Орал Өңiрi №138

Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

+8 +1

С

0

Сейсенбі, 12 қараша 2013 жыл №138 (19899)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Іскерлік қарым-қатынас

С

0

oral_oniri@inbox.ru

қоғам

қарқын алмақ Жастар сенбілікке шықты мәселе

5 Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

Олимпиада алауы ғарыштан оралды Құрамында Ресей ғарышкері Федор Юрчихин, американдық астронавт Карен Найберг пен италияндық астронавт Луки Пармитано бар ХҒС экспедициясына қатысушылар Жерге қайтып оралды. «Союз ТМА-09М» басқарылатын көлік кемесі жоспарланғандай, Жезқазған қа­ ласынан оңтүстік-шығысқа қарай астана уақыты бойынша сағат 8:49-да қонды. ХҒС-тағы экспедициясын аяқтаған ғарыш­ керлер Жерге Сочи олимпиа­дасының алауын алып келді. Ғарышкерлер мен олимпиада ала­у­ы­ ның Жерге оралуын Ресей тікұшақ­тары бақылады. Еске сала кетейік, 9 қараша күні олим­ пиада алауы бірінші рет ашық ғарышта болды. Ғарышқа оны Ресей ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Рязанский алып шықты.

АҚПАРАТТАР АҒЫНЫ Қадырға құрмет Кеше редакцияға «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажымов хабарласып, қазақтың аса көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлінің Алматыда ұзақ жылдар тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылатындығы жөнінде ақжолтай хабарды жеткізді. Қор төрағасының мәліметіне қарағанда, бұл жөнінде Алматы қаласының әкімі Ахмет­ жан Есімовтің арнайы шешімі шыққан. Осы ресми құжат негізінде ардақты ақын отбасы­ мен 1971-93 жылдары тұрған Алматыдағы Жамбыл көшесінің бойындағы №163 үйге қабырғалы қаламгер Қадыр Мырза Әліге құрмет ретінде ескерткіш тақта ілінбек. Бұл шара, қор басшылығының мәліметі­ не қарағанда, ақынның туған күні – келер жылғы 5 қаңтар қарсаңында жүзеге аспақ.

Заңсыз айналымнан алынды

БҚО бойынша экономикалық қыл­ мысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жыл басынан бері алкогольдік өнімдердің заңсыз ай­ налымы фактілері бойынша 4 қылмыс­ тық іс қозғап, 46,7 мың бөтелке спирт ішімдіктерін тәркіледі. Оралдағы «Михаил», «Мирлан», «Ал­ тын Алма» базарларының аумағындағы қоймалардан жалған есепке алу-бақы­ лау маркалары жапсырылған 425 шыны алкоголь өнімдері табылды. Оларды Ақтөбе қаласындағы «Геом» ЖШС, «Ак­ роспищепром» ЖШС, «Maxsimus» ЖШС өндірген. Шымкент бекетінен Орал бе­ кетіне 15 атаудан тұратын 22 212 шыны арақтың вагонмен жеткізілгені және табылған спирттік ішімдіктер Шымкент қаласындағы «Тұтынушы» ЖШС-ында өндірілгені анықталды.

Мал басы көбейді, шаруа енді не дейді?

3

4

«Сыбаға» малды көбейтуде Теректі ауданының Долинное ауылындағы «Исмаилов» шаруа қожалығының басшысы Ержан Исмаилов мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 67 ірі қара және асыл тұқымды 4 бұқашық сатып алды. Мал басын асылдандыру және көбейту мақсатымен Е.Исмаилов «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қо­ры» АҚ-дан 13,8 млн. теңге несие алды. Несиенің шарты өте жеңіл – жылдық өсімі небары 6 пайыз, оның үстіне екі жыл бойы демалыс беріледі. Шаруа­ шы-лықта бұрыннан 30 аналық мал бар еді, енді мемлекеттік бағдарлама ар­ қасында малы көбейді. Қазір қорасында 100 ірі қара тұр. Малға қысқы азық молынан дайындалған. Округте тағы да екі қожалық - «Махорин» және «Тарас» ШҚ да несие алып, шаруаларын кеңейтуде.


2

АҚПАРАТ Cейсенбі, 12 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Жастар кітапты электрондыҚ нұсқада оқиды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстанның электронды кітапханасы» атты үлкен жобаны іске асырды. Онда 4280 кітап және 16 мыңнан астам құжаттың көшірмелері бар. Кітапхана қоры үнемі жаңарып отырады.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, «Орал өңірі»

Б

ұл жоба елі­­міз­дің жаста­ ры тарапынан қызу қол­ дау табуда. Сол себепті олар жаңа кітаптың дүкенге түсуін күтпей-ақ, оны ғаламтордан та­уып, электронды нұсқасын оқиды. Ке­ше ҚР Президенті жанындағы Ор­талық коммуникациялар қыз­­ме­тінде өткен брифингте Мәде­ ниет жә­не ақпарат министрі Мұх­тар Құл-Мұхаммед дәл осылай мәлім­де­ді. «Бүгінде қазақ тілді

б а с п а­ с ө з д і ң электрон­ ды нұсқасын мықтап қолға алу қа­жет, – деді ол. – Қа­ зіргі кезде біз барлық жаңалықты та­ңертең оқи­­мыз. Түстен кейін оның барлы­ ғы маңызды емес болып қалуы мүмкін. Ал газет-журналдардың ер­теңгі нөмірі шыққанша, біраз уақыттың кететіні белгілі. Әрине, газеттің алыстағы ауылға жетуі ке­рек. Алайда көзіқарақты, креа­­тивті оқырман барлық жаңа­лық­

Қаржы министрлігін сынға алды Өткен аптада «Қазмедиа орталығында» ҚР Парламенті Мәжілісі қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Омархан Өксікбаев және Сенаттың экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі, сенатор Михаил Бортниктің қатысуымен брифинг өтті. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы сөз болды.

Ләззат ШАҒАТАЙ, «Орал өңірі» – Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында үкімет тарапынан жі­берілген кемшіліктер мен олқы­ лықтардың ішінде 22 мәселені нақты атап өтті. Оның 80 пайы­ зы бюджет мәселесіне тікелей қа­тысты. Кейбір министрліктер өз жұмысын то­лық атқара алмай

Таяуда медициналықсанитарлық алғашқы көмек (МСАК) бойынша Алматы декларациясының 35 жылдығына орай ҚР Денсаулық сақтау вицеминистрі Ерік Байжүнісов, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының (ДДҰ) директоры Жужанна Жакаб, БҰҰ Балалар қоры – ЮНИСЕФ-тің ҚР-дағы өкілі Джун Кукита және т.б. қатысуымен ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы болды.

отыр. Әсіре­се, Қаржы министрлігі тарапынан көп олқылықтар жібе­ рілді. Олардың құзыретіне кіретін шаруа – күнде­лік­ті мониторинг жа­ сап, бюджеттің игерілуіне қатысты мәселелердің бәрін талдап отыру. Осы функция­ны олар толығымен атқармады, – деді Омархан Нұр­ тайұлы. Сондай-ақ депутаттың айтуын­ ша, осы жағдайдың салдарынан,

Себепсіз тексеру қысқарды Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі»

ты ғаламтордан алып, оқи са­ лады. Сондықтан қазақ тілді бұ­қаралық ақпарат құралдары бо­лашақта өздерінің интернет сайттарын мықтап қолға алула­ры қажет. Баспасөздің жұмысы тек таралыммен ғана емес, оның сайтына кірген адамдардың са­ нымен де бағаланатын болады».

1 қыр­­күйектегі мәлімет бойынша 303 млрд. теңге игерілмеген. Оның 125 млрд. теңгесі бюджет­тік бағдар­ламалар әкімшілері, 170 млрд. теңгесі жергілікті атқару­шы ор­гандар тарапынан іс­ке аспаған. Қазіргі таңда Парла­ментке бюджетті нақтылау бо­йынша заң жобасы келіп түс­кен. Алдағы уақыт­та 65 млрд. тең­ге қаржыны қысқарту жоспар­ ланып, 100 млрд. теңге­ге жуық ұлттық компа­ниялардың есеп­ шоттарына, жарғы­­лық қорына аудару қарасты­рылуда. «Бүгінгі үкіметтің жұмысын қа­ лай бағалайсыз?» деген журна­­лис­тердің сұрағына: – Әр үкімет өз деңгейінде қыз­метін атқарып жатыр. Бүгінгі үкі­ мет ең нашар деуге болмайды. Себебі әр үкімет басшысы қызмет істеген кезде экономикалық жә­ не бюджеттік жағдай әр түрлі бо­лады. Бүгінгідей дағда­рыс сезі­ ліп, салық түсімдері кеміп жат­қан кезде, біздің әлемдік экс­ портқа шығаратын өнім баға­ сы бірде түсіп, бірде көтеріліп отыр­ған жағдайда үкіметке де оңай болып отырған жоқ, – деп жауап қайтарды депутат.

Ескерткіш тақта ашылды 1978 жылы Алматы деклара­ция­ сының қабылдануы бүкіл ха­лық­ аралық қоғам үшін маңызды оқи­ға болды. Осы жылы қабылданған де­ кларацияда белгіленген алғаш­қы медициналық-санитарлық жәрдем көрсетудің философиясы халық ден­саулығын сақтау саласындағы бірыңғай стратегияны жасаудың тұңғыш халықаралық талпыныс еді. Декларацияның көмегімен адам­ ның өз денсаулығына адам өмірінің ең жоғарғы құндылығы ретінде қа­ рау құқығы бүкіл мемлекеттер та­ рапынан сөзсіз мақұлданды және әлемдік денсаулық сақтау өзінің даму бағытын өзгертті. Алматы декларациясының іске асы­рылуы миллиардтаған адам­дар­

Жақында Қазақстан Республикасы Бас прокура­тура­ сының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті облыстық басқармасында «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының кәсіпкерлер құқықтарын қорғау қызметі жайында» атты баспасөз мәслихаты болып өтті.

ға өз денсаулығын сақтап қалу жолында және өмір сүру уақытын арттыруға нағыз мүмкіндік бе­ріп отыр. Соңғы онжылдықтар бо­йынша бүкіл әлемдегі денсау­лық сақтау алға қарай айтар­лық­ тай жылжыды. Алғашқы меди­­ци­налық-санитарлық көмек көр­сетудің перспективалары ешқа­шан қазіргідей жоғары бағала­нып көрген жоқ. Қазақстанда ха­ лық денсаулығын сақтауға ерек­ ше назар бөлінуде. Медицина­лық жәрдемнің қолжетімділігі мен сапалы болуын қамтамасыз ету қазақстандық денсаулық сақ­ тау жүйесінің стратегиялық мін­ деті болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Басқосуды аталмыш басқарма бас­шы­сының орынбасары Асқар Қапы­лов пен осы басқарманың ар­ найы есепке алу бөлімінің аға проку­роры Ержан Мұхитов жүргізді. Сала мамандарының айтуын­ша, осы жылдың тоғыз айында түрлі мемлекеттік ор­гандар та­рапынан жүргізілген жалпы тек­­серістің 26, соның ішінде же­ке кәсіпкерге қатыстысы 18,2 пайыз­ға кеміген. Сонымен қатар заң­ ға қайшы келгендіктен, 241 тек­­серуді тіркеуден бас тарту ту­ра­лы шешім шығарылған. Атал­мыш тек­­серістер салық, сани­тар­лық қадағалау, аумақтық жер инс­пекциясы және басқа мемле­кет­ тік органдардың үлесіне тиеді. Тір­кеуден бас тарту хақында қо­рытынды ең көп жолданған мем­-

лекеттік бақылаушы орган­дар­ ға құқықбұзушылықты жою ту­ралы прокурорлық ықпал ету кесімі жолданып, 18 тұлға тәр­ тіптік жауапкершілікке тарты­ лыпты. Басқарма «Бизнес ті­ре­ гі» жобасының тиімділігін одан әрі арттыру жолында Орал қа­ ласындағы қоғамдық көліктер­ де көрсету үшін бейнетаспалар жолдады. Алайда комитеттің ар­найы сайтына жеке кәсіпкер та­ рапынан жүгіну тым аз. Тоғыз ай ішінде бар болғаны 9 жүгіну түскен екен. Соның сегізі бойын­ ша түсінік беріліп, бір жүгіну негізінде Шыңғырлау аудандық прокуратурасының көмегімен ық­пал ету кесімі шығарылып, сол аудандағы салық басқармасы­ның бір қызметкеріне тәртіптік жа­за қолданылған. Мәслихат соңын­да журналистердің сұрақтарына жа­уап берілді.

Қос қызметкерге – тәртіптік жаза ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіп­тік ке­ңесінің 8 қараша күнгі отырысында қос бірдей мемлекет­тік қызметкердің тәртіптік ісі қаралды. Отырыста алдымен Орал қа­ ласы жер қатынастары бөлімі­­нің басшысы Махамбет Батырға­лиев­ тің есебі тыңдалды. Тәртіптік ке­ ңес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінде­гі облыстық басқармамен бірле­сіп жүргізген тексеріс кезінде аталмыш бөлімде бірқатар кем­шіліктердің орын алып кел­ге­ ні анықталған. Әсіресе, аза­мат­ тардың арыз-шағымда­рын қарау кезінде заңбұзушылықтарға жол берілген. Отырыста бөлім қыз­меткер­лерінің жауапкершілігін кү­шейтіп, алдағы уақытта мұн­дай олқылыққа тосқауыл қою қажет­ ті­гі атап көрсетіліп, тиісті ұсыныс жасалды. Зеленов аудандық сәулет жә­ не құрылыс бөлімінің басшы­ сы Арман Жұмабековтің ісі де жер мәселесіне қатысты болды. А.Жұмабеков жер телімін сұра­

ған ауыл тұрғынының бірден ме­ селін қайтарып, оның құқығы мен заңды мүддесін жүзеге асыруы­­на кедергі жасаған. «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес ту­ралы» ҚР Заңын бұзғаны үшін бө­ лім бас­шысына тәртіптік жаза қолдану Зеленов ауданы әкіміне ұсы­нылды. Мемлекеттік ұйымдардың (мек­­­­тептердің) қызметіне заңсыз араласып, жеке тұлғалардың құ­ қықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға кедергі жасағаны, сонымен қатар екінші біреулер­ге заңсыз артықшылық көрсетке­ ні үшін «Сыбайлас жемқорлық­қа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы­ на сәйкес Орал қалалық білім беру бөлімі басшысының орынба­ сары Серік Сафиуллин де тиісті тәртіптік жазаға тартылатын бо­ лады.

Арман БОЛАТҰЛЫ


ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 12 қараша 2013 жыл

Имам-молдалардың оқуы

Кеше облыстық ор­­талық мешітте аудан жә­не ауыл имамдарына арналған бір апталық діни сауатты жетілдіру курсы басталды. Қа­сиет­ ті орынға жиналған түрлі жастағы имамдар алдында ҚМДБ-ның өңірдегі өкілимамы Руслан Сұлтанов пен облыстық дін істері департа­ ментінің басшысы Талғат Нығмет сөз сөйледі.

Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі» – Құрметті бауырлар, - деді Руслан Тыныштықұлы, – оқу кур­ сына келгендеріңізге көп рақмет! Осыдан бұрын да оқу өткізіліп, онда имамдар білімін жетілдіруге кеңінен мүмкіндік алды. Оқудың мақсаты - имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру. Содан ке­йін олар халық арасында дәстүр­ лі Әбу Ханифа мәзһабын ұдайы насихаттап, теріс ағымдағылар­ға лайықты тойтарыс бере алады.

Халықтың діни сауатын жетілді­ріп, адам­дардың бойында имандылық негіздерін қалыптастыр­мақ. Осы оқу­ды ойдағыдай ұйымдасты­­рып, оның нәтижелі өтуіне жан-жақ­ты көмек бер­ ген облыс, қала әкімдіктеріне, облыстық дін істері департа­ ментіне, қала берді демеушілер­ ге шын жүректен алғыс айтып, ризашылығымды білдіремін. Іс­ ке сәт, жамағат!

Облыстық дін істері департа­ ментінің басшысы Талғат Нығмет екі курс өткізудің алдын ала жос­ парланғанын айта келіп, жұ­мыс барысына қанағаттанғандық се­ зімін білдірді. Оның айтуынша, курстың бір айырмашылығы - ен­ ді кәсіпқой имамдармен қатар, оған ел ішіндегі әуесқой мол­ далар да шақырылады. Өйткені қазір өңірде 360 әуесқой молда бар. Сондай-ақ оқу барысын­-

да дін иелері тек қасиетті Құ­­ран-Кәрімнің негіздерін, араб ті­лін меңгеріп қоймай, психоло­ гия жә­не риториканы да оқып үй­ренеді. Бұл имамдардың елжұртпен тез тіл табысып кетуіне жәрдемдеспек. – Жаңадан тағайындалған өкіл-имамдарыңыз жас та білім­ді азамат. Оның келешекке белгі­ леген өзіндік жоспары бар. Біз өз тарапымыздан оған жан-жақ­ты көмек көрсетеміз. Барлық дін­ ге ортақ мемлекеттік құрылым бол­сақ та, сізге үнемі бүйрегім бұрып тұрады. Өйткені нағыз ис­ лам – атадан қалған ардақты ру­хани мұра, – деді Талғат Рахым­ ұлы. Содан кейін Т.Нығмет өз де­ партаментінің қызметкерлерін, дін­танушы мамандарды жинал­ ғандарға таныстырып шықты. Ал өкіл-имам Р.Сұлтанов таяуда об­лыстық мешітке Алматыдан үш дін маманы келетінін хабарла­ды. Олардың екеуі – сонау Мысыр еліндегі бүкіл ислам әлеміне та­нымал «Әл-Азхар» универ­сите­ тінің түлектері, шығысқазақстан­ дық 30 жастағы Мұратбек Қыс­­таубаев пен шымкенттік 26 жас­тағы Әсет Раманқұлов. Жиын со­ңында Зеленов ауданы, Да­риян ауылының имамы Меңдеш Жа­ қыпов ақ батасын берді. Суретті түсірген Т.ТОҚМӘМБЕТОВ

Жастар сенбілікке шықты Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері үшін 2013 жыл «Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы» болып жариялануына байланысты өткен сенбіде жастар қаланың әр ауданында жоспардан тыс сенбілік ұйымдастырды. Сенбілік айлығының аяқтал­ ғанына қарамастан, Шаған жаға­­лауы көшесі, 5 және 7-шағын­ аудан­дары, Курени және Чапаев затоны аумағындағы жұмыстар­ ға облыстық жастар саяса­ты бас­­қармасының қызмет­кер­­­­ле­рі, жоғары және арнау­лы ор­та оқу орындарының студент­тері, жас­ тар ұйымдарының мүшелері жұ­мылдырылды. Нә­тиже­сінде

Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ

тыныштық кепілі Ел азаматтарына әскери қыз­ меттің маңызын түсінді­ріп, Отан­ ға деген ерен сүйіспеншілікті, жауынгерлік ерлікті дәріптеп, әскери қызмет беделін ны­ғай­ туды мақсат еткен салтанатты шара ішкі әскердің құрылу тари­ хы, сайыпқыран сарбаздар ер­ліктері туралы деректі фильм­ мен басталды. Сонымен қатар мәдениет үйінің дәлізінде әске­ ри бөлімнің кітапхана көрмесі ұйымдастырылды. Онда Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың еге­ мендік жылдарында жүргізген сарабдал саясаты туралы кі­ таптар, «Ішкі әскер жаршысы», «Бүркіт» журналдары мен «Қал­ қан» газеті көпшіліктің назары­на ұсынылды.

Ақ Жайықта өнер мерекесі Алдағы айда Батыс Қазақстан облыстық қа­зақ драма театры­ ның ашылғанына 20 жыл толмақ. Бүгін осы айтулы мерекеге орай «Батыс Қазақстан аймағында­ғы театр­лардың шығармашылық жағ­дайы және оны жақсартудың жол­ дары» атты форум-фестиваль бас­талды. Оралға Қазақстан театр қай­раткерлері одағының төраға­ сы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған театр тарландары келді. Қазақстанның батыс аймағын­ дағы театрлардың шығармашы­ лық тынысы, әлеуметтік жағдайы, театрдың мемлекет пен қоғам өмі­ ріне қажеттілігін арттыру мақса­тында өткелі отырған форум-фес­тивальдің жұмысына Ақтөбе, Аты­ рау және Маңғыстау облыстары­ ның әкімшілігі мен мәдениет бас­қармасының өкілдері, театр қыз­мет­керлері қатысуда. Форум аясында Батыс Қазақ­стан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау театр­­ларының қойылымдары қойы­лып, шеберлік сабақтары мен әр түрлі тағылымды кездесулер өтпек. Фо­ рум-фестивальдің шымылдығы 15 қараша күні жабылады.

Машина жасаушылардың консорциумы

сенбілікке 2000-ға жуық адам қатысты. Аталмыш шара қала тұр­ ғын­дарына төңіректі таза ұс­ тауға, экологиялық мәдениет­­ті қалыптастырып, жастарды ең­ бек­­қорлыққа баулуға мұ­рын­дық болғаны кәміл.

Ішкі әскер – Биыл егемен еліміздегі қоғамдық қауіпсіздікті кірпік қақпай күзетіп тұрған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерінің құрылғанына 21 жыл толды. Сейсенбі күні Зеленов аудандық мәдениет үйінде «Ішкі әскер нағыз ерлер үшін» акциясы аясында Орал қаласындағы №5517 әскери бөлімінің бір топ өнерпаз әскери қызметшілері көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынды.

3

Жергілікті тұрғындардың ал­дында әскери қызметшілер­ден жасақталған оркестр өнер көр­сетті. Айтулы іс-шараға жинал­ ғандарға 5517-әскери бөлімі ко­мандирінің тәрбие және әлеу­ меттік-құқықтық жұмыстар жө­нінде орынбасары, капитан Се­ рік Әлімбеков ішкі әскер­дің ел тыныштығын сақтау бағытында атқарып отырған қыз­метін әңгі­мелеп берді. Кеште ішкі әскер оркестрі әскери патриоттық ән­дерді шырқаса, сержант Жұма­ гелді Камалов Құрманға­зының «Бал­бырауын» күйін төгілте орын­дап берді. Атқыштар ротасы­ ның сарбазы Ербол Меңді­ха­новтың орындауындағы «Қа­зақ­ тың жі­гіттері» әні қазақ жауын­-

г­ ерлерінің жігерлі, рухты, на­мыс­ты бейнесін айшықтай түсті. Кеш соңында Серік Әлімбеков өңір жастарына патриоттық тәр­ бие беру бағытында ішкі әскер­лермен бірлесе жұмыс жасау­да белсенділік танытқаны үшін Пе­ реметный ауылдық округі­нің әкімі Аян Халауединге, аудан­­ дық қорғаныс істері жөнінде­гі бөлімнің бастығы Денис Са­ды­ қовқа, аудандық мәдени дема­лыс орталығының директоры Медхат Қамбетовке алғысхат та­ быс етті. Тағылымды шара нәтижесінде жастардың әскери өмірге де­ ген қызығушылықтары артып, алдағы уақытта әскер қатарында Отан алдындағы азаматтық бо­ рышын өтеуге ниет білдірушілер мен әскери оқу орындарында білім алғысы келетіндер қатары көбейетініне сенім мол.

Надежда ЕСҚАЛИҚЫЗЫ, Зеленов ауданы

Оралда өткен «WestKazInvest2013» халықаралық бизнес фору­мы аясында «Машзауыт» консор­ циумын құру туралы машина жа­сау зауыттары келісімге қол қой­ды. Консорциум құрамына «Зе­нит», «Гидроприбор» ҒЗИ, «Оме­ га», «Орал механикалық зауыты» ЖШС, «Промвентиляция», «Қаз­Ар­ маПром», «Зениттехсервис» және Ақ­сай индустриалды паркі енді. «Машзауыт» консорциумын құ­рудағы мақсат – машина жасау зауыттарын Қарашығанақ, Те­ңіз, Қашаған, Қаражанбас, Бозащы, Қарақұдық, Шынар кен орнында жұмыс істеп жатқан жер қойна­ уын пайдаланушылар үшін тауар өндіру, қызмет көрсету үрдістері­ не қатыстыру. Келісім шеңберін­ де консорциумның үй­лестіруші­сі болып «Зениттехсервис» ЖШС таң­далынды. Үйлестіруші жер қой­науын пайдаланушылардан ха­ лық­аралық стандарттарға сәй­кес қосалқы бөлшектер, металл құ­ рамалар, құрал-жабдық жасауға тап­сырыстар қабылдайды. Келісім­ де зауыттар арасындағы өзара бәсекелестікті болдырмас үшін әр зауыттың негізгі жұмыс бағыттары анықталған.

Өз тілшіміз


4

ауыл-аймақ Сейсенбі, 12 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде ауыл шаруашылығын қолдау шаралары жыл санап жетілдірілуде. Өткен жылы аудан бойынша 62 шаруа 202,6 млн. теңге несие алды. Соның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 50 шаруа 157,24 млн. теңге, «Агронесиекорпора­ циясы» АҚ арқылы 1 шаруа 10 млн. теңге, «Жаңақала несие» ЖШС арқылы 11 адам 35,4 млн. теңге несиеге қол жеткізді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 21 адам 145,59 млн. теңге несиеге қол жеткізді. Осыған орай ауданымыз облыс бойынша ең көп несие алған аймақтардың қатарына кірді.

Мал басы көбейді, «Қазагроқаржы» АҚ арқылы 33 “МТЗ-80”, “МТЗ-82” тракторлары мен бір “КамАЗ”, 26 бірлік ауыл ша­ р­уашылығы техникаларын алды. Бұл да облыс аудандары бо­йын­ ша ең жоғары көрсеткіш болды. Сондай-ақ былтырғы жылы ау­данның тауар өндірушілері 144,4 млн. теңге қайтарымсыз демеу­ қаржы (субсидия) алуға қол жет­ кізді. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша ауданда кәсіпкерлікті дамыту үшін беріл­ ген 382,8 млн. теңге несиенің де­ні де мал шаруашылығы сала­сына жұмсалды. Осыншама үкімет қол­ дауы аудандағы мал шаруашы­лы­ ғын дамытуға әсер етпей қалған жоқ. Мал өткен қысқа сүбелі келді. Жемшөптің молдығы қыстан ары­ май шығуға мүмкіндік берді. Мал басының шығыны айтарлықтай азайып, қоңды мал оңды төл еріт­ ті. Биыл аудан бойынша 14124 бас бұзау, 76638 бас қозы мен лақ, 3538 бас құлын, 160 бота алынды. Атап айтқанда, сиыр малының басы тоғыз айлық көрсеткіш бойынша 43080 басқа, қой мен ешкі 164828 басқа, жылқы 13078 басқа, түйе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен 11 қазанда өткен. Үкіметтің кеңейтілген отырысында ағымдағы жылдың өткен 9 айының қорытындысы тыңдалғанын көпшілік қауым жақсы біледі. Жиында Елбасы Үкімет қызметінің басым бағыттары мен алда тұрған міндеттерді саралап, бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен бірге Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттік құрылымдардың жұмысына баға бере отырып, әлеуметтікэкономикалық үдерістерді басқарудағы олқылықтарды атап көрсетті. Елбасы кеңейтілген отырыста сөйлеген сөзінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы кәсіп­керлікті қолдаудың тиім­ді тетігіне айнала тұрса да, бұл жобаны жүзеге асыруда кемшілік­тердің орын алғанына тоқтал­ды. Мәселен, еліміздегі 43 ау­дан мен облыстық ма­ңы­ зы бар қалалар аталған бағ­дар­ лама шеңберінде несие­лер­дің пайыз­дық мөлшер­ле­ме­ле­рін субсидиялау жұмыста­рын жүргіз­бей, жетіспейтін инфра­ құры­лымдар­ды тартуда бірдебір жобаны іске асырмаған. Бұл қызмет түрі бойынша облысымыздағы 5 ауданда қарқын баяу болса, соның ішінде біздің аудан да бар.

шаруа енді не дейді? 988 басқа жетіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сиыр 5510 басқа, қой 11988 басқа, жылқы 2252 басқа, түйе 37 басқа көбейді. Жаңақалалық мал өсірушілер үкімет қолдауынан биыл да кенде қалған жоқ. Тоғыз ай ішінде 18 ша­ руа қожалығы «Сыбағадан» 44025 мың теңге сыбаға алса, бір ша­р­уа «Бизнес-Аймақ» бағдарлама­сы бойынша 2 млн. теңге, 46 тауар өндіруші «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 86 млн. теңге алуға қол жеткізіп, «Жаңа­ қа­ла-несие» ЖШС 22 шаруаға 98 млн. теңге несие берді. Несиелеу, қайтарымсыз демеуқаржы беру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Осыған орай ауданда қожалық құрушылар қатары көбейіп келе­ ді. Биылғы жыл басында шаруа қожалықтарының саны 337 бол­ са, тоғыз ай соңында 358-ге жетіп, 21-ге артты. Жаңақала ауданында төрт түлік басы көбейді. Аудандық

статистика мәліметі бойынша ауданда 4544 аула барын ескер­ сек, бір аулаға 9,5 сиыр, 36,3 қой, 2,9 жылқы, 4,5 үйге бір түйе келеді екен. Бұл жаман көрсеткіш емес. Шүкір, мал басы көбейді, енді шаруалар не дейді. Алаңы неде? Бақытжамал Мағзенова, жеке шаруа: - Үкімет мал шаруашылығын да­ мытуға үлкен көмек көрсетіп отыр. Қолы жеткендер жеңілдікті несие­ лер, қайтарымсыз демеуқаржы­ лар алуда. Жағдай жасалған соң мал басы өсуде. Мұның бәрі тек шаруа қожалықтарына көрсе­тіле­ді... Ауыл шаруашылығын қол­дау бағдарламаларында малды өсі­рудің шаралары алынған да, оны өткізудің жолдары қарасты­рыл­ маған. Ет бағасы арзандап кетті. Біз мал тапсыратын Атырау база­рын шетелдің сапасыз еті басып алды. Біз өсірген малымызды өт­ кізетін жер таппай, делдалдарға жем болудамыз.

Ержан Досқалиев, шаруа қожалығының жетекшісі: – Біреудің жеке шаруасына «да­ мыт» деп жеңілдікпен қомақты не­ сие беру, көл-көсір қайтарымсыз қаржы беру бұрын болмаған жай. Мемлекеттің тарапынан жасалып отырған қолдау шаралары қо­жа­лықтардың дамып кетуіне мүм­ кіндік берді. Тек енді ерінбей еңбектеніп, ұтымды ұйымдасты­ра білу керек. Соңғы жылдары өзенге су түспеуі қиындық ту­ дырып отыр. Жер асты суы да ашып кетті. Бұрын ата-бабамызға құтты ата қоныс болған жерлер су болмағасын ел ауып, бос қалды... Екінші қиындық – малы­мыз өт­ пейді. Арзанға берсек, өсірген құ­нын ақтамайды. Малды өсіруге қол­дау көрсеткен үкімет енді дел­далсыз өткізетін тетіктерін ұйым­ дастырса, малды ауылдың тұр­ мысы түзеле түсер еді... Мұндай пікірді жұмыссыздық­ ты азайтып, өзін-өзі жұмыспен

қамтуды іске асыру мақсатын­да берілген «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша не­сие алып, мал өсірумен айна­ лысқан­дар да айтады. – Тұрмысымызды түзейміз деп несие арқылы алған малымыз биыл алған бағасына өтпей қалды. Бруцеллезге шығып, саны ке­мігені бар. Шөп бағасы да тым қымбат. Қазір тоқсан сайын өсі­ мін төлеудеміз. Ақпаннан бастап несие қайтарымы басталады. Ол – қомақты қаржы. Несиені қай­тар­ ған кезде өсіріп отырған малы­ мызды өсімімен қайта өткізіп, бұ­ рынғы күйімізде қаламыз ба деп қорқамыз. Тағы бір жылға кейін қалдырса, айналдырып алар едік, – дейді солардың бірі Э. Ата­уова. Қысқасы, үкімет қолдауынан кейін мал басы көбейді. Алайда ет бағасының арзандап, малды өткізетін жердің болмауы та­­уар өндірушілерді көбірек алаң­ датады.

Өмірзақ АҚБАСОВ, Жаңақала ауданы

Екі жылда 489,5 миллион қолға тисе... О

сы мәселеге байланыс­ ты ау­дандық кәсіпкер­лік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бө­лімінің бас маманы Наталья Сажинадан бұл тұрғыда ауданда ат­қа­ры­лып жатқан жұмыстар жөнін­ де айтып беруді сұраған едік. Оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарлама­сы қабылданып, жүзеге асып отыр­­ған үш жылдың ішінде ау­данда бірқатар жұмыстар ат­қарылған. Аталмыш бағдарлама өмір­ге келгеннен бері аудандық кәсіп­ керлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің қыз­мет­ керлері барлық ауылдық округ­ терді аралап, кәсіпкерлер мен тұрғындарға бағдарламаны наси­хаттап, оның төрт бағыты бойын­­ша түсінік жұмыстарын жүр­гізуде. – Кәсіпкерлікті қолдау жөнін­ дегі жедел топ биылдың өзін­ де 162 адамды қамтып, түсінік жұмыстарын жүргізді, – дейді ол, - Соңғы рет, биыл қазан айын­ да өткен ауылдық округ әкімде­ рінің есеп беру жиналыстары­на қатынасып, шағын және орта бизнесті қолдауға арнал­ған бағ­ дарламаларды насихаттап, тұр­­ ғындарға нақты да айқын түр­де түсіндіріп бердік. Аудан әкі­ мі ауылдық округтерде болып, жұрт­­шылықпен кездескенде кә­ сіпкерлікті дамыту, мемлекеттің беріп отырған демеуқаржысын пай­далану, шағын цехтар ашу, ауылда асыл тұқымды мал, құс

өсіру және бау-бақша егу сияқты өзекті мәселелерді тынбастан ай­тып келеді. Аудан басшысы сон­ дай-ақ кәсіпкерлердің шағын жә­не орта бизнесті жетілдіру ба­ ғы­тындағы атқарып жатқан жұ­ мыстарына ұдайы назар ауда­ рып отырады. Мәселен, жуырда ол Жәнібек ауылындағы Қайрат Тат­рановтың шаруашылығында болғанда кәсіпкердің мейрамха­ на, автокөлік жөндейтін станса мен көлік жуатын орын салуға қамданып жатырғанын көріп, кә­ сібін жандандырғалы отырған оған біраз ақыл-кеңесін айтып, бағыт берді. Басқа ауылдық округтерде де алдағы уақытта шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда осын­ дай қарымды істер жалғасаты­нына сенеміз. Аудандағы кәсіпкерлік сала­сы­ ның ұңғыл-шұңғылын жақсы бі­летін маманның мәліметіне сү­йен­ сек, кәсіпкерлікті қолдау жөнін­дегі жедел топ жұмысын аяқ­таған соң ауданда кәсіпкерлікті да­ мыту инфрақұрылымының қырсырын толық қамтыған «Кәсіп­ кер­лікті дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған картасы» жа­ салған. Картаға сәйкес ауданға 2014 жылы 239,5 миллион, ал 2015 жылға 250 миллион теңгенің қажеттілігі есептелініп отыр. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі­ нің бас маманы өз сөзінде кәсіп­керлікті қолдау аясында қеңес беруші білікті мамандар кәсіп­ кер­лерге сервистік қызмет түр­-

лерін көрсетіп, кәсіпкерлік қыз­ метті тиімді әрі сауатты жүргізу мақсатында өз бизнесін құру, биз­ нес идеяның келешегін тал­дау, кәсіпкерліктегі маркетинг, қыз­меткерлерді басқару, кәсіпкер­ ліктің заңды тетіктері, тағы да басқа бағыттар бойынша тегін кеңес бергенін айтады. Мыса­ лы, кәсіпкерлікті қолдауға ар­ нал­ған бағдарламаларды ауыл­­ дық округтер тұрғындарына тү­сін­­діру, насихаттау шаралары­ на «Даму» кәсіпкерлікке қол­дау көрсету қоры» АҚ Батыс Қазақ­стан облысы бойынша өңірлік филиалының өкілдері атсалысқан. Аталған қордың жылына екі рет ұйымдастырып өткізілетін екі күндік семинар-курсына 33 тыңдаушы қатысып, тегін кеңес­ тер алған. Сондай-ақ биыл мау­ сым айында «Назарбаев уни­вер­ситеті» АҚ базасында 4 кәсіп­кер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төртінші бағыты – кәсіпкерлік мүмкіндікті арт­тыру бойынша үш күндік биз­ нес-курсқа қатысып, білімін же­ тілдірген. Сол сияқты аталмыш бағдарламаның жаңа бизнес – бастамаларды қолдау жөніндегі бі­рінші бағытына сай аудандағы 4 кәсіпкер тағамдық азықтар өн­ді­ру (пиццерия, шағын наубай­хана), сәулет және компьютерлік қызмет бойынша грант алу үшін облыстық конкурсқа қатысып, өте алмаған. Ал бағдарламаның осы бағыты бойынша үш шаруа

қожалығы өздерінің шаруашы­лық­ тарында электр желілерін өткізу және жол төсеп салу жұмыстарын жүргізеді деп жоспарлауда. – Ауданның табиғат-климаттық жағдайын есепке алғанда кәсіп­ керліктің мал шаруашылығы, құс өсірушілік бағыттары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өң­­деу, азық-түлік тағамдарын өн­ді­ ру және басқа өндіріс салала­рын дамытуға мүмкіндік бар. Алай­да ауылдық жерде несие алу үшін кепілге қоятын жылжымай­ тын мүлік өте төмен бағаланады. Мә­селен, құны 1,5-2 миллион теңге тұратын үй 0,7-1,0 миллион теңге­ге бағаланады. «Жұмыс­ пен қамту – 2020» бағдарлама­сы арқылы 3 миллион теңгеге дейін несие алуға болады. Бірақ жыл­ жы­май­тын мүліктің төмен ба­ға­ ла­нуына берілетін қаржы мөл­­шері кәсіпкерлікпен айналыса­ мын деген тұрғындардың мүм­кін­дігін шектеуде. Сондай-ақ екін­ ші деңгейлі банктердің ауылдық жердегі жылжымайтын мүлік­тер­ ді облыс орталығынан шалғай жат­қандығымен байланыстырып, кепілдікке алмауы да қиындықтың бірі болып табылады. Сонымен бір­ ге несиені рәсімдеу кезінде тиісті ресми құжаттардан басқа қосым­ ша көптеген түрлі анықтамалар мен құжаттарды талап ету де несие алудағы басты кедергілер болуда, дейді Наталья Владимирқызы.

Нұрымбек ЖАПАҚОВ, Жәнібек ауданы


форум Сейсенбі, 12 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Іскерлік қарым-қатынас 10-11 қараша күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында Қазақстан мен Ресейдің Х аймақаралық әріптестік форумы өтті. Дәстүрлі шара биыл «Өнеркәсіп кооперациясы» тақырыбына арналды.

қарқын алмақ

Нұрлыбек РАХМАНОВ, “Орал өңірі” Орал - Екатеринбор – Орал Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

Ө

ндіріс шарықтап, озық технология өрге басқан қазіргі заманда Ресей сияқты ірі елмен бұл саладағы ынтымақтастық біздің экономи­ камыз бен халқымыздың тұрмы­ сына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Оған еліміздің Ресейдің 80-ге жуық өңірімен қарқынды қарымқатынас орнатып, биыл тоғыз айдың өзінде өзара сауда айна­ лымы 18 млрд. АҚШ долларын құрап отырғаны дәлел. Жиын қос ел бизнес өкіл­дерінің көрмесімен ашылды. Бұл екі жақтың кәсіпкерлеріне де өзара тиімді келісімшарттар жа­ сау үшін таптырмас мүмкіндік болды. Екі елдің 30-ға жуық ай­ мағы­нан жиналған кәсіпорындар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жо­баларын ұсынды. Форумға 3 мың­ дай адам қатысты. Көрменің салтанатты ашылу­ында алғашқы сөз кезегін шара өткен Свердлов облысының гу­ бернаторы Евгений Куйвашев алса, Ресейдегі Қазақстан елші­ лігінің кеңесші-елшісі Виктор Те­ мірбаев, Ресей сауда-өндірістік палатасы президенті Михаил Круг шараның маңызына тоқталды. Көрмеге қазақстандық «Қазақ­стан темір жолы» ҰҚ» АҚ, «Азия­ авто» АҚ, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» ААҚ, «Қостанай боркомбинаты» АҚ, «Қазэнер­го­ кабель» АҚ, «Кентау трансфор­ матор зауыты» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «Қазазот» ЖШС, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС, «Ордабасы-Құс» ЖШС сияқ­ты нысандар өнімдерін қойды. Батыс Қазақстан облысынан үш өнеркәсіп нысанының – «Стек­ лосервис» ЖШС, «Crown Батыс» ЖШС және «Орал сауда-өнеркә­ сіп компаниясының» өнім­дері жұрт назарына ұсынылды. Енді бұлардың экспорт көкжиегі ке­ ңейері сөзсіз. Бірінші күн қорытындылана келе, «Уралвагонзавод» ААҚ (РФ) мен «Семейинжиринг» АҚ (ҚР)

бронетанк техникаларын қайта жабдықтайтын ортақ өндіріс орнын ашуға келісімшарт жасады. «Урал­ трансмаш» ААҚ (РФ) мен «АЗТМ» АҚ (ҚР) ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Ресейлік «Пенетрон» ком­ паниясы инновациялық өнімдерін Қазақстан аумағына тарату жөнін­ де «Тобыл» АҚ-мен (ҚР) меморан­ дум жасады. «Тобыл» АҚ ресейлік «Ви­таполярос» компаниясымен Қос­та­най облысында азық-түлік өнім­деріне қаптама шығаратын бірлескен кәсіпорын құруға уағ­ даласты. Ресейлік «Энергосервис» компаниясы қазақстандық «Вагон сервис орталығы» ЖШС-на жаб­ дықтарын жеткізуге келісімшарт жа­ састы. Әл-Фараби атындағы Қа­зақ­ тың Ұлттық университеті Ресейдің бірінші Президенті Б.Ельцин атын­ дағы Урал федералды университеті­ мен бірлесіп «Еуразия-G-GLOBAL» аймақтық орталығын және «Жасыл көпір – ұрпақтан ұрпаққа» еура­зия­ лық платформасын құру жөнінде келісімшартқа қол қойды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлт­ тық университеті ректоры Ғалым Мұта­нов: «Көрмені Урал федерал­ ды университетімен бірлесіп ұйым­дастырдық. Бұл біздің тығыз қа­рым-қаты­насымызды көрсетсе ке­ рек. Біз­дің тарапымыздан 70-ке жуық жоба қо­йылды. Оның ішінде отандық нано жер серігі, нанома­ териалдар қойылды. Мақсатымыз – шетелдермен тәжірибе алмаса оты­ рып, әлемдік деңгейге шығу» – дей­ ді. Ал «Алматы ауыр машина жасау зауыты» ААҚ бас директоры Жетпіс­ бай Едігенов: «Ресейде инжиниринг дамып келеді. «Урал транспорттық машина жасау зауыты» бізге ин­ жиниринг компаниялар бойынша технологиялық құжаттама береді, жетпеген заттарды ұсынады. Бір­ лескен кәсіпорын ашамыз», деді. Калинин атындағы машина жа­ сау зауыты тарапынан «Фламинго» сауда орталығы көрмеге түрлі жүк көтергіш, көше сыпыратын, қар тазалайтын шағын техникаларын

шығарды. Орталық директоры Рафаэль Хайруллин: «Жүк көтер­ гіш шағын техникалар өндірістің бар­лық саласында сұранысқа ие. Қазақстанда «Рахат» кондитер фабрикасы, «Қазхром» компания­ сы, Соколов-Сарыбай кен орны, «Тыныс» АҚ сияқты көп жылдан келе жатқан серіктестеріміз бар. Қазақстанда бізбен жұмыс істейтін өндіріс орындары көбейе түсуде. Бұл көрмеде де кәсіпкерлер өнім­ дерімізге қызығушылық танытып, келісімшарт жасау ниеттерін біл­ діруде» – деді. Көрмеде жұрт назарын аудар­ ған «Азияавто» компаниясының президенті Ерік Сағымбаев ре­ сейлік «АвтоВАЗ»-бен серіктес­ тік аясында ертең Өскеменде жаңа зауыттың алғашқы кірпіші қаланатынын айтты. «Зауытта ма­ шина құрастырып, дәнекерлеп, бояйтын боламыз. Біртіндеп бөл­ шек шығарамыз. Алдағы жеті жыл­ да 500 мың көлік шығарылады деп жоспарлануда. Оның жарты­ сы экспортқа шықпақ. Негізінен «Лада Гранта», жаңа «Лада Калина» және алдағы 2-3 жылда өндіріске қосылатын жаңа «Лада 4х4»-темір тұлпарын маманданатын бола­ мыз» – дейді. катеринборда өткен Х ай­мақаралық форумның екінші күні пленарлық жиын өтіп, оны Ресей прези­ денті Владимир Путин ашып, тө­рағалық етті. Жиынға Қазақ­стан Республикасының Президен­ті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. - Біз бүгінде Қазақстанның 14 облысымен, Астана және Алма­ ты қалаларымен экономикалық байланыстамыз. Әр түрлі салада 200-ден аса аймақаралық келісім­ ге қол қойылды. Қазақстан сау­ да-саттық саласында ең басты әріптесімізге айналды. Соңғы он жылда сауда-саттық төрт есеге арт­ ты. Инвестициялық әріптестігіміз де нығайып келеді. Мұны дамыта түсу үшін қазірден-ақ аймақара­ лық шекаралық ынтымақтастықты

Е

жетілдіріле түскен жаңа форматқа бағыттау керек. 2015 жылы бастау алатын Еуразиялық экономикалық одақты айтып тұрмын. Мерекелік Х форум да соған бағытталды. Ре­ сей, Қазақстан және Беларусь еркін капиталы, тауары, қызмет, жұмыс күші бар нарық құрады. Ол үшін технологиялық, өндірістік бірлес­ тіктерге қарай жүруіміз керек­ тігі түсінікті. Ондаған, жүздеген кәсіпорындарымыздан тұратын тиімді өндірістік желілер құру қажет. Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмысы өзара тиімді кооперацияның жо­ лындағы кедергілерді жойды, деді РФ президенті Владимир Пу­ тин өз сөзінде. Владимир Влади­ мирович екі ел арасындағы жақсы дамыған өндіріс салаларына, та­ уар айналымы көрсеткіштеріне тоқталды. Кейбір уақытша қиын­ дықтардың бар екендігін де тілге тиек етті. - Бұл форум ерекше маңызға ие. Екі ел арасында тату көршілік пен ХХІ ғасырдағы одақтас­ты­қ келісіміне қол қойылады. Бұл Қазақстан мен Ресейдің үшінші мыңжылдықтағы өзара тиімді әріптестігіне сенімді негізі бола­ тынына сенімдімін. Әріптестіктің мәні зор саласы – бүгінгі форум тақырыбына айналған өндірістік кооперация. Бұл жиында екі елдің көтеріп отырған мәселелері де ұқсас. Бізді бизнесті жүргізу­ ге барынша жағдай туғызылған ашық нарық біріктіреді. Қос ел­дің экономикалық дамуының мақ­ сат-міндеттері таңдалды. Ық­пал­дастықты шекаралас өңір­лерде бастағанбыз. Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңіс­ тік құрып, енді Еуразиялық эконо­ми­калық одақ құруға қарай ке­ леміз, - деді өз сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы. Адамзат қоғамының алдағы дамуы үшінші өндірістік революция аясында жаңа жасыл технологияға, энергияның тиімді көздеріне, жа­ңа технологияға қа­ тысты екенін айтқан Елбасымыз

5

енді кәсіпкер­лік қауымдастығы­ ның рөлі арта түсетініне баса тоқ­ талды. Сол себепті Қазақстанның инновациялық жобаларға ерек­ ше назар аударып отырғанын айтқан Президенті­міз «Ехро-2017» халықаралық көр­ме­сінің де осы бағытқа арнал­ғанын әңгімеледі. Екі елдің арасында машина жасау, тау-кен өндірісі, уран, химиялық өндіріс салала­ры бойынша бай­ ланыстың жақсы дамығанын айт­ қан Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің үз­дік кәсіпорындарын атап өтті. Қуат өндірісі саласындағы ын­ тымақтастықтың болашағы зор. Ғылым саласында көкжиек кеңейіп келеді. Сол себепті жаңа техноло­ гиялар саласында қос елдің күш біріктіруін құптайтынын жеткіз­ ді. Келешекте адамзат қуаттың жаңа түрлерін іздеуге көшетінін, соның жолдарын бүгіннен қарас­ тыруымыз қажеттігін бұл жиын­ да да еске салды Нұрсұлтан Әбішұлы. Қазақстандық бизнес өндіріс кооперациясын өзара тиім­­ді жағдайда кеңейте түсуге әзір екендігін кесіп айтқан Пре­ зидентіміз екі ел басшылығының басты мақсаты бизнестің дамуына барынша қолайлы жағдай туғызу екенін жеткізді. лбасымыз келесі жылы дәс­түрлі форумды Аты­ рау қаласында көмірсутек саласындағы иннова­цияларға ар­ нап өткізуді ұсынды. Форумда Ресейдің Аймақтар­ ды дамыту министрі Игорь Слю­ няев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, РФ Экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат До­ саев, РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров, Свер­ длов облысының губернаторы Евгений Куйвашев, Павлодар об­ лысының әкімі Ерлан Арын, Челябі облысының губернаторы Ми­ хаил Юревич, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сөз сөйледі. - Бүгінде Батыс Қазақстан об­лысының әкімдігі Ресейдің көрші­ лес бес облысымен – Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Орын­ бормен және Татарстан Респуб­ ликасымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ын­тымақтастық келісіміне қол қой­ ды. Соған сәйкес түрлі салада өзара тиімді байланыстар орна­ ды. Кәсіпорындарымыз ресейлік өндіріс нысандарымен қауымдастықты кеңейтуде. Мамандар тә­ жі­рибе алмасып тұрады. Көрме­ лер, жәрмеңкелер, бизнес-фо­ румдар ұйымдастырылады, - деп облыс әкімі Нұрлан Ноғаев біраз нақты мысалдар келтіре келе, бұл форумның ықпалымен жаңа әріптестік қарым-қатынастар ор­­нап, тиімді келісімшарттар жаса­лып, бизнестің шекарасы кеңейе­ тініне сенім артты. Соның айға­ ғындай форум аясында бірқатар келі­сімшарттар жасалды. Жиын қорытындысында қос елдің мемлекет басшылары фо­ рум жұмысына жоғары баға беріп, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тату көршілігі мен ХХІ ғасырдағы одақтастығы келісіміне қол қойды.

Е


6

хат-хабар Сейсенбі, 12 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 09000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс): 8 (7112) 51-39-04, е-mail: zapkazakim@westkaz.kz, бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды 1. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімінің бас маманы («Д-4» санаты, 1 бірлік). «Д-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 71 751 (min) теңгеден 96 735 (max) теңгеге дейiн. Функционалдық мiндеттерi: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және қайта құру, елді мекендерді газдандыру бағдарламаларын іске асыру мәселелері, КПО б.в. компаниясымен (өкілеттік шегінде) өзара іс-қимыл жасау, энергетика және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау мәселелері. Же­ текшілік ететін бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Пре­ зиденті Жарлықтарының, өкімдерінің, Үкімет қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының орындалуын бақылау. Облыс әкімі актілерінің жобаларын, облыс әкімдігінің отырыстарына, кеңестерге және жұмыс топтарының отырыстарына материалдар, ақпараттықталдау жазбаларын дайындау. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «Құқық» немесе «Өнер» (сәулет) немесе «Әлеуметтік ғы­ лым­дар және бизнес» (экономика немесе менеджмент немесе есепке алу және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе әлемдік экономика) немесе «Жаратылыс ғылымдары» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» (энергиямен қамтамасыз ету неме­ се электр энергетикасы) немесе «Қызметтер» мамандық­тары бойынша жоғары білім. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағы­ тына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде не­ месе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 4) ғылыми дәрежесінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республи­ка­сы­ның Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Рес­публикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жем­ қорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi ту­ ралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның маманда­ нуына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақ­стан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си ба­ ғыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мін­деттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мем­лекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы («Д-4» санаты, 1 бірлік). «Д-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өт­ керген жылдарына байланысты 71 751 (min) теңгеден 96 735 (max) теңгеге дейiн. Функционалдық мiндеттерi: Облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету және өткізу, комиссия шешімдерінің орындалуын бақылау. Облыс­ тағы, қаладағы немесе аудандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтікэкономикалық және басқа да үрдістер туралы ақпараттарды талдау, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссияның оның пай­да болуына ықпал ететін себептер мен шарттарды жою жөнін­дегі ұсыныстарын дайындау. Ақпараттық-талдау материалда­рын, анықтамалар, жазбалар, кеңестерге материалдар дайын­ дау. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағы­ тына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде не­ месе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 4) ғылыми дәрежесінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республи­ка­ сының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер тура­ лы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртi­бi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның ма­мандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жа­ңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мін­деттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қа­лып­ тастыру қағидалары негiзiнде жүргiзiледi. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәй­кес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырыл­ған көшiрмелерi (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құжат­тарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персонал­ды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәлан­ дырылған көшiрмесi (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құ­ жаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персо­налды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі­нің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер­дің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркел­ ген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгі­ленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өтке­ні туралы қолданыстағы сертификат. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгi­не және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәре­ желер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өз­ге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәлі­ меттер) қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жа­ рияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылуы ке­рек. Конкурс комиссиясының қарауына қабылдау мерзiмiнде қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы жіберілген құжат­тар (құжат тігілетін мұқабада орналастырылған) қабылданады. Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрон­дық пошта мекенжайына электронды түрде бере алады. Кон­ курсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу бас­ талғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында өтеді. Осы лауазымдарға орналасқан тұлғалар үшін көтермелеу шығындары төленбейді, үй және жеңілдіктер берілмейді.

«Казахавтодор» РММ БҚОФ Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 20142018 жж. арналған іс-шаралар жоспары жобасына қоғамдық тыңдалым өтеті­нін хабар­лайды. Тыңдалым 2013 жылдың 18 қарашасында сағат 16.00-де БҚО, Орал қала­сы, Ихсанов көшесі, 44/1 мекенжайында орналасқан «Казах­автодор» РММ БҚОФ ғимаратында өтеді. Мүдделі жұртшылық «Казахавтодор» РММ БҚОФ-та жасалған Қоршаған орта­ны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасы материалдарымен келесі ме­кенжай бойынша таныса алады: ҚР, Орал қаласы, Уральский тупик көшесі, 2-үй, телефон: 87058329799. Жобаның электронды нұсқасын dinara0186@mail.ru электронды поштасы­ нан сұрата аласыздар, сонымен қатар көрсетілген электронды поштаға өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді жібере аласыздар.

МАЭ сотының 12.10.2013 ж. ше­ ші­мімен арыз бо­ йынша «Акунова М.З» ЖК-ның банк­ роттығы туралы азаматтық іс қоз­ ғалды. БҚО, Орал қ., Са­ райшық көш., 61, 3-пәтер.

Баптистердің

бұл қай басынғаны? Дін атын жамылған секталар көптеген адамның санасын улап, жиған-тергенін айтпағанда, отбасы мен Отаны секілді ең қастерлі ұғымдардан безіндіруде. Қазақстанда бұл әрекетке тоқтам салу үшін “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заң қабылданды. Заңға сәйкес, бейбіт тірлікті құптайтын, экстремистік пиғылды көздемейтін діни ұйымдар мен бірлестіктер тіркеуден өтті. Бірақ үй ішінен үй тігіп, өзім білемдікке салынып жатқандары да жоқ емес. Орал қаласындағы Көкшетау көшесінің бойындағы №5 үйде орналасқан өздерін “Евангелистік христиан баптистер шіркеулер кеңесі” деп атайтын күмәнді ұйым – солардың бірі.

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, «Орал өңірі»

10 қараша күні құрамында об­ лыстық дін істері басқармасы, құқық қорғау органдарының қыз­ меткерлері және журналистер бар топ рейдтік сапармен осы мекенжайда болды. Биік көк дуал­ мен қоршалған үйдің іші әндетіп отырған адамдарға толы. Арасын­ да еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін жүр. 36 ересек адам, 26 баланы санадық. 12 бала мек­ тепке дейінгі жаста екен. Лауазым­ ды тұлғалардың заңды талабына бағынғысы келмеген баптистер түскі сағат 12.00-ге дейін әнде­рін үзбей отырып алды. Бұл ән, олардың пікірінше, құлшылық ету. “Құдайымыз Иса пайғамбар, ол жақында келеді, бізді жұмаққа апа­ рады, бізбен бірге болмағандар тозаққа түседі” деп жалғаса бере­тін сектанттардың әдеттегі әләу­ лайы бұл жерде де көрініп тұр. Өзін Кенжетай деп таныстырған қауым мүшесі: “Көзім осы жерге келгесін ғана ашылды, Исаны тап­тым” деп көлгірсіді. Жалпы, бір байқағаны­мыз, мұндағылардың бет-жүзінде эмоция аз, зомбидің күйіне еніп кеткендей әсер қал­ дырады. Ұйым­да конспирация тәртібі қатаң сақталатыны да байқалды. Себебі бақылаушы ор­гандар тарапынан тексеріс тудыр­ мас үшін не жетекшісі, не руха­ ни көсемі жоқ. Болса да айтпай­ ды. Ұйымды тіркетуді тіпті де ойламайды. Жыл басынан бері арнайы белгіленген орыннан тыс жерде, заңсыз құлшылық ету фак­тілеріне байланысты қауым­ның бірнеше мүшесіне әкімші­лік хат­тама толтырылып, милли­он­даған теңге айыппұл салынса да, оны

төлеуге талпынып жат­қан ешкім жоқ. Саламат ЖҰМАҒҰЛОВ, БҚО дін істері басқармасының бас маманы: - Осы заңсыз ұйымның заңсыз діни жоралғылар жасаумен ай­на­ лысқанына бірнеше жыл болды. Өздеріңіз көргендей, бұлар тіркел­гісі келмейді. Осыған байланыс­ты жыл басынан бері біздің басқарма мен құқық қорғау органдары бір­лесіп, ресми тіркелмеген “Еван­ге­листік христиан бап­тис­тер” қауымдастығының мү­шелеріне қа­тысты ҚР Әкімшілік құқықбұ­зу­ шылық туралы заңының 374-1бабы 1-бөлімі және 357-бабының 1-бөлімі бойынша 37 әкімшілік құ­қықбұзушылық хаттамасын тол­ тырдық. Барлығы 2 млн. 778 мың теңгеге айыппұл салдық. Бірақ ол айыппұлдарды қазір ешкім тө­ лемей отыр. Алдағы уақытта заңсыз әрекеттер тыйылмаса, заң­мен қаралған өзге де мәжбүрлеу шаралары жүргізілетін болады. Діни қауымдастықтың әрекеті­ не көршілері де қарсы. “114” қа­ уырт желісіне баптистердің діни әдебиеттерді заңсыз таратқанды­ғы туралы шағым түскен. Осы Көк­ шетау көшесінің тұрғыны Ольга Неплях та бұл жайларды растады. “Олар менің екі баламды сектаға тартпақ болып, қолдарына діни әдебиеттер берген. Осы үйге көлік көп келеді. Әсіресе, сәрсенбі мен жексенбіде кешкі 23.00-ден кейін құлағымызға тыным жоқ. Кіредішығады, ән салады, кішкентай сәбилерін де көк ала қойдай қы­лып сабап жатады. Біздің сұрай­ тынымыз - осы сектаны жабу ке­ рек”, - дейді Ольга. Рейд соңында тіркелмеген қа­уымның бірнеше мүшесіне әкім­ шілік хаттама толтырылып, айып­ пұл салынды.

Антоний әкей, Орал және Ақтөбе православие епархия­сы­ ның архиепископы: - Баптистер сектасы елімізде осыдан екі-үш ға­сыр бұрын пайда болса, иеговашылар онан ке­ йін өмірге келді. Бәрі де христиан дінінің атын жамылған, іс жүзінде оның жөн-жоралғысымен санасқысы келмейтін топтар. Қасиетті Інжілдің кейбір қағидаларын міндетті санамайды. Әсіресе, ресми биліктің қоғамдық-саяси, әлеуметтік мән-маңызын мойындауға қарсы. Сондықтан ресми православие бұл ағымдарды «христиандық» деп есептемейді, олармен қарым-қатынасқа үзілді-кесілді қарсы. Өйт­кені олармен айтысып-тартысудың қажеті жоқ. Ақиқатты мо­йындату қиын. Бірақ ондайға бармаймыз. Бізде дін бостандығы бар. Қазақ жерін­ де ислам мен христиандықтың православие тармағы өзара сыйластық пен ынтымақ жағдайында өмір сүруде. Елбасымыз Н.Назарбаев «Ис­лам мен православие - Отанымыздың қос рухани қанаты» деп бекер айт­паған. Ресми христиандықтың бір тармағы ретінде мемлекетті сыйлаймыз, заңына бас иеміз. Православ христиандарын Отанды сүюге, мемлекетті құрметтеуге және имандылыққа шақырамыз. Әрі өзге дін өкілдерімен та­ тулықты уағыз­даймыз. Өйткені Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы басшылық еткен Қазақстан Республикасы рухани өмірімізге барлық қолайлы жағдайды жасап отыр, жасай береді де. Қашан да Елбасының саясатын қолдаймыз!


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 12 қараша 2013 жыл

7

Рамазан Хажымұлы ТАУКИН 2013 жылдың 9 қарашасында Ұлы Отан соғысының ардагері, милиция полковнигі Рамазан Хажымұлы Таукин өмірден озды. Рамазан Хажымұлы Таукин 1920 жылдың 5 шілдесінде Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы­ на қарасты Базаршолан ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Орал қаласындағы №4 орта мектепті тәмамдаған. Мектеп бітіргеннен кейін Қазақстан ЛКЖО Камен ау­ дандық комитетінде екінші хат­ шы болып қызмет атқарды. 1939 жылдың қарашасында әскерге алынып, КСРО Қарулы күштері қатарында Украинада, Виницк облысында әскери міндетін ат­ қарды. 1940 жылы Солтүстік Бу­ ковина және Бессарабия аумағын азат ету жорығына қатысады. 1941 жылдың жазында екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Рамазан Таукин алғашқы күнненақ майдан шебінен табылды. 1944 жылы Беларусь және Польшаны азат етуге арналған «Багратион» операциясына қатысқан Р.Таукин Минск, Калинковичи, Баранови­ чи, Бобруйск, Варшава, Данциг, Гданьск, Штеттен қалаларын азат

етуге де атсалысты. Отан қорғаудағы жанқиярлық ерлігі үшін Р.Таукин Қызыл Жұлдыз орденімен, І-ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен және 17 жауынгерлік медальмен марапатталған. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан соң ол Қаратөбе, Чапаев, Жым­ питы аудандарының партиякеңес құрылымдарында жауапты қызметтер атқарды. 1951 жылы Қазақстан Ком­ партиясы ОК жанындағы Жоға­ры партиялық мектепке оқуға түсіп, бертін келе Қазақстан ком­ партиясы Батыс Қазақстан об­ комында лауазымды қызметтер­де істеді. 1966-74 жылдары Қазақ ССР ІІМ құрылымдарында қызмет етіп, ІІМ полковнигі дәрежесімен зей­ нетке шықты. Жылдар бойғы қа­ жырлы еңбегінің нәтижесінде Р.Таукиннің жауынгерлік-әскери марапатына бейбіт заманда Ең­бек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі”, ор­ дендері және көптеген медаль­ дар қосылды. Ол Отан мүддесі мен ортақ іске білім-білігі мен қажыр-қайратын сарқа жұмсаған

Орал қаласының тұрғыны болған, аяулы жар, асыл ана, ардақты да алтын әжеміз Райхан Елеу­баева ортамызда болғанда, бүгін, 12 қараша күні 62 жасқа толғанын тойлар едік. Әттең, сұм ажал арамыздан ерте алып кетті. Мынау өмір қарамас жасыңа да, Кеудемізде сағыныш басыла ма! Төрімізде тұрасың әрдайым да, Аяулы жар, ақ әже, асыл ана!

нағыз азамат еді. Рамазан Хажымұлының іскер ұйымдастырушы, тамаша жол­дас, үлгілі отағасы ретіндегі жар­қын бейнесі батысқазақстандық­ тардың жадында әрдайым сақ­ талады.

Н.Ноғаев, М.Құлшар, К.Нығмет, М.Мұхамбетов, Б.Жұмағалиев, С.Шәпкенов, М.Кәрімов, С.Сүлеймен, А.Бадашев, Б.Мәкен, Е.Салықов, М.Тоқжанов, А.Көлгінов, М.Әбисатов

Еске алушылар: жұбайы Темірхан, бала, қыздары Шапағат-Айжан, Арман-Эльмира, немерелері Алдиярхан, Мұхамедияр, Даниял, жиендері Әділ, Аделина, Әдия

Қаратөбе ауданы Қалдығайты ауы­лының, кейін Орал қаласының тұр­ғы­ны бол­ған құдамыз Баймұрат Жолбас­шыұлы Лұқпанов егер де ортамыз­да болса, 16 қарашада 50 жасқа толар еді. Құдам едіңіз, қадірлі өткен ардағым, Аз күн ғұмыр кешсең де адалдықтан танбадың. Қамығады балалар сізді ойлаумен әрдайым, Амал бар ма, пейіште шалқысыншы әз-жаның.

Еске алушылар: құдасы Бекбау, қыз күйеуі АнарЖаннұр, жиендері Бексұлтан, Нығыметтолла, Айсара

«Мен және менің полицейім»

Таяуда қаламыздағы №40 орта мектепте оқушыларды полиция жұмысымен таныстыру мақсатында дәл осындай тақырыпта акция өтті. Салтанатты шара мектебіміз­ дегі «Жас ұлан» ұйымының және «Жол қозғалысының жас инспек­ торлары», «Қыран» атты жас по­ лиция топтарының сап түзеуімен ашылды. Содан соң акцияның жоспары, «Тоқта!», «Назар аудар!», «Жол ашық!» пәрмендерімен жаяу жүргіншілерге арналған жол бел­ гілерін пайдалану мен жолда жү­ру ережелерінің бағыт-бағдарла­ры таныстырылды. Жолда, көшеде жүру ережеле­ рін сақтау мақсатында 1-4 сынып оқушыларына арналған «Жол ере­жесін білейік!» атты ертегі са­ба­ғы «Жолдос көмекке асығады» мульт­фильміне ұласты. Ал 5-7 сы­-

нып оқушылары үшін «Мен – бо­­лашақ по­лицей» атты құ­қық­тық дәріс сабағы ұйым­дас­тырылды. «Біздің инспек­тор» тақырыбында өткен дөң­ гелек үстелге мекте­бі­міздің инспекторы, полиция капи­та­ны Мирғали Сапарғалиұлы қа­ты­сып, полиция қыз­меткер­ ле­рінің қиын да қызықты жұ­мы­сы туралы әңгімеледі. 8-10 сынып оқушы­ла­рына арнал­ған «Аңдап басқын аяқ­ты, жас ұлан!» шарасы өткізілді. Он­да жол-көлік оқиға­ларының сал­дарынан болған жайсыз жағ­­дайлар жөнінде бейне­фильм көр­сетілді. Артынан «По­лиция – дос әрі қорғаушы» та­ қырыбында өт­кен басқосуда әр­кім өз ойларымен бөлісті. Акция флеш-мобпен қоры­тын­дыланып, шараға белсене қатыс­ қандар алғысхаттармен марапат­

Жоғары қабілетті және сәу­лелік жүк­теме­сі ай­тар­­лық­тай тө­­мен соң­­ғы үлгі­­де­гі аппарат­та компью­терлі­к то­мог­ра­­­фия (қа­бат­тал­ған рентгенология) өт­­­­кі­зіледі. Мекенжайымыз: Орал қа­ла­сы, Есен­жа­нов көше­­сі, 19-үй (“Омега” зауыты ау­да­ны). “Ме­ди­циналық ор­талық” ЖШС. Анықтама алу үшін телефон: 53-72-59.

Жарамсыз деп танылсын Батыргалиева Зарина Бауыржановнаның атына 08.06.2011 жылы №30 ЖОББМ берген №0278 сериясы 743 орта білім туралы аттестат жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Ұлы Отан соғысының арда­ гері Таукин Рамазан Хажымұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен тума-туыста­ рына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

талды.

2013 жылғы 13 қарашада сағат 15.00-де орман қоры жерлеріне жататын Жәңгір хан көшесі бойы, Атырау қ., - Саратов қ. автожолы, демалыс және мәдениет саябағы ауданында және Желаев авто­трас­сасы ауданындағы жерлерді Орал қаласының елді мекен жерлер санатына аудару жөнінде қо­ ғамдық тыңдаулар өткізіледі. Мекенжайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даң­ғылы 182/1, Орал қаласы әкімдігі ғимаратының кі­ші залында, 2-қабат, материалдармен Батыс Қа­зақстан облысының жер қатынастары басқар­ма­сында танысуға болады. Анықтама телефоны: 8 (7112) 50-05-61

Сандуғаш ЖУМИЕВА, №40 орта мектеп директорының орынбасары

«Халесов Ж.Р.» ЖК (860721301859 куәлік­ тің сериясы 12915 №0631663 08.11. 2013 ж.) өз жұмысын тоқтатқан­ дығын хабарлайды.

Облыстық және қалалық ардагерлер кеңесі, облыстық ішкі іс­тер департаменті соғыс және еңбек ардагері Рамазан Таукиннің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-жуық­ тарына қайғырып көңіл айтады. Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, Орал газ, мұнай жә­не салалық технологиялар колледжінің ұжымы колледж дирек­торы Серік Хайырұлы Мұхамбеталиевке аяулы анасы Назираның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 15872, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: ұ.сариева


8

керуен сарай Сейсенбі, 12 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

13 қараша – халықаралық зағиптар күні

“Қос жанарым – отбасым” Жарық дүниені өз көзіңмен көре алмаудан артық қасірет жоқ шығар дейсің. Бірақ маңдайға жазылған тағдырына мойынсұнбай, қиындыққа қарсы тұрған қажырлы жандар да жетерлік. Солардың бірі – Сансызбай Досқалиев. Сансызбай аға көз жанары көр­ месе де, өз өміріне шүкіршілік ете­ ді. Жолдасы Үмітай Нәсіпқызының бүгінгі өмірі жұмыстан үйдегі жұ­ байына асығып, сәл де болсын мұңын сейілтумен өтіп жатыр. Ағамыз осыдан 5 жыл бұрын авто­ көлік жүргізушісі болып қызмет еткен еді.

- Жаратушы Алла адам баласы­ на жеті күнде жаралған көк пен жердегі табиғаттың кереметін кө­­руге көз берді. Бірақ бұл ба­ қыт маған 50-ден асқаннан кейін бұйырмапты. 2007 жылғы нау­рыз айынан бастап көзімнің көруі на­ шарлана бастады. Дәрігерлер көз­ дегі қан қысымы деген диагноз қойды. Ақ халаттылардың алдына қанша барсам да, ендігі уақытта

көзіме ешқандай емнің көмек болмайтынын ескертті, - деп өткен өмірін сағынышпен еске алды. - Қазір ойласам, адам үшін ең­бек еткеннен бақытты, қуанышты уа­ қыт жоқ екен. Қол-аяғы балға­дай, дені сау жандар еңбектен қаш­ пауы керек. Еңбек адамның өмі­ ріне күш береді, - дейді. Ағамыз жұбайы Үмітай апай мен балаларының амандығын ті­ леумен келеді. Өйткені «қос жа­ нарым – отбасым» деп отбасының арқасында ел қатарлы өмір сүріп отырғанына өзін бақытты санай­ ды. Өмірдің ащысы мен тәттісін бірге татып келе жатқан олар ұлқыз тәрбиелеп өсірген аяулы жан­ дар. Иә, Сансызбай аға айтқандай, қол-аяғы балғадай азаматтары­мыз ең­бек етуге жалқауланып, отба­сы бақы­тын таптағандар қаншама?! Осын­дай жігерлі жандарды көріп, бар­лық адам өз өмірін бағаласа екен де­­ген ой келеді.

Жұлдыз АСҚАРҚЫЗЫ, Қазталов ауданы

Қан денсаулық үшін Облыстық қан орталығында ақысыз донорлық шара өтті. Игі іске БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының

Студенттер күніндегі спорттық сайыс Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының және Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен «Орал» студенттер альянсы» корпоративтік қоры Халықаралық студенттер күніне орай жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының оқушылары арасында спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырды. БҚИТУ-дың спорт залында өткен сайысқа 10 команда қа­ тысты. Волейболдан І орынды Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы, ІІ орынды эконо­ мика және ақпараттық техно­

логиялар колледжі, ІІІ орын­ ды Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі иелен­ ген болса, баскетболдан І орын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, ІІ орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мем­ лекеттік университеті, ІІІ орын Батыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне бұйырды. Ал №7 жалпы орта білім бе­ ретін мектебінің спорттық ала­ ңында шағын футбол ойыны өткізілді. Доп додасында І орын­ ды Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, ІІ орынды М.Өте­ місов атындағы Батыс Қа­зақ­ стан мемлекеттік универси­те­ ті, ІІІ орынды экономика және ақпараттық технологиялар кол­ леджі иеленді.

Өз тілшіміз

қызметкерлері атсалысты.

Ақысыз ерікті донорлық акция­ лары біздің аймақта үнемі өткізі­ ліп тұрады. Бұлардың барлығы ҚР денсаулық саласын дамыту мақ­сатында 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясын­ да жүзеге асырылып келеді. Қан орталығының донорлық кадр­ ларды құру бөлімінің меңгерушісі Ақкүміс Нұржанованың айтуынша, бүгінгі таңда ақысыз ерікті түрде қан тапсыру өмірлік маңызды дәрілерді алудың жалғыз ғана көзі саналады. БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері ерікті донорлық акциясын 17 қа­ раша – Бүкіләлемдік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне орайластырып отыр. - Қазақстан бұл әлемдік қоз­ ғалысқа шамамен бес жыл бұрын қосылды. Әкімшілік полиция бас­­­қармасының қызметкерлері үне­­мі донорлық көмек көрсетіп ке­­ле­ді, қазіргі акция да солардың қа­тарында. Бүгінгі акцияға бар­ лық жеке құрам атсалысуда. Біз ақысыз қан тапсыру арқылы жолкөлік оқиғаларынан зардап шек­ кен жандарға көмек қолын со­зу­ды мақсат тұттық, - дейді БҚО ІІД әкім­

Бадминтоншылар шілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция подпол­ ковнигі Нұртай Лезов. Басқарманың көптеген қыз­ меткерлері – тұрақты донорлар, мысалы, Руслан Довкариев 15 рет қан тапсырған екен. - Бұл – біздің қанға мұқтаж жан­дарға көмегіміз, ЖКО-дан зар­ дап шеккен азаматтарымыздың денсаулығын қалпына келтіруге қосқан үлесіміз. Мен қанды алғаш рет тапсырып тұрған жоқпын, бұл істі өзімнің азаматтық борышым деп санаймын, - деп атап өтті по­ лиция капитаны Асқар Сәлімов. - Әлемдік тәжірибеден байқа­ ғанымыздай, ақысыз, ерікті до­

норлық қан және оның құ­ра­мы қа­уіпсіздігінің жоғары дең­ге­йі­не ке­піл болады. Біз полиция қыз­мет­ керлеріне өздерінің до­нор­лық қозғалысқа қатысулары арқылы бізге көрсетіп отырған зор қол­ даулары үшін алғысымыз шексіз. Барлық донорларға ден­сау­лық пен амандық тілейміз, - деді қан орталығы донорлық кадр­ларды қалыптастыру бөлімінің меңгеру­ шісі Ақкүміс Нұржанова.

Галина САМОЙЛОВА Суретті түсірген Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ

“Энергия” фитнес ­ р­талығында өткен о аптаның демалыс күндері бадминтоннан БҚО ашық біріншілігі болып өтті. Жарыстың ашылу салтана­ тында облыстық туризм дене шы­нықтыру және спорт бас­қар­ ма басшысының міндетін ат­қа­­ рушы Ә.Нұрмұханов сөз сөй­леді. Жарысқа қатысушы спорт­шы­ лар­ды құттықтап, жеңіс тіледі. Аталмыш додаға көрші­лес Сара­ тов, Балаков, өзіміздің Қос­танай облысынан және Бөрлі аудан­ да­рынан 70-ке жуық спортшы­ лар қатысып, бақтарын сынады.

бәсекесі

Осы жарыста әйелдердің жеке­ лей сынында Е.Яковлева (Қос­ танай), ерлердің жекелей сы­ нында С. Ержақанов (Қостанай), әйелдердің жұптасқан сы­нын­да Е.Яковлева (Қостанай), С.Гри­ горьева (Балаков қ. РФ), ерлер­ дің жұптасқан сынында С.Ер­жа­ қа­нов, Е.Әлембаев (Қос­танай), ара­лас жұптасқан сында С.Ер­ жақанов, Е.Яковлева (Қостанай) жеңіс тұғырынан көрінді.

Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ, Орал қаласы


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.