ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ДІНДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ ИНСТИТУТТАР ЖҤЙЕСІ ЖӘНЕ ЭТНОКОНФЕССИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
АСТАНА - 2012
Баспаға Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесімен ҧсынылған
Жауапты редактор: А.П. Әбуов – философия ғылымдарының докторы, профессор
Иран Ислам Республикасындағы діни институттар жҥйесі және этноконфессиялық қатынастар / Қҧраст.: М.Әбішева. Астана, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы. 2012. – 60 б. «Иран Ислам Республикасындағы діни институттар жҥйесі және этноконфессиялық қатынастар» тақырыбындағы жинаққа Әбішева Мәдина Мағазқызының Иранның дін саласына қатысты мәселелерін қамтитын сараптамалық материалдары мен ғылыми-зерттеу жҧмыстары енгізілді. Басылымда ислам әлемінде джафаридтік ислам бағытын ҧстанатын мемлекет болуымен ерекшеленетін Иранның шииттік мемлекет болып қалыптасуы, оның діни институттар жҥйесі, елдегі этноконфессиялық қатынастар, қажылық мәселесіне қатысты материалдар бар. Жинақ дінтанушыларға, дінтану саласындағы мамандарға, осы саладағы мемлекеттік қызметкерлерге арналған. Сонымен қатар, жинақтағы материалдардан аймақтану, дінтану, мәдениеттану, ирантануға қызығушылық танытатын басқа мамандық ӛкілдері де қажетті мәлімет ала алады.
© Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы. Астана, 2012 2
МАЗМҦНЫ
ШИИТТІК ИРАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ..................................................................................................... 4 ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ ИНСТИТУТТАР ЖҤЙЕСІ ..................................... 10 ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНОКОНФЕССИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ..................... 29 ШИИТТІК КИЕЛІ ҚАЛАЛАР МЕН КЕСЕНЕЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ............................................. 50 ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ................................................... 56
3
ШИИТТІК ИРАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Иран - ҥш мың жыл бҧрын-ақ маңызды ӛркениет орталықтарының бірі саналып, ғылым дамуы мен адамзат мәдениетіне ҥлкен ҥлес қосқан кӛне тарихы мен ҧлы мәдениеті бар ел. VІІ ғасырда Сасанидтік Иранға ислам дінінің енуі, ел тарихы ҥшін жаңа кезең, ҥлкен дәуір бетін ашты. Мҧхаммед пайғамбардың ілімі ирандықтар тарихы мен мәдени ӛміріне ықпал етіп қана қойған жоқ, ел ӛмірінің маңызды бӛлігі ретінде қалыптасты. Ол ислам дінінің кемелділігіне байланысты болар, себебі, исламда адамның жеке басының ӛмірін, отбасылық ӛмірін, экономикалық, саяси және халықаралық ӛмірін анықтайтын бағдар бар. Хаммуда Абдалати пайымдауы бойынша, "мҧсылмандар ҥшін, ислам - тек абстрактылы идея ғана емес, ол ӛмір кодексі, адамзат қызметінің әр бӛлігінен орын алатын қҧдіретті кҥш" [1, 142]. Шииттік исламды қабылдай отырып, тарих барысында ирандықтар талай ӛрлеу мен қҧлдыраулардан ӛтті. Омеядтардың негізін салған Муавия билігі шииттер ҥшін ӛте ауыр болды. Муавия билеген жиырма жылда шииттер қуғынға ҧшырап, Мҧхаммед пайғамбар жақындары Әли мен Хасан ӛлтірілді. Муавиядан кейін билікке келген оның ҧлы Язид билігі кезінде Хусейн ӛлтірілді. 750-1258 жж. билік еткен Аббасид халифтері шииттерге әртекті кӛзқараста болды. Халиф Мамун оларға бірқатар жеңілдіктер мен азаттық берген болса, Мутаваккил патша шииттерге ӛшпенділікпен қарап, тіпті шииттік ҥшінші имамның Кербаладағы кесенесін жермен жексен етті. ІХ-Х ғасырларда Аббасид билігінің шектелгендігі белгілі. Х ғ. басында олар басшылық еткен мемлекет, тек астанасы Бағдад болған Иранның батыс бӛлігі мен оған жақын жатқан шектеулі жер бӛлігі ғана болатын. Бҧл жер иелігіндегі билік те ҧзаққа созылған жоқ. 935 ж. батыс Иран жерінде Буидтер мемлекеті қҧрылды. Буидтер 945 ж. Бағдадты басып алып халифті зайырлы биліктен айырған болатын [2, 275]. Буидтердің билікке келуі шииттерге ҥлкен мҥмкіншіліктер әкелді. Тарихшылар дәлелі бойынша, бҧл жылдары Арабия тҥбегіндегі ірі қалаларды қоспағанда, бірқатар кіші қалалар да шииттік қалаларға айналды. Шиизм орталығы саналған Куфа қаласымен ежелден бақталас сунниттік Басра қаласында шииттер саны кӛбейді. Сонымен қатар, Траблус, Наблус, Табрие, Халабе, Герат, Ахваз, Парсы шығанағының ирандық жағалауында да шииттер саны ӛте кӛп болды. Бҧл жылдары Иранның солтҥстігінде шиизмді уағыздаумен айналысқан Насер Атраваш 4
нәтижесінде Табаристан ауданын (қазіргі Мазандаран) ӛзіне қаратып, тіпті бірнеше жыл бойы ӛзі билік еткен мемлекет те қҧрды. Аталған ғасырда исмаилизм жақтастары болған фатемиттердің Египетті жаулап алуы мен кеңейтілген мемлекет қалыптастыруы елеулі тарихи оқиға саналды. ХІ ғасырдан XV ғасырдың аяғына дейін шиизм Х ғасырдағыдай ӛсу жағдайында болды. Бҧл уақыт аралығында шиизмнің дамуына ықпал еткен шииттік сипаттағы патшалықтардың негізі қаланды. ХІ ғ. аяғында Аламут жерінде (қазіргі Казвин маңы) исмаилизм ілімі таралып, бҥкіл Иран аумағында бҧл секта бір жарым ғасыр дербес ӛмір сҥрді. Мазандаранда ҧзақ жылдар бойы Мар’аши тегі билік етті. Монғолдық Худабанда есімді шаһ шиизмді қабыл алып, оның сателлиттері бірнеше жылдар Иранда билік етті. Тебризде АкКойунлу және Кара-Койунлу әулеттері басшылық етіп, олардың билік аймағы Фарс пен Керманға дейін тарады. Ал, Египетте ҧзақ уақыт фатимиттер билік етті. Орталық Азияның кӛп бӛлігін қамтыған жер ертеректе Мауераннахр немесе Ҧлы Хорасан деп аталғаны белгілі. Ӛз бастауын арийлер нақ осы жерден алады. Авеста кітабында бҧл жер АрианаВайджа есімімен кӛрсетіледі [3, 198]. Ислам таралуынан кейін бҧл аймақ ғылым мен мәдениет дамуы орталықтарының біріне айналды. Ирандықтар ӛз мәдениетімен қатар, ислам дінінің Орта Азияда таралуында маңызды рӛл атқарды. Мауреннахр мен Хорасан мектептері ежелгі ирандықтардың оқу мен тәрбие әдістерін қолдана отырып ерекше даму дәрежесіне ие болды десек артық айтқандық болмайды. Х-ХІ ғасырдан бастап Мауераннахр мен Ферғана Караханидтер, Монғолдар, Шағатайлықтар мен Тимуридтерге тәуелді болды. ХІІ ғасырдың екінші жартысында, гҥлденуі сҧлтан Алауиддин Мҧхаммад Хорезмшаһ билігі уақытына сай келетін Хорезм мемлекеті қҧрылды. Тҥрік басшыларының Аббасид халифатымен тығыз байланыста болып, ал халифтердің жоғарыда атап ӛтілгендей шиизм дамуына кедергі жасап, ирандықтарды билікке жібермегеніне қарамастан, ирандықтар саяси, мәдени ӛмірде маңызды орын алды. Осылайша, VІІ-ХV ғғ. арасында Иран жерінде тарай отырып, шиизм парсы халқы ҥшін ӛмір салтына айналды. XІV ғ. сарбедарлар кӛтерілісі шиитік ҧранмен ирандықтарды біріктіргені белгілі. Бҧл ірі баскӛтерудің мақсаты моңғол жаулауына тӛтеп беру еді. 1365-1366 жж. Ақсақ Темір басып тастаған бҧл 5
кӛтеріліс нәтижесінде жеңіліс тапса да, тарихта шиизм идеясы арқылы Иран халқын сырт жауға қарсы біріктірген маңызды оқиға болды. XІ-XV ғғ. аралығында шииттер сан жағынан ӛсу жағдайында болғанымен, діни азаттық жағынан билеуші режим саясатына тәуелді болды. Дегенмен, осы уақытқа дейін шиизм бір де бір исламдық елде ресми дін ретінде жарияланбаған болатын. XV ғ. Иранда Сефевидтер әулетін билік басына әкелген кызылбасшылар кӛтерілісімен белгілі. Бҧл қозғалыс та шиизмді желеу еткен ірі кӛтерілістердің бірі. Сефевид шейхтері тҥрік-оғыз тайпаларынан тарай тҧра, Иран халқын осман сҧлтандарына қарсы ҧйымдастыра білді. Бҧл жолы да шиизм халық кӛтерілісінің ҧйытқысы болып, нәтижесінде Сефевидтер әулеті билікке келіп, алғашқы ірі жеңіске қол жеткізді. XVІ ғ. шииттер ҥшін алтын ғасыр саналады. Хиджра жыл санауы бойынша, 906 ж., шейх Сафи әулетінен шыққан он ҥш жасар жас жігіт, ӛз әкесінің ізбасарларынан тҧратын ҥш жҥз дәруіш бастауымен, қҧдіретті де тәуелсіз мемлекет қҧру мақсатында Ардебильде кӛтеріліске шығады. Ол Ирандағы тайпалық кіші мемлекеттерді қҧлатып, Иранды біріктіріп, шиизмді ресми дін ретінде ӛз мемлекеті шеңберінде бекітеді. Исмаил Сафави шаһ ӛлімінен кейін, династия билігінде болған әр шаһ шииттік сенім мен шииттік имамдар ресмилігін нығайтып, тҧрақтандырды. Табатабаи дерегіне сенсек, шаһ Аббас Кабир билігі кезеңінде шииттер империясының жер кӛлемі мен халық саны бҥгінгі Иранмен (1964 ж.) салыстырғанда екі есеге кӛбейген [4, 62]. XІX ғ. басында Иранға шетел державаларының ықпалы шаһ, губернаторлар арқылы жҥзеге асып отырды. Осы орайда басқыншы елдерге, олардың саясатын қолдап отырған шаһ пен хандарға қарсы бағытталған бабшылдар кӛтерілісі (1848-1852 жж.) орын алды. Иран халқы тағы да шиизм туының астында бірікті. Шиизм Иранның елдігін сақтауда тағы да біріктіруші қҧрал рӛлін атқарды. Кажар әулетінің билігі кезінде, әсіресе ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басында, Кажарлар мен діндарлар арақатынасы жылы болмады. Сол кезеңде Иран дін иелерінің барлығы елдің шетелге тәуелділігіне қарсы болды. Ал, Реза оның саясатына қарсы келмеген дін иелерінің қызметіне еш кедергі келтірмеді. Дегенмен, ӛзіне ашық қарсы шыққан діндарларға Реза-хан қатаң шара қолданды. Реза шаһтың Иран діндарларымен қақтығысы қашанда шаһ жеңісімен аяқталған 6
жоқ. Толассыз топтық кҥрес, жҧмысшылар мен шаруалар толқулары, шаһ диктатурасына наразы қоғамның белсенді топтарының қарсылығы, тайпалардың кӛтерілісі шииттік жоғарғы дін басыларымен санасуға, кей жағдайда келісімге келуге мәжбҥр етті. Солай бола тҧра, бҧл келісімге келу, бағынбайтын діндарлардың жазаланып, Иран дін иелері ашық қарсы шығуын тоқтатқан кезде жасалды деп пайымдауымызға болады. 1941 ж. 16 қыркҥйекте Реза шаһ биліктен бас тартып, орнына ҧлы – Мохаммед Реза келді. Осы жағдайда ҧлт-азаттық кҥрестің ҧлғаюы 1941 ж. қазанда Иранның Халық партиясының дҥниеге келуіне әсер етті. 40 пен 50 ж. басы аралығы Иранда бірін-бірі ауыстырып отырған ҥкімет тҧрақсыздығы мен батыстық, әсіресе Америкалық ықпалдың ҧлғаюымен сипатталады. Американың ықпалы Иранның білім беру мен мәдениет саласында да орын ала бастады. Осы орайда Иранның демократиялық кҥштерімен қатар ел ӛмірінде шииттік дін басылардың да белсенділігі арта тҥсті [5, 92]. Екінші дҥниежҥзілік соғыс жылдарында Иранда демократиялық кҥштердің белсенділігінің артқан шағында шаһ Мҧхаммед Реза Пехлеви діндарлардың қызметіне кедергі жасамақ тҥгілі, ҧлт азаттық қозғалысқа қарсы кҥресте оларға арқа сҥйегісі келді. Діни қауымның бірталай ӛкілдері тҥрмелерден босатылып, белсенді тҥрде ӛз қызметтерін жалғастыра бастады. 1950 ж. басында Ирандағы тҧрақсыз жағдайға қарамастан дін иелері елдің саяси, әлеуметтік ӛміріне араласа алатындай ықпалы мен кҥшін сақтап қалды. Дегенмен, шаһ ӛзін сенімді, мығым сезінген уақытта дін иелері бҧл мҥмкіншіліктерінен айырылып қалды. Бҧл жылдардағы кӛрнекті діни басшылар болып аятолла Боруджерди, Бехбехаи, Теһрани және Хойи саналды. 1949 ж. ҧлттық буржуазия жетекшісі доктор Мосаддык бастаған топ ҧйымдастыруымен иран ҧлттық буржуазиясы әртҥрлі қабатының пікірін жақтаушы жеке қайраткерлер мен партиялар коалициясын біріктіретін Ҧлттық Майдан қҧрылды. Оның негізгі талабы: Ағылшын-Иран мҧнай компаниясының (АИМК) жҧмысын тоқтату және иран мҧнай шаруашылығын ҧлттық ету болды. 1952 ж. аяғынан – 1953 ж. басына дейін американдық және ағылшын империалистері Иранның қаржыэкономикалық қиын жағдайын пайдаланып, Моссадықты мәмелеге келуге ҥгіттеді. Дегенмен, оның тарапынан келісім болмады да, 1953 ж. АҚШ пен Англия саясатының негізгі бағыты әскери тӛңкеріс жасап, Мосаддық ҥкметін кетіру болды. Тамыз айында, бҧл тӛңкеріс 7
жҥзеге асып, нәтижесінде Моссадык ҥкметі биліктен кетті. Алғашқы жеңістерге қарамастан Иран Халық партиясы мен Ҧлттық Майдан арасында империализмге қарсы ынтымақтастықтың болмауы, 19511953 жж. Иран ҧлт-азаттық қозғалысын жеңіліске алып келді. Мосаддық ҥкметінің орнына келген генерал Захеди ҥкіметі АҚШ және Англиямен қарым-қатынасты қайта орната бастады. 1952 ж. қазан айында Мосаддық ҥкіметі ҥзген дипломатиялық қатынастар қайта орнады. Мҧнай мәселесі де қайта қаралып, 1954 ж. сәуірде Халықаралық Мҧнай Консорциумы қҧрылды. Иран билеуші топтары әлеуметтік жарылысты болдырмау ҥшін реформа жҥргізу қажеттігін тҥсінді. Жоспарланған реформалардың ең маңыздысы – жер реформасы болды. Бҧл реформа ауыл шаруашылығын помещиктер мен енді бой кӛтерген ауыл буржуазиясына тиімді даму жолына тҥсіргенімен жалпы шаруаарендаторлар жағдайы бәлендей жақсы бола қойған жоқ. Дін иелері реформаларға қарсы болды. Оны имам Хомейнидің "Ақ революция жаңадан тонау мен езгіге ҧшыратудың жолы" атты 1973 ж. Иран халқына жолдауынан-ақ кӛруге болады. Бҧл жолдауында Ақ революция Иран елін артта қалушылыққа таңып қойып, оның мҧнайын, байлығын кедергісіз тонауға мҥмкіндік береді деп пайымдады. 1951-1953 жж. алғашқы монархияға қарсы революцияның жеңілісінен кӛп ҧзамай Ирандағы діни оппозицияны аятолла Хомейни басқарды. Батыстық ӛркениетті ӛткір сынға ала отырып, буржуазиялық ӛмір сҥру жолынан, капиталистік дамудан бас тарта отырып, атеистік негізде қаланған деп социализмнің даму жетістіктерін де жоққа шығарды. "Солға да емес, оңға да емес ислам жолымен", "Батыс та емес, Шығыс та емес ислам жолымен" даму қажеттілігін алға қойды. Шаһ ҥкіметі қысылтаяңда бірде халықты кҥшпен қорқытып, бірде алдауға тырысты. Мухаррам айының қаралы кҥндерінде халыққа дәстҥрлі шеруге шығуға ҥкіметтің тыйым салуы жалпыхалықтық наразылықты кҥшейте тҥсті. Халық ашу-ызасын Мешхед ішінде дінисаяси митингке қатысушыларды ату оқиғасы шектен шығарды. Діни қауым оппозициялық кҥштердің қолдауымен ҥкіметке қарсылық ретінде 1978 ж. 26-қараша кҥнін елде жалпы ҧлттық қаралы кҥн деп жариялады. Тегеран, Мешхед, Исфахан және басқа да қалаларда ҥлкен ереуілдер болып ӛтті. Олар әскермен және полициямен қақтығысқа барды. Кей жағдайларда діни қауым алдын ала 8
жоспарламаған кейбір белсенділердің полиция тҧрақтарына, билік пен ҥкімет ӛкілдеріне, сондай-ақ Ирандағы американдық, ағылшын мекемелеріне басып кіруі етек алып отырды. 1978 ж. желтоқсан айында елден американдықтардың жаппай қоныс аударуы басталды. Революция бірте-бірте тек монархияға қарсы радикалды емес, сонымен қатар империализмге қарсы бағыттағы сипат алды. 1979 ж. 1-қаңтарда Бахтияр кеңесі бойынша Мҧхаммед Реза Иранды тастап кетеді. 1-ақпанда кӛпжылғы эмиграциядан Хомейни қайтып оралды. Ӛзінің алғашқы сӛз сӛйлеуінде-ақ ол халықты шаһ билігін толық қҧлатуға, бҥкілхалықтық сайлау жолымен жаңа билік қҧруға шақырды. Ақпан қарулы кӛтерілісі 1978 ж. қаңтарда басталған шаһқа қарсы кӛтерілістердің соңғы нҥктесі болды. Иранның болашағы ҥшін кескілескен кҥресте, қалың халыққа ықпал ете алатын мҥмкіншілігімен ғана емес, сонымен қатар Хомейнидегі мықты саяси лидері бар шииттік діни қауым биіктен кӛрінді. 1979 ж. 1-сәуір кҥні Иран Ислам Республикасы болып жарияланды. Осылайша, батыс зерттеушілердің басым кӛпшілігі жоққа шығарған «исламдық модельдегі» даму жолын таңдаған Ислам Республикасы дҥниеге келді. Әлем қазіргі заманда шиизмнің тағы бір жеңісінің куәсі болды. Бҧл жолы шиизм жалауының астына ирандықтар Иранды американдық, батыстық басқыншылар ықпалынан азат ету мақсатында бірікті. Жаһан назарын ӛзіне аударған бҧл тӛңкеріс Иран дербестігін сақтау жолында шиизм идеясынан артық мемлекет халқын біріктіретін кҥш жоқтығының тағы бір дәлелдеді. Осылай, ХХ ғ. аяғында шиизм Иран халқына мемлекет дербестігін, ҧлттығын, мәдениетін қайтарып берді. Шиизм АҚШ пен батыс ықпалына ҧшыраған Иранды қҧрдымға кетуден арашалап қалды. Ирандықтарды шиизм тағы да саяси кҥш ретінде біріктіріп, мемлекет дербестігін сақтап қалды. Бҥгінде шиизм кӛпҧлтты Иран тҧтастығын сақтап отыр. Осылайша ғасырлар бойы қалыптасқан шиизм бҥгінгі таңда Ирак, Әзербайжан, Ливан, Йемен, Бахрейн сияқты мемлекеттерде кең тарап, Иран тағынан орын алып отыр. 1. Хаммуда Абдалати. Взгляд на ислам. – Новосибирск: Новая типография N4 РАН, 1995. - 256 с. 2. Васильев Л.С. История Востока: В 2 т.- М.: Высшая школа, 1998. Т.1. - 495 с. 3. Дорошенко Е.А. Шиитское духовенство в двух революциях: 1905-1911 и 19781979 гг. – М.: РАН, 1998. - 240 с. 4. Мохаммад Хосейн Табатабаи. Шиие дар еслам. – Теһран: Дафтаре ентешарате еслами, 1375/1997. – 256 сафһе. 5. Дорошенко Е.А. Шиитское духовенство в современном Иране. – М.: Наука, 1985. – 230 с. 9
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ ИНСТИТУТТАР ЖҤЙЕСІ Ислам әлем діндерінің ішіндегі қуаттысы саналады. Олай дейтініміз, ислам діні мҧсылмандық Шығыста қашан да діни доктрина мен әлеуметтік ҧйым ретінде Европадағы христиан дінінен ӛзгеше роль атқарады. Христиан діні ӛзінің халықты толық билеген заманында болсын, қатаң қудалау мен ӛркениеттің қҧлдыраған жылдарында болсын, ешуақытта зайырлы билікті толық ығыстырып шығармаған болатын. Ал ислам діні болса, мҧсылман қоғамының әр бӛлшегінен орын тапты, ол экономикалық қатынастар сипатын анықтады, саяси әкімшілік бағыт пен мҧсылмандардың әлеуметтік қҧрылымын, мәдениеті мен тҧрмыстық қатынастарын белгіледі. Ислам елдерінің рухани ӛмірі қашан да тек ислам бақылауында болып қоймай, сыртқы қалыбы тәрізді ішкі негізі де исламдық сипат алып, ислам шеңберінде дамыды. Ислам діні тіпті әлемдегі жағдай тҥбегейлі ӛзгеріп, ескі қҧрылым қҧлап, жаңа ӛзгерістер енгізілген заманда да ӛз позициясын нығайтып, салттық дәстҥрлерін кҥшейтіп, халыққа ықпал ете алды. Бҥгінгі кҥні де бірқатар мҧсылман елдерінде, ислам заман қҧрылымына бейімделіп, ғылым беделін де мойындап, ӛзінің мыңжылдық дәстҥрімен қоғам дамуына бағыт беруде. С.Хантингтон «Ӛркениеттер қақтығысы» еңбегінде былай дейді: «Батыстың ӛркениеті европалық және солтҥстікамерикалық екі негізгі бағытта болса, исламдық ӛркениет арабтық, тҥріктік және малайлық болып бӛлінеді» [1,756]. Біз С.Хантингтонның исламдық ӛркениет тобына тілі, тарихы, діни нанымы, мәдениеті ерекше ирандық ӛркениетті қосатын едік. Себебі, басқа ерекшеліктеріне тоқталмағанда, Иран ислам әлеміндегі шииттік жалғыз ел. Соңғы жылдары ислам белсенділігі артуда. Л.С.Васильев анықтағандай, саяси бағытты белгілеуде ислам беделділерінің ролінің артқанын Иран, Алжир, Ауғанстан мысалынан кӛре аламыз [2,184]. Ислам діні мен мҧсылмандық дінбасылары позициясының нығаюы ХХ ғ. 50 ж. аяғы мен 60 ж. ортасында бастала отырып, 70 ж. ортасында ең биік шыңына жеткеніне армян шығыстанушысы Н.О. Оганесян да баға береді. 40-70 жж. арасында ағылшын, француз, голланд отаршы империалары жер шары саяси картасынан жойыла отырып, егеменді мемлекеттер ретінде Пәкістан, Индонезия, Ауғаныстан, Сирия, Египет, Ирак, Иордания, Кувейт, Марокко, Алжир, Тунис, Йемен 10
Араб Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Судан, Бангладеш және тағы басқа мҧсылман елдері пайда болды [3,9]. Бҧл жағдай ислам әсерінің дҥниежҥзілік деңгейде кҥшейгендігін айғақтады. 1979 ж. қҧрылған Иран Ислам Республикасы да исламдық даму жолын таңдап алды. Мҧсылман идеологтарының пікірі бойынша, батыстық, буржуазиялық-капиталистік даму жолы да, оған жҥктелген ҥмітті ақтамады. Сондықтан, бҧл даму жолы да дҧрыс емес. Осылайша пайымдай отырып, олар адамзат Қҧран мен шариғатта кӛрсетілген исламдық қағидаларға сҥйене отырып, қайыршылық пен езгіден, басқа ауырпашылықтардан босап, қайта жаңарып, ҥлкен бақытқа кенеліп, қҧтқарыла алады деді. Тӛменнен жоғары қарай қоғамды қайта қҧру, мҧсылмандық қағидаларға сәйкес жеке адам ӛміріне ӛзгеріс енгізуді адамзаттық бағытқа барар қысқа жолы деп дәлелдейді. Осындай пікірді ХХ ғасырдың ислам қайраткері, 1979 ж. Исламдық революция кӛсемі имам Рухалла ал-Мусави ал-Хомейни ӛзінің «Исламдық билік» еңбегінде ҧсынды [4]. 1997-2005 жж. Республика президенті болған Сеийд Мохаммед Хатами ӛз кітабынің – Біздің революция және ислам болашағы атты бӛлімінде: Біздің қарқынды даму кезеңіндегі қоғамымызға осындай жауапты сәтте діни интелектуалдар ӛте қажет. Егер дін мен интелектуалдылық кҥш жҧмылдырса, біздің ҧлы исламдық революция адамзат тарихындағы жаңа дәуір жаршысы болатынына сенуімізге болады, деп Иран болашағына ҥлкен ҥміт артады [5,138]. 1. Ирандағы шииттік институттардың сипаты Теократиялық билікті сақтаудың және исламдық бағытты жҥргізудің маңызды қҧралы болып, монархия кезінде діни институт ықпалынан ерікті, зайырлы сипаттағы сот жҥйесі саналады. Ислам революциясынан кейін дінбасылар ертеректе жоғалтып қойған, бҧл аймақтағы діндарлар монополиясын қайта қалпына келтірді. Елде бірнеше тармақты шариғаттық сот жҥйесі қҧрылған. Олардың басты міндеті – "антиисламдық элементтермен", ислам ӛнегесін бҧзушылармен, саяси қарсыластармен кҥресу, оларды бақылау. Ислам билігінің ықпалды институттарының бірі болып, әрине, Жоғарғы Соттық Кеңес (ЖСК) саналады. Ол ӛзінің кӛптеген комитеттері, кеңестері, комиссиялары арқылы елдің қоғамдық-саяси ӛмірінің әртҥрлі саласына ықпал ете алады. ЖСК әр деңгейде барлық мемлекеттік органдарды, сондай-ақ заң министрлігін бақылайды, 11
олардың ӛкілдері парламентте, Бақылау Кеңесінде бар. Ӛздеріне жҥктелген нашақорлық пен жасырын ҧйымға қарсы кҥресті Жоғарғы Соттық Кеңес ислам ӛнегелік негіздері мҥддесін қорғау ҧрандарын жамылып оппозицияға қарсы саяси қарсылыққа тиімді қолданады. Мысалы, осы мақсаттарға, "нашақорлардың емделуі мен қайта тәрбиеленуіне" арнайы лагерьлер қолданылады, бҧл орындарға ҥлкен ақшалай қаржы бӛлінеді. Осындай лагерьлердің жер кӛлемі аумақты мӛлшерді қамтиды. Тіпті ресми жарияланған деректер бойынша, Арак қаласы маңында бірнеше жыл бҧрын 30 гектар жерге осы сипаттағы "қайта тәрбиелеу орталығы" тҧрғызылған. Тағы бір ескеретін жағдай, осы аталған лагерьлердің барлығы заң жҥзінде денсаулық сақтау министрлігі Ҧйымдарында тіркелген [6, 175]. 1984 ж. жазынан Иранның кейбір қалаларында "ӛнегесіздікпен кҥрес және жалпы ӛнегелікті сақтау штабтары" қҧрыла бастады. Оларды әдеттегідей исламдық прокурорлар басқарды. Олардың мақсаты - ірі державалардың саяси, экономикалық және әскери астыртын әрекеттерімен кҥресу, сонымен қатар ислам мәдениетінің тазалығы ҥшін кҥресу. Ал, олар заң жҥзінде мемлекет азаматтарының ислам ережелерін сақтауын бақылау ҥшін қҧрылған болатын. Исламдық биліктің ықпалды институты болып, жҧма намаз басшылары институты саналады. Олар хомейнилік мҥддені қорғайтын исламдық кӛзқарас пен саяси пікірді халық арасына таратып, қалыптастыру мақсатында қҧрылған. Ол Хомейни бҧйрығы бойынша 1982 ж. қҧрылып, тікелей кӛсем бақылауында болды. Оны басқарушы орган – Жҧмалық Имамдардың Орталық Кеңесі (ЖИОК) заң тҥрінде ҥкімет органдары қызметіне араласпайтын, ҥкіметтік емес орган. ЖИОК-қа берілген "халық қорғаушысы" және "имам бағытын қолдаушы" дәрежесі оларды ҥлкен ӛкілеттікпен қамтамасыз етеді. ЖИОК міндеттерін анықтай отырып Хомейни мынандай нҧсқау айтты: жҧмалық ҥгіт-насихат сӛздері саяси сипатта, исламдық ӛнегелік ережелерге сай болуы қажет; олар халықтық бірлікті сақтауға және саясатқа белсене араласуға ықпал етуі; дін басыларды саясатқа қатыстыруы, қоғамның барлық ағымдағы істерін бақылауы қажет; қоғамды басқарып, насихаттауы қажет болды. 1983 ж. ЖИОК жарғысы қабылданды, онда нақты жҧмалық имамдар міндеттері айқындалған: мемлекеттік органдармен ҥйлесімді әрекет ету, режимнің зайырлы билеушілері мен дін басылар арасындағы шиеленісті шешу, елдегі теологиялық орталықтағы барлық жҧмалық
12
имамдардың ҥйлесімді қызмет атқаруы, жалпы халықпен қатынасты қалыптастырып, мҧсылмандарды діни-саяси бағытта тәрбиелеу. 1987 ж. 3 маусымға дейін Иранда тағы бір ықпалды исламдық билік орталығы, 1979 ж. ақпанында қҧрылған ислам республикасының партиясы жҧмыс істеді. Исламдық саяси жҥйе елде қандай да болса саяси партияның болуын жат деп білсе де, ИИР-да партия болған еді. Аятолла Хомейни оның қҧрылуын қолдап, партия жарғысын қабылдады, осылай оны оппозициямен кҥреске қолдануды мақсат етті. Ал, оппозициялы партиялар мен ҧйымдар жойылған соң, ИРП қызметі қажетсіз болып қалды да, Хомейни 1987 ж. 3 маусымда оны таратты. Айрқша атап ӛтетін жағдай, исламдық ҥкімет халықтың саясатқа араласуын қолдап қана қоймай, мемлекеттегі халық билігін ресми мәлімдейді. Оған қоса, ИИР Конституциясына жергілікті ӛзін-ӛзі басқарушы және сайланушы органдар, Кеңестер жайлы арнайы бап енгізілген. Бірақ олардың қызметі қалалық және ауылдық жерлердегі әлеуметтік, экономикалық, денсаулық сақтау, мәдени даму, білім бағдарламаларын жҥзеге асырумен шектеледі. Кеңестерге дирекция мен әкімшілік биліктен басқа, жҧмысшылар мен шаруалардың міндетті тҥрде қатыстырылуы арнайы айтылған. Осы тектес исламдық кеңестер іс жҥзінде бар, дегенмен олардың қызметін билеуші дін басылар ӛкілдері қатаң бақылауға алған [6, 178]. Хомейнилік исламдық билік ӛзін қорғауды ойластырмаған жағдайда, ҧзақ уақыт ӛмір сҥрмеген болар еді. Алғашында жаңа режимге адал берілген қарулы әскер қҧрылған болатын. Ал 1979 ж. мамыр айында соның негізінде ислам революциясын кҥзету корпусы (ИРКК) қҧрылды. Ол Конституцияға сәйкес қатардағы әскермен бірге ӛмір сҥруде. "Кҥзетшілер" кӛмегімен жаңа ҥкімет оппозицияға қарсы тҧрып, ӛздерінің барлық саяси қарсыластарын жоюға мҥмкіндігі бар. Қазіргі кҥні ИРКК сан жағынан қатардағы әскерден басымырақ. Оның қатарында шамамен 350 мың адам бар. Корпус соңғы қару тҥрлерімен жасақталып, елдегі қуатты кҥшке айналған, ресми тҥрде тікелей ҧлт кӛсеміне ғана бағынады. ИРКК ішкі саяси билік ҥшін кҥрестегі қайратты қҧрал екенін мойындаған ҥкімет, оның дербес ішкі саяси кҥшке айналуына жол бермеуге тырысуда [6, 179]. 1989 ж. Иран Ислам Республикасының рухани жетекшісі қайтыс болды. Бҧл жайлы "Новое время" журналы мынадай пікір айтады: "1989 жылы 4 мамырда 88 жасында Тегеран госпиталінде рухолла Мусави Хомейни, ислам революциясының жетекшісі қайтыс болды. 13
Иран тарихының маңызды бӛлігі аяқталды. Иранда 40 кҥн қаралы кҥндер деп жарияланды. Ақпарат қҧралдары мен әр елдің мемлекет қайраткерлері ол жайлы еш бҥкпе-сыбырсыз не жеккӛрушілікпен, не таңқалушылықпен баға беретін. Қалай болғанда да, кӛз жҧмған имам тарихты ӛзгертушілердің қатарынан екендігі анық. Ол адамның есімі ӛз отанынан тысқары жерлерге де таныс, ал оның әрекеті Шығыс елдеріне ғана емес, мҧсылмандар тҧратын әлемнің тҥкпір тҥкпіріндегі елдерге де әсер етті деп айтуға болады. Оның Ирандағы билік жылдарының барлығы дерлік халыққа ҥлкен жоқшылық әкелген Иран-Ирак соғысына сәйкес келеді. Хомейни дәуірі мҧсылмандар ҥшін сынақ дәуірі болды" [7, 20]. Имам Хомейнидің денесі Тегеранның оңтҥстігіндегі БехештеЗахре қалашығында жерленген. Бҥгінде бҧл жер мҧсылмандар зиярат етіп, ауырғандар шипа іздеп, шетелдік қонақтар кӛрмей кетпейтін қасиетті орынға айналған. 2000 жылғы Иранға сапарымызда ӛзіміз де тамашалаған Хомейни мавзолейін В. Михеев тӛмендегідей суреттейді: Заңғар биік екі минареті, алтын тӛбелі кесене шаңырағының астына 50 мың адам сиғыза алады. Жерге кілем тӛселген, жоғарыға жҥздеген шам ілінген. Колонналар қара матамен қапталған, бірнеше жерде имам келбеті бейнеленген суреттер кӛрінеді. Дәл ортада теократиялық мемлекет негізін салушы – Хомейнидің мәйіті жерленген орын бар [8, 27]. 1989 ж. Иранның рухани басшысы – Әли Хаменеи. 1992 жылдан 2005 жылға дейін Иран Ислам Республикасының президенті, Х. Рафсанджанидің кеңесшісі болған – Сайид Мухаммад Хатами болды. Хатами 1997 ж. 23 мамырда болған президент сайлауына қатысып, дауыс берушілердің 69,5% қолдауымен, Республиканың бесінші президенті болып сайланды [9, 37]. 2001 жылы Хатами келесі мерзімге президенттікке сайланды. С.М. Хатамидің алғашқы тӛртжылдық (1997-2001 жж.) кезеңі Иран саяси ӛміріне жаңа дәуір алып келді. С.М. Хатами елдің саяси ӛмірін демократизациялау бағытында бірқатар шаралар жҥргізді. Әсіресе, елдің сыртқы саяси бағытын белгілеуде ҥлкен ӛзгерістер байқалды. Ел президенті халықаралық қатынастарды реттеуде жаңа концепция "ӛркениеттер тілдесуін" ҧсынды. Иранның әлемдік ҧйымдармен жақындасуы басталды. Қазіргі кезде Ирандағы негізгі идеологиялық орталық болып, шииттік ислам қағидалары мен дәстҥрлеріне сҥйенетін, жартылай 14
ресми статусқа ие улемдер институты саналады. Ол кең тҥрде мҧсылман ғалымдарын біріктіреді. Қҧранға тҥсініктеме жазып, шариғат заңы мен ахбарларды терең таныған, исламдық шииттік дәстҥрлерді сақтаушылар нақ осы улемдер болып табылады. Улем атағы халық арасында қаншалықты қҧрметті болғанымен, әкеден балаға мҧра ретінде берілмейді. Бҧл дәреже "қасиетті" шииттік орталықтар - Неджеф, Кербела, Мешхед, Қҧм діни медресселердегі ҧзақ оқу мен зерттеулер нәтижесінде беріледі [10, 17]. Шииттік улемдердің жоғарғы айрықша қҧқықты тобын – муджахиттер қҧрайды. Улемдердің барлығы муджахидтер бола алмайды. Себебі хадис пен мҧсылмандық заң және діни аумақтағы толық білімді игерумен қатар, олар ӛздеріне "қасиеттілік" сипатын беретіндей жеке басының ӛнегелігімен, қҧдайшылдығымен ерекшеленуі тиіс. "Муджахид" тҥсінігінің ӛзі дәреже мен атақты біріктіріп қоймай, адамның рухани, интеллектуалды кіршіксіздігін білдіреді. Шиизм қағидаларына сәйкес, шииттік муджахидтер сунниттіктермен салыстырғанда ҥлкен хҧқықтарға ие. Сунниттермен салыстырғанда, шииттер арасында жоғарғы беделді кейбір муджахидтер Қҧран сҥрелері мен ахбарларға сҥйене отырып, ӛз пікірлерін айтып, мҧсылман заңдарына қорытынды жасап, заңдық қорытынды – фетва шығара алады. Ал сунниттік факихтер діни ережелерді жетілдіруге, ӛңдеуге қҧқылары болмады және ӛздерінің барлық қорытындыларын тӛрт мазхабқа негіздеп шығарды [10, 18]. Дегенмен, тәжірибе жҥзінде шииттік муджахидтердің ӛте аз бӛлігі иджтихадты жҥзеге асырып, фетва шығаруға лайықты деп саналады. Муджахид дәрежесін алу ҥшін улем халық арасында атақты болуы ӛте маңызды. Сол мақсатта улем шиизм дәстҥрі, шариғат жайлы басқа муджахидтер кӛзқарастарын сынға алып ауызша, жазбаша ӛз пікірін таратуға тырысып, мешіттерде ҥгіт сӛздерін жҥргізіп, мҧсылман дініне байланысты тартыстарға қатысады. Ӛз тарапына мҧсылмандардың барынша кӛп бӛлігін тарту ҥшін діни адамдардың жақтастары мен ізбасарлары қала, ауыл мешіттерінде, ҥлкен қалалар базарларында оның кӛзқарастары мен ілімін халыққа таратады, осылайша болашақ муджахидтер әйгілі бола бастайды. Ислам заңы бойынша муджахидтердің барлығы тең және бір қҧдай мен "жасырын" имамға бағынышты болғанымен олардың арасында ерекшеленетіндері де болады. Мысалы, муджахид тек ӛз 15
жақтастары арасында беделді әрі қадірлі болуымен қатар, басқа муджахидтер арасында да сыйлы болған жағдайда, оны "аятолла" деп атай бастайды. 40-50 жылдардағы ықпалды, атақты муджахидтердің бірі – 1961 ж. қайтыс болған аятолла Боруджерди саналды. Ол ең жоғарғы "аятолла ал-узма" және "мердже ат-таклид" деген шииттік лауазымға ие болды. Осылайша, оны тек қана Ирандағы шииттік мҧсылмандар мен беделділер емес, шииттік қоғам бар барлық Ирак, Сирия сияқты елдерде де қабылдады. Аятолла Боруджерди резиденциясы Ирандағы шииттердің қасиетті қаласы - Қҧмда болды. Оның лекциясын тыңдауға Мешхед, Исфахан, Шираз, Иезд және басқа да Иран қалаларының, сонымен қатар, Ирактағы Неджеф пен Кербеле медреселерінің студенттері жиналатын [10, 21]. Боруджердидің ҥкіметке қарсы шығуына қарамастан, әсіресе, ӛмірінің соңғы жылдарында аграрлық реформаның жҥргізілуіне әйелдердің меджлис сайлауына қатысу қҧқығына қарсы, ағарту істеріндегі дінбасылар ықпалына шек қоюына наразылық білдіруіне қарамастан, ҥкіметке ирандық дінбасы лидерінің беделімен санасуына тура келді. Иранда Х-ХІ ғасырлардан бері шейх оль-ислам атағы белгілі. Бҧл атақ ерекше беделді діндарларға берілді. Тіпті, шейх оль-ислам мен казиларды жоғарыда кӛрсетілген улемдер мен муджахидтер институты шеңберіндегі ерекше топ деп атап кӛрсетуге болады. Шейх оль-ислам мен казилер діни тӛрелік тапты қҧрап, шаһ пен ҥкіметтен ақшалай қаржы алатын исламның ресми ӛкілдері болды. Иранда шейх оль-ислам муджахидтер мен кейбір аятоллалар алатын, жоғарғы қоғамдық дәрежеге ие болды. Арнайы діни-заңдық білімі бар, заң ерекшеліктерін терең зерттеген, діни заңдылық шариғат, Қҧран мен ахбарға арқа сҥйеген бҧл адамдар шариғат сотының жоғарғы тӛрағасы, тек діни емес, онымен қатар азаматтық тартыстарды шешудегі жоғарғы адам болып саналады. Иранда шейх оль-ислам муджахидтер мен кейбір аятоллалар алатын, жоғарғы қоғамдық дәрежеге ие болды. Арнайы діни-заңдық білімі бар, заң ерекшеліктерін терең зерттеген, діни заңдылық шариғат, Қҧран мен ахбарға арқа сҥйеген бҧл адамдар шариғат сотының жоғарғы тӛрағасы, тек діни емес, онымен қатар азаматтық тартыстарды шешудегі жоғарғы адам болып саналады.
16
Муджахид атағынан ерекшелігі, шейх оль-ислам атағын белгілі муджахидтер келісімімен шаһ тағайындады. Әдетте, Иранның әр ірі қаласында, муджахидтер мен молдалардан қҧралған шариғаттың сот жиылысын басқаратын, басқаша айтқанда ҥкімет пен шииттік дінбасыларды жалғастырып тҧратын шейх оль-ислам болды [10, 23]. Әр шейх оль-исламның қол астында кандидатурасы ҥкімет қолдаумен ҧсынылған казилер қызмет етеді. Олар шариаттық сотта Қҧран мен шариғат негізінде сот істерін жҥргізіп, жалақы алып отырды. Кейбір шейх оль-исламы жоқ кіші қалалар мен жергілікті орындарда казилар ӛздері сот істерін жҥргізіп, жазалық ҥкім шығаруға қҧқылы болды. Шииттік имамдардан тарайтын ҧрпақ ӛздерін сейидтер деп атайды. Шииттік дәстҥрге сай, пайғамбар ҥйінен тарайтын, Мҧхаммедтің тікелей ҧрпақтары – Хасан мен Хусейннен, яғни қызы Фатима мен кҥйеу баласы Әли ҧрпақтарынан тарайтындар мҧсылмандар арасында ерекше қҧрметке бӛленеді. Осылайша, Әли, Хусейн мен Хасан ҧрпақтары ӛздерін сейидтер деп атай алды. Ертеректегі деректерге сҥйенсек, сейд-әлидтер атына Әли мен Фатимидтердің тікелей ҧрпақтары ғана емес, сонымен қатар әкесі жағынан пайғамбар жанҧясының мҥшелері және Әлидің басқа әйелдері мен қҧлдарынан туған ҧрпақтары (аңыз бойынша, Әлиден 18 ҧл, 11 қыз қалған кӛрінеді) талас тудырған екен [10-4, с. 25]. VІІІ ғасырда халифаттағы билікті Аббас ибн-Мутталиб ҧрпақтары басып алғаннан кейін, алтыншы шииттік имам Джафар ас-Садиқтың, тек Хусейнидтер мен Хасанидтер ҧрпақтары сейид бола алады деген қағидасы жеңіске жетті. Ол бойынша Әлидің кҥңнен туған ҥшінші ҧлы Мҧхаммед ибн әл-Ханафийа ҧрпақтары сейид бола алмайды, оның ӛзін де "он екі имамдық ағымға тӛртінші имам ретінде шииттер енгізбеген еді. Сейидтер, мҥшелері ғасырдан ғасырға ӛте отырып бір-бірімен ерекше қоғамдық және әулеттік міндеттемелермен байланған қауымға ҧқсайды. Сейидтердің кӛп бӛлігінің аттары мен тектері Имами, Джафари, Мусави, Разави болып келеді. Ӛздерін алғашқы имам Әлиден тараймыз деп санайтын кейбір сейидтер Табатабаи тегі болып жазылады. Сейидтер кӛбіне Хусейн немесе Хасан есімді болып, Фатиманың ӛзінен тарайтындығын айқындау мақсатымен ол есімдерге шаһ, мір, шариф жалғауларын қосады [10, 25]. Сейидтер жоғарғы немесе тӛменгі дәрежелі діни адам ба, дәулетті әулеттен шыққан ба, әлде қайыршылық жағдайында ӛмір сҥре ме, 17
діни қызметпен айналыса ма, айналыспай ма, бәрі бір мҧсылмандар арасында пайғамбар ҧрпағын қабыл алып, қҧрметтейді. Шииттер арасында пайғамбар ӛзі ӛсиет еткен мҧсылмандардан жиналған салықтың бір бӛлігі ахль аль-бейт әулетіне – сейидтерге берілу қалыптастырылған. Сейидтер саудадан ӛзге қалаған барлық іспен айналыса алады, ал дәстҥр бойынша діндар болғандары дҧрыс. Сейидтер киімі улемдер киімінен қатты ерекшеленбейді (қарапайым қара тҥсті халат), ал бастары ақ тҥсті емес, жасыл немесе қара тҥсті тюрбандармен байланады да, белдерін де жасыл тҥсті кушакпен байлайды. Сейидтер әдетте тек ӛз шеңберлерінен қыз алысады, "бӛтендермен" ҥйлену ӛте аз байқалады. Әр сейид материалдық жағдайына байланыссыз, ӛмірінде шииттік қасиетті орталықтар – Неджеф, Мешхед, Қҧм қалаларына қажылықтан басқа, оларға қажы атағын беретін Меккеге ҥлкен қажылық жасауы міндетті. Шииттік ӛсиет бойынша, сейидтер ерекше діни, ӛнегелі ӛмір сҥруі тиіс. Нақ осы "қҧдайсҥйгіш ерекше ӛміріне" байланысты кейбір сейидтерді шииттік аңыздар қасиетті санаған [10, 26]. Ислам діни институтының тағы бір ӛкілдері болып – молдалар, пишнамаздар, ваэздер мен роузехандар саналады. Олардың әрқайсысына ерекше тоқталып ӛтейік. Шииттік дінбасылар кӛзқарастары мен олардың мҧсылмандарға ҥндеуін жеткізетін, шииттік сенімді насихаттаушылар – молдалар болып табылады. Қасиетті шииттік орталықтар Неджеф, Кербеле, Казимейне, Самарра, Қҧм, Мешхедтегі медреселерде атақты муджахидтерден орта және жоғары теологиялық білім алған адамдар молдалар болып Иран қалалары мен ауылды жерлердегі мешіттерде ҥгіт жҧмыстарын жҥргізеді. Иранның ірі қалалары мен діни орталықтары мешіттеріндегі молдалар әдетте муджахидтерден болады. Қалалық аудан мешіттері мен ауыл мешіттері молдалары тӛменгі дәрежеде саналады. Олар пишнамаздар деп аталады және муджахидмолдалармен салыстырғанда терең діни білімді емес. Әдетте олардың білімі Қҧм мен Мешхед медресесінде сабақ алумен шектеледі. Олардың арасынан тек жағдайы келетіндері мен ерекше талаптылары ғана Неджеф пен Кербеле медреселерінде оқуларын жалғастыра алады. Әдетте молдалар муджахид дәрежесін алуға талпынып жҥрген атақты муджахидтер ізбасарлары бірінің жақтасы немесе ізбасары болады. Қалалар мен ауыл мешіттерінде молдалар ӛз ҧстаздарының 18
саяси-этикалық кӛзқарастарын ӛсиет, жолдама, арнау, тәлім ретінде халыққа таратады. Жоғарғы дәрежедегі муджахидтер кейбір қала, ауылды жерлердегі және аудандардағы молдаларды мҧсылмандардан қҧрбандық пен діни салық жинау мақсатында ӛз орынбасарлары етіп тағайындайды. Молда арабша оқуға, пайғамбар Әли мен шииттік имамдар жайлы негізгі аңыздарды білуге, ирандық эпостық поэма Фирдоусидің "Шаһ-намесі" мен Сағди "Гҥлстанын" ӛз сӛз сӛйлеуінде қолдануға басқа да парсы, араб тілдеріндегі поэтикалық шығармалардан ҥзінділер білуі қажет. Тіпті ӛте алыстағы ауылды мекендердің де молдалары болады. Әр жҧма сайын молда жергілікті тҧрғындарға Қҧран оқиды. Осы қызметі ҥшін жиналғандар оған ақша, азық, сыйлық табыс етеді. Ирандағы шииттік ислам "дәстҥр қызметкері" болып тағы да роузехандар мен ваэздер саналады. Жоғарғы діни топтан шыққан ваэздер кӛбіне мешіттегі жиылыстарда ҥгіт жҥргізеді. Олар халық алдына шығып, кӛбіне ӛсиет сӛздерін, рухани кемелденуге шақыру немесе жҧмақ қызықтары мен тозақтағы кҥнәлілер жазасын бейнелейтін о дҥниедегі ӛмір жайлы айта келе, ӛз сӛздерін Қҧраннан, классикалық ирандық ақындар шығармаларынан ҥзінділер, мақалмәтелдермен дәлелдеп отырады [10, 27]. Роузехандар ай кҥнтізбесі бойынша бірінші мҧсылмандық мохаррам айының алғашқы он кҥніне сай келетін шииттік имам Хусейнді аза тҧту кҥндерінде ӛнерлі діни уағыз оқуларымен атағы шыққан. Олар ӛлеңдерінде барлық он екі шииттік имамдар басына тҥскен ауыр жағдай жайлы, олардың "ӛнегелі ӛмірі, қҧдайшылдығы мен қҧрбан болғандықтары" жайлы баяндайды. Роузенхандардың қоғамға енуі, XVІ ғасырға, шииттік діндар Хатефидің "Роузат-ашШухеда" шығармасы әйгілі болған шаққа сай келеді, себебі, мохаррам айында кейбір дін адамдары шииттік қауымға бҧл кітаптан ҥзінділер оқуды бастады. Сефевидтер заманынан бастап роузехандар мохаррам айы мен рамазан айларында және шииттік басқа да діни мереке кҥндерінде мешіттерде, жабық жайларда, халық жиналатын алаңдарда, базарлар мен жеке ҥйлерде шииттік имамдар жайлы ӛлеңдер оқыды. Имам Хусейнді аза тҧту, ауыз бекіту, имам Әли мен басқа да шииттік имамдарды еске алу кҥндеріне байланысты барлық діни рәсімдерді атқару роузехан міндеті болып саналады. Атақты деген роузехандар
19
ірі шииттік орталықтарда ӛмір сҥріп, қызмет етеді. Тегеран, Исфахан, Казвин қалаларында олар қала базарларында жиналады [10, 29]. Шииттік дін басыларға вакф, закят және сыйлықтардан тҥсетін қаржылардың бір бӛлігі роузенхандар қажеттерін ӛтеуге жҧмсалады. Әдетте роузехандар арабтық қара тҥсті абайиді киіп басына ақ чалма тартады. Егер олар сайид немесе қажы болса, жасыл чалма тартады. Роузехандар діни мистерия – та'азийеге міндетті тҥрде қатысады. Та'азийе – азаппен ӛлтірілген имам Хусейнді еске алуға арналған – театрландырылған қойылым. Бҧл қойылым ӛте қайғылы тҥрде орындалатын роузехан ӛлеңдерімен басталады. Роузехан ӛлеңдерінің текстері атақты шығыстанушы Е.Э. Бертельс кітабында кӛптеп келтірілген [11]. Роузехан ӛлеңдерін сипаттайтын бір ҥзінді келтірейік. "О, ағалар! О, Қарындастар! Мохаррам айында біз еске алатын қасіретке жҥректеріңді беріп, мҧңайыңдар, қанды жаспен ӛксіп жылаңдар! Пайғамбар әулетінің кҥйзелісі жайлы толғану - жҧмаққа есік ашатын кілт екенін ҧмытпаңдар. Бір кҥні қасиетті Фатима, бҧл кіршіксіз тазалықтың белгісі, ӛзінің қымбатты ҧлы-имам Хусейннің шашын тарап тҧрып, тарағында абайсызда жҧлынып қалған бір тал шашты кӛріп, жылап жіберіпті. О, менің қауымым, бҧл жағдай қаншалықты маңызды кӛрінбегенімен, менің сӛзіме кӛңіл бӛліңдер ... Мені ӛртеген қайғыдан, ҥнім шықпайды!... Ендеше, бҧл дҥниеде болмағандықтан, жҧмақ тауларының биігінен, жерге домалап тҥскен қымбатты басты кӛрген Фатиманың, аналық қасіреті қаншалықты терең болғанын ӛздерің бағалаңдаршы." Әдетте, роузехан ӛлеңдерінде "жылаңдар", немесе "жас жазылмайтын дерттің емі, жас - қайғымен ауыратындар сусыны... Хусейннің ауыр жарасына дәрі" сияқты шақыру сӛздері кӛп кездеседі. Ирандағы ресми емес дінбасылар тобына тоқталар болсақ, оны суфийлік шейхтер қҧрайды. Олардың ізбасарлары мен оқушылары – дервиштер, суниттік мистикалық орденнің қатардағы мҥшелері саналады. Дервиш-суфиилер VІІІ-Х ғғ. ӛзінде Таяу және Орта Шығыста пайда болды. ХІ-ХІІ ғғ. суфизмнің негізгі орталығы болып ирандық Хорасан провинциясы саналды. Суфиилер тҧрағы, басында қарияшейх тҧратын, ханега болды. Тарикат жолына аяқ басқандар мҥридтер саналады. Шейх-мҥридтің басшылық етуімен мҥрид "тарикат жолындағы кемелдікке" жету мақсатында ҧзақ аскеттік 20
танымдылық ӛмір жолынан ӛтуі қажет. Ҧзақ сынақтан кейін мҥрид орден мҥшелігіне еніп, дервиштік ерекше киім (хирка) киіп ӛз кельесін алады. Суфизм тыйым салмайтындықтан орден мҥшелері ӛз қалаулары бойынша ҥйлі, әулетті бола алды. Ауқатты әулеттен шыққан орден мҥшелері ӛз жерлері мен дәулетінің бір бӛлігін вакф ретінде, суфийлік тҧрақтар, шейхтер мен дервиштерге кӛмек ретінде мҧраға қалдырады. Дервиш – каландарлар, суфийлік дәстҥр дҥниелік игіліктен бас тартуды жақтайтындықтан, ӛздері қайыр тілеп, садақамен ӛмір сҥреді. Адам ӛз "менінен" арылып, қҧдаймен бірігуі ҥшін, суфийлер пікірі бойынша "рухани кемелдену" сатысынан ӛтуі қажет. Алғашқы, дайындық сатысында адам шариғат заңы бойынша ӛмір сҥруі міндетті. Екіншісі – тарикатқа адамның негізгі мақсаты дҥние игілігін тәрк етіп, "рухани ӛмірін" кемелдендіріп, ӛзіндегі ерікті жою және шейх бҧйрығын орындау. Ақырғы, ҥшінші баспалдақ – хакикат – рухани ақиқатты тану, қҧдаймен толық бірігу. Орта ғасырларда Иранда оннан артық суфийлік ордендер болса, бҥгінгі кҥні суфийлік ҥш орден сақталған: Захаби, Хаксар және белгілі Ниматуллахи ордені. Бҧл суфийлік ордендердің шииттік сипатта болуы валайат пен он тӛрт кҥнәсіздерді: Мҧхаммед, оның қызы Фатима және он екі шииттік имамды қабыл алады [10, 37]. 2. Діни институтқа негізделген мемлекеттік жҥйе 1978-1979 жж. революция кезінде енгізілген, тек шииттік Иранға ғана тән Ислам революциясының Жоғарғы рухани басшысының институты болып - "Велаят-э факих" саналады. "Велаят-э факих" парсы тілінен аударғанда фикх пен шариғатты, мҧсылман теологиясын жетік білетін адамның басқаруы мағынасын береді. Алғашқы "Велаят-э факих" – аятолла Р.М. Хомейни, оның 1989 жылы қайтыс болуынан кейін, бҥгінгі кҥні Сейед Әли Хаменеи Иран халқының Рухани басшысы болып табылады. ИИР Конституциясында кӛрсетілгендей, Рухани басшы мемлекеттегі ҥш билік тармағынан жоғары тҧрады, ол елдің ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағытын айқындайды, кез келген заңға тыйым (вето) салуға хҧқылы, ИИР Қарулы Кҥштерінің бас қолбасшысы, одан ӛзге ол ел Президенті сайлауының ӛткенін ресми тҥрде мойындау туралы қаулыға қол қояды, тіпті қажет болған жағдайда Президентті орнынан алуға да хҧқы бар. Рухани басшының билік басында болу 21
Конституциямен шектелмеген. Рухани басшы 86 аятолладан тҧратын ИИР Эксперттер Кеңесі сайлауымен тағайындалады. Елдің діни институттарымен селбесіп жатқан бҥгінгі мемлекеттік қҧрылымына назар аударатын болсақ, Исламдық Республика бола тҧра, тек шииттік Иранға ғана тән ерекшеліктерді байқаймыз: ИИР Эксперттер Кеңесі (жетекші мҧсылман теологтар мен фикх пен шариғатты, ислам юриспруденциясын жетік білетіндердің Кеңесі) ИИР 8 жылда бір ӛткізетін жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде сайланатын жалпы саны 86 елдегі танымал мҧсылман теологтары мен аятоллалардан тҧрады. ИИР Конституциясы бойынша ИИР Эксперттерінің Кеңесі Рухани басшыны ("Велаят-э факих") сайлау немесе орнынан алып тастау хҧқына ие. Эксперттер Кеңесіне соңғы сайлау 2006 жылдың 17 қарашасына жоспарланған болатын. Эксперттер Кеңесінің Тӛрағасы – аятолла Әли Мешкини. ИИР Келістіруші Кеңесі – қабылданған шешімдердің исламдық жҥйе мақсатына лайықтығын айқындайтын Кеңес. Бҧл Кеңеске барлық билік тармақтарының басшылары мен дінбасылардың ықпалды ӛкілдері кіреді. Қабылданатын заң жобалары бойынша Мәжіліс пен Бақылаушы Кеңестің арасындағы жиі болып тҧратын қақтығыстың салдарынан бҧл органды қҧру қажеттілігі туған болатын. Аятолла Хаменеи 1997 ж. оған Рухани басшы маңындағы Жоғарғы кеңестік орган статусын беріп, Кеңестің ӛкілдік аясын кеңітті. 1997 жылдан бері Келістіруші Кеңестің тӛрағасы қызметін ИИР-ның бҧрынғы президенті Әли Акбар Хашеми Рафсанджани атқарып келеді. ИИР Парламенті – Ислам Кеңесінің Жиналысы (Маджлес-э Шоура-йе Эслами) немесе Мәжіліс – ИИР-ның бір палаталы жоғарғы заң шығарушы органы. Мәжіліс ӛкілдігінің мерзімі – 4 жыл. Оның қҧрамына 290 депутат жалпыхалықтық жасырын дауыс беру нәтижесінде сайланады. Қазіргі 7-Мәжіліс 2004 ж. ақпан айында ӛткен сайлау нәтижесіндегі қҧраммен жҧмыс істеуде. Аталған сайлау нәтижесінде консерваторлар жеңіске (290 орыннан 156) жетті, ал реформаторлар алдыңғы сайлауда 200 орынды иемденгеніне қарамастан, 2004 ж. тек 40 орынды сақтап қалды. ИИР Мәжілісінің Спикері белгілі ирандық саяси қайраткер – Ғоламәли Хаддад Адель мырза. Мәжіліс ҥкімет қҧрамын бекітеді, заң шығарады, шетелдік мемлекеттермен жасалған келісімдер мен шарттарды, бюджетті, мемлекеттік займдар мен ақысыз кӛмектерді бекітеді.
22
ИИР Бақылаушы Кеңесі (БК) – жоғарғы мемлекеттік орган. Иран Конституциясында кӛрсетілгендей, Бақылаушы Кеңестің қатысуынсыз ИИР Мәжілісі заңды деп танылмайды. БК Мәжіліс қабылдаған шешімдердің ислам ережелері мен Конституцияға сәйкестігін қадағалап отырады.Солай бола тҧра кез келген заң жобасы тек қана БК мақҧлдауынан кейін ғана кҥшіне ене алады. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар алдын ала БК комиссиясынан ӛтіп сайлауға тҥсуге рҧқсат алулары қажет. БК 12 мҥшеден тҧрады, олардың факихтерден (шииттік дінбасылардан) тҧратын 6 мҥшесін Рухани басшы ӛзі тағайындайды, ал қалған 6 сот тарапынан анықталып, Мәжілісте бекітіледі. Кеңестің ӛкілдік мерзімі – 6 жыл. Бақылаушы Кеңестің тӛрағасы – аятолла Ахмад Джаннати. Қорыта келе, ислам қашан да Иран халқының ӛміріне ықпал етті деп тҧжырымдауға негіз бар. Ислам факторының рӛлі, басында дінбасылар болған Ирандық революция кезінде ҧлғая тҥсті. Бҧл революцияға бҧқара халық атсалысып, монархияға, империализмге қарсы бағытталған тӛңкеріс болды. Революция барысында 2500 ж. аса уақыт Иранда билік еткен монархия қҧлап Исламдық Иран Республикасы дҥниеге келді. Жаңа тәртіп САВАК-ты жойып, АҚШ және Израильмен арақатынасты ҥзді. Иран-Ирак соғысына дейін-ақ ИИР ҥкіметі Ирандық мҧнай ӛндіру мен ӛткізуге толық бақылау жҥргізуді ӛз қолына алды. Газ және энергетика ӛндірісі ҧлттық деп жарияланды. Одан ӛзге ҥкімет ірі ӛндіріс орындарын, жеке банктерді, қауіпсіздендіру компанияларын ҧлттық етті. Ҥкімет жарлығы бойынша кірістің бір бӛлігі жетіспейтіндерге ҥй соғуға бӛлініп, жҧмысшылардың ең тӛменгі жалақылары кӛтерілді. Ҥкімет ірі жер иеліктерін жойып оны шаруаларға бӛліп беру туралы бағдарлама ҧсынды. Бҧл шаралармен қатар Иранды исламдандыру, "ислам ҧстанымдарына" негізделген қоғамның саяси, мәдени қҧрылымын тҥбегейлі ӛзгерту жҧмыстары да жҥргізілді. 1979 ж. бастап ислам Иран қоғамы ӛмірінің негізін қҧрап, ішкі, сыртқы саясатын, насихаттау қызметін, идеологиясы мен мәдениетін белгіледі. Теократиялық мемлекеттің исламдық концепциясы, яғни дін мен саясатты бӛлмей қарау Иранның жаңа Конституциясына негіз болды. Бҥгінде ширек ғасыр Исламдық Республика қиыншылықтарымен, жетістіктерімен ӛмір сҥріп келеді. Жоғарыда айтылғандай, бҧл тәртіптің орнына демократиялық билік келіп, болмаса, саясат пен 23
дінді бӛліп қарайтын заман туғанның ӛзінде исламның, шиизмнің мҥлдем қҧрдымға кететініне ҥлкен кҥмән бар. Оның бір себебі, ислам Иран жеріне ене отырып, зороастризмді оңай ысырып, сан ғасырларға бҧл жерде қалып қойды. Иран әулеттері тарапынан қамқорлыққа алынып, болмаса билікке келіп, қуғындалған заманда болсын қоғамда шиизмнің орны әрқашанда сақталды. Сондықтан да, Иран халқының ӛмір салтына айналған шиизмнен бас тартуы мҥмкін емес. Екіншіден, Иран кӛп ҧлтты, этникалық топтарға бай ел. Бҥгінде ҧлттардың тҧтастығына, олардың ыдырап кетпеуіне, демек мемлекет тҧтастығына кепіл болатын идеология бар болса, ол Иран ҥшін шиизм деп тҧжырым жасауымызға болады. 3. Джафаридтік исламның ерекшеліктері Шииттер де суниттер сипаттас бір Алланың, Мҧхаммет пайғамбардың, Қҧран мен Сҥннеттің басым бӛлігін мойындай отырып, ӛздерінің пайғамбар мен шииттік имам Әли ибн Әбу Тәліб жайлы ахбарлары бар екенін ҧмытпайды. Пайғамбар қайтыс болған алғашқы жылы саяси билік ҥшін кҥресте шииттер мен суниттердің арақатынасы кҥрт кҥрделеніп кеткені белгілі. Бҧл қайшылықтың халифті "сайлау" жайлы суниттік мемлекеттік-қҧқықтық ҧстанымға қатысы кӛбірек болды. Мҧсылман қоғамы беделділердің пікірі – иджмаға негізделген бҧл шешімге шииттер қарсы болды. Шииттер пайғамбардың "қасиетті отбасының" ("ахль әл-бейт") ҧрпақтары – имам Әли, Хасан мен Хусейн және Әли немерелері мҧрагерлік тәртіппен умманы басқаруы қажет деп санады. Шиизмнің VІІІ ғ. екінші жартысы мен ІХ ғ. басында қалыптасқан алғашқы догматикасы бойынша, Мҧхаммедтің орнын басатын, пайғамбар ӛлімінен кейінгі кӛшбасшы мҧсылман халық сайлауымен белгілене алмайды, оны қҧдай бҧйрығымен Мҧхаммед арқылы анықтайды. Тек "ахль әл-бейт" жанҧясының ҧрпақтарына ғана білім және Қҧранның жасырын мағынасын тҥсіндіру қҧпиясы берілген және тек солар арқылы ғана Қҧдаймен мҧсылман қоғамының байланысы мҥмкін. Сондықтан, имамит-шииттер аз уақыт билікте болып 661 ж. ӛлтірілген Әлиді ғана халиф деп таниды, алдыңғы ҥш халиф - Әбу Бекір, Омар, Османдарды халиф ретінде мойындамайды. Шииттердің басым кӛпшілігін қҧрайтын 12 имамдық, джафаридтік шиизмді ҧстанатын шииттер пайғамбардан кейін
24
есімдері тӛменде кӛрсетілген 12 имамның болғандығына кәміл сенеді: 1-имам Әли ибн Әби Тәліб әл Мҧртада (хиджра жыл санауының ай кҥнтізбесі бойынша 40 жылы қаза болған); 2-имам Хасан ибн Әли әл Мҧджтаба (хиджра жыл санауының ай кҥнтізбесі бойынша 50 жылы қаза болған); 3-имам Хусейн ибн Әли Сейид аш-Шухада (хиджра жыл санауының ай кҥнтізбесі бойынша 61 жылы қаза болған); 4-имам Әли ибн Хусейн Зейн әл Әбидини (хиджра жыл санауының ай кҥнтізбесі бойынша 95 жылы қаза болған) ("Тақуалардың әшекейі"); 5-имам Мҧхаммад ибн Әли әл Бәкір (хиджра жыл санауының ай кҥнтізбесі бойынша 114 жылы қаза болған) ("Ақиқатты іздеуші"); 6-имам Джафар ибн Мҧхаммад ас-Садық (хиджра жыл санауының ай кҥнтізбесі бойынша148 жылы қаза болған) ("Шыншыл"); 7-имам Мҧса ибн Джафар әл Казим (хиджра жыл санауының ай кҥнтізбесі бойынша 183 жылы қаза болған) ("Ӛзін-ӛзі ҧстайтын", "салқын қанды"); 8-имам Әли ибн Мҧса ар-Рида (хиджра жыл санауының ай кҥнтізбесі бойынша 203 жылы қаза болған) ("Алланың сҥйіктісі"); 9-имам Мҧхаммад ибн Әли әл-Джавад (хиджра жыл санауының ай кҥнтізбесі бойынша 220 жылы қаза болған) ("Ақ кӛңіл", "Кең пейілді"); 10-имам Әли ибн Мҧхаммад әл Хади (хиджра жыл санауының ай кҥнтізбесі бойынша 254 жылы қаза болған); 11-имам Хасан ибн Әли әл Аскари (хиджра жыл санауының ай кҥнтізбесі бойынша 260 жылы қаза болған) ("Жауынгер"); 12-имам Мҧхаммад ибн әл Хасан әл Махди (кҥні бҥгінге дейін жасырын саналады) [12, 52]. Имамдардың есімдерін мағыналауда Август Мюллер кітабынан [13, 19] кӛмек алынды. 12-имамның жоғалуына баланысты имамиттерде "Ғейбат-е сағир", "Ғейбат-е кабир" деген ҧғымдар бар. "Ғейбат-е сағир" – "Аз уақытқа, қысқа мерзімге жасырыну" деген мағынаны береді де, 12соңғы имамның жоғалу, жасырыну уақытынан шамамамен жетпіс жылға созылған (хиджра жыл санауы бойынша 260-329 жж.) уақытты қамтыды. "Ғейбат-е кабир" – "Ҧзақ уақытқа жасырыну" деген мағынада, ғейбат-е сағирдің аяғынан (хиджра жыл санауы бойынша 25
329 жылдан) имам Махди оралатын белгісіз уақытқа дейін созылады. [14, 231]. 12 имамға сенетін шииттердің алғашқы ізашарлары "Қҧдайдың қҧдіретімен қҧрылуына" байланысты имамат тек қана Әлидің ҥрімбҧтағына тиесілі және тек "анық нҧсқау" (ан-насс) жолымен Пайғамбардың немесе алдыңғы имамның айтылуымен жалғасып отыруы тиіс деген пайымдаған екен. Бҧл пікірді жақтаушыларды әр заманда әртҥрлі атпен: алғашында – шииттер немесе турбаниттер (Әбу Тураб – Әлидің лақап аты), кейінірек – джафаридтер мен рафидиттер деп атаған. Ал, имамиттер деген атау ІХ ғ. пайда болған болса керек: шииттік діндарлар Әли б. Исмаил ат-Таммар мен Мҧхаммад б. Халил ас-Саккак алғашқы имамиттер болып саналады [15, 312]. 871-878 жж. арасында жоғалып кеткен 12 шииттік имам Мҧхаммед әл-Асқари жайлы шииттер "тірідей аспанға" алынған, бҥгінгі кҥнге дейін сол жерде және қиямет кҥніне дейін қайтып оралады деп пайымдайды. "Жасырын" имам жерге қайтып оралғанша оның қызметін сенімді ӛкілетті адамдары атқарады. Аббасидтер билігі заманында шииттік догматика мен ІХ-Х ғғ. сол негізде пайда болған "жасырын" имам ӛкілдері жайлы доктрина маңызды ӛзгерістерді басынан ӛткізді. Имамат жайлы пікірлік ерекше жҥйе қалыптастырылды, бҧл жҥйені Иранда бҥгінгі кҥні де мойындайды. Себебі, жоғалып кеткен 12-имамнан кейін жоғарыда айтылған "Ғейбат-е сағир" уақытында имамның орнына тӛрт сафир оның ӛкілі ретінде басқару хҧқына ие болды. Ал, "Ғейбат-е кабир" заманы қазіргі кезге дейін жалғасып келеді, осылайша бҥгінгі Ирандағы "Велайат-э факих" Махди оралғанша билік ететін Рухани басшы. Кең тараған 12 имамдық шиизмнен басқа шиизмнің басқа тармақтарының ҧстанушылардың саны әлдеқайда аз, олар секта тҥрінде ғана тараған деп айтуға болады. Мәселен, исмаилиттер сектасы (VІІІ ғ. негізін қалаушы Исмаилдың атымен аталған) қазіргі Ауғанстан, Бадахшанның таулы аудандарында кең тараған. Бҧл имамдар зайырлы, салтанатты ӛмір сҥріп, жер-жердегі секта мҥшелерінен салық жинайтын "Агахан" мҧрагерлік династиясының негізін қалады. Исмаилиттер іліміне Азиядағы мҧсылмандыққа дейінгі діни-философиялық жҥйе мен жергілікті халық сенімдерінен кӛптеген идеялар енген.
26
ІХ ғ. исмаилиттер сектасынан карматтар тобы бӛлініп шықты. Мҥшелерінің басым кӛпшілігі Аравияның шаруалары мен бәдәуйлері қҧрайтын бҧл демократиялық секта дҥние-мҥліктің ортақтығын жариялады. Секта жетекшілері мҧсылмандық діни ілімді неоплатониктер мен гностиктердің идеяларымен араластырғысы келді. Олар адамды қҧдайдан тарайтын микрокосм ретінде қарастырды. Карматтар сектасы ХІ ғ.дейін ӛмір сҥрді. Жоғарыда аты аталған исмаилиттерден мистицизм мен мҧсылман еместерге қарсы сенім ҥшін фанатты кҥресті қосқан хашишуиндер (ассассиндер) сектасы бӛлініп шықты. Крест жорықтары жылдарында ассассиндер кресшілердің нағыз қас жауы болды (сектаның аты француз тілінен аударғанда "assassin" – адам ӛлтіруші мағынасын береді). ХІ ғ. сол тамырдан халиф Хаким ізбасарлары бӛлініп шықты. Сектаның кӛрнекті басшыларынң бірі Исмаил ад Дарази атымен секта кҥні бҥгінге дейін (Ливанда) друздар атымен белгілі [16, 582]. Осылайша, исламның бір тармағы ретінде бӛліне отырып, шиизм сол замандағы халифатқа тәуелді мемлекеттер арасындағы Иран жерінде таралып қана қоймай, тамырланып ғасырларға қалып қойды. 1. Политология, Хрестоматия под ред. М.А.Василика, М.,1999. 2. Васильев Л.С. История религии Востока, М.,1988. 3. Ислам в политической жизни стран современного Ближнего Среднего Востока, Ереван, 1986. 4. Аятолла Хомейни. Исламское правление, Алматы: Казахстан, 1993. 5. Сейид Мухаммад Хатами. Диалог цивилизации: путь к взаимопониманию, Алматы: Казахстан, 2002. 6. Мусульманские страны. Религия и политика (70-80 годы). Сб. ст. – М.: Наука, – 1991. – 170 с. 7. Згерский Д. Конец главы. Наследие, которое оставил Хомейни // Новое время, – 1989, – № 24, – С. 20-21. 8. 110 Михеев В. Вся власть заветам? // Азия и Африка сегодня. – 1992. – № 2. – С. 27. 9. Санаи Мехди. Предисловие // Персия, Алматы, 1998, № 1. – С 1. 10. Дорошенко Е.А. Шиитское духовенство в современном Иране. – М.: Наука, 1985. – 230 с. 11. 11.Бертельс Е.Э. История литературы и культуры Ирана. – М.: Наука, 1988. – 566 с. 12. Шомали Мухаммад Али. Краткое знакомство с шиизмом в исламе. – Кум: Джамиат аз-Захра, 2003. – 80 с. 13. Мюллер А. История ислама: От мусульманской Персии до падения мусульманской Испании / Пер. с нем. А. Мюллер. – М.: ООО "Издательство Астрель": ООО "Издательство АСТ", 2004. – 894 с. . –. 27
14. Прозоров С.М. Ислам как идеологическая система. – М.: РАН, 2004. – 500 с. 15. Токарев С.А. Религия в истории народов мира. М.: Политиздат, 1965. – 623 с.
28
ИСЛАМДЫҚ ИРАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНОКОНФЕССИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР Иран мәдениетін дамытуда елдегі этникалық топтардың ҥлкен әсері болды. Сан ғасырлық тарихы бар Иран - кӛп ҧлт, халық, тайпа, дін мекені. Дегенмен, бҧл біртҧтас Иран. Этникалық бояулары парсы кілемінің ӛрнегі тектес, бҧл халықтар бір ҧлттық кӛріністі береді. Бірнеше он жылдықтар барысында кӛшпелі тайпаларға отырықшы ӛмір саясаты ҧсынылғандықтан, елдің бай аудандары мен қалаларында миграциялық кӛбею байқалды. Уақыт ӛтісімен әдеттегі ӛмір салты ӛзгергенімен олардың ҧлттық киімдері, тҧрмыс қҧралдары, музыкасы, биі, қолӛнер туындалары ерекшелігі сақталып қалды [1, 6]. 1979 ж. бастап, Иран Исламдық Республикасы ретінде танылды. Иран - джафаридтік исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдаған жалғыз мемлекет. Сондықтан да елдегі этностар мен конфессиялардың қҧрамы мен сипаты қызығушылық танытады. Мемлекеттегі шиизмнің рӛлі қаншалықты маңызды, қалайша шиизм мемлекеттік дін ретінде жарияланды, Иран мемлекетіндегі этникалық топтар мен аз конфессиялар сипаты қандай, ИИР Конституциясында этноконфессиялық қатынастар қалайша реттелген, Иранның исламға дейінгі діні саналатын зороастризмнің бҥгінгі орны қандай, шииттік салт-дәстҥрлердің ерекшеліктері неде деген сҧрақтарға сараптамалық жҧмыста жауап іздестірілетін болады. Бҧл тақырыпты ашуда парсы тіліндегі дереккӛздер, Иран Ислам Республикасының Конституциясы, Мохаммад Хосейн Табатабаи сияқты ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Одан ӛзге, мемлекеттегі этностар мен конфессиялардың қҧрамына байланысты соңғы интернет деректері пайдаланылды. Сараптамалық жҧмыстың хронологиялық шектеуі ретінде Иранның 1979 ж. бастап бҥгінгі кҥнге дейінгі дамуы алынды. Иранның АҚШ мен Израиль мемлекеттеріне байланысты сыртқы саясаты, ел президенті М.Ахмадинежаттың ҧстанымдары, бҥгінгі уран байытудағы іс-шаралары әлем назарын ӛзіне қаратып отырғаны белгілі. Иран Ислам Республикасы Қазақстан Республикасының Каспийлік кӛршісі болып табылғандықтан, Иранға байланысты барлық зерттеулер ӛзекті болып саналады. Этноконфессиялық қатынастар Қазақстан даму стратегиясының маңызды бӛлігі болып саналғандықтан, ӛзге мемлекеттердегі этноконфессиялық қатынастарды зерттеудің тәжірибелік маңызы да бар. 29
1. Исламдық Иран Республикасындағы этностық топтар мен конфессиялардың жағдайы 2006 ж. санақ бойынша Иран халқының саны 70, 472 адамды кӛрсеткен болатын. Ол сан бҥгінгі кҥні 71,5 млн. адамға жетті [2]. Иран халқын тілдік ерекшеліктеріне қарай мынадай топтарға бӛліп, пайыздық кӛрсеткіштерін анықтай аламыз: парсы тілді – парсылар (51%), кҥрттер (7,5%), гиляндықтар мен мазендарандықтар (8%), лурлар (2%), белудждар (2%), тәжіктер мен ауғандықтардың аз бӛлігі; тҥріктілді – әзірбайжандықтар (24,5%), тҥрікмендер, ӛзбектер мен кашкайлықтар (2% аз мӛлшерде); араб тілді – арабтар (2%). Одан ӛзге Иранда ежелгі уақыттан армяндар (180 мың адам), ассириялықтар мен айсорлар (80 мың адам), еврейлер (50 мың адам) және бірнеше мың этникалық грузиндер және жҥздеген орыстар ӛмір сҥруде. Иран жерінде миллионға жуық кӛшпелі халықтар бар. Олар Тҥркістан шекарасынан Парсы шығанағының жылы суларына дейінгі кең алқапта тараған. Бҧл тайпалардың кӛп бӛлігін біздің дәуіріміздің алғашқы мыңжылдығында Орталық Азиядан Иранға басқыншылар ретінде еніп, кейінірек Иран таулы аймақтарының әр жеріне қоныс тепкен кҥрт, лур, бахтияр, гилак, белудж тайпалары қҧрайды. Орталық Ирандағы тайпалардың басым кӛпшілігі арий тегінен тарайды. Ал Хузестан мен Хорсандағы арабтар, Кучан тҥрік тайпалары, кашкай тайпалары, Әзірбайжанның шахсевен мен афшар тайпалары, тҥрікмендер сияқты басқа тайпалар әр тарихи кезеңдерде Иран жерінен ӛткен халықтар қалдығы болып табылады [3, 12]. Әр ҥлкен тайпаның ондаған кіші тайпаларға бӛлінетін бірнеше кӛптеген тарамдары бар. Білім беру қҧрылымының кеңеюімен ирандық тайпалардың жас ӛкілдері инженерлер, дәрігерлер, мемлекет қайраткерлері, ғалымдар санын кӛбейтіп, алдыңғы қатарлы зиялылар қатарын толтыруда. Бҥгінгі кҥні Иранда ӛз диалекті, ҧлттық киімі, белгілі бір мекені мен кӛсемі бар жҥзден артық тайпа ӛмір сҥруде. Олардың ішіндегі айтарлықтай ірілеріне тоқталсақ, олар: - афшарлар мен шахсевендер. Бҧл тайпалар жазда Сабалан тауының етегінде ӛмір сҥрсе, қыста Каспий теңізі маңындағы Мосхан егіншілік аймағында болады; - белудждер. Бҧл парсы тілінде сӛйлейтін тайпалар. Олар пәкістандық шекарадан ирандық шӛлді далаларға дейінгі ҥлкен 30
аумақта ӛмір сҥруде. Бҧл ҥлкен тайпа бірнеше кіші тарамдарға бӛлінген. Белудждердің негізгі кәсібі – тҥйе ӛсіру мен ауыл шаруашылығы. Ирандық кҥрттер Әзірбайжанның солтҥстік шекарасынан Хузистанның қҧрғақшылық даласына дейінгі жерді қамтиды. Олар ескі парсы диалектісінде сӛйлеп, ӛздерінше кӛсем басқаратын кӛп сатылы қҧрылымнан тҧрады. Олар Макулік солтҥстік кҥрттер мен Ирандық Әзірбайжандағы солтҥстік-батыс кҥрттер, Орумие ӛзені мен Курдистан таулары арасында ӛмір сҥретін махабадтық кҥрттер, санандадж бен Павалық, Саггездық, Иран шекарасындағы кҥрттер мен Загрос таулары, Хузистан жазығында ӛмір сҥретін Керманшахтық кҥрттер болып бірнеше топқа бӛлінеді. Бахтиярлар Исфаханның солтҥстігінен орын алатын Зард Кух таулы алқабында ӛмір сҥріп, қыста Хузистан жазығына тҥседі. Бахтиярлардың ҧлттық киімдері кең шалбар, домалақ бас киім, қысқа туникадан тҧрады және ол киім б.д.д 200 жылдан б.д. 280 жылдарын қамтитын кезеңді еске тҥсіреді [4, 13]. Гилактар Иран жеріне енген алғашқы тайпалар болып есептелінеді, олар Иранның теңіз жағалауындағы аудандарына қоныстанып, таза парсы диалектісінде сӛйлейді. Бҥгінде олардың саны азаюда. Гилак тайпасы ҧрпақтарының аз бӛлігі Талиш жерінде ӛмір сҥріп жатыр. Тҥрікмендер Иранның басқа тайпалары арасында сырт пішіндерімен ерекшеленеді. Олар Каспий жағалауымен Хузистан таулары арасында орналасқан Тҥрікмен Сахара даласын мекен етеді. Кашкайлықтар биік таулы Фарс аудандарында ӛмір сҥретін, тҥрік тілді тайпа болып саналады. Олардың ҧлттық киімі бахтиярлар киіміне ҧқсас болып келеді, дегенмен бір ерекшелігі баскиімдері дӛңгелек пішінді емес, Наполеон уақытындағы бас киімдер сияқты, ҥшбҧрышты болып келеді. Арабтар Парсы шығанағы жағалауы мен Хузистан жазығына бытырай орналасқан. Олардың негізгі тайпалары болып кааб, тамим және халис тайпалары саналады. Ертеректе Боджнурдан қоныс аударған араб тайпаларының аз бӛлігі Фарстың кейбір аудандарында ӛмір сҥруде. Лур тайпалары біртҧтас қҧрылымнан тҧрады. Лур халықтарының негізгі ерекшелігі ретінде табандылығы мен ержҥректігін атауға болады. Әдетте, олар ҧзын бойлы, шымыр денелі болып келеді. Кӛбіне олар Лурестанның таулы аймақтарында ӛмір сҥріп, жер ӛңдеп, 31
мал шаруашылығымен айналысады. Кейбір деректер лур халықтарының ежелгі кҥрттерден тарайтындығын кӛрсетеді. Бҧл екі тайпа да мидиялықтардың ҧрпақтары екені сӛзсіз. Олардың арасында фарстық батыс тауларында ӛмір сҥретін мамасаний лурлары негізгі тайпалардың бірі болып саналады [3, 13]. Жоғарыда аталған халықтардан басқа, Иранда этникалық мҧрасы мҥлде ерекше ҥндіевропалық тіл бірлігіне қосылатын армяндар да ӛмір сҥруде. Олар Тегеран, Исфахан және Әзірбайжан аймағында тҧрақтанып, кӛбіне кәсіпкерлік, ӛндірістік техникалық қызметпен айналысады. Еврей, ассирия және арабтардан тҧратын семит этникалық топтары, тҧрғындардың аз пайызын қҧрайды. Еврейлер де армяндар сияқты ӛз этникалық, тілдік, діни негізін сақтап, қауымдарымен ірі-ірі қалаларда ӛмір сҥруде. Ассириялықтар елдің солтҥстік-батыс бӛлігіне қоныстанған. Иран этникалық топтары арасында ең кӛп санды халықтар болып, ирандық тҥріктер немесе азарилер саналады. Тҥркі тілдік топқа жататын азари тілінде елдің 16,8 пайыз бӛлігі сӛйлейді. Пайыздық кӛрсеткіштерге сҥйенсек, Иран Ислам Республикасы халқының 45,6 пайызын парсылар, 16,8 пайызын тҥріктер, 9,1 пайызын кҥрттер, 2,2 пайызын арабтар, ал 26,3 пайызын қалған аз халық ӛкілдері қҧрайды [5, 26]. Статистика анықтағандай Ирандағы парсы емес халықтардың басым кӛпшілігін әзербайжан ҧлты қҧрайды. Сондықтан да болар кӛршілес Әзірбайжан республикасына Иран айрықша назар аударады. Бҧл жайлы москвалық «Новое время» журналының арнайы тілшісі В. Житомирский былай дейді: «Исламдық Иранның Әзірбайжанмен арақатынасы ерекше. 58 миллион тҧрғынның 15-тен 20 миллионға дейінгі санын әзербайжандар қҧрайтынын, тіпті Иранның рухани жетекшісі Хаменеидің де әзірбайжан ҧлтынан екенін ескерсек, бҧлай болмауы мҥмкін емес те. Тегеран Әзірбайжандағы оқиғаларды мҧқият қадағалайды» [6, 28]. Иран этникалық әркелкілігімен қатар, діни әртҥрлілігімен де ерекшеленеді. Бҧл ел халқының 91 пайызы шииттер болса да, ислам елі басқа халықтар дінін ерекше қҧрметтейді. Расымен-ақ Иранға сапар шеккен адам, сӛзсіз мҧсылман мешіттерінен ӛзге шіркеулер мен ғибадатханалардың еркін бой кӛтеруін байқайды. Ресми деректер бойынша, бҥгінгі Иран халықтарының 91 пайызын шииттер, 7,3 пайызын сунниттер, 0,7 пайызын
32
христиандар, 0,3 пайызын иудейлер, 0,1 пайызын зороастрийлер және 0,1 пайызын басқа дін ӛкілдері қҧрайды. Елдегі мемлекеттік дін шах билігі кезінде де республика жарияланғаннан кейін де шииттік бағыттағы ислам болғанымен, шииттер жергілікті халықтың 91 пайызын қҧрайды. Ал, сунниттерге кҥрттер мен арабтардың, белудж, тәжік, тҥрікмен және кейбір басқа халықтардың бір бӛлігі ғана жатады. Діни азшылықты қҧрайтын топтар ресми қабылданған қаулы негізінде ӛз әдет-ғҧрыптарын еркін жҥзеге асыра алады. Хамадан қаласындағы Эстер мазары маңында вавилондықтар дәуірінен негізін қалаған иудейлік колония әлі кҥнге дейін жҧмыс істеуде. Ал, солтҥстік Әзірбайжандағы армян шіркеуі мен оған бекітілген қасиетті Тадеуш монастырына жыл сайын шілде айында мыңдаған христиандар жиналады. Иранда 200 мыңнан артық армяндар бар. Олардың ең ҥлкен қауымы Исфахан ауданында Иолфте орналасқан, бҧл жерде олардың 13 шіркеуі, соборы және «Азиядағы католиктік музейі» бар [3, 9]. Аз ҧлттар мәселесі ХХ ғ. соңғы онжылдықтарында ӛздерін ӛркениетті санайтын бірқатар елдерде қайшылықтар, қанды қақтығыстар салдары болып жататындығы жалған емес. Бҥгінгі кҥні де Ирак пен Тҥркиядағы сияқты Иранда да кҥрттердің мәселесі шешілмеген даулы мәселелердің бірі екені сӛзсіз. Бҧл ғалымдардың да назарынан тыс қалмауда [7, 142]. «Алланың атымен...» деген еңбекте авторлар: «Иранның жаңа Конституциясында ҧлттық азшылықтың қҧқығын қамтамасыз ететін баптардың жоқтығы олардың арасында наразылықты кҥшейте тҥсті. Бҧл Ирандық Кҥрдістан, Батыс Әзірбайжанның бір бӛлігіндегі кейде ҧзаққа созылған қанды ҧрыстарға, қарулы қақтығыстарға алып келді. Кӛп жағдайларда осы қақтығыстарға Иранда қалып қойған американдық Орталық Барлау Басқармасы мен израильдық тыңшылар итермелеп отырды», – деп жазды [8, 124]. Шииттік дін қайраткерлері арасында мезгіл-мезгіл шиеленісіп тҧратын қайшылықтар, бір жағынан тамырын терең тарихтан алатын дәстҥрлі сипат алады. Олар негізінен, ислам бағытын нығайту мен исламды тарату ҥшін тиімді жағдай қалыптастыру сияқты жалпы мақсатқа қол жеткізу тәсілдері мен қҧралын әртҥрлі тҥсінуден туады. Екінші жағынан, бҧл қайшылықтар шииттік дін басылардың белгілі бір қоғамдық кҥштерге әлеуметтік таптық байланысы болуында. Діни беделділер арасында туындайтын қайшылықтар 33
кӛбіне иран қоғамының әлеуметтік бӛлініс, саяси кҥштермен топтасуын және олардың арасындағы кҥрестің әр тҥрлі аймақта шиеленісуін бейнелейді. Қайшылықтар ҧлттық мәселе шешілмегендігінен де тереңдей тҥседі. Бҧл мәселе Иран ҥшін ӛте маңызды. Себебі, елдің маңызды бӛлігін ҧлттық азшылық ӛкілдері қҧрайды. 2. Ирандағы этноконфессиялық қатынастардың Конституциямен реттелуі Иран Ислам Республикасының Конституциясына жҥгінсек, аз ҧлттар қҧқығын қорғайтын баптардың бар екеніне куә боламыз. Елдің негізгі Заңында олар тӛменде кӛрсетілгендей сипат алады: 1. Адамның тҥсі, тілі және нәсілдік ерекшелігіне байланысты ҧлтшылдық, рушылдық пен сараптаудың барлық тҥрін толық теріске шығару. Иран Ислам Республикасы Конституциясының 19 бабы бҧл жайлы былай дейді: «Кез келген этносқа не тайпаға жататын ирандықтар тең қҧқықты болып табылады: тҥсі, нәсілі, тілі және т.б. ешкімге айрықша дәреже бермейді». 2. Иран тҧрғындарының кӛп бӛлігінің ресми діні 12-имамды қабылдайтын шииттік ағымдағы джафаридтік ислам діні болғанымен, Конституция ислам дінінің басқа ағымдарына да дін ҧстану еркіндігі мен оларға ашық саяси кеңістік береді. «Иранның ресми діні болып 12 имамды қабылдайтын джафаридтік ислам ағымы саналады және бҧл қағида ешуақытта ӛзгермейді. Исламдық басқа нанымдар, атап айтсақ, ханафи, шафихи, малики, ханбали және зейдит қҧрметті деп саналады ...». Дегенмен, ИИР Конституциясында айтылғанмен шектеліп қоймай, бҧл баптың жалғасы ретінде былай деп қосады: «... бҧл нанымды ҧстанушылар ӛзі діни талаптарына сәйкес діни дәстҥрлерін жҥзеге асыруда толық ерікті болып табылады: олар ресми тҥрде діни тәрбие мен білім беру жҧмыстарымен айналыса алады, азаматтық және жеке басқа байланысты істерді (неке, ажырасу, мҧрагерлік, ӛсиет) шешіп, сол негізде сотқа жҥгіне алады; осы исламдық ағымдардың біреуін ҧстаушылар саны жергілікті халықтың кӛп бӛлігін қҧрайтын кез келген жерде, мҧсылмандық басқа ағымды ҧстанушылар хҧқын сақтай отырып, осы діни ағым талабы негізінде жергілікті нҧсқаулар мен ережелер орнатылады» (12 - бап) [9, 29].
34
Тек исламдық ағымдар ғана емес, зороастрийлер, иудеилер мен христиандар осындай қҧқықтарға ие. «Тек ирандық зороастрийлер, иудейлер мен христиандар заң шеңберінде ӛз діни дәстҥрлерін еркін жҥзеге асырып, ӛз ілімдеріне сай азаматтық істері мен діни тәрбие жҧмыстарымен айналыса алатын діни азшылық болып табылады» деп айтылады Иранның Ата заңында. Ирандағы православтық христиандар мен католиктер қарамағында Тегеран, Исфахан, Тебриз, Урмие және Абадан қалаларындағы 14 католиктік шіркеу, Хой аймағындағы белгілі тарихи «Кара-Келиса» шіркеуі, Тегерандағы 12 евангелиелік шіркеу бар [4, 14]. Тегеранда христиан-ассириялықтар қарамағында 6 шіркеу, екі әйелдер монастырі, бір монахтық ҥй бар. Тегерандағы ӛздерін Шығыстық шіркеуге жатқызатын 2 православтық шіркеу ассирийліктердікі болса, 3 шіркеу ассирийлік католиктердікі. Бҥгінде 80000 адамды қҧрайтын григорияндық армяндардың бір Тегеран қаласында 8 шіркеуі бар. Ал, Ирандаға иудейлердің бҥгінгі саны 50000 адамды қҧрап, бір Тегеранда 27 синагогты иемденеді екен [4, 15]. Бҥгінгі саны 35000 адамды қҧрайтын зороастрийлердің, Тегеран мен басқа да жергілікті орындарда 35 храмдары бар. Кӛп бӛлікті қҧрайтын мҧсылмандар аз бӛлікті қҧрайтын дін ӛкілдерімен бейбіт ӛмір сҥріп, оларды қҧрметтеу керектігі жайлы ИИР Конституциясының 14 бабында айтылады: «Қҧранның аятына сәйкес, ИИР ҥкіметі мен мҧсылмандар мҧсылман еместерге исламдық әділеттілік және мейірімділікпен қарап, олардың адамдық қҧқықтарын сақтауға міндетті. Бҧл қағида исламға, Иран Ислам Республикасына қарсы шықпайтын, астыртын әрекетке қатыспайтын адамдарға қатысты болып табылады» [9, 29]. ИИР Конституциясының 64-бабы оларға берілетін мҥмкіншіліктің бар екенін дәлелдейді: «... зороастрийлер мен иудейлер бір депутат, халдей-ассириялықтар бір депутат, елдің солтҥстігі мен оңтҥстік бӛлігіндегі христиан-армяндар бір-бір депутаттан сайлай алады» [9, 43]. Ирандық армяндар армян тілінде «Алик», «Аракс», «Хуру» атты ҥш газет шығарады. Зороастрийлердің де парсы тілінде жарық кӛретін "Форухар", «Хумен», «Чиста» атты ҥш газеті бар. Осылайша, елдің діни азшылығы, заң шығарушы ҧйымдарға қызметке тҧрған 35
уақытта ӛздерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени ӛмірлерін анықтауға қатыса алатын мҥмкіндіктері бар. Діни азшылықты қҧрайтын халықтар Иранда балаларын қалаған мектепке беруге ерікті. Парсы тілінде сабақ берілетін мектептермен қатар, олардың ӛздерінің арнайы оқу орындары да бар. Бҧл мектептерде ӛздерінің тілдерімен қатар діни сабақтары да жҥргізіледі. Аталған мектептерді Иранның ағарту министрлігі қаржылай кӛмекпен қамтамасыз етеді және мектептерді аяқтау барысында берілетін қҧжаттар Иранның аумағындағы барлық жерде қабылданады. Бҧл халық ӛкілдері басқалармен қатар жоғарғы оқу орындарына қабылдана алады. Тіпті Исфахан университетінде армяндардың арнайы армян тілі кафедрасы да бар [4, 16]. Қалай десек те, Иранда кҥрт мәселесі шешілмегені анық. Кҥрт халқының ауыр жағдайы мен олардың мәдени автономия ҥшін кҥресін мҧсылмандық реакцияшыл топтар мен сыртқы империалистік кҥштер іштен революция жасау мақсатында Иранның қауіпті аудандарында толқу тудыру ҥшін пайдалануға тырысты. Солай десек те, билік басындағылар бҧл оқиғаларға жауапкершілікті солшыл кҥштерге, ең алдымен Иранның Халық партиясына артып қоюға тырысты. Осылайша, 1979 ж. Курдистанда басталған әскери қақтығыстармен қатар Халық партиясының орталық «Мардом» ҧйымы газеті тҧтқынға алынды, партияның Тегерандағы штаб-ҥйі мен алыс аймақтардағы бӛлімшелері жабылды. Бҧған жауап ретінде Иран Халық партиясының Орталық Комитеті ішкі реакция мен империалистердің бірлескен астыртын әрекеттерін ашып берді. Туде партиясының жарияланған мәлімдемесінде Кҥрдістан мәселесін бейбіт жолмен, келіссӛз арқылы шешуге болады деп айрықша атап кӛрсетілген. Революция мҥддесімен қатар ҧлттық азшылықтың заңды қҧқығын анықтап беру мәселесін реттеуге тек біз қол жеткізе аламыз, - делінген. Аятолла Хомейни жаңа Конституцияны «айырықша әділетті, демократиялық жағынан әлемде теңдесі жоқ» деп атағанымен, билік басындағылар Иран Кҥрдістанындағы кӛптеген қалаларда ол жерлердегі негізгі кҥрттік саяси партиялар мен топтардың қатынасудан бас тартуына байланысты Конституцияны қабылдау жайлы референдум ӛткізуге батылдары бармады. Ҧлттық азшылық тҧратын басқа аудандарда да референдумге бойкот жарияланды. Тебриз бен Горган сияқты кейбір қалаларда бойкот
36
жаңа Конституцияға келіспеушілік ереуілдерімен қатар жҥрді [8, 124]. Ҧлттық азшылық мәселесінің шешілмеуі елдегі саяси кҥштердің діни емес, ҧлттық сипат алып топтасуына ҥлкен жағдай туғызды. Жалпыҧлттық деп аталған Ислам революциясы бірте-бірте «ирандық» шеңберден «парсылық» шеңберге ауысты. Сӛйтіп, алғашқы кезеңдердегі халықтың жалпылық сипатын жоғалта бастады. Оңшыл парсы-шииттік элементтерінің ҧлттық бағытын нығайту ҥрдістері кҥшейтілді. Олар барлық кӛпҧлтты Иран халқының атынан сӛз сӛйлеу қҧқын ӛздеріне иемденіп, ҥкімет басында дәл «парсы-шииттік билік» ретінде қалуға тырысты. Бҧл шаралар кӛп жағдайда саяси-исламдық емес, буржуазиялық-ҧлттық ҥрдісті атқара бастады. Мҧсылмандар қоғамының тең қҧқықты ҧранын бҥркенген мҧндай ҧлтшылдық ӛздерінің таптық реакциялық болмысын жасауға мҥмкіншілік беретін еді. Елдегі қалыптасқан қиын жағдай мен билік басындағы діншілдер қызметіне әртҥрлі әлеуметтік топтардың наразылығының кҥшеюі Иран діни-саяси басқарушы бӛлігін ҥздіксіз исламдық тәртіпті нығайту жолдарын іздестіруге мәжбҥр етуде. Шииттік дін басылар алдымен либералдық буржуазияны, кейін солшыл радикалдық оппозицияны ығыстырып, бейтарап етті. Осыдан кейін барып олар елдің қоғамдық-саяси ӛмірін исламдандыруға кірісті. Бҧл шара 1981 ж. либералдық буржуазиялық реформаны қолдаушы президент Банисадрдың орнынан алынуынан кейін кең етек алды [8, 125]. Сонымен қатар солшыл радикалды ҧйымдар моджахедтер мен федаилардың жақтастары мен белсенді қызметкерлерді қамауға алу мен жаппай ату шаралары кең кӛлемде жҥргізілді. Иранда жеке этнос және конфессия ӛкілдерін біріктіретін оппозициялық партиялар мен ҧйымдар бар ма деген сҧраққа жауап іздеп кӛрсек, 200-ге жуық саяси партиялар мен қоғамдық ҧйымдар бар, олардың басым кӛпшілігі саяси емес ҧйымдар деп айтуға болады, себебі олардың мҥшелері кӛбіне кәсіби ерекшеліктеріне байланысты бірігеді. Ӛздерінің саяси қызметін олар жалпыхалықтық сайлау кезінде, мәселен, ИИР Президенті немесе Мәжіліске сайлау кезінде жандандырады. Аталған ҧйымдардың кӛбі ислам республикасын сақтау және «2-хордад фронты», «Мошарекят», «Ынтымақтастықты нығайту ҧйымы» сияқты реформаторлық ҧйымдарға тыйым салу және жою сияқты идеяларды ҧстанады. 37
Оппозициялық партиялар мен ҧйымдар мемлекет тарапынан бақылауға алынған, тіпті оларға мемлекет тарапынан қысым жасалады деп айтса да болады. Олар халықпен байланысты тек елден тыс жерлерде орналасқан ӛздерінің орталықтары арқылы ғана жҥзеге асыра алады. Кӛбіне олар бірқатар этникалық топтарды біріктіретін ҧйымдар, мәселен «Иран Кҥрдістанының демократиялық партиясы», «Халық федаиндері», «Иран халқының моджахеддиндерінің ҧйымы», «Комала» және басқа да монархияны жақтаушы басқа да партиялар, олар шах билігін қалпына келтіруді мақсат етеді. Айта кететін жайт, ирандық партиялар орталықтағы мҥшелерінің қҧрылымы, штабквартираларының немесе аймақтық бӛлімдерінің мекен-жайы жайлы ешқандай мәліметті жарыққа шығармайды. Одан ӛзге олардың ӛздерінің жеке басылымдары жоқ. 3. Зороастрийлік және шиииттік салт-дәстҥрлер Иранда Ахура Мазда мен ҧлы философ Зороастр негізін салған ертеарийлік дін ӛкілдері зороастрийлер де сақталған. Иранның ежелгі діні ретінде бҧл мәселе ерекше кӛңіл бӛлуді талап етеді. Иранның ежелгі діні ғылымда әрқалай аталады: маздаизм – негізгі қҧдайлары Ахура-Мазда есіміне байланысты; зороастризмдіннің негізін қалаушы пайғамбар Зороастр (Заратуштра) атына байланысты; Авеста діні (авестизм) – қасиетті кітап аты бойынша; отқа табынушылық – діндегі оттың ерекше рӛліне байланысты. Кейінірек бҧл діннің тармақтануы митраизм (Митра қҧдайдың есіміне байланысты) атына ие болды. Бҥгінгі кҥндері СолтҥстікБатыс Индия парстарында ҥлкен ӛзгерістермен сақталып келе жатқан осы дін кейде парсизм деп те аталынады. Ежелгі ирандықтардың дінін зерттеудегі негізгі қайнар бҧлақ саналатын – ежелгі қасиетті Авеста кітабы. Дегенмен, Авеста зерттелуі ӛте қиын ескерткіш. Исламдық деректерге сенсек, Авеста ӛгіз терісінің 12000 бӛлшегіне жазылған [3, 14]. Авеста әртекті 21 шығармадан қҧралған, дегенмен олар толық сақталмаған. Авестаны қҧрастырушы ретінде, жоғарыда аталып ӛткендей, пайғамбар Заратуштра (грек – Зороастр) саналады. Оның ӛмір сҥруін б.д.д. VI ғ. жатқызады. Парсы зиялыларының нақты деректеріне сҥйенсек, б.д.д. 630-533 жж. [1, 9]. Аңыз байынша ол Виштасп патша билік еткен заманда ӛмір сҥрген. Бҧл есім патша Дарий әкесі есімі 38
Гистаспамен сәйкес келеді, дегенмен ол патша болмаған адам. Кейбіреулер Заратуштра одан да ертерек ӛмір сҥрген деп есептейді. Тіпті аталған есімді адам жалпы болған ба деген сауал да талас туғызады. Авестаның негізгі идеясы – дҥниедегі жарық және қараңғылық бастауларынан туатын дуализмге арқа сҥйейді. Қазіргі заманға дейін, маздаизм әсерінің іздері Кавказ халықтарында, әсіресе (осетин, ингуштерде) жерлеу рәсімінде сақталған. ХХ ғасырдың басына дейін Бакуде отқа табынушылар храмдары болған. Маздаизм ҧлттық дін ретінде аз санды гебр (отқа табынушылар) топтары арасында Иранда, негізінен кӛрсетілгендей, Батыс Индиядағы Бомбей мен Гуджерат аудандарында сақталған. Индиядағы парстар саны кейбір мәліметтер бойынша 115 мыңға жуық. Олардың қауымдарының басшысы ретінде абыздар саналады. Абыздардың жоғарғы дәрежесі – дастур, қарапайым діндарлары – мобед, тӛменгі қызмет етушілері – гербад деп аталады. Парстар негізінен саудамен айналысады. Қауымдары ӛте тату, ҧйымшыл. Ӛз діндерінің ережелерін, әсіресе дәстҥрлі тазалықты сақтау талаптарын қатаң ҧстанады. От храмдарында табынып, ӛлгендер денесін дакмаларға қалдырып кетеді [4, 15]. Аталғандай, зороастрийлердің бҥгінгі саны 35000 адамды қҧрайды және Тегеран мен басқа да жергілікті орындарда 35 храмдары бар. Иран территориясы бойынша зороастрийлердің ең аумақты орталығы болып саналатын Язд провинциясында [5, 179] аталған отқа табынушылар храмының бірі орналасқан. Дінді ҧстанушылар маңызды наурыз мерекесі, Зороастрдың туған кҥні, мехреган сияқты діни мерекелерді осындай от ғимараттарында осы кҥнге дейін атап ӛтеді. Бҥгінгі Иран мәдениетіне зороастрийлерден мҧра ретінде ерекше сақталып қалған мерекенің бірі – Наурыз мерекесі. Наурыз сӛзі – екі парсы сӛздерінің «ноу» (жаңа) және «руз» (кҥн) қосындысы, демек арийлер негізгі мерекесінің алғашқы кҥні. Наурыз – ирандық кҥнтізбесі бойынша жыл басылық бірінші кҥні саналады. Наурыз тамырын ӛте ежелгі кезеңнен алатындықтан, оның тарихы мифтік, тіпті ертегілік сипатта қабылдаған. Наурыз мерекесіне байланысты шаралар бірнеше кҥнге созылып, бірқатар дәстҥрлік мерекелер жҥзеге асырылады. Халықтық шараларға тоқталар болсақ, Наурыз мерекесінен бірнеше кҥн бҧрын, Иран қалаларының алаңдары мен кӛшелерінде Наурыз мейрамының келуінің хабаршылары ретінде 39
«аму Ноуруз» немесе «Хаджи Ноуруз» атты адамдар пайда болады. Олар ерекше дәстҥрлі қызыл тҥсті киім, бастарына ҥшкір бас киім киеді, беттеріне қара тҥсті май жағады. Осылайша қолдарына сыбызғы алып кӛшелер мен алаңдарда Наурыз келуі жайлы ӛлең оқып, ән салады. Наурыз мерекесінде барша халық қуанышты болсын деген ниетпен ауқатты адамдар мҧқтаж отбасыларға кӛмек кӛрсетуге тырысады. Кез келген адам қалауынша таныстарына, зәру адамдарға немесе алдын ала банктегі есеп нӛмірі жарияланған орындарға қаражат бӛле алады. Қоғамдық орындарда арнайы сыйлық пен ақша жинастырылады. Бҧл шаралар Иранда «Қайырымдылық мерекесі» деп аталады. Одан жиналған ақша жетімдер ҥйі, интернат, кәрілер ҥйі, мҧқтаж отбасылар, қаражаты аз студенттер мен оқушылар сияқты беріледі [10, 9]. Наурыздан бір апта бҧрын, ҥй іші міндетті тҥрде тазартылады, кілем, паластар, перделер жуылады, ҥй ағартылады, тҧрмысқа қажетті жаңа заттар сатып алынады. Бҧл іске барлық жанҧя мҥшелері қатыстырылады, себебі осындай жҧмыстар жақындардың бір-бірімен одан да тату, бауырлас болуына ықпал етеді. Иран базарларының ерекше жандануы осы мереке қарсаңына сай келеді. Мейрамнан екі апта бҧрын халық жаппай сауда жасауға кіріседі. Бҧл кҥндері базар, дҥкен сияқты сауда орындары кілем, палас, аяқ киім, тәтті тағамдар, жеміс-жидек, боялған жҧмыртқа, қызыл балық сияқты мерекеге қажетті бҧйымдарға толы болады. Одан ӛзге ҥй қожайындары – Наурыз кҥндері ҥйіне қонаққа келетін балаларға арнап банктен ҧсталмаған жаңа ақша қағаздарын алады. Банктер де оқиғаға арнайы дайындалып, барлық қызметкерлер жалақыларын жаңа банкноттармен береді. Наурызға байланысты кӛне дәстҥрдің бірі ол – «хафт син» (жеті «син» әрпі) дастарханының дайындалуы. Әр әулет ӛз ҥйінің ең жақсы бӛлмесіне дастархан дайындайды. Дастархан ҥстінде міндетті тҥрде басқа мәзірден ӛзге «син» әрпінен басталатын жеті тағам болуы қажет, олар: санджит (санжит), саману (халваның бір тҥрі), сир (чеснок), сирке (сірке су), сиб (алма), сияхдона (жеміс тҥрі), сабзи (кӛкеніс), синистан (кордия) және т.б. Бҧдан ӛзге міндетті тҥрде дастархан ҥстіне Қҧран, айна және шырақ қойылуы қажет [10, 11]. Ирандықтар ескі жылдың соңғы аптасының сейсенбіден сәрсенбіге қараған тҥнін «чахар шанбе сури» деп атап, ерекше тойлап ӛтеді. Бҧл кҥнге арнап әдейі кепкен жемістерден тәтті дәм 40
жасалынады, туған-туысқандар шақырылады. Бҧл дәстҥрдің маңызды бӛлігі от жағылып, отбасы мҥшелерінің оттан секіруінде. Ондағы негізгі ой, барлық жамандық пен дерт отқа жанып, қасиетті оттан денсаулық пен жақсылық алу. Сонымен қатар, аптаның соңғы бейсенбісінде туысқандар бейіт басына жиналып, қайтыс болған адам ҥшін Алладан медет сҧрайды. Бҧл жерге келген жетіспейтін адамдар ҥшін ҥйден арнайы дайындалып әкелінген дәм таратылады. Наурыз мерекесі қарсаңында араз адамдар ӛкпелерін ҧмытып, қайта табысады. Сондықтан да, бҧл қайырымдылық, мейірімділік мерекесі болып есептелінеді. Осылайша, жаңа жыл келуіне бірнеше минут қалған уақытта отбасы мҥшелері жаңа киімдерін киіп, «хафт син» дастарханы басына жиналады. Ҥй иесі қасиетті Қҧраннан бірнеше аят оқиды. Бҧл кҥні алыстағы барлық отбасы мҥшелері дастархан басына жиналуға тырысады. Жаңа жыл келген дәл уақыт радио, теледидар арқылы жария етіледі де, «накоре» атты музыкалық аспапта ежелгі әуен орындалады. Жаңа жыл келген алғашқы секундтан әулет мҥшелері Алладан жаңа жылда жаңа табыс тілеп, бақыт сҧрайды. Осыдан кейін олар бір-бірін қҧшақтап, кӛздерінен сҥйеді. Жақсы пікірлер айтып, жаңа жылмен қҧттықтап, ҧзақ ғҧмыр тілейді. Ата-аналар балаларына мерекелік сыйлықтар береді. Кӛбіне бҧл сыйлықтар, ақша немесе алтын монета тҥрінде табыс етіледі. Сыйлық беру мен сыйлық алу Наурыз мерекесінің негізгі дәстҥрі саналады. Мейрамның алғашқы кҥнінен-ақ кездесулер мен қонаққа бару рәсімі басталады. Ең алдымен ата-ана ҥйіне, жасы ҥлкен туысқандар ҥйіне, кейінірек басқа туысқандар, достар, қызметкерлер ҥйіне қҧттықтап кіріп шығады. Жаңа жыл мерекесінің тағы бір негізгі дәстҥрі «сиздах бе дар» (он ҥші – ҥйден тыс) деп аталады. Он ҥш санының жағымсыз деп саналуына байланысты, фарвардин айының, яғни жылдың алғашқы айының 13-кҥнін жҧрт ҥйден, қаладан тыс ӛткізеді. Бҧл кҥні таңертең адамдар арнайы дайындықпен жақындары немесе кӛршілерімен жиналып қала сыртына немесе демалыс орындарына шығады. Әңгіме айтып, әткеншек теуіп, қыздар болашақтарына тілек айтып, бал ашады. Дем алып болған соң, кешкісін демалған орындарына әдейі бидай, бҧршақтан ӛсірілген кӛкеністерін тастап, ҥйлеріне оралады. Иранда фарвардин айының 1-нен 4-не дейінгі кҥндер және 13 барлық мемлекеттік мекемелер ҥшін демалыс кҥндері саналады. Ал, мектеп және басқа да оқу орындары 1-нен 13-фавардинге дейін демалыста болады [1, 15]. 41
Шииттік салт-дәстҥр жайлы айтар болсақ, алдымен діни мекемелер орны болып Иранда мешіт, медресе, теологиялық белгілі мешіт пен медресе маңындағы кітапханалар, мҧражайлар (мысалы, Мешхедтегі Имам Реза кешенесінде) саналатынын атаған жӛн. Жалпы шииттердің дәстҥрлі әр кҥні Қҧранмен, шариғатпен белгіленген. Шариғат бойынша бір кҥнде бес уақыт намаз оқылады. Сунниттерден бір ерекшелігі намаз оқылатын сәжденің маңдай тиетін тҧсына топырақтан жасалған немесе қыш тас қойылады және намаз алдындағы тазару рәсімі де сунниттерден ерекшеленеді. Жҧма кҥндері немесе діни мереке кҥндері халық мешітке жиналып намаз оқиды. Намазға шақыру шииттерде екі рет айтылады. Ҥлкен қажылық жасап, мҧсылмандардың қасиетті Мекке қаласына баруы жақсы жолға қойылған. Ибрахим пайғамбар қабырғасын қалап, Мҧхаммед пайғамбар пҧтқа табынушылардан тазартқан Қағба ҥйі шииттер ҥшін де қасиетті орын болып табылады. Мҧсылмандар, сонымен қатар Ирандағы шииттер Мҧхаммед пайғамбардың туған, қайтыс болған кҥндерін, оған пайғамбарлық тҥскен кҥнді, Алланың Мҧхаммедке Қҧранды жіберген кҥнді ерекше қҧлшылық намазбен ӛткізеді. Қҧран бойынша әр мҧсылман баласы ӛмірде бір рет Меккеге қажылық жасауға міндетті. Меккеге қажылық қҧрбандық шалу рәсімімен аяқталады. Осындай мақсатпен қасиетті Меккеге барып қайтқан адамға қажы атағы беріледі. Жалпы Кағба ҥйіне қажылық жылда белгілі бір уақытты қамти отырып, минутына дейін белгіленген бірнеше ритуалдан тҧрады. Мысалы, қажылық етуші Қағба ҥйін жеті рет айналып шығып, қасиетті қара тасты сҥюі қажет. Дәстҥрлі киімі бар бҧл адамдар бірнеше кҥн бойы намазға жығылып, бір рет Меккенің маңын жҥгіріп ӛтіп, екі қасиетті тау басына шығуы керек. Қажылықтың соңғы сатысы болып (шайтанға (дәстҥрлі тас лақтыру, қҧрбандық шалу саналады. Бҧл тікелей мҧсылман қауымы, соның ішінде шииттерге де қатынасты дәстҥр болса, кейбір тек шииттерге тән дәстҥрлері тағы бар. Ол он екі имамдық (джафари) салтдәстҥрлер. Бҧл негізінен имамдарға қҧлшылық ету, шииттік қасиетті жерлерге қажылық жасаумен сипатталады. Ондай қасиетті орындар болып ҧлы шииттік имамдар мен имамдар ҧрпақтарының (имамзаде, сейидтер) мавзолейлері мен кесенелері, жерленген орындары саналады. Бҧндай жерлерге бару шииттердің пікірі бойынша ҥлкен сауап әкеледі. Шииттердің ең негізгі қажылық орны болып тӛрт қасиетті жер саналады. Оның екеуі Иран жерінен тысқары, кӛршілес Ирак жеріндегі, Неджеф пен Кербала қалаларында. Неджефтегі Куфа 42
қаласының маңында алдыңғы бӛлімде айтылып ӛткендей, бірінші шииттік имам Әли жерленген, ал Кербала қаласында Әлидің ҧлы Хусейн жерленген мавзолей бар. Әли мавзолейіне келуші шииттер имам жатқан жердің кҥміс қоршауына еріндерін тигізуге тырысады. Осылайша, олар сырқатқа ем, жанға шипа іздейді. Жалпы, бҧл кӛрініс барлық имам мавзолейлеріне тән. Әли жатқан жер қоршауының тӛбесінде қашанда алтын, кҥміс әшекейлер, қымбат тастарды кӛруге болады. Бҧл шииттердің сыйы мен садақасы. Жергілікті тҧрғындар Әли мавзолейінің астындағы ҥлкен қойма бӛлімдерінде алтын, кҥміс ыдыстар, маржан сияқты қазыналар жатқандығын айтады. Неджеф қаласында шииттік ең ҥлкен мҥрде бар, себебі қай елдегі, қай қаладағы шииттер болмасын алғашқы имам – Әли маңында жерленуді қалайды. Сондықтан, бҧл жердегі қарапайым молалық жерді тек ауқатты шииттер ғана сатып ала алады. Кербала қаласында аңыз бойынша, Хусейн ӛлтірілген жерден балшық ӛндіріліп, одан қыш тақтайшалар жасалады. Намаз оқығанда шииттер Хусейн қаны сіңген бҧл тақтайшаны алдарына қойып, еңкейгенде маңдайларын тигізеді. Шииттердің мерекелері мен атап ӛтетін еске алу кҥндеріне тоқталар болсақ, сунниттермен ортақ, мҧсылмандық ай кҥнтізбе бойынша атап ӛтілетін Мҧхаммед пайғамбардың туған кҥні – 12-раби ал-авваль, пайғамбардың аспанға кӛтеріліп, оның пайғамбарлық миссиясы басталған тҥн – 26-27-раджаб, жетім, жетпейтіндерге садақа (пітір) беру – 1 шавваль, қҧрбан айт – 10-зу-уль хиджжа, 30 кҥндік рамазан – ауыз бекіту кҥндері. Шииттік жеке мерекелерге: имам Әлидің туған кҥні – 13-раджаб, имам Хусейннің туған кҥні – 3шабан, сегізінші имам Резаның туған кҥні – 11-зуль-каада, кадир ком мерекесі – 18-зу-ль хиджжа (бҧл шииттік мереке – Мҧхаммед пайғамбардың Қағба мешітіне қажылығынан кейін, Мекке мен Медина аралығындағы Хумм жеріндегі ӛзен жағасында Әли жайлы «Мен кімнің қожайыны болсам, ол да соның қожайыны» деген сӛздеріне байланысты шиитік аңыздан туған) сынды мейрамдар жатады. Шииттер пайғамбар мен шииттік имамдар ӛлімдерімен байланысты қаралы кҥндерге де аса назар аударады. Мҧхаммед пайғамбардың туған кҥні (28-сафар), Хусейн ӛліміне байланысты Ашура кҥндері (1-10-мухаррам), 19-рамазан – Әлидің жарақаттанған кҥні, 21-рамазан – Әлидің қайтыс болған кҥні, 1-шавваль – алтыншы имам Джафар Садықтың қайтқан кҥні. Хусейн ӛлімінің 40-кҥні (20-
43
сафар) және Фатиманың қайтқан кҥндерінде шииттер ерекше Аллаға жалбарынып, Қҧран оқиды [11, 69]. Иран шииттері кӛбіне елдің ішіндегі қасиетті Қҧм мен Мешхед қалаларына қажылық етеді. Ал Қҧм мен Мешхед қаласы маңында бҧдан ӛзге бірнеше қасиетті саналатын кесенелер мен бейіттер бар. Бҧл жерлерге жыл сайын басқа елдерден келетін шииттерді қоспағанда бір Ираннан мыңдаған адамдар қажылыққа келеді. Оларға бару, аурудан айықтырып, байлық алып келеді деп сенеді шииттер. Статистика бойынша діни мерекелер мен атаулы кҥндерде Мешхедте Иранның тҥкпір тҥкпірінен және Шығыстың басқа елдерінен бір айда 2-2,5 млн. қажылық етушілер жиналатын кӛрінеді. Ал бір Мешхедтегі имам Реза мавзолейінде қызмет кӛрсету ҥшін ҥш мың адам жҧмыс істейді. Шииттер онкҥндік ашура қаралы кҥндер рәсіміне кӛп кӛңіл бӛледі. Бҧл мохаррам айының (мҧсылмандық ай кҥнтізбесі хиджра жыл санауының алғашқы айы) біріншіден оныншы кҥніне дейінгі аралықты қамтитын уақыт. Мохаррам айында әр ҥйдің қабырғасына Хусейннің қаза болуына байланысты ҥшбҧрышты қара жалау ілінеді. Бҧл кҥндері ауқатты адамдардың есігі кварталдың әр діндар адамына ашық. Ал Ашураның соңғы оныншы кҥнінде 1926 жылғы тыйым салуға дейін кӛшеге шыққан адамдар ӛздерін ӛздері қҧрбандыққа келтіретін қан тӛгіске дейін баратын болған. Бҧл рәсім кӛбінесе имам атын атап, ӛзін ӛзі қатысушы шынжырмен сабалау арқылы атқарылып отыратын. Ал кейінірек тарихи желістердің ауысуымен 1941 жылы Реза-шах Пехлевийдің тақтан бас тартып, билікке ҧлы Мҧхаммад Резаның келуіне байланысты бҧл қазалы кҥндерге тыйым салынбады. Кей жылдары бҧл кҥндерді реакциялық топтар ҥгітнасихат жҧмысын жҥргізіп ӛз мақсатында қолданды, тіпті террористік сипат алып отырған кездер де бар. Екінші дҥниежҥзілік соғыс жылдары дін иелерінің ҧсынысы бойынша осы тектес әрекеттер Иранның кӛптеген қалаларында ҧйымдастырылған болатын. Дегенмен 1944 жылы Ашура кҥндеріндегі осындай жағдай Тегеранда әскер мен полиция араласуымен аяқталған болатын. Осындай оқиғалардан кейін бҧл кҥндерді ҥкімет қайтадан бақылауына алды. Тіпті бҧл рәсімге қатысушылар қала әкімшілігін ӛз маршруттарын алдын ала жариялап арнайы рҧқсат алу қажеттігі жайлы заң қабылданды. Бірақ, 1963 жылғы, маусым айының мохаррам қаза кҥндері Иранда ӛткізіліп жатқан әлеуметтікэкономикалық реформаларға қарсы бағытта ҧйымдастырылды. Ал, 44
1964 жылғы азалы рәсім ҥкімет ӛткізетін аграрлық реформаға қарсы саяси демонстрацияға айналды. Ашура кҥндері 70 жылдары да билікке қарсы бағытталған реакциялық топтар толқыны болды [11, 74]. Дегенмен, бҥгінгі Ашура кҥндеріне тоқталар болсақ, бҧл кҥндер бҧрынғыдай мистикалық-зҧлымдық сипат алмайды. Бҥгінде ол театрландырылған қойылымға кӛбірек ҧқсайды. Қатысушылардың ҥштен бір бӛлігін жасӛспірімдер мен оқушылар қҧрайды. Олар қара киініп алып, қолдарындағы жеңіл шынжырмен арқаларын, иықтарын қағып имам жайлы ӛлең айтады. Қатысушылар бҧл рәсім арасында тамақтанып немесе темекі тартып тыныстап та алады. Шииттік дінбасылар халықтың діни сезімін кӛтеру мақсатында мҧсылмандық 30 кҥндік рамазан айына байланысты ораза тҧту рәсіміне ҥлкен кӛңіл бӛледі. Ораза тҧту сунниттермен салыстырғанда шииттерде қатаң сақталынады. Бҧл кҥндері мохаррам айындағыдай әр от басы роузехандарды шақыртып шииттік имамдар, әсіресе, Әли жайлы мадақтау ӛлеңдерін оқытады. Ораза кҥндері шииттер мешітке әдеттегіден жиірек барады. Қорытынды Шығыстанушы-экономист В.А. Мельянцева мағлҧматтары бойынша, Ислам аймағы халықтарының ӛмір ҧзақтығы 15-17 %-ға кӛтеріліп, жалпы халық кӛлемінің ішіндегі қайыршылар пайызы 3 %ға тӛмен тҥскен. Дегенмен, осылай бола тҧра ӛмір сапасы мен адам дамуы сапасының қажетті мӛлшерде дамымауы да байқалады [12, 26]. Осы орайда М. Хатамидің «ӛркениеттер сҧхбаты болашақтағы әділетті әлемдік тәртіптің ең негізгі алғышарттарының бірі болуы қажет» деген пікірі ойға келеді [13, 24]. Бҧл тек қана бҥгінгі заман талабына сай ой білдіруші исламдық дінбасы мен саясаткердің сыртқы әлемге ҥндеуі емес ислам аймағының консервативті бӛлімін заманға сай одан да бейімделуге дипломатиялық шақыру деп бағалауға болады. В.А. Мельянцеваның бҧл мағлҧматы жалпы ислам аймағына қатысты болса, ресейдің тағы бір ғалымы В.Я. Белокреницкий «ТМДның оңтҥстік шекарасында орналасқан мҧсылман аймағы – қҧрылымы, маңызы, болашағы» мақаласында Тҥркия, Иран, Пәкістан, Ауғаныстан елдерінің 2000 жылға дейінгі экономикалық, әлеуметтік кӛрсеткіштерін зерттей отырып халықаралық ӛлшем бойынша оларды екі топқа – ӛркендеуші, орташа дамыған – Тҥркия 45
мен Иран және кем дамыған – Пәкістан мен Ауғаныстан деп бӛледі [14, 11]. Бҧл берілген баға бойынша Иран осы аймақтағы дамуы жағынан ең соңғы ел еместігі кӛрінеді. Революциядан кейінгі Иранның исламдық республика ретіндегі даму жағдайын ресейлік ғалым С.Б. Дружиловский зерттеуінен анық кӛруге болады. Бҥгінде, исламдық мемлекет ретінде әлеуметтікэкономикалық, саяси дамуда қол жеткізген жетістіктерді мойындай отырып, қазіргі Иранды мҧсылман елі ретінде даралайтын жаңашылдықты атап ӛтуге талпынуға болады, дейді ол. Аятолла Хомейнидің талап етуімен ирандық Конституция «жҥз пайыз» исламдық болып жазылды. Конституциядағы исламдық жаңашылдықты іске асыра отырып ИИР басшылары айтарлықтай нәтиже әкелген ауқымды жҧмыс жҥргізді. Басшы орындар жоғарғы шииттік дінбасылардың ӛкілдеріне берілген жаңа мемлекеттік аппарат қҧрылды. Дінбасылар шешуші рӛл атқаратын сот жҥйесі толығымен ӛзгертілді. Елдегі Жоғарғы заңшығарушы билік – меджлис қызметін – ислам қағидалары мен Конституцияға сәйкестігін бақылау, орталық орындарды алты беделді исламдық заңтанушылар иемденетін Бақылаушы Кеңеске жҥктелді. Атқарушы билік жҧмысы рахбардың қадағалауына кӛшті. Иран экономикасында да бірқатар исламдық ҧстанымға арқа сҥйеген ӛзгерістер жҥзеге асырылды. Ислам әлеміне белгілі пайызсыз банктермен қатар, әрі экономикалық, әрі әлеуметтік қызмет атқаратын исламдық қорлар маңызды рӛл атқарды. Себебі олар ірі холдингті компания болуымен қатар, ислам мемлекетінің саясатында қолдау табатын, кӛптеген жағдайы нашар адамдар ҥшін қайырымдылық кӛзі болды Жетілдіру джихады институтын қҧру да сирек кездесетін жағдай еді. Бҧл ҧйым да Иранның шеткі аймақтарын кӛтеру; аз тҥсім әкелетін экономикалық салаларды жандандыру; арнайы мамандығы жоқ жҧмысшыларды жҧмысқа тҧрғызу, жҧмыссыздықты азайту; мемлекеттік маңызы бар экономикалық жобаларды жҥзеге асыруда халықты жҧмылдыру сияқты экономикалық мәселелерді шешуді мақсат етті [14, 105]. Экономиканың негізгі секторлары мен бағыттары мемлекет қолында және олар мемлекет тарапынан бақыланады, ал экономикалық даму жоспарланып отырады. ИИР-ның сыртқы саясаты да, ӛзіне тән исламдық бағытпен ерекшеленеді. Сыртқы саяси бағдарда белгілі тҥзетулер енгізуіне қарамастан, Иран басшылығы ӛзінің халықаралық саясатында ҥш негізгі бағытқа 46
сҥйенді: «барлық мҧсылмандармен бауырлас одақта болу», ислам революциясы идеясын тарату, бҥкіл әлемдегі қанаушыларға қарсы қаналушылардың кҥресіне қайрымдылық жәрдем беру. Дегенмен, ИИР-ның сыртқы саясатында бҧл бағыттардың барлығы бірдей сәтті жҥзеге асырылып жатқан жоқ. Кейде Иран басшылығы бҧл бағыттан бас тартып, немесе оған басқа сипат беріп, тҥсіндірулеріне тура келді. Уақыт ӛтуімен ӛзектілігін жоғалтып алған «Батыс та емес, Шығыс та емес» ҧраны және «ислам революциясы экспорты» сондай жағдайды бастан кешірді. Қалай болғанда да, Иранның сыртқы саясатында исламдық бағыт айқын байқалды және Иран халықаралық сахнадағы исламдық фактордың жандануымен байланысты барлық шараларға белсенді араласады [14, 106]. Иран, шах кезіндегі экономикадан ҥлкен айырмашылығы бар ӛзін-ӛзі қамтамасыз ететін экономикаға қол жеткізді. Мысал ретінде айтар болсақ, ислам революциясына дейін елдегі барлық ӛндірістік ӛнеркәсіптің 80% ӛз ӛнімін шетел шикізаты, технологиясы, кӛмегінсіз шығара алмайтын қҧрастырушы жҧмыс орындарында шығарған болатын. 90 ж. аяғында Ирандағы ӛндірістің негізгі бӛлігі отандық шикізатпен, ирандық мамандармен қамтамасыз етілді, ішкі рынок шетел ӛнімін ығыстырып шығара алатындай ирандық тауарлармен толтырылды. Бірте - бірте Иранның ауыл шаруашылық ӛнімдерін де елде кӛптеп пайдалана бастады. Иран экономикасы мойнында ҥлкен шетелдік зайымдар жоқ. Елдің сыртқы қарызы оның орта есеппен валюталық қорына сай келетін 20 млрд. доллардан аспайды. Жалпы ішкі ӛнімнің 90-ж. ӛсуі орта есеппен 5-6 % қҧрады [15, 59]. Ел ҥкіметі бюджеттің жалпы кірісіндегі мҧнай бӛлігін ҧдайы кемітіп тҧрады. Иран мағлҧматтары бойынша ол 90 ж. аяғында 57,2 % қҧраған [16, 29]. Ислам ҥкіметі орта, арнайы, жоғарғы білім алу жҥйесінде реформа жҥргізе отырып, жалпыға бірдей ақысыз орта білім беруге қаржы бӛлді, жоғарғы оқу орнына тҥсуге мҥмкіндігі бола алатындардың қатарын кӛбейтті, елдің әртҥрлі қалаларында ондаған жаңа университеттер мен кәсіби білім алу орындарын ашты. Бҥгінгі кҥні Ирандағы 6 жастан жоғары халықтың сауаттылығы 86,5% [2]. Ирандағы әйелдер жағдайы бҥгінгі кҥні талас тудыратын тақырып. Шынымен, ҥкіметінің Иран әйелдеріне байланысты алғашқы қадамдары олардың қоғамдағы рӛлі мен орны жайлы батыстың пікірімен сәйкес келетін. Мысалы, Иран ҥкіметі әйелдердің білім алуы, мамандық таңдауына шек қоя отырып, оларға қазы, 47
геолог, археолог ретінде жҧмыс істеуге, басшылық қызмет атқаруға, спортпен шҧғылданып, ән салуға тыйым салынды. 1982 ж. ИИР заң бҧзу кодексі қабылданып, ол бойынша әйел әрқилы, таспен ату сияқты жазаға тартылуы мҥмкін болды. Бҧл ислам режимі сыншылары тарапынан ортағасырлық менталитет және паталогиялық рахымсыздық деп бағаланды. Дегенмен, белгілі болғандай уақыт ӛтуімен Иранда әйелдердің қызметін шектейтін барлық тыйымдар алынды, ал кҥнделікті сот жҧмысында аталған жазаларды қолдану сирек кездесті. 90 ж. басынан ҥкімет тарапынан Иран қоғамындағы әйел рӛлі мен орнына баса назар аударыла бастады. Олардың ғылыми зерттеу, әдебиет, ӛнер тіпті, спорт салаларына араласуына барынша қолдау кӛрсетілді. 1997 ж. желтоқсанда Иран мҧсылман елдеріндегі әйелдердің ІІ Олимпиядалық ойынын ҧйымдастырғаны белгілі. ИИР-ның мәдениеті мен творчествосы ҥлкен ӛзгерістерден ӛтті. Шах кезінде басым болған батыстық мәдениеттен арыла отырып, исмаилистер ҧлттық, исламдық мәдениеттің бірқатар элементтерін қайта жаңғырта алды. Иран киноматографиялық жарылысты бастан кешіруде. Бҥгінгі кҥні жыл сайын Иранда ондаған толықметражды кӛркем және документалды фильмдер тҥсірілді. Бҧл фильмдер тек Иранда танымал болып қоймай, бірнеше мәрте беделді халықаралық кинофестивальдардың лауреаты атанды [14, 110]. Ҧлттық музыка мен театр, әдебиет пен бейнелеу ӛнері, ҧлттық спорт ойындарының тҥрлері, Қҧран оқу сайыстары қайта ӛркендеуде. Бҧл шаралардың барлығы: интернетті пайдаланудағы шектеуліктер, кӛпшілік жерде батыс эстрадасы музыкасын тыңдауға, батыс биіне, тәлімсіз кинофильмдер кӛруге тыйымның орнын толтыратын сияқты. Бҥгінгі ИИР президентінің халықаралық одақтастыққа – «ӛркениеттер сҧхбатына» кірісу ҧсынысына ҥміт артсақ, ӛз исламдық мәдениетін негізге ала отырып, Иранның мәдени алмасу аясы кеңейетіні сӛзсіз деп қорытындылауға болады. Қысқаша шииттік әдет-ғҧрыптарды, бҥгінгі Иранның этноконфессиялық жағдайын осылайша сипаттауға болады. Бҥгінде Иран Ислам Республикасы кӛне мәдени мҧрасымен, ҧмытылмай, ҧрпақтанҧрпаққа жалғасып келе жатқан бай салт - дәстҥрімен, кҥрделі этностық қҧрамымен алға аяғын нық басып дамып келе жатқан жалғыз ресми шииттік ел.
48
1. Санаи Мехди. Предисловие // Персия. - Алматы, 1998. – № 1. – С 1. 2. Юрьев М. Общая характеристика населения Исламской Республики Иран. www.yerkramas.org 3. Иран и иранцы. – Алматы: Культурное Представительство при Посольстве Исламской Республики Иран в Казахстане, 1998. – 80 с. 4. Третий взгляд: новости, репортажи и комментарии из иранской прессы. – Алматы: Посольство ИРИ пресс отдел, 1994. – 35 с. 5. 6. Житомирский В. Что скрывает хиджаб. ``Малый сатана`` в Иране // Новое время. – 1991. – № 27. – С. 28-29. 7. Жигалина О.И. Современная ситуация в Иранском Курдистане // Иран: ислам и власть. – М.: Институт Востоковедения РАН, Издательство «Крафт+», 2002. – С. 242-249. 8. Медведко Л.И., Германович А.В. "Именем аллаха...Политизация ислама и исламизация политики" – М.: Политиздат, 1988. – 255 с. 9. 64 10. Празднование Ноуруза – начало нового года / Культурное Представительство ИРИ в РК. – Алматы: Верена, 1997. – 24 с. 11. Дорошенко Е.А. Шиитское духовенство в современном Иране. – М.: Наука, 1985. – 230 с. 12. Рашковскиий Е. Ислам в динамике глобальной истории // Мировая экономика и международные отношения. – 2004. – № 6. – С. 21-28. 13. Хатами С.М. Ислам, диалог и гражданское общество. – М.: Российская политическая энциклопедия (РОССПЭН), 2001. – 240 с. 14. Мусульманские страны у границ СНГ (Афганистан, Пакистан, Иран и Турция – современное состояние, история и перспективы) / Под ред. В.Я. Белокреницкого. – М.: Институт востоковедения РАН, изд. "Крафт+", 2002. – 336 с. 15. Мамедова Н.М. Опыт социально-экономического развития Ирана в условиях исламского правления // В сб.: Исламская революция в Иране: прошлое, настоящее, будущее. – М., 1999. 16. Третий взгляд: новости, репортажи и комментарии из иранской прессы. – Алматы: Посольство ИРИ пресс отдел, 1998. – 53 с.
-–-–– 49
ШИИТТІК КИЕЛІ ҚАЛАЛАР МЕН КЕСЕНЕЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Иран мәдениеті тек қазіргі Иранның тарихи мҧрасы емес, ол – парсы тілі белгілі кезеңде әдеби және мемлекеттік тіл болып саналған іргелес жатқан елдердің ортақ жетістігі. Парсы тілдес халықтардың кӛп қырлы жазба мҧрасы ортағасырлық, әлемдік мәдениеттің бағалы беттерінің бірі болып саналады. Мыңдаған жылдар бойы сарай маңында қалыптасқан әдебиет поэтикалық классиканың біршама кӛп бӛлігін қҧрайды. Х-ХІІІ ғ. басы аралығын қамтитын Монғол шапқыншылығына дейінгі кезең Иран тарихындағы шығармашылық қуаттың ерекше ӛркендеуі, жоғары сәулет ӛнерінде де кӛрініс табады. Сол заманда іргесі қаланған мәдени ғимараттар, медресе, кесенелердің тҧрғызылуы – қолӛнер мен қолданбалы ӛнердің жоғары дамығанының дәлелі болды. Ислам мен ӛнер бір-біріне қайшы деген пікір бар. Бҧл пікір шындыққа жатпайды деп негіздеуге болады. Мәселен, мешіт – ислам мен ӛнердің тҥйісетін орны. Алла тек қана кешірімді, әрі мейірімді емес, оның тағы бір баламасы – ең кӛрікті. Сопылардың пайымдауы бойынша Алла тағала сҧлулықты жақсы кӛреді. Сол себептен, исламдық-шииттік ӛнер мҧрасы ретінде мешіттер мен кесенелерге кӛбірек назар аударылған. Ескі исламдық мешіттерге кӛз сала отырып мҧсылмандардың кіршіксіз ниетпен Аллаға сыйлаған тартуын ғана емес, тарихшы ретінде ислам мәдениетінің галереясын да кӛре аламыз. Бізге есімі белгісіз шеберлер бҧл мешіттерде ӛздері кӛрген керемет қҧбылыстарды орнын тауып қолданғысы келді. Мҧсылман архитекторлары минарет пен михрабтың салынуын шіркеуден, террасса мен кҥмбез астын сасанид шахтарының сарайларынан алып, колонналарды әшекелеуде вавилон храмдарының ӛрнектерін қолданды [1, с. 184]. Халиф билігі кезеңінде мешіт мҧсылман ӛмірінде қазіргі кездегіден маңызды рӛл атқарды. Себебі, мешіт ол заманда тек қана қҧлшылық ету орны емес сонымен қатар, қазылық ететін әділет орны, академия іспеттес білім беру мен тәрбиенің әрі саяси ӛмірдің орталығы болды. Пайғамбар уақытында мешіт мҧсылмандардың жиналатын жері болған. Алғашында кӛптеген мешіттер ескі храмдар мен ескі сарайлар қирандысының орнында тҧрғызылды. Саад Ибн Абу Ваккас [2] 50
Иранның ежелгі астанасы Ктесифон қаласындағы Ануширвон сарайының бір бӛлігін мешітке айналдырған болатын. Тарихшы Масуди деректері бойынша Ирандағы отқатабынушылардың кӛптеген храмы мешіт ретінде пайдаланылды. Исфахандағы мешіт Аббасидтік халиф әл-Мансурдың заманында зороастрийлік храмның орнында соғылды. Ирандық Малік-шахтан (1073-1092 жж.) бастап, ІТахмасп (1524-1576 жж.), кейінірек ІІ-Аббас (1642-1666 жж.) шахтардың ҧдайы ӛзгеріс енгізуімен бҧл мешіт архитиктурасы жағынан ирандық мешіт тҥрінің ҥлгісіне айналды [1, с. 188]. Шииттік сәулет ӛнеріне тоқталар болсақ кӛптеген имам кесенелері мен мешіттер тамаша ӛнер туындылары болып табылады. Шииттердің негізгі тӛрт киелі қаласының екеуі Қҧм және Мешхед Иран жерінде болса, екеуі Иран жерінен тысқары, кӛршілес Ирак жеріндегі, Неджеф пен Кербала қалалары саналады. Шииттік аңыз бойынша Неджефтегі ежелгі Куфаның маңында бірінші шииттік имам – Әли жерленген, сондықтан осы қалада оның кесенесі тҧрғызылған, ал Кербалада шииттердің екінші имамы Әлидің ҧлы Хусейн жерленген. Қҧм қаласында қасиетті Фатима Ма’суменің кесенесі бар. Ол жетінші имамның қызы, сегізінші имам Резаның әпкесі саналады. Мешхед қаласында аты аталған сегізінші имам Реза жерленген. Имам Әли жерленген кесене алтын кҥмбезі мен минареті бар Неджеф қаласындағы бірден бір әсем мешіттердің қатарында. Әли мешітінің кҥмбезі бар бӛлмесінің нақ ортасында Қҧраннан ҥзінділер жазылған ақ мәрмәр «қҧлпы тас» бар, ол кҥмістен қҧйылып, қоршаумен қоршалған. Кербала қаласындағы имам Хусейн мешіті архитектурасы жағынан Неджефтегі Әли мешітіне ҧқсас. Кесененің ортасында имам жерленген қҧлпытас кҥміс қоршаумен қоршалған. Алтын кҥмбезі мен мҧнарасының (минарет) басына ҧмытылмайтын қайғыны білдіретін – қара жалаулар тігілген. Қаланың басқа бӛлігінде Хусейнмен бірге дҥниеден ӛткен оның інісі – Аббас жерленген. Ол жерленген жерге де мешіт тҧрғызылған, бірақ имам мешітінен қарапайым етіп соғылған [3, с. 71]. Имамдарға қҧлшылық ету, шииттік қасиетті жерлерге зиярат ету он екі имамдық (джафарилік) салт-дәстҥр саналады. Шииттердің ең негізгі зиярат ететін орны болып аталған тӛрт қасиетті қалалары саналады. Бҧндай жерлерге бару шииттердің пікірі бойынша ҥлкен сауап әкеледі. Әли мавзолейіне келуші шииттер имам жатқан жердің 51
кҥміс қоршауына еріндерін тигізуге тырысады. Осылайша, олар сырқатқа ем, жанға шипа іздейді. Жалпы, бҧл кӛрініс барлық имам мавзолейлеріне тән. Әли жатқан жер қоршаудың тӛбесінде қашанда алтын, кҥміс әшекейлер, қымбат тастарды кӛруге болады. Бҧл шииттердің сыйы мен садақасы. Жергілікті тҧрғындар Әли мавзолейінің астындағы ҥлкен қойма бӛлімдерінде алтын, кҥміс ыдыстар, маржан сияқты қазыналар жатқандығын айтады. Неджеф қаласында шииттік ең ҥлкен бейіт бар, себебі қай елдегі, қай қаладағы шииттер болмасын алғашқы имам – Әли маңында жерленуді қалайды. Сондықтан, бҧл жердегі қарапайым молалық жерді тек ауқатты шииттер ғана сатып ала алады. Кербала қаласында аңыз бойынша, Хусейін ӛлтірілген жерден балшық ӛндіріліп, одан қыш тақтайшалар жасалады. Намаз оқығанда шииттер Хусейн қаны сіңген бҧл тақтайшаны алдарына қойып, сәждеге жығылғанда маңдайларын тигізеді. Иран шииттері кӛбіне елдің ішіндегі Қҧм мен Мешхед қалаларына зиярат жасайды. Ал, Қҧм мен Мешхед қаласы маңында бҧдан ӛзге бірнеше киелі деп саналатын кесенелер мен мазарлар бар. Оларға бару, аурудан айықтырып байлық алып келеді деп сенеді шииттер. Статистика бойынша, діни мерекелер мени атаулы кҥндерде Мешхедте Иранның тҥкпір-тҥкпірінен және Шығыстың басқа елдерінен бір айда, 2-2,5 млн. зияратшылар жиналатын кӛрінеді. Ал бір Мешхедтегі имам Реза кесенесінде қызмет кӛрсету ҥшін ҥш мың адам жҧмыс істейді. Жалпы киелі шииттік қалалардан басқа Иранда мешіттерімен және кесенелерімен атақты бірнеше қалалар бар. Мәселен, Казимейн қаласында жетінші имам – Мҧса әл-Казим және тоғызыншы имам Мҧхаммед ат-Таки жерленген. Ал Самарра қаласында оныншы және он бірінші имам кесенелері бар. Иранда кесенесі, мешіттерімен атағы шыққан қалалар кӛп. Иран астанасының маңында Әли ҧрпақтарының бірі – шах Әбд әл-Азим кесенесі бар, бҧл да шиитік киелі жер деп саналады. Наср әд-Дін шах моласына да кесене тҧрғызылған [3, с. 73]. Әдетте мешіт қала немесе ауылдың ортасында, базарға жақын жерлерге салынады. Мешіт ҥйсіз, жарлы адамдар ҥшін немесе кҥнәсін ақтауға келген адамдар ҥшін тҥнейтін орын да бола алады. Мешіттердің басым кӛпшілігі таңдаулы кӛркем, ӛнер туындысы. Ортодоксальды ислам қҧдайдың суретін салуға тыйым салғандақтан, адам мен жануарлар суретін салуды қолдамағандықтан 52
мҧсылмандарда оюмен әшекейлі ӛрнектерді бейнелеу жоғары дәрежеде дамыды. Тіпті әртҥрлі қалыптағы арабескиді айтпағанның ӛзінде әріптермен бейнеленген сурет кереметтігі ерекше. Кӛбіне ондай бейнелеуде Мҧхаммед пайғамбардың ҥндеуі, Қҧраннан ҥзінді, Алланы, пайғамбарды, имам Әлиді мадақтайтын ӛлең жолдары кездеседі. Шииттердегі бір ерекшелік – қасиетті Мариям, Мҧхаммед пайғамбар, имам Әли бейнеленген ескі суреттердің болуы. Жалпы шииттік діндарлар қасиетті адамдар суретін бейнелеуді жақтамаса да, сунниттермен салыстырғанда бҧған жеңілірек қарайды. Бҧл исламға дейінгі зароастрийлік мәдениеттін ықпалынан деп болжам жасауға болады. Мҥмкін бҧл шииттік емес, исламға дейінгі дәстҥрдің сақталынуы болар, дегенмен, басқа (сунниттік) мҧсылман елдерінде бҧл ҥрдіс байқалмайды. Бҧл жайлы «Бейнелеу ӛнерінің тарихы» атты кітапта мынадай пікір айтылады. «Ислам қҧдайларды бейнелеуге қатаң тыйым салады, қҧдайлардың мҥсінін сомдау Қҧранда «сайтанның ісі» деп аталған. Тірі жанның суретін салуды мҧсылман ортодокстары қолдамайды, бҧл белгілі хадисте де орын тапқан: «Тірі жанның суретін салған адам бақытынан айырылады. Қиямет кҥні ол адамнан рухтың суретін салу талап етіледі, ол рухты бейнелей алмайды». Дегенмен, діндарлардың бҧл талабы суретшілер тарапынан орындалып жатты деп айту қиын. Осылайша, суретшілер исламға дейінгі византиялық, ирандық шеберлердің дәстҥрін жалғастырды» [4, с. 77]. Иран Араб халифатының қҧрамына ене отырып, Қайта Ӛркендеу дәуірін басынан кешірді. Бҧл дәуір Иран тарихында алтын дәуір саналады. Иран жеріне араб жаулауы игі әсерін тигізе отырып әлемге ҧлы Рудаки, Дакики, Беруни, Хайям, Руми, Сағди, Хафиз есімдерін алып келді. ІХ-ХІV ғғ. арасында Иран Ӛрлеу кезеңін басынан кешіріп қана қоймай, парсы ӛркениеті мҧсылман мәдениетінің дамуына ықпал ете алды. Иранның ортағасырлық бай мәдениетінен тек әдебиетте ғана емес, сәулет ӛнерінде де бағалы мҧра сақталған. Бҧл теңдесі жоқ мешіттер мен имам кесенелері, тоқталып ӛткен Нежефтегі Әли мазары, Кербаладағы Хусейн кесенесі, Қҧм қаласындағы Фатима Масуменің жатқан жері, Мешхедтегі имам Реза мешіті архитектуралық ӛнер туындыларының аз бӛлігі ғана. Бҧл шииттік қасиетті ғимараттар жер жердегі шииттердің зиярат етуге келетін, Алладан медет тілейтін орындары ғана емес, парсы әдеби 53
мҧрасы тектес әлемдік мәдениетке Иранның тарту еткен қҧнды сыйы деп қабылдауымыз қажет. Ҧзақ уақыт бойы Ҧлы Жібек жолы Иран мен Орта Азияны жалғастырған жол болды. Ҧлы Жібек жолы – яғни, керуен жолы ӛтетін кӛптеген халықтардың тарихы мен мәдениетін тасымалдау жолы болды десек қателеспейміз, дегенмен Жібек жолының нақ ортасында иран ӛркениеті тҧрды. Парсы тілі, иран мәдениеті, ғылымы мен білімінің басқа елге таралуы осылай жҥзеге асты. Мәдени қатынастардың ӛрлеуі исламдық мемлекеттердің қалыптасу кезеңіне сай келеді. Бҧл кезеңде Ҧлы Жібек жолы бойына орналасқан қалаларда ҥлкен кітапханалар бой кӛтерді, мҧсылмандық, грек және қытай ғылыми орталықтарымен дерек алмасу ҧлғайды. Осылайша, Орта Азия елдерінде де иран мәдениеті орын ала бастады. Бҥгінде Орта Азия халықтары тілдерінен кӛптеген парсы сӛздері мен терминдерін кездестіруге болады. Бҧл аймақ музейлерінде кездесетін әдеби ескерткіштер кӛбіне парсы тілінде жазылған. Солтҥстік Қазақстаннан ӛзге Орта Азияның басқа жерлеріндегі ескі заманғы кӛптеген ғимараттарда иран архитектурасы мен ӛнерінің іздері сақталған. Бҧхара мен Самарқандтағы мешіт пен медреселер, Оңтҥстік Қазақстандағы ежелгі кесенелер және ондаған басқа да ғимараттар иран сәулеті мен стилі негізінде салынған. Бҧл ғимараттар әшекейіне кӛбіне иран есімдері жазылған. Ирандықтар ислам дінін таратуда маңызды рӛл атқара отырып, ӛз тілі мен мәдениетін қатар таратты. Ӛзбекстанда кӛптеген исламдық дәстҥрлерді халық парсы тілінде жҥзеге асырады. Мысалы, қайтыс болған адамға жаназа парсы тілінде оқылады. Шаһ Аббас сарайы, Ҧлықбектің астрономиялық кҥнтізбесі, Тоғрал мҧнарасы, Қашғардағы мешіт, Самарқандтағы Регистан алаңы, Әмір Насыр Самани кесенесі, шейх Лотфулла мешіті, Оңтҥстік Қазақстандағы Отырар қаласының қалдықтары, шейх Сафиад-Дин Ардабили кесенесі, Афрасиаб тӛбесінен табылған саз қҧмыралар және Ҧлы Жібек жолынан табылған мыңдаған басқа да ескерткіштер әр халықтың жеке тарихынан ӛзіндік орын алғанымен, әлем тарихына, жалпы иран-исламдық негізбен енгізілген. Орта Азияның кӛптеген халықтарының исламдық діни дәстҥрлерінде арабша эквиваленттерінің болуына қарамастан, кӛп мӛлшерде парсы сӛздерінің қолданылуы ирандықтардың байланыстырушылық әрекетіне байланысты болды [5, с. 15]. 54
Кӛптеген зерттеушілер, Орта Азияның жергілікті халықтарының тҥбегейлі танысқан мәдениеті нақ иран мәдениеті екендігіне кәміл сенеді. Атақты қазақ жазушысы Мҧхтар Әуезовтың кӛптеген әдеби еңбектері мен мақалаларынан қазақ халқы ертеректен парсы дастандарымен таныс екендігін білуге болады. Ирандық білім жҥйесі ықпалының арқасында XV-XVІІ ғасырлардағы Орта Азия халықтарының тарихын жылнамашылар парсы тілінде жазды. Туысқан халықтардың ортақ тарихи, мәдени тамырын ғалымдар мен ақындар туындыларын ҧлттық негізден сараптай отырып ҧғынуға болады. Олардың басым кӛпшілігі бір иран-исламдық мектепке арқа сҥйегенін атап ӛткеніміз жӛн. Орта Азия республикаларының қҧрметті ақындары мен ойшылдары саналатын Махтум Кули Фараги, Әлішер Навои, Садриддин Айни және Абай Қҧнанбаев ӛздерін иран ақындарының шәкірті санап, олардың кӛзқарастарын ҧстанған. Орта Азияның барлық халықтары атақты Иран ақындары Хафиз, Фирдоуси, Саади, Хайям есімдерімен таныс. Иран мәдениеті ықпалының кҥшті болғаны соншалық, Орта Азиядағы тҥрік басшылары оған тосқауыл қоя алмады. Кей жағдайларда тҥрік билеушілері иран мәдениеті мен ӛнерінің кеңеюіне мҥмкіндік туғызып отырды. Орта Азиядағы бҥгінгі кейбір жазушылар деректері, Әмір Темірдің кӛптеген ғимараттарды, соның ішіндегі Қожа Ахмед Яссауи кесенесін тҧрғызу мақсатында иран сәулетшілері мен шеберлерін шақырғандығын айтады. XVІІІ және XІX ғасырдағы Ресей ықпалының кҥшеюі, әсіресе XX ғ. Кеңес Одағының қҧрылуымен Иран мен Орта Азия ара қатынастарында тоқырау байқалды. Кей авторлардың пікірі бойынша, Орта Азияда иран мәдениеті мен дәстҥрлерінің сақталуы кҥшті болғаны соншалық XІX ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында әлемдік дәрежеде орыс мәдениетінің таралуына кедергі келтірген [5, с. 17]. 1. Зарринкуб А.Х. Исламская цивилизация. – М.: Андалус, 2004. – 237 с. 2. Му’авийя б. Аби Суфийан (605-680 ж. шамасы) – алғашқы омеядтық халиф (661-680) Мҧхаммед пайғамбармен жауласқан Курейшид кӛсемдерінің бірі – Абу Суфийана Сахраның ҧлы. 630 ж. Мекке жаулауынан кейін исламды қабылдап, Мҧхаммед пайғамбардың хатшысы болды. 3. Дорошенко Е.А. Шиитское духовенство в современном Иране. – М.: Наука, 1985. 230 с. 4. История художественной культуры: Арабо-мусульманский мир. Китай. Япония / Под ред. В.И. Шейко, А.А. Говрюшенко, А.В. Кравченко. – Харьков: ХГАК, 1999. - 200 с. 5. Санаи Мехди. Взаимоотношения Ирана и стран Центральной Азии. – Алматы: Ақыл кітабы, 1997. – 144 с. 55
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ Ирандағы қажылықты (ҥлкен қажылық, умра, зиярат) ҧйымдастырумен Иран Ислам Республикасының Қажылық пен зиярат істері ҧйымы айналысады. Аталған ҧйым мемлекеттік ҧйым болып табылады. 1350 (1971) жылға дейін қажылық жҥйелі тҥрде бір орталықтан ҧйымдастырылмаған болатын және қажылық ісін бақылау Ішкі істер министрлігіне жҥктелді, онда да тек сол кездегі керуен – қажылық етуге ниет қылушылар тобын басқарушыға лицензиялы карточка берумен шектелетін. 1351 (1972) жылы Министрлер кабинетінің ҥкімімен қажылық бойынша барлық істер Ішкі істер қҧзырлығынан алынып, премьер-министрдің орынбасары басшысы болған Вакуфтер ҧйымына жҥктеледі. 1358 (1979) жылы Исламдық революцияның жеңісінен кейін, Революциялық Кеңестің бекітуімен қажылық ісі Вакуфтер ҧйымынан алынып, Исламды дамыту министрлігіне қарасты Қажылық пен зиярат істері бойынша ҧйымға тапсырылды. Жоғарғы Кеңес 1384 (2005) жылы хордод айында Қажылық пен зиярат істері ҧйымының қҧрылымын оның Жарғысына сәйкес бекітіп, оны ИРИ саясатының негізінде, Имам Хомейни идеясын ҧстанып, Діни кӛшбасшы (Мемлекет Президентінен жоғары тұратын инстанция) мен Республика Президенті басшылыққа алған принциптерді негізге алалатын мемлекеттік, автономиялы, Мәдениет және ислами бағыт министрлігіне қарасты ҧйым ретінде таныды. Ҧйымның мақсаттары: қажылық етуге ниет етушілерді бақылау, сыртқы мемлекеттерге қажылық ету ісіне басшылық және әкімшілік ету, қажылық пен зиярат істері бойынша исламдық мемлекеттермен, халықаралық қауымдастықтармен қарым-қатынас орнату. Ҧйымның міндеттері: Діни кӛшбасшының барлық бҧйрықтары мен тапсырмаларын орындау; Ҧйымның Жоғарғы Кеңесіне ҧсынылатын стратегиялық жоспарларды, ҧйым саясатын, қажылықты жҥзеге асыру әдістерін және т.б. дайындау; Қажылық пен зиярат істері ҧйымның Жоғарғы Кеңесінің заңнамаларын және басқа да заңды тапсырмаларды жҥзеге асыру;
56
Діни адамдар ресурстарын, оңды тәжірибелерді, қазіргі информациялық технология жетістіктерін пайдалана отырып қажылық, умра, мемлекеттен тыс жерлердегі қасиетті орындарға зиярат ісін басқару; Қажылық пен зияратқа байланысты мәдениет, әлеумет, сервис және басқа да мәселелерге қатысты зерттеу және ақпараттық жҧмыстар жҥргізу, қажылық етушілердің пікірін жинақтау; Қажылық мәселесімен айналысатын ҧйымдар, бӛлімдер мен мекемелермен байланыс орнату, олардың жҧмыстарына баға беру; Қажылық пен зиярат істері бойынша дағды, білім және тҥсінік дәрежесін жақсарту ҥшін іс-шаралар жоспарлау және жҥзеге асыру; Министрлер Кабинеті қаулысының негізінде Қажылық етуге ниет етушілердің ӛтініштерін қарау және лицензиялау, зиярат бойынша қызмет кӛрсететін мекеме және қажылық тобының басшысына қарсы жазылған ҧсыныстар мен шағымдарды талдау, лицензиясы жоқ, Қажылық пен зиярат ҧйымынан тыс қызмет еткен заңдық тҧлға кездескен жағдайда заңнама негізінде мәселені шешу; Ирандық қажылық етушілердің шетелмен байланысты мәселелерін ҧйымдастыру; Сауд Арабиясы, Ирак, Сирия мемлекеттеріндегі қажылық бағдарламалардың жҥзеге асырылуын қадағалау; (Ирандықтар Ирак пен Сириядағы шиттік қасиетті орныдарға да зиярат етуге барады) Ирандық қажылық және зиярат етушілердің туындаған мәселелері мен қиыншылықтарына байланысты сҧрақтарды шешу мақсатында, аталған мемлекеттердің Сыртқы істер министрлігімен ықпалдаса отырып, сол елдердің тиісті органдарымен байланыс орнату; Қажылық және зиярат етушілердің медициналық кӛмек кӛрсету мен сақтандыруын кеңейтіп, жақсартуын жоспарлау; Қажылық және зиярат мәселелеріне байланысты ҥкметтік емес салаларда қолданылатын ресурстар мен мҥмкіндіктерді зерттеп, баға беру; Қажылық пен зиярат Жоғарғы Кеңесінің мҥшелері: Мемлекет Президенті, Жоғарғы Кеңестің Тӛрағасы ретінде; ол болмаған уақытта оның бірінші орынбасары; Қажылық пен зиярат істері бойынша Діни кӛшбасшының ӛкілі;
57
Мәдениет және исламдық бағыт, Сыртқы істер, Экономика және қаржы, Жол және коммуникация және Денсаулық сақтау министрлері; ИРИ-дың мемлекеттік телерадио мекемесі (Седа ва Сима) әкімшілік және жоспарлау бӛлімдерінің басшылары; Полиция бастығы; Қажылық пен зиярат істері ҧйымының басшысы (Кеңестің хатшысы ретінде); Иран мен екінші мемлекет бірлескен комиссисының тӛрағасы; Қажылық пен зиярат істері бойынша Мәдениет және исламдық бағыт министрі ҧсынған бір адам және Діни кӛшбасшы ӛкілдігі ҧсынған бір адам; Қажылық: 2010 жылғы мәлімет бойынша, бҥгінгі кҥні бір миллион 830 мыңнан астам ирандық мҧсылмандар қажылыққа бару ҥшін кезек кҥтуде. Сауд Аравиясы тарапынан Иран Ислам Республикасының ҥлесіне жыл сайын шамамен 100 000 адамға қажылық етуге квота бөлінетін болғандықтан, бҧл кезектегі адамдар саны алдыңғы 18 жылда жҥзеге асырылады деп жоспарлануда. Қажылық пен зиярат істері ҧйымы бірнеше жылдардағы қажлыққа байланысты сҧраныс пен ҧсыныстың ҥлкен айырмашылығы болуы себебінен, қажылық етуге ниет қылушылардың банк бӛліміне ӛтініш білдіру уақытына байланысты кезекпен қажылыққа жіберіп отырады. Қажылық етуге ниет еткендердің орта жасы 55 болуына байланысты, Қажылық пен зиярат істері ҧйымы Жоғарғы Кеңестің ҧйғарымымен жастары ҥлкен адамдардың бірқатарын ертерек жіберуге жағдай жасау ескерілген. Сол ҧйғарымды қолдана отырып, 1384 (2005) жылдың аяғы мен 1388 (2009) жылдың соңына дейінгі уақытты салыстырғанда қажылыққа барғандардың орта жасы 80 жасқа кӛтерілсе, 1385 (2006) және 1386 (2007) жылдардағы қажылыққа барып келгендердің орта жасы 85 жасқа кӛтерілді. Кезектегі адамдардың кӛптігі бір жағынан, бӛлінетін бір мыңдық квотаның аздығы екінші жағынан Қажылық және зиярат ҧйымы тарапынан қажетті, ыңғайлырақ шаралар ҥйлестірілгенше 1386 (2007) жылдан бастап, Ҧлттық банк қажылыққа ӛтініш қабылдауын тоқтатуға мәжбҥр болды. Ҧйым тарапынан ӛтініш қабылдауды тоқтату уақыты ҧйымға болашақта қажылық ісін басқаруды жетілдіріп, реттеу ҥшін барлық салаларды зерттеуге, жылдағы сҧраныс пен ҧсынысты салыстырып, бағалауға және амал ойласытуға мҥмкіндік береді. 58
Тіркеу басқармасы: Қажетті статистиканы дайындап, тіркелушілердің бағытын анықтау ҥшін эксперттер жҧмысы жоспарланған. Қажылық мәселесі бойынша, алдын ала тиісті болжамдар жасалып, ӛткізілетін уақыттары белгіленіп, соған лайықталған қажетті нҧсқаулықтар дайындалады. Статистиканың нәтижесі бойынша, жасы ҥлкен адамдардың арасында артықшылық берілетін адамдар айқындалады, ҧйымның кӛмек кӛрсетуі арқылы қажылыққа жіберілетіндер мәселесі зерделеніп, жоспарланады. Статистикалық зерттеулер арқылы, Иранның қай аудандарында умра қай мӛлшерде басымырақ екенін анықтауға мҥмкіндік туады. Нәтижесінде бӛлінетін жылдық квотаның умра қай ауданда басымырақ болса, қандай мӛлшерде бӛлінетіні анықталатын болады. Қажылық басшылары, сондай-ақ қажылық етушілер тобының басшылары ӛз қаражаттарымен қажылық етушілерді Қажылық пен зиярат істері ҧйымының жоспарлауы бойынша Сауд Аравиясына жеткізіп, одан кейін қажылық парыз ӛтелген соң, оларды елге қайта алып келеді. Барлық ирандық қажылық етушілердің сапар мерзіміндегі халықаралық әуе жолдары бойынша қалалар арасында, бір мемлекеттің ішіндегі тасымалдау ісі, тҧрғын ҥй, тамақ бір орталықтан Қажылық пен зиярат істері ҧйымы арқылы жҥзеге асырылады. Қажылықтағы медицина қызметі Иран Ислам Республикасындағы Қызыл жартыай қоғамына қарасты медициналық орталығы арқылы жҥзеге асырылады. Олар әр топқа (кереуенге) дәрігер тағайындап, Мекке және Медина қалаларында ауруханалар мен поликлиникалар даярлау арқылы ӛз міндеттерін атқарады. Тҧрғын ҥй мәселесі бойынша, Қажылық уақытына Қажылық және зиярат ҧйымы тікелей ӛзі ғимараттарды, мейманхаларды жалға алады, ал, умра уақытында бҧл араптық фирмалар арқылы жҥзеге асырылады. Қажылық пен зиярат істері ҧйымы умра ҥшін зиярат етуге арналып жасақталған Сауд Арабиясындағы лайықты орындар, мейманханалар таңдап алып, олармен келісім-шарт жасайды. Тасымалдауды жҥзеге асыру да Сауд Аравиясы фирмаларымен келісім-шартқа отыру арқылы жҥзеге асырылады. Тамақ мәселесіне жауапты адамдар, ғылыми, гигиеналық, талғамдық тҧрғыдан қажылық етушілерге лайықты тамақ дайындау ҥшін Мекке мен Мединадағы жалпы тҧтынатын асханалардың қазіргі заманға сай жабдықталғандарын таңдауға тырысады.
59
Жалпы, Иран Ислам Республикасы ислам мемлекеттерінің арасындағы қажылық ісін ҧйымдастыруда ҥлгі тҧтарлық мемлекет саналғанымен, Қажылық пен зиярат істері ҧйымы әлі де болса, ӛз қызметтерін одан әрі де жақсарта тҥсу мақсатында жҧмыс жҥргізуде.
60