Дін және қазіргі заман

Page 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ДІНДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

ДІН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

АСТАНА - 2013


УДК 2 ББК 86.2. Д 90 Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесімен ҧсынылды

Жауапты редакторлар: Ғ.Н. Шойкин, саяси ғылымдарының кандидаты, А.П. Әбуов, философия ғылымдарының докторы, профессор

Д 90 Дін және қазіргі заман: Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің және Агенттіктің ведомствалық ұйымдары мен аймақтық департаменттері қызметкерлерінің БАҚ беттерінде жарық кӛрген мақалаларының жинағы / Құраст. Ж.Қ. Жарқымбеков, Н.Х. Шубаев. – Астана, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы. 2013. – 162 б. ISBN 978-601-7028-51-0 Жинақта Агенттіктің ведомствалық ұйымдары мен аймақтық департаменттері қызметкерлерінің Қазақстандағы конфессияаралық келісім мен үнқатысуды дамыту, халықтың діни сауаттылық деңгейін кӛтеру мен діни экстремизм және лаңкестіктің алдын алу жолдары, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы талаптарының орындалуы секілді дін саласындағы ӛзекті мәселелерге арналған мақалалары беріледі. Сондай-ақ, жинаққа діни бірлестіктерді мемлекеттік қайта тіркеу шарасы туралы да мәліметтер енген. Жинақ дін мәселесіне қызығушылық танытатын кӛпшілікке арналған.

УДК 2 ББК 86.2 © Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы. Астана, 2013 -2-


МАЗМҦНЫ I БӚЛІМ. КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ Дінаралық келісім – тәуелсіз Қазақстанның маңызды игіліктерінің бірі .............5 Конфессияаралық келісімді нығайту жолында .....................................................13 Пікірталастан – шешімге .........................................................................................21 Дінаралық татулық – рухани қауіпсіздіктің аспектісі ..........................................23 Ықпалдастық рӛлі жоғары .......................................................................................26 Халықтың Қазақстанның негізгі конфессияларына сенімінің индексі ...............29 Тағаттылық тағылымы..............................................................................................32 Зайырлылық ..............................................................................................................40 II БӚЛІМ. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН Мемлекет және дін: қоғам мүддесі жолындағы ӛзара іс-қимыл ..........................43 Біз мемлекет пен қоғам дамуы үшін аса жауапты кезеңде ӛмір сүріп жатырмыз ................................................................................................49 III БӚЛІМ. ҚР «ДІНИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІ ҚАЙТА ТІРКЕУ ҤДЕРІСІ Саны аз діни топтар ӛзгеріске ұшырамақ ..............................................................56 Діни бірлестіктерге қойылар талап бір...................................................................59 Діни бірлестіктерді қайта тіркеу оң нәтиже берді ................................................64 Қазақстанның діни алаңы тазартылды ...................................................................67 Дінтану сараптамасы: міндеттер мен мәселелер ...................................................72 Кӛп бірлестік кӛсегені кӛгертпейді….....................................................................77 Салалық заңнама – зайырлылық кепілі ..................................................................79 Дін саласындағы жүйелі түсіндіру жұмысы – уақыт талабы ...............................82

-3-


IV БӚЛІМ. ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ Бізге ерекше жауапкершілік жүктелген .................................................................86 Жастарымызды рухани тұрғыда тәрбиелеу – Агенттік жұмысының басты бағыттарының бірі ..................................................90 Халықтың белсенділігі мен қолдауы – шешуші күш ............................................95 Дін мен ұлттық сананы бір-біріне қарсы қою – мемлекет қауіпсіздігіне қатер тӛндіреді .................................................................98 Ислам - бірлік, бейбітшілік және қайырымдылық діні .......................................104 Жұмыла кӛтерген жүк жеңіл .................................................................................113 Имандылық пен адамгершілік – егіз ұғым ...........................................................117 Оразаң отыз күнгі – отыз кісі ................................................................................119 Дінтанушылардың дәстүрлі құрылтайы ...............................................................123 Діни сана мен білімді қалай қалыптастыра аламыз? ..........................................126 Ғылым мен техника дамығанымен, адамзат баласының діни қажеттілігі ӛзгерген жоқ ................................................................................129 Қазақстан қоғамының құндылық бағдар жүйесіндегі діни құндылықтар ...................................................................................................135 Тура жолда қайғы тұрмас ......................................................................................138 V БӚЛІМ. ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ЛАҢКЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ Діни экстремизм – ақиқат діннің жауы ................................................................142 Дінде экстремизм жоқ ............................................................................................149 Сәләфизм идеясының зияны мен залалы .............................................................153 Діни ағымдардың Қазақстанға ықпалы қандай? .................................................156 Діни дүрдараздыққа жол жоқ ................................................................................160

-4-


І БӚЛІМ. КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

Қ.Қ. Лама Шариф, ҚР Дін істері агенттігінің Тӛрағасы ДІНАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАҢЫЗДЫ ИГІЛІКТЕРІНІҢ БІРІ Қазақстан қоғамы ӛміріндегі діннің рӛлі жұртшылық, ғылыми орта және мемлекеттік органдар үлкен қызығушылық танытып отырған нысан болып саналады. Біздің қоғамымыздың дін саласында не болып жатыр, дін әлеумет санасына қалай әсер етеді, бұл бағытта мемлекет қандай саясат жүргізіп отыр? Осы және ӛзге де сұрақтарға бізге Дін істері агенттігінің Тӛрағасы Қайрат Лама Шариф жауап береді. Кез келген ел үшін дін саласындағы мәселелер – ӛзекті және маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы бүгінгі діни жағдай қандай деп ойлайсыз? Қазақстандағы діни жағдай, басқа елдердегі сияқты кӛбіне елдің ішіндегі және одан тыс саяси, экономикалық және құқықтық жағдайға тікелей байланысты. Сонымен қатар, ол мемлекеттің ішіндегі этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасқа да тәуелді. Бұл тұрғыдан біздің республикамыз тәуелсіздік алған уақыттан бері қоғамдық-саяси және экономикалық тұрақтылығымен, әр түрлі ұлт пен ұлыс, конфессиялар арасындағы сенім және ӛзара түсіністікпен ерекшеленетіндігі белгілі. Бұл үшін мемлекет тарапынан конфессияаралық сенім мен қоғамда қалыптасқан толеранттылық ахуалына, сындарлы сұхбатқа қолдау кӛрсету және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанның кӛпшілік мойындаған жетістігі болып, халықтың барлық топтары ӛкілдеріне экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани даму мүмкіндігі бірдей қамтамасыз етілген демократиялық және зайырлы мемлекет түзе алуы болып саналады. Этносаралық және конфессияаралық келісім қағидаттары орталық мемлекеттік органдармен қатар, аймақтарда да жүзеге асырылып отырады. Діни келісім саласындағы Қазақстан тәжірибесі бірегей екендігін атап ӛткен абзал. Республикада діни бірлестіктердің біршама түрлері жұмыс істеуде: мәселен, дәстүрлі діндерден (ислам және христиан) бастап, бұған дейін елімізде болмаған жаңа, дәстүрлі емес діни қауымдастықтарды кездестіруге болады. Діни ұйымдар емін-еркін қайрымдылық, ағартушылық және гуманитарлық істермен айналыса алады. -5-


Қазіргі уақытта діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу жұмыстары жүзеге асырылып, миссионерлерді есептік тіркеу жалғастырылуда, діни әдебиеттерге дінтану сараптамасы жүргізілуде. Ӛзіңіз кӛріп отырғандай, біздің азаматтарымыздың құқықтарымен еркіндіктерін қорғауға бағытталған пәрменді істер атқарылуда және бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасының дін саласындағы қазіргі заңының жүзеге асырылуына игі әсер етуде. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның кіріспесінде халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани ӛмірінде исламның ханафи мазхабы және православтық христиандықтың тарихи рӛлі танылған. Бұл немен байланысты? Ислам мен православие Қазақстан қоғамы ӛміріндегі мәдениетті қалыптастырушы негізгі құрауыштардың бірі. Дегенмен, бұл мәртебеге ерекше мән беру, оларға қандай да бір құқықтық артықшылық пен басымдылық бермейтіндігін түсіну қажет. Бұл мәртебелік анықтама елдің этностық құрылымына байланысты берілген. Себебі, бұл екі дінді ұстанушылар жалпы халықтың шамамен 90% құрайтын тұрғылықты халық – қазақтар мен орыстар болып саналады. Мұсылмандық Шығыс мәдениетіне тарихи тартылу Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің дамуына пәрменді ықпал еткендігін жоққа шығу мүмкін емес. Ежелгі сенімдерді ығыстыра отырып, ханафи мазхабындағы ислам қазақ халқының ӛнегелік дамуы, зиятты және мәдени ӛркендеуіне мүмкіндік берді. Нақ осы ислам мемлекеттілікті, этностық және мәдени бірегейлікті сақтаудың басты ұйытқысы болды. Қожа Ахмед Яссауи мен Асан Қайғыдан бастап, Абай, Шәкәрім мен Мәшһүр Жүсіпке дейінгі – түркі және қазақ зиялы қауымының бірқатар дәуірлерде ӛмір сүрген кӛрнекті ӛкілдері ислам руханиятын бойына сіңіргендері кездейсоқтық емес. Бұл тұрғыда Орыс Православты шіркеуі де елеулі рӛлге ие. Ағартушылық істерімен айналысып, рухани даму жолына бағыттап, сындарлы сұхбат жүргізуге ұмтыла отырып, православ сенімі 140 жыл бойы Қазақстан қоғамындағы толерантты қарым-қатынастың дамуына қолдау кӛрсетіп, еліміздің діни конфессиялары арасындағы ӛзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға ӛзінің салмақты үлесін қосып келеді. Дін істері агенттігі – діни бірлестіктермен ӛзара әрекеттестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және қалыптастыруға қатысу құзіретіне ие уәкілетті мемлекеттік орган. Ӛз қызметіңізде осы бағыт бойынша қандай қағидаларға жүгінесіз? Қазақстанның бүкіл саясаты, дін саласындағы және басқа да бағыттарда болсын теңдік және еркіндік, демократия қағидаларынан тұрады. Конституцияда кімнің болса да ар-ождан бостандығына құқығы бекітілген, ал, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңда әркімнің ар-ождан бостандығына деген қақысы бекіген, ал ар-ождан еркіндігі әркімге ӛз еркімен, ӛзінің дінге деген қатысын анықтауына құқық береді, яғни дінге сене ме, сенбей ме, ӛз нанымын насихаттап, соған сай әрекет ете ме, етпей ме, ӛз ырқында, қалауы біледі. -6-


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «...Біз барша діндердің теңдігі мен Қазақстандағы дінаралық келісімді қамтамасыз етеміз және бұған кепілдік бере аламыз. Біз исламның, ӛзге де әлемдік және дәстүрлі діндердің ең үздік дәстүрлерін дамытудамыз және оларды сыйлаймыз. Бірақ та заманауи зайырлы мемлекет құрып жатырмыз» – деп атап ӛткен болатын. Біздің Мемлекетіміздің дін саласындағы мұраттарының бірі зайырлылық сипатты сақтау Агенттіктің жетекшілік етіп отырған жұмыстарындағы негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Бірақ бұл жерде зайырлылық дегеніміздің атеизм емес екендігін, оның мемлекет пен діннің ӛзара әріптестігіне тұсау салмайтындығын түсіну керекпіз. Қазақстанда мемлекет діннен бӛлек және де ол діни бірлестіктердің қызметі біздің республикамыздың заңына қайшы келмесе, мемлекет оның жұмысына араласпайды да. Сондай-ақ тағы да айтып ӛтер болсақ, біз Қазақстанда тіркелген діни ұйымдардың барлығымен ӛзара байланысып отырамыз. Ол үшін облыс және аудан әкімшіліктері жанында діни бірлестіктермен ӛзара әрекеттесу бойынша арнайы кеңестер жұмыс жасайды. Біз осы кеңестің мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің арасындағы нәтижелі ынтымақтастықтар мен сындарлы сұхбатын қолға алумен қатар, ары қарайғы жұмыс барысында басқалардың да пікірін ескеруін қолдаймыз. Жалпы алғанда, Қазақстанда ар-ождан және сенім бостандығы саласында мемлекеттік саясатты орындау жүйесі үнемі жүзеге асыры лып отырады. Осының ӛзі жоғарыда аталып отырған қағидаларға толығымен сәйкестендіріле отырып, дін саласындағы азаматтардың еркіндігі мен құқығына кепілдік етумен қатар, Агенттіктің алдына қойған міндеттерге нәтижелі жетістіктермен жетуін қамтамасыз етеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің бірегейлігі неде? Бұл Съездің шынымен де басқа форумдардан бірнеше маңызды айырмашылығы бар. Әлемде соңғы уақытта қатты ӛзгерістер орын алды. Олардың ішінде әлемдік қаржы дағдарысы, алпауытты елдердің энергетикалық қайнар кӛздері үшін тартысуы, әр түрлі саяси және діни топтар арасындағы елдер ішінде дау-жанжалдарды жатқызуға болады. Мемлекеттер мен халықтар арасындағы кӛптеген теке тірестер де, ӛкінішке орай, діни сипатта да ӛтуде. Осындай халықаралық оқиғалардың шиеленісуінде жаһанды деңгейде дінаралық диалогты дамыту ӛзектілігі айырықша мәнге ие болады. IV Съездің ерекшелігі – Діни лидерлер кеңесін құру болып табылады. Оның құрамына әлемдік және дәстүрлі діндердің 15 кӛшбасшылары кірді. Съездің аясында қазіргі уақытта әсіресе ӛзекті мәселелері бойынша секциялық пікір таластар ӛтті. Олардың ішінде: дін және мультикультурализм; тұрақты дамуға қол жеткізудегі діни лидерлердің рӛлі; дін және әйел: рухани құндылықтар мен қазіргі сын-тегеуріндер; дін және жастар. Бұл мәселелерді талқылаудың маңыздылығы уақыттың талабы. Адамзатқа бейбітшілік пен тыныштық керек. Оған барлық адамдар, барлық мемлекеттер мүдделі. Бүкіл адамзат ауқымындағы бейбітшілік пен келісім мәселелерінің біздің қазақ жерімізде талқыланатыны бізді қатты қуантады. -7-


Дін қайраткерлері Астанада тӛртінші рет бас қосқан алқалы жиында қоғамдық ӛмірдің ең маңызды салаларындағы діннің рӛлін талқылауға бағытталғаны осы диалогтық алаңының ӛскен рӛлін айғақтады. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін ӛткізу жӛніндегі бастамасының ӛте қажетті болғанын, бәріне бірдей маңызды жаһанды конфессияаралық диалогты орнатуға мүмкіндік бергенін білдіреді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезінде қандай маңызды бастамалар айтылды. Олардың қазіргі әлем үшін ӛзектілігі қандай? Ең маңызды бастамаларының бірі жаһандық толеранттылықты және сенімді қалыптастыру және нығайту мәселелеріне арналған интернет-ресурс жасау ұсынысы болды. Оның аясында Діни лидерлер кеңесінің және біздің Съезд Хатшылығының интерактивті отырыстарын ӛткізуді, интернетті пайдаланушылардың кең шеңбері үшін тұрақты онлайн-форум жүргізуді қарастырылады. Сонымен қатар, біз 2013 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Бірінші Съезі шақырылуының 10-жылдығын атап ӛтеміз, осыған орай Президент Н.Назарбаев диалогтың маңызы мен ӛзектілігін тағы да айтып кету үшін, діни-рухани лидерлердің бітімгерлік рӛлін кӛтеру үшін Діни лидерлер кеңесінің арнайы үндеуін дайындап қабылдауға ұсыныс жасады. Елбасымыз қойған міндеттер қазірдің ӛзінде жұмыс барысына қабылданып, міндетті түрде жүзеге асады деген сенімдеміз. Ал бүгінде біздің басты мақсатымыз – тӛртінші Съезге қатысушылар бір ауыздан айтып кеткен ең маңыздысын, яғни барлық конфессиялардың ӛкілдері арасындағы ӛзара сыйластықты дамыту болып табылады. Тәуелсіздік жылдары қазақстандықтар ӛмірінде діннің рӛлі айтарлықтай ӛсті. Сіздің ойыңызша, бұл немен байланысты? Қазақстан конфессияаралық және этникалық кӛпжақтығымен ерекшеленетін әлемдегі санаулы мемлекеттердің қатарына жатады. Конфессияаралық келісім – заң алдында діни бірлестіктердің теңдігі қағидасына негізделген дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев этностар достығы мен толеранттығын «Республика жетістігінің жансыры» деп атады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның конфессияаралық кеңістік құрылымы айтарлықтай ӛзгерді. Бұған дейін ӛмір сүріп келген жаппай атеизм конфессияаралық ӛркендеуге алмасып, діни сана толеранттылық және сенім жағына қарай ӛзгерісіне ұшырап, еліміздің діни бағдары кеңейе түсті. Конфессиялық плюрализм Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі діни ахуалының айырықша маңызды ерекшелігіне айналды. Тәуелсіздігіміздің соңғы екі онжылдығында Қазақстанда діни бірлестіктер мен еліміздің конфессияаралық кеңістігінің динамикалық құрылымдық ауысуының ӛсімін байқап отырмыз. Кӛріп отырғанымыздай, бұл үдеріс біздің қоғамымыздың құндылықтық бағдары жүйесіндегі діни құндылықтар рӛлінің -8-


артуынан кӛрінеді. Бұған, 2010-11 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі жанындағы Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Қоғамдық пікірді зерттеу Орталығымен бірлесе жүргізген әлеуметтік зерттеулер нәтижелерінің салыстырмалы талдауы дәлел бола алады. Зерттеу нәтижесі бойынша еліміздегі тұрғылықты халықтың 90% астамы ӛздерін Қазақстандағы екі негізгі дінді – исламдағы ханафи мазхабы мен христиандағы православиеге жатқызады. Сауалнамаға жауап бергендер ішінара, шамамен 73% ӛздерін «ӛте діндар», немесе «діндар», немесе «белгілі бір деңгейде ғана діндар» деп есептеген. Алайда, белгілі бір дінді ұстану немесе қандай да бір дінге қатыстылық Қазақстан халқының дінді ұстану деңгейін анықтап бере алмасы анық. Дегенмен, халықтың басым бӛлігінің дінге деген бетбұрысы байқалғанымен, діндарлық салттық немесе формалды сипатқа ие. Кӛптеген талдамалық және әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, жастардың дінді ұстану деңгейі аса жоғары. Қайрат Қайырбекұлы, Сіз бұл тенденцияны қалай бағалайсыз? Жастардың руханилық пен ұжданға құлаш сермеуі жағымды үдеріс саналады. Әрине, онда да бұл наным бейбітшілік пен келісімді насихаттайтын дәстүрлі діндерді тұтудан кӛрінсе, қанекей. Алайда бізге мәлім болғандай, бүгінде жастарды дәстүрлі емес, кей жағдайда радикалды діни бірлестіктер қатарына тарту тенденциясы басым. Ал бұл қоғам тұрақтылығы мен қазақстандық жастардың болашағына кӛлеңке түсіруі мүмкін. Жастардың аз қорғалған әлеуметтік топ екені белгілі, идеологиялық ұстындары да берік емес, сонымен қатар, қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық ӛзгерістерге барынша сезімтал келеді. Санасезімі толық қалыптасып үлгермегендіктен, радикалды, фанатикалық кӛзқарастар мен пікірлерді сіңіру оңай. Қазақстан қоғамын әсіресе жастарды экстремистік күштердің теріс пиғылды ықпалынан сақтап қалу үшін біз дін саласындағы үгіт-насихат, ағарту және түсіндірме жұмыстарына деген тиімді ыңғайларды қалыптастырудамыз. Біз жастарымыздың теріс пиғылды ағымдарға ӛтуін алдын алуымыз қажет, себебі кейін осындай жалған діни күштердің құлдыратушы ықпалынан оларды қайта ӛмірге қосу жолдарын іздеу қиынға соғады. Бірақ ол тек Қазақстанның ғана мәселесі деп айта алмаймыз. Үстіміздегі жылдың мамырында ӛткен Әлемдік және дәстүрлі діндердің IV Съезіндегі дін мен жастар арасындағы ӛзара әрекеттесу мәселесі секциялық отырыстың тақырыбына айналғаны да кездейсоқтық жағдай емес. Съездің сарабдал рухы мен діни тиістілігіне тәуелсіз барлық рухани тұлғалардың ізгі тілектері жастарды тәрбиелеудегі жалпы ыңғайларды қалыптастыруда пайдасын тигізетіні сӛзсіз. Бүгінгі күні әртүрлі протестанттық және ӛзге де дәстүрлі емес діни қауымдастықтарда біздің тұрғылықты ұлт ӛкілдерінен құралған елдестеріміз кӛптеп кездесетіні шындыққа айналды. Бір жағынан алып қарайтын болсақ, азаматтар ӛздерінің Конституция кепілдік беретін дінді таңдау еркіндігін -9-


жүзеге асыруда. Дегенмен, уақыт ӛтісімен бұл үрдіс Қазақстан қоғамындағы қайшылыққа, тіпті қақтығысқа алып келуі мүмкін бе? Күрделі сұрақ және оған біржақты жауап беру әрине қиын. Бір жағынан, Қазақстан демократиялық мемлекет және оның әр азаматы қандай дінді ұстанатындығы ӛзінің еркінде. Екінші жағынан – ұлттық және діни дәстүрлерден алыстау ерте ме кеш пе қоғамның рухани дағдарысына алып келуі, айтарлықтай қайшылықтар тудыруы әбден мүмкін. Ислам дінінің қазақ халқының мәдениеті мен руханиятының қалыптасуы мен дамуындағы ислам дінінің тарихи рӛлін аша отырып, біздің дәстүрлі конфессиялардың шынайы құндылықтарын насихаттау қажет. Соңғы жылдары бізде қалыптасқан дәстүрге сай келмейтін ислам дінін қабылған азаматтардың, әсіресе жастардың саны күрт ӛсіп кетті. Олардың басым кӛпшілігі тек сырт пішіні мен киімін ауыстырып қана қоймай, сонымен қатар, қазақтардың ұлттық салты пен отбасылық дәстүрін, қоршағандарды ӛзіміздікі және ӛзгенікі деп бӛле бастайды. Қалай ойлайсыз, осы болып жатқан үрдіс, біздің қоғамымызға қауіп тӛндіруі мүмкін бе? Бізге сырттан келетін осы сынды ағымдар, түп негізінде радикалды екенін және Қазақстан қоғамының бірігуіне ықпал етпейтіндігін түсінуіміз керек, сондықтан бұл үрдіс шын мәнінде Қазақстан тұрақтылығына қауіп тӛндіреді. Халқымыз үшін жат мәдениет пен идеологияны енгізу кімдерге тиімді екендігін ойлануымыз қажет? Себебі, бұл мақсатты кӛздейтіндер Қазақстанды экономикалық күшті және саяси дербес мемлекет ретінде кӛргісі келмейтін саяси күштер деп бағалау қажет. Соңғы жылдары білім беру мекемелерінде хиджаб кию мәселесі жиі айтылып жүр. Алайда, осы мәселеге заңдылық деңгейінде рұқсат ету немесе тыйым салудың уақыты келген сияқты. Білім мекемелерінде хиджаб киюге заң тұрғысынан тыйым салуды енгізу сенім бостандығы мен демократия қағидаларынан шегіну болып табылады. Қазақстан үшін бұл тиімді емес. Бұл мәселенің шешімін біздің ұлттық құндылықтарымызды насихаттау бойынша атқарылатын кешенді жұмыстардан кӛреміз, соның ішінде дұрыс киіну, біздің ата-бабаларымыздың ежелден ғибадат етіп келе жатқан исламдағы ханафи мазхабының құндылықтары мен негіздерінің терең мазмұнды философиялық мазмұнын қалыптастыру. Дінде иман жолындағылар үшін нақтылық – сыртқы келбеті немесе киімде емес, керісінше оны құрайтын ішкі мазмұнында. Қайрат Қайырбекұлы, ендігі кезекте Қазақстандағы пансионаттар қандай құрылым және олардың мемлекетіміздің тыныс-тіршілігіндегі орны қандай деген мәселеге тоқталып ӛтсеңіз. Қазақстандағы пансионаттар қайырымдылық мекемелері ретінде 1997 жылдан бері қызмет атқаруда. Бүгінде еліміздің әділет органдарында қайырымдылық мекемелері ретінде ресми тіркеуден ӛткен 37 пансионат бар. Олар Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа барлық ӛңірлерде құрылған. Ӛзіміз ат басын тіреп отырған Павлодар облысында 1998 - 10 -


жылдың 17 сәуірінде мемлекеттік тіркеуден ӛткен «Мұрагер» қайырымдылық мекемесі» қызмет атқарады. Еліміздегі барлық пансионаттардың құрылтайшылары мен басшылары – жергілікті азаматтар. Пансионаттарда жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің 6-сыныбында оқитын оқушылардан бастап, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер, сонымен қатар оқу орындарын бітірген 1436 шәкірт тәрбиеленуде. Пансионаттар жетекшілерінің айтуынша, олар 1997 жылдан бастап бүгінге дейін 2500-ге жуық балалар мен жастарды қамқорлыққа алған. Пансионаттар қызметінің басты ерекшелігі – әлеуметтік маңыздылығында. Елдің ірі қалаларының барлығын дерлік қамтып отырған пансионаттарда тәрбиеленушілер тегін жатын орынмен, 3 мезгіл тамақпен толық қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары үшін қаладағы баспана мәселесінің және күнкӛрістің ауыртпалығын сезінбей, зайырлы оқу орындарында білім алуға жағдай жасалған. Бұған дейін пансионаттардың белгілі бір дәрежеде діни білім беру ісімен де айналысып келгені белгілі. 2011 жылдың 11 қазанында қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының күшіне енуіне орай ендігі жерде қайырымдылық мекемелерінің діни білім берумен айналысуы заңды болып табылмайды. Аталған заңның 13-бабы бойынша республикалық және ӛңірлік діни бірлестіктер діни қызметкерлер даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелер нысанында діни білім беру ұйымдарын құруға құқылы. Заңнама бойынша сонымен қатар діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, діни бірлестіктен басқа ұйымдық-құқықтық нысанда діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Демек, Заң талаптарына жүгінсек, ел аумағында қызмет атқарып отырған пансионаттар діни бірлестік немесе діни білім беру ұйымы болмаған жағдайда діни білім берумен айналыса алмайды. Олардың қызметі қайырымдылық шараларымен шектелуі тиіс. Осы мәселе бойынша Дін істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері тарапынан пансионат жетекшілерімен Заң талаптарын түсіндіру бағытында бірқатар кездесулер ӛткізілді. Кездесулер нәтижесінде ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап елімізде қызмет атқарып отырған пансионаттардың діни білім беру және діни рәсімдерді ӛткізу жұмыстары тоқтатылды. Қазақстандағы қайырымдылық мекемелерінің директорлар кеңесі ӛз қызметтерін заңнамаға сәйкестендіру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуде. Айта кету қажет, пансионаттар қызметіндегі кейбір қағидалар кӛңілден шыға бермейді. Мысалы, қыз балалар мен ер балаларды бӛлек оқыту және тәрбиелеу мәселесі зайырлылық тұрғысынан алғанда да, психологиялық жағынан да қайшылықты үдеріс дер едім. Жасӛспірімдердің нағыз қалыптасу шағында бір-бірімен етене араласпай, оқшау тәрбие алуы олардың ой-санасына кері әсер етеді. - 11 -


Заманауи оқу орындарының тәжірибесіне кӛз жүгіртсек, еліміздегі жоғары білімді исламтанушылар даярлайтын бірегей оқу орны − «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ӛзінде жігіттер мен қыздар бір аудиторияда қатар отырып, дәріс тыңдайды. Бұл жағдайдан олардың үлгеріміне немесе мамандық игеруіне залал келіп отырған жоқ. Жалпы, тәуелсіздігімізді тұғырлы, зайырлылығымызды ғұмырлы етеміз десек, қоғам ӛміріндегі кез келген мәселеге зайырлылық қағидалары тұрғысынан баға беру біздің дәстүрімізге айналуға тиіс деп білемін. Діннің элементтерін психологиялық тұрғыдан әсер етудің тәсілі ретінде белсенді қолданып жүрген түрлі кӛріпкелдер мен тәуіптер, медиумдар, экстрасенстер мен емшілердің әрекеттері азаматтардың физикалық және психикалық денсаулықтарына залал келтіріп жататыны аз емес. Осындай әрекеттерді қалай тоқтатуға болады және адамдарды олардың деструктивті ықпалынан қалай арашалап ала аламыз? Мемлекет тарапынан біздің отандастарымыздың денсаулығына және тіпті ӛміріне қауіп тӛндіріп тұрған кімнің де болса іс-әрекеті, сондай-ақ жоғарыда аталып отырғандарға ұқсас діни әрекеттерді шектеу бойынша шара қабылданған. Ӛздеріңізге мәлім болғандай, бірнеше жыл бұрын сот органдарының шешімі бойынша «Ата жол» және «Алла Аят» ұйымдарының республика аумағында қызмет жасауына тыйым салынған болатын. Сонымен қатар, мойындауға тура келетіні, бір ғана заңды шарамен мәселенің шешіле қоймайтындығы. Ең нәтижелі тәсіл – ол жоғарыда кӛрсетіліп отырған ұйымдар мен топтардың әрекеттеріне қоғам тарапынан қолдау кӛрсетпеу, олардың қоғам үшін де, жеке адам үшін де қауіпті екендігін кӛрсету және олардың шынайы деструктивті мәнін ашу. Қайрат Қайырбекұлы, қазақ жері ӛткен айдың соңында Астана қаласына әлемдік және дәстүрлі дін кӛшбасшыларының ат басын тіреп, бас қосқан алқалы жиынының куәсі болды. Ел тұрғындарын дін саласына қатысты алдағы уақытта болатын тағы қандай жақсы хабарлармен қуантасыз? Еліміздің тұрғындарын 6 шілдеде Астана күні мерекесіне орай, Елордамыздың тӛрінен Елбасымыздың қолдауымен бой кӛтерген теңдессіз зәулім ғимарат – «Әзірет Сұлтан» мешітінің ашылу салтанаты күтіп тұр. Мешіт – Ислам дінінің рәмізі. Онда адамдар тек жақсы ниетпен, құлшылық үшін жиналатын болғандықтан, «Алланың үйі» деп аталады. Мұхаммед пайғамбар Мекке қаласынан Мединаға кӛшіп келгеннен кейінгі ең алғашқы ісі мешіт салу болды. Хадисте «Кімде-кім Алла разылығы үшін мешіт салса, Алла ол үшін жұмақтан сарай салып береді» делінеді. «Әзірет Сұлтан» мешіті Астанадағы орталық алаңда «Қазақ елі» монументінің жанында орналасқан. Әзірет Сұлтан – бүкіл түркі әлемінің ұстазына айналған Қожа Ахмет Яссауидің лақап аты. Мешіт ғимаратының жалпы кӛлемі 6000 шаршы метрді құрайды. Шатырының сәулеті шығыстық классикалық үлгіде жасалған. Бас күмбездің биіктігі – 51 метр, диаметрі – 28 метр, бұл – еліміздегі мешіт күмбездерінің ең үлкені. Мешіттің әрқайсының биіктігі – 77 метрді құрайтын 4 мұнарасы бар. Сондай-ақ, намаз, құран оқуға - 12 -


арналған залдары, мешіт қызметкерлеріне арналған жұмыс кабинеттері, кітапханасы, сонымен қатар жалпы саны 130 тәлімгерге арналған 5 дәрісханасы да бар. Бұл мешіттің сәулеті мен жобасын тек Қазақстанда ғана емес, Орта Азиядағы ерекше деп айтуға болады. Осындай сәулеті ерекше имандылық үйі жақын күндерде еліміздегі мұсылман қауымның игілігіне беріледі. «Сарыарқа самалы» газеті ***** Қ.Қ. Лама Шариф, ҚР Дін істері агенттігінің Тӛрағасы КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫНДА Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ӛзінің ұлт-аралық және конфессияаралық ерекше моделін құрды. Біздің еліміз баршаға ортақ бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жұмыстарына үлкен күш салуда. Тәуелсіздік жылдарында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осы конфессияаралық диалог рӛлін күшейтуге бағытталған бірқатар бастамаларды алға тартқан болатын. Бүгінгі күні діннің рӛлі біздің қоғамымызда біршама ӛскен. Осыдан бір жыл бұрын құрылған Дін істері агенттігі конфессияаралық келісімді біршама нығайтуға мүмкіндік туғызды. Осы жӛнінде және Қазақстандағы діни ахуал туралы Дін істері агенттігінің Тӛрағасы Қайрат Лама Шарифпен жүргізілген сұхбатымызды ұсынамыз. – Қайрат Қайырбекұлы! Бүгінгі күні Қазақстан Президенті беделді әлемдік кӛшбасшыларының бірі болып табылады. Оның ӛркениет диалогын жетілдірудегі рӛлі қандай? – Бүгінгі күні Елбасымыздың бастамасымен әр үш жылда бір рет Еуразия тӛрінде орналасқан Астанада ӛтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі ХХІ ғасырдағы ӛркениет диалогын жетіл-дірудің ӛзіндік бір кезеңі болып қалыптасты. Астанада ӛткен IV Съезде Діндер лидерлері Кеңесінің бірінші отырысын ӛткізу адамзаттың бейбітшілік пен келісімді ӛзара түсінуге бағытталған тарихи оқиғаға айналды. Діндер лидерлері Кеңесінің құрамына ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, синтоизм және зороастризм діндерінің 15 беделді ӛкілдері кірді. Жалпы алғанда Астаналық діни саммитке әлемнің 40 мемлекетінен келген 250 дін қайраткері қатысты. Бүгінгі күні Қазақстан Президенті бейбітшілік пен келісімнің халықаралық кепілі болып табылады. Біз бұны мақтан тұтамыз! Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі діндер лидерлері үшін де және қарапайым дінге сенушілер үшін де бейбітшілік пен адалдықтың нышанына айналды. Осылай Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Елбасымыздың түрлі дінге сенушілерге ортақ болып табылатын бейбітшілік пен ӛзара түсіністік - 13 -


мұраттарына деген қағидалы ұстанымына ӛзінің ризашылығын білдірді. 2012 жылғы 29 мамырда Астана қаласындағы Успендік кафедралық соборда Орыс Православ шіркеуінің Патриархы сенушілерге алғашқы ғибадат сӛздерінде: "Қазақстанда Орыс Православ шіркеуі құдайына шүкіршілік жасап ӛмір сүруде және ірі мұсылмандық қауыммен қарым-қатынас жасауда. Президент Н.Ә.Назарбаев бас-таған мемлекеттік биліктің кӛрегендік саясаты тамыры тереңге кеткен Қазақстанның екі дәстүрлі діндеріне ӛзінің құлшылығын лайықты атқарып қана емес, сонымен қатар Қазақстан халқы үшін бірлесіп әрекет жасауға мүмкіндік беруге бағытталған" деген болатын. Патриарх Кириллдың осы ұлағатты сӛздері Президенттің ӛркениеттер диалогын құру және дамытуын нығайтуға үлес қосуын паш етеді. – Қайрат Қайырбекұлы, Дін істері агенттігінің қызметі жӛнінде айта кетсеңіз. – 2011 жылғы 11 мамырда құрылған Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі бүгінгі күнге дейін бірқатар қомақты жұмыстарды атқарды. Агенттіктің ұйымдастырушылық-кадрлық және техникалық жағын күшейту бағытында ауқымды іс жүргізілді. Мекеменің орталық аппараты және оның облыстардағы аумақтық департаменттері мен Астанадағы ведомстволық мекемелері дін саласында тәжірибесі және арнайы білімі бар білікті мамандармен толықтырылды. Айтарлықтай біршама шығармашылық жұмыс жүзеге асырылды. Ӛздеріңіз білетіндей, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру мақсатында 2011 жылғы қазанда ҚР "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңы қабылданды. Оны жетілдіру бойынша нормаларды іс жүзінде жүзеге асыруға қажетті заңға тәуелді актілер, ережелер, регламенттер және қызмет стандарттары дайындалды. Азаматтардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында халықпен белсенді түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Барлық облыстарда ақпараттық-насихаттау топтары белсенді түрде түрлі кездесулер мен дӛңгелек үстелдер, тренингтер мен семинарлар ӛткізуде. Дін саласындағы отандық ғылыми қауымдастықты біріктіру және дін мен қоғам қарым-қатынасын терең зерттеуге бағытталған пікірталас алаңын құру мақсатында ӛткен жылдың қарашасында Қазақстан дінтанушыларының құрылтайы ӛткізілді. Онда мемлекеттік органдар, діни бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ӛкілдері қатысты. Қазақстан дінтанушыларының Конгрессі құрылды. Атқарылып жатқан іс-шаралар әралуан. Біз үшін ең бастысы – діни бірлестіктермен жүйелі қарым-қатынастар жасай отырып, тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады. – Сіздің кӛзқарасыңыз бойынша, саны аз діни топтар қызметіндегі діни бірлестіктердің міндетті түрде тіркеуден ӛту нормаларын қабылдауы қандай кӛрініс тудыруы мүмкін? – Айта кететін жайт, заңнама нормалары қандайда бір дінді насихаттаушы азаматтардың жеке құқықтарын шектемейді. Заңнама бойынша діни бірлестік - 14 -


қызмет етуі және тіркелуі үшін кемінде 50 негізін қалаушы азаматтар болу керек. Ал саны аз діни топтар сияқты бірлестіктердің қызмет етуі жаңа заңымызда қаралмаған. Сонымен қатар егер де кезінде қызмет жасаған саны аз діни топтар заңда кӛрсетілген негізін қалаушы адам санын жинаса, онда оның жергілікті діни бірлестік ретінде тіркелуге құқығы бар. – Конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында Дін істері агенттігі және оның облыстық департа- менттері мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен және басқа да мекемелермен қарым-қатынастарын қалай қамтамасыз етуде? – Шын мәнінде, қазіргі уақытта демократиялық нормаларға сәйкес мемлекеттік органдар мен қоғамдық ӛмірдің түрлі аспектегі азаматтық бірлестіктер арасындағы диалог ең керектісі болып табылады. Агенттік үшін бұндай консультативті орган Үкімет жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жӛніндегі кеңес пен Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдіктері жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жӛніндегі кеңестер болып табылады. Бұл, мемлекеттік орган ӛкілдері мен діни бірлестікте және азаматтар арасында пайда болған дін саласына қатысты мәселелерді жан-жақты талқылауға арналған оңтайлы сұхбат алаңы болып табылады. Кеңес ӛзінің бірлескен шешімдерін қабылдап, талқылауда республикадағы конфессияаралық келісімді сақтауға және мемлекет пен діни бірлестіктер қызметін дамытуға үлкен күш салуда. Қазіргі уақытта Үкімет жанындағы Кеңес пен облыстардағы Кеңестер "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" жаңа заңын жүзеге асыру және түсіндіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. – Қазақстандағы бүгінгі діни ахуалды қалай бағалайсыз? – Қазақстандағы діни ахуал жалпы бір қалыпты және тұрақты. Жаңа заң әркімнің діни ұстаным еркіндігіне кепілдік береді және азаматтардың діни сенім еркіндік құқығына шек қоймайды. Діни бірлестіктердің тіркеу және қайта тіркеу үдерісі ӛз ретімен жүріп жатыр. Шетелдік миссонерлердің қызметі заңға сәйкес реттелуде. Қолданылып отырған шаралардың арқасында халықтың діни сауаттылығы деңгейі ӛсіп келеді. Елдегі конфессияаралық келісімнің нығайту әдеттегідей мемлекет саясатының негізгі ерекшелігі болып табылады. Жоғарыда атап ӛткенімдей, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезі оң әсерін тигізді. Біздің ең маңызды міндетіміз – Съезге қатысушылардың барлығы тамсана атап ӛткендей: Қазақстандағы барша дін ӛкілдерінің татулығын сақтау. – Қазіргі уақытта деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен адамдар аз емес. Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту орталықтары Қазақстанда бар ма, олар қайда орналасқан? – Бүгінгі күні Қазақстанның барлық облыстарында деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге кӛмек кӛрсететін 22 орталық жұмыс атқарып жатыр. Ең белсенді қызмет жасап отырған орталық Қостанай облысындағы Юлия Денисенко басқаратын жәрдем орталығы. Республикалық жәрдем беру - 15 -


орталығы ассоциациясына 13 орталық кіреді. Олар сол жерде үнемі бас қосып, тәжірибе алмасып, мамандардың біліктіліктерін жетілдірумен айналысады. Бүкіл ел бойынша және Қостанай облысындағы жәрдем орталықтарының қызметі жайлы www.antisekta.kz және www.stop-sekta.kz сайттарында толық мәліметтер жарияланған. Дін істері Агенттігі жәрдем беру орталығы Ассоциациясымен тығыз қарым-қатынаста: кеңес беру, тренинг-тер ұйымдастыру сияқты ортақ іс-шаралар ӛткізіледі. Сонымен қатар Астана қаласында, Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккен жандарға әлеуметтік, құқық-тық, психологиялық, кеңес беру кӛмектерін кӛрсететін 4 оңалту орталықтары бар. Зардап шеккен жандардың санына келетін болсақ, 2012 жылдың бірінші тоқсанының ӛзінде 2818 адамға жетіп отыр. Бұл деректер жұмыстың дұрыс бағытта жүріп жатқанын кӛрсетеді, бірақ осы жұмысты әрі қарай күшейтіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккендерді әлгі қауіпті ұйымдардың қысымы мен қоқан-лоққыларынан қорғауға жұмылдыру қажет. – Экстремизм мен терроризм еліміз үшін қаншалықты ӛткір мәселе болып саналады? – XXI ғасырда әлемнің кӛп елдері, оның ішінде Қазақстан да халықаралық терроризм және діни экстремизм сияқты бірқатар жаңа қауіп-қатерге тап болып отыр. Экстремизм тақырыбы билік деңгейінде ғана емес, тіпті баспасӛз беттерінде, телеарналарда, мектеп қабырғаларында, әр отбасында тал-қылануы бұл құбылыстың қатерлігінің әрі ӛзектілігінің кӛрсеткіші болып табылады. Экстремистік идеялардың кіріп жатқан арналарының бірі кітапшалардың, әдебиеттердің, ақпараттық материалдардың, бейне және аудио ӛнімдердің таратылуы болып табылады. Сондықтан Агенттік түрлі ақпараттық-түсіндірме жұмыс-тарын жүргізуде. Біз діннің атын жамылған қоғамға қауіпті экстремистік идеяларды әшкерелеуге бағытталған әртүрлі іс-шараларды еліміздің барлық аумақтары мен түкпір-түкпірінде жүргіземіз. Экстремистік ұйымдардың болмысын адамдарға жеңіл, түсінікті түрде жеткізіп, осы ұйымдар қолданып отырған елестері мен шынайы діннің ара-жігін ашып кӛрсетеміз. Әрине, экстремистік әде-биеттердің таралуына жол бермеу үшін дінтану сараптамасы да жүргізіледі. – Діни экстремизммен күресу үшін қандай тәсілдерді қолданған жӛн? – Діни экстремизм қоғамға үлкен қауіп тӛндіретінін баршамыз жақсы білеміз. Сондықтан, мемлекет пен қоғамның оларға қарсы шаралары да соған сайма-сай болуы қажет. Қоғамның барлық мүшелері мен пәрменді күштері бұдан шет қалмау тиіс. Мемлекеттік құрылымдармен қатар дәстүрлі діндер ӛкілдері, ғылыми қоғамдастықтар, мемлекеттік емес секторлар және ел азаматтары жұмылып жұмыс жасағанда ғана діни экстре-мизмге тиімді түрде тӛтеп беруге болады. Діни қақтығыстардың тууы мен діни экстремизмді болдырмау шаралары үшін, ең бірінші кешенді ақпараттық-ағартушылық шаралар жүр-гізу қажет. - 16 -


Осы орайда, лебіз білдіретін ғана емес, қоғамдық ой тудыруға тиімді болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдары айтарлықтай пәрменділікке ие. – Діни экстремизм мен терроризмді насихаттаумен айналысатын интернет-ресурстарының қызметіне тыйым салу бойынша Дін істері агенттігі қандай жұмыс жүргізуде? Оларды жабудың тәртібі қандай? – Діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын веб-сайттарына Дін істері агенттігі мен басқа да құзыретті мемлекеттік органдар мониторинг және сараптама жүргізеді. Егер бұндай сайттар анықталған жағдайда тиісті сараптамадан ӛткеннен кейін прокуратура органдары сотқа талап-арыздар жолдауды қолға алады. Қазақстандық және шетелдік сайттардың жабылуы мен шектеуі тек сот шешімі негізінде жүргізіледі. Сайттар-ға кіру жолын жабуға қатысты сот шешімі байланыс саласындағы мемлекеттік қызметті реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті құрылым болып табылатын Кӛлік және коммуникация министрлігі арқылы жүзеге асырылады. Агенттік 2012 жылдың 1 тоқсанында 800 интернет-ресурстардың материалдары бойынша талдау жүргізіліп, олардың ішінде заңға қайшы сипаттағы ақпараттарды қамтыған 34 сайт анықталды. Олар жӛнінде алдағы шешімдерді қабылдау үшін Бас прокуратураға барлық құжаттар жолданған болатын. – Қазіргі таңда Қазақстанда әртүрлі діни әдебиет кеңінен таратылуда. Бұл әдебиет заңнамаға сәйкес келе ме? Қазақстанда дінтану сараптамасы жүргізіледі ме? – Қазақстанда дінтану сараптамасы 2007 жылдан бастап жүргізіледі. Бұрында ол Әділет министрлігі, кейіннен Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Дін істері комитетінде ӛткізілген болатын. 2011 жылы Дін істері Агенттігі дербес мемлекеттік орган ретінде құрылғаннан кейін дінтану сараптамасы жүргізілуін қамтамасыз ету құзыреті біздің мекемеге берілді. Сондықтан дінтану сараптамасын Агенттік, сондай-ақ облыстық Дін істері департаменттері жүзеге асырады. Агенттік www.din.gov.kz сайтында азаматтардың қолдануына ыңғайлы болу үшін сараптаманың оң қорытындысын алған діни әдебиеттердің тізімі мерзімді түрде жаңартылады. Кітаптар діни тӛзімсіздікті, экстремизм мен терроризм насихаттамауы тиіс. – Біздің елімізде діни әдебиеттердің таратылу тәртібі қандай? – Осы салада Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңы арқылы нақты талаптар белгіленген. Діни әдебиеттерді тек қана ғибадат ғимараттарында, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, арнайы белгіленген тұрақты орындарда таратуға рұқсат етіледі. Бұл тұрақты орындарды жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Осыған орай, кӛшелерде, тұрғындардың пәтерлері мен үйлерін аралау арқылы немесе сауда орындарында, яғни, оларға арнайы бӛлінген орындардан тыс жерлерде діни әдебиеттерді таратуға тыйым салынады. Егер кітап дүкендері діни әдебиттерді сатуды қаласа, олар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың - 17 -


әкімдіктерінен рұқсат алуы қажет. Сонымен қатар, арнайы рұқсат алған кезде, діни әдебиеттердің сатылуы мен таратылуы тек қана дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жүзеге асырылатынын ұмытпау керек. – Егер сізді кӛшеде үгіттесе, ғибадат ғимараттарына баруға немесе діни әдебиеттерді алуға ұсыныс білдірсе не істеу керек? – Біріншіден, Сізге не ұсынылып жатқанын ұғыну қажет. Бір адамның бостандығы аяқталған жерде басқа адамның бостандығы басталатыны мәлім. Заңға сәйкес дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сол сияқты азаматтарды дiнге кӛзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және дiндi дәріске қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге жол берiлмейдi. Осыған орай, олардың үгітін елемеуге және дін туралы заңнаманы бұзушылық фактілері бойынша құқық қорғау органдарына хабар беруге Сіздің құқығыңыз бар. – Сіз "дінтану" пәнін мектепте оқытуға қалай қарайсыз? Осыған байланысты қандай ӛзекті мәселелер бар деп ойлайсыз? – Ӛкінішке орай, елімізде ұсынылған тарихи қасиетті мәтіндердің мазмұнына, діни тәлімге, парыздарға, жораларға, әртүрлі конфессиялардың салтына қатысты діни білімнің тӛмен екендігін байқаймыз. Қазақстан тәрізді полиэтникалық және кӛп конфессияаралық жағдайларда, нигилизмнің кӛрінісі және мәдениеттің тӛмендігі, басқа дінге түсіністік таныту осындай дінаралық қатынастар сияқты нәзік және сезімді салада қақтығыстарды туындатуы мүмкін. Кӛп адамдардың (тек жастар ғана емес) ӛзінің халқының рухани тарихын білмегендігі кӛбінесе әртүрлі күдікті діни, дәл айтқанда дін атын жамылған бірлестіктерге, теріс пиғылды культтер мен секталарға кетуге әкеліп соғады. Олар адамдарды ӛтірік пен сана се-зімге психологиялық айла-шарғы жасау арқылы алдап әкеледі. Терең діни сауаты бар және кӛзқарасты қалыптасқан тұлғалар ғана дін атын жамылғандардан шынайы дінді ажырата алады. Осыған орай, жалпы білім беретін орта мектепке "дінтанудың негіздері" курсын енгізуді тек қолдау қажет. Меніңше, дұрыс тәсіл қолдансақ, дінге қатысты олқылықтарды толықтыруға болады. Мектеп оқушылары әлемдік және дәстүрлі діндер тарихына біртұтас кӛрінісмен, олардың мәдениетке және қоғамның ӛнегелі ӛміріне қосқан үлесімен таныса алады. Осы пәнді оқыту барысында мұғалімдер оқушылардың ынтасын Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауи, Абай Құнанбаев, Шәкәрім, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов және кӛптеген басқа қазақтың ұлы ағартушыларының шығармашылығына аударса, ӛскелең ӛрендерге Исламның адамгершілік құндылықтарымен сабақтасқан ұлттық құндылықтарға дағдылануларына жол ашады. Мектепте "Дінтану негіздері" пәнін оқыту аса мұқияттылықты қажет етеді. Қазақстандағы мемлекеттік мектептер мен жоғары оқу орындары ғылыми-діни білімдері бар жастарға мұқтаж. Жастарға әлемдік діндер тарихын, олардың дәйекті дәлелдерін, салтын және бүгінгі мешіт ӛмірін ғылыми және объективтік позицияда жеткізе білетін мамандар ауадай қажет. Ең алдымен, мектеп - 18 -


оқытушылары оқыту барысында әлемдік діндердің адамгершілік мазмұнын, рухани ұстанымын, патриоттық және ұлттық құндылықтарды қолдаудағы рӛлін айқындап беру қажет. – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ӛткен жылы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында елімізде қалыптасып отырған діни ахуалға баға бере отырып, "...қазіргі күнде елімізде кӛрінген адам мешіт ашып, оған әкесінің немесе ата-бабасының атын қоюда. Олардың немен айналысып отырғанын ешкім білмейді, оларды ешкім бекітпейді, ешкім тіркемейді. Бұл мемлекет, сондықтан біз ӛз үйімізде тәртіп орнатуымыз тиіс" деп нақты нұсқау берген болатын. Осыған орай Дін істері Агенттігі қандай түсіндіру шараларын жүргізуде? – Біз мешіт Алла тағалаға құлшылық ететін ғибадат үйі болғандықтан, оған Алла тағаланың 99 кӛркем есімдерінің бірін қойған абзал деп санаймыз. Елімізде мешіттердің кӛптеп салынып жатқаны барлығымызды қуантатын болса да, жеке тұлғалар мен кәсіпкерлердің ӛз қаражаттарына салған мешіттерге жекелеген рулардың, ата-бабасының немесе әкесінің есімін беру үрдісі кең етек алып кеткені шындық. Сондықтан бұл мәселені бір ретке келтіру – уақыт талабы. Қазіргі күнде, қолданыстағы дін саласын реттейтін "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заң талабына сәйкес, елдегі діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу бағытында жұмыстар қолға алынып отыр. Дін істері агенттігі, жергілікті атқарушы органдар және Қазақстан мұсылмандары діни бас-қармасы осы жұмыстар шеңбе-рінде мешіттерге ат беру мәселесінің шешімін табу жолдарын іздестіруде. Бұл бағыттағы ұстаным айқын – мешіт салуға ұйытқы болып, оған туғантуысқандарының атын берген азаматтармен кездесуге және оларға мешіттерге Алла тағаланың кӛркем есімдерінің, Құран сүрелерінің немесе елді мекеннің атын беру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге баса мән берілу керек. Сондықтан мешіт салып, сауабы мол игі істерге ұйытқы болып жүрген азаматтарды осы мәселеге тереңінен үңіліп, елдік мүддені басшылыққа алуға шақырамыз. Мешіттерге ат беруде "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңның 14 бабындағы "Діни бірлестіктің атауы ұстанатын діні мен мәртебесін қамтуы тиіс" деген қағидатты басшылыққа алу керек. Сонымен қатар, ҚР Азаматтық Кодексінің жалпы бӛлімінің 39 бабын және арнайы бӛлімінің 1020 бабын басшылыққа ала отырып, мешіт аттары бірін-бірі қайталамауы үшін оған елді мекеннің (ауданның, қаланың) атауын қоса жазу жолдарын қарастырған жӛн. Мәселен, "Таранов мешіті" немесе "Лисаков мұсылман мешіті" деген атаулардан гӛрі "Таранов ауылының "Рахман" мешіті", "Лисаков қаласының "Қадір" мешіті" атаулары анағұрлым жатық әрі әуезді естіледі. Бұл мәселеде Қазақстанның әр аумағындағы жер-су, аудан, қала, елді мекен аттарының ұқсастығы және бірін-бірі қайталайтындығы да ескерілу керек. Мәселен, ел аумағында Қарасу атауымен аталатын жерлер кӛп және осы аттас аудан мен елді мекен Қостанай облысында да бар. Сондықтан, мешіт - 19 -


аттарына аудан, қала немесе елді мекен аттары қоса жазылуына назар аударған дұрыс. Ойымды осы желіде тарқатар болсам, "Қарасу мешіті" атауының "Қарасу ауданының "Кәусар" мешіті" деп ӛзгергені анағұрлым дұрыс болар еді деп ойлаймын. Жергілікті билік нақты діни бірлестікке немесе мешіттің меншік иесіне оның атын ӛзгертуге ұсыныс беру барысында ел тарихында және аймақтың қоғамдық-саяси және діни-рухани ӛмірінде терең із қалдырған белгілі діни қайраткерлердің есімдерімен аталатын мешіт атауларын сол күйінде қалдыра алады. Осы қатарда Қостанай ӛңіріндегі Марал ишанның есімін де зор ілтипатпен айта кеткім келеді. Бұл біздің ӛз тарихымызға деген құрметімізді білдіреді. Бұдан шығар байлам мынада: бұл мәселені "шаш ал десе, бас алатын" науқанға айналдырып жібермеу қажет. Осы бағыттағы әрекеттер жеке тұлғалар мен кәсіпкерлердің қаржысына немесе олардың тікелей демеушілігімен салынған ме-шіттерге берілген адам аттарын (туған-туысқан, ру аттары) ӛзгертуге жұмылдырылуы қажет. Және осы бағыттағы жұмыстар жан-жақты түсіндірумен, ауыл-елдің беделді ақсақалдарымен және белсенді азаматтарымен ақылдасу жолымен шешімін тауып отырғаны жӛн. Осы ретте, мешіт салған азаматтардың еңбектері де лайықты кӛрініс табуы керек деп ойлаймын. Мәселен, жеке адамдардың ӛз туған-туысқандарының атына салған мешіттердің сыртқы қабырғасына осы мешітті кімнің, қашан және ненің құрметіне салғаны туралы тақтайша ілініп қойылуы ұтымды әрі оңтайлы шешім болар еді. "Тоқсан ауыз сӛздің тобықтай түйіні" ретінде айтар болсам, мешітке ат қою – елді мекенге, кӛшеге немесе мектепке ат беру секілді жан-жақты зерделенген үрдіске айналуы қажет. Мешіт аттары жергілікті мәслихаттың қарау-ынан ӛтіп, облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жӛніндегі кеңесте бекітілу жолымен жүзеге асатын болса – "рудың баласы болғанша, елдің ұлы бол" дейтін ата-бабадан жеткен тәлімі мол сӛзге беріктігімізге орынды мақтаныш болар еді деп санаймын. – Әңгімеңізге рахмет. «Қостанай таңы» газеті *****

- 20 -


Қ.Қ. Лама Шариф, ҚР Дін істері агенттігінің Тӛрағасы ПІКІРТАЛАСТАН – ШЕШІМГЕ Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының ІV съезі қарсаңында Үстіміздегі жылдың 30-31 мамырында Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының IV съезі ӛтеді. Бұл оқиғаның ғаламдық ынтымақтастықты, сындарлы конфессияаралық үнқатысуды, ӛзара іс-қимыл мен тӛзімділікті нығайтудағы маңызы зор. Біздің еліміз үшін бұл – айрықша әрі жауапты міндет. Астанадағы форумға әлемнің 40-тан астам елінен 90-ға жуық делегация, оның ішінде діни конфессиялар мен ұйымдардың кӛшбасшылары, танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, ғаламдық халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қоғамдастықтарының ӛкілдері келеді деп күтілуде. Алқалы жиынға Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл, Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы шейх Абдалла бен Абдель Мухсин ат-Турки, Қос Киелінің Шырақшысы, Сауд Арабиясы Королінің арнайы ӛкілі Абдалла Әл аш-Шейх, әлАзхар Шейхі Ахмад Мұхаммад ат-Тайиб, ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Бокова, Дүниежүзілік лютерандар федерациясының Бас хатшысы Мартин Юнге және басқа да кӛптеген қонақтар шақырылған. IV Съездің басты ӛзгешелігі – Дін лидерлерінің кеңесін құру. Оның құрамына әлемдік және дәстүрлі діндердің 15 кӛшбасшысы енеді. Съездің басқару органы ретінде құрылған кеңестің бірінші отырысын форумның пленарлық мәжілісі қарсаңында ӛткізу жоспарланып отыр. Съезд шеңберінде бүгінгі күннің ӛзекті мәселелеріне жататын дін және мультикультурализм, тұрақты дамуға қол жеткізудегі дін лидерлерінің рӛлі, дін және әйелдер: рухани құндылықтар мен заманауи сын-тегеуріндер, дін және жастар атты секциялық пікірталастар ӛткізілмек. Бұл тақырыптарды талқылаудың маңыздылығы бүгінде арта түсуде. Енді осы жайлы жан-жақты тарқатып айта кетейік. Белгілі болғандай, мультикультурализм теориясы қазіргі таңда дағдарысқа ұшырап отыр. Еуропалық тәжірибе мұны кӛрнекі түрде дәлелдеді. Алдымен Германияда, одан кейін Ұлыбритания, Франция мен Норвегияда мультикультурализмге негізделген саясаттың ешқандай нәтиже бермегенін сӛз ете бастады. Әрқилы мәдениет пен ӛркениеттер ӛкілдерінің арасындағы сұхбат деңгейінің тӛмендеуі Еуропа елдерінің басты проблемасына айналды. Айта кету керек, ӛз уақытында кейбір елдерде мемлекеттік органдар, тіпті олардың оңашаланып, дербес ӛмір сүруін қолдаған болатын. Осы жәйттің иммигранттар мен титулды ұлттардың мәдени қоғамдастықтары арасындағы байланыстар әлсіздігінің және бірігудің жеткіліксіз деңгейде болуының ең бірінші себебі болды деген кӛзқарастар бар. Еуропаның кӛптеген елдерінде экономикалық дағдарыстың, әлеуметтік сараланудың күшеюі және радикалды исламистер қызметімен байланысты үдеп - 21 -


келе жатқан исламофобия аясында мешіттерді салуға тыйым салу мәселесі де ӛткір қойылып отыр. Аталған құбылыстардың астарында не тұрғанын, мультикультурализм дағдарысы қандай себептермен байланысты екенін және оған баламаның бар-жоқтығын анықтау үшін съездің «Дін және мультикультурализм» атты жеке секциясы жұмыс істейтін болады. «Тұрақты дамуға қол жеткізудегі дін лидерлерінің рӛлі» атты екінші секциялық отырыс қоғамдағы тұрақтылық пен ұлтаралық және конфессияаралық татулықты қамтамасыз етудегі дін қайраткерлерінің белсенділігіне бағытталған әңгімені ӛрбітеді. Дін кӛсемдері дінге сенушілердің қауымдарына елеулі ықпал етеді. Ӛз қауымдарының атынан ӛкілдік етеді, нақты бастамалар кӛтеріп, конфессияаралық үнқатысудың осы заманғы түрлерін дамытады. Дін лидерлерінің ерекше мәртебесі оларға келіспеушіліктерді кеміте түсетін бітімгер болуға мүмкіндік береді. Дін басшылары ӛз мәртебесіне орай қоғам қайраткері де бола алады, бұл оларды халықаралық қатынастар мен қазіргі әлемдік саясаттың белгілі субъектілеріне айналдырады. Осыған орай дін қайраткерлеріне олардың кәсібилік, білім беру, рухани және адамгершілік сапа, азаматтық кӛзқарас, жалпыадамзаттық құндылықтар мен ӛз конфессиясының құндылықтарын байланыстыруға ептілік тұрғысынан жоғары талаптар қойылады. Форумға қатысушылар осы мәселелерді жан-жақты талқыламақшы. Съездің үшінші секциясы тақырыбы – «Дін және әйелдер: рухани құндылықтар мен заманауи сын-тегеуріндер». Бүгінде адамзаттың ең нәзік жанды иелері – әйел затының қатынаспайтын бірде-бір саласы жоқ десе де болады. Сондықтан, әйелдердің дінге деген кӛзқарастары, сондай-ақ үдемелі қауіп-қатерлер мен қазіргі заманғы сын-тегеуріндер жағдайларында әйелдің отбасы мен рухани құндылықтарды сақтаудағы рӛлі жоғары маңызға ие. Дін қайраткерлерінің күш-жігерлері, ең алдымен, әйелге қатысты діни құндылықтарды дұрыс түсіну мен мойындауды қамтамасыз ету үшін бағытталуы тиіс. Съезге қатысушылар моральдық және рухани құндылықтарды әрбір азаматтың санасына қалай жеткізуге болады, осы құндылықтарға қол жеткізуіне қалай кӛмектескен жӛн, оларды қалай пайдалануға және адамның, әсіресе, әйелдердің құқықтары үшін ортақ күресте ықпалды нәтижеге қалай қол жеткізуге болады деген мәселелерге жауап іздейтін болады. Қазіргі қарқынды дамып келе жатқан замандағы тағы бір ӛткір мәселе – ол жастардың діни құндылықтарды дұрыс түсінуі болып табылады. Съездің тӛртінші секциялық отырысында осы тақырып талқыланатын болады. «Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» деген аталы сӛз бар. Жас буынның дінге кӛзқарасы кӛп жағдайда оның алғашқы рет дінді қай тұрғыдан қабылдағанына, одан алған әсеріне және діни наным туралы санасында қалыптасқан ой-түсініктеріне байланысты болады. Себебі, түрлі экстремистік ағымдардың кӛп жағдайда дін атын жамылу арқылы әрекет ететіндері жасырын емес. - 22 -


Діннің мәдени күш-қуаты мен мүмкіндіктері жеткілікті. Сондықтан соларға сүйене отырып, жастарды жоғары гуманистік құндылықтарға ұмтылдыру арқылы оларға жігер беруге мүмкіндік мол. Пікірталас кезінде съезге қатысушылардың алдына жастарды тәрбиелеудегі діннің рӛлін, ӛскелең ұрпаққа әсерін, діни-адамгершілік тәрбиені қазіргі заманның серпінді дамуымен біріктірудің мүмкіндіктерін анықтау міндеті қойылады. Осылайша, съездің секциялық отырыстары қазіргі ең ӛзекті және пікірталас тудыратын мәселелерге бағытталып отыр. Бұл тағы да осы маңызды үнқатысу алаңының жоғары дәрежесіне ерекше кӛңіл аудартады. Алдағы съездің маңыздылығын ескеріп, агенттік оны ӛткізу бойынша белсенді дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте ұйымдастырушылар Дін лидерлері кеңесінің пленарлық мәжілісін пысықтау, қорытынды ұсыныстарды дайындау мәселелеріне үлкен мән беріп отыр. Олар тек қазіргі проблемаларды талқылаумен шектелмеуі қажет. Оларды шешудің жолдарын табу ӛте маңызды, олар ӛз кезегінде тұрақтылықты нығайтуға және дінаралық сұхбатты дамытуға мүмкіндік жасайтын болады. Дін лидерлері съезінің дін рӛлін қоғамдық ӛмірдің басты-басты салаларында талқылауға бағытталғаны осы үнқатысу алаңы рӛлінің ӛсуін білдіреді. Ол дегеніміз, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының съездерін ӛткізу жӛніндегі бастамасы біз үшін нағыз қажет болғанын және адамзат үшін маңызды ғаламдық конфессияаралық сұхбатты орнатуға жағдай туғызғанын кӛрсетеді. «Егемен Қазақстан» газеті ***** О.С. Қасымов, ҚР ДІА Атырау облысы Дін істері департаментінің директоры ДІНАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ - РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ АСПЕКТІСІ Қазақстан қоғамының қазіргі жағдайы рухани келісім мен ӛзара түсіністіктің орын алуымен ерекшеленеді. Ол халықаралық деңгейде де мойындалып отыр. Жалпы алғанда, Ішкі саяси тұрақтылықты – әртарапты қо-ғамдық құбылыс ретінде тануға болады және оған әртүрлі: экономикалық, әлеуметтік, сая-си, діни, этникалық, тілдік т.т. факторлар әсер етеді. Бүгінгі күні ішкі саяси тұрақтылыққа негізгі саяси күш-тердің бір-бірімен келісуінсіз, реформаларды азаматтық қоғам институттарының қолдауынсыз және ұлтаралық, дінаралық бір-ліксіз жету мүмкін емес. - 23 -


Қоғамның рухани қауіпсіздігі – ӛзекті мәселе, алайда кӛптеген күрделі құрылымдардан тұратын қоғамның ӛзі бірнеше бағыттарға бӛлінеді. Оның құрылымдық элементтерінің бірі – әлемдік деңгейдегі рухани-әдет ғұрыптар келісімі, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы туысқандық келісім болып табылады. Бұл ретте саясатымыздың басым бағыттарының бірі – рухани-ғұрыптық қауіпсіздіктің бір аспектісі болып табылатын діни факторды және дінаралық татулық мәселесін алға қоюымыз керек. Егемендігіміздің алғашқы жылдарынан бастап біз зайырлы, демократиялық ел ретінде барлық діндерге есігімізді айқара ашып, олардың таралуына қолайлы жағдай жасап келеміз. Бұл біздің әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алуымызға мүмкіндік беретін қажетті қадамдардың бірі екені даусыз. Бүгінгі күні жалпы елімізде 40-тан астам деноминациялар тіркеліп жұмыс жасап келді және қайта тіркеу үдерісі де жүзеге асуда. Егер ел ішіндегі ӛзге ұлт ӛкілдері ӛзге діндерді ұстанып жүрсе, бұл ешқандай да түсінбестік тудырмайтын қалыпты жай. Мұндай жағдайда түрлі дін ӛкілдері бір-біріне құрметпен қарап, ӛзара татулықты сақтауға тырысады. Сондықтан да мұндай қарым-қатынас мемлекеттердің де бір-бірімен жақындасуларына оңды ықпал етеді. Ал егер жергілікті ұлт ӛкілдері ӛзге діндерге кӛптеп ӛте бастаса, онда бұған ұлт тарапынан да, мемлекет тарапынан да түсіністіктің табылуы қиын. Ӛйткені, мұндай жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық қауіпсіздік жӛнінде алаңдауға тура келеді. Себебі, діннің табиғаты сондай, сенімі күшті діндар адам ӛзінің туыстары мен ұлтына, еліне кӛп алаң болмай, рухани бірліктегі ӛзінің діндес бауырларын жақын тұтып, соларға жәрдем етуге бейім болады және қажет болған кезде солардан қолдау күтіп, кӛмек сұрауға да дайын тұрады. Итальяндық философ Томазо Кампанелла «Дін – магиялық күшке ие, ӛйткені ол адамдардың рухын біріктіреді немесе бүлінушілік пен қирату құралына айналуы да мүмкін», – деген еді. Әлемдегі кейбір қақтығыстардың түп-тӛркіні діни түсінбеушілікте екендігі тарихтан мәлім. Тіпті орта ғасырларда Франциядағы католиктер мен гугеноттар, Англиядағы протестанттар мен католиктер арасындағы қақтығыс. Жалпы, адамзат баласының басқа дінге тӛзімділік кӛрсетпеуі, ізгілік танытпауы ықылым замандардан бері жалғасып келеді. Күні кешегі Югославия Республикасы мен Косоводағы азамат соғысы да осыған дәлел. Ал қазақ жері осындай қақтығыстардан аман-есен жаңа ғасырға жетіп отыр. Бұндай жағдайдың туындауына тӛмен-дегідей факторлардың әсерін байқауға болады. Ең алдымен, ұлан-байтақ жері, кӛп ұлтты халқы бар еліміздегі дінаралық және этносаралық толеранттылық жаңадан ғана пайда бола қалған жоқ, бұл атабабаларымыздың салып кеткен жолы. Қазақ халқының ӛткен ғасырларда кӛшпелі ӛмір салтын ұстанғаны белгілі, осы арқылы ол басқа халықтармен байланыс жасауды үйренді, ауыр табиғи жағдайда ӛмір сүре отырып, ӛз - 24 -


қандастарына ғана емес басқа да келімсек ұлттар мен ұлыстарға қонақжайлық пейіл таныта білді. Тіпті Кеңес заманында Қазақстанға солақай саясаттың салқынымен еріксіз келген халықтардың ӛзі жергілікті халықтың мәдениетімен, тілімен, салтдәстүрімен таныса отырып, қазақ халқымен тіл табысып, ӛткен дәуірдің ыстықсуығын бірге кӛтеріскенін әлемдегі барша мемлекеттерге үлгі етуге болады. Осылайша, ежелден-ақ біздің халқымыздың бойында этнос-аралық және конфессияаралық толеранттылық қалыптасты. Екіншіден, бүгінгі таңда тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында күллі дін ӛкілдерін бір орталыққа жинап, үнқатысуға, татулыққа шақырудамыз. Елбасымыз үнемі айтатындай, Тәуелсіз Қазақстанның ең маңызды игіліктерінің бірі – ішкі саяси тұрақтылық пен оның құрамдас бӛлігі – ұлтаралық және конфессияаралық келісім. Елбасының бастамасымен тӛрт бірдей әлемдік дінбасылардың съезінің ӛтуі соның кепілі. Биылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының ІV съезі туралы БАҚ беттерінде баға бергенінде Израильдің сефрад раввині Шломо Амар дінаралық татулық қауіпсіздік кепілі екеніне тоқтала келе: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтармен қатар, діннің, мәдениеттің, қоғамның басын қосқан «жаңа Біріккен Ұлттар Ұйымын» құрды», – деген еді. Ұлт кӛшбасшысы ӛз сӛзінде: «Әлемде бір ғана қауым бар, ол – адамзат қауымдастығы, бір ғана жаратушы бар, ол – Алла Тағала. Бір ғана тіл бар, ол – жүрек тілі. Ендеше барша адамзаттың тілегі бір», – деп үндеу тастаған болатын және ӛз сӛзінің үдесінен шығатынын іс жүзінде кӛрсетіп келеді. Үшіншіден, еліміздегі толе-ранттық мінез-құлықты тәрбие-леуде Ислам дінінің алатын рӛлін атап ӛткен жӛн. Ескі тарих тағылымын сараласақ, Ислам діні мұсылмандар мен олардың қоластындағы ӛзге дін ӛкілдеріне де тең құқық берген. Яғни мұсылмандарға тиесілі немесе міндетті нәрселер оларға да міндетті және оларға да дін еркіндігі ұсынылған. «Бақара» сүресінің 256аятында Алла тағала: «Дінде зорлық жоқ», – деген екен. Мұсылмандармен бірге бір мемлекетте тұратын кітап иелері саналатын христиандар мен яхудилерге қатысты шариғат бойынша шығарылған пәтуалар мен шешімдер бары белгілі. Негізінен барлық әлемдік діндердің рухани-адамгершілік бастамаларынан, олардың ӛзара үндестігін кӛруге болады. Барлық діндердің философиясы мыналар-дан тұрады: яғни ӛлтірме, ұрлықтан аулақ бол, жамандықтан сақтан. Алайда, кейбір дін ӛкілдерінің осы ақиқаттарды тек қана ӛз шанымдарының, ӛз діндерінің тұрғысынан қарауы қоғамдық қатынастарда келеңсіз оқиғалардың бастамасына айналуына түрткі болары толғантады. Осы айтылған мәселелер жекелеген топтардың дінді саяси мақсатта пайдалануға әрекеттенуінің себебі деп түсінген дұрыс. Бүгінде христиандар мен мұсылмандар арасында ӛз діндерінің шынайылығы мен тазалығын ғана қуаттайтын фундаменталистер де аз емес. Олар ақиқаттың тек қана Жаратушыда болатынын, сондықтан адамдарды жауласушы топтарға емес, бірлікке шақыруы керектігін ойланбайды. - 25 -


Қазіргі кезеңде еліміздің демографиялық жағдайына сәйкес, геосаяси, геоэкономикалық орналасуына қарай ел халқының басын біріктіретін, ішкі тұрақ-тылықты нығайтатын саяси тұғырнамамыздың маңызды бӛлігі – дінаралық қатынастарды дамыта беру ӛзекті мәселе. 16 миллион халқымыздың интелектуалдық әлеуетін дұрыс пайдалана білу мемлекеттігіміздің негізгі ұстанымы болып қала береді. Сондықтан діни бірліктің сақталуы ұлттық бірліктің сақталуының кепілі екенін мойындауымыз керек. Ал діни бірлік дегеніміз – еліміздегі барлық деноминациялардың бірігуі, олардың бір-бірімен жақсы ұйғарымда болып, мемлекетіміздің мүддесіне жұмылуы деген сӛз. Осындай саясат біздің мемлекетімізде де қалыптасқан және басым халықтың соны дұрыс қабылдап отырғаны қуантады. Демек, бұдан шығатын қорытынды діни қатынастар саласындағы ұстанған толеранттылық мінез, ол жоғарыда айтып ӛткеніміздей, тарихи, әлеуметтік, діни ұстаным негізінде қалыптасып, қанымызға сіңген үлкен қасиет, сара жол екенін ұғынғанымыз абзал. Осы жолда «Қазақстан» атты ортақ шаңырағымызды биіктету жолында маңдай терін тӛгіп жүрген әрбір азамат үшін ӛткенімізді сараптай келіп, бүгінгімізді дамыта түсу аса маңызды. Ендеше еліміздің ертеңі жарқын, алар асуымыздың да биік екеніне нық сеніммен қарайық. www.islam-orkeniet.kz ***** ЫҚПАЛДАСТЫҚ РӚЛІ ЖОҒАРЫ А.П. Әбуов, ҚР ДІА Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Жуырда Дін істері агенттігі мен Білім және ғылым министрлігі бірлесіп ұйымдастыратын Қазақстан дінтанушыларының екінші форумы ӛткелі отыр. Бүгінде Қазақстан дінтанушыларының бірінші форумы ӛткеніне бір жыл болады. Осы мерзім ішінде еліміздің дін саласында кӛптеген іс-шаралар атқарылды. 2012 жылдың 30-31 мамыр аралығында Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының IV съезі ӛтті. Съездің басты тақырыбы – «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы». Съездің аясында қазіргі уақыттағы ӛзекті мәселелер бойынша секциялық пікірталастар ӛтті. Олардың ішінде: дін және мультикультурализм; тұрақты дамуға қол жеткізудегі дін кӛшбасшыларының рӛлі; дін және әйел: рухани құндылықтар мен қазіргі сын-тегеуріндер; дін және жастар. Әлемнің жетекші конфессияларының ӛкілдері енген Дін жетекшілері кеңесінің құрылуы және кеңестің алғашқы отырысының ӛткізілуі, IV съездің - 26 -


маңызды жаңалығына айналды. Сонымен қатар, съезде Президент Н.Ә.Назарбаев әлемдік ӛзара қатынастардың жаңа пішіні «G-GLOBAL-ды» ұсынды. Үстіміздегі жылы 6-шілдеде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Әзірет Сұлтан» жаңа мешітінің ашылу салтанаты ӛтті. 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң миссионерлік қызметтің бақылаусыздығы мен жаңа діни ұйымдардың заңға қайшы қимылдарының алдын алу сияқты мақсаттар мен міндеттерді алға қойып, діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу жұмыстарын жүргізді. Мемлекет тарапынан жүргізілген осындай іс-шараларға, елімізде және әлемдегі орын алған күрделі діни ахуал себеп болды. Діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу нәтижесінде елдегі жаңа діни ұйымдардың келеңсіз орын алуына нүкте қойды. Қазан айының 25-күні аяқталған аталмыш үдеріс нәтижесінде елімізде 17 конфессия ӛкілдерінен құралған 3088 діни бірлестік пен олардың филиалдары қалды. Жаңа заңның жүзеге асырылуымен еліміздегі діни ахуал біршама тұрақталды. Ал әлемде діни ахуалдың күрделене түскені белгілі. Мысалы, Кувейт, Иордания, Оман, Алжир, Катар сияқты араб елдерінің жетекшілері бірінен соң бірі ӛздерінің реформаларын жүргізіп жатса, Египет, Ливия, Тунисте үкімет құлатылып немесе қызметтен босатылды, радикалды исламистердің ұстанымдары күн санап күшеюде. Осы орайда, ӛткелі отырған форум бүгінгі таңда заманауи қасіретке айналып отырған лаңкестік, экстремизм мен радикализм мәселелерін шешу, елімізде орын алмауы үшін алдын алу шараларын жүзеге асыру секілді ауқымды және ӛзекті мәселелерін қолға алады. Дінтанушылар мен теологтардың отандық ғылыми қауымдастығын лаңкестік пен экстремизмге қарсы тиімді сақтандыру шараларын бірлесе отырып дайындауға тарту және осы тұрғыда теологиялық және дінтанулық білім берудің сапасын кӛтерудің жаңашыл жолдарын айқындау – форумның алғышарттарының бірі. Сонымен қатар, лаңкестік пен экстремизмге қарсы идеологиялық қағидаттарды және ӛзге де тұжырымдамалық негіздерді дайындауда ғылыми әдісті қалыптастырып, діни-саяси лаңкестік пен экстремизмнен сақтандыру және олардың алдын алу бойынша әлемдік тәжірибені жинақтау қажеттілігі артуда. Жас ұрпақтың ӛзге дін ӛкілдеріне деген діни тӛзімділік пен толеранттылық кӛзқарастарын қалыптастырудың шарттары мен тәсілдерін, діни экстремизмді алдын алудағы азаматтық институттардың орнын және атқаратын қызметін, радикализм, лаңкестік және экстремизм идеяларынан сақтандыруда дәстүрлі исламның тарихи маңызын, рӛлі мен орнын айқындау жоспарланған форумның негізгі мақсаты болып табылады. Діннің маңыздылығы күннен-күнге артуда. 2012 жылы елімізде діни тақырыптарға байланысты алдағы форумның ӛзектілігін кӛрсететін кӛптеген ісшаралар іске асты. Дӛңгелек үстелдер мен отандық және халықаралық конференциялар ӛткізілді. Олардың арасында 2012 жылғы 12-қазанда Алматы - 27 -


қаласында ӛткен діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар ӛкілдері, халықаралық сарапшылар, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар және дипломатиялық корпус ӛкілдері, сондай-ақ, Қазақстанның танымал дінтанушы ғалымдарының қатысуымен, Дін істері агенттігі Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы және БҰҰ Жоғарғы комиссары басқармасының адам құқықтары жӛніндегі Орталық Азия бойынша аймақтық бӛлімшесімен бірлесіп, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мәселелеріне арналған дӛңгелек үстелін атап айтуға болады. Сонымен қатар, 10-11 қазанда Алматы қаласында «Конфессияаралық үнқатысуды нығайтудағы Қазақстан тәжірибесін насихаттаудағы БАҚ рӛлі» тақырыбымен журналистерге арналған екі күндік біліктілікке баулу семинары болып ӛтті. Бұл семинарда Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының қызметкерлерінің бірлесіп дайындаған діни терминдер мен ұғымдар анықтамалығының таныстыру рәсімі ӛткізіліп, БАҚ қызметкерлерінің дін саласындағы кӛкейтесті мәселелеріне нақты жауаптар берілді. Ӛткен жылы жүзеге асқан Дінтанушылардың бірінші Форумында дін саласында кӛптеген мәселелер талқыға салынып, маңызды қарарлар қабылданды. Форумның қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, философия ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есімнің тӛрағалық етуімен «Қазақстан дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігі құрылды. Екінші форум да ӛнегелі бастаманың жалғасы ретінде, ӛз қатысушыларының инновациялық идеяларымен жетіле түседі. Форум жұмысы тӛрт секция бойынша ӛзекті мәселелерді талқыламақ. Бірінші секция «Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігінің кепілі» атты тақырыпты қамтиды. Діни сауаттылық тақырыбы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу маңызды компоненті болып табылады. Халқымыздың діни сауаттылығы деңгейін кӛтеру арқылы қазіргі таңда қаптаған жалған діни идеологиялар мен деструктивті ағымдардың қармауына түсіп қалудан сақтандыра аламыз. Қазіргі таңда жоғары және орта білім беру оқу орындарындағы дінтану пәнін оқытудың маңыздылығы да артуда. Бұл тұрғыда еліміздегі білікті мамандардың тұжырымдамалары алдағы форумда баяндалады. «Діни экстремизмнің алдын алудағы қоғамдық институттардың рӛлі» атты тақырыпты қамтитын екінші секцияда еліміздегі және әлемдегі ұйымдардың рӛлі баса назарға алынды. Діни экстремизмді алдын алуды ұйымдастырудағы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың шаралары мен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығы қарастырылады. Мемлекетіміздің діни ӛмірінде Ислам діні маңызды орынға ие. Қазақстан халқының 70 пайыздан астамын мұсылмандар құрайды. Сондықтан, еліміз исламның ханафи бағытындағы халықтың мәдениетiнiң дамуы мен рухани ӛмiрiндегi тарихи рӛлiн таниды. Бүгінгі таңда әлемде орын алып отырған экстремистік және лаңкестік әрекеттер ислам дінін жамылуда. Осы себепті үшінші - 28 -


секцияны «Қазақстандағы діни эксремизмнің алдын алудағы дәстүрлі исламның рӛлі» атты тақырыпта ӛткізілуін жоспарладық. Ӛткен жылғы бірінші форумда үш секция бойынша жұмыс жасалған. Осы жылғы екінші форумның ерекшелігі тӛрт секция бойынша тақырыптар аясы мен бүгінгі күні орын алып отырған ӛзекті мәселелердің барлығын қамту аясында «Кеңес беру және сауықтыру орталықтарының деструктивті діни ұйымдардың қоғамдағы ықпалдарының алдын алудағы рӛлі» тақырыбы бекітілді. Бұл секцияда егемендіктің қуанышымен мемлекетімізде елеусіз қалған дін саясатының осал тұстарын ӛз мүддесіне пайдаланған деструктивті діни ұйымдар мен радикалды ағымдардың жетегінде кеткен қандастарымыздың, қалыпты ӛмірге қайта оралуына жәрдемдесетін орындардың қызметтері мен мүдделері кеңінен танытылады. Осындай ұйымдардың қоғамда алар маңыздылығы айтылады. Сонымен қатар, кеңес беру және сауықтыру орталықтары мамандарының тәжірибесі мен пікірлері, болашақта халқымыздың деструктивті діни ағымдардың жалған уағыздарына алданбауы үшін қажетті мағлұматтар беретініне сенімдіміз. Қазақстан дінтанушыларының екінші форумы дін саласындағы мемлекеттік саясаттың одан әрі даму жолында, діни бірлестіктер мен мемлекет арасындағы ықпалдастықтың берік орнауына жол ашады. Діни сауаттылықты кӛтеру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жүзеге асыру секілді мәселелерде жаңашыл пікірлер мен ұсыныстар форумның маңыздылығын арттырып, ӛз жемісін береді деген үміттеміз. www.egemen.kz ***** Г.Е. Шлымова, ҚР ДІА Дін мәселелері жӛніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗГІ КОНФЕССИЯЛАРЫНА СЕНІМІНІҢ ИНДЕКСІ Қазақстан ӛзінің кӛп конфессиялдық және этникалық әралуандығымен ерекшеленетін әлемдегі аздаған елдердің санатына кіреді. Конфессияаралық келісім діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығы болып табылады. Қазақстанның Президенті, Ұлт Кӛшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаев толерантылық пен этностар достығын «республика табыстылығының құпиясы» деп атады. Егемендік алған жылдары Қазақстан кеңістігінде конфессиялық жүйе түбегейлі ӛзгерді. Осыған дейін болған жаппай атеизм конфессиялық жаңарумен ауысты, сонымен қатар діни сана толеранттыққа және сенімге - 29 -


ӛзгерді. Конфессиялық плюрализм Қазақстан Республикасындағы жаңа діни жағдайдың маңызды ӛзгерісі болып табылды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда конфессиялық кеңістік біршама кеңейді және трансформацияланды. Ӛткен 20 жыл ішінде Қазақстанда халықтың діни деңгейі біршама ӛсті, діни бірлестіктер саны алты есеге кӛбейді. 1990 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 10-15 конфессияны мүддесін жақтайтын 671 діни бірлестіктер жұмыс істесе, 2011 жылдың 1 қаңтарына 46 конфессия мен деконфессия мүддесін қолдайтын бірлестіктер 4551-ге жетті. Сунниттік ислам бағытындағы діни бірлестіктер 46-дан 2740-қа, орыс православ шіркеуі 62-ден 311-ге, рим-католик шіркеуі 42-ден 88-ге, протестанттық бағыттағылар 521-ден 1548-ге жетті. Бұдан басқа елде 26 иудаизм, 4 буддизм діни бірлестіктері, сондай-ақ бірнеше діни қайырымдылық қорлары жұмыс істейді. Мемлекет басшысының байсалды саясатының арқасында қазақстандық қоғам ашық қарулы қақтығыстардан аулақ болып, елде конфессияаралық және этникоаралық келісімді сақтады. Бұл жағдайда тағы бір айта кететін нәрсе ол конфессияаралық келісімнің негізіндегі қазақстандық қоғамның ӛз бойларына жалпыазаматтық сана, дәстүрлі қазақ менталитеті және басқа халықтардың ӛздік саналарын жинақтаған рухани-адамгершілік ауызбіршілігі. Қазақстан мемлекетінің рухани бағдарына сүйене отырып, оның кӛпконфессиялы және кӛпэтникалы халқы ӛз ӛмірлеріне батыл және сенімді түрде жол салуда. Алайда осы жүйенің шеңберінен шығып кету үлкен қасіретке әкеліп соқтыруы ғажап емес, себебі ол қазақстандық қоғамның құлауына әкеп соғады. Қазақ халқында мынадай мақал бар «қасықтап жинаған абыройын бір пәсте тӛкті», шынында да қоғамда бүлік, былық жасап, ғасырлар бойы жиналған мемлекеттің мәртебесін бір мезетте (конфесcияаралық және этникоаралық келісім моделі) жоғалтуға болады. Кӛптеген елдер тарихынан білетініміздей, әр түрлі құбылмалы және қиынқыстау кезеңдерде бірлік осындай тығырықтардан алып шықты. Мемлекеттікконфессияаралық қарым-қатынастар аясында экстремизм мен терроризм дамуы жалғасып отырған әлемдегі тепе-теңдік келісім мен бірліктің арқасында сақталады. Біздің елдің Президенті айтқандай ислам және православ ең басты мәдениетті құраушылар есебінде басқа діндерге еш кедергі келтірмейді. Қазақстан үшін негізгі дәстүрлі діндердің позитивті ролі Дін істері бойынша агенттігінің Мәдениеттер және діндердің халықаралық орталығының тапсырысы бойынша Қоғамдық ой-пікірлерді зерттеу орталығының 20102011жж. жүргізген әлеуметтік зерттеу деректері бойынша дәлелденіп отыр. Зерттеу қорытындысы халықтың ең басты екі дәстүрлі конфессияға деген сенімдерінің аса жоғары екенін кӛрсетіп отыр. Қазақстан халқының кӛптеген бӛлігі еліміздегі негізгі екі конфессияны оң қабылдайды, олар: ислам және православие. Қазақстанның тұрғындары жалпы этносаралық қарым-қатынасқа жағымды ықпал жасаушылар біріншіден ислам - 30 -


(61,8%), сондай-ақ православие (53,5%), ал басқа бағыттағы діни ағымдар ӛте аз. Зерттеу халықтар ҚМДБ мен ОПШ қызметтерімен таныс емес екендігін кӛрсетті. Тағы бір айта кететін жағдай халықтың кӛпшілік бӛлігі ҚМДБ мен ОПШ қызметін діни экстремизмге қарсы тұруға күші жеткілікті емес деп бағалайды, немесе олардың осы бағыттағы істерін бағалау оларға қиындық туғызады, алайда ҚМДБ мен ОПШ әлеуетті ролі экстремизмге қарсы ӛте күшті. Басқаша айтқанда дәстүрлі конфессиялар елдегі халықтар тарапынан сенімге нық енген діндер. Алайда осы сенімді оларға нақты істермен кӛрсетулері қажет. Исламда имам немесе муфтий- олар тең адамдар ортасындағы бірінші тұлға, осыған орай муфтият институты – дінге сенушілер мен мемлекет арасындағы делдал, сондықтан ол істеген ісі арқылы нақты абыройға ие, не болмаса ешқандай абыройы жоқ. Айта кететін жай ҚМДБ елде болып жатқан жаңалықтар мен джағдайлар туралы ӛзінің нақты ұстанымын айтып отырса – бұл оның басшысына деген абыройды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа ҚМДБ елдегі ислам кеңістігіне ӛзінің ықпалын тигізу, оны кеңейту жолында қажетті шараларды қабылдауы қажет. ҚМДБ «тӛменгі» исламды ығыстыру үшін күресуі керек. Осыең алғашқы қадамы ретінде ҚМДБ жанынан консультативтік орган құруы қажет, ол «Әлемдік кеңес», немесе «Қоғаммен байланыс комитеті» деп аталама, ол онша маңызды емес. Маңыздылығы сол: Қазақстанның кӛптеген аймақтарында дінге сенушілер арасында діни білімді және абыройлы адамдар жеткілікті, бірақ олардың «ресми» мәртебелері жоқ. Сондықтан ҚМДБ осындай адамдармен ең бірінші болып байланысқа шығып, олармен маңызды тақырыптарды талқылаулары қажет. Жоғарыда айтылғандардан басқа 2001 жылдың кӛктемінде ресейлік мұсылмандардың әлеуметтік бағдарламасының қабылданғанын, 2000 жылдың тамыз айында ОПШ Архиерейский шіркеуінің Орыс православ шіркеуінің әлеуметтік концепциясын бекіткенін айта кеткен жӛн. Сонымен, біздің стратегиялық серіктесіміз Ресейдің жетекші конфессиялары белсенді әлеуметтік позицияға ие, бұл олардың халық алдындағы абыройларын кӛтеруі сӛзсіз. Тағы да айта кететін жағдай істелетін жұмыстың ең басты бір бағыты діни ағартушылыққа байланысты болуы қажет, себебі кӛптеген азаматтар осы уақытқа дейін шын дінді профанациядан ажырата алмайды. Соған байланысты білім беретін ұйымдарда жастарды рухани ағарту жұмыстарын конфессия ӛкілдері емес, зиялы дінтанушылар жүзеге асырулары қажет. Себебі Қазақстандағы білім беру мен тәрбиелеу жүйесі, дін мен діни бірлестіктерден ажыратылған және зиялылық сипатта. Елімізде ислам және православие христиандық екі негізгі діни конфессия бар. Барлық дінге сенетіндердің діни нанымдарына құрметпен қарайтындай мемлекет тарапынан саясат құрылып отыр. Бұл ӛз кезегінде ӛзара түсіністікке, тӛзімділікке, достастық пен бейбітшілікке жағдай жасаудың негізі. Осының - 31 -


негізінде біздің кӛп ұлтты елімізде толеранттылық, ӛзара келісім сақталып отыр. Біз толеранттылық пен барша діндер мен ұлттардың түсіністігі тұрғысында басқаларға үлгіміз. Ұлтына және нәсіліне, діни нанымына, тіліне қарамастан барлық азаматтардың тең құқын қамтамасыз ету - біздің болашақта да тұрақты дамуымызда игі бастау болып табылады. Бұл құндылықтарды әрқашан сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізе білу біздің алдымызда тұрған ең басты міндет деп білуіміз керек. Назарбаев толеранттық пен этностар арасындағы достықты Қазақстан табыстылығының сыры деп атады. //http://tengrinews.kz/Kazakhstan_news/202098/ Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Мемлекет және дін» журналы № 1-2 (16-17), 7-16 бет // Казахстанская правда газеті 15.10.2011 жыл № 330-331. «Қазақстандық қоғам санасындағы дәстүрлі, ұлттық және діни құндылықтар» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша есеп // Қазақстан Республикасы Дін істері АгенттігініңХалықаралық мәдениет және дін орталығы РММ, Астана, 2011 жыл Ресей мұсылмандарының әлеуметтік бағдарламасының негізгі ережелері Орыс православ шіркеуінің әлеуметтік концепциясының негіздері.

«Президент және халық» газеті ***** А.М. Мҧқашов, ҚР ДІА Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының қызметкері ТАҒАТТЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ Діни бірлік болмайынша, ҧлттық бірлік болмайды Діндер үнқатысуын қамтамасыз ету, діни тӛзімділікті нығайту – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының шешуші басымдықтарының бірі болып отыр. Үлкен діни форумдардың бізде ӛтуі – елімізге деген құрмет пен зор сенім. Бүгінде сол сенімді толық ақтай аламыз деген үміт бар. Елордамыз Астана дүние жүзіндегі барлық діндер ӛкілдерінің басын қосып, ортақ мәмілеге шақыратын рухани орталыққа айналды. Халықаралық қатынастар тарихында Астана съездеріне бүкіл әлем кӛз тігіп, оның бейбітшіл бағыты мен татуластырғыш әлеуетіне үлкен мән беріп отырғанының айғағы ретінде, бұл тӛртінші басқосуға тілек білдірген ірі діни бірлестіктер санының күрт ӛсуін айтуымыз керек. Мұндай басқосу әлемнің түрлі мемлекеттерінде ӛткенімен, Қазақстан съезі Елбасымыздың бастамасымен және тікелей қолдауымен ӛтетіндігімен ерекшеленеді. Негізгі сипаты діни кӛшбасшылар жиыны болып саналатын бұл форум шын мәнісінде ғаламдық үнқатысуға жол ашатын ірі басқосу. Елордада 2003 жылдан бері тӛртінші рет әлемнің сан түрлі дін басыларының басын - 32 -


қосып, бір-бірімен қол алысуға талпындыруға мүмкіндік берген Елбасымыздың идеясы әлемдік қоғамдастық тарапынан қызу қолдау тауып, жоғары бағалануда. Ӛткен съездерге қатысқан Үндістанның кӛрнекті қоғам қайраткері Ш.Сомайя Қазақстан Президентінің бастамасына ризашылығын білдіре отырып, «Н.Назарбаев – кӛпконфессиялы елде бейбітшілік пен келісімді үйлестіре білген ерекше лидер. Біздің оның істерінен үйренеріміз кӛп» деп айтқан болатын. Дінбасыларының Астанадағы кезекті басқосуы қазіргі дүниежүзілік саяси ахуалға, халықтар достығы мен діндераралық бірлесуге игі ықпалын тигізді. Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшылары съездерінің бізде ӛтуі Қазақ елі үшін үлкен мәртебе, кӛп ұлтты Қазақстандағы бейбіт ӛмірге, еліміздегі діни сенім бостандығына берілген жоғары баға. Кең байтақ Қазақ елі қазіргі таңда күллі әлемге ӛзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын ордасы екендігін паш етіп отыр. Қазақстан бүгінде Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен сатылап дамып келе жатқан, экономикасы ілгеріленген, демократиялық даму жолына түскен, Орталық Азияда кӛшбасшы, халықаралық қоғамдастықта беделді әрі құрметті әріптес деп танылған мемлекетке айналды. Тәуелсіздік алғаннан бергі ең ірі жеңісіміз бен үлкен жетістіктеріміздің бірі – елімізде діни наным-сенім бостандығының толық бекуі, соның ішінде ислам дінінің ӛркендеуі, дінімізбен қайта қауышуымыз десек, артық айтқандық болмас. Егемен Қазақстанның ұлттық идеологиясын қалыптастыруда ата-бабаларымыз салған сара жол мен имандылықтың жаңа арналары жемісті жалғасын тауып келеді. Дінаралық келісімнің қазақстандық ҥлгісі Діннің еліміздегі бірліктің бір діңгегі әрі рухани тірегі болуына ел Президенті мен Үкіметі тарапынан ұдайы назар аударылып келеді. «Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бӛлінген» деп жария етілгенмен, олар шын мәнінде бір-бірінен оқ­шауланбайды. Бұл қарым-қатынасты серіктестіктің ерекше түрі деп те сипаттауға болады. Мемлекет пен дін бір-бірінен тәуелсіз бола отырып, бір-бірімен тығыз байланыста іс-қимыл жасайды. Екеуі қосылып та кетпейді, бӛлініп те кетпейді. Бүгінгі таңда елімізде мемлекет пен діни бірлестіктердің арасында негізінен сенімді байланыс, сындарлы қарым-қатынас орнықты. Конфессиялардың басшылары Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері болып отыр, олардың қоғамдық-саяси шараларға қатысуы, ӛздерінің дінге сенушілерінің мүдделерін жергілікті және ең жоғары биліктер деңгейінде ұсынуы дәстүрге айналды. Конфессияаралық қатынастар саласындағы еліміздегі салиқалы мемлекеттік саясаттың негіздері: біріншіден, ырықтандырылған (либералдық) заңнамалар, екіншіден, барлық діни нанымдарға тӛзімділікпен қарау, діни тағаттылық (толеранттылық) және үшіншіден, діни пікірлердің, діни кӛзқарастың алуандығы (плюрализм) болып отыр. Міне, осы үш шарт, тұтастай алғанда, Қазақстандағы дінге сенушілердің құқығын, дінді ұстану бостандығы қағидатын, рухани бірлікті нығайтуды іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуде. - 33 -


Қазақстанда ар-ождан бостандығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі үш қағидаттарын атап айтуға болады, Олар: бейтараптық (нейтралитеттік), тағаттылық (толеранттылық) және тепе-теңдік (паритеттік) қағидаттары. Бізде діни бірлестіктердің ішкі діни істеріне араласпау, қандай да бір болмасын діни ұстанымдарды бір-бірімен сәйкестендірмеу, діндердің тең мүмкіндік мәселелерін қамтитын мемлекеттің дүниетанымында бейтараптылық қағидатына басты орын берілген. Дін туралы жаңа заңның 3 бабында кӛрсетілгендей, мемлекет азаматтардың дінге және ұстанатын дініне ӛз кӛзқарасын айқындауына, ата-аналардың балаларды ӛз нанымдарына сәйкес тәрбиеленуіне араласпайды. Егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласпайды. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бӛлінген. Ӛзара тағаттылық (толеранттылық) қағидаты дегеніміз, басқалардың діни сеніміне қаншалықты тағаттылықпен қарау ғана емес, сонымен бірге соншалықты деңгейде құрметпен де қарау, бӛтен діни нанымдарды шеттетпеу дегенді білдіреді. Мемлекет дінді ұстанатын және оны ұстанбайтын азаматтар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бірлестіктер арасында ӛзара тӛзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі. Тепе-теңдік қағидаты – ол, егер діндердің құқығы бірдей болатын болса, мемлекеттің қандай да бір болмасын діни бірлестікке бӛле-жара ықылас білдіре алмайтындығы. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары дінге кӛзқарасына қарамастан заң алдында тең. Бізде ешбір дін мемелекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді. Қазақстанның діндераралық келісім үлгісі мен тәжірибесі конфессиялардың ӛз арасындағы мемлекет тарапынан бастамшылдыққа ие болып, қолдау тауып отыратын, ұдайы үнқатысудың негізінде бейбіт, ыңшыңсыз қатар ӛмір сүрудің мүмкін екенін айқын кӛрсетеді. Еліміздегі дінге сенушілердің құқықтық жағдайы әлемдік стандарттарға сәйкес. Бүгінде «Діндераралық келісім мен үнқатысудың қазақстандық үлгі-тәжірбиесі» деген ұғым қолданысқа еніп отыр. Қазіргі діннің ахуалы, оның даму жолындағы кездескен мәселелер – қоғам болып қолға алатын ортақ мүдде. Дін мемлекеттен бейтарап саналғанымен, ол мемлекет тіректерінің бірі – рухани тірегі болып қала бермек. Бүгінгі таңда еліміздің ішінде оңды-солды тіркеліп, үгіт-насихат жұмытарын екпіндете жүргізіп жатқан әртүрлі діни бағыттағы бірлестіктер мен миссионерлердің әрекеттері халқымыздың, ұлтымыздың келешек болмысына деген алаңдаушылығын туғызып отыр. Еліміздегі бүгінгі діни ахуал жағдайында бұрынғы ӛлшеммен жұмыс істеуге болмайтыны ақиқат. Әр уақыттың ӛз талабы бар. Біз еліміздегі дін саласындағы істеліп жатқан игі істерімізді оң бағалап, қол жеткен табыстарға тоқмейілсімей, дініміздегі ӛзекті мәселелерді шешуіміз керек. Қазіргі таңда біздің діни істерімізге түбегейлі ӛзгеріс қажет-ақ. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жӛніндегі кеңестің, сонымен қатар, облыстық, - 34 -


қалалық, аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестердің жұмыстарының әлсіреп, тіпті, кейбір облыс­тарда олардың жұмыстарының тоқтап қалғанын байқаймыз. Ал бұл кеңестерді облыстарда және Астана, Алматы қалаларында әкімдердің ӛздері басқарады. Діни бірлестіктермен байланыстар жӛніндегі кеңестердің жұмыстарын жоғары деңгейге кӛтеру – жаңадан құрылған Дін істері агенттігінің алдында тұрған міндет. Бірнеше жыл болды. Ресейдің Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орыс православие шіркеулері қызметкерлерін 2-3 айлық курссеминарлардан ӛткізіп оқытуда. Кезінде біздің де Мемлекеттік басқару академиясының бұрынғы ректоры Мәскеу қаласында олардың тәжірибесімен танысып, еліміздегі имам-молдаларды оқытуға ынта білдірген болатын. Әйтсе де, ол жоспарлар жүзеге аспай қалды. Елдегі облыстық және қалалық имамдардың білімдерін жетілдіру мақсатында оларды жаңа құрылған Дін істері агенттігінің қызметкерлерімен бірге Мемлекеттік басқару академиясында 2-3 апта мерзімінде оқытып шығарсақ, имамдарымызға ӛте пайдалы және Діни басқармаға үлкен кӛмек болары сӛзсіз. 2007 жылы Әділет министрлігінің бастамасымен республикадағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ету жӛнінде Үкімет қаулысымен 2007-2009 жылдарға арналған арнайы бағдарлама қабылданып, іске асырылған болатын. Бағдарлама зайырлы мемлекет үшін ӛте ерекше, маңызды құжат болды. Соған сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден 180 млн. теңгедей қаржы бӛлінді. Сонымен қатар, кӛптеген облыс әкімдіктері де сол жылдарға арналған арнайы іс-шаралар бекітіп, жергілікті бюджеттен қаражат қарастырды. Меніңше, бүгінде 5 жылға, яғни 2012-2016 жылдарға арналған мемлекет пен діндер қатынастарын жетілдіру туралы ислам дінінің елімізде дамуына арналған, Үкіметтің қаулысымен бекітілген бағдарлама қабылдауымыз керек деп ойлаймын. Ӛткен жылдың дін мәселесіндегі елеулі оқиғасының бірі – жаңа діни заңның қабылдануы. Қоғамның қызу талқысына түскен, халық кӛптен күткен «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Парламент қабылдаған заңдарға Президент 2011 жылғы 11 қазанда қол қойды. Бұл діни еркіндікті, діни сенім бос­тандығын қолдайтын жаңа құжаттар. Әділ заңның үстемдік құруы қашан да демократияның алғышарты болып табылады. Бүгінге дейін «діни сенім бостандығы» дегенді желеулетіп, ел ішін ірітуге кіріскен секталарды жӛнге салып, ел тыныштығын сақтайтын тұс та осы. Бұл заң – діндарлық пен дінбұзарлықтың ара-жігін айқындайтын, арамза пиғыл діни бірлестіктер мен миссионерлерді ауыздықтайтын, олардың жағымсыз, теріс әрекеттеріне тосқауыл қоятын заң. Енді дін туралы жаңа заңнамалық талаптардың дұрыс орындалуын жүйелі түрде қадағалау – уәкілетті органдардың, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың міндеті. Заңның құндылығы – оның дұрыс орындалуы. Заңды орындау әркімнің басты - 35 -


парызы. 2012 жылдың 25 қазанына дейін барлық діни бірлестіктер ұйымшылдықпен қайта тіркеуден ӛтуі тиіс. Жаңа діни заңның ұлттық мүддеге, ел бірлігі мен ынтымағына, мемлекетіміздің қауіпсіз­дігін қорғауға қызмет ететіні сӛзсіз. Дінаралық татулықты сақтау – басты мақсат Бүгінде бірінші кезекте біз діни бірлікті ӛз деңгейінде ұстауымыз шарт. Ӛйткені, діни бірлік болмайынша ұлттық бірлік болмайды. Дінді саясатқа айналдырып, ӛз пайдасына жаратқысы келетіндер мен экстремистік ниеттегі діни ағымдар пайда бола бастаған бүгінгі кезде, дінаралық татулықты сақтау – басты мақсат екені түсінікті. Жастарға арналған рухани-танымдық тәрбие және теріс пиғылды діни ағымдарға жол бермеу шаралары тек Діни басқарманың, не тек мемлекеттік орган­дардың ғана жұмысы емес, бүкіл қоғамның жұмысы. Барлық оқу орындарында тәрбие жұмыстарын күшейтіп, жастар арасында деструктивті идеяларды насихаттаушыларға құқық қорғау және білім беру органдары тарапынан бақылау жасалуы керек. Діни радикализм идеяларын таратушыларға этно-мәдени бірлестіктер жетекшілерінің беделін қарсы пайдаланған жӛн. Бірлестіктер жетекші­лерінің жақсы істері арқасында елімізде ұлтаралық егес, діни текетірес жоқ. Біз осы игі тәжірибе мен күшті әрқашан да насихаттап, белсенділікпен пайдалана білуіміз қажет. Діни радикализмге қарсы күрестің бірден-бір пәрменді құралы – діни ағартушылық жұмыстарын жандандыру, діни үгіт-насихатты белсенді жүргізу және халықтың, имамдардың діни білім деңгейін арттыру. Ӛз дінін терең білетін адам ешқашан да экстремистердің қолшоқпары болмайтыны, олардың торына оп-оңай түсіп, жетегіне жүрмейтіні белгілі. Дінді терең біліп түсінетін, жүрегінде иманы бар адам қоғам мен мемлекетке жақсылық әкеледі, аянбай қызмет ететін болады. Егер жер-жерде исламның дұрыс жолын уағыздап, насихат күшейтілсе, жастар әртүрлі ағымдарға бой ұрмай, нағыз мұсылмандыққа ден қойып бірігеді. Әрине, діни экстремизмге қарсы кез келген іс-шаралар жалпы дінге қарсы пролетарлық күреске және де ескі әдет бойынша құрғақ, маусымдық науқаншылдыққа айналмай, ауқымды әрі жүйелі түрде жүруі қажет. Бұл жұмыста азаматтардың конституциялық құқықтарын, ар-ождан бостандығын бұзуға, дінге сенушілердің сезімдерін қорлауға жол бермеген жӛн. Сонымен қатар, ислам ради­кализіміне қарсы жұмыстар Қазақстанның мұсылман шет елдерімен қарым-қатынастарына, республиканың сыртқы саясат сахнасындағы абыройы мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуі тиіс. Дәл бүгін біздің елдігімізге қауіпті дерттің бірі, ол – дәстүрсіздік пен дінсіздік. Атқарылып жатқан кӛптеген оң істерге қарамастан, дәстүрлі Ислам дінімізді әртүрлі секталардан қорғау жұмысының сапа жағынан тӛмендігін баса айтуымыз керек. Соңғы кезде республиканың батыс облыстарындағы, Тараз қаласындағы діннің тӛңірегінде болған оқиғалар кімді болсын толғандырмай қоймайды. Ел ішінде күмәнді, елді біріктіретін емес, берекесін алып тоздыратын топтар, елге іштей іріткі салушы жалған діни ағымдар жетерлік. Дінді ӛз пайдасына қарай бұрмалап, ислами наным-танымдарды - 36 -


шатастырушылар кӛптеп кездеседі. Бүгінде мешіттер маңында ӛздерін «нағыз мұсылман батыр», ӛзгені «кәпір» санайтын жастар кӛбейді. Кӛптеген қалаларда бірі жақын туысының, бірі отбасы мүшесінің, енді бірі дос-жаранның теріс діни ағымға түсіп кетіп, ӛмірінің шырқы бұзылғанын айтып, психологтар мен құқық қорғау органдарынан жәрдем сұрап жүргендер қаншама. Тіпті, ӛзге дінге ӛтіп кеткен бауырларымызға жаның да ашиды. Тек Астанада соңғы екі жылда осындай теріс пиғылды ағымдардан зардап шеккендерге кӛмектесетін үш орталық ашылды. Ал, етектеріне аяқтары шалынып, қара орамалмен тұмшаланған оқушы қыздар мен студенттер, жас келіншектер қандай ағымның жетегінде жүр? Қоғамды қатты толғантатын тағы бір жағдай, ол – мыңдаған ұлқыздарымыздың ата дінін тәрк етіп, бірі – кришна, бірі – иегова куәгері, бірі баптист болып жат діндерге беріліп кеткендері. Бүгінде ӛз әке-атасының, ру-тайпа аттарын ала бастаған мешіттер Алла Тағаланың жердегі үйінен гӛрі, бас-басқа, ру-руға бӛлінудің орнына айналып бара жатыр. Мешіт салуда қалталы кәсіпкерлердің бәсекелестігі кімге керек?! Аға буын, ел ақсақалдары, қажыларымыз осыған тосқауыл қоюдың орнына әр ауылда, елді мекенде ашылған ру, тайпа мешіттеріне «құтты болсын» айтып жүр. Мысалы, тәуелсіздік жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында 902 мешіттің жамағатқа есік ашқаны қуанышты. Дегенмен, бір мешіт молынан жететін Шардара ауылында қата­рынан үш мешіт салынуының қандай қисыны бар. Ал Отырар ауданындағы шағын ауылда тұратын екі рудың ӛкілдері ӛздеріне жеке бір-бір мешіт салып алып, оған тек сол рудың ӛкілдері баратын болды. Жамбыл облысы Қордай ауданындағы шағын үш ауылда 26 мешіт бар!.. Қазақстанда «ислам оппозициясы» орнайды деп сәуегейсіп жүргендер де жоқ емес. Ұйып отырған ынтымағымыздың берекесін кетіруге тырысатындар Құдай жолына да қайшы әрекетке барғалы жүргенін біз жамағатқа жеткізуміз керек. Дәл бүгінгі қым-қуыт, иманы аздау тірлікте жұрттың кӛбі дін туралы сӛйлеуге құмар. Алайда, сәждеге бас қойып, мұсылмандық жолына біржолата бет түзегендер болмаса, кешегі 70 жылдық атеистік қоғам шекпенінен шыққан жамағаттың дінді терең білетіндері тым аз екені белгілі ғой. Соңғы кезде ӛздері дініміздің ӛркен­деуіне тікелей үлес қоспаса да, сынампаздыққа салынып, Діни басқармаға, имамдарға кінә тағушылар мен дініміздің жалған «жанашырлары» кӛбейді. Журналист М.Телібеков деген азамат Алматыда жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашып, кейіннен ӛзі оған «Қазақстан мұсылмандары одағы», ал қазір «Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары құқықтарын қорғау жӛніндегі мұсылман комитеті» деп ат беріп, діннен хабары жұрдай болса да, дінімізге жаны ашыған болып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бастап, мешіт пен имамдардың жұмыстарына баға беріп, сынап жүр. Сондықтан оның бүкіл Қазақстан мұсылмандары атынан сӛйлеп, бұқаралық ақпарат құралдарына беталды шыға беруін тоқтатуымыз қажет. Біз дінімізді пайдаланып, ӛзінің саяси мақсатын алға қойып, жоғары билікке ұмтылушыларға жол бермеуіміз әрі олардың жетегінде кетпеуіміз керек. - 37 -


Қазіргі кезде дініміз үшін аса ӛзекті мәселенің бірі – отандық бұқаралық ақпарат құралдарында дін тақырыбы толыққанды әрі дұрыс кӛтеріліп жүр ме деген сұрақ. Ата-баба дінімен енді ғана қауышып жатқан біз үшін халқымыздың рухани сұраныстарын тиісінше қанағаттандыру, оған БАҚ-ты мейлінше тиімді пайдаланудың әлі де жеткіліксіздігі күн тәртібіне ӛткір қойылып отыр. БАҚ ислам дініміздің нағыз жанашыр мінберіне айналсын деп талап қоюымыз әлі ертерек те шығар. Дегенмен, кӛпшілікке дінімізді жеткізуде БАҚ-тардың үлкен жауапкершілікті мойындарына алатын уақыты жетті. Қазіргі кезде тек «Егемен Қазақстан» мен «Түркістан» газеттері ғана дін тақырыбын жан-жақты әрі жүйелі түрде кӛтеріп жүр. Расын айту керек, бүгінде дін тақырыбында, діндердің кӛптеген пайдалы істерін кӛрсетіп, насихаттауда БАҚ кӛп белсенділік танытпайды. Олар имам-молдаларды сынап-мінеп, мешіттегі кейбір жайсыз жағдайларды кӛпіртіп, «түймедейді түйедей» етіп кӛрсетіп, жазуға тырысады. Кӛптеген журналистер шиеленісті жағдай мен сот сергелдеңінен тайсақтап, теріс пиғылды діни ұйымдар мен миссионерлердің іс-әрекеттерін нысанаға алып әшкерелеп, жеріне жеткізе жазудан ӛздерін аулақ ұстап жүр. Соңғы кездері бірқатар БАҚ ӛкілдері ұйымдасқан қылмыс кӛрінісі орын ала қалса, оған қатысқандардың қай дінді ұстанатындарын сұрастырып, оқиғадан діни астар іздеп, әлек-шәлек болатынды шығарды. Дінімізге кӛлеңке түсіргісі келетін мұндай әрекеттер дін жауларының диірменіне су құю емес пе?! Ӛзге сенімдегілердің қайсысы ӛз шіркеуі мен поптарын жерден алып, жерге салып сынап жүр? Ондай мақалаларды, ақпаратты орыс тілді газет беттерінен немесе теледидардан кездестірмейсіз. Сонымен қатар, дін секілді ӛте күрделі де нәзік сала туралы біліп те, білмей де мақалалар жазып, дүрдараздықты жайып жүрген жекеменшік ислами басылымдар Шымкент, Тараз, Семей, Ақтау және Алматы қалаларында кӛбейді. Жекеменшік діни ақпарат құралдарын Дін істері агенттігі тиісті бақылауға алып, дінімізге, дінаралық бірлікке қарсы қалам тербеулеріне жол бермей, қажет болса біразын жауып та тастау керек шығар. Мемлекеттік телеарналарда ислам діні туралы тұрақты діни-танымдық бағдарламалар жоқтың қасы. Бүгінде республикамыздың бірде-бір теледидар арнасынан дінді жүйелі насихаттайтын жібі түзу бағдарламаны атай алмаймыз. Бізде кӛптеген діни іс-шаралар тек қысқа жаңалықтар ретінде жылт етеді де ӛте шығады. Олардың рухани, тәрбиелік мән-маңызы ашылмаған күйі қала береді. Теледидарды үгіт-уағыздың заманауи пәрменді құралы десек, діни хабарлар жүргізетін тұтас арна ашып қойса, кӛптік етпес еді. Жалпы, дініміз бен діндарларымызды, ата дінімізге қызмет етушілерді жамандап, ұшпаққа шыға алмаймыз. Дін беделі тек Діни басқармаға, не оның жер-жердегі имамдарына ғана емес, ӛзін мұсылман санайтын әрбір азамат үшін де қымбат-ақ. Халықтың дінге кӛзін ашып, діни сауатын кӛтеруге, елді имани жолға бағыттап жүрген «қолында Құраны, аузында Алласы» бар имамдардың қызметіне біз бүгін үлкен ілтипатпен қарауымыз керек, солай қараймыз да. Елімізде кӛптеген имамдар жас жігіттер болса да, мұсылмандық парызы мен имандылық жолын жоғары ұстайтын зерделі азаматтар. Олар ел игілігі - 38 -


жолында адал еңбек етіп, мінсіз қызмет кӛрсетуге барлық күш-жігерін, жүрек жылуын жұмсауды мақсат етуде. Жасыратыны жоқ, еліміздегі кӛптеген имамдарымыз осы талапқа әлі толық сай емес, олармен сӛйлесе қалсаң саяз тартып тұрады, олардың жұрт алдында сӛйлеу қабілеті де тӛмен. Біз дін қызметкерімен әңгімелескенде, сұхбаттасқанда, апырай, біздің имам-молдамыз ғаламат білімді екен ғой, оның діни білімін қалай игеруге болады екен, деген ұғымда қалуымыз керек. Дін қызметкерінің мемлекеттік мәселелерді де, сыртқы саясатты да жан-жақты біліп, кӛптеген ілім-білімдердің басын қосып, дүниетанудың әр алуан кӛрінісін игерген жоғары білімді, ұлы Абай айтқандай, «толық адам» болуы – бүгінгі күннің талабы. Бүгін бізге ұлттық қасиетімізді, дінімізді, әдет-ғұрыпымыз бен дәстүрімізді қайта түлетіп, бәрін толық қалпына келтіруге тамаша мүмкіншілік туып отыр. Қазіргі заманда дін мәселелерін дұрыс шешу – отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, құқық қорғау органдары, дәстүрлі діни бірлестіктер басшылары мен қоғамның бірге жұмыла әрекет етулері қажеттігін кӛрсетіп отыр. Сондықтан да осы ХХІ ғасырдың әлемдік ішкі тәртібі мен бет-бедері айқын сипат алған шақта, діннің шын мәніндегі ӛркениетті, адами тәрбиені, демократияны ұлықтайтын асыл қасиеттерін халыққа жеткізіп тарату және түсіндіру – біздің халқымыздың рухани кемелдігін арттырудың кепілі және еліміздің қауіпсіздігінің құрамдас бӛлігінің бірі. Міне, осыны жедел қолға алу және дұрыс пайдалану – бәрімізге де зор тарихи сын және алдағы ізгі мақсатымыз бен парызымыз деуге болады. Тәуелсіздіктен бұрын мешітке жасы ұлғайған шағын ғана топ баратын болса, қазір мешітке келушілер саны жүздеп-мыңдап саналады және олардың жасы да, білімі де, әлеуметтік жағдайлары да сан алуан адамдар. Мешіт – тек намаз оқып, ата-бабалар рухына Құран бағыштайтын ғана жер емес, адамдарды береке-бірлікке, парасаттылық пен ізгілікке бастайтын, жастарды имандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелейтін қасиетті орын. 1991 жылы елімізде бар-жоғы 68-ақ мешіт болатын. Оның кейбірінде мұнарасы болса, күмбезі жоқ еді. Ал қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 2500 мешіт тіркеліп, халыққа қызмет етуде. Енді осы мешіттеріміздің жұмысын кӛтеріп, жандандыруымыз қажет. Еліміздегі түрлі пиғылдағы миссионерлер кӛбейген кезде, мешіттерде ислам діні мен қазақ ұлтының, ары кетсе қазақ тілінің аясында шоғырланған ӛзге ұлт ӛкілдері де біздің басымызды біріктіретін идеологияның Алла үйінен бастау алып жатқанын жақсы түсінеді. «Ораза, намаз –тоқтықта» десек, бұл – жақсылықтың нышаны. Жылма-жыл халықтың діни сауаты мен рухани деңгейінің ӛсіп келе жатқаны бәрімізді қуантады. Қазақстан жері әлемдік діндердің: исламның және христиандықтың да, буддизмнің де тоғысқан жері. Біз үш ӛркениеттің, елеулі түрде ерекшеленетін әлемдік үш дүниетанымның тоғысқан жерінде тұрамыз. Қазақ халқы діни кӛзқарасы айқын да терең, діни мәдениеті ӛте жоғары, имани түсінігі мол ұлттардың қатарына жатады. Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, тұтастықтың ұлы үлгісін қалдырып кетті. Ежелден «Ерен дарып ер болған, Қыдыр дарып ел - 39 -


болған, Шілтеннің шылауы шалған» қазақ деген халықтың неше ғасырлар бойы молынан қорланған рухани мұрасы кез келген теріс пиғылды дінге, жат мәдениетке қарсы тұруға әбден жетеді. Иман дегеніміз – Аллаға деген сенім. Иманды адам ешкімнің ала жібін аттамайды, қылдай қиянатқа бармайды. Дінге терең сенген адамның ойы түзу, сӛзі түзу, ісі түзу болатыны анық. Бізді еліміз бен жеріміздің тыныштығы мен болашағы, тәуелсіздігіміздің баяндылығы, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі, дініміздің біртұтастығы мен кӛркеюі ойландырады да толғандырады, сол үшін бәріміз ат салысайық, ағайын. www.egemen.kz ***** Б.Қ. Жалмҧрзаев, ҚР ДІА ОҚО Дін істері департаментінің директоры ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы ӛзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп кӛрсетілген. Қазақстан Республикасы кӛп ұлтты, кӛп конфессиялы, кӛп партиялы мемлекет. Осындағы зайырлы ұғымы діннің мемлекеттік саясаттан бӛлінгендігін, мемлекеттік білім берудің діннен бӛлінгендігін білдіреді. Сондай-ақ, зайырлы ұғымы мемлекеттің дінге деген ұстанымының демократиялық сипатта екендігін танытады. Ата Заңымыздың осы зайырлылық туралы нормасы еліміздегі діни қатынастарды реттеудің конституциялық негізі болып табылады. Қазақстан бүкіл әлем үшін конфессияаралық келісімнің үлгісі ретінде танылды. Бүгінгі таңда Қазақстан – діни толеранттылық идеясын тарату жӛніндегі кӛшбасшы елдердің бірі. Біздің еліміздің конфессияаралық үнқатысудағы тәжірибесі бүкіл әлемдегі діни жетекшілердің қолдауына ие болып отыр. Кӛпшілік зайырлылықты барлық діндерге қатысты бейтараптық ұстану, мемлекеттің діни танымдардан тәуелсіз және кез келген теологиялық тұжырымдамалардан еркін болуы деп түсінеді. Алайда бүгінгі таңда зайырлылықты анықтайтын бұл қағидаттар бірте-бірте ӛзгеріске ұшырауда. Қазақстан Республикасында мемлекеттің зайырлылығын кӛрсететін мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің бірнеше формалары қалыптасқан немесе мемлекеттің діни қатынастарды бірізділікке түсірудің бірыңғай бағдарламасы қамтамасыз етілген. Мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынасты реттеудің немесе мемлекеттің зайырлылығын білдіретін мынадай жұмыс әдістері орныққан. - 40 -


Біріншіден, Қазақстанда конфессияаралық қарым-қатынастарды реттейтін, діни бірлестіктер мен мемлекет арасындағы үнқатысуды нығайтатын ықпалды тетіктердің бірі ретінде Үкімет жанынан құрылған Діни бірлестіктермен байланыс жӛніндегі кеңесті және Астана мен Алматы қалаларының, облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің жанынан құрылған діни бірлестіктер мен байланыстар жӛніндегі кеңестерді айтуға болады. Екіншіден, зайырлылықтың бір кӛрінісі ретінде мемлекеттік, соның ішінде атқарушы билік әртүрлі конфессиялардың ӛкілдерімен тұрақты түрде кездесулер ӛткізіп отыр. Яғни діннің рухани күшінің жас ұрпақты, кӛпшілік халықты имандылық жолында тәрбиелеу үшін бірлесіп әрекет жасауы қалыпқа айналды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында, жалпы алғанда, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге, халық арасында экстремистік, кереғар діни ағымдардың үгіт-насихаттық жұмысының алдын алу бағытында 1080-нен аса іс-шаралар ӛткізілді. Облыс, қала, аудандарда құрылған арнайы үгіт-насихат топтары тарапынан 2012 жылдың басынан жалпы 644 кездесулер ӛткізілді, оған 111 мыңнан астам азамат қатысты. Үшіншіден, зайырлылықтың аса маңызды белгісі Конституцияға және заңға негізделген діни сенім бостандығы. Әркімнің ӛз дінін таңдау құқығы бар. Жаңа заң бойынша діни сенім-наным бостандығының үш негізгі қағидатқа сүйенетіні айтылды. Олар бейтараптық, толеранттылық және теңдік. Діни бірлестіктер 18 жасқа толған азаматтардың бастамасымен құрылады. Діни бірлестіктердің қай конфессияға жататындығын кӛрсетпей, жалпылама атаумен тіркелуіне де жол берілмейтіні белгілі болды. Бұл – «Ата жолы» деген секілді жалпылама аттарды жамылатын секталардың тіркелуін шектейтін дұрыс тұжырым. Сонымен қатар, отбасын бұзуға, дүние-мүлкінен айыруға шақыратын немесе мәжбүрлейтін бірлестіктер де тіркелмейтіні атап кӛрсетілді. Тӛртіншіден, зайырлылықтың тағы бір белгісі – діндердің біздің қалыптасқан діни наным-сенімімізге, ата-бабадан қалыптасқан дәстүрімізге, отбасылық ынтымағымызға кедергі келтіріп, түрлі жолдарға итермелейтін зиянды діни ағымдарға тыйым салу. Бұл құжат осындай әрекетке қол жеткізе алатын тетіктер тудырады. Ислам діні ешқашанда ӛзі таралған мемлекеттер мен аумақтарда жергілікті салт-дәстүрге қысым жасамаған. Бесіншіден, зайырлылықтың негізгі белгісі діннің мемлекеттен бӛлінгендігінде немесе мемлекеттік саясаттың діннен бӛлінгендігінде. Мемлекет діннің ішкі істеріне араласпайды, дін де мемлекет ісіне араласпайды. Бірақ діни ұйымдар мемлекеттің заңдарын бұзған жағдайда, мемлекеттің дін жӛніндегі заңынан және заң актілерінің шеңберінен шығып кеткенде, мемлекет діни бірлестіктердің ісіне араласады. Мысалы, діни негізде әскерде қызмет етуден бас тарту, балаларын мектепке жібермей қою дін жӛніндегі заңның шеңберінен шығу болып табылады, сондықтан мемлекет араласуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, діни ұйымдар сайлауға қатыса алмайды. Діни орындарда сайлауалды үгіт жүргізуге жол берілмейді. Діни қызметкер уәкілетті - 41 -


органның депутаты болып тіркеле алмайды және сайлауалды үгітке қатыса алмайды. Діни бірлестіктер мемлекеттен бӛлінген және қаржыландырылмайды. Алтыншыдан, мектепті діни бірлестіктерден бӛлу және білім берудің зайырлы сипаты. Республикада білім беру мен тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі діни бірлестіктерден бӛлінген және зайырлы сипатта. Ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар балаларын ӛз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуге қақылы, бірақ балаларды дінге баулуға мәжбүрлеу шараларына жол берілмейді. Баланы діни тәрбиелеу оның тәндік, психикалық саулығына және имандылық рухында дамуына залал келтірмеуі тиіс. Жетіншіден, сан ғасырлар бойы ислам діні қазақтардың киім киісі, салтдәстүрі, әдет-ғұрпы, басқа да ерекшеліктерімен ұштасып кеткен. Бүкіл Орталық Азияда да, Кавказ халықтарында да осылай. Қазіргі кезде уаххаббилік және салафилік ағымдар ең алдымен қазақтардың салт-дәстүр, әдет-ғұрпына шабуыл жасауда. Сол арқылы халқымыздың дәстүрлі исламдық бағытын ӛзгертпек. Мұның ӛзі қарапайым халықтың наразылығын тудырып отыр. Мемлекетіміздің Конституцияда бекітілген зайырлылық сипаты – оның негізгі іргетасының бірі, мемлекеттің ерекше белгісі. Зайырлылық қағидаты – елімізде орын алып отырған дінаралық үнқатысу мен толеранттылықтың негізі. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында атап ӛтілген мәселе – әр қазақстандыққа қамқорлық кӛрсету ұстанымына берік кешен бола алады. Осы қағиданың негізінде мемлекетіміз дінаралық татулық пен ынтымақтың халықаралық үлгісіне айналып отыр. Осы негізде мемлекетімізде тӛрт мәрте Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының съездері ӛтіп, Қазақстан діни саланы реттеу жӛнінде бүкіл әлемге үлгі шашты. www.egemen.kz

- 42 -


II БӚЛІМ. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН

Қ.Қ. Лама Шариф, ҚР Дін істері агенттігінің Тӛрағасы МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН: ҚОҒАМ МҤДДЕСІ ЖОЛЫНДАҒЫ ӚЗАРА ІС-ҚИМЫЛ Қазақстан халықаралық сахнада бейбітшілік пен келісім идеяларының белсенді бастамашысы ретінде таныла білді. Ел ішінде де конфессияаралық келісім мен бейбітшілікті сақтау және нығайту бағытында кӛптеген жұмыстар жүргізілуде. Дін саласында ӛткен жылы айтарлықтай ӛзгерістер мен жаңалықтар болды. Уәкілетті мемлекеттік орган – Дін істері агенттігі құрылды, дін саласын реттейтін жаңа заң қабылданды. Діни мәселелер қазіргі кезде жұртшылық арасында қызу талқыға түсуде. Дін істері агенттігінің Тӛрағасы Қайрат Лама Шарифпен әңгіме мемлекеттік саясаттың осы маңызды бағыты жайында ӛрбіді. - Қайрат Қайырбекұлы, әңгімемізді Сіз басқаратын мекемеден бастасақ. ҚазақстанРеспубликасы Дін істері агенттігі қандай жұмыстар атқаруда? - Кӛпшілікке мәлім, Агенттік құрылғанға дейін конфессияаралық қатынастар мәселелері Әділет министрлігі жанындағы Дін істері комитеті құзыретінде болған. Қоғамдағы діннің рӛлі күрт артуы жағдайында Қазақстандағы конфессияралық қатынастар мен діни ұйымдар қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру қажеттілігіне қатысты мәселелер күн тәртібіне ӛткір қойылды. Сондықтан аталған Комитеттің мүмкіндіктері заман талабына сай болмағандықтан, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев дербес мемлекеттік орган мәртебесіне ие Дін істері агенттігін құру туралы шешім қабылдады. Агенттіктің құрылған алғашқы күнінен бастап оның қызметі Қазақстандағы конфессияаралық қатынастарды құқықтық реттеу арқылы бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталды. Біз бастапқы кезеңде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заңды әзірлеп, қабылдау, заң нормаларын жүзеге асыруға қажетті заңға тәуелді актілерді, қағидаларды, дін саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін дайындау жұмыстарына жұмылдық. Қазіргі таңда Агенттік діни ахуалға мониторинг және талдау жасау жүйесін қалыптастыруда. Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы мен Дін мәселелері жӛніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының жұмысы осы бағытта ұйымдастырылуда. Аталған орталықтардың қызметі - 43 -


барысында салыстыра тексерілген талдамалы және болжамды мәліметтер осы салада тиімді мемлекеттік шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беруге тиіс. Агенттік ғылыми жұртшылық пен БАҚ ӛкілдерінің, діни жетекшілердің қатысуымен мемлекеттік органдар жанындағы консультативтік-кеңестік құрылымдарды дамыту арқылы діни ұйымдармен ӛзара іс-қимыл ұйымдастыруда. Агенттік жұмысының басты бағыттарының бірі – халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және діни экстремизмнің таралуының алдын алу. Осы мақсатта арнайы құрылған ақпараттық-насихат топтарының мүшелері тұрғын халықтың кӛптеп қатысуымен кездесулер, дәрістер, дӛңгелек үстелдер ӛткізіп тұрады. Мерзімді басылымдарда дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіретін жарияланымдар жарық кӛріп отырады. Осы сұхбатты да БАҚ арқылы халық арасындағы түсіндіру жұмысына қосылған үлес деп есептеуге болады. - Қазіргі таңда жаңа заңға сәйкес діни бірлестіктерді тіркеу мен қайта тіркеудің белсенді үдерісі басталды. Мұндай ереже неліктен енгізілген және қалай іске асырылмақ? - Бұл тәртіпті заң жүзінде бекітудің негізгі мақсаты – діни бірлестіктердің қызметін ұйымдастырушылық және құқықтық тұрғыдан реттеуге деген ұмтылыс болды. Әрбір діни ұйым ӛз ұстанушыларының саны жеткілікті екенін, яғни құрамына кем дегенде 50 адам жинай алатын мүмкіндігін дәлелдеуі тиіс. Діни ұйым тіркеуден ӛткен соң құқықтық негізде қызмет етіп, мемлекет пен қоғам алдында ӛзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болады. Аталмыш Заңды қабылдағанға дейін Қазақстанда 4,5 мыңнан астам діни бірлестік жұмыс атқарса, олардың белгілі бір бӛлігі ресми тіркеуден ӛтпеген, демек, олардың қызметі мемлекет пен қоғам үшін айқын болмаған. Қазір діни ұйымдарды тіркеуді және қайта тіркеуді Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асыруда. Тіркеу рәсімі мен қажетті құжаттар тізбесі туралы да заңда толық жазылған. Заң мәтінін кез келген азамат Дін істері агенттігінің сайтынан таба алады. Қайта тіркеу жұмыстарына Агенттік ӛз тарапынан жан-жақты кӛмек кӛрсетуде. Қазір «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық діни бірлестігін тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Жақын арада басқа да діни бірлестіктер тіркеуге құжат ӛткізеді деп күтілуде. - «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес миссионерлер де тіркеу рәсімінен ӛтуге міндетті. Бұл қалай жүргізіледі? - Заң бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан ел аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар миссионер болып табылады. Миссионерлік қызмет туралы куәлікті алуға талаптанып отырған тұлғалардың барлығы Агенттіктің аумақтық департаменттеріне заңның 8бабында кӛрсетілген тізбеге сәйкес қажетті құжаттарды ӛткізеді. Тиісті рәсімнен ӛткеннен кейін оларға миссионерлік қызмет куәлігі берілетін болады. - 44 -


Бұл куәліктерде тұлғаның әрекет ету мерзімі мен ӛз қызметін жүзеге асыруға құқылы аумағы кӛрсетіледі. - Діни тұлғалардың миссионер ретінде тіркелуі және діни бірлестіктердің тіркеуден (қайта тіркеуден) ӛтуі үшін дінтану сараптамасы қажет. Оны кім, қалай жүзеге асырады? - Сараптаманы жүргізу бірнеше деңгейден тұрады. Жергілікті жерлерде дінтану сараптамасын Агенттіктің аумақтық департаменттерінің дін саласында арнайы білімі бар мамандары жүргізеді. Сараптама қорытындысының сапасын Агенттіктің құрылымдық бӛлімшесі – Дін мәселелері жӛніндегі ғылымизерттеу және талдау орталығы бақылайды. Сонымен қатар бұл орталық Агенттікке тікелей мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ӛтініштер бойынша дінтану сараптамасын жүргізеді. Сондай-ақ Агенттік тарапынан дінтану сараптамасы жұмысына сарапшылар ретінде білікті дінтанушылар мен дін саласындағы мамандар, оның ішінде Қазақстан дінтанушылары конгресінің мүшелері тартылуда. - Жаңа Заңмен реттелетін тағы бір мәселе – мемлекеттік мекемелерде ғибадат бӛлмелерінің жабылу мәселесі. Бұл заңды шешімді қабылдауға не түрткі болды? - Бұл мәселе қазіргі кезде аса маңызды болып отыр, оны әркім түрліше түсінуде. Айта кететін жағдай, Қазақстан – дін мемлекеттен бӛлінген зайырлы мемлекет. Осы қағида негізінде мемлекеттік органдар ғимараттары мен аумағында құлшылық етуге, діни жоралар мен рәсімдерді жүргізуге заң жүзінде жол берілмеуі әділдік болмақ. Мұндай іс-әрекеттерді арнайы орындарда – мешіттерде, шіркеулерде, католиктік храмдарда, синагогаларда, басқаша айтқанда, ғибадат үйлерінде жүргізу қажет. Заңның бұл ережесі азаматтардың ар-ұждан бостандығы құқықтарын ешқандай жағдайда шектемейді. Азаматтардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстанның түпкір-түкпірінде жаңадан мешіттер, храмдар, соборлар мен синагогалар салынуда. Арнайы мекемелердегі, мәселен түзету орындары мен медициналық мекемелердегі, қарттар мен мүгедектердің интернат-үйлеріндегі адамдарға олардың немесе туыстарының тілегі бойынша салт-жораларының қажеттілігі жағдайында діни қызметшілердің шақырылатынын білген абзал. Бұл ретте діни жораларды, рәсімдерді ӛткізу аталған ұйымдардың қызметіне кедергі келтірмеуге, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға тиіс. - Біздің ойымызша, Қазақстан сияқты кӛпконфессиялы мемлекетте дін мәселелерін саясиландыруға жол берілмеуі маңызды. Қазақстанда діни негіздегі саяси партиялардың қызметіне заң жүзінде тыйым салынған. Діни және саяси қызметтің арақатынасы жайында не айтар едіңіз? - Шынайы дін қайраткері деп ең алдымен күнделікті қызметінде жоғары рухани құндылықтарды ұстанып, қоғам ӛміріндегі адамгершілік бастауларды нығайтуға айтарлықтай үлес қосқан адамдарды айтуға болады. Олар – барлық адамдардың сеніміне және адамзатқа деген сүйіспеншілігіне күш-қуат беретін - 45 -


діни тәлімгерлер. Олардың сӛздері адамдарды рухани тұрғыдан нұрландырып, жан дүниесіне үйлесімділік пен тыныштық ұялатады. Сондықтан, саяси қайраткерлерден діни қайраткерлердің басты айырмашылығы діни ағарту жұмысын жүргізу, дінге сенушілердің руханиӛнегелік тұрғыдан дамуына қамқорлық жасау және мұқтаж жандарға кӛмек кӛрсетуге бағытталған гуманитарлық-әлеуметтік жобаларды іске асыру болуы заңдылық деп ойлаймын. Осы ретте Қазақстанның зайырлы мемлекет екендігін, соған сәйкес діннің мемлекеттен бӛлінгенін, демек, саясат пен діннің бір-бірінен тәуелсіз екендігін түсіну қажет. Бұл саясатқа араласуға немесе кейбір саяси мәселелерді дінмен байланыстыруға жатпайтын, саяси мүддеге айырбасталмайтын діни басшылардың ӛзіндік артықшылығы болып табылады. Саяси партиялар тек билікті қолға алу және ұстап тұру мақсатында құрылады. Менің ойымша, дін қызметкерлері ӛз қызметінің болмысына сәйкес түбегейлі зайырлы сипатқа ие саяси риторикадан және билік жолындағы саяси күрестен бойын аулақ ұстағаны жӛн. Сондықтан Қазақстанда әлемнің барлық зайырлы мемлекеттеріндегідей діни негіздегі саяси партияларды құруға рұқсат етілмеуі дұрыс шешім деп ойлаймын. - Соңғы уақытта жаңа діни ілімдердің теріс ықпалы туралы кӛп айтылып жүр. Қазақстан үшін дәстүрлі емес діни ағымдар белсенділігінің артуына не себеп болды? - Елімізде тәуелсіздік жылдарында дәстүрлі емес діни бірлестіктердің белсенділігі айтарлықтай күшейді. Менің ойымша, мұның себебі – тоталитарлық режим жылдарында дәстүрлі конфессиялардың күш-қуаты әлсірегенінде болып отыр, соның нәтижесінде бұрын елімізде болмаған ондаған шетелдік діни ұйымдардың уағызшылары кӛптеп келіп, олардың насихат жұмыстары белең ала бастады. Олар Қазақстанды «миссионерлік тың ӛлке» ретінде қарастыруда. Бұған қоса біз мұндай ұйымдардың пайда болуы мен дамуына ӛз кезінде белгілі бір рухани бос кеңістіктің болуы ықпал етті деп ойлаймыз. Бұл рухани бос кеңістік бірте-бірте толып келеді, дегенмен оны толтырушылар қатарында дәстүрлі емес діни ағымдар да бар. Бұл жағдайдың тағы бір себебі ретінде Қазақстанның дін саласындағы заңнамасының либералды болғанын айтуға толық негіз бар. Осы ретте үгіт-насихат және жарнамалық-баспа қызметін жоғары деңгейде жүргізудің, сондай-ақ шетелден келіп жатқан қомақты қаржылық қолдаудың да миссионерлердің табысқа қол жеткізуінде айтарлықтай маңызы болғаны анық. - Теріс пиғылды діни ағымдардың басты нысанасы әлі де Қазақстан жастары болып отыр. Теріс пиғылды діни ағымдар неліктен жастар арасында белсенді миссионерлік қызмет жүргізуде деп ойлайсыз? - Кез келген мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында осы мемлекеттің жас азаматтарының ұстанымдары ерекше маңызға ие. Ӛйткені уақыт ӛте келе осы жастар билік басына, экономика мен бизнеске, мәдениет пен білім саласына және басқа да салаларға келетін болады. - 46 -


Бүгінде Қазақстандағы жастардың үлес салмағы халықтың жалпы санының 27,8%-ын, яғни 4,5 миллионнан астам адамды құрайды. Әрине, бұл оларды ӛз қауымдарына қосу үшін бар күшін салып жатқан түрлі діни ұйымдар үшін үлкен аудитория болып саналады. Жастар ӛздерінің жас ерекшеліктеріне және ӛмір тәжірибесінің аздығына орай экстремистік және лаңкестік идеялар алдында қорғансыз болып келеді. Кӛп жағдайда жастар әділдік пен жақсылық үшін күресте барлық іс-әрекетке, соның ішінде шектен шығушылыққа да барып жатады. Сондықтан ағартушылық және түсіндіру жұмыстары арқылы жастарды осы қауіптен қорғау қажет. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Адам баласын заман ӛсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» деп ӛсиет етті. Сондықтан, мемлекеттің жастарға ерекше кӛңіл бӛлуі ӛте маңызды. Әр буын ӛзіне дейінгі буыннан оқ бойы озық тұруы тиіс. Бала да атаанасын басып озып, кӛп нәрсеге қол жеткізуі қажет. Жас ұрпақтың жақсы ӛмір сүруге мүмкіндігі бар, сондықтан жастардың болашақта ӛзін-ӛзі дамытуына жол таба білуі үшін қазір бар күш-жігерімізді салуымыз керек. - Экстремистік идеялардан халықты, әсіресе жастарды қорғаудың тиімді жолдары қандай? - Әртүрлі секталар мен экстремистік ағымдардың ықпалына түскендермен жұмыс жүргізудің ең сындарлы және салыстыра тексерілген әдісі – сауатты және орнықты ағарту жұмысын жүргізу. Қазақстан халқы, әсіресе жастар еліміздің түкпір-түкпірінде тамыр жайып жатқан дін атын жамылған ағымдардың қауіп-қатерлері мен сын-тегеуріндері жайында уақтылы хабардар болуы қажет. Сонымен қатар, діни радикалдық күштердің ӛз қатарына жастарды тарта отырып, жас әрі күш-жігері кӛп адамдар арқылы ӛз ұйымдарының әлеуетін күшейткісі келетіні айдан-анық. Экстремистік діни құрылымдардың ӛзіндік ерекшелігі – олар саяси сипатқа ие және сенушілерді дәстүрлі діндерге қарсы қоюды мақсат етеді, сондықтан жастардың осындай топтардың шынайы мақсатын және ең бастысы, олардан келетін қауіпті танып-түсінуіне қол жеткізуіміз қажет. «Уахабиттер» немесе ӛздері атап жүргендей - «салафиттер» қоғамдық ӛмірдің тұрақсыздануына, конфессияралық араздықтардың және соның негізінде этникааралық қақтығыстардың туындауына жағдайлар жасайды. Әңгіме олардың мемлекетіміздің негізгі қағидаларына нұқсан келтіріп, оның тәуелсіздігіне қатер тӛндіруі жайында болып отыр. Діни экстремистермен күрес жүргізуде ӛзге шаралармен қатар мешіт имамдарының бірлесе күш салуы да ӛте маңызды. Бұл – айқын мәселе. Тәжірибесі мол имамдар экстремизм идеологтарына сауатты және білікті түрде қарсы тұра алатын дін мамандарының санатына жатады. Имамдарға Қасиетті кітап – Құранды жан-жақты білу қажет. Діни догматика, діни сенімдер, жоралар мен рәсімдер, доктриналық ережелер және діни тәжірибе саласындағы ӛзге де мәселелер тӛңірегінде әмбебап білімінің болуы олардың идеялық қарсыластарына тайсалмай қарсы пікір білдіруіне мүмкіндік береді. - 47 -


- Қазіргі таңда кӛптеген қазақстандық жастар шет елдерде діни білім алуда. Ӛкінішке орай оларға қандай білім беріліп жатқаны белгісіз. Біздің ойымызша, жастарымыздың тек ӛз елімізде және дәстүрлі діни бағытта ғана білім алуы қажет. Осы орайда қазақстандық жастардың елімізде діни білім алуына қандай жағдайлар жасалып жатыр? - «Жастарымыз Қазақстанда діни білім алуы қажет» деген пікіріңізге біз де қосыламыз. Тұтастай алғанда, елімізде діни және рухани білім беру мәселесі ӛзекті болып отыр. Қазақстандық дәстүрлі дін қызметкерлерінің дін атын жамылған жалған ілімдермен халық аудиториясы үшін күрес барысында жеңіліс табуы қоғамда жиі орын алып отыр. Сондықтан қоғамымыз діни тәрбие саласындағы сауатты, теориялық дайындығы жоғары, халықты ӛзіне тарта білетін кадрларға және дәстүрлі діндер қызметкерлеріне мұқтаж болып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда заманауи білім алумен қатар теологиялық дайындықтан ӛтуге мүмкіндік беретін дәстүрлі діндердің діни оқу орындарын құру мен олардың қызметіне қолдау кӛрсетуге ерекше мән берілуде. Олар – Алматы қаласындағы жоғары білікті имамдарды, теологтар мен аудармашыларды даярлайтын «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің Митрополиттік округінің приходтары үшін клирик, регент және діни әуендерді орындаушы қызметкерлер даярлайтын Алматы діни семинариясы, Қарағанды қаласындағы католиктік дін қызметкерлерін дайындайтын Жоғарғы діни католиктік семинариясы сияқты оқу орындары. Сондай-ақ, елімізде исламдық дін қызметкерлерін дайындайтын 9 медресе қызмет атқарады. Дін саласындағы мәселелер мемлекетіміздегі ішкі саясаттың ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Сіз Агенттіктің қызметі және дін саласындағы жаңа заңды іске асырудың маңызды мәселелері жайында айтып ӛттіңіз. Әңгімеміздің соңында Ӛзіңіз басқарып отырған мекеменің алдағы жоспарлары туралы ой бӛліссеңіз? Конфессияаралық қатынастарды нығайту – бұл біздің негізгі міндетіміз. Қазақстан – заманауи мемлекет, оның басты қағидасы барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу болып табылады. Агенттік алдағы уақытта да дін саласындағы мемлекеттік саясатты нормативтік құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуді жүзеге асыруды, конфессиялық қатынастарға мониторинг пен талдау жүргізуді, барлық діни бірлестіктермен сындарлы ӛзара іс-қимыл мен сұхбатты ұйымдастыруды, халық арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру және ағарту жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұдан ӛзге де кӛптеген ойлар мен жоспарлар бар, бірақ оларды әзірге айтпауды жӛн кӛріп отырмын. Бұл оларды іске асыру барысында Сізбен жаңа тақырыпта сұхбат құруымызға себеп болмақ. «Солтүстік Қазақстан» газеті ***** - 48 -


Ғ.Н. Шойкин, ҚР Дін істері агенттігі Тӛрағасының орынбасары БІЗ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ ДАМУЫ ҤШІН АСА ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢДЕ ӚМІР СҤРІП ЖАТЫРМЫЗ Дін саласында болып жатқан үдерістерге жұртшылықтың назары ауып отырғаны белгілі, ал ондағы орын алған жағдайларды сарапшылар, мемлекеттік орган қызметкерлері мен қарапайым азаматтар жіті қадағалауда. Қалай десек де, баршаны соңғы оқиғалар тізбегі мен жаңа үрдістер күн тәртібіне шығарған маңызды түйткілдер мазалап отыр. Қазақстандағы діни ахуал кейінгі жылдардың ширегінде қаншалықты ӛзгерді? Қандай шаралар қолға алынды, бірінші кезекте шешімін табуға тиісті күйіп тұрған міндеттер шоғырын атай аламыз ба? Біздің тілшіміздің осындай және басқа да сауалдарына Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі тӛрағасының орынбасары Ғалым Шойкин жауап береді. - Ғалым Нұрмағамбетұлы, қазіргі таңда қоғамда дін мәселелері, сонымен қатар мемлекеттің діни саланы реттеудегі рӛлі турасындағы мәселелер талқыға түсуде. Сіздің пікіріңізше, Қазақстандағы ағымдық діни ахуалдың басты ерекшелігі неде? Бұл жағдай жұмыстарыңызға қалай әсер етеді? - Ең әуелі қарқынды ӛзгеріп жатқан әлемнің бізді әрдайым жаңа сынтегеурінімен беттестіретінін атап ӛткен жӛн. Тәуелсіздік ала сала, яғни 1991 жылдан бастап бүкіл дүниенің жаңалық-самалдарына есігімізді айқара аштық. Қоғамдағы дінге ықылас-ниеттің жаңғыруы ӛз алдына, діниліктің жағымды әлеуетін ұғынумен қатар жағымсыз үдерістер де кӛрініс бере бастады. Қазақстанның жеткілікті дәрежедегі либералды заңнамасы ел аумағына қаржылық пирамида принципімен жұмыс істейтін теріс пиғылды кейбір діни ағымдардың енуіне жол ашты. Бір сӛзбен айтқанда, сол кезең азаматтардан ақша бопсалайтын, олардың денсаулықтарына залал келтіретін және қоғамымыздың тұтастығына сызат түсіретін ағымдарға қолайлы жағдай туғызды. Рас, елімізге аса қатыгез діни экстремизмнің аяқ басқанына да кӛп бола қойған жоқ, алайда соңғы ширекте экстремистік топтар мен ағымдардың мемлекетке қатер туғыза бастағаны да жасырын емес. Осыған байланысты, мемлекет пен қоғам осынау жаңа шындықты еріксіз қабылдап, шұғыл түрде онымен бірге туындаған сын-тегеуріндермен күресуге мәжбүр болды. Бұл -жағдаяттық әрекет емес, бұл - жағдайды жаңаша стратегиялық тұрғыда бағалау мен алдын ала тиімді шаралар қабылдауды білдіреді. Әрине, құзырлы органдар орындайтын жұмыстан ӛзге шұғыл түрде түйіні тарқатылуға тиіс мәселелер де бар. Ал ол проблемалармен біздің Агенттік және агенттікке қарасты құрылымдар айналысады. - Сондай-ақ қазіргі таңда жағымды негіздерге қарағанда түйткілдер кӛп деп айтуға бола ма? - 49 -


- Бұл пікірмен келісуге болмайды. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде еліміздің таңғаларлық жетістіктерге жеткенін әлем мойындап отыр. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда біз ӛзге елдер мен халықаралық ұйымдар қызығушылық танытып отырған ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қайталанбас қазақстандық үлгісін қалыптастырдық. Елбасымыз Назарбаевтың бастамасымен бүгінге дейін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің тӛрт съезі ӛткізілді, ЕҚЫҰ-ны басқардық, ағымдағы жылдың соңына дейін ИЫҰ-на жетекшілік етеміз және де олардың мінберінде кӛк туымыз желбіреп, басқа емес, арағайындық, интегратор елдің рӛлінде кӛріндік. Бүгінгі таңда Қазақстанда салтанат құрған мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас үлгісі мемлекеттің конфессияларға бейтараптығына негізделген, барлық діндер алалаусыз теңдей құқық мен мүмкіндіктерге ие және де әр алуан діни нанымдарды тұтушылардың арасында ӛзара құрмет пен достық қарымқатынас орнаған. Осынау ұстанымдарды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Қазақстан қоғамының тұтастығын сақтап қала алдық. Осы сән-салтанатымыз ел үшін бетбұрысты болған азаттық алғаннан кейінгі тарихи кезеңде, яғни егеменді ұлттың жаңа дүниетанымы қалыптасу барысында жүзеге асты. Біз бүгінде толық қуатымен жұмыс істеп тұрған үлгіні жетілдіруге және оны әрі қарай дамытуға қажеттілікті сезіп, жағдайды тереңінен пайымдап отырмыз. Аталмыш сын-тегеуріндермен қатар, соңғы екі онжылдықтың ішінде Қазақстан қоғамының барлық салаларында діннің рӛлі артты. Мысалы, Агенттікке қарасты Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы тапсырысы бойынша Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы жүргізген әлеуметтік сауалнама мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан халқының үштен бірін діни кӛзқарасы қалыптасқан топқа жатқызуға болады. Діндарлар басқаша айтқанда, дінилену деңгейі аса жоғары жандар кӛп те емес, жалпы, саннан бар болғаны 7-8 пайызын құрайды. Алайда күні кеше ғана атеизм үстемдік еткен ел үшін бұл айтарлықтай кӛп. Әсіресе, еліміздегі дінді тұтушылардың басым бӛлігінің жастар екендігін және буындар алмасуының табиғи ретін ескерер болсақ, шынында да бұл назар аударарлық жайт. - Бүгінде мазмұнды қозғалыстарға түрткі боларлықтай маңызды шаралар қолға алынып жатыр деп айта аламыз ба? - Иә, мемлекет тарапынан маңызды шаралар қолға алынуда. Бәрінен де атап ӛтерлік жайт, діни ӛрістің құрылымын жүйеге келтіріп, мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынасын ӛзара міндеткерлік негізінде ретке келтіру үшін былтырғы жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды. Қазіргі таңда жаңа Заңға сәйкес діни бірлестіктерді қайта тіркеу жұмыстары белсенді жүргізілуде, бұл үдеріс үстіміздегі жылдың 24 қазанында аяқталуы тиіс. Тіркеудің түпкі мақсаты - діни бірлестіктер қызметінің мемлекет үшін де, қоғам үшін де ашық болуын қамтамасыз ету. Осы таңға дейін бұл шарт белгілі бір дәрежеде орындалмады, соның салдарынан баршамыз куә болғандай, бірқатар қиындықтар пайда болды. - 50 -


Тіркеуден ӛту арқылы діни бірлестік қазақстандық құқықтық ӛрісте әрекет ете бастайды, мемлекет пен қоғам алдында нақты құқық пен міндеткерлікке ие болады. Оның іс-әрекеттері түсінікті және болжамды болады, ал қандай да бір қоғамға қарсы ұмтылыстары байқалып қалған жағдайда, мемлекеттің қырағы зерттеуіне түсіп, алдын ала тиісті шаралар қолданылады. Бұл норманы заңнамалық деңгейде айналымға қосуға себеп болған негізгі жайттың бірі азаматтарымызды ділімізге, салт-дәстүрімізге, мәдениетімізге жат, елімізге сырттан келген, дін атын жамылып, ӛзіндік ірітуші әрекетін жүргізіп жатқан теріс пиғылды діни ұйымдардың жағымсыз ықпалынан сақтап қалу. Дегенмен осы тектес мәселелерді шешумен қатар алдымызда одан да зор, ауқымды - Қазақстанның қайсы бағытқа қозғалуын және мемлекетіміздің конфессиялық саясатында қандай стратегиялық мұраттарды кӛздеуі керектігін анықтап алу міндеті тұр. Түптеп келгенде, бұл нәрсе мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас үлгісінің жетілдірілуін білдіреді. Кез келген осындай үлгі бірінші кезекте түпкі мұратты стратегиялық тұрғыда игеруді талап етеді. - Бұл орайда қандай әлемдік тәжірибеге иек артсақ болады? Айтпақшы, мұсылман әлемінде де зайырлы демократияның үлгілері бар емес пе? - Біздің әлемдік тәжірибеге қызығушылық танытуымыз қалыпты нәрсе. Олардың ішінде ыстық-ықыласымыз орнықты дамып келе жатқан зайырлы мемлекеттік құрылымдағы мұсылман елдері - Түркия мен Малайзия үлгілеріне ерекше ауды. Ал батыс елдерінен біз «классикалық» деп есептелетін америкалық және француз үлгілерін ыждағатпен зерттеудеміз. Сондай-ақ бірден ашып айтайық, шетелдік үлгілердің бірде-бірі «таза» түпнұсқасында Қазақстан топырағына жерсіне алмайды. - Сіз осы үлгілерді нақты сипаттап бере аласыз ба? Оқырмандарымызға бұл мәселенің де аса қызықты болары анық. - Түркияның зайырлы мемлекеттік үлгісі заңнаманың толық еуропалық сипатына негізделген, ол бізге рухы жағынан жақынырақ та. Бұл үлгіде діни бірлестіктерді мемлекеттендірудің ізі бар. Біздің басты айырмашылығымыз осында. Аздап салыстырар болсақ, Түркияның Дін істері басқармасы түрік жерінде ӛзіне біздің Агенттігіміз бен ҚМДБ-ға тән функцияларды біріктіріп, қуатты мемлекеттік құрылымды құраған. Мәртебесі жағынан керек десеңіз, министрліктен де жоғарырақ деуге болады. Түркия имамдары мемлекеттік қызметкерлер санатына жатқызылып, мемлекеттен айтарлықтай әлеуметтік жеңілдіктер алады. Елде мемлекет тарапынан қаржыландырылатын лицейлер мен колледждер деңгейіндегі діни оқу ордаларымен қатар 6 ірі жоғары оқу орындарында теологиялық факультеттер жұмыс істейді. Соның арқасында дін ӛкілдері арасында да, ел ішінде де діни сауаттылық аса жоғары. Түркия мұсылмандарының 97 пайызы дін істері басқармасына сенім артады және де онда экстремистік ағымдардың ықпалы нӛлге тең десек, артық айтқандық емес. - Жағымды естіледі екен... - Рас, діни сауаттылықты қамтамасыз ету мен экстремизмнің алдын алу мәселесінде түрік ағайындардан үйренеріміз кӛп. Дегенмен олардың үлгісін - 51 -


басы бүтін кӛшіріп те ала алмаймыз. Ең алдымен, Түркия - моноконфессиялық ел. Мұсылмандар мемлекет тұрғындарының 98 пайызын құрайды. Түріктік үлгісінде дін мемлекетпен тығыз байла-нысты. Алайда поликонфессионалды Қазақстан үшін бұл түйткілді мәселелер ұясы болып қалар еді. - Малайзиялық үлгі ше? Олар да полиэтникалық және кӛпконфессиялы ел екені белгілі. - Малайзиялық үлгі де атап ӛтерлік. Малайзия моноконфессионалды Түркиямен салыстырғанда этноұлттық және конфессиялық қатынас тұрғысында гетерогенді қоғам, осы жағынан да оның Қазақстанмен ортақ ұқсастықтары бар. Малайзия исламның «мемлекеттік дін» ретінде ресми түрде жарияланғанына қарамастан зайырлы ел болып табылады. Бұған мемлекеттің плюрализм саясатын ұстанатындығы және елдегі діни қауымның барлығына ішкі автономияны барынша беруі және қоғам ӛмірінің жекелеген салаларында негізгі заңнамамен қатар аралас құқықтық жүйені қолдануға дейін баратындығы себеп. Қала берді Малайзияның кейбір штаттарында ресми түрде шариғат пен адат (дәстүрлі құқық) заңдары қолданылады. Бұдан бӛлек, заманауи Малайзияның саяси идеологиясы құрылымында ислам аса маңызды орын алып тұр. Айталық, Малайзияның «экономикалық кереметі» ӛзге факторларды айтпағанда, елдің бесінші премьер-министрі Абдулла Ахмад Бадавидің «IslamHadhari» («Ӛркениетті ислам») тұғырнамасы ұстанымдарына негізделді. - Мынауыңыз бізге мүлде ұқсамайды ғой... - Дұрыс айтасыз. Малайзиялық үлгі түріктік үлгі сияқты бізге зерттеу нысаны болса да, еліктеу эталоны бола алмайды. Ең әуелі, федеративті Малайзиядан еліміздің басты айырмасы сонда, біз - унитарлы мемлекетпіз. Екінші жағынан, Малайзия тұрғындарының шынайы дінилену деңгейі біздегіден айтарлықтай жоғары. Ол жақта негізгі конфессиялардың шекаралары этникалық қауымның шектерімен сәйкес келеді. Ал Қазақстанның ӛзіндік тарихи жолы бар және де мұнда мүлде ӛзгеше қоғамдастық қалыптасқан. - Батыстық үлгі ше? Қалай десе де, біз еуропаланған қоғамға жатамыз ғой. - Бір қарағанда солай кӛрінуі мүмкін. Дегенмен бір үлкен «бірақ» бар. Егер батыс елдерінің тәжірибесі жӛнінде айтар болсақ, мемлекет пен дін арасындағы қатынастың ең танымал үлгілері, алдында айтып ӛткенімдей, америкалық және француздық үлгілер. Меніңше, екеуіне де сыни тұрғыда, парасаттылықпен қараған жӛн. Мәселен, америкалық үлгі индивидтің ӛзін-ӛзі танытуына абсолютті құқық беретін басымдығын қуаттайды, бір жағынан діндарлықтың кез келген формасына қандай да болмасын кӛрінісінде толықтай еркіндік береді. Алайда осы үлгі біздің саяси мәдениетімізбен еш үйлеспейтін пікір еркіндігіне де жол ашады. Мысалы, Құранды кӛпшілік кӛзінше ӛртеу фактілері бар болғаны «ӛртке қарсы қауіпсіздік нормаларын бұзғаны үшін» деген санатқа жатқызылып, әкімшілік айыппұл тӛлеумен ғана шектеледі. Бізге бұл жағдай сорақы - 52 -


болып кӛрінеді. Дегенмен Американың ӛзінде мұндай жағдайларға қатысты мемлекет тарапынан орын алып отырған үнсіздіктің «үнсіз келісімді» білдірмейтінін бәрі де түсінеді, тек, онда әрбір азамат ӛзін танытуға хақылы, мұнан ӛзге ештеңе де емес. Ал мұның біздің діліміз бен дәстүрімізге үш қайнаса да сорпасы қосылмайды. - Француз моделінің ерекшелігі неде? - Француз моделі - белгілі бір дәрежеде Америка үлгісіне қарама-қайшы келеді. Ол діннің мемлекеттен үзілді-кесілді ажыратылуын білдіріп қана қоймай, қандай да болмасын діни нышандардың мемлекет ғимаратында және оқу ордаларында орнатуға тыйым салады. Ол да біздің жағдайымызда кӛзсіз кӛшіріп алуға келмейді. Мұндағы кілтипан мемлекет пен діндарлар арасында қақтығыс туындау мүмкіндігінде ғана емес. Мәселенің ұштығы біз ойлаған-нан да тереңде жатыр. Мемлекет пен діннің француздық арақатынасы ӛзінің енгізілу сәтінде (ал бұл екі мемлекет ХІХ ғасырдағы Франция мен белгілі бір деңгейде 1920-1970 жылдардағы Түркия) - барлық жерлерде саяси ұлтты қалыптастырудың қатаң әдістерімен, яғни күнделікті бір тіл мен бір мәдениетті ымырасыз орнықтырумен тұспа-тұс келді. Қазақстандық алғышарттарда мұның неге апарып соғатынын болжап жатудың ӛзі артық. Ал мұнсыз француз үлгісі кісі танымастай басқа нәрсеге айналады және нәтижесі де күтілгеннен ӛзге, тосын болып шығуы ықтимал. Бір сӛзбен айтқанда, ӛзіміздің мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас моделімізді Қазақстан қоғамының осы таңдағы шындықтарына бейімдеу керек. Бұл еліміздің сарапшылық қауымдастығы кӛмегімен мемлекет пен діни бірлестіктер бірлесіп шешуге тиісті ӛте жауапты міндет. - Қазақстанның мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас үлгісін жетілдіруге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр ма, бұған сарапшылар қатыстырылуда ма? - Осынау кешенді жұмыс 2011 жылы басталды, яғни Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заңы қабылданғалы бері тиісті қарқын алып келеді. Оның міндеттерін әлгінде атап ӛттік. Былтырғы жылы Агенттіктің атсалысуымен Дінтанушылардың бірінші форумы болып ӛтті. Онда аталмыш мәселе талқыға түсіп, Қазақстан дінтанушылары Конгресі құрылды. Осыдан аз ғана бұрын, яғни үстіміздегі жылдың 27 шілдесінде біз еліміздің жетекші дінтанушы-сарапшыларының қатысуымен дӛңгелек үстел ӛткіздік. Жиында осы мәселеге қатысты бірқатар нақты ұсыныстар қарастырылды. Мұндай іскерлік кездесулер біздің тарапымыздан үнемі ӛткізіліп тұратын болады. Жалпы, мемлекеттік органдар мен сарапшы қауымдастықтың арасындағы жүйелі ынтымақтастық қазіргі таңда жүргізіліп жатқан саясаттың жетістігі кӛп болуын қамтамасыз етеді. Қазірдің ӛзінде мемлекет пен дін қарым-қатынасының қазақстандық үлгісін кемелдендіруде ескерілетін кейбір ортақ ұстанымдар айқындалған. Ол Қазақстандағы діни жағдайдың ӛзіндік спецификасынан ғана емес, сондай-ақ - 53 -


сыртқы саяси-геосаяси жағдайдан және ӛзге де факторлар мен аспектілерден туындайды. - Алайда үлгіні жетілдірудің ортақ басымдықтары қазірдің ӛзінде айқындалып қалған да шығар? - Дәлірегі, негізгі ұстанымдары белгіленді десек болады. Айталық, басты басымдығымыздың бірі зайырлылықты сақтау болып қала береді. Сонымен қатар мұны атеизммен теңдестіруге болмайды. Бұған дейін атап ӛткеніміздей, әлемдік тәжірибе есепке алып, тұжырымдаған зайырлылықтың әр алуан формалары бар, тиісінше, бізге де ӛзіміздің тӛл жолымызды қалыптастыруға тура келеді. Бұл қоғам ӛмірінің қай салаларына дін қатыстылығының аса жемісті болатынын және де қайда, қалай прогресс факторы ретінде ұйыстырушы және жасампаздық бастауы қызметін атқара алатынын анықтау деген сӛз. Ішкі және жаһандық әлеуметтік-экономикалық қозғалыс туындатқан кӛптеген үдерістерді «жұмсартатын» діннің адамгершілік әлеуетін қалай жүзеге асырамыз? Міне, мәселе қайда жатыр. Біз үшін мемлекет пен діннің орнықты мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету стратегиялық маңызға ие. Бұл ретте қарым-қатынасты діни радикализмге орын қалмайтындай етіп дегдарлықпен түзген дұрыс. Қарым-қатынастың жаңа үлгісі алдын ала қоғам сана-сезімі мен мінез-құлқына деструктивті діни идеологиялар мен экстремистік кӛзқарастарға қарсы иммунитет қалыптастыруы тиіс, сонымен қатар дінге сенушілер энергиясын жағымды арнаға бағыттап отыруы керек. Осы ретте барша бұқараның діни сауаттылығы жаңғырған үлгінің басты сипаты болуы керек. Дінді тануға мәжбүрлеу емес, әлемдік негізгі діндер турасында кешенді білім алуға барынша жағдай туғызу, онда да ең әуелі еліміз үшін дәстүрлі діндерді тануына жол ашу қажет. Осы жүйедегі маңызды қызметті дінилік пен зайырлы білімді ұштастыра білген ағартушы дін ӛкілдері атқаруға тиіс болады. Діннің ішкі мәнін терең түсінетін және де әлемде болып жатқан үдерістерге кең кӛзқараспен қарай алатын, модернизацияның да, діни экстремизм бейнесінде тӛбе кӛрсеткен котрмодерннің де сын-тегеуріндеріне толығымен жауап бере алатын дін ӛкілдеріне сұраныс бар. Бұл үлгіні жаңғыртудың негізгі тетіктері ғана, ал оны толық әзірлеу мемлекеттік органдардың да, діни бірлестіктердің де белсенді қатысуын талап етеді. Сарапшы қауымдастықтың қатысуы, онда да тек қана дінтанушылардың, әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың ғана емес, алға қойылған міндеттердің әрқилы аспектілерін есепке алар болсақ, сондай-ақ барша ғылымдар ӛкілдерінің қатысуы асқан маңызға ие. - Сіздіңше, заманауи қоғам үшін діннің рӛлі қаншалықты зор? - Бұл туралы Елбасы Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезінде баса айтқан болатын. Естеріңізде болса, ол сонда кез келген жолдармен тез баюға негізделген антиморальді абсолютке қарқын алып келе жатқан моральдық-адамгершіліктік құндылықтардың жаһандық дағдарысын атап ӛткен еді. Әлемдегі осынау дағдарысқа тән белгі - дінге сенетіндерді басакӛктеп қаралау оқиғалары, дінді әлеуметтік үдерістердің жағалауына ығыс- 54 -


тырып шығару әрекеттері, кӛптеген елдердегі діни құндылықтарды қорлау фактілері. Мемлекет басшысының пікірінше, дін - руханисыздық пен ашкӛздіктің алдындағы аса берік қорғаушы бӛгеттердің бірі, кейде дәл осы дін халықтық даналықтың, мәдениет-тер мен дәстүрлердің бірден-бір сақтаушы-сы болып келді. - Сұхбатымыздың соңында оқырмандарымызға не айтар едіңіз? - Сӛз соңында айтарым, біз мемлекет пен қоғам дамуы үшін аса жауапты кезеңде ӛмір сүріп жатырмыз. Барша мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, этномәдени орталықтардың, үкіметтік емес сектордың жұмысына, қала берді әрбір азаматтың үлесіне елдегі діни ахуалдың әрі қарайғы дамуы тәуелді, тиісінше, Қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен тұрақтылық та осыған байланысты. Бірлігімізге сызат түсірмей алға қойған міндеттерді абыроймен орындап шығатынымызға толық сенімдімін. -Әңгімеңізге рақмет! Сұхбаттасқан Еркін Қалдан «Айқын» газеті

- 55 -


ІІІ БӚЛІМ. ҚР «ДІНИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІ ҚАЙТА ТІРКЕУ ҤДЕРІСІ

Қ.Қ. Лама Шариф, ҚР Дін істері агенттігінің Тӛрағасы САНЫ АЗ ДІНИ ТОПТАР ӚЗГЕРІСКЕ ҦШЫРАМАҚ - Қайрат Қайырбекұлы, осы жылдың ақпан айының басында Қазақстан Республикасы Үкіметінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның ережелерін іске асыруға бағытталған бірқатар заңға тәуелді актілер қабылданды. Бұрын қолданыста болған заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеудің күші жойылды. Аталған нормаларды қабылдауға не себеп болды және бұл топтарды қандай ӛзгерістер күтуде? - Мемлекет басшысы ӛткен жылдың қазан айында қол қойған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңда кӛрсетілген ережелер - діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жеке бағыттарын реттейтін нормативтік актілерді әзірлеу мен қабылдауға негіз болып табылады. Жоғарыда кӛрсетілген заңда діни бірлестіктердің мәртебесі анықтап белгіленген. Азаматтардың ӛздерінің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірігуінің нысаны болып табылатын заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардың қызметі заңда кӛзделмеген. Соған сәйкес мемлекеттік қызмет кӛрсету тізбесінде уәкілетті органдар тарапынан саны аз топтарды тіркеу сияқты қызмет түрі болмайды. Сондықтан да саны аз діни топтар Қазақстан аумағында бастапқы мәртебесінде ӛз қызметін жүргізе алмайды. Біз мұндай діни ӛзін-ӛзі ұйымдастырудың нысандарының пайда болуы мен дамуына ӛз кезінде белгілі бір рухани бос кеңістік ықпал етті деп ойлаймыз. Бірақ айта кету керек, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары оннан кем азаматтың бастамасымен құрылған бұл саны аз діни топтар ұйымдастырушылық жағынан дамыған жоқ, үлкен діни бірлестік болып құрыла алмады, ал кейбірі қағаз жүзінде ғана қалды. - Қазақстанда заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардың жалпы саны қанша еді? - 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдарда 579 саны аз діни топтар есепте тұрды. Олардың 60%-ы, яғни 346 тобы - исламдық, 36%-ы, яғни 210 тобы - дәстүрлі емес христиандық діни бірлестіктер, 3,6%-ы, яғни 21 тобы православтық қауымдар, ал екі тобы католиктік топтар болатын. - 56 -


Олардың басым бӛлігі Оңтүстік Қазақстан (114 топ), Солтүстік Қазақстан (113 топ), Ақмола (104 топ) және Қарағанды облыстарында (103 топ) шоғырланған. Ең аз топтар Батыс Қазақстан облысында (3 топ), Алматы қаласында (2 топ) және Ақтӛбе облысында (1 топ) тіркелген. Атырау, Қызылорда облыстарында және Астана қаласында бірде-бір саны аз діни топ тіркелмеген. - Саны аз діни топтарға кӛрсетілген тіркеудің жеңілдетілген рәсімдері туралы және оның ерекшеліктері туралы айта кетсеңіз? - «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылданғанға дейін саны аз діни топтарды есептік тіркеу жергілікті атқарушы органдарда жүзеге асырылған. Бұл ретте аз мӛлшердегі қажетті құжаттарды ӛткізу жеткілікті болған. Ислам бағытындағы саны аз діни топтар кӛбінше кішігірім ғибадат ғимараттарының, әдетте жеке мешіттер мен ғибадат үйлерінің негізінде құрылған. Олар кӛбіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен байланыс орнатпай дербес жұмыс жүргізген. Ал протестанттық топтардың ғибадат нысандары болмаған, олар жеке үйлер мен пәтерлерде жиналып, ӛз қызметіне миссионерлерді белсенді түрде тартумен шұғылданған. Аталған топтар қызметі мен оларды тіркеудің мұндай шарттары жергілікті тұрғындар тарапынан айтарлықтай қолдауға ие бола қоймаған әртүрлі дәстүрлі емес діни құрылымдардың барынша кӛбеюіне себепші болды. Саны аз діни топтарға тіркеу рәсімдерін ӛту кезінде берілген артықшылықтардың бірі - бір адамның ӛзі осындай топтың бірнешеуін құрай алатын болған. Соның бірі Г.А. деген азамат Қостанай облысында Інжілдік христиан-баптистері шіркеуінің 8 саны аз діни тобын тіркеуден ӛткізген. Біз мұндай екіден астам топтарды бір уақытта басқаратын адамдардың саны 10-нан асқанын анықтадық. Бұл жағдайлар діни ортаның жасанды түрде кеңеюіне және үзік-үзік сипат алуына әкеп соқты. - Соңғы жылдары Қазақстанда дәстүрлі емес діни бірлестіктердің ӛкілдіктері кӛбейіп кетті. Қабылданған заңға тәуелді актіде олардың қызметін реттеу қарастырылады ма? - Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанда 346 исламдық, 210 протестанттық және басқа да саны аз діни топтар тіркелген. Мәселен, протестанттық топтардың басым бӛлігін Інжілдік христиан-баптистері шіркеуі (90 топ), «Грейс» шіркеуі (37 топ) құрайды, «Жетінші күн адвентистері-христиан» шіркеуінің ӛкілдерінен Қазақстанда 13 саны аз діни топ тіркелген. Бір ерекшелігі, заңды қабылдау және оның нормаларын талқылау кезеңінде шетел азаматтарының тарапынан 1992 жылғы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңды ӛзгертпеуді талап ету жӛніндегі ӛтініштер бірнеше рет келіп түскен. Бұл ӛтініштердің басым кӛпшілігінің мәтіні бірдей болған. - Ендігі кезекте саны аз діни топтардың жаңа заң шеңберінде ӛз қызметін жалғастыруы үшін не істеуі қажет? - Бұл мәселеде бірінші кезекте заңнаманың нормалары сақталуы қажет. Қолданыстағы заңда «саны аз діни топ» деген ұғымның жазылмағанын және - 57 -


мұндай бірлестіктердің бұрынғы қалпында жұмыс істей алмайтынын тағы да атап айтқым келеді. Сондықтан, бұрын саны аз діни топтар ретінде қызмет атқарған бірлестіктер заңға сәйкес діни бірлестікті құруға бастаушы-азаматтардың қажетті мӛлшерін жинай алса, онда олардың жергілікті діни бірлестіктер ретінде тіркелуге толық құқысы бар. Сондай-ақ тіркелмеген діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейтінін және заң жүзінде жауапкершілікке тарту кӛзделгенін ұмытпау қажет. Атап айтқанда, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің 374-1, 375-баптарында мұндай іс-әрекеттер үшін азаматтардың, лауазымды және заңды тұлғалардың жауапкершілігі кӛзделген. - Саны аз діни топтарсыз діни бірлестіктердің ендігі құрылымы қандай болмақ? - «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында діни бірлестіктерді тіркеу, қайта ұйымдастыру және тарату тетіктері анық кӛрсетілген. Бұл, сӛз жоқ, мемлекеттік-конфессиялық қатынас саласын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Осыған орай, діни бірлестікті құруға бастаушы-азаматтардың санын реттейтін ережені енгізу туралы шешімді қабылдау кӛңілге қонымды болды. Осылайша, жергілікті діни бірлестік бір діни ілімді ұстанатын Қазақстан Республикасының кемінде елу азаматының бастамасы бойынша, ӛңірлік діни бірлестік кемінде бес жүз азаматының бастамасы бойынша, республикалық діни бірлестік кемінде бес мың азаматының бастамасы бойынша құрылады. Жергілікті діни бірлестік бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінде әрекет етсе, ӛңірлік діни бірлестік ӛз қызметін кем дегенде екі облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінде жүзеге асыра алады. Ал республикалық діни бірлестік барлық аймақтарды қамтиды, оның Қазақстан Республикасының барлық аумағында ӛз құрылымдық бӛлімшелері, филиалдары немесе ӛкілдіктері болуы тиіс. Бірақ уәкілетті орган қызметі азаматтарға зорлық-зомбылық кӛрсетумен немесе олардың денсаулығына зиян келтірумен, не отбасының бұзылуымен, ӛз ұстанушыларын Қазақстан Республикасының Конституциясында кӛзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға және ӛзге де заң бұзушылыққа итермелеумен ұштасатын діни бірлестіктердің тіркелуіне жол бермейді. Сонымен қатар азаматтарды ӛз қызметіне әртүрлі жолдармен, мәселен, қайырымдылық жүргізу арқылы мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктерді тіркеуге жол берілмейді. Жалпы, діни ұйымдарды тіркеуден бас тартуға негіз болатын жағдайлар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында толық жазылған. - Шетелдерде діни бірлестіктерді реттеу мәселесі қалай шешілуде? - Халықаралық тәжірибені зерделеу барысында біз діни бірлестіктердің мәртебесіне, мемлекет пен діни ұйымдардың ӛзара іс-қимыл жасау институттарына және тетіктеріне назар аудардық. Мәселен, Австрияда шіркеу мәртебесіне (тіркеу арқылы) ие болу үшін ұстанушылардың санына арнайы талап қойылады, яғни кем дегенде 16 мың мүшесі болу керек. Бұл елде діни сенім қауымдары уәкілетті органға заңды тұлға мәртебесін алу үшін ӛтініш - 58 -


бере алады. Егер ӛтініш 6 айдың ішінде кері қайтарылмаса, заңды тұлға мәртебесі автоматты түрде беріледі. Венгрияда 1990 жылы қабылданған заң бойынша діни ұйымды тіркеу үшін 100 мүшесі болса жеткілікті. Арменияда діни ұйымның 200 мүшесі болу керек, 18 жасқа дейінгі балалар олардың діни жораларға қатысатынына және басқа да жағдайларға қарамастан, діни ұйымның мүшесі бола алмайды. Біз бұлардан басқа да бірқатар елдердің тәжірибелерін зерттедік және олар жаңа заңды әзірлеу кезінде ескерілді. - Қайрат Қайырбекұлы, діни қызмет саласында жақын арада тағы қандай ӛзгерістер болмақ? - Агенттік заңда кӛзделген діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу жӛніндегі жұмыстарды бастап та кетті. Осы ретте діни бірлестіктердің саны 4551-ден 3972-ке дейін тӛмендегенін еске сала кетейін. Қайта тіркеу үрдісі бірнеше рәсімдерден тұратын күрделі жұмысты қамтитын болады, әсіресе, құрылтай құжаттарына, діни әдебиеттерге және т.б. дінтану сараптамасын жүргізуді қолға алдық. Қазір бұл жұмыстың ағымдағы жылдың қараша айына дейін бітетінін және елдегі конфессияаралық кеңістік одан әрі үйлесімді бола түсуіне ықпал ететініне нық сенімдіміз. - Әңгімеңізге рақмет. Сұхбаттасқан Берік БЕЙСЕНҰЛЫ «Айқын» газеті ***** М.А. Әзілханов, ҚР Дін істері агенттігі Тӛрағасының орынбасары ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРГЕ ҚОЙЫЛАР ТАЛАП БІР 25 қазанында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына сәйкес діни бірлестіктерді қайта тіркеуге берілген бір жылдық мерзім аяқталады. Алайда аталмыш рәсімді ӛткізудің қажеттілігі туралы әлі күнге дейін айтылып жүр. Осыған орай Дін істері агенттігі тӛрағасының орынбасары Марат Әзілхановпен әңгімеміз қайта тіркеудің маңыздылығы және осы үдерістің барысы жайында ӛрбіді. Марат Алмасұлы, бүгінде діни бірлестіктерді қайта тіркеу – дін саласындағы ең ӛзекті және кӛп талқыланып жүрген мәселелердің бірі болып отыр. Заңда бұл рәсім қалай бекітілген? – 2011 жылдың 11 қазанында Мемлекет басшысы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды. Заң мәтіні осы - 59 -


жылдың 15 қазанында «Казахстанская правда» республикалық газетінде жарық кӛрді және 10 күн ӛткеннен кейін заңды күшіне енді. Менің ойымша, аталған актіні қабылдау Қазақстан Республикасында мемлекеттік-діни қатынастарды дамытудағы жаңа бір кезеңді белгіледі. Жиырма жылдың ішінде «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» бұрынғы заң қолданылған тұста қоғамдағы діннің рӛлі күрт артуы жағдайында мемлекет пен діни қауымдардың ӛзара іс-қимыл жасауының қолданыстағы үлгісін жетілдіру қажет болды. Ал бұрын қолданылған құқықтық ережелер үнемі уақыт талабына сай болған жоқ. Жаңа Заңға енгізілген маңызды жаңалықтар ол діни бірлестіктердің мәртебесін нақтылайтын ережелер, сондай-ақ оларды тіркеу және қайта тіркеу рәсімі болып табылады. Заңның 24-бабына сәйкес діни бірлестіктер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жаңа талаптарға сәйкес ӛздерінің құрылтай құжаттарына ӛзгерістер енгізуге міндетті. Сонымен бір мезгілде тіркеуші органға діни бірлестіктің мәртебесін растайтын құжаттар табыс етіледі. Осылайша, бұл ережеде еліміздің аумағында қызмет ететін барлық діни бірлестіктердің қайта тіркеуден ӛтуі қарастырылған. Діни бірлестіктердің қайта тіркеуден ӛтуі үшін қандай құжаттар ӛткізуі қажет? – Қайта тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен ӛкілеттіктерді есептік тіркеу туралы» Заңда кӛрсетілген. Осы нормативтік актіге сүйенсек, заңды тұлға қайта тіркеу туралы тиісті ӛтінішті беруге міндетті. Бұдан басқа, тіркеуші органға уәкілетті органның, яғни діни бірлестіктің жалпы жиналысының құрылтай құжаттарға ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі не шешімнің кӛшірмесі ӛткізіледі. Әдетінше бұл құжат жалпы жиналыстың хаттамасы үлгісінде ұсынылады. Қайта тіркеу үшін ұсынылатын ең негізгі құжат заңнама талаптарына сай келтірілген діни бірлестіктің жарғысы. Сондай-ақ, бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін тӛлемді растайтын құжат ұсынылады. Сонымен қатар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның талаптарына сәйкес діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтар тізімдері беріледі. Құрылтай құжаттарына дінтану сараптамасын әділ жүргізу үшін діни бірлестіктер діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып кӛрсететін және осы ілімге сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтер қамтылған діни баспа материалдарын (кітаптар) да ӛткізуге тиісті. Діни бірлестіктің жарғысына қандай талаптар қойылатынын нақты түсіндіріп кетсеңіз? – Жарғы – діни бірлестіктің негізгі құжаты болып саналады, оның негізінде діни қызмет жүргізілетін болады. Міне, сондықтан осы құжаттың маңыздылығын ескере отырып, белгілі бір талаптар қойылған. Олар Заңның 16бабында толық жазылған. Сонымен бірге, жарғыда діни бірлестіктің атауына, қызметінің мәні мен мақсаттарына, орналасқан жерiне және оның шегінде ӛз қызметін жүзеге - 60 -


асыратын аумағына және т.б. қатысты бірқатар міндетті компоненттер болуы қажет. Бұдан басқа, аталған құжатта діни ілімнің және діни қызметтің негіздерін, сондай-ақ діни бірлестіктің негізгі діни идеялары мен қызметінің түрлерін ашып кӛрсететін мәліметтер қамтылуы тиіс. Бұл жерде айтылуға тиіс мәселе, жарғыда діни бірлестіктің неке мен отбасына, білімге, осы діни бірлестік мүшелерінің және басқа да адамдардың денсаулығына, оның мүшелері мен қызметшілерінің конституциялық құқықтары мен міндеттерін іске асыруға кӛзқарасы қамтылуы маңызды. Қайта тіркеу үдерісінде міндетті түрде жүзеге асырылатын дінтану сараптамасының нәтижесі жарғыда кӛрсетілген мәліметтерді толық және әділ ашып кӛрсетуге тікелей байланысты болып табылады. – Марат Алмасұлы, діни бірлестіктер қайта тіркеуден ӛту үшін құрылтай құжаттарын дайындау кезінде тағы қандай құжаттарды ескеруге тиісті? – Біріншіден, діни бірлестіктің атауы ұстанатын діні мен мәртебесін қамтуға тиіс. Біз діндердің кӛптігін және олардың кӛптеген конфессиялар мен деноминациялардан тұратынын ескеріп, бірлестік атауларында ұстанатын дінін барынша дәл кӛрсетуді сұраймыз. Екіншіден, тиісті мәртебені (республикалық, ӛңірлік немесе жергілікті) діни бірлестіктердің ӛздері мүмкіндіктеріне қарай белгілейді, мәртебе ұйымның толық атауында кӛрсетіледі. Бірлестік атауы мемлекеттік органдардың, басқа да діни бірлестіктердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына байланысты тыйым салынған немесе таратылған діни бірлестіктердің атауын толық немесе оның елеулі бӛлігінде қайталамауға тиіс. Бұл жерде бір конфессиялық топтың діни бірлестіктерінің атаулары ұқсас болып, бірақ олар ӛздерінің қызметін жүргізетін аумақты белгілеумен ерекшеленуі мүмкін екенін айта кеткен жӛн. – Демек діни бірлестіктерді қайта тіркеу жұмысына бірнеше мемлекеттік орган қатысады ғой. – Әріне. Бірқатар мемлекеттік органдар ӛз құзыреті шеңберінде діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу үдерісінде тиісті қызметтерді атқаруда. Мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді тікелей әділет органдары жүзеге асырады. Бұл ретте республикалық діни бiрлестiктердi және ӛңірлік діни бірлестіктерді мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырса, ал жергілікті діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді, филиалдар мен ӛкілдіктерді есептік тіркеуді аумақтық әдiлет органдары жүзеге асыруда. Алдымен діни бірлестіктер құрылтай және ӛзге де құжаттарын Халыққа қызмет кӛрсету орталықтарына ұсынуы тиіс. Ӛз кезегінде, дін саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ретінде құрылған Дін істері агенттігі Заңның 4-бабына сәйкес діни бірлестіктердің - 61 -


жарғыларына және ӛзге де материалдарына дiнтану сараптамасының жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi. Сондай-ақ, біздің департаменттер басқа құзыретті органдармен ӛзара бірлесіп, діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтар тізімдеріне тексеру жүргiзуде. – Қайта тіркеу жұмысында қандай қиындықтар боп тұрады? – Білесіз бе, құрылтай құжаттарына дінтану сараптамасын жүргізу кезінде кей жағдайларда, шынында да, құжатты мазмұны жағынан бағалау қиынға соғады. Әсіресе, діни бірлестіктердің жарғыларында олардың қызметінің мәні бойынша әртүрлі түсініктемелер жиі беріледі, мәселен, белгілі бір конфессиялық топ ӛзіне тән емес діни тәжірибелерді кӛрсетеді. Мәліметтерді бұрмалау фактілері және жалған деректерді пайдалану орын алады. Кейде діни бірлестіктер ӛздерінің діни ілімін таныту үшін қажет болатын канондық және ӛзге де діни негіздердің орнына зайырлы еңбектердің санатына жататын дінтану бағытындағы материалдарды ұсынады. Мәселен, Я.Трофимовтың, В.Ивановтың авторлығымен басылып шыққан «Религии в Казахстане», «Христианство в Казахстане», А.Артемьевтың «Религиоведение», «Дінтану» кітаптары да ұсынылып жатады. Тіпті кейбір діни бірлестіктер ӛз әдебиеттерін мүлдем ӛткізбейді, осылайша сарапшыларға сапалы сараптама жүргізу мүмкіндігі берілмейді. Діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтар туралы мәліметтерде жекелеген діни ұйымдар жалған деректерді де қосып жіберген. Мәселен, құрылтай тізімдерінде кәмелетке толмаған адамдар бар, ал бұл заңнаманы бұзушылыққа жатады. Сондай-ақ, бірлестікті құру аумағында тұрмайтын және құрылтай жиналысына мүлдем қатыспаған адамдар да кӛрсетілген. Тіпті, тізімдерде Қазақстанның азаматы емес, жай ғана елімізде тұрақты тұруға рұқсат алғандардың да енгізілуі орын алды. Осы үдерістің басқа да тұстарымен қоса алғанда, бұл айтылғандар, әрине, материалдарды қарау мерзіміне теріс әсер етіп отыр. – Аталмыш рәсімнен ӛтіп үлгермеген немесе ӛтуден бас тартқан ұйымдарды не күтіп тұрғаныжайында не айтар едіңіз? –Жоғарыда айтылғандай, діни бірлестіктерге құрылтай құжаттарын Заң талаптарына сәйкестендіру үшін бір жыл берілген болатын, 2012 жылғы 25 қазан ең соңғы күн болып есептеледі. Кӛрсетілген мерзім ӛткеннен кейін қайта тіркеуден ӛтпеген заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның жүгінуі бойынша сот тәртібімен таратылады. Яғни, кӛрсетілген мерзім ӛткеннен кейін құрылтай құжаттарын заңнама талаптарына сәйкестендірмеген бірлестіктер қызметінің заңдылығы туралы мәселе туындайтын болады. Ӛкінішке орай, қазіргі кезде діни бірлестіктер дің біразы Заңның осы талабын орындауға дайын болмай отыр. – Діни бірлестіктерге заннаманың қайта тіркеуге қатысты талаптары туралы мағлұмат берілген бе? - 62 -


– Дін істері агенттігі және басқа да құзыретті мемлекеттік органдар бұл бағытта жаңа заң күшіне енген сәттен бастап үлкен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп келеді. Заңнаманың тіркеу рәсімдері бойынша талаптарын түсіндіру діни бірлестіктердің ӛкілдерімен кездесу кезінде тікелей, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да жүргізіледі. Біздің Агенттіктің басшылығы мұсылман қауымының, православие, католицизм, түрлі протестанттық бірлестіктердің ӛкілдерімен ондаған кездесулер ӛткізді. «Иеһова куәгерлері» діни бірлестігінің, иудей қауымының жетекшілерімен бірнеше кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, буддистік бірлестіктердің және «Кришна санасы қоғамының» ӛкілдеріне де тиісті түсіндірмелер берілген. Бұдан басқа, Агенттіктің аумақтық органдары жергілікті жерлерде қолданыстағы заңнаманың ережелерін түсіндіру бойынша кездесулерді тұрақты ӛткізіп тұрады. Сондай-ақ, ӛңірлердегі газет беттерінде тиісті хабарландырулар жарық кӛрді, ал діни бірлестіктердің жетекшілеріне жазбаша хабарлама-хаттар жіберілген. – Осы кезге дейін қандай діни бірлестіктер қайта тіркеуден ӛтті? – Ағымдағы жылдың 19 маусымында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық діни бірлестігі тіркеуден ӛтті. Қазір облыстарда оның филиалдарын есептік тіркеу үдерісі ӛтіп жатыр. Олардың жартысы тіркеуден ӛтіп те қойды, 300-ге жуығы тиісті шешімді күтуде, ал қалған бӛлігі әділет органдарына ӛздерінің материалдарын ӛткізуге дайындық үстінде. Сонымен қатар, «Інжілдік-лютерандық шіркеуі» діни бірлестігі де қайта тіркеуден ӛтті. Қазақстандағы Православ шіркеуі ӛз құрылтай құжаттарын дайындап, ӛзінің жергілікті қауымдарын (приход) қайта тіркеуге кірісті. Одан басқа, Інжілдік христиан-баптистерінің одағына кіретін бірлестіктер құрылтай құжаттарын дайындап, оларды тіркеуші органдарға ұсынуды бастап үлгерді. Қазіргі таңда иудей қауымдары, буддизмнің, армян апостолдық шіркеуінің діни бірлестіктері және бірқатар протестанттық ұйымдар тіркеу рәсімінен ӛтуде. Қызметі және құрылтай құжаттары заңнама талаптарына сәйкес келетін барлық діни бірлестіктер белгіленген мерзімде қайта тіркеуден ӛтеді. Бұл үшін Агенттіктің және осы үдеріске қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың барлық қажетті ресурстары бар. Тек діни бірлестіктер ӛз құжаттарын уақтылы ӛткізсе болғаны. Сұхбаттасқан Мұрат Иманалиев www.aikyn.kz *****

- 63 -


Г.М. Тоқтарова, ҚР ДІА Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының қызметкері ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІ ҚАЙТА ТІРКЕУ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРДІ Кез келген мемлекеттің басты қазынасы - адам оның ӛмірі мен бостандықтары және құқықтары екендігі анық. Елімізде жүргізіліп отырған саясаттың барлығы осы қағидаға негізделетіндігін біз тәуелсіздік алған жылдар ішінде орын алған оң ӛзгерістерден кӛре аламыз. Ал азаматтардың ӛмірінде, олардың дүниетанымы мен бағдарлық кӛзқарастарында, тіпті күнделікті кӛңіл күйінде діннің ерекше орын алатындығын ескерсек, дін атын жамылатын радикалды топтардың жаһандық деңгейде белең алуы жағдайында мемлекеттің дін саласындағы саясатының салмағы арта түсері сӛзсіз. Жалпы, діннің оның барлық кӛріністеріндегі әлеуеті әлемдік деңгейде артып отырғандығы ақиқат, сол себепті дін саласына жіті кӛңіл бӛлу - тек біздің елімізде ғана емес, барлық мемлекеттерде жүзеге асып жатқан үдеріс. Біздің елімізде ол конфессияаралық келісім мен ынтымақтастық, азаматтардың діни бостандықтарын сақтау секілді мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыратын құзырлы құрылым Дін істері агенттігі тарапынан жүргізіліп отырған жұмыстар арқылы кӛрініс табады. Осы орайда, дін саласындағы елеулі оқиға - діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеуден ӛткізу жүргізілді. Аталмыш шара, ӛткен жылы Елбасы мақұлдаған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның «Ӛтпелі ережелер» деп аталатын 24-бабында кӛрсетілгендей, «мемлекет территориясында ӛз қызметтерін жүргізіп отырған барлық діни бірлестіктер ӛз құрылтай жарғылары мен ӛзге де құжаттарын заң талабына сәйкес қалыпқа түсіріп, бір жыл ішінде қайта тіркеуден ӛтулері тиіс» деп кӛрсетілген талапқа сәйкес жүзеге асырылды. Діни бірлестіктерді тіркеу мен қайта тіркеу жұмысы туралы айтар болсақ, ең алдымен аталған мемлекеттік тіркеуден ӛтуге ықылас білдірген діни бірлестіктер тіркеуші органға мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеуден ӛту туралы ӛтініштерін, ӛздерінің құрылтай құжаттары және ӛзге де қажетті құжаттарын ӛткізді. Заңның 15-бабында діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ӛткізетіндігі анықталған. Сәйкесінше, міндетті құжаттарын толық ӛткізген діни бірлестіктер әділет органдарынан мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеуден ӛтті. Яғни республиканың бірнеше аймақтарында қызмет ететін ӛңірлік деңгейдегі діни бірлестіктердің орталықтары және олардың діни білім беру мекемелері мен ӛзге де бірлестіктерін мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу аталмыш құзырлы орган тарапынан тікелей іске асырылса, жергілікті діни бірлестіктерді сәйкесінше, аймақтық әділет органдары жүзеге асырды. - 64 -


Мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеуден ӛтуге ӛтініш білдірген діни бірлестіктердің жарғылары мен діни мазмұндағы материалдарына дінтанулық сараптамалар жасалды. Сараптаманы заңның «Уәкілетті органның құзыреті» туралы 4-бабының 6-тармақшасында және «Дінтану сараптамасы» туралы 6бапта берілгендей, Дін істері агенттігі мен оның ведомствоға бағынышты ұйымдары - Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы және Дін мәселелері жӛніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының дінтанушысарапшылары ӛткізді. Сондай-ақ дінтану сараптамасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң негізінде ағымдағы жылдың 7 ақпанында Үкімет тарапынан бекітілген «Дінтану сараптамаларын жүргізу қағидалары» заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізілді. Діни бірлестіктер тарапынан ұсынылған құрылтай құжаты мен діни мазмұндағы материалдарға сараптама жүргізу барысында діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздері қарастырылды және оларда Қазақстан азаматтарының рухани дүниесіне, денсаулығына, отбасына зиян келтіретін, бірлестік мүшелерін зайырлы білім алудан, ер-азаматтардың мемлекет алдындағы борышын ӛтеуден, мемлекеттік қызметтен, медициналық кӛмектен бас тартуға жетелейтін, нәсілдік, ұлттық, діни үстемдіктерді қолдайтын идеялардың болу-болмауына ерекше назар аударылғандығын атап ӛткен жӛн. Дінтану сараптамасы нәтижесінде жоғарыда кӛрсетілген жат пиғылды идеялар анықталып, сот шешімімен тыйым салынған әдебиеттер тізімі, сондай-ақ дінтанулық сараптамадан оң бағамен ӛткен әдебиеттер тізімдері де Дін істері агенттігінің веб-сайтында жарияланады. Мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеуден ӛтуге ӛтініш берген діни бірлестіктердің құжаттары мен діни материалдары жоғарыда кӛрсетілген сипатта тексерілсе, діни бірлестіктердің құжаттарын қабылдау, құрамындағы азаматтардың саны мен олардың жергілікті мекенде тіркелгендігін анықтау қызметін аумақтық Дін істері департаменттері, Ішкі істер министрлігі және Кӛлік және коммуникация министрлігіне қарасты Халыққа қызмет кӛрсету орталықтарымен бірлесе отырып жүзеге асырды. Байқағанымыздай, үстіміздегі жылдың 25-қазанында аяқталған аталмыш шара бірнеше құзырлы органдардың бірлескен қызметі арқылы іске асты. Жоғарыда айтқанымыздай, заң талаптарына сәйкес ӛткен мемлекеттік қайта тіркеу жиырма жыл мерзімде әртүрлі қалыпта дамыған діни ортаны ретке келтіруге мүмкіндік беретіндігі сӛзсіз. Ӛйткені аталмыш шарадан соң елімізде қызмет ететін діни бірлестіктердің нақты саны айқындалды, мысалы, осы уақытқа дейін 4551 деп кӛрсетілген діни бірлестіктер саны, 3088-ге жетті. Бүгінгі таңда Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің ел аумағындағы 2228 мешіті, орыс православ шіркеуінің митрополиялық округінде 9 епархия, 261 приходтары, Армян-апостол шіркеуі мен 8 Кӛне әдет-ғұрыптар шіркеулері тіркелді. Рим-католик шіркеуінің 79 бірлестігі, иудейлердің 4 қауымы, 2 буддистік бірлестіктер тіркеуден ӛтті. Бұрын қызмет атқарған 666 про- 65 -


тестанттық діни бірлестіктердің 462-сі, яғни 69%-ы, ал дәстүрлі емес 48 діни бірлестіктердің 16-сы қайта тіркеуден ӛтті. Діни бірлестіктердің сандық кӛрсеткішінің едәуір тӛмендеуіне кейбір діни бірлестіктердің жарғылық құжаттары мен әдебиеттері дінтанулық-құқықтық сараптамалардан ӛтпей қалуы, яғни олардың мазмұнында біздің қоғамымызға қайшы идеялардың анықталуы, діни бірлестіктердің ӛз дін ұстанушыларының санын асырмалап кӛрсетуінің анықталуы, ал кейбір діни бірлестіктер «қағаз жүзінде» қызмет еткендігі, яғни олардың қызметтері тоқтатылғанымен, заңнамалық шаралар жүргізбегендіктеріне байланысты мемлекеттік қайта тіркеуден ӛтпей қалуы себеп болды. Сондай-ақ тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қабылданған ескі заңның осал тұстарын пайдаланып тіркеуден ӛтіп, қоғамға кері ықпал еткен, халық тарапынан наразылықтар туындатқан жат пиғылды діни бірлестіктердің қызметтері тоқтатылды. Сонымен қатар елімізде тараған конфессияларды жіктеу жүйесіне кӛңіл бӛлініп, бұрын конфессия қатарына жатқызылған діни бағыттарды талдау арқылы, діни конфессиялардың нақты саны 46 емес, 17 екені анықталғандығын атап ӛткен жӛн. Жалпы алғанда, мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу нәтижесінде діни үлестің аса ӛзгермегендігін де кӛруге болады: ислам діні 72%, православие - 9%, католиктік - 3%, протестанттық - 14%, қалған діни конфессиялар 2%-ды кӛрсетті. Мемлекеттік қайта тіркеу жұмысының тағы бір оң нәтижесі - ел аумағындағы барлық діни бірлестіктердің құқықтық мәртебелерін айқындау. Мысалы, олар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 12-бабында кӛрсетілгендей: жергілікті, ӛңірлік және республикалық мәртебеге ие болып, мемлекеттік тіркеуден ӛту барысында ұсынылған құжаттарда кӛрсетілген мақсаттарға сай қызмет атқарады. Яғни заңның 15-бабы бойынша діни бірлестіктердің діни жарғылары және ӛзге құжаттары реттеледі. Осы орайда мемлекет пен дін арасында айқын, құқықтық тұрғыдан жүйеленген ӛзара байланыс пен қызметтестік жүзеге асады. Бұл ӛз кезегінде елімізде қалыптасқан конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту, азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен дін атын жамылатын радикалды топтардың лаңкестік әрекеттерінің алдын алу жұмыстарын жетілдіре түспек. Жалпы, діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу шаралары мемлекетіміздің басты қазынасы - оның тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында жүзеге асырылған маңызды міндеттердің бірі екендігін естен шығармағанымыз абзал. www.aikyn.kz *****

- 66 -


Қ.Қ. Лама Шариф, ҚР Дін істері агенттігінің Тӛрағасы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДІНИ АЛАҢЫ ТАЗАРТЫЛДЫ Осыдан тура бір жыл бұрын «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң ӛз күшіне енді. Аталған заңның 24-бабына сәйкес діни бірлестіктер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жаңа талаптарға сәйкес ӛздерінің құрылтай құжаттарына қажетті ӛзгерістер енгізуге тиіс болатын. Шын мәнінде, еліміздің аумағында осы уақытқа дейін әрекет еткен және ӛз жұмысын жалғастырғысы келетін барлық діни бірлестіктердің қайта тіркеуден ӛтуге тиіс ӛтпелі кезеңі белгіленген болатын. Мемлекет үшін бүгінгі таңда қоғамның діни қажеттіліктерін нақты қанша діни бірлестіктердің қамтамасыз етіп отырғанын анықтау маңызды болды. Міне, енді осы қауырт әрі ыждаһатты үдерістің қорытынды нәтижесін кӛрсететін мүмкіндік туды. Сондықтан біз бүгін Дін істері агенттігінің тӛрағасы Қайрат Лама Шәріпті әңгімеге тартқан едік. – Қайрат Қайырбекұлы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң Қазақстанның құқықтық және қоғамдық ӛміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Бүгінде діни саланы сапалық тұрғыдан реттеудің қажеттілігі талас тудырмайды. Осы орайда, ӛткен жылғы заңды қабылдаудың негізгі алғышарттары қандай болды деп ойлайсыз. – Баршамызға мәлім, соңғы жылдары елімізде қоғам ӛміріндегі діннің рӛлі айтарлықтай ұлғайды. Ең алдымен, қоғамның дінге деген қызығушылығы арта түсті, атеистік кӛзқарастың орнына сенім бостандығы, демократиялық қағидаттар мен ӛз дінін ашық ұстануға мүмкіндік орнады. Бірақ қытай даналары айтқандай, таза ауа кіретін ашық терезеден ызыңдаған шыбын да кіреді. Біз қоғамымыздағы тұрақтылыққа және оның әрі қарай дамуына тікелей қауіп тӛндіретін теріс пиғылды, тіпті ашық экстремистік әрекеттерге кӛз жұмып қарай алмаймыз. Дін тӛңірегінде етек алған үдерістер бүгінде Қазақстанның қоғамдық және тұтастай алғанда, жалпыұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан стратегиялық маңызға ие болуда. Мемлекеттің мұндай үдерістерден тыс қала алмауы табиғи жайт болатын. Осы мақсатта Елбасымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында алғаш рет кӛтерген бастамасымен Дін істері агенттігі құрылды. Содан кейін мемлекетке дін саласында орын алып отырған үдерістерді реттеуге мол мүмкіндік беретін «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заң қабылданды. – Ағымдағы жылдың 25 қазанында діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу үдерісі аяқталғаны белгілі. Бұл үдерістің негізгі қорытындылары қандай? – Ең алдымен, діни бірлестіктерді қайта тіркеудің әрбір діни бірлестіктің қызметі негізінде құралатын елдегі діни ахуалдың нақты жағдайы туралы мәліметтерді айқындай түсуге және жаңартуға мүмкіндік бергенін айтқым - 67 -


келеді. Бұған қоса, діни бірлестіктерді қайта тіркеу үдерісінің нәтижесінде Қазақстандағы конфессияларды жіктеу жүйесі жетілдіріліп, олардың нақты саны 46 емес, 17 екені анықталды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 19 маусымында «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестік ретінде тіркелді. Қазіргі уақытта барлық облыстарда 2228 мешіт қайта тіркеуден ӛтті. Осылайша, Қазақстанның бірегей және біртұтас ислами ұйымы қалыптасты. Қазақстанның Православие шіркеуінде бірқатар құрылымдық ӛзгерістер болды. 17 қазанда 261 приход пен 9 епархияны біріктірген Митрополиялық округ те республикалық діни бірлестік куәлігін алды. Сонымен қатар, жаңа заңға сәйкес православие дінінің аясында Армян апостолдар шіркеуі мен 8 кӛне әдет-ғұрыптар шіркеуі қызмет ете бастады. Қазақстанда Рим-католик шіркеуінің 79 субъектісі діни қызмет атқарады, 4 иудей қауымы мен 2 буддистік бірлестіктер тіркеуден ӛтті. Бұрын қызмет атқарған 666 протестанттық діни бірлестіктердің ішінен 462-сі, яғни 69%-ы қайта тіркеуден ӛтті, қалғандары таратылу үдерісінде. Дәстүрлі емес діни бірлестіктердің басым бӛлігі қайта тіркелуге келмеді. Дәстүрлі емес 48 діни бірлестіктің ішінен 16-сы ғана қайта тіркеуден ӛткен, қалған 32 бірлестік Әділет министрлігінің ӛтініші бойынша сот тәртібімен таратылады. Жалпы, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 46 конфессия мен деноминацияларды біріктіретін 4551 діни бірлестік пен заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардан Қазақстанда 17 конфессия ӛкілдерінен құралған 3088 діни бірлестік пен олардың филиалдары қалды. Осылайша, діни бірлестіктердің 32%-ы немесе үштен бірі қысқарды. – Діни бірлестіктерді қайта тіркеу науқанының ӛту барысын қалай бағалайсыз? – Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу уақыт талабынан ғана туындап отырған жоқ, ол тікелей «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңда бекітілген ережелерді іске асыру болып табылады. Заң талаптарына сәйкес діни бірлестіктерге қайта тіркеудің барлық тиісті рәсімдерінен ӛтуге жеткілікті уақыт, яғни тұтас бір жыл берілген болатын. Бұл заңдық норма Адамды және оның ӛмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазына деп танитын Ата Заңның негізгі ережелерін тәжірибе жүзіне асыру мақсатында қабылданған болатын. Ол азаматтардың рухани және тән саулығын жалған діни ағымдардың зиянды іс-әрекеттерінен қорғауға, дінді теріс пиғылды мақсаттарға пайдалануға тосқауыл қоюға бағытталған. Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу үдерісі мемлекеттікконфессиялық қатынастарды жаңа, құқықтық тұрғыдан анағұрлым ӛркениетті деңгейге кӛтеруге мүмкіндік берді. Шын мәнінде бұл діни сала субъектілерінің қызметі үшін жаңа құқықтық алаң құруға, мемлекет пен дін арасында пайда болатын қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Біз бұған кәміл сенімдіміз, ӛйткені, қайта тіркеу тек діни бірлестіктердің құқықтарын бекітіп қана қоймай, олардың азаматтармен қарым-қатынас - 68 -


орнатудағы және мемлекетпен ӛзара іс-қимыл жасаудағы міндеттерін белгіледі, бұл, сӛз жоқ, дін саласындағы мемлекеттік саясатты әрі қарай жетілдіруге мүмкіндік беретін болады. Бұл тұрғыда діни бірлестіктердің ӛз құрылтай құжаттарын конституциялық және заңнамалық ережелерге сәйкестендіргені және заңдық мәртебесі мен ұстанатын дінін айқындағаны ӛте маңызды. Мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу үдерісі нәтижелері бойынша Алматы қаласы, Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары секілді ӛңірлерде олардың саны едәуір азайғаны байқалды. Діни ұстанымына қарай да бірқатар ӛзгерістер болды, бірақ қалыптасқан конфессияаралық тепе-теңдік сақталып қалды: ислам діні – 72%, православие – 9%, католиктік – 3%, протестанттық – 14%, қалған діни конфессиялар 2%-ды құрайды. – Қайта тіркеу үдерісі әкелген ӛзгерістер аясында еліміздің рухани ӛмірінде үлкен рӛл атқарып жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Қазақстандағы орыс православие шіркеуінің қызметтері жӛнінде айтып ӛтсеңіз. – Қазақстан Республикасы бүкіл әлем үшін конфессияаралық келісімнің үлгісі болып табылады. Республикада ислам және православие діндері ең ірі конфессиялар болған және болып қала береді. Ислам мен христиан діндерінің бейбіт ӛмір сүруінің кӛпғасырлық тәжірибесі қазақ, орыс және еліміздегі басқа да ұлттардың бауырластығының айғағы болды. Бүгінгі күнде Мұсылмандардың діни басқармасы мен Православие шіркеуі арасында әлеуметтік қызмет пен қайырымдылық саласында, жалпыазаматтық жобаларға бірлесе қатысу, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және дінаралық келісімге үндеу тәрізді жұмыстарда ынтымақтастық қарымқатынастар орнауда. Бұл жұмыстардың бұдан әрі жалғасын тауып, азаматтарымыздың ұлтаралық және конфессияаралық достастығын нығайтудың кепілі болатынына сенімдімін. – Қайта тіркеуді жүргізу нәтижесі діни бірлестіктер мен конфессиялардың азайғандығын кӛрсетеді. Бұл жағдай немен байланысты болды? – Бұрын да мәлімдегенімдей, кӛптеген діни бірлестіктер тек «қағаз жүзінде» ғана болған, яғни ӛз діни қызметтерін тоқтатқанымен, тоқтатқаны жӛнінде қажетті заңнамалық шараларды жүргізбеген. Сонымен қатар, шалғай ауылды мекендерде шағын мешіттер мен шіркеулер имамдар мен дін қызметкерлерінің жоқтығынан қараусыз қалған әрі мінәжат етушілердің саны да саусақпен санарлықтай болды. Сол себепті республикалық мәртебесі бар ҚМДБ шағын мешіттерді намазханаларға айналдырып, ал Православие шіркеуі ӛзінің ғибадатханаларын жергілікті діни бірлестіктер ретінде тіркемей, жақын жерлердегі шіркеулердің филиалдары ретінде рәсімдеу туралы шешім қабылдады. Одан басқа, құжат тапсырғысы келмеген діни бірлестіктер де болды. Оның үстіне дінтану сараптамасының теріс қорытындысы бойынша жалған діни ұйымдарды тіркеуден бас тарттық. – Енді қайта тіркеуден ӛтпеген діни бірлестіктердің жағдайы не болмақ? - 69 -


– Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган, яғни Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы рәсімнен ӛтпеген діни бірлестіктерді сот тәртібімен таратуға бастама жасайды. Қайта тіркеу мәселелері бойынша кешенді ақпараттық және түсіндіру жұмыстары аумақтық дін істері және әділет департаменттері тарапынан да, Агенттік пен Әділет министрлігі тарапынан да тұрақты жүргізіліп отырды. Бұдан басқа, тиісті жазбаша ескерту хаттар жолданып, діни бірлестіктердің жетекшілерімен кеңес беру мақсатында бірнеше кездесу ӛткізілді. – Қайта тіркеу үдерісіне сіз басқаратын мекемеден басқа бірқатар мемлекеттік органдар да атсалысты ғой. – Атап айтатын болсақ, діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу үдерісін тікелей жүзеге асырған Әділет министрлігі және оның аумақтық департаменттері, діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтар тізімдеріне тексеру жүргізген Ішкі істер министрлігі, құжаттарды қабылдауды қамтамасыз еткен Кӛлік және коммуникация министрлігіне қарасты Халыққа қызмет кӛрсету орталықтары атсалысты, ал Дін істері агенттігі ӛз кезегінде құрылтай құжаттарына және діни әдебиеттерге дінтану сараптамасын жүргізді. Әріптестерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз. – Қайрат Қайырбекұлы, қайта тіркеу үдерісінде сіздің мекемеңіз тап келген қиыншылықтар мен кедергілер болды ма? – Діни бірлестіктерді тіркеу Қазақстанның қоғамдық ӛміріндегі жауапты кезеңдердің бірі болды. Маңызды барлық ӛзгерістер сияқты бұл да қиыншылықсыз ӛтпеді. Заңда қайта тіркеуден ӛту үшін қандай құрылтай құжаттары мен материалдар тапсырылуы керек екендігі кӛрсетілген. Дегенмен, түрлі конфессия ӛкілдері арасында тиісті орындарға құжаттарды жинау және тапсыру жӛнінде сұрақтар туындап отырды. Бұл мәселелерді шешу, діни бірлестіктерге осы үдерістен ӛту үшін кӛмек беру мақсатында Агенттік тарапынан түрлі аспектілер бойынша толық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. Алғашында мемлекеттік органдардың жұмыстарын ұтымды түрде қамтамасыз етуде қиыншылықтар туындады. Себебі, құжат айналымының барысы оңай болмады, яғни құжаттар тапсырылатын алғашқы мекеме – Халыққа қызмет кӛрсету орталықтары болды, одан кейін олар әділет органдарына, олардан Агенттіктің аумақтық департаменттеріне тапсырылды. Бұл шаралар кӛп уақытты талап етті, ал бұл жұмыста әр сәт маңызды еді. Сондықтан, алғашқы құжаттар түскен уақытта туындаған қиыншылықтардан кейін бұл үдеріске қатысы бар барлық мемлекеттік органдардың ӛкілдерімен бірлескен жиналыс ӛткізіліп, құжаттарды тапсыру мерзімдерін жеделдету бойынша нақты шаралар қабылданды. Қайта тіркеу барысында діни ұйымдардың құрылтай құжаттарында қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін бірнеше қателіктер табылды. Олардың әрқайсысы бойынша толық түсіндірмелер берілді. Тиісті ӛзгерістер енгізіп, туындаған қайшылықтарды түзетіп діни ұйым құжаттарын тіркеуге қайта ұсынып отырды. Бастамашы азаматтар тізімдері де жіті тексерілді. Кейбір діни бірлестіктер ӛздерінің тізімдерінде Қазақстанның азаматтығы жоқ адамдарды, - 70 -


қайтыс болған адамдар немесе кәмелетке толмаған балаларды кӛрсеткен. Кей азаматтар ӛздерін құрылтай жиналыстарына қатысқандықтарын растамады. Осындай әрекеттерге біз тосқауыл қойып отырдық. – Діни бірлестіктерді қайта тіркеу үдерісінің барлық кезеңінде жекелей үкіметтік емес ұйымдар мен құқық қорғаушылар тарапынан түрлі наразылықтар айтылды. Сіз бүгінгі Қазақстандағы діни ахуалға баға бере отырып, бұл туралы не айтар едіңіз? – Халықаралық тәжірибенің маңыздылығын ескере отырып, Дін істері агенттігі тарапынан түрлі елдердің ӛкілдерімен кездесулер, шетелдік әріптес уәкілетті органдармен кеңестік жиындар, халықаралық ұйымдармен бірлескен іс-шаралар тұрақты түрде ӛткізіледі. Мәселен, ағымдағы жылдың 12 қазанында шетелдік сарапшылар, құқық қорғау ұйымдары мен діни бірлестіктер ӛкілдерінің қатысуымен ЕҚЫҰ-ның Орталығымен бірлесе ұйымдастырылған дӛңгелек үстелді атап ӛтуге болады. Онда діни мәселелерді реттеудің халықаралық тәжірибесінің әрқилы аспектілері талқыланды, түрлі кӛзқарастар ортаға салынып, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар берілді. Бірқатар байқаушылардың пікірлері бойынша жаңа заңымыз уақтылы қабылданған. Атап айтқанда, шетелден келіп, қазақстандық қоғамға іріткі салатын түрлі мазмұндағы діни кӛзқарастардың бақылаусыз таралуына тосқауыл қойылып отыр. Мемлекет «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заңды қабылдау арқылы дін саласында белсенді саясат жүргізуге және заңнан жалтарғысы келетіндерге қатысты қатаң шаралар қолдануға дайын екендігін кӛрсетті. – Біз діни бірлестіктердің қайта тіркелу үдерісі жӛнінде толық сӛйлестік. Ал, керісінше, арнайы тіркелмей, жастар арасында деструктивті кӛзқарастарды насихаттап жүрген діни топтарға қатысты Дін істері агенттігінің ұстанымы қандай? Бұл Елбасының бақылауында тұрған ӛте маңызды әрі ӛзекті мәселе болып табылады. Елбасы жастарды дін атын жамылған топтардың ықпалынан қорғау бойынша тиімді іс-шаралар кешенін әзірлеу талабын қойды. Шынымен, елде дінді жамылып, теріс пиғылда әрі экстремистік идеологияны таратумен айналысатын топтар кездеседі. Мұндай адамдар жалған діни тұжырымдар мен идеялардың шырмауына түсіп, бӛтен елдің қолшоқпарына айналуда. Бұл – ӛкінішті жағдай. Не десек те, олар біздің азаматтарымыз және біреулердің туыстары болып табылады. Алайда олар заңды білмей бұзған жағдайда да қатаң жауапкершілікке тартылады. Сондықтан, бүгін біз діни экстремистердің ықпалына түсетіндерге бірінші кезекте тӛніп тұрған қауіп-қатер туралы айтып, оларды қорғауға мүдделіміз. Қазіргі таңда жоғарыда қойылған талаптарды шешу мақсатында қызмет жасап жүрген ақпараттық-насихат топтарының жұмыстары жӛнінде жиі айтылуда. Мұндай насихат топтары жергілікті тұрғындарға, әсіресе, жастарға діндердің шынайы гуманистік, жасампаздық құндылықтары жӛнінде айта алатын, қоғамның рухани әлеуетін еліміздің игілігіне жұмылдыра алатын адамдардан құралып отыр. Сонымен қатар, діни ради- 71 -


калдардың ӛздеріне де тікелей ықпал ету қажет, оларға кӛзқарастарының бұрыстығының, қайшылығының мәнін кӛрсетіп, дұрыс жолға түсіретіндей ақпараттық-насихат айту қажет. Бұл үшін олардың пікірлері мен кӛзқарастарын анықтап, психологиялық және әлеуметтік келбетін білу керек. Бұл бойынша біз бүгінгі күнде жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Қазақстандағы діни бірлестіктердің іс-әрекеттеріне ортақ тәртіп орнату – қоғамымыздағы тұрақтылықты сақтаудағы маңызды қадам. Мемлекет ресми тіркелген діни бірлестіктерге сеніммен қарайды, олардың азаматтық жауапкершілігі мен деструктивті идеяларға қарсы тұруда белсенді рӛлге ие болатынына үміт артады. Себебі, экстремизм идеяларының қаупіне бірлесе күш жұмылдырып қана қарсы тұра аламыз. Сӛзімнің қорытындысында діни бірлестіктерді қайта тіркеу үдерісі зайырлы еліміздегі мемлекет-конфессиялық қарым-қатынастар моделін одан әрі жетілдірудің алғашқы қадамы екенін атап ӛткім келеді. Алдымызда бұдан да биік міндеттер тұр. – Мазмұнды әңгімеңіз үшін рахмет. Әңгімелескен Самат Мұса. «Егемен Қазақстан» газеті ***** А. Әбдірәсілқызы, ҚР Дін істері агенттігінің басқарма бастығы ДІНТАНУ САРАПТАМАСЫ: МІНДЕТТЕР МЕН МӘСЕЛЕЛЕР Дінтану сараптамасын жүргізу тәжірибесі Қазақстанда 2007 жылдан басталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дінтану сараптамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 қаңтардағы №70 қаулысы осы бағытта қабылданған алғашқы құжат болатын. Аталған қаулыға сәйкес бұрын Әділет министрлігінің, бертінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағында қызмет атқарған Дін істері комитеті дінтану сараптамасын жүргізіп келді. 2011 жылдың мамыр айында ҚР Дін істері агенттігі дербес мемлекеттік орган ретінде құрылғаннан кейін дінтану сараптамасын жүргізу құзіреті Агенттікке берілді. Бұл құзіреттілік Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 11 қазанындағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңымен бекітілді. Дінтану сараптамасының заң деңгейіндегі нормативтік құжатта белгіленуін оның қоғам ӛміріндегі маңызының артып отырғанымен байланыстыруға болады. Қазіргі діни ахуал жағдайында дінтану сараптамасын республикалық деңгейде жүргізудің маңызы зор. Баршаға белгілі, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның конфессиялық кеңістік құрылымы - 72 -


айтарлықтай ӛзгерді. Жаңа діни ахуалдың қалыптасу жағдайында діни бірлестіктер саны күрт ұлғайды. Ел аумағында шетелдік миссионерлердің ісәрекеті қарқын ала түсті. Діни сенім бостандығын ӛз мүдделеріне пайдаланып, үгіт-насихатын күшейтіп отырған теріс пиғылды діни ағымдар да аз емес. Радикалды ағымдар идеологиясын насихаттайтын жат мазмұндағы әдебиеттер елімізде тарала бастады. Осының барлығы дін туралы заңнаманың жаңа заман талабына орай жетілдірілуін, күшейтілуін талап еткендіктен, Агенттік тарапынан дайындалған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданып, қолданысқа енгізілді. Мезгілі жеткен мәселе ретінде дінтану сараптамасы да аталған заңда жеке бап ретінде қамтылды. Осы заңның негізінде «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары» атты заңнамалық акті дайындалып, 2012 жылғы 7 ақпанда Үкімет тарапынан бекітілді. Ендігі кезекте дінтану сараптамасы аталған қағидаға сәйкес жүргізілетін болады. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының негізінде осы қағидада сараптаманы жүргізу негіздері айқындап кӛрсетілді. Бұған дейін дінтану сараптамасын жүргізуге тек мүдделі мемлекеттік органдар арқылы сол органдардың ӛздері және тіркеу барысында діни бірлестіктер ғана сұраныс бере алатын болса, енді жаңа заң талабына сәйкес олармен қатар жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелер де ӛздері ұсынған материалдарға дінтану сараптамасын жүргізу жӛнінде ӛтініш бере алады. Ал жеке тұлғаларды миссионер ретінде тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу (қайта тіркеу) барысында олардың құрылтай және басқа да құжаттары мен пайдаланатын әдебиеттері міндетті түрде дінтану сараптамасынан ӛтуге тиіс. Сараптама қорытындысы теріс болған жағдайда оларды тіркеуден бас тартылады. Сондай-ақ жеке ӛзі тұтыну үшін емес, басқа мақсаттар (сату, тарату) үшін Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін кез келген діни мазмұндағы әдебиеттер мен діни мақсаттағы заттар да алдымен дінтану сараптамасына ұсынылуы қажет. Сараптаманың оң қорытындысын алмаған жағдайда оларды тарату заңсыз болып есептеледі. Кітапхана қорларына түскен діни әдебиеттер де осы негізде сараптамаға жолдануы тиіс. Осы орайда «діни әдебиеттер» деген ұғымға анықтама беру жӛн секілді. Нақты терминдік тұрғыдан келсек, «діни әдебиет» дегеніміз теологиялық, діниканондық, ғұрыптық-мистикалық, әлеуметтік-теологиялық бағыттағы діни мазмұнды қамтитын еңбектер. Олар әдетте тұрғындардың діни немесе дінмен байланысты әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шығарылады. Әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни ағымдар мен қозғалыстардың қасиетті кітаптарының діни мәтіндері де аталған ұғымның аясында қамтылады. Осы бағыттағы еңбектердің барлығы дінтану сараптамасын жүргізуді қажет етеді. Күрделі де ауқымды міндеттерді шешуді кӛздейтін дінтану сараптамасын жүргізу бірнеше деңгейде жүзеге асырылады. Жергілікті деңгейдегі сұраныстарға орай дінтану сараптамасын Агенттіктің аумақтық - 73 -


департаменттерінің дін саласында арнайы білімі бар мамандары жүргізеді. Олардың сараптама қорытындыларының сапасын Агенттіктің құрылымдық бӛлімшесі - Дін мәселелері жӛніндегі ғылыми-ақпараттық талдау орталығы қадағалайды. Аталған орталық сонымен қатар Агенттікке мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан тікелей келіп түсетін сұраныстар бойынша дінтану сараптамасын жүргізеді. Қазір Агенттіктің қарамағындағы «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі де дінтану сараптамасымен тұрақты түрде айналысуда. Аталған орталықтарда 13 дінтанушы маман және дінтану саласына қатысты зерттеулермен айналысатын 7 ғылым кандидаты жұмыс істейді. Сараптама жұмыстарына сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар негізінде білікті дінтанушылар мен заңгерлер, дін саласындағы басқа да тәжірибелі мамандар тартылуда. Бұл сараптама жұмыстарын мерзімінде орындауға және сапасын одан әрі арттыруға ықпал етеді. Қазір мемлекеттік сатып алулар негізінде ӛткізілген байқау нәтижесінде «Ақпараттық ресурстар орталығы» қоғамдық қорының тәуелсіз сарапшылары дінтану сараптамасының белгілі бір бӛлігінің жүргізілуін қамтамасыз етуде. «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына» сәйкес Агенттіктің аумақтық департаменттері жанынан кеңесші құрылым болып табылатын Сараптамалық топтар құрылған. Аталмыш құрылымдарда қазір 18 ғылым докторы, 23 ғылым кандидаты, 7 ғылым магистрі жұмыс істейді. Сараптамалық топтардың құрамы 114 маманнан тұрады, аталған топтарға кеңесші ретінде діни бірлестіктердің 32 ӛкілі тартылған. Агенттік дінтану сараптамасын жүргізу барысында қажет жағдайда кеңесші ретінде тартатын діни бірлестіктердің ӛкілдері дін саласының білікті маманы ретінде теологиялық мәселелерге анықтама беру үшін шақырылады. Ӛйткені діни мазмұндағы әдебиеттерде таласты теологиялық мәселелер жиі қозғалады. Мемлекеттік орган ретінде діннің ішкі мәселелеріне араласпайтындықтан, Уәкілетті орган теологиялық тартысты мәселелерден туындауы мүмкін салдарларды ескеру үшін салалық маманның пікірін білуді назарға алады. Дінтану сараптамасын жүргізу барысында басқа мәселелермен қатар материал мазмұнында әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлтаралық, дiнаралық араздықты қоздыруға бағытталған, экстремизм мен терроризмге шақыратын үндеулердің бар-жоқтығы сарапқа салынатындықтан, діни бірлестік ӛкілінің пікірі қосымша мәлімет ретінде пайдаланылады. Агенттік құрылған мерзімнен бастап Орталық аппаратқа барлығы 1063 материал келіп түскен. Оның ішінде 869 материалға сараптама жүргізіліп, сұраныс беруші тарапқа жолданды. 194 материалға сараптама жүргізілуде. Агенттіктің аумақтық департаменттеріне барлығы 5587 материал келіп түскен. Олардың 2904-іне дінтану сараптамасы жүргізілген, 2683 нысанға сараптама жүргізілуде. Агенттіктің орталық аппаратында жеке және заңды тұлғалардан дінтану сараптамасын жүргізу жӛнінде 274 ӛтініш келіп түскен, олардың ішінде 260 нысанға дінтану сараптамасы жүргізіліп, ӛз мерзімінде сұраныс беруші тарапқа - 74 -


жолданған. Миссионер ретінде тіркелу жӛніндегі ӛтінішпен 56 материал келіп түскен, олардың барлығына дінтану сараптамасы жүргізіліп, жауап жолданды. Агенттіктің аумақтық департаменттеріне жеке және заңды тұлғалардың ӛтініштері бойынша 1189 материал дінтану сараптамасына келіп түскен, олардың 675-іне сараптама жүргізілді. Қазақстан Республикасының кітапхана қорларынан 66 кітап келіп түскен, олардың 60-ына дінтану сараптамасы жүргізілген. Агенттікке келіп түскен 1063 материалдың ішінде 38 жарғы, 2 оқу бағдарламасы, 950 кітап, 59 диск, 14 діни мақсаттағы зат қамтылған. Аумақтық департаменттерге келіп түскен 5587 материалдың ішінде 181 жарғы, 5244 кітап, 159 диск, 3 діни мақсаттағы заттар бар. Олардың ішінде 2904 нысанға сараптама жүргізілген, 2683 нысан сараптама үдерісінде. Агенттік тарапынан жүргізілген дінтану сараптамасының нәтижесінде мазмұнында діни алауыздықты тудыруға себеп болатын фактілер кездесетіні анықталған 12 әдебиет қорытындыларымен бірге сот сараптамасын тағайындау және жүргізу үшін Ішкі істер министрлігіне жолданды. Сонымен қатар мазмұнында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, әлеуметтік араздықтар тудыруы мүмкін мәтіндер кездесетін 44 материал айқындалған. Аталған әдебиеттердің түпнұсқасы мен сараптама қорытындылары сот сараптамасын жүргізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолданды. Агенттік жүргізген сараптама жұмыстарының нәтижесімен жалпы жұртшылықтың танысуына мүмкіндік беру үшін сарапталған нысандардың ішінде оң қорытынды алған 402 материалдың тізімі мен мұқабаларының сканерленген кӛшірмелері Агенттік сайтына орналастырылған. Оң қорытынды алған 112 әдебиет сайтқа қою үшін ӛңделуде. Теріс қорытынды алған әдебиеттер тізімі сот органдарының тиісті шешімі қабылданғаннан кейін сайтқа қойылады. Дінтану сараптамасының нәтижелері Агенттік сайтында тұрақты түрде жарияланып және жаңартылып отыратын болады. Сонымен қатар республика кӛлемінде сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымдар тізімі мен оларға қатысты мәліметтер де сайтта кӛрініс тауып отыр. Агенттік әр жартыжылдық сайын дінтану сараптамаларының қорытындылары жайлы жинақталған мәліметтерді жариялайтын ақпараттық бюллетень шығаруды жоспарлап отыр. Бұл басылымның алғашқы саны үстіміздегі жылы жарық кӛрмек. Яғни дінтану сараптамасының нәтижесінен мемлекеттік орган ӛкілдерінің, зиялы орта мен ғылыми қауымның, дін мәселелеріне қызығушылық танытатындар мен барша кӛпшіліктің хабардар болып отыруға толық мүмкіндігі бар. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Сараптау комиссиясы жүргізетін діни сараптама мен Агенттік жүзеге асыратын дінтану сараптамасының ерекшеліктері мен қолданылу аясын түсінбеушіліктен кӛптеген мәселелер туындап жүргенін атап айтқан жӛн. ҚМДБ Жарғысының 12.3. тармағында аталған бірлестіктің Сараптау комиссиясы мемлекеттік мекемелердің, діни және қоғамдық ұйымдардың ӛтініші бойынша - 75 -


республикадан тыс жерлерден әкелінген немесе республикамызда басылған діни әдебиеттерге сараптама жасап, оларға жазбаша қорытынды беретіні кӛрсетілген. ҚМДБ ӛз құзіретіне кіретін мәселелер шегінде ішкі құрылымдық реттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Сараптау комиссиясын құруға және оның қызметін жолға қоюға, соның ішінде діни мазмұндағы әдебиеттерге қатысты ӛз пікірін білдіруге құқылы. Басқа да діни бірлестіктерде сәйкес құрылымдардың бар екенін ескерген жӛн. Мысалы, Рим-католик шіркеуінде баспа ісіне қатысты «Богословская комиссия» қызмет атқарады, ал Орыс православ шіркеуінің ӛңірлік құрылымдарының басшылары діни баспа ӛнімдеріне қатысты сарапшы міндетін қоса атқарады. Дегенмен ҚМДБ Сараптау комиссиясының діни мазмұндағы әдебиеттерге қатысты қорытындысы шешуші пікір бола алмайды және ҚМДБ Жарғысында да мұндай құзырет кӛрсетілмеген. Дінтану сараптамасын жүргізуге уәкілетті орган тек Агенттік болып табылатыны ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 6-бабының 1-тармағында бекітілген. Республикадағы ең кӛп санды мүшелері бар, тарихи ролі танылған, дәстүрлі дін ілімін ұстанатын діни бірлестік ретінде ҚМДБ-ның діни мазмұндағы белгілі бір әдебиеттерге қатысты пікірі қажет жағдайда мемлекеттік мекемелер, діни және қоғамдық ұйымдар қызметінде қосымша мәлімет ретінде ескерілуі мүмкін, бірақ негізге алынбайды. Сонымен қатар ҚМДБ Сараптау комиссиясынан ӛткен кітаптарда кӛрсетілетін «ҚМДБ Сараптау комиссиясы мақұлдаған» деген мәлімдеме де аталған діни бірлестіктің кӛзқарасын білдіреді. Мұндай әдебиеттер Агенттікте дінтану сараптамасынан ӛтіп, оң қорытынды алғаннан кейін ғана ел аумағында пайдалануға және таратылуға ұсынылады. Республикалық деңгейде жолға қойылып отырған дінтану сараптамасының заңнамалық және басқа да сипаттағы ӛзіндік мәселелері бар. Дінтану мамандығы салыстырмалы түрде алғанда жаңа мамандық болып табылатындықтан, дінтану сараптамасы саласындағы қызмет лицензияланатын қызмет түрлері қатарына енгізілмеген. Болашақта аталған қызмет түрін лицензиялау жӛнінде жұмыстар жүргізу орынды болмақ. Мұның ӛзі оны орындаушыларға қойылатын талаптарды айқындай түсуге және дінтану сараптамасын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуді жетілдіруге ықпал етеді. Екінші мәселе дінтану сараптамасына мемлекеттік сатып алулар негізінде бӛлінген қаржының жеткіліксіздігіне байланысты. Қағиданың күшіне енуі және діни бірлестіктерді тіркеу (қайта тіркеу) үдерісінің басталуы сараптамаға түсетін нысандар санының күрт ұлғаюына әсер етті. Бұл жағдай ағымдағы жылға ғана тән болғанымен, ел аумағында қолданыста жүрген діни әдебиеттердің негізгі бӛлігін дінтану сараптамасынан ӛткізіп болғанға дейін кемінде таяу үш жылда сараптама нысанының кӛлемі азаймайды деп болжамдауға болады. Сонымен қатар Кедендік одақ елдерінің біртұтас экономикалық аймақ құруы діни мазмұндағы әдебиеттердің белгілі бір бӛлігінің алдағы уақытта да кедергісіз ӛтіп отыруына септігін тигізетіні анық. Мұндай әдебиеттер де ел аумағында таралу барысында дінтану сараптамасы нысандарының санын ұлғайтып отырады. Сондықтан дінтану сараптамасына - 76 -


бӛлінетін қаржыны алдағы жылдарда бірнеше есе кӛбейту қажеттігі туындайды. Қорыта айтқанда, қоғам сұранысына, заман талабына сай туындап, жүзеге асырылып отырған дінтану сараптамасының алдында тұрған міндеттер ауқымды, мәселелер күрделі болып табылады. Оларды шешу белгілі уақыт пен елеулі күш-жігерді талап ететіні сӛзсіз. Дінтану сараптамасының қазіргі құқықтық және ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі осы бағыттағы жұмыстарды дұрыс жолға қоюға мүмкіндік береді деген сенімдеміз. www.abai.kz ***** С.Қ. Тілекбаев, ҚР ДІА Қарағанды облысы Дін істері департаментінің директоры КӚП БІРЛЕСТІК КӚСЕГЕНІ КӚГЕРТПЕЙДІ… Елдің түкпір-түкпірінде тӛбе кӛрсетіп отырған діни бірлестіктерді құзырлы мекемелер болмаса, қарапайым бұқара аражігін ажыратып болар емес. Арқа аймағына жататын Орталық Қазақстанның ӛзінде олар жүздеп саналады. Соның аужайын аңдау үшін Қарағанды облысы Дін істері департаментінің директоры Серік Қуатұлы Тілекбаевты аз-кем әңгімеге тартқан едік. – Қарағанды облысы бойынша қанша діни бірлестік бар? Олардың бағыттары мен жұмысына тоқталсаңыз? – Жыл басында 425 діни бірлестік болатын. Ал, қазір олардың саны 2011 жылдың 11 қазанындағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңының негізінде 232-ге қысқарды. Нақтылай айтсақ, исламдық-123, православтық-25, католиктік-18, протестанттық-63, иудейлік-1, дәстүрлі емес бағыттағы – 2 (кришнаиттер-1, бахаи сеніміндегілер-1.) бірлестік бар. Діни бірлестік ретінде тіркелу үшін құрамында ең кемі 50 адам болуы керек. Адам санының аздығына байланысты да бірқатар бірлестіктер жұмысын тоқтатты. Заңға сәйкес облыстағы барлық бірлестіктердің жұмысы жіті тексеріліп, қолданатын әдебиеттерін сараптамадан ӛткіздік. Тікелей тексеру жұмысына Қарағанды жоғары оқу орындарының ғалымдары – 4 профессор қатысты. – Қаламызда шіркеудің мешіттен әлдеқайда кӛп болуы не себептен? – Тәуелсіздік алғаннан кейінгі бейберекет уақытта ӛзге ұлттар ӛздерінің ғибадат үйлерін кӛптеп сала бастаған еді. Сол кезден қалыптасқан жағдай. Шынында, Қарағандыда мешіттен бұрын шіркеу салынған. Ең алдымен, аймағымызда ӛзге ұлт ӛкілдерінің кӛп болуымен байланысты. Қаладағы бірінші мешіт 90 жылдардың соңында бой кӛтерді. Ал, облыс бойынша алсақ, мешіт саны басым. Алдағы уақытта ірі елді-мекендер мен аудан орталықтарында мұсылман мешіттерін кӛптеп салуға кӛңіл бӛлеміз. - 77 -


– Ғаламтор бетінде жүрген бір деректерге қарасақ біздің ӛңірде 419 протестант қауымдастығы және біршама шетелдік миссионер бар екен… – Бұл ақпарат ресми дерекке еш жанаспайды. Жоғарыда айтқанымдай, басаяғы 63 протестанттық ұйым бар. Ал, шетелдік миссионерлер заңды түрде жұмыс жасауда. Сондай-ақ, Рим-Католик епархиясының семинариясында оқып жатқан студенттер де бар. Оның ішінде сырт елден келгендер ғана емес, Қазақстан Республикасының азаматтары да оқиды. Елімізге Рим папасы келіп кеткеннен кейін миссионерлердің мүмкіндігі кеңейді. Олардың негізгі міндеті – ӛңірдегі ӛз этносына діни білім беру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. – Облысымыздағы діни бағытта жұмыс жүргізетін БАҚ-тың таралымы қанша? – Иә, бұқаралық ақпарат құралдары баршылық. Христиандық «Кредо», «Евангельская труба», «Воскресенье день», «У истока» басылымдары мен «Исток» телестудиясы, сондай-ақ «Епархия Караганды» электронды бұқаралық ақпарат құралы бар. «Грейс» журналы ӛткен жылы жабылған болатын. Ал, таралым жағынан мың данадан кемі жоқ. – Тіркелмеген бірлестіктер мен діни ағымдардың аймақтағы үлесі қандай? Ӛзге дінді қабылдағандар мен заңсыз жұмыс істеп жатқан топтар туралы қолдарыңызда нақты дерек бар ма? – Облыста заңсыз жұмыс істеп жатқан діни бірлестіктердің бәрі тексеру барысында жұмысын тоқтатты. Заңсыз бірлестіктер дегенде бір жәйтті айта кету керек. Олардың біразы ӛздерінің діни нанымдары бойынша бас қосады. Тұрақты түрде жұмыс істемейді, тек аптаның белгілі бір күндері жиналып, ӛздерінің мінәжат-ғибадаттарын атқарып, тарқайды. Мұндай жағдай біздің облыста ғана емес, барлық ӛңірде бар. Бір жылғы жұмыс нәтижесінде осы жайттар да жүйеге келтірілді. Ал, ӛзге дінге ӛткендер туралы бізде толыққанды ақпарат жоқ. Бірақ айта кету керек, түрлі бірлестіктердің бәрінде жергілікті ұлт ӛкілдері бар. Ол жасырын емес. Бұған шектеу де қоя алмаймыз. Ӛйткені, кӛп ұлтты мемлекет аталып, заң бойынша рұқсат берілгендіктен, әр азаматтың ӛз еркі ӛзінде. – Рахмет! Әңгімелескен Ақбота Әбілтай «Нұр Астана» газеті *****

- 78 -


Б.Ә. Есмахан, ҚР ДІА Ақтӛбе облысы Дін істері департаментінің директоры САЛАЛЫҚ ЗАҢНАМА – ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ КЕПІЛІ Кеңестік дәуірде үстемдік еткен атеистік идеология халықтарды рухани түп-тамырынан, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы ұстанған дінінен айырды. Дін адамдары жаппай қудаланып, қуғын-сүргінге ұшырады, ал ғибадат орындары қиратылды немесе басқа мақсаттарға пайдаланылды. Жылдар бойы ұрпақ санасына «дін – апиын» деген ұғым сіңірілді. Тек тәуелсіздік алған соң ғана діннің қайта жаңғыруына, діни сенім бостандығына жол ашылды. Қазақстан Республикасы ӛзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялағаннан бергі уақыт ішінде барлық дінге деген бірдей құрметін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының бірінші тармағында атап кӛрсетілгендей, ӛзін зайырлы мемлекет ретінде орнықтыруымен, діни бірлестіктердің, сондайақ азаматтардың діни кӛзқарасына қарамастан, заң алдында тең екендігін нормативтік-құқықтық актілер арқылы бекітуімен дәлелдеп келеді. 1992 жылдың 15 қаңтарында, яғни тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі бір айдың ішінде елімізде «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған еді. Ӛз кезегінде бұл заңда атеистік мазмұндағы мемлекет емес, әр азаматтың діни наным бостандығы құқығын танып құрметтейтін зайырлы мемлекеттің негізін қалау, жетпіс жыл бойы қыспаққа алынған діни сенім бостандығына жол ашу кӛзделді. Ал 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабы діни сенімге және діни қатынастарды реттеуге арналды. Бұл баптың бірінші тармағында да «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар», деп тайға таңба басқандай кӛрсетілген. Осы алғашқы құқықтық қағидалар елімізде дінге деген кӛзқарасты түбегейлі ӛзгертіп, халықтың дінмен қайта қауышуына мүмкіндік берген болатын. Ел Конституциясының 14-бабында заң алдында жұрттың бәрі тең екені, азаматтарды діни кӛзқарасына, нанымына байланысты кемсітуге жол берілмейтіні бекітілді. Осы нормалар негізінде елімізде әртүрлі конфессиялар ӛкілдері ӛздерін еркін сезініп, ӛз діни нанымдарына қатысты әрекеттерді заң аясында еркін жүзеге асырды. Соның арқасында Қазақстан бір шаңырақ астында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс ӛкілдері, 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық, ӛзара берік келісім орнықтыру бағытында байсалды саясат жүргізе алған ел ретінде барша әлемнің құрметіне бӛленді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан кезінде ӛзінің Қазақстанды «әлемнің ӛзге мемлекеттері үшін ұлтаралық келісімнің тұрлаулы әрі тұрақты дамуының үлгісі» ретінде бағалайтынын жеткізген болатын. Қазақстан жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға да ӛзіндік үлес қосып келеді. 2003 жылдың қыркүйегінде Қазақстан елордасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының - 79 -


I съезі ӛтті. Бұл жиынға дүниенің тӛрт бұрышындағы 17 мемлекеттің жоғары лауазымды діни адамдарының, сондай-ақ беделді халықаралық ұйымдар ӛкілдерінің келуі олардың әлемдегі түрлі діни конфессияларды ашық үнқатысуға шақырған Елбасы бастамасына үлкен үмітпен қарағанын айғақтайды. Бұл бастама ӛз жалғасын тауып, бүгінде елімізде тӛрт съезд ӛткізілгені белгілі. Елімізде діни құқық пен бостандық әбден орныққаннан кейін оларды қорғауға қажетті шаралар қолға алына бастады. Осыған байланысты «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңды жетілдіру мәселесі кӛтерілді. 1992 жылы қабылданған заңға жеті рет ӛзгерістер енгізілгенімен, әлемдегі, қоғамдағы санқилы оқиғалар осы саладағы заңнаманы кешенді түрде жетілдіру қажеттігін кӛрсетті. Сӛйтіп, ӛткен жылдың қазан айында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Жаңа заңда Ханафи мазхабы бағытындағы Ислам діні мен православиелік христиандықтың тарихи рӛлінің белгіленуі кӛпшіліктің қолдауына ие болды. Деректерде кӛрсетілгендей, Қазақстан халқының 95 пайызы осы аталған екі діни бағытты ұстанады. 2005 жылы Астанада ӛткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы Құрбан айт пен Рождествоның алғашқы күндерін мерекелік демалыс күндері етіп жариялау жӛніндегі ұсынысын жеткізді. Бұл бастама Парламентте қаралып, «Мерекелер туралы» Заңға ӛзгерістер енгізілді. Қазақстандықтар бұл күндерді жыл сайын атап ӛтіп келеді. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңда қоғамдық және діни мүдделердің тепе-теңдігін сақтау кӛзделген. Жалпы, бұл саладағы мемлекеттік саясат үш негізгі қағидаттарға бағытталады: толеранттылық, тең құқықтылық және бейтараптылық. Толеранттылық діни сенімдерге деген құрметтен туындайды. Заңда азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығы атап кӛрсетілген. Заңның 3-бабының алтыншы тармағында: «Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе ӛзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы» делінген. Осы бапта заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге кӛзқарастары себепті азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейтіні кӛрсетілген. Cондай-ақ, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық кӛрсетумен немесе олардың денсаулығына ӛзге де зиян келтiрумен не ерлi-зайыптылардың некесiн бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтiрумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында кӛзделген мiндеттерiн атқарудан бас тартуға түрткi болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын ӛзге де бұзушылықпен ұштасатын дiни бiрлестiктер қызметiне жол берiлмейдi» деп айқын жазылған. - 80 -


Бейтараптық қағидатына сәйкес, заңда мемлекеттің дін мен діни бірлестіктерден бӛлінгені, егер діни бірлестіктер қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, олардың қызметіне араласпайтыны кӛрсетілген. Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, әлемде орын алып отырған қақтығыстардың, түрлі жанжалдардың тең жарымы дін атын жамылған алауыздықтар мен түсініспеушіліктерден басталатын кӛрінеді. Сондықтан аса нәзік дін, дінаралық келісім мәселелері асқан сабырмен қарауды талап ететінін әрдайым есте ұстаған абзал. Ӛз кезегінде Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі, сонымен қатар, облыстардағы, оның ішінде Ақтӛбе облыстық дін істері департаменті құрылған күнінен бастап барлық жұмыстың негізгі бағыты ретінде осы бейтараптық ұстанымын басшылыққа алып келеді. Ақтӛбе облыстық дін істері департаменті тарапынан жаңа заң аясында конфессияаралық келісімнің, халықтың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру мақсатында жан-жақты іс-шаралар атқарылуда. Қайта тіркеу үдерісі басталғанға дейін Ақтӛбе облысы аумағында 112 діни бірлестік тіркеуде тұрды. Әрине, олардың басым кӛпшілігі 90 жылдардың басында ашылып, қазіргі таңда маңыздылығын жоғалтып та үлгерді. Мәлім болғандай, жаңадан қабылданған заңның талаптарына сәйкес республика кӛлеміндегі діни бірлестіктер мен олардың филиалдарын қайта тіркеу жұмыстары қарқынды ӛткізілуде. Діндар қауымдастықпен ынтымақтастық мәселелері де жолға қойылды. Мысалы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесе отырып облыс аумағындағы мамандар мәселесі бір жолға қойылды. Тамыз айынан бастап, бүгінге дейін арнаулы орта және діни жоғары білімі бар 19 имам жаңадан тағайындалды. Сонымен қатар, жергілікті мешіттердегі имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында ай сайын Дін істер департаменті қызметкерлері, ҚМДБ басшылары және теологтар тарапынан апталық семинар ұйымдастырылуда. Облыстағы діни ахуалға жүргізілген мониторингті басшылыққа ала отырып, облыс аумағындағы діни бірлестіктермен қарымқатынасты реттеу және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында да кӛптеген шаралар ӛткізілуде. 2011 жылдың шілдесінен бастап облысқа 8 ақпараттық-насихаттық топ құрамында 32 теолог келіп, 627 шара ұйымдастырылды. Жалпы саны 48 мыңнан астам азамат қамтылды. Тұрақты түрде жергілікті имамдардан, теологтардан және қоғамдық ұйымдардың ӛкілдерінен құралған ақпараттықнасихат тобы жұмыс атқаруда. Олар негізінен жаңа заңның насихаттық қырына басымдық беруде. Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жӛніндегі кеңестің құрамы кеңейтіліп және қайта қаралып, жұмысы белсенділендірілді. Осындай шаралар қала және аудандық кеңестерде жүргізілді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша және демеушілік арқылы ақпараттық-консультативтік «Жарық» және «Аңсар» облыстық консультативтік-оңалту орталықтарының сенім телефондары белсенді жұмыс атқаруда. Діни бағыттағы шаралар жан-жақты жасақталған медиа-жоспар аясында жүргізілуде. - 81 -


Әрине, мұның бәрінде де «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң басшылыққа алынып отырады және оның барлық діндерге теңдік қағидатын сауатты жүзеге асыру басымдығы күн тәртібінен түспейді. www.egemen.kz ***** М.Ә. Мҧхамеджанов, ҚР ДІА ШҚО Дін істері департаментінің директоры ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ЖҤЙЕЛІ ТҤСІНДІРУ ЖҦМЫСЫ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ Шығыс Қазақстан облысы діни бірлестіктердің саны мен құрамы жағынан күрделі ӛңірлердің бірі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптарына сәйкес ӛңірде осы уақытқа дейін қызмет етіп келген 365 діни бірлестіктің 278 - і тіркеуден және қайта тіркеуден ӛтті. 2012 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыс аумағында барлығы 278 діни бірлестік қызмет етеді. Яғни бірлестіктер қызметі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24 пайызға азайды. Оның 189 ислам бағытындағы, 36 православиелік, 4 кӛне - ғұрып, 6 католиктер, 43 протестанттық және дәстүрлі емес діни ұйымдар. Олардың қарамағында 275 ғибадат үйі бар. Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаменті ӛз қызметін бастаған алғашқы күннен-ақ дін саласындағы жүйелі түсіндіру жұмысын жүргізу қызметінің маңызды бағыттарының бірі етіп белгіледі. Ӛйткені ӛз тарапымыздан жүргізілген зерделеу мен зерттеу жұмыстары ӛңірдегі діни экстремизмге идеологиялық қарсы тұрудың тиімді кӛрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік берді. Оның ішінде біріншіден, экстремизм идеяларының халық арасына таралу каналдарына жол бермеу болса, екіншіден, экстремизмнің утопиялығы мен деструктивті сипатын түсіндіру мен оған қарсы тұрудың ішкі иммунитеті ретінде халықтың діни сауаттылығын арттыру аса маңызды болып шықты. Бұл орайда қалың бұқараға, діни бірлестіктердің басшылары мен оның мүшелеріне, әкімдіктерге, басқа да мемлекеттік органдарға дін саласының заңнамалық базасын түсіндіру және оның орындалуын талап ету маңызды. Біздің ойымызша, бұл ретте облыс әкімдіктері жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жӛніндегі кеңестердің жүйелі жұмысын қамтамасыз ету кӛптеген түйткілді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Кеңестердің азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен ӛзара әрекетттесу саласындағы мемлекет саясаты мәселелері жӛнінде - 82 -


ұсыныстар әзірлеу, қоғамдағы рухани келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестірудегі маңызы ӛлшеусіз. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жӛніндегі Кеңестің 2012 жылдың 13 маусымындағы шешімімен бекітілген Үлгі ереженің негізінде облыстық Кеңестің Ережесі жасалып, бекітілді. Ережеге сәйкес Кеңестің Тӛрағасы облыс әкімі болып табылады, орынбасарлары болып облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жӛніндегі орынбасары және Дін істері департаментінің директоры белгіленген. Оның мәжілістері тоқсанына бір рет ӛткізіліп отырады. Егер бұрындары Кеңестің жұмысында қасаңдылық басым болса, қазір оның отырыстары облыстағы діни ахуалдың жақсаруына ықпал ететін тиімді тетікке айнала бастады. Оның ӛткізілу форматтарына да ден қойылып келеді. Мәселен, 2012 жылдың 6 қыркүйегінде Кеңестің кеңейтілген отырысы ӛңірдің 19 ауданы мен қалалары толық байланысқа қосылған видеоконференция режимінде ӛткізілді. Кеңес жұмысына оның мүшелерімен қатар аудан, қала әкімдері, олардың әлеуметтік-саяси мәселелер жӛніндегі орынбасарлары, ішкі саясат және білім бӛлімдерінің бастықтары, ауылдық және кенттік округтар әкімдері, мектеп директорлары, құқық қорғау органдарының басшылары, діни бірлестіктердің жетекшілері, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының ӛкілдері қатысып отырды. Шілде айында ӛткен аудандағы діни ахуалды талқылаған Аягӛз ауданының діни бірлестіктермен байланыс жӛніндегі кеңесінің отырысына барлық ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, дінтану пәнінің оқытушылары, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының басшылары, діни бірлестіктердің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ӛкілдері, барлығы тӛрт жүзден астам адам қатысты. Бүгінгі күні барлық аудан, қалаларда кеңестердің Ережелері жаңадан бекітілді, қызметі қайта зерделеніп, жұмыстары жолға қойылды. Егер осы уақытқа дейін кеңес жұмыстарына аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары басшылық етіп келсе, қазір тӛрағалық ету әкімдерге жүктеліп отыр. Кеңейтілген отырыстарға облыстық Дін істері департаментінің, Ішкі саясат басқармасының, Ішкі істер департаментінің, дәстүрлі діни бірлестіктердің басшыларының қатысуы дәстүрге айналды. Кеңестер Шығыс Қазақстанда діни ахуалға ықпал етудің нақты құралына айнала бастады. Дін саласындағы түсіндіру жұмысын жүйелі ырғаққа келтіруде ақпараттық-насихат топтары маңызды орын алады. Мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын түсіндіру, мемлекет пен қоғам арасындағы «кері байланысты» қамтамасыз ету, сондай-ақ аталған салада жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін нығайтуда да жұмыстың осы формасы ӛмірдің сынынан ӛткен тетік болып табылады. Бүгінде облыстық, аудандық, қалалық ақпараттық-насихат топтарының жұмыстарын жандандыру, олардың қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар ӛзінің оңды нәтижесін беруде. - 83 -


Дін істер департаментінің директоры жетекшісі болып табылатын облыстық ақпараттық - насихат тобы жыл басынан бері 40-тан астам елді мекендерде кездесулер ӛткізді, оларға алты мыңға жуық адам қатысты. Құрамында 160 адамы бар қалалық және аудандық ақпараттық-насихат топтары жиырма мыңға жуық адаммен кездесті. Кездесулер барысында халыққа мемлекеттің дін саласындағы саясатының негізгі принцптері мен бағыттары, әлемдік және дәстүрлі діндер, ислам мен мен оның ханафи бағыты, православиелік христиандықтың, теріс бағыттағы діни ағымдардың мәні туралы түсініктер берілді. Тұрғындарға конфессияаралық келісімді нығайтудың маңыздылығын, сондай-ақ Елбасының белгілеген міндеттері мен мақсаттары жайлы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптары жан-жақты түсіндірілді. Кездесулерде кӛптеген ӛзекті тақырыптарды қозғайтын сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды. Сұрақтардың дені діни ағымдар, жаңа заң бойынша, сондай-ақ имамдардың білім деңгейін арттыру, жастардың деструктивті діни ағымдарға кіруіне жол бермеу, халықтың діни сауаттылығын арттыру тұрғысында болды. Кӛп сұрақтар діни бірлестіктердің есептік қайта тіркеуден ӛтуі, жаңа ғибадат үйлерін салу туралы, діни әдебиеттер мен заттарды сату орындары туралы болды. Облыста жүргізілген әлеуметтік зерттеулер ақпараттық насихат топтары жұмысының тиімділігін кӛрсетіп отыр. Мәселен, облыстық ақпараттық-насихат тобы болып қайтқаннан кейін Үржар, Зайсан, Аягӛз аудандары мен Риддер қаласында дәстүрлі емес діни ағымдардың белсенділігі екі айдың ішінде айтарлықтай тӛмендеді. Жүйелі түсіндіру жұмысын қамтамасыз етуде бұқаралық-ақпарат құралдарының әлеуетін тиімді пайдалану және олармен тығыз байланыста жұмыс істеу аса маңызды болып табылады. Бұл орайда конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту, халықтың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизмге қарсы тұруды насихаттауға бағытталған облыс әкімдігімен бірлескен медиа-жоспар жасалды, оның негізінде 6 сюжет кӛрсетіліп, 18 мақала жарияланды. Облыстық «Қазақстан - Ӛскемен» телеарнасында ай сайын шығатын 20 минуттық «Шарапат» және «Близкие духом» телехабарлары ұйымдастырылды. Ӛскемен қалалық «Қалкен» телеарнасында апта сайын «Қасиетті жұма», «Благочестие» хабарлары жарық кӛреді. Жыл басынан Департамент қызметкерлерінің қатысуымен 9 бағдарлама және директордың қатысуымен 2 «тікелей эфир», 3 баспасӛз-конференциясы ұйымдастырылды. Есепті кезеңде республикалық және ӛңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 643 материал жарияланды. Қыркүйек айынан бастап облыстық «Рудный Алтай» газетінде «Духовность», ал «Дидар» газетінде «Дін» атты арнайы бет шығару қолға алынды. Ӛңірдің бұқаралық ақпараттық құралдары ӛкілдеріне арналған «Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және конфессияаралық қарымқатынас саласындағы экстремистік идеяларды таратпаудың маңызды - 84 -


әдістерінің бірі ретінде - діни қызмет мәселелерін БАҚ-та жариялау» тақырыбында журналистермен ӛткізілген семинар-тренингте дін саласын сауатты түсіндірудің жай-жапсары жан-жақты сӛз болды. Облыста дәстүрлі діни бірлестіктердің «Ислам нұры», «Православие в Прииртышье» атты ақпараттық басылымдары бар. Олар айына 2 рет шығады. Оларда діни қызметшілердің, елге қадірлі, кӛпшілік арасында беделді ақсақалдармен дінтанушылардың мақалалары жүйелі орналастырылып келеді. Сондай-ақ газет беттерінде мемлекеттік органдардың ұйымдастырған шаралары туралы да ақпараттар беріліп отырады. Сайып келгенде, діни экстремизм мен терроризмге жол бермеу, оны санаға қабылдамау ең алдымен халықтың діни сауаттылығына байланысты. Ал діни сауаттылықтың деңгейін арттыру мемлекеттік органдардың, дәстүрлі діни бірлестіктер басшыларымен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып жүйелі де сауатты әрі түсіндіру жұмыстарын жүргізуге байланысты. Олай болса, жүйелі түсіндіру жұмысы - уақыт талабы. www.abai.kz

- 85 -


IV БӚЛІМ. ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Қ.Қ. Лама Шариф, ҚР Дін істері агенттігінің Тӛрағасы БІЗГЕ ЕРЕКШЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҤКТЕЛГЕН Дінаралық қатынастар қоғамдық келісім, яғни түрлі діни сенімдері бар немесе тіпті ешқандай сенімдерді ұстанбайтын қоғам бӛліктері арасындағы әлеуметтік ымыра нәтижесінде қалыптасатыны баршамызға мәлім. Зайырлы мемлекеттің рӛлі осындай ымыраға келу кезінде делдал мен кепілгер рӛлін тиімді атқарудан және тұлға, жалпы қоғам мен мемлекет мүдделерінің теңгерімін тиімді қолдаудан тұрады. Соңғы жылдары Қазақстандағы діни ахуал ішкі және сыртқы саяси сипаттағы және басқа да кӛптеген дәлелді себептер бойынша назарды ӛзіне аудартып қойды. Осы саладағы барлық жұмысты сапалы жаңа деңгейге шығару қажеттілігі пайда болды. Міне, сондықтан 2011 жылдың мамыр айында жеке мемлекеттік орган – Дін істері агенттігі құрылған. Бүгінгі әңгімеміз осы мекеменің басшысы Қайрат Лама Шарифпен ӛрбімек. Қайрат Қайырбекұлы, Сіз Шығыс Қазақстан облысына Дін істері агенттігінің тӛрағасы ретінде алғаш рет келіп отырсыз. Сіз басқаратын мекеме қандай жұмыстар атқаруда? Бірінші кезекте біз Қазақстандағы мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғамның басқа да құрылымдарының арасындағы ӛзара іс-қимылды үйлестіреміз, бұл үшін діни ахуалға тұрақты мониторинг, талдау және болжау жүргіземіз. Біздің мамандар бүгінде осы саладағы тиімді мемлекеттік шешімдерді қабылдауды жеңілдетуге мүмкіндік беретін кӛптеген талдамалық және әдістемелік материалдарды әзірледі. Ғылыми-зерттеу қызметі Қазақстан дінтанушыларының Конгрессімен, беделді дінтанушы ғалымдармен, теологтармен, философтармен, әлеуметтанушылармен және саясаттанушылармен бірлесіп жүргізілуде. Әрине, тікелей құзыретіміздің шегінен тыс болып келетін салалар мен үрдістер де бар. Ӛйткені, Агенттік бұл тек зайырлы мемлекеттік құрылым және біз негізінен діни нанымдарды уағыздаумен айналыспаймыз. Діни феномен ретіндегі дін, діни бірлестіктердің қызметі және қоғам ӛмірінің бір саласы ретіндегі дін – мұның бәрі әртүрлі нәрселер. Осы айтылғандардан басқа, біз елдегі діни үрдістерді реттеу үшін құқықтық базаны одан әрі жетілдіруге атсалысудамыз. Біз «Діни қызмет және - 86 -


діни бірлестіктер туралы» жаңа заңды әзірледік. Одан басқа, біздің мамандар дін саласындағы заңға қарасты актілерді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін дайындау жұмыстарына қатысады. Мұның барлығы жаңа заңның ережелерін іс жүзінде іске асыру үшін қажет. Агенттік тағы да қандай жұмыстар атқарып жатыр? Күнделікті жұмыстарыңыздың жӛнін білсек? Біз үлкен кӛлемде діни әдебиеттерге, бейне және аудиоматериалдарға дінтану сараптамасын жүргіземіз. Бұл діни бірлестіктерді тіркеуге, миссионерді тіркеу туралы куәлікті беруге қатысты шешімдерді қабылдау үшін қажет. Агенттіктің тағы бір маңызды қызметі - мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастықтың, соның ішінде дін саласында зерттеулер жүргізетін және қоғаммен ӛзара іс-қимыл жасайтын секторы арасындағы жүйелі ынтымақтастықты жолға қою. Бұл бізге Қазақстанда конфессияаралық бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмысты одан әрі жалғастыру үшін мағлұмат береді. Қазіргі кезде қоғамның діни бірлестіктерді тіркеу мәселесіне жіті назар аудара бастағандығы белгілі. Бұл үдеріс қалай ӛтуде, мұны ұйымдастыруда нендей мақсатты кӛздедіңіздер? Қазір Інжілдік-лютерандық шіркеудің 8 жергілікті діни бірлестігі мен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық діни бірлестігін тіркеу аяқталды. Ендігі кезекте мешіттерді ҚМДБ-ның филиалдары ретінде қайта тіркеу үрдісі жүріп жатыр. Сонымен қатар барлық ӛңірлерде Қазақстандағы Православ шіркеуінің 300-ден астам приходтары қайта тіркеуден ӛтуде. Басқа бірқатар діни бірлестіктерден құжаттар қабылданып, қажетті рәсімдер жүргізілуде. Мақсатымыз біреу діни бірлестік қызметінің айқын болуын қамтамасыз ету, оның мемлекет пен қоғам алдында діни ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нақты заңнамалық шеңбер шегінде жүргізілуін қалыптастыру. Бұл қоғамға қайшы, бүлдіру әрекеттерді уақтылы айқындап, тоқтатуға мүмкіндік береді. Бұл жерде айтылуға тиіс мәселе, Қазақстанның діни бірлестіктерді тіркеу ережелерін кейбір шет елдермен салыстырсақ, әлдеқайда жеңілірек. Ал діни бірлестікті тіркеуден бас тартудың себебі не болуы мүмкін? Егер де қандай да бір діни бірлестік заңнаманы бұзса немесе тұлғаға, отбасы мен қоғамға теріс ықпал ететін болса, онда ол діни бірлестікті тіркеуден бас тартуға себеп болады. Бұл жерде мұндай бұзушылықтардың барлық фактілері дәлелденуі тиіс. Сонымен қатар, діни ұйымдардың құрылтай құжаттарында заңнамаға сәйкес келмейтін қателіктер болса және ұйымның ілімі мен қызметінің басқа да аспектілері туралы мәліметтер дәйексіз болса, онда ол да тіркеуден бас тартудың себебі болмақ. Сондай-ақ, кейбір жағдайларда құрылатын бірлестік дінтану сараптамасының нәтижелері негізінде діни бірлестік ретінде танылмауы да мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында қандай конфессиялар қызмет атқарады? - 87 -


Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының аумағында 365 діни бірлестік жұмыс істейді. Олардың ішінде: исламдық – 200, православтық – 38, католиктік – 6, протестанттық – 111, иудаизм – 3 және дәстүрлі емес қауымдары – 7. Облыста 274 ғибадат үйі бар. Сіз діни бірлестікті тіркеу мәселесін әңгіме қылғанда шетелдік тәжірибені айтып ӛттіңіз. Кӛптеген елдерде миссионерлік қызметке де шектеу қойылған. Қазақстанда миссионерлік қызмет қалай жүзеге асады және жаңа заңда бұл мәселе қалай реттеледі? Қазақстанда миссионерлер жаңа заңға сәйкес елімізде ресми тіркелген діни бірлестіктердің атынан ӛз қызметтерін жүргізе алады. Миссионерлерге миссионерлік визаны алып, ресми рәсімнен ӛткеннен кейін миссионерлік қызмет куәлігі берілетін болады. Бұл куәліктерде тұлғаның әрекет ету мерзімі мен ӛз қызметін жүзеге асыруға құқылы аумағы кӛрсетіледі. Бұл азаматтарға егер олардың есігін бейтаныс адамдар маза бермей қағып жатса немесе кӛшеде қолдарына мазмұны түсініксіз кітапшаларды амалсыз ұстатып жатса, полиция қызметін заңды негізде шақыруға мүмкіндік береді. Миссионерлік қызметті заңсыз жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қайрат Қайырбекұлы, Қазақстанда ислам, православие, католицизм, лютерандық және иудаизм бұрыннан қалыптасқан, алайда елімізде 46 конфессия бар деп есептеледі. Адамдар неліктен дәстүрлі емес діни ағымдарға бой ұрады? Теріс пиғылды дәстүрлі емес діни ағымдардың ӛріс алуының негізгі себептеріне қарапайым халықтың діни сауатсыздығын және кейбір азаматтардың жалған уағыздарға қалтқысыз сенуін жатқызуға болады. Мәселен, жат діни ағымдарды уағыздаушылар шығармашылық адамдарға ӛз қабілеттіліктерін күшейту, тұлға ретінде ӛзін-ӛзі жетілдіру, мансапқа қол жеткізу үшін кӛбірек мүмкіндіктер береді.Олармен әңгімелескенде «бұл дін емес, жай ғана» психологиялық тренинг немесе осыған ұқсас нәрсе деп жиі айтылады. Олар халықтың әлеуметтік-қорғалмаған топтары үшін қайырымдылық шараларын ұйымдастырады, алғашқыда ақша, киімдер, азық-түлік таратады, кейінірек адамдар жалпы жиналыстарға тұрақты қатысып жүретін болса, олар ӛздерінің табыстарының белгілі бір бӛлігін ұйымға әкелуге тиісті. Бір сӛзбен айтқанда, «тегін ірімшік тек қақпанда ғана болатыны» белгілі. Шындығында, мұндай ұйымдар желілік маркетинг қағидаты бойынша құрылған қаржылық пирамида іспеттес. Мәселен, ӛткен жылдың 21 қарашасында Алматы қаласындағы Түрксиб соты «Благодать» Інжіл миссионерлік орталығының пасторы қызметін атқарған Оңтүстік Корея азаматының осындай арамза жолмен тапқан 120 мың АҚШ долларын тәркіледі. Осы жат ағымдардың ықпалынан халықты қорғаудың тиімді жолдары қандай?

- 88 -


Қазіргі кезде халықтың діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығын айтпасақ та түсінікті. Одан басқа, тек діни салада емес барлық саланы қамтитын кешенді іс-шаралар қабылдау қажет. Жастар болашақты болжай білуі тиіс, олардың оқуға, жұмысқа тұруға, отбасын құруға мүмкіндіктері болуы қажет, яғни олар лайықты, үлгі боларлықтай ӛмір сүруі керек. Сондай-ақ бұл үдерісте мәдениетіміздің және ӛз мәдениетін қадірлейтін, дана бабалардың дәстүрлерін құрметтейтін адамның тарихи сана-сезімінің қайта ӛркендеуі жағымды әсер етуі тиіс. Адамның осының бәрінен қорғалатын табиғи иммунитеті болады. Сіз сұхбаттарыңызда халық арасында діни мәселелер бойынша ағарту жұмысын жүргізудің маңыздылығы жӛнінде бірнеше рет айтқансыз. Осы мәселе неге нақ бүгін маңызды болып отыр? Халық арасында діни ағарту жұмыстарын тұрақты жүргізу - бүгінгі таңда ӛте қажетті шара. Қоғамымызда діннің ӛркендеуі бұрыннан келе жатқан қалыпты үрдіс. Алайда, егер ол бей-берекет түрде ӛтіп жатса, қауіпті үрдістер шарасыз қалыптаса бастайды. Мемлекет бұл бағытта кӛп жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, орта мектептің 9 сынып бағдарламасына «Дінтану негіздері» пәні енгізілген. Әрине, зайырлы мемлекетте мектеп бағдарламасына тікелей ислам немесе православие пәнін міндетті пән ретінде енгізу мүмкін емес. Сонда да, дәстүрлі діндер негіздерін, олардың тарихы мен айырмашылықтарын барлығы білуі қажет. Терең діни білім алып, ӛз ӛмірін діни қызметке арнаймын деушілерге Қазақстанда зайырлы білім алудан басқа діни білім алу үшін жағдайлар жасалған. Соңғы сауалым, жұмыстарыңыздағы ең қиын нәрсе не деп ойлайсыз? Қазақстандағы, сондай-ақ Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі ахуалдың әлемдік тәжірибе бойынша ешқандай ұқсастығы жоқ. Бұл дегеніміз, шетелдік тәжірибені жай ғана зерделеу бізге еліміздегі діни ахуалдың дамуын болжауға мүмкіндік бермейді деген сӛз. Сонымен қатар, отанымызға басқа тарихи жағдайларда құрылған және қолданылған дайын үлгілерді алсақ, біз күткен нәтижелерге әкеп соқпауы мүмкін. Қазір біз, тіпті, санаулы жылдар ішінде ілгерілеу мен ӛзгерістер байқалатын таңғажайып серпінді әлемде ӛмір сүріп жатырмыз. Ал мұндай нәтижелерге кезінде онжылдықтар, тіпті ғасырлар бойында қол жеткізілген. Осы жағдайдың бәрі алдымызға қойылған міндеттерді бірнеше есеге қиындатады және енгізілген ӛзгерістер үшін бізге ерекше жауапкершілікті артады. Мазмұнды сұхбатыңызға рахмет! «Дидар» газеті ***** - 89 -


Қ.Қ. Лама Шариф, Дін істері агенттігінің Тӛрағасы ЖАСТАРЫМЫЗДЫ РУХАНИ ТҦРҒЫДА ТӘРБИЕЛЕУ – АГЕНТТІК ЖҦМЫСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ Бір жылдан астам уақыт бұрын Дін істері агенттігі құрылды. Бұл мекеменің жұмысы алғашқы кезде кӛзге кӛрінбегенімен, ӛз жемісін беруде – «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң, заңға қарасты актілер қабылданды, жоғары деңгейде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі ӛткізілді, діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу үдерісі белсенді жүргізілуде. Бірақ бұл сӛзсіз, жас мемлекеттік органның алғашқы қадамы ғана. Дін саласында әлі де шешілуі тиіс кӛптеген ӛзекті мәселелер бар. Аталған мекеменің басшысы Қайрат Лама Шарифпен әңгіме Агенттіктің осы бағыттағы қызметі және оның атқарған жұмысы жайында ӛрбіді. – Қайрат Қайырбекұлы, жуырда арияланған Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында жастарды тәрбиелеу маңыздылығына кӛп кӛңіл бӛлінген. Дін істері агенттігі бұл бағытта қандай жұмыстар атқаруда? – Баяғыда ата-бабамыз: «Бір жылыңды ойласаң, егін ек. Он жылыңды ойласаң, ағаш ек. Жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле, білімге кӛңіл бӛл» деп айтып кеткен. Дін жастарды тәрбиелеу ісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптасуына ықпал етіп, елеулі рӛл атқарады. Сондықтан, Дін істері агенттігі жастар арасында құқықтық және діни ағарту ісіне бағытталған кешенді жұмысты жүргізуде. Ӛйткені шынайы діннен хабары жоқ жастар діни секталар мен экстремистердің шырмауына тез түсіп жатады. Осыған орай біз барлық діни бірлестіктер мен миссионерлерге есеп жүргізіп, олардың қызметіне мониторинг жүргіземіз. Әрине, кез келген адамның ӛз ӛмірлік жолын таңдауға жеке құқығы бар, бірақ ол жалған діни ілімдердің артында не тұрғанын білуі тиіс. Жастарға теріс пиғылды діни ұйымдар туралы ақпарат беру олардың осы ұйымдардың қатарына кіруінің алдын алудың ең тиімді тәсілі болып саналады. Жастар мұндай ұйымдар туралы бәрін біліп, олардың ӛкілімен алғашқы сӛйлескеннен кейін-ақ олардың шынайы бет-бейнесін бірден ажырата білуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан жастардың пайдалы іспен шұғылдануын және салауатты демалуын ұйымдастырудың да маңызы зор. Елбасымыз айтып кеткендей, жастардың бар күш-жігерін дұрыс жолға бағыттау керек. Сондықтан, бүгінгі таңда жастармен жұмыс жасаудың маңызы зор. Оларды қоғамдық-пайдалы іс-шараларға қатыстыру, оларға дамуға, кәсіби маман болуға мүмкіндік беру қажет. Алдын алудың осындай кешенді жұмыстарын жүргізу теріс пиғылды діни ұйымдардың қатарына кірген жастардың санын азайтуға кӛмектеседі. - 90 -


– Агенттік жұмысында тағы қандай бағыттар маңызды? – Ӛздеріңіз білетіндей, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру мақсатында 2011 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы қабылданды. Заң ережелерін жүзеге асыруға қажетті заңға тәуелді актілер, қызмет стандарттары, қағидалар мен регламенттер әзірленіп, жетілу үстінде. Халықтың діни сауаттылығын жоғарылату бойынша ақпараттық-түсіндіру қызметін жүргізу біздің жұмысымыздың басты бағыты болып анықталды. Барлық аймақта ақпараттық-насихат топтарының жұмысы дұрысталды. Аталмыш топтардың құрамына тәжірибелі теологтар, дін мамандары, жоғары оқу орындарының «дінтану» пәнінің оқытушылары және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері кірді. Ақпараттық-насихат топтарының мүшелері тұрғын халықтың кӛптеп қатысуымен кездесулер мен дӛңгелек үстелдер, тренингтер мен дәрістер ӛткізіп тұрады. Тәжірибеміз кӛрсеткендей, тұрғындар арасындағы ақпараттық-насихат топтарының жұмысы ӛте тиімді және бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Дін саласындағы отандық ғылыми қауымдастықты бір арнаға тоғыстыру, дін мен қоғамның ӛзара байланысын терең зерттеуге бағытталған пікірталас алаңын құру мақсатында ӛткен жылдың қараша айында Қазақстан дінтанушыларының бірінші форумы ӛткізілді. Оның жұмысына мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ӛкілдері қатысты. Осы кезде Қазақстан дінтанушыларының Конгресі құрылды. Қазіргі кезде бұл Конгресс дінтану сараптамасын жүргізуге қатысады. Әрине, атқаратын жұмыс кӛп, бірақ қазір біз үшін ең басты нәрсе – елімізде діни бірлестіктермен сындарлы ӛзара іс-қимыл жасау, тиімді түсіндіру және оқу-ағарту жұмысын жүргізу арқылы бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету. – Қайрат Қайырбекұлы, дінтану сараптамасы жӛнінде егжейтегжейлі тарқатып айтып берсеңіз. – Заңға сәйкес діни бірлестікті тіркеу кезінде және миссионерлік қызмет куәлігін алу үшін аталған діни ұйымның не миссионердің діни мазмұндағы әдебиеттерді пайдалануына дінтану сараптамасының оң қорытындысын алу талап етіледі. Дінтану сараптамасын Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлері жүргізеді. Бұл күрделі жұмыстың үлкен кӛлемін Дін мәселелері жӛніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы да іске асырып отыр. Сараптама жұмысына тәжірибелі дінтанушылар мен осы саладағы сарапшылар тартылуда. Сараптаманың оң қорытындысы берілген материалдар тізбесі Агенттіктің ресми сайтында тұрақтытүрде жаңартылып отырады, қазіргі кезде онда 383 діни әдебиеттің атауы кӛрсетілген. Біз бұл ақпаратты кӛпшілік кӛре алатындай етіп әдейі жарияладық, кез келген адам сайтқа кіріп, белгілі бір кітапқа рұқсат - 91 -


бар ма, ол кітап оқу-ағарту ісінде кӛмектеседі ме жоқ әлде экстремизм тудырады ма деген секілді сұрақтарға жауап таба алады. – Дінтану сараптамасын жүргізу, діни ахуалға талдау жасау және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы тиімді жұмысты ұйымдастыру үшін дінтанушы мамандар қажет. Қазақстанда дінтану саласы қалай дамып келеді? Оның дамуында серпін бар ма? – Жаңа айтқанымдай, 2011 жылдың 16 қарашасында Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінде Дін істері агенттігі мен Білім және ғылым министрлігінің бірігіп ұйымдастыруымен Қазақстан дінтанушыларының бірінші форумы ӛтті. Форум жұмысына Ресей және Тәжікстан елдерінен мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің ӛкілдері, Қазақстанның танымал дінтанушы ғалымдары, Парламент депутаттары, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ӛкілдері қатысты. Аталмыш жиын барысында Қазақстан дінтанушыларының Конгресі құрылды. Оның құрамында дінмен байланысты мәселелермен айналысатын гуманитарлық білімі бар әртүрлі саладағы қадірлі мамандар жұмыс істейді. 2012 жылдың қараша айында Дінтанушылардың екінші форумы ӛтеді. Оның барысында біз басқа мәселелермен қатар, жоғары оқу орындарында дінтанушы мамандарды даярлауды жетілдіру, олардың оқу кезінде тәжірибе жинауы үшін Дін мәселелері жӛніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығындатағылымдамадан ӛтуіне жағдай жасау мәселелерін талқылауды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, орта мектептің 9 сынып бағдарламасына «Дінтану негіздері» курсы енгізілді, ӛйткені дәстүрлі діндердің негізін, тарихы мен айырмашылықтарын білу барлығы үшін қолжетімді болу керек. – Қайрат Қайырбекұлы, Сіз біздің облысқа Конституция күні қарсаңында іссапармен келдіңіз. Еліміздің Ата заңында: «Қазақстан – зайырлы мемлекет» делінген. Осы ұстаным мемлекеттік-конфессиялық саясатты қалыптастыру кезінде ескеріле ме? – Қазақстанның бүкіл саясаты, дін саласында және басқа да бағыттарда болсын демократия, теңдік және еркіндік қағидаларынан тұрады. Конституцияда әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бекітілген, ал «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңда азаматтардың дінге деген ӛз кӛзқарасын айқындауына, кез келген дінді ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқық берілген. Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «...Біз барша діндердің теңдігі мен Қазақстандағы дінаралық келісімді қамтамасыз етеміз және бұған кепілдік бере аламыз. Біз исламның, ӛзге де әлемдік және дәстүрлі діндердің ең үздік дәстүрлерін дамытудамыз және оларды сыйлаймыз. Бірақ та заманауи зайырлы мемлекет құрып жатырмыз» деп ерекше атап ӛткен болатын. Мемлекетіміздің зайырлы сипатын сақтау – Агенттіктің ӛз қызметінде басшылыққа алатын негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Бірақ бұл - 92 -


жерде зайырлылық дегеніміздің атеизм емес екендігін, оның мемлекет пен діни бірлестіктердің ӛзара әріптестігіне тұсау салмайтындығын түсіну маңызды. – Қазіргі таңда дін саласындағы аса маңызды міндеттердің бірі ол жаңа заңға сәйкес діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу мәселесі болып отыр. Мұндай ереже неліктен енгізілген және қалай іске асырылмақ? – Алдымен, «неліктен?» деген сауалға жауап беретін болсам, айқындылық үшін дер едім. Кез келген қоғамдық, соның ішінде діни бірлестіктердің қызметі мемлекет үшін де, қоғам үшін де айқын және анық болуға тиісті. Осы кезге дейін бұл шарт толығымен орындалмай, нәтижесінде біраз проблемалар туындады. Діни ұйым тіркеуден ӛткен соң құқықтық негізде қызмет етіп, мемлекет пен қоғам алдында ӛзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болады. Оның қызметі анық және болжалды болады, ал қандай да бір теріс үрдістер пайда болған жағдайда бірден кӛзге түсіп, мемлекеттің оларға қатысты алдын ала шараларды қолдануға мүмкіндігі болады. Бұл ережені заңнамалық деңгейде енгізудің негізгі себептерінің бірі – біздің азаматтарымызды елімізге сырттан келген, дін атын жамылып, ӛздерінің бүлдіру әрекеттерін жүргізетін, дін мен ділімізге, дәстүрімізге, мәдениетімізге жат теріс пиғылды діни ұйымдардың қызметінен қорғауға ықылас таныту. Бірақ та ешкімге ӛз ұстанымына сәйкес Құдайға сенуге және құлшылық жасауға тыйым салынбайды. Бұл үшін тіркелген бірлестіктің мүшесі болудың қажеті жоқ. Дін істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері осы мәселе бойынша барлық діни бірлестіктердің ӛкілдерімен, қоғамдастықпен және тұрғындармен ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізуде. Сонымен қатар, діни бірлестіктердің ӛкілдері үшін олардың заңды негізде қызмет ету маңыздылығына және қайта тіркеудің техникалық мәселелеріне қатысты семинарлар мен ақыл-кеңестер тұрақты ӛткізіліп тұрады. – Жаңа заңға сәйкес діни бірлестікті тіркеуден бӛлек, миссионерлерді тіркеу рәсімі де міндетті болып саналады. Бұл қызмет түрі қалай жүргізіледі? – Миссионерлер ӛз қызметін Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан ғана жүргізе алады. Миссионерлерге құжаттарын ӛткізіп, қажетті рәсімнен ӛткеннен кейін миссионерлік қызмет куәлігі берілетін болады. Бұл куәліктерде тұлғаның әрекет ету мерзімі мен ӛз қызметін жүзеге асыруға құқылы аумағы кӛрсетіледі. Бұл ретте діни әдебиеттерді тек қана ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі. – Соңғы уақытта діни білім алуға ниет білдірушілер саны да арта түсті. Қазақстанда діни қызметкер мамандығын оқытатын оқу орындар бар ма? – Қазақстанда 3 жоғары діни оқу орны жұмыс істейді. Олар – Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің Митрополиттік округінің - 93 -


приходтары үшін клирик, регент және діни әуендерді орындаушы қызметкерлер даярлайтын Алматы діни семинариясы, Қарағанды қаласындағы Жоғарғы діни католиктік семинариясы сияқты оқу орындары. Сондай-ақ, еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан 9 медресе қызмет атқарады. – Қайрат Қайырбекұлы, Сіз сұхбаттарыңызда жастардың теріс пиғылды діни ағымдардың қатарына қосылуына жол бермеу мақсатында олармен оқу-ағарту жұмысын жүргізудің маңыздылығы жӛнінде бірнеше рет айтқансыз. Ал егер осындай дін атын жамылған ұйымдардың қызметінен жақын туыстарың немесе таныстарың зардап шеккен жағдайда не істеуі тиіс? – Сіздердің облыстарыңызда теріс пиғылды діни ағымдардың теріс ықпалынан зардап шеккендерге консультативтік, құқықтық, психологиялық кӛмек кӛрсету жӛніндегі екі орталық жұмыс істейді. Орталықтар мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мектептер мен колледждердің оқушылары үшін семинарлар ӛткізеді, «ыстық желі» телефондары және сенім бӛлімдері ашылған. Орталық соңғы екі жыл ішінде облыс бойынша 943 азаматқа құқықтық және психологиялық кеңес берген. 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағанды қаласында «Діни бірлестіктердің теріс ықпалынан зардап шеккен адамдарды оңалту орталығы» құрылып, қызмет етуде. Орталық мамандарының әзірлеген оңалту бағдарламасының Қазақстанда да, таяу шетелде де мазмұны жағынан ұқсас нұсқасы жоқ. Оңалту орталығында аталмыш бағдарламаға сәйкес 2011 жылдың желтоқсан айы мен 2012 жылдың мамыр айы аралығында 8 адам бұрынғы қалпына келтіру курсынан ӛтті. 25 адам оңалту курсынан күндізгі стационар арқылы ӛтуде. Бұл жұмыс міндетті түрде әрі қарай жалғасын табатын болады. – Дін істері агенттігі бір жылдың ішінде біраз жұмыстар атқарды. Бірақ кӛбінесе атқарылған жұмыстың оң нәтижесі бірден кӛріне бермейді. Сіз мұндай сенімсіздікті қалай жеңіп шығасыз? – Ӛмірде еңбексіз ешнәрсенің келмейтіні шындық. Әлі есімде, былтыр алғаш рет жұмысымызды бастағанымызда қиын болды, бірақ соған қажеттілік туды. Бір дүниені қайта ӛзгертетін кезде соған қарсыластардың не бәріне бірден қол жеткізгісі келетіндердің болатынын түсіну қажет, бірақ сіздің жақсы ниетіңіз болса, қиындықтан қашып, артқа шегінуге болмайды. Қазақстанның келешек ұрпағы үшін конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді сақтап қалу – біздің басты тілегіміз. Біздің күнделікті атқаратын істеріміз, тіпті халықаралық іс-шаралар біз жастарымызға – келер ұрпаққа қалдыратын басты мұра – дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін нығайтуға бағытталған. Әңгімелескен Серік Сексенұлы «Орталық Қазақстан» газеті ***** - 94 -


Ғ.Н. Шойкин, ҚР Дін істері агенттігі Тӛрағасының орынбасары ХАЛЫҚТЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МЕН ҚОЛДАУЫ – ШЕШУШІ КҤШ Тағаттылық – таңдауымыз Бүгінде тәуелсіз Қазақстан қарқынды экономикалық және қоғамдық-саяси жаңғыру жолымен сенімді жүріп келеді. Осы үдерістегі ақпараттық-насихат жұмыстарының жоғары сапалылығын қамтамасыз ету үшін арнайы топтар құрылып, олардың құрамына орталық, жергілікті атқарушы органдардың саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ қоғамдық-саяси және ғылым саласының ӛкілдері тартылды. Бүгінде олар мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтудың сенімді тетіктерінің біріне айналып отыр. Ақпараттық топтар жүргізген жұмыстар барысында Қазақстанды заманауи демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде дамыту, елде және ӛңірлерде тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы, білім беру және мамандыққа даярлау жүйесін, жалпы әлеуметтік саланы, азаматтық қоғамды ӛркендету, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күрес және т.б. осы сияқты ӛзекті мәселелерді насихаттауға айрықша назар аударылуда. Мемлекет қызметінің жоғарыда кӛрсетілген аспектілерін халыққа түсіндіру тұрғындардың үнемі хабардар болуын арттыруға мүмкіндік туғызатыны, адам бойына үміт пен жарқын болашаққа деген нық сенім ұялататыны, мемлекеттік органдар қызметіне оң кӛзқарастар қалыптастыратыны, сондай-ақ, халықтың жүргізіліп отырған саясатты қолдауын қамтамасыз ететіні айдан анық. Сол сияқты, мемлекет те ақпараттықнасихат топтарының тиімді жұмысының арқасында қоғам ахуалынан және адамдардың қандай да бір басымдықтар мен шараларға деген кӛзқарасынан әрдайым және жүйелі түрде хабардар болуға мүмкіндік алып отыр. Бүгінгі таңда бүкіл республика бойынша Елбасымыздың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді түсіндіру жұмысының екінші кезеңі басталды. Бұл маңызды құжаттарда елімізді және қоғамымызды жемісті әлеуметтікэкономикалық жаңғыртуға бағытталған басымдықтар белгіленген. Әлеуметтік және экономикалық жаңғырту бұл азаматтардың санасы мен әлеуметтік мінезқұлқының ӛзгеруімен экономикалық қайта құрылудың үйлестірілуін қамтамасыз ететін жалғыз тәсіл екенін ескере келе, басымдықтардың әрқайсысы адамға және азаматтық қоғамға бағытталған. - 95 -


Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік ортаның маңызды істерінің арқасында біз экономикалық салада бірлескен жұмыстың айқын нәтижесін кӛріп отырмыз. Енді қоғамдық сананы ӛзгерту мен қалыптастыру бағытында бірлескен шаралар қолдану арқылы әлеуметтік салада да тың биіктерді бағындыруымыз қажет. Маңызды басымдылықтардың ойдағыдай жүзеге асырылуы мемлекетіміздің қуатын арттырып, қоғамдағы тұрақтылықты нығайта, адам капиталын жандандырып және байыта түсетіні сӛзсіз. Сондықтан да қазір мемлекетіміздің негізгі күші осы басымдылықтарды түсіндіруге бағытталған. Біздің ойымызша, бұл маңызды жұмыста қоғамдық дамыту және Қазақстан қоғамында бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету мәселелері ерекше орын алады. Осыған орай Дін істері агенттігі дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге, Қазақстанда діни сенім бостандығын және конфессияаралық сұхбат пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттықтүсіндіру жұмысына белсене қатысуда. Қазіргі кезде еліміздің аумағында 170 ақпараттық топ жұмыс істеуде. Олардың құрамындағы діни қауымның беделді ӛкілдері, танымал отандық теологтар мен дінтанушылар халық арасында мақсатты жұмыс жүргізуде. Бұл топтар биылғы жылы 9 айдың ішінде ғана 1500-ден астам іс-шара ӛткізді. Оларға 100 мыңдай адам қатысты. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде ақпараттық-ағартушылық топтардың қатысуымен баспасӛзде шамамен 350 мақала, интернет-ресурстарында 160 материал жарияланып, телеарналарда 100ден астам сұхбаттар ұйымдастырылды. Баршамызға белгілі, қазір бүкіл әлемде діни қарым-қатынастарда теріс пиғылды кӛріністер етек алып, діни негізде адамның құқықтары мен бостандығын бұзушылық, азаматтардың денсаулығына зиян келтіру оқиғаларының саны артты. Еліміздің батыс ӛңірлеріндегі бірқатар лаңкестік актілер құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің жасырын экстремистік топтарды әшкерелеуі мұндай топтардың мүшелерімен жүргізіліп жатқан сот процестері осы ғаламдық үдерістердің кӛрінісі болмақ. Халықаралық сарапшылар әлемнің түкпір-түкпірінде радикализмнің таралуын мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы проблемалардан іздейді, адамдардың мұндай шектен тыс әрекеттерге баруына қазіргі ақпараттық және серпінді дамыған идеологиялық факторлардың әсері бар деуге бейім. Осы ретте ӛмірге кӛзқарасы қалыптаспаған, тәжірибесі, діни және құқықтық білімі жоқ жастардың экстремизм идеологтары үшін оңтайлы нысанға айналып отырғанын айту жӛн. Сондықтан да экстремизмнің алдын алу және оған қарсы әрекет етудің ең тиімді тәсілі ол азаматтардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру болып табылады. Бұл, сайып келгенде, халықтың, соның ішінде жастардың радикалды діни идеялар мен пайымдарды қабылдамауына ықпал етеді. Ақпараттық-насихат топтары дін саласындағы заңнаманы, еліміздегі конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің қызметін түсіндіруге, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіруге, - 96 -


экстремизм мен терроризмнің кез келген кӛрінісінің алдын алуға, Қазақстан үшін дәстүрлі емес дін атын жамылған ағымдардың іріткі салуына қарсы тұруға ерекше кӛңіл аударуда. Халықтың ӛнегелік және адамгершілік құндылықтарын сақтауды және ары қарай дамытуды насихаттау, Қазақстан қоғамы руханилығының дәстүрлі негіздерін нығайту және Қазақстан үшін дәстүрлі исламдағы ханафи мазхабын дәріптеу ақпараттық-насихат топтары жұмысының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бұл үшін қазақ этносының мәдениеті мен дәстүріндегі, еліміздің мемлекеттік құрылысының ӛмірі мен тарихындағы ханафи мазхабындағы исламның рӛлі кӛрсетіледі. Мұсылмандық ортада діни экстремизм мен терроризм кӛріністеріне бой алдырмау және жағдайды қалпына келтіру үшін қазіргі таңда халықтың радикалды идеологияға деген тӛзгісіз кӛзқарасын қалыптастыру ӛте маңызды. Осыған орай түсіндіру жұмысына дәстүрлі діни бірлестіктердің ӛкілдері белсене қатысуда, олар адамдарды тӛзімділікке шақырып, дінді теріс мақсатта қолданатын біздің елімізге жат саналатын радикалды ағымдарды қабылдамауға шақырады. Жалпы, ақпараттық-насихат топтарының дін мәселелері бойынша жұмысы қоғамымыздағы тұрақтылықты одан әрі нығайтуға, Қазақстан халқының ауызбіршілігі мен бірігу негізінің күшеюіне қызмет етеді. Сонымен бірге, қоғамдағы жүргізіліп жатқан ақпараттық-насихат жұмысы әлеуметтік ӛмір саласындағы мемлекеттік мәселелер жиынтығын түсіндіргенде ғана тиімді болады. Осыған байланысты, ақпараттық-насихат топтары ӛз қызметінде жұмысқа орналасу, білім және денсаулық сақтау, экономика мен ӛнеркәсіпті дамыту, қолжетімді баспана, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және т.б. салалар бойынша мемлекеттік бағдарламаларда іске асырылатын азаматтардың әлеуметтік проблемаларын шешудегі мемлекеттік саясатты насихаттауға кӛңіл бӛлуде. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында қоғамның басты құндылығы еңбек екені баса айтылған. Ол экономикалық және әлеуметтік жаңғырудың негізі болып табылады. Ӛкінішке қарай, «бейбітшілік пен келісім» формуласы кейбір әлеуметтік топтардың санасы мен жұмысында әлі де қалыптасқан жоқ. Кейбір жағдайларда бұл қоғамда бейбітшілік пен келісім сияқты басты құндылықтарды бағаламауға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан «бейбітшілік және келісім» формуласын жете түсіндіру, оны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар жұмысын жаңа сапалық деңгейге кӛтеру этноконфессиялық келісімді қамтамасыз етудегі маңызды шарт болып табылады. www.egemen.kz ***** - 97 -


Т.А. Козырев, ҚР ДІА Дін мәселелері жӛніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының орынбасары ДІН МЕН ҦЛТТЫҚ САНАНЫ БІР-БІРІНЕ ҚАРСЫ ҚОЮ – МЕМЛЕКЕТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЕР ТӚНДІРЕДІ – Тимур Анатолийұлы, соңғы жылдары еліміздің діни саласында едәуір ӛзгерістер болды. ҚР Дін істері агенттігі құрылып, жаңа заң қабылдау арқылы діни бірлестіктер қайта тіркеуден ӛтіп үлгерді. Осы ӛзгерістер елдегі дін ахуалына қалай әсер етті? Жағдай тұрақталды ма? – Әрине, ӛзіңіз айтқандай, қолға алынған бірқатар елеулі іс-шаралардан кейін дін саласында айтарлықтай ӛзгерістер, жағымды жаңалықтар болғаны рас. Бір ғана мысал, діни ұйымдарды қайта тіркеу жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде бұрынғы қаптап кеткен діни бірлестіктер мен конфессиялар санының азаюы-ақ мәселенің мән-жайын айғақтап тұр. Атап айтсақ, діни бірлестіктер саны 4551-ден 3088-ге, ал конфессиялар – 46-дан 17-ге дейін қысқарды. Бұл бізге қай жағынан пайдалы? Біріншіден, біз Қазақстанның діни саласының құрылымын айқындап алдық. Ӛйткені, жоғарыда келтірілген сандардан байқап тұрғаныңыз-дай, бұған дейін діни бірлестік-тер мен конфессияларды жіктеп, бӛлуде де дәлдік, нақтылық жетіспегені белгілі. Кейбір діни бірлестіктер дербес конфессия деп саналып жүрді. Осы қайта тіркеу арқылы біз бір-бірімен ұқсас, рухани бағыттары бірдей конфессиялар мен діни бірлестіктерді топтастырып, нә-тижесінде олардың ұзын саны бұрынғыға қарағанда әлдеқайда аз болып шықты. Яғни айта кетер мәселе, біз олардың кӛбін жойған жоқпыз, тек бір-біріне қостық. Осылайша дін саласы жүйеленіп, ретке келтірілді. Бұл, әрине, біз үшін үлкен жеңіс. Екіншіден, қайта тіркеу жұмыстары кезінде біз кімнің кім екеніне кӛз жеткіздік. Тіркеуден ӛту үшін құжат жинап, тапсыру барысында бірқатар діни бірлестіктердің жұмыс жүргізуіндегі шикі-ліктері анықталды. Мәселен, кейбіреулерінің құрылтайшы-лары бұл дүниеде жоқ, яғни ӛмірден озған болып шықса, кейбірінің құрылтайшысы деп жазылған адамдар шын мәнінде құрылтайшы болмай шықты. Біз әрқайсына хабарласу арқылы бұған кӛз жеткіздік. Діни бірлестік мүшелері ол адамдардың келісімін алмастан ӛз құрылтайшылары тізіміне енгізіп жіберіпті. Үшіншіден, бұдан былай діни бірлестіктер мемлекеттің қатаң қадағалауымен және ӛздерінің жарғысына сай тәртіппен қызмет ететін болды. Жарғыны бұзған жағдайда жауапкер-шілікке тартылады, егер осы ісін қайталаса, ұйым қызметін тоқтатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылады. Міне, қысқаша айтқанда негізгі біздің қол жеткізген жетістіктеріміз осылар. Әрине, бұдан да бӛлек жасалынып жатқан шаралар жетерлік.

- 98 -


– «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заңда Исламның ханафи мәзһабы мен православиеге басымдық берілді. Енді осы басымдықты біз қалай пайдалануымыз керек? – Бұл Заңда «Ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиан-дықтың халықтың мәде-ниетінің дамуы мен рухани ӛміріндегі тарихи рӛлін танитынын… негізге алады», – деп жазылғанымен, бұл еліміздегі ең ірі екі конфессияға басқа діндерге қарағанда заңды түрде құқықтық басымдық бермейді. Ӛйткені, Қазақстанда барлық діни бірлестіктер заң алдында тең, құқы бірдей. Сол секілді Қазақстан азаматтары да дін ұстану құқы жағынан тең. Десе де, жаңа дін туралы заңның бір артықшылығы және жаңалығы – ол, жоғарыда айтылғандай, қазақ жерінде тарихи қалыптасып, Қазақстан халқының рухани-мәдени да-муына ықпал еткен екі дәстүрлі дінді, яғни исламның ханафи мәзһабы мен христиандық-тың православиелік тармағын танығандығы. Сондықтан, бұл діндерге белгілі бір деңгейде, белгілі бір жағдайда мемлекет тарапынан демеу, қолдау болатындығын түсінеміз. Мәселен, теріс пиғылды діни ағымдармен, экстремизм және терроризммен күресте мемлекет дәстүрлі діндермен тізе қоса әрекет етіп, қажет кезінде оларды қолдап отыруы тиіс. – Бүгінде уайымға ай-налған теріс пиғылды діни ағымдардың ішінде уаһаби-лік ағым бірінші ауызға ілі-геді. Елбасымыз да соңғы Жолдауында салтдәстүрімізді мойындамайтын, қазақ же-рінде ғасырлар бойы салтанат құрған ханафи мәзһабын теріске шығаратын ағымдар туралы айтты. Жалпы уаһабизм бізге қаншалықты қауіпті? – Иә, дәстүрлі ханафи мәзһабына, сондай-ақ, қазақ халқының салтдәстүрлеріне ӛшпенділікпен қарайтын бұл ағым кӛпшілікті алаңдатып отыр. Жалпы, уаһабилік немесе сәләфилік ағымдардан Қазақстанда таралғандары екеу: олар – тәкфиршілер және мадхалиттер. Тәкфиризм деге-німіз – бейнелеп айтқанда, дер кезінде ӛшірілуі тиіс ӛрт. Оны қолдан шығарып алсақ, соңы ӛте ауыр жағдайларға апарып соғады. Ал мадхализм – ол батпандап кіре бастаған созылмалы ауру сияқты. Тәкфиризм секілді дәл бүгін қоғамға аса қауіпті болма-ғанымен, онымен де күресті тоқтатпауымыз керек. Себебі бүгін ауыздықтай алмасақ, ертеңгі күні ішкі ынтымаққа сызат түсірер қатерлі формаға ауысуы мүмкін. Тәкфиризм – анық экстре-мизм, біз оған соңғы жылдары Атырау, Тараз қалаларында орын алған оқиғалар арқылы тағы бір кӛз жеткіздік. Ал мадхалиттердің қызметінде деструктивті элементтер бар болғанымен, біз оларды экстре-мистер деп айта алмаймыз және қызметтерінде қылмыстық белгілер табылмағандықтан, түрмеге де тоғыта алмаймыз. Мұны мен үнемі айтып жүрмін, ӛйткені біздің қоғамда, соның ішінде мемлекеттік орган қызметкерлері арасында діни сауаттылық деңгейі жоғары емес. Егер сақал ӛсіргендер мен қысқа балақтыларға қатысты аса қатаң шараларды қолдану басталып кеткен жағдайда, тәкфиризмге де, мадхализмге де мүлдем қатысы жоқ адамдар да бұдан зардап шегуі ғажап емес. Сондықтан, аталған ағыммен күресте барынша абай болып, әрбір істі жеті рет ӛлшеп барып жасаған абзал. - 99 -


Бір жағынан, олар да біздің азаматтарымыз ғой, түпкі мақсатымыз – оларды құрту емес, түзу жолға салу. Бұл ағым бізге қаншалықты қауіпті? Тәкфиршілер туралы айтар болсақ, олар, атауынан кӛрініп тұрғандай, намаз оқымайтын адамның бәрін оп-оңай кәпірге шығарады. Яғни, олардың түсінігінше, Қазақстан – кәпірлер мемлекеті. Бұл, турасын айтқанда, қарулы жиһадқа бір адым ғана қалды деген сӛз. Ӛздерінің криминалды әрекеттерін жиһад деп ақтауға тырысады. Олардың мемлекеттік органдар, күштік құрылымдар ӛкілдеріне шабуыл жасауы, т.б. әрекеттері қоғамдағы тұрақтылықты шайқалтатын аса қауіпті құбылыс. Дер кезінде ӛшірілуі тиіс ӛрт деп отырғаным да сондықтан. Мадхалиттердің қауіпті жері – олар тәкфиршілер секілді ӛздерінен басқаның бәрін кәпір демегенімен, ханафи мәзһабын, сондай-ақ, қазақ халқының барлық салт-дәстүрлерін мойындамай, оларды не ширк (Аллаға серік қосу), не бидғат (дінге енгізілген жаңалық) деп санайды. Дін мен ұлттық сананы бір-біріне қарсы қоюдың соңы немен аяқталарын олар ойлана бермейді. Бұл тікелей мемлекетке қарсы бағытталған әрекет болмағанымен, мемлекет құраушы ұлтқа зияны тиетін нәрсе. – Айналып келгенде, бәрібір де мемлекетке қарсы әрекет дейсіз ғой? – Иә. Мадхалиттер қазақтың салт-дәстүрінің қайдан пайда болғаны, оның мағынасы не екендігіне ой жүгірте білсе, жағдай басқаша болар ма еді. Менің үнемі айтып жүретін мысалым – беташар. Ол, әрине, шариғатта жоқ. Кейбір жастарымыз келіннің беташар кезінде сәлем салуын намаздағы рүкүғке ұқсатып, Аллаға серік қосу деп жүр. Ал егер байыптап ойланып қарасақ, бұл рәсім тек Ислам дінінде ғана ӛзіндік мағынасы бар салт болып табылатынына кӛз жеткіземіз. Мысалы, Ресейдегі қазаққа ӛте жақын алтай немесе хакас халықтары ешқашан мұсылман болмаған. Жартылай шаман, жартылай христиандандырылған бұл халықтарда беташар секілді салт жоқ. Ал Қазан татарларында беташар салты бар. Бірақ, олардікі қазаққа қарағанда қарапайым: домбырасыз, ән-күйсіз келінді кӛпшіліктің алдына шығарып, бетін ашады. Сонда бұл салттың мәні: бұрын бӛтен болған қыз енді келін болып түсті, беті ашылды, оған қарауға болады деген сӛз. Қазақ халқындағы беташар рәсімінің де мағынасы осыған саяды. Сондықтан, беташардың шариғатқа ешқандай қайшылығы жоқ, тіпті ол тек Ислам дінін ұстанатын халықта ғана мәні мен мағынасы бар салт. Яғни, оны бидғат немесе ширк деп кесіп айтуға асықпай, ойланғанымыз дұрыс. Осы секілді қазақтың бар-лық салт-дәстүрлерінің негізіне қарайтын болсақ, олар не шариғатқа қайшы келмейді, немесе негізі Исламнан алынған. Мәселен, қазақтар кішкентай балаға кӛз тимесін деп, маңдайына күйе жағып қояды. Кезінде екінші халифа Омар да кӛз тимес үшін сәбидің бетіне қара жағуға кеңес берген екен. Бұл, әрине, күйе кӛзден сақтайтын қандай да бір сиқырлы күшке ие деген сӛз емес, ол баланың әдемілігіне адамның кӛзі түспесі үшін жасалады. Міне, бұны халифа Омардың жасағанын ескеріп, біз баланың маңдайына күйе жағуды Исламдағы салт деп те айта аламыз. - 100 -


– Сәләфиліктің теріс әсері-мен күрес нәтижелі болуы үшін қандай шаралар қолға алынуы шарт? – Бұл ағымның аумағы бұдан әрі кеңеймеуі үшін халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілу үстінде. Айта кететін мәселе, тәкфиршілікке қарсы күрестің, мадхализмге қарағанда бір жеңіл тұсы – тәкфиршілердің басым бӛлігі ӛздері ұстанып жүрген сенімдерін жете түсінбеген, әлдекімдердің қарапайым қу-лығына түсіп қалған жастар болып табылатындығы. Сон-дықтан, тегеурінді түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы оларды ӛздерінің сол ағымға кірген жолдарымен кейін қарай шығаруға болады деп ойлаймын. Ал, әрине, нақты экс-тремистік әрекеттерге барған тәкфиршілерге қарсы тек күштік құрылымдарды іске қосқан жӛн. Ал мадхалиттерге келер бол-сақ, олармен қатынаста жағдай қиындау екені рас. Ӛйткені олар идеологиялық тұрғыда шыңдалған, яғни ӛз сенімдеріне берілген, дін тақырыбында дауласудан қайтпайтын адамдар. Бұлармен де қарым-қатынасқа барып, түсіндіру жұмыстарын ширатып, сондай-ақ, халық арасында алдын-алу шаралары жасалуда. Жалпы, сәләфилік секілді ағымдарға кіріп кетпесі үшін халқымыздың діни сауатты, зайырлы тұрғыда білімді әрі ұлттық сана-сезімі жоғары болуы шарт. Яғни, бұл тек ҚР Дін істері жӛніндегі агенттік пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғана мойнындағы міндет емес, кем дегенде білім беру жүйесі және сарапшылар қауымдастығы да атсалысуы қажет. – Бір депутат ағамыз діни ахуалды тұрақтандыру үшін Батыс Еуропадағы «конкордат» жүйесін енгізуді ұсынды. Яғни бұл жүйе бойынша, елдің негізгі діні – мемлекеттік дін деп танылып, ол мемлекеттің бір құзырлы органы ретінде қызмет ететін болады. Сіз қалай ойлайсыз? – Жалпы ӛзге елдердің діни саладағы тәжірибелерін ӛзімізге енгізу барысында ӛте-мӛте сақ болған абзал. Ӛйткені, біздің діни саламыз әлі де толық жетіліп біткен жоқ. Сіз айтып отырған Батыс Еуропа елдерінде дін бұрыннан қалыптасып, ол саладағы істер бір ізге түскені белгілі. Ал бізде Кеңес Одағы кезінде діндер түбірімен құртылды да, тек 1990-жылдардың басынан бері ғана қайтадан даму үстінде. Дін мен мемлекет қатынасы, діни саланы ретке келтіру тетіктері, діннің даму жолы бір арнаға толықтай түсті деп айта алмаймыз. Яғни, біз әлі де даму, ӛзгеру үстіндеміз. Сондықтан, басқа елде ӛте жақсы жұмыс істеп тұрған діни іс-шаралар тәжірибесі бізге келгенде жарамай қалуы әбден мүмкін. – Ӛзіңіз білесіз, кӛп ауыл-дарда мешіт жоқ, ол болғаны-мен, ауылға білімді имамдар бара бермейді. Ӛйткені, ауыл-дағы имамдардың әлеуметтік жағдайы шешілмеген. Осы мәселені мемлекет неге ӛз қолына алмайды? – Ауыл имамдарын қолдау, олардың әлеуметтік жағдайын қолданыстағы заңдылықтарға сай түрде шешу мәселесі қазіргі күні қарастырылу үстінде. Біз оны жуық арада шешеміз деген үміттемін. Имамдардың ӛзгеге алақан жаймай, талапқа сай қызмет етуіне мүмкіндік алуы – ауылдық жерлердегі діни ахуалды тұрақты сақтаудың бір кепілі. Сондықтан, мемлекет тарапынан бұл мәселеге кӛңіл бӛлінуде. - 101 -


– Діни салада бір келеңсіздік орын алса, кӛп адам оны Діни басқармадан кӛріп жатады. Шын мәнінде, ол Діни басқарманың емес, ӛзге мемлекеттік органның құзыретіндегі іс болуы мүмкін. Солай бола тұра «Діни басқарма қайда қарап отыр?» деп шу кӛтерушілер бар. Бұған қатысты не айтар едіңіз? – Иә, Діни басқармаға орынсыз кінә тағу жағдайлары кездесіп қалуда. Біріншіден айтарым, Діни басқарманың жасап жатқан жұмысына негізінен кӛңіліміз толады. Мешіттерді бір орталықтан басқару, Алматы қаласында «Нұр» Қазақ-Египет Ислам университеті мен медреселерді, имамдардың білімін жетілдіру институтын ашып, жұмысын жандандырып, жолға қою, т.б. іс-шаралар түсінген жанға аз шаруа емес. Бұл бағытта алға ілгерілеушілік бар. Жуырда Елбасымыз «Терроризмге қарсы күресу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осы құжатта айтылғандай, терроризмге қарсы күресу – барлық мемлекеттік органдардың, соның ішінде күштік құрылымдардың міндеті. Сонымен қатар, бұл бағытта діни бірлестіктермен де ӛзара әрекет ету жайында жазылған. Бұдан түсінетініміз – діни экстремизм мен терроризм секілді келеңсіздіктермен күрестен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да шет қала алмайды. Алайда, бір жерде орын алған лаңкестік әрекет үшін кінәні тек Діни басқармаға артып қоюға да болмайтыны белгілі. Дегенмен, осы сұрақ аясында бір нәрсені айтқым келіп отыр. Қазіргі күні елімізде біз жоғарыда сӛз еткен идеологияны тарататын орыс тіліндегі бірнеше сайт бар. Олардың ықпалы да зор, аудиториясы үлкен. Оған кіру жолдарын жабу да қиын. Неге? Ӛйткені біріншіден, бұл сайттардан нақты экстремизмге шақыратын сӛйлемдерді таба алмайсыз. Екіншіден, тапқан күннің ӛзінде сервер Қазақстанда тіркелмеген болса, қарапайым техникалық әдістермен блокаданы айналып ӛтіп, сайтқа ену оңай. Сондықтан, мұндай теріс идеологияларды тарататын сайттардан халықты сақтандыру үшін мүмкіндігі, әлеуеті солардан кем түспейтін ӛз сайттарымызды ашып, жұмысын жандандыруымыз керек. Қазіргі күні Діни басқарма мен оған қарайтын кӛптеген мешіт-тер ӛз сайттарын ашып, жұмыс жасауда. Алайда, жоғарыда айтқан сәләфилік идеяны тарататын сайттардың деңгейінде жұмыс істеп жатқан бірақ сайт бар: ол – Алматы орталық мешітінің azan.kz сайты. Осыған жақындап келе жатқан тағы бірнеше сайт бар, бірақ олар тым аз. Бұны мен діни саламыздағы бір кемшілік деп айтар едім. Әрине, кӛш жүре келе түзеледі дейміз, сондай-ақ, маман жетіспеушілігі бар. Алайда, бүгінгі жастардың негізінен интернет жағалайтынын ескерсек, олардың виртуалды әлемдегі адасушылыққа ұрынуы оп-оңай. Сол себепті ертең тал қармап қалмау үшін ӛзіміздің насихат құралдарымызды күшейткен абзал. – Жаңа дін туралы заң бойынша бұдан былай уағыздарды тек мешіт имамдары ғана арнайы шақырту алған жерлерінде және мешіттерде жүргізуі тиіс. Басқа тіркелмеген діни бірлестіктер мүшелерінің, т.б. адамдардың уағыз-насихат айтуына жол жоқ. Сәләфилік ағымның кең тарауына кейбір - 102 -


«уағызшылардың» да ықпалы орасан болғаны рас. Кімді айтып отырғанымды түсінген шығарсыз. Енді олардың мәселесі не болмақ? – Дұрыс айтасыз, уағыз-насихат тек мешіттерде ғана жүргізілуі тиіс. Себебі ӛзге жерде, Діни басқармаға қатысты емес адамның айтқан уағызы мемлекет үшін қауіпті болып шығуы да ғажап емес. Мәселен, кейбір сӛзі де, ойы да дұрыс шебер уағызшылар алдымен үлкен аудиторияны жинап алады, кейін оны қолдан шығарып алып жатады. Яғни ӛзінің соңынан ергендердің басқа ағымға түсіп кеткенін байқамай қалады. Кейін: «Мен тәкфирге қарсымын», – десе де, одан ілім үйренгендер: «Жоқ, оны осылай айтуға кӛндірген, ол біздің адам», – деп, деструктивті әрекеттерін жалғастыра береді. Немесе кейбір уағызшылар алғашқыда дұрыс насихат жүргізіп, ӛз аудиториясын жинап алған соң, радикалданып, түзу жолдан тайқып кетіп жатады. Ондай жағдайда артындағы аудиториясы да соңынан ереді деген сӛз. Мұны айтып отырған себебім, дәл осындай жағдайлар елімізде болған. Сондықтан, мешіттер – ол тек мұсылмандардың намаз, Құран оқитын жері ғана емес, уағыз-насихат, діни білім ордасы. Дінді тереңірек білем деген адам ең бірінші мешітке баруы тиіс. Қазіргі күні Діни басқарманың ұйымдастыруымен мешіттер жанында сауат ашу курстары жүйелі жұмыс жасауда. Тек қалалық мешіттер емес, ауылдық жерлердегі мешіттерде де осындай курстардың барынан хабардармыз. Бұл біздің азаматтарымыз үшін жақсы мүмкіндік. – Міне, 2013 жылды да бастап кеттік. Биылғы жылы діни саламызда қандай ӛзгерістер, жаңалықтар күтіп тұр? Жалпы, агенттіктің қызметі тұрғысынан айтып ӛтсеңіз? – Бұл жыл Агенттік үшін жалған діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жылы болмақ. Атап айтқанда, агенттік аймақтарда түрлі конференциялар, іс-шаралар ӛткізуді жоспарлауда. Ӛңірлік саясатқа, аймақтардағы жағдайларды талдауға айрықша кӛңіл бӛлінеді. Қазақстан – унитарлы мемлекет болғанымен, аумағы үлкен ел. Еліміздің әрбір аймағы бірбірінен ӛзгешелеу келеді. Сондықтан, бір аймақта орын алған оқиға бүкіл ел деңгейінде әсерін беруі мүмкін. Осыған орай, аймақтық саясатқа баса назар аударылады. – Әңгімеңізге рахмет! Ескендір Тасболат. «Ислам және ӛркениет» газеті *****

- 103 -


Қ.Қ. Лама Шариф, ҚР Дін істері агентігінің Тӛрағасы ИСЛАМ - БІРЛІК, БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДІНІ Дінің тҧрсын дін аман Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында сӛйлеген сӛзінде Дін істері жӛніндегі агенттік құру туралы идеяны алға тартқан болатын. Бұл құрылымның міндеттерін белгілей келіп, Президент «біздің шешуші конфессияларымыз мемлекеттік органдармен ынтымақтастық барысында дінге сенуші жастармен белсенді жұмыс жүргізіп, олардың шынайы діни білім алуына кӛмектесе алар еді» деп атап кӛрсетті. Осыған байланысты біз республикамыздағы бүгінгі діни ахуал, діни конфессиялардың билікпен және ӛзара қарым-қатынасы туралы, ӛскелең ұрпақтың санасына іріткі салатын діни ағымдардың ықпал етуінің алдын алу мәселелері хақында агенттік тӛрағасы, белгілі дипломат және арабтанушы Қайрат Лама ШӘРІПТІ әңгімеге тартқан едік. - Ең алдымен, әңгімелесудің сәті түскен осы айдың қасиетті Рамазан айы екендігін атап ӛткім келеді. Ислам қағидаттарына сәйкес нақ осы айда пайғамбарымыз Мұхаммедке қасиетті Құран түсе бастады. Он бір ай бойы ӛзінің құлқыны және нәпсісімен тұрақты күрес жүргізіп келген адамдар үшін нақ осы Рамазан айында оларды жеңу мүмкіндігі қалыптасатын мәре орнығады. Рамазан айында айналаның бәрі ізгілік пен қайырымдылыққа толады. Әрбір дінге сенуші мұсылман күнәлі және жағымсыз істерге барынша тыйым салуға талпынады. Бүгінде Қазақстанда ұлттық діни қайта ӛрлеу кезеңі белең алуда. Дін халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушы және рухани-адамгершілік идеалдардың қозғаушы күші ретінде біздің отандастарымыздың кӛз алдында зор құндылықтарға ие. Осыған байланысты діни этиканың күші ӛскелең ұрпақтың адамгершілік және рухани дүниетанымын қалыптастыруда барынша белсенді қолданылуда. Дәстүрлі діни танымдардың сенім үдерістері ғасырлар бойы адамдардың ӛз ұрпақтарын тәрбиелеуіне, ӛліктерін жерлеуіне, еңбек етуіне, кітап жазып, ұлы ӛнер туындыларын жасауына ықпал етіп келді. Басқаша айтсақ, дәстүрлі діндер қоғамдық ӛмірдің және мәдениеттің ажырағысыз бір бӛлшегіне айналды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ӛзінің Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының ІІ съезінде сӛйлеген сӛзінде: «Мыңдаған жылдар бойы дінге негізделген мәдениет тарихта ӛзінің жанды сӛзін сақтап келді. Бір жағынан ойлап қарасақ, ӛзінің діни рухын сақтау тарихта тұтас бір халықтың сақталуының кепілі болып келді». Мұсылмандық Шығыс мәдениетіне тарихи жақындасу Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің дамуына барынша зор қозғау салды. Бір жағынан, кӛне діни нанымдардың орнына келген ислам қазақ халқының адамгершілік жағынан - 104 -


ӛсуіне интеллектуалдық және мәдени дамуына ерекше ықпал етті. Екінші жағынан алғанда, мемлекеттіліктің, этностық және мәдени ерекшеліктердің сақталып қалуының шешуші факторларының бірі де ислам болды. Кӛптеген дәуірлердегі түркі дүниесі және қазақ ойшылдары элитасының ұлы ӛкілдері Қожа Ахмет Ясауи және Асан Қайғыдан бастап Абай мен Шәкәрімге дейін ислам рухани құндылықтарын таратушылар болды. Ислам және православие қазақ және орыс халықтарының ӛміріндегі басты мәдениет жасаушы негіз болып табылады. Мемлекетіміздің арнайы ресми мереке ретінде демалыс күні деп Құрбан айт пен Рождествоны мойындауы да тегін емес. Қазақстан бүгінде бүкіл әлем үшін конфессияаралық келісімнің үлгісі ретінде танылды. Ғасырлар бойы ислам және христиан дінінің, бірінші кезекте православиенің бейбітқатар ӛмір сүрудегі тәжірибесі біздің республикамызды мекендейтін қазақ, орыс және басқа да халықтардың бауырластығының үлгісі болды. Әрбір дін ӛзінің уағыздарымен адамдарға жалпы адамгершілік құндылықтарды әкеледі, қоғамдағы таным, түсінік нормаларын бекітеді, халықтардың ғасырлар бойғы рухани құндылықтарының сақтаушысы ретінде рӛлі атқарады. Бүгінгі таңда Қазақстан - діни толеранттылық идеясын тарату жӛнінде талассыз кӛшбасшы. Біздің еліміздің конфессияаралық үнқатысудағы тәжірибесі бүкіл әлемдегі діни жетекшілердің қолдауы мен мойындауына ие болып отыр. Еліміз ӛзінің нақты істерімен халықтар және діндер арасындағы келісім мен түсіністікке толық қол жеткізуге болатындығын дәлелдеп келеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатының арқасында мемлекет әртүрлі этностар мен конфессиялардың бейбітқатар ӛмір сүруінің ӛзіндік моделін жасады. Біздің елімізде мұсылмандар және православиеліктер, католиктер және протестанттар, буддистер және иудейлер - барлығы бір-біріне құрметпен қарайды. Ӛйткені әрбір адам басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірмей-ақ ӛзінің діни кӛзқарасын таңдауға құқылы. Міне, сондықтан да Қазақстанда қазірдің ӛзінде Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының үш съезі ӛткізілді. Осы съездерде әртүрлі мемлекеттердің және халықтардың діни иерархиясы әртүрлі мәдениеттер мен діндердің үнқатысуына, барлық жерде бірдей қабылданған тӛзімділік пен еркіндік құндылықтарына негізделген бірыңғай ӛркениеттілікке ұмтылатындықтарын растады. - Қайрат Қайырбекұлы, Қазақстан Конституциясында ӛзін дін биліктен бӛлінген зайырлы мемлекет ретінде жариялаған. Міне, осыған байланысты сіз басқарып отырған агенттік діни бірлестіктермен қалай қарым-қатынас жасайды? - Әрбір зайырлы мемлекетте нақты белгіленген зайырлы идеология болуы міндетті. Егер мұндай жағдай қалыптаспаса, ол мемлекет конфессияаралық қақтығыстарға бейім тұрады. Кӛпшілік зайырлылықты барлық діндерге қатысты бейтараптық ұстану, мемлекеттің діни танымдардан тәуелсіз және кез келген теологиялық - 105 -


тұжырымдамалардан еркін болуы деп түсінеді. Алайда бүгінгі таңда зайырлылықты анықтайтын бұл қағидаттар бірте-бірте ӛзгеріске ұшырауда. Егер біз басқа мемлекеттердің тәжірибелеріне назар аударатын болсақ, зайырлылық пен демократияның ара қатынасындағы кӛптеген модельдерді кӛреміз. Мемлекеттік-діни қатынастарды бірізділікке түсірудің бірыңғай бағдарламасы жоқ. Әрбір мемлекеттің ӛзіндік тарихи және мәдени ерекшеліктерінің ерекше қолтаңбасын сақтаған белгілі бір мемлекеттікконфессиялық қарым-қатынастары қалыптасқан. Мемлекеттің зайырлылығы оның дамуының және модернизациялануының кепілі болып табылады. Қазақстанда діни кӛзқарастардың руханисыздануы мен радикалдануына жол беруге болмайды. Мемлекеттің зайырлылығы әртүрлі діндерге деген құрмет пен діни тӛзімділікті айқындай отырып, қоғамда гуманизмнің зайырлы түрін қалыптастыруға итермелейді, ӛз отанын сүйетін, ӛз елінің патриоты болып табылатын зайырлы азаматтарды қалыптастырады және сонымен бірге сол мемлекетке тән дәстүрлі дінді және ұлттық мәдениетті нығайту үдерістерін жоққа шығармайды. Зайырлы гуманизмді қалыптастыру ӛз кезегінде дінаралық толеранттылықты жоққа шығармайтын жаңа діни мәдениетті қалыптастыруға, сонымен бірге елдің ұлттық ерекшелігін сақтауға ықпал етеді. Кӛптеген мемлекеттер зайырлылық пен демократияны жариялай отырып, дінге қатысты ерекше қарым-қатынас қалыптастырған. Бұл ретте олар дінді барлық қоғамдық және мемлекеттік ӛмірдің шекарасынан шығарудан бастап, кӛптеген діндер арасында бір немесе бірнеше дәстүрлі діндерге арнайы қолдау кӛрсетуге дейінгі бағытты ұстанады. Зайырлы мемлекет ретінде Қазақстан ӛзінің мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасын ӛзінің тарихына, ұлттық мүдделеріне және ӛмір талаптарына, шетелдердің тәжірибесіне сүйене отырып қалыптастыруға зор мүмкіндігі бар. Бұл ретте, сӛзсіз республикамызда басымдық дәстүрлі діндер жағында болуы керек. Зайырлылық лайықсыз және ӛнегесіздік жағдайларға жол бермейді, сонымен бірге, ол кейбір теріс діни немесе сектанттық ағымдарды ұстанушылардың қоғамдағы екінші бір адамдарға ықпал етуіне тосқауыл қояды. Кӛп ретте сектанттық ағымдарды таратушылар азаматтардың жеке ӛміріне барынша араласуға және олардың ықпалына түскен адамдардың мінезқұлқын барынша ӛзгертуге тырысады. Олар ӛз ықпалына түскен адамдардың зорлықпен киім киістерін, ішетін тамақтарын, діни дәстүрлерін ӛзгертуге және адамның санасы мен дүниетанымын бағындыруға күш салады. Біздің еліміздегі мемлекет және діни бірлестіктердің ӛзара қарымқатынасындағы модель адамдардың еркіндігі мен құқығын құрметтеудегі демократиялық үдерістерге, қоғамдық және діни мүдделердің тепе-теңдігіне және ӛзара түсіністік пен қалыпты жағдайда бейбітқатар ӛмір сүруіне негізделген. Діни сенім еркіндігі саласындағы мемлекеттік саясаттың үш негізгі принциптерін айрықша бӛліп кӛрсету керек, олар - бейтараптық, толеранттылық және теңдік. Бұл ретте ең басты мәселе мемлекеттің діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпау жӛніндегі бейтараптығы болып табылады. Толеранттылық - 106 -


принципі діни сенімге деген құрметпен ерекшеленеді. Теңдік принципі заң алдындағы барлық діни бірлестіктердің және әртүрлі діни сенімдегі ӛкілдердің теңдігін айқындайды. Сондықтан зорлық-зомбылыққа шақыратын конституциялық құрылысты құлатуға, билікті ӛзгертуге және басқа келеңсіздіктерге үндейтін кез келген діни бірлестік заң бұзушы ретінде одан әрі еркін ӛмір сүруге тиісті емес. Қазақстанда конфессияаралық қарым-қатынастарды реттейтін, діни бірлестіктер мен мемлекет арасындағы үнқатысуды нығайтатын ықпалды тетіктердің бірі ретінде 2000 жылы Үкімет жанынан құрылған Діни бірлестіктермен байланыс жӛніндегі кеңесті және Астана мен Алматы қалаларының, облыс әкімдерінің шешімімен құрылған ӛңірлік кеңестерді атауға болады. Бұл кеңесуші-консультативтік органның маңызды ерекшеліктерінің бірі оның құрамының жетекші конфессиялар ӛкілдерінен, дінтанушы ғалымдардан, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерінен, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерінен және қоғам қайраткерлерінен қалыптасуы болып табылады. Бұл ортақ проблемаларды кеңесе отырып шешуге мүмкіндік береді. Алда тұрған келелі міндеттерді ескере келіп, агенттік қазақстандық қоғамдағы діни ағартушылықты дамытуға және тұрақтылықты нығайтуға игі ықпал ететін шараларды ұйымдастырмақ. Діни ахуалдың дамуын, діни бірлестіктердің, миссионерлердің және саны аз діни топтардың қызметін зерттеу мен сараптау да агенттіктің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Біздің таяу мерзім ішінде атқаратын маңызды жұмысымыз - мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас мәселелерін реттейтін заңдарды жетілдіру. Бұл ретте діни экстремизмнің алдын алу мәселесіне айрықша мән берілмек. - Сіз республикамыздағы бүгінгі діни ахуалды қалай бағалайсыз? - Жалпы алғанда ол тұрақты. Жоғарыда айтып ӛткенімдей, біздің еліміздің даму ерекшеліктерінің бірі қоғамымыздағы дін рӛлінің ерекше артқандығы болып отыр. Жыл сайын дінге сенушілердің және діни бірлестіктердің саны артып келеді. Діни ғимараттар да кӛбеюде. Мәселен, еліміздегі 40-тан астам конфессиялар мен деноминациялардан шыққан діни бірлестіктердің жалпы саны 4551 болып отыр. Бұл кӛрсеткіш 1990 жылы бар болғаны 670 қана еді. Қазақстан - әртүрлі діни сенім ӛкілдерінің татулық пен келісім жағдайында бейбітқатар ӛмір сүруінің нақты үлгісі. Бұл мемлекеттің діни сенім еркіндігіне құрметпен қарауының, қоғамда толеранттылық және діни тӛзімділік ахуалын қалыптастыруының жарқын кӛрінісі болып табылады. Республика кӛп конфессиялы және кӛп этносты мемлекет ретінде алдағы уақытта да әлемдік және дәстүрлі діндердің ізгілікті ӛнегелілік әлеуетін барынша пайдалана отырып, конфессияаралық келісімді және діни жетекшілердің диалогын қолдауды жүзеге асыратын болады. Бұл ретте келесі жылдың мамыр айының соңында Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндердің тӛртінші съезі ӛтетіндігін атап ӛткен жӛн. Съезде талқылауға ұсынылатын тақырып «Адамзаттың таңдауы - бейбітшілік және келісім». - 107 -


Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда тұрғындардың діни санасезімі оянып, діни ерекшеліктерінің жаңғыруы басталды. Бұл ретте мемлекеттік саясаттың мақсаты қазақстандық қоғамдағы діни сала ӛміріндегі тұрақтылық пен толеранттылықты сақтау болып табылады. Қазақстан халқы ешқашан желӛкпе діни сенімге бейім болған жоқ, одан да гӛрі ежелден-ақ діни сенімге тӛзімділік және конфессияаралық саладағы толеранттылыққа жақындығымен ерекшеленді. Солай болса тұрса да, қазіргі кезде Орталық Азияда қалыптасқан діни ахуалға ықпал етуі мүмкін діни кӛзқарастағы ағымдардың белең алуы байқала бастады. Мұндай ағымдардың ӛрістеуіне діни қағидаттарды толық түсінбеушілік, берік ӛмірлік танымдардың болмауы, сонымен бірге, азаматтардың сенгіштік қасиеттері қолайлы жағдай жасауда. Ал мұндай кері діни ағымдарды таратушыларға ӛздерінің кӛзқарастарынан басқа сенімдегі адамдарға, тіпті бір сенімдегі адамдардың ӛзіне тӛзімсіздік кӛрсету мінез-құлқы тән. Демогогияға құрылған фанатизм және идеяға деген соқыр сенім, қаталдық және басқыншылық мінез-құлықтар - олардың дүниетанымының ерекшеліктері, міне, осылар. Ислам құндылықтарын насихаттауды бетперде қылып алып, олар экстремистік идеяларды насихаттайды: «исламдық тәртіп» үшін күреске шақыратын топтар құрады, халық мүддесі үшін күресетіндер ретінде ӛздеріне имидж қалыптастырады, басқа экстремистік ұйымдармен тығыз байланыс жасайды және бірігеді. Тұрғындардың діни сенімдерін саудаға сала жүріп, мемлекеттік институттар мен діни ұйымдар арасындағы қарым-қатынастағы аздаған тәжірибелерін пайдалана отырып, бұл радикалды топтар ӛздерінің белгілі бір міндеттерін шешуге тырысады. Бұл ретте әңгіме Хизб-ут-Тахрир сияқты және басқа діни ұйымдар туралы болып отыр. Олар ӛз қызметтерін миссионерлік және ӛз дінін күштеп таңушылық тұрғыда ӛрістетуге тырысады. Радикалдардың криминалдық экстремистік қызметтері кӛп ретте саяси және экономикалық мақсаттарға жетуге бағытталған. Сонымен бірге, ӛзге ағымдарға тӛзімсіздік негізінде құрылған діни қызмет ӛз кезегінде кез келген қоғамның рухани қауіпсіздігіне, осы орайда белгілі бір мемлекеттің ғасырлар бойғы дәстүрлі дініне, оның ішінде ислам дініне де елеулі нұқсан келтіруі мүмкін. Экстремистік идеялардың ӛрістеуіне ең алдымен интеллектуалды тұрғыда тосқауыл қою керек. Фанатизмге гуманитарлық және дінтанушылық ғылымдар саласындағы ғалымдардың күшімен академиялық негізде тойтарыс берілуі керек. Қазақстан азаматтары экстремизм қаупі қиял-ғажайып емес екендігін түсінуге тиіс және оған қарсы мемлекетпен бірге бүкіл қоғамның күш-жігері бағытталуы қажет. Біздің еліміздегі бұл келеңсіз құбылысқа қарсы күрестің тиімділігі заң талаптарының қаншалықты берік және жүйелі орындалуына байланысты болмақ. - Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алудың және оған қарсы тұрудың тетіктері туралы айтып ӛтсеңіз. - 108 -


- Мемлекеттің діни мәселелерді шешу және конфессияаралық үнқатысуды сақтау мәселесінде жүйелі жұмыс жүргізуі арқасында қоғамдағы әлеуметтік діни танымды қалыптастыруда белгілі бір иммунитет қалыптасып, әлеуметтік және құқықтық мәдениетті жүргізудің игі бағыттары құрылады. Біздің басты міндетіміз - Қазақстандағы діни ұйымдардың менталитетіне бӛтен бағыттағы ағымдардың кіріп кетуіне ықпалды тосқауыл қою. Ең бастысы, олардың ықпалынан балаларды және жастарды қорғап қалу. Біз Қазақстан үшін дәстүрлі дін болып табылатын ағымдар туралы жастарға қажетті білім беру, олардың осы діндерге деген кӛзқарасын қалыптастыру бағытында және біздің республикамыздағы діни сенімдерге жатпайтын басқа діндерге беріліп кетпеуі үшін тұрақты түрде жүйелі жұмыс жүргізетін боламыз. Біздің басты мақсатымыз - ӛскелең ұрпаққа - мемлекетіміздің болашағына экстремистік бағыттағы ұйымдардың ықпалына түсіп кетпеуі үшін жан-жақты кӛмек кӛрсету. - Отандастарымыздың діни сауаттылығын қалай жетілдіруге және арттыруға болады? - Ӛзінің дінін жетік әрі жақсы білетін адам ешқашан бұлыңғыр ағымдағы діни кӛзқарастарға еріп кетпейді. Әрине, әрбір адамның таңдау құқы бар. Алайда, таңдау жасау үшін де адам нені таңдайтындығын білуі қажет. Сондықтан ақпараттық бос кеңістікті толтыру үшін тек дінтанушылар мен философтарды ғана тартып қоймай, сонымен бірге журналистерді де кеңінен жұмылдыру керек. Дін - күрделі және кӛп қырлы феномен. Сондықтан Қазақстанда тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру ауадай қажет. «Дін жүргізудің негіздері» атты арнаулы курстың мектеп бағдарламасына енгізілуі де тегін емес. Діни сауаттылықты, тек дін ғана беретін рухани-адамгершілік құндылықтарды мектеп партасынан-ақ ұрпақ бойына сіңіру қажет. Бұл жас сананы экстремизмнің және ксенофобияның зиянды ықпалдарынан арашалау үшін қажет. - Жақында сіз Қазақстанда мӛлшерлі ислам концепциясын дамытуды белгілеу туралы мәлімдедіңіз. Мұны қалай түсінуге болады? - Фундаменталды идеяларды күшейту кӛптеген елдердің дінге сенушілерінің арасында кең орын алған. Бұл ағымдардың ӛкілдері кӛп ретте радикалды бағыттарды ұстанады. Олардың ӛз идеяларын жақындарына, балаларына, бүкіл қоғамға таратуға деген қадамы да алаңдаушылық туғызады. Сондықтан біз Қазақстанда радикалды идеяларға әртүрлі баламаларды қарсы қоюға тырысамыз. Шынайы дін оған сенушілерді қайырымдылыққа тәрбиелейді, зиянды қадамдар жасауға тосқауыл қояды, діни экстремизмге қарсы белсенді және бітіспес күрес жүргізуге үндейді. Бұл орайда қасиетті Құраннан және пайғамбарымыз Мұхаммедтің ӛмірінен кӛптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен, Құранда мынандай аят бар: «Біз сендерді үнемі ортаңғы бағытты ұстанатын қауымдастық еттік. Ӛз кезегінде Мұхаммед пайғамбар былай дейді: «Ақиқатында дін - жеңілдік. Ендеше дінге қатысты қарысып қалмаңыз, онда - 109 -


оған деген сеніміңіз суыйды. Адамдарды дұрыс бағытқа бастаңыз, оларды жақындастырыңыз және соған қуанатын болыңыз». Ислам - бейбітшілік діні. Бұл Құранда кӛрініс тапқан. Яғни ол «салам» деген ұлы ұғымнан шыққан, яғни тыныштық және бейбітшілік тілеу болып табылады. Оған қоса ислам дінінің бейбітшілікке деген талпынысы оның тек қана бір рудың, тайпаның, ұлттың немесе халықтың ғана діні емес, керісінше, Жаратушының барлық адамдарға бір-бірімен жақындасуы үшін, бауырласуы үшін, ӛзара табысуы және сүйіспеншілігі үшін дін ретіндегі алға тартқан қасиетті ұғымдарынан танылады. Ислам діні ең алғашқы қалыптасу кезінен бастап Жаратушы айқындаған шынайы жоғары танымдық, еркіндік және жалпыға бірдей қайырымдылық идеялдарын орнықтырған адамгершілік идеяларды таратушы қасиетті міндеттерді бойына қалыптастырды. - Қазіргі кезде исламда тӛрт негізгі діни-құқықтық мектеп - мазхаб бар екендігі белгілі. Олар бүкіл әлемге таралған. Неге біздің ата-бабаларымыз исламның ханафиттік мазхабын ұстанған? - Исламдағы Құдайға құлшылық етушілік-құқықтық ілімдер толық белгіленген және қалыптасқан бұл мазхабтарды талдаушы танымал ғалымдардың пікірлері мұсылман қоғамының барлық қырларын қамтиды. Қазақ жеріне ислам осыдан он екі ғасырдан астам уақыт бұрын келді. Содан бері біздің халқымыз Ханафи мазхаб ағымын ұстанады. Исламның бір мазхабын ұстануға деген ынта халықтар үшін бірлікті, түсіністікті, ұйымшылдықты қалыптастырады. Оған бірнеше ғасырлар бойы Орталық Азияда діни негізде ешқандай қақтығыстардың, тартыстардың және ӛзара жауласушылықтың болмағандығы дәлел. Діни танымдағы біртектілік басқа теріс ұғымдардың белең алуына жол бермейді. Сондықтан біздің халқымыздың бүгінгі таңдағы рухани құндылықтарын арттырудың басты міндеті ислам дінінің білікті және ойлы қағидаттарын насихаттау, осы арқылы адалдықты, әділдікті, шыншылдықты насихаттау арқылы елге, халыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелей отырып, озық дәстүрлер мен салттарға басқа халықтар мен діндерге деген құрметті қалыптастыру болып табылады. Бірінші мазхабтың негізін қалаушы Абу Ханифа болып табылады. Бұл мазхаб VIII ғасырда Ирак елінде бастау алған. Абу Ханифа (кийас) баламасы бойынша тиімді үрдістерді пайдаланатын дәстүрді қалыптастырған және құқықтық мәселелерді шешу кезінде (истихсан) дәстүріне басымдық берген әдістемені жасаушы алғашқы тұлға болып табылады. Ол құқық бастауларының негізінің бірі ретінде (урф) салты нормаларын пайдалану мүмкіндігін бекітті. Мазхабты жалғастырушыларды ханифаттар деп атайды. Ханифаттық мазхабты жандандыру біздің қазіргі қоғамымызда маңызды болып табылады. Бұл ретте, Қазақстанда исламды жаңғырту бұдан бұрын да, бұдан кейін де біздің елімізде басқа діндердің еркін дамуына кедергі болмайтындығын атап кӛрсету керек. Тарих біздің ата-бабаларымыздың ханафиттік негіздегі суниттерге жақын болғандығын дәлелдейді. Атап айтқанда, біздің ата-бабамыз ӛздерінің діни - 110 -


сенімінде ханафиттік мазхабтың матуридий мектебіне иек артқан. Матуриди мектебі - имам Абу Мансур әл-Матуридидің ілімі болып табылады. Ол 852 жылы Самарқандта туған және осындағы Матурид орамында ӛмір сүрген. Осыдан оның есіміндегі Матуриди тіркесі қалыптасқан. Ұлы ойшыл, Орталық Азиядағы діни ілім мектебін қалыптастырушы Әбу Мансур әл-Матуриди ханафиттік мазхабты нығайтты және суниттік діни танымдар принципін қарсылық әрекеттерден қорғады. Ӛкінішке қарай, ӛткен ғасырда Қазақстан мұсылмандары ӛздерінің кӛп жылдық діни құндылықтарынан, оның ішінде ханафиттіктен алыстап қалды. 1990 жылдары кейбір дінге сенушілер іс жүзінде ӛздерінің діни бастауларынан кӛз жазды. Соның салдарынан кейбіреулер ӛздерінің ата-бабасына жат діни ағымдарға ден қойып, ислам дінінің ілімі туралы сауатсыздығының салдарынан «дәнді қауыздан айыра алмай» қалды. Сондықтан бүгінде күн тәртібіне исламды, біздің еліміздің мұсылмандары арасында дәстүрлі ағымды қайта жаңғырту мәселесі қойылды. Бұл ретте діннің дәстүрлі жақтары ғана емес, сонымен бірге оның дүниетанымдық және адамның жан дүниесіне қатысты рухани жақтары басымдыққа ие болып отыр. Біз дінге сенушілердің назарын діни ағымдардың тарихи-этномәдени сабақтастығын және бірлікке бағытталған ішкі танымын қалыптастыратын жақтарына қарай аударамыз. Ханафиттік мазхабты қазіргі кезде планетамыздағы мұсылман дінін ұстайтын халықтың жартысына жуығы, оның ішінде ТМД елдеріндегі мұсылмандардың басым кӛпшілігі ұстанады. Ханафиттік мазхаб басқа танымға деген тӛзімділік, толеранттылық қасиеттерімен ерекшеленеді, ол христиандарға және иудейлерге түсіністікпен қарайды. Бүгінгі күні Қазақстандағы исламның ханафиттік бағдарын ұстанушылар тұрғындардың 70 пайызына жуығын құрайды. Біз үшін әрқашан да ислам дінін саясаттандыру және діни фанатизм жат болып келді. Мұндай қатынас барлық догмашылықты жоққа шығарады. - Сіздің қазақ әйелдерінің хиджаб киюі ұлттық болмысты жоятын қадам екендігі туралы кӛзқарасыңыз белгілі. Осы мәселе туралы кеңірек айтып берсеңіз? - Біздің ұлттық мәдениетіміз қазақ халқының басқаға ұқсамайтын болмысын қалыптастырған, оның құндылық бағдарларын айқындаған ханафиттік мазхабтың суниттік бағытындағы исламмен ажырағысыз байланыста. Қазақтың ұлан-ғайыр даласына тараған сайын ислам ұлттық дүниетанымның және мәдениеттің ажырағысыз бӛлігіне айналды. Келе-келе ол діни үдерістердің және қазақ дәстүрі мен салтының синтезіне айналды. Бұл ретте бізге ӛзіміздің исламды қалай қабылдайтынымызға ұялудың қажеті жоқ, ол біздің мәдениетімізді, дәстүріміз бен менталитетімізді ескере отырып бейімделді, ол исламның шынайы қағидаттарын ұстана отырып, табиғи түрде ӛз ерекшеліктерін сақтайтын болады. Тарихи шежірелерден және әдеби шығармалардан белгілі болып отырғандай, қазақтар ӛздерінің қыздарын еркін ӛсірді, оларды шаштарын немесе беттерін жауып жүруге мәжбүрлеген жоқ. Қазақтың дәстүрлі есімдерінің ӛзі біздің халықтың шаш әдемілігіне ерекше ден қойғанын - 111 -


кӛрсетеді. Біздің халық қыздарын Сұлушаш, Қарашаш, Алтыншаш, Гүлшаш деп атаған. Қыздарына әдемілік пен сұлулықты тілеген халық оларға: Ботагӛз, Ажар, Қыз Жібек, Баянсұлу, Күнсұлу, Әсем, Қырмызы деп сазды да аяулы есімдер берген. Біздің халқымызда қыздар жігіттермен айтысқа түскен, «Қыз қуу» сайысында шаң қаптырып, «Алтыбақан» ойындарын қыздырған. Солай бола тұрса да бұрынғы қазақ қоғамында ерлер де, әйелдер де жыл маусымдарына және тұрмыс жағдайына лайықталған дәстүрлі бас киімдер киген. Барлық балаларға - ұлдарға да, қыздарға да шашын жаппай жүруге рұқсат етілген. Бойжеткендер және тұрмысқа шықпаған қыздар кӛп ретте құндызбен кӛмкерілген бӛрік немесе оюмен әдіптелген тақия киген. Әйелдер қазақтың дәстүрлі ғұрпына сай орамал тартатын. Жасы келген әйелдер мен әжелеріміз оқалы кимешек киетін. Қалыңдықтар қол ӛнерінің озық үлгілерімен кӛмкерілген бас киім - сәукеле киген. Қазақ халқында әйелдердің беттерін толық жауып жүретін дәстүр ешқашан болған емес. Қазақ әйелдері күнделікті тұрмысында бет-жүзін тұмшалап кӛрген жоқ. Қазақ әйелдері ешқашан қараңғылық қапасқа қамалып немесе ерлерінің рұқсатынсыз басқалармен сӛйлесу құқынан айырылып кӛрген емес. Беттерін тұмшалап жүру дәстүрі - қазақ сахарасында мүлдем болмаған құбылыс. Бүгінгі таңдағы хиджаб туралы түсініксіз ұғымдарға, біздің ішімізге кіріп кеткен жат мәдениет пен идеологияның кӛріністеріне біздің халқымыз ұстанған дәстүрлі ислам ғұрпы ғана қарсы тұра алады. Қазақтың нәрлі де қасиетті бай тілінде «хиджаб» деген ұғым мүлде жоқ. Сонда немене біздің атабабамыз хиджаб деген ұғымды түсінбеген бе?! Біздің ата-бабамыз қасиетті Құран кітабында «хиджаб» сӛзінің әйелдердің киіміне қатысты айтылмағандығын анық білген. Құранда хиджаб сӛзінің мағынасы - қоршау, бүркеу, бӛлу, шымылдық, перде ұғымында беріледі. Қасиетті Құранда «хиджаб» сӛзі бар болғаны тӛрт рет қана пайдаланылған. Атап айтқанда, «әл-Әғраф» сүресінің 46-аятында: «Олардың (Жұмақ пен тозақтың) арасында хиджаб (қоршау) болады» делінсе, «Фуссылат» сүресінің 5аятында: «Олар (әлі ислам дінін қабылдамаған Мекке тұрғындары) былай дейді (Пайғамбарымыз Мұхаммедке): «Біздің жүрегіміз сен бізді шақырған үндеулер үшін жабық, біздің құлағымыз таскерең болып қалды, сенімен біздің арамызда хиджаб (шымылдық) орнаған. Еңбек етсеңші және біз де еңбектенетін боламыз». Аш-Шура сүресінің 51-аятында: «Адам Алланың онымен ашық түрде немесе хиджаб (бүркеу), (шымылдық) арқылы сӛйлесуіне лайықты емес. Немесе Ол (Алла) жаушы жіберу арқылы Ол ӛзі қалайтын ашық әңгімеге Оның ӛзі қалайтын дәрежеде сӛйлесуге ғана мүмкіндігі бар». «Әл-Ахзаб» сүресінің 53-аятында «Егер сіз олардан (Пайғамбарымыздың әйелдерінен) әлдебір әбзел сұрайтын болсаңыз, тек қана олардан хиджаб (перде), (қалқа) арқылы ғана сұраңыз» делінген. Міне, біз кӛріп отырғандай, Құранның бұл аяттарында «хиджаб» сӛзінің әйелдердің бетін орамалмен тұмшалау ұғымымен ешқандай байланысы жоқ. - 112 -


Міне, осы мәселелерді жан-жақты айта келіп, бӛтеннің салт-дәстүріне, бӛтен мәдениетке, атап айтқанда, араб ғұрпына кӛзсіз кӛшірме жасауға болмайды. Осы орайда қазақ халқы ӛзінің бірлігіне, татулығы мен тұтастығына ата-бабамыздың дәстүрлі діні мен әдет-ғұрпын берік ұстау арқылы қол жеткізе алатындығын естен шығармауымыз керек. - Салиқалы әңгімеңіз үшін рахмет. Әңгімелескен Жылқыбай Жағыпарұлы. «Егемен Қазақстан» газеті ***** Қ.Қ. Лама Шариф, ҚР Дін істері агенттігінің Тӛрағасы ЖҦМЫЛА КӚТЕРГЕН ЖҤК ЖЕҢІЛ Дін әрқашан да қоғамның ажырамас бӛлігі. Сондықтан мемлекет тарапынан қоғамның маңызды рухани құндылыққа, яғни дінге үлкен назар аударылып, дінаралық қарым-қатынастарды дамыту мен заң жүзінде азаматтарымыздың құқықтарын қорғау бағыттарында үлкен жұмыс жасалынуда. Осы ауқымды жұмыспен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шешіміне сәйкес, 2011 жылдың мамыр айында құрылған ӛкілетті орган – Дін істері агенттігінің айналысқанына бір жылдан асты. Осы уақыт аралығында аз жұмыс жасалған жоқ. Дін саласын реттейтін жаңа заң қабылданып, мемлекет пен діни бірлестіктер және ғылыми қоғамдастықтар ӛзара тығыз қарым-қатынас орнатып келеді. Діни бірлестіктермен байланыс орнататын кеңестер қызмет етуде, Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндердің ІV съезі ӛткізілді, сондай-ақ діни бірлестіктерді тіркеу жүргізілуде. Ал, келешекке мұнан да ауқымды мақсаттар қойылды. Мемлекеттің осы маңызды стратегиялық бағыты туралы Дін істері агенттігінің Тӛрағасы Қайрат Лама Шарифпен әңгіме ӛрбітпекпіз. – Қазақ елі зайырлы мемлекет, осы ретте жеке Дін істері агенттігінің құрылуы қаншалықты дұрыс болды? – Баршамызға мәлім, соңғы жылдары елімізде қоғам ӛміріндегі діннің рӛлі айтарлықтай ұлғайды. Ең алдымен, қоғамның дінге деген қызығушылығы арта түсті, атеистік кӛзқарастың орнына сенім бостандығы, демократиялық қағидаттар мен ӛз дінін ашық ұстануға мүмкіншілік орнаған еді. Бірақ қытай даналары айтқандай, есік-терезені қанша тұмшаласақ та, бәрібір ызыңдаған шыбыннан тосқауыл жоқ. Біз қоғамымыздағы тұрақтылыққа және оның әрі қарай дамуына тікелей қауіп тӛндіретін теріс пиғылды, тіпті ашық экстремистік құрылымдардың қызметіне кӛз жұмып қарай алмаймыз. - 113 -


Дін саласында болып жатқан үдерістер бүгінде Қазақстанның қоғамдық, тіпті ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан стратегиялық маңызға ие болып отыр. Соның нәтижесінде, мемлекеттің дін саласында болып жатқан үдерістерге белсенді қатысуының қажеттілігі туындады. Дәл осы мақсатта Дін істері агенттігі құрылған. – Қайрат Қайырбекұлы, Сіз басқаратын Агенттік қандай жұмыс істеп жатыр, оның мақсаты қандай? – Агенттік құрылған күннен бастап, оның қызметі еліміздегі бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді құқықтық реттеу арқылы нығайтуға бағытталды. Біз жаңа «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңды әзірлеп, оның қабылдануын қамтамасыз еттік. Діни ахуалды бақылап, сараптама жұмыстары жақсара бастады. Тыңғылықты тексерілген сараптамалық мәліметтер мен болжамдар, бізге осы салада дұрыс мемлекеттік шешімдер қабылдауға кӛмектеседі. Мемлекеттік органдардың тарапынан діни жетекшілердің, қоғамның белсенді ӛкілдері мен БАҚ-тың қатысуымен қоғамдық кеңестерді дамыту арқылы, діни ұйымдармен байланыс ұйымдастырылуда. Агенттіктің басым бағыттарының бірі – халық арасында ақпараттықтүсіндірме жұмыстарын жүргізіп, діни экстремизмнің тарауына тосқауыл қою. Осы мақсатта арнайы жасақталған ақпараттық-насихат топтарымен, халық арасында кездесулер ӛткізіліп, дәрістер оқылып, дӛңгелек үстелдер ұйымдастырылуда. Баспасӛзде дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру үшін мақалалар жариялануда. – Қазіргі таңдағы ең ӛзекті мәселе, жаңа заңға сай жүргізіліп жатқан діни бірлестіктерді тіркеу мен қайта тіркеуден ӛткізу жұмысы. Бұл талап не үшін заң тұрғысында бекітілді? – Заңды әзірлеу барысында біз діни бірлестіктерді тіркеуден және қайта тіркеуден ӛткізу талабын міндеттедік. Бұл, барлық діни бірлестіктердің жұмысы мемлекетке де, қоғамға да ашық болу мақсатында жасалды. Тіркеуден ӛткен діни бірлестіктер елімізде құқыққа, сондай-ақ қоғам мен мемлекет алдында міндеттерге ие болады. Осы уақытқа дейін бұл талап дұрыс орындалмай, кӛптеген мәселелердің туындауына себеп болған еді. Осы талаптың заң деңгейінде енгізілуіне басты себептердің бірі, біздің азаматтарды, елімізге сырттан келіп, діннің атын жамылып, ӛздерінің қитұрқы әрекеттер жүргізіп жатқан, менталитетіміз бен дәстүрімізге, мәдениетімізге жат, араздық туғызатын діни бірлестіктерден сақтау. – Жаңа заңның күшімен, заң бұзып жүрген белсенді миссионерлерден қалай арылуға болады? – Сіз дұрыс айтасыз, азаматтар жаңа заңды қолдана білу керек. Иә, құжат біздің азаматтарымыздың мүдделерін қорғауға бағытталған. Осы орайда тӛтесінен айтсақ, егер үйіңізге белгісіз біреулер есік қақса, кӛшеде қолыңыздан шап берсе, олардың әрекетін заңсыз деуге болады. Сіз осы жайлы полицияға хабарлай аласыз. Заңсыз миссионерлік қызмет үшін Қазақстанда әкімшілік жаза қарастырылған. - 114 -


– Қазіргі бейбіт қоғамымызда бұғанасы бекіп, қабырғасы қатайып үлгермеген жастардың қару кӛтеріп, діни лаңкестік пиғылдарға баруларына не себеп болып отыр деп ойлайсыз? Олардың діттегені не? Ел ішін дүрліктірген осы дерттің алдын алудың қандай жолдары бар? – Мұндай бүліктің бой кӛтеруіне елімізде кӛрініс тапқан бірнеше радикалды фундаменталистік діни ағымдардың әсері бар деп ойлаймын. Соның ішінде, мысалы, такфиршілдік ағымының идеологиясы бейбіт ӛмір сүріп жатқан белгілі бір мемлекеттік жүйеге дінді желеулетіп жік салуға, құзыретін құлдыратуға бағытталған, кей жағдайда диверсиялық жоспарға негізделген идеология болып табылады. Такфиршілдік – араб тіліндегі «тәкфир» сӛзінен шыққан. Мағынасы адамды кәпір, имансыз санауды және күпірлікпен айыптауды білдіреді. Діни астары бар бұл ағымның идеологиясы, ӛзі ӛмір сүріп отырған қоғамдағы жеке тұлғалар мен билік басындағы азаматтарды, дін қайраткерлерін күпірлікпен, имансыздықпен айыптауға негізделген. Белгілі бір адамды немесе билікке қатысты имансыз, кәпір деген үкім шығарғаннан кейін, олармен күресу, кәпірлікті қарумен болсын жою негізгі мақсаттарына айналады. Ең қауіптісі, аталмыш ағым такфирлік әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы діни сауаты таяз жастарды экстремизмге біртіндеп енгізеді. Олар жастар арасында ӛзі ұстанған жолдағылардан басқа мұсылмандармен, туған-туыстарымен, тіпті, әке-шешесімен араласпауға, қарым-қатынастарын үзуге дейін алып бару тәсілін де қолданады. Нәтижесінде әке-шешесінен, туған-туысынан, достарынан қол үзіп қалған жастар оңай басқарылып, экстремистік, лаңкестік мақсатта қолданылатын дайын «тірі ӛнімге», яғни арам пиғылдарын іске асыратын құралға айналады. Кейінгі кезеңдегі Ақтӛбе,Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары, Алматы, Атырау қалаларында орын алған лаңкестік әрекеттер – соның айғағы. Әрине, такфиршілдіктің торына түсіп қалған жастарды тағдырдың тәлкегіне тастап қоюға болмайды. Ол жастар мемлекетіміздің азаматтары, біріміздің ұл-қыздарымыз, біріміздің іні-қарындастарымыз. Қазақта «адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» деген ұлағатты сӛз бар. Сондықтан біз олардың бетін бері бұруға бағытталған, қамқорлық іс-шараларын ұйымдастыруымыз керек. Жастардың діни сауатын арттыратын, ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі исламы – Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабының дұрыстығын жастарға кеңінен ашып түсіндіретін ақпараттық-насихаттау топтары белсенді жұмыс істеуі қажет. Бүгінде ҚР Дін істері агенттігі исламтанушы, теолог, дінтанушы, психолог мамандармен жасақталған арнайы топтарды ұйымдастыруды қолға алып, ақпараттық-насихаттық және тәрбиелік шаралар жүргізіп жатыр. Біз жастарды дінаралық және мәдениетаралық диалогқа, ынтымақтастыққа, тӛзімділік рухына тәрбиелеуіміз керек. Бұл – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Осы бағытта ата-аналар да шет қалмауы тиіс. Ұлттық педагогикамызда «Тәрбие тал бесіктен басталады» деген ұлағатты сӛз бар. Жастарды - 115 -


тәрбиелеуде отбасының тәрбиесі ең басты рӛлге ие. Оларды отансүйгіштікке, имандылыққа, патриотизмге, мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа, этикаға тәрбиелеу ата-ананың борышы. Ол үшін ата-аналардың ӛздері діни сауаттылығын жетілдіргені абзал. – Экстремистік идеялардан халықты, әсіресе жастарды қорғауда мешіттің рӛлі қандай? – Әртүрлі экстремистік ағымдардың ықпалына түскендермен жұмыс жүргізудің ең сындарлы және салыстыра тексерілген әдісі – мешіттерде сауатты және орнықты ағарту жұмыстарын жүргізу. Қазақстан халқы, әсіресе жастар еліміздің түкпір-түкпірінде тамыр жайып жатқан дін атын жамылған ағымдардың қауіп-қатерлері мен сын-тегеуріндері жайында уақытылы хабардар болуы қажет. Сонымен қатар, діни радикалдық күштердің ӛз қатарына жастарды тарта отырып, жас әрі күш-жігері кӛп адамдар арқылы ӛз ұйымдарының әлеуетін күшейткісі келетіні айдан-анық. Экстремистік діни құрылымдардың ӛзіндік ерекшелігі – олар саяси сипатқа ие және сенушілерді дәстүрлі діндерге қарсы қоюды мақсат етеді, сондықтан жастардың осындай топтардың шынайы мақсатын және, ең бастысы, олардан келетін қауіпті танып-түсінуіне қол жеткізуіміз қажет. «Уахабшылар» немесе ӛздері атап жүргендей – «салафиттер» қоғамдық ӛмірдің тұрақсыздануына, конфессияаралық араздықтардың және соның негізінде ұлтаралық қақтығыстардың туындауына жағдайлар жасайды. Әңгіме олардың мемлекетіміздің негізгі қағидаларына нұқсан келтіріп, оның тәуелсіздігіне қатер тӛндіруі жайында болып отыр. Сондықтан діни экстремистермен күрес жүргізуде ӛзге шаралармен қатар мешіт имамдарының бірлесе күш салуы да ӛте маңызды. Бұл – айқын мәселе. Тәжірибесі мол имамдар экстремизм идеологтарына сауатты және білікті түрде қарсы тұра алатын дін мамандарының санатына жатады. Имамдарға Қасиетті кітап – Құранды жан-жақты білу қажет. Діни догматика, діни сенімдер, жоралар мен рәсімдер, доктриналық ережелер және діни тәжірибе саласындағы ӛзге де мәселелер тӛңірегінде әмбебап білімінің болуы олардың идеялық қарсыластарына тайсалмай қарсы пікір білдіруіне мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, біз қазір қоғамымызды дамытуда жауапты кезеңге аяқ басқалы тұрғанымызды атап ӛткім келеді. Еліміздегі діни ахуалдың одан әрі дамуы, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы біздің бірігіп атқарған жұмысымызға байланысты болады. Қазір біз үлкен жауапкершілікті түсіне отырып, тәртіпке салынған адал жұмыс жасауымыз керек. Бұл Дін істері агенттігіне, облыс деңгейіндегі мемлекет мекемелеріне, азаматтық қоғамның барлық күштеріне, ең алдымен мешіт имамдарына қатысты айтылған. Алға қойылған міндеттерге бірге қол жеткіземіз деп сенеміз. «Жұмыла кӛтерген жүк жеңіл», дейді қазақ атамыз. – Сұхбатыңызға рахмет! Сұхбаттасқан Қ.Әбішұлы. www.syrboyi.kz - 116 -


Ж.Ә. Әлімбеков, ҚР ДІА Алматы облысы Дін істері департаментінің директоры ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН АДАМГЕРШІЛІК – ЕГІЗ ҦҒЫМ Тәуелсіздік жылдары елімізде татулық, ӛзара келісім берік орнықты. Адамның ішкі бостандығына құрметпен қарау конфессияаралық толеранттылықты дамытуға мүмкіндік берді. Тарихи дәстүрлі ислам мәдениетімен қатар, елде әлемдік діндерді дамыту үшін де жағдайлар жасалды. Бүгінде діннің беделі мен мәртебесі кӛтеріліп, дінге сенушілер қатары кӛбеюде. Бір сӛзбен айтқанда, дін Қазақстан жағдайында қоғам мен жеке тұлғалар арасындағы байланысты нығайтып, ортақ келісім, татулық пен бірліктің негізіне айналды. Дін – жер бетіндегі адамзат баласының болмысына имандылық иірімдерін сіңіруге қызмет ететін идеология. Ал бұл ӛз кезегінде ұлттық идеяны қалыптастырады. Ұлттық идея ұлттық рухтан бастау алады. Әлеуметтің әртүрлі халықтардан құралатыны және әртүрлі діндерді ұстанатыны белгілі. Сол халықтар мен этностар арасында дін арқылы тү-сіністік пен сыйластықты, келісім мен татулықты, сабыр мен шыдамдылықты, мейірім мен сүйіспеншілікті орнатуға болатыны тағы белгілі. Дін ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, Отанға деген мақтаныш пен оның тарихына деген сүйіспешілік, ӛз еліне, мәдениетіне, салт-дәстүріне, яғни, патриоттық сезімге кіретін түсінікке тәрбиелейді. Шын мәнінде, рухани тазалықтың, ар-ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі – дін. Сондық-тан да имандылық пен адамгершілікті егіз ұғым деп білген жӛн. Иманды адам – қоғамдық қарым-қатынаста ар-ождан тазалығын, әдептілігін, әділеттілігін әрқашан да жоғары қояды. Әдептіліктің ӛзі адамның дұрыс тәрбие алуына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді. Ӛткен тарихымызға кӛз жүгіртсек, дінді қастерлемеген бірде-бір қоғам болмаған. Әлемдік діндерге ортақ қасиеттердің бірі – зұлымдық, зорлық-зомбылық атаулыға, адам бойындағы жаман қасиеттерге қарсылығы. Ғасырлар тоғысында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев діннің осындай қасиеттерін, ықпалын ынтымақтастықты дамытуға бағыттай білді. Кең-байтақ қазақ елі қазіргі таңда дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын ордасына айналды. Әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары рухани келісім мен діни тӛзімділікті орнатуда Қазақстаннан алар үлгінің мол екендігін мойындап отыр. Қазақстан ежелден алуан түрлі мәдениет пен ӛркениеттің түйіскен жері, Шығыс әлемі мен Батысты жалғастыратын, әлемдік ӛркениеттің жауһарын бойына сіңіре білді. Осыған байланысты Алматы облысында тарихи қалыптасқан дәстүрді жалғастыруға және оларды заман талаптарына сай дамыту мәселесіне баса кӛңіл бӛлініп келеді. Ӛңіріміздегі діни ұстанымның әр алуандығына қарамастан, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілген кешенді жұмыстар нәтижесінде діни - 117 -


ахуал тұрақты. Облыстағы діни ахуалды жоспарлы түрде зерделеу, келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Аймақта ӛтетін барлық мәдени-кӛпшілік шараларға дәстүрлі бағыттағы діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдар ӛкілдерінің қатысуы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, ұйымдастырылатын семинар-кеңестерде, дӛңгелек үстелдерде, облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жӛніндегі кеңес отырыстарында діни бірлестік басшылары ой бӛлісіп, пікір алмасады. Бекітілеген медиа-жоспарға сәйкес, аудан, қалалардағы діни бірлестік басшыларының тұрғындарды ауызбіршілікке, имандылыққа шақырған, діни ғұрыптар мен мерекелер жӛніндегі мақалалары жария-ланып тұрады. Үстіміздегі жылдың 30-31 мамырында Астана қаласында ӛткен Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының ІV съезі облыс тұрғындары тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Діни саладағы мемлекеттік саясатты жүргізуде заң талаптарын халыққа түсіндіруде және тұрғындардың діни сауаттылығын кӛтеруде ақпараттық насихаттау жұмыстары ӛткізілуде. Осы жұмыстардың аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен облыстағы ішкі саяси тұрақтылықты және этносаралық келісімді қамтамасыз ету мақсатында «Этносаралық қарымқатынас және халықтар достығы» тақырыбында республикалық семинардың ӛткізілгеніне де кӛп бола қойған жоқ. Сондай-ақ Орыс православие шіркеуінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Духовный сад Семиречья» халық-аралық жастар фестивалі де ӛткен болатын. Оған еліміздің облыстарындағы «жексенбілік мектепте» оқитын балалардан құрылған командалар қатысып, түрлі жарыстар бойынша жеңімпаздар марапатталды. Ұлттық дәстүр мен салт-сананы жастарға үйретуде, жастарға ғасырлар бойы ананың сүтімен, атаның қанымен бойына сіңген дәстүрлі дінімізді, ділімізді сақтауда облыстық ардагерлер кеңесі айтарлықтай жұмыс атқаруда. Білім басқармасымен бірлесе, ӛңіріміздегі мектептерде «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» тақырыбында сыныптан тыс тәрбиелік сағаттары жүргізілді. Облыс аудандары мен қалаларында үш ұрпақ арасындағы сабақтастықты дамыту, ұлттық сана-сезімін оятып, басқа этностардың салт-дәстүріне құрметпен қарайтын иманжүзді, саналы жастарды тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар ӛз нәтижесін беруде. Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері ӛңірімізде ӛтетін іс-шараларға белсене атсалысады, басқа да мемлекеттік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Аймақ басшылығы тарапынан ардагерлерге толық жағдай жасалған, үстіміздегі жылдың мамыр айында арнайы салынған «Ардагерлер үйі» салтанатты жағдайда ашылды. Қазіргі кезде «Қажылар қауымдастығының» облыстық филиалымен бірлесе атқарылатын жұмыс жолға қойылуда. Дегенмен де, әлі де болса дін саласындағы тұрғындардың діни сауаттылығының жеткіліксіз екенін айта кеткен орынды. Бұл күрделі мәселеге білікті дінтанушы-теолог мамандардың жоқтығы, дін саласындағы қызметкерлер білімінің жетіспеушілігі сияқты жағдайлар кері әсерін тигізуде. - 118 -


Зиялыларымыз, ғалымдарымыз, тіптен діни мәселелерге жауапты қызметкерлердің ӛзі дәстүрлі дін мен жат ағымның ара жігін бірге қарастырып, ажыратып бере алмай жатады. Ал бұл да тез арада еңсерілуге тиісті үлкен мәселе. Мысалы, халықты аузына қаратып, сӛзіне тоқтататын шешендері бар шетелдерде халықтың бӛтен діни бағыттың уағызына еру проблемасы ӛте сирек байқалады. Себебі, ол елдердің ғұламалары халықтың дұрыс діни сауатын қалыптастырумен бірге, бұрыс бағыттардың қателіктерін ғылыми тұрғыдан халыққа жеткізе біледі. Міне, осы тұста біздің қоғамға діни сауаты терең, халықты ӛзіне ерте алатын және оның сеніміне ие бола алатын ғалымдардың қажет екендігін айта кету керек. Бұл орайда, бірінші кезекте, ӛз азаматтарымыздың құқығын қамтамасыз етіп, ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілікті сақтауға, қоғамды бӛлшектеуге апаратын келеңсіздіктерді болдырмауға күш салуға тиіспіз. Осы ретте жақында баспасӛзде жарияланған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын ерекше атап ӛткен жӛн. Мақалада жұмыссыздықпен күрес, білім саласын дамыту, жастар саясатын жандандыру еңбек адамдарына жағдай жасау арқылы елдің әлеуметтік жағдайын арттыру мәселелері кӛтерілген. Президентіміз бұл түйткілдерді тиімді шешу үшін бірқатар заңдарға ӛзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін жастардың техникалық және кәсіптік білім алуға жұмылдырылатынын және де индустрияландыру бағдарламасына тартылатынын атап ӛтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының ІV съезінде: «Мен полимәдениеттілік, этностық және діни саналуандық – ол қоғам үшін қатер емес, орасан артықшылық деп есептеймін», деген болатын. Ендеше, дін мемлекеттен бейтарап болғанымен, ол мемлекеттігіміздің бір тірегі болып қала бермек. www.egemen.kz ***** А.П. Әбуов, ҚР ДІА Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры ОРАЗАҢ ОТЫЗ КҤНГІ – ОТЫЗ КІСІ Сауапты істермен айналысуға асығайық, ағайын Ораза (араб тілінде «әс-соум») «бір істен, немесе сӛзден тыйылу» деген мағынаны білдіреді. Ораза тұту – исламда парыз етілетін тӛртінші амал. Мұндағы басты мақсат барлық дерлік жамандықтың, ӛшпенділіктің негізі болып табылатын нәпсіні - 119 -


тыю. Адамзатты мейірбандыққа, адамгершілікке, достық пен қайырымдылыққа шақыру, ысырапшылдықтан сақтандырып, үнемшілдікке тәрбиелеу. Адам ӛз жаратылысында пәнилік нәпсілерінен мүлдем арыла алмайтыны белгілі. Алайда, осы ораза айында адамға ӛз құлқынының шырмауынан босауға, ашкӛздіктен арылып, рухани жаңаруға мүмкіндік беріледі. Дәл осы оразада дәулетті адам мен кедейдің таң атқаннан кеш батқанға дейін тыйым салынған нәрселерден бірдей бас тартуы, теңесуі мен сұхбаттасуы жүзеге асады. Ӛз нәпсісін тежеп, тӛзген адамның сабырлылығы артады, ал сабырлылық пен тӛзімділік бейбітшіліктің негізі екендігі анық. Сол себепті, ораза тұту ерекше маңызға ие. Әлемде бір ай бойы адамдар бір-біріне мейірбандықпен қарап, қиыншылыққа ұшырағандарға кӛмек қолын созып, бір дастарқан басына жиналып, ортақ дұға, тілек жасау арқылы адам мен адамның, адам мен әлемнің арасында достық, үйлесімділік байланысы орнайды. Ораза тұту кейбір қате түсініктер бойынша, таңертеңнен кешке дейін аш жүру емес, ол бірінші кезекте адамның Жаратушыға құлшылығы мен ӛзін-ӛзі тәрбиелеудегі ниетінен басталады. Мұсылман қауымы, осы қауымның бір бӛлшегі ретінде қазақ халқы да ерте заманнан ораза айын күнәлар кешіріліп, сауаптар жасалатын қасиетті ай ретінде асыға күткен, алдын-ала дайындалған. Ел бірлігінің ұйытқысы ретіндегі діннің рӛлін жақсы түсінген бабаларымыз, оның парыздарын орындап, жылына бір рет келетін оразаны барынша құрметпен қарсы алған. Ауыз бекіткен жанның нәпсіден тыйылып, игілікті істер атқаратындығын, бес күндік пәни ӛмірді мәнді ӛткізу керек екендігін жақсы түсінген. Сол себепті, араздасқанды татуластыратын, адамдық пейілді тазартып, жанды жаманшылықтан сақтайтын рамазан айында ауыз бекітіп, мұсылмандық парызды ӛтеуді міндет деп қараған. «Оразалымен оттас бол, имандымен жолдас бол» деген халық даналығында қазақ халқының ораза ұстаған адаммен жақын болуға ұмтылысы, ал «Оразаң отыз күнгі отыз кісі, Бес кісі – бес намазың білемісің. Жоқ қылып жамандықты жойылтуға, Бұларсыз дәнемеге келмес күшің», – деп жырлаған Мәшһүр Жүсіптің ӛлең жолдарынан халқымыздың оразаға ерекше мән бергендігін байқауға болады. Осы сабақтастық кеңестік кезеңде де жалғасын тапты, халықтың басым бӛлігі ораза ұстамаса да, сол айдың қасиетті екендігін біліп кӛршілеріне шелпек таратуға, пітір садақа беруге, ауызашар жасауға тырысқан. Пітір садақа беретін мешіт немесе молда болмаған кезде, оны бір бӛлке нанның құнымен белгілеп, жергілікті мекендегі тұрмысы нашар отбасына немесе жалғызбасты, жоқжітікке берген. Ораза ұстамағандар аузын бекіткен адамдарға ауызашар беруге асыққан, кейбір ауылды мекендерде ораза ұстаушылар саны аз болғандықтан, оларды ауызашарға шақырушылар алдын ала кезекпен шақырып, қонақ етуге асыққан. Бұл дінсіз саналған қоғамның ӛзінде де халқымыздың дін қағидаларын сақтауға ұмтылғандығын кӛрсетеді. Тәуелсіздік алып, исламның қайта гүлденуімен ораза ұстау да кең тарала бастады. Қазіргі таңда ораза ұстаушылар саны артуда, олардың қатарында жастар кӛптеп кездеседі. Қоғам ӛмірінде рамазан айының келуі ерекше - 120 -


жағымды оқиға ретінде қабылданатындығы байқалуда. Бұған себеп, біріншіден, Қазақстан Республикасы ӛзін зайырлы мемлекет ретінде белгілеп, дін ұстанушылардың еркіндіктеріне араласпай, олардың діни парыздарын орындауларына мүмкіндік беретін, дінаралық келісім саясатын ұстануы деуге болады. Мұның дәлелі рамазан айынан кейін келетін мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі мен православиедегі Рождество мейрамдары елімізде мереке күндері ретінде белгіленуі еді. Елдегі дінаралық келісім саясатының жарқын кӛрінісі үстіміздегі жылдың 30-31 мамыр аралығында ӛткен Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшылары Съезінің тӛртінші рет ӛтуі болды. Түрлі дін ӛкілдері мен қоғам қайраткерлерінің, ғалымдар мен дін зерттеушілерінің басын қосқан бұл үлкен жиын қазақ жерінде, жалпы әлемде әр дінге сенуші, әр адам ӛз діни жораларын атқарып, бейбіт ғұмыр кешуге болатындығына, діндер арасында келісім орнату мүмкіндігіне кӛз жеткізді. Мұның жарқын кӛрінісі бір ғана қазақ жерінде мұсылмандар, христиандар, будда, иудей және т.б. дін ұстанушылары ӛз діни рәсімдері мен жораларын еркін атқарып, діни мерекелерін тойлаулары еді. Сонымен бірге, халқымыздың діни ӛміріндегі елеулі оқиға үстіміздегі жылдың 6 шілдесінде «Әзірет Сұлтан» мешітінің ашылуы болды. Мешітке түркі әлеміне ислам дінін алғаш таратушылардың бірі, жүрек тазалығы, ар ілімінің негізін қалап, адамсүйгіштікті насихаттаған дін ғұламасы – Қожа Ахмет Яссауидің Түркістандағы кесенесінің атауы берілуінде үлкен мән жатқандығы анық. Ӛйткені, Президентіміз: «Бұл – кезінде күллі қазаққа рухани орталық болған Түркістанның рухы елордамызда жаңғырды деген сӛз!» деп атап ӛтті. Еліміздің Астанасында осындай үлкен мешітті Елбасының ӛзі салтанатты түрде ашқандығы, ислам дінін ұстанатын мұсылман қауымын ерекше рухтандырып, келе жатқан ораза айына үлкен тарту болды. Оразаның халық арасында ерекше аталып, үлкен назарға ие болуының екінші себебі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының нәтижелі қызметі деп айтуға болады. Қазақстанда Ислам дінін ұстанушылар дінге сенушілердің 70%-ын құрайтындығы рас. Сол себепті, еліміздің бас мүфтиі жыл сайын ораза айы басталар шақта елдегі кәсіпкерлерге халықтық тұтыну тауарларының, жол жүру кӛліктерінің, байланыс қызметтерінің бағаларын тӛмендетуге шақырады. Дінбасының мұндай үндеуі БАҚ беттерінде кеңінен жарияланып, оң қолдау табуда. Еліміздің әр аймақтарында ораза кезінде ауызашар беру алдын-ала ұйымдастырылуда. Қазіргі кезде рамазан айы кезіндегі мешіт имамдары мен кәсіпкерлердің бірігіп жетімдер, қарттар үйлеріне, ауруханаларға кӛрсеткен кӛмектері, студенттер мен тұрғындарға ауызашар ұйымдастырғандары және т.б. жасалған игі шаралары туралы бұқаралық ақпарат кӛздерінде кӛптеп жариялану үрдісі қалыптасты. Бұл қоғамда мейірбандық, кӛмек кӛрсету мен сыйластық сезімдерін қалыптастыру және ӛскелең ұрпақты осы рухта тәрбиелеудегі тиімді құрал болып табылатындығы сӛзсіз. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның веб-сайтында ораза тұтқан, оразаны алғаш ұстаған адамдардың түрлі сауалдарына жауаптар беріліп, осы айда сауапты істер - 121 -


жасауға шақыратын уағыздар, оразаның пайдасы туралы аят-хадистер мен медициналық зерттеулер туралы материалдар беріліп отырады. Бүгінгі күні ораза ұстаудың ізгілік, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырып, рухани жаңартудағы маңызымен қатар, оның денсаулыққа пайдасы да кеңінен зерттелуде. Дәлел ретінде, ғылыми, зайырлы және діни басылымдарда жарияланатын медицина мамандарының мақалаларын алуға болады. Олардың пікірінше, ораза тұту адамның психологиялық жай-күйін, моральдық келбетін жақсартып қана қоймай, оның ішкі ағзасын, яғни, денсаулығын сауықтырады. Алайда, ислам ата дініміз, ораза парызымыз деп түсінгенмен, ораза айына құрмет қалыптастыра алдық па деген сауал туындайды. Біз тарихтан атабабамыздың оразаға жауапкершілікпен қарағандығын, тіпті дінсіз қоғам орнатылған кеңестік заманда да ол тұрмыстық сипат алып, халық санасынан шықпағандығын байқаймыз. Ал бүгінгі таңда ораза ұстайтындар саны артты дегенімізбен, оразаның шын мәнін ұғынатындар саны аз секілді. Оразаны діни парыз деп қарастырумен қатар, оны жалпы адамзаттың жақындасу айы деп қарастырған орынды. Егер осылай қарайтын болсақ, Бас мүфтидің ораза кезінде қызмет кӛрсету бағаларын тӛмендету, арақ-шарап ӛнімдерін сатпау, түнгі сауық орындарының қызметін шектеу секілді үндеуін толық қолдар едік. Ӛйткені, адамдарды бір-бірінен алшақтататын, адамның пейілін бұзатын нәрселердің бір ай тоқтатылуы адамзаттың жақындасуына оң ықпалын тигізері сӛзсіз. Ораза айына, ораза ұстағандарға құрметті қалыптастыру үшін мешіт имамдары мен аға буын ӛкілдерінің бірлесе жұмыс атқарғандары дұрыс. Бұл ең алдымен жастар, тұрғындар арасында оразаның тек ашығып жүру ғана еместігін, керісінше, оразаның адамға, оның денсаулығына, қоғамға, тіпті әлемді жақсартуға тигізер оң ықпалдарын түсіндіру мен арақ-шарап сатылатын дүкендер, жастар жүретін сауық орындарының басшыларымен кездесіп олармен ораза күндері тыйым салынған ӛнімдерді сатпау, жұмыс кестесін ауыстыру секілді мәселелерде ортақ келісімдерге келу жұмыстарын жүргізген тиімді болар еді. Дегенмен, оразаға дін ұстаушымен қатар, ораза ұстамайтын адамдардың да құрметі қалыптасу үстінде екендігі рас. Оны ораза кезіндегі басты ізгі амалдың бірі саналатын ауызашар берудің ауқымдылығынан байқаймыз. Қазіргі таңда жеке отбасында ораза тұтқан туған-туыс пен кӛрші-кӛлемді жинап ауызашар беруден бастап, мешітте берілетін, түрлі үлкен компаниялардың, мекемелердің ӛз қызметкерлері үшін ұйымдастыратын кӛлемді ауызашарлары ӛткізілуде. Мұндай ауызашарларда дұға оқылып, діни тақырыптардағы әңгімелер айтылады. Алайда кӛптеген тұрғындар арасында оразада, ауызашарда кӛңіл кӛтеруге, ән айтуға болмайды деген түсінік бар. Ораза нәпсіні тыю болғанымен, ол тақуа болып, бұл дүниеден баз кешу емес. Сол себепті, ауыз ашқаннан соң отырыстарда ӛлең айтып, күй тартуға болады. Шариғат заңдарын сақтайтын, мұсылман мемлекеттерінде де күн батып, ауыз ашқан соң ән айтып, күй тартып - 122 -


кӛңіл кӛтеруге рұқсат етіледі. Ӛйткені, әуен жанды жадыратады, ойды сергітеді. Оразада күнәлар кешірілетін болғандықтан, оны шын пейілмен, жадыраңқы кӛңілмен және қайырымды істерді кӛптеп жасаумен ӛткізген жӛн. Себебі, жарлыға демеу болу, жақынына қолдау кӛрсету, халқына арнап мешіт тұрғызу, жастарына арнап кітапхана салу секілді сауапты іспен айналысу қазақ халқында ертеден бар дүние. Сол себепті, «Ӛткенге салауат, келешекке аманат» деген қағиданы берік ұстанып, ораза айында мұндай игілікті істерді еселеп жасау, оразаның пайдасы мен маңызы туралы әр адамға, соның ішінде жастарға түсіндіру ӛзін ӛз елінің азаматы санайтын әр адамның міндеті. Ендеше осы бір қасиетті айда бар шын ниетімізбен ораза тұтып, нәпсінің шырмауынан босап, рухани жаңарып, сауапты істермен айналысуға асығайық, ағайын. «Егемен Қазақстан» газеті ***** М.М. Әбішева, ҚР ДІА Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының бӛлім бастығы ДІНТАНУШЫЛАРДЫҢ ДӘСТҤРЛІ ҚҦРЫЛТАЙЫ Қараша айының 15-ші жұлдызында еліміздің бас қаласы Астана шаһарындағы іргелі оқу орыны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дінтанушылардың дәстүрлі құрылтайы - Қазақстан дінтанушыларының Екінші Форумы болып ӛтті. 2011 жылы аталған университетте ӛткізілген Бірінші Форум алғаш рет дінтанушылардың басын қосып, дін саласындағы мәселелерді зерттейтін отандық дінтанушылардың ғылыми қауымдастығын біріктіруді, дін мен қоғамның ӛзара әрекеттесуін терең зерттеуге бағытталған пікір алмасу алаңын қалыптастыруды және мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынастардың заңнамалық реттеу жолдарын анықтауды мақсат еткен болатын. Араға бір жыл салып ӛткізіліп отырған Форум ӛлшемімен дін және діни мәселелерге қатысты іс-шараларға қысқаша шолу жасар болсақ, Қазақстан дінтанушыларының Бірінші Форумында тұсауы кесілген Қазақстанның дінтанушылар конгресі жұмыс істей бастағанын айту қажет. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есім жетекшілік ететін Конгреске қоғамның діни мүдделерін қорғау мен елдегі діни ахуалға талдау жасау міндеттері жүктелді. Елімізде 2011 жылдың 11-ші қазанында бекіген «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның қабылданып жұмыс істей бастағанына бір жылдан асты. Қабылданған жаңа Заң бақылаусыз миссионерлік қызмет пен псевдодіни ұйымдардың заңға қайшы әрекеттерінің алдын алу сияқты ӛз мақсаттары мен - 123 -


міндеттеріне сай қызмет етіп, қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етуде. Аталған заң бойынша, діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу жұмыстары қолға алынып, биыл 25-ші қазанда ӛз мәресіне жетті. 2011 жылдың 1-ші қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстан аумағында қызмет еткен 4551 діни бірлестік, тіркеу нәтижесінде 3088-ге қысқарды. Сонымен қатар, кӛптеген діни қауымдастықтардың конфессиялық сипаты анықталып, Қазақстан бойынша тіркеуге дейін 47 саналатын конфессия саны 17 болып нақтыланды. Жалпылай алғанда, жыл басынан беріде талай игі істер атқарылды десек артық емес. Айталық, 2012 жылдың 30-31 мамыры аралығында «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы» тақырыбында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезінің ӛткені белгілі. Съез жұмысы құрамына әлемнің жетекші конфессияларының ӛкілдері енген Дін жетекшілері кеңесінің алғашқы отырысымен басталды. Съезде Қазақстан Президенті әлемдік ӛзара қатынастардың жаңа форматы - «G-GLOBAL» жобасын ұсынды. Бір жыл аралығында үш зәулім ғибадатхана бой кӛтерді. Ағымдағы жылы 6-шы шілдеде Астанада Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің ашылу салтанаты ӛтті. 22-ші тамызда Ӛскемен қаласында Қазақстан бойынша үлкендігі жағынан үшінші орынды иемденетін мешіт ашылып, мұсылмандар игілігіне ұсынылды. Қарағанды қаласында 9-шы қыркүйектен Орталық Азия кӛлемінде ең үлкен саналатын католик соборы жұмыс істей бастады. Биыл қараша айында Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 38-ші Кеңесіндегі тӛрағалығы аяқталатын болады. Бір жылдық мерзім Қазақстанның діни ахуалындағы тұрақтығын сақтап, нығайту және мемлекет мәртебесін әлемдік деңгейде асқақтататын ісшаралармен қатар, елдегі болып ӛткен келеңсіз уақиғалар мен ӛзгерістерге де толы болды. XXI ғасырда кӛптеген елдер бетпе-бет келген лаңкестік пен діни экстремизм сынды бірқатар жаңа қауіп-қатерлер ӛкінішке қарай, Қазақстанда да орын алды. Ӛткен жылы елімізде бірнеше лаңкестік әрекеттердің болып ӛткені баршамызға аян. Құзыретті органдардың мәліметтері бойынша, бірқатар лаңкестік әрекеттердің артында исламдық радикалдық топтар тұрғанындығы анықталды. Қоғамда діни экстремизм мәселесінің ӛзектілігі артуда. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы діни ахуал 2011 жылдың соңымен салыстырғанда жақсарған, алайда дағдарыс алдында деп бағаланып отыр. Жаһандық деңгейдегі діни ахуал да тұрақтылығымен ерекшеленбеді, Кувейт, Иордания, Оман, Алжир, Катар секілді араб елдерінің жетекшілері бірінен соң бірі жеке реформаларын жүргізген болса, Мысыр, Ливия, Тунисте билік басындағы үкімет құлап, радикалдық исламистердің ұстанымдары күшейгендігі байқалды. Осы себептерге байланысты үстіміздегі жылдың 15-ші қарашасында ӛткзілген дінтанушылардың Екінші құрылтайы уақыт талабына сай діни экстремизмнің алдын-алу тақырыпнамасына арналды. - 124 -


Екінші форумның негізгі мақсаты - дінтанушылар мен теологтардың отандық ғылыми қауымдастығын экстремизм мен лаңкестікке қарсы тиімді алдын алу шараларын бірлесе отырып дайындауға жұмылдыру, экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу жұмыстарының негізгі факторы ретінде теологиялық және дінтанулық білім берудің сапасын кӛтерудің жаңашыл жолдарын айқындау, лаңкестік пен экстремистік идеология мен үндеулерге қарсы қағидаттар мен ӛзге де тұжырымдамалық негіздерді дайындауда ғылыми тәсілдерді қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын алудағы азаматтық қоғамдағы әлеуметтік институттардың орнын және атқаратын қызметін анықтау, сонымен бірге радикализм, діни экстремизм идеяларынан сақтандыруда дәстүрлі исламның тарихи маңызын, рӛлі мен орнын айқындау саналды. Қазақстан дінтанушыларының Екінші Форумына белгілі қазақстандық дінтанушы-ғалымдар, теологтармен қатар мемлекеттік орган ӛкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, орта білім беру мекемелерінің «Дінтану негіздері» пәнінің ұстаздары, «Дінтану» мамандығының студенттері мен магистранттары, діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының ӛкілдерінен тұратын жалпы саны 400-ден аса адам қатынасты. Форум шеңберінде діни бірлестіктер ӛкілдерінен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы Б.Мырзаев, Қазақстандағы Православиелік Шіркеуінің Синод істерін басқарушы Қаскелеңдік Епископ Геннадий, Астана қаласының бас раввині Шмуэль Карнаух, Қазақстандағы Евангелия-Лютерандық Шіркеуінің басшысы Ю.Новгородов, Қазақстандағы армяндық Апостольдік «Сурб Хач» шіркеуінің басшысы Нерсе Саргсян, Алматы қаласындағы Вон-буддистер діни бірлестігінің басшысы Л.Палагиналар қатысқан баспасӛз конференциясы ұйымдастырылды. Қазақстан дінтанушыларының Екінші Форумы тақырыптық бағыттағы 4 секцияға бӛлініп жұмыс істеді. «Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігінің кепілі» 1-ші секция жұмысында теологиялық және дінтанулық білім берудің сапасын кӛтеру, оның аясын кеңіту, жастардың құқықтық діни саладағы сауаттылығын арттыру мәселелері бағытында ӛрбісе, «Діни эктремизмнің алдын алудағы қоғамдық институттардың рӛлі» атты 2-ші секция отырысында діни экстремизмнің алдын алудағы қоғамдық институттар мен жастар ұйымдарының орны мен маңыздылығы мәселелері талқыланды. «Қазақстандағы діни экстремизмнің алдын алудағы дәстүрлі исламның рӛлі» 3-ші секциясына қатысушылар ӛз баяндамаларында Қазақстан үшін дәстүрлі сүнниттік Исламның ханафи мазхабының ұстанымдарын насихаттауда Исламның халықтың тарихи ӛткен кезеңі мен ұлттық салт-дәстүрлерімен сабақтастық, отансүйгіштік пен ұлттық қауіпсіздік қағидаларына құрмет идеяларын үйлестіре насихаттау маңыздылығына тоқталды. «Кеңес беру және сауықтыру орталықтарының діни деструктивті ағымдардың қоғамдағы ықпалдарының алдын алудағы рӛлі» 4-ші секциясындағы баяндамашылар соңғы уақытта дәстүрлі емес исламдық - 125 -


бағыттағы діни бірлестіктер мен саентологтардың миссионерлік жұмыстарының белсенділігінің артып отырғандығын атап ӛтті. Сонымен қатар, Форумға қатысушылар ӛздерінің баяндамаларында Қазақстанның конфессияаралық үнқатысу саласындағы жетістіктеріне тоқталды, елдегі бірігу мен тұрақтылыққа ықпалдасатын қазақстандық қоғамның ӛзара әрекеттестігіне жетудің жаңа тиімді жолдары мен шарттарын қарастыру жӛнінде ӛз ұсыныстарын ортаға салды. Форумның Қорытынды Пленарлық отырысында Қазақстан дінтанушылары Екінші Форумының Қарары қабылданды. Форумға қатысушылардың толық қолдауымен Саентологияны діни бірлестік ретінде танылмауы жӛніндегі ұсынысты Екінші Форум Қарарына енгізу керек деп шешілді. Сондай-ақ теріс пиғылды ағымдардан зардап шеккен Орталықтар мен діни бірлестік жетекшілері және үкіметтік емес ұйымдар деструктивті ағымдарға қарсы бірігіп жұмыс жасауды ұйғарды. Форум жұмысын қорытындылай отырып, Дін істері агенттігінің Тӛрағасы Қ.Лама Шариф Форумға қатысушыларға алғысын білдіре отырып, елімізге тұрақтылық, халқымызға амандық тілегін білдірді. Дәстүрге айналған дінтанушылардың келесі құрылтайларында бас қосқанша әзіз еліміз аман, қадірлі жұртымыз тыныш болсын дегіміз келеді! www.abai.kz ***** Т.Р. Нығметов, ҚР ДІА БҚО Дін істері департаментінің директоры ДІНИ САНА МЕН БІЛІМДІ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫРА АЛАМЫЗ? Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастар қолында екені даусыз. Қай заманда да қоғамның негізгі қозғаушы күші – кейінгі ұрпақ. Бүгінде тәуелсіз еліміздің іргесін нығайту жолында жас ұрпақты заман кӛшіне сай қалыптастыру, рухани және адами қасиеттерді орнықтыру басты мәселелердің бірі болып отыр. Жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие –ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Бүгін жұртшылық арасында діннің беделі артуда, діни нанымдар мен діни бірлестіктердің саны ӛсуде. Бұл ӛсімді жастар құрап отыр. Біз конфессиялық сан алуандығымен ерекшеленетін әлемдегі санаулы елдің біріміз. Қазақ халқы діни кӛзқарасы терең, діни мәдениеті жоғары ұлттардың қатарына жатады. Тек осы дәстүрді бүгінгі уақыттың ерекшеліктеріне сай тереңдете білуге тиіспіз. Себебі, дін – жоғалтуға болмайтын рухани қазына. Ал әлемдік және ұлттық дәстүрлі діндер тарихын танып-білу жастарымызға, тіпті, шетелдерді былай қойғанда, тек ӛзіміздің Қазақстанды мекен ететін кӛптеген - 126 -


этностардың рухани құлшыныстарының, олардың адамгершілік мүдде-мақсаттарының ортақтығын біліп-түсінуге кӛмектесетіні анық. Жастардың діни санасы мен діни білімін қалыптастыру – бүгінгі күннің ӛзекті мәселесі. Еліміз бойынша мектептерде «Дінтану негіздері» пәні оқытылуда. Мұны дұрыс шешім деп қабылдауымыз керек. Ӛкінішке қарай, сол пәнді оқытатын мамандар жеткіліксіз. Мамансыз дінтану пәнін жүргізу – ең үлкен қателік. Егер де жас азаматтардың діни санасын қалыптастыруға дін маманы, дінтанушы білім бермесе, оның дүниетанымы, діни санасы қайда бағытталары белгісіз. Бүгінде имандылыққа бет бұрған жастарды мешіттерден жиі кездестіреміз. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай. Бірақ сол жас азаматтарымыздың діни санасы мен діни білімдері қалыптасқан ба? Мәселе осында. Тек қана хадистер мен уағыздарды жаттап алған жастарымыздың діни білімі бар деп айта аламыз ба? Пайғамбарымыз «дін мен білім бірге жүреді» деген екен. Білімі бар адамның иманы болары сӛзсіз. Сондықтан, мектеп қабырғасындағы оқушылар мен студент жастар арасында дінтану және құқық сабақтары жүйелі ӛткізіліп, тиісті органдардың қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуі тиіс деген ойдамыз. Соңғы жылдардағы алыс-жақын мемлекеттердегі лаңкестік оқиғалар мен діни экстремизмнің кӛріністері ӛз елімізде қандастарымыздың, әсіресе, оның ішінде жастарымыздың ӛзге дінге ӛту кӛріністері мен экстремистік парақшалардың кӛптеп таратылуы біздің аймақ үшін жан-жақты назар аударуды қажет ететін мәселеге айналып отыр. Сонымен бірге, айта кететін тағы бір жайт, жастардың шетел теологиялық оқу орындарына заңсыз кетуі. Бұл жағдайдың қоғамымыздың дінге бет бұрып, халықтың діни білім алуға деген талпынысынан туындап отырғаны белгілі. Жастардың теологиялық оқу орындарына кетуіне білім алудың толығымен шетелдік медреселер есебінен қаржыландырылатындығы, олардың елге келген соң жергілікті діни ұйымдарға жұмысқа орналасу мүмкіншілігі болатындығы себепші болуда. Онда білім алып жатқан қазақстандықтардың лаңкестік және экстремистік ұйымдардың ықпалына түсу қаупі де жоқ емес. Олар елге оралған соң жастарды тек араб тіліне үйретіп қана қоймай, ислам дінінің басқа діндерге қарағанда үстемдігі туралы экстремистік идеологияны насихаттауы да ықтимал. Соңғы жылдары отандастарымыздың, әсіресе, жастардың рухани дамуына кері әсері бар әртүрлі жағдайларды байқаймыз. Мәселен, бұл ретте жарнама мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы адамгершілік құндылықтың, ар мен ұяттың аяққа тапталуын айтуға болады. Сонымен қатар, жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне теріс әсерін тигізіп жатқан кейбір теледидар хабарларының қатерге айналғанын баршамыз біліп отырмыз. Зиянды ойындардың, адамның есін шығарар есірткі мен ішкіліктің теледидар арқылы кӛп насихатталуы жастардың ӛз Отаны мен отбасына, дініне, салт-дәстүріне деген кӛзқарастарын ӛзгертіп жатқанын жасыра алмаймыз. Бүгінгі жастардың ой-ӛрісі мен талпынысы, ӛмірге деген кӛзқарастары әрқилы. Осы тұрғыда олар жалпыадамзаттық мәңгілік рухани адамгершілік - 127 -


құндылықтарды бірінші кезекке қоя білсе, ұтылмас еді. Онсыз тұлға толыққанды қалыптаса алмайды. Жастар бойындағы жаман қылықтарға қарсы күресетін иммунитет – діни, рухани адамгершілік және моральдық ұғымдар. Діни тәрбие адам бойындағы ар-намыс, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятады. Дін адамды тӛзімділікке, бӛтен ойларға кеңдікпен қарауға үйретеді. Бұл, әсіресе, кӛп дінді, кӛп этносты Қазақстанда ӛте маңызды. Осындай тәрбие болмаған жағдайда қылмыс, экстремизм, тӛзімсіздік, дінаралық, ұлтаралық алауыздық пен текетірес секілді құбылыстар кӛрініс табуы ықтимал. Осындай құбылыстардың болуын қалайтын, елдегі ахуалдың тұрақсыздануы үшін қолынан келгенін аямайтын күштердің де бар екені жасырын емес. Арнайы діни білімнің болмауы, шала сауаттылық та экстремизмге әкеліп соқтырады. Жастарға шынайы діни білім беріп, олардың білім кӛкжиегін кеңейтіп, адамгершілік тәрбиеде діни құндылықтарды пайдалану, сондай-ақ дін мен мектептерді шебер байланыстыру нүктелерін дұрыс таба білу, бүгінгі заманда оң нәтиже берері сӛзсіз. «Жұмыла кӛтерген жүк жеңіл» демекші, қоғам, мемлекет және дін қызметкерлері жастарды дұрыс тәрбиелеуде күш біріктірсе ғана кӛздеген мақсатымыз айқын, болашағымыз жарқын болады. Еліміз – ӛз құрылымы бойынша зайырлы мемлекет. Сондықтан, ұлттың діни факторларын үйлестіре жүргізуіміз бүгінгі саясатымыздың негізі болып табылады. Еліміздің қуатты, рухани діңгегі берік, иманды мемлекет болуына және діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға жастардың қосатын үлесі ерекше. Осы ретте Батыс Қазақстан облысы Дін істері департаментінің жұмысы атап ӛтуге тұрарлық. Еліміз бойынша, соның ішінде батыс ӛңірінде діни астарлы түйткілді оқиғалардың болуы баршамызды алаңдатып отыр. Десек те, біртұтас діни кеңістік жасау мүмкін емес. Біз қай діннен, қай ұлттан, қай қауымнан болсақ та ӛзара құрмет пен тӛзімділікті басты ұстаным етіп ӛмір сүруге тиіспіз. Жастардың иманды, дінге жақын болғаны, күнәсіз таза ӛмірге ұмтылғаны жақсы, әрине. Алайда, олардың бірқатары білімінің таяздығынан адастырушылардың соңына еріп, фанатизмге бой ұрып, тіптен сойқаншыл лаңкестердің қолшоқпарына, құрбандығына айналып кетіп жатады. Ағымдағы жылдың 30-31 мамыр күндері Астана қаласында ӛткен Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының ІV cъезінде басты тақырыптардың бірі ретінде жастар мәселесі қозғалды. Бұл орайда Ақжайықта жастар саясаты кешенді әрі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Әлбетте, жастарды зорлықзомбылықтың қолшоқпары етіп пайдаланғысы келетін арам пиғылды күштер де жоқ емес. Олар тұлға ретінде қалыптаспаған, дүниенің ақ-қарасын ажыратпаған жастарды ӛздерінің қатерлі идеяларымен улап, ақшамен алдарқатып, адамзатқа қауіп тӛндіретін терроризм сияқты қылмыстық әрекеттерге итермелеуде. 2011 жылы Елбасының Жарлығымен ҚР Дін істері агенттігі, соның ішінде Дін істері департаменттері құрылған болатын. Сондай-ақ, сол жылы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қабылданды. Дін істері департаменті мен ӛзге де мемлекеттік органдар жастар - 128 -


мен жасӛспірімдер арасында діни экстремизмнің алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар ӛткізуде. Аумақтық Дін істері департаментінің мақсаты – Батыс Қазақстан облысында азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын, әртүрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы ӛзара түсіністікті, тӛзімділікті нығайту, олардың мемлекетпен ӛзара іс-қимылын жүйелі түрде реттеп отыру болып табылады. Мұндағы бізді алаңдататын бір жағдай – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының дінге келуі табиғи түрде, яғни ӛзінің сана сезімі толысып, еркімен дінге келу, ата-ана тәрбиесі арқылы дінге келуі емес, еріксіз, ӛзге миссионерлер жұмыстары, секта мүшелері арқылы немесе күнделікті кӛріп жүргеніміздей дәстүрлі емес діни ағым ӛкілдері арқылы дінге кіруі. Ендеше, халық арасына кеңінен таралған «Ағаш түзу ӛсу үшін оған кӛшет кезінде кӛмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деген қанатты сӛздің мағынасы тереңде жатыр. Жастардың бойына бала кезінен ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, ӛз-ӛзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен білім беру ұйымдары шешуші рӛл атқарады. Жастар – біздің жарқын болашағымыз. Оларға жіті кӛңіл бӛлу, тәрбиелеу – мемлекет пен дін ӛкілдерінің алдындағы негізгі міндеттердің бірі. Жастарымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлерді ұдайы жадында сақтап, оны құрмет тұтып қадірлеуі, ӛз тума-туыстары мен отандастарына ілтипат кӛрсетуі үшін қазақстандық қоғамда адами құндылықтар бірінші орында тұруға тиіс. Бүгінде Дін істері департаменті қолға алған сан алуан іс-шаралар осы арнаға бағытталған. www.egemen.kz ***** А.П. Әбуов, ҚР ДІА Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА ДАМЫҒАНЫМЕН, АДАМЗАТ БАЛАСЫНЫҢ ДІНИ ҚАЖЕТТІЛІГІ ӚЗГЕРГЕН ЖОҚ – Аға, әңгімемізді Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының атқарып жатқан шаруаларынан бастасақ... – Елбасының Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының II съезіндегі кӛтерген бастамасы тікелей біздің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының құрылуына түрткі болды. Орталық құрылған сәтінен бастап, аталмыш съездерді ұйымдастыру мен ӛткізу ісіне белсене араласа бастады. Сонымен қатар орталық Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшылары съезінің - 129 -


бастамаларын жүзеге асыру ісін де кешенді түрде үйлестіріп отыр. Мұның сыртында мәдениет және дін саласында қоғамдық қатынастарды ғылыми тұрғыда жүйелеп, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып зерттейміз. Этникааралық және конфессияаралық қатынастар саласында нәтижелі қызметтестікті орнату үшін мемлекеттік органдар, ғылыми институттар, қоғамдық ұйымдар мен дін жетекшілерінің байланыстарын қамтамасыз ету бағытында да қолымыздан келгенше келелі мәселелермен айналысудамыз. Әрдайымда халықтың рухани-діни сауаттылығын дамыту мен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және ӛткізу, елдегі діни ахуалға әлеуметтік зерттеулер жүргізу секілді шаруалар біздің басты мақсатымыз деп білеміз. Орталық Дін істері агенттігінің құрамына енетіндіктен, үстіміздегі жылдың 25 қазанында аяқталған діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу жұмыстарына белсене араласты. Айтар болсақ, Орталықтың дінтанушы-сарапшылары діни бірлестіктерді тіркеу мен қайта тіркеуде маңызды қызмет болып cаналатын діни мазмұндағы материалдарға дінтанулық сараптамалар жүргізді. Аталмыш шараға қатысты сараптамалық, ақпараттық мақалалар жариялады. – Орталықтың дінтанушы-сарапшылары діни бірлестіктерді тіркеу мен қайта тіркеу жұмысы барысында діни мазмұндағы материалдарға сараптама жүргізгенін айтып отырсыз. Діни бірлестіктерді қайтадан тіркеу шарасы белгілі бір дәрежеде дәстүрлі емес діни ағымдарды шектей алды ма? – Ӛткен жылы Елбасы мақұлдаған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң талабы аясында бір жыл кӛлемінде діни бірлестіктерді қайта тіркеу үдерісі жүргізілді. Аталған шара сәтті аяқталды деп айтуға толық негіз бар. Себебі еліміздің дін жүйесі реттелді. Мысалы, ел аумағындағы барлық діни бірлестіктердің нақты сандары, құқықтық мәртебелері айқындалды. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қабылданған ескі заңның осал тұстарын пайдаланып тіркеуден ӛтіп алып, қоғамға кері ықпал еткен, халық тарапынан наразылықтар туындатқан жат пиғылды діни бірлестіктер анықталды. Олардың діни мазмұндағы әдебиеттері мен ӛзге де құжаттарына дінтанулық-құқықтық сараптамалар жүргізіліп, мазмұнында қоғамымызға қайшы идеялар бар болса, қызметтері тоқтатылды. Жалпы, діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу мемлекет пен дін арасында айқын, құқықтық тұрғыдан жүйеленген ӛзара байланыс пен қызметтестікті жүзеге асыруға жағдай жасайды деп ойлаймын. Бұл қадам ӛз кезегінде елімізде қалыптасқан конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту, азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен дін атын жамылатын радикалды топтардың лаңкестік әрекеттерінің алдын алу жұмыстарын жетілдіре түсті деп нық сеніммен айта аламын. – Діни бірлестіктерді қайта тіркеу жат пиғылды діни ұйымдардың, бірлестіктердің тізгінін тартуда оң септігін тигізгенін айтып отырсыз. Десек те, қазір қоғамды террористік, экстремистік қауіптен қорғау үшін кешенді ағарту жұмыстарын жүргізген жӛн сияқты. Жалпы, осы орайда біз қандай қадамдарға баруымыз керек? Қандай саясат ұстанған жӛн? - 130 -


– Соңғы кездері діни лаңкестік пен экстремизм әлемдік деңгейдегі күрделі мәселелердің біріне айналды. Ӛкінішке орай, осы мәселе Қазақстанды да сырт айналып ӛтпейтінін түсініп отырмыз. Мемлекетіміз экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып, жүргізуде. Әрине, бұрын-соңды бізде лаңкестікпен күресу тәжірибесі болмағанын, аталмыш құбылыспен жолықпағанымызды ескеруіміз керек. Яғни бұл террористік, экстремистік қауіппен күрестің еліміз үшін күрделі болатынын білдіреді. Дегенмен де «жұмыла кӛтерген жүк жеңіл». Республикамыздың үкіметі мен құқық қорғау органдары терроризм мен экстремизмге қарсы жұмыла жұмыс жүргізуде. Атап айтар болсақ, 2005 жылы қабылданған «Экстремизмге қарсы күрес туралы» және 2009 жылы қабылданған «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңдар жетілдіріліп, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Лаңкестік және экстремизммен күрес бағыты бойынша халықарлық ынтымақтастықтар нығайтылуда. Мысалы, мемлекетіміз Шанхай ынтымақтастық ұйымы секілді халықаралық деңгейде беделді саналатын ұйымдармен қызметтестігін нәтижелі жалғастырып келеді. Сонымен қатар лаңкестік пен діни экстремизм қаупінің алдын алуда халық арасында діни-құқықтық сауаттылық деңгейін кӛтеру жұмыстарын тиімді атқару керектігі сӛзсіз. Осы мақсатта ақпараттық-насихат топтары қызмет атқаруда. Олардың құрамына енген дінтанушылар, дін жетекшілері мен мемлекеттік орган ӛкілдері халық ішінде, әсіресе жастар арасында радикалды топтардың зиянды әрекеттерін айқындап, дәстүрлі дініміз бен ұлттық дәстүріміздің құндылықтарын насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. – Ұлттық дәстүріміздің құндылықтарын насихаттау дегеннен шығады. Қазір қоғам «Қазақ тарихындағы ислам дінінің рӛлі қандай еді, болашақта қандай болуы керек?» деген секілді сауалдарға жауап іздей бастаған сияқты. – Иә, дұрыс айтасыз. Ислам Х ғасырдың соңында қазақ жерінде құрылған хандықтардың ресми дініне айналды. Исламның ішіндегі Әбу Ханифа мазхабының дін, қоғам мәселелерін шешудегі ұстанымы қазақ халқына етене жақын болды. Ӛйткені бұл мазхаб Құран, шариғат үкімдерімен қоса, жергілікті халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін де есепке алады. Яғни бұл – салт-дәстүр мен діни ұстаным бір-біріне қайшы келмейтіндей үндесіп жатыр деген сӛз. Осы ерекшелік арқасында бүгінге дейін біз исламның ханафи мазхабын ұстанамыз және ислам қазақ халқының дүниетанымы, дәстүрі, ғұрпымен үндесіп, ғасырлар бойы қазақ мәдениетімен тұтасып, тарихының ажырамас бӛлігіне айналды. Ханафидегі еркін ойшылдық біздің кең даламызда әлемге екінші ұстаз атанған Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Ахмет Ясауи, М.Қашқари, Қадырғали Жалаири сияқты ғұламаларды берді. Олардың еңбектері, ортағасырдағы Орта Азиялық ренессанс кезеңінің мәдени ӛміріне зор үлес қосқан асылдары болып табылады. Біздің ақын-жырауларымыз, ғалымдарымыз, сал-серілеріміз дін философиясын, - 131 -


құндылықтарын терең зерттеп, ұғынып, оның нәрі мен сӛлін қарапайым халыққа ұғынықты түрде жыр-шумақ пен күй-терме түрінде жеткізіп отырған. Ұлы даладан шыққан рухани тұлғалар мен ұстаздардың діни танымы кең болды, олар діннің қыр-сырын меңгерді, ислам әлемінің кӛптеген руханимәдени орталықтарымен тығыз байланыста болды. Білім мен тәрбие ауыз әдебиеті, яғни жыр, айтыс, дастандар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды. Қазақтың ұлы реформатор-хандары жүйелеген қазақ қоғамының моральдық нормаларын, азаматтық құқықтарын реттеуге арналған, бүгінде біздің Ата Заңымыздың діңгегі болып табылатын «Жеті жарғы» секілді заңдарымыз шариғаттың негізінде дайындалған. Тарихымызды зерделей отырып, исламның қазақтың ұлттық болмысы мен мемлекетінің қалыптасуына, мәдениет, әдебиет, ӛнеріне, жалпы, дүниетанымына қосқан зор үлесін кӛре аламыз. Еліміздің, ұлтымыздың қалыптасуында үлкен рӛл атқарған исламның болашақта да маңыздылығы кемімек емес. Себебі жаһандану тақырыбы жиі кӛтеріліп, жастарды жат идеялардан сақтау мәселесінде әр халық ӛз рухани бастауларына үңілері сӛзсіз. Осы орайда, біз үшін де исламның ұлттық мәдениетпен үйлескен ӛнегелік құндылықтары, оның адамгершілікке, білім, бірлік, татулық пен бейбітшілікке үндейтін қағидалары әрқашан құнды болып қала бермек. – Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Ясауи, Махмұд Қашқари, Қадырғали Жалаири секілді тұлғаларымыз тек діннің ғана емес, жалпы, ғылымның кӛшбасшыларына айнала білген. Технологияның дамыған кезінде дін ұстанушының келбеті қандай болуы керек деген сауал туындайтындай. Дін мен қоғамды тең ұстаған идеалды тұлға қажет сияқты. – Қазіргі кез технология, компьютер заманы деп аталуы негізсіз емес. Адамзат бір кездері қиял-ғажайып ертегілерінің арқауы болған «ғажайып» дүниелерге қол жеткізді. Алайда ғылым мен техника қаншалықты қарыштап дамығанымен, адамзат баласының діни қажеттілігі ӛзгерген жоқ. Осы орайда, «қазіргі заманғы дін ұстанушы келбеті қандай болуы керек» деген сауал орынды қойылып отыр. Меніңше, дін мен қоғамды тең ұстаған идеалды тұлға зайырлы мемлекеттің заң талаптарын сақтайтын, ӛзге дін ұстанушыларға құрметпен қарайтын, заманауи білімге ие және ӛзі ұстанатын дін шарттарын орындайтын азамат болуы керек деп ойлаймын. – Діннің басты міндеті – адамзаттың рухани қажеттілігін қанағаттандыру. Десек те, діни ұйымдардың кӛпшілігінің астарында саяси кӛзқарастардың, саяси мүдде мен ұстанымдардың жататынын білеміз. Сіздің ойыңызша, дінді саф күйінде сақтаудың, саясиландырмаудың жолы бар ма? – Діннің негізгі қызметі – адамның рухани дүниесін жетілдіре отырып, моральдық құндылықтары жоғары қоғам қалыптастыру. Осы тұста ол жеке адам арқылы тұтас қоғамға әсер ету күшіне ие. Діннің осы қасиеті саясаткерлерді ықылым заманнан бері қызықтырып келеді. Тарих беттеріне үңілер болсақ, белгілі бір кезеңдерде дінбасы ел билеушісіне ерекше ықпал жасап отырғанын кӛреміз. Мысалы, кейбір діни тұлғалар Мемлекет басшысының кеңесшісі қызметін атқарған. Тіпті олардың сол басшыны заңды билеуші екендігін ресми түрде белгілейтін құзыреті де болған. Тарихта діннің атын - 132 -


жамылып немесе дінді сылтау ете отырып соғыс жариялау, қақтығыстар ұйымдастыру жағдайлары да кӛптеп орын алған. Сол себепті қазіргі жаһандану заманында, әсіресе діни қайшылықтар оңай тұтанатын уақытта дінді саясат құралына айналдыру аса қауіпті іс. Діннің жақынға кӛмек кӛрсету, айналаға мейірімділікпен қарау секілді адамзаттың құндылықтарын насихаттау арқылы адамдар арасында дін туралы айқын пікір қалыптастыруымыз керек. Осы орайда, Астана қаласында ұйымдастырылып жатқан съездер мен форумдардың басты мақсаты да осы екенін атап ӛткен жӛн. – Бұл орайда «Мемлекеттің дін саласындағы саясаты қандай болуы керек?» деген сауал қойғанымыз орынды болар. Діннің мемлекеттік саясаттан алатын орнына баға берсеңіз... – Біздің еліміз ӛзін зайырлы мемлекет ретінде белгіледі және дінге қатысты саясатында негізгі үш қағидатты: бейтараптылық, тағаттылық және тепе-теңдік қағидаттарын ұстанады. Бұл дегеніміз – мемлекет діни бірлестіктердің ішкі діни істеріне араласпайды, қандай да бір болмасын діни ұстанымдарды бір-бірімен сәйкестендірмейді, діндердің тең мүмкіндіктерін ескеріп, бейтараптылық қағидатына басты орын береді. Алайда бұл мемлекет пен дін бір-бірінен бӛлек деген сӛз емес. Дін – мемлекетіміздің асыл қазынасы, оның азаматтарының ӛмірінде ерекше орын алатындықтан, мемлекет саясатында маңыздылыққа ие. Қазіргі таңда біздің республикамыздың дін саласындағы саясаты елімізді мекен еткен түрлі дін ӛкілдерінің құқықтарын қорғау мен олардың діни таңдауларына еркіндік беру, діндер арасында қалыптасқан келісім мен татулықты нығайту, сондай-ақ Қазақстан халқын дін атын жамылған радикалды топтардың зиянды ықпалдарынан сақтау міндеттерін басты назарда ұстап отыр. Осы бағытта мемлекетіміз Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап дінаралық және ұлтаралық татулық пен келісімді мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналдырғанын айта кеткен жӛн секілді. Дәлел ретінде елімізде үш жылда бір рет ӛткізіліп отырған Әлемдік және дәстүрлі дін кӛшбасшыларының съездері, Бүкіләлемдік келісім форумы секілді кӛптеген халықаралық деңгейдегі іс-шараларды айтуға болады. Қазіргі таңда әлем елдері «Діндераралық келісім мен үнқатысудың қазақстандық үлгі-тәжірибесі» деген ұғымды қолданыстарына енгізіп отыр. Сол себепті мемлекеттің елдегі дінаралық келісімді насихаттау мен дамыту жұмыстары сәтті жүзеге асып отыр деуге толық негіз бар. – Сіздің жеке пікіріңізше, діни ақиқат деген не? Адамзат ақиқатқа қалай жетеді? Мұның ішінде қазақ ұлты қай жолды ақиқат деп қабылдағаны, ұстанғаны дұрыс? – Жалпы, ақиқат – шартты ұғым. Ол заман мен уақытқа тікелей тәуелді. Алайда барлық кезеңдер мен уақыт талаптарынан тыс ақиқат категориясы бар, ол – дін ақиқаты. Діни ақиқат – әлем жаратылысы, адам мәні туралы діни таным. Дін ақиқаты – мейірімділік, доспейілдік, бейбітшілік. Дін осы аталғандарға үндейтін болса, ол – ақиқат дін. Әр дін адамзатқа ӛз ақиқатын ұсынады. Осы арада адамзатқа таңдау еркіндігі берілген және оның болашақта гүлденуі немесе құлдырауы қандай ақиқатты таңдауына байланысты. Ал енді - 133 -


қазақ ұлты қандай жолды ұстанғаны дұрыс деген сауалға келер болсақ, қазақ халқы ӛз жолын айқындады. Қазақ халқы – ислам дінін ӛзінің тарихи таңдауы ете отырып, бейбітшілікті мақсат еткен қуатты мемлекет. – Аға соңғы сұрақты діндегі тура немесе жалған жолды айыра алмай жүрген азаматтарға арнасақ. Бір діндегі дұрыс нәрсе екінші дінде бұрыс деп саналады. Бұл қайшылықтар ақиқатқа тұсау болмай ма? – Әр дін сенім негіздеріне сүйене отырып, ӛзінің ақиқатқа жеткізетін жалғыз жол екендігін айтады. Сондықтан қандай да бір дінді тура немесе жалған деп айту ғылымға жат құбылыс болып табылады. Әрине, бұл – әлемдік және дәстүрлі діндерге қатысты айтылған тұжырымдама. Осы діндерден таралатын ағымдар да бар, олар ӛз араларында белгілі теорияларын алға тартып, келіспей жататын тұстары болады. Осының салдарынан бір діннің ішінде бір-біріне қиыспайтын тұстарын кӛре аламыз. Мысалы, христиан діні ішіндегі үш конфессия арасындағы айырмашылықтар орасан зор. Олардың әрқайсысы ӛз сенімдерін ақиқат деп таниды. Ислам дінінің мазхабтары мен ағымдарының негізгі қағидалары бір болғанымен, іс-әрекеттері мен амалдарында айырмашылықтар кӛптеп кездесіп жатады. Сондықтан бір дінді тура немесе жалған деп айта алмаймыз. Тек ӛзіміздің діни сенімімізге және жеке кӛзқарасымызға сүйене отырып ӛз дініміз туралы айта аламыз. Осы орайда әлемдегі халықтар немесе қандай да бір мемлекет тарихи, әлеуметтік, жағрафиялық жағдайларға байланысты рухани таңдау жасайтынын да ұмытпау керек секілді. – Әңгімеңізге рақмет! Сӛз сарасы Діннің негізгі қызметі – адамның рухани дүниесін жетілдіре отырып, моральдық құндылықтары жоғары қоғам қалыптастыру. Осы тұста дін жеке адам арқылы тұтас қоғамға әсер ету күшіне ие. Діннің осы қасиеті саясаткерлерді ықылым заманнан бері қызықтырып келеді. Тарих беттеріне үңілер болсақ, белгілі бір кезеңдерде дінбасы ел билеушісінің кеңесшісі, оның заңды билеуші екендігін ресми түрде белгілейтін құзыретті қызмет атқарған. Діннің атын жамылып немесе дінді сылтау ете отырып соғыс жариялау, қақтығыстар ұйымдастыру да тарихта орын алған. Сол себепті қазіргі жаһандану заманында, әсіресе діни қайшылықтар оңай тұтанатын уақытта дінді саясат құралына айналдыру аса қауіпті іс. Діннің жақынға кӛмек кӛрсету, айналаға мейірімділікпен қарау секілді адамзаттық құндылықтарын насихаттау арқылы адамдар арасында дін туралы айқын пікір қалыптастыруымыз керек. Автор: Қанат БІРЛІКҰЛЫ www.alashainasy.kz *****

- 134 -


Г.Е. Шлымова, ҚР ДІА Дін мәселелері жӛніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ҚҦНДЫЛЫҚ БАҒДАР ЖҤЙЕСІНДЕГІ ДІНИ ҚҦНДЫЛЫҚТАР Құндылық бағдар жүйесі ӛздігінен кез келген қоғамның ішкі құрылысын қалыптастырады және маңызды әлеуметтік жағдайды реттеушілік функциясын атқарады. Жаңа қоғамдағы құндылық бағдары ең маңызды екi сапаға ие болады: жоғары тұрақтылық және құбылмалылық. Құндылық пен құндылық бағдары ауысқан кезде әртүрлі ескі және жаңа мағыналар арасында қарама-қайшылық пайда болады. Белгілі американдық социолог Т.Парсонстың айтуынша, жүйелі функционализм теориясы шеңберінде әлеуметтік тәртіп, легитимді және міндетті болып есептелетін әлеуметтік стандарт ретінде барлық адамдар бӛлісетін бағалылықтың болуына байланысты болады [1]. Яғни қоғамның құндылық бағдары оның ділін, субъектінің тұрақты, жүйелі, мақсатты сипаттарын анықтайды. Жаңа қазақстандық қоғам контекстінде алып қарайтын болсақ, мұнда екі діл шектеседі: ӛздерінің қыр-сыры бар батыс және шығыс. Ділдің батыс типі сыртқы шынайылыққа бағытталған динамикалық, пәрменді бастау алушы мәдениетті енгізуші ретінде; ділдің шығыс типінде – дәстүрлі-діни ықпал бар. Сонымен қатар, соңғы он жылдықта біз Қазақстанда діни бірлестіктердің ӛскенін кӛреміз. Бұл Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының тапсырысы бойынша Қоғамдық ой-пікірлерді зерттеу орталығының 2010-2011 жж. жүргізген әлеуметтік зерттеу деректері бойынша дәлелденіп отыр [2]. Зерттеу қорытындысы бойынша, халықтың 90%-ы Қазақстандағы ең басты екі діни конфессияға, (яғни Ислам (54,7%) және православтық христиан (36,2%)) қатысы бар екенін айтады. Қазақстан халқының бес пайызға жуығы ӛздерінде нақты бір діннің жоқ екенін айтса, сауалнамаға жауап берушілердің 2% ӛздерін нағыз діншілдер деп есептейді екен. Ӛздерін діндармын деп санайтын, «ӛте діндармын» немесе «біршама діндармын» деп санайтындар 72,9%-ға жетті. Ескерте кетейік, жеке бір дінді ұстануы Қазақстан тұрғындарының діндарлық деңгейін анықтамайды. Кӛптеген зерттеу жүргізушілердің пікірлері бойынша, халықтың бір дінге жиналғанына қарамастан, діншілдік салттық немесе жасанды сипатта болады. Осы жүргізілген зерттеулерде нақты бір адамның діншілдігі діни сана, діни мінез-құлық, діни қатынастарға түсуі түріндегі ӛлшеммен анықталады. Барлық діннің негізгі діни іс-әрекеті – Құдайға құлшылық, ғибадат ету болып табылады. Шамамен Қазақстан халқының дінге сенуші әрбір оныншы адамы күніне бір немесе бірнеше рет ғибадат етеді (1-кесте). Сонымен қатар, жиі ғибадат етушілер санының азайғанын және керісінше ғибадат етпеушілер санының кӛтерілгенін байқауға болады. - 135 -


1 кесте. 2010-2011 жж. ғибадат ету жиілігі туралы сауалнамаға жауап берушілер туралы салыстырмалы ақпарат. Ғибадат ету жиілігі: 2010 жыл (N = 1300) 2011 жыл (N=1500) Ешқашан 20,2% 40,7% Жылына бір-екі рет немесе одан да аз 13,1% 14,3% Жылына бірнеше рет 11,9% 8,1% Айына бір рет 6% 7,1% Айына 2-3 рет 6,1% 4,5% Аптасына 1 рет 6,7% 5,0% Аптасына бірнеше рет 7,2% 5,3% Күніне бір рет 9,9% 6,3% Күніне бірнеше рет 11,9% 5,3% Жауап беруге қиналамын 6,5% 3,4% Қазақстан халықтарының арасындағы діни сана мазмұнына қарай, сондайақ, қарқындылығына қарай біркелкі емес. Зерттеуге қатысушылардың басым бӛлігінің мұсылмандық немесе христиандық діни сана элементтері кӛп Құдайға табынушылыққа негізделген санамен сайма-сай келеді. Зерттеуге - 136 -


қатысушылардың басым бӛлігі діннің қоғам ӛміріне ықпал етуі шапағат пен жақсылықты таратады деп есептейді. Сонымен қатар, 2010 жылмен салыстырғанда діннің кӛптеген позитивті сапасын атап айтқандар саны анағұрлым азайды. Осылайша, жыл бойы дінге деген қарым-қатынас қазақстандық социумда ӛзгерістерге ұшырады десек те болады, сонымен қатар ол ӛте ұстамды және салқынқанды болды десек қателеспейміз. Қазақстандықтардың басым бӛлігі бала тәрбиесі мен ұлтаралық қарымқатынастар проблемаларын шешуде діни бірлестіктердің қатысуы қажет деген пікірді ұстанбайтындықтарын білдірді. Шамамен, қазақстандықтардың 40%-ы қоғамдағы діннің рӛлі қазіргі шамада қалу керек деген ойда, яғни не жоғары кӛте-рілмей, не тӛмендемей бір қалыпта тұруы керек дейді. Сонымен қатар, қала халқы-ның 19,5%-ы мен ауыл халқының 27,9%-ы діннің рӛлін кеңейту керек деген пікірде. 2010 жылмен салыстырғанда ӛткен жылы Қазақстанның әлеуметтік-саяси ӛмі-рінде діннің рӛлін шектеуді жақтаушылар саны 14,5%-дан 26,1%-ға дейін ӛсті. Зерттеуге қатысушылардың 69%-ы болашақта Қазақстанды зайырлы мемлекет ретінде кӛргілері келеді. Мемлекет құрылымында діннің қатысу идеясын ауылдықтардың 14,7%-ы, қалалықтардың 18,4%-ы қолдайды, ал діни мемлекетті жақтаушылар қала халқының 3,7%-ын, ауыл халқының 5,3%-ын құрады. Зерттеу қорытындысы кӛрсетіп отырғандай, діншілдік деңгейі әртүрлі субъектілерге, оның ішінде мемлекеттік органдарды қоса алғанда сенушілер деңгейіне ықпал жасамайды. Биліктің жергілікті және орталық органдарына халықтың кӛпшілігі сенім білдіреді. Ал діни ұйымдарға деген сенім, денсаулық сақтау мен білім беру ұйымдарына деген сенімнен кейін тұр. Қазақстандықтардың пікірі бойынша, тӛрт ерекше бағалылықтың ішінде дін басымдылығы жағынан денсаулықтан кейін екінші орында, атап айтсақ, материалдық құндылықтар мен қызметтік мансаптан да жоғары. Тағы бір айта кететін жайт, күнделікті ӛмірде дін қоғамдық институт ретінде нақты бір рӛл атқармайды. Зерттеуге қатысушылардың 6%-ы маңызды шешім қабылдаған кезде ғана қасиетті Кітапты немесе уағызды, дін қызметкерлерінің кеңестерін басшылыққа алатынын айтты. Діни топтарда осындай зерттеуге қатысушылардың үлесі 26%-ға жетеді, алайда олардың арасында да маңызды шешім қабылдаған кезде діни сенімге емес, басқадай сенімдермен басшылық жасаушылар бар екен. 2010 жылдан бастап қазақстандық қоғамда қабылданған қоғамдық мораль, ереженің маңызы тӛмендеп, керісінше жақындары мен достарының кеңесіне құлақ асушылар кӛбейді. Сондай-ақ, маңызды шешім қабылдар кезде ӛздерінің мүдделері мен кӛзқарастарына сүйенетіндер саны да ӛсті. Сонымен қоғамда бірқалыпты жағдай белең алып отыр. Ӛздерінің мүдделері мен достарының кеңестеріне кӛп кӛңіл бӛлетіндер – жастар. Орта және жоғары жастағылар (45 және одан да жоғары) заң мен қоғамдық моральді басшылыққа алады. - 137 -


Зерттеу Қазақстан халқының арасында діни толеранттық деңгейдің жоғарылағанын растады. Қазақстан халқының үштен бір бӛлігі, ӛздері тұратын жерде соңғы жылдарда конфессияаралық қарым-қатынастың ӛз-гермегендігін айтса, әрбір алтыншы адам оның жақсарғанын атап ӛтті. Зерттеуге қатысушылардың 13,5%ы әртүрлі діндерге сенушілер арасындағы қарым-қатынас-тың тӛмендеп кеткенін айтады. Еліміздегі халықтардың басым бӛлі-гінде дінге деген қарым-қатынас соңғы 3 жылда ӛзгеріске ұшырамағанын айтады (82,5%). Әрбір оныншы адам дінге сенгіш бола бастаған, тағы да ӛздерін бұрын дінге сенбеушілерміз деп есептейтін 4,5% адам Құдайға сене бастады. Қазақстандық қоғамның діндарланып келе жатқаны айдан анық кӛрініп тұр. Сонымен қатар, алынған деректерге сүйенсек, халықтарда ең бірінші орында азаматтық, одан кейін ұлттық таным, содан кейін ғана діншілдік тұр. Сонымен, жаңа қазақстандық социумда азаматтық құндылық басты орында. Қазақстанның кӛпұлттылығы мен негізгі екі дінінің болуы басқа дін ӛкілдеріне қатысты шыдамдылыққа үйретеді. Алайда, біз діннің халықты идеологиялық және саяси жұмылдыруының ең күшті ресурсы екенін ұмытпағанымыз жӛн. Себебі дін қиын-қыстау, сын кезеңдерде әкімшілік, қаржылық ресурстар бере алмайтын күшті беруі әбден мүмкін. Сонымен, азаматтық құндылықпен қатар діни құндылық та жаңа қазақстандық-тардың ӛмірлік күштерін жүзеге асыру-дағы бастауын, бағытын анықтайтын рухани-мәдени факторы болып табылады. 1. Т. Парсонс. Жүйелі функционализм. 2. «Қазақстандық қоғам санасындағы дәстүрлі, ұлттық және діни құндылықтар» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша есеп // Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы РММ, Астана, 2011 жыл.

«Ислам және ӛркениет» газеті ***** А.Қ. Омаров, ҚР ДІА Дін мәселелері жӛніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының қызметкері ТУРА ЖОЛДА ҚАЙҒЫ ТҦРМАС Қазір біреу біледі, біреу білмейді, Қазақстан халқының дінмен қайта қауышуы тәуелсіздікке дейінгі елең-алаңда басталып-ақ кеткен еді. 1990 жылдың басында тӛл тарихымызда тұңғыш рет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылуы – соның айғағы. Ешбір дін қиянат жаса, жаман бол - 138 -


демейді, дін – ел тыныштығының кепілі, қоғам рухын сауықтырудың, халықты тура жолға салудың қуатты тәрбиелік құралы. Міне, кеңестік идеология құрсауынан енді ғана арылған қарапайым кӛпшілік осынау либералдық қағидаға қалтқысыз сеніп, оны бекем ұстанған болатын, сайып келгенде, 1992 жылғы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы құжатының бірі болған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңымызды даярлаған жандардың арқасүйер тиянағы да сол болды. Бірақ, бір таяқтың екі ұшы бар, шын асылды жасандымен алмастыру, сондай-ақ, діни ілім, танымда қандай болмасын ауытқулар, таяздық пен адасулар орын алуы бек мүмкін. Мұндай қауіптің тӛнуі ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында Абай, Шәкәрім бастаған қазақ ойшылдары қадап айтқан нәрсенің бірі. Мәселен, Шәкәрім қажы «Тура жолда қайғы тұрмас» деген ӛлеңінде былайша ескертеді: Таза діннің шын негізін, Ұстаған бір пенде жоқ. Дүние толған кӛп шатақ дін, Бәрі бірдей шатпырақ. Солай болды да. Кеңестер Одағы ыдыраған тұста шын иман, шын тағат неде екеніне бас қатырып жатпайтын, діннің үстіңгі кӛбігін қалқыған шатпырақ, шатақ діндер жаңбырдан кейінгі кӛктей күллі ТМД кеңістігіне қаптап кетті. Сол кездерде Қазақстанның Алматы, Қарағанды сияқты ірі қалаларын сипаты евангелистік, баптистік ұйымдар ӛрмекшінің торындай жапты, ал оңтүстік және батыс ӛңірлерін әл-салаф идеясын ту еткен ислами топтар (уаххабшы, тәкфірші, хизбутахриршы т.б.) орап алды. Бұл ахуал жұртшылықтың әлі есінде шығар. Кришна санасы, Бахай, Муна шіркеуі сияқты бұрын-соңды құлақ естімеген «экзотикалық» бірлестіктер – ӛз алдына бір тӛбе. Соған исматуллашылар, аллааятшылар, атажолшылар сияқты ӛз топырағымызда пайда болған діни культтер қосылды. Бір сӛзбен айтқанда, 2005 жылдары қазақ жерінде аты-заты алашұбар, болмысы – бӛгде, мақсаты – бұлдыр дінсымақтардың таралу үрдісі ӛзінің шырқау шегіне жетті. Бұл жағдайда дін саласында қордаланған түйіндер мен шиеленістерді реттеу, тарқату һәм бір жүйеге салу үшін дін туралы қатаң заң қажеттігі жайлы алғаш рет сӛз бола бастаған. Алайда, объективті себептерге байланысты заңды жаңғырту, қабылдау кейінге шегерілгені белгілі. «Астық – жердің ӛгей баласы, арам шӛп – ӛз баласы» дейді халық. Егістік алқабы түгілі, саяжайда алақандай жеріңді күнделікті тазартпасаң, арамшӛп қаулап кетері әркімнің ӛзіне аян. Қоғамдық сана ӛрісі тап сол сияқты. Шынайы Құдай жолы, оның әмірі, ақиқатымен ӛмір сүру – қиынның қиыны. Ол – күнделікті тер тӛгуді, қажырлы адал еңбекті талап ететін жол. Теріс ағым ӛкілдері осы кең жолға шақырып жүр ме? Жоқ, әрине. Олар діни білімі таяз, ӛмір тәжірибесі шамалы жастарды тариқат соқпағына салып, бір дегеннен «шыңға шығаратын» тӛте жолды ұсынады. Бар бәле осыдан басталады. Егер - 139 -


заңнамалық негізде тосқауыл қойылмаса, теріс діни ілімдер иіріміне тартылған жамағат арамшӛптей қаулай берері сӛзсіз. Соны кӛрдік, кӛзіміз жетті. Ӛздеріңе мәлім, осыдан тура бір жыл бұрын солқылдақтың орнына қатаң, нақты тегеурінді тетіктері бар жаңа «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданды. Шыны керек, оны іске асыру, жаңа айтқандай, сана ӛрісіндегі арамшӛпті оруға қолдану мемлекеттің дін саласындағы саясатына жауапты уәкілетті орган – Дін істері агенттігі қызметкерлеріне оңайға соққан жоқ. Кейбір діни бірлестік басшылары қайта тіркеуге суық қабақ танытты, ашық та, жасырын да қарсылықтар болғанын, кей-кейде тіл сындырған молда сияқты қолды «шыбыққа» созуға тура келгенін несіне жасырайық. Балапанды сары күзде санайды емес пе десеңіз, ауыз толтырып айтарлық нәтижелеріміз мынау. Оның біріншісі – елімізде конфессиялар саны күрт азайды. Бұрындары ресми түрде 46 делінсе, енді олардың небары 17-сі қалды, яғни, жаңағы сан 29-ға кеміді. Келесі жетістік – тіркелген діни бірлестіктердің саны бұрын 4551 болса, дәл бүгінгі таңда бұл кӛрсеткіш 3088 болды. Демек, 1463 діни бірлестік кеміді. Сӛз етілген екі кӛрсеткіш күллі дін ӛрісінде тәртіп пен реттілік салтанат құруының куәсі есепті. Оларға Ата заңымыздың, дін туралы заңымыздың, басқа да заңнамалардың әрбір үтір, әрпін сақтай отырып, қол жеткізгенімізді баса айтқым келеді. Сӛз реті келген соң, дін туралы Заңның жалпы сипатына қатысты мына бір ерекшелікті айта кетейін, онда Қазақстан – еуразиялық ел екендігі ескерілген. «Құдығына қарай – қауғасы» дейді атам қазақ. Біз Шығыс жағалауы мен Батыс жағалауына қатар қол созған елміз. Сондықтан ислам елдері қағидалары тұрсын, ЕуроОдақ елдері паш еткен халықаралық заңдар да бізге сол қалпында келіңкіремейді. Заңның ӛзіндік моделі сомдалу керек. Сӛйтіп, қабылданған Заңда Қазақстанның ерекшеліктері (дін факторы, діннің даму сатысы т.б. жағдаяттар) ескеріліп, оның дәуірлік ұстанымдары (бірлік, тыныштық, толеранттылық т.б.) сыйдырылды деуге толық негіз бар. Міне, маңызды саяси науқан – діни бірлестіктердің қайта тіркеу ешбір шудабырасыз ӛткендігі соның жарқын дәлелі болса керек. Айталық, отандық сотқа жүгіну де, шетелдік құқық қорғаушы ұйымдарға шағымдану оқиғасы да тіркелген жоқ. Сол сияқты «сырт кӛз – сыншылар» да әзірге үнсіз. Себебі, тағы бір діттейін, діни бірлестіктерді тіркеу, рәсімдеу заңнама шеңберінде және жарғыда, басқа да құжатта олар жіберген қатені дәлелдеу, заңсызды шұқып кӛрсету жӛніменен атқарылды. Дін туралы жаңа Заңға сәйкес тіркеу аяқталып, діни бірлестіктер бір жүйеге түсті. Яғни, діни ӛрісіміз тазарды һәм реттелді. Осынау шынайы қуанышты хабарды халыққа жеткізу сәтінде «Бидайды кӛрсетіп, арпа сатпағын» дегендей, жалтағымыз да, қиянат ӛтірікшілігіміз де жоқ. Кезінде, 2005-жылдары «бізде 46 конфессия, 4,5 мың діни бірлестік бар» деген асығыстау жасалған дабыра дерек тарады. Одан ұттық па? Жоқ. Біздің қоғам едәуір зиян шекті. Конфессия мен діни бірлестік ұғымдарын бір- бірінен айыра алмайтын кейбір азаматтарымыз «Ойбой, еліміздегі діндердің саны 4 мыңға жетіпті» деп байбалам салды. БАҚ арқылы таралған «басқа дінге ӛткен - 140 -


қаракӛздер саны 300 мыңға жетті» деген қаңқу сӛз де ӛріп жүрді ел ішінде (шын мәнінде дін ӛрісінде адасқан қандастарымыздың саны 30 мыңның ар жақ, бер жағы ғана болған). Кӛпшіліктің кӛкейіне үрей ұялатып, түрлі ой-топшылауларды туғызған деректердің бір парасы, міне, осылар. Ӛсіріп айтылған сандар, әрине, зиялы қауым кӛңіліне кірбің түсіріп, діни ахуалға қатысты түрлі түсінбеушіліктер орын алуына себепкер болды. Енді мұндай әңгімелерге жол жабық, жаңағыдай қоламтадағы шоқты үрлеуге негіз қалған жоқ деп сендіре аламыз. Бірақ, бұл бәрі реттелді, болды, бітті деген сӛзіміз емес. Жұртшылыққа аян, соңғы жылдары қоғамға діни экстремизм тарапынан қауіп тӛнуде, ең жаманы, оның ӛз бетінше тыйы-лар түрі кӛрінбейді. Демек, мемлекет дін саласы саясатына бел шеше араласып, ондағы реттеушілік істерін дамыта жалғастыруға міндеткер. Айталық, Қазақстан үшін дәстүрлі емес конфессиялар саны мен теріс пиғылды діни бірлестіктердің азаю тенденциясы сақталуға тиісті. Ӛйткені, тұрғындардың білімділік деңгейі, интеллектуалдық потенциалы артқан сайын, қоғамдық сана тұтастығы беки түседі. Бұл – дәлелсіз-ақ айқын кӛрінетін нәрсе. Азат елдің әрбір азаматы ӛзінің тілін, этномәдениетін, отбасылық және діни құндылықтарын кӛздің қарашығындай сақтауға талпынса, құба-құп. Ең керегі сол. Сонымен, ел тыныштығы десек, қоғамымызды шатақ діндер мен ұлттық мүддеге кереғар теріс ағымдардан арылту шарт, бұл – бір. Мемлекет пен дін бір алаңда болатын ортақ идеология қалыптастыру қажет, екі. Агенттік алдына қойылған мемлекеттік тапсырыстың бірі де, бірегейі де – осылар. Дана Абай елдің береке-бірлікті қашырмай, тыныш болуын бәрінен маңызды санап, «Сәулең болса кеудеңде» деген әйгілі ӛлеңін: Берекеңді қашырма, Ел тыныш болса, жақсы сол! – деген жолдармен түйіндейді емес пе. Озық елдердің тәжірибесіне ой жүгіртсек, діни экстремизммен күресудің ең негізгі бағыты – ғылыми ағартушылық екенін кӛреміз. Демек, біздің еліміз де енді осы ӛріске бет бұрғаны жӛн. Сол үшін алдағы уақытта халықтың рухани-діни сауатын кӛтеруге (жастардың имандылық тәрбиесі, сапалы оқулықтар мен діни әдебиеттердің таралуы, діни білім беру жүйесінің реттелуі, үгіт-насихат жұмыстары және т.б.) басымдық берілмек. Міне, таңдалып отырған жалпы сипаты ғылыми насихат жұмысы – экстремизмнің алдын алудың басты арқауы боларына сенімдіміз. www.astana-akshamy.kz

- 141 -


V БӚЛІМ. ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ЛАҢКЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қ.Қ. Лама Шариф, ҚР Дін істері агенттігінің Тӛрағасы ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – АҚИҚАТ ДІННІҢ ЖАУЫ Бүгінгі таңда діни экстремизм Батыс пен Шығыстың үлкенді кішілі елдерінің басты мәселесі. Алайда әр елдің қоғамында ӛзіндік ерекшеліктер бар. Қазақстандағы діни экстремизмнің шынайы келбеті қандай? Оның түп тамыры қайда жатыр және онымен күресу жолдары қайсы? Осы және басқа сауалдарға Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Тӛрағасы Қайрат Лама Шариф жауап береді. Қайрат Қайырбекұлы, «Діни экстремизмнің алдын алу» және «діни экстремизмге қарсы күресу» ұғымдарының арақатысы жӛнінде не айтасыз? Олар тәжірибеде қалай жүзеге асып жатыр? Дін істері агенттігі конфессияаралық келісіммен қамтамасыз ету, азаматтардың діни сенім еркіндігі құқығын және діни бірлестіктермен ӛзара байланыс салаларын, сондай-ақ аталмыш бағыттағы сала аралық үйлестіруде мемлекеттік стратегияны жүзеге асырушы орталық атқарушы орган болып табылады. Татулық пен тұрақтылық Қазақстанның ішкі саясатының басты басымдығы және де республикамыздың ӛрлеп ӛркендеуінің қажетті алғышарты болып табылады, сондықтан да мемлекетте оларды қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптасқан. Осы жүйеде Агенттік ӛзіндік орынға ие. Бүгінгі дін секілді ӛте нәзік саладағы тұрақтылыққа тӛнген сын тегеуріндер мен қатерлер экстремизм түрінде бой кӛтерді. Идеология, теріс пиғылға үндеу яки лаңкестік әрекеттер арқылы діни экстремизм ӛзіне жол салып жатыр. Сӛз жоқ, біз Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес діни саладағы экстремизмге тойтарыс беріп, ымырасыз күресуге тиіспіз. Осы Заңға сәйкес, діни экстремизммен күресу мемлекеттік органдардың қызметіне жатады. Яғни, адам құқықтары мен азаматтардың бостандықтарын, конституция негіздерін қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру кӛпконфессиялы еліміздің тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігін экстремизм қатерінен қорғап, экстремизмнің алдын алу, анықтау, жолын кесу және оның салдарын жою, сондай-ақ экстремизмнің жүзеге асуына жол ашатын себептер мен алғышарттарды анықтап, жойып отыру мемлекеттік органдардың басты міндеті. Бір сӛзбен айтқанда, заңнамалық деңгейде экстремизмнің - 142 -


тамырын терең жаюға мүмкіндік бермейтін алғашқы кезеңінен бастап оны залалсыздандырып отыруға басымдық беріледі. Экстремизмнің алдын алу профилактикалық жұмыстарда кӛрініс табады. Атап ӛтілген заң бойынша, бұл – құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және ӛзге де шаралардың қалыпты жүйесі. Отандық заңнаманың нормаларын орындау үшін Агенттік ӛз Ережесінде бекітілген ақпараттық-насихаттық шараларды жүзеге асыру міндетіне ден қояды. Осы міндеттің аясында халық арасында діни экстремизмнің алдын алу үшін ақпараттық-насихат топтары құрылып, олар Агенттік пен оның жергілікті департаменттері басшылығымен бүкіл Қазақстан аумағында ақпараттық жұмыстар жүргізуде. Мұндай топтардың құрамына имамдар, дінтанушылар, ғалымдар, дін істері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері кіреді. Жұмыс барысында ақпараттық-насихат топтары халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтуға тырысуда, бұл жұмыстарда бірінші кезекте, әрине, жастар ортасы кеңінен қамтылуда. Бұл ретте қалың бұқараға діннің шынайы гуманистік бастауларын кӛрсетіп, дәстүрлі рухани құндылықтармен дәріптеу және де радикалды діни жамағаттарға қосылудың қатерлілігі турасында ақпараттар беру басты назарда. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында осынау ақпараттық-насихат топтары 1600-ден астам іс-шара, яғни семинарлар, отырыстар мен дӛңгелек үстелдер республика деңгейінде ӛткізілді, жұмыс аясына жалпы саны 53 мың адам қамтылды. Сіздіңше, бүгінгі экстремистің бет-бейнесі қандай? Бәріміз экстремизм атаулының идеология ілгішінен басталатынынан хабардармыз, яғни, адамдарды мотивациялап іс-әрекетке итермелейтін идеялар шоғыры. Сондықтан да діни экстремизмді КСРО тарауының кӛп салдарының бірі ретінде кӛрсетсек қателеспейміз. Ескі идеалдар құлады, ал қоғам жаңаларын қалыптап үлгермеді. Міне, нақ сол сәтте посткеңестік кеңістікке әлемнің түкпір түкпірінен қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың әралуан нұсқалары ентелей енді. Бұл дүрмектен шетелдік діни және діни-саяси топтар да тыс қалмады. Бұған біздің батыс шекарамызға таяу аумақта Ресей Федерациясының лаңкестерге қарсы әскери қимылдар жүргізгенін қосыңыз. Олар ӛздерінің діни-саяси түсініктеріне сәйкес федерация құрамынан бӛлініп шығуға тырысты. Бұл оқиғалар еліміздің батыс ӛңірлерінде идеялық тұрғыда тымау секілді жұқты. Осындай әсерлердің нәтижесінде кейбір жастар дәуірлер қиылысындағы бағдарсыз буын ретінде идеологиялық ықпалға ұшырады, мұны тіптен, шетелдік экстремистік орталықтар тарапынан туындаған идеологиялық диверсия деп атауға да болады. Сондықтан да бүгінгі экстремистің портреті жалпы кескінінде мынадай: шетелден келген идеялық бағдарларды қабылдаған және де идеологиялық манипуляция елегінен ӛткен 20-30 жастағы адам. Бұған әлеуметтік түйткілдер шоғырын да қосқан жӛн. Ӛйткені, барша адам субъективті яки объективті себептерге байланысты ӛмірден ӛз орынын, яғни, Ұлы Абай айтқан «дүниеден - 143 -


ӛз кетігін тауып, кірпіш болып қалана» алмауы мүмкін. Бәлки оларға университетке оқуға түсіп, жоғары жалақылы қызметке тұру қол жетпес арман шығар. Осыдан да бірқатар әлеуметтік игіліктерден шеттетілгендей болып жүрген жас ӛзіндік бір реваншқа бой ұруы ықтимал. Бұл мақсатына жету үшін ол қандай да бір ықпалды топтың немесе қоғамдық күштің мүшесі болуға ықылас білдіреді. 1990 жылдары жастардың қылмыстық топтарға кіруге ұмтылғаны есімізде. Кейіннен бұл сәннен қалды, тіпті маңызды болмай қалды. Ал бүгінгі маргиналдық қуатты сыртқа шығарудың бір арнасы – діни экстремизм. Сондықтан да экстремист дегеніміз ең алдымен күнделікті проблемалар батпағына батқан жан. Бұл идеологиялық, әлеуметтік, қаржылық яки психологиялық мәселелер. Рас, кейде адамның жағдайы дұрыс болуы мүмкін: жоғары білімді, жақсы қызмет, үлгілі отбасылы, керек десеңіз аса дарынды. Дегенмен, ол радикализмнің соңынан еріп кете барады. Бұл жердегі себеп – психологиялық тұрақсыздық. Экстремист десе жұрт сақалы қауғадай, балағы шолақ, соңынан хиджаб киген қыз-келіншек ерткен жігітті елестететін болды. Мұны экстремистің әлеуметтік портретін құрайтын образдарға жатқыза аламыз ба? Біржағынан алып қарағанда, діни негізі бар сақал мен жамылғы мәселесі әркімнің жеке шаруасы. Айтпақшы, бұл тек исламға ғана тән ерекшелік емес. Біз сақалды православ христиан мен басын бүркеген христиан әйелдерін де кездестіре аламыз. Осы себепті де сақал мен киімді нақты бір құбылыстың белгісі деуге болмайды. Бұған қоса, экстремистік мақсаттағы адам жұрт санасында қалыптасқан образдан қашып, әдейілеп сыртқы кейіп келбетін ӛзгерте салуы да мүмкін. Осылайша, зайырлы қоғамдастыққа тастай батып, судай сіңіп, ӛзінің кӛздеген мақсаттарын індетіп жүре беруі мүмкін. Алыс-жақын шетелдердегі радикалдар баяғыда-ақ осы тактиканы басшылыққа алған, бізде де олар кейінгі кезде осы әдіске кӛше бастады. Киім таңдаудағы діни мотивацияны айталық, мемлекеттік қызметте немесе жалпыға білім беру мектептерінде жүзеге асыруды орынды деп айту қиын. Бұл зайырлы және кӛпконфессиялы болып табылатын Қазақстанның осы шақтағы шындығы. Сондықтан да баршаға ортақ қандай да бір бейтарап стандарт керек. Әралуан дін ӛкілдерінің ӛзіндік діни танымдарына сәйкес жұмысқа, мысалы, әкімшілік пен емханаға әлем-жәлем болып барғанын елестетіп жатудың ӛзі қиын. Қазақстандағы діни радикализм туралы сӛз қозғалса сәләфизм тақырыбы баса айтылады.Сәләфизмнің Қазақстан үшін дәстүрлі болып табылатын ханафи мазхабынан басты айырмашылығы неде? Сунниттік исламдағы мазхабтарды христиандықтағы православие мен католицизммен әсте салыстыруға болмайтынын атап ӛткен жӛн. «Мазхаб» сӛзінің ӛзі «бағыт, дұрыс жолға шақыру» дегенді білдіреді. Фикх бойынша мазхабтар бар, яғни, ислам құқығы бойынша және де ақида бойынша, былайша айтқанда, сенімге негізделген мазхабтар бар. Шариғаттың құқықтық мектептері - 144 -


бір бӛлек те, ӛзіндік құдайтанушылық танымдарын алға тартқан мектептер бір бӛлек. «Мазхабтар» деп құқықтық мектептерді, ал құдайтанушылық мектептерді «ақидалар» деп атайды. Бұл қалыптасқан үрдіс. Осы екі белгіге қарап-ақ исламдағы барша бағыттарды классификациялауға болады. Дегенмен де мазхаб пен ақиданың мүлдем екі бӛлек нәрсе екенін ұғып алған жӛн. Мысалы, материалдық заттарды пошымы мен түсіне қарап жүйелеуге болады. Бұл ретте зат тӛрт бұрышты және де қызыл, қызыл және дӛңгелек, дӛңгелек және жасыл болуы мүмкін. Ал осыған келіп, бұл қызыл ма, әлде, дӛңгелек пе деп сұрау ағаттық. Мәлім болғандай, дәстүрлі құқықтық мазхабтардың саны тӛртеу: ханафи, шафиғи, мәлики, ханбали. Құдайтанушылық ірі мектептердің саны екеу: ашариттік және Орталық Азия үшін дәстүрлі саналатын матруди мектептері. Бұл орайда матруди ақидасы тарихи тұрғыда белгілі бір аймақтарда ханафи мазхабымен астасқан, ал ашариттік болса, шафиғи және мәлики мазхабтарымен және т.б астарласып кеткен. Сәләфизмнің кеңінен таралған елдеріне Сауд Арабиясы және де онымен жапсарлас жатқан Парсы шығанағы елдері жатады. Оларда ханбали мазхабы басымдыққа ие. Дегенмен сәләфизмнің ӛзі бір мазхабты ұстануды міндетті деп білмейді, ал кейбір сәләфи ғұламалары басы бүтін мұндайды жоққа шығарады. Осы себепті де кеше ғана намаз үйренгеніне қарамастан қандай да бір «мазхабтың қажеті жоқ» деп негізсіз жар салатын сәләфи қара кӛз жігіттерді кездестіре аламыз. Сәләфилер «сәләфтердің таза ақидасын ұстанамыз», яғни, «алдыңғылардың жолымен жүреміз» деп даурығады. Ислам дәстүрінде алғашқы үш толқын, яғни, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) сахабалары және де одан кейінгі мұсылмандардың екі толқыны осылай аталады. Алайда дәстүрлі құдайтанушылық мектептерінің кӛптеген ӛкілдері мұнымен еш келіспейді. Сонымен қатар Қазақстандағы сәләфиттердің кӛпшілігі қазақ салтдәстүрлерін «бидғат» («рұхсат етілмеген жаңалық») немесе «ширк» (Аллаға серік қосу) санай отырып түбегейлі жоққа шығарады. Бұл ретте олар қазақтардың кейбір ұлттық дәстүрлерінің пайда болуының тарихи себептерін түсінуге тырыспайды. Қоғамымызда орын алған тағы бір даулы мәселе – біздің сәләфи деп есептелетін діндарлар саудиялық шейхтердің ӛз азаматтары – саудиялықтар үшін шығарған пәтуаларын жиі қолданып, ойланбастан ел ішінде насихаттап жүр. Бірақ ислам дәстүрінде пәтуаларды әр елде ӛзінің мүфтиі шығаратыны жұртқа белгілі. Бір мәселе бойынша үкім нақты бір қоғамдағы жағдайларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Тағы да қайталап айтамын, бұл ислам құқығының негіздері. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағаланың адамдарды әртүрлі қылып жаратқандығы туралы айтылады («Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық). (49-сүре «Хужурат», 13 аят). - 145 -


Сондықтан, аяғына нық тұра бастаған және қоғамдық, соның ішінде діни санасы қалыптасып келе жатқан жас мемлекетімізде мұндай алауыздыққа жол берілмеу қажет деп есептейміз. Бұл қолды қусырып қарап отыруға болмайды деген сӛз. Кең ауқымды ағартушылық жұмыс жүргізу қажет, бұл тұста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына зор тарихи жауапкершілік жүктеліп отыр. Мұндағы басты мәселе сонда, біздің елімізде діни әдеп-ғұрыптар мен дәстүрлер сабақтастығы үзіліп қалған, осы себепті де бір уақытта айнадай тазаланған діни ӛрісте әралуан дәстүрлі емес ағымдар арам шӛп сынды қаулады және де бұл сӛзіміз исламдық ағымдар ғана қатысты емес. Сонымен, қазіргі ең маңызды жайт – жастарымызды, ӛскелең ұрпақты осындай келеңсіз кӛзқарастарға ұрынудан сақтап қалу. Ал үйірінен адасқандар ерте ме, кеш пе, ақылға келсе керек. Қазірдің ӛзінде сәләфилер 2000-шы жылдардағыдай емес, ӛздерін анағұрлым сақ ұстайды. Кейбіреулері тіпті күнделікті тұрмыста дәстүрлі ханафи мазхабын қабылдауға әзір, қала берді мешітте отырғанда имамдар ӛтініп жатса «әмин» деп айғайлауын да қойып келеді. Сонда ӛзін-ӛзі жаратындар, полиция қызметкерлерін атып жатқандар кімдер? Мұны тәкфіршілер мен жихадшылар жасап жатыр. Шынтуайтында, бұл бір үдерістің екі сатысы, тәкфір мен жихад жариялаудың арасы бір-ақ қадам. Ӛздерінің құдайтанушылық кӛзқарастары бойынша олар сәләфилерге жатады, яғни, сәләфи ақидасын ұстанады, әйтсе де саяси тұрғыда Мысыр радикалы, 1966 жылы ӛлім жазасына кесілген, кейде бүгінгі мұсылман әлеміндегі барша экстремистік ағымдардың «ӛкіл әкесі» атанып жүрген Саид Кутбаның әдісіне сәйкес әрекет етеді. Сондай-ақ ол «Мұсылман бауырлар» қозғалысының радикалды қанатының идеологтарының бірі. Сондықтан да біз тәкфиризмді діни экстремизмнің ең бір қатерлі түрі ретінде танимыз. «Тәкфір» дегеніміз не? Бұл сӛз «сенбеу», «кәпір», «дінге сенбейтін» деген мәндегі «куфр» сӛзімен түбірлес. Тәкфір жасау дегеніміз дінсіз деп жариялауды білдіреді. Мысалы, Қазақстандағы тәкфіршілердің ең сүйікті әдетінің бірі – бес уақыт намазын оқымайтын мұсылман баласын кәпірге жатқызу, яғни, бұл дегеніңіз айналамыздағылардың басым бӛлігіне саусақ шошайту, күл шашу. Бұл барлық дәуірлердегі ислам ғалымдары ұстанған қағидаларға қайшы келеді. Дәстүрлі фикх – ислам құқығында тәкфір жасаудың шарттары нақты кӛрсетілген және де олардың бәрі біздің басынан бақайшығына дейін радикалданғандар тарапынан барынша бұзылуда. Міне, осы себепті де мұсылмандардың діни сауаттылығын арттыру аса маңызды, қысқасы, кез келген кісі тәкфіршіге айқын қателіктерін кӛзге шұқып тұрып кӛрсете білу керек. Сондықтан да тағы бір рет қайталап айтамын, теріс пиғылды ағымдармен күрестегі шешуші фактор надандықты, діни сауатсыздықты жою болып - 146 -


табылады. Осы шартты орындағанда ғана экстремизм мен терроризммен күрес шаралары нәтижелі болады. Соңғы кездері сәләфилермен қатар «Таблиғи жамағат» атауын алған қозғалыс туралы әңгімелерді де құлағымыз жиі шалып қалып жатады. Осы жӛнінде айтсаңыз? «Таблиғи жамағат» – сӛзбе сӛз берер болсақ, «Уағыз қауымы», 1926 жылы Үндістанда Маулана Мұхаммад Ильияс тарапынан ұйымдастырылған саяси, пацифистік діни қозғалыс. Қозғалыстың ерекшелігі бағдарламасының, жарғысының, мүшелік институтының жоқтығы. Осыған байланысты, сырт кӛзге бұл топ жоқ та сияқты. Бұл ұйым кӛзге кӛріне бермейді, тиісінше, кӛптеген жылдар бойы сарапшылардың назарынан тыс қалып келді. Оларға қатысты қандай түйткілдер бар? Таблиғшылар жүйелі практика мен үй аралап, есіктен есікке жалғасқан белсенді уағызды ең басты құндылық деп біледі. Дегенмен олар терең діни білім алғанды құптай бермейді, оған немқұрайды қарайды, арзымайтын нәрсе деп есептейді. Ал бізде сауатсыз уағызшылар онсыз да жеткілікті. Ӛткен ғасырдың 20-шы жылдарына Үндістанда лайық болған нәрсе XXI ғасырдағы Қазақстанға мүлде үйлеспейді. Бұдан бӛлек, бұл қозғалыстың ӛкілдері жұмыс істеу, отбасын бағу секілді міндеттерді мүлде ескере бермейді. Мысалы, олар әйел, бала-шағасын тастап, алыс сапарға кете береді. Ел аумағын адақтап кетсе мақұл, шетелдерге тартып кетуі де ықтимал. Арнайы операциялар кезінде террористер түгелдей дерлік жойылып отырады. Бұл әдетке айналды. Қоғамда осыған байланысты сұрақтар кӛбейіп тұр. Күш қолдану әдісі ӛзін-ӛзі ақтап жатыр ма, бұл қаншалықты орынды нәрсе? Қоғамда терроризм және экстремизм кӛріністерімен белсенді күрес жүргізіліп жатыр. Соңғы контртеррористік операциялар құқық қорғау органдарының терроризммен күресте тәжірибе жинақтағанын кӛрсетеді. Олар радикалдарды анықтап, қоғамға қарсы жасалғалы жатқан қылмыстың алдын алады. Рас, Алматы, Атырау және ӛзге де ӛңірлерде жүргізілген бірнеше антитеррористік операциялар барысында террористік топтардың барлық мүшелерінің кӛзі жойылды. Тәжірибе барысы террористердің аса қатыгез, ӛз ӛмірлерін де, ӛзгелердің ӛмірін де бұйым құрлы кӛрмейтінін дәлелдеп отыр. Ара-арасында криминалдық элементтер мен діни радикалдардың мидай араласып кетуі кӛрініс беруде. Шындығына келсек, тіптен діни идеологияны жамылғы еткен қылмыскерлерді құқық қорғау органдары залалсыздандырып жатыр. Арнайы операциялар барысында күштік құрылымдар оларға ӛз еріктерімен беріліп, қаруларын тастауға бұйырады. Алайда террористер байланысқа шықпай, соңғы демдері қалғанша қарсылық кӛрсетеді. Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының осындай ситуацияларға сақадай сай екендігін атап ӛткен - 147 -


жӛн. Былтырғы жылғы арнайы операцияларда полиция мен арнайы топ қызметкерлері қатарынан шығын болғанын еске салып жатудың ӛзі артық болар. Ал соңғы кездері қарапайым халық пен күштік құрылымдар тарапынан құрбандықтарға жол берілмей келеді. Жақсы қаруланған және жанкешті қарсыластармен жағаласуға тура келіп жатқандығына қарамастан, бұл мүмкін болып отыр. Террористердің кӛпшілігі полиция органдарына қарсы терактілерді ұйымдастыру мен жүргізуге қатысқан және де басым кӛпшілігі бұрын қылмысты болғандар жандар. Арнайы қызметтердің жұмысының тек антитеррористік операциялар мен террористерді жоюмен шектелмейтінін атап ӛткен жӛн. Терроризмнің алдын алу үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары бірқатар террактілердің алды алынып, радикалды топтар жойылды. Ақтӛбе, Алматы, Орал, Атырау соттарында экстремистік және террористік іс-әрекеттер үшін күдіктілерге сот процестері жүріп жатыр. Алайда қатер сақталып тұр және де қауіптің ауқымы да алаңдатпай қоймайды. Радикалды діни ағымдарға қалай қарсы тұруға болады? Күштік және превентивті әдістер бар. Превентивті жұмыстардың сапалық тұрғыда жақсарғаны дұрыс. Осыған байланысты, қоғамдағы ондай экстремистік идеялардың таралуына ең әуелі зияткерлік тұрғыда қарсы тұру керек. Діни экстремистерді залалсыздандыруда ӛзге де ықпал ету шараларымен қатар теологтардың рӛлі аса зор. Тәжірибелі теологтар, дінтанушылар, дін саласы мамандары – экстремистер мен радикалдардың идеологтарына сауатты әрі жоғары дәрежеде қарсы тұра алатын қоғамның бірден-бір категориясы. Теологтар қасиетті Құран кітабындағы қазыналы әмбебап білімге ие. Діни догматика саласы мен діни сенімнің доктриналық ережелерін, рәсімдерді және ӛзге де культтік практикаларға қатысты білімнің молдығы оларға батыл идеялық қарсыластарымен ұстасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ радикалды діни ағымдарға қарсы күресу жолдарын іздеумен жекелеген ғылымизерттеу орталықтары және институттар айналысуда. Ислам туралы айтқанда заманауи ӛмір салты, білім мен мәдениетті дінмен ұштастыру мәселесі де қылаң береді. Басқаша айтқанда, ислам мен модернизацияның астасуы мүмкін бе? Ханафи мазхабының рухани практикасы ұлттық мәдениет пен жалпыадамзаттық құндылықтарға құрметпен қарап келді. Бұл түсініктің ӛзегінде ертеден исламға тән болған толеранттылық пен ашықтық ұғымдары жатыр. Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің дүниетанымдық кешені шамамен біржарым мың жылға созылған ислами ӛрнек арқылы қалыптасты. Заманауи қоғам ӛскелең дінилік пен модернизацияның үйлесе алатынын күн тәртібіне қойып отыр. Біздің еліміздегі модернизация әділдік, адалдық, руханилық, білім, еңбек, сенім және құқық басымдығы секілді құндылықтардың қоғамда қалыптасуына байланысты. Бұл құндылықтардың бәрі де ислам құндылықтары болып табылады. Бірақ бұл үшін имамдармен тізе қоса отырып әрекет ету керек. Мешіттердегі уағыздарда дінге шақыру ғана - 148 -


емес, жастарды рухани дамуға, білімге, кемелденуге, қоғам игілігі үшін тер тӛгуге шақыратын насихаттар да айтылуы керек. Мұсылман ренессансы дәуірінде дін мәдениеттің жоғары деңгейіне, ғылымға, философияға, білімге себепші болды. Бүкіл әлемге ислам аясында қызмет еткен ғұлама ғалымдар мен ойшылдардың есімдері етене таныс. Ӛкінішке қарай, біздің заманымызда дін мен зайырлы ӛмірді қарсы қоюшылар да кездеседі. Шындығында, дін азаматтарымызды, бірінші кезекте жастарымызды білім, отбасы, халықтық ғұрыптар мен дәстүрлерден айырмауы керек. Мешітке бару жастардың сапалы білім алуына кедергі болмауға тиіс, олар интеллектуалдық тұрғыда да, бой түзеу жағынан да тең ӛсіп дамуы керек. Ислам оқшаулану мен рухани кембағалдықты қабыл алмайтын дін, ол дінге сенушілерді жалпыға түсінікті гуманистік құндылықтарға баулиды. Айна Сарыбай «Ақтӛбе» газеті ***** Қ.Қ. Лама Шариф, ҚР Дін істері агенттігінің Тӛрағасы ДІНДЕ ЭКСТРЕМИЗМ ЖОҚ Бүгінде Қазақстан Республикасы конфессияаралық және этносаралық келісім салтанат құрған ынтымақты елдің үлгісіне айналып отыр. Кеңес Одағының және атеистік жүйенің ыдырауы рухани кеңістік бос қалған жылдарда ұмытылып кеткен қазақстандық қоғамның ұлттық және діни дәстүрлерінің қайта жаңғыруына серпін берді. Қазіргі таңда дін қоғамымыздың ажырамас бӛлігі болып табылады, сондықтан мемлекет Қазақстандағы діни қатынастарды дамытуға әрқашан ерекше кӛңіл бӛлуде. Біз діни экстремизмнің алдын алу бағыттарының бірі ретінде Қазақстан қоғамын рухани ағартуға ерекше кӛңіл бӛлеміз. Қазақстандықтар діни кӛзқарасының әркелкілігіне қарамастан, зайырлы елімізде имансыздық, діни ой-пікірлердің радикалдануы секілді шектен шығушылықтардың таралуына жол бермеу жолында бірігуі керек. Республикадағы діни ахуал жалпы алғанда тұрақты екенін атап ӛткен жӛн. Дей тұрғанмен, еліміздің жекелеген аймақтарында діни экстремизм ошақтарының шоғырлануы байқалады. Еліміздің батыс ӛңірлеріндегі бірқатар лаңкестікті ұйымдастыру әрекеттері, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің астыртын экстремистік топтарды әшкерелеуі, осындай топтардың мүшелерімен жүргізіліп жатқан сот процестері осы үдерістердің кӛріністері болып отыр. ҚР Бас прокуратурасының мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың 10 айында экстремизм мен терроризмге қатысты 112 қылмыс анықталған. Ұлттық қауіпсіздік Комитеті биылдың ӛзінде 24 лаңкестік әрекетке тосқауыл қойды. - 149 -


Соңғы бес жылдың ішінде басқа мемлекеттер аумағында лаңкестік ұйымдардың іс-әрекеттеріне қатысы бар Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Олардың заңсыз қарулы құрылымдардың лаңкестік іс-әрекетіне қатысқаны да анықталды. Қазақстанда халықаралық террористік және экстремистік ұйымдардың 68 мүшесі ұсталды. Сондықтан біздің бүгінгі кездесуіміз мемлекет пен бүкіл қоғамның діни экстремизм мен терроризм қауіп-қатерлеріне қарсы әрекет етуге бағытталған белсенді жұмыстарымен астастырыла ӛтуде. Қазақстанның барлық аумағында дінтанушылар, мешіт имамдары, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық қайраткерлерден құралған ақпараттық-насихат топтары ұйымдасқан түрде жұмыс жүргізуде. Басты міндет - дін атын жамылатын экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу. Барлық әлемдік діндердің биік адамгершілік және гуманистік құндылықтар мен идеяларды насихаттайтыны баршаға белгілі. Бұған Қазақстанда тӛрт дүркін ӛткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері куә бола алады. 2013 жылы Съездің 10 жылдық мерейтойын атап ӛту жоспарлануда. Міне, сондықтан да біз «дінде экстремизм жоқ» деп нық сеніммен айта аламыз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2003 жылы жазған «Сындарлы он жыл» кітабының екінші бӛлімі дәл осылай аталады. Кӛптеген мемлекеттер зайырлы сипатқа ие, дей тұрғанмен діннің қоғамда дербес күйде, яғни ӛзімен-ӛзі әрекет етуіне жол берілмейді. Шынайы дін адамзатқа тура жол нұсқаушы ретінде адамды, азаматты адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуі, отансүйгіштікті, гендерлік теңдікті арттыруы, ӛшпенділік пен басқыншылықты былай қойғанда, адамдарды теріс іс-әрекет атаулыдан сақтауы керек. Дін қоғамда ӛзінің сындарлы рӛлін атқаруы тиіс, келіспеушіліктердің алдын алуға кӛмектесіп, әлеуметті біріктіруі қажет. Басымдықтарды айқын және нақты белгілеп, діни білім берудің тәсілдері мен стратегиясын жасап шығару қажет. Бұл аса маңызды іс, ӛйткені біз қоғамдағы жастардың рӛлі туралы айтып отырмыз. Зайырлы білім де, діни білім де адамды тәрбиелеп қана қоймай, оны дұрыс жолға бағыттап, оның ойдан шығарылған бұрмалаушылық нанымдардан айығуына септесуі қажет. Адамдардың діни білімі тек халық игілігі үшін жұмсалуы керек. Біз үшін XXI ғасырдың артықшылығы - қазақстандықтардың санасезімінің, білім деңгейінің жоғары болуында. Біздің әрқайсымыз Қасиетті Құран, Библия және Талмуд секілді діни түпдеректерді алып оқуға және әлемдегі бірде-бір діннің зорлық-зомбылық жасауға, соғысқа немесе ӛшпенділікке шақырмайтынын түсінуге қабілеттіміз. Ал кӛзі ашық, кӛкірегі ояу тұлғаның теріс пиғылды араңдатушылықтарға елігу ықтималдылығы ӛте тӛмен болатыны айдай анық. Экстремизм қатерлі ісік дерті іспеттес. Егер уақтылы алдын алу жұмыстары жүргізілмесе, уақыт ӛте келе тамырын тереңге жіберуі мүмкін. Сондықтан қарапайым халықтың діни сауатты болуы ӛте маңызды әрі қажетті - 150 -


болып табылады. Ал діни сауаттылық - бұл оқыту, ағарту және әдебиеттер арқылы алынатын білім. Бүгінгі таңда елдегі ахуалды сыни тұрғыдан бағалау негізінде тұрғындардың дін атын жамылған жат идеологиялық екпелерге қарсы берік діни иммунитетін күшейтетін дүниетанымдық кӛзқарастарды қалыптастыру мәселесі аса ӛзекті болып отыр. Ӛкінішке қарай, белгілі бір күштердің адамдардың діни сауатсыздығын, орнықпағанын, қарсылық райындағы кӛңіл-күйлерін, жекелеген әлеуметтікэкономикалық қиындықтарға тап болып отырғанын пайдалана отырып, сенушілердің діни сезімдерін алдап, ой-санасын жаулап, экстремистік әрекеттер арқылы ӛмірдің барлық қиындықтарын бір мезетте шешуге болатыны туралы жалған идеяларды алға тартатын фактілерімен ұшырасып отырмыз. Талдаулар нәтижесі кӛрсеткендей, әлемде экстремистердің бүлдірушілік әрекеттерінің Ауғанстанда, Кавказда, Ливияда, Сирияда және ғаламшардың басқа да қауіпті жерлерінде бірдей қолданылатын әмбебап стратегиясы мен тәсілдері қалыптасқан. Біздің еліміз тәуелсіздіктің 20 жылдан астам кезеңінде кӛптеген қауіпқатерлерге тап болды, алайда ӛзінің бірегей қазақстандық жолымен жүре отырып, олардың бәрін жеңе алды. Радикализм мен экстремизм мәселелерінде де бізге дайын нұсқаулықты ешкім ұсынбайтындығына сенімдіміз. Оны біз ӛзіміз қалыптастырамыз. Анти-экстремистік нұсқаулықтың ұстанымдары ретінде қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың конституциялық артықшылықтарын сақтау, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын жүзеге асыру, «дінде экстремизм жоқ» деген айғақты қабылдау болып табылады. Елбасы «Сындарлы он жыл» атты кітабында былай деп атап ӛтеді: «Фундаменталистер тарапынан болатын шетін агрессиядан немесе тұрақсыздықтан қауіптеніп, діннің ӛзіне, Ислам дініне қатысты қатал саясат ұстану, менің пайымдауымда мәнсіз де мағынасыз тірлік. Олай болатыны, мәселе дін мен оның бұрмалану мүмкіндігінің қисынсыз қосақталуында емес, бұл жерде тек қана теологиялық кӛзқарастарын қорғағансып емес, сонымен бірге Сенімнің ӛзін де қорғағанситын діни тыйым режимдеріне қарсы шетін діни радикалдардың шетін күрес тәсілдеріне барулары да елеулі себеп болып отыр». Бұл орайда Елбасымыз былай ескертеді: «Бұл жағдайда да қауіпқатердің зоры, Сенімді жору мен Сенімнің ӛзінің арасындағы айтарлықтай айырмашылықтың ескерілмеуінде болса керек». Бұл мәселеде Мемлекет Басшысы діни экстремизм құбылысына алдын алу саясаты мен алдын алу әрекеттерінің түрлі нұсқалы әдістемесі тұрғысынан мұқият қарауға шақырады. Бүгінгі күні дін қызметкерлері мен мешіт имамдарына қатысты кӛптеген сындар айтылуда, ол бірінші кезекте олардың діни экстремистер мен қандай да бір радикалды діни кӛзқарастардың жақтастарына тең дәрежеде және уақтылы қарсылық кӛрсете алмауымен байланысты болып отыр. Бір жағынан, қоғам дін - 151 -


атын жамылған экстремизмнің айқын қауіп-қатерімен бетпе-бет келіп отырғанда мұндай наразылықтардың болуы заңдылық. Қазір ислами дін қызметкерлері сенушілердің діни мұқтаждықтарын қанағаттандыру жӛніндегі жұмыстарды ӛздерінің діни білімі шеңберінде жүзеге асыруда. Түрлі деңгейдегі діни оқу орындарында оларға бірінші кезекте діни рәсімдерді ӛткізу, діни құлшылықтардың әртүрлі түрлерін жүргізу және ұйымдастыру бойынша білім береді. Сондықтан, университет дипломы немесе медресе куәлігі бар имамды діни экстремизмге қарсы күрестің дайын маманы ретінде қабылдай алмаймыз. Алайда, аталған жағымсыз құбылыстың айқын қауіп тудырып отырған жағдайында барлық дін қызметкерлерінің осы бағыттағы біліктілігін жоғарылата отырып, ортақ іске жұмылдыру қажет. Уақыт ӛз талабын қояды. Сондықтан, мешіт имамдарына ислам ілімдері, шариғат және фикх қағидасында, сондай-ақ, әлеуметтану, конфликтология мен психология тәрізді зайырлы ғылымдар тұрғысында радикализм мен экстремизмге діни-идеялық тұрғыдан қарсы тұру әліппесін, яғни негіздерін оқытудың жүйелі бағдарламаларын қалыптастырып, іске қосу қажет деп есептейміз. Біз Ислам дініне деген фанаттық пен немқұрайды қарым-қатынастан жоғары тұратын парасатты мұсылман тұлғасын тәрбиелеуге мүдделіміз. Қазіргі қазақтардың дәстүрлі діні біздің ата-бабамыздың кӛп ғасырлық тәжірибесіне негізделген. Ұлы Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп ұстанған қазақтардың дәстүрлі мұсылмандығында басты негіз ретінде соқыр сенім емес, ақыл-парасат алынған. Ұстамдылық және қоғам бірлігін қорғау идеялары кӛптеген қазақ ойшылдарының философиялық еңбектерінде кӛрініс тапқан және бүгінгі қазақстандық қоғам арасында да кеңінен таратуға лайықты. Қазақ даласының әл-Фарабидан бастап Абайға дейін жалғасқан 1100 жылдық рухани тарихы бар. Біз Ислам дінінің де, қазақ халқының да терең рухани дәстүрлері мен құндылықтарының ұлы тарихи тәжірибесі үйлесімді түрде кіріктірілген қуатты дүниетанымдық парадигма қажеттігін атап айтуға тиіспіз. Бүгінгі таңда Дін істері агенттігінің қызметі рухани және идеологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Еліміз үшін жат діни ілімдердің жаппай таралу қаупі бар екенін ескере отырып, осы мақсатқа азаматтық қоғамның барлық салауатты күшін жұмылдыру қажет. Халықтың жалпы рухани тұтастығының құрамдас бӛлігі ретіндегі діни сауаттылықтың жеке ведомстволық емес, жалпы мемлекеттік мақсат болып табылатынын барша қоғамның түсінуі қажет. Агенттік тарапынан жүргізіліп отырған кең ауқымды шаралар мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жаңа ӛркениетті деңгейге кӛтеруге, діни ахуалды оңалтуға, Қазақстанда дінге сенушілердің құқықтары мен бостандықтарын тиімді түрде қорғауға мүмкіндік береді деген сенімдеміз. www.abai.kz ***** - 152 -


Е.К. Шохаев, ҚР Дін істері агенттігінің қызметкері СӘЛӘФИЗМ ИДЕЯСЫНЫҢ ЗИЯНЫ МЕН ЗАЛАЛЫ Қазіргі таңда қазақстандық қоғамды алаңдатып отырған негізгі проблемалардың бірі - сәләфизм идеологиясының халық ішінде, атап айтқанда жастардың арасында белең алуы. Бұл ілім Х-ХІ ғасырларда Андалусия (Испания) жерінде басталып, ары қарай ХVIII ғасырда Нәжд ӛлкесі қазіргі Сауд Аравияның солтүстігінде жалғасын тапты. Бастапқы кезден бұл идеологияның ӛкілдері ӛзге пікірге тӛзбеу, ӛзгелерге агрессиялық кӛзқараспен қарау, алдына қойған мақсаттарына қарумен болса қол жеткізу секілді сипаттармен танылды. Андалусия ғұламалары ашғари мектебінің түлектері болғаны белгілі. Бірақ, қазіргі сәләфилік идеяның негізін салған ондағы ханбали мазхабының кейбір ғалымсымақтары елдегі мешіттерде жүріп жатқан дәрістердің барысында ӛз пікірлерін тықпалап, ашғари мектебінің тәлімдерін жоққа шығарып, дау-дамайларды тудырып бүлік шығаратын еді. Бұдан кейін он үшінші және он тӛртінші ғасырларда Шам ӛлкесінде 1263-1328 жж. ӛмір сүрген Ибн Тәймия аталмыш идеологияның жалауын кӛтерді. Ол ислам әлеміндегі дәстүрлі бағыттағы сенім мектептері - ашғари, мәтруди тәлімдерін адасқан деп сынап, қаралады. Аталмыш бағытта томдап еңбектер жазып, бұл идеологияны қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Бүгінде ӛзіміз білетін сәләфизм идеясы аталмыш кезеңдерден бастау алып, ХVIII ғасырда қазіргі Сауд Аравия жерінде ӛмір сүрген Мухаммед бин Абдулуаххабтың қолында жаңғырып, ӛзге діни мектептерге қарсы ерекше агрессиялық үлгіде дамып қалыптасты. Сондықтан тарихта бұл топ уахабилік және уахабилер қозғалысы деген атаумен танымал. Сәләфизм сӛзінің түптӛркіні араб тіліндегі «сәләф» яғни бұрынғы ӛткен, бұрынғылар деген сӛзден келіп шыққан. Ислам тарихындағы алғашқы үш буын - Мұхаммед пайғамбардың, сахабалардың және табиғиндердің кезеңдеріне сәләф деп айтылады. Сонымен қатар бұл үш буынның ұстанған жолы нағыз ақиқат әрі дұрыс болып саналады. Қазіргі таңдағы сәләфилер ӛздерін біз алғашқы үш буынның жолын ұстануышлармыз, сондықтан біз сәләфилерміз деп жариялауда. Бұл топ ӛзін қаншалықты алғашқылардың жолын ұстанушы «сәләфилер» деп атағанымен уахабилік қозғалысының жалғасы екенін жасыра алмайды. Ислам дінінің қазақ жеріндегі тарихы сопылық мектептің тәлімімен тікелей байланысты екені белгілі. Оның мысалы ретінде, Қожа Ахмет Яссауи тәлімінің қазақ халқының діни-дүниетанымындағы орны мен рӛлін айтуға болады. Ал сәләфилік-уахабилік ілім сопылық мектептің тәлімін толығымен дерлік жоққа шығарады. Біз мұны Медина қаласындағы Ислам университетінде және Пайғамбар мешітінде дәріс берген сәләфилік бағыттың ғалымдарының бірі Али бин Мухаммед бин Синанның «Әл-мажмуғ әл-муфид мин ақидатуттаухид» кітабындағы мына жолдардан кӛре аламыз: «Я мұсылмандар, сопылық тариқаттарына қарсы жаппай соғыс жариялап, оларды толығымен жоймағанша, - 153 -


сендердің исламдарыңның пайдасы жоқ. Оларға қарсы яхудилер мен отқа табынушыларға қарсы күресуден бұрын соғысыңдар». Әрине бұдан автордың сопылық мектепке қатысты кӛзқарасының қаншалықты агрессиялық сипатта екені кӛрінеді. Бұл тек сопылыққа ғана қатысты емес. Олар мәтруди мектебін де жоққа шығарып, адасушылықпен қаралайды. Мұндай кӛзқарас жалпы сәләфизм идеологиясын ұстанатын барлық топтарға ортақ болып табылады. Осының салдарынан қазіргі таңда елдегі мешіттерде және басқа да діни орталарда сәләфизммен санасы уланған азаматтардың тарапынан бүліктер туындап жатқаны мәлім. Олар тек сопылық тәлім мен тариқаттарды ғана емес, дәстүрлі ханафи мазхабы мен мәтруди мектебінің тәлімін ұстанатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын да адасушылықпен айыптайды. Сәләфилік бағыт ӛкілдерінің тарапынан туындап отырған бұл жағдай болашақта діни негіздегі қақтығыстардың мешіттерден басталуына апарып соғуы ықтимал. Бұған мысал ретінде, 1990-жылдары КСРО құлаған соң посткеңестік елдердің ішкі тыныштығын бұзу үшін Орта Азия республикалары мен Кавказ енгізілген аталмыш діни-саяси доктринаның Шешенстан, Ӛзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы қарулы қақтығыстардың шығуына басты себеп болғанын айтуға болады. 2011-2012 жылдары Таразда, Атырауда және Ақтӛбеде орын алған ӛкінішті оқиғаларды сәләфилік идеологияның және «Мұсылман бауырлар» қозғалысынан бӛлініп шыққан «Әт-Тәкфир уәл-хижра» жамағатының әрекеттерінің тікелей нәтижелері ретінде қарастыруға болады. Сәләфизм қазіргі әлемдік жағдайда жахандану саясаты секілді жалпылықты мақсат тұтқан идея болып саналады. Сондықтан оның іс жүзіндегі жағдайы мен әлем халықтары арасындағы таралуы ұлттар мен халықтардың ерекшеліктерін, құндылықтарын жоюға бағытталады. Бұл әрекет «ақиқат, таухид, таза ислам және Құран мен сүннет жолы» секілді ұрандардың саясында іске асуда. Осылайша сәләфизм қазақ халқының және басқа да халықтардың ұлттық құндылықтарын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін шариғат шарттарымен ӛлшемей тұрып бидғат деп есептейді. Сонымен қатар бидғатқа қарсы бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып күресу әрбір мұсылманның парызы саналады деп уағыздайды. Қазіргі таңда елімізде ұлттық мүддеге қарсы сәләфизм ерушілері тарапынан жүргізіліп жатқан бұл үрдіс қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып және ұлтты сақтап келе жатқан құндылықтарының тамырына балта шабуы әбден мүмкін. Ғасырлар бойы ел мен жердің иесі болып келе жатқан ұлттың ерекшелігі жойылатын болса, жеріміз бен байлығымызды кӛздеген тараптардың жетегінде кету қиынға соқпасы анық. Себебі, тізгінді ӛзгеге ұстату ӛз ұлты мен отанының қадір-қасиетін жете біліп, түсінбеген ұрпақтың жанына бата қоймайды. Осындай жымысқы мақсат болмаса, 11-12 ғасырдан бері мұсылман болып, ислам ғылымдарын жетік меңгерген ұлы ғалымдарды тәрбиелеп келген Орта Азия халықтарының арасында олардың діні мен діни ұстанымын түгелімен дерлік жоққа шығаратын сәләфилік уағызды таратудың не қажеті бар еді? - 154 -


Шындығында тәуелсіздік алған кезден бастап екі он жылды сараптап қарасақ, Шымкент, Астана, Алматы және еліміздің батыс ӛлкесінде араб елдерінен келіп жұмыс жасаған ислам дінін уағыздаушылар тек сәләфизм бағытының ӛкілдері болды. Араб мұсылман елдерінің жалпы діни ұстанымдарына кӛз жүгіртер болсақ, бір-екі араб елінен басқа елдерде сәләфизм ілімі қолдауға ие болып келмеген. Осы тұста, неге біздің елге араб мұсылман елдеріндегі дәстүрлі исламның ӛкілдері келіп дінді уағыздамады? деген сұрақ та туады. Демек, қазақ жеріндегі сәләфизм қозғалысының артында үлкен саяси, қоғамдық және экономикалық мақсаттары бар екені анық байқалады. Осы тұста сәләфилік идеяның адам психологиясына тигізетін кері әсерін де атап айту қажет. Бұл ұстанымда болған адамның тұла бойын қоршаған ортасына қарсы агрессия билейді. Ӛзінен және оны қолдаушылардан басқа ұстанымдағы адамдардың барлығын олар мұсылман бола тұра, соның ішінде туыстарын, ата-анасын адасқан, тозақы деп таниды. Айналасына қатысты мұндай агрессиялық кӛзқарас сәләфилік идеяның ӛкілін мейірім және жанашырлық деген қасиеттерден айырады. Соның нәтижесінде ол басқаларға қатысты түрлі қатыгез іс-әрекеттерге баруы да ықтимал. Сондай-ақ, атаананың қызметі, туыстарға жан ашу және қоғамның қамқоршысы болу секілді адами және ислами моральдық құндылықтардан жырақ болады. Сәләфизм ерушісінің мұндай кӛзқарасы ел ішіндегі қоғамдық-туыстық қатынастарды ыдыратып, оның құлдырауына апарып соғады. Қоғам институтының әлсіреуін және құндылықтарының жоғалуын мемлекет қауіпсіздігі мен оның болашағына тӛнген қатер деп тануға болады. Қазіргі таңда сәләфизмді байсалды (умеренный) және радикалды деп бӛліп қарау қажет дейтін пікір иелері бар. Олар ӛздерінің бұл пікірін сәләфизмнің зайырлы мемлекеттің принциптерін мойындап, қарулы әрекеттерге баруды шариғатқа қарсы іс деп санайтын, сонымен қатар мемлекет тек шариғат заңдарымен ғана ӛмір сүруі қажет, олай болмаса қаруға жүгіну қажет деп қарайтын екі тобы бар - деп негіздейді. Сондықтан бірінші топты біздің мемлекеттік құрылымға қарсы келмейтін болғандықтан байсалды деп есептеп, күресіміз екінші сәләфизмнің радикалды тобына қарсы бағытталуы керек дейді. Сәләфилерді мұндай санаттарға бӛлуде ӛте сақ болу қажет деп ойлаймын. Себебі, жоғарыда аталған екі топтың да оқитын әдбиеттері мен ақидасы [1] бір болып табылады. Бұлардың арасында кейбір саяси ұстанымдарда ғана айырмашылық бар болып табылады. Діни негіздегі ұстанымдар мен сенімдердің ӛзгеріске ұшырауы әдетте мүмкін емес. Бірақ, саяси кӛзқарастар мен ұстанымдардың мүдде мен ахуал талабына сәйкес құбылып тұратыны белгілі. Сондықтан сәләфизмді қарулы ісәрекетке бару немесе бармау тұрғысынан байсалды және радикалды деп бӛлуге шартты түрде келіссек те, идея тұрғысынан мұндай екі топқа бӛлу мүлде қателік болып есептеледі. Тек қателік қана емес, бұлай ету мемлекет пен қоғамды сәләфизмге қатысты шешімдер мен шараларды қабылдау мәселесінде есептен жаңылдырады. Себебі, сәләфизмнің байсалдысы да, радикалдысы да - 155 -


ислам дініндегі ақида және құқықтық мектептердің ешбірін дұрыс деп қабылдамайды. Сонымен қатар оларды адасқандар, бидғатшылар және тозақылар деп санайды. Келесі кезекте мұндай адасушылықтан ислам әлемін тазарту үшін күресуге шақырады. Демек, қазіргі таңда саяси кӛзқарастары байсалды болып кӛрінген сәләфизмнің мадхалиттер [2] тобы мүдде талабына сәйкес болашақта жоғарыда айтылған негізгі мақсатты жүзеге асырмауына ешкім кепіл бола алмайды. Осылайша бүгінгінің байсалды сәләфилері ертеңгінің радикалы болуы болашақтың еншісінен әбден күтілетін жайт. Сондықтан тек елімізді ғана емес, бүкіл ислам әлемін алаңдатып отырған, жастардың санасын улап жатқан бұл идеологияға қарсы ғылыми, ақпараттық және құқықтық тұрғыдағы тиімді шараларды қабылдау ертеңге кешіктірілетін шаруа емес. Сонымен қатар қоғамға келетін ертеңгі апаттың алдын алуды бүгіннен бастау ел, мемлекет және болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз екенін ұмытпауымыз қажет. [1] Діни сенім-нанымы. [2] Ӛткен ғасырдың 1980-85 жылдары Сауд Аравия жерінде пайда болған, Рабиғ ибн Хади әл-Мадхали деген кісі қалыптастырған сәләфилік топ. Бұл топ АҚШ-тың әскери базасының Сауд Аравия аумағында орналасуының қажеттілігін шариғат тұрғысынан негіздеп берді, сонымен қатар сол елдің билігі тарапынан үлкен қолдауға ие.

www.abai.kz ***** М.К. Бектенова, ҚР ДІА Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының қызметкері ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ЫҚПАЛЫ ҚАНДАЙ? Бүгінде қоғамда ӛздерін «нағыз мұсылмандар» ретінде танып, ӛзгелерді «кәпір» деп санайтындар кӛбейді. Еліміздің ішінде күмәнді, елді біріктіретін емес, керісінше, берекесін алып, тоздыратын топтар, елге іштей іріткі салушы, деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеті қауіп тӛндіруде. Дінді ӛз пайдасына қарай бұрмалап, ислами наным-танымдарды шатастырушылар кӛптеп кездеседі. Ол топтар мен ағымдарды ғалымдар зерттей келе оларды деструктивті, радикалды, фундаменталды немесе экстремистік деп атап жүр. Бұл ағымдарды псевдоисламдық деп атап отырғанымыз да осыған байланысты. Себебі «псевдо» тіркесі - жалған деген мағынаны береді, яғни дәстүрлі Исламның кейбір қағидаларын басқаша түсініп, бұрмалап, оны ӛздерінің радикалды идео­логияларына айналдырып, дін ішінде дін туындатып жүрген діни ағымдарға тиісті айтылатын ұғым. Қазірде АҚШ, Орталық Азия мен ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да ӛз бейнесін кӛрсетіп үлгерген ұйымдар қатарында мыналар бар: - 156 -


Әл-Каида, Талибан, Ӛзбекстан Ислам қозғалысы (ИДУ), Хизб-ут-Тахрир, салафиттер, Орталық Азия Моджахедтерінің жамағаты және т.б. Қазақстан халқының соңғы кезде кӛп қозғайтын мәселесі - салафилік пен уаһһа­билік ағымдарының іс-әрекеттері. Салафилік тарихында елеулі із қалдырған Харран қаласында дүниеге келген фиқһ ғалымы Әбу әл-Аббас Тахиуддин Ахмед ибн Әбд әл-Халим ибн Таймия (1263-1328) болды. Ибн-Таймияның жолын ұстанушылар қатарында ибн әл-Кайим әл-Жаузия, хафиз аз-Захаби секілді шәкірттері болған. XVIII ғ. ӛмір сүрген Мұхамед ибн Абдул-Уаһһаб ибн Таймияның жолын жалғастырушысы болып табылады. Салафилік ілімнің негіздеріне келетін болсақ, салафиттер ӛмір мен діннің барлық жақтарын Құран аяттары және Мұхаммед Пайғамбардың хадистерімен сәйкестендіру қажет­тілігін, осыған орай аят немесе хадистің шынайы тура мағынасы бұрмаланбауы тиіс екендігін бетке ұстап, барлық ұстанымдарда Пайғамбар сахабаларының әдістерін басшылыққа алу керектігін; шариғат қағидаттарын қатаң сақтау қажеттігін, исламға негізделмеген басқаруға жол бермеу, исламға жаңашылдықтарды енгізуге тыйым салуды айтады. Алайда ӛздері Құранда жазылған аяттардың мағынасын бұрмалап, ӛздеріне ыңғайлы тұрғыда түсіндіріп, ұстанушыларға таратады. ҚМДБ тӛрағасының бірінші орынбасары, «Хазірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Қайрат Жолдыбайұлының пікірінше, Салафилік буквализммен ерекшеленеді. Яғни аят-хадистердің астарын, мақсатына үңілмей, бетін қана қалқып алып, ӛздігінше түсіндіруге бет бұрады. «Сәләф» сӛзі «бұрынғылар» дегенді білдіреді. Діни терми­нологияда «салиқалы салафтар» делінген кезде сахабалар, олардың кӛзін кӛрген табиғиндер мен бұлардың да кӛзін кӛрген табаға табиғиндер меңзеледі. Бірақ діни терминологияда белгілі бір ағымға «салафтар» деп айтылмайды. Салафиттер ӛкілдері болса оны пайдаланып, ӛздерін «бұрынғы Пайғамбар заманындағы мұсылман жолын ұстанамыз» деп жекелеген адамдардың идеясын насихаттап жүр. Уаһһабилік пен салафилікті бір ағым деушілер де бар. Жалпы, уаһһабилік уақыт тұрғысынан келетін болсақ, салафизмнен әлдеқайда кеш пайда болды. Алайда уаһһабшылар ӛздерін салафитпіз деп атап жүргені бәрімізге мәлім. Сондай-ақ жо­ғарыда келтірілген Қайрат Жолдыбайұлының пікіріне сүйенсек, салафтар деп қазіргі кезде нақты ағымға қатысты айтылмайтындығын ескеру жӛн болады. Тар және нақты мағынадағы уаһһабилік негізін 1703-1797 жылдары Недж қаласында араб діндары Мұхаммед ибн әл-Абдул-Уаһһаб салған, бастапқы ислам, яғни «бұрынғы сахабалар исламының» тазалығын қайта жаңғыртуға бағытталған діни-саяси ілім. Бірақ қазіргі таңда кең мағынада, «уаһһабилік» ұғымын исламмен жамылған діни-саяси экстремизмді сипаттау үшін қолдануда. Уаһһабилік ағымның ерекшелігі - сенім мәселесінде фанатизмге бой алдырса, ӛзінен басқа пікірдегілермен күресі экстремизмге толы болады. Әр нәрсенің теріс жағы да болады деп қарайтын болсақ, дәстүрлі идеологияның дұрыс талқыланбай, радикалды сипатқа ӛту қаупіне - 157 -


айналатынын біз ұмытпауымыз қажет. Сол секілді уаһһабшылар АбдулУаһһабтың және оның жақтастары қалып­тастырған ілімін негізге алып, оны жаңа идеяларымен толықтырып радикалды тұстарын дамытып жіберді. Уаһһабилік (салафилік) ілімнің қағидаттарына - Таухид - бір Құдайға сену, дінге қо­сылған түрлі жаңашылдықтан бас тарту (бидға), діни сенімсіздікте айыптау (так­фир) және кәпірлермен соғысу (джихад) жатады. Олар зайырлылық пен демократиялық мемлекеттік принциптеріне, конфес­сияаралық диалог пен келісімге, саяси институттардың қазіргі құрылымына, заңда­рына қайшы келеді. Тіпті оларды мүлде мақұлдамайды. Ислам дініндегі бір парыз амалды орындамаған мұсылманды кәпір деп санайтын Уаһһабтың ұстанымы барлық тӛрт суниттік мазхабтардың (Ханафиттік, Шафиттік, Мәліктік, Ханбалиттік) діни түсініктеріне қайшы келеді. Кәпірлер қатарына олар кӛп Құдайға табынушыларды, бидағатшыларды, діннен безгендерді (арабша - муртад), Мұнафықтарды (екіжүзділер), барлық басқа кон­фессия ӛкілдерін (христиандар, иудеилер, буддистер, кришнаиттер т.б.), сондай-ақ исламдағы уаһһабилік емес ағымды ұстанушыларды (суфизм, шиизм т.б.) және бар­лық идеологиялық ұстанымдарды (коммунистік, зайырлы, демократиялық, капи­талистік т.б.) мойындайтындарды жатқызады. Уаһһабшылар (салафиттер) әулиелер-дің зиратына баруға қарсы шығады. Пай­ғамбарлардың және әулиелердің рухынан шапағат сұраған мұсылман әулиелердің кесенесіне және қасиетті жерлерге барып, оларды себеп етіп, дұға жасаған адам кәпір болады деп санайтын уаһһабшылар (салафиттер) кесене салу, кесенелерде намаз оқу, аруақтардың рухына садақа атау мүшріктік деп есептейді. Мұндай кӛзқарас Қазақстан мұсылмандарының дәстүрлі ұстанымдарын негізсіз айыптау болып табылады. Мұндай идеялар еліміздегі мұсылман халықтары арасында діни негіздегі пікір қайшылықтарының туындауына, соның нәтижесінде діни араздықтардың ӛршуіне себеп болады. Салафиттер мен уаһһабшылар ӛз тұрғыларын кӛрсетуде радикалды сипатқа кӛбірек жақын келеді. Кӛбінесе солардың арасында экстремистік әрі қаруланған топтардың үлкен үлесі бар. Ең қауіптісі, идеологиясында жиһад мәселесі ауқымды орын алатын салафийлер және олар секілді басқа да ағымдар мен қозғалыстар (са­лафиттер қауымдастығының басқа да кӛптеген тармақтары, солардың ішінде такфирлер, мадхалиттер және жиһадистер) бейбіт іс-әрекеттерінен қарулы шабуылдар мен лаңкестікке дейін оңай ауыса алады. Зерттеушілер олардың діни дайындығынан ӛткен адамның ӛте радикалданып, заңды билікке, басқа дін ӛкілдеріне, зайырлы азаматтарға ӛшпенді қарсыласқа айналатынын, ӛзінің саяси мақсатына жету үшін кез келген тәсілді қолданатынын, соның ішінде қарулы қақтығысқа да баратынын айтады. Уаһһабилік идеология бүгінде Әл-Қаида, Талибан, Ӛзбекстан Ислам қозғалысы (ИДУ), Хизб-ут-Тахрир, салафиттер, Орталық Азия Моджахедтерінің жамағаты, Аль-Акса азап шегушілерінің бригадасы, Хамас т.б. секілді экстремистік ұйымдардың басты ұстанымына айналған. - 158 -


Мәселен, «кәпірлермен күресу идеясы» аталған ағымдардың барлығында дерлік орын алады. Тәкфиршілер арабшадан аударғанда «кәпірлікпен айыптау» дегенді білдіреді. «Такфир» жамағатының мүшелері ӛздерінің пікірлері мен мінез-құлықтары бойынша радикалдық (батыл шараларға баратын) кӛзқарастарымен ерекше кӛзге түседі. Тәкфиршілер жиһад - Ислам мемлекетін құрудың ең басты құралы деп санайды. Осы жерде «жиһад» мәселесіне тоқталып кететін болсақ, аталған ағымдардың «жиһад» ұғымын тікелей соғыс ретінде қабылдап жатқаны да ӛкінішті жайт. Оның аясы ӛте ауқымды болғандықтан, адамдар оны түрліше түсініп, мәнін сан-саққа жүгіртуі кӛптеп кездеседі. Негізінде, «жиһад» сӛзінің араб тілінде «белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін қайрат жұмсау, ынта-жігер таныту, тырысу, күресу» деген мағыналары бар. Жиһад - ең әуелі адамның ӛзін түзетуі. Ішкі дүниесі мен жүрегін тазартуы, ӛз болмысын қызғаншақтық, қанағат­сыздық, сабырсыздық, жалқаулық, тәкаппарлық секілді күллі жаман қасиеттерден арылтып, олардың орнын кӛркем қасиеттермен толтыруды білдіреді. Қазіргі кезде уаһһабилік идеологиясы белгілі бір деңгейде еліміздің мұсылман жас­тары арасында кеңірек таралуда. Түрлі ағымдар мен топтарға бӛлінген қазақ­стандық мұсылмандар бір-біріне ӛшпенділікпен қарап, біртұтас мұсылмандар қауымы арасында алауыздық пайда бола бастады. Осындай ағымдар мен топтарға бӛлінген мұсылмандар бір мешіттің ішінде қатар тұрып намаз оқымайды. Бір-бірінен бӛлектеніп жүреді, тіпті кейде бірін-бірі «кәпір» деуге дейін барып жүр. Осындай жолға түскен жастар ӛздерінің атааналарымен қатар отырып тамақтанбайды, оларды намаз оқымағандары үшін «кәпір» санайды. Кейбір топтардың мүшелері мешіттерге барудан да бас тартып, имамдарға дінсіз үкімет тағайындаған деп айып тағады. Сан ғасырлар тату тұрған қазақ елі үшін мұндай келеңсіз жағдайларға жол беру үлкен қателік. Сондықтан ата-бабамыз ұстанған мейірімді ислам дінін дұрыс түсініп, жүрегімізде жылулық сақтап, адамгершілік бейнемізді қолдан келгенше жоғалтпауға тырысуымыз керек. Қазақстандық дәстүрлі ислам мәселесіне тоқталсақ, бұл ұғым белгілі бір жаңа қазақ ислам моделін шығаруды емес, ата-бабаларымыздан ұрпақтанұрпаққа беріліп келе жатқан ислам құндылықтарын сақтап қалуды білдіреді. Себебі ислам діні тарихымыздың, мәдениетіміздің ажырамас бӛлігі. Бар қазақ бір дінді, бір мәзһабты, бір ақиданы ұстанып келді. Намаз оқыса да, Құран оқып, бет сипаса да, тәспі тартып, дұға етсе де ешкім бір-біріне: «мынауың не, сен қателесіп отырсың, адасып жүрсің» деп білгішсінгендер атымен болған жоқ. Үлкендер жасы кішілерді мәңгілік тозбайтын мұсылмандық құндылықтарға тәрбиелеп отырды. Әке ұлын, шеше қызын имандылыққа, кӛркем мінезділікке, адамның қадірін білуге баулыды. Ал жоғарыда сипаттамасын тапқан осындай деструктивті, кей жағдайда тіпті радикалды исламдық ағымдардың белсенді әрекеті елдің ұлттық ӛзіндік ерекшелігінен айырылып қалу қаупіне апарып соғуы мүмкін. Ол ең алдымен діндар жұртшылықтың біздің тӛл қазақ дәстүрлерінен бас тартып, оны жоққа шығарып, фундаменталды және радикалды идеялардың күшеюінен кӛрінісін - 159 -


табады. Сондықтан да мемлекеттің алдында тұрған басты мақсаттардың бірі қоғамымызда діни процестердің саясаттануына жол бермеу. www.aikyn.kz ***** Ғ.С. Әбілдинова, ҚР ДІА Дін мәселелері жӛніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының қызметкері ДІНИ ДҤРДАРАЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ Адамзат баласының даму тарихы кӛрсеткендей, дін деген тек Жаратушыға деген сенім ғана емес, сонымен қатар үлкен рухани тәрбиенің тетігі. Алайда, әлемнің әр түкпірінде болып жататын әртүрлі бүлік пен жанжалды исламға таңып, оған экстремизм сӛзін қосақтау әдет болып барады. Ӛкінішке қарай, бүгінде Қазақстанда діни экстремизмнің ерекшеліктері айқындала түсуде. Қазір ислам дінінің ішіндегі тәуелсіздігімізге мойын ұсынбайтын, мемлекеттігімізге шүбә келтіретін, тәкфиршілер мен жиһадшылар, қазақтың салт-дәстүріне мұрын шүйіріп қарайтын ваххабшылар, ұзақ жылдар бойына саналары коммунистік идеямен уланғандар «енді батыстың бұзақы догмаларымен бұзыла бастады» деп, ӛздерінің «исламды тазарту керек» деген әңгімелерін айтып жүр. Сӛйтіп, олар қазақ халқы ұстанатын дәстүрлі ислам дініндегілердің бәрін «кәпірлер» қатарына қосып, олармен күресуге шақырады. Діни экстремистер мен теріс пиғылды топтар мүшелерінің шынайы исламмен қиыспайтын жері – олар ислам тыйым салған кӛптеген әрекеттерге барады. Мәселен, бейбіт адамдардың арасына барып, ӛздерін ӛзі жарып жіберу, ӛзімен қоса бейбіт тұрғындарды да ӛлімге ала кету осы топтарға тән болып отыр. Оған дәлел ретінде Ақтӛбедегі ҰҚКД ғимаратында ӛзін-ӛзі жарып жіберген 25 жастағы жанкешті Рақымжан Мақатовпен, 12 қарашада Тараз қаласында жеті адамды жер жастандырған Мақсат Қариевті атауға болады. Исламда ӛзін-ӛзі ӛлтіру – зор күнә. Сонда бұлар ӛзін-ӛзі ӛлтіріп күнәға бір батса, ӛзге бейбіт жұртшылықты қыру арқылы күнәға екі батуда. Ислам сӛзін қазақшаға аударғанда «Бейбітшілік» деген ұғымды білдірсе, әлгі топтардың әрекеті бейбітшілікпен еш жанаспайды. Ислам дінінің қағидасы: «тек қана ӛз еліңе шабуыл жасаушымен ғана соғысуға қақылысың және жау елінің қариясын, әйелі мен бала-шағасын ӛлтірме, тек қана жауынгерімен соғыс» дейді. Шындығына келсек, діни экстремизмді қоздырушылар нағыз мұсылман емес. Бұлар әдейі ислам дінін құбыжық қылып кӛрсету үшін әртүрлі амалға барушылардың ісі. Дінге жалғандықпен кірген олар неше түрлі жауыздықтар жасайды. Ал мұны кӛрген діни сауатсыз адамдар «бұл нашар дін екен ғой» деп, ислам туралы теріс - 160 -


пікірде қалады. Экстремистердің мақсаты да осы. Діни экстремистер де, түрлі теріс пиғылды топтар да осы мақсатты кӛздейді. Бүгінде діни экстремизм Таяу Шығыс елдерінде ушығып тұр. Бұл дерт Ауғанстан, Пәкістан, Палестина, сондай-ақ бұрынғы кеңестік кеңістіктегі Тәжікстан елдерінде тамырын терең жайған. Бұлардың нағыз исламмен үндеспейтін жері бітіспес кекшілдігі дер едік. Қасиетті Құран мен Пайғамбар хадистерінде «мұсылман адам кекшіл емес, кешірімшіл болады» делінсе, ал бұлар кез-келген нәрсені кек тұтып, кӛңіліне жақпаған жанды кәпірге санап шығады. щАл Пайғамбарымыз болса, ӛз бауырыңды сыртынан жамандау, оны кәпір деу сол бауырыңның етін жегенмен бірдей» деген болатын. Осының бәрін ескермейтін, сӛйте тұра ӛздерін мұсылман санайтын әлгі топтардың қаншама адамды исламға қарсы қойғаның білмейміз. Осылайша исламды қаралап кӛрсету жалғасуда. Бұған тосқауыл болар, ел жұрттың діни сауатын ашар кез әлдеқашан жетті. Осындай іріткі салушы дәстүрлі емес діни топтардың Орта Азияға соның ішінде Қазақстанға келуінің себебі халықты ӛз саясатын пайдаланып, қоғамда араздық туғызу. Сол арқылы Исламды шала түсінген халық пікірін бетке ұстап, түпкі мақсаты әлемде Ислам халифатын орнату. Қандастарымыздың басқа діндерге ӛтуіне бірден-бір себеп – асыл дініміз Исламнан хабарсыздығы, түсініктерінің де таяздығы. Сондықтан кім жылы сӛз айтса, жұмыссыздығын пайдаланып тиын-тебен ұсынса, алдына асыл мұрат қоя алмаған, табанды кӛзқарасы жоқ, ӛмір сынына шыдай алмайтын жеңіл ойлылар соның шылауында кете барады. Осы орайда, еліміздегі діни экстремизмді болдырмау және оның алдын алу үшін шешуші қадамдар жасау қажет. Олардың ішінде мынадай жұмыстарды атқарған жӛн: жастардың білімін жетілдіруге, мәдени ӛмірге, спортқа және бос уақытты ӛткізудің басқа да пайдалы түрлеріне қатысуына кең мүмкіндіктер жасау, еңбекпен және жұмыспен қамту саласындағы жастар үлесін арттыру, осыған орай жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің мониторингісін ұдайы жүргізіп отыру, жастардың баспана мәселесін шешуге кӛмек кӛрсету, қазақстандық қоғамдағы отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас отбасыларды мемлекет тарапынан қолдауды күшейту, қазақстандағы қоғамдық жағдайды тұрақсыздандыруға тырысатын кез келген экстремистік кӛріністерге жастардың қарсы тұра білуі үшін ақпараттық алдын алу жұмыстарды күшейту, жасӛспірімдер мен жастардың дін, ар-ұждан саласындағы біліміне қатысты сұрақтарына жауап іздеу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ақпараттықнасихат жұмыстарын жүгізу керек. Осы ұсыныстарды жүзеге асыру жолына мүдделі және уәкілетті барлық органдар мен ұйымдарды тарту қажет. «Жас қазақ» газеті

- 161 -


ДІН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН Мақалалар жинағы

Жауапты редакторлар: Ғ.Н. Шойкин, А.П. Әбуов. Техникалық редакторы: Ж.Қ. Жарқымбеков. Баспаға 13.02.2013 жылы қол қойылды. Форматы 60х84/16. Тиражы 500 дана. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ-нің баспасында басылып шығарылды. 010000, Астана қ., Тәуелсіздік кӛшесі, 57. Тел./факс: 21-40-24, тел.: 21-08-57. - 162 -


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.