Оқыту ортасын құру және жоспарлау

Page 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

ОҚЫТУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ Әдістемелік құрал

Тараз, 2015


ӘӨЖ 37.011.33 КБЖ 74.20 І 28

Пікір берушілер: Тұрарова А.Н. – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абдуллаева К.М.– Тараз қаласы №57 орта мектебінің директоры І28 Оқыту ортасын құру және жоспарлау: әдістемелік құрал. / Ізбасарова Ж.Ж., Тамабекова С.М./ – Тараз, 2015. –38 бет.

ISBN 978-601-7825-17-1 Жамбыл облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының Сараптау Кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (№10 хаттама, 20.11.2015 ж.) Әдістемелік құрал оқушыларды ғылыми ізденіске баулуға, танымдық әрекеттерін дамытуға және мұғалімдердің рефлексиясы арқылы оқыту ортасын құру мен жоспарлауға бағытталған.

ӘӨЖ 37.011.33 КБЖ 74.20 І 28 ISBN 978-601-7825-17-1

© Ізбасарова Ж.Ж., Тамабекова С.М. 2015ж.


КІРІСПЕ Бүгінгі таңда білім беру саласында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Бұл өзгерістер мұғалім жұмысына жаңа талаптар қоятыны белгілі. Қазіргі білім беру үдерісі мұғалімнен балаға білімді «дайын күйінде» беруді емес, керісінше, білімді әр оқушы өз мүмкіндігі шегінде өзі ала алатындай орта туғызуды талап етеді. Д. Дьюи айтқандай: «Оқыту кірпішті бір қолдан бір қолға бергендей көрінбеуі керек. Оқыту интерактивті процесс: оқушыдан оқу бағдарламасына және керісінше мұғалімнен оқушыға, сол сияқты оқушыдан оқушыға» берілуі тиіс.Мұндай идеяларды жүзеге асыру үшін мұғалімдер оқытудың жаңа технологияларын жан-жақты меңгеруі керек. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей Бағдарламасы осы қажеттіліктерді жүзеге асыруға бағытталған. Ал қарастырылғалы отырған мәселені жүзеге асыруда осы Бағдарлама аясына жинақталған идеялар - мұғалімдер үшін маңызды. Сыныпта оқыту ортасын құру неліктен маңызды? «Дәстүрлі» оқытуда көп жағдайда сыныптағы оқыту оқушылардың жеке жұмыс істеуіне бағытталып, зерттеу, талқылау әрекетіне оқушылардың аздаған бөлігі ғана қатысады да, кейбіреулері назардан тыс қалып, сыныптағы әңгімеге қатыспайды. Бүгінгі күні білім дайын күйінде берілмей, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатыны, ондай білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатыны дәлелденген. Қайталау мен жаттауға негізделген білім тек есте сақтау дәрежесінде болса, конструктивтік білім оқушылардан түсіну қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру, бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді. Ал бұл әрекеттерді жүзеге асыру, соған бағытталған оқыту ортасын құру мұғалімге үлкен міндеттер жүктейді. Мұғалімдер күн сайын күрделі шешімдер қабылдайды. Бұл шешімдер түрлі білім мен пікірлерге сүйенеді және әрбір оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиіс екендігіне бағытталған. Осыған байланысты мұғалімдер оқушыларды олар өмір сүруге тиіс өзгермелі әлемге дайындауда маңызды рөл атқарады. Оқу үдерісі оқушыға бағытталған идеяны ұстанғандықтан үйрену/ үйрету әрекеттері жанжақты қарым-қатынастан тұруы керек.

3


І ОҚЫТУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ ЖОЛДАРЫ Сыныпта оқыту ортасын құруда негізге алатын міндетті шарттардың бірі – жағымды психологиялық ахуал орнату немесе ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру оқушылардың әрқайсысымен өзара сыйластық пен сенімге негізделген қарым- қатынас орнату үшін маңызды. Ал осындай қарым- қатынасқа негізделген сабақ үдерісі оқушылардың ынтасын арттырып, оларға жауапкершілік жүктейді, сабақтың өн бойында оқушылардың бірлескен өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы жағдай туғызады. Ол үшін сергіту жаттығулары мен топқа бөлу әдістерінің маңызы зор. Мысалы «Сағат тілі бойынша достар», «Серуенге шығу» сергіту жаттығулары оқушылардың көңіл күйін көтеріп, ынтасын арттырып қана қоймай, мұғалімге сыныптағы оқушылар арасындағы қарым- қатынасты, психологиялық ахуалды анықтауға мүмкіндік жасаса, ал «Атом-молекула», «Алфавит» жаттығулары оқушыларды әрі сергітіп, әрі топқа бөлуге бағытталады.Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады.Сондықтан оқушылар үйрену барысында белсенді әрекет етіп, өз идеяларын батыл ұсынып, талқылау, таңдау мен шешім қабылдауға қатысса ғана оқуда табысқа жетуде мүмкіндік туады. Осындай мүмкіндік ұсына алатын маңызды мәселелердің бірі – бірлескен әрекеттерді қолдану немесе топтық жұмыс. Әдетте дәстүрлі сабақтарда оқушыларды жұмысқа тартуда әрекеттер мұғалім тарапынан қатаң талап ету арқылы жүзеге асырылады. Ал топтық жұмыстарда оқыту климаты үшін мұғалім мен оқушы бірге жауапты болады, оқушылардың барлығы белсенді әрекет етіп, шешімдер қабылдайды. Оқушылар өз бетімен сұхбаттасу сұрақтарын дайындайды, талқыланып отырған мәселені шешуде презентацияларды дайындап ұсыну үшін стратегияларды таңдап алады. Мұғалімдер оқушыларды қолдай отырып өз білімін емес, басқаларды мұқият тыңдай отырып, әр пікірге сыйластықпен қарап, бірлескен жұмыстың қалай жүзеге асатынын модельдейді. Сонымен қатар сыныпта ізденіске бағытталған ашық атмосфера жасайды. Оқушылардың жоғары дәрежелі сұрақтарды пайдалана отырып, жобалау, болжау, ақпарат жинау үшін түрлі 4


стратегияларды пайдалануына жағдай жасайды. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен қарым-қатынас жасап, достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Топтық жұмыстарды жүзеге асыру арқылы мұғалімдер: оқушылардың барлығын белсенді әрекетке тартады; оқушыларын «менің айтқаным немесе жасағаным дұрыс болар ма екен» деген сенімсіздік пен күдіктен арылтады; оқушыларының өзіндік қабілеттері мен ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік жасайды; оқушылардың еркін, сенімді жағдайда ынтымақтаса жұмыс жасауына жағдай тудыра алады. Ол үшін: берілген тапсырма, ұсынылатын мәселелердің оқушылар үшін маңызды болуына баса назар аударылуы қажет, сонда ғана бірлескен белсенді әрекет жүзеге асады. - Оқушылар үшін маңызды мәселені ұсынуда олардың қабілеттері мен жеке ерекшеліктерін ескеріп отыру қажет. - Тапсырма нақты, түсінікті түрде беріліп, нақты уақыт белгіленуі керек. - Соңында кері байланыс орнатылып, қандай нәтижеге қол жеткізілгені анықталып отырғаны абзал. Жоғарыда айтылған мәселелерді қорытындылай келе, мұғалім оқушыларда Чиксентмихай «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуы тиіс. Мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынталандыру үшін талап пен дағдының сәйкестігіне мән бергені жөн. Егер жоғарғы талап пен әлсіз дағдыдан мазасыздық, әлсіз дағды мен төменгі талаптан селқостық, күшті дағды мен төменгі талаптан зерігу, ал жоғарғы талап пен күшті дағдыдан ағым пайда болатынын ескеріп, жоғарыда айтылғандарды назарда ұстаған жағдайда мұғалімдер оқушылардың сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуына, материалды терең меңгеруіне мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, дайын білім беруге негізделген дәстүрлі әдіс арқылы алған білім, оқушылардың есте сақтауын ғана қалыптастырады. Ал есте сақталған мәліметтер тек емтихан кездерінде ғана ұтымды пайдалануға 5


болады. Ал сындарлы оқытуда оқушының пәндік қабілеті артып, білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана алады екен. Ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша білім беру мекемелерінде мультимедиалық құралдарды пайдалану оқушылардың коммуникативті қабілеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызатындығын және оны жүзеге асыру жолдарын тәжірибелікэксперименттік жұмыс барысында дәлелденді. Шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытып, заманауи дерек көздерін үйлесімді пайдалана отырып, шетел тілін практикалық тұрғыдан жетік меңгеруіне, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу және түсіну дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мемлекетте білім жүйесін жаңарту үдерісі жүріп жатқан қазіргі таңда мұғалімнің кәсіби қызметіне қойылатын негізгі талап ақпараттық таным болып табылады. Ал, мультимедиалық құралдарды қолдану оқу барысын жеңілдету, одан әрі дамыту мен оқушыларға оқу материалдарын жеткізу мақсатын көздеуі тиіс. Мектептің педагогикалық үрдісіне қатысушылардың біріккен іс-әрекет түрі – оқу танымдық іс-әрекет. Оқушыларды оқытуда ынтымақтастық ортаны құру барысында оқушылардың өзара бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру, соның нәтижесінде олардың бойында өзара көмек көрсету, еркін түрде өз ойларын көпшілік алдында қорғау, басқалармен өзін салыстырып түзеу, өз-өзіне сыни көзқараспен қарау, сыни ойлауды дамыту, еркін қарым-қатынас жасау, өзін-өзі жетілдіру міндеттері шешіледі. Ынтымақтастық ортадағы жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Барлық жағдайларда топтарға бірлескен кезде топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесін құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілі ұсынылады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың мәні топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады. Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай: 6


1.

2.

3. 4.

5.

Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. Оқу тапсырмаларын орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ойпайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық аясын құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбықұрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.

Ынтымақтастық ортадағы жұмыс Дәстүрлі оқыту әдісі

1

Сабақ үстінде жұмыссыз отырған оқушы болмайды, барлығы қандай да болмасын оқутанымдық іс-әрекетке басқалармен бірігіп қатысып отырады, жұмыссыздыққа уақыт болмайды.

Сабақ үстінде оқушылардың жартысынан азы ғана нақты оқутанымдық жұмыспен айналысады, қалғандары сабаққа немқұрайлы қарайды.

2

Сабақта өз пікірін көпшілік талқысына салмаған оқушы болмайды, барлығы сабақтағы қарастырылып отырған мәселе бойынша ойларын ортаға салады.

Әр сабақ сайын тек белсенді оқушылар ғана сабақ айтып бағаланады, қалғандары сабаққа дайындықсыз немесе дайындықтары толық

7


қанағаттандырмайды. 3

Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша оқулықтан тыс қосымша материалдарды өте көп іздестіреді, жауаптары мазмұнды, фактілерге негізделген болады.

Көптеген жағдайларда оқушылардың жауабы жаттанды, кітап көлемінде ғана болады.

4

Оқушылар өзара көмектесіп, Әрбір оқушы өз бетінше білім ынтымақтастық негізінде өздерін алуға тырысады, өзара өздері дамытуға бағытталған. көмектесу байқалмайды.

5

Мұғалім оқушылардың кеңесшісі ретінде тек бағыт қана беріп тұрады, барлық белсенділікті оқушыларға жүктейді.

Оқушылар мұғалімнің айтқанын ғана орындайды, барлық белсенділік мұғалімге, оқушылардан танымдық белсенділік, қызығушылық бірдей байқалмайды.

6

Ынтымақтастық ортада оқушылар ұйымшыл, алғыр, белсенді, өз күштеріне сенімді, пікірлерін еркін жеткізе алады.

Оқушылардың көпшілігінде еркін өз ойларын жеткізу, көпшілік алдында дәлелдеу қабілеттері толық дамымаған, өзара ұйымшылдық байқалмайды.

Топта ынтымақтастықта жұмыс істеуде оқушылар берілген тақырыпты топ ішінде талқылап тақырыпты жан-жақты қарастыруға мүмкіндік алады және мұнымен шектелмей, өзге топтың жұмысымен салыстыра отырып, бағалау барысында түйінді ойға келе алады. Мұнда оқушылар арасында сенімді қарым–қатынас қалыптасып, «жақын арадағы даму аймағында» тапсырмаларды өздері орындайды. Ынтымақтастықта жұмыс істеуде түрлі пікірлерді және сол пікірлерге қарама-қарсы пікірлерді тыңдай отырып, оқушы өзіндік талдау нәтижесінде бір тұжырымға келеді. яғни, оқушының бойында сын тұрғысынан ойлау қалыптасады. Оқушы талқылауда білімді 50% игерсе, өзге серіктесіне түсіндіруде немесе жұмысты қорғауда 90% игереді. 8


Ынтымақтастықта жұмыс істеудің тағы да бір тиімділігі білімді сан қырынан қарастыра отырып игерілуінде. Бұрын дәстүрлі оқытуда оқушыға білім беріліп, ол білім аз уақытта ұмытылып немесе өмірлік іс-тәжірибеде қолданылусыз қалатын. Себебі балаға берілген білім қайта қозғаусыз, жаттанды күйде есте сақталатын. Cындарлы оқытуда оқушы білімді алып, оны қайта ой елегінен өткізе отырып, бір тұжырымға келіп, өз пікірін ортаға салады. Сонымен қатар, өзгелердің ой-пікірлерімен салыстырып, қайта қорытынды жасайды. Оқушылар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды. Сыныпта өткізілген сабақтарға оқушылардың белсенді қатысуы олардың бойында пәнге деген қызығушылықтың, талап қойғыштықтың пайда болуын көрсетеді. 1.1. МҰҒАЛІМНІҢ РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ДАҒДЫСЫ, ОҚЫТУ ОРТАСЫН ҚҰРУҒА ӘСЕРІ

ОНЫҢ

Л.Выготский: «…Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек» — деген болатын. Сондықтан да алдағы уақытта сабақ барысында ынтымақтастық орта құру арқылы жұмыс істеп, оқушыларға сапалы білім беруге жұмыс істейміз. Қазіргі талап – оқушыларды ойландыру, сезіндіру, ақпаратты құралдар арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Ізденімпаз мұғалім «Маған ұсынылған ресурста жазылғандай етіп жасауға не көмектесті? Мен содан бері қаншалықты өзгердім?» деген сұрақтарды қоя отырып, бәрін «өзінен іздейді». Басқалар өз оқушыларына сену керек және оларға мүмкіндік беру керек деп сендіреді. «Олардың не айтып жатқанын тыңдай біл, оларға түсіндірме, одан да олар саған түсіндірсін» - дейді Э.Дакворт. Яғни бұдан туатын ой балаларды бақыласаң, оларды қалай оқыту керегін олар өздері көрсетеді деген ой туады. Біздің ішкі дүниеміздің тереңінде, олар біздің күнделікті өмірімізге бағыттайтын және жол картасы сияқты жетелейтін өз сеніміміз бар. Балалар сын тұрғысынан ойлауға үйренетін, шешім қабылдауда өздеріне жауапкершілік алатын – мұғалім нанымы оқушыларға көбірек еркіндік береді. Егер оқушыларға сенім артылса, оларға сенетіндерін және өздеріне 9


деген құрметті сезсе, онда оқып үйрену жоғары деңгейдегі қорытындыға әкелетінін тәжірибе дәлелдеді. Басқаша айтқанда, оқушылар өз күшіне сенеді,олар алдындағы кез келген тапсырманы шешуге талпынады. Сыныпта – кітаптар, сөздіктер және басқа да деректер – сөрені сәндеуге емес, керек кезінде кез келген уақытта пайдалануға болатындай білім алуға ыңғайлы орта жасалады.Олар үйренушілердің ойын, пікірін, сенімін және сезімін қабылдай алады. Жақсы және жоғары дәрежедегі сұрақтарды қоя білетін мұғалімдер мен оқушылар арасында сыныпта іздестіру жағдаяттары ұйымдастырылады.Мұндай сыныптарда мұғалімдер оқушыларды мемлекеттік тестіге емес, өмірге дайындайды. Мұндай сыныптарда мұғалім үшін баға қою көтермелеу немесе жазалау түрі болып саналмайды, білім алуға бағыттау болады. Мұғалім философиясы деңгейінің негізгі көрсеткіштері: сабақ жоспары, жоспар бойынша өткізілген сабақ, сабақ барысында және сабақтан кейінгі ойтолғаныстары. Мұғалімнің өзіндік ойтолғаныс жасай алуы, жасаған әрекетін түсінуі болып табылады. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауының нақты жағдайы осы параметрлер арқылы қарастырылады. Бұл көзқарасты отандық ғалымдар А.П.Сейтешев, А.Қ.Қозыбай (2004ж.) да қолдап, мектеп мұғалімі үшін сабақ жоспары деп тұжырымдайды. Ой толғаныста ең маңыздысы сұрақ қоя білу. Сұрақ қойғанда біз не күтеміз? Қалай тиімді оқытуға болады? Ой толғаныс – бұл өз түсінігіңді айту және өз қатысыңды айту. Ой толғаныстың өзін бірнеше түрге бөліп қарастырамыз: Ой толғаныс таным – оқушылардың ой толғанысы: оқушының сабақтан кейінгі ой толғанысына уақыт беру керек. Әрине ол біздің сабақтарды күнделікті кездесетін бес минуттық кері байланыс емес. Оқушылардың ой толғанысына көп уақыт берілсе, оқушы сабақтың мазмұнын өзі ойлана бастайды. Сонда оның танымы кеңейеді.(бізде керісінше мұғалім мазмұнға көп көңіл бөліп, оқушының мазмұнды өзі игеруіне уақыт жетпей қалып жатады. Канада педагогы Э.Дакворттың «Түсіндірмеңдер, олардың түсіндіргенін тыңдардар» идеясына қарама қайшы келеміз). Ой толғаныс оқыту – сабақ жайлы ой толғаныс: «Мен неге осы стратегияны қолданамын?», «Осы стратегия оларға қалай ізденуге, ойлануға көмектеседі?», «Бұл оқушының танымына көмектесе ме?», «Мазмұнды 10


игертуге, одан ой толғаныс жасауына қаншалықты көмектеседі?» деген сұрақтарға жауап іздейтіндей құрылуы тиіс. Кәсіби ой толғаныс – өз ойын жазбаша жазу, сұрақ қоя білу мен шешімін іздеу. Мұғалімнің философиясы теориялық және әдістемелік білім мен тәжірибелік дағдылар қалыптастырады да, ең алдымен өзінің іс-әрекетінде көрініс береді. Біздің ойымызша, мұғалім әрекетінің негізгі көрсеткіштері мыналар: 1. Сабақ жоспары. 2. Жоспар бойынша өткізілген сабағы немесе әрекеті. 3. Сабақ барысында және сабақтан кейінгі өзіндік ой толғанысы. Төменде беріліп отырған үлгі стратегиялар мұғалімнің оқуды жақсартуына көмектеседі деп ойлаймын. Мұны ұсынудағы мақсатым, іс-әрекетті жүйелей отырып, оқушы әрекетінің дамуына бағыттауды мұғалім ойлануы тиіс. Мұғалімдердің жазу дағдысын дамыту туралы рефлексия жұмыстарында, мұғалімдер үшін өткізілген арнайы семинарларда аз айтылған жоқ: 1) зерттеу тақырыбын таңдау; 2) алынған мәліметтерді жазуға айналдыру; 3) мәтінді баяндау турасында көптен айтылып жүр. Сонымен, зерттеу проблемасын таңдау қашан да түрлі деңгейдегі ой түрткі болып қала береді. Мұғалімдерге проблеманы анықтаудың төмендегідей ұстанымдары ұсынылды: 1. Белгілі бір мұғалімнің сыныбында бар проблема нақты әрі шынайы болуы тиіс, нәтижесінде ол өзгелер үшін өзекті болуы керек; 2. Проблема оқушыға бағытталған болуы тиіс, яғни біз тұжырымдамалар немесе оқыту стратегиялары туралы емес, баланың тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуы туралы айтамыз. Басқаша айтқанда, зерттеуде мынадай проблемалар болмауы керек – «стратегияларды тәжірибеде қалай қолдануға болады» немесе «СТО-ның стратегиялары биология / математика / қазақ тілі сабағында», «оқытуда стратегиялардың рөлі ...». Өз кезегінде алынған мәліметтерді жазуға айналдыруды ұйымдастыру белгілі бір қиыншылықтарды туындатады. Себебі, мұғалім басқа ақпарат көздерін көшіріп алуға дағдыланған. Гуманистік философия біздің шын мәнінде әрекетте жүзеге асырған ойларымызды жазып беруімізді қажет етеді. Өз ойымызды жазуда жақсы мазмұндау үшін ең бірінші тақырыптан және 11


бірінші азат жолдан тұратын мәтіннің құрылымын тұтас көз алдымызға елестете алуымыз керек. Егер зерттеудің проблемасы анықталған болса, тақырып қою қиынға түспейді. Мәтіннің бірінші абзацында бір-екі сөйлеммен қысқаша ғана кіріспе берілуі тиіс. Бір сөйлеммен абзац жасауға болмайды, ол кемінде екі сөйлемнен құралады. Кіріспе тақырыптағы мәселені бейнелейтін болуы тиіс. Алыстан орағытпай, осы ойға түрткі болған мәселені айтуы керек. Мысалы, баланың сыныптағы қалыптан тыс тәртібі, оқушының кездейсоқ айтылған ескертпелері немесе тікелей сұрақтары. Содан кейін тақырыпта көтерілген мәселеге арналған мұғалімнің өзіндік ойын білдіретін бірнеше абзацтар қатары болуы тиіс, кездейсоқ жолшыбай мәселелерге назар аударудың қажеті жоқ. Дегенмен, абзац бірбірімен өзара байланыса келіп, тұтасымен алғанда тақырыппен тікелей байланысты болуы керек. Соңғы абзац оқырманды негізгі сәттердің жауабы табылған немесе келесі зерттеулердің мәселесі бой көтерген тақырыпқа қайта әкелуі керек. Болашақта қарастырылған мәселелер көтерілген жұмыстар үнемі өміршең әрі нақты болады. Сонымен қатар, мұғалімнің мәселеге тереңдей енгені жақсы. Мәтіннің тұтастығы үшін сөйлемдер мен абзацтар арасында «сонымен, жоғарыда айтылғандай, келісе отырып» сияқты байланыстырушы сөздерді, қыстырма сөздерді қолданған жөн. Мәтінді мазмұндауға қатысты ең бірінші тыныс белгілеріне тоқталғым келеді. Мұғалімдер құрастырған мәтіннен бес үтір және үш сызықша кездестіруге болады. Бастапқыда бір ғана үтір бар сөйлемді жазудан бастау керек. Әрбір үтір мен сызықша автордың мазмұндаудың айқындығына сенімсіздігін көрсетеді. Бастапқы ойды нақтылау мақсатында олар қателесіп, үтір арқылы түрлі мүмкін нұсқаларды ұсынуға тырысады. Нәтижесінде оқырманды шатастыруға ғана қол жеткізесіз. Сондай-ақ мәтінде жақшаны жиі қолдану жазушының сенімсіздігін көрсетеді. Олардың, сілтемеде болмаса, негізгі мәтінде болмағаны дұрыс. Жақшалар назарды басқа бағытқа аударады. Жақсы оқырман, жақшадағыны тұрлаусыз ақпарат деп көбінесе оқымайды. Бір нәрсені нақтылау қажет жағдайда дұрыс сілтеме жасау. Сондай-ақ жаңашыл бағыттағы мұғалім «т.б., с.с., ж/е, б.» деген қысқартуларға қарсы. Егер де біз «сол сияқты» деп жазатын болсақ, оқырманға сыпайылылығымыз болар, прагматикалық талдау қысқарған сөздерді өзге де қысқартулар ретінде қабылдайды, дегенмен бұлар 12


үнемі ізгілікті болып табылмайды. Көркем әдебиетке жатпайтын мәтіндерде зерттеуді мазмұндауда мұндай жұмбақтар болмауы тиіс. Сонымен қатар, семантикалық талдау тұрғысынан бұл қысқартулардың ешқандай мағынасы жоқ, онда олардың мәтінге қандай керегі бар? Жазушылардың сөздерді таңдауға мұқият болғанын қалар едік. Мазмұндауда мынадай нұсқалар кездеседі: «Бастапқы пікір қалыптасты» кімде деген сұрақ өз-өзінен туындайды. Тағы бір мысал: «Біз мынадай пікірге келдік» - біздің бәріміздің осы пікірге келгенімізге сенімдісіз бе? Жағымсыз мәселе туралы жағымды түрде айту өте күрделі. Мысалы, «Мен оқушыларымды бір-бірінің шығармаларын мазақтамауға және сынамауға үйреткім келеді» дегеннен: «Мен оқушыларымды бір-бірінің шығармаларына қолдау көрсетуге, сенім білдіруге үйреткім келеді» деген тиімді. Мынадай: «Осы стратегиялардың тиімді екеніне көзім жетті» деген пікірді қолданбауға тырысу керек. Көбінесе, қорытындыда зерттеудің нәтижесін тұжырымдау мен жіктеуге тоқталады. Мысалы, мынадай сөйлемді кездестіруге болады: Мен оқушыдан мыналарды: 1. ... ептігін; 2. ... ептілігін; 3. ... ептілігін күттім, дегенмен мазмұндау маңызды болар еді, егер автор дерексіз біліктердің орнына: «Мен оқушылардың 1) дәстүрлі емес шығармаларын; 2) негізделген мазмұндаманы күткен едім» деген сияқты әрекет түрлерін тізіп берсе. Келесі маңызды сәт мәтіндегі сілтемелер мен библиография болып табылады. Біздің кімге сілтеме жасайтынымызды санмен көрсетпей, автордың есімін нақты көрсету дұрыс деп есептейміз. Біріншіден, бұл дәйек сөздің авторына қатысты ерсілік, ал екіншіден, біз оқырманның ойын шатастырып оған өзінді қисынды мағына құруға кедергі келтіреміз. Айтқанымды нақтылай түсу үшін мысал келтіремін. Оқу бұл әрбір сөзді жай ғана дыбыстау емес, бұл оқырманның мағынаны құруы және іздеуі, бұл белсенді процесс. Оқырман бұл мәтінде санды көрді деп есептейік, бұл сан оған бірдеңе айта ма, сонымен қатар, ол кітаптың соңындағы санның қасындағы есімді іздеумен уақытын өткізеді және оқырманды негізгі мағынаны құрудан алшақтатады. Егер дәйексөзден кейін фамилия келтірілетін болса, оқырман осы автордың бұрын өзі оқыған басқа да жұмыстарын есіне түсіреді және өзі үшін оның еңбектерін оқып шығу қажеттілігін белгілеп қояды. 13


Англия мен АҚШ-та сыныптағы мұғалімнің зерттеуінің маңыздылығы туралы Д.Дьюи мен Ж.Пиаженің идеялары мен «жобалау әдісі» және «клиникалық сұхбат» сияқты нақты әдістері «зерттеуші - мұғалім» қозғалысының кең етек алуына түрткі болды, біздің жағдайда себептер өзге сипатта болып тұр. Сонымен бірге сыныптағы зерттеулер оларға Д.Дьюиді, Ж.Пиажені, Л.Выготскийді тәжірибеде тануға көмектеседі. Солай бола тұра, бастапқыда олардың жұмыстарынан дәйектемелер келтірілен жоқ. Керісінше, Біз жұмыста Д.Дьюи, Ж.Пиаже, Л.Выготский не айтқаны маңызды емес, маңыздысы мұғалімдердің тәжірибеде олардың идеялары мен ұстанымдарын негізге алуы деп ойлағанбыз. Басқаша айтқанда, қайсыбір ғалымның теориясын сыныптағы әрекетке тартуға тырыспадық, мұғалімдер жасауы тиіс нәрсені ғана жасады. Дегенмен, олардың әрекетін талдау кезінде біз қандай да бір құбылысқа осы ғалымдардың теорияларынан түсіндірмелер іздедік. Мұғалім әрекетін бақылауда осы жұмыстың барысында мынадай қорытындылар жасалады: 1. Білім берудегі өзгерістерге тұтасымен алғанда тек әкімшілік жауап бермейді. Сыныпта болып жатқан оқиғалардың жауапкершілігі толығымен біздің мойнымызда; 2. Кәсіби түрде айналысатыныңды зерттеу тек ғалымдардың үлесі емес; 3. Зерттеу – бұл өзгелерді идеясын көшіріп алу емес; 4. Кәсіби даму әр мұғалімнің жеке ісі, ол «қалай?», «қашан?» және «қаншалықты?» екенін өзі шешеді. 5. Ой толғаныс мен кәсіби даму өзара байланысты, ой толғаныссыз кәсіби емес, жай дамудың өзі жүзеге аспайды. Мұғалімдерді конференцияларға қатысуға және зерттеу әрекетіне ынталандыру үшін, олардың жұмыстарын жариялау қажет болды. Жазу кез келген адамның дамуының куәсі және ойлауының бейнесі. Сондықтан да оқу мен өздігінен оқудың ең маңызды аспектілері аспектілерінің бірі болып табылады. «Әріптеске жарияланым үшін қалай көмектесу керек болады?» тақырыбында бірқатар семинарлар өткізілді. Семинарда рецензенттің автормен қарым-қатынасының формасы туралы және жақсы жазуға қойылатын талаптар туралы мәселелер талқыланды. Рецензентке қойылатын мынадай талаптар жасалынды: 14


 автормен қарым-қатынас сұхбат түрінде сыпайылықпен жүргізілуі керек, әңгімелесу барысында рецензент өзінің сұрақтары мен кеңестерін авторға байқатпай ұсынуы тиіс;  екі тарап та жұмыстың өзге оқырмандарға анағұрлым жақсы күйде ұсынылуына мүдделі болуы керек. Автор мүдделі себебі, мәтіннің соңында оның фамилиясы тұрады. Рецензент мүдделі, себебі журналдың екінші бетінде оның есімі тұр, яғни жарияланымның дұрыстығына ол жауапты. Мазмұндаудың бірқатар маңызды сәттері:  Ойыңды бір мәселеге шоғырландыру, кездейсоқ мәселелерге назар аудармау;  Қойылған мәселелердің қатарына оқырманмен бірлесе отырып, жауап іздейтіндей етіп мазмұндауды құру;  Стратегиялардың қаншалықты жақсы екендігін немесе оларды талдап, түсіндіріп отырудың қажеті жоқ, дұрыс – жоба философиясын енгізудегі өзінің тәжірибесін айтып беру;  «Бұл стратегиялардың тиімді екеніне менің көзім жетті», «мен көзіммен көрдім» сияқты мінсіз етістіктерді қолданбау керек. Жалпылық сипаты басым, жаңа ақпарат бере алмайтын тіркестерді басқаша қолану керек. Жоғарыда айтылған зерттеу тақырыптарына басқа осы жылдар аралығында мұғалімдер өздерінің тәжірибелерін сан алуан бағыттарда жинақтап үлгерді. Мысалы, 1) оқушылардың зерттеуін ұйымдастыру; 2) оқушылардың мүмкіндіктерін жан-жақты зерттеу мен талдау; 3) өзіндік дамуды зерттеу; 4) қызығушылықты ояту; 5) көшбасшылық пен алқалықтың мәселелері; 6) мұғалімнің ізденісі мен оның шығармашылығы. Біз жинақтауда мәселені қою, оны шешудің жолдарын жан-жақты сипаттау, сонымен қатар, нәтижелер бойынша қорытындылар шығару маңызды болып табылады деп есептейміз. Сондай-ақ, жинақтау ой толғауы сипатта болса, мұғалімнің тұлғалық түсінігін көрсете отырып, анағұрлым ұтымды болатындығын атап өту керек. Мұндай сипаттаулардың өз сыныбыңда туындаған қажеттіліктерді ескере отырып, өзіндік іс-әрекеттер жүйесін жасауда, көшіріп алғаннан гөрі әлдеқайда қызық екенін айтқымыз келеді. 15


Мұғалімнің философиясы теориялық және әдістемелік білім мен тәжірибелік дағдылар қалыптастырады да, ең алдымен өзінің іс-әрекетінде көрініс береді. Біздің ойымызша, мұғалім әрекетінің негізгі көрсеткіштері мыналар: 1. Сабақ жоспары. 2. Жоспар бойынша өткізілген сабағы немесе әрекеті. 3. Сабақ барысында және сабақтан кейінгі өзіндік ой толғанысы. Төменде беріліп отырған үлгі стратегиялар мұғалімнің оқуды жақсартуына көмектеседі деп ойлаймын. Мұны ұсынудағы мақсатым, іс-әрекетті жүйелей отырып, оқушы әрекетінің дамуына бағыттауды мұғалім ойлануы тиіс. Ой шақыру/мазмұн туралы ойлану/рефлексия. Мұғалім оқушының өзінде бар білімі туралы ойлантуға әкелу. Оқушы мұғалімнің бағыттауымен сабақ мазмұнын игереді.Сабақтың тақырыбына байланысты проблеманы талқылау, зерттеу үшін сұрақ қоя отырып,шешудің жолдарын қарастырады. Мұғалім бағыттаған сұраққа берілген оқушы жауабын ескере, жаңа білімді қалай не арқылы беруге болатыны туралы ойланып, оны қалай тиімді етіп берудің жолдарын ұсынады. Ұйымдастырушы-авангард. Ұйымдастырушы-авангард – иллюстрациялық фотосуреттер мен салынған суреттер арқылы сабақ мазмұны туралы қысқаша жалпылама әңгімелесу.Ұйымдастырушы-авангардтың мақсаты – оқушының бұрыннан сол тақырып туралы білетін білімін еске түсіру, сонымен бірге өз біліміне қосымша жаңа ақпараттар енгізу. Ойланыңыз/Жұптасыңыз/Ой бөлісіңіз. Берілген сұраққа бірлесе жауап қарастырудың бір жолы. Мұнда ойлануға міндетті түрде белгілі бір уақыт берілуі керек. Сабақ тақырыбы бойынша сұрақ берілген соң, жұптасып бір-бірімен сол сұрақ туралы талқылап, жауаптарын айтуға, тыңдауға мүмкіндік беру. Еркін жазу. Сабақ барысында тақырып туралы берілген сұраққа оқушыдан не білетіні туралы ойында бар нәрсені ешқандай түзетусіз үздіксіз жазу әрекеті. Ең бастысы қаламның жазылуын белгіленген уақытқа дейін тоқтатпай жазу. Сабақ соңында осы әрекетті қайталап, баста жазылғандарын толықтыруға болады. 16


Екі түрлі түсініктеме күнделігі. Мәтінді оқыған соң, мазмұн бойынша өзін ойландырған немесе қызықтырған тұстарына байланысты үзіндіге пікір жазу. Бұл тәсіл әсіресе ұзақ мәтіндерді сыныпта сабақ үстінде емес, үйден оқып келіп, мәтіннің мазмұнын талдауға көмектеседі. Мұнда бірнеше үзінділер алуға болады, ол мәтін көлеміне байланысты. Мәтіннен үзінді

Тарауы, беті

Үзінді туралы пікірі

Сыни ойлауды дамытуға бағытталған тапсырмалар арқылы күнделікті жүргізу. Бұл мұғалімнің берілген сұрақтарына жазбаша түрде жауап берудің тәсілі. Мысалы, «Бұл бөлімнен сіз келіспейтін негізгі үш идеяны таңдаңыз», «Автордың негізі жасырын ойын табыңыз», «Бөлім бойынша өз даму түсінгіңізді хронологиялық реттілікпен жазыңыз», «Сіз күтпеген үш үлкен ойды жазыңыз», «Өзіңізге екі сұрақ жазып, сол сұраққа жауапты мәтіннен іздеп көріңіз» деген тапсырмалар арқылы да оқытуды оқушының сыни ойлануы үшін түрлендіруге болады. Үш бөлімді күнделік. Үш бөлімнен тұратын кестеге жазу ұсынылады: (а) сипатаңыз: тапсырманы орындауда кіммен байланысқа түстіңіз, қалай шешім қабылдадыңыз, әрі қарай не жасауды қалай жоспарладыңыз; (б) талдаңыз: кедергілерді жеңу немесе одан шығудың жолын қарастыру, оны талдау арқылы қателіктерді түзетудің жолдарын қарастыру; (в) қолданыңыз: талданған, талқыланған ойларды өз мақсатыңызға, құндылығыңызға, қарым-қатынасыңызға, өз философиялық сенімдеріңізге қолданыңыз. Үш қадамды сұхбат. Топтағы оқушылар (6 адамнан тұратын топта) 1,2,3 болып саналады. Үш адамнан тұратын кіші топта А,В.С болып бөлінеді. А-В сұхбаттасады, Секеуінің сұхбатын жазады. В-С сұхбаттасады, А – екеуінің сұхбатын жазады. А-С сұхбаттасады, В – екеуінің сұхбатын жазады. Топта айтылған барлық идеяларды бір оқушы талқылайды, айтады. Барлық топтар ортақ ойға келгенше ойлар ортаға салынады. 17


Кейбір сабақтарда мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы көп уақыт алатынын, сол кезде басқа оқушылар да өз істерімен айналысып отыратынын байқаймыз. Сабақтарда мұғалім: «Мен өз сабағымды бастаймын...», «Менің сұрағыма жауап беріңіз...», «Маған айтыңдар...» деген сөздерді жиі айтады. Осының бәрі мұғалімді дайындауда тиісті «сабақ менікі емес, біздікі» деген оқу ортасын қалыптастыру мәселесі туралы сұрақты енгізу қажеттілігін көрсетеді. Мұғалімдер өздерінің күнделікті оқыту барысында мынадай біліктерін белсенді кіргізуі қажет: - оқушыны құрметпен тыңдаңыз; - интонацияның да маңызды екенін түсіну қажет; - сыпайы сөйлеу, әсіресе, «жоқ, олай емес», «дұрыс емес» сөздерін мүмкіндігінше қолданбау немесе осы сөздерден бастамаңыз. - аудиториядағы кез келген пікірді қабыл алыңыз; - оқушы ойын, сөзін аяғына дейін тыңдаңыз; - оқушының толық сөйлеуіне мүмкіндік жасаңыз; - өзгелердің де пікірін тыңдаңыз, санасыңыз, ұсыныс жасаңыз; - оқыту ортаңызда «Бостандық педагогикасын» құрыңыз. Оқушының іс әрекетті өзі істей алатындығына сенім арту, кластағы билікті оқушымен бөлісу керек. Тәжірибені толықтыру ең жоғарғы білім болып табылады. Оқушылар өз тәжірибелерін бір-бірімен, мұғаліммен қарым-қатынас жасау арқылы толықтырады. Мұғалім назарын соңғы нәтижеге емес, оқыту процесіне көбірек назар аударғандары жақсы. Бүгін сабаққа қатысу, сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы жалпы сақталғанда, сол немесе басқа стратегияның тиімді пайдаланатынын көрсетеді. Сонымен бірге қашанда тренерлермен бірге талқылауға тырысатын мәселелер қалады. Ой шақырулар болып табылады: 1)оқу үшін мәтінді таңдау; 2)оқушыларға арналған сұрақтарды құрастыру; 3)сабақ бойынша ой толғау. Сабақта оқу үшін әсіресе, егер сіз сабақта белгілі стратегияны пайдалануды көздесеңіз, қандай мәтінді таңдау қажет, оларды қалай таңдау, нені бағытқа алу керек? Семинардың бірінде бастаушы тренер Шоқан Уалиханов туралы, басқа семинарда – Мәншүк Маметова туралы мәтінді пайдаланды. Бірінші мәтін публистика журналынан алынды, ал басқасы 18


газеттен, яғни екеуі де публицистикалық сипатта болуы, мәселе шешуге қарағанда, оларды ақпараттық мәтіндерге жатқызуға болар еді. Жақсы деген жағдайда, оқушылар мұнда белгілі ақпаратты ғана ала алады және өкінішке орай, тек ақпараттық сипаттағы сұрақтар бере алады. Шын мәнінде бәрі тура осылай болып шықты. Оқуға тарту үшін және оны толық, терең талқылау үшін әркімді қызықтыра алатын, адамдарға аса белгілі емес, құбылыстар туралы энциклопедиялық сипаттағы академиялық мәтіндер сәйкес келеді. Сонымен бірге жазу стиліне байланысты оқырманмен сенім арқылы әңгімелесетін, шетелдік негізде терминдерді көп пайдаланып, оның ойлауын шатастырмай, оны сыйлайтын мәтіндер ұтымды болады. Оның орнына ақиқат беріледі, бірақ автор күдіктенеді, өйткені осы жағдай бойынша осы немесе басқа көзқарастың қарама-қарсы пікірі бар. Автор ешқандай жақты қолдамайды, тыңдауды оқырманның өзіне қалдырады. Ал оқырманға осы проблеманы шешуден басқа ештеңе қалмайды, ол үшін басқа көздерден ақпарат іздеуге тура келуі мүмкін. Ой шақырулар, мұғалімнің сабақта қолданатын сұрақтары, сондай-ақ оқушылар қоятын сұрақтары болып қалады. Бұл біздің тренерлер үшін де қиындық туғызады, өйткені біздің білім беру жүйесінде олар назардан тыс қалып жатады. Сұрақтар не үшін қойылады? Нақты тура жауап алу үшін бе, сізге қажетті нәрсеге түсінік табу үшін бе? Немесе білім берудегі сұрақтар ма, иә және жалпы адресат ойлану үшін, өз назарын бір нәрсеге аудару үшін қойыла ма, өзінің есіне түсіріп, жауап тауып көру үшін бе, немесе тиісті ресурстарды пайдаланып, ізденіспен айналысу үшін бе? Біз неге семинарда мұғалім немесе тренер сұрағын мұғалім – студент немесе тренер – қатысушы схемасы бойынша жай ғана сауалнамаға айналдырамыз? Сонымен бірге осы сауалнаманы барған сайын қолданысқа жатпайтын нысанда енгізе түсеміз. Яғни, көптеген сұрақтар қою және егер мүдіріп қалса, бір-екі сөзбен итермелеп, кейде адресаттың орнына «жалғыз дұрыс» құрылған жауап деп ойын аяқтап, сол сәтте жауап алу. Мұғалімдер ақпараттарға сын тұрғысынан қарауға және уақыт талабына сай ресурстарды таразылап қарауға бірге үйренді. Басқа да пікірлердің болуы әбден ықтимал екеніне, оларды бірден сынай қарамауға, тек өзінің жеке өлшенген ойын аргументтеуге үйретеді. Басқаша айтқанда, тренерлер сыныпқа мұғалімге «өз сабағына » сырттан қарауға, оқытуындағы жақсы жақтарды көре білуіне және өз ойындағыдай болмаса, сұрақ қоя 19


білуіне көмектесу үшін келеді. Тренерлердің мұғалімді мадақтауы және еш уақытта сынамауы өте маңызды, өйткені бұл кейбір мұғалімдердің дамуына кері әсерін беріп, оларды алғашқы күйіне қайта әкелуі мүмкін. Осы сұрақтардың бірталайы конференцияларда белсенді түрде талқыланды. Осыдан нақты талаптар пайда болды: • Баяндама тақырыптары және секциялардың проблемалары жай анықтауды көрсетпейді, керісінше, алдағы ізденіске ой шақыру және қызығушылықты ояту болып табылады; • Шешен сөйлеу емес, өзінің көзқарасын айта білу қошеметтеледі; қатысушылардың баяндамалары фактілердің шындығымен, проблеманың нақтылығымен және шешімнің жекелігімен ерекшеленеді; • Баяндама тақырыптары белгілі сыныптағы жағдайдан туған бір проблеманың айналасында тоғыстырылған, әйтеуір бар жалпы проблема сияқты емес, сыныптағы нақты оқушы және оған оның дамуында алға жылжуына кішкене қадам жасауына мұғалім қалай көмектескені қарастырылады; • Баяндаманың мазмұны ғана емес, сонымен бірге аудиториямен қарымқатынаста интерактивті әдісті пайдаланып, оны ортаға салу нысаны маңызды болып табылады; белсенді әдістер туралы баяндамаларында айта отырып, нысан мен мазмұн арасында келіспеушілік болмау үшін, баяндамашы аудиторияалдында дәстүрлі мұғалім болып қалмау керек; Ұйымдастырушылар көзге анық көрінбейді, сондай-ақ сыныпта – оқушылар сияқты конференцияда қатысу белсенділігі тек мұғалімдерде ғана; сыныптағы сияқты тілектестік және мадақтау қарым-қатынаста, яғни бірлесіп ізденуге және ойлануға шақыратын орта. Рефлексия және даму жолдары: Уақытқа байланысты әрбір қоғамда жаңа талаптар туындайды. Қазіргі кезде әрбір ұстазды оқушыларымыздың білім алуға деген ынтасының төмендеп кеткендігі қатты алаңдатады. Әрбір оқушы мектепке білім алуды мақсат етіп келетінін ескерсек, оқушыларымыздың білімге деген ынтасы, қызығушылығы, ұмтылысы «неге нашар?» деген сауал әрбір ұстаздың көкейінде тұратыны мәлім. Қалайда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Сол үшін де мұғалім өзгеру керек. 20


Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз, және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет. С. Бич, 2012 С.Бичтың «Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?» деген әңгімесін оқығанда менде жан-жақты сұрақ туды. Мәтінді талдай келе, мен өзімді өзгертуіме тура келетінін байқадым. Бірақ ол мен үшін қиын. Бәрін бірдей қабылдап, өзгерістер енгізе алатыныма, менің білімім, тәжірибем барлығына жететініне сенімсіздігімді байқадым. «Роботпен ауыстыруға болатын мұғалімдерді ауыстыруға тиіс» Артур С Кларк айтқандай, сондай робот мұғалімнің бірі мен болатынмын. Автоматты түрде күнделікті іс-әрекет қайталанады. Мектепте жүргенде мен өзімнің пікіріммен ғана жүретінмін, басқалардың пікірін тыңдай алмайтынмын. Курсқа келіп өз пікірімді бөлісіп, және де тренердің, әр түрлі мұғалімдердің пікірлерін тыңдап, мынадай ой туды: «Мұғалім – ықпал етуші, бағдар беруші, үйретуші». Кэмбридж университетінің тәсілі негізінде жасалған бұл Бағдарлама жеті модульді басшылыққа ала отырып білім беруді көздейді. Теория практикаға ұштасып жатыр. Ондағы мақсат оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бағдарламаның мұғалімнің алдына қойып отырған міндеті-оқушының тақырыпты қабылдау ерекшелігін, түсінігін дамыту мақсатында жұмыс жасау қажеттігін ұғынуы, сабақты өзіне оңтайлы бірегей тәсілмен меңгеретінін түсінуі және бағалай алуы. Дербес оқытуды дамыту үшін, жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуін қалыптастырып, өзіндік «менін» сезінуге жол көрсете алуым керек. Өзіндік «менін» сезінбей, оқушылардың жеке шығармашылық жұмыспен, өзінің қолынан қандай да жұмыс келетінін сезіндіре алуға ықпал жасау қажет. Өзара даму үшін ортаның ықпал жасайтындығы белгілі. Қай орта болмасын, қоғамдық не әлеуметтік, өзін-өзі қалыптастыруда қандай да бір іс-әрекетке алып келеді. Дұрыс сұрақ қоя білу де оқушының өз бетінше дамуына жағдай 21


жасайды. Егер сұрақтың жауабы алдын ала белгілі болса, оның маңыздылығы неде? Мұғалімдерге сұрақ қою мәдениетін және оларды жүйелей алуға мүмкіндіктер беру керек. Курсқа дейінгі сабақтарда оқушы «жауап беруші» ролінде, мұғалім «сұрақ қоюшы» ролінде болатын. Әр түрлі іс-әрекетке түсу арқылы, өзім де ойландыратын сұрақ іздеп, оларға да сұрақты дұрыс қоюына бағыттадым. Ең оңай әдіс мен үшін сұрақ қою деп ойлайтынмын. Ол ойымның өзі өзгерді. Сұрақтардың деңгейін өздері анықтап, бір-бірлерінің сұрақтарына сын көзбен бағалады. Бір-бірлерінің сұрақтарын бағалауда қарсы шығып, келіспегендер болмады. Байқағаным кез келген деңгейдегі мұғалім өз ойын жеткізуге тырысады. «Оқу пирамидасы» көрсеткендей ақпарат сақтаудың 90% білім беруді көрсетіп тұр. Сондықтан алдыма келген әр мұғалімнің, жай ғана оқулықтан мәтінді оқытып немесе дәріс түрінде меңгертпей, білімін ары қарай өз бетінше жетілдіруіне, өз тұжырымын жасай алатындай өзгерістер енгіздім. Мұғалім ролі неліктен маңызды? Мұғалім ролінің маңыздылығын оның бастамасы болатын баланы оқып білуді әртүрлі жағынан қарастыратын ғалымдардың концепциясынан бастау керек. Оқыту ортасын құруда Авраам Маслоудың (1968) қажеттілік иерархиясы, Пиаженің (1960) когнититвті психология әлемінде ойлауды дамыту теориясы, Шульманның (2007) «мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталатын қасиеттері болған жағдайда табысты оқыту мен құзырлы мұғалімнің оқытуы жақсы болып саналады деген ілімі және Л.С.Выготский (1962) жақын даму аймағы жөнінде түсінік қалыптастыруға көмектесті. Бұл концепцияның әрқайсысы балалардың тілін кеңейту мен білім берудегі жалғастыру негізі болып табылатын үлкендер мен балалар арасындағы коммуникативтік өзара байланыстың маңыздылығын көрсету үшін пайдаланылады. Сабақта берілетін оқу материалы таразының оң жақ бөлігі болсын, оқушының алатын білімі сол жақ бөлігі деп есептесек, онда мұғалім таразының сол жақ бөлігін жоғары ұстауы керек. Оқу материалын игертіп қана қоймай, оқу қабілеттерін ашуға, ойын еркін айтылуына мүмкіндік беру қажет. 22


«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. Оқушылардың кез келген әрекетке түсуі «метаойлануға» әкелуі керек. Метатану әдістерін оқушының бойында қалыптастыру үшін, мұғалімнің өзі пәнін жетік меңгергені жөн. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай мұғалімге деген тәуелділігін сезіндірмей, өз бетімен тәуелсіз жұмыс істей алатындығына сезіндіре алуына жұмыстарымды бағыттадым. Александер «Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» дейді. Мен неге тапсырманы бағалаймын? Мұғалімдер үшін мен қаншалықты білім бердім? Бағалауда өзгеріс енгізу керек. Мәтінді талдайды, оқиды, пікірін айтады, жазады, ойланады барлығына қарасам іс-әрекет. Онда мен неге іс-әрекеттерін бағаламаймын? Олардың іс-әрекетін бағалайтын болсақ, олар білім алады. МАҚСАТ - КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР - ІС-ӘРЕКЕТТЕР БАҒАЛАУ Сызбадан көріп тұрғанымыздай сабақтың тақырыбына байланысты мақсат қойып алып, мақсаттан нәтиже күтеміз. Нәтижеге жету үшін қандай да қадам орындаймыз. Осы қадамдар іс-әрекет арқылы жүреді. Мұғалімнің іс-әрекетін бағалаймыз. Шыққан баға тақырыптың мақсатына жеткендігімізді білдіреді. Мұғалім оқушының іс-әрекетін бағалау барысында оған күш-қуат, сенім сол сияқты тағы басқа да жұмыс қабілетін көтертін жақсы сезімдер, психологиялық ахуал туғызып отырғаны қажет. Оқушы өз ойын дәлелді жеткізіп тұрса, қателері, күмәндану себептері туралы ашық пікірлессе, 23


топтық оқу барысында өз пікірін кезегімен айтып, басқалардың пікірін мұқият тыңдап, өзіне сенімді болса өзара бағалау жүреді. Бағалау Іс-әрекет Баға Өз тәжірибем туралы ойланғаным маңызды ма? Сабақтан кейін рефлексия жүргізудің маңыздылығын түсіндім. Кез келген ойға нүкте қойылмайды. Үздіксіз бақылауды қажет етеді. Ойлануға дағдылану керек. Егер де мұғалім оқушыны оқытудың нәтижесіне тура жолмен алып жүрсе, яғни қандай да бір тақырыптағы мәліметті оқушының еш қатысуынсыз оған дайын түрде ұсынса, оқушының бұл мәліметті терең де түсінуі екіталай, яғни, оқушы оқыту процесінің белсенді мүшесі болуы қажет. Осы зерттеулерді қазіргі заманмен байланыстыру. Сабақтарды Кэмбридж тәсілімен жүргізу маған және менің мұғалімдеріме не берді? Ең алдымен сабақтан мен де, мұғалімдер да шаршамай, көңілді күймен шығатын болдық. Сабақта тренер білімге бағыттаушы, ал мұғалімдер белсенді қатысушы болды. Мұғалімдер өздерінің шығармаларын ортаға жариялап, қуаныш, мақтаныш, өзіне деген сенімділік сезімі пайда болды. Курстан кейін мұғалімдер: 1. Сыни тұрғысынан ойлауға үйренді. 2. Балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оқушыларға деген көзқарасы өзгерді. 3. Әр оқушыны бақылады. 4. Сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарауға үйренді. 5. Үйрету, оқыту арқылы ізденуге, зерттеуге үйренді. 6. Бағалау критерийі арқылы, оқушылардың бағаларына пікір айта алады. 1.2. ОҚУШЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ОҚЫТУ ОРТАСЫ

ІЗДЕНІС

БАҒЫТЫНДАҒЫ

Оқушының ғылыми-ізденіс бағытын қалыптастыру – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарынды балаға тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Қызығуының дамуы олардың қоршаған дүние жайлы білім көлеміне және өмірге көзқарасына байланысты.

24


Осы жағдайларға байланысты оқушының ғылыми-ізденіс бағытын қалыптастырудың үш тобын ерекшелеп алуға болады: 1. Гуманитарлық бағыттағы оқу пәндерін оқып-меңгерген; 2. Физика-математика бағыттағы оқу пәндерін оқыпмеңгерген; 3. Жалпы білімдік пәндерді меңгерген. Оқушылардың бейімділіктерін айқындап және қабілеттерін қалыптастыруда мұғалім басты роль атқарады. Бұл ең алдымен оқушыларға дара қатынас жасау арқылы іске асырылады. Осы дарындылықты дамытудың жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі. Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. Педагогикалық үрдісте балалардың қабілетін ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады. Шығармашылық- зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қалмай, шығармашылық зерттеуінің өзінен де ләззат алуға қабілетті. Психологтар «зерттеу тәртібін» тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес 25


армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі- оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.Сондықтан мектеп оқушыларының дарындылығын дамыту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор. Тақырыпты таңдағанда «мені не қызықтырады, неліктен?»-деген сұраққа жауап беру керек. Тақырыпты таңдағанда бір ескеретін нәрсе зерттеумен де, жобалаумен да айналысуға болады. Зерттеу - жаңа білім жинақтау, бір нәрсені жан-жақты танып білу, ол адамның танымдық іс-әрекетінің бір түрі. Жобалау - латын сөзі, «алға жылжу»-деген мағынаны білдіреді. Екеуінің айырмашылығына тоқталатын болсақ: зерттеу-ол белгісізді іздеу, жаңа білім ашу; жобалау- ол бір практикалық міндеттің шешімі. Зерттеу мен жобаның айырмашылығына тоқталсақ: зерттеудің мақсаты нақты бола алмайды, ол зерттеу барысында өзгеріп отырады. Ал жобаның мақсаты нақты болады, өйткені жобаның соңғы нәтижесі қандай болатыны белгілі. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту дағдысы мен білігін игерту бүгінгі күннің басты міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеу жұмыстарына дайындау керек. Тек мұғалім оқушыға жоба жаза алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса, сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады. Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Тұлғаны қолдан ешкім жасай алмайды, бірақ оған дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін ықпал ету-ұстаздар алдындағы да, тәрбие жетекшісі алдындағы да жауапты міндет. 26


Біздің мектепте дарынды баламен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылуда. Балаларды ғылыми-ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр. Оны әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады. Мұғалімдермен бірлесе отырып, балалардың ынтасы, қабілеттерін ескеріп, өз қалауларына жол ашып, іздену, зерттеу тақырыптарын алуды ұйымдастыру, ғалымдармен тікелей байланыса отырып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында 9-сыныпқа ниформатика сабағында әрбір үйге берілетін тапсырмасында, әдетте, бағдарламадан қиындау, дарынды оқушыларға арналған есептер бердім. Бұл есептер тапқырлықты керек ететіндігі, программалаумен әуестеніп жүргендерге арналғанын және барлығының оны шешуі міндетті еместігін ескерттім. Оқушының білімін бағалағанда есепті шешудің қарапайымдылығы, программалау саласы бойынша дамуы, іскерлікбіліктілігінің жоғары көрсеткіші ескерілді. Сондай оқушылардың бірі, 10 сынып оқушысы Дидар Төлештегінің «Delphi – дің мультимедиалық мүмкіндіктері» тақырыбына жазған ғылыми жобасын атап кетуге болады. Қабілеттерді дамыту жұмысы информатикаға қызығушылықты қалыптастырумен үйлестірдім. Бұл үшін тарихи материалдарды кеңінен пайдаландым. Оқушыларды өздері пайдаланып жүрген ақпарат құралдарының шығу тарихы, олардың қажеттілігі, атақты программистердің программа ойлап табуы қызықтырады. Практикалық жұмыс үстінде түрлі мысалдар арқылы программа өнімдерін көрсете отырып, программалуға қадам басқан сайын болашақта тұрмыста керек екендегіне және оқушылардың өздері де жасай алатындығына көз жеткіздім. Информатика пәнін оқыту барысында ғылымның қазіргі кездегі проблемаларына оқушылардың назарын аударып, әлі де шешілмеген актуалды ғылыми міндеттер айрықша ынта-ықыласын тудырады. Мұндай проблемалар жайлы әңгімелеу – оқушыны өздігінен ғылыми жұмысқа тартатын алғашқы қадам.

27


1.3. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ЗЕРТТЕУШІЛІК

МӘДЕНИЕТІН

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсатыеліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анықтап көрсетілген. Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру нәтижелерінің алғаш рет енген, үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; білімнің мазмұнына шоғырланған ақпараттық құзыреттілігі; білім алу үшін аса қажет білімді игерумен бірге жүретін қарым- қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік. Құзыреттілікоқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Жеке тұлғаның құзыреттіліктерін дамыту мен қалыптастыруда нысандар мен құбылыстарды зерттеумен байланысты өңдеу әрекетінің маңызы зор. Мектептің оқу үрдісінде кең өріс алған білімді ізгілендіру бағыты ең алдымен ғылыми дүниетанымға жаңа көзбен қарап, мемлекеттің болашақ азаматтарының интеллектуалды тұлға болып қалыптасуына өркениеттік тұрғыдан бағдарлауға бет бұрған мұғалім мен оқушының зерттеушілік әрекетінен көрінеді. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыру мен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. Өз пәні бойынша біліктілігін өздігінен ізденіп, ғылыми негізде білімін жетілдіруге ұмтылған мұғалім мен сол пәннен алған білімін болашақта қолдануға ұмтылған оқушының жетістігін анықтайтын бірден-бір мүмкіндік бұл 28


зерттеушілік қарым-қатынастарын белгілейтін ғылыми жоба жұмыстары болып табылады. Ғылыми жоба – оқу материалы мазмұнының оқыту үдерісінде көрініс табу құралы, өйткені ол – пәндік білімдерді терең зерттеп қолданудағы ісәрекеттер үлгісі. Ғылыми жоба арқылы оқушылардың білім сапасын арттырудың өлшемдері мен көрсеткіші төмендегі сызбадан көруге болады. Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық

Зертеушілік іс-әрекетке мотивтендірілуі және белсенділіктің арттырылуы

-жаңалықты көруге ұмтылуы; -ғылыми ойлауға машықтануы; -қажетті білімді игеруге қызығушылықтың болуы; -білімін нақты іске қолдана білу мақсатының болуы;

Мамұндық

Оқушының зерттеушілік ісәрекетін, жетілдіруге мүмкіндік жасау

-ғылыми жобада білімді қолдана алуы; -оқу материалы мазмұнының ғылыми жоба құрылымының байланысын көрсете алуы; -ғылыми зерттеу нәтижелерінен алған білімін нақты жағдайларға қолдана алуы;

Процессуалдық

Өз бетінше теориялық және практикалық білімін ғылыми жобалауға зерттеу іс-

-Жалпығылымилық қызметтерді (анализ, талдау, синтез, үлгілеу, салыстыру, жалпылау,

29


әрекетін жетілдіруге талдау қорыту т.б.) бағыт жасау жүзеге асыру; -танымдық-зерттеу ісәрекетіне бақылау жасай алуы; Қарастырылып отырған мәселенің мұндай сипаттамасы «Ғылыми жоба» ұғымына мынадай түсіндірме беруге мүмкіндік жасайды: ғылыми жоба-бұл зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға және білімін терең жетілдіруге, интелектісін дамытуға бағытталған практикада іске асатын педагогикалық жүйедегі оқушының шығармашылық жетістігі. Білімді ғылыми ұйымдастыруға бағытталған оқушы мен мұғалім іс-әрекеттерінің мазмұны төмендегі сызбадан анық көреміз. Оқушы іс-әрекеті

Мұғалім іс-әрекеті

Білім алу үдерісінде өз зертеушілік Оқыту үдерісін оқушының ғылыми қабілетін айқындау. зерттеу қабілетіне қарай икемдеп, ұйымдастыру. Қабілетіне қарай білім, білік, Оқушыны танымдық-коммуникативті дағдыларын ғылымиландыру . (өз идеясын ұсыну) түрінде ұйымдастыру. Білімінің өзектілігіне байланысты Оқушыны танымдықғылыми мақсат қою. интеллектуалдық (жаңа білімді іздену) түрде ұйымдастыру. Өзінің зерттеу мәселесі болжамдарын Оқушыға мотивациялық бағыттар талқылау, шешімін қарастыру, табу. көрсетіп маңызды, жүйелі түсінік беру. Жаңа білімге қол байланысты жоспар құру.

жеткізуге Оқыту үдерісінде оқушыға инновациялық орта құру негізінде ұйымдастыру.

өзіндік ғылыми ойлаудағы Оқушының өзі таңдаған зерттеу идеясымен дербес зерттеу жұмысын мәселесіне жетекшілік бақылау орындау. жүйесін құру. Ғылми зерттеу тәжірибесінен терең диагностикалық 30

әдістер

арқылы


білім қабылдай білу.

нәтиженің тиімділігін мониторингін ұсыну.

көрсету

Ізденушілік, қабілеттілігі бойынша ғылыми білімнен алған жетістігінен нәтиже шығарып өмірлік өз ұстанымын белгілей білу.

Оқушының бойында қалыптасқан қабілетті білімді терең меңгертуге, қолдана отырып, өмірлік ұстанымдарын жүзеге асыруға бағыт, мақсаттар белгілеу.

Оқу әрекеті барысында оқушы зерттеуші тұлға ретінде дамуға мүмкіндік алады, бірақ та оның бұл жетістігі білімдерді меңгергенде емес, ғылыми жобалар дайындауға бағытталған, ізденушілік, талаптанған зерттеушілік әрекеті барысында жүзеге асады. Оқушының зерттеушілік әрекетінде жалпығылымилық әдісті қолданып жаңалықтарды ашу нәтижелері, тек мұғалімнің бастамасымен, тікелей жетекшілігімен жүзеге асатын педагогикалық үдеріс. Сондықтан педагогикадағы мұғалім мен оқушы іс-әрекетін «қарымқатынастық» тұрғыдан қарастыру мәселесі екеуіне де ортақ, мақсаттығылыми ізденушілік шығармашылықтарын дамытуды көздейді. Жас зерттеушілер бойында ізденудің әдіснамалық құрылғысын құру, тәжірибелік деректерді таңдау, ғылыми жұмысты зерттеу барысында көптеген сұрақтар туындайды. Сонымен қатар зерттеу жұмысының сапасын төмендететін түрлі қателіктер жіберіледі. Бұл қателіктер құрамына іздеу тақырыптарының ашылмауы, мысалдардың қысқа беріліп, түбегейлі түсіндіріліп, ізденушінің ғылыми ойын көрсетпеуі, жаңалық пен теориялық мәннің ерекшеленбеуі, ғылыми терминологияның сақталмауы, жасалған жұмыстың берілуіндегі ғылыми стилдің бұзылуы, кіріспе мен іздеу бөлімінің қорытындысы негізгі бөлімнің мазмұнын бере алмауынан ғылыми зерттеудің негізгі мәнінің көріну мүмкіндігінің жоқтығы, іздеу тақырыбына мүлдем қатысы жоқ әдебиеттер мен мақалалардың қолданылуы, ескірген әдебиеттердің қате әрі қолданылатын үлгіден ауытқи дайындалуы, ізденушінің зертеуіндегі ұсынылған жаңалығының пайдалану дәрежесін бағалайтын құрылғы кей кезде жеке тұлғаның даму әсерін анықтауға мүмкіндік бермеуі, зерттеу тапсырмаларының тәжірибе барысында толық көлемде шешілмеуі 31


авторлардың зерттеу жүргізуде цитата келтіру ережесінің бұзылуы, зерттеу мазмұны мен жұмыс тақырыбының сәйкес келмеуі, кейбір зерттеушілердің әдіснамалық тұрғыда талдау жасай білмеуі, тәжірибе барысында алынған деректерді өңдеу тәртібін нашар білуі және т.б. жататынын көрсетті. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың зерттеу мәдениетін жетілдіру үш негізгі бағытта іске асырылады. Олар: -қызығуын арттыру (біліктілігін кеңейту, өзіне талап қоя білуі); -ойлау және қабылдау қабілетін дамыту; -шығармашылық ізденісін дамыту; Зерттеу жұмысына дайындық: Баланың көңіл күйі , денсаулығы жайлы толық анықтау. 1. Ата-ананың рухани сауаттылықтарын білу. 2. Ғылыми жұмыс жасауға ата-аналардың келісімін алу. 3. Ғылыми жұмыс жүргізуге кірісу. 4. Кездескен проблемаларды келісіп шешу. Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері: -проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу); -зерттеу сапасын анықтау (негізгі мәселелелерді белгілеу); -зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу); -шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерірін таңдау); -зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау; -ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу); -алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау); -есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау); -баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға жауап беру). 32


Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып табылады. Проблема жай ғана мәселе деген сөз емес , «problema» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда «міндет», «кедергі», «қиындық» деген ұғымды білдіреді. Проблема теориялық немесе практикалық болуы мүмкін. Ол – белгілі бір қиыншылыққа тап болу. Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жан-жақты ізденісті талап етеді. Тақырып проблеманың сипатын ашып береді. Зерттеу тақырыбы түрліше болуы мүмкін. Ең бастысы, оқушыларды қызықтыруы тиіс. Қазіргі классификациялау тақырыпты негізгі үш топқа бөлуді ұсынады: фантастикалық тақырыптар фантастикалық нысандар мен құбылыстарды зерттеуге бағдарланған; эмпирикалық тақырыптар өзіндік бақылау мен эксперимент жүргізуді көздейтін практикамен байланысты; теориялық тақырыптарға түрлі теориялық қайнаркөздерден, кітаптардан, адамдардың әңгімелерінен алынған материалдарды, деректерді зерттеуді және жинақтауды талап ететін тақырыптар жатады. Зерттеудің жалпы бағыттары: 1.Адам; 2. Қоғам; 3. Мәдениет; 4. Жер; 5.Жаратылыс; 6. Ғылым; 7. Техника; 8. Экономика; 9.Экология. Зерттеу мақсаты мен міндеттерін құра білу. Зерттеу мақсаты Мақсат зерттеушінің негізгі жоспарына сәйкес қысқа, нақты болады. Ол зерттеудің міндеттеріне дамытылады, айқындалады.Зерттеу мақсатын анықтау өзіне және өзгеге қойылатын сұраққа жауап болып табылады. Мәселен, үшінші сынып оқушысы –«Кактус» тақырыбын тандады делік. Онда оқушының анықтауы бойынша зерттеу мақсаты «кактустың ерекшелігін зерттеу» болып табылады. Мұғалім мақсатты айқындаудағы шығармашылық тәсілдерді оқушылардың есіне салып отыруы тиіс. Мынадай үлгілерін көрсетуге болады: - ...айқындау; - ...анықтау; - ...ланысу; - ...зерттеу; Зерттеу міндеттері 33


Зерттеу міндеттері мақсатты нақтылауды көздейді. Егер мақсат жалпы бағыт көрсетсе, міндеттер негізгі қадамдарды сипаттайды. Мәселен, оқушы кактустың ерекшелігін зерттей отырып, өзіне мынадай міндеттер қояды: 1. Кактустың әлемде неше түрі бар? 2. Кактус қандай климат жағдайында өседі? 3. Бөлме жағдайында кактустың қандай түрлерін өсіруге болады? 4. Кактус адамдарға пайда келтіре ме? Зерттеу міндеттері міндетті түрде жазылады. Тақырыпты таңдағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек. Зерттеушілік пен шығармашылық ойлаудың негізі болжам құра білу болып табылады. Болжам деген сөз – «hypjthesis» - ежелгі грек тілінен аударғанда құбылыстар арасындағы заңды байланыстар жөнінде негіздеме деген ұғымды білдіреді. Болжам – бұл әрі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім. Болжам шындық та, жалған да болуы мүмкін емес, ол тек ғана анықталмаған құбылыс. Егер болжам теорияға айналмаса, жалғанға айналады. Болжамдағы басты талап нақты материалдармен келісілуі тиіс. Зерттеу объектісі – теория мен практикадағы байланыстар, қатынастар, қасиеттер жиынтығы және ақпараттар зерттеудің қажетті қайнаркөзі қызметін атқарады. Зерттеудің келесі кезеңі зерттеу әдістерін таңдау болып табылады. Бақылау, эксперимент, ақпараттар іздеу, жинау зерттеу әдістері бола алады. Бақылау - өте кең таралған және тиімді зерттеу әдісі. Бақылау әдісін белгілі бір мақсатқа негізделген қабылдау түрі деп атайды. Ол практикалық, танымдық міндеттерде бақылау зерттеу әдісі ретінде түрді сипаттайды. Эксперимент- зерттеу әдістерінің ең маңыздысы. Ол барлық ғылым саласында зерттеумен бірге қолданылады. «Эксперимент» деген сөз латынша «experimentum», аудармасы «тәжірибе» деген ұғымды білдірді. Бұл таным әдісі арқылы қоғамдағы немесе табиғаттағы құбылыстар қатаң бақылау мен басқару жағдайында зерттеледі. Кез келген эксперимент тексеру мен салыстыру мақсатында қандай да бір практикалық әректті көздейді. Эксперимент ойлану кезеңін өткізетін ойда жүрген мәселе де болуы мүмкін. 34


Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен, материалдар жинайды және төмендегі тәртіппен жүйелейді: 1.Ойлау; 2.Өзіне өзі сұрақ қою; 3.Басқа адамнан сұрау; 4.Кітаптардан қарау; 5.Бақылау; 6. Эксперимент жүргізу; 7. Интернет жүйесін қарау; 8. Материалдар жинақтау; 9. Қорытынды жасау. Зерттеу нәтижелерін жүйелеу үшін ізденудің кілті ретінде төмендегі сызба жүйесін ұсынуға болады: Мысалы, бағыт: тірі табиғат, білім саласы – зоология. 1. Қайда тіршілік етеді? 2. Немен қоректенеді? 3. Негізгі ерекшеліктері: жануар типі, класы, отряды, тұқымдасы, туысы, түрі. 4. Ең басты жаулары. Зерттеудің соңғы кезеңі орындалған зерттеу жұмысын қорғаумен аяқталады. Қорғау – зерттеудің жетістігі және жаңа зерттеулердің бастапқы кезеңі болып табылады. Қорғауға әдетте шектеулі уақыт (10-15 мин) беріледі. Осы уақыт ішінде зерттеуші ғылыми тақырыбының өзектілігін аша білу тиіс, сондай-ақ жұмыстың логикасы, тілі, құрылымы мен жиналған материалдың құндылығы, практикалық мәні бағаланады. Зерттеу жұмыстарының түрлері Түрі

Құрылымы

Баяндама

-кіріспедегі қысқаша ескертпелер; -тақырыптың ғылымипрактикалық құндылығы; -негізделген ғылыми ұсыныс тақырыбының мәні; қорытынды және ұсыныстар.

Тезистер

-баяндаманың негізгі мазмұны; -негізгі ұсыныстар мен қорытынды.

Ғылыми мақала

-тақырыбы; -кіріспедегі ескертпелер;-зерттеу әдістемесі жөнінде қысқаша мәлімет; -ғылыми нәтижелерге таңдау және оларды қорыту; -ұсыныстар мен қорытынды; -сілтеме 35


жасалған әдебиеттерді көрсету. Ғылыми есеп

-ғылыми жұмыстың біткен кезеңінің жоспары мен бағдарламасын қысқаша баяндау; -жүргізілген жұмыстың құндылығы, практика мен ғылымдағы мәні; -қолданылған әдіс-тәсілдерге нақты сипаттама; -жаңа ғылыми нәтижелерді баяндау; -шешуші мәселеге жауап беретін зерттеу нәтижелерін қорыту; -ұсыныстар мен қорытынды.

Реферат

-кіріспе бөлімі; -негізгі мәтін; әдебиеттер тізімі.

Ғылыми жоба

-кіріспе бөлімі; -негізгі мәтін; -эксперимент нәтижесі; қорытынды бөлім; -әдебиеттер тізімі.

-қорытынды бөлім;

-

Оқушының тұлғалық бейнесін қалыптастыруда түрлі өмірлік жағдаяттарда өз бетімен шешім қабылдау және әрекет жасау, өз тұжырымдарын дәйектеу және айналадағыларымен өзара қарым-қатынас орнату, әлеуметтік жағдайларға дұрыс баға беру дағдысын қалыптастыру. Оқшылар арасында үздіксіз ғылыми зерттеушілікті ұйымстырудың мақсаты төмендегілерге саяды. 1. Ең талантты және жас дарынды зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету. 2. Теориялық білімі мен біліктерін іс жүзінде қолдана білуге баулу. 3. Шығармашылық ізденістерін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын игерту. 4. Оқушылардың әртүрлі ғылымға құштарлығын, қызығушылығын арттыру. 5. Іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызуға жетелеу. 6. Оқушыларға мамандық таңдау жолына бағдар беру. Питер Клайн айтқандай, балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесу әрбір ұстаздың абзал борышы.

36


ӘДЕБИЕТТЕР 1. Кунаш М.А. Подходы к классификации индивидуальных образовательных маршрутов школьников // Ярославский педагогический вестник. – 2012. – № 3. – Том II (Психолого-педагогические науки) 2. Выготский Л. Образование. – Москва, 2000. 3. Мирсеитова С.С. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. – Алматы: ИздатМаркет, 2004. 4. Мирсеитова С.С., Бахишева С. Идеи Дьюи и наша практика. – Алматы: Верена, 2005. 5. Мирсеитова С.С. Сыртқы әлем: күнделіктіні академиялықта қолдану. – Алматы: Верена, 2007. 6. Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка. – Москва: Педагогика-пресс, 1994. 7. Рыбалкина Н.В. Открытое пространство образования: способы представления и построения // Материалы VIII Всероссийской научно-практической тьюторской конференции. - Томск, 2004.

37


МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ........................................................................................................ І.

ОҚЫТУ

ОРТАСЫН

ҚҰРУ

ЖӘНЕ

ЖОСПАРЛАУ

ЖОЛДАРЫ.................................................................................................... 1.1.

3

4

Мұғалімнің рефлексиялық дағдысы, оның оқыту ортасын құруға әсері ......................................................................................................

9

1.2.

Оқушының ғылыми ізденіс бағытындағы оқыту ортасы ...............

24

1.3

Жеке тұлғаның зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру...............

28

Әдебиеттер .................................................................................................... 37

38


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.