мама аналар баланы қалай емізу жайлы жас босанғандарға кеңес берген. Баланы бір жарым жасқа дейін, кейде үш жасқа дейін, кейде бес жасқа дейін емізе берген. Емшекпен бірге басқа тамақпен ауқаттандыру 4-5 ай өткен соң басталған. Құйрық май т.б. тағамдарды таза дәкеге салып, еміздік ретінде аузына салған. Құйрық майдың бактерицидтық қасиеті барын қазіргі кезде зерттеуші ғалымдар дәлелдеп отыр. Баланы міндетті түрде тұзды суға шомылдырған. 40 күннен кейін қырқынан шығарып оны атап өткен. Содан соң «бесік той» жасап (әрине, ауыл-аймаққа ғана), бесікке бөлеген. Қазақ бесігі ағаштан жасалған, өте ыңғайлы, көшіпқонғанда жайлы. Көптеген зерттеушілеріміз бесікке бөлеу зиян деп қате пікір ұстанып келгенін жасыра алмаймыз. Жас бала ыстықтап, көрпесін теуіп тастайтыны белгілі. Бесікте жатқан баланың денесіне суық тимейді, бөленген баланың, аяғы (сирақ) қисық болмайды, асты былғанбай, таза жатады, ал асты былғанған бала төсекте жата алмай, жылауық келеді. Әрине, бесіктің мұндай жақсы қасиеттерін көрмеу әбестік. Жас балаларды еңбекке үйрету ерте жастан басталған. Үш-төрт жастан қыз шешесіне, бала әкесіне жақын жүріп, солардың кәсібіне әуестене бастаған. Шешесі қызына үй тіршілігіне қажетті нәрселерді: тігіншілікті, тамақ даярлауды, қонақ күтуді т.б. үйреткен. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мақалға үлкен мән берілген. Қазақтар спорттық жаттығуларға кішкентайынан жаттығып, жас балалар атқа шауып, секіріп, күресіп, көкпар тартып дегендей, шынығып өскен. Н.А.Добролюбов: «Бірде-бір неміс гимнасшыларының, грециялықтардан басқа, үлгі-өнегелері болмағандықтан, бізге мұнда қырғыз даласына келмеуі өкініштіақ. Мұнда олимпиялық ойын түрлері: күрес, сырыққа өрмелеу, жүгіру, т.б. гүлденіп өскен»,-- деп текке мақтамаған. О бастан қазақтардың сүйікті ойындары: атпен шабу, садақ ату, қазақша күрес, жарыс, аңшылық, т.б. жақсы дамыған. Осының бәрі баланың жасынан шынығып, мықты болып өсуіне, былайша айтқанда, дене тәрбиесіне зор мән берілген. Жаз бойы бай, кедей демей жалаңаяқ жүгірген. Ұйқы тәтті деп, дұрыс ұйықтап, баланың дұрыс демалуына да ерекше мән берген. Ұйықтап жатқан баланы қорқып, нерв жүйесі зақымданады деп, 35


айқайлап оятпаған. Қатты ұрып-соқпаған. Баласын жиі ұрып-соғушыларды халық сөгіп, ұрысқан. Ежелден-ақ ата-аналары балаларын кішкентайынан тамақты асықпай, шайнап жеуге үйреткен. Кішкентай нәрестені көпшілікке көрсете бермеген. Әрине, мұның бір жақсы жағы балаларды жұқпалы аурулардан сақтаған. Баланы сүндетке отырғызу мұнан 6 мың жыл алдын Африка халықтарында болған. Баланы сүндетке отырғызу жайлы Құранда да ештеңе айтылмаған. Бұл дәстүр мұсылмандардың дәстүрі болып саналмайды. Кейін бұл дәстүрді ислам қабылдап, өз жорасына айналдырған. Сүндетке отырғызу тойы біздің қазақтарда көп адамдар қатысуымен атқарылып, оған көп қаржы жұмсалады. Оның үстіне көбіне сүндетке отырғызу ауыл шаруашылық науқаны нағыз қызған күз айларында өткізіледі. Мұның өзі көп адамдарды жұмыстан қол үздіретіні сөзсіз. Рас, қазір медициналық мекемелерде балаларды сүндетке отырғызып жүр. Біз бұл істі қолдап-қуаттаймыз. Сүндетке отырғызу медициналық тұрғыдан пайдалы екенінде дау жоқ. Ыстық аймақтарда тұратын адамзат зиялылары мұны ойлап тапқан. Сондықтан сүндетке отырғызудан бас тартпай, қайта оған халықтық сипат беру қажет. Тек қана оның діни бояуын сыдырып, оған мән бермеуіміз керек.

36


ІІІ. ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАҒДАЙЫ ХХ-ғасырдағы адамзат тәжірибесі көрсеткендей діннің одан әрі дамуына қатысты үзілді–кесілді болжамдар жасауға болмайды. Атап айтқанда, ғылым мен техниканың дамуына байланысты «дін – біржолата жойылады» немесе болашақта бұрынғы күшіне еніп «қайта өрлейді» деу қазіргі таңда дәрменсіз тұжырымдамалар қатарынан орын алмақ. Қалай болған күнде де өркениетті дейтін батыс елдері сияқты Қазақстан қоғамында да дін елеулі рөл атқаруда және белгілі бір дәрежеде заман талаптарына бейімделуде. Халықаралық Gollup International зерттеу компаниясы Ассоциациясының жыл сайынғы жүргізілетін сауалнама мәліметтеріне қарағанда әлем тұрғындарының көпшілігін дінге сенетіндерге жатқызуға болады. Яғни әлем халықтарының үштен екісі өздерін дінге сенетіндер қатарына қосса, 6% ғана өздерін сенімді атеистер қатарына жатқызған. Заманауи қоғамдағы діннің ахуалына көптеген факторлар әсер етіп отырғанымен, басты фактор ретінде саясаттың орны ерекше екендігіне назар аударған жөн. Келесі іргетасты факторлардың ішінен ХХ ғасырдың жаңа технологиялар, коммуникациялар мен интернеттік ақпарат құралдарының ықпалын атауға болар еді. Ғылым мен техника «жаратқанның» қойнауына қаншалықты бойлағанымен, дін өзінің позицияларын сақтап қалуда. Ислам XV ғасырда Жәнібек пен Керей негізін қалаған Қазақ хандығының ресми идеологиясы болып жарияланды. Ислам діні жоғарғы хандық биліктің нығаюы мен түрлі қазақ тайпаларының бір этникалық қауымға біргіуне ықпал еткен идеологиялық факторлардың бірі болды. Қазақ хандығының халқы исламның сүнниттік бағытының ханафи мазхабын ұстанды, алайда қоғамдық және жеке өмірде исламның тәңіршілдік пен шаманизмнің элементтерімен өзіне тән синтезі пайда болды. Қазақ мемлекеті өзінің құрылған кезеңінен бастап мұсылмандық құқықтық нормаларына жүгінді. Барлық қазақ хандары Керей мен Жәнібектен бастап ең соңғы қазақ ханы Кенесары (1847ж. қайтыс болды.) өздерінің шариғатқа жүгінетіндіктерін атап көрсеткен. Қасым хан мен Есім хан қабылдаған көшпелі мемлекеттің дала заңдарына шариғаттың үлкен әсері болды. Тәуке ханның (шамамен 1718ж. қайтыс болды) «Жеті Жарғы» заңдар кодексін қабылдауы исламды қоғамдық өмір мен заңдық тәжірибеде қолдануда айтарлықтай үлкен қадам болды. Осы құжатта көрсетілген әкімшілік, қылмыс және азаматтық құқық нормалары айтарлықтай дәрежеде шариғатқа жүгінген. Бұл заңда мемлекеттің ислам дініне қолдауын мойындайды. Мысалға, «Құдайға тіл тигізген адамның күнәсі жеті куәгер арқылы дәлелденсе, оны тас атып жазалу қажет»; «Егерде біреу христиан дінін қабылдаса, жақындары оның барлық мүліктерін иемденеді». Қазақ хандығында қалыптасқан қоғамның құрылымы заңды түрде бекітілді, мұнда жүз бен руға бөлінбейтін ақсүйектерге басымдылық берілді. Ақсүйектер қатарына Шыңғыс ұрпағынан таралған төрелер мен Мұхаммед пайғамбар мен оның төрт халифасының ұрпақтарынан таралған деп есептелетін 37


қожалар жатты. «Жеті Жарғы» заңдар жүйесінде қожалардың әлеуметтік дәрежесін ерекшелеу ислам дінінің жоғары әлеуметтік деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар, құқықтық нормалардың басым бөлігі дала әдет-ғұрпымен байланысты болды, немесе шариғат пен әдет-ғұрыптың синтезі күйінде болды. Ислам діні дала әдет-ғұрпының басым бөлігін қабылдауына байланысты, әдетғұрып пен шариғаттың ара-жігін анық айыру қиын екені белгілі. Мұндай байланысты «Жеті Жарғыдан» байқауға болады. Қазақ қоғамында ислам мен көне халық дәстүрінің арадасып кеткен тұстары кездеседі. Мысалы, сәбилерді атастыру («Бесік құда») салтын ислам жоққа шығармады. Бұл салт бойынша, мұндай құдаласу арқылы туысқан болу уақыт өте келе қайта жаңғыртылады. Ислам «қалың мал» төлеу секілді көне салттарға да икемділік танытты. Аймақтардағы ислам дінінің ықпалының қалыптасуы ескі түсініктердің сақталуы және олармен синтезге түсуі арқылы да жүзеге асып отырды. Діни синкретизм қалыптасты, яғни, ислам дінін ұстануда ескі діни нанымдардағы кейбір түсініктер сақталды, әсіресе анимизм, шамандық, ата-баба рухына сыйыну элементтері сақталып қалды. Осылайша, исламға дейінгі нанымдардың элементтері сақталған дәстүрлі ислам кең жайылды. Діни басшылықтың имам, молда және өзге де ресми құрылымдары қалыптасты. XVI-XVII ғғ. Қазақстанда исламның таралуына қазақ халқының орта азиялық халықтар мен Еділ татарларымен тығыз экономикалық, мәдени байланыстары ықпал етті. Ислам дінінің уағыздарын Бұхар, Самарқанд, Ташкент, Хиуа, Түркістаннан келген уағызшылары тарата бастады. Тәуелсіз Қазақстан тарихына жүгінсек, исламдық институттардың ықпалының артқанын байқаймыз. Соңғы жылдардың тәжірибесі исламның қоғамдағы руханилықты қолдап, дамуға қуатты жасампаз ықпалын тигізетінін дәлелдейді. Зорлықты қабылдамау, сондай-ақ нәсілдік және ұлттық төзбеушіліктен бас тартатын Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) ілімінің бейбітшіл мәні еліміздегі тұрақтылықты сақтап, одан әрі нығайтуға жағымды әсерін тигізеді. Өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында Қазақстан Республикасының Президенті былай деп жазады: «Біз, қазақтар үшін ислам – біздің дүниетанымызды анықтайтын ең алдымен жоғары идеал мен факторы, бұрындары ұмытылып кете жаздаған бай мұсылмандық мәдениеті мен атабабаларымыздың рухына деген тиісінше баға берудің Рәмізі іспеттес». Тәуелсіз Қазақстандағы ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды. Мұсылман бірлестіктерінің саны қарқынды түрде өсуде. Егер 1991 ж. олардың саны тек 68 болса, 2000 жылдар басында 1652-ге жетті. Ал 2011 ж. қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң талаптарына сәйкес жүргізілген діни бірлестіктерді мемлекеттік қайта тіркеу қызметінен кейін, ҚМДБ филиалдары ретінде 2228 мешіттер қайта тіркелді. Елімізде мешіттер саны көбеюде. Олар еліміздің бас қалаларында үлкен рухани орталық қызметімен қатар, ерекше сәулет туындысы ретінде де бой көтеруде. 38


2005 ж. 22 науырызында Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің қатысуымен еліміздегі ең ірі мешіттердің бірі «Нұр-Астана» мешіті ашылды. Мешіттің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Елбасы: «Жаңа мешіт Қазақстанның жас астанасының нағыз рухани және діни орталығына айналады... Діни ғимаратпен танысқан қала қонақтары Астана туралы қазіргі замандағы ең үлкен діндердің бірі исламды ұстанатын мемлекеттің астанасы деген ой қалыптастырады» - деді. 2012 жылы Астана қаласында бір мезгілде 5 мың адамға дейін, ал мұсылман мерекелерінде 10 мың адамға дейін намаз оқи алатын «Әзірет Сұлтан» мешіті салынды. Мешіттің ашылу салтанатына қатысқан Елбасы Н. Назарбаев: «Мешіттің Әзірет Сұлтан аталуы бекер емес, бұл кезінде күллі қазаққа рухани орталық болған Түркістанның рухы Елордамызда жаңғырды деген сөз. Ғұлама бабамыз Қожа Ахмет Ясауидің Түркістандағы кесенесі осылай аталатынын баршаңыз білесіздер. Енді Астананың да өз Әзірет Сұлтаны бар деп санаймыз» деп атап өтті. Алматы қаласында 2001 жылдан бастап «Нұр-Мүбарак» ҚазақстанМысыр Ислам университеті ашылды. Жыл сайын жаңа медреселер пайда болуда. Дін ұстанушылар саны күннен-күнге өсуде, олардың арасында жастар көп. Орташа және жоғарғы діни білім алатын адамдар саны көбеюде. Меккеге қажылыққа баратын қазақстандақтар саны өсуде. 2006 жылдан Қазақстанда мұсылмандардың мейрамы Құрбан айттың бірінші күні демалыс деп жарияланды. Қазақстан 50-ден астам мұсылман мемлекеттерін біріктіретін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының мүшесі. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасы елдің экономикалық дамуындағы ғана емес, азаматтардың діни-мәдени өміріндегі басымдықтарға да күрделі өзгерістер енгізді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың конфессиялық қатынастар саласындағы сарабдал саясаты тәуелсіздік жылдарында қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде маңызды роль атқарды. Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабына сәйкес Қазақстан демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болып табылады. Ар-ождан бостандығы – Ата заң арқылы танылған адам құқықтарының ең маңыздыларының бірі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында былай деп жазылған: 1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. 2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. Сондай-ақ Конституцияда төмендегідей құқықтар көрсетілген: – тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне 39


байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды (14-бап); – әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (19-бап); – республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді (20-бап). Ата заңда айшықталған нормалар негізінде 1992 жылдың 15 қаңтарында «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заң қабылданды. Заңда көрсетілген талаптар мен көзделген мақсаттар осыдан сол кезеңдегі Қазақстан қоғамының нақты ахуалына негізделген болатын. Соңғы екі онжылдық ішінде еліміздің рухани-діни келбеті елеулі өзгеріске ұшырады. Діни қызмет белсенділігі күшейіп, діни бірлестіктер саны еселеп артты, теріс пиғылды діни іс-әрекеттер де бой көрсете бастады. Сондықтан заңдық нормаларды заманауи ахуалға сәйкестендіру мақсатында аталмыш Заңға 1994, 1997, 2004, 2005 жылдары бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2011 жылдың 18 мамырында дін саласындағы дербес уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі құрылды. Агенттік тарапынан мемлекеттің дін саласындағы стратегиялық бағытын айқындаған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы әзірленіп, 2011 жылдың 11 қазанында қабылданды. Заңның преамбуласында халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлі танылатыны атап көрсетілген. Бұл қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына негіз болған, оның рухани-мәдени құндылықтарын қалыптастырған қазақ ұлтының және Қазақстан жеріндегі көптеген этностардың ата діні болып табылатын исламның, сонымен қатар соңғы үш ғасырлық тарихы Қазақстанмен ортақ христиан дініндегі бірқатар этностардың сенімдік бағыты – православиенің ел халқының өміріндегі рухани-мәдени маңызын айғақтайды. Аталмыш заңда мемлекеттік-діни қатынастардың негізгі қағидаттары көрініс тапты. Заңның 3-бабында төмендегі нормалар қамтылған: 1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. 2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең. 3. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді. Осы нормалар аясында мемлекеттердің діни бірлестіктерге бейтараптығы (нейтралитет), діни бірлестіктердің заң алдында теңдігі (паритет), ешбір дінге басымдық берілмеуі арқылы барлық діндерге бірдей қатынас пен көзқарастың орнықтырылуы (толеранттылық) қағидаттары қамтылған. 40


Сонымен қатар дін туралы заңнамада көзделген нормалар бойынша дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет: - Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, атааналардың немесе олардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды; - діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді; - егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды; - дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі. Өз кезегінде діни бірлестіктер дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес төмендегі міндеткерліктерге ие: 1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды; 2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды; 3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi. Дін туралы жаңа заңнаманы жүзеге асыру аясында Дін істері агенттігі тарапынан діни бірлестіктерді қайта тіркеу жұмысы жүргізіліп, Қазақстанның конфессиялық кеңістігі ретке келтірілді. Дінтану сараптамасын жүргізу, діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың заңмен белгіленген орындарда таратылуын қадағалау, ғибадат үйлерін салуды келісу және олардың ғимараттарын діни бірлестіктерге беру, миссионерлік қызметті реттеу, ақпараттық-ағартушылық шаралар аталмыш заң аясында жүргізіліп, елдегі діни ахуалды реттеуде, теріс пиғылды және радикалды идеологияның таралуының алдын алуда маңызды роль атқарды. Ислам – имандылық, адамгершілік, адалдық пен татулық, мейірімділік діні. Ол адам баласын еңбек етіп, халалдан ризық табуға шақырады, жиіркенішті жат қылықтардан, қылмыстық істерден сақтандырады. Осы орайда біздің ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) өзінің хадис-шарифінде: «Сендерден кімде-кім бір жамандықты көрсе, оны қолымен өзгертсін. Оған шамасы келмесе, оны жүрегімен жаман көрсін», – деп айтқан. Құдіреті күшті Алла Тағаланың адамзатқа сыйлаған ірі сый-нығметінің бірі – қауіпсіздік. Онсыз біз тұрақтылық пен тыныштықты сезіне алмаймыз. Бұл үлкен құндылық – адамзаттың негізгі құқығына айналып, ол заң жүзінде қорғалуда. Адамзаттың осы құқығының маңыздылығы сондай, ол шариғатта 41


қажеттілік деген атқа ие болып, исламның негізгі мақсаттарының бірі болып отыр. Негізінен, адам өмірінің қаупсіздігі – қастандық әрекетке жол бермеу, қылмыстан аулақ болу. Шариғатта біреуге нақақтан – нақақ жамандық жасау қастандық болып саналады. Себебі қасиетті Құран Кәрімде: «Қастандық істемеген, жер бетінде бұзақылық жасамаған бейкүнә жанды өлтірген адам – барлық адам баласын өлтіргенмен тең болады», – деп жазылған. Жалпы, шариғат бойынша біреуге қоқан-лоқы жасап, қорқытып-үркітудің өзі, барша адамға жасалынған қиянатқа тең. Яғни, Ислам дінінің құндылықтары, мақсат-мүддесі – қылмысқа қарсы күресте, оның алдын алуда қуатты күш. Сондықтан да Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасы, бас Мүфтиіміз, мешіт имамдары әрдайым діни уағыздарында халықты ізгілікке, адалдыққа, жақсылыққа, Отансүйгіштікке шақыруына айрықша көңіл бөліп келеді. Олар жамиғатқа Ислам дінінің әрбір адам баласының ой-пікірі мен өмір сүру бостандығына құрмет көрсетіп қана қоймай, адамдар арасындағы ұрыс-керіс, өсек-өтірік, көреалмаушылық, кемсітушілік, тіпті өзгелер туралы жаман ойлауға да тиым салатынын, Исламның террор мен әртүрлі қырғиқабақ соғысқа үзілді-кесілді қарсы екенін де үнемі айтып түсіндіруде. Террорлық әрекеттер арқылы ешбір проблема қазірге дейін шешілмеген әрі бұдан кейін де шешілмейді. Барлық лаңкестік әрекеттер – Ислам үшін жасалған күрес емес, керісінше Исламға қарсы бағытталған күрес. Адамды бұзып, қылмысқа итермелейтін үлкен күнәлар жөнінде діни уағыздарда айтып қана қоймай, оны газет-журнал беттерінде де жариялап, адамдарға оң ықпал жасау да біздің басты назарымызда. Мұның бәрі қылмысқа қарсы күресте Ислам дінінің зор роль атқаратынын, оның шын мәнінде бұл ізгі істе қуатты күш екендігін танытады. Мемлекетіміздің дін туралы заңында: «Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей» делінген. Демек, мемлекет бір дінді дәріптеп, ал екінші бір дінді төмендетуге жол бере алмайды. Сондай-ақ, «Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни ерекшелігіне байланысты азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысанына тыйым салынады» деген қағида Ата Заңымызды және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларын көктей өтеді. Қазіргі таңда əлемде идеялар күресі жүріп жатыр. Халықаралық саясаттағы жəне мəдени ортадағы жаһандық өзгерістерді аңғарған жалған діни ұйымдар халықпен жұмыс жүргізу тəсілдерін өзгерте бастады. Олардың кезкелген ортаға бейімділігі радикалды тəсілдердің орнына заманауи уағыз насихат жəне білім беру технологияларын қолдануға мүмкіндік жасап отыр. Осының нəтижесінде жас ұрпақтың белгілі бір бөлігі түрлі теріс пиғылды ағымдардың, жалған діндердің шырмауына түсіп қалуы әбден мүмкін. Жастарға батылдық, алған бетінен қайтпау тәрізді қасиеттер тəн, бұл әрине жақсы. Бірақ, өкінішке орай, олардың көпшілігі əлемдік діндердің тарихын терең біле бермейді Бұның себептерінің бірі қазіргі жастардың діни 42


санасының дұрыс қалыптаспағанынан болып отыр. Бұл өз кезегінде теріс түсінік қалыптастыруы мүмкін. Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал етуі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда. Әсіресе қазіргі жастардың мешіттерге баруы, дінге бет бұруы қуантады, дегенмен әлі де болса ойланатын жайттар жеткілікті. Жастардың қоғамдағы салмағы жоғары. Адамдар білім алу, мамандық таңдау және қоғамда әлеуметтену, негізгі араласатын ортасын құру, рухани қағидаттар мен бағдарын қалыптастыру секілді негізгі әлеуметтік және демографиялық өмірлік кезеңдерінен дәл осы жас кезінде өтеді. Ойланатын жайт, әлеуметтік және азаматтық тұрғыдан есею шағында жастар жағымсыз ықпалдарға да даяр тұрады. Студент жастар - бұл білім алған соң ертеңгі күні экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, білім салаларда ұстанымға ие болады, сондықтан ол белгілі бір дәрежеде көптеген тоталитарлық және деструктивті дәстүрлі емес діни ұйымдардың басты нысанасы болады. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Сондықтан, жастарды тәрбиелеуге, жан дүниесі рухани бай жастарды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет. Қазақстан Республикасының Діндер туралы заңында көрсетілгендей, Қазақстанда жалпы Орта Азияда дәстүрлі дін екеу: 1. Ислам діні; 2. Христиандық бағытындағы дін. Статистикалық мәліметтер бойынша дәстүрлі дін Ислам дініне бет бұрғандардың саны өте көп. Себебі, Ислам атабабаларымыздан бастап бүгінге дейін ұстанып келе жатқан-асыл дін. Бізідің мемлекетіміз - Тәуелсіз, зайырлы мемлекет, яғни қай дінді қабылдаймын десең, өз еркің. Қазір әлемдік үш дін – Ислам, Христиан, Будда діндері бар. Сондықтан қазіргі қоғамдағы жас ұрпақ арасында жоғарыда аталған діндер туралы мәлімет беріп, ақпарат тарату, басты міндет болып табылады. Себебі, оңы мен солын, ақ пен қараны, жақсылық пен зұлымдықты енді ғана ажырата бастап, әлі толық қалыптасып үлгірмеген жас буынға дін туралы түсінік қалыптастыру арқылы оларды теріс жағдайлардан аман алып қалуға болады. Олай деуімізге негіз бар: діннің не екенін, мақсаты мен мұратының қандай екенін жете түсінбегендер түрлі жалған ағымдардың жетегінде кетіп жатыр. Жалған ағымдар әркез дінге қайшы, ұлттар арасында алауыздық туғызу, тыныштықты бұзу. Демек, бұндай жағымсыз жайттар орын алмауы үшін біріншіден, дінді бұрмалауға жол берілмеуі тиіс. Қазіргі жасарға діни сауатын ашып, діннің құндылықтары туралы ақпараттандыру басты міндет болуы қажет. Діни құндылықтар туралы мәселенің түрлі аспектілері бар. Ол әр адамның білімі мен мәдениетінің көрсеткіші болып табылатын ілім. Адамның қай дінге сенетіне немесе 43


сенбейтіні маңызды емес, ол дін туралы білуі тиіс. Діни білім адамдарға қиын жағдайларда, қажет болуы мүмкін. Тұжырымдай келгенде қазіргі Қазақстан қоғамының модернизациялануы жағдайында діни тақырыптар мен мәселелерді заманауи технологиялық әдістемелік құралдармен оқытудың маңызы зор. Өйткені Қазақстан қоғамының онан әрі дамуында дін аса маңызды рөлі атқарады. Әдістемелік және теориялық жағынан кіршінсіз пайдалана білген жағдайда діннің жасампаздық әлуетін толығымен тиімді пайдалануға болады. Керісінше жағдайда дін қауіпті факторға айналады. Сондықтан қазіргі әлемдегі діннің, оның ішінде исламның рөлінің біртекті еместігін ескере отырып төмендегідей шараларды жүзеге асырған дұрыс: – Оқушылар мен жасөспірімдердің діни төзімділік санасын мектеп жасынан қалыптастыру; – Демократиялық мемлекет құрылымдары азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз етуі керек; – Ел ішіндегі діни ахуалды бақылау үшін мониторингі жүйесін енгізу. 3.1 Ислам дінінің әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлі Тарих беттеріне қарайтын болсақ, дінсіз қоғам болған емес. Себебі адам жаратылғаннан бастап әр қауымға Жаратушы тарапынан жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиып, туралықты нұсқайтын пайғамбарлар жіберіліп отырылса, адамзат өзінің ішкі рухани кеңістігін Жаратушымен байланыс арқылы толтырып отырған. Алғашқы қоғамдық құрылымнан бері қарайғы уақытта пайда болған қоғамдар да діни сенім негізінде қалыптасқандығы анық. Дін адамдардың іс-әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын күш іспеттес. Дін – кез келген жеке адам, қоғам, ұлт өміріндегі ең маңызды фактор. Діни сенім болмаса, үлгілі мәдениет құру да мүмкін емес. Тарихта дінге немқұрайлы қараған мемлекеттер қанша алып болса да түбі келеңсіздікке душар болғаны мәлім. Алайда барлық дін біткен өмірдің барлық саласын қамтып, тығырықтан шығар жол нұсқай алмайды. Тек Жаратушы тарапынан келген шынайы дін ғана барша келеңсіздіктерге нүкте қоя алған. Дін – бүкіл әлемнің жаратушысы тек Аллаһ Тағала тарапынан ғана жіберіледі. Иә, дін Жаратушыдан жеткен қасиетті ұғым жүйесі болғандықтан, өзге күштің дінге ұқсас жүйе ойлап шығаруға немесе діни үкімдерге әлдеқандай өзгеріс енгізуге ешқандай да құқы жоқ. Тіпті, пайғамбарлар да мұндай құзыретке ие емес. Аллаһ Елшілерінің міндеті – Жаратқаннан келген әмірлер мен тыйымдарды үмметтеріне жеткізу. Дін адамға Аллаһ Тағаланың таңғажайып даналыққа құрылған жаратылысының алдындағы мақсат, міндеттерін айқындап береді. Адам баласы тек ішіп-жеу, саят құрып сайрандау, бірін-бірі өлтіру үшін ғана жаратылмаған. Кері- сінше, адамзаттың Ұлы Жаратушыға құлшылық ету үшін ғана 71 С. Сейтбеков. Ислам дінінің әлеуметтік мәселелерді... жаратылғандығын мына бір аят баян етеді: «Мен жындар мен адамдарды тек қана маған құлшылық етулері үшін жараттым» (Зарият сүресі, 56-аят). Дін 44


адамға екі дүниенің бақытына апаратын тура жолды көрсетеді. Адамның бүкіл іс-әрекетін қайырымдылыққа, ізгілікке бағыттайды. Нәтижесінде адам фәнилік өмірін де босқа өткізбей сауапқа кенелері хақ. Себебі о дүниелік өмірге қажетті негізгі қағидалар тізбегін дін ғана үйрете алады. Мұның қоғамдық мәні де зор. Неге десеңіз, жеке адамнан шығатын ізгілік нұры, оның имани келбеті айналасындағы дос-жаран, ағайын-туыстарына да әсер етпей тұрмасы белгілі. Дін пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізілген Аллаһ- тың бұйрықтары мен тыйымдарынан тұратындықтан тек уахиге ғана сүйенеді. Діннің ең басты ерекшелігі осы уахи арқылы келуінде. Басқалай болған жағдайда, яки дін негізі уахиге құрылмаса, Аллаһ құзырында иләһи (құдайлық) дін болып саналмайды. Ислам ондай діндерді «жасанды дін» деп санайды. Қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені, дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, әділеттілікті, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі. Қоғам өмірі мен рухани болмысы жайында ғылыми зерттеулер жүргізген философтар, әлеуметтанушылар мен дінтанушылар алғашқы діни жүйелер жайында түрлі тұжырымдар айтқан. Әр ғалым өзінің зерттеу нысанының шеңберінде дінге түрлі түсінік береді. Нәтижесінде, алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тотемизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді бөле-жара атайды. Аталмыш діндер негізінен көп тәңірлік (политеистік) сенімнен тұрады. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық құрылыс уақыт өткен сайын мәдениеттілікке қол жеткізіп, соңында мәдениетті, өркениетті елге айналғаны секілді, діндер де алғашқыда көп тәңірліктен бастау алып, бертін келе, бір 72 ХХI ғасырдағы исламтану: диалогиялық стратегиялар құдайға (монотеизм) сыйынудың қалыптасқандығын айтады. Ал ислам бұл пікірмен келіспейді. Ислам діні бойынша адамзаттың алғашқы діні – Таухид (бірлік) діні. Себебі Хазіреті Адам ата адамзаттың алғашқысы, әрі алғашқы пайғамбары. Ол Аллаһтың әмірімен таухид (бірлік) дінін уағыздаған. Аллаһ Тағала оған 10 парақтан тұратын Өзінің діни заңдылықтар топтамасын түсірді. Хазіреті Адам (а.с.) өзіне жүктелген пайғамбарлық қызметті балалары мен немерелеріне айтып жеткізді. Осылайша жер бетіндегі алғашқы дін – «Таухид» діні пайда болды. Хазіреті Адам дүниеден өткен соң оның ұрпақтары сауатсыздықтан, шайтанның алдап-арбауымен таухид дінінен ауытқи бастады. Мұның түбі түрлі діни сенімдер мен діндердің пайда болуына әкеп соқты. Адамдар таухид дінінен шығып, өзге нәрселерге табына бастағанда Аллаһ екінші бір елшісін жіберіп, пенде- лерін адасушылықтан тура, шынайы жолға шақыртып отырды. Діндер тарихын зерттеушілер, дінтанушылар мен дін әлеуметтанушылары әлемдегі діндердің шығу тарихы мен ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға бөледі. 1. Тайпалық діндер (алғашқы тайпаларда кездескен діндер). 2. Ұлттық діндер (бір ғана ұлт өкілдері ұстанатын діндер: индуизмді үндістер, сихизмді жапондар ғана ұстанады). 45


3. Әлемдік діндер (әлемдегі көптеген ұлттар мен ұлыстар- дың ұстанатын діні: ислам, христиан, буддизм). Дінтанушы ғалымдар тайпалық, ұлттық және әлемдік діндерден бөлек дінге ешқандай қатысы жоқ, яки, дін деп атауға болмайтын кейбір топтарды «Дәстүрлі емес культтар» деп атайды. Мұндай культтарға «сатанизм», «кришнаизм» секілді діни топтар жатады. Ислам ғұламалары діндерді екі топқа бөліп қарастырады: 1. Аллаһ тарапынан жіберілген сәмәуи діндер: ислам, христиан, иудей. 2. Аллаһ тарапынан жіберілмеген жасанды діндер: буддизм, конфуция, индуизм, синтоизм т. б. Исламның басқа діндерден басты ерекшелігі: – Аллаһ тарапынан түскен дін. Жаратушы тарапынан келген, он төрт ғасырдан артық уақыт өтсе де Құранның не- гізгі мәтіні күні бүгінге дейін сақталған. Бұл басқа діндердің ешбірінде жоқ. – Бір Жаратушыға ғана табынуға шақырады. Барлық дін мейірімділік, ізгілік, үлкенді сыйлау, кішіге ізет сынды адам психологиясына қонымды нәрселерге шақырса, Ислам осындай ізгіліктерді басшылыққа ала отырып, бір құдайшы- лық сипатымен барлығынан ерекшеленеді. – Бүкіл әлемдік дін. Яғни, белгілі бір ұлт немесе ұлысқа тиісілі емес. Соңғы Пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) бүкіл әлемге елші ретінде жіберілгендігі жөнінде Құранда баяндалған. – Өмірдің барлық саласын қамтушы әмбебап дін. Яғни, өмірдегі ғылым-білім, мәдениет, өнер, экономика, медицина т. б. салаларының барлығын қамтиды. – Барлық уақытқа, заманға жауап береді. Көптеген діндер уақыт өтіп, технология дами келе діни өсиет негіздері заманға сәйкес келмей жалғандығы анықталып, ерушілері азая түссе, Ислам діні күннен күнге күш алуда. Бүгінде Еуропа елдерінің көптеген ғалымдары Ислам дінін қабылдап жатқандығы осыған дәлел. Осындай сипаттарға ие бола алмаған дін халықтың әлеуметтік проблемалары былай тұрсын, ішкі қателіктерін түзетумен әлек. Бүкіл адамзат тарихында Ислам дінінің алар орны ерекше. Оның ғылым мен білім, мәдениет пен өркениеттің сарқылмас кәусар бұлағы екендігін әлем әлдеқашан мойындаған. Ислам қоғамдағы кедейшілікпен де күресті. Өйткені, пақырлықтың адам сеніміне, жүріс-тұрысына, отбасы тіпті қоғамға кері әсері бары сөзсіз. Арадағы қарым қатынасты қалыпты сақтау үшін де маңызы зор. Сол үшін Ислам, қоғамда өмір сүріп жатқан әр мұсылманға напақалы болуын міндеттеген. Аллаһ тағала міндеттеген парыздарды орындау үшін әлеуметтік жағынан қамтамасыз болуы маңызды іс. Ендеше Ислам әлуметтік проблемаларды қалай шешкен? Бұған қысқаша жауап берейік: Адал еңбек етуге баулу: Ислам діні әр мұсылманға өз несібесін жинау үшін жер бетіне тарап, күн-көріс жасап, Аллаһтың ырыздығына кенелу керектігін нұсқайды. Бұл жайында Құранда: «Ол сондай Аллаһ жерді көнпіс қылып жартты. Ендеше оның айналасында жүріңдер. Сондай ақ, Оның ризығынан жеңдер» делінеді (Мүлк сүресі, 15- аят). Өйткені, ризығын таба білу әлеуметтік проблемаларды шешудің бір қаруы іспеттес. Аллаһ Тағала адам баласына еңбек етіп, кәсіп қылудың есіктерін ашып қойды. Ал пенде болса, сол есіктерден өзінің қабілеті мен тәжірибесіне сай келетінін таңдайды. Жеке басына және қоғамға моральдық, әрі материялдық зиян 46


келтіретін жұмыс Исламда харам саналады. Адал еңбек мұсылманның шаңырағына берекелі пайда әкелсе, ал сол жолдағы қиындық машақаттың барлығы сауап ретінде жазылады. Рызықты еңбекпен табу: Біреулер Аллаһқа тәуекел еттім деген желеумен әрекет қылмай ризықты кенеттен күтеді. Бұл қате түсінік. Аллаһ Тағала Өзінен тілей отырып, амалын жасауды бұйырған. Халифа Омар өз заманында намаздан соң мешіттен шықпай әрекетсіз отырушыларға: «Сендерден ешкім аспаннан алтын-күміс жаумайтынын біле тұра, Аллаһ маған рыздық бере гөр деп мешіттен шықпай отырмасын. Аллаһ Құранда: «Намаз өтелген соң, жер жүзіне таралыңдар да Аллаһтың мархаметінен несібе іздеңдер. Сондай-ақ, Аллаһты көп еске алыңдар. Әрине құтыларсыңдар» – деген» (Жұма сүресі, 10-аят). Осыған қатысты мына бір оқиғаны айта кетейік. Ибраһим бин Адһам атты діндар адам өзінің заманындағы саудагер жолдасы Шақиқ әлБалханы сауда сапарымен шығарып салып, саудасына сәттілік тілейді. Бірер күн өтпей жолдасын мешітте кездестірген Ибраһим бин Адһам таң қалып, неге тез келдің деп сұрайды. Сонда Шақиқ: «Сапарымда ғажап нәрсе көрдім. Тынығу үшін бір жерге тоқтадық. Сәлден соң ағаш басындағы құстың ұясына көзім түсті. Ішінде қанаты сынық, көзі соқыр құс отыр екен. Бұл қалай өмір сүреді деп таң қалдым. Сөйтсем басқа бір құстың келіп бірнеше рет оған тамақ беріп жатқанына куә болдым. Сонда өз өзіме: «Мына құсты тамақтандырған Алла маған да ырыздығын беруге құдіретті» – деп кейін қайттым дейді. Сонда Ибраһим бин Адһам: «Саған таңым бар, уа, Шақиқ. Біреудің көмегімен 75 С. Сейтбеков. Ислам дінінің әлеуметтік мәселелерді... өмір сүретін соқыр құсты неге жаныңа жақын еттің. Сондай мұқтаждарға тасушы құс сияқты болмадың ба?» – дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз үмметін еңбекке үндеп: «Қан- дайда бір мұсылман егістік егіп, одан құс, адам, жануар жеген болса, оған садақа ретінде жазылады» – дейді. Еңбек етуде арланбау: Ислам тәкәппарлықты даттап, қарапайымдылыққа үндейді. Көптеген адам абырой беделіме нұқсан деген оймен жұмыстан бастартып, кейін баз кешіп жатқандығы ақиқат. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінде «Сендердің бірің Алла жүзін жарқын қылып, қолына арқан алып онымен ағаш байлап, оны сатқаны адамдардан сұрап, бірі беріп, бірі қайтар- ғаннан хайырлы», – десе, тағы бір хадисте: «Аллаһ жіберген Пайғамбарлардың баршасы қой баққан». Сонда сахабалары: «Сенде ме, уа, Аллаһтың Елшісі?» – дейді. Ол: «Ия, мен де Мекке тұрғындарының аздаған ақшасына қой баққан болатынмын» – деген. Өсімнен арылу: Ислам діні әділдікті уағыздап, жеке тұлғаның қамын ойлайтын дін. Сол себепті, өсімге тыйым салып, өсім жеу арқылы мал табатындарға күрес жариялайды. Бақара сүресінің 275-ші аятында «... негізінде Аллаһ сауданы халал, өсімді харам еткен...» десе, келесі аятында: «Аллаһ өсімді жояды да, сауданы арттырады...» – делінген. Қоғамдағы әлеуметтік проблемалардың бірі өсімге ақша алып, кері қайтара алмай, көптеген жандар психологиялық дағдарысқа ұшырауда екені жасырын емес. Туыстық қарым қатынасты үзбеу: Аллаһ Тағала Құранда «Негізінде Алла әділеттілікті, жақсылық жасауды және ағайынға қарайласуды бұйырады» деген (Нахыл сүресі, 90-аят). Ислам бойынша туыстық қарым-қатынасты сақтау әрбір мұсылманға парыз. Туыстық 47


қатынасты бұзған адам күнахар саналады. Олай болса, адамзат өз туысына қарайласу арқылы қоғамдағы әлеуметтік қиыншылықтарды бірге шешуі тиіс. Өкінішке орай бұл қағида толық орындалмай жатқаны шындық. Зекет, садақа беру: Аллаһ парыз-міндеттерді жүктеу арқылы қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешудің бір 76 ХХI ғасырдағы исламтану: диалогиялық стратегиялар жолын нұсқады. Ол – зекет пен садақа. Осылайша кедей мен бай арасындағы байланысты күшейтті. Ислам тарихында мұсылман үмметінің әлеуметтік тұрғыдан күшеюіне зекеттің маңызды рол атқарғандығы анық көрінеді. Бұған қатысты Құранда былай дейді: «Аллаһ өсімнің берекетін кетіріп жояды, ал садақасы берілген малды берекеттендіріп, арттырады» (Бақара сүресі, 276-аят). Жауапкершілікті жүктеу: Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұған қатысты былай деген: «Барлықтарың бақташысыңдар. Әрқайсың өз қол астындағылар үшін жауап бересіңдер. Басшы өз қол астындағыларына, ер адам өз отбасына, әйел адам үй ішіне. Құл қожайынының шаруасына жауап береді». Ендеше, әрбір басшыға өз қоластындағы бағыныштыларды рухани және әлеуметтік тұрғыда қорғап, жағдайларын жасау жүктеледі. Қорыта келе, Ислам дінін – басқа діни де дүнияуи ешбір жүйемен салыстыруға келмейтін, жанжақты толысқан кемел жол екенін аңғарамыз. Ислам тек бес уақыт намаз, отыз күн ораза, күндіз-түні құлшылықтан көз ашпайтын дін емес. Ол, адамзатқа тура жолды нұсқап, ақыл-ой мен санасын дамытып, қоғамдағы теңдік пен бірліктің қамын жеген асыл дін. Адамдарға адал жолмен мал тауып, әділ жолмен бөлісуін үйрете отырып, әлеуметтік теңдікті, әділдікті және қанағат пен парасатты- лықты ту еткен дін. Қоғамдағы бай мен кедей, ер мен әйел, ата-ана мен бала, үлкен мен кішінің арасындағы рухани тәрбие, өзара қарымқатынасты парықтап, әлуметтік мәселердің де жүйесін жіктеп, тігісін жатқызып берген жаратушы Аллаһтың соңғы өсиеті – тығырықтан шығар жол болары анық. 3.2 Ислам және өзге діни ұйымдар Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекет пен діни ұйымдар байланысын тиімді заңды реттеуден басқа да бірнеше күрделі мәселелер бар, олар жалған діни ұйымдар мен экстремистік топтардың әрекеттерін тоқтату. Мемлекеттікконфессиялық саясатты жүзеге асыруда халықтың діни және дінтанулық сауаттылығын ашуды қалыптастыру, осыған байланысты зайырлы білім жүйесі жағдайында дінтанулық білім берудің мазмұнын анықтау, кәсіби педагог мамандарды дайындау, қайта дайындау мәселелерін шешудің маңызы өте зор. Плюралистік дүниетаным жағдайында халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарында жалған ғылыми, жалған діни және оккульттік тәжірибеге үлкен жөнсіз қызығушылық пайда болатыны байқалады. Мұндай қызығушылыққа тек дүкендегі толып тұрған кітаптар ғана емес, сонымен қатар, теледидар арқылы күндіз-түні берілетін мазмұны түсініксіз, адамның тағдырын ашып беруге арналған балгерлікке, қашықтықтан емдеуге, жеке мәселелерін шешуге және т. с. с. арналған бағдарламалар да өз ықпалын тигізеді. Идеология жойылған кезең 48


бұқаралық сананы жылдам жаулап алуға, «евангелизация-исламизация» жобасы бойынша этноконфессиялық менталитеттің қирауына, жаңа «діни» үлгіні меңгеру мен түсінуге байланысты азаматтардың бей-жай (маргиналды) күйге түсуіне әкеліп соқты. Шын мәнісінде азаматтардың көптеген топтары (жастық, этностық, әлеуметтік-кәсіби, білім беру және т. б.) жоғалған ұқсастық жағдайында қалды, олардың бей-жайлылығына өз әсерін тигізетін жаңа «діни» (нақты айтсақ, «квазидіндік») жағдайда қалды. Бұқаралық сана және мінезқұлық (тіпті кейбір азаматтар үшін – өмір бейнесі) ретінде діндарлық әртүрлі проекцияда кездеседі: анық және жасырын түрде, кейбір сәттерде жеке тұлғаға, қоғамға дұрыс, позитивті әсерін тигізсе, кейде кері Қазақстандағы мемлекеттікконфессиялық қатынастар үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері әсерін де тигізеді (мысалы, атап айтсақ, «діни» экстремизм, дәстүрлі этноконфессиялық ұқсастықты жоғалту). Дін жамылған миграция салдарының тек жеке тұлғаға емес, сонымен қатар топтық және қоғамдық әсері де бар. Діни мигранттар (уағыздаушыдан бастап, неофиттермен аяқтап) жоғары жанжалды және Қазақстанның ішкі тұрақтылығына негізгі қауіп тудырушы жаңа субмәдениетті қалыптастырады. Қазақстандықтардың жеткілікті деңгейде және басымды талпыныстарына қарамастан, елде кейбір геосаяси факторларға байланысты таза шетелдік сипаттағы квазидіни негізінде жан- жалды ұшықтыру жағдайы қалыптасуда. Бұл іс-әрекеттің мақсаты – бұқаралық сана мен мінез-құлыққа деструктивті әсер ету, басқаруға болатын (эластикалық) бұқаралық сана қалыптастыру, бір жағынан, бұқаралық сананы жаһандық тәртіптің «шайылып» кеткен құндылықтарына ауыстыру- мен айналысатын, ал екінші жағынан, қазіргі мемлекеттік құрылымды өзгертуге тырысатын жасырын әрекет ететін саяси ұйымдар қатарын құру. Қазақстандағы тіркелген және діни ұйым ретінде әрекет етуші бірнеше қауымдастықтардың осы елде болу мақсаты барлық уақытта нақты көрсетілмеген, себебі жиі ауыстырылады. Өздерінің іс-әрекеті мен оның декларациясы көп жағдайда сәйкес келмей жатады. Діни насихат пен ағартушылық астарында саяси кері үгіт-насихат жүргізіледі; әлеуметтік бөлу идеясы, діни бірегейлік, басқа дін иелеріне төзімсіздік уағыздалады; дінге сенушілердің туыстары мен жақындарына, жанында тұратын азаматтарға, мемлекеттік үкімет және басқару органдарына қатысты төзімсіздік тәртіп құру саясаты таратылады; басқа дінге сенушілерге, мемлекет және қоғам институттарына қатысты дінге сенушілердің санасы мен мінез- құлқын экстремизациялайды; діни іс-әрекет емес, мүлде басқа істермен айналысады және т. б. Эксперттік талдау қазақстандық менталитеттің құндылық негіздерін бұзу арқылы мемлекеттік сипатты босаңсыту әрекеті басқарылған және арнайы ұйымдастырылған әрекет екенін көрсетеді. Ол жаңа діни культтер, қоғамдық ұйымдар Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды дамытудың өзекті мәселелері (олардың басым көпшілігі мемлекеттік тіркеуден өткен, сондықтан еркін қызмет жасайды) арқылы еркін жүргізіледі, жалпы олардың іс-әрекеті желілік сипатта жүргізіледі. Идеологиялық жағынан қараса, мұндай ұйымдар үнемі демократиялық бостандық жоқ екендігі туралы дискуссияны 49


ұшықтырады, ал, шын мәнісінде, өздері «басқарылатын демократия» мен «жоспарланған былық» моделін жасайды. Жаңа діни культке ауысу әдісі жалған христиандық, жалған исламдық ұйымдарға тән, ұқсас болуы алаңдатады. Олар да, бұлар да өз қатарын көбейту мақсатында адамдардың жеке күйзеліске ұшыраған сәттерін, адамгершілік және дүниетаным ізденістеріне талпынысы өскен кездерін, өмір құндылықтарын түсінуге ұмтылуын, өмірдегі кездескен қиындықтарды, мысалы, жаман әдеттерді жеңу кезеңдерін пайдаланады. «Діни қызмет» ету сылтауымен жаңа қауымдастыққа тартудың ең басты құралы – адамдарды сауықтыруға (рухани және дене сауығуы), жаңа аға-іні, әпке-қарындас, отбасы табуға, жаңа ұжымдық жағдайында діни (Құран немесе Библияны, намазды оқып-үйрену) және діни емес мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге уәде беру. Идеологиялық әсер ететін жаңа «агенттер» діни культ ретінде емес, басқаша әсер етуге тырысады, мысалы, өздерінің жеке жетістігі бойынша тренингтер өткізу, қиындыққа кездескендерді қолдау, көмектесу, сол арқылы өзін жарна- малау, шет тілдерді оқу және тиімді аутотрениг дағдыларын алу, сауықтыру тәжірибесін меңгеру және кеңінен тараған әдіс-тәсілдермен жасырыну арқылы жүргізеді. Жалған діни ұйымдар жүргізетін уағыздар мен іс- әрекет түрлерін талдай келе, культ қызметкерлері қазақстандықтардың өмірдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне, ондағы кездесетін қиыншылықтарға дәйекті және табанды бағытталған жұмыс жүргізетінін көруге болады. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерді жаман жағы- нан бағалауға саясаттандырады, шындықтың себеп-салдарлық байланысын адептердің ой-пікірлерін, санасын өмірден алшақтату мақсатында ойдан шығарылған мифологиялық Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері тәуелділікпен ауыстырады. Олар сонымен қатар азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін жасалатын шаралар бойынша діни топтардың әрекетін басқаларға қарама-қарсы қояды, өздерінің сенімдерін таңдады және адамдардың дүниетанымы мен көзқарасын өзгертуге мәжбүрлейді, үрей мен қорқыныш әдісін моральды әсер етуден бастап физикалық әдістер арқылы да қолданады. Бұдан басқа, Қазақстан мемлекетіне, оның институттарына (жалған) діни сенім жағынан күресуді қажет ететін құбыжықтардың, жаулардың сипатын береді, сонымен дінге сенушілерді алға қойған мақсатқа жету үшін «рухани жауынгер» болуға шақырады. Осының бәрі бітпейтін уағыздарда, тренингтерде, кездесу мен әңгімелерде жүргізіледі, олардың басты мақсаты – азаматтарды үйреншікті қатысу тобынан (отбасылық, достық, кәсіби) шығарып, жаңа тілектестер қауымдастығына енгізу, адамның жеке өз еркін қауымдық лидерге бағындыру. Жеке адамды топқа, азаматты қоғамға қарсы қою мақсатына жетуге ұмтылуды біз жалпы мәдени бірлестікті бұзу, біздің қоғамымыздағы келісім атмосферасына зиян келтіру деп қарастырамыз. Ал мұндай іс-әрекетті саяси дайындалған және идеологиялық уәжделген шара деп санауа болады. Қалыптасқан дүниетаным қазақстандық менталитеттің құндылықтық негіздерін бұзу арқылы жүргізіледі: ата-ана, отбасы құндылығы туралы түсінік, ұрпақтар арасындағы өзара қарым-қатынас 50


өзгереді. Зерттеу жұмыстары көптеген діни қауымдар дінді жамыла отырып, діни әрекеттерден тіптен алыс шаралармен айналысатынын, өзінің қатарына жаңа мүшелерді тарту, сенушілерді тәрбиелеу бойынша белсенді, мақсатты бағытталған жұмыс жүргізетінін көрсетті. Біздің ойымызша, көбіне осындай ісәрекеттер табиғи емес, ол тапсырма сипатты болып келеді, негізінде белгілі бір көзқарасты, тәртіп үлгісін, өмір жолын өз ыңғайына қарай өзгертуге бағытталған. Біз мұндай қауымдарды жалған діни, ал олардың іс-әрекеттерін квазидіни деп бағалау керек деп ұсынамыз. Неге қазіргі уақытта діни негіздегі экстремизмге қарсы тұру жүйесі туралы мәселе өте өзекті? Бәлкім, қазіргі кезде жаңа Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды дамытудың өзекті мәселелері тәуелсіз мемлекеттерге ұсынылып жатқан гео-саяси жобаның мақсаттары анықтала бастағаннан болар, бірақ конфликтогенді ортаны қалыптастыру үшін дінді пайдаланудың стратегиясы мен тактикасы анық көрінеді. Біздің ойымызша, дұрысында діни экстремизм емес, жалған діни экстремизм туралы айту керек, өйткені жалпы дін экстремистік қызмет атқармайды. Неге жалған діни экстермизм пайда болды? Біріншіден, экстремистік идеологияны қабылдауға іштей дайын белгілі бір әлеуметтік топтардың болу қаупі- мен байланысты объективті факторлар бар. Нарықтық өмір индивидуалистікке, эгоистікке, қаталдық пен күшке негізделгені ешкімге де құпия емес. Нарықтық қатынастарға көшу барысында жақсылық, ізгілік, шыншылдық сияқты адамгершілік негіздері бұқаралық санада құнсызданып кетті. Халықтың көпшілік бөлігі нарыққа көшудің алғашқы кезеңінде жаңа мәртебені қабылдауға, интенсивті әлеуметтік өзгерістерге, отбасы экономикасына байланысты мәселелер кешенін өз бетімен шешуге дайын болмады. Оның бір себебі, негізгі жекеменшік табы әлі қалыптаспады. Нақты экстремистерді көбейтудің әлеуметтік базасы қысқарған жоқ. Сананың фрустрацияланған күйі мен нарықтық жағдай- ға бейімделудің бұқаралық механизмі болмауы халықтың белгілі бір топтарына еңсерілмес мәселе болды. Ауысу кезеңі адамгершілік және әлеуметтік бағдардың жоғалуымен қатер төндірді, ол көптеген азаматтарды өмір мәнін қайта қарастыруға, «дұрыс», шынайы жолды табуға жетеледі. Міне сондықтан, болашақ пен бүгінге сенімнің жоғалуы, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, бұрынғы идеалдардың бұзылуы жаңа миссионерлер үшін нағыз табылмайтын құтты негіз болды, олар оны пайдаланып, агрессивті прозелитикалық жұмысты бастап кетті. Екіншіден, экстремистік идеялардың табан тіреп енуіне субъективті фактор болып табылатын идеологияны жоғалту үрдісі жатады. Кеңестік кезеңнен кейінгі демократияның жоғалуы негізінде жалған діни тәжірибені және олардан кейін келе жатқан идеологиялық геосаясат жобасын шексіз Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері жүргізуге жағдай жасалып, жақсы мүмкіншілік туғызды. Қазақстанда 2011 жылдың басында 4500-ден астам діни ұйымдардың тіркелуі тегін емес. 2013 жылы бұл көрсеткіш төмендегідей:

51


Діни ұйымдар Ислам Православие Пятидесятник шіркеуі Евангелиелік христианбаптистер Католицизм Иегова куәгерлері Пресвитериандық шіркеу Жетінші күн адвентистері Евангелиеліклютерандық шіркеу Методистер Новоапостолдық шіркеу Кришнаиттер Бахаилер Иудаизм Буддизм Қасиетті соңғы күндердегі Иисус Христос шіркеуі (мормондар) Меннониттер БАРЛЫҒЫ

Тіркелгенге дейін 2811 304 400 364

Тіркелгеннен кейін 2229 280 189 100

118 70 229 67

79 59 55 42

32

13

18 47 14 20 26 4 1

11 8 8 6 4 2 2

6 4 551

1 3 088

Ал бөлімдер аясында қаншама латентті ұйымдар болғаны және олар қалай әрекет ететінін тіпті болжаудың өзі қиын. Тек қана жасырын пәтерлерде емес, сонымен қатар адам бас иетін жерлерде (олар көбіне мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу үйлері, клубтар, тіпті білім ошақтары) уағыздалатын жалған діни идеялар саны азаюдың орны- на көбейіп келе жатқан сенушілердің ерекше санасын қалыптастыра бастады. Жаңадан пайда болған адептердің «діни» санасы мен тәжірибе сипаты төмендегідей болып келеді: 1. Шынайы өмірді бағалауда кемшіліктерге баса назар аудару және қазіргі жағдайды қабылдауға қарсылық көрсету (оның негізінде үкіметке қарсылық жатыр). 2. Жаңа идеалдарға қалтқысыз қызмет етумен байланы- сты болашақты жасайтын жаңа идеяларды насихаттауға дайын болу. 3. Жеке адам тұрақты мәртебе алатын, белгілі бір қызмет пен жауапкершілікке ие болатын ұйымға мүше болуға бейім. 4. Қорқыныш сезімі мен өз еркін өз бетімен білдіруге қабілетсіздікті қалыптастырған жалған діни құрылымына (лидер, ұйым) тәуелді болу. Дайындығы жоқ санаға үздіксіз басымдық көрсету және идеологтардың әсері әлеуметтік және саяси қарама- қайшылыққа әкеп соқтырады. Кейбір жалған 52


діни топтар мемлекеттің заңдылығы мен құқығына күмәнділік көрсете отырып, өздерінің саяси мақсаттарына жету үшін террорлық әрекетке көшуін ақтайды. Жалған діни экстремизмді идеология және практика ретінде тарату үшін жасалатын шарттар мемлекеттік бірегейлікті саябырсытуға бағытталған арнайы технология болып табылады. Экстремистік әрекеттердің белсенді көріне бастауы Қазақстанда терроризм идеологиясы мен практикасы дамуының жаңа кезеңі болып саналады және қарсылық көрсетудің Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды дамытудың өзекті мәселелері латенттік кезеңінен ашық кезеңге, яғни әскери әрекет жасауға көшкенін көрсетеді. Қазіргі уақытта, қазақстандық мемлекеттікті күшейту, жетілдіру кезеңінде адами рухты жаңғырту қағидасына негізделген (жалпы азаматтық сана, ерік, өмір сүру мәні) жалпы ұлттық менталитеттің даму үрдісі ерекше өзекті бола бастады. Монолиттік идеологияны жоғалту және шынайы дүниетанымдық плюрализмнің басталу кезеңінде білім санасымен сезімді өрнектеу және мәндеу ретінде, ақиқатты түсіну нәтижесі ретінде, бұқаралық сананың өмірлік мотивациялық және идеялық түсінігі ретінде наным күші әсерінің механизмі мен концептуалдау арқылы саяси ықпал ету технологиясына өзгерістер енгізу талап етіледі. Қазақстанда адамгершілік жауапкершілікті және жаңа уақыттың талабына төтеп беруге мүмкіндік туғызатын Қазақстан халқы менталитетінің жоғары руханилылығын нығайту қажет екендігі белгілі. Заманауи қоғамда ғылым да, дін де бұл орайда өздерінің мәдени тәрбие қызметтерін атқаруда. Бір жағынан, адамның рухани тірегі ретінде – дін, ал екінші жағынан, дүниені рационалды түрде түсіндіретін жүйе ретінде – ғылым, осының бәрі қоғамдық менталитетті қалыптастыруда маңызды қызметтер атқарады. Қазақстанның инновацияға, модернизациялауға бет бұрыс жасауы жоғары зияткерлік, адамгершілік, азаматтық мәдениетті талап етеді. Зияткерлі қазақ ұлты тек қоғамдық сананың жеткілікті денгейде дамыған кезінде ғана толығымен қалыптасады. Қоғамдық дамудың саяси мәнін діни менталитет (сана, тәртіп және өмір бейнесі) анықтай бастаған жағдайда генезис ерекшеліктері мен қоғамдық сана қызметін білу, оның компоненттері мен деңгейлерінің өзара байланысын табу, қызметтік әсерін анықтау қажеттілігі анық сезіле бастайды. Сондықтан Қазақстанда зайырлы мемлекеттің даму және дамушы азаматтық қоғам жағдайында қоғамдық сана құрылымындағы діни сана мәртебесін зерттеу, білу және нақты түсіну өте маңызды болып табылады, сонымен қатар Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері оның жандану және әртүрлі таптар мен жалпы топтар өмірінің әлеуметтік мәдени мазмұнына, сондай-ақ, әсіресе азаматтық бірегейлік үрдісіне ықпал ету ерекшеліктерінің көлемін есепке алу керек. Сондықтан өмір мен менталитеттің «көріне бастаған» компоненті ретінде діңдарлық мәдени парадигма мазмұнын ғана анықтап қоймай, бұқаралық және арнайыланған санаға тиімді ықпал ететін маңызды индикатор болып табы- ады. Соңғы онжылдықта қазақстандық қоғамда сыртқы (жаһандық) және сол сияқты ішкі даму үрдісі әсерінен дін феноменіне үлкен қызығушылық, діндарлықтың жаңа, ең алдымен – конфессиялық емес 53


формалардың пайда болуымен байланысты анық бақылаудағы өзінше рухани ренессанс жүзеге асырылуда. Қоғамдағы үлкен қозғалыстар, бұрынғы аксиологиялық координаттардың өзгеруі жағдайында белгілі бір топ азаматтарының тұрмысты қабылдау мен тағдырын анықтау барысында кездескен қиыншылықтары оларды рухани ізденіске жетеледі. Бұл ізденіс көбіне мәдени- тарихи дәстүрлер мен конверсия механизмінің әрекеттері белгілеп берген этно-конфессиялық бірдейлікті жоғалту механизмімен байланысты болып келеді. Қазақстан халқының діндарлық жағдайы мен үрдісін, діни бірдейлік мәселелерін, дәстүрлі емес діни ұйымдард- ағы адептердің санасы мен тәртібін экстремистендіру технологиясын, жаңа жаһанданған стратегияда ұқсастықты жоғалту қаупін зерттеу Қазақстанға діни миграцияның қарқынды өсуіне байланысты. Соңғы жиырма жылда үнемі ашық және заңды әрекет етпейтін діни ұйымдар мен топтар, миссионерлер саны біршама көбейді. Қоғам мен азаматтар діни конверсия көріністерімен, бірегейлікті жоғалтумен (жеке тұлға, топ отбасы деңгейінде), әлеуметтік мәртебесінің төмендеуімен, денсаулықтың бұзылуымен және тағы сол сияқты өмір сапасын ғана нашарлатып қоймай, сонымен қатар қоғам қауіпсіздігіне қатер туғызатын жағдайлармен бетпе-бет кездесіп отырады. Заманауи қазақстандық ғылым жалған діни экстремизмге қарсы әрекетке қандай үлес қоса алады? Жаңа жағдайға сай идеология жүйесін қарама-қарсы қою қажет. Кең көлемде халықтың барлық таптары арасында оқыту, түсіндіру, экстремизм қаупі туралы насихат жұмыстарының мүмкіншілігін кеңейту талап етіледі. Жалған діни экстремизмге шынайы қарсы тұру үшін азаматтардың өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қабылдау мониторингін жағдаятты емес, үнемі, тұрақты түрде жүргізудің маңызы өте зор, сонымен қатар, діндарлық үрдістерін, азаматтық белсенділік себептерін, саяси мәдениет сипатын зерттеу қажет.

54


ҚОРЫТЫНДЫ Қазақстан тарихы көптеген ғасырлар бойы Ислам дінімен тығыз байланысты. Ислам діні қазақ халқының өзіндік діни және мәдени қалыптасуының негізгі қайнарының бірі болды. Қазақ халқының ата-бабалары, ежелгі түркілер Ислам өркениетінің қалыптасуына тікелей қомақты үлес қосқанын және оның көптеген жеңістеріне қатысы бар екенін атап өткен жөн. Орталық Азия мен Қазақстан аумағына мұсылмандықтың таралуы шамамен б.э. VII-VIII ғасырына тура келеді. Қазіргі Қазақстандағы Ислам, әлеуеті жоғары, ол қоғамда руханилықты дамытатын және қолдайтын дін ретінде сипатталады. Мұхаммед Пайғамбар шариғатының зорлық-зомбылықты қабылдамайтын бейбітшілік болмысы, сондай-ақ ұлтаралық төзімсіздікті қабылдамауы еліміздегі тұрақтылықты нығайту мен күшейтуге оң әсерін беруде. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында «Бізге, қазақтар үшін ислам – ең әуелі біздің дүниетанымымызды анықтайтын жоғары мұрат пен фактор, толықтай ұмытылу қаупі туындаған бай мұсылмандық мәдениеті мен атабабаларымыздың атын тиісінше бағалауға мүмкіндік беретін өз алдына нышан», - деп жазды. Қазақстандағы дәстүрлі ислам елдің әр өңірлерінде филиалдары бар республикалық исламдық діни бірлестік мәртебесіне ие Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арқылы басқарылады. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жарияламастан бұрын 1990 жылы ҚМДБ өз алдына жеке ұйым ретінде құрылды. 1941 жылдан бері Республикамыздағы ислам жамағаты Орта Азия және Қазақстан мұсылмандар діни басқарамының құрамында болғанын атап өткен жөн. 2013 жылғы 19 ақпанда Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының кезектен тыс VII құрылтайында Қазақстан Республикасының жоғарғы мүфтиі болып Ержан Малғажыұлы Маямеров сайланды. Ислам діні өнегелік ағарту мен тәрбиенің маңызды факторына айналуда. ҚМДБ Қазақстандағы ислам дінін қайта жаңғыртуды жүзеге асырудың маңызды тетіктерінің бірі болып отыр. Отандық мұсылман қоғамының дамуын қамтамасыз ете отырып, біздің қоғамның рухани негізін қалпына келтіруге Мүфтият белсенді қатысуда. Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін өткізу мен ұйымдастыру жұмыстарында ҚМДБ белсенді қатысып, жұмыс атқарғанын атап өтуге болады. Мүфтият дінаралық диалог мәселесі бойынша ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастыруда. Мұсылмандар жамағаттарының саны өсуде, мысалы: 1991 жылы олардың саны 68-70 құраса, 2000 жылдардың басында 1500 болды, ал 2014 жылы ислам бірлестіктерінің саны 2404 жетті. 55


Мешіттер мен тарихи-мәдени ескерткіштер қалпына келтіріліп, жөндеулерден өтті; жаңа ғибадат ғимараттары мен медреселер тұрғызылды. Қазіргі уақытта елімізде 2404 мұсылман ғибадат ғимараттары жұмыс істеуде. Мүфтият үлкен ағартушылық және тәрбиелік қызмет жүргізуде, газеттер мен журналдар шығаруда, интернетте діни басқарманың www.muftyat.kz вебсайты жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылдың мамырында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезінің ашылуында сөйлеген сөзінде:«Ислам – бұл адамзаттың мәдени және материалдық мұраларының орасан зор және өсіп келе жатқан қатпары. Қазіргі заманғы және болашақтағы жаһандық қоғамдастықты Ислам әлемінсіз көзге елестету мүмкін емес. Оған тосқауыл қоюдың кез келген түрі көрегенділік емес, тіпті қатерлі де. Үлкен де көп бейнелі әлемнің осынау бөлігінде болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарау қажет. Қазақстан – мұсылман тұрғындары басымдыққа ие ел. Ислам діні – біздің халқымыздың рухани тіректерінің бірі. «Біз олардың қандай дінге және этномәдениетке жататынына қарамастан барлық қазақстандықтардың жалпыұлттық бірлігі мен келісімінің ерекше формуласын қалыптастырдық», – деп атап өтті. Халқымыздың дәстүрлі құқығы болып табылатын әдет-ғұрып заңдары өз бастауын сонау ерте кездегі тайпалық дәуірлерден алатыны белгілі. Мемлекет басқару жүйесінен бастап, азаматтық қарым-қатынастарға дейін толығымен дерлік әдет заңдарымен реттелді. Ғасырлар бойы ауызша қолданыста болған заңдардың бертінде жазбаша нұсқалары да қалыптасты. Көк Түріктердің «Төре бітігі», Шыңғыс ханның «Ясасы», Өзбек хан мен Едіге бидің «Низам» жүйесі, Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің «Жеті жарғысы» заманалар бойы қолданылған әдет заңдарын жүйелеп, жаңғыртып, ішінара өзгертіп жеткізіп отырған құқықтық құжаттар болды. Жергілікті жағдайларға, басқару жүйесі мен құқықтық қатынастарға сәйкес туындаған әдет заңдарына ислам шариғаты күрт өзгеріс әкеле қойған жоқ. Керісінше әдет заңдары ислам дінімен қатар даму барысында мазмұндық жағынан бірте-бірте бейімделуге ұшырады деуге болады. Ал ислам арқылы түбегейлі өзгерістер енгізілген тұстар негізінен ғұрыптық жерлеу рәсімдері секілді нақты діни сипатқа ие жораларға қатысты орын алды. Жоғарыда айтылған ислам діні мен қазақ дәстүрінің ғасырлар бойғы астасу үдерісінің нәтижесінде шариғат пен әдеттің қатар өмір сүру формалары қалыптасты. Қазақ жерінде Ресей отарлық саясаты нәтижесінде құрылған сайлау жүйесі мен кеңестік кезеңдегі заң билігі дәстүрлі әдет-ғұрып институттарының күшін жоюдың негізгі сатылары болды. Екінші дүниежүзілік соғыс тұсында ресми дін өкілдерінің өз қызметін жүзеге асыруына мүмкіндік беруге мәжбүр болған кеңестік билік органдары сонымен бір мезгілде шариғат пен әдет үндестігіне балта шабудың барлық шараларын қарастырып отырды. Осы мақсатта ресми дін өкілдері атынан әдетке бейімделген тариқаттарға қарсы үкім шығарғызылды. Шариғатты әдетке қарсы қою – дінді өмір сүру формасынан айыру, дінді өлтіру арқылы ұлтты өлтіру әрекетінің бастауы еді. 56


Кезінде бірқатар ориенталистік зерттеулер де осы мақсатқа бағытталды. Өкінішке орай, әлі де сол арандатушы саясаттың, негізсіз пікірлердің әсері жойылған жоқ. Жалпы алғанда, әрбір халықтың әдет-ғұрып пен салт-дәстүрі сол халықтың рухани дамуының негізін қалайды. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жағдайында ең негізгі проблемалардың бірі сол аталарымыздың аманат еткен қазақи салт-дәстүріміз бен ұлттық келбетімізді сақтап қалу мәселесі болып отыр. Қазіргі жаһандану заманында, біздің қоғамда батыстың мәдени және діни агрессиясы еш кедергісіз жүзеге асырылып, ұлтсыздану, құндылықтарымыздың ұмытылу үрдісі жаһандық сипат алып келеді. Кез келген ұлт өзін тарихта «ұлт» ретінде сақтап қалуының шарты – өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан дінінен, ділінен, тілінен ажырамау. Ата-бабаларымыздан біздерге «Үш қасиетті: дініңді, діліңді, тіліңді сақта!» деген қанатты сөз қалды. Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі – өзім , екіншісі – халқым» деген. Ұлт негізін құрайтын осы үш қасиет болып табылатындықтан, оның тұтастығына қауіп төндіретін кез келген құбылыспен күресу ел азаматтарының тарих алдындағы парызы болмақ. Қорыта келгенде, Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран Кәрім» өткен мен қазіргі уақыт сабақтастығын жүзеге асырды, онда көптеген халықтардың тарихы мен тағдыры тоғысты, терең тарихи тамырлары, уақыт пен кеңістік аясындағы әр түрлі халықтар тұрмысындағы ұқсастықтары ашылып, адам қоғамның пайда болуының алыс-жақын түп-тамырлары зерттелді: Құранның уақыт өтсе де, маңызы кемімейтін қасиеті де осында. Ислам діні көптеген халықтардың рухани табиғатына сай келді. 1500 жылғы ислам тарихы, Мұхаммед пайғамбардың өмірі, оған дейінгі пайғамбарлар тарихы осыған дәлел. Исламның терең тарихы бар Көне Қазақстан жеріне келуі мәдениеттің дамуына, қоғамымыздың өзіндік санасы мен руханилығы игі ықпал еткені баршаға аян. Мұсылман мәдениетінің артықшылығы тең рухани салада ғана көрініс тапқан жоқ. Дін—наным-сенімге, этикаға, философияға және Қазақстандағы ғылым мен мәдениетті дамытуға зор ықпалын тигізді. Сонымен қатар, қазақ жеріне ислам дінінің таралуын қазақ халқына тигізген оң әсерлерін қазақтың төл салт-дәстүрімен байланысуы, қазақ халқының отбасылық өмірінде ислам уағыздарының адамгершілікке толы қасиеттер мен тәлім-тәрбиенің ұқсастығы мол. Атамыз қазақ «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Бала шыр етіп , жарық дүниеге келген күннен имандылықта бойына сіңіру, мектепте де, жоғарғы оқу орындарында да мұны талассыз жүргізіп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Өмір көрсеткендей, бүгінде рухани тұлға болуға жоғары талап қойылады. Жаппай автоматтандырылу және ғаламтор кең таралған жағдайда, 57


кең ақпараттық мүмкіндіктер жағдайында жастарға кейде діни немесе басқа қажетті идеяны дұрыс таңдау кейде қиынға соғады. Адамның бойындағы ең басты қасиет - ол таным және сенім. Таным кезкелген заттың, құбылыстың мәнін, сипатын, ерекшелігін білу және сезіну арқылы қалыптасады. Қазіргі жастар – ақыл-ойы терең, барлық заманауи технологиялық құралдарды меңгеруге, кез-келген жаңалықтарды меңгеруге белсенді. Сондықтан, жастардың рухани-танымдық жан дүниесін байыту және тәрбиелеу үзіліссіз, жүйелі жүргізілгені дұрыс. Қоғамның діни өмірінің өзіндік ерекшеліктерін жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің болашағы жастардың мәдени дамуы мен біліміне байланысты болады. Сондықтан, қоғамда тұтас халықпен, соның ішінде жастардың діни білімдерін үнемі арттырып, дұрыс бағыт-бағдар беру бүгінгі күннің негізгі мәселесі болып қала береді.

58


Қосымша Сабақ тақырыбы Қазақстандағы Ислам діні, Қажылық Сабақ мақсаты Білімділік: Ислманың негізгі бағыты қажылық жөнінде түсіндіру оқушыларға Тәрбиелік: Мәдениеттілікке, тәртіптілікке, тәрбиелікке, тазалыққа тәрбиелеу Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі Үй тапсырмасын сұрау Жаңа сабақ

Қорытындылау Үйге тапсырма Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу Оларды түгендеу Сабақты бастау Үй тапсырмасын Үйге берілген тапсырманың мазмұнын сұрау сұрау Сұрақ беру арқылы, жауап алу. 1. Құран сөзінің мағынасы қандай 2. Құранда қанша сүре бар 3. Құран қалай пайда болды Жаңа сабақ А. Ислам дінінің негізгі бағыттары Б Қажылық Жаңа сабақ Қажылықтың парыз болу шарттары 1. Мұсылман болу. Қажылық Ислам шариғатының амалы болғандықтан, оны орындайтын адам ең алдымен мұсылман болуы шарт. 2. Балиғатқа толу. 3. Ақыл-есі бүтін болу. Ғибадаттың кез келген түрінің парыз болуы үшін пенденің балиғат жасына толуы және ақыл есінің бүтін болуы шарт. 4. Азат болу. Қажылықты өтеу құлдарға, тұтқындарға, бас бостандығынан айырылғандарға парыз емес. 5. Қажылық амалдарын өтеуге денсаулығы жарамды және қаражатының жеткілікті болуы. Өйткені Аллаһ тағала қажылықты жағдайы жетіп, шамасы келетіндерге ғана парыз еткен. Аллаһ тағала: «Оның жолына шамасы келген адамдарға Аллаһ үшін Үйге (Қағбаға) қажылық жасау міндет», – деген («Әли Имран» сүресі, 97-аят). Қажылық сапарына аттануға шаманың келуі екі түрлі болады: 1) қаржысының жетуі мен денсаулығының жарамды болуы, 59


2) қажылыққа баруға кедергі келтіретін бөгеттердің болмауы. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Қажылықты не парыз етеді?» – деді. Ол (с.а.с.): «Қаражат және түйе», – деп жауап берді», – деген (әт-Тирмизи). Қаражат – қажылыққа барып қайтуға жететін орташа қаражат. Түйе – қажылық сапарында мінетін көлік. Кімде-кімнің қажылық айларында өзінің негізгі қажеттіліктерінен артық, қажылықтың шығынына және артында қалған отбасына қайта оралғанша жететін қаражаты болса, оған қажылық жасау парыз. Шаманың келуіне қатысты үкімдер: 1. Егер ақыл-есі бүтін, балиғатқа толған мұсылманда қажылық айларында (шәууәл, зул-қағда және зул-хижжаның алғашқы он күні) өзінің қажеттілігінен артық қажылыққа барып қайтуға жететін қаражаты болса, оған қажылық жасау парыз болады. Ондай адам қажылықты дәл сол жылы жасамаса да, оның парыздығы мойнына жүктелген міндет болып қалады. 2. Қажылық парыз болғаннан кейін, оны өтемейінше, ол адамның мойнынан түспейді. 3. Қажылықтан қайтқаннан кейін сәлем бере келген қонақтарға кететін шығын және қажылықтан әкелген сый-сияпаттар қажылық шығынына жатпайды. 4. Шамасы келу қажының орташа шығынымен есептеледі. Мысалы, қажыдан төрт не бес жұлдызды қонақүйде тұру талап етілмейді. Қажылыққа автокөлікпен баруға шамасы келетін адам автокөлікпен, ұшақпен баруға шамасы келетін адам ұшақпен бара алады. 5. Қажылыққа бару үшін баспанасын сату немесе оны арзан баспанаға айырбастап, үстінен қалған ақшаға қажылық жасауды шариғат талап етпейді. Бірақ кімде-кім осылай істеуді шешсе, оған тыйым салынбайды. Алайда ол өзі қажылыққа кеткенде оған отбасының қажеттіліктерін қамтамасыз етіп кету шариғатта міндеттелетінін естен шығармауы қажет. 6. Кімде-кімнің екі баспанасы болса және одан басқа парыз қажылығын өтеуге ақшасы болмаса, екі баспананың бірін сатып, қажылыққа баруы қажет. 7. Кедейге біреу немесе өзінің туған баласы не әкесі қажылыққа баратын қаражатын беруіне болады. 8. Зекеттің ақшасын кедейге қажылық жаса деп беруге болмайды. Себебі зекет адамдардың өмірлік қажетіліктерін өтеуі үшін міндеттелген. Ал қажылыққа бару кедейге міндет емес. Дегенмен кедей бір мұсылманға садақа не сый ретінде қаражат беріп, оны қажылыққа жіберуге болады. Қорытындылау: Ислам діні қай ғасырдан бастап пайда болды? Қажылық дегеніміз не? Қажылықты қандай адамдар атқара алады? Үйге тапсырма

Осы тақырыптың мазмұнын айтуға дайындалып келу

60


Тәрбие сағаты Тақырыбы: Имандылық – адамгершіліктің асыл қасиеті. Мақсаты: Қоғамдағы бүгінгі күнгі ең басты мәселе – жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік шыңы – имандылыққа, жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу, оған қарсы тұру. Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс – тіршілігіндегі рухани құндылықтарының көркем мәтіндеріндегі ғұламаларымыздың тәрбиелік өсиеттерін түсіндіру. Ислам дінінің негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттердегі құндылықтарды салт – дәстүр, әдет – ғұрып тәрбиелерімен сабақтастырып оқушы бойына сіңіре отырып, тілін, дінін сүюге, ата - ананы құрметтеуге, сабырлылыққа, төзімділікке, жат әдеттерден сақтануға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, имандылық туралы нақыл сөздер, бейне роликтер. Барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен сәлемдесу 2) Қонақтарды қарсы алу І. Кіріспе бөлім: ІІ. Негізгі бөлім: 1. «Иманды бол!» тақырыбында бейне роликті тамашалау 2. Мұғалімнің сөзі 3. «Иманды қыз» тақырыбында көрініс көрсету. 4. Пікір алмасу (Сұрақ - жауап) 5. Бейне ролик. 6. Ән «Аллаға шүкір» 7. «Имандылық – әдебі»тақырыбында оқушылардың дайындаған әдеби – монтажы. 8. Қорытынды сөз І. Кіріспе Мұғалім: Ассалаумалайкум, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі біздің Аудандық оқушылар үйінде өткелі отырған «Имандылық - адамгершіліктің асыл қасиеті» тақырыбындағы кездесу кешімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі кешіміздің мақсаты: Қоғамдағы бүгінгі күнгі ең басты мәселе – жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік шыңы – имандылыққа, жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу, оған қарсы тұру. Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс – тіршілігіндегі рухани құндылықтарының көркем мәтіндеріндегі ғұламаларымыздың тәрбиелік өсиеттерін түсіндіру. Ислам дінінің негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттердегі құндылықтарды салт – дәстүр, әдет – ғұрып тәрбиелерімен сабақтастырып оқушы бойына сіңіре отырып, тілін, дінін сүюге, ата - ананы құрметтеуге, сабырлылыққа, төзімділікке, жат әдеттерден сақтануға тәрбиелеу. ІІ. Негізгі бөлім Олай болса келесі кезекте «Иманды бол!» тақырыбында бейне роликті тамашалайық. «Бисмилләh»деп, Аса қамқор, мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын! Қадірлі қауым, еліміздің«Қазіргі кезде ел 61


болашағы – жастардың қолында, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ» — дейді Елбасы Н. Ә. Назарбаев. Қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кең құлаш жайған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс. Алайда, жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек білімде деп айтсақ жеткіліксіз. «Жастары иманды елдің - болашағы зор» - деген Жүсіп Баласағұн. Имандылық дегеніңіз не? Адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс - әрекеттерін белгілі - бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез - құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым - қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Бүгінгі тақырыбымызды өрбіту үшін кездесу кешімізге құрметті қонақтарымызды шақыруды жөн деп санадық. Олай болса, бүгінгі кешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар. Марал баба мешітінің бас имамы: Олай болса сөз кезегін өздеріңізге берейік. «Иманды қыз» тақырыбында көрініс көрсету. Автор: Халифа Омардың кезінде сүт сатушыларға – сүтке су қосып сатуға тыйым салынады. Қаланың тәртібін бақылау үшін, бір күні Халифа Мәдина қаласын аралап жүріп, қатты шаршап демалуды жөн көріп бір үйдің қабырғасына сүйеніп отырады. Сөйтіп отырып сол үйдің ішіндегі анасы мен қызының сөзін естиді. Анасы:- Кәне қызым тұрып сүтке су қос. Қызы:- Апа Халифаның сүтке су қосуға тыйым салғанын естімедіңіз бе? Анасы:- Естідім әрине. Қызы:- Халифа тыйым салған нәрсені қалай орындаймын. Анасы:- Тұр да сүтке су қос! Омар сені көріп тұрған жоқ қой. Қызы:- Омар көрмесе де Аллаһ көріп тұр ғой. Мен Омардың көзінше жасамайтын ісімді, ол жоқ жерде де жасамайтыныма ант етемін! Автор: Хазірет Омар мына әңгімені естіген соң 62


үндемей үйіне қайтады да, аз күннен соң дініне берік, иманы түзу бұл кедей қызды өзінің ұлы Асымға жұбайлыққа айттырып келеді. Пікір алмасу (Сұрақ - жауап) Дін - иманжүзділікті, қайырымдылықты, тазалықты уағыздайды. Осы бағытта өз ой - пікіріңізді ортаға салсаңыз? 1 - сұрақ: Үлкен әжелеріміз - аталарымыз «Өмірдің өзі - сынақ»- дейді. Балалардың көпшілігі осы сөздің мағынасын түсіне бермейді, соны түсіндірсеңіз. 2 - сұрақ: Үйдегі ата - анамыз мектепте болып жатқан қиындықтарды ақыл мен сабырмен шешу керек деп айтып жатады. Сабырлық тұрғысынан бір мысал келтірсеңіз. 3 - сұрақ: Баланың, ата - анаға, ата - ананың балаға деген құқығы жайлы құран – хадистерден толық түсіндіріп өтсеңіз. 4 - сұрақ: Қазір жастардың дін туралы түсініктерін қалай бағалайсыз? Ол туралы өз пікіріңіз? 5 - сұрақ: Дін мен мемлекеттің саясаты бір ме? 6 - сұрақ: Өткен дәуірдегі ата - ана тәрбиесі мен қазіргі отбасылар тәрбиесі арасында қандай алшақтық бар, болмаса оны қалай теңестіруге болады? Бейне роликті тамашалау. Ән орындалады: «Аллаға шүкір!» Жасыратыны жоқ, бүгінде космополиттік идея кеуделерін улап, туған ұлтына жандары ашымайтын «мәңгүрт» типіндегі жастардың көбейіп келе жатуы алаңдатарлық жайт. Біз өркендеп өскен өскелең ұрпақты жаһанданудың жойқын соққысына, тілсіздік дертіне ұрындырып алмай, өз ұлтының мәдениет мәйегінен алшақтамай өсуіне жол ашуымыз керек. Ол үшін рухани құндылықтарымызды ұрпақ санасына ендірген абзал. Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал – мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей «дүние үшін біреуді алдап, біреуді арбаған» жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жоғары. Жиған – терген дәулетіне жүрегін байламай, одан да биік нәрсе бар деп білген аталарымыздың имандылық төңірегіндегі түсінігіне біраз толғаныс жасауды жөн көрдік. «Имандылық - әдебі»тақырыбында оқушылардың дайындаған әдеби – монтажын тамашалаңыздар! 1 - оқушы: «Бисмилләһир - Рахмәнир - Рахим»- Берекеге толған сөз. «Бисмилләһ»- барлық байлыққа Басынан бастау болған көз. «Бисмилләһ!»- деп бастаған Барлық амал бітер тез. «Бисмилләһ»- ты әрқашан Айтып жүрер болсын кез! 63


«Бисмилләһ»-- сөздің анасы, Бәрінен қымбат бағасы. «Бисмилләһ!»- деп іс бастар Мұсылманның баласы. 2 - оқушы: Ислам діні – бір мектеп, Шариғатты үлгі етпек. Мұсылман бала жүреді Ата - ананы құрметтеп. Сәт сайын сұрап хал – жайын, Жан - жақты жасап жағдайын, Мұсылман бала сыйлайды Ата - ананы әрдайым. 3 - оқушы: Ардақтап ата - ананы, Әрқашан тілін алады. Әке мен шеше жұмсаса, Жер түбіне барады. Айтқандарын құптайды, Мүлдем қарсы шықпайды. Ата - анаға ешқашан: «Түһ!»- деп қабақ шытпайды. 4 - оқушы: Бір Аллаға табынар, Ата – анаға бағынар. Ибалы да иманды Балалардың бағы бар. Сауап пенен күнәні Ажыратып, ұғады «Ата - анамды кешір!»- деп Аллаға дұға қылады. 5 - оқушы: Құдіретті шексіз бір Аллаһ, Үмітке үміт жалғадым. Көп еді менің арманым, Шуаққа толды жан – жағым. Жолымды Аллаһ оңғарсын. Иманым болсын жолдасым. Жастықтың оты жалындап Гүлдерім мәңгі солмасын. 6 - оқушы: Жебесін Аллаһ нұрымен, Иманның жарық күнімен. Өмірім әркез жайнасын Өнердің аппақ гүлімен. Құран сөзі бәрі рас, 64


Нұры екен ғой Аллаһтың Кеш біліппін өмірдің Өтпелі әрі жалғанын. 7 - оқушы: Мекке менен Мәдине жолдың ұшы, Алыс сапар дейді ғой барған кісі. Ата менен анаңды құрметтесең, Мекке болып табылар үйдің іші. 8 - оқушы: Атаңды сыйла анаңмен Меккені іздеп таппаққа, «Меккені іздеп нетесің, Меккеге қашан жетесің? Әзір Мекке алдыңда Пейіліңмен сыйласаң Атаң менен анаңды!» — деп ата - анаңа көрсеткен сый – құрметің құдай жолын қуып, Меккеге барумен пара - пар деген ақындарымыз адамзаттың ардақтысы хазірет Пайғамбардың осы хадистеріне сүйене отырып атқан екен. Қорытынды сөз. Ел болуға Ислам дінің керек, Екінші ардақты Ана тілің керек, Шындық және адал иман керек, Мейірімділік және терең білім керек. Еңбек керек адамды адам еткен Еш шүбәсіз осылардың бәрі болса, Ұрпағы – иманды ел болар едік – демекші, адамгершіліктің асыл қасиеті болған – имандылығымызды жүрегімізден өшіріп алмайық - деп қорытынды сөз аудандық оқушылар үйінің басшысына беріледі. Дұға қылып қойыңыз, Рахым айтып біздерге. Баршамызға Құдайым, Иман берсін сіздерге! – деп Аллаһ Тағала баршамызға көркем мінезді болуға жазсын!- деп бүгінгі тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз. Келіп қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!

65


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңы. - Астана, 2011. 2. Ғарифолла Е., Әбуов А.П., Бегалинова К.К., Смағұлов Е.М., Жолдыбайұлы Қ. Дінтану негіздері. – Алматы: «Білім», 2010. 3. Артемьев А.И., Дінтану:Жалпы дінтану негіздері, діндер тарихы. –Алматы: «Бастау», 2010. 4. Мырзалы С., Философия. – Алматы, 2010. 6. Кислюк К.В., Кучер О.Н. Дінтану: Жоғарғы оқу орындар оқулығы. – 3-баспа, қос. / Серия «Жоғарғы білім». – Ростов Н/Д: Феникс; Х.: Торсинг, 2004. 7. Лобазова О.Ф. Дінтану. – М.: Баспа-сауда корпорация «Дашков и К», 2005. 8. Құран – араб тілінен – акад. И.Ю. Крачковского, М. СП ИКПА. 1990 9. Ислам. Атеист сөздігі / Авксентьев А. В., Акимушкин О. Ф., Акиниязов Г. Б. және т.б.; Пиотровский М. Б., Прозоров С. М. – М.: Политиздат, 1988 10. Тэнк Анри. Әлем діндері. Иллюстрленген энциклопедия /Француз тілінен аударма Е.В. Нетесова – М.: ЖШС «Әлем Кітап Баспасы», 2007. 11. Дін тарихы дәрістері. Оқулық. – «Лань» баспасы, СПб, 1997. 12. Армстронг. Ислам: Қысқаша тарих. Басынан аяғына дейін. / Карен Армстронг:– М.: ЭКСМО, 2011. 13. Дінтану: Оқулық / М. Я. Ленсу, Я. С. Яскевич, В.В. Кудрявцев и др.; М. Я. Ленсу: Жаңа білім, 2004. 14. Васильев Л. С. Шығыс дінінің тарихы. – М., 2000. 15. http://www.antisekta-kyzylorda.kz/content/religii-v-kazahstane 16. Орынбеков М.С. Қазақ сенімдерінің бастаулары. Алматы 2002ж. 103-б. 17. Н. Өсеров, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары. Алматы 1992 ж. 135-б. 18. Орынбеков М.С. Қазақ сенімдерінің бастаулары. Алматы 2002ж. 120-б. 19. Н. Өсеров, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары. Алматы 1992 ж. 145-б. 20. Нұртазина Назира Дәуітбекқызы. Қазақ мәдениеті жіне ислам. –Алматы 2002 ж. 21. Нұралы Өсерұлы. Ислам және Қазақстан. //Руханият. –Алматы 2003 ж. 22. Ислам және Қазақстан. // Руханият, — Алматы 2003 ж. 701-б. ҚОСЫМША ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Искакова А. Ислам дінінің жақсылық жамандық және өмірлік мақсат туралы ұғымдарына сын. –Алматы 1976 ж. 2. Шүлембаева Қ. Ислам дінінің топтық және әлеуметтік мәні. – Алматы 1970 ж. 3. Доржанов С.Б. Ислам және қазіргі кезең. –Алматы 1985 ж.

66


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3 1. ИСЛАМ ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНДАҒЫ ТАРИХИ ӘЛЕУМЕТТІК, САЯСИ ЖАҒДАЙЛАР….......................................6 1.1 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері ........................ 9 1.2 Исламның негізгі ағымдары .............................................................................17 1.3 Ислам дінінің негізі – Құран ............................................................................24 2.ИСЛАМ ДІНІНІҢ ӘДЕТ-ҒҰРПЫ, МЕЙРАМДАРЫ, ДОГМАЛАРЫ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ…………….......................................26 2.1 Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы ..............................................................30 3. ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАҒДАЙЫ .............................37 3.1 Ислам дінінің әлеуметтік мәселелерді шешудегі ролі ..................................44 3.2 Ислам және өзге діни ұйымдар .......................................................................48 ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................55 Қосымшалар...........................................................................................................59 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................66

67


Есмырзаева А.О. ИСЛАМ ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАҒДАЙЫ

Әдістемелік құрал

Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты баспаханасында шығарылған ____________________________________________ Басуға 09.10.2015 жылы қол қойылған Пішімі 60х90 1/16; Есепті беті 4,2


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.