Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет
- 25 С - 32 С 0
0
Сейсенбі, 28 қаңтар 2014 жыл №10 (19929)
www.zhaikpress.kz
Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
«Жасотандықтардың»
oral_oniri@inbox.ru
әділет
жанашырлығы Қарпол жылды қорытындылады
3
керуен сарай
5
Өлмеске қадам басты
8
2
АҚПАРАТ Cейсенбі, 28 қаңтар 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru Кеше облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ақ Жайық өңіріне белгілі қоғам қайраткері, еңбек ардагері
P
P
P
Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылында «Дендер» газетінің 80 жылдығына және КСРО Журналистер одағының мүшесі, журналист Мақажан Қабиұлын еске алуға арналған волейболдан аудандық ашық турнир өтті. Осы жарыста Тайпақ ауылының командасы бірінші орын алды. 2-3-орындарды Елтай ауылы мен Махамбет ауданының әуесқой әуедопшылары еншіледі. Ойында оза шап қан тайпақтық Мереке Таукешов «Үздік ойыншы» атанды. Жабық ғимараттағы таулы туризмнен Саратов облысы ның ашық біріншілігіне қатысқан жерлестеріміз жүлдемен оралды. 24-26 қаңтар аралығында Энгельс қаласында болған бұл жарыста №1 БЖСМ-ның тәрбиеленушісі Альбина Ғайсина және жәнібектік Құралай Мұхит, Айдарбек Ғинят жақсы нәтиже көрсетті. Нәтижесінде батысқазақстандықтар жал пыкомандалық есепте 2-орын алды. Облыстың шалғай ауылдарындағы мәселенің бірі – адам дүниеден озғанда, марқұмды арулайтын табыттың тапшылығы. Ауылдардағы табыт атаулы ескірген. Облыстық орталық мешіттің ұйымдастыруымен Сырым ауда нындағы Алғабас және Қазталов ауданындағы Ақпәтер ауылдарына жаңа табыттар жөнелтілді.
Роза Көжекованы 75 жастық мерей тойы қарсаңында қабылдады.
«Мені көп нәрсе қуантады» Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ, «Орал өңірі» Орал облыстық партия коми тетінің хатшысы болып қызмет атқарған Роза Көжекова жылдар бойы өңіріміздің өркендеуіне айтулы үлес қосып, жемісті еңбегі нің нәтижесінде екі рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды. Құшағы гүлге толып, облыс басшысының қабылдауынан көте-
ріңкі көңіл күймен шыққан Роза Лукьянқызы бізбен былай ой бөлісті: – Маған облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының іскерлігі ұнайды. Біз оны ылғи қайнаған еңбек ортасында салынып жатқан құрылыс нысандарында, өндіріс ошақ тары мен агрошаруашылықтарда көреміз. Облыс басшысымен қаламыздың гүлденуіне үлес қос қан жандар туралы әңгімелестік.
Қадыр оқулары өтті
12 маман
Жақында Подстепное мектебінде ақын Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған «Қадыр оқулары ның» аудандық байқауы қорытындыланды.
2013 жылы Жәнібек ауданына жолдамамен 5 жоғары білімді дәрігер және 7 медбике келді. Жас мамандар көтермеақымен және 2 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2 жас маман қайта даярлау курстары арқылы білім-біліктерін көтерді.
Теректі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Әсемгүл Жа қаеваның мәлімдеуінше, байқау ға қатысуға 65 оқушы ниет білдіріп, соның ішінен 58 үміткер бақ сынаған.
Тегін сырғанады Өткен аптада Орал қаласындағы «Жастар» стадионында оқушылар мен студенттерге конькимен тегін сырғанау ұйымдастырылды.
Ақын шығармаларын жатқа оқу, ақын өлеңіне жазылған әндерді шырқау және ақынға ар наған өз туындысын оқу бойынша өткен байқаудың деңгейі жоғары болды. Алғашқы сында
Осы орайда, алдымен Мұстақым Ықсанов ойға оралады. Мені бүгіндері көп нәрсе қуантады. Әсіресе, мектепке дейінгі білім мекемелерімен бүлдіршін дерді 100 пайыз қамтамасыз ету – біздің өңір үшін үлкен жетістік. Облыс басшысына біз се кілді еңбек ардагерлерін ұмытпай, көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін алғыс айтамын, - деді ол өз сөзінде. Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ
«Үміт» гимназиясының 7-сынып оқушысы М.Қадырбеков оз са, әншілік байқауында Восход мектебінің 8-сынып оқушысы М.Жанболат алға шықты. Ақсуат мектебінің 10-сынып оқушысы Ж.Ғұмар өз шығармасымен бәсекелестерінен озып тұрды. Аталған жеңімпаздар енді об лыстық «Қадыр оқуларына» қа тысатын болады.
Самал ЖӘМЕТ, Теректі ауданы
Тарифтің жайын – Бұл шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед бекіткен медиа-жоспардағы тапсыр маларды орындау, бұқара арасында Олимпиада ойындарын насихаттау және салауатты өмір салтын бекіту мақсатында өткізіліп отыр. Қала мыздағы көптеген жастың жұмыс пен оқудан кейін түрлі шараларға қатысуға қолдары тие бермейді. Сондай жастарымыздың спортқа көңі лін бөлу үшін осындай шараларды ұйымдастыру керек болды, – дейді БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Ермек Мұхамбетқалиев. Міне, сол мақсатқа қол жеткізіп, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдасты руымен мұзайдынға келген әрбір сыр ғанаушыға бір сағатқа коньки тегін берілді. Аталмыш шараны қолға алған кезде әлеуметтік желілер арқылы хабарлап, жастарды осында тарт қан. Осындай игі бастамалар жүйелі жалғасын тапса, жерлестеріміздің спортқа деген қызығушылығы артары анық.
Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ Суретті түсірген автор
ТАРАЗЫЛАМАҚ Облысымызға іссапармен келген Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі» Гүлнар Төретайқызының айтуынша, облыс кәсіпкерлері коммуналдық қызметтер тарифіне, соның ішінде жылу тарифінің күрт өсуіне наразылықтарын білдіре отырып, ҚҰК пала тасына осы мәселенің мән-жа йын анықтауды ұсынған. 2006 жылдан бері тариф 6 есеге өс кен. Тарифтердің жоғарылауы тауардың өзіндік құнының өс уіне әкеледі және ол өз кезе гінде тауардың бағасының қымбаттауына соқтырады. Бұл ба ғаны әлеуметтік ырықтандыру жұмыстарына қарамастан, бі рінші кезектегі күнделікті қол даныстағы азық-түлік бағасына әсер етеді. – Тарифке қатысты мемлекет тік органдардың, монополис-
т ердің және кәсіпкерлердің ара сында түсініспеушілік қалыптасқан сыңайлы. Кәсіпкерлердің ренішін туғызған мәселеге қа тысты барлық материалмен танысып, сараптама жүргіземін. Соның нәтижесі бойынша Қа зақстан кәсіпкерлер палатасы арнайы комиссияны құру қажеттігін анықтайды. Алдымен нор мативтік базамен танысуымыз керек. Облыстың және Табиғи монополияларды реттеу агент тігінің облыстағы департаменті басшылығымен кездестік. Бәл кім, еліміздегі қолданыстағы кей бір заңдарға өзгерістер енгізу қажет шығар? Әйтеуір, тиісті ша ралар алынатын болады, – деген Гүлнар Құрбанбаева журналистердің бірқатар сауалына жауап берді.
Айша ӨТЕБӘЛІ, «Орал өңірі»
4
ЖОЛДАУ Сейсенбі, 28 қаңтар 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Ендігі ұрпақ –
мәңгілік қазақтың перзенті Серік ТҰРСЫНОВ, зейнеткер, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:
- Елбасының биылғы Жолдауын Ақорда.kz сайтынан оқып шықтым. Мемлекет басшысы биылғы жылға Үкіметке нақты жеті міндет қойды. Бұлардың ішінде экономика ның тұрақты өсімін 6-7 пайызда қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті өрістету, инфляцияны төмендету міндеттері бар. Мен қаржылық бақылау саласында ұзақ жыл еңбек еткен адаммын. Сондықтан да бұл – ел экономикасын дамытудағы басты міндеттердің бірі деп есептеймін. Сонымен қатар Елбасы биылғы Жолдауында Үкімет пен Ұлттық банкке ағымдағы
жылдың 1 маусымына дейін қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағ дарламасын әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысы жүктеген үш көрсеткішті қамтамасыз етуде Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқару құрылымдары мен бірлесіп жұмыстанып, нақты нәтижелерге қол жеткізеді деген сенімдеміз.
Уәлиолла ӘБІШЕВ, Қазталов аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы: – Болашаққа барар жолды бағамдайтын биылғы Жолдауда барлық сала қамтылған. Оның негізгі өзегі «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген міндеттерге қалай жетудің жолдары айқын көрсетілген. Мықты елдер ғана ұзақмерзімдік жоспарлау, тұрақты экономикалық ілгерілеу мәселесін жүйелі назарда ұстайды. «Қазақстан - 2050» стратегиясы барлық саланы қамтитын және үздіксіз дамуды қам тамасыз ететін жаңғыру жолы деуге болады. Елдігі міз бен ерлігімізді дәлелдейтін сынақ осы. Президент Жолдауда «Мәңгілік Ел – ата-бабала рымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы», - деді. Ал «Қазақстан - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол». Бір ғана мысал, 2050 жылы еліміздегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 60 мың долларға жетуі тиіс. Бұл - міндет. Оны іске асыруға барлық қазақстандық бір кісідей атсалысуы керек. Ол үшін халық денсаулығы,
білім-ғылымды дамытып, инновацияны күнделікті өмірімізге енгізуге барымызды салуымыз керек. Жолдауда Президент алдағы жылдарда студент шәкіртақысы 25 пайызға өсетінін, дәрігерлердің жалақысы – 28, ал мұғалімдердікі 29 пайызға артатынын айтты. Ғылым саласын қаржылау да еселенбек. Осы бағытта Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді. Бұған қоса Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде инфрақұрылым жетіле түседі. Атом электр стансасы мен мұнай өңдейтін зауыт салынатынын тілге тиек етті Президент. Сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілмек. Ал қазақстандық қоғамды рухани тәрбиелейтін, «Мәңгілік Ел» атты патриоттық акт жасалатыны ұрпақ сабақтастығын ұлттық идеямен нәрлендіріп, болашаққа бағдар беретін, ұлы мақсатқа жетелейтін жаңа идея өмірге келгенін атап айту қажет. Біздер, ардагерлер, ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақ Елінің перзенттері болатынын, сол себепті ұрпақ тәрбиесіне бұрынғыдан бетер қарау керек екендігін үнемі назарда ұстайтын боламыз.
Арман ДӘУЛЕТОВ, Орал қалалық «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» мемлекеттік мекемесінің директоры: – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы әлеуметтік сала қызметкерлері мен қызмет алушыларына тың ізденістерге жол ашқандай. «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» мемлекеттік мекемесінің қызмет керлері әр аптаның бес күні ауа райының ыстығы мен суығына қарамастан, қаланың түкпір-түкпірінде тұратын қызмет алушыға үйден қызмет көрсетуде. Менің әріптестерім зейнетінен бейнеті басым жұмысты шын ниет, адал пейілмен атқарып, мұқтаж жандардың алғысына кенеліп жүр. Енді олардың еңбек ақыларының 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 40 пайызға көбейетіндігі – біз үшін ортақ игілік. Тағдыр тәлкегіне иілсе де, сынбайтын емендей берік мүмкіндігі шектеулі балаларды көргенде жүрегің ауырмай тұра алмайсың. Осы орайда Жолдаудағы: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады» – деген жолдар өмірге құштарлықты арттыра түсірері анық. Игі бастамаларға қолдау көрсетіп, қайырымдылық істеріне атсалысатын азаматтар арамызда баршылық. «Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!» деген Президентіміздің өміршең рухты сөздері бәрімізге үлкен серпін береді.
ардагер Сейсенбі, 28 қаңтар 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Жақында тоқсанның тұғырына қонған чапаевтық қария Зейнекеш Сақыбалиев – II және III дәрежелі «Даңқ» ордені, I дәрежелі Ұлы Отан соғысы және жауынгерлік Қызыл Жұлдыз ордендерінің, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді азат еткені үшін» барлығы 14 жауынгерлік медальдың иегері. Яғни кешегі күндей күркіреп өткен соғыстың Жеңіс сарбазы. Бүгінде қатары мүлдем сиреп қалған ардагерлеріміздің бірі. От ішінде жанбай қалған бір мақта... сол қариямен жуырда тілдесудің сәті түсті.
н а м р а һ а Қ С
-
оғыс басталғанда мен небәрі 16 жасар бозбала болатынмын, – деп бастады қария өз әңгімесін. - Ол кезде әкем Сақыбалы 42-де екен. Соғыстың аты – соғыс. Алыпқашпа әңгіме көп. «Елмен бірге бізді де майданға жібер» деп екеуміз бірдей өтініш айтып, қаншама есіктерін тоздырсақ та, әскери комиссариаттағылар көнбей қойды. Уәждері біреу. Менің жасым жетпейді. Әкем тылдағы жұмысқа керек. Амал жоқ, күтуге тура келді. Ақыры 1942 жылы Фурманов орта мектебін бітірген мені де, жасы 43-ке толған, артельде етікші болып жұмыс жасайтын әкемді де әс керге алды-ау. «Енді қайтып көрем бе, көрмеймін бе?!» - деп аңырап қалған анам Жәмиланың көл боп аққан көз жасына қа рауға шама жоқ. Тап бір мен бармасам, атаңа нәлет фашистің
беті қайтпайтындай көрінеді. Әрі жастық қой, не де болса, тезірек барғым келіп жүр. Айтып-айтпай не керек, ұзын ырғасы 500-ге жуық адамды жабық вагонға тиеп, Ресейдің Чкалов (қазіргі Орынбор) облысының Колтубановка стансасына әкеліп бір-ақ түсірді. Осы жерде екеуміздің жолымыз екі айырылды. Мен кіші командирлер дайындайтын курста қалдым да, әкем екі апталық әзірліктен кейін тікелей майданға аттанды. - Соғыс, шырағым, кейбіреулер жазып жүргендей, тек ұрыс алаңы емес, ақыл мен айланың, қара күш пен оқпанынан от құсқан қарудың, өлім мен өмірдің бәс тіккен , бітіспейтін майданы, – деп жалғастыр ды әңгімесін ардагер. - Саясат деген сайқал әлемнің сауырын сипап, өктемдігі мен өшпенділігін шексіз билікпен ұштастыруға тырысатын тексіз диктаторлардың қанды қасабы десе де болады. Олар үшін мыңдаған, миллиондаған адамдар өмірінің құны бір-ақ тиын. Гит-
Қос батырға
құрмет
Жуырда Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде «Исатай-Махамбет» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен лекция-концерт дауылпаз ақын, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын ұлықтауға арналды.
Т
әлімі мол шарада қоғам дық қордың директоры Темірхан Елеубаев сөз алып, қордың мақсат-міндеттеріне тоқталып, алдағы уақытта атқарылар жұмыс жоспарларымен бөлісті. «Ақ Жайық өңірінде құрылған «Исатай-Махамбет» қо ры Орал қаласында Исатай мен Махамбетке ескерткіш тұрғызу ды, қос батыр рухына арнап жыр кештерін, термешілер байқауын ұйымдастырып, Махамбет күйле
рін орындаушылардың аймақтық және республикалық конкурстарын өткізуді жоспарлап отыр», – деді ол. М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы, филология ғылымда рының докторы, профессор Ғабит Хасанов жас ұрпаққа патриот тық тәрбие беруде ерекше орын алар тау-тұлғалардың таным-тол ғамдарына, өлең-жырларына шолу жасап, мысалдар келтірді. Ғалым ның айтуынша, бүгінде Махамбет
лер бастаған екінші дүниежүзілік соғыс та осындай зобалаң. Ендігі жерде оның бетін әрмен қылсын! - деп , сәл ойланып барып әңгіме сін одан әрі сабақтады. - 1943 жы лы кіші командирлер дайындайтын арнайы курсты бітіргеннен кейін 8-гвардиялық дивизияның мотоатқыштар бригадасының 19 отатқыштар (огнемет) батальоны сапында ұрысқа кірістім. 1944 жылдың 15 маусымында І Беларусь майданы құрамына ендік. Алғашында майдан қолбасшысы К.Рокоссовский, қазан айынан бастап соғыс аяқталғанға дейін Г.Жуков болды. Екеуі де – атақты қолбасшы, Кеңес одағының маршалдары. Әскери кеңес мүше лері генерал-лейтенант К.Телегин, кейіннен генерал-полковник Н.Булганин, штаб бастығы генерал-полковник М.Малинин сынды оқ пен оттың ортасында шыңдалған тамаша әскери басшылар еді. III дәрежелі «Даңқ» орденін Висла өзенінен өтіп , Магнушев плацдармын азат ету ұрысына
есімін еншілеген университетте дауылпаз ақын мұрасын насихаттау мақсатында іс-шаралар жоспары жасақталған. Махамбет атындағы мұражай жұмыс жасайды. Бабалар аманатын арқалаған кеште ән мен күйге кезек берілді. Облысқа кеңінен танымал Құрманғазы атындағы Орал музыка колледжінің оқытушысы, әнші-термеші Фархат Оразов пен жас домбырашы Ақылбек Бектасов өнер көрсетіп, Махамбеттің толғау-термелері мен күйлерін орындады. Махамбеттің «Қайран, Нарын», «Жұмыр, Қылыш», «Өкініш», «Жауға шапқан», «Жайық асу», «Қиыл қырғыны» сынды күйлерін шебер орындаған Ақылбек Бектасовқа қаратөбеліктер қошемет көрсетті. Сонымен қатар әнші-термеші Фархат Оразовтың орындауында ғы дауылпаз ақын Махамбеттің «Арғымақтан туған қазанат», «Мен, мен едім...», «Ай, Махамбет, жолдасым» сынды терме-толғаулары жиналғандарға ой салды.
Ертай БИМҰХАНОВ, Қаратөбе ауданы
қатысқаным үшін 8-гвардиялық армияның қолбасшысы, гвардия генерал-лейтенанты В.Чуй ковтың қолынан, II дәрежелі «Даңқ» орденін Варшаваны азат етуге қатысқаным үшін маршал Г.Жуковтың өз қолынан алғанымды ешқашан ұмытпақ емеспін. Курск иініндегі Украинаны, Польшаны азат етудегі, Одесса, Висла-Одер, Берлин сынды стратегиялық операцияларға қатыстым. Біздің 8гвардиялық дивизияның құрама ротасының Мәскеуде Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруіне қатыс қанын да ерекше атап өтуге тиістімін. Ротаның алдында генерал-полковник В.Чуйков, 35-гвар диялық атқыштар дивизиясы 101полк командирінің орынбасары гвардия капитаны В.Варенников, 79-атқыштар дивизиясы 227-полк тің барлаушысы, гвардия кіші сержанты Л.Божук жүргені – біздің барлығымыз үшін мақтаныш. Қазір ойлап отырсам, сол жылдары жиырманың үстіне ендіенді шыққан бозбала екенмін. Ол кезде біз награда, болмаса әскери шенімізді жоғарылату үшін
5
соғысқан жоқпыз. Бар арманымыз, мақсат-мүддеміз сағат, минут сайын сан мыңдаған адамдардың өмірін жалмап жатқан қанды қырғыннан қалайда тірі шығып, елге аман-есен жету болатын. Әлі күнге дейін көз алдымда, Берлинді алып, «соғыс енді біткен болар» деп қуанышымызды қайда сыйғызарымызды білмей мәз-мейрам болып жатқан кезде қасымдағы қырғыз жігіті қаңғыған оқтың құрбаны болды. Балалар үйінде өскен, ешкімі жоқ тұлдыр жетім еді. Маңдайын иығыма сүйеп: «Ала-то-о-оу»-деп сөзін аяқтай алмай, жарық дүние мен мәңгілік қоштасты. Соны ойласам, арада қаншама жылдар өтсе де, жүрегім қан жылайды. Не істерсің, сұм соғыс талай тағдырға нүкте қойды ғой... Сонымен, 1945 жылы Берлинді алып, зұлым жауды өз ордасында талқандадық. Бірақ та тағы да екі жыл Берлинде әскери комендатурада борышымды атқаруға тура келді. 1947 жылы елге табан тіредім. Еңбек еттім, оқыдым, ҚазМУ-дың экономика факультетін бітірдім. Зейнеткерлікке шыққанға дейін банк саласында қызмет жасадым. Еңбегім жеміссіз болған жоқ. «КСРО-ның үздік қаржыгері» белгісімен, бірнеше мәрте мақтау, алғысхаттармен марапатталдым. Көріп отырсың, қазір тоқсанның төріндемін. 2011 жылы Құдай қосқан қосағым Қалимадан көз жазып қалдым. Қазір Чапаев ауылында қызым Нұрияның қо лындамын. Сөзімнің соңында айтарым, мен «Орал өңірі» газетінің 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты оқыр манымын. Өткен жылы 95 жылдық тарыңызды тойладыңыздар. Негізгі оқырмандарыңыз ел ішінде ғой. Солар туралы көбірек жазыңыздар. Қаламдарыңыз мұқалмасын, айналайындарым менің! - деп аяқ тады Жеңіс сарбазы өз әңгімесін.
Әңгімені жазып алған Е.Айжарықов, Ақжайық ауданы
«Жасотандықтардың»
жанашырлығы
«Кәріге құрмет – балаға міндет» деген қағиданы санаға сіңірген бір топ «жасотандықтар» облыс аумағында ауа райының күрт салқындауына орай «Еңбек жасағын» ұйымдастырды.
Е
лбасы Жолдауын арқау етіп, өздерінің азамат тық ниеттерін алға тартқан оралдық ерікті жастар қариялардың үйіне барып, олардың ауласындағы қарды тазалап, есік алдындағы мұзды ойды. «Ардагерлерді ардақтайық» акциясымен олар Әйтиев, Сенная, Савичев, Фрунзе т.б. көше тұрғындарын қамтыды. Қала тұрғын дары Е.Кошечкин, А.Казин, Р.Гарифоллина жастардың ықылас тарына риза болып, алғыстарын жаудырды. - Қар қалың түскен күндері немесе есік алды көктайғақтанғанда қариялар мұндай көмектерге зәру. Біздің басты мақсаты-
мыз – жастардың үлкенге деген сыйластығын қалыптастыру, дейді шараға қатысқан белсенді жастың бірі Т.Сұлтанов. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш акция аудандарда да жүріп жатыр. Бүгінге дейін жастар Сырым ауданында С.Валиев, С.Ғабделов, Жәнібек ауданында Н.Папина, С.Хайрова, В.Морозов сынды егде жандарға қолұшын берген. "Жасотандықтар" көшелерді аралап, көмекке зәру жандар ға қолғабыс жасауды алдағы уақытта да жалғастыра бермек.
Ақмоншақ МАҚСОТҚЫЗЫ
хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru
Cейсенбі, 28 қаңтар 2014 жыл
Ғабдырахим Оразұлы Жұмағазиев Батыс Қазақстан облысының жұртшы лығы орны толмас ауыр қазаға душар болды. 81 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан есімі облысқа танымал еңбек ардагері Ғабдырахим Ораз ұлы Жұмағазиев дүниеден озды. Ғ.Жұмағазиев 1933 жылдың 17 жел тоқсанында Орал облысы, Қазталов ауда нының Қазталов ауылында туған. Жастайынан білімге құштарлығымен, зеректігімен көзге түскен ол Фурманов аудандық комсомол комитетінің есеп және статистика бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалады. 1960 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогика институтын бітірген соң бірер жыл жолдамамен Көкшетау облысының Зеренді ауданының Ленин атындағы сегіз жылдық мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. 1961-1967 жылдары облысымыздың Теректі және Приурал аудандарының мектептерінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры болды. Ғ.Жұмағазиев 1967 жылы партия қыз метіне жолданады. 1967-1969 жылдары Теректі аудандық партия комитеті үгітнасихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары - саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1969-1978 жылдары Орал облыстық партия комитеті Саяси ағарту үйінің консультанты, облыстық партия комитеті үгітнасихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары – Саяси ағарту үйінің меңгерушісі болды. 1978-1983 жылдары облыстық партия комитеті ұйымдастыру-партиялық жұмыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымында қызмет жасады. 1983 жылдан
7
Гүлсім Оразмағанбетқызы Сапуанова
1990 жылға дейін облыстық партия комитеті партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болды. 1990-1992 жылдары облыс әкімшілігі ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін абыроймен атқарды. Ғабдырахим Оразұлы Жұмағазиев өзіне сеніп тапсырған жұмысты әр кез абыроймен атқара білді. Ол белсенді өмір позициясын берік ұстанған, өзіне де, өзгеге де талапшыл, талантты ұйымдастырушы еді. Ғабдырахим Оразұлы КСРО және Қазақстан Республикасының «Құрмет белгі лерімен» және көптеген медальдармен марапатталған. Марқұмның жарқын бейнесі батысқа зақстандықтардың жүрегінде ұзақ сақтала ды.
Н.Ноғаев, С.Шәпкенов, Б.Мәкен, С.Сүлеймен, М.Кәрімов, А.Бадашев, М.Құлшар, А.Көлгінов, Е.Салықов, М.Тоқжанов, М.Мұхамбетов, Қ.Төлебаев, Р.Сүйербаев, Х.Ишамбеков, А.Есенғалиев, Н.Есқалиев, Я.Чудров
Табиғи газ тұтынушыларының назарына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы әділет де партаментінің 2014 жылғы 9 қаңтардағы №0091 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ құрылтай құжаттарына қосымшалар мен өзгерістер тіркеу туралы» бұйрығына сәйкес «Аркагаз» АҚ-ның «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қосылу арқылы қайта құрылуына байланысты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап Батыс Қазақстан облысының Зеленов (Щапов, Шаған, Янайкин, Көшім, Балаған, Круглоозерное, Серебряков, Ветелки, Погодаев, Махамбет, Скворкин, Степной, Котельников ауылдары), Ақжайық, Бөкей ордасы, Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарының тұты нушылары үшін: - тарату газ құбырлары бойынша тауарлы газды тасымалдау реттелетін қызметіне 1000 м3 үшін ҚҚС есебінсіз 1 887,00 теңге көлемінде тариф белгіленгенін хабарлайды. Тауарлы газ бағасы: - тарату құбырлары бойынша тасымалдау қызметіне тариф есебінсіз 1000 м3 үшін ҚҚС есебінсіз 12 940,95 теңге көлемінде; - тарату құбырлары бойынша тасымалдау қызметіне тариф есебімен 1000 м3 үшін ҚҚС есебінсіз 14 827,95 теңге көлемінде. Орал қалалық №2 сотына Таисия Тимофеевна Беличтан 1997 жылдың 20 ақпанында туылған, бұрын Орал қ., Сарайшық көш., 25/1-үй, №3 пәтер мекенжайы бойынша тұрған Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны Роман Ильич Бушаевты қайтыс болды деп хабарлау туралы арыз түсті. Роман Ильич Бушаев туралы хабардар жандар болса, ақпаратты хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап үш ай ішінде Батыс Қазақстан облысы Орал қ. №2 сотына (судья А.К. Қосанова) хабарлауларын сұраймыз.
Батыс Қазақстан облысының мәдениет саласы ауыр қазаға душар болды. Өмірден асылдың сынығы, жақсының жалғасы өтті. Ақ Жайық өңіріне танымал тұлға, музейші, өлкетанушы, «Мәдениет қайраткері» Сапуанова Гүлсім Оразмағанбетқызы үстіміздегі жылдың 22 қаңтарында 62 жасында дүниеден озды. Гүлсім Оразмағанбетқызы 1952 жылы 11 қазанда Ақтөбе облы сының Шалқар қаласында дүниеге келді. Мұғаджардай тауы, сусыған сұлу құмы бар, аптап ыстығы бетті күйдіретін, осынау өлкені Гүлсім бала күнінен сүйіп өсті. Қазақы қаймағы бұзылмаған ауылының тыныс-тіршілігін көзімен көріп, жадына тоқып өскен оның бойындағы өз халқына, оның салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігі оны елінің тарихын тереңірек білуге жетеледі. Осындай арманмен ол Орал қала сындағы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, 1977 жылы бітірді. Еңбек жолын Батыс Қазақстандағы музей ісін дамытуға арнаған Гүлсім Оразмағанбетқызы облыстық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкерінен музей дирек торының орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Гүлсім Оразмағанбетқызы өзінің саналы ғұмырын, күш-жігерін, білімі мен бай тәжірибесін музей ісінің өсіп-өркендеуіне жұмсап, өлкемізде музейлердің дамуына сү белі үлесін қосты. Өз ісінің шебері, білікті маманның мол тәжірибесінің нәтижесімен облыс аумағында бүгінгі күн талабына сай көптеген музейлер құрылып іске қо сылды. Ұлттық тарихымызды зерделеуде, ата-бабамыздың өткен шежіресін насихат тауда, рухты асқақтата білетін оның экс позициядағы қолтаңбалары музей ісінің алтын қорында сақталып, халқымыздың рухани байлығына айналары сөзсіз. Оның жетекшілігімен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау аймақтарына ғылымизерттеу экспедициялары ұйымдастыры лып, нәтижесінде музей қоры баға жетпес құндылықтармен толықтырылды. «Хан ор
дасы тарихының қалану тарихы» тақырыбы бойынша «Сорос-Алматы» қор орталығының грант иегері болды. Гүлсім Оразмағанбетқызы Ақ Жайық өңі рінің тұрғындарына сыйлы, әріптестерінің алдында абырой мен беделге ие болды. 1976 жылы Сапуанов Сатыбалды екеуі шаңырақ көтеріп Ақ Жайықтың келіні атанды. Отбасында қыздары Гүлжанаты мен Нұржанатын, ұлы Ерболатты оқытып, тәр биелеп өсірді, бүгінде балалары әр салада қызметте. Ұлы шаңырақ көтеріп, Алтындай келін түсіріп, Нұрасылдай немересін бауырына басып әже атанды. Гүлсім Оразмағанбетқызы өмірінің соңғы сәтіне дейін жұмыстан қол үзбеді... Еңбекқор, өмірде сыпайы да мәдениетті қалпынан айнымаған, бекзат болмысты, дархан көңілді, кең пейілді аяулы әріпте сіміздің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жаннәтта, иманы жолдас болсын.
А.Батырханов, Ж.Ақбай, К.Өтеғұлов, С.Аманғалиев, Г.Алиева, З.Бисенова, С.Бектенова, И.Гудошникова, Ә.Жоламанов, А.Жұмағалиев, Ю.Зеленцов, Р.Исатаева, М.Қалиев, А.Масалиев, Ғ.Махимов, Ж.Макасова, М.Сдыков, С.Танабаева, Қ.Төлеушов, О.Чеканова және Батыс Қазақстан облыстық тарихиөлкетану музейінің ұжымы
Жәнібек ауданы Ақоба ауылының байырғы тұрғыны болып өмірден өткен аяулы анамыз Орынғаным Бисенованың бақилық болғанына бір жыл болуына орай сағына еске алып отырмыз. Анамыздың иманы жолдас болып, жұмақта нұры шалқысын дейміз. Асыл ана, сөнбейді шырағыңыз, Өмірде биік тұрар Құраныңыз. Алдың жарық, ал артың пейіш болып, Жәннатта болсын орын тұрағыңыз.
Рухына бас иген: бала-келіндері Талғат-Бибігүл, Тайыр-Дәметкен, Асқар-Лиза, Максим-Лаура және қыздары мен күйеу балалары ҚобланНұрия, Салауат-Нұрзия Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағат қызметінің ұжымдары мәдениет, мұ рағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Айдар Тапашұлы Батырхановқа енесі Нұрсұлу Рахметоллақызының қайтыс болуына орай отбасының және тума-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор
Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН
Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)
8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126
Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08
Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.
Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген
Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.
Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компьютерлiк орталығында терiлiп, беттелдi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16378, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: с.әбілхалықов
8
керуен сарай Cейсенбі, 28 қаңтар 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Өлмеске қадам басты Кеше Алаш жұрты қазақтың арқалы ақын қызы, Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованы соңғы сапарына шығарып салды. Қазалы хабарды естігеннен бе рі Арқа мен Атырау, Алатау мен Ақ Жайық, Алтай мен Ақтөбе, жалпақ қазақ елі тегіс қайғыруда. Ақынның туған жері – Нарын құ мының аспанын қара бұлт торлап тұрғандай. Ол кезінде кітабының атауын «Шашы ағарған қыз» деп қойға нындай, Фариза ақынның өлең мен шашы ағарды. «О баста қиындау тағдыры боп көріскен» өлеңді өмірлік серігі етті. Махамбетке тән мәрт мінезбен туған елін жырлады. Өзі бір көтеріл ген биіктен түскен жоқ. Қайран Мұқағали «қыз да болса», Фари заға ғана мұң шақты. Өйткені онда Махамбет ақынның өршіл рухы бар еді. Ол өмірден өтетінін білді, сондықтан бар жазғанын
Игі тілекпен: анаңыз Ақлима, жұбайыңыз Жамаш, қыз-күйеу балаңыз Манарбек-Айгерім, бала-келіндеріңіз Ринат-Кәмшат, Аслан-Айдана, жиен-немерелеріңіз Арсен, Нияз, Шырын
де, хал сұрап, іштартуының өзі бізге жетіп жататын еді. Енді ондай қамқорлық жетпей, жалғыз сырап қалған ақын іні, сіңлілері қаншама. Бірақ қазақ өлеңінің туы құламақ емес. Өйткені ол кешегі Қадыр ақындардың ізімен өлмеске қадам басты. Аз ғана аза сөзін мына өлең жолдарымен түйіндегіміз келеді:
Бұл тірлік суық кейде көк темірден, Ақын ба біреулерге көп көрінген... Аһ ұрып артында оның Өлең қалды, Ақыры Фариза да өтті өмірден.
Тұрғанда жүрек тоқтап, тіл байланып, Дүние жүре берді жырға айналып. Өз елін сүйетұғын өрен болса, Өлеңін Фаризаның тыңдайды анық.
Жамылып қара шәлі жаһан көп күн, Күні де күңіреніп батар көктің. Шоқтығы Атыраудың аласарып, Отты үні өшкендей ме Махамбеттің?!
Бұл ажал сан үмітті үзе келді, Арулар жыр моншағын тізе ме енді. ...Ән қылып халқы ұдайы айтады анық Мәңгілік қартаймайтын Қыз-өлеңді!
Маңдайын тасқа соғып қасқа құлан, Қыран құс құлады ма асқарынан. Дарынның ғұмырына нүкте қойды, Нарынның жұлдыз ағып аспанынан.
Ғайсағали СЕЙТАҚ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
www.zhaikpress.kz Облыстағы №1 медиахолдинг
Құрметті оқырман! Ғасырға жуық тарихы бар облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің, сондай-ақ аудандық газеттердің электрондық нұсқасын www.zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыздар. Сонымен қатар күн сайынғы жаңа лықтармен танысуға да мүмкіндік бар.
Жәнібек ауданы Тау ауылының тұрғы ны, аяулы анамыз Лиза Өтемісқызы БАЯНТАСОВАНЫ мерейлі 60 жасымен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, мол бақыт тілеп, ұл-қыз, немере-жиендеріңіз дің қызығына бөленіп, ұзақ өмір сүруіңізге тілектеспіз. Бізге сонау нұрын шашқан күндейсіз, Жас күніңдей жадырап бір күлгейсіз. Ана болып, әже болып әрқашан, Ортамызда ұзақ өмір сүргейсіз.
жинастырып, түгендеп, халқына тапсырып кетті. Өмірін өлеңмен бастап, нүктесін де өлең мен қойды. Халқының мәңгілік жоқтайтынын да сезінді. Бір ғана жұбаныш, ақын мұрасының мәңгілік екендігінде. «Жүзіңді алғаш көргенде-ақ біткен бір сенім, О бастан оқшау ту тіге келген жыршы едің! Өлгеннен кейін көп жоқтап жүрміз өзіңді – Өлмеске аяқ басқаның шығар бұл сенің», деп Меңдекештің Төлегенді жоқтағанындай, бізге де енді жоқтау, өлеңіне тоқтау ғана қалды. Аракідік кездескен-
Құттықтаймыз!
Теректі ауданы Подстепный №1 ЖОББМ директоры Ақылбай Асымақұлы Кай мулдинов 55 жас мерейтойымен құт тықтаймыз! Жасыңыз құтты болсын мерекелі, Мол бақыт болсын сізге берекелі. Әрқашан еңбегіңіз еселеніп, Жемісіне жетіңіз еңбектегі.
Игі тілекпен: Подстепный №1 ЖОББМ ұжымы
«Темір тұлпар» мінді Алматы қаласында спорттық және әскери самбодан әлем кубогінің алғашқы кезеңі мәреге жетті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғары спорт жетістіктері бөлімі басшы сының міндетін атқарушы Әскербек Нұрмұқановтың айтуынша, аталмыш жарыста батысқазақстан дықтар, төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров 57 келі, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, өткен жылғы Қазан универсиа дасының күмісін алған Бағдат Жарылғасов 62 келі салмақта жеңімпаз атанды. Оларды Райбек Мең діғалиев, Берік Жұмағалиев, Қаз бек Ибрашев сынды мамандар баптап келеді. Сондай-ақ Азамат
Шайхы 62, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік уни верситетінің студенті Нұрбол Серіков 68 келі салмақта күміс жүл дені иеленді. Жалпыкомандалық есепте Қа зақстан құрамасы ресейліктерден кейін екінші орынға көтерілді. Қазақстан самбо федерациясының президенті Сәкен Мейірбеков тур нирдің үздік балуаны атанған Ерболат Байбатыровқа Hyundai Accent автокөлігінің кілтін табыс етті.
Арман БОЛАТҰЛЫ
Гранатамен қорқытып, қолға түсті БҚО ІІД баспасөз қызметінің редакцияға жолдаған мәліметіне қарағанда, қаңтардың 22-сі күні сағат 16.20да Орал қалалық ІІБ жедел-басқару орталығының «102» операторына теміржол вокзалы маңындағы «Шашлычок» кафесінің қызметкері кафеде отырған белгісіз жас жігіттің гранатамен қорқытқаны туралы хабар береді.
Орал қалалық ІІБ қызметкер лерінің дереу іс-әрекетінің барысында оқиға ізі суымай, 25 жасар М. есімді азамат ұсталды. Мәселенің мән-жайын анықтау барысында әлгі азамат пен кафе қызметкерлері арасында келіспеушілік туындағаны анықталды. Сөйтіп, өзінің айтқанын жөн са наған ол бұзақылық танытып, жарылғыш затпен қорқытуға кө шеді. Тәркіленген жарылғыш затты тексеру барысында мамандар
оның жаруға жарамды граната екенін анықтаған. Қазіргі уақытта бұл қарудың әлгі әумесердің қо лына қалай түскендігі тексерілуде. Кафедегілерді гранатамен қор қытып, қолға түскен азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 132-бабы бойынша Орал қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау абақтысына жабылып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Өз тілшіміз