154

Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

-3 С - 11 С 0

0

Сенбі, 21 желтоқсан 2013 жыл №154 (19915)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

oral_oniri@inbox.ru

Президенттік шыршаның

қоғам

шамы жанды Сандық телехабар өңірімізге жетті

3

ауыл-аймақ

2

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Қысқа-нұсқа

.

Ақжайық ауданының халқы жерлестері, танымал жыршытер­меші Қаламқас Орашеваны лайықты мақтан тұтады. Не бары 35 жасында жасындай жарқ етіп, жұлдыздай ағып түскен Қа­ ламқастың туған жері Алға­бас ауылында оны еске алу шарасы өтті. Оған Қ.Орашеваның жо­лын қуған сіңлісі Мейрамгүл мен күйеу баласы Мақсат Тілепберген, қызы Ақмарал қатысып, өнер көрсетті. Көмейіне даланың боз­­торғайы ұя салған, «Нарқыз» атанған әнші туралы жүрек тол­­ қыт­қан естеліктер айтылды. Ау­ данның ән мектебінің өкілдері ол шыр­қаған жыр-термелерді әуелетті. Әншіні еске алу кеші кеше аудан орталығында жалғасты.

.

Оралдағы №10 мектептің спорт залында «Намыс» спорт

клубының ұйымдастыруымен 21-22 желтоқсан күндері қазақ күресінен жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнир өтеді. Жарыстың ашылу салтанаты 21 желтоқсан күні 16.00-ге белгіленген. Сондай-ақ 21 желтоқсан күні таңғы сағат онда таэквондодан №16 мектептің спорт залында «Намыс» спорт клубының ашық біріншілігі басталады. Екі күн бойы өтетін бұл сайыс барысында жасөспірімдер мен жастар һәм таэквондомен айналысатын бойжеткендер татамиге шықпақ.

.

Теректі ауданы Федоров ауылында саз мектебінің ғимараты бой көтермек. Аталмыш құрылыстың жұмысына жергілікті бюджеттен 60 млн. теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда «ДалаСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі құрылыс жұмысын жүргізуде. Жалпы құрылыс кө­ле­мі 1227, 10 шаршы метрді қамти­тын саз мектебінің ғимараты ақ­пан айында пайдалануға бері­ леді деп күтілуде.

.

Таяуда Талдықорған қала­ сында индрохоккейден қыздар арасындағы ел чемпионаты мә­реге жетті. Осы біріншіліктен негізінен №1 балалар мен жасөс­пірімдер спорт мектебіне қатысты спортшылардан жа­­сақ­ талған облыс құрамасы күміс медальмен оралды. Ғ.Байсарина баптайтын команда са­пындағы Э.Мәлікова, Ю.Кип­кина, Н.Баша­рова, Ж.Қайырлиева, Д.Хайро­ше­ва, А.Өтепберген се­кілді хоккейші­ лер шебер ойын өрнектерімен ерекшеленді. Өз тілшілеріміз

Ақсай жақта айшықты істер баршылық

7

«Парыз – 2013» сыйлығы – «Зенитте» Отандық кеме жасау ісінің көшбасшысына айналған Оралдағы «Зенит» зауыты «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының жеңімпазы атанды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Қоршаған ортаны қор­ ғау министрлігі, Қазақстан­ның «Атамекен одағы» ұлттық эко­но­микалық палатасы және Қа­зақстанның кәсіподақ­тар фе­дерациясы бірлесе ұйымдас­ тырған бұл байқау­дың мақсаты жеке кәсіп­кер­лік субъектілерін әлеуметтік мәселелерді шешу­-

ге жұмылдыру, іскерлік әріп­ тестік­ті нығайтып, тиімді келі­сім­дерге тұрудың аясын кеңей­ ту болып табылады. «Үздік ұжымдық келісімшарт» аталымы бойынша топ жарған оралдық кәсіпорын кеше Астана қаласында өзге де үздіктермен бірге салтанатты түрде марапатталды.


2

АҚПАРАТ Сенбі, 21 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Президенттік шыршаның Кеше облыстық қазақ драма театрында Президенттік шырша өтті. Мерекелік шыршаның шамын об­лыс әкімі Нұрлан Ноғаев жақты. Бұл шыршатойға Орал қаласы мен облыс аудандары­нан 160 балдырған қатысты.

шамы жанды

М

ген. «Елбасымыздың, Ұлт Көш­бас­­шысының бұл құттықтауына қо­­­сы­­ла отырып, сіздерді Жаңа жылда­рыңмен құттықтаймын. Осы жы­ лы бәріңіз оқуда, спортта, өнер­де алдыңғы қатарда бола біл­ді­ңіздер. Келер 2014 жылы да атаана, аға-апаларыңыздың, мұға­ лімдеріңіздің айтқанын тыңдап, жақсы жетістіктерге жетулеріңіз­­ге тілекшімін», деді облыс әкімі. Дәстүрлі жаңажылдық кеште Қазақ елінің символдары Барыс, Алтын адам, Қыран төрден көрінді. Көріністерге қатысқан ертегі кейіпкерлері – Қар патшайы­мы мен Мыстан кемпір, Қожа­ насыр, Дәу, шетелдік мультфильм кейіпкерлері Шрек пен жо­ға­ры­

Кеше «Батыс Қазақстан электр торап­тарын тарату компаниясы» АҚ-ның мәжіліс залында энер­ ге­тиктердің кәсіби мерекесі күніне арналған жиын өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев қатысты.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі» «Батыс Қазақстан электр тораптарын тарату компаниясы» АҚның басқарма төрағасы-директоры Қуат Мусин шараны ашып, әріптестері мен сала ардагерле­рін кәсіби мерекемен құттықтады. – Соңғы жылдары өңірімізде, облыс орталығында жаңа шағын­ аудандар бой көтеріп, әлеумет­тік, мәдени нысандар тұрғызылып, халықтың әл-ауқаты арта түсуде. Со­ған байланысты электр қуатын тұтыну көлемі де жылдан-жыл­ ға қарқын алып келеді. ««Батыс Қазақстан электр тораптарын тарату компаниясы» АҚ алдағы үш

Нұрлыбек НҰРЛАНҰЛЫ, «Орал өңірі»

Ауыл әкімдері тест тапсырмақ

Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі»

онитор арқылы Елба­­сының балдыр­ғандар­ға арналған жаңа­­жыл­ дық бейнеқұттықтауы берілді. Оны балалармен бірге тыңдаған соң, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасының құттықтау хатын оқып берді. Кешке қатысушы әр ба­ лаға жолданған бұл хатта «Айналайын, сені Жаңа жылыңмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл­да шуақты күндерің мол болсын! Бұл жыл саған жақсылықтар әкеліп, жаңа табыстар мен жетіс­ тіктерге жеткізсін. Жаңа жылда ойлаған арман-мақсаттарыңның орындалуына тілектеспін. Қа­зақ­стан Республикасының Прези­­ден­ ті Нұрсұлтан Назарбаев» делін-

Бейсенбі күні Премьер-министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкiмет отырысы өтті.

дан өрмелеп түскен Өрмекші адам да балалардың кешін әр­ лендіріп жіберді. Түрлі ойындар ұйымдастырылып, би биленді. Ортаға шанамен сырғып жеткен Аяз ата мен Ақшақар балаларға игі тілектерін арнаса, өтіп бара жатқан Жылан жылы ізгі тілектер жазылған тұмарды келер жылдың иесі Жылқының мойнына ілді. Кешке қатысушы әр бала Пре­­зиденттің жаңажылдық сыйлы­ ғы­на ие болып, тәттіге мол дас­­тар­қанның ырыздығына кенелді. Салтанатты шара соңында балалар облыс әкі­мімен естелік суретке түсті. Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасының» іске асырылу барысы туралы ҚР Еңбек және ха­лықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова, Қазақ­стан Республикасының аума­ғын ұйым­дастырудың бас схемасы­­ның негізгі ережелері туралы ҚР Өңiрлiк даму министрiнiң бi­рiн­шi орынбасары Қайырбек Өс­кен­ баев баяндады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері, тамақ өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі жоспары талқы­ ланды. Отырыс барысында Тамара Дүй­сенова аталған бағдарлама басталғалы қол жеткен табыс­ тар­­ға, көрсеткіштерге тоқталды. «Бағ­дарлама басталғалы жалпы көлемі 35 млрд. теңгеден астам қаржыны 17 мыңнан астам ша­ғын несие ретінде алды. 13 мың­ нан астам адам жеке кәсіпкер ретінде салық төлеу органына тіркеліп, бүгінде олар зейнетақы түсімдерімен тек өздері емес, өз­гелерді де қамтып отыр. Бағ­дар­ ламаның екінші бағыты бо­йын­ ша қайта ашылған жұмыс орын­дарының 62 пайызы ШҚО, БҚО мен ОҚО-ға тиесілі» деді министр. Министр Дүйсенова 2014 жыл­дың I жартыжылдығында ауыл­ дық округ әкiмдерi «Жұмыс­пен қамту – 2020 жол картасы» бағ­ дарламасының бағытта­ры мен құ­ралдарын қаншалықты біле­тіні жөнінде тест тапсыратынын хабарлады. Министрдiң айтуынша, бағдарлама бойынша бiлiм беру үздiксiз жүргiзiлмек. Келесi жыл­дан бастап халық арасынан мақ­ сатты топтарды оқыту көз­делген. Премьер-министр бағдарла­ма­ның іске асырылуына жауапты басшылардың бағдарламаны же­ тік білулері тиістігін, әлі де халық

арасына түсіндіру-ақпараттық жұ­мыстарды жетілдіре түсу керектігін айтты. Әр аймақтағы аталмыш бағдарламаның орындалуын тек­серуге жұмыс тобын жіберуге тапсырма беріп, қатаң бақылауға алуды тапсырды. ҚР Өңiрлiк даму министрiнiң бiрiншi орынбасары Қайырбек Өскенбаев өз баяндамасында: «Мем­лекет басшысының Қазақ­ стан халқына арнаған Жолдауына сәйкес, Қазақстан Республика­сы аумағын ұйымдастырудың бас схе­­­масы әзiрлендi. Бас схема – қол­ даныстағы заңнамаға сәйкес, рес­­публиканы аумақтық дамыту ст­ ра­тегиясын анықтайтын қала құ­рылысының негiзгi құжаты. Да­­йын­дау үрдісінде ол қала құ­ры­­ лысы шеңберiнен асып, елдi да­­ мытудың экономикалық және ау­мақтық жоспарларын қамтиды», - дедi. Бас схеманы әзiрлеуге жа­ қын және алыс шетелдiң қала құ­рылысы, экономикалық және IТ-бе­йiндi жетекшi ғылыми-зерттеу және жобалық институттары қатысқан. Бас схемада өңiрлердiң жаңа индустриялық деңгейге шы­­ғуының мүмкiндiктерi зертте­ліп, шикiзаттық базасы мен адам ка­ питалының, тиiстi бейiндi ғылы­ ми-зерттеу және бiлiм беру ме­­кемелерiнiң әлеуетiн ескере оты­­рып, негiзгi орындар мен серпiн­дi даму аймақтары анықталған. Бас схемаға Үкімет мүшелері бірауыздан дауыс бергеннен соң Үкiмет басшысы Серiк Ахметов: «Бас схема жобасы екі жылдай қа­рал­ды. Өңірлердің, ғалымдар­дың пікірі ескерілді. Премьер-министр кеңсесiне қаулы жобасын қол қоюға енгiзуді жүктеймін. Өңiрлiк даму министрлiгiне аумақ­ тарды ұйымдастырудың бас схе­ масын бекiтудi тапсырамын», – дедi.

Озат энергетиктерге сый-құрмет

жыл­ға арналған инвестициялық бағ­дар­лама жасады. Оның іске асуы энергетикалық шаруа­шы­лық жұмысының сенімділігін артты­рады, техникалық ысырап­тың, пай­­­далану шығында­ры­ның аза­ю­ын қамтамасыз етіп, тұтынушылар­ға берілетін электр қуаты­ның са­пасын жақсар­тады, – деді Қуат Мусин. Оның айтуын­ша, ком­па­ нияның қызмет көрсету ай­ма­ғы ұлғайып, жаңа энерге­ти­калық ны­сандар іске қосылуда, қол­да­ ныстағы энергото­раптар қай­та құралымдалып, жаб­­дықтар жаң­ғыртылуда. 2001 жылдан бері заманауи саймандармен жаб­дық­­талған екі қосалқы станция, қуа­ты 10 кВ 10 таратушы бекет, 162 транс­форматорлық қосалқы стан­-

ция іске қосылды. Сондай-ақ қол­ даныстағы 0,4-10кВ кәбілдік және әуе желілеріне қай­та құры­лым­дау жұмыстары жүр­гізілуде. – 2000 жылдың басында облысымыз электр қуатының 90%-ын сырттан тасымалдайтын болса, бүгінгі таңда техникалық себеп­терге байланысты қуаттың тек 5%-ын Ресейден алудамыз. Тәуел­ сіздіктің арқасында өңіріміз энер­ готәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл салада алдағы уақытта да ат­қарылар жұмыс көп. Зеленов ау­ данында газтурбиналық және Жәнібек ауданында қуаты 6 мВттық станса құрылыстарын салу жө­нінде облыс әкімдігімен ме­ мо­рандумға қол қойылған. Ел­ба­сының тапсырмасымен 2015 жы­лы итальяндық «Eni» компания­ сымен Пойма ауылы маңы­нан қуаты 150 мВт-тық газ тур­би­­на­ лық стансасын салу жұмыс­та­ры

басталады деп күтілуде. Осы жұ­­мыстардың барлығы қуат­қа де­ ген өсіп отырған сұранысты қа­на­­­ғаттандырады, – деген облыс әкі­ мінің орынбасары Алмаз Бадашев жылдың қай мезгілінде де облы­сымызды жылумен жә­не жа­рық­ пен тұрақты қамтып отыр­ған са­ла қызметкерлерін, ардагерлерді төл мерекесімен құттықтады. Энергетиктерді Орал қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Елу­ баев, «БҚЭТК» АҚ директорлар ке­ңесінің төрағасы Яхия Чудров және аталмыш қоғамның біріккен кәсіподақ ұйымының төрағасы Ио­сиф Мұхамбетжанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Виктор Графкин, «БҚЭТК» АҚ-ның грант ие­ гері, Жәңгір хан атындағы БҚАТУдың студенті Әйгерім Нығметова құттықтап, қиын да қажетті кәсіп иелеріне игі тілектерін жеткізді. Салтанатты шарада сала қыз­­-

меткерлерінің бір тобы облыс, қа­ ла әкімдерінің және атал­­мыш компания басшылығы­ның алғысхат­тары­мен, енді бір тобы «Қазэлектр кә­сіподағы» орталық комитеті­нің, ҚЭ ассоциациясының Құр­мет грамотасымен марапаттал­ ды. «БҚЭТК» АҚ директорлар ке­ ңесінің төрағасы Яхия Чудровқа ТМД елдері арасында энергетика саласы бойынша интеграциялық үр­дістердің дамуына қосқан үле­сі үшін «Тәуелсіз мемлекет­тер дос­ тастығының еңбек сіңірген энергетигі» және бір топ қызметкерге «Қазақстан электр энергетика­лық ассоциациясының еңбек сіңірген энергетигі», «ҚЭА энергетика ардагері» құрметті атағының бері­ луіне орай куәлік пен төсбелгі­лер тапсырылды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.


ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru Кеше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен Индустрияландыру күні шеңберінде еліміздің барлық облыс орталығы және Маңғыстау облысы толығымен сандық телехабар тарату желісіне қосылды.

Сенбі, 21 желтоқсан 2013 жыл

Сандық телехабар өңірімізге жетті «Кублей» – «Алтын сапа» иегері

Еламан ӘЙПІШЕВ, «Орал өңірі»

О

сы күні «Қазтелерадио» АҚ Батыс Қазақстан облыстық радио-телехабар тарату дирекциясында сан­ дық телехабар тарату желісінің іске қосылуының тұсаукесері өтті. Шараны Батыс Қазақстан об­лыстық радио-телехабар тарату дирекциясының директоры Иль­дар Қаюбалиев ашып, жинал­ ғандарға сандық телехабар тара­ту желісінің артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы кеңінен ма­ғұлмат берді. – Әзірге сандық телехабар сиг­налы Орал қаласы мен Зеленов және Теректі ауданы айма­ғы­на ғана таратылады. Біз 2015 жылға дейін облыстың бар­­лық ауданы­на сандық те­ле­ха­бар же­­лі­сін қо­суды жоспар­лап отыр­мыз, – деді Ильдар Тал­ғатұлы. – Бүгін бәріміз қуанышты сәттің куәсі болдық. Осы кезге дейін об-

лыс тұрғындары телехабарларды бұрынғы радио-телехабар тарату станциялары арқылы көріп келді. Енді, міне, қазіргі заманғы жаңа технология жетістіктерінің жемісін көре бастадық. Қуаныштарыңыз құтты болсын, - деді тұсаукесер рәсімінде сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенова.

«Қазақстан» телерадиокорпо­ рациясы» АҚ Батыс Қазақстан об­ лыстық филиалының директоры Асланбек Ғұбашев «Бүгін - облыс тұрғындарының көптен күткен арманы орындалған күн болды. Сандық телехабар тарату желісі мен бұрынғы тарату станциялары таратқан хабарлардың арасы жер мен көктей», - деп әріптестерін

қол жеткізген табыстарымен құт­ тықтады. Сандық телехабар тарату же­лісі арқылы Орал қаласы мен жа­қын аудандар тұрғындары рес­пуб­ ликалық 24 және облыстық те­ле­арналар хабарларын көре алады.

Орал қалалық прокура­тура­сы­ ның бөлім бастығы Наиль Акчурин наразылық білдірушілердің бұ­ған дейін прокуратура органдарына немесе еңбек заңдылықтарын қадағалайтын тиісті мекемелерге шағымданбағанын, сондықтан алдын ала рұқсат алмай бірден алаңға шығып, плакат көтеруі заң­ ға қайшы келетінін түсіндірді. – Жалақы қарызы бойынша мәселені тексеру үшін «Астана Батыс Строй» мекемесіне тексеру тағайындалды, таяу күндері оның нәтижесін жария етеміз. Сондайақ жұмысшылармен еңбек шар­ты жасалмағаны анықталса, ол да заңбұзушылық болып табылады. Мұның бәрін анықтаймыз. Ал алаңға шыққан жұмысшыларға бір жолға ешбір жаза қолданған жоқ­ пыз, заңды түсіндіріп бердік, – де­ді журналистерге Наил Акчурин. – Біз заңды жетік білмегендіктен арандап қалдық. Әйтпесе тәр­тіп бұзу ойымызда жоқ. Тек та­ бан ақы, маңдай терімізді ала алмай, мереке күндерінде ақшасыз

жүрдік. Ашынғанымыз рас. Көбіміз ауылдан келгенбіз, пәтер жалдап тұрамыз. Мойнымызда несие де бар, – дейді Қанат Бораш есімді азамат. Оның бұл сөзін Елтай Қуанов, Медет Кенжеғалиев, Манарбек Қажығалиев сынды жұ­­мыс­шылар да қостады. Прокуратура құрылымдары жергілікті билік буындарымен бірлесіп жыл басынан бері мекеме-кәсіпорындар­ дың қордаланған жалақы қары­ зын өтеу­ге ықпал ету бойынша жүйе­лі жұмыстанып келеді. Де­мек, осы мақалаға өзек болған факті де құзырлы орындардың назарына ілігері анық. Тек алажағын талап етер ағайын заң аясында әрекет етуі шарт. Әйтпесе рұқ­сат етілмеген наразылық шара­­сын ұйымдастырушылар қолда­ныс­та­ ғы заң талаптарына сәйкес әкім­ шілік айыппұлға тартылуы, тіпті 15 тәулікке абақтыға жабылуы да ықтимал екендігі әлеуметтің үнемі жадында болғаны жөн.

Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

20 желтоқсан, жұма күні «Астана Батыс Строй» ЖШС-ның бір топ жұ­мыс­шысы Орал қала­сын­дағы Абай алаңына шығып, еңбекақыларын 2 айға жуық уақыттан бері ала алмай жүргенін мәлімдеді. Олар облыс орталығындағы қатаң режимдегі түрме құрылысында жұмыс істеген екен.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Орал өңірі»

Талаптың да О

ЖӨНІ БАР...

рал қалалық ішкі сая­сат бөлімінің басшысы Асыланбек Сарқұлов­ тың жұмыс кабинетінде наразы жұмысшыларды әңгімеге тарттық. Өзін «Михаил Азовскиймін» деп таныстырған жігіт ағасы атал­ған фирмада дәнекерлеуші болып биыл­ғы 15 қарашадан жұмыс іс­теп келгенін айтады: – Бізбен еңбек шарты жасалған жоқ, бірақ күніне 2-3 мың теңге еңбекақы төлеуге уәде берген бо­ латын. Жалақымызды апта сайын алып отыруға келіскенбіз. Бірақ кіргелі дұрыс ақша алмадық. Ме­ нің өзімнің үзіп-жұлып алғаным – 10 мың теңгедей ғана. 90 мың теңгедей алажағым бар, – дейді Михаил. Михаил Азовскийдің айтуынша, жалақы қарызына наразы жұ­-

3

мыс­шылардың жалпы саны 27 адам көрінеді. Компания басшылары бұлардың тиесілі еңбекақы­сын уақтылы бермей, күнде ер­ теңмен алдап келген. Наразы­лық білдірушілер жергілікті билік ор­гандарына ұжымдық арыз жазып, қол қойған. Осы арызды әкім­дікке тапсыруға келе жатқан кезде алдынан бейтаныс екі адам (қыз бен жігіт) шығып: «Алаңға шығып, дабыл көтермей ештеңе шықпайды» деп үгіттеп, қолдары­ на «Жалақымызды талап етеміз!» («Требуем зарплату!») деген жазуы бар плакат ұстатқан. Осылайша, 10 минуттай тұрған кезде құқық қорғау қызметкерлері және Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асыланбек Сарқұлов ке­ліп, наразы жұмысшыларды іш­ке шақырған екен.

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Астанадан сүйінші хабар жет­ті. Батыс Қазақстан об­лы­ сындағы «Кублей» ЖШС кеше Елорданың Тәуелсіздік сара­ йында өткен «Алтын сапа» сый­ лығының лауреаты атанды. Батысқазақстандық кәсіп­ орын жыл сайын үш аталым бойынша iрі бизнес, ша­ғын және орта кәсiпкерлiк субъек­ тiлерiне тапсырылатын бұл сыйлықтың «Халық тұ­ты­на­ тын тауар шығаратын үздiк кә­сiпорын» аталымын жеңіп алды. Кәсіпорында өндірілген кон­сервіленген ет, балық өнімде­­рі облысқа ғана емес, ел ау­ мағына және республикадан тыс жерлерде де мол сұраныс­ қа ие.

«Біз – жастар, жалған ағымға қарсымыз» Дәл осындай атаумен «Жа­йық» деструктивтік діни ағым­ дардан жапа шеккендерге кө­мек орталығының бастамасымен Тасқала аудандық мәденидемалыс орталығында теріс ді­ни ағымдарға қарсы тұру акциясы өтті. Аудан әкімдігі, құқық қорғау органдарының өкілдері және жастар қатысқан шараның басты мақсаты жасөспірімдерді жал­ған діни ағымдардың ық­палынан қорғау болатын. Жи­налған жастарға түрлі діни ұйымдардың арбауына шырмалып, абақтыда тағдыр тәл­ кегін бастан кешіріп жатқан жер­лестеріміздің өмір жолы туралы деректі фильмдер көр­ сетілді. Артынша арнайы тео­ лог мамандардың кеңестері тың­далды. Бұдан кейін жиынға қатысушы жастар өз ойларын ашық айтып, жалған діни ағым­ дарға қарсылықтарын білдірді.

Дзюдошылар жарады Жуырда Саратов облысының Балаково қаласында жасөспі­ рімдер арасында дзюдодан бү­кілресейлік турнир өтті. Жарыс нәтижесінде БҚО құ­рама командасы атынан бақ сы­ наған «Теректі» балалар спорт клубының палуандары ол­жа­ лы оралды. Мәселен, Саят Сейт­қалиев 1-орын, Қорғанбек Бақтияров 2-орыннан көрін­ді. Болашағынан үлкен үміт күт­ тіретін бұл қос палуанның екеуі де Теректі ауданы, Подстеп­ный ауылындағы қазақ мекте­ бінің оқушылары.

Өз тілшілеріміз


4

дала-қала Сенбі, 21 желтоқсан 2013 жыл

Жастар «Жайық Престе» бас қосты Жуырда «Жайық Пресс» ЖШС-ның баспасөз орталығында облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде мемлекеттік жастар саясаты мәселелеріне қатысты мақалаларды жариялаудың тиімді әдістерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

oral_oniri@inbox.ru

Бүгінгі таңда еліміздің сыртқы саясаты нығайды. Соның арқасында Қазақ­стан халықаралық сахнада өзінің ұлттық мүддесін

Ләззат ШАҒАТАЙ, «Орал өңірі»

О

тырыста қазіргі таң­ дағы облыстағы жастар саясатының іске асы­ рылуының баспасөз бетте­рінде қамтылуы, жастар ұйымдарының БАҚ-пен байланысы жөніндегі мә­­селелер ортаға салынды. Оған об­лыстық жастар саясаты мәселе­лері басқармасы мен жастар қо­ ғамдық бірлестіктерінің өкіл­дері, қос газеттің тілшілері қатысты. Басқосуда төрағалық еткен «Орал өңірі» газетінің әлеуметтікгуманитарлық мәселелер бөлімі­ нің редакторы Нұрлыбек Рахма­нов алдымен ғұмыры ғасырға жуық қос газеттің бүгін­гі ты­ныстіршілігімен таныстырып өтті. – БАҚ болып есептелетіндіктен, елдегі барлық жаңалықты ха­лыққа уақтылы әрі шынайы жеткізуде газеттің алар орны бө­ лек. Кез келген мекеме жастар ұйымдарымен ашық кездесіп, бі­рігіп жұмыстануға ниет таныта бермейді. «Жайық Пресс» ЖШСның бұл бастамасы Елбасы саясаты мен тапсырмаларын одан әрі дамытуға оңтайлы жол ашатыны сөзсіз. Біздер мемлекеттік мекеме болғандықтан, барлық БАҚқа тең қараймыз және маңызды ұсы­ныстарды әрқашан қолдауға

дайынбыз. Өйткені басқарманың жұмысын жарыққа шығару, оған талдау жасау БАҚ-тың еншісінде, деді сөз алған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы­ ның жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің меңгеруші Біржан Хайруллин. Басқосуға жиналғандар бас­пасөз беттерінен жастар саяса­ тының ақпараттық бағыттағы ма­те­риалдарын ғана емес, сарап­ та­малық, сыни тұрғыдағы мақа­ лаларды жиірек көргілері келеті­нін жеткізді. – Бүгінде кемші­лік­ тердің орнын толтыруға, жас­ тарды қамшылауға, қайрауға сыни материалдардың қажеттілігі ай­қын сезіледі. Жастар саясаты туралы талдау материалдар жоққа жақын. Санаулы ғана ұйымдарды білетін халық, ауылдар мен ау­ дандарда жастар ұйымдарының бар екендігінен хабарсыз. «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттері облысқа тарайтын болғандық­тан, тасада қалған ауыл жастарының өмірі жиірек насихатталғанын қа­лаймыз, - дейді жастар ұйым­да­ рының көшбасшылары. Одан әрі «Жас Отан» жастар қанатының облыстағы атқарушы хатшысы Дархан Қадырәлиев жас­ тар арасында оқырмандар санын көбейтіп, бәсекелестікті арттыру үшін әлеуметтік желілерде қос газеттің парақшалары ашылса деген өз ұсынысын жеткізді.

«Астана-мерейден»

олжалы оралды

Саз өнері саласындағы талантты жастарды анықтау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-прак­тика­ лық орталығы таяуда «Астана-мерей» байқауын өткізді. Оған біздің облыстан Жаңа­ қала аудандық Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқушы­ла­ры барып бақ сынап, облыс, ау­дан мерейін асқақтатып қайтты. Домбырашылар Ақеділ Ұзақов, Сымбат Сисенбаева, Әб­ ді­рахим Әткешов арнайы сер­ти­ фикатқа ие болды. Орта топта 47 домбырашының ішінен Фатима Ғайниетова жүлделі ІІ орынды иеленді. Жоғары топтан Райымбек Тарихов 52 домбырашының ара-

сынан жүлделі ІІІ орынға та­бан тіреп, Қазақстанның кез келген оқу орнында білім алуға мемле­кет­­тік грант ұтып алды. З.Талапқалиева дипломант атанды. Оқушыларды конкурсқа әзір­ леген – саз мектебінің мұғалімдері Ертай Ғұбайдуллин мен Амангүл Жаналиева.

Гүлдерайым ӘБДІҒАЛИҚЫЗЫ, Жаңақала ауданы

қамтамасыз етіп отыр.

Шетелде 82 дипломатиялық 2013 жыл Сыртқы істер министр­лігі үшін айтарлықтай жемісті болған. Жыл бойы шетелдерге сапарлар жасалып, ірі халықара­лық шаралар ұйым­дас­ тырылды. Мұны бейсенбі күні ҚР Президенті жанындағы ОКҚда өткен брифингте Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті. «Елімізге 8 мемлекет басшысы, 6 үкімет басшысы, 10 сыртқы істер министрі және 7 халықаралық ұйымның басшысы ресми сапарлармен келді, - деді ол. - Ағымдағы жылы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен республикамызда ұйымдастырылған

өкілдік бар 11 шара ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, 1 шара Премьерминистр Серік Ахметовтің және басқа да үкімет мүшелерінің қатысуымен 16 маңызды ха­ лықаралық шара өтті. Сонымен қатар Елбасы бес шет мемлекетке, Премьер-министр төрт елге сапар шекті. Үкімет мүшелері 25-тен астам сапарда болып, шетелдерде Елбасының қатысуымен 9 шара ұйымдастырылды. Премьер-ми­ нистрдің қатысуымен 5 шара, сыртқы істер министрлігінің

қатысуымен 12 шара өтті. Жалпы осы жылы Сыртқы істер министрлігі 38 халықаралық шара және 57 екіжақты сапар ұйымдастыруға қатысты. Қазіргі таңда Қазақстанда 67 елшілік және дипломатиялық өкілдік, 22 халықаралық ұйым, 17 бас консулдық тіркелген. Шетелде Қазақстанның 54 елшілігі, 5 тұрақты өкілдігі, 3 дипломатиялық миссиясы, 10 бас консулдығы сынды жалпы саны 82 диплома­ тия­лық өкілдігі қызмет етуде».

Өз тілшіміз

Жарайсың, Әнел! Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен ҚР тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалі өтті. Бір ай көлемінде өткен шарада «Еліміздің инновация­лық дамуына менің қосқан нақты үлесім» тақырыбында студенттік әлеуметтік маңызы бар инно­вациялық жобалар, «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе және «Мен жастарға се­ немін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-пат­ риот­тық шығармалар бай­қауы ұйымдастырылды. Ал фес­ти­ вальдің бас жүлдесіне – ҚазҰУда бір жыл тегін оқу гранты ұсы­ нылды. Үлкен додаға еліміздегі жоға­ ры оқу орындары студенттерінен 1000-ға тарта жұмыс ұсынылып, ең үздік 300 автор байқаудың екінші кезеңіне шақырту алған еді. Мұның ішінде Тасқала ау­ данындағы Қ.Сәтбаев атындағы

орта мектеп түлегі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің фи­ло­ логия мамандығының III курс студенті Әнел Тасқалиева да бол­ды. Соңғы шығармашылық оты­рыс­та 300 жобаның ішінен 10 үміт­кер үздік танылып, жерлесіміз он­дық құрамға енді. ҚазҰУ-дың Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайын-

да өткен марапаттау кешінде Әнел Тасқалиева «Мен өз елім­нің гүлденуі үшін не істей ала­мын?» атты студенттік эссе байқауы бойынша 1-орынды иеленіп, бас жүлдені қанжығасына байлады. Енді Әнел бір жыл ҚазҰУ-да тегін оқитын болады.

Думан ЗЕЙНЕЛ, Тасқала ауданы


ЕЛ-ЖҰРТ oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 21 желтоқсан 2013 жыл

Үнқағаз төңірегінде жүргендердің бәрі бұл жанды жақсы біледі. Өйткені журналистердің ішінде кітапханаға күні түспейтіні кемде-кем. Жұмысы тіреліп бара қалғандарға алғаусыз, шын ниетімен көмектескісі келіп тұратын көңіліне байланысты оны бәрі жақсы көреді десек, артық айтпағанымыз.

сапалы қаракүл елтірісін өндіру­ ден Одақ асып, шет елдерге де­йін дүркіреп тұрған шағы еді. Ро­ за сол бұрынғысымен қарап тұр, «ата­ғы дүрілдеген директордың емес, Исатаевтың қызы» қалпы­ нан айнымаған. Бір қалада, ол кісі мәдениет саласында, біз баспа­сөз майданында жүргендіктен, бір-бі­ріміздің еңбек жолымызды жақ­сы білеміз. Әуелі библиограф, соңы­нан облыс кітапханаларын жасақ­тау жөніндегі әдіскер, ғылымиәдістемелік бөлімнің меңге­руші­сі болды. Еңбек жолын баста­ға­нына екі жыл толар-толмаста Ал­маты қаласында өткен кітапха­на­ шылардың республика­лық сле­ті­не қатысып келді. 1989 жылы біз­

Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ, «Орал өңірі»

Облыстың

«генеральный» кітапханашысы

К

ейбір нәзік жандылар сияқты сөзден боран соқ­ тыр­майды. Қысқа-нұс­­қа тіл қағысуы, жып-жинақы, сән­ді қимыл-қозғалысы тал бойына құйып қойғандай жарасып тұ­рады. Адаммен сөйлескені қан­дай! Басқалай болуы мүмкін де емес-ау дейміз. Текке тарту, тәр­ биеден аспау деген осы шығар. Ал шындығына келсең, басқаны көзіне ілмейтіннің біреуі бола­тын болса, осы Роза болар еді ғой. Олай болмағаны қайран Жәкең­мен Қызылгүл апамыздың тәр­биесі ғой. Жәкең деп отырғаны­мыз, сонау бір жылдарда Тай­пақ­ ауданындағы «Тайпақ» қаракүл совхозын үзіліссіз 32 жыл бас­ қарған Ұлы Отан соғысының ардагері Жақия Исатаев аға­мыз ғой. «Директор­дың баласы­мын де­мең­ дер, Исатаевтың балалары­мыз деп айты­ңыздар», – деп құ­лақ­та­рына құйып отырады екен. Сол «Директордың қызы болмай, Иса­­таевтың қызы­мын» деп өскен он ұл-қыздың бі­рі, таныс болыңыз, ол – осы Ро­за Жақия­қызы Иса­таева. Бүгін­де Ж.Молдағалиев атын­­дағы облыс­тық ғылыми-әм­бебап кітапха­наның директоры. Біз бір мектепте оқыдық. Ро-

залар Жайықтың арғы бетіндегі орыс мектебі жабылып, біздің Тай­ пақ орта мектебіндегі (Қарауыл­ төбе ауылындағы) орыс класында сабағын жалғастырды. Интернат­та жатып оқыды. Көңілдің түк­пі­ рінде тықылдаған аққұбаша қыз­дың оқушы бейнесі қалып қо­йып­ ты. Сабаққа алғыр, үздік оқы­ды. Сосын сол кездегі біз құсаған ауыл баласына таңсықтау көркем гимнастикамен айналысты. Айналысып қана қоймай, мерекелер­ де өтетін концерттерде сахнадан гимнастикалық жаттығулар көр­ сететін. Клубқа ауыл халқы лық толады, орындықтар үлкендерден ауыспайды. Өзі жалғыз клуб бол­ ғасын оған кіретіндерді үлкенкіші деп бөлмейді. Бәрі кіреді, ол жағынан толық демократия! Орын жетпегесін ылғи балалар сахна­ ның алдына, еденге жамбастап жа­та кетеміз. Рахаттанып тұрып кө­ресің. Осылайша Розаның да өнерін тамашалағанбыз. Арасын­да сахнаға тық-тық басып шығып, екі көзі танадай жарқырап, та­ қылдап тұрып, орысша тақпақ ай­ тады. Содан қайтып, арада жетісегіз жыл өткенде ғана барып көр­дім Розаны. Карев көшесіндегі нар үйдің екінші қабатындағы кі­-

Кітапханадағы кездесу тапхананың дәлізінде тық-тық ба­сып кетіп бара жатты. Саздау жерден өнген сәмбі талдай таралып, әйбат бойжеткен болыпты. Шымкенттің әл-Фараби атында­ғы педагогикалық-мәдениет инсти­ тутын кітапханашы мамандығы бо­йынша жақсы бітіріп, қызметке кі­ріскен шағы екен. Біздің «Орал өңірі» ол тұста сол Карев үйінің үшінші қабатында еді. Жұмыс бабында кездесіп жүрдік. Бұл кезде Жәкең, Жақия Исатаев, басқара­тын совхоз тіке Мәскеуге қарап,

дің кейіпкеріміз Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты­ ның кітапханасына жұмысқа ауыс­ты. Араға екі жыл салып, сол кі­ тапхананың директоры болып та­ ғайындалды. Ал ол мекеме кейін (1996 жылы) облыстағы ең ірі ғы­ лыми кітапханаға әрі мәдениет орталығына айналды. Сол тұста қы­рықтан астам мамандық бойынша білім алатын студенттер өздеріне қажетті оқулықтар мен ғылыми дүниелерді алыстан іздемей-ақ, өздерінің кітапханалары-

5

нан табатын. Жұмысын қай-қай жағынан өрлеткен кітапхана екі жыл қатарынан (1997-1998 ж.ж.) «Сорос-Қазақстан» қорының гран­ тын жеңіп алды. Және осы жылдарда кітапхана республикада тұң­­ғыш болып, Қазақстанның кі­тапханашылар ассоциациясына ен­ді. Кейіпкеріміздің өзі де – осы ас­­социацияның мүшесі. Сол жылдарда Р.Исатаева Оңтүстік Ко­рея­ да және Канадада жыл аралатып өткен ИФЛА-ның бас конференциясы жұмыстарына қатысты. Кі­­тапханашылардың сиезіне делегат болғанын, республикалық дең­гейдегі Құрмет грамоталарын айтпағанда, «ҚР Білім беру ісінің озаты», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР мәде­ниет сала­сының үздігі», «Кітап­ хана ісінің ше­­бері» құрметті атақ­ тарының ие­сі. «Қазақстан Рес­публикасы Тә­уелсіздігіне – 20 жыл» медалімен марапатталған. 2008 жылы Роза Жақияқызы БҚО Ж.Молдағалиев атындағы ғылы­ми-әмбебап кітапханасына директор болып таға­йын­далды. Со­дан бері еліміздің ең байырғы кітапханасы есепте­лінетін білім қазынасының қара шаңырағы дә­ уірлеу жылдарын бастан кешіріп келеді. Бүгінде оның кітап қо­ры, әсіресе, сирек кез­десетін кі­таптар қорын қалпы­на келтіру­де қадау-қадау шаруалар тындырылды. Тынымсыз еңбек пен тұрақты ізденістің арқасында оқырман қа­тары мен жалпы кітап қоры ай­ тарлықтай көбейіп, өсті. Ғалам­­тор билеген мынау заманда оның оңай келмегені шындық. * * * Саналы ғұмырының 36 жылын өзі сүйген кітапхана ісіне арнаған құрбымыз әлі сол қалпы. Осы кеше көрдік, нар үйдің екінші қа­ батындағы кітапханасына кө­те­ріліп бара жатыр. Бір кездегі ақ­ құбаша қыздың тық-тық басқан жүрісімен. Облыстың бас кітапханашысы болса да, баяғы қалпы, еш өзгермеген... Ендеше, осылай жүре бергей, оқырмандарына оң көз болып!

Облыстық мәслихаттың шешімі ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесім­дерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 18.12. 2013ж. № 3372 болып енгізілді

Орал қаласы

№14-1

13 желтоқсан 2013 жыл

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №5-2 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жыл­ғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодек­ сіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республи­ касының 2013 жылғы 29 қарашадағы «2013-2015 жылдарға арналған рес­ публикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс­тер мен толықтырулар енгiзу туралы» За­ ңына және Қазақстан Республикасы Үкi­метiнiң 2013 жылғы 30 қарашадағы №1295 «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Қа­ зақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы” Қазақстан Республика­сы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қараша­ дағы №1520 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» қау­ лысына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Батыс Қазақстан облыстық мәс­ лихатының «2013-2015 жылдарға ар­ налған облыстық бюджет» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №5-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекет­тік тіркеу тізілімінде №3118 тіркелген, 2012 жылғы 22 желтоқсандағы, 2012 жыл­ғы 27 желтоқсандағы, 2013 жылғы 17 қаң­тардағы, 2013 жылғы 24 қаңтар­да­ғы, 2013 жылғы 31 қаңтардағы, 2013 жыл­ ғы 7 ақпандағы «Приуралье» газетінде

және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы, 2012 жылғы 27 желтоқсандағы, 2013 жыл­ ғы 17 қаңтардағы, 2013 жылғы 24 қаң­тардағы, 2013 жылғы 31 қаңтардағы, 2013 жылғы 7 ақпандағы «Орал өңірі» газетінде жарияланған), келесі өзгеріс­­тер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта 1) тармақшадағы «89 700 701 мың» деген сан «88 763 810 мың» деген санмен ауыстырылсын; «34 338 892 мың» деген сан «31 147 015 мың» деген санмен ауыстырылсын; «571 159 мың» деген сан «557 754 мың» деген санмен ауыстырылсын; «54 789 850 мың» деген сан «57 058 241 мың» деген санмен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «90 058 653 мың» деген сан «90 733 832 мың» деген санмен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «2 600 598 мың» деген сан «989 743 мың» деген санмен ауыстырылсын; «794 867 мың» деген сан «2 405 722 мың» деген санмен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы «-2 958 550 мың» деген сан «-2 959 765 мың» деген санмен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы «2 958 550 мың» деген сан «2 959 765 мың» деген санмен ауыстырылсын; «493 677 мың» деген сан «492 462 мың» деген санмен ауыстырылсын; 3-тармақта 1) тармақшадағы «35 242 577 мың» деген сан «37 510 968 мың» де-

ген санмен ауыстырылсын; үшінші абзацта «26 423 мың» деген сан «21 610 мың» деген санмен ауыстырылсын; алтыншы абзацта «186 467 мың» деген сан «180 453 мың» деген санмен ауыстырылсын; жетінші абзацта «413 930 мың» деген сан «413 080 мың» деген санмен ауыстырылсын; сегізінші абзацта «81 484 мың» деген сан «78 165 мың» деген санмен ауыстырылсын; тоғызыншы абзацта «124 542 мың» деген сан «117 237 мың» деген санмен ауыстырылсын; оныншы абзацта «42 793 мың» деген сан «40 867 мың» деген санмен ауыстырылсын; он бірінші абзацта «440 661 мың» деген сан «404 740 мың» деген санмен ауыстырылсын; он төртінші абзацта «578 123 мың» деген сан «569 732 мың» деген санмен ауыстырылсын; он бесінші абзацта «4 576 738 мың» деген сан «4 623 121 мың» деген санмен ауыстырылсын; он сегізінші абзацта «14 931 мың» деген сан «13 332 мың» деген санмен ауыстырылсын; жиырмасыншы абзацта «50 166 мың» деген сан «38 166 мың» деген санмен ауыстырылсын;

жиырма үшінші абзацта «632 147 мың» деген сан «595 147 мың» деген санмен ауыстырылсын; жиырма төртінші абзацта «1 176 708 мың» деген сан «1 373 760 мың» деген санмен ауыстырылсын; жиырма бесінші абзацта «17 030 мың» деген сан «6 831 мың» деген санмен ауыстырылсын; жиырма алтыншы абзацта «962 365 мың» деген сан «1 005 228 мың» деген санмен ауыстырылсын; жиырма жетінші абзацта «1 214 197 мың» деген сан «1 116 256 мың» деген санмен ауыстырылсын; жиырма сегізінші абзацта «643 156 мың» деген сан «642 657 мың» деген санмен ауыстырылсын; отыз бірінші абзацта «248 065 мың» деген сан «213 322 мың» деген санмен ауыстырылсын; отыз үшінші абзацта «499 398 мың» деген сан «868 188 мың» деген санмен ауыстырылсын; отыз төртінші абзацта «3 386 830 мың» деген сан «3 685 507 мың» деген санмен ауыстырылсын; отыз бесінші абзацта «1 845 000 мың» деген сан «2 587 393 мың» деген санмен ауыстырылсын; отыз алтыншы абзацта «1 200 000 мың» деген сан «1 703 949 мың» деген санмен ауыстырылсын; қырық бірінші абзацта «522 367 мың»

деген сан «491 802 мың» деген санмен ауыстырылсын; қырық жетінші абзацта «1 362 600 мың» деген сан «1 242 600 мың» деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы елу бесінші, елу алтыншы абзацтармен толықтырылсын: «Моноқалаларды дамытудың 20122020 жылдарға арналған бағдарлама­сы шеңберінде бюджеттік инвести­ция­ лық жобаларды іске асыруға – 431 369 мың теңге; халықты, объектілерді және ау­мақ­ тарды табиғи және дүлей зілзалар­дан инженерлік қорғау жөнінде жұ­мыстар жүргізуге – 50 000 мың теңге.»; 3-1 тармақта: «3 817 463 мың» деген сан «3 573 185 мың» деген санмен ауыстырылсын; «2 420 897 мың» деген сан «2 392 741 мың» деген санмен ауыстырылсын; «1 396 566 мың» деген сан «1 180 444 мың» деген санмен ауыстырылсын; аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаң­ тарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Р.Хайруллин Облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар


6

ауыл-аймақ Cенбі, 21 желтоқсан 2013 жыл

Таяуда «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің өкілдері Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарында болып қайтты.

oral_oniri@inbox.ru

руды көздеп отыр. Қазіргі уақытта қажетті құрал-жаб­дықтарға тапсырыс берілді, цех ғимаратының құрылысы жүруде. Жобаны іске асыру үшін екінші деңгейлі банк арқылы несие алуға бизнес-жоспар жасалуда. Сайқын ауылында жеке кәсіпкер Р.Өтеев өрнектас (брусчатка) шығаратын цех пен қонақүй ашуды көздеп отыр. Аталмыш жобаларды жүзеге асыру үшін тиісті құжаттар дайын­да­лу­да. Аталмыш бағдарламаның І ба­ғы­ ты – өндірістік инфрақұры­­­лымды дамыту бойынша Хан ор­­да­сы ауылындағы «Ахметов» шар­уа қо­­-

«Орал өңірі» -

«кіндік қаны тамған, тұсауы кесілген» ауданда

С

апарымыз осыдан 95 жыл бұрын газетіміздің алғашқы саны жарық көрген Бөкей ордасы ауданынан басталды. Аудан аумағына кіре берістен облыстық газеттердің өкілдерін аудан әкімі Нұрлан Рақымжановтың өзі қарсы алды. Осы жерде екпін түсіріп айта кетейік, Бөкей ордасында болған екі күн ішінде, яғни ауылдарда өткен оқырмандармен кездесу, мем­лекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысу барысында Нұрлан Сағынтайұлы қа­сымыздан табылды. Сөйтіп, ол облыстық қос газетке деген ізгі ниетін көрсетумен қатар, ауылаймақтағы ел-жұртпен ашық жүз­ десіп, пікірлесуге әр кез дайын екенін дәлелдеді. - Қазіргі уақытта ауданда «Қаз­ Агро» АҚ-ның қатысуымен жүзеге асырылатын екі инвестициялық жоба дайындалуда. Олар – мал бордақылау алаңдары. Біріншісін, яғни қуаттылығы 500 бас ірі қара малына есептелген бордақылау алаңын Бисен ауылдық округіндегі «Пахман» шаруа қожалығы жүзе­ ге асырмақ. Т.Масин ауылдық округіндегі «Есет» шаруа қожалығы жүзеге асыратын екінші жобаның қуаттылығы 450 бас ірі қара мен 300 бас жылқыға есептелген. Соған орай қажетті жер телімдері белгіленді. Несие алуға және жер телімдеріне қажетті құжаттар ресімделуде. Жалпы, «ҚазАгро» АҚ-ның ша­руашылықтардың техникалық паркін жаңартуда үлкен көмегі тиюде. Мәселен, соңғы жеті жыл ішінде аудандағы шаруашылықтар 67 жаңа трактор мен 22 шөп буғышты лизингке алды. Бүгінгі таңда Бөкей ордасында 630 трактор, 405 тіркеме бар. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша да бірнеше инвестициялық жоба дайындалуда. Мысалы үшін келесі жылдан бастап Жамантау кен орнын иге­ріп, қиыршық тас өндіру көзде­ луде. Бұл жобаны іске асыру үшін инвесторлармен келісім жұмыс­ тары жүргізілуде. Хан ордасы ауылында жеке кәсіпкер Н.Ахметов пластикалық ыдыста­ғы минералды су өндірісі жобасын іске асы-

екі елдің үкіметтері арасында ше­ шілетін мәселе екенін білеміз. Об­ лыстық газеттердің журналистері де бұл мәселеден хабардар болып жүрсін деп айтып отырғаным». Аудан орталығының тұрғын­да­ ры, еңбек ардагері Чарльз Қой­ шыбаев пен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Талғат Шәріпқалиев облыстық газеттер жандарына жақын екенін айтып, тарихи, соның ішінде Бөкей ордасы тарихына қатысты мақалаларды жиі оқығысы келетіндерін жеткізді. Бисен ауылы мешітінің имамы Абай Махмет теологтардың діни сипаттағы, әсіресе, жат пиғылды діни ағымдардан сақтануға қатыс­ ты материалдардың жиірек шық­ қанын қалайды. жалығының қымыз бен шұ­­бат өн­дірісі желісі табиғи газ­бен қам­ тылмақшы. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдар­ ламасы да жүйелі түрде жүзе­ге асуда. Мысалы үшін аталмыш бағ­дарламаның І бағыты аясында өткен жылы 43 тұрғын кәсіби оқудан өтсе, биыл 17-сі оқуда. Былтыр оқытылғандардың 80 пай­ызы жұмысқа орналасты. Әлеу­меттік жұмыс орнымен биыл 150 адам қамтылды. «Ауылдағы кәсіпкер­ лікті дамыту» турасындағы бағдар­ ламаның ІІ бағыты аясында ағым­ дағы жылы бөлінген 60 млн. теңге несие қаржысымен 16 тұрғын қам­ тылып, олар 187 бас ірі қара малын сатып алды. Ал ІІІ бағыт – еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында биыл ауданның әлеуеті төмен елді мекендерінен Тасқалаға бес, Зеленовқа екі отбасы қоныс аударуға ниет білдіріп отыр, қазір тиісті құжаттар аумақтық комиссия қарауына жолданды. «Ауылдық елді мекендерді дамыту» жөніндегі бағдарламаның ІV бағыты шеңберінде өткен жылы екі жоба (әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу) жүзеге асты. Соған орай 55 жаңа жұмыс орны ашылды, - дейді Нұрлан Сағынтайұлы бізбен әңгімесінде. Оқырмандармен кездесу Т.Ма­ син, Бисен ауылдық округ­терін­ дегі және аудан орталығындағы мәдениет үйлерінде өтті. «Орал

өңірі» газетінің бас редакторы Бауыр­жан Ғұбайдуллин мен «Приуралье» газеті бас редакторының орынбасары Қалиолла Қарағой­ шин басылымдардың кешегісі мен бүгінгісі, алдағы бағыт-бағдары турасында әңгімелеген соң, оқыр­ мандар сөз алды. Т.Масин ауылдық округінде тұратын зейнеткер Ға­лымжан Байсүндетов Орал-Сай­ қын бағытындағы жолдың жайын, ауылдағы ағайынның бағып-қақ­ қан ақ адал малының құны­ның төмендегенін алға тартты. Сол себепті облыстық газеттер осы мәселелерді жиі қаузағанды қа­ лайды. «Біздің шаруашылықтың жер­лері Капустин Яр полигоны ау­ ма­ғында орналасқан, - дейді аталмыш ауылдағы қожалық жетекшісі Руслан Сисенғалиев. - Соған байланысты бізде жерге иелік ету үшін берілетін мемлекеттік акт жоқ. Бұл өз кезегінде бізге несие алуға жә­ не мемлекет тарапынан берілетін өзге де жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Ауылымыздан 20 шақырым шыққаннан соң полигонның жері басталады. «Жығылғанға жұдырық» демекші, қалған жеріміздің тең жартысын «Бөкей ордасы» резерватына беруде. Киікті қорғауға қарсы емеспіз ғой, бірақ шаруашылығымыздың аумағынан ақбөкенді көрмегелі көп болды. Бұл – аудандағы біраз шаруашылыққа тән жағдай. Полигон аумағындағы жерлеріміз

- «Орал өңірін» ес білгеннен бері оқып келемін десем, артық айт­қандық емес. Заманына қарай газет жетіліп келеді. Мен Серік Ықсанғалидың, Нұрымбек Жапақовтың замандастары, қо­ғам­ ның бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнін­ дегі мақалаларын тұшына оқимын. Газет тілшілерінің елі­міздің, облы­ сымыздың эконо­микасы, мемлекеттік бағдар­ла­­малардың жүзеге асуы, шаруа­шылықтардың жайкүйі тура­сындағы материалдары да көңілімнен шығады, - деді Бисен ауылдық округінің әкімі Қайыр­сапа Саматов. Сәкен МҰРАТҰЛЫ, Бөкей ордасы ауданы

Нағым ТӘЖІМҰРАТОВ, «Нарын» шаруа қожалығының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты (Т.Масин ауылдық округі): - Ауылымыздағы байланыс бөлімшесі жабылудың аз-ақ алдында тұр. Аудан орталығындағы осы саланың басшылары «Орталықтандырылған жүйеге көшеміз, ауылдарда пошташы ұстамаймыз» дейтін көрінеді. Біздің ауыл үлкен жолдың бойында емес, оның үстіне қазірдің өзінде жазылған газет-журналымыз кешігіп жетеді. Ертең қалай болады?.. Елдос КЕНЖЕҒАЛИЕВ, зейнеткер (Сайқын ауылы): - Аудан орталығы теміржолдың бойында орналасқан. Сол себепті күн сайын пойыздар бұл жерден әрі-бері тарсыл-гүрсіл етіп өтіп жатады. Алайда бүгінде олардың бірде-біреуі бізге тоқтамайды. Теміржол Ресейге қарағасын оның мәселесі қиын шығар, ал облыс орталығына аптасына бір мәрте қатынайтын жеңілдетілген бағамен ұшақ шығаруға болмас па екен?.. Айгүл ШӘМШИТДИНОВА, «Салтанат» балабақшасының меңгерушісі (Бисен ауылы): - Ауылымыз шалғай болғасын шығар, біздің жаққа тілшілер көп келмейді. Жолдың қашықтығына, қиындығына қарамай ат басын бұрғандарыңыз үшін ауылдастарым­ның атынан алғыс айтамын. Ауыл­дас­тарым облыстық газеттерге қашан да бір кісідей жазылып келеді.


ауыл-аймақ Сенбі, 21 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Ақсай жақта

7

айшықты істер баршылық Жақында біз, газет тілшілері оқырмандармен кездесу үшін іссапармен Бөрлі ауданына бардық. Айша ӨТЕБӘЛІ, "Орал өңірі"

А

уданда жүзеге асқан мемлекеттік бағдарлама­ лар жөнінде әңгімеле­ген аудандық ішкі саясат бөлімі­нің басшысы Ақмарал Исмағұлова бізді ең алдымен құрылыс нысан­да­ры­ на алып барды. Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша былтыр ауданда жас отбасыларға арналып, 5 қабатты 90 пәтерлік үйдің құрылысы қол­ ға алыныпты. Қазіргі таңда қа­быр­ ғасы қаланып, төбесі жабылып үлгерген үйдің ішіне кіргенде, мұн­да жұмыстың қыз-қыз қайнап жатқанын көрдік. Құрылысшы жі­ гіттердің бірі үйдің есік-терезелерін қондырып жатса, енді бір то­ бы жылыту құбырларын жүргізіп әлек. Осы үйдің құрылысына жа­ уапты «Жаиксельстрой» СКФ» ЖШСның директоры Жасұлан Мыр­за­ болатов та осы жерде жүр екен. Жұмыс барысын сұрағанымызда, ол бізге құрылыстың кестеге сәй­ кес жүріп жатқанын айтып, бұл

үйді алдағы жылдың мамыр айында тапсыратындарын жеткізді. Бұдан соң келесі құрылыс ны­санына бардық. 5 қабатты 75 пәтерлік тұрғын үй салынып біт­ кен соң Ақсай қаласы бойынша кезекте тұрғандарға берілмек. Мұнда да құрылыстың ішкі жұ­ мысы қызу жүріп жатыр екен. Бұл тұрғын үйдің құрылысы тендер

қорытындысы бойынша «НазТур» ЖШС-на жүктеліпті. Жұмыс басында жүрген аталмыш серіктестік­ тің директоры Лесбай Елеусінов құрылыстың республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға жүргізі­ ліп жатқанын айтты. Директор­ дың сөзінше, құрылыстың жалпы құны 525 728,0 мың теңгені құрай­ ды. Қазіргі таңда құрылыс жұмы­ сы­на қаржының тек бір бөлігі ғана жұмсалған, республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының жартысы қазіргі таңда кідіріп тұр. Бұл жағдайдың жұмыстың қарқынды жүруіне кедергі келтіріп отырғанын айтқан директор жұмысты тоқтатпау үшін құ­рылысқа өз қаржысын салып жат­қа­нын жеткізді. Себебі бұл үйді осы жылдың аяғына дейін қайт­кен күнде де тапсырулары ке­рек. Құрылыс жұмысын уақы­ тын­да аяқтап, ғимаратты тапсыру үшін қалтасындағы қаржысын са­­лған кәсіпкердің уәде үдесі­нен шығатыны көрініп тұр.

Б

ұдан соң аудандық кәсіп­ кер­лік бөлімінде болып, 2013-2020 жылдарға ар­нал­ған ша­ ғын қа­ла­ларды дамыту жөнінде­гі

бағдар­ламаның жүзе­ге асыры­лу жағдайымен таныс­тық. Аталған мақ­сатқа Ақсай қаласына биыл рес­ пуб­ликалық бюджеттен 337 183,0 мың теңге бө­лініп, оның 262 млн. теңгесі банк несиесін суб­си­­дия­ лауға, 67,4 млн. теңгесі кә­сіп­­кер­ лік­ті дамытуға арналған шағын несиеге, 791 мың теңге кә­сіп­кер­­лер­ді оқытуға жә­не 7 миллион теңге­сі

жаңа өнді­ріс орын­дарын ашқан адамдарға мемле­кеттік қолдау көрсетуге арналыпты. Мемлекеттік грантты ұтып ал­ ғандардың бірі Айман Мұқанова балалардың диеталық тағамдары орталығын ашпақшы. Бұл жоба бойынша Айман балалар дәрі­ герімен біріге отырып, ана сүтін өте қажет ететін нәрестелерді диеталық тағаммен қамтамасыз етпек. Жоба иесінің айтуынша, соя сүтінен жасалған сүт ана сүті секілді құнарлы, құрамында холестерин болмайды. Сондықтан бұл тағаммен тамақтанған балаларда аллергия туындамайды. Екіншіден, соядан жасалған сүт сиыр сүтіне қарағанда екі есе арзан. Мысалы, сиыр сүтінің литрі шамамен 200 теңге болса, соя сүтінің литрі бар болғаны 80 теңгені құ­ райды. Үшіншіден, соя сүті мау­сым таңдамайды, оны қыста да, жазда да бір бағамен сатып алуға болады. Яғни соя сүтінен жасалған өнім жылдың қай мезгілінде де қолжетімді. - Менің бұл жобаны қолға алуыма кәсіпкер Қайырғали Нығметов ағай түрткі болды. Ол кісі көптен бері соядан сүт өндірумен айналысады. Мен Қайырғали ағаға екі жылдай көмекші болдым, сол себепті соядан сүт өндіру кәсібі ма­ ған жақсы таныс. Балаларға тиім­ді деп саналған бұл жобаны биыл тиісті орындар мақұлдап, 3 млн. теңгені ұтып алдым. Бұған өзім­нің 600 мың теңгемді қосып, жақын­ да қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Бұл жоба негізінен аудан басшылары мен емхана директоры Мақсот Байшеркешевтің қолдауымен жүзеге асырылмақ. Сол кісілердің көмегімен жаңа­ дан ашылатын диеталық орта­ лық­қа аудандық емхананың ескі ғимаратынан орын бөлінді. Дәл қазіргі уақытта емхананың жаңа ғимаратқа көшкенін күтіп отырмын. Орын босағасын, жұмыс орнындағы бөлмелерге сәл-пәл жөндеу жұмысын жүргізіп, жұ­ мысқа лайықтап алуды ойластырып жүрмін. Сосын осы жұмыспен алаңсыз айналыспақпын, - дейді Айман Ізтемірқызы. Оның сөзінше, соя сүтінен тек жас сәбилерге қажетті наринэ ғана емес, сондайақ сүзбе, айран, ірімшік те жасауға болады екен. Денсаулыққа залалсыз соя сүтінің бұл өнімдерін ересектердің де пайдалануына болады. Елімізде мұндай кәсіп­ пен айналысатындардың некенсаяқ екенін айтқан жас кәсіпкер

алдағы уақытта кәсіби білімін жетілдіру үшін Алматыдағы дие­ талық тағамдар орталығына және Мәскеудегі «Сояшылар клубына» барып қайтуды жоспарлап жүр­ генін жеткізді. Диеталық тағам­дар орталығынан, бұйырса, 5 адам өздеріне тұрақты жұмыс таппақ.

М

емлекеттік гранттың тағы бір иесі - Мырзагерей Нұржанов. Жас жігіттің жаңа жобасы өрт қауіпсіздігін қамта­масыз етуге ар­налған. Бұл жоба бойын­ша, Мыр­загерей жер­лес­терін өрт қа­ уіп­сіздігіне үй­ре­­тіп, ау­дан кө­ле­мін­ де­гі меке­ме-кәсіп­орын­дар­ды өрт сөн­діргіш құрал-жаб­дық­тармен қам­ты­мақ. Жұ­мы­сын былтыр ақ­ пан айынан бастаған жас жігіт Ақсай қала­сындағы түрлі компа­ ния­лар­дың 500 қызметкерін өрт қауіпсіздігі ісіне оқытып, сертификат беріп те үлгеріпті. Енді ол осы кәсібіне мерзімі өтіп кеткен өрт сөндіргіш құралды қуаттандыру және оны ауыстыру міндетін қосқысы келеді. Осы мақсатта өз кәсібін жүргізудің барлық жағ­ дайын қарастырған Мырзагерей ұтып алған қаржысына құралжабдық сатып алуға тапсырыс беріпті. Енді бірер аптада жұмыс жасауға қажетті құрал-жабдықтар кәсіпкердің қолына тимек. - Бұрын мекеме-кәсіп­орындар өрт сөндіргіш құралдарын (огнетушитель) ауыстыру үшін облыс орталығына баратын. Енді оны өзімізде-ақ ауыстыруға болады. Меніңше, өрт сөндіргіш құралдарды жаңадан сатып ал­ ғаннан гөрі, оны қуаттандырып алып, қайтадан пайдаланған тиім­ ді. Себебі жаңадан сатып алсаңыз, мұндай құралдың әрқайсысы­ның құны 4-5 мың теңгені құрайды, ал пайдаланылған құралды қуат­ тандыруға бар болғаны 1000 теңге кетеді, - дейді жаңа жобасының

тиімділігі жөнінде әңгімелеген жас кәсіпкер. Мырзагерей құралжабдығы келісімен, жаңа жобасы бойынша жұмыстануға дайын отыр. Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалануға ұмтылған жас кә­ сіпкерлердің бірі Дәурен Сапаров кафель бетін әрлеу жұмысымен айналыспақшы. Оның түрлі бейнелер салынған кафельдерін ас үй мен жуынатын бөлмелерге, дәмхана мен мейрамханаларда пайдалануға болады. Мұнайгаз саласының маманы бүгінде «Батыс тренинг» оқыту орталығында жұмыс істейді. Жас қызметкер­ лер мен жұмысшыларды Еңбек Кодексінің негіздеріне үйретіп жүрген Дәурен кәсіпкерлікке қосымша жұмыс көзі ретінде қарайды. Қабырғаларды әрлеу жұмысына көңілі ауған жас жігіт осы жоба арқылы бағын сынап көргісі келіпті. - Ақсай – өнеркәсібі өрлеген қала, мұнда түрлі шетел компа­ ниясы жұмыс істейді. Осында ең­ бек ететін тұр­ғын­дардың да қал­ та­сы қалың, олар үй-жайлары­ның сәнді болуын қа­лай­ды. Сондықтан мен осы жобам­ның сәтті жүзеге асатынына бек сенімдімін. Кафель әшекейлейтін кәсіпорын әзірге біз­дің өңіріміз­де жоқ. Сондықтан жаңа жоба бо­йынша даярланған кафельдерге сұраныс көп бола­ ды деп ойлаймын, - дейді жас кә­ сіп­кер жеке кәсібінен үлкен үміт күтіп. Оның сөзінше, жаңа жұмыс ор­нында екі адам тұрақты жұмыс істемек. Жеке кәсіптерін ашып, жаңа арнаға бет бұрған жас кә­сіп­кер­ лердің аяқ алыстары әзірге жа­ман емес. Аудан тұрғындарының игі­ лігі үшін қызмет көрсетуге да­йын тұрған жаңа жобаларға сәт­ті­лік тіледік.


8

білім Сенбі, 21 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«Өрлеу»:

кеше, бүгін, ертең

Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының қызметі 1951 жылдан бастау алады. Алпыс жылдан астам тарихы бар бұл мекемеде өлкеміздің мыңдаған ұстаздары білімін жетілдіріп, кәсіби жағынан шыңдалды. Кәсіби шеберлікті, жоғары білікті мамандарды шыңдаған білім ордасы 2012 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамының филиалы ретінде қайта құрылды. Білім саласы реформаларын жүзеге асыру, заман талабына сай жаңа форматта білім беруде өзінің қомақты үлесін қосып келе жатқан тарихи шежіресі бар «Өрлеу» болып қайта жаңарған институт бүгінде 1 жасқа толып отыр. Ұстаздардың ұстаханасы атанған білім ордасын педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық оқу ассоциациясының мүшесі және Қазақстан оқу ассоциациясының тренері Софья Ізмұхамбетова (суретте) басқарып келеді.

І

ргесі қаланған сәтте Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты облыстық халыққа білім беру бөлімінің бұрынғы әдістемелік кабинетінің орнында болған. Мұрағат деректеріне көз жүгіртсек, институт өте күр­ делі, қиын кездерді бастан кешірген. Бөлек ғимараттың бол­мауы, штаттың құрылмауы, кадр­лардың тұрақтамауы, қаржы тап­шылығы, облыс атынан мұға­лімдердің рес­пуб­ликалық педагогикалық оқу­ ларға бара алмауы жоспар­ланған істерді жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген. 1952 жылы институтқа №4 қазақ орта мектебінің ғима­ ратынан алты бөлме бөлініп, институт қызметкерлері аудандарға шығып, мұғалімнің өзіндік жұмыс­ тарын қадағалай бастады. Осы жылдардан бастап киелі шаңырақ мектептер мен мұғалімдерге, ба­лабақша тәр­­бие­шілеріне, аудан­ дық білім бөлім­деріне көмек көр­ сете бастады. Бүгінде құрметті демалысқа шыққан ұлағатты ұстаз­дар Өте­бай Құспанов, Рабиға Ақ­мурзи­на, Любовь Мәжитова, Нұр­ ғаным Құлжанова, Ағиля Макарова, Са­ра Акимова, Сәуле Жаналиева, Марат Қадыров, Мұхамбет Исмағұлов әлі күнге дейін институтпен үнемі байланыста. Дәуір талабына сай «Өрлеу» заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары білім және кәсі­ би машыққа негізделіп, ауқымды жұ­мыстар жүргізуде. «Өрлеу» ұлт­ тық орталыққа бірігіп, облыстық филиалдар ретінде акционерлік қоғамға кіріп, кафедралық жаңа құ­

Екі ауысымда 882 оқушы оқитын Жаңақала ауданы орталығындағы жалпы орта білім беретін мектеп 1980 жылы салынып, пайдалануға берілген еді. Жыл сайын 70-80 түлегін ұясынан ұшырып, соншама бүлдіршінге табалдырық аттататын мектеп ғимараты тозып, күрделі жөндеуді қажет ете бастаған-ды.

рылымын құрды. Институтта 3 кафедра, 5 құрылымдық бөлім бар. 20 мыңнан астам кітап қоры сақ­ талған кітапхана мен тарихита­нымдық мұражай, жатақхана қыз­мет жасайды. Бүгінде филиалда қызметтің негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін қажет кадр­лық және материал­дық ресурстың бәрі қамтылған. 2012 жылы еліміз бойынша Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің білікті­ лігін арттыру курсының үшінші (ба­залық) деңгей бағдарламасы бойын­ша үш айлық курстарының баста­луына орай 1-ші лек қоры­ тын­дысы бойынша 110 мұғалім бі­ ліктілік емтиханын сәтті тапсы­рып, республика көлемінде І орын­ға шықты. Ал екінші лек қоры­ тындысы бойынша 186 мұ­ғалім сынақтан сүрінбей өтіп, республика бойынша ІІІ орынға қол жеткізді. Аталмыш бағдарлама бойынша 2013 жылы 436 мұғалім оқыды. Жыл қорытындысы бойын­ ша жақсы нәтижеге қол жет­­кі­зетіндеріне сенім мол. Білім сапасының жаңалықтарына өзін­ дік үлес қосып келе жатқан институтта күні бүгінге Кембридж университеті бағдарламасы бойын­ша облыс көлемінде үш деңгейлі курстардан 600-ге жуық мұғалім өтіп, қолдарына сертификат алды. Қазіргі таңда Кембридж бағдар­ ламасын түсіндіру аясында институт базасында аудандық білім бөлімі қызметкерлеріне, мектеп директорлары мен орынбасарларына семинарлар өткізіліп, тренерлер онлайн режимінде шеберлік-сыныптарын ұйымдастырып, trener.orleuzko.kz атты үш айлық

Б

курстан өткен мұғалімдердің же­ лілік қоғамдастығы құрылды. Өрлеудің 1 жылдығына орай институтта «Электрондық үкімет және электрондық қыз­меттер» тақырыбында семинар өтіп, институт қызметкерлері элек­­т­рондық сертификат алды. М.Өте­мі­ сов атындағы БҚМУ-дың «Педагогика және психология» кафед­ ра­сымен бірлескен «12 жылдық білім беру жағдайында бастау­ыш сынып мұғалімдерінің функ­цио­налдық сауаттылықтарын қа­­лып­­тас­тыру» атты облыстық ғылымитәжірибелік конференция және қысқа мерзімді курс тыңдау­шы­ ларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. – 2011 жыл­дың қыркүйек айын­да инсти­тутқа басшылыққа та­ ғайын­дал­ғанымда менің алдымда екі міндет тұрды. Оның бірі – алпыс жылдық тарихы бар біліктілікті арттыру институтының ерекше дәстүрін сақтай отырып, бұрынғы қалпынан төмендетпеу, екіншісі – жаңа мазмұнға сай өзгеріс енгізу. Бұрын институт ұжымы қысқа мерзімді курстар арқылы мұғалімнің біліктілігін арттырып, облыстық білім басқармасының тапсырмасы бойынша ақпараттар тапсырып, газет-журналдар, кітаптар шығарып, озық тәжірибелерді таратумен шұ­­ғылданса, ендігі жерде осы міндеттерді жаңа мазмұнда, барлық институттарға бірізділікпен атқа­ ру міндетке айналды. Білім сапасы бойынша алдыңғы қатардағы ел­дермен тығыз қарым-қатынас орната отырып, бір-бірімізден үй­рене бастадық. Өзіміз сол елдерге барып тәжірибе алмастық. Ақпараттық технологияда да көп

өзгеріске қол жеткіздік. Біліктілікті арттырудың жаңа мазмұнына бет бұрдық, жаңаша оқыта бастадық. Электронды оқытудың жаңа бір кезеңі басталды, – дейді білікті басшы Софья Салахатдинқызы. Шетелдік әріптестермен институтта Сеул Кибер университетінің профессоры, доктор Тае-Ин Хан және Кембридж университеті, білім беру факультетінің тренеркеңесшісі Джозеф Майкл Дженго мырзалардың қатысуымен «ELearning және Smart-Learning» үдерістерін енгізу жағдайларын­да педагогтердің біліктілігін арттыру» тақырыбында он-лайн режи­ міндегі халықаралық семинар өтіп, «Электрондық оқытуды енгізу жағдайында педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдас­ тыру әдістемесі» әдістемелік нұс­ қау­лық­ты оқып үйрену, талдау мақ­сатында өз ойларын ортаға салды. Осы бағыт аясын­да 20112016 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес Оң­түстік Кореяда өткен семинарға институт директорының орынбасары Е.Сафуллин қатысып, Сеул Кибер университетінің бейнестудиясын­ да «Тригонометрия курсы­ның әліппесі» тақырыбында бей­недә­ рісін сәтті қорғап шықты. Қазіргі заман білім беру жүй­е­сіне оқытудың инновациялық ны­сандары мен әдістерін енгізу облыстың көптеген мектебінде сынамадан өткізілуде. Солардың бірі – сыни тұрғыдан ойлау технологиясы және Қараев технологиясы бойынша жұмыс іс­ теген эксперимент алаңдары оң нәтижелерге ие болуда. E-Learning электронды оқытуға тренерлер

Балалар қуанып жүр

иыл «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағ­ дарламасы бойынша күрделі жөн­деудің сәті түсті. Жөндеуге рес­ публикалық бюджеттен 67 мил­ лион, облыстық бюджеттен 7 миллион теңге, барлығы 74 миллион теңге қаржы бөлінді. Тек қаржы кеш бөлініп, жөндеу қыркүйек айында, жаңа оқу жылымен қа­

баттаса басталды. Бұл, әрине, оқу процесіне қиындықтар туғызды. Оқушылар жөндеу біткенге дейін уақытша үш жерде, үш ауысыммен, қысқартылған кестемен оқуға мәжбүр болды. Десе де, бөлінген қаржыға жа­рияланған тендер жеңімпазы «Бекқалиев С» жеке кәсіпкерлігі (жетекшісі Сәбит Бекқалиев) күр­

делі жөндеу жұмысын уақтылы бастап, қарқынды әрі сапалы жүр­ гізді. Мектеп терезелері ауыстырылды, 2-3-қабаттардың едені ка­ фельденді, жылыту жүйелерінің тұрбаларын ауыстырып, батареялары тазартылды, әжетхана, душ бөлмелері жасалды, тозығы жеткен электр желілері, шатыр жаңалан­ ды, кластар сырланып, әктелді.

дайындау курсына ақпараттық бөлімнен бас мамандар және инновациялық бөлімнен аға оқы­­­тушылар қатысып, сертификат алып қайтты. Бүгінде облыс бойын­ша 2013 жылы «E-Learning» электронды оқытуға 44 орта мектепті қосу көзделіп, сәйкесінше, 480 пән мұғалімдері «Білім беру ұйымдарында электрондық оқы­ ту e-learning жүйесін оқытуды басқару» тақырыбында білім алып, сертификатқа ие болды. Институттың ұйымдастыруы­ мен «Білім беру қызметкерлерінің кә­сіби өсуі – білім берудің жаңа са­пасын қамтамасыз етудің шар­­ты» атты I республикалық педа­ го­гикалық оқу өтті. Мұнда жа­ңа­шыл ұстаз бейнесін айқын­даған мұғалімдердің жұмы­сы жоғары бағаланып, рес­публика­ға жолдама алды. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесіне 2015 жылдарға қарай сынақ нәтижелері бойынша ваучерлік тетікті енгі­зу көз­делу­ де. Ваучерлік-модуль­дік қаржы­ландыру жүйесін енгізу арқылы педагогтердің біліктілігін арттыру жұмысы жаңғыртылады. 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау мақсатында Қа­ зақстан PIZA – 2009 халықаралық зерттеуіне орай, институт қабыр­ ғасында жүйелі жұмыстар жүр­ гізілді. Осыған сәйкес қысқа мерзімді курстарда Пиза зерттеуі туралы толық айтылып, облыстық семинар ұйымдастырылды. Фи­ лиалдың 2012 жылғы халықара­ лық серіктестігі CISCKO желілік академиясы болып табылады. Педагогтердің желілік қауымдас­ тығын құру бойынша жобалық жұмысқа белсенді қатысу нәти­ жесінде БҚО институты 2010 жылы CISCKO локальдық желілік академиясының мәртебесін ал­ды, институт жетекшілігімен облыс­тағы білім базаларында 14 локаль­ дық академия ашылып, педагогтер семинар бағытында оқытылды. Кембридж бағдар­ламасы бойынша өткізілген 3 айлық біліктілікті арттыру курстарында филиалымызда шетелдік оқытушылар Сара Нунн, Анна Пилинг, Питер Робинсон, Джозеф Майкл, Анна Тышкевич жұмыстанып, оқытушылар тек топтармен ғана емес, филиал тренерлерімен де нәтижелі жұмыс­тар атқарды.

Толқын ЗӘКАРИЯҚЫЗЫ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БКО ПКБАИ» баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы

Сөйтіп, 28 қараша күні күрделі жөндеу­ден өтіп, сыңғырлап тұрған білім ошағы пайдалануға берілді. Жан-жақта бөлініп оқып жүрген балалар өз мектептеріне қайта оралып, бірімен-бірі қауышып, жаңарып, жарқырап тұрған сыныптарын көріп, қуаныштан мәресәре болды.

Өмірзақ АҚБАСОВ, Жаңақала ауданы


әлеумет oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 21 желтоқсан 2013 жыл

Имам сыйлық таратты Тәуелсіздік мерекесіне орай облыстық орталық мешіттің бас имамы Руслан Сұлтанов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан облыстық балалар үйіне барып, арнайы құттықтау тілегін жеткізді. Бұл шара облыстық балалар үйі­ нің тәрбиеленушілері әзірлеген мерекелік концерттік бағдарламамен басталды. Балалар жүрекжарды жыр оқып, әсем әнмен жиылған қауымды баурап алды. - Ата-бабаларымыз сан жылдар аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Осы жылдары еліміз өркендеп, тіліміз бен дініміз, салт-дәстүріміз кең қанат жайды. Әсіресе, иманды­ лық жолына жастарымыздың ден қойып жатқаны баршамызды қуан­ тады. Иманды жас ұландарымыз көп

Алтын қолды Марина Бүгінде елімізде денсаулық сақтау жүйесі барған сайын дамып келеді. Соған сәйкес мамандардан жоғары білікті жаңа медициналық техникалардың тілін жетік меңгеруге талап күшейді. Нәтиже жаман емес. Шетелден әкелінетін заманауи қондырғылар мен дәрігерлеріміздің білім сапасының артуы оңды жетістіктерге жол ашуда. Біздің облыс та

болса, онда біздің өміріміз нұрлы болатынына сенімім мол, - деді Руслан қажы Тыныштықұлы. Ол Тәуелсіздік мерекесіне орай ҚМДБның төрағасы, бас мүфти Ержан Малғажыұлы атынан балаларға сыйлықтар табыс етті. Мерекелік тарту-таралғы үшін облыстық балалар үйінің әлеуметтік

педагогы Гулдана Бауыржанқызы және Үміт Очилдиева, Диас Тажулиев, Жанболат Баяндиев секілді шәкірттер бас мүфти мен облыс имамына рақмет айтты.

Нұрлан САМАТҰЛЫ, ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Прокуратура қызметкерлері Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ақша жинақтай бастады Бұл – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жаңа басшылығының қазақстандықтарға ұсынып отырған тұрғын үй мәселе­лерін шешудің кезекті бір жолы. Қазіргі уақытта Астанада прокуратура қызметкерлері үшін 117 пәтерлік үй салынуда. Құрылысты бір шаршы метрі үшін 150 мың теңгеден аспайтын бағада «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қамтамасыз етеді. Тұрғын үй құрылысы 2014 жылдың соңына қарай аяқталады деп күтілуде. Прокуратура қызметкерлері үй­ді классикалық схема бойынша – банкте жинақталған тұрғын үй құ­ рылыс жинақтары және берілген

9

заемдар есебінен сатып алады. «Қызметкерлердің баспана жағ­ дайларын шешудің мұндай жолы бірқатар ірі өндірістік компаниялар мен бюджеттік ұйымдардың басшыларын қызықтырып үлгер­-

ді», - дейді ҚТҚЖБ басқарма төраға­ сы Айбатыр Жұмағұлов, - «Қазіргі уақытта серіктестік талаптары ту­ралы келіссөздер жүргізілуде».

ҚТҚЖБ Баспасөз қызметі

осындай жақсылықтардан шет қалған жоқ. Облыстық кли­никалық ау­ру­ханасының тора­кальды және тамыр хирургия бөлімшесі меңгерушісінің міндетін уа­қыт­ша атқарушы, жоғары санатты дәрігеріміз Марина Әбенова­ның дәрігерлік қызметін әр­ дайым мақтан ете аламыз. Ол жарқын жүзді, ақ­көңіл, кішіпе­ йіл, адал жанды дәрігер. 1997 жылы Ақтөбе медици­ налық институтын хирургия ма­ мандығы бойынша тәмамдап, туған қаласы Оралға келіп жұ­мысқа орналасады. Содан бергі 16 жыл ішінде талай тер төгіп, медицина саласының дамуына тынбай атсалысуда. Жедел және жоспарлы бауыр етінен тас алу, соқыр ішек, аяқ вари­коздарына, тамақ безіне, хи­ рургиялық ауруларға жылына 300-ден астам ота жасап, талай адамның сауығып кетуіне себін тигізген. Сондай-ақ ортақ істе Марина Мұратқызының жұ­мыстас әріптестері Марат Қосмағамбетов, Ербол Есеев,

Тимур Назаров, Елена Текина және де басқа да әріптестерінің еңбектерін жоққа шығара алмаймыз. Марина Әбенова өзінің бі­ ліктілігі арқасында 2010 жы­лы Семей қаласында медици­на ғылымының кандидаты деген ғылыми атақты сәтті қорғап шығады. 2011 жылы облыс әкі­мінің мақтау грамотасымен, облыстық клиникалық ауруха­ насының «Алтын қолды» дипломымен марапатталса, өткен жылы облыс бойынша «Үздік дәрігер» атағын жеңіп алды. Отбасында Самира есімді 5 жасар қызы бар. Иә, осындай «алтын қолды» абзал жандар арамызда жүр. Жүрегінде иманы бар, қызметі­ не жан-тәнімен берілген жандар елімізде көбейе берсе екен деп тілеймін.

Ситемәлі ҚУАНШӘЛИЕВ, зейнеткер фельдшер, Бөкей ордасы ауданы

«Жасқаламның» иесі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында «Ауылды көркейту - басты мақсатымыз!» деген-ді. Ауыл-аймақтың көркеюі жолында кәсіпкерлер игілікті жұмыс атқаруда. Солардың бірі – жаңақалалық Ерболат Ибрашев. Ол кәсіп­ кер­лікті 2003 жылдан қолға алып, 2007 жылы өзі тұратын Мәстексай ауылынан «Ибрашев Е.Ж» атты шаруа қожалығын құрған. 2007 жылы ашқан азықтүлік дүкені арзандатылған ба­ ғамен халық сұранысын өтеп келеді. Кәсіпкер 2010 жылы «Жұ­мыспен қамту – 2020» бағ­ дарламасына сәйкес 2 милли­он 500 мың несие алып, қожа­ лығының жұмысына және ауы­ лымызға кафе салуға жаратты. Жазда ашылған «Жасқалам» кафесі қазір халық игілігіне жұ­мыс жасап тұр. 200 адамға ар­ налған кафенің іші заманға сай жабдықталған. Ауыл тұрғында­ры той-томалағын осында өткі­-

зіп жүр. Ерболат Жасқаламұлы жеке қожалығында 5 адамды, «Жасқалам» кафесінде 7 адамды, жалпы 12 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ол қазір кафе жанынан тағы бір азық-түлік дүкенін ашпақ ниетте. Сөйтіп, кәсіпкер алдағы уақытта тағы да бірнеше адамды жұмыспен қамтымақ. Отбасында алты бала тәр­ биелеп отырған Ерболат Жас­ қаламұлы «Кәсіпкерлікпен осы балаларымның игілігі үшін айналысып келемін. Болашақта ұрпағымның жеке кәсібімді әрі қарай жалғастырғанын қа­ лаймын», - дейді.

Саяжан НӘСИБОЛЛИНА, Жаңақала ауданы


10

қызмет Сенбі, 21 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Батыс Қазақстан облысының әкiмi, 09000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс): 8(7112) 51-39-04, 51-27-23, е-mail: zapkazakim@westkaz.kz, бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымы - Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды («Д-О-1» санаты). «Д-О-1» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 140 298 (min) теңгеден 189 627 (max) теңгеге дейiн. Функционалдық мiндеттерi: Басқарманың қызметіне басшылық жасау, энер­ге­тика, коммуналдық шаруашылық, мұнай-газ секторы кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің, қызмет көрсететін кәсіпорындардың қызметін үйлес­тіру, облыс аумақтарын дамыту, энергия үнемдеу, электр энергетикасын, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығын дамыту және жаңғырту бағдарламала­рын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, облыстың энер­гетикалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­ лығында басқа­ру, пайдалану мен қадағалау жүйесін жетілдіруге жәрдем көрсету, облыстағы коммуналдық кә­сіп­орындардың қаржы-шаруашылық қызметіне мониторинг жүргізу, жетекшілік ететін кәсіпорындарды бюджеттік қаржыландыру, облыс тұрғындарына көр­ сетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мәселелеріне жәрдемдесу, облыстың өндірістік және әлеуметтік кешендерін жылыту маусымына да­йындау мониторингін жүргізу, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мұнай-газ секторы кәсіпорындары үшін облыста бар оқу орындары базасында кадрлар даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жәр­дем көрсету, электрмен қамту және газбен қамту нысандарын салу және қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу, коммуналдық қызметтерді тұтынушылар мен қызмет көрсететін кәсіпорындар арасындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру, тұрғын үй қорының жай-күйіне мониторинг жүргізу, тұрғын үй қатынастары саласындағы бас­қа да мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет ету, электр, газ, жылу, сумен қамту, су бөлу және кәріз нысандарын күрделі жөндеу, қайта жаңғырту және салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу, басқармаға жүктелген міндеттерден туындайтын және қол­даныстағы заң­на­ маларға қайшы келмейтін, сондай-ақ облыс әкімдігі арнайы жүктеген функцияларды орындау жөніндегі басқарма жұмыстарын ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: “Құқық” немесе “Әлеуметтік ғылымдар және биз­нес” (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемле­кеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе әле­м­дік экономика) немесе “Жараты­лыс ғылымдары” немесе “Техникалық ғылымдар және технология­лар” немесе “Ауыл шаруашылығы ғылымдары” (са­лалар бойынша) немесе “Қызмет­тер” (тасымалдау­ды, қозғалысты ұйымдастыру және жолдарды пайдалану немесе жерге орналастыру немесе кадастр немесе бағалау немесе логистика (салалар бойынша) немесе немесе “Әскери іс және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі)” мамандықтары бойынша жоғары кәсіп­ тік білім. Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім бе­ру ұйымдарында алған азаматтар (“Болашақ” бағ­дар­ламасының түлектерінен басқа) білімі туралы құ­жат­тарын тану немесе нострификация­лау рәсімінен өтуі тиіс. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес; 2) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағ­дар­ ламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда немесе ғылыми атағы болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өз­ге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жыл­дан кем емес; 4) осы санаттағы нақты лауазымның функ­цио­ налдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қа­зақстан Республикасының «Қазақстан Республика­сы­ның Президенті туралы», «Қазақстан Рес­публикасы­ның Парламентi және оның депутатта­рының мәрте­бесi туралы», «Қазақстан Республи­касының Үкіметі туралы» Конституциялық заң­дарын, Қазақстан Рес­публикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкім­ шілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық ак­тілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтi­нiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы са­наттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес об­лыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мем­ лекеттің жаңа саяси бағы­ты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функцио­ налдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қа­лып­тастыру қағидалары негiзiнде жүргiзiледi. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ны­ сандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куә­ ландырылған көшiрмелерi (мемлекеттік қыз­метші­лер ұсынатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нота­ риалдық куәландырылған көшiрмесi (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды бас­қару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Респуб­ликасы­ ның Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті ор­ган­мен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтиже­мен тестілеуден өткені туралы қолданыста­ғы сертификат. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi тура­лы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсы­ нымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек. Конкурс комиссиясының қарауына қабылдау мерзiмiнде қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы жіберілген құжаттар (құ­жат тігілетін мұқабада орналастырылған) қабылда­нады. Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетіл­ген электрондық пошта мекенжайына электронды түр­ де бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кан­ дидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында өтеді. Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме­леу шығындары төленбейді, үй және жеңілдіктер берілмейді.

«Орал қаласының білім беру бөлімі» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды 090000, БҚО, Орал қ., Достық даңғылы, 145-үй, 2-қабат, 5-бөлме, анық­та­ма алу те­лефондары: 8 (7112) 50-39-28, е-mail: edu uralsk @mail.ru 1. Әкімшілік секторының бас мама­ны №01-5-02 (E-R-4) негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы уақытына, лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты 56 375, 56 теңгеден 76 235,13 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Жаңа ны­ сандардың құрылысы және жобалау, білім ұйымдарын күрделі жөндеу, материалдықтехникалық қамтамасыз ету жөнінде ұсы­ ныстар әзірлесу; Білім ұйымдарының ны­сандарын күрделі жөндеу бойынша тапсырыстарды жоспарлау және тарату, жобалау –сметалық құжаттаманы бекіту және сарап­ тама жүргізу; күрделі жөндеу, құрылыс, отын және материалдық-техникалық базаны нығайту жөнінде тендер дайындау жә­не өткізу; білім ұйымдарын күрделі жөн­деу және материалдық-техникалық жаб­ дықтау аймақтық бағдарламаларын орындау жөнінде есеп жасау; Қалалық бюджетті орындау жөніндегі есеп; Өрт қауіпсіздігі шаралары; Мемлекеттік әкімшілік қызмет­ ші мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыс­ тарын атқарған кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандартын, әкімшілік рәсімдерді сақтауы тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері­нің уақытында және тиісті дәрежеде қа­ра­ луына жауапты. Үміткерге қойылатын талаптар: Тех­никалық ғылымдар және технология не­месе инженер немесе құрылысшы маман­ дықтары бойынша жоғары немесе мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конститу­ циясын, Қазақстан Республикасының «Қа­-

зақстан Республикасының Президенті ту­ралы», «Қазақстан Республикасының Пар­ламентi және оның депутаттарының мәр­тебесi туралы», «Қазақстан Республика­сы­ның Үкіметі туралы» Конституциялық заң­дарын, Қазақстан Республикасының «Мем­ле­кеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жем­ қорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұл­ ғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi тура­лы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауа­зымның мамандануына сәйкес облыстар­ дағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағы­ ты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы ла­уазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Балалар құқығын қорғау сек­то­ры­ның бас маманы №01-6-02 (E-R-4) лауа­ зымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты 56 375, 56 теңгеден 76 235,13 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Белгілен­ген учаскеде ата-аналарының қамқорлы­ ғынсыз қалған балаларды анықтауға, олар­ дың тұрмыс жағдайларын тексеруге, мұн­дай балалардың есебін жүргізуге және атаанасының қамқорлығынан айырылуының нақты жағдайларына қарай балаларды ор­ наластырудың нысандарын таңдауға, сондай-ақ олардың күтімі, тәрбиесі және білім алуы жағдайларын одан әрі бақылауды жүзеге асыруға; Әлеуметтік жетімдіктің ал­дын алу. Сәтсіз отбасыларды анықтау, бан­кісін жасақтау және оларды ішкі істер орга­нына тіркеуге қою; Отбасына баланы тәр­ биелеуге көмек көрсету мен оның өмірі мен тәрбиелену жағдайларына тиімді ба­қы­лау жасау мақсатында отбасы мен бала­­ға кешенді әлеуметтік-психологиялық сүйе­мелдеуді ұйымдастыру. Қиын өмірлік жағ­дайға тап келген балаларға арнаулы әлеу­ меттік қызметтер көрсету. Мемлекеттік әкім­шілік қызметші мемлекеттік қызметтер көр­

сету жұмыстарын атқарған кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандартын, әкімшілік рәсімдерді сақтауы тиіс. Жеке және заңды тұлғалар­ дың өтініштерінің уақытында және тиісті дәрежеде қаралуына жауапты. Үміткерге қойылатын талаптар: Білім мамандығы бойынша жоғары немесе мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конститу­ циясын, Қазақстан Республикасының «Қа­зақстан Республикасының Президенті ту­ ралы», «Қазақстан Республикасының Пар­ламентi және оның депутаттарының мәр­тебесi туралы», «Қазақстан Республика­сы­ның Үкіметі туралы» Конституциялық заң­дарын, Қазақстан Республикасының «Мем­лекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жем­ қорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұл­ ғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi тура­лы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауа­зымның мамандануына сәйкес облыстар­ дағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағы­ ты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 нау­ рыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негізінде өткізіледі. Қажетті құжат тізбесі: 1) белгіленген нысан бойынша өтініш; 2) мөлшері 3х4 фотосуреті бар белгіленген нысандағы сауалнама;

3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі; 4) нотариалды куәландырылған еңбек жолын растайтын құжат көшірмесі; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қара­ шадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қа­ зақстан Республикасының нормативтік-құ­ қықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжат өткізу сәтінде күші бар шекті мәннен төмен емес нәтижелі тесттен өту туралы сертификат. Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесі­не, кәсіби шеберлігіне және беделіне қа­тысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәре­желер мен атақтар берілуі туралы құжат­ тардың көшірмелері, мінездемелер, ұсы­ нымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, білікті­ лігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жа­рияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде 090000, БҚО, Орал қ., Достық даңғылы, 145-үй, 2-қабат, 5-бөлме немесе е-mail: edu uralsk @mail.ru электрондық поштасы бойынша ұсынылуы тиіс. Электрондық пошта арқылы конкурсқа қатысуға құжат тапсырған азаматтар әңгі­ мелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні­ нен кешіктірмей құжат түпнұсқаларын тапсырады. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан үміткерлерді әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұ­мыс күні ішінде Орал қаласының білім бе­ру бөлімінде өтеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.kz


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 21 желтоқсан 2013 жыл

11

Менің ұстазым

“Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те” деп Р.Бэкон айтқандай, біздің өмірімізде математиканың алатын орны ерекше. “Математика ақыл-ойды тәр­ тіпке келтіретін ғылым, сондықтан оны оқу керек” деп атақты С.Ло­ моносов та айтып кеткен. Менің түсінігім бойынша, математиканы білген кезде ғана адам баласы­ның ойлау қабілеті артады. Өйтке­ ні, математика - адамның ойы мен сөзін жетілдіріп, сана-сезімін оя­тады. Сонымен қатар ой мен сөз­ ді жүйеге келтіріп, шешендікке, тиянақтылыққа да үйретеді.

Кез келген оқушының матема­ тиканы танып-білуінде осы пән мұғалімдерінің алатын орны зор. Математиктер аз сөйлеп, көп ой­ланатын, ойға жомарт жандар. Түсінуге қиын болғанымен, ұстаз­ дардың ұлағатты еңбектерінің ар­қасында математика ғылымын же­ тік меңгеріп, үйреніп келеміз. Осы тұрғыдан келгенде Буда­рин орта жалпы білім беретін мектебінде математика пәнінің мұғалімі Ботагөз Ермекқызына алғысым шексіз. Оның математи­ ка пәнін ерекше қызықты етіп тү­сіндіруі, есепті аяғына дейін шы­ ғармайынша тынбайтындығы, бе­рілген уақытты босқа өткізбей­тін­ дігі басқаларға үлгі боларлық іс

деп ойлаймын. Сондықтан мен оны ерекше құрмет тұтамын. Әсі­ресе, Ботагөз апайымыздың ҰБТға дайындық кезеңінде көп кө­ме­гі тиді. Оның үлкен еңбегінің арқа­сында жоғары балл жинап, мек­тебіміздің сенімін ақтадық. Оқу­ шыларға осындай зор көмек көр­ сетіп, олардың ойын, санасын же­тілдіруге ұмтылған ұстаздарды біз әрдайым мақтан етуіміз керек. Мен Ботагөз апайымды әрқашан мақтан етемін!

Сауда-саттық объектісінің бас­тап­қы бағасы – 2 075 000,00 (екі миллион жетпіс бес мың) теңге. Сауда-саттыққа қатысушының ке­пілді жарна сомасы 5%-ды құрайды. Кепілді жарна 2013 ж. 30 желтоқ­ сан 09.30-ға дейін қолма-қол ақша­мен/немесе келесі төлем де­рек­те­мелері бойынша: шот №KZ68 948KZT01404002G4, есепшот KZ64 94813KZT28600079, банктің жеке коды EURIKZKA, код 948, БСН 0503 41000014, Код ОКПО 305216530671, салым коды 14 салынады (қабыл­да­ на­ды). Сауда-саттық №1 лот бойынша ағылшын әдісі бойынша (бастапқы бағасынан жоғарылату), 2013 ж. 30 жел­тоқсан 10.00-де, Орал қаласы, Строи­тель шағынауданы, 2/5 мекенжайы бойынша өтеді.

Әсемгүл Сағиджан, Бударин ОЖБММ 2013 жылғы мектеп түлегі, Ақжайық ауданы

Сауда-саттық №2 лот бойынша гол­ландық әдісі бойынша (бастапқы ба­ғасынан төмендеу), 2013 ж. 30 жел­ тоқ­сан 10 с. 00 мин., Орал қаласы, Строитель шағынауданы, 2/5 мекенжайы бойынша өтеді. Сауда-саттыққа қатысу үшін өті­ нім­дер 2013 ж. 30 желтоқсан 9.30-ға дейін қабылданады. Объектінің сатып алу бағасы тең­­ге­мен кепілді жарнаны салуға көр­ сетіл­ген төлем деректемелері бойынша сауда-саттық өткізілген күннен 3 (үш) банктік күн ішінде төленеді. Анықтаманы Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 2/5 мекенжайы бойынша, тел. 8 (7112) 505-839, 233112, 234-789, 234-192, 8 701 989 53 77 сенім білдірілген тұлғадан Қадыров Кенжебек Жұмабайұлы 9.00-ден 1800-ге дейін алуға болады.

БҚО МАЭ сотының шешімімен 13.11.13. «Торгсинтез» ЖШС РНН 271811980970, куәлік №6537-1926-ТОО 14.10.05, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 95/1-үй, 62-пәтер және 30.10.13 «Жалгер» ШҚ ЖСН 360723300837, куәлік 12915 №0230738 19.11.12 ж., БҚО Тасқала ауданы, Чижа-2 ауылы банкрот болып танылды, өндірістік іс қозғалды. Талаптар 2 айдан кейін мына мекенжайда қабылданады: Орал қаласы, Алмазов, 161, телефон: 87112269017.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы тұтынушыларының назарына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өнді­рістік филиалы Батыс Қазақстан облысы тұтыну­ шыларының назарына 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап газ бағасының өзгеретінін жеткізеді. Қазақстан Республикасы Табиғи монополия­ларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 18 жел­тоқ­сандағы №03-10-33/18707 шешіміне сәй­кес 1000 текше метр газ үшін босату бағасы келе­сіні құрайды: тұрғындар үшін (тарату құбырлары бойынша тасымалдау бойынша қызметке тариф пен ҚҚС қоса есептегенде) – 16 607,304 теңге; заңды тұлғалар үшін (тарату құбырлары бо­ йынша тасымалдау бойынша қызметке тарифті қоса есептегенде, бірақ ҚҚС есебінсіз): газды тарату құбырларынан алатын тұтыну­ шылар үшін:

Көп болды үлкен жүрек тоқтағалы, Қайырылып өз үйіне соқпағалы. Бүгінгі туған күніңізде ұл-қыздарың, Өзіңді, апа, сағынышпен еске алады.

Еске алушылар: інісі Жұбандық, келіні Жұмазия отбасымен, Жымпиты ауылындағы құда-құдағиы

Ж

«Еуразиялық банк» АҚ сенім білдірілген тұлға Қадыров Кенжебек Жұмабайұлы келесі кепілдікке салынған мүліктің сауда-саттығын хабарлайды: №1 лот БҚО, Зеленов ауданы, Мичурин ауылы, Комсомольская көшесі, 26/1үй мекенжайы бойынша орналас­қан, тұрғын үй, алты бөлмелі пәтер жалпы ауданы 329,0 ш.м., соның ішінде тұрғын ауданы 159,2 ш.м., жап­сар­лас орналасқан жер учаскесі жалпы ауданы 0,08 га (бұдан әрі - Объект). Сауда-саттық объектісінің бас­ тапқы бағасы – 13 800 000 (он үш миллион сегiз жүз мың) теңге. №2 лот 2012 жылы шығарылған, мемле­­кет­­тік нөмірі L067ООM, қозғалтқыш №G4FCCW108781,қорап №Z94CT41DACR162252, Серия LA №00218910 көлік құ­ралын мемлекеттік тіркеу куәлігі 02.11.2012 ж. берілген, Hyundai Accent маркалы автокөлік (бұдан әрі – Объект).

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғыны болған бірімізге сүйікті апа, бірімізге аяулы ана Балжан Нәсіпқызы Молдағалиева егер де ортамызда болса, 22 желтоқсанда 64 жасқа толар еді.

- табиғи газды заңды тұлғалар үшін жылу қуатын өндіру үшін пайдаланатын заңды тұлғалар және басқа да заңды тұлғалар үшін – 14 827,95 теңге; - заңды тұлғалар үшін магистралды тасымалдау есебінсіз – 13 447,95 теңге. заңды тұлғалар үшін (тарату құбырлары бо­ йынша тасымалдау бойынша қызметке тариф пен ҚҚС есебінсіз): газды тарату құбырларынан алатын тұтыну­шы­лар үшін: - табиғи газды заңды тұлғалар үшін жылу қуатын өндіру үшін пайдаланатын заңды тұл­ ғалар және басқа да заңды тұлғалар үшін - 12 561,75 теңге; - заңды тұлғалар үшін магистралды тасымалдау есебінсіз – 11 181,75 теңге.

Борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша саудасаттықты жүргізу туралы ақпараттық хабарлама «Аксайсервис» ЖШС, конкурстық басқарушысы М. Дуйсенов, (Орал қ., Скоробогатов көшесі 1/1-үй, ЖСН: 670812402312) «Аксайсервис» ЖШС БҚО, Ақсай қ., 4-ықшамауданы 19-үй, 9-п., бойынша тіркелген борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықтың жүргізілетіндігі туралы хабарлайды, сау­да-саттық Орал қ., Еуразия даңғылы, 108-үйде (дәріхана ғимараты), мекен­жайы бойынша 17. 01.2014 ж., сағат 11.00-де өткізіледі. ұялы тел.: 87015215113. Борышкердің негізгі қызмет түрі; көлік қызметтерін көрсету. Сауда-саттыққа шығарылатын мүлік қанағаттанарлықсыз күйдегі БҚО, Ақ­сай қ., 4 ықшамауданы 19-үй, 9-п. бойынша тіркелген. №1 лот бойынша Камаз – 53212, 1986 ж.ш., Автогрейдер, 1988 ж.ш. №2 лот бойынша трактор ЮМЗ, 1984 ж.ш, бортты прицептер Гкб 818, Гкб 8527 2 дана, Камаз 65115-015-13, 2001 ж.ш., Камаз 65115-011-02, 2005 ж.ш., автокөлік маркасы Volkswagen 1987 ж.ш., голландиялық әдіс бойынша екі лотпен саудасаттыққа шығарылады, №1 лот бастапқы бағасы 3100,0 м.т, төменгі бағасы 1240, 0 м.т., №2 лот, бастапқы бағасы 2878,0 м.т. төменгі бағасы 1151,0 м.т. сатылады. Кепілдік жарна ЖШС-ның №KZ 54826L0KZTD2000793 (019467368) КБЕ 19, БИК: IRTYKZKA ALMNKZKA «АТФ Банк» АҚ банк шотына лоттың төменгі баға­ сының 10 % мөлшерінде төленеді. Өтiнiштер қабылдау және сауда-саттыққа қатысуға тiлек бiлдiрушi тұлғалар­­ды тiркеу осы хабарлама жарияланған күннен кейінгі күннен бастап, Орал қ., Еу­разия даңғылы, 108-үйде (дәріхана ғимараты) тел.: 87015215113 мекен­жайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 12.00-ден бастап 14.00-ге дейін. Өтiнiштерді қабылдау және сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу саудасаттық басталғанға дейiн бiр сағат бұрын аяқталады. Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін құжаттар өзімен не үшінші тұлғаның өкілеттігі бойынша өкілдігі тиісті түрде ресімделген болса, саудасаттықты ұйымдастырушыға ұсынылады. Қосымша ақпаратты Орал қ., Еуразия даңғылы, 108-үйде (дәріхана ғимараты) тел. 87017255284, мекенжайы бойынша алуға болады. Конкурсты ұйымдастыру бойынша шағымдар БҚО салық департаменті, Орал қ., Некрасов к. 30/1, мекенжайы бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін, тел.: 8(7112)512545, электрондық пошта: taxwest@mgd. kz

Еркеғалиев С.Т. ЖК Орал стансасы бойындағы теміржол кіреберіс жолының ішкі аумақтық қайта құру жұмыстарының басталғандығын хабарлайды. Жоба мемлекеттік экологиялық сараптамаға жолданады. Барлық мүдделі тұлғалардың мемлекеттік экологиялық сарапта­ маның өткізілу кезеңінде өз ескертпелері мен ұсыныстарын жазбаша түрде БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына мына мекенжай бойынша жолдауларын сұраймыз: Орал қ., Дамба тұйығы көш., 5/1. Тел.: 50-92-70, 24-04-62, 24-48-65

Облыстық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараты көрнек­ті ақын, қоғам қайраткері Қайрат Жұмағалиевтің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыста­ рына қайғырып көңіл айтады. “Қазпошта” АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының және Ба­тыс Қазақстан облыстық пошта байланыс қызметкерлерінің кәсіп­ одақ ұжымы пошта ардагері Даулетова Толқын Әбуқызына анасының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08,

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 15873, 3 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, Ж.ЖАЙЛАУОВА Кезекшi редактор: С.әбілхалықов


12

керуен сарай Сенбі, 21 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Асқақ рухтың бастауы Ақжайық ауданында мектеп мұражайларының «Ұлттың асқақ рухы ұлттың тарихынан басталады» атты фестивалі басталды. Аудан орталығы Чапаевтағы ме­мориалдық музейде ұйымдасты­ рылған бұл шараның шымылды­­ғын Ақжол ауылдық округіндегі Қаршы орта мектебінің мұражайы ашты. Яғни әр білім ұясы өз кезе­ гінде аудан орталығына павильо­ нын әкеліп, халыққа ұсынып тұ­ ратын болады. Қаршылық мұражайдың көне қарулар, тұрмыстық заттар т.б. дүниелерін, сондай-ақ ауылдың шежіресін, еңбек даңқын баяндайтын жәдігерлерін көрушілер легі алғашқы күні-ақ көп болды. Ақжолдық еңбек ардагерлері Са­

Құттықтаймыз! Орал қаласының тұрғыны Бақтияр Тәуірғалиұлы Шейтовті 50 жасқа толу мерейтойымен шын жүректен құттық­ таймыз! Өміріңізге қуат, көңіліңізге шуақ, деніңізге саулық тілейміз! Уақыт та өтеді екен тіпті тосын, Демейміз көңіл одан күпті болсын. 50-дің қырқасына шығып тұрған, Бүгінгі мерейтойың құтты болсын. Келтіріп ағайынның берекесін Жанашыр боп оларға жүр екенсің. Арнадым осынау бір өлең жолын, Құттықтап 50 деген мерекесін.

Игі тілекпен: апа-жездеңіз Асқар-Марфуға және Әбубәкіровтер отбасы

қып Есентаев, Әжігерей Мұқанов ауыл-елдің тарихына қатысты өз­дері білетін көптеген деректі, жа­ңалықтарды тілге тиек етіп, ес­ теліктерімен бөлісті. Облыстық ту­ризм және экология орталығы бөлімінің меңгерушісі Құралай

Қа­йырлиева аудандағы 10 мектеп мұражайының жетекшісіне мұражай паспорттарын тапсырды.

Бекем БЕКҰЛЫ, Ақжайық ауданы

Сканворд

«Индер-мәдениеттің» тартуы Ақжайық ауданындағы Сарытоғай ауылдық округінің орталығы – Жанама ауылында Тәуелсіздік мерекесі әдеттегіден мазмұндырақ өтті. Мерекенің шырайын кіргізген - көршілес Атырау облысынан келген «Индер-мәдениет» өнер ұжымы. Белгілі мәдениет қызметкері Еркін Әубәкіров жетекшілік жасайтын өнерпаздар ұжымы мейрам күні әдемі ән­

дерімен жанамалықтардың көңі­лін көтеріп тастады. Сөйтіп, көр­ шілер жанамалықтарға лайықты мерекелік тарту жасады.

Болат ЕСҚАЛИЕВ, Ақжайық ауданы

Жеңістен жеңіске Жуырда Ақсай қаласында таэквондодан өткен аймақтық жарыста бір үйдің екі спортшы өрені Ернар Бейбіт (33 келі) пен Ерсұлтан Тілекқабыл (23 келі) өз салмақтарында жүлделі 1-орындарды жеңіп алды. Өткен айларда Шымкент пен Ресейдің Тольятти қалаларында өткен халықаралық турнирлерде жүздеген баланың ішінен топ жарып, екеуі де 3-орынды

қанжығасына байлап қайтқан болатын. Өнерімен өрге жүзген спортшы балалар қаламыздағы № 44 мектепте оқиды.

Зағипа ІЛИЯС

«Конденсат-Жайықмұнай» көш басында Волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІІ чемпионатында Оралдың «КонденсатЖайықмұнай» командасы көш бастап келеді.

Сканвордты құрастырған Ержан НҰРСҰЛТАНОВ, Орал қаласы

«Жайық» волейбол клубының директоры Шоқан Кеңесовтің айтуынша, батысқазақстандықтар Хромтауда бірінші тур ойында­рын өте сәтті өткізіп, қарсылас­ тарының бәрін де тізе бүктірді. Соның ішінде ел чемпионы, Қа­ зақстан ұлттық құрамасының ба­ залық командасы болып есептелетін «Алматы» командасын 3:2 есебімен ұтып кетті. Алғашқы екі партияда алматылықтар алда болғанымен, оралдықтар жеңіс­ке деген жігерлері мен шеберліктерін таныта білді. Сондай-ақ «Павлодарды» 3:0, Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысын» 3:2, «Таразды» 3:1 есебімен ұтты. Бұл турда «Конденсат-Жайық­мұ­ найдан» Антон Кузнецов үздік ойыншы атанды.

Сөйтіп, биылғы біріншілікте әзірге жеңіліссіз келе жатқан батысқазақстандықтар 18 ұпай­ мен көш бастады. Өскемендік­тер 14 ұпаймен екінші, алматы­ лықтар (13 ұпай) үшінші орында келеді. Енді «Конденсат-Жайықмұнай» 7-11 қаңтар күндері Петропавлда «Есіл», «Атырау», «ТНК Казхром» командаларымен күш сынасады. Оралдағы беташар ойындарда Игорь Никольченконың шәкірттері бұл үш клубты да жеңген болатын. Содан кейін 26-31 қаңтарда Павлодарда қай­ тадан сегіз команда қосылып, екінші турдың қалған ойында­рын өткізеді.

Елжан ЕРАЛЫ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.