Тәжірибеде рефлексияны тиімді қолдану

Page 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Тәжірибеде рефлексияны тиімді қолдану Әдістемелік нұсқаулық

Тараз, 2015


ƏӨЖ 37.015.31 ББК 74.202+88.35 Д40 Пікір берушілер: Тойганбекова Ш.М. – «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Жамбыл облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының «Инновациялық технологиялар жəне жаратылыстануғылыми (гуманитарлық)» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Жумагалиев Р.А. – ТарМПИ, «Педагогика жəне писхология» кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық ғылымдарының магистрі

Д40 Тәжірибеде рефлексияны тиімді қолдану: әдістемелік нұсқаулық / У.С. Джаксылыкова/ – Тараз, 2015. – 41 бет.

ISBN 978-601-7825-10-2 Жамбыл облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының Сараптау Кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (№9 хаттама, 23.10.2015 ж) Әдістемелік нұсқаулықта рефлексияның оқу-тәрбие үдерісін тұлғалық, қызметтік және интерактивті деңгейде басқару тәсілі ретінде мұғалімнің кәсіби өсу деңгейін анықтаудағы маңызы сараланады. Рефлексияның әрбір педагогтің өзін кәсіби маман ретінде таныта білуіне, өзінің кәсіби тұрғыдан күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, дербес білімдік қажеттіліктерін белгілеуге мүмкіндік беретін ерекшеліктеріне назар аударылады. Нұсқаулықта педагогтің рефлексиясы мұғалімдердің өзін-өзі кәсіби маман ретінде бағалап, оқушылармен қарым-қатынас орнату нысаны ретінде ой елегінен өткізуді қамтитын кәсіби тұрғыдан аса маңызды дағды ретінде қарастырылады. ƏӨЖ 37.015.31 ББК74.202+88.35 ISBN 978-601-7825-10-2

© Джаксылыкова У.С., 2015


Мазмұны Кіріспе ...................................................................................6 1.Жалпы түсінік.....................................................................7 2. Рефлексия анықтамалары................................................12 3.Рефлексия психологиялық сипаттамасы........................15 4.Рефлексия түрлері.............................................................20 5.Рефлексияны жүргізу әдіс-тәсілдері...............................30 Әдебиеттер тізімі................................................................41

5


Кіріспе Қазіргі заман талабына сай, білім беру саласында және жалпы қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістерді сезіне білуге қабілетті, өзінің педагогикалық қызметін жүйелі реттеуді жүзеге асыра алатын мұғалімнің «жаңару» проблемасы бүгінгі білім беру саласында алдыңғы кезекте тұр. Мұғалімнің өзіне, өзінің қызметіне және оның тиімділігіне рефлексивті-көзқарасы болмайынша, оның тұлғалық және кәсіби дамуын жүзеге асыру, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау және ұғыну, яғни «жаңашыл» мектепке тән тактикалық және стратегиялық білім беру міндеттерін табысты шешу мүмкін емес болып табылады. Қазіргі кезге дейін кез келген мұғалім өз тәжірибесінде кездесетін қиындықтарды өздігінен еңсеруге және педагогикалық рефлексияның қазіргі деңгейін жетілдіруге қабілетті бола бермейтін. Мұғалімдердің өз қызметінде кәсіби рефлексияны дамытуы курста оқу кезеңіндегі маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырылады. Мұғалімдерге өздерінің кәсіби қызметіне сыни тұрғыдан қарауға мүмкіндік берді, бұл олардың рефлексивті есептерінде айқын көрініс табады. Рефлексия – бұл мұғалімнің сабақ бойынша ой-сезімдері ғана емес, сабақ туралы ойланып-толғануы болып табылады. Демек, мұғалімге сабақты, педагогикалық жағдаяттарды, жалпы білім беру нәтижелерін өз бетінше талдау арқылы өзінің қызметін ұғыну және ой елегінен өткізудің сындарлы дағдыларын меңгеру қажет. Іс-тәжірибені ой елегінен өткізу өз іс-әрекетінің нәтижелері үшін жауапкершілікті арттыруға себепші болады. Демек, шығармашылық тұрпаттағы мұғалімге төмендегідей бірқатар тұлғалық қасиеттер тән болады: рефлексияны меңгеру, педагогикалық қызметтің тұлғалық мән-мағынасын қабылдау, өзінің жеке тәжірибесін басқаларға таныстыруға қабілетті болу және т.б. Рефлексия, оны түсіндіру заманауи тәсілдің бірі, барлық нәрсе даму процесіне байланысты деп санауға болады (атап айтқанда, практика, іс-шаралар, ақыл, сана және басқалар.) 6


Мұндай рефлексияның көрінісінің тереңдігі, атап айтқанда, мүдделі тұлғаның процестегі қызығушылығымен байланысты, көп нәрсеге аса назар аударады, кей нәрсеге аз дәрежеде көңіл бөледі, оның білім дәрежесі әсер етуі де мүмкін екенін, моральдық сезім және өзін-өзі бақылауыда маңызды. Ол түрлі әлеуметтік және кәсіби топтардың өкілдерінде көрсетуге пайдалануда ерекшеленеді деп саналады. Рефлексияны, бір нұсқасында, әңгіме, өзімен диалог түрі ретінде қарастыруға болады. Рефлексия, сондай-ақ кең таралған өзін-өзі дамытуға адамның қабілетіне байланысты көрсетілетін, процесс арқылы беріледі. 1. Жалпы түсінік Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». Өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылын мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Н. В. Кузьмина адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден 7


алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады. Н. Б. Ковалева және И. Н. Семенов кәсіби шығармашылықтағы рефлексияның рөліне байланысты оны әр түрлі кәсіби позицияларға өтудегі икемділік деп есептейді. Рефлексияны ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан бөліп қарауға болмайды. Оқыту барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соныңда асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылуы шарт. Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б. З. Вульфов пен В. И. Харькин «Рефлесияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікір білдіреді. Қызмет нәтижесіне қарай рефлексия ұсынады келесі жіктеулерді: 1. эмоциалық көңіл күйінің рефлексиясы. 2. әрекетттік рефлексия. 3.оқу мәліметтінің мағынасының рефлексиясы. Эмоциялық көңіл күйінің рефлексиясы. 1. Көңіл - күйдің рефлексиясы сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады. Әрекеттік рефлексия. 2. Әрекеттік рефлексия оқу мәліметтерінің әдіс тәсілдерін ұғыну ықтималдарың береді. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезіңде әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы барлық сабақтың барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Шығармашылық іс - әрекетке, іздемпаздық жұмыстарға талдау жасай білу үйретеді. Жеке іс - әрекетін ұйымдастырып өз бетімен 8


сараптау, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы іс - әрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді. Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы. 3. Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы оқыту субъектінің өз іс - әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды және білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі. Іс - әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын аңықтау. Өзінің оқу тәсілдерін, таным мен ойлау механизімдерін түсінбейінше оқушылардың қол жеткізген білім нәтижесін толық ұғынуы мүмкін емес. Адамның өзінің өзіне беретін бағасы әрекетке ынталандырады және оның тиімділігін арттырады. Өзіндік бағаның мотивациялық психологиялық тұжырымдамасы жетістіктерге деген қызығушылықты өзіндік бағалаудың жүйесі ретінде қарастырады. Өзіндік бағалау адамның көңіл - күйіне, оның секемшілдіктен бастап жұмыста өзін - өзі ұмытуына байланысты. Сондай - ақ өзіндік баға адамның психологиялық физиологиялық, психикалық күйзелістері, оның өмірлік тәжірибесі, ол өмір сүретін ортадағы және өмірге келген қарым қатынас жүйесінде детерминалданғандығымен ерекшеленеді. Өзінің ішкі құрылымына қарай өзіндік баға тұлғаның өзі сияқты көп астарлы. Оның мазмұны моральдік - адамгершілік құндылықтар, қарым - қатынастар мен мүмкіндіктерден тұрады. Тұлғаның тұтас өзіндік санасы оның психикалық әлемінің жеке қырлары негізінде қалыптасады. Өзіндік баға беру өзін - өзі тану мен табу әлеуметтік, кәсіби, отбасылық тіпті жай қарым қатынастар мен байланыстар жүйесінде өз орынын анықтауға көмектеседі. Объективті, дұрыс берілген өзіндік баға адамға оның шешуге тиісті кәсіби мәселелерінің аясын анықтауға, орындалмайтын иллюзиялық мақсаттардан дер кезінде бас тарта алуға мүмкіндік береді. Өзіндік бағаның адамның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы оның өзімен өзінің ішкі 9


үйлесімдіктеріне, өзін - өзі құрметтеуге қол жеткізуге ықпал етеді де, ал керісінше жағдайда ішкі қақтығыстарға кейде невротикалық жағдайларға әкеледі. Қандай да тұлғаның бір өзіндік бағаны беру мәнін арттырады. Қазіргі психологияда тұлғаның өзіндік «Менің» пайдасына қарай бағалау фактілерінің жиі кездесетіні анықталып отыр. Мұндай белгілі бір дәрежедегі артық өзіндік баға кейбір әрекет түрлеріне тактикалық жағынан дұрыс болып та жатады. Оның оптимистік биік мақсаттар қойып, талпыныстар жасауда тиімділігі де бар. Тұлғаның өзіндік бағасы оның әрекет ететін ортасында қандай құндылықтардың жетекші құндылықтар болып есептелуіне де байланысты. Қоршаған адамдардың, ұжымның пікірінің мұндай жағдайда шешуші рөл атқарып жататындығы белгілі. Мысалы: ұжымда адамның коммуникативтік қабілеттері құнды болса, бойларында сол сапасы бар адамдар өздерін артық бағалауы мүмкін. Ал интеллектуалдық сапалардың үстемдігі жағдайында осы қабілеттері жоғары адамдарға берілген баға жоғары болатындығы түсінікті. Рефлексифті орталық тұлғаның шығармашылық еркіндігі, ол - дамытушылық қарым - қатынас жүйесі. Мұндай ортаның барлық қатысушылары ашық бірлескен әрекетті бірлесе талдау арқылы өздерінің ішкі «қорларын» ашуға мүмкіндік алады. Біліктілікті арттыру жүйесіндегі рефлексиялық орта дамытушылық, дамушылық қарым - қатынастар жүйесі болып табылады. Ол субъектінің ішкі әлеміне қатысты көп деңгейлі және күрделі үрдіс. Мұнда субъектілердің ашықтығын, психологиялық теңдігін сақтау басты шарттардың бірі болып табылады. Мұндай жағдай ұйымдастырушыларды да, қатысушыларды да бірін - бірі толықтыра отырып, бірлесе дамуға жетелейді. Рефлексиялық мәдениетті дамытудың қазіргі кездегі мәнінің артуы әр түрлі инновациялық - гуманистік әдістердің пайда болуына әкелді. Дегенмен олардың ішіндегі екі негізгі түрін бөліп қарауды жөн көрдім. Олар: ойын және тренинг әдістері. Ойын әдістеріне инновациялық ойындар, ұйымдастыру 10


әрекеттік ойындар, ұйымдастырушылық - білімдік ойындар жатады. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол - сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Рефлексивтік іс - әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз - міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті: – оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін оның әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор. Бұл – мақсаткерлікті талдай алудан басталады. Өзінің нақты жағдайы мен болашағының бағытын саралай, аралық мақсаттарды анықтай алумен сипатталады. Сабақ барысында рефлексияның пайдалану тәсілдеріне, түрлеріне жеке тоқталып кетейік. Сананы өзіне назарын аударып, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі ол эмоциялық көңіл - күйінің рефлексия болып табылады. 11


Эмоциалық көңіл-күйінің рефлексиясы. Осы эмоциялық көңіл - күйі рефлексия тәсілдері ең жеңіл, қарапайым ақыл - ойы кем балаларға лайықты деп санаймын. 1. Оқушыларға үш адамның келбетін карточка арқылы көрсету: көңілді, бейтарапты, көнілсіз. Балаларға көңіл - күйіне қарай үш суреттен біреуін таңдауға ұсыныс беріледі. 2. Рефлексия анықтамалары Рефлексия – адамның өз әрекетіне, жай-күйіне және болған оқиғаларға талдау жасауға бағытталған ой толғанысы. Рефлексияның, яғни өзінің іс-әрекетіне талдау жасаудың жанжақты және толық болуы адамның білімділік деңгейіне, моральдық күйі мен өзін-өзі бақылай білу дәрежесіне байланысты болады. Қарапайым тілмен айтқанда, рефлексияны «өзімен-өзі кеңесу» деп атауға болады. Рефлексия сөзі латынның reflexio – бұрынғыға оралу деген сөзінен бастау алады. Шетел сөздерінің сөздігінда рефлексияға өзінің ішкі жағдайы туралы толғану, өзін-өзі тану деген түсінік берілген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде рефлексия өзіне-өзі талдау жасау ретінде қарастырылады. Қазіргі педагогика ғылымында рефлексия іс-әрекет пен оның нәтижесіне өздігінен талдау жасау ретінде түсіндіріледі. Сабақтағы дамытушы ортаны қалыптастырудың міндетті шарты рефлексия кезеңі болып табылады. Ол оқушылардың қол жеткен нәтижелерін дұрыс тұжырымдауға, жүргізілетін жұмыстардың мақсатын нақты белгілеуге, одан кейінгі ісәрекеттерін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, рефлексия оқушы мен мұғалімнің арасы алшақ жағдайда қашықтан оқыту формалары үшін өзекті болып табылады. Мұндай жағдайда оқушыға өзінің іс-әрекетін танып-білу мүмкіндігімен қатар, қашықтан оқытушы педагогке де үйрену барысын бақылауға мүмкіндік туады. Рефлексия аса маңызды әрекетпен – мақсатты тұжырымдаумен тығыз байланысты. Оқушының өзінің білім алу мақсаттарын белгілей білуі олардың орындалуына және қойылған мақсаттарға жету жолдарын саналы түрде ұғынуына ықпал етеді. Рефлексияның түрлері: 12


а) жеке – нақты өзін-өзі бағалауды қалыптастыру (-не үшін өз жұмысыңды бағалай аласың? - өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша оқушымен сұхбат жүргізу, -неліктен осы немесе басқа деңгей таңлады? б) топтық – қойылған мақсатқа жетуде ең жоғары нәтижеге жету үшін топтың әр мүшесі әрекет етуінің құндылығына назар аудару («Егер бізбен бірге ... (есімі) жұмыс істемегенде, біз осыны орындай алар ма едік » «Жұмыс барысында ... (есімі) қандай көмек берді»). Рефлексия адам білімін зерттеу және оны түрлі салаларда пайдалануға көмектесетін құралға жатады: философия, ғылым, психология, басқару, педагогика, эргономика, конфликтология. Анықтаманың бірі ретінде рефлексияны келесідей қарастыруға болады : Рефлексия ойға бағытталған ой (немесе өзіне бағытталған). Мүмкін рефлексияның көрінісі ойда емес, айырбасталған және кейбір тәсілдерде көрініс іс жүзінде туындайтын генетикалық қайталама құбылыс ретінде қарастырылуы да мүмкін. Рефлексия пайда бірі мүмкіндігі дерлік норманы жүзеге емес әкелді практика , жұмыс істеуі қиыншылықтарға еңсерілмейтін жағдайда анықталады. Рефлексия, қандай жағдайда – практика ретінде өзі тыс жүзеге асырылады, және бұл мағынада ол практикалық қиындықтарды жоюды жүзеге асыратын жеке процедура болып есептеледі. Тиісінше, рефлексия тәжірибені дамыту және жаңартуға әкеледі және тек ой ретінде қарастырылмай, тәжірибені өзіне бағыттаған идея ретінде қарастырылады. Осы мағынада, рефлексиның көрінісі іс жүзінен алынған. Психологияда шығармашылық және шығармашылық ойлау көрініс көрсету үрдісі ретінде қарастырылады, тәжірибеде стереотиптерді қайта зерделеу инновацияның дамуына әкеп соғады. Бұл тұрғыда, рефлексивті-инновациялық процестің, рефлексивтішығармашылық қабілеттерін (И.M. Семенов, С.Ю. Степанов) 13


және рефлексияның (жеке және ұжымдық), (интеллектуалды, жеке, коммуникативтік, кооперативтік) түрлі нысандарын және түрлерін бөліп айтуға болады. Рефлексияны психологиялық тұрғысынан зерттеу көрінісіне енгізу және жеке - семантикалық динамикасының тұрғысынан қарау семантикалық content- флексивным және инновациялық процесінің тұжырымдамалық моделін әзірлеу , мұндай С. Степанов пен И. Семенов ретінде зерттеушілер рұқсат мен әдістемесі оның зерттеу болды Педагогтің кәсіби рефлексиясы — педагогтің өзін-өзі кәсіби маман ретінде бағалап, өзінің қызметін өз шығармашылық көзқарасын білдіру және оқушылармен қарым-қатынас орнату нысаны ретінде ой елегінен өткізуін қамтитын кәсіби тұрғыдан аса маңызды дағды. Рефлексия оқу-тәрбие үдерісін тұлғалық, қызметтік және интерактивті деңгейде басқару тәсілі ретінде мұғалімнің кәсіби өсу деңгейін анықтайды. С.Ю.Степановтың берген анықтамасына сәйкес рефлексивтік қабілет - рефлексивті үдерістерді тиімді іске асыруға, өзіндік дамуына, кәсіби әрекетке шығармашылықпен қарауға мүмкіндік беретін, оның барынша тиімді және нәтижелі болуына әкелетін тұлғаның кәсіби сапасы делінген [1]. И.Слепцова өзінің еңбектерінде педагогтың кәсіби қызметтің негізгі құрамдас бөлігі – кәсіби-рефлексивтік қабілетті атап айтады, бұл - педагогтің кәсіби дамуға ұмтылуы, оның дербестігі дамуының жоғары деңгейі, педагогикалық міндеттерді, проблемаларды шешуді негіздей алу қабілеттері, өзінің және оқушылардың іс-әрекеттерін шынайы бағалай алуға мүмкіндік беретін дамыған рефлексивті дағдылары деп түсіндіреді [2]. А.А.Бизяева педагогикалық рефлексияны мұғалімнің өз қызметіне және оның субъектісі ретінде өзіне сыни талдау, мәнін ұғыну және оқушының тұлғасын дамытудағы тиімділігін бағалау мақсатында белсенді зерттеушілік көзқарас ұстану қабілетін байқататын күрделі психологиялық феномен ретінде түсіндіреді. 14


3. Рефлексия психологиялық сипаттамасы Білім –бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педагогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес. Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім – жалпы адамзаттық құбылыс; білім əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже. Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Қазіргі қоғамымызда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан білім беруші мұғалімге де, білім алушы оқушыға да ізденіс пен шығармашлықта жұмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып, өз идеяларын оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны дұрыс. Ал, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні артып отыр. Өзін-өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды (Р. Декарт, Д. Локк). Жаңа дәуір философиялық идеялары «өзіндік» және «Мен» ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік «Мен» құндылығы пайда болды. Рефлексия - адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті 15


мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты. Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады. Сонымен, шығармашылық рефлексия – жеке тұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары арқылы ой қорытуы. Рефлексиялық танымдық дағдылар субъектілердің өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның мазмұны баланың өз іс-әрекеттерінің субъектісі ретіндегі өз көзқарасын қалыптастыру: өзіндік тұжырым жасай алу, өзін-өзі бағалау, өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік қажеттіліктерді айқындау, өз мүмкіндіктерін пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады. Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады. 16


Көрнекті ғалымдар Ш.А.Амонашвили, В.И. Загвязинский т.б. педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады. В.А. Кан-Калик, А.В.Мурдик, т.б. маманның педагогикалық әрекетке дайындығының құрамына даралық, шығармашылық, авторлық ізденістер мен қатар жетілген педагогикалық рефлексияны да жатқызады. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы» Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл өзіндік сана, өзі-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол-сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді. Рефлексия деген өз жұмысына талдау жасау. Осы жерде ұлы данышпан Абай қарасөздерімен үндестікті көре аламыз. "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! " деген, біз өзімізге есеп бере отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшіліктің кету себебін бірге іздейміз. Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты 17


міндеті: – оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Алдағы жұмыстарда ондай кемшілікті жібермеуге тырысамыз. Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы үшін • Рефлексия – оқушыны өз – өзіне есеп беруге баулиды; • Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз; • Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады • Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады • Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады • Өз – өзіне баға бере алады • Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды; Мұғалім үшін: • Ақпаратпен күнделікті жұмыс; • Шығармашылыққа деген ынта-жігері ; • Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру; • Пәндәк білім сапасының артуы; • Өзіндік сынның қалыптасуы; • Сыни ойлауға жтелеу; Мұғалімнің кәсіптік даму бағдарламасына іздеу,зерттеу қызметінің мүмкінтіктері жатады. Педагогикалық қызметті талдау барысында теориялық білім алудың, диагностика мен өзіндік диагностиканы игерудің қажеттілігі туады. Мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір 18


айтуға дағдыланады, ойын ортаға салды. Нәтижесінде оқушылар өз -өздерін реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады. Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласуы керек. Рефлексияның төмендегідей түрлері бар: -оқу материалының мазмұнының рефлексиясы -көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы - іс-әрекет рефлексиясы Рефлексияның бұл түрлерін жеке,топтық, жұптық түрде өткізуге болады. Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. Оқушылардың әрекеті - зерттеушілік әрекет болу үшін мұғалім нақты мақсаттар қоя білуі керек, ал ашып айтатын болсам, оқушыларға ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін, нені ашу керектігін, қандай әдіс арқылы, қандай нәтиже алу керектігін үйренуге жетелеу. Танымдық әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Танымдылығы мықты балада өзіндік мақсат, нәтиже болады. Яғни, қазіргі заманғы сындарлы оқытудың талабы оқушы бойында «мен» болуы. Оқушының адами әлеуетінің өсуі. Өзін өзі немесе «Менін» көрсетудің бір жолы - оқу екендігі және оның басты мақсат екендігін Маслоудың пікірінен аңғаруға болады. «Мен» тұжырымдамасы төңірегінде Маслоу мен Роджерс өздерінше түсінік берді. Нәтижесінде «Мен» тұжырымдамасы 19


бізді алға жылжытатын және біздің мінез- құлықтарымызды бағыттайтын, өзін -өзі реттеуге жетелейтін әлеуметтік стимул екендігі айтылған. Осы сындарлы оқытудың жүйелі жүзеге асуының нәтижесінде заман талабына сай білімді ұрпақ қалыптастыру мүмкіндігі жеткілікті болады. Ғұлама ғалым әл - Фараби «Адам мақсатына өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа байланысты» деп ой түйген екен. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға дариды және әсер етеді. Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет психологиялық тұрғыда адамның психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, педагогикада мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне негіз болады. Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс- тәсілдерінің барысында және іс- әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез - құлық болса, ол онда өзінің оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және өзін - өзі жетілдіреді. Яғни, нәтижелі оқу жақсы мінез - құлыққа тікелей байланысты. 4. Рефлексия түрлері Психологияда әдетте рефлексияның бірнеше түрі қарастырылады: ♦ Коммуникативтік – оның қарастыру нысаны басқа адамның ішкі жан дүниесі мен оның әрекеттерінің себептері туралы түсінік. Мұнда рефлексия басқа адамды танып-білудің тетіктері ретінде қолданылады. ♦ Тұлғалық – танып-білудің нысаны ретінде танумен айналысатын тұлғаның өзі, оның қасиеттері мен сапалары, мінезқұлық сипаттамалары, басқалармен қарым-қатынас жасау жүйесі қарастырылады. ♦ Интеллектуалдық – әртүрлі міндеттерді шешу барысында, шешім табудың түрлі жолдарын талдап, 20


тапсырманың шарттарына бірнеше қайтара оралып, ең тиімді тәсілдерін таба білу қабілеті арқылы айқындалады. Рефлексияны тек сабақтың соңында ғана емес, кез келген кезеңінде жүзеге асыруға болады. Рефлексия өтілген материалды ұғынуға, ортақ жинаққа әрбір топ мүшесі тарапынан ойластырылған, түсінген нәрселерді жинақтауға бағытталған. Оның мақсаты сабақтан бекітілген нәтижемен шығу ғана емес, тұтас мағыналық тізбек құру, басқалардың қолданатын әдістәсілдерін өзінің қолданғанымен салыстыру болып табылады. Рефлексияның міндеттеріне қарай төмендегідей топтастыру қолданылып жүр (кесте №2): 1. Көңіл-күй және эмоционалдық ахуал рефлексиясы 2. Іс-әрекет рефлексиясы 3. Оқу материалының мазмұны бойынша рефлексия Рефлексия жасауға үйретуді төмендегідей бірнеше кезеңге бөлуге болады: 1-кезең – өзінің көңіл-күйін талдау – өзінің жетістіктерін талдау 2-кезең – күнделікті өзін-өзі талдау (рефлексивті күнделік жүргізу) 3-кезең – сыныптастарының жұмысын талдау 4-кезең – өз тобының, сондай-ақ басқалардың жұмысын талдау Кесте №1. Рефлексияның оқу әрекетінің түрлі кезеңдерінде қолданылуы Оқу әрекетінің кезеңі Ұйымдастыру сәті және мақсатты тұжырымдау кезеңі

Мақсаты

Мазмұны

Оқушыларды әрекет етуге талаптандыруды қамтамасыз етеді

Оқушылардың жалпы оқу әрекетіне қажетті, сондай-ақ ерекше шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру шеңберіндегі жеке мақсаттарын таңдау арқылы сипатталады

21

Сұрақтардың нұсқалары Сабақтың тақырыбын оқып, сабаққа белгілеген өз мақсаттарыңыз ды айқын баяндауға тырысыңыз.


Сіз неден бастайсыз?

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын өзектендіру кезеңі

Бұл оқушыға өзінің дайындық деңгейін көруге мүмкіндік беретін диагностикалық қиық ретінде

Әрбір оқушы тақырып бойынша өзінің алған білімін анықтай алады және тапсырманың қалай орындалғанын өз бетінше тексере алады

Сабақтың басында сабақ тақырыбы бойынша мазмұнды рефлексия

Оқушыларға интеллектуалды «шиеленісті» түсіне білуге, өзінің меңгерген білімінің шегін анықтауға және оқу міндеттерін ұсынуға, білім шегін кеңейтуге көмектесу Жұмысты қорытындылау, жаңа мақсаттарды белгілеу, жұмыстың нәтижесіне қанағаттану деңгейін анықтау

Танымдық қызметті ұйымдастыру нысанын өз бетінше таңдау

Сізге жұппен жұмыс жүргізу қалай көмектеседі?

Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін сезінуі, әрекет ету тәсілдері мен оларды жүзеге асыруды ұғынуы

Жұппен жұмыс істеу барысында Сіз не үйрендіңіз? - Сізге мұндай жұмыс нысаны сын есімнің салыстырмалы шырайын түсініп, еске сақтауда көмек берді ме? - Сізге қандай қиындықтар кездесті? Оларды қалай жеңуге болады? «Мен сабақта жаңадан не үйрендім?», «Мен жаңа

Қорытынды кезеңде

22


білімді қалай меңгердім?», «Сабақта алған білімімді келешекте қалай қолдана аламын?» Түрлерге жіктеу Көңіл-күй және эмоционалд ық ахуал рефлексияс ы

Сабақтың кезеңі сабақтың басында

Міндеттері

Тәсілдері

Сұрақтар

топпен эмоционалдық байланыс орнату

Адам бейнесі бейнеленген карточкалар, көңіл-күйді сипаттайтын бейнелер, эмоционалды қ-көркем ресімдеу (картина, музыкалық үзінді)

• Мен... екенін сезіндім • Қызықты болды • Мені ... таңқалдырды • Мен сабақта өз жұмысыммен ... • Сабақ материалы маған ... • Менде бәрінен де жақсы шыққан ... • Менің көңілкүйім .... • Ойландырған мәселе... • Маған ... ой салды. • Сыныптастары мды ... үшін мақтауға болады. • Менде .... орындалды. • Мен ... үйрендім. • Бүгін сабақта мен ... жүзеге асыра алдым.

жұмыс аяқталған соң

топпен жұмыс істеу нәтижесіндегі эмоционалдық ахуалды, жұмыспен қанағаттану деңгейін анықтау

Іс-әрекет рефлексияс ы

Үй жұмысын тексеру, жоба жұмысын қорғау кезеңінде

Оқу материалымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерінің мәнін түсіну, анағұрлым тиімді тәсілдерді қарастыру

23

«Табыс баспалдағы» әдісі, «балық сүйегі» графикалық ұйымдасты рушысы


Сабақ тың соңында

Оқу материа лының мазмұны бойынша рефлексия

Оқу материалын зерттеу кезеңі

Әр қатысушының сабақтың әртүрлі кезеңіндегі белсенділігін бағалау, белгіленген оқу мақсатын (проблемалы жағдайды) тиімді шешу Өтілген материалдың мазмұнын ұғыну деңгейін анықтау, қарастырылатын мәселеге көзқарасын білу, бұрынғы білімі мен жаңаны ұғыну түсінігін біріктіру

24

• Сабақ маған өмірге қажетті ... берді. • Сабақта мен ... үйрендім.

Аяқталмаған сөйлем тәсілін, тезистер, афоризм таңдау, «мақсат ағашын» қолдану арқылы мақсатқа жету рефлексиясы, білімді «үстемелеу ді» және мақсатқа жетуді бағалау (Мен ... білмейтін едім, - Енді мен ... білемін) сияқты пікірлер; субъективті тәжірибені талдау тәсілі, синквейн әдісі

• Бүгін мен ... үйрендім. • ... үйрену қиын болды. • Мен ... тапсырмаларды орындадым. • Мен ... түсіндім. • Енді мен .... орындай аламын. • Мен ... үйрендім. • Мен ...дағдыландым. • Маған сабақ ... болып көрінді. • Мен үшін сабақта ... жаңалық болды. • Маған ... маңызды болып көрінді. • Сабақ материалы мен үшін ... болды.


Жалпы сабақ барысында оқушылардың рефлексивтік дағдыларын қалыптастыру мен дамыту мақсатында рефлексияның міндеттеріне қарай 1-кестеде берілген тәсілдерді қолданып, сұрақтар беруге болады. Өз тәжірибемде мен «Еркін жазу» әдісін жиі қолданамын, бұл әдісті сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіреді. Жазуға уақыт белгілеймін. Уақыт аяқталған кезде олар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Мұғалімдерді алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті сабақта жиі қолдануға тырысамын. Осындай әдістерді қолдану мұғалімдердің жазу дағдыларын қалыптастырады, рефлексивтік ойлау, ойды қағаз бетіне түсіру сияқты дағдылары дамиды түседі. Мұғалімдердің мектептегі тәжірибе, порфтолио жинақтау барысында осы екі жылдық тәжірибемде төмендегі проблемалар жиі кездеседі: - мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдердің басым көпшілігі рефлексивтік күнделік жүргізуге ерінеді, сондықтан есеп жазғанда қиналады; - мұғалім сабақтарында қандай да бір стратегия, әдістерді қалай және неліктен пайдаланғанын түсіндіре алмайды; - мұғалім сыныптағы проблеманы анықтайды, бірақ оны шешудің жолдарын белгілеу, күтілетін нәтижелерді болжауда, нақты стратегияларды көрсетуде қиналады; - есеп соңында тұжырым мен қорытындылар көп жағдайда жасалмайды. Осындай қиыншылықтардан шығу үшін мұғалімдерге сабақты, жалпы тәжірибелерін талдау үшін сұрақтар әзірлеп, сабақты талдау алгоритмін жасап, тәжірибеге кетпес бұрын таныстырамын: - Менің сабақтағы стратегиям табысты болды ма? Сабақ тиімді болу үшін қалай ұйымдастыру керек еді? - Сабақта оқушылар неге үйренді? Үйренсе/үйренбесе неге? 25


- Сабақта қандай өзгешеліктер болды? Не болды? Неліктен? - Сабағымды бұдан да қалай жақсартар едім? - Оқушылар жасалған іс-әрекеттерге қалай қатысты? Қандай көңіл-күймен кетті? Сабақта өздерін емін-еркін ұстай алды ма? - Сабақта аудиторияны өзіме қарата алдым ба? Тәртіпті орнатудың қандай тәсілдері жақсыжұмыс істеді? Неліктен? Нені басқаша жасау керек еді? - Сабақ барысында өз эмоциямды басқара алдым ба? Неліктен? Болашақта нені басшылыққа алуым керек? - Сабақта менде қандай қиындықтар туды? Неге ерекше күш жұмсауым керек еді? Мұндай жағдайларда келешекте не істеуім керек? - Осы сабағымды қайта өтетін болсам нені өзгертер едім? Осы сұрақтар мұғалімдерге портфолио жинақтау барысында, әсіресе, В2 есебін жазуда көп көмектеседі. Осындай стратегиялар, әдіс-тәсілдер пайдаланудың, есептеріне үнемі формативті бағалау беріп, жетілдірудің нәтижесінде курстың аяғына қарай педагогтерде рефлексивті кәсіби қызметке бағытталу (қажеттіліктердің, уәжділік пен құндылыққа бағытталудың қалыптасуы), жаңалықтар мен инновацияларды жүзеге асыруға ұмтылысы, стандартты емес кәсіби міндеттерді шешу үдерісіне қамтылуы, өзінің жеке тұлғалық және кәсіби стереотиптерін ой елегінен өткізу, өзін-өзі барабар бағалау, өзінің кәсіби өсуін талдай білу қабілетін қалыптастыру елеулі түрде артады, осының барлығы рефлексияны дамытудың қолайлы динамикасын құрайды. Осы соңғы курста тыңдаушылар мектептегі тәжірибелерін аяқтап үшінші кезеңге оралған кезде, курстың бірінші күні «Алты түс арқылы ой пішініне еркіндік берейік», «Жаңашыл сабақтың үстінен сот» тақырыптарына екі шеберсынып ұйымдастыру арқылы рефлексия жасатуды ұйғардым. Мұндағы мақсатым: мектептегі тәжірибені жинақтау, қорыту, оқыту тәжірибесіне Бағдарлама идеяларын енгізу нәтижелерін талдау, оларды жақсарту жолдарын қарастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда кездескен қиыншылықтарды жеңу. Мұғалімдер осы төрт апта ішінде қандай педагогикалық 26


тәжірибе жинағандығы, қандай нәтижелерге қол жеткізді, нелер ойдағыдай болмағандығы туралы ойлануға жетелеу. Осы мақсатта Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» ойынын қолдандым. Бұл әдіс мұғалімдердің ой икемділігін, криативтілігін дамытады, шығармашылдық дағдарысты еңсеруге көмектеседі, сонымен қатар дұрыс шешім қабылдауға және алдына қойған мақсат пен міндеттермен ойларын тиянақтаудағы ара қатынасын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе бұл әдіс кез келген пікірмен санасу және ситуацияны түрлі арнада қарастыруда, ерекше және инновациялық идеяларды бағалауға өте жақсы келеді. Сонымен бірге мұғалімдерге мектеп жағдайында Бағдарламаның идеяларын тәжірибеге енгізу мен сынақтан өткізуді талдауға мүмкіндік берді. Мұнда тыңдаушылар төмендегідей сұрақтарға жауап іздеп, талдады: 1. Тәжірибе барысында әсіресе не қиын болды? 2. Сізді не таңқалдырды..., қуантты... жағымды болды? 3. Сыныптағы тәжірибеге барлық модульдерді кіріктіре алдыңыз ба? Енгізе алмасаңыз не себепті? 4. Тәжірибеңізде қандай өзгерістер болды? т.б. «Жаңашыл сабақтың үстінен сот» тақырыбындағы екінші рөлдік ойында мектептегі сындарлы оқыту әдісіне негізделген жаңашыл сабақты айыптау жөнінде іс қаралды. Айыптың мәні – белгілі бір уақытта, белгілі бір мектепте, белгілі бір педагогикалық ұжымда пайда болған қазіргі сындарлы сабақтың мезгілсіздігі.

27


Бұл іс-шара барысында мұғалімдер дәстүрлі және заманауи сабақтың жақсы жақтары мен кемшіліктерін бірлесе отырып анықтауға тырысты. Олар шебер-сынып барысында «қолдау» және «қарсы» тұстарын талдап, айтуға мүмкіндік алды. Барлық қатысушылар бұл іс-шараға белсенді араласты, бірде бір мұғалім рөлсіз қалған жоқ. Бұл іс-шараға орталықтың тренерлерін де қатыстырып, рөлдер бөлініп берілді. Сот, айыптаушы, «Жаңашыл сабақтың» адвокаты, сот хатшысы рөлдерін ДБО тренерлері ойнаса, айыпталушы, алқа билер, куәгерлер, ата-ана, оқушы рөлдерін мұғалімдердің өздері ойнады. Ойынның нәтижесінде сот барлық куәгерлерді тыңдап, прокурор мен қорғаушының сөздерін ескере отырып жаңашыл сабақтың пайдасына шешім қабылдап, ақтап, сот залынан шығару шешімін қабылдады. Бұл сабақтар өте қызықты, тартымды өтті. Біраз проблемалар шешімін тапты. Барлық мұғалімдер қызыға, жауапкершілікпен өз рөлдерін ойнап, жаңашыл сабақты ақтап алуға белсенді ат салысты. Сабақтың соңында ойындардың ұнағандығын, осы әдістерді өз сабақтарында қолданатындарын, мектептегі тәжірибені осылай қорытындылап, ой елегінен өткізіп, есептерінде талдау жасауға көмектесетінін кері байланыста келтірген. Жоғарыда аталған әдіс-тәсілдер тыңдаушылардың рефлексивті дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Атап өту керек, осы іс әрекеттегі зерттеудің мәнмәтінінде, мұғалімдерді педагогикалық жағдаяттарды, проблемаларды шешуге рефлексивті оқытудың түрлі тәсілдерін пайдалану арқылы тарту, олардың кәсіби қызметін ары қарай толықтыруға, байытуға мүмкіндік береді, сонымен қатар рефлексивті дағдыларының жаңа сапалы деңгейге өтуіне ықпал етеді. Қорыта келе, тиімді тренер болуым үшін мен, біріншіден, өзімнің оқыту стилім туралы үнемі ойлану қажеттігінде, екіншіден, менің оқыту дағдыларым мен іс-әрекеттерімнің тек «мазмұнды ашуды» ғана емес, сонымен қатар тыңдаушыларға әсері туралы үнемі ойлануымда деп түсінемін. Оны Ramssden (1992) белгілеген қағидаларға сүйену арқылы іске асырамын: 28


- Сабақтарымды қызықты, тартымды етіп ұйымдастыру және түсінікті ету; - Тыңдаушыларды құрметтеу, оларға және оқыту үдерісіне қамқор бола алу - Лайықты бағалау және кері байланыс орната білу; - Нақты мақсат қою; - Тәуелсіздік, бақылау және тыңдаушыларды белсендіру; - Оқыта жүріп өзім де үйрену; Сонымен бірге тыңдаушылардың рефлексивтік дағдыларын қалыптастыру мен дамыту стратегияларымды үнемі жетілдіру, қайта қарастыру, түзету, өңдеу қажеттіліктерін сезінемін. Біліктілікті арттыру үдерісіндегі рефлексивті ойлау динамикасы педагогтардың жас шамасы, педагогикалық өтілі, кәсіби бағыты сияқты факторларға байланысты болмайтынына, рефлексивті-дамытуға әсер ететін әдіс-тәсілдер арқылы қалыптасып дамитынына көз жеткіздім. 5. Рефлексияны жүргізу әдіс-тәсілдері Рефлексия бүкіл оқу үдерісінің барысында, оның әр кезеңінде түрлі қызметтерді атқара отырып жүзеге асады. Сонымен қатар, рефлексия үдерісіне білім алушылар мен оқытушылар қатысуы маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, рефлексия үдерісіне оқу үдерісі субъектілерінің біреуі қатыспаған жағдайда, рефлексияның барлық құрылымы тиімсіз болып шығады. Рефлексия ауызша немесе жазбаша түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Соған байланысты, ол әртүрлі мағынаға ие болады. Ауызша рефлексия: Ауызша рефлексияның мақсаты өзінің жеке ұстанымын жариялау, оның басқа адамдардың ой-пікірлерімен арақатынасын айқындау болып табылады. Студенттер мен оқушылардың айтуы бойынша, көп жағдайда өз ойларын білдіру, диалог немесе сұрақ түрінде жеткізу кейбір маңызды мәселелерді анықтауға көмектеседі. Ауызша рефлексияның алуан түрлі тәсілдерінің арасында (диалог, тоғыспалы дикуссия немесе «Бірлескен ізденіс» дискуссиясы) педагогикалық тәжірибе үдерісінде 29


педагогтер мен студенттердің жұмысында ең тиімді қолданылатын тәсілдерінің бірі – «Екі қатарлы дөңгелек үстел», оның мақсаты қатысушылар үшін өзекті болатын мәселелер жөнінде пікір алмасу болып табылады. Екі қатарлы дөңгелек үстел Оқытушы «Екі қатарлы дөңгелек үстелді» жүргізу барысында қатысушылардан екі топ құрады. Бірінші топ «ішкі» шеңберді құрайды. Бұл топ қатысушылары талқыланатын мәселе жөнінде пікірлерін еркін айтады. Сонымен қатар, қатысушылар бір-бірінің көзқарасын сынамай, өз пікірлерін қысқа әрі нақты айтуы маңызды. Екінші топ қатысушылары («сыртқы шеңбер») ішкі шеңбер қатысушыларының пікірлерін белгілеп, оларға өз сұрақтары мен түсіндірмелерін дайындап отырады. Түсіндірмелер талқыланып жатқан сұрақтың мәніне, ішкі шеңбердегі талқылану үдерісіне, айтылған ұстанымдарының заңдылықтарына, осындай пікірлердің мүмкін себептеріне қатысты болуы мүмкін. Ішкі шеңбер қатысушылары өз ойларын нақты және қысқа білдіріп, алдыңғы айтылып кеткен пікірмен байланыстыру керек. Оқытушы айтылған пікірлердің мазмұнына араласпай, диалогті талқыланатын мәселе аясына бағыттап, әртүрлі көзқарастарды белгілеп, жұмысты үйлестіріп отырады. Ішкі шеңбердің жұмысы аяқталғанда, оқытушы сыртқы шеңберді құрайтын топты талқылауға қатысуға шақырады. Сыртқы шеңбер қатысушылары жоғарыда айтылған ережеге сәйкес жұмыс жасайды. Жұмыс соңында оқытушы қатысушылардан қорытындыларын ауызша немесе жазбаша түрде құрастыруын сұрайды, содан кейін өзінің түсіндірмелері мен ескертпелерін айтады. Жазбаша рефлексия: Психолог-ғалымдар мен педагогтердің көпшілігі, оның ішінде Ф.Кортахен, тұлғаның дамуы үшін ең маңыздысы жазбаша рефлексия деп белгілейді. Жазбаша рефлексияның жиі қолданылатын бірнеше түрлерін атап кетуге болады: • Эссе – шағын көлемдегі, нақты белгіленген тақырыпты ашатын және айрықша субъективті түсіндірме берілетін, еркін 30


композицияға құрылған, ауызекі тілге бағытталған, парадокстерге бейімділігі бар туынды (М.Н.Эпштейн "Образ бен түсініктің тоғысында"). Эссе жазу білім алушының белгілі бір мәселе бойынша барлық қарама-қайшылықтар бойынша өз тәжірибесіне жүгінуін . • «Борт журналы» (ағыл. Log) – ақпаратты тірек сөздер, графикалық модельдер, қысқа сөйлемдер мен ой тұжырымдар, сұрақтар арқылы бекіту түрі. Білім алушылар толтырып отыратын «борт журналына» оқытушы тарапынан ұсынылатын бөліктері ретінде: тақырып бойынша тірек сөздер, студенттің өзі айқындауы тиіс байланыстар, маңызды сұрақтар болуы мүмкін. • Күнделіктің түрлері: қарапайым күнделік, күнделіккөркем альбом, екі бөлімді күнделік (бір бағанында – бақыланатын фактілер, нақыл сөздер, ал екіншісінде – өзінің түсіндірмелері). Күнделіктің эссе мен «борт журналынан» ерекшелігі оның ұзақ мерзім аралығында жүргізілуі және оқушының тікелей үдерісті бақылап, уақыт аралығындағы өз әрекеттерін салыстыра отырып («кейінге қалдырылған рефлексия»), терең рефлексияны жүзеге асыруына мүмкіндік беретіндігінде болып табылады. • Жазбаша сұхбат – топ қатысушыларының сұрақтар мен жауаптар түріндегі топтық жазбаша рефлексия нұсқасы. Бұл тәсіл өзара пікір алмасу мақсатында жүргізілетін жазбаша рефлексияны қысқа мерзім аралығында өткізуге мүмкіндік береді. • Өлең түрінде (мысалы, синквейн – бесшумақты өлең) – бұл оқып үйренген түсінікті, үдерісті немесе құбылысты көркем түрде бағалауға мүмкіндік беретін шығармашылық рефлексия тәсілі. • Портфолионың түрлі нұсқалары оқушылар мен студенттер қызметтерінің жекелеген аспектілерін барынша толық сипатта жұмысының жиынтығы болып, олардың байланыстырады. (К.Берк). И.Загашевтің айтуы бойынша, портфолиода бағалау парақтары, бақылау парақтары, күнделіктен үзінділер, «борт журналдары», видеоүзінділер, таныстырылымдардың жоспарлары мен жобалары қамтылуы 31


мүмкін. Портфолио қарапайым оқушы жұмыстарының жиынтығы ғана емес, одан да көбірек маңызы бар, алдын ала жоспарланған, оқушының қол жеткізген жетістіктерінің дербес жиынтығы (Hamm & Adams, 1991). Әдіс-тәсілдер: 1. Сөйлемді аяқта (Жазбаша сұхбат) Мақсаты: сабақты қорытындылау, оқып білгендерін, қалай жұмыс жасағандарын талқылау, яғни әрбір қатысушы сабақтың басында қойылған мақсаттарға жету үшін жұмсалған өз күшін, белсенділігін, сынып жұмысы нәтижелілігін, таңдап алынған жұмыс түрінің пайдалылығы мен мазмұндылығының деңгейін бағалайды. Мазмұны: оқушылар сөйлемнің бастапқы сөздерін тақтадағы рефлексивті экраннан таңдап, өз ойларын бір сөйлеммен жеткізеді:

32


Бүгін мен … білдім. Маған … қызықты болды. Маған … қиын болды. Мен…тапсырма ларды орындадым. Мен … түсіндім.

Енді мен … аламын. Мен ... сезіндім. Мен … ие болдым. Мен … үйрендім. Менде … нәтиже шықты.

Мен … жасай алдым. Мен … байқап көремін. Мені … таң қалдырды. Сабақ өміріме … берді. Мен...қалаймын.

2. Өзін-өзі талдау сауалнамасы Мақсаты: өзін-өзі талдау, сабақты сапалық және сандық бағалау. Кейбір пункттерді түрлендіруге, толықтыруға болады, бұл сабақтың қандай элементтеріне ерекше мән берілетініне байланысты. Оқушылардан өз жауаптарын негіздеуді сұрауға болады. Нұсқа 1. • Мен сабақта...жұмыс жасадым белсенді / енжар • Мен сабақтағы өз жұмысыма ризамын / риза емеспін ... қысқа / ұзақ болып • Маған сабақ ... көрінді шаршамадым/ шаршадым • Сабақта мен ... көтерілді / түсті • Менің көңіл-күйім ... түсінікті / түсініксіз • Сабақтағы мәліметтер маған пайдалы / пайдасыз ... қызықты / қызықсыз • Үй тапсырмасы ... жеңіл / қиын тартымды / тартымсыз Оқушылар сабақтағы өздерінің белсенділігі мен өз жұмыстарының сапасын бағалау үшін сабақ барысында параққа шартты түрде жауаптарын белгілеуі керек: «V» - мұғалім өтініші бойынша жауап бердім, бірақ жауап дұрыс емес 33


«W» - мұғалім өтініші бойынша жауап бердім, жауап дұрыс «| » - өз қалауым бойынша жауап бердім, бірақ жауап дұрыс емес «+» - өз қалауым бойынша жауап бердім, жауап дұрыс «0» - жауап бермедім.

34


Нұсқа 2. «Сабақтағы қарымқатынас қандай болды»? - қызықты - танымды - тартымды - ойын түрінде - өзгеше - көңілсіз - қуанышты - ықыласты

Бүгін сабақта мен: - үйрендім - қызықты болды - қиын болды Сабақта не үйрендіңіз? Ең қатты ұнаған тапсырмалар қандай? Мен үшін маңызды болып көрінді… Мен түсіндім ...

Нұсқа 3. Біздің күніміз (сабақ, шара, ойын) аяқтауға таяды, сіздермен бөліскім келетіні… Менің барлығынан жақсы жүзеге асырғаным… Өзіңді не үшін мақтай аласың? Сыныптастарыңды не үшін мақтай аласың? Не білдің? Мені не таңғалдырды? Мен үшін жаңалық болғаны ... Сіздің ойыңызша не іске асты? Сіздің ойыңызша не іске аспады? Неге? Болашақта нені есепке алу керек? Сабақтағы менің жетістіктерім…

Сабақ -ойландырды… -ой-толғанысқа түсірді… Сабақта жаңадан нені білдің? Нені есте сақтау керек деп ойлайсыз? Қандай мәселе бойынша тағы жұмыс жасау керек? Сабақтағы өз жұмысыма: - көңілім толды - онша көңілім толмады Менің көңілім толмады, себебі…

35


Мен сабақта осы тапсырмаларды таңдадым, себебі: -олар қалғандарынан көбірек ұнайды;

- басқа тапсырмаларға қарағанда, осыларды нашар орындаймын деп ойлаймын; -олар басқа тапсырмаларға қарағанда жеңілірек

36


3. «Плюс-минус-қызықты» (авторы Эдвард де Боно, медицина ғылымдарының докторы, Кембридж университетінің философия докторы, ойлау саласындағы практикалық дағдыларды дамыту саласының маманы) Мақсаты: сабақты қорытындылау (Бұл жаттығу мұғалімнің өз сабағына оқушылардың көзімен қарауына, әрбір оқушының құндылықтары тұрғысынан талдау жасауына мүмкіндік береді. Оқушылар үшін ең маңызды бағандар «П» және «Қ», себебі оның ішінде оқушыларға қажет болып қалатын мәліметі бар жадынамалар болады). Мазмұны: Бұл жаттығуды уақыт мөлшеріне байланысты ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін 3 бағанды кестені толтыру ұсынылады. «П» – «плюс» бағанына барлық сабақ барысында ұнаған, жағымды әсер қалдырған немесе оқушының ойынша белгілі бір мақсатқа жетуіне қажетті мәліметтер және жұмыс түрлері жазылады. «М» - «минус» бағанына сабақ барысында мүлдем ұнамаған, қызық емес, жағымсыз, түсініксіз болған немесе оқушының ойынша керек емес, өмірлік мәселелерді шешуде пайдасыз, қажетсіз ақпарат мен мәліметтер жазылады. «Қ» - «қызықты» бағанына, оқушылар сабақ барысында білген қызықты фактілерді және осы мәселе бойынша тағы не білгілері келгенін, мұғалімге қойғысы келетін сұрақтарын жазады. 4. «Қошемет» Мақсаты: өзінің белсенділігін және жұмыс сапасын бағалау. Мазмұны: оқушылар бір-бірінің сабаққа қосқан үлестерін бағалап (мадақтауқошемет, іскерлік қасиеттеріне қошемет білдіру, сезімдік қошемет), бір-біріне және мұғалімге алғыс айтады. Сабақты осылай аяқтау әрқайсысының тұлғалық маңыздылығын мойындауға қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 5. «Сапар». (http://rus.1september.ru/articlef.php?ID=200702105) Мақсаты: сабақтың мазмұнын бағалау. Мазмұны: Партада әр оқушының алдында 2 жетон болады: біреуі – қуанышты жүз, екіншісі – көңілсіз жүз. Тақтада сабақ кезеңдері белгіленген вагондар тіркелген пойыз бейнеленеді. Балаларға «қуанышты жүзбен» ең қызықты болған тапсырманы көрсетіп тұрған, ал «көңілсіз жүзбен» қызық емес болған тапсырманы көрсететін вагонға салуын сұраймыз. Оқушының қалауы бойынша, тек бір жетонды қолдануға болады. 6. Оқушылардың сабақтағы өз белсенділіктерін және жұмыс сапасын бағалау үшін парақта өз жауаптарын шартты түрде белгілеуді ұсынуға болады: 1. 2. 3. 4. 5.

мұғалімнің өтініші бойынша жауап бердім, бірақ жауап дұрыс емес мұғалімнің өтініші бойынша жауап бердім, жауап дұрыс. өз қалауым бойынша жауап бердім, бірақ жауап дұрыс емес. өз қалауым бойынша жауап бердім, жауап дұрыс. жауап бермедім

7. “Тортты ұрлау”. //http://gotovie-uroki.narod.ru/ matematika/urok12.htm Сабақтағы жұмысыма ризамын — қызыл түс. Мен жақсы жұмыс жасадым, бірақ одан да жақсырақ жасай аламын – жасыл. Жұмыс орындалмады, өзіме риза емеспін – көк түс. 8. «Алаңқай» http://pedsovet.org/forum/topic7273.html Мақсаты: сабақ кезеңдерінің мазмұнын бағалау Содержание: Тақтада – гүлдерге толы алаңқай, әр гүлдің бетінде – сабақ кезеңі – (мәтінмен жұмыс, фонетикалық жаттығу және т.б.). Әр баланың алдында – көбелек. Балаларға өз көбелегін ең қатты ұнаған тапсырмасы бар гүлге орнату ұсынылады. 9. Графикалық рефлексия 37


Мақсаты: тапсырманың қиындық деңгейін, эмоционалдық әсерін анықтау. Мазмұны: Әрбір орындалған тапсырманың маңына белгі қою - орындау ұнады - қиын болды - онша ұнаған жоқ - онша қиын болған жоқ - мүлде ұнаған жоқ - қиын емес 10. Өзін-өзі тексеру Мақсаты: сыныптастарын бағалау қызметін дамыту Мазмұны: Парталас көршісін тексеру. Оқушылар өзінің парталас көршісін тексеруі керек. Шамамен мынадай сұрақтар қойылады: Не іске асты? Не іске аспады? Қандай баға қояр едіңіз? 11. Қысқа эссе Мақсаты: балалардың өзін-өзі бағалау қабілетін анықтау Мазмұны: Балаларға мұғалімнің қойған бағасын түсіндіру ұсынылады (жазбаша, ауызша). Баға белгі түрінде берілген. Мен неге осындай баға алдым? 12. Бағалау баспалдағы Мақсаты: критерий бойынша бағалау қабілетін дамыту Мазмұны: Балаларға белгі қойылуы тиіс баспалдақ, шәкіл ұсынылады. Осы тапсырманы орындағаны үшін өзіне қоятын бағаға сәйкес межеге Күннің белгісін орналастыруы қажет. Критерийлерін анықта Мақсаты: Пайда болған қиындықтардан өту себептерін, алынған білім, қабілет, дағдылар өлшемдерін анықтау. Мазмұны: Оқушыларға жұмысты бастаудың алдында бағалауға негіз болатын критерийлерді белгілеу ұсынылады. Ал жұмыс соңында өзіне баға қойып, оны критерийлерге сүйене отырып, түсіндіру қажет. 13. Ойын түріндегі сабақ рефлексиясы Мақсаты: Сабақтағы жетістіктер мен сәтсіздіктерді тек оқушының ішкі себептерімен байланыстырып өзін-өзі талдау. Мазмұны: Мәтін жазу: «Ойын түріндегі сабақ бойынша менің рефлексиям»: • Осы ойын түріндегі сабақта қандай жұмысты іске асырдым? • Менің қателерім қандай? • Осының артында қандай себептер тұр? • Келесі сабақтарда осындай қателіктер жібермеу үшін маған нені түсіну, ұғыну керек? 14. «Смайликтер.ехе» және «Интерактивті дауыс беру.ехе». Бұл тәсілдер рефлексивті сәттерді жүргізуге арналған және сабақта проектор мен экранды немесе интерактивті тақта қолдануды қажет етеді. Педагогтің рефлексивті күнделігінің үлгісі Мұғалімнің рефлексивті күнделігі Мұғалімнің аты-жөні ___________________________________ Пәні ________________________________________________ Сыныбы ______________________________________________ Тренері _______________________________________________

38


Сынақ өткізілген сабақтың күні, тақырыбы Мен алдыма қандай білім беру міндетін қойдым? Сабақ міндеттерін жүзеге асыра алдым: өзімнің қандай әрекеттерім арқылы? Міндетті жүзеге асыра алмадым: неліктен? Нені түсіндім, ұғына алдым? Білім беру нәтижелері: Не нәрсені үйрендім? Қандай проблема айқындалды? Алдағы уақытта шешуім қажет білім беру міндеті Рефлексивті күнделікті мұғалім курста оқу барысында және мектепте тәжірибеден өту барысында кәсіби рефлексияны дамыту, мектептегі инновациялық үдерістерді басқаруда өзіндік дербес тәжірибесін жинақтау, инновациялық құзыреттілікті дамыту мақсатында жүргізеді. Рефлексия біздің түсінігімізде ойлану, өз бетінше бақылау, өзін-өзі тану; өзінің ойлары мен әсерлерін талдау; адамның өзіне-өзі есеп беруге және өзіне-өзі талдау жасауға қабілеттілігі ретінде қарастырылады. Күнделіктегі «Сынақ өткізілген сабақтың күні, тақырыбы» бағанына сабақтың уақыты, қатысушылары, тақырыбы және қысқаша сипаттамасы жазылады. Сондай-ақ осы бағанға мақалалар, кітаптар, интернетпен жұмыс және т.б. бағдарлама бойынша міндетті емес жұмыс түрлерін енгізуге болады. «Мен алдыма қандай білім беру міндетін қойдым?» бағанына сабақтың мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері жазылады. Белгілі бір кезең неліктен жоспарланған және т.б. «Сабақ міндеттерін жүзеге асыра алдым: өзімнің қандай әрекеттерім арқылы?» деген бағанда сабақта қандай стратегиялар, әдістер мен тәсілдер тиімді қолданылғаны жазылады. Сабақтың мақсаты қаншалықты орындалған? Ол неден байқалды (дәлелдер)? Оқушылардың жауаптары мен жұмыстарынан үзінділер келтіру. Бақылау нәтижесіндегі оқушылардың белсенділігі мен енжарлығының дәлелдерін келтіру. «Міндетті жүзеге асыра алмадым: неліктен?» бағанына сабақта пайда болған проблемалар туралы жазылып, сабақ барысында болған қиындықтар, күрделі педагогикалық жағдаяттар сипатталады және талдау жасалады. «Нені түсіндім, ұғына алдым?» бағанында өзіңіздің пікірлеріңіз бен қорытындыларыңызды дәлелдейтін мысалдарды (оқушылардың жауаптары мен жұмыстарынан үзінділер, басқа да дәлелдемелер) келтіруге болады. Сондай-ақ, Сабақта оқушылардың жұмыстарын бағалау қалай жүзеге асырылды? Сабақ барысында болған қиындықтар қалай еңсерілді? деген сұрақтарға жауап беруге болады. «Не нәрсені үйрендім?» бағанында төмендегі сұрақтарға жауап беру қажет: Келесі жолы нені жетілдіру қажет? Кәсіби даму, сабақ беруді жетілдіру, оқушылардың жетістіктерін жақсарту бойынша жоспарланатын қадамдарды және алдыңызға қандай білім беру міндеттерін қоятыныңызды нақты айқындау керек. 1-қадам. Ойланып-толғануды бастамастан бұрын, ойлануға қажет материалды жинақтау керек. Сіз жай ғана не болып жатқанын тіркеумен айналысасыз. Сіз көзіңіз бен құлағыңызды пайдаланып, сабақта болып жатқанның барлығын мұқият бақылайсыз. – Бұл жерде не болып жатыр? Мен нені көріп тұрмын? Нені естіп отырмын? Нені сезініп отырмын? Мен не туралы ойлаймын? Басқалар немен айналысып отыр? Олар қалай жүзеге асыруда? Олардың жүзінен не байқалады? Олардың қимылынан не байқалады? Олардың эмоциялары қандай? Олар не туралы айтуда? Олардың айтып отырғандары ісәрекеттерімен сәйкес келе ме? және т.б. Бұл мәліметтерді қағазға жазып алуға болады немесе фотоаппаратқа не камераға жазып алуға болады, диктофонға жазуға болады. Барынша толық ақпаратты жинақтау үшін сұрақтар қоюға, сұхбат жүргізуге, іс-шараларға қатысушылардан сауалнама жүргізуге болады. 39


2-қадам. Қолыңызда жинақталған барынша объективті мол материалыңыз болса, оны талдауға кірісуге болады. Осы жерде ең басты сұрақ туындайды – Неге? Біз өз тәжірибемізден білетіндей, көп жағдайда адамдар бір нәрсе туралы бір түрлі айтып, басқаша түрлі ойлап, мүлдем басқаша әрекет етеді. Неліктен? Кейде адамның айтқаны мен сол мәселеге қатысты көзқарасының арасында алшақтықты байқауға болады. Немесе өзінің мәлімдегені мен іс жүзіндегі мәселе арасында қарама-қайшылық болады. Неліктен? Бұл сұрақтарға жауапты өзіңіз іздеуге болады, сондай-ақ басқа адамдарды – әріптестеріңізді тартуға болады. Мұндай жағдайда дөңгелек үстелдер, пікірталас клубтары, талқылаулар, мүдделі адамдармен сұхбаттасу және т.б. жүзеге асырған орынды болады. Әрине, әркім белгілі бір мәселенің бір қырын ғана көреді, сондықтан оның айтқанын өзінің пікірі ретінде қабылдаңыз. Өзіңіздің «неге» деген сұрағыңызды талқылай отырып, сіз «неге» деген сұрақтарыңызға жауабыңызды қамтитын өз пайымыңызды тұжырымдай аласыз. 3-қадам. «Қандай әрекет орын алды және неліктен?» деген сұраққа жауап алып, үшінші кезеңде «Мен өзім үшін енді қандай сабақтарды жоспарлай аламын? Өзім көргендердің ішінен мен болашаққа нені өзіммен бірге аламын, ал не нәрседен арылуға тырысамын?» деген мәселені шешу керек. 4-қадам. Қандай іс-әрекетті жүзеге асыру, ал неден бас тарту туралы нық шешім қабылдағаннан кейін келесі кезеңде оларды іске асыруға тырысу қажет. Жоспарланған нәрсені жүзеге асырудың ең жақсы тәсілі – бұл жоба екенін есте сақтаңыз. Әріптестеріңізбен, достарыңызбен, тренермен өз жобаңызбен бөлісіңіз. Келешекте қиындықтарға кездескен жағдайда сізге олардың көмегі мен қолдауы қажет болады. 5-қадам. Қабылданған шешімдерді жүзеге асыра отырып, әртүрлі себептерге байланысты барлығы ойдағыдай бола бермейтінін есте ұстау керек. Қателіктер мен кемшіліктер де болады. Ештеңе істемейтін адам ғана қателеспейді. Сонымен қатар, алдын ала барлығын білу мүмкін емес. Жалпылама нұсқау – Орта жолда тоқтауға болмайды! Табандылық қана мақсатқа жеткізеді. 6-қадам. Бұл жерде тағы да рефлексия туралы сөз болады. Неліктен жоспарланған ойдағыдай шықпайды? Себептері қандай? Осы кедергілердің қайсысын жою менің қолымнан келеді, қайсысы менің қолымнан келмейді? Менің ұмтылған мақсатыма басқаша жолдармен немесе тәсілдермен қалай қол жеткізуге болады? 7-қадам. Барлық қадамдарда есте ұстайтын нәрсе – инновацияның немесе ерекше (инновациялық) шешімнің басты белгісі қандай болатындығы. Дәстүрлі ойлайтын адамдар не сізді түсінбейді, не тіпті сіздің шешіміңізді теріс қабылдап, қудалауы мүмкін. Бұл инновациялық шешімге адамдардың қалыпты көзқарасы. Есіңізде ұстаңыз – керітартпа адамдардың болатынына қарамастан, уақыт керуені алға жылжи береді. Ең соңғы және маңызды нұсқау – белгілі бір нәрсе туралы ойлана отырып, асығыстық жасамаңыз, өзіңіздің бағалауыңыз бен ой-пікіріңізді білдіруге асықпаңыз.

40


Әдебиеттер тізімі 1. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, «Ғылым»,2002. 2. Вульфов Б.З., Харькин В.И. Педагогика рефлексии. М., «Наука»,1997. 3. Деркач А.А. Акмеологические основы развития профессионализма. М., Воронеж,2004. 4. Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық –Алматы 2007 5. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары –Алматы 2007 6. Бастауыш мектеп журналдары 2013 жыл. 7. Кертаев Г. Оқытудың кейбір әдістері. Алматы, 1991. 8. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы, 1991. 9. Беспалько В.П. Педагогика технологиясы.1998. 10. Селенко К.К. Современные образовательные технологии. 1998. 11. Степанов С.Ю., Похмелкина Г.Ф. Принципы рефлексивной психологии педагогического творчества //Вопросы психологии. 1991. №5. С. 35-38 12. Яркина Т.Н. К проблеме развития рефлексивной компетентности будущих педагогов. Вестник Томского государственного педагогического университета. №10. 2011. 13. Бизяева А.А. Психология думающего учителя: Педагогическая рефлексия, - Псков, 2004 14. Хохотва О. Методические рекомендации по написанию рефлексивных отчетов и подготовке презентационной речи - Астана: Центр педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2013 15. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей, Үшінші басылым, 2012, Астана

41


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.