Kz business guide (kz)

Page 1

ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН БИЗНЕС НҰСҚАУЛЫҚ


2 | ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН БИЗНЕС НҰСҚАУЛЫҚ

ТУРАЛЫ

Компанияның тарихы/құрылымы: QNET 1998 жылы құрылған тікелей сауда жасайтын халықаралық компания болып табылады. Ол www.qnet.net. мекенжайындағы өзінің онлайн eCommerce платформасы арқылы әлем бойынша өнімдер мен қызметтерді сатады. QNET Малайзия тікелей сауда ассоциациясының (МТСА), Филиппин тікелей сауда ассоциациясының (ФТСА) және Сингапур тікелей сауда ассоциациясының (СТСА), QNET өтеу жоспары, саясаты және процедуралары мен істәжірибелері әділ, этикалық және кәсіби болу үшін мұқият талданып, қабылданған Тікелей сауда ассоциацияларының дүниежүзілік федерациясының барлық бөлімдерінің мүшесі ретінде мойындалған. Штаб-пәтері Гонконгта орналасқан QNET дүние жүзі бойынша 25 елде кеңселер мен агенттерге (QNET атынан саудадан кейінгі қызметтермен қамтамасыз ету үшін тәуелсіз келісімге келген жергілікті тіргелген компаниялар) және 6 елде жалпы аумағы 50000 кв. футқа тең қоймаларға ие. 24/7 көп тілді қолдау көрсету қызметі 23 тілде қол жетімді QNET өзінің нарықтары арқылы жергілікті иеліктерін, әсіресе Оңтүстік-шығыс Азияда, Таяу шығыста, Орталық Азияда және Африкада басқара алады. Өнімдер: QNET жеке гигиена мен азық-түліктен бастап үй күтіміне дейінгі ауқымдағы өнімдердің кең спектрін, швейцариялық сағаттар мен зергерлік бұйымдарды ұсынады. Сондай-ақ, QNET демалу бумалары мен онлайн электрондық үйрену курстары сияқты қызметтерді ұсынады. Өнімдер мен қызметтер жоғары сапада, әлемге танымал тәуелсіз институттар тарапынан тексерілген/сертификатталған және QNET тарапынан ерекше негізде сатылады.

QNET тұтынушылары мен тәуелсіз өкілдері: тұтынушылар QNET өнімдері мен қызметтері туралы тәуелсіз өкілдерден (ТӨ) біледі. Тәуелсіз өкіл бірегей идентификациялық нөмірмен QNET веб-сайтына тіркелген және тұтынушыларға өнімдері мен қызметтерін ұсыну арқылы QNET үшін нарықтық қызметтерді беруге құқылы жеке тұлға болып табылады. Тәуелсіз өкіл тәуелсіз мердігер ретінде әрекет етеді және QNET қызметкері, агенті, серіктесі немесе өкілі ретінде қарастырылмайды. QNET пен QNET тәуелсіз өкілі арасындағы қарым-қатынас QNET тәуелсіз өкілі ретіндегі тәуелсіз өкілдің әділдігі мен этикалық іс-тәжірибесіне және оның өз еліндегі заңдарға сәйкес негізделген QNET саясаты мен процедуралары арқылы реттеледі. Тәуелсіз өкілдер тіркеу үрдісі барысында QNET саясаттары мен процедураларын оқуы және қабылдауы керек. Әрбір тәуелсіз өкілде қауіпсіз онлайн кеңсе (Виртуалды кеңсе) және алынған ақыларды көрсететін есептік жазба (Q Account) болады. Бөлшек саудамен айналысатын тұтынушылар көбіне QNET өнімдері мен қызметтеріне қызығушылық білдіріп, өздері тәуелсіз өкілдер болады. Толық ақпаратты www.qnet.net сайтынан алуыңызға болады. Басынан бастап QNET екі бизнес модельді сәтті біріктірді: желілік маркетинг (өнімдер мен қызметтерді ұсыну үшін) және электрондық коммерция (сауда жасау үшін). QNET өнімдері мен қызметтері онлайн сатылатын болғандықтан, оларды интернет қосылымымен қамтылған әлемнің кез келген жерінен сатып алуға болады және QNET өнімдерді тұтынушыларға жеткізе алады. Бұл ТӨ-деріне жоғарыда айтылған екі талапқа сәйкес келетін және бизнес (маркетинг) әрекеттеріне қатысты жергілікті заң талаптары қолданылатын кез келген елдегі тұтынушыларға өнімдерді ұсыну мүмкіндігін береді.


ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН БИЗНЕС НҰСҚАУЛЫҚ

| 3

Тұтынушыға қызмет көрсету орталығы QNET Ғаламдық қолдау көрсету орталығы: Телефоны: +603 7949 8288 (24 сағат 23 тілде) Электрондық пошта: global.support@qnet.net QVI Club Тұтынушыға қолдау көрсету customercare@qviclub.com QNET Жергілікті агенттік кеңсесі (‘Diamond Agencies’ ЖШС): Кеңсе: +7 (727) 272 40 12 Ұялы телефон: +7 (777) 798 87 87, +7 (778) 555 50 11 Эл. почта: qnet.diamondagencies@gmail.com Жұмыс уақыты (Қазақстан): 10:00-19:00 Мекенжайы: Қазақстан, Алматы, Желтоқсан көшесі №111A, 050000

Өнімді жеткізу Өнімдер халықаралық курьер арқылы әрбір сатып алушының жөнелтім мекенжайына жіберіледі: • •

Материалдық өнімдерді жеткізуші: Aramex QVI жинағын жеткізуші: TNT

VIRTUAL QNET ESSENTIALS виртуалды кеңседе (ВК) қол жетімді: http://www.qnet.net/login

• • • • • •

QNET бизнес жоспарлаушысы Өнім ассортименттері Компания профилі Өтеу жоспарын таныстыру Саясат пен процедуралар ЖҚС


4 | ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН БИЗНЕС НҰСҚАУЛЫҚ

Төлем опциялары QNET өнімін/қызметін сатып алуда төлем несие карталары, дебет карталары немесе белсенді тәуелсіз өкілдің жеке комиссиясынан жасалған QNET электрондық купондары (eCards) арқылы АҚШ долларымен немесе Еуромен жасалады. eCard бірегей кодпен қорғалған нөмір болып табылады, ол тәуелсіз өкілдерге өз табысының есебінен пайдаланып, тек QNET онлайн дүкенінен өнімдер мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігін беретін АҚШ доллары немесе Еуро валютасындағы атаулы құнына ие.

Ақпарат көздері QNET ресми веб-торабы: www.qnet.net The V ресми веб-торабы: http://www.the-v.net/ Виртуалды кеңсе:https://portal.qnet.net/login Ресми QNET блогі: http://www.qnet.net/blog

QNET қоғамдық медиада www.qnet.net/facebook www.twitter.com/qnetru www.vk.com/qnetruofficial www.qnet.net/youtube www.pinterest.com/qnetofficial

Тәуелсіз өкілдердің бизнес жауапкершілігі, қаупі және салықтары Тәуелсіз өкілдер төмендегі әрекеттерден келіп шығатын барлық қауіптерді және шығындарды өз мойнына алады және салық төлеуге қатысты жеке шығындарға және тәуелсіз өкілге тіркелген басқа төлемдерге жауапты болады. Тәуелсіз өкілдер өздерінің қызметтерін Ресей Федерациясының территориясынан тыс ұсынатынын растайды. Ешбір жағдайда тәуелсіз өкілдер QNET тәуелді агенті ретінде қарастырылмайды немесе әрекет етпейді.

Өтем және төлем тәртібі QNET тәуелсіз өкіл тарапынан берілген жарнамалық/маркетингтік қызметтер үшін тәуелсіз өкілге ақы төлеуі тиіс. Ақы тәуелсіз өкіл тарапынан берілген QNET өтеу жоспарына (‘Өтеу жоспары’) сәйкес есептеліп, төленуі керек. Тәуелсіз өкіл QNET саясаты мен процедураларын («Саясат пен процедуралар») және бұдан былай бүтін бөлік ретіне жүретін Өтеу жоспарын біліп, түсінетінін растайды. Ақы тәуелді өкіл QNET ұжымына көрсеткен банктегі есеп шотына АҚШ долларымен төленеді.

Жергілікті заңдар мен реттеулерге сәйкестілік Тәуелсіз өкілдер Қазақстан Республикасының заңдарымен және реттеулерімен толық сәйкестіктің және жеке кәсіпкер ретінде тіркеу талабының және салық төлеу міндеттемесінің қажеттегін түсінеді.


ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН БИЗНЕС НҰСҚАУЛЫҚ

| 5

Маңызды ескертпе: •

Қазақстанның заңдары бойынша желілік маркетинг қызметі бизнестік әрекеттер ретінде қарастырылып, тәуелсіз өкілдердің іс ақысы бизнестен түскен табыс болып табылады. Сондықтан, Тәуелсіз өкілдердің өз бизнесін жеке кәсіпкер ретінде Салық департаментіне тіркеуі және табыс көлемі бойынша тиісті салық түрлерін төлеуі керек. Оның табысы жылына 12 ең кем жалақы (шамамен 1300 АҚШ доллары) көлеміне жеткенде тіркеу жүзеге асырылуы керек. ЖК-ді тіркеу және салықтарды төлеу туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, қысқаша мәлімет алу үшін біздің Алматыдағы агенттігімізге немесе салық қызметшісіне және мәселені толық түсіну үшін қаржылық кеңесшіңізге хабарласыңыз.

Тәуелсіз өкілдер көрсетілімдердің басынан бастап QNET өнімдері мен қызметтері туралы толық ақпарат беруі және өтеу жоспары жайлы анық түсіндіруі керек. Тәуелсіз өкілдер жаңа тұтынушыға/потенциалды клиентке олар төлеген ақша тәуелсіз өкілді тіркеуге және өнімге тапсырыс беру үшін, сондай-ақ, олар алатын ақша өнімдер мен қызметтер саудасына негізделген комиссиялық алым формасында болатындығын анық түсіндіруі тиіс. Тәуелсіз өкілдер тұтынушыларға/потенциалды клиенттерге ақша олардың инвестициясынан түсетін инвестиция және комиссиялық алым деп сезінуі керектігін ұғындыруы керек. Олар потенциалды тұтынушыға/тәуелсіз өкілдерге тапсырыс жасауға көмектессе, тіркеу мен тапсырыс тұтынушының қатысуымен жасалатынына және түбіртек кедергісіз басып шығарылуы керектігіне кепілдік беруі тиіс.

Тәуелсіз өкілдер тұтынушылары/потенциалды клиенттері мәліметтердің құпиялылығын сақтайтынына кепілдік беруі керек. Олар бизнес әрекеттерін жүргізуде өзінен төменгі мүшелерге көмектессе, төменгі мүшелерге негізгі мәліметтерінің құпиялылығын басқарып, сақтауына мүмкіндік беруі керек. Тәуелсіз өкілдерден осы мәселе бойынша құжаттарды толық қарап шығып, оларға толықтай сәйкес екендігіне көз жеткізуі талап етіледі.

Тәуелсіз өкілдер өздерінің жеке кәсіпкерлік кеңсесін ашып, QNET өнімдерін кеңседен ұсынуды шешсе, олар өз бизнесін ЖК, ЖШС немесе т.б. (ең қарапайым формасы – жеке кәсіпкерлік) ретінде тіркеуі керек. Түсімдері мен шығындары тиісті органдарға түсіндіріліп және хабарланып отырылуы керек. Кеңсе QNET кеңсесі немесе V кеңсесі немесе кез келген QI тобының еншілес компаниясы ретінде аталмауы керек және кеңседе жұмыс істейтін тәуелсіз өкілдер өздерін QNET жұмысшысы/қызметкері немесе өкілі ретінде таныстырмауы тиіс (олар Қазақстандағы тәуелсіз бизнес тұлға ретінде QNET өнімдерін/ қызметтерін ұсынатын/өткізетін QNET тәуелсіз өкілдері екендігін анық мәлімдеуі керек). Кеңсе рұқсат етілмеген тұрғын үйлерден емес, жалға беруге ресми түрде рұқсат етілген орындардан ашылуы керек. Ресми түрде рұқсат берілген кеңсе орындарына мысал ретінде қалалық өкілетті органдар тарапынан кеңсе ашуға рұқсат берілген кеңселік ғимараттарды немесе кейбір тұрғын үйлердің астыңғы қабатын айтуға болады

Тәуелсіз өкіл QNET өнімдерін және бизнес мүмкіндіктерін ұсыну мақсатында қоғамдық орындарда семинар, конференция немесе басқа іс-шара ұйымдастырмақшы болса, V бизнесті дамыту бөлімінен алдын ала рұқсат алуы және іс-шараны өткізуден бұрын ұйымдастырушы тәуелсіз өкіл мыналарға кепілдік беруі керек: іс-шара болатын орын өз бизнесінің атынан жалға алынғандығына (яғни ғимарат иесімен келісімшартқа өзінің тіркелген бизнесі атынан қол қойылуы керек); іс-шара өткізу үшін тиісті органдардан қажетті рұқсат немесе лицензияны алуға; іс-шара қатысушыларынан ақы алынатын болса, ресми билеттер түбіртек ретінде берілуіне және билет сатудан түскен табыс түсім ретінде Салық органдарына хабарлануына және салықтар бизнесті тіркеудің белгілі бір түріне тиісті тарифтерге негізделген түсім үшін төленуіне; және іс-шара тақырыптарының бағдарламалық жоспары мен шығып сөйлеушілері құжатқа енгізіліп, V бизнесті дамыту бөліміне берілуіне.


6 | ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН БИЗНЕС НҰСҚАУЛЫҚ

Компания атауын, логотипін немесе сауда атауларын, т.б. пайдалану (a) Компания атауы (QNet Ltd.) логотипі, сауда атауы, сауда белгілері, өнім аттары, брошюралар, каталогтер, сауда материалдары, келісімшарттар мен сауда бойынша үйрету сеанстары, әдебиет, аудио немесе бейне материалдар, көрсетілімдер немесе басқа іс-шаралар компанияның жеке меншігі болып табылады және компания толық контентке иелік ету құқығына немесе ерекше лицензияға ие. (b) Өкілдер ешбір жағдайда мұндай материалдардың қайта өңделген нұсқасын өндірмеуі немесе таратпауы тиіс. Өкілдер компания атауын, логотипін, сауда атауын, сауда белгілерін, бағдарлама аттарын немесе өнім аттарын кез келген әдісте немесе формада пайдаланбауы тиіс. (c) Келесі атаулар тізімі де құқықтармен қорғалған және өкілеттік қызметтерде өкілдер тарапынан пайдалануға тыйым салынған: QI Ltd, QI Holdings Ltd, QI, QuestNet Ltd, QNet Ltd, GoldQuest International Ltd, Quest Vacation International Ltd, QVI, Gold, Gold Team, GQI, V-Team, The V, VTI, Bank, Gold Rush, Legal, GITA, RYTHM, R.Y.T.H.M. or RYTHM Asia, Prana Resort, JR Mayer Collection, Qatana, Amezcua Wellness, Cimier, Qplus, Q-Shoppe, QUEX, Bonvo, Q Lifestyle, Vijayaratnam Foundation, Copy Quest және QI тобы негізіндегі басқа барлық компаниялардың аттары. Бұл атауларды да өкілдер тарапынан жеке веб-сайттарда және/ немесе электрондық пошта мекенжайларында өздерінің өкілеттік бизнес әрекеттеріне қатысты пайдалануға тыйым салынған.

Жарнамалық және хабарландыру материалдары Компания тарапынан алдын ала жазылған жарнамалық және хабарландыру материалдарын ғана тәуелсіз өкіл бизнесін жарнамалау немесе ұсыну мақсатында немесе компанияның өнімдері мен қызметтерін сату мақсатында пайдалана алады. Компанияның әдеби деректері мен материалдары жоғарыда жазылған рұқсаттарсыз көшірмеленбеуі, қайта басып шығарылмауы немесе жекелендірілмеуі керек. Компанияның жоғарыда жазылған рұқсаттары болмаған жағдайда, компанияның атын немесе логотипін пайдаланатын барлық жарнамалық элементтер тек компаниядан алынуы керек. ТӨ компания тарапынан мақұлданған немесе сатылған кез келген жарнамалық материалдарға өз атын, мекенжайын, тәуелсіз өкіл деңгейін, телефон нөмірін және тәуелсіз өкілдің идентификациялық нөмірін тіркеуіне болады.

МЕН ЖЕТІСТІГІМЕ СЕНЕМІН Аты Тәуелсіз өкілдің ұқсатқыш нөмірі Қол қойылды Күні


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.