Орал Өңiрi №135

Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

+ 12 С +8 С 0

0

Сейсенбі, 5 қараша 2013 жыл №135 (19896)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Сауапты іске

oral_oniri@inbox.ru

20 қадам

жұмылды Бұлдыртыдағы берекелі істер

3

жұлдыздар

4 дың төрағалық етуімен аудандық қоғамдық келісім кеңесін құру құрылтай жиналысы өтті. Қоғамдық келісім кеңесінің басты мақсаты – маңызды әлеуметтік-экономикалық, құқық­ тық, қоғамдық-саяси, ұлтаралық, тәрбиелік, салт-дәстүрлік мәселелерді, олар бойынша қа­лыптасқан пікірлерді, көзқарастарды, ұста­ нымдарды мақұлдау және шешім қабыл­­дауды талқылауға азаматтық қоғам инс­ти­ту­т­тарының кеңінен қатысуы. Кеңес төрағалығына аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, орынбасары болып еңбек ардагері Уәлиолла Әбішев сайланды.

.

6-8 қараша күндері облыстық балаларжасөспірімдер туризмі және экология орта­ лығының ұйымдастыруымен облыс мектептері оқушыларының арасындағы «ЖайықОрал-2013» туристік-экологиялық экспедиция отрядтарының слеті өтеді. Экологиялық сауатты, мәдениетті жастарды қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау мақсатында өткізіле­ тін бұл шараның ашылу салтанаты «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде 7 қараша күні сағат 9.30-да басталмақ.

.

Ақжайық ауданында іскер әйелдердің клубы дүниеге келді. Оның құрамына ауданның тыныс-тіршілігіне белсене атсалысып

жүрген түрлі саланың 23 өкілі кірді. Іскер әйелдердің бұл ұйымы әйелдер қауымын игі мұраттарға жеткізуге көмекте­ суді мақсат тұтады. Аудандағы кәсіпкерлікті одан әрі өрістетуге клубтың қосар үлесі зор болмақ. Бала тәрбиесінде де, отбасылық құндылықтарды сақтап, дамытуда да қыруар шаруа тұр. Клубтың алдағы жоспарында ауыл­ дық округтерді аралап, шаралар өткізу, өз қатарына белсенді әйелдерді тарту жөнін­де қам-қарекеттер бар.

.

Ертең «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлт­ тық орталығы» АҚ филиалы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен С.Сей­фуллин атындағы дарынды балаларға арналған №11 облыстық мектеп-интернатында «Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесіндегі функционалдық сауаттылық: дәстүрлер мен инновациялар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференция жұмысына білім саласындағы зерттеулермен айналысып жүрген ғалымдар, білім беру ұйымдарының басшылары, университет және колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері, біліктілікті арттыру институты­ның қызметкерлері қатысады.

Өз тілшілеріміз

6

Жоба орындалмаса, шенеунік жазаланады

Қысқа-нұсқа

. Қазталовта аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр­

"Конферансье сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек"

2 қарашада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сынескертпелері бойынша кезекті кеңес өткізді.

К

еңесте Индустрияландыру кар­тасының іске аспай қалған жобалары талқыланды. Өткен жылы мұн­дай жобалар 35-ті құраған болатын, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін олардың қатары 13-ке дейін қысқарды. Жеткіліксіз жұмыстары үшін 19 адам жазаға тартылған. Әсет Исекешев өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерін ашу және бизнес пен инвесторлар үшін жағдай жасау жөніндегі әкімдіктердің сылбыр жұмысын атап өтті. Мәселен, картаны соңғы жандандырудан кейін министрлік инновациялығы төмен және ҮИИД бағдарламалары мақсаттарына сәйкес болмауы себебінен ұсынылған 200 жобаның жартысын алып тастады. Вице-премьер Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Маңғыстау

облыстары әкімдіктеріне жоғары технологиялы жаңа жобаларды іздеу жө­ ніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды. Қарағандыдағы ұшақтар өндірісі жөніндегі жобаға және ОҚО-да мақтамата фабрикаларын шикізатпен қам­ тамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылды. Сондай-ақ Маңғыстау об­­лысында планшеттік компьютерлер шығару да проблемалық жобалар қатарына жатады, бұл мәселе бойынша қазір тексеру шаралары жүргізілуде. Кеңес соңында вице-премьер Қа­ рағанды, Оңтүстік Қазақстан және Маң­ғыстау облыстары әкімдеріне бұл жобаларға жауапты шенеуніктерге қызметтерінен босатуға дейін жаза қолдануға тапсырма берді.

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ


2

АҚПАРАТ Сейсенбі, 5 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru ласын жаңарту жүзеге асып жатыр. Орта білім бағдарламасы­­ның маз­мұны жаңартылуда – бі­лімді бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Мектептер бұрынғыға қарағанда инновациялы, ашық болады. «Енді техникалық жә­не кәсіби білім беретін ЖОО-лар кәсіпкерлікпен бірлесе жұмыс істейтін болады. Бі­лім саласын­да тек теорияға ғана емес, прак­тикаға да мән беріледі. Вен­ чурлық және ғылыми өндіріс ғы­лыми терең білімді талап ете­ді», – деді Е.Орынбаев. Бизнес-мектептер ашылған АҚШ қалаларында он жыл бойы

Елді дамытатын – газ бен мұнай емес, Алматы қаласында өткен Халықаралық бизнес академиясының (ХБА) 25 жылдығына арналған «Өзгермелі әлемдегі кәсіпкерлік және бизнес-білім беру» атты халықаралық конференцияда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаев осылай деп мәлімдеді.

В

ице-премьер өз сөзін­де Қазақстанда Busi­ness Administration бағдарла­масы алғашқылардың бірі болып енгізілгенін айтып өтті. 2012 жылдан бері академия әлемде маркетинг саласы бойынша маман даярлайтын үздік ЖОО-лардың үшті­гіне кіреді. «Нарық қатынас­ тары жағдайында кәсіпкерлік ел­ дің қозғаушы күшіне айналады. Бүгінде бизнес өкілдері өз идея­ ларын енгізу мүмкіндігін іздеу­де», – деді ол.

білімді халық

Білім саласының даму болаша­ ғы жайлы айта келіп вице-премьер Президент Н.Назарбаев­тың «Қазақстан – 2050» стратегиясы сү­йенген үш мақсатқа тоқталды. Яғни аталған кезеңге дейін Қа­ зақстан әлемнің дамыған 30 елі­нің қатарына кіруі тиіс. Оның үс­ тіне, негізгі назар адами капиталды дамытуға және елдің институ­ циалды дамуына аударылмақ. Бүгінде Қазақстанда білім са­ла­ сының балабақшадан бастап жо­ғары мектепке дейінгі барлық са­

ЖІӨ екі есе өсумен болыпты. Вице-премьер ХБА ашылғалы бе­рі өткен уақыт ішінде біздің елі­ мізде де ЖІӨ сапалық жағынан өскенін атап өтті. Жоғары білім саласын модернизациялау ЖОО-ларға көбірек дербестік береді. Осындай эксперимент үшін таңдап алынған ЖОО-лар өздерінің жеке даму бағдарламасын жасап, корпоративтік басқаруға (қамқоршылар кеңесі арқылы) көшуі қажет. Е.Орын­баев Халықаралық бизнес академиясының бизнес-білім беруге кешенді көзқараспен келіп, жалпы білім саласының дамуына үлкен үлес қосқанын айтты.

Қазақпарат

Қаржы саясатына арналған шаралардың бірі. Мемлекеттік секторда есеп жүргізудің жа­ ңа тәсілі алдағы 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізі­ле­ тінін айтқан Зайфун Ерназарова бұл семинардың қаржы қыз­ меткерлері үшін маңызы зор екенін жеткізді. Оның сөзінше, жаңаша жасақталған бюджеттік саясат қаржы есебін жүргізу сапасын арттырмақ.

Өз тілшіміз

Б

ұған ҚР Қаржы ми­нис­тр­лігі бюджеттік үде­рім­ дер әдістемесі де­пар­та­ ментінің директоры Зайфун Ер­назарова қатысты. Жиынды жүр­гізген ол қазіргі таңда бухгалтерлік есеп жүйесінің заман талабы­на сай жетілдірілу үстінде екенін айтты. Оның сөзінше, Елбасының тапсырмасы бойынша бүгінде қаржы есебін жүргізудің зама-

науи әдіс-тәсілі еліміздің түкпіртүкпірінде қолға алынуда. Аталмыш семинар-кеңес – сондай

Сыннан қорытынды болады Ауыл шаруашылығына қатысты айтылған Президент сыны ескерілетін болады. Қазанның 11-і күні өткен Үкі­меттің ке­ңейтілген отырысы ке­зінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ет экспортына қа­тысты жұмыс­тың жүйесіз жүріп жатқанын қа­таң сынға алған бо­латын. Президент: «Шұжық өнім­дерінің экспорты да 2013 жылы нөлдік дең­гейге түсіп, кәсіп­ орындардың жүк­темесі 28 пайыз ғана болған. Осындай жағдай сүт, қант және майға қатысты да байқалады. Мемлекеттің қол­ дауына сүйеніп отырған агро­өнеркәсіп кешеніндегі көпте­ген жобалардан тиісінше қай­тарым жоқ. «ҚазАгро­Қар­жы» был­тыр 66 жобаны, ал биыл қаржылан­ дыру көлемі ұлғайса да, не бары 16 жобаны іске асырған», – деп атап өтті Елбасы. Бүгін Прези­­дент тапсырмасы және Президент сыны қалай ескеріліп жатыр? ОКҚ баспасөз мәжілісі кезінде «ҚазАгро» басшысы Дулат Айт­жанов айтып өтті. Д.Айтжа­нов: «69 ауыл шаруашылығы та­­уа­рын өндірушінің (АШТӨ) қа­ тысуымен мал шаруашылығы

Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

кластері құрылды, олардың са­ны әлі де өсе беретін болады. Клас­тердің басты мақсаты - АШТӨ мен мал өнімдерін қай­ та өңдеушілердің күш-жіге­рін сыртқы нарыққа шығаруға және ішкі нарықты толтыруға жете­тіндей сапалы әрі бәсекеге қа­ білетті өнім көлемін ұлғайту. Қа­зақстандық етті Ресей Федерациясына шығаруға арналған трейдингтік компания құрылды, оның негізгі міндеті: мал өнім­де­рі өткізу барысында экспорт­ тық бағыттар мен логистиканы анықтау; дайын өнімді экспорт­қа шығарып, мал өнімдерін бір­ыңғай «KazMeet» брендімен экс­ порттаудың маркетингтік саясатын қалыптастыру. Ресейлік биз­несмендер біздің етке үлкен қызығушылық танытуда, осыған байланысты біз қазір Ресей­дің ау­мағында сауда-логистикалық инфрақұрылым салу жөніндегі мәселені қарастырудамыз. Бұл ба­ғыттағы жұмыстар жалғас­ты­ рылуда», – деді ол.

Баспаналы болу бақыты қашан бұйырмақ? «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына көптеген азамат қол жеткізе алмауда. Яғни мемлекеттік бағдарлама аясында халықтың баспаналы болуына жөнді жағдай жасалмай отыр.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, «Орал өңірі»

СЕМИНАР

Кеше облыстық қазақ драма театрында еліміздің батыс облыстары қаржыгерлеріне арналған аймақтық семинар-кеңес өтті.

● Елбасы тапсырмасы орындалуда

Елбасының Үкіметтің кеңей­ тілген отырысында айтқан сындарынан әлі жөнді нәтиже жоқ. Бір ғана мысал, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында жұмыстар сол қалпы қалды. Азаматтарымыз пәтер алу­ға мұқтаж. Бұл туралы кеше ҚР Президенті жанындағы ОКҚның брифингіне қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Айгүл Соловьева мәлімдеді. «ҚР Өңірлік даму министрлігінің өкіл­дері бізге екі мәрте келіп, жағ­ дай оңтайландырылып, жақ­сар­ ғандығы жөнінде баяндады, – деді ол. – Ал сайлаушылармен кездесу кезінде осы бағыттағы сынның арта түскенін көріп отырмыз. Жалпы, депутаттарға келіп түсетін хаттар мен ұсыныстарға қарасақ, мемлекеттік бағдарла­ ма ойдағыдай жұмыс істемей отырғандығын көреміз. Үкімет тез арада әрбір орташа жалақылы қазақстандықтың пәтер алуына жағдай жасауы тиіс».

Боксшылар құрметіне күміс мәнет Бокстан Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанғаны белгілі. 11 елден 457 былғары қолғап шебері бақ сынаған дүниежүзілік додада жігіттеріміз айды аспанға шығарып, 10 салмақтың 4-еуінде топ жарды. Екі салмақта күміспен күптеліп, тағы екі салмақта қолаға қол жеткіздік. Отандық бокс тарихындағы бұл айтулы оқиғаға орай ҚР Ұлттық банкі таяуда құны 100 теңгелік ескерткіш күміс мәнетті айналымға шығарды. «Proof» сапасымен жасалған мәнетте «Бокс­тан әлем чемпионаты. Алматы 2013» деген жазу бар. Ұлттық банк боксшыларымызды тарихи жеңіспен құттықтайды!

Өз тілшіміз


20 ҚадАМ oral_oniri@inbox.ru

Сейсенбі, 5 қараша 2013 жыл

Бұлдырты ауылдық округіндегі 37 ауыл шаруашылығы құрылымының барлығы мал өсіру, мал азығын дайындау жұмысымен айналысады. «Кенжетай», «Игілік», «Тана», «Атамұра», «Жазықбай», «Ғиззат», «Береке», «Қостөбе», «Сегіз ата», «Меңдіғали» шаруа қожалықтары тым-тәуір еңбек етуде. Қазір округте мал қыстағына дайындық жұмыстары уақтылы жүрді. 103680 центнер мал азығын дайындау керек деген меже толығымен орындалды.

Бұлдыртыдағы

Жиналған астық 207,5 мың тонна

берекелі істер

Ш

аруашылықтар «Сы­баға» бағдар­ла­ма­сына қа­тыса оты­­­рып, мал басын көбейту мен асылдан­ды­руға ден қоюда. Мысалға, «Кенжетай» шаруа қожалығы 203 аналық және 6 асыл тұқымды аталық мал, «Сегіз ата» шаруа қо­жалығы 41 аналық, екі асыл тұқымды аталық мал, «Жазықбай» шаруа қожалығы үш асыл тұ­қымды аталық мал сатып алды. 30 бастан артық аналық мал ұстағаны үшін төленетін демеуқаржыға (суб­сидияға) 6 шаруашы­лық құжат­тарын жинақтап тапсыр­ды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағ­дар­ламасы аясын­да «Игілік» шаруа­шылығының Са­ры­өзек қыста­ғы­на электр желісі тартылды. «Жұмыспен қамту – 2020» бағ­дарламасы аясында өт­кен жы­лы ауылдың 9 азаматы 13,0 млн. теңге көле­мінде несие алса, биыл 7 азамат 8,5 млн. теңге несие алды. Олар өткен жылы наубайхананы кеңейтіп, қо­ ғам­дық моншаны іске қосты және ірі қара мал сатып алды. Округте шағын және орта бизнестің дамуына то­лық жағ­дай жасалған. Бүгінгі таңда 10 сауда нүктесі тұр­ғындарға қызмет көрсетуде. Екі кафе, бір наубайха­на және бір қоғамдық монша жұмыс істейді. Соны­мен қатар ауылдық округтегі «Атамұра», «Сегіз ата» ша­руа қожалықтары мия тамырын жинаумен айналысып, тұрғын­дарды жұмыспен қамтуда.

Мүсірбек АЙТАШЕВ, Бұлдырты ауылы, Сырым ауданы

Батыс Қазақстан облысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер Шағын және орта кәсіпкерлік

Сауда

2010

2011

2012

Қаңтар-тамыз 2013

ШОК белсенді субъектілерінің саны, бірлік

20 302

27 805

26 177

25 959

өткен жылға пайызбен

106,9

137,0

94,3

102,0

Жұмыспен қамтыл­ғандар саны, адам

93 814

85 449

91 995

91 449

107,9

91,1

103,8

108,5

өткен жылға пайызбен Өндірілген өнім, жұмыс пен қызмет көлемі, млн. теңге

564 277 292 400

305 161

203 935

101,8

өткен жылға пайызбен

141,9

51,8

100,0

Облыстың экономикалық тұрғы­ дан белсенді халықтың ШОК жұмыспен қамтылғандар үлесі, %

28,1

25,6

27,7

28,3

2)

2) 2013 ж. 2-тоқсанындағы мәлімет

2010

2011

2012

Қаңтар-тамыз 2013

2 131,0

8 437,0

10 418,4

5 302,6

экспорт

1 250,0

7 610,9

9 428,8

4 639,3

импорт

881,0

826,1

989,6

663,3

айырымы

369,0

6 784,8

8 439,2

3 976,3

Ішкі сауда, млрд. теңге

95,6

107,8

136,4

108,6

өткен жылға пайызбен

113,2

104,1

121,4

123,9

Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ доллары

3

оның ішінде:

Облыста 318,8 мың гектардың әрқайсысынан 6,5 центнерден өнім алынып, 207,5 мың тонна астық жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Өтеғұловтың айтуынша, соның ішінде 152,2 мың тонна бидай (27,3 мыңы - күздік, 124,9 мыңы - жазғы дақыл) алынды. Өнім облыстың ішкі қажетін өтеуге толығымен жетеді. Егін орағының қорытындысы бо­йынша үздік атанған Зеленов ау­ данында 155,2 мың гектар егін орылып, 121,8 мың тонна (әр гектарға 7,8 центнерден) өнім жиналды. Күні бүгін 76,9 мың тонна өнім элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорындарына түсті. Қазіргі кезде бидайдың негізгі бөлігін қайта өңдеу кәсіпорындары сатып алуда, олар өз кезегінде Ауғанстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан сынды елдерге ұн жөнелтеді. Облыс жылына 10 мың тоннадай астықты экспортқа шығарады.

Басылымдарға жазылуда белсенді 2014 жылдың алғашқы жарты­ жылдығына баспасөзге жазылу науқаны басталды. Сырым ауданындағы «Қазпош­ та» филиалының меңгерушісі Гүл­шат Қажымұратованың айуынша, баспасөзге жазылуда зейнеткер­лер С.Досболаева, Ғ.Ғабду­шева, Н.Хабиева, мұғалім М.Тәржі­­манов, статист-маман Ә.Тәженов, әлеу­мет­тік қызметкер Ж.Есенгөбекова бас­пасөзге жазылуда жыл сайын бастамашы болып, үлгі-өнеге көр­ сетіп жүр. Бұлан ауылдық округінің әкімі Тарас Ихсанов округ тұрғындары биыл 85 дана «Орал өңірі», 40 да­ на «Егемен Қазақстан», 50 дана «Сырым елі» газеттеріне жазыл­ған болса, алдағы жылы да бұл ме­женің төмендемей, өсе түсетініне сенімді.

Аспаптарды орнату сылбыр жүруде Табиғи монополияларды реттеу агенттігі БҚО бойынша депар­ таментінің жалпыүйлік жы­лу есеп­теу аспаптарын орнату мәсе­ле­ леріне арналған басқосуында жылу есептеу аспаптарын ор­на­ тудың облыс және қала көле­мінде өте бәсең жүргізіліп отыр­ғандығы сыналды. Есептеу аспаптары бойынша төлем төлеудің қиын­шылықтары, соған байланысты «Жайықжылуқуат» АҚ атына көптеген сын пікірлер айтылды. Биылғы 31 қазанға дейін облыс­ та жылу есептеу аспаптарымен жабдықтау бар болғаны 27,6%ды құрап отыр. Күні бүгінге 808 дана аспап орнату жоспарланған болса, оның орнатылғаны – 223. Төмен көрсеткіш аспап бағасының қымбаттылығымен, сонымен қа­тар монополист пен ПИК арасында­­ғы заңнамалық реттеудің болма­ уымен түсіндірілді. Жиында та­ биғи монополия субъектілері­нің басшылары және басқа да мүд­ делі тұлғалармен бірлесіп, осы мә­селені шешуде жергілікті би­ ліктің ықпалын күшейту қажеттігі мәселесі көтерілді.

Өз тілшіміз


4

мейірім Сейсенбі, 5 қараша 2013 жыл

Сауапты іске

жұмылды

Алғабас ауылдық округінде қайырлы іске азаматтар әрдайым жұмылып жүреді. Өткен қайырымдылық айлы­ғында, әрине біраз іс тындырылды. Алайда бұл бір мерзіммен шектеліп қалмайтыны мәлім. Бір-бірін сүйе­ген ағайын алты ай қыстан аман шығудың қамын діттеуде.

Қ

амыстыкөл” шаруа қожа­­лығының жетекшісі А.Рома­ шев мүгедегі бар бір отбасыға қой малын, бір жүк жемшөп, “Ишан”, “Сұлтамұрат”, “Болашақ”, “Демесін”, “Сәбит” шаруа қожа­ лықтарының (жетекшілері Х.Ахме­ тов, Б.Тілепқалиев, Р.Әбуов, Н.Бай­зуллин, Е.Құрманғалиев) ұжым­да­ ры да он екі жүк мал азығын аз қамтылған отбасыларға түсіріп берді. Қ.Исқақов, Б.Калимов, Е.Мусин, С.Есімов сынды шаруалардың да

oral_oniri@inbox.ru

«Ұзақ өмір сүрудің бәрі бақыт емес. Бақыт, қай кезде қалай тірлік кешуіңде». Мақала кейіпкері туралы қолға қалам аларда осы қанатты сөз ойыма оралды. Үнемі қайырымдылық істерге ұйытқы боп жүретін «Санди» ЖШС-ның жетекшісі Бибігүл Жұмағұлова өмірде жақсы істің қайтарымы Аллаһ тарапынан болатынын мойындап, Жаратушы күшке бас иетін имандылар санатынан.

Алғысқа бөленген

Бибігүл

маңайға шапағаты аз емес. Алғабас әкімшілігі мәдениет қыз­меткерлерімен бірлесіп “Қарт­ тарым - асыл қазынам” атты шараға ауыл қарияларын шақырып, дас­ тарқан жайып, қошемет көрсетті, концерт берді. Біраз мүгедектің, қариялардың үйлері әктеліп, мал қоралары сыланды.

Болат ЕСҚАЛИЕВ, Ақжайық ауданы

«Бекболат

азамат екен»

Жымпитылық Мақсот Мұханбетқалиев пен Тұрсын Жаймұханбетова зейнеткер. Бұрын отағасы мұрағат саласында қызмет жасаса, зайыбы Тұрсын апай көп жыл есепші болып еңбек еткен.

Ж

ақында осы кісінің отбасымен жақын танысудың сәті түсті. Қос зейнеткер өткен жылы мемлекет тарапынан тұрғын үйлеріне 50 пайыз жеңілдікпен көгілдір отын кіргізіп, үй ішіне жылыту жүйесін орнатуды қолға алған. Алайда сапасыз жасалған жұмыстан ши шығады. Газ кіргенмен қайтадан үйде от жағып, үй иелері өткен қыстан арпалыспен шыққан. Сырым колледжінде мұғалім болып жасайтын Серік Сарғозиев бұл отбасының басындағы жағдайды бір кісідей біледі. Былтырғы бейнет тағы қайталанбасын деген оймен Серік Дүйсекешұлы әріптесі Бекболатқа осы мәселені айтқан еді. Бекболат Нұқиев колледжде оқу өндіріс шебері болып жұ­мыс жасағанмен, қолының ебі болға­ сын дәнекерлеумен айналысып, қосымша табыс табады. Өзі темірден түйін түйген шебер. Үйді жылытқан осы кісі. Қарттардың қолы қысқалығын сезген жігіт, жәрдемім болсын деп алдыңғы аптада көмекке келді. Жетпеген темір-терсегін өзі жетістіріп, іске кіріскен азамат бас-аяғы екі кештің ішінде жаңадан құбыр жүргізіп,

жылу батареяларын орнатып бер­ ді. Бұл еңбегіне бір тиын ақша алған жоқ. «Былтыр осы жанұядағы жылудан шыққан шиді Серік ағай арқы­ лы естіп, істен шыққан насостарын жаңа насоспен алмастырып кетіп едім. Сол кезде жазға жетсеңіздер, бір жәрдем менен деп уәде бергем. Бүгін соны орындадым. Еңбегіме ештеңе де қажет емес. Өйтпегенде ше?! Кеше келсем, қариялар үйде киіммен жүр. Өздері қолы қысқа, қолғабыс етер ешкімі жоқ зейнеткерлерден қаржы дәметсем орынсыз болар еді. Мына өмірде қайырымдылықты да ұмытпаған жөн», - деді маған Бекболат жұмыс үстінде жүріп. Бекболаттың бұл ісіне Мақсот аға мен Тұрсын апа дән риза. «Жастықта өмір қиындығы дегенді өтпелі деп ойлайтын едік. Жасымыз жер ортадан асқасын көрер қиындығымыз бар екен. Мына Бекболат деген бір азамат жігіт екен, жәрдемімен жарылқап тастады» - деді қос қария.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ, Сырым ауданы

...Сонау тоқсаныншы жыл­ дардың тоқырауы Бибігүл Жұ­ мағұлованы да айналып өтпеді. Есепшілік мамандығы бар ол түрлі жағдайларға байланысты жұмыссыздар қатарынан бірақ шықты. Қол қусырып қарап отырғанды жаны сүймейтін Бибігіүл енді жеке кәсібін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтудың амалын ойластырды. Сөйтіп, ол ауылдас ағайдан «екі жұмада қайтарамын» – деп қарызға ақша алып, 1994 жылдың нау­ рыз айында көршілес Ресей мен өзіміздің Орал қаласынан азық-түлік әкеліп, сата бастады. Саудасын үздіксіз жүргізе жүріп, ол қайткен күнде де кәсібін кеңейтуді ойлады. Сау­ дасынан түскен қаржысын мұқият жинаған Бибігүл көп ұзамай, «Нұр» атты азық-тү­ лік дүкенін ашты. Адал ең­ бегінің арқасында халықтың сүйіспеншілігіне бөленген кә­ сіпкер 2006 жылы аудандық мәслихат депутаттығына өзінөзі ұсынып, баламалы негізде жеңіске жеткен бірден-бір депутат болды. Сол кездері аудан орталығы – Сайқында бір ғана наубайхана жұмыс істейтін. Мұ­ ны көрген жерде сайлаушылар нанның қымбат екенін алға тартады. Аудан тұрғындары­ ның өтініштеріне мойын бұрған Б.Жұмағұлова аудан әкімі алдына нанды арзандату жөнінде мәселе қояды. Кейін осы мәселені шешуді өзі қолға алады. Осы мақсатпен сол кездегі аудандық мәслихат депутаты Ержан Өмірзақовтың «Мәмбет» шаруа қожалығы иелігінде бос тұрған наубайхананы сұрап алады. Бұрын наубайхана мең­­герушісі болған Надежда Са­ қауовадан нан пісірудің тәсі­ліне қанығады. Ресейден 800 мың теңге тұратын құрал-жабдық, формалар әкеліп, жұмысты

бастап та кетеді. Сөйтіп, халық сұранысын ескеріп, нан пісі­ ріп, ауылдағыдан сәл төмендеу бағамен сатады. Бүгінде бұл нау­байханада күніне 600 қалаш пісіріліп, аудан тұрғындарының дастарқанынан табылуда. Ха­ лық бұған дән риза. Кәсіпкерлер арасында қай­ы­рымдылығымен аты шыққан Бибігүл сауапты іс жасауға әже­ сінің ықпалы көп болғанын айтады. Әжесі жарықтық: «Жақ­ сы іс істесең, түбінде ол өзіңе жақсылық боп оралады. Қазір қонақты құрметтеп көрпе сал­ саңдар, ертең сендерге де төр­ ден орын ұсынылады» деген зерделі ойын тұспалдай жеткізген екен ғой» – дейді ол бүгінде әже сөзінің қадіріне бойлап. Саудамен жаңа айналыса бастаған кезінде үйіне астық сұрап келетін отбасылар көп болыпты. Олардан қайтарым болмайтынын білсе де, меселін қайтаруды жөн көрмей, сұрағандарын беріп жіберетін. «Сол кездегі адамдарға істеген жақсылықтарымның қай­та­ рымын бүгінде көріп келе жатырмын» – дейді қайырымқор кәсіпкер. Бұрын 9 мамыр Жеңіс күні міндетті түрде соғыс ардагерлеріне дастарқан жайып, құрмет көрсетуші еді. Кейін олардың қатары сиреді. Осыған орай Бибігүл енді ардақты аналар мен облыс орталығындағы қарттар үйінде тәрбиеленіп жатқан жерлес қамкөңіл қария­ ларды да газетке тегін жаздыруды қолға алды. Бұған қоса, ол аудандағы мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандарды да назарынан тыс қалдырған емес. Қажет болғанда, оларға да көмек қолын созып, қол­ дау көрсетіп жібереді. Мысалы, Бибігүл Жұмағұлова ІІІ топ мүгедегі бисендік Гүлсім

Сағындықоваға шаштараздың барлық құралын, сайқындық Мир­гүл Омарғалиеваға 20 түрлі әдісі бар тігін машинасын сыйға тартып, олардың алғысына бө­ ленді. Сондай-ақ кәсіпкер аяқ киім тігуге бейім ордалық Мақ­ сот Құспановқа да іс машина (аяқ киім тігетін) алып беріп, оны да бір қуантқан-ды. Осы жандардың ата-аналары да мұ­­ны көргенде толқып тұрып, ризашылықтарын білдірген бо­­латын. Иә, алғыс арқалау да үлкен абырой ғой. Жақсылықты өз құлқыны үшін емес, Аллаһ ризалығы үшін істейтінін жеткізген Би­ бігүл Жұмағүлова: «Жолда жиі жүретіндіктен, кейде аяқ астынан қиындықтарға тап болып жатамыз. Сонда осы кедергілерден аман-есен өтсем, Аллаһ ризалығы үшін сауапты іс жасаймын деп өз-өзіме серт беремін», - дейді. «Санди» ЖШС-ында күні бү­ гін 11 адам жұмыс істейді. Бұл шағын кәсіпорын пластикалық терезе жасап, азық-түлік дүкені тұрғындар сұранысын қам­та­ма­ сыз етіп, наубайханада ыс­тық қалаш пісірілсе, сонымен қоса жұбайы Елтай Қонақбаев екеуі мал шаруашылығын да өрісте­ тіп келеді. Тынымсыз еңбегі арқасында «Үздік салық төлеу­ ші» аталымы бойынша облыс, аудан көлемінде алғысхаттарға ие болды. Биыл Бөкей ордасы ауданы әлеуметтік әріптестік комиссиясының ше­шімімен «Үз­дік әлеуметтік жа­уапты кәсіп­­орын» деп танылып, респуб­ли­калық «Парыз» конкурсына жол­ дама алды. Әрдайым ауылдас­ тарын қуантып, сауапты істер­­ге ұйытқы болып жүрген Бибігүл сынды жандар көбейе бергей.

Гүлнар ҚАДЫРОВА, Бөкей ордасы ауданы


жұлдыздар Сейсенбі, 5 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

үшін олар не істеуі керек, яғни конферансье болуы үшін қандай қасиеттер қажет?

мұражайының қызметкері Мұх­ тар Өтесовтің той басқарғандары маған ұнайды.

- Ғ.Құрманғалиев атындағы об­ лыстық филармонияға қызметке қабылдануыма Айман Қуатова апайым көп еңбек сіңірді. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, кү­ ні кешеге дейін филармонияның кон­церттік бағдарламар бөлімінің режиссері болған ол бұл өнердің қыр-сырына баулыды. Ол кісінің айтуынша, конферансье актер, эстрада және сөз жанрларының

- Енді әншілік өнеріңізге келсек, ол өнер сізге кімнен дарыған, ұстаздарыңыз кімдер, қол жеткізген табыстарыңыз қандай? - Әкем Жалелидден Хайролла­ ұлы жас кезінде гитара­мен ән шырқайтын. Қазір ән салма­ғаны­ мен, меломан. Анам Ақмарал Са­­ғынғалиқызының айтуынша, на­

дагері Мақсот Омарғалиевтың көмектері көп болды. Жетістіктеріме келсем, 2003 жылы жас әншілердің «Ән қанатында» атты облыстық байқауында лауреат атандым. 2004 жылы Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған қалалық патриоттық әндер байқауында арнайы дипломмен марапатталдым. 2011 жылы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Астана қаласындағы облыс күндеріне арналған шаралардың жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесім үшін облыс әкімінің алғысхатымен

5

«Жайық Пресс» МКҚК-ге қарасты «Жайық газеттері» редакциясында жауапты хатшының орынбасары қызметіне кірістім. Мұнда жарты жылдай қызмет атқарған соң, өнерге қарай бағыт ұстадым... - Түр-тұлғаңызға қарағанда спортқа да қара жаяу емес сияқтысыз? - Мектеп қабырғасында жүр­ген­ де баскетбол, футбол, жүгіруден ауылдық, аудандық жарыстарға қатысып, жүлдегер, жеңімпаз ата-

Камалиден АЙТБАЕВ:

«Конферансье

Сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек»

Камалиден бауырымызды қаламыздағы ірі мерекелік шараларды немесе өзге өңірлерде өтетін облысымыздың күндерінің жүргізушісі, яғни конферансьесі ретінде жақсы біледі. Ол құлаққа жағымды, бояуы мол қоңыр әрі кең дауысты әнші ретінде де белгілі. Бірнеше тілді меңгерген. Журналистикадан да хабары бар. Бір сөзбен айтқанда, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт.

- Камалиден, конферансье болу қиын ба, бұл өнерге қалай келдіңіз? - Конферансье француз тілінен аударғанда концерттік нө­ мірлердің хабарлаушысы деген мағынаны білдіретін бұл өнерді меңгеру оңай деп айта алмаймын. Жымпи­ты­дағы Қ.Мырзалиев атындағы ор­та мектепте оқушы болып жүр­­генімде, мәнерлеп оқу сайыс­тарына қатысып, жеңімпаз атанып жүрдім. Мектептен соң Ж.Досмұхамедов атындағы педколледжде ағылшын тілі бөлімінің студенті болып жүріп, оқу орны жанынан құрылған «Дарын» клубына қатыстым. Клуб жетекшісі Айман Қыдырниязова бойымдағы мәнерлеп оқу өнерінің дамуына көп септігін тигізді. Яғни оқушы кезімде сол уақыттағы мектеп директоры болған Гүлшат Сәлім­ герейқызы, ал студенттік шақта педколледж басшысы Шалқыма Хайроллақызы бастаған ұстаздар ұжымы, біріншіден, азамат болып қалыптасуыма, екіншіден, сөз өнеріне ден қоюыма көп еңбек сіңірді. Сол ұстаздарым­ ның арқасында 2002 жылы «Сөз түзелді, ағайын, сен де түзел» атты облыстық мәнерлеп оқу шеберлері байқауында лауреат атандым. - Сіз секілді әдемі киініп, сахна төріне шығып, мерекелік шараларды басқаруды армандайтын жастар аз емес. Осы армандары орындалуы

әртісі, қиыннан қиыстырып сөз табатын, ойламаған жерден орын алған дау-дамайды әзілмен сейілтетін шешен, аяқ астынан болған техникалық үзілістерді тез әрі ұтымды түрде орнын толтыра алатын, көрерменнің бабын таба білетін болуы тиіс. Сондай-ақ тез арада көлемді мәтінді жаттап алып, адамдардың түр-тұлғасы мен киі­ мін, аты-жөндерін, атаулы күндерді, концертке қатысушылардың атақдаңқын, қызметтерін еске сақтап, әр түрлі жағдайда өзін ұстай білуі, психолог, аналитик, бір сөзбен айтқанда, жан-жақты болуы керек. Одан бөлек сән-келбет, бой, баритон дауыстың қажеттілігі де түсінікті шығар. Жоғарыда айтып шыққан қасиеттердің бәрі менің бойымда бар деп айта алмаймын, бірақ оларды қалыптастыру бағытында өзөзіммен жұмыс істеп жүрмін. Өзіңіз білесіз, мұның бәрі уақытпен, яғни өмір және еңбек тәжірибесімен келеді. - Конферансьелердің асаба да болатыны бар... - Сұрағыңызды түсіндім, мен де бұл салаға алғаш келіп жатқан тұста асаба болдым. Қазір тойдуманға әнші ретінде ғана барамын. Себебі асабалық менің міне­ зіме, табиғатыма келіңкіремейді. Асаба ақынжанды, шешендік қа­­ сиеті бар, еті тірі адамдар бол­ға­ны дұрыс. Мәселен, елге белгілі жерлесіміз Тұрсынбек Қабатов, кезінде «Жыми» театрының актеры болған, қа­зір­гі таңда облыстық өлкетану

ғашы атам домбырамен Мұхит, Ғарифол­­ла­ның әндерін орындайтын. Міне, солардан бе­ріл­ген бо­­луы керек, оқушы кезімде сах­наға шығып жүрдім. Пед­коллед­ жде оқып жүргенімде ән шырқау қабілетімді жетілдіргім келді. Осы пікі­рімді музыка кафедрасының оқы­ту­шысы Гүл­бара Жұмалиеваға айттым. Ол менің орындауымдағы Д.Қажы­мовтың «Ақжайық - ару меке­нім» әнін тыңдап, оң баға­ сын беріп, Ә.Дінішевтің вокал ака­ демиясындағы профессор Б.Жа­манбаев класының түлегі, кол­ ледждегі вокал класы бойынша оқытушы Ақмарал Ахметоваға жолдады. Сөйтіп, үш жыл бойы Ақмарал апайымның тәлім-тәр­ биесін алдым. Өңірімізге белгілі әнші Мұрат Әмірхановтың да шапағатын көрдім. Менің ашылып, танылуыма филармония ұжы­ мының көп әсері болды. Кәсіби әнші ретінде қалыптасуыма об­ лысымыздың мәдениет саласын басқарып отырған Айдар Батырханов, филармония директоры Марат Қалиев, жастар шығармашылық орталығының директоры Сырым Аманғалиев, бұл саланың ар-

және былтыр мәдениет және өнер саласының дамуына қосқан үлесім үшін облыстық мәдениет басқармасы басшысының құрмет грамотасымен марапатталдым. Қазіргі таңда филармонияда кон­церттік бағдарламаларды жүр­ гізуші және облыс әкімінің эстра­ далық-симфониялық оркестрінің жеке әншісі қызметтерін атқарып жүрмін. - Еңбек жолыңызды газеттен бастаған екенсіз... - Иә, педколледжді ағылшын тілі және орыс тілі мұғалімі ма­ мандығы бойынша үздік аяқта­ ған­нан кейін грант негізінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды ағыл­шын және неміс тілдерінің оқытушысы мамандығы бойынша тәмамдадым. Сол кезде, яғни 2003 жылы жаңадан жарық көре бастаған «Жайық жастары» газетіне өлеңдерім шықты. Артынан «Жайық ардагері» газетіне Марат Сарбөпиев туралы «Маратты Мальта мақтаған» атты мақалам жарық көрді. Сөйтіп, марқұм Серікқали Сәрсенов ағамыздың қолдауымен

нып жүрдім. Колледжде дойбыдан жеңімпаз болдым. - Бәрекелді, осы өнерлеріңіз перзенттеріңіздің бойынан бай­ қала ма? - Жоғарыда айтып өткен «Дарын» клубында жүргенде болашақ жарым Гауһар Әлібекқызымен та­ныстым. «Сөз түзелді, ағайын, сен де түзел» байқауында ол дип­ломант болды. Содан 2003 жылы шаңырақ көтердік. Бүгінде Нұ­реддин, Нұрсұлтан деген ұл­ да­рымыз бар. Ұлдарымды және іні-қарындастарымды тәрбиелеуде әжем Ұмсын Бекесқы­зының үлесі зор. Бірі ән салса, екіншісі өлең оқуды жақсы көреді. Ал спорт жағынан айтсам, қазіргі кезде балаларыммен бірге «Ақжайық» стадионында жүгіріп, жаттығу залы­на барып жүрміз. - Емен-жарқын әңгімеңізге рақмет, шығармашылық табыстар тілейміз! Сұхбаттасқан Сәкен МҰРАТҰЛЫ


6

хат-хабар Сейсенбі, 5 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Сақтықта қорлық жоқ Балық аулау – әр адамның не ермегі, не кәсібі. Ол шыдамдылықты, сақтықты және қайсарлықты қажет етеді. Әккі балықшы балық аулауға жылдың қай мезгілі болса да шыға береді.

“Мұғалім – мектептің жүрегі” Мұғалім – мектептің айнасы. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” деген болатын. Біздің мектептің ұс­таздар қа­ уымы «Мұғалім - мектептің жүре­ гі» атты психологиялық тренинг өткізді. Ондағы мақсат - ұжымда жағымды психологиялық ахуал қа­ лыптастыру, педагог­тар­дың эмо­циялық жағдайы мен көңіл күй­ лерін жақсарту, топтасып жұ­мыс

істеу жүйесін әрі қарай дамы­ту. Аталмыш тренингке қатысу­шы­ лар психогеометриялық тест, «Өзіңіздің кім екеніңізді білгіңіз келе ме?» тесті, әуенді терапия, түрлі ойындар мен жаттығулар, топтық жұмыс «Қазіргі мұғалім моделі қандай?» тақырыбын қор­ ғап, белсенділік танытты. Мұға­

лімдер тренинг соңында алған әсерлерімен бөлісті.

Нұргүл ҚУАНЫШҚАЛИЕВА, А.Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектепбалабақша кешенінің психологы, Сырым ауданы

«Ақжайық» «ұшып» кетті Футболдан Қазақстан чем­пио­натының соңғы турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Атырауды» қабылдады.

Б

атысқазақстандықтардың бапкері Любомир Петрович команда құрамына бірқатар өзгеріс жасап, босниялық Недо Турковичтің орнына Николай Забродинді, Ізім Сәрсекеновтің орнына Еркін Тапаловты шығарды. Бұл көп ұзамай-ақ өз жемісін берді. 9-минутта қонақтар қақпасы алдындағы қарбалас сәтте Н.Забродин өз мүмкіндігін қалт жіберген жоқ. Бұл оның премьерлигадағы жүзінші кездесуіндегі оныншы голы болатын. Екінші таймда «Ақжайықтың» капитаны Евгений Коструб «атыраулық» ойыншыдан допты тар­тып алып, Еркін Тапаловқа дәл пас берді. Қақпашымен бетпе-бет келген жас футболшы премьерлигадағы алғашқы добын соқты.

Кездесудің екінші кезеңінде Павел Черниді алмастырған Недо Туркович есепті 3:0-ге жеткізді. Бірақ «Ақжайықтың» бұл жеңісі қуаныш сыйлаған жоқ. «Восток» Таразда жергілікті клубпен тең ойнап, 20 ұпай жинаса, «Жетісу» өз алаңында «Тобылды» 1:0 есебімен ұтып, тоғызыншы орынға көтерілді. Сөйтіп, 19 ұпай жинаған «Ақ­ жа­йық» премьер-лигамен қош ай­­­тысты. 11-орынды иеленген өс­­­ке­­мендіктер келесі жылы премьер-лигада өнер көрсету үшін Се­­мей­дің «Спартагымен» қосымша матч­та күш сынасады. Биылғы біріншілік қоры­тын­ дысында «Ақтөбе» жеңімпаз атанса, «Астана» - екінші, «Қайрат» үшінші орынға көтерілді. Бұл үш команда алдағы жылы Еуропа алаңдарында бақ сынайды. Биыл Еуропа лигасында өнер көрсетуі­ не байланысты ел чемпионатына сырт қараған Қарағандының «Шахтері» Қазақстан кубогы фина­лын­­да «Таразбен» жасыл алаңға шы­­ға­­ды. Жеңсе, келесі жылы да Еуро­­па лигасында ойнайды. «Ақжайыққа» келсек, қаржы­ ның уақтылы бөлінбей, алты ұпай­

дың алынып тасталуы командаға ауыр тиді. Ақыры чемпионат қо­ рытындысында премьер-лигада қалуға сол ұпайлар жетпей қалды. Оның үстіне нақ сын сәтте шабуыл шебіндегі Игорь Зенькович, қорғаныстағы Илья Воротников, қақпашы Стас Покатилов жайлы жер іздеп, басқа командаларға ауысып кетті. Олардың орнына келгендер аса мықты бола қойған жоқ. Әсіресе, босния­лық Н.Туркович бірді-екілі матчта бол­маса, басқасында сылбыр қи­ мылдап, ойынға жан кіргізе алмады. «Ақжайық» негізінен жергілікті футболшыларға үміт артты. Соның ішінде болашағынан үміт күттіре­ тін жас ойыншылардың өсіп келе жатқандығын айтуға бола­ды. Бұ­ ған команда қосалқы құ­ра­мы­ның екінші топта 23 ұпай­мен жеңімпаз атанғаны дәлел. «Ақжайық» бірінші топқа тү­сіп қалғанымен, өмір мұнымен тоқ­ талмайды. Болашақта коман­даның жерге қарамауы үшін бұл салада жоспарлы жұмыс қажет-ақ.

Ғайса БӘЙМЕН

Т

өтенше жағдайдың алдын алу мақсатында, әсіресе, қа­йық­та балық аула­ ғанда сақ болу қа­жет­тігін ескертеміз. Қайықта балық ау­­лау­дағы қауіпсіздік шарасы – ұқып­тылық және тиянақтылық. Жүзу­ білмейтін адамға тіпті қа­ йық­қа отырмаған да жөн. Балық­ қа шығар алдында қайығың­ды, ескекті мұқият тексеріп ал, егер үрлемелі қайық болса, кла­ пандарын тексер. Мұз жүрген­ де балық­қа барсаңыз, қайыққа отырмаған­ның өзінде де құтқару жилетін өзің­мен алып шығу керек. Жилеттің ба­ғасы қымбат болса да, ол өміріңізге араша. Ол табылмаса, бұл өнімнің түп негізі етіп, аузы тығыз жа­был­ған бос 5-6 пластикалық ыдыс­ты қолдануға болады. Тағы бір жәйт, балыққа жалғыз бармаңыз, өзіңізге серік алу керек. Қауіпсіз балық аулау қарапа­ йым ережелерді сақтағанда жүзе­ ге асады. Сіз балыққа шығар­да жақын адамыңызға нақты қай жерге баратыныңызды айтуды ұмыт­паңыз. Сонымен қатар ба­ лыққа шығар алдында ауа райы болжамын анықтап алыңыз, себебі судың көтерілуіне ауа райының өзгерісі себеп. Әр­ дайым ұялы телефонды бірге алып жүріңіз. Егер зардап шек-

кен адамды кездестірсеңіз, дереу хабарлап, көмек шақырған жөн. Қосымша көмек келгенше, өзіңіз қолыңызда бар жаб­ дықпен қолғабыс еткеніңіз дұ­рыс. Қайыққа отырғанда, құ­ рал-жабдықты реттеп салып, үрмелі қайыққа отырғанда, аяқ астыңызға ештеңе қоймаңыз. Сонымен қатар - қайыққа артық жүк сал­ маңыз; - қатты жел немесе толқын болса, қайықтың бір жағын ұстап отырмаңыз; - ағысқа жақын бармаңыз; - катердің немесе үлкен су кө­ лігінің алдынан шығуға болмайды; - егер моторлы қайық болса, үлкен су көлігін айналып өтіңіз, себебі зәкір шынжырын іліп алуыңыз мүмкін. Балықты тұрып ауласаңыз, қайықтың ортасына сақтықпен тұрыңыз, үрмелі қайықтың үстінде тік бойлай тұрып, ба­ лық аулауға болмайды. Зәкір­ді көтергенде, қайықтың орын­ дығына шығып тұрмаңыз. Егер қайық аударылса, оның үс­тіне шығуға әуре болмаңыз. Дұ­ рысы қайықты жармаса ұстап, жағалауға бағыттап жүзу қажет. Егер қатты жауын-шашынға тап болсаңыз, жағаға шыққан дұрыс. Ал жағалау алыс болса, үстіңізге плащ немесе пленкамен жамылып ықтаңыз. Ең қауіпті жағдай: балық аулау кезінде спиртті ішімдік ішу, түнде балыққа шығу. Тағы да ЕСКЕРТЕМІЗ, біздің ең негізгі құндылығымыз - адам және адам өмірі. Сізді әрдайым үйде жанұяңыз күтіп отырады.

Марс ОТАРОВ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 5 қараша 2013 жыл

Таяуда Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің 100 жылдық мерейтойына орай спорттық және әскери шаралар ұйымдастырылды.

Беу, жалған дүние-ай десеңізші?! Күні кеше ғана ортамызда жайраң­дап жүрген, анасына сүйікті ұл, жұ­байына адал жар, ұл-қызына ардақты әке, жора-жолдас, ағайын-туысқа жа­ны жайсаң, бауырмал бола білген Аманбек Жылқыбайұлы Бердіға­­лиевтің фәниден бақилыққа аттан­ға­ нына да үш айдың жүзі болыпты. Нет­ кен зымыран уақыт?! Қарашаның 3-і оның туған күні. Егер тірі болғанда, бұл күні 52 жасқа толғанын баршамыз жи­налып, шат-шадыман көңіл­мен, ақжарма тілекпен тойлап жат­қан болар ма едік. Әттең, сұм ажал бұған да жеткізбеді. Қайырымды, ақ жүректі жан еді. Анасының аман жүргеніне, ұл-қызының өсіп, ер жеткеніне қуанып, Құдайға мың тәубе рақ­метін айтып жүретін. Алға қойған арманы, ақ тілегі көп бола­тын. Амал нешік, тосыннан келген сұм ажал ердің жасы елу­ден енді аса бер­генде, өмірін қиып кетті. Қолдан келер не шара бар?! Бар айтарымыз, жаны жән­натта, топырағы торқа болсын.

Әскери-спорттық дайындық П.Атоян атындағы стадионда өт­кен спорттық сайысқа Ж.Досмұ­ха­ ме­дов атындағы педагогикалық жә­не Орал гуманитарлық-техника­ лық колледждердің 1100 студенті мен 55 оқытушысы белсенді атсалысты. Шараның ашылу салтанатында колледж директорының міндетін уақытша атқарушы Мұ­хамбет Мұқашев жарысқа қаты­ сушыларға сәттілік тіледі. Сонан соң студенттер, оқытушы­ лары және колледждің әр жыл­ғы түлектері футбол, баскетбол, ар­қан тартысынан сынға түсті. Нә­тижесінде футболдан колледж түлектері, баскетболдан студенттер, арқан тартыстан оқытушы­лар жеңіс тұғырына көтерілді. Жарыс бағдарламасына ұлттық ойын - асық та енгізілгенін айта кеткен жөн. Жеңімпаздарға дип­лом, алғысхат және бағалы сый­ лықтар табыс етілді.

талапқа сай Қаламыздағы колледждердің оқытушылары мен мектептердің мұғалімдері арасындағы волей­бол мен үстел теннисінен өткен жарысы да қызықты болды. Жа­рысқа оқытушылар мен мұға­лім­ дер, жеңіске деген құлшыныста­ рын ойын барысында дәлелдеді. Барлығы 75 оқытушы мен мұғалім бақ сынаған сайысқа қатысушы­лар үлкен дайындықпен келген­дерін көрсетті. Жарыс қорытын­ дысы бойынша Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж командасы бас жүлдегер деп танылды. 2-орын Орал гуманитар­ лық колледжіне бұйырса, Орал политехникалық колледжі мен Орал газ-мұнай және салалық технологиялар колледжі қола жүлдегер болды.

Аспазды ұрған директор БҚО соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен қарауын­дағы қызметкерді соққаны үшін мектеп директорына айыппұл салынды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Бөкей ордасы ауданы орта мектептерінің бірінде орын алған. Мектеп директоры аспазбен сөзге келіп, оған қол жұмсаған. Соның салдарынан аталмыш қызметкер дене жа­ра­ қатын алған. Апелляциялық сот алқасы мектеп директорын ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 79-3-бабы­на сәйкес айыпты деп танып, оған 86 мың теңге айыппұл салды. Оған қоса жәбірленуші моральдық шығынды өн­діру жөнінде сотқа қайта арыз түсірген. Бөкей ордасы аудандық соты жауапкерден моральдық за­лал ретінде 20 мың теңге өндірді.

Жастарды патриоттыққа тәр­ биелеп, тәртіпке және әскериспорттық дағдыларға үйретуді мақсат тұтқан әскерге дейінгі жастардың спартакиадасы өткі­ зілді. Оған колледждің 65 студен­ті қатысты. Олар кермеге тартылу, мылтық ату және қашықтық­қа жүгіру бойынша сайысқа түсті. Бірден айтайын, жарысқа студенттер үлкен қызығушылықпен қатысты. Алғашқы әскери да­йын­ дық сабағында алған теория бі­лімдерін іс жүзінде көрсетіп, кү­ тілген нәтижеге қол жеткізді.

Сағынышпен еске алушылар: анасы Зеріп, зайыбы Ақжамал, ұл-қызы Нұржан, Айгүл

Қаратөбе ауданы Қаратөбе село­ сының тұрғыны болған қызымыз, аяу­лы апамыз Мейрамгүл Сағынға­ли­ қызы Ізтілеуова егер де ортамызда болса, қараша айы­ның 7-сі күні 45 жасқа толар еді. Амал не? Алланың ісіне не шара?! Өмір неткен алдамшы еді өтпелі, Жиырма бес жыл өтіпті-ау сен өмірден өткелі. Әр кез сені сағынышпен еске алып, Көзден жас, көңілден мұң кетпеді.

Нұрлыбек ӨТЕҒАЛИЕВ, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің оқытушысы

Бәріміз де қонақпыз бұл өмірде, Таусылғанша ырыздық жүреміз де. Топырағың жан апа, торқа болсын, Нұр дидарың ұрпақтың жүрегінде.

Бөтен діни ағымдарға арбалып, өкініштен өзегі өртенген қандастарымыз елімізде аз емес. Олардың қателіктері тұрғындарымызға ащы сабақ болуы керек.

Жан апа, ойлап сені сағынамыз, Бас иіп рухыңа табынамыз. Жиырма бес жыл болды жас жүрек тоқтағалы, Жиырма бес жыл болды қайтып үйге соқпағалы.

Кеңестің көшпелі отырысы

Еске алушылар: Қаратөбе ауданында тұратын атаанасы Сағынғали-Гүлайым, іні-келіндері Мұрат-Нұргүл, Ерболат-Ғалия, аға-жеңгесі ХасанАқжелең, апа-жездесі Жақсыбай-Зоя, сіңлі-күйеу баласы Анатолий-Оралгүл, Алтынбек, Мейрамбек, Милана, Орал қаласынан інісі мен сіңлісі Жанар, Самат және нағашы-жиендері, тума-туыс бауырлары

Арам пиғылдыларды қалай айыруға болады жә­ не олардан қалай сақтанған абзал? Осы жайында Ақ­ жайық ауданындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің Тайпақ ауылында өткен көшпелі отырысында жан-жақты қаузалды. Осында жиналған қалың қауым алдында Тайпақ әкімі Б.Қыдырғожин баяндама жасады, ішкі істер бөлімінің діни ахуалға қатысты есебі тыңдалды. Жиналғандардың көптеген сұрағына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Ғабдушев, аудан мешітінің бас имамы Е.Ихсанов жауап беріп, сөз сөйледі. «Жат ағыммен арбалғандар» атты бейнефильм көрсетілді.

Жоғары қабілетті және сәу­лелік жүк­теме­сі ай­тар­­лық­тай тө­­­ мен соңғы үлгі­­де­гі аппарат­та компью­терлі­к то­мог­ра­­­фия (қабат­­тал­ған рентгенология) өт­­­­кі­зіледі. Мекенжайымыз: Орал қа­ла­сы, Есен­жа­нов көше­­сі, 19-үй (“Омега” зауыты ау­да­ны). “Ме­ди­циналық ор­талық” ЖШС.

Бекем БЕКҰЛЫ, Ақжайық ауданы

Арман БОЛАТҰЛЫ

7

Анықтама алу үшін телефон: 53-72-59.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 15888, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: с.ихсанғали


8

керуен сарай Сейсенбі, 5 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Артурға арналған

Ән-күйдің тарихы 1978-82 жылдарда республикалық спорт комитетіне қарасты Алматы қаласындағы олимпиадалық резерв орталығының жаттықтырушы-әдіскері болып жұмыс істедім. Сенбі күні Ғарифолла Құрманғалиевтің студиясына барып тұратынмын. Студияға баратын көптеген шәкірттердің арасында Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, бүгінде Атырау облыстық филармониясының әншісі Гүлмайдан Сүндетова секілді танымал өнерпаздар болды. Ғарекеңмен бірге Талдықорған облысына қарасты Панфилов ауданының орталығына барып, концерт қойып келген кезіміз де болды. Ғарекең көптеген әннің шығу тарихын айтып отыратын.

Дәукеннің «сотталған» әні - «Дәукеннің әні» деген ән бол­ған. Бұл «сотталған» әндер­дің қа­тарына жатады. Өйткені ән мәті­ нінен болыс болып, елге билік құрған кезін, өткен өмірін аңсау байқалады. Төңкерістен кейін мұн­дай әндерді айтуға тыйым са­лынды. Бірақ Дәукен әнінің керемет сазы жоғалмасын деп мен

сөздерін өзгертіп, ха­лық әні «Жас дәурен» деген атаумен қайта шы­ ғардым, - дегенін Ғарекеңнің өз аузынан естідік. Ғарекеңнің айтуынша, Шолақ, Дәукен деген әкелі-балалы кісі­лер қазіргі Ақсай қаласы маңын­дағы Тұңғыш деген жерді мекен қылған. Шолақтың Ержан, Нұр­жан,

Дәукеннің әні (Едіге Нәбиев әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің өз аузынан жазып алған, кеңестік кезеңде айтуға тыйым салынған нұсқасы) Қос қара жектім шана самалдарға, Сөз айтпан қадір білмес жамандарға. Бір кезде ел билеген Дәукен едім, Ісіне құдіреттің амал бар ма? Қайырмасы: Ахау күндерім-ай, Уа, жалған өтеріңді білмедім-ай-ау. Қолға алып көк қаршыға күйлеген күн, Дұшпанды саз балшықтай илеген күн. Шолақтан Ержан, Нұржан, туып Дәукен, Үшеуміз үш болысты билеген күн.

Дәукен деген үш баласы да бо­лыс болған. Ақсай, Шыңғырлау бетін билеген. Төңкеріс уақы­тында өмір сүрген адамдар.

Едіге НӘБИЕВ, күйші, Орал қаласы

Жас дәурен Мен шықтым кешке қарай самалдарға, Сөз айтпан қадір білмес жамандарға. Жас кезде арыстандай айбарлы едім, Қартайып, жас кеткен соң амал бар ма? Қайырмасы: Ахау күндерім-ай, Жас дәурен өтеріңді білмедім-ау. Жастық шақ, мені қайда бастамадың, Кей уақыт ерік бермей аспаладың. Отырмын қартайғансын нардай шөгіп, Басымнан өткеннен соң жастық шағым. Қайырмасы:

Қарашаның 3-і күні Сырым ауданының орталығында самбодан ҚР-ның спорт шебері, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Артур Халықов­ ты еске алуға арналған самбодан аудандық ашық турнир өтті. Оған 2001-2003 жылы туған кіші жасөспірімдер қатысты. Бұл жарысқа Орал, Шың­ғыр­лау және Сырым ауданына қарасты ауылдық округ­терден жалпы саны 13 ко­манда қаты­сып, 7 салмақ дә­ режесі бойын­ша өз бақтарын сынады. Палуандар түске де­йін іріктеу сындарынан өтіп, түстен кейін жарыстың ашылу салтанаты болды. Онда Артурдың анасы Тәттім апай, бапкері С.Берсеба­ев сөз сөй­леп, келген қонақтар мен па­луандарға алғысын біл­дірді. Тартысты додада А.Амансүгі­

турнир

ров (26 келі), А.Зайдолла (29 ке­лі), Н.Зайзағалиев (32 келі), Ж.Сарсе­ нов (35 келі), Д.Мырза­ғалиев (38 келі), Қ.Ерболатов (41 келі), Н.Бо­латов (+41 келі) жеңіс тұ­ғырынан көрініп, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен мара­патталды. Атал­ мыш турнирді Ар­турдың достары мен бауыр­ла­ры ұйымдастырды.

Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ, Сырым ауданы

Жас палуандар жеңісі Жақында Орал қа­ла­сында еркін күрестен 19982000 жылдары туған жасөспірімдер мен қыздар және 2001-2003 жылдары туған жас­өспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті.

Қайырмасы:

Сайысқа Ақжайық, Бөрлі, Тас­қала, Жаңақала, Теректі және Зеленов ауданы мен Орал қа­ ласының командалары қатыс­ты. Бірнеше күнге созылған жа­рыста өңіріміздің түкпір-түкпі­ рінен келген 150-ден астам палуан түрлі деңгейдегі салмақта күш сынасты. Нәтижесінде Бөр­ лі ауданы мен оралдық қыздар үздік нәтижеге қол жеткізсе, 2001-2003 жылы туған жасөс­

Сканвордты құрастырған Ержан НҰРСҰЛТАНОВ, Орал қаласы

Сканворд

пірімдер арасында оралдық жас палуандар топ жарды. Жарысқа қатысқан жеті команданың арасында оралдық, бөрлілік және ақжайықтық командалар күрес өнерін шебер меңгергендерін көрсетті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнаулы диплом­ дармен және ынталандыру сый­ лықтарымен марапатталды.

Өз тілшіміз

Әзірге Зеленов алда Ағымдағы жылдың 31 қазан – 3 қарашасы аралығында волейболдан ерлер арасында облыс чемпионатының екінші туры өткен болатын. 17 команда 4 топқа бөлініп сайысқан жарыста топ жеңімпаздары жартылай кезеңде күш сынасты. Бұл сында Бөрлі ауданының командасы «ҚазТрансГаз» ко­ мандасын ұтса, зеленовтықтар теректіліктерді тізе бүктірді. Фи­налда да Зеленов ауданы ко­ мандасының жұлдызы жанып, қос турдың нәтижесімен топ бастады. Кезең қорытындысында тасқалалық Мәрлен Қаратаев «Үздік байланыстырушы», қазта­ ловтық Қуандық Молдағалиев «Үздік тосқауыл қоюшы», зеле­новтық Дмитрий Заподобни­ков

«Үздік шабуылшы», жәнібектік Бекжан Нығыметов «Үздік қор­ ғаушы», Бөрлі колледжі командасынан Жақсылық Құттығали­ев «Үздік ойыншы» аталымда­рын жеңіп алды. Жарыс жеңім­ пазы мен жүлдегерлерге облыс­ тық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталары мен бағалы сый­ лықтар тапсырылды.

Өз тілшіміз


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.