Kz professional marketing guidelines (kz)

Page 1

КӘСІБИ МАРКЕТИНГ НҰСҚАУЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАСЫЛЫМЫ

“Кәсіби маркетинг бизнесіңіздің тұрақты, ұзақ мерзімді өсуінің негізі болып табылады. Бизнесіңіздің және бүкіл әлемдегі барлық тәуелсіз өкілдер бизнесінің жарқын келешегін қамтамасыз ету үшін әрқашан QNET этикалық кодексіне сәйкес әрекет етуіңіз керек.” Герра Нехра АҚШ заңгері/КДМ құқықтық мәселелер бойынша сарапшы Бұрынғы QNET сарапшылар кеңесінің мүшесі


2 | КӘСІБИ МАРКЕТИНГ НҰСҚАУЛАРЫНЫҢ

Құрметті тәуелсіз өкіл, QNET сізге жеке және қаржылық мақсаттарыңызды жүзеге асыратын ыңғайлы жағдай жасағанын мақтаныш етеді. Мұндай жетістікке жету үшін әрбіріміз жоғары этикалық стандарттарға сай, құрметпен, кәсіпқойлықпен әрекет етуіміз керек. Әрқашан QNET этикалық кодексіне сай әрекет етіңіз. QNET этикалық кодексін www.qnet.net мекенжайы бойынша QNET веб-торабынан және виртуалды кеңсеңізден таба аласыз. Бұл нұсқаулық сізді күнделікті бизнес әрекеттеріңізді орындауға арналған кейбір кәсіби маркетинг нұсқауларымен қамтамасыз етеді. Кәсіби маркетингке байланысты сұрауларыңыз болса, ncd@qnet.net мекенжайындағы QNET желілік сәйкестік бөліміне хабарласыңыз.

Сіздің қызметіңізде,

КӘСІБИ МАРКЕТИНГ НҰСҚАУЛАРЫ

Тыйым салынған іс-тәжірибелер Тәуелсіз өкілдер жалған, алдамшы, бейқарар немесе лас сауда іс-тәжірибелерін пайдаланбауы керек. Тәуелсіз өкілдер және олардан кейінгі мүшелер бизнеске, компанияға немесе ұсынылған өнімдерге қатысты жалған немесе алдамшы көрсетілімді біле тұра жасамауын, басқалардың жасамауын кепілдендіру үшін тәуелсіз өкілдер тарапынан барлық қажетті және жауапты қадамдарды орындауы тиіс. Бизнеске, компанияға немесе ұсынылған өнімдерге қатысты маңызды бөліктердің біле тұра немесе басқа жағдайда қалдырылмауы немесе алынбауы керек.

Түсіндіру және көрсету Өнімді таныстыру және көрсету, әсіресе өнімді сипаттауда және артықшылықтарын көрсетуде, анық және толық болуы керек. Тәуелсіз өкілдер кез келген формадағы кез келген жарнамалық материалдарында өнімге жат артықшылықтарды көрсетпеуі керек. Барлық жарнамалық материалдар қатаң түрде компания саясатына және оның ресми бекітілген материалдарына сәйкес болуы керек.


КӘСІБИ МАРКЕТИНГ НҰСҚАУЛАРЫНЫҢ

| 3

Ауызша уәделер Тәуелсіз өкілдер өнімге қатысты жоғарыда айтылғандардан басқа ешқандай ауызша немесе басқа түрдегі көрсетілімдерді жасамауы керек. Әдебиеттер Жарнамалық әдебиеттер мен хабарламалар жалған немесе алдамшы өнім сипаттамаларын, пікірлерді немесе көрнекі құралдарды қамтымауы керек. Барлық жарнамалық әдебиеттер мен хабарламалар атын, мекенжайды, тәуелсіз өкілдің дәрежесін, телефон нөмірін және өкілдің идентификациялық нөмірін қамтуы керек.

Салыстыру және диффамация Тәуелсіз өкілдер жалған және адал бәсекелестік принциптеріне сәйкес келмейтін салыстыруларды пайдаланбауы керек. Салыстыру пікірлері әділетсіз таңдалмауы және тек дәйекті фактілерге ғана негізделуі керек. Өкілдер әділетсіз түрде кез келген фирма немесе өнімнің беделін тікелей немесе жанама қараламауы керек. Тәуелсіз өкілдер басқа фирма немесе өнімнің сауда белгісі мен таңбасын пайдалана отырып, жалған артықшылықты пайдаланбауы керек.

Кіріс пен табыс QNET бизнесі «жылдам байып кету схемасымен» жұмыс істемейді. Белгілі бір деңгейде табысқа кенелетініңізге кепілдік, сенім, уәде берілмеген. Бұл бизнестің болмысы мен табыс табу деңгейі жеке адамның жігеріне, еңбек сүйгіштігіне, жұмысқа берілгендігіне, уәждемесіне жеке икемдіктеріне байланысты болғандықтан, кіріс пен табыс әркімде әр түрлі болатындығына келісуіңіз керек. Потенциалды клиенттеріңіз мұны түсінгеннен кейін наразылығыңызды доғарып, ұйымыңызда мықты жұмыс мәдениетін қалыптастырыңыз.

Этикалық кодексті ұстану QNET этикалық кодексі мен кәсіби маркетинг нұсқаулары тәуелсіз өкілдер арасындағы, сондай-ақ, тәуелсіз өкілдер және олардың потенциалды клиенттері және/немесе тұтынушылар арасындағы, адал бизнес іс-тәжірибесіне кепілдік береді. Бұл нұсқаулар әрқашан бақылануы, қолданылуы және қатаң түрде орындалуы керек. Аталмыш талаптарды бұзу тәуелсіз өкілдің статусын үзу және/немесе тоқтату әрекеттеріне алып келетін тиісті жеке тұлғаға(ларға) қарсы тергеуге және/немесе тәртіптік тексеруге себеп болады. Тәуелсіз өкілдер кәсіби маркетинг және www.qnet.net мекенжайындағы QNET сайтының этика кодексінің өзекті ұғымдарымен таныс болуы және оларды орындауға бағытталуы керек. Тәуелсіз өкілдер этикалық кодекстің бұзылуы жайлы өздерінен жоғары мүшелерге хабарлауы керек.


4 | КӘСІБИ МАРКЕТИНГ НҰСҚАУЛАРЫНЫҢ

Жергілікті заңдар мен реттеулерге сәйкестілік Тәуелсіз өкілдер өздерінің бизнесін тіркеу мен табыс салығын төлеуді қоса, Қазақстан Республикасының заңдары мен реттеулеріне толықтай сәйкес келуі керек. •

Қазақстанның заңдары бойынша желілік маркетинг қызметі бизнестік әрекеттер ретінде қарастырылып, тәуелсіз өкілдердің іс ақысы бизнестен түскен табыс болып табылады. Сондықтан, тәуелсіз өкілдер өз бизнесін жеке кәсіпкер ретінде (немесе бизнес тіркеудің кез келген басқа түрі) салық департаментіне тіркеуі және табыс көлемі бойынша тиісті салық түрлерін төлеуі керек. Тіркеу тәуелсіз өкілдің табысы жылына 12 ең кем жалақы (шамамен 1300 АҚШ доллары) көлеміне жеткенде жүзеге асырылуы керек. ЖК-ді тіркеу және салықтарды төлеу туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, бизнесті тіркеу туралы мәліметтер үшін салық департаментінің жергілікті кеңсесіне немесе есепшіңізге/заңгеріңізге хабарласыңыз.

Тәуелсіз өкілдер көрсетілімнің басынан бастап QNET өнімдері мен қызметтері туралы толық ақпарат беруі және өтеу жоспары жайлы анық түсіндіруі керек. Тәуелсіз өкілдер жаңа тұтынушыларға/потенциалды клиенттерге олар төлеген ақша тәуелсіз өкілді тіркеуге және өнімге тапсырыс беру үшін, сондай-ақ, олар алатын ақша өнімдер мен қызметтер саудасына негізделген комиссиялық алым формасында болатындығын анық түсіндіруі тиіс. Тәуелсіз өкілдер тұтынушыларға/потенциалды клиенттерге ақша олардың инвестициясынан түсетін инвестиция және комиссиялық алым деп сезінуі керектігін ұғындыруы керек. Олар потенциалды тұтынушыға/тәуелсіз өкілдерге тапсырыс жасауға көмектессе, тіркеу мен тапсырыс тұтынушының қатысуымен жасалатынына және түбіртек кедергісіз басып шығарылуы керектігіне кепілдік беруі тиіс.

Тәуелсіз өкілдер тұтынушылары/потенциалды клиенттері мәліметтердің құпиялылығын сақтайтынына кепілдік беруі керек. Олар бизнес әрекеттерін жүргізуде өзінен төменгі мүшелерге көмектессе, төменгі мүшелерге негізгі мәліметтерінің құпиялылығын басқарып, сақтауына мүмкіндік беруі керек. Тәуелсіз өкілдерден осы мәселе бойынша құжаттарды толық қарап шығып, оларға толықтай сәйкес екендігіне көз жеткізуі талап етіледі.

Тәуелсіз өкілдер өздерінің жеке кәсіпкерлік кеңсесін ашып, QNET өнімдерін кеңседен ұсынуды шешсе, олар өз бизнесін ЖК, ЖШС немесе т.б. (ең қарапайым формасы – жеке кәсіпкерлік) ретінде тіркеуі керек. Түсімдері мен шығындары тиісті органдарға түсіндіріліп және хабарланып отырылуы керек. Кеңсе QNET кеңсесі немесе V кеңсесі немесе кез келген QI тобының еншілес компаниясы ретінде аталмауы керек. Кеңседе жұмыс істейтін тәуелсіз өкілдер өздерін QNET жұмысшысы/қызметкері немесе өкілі ретінде таныстырмауы тиіс (олар Қазақстандағы тәуелсіз бизнес тұлға ретінде QNET өнімдерін/қызметтерін ұсынатын/өткізетін QNET тәуелсіз өкілдері екендігін анық мәлімдеуі керек). Кеңсе рұқсат етілмеген тұрғын үйлерден емес, жалға беруге ресми түрде рұқсат етілген орындардан ашылуы керек. Ресми түрде рұқсат берілген кеңсе орындарына мысал ретінде қалалық өкілетті органдар тарапынан кеңсе ашуға рұқсат берілген кеңселік ғимараттарды немесе кейбір тұрғын үйлердің астыңғы қабатын айтуға болады.

Тәуелсіз өкіл QNET өнімдерін және бизнес мүмкіндіктерін ұсыну мақсатында қоғамдық орындарда семинар, конференция немесе басқа іс-шара ұйымдастырмақшы болса, V бизнесті дамыту бөлімінен алдын ала рұқсат алуы және іс-шараны өткізуден бұрын ұйымдастырушы тәуелсіз өкіл мыналарға кепілдік беруі керек: іс-шара болатын орын өз бизнесінің атынан жалға алынғандығына (яғни ғимарат иесімен келісімшартқа өзінің тіркелген бизнесі атынан қол қойылуы керек); іс-шара өткізу үшін тиісті органдардан қажетті рұқсат немесе лицензияны алуға; іс-шара қатысушыларынан ақы алынатын болса, ресми билеттер түбіртек ретінде берілуіне және билет сатудан түскен табыс түсім ретінде Салық органдарына хабарлануына және салықтар бизнесті тіркеудің белгілі бір түріне тиісті тарифтерге негізделген түсім үшін төленуіне; және іс-шара тақырыптарының бағдарламалық жоспары мен шығып сөйлеушілері құжатқа енгізіліп, V бизнесті дамыту бөліміне берілуіне.


КӘСІБИ МАРКЕТИНГ НҰСҚАУЛАРЫНЫҢ

| 5

Өз жетістіктеріме сенімімнің кепілі “Жақсы бизнес іс-тәжірибелері МЕНІМЕН басталады QNET тәуелсіз өкілі ретінде... • • • • • • • • • • • • • • • •

Мен және QNET арасындағы қарым-қатынастарым шынайы және әділ болады ; барлық кәсіби әрекеттерімді өз беделімді және QNET берген оң беделгі жақсартатындай етіп орындаймын ; жетістікке жету үшін қажетті жігерді анық бейнелей отырып, өтем жоспарын тиянақты және шынайы таныстырамын; төменгі мүшелерді менің қызметім мен жетекшілігімнен қанағаттандыруға тырысамын; тек жұмсалған жігерге қатысты шынайы табыс мүмкіндіктерін ғана ұсынамын; ықтимал клиенттер мен төменгі мүшелердің сұрақтарына әділ және шынайы жауап беремін; өзім төменгі мүше және/немесе бизнестік ықтимал клиенттер ретінде қалыптастырған адамдарды ғана қолдаймын/оларға жүгінемін; QNET және оған қатысты компаниялардың имиджін түсіретін кез келген мақұлданбаған немесе заңсыз веб-сайттарды жасамаймын; өздері қолдау көрсететін алғашқы жүгінушілері тарапынан дамыған потенциалды клиенттерді әрдайым марапаттаймын; өз қол астымдағы мүшелерден тыс мүшелерді өз ұйымыма қосылуға шақырмаймын; жалған немесе алдамшы болуы мүмкін кез келген жарнаманы пайдаланбаймын; адалдық пен жауапкершіліктің ең жоғары деңгейінде жұмыс істеймін, себебі QNET тәуелсіз өкілі ретіндегі әрекеттерім үлкен әсерге ие екендігін түсінемін; QNET желілік маркетинг екендігін және менің табысым маркетингтік және жетекшілік қасиеттеріме, сондай-ақ, жеке ерекшеліктеріме байланысты екендігін түсінемін; барлық потенциалды клиенттермен, төменгі мүшелермен және серіктестермен құрмет көрсете отырып, ақ пейілдікпен және кәсіби этиканы сақтай отырып қатынас жасаймын; QNET бизнесін ешқашан бұрмаламаймын; Төменгі мүшелерге және серіктестерге адал және әділ боламын және өзіме, өз ұйымыма, компанияға және/немесе осы салаға кері әсерін тигізетін іс-тәжірибелерді қолданбаймын.”

МЕН ЖЕТІСТІГІМЕ СЕНЕМІН Аты Тәуелсіз өкілдің ұқсатқыш нөмірі Қол қойылды Күні


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.