Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет
- 15 - 21
С
0
С
0
Сейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл №17 (19936)
www.zhaikpress.kz
Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
«Өндіріс ошақтары бірікпесе,
oral_oniri@inbox.ru
ақпарат
бәсекеге төтеп беру қиын» 2
Үздік оқырман іссапар
3
Сочидің саңлақтары
Ақпанның жетісі күні тұсауы кесіліп, томағасы сыпырылған Сочи олимпиадасы күн санап қыза түсуде. Әзірше ол жақтан қазақстандық жанкүйерлерден сүйінші сұрайтындай хабарошар болмай тұр. Дегенмен дүниежүзілік додадан естіген құлақты елең еткізер мына мәліметтерді ел-жұрттың назарына ұсынғанды қош көрдік.
М
әнерлеп сырғанаудан Ресейдің олимпиадалық құрамасының мүшесі, 15 жасар Юлия Липницкая командалық сында міндетті және еркін бағдарламалар бойынша керемет өнер көрсетіп, әріптес терімен бірге олимпиада чемпионы атанды. Мамандар спорттық вундеркинд ретінде бағалап үлгерген өндірдей отандасының өнеріне «Айсберг» спорт кешенінде РФ президенті Владимир Путин орнынан тік тұрып, қол соқты. Өткен сенбіде 40 жастағы норвегиялық биатлоншы Уле-Эйнар Бьорндален 10 ша қырымдық жарыста алдына жан салмай, осымен жетінші рет олимпиада чемпионы атанды. Күміс медальды қанағат тұтуға
мәжбүр болған австриялық Доминик Ландертингер мәреге чемпионнан 1,3 секунд кеш жетті. Жеті дүркін олимпиада чемпиондығына қоса Уле-Эйнар Бьорндален – 19 мәрте әлем чемпионы атанған һәм 6 рет әлем кубогын иеленген саңлақ. Жексенбі күні шана спортынан ресейлік Альберт Демченко 42 жасында олим пиадалық ойындардың күміс медалына қол жеткізді. Бұл – оның жетінші қысқы олимпиа дасы. Әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері, Еуропаның үш дүркін чемпионы А.Демченко 2006 жылы өткен Турин (Италия) олимпиадасында да күміс жүлдені еншілеген болатын.
Толғандырған мәселелер айтылды
4-5
2
АҚПАРАТ Сейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Мұң-мұқтажын айтып... P
P
«Қамқорлық» акциясына Зеленов ауданының Мичурин ауылындағы жомарт жандар да атсалысты. Олар әлеумет тік жағдайы төмен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетті. Шара барысында жалпыға бірдей білім беру қорынан 117463 теңге қаржы бөлініп, әлеу меттік санаттағы 47 балаға тегін оқу-құралдары мен киімкешек берілді. Мауыт Идирова, Нина Труфанова, Галина Подмарева секілді ауыл кәсіпкерлері әлеуметтік санаттағы мұқтаж оқушыларға қысқы күрте мен аяқ-киім, спорт киімі және оқу құралдарын сыйлады. Сырым ауданы Жетікөл ауылында түз тағысын аулауға маманданған аңшылар бар. Журналист Махмет Қажиахметовтің хабарлауынша, Дар хан Зинуллин, Ақболат Рысов, Баянғали Күсесов бұдан бір ай бұрын қос бөріні атып алса, жуықта тағы бір көкшулан ның ізін кесіп, қанжығасын майлады. Өткен жылы күзде осы Жетікөл ауылдық округіне қа расты Қарақұдық елді мекенінде қасқырлар алпыс қойды ауладан айдап алып кетіп, жайратып салған еді. Солардың ізіне түскен аңшылардың еңбегі ақталды.
Ақжайық аудандық орталық балалар кітапханасында «Оқырман бенефисі» өтті. Аудан орталығындағы Абай атындағы мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы Фариза Нұрланқызы «Жылдың үздік оқырманы» атағын иеленді. Шарада оның формулярі бойынша кітап көр месі ұйымдастырылды. Ол О.Бөкеевтің «Ұйқым келмейді», Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», К.Әзірбаевтің «Аңыз дар сыры», Т.Әбдірайымның «Әуелеп ұшқан тырналар», Эдгар Аллон Поның «Алтын қоңыз» т.б. әдебиеттерді аса қызығушылықпен оқыған.
Елбасының биылғы Жолдауын насихаттау мақсатында өңірімізге келген ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары сайлаушы лардың мұң-мұқтажына да құлақ түруде.
Айша ӨТЕБӘЛІ, «Орал өңірі»
Ө
ткен сенбіде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко «Нұр Отан» партиясы Орал қала лық филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қоғамдық қа былдау өткізді. Депутат өзіне үлкен сенім артып келген сайлаушыларын жылы жүзбен қабылдап, олардың мұңмұқтажын мұқият тыңдады. Қабылдауға келген он шақты адамның үшеуі зейнетақы мөлшерінің тым аздығын айтып шағымданса, қалғандары депутаттан түрлі түйт кілді мәселелердің шешімін табу
жөнінде көмек сұрады. Мысалы, Дариян ауылынан келген жеке кәсіпкер Фарид Самарханов өзі не 270 мың теңге мөлшерінде айыппұл салған сот шешіміне наразылық білдіріп, оны қайта қарауға көмектесуін өтінсе, Орал қаласының тұрғыны Татьяна Кулик сот шешімін орындаушылардың мардымсыз жұмысына реніш білдірді. Сондай-ақ Бибігүл Семізо-
ва мен Әлфия және Ботагөз Қай даровалар депутатқа баспана мәселесімен жолықса, мүгедек Николай Гришин жағдайының қиын екенін айтып, шағынды. Елена Ивановна қабылдауын да болған азаматтарға ретіне қарай жауабын беріп, олардың бір қатарының мәселесін жоғарғы жақтағы тиісті мекемелердің на зарына ұсынатынын жеткізді.
«Жаңа туған баласы дарын болса...» Жақында қаламыздағы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ақын Ақұштап Бақтыге
Көзді ауылда да емдейді Өткен аптаның жұма күні облыстық клиникалық ауру хананың жоғары санатты микрохирургы Ағила Шабарова ның қатысуымен Теректі ауданындағы Ақжайық ауруха насы жанындағы емхана ішінен көз ауруларын қарауға арналған арнайы бөлме ашылды.
Көз дәрігері Кәкімжан Ахметқалиев алғашқы қаралушыны қабылдауда
Сондай-ақ көзі ауырған науқас тарға ем-дом жасау мақсатында күндізгі стационар бөлімінен үш төсек орны бөлінді. Микрохирург Ағила Шабарованың айтуынша, көз ауруларын емдеуге арналған күндізгі стационар облысымыздың аудандары арасында алғаш ашылып отыр. Ақжайық ауруханасының көз дәрігері Кәкімжан Ахметқалиевтың бастамасы бойынша ашылған аталмыш бөлімде көз айнала-
сына екпелер егу, физотерапия, массаж, қан тамырына сұйықтық құю секілді емдік шаралар жү зеге асырылмақ. Сондай-ақ мұнда көзі ауырған науқастарды емдеудің мүмкіндігін кеңейту мақ сатында биыл жалпы құны 5 миллион теңге тұратын арнайы құ рылғылар әкелінбек.
Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, Теректі ауданы Суретті түсірген автор
рееваға арналған әсерлі кештің куәсі болып қайттық.
«Бүгінде жасөспірімдер кітап оқымайды, әдебиетке қызықпай ды» деп жанымыз күйзеліп, әрісәрі күй кешіп жүргенде, бұл кеш көңіліміздегі күпті бір сейілтіп тастады. Кеш Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан об лыстық бөлімшесінің төрайымы, «Құрмет» ордені мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдық мерейтойына арналды. Қала мектептерінің 7-сыныпта оқитын жас дарындары мәнерлеп оқу сайы сының көркін кіргізді. 70 жасқа 7-сынып оқушыларының таңдалуы кездейсоқ емес. Оның үстіне жалпы қатысушылар саны 74 болды. Бұл – бұған дейін кітапха нада ұйымдастырылған сайыстардан қатысушылар саны жағынан озық тұрған сайыс. Ақын да, кө рермен де жайнап, «көздерінде от ойнап, сөздерінен жалын шашқан» балаларға риза болды. Кезек-кезегімен ақын поэзиясынан өлең-жыр оқыған өрендер бір-бірінен озып тұрды. Сайыста ақынның туған жерге, ата-анасына арнаған өлеңдері оқылып, арнайы тағайындалған қазылар алқасымен бағаланды. Сайыс қоры тындысы бойынша, Жұбан ақын ның рухына арналған «Ерікті көзбен көрген күн» өлеңін нақышы-
на келтіре оқып, баршаны баурап алған №20 мектептің 7-сынып оқушысы Нұржан Төлеуіш бас жүлдеге лайық деп танылды. Ал бірінші орынды Серебряков мектебінің оқушысы Жақсылық Зинешов иеленсе, 2-3-орындарды №38 мектеп-лицейінің оқушысы Әлия Сағынова мен №14 мек тептің оқушысы Жанар Елемесова өзара бөлісті. Сонымен қатар оқу шылар алғысхаттармен марапатталды. Ақын өз кезегінде қалада қазақ тілді балалардың өсіп келе жатқанына, Мәңгілік ел болудың кепілі де осындай ұрпақты тәрбиелеуден туатынына тоқталып, ризашылығын білдірді. Ақын: «Мен: Жаңа туған баласы дарын болса, Қыздарының барлығы ару болса, Көргенсізге бұл қазақ зәру бол-
P.S.
са... – деп айтқанмын, бүгін соған куә болып отырмын» деп ағынан жарылды. Жырлар легін одан әрі жалғады. Көркі келіскен кеш туралы кітапхананың қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Гүлназ Хам зина: «Біз өлкемізден шыққан ақын-жазушыларды насихаттап, олардың шығармаларын оқушылар жаттап-білуі үшін осындай шараларды ұйымдастыруды қолға алып келеміз. Бүгінде бала лар кітап оқымайды деген жаң сақ пікір, оған дәлел осы шараға қала мектептерінен 100 па йыз ұсыныс келді, тіпті орыс тілді оқушылар да қатысты» деп, осынау кездесуден әсерленген көңі лімізді одан сайын көтерді.
Ақмоншақ МАҚСОТҚЫЗЫ Суретті түсірген автор
Бірер күн бұрын Алматыда әдебиет пен өнер қай раткерлеріне 2013 жылдың Президенттік стипендия сы мен мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыстау рәсімі өтті. Президенттік стипендияға ие болғандар қатарында ақын Ақұштап Бақтыгереева да бар.
ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru
Сейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл
Облыстық мәслихат сессиясы төрағасының шешімі Орал қаласы
№15
10 ақпан 2014 жыл
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 15-сессиясын шақыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ: Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 15сессиясы 2014 жылғы 14 ақпанда облыстық мәслихаттың үлкен залында сағат 12.00-ге шақырылсын. Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын мә селелер: – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №29-1 «2011-2015 жылдарға арналған Батыс Қазақ стан облысының аймақтық даму бағдарламасы туралы» шешімінің орындалуы барысы туралы; – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №29-1 «20112015 жылдарға арналған Батыс Қазақстан об лысының аймақтық даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде; – Басқа да мәселелер.
Сессия төрағасы Р.Хайруллин
Облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Әнес ІЗТІЛЕУОВ:
Бюджет тапшылығы болмайды Қазақстан Респуб ликасы Парламенті Сенатының депутатта ры Рашит Ахметов және Ерболат Мұқаев өткен аптаның жұма күні Теректі ауданындағы Ақжайық ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге әлеу меттік сала қызмет керлері, кәсіпкерлер қатысты. Сенаторлар ауыл тұрғын дарына Елбасы Жолдауының маңызы, бүгінгі қоғамдағы өзгерістер және оған бейімделу жолдары туралы әңгі меледі. Жиын барысында сенатор Ерболат Мұқаевтың мәлімдеуінен белгілі болға нындай, алдағы үш жылда облысымызда бюджет тап шылығы орын алмауы тиіс. – Облысымызда 2011-2013 жылдары бюджет қаржысының аз бөлінуіне қарамай,
дамыту, өз кәсібін бастауға ынталы жандар үшін мемлекет тарапынан жасалатын қолдаулар турасында жергілікті БАҚ-тар барынша мағлұмат беріп тұратын дығын айта келіп, - Дегенмен сараптамалық бағыттағы материал дар жиілей түссе, жақсы болар еді, – деген пікірін ортаға салды. Ал облыстық кәсіпкерлер қауым дастығының төрағасы Әнес Ізтілеуов. – Қазіргі таңда кәсіпкерлік са ласында сауатты менеджер, есепші, заңгер жетіспейді. Ауыл шаруашылығының кәдесіне жарай-
біраз істер тындырылды. Өткен жылдың аяғында алдағы үш жылға бөлінетін бюджет туралы заң қабылдан ды. Нәтижесінде өңірімізге бөлінген қаражатқа көңіл толарлықтай. Мәселен, жол құрылысы жұмыстарына 20 миллиард теңге қарасты рылды. Жол мәселесі – Батыс Қазақстан облысында еліміздің басқа аймақта рымен салыстырғанда бірнеше жылдан бері кенжелеп келе жатқан саланың бірі екені белгілі. Биыл бұл
біздің зауыт-фабрикаларға әлі бытыраңқылық тән. Мұндай басбасына би болумен отандық өн діріс ошақтары бәсекеге төтеп бере алмайды-ау, – деді. – Бір өндіріс орны ашылатын болса, БАҚ біткен «шулап» қоя береді. Ал оның экономикалық тиімділігі қаншалықты, меніңше, бұған жете мән берілмейді. Мә селен, өткен жылдың соңында бір басылымнан «СВ плюс» ЖШС Теректі ауданының аумағында керамзит қиыршығын өндіретін зауыт салып жатыр деген хабарды оқыдым. Мен басшылық ететін
бағытта республикалық бюджеттен 6 миллиард теңге бө лінсе, облыстық бюджеттен 1,5 миллиард және «ҚПО б.в.» компаниясынан 1,5 миллиард, яғни барлығы 9 миллиард теңге облыс аумағындағы жол құрылысына жұмсалмақ, – деді Ерболат Рахметұлы. Кездесу кезінде сенаторлар ауыл тұрғындарының түрлі сауалдарына жауап берді.
Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, Теректі ауданы
тық кәсіпкерлік және индуст риалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынба сары Мержан Сатқанов өнім өндіру, оларды экспорттау мен импорт мәселесіне немесе қазір үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы ның екінші бағытын жүзеге асыруға қатысты мәлімет беруге әр кез пейілді екендігін аңғарт ты. Ал Орал қалалық салық басқармасының өкілі Ерлан Исаев ел-жұрттың салық төлеу мәде ниетін қалыптастыруда салық қызметкерлері журналистермен
«Өндіріс ошақтары бірікпесе, бәсекеге төтеп беру қиын» Өткен жұма күні «Қазақстан» телерадиокорпорация сы» АҚ-ның облыстық филиалында жергілікті БАҚ бас шыларының кезекті кеңесі өтті.
Ж
иынды ашқан об лыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенова редакторлар кеңесінің жұмысына тың серпін беру үшін бұл жолғы ша ра көшпелі сипатта ұйымдасты рылғанын айтты. Ал шара модераторы «Мой город» газетінің бас редакторы Жаннат Нұғманова осы басқосу іскерлік журналистика тақырыбына арналатынын мәлімдеді. Соған орай жиынға қаржы-экономика саласы мен кәсіпкерлік өкілдері шақырылған екен. «Даму» қоры облыстық фила лының директоры Әлия Сәлиева шағын және орта кәсіпкерлікті
тын, бірақ игерілмей жатқан жер телімдері әлі баршылық. Бұл бағыттағы жұмыстардың жандануына мемлекеттік құрылымдар да, бизнес өкілдері де мүдделі лік танытқаны жөн деп есептеймін. Тағы бір айтпағым, өнеркәсіп саласына қатысты халықара лық көрмелерге барып жүріп байқағаным, шетелдік өндіріс ошақтары ортақ мүдде үшін күш біріктіруге бейім. Мысалы, көрші Ресейдің өндіріс секторында әлгіндей үрдіс, яғни кәсіп орындардың өз ыңғайларына қарай трест, корпорация, холдинг секілді бір шаңырақтың аясында ресурс-резервтерді тоғыстыруы айқын аңғарылады. Ал
кәсіпорын осы бағытта жұмыс істейтін болған соң, бұл саладағы жағдайдан хабардармын. Біздің облыста керамзит қиыршығын көп мөлшерде өткізу қиын. Сол себепті біздің кәсіпорындағы үш желінің қазір екеуі тоқтап тұр. Мен мұны өзіме бәсекелес болады деп айтып отырғаным жоқ. Егер оны жеке кәсіпкер өз қар жысына салып жатса, ештеңе емес, ал жаңағы нысан құрылы сын мемлекет қолдап отыр ғой. Неге ол қаржыны сұранысқа ие құрылыс материалын өндіретін, экономикалық тұрғыдан тиімді басқа салаға жұмсамасқа? Журналистер осындай өзекті мәсе лелерді сараптап жазуы тиіс. Ондай мақалаларды оқығаннан ке йін кәсіпкер де, қаржы бөлетін мемлекеттік құрылым өкілдері де ойланар еді, – дейді «Стройкомбинат» ЖШС-ның директоры Бақытжан Нұрбаев. Өз кезегінде сөз алған облыс
тізе қосып жұмыс істеуге әзір екенін айтса, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Зәуре Қаме нова кәсіпкерлер ұйымы да бұл істен тысқары қалмайтынын мә лімдеді. «Информбиржа» газетінің бас редакторы Сергей Кульпин қазір гі таңда экономика тақырыбына жазатын тілші ғана емес, облыс бойынша жалпы журналистика мамандары тым тапшы екендігін тілге тиек етті. «Орал өңірінің» бас редакторы Б.Ғұбайдуллин «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінде экономика тақырыбына жіті мән берілетінін, бұл са ладағы түрлі мәселелер оқырман назарына жиі ұсынылатын дығын нақты мысалдармен алға тартты.
Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, «Орал өңірі»
3
Жарайсың, Шұғыла! Алматыда өткен республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына Қазталов аудандық Ғұмар Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы ның 7-сынып оқушысы Шұғыла Ермұханбетова қаты сып қайтты. Облыстық байқаудан оза шауып, білім бәйгесінде бақ сы наған Шұғыла ІІ орын иеленіп, мектебіміздің мерейін асырды. Әр облыстан қатысқан 54 шәкірттің арасынан топ жар ған шәкіртінің болашағынан ұс таздары зор үміт күтеді.
Мешіттің мүмкіндігі артты Сырым аудандық орталық мешіті Мәуліт мерекесі қар саңында талай сый-сияпатқа ие болды. Жуырда ғана «Әлім» ЖШС директоры Е.Бахтияров аудан дық мешітке барлық керекжарағымен, компьютер алып берді. «Тоқсаба» ЖШС директоры, аудандық мәслихаттың депутаты М.Рақымжанов мешіттің байланыс аппаратурасын жаңартуға жәрдемдесті. Күні ке ше «Баймұрат» шаруа қожалы ғының жетекшісі Ғ.Жампозов мұсылмандар үйі жамағатының игілігіне үлкен теледидарды сыйға тартты. Мешітке жиһаз жағынан көмектескен Атымтай жомарттар да бар.
Төрт жүргізуші мас екен... Облыста 4-6 ақпан күндері «Автобус» жедел алдын алу шарасы кезінде жүргізуші лер тарапынан 114 жол ережесін бұзушылық тіркелді. БҚО ІІД әкімшілік полиция сы басқармасының аға инспекторы Нұртай Лезовтың хабар лағанындай, соның ішінде 34-і техникалық байқаудан өтпеге ні, 14-і көлік құралын пайда лану ережесін бұзғаны, 10-ы жылдамдықты арттырғаны, төртеуі рульге мас күйінде отыр ғаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ 7 ақпан күні «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік күні» шарасы барысында 246 жол ережесін бұзушылық анықталып, соның ішінде өтуге болмайтын жерден жолды кесіп өткен жүргіншілерге 40 әкімшілік хаттама толтырылды.
Шыңғырлау колледжі жарап тұр! Жуырда кәсіптік білім саласында еңбегі сіңген азамат Ә.Алдамжаровты еске алуға арналып, Тасқала ауданында өт кен колледж қызметкерлері арасындағы облыстық волейбол турнирінде 20 команда арасынан Шыңғырлау колледжі жүлделі ІІ орынға ие болған еді. Енді Бөрлі ауданында өт кен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қыз меткерлері арасындағы шағын футболдан облыстық турнирде колледж командасы ІІІ орыннан көрінді.
Өз тілшілеріміз
4
іссапар Cейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
«Қол жеткенге масаттанбай, Ақпан айының жетінші жұлдызында Шыңғырлау ауданында аудан әкімінің халық алдындағы есебі тыңдалып, дәстүрлі жиынға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.
- Есептік кездесулер маған ау дан әкімі ретінде өте маңызды. Өйткені олар алдағы жұмыстар дың бірінші кезектегі міндеттерін анықтап, тұрғындардың қажетті лігімен біздің жоспарларымыз дың сәйкестігін салыстыруға мүмкіндік береді және де біздің барлық жұмысымыз Елбасының Жолдауын іске асыруға негізделе жүргізіледі, - деп бастады өз сө зін аудан әкімі Алдияр Халелов. Жиынға қатысушылар әкім сөзі нің дәлеліндей жыл бойы атқа рылған жұмыстардың барлығын рет-ретімен бейнефильмнен көріп отырды. Аудан әкімінің баяндамасынан кейін сөз алған зейнеткер Галина Ремизова атқарылған істердің барлығы да ауданымыз және тұрғындар үшін жасалынғанын, әлеуметтік-экономикалық тұрғы да ауданымыздың жылдан-жылға дамып келе жатқанын айтып, аудан әкіміне, оның жұмысына ризашылығын білдірді. Белогор ауылдық округіне қарасты «Қарлығаш» балабақ шасының меңгерушісі Гауһар Еслямова жөнделіп, жаңартылған балабақша үшін, оған қаржы бөлуге ықпал еткен облыс пен аудан басшылығына ата-аналар мен бүлдіршіндер атынан алғысын білдірді. Елбасы Жолдауынан бағыт алып, Үкімет тарапынан көрсетіл ген көмектердің арқасында биз-
несін дөңгелетіп отырған «Жеңіс» шаруа қожалығының жетекшісі М.Байжанов, кәсіпкер С.Намиева, Алмаз орта мектебінің ұстазы А.Мауытбаев өз ой-пікірлерін ор таға салып, ауданда атқарылған жұмыстардың барлығы да халық игілігі үшін жасалып жатқанын жеткізді. Есеп беру жиынында тұрғын дардың өтініш-тілектері де тың далмай қалған жоқ. Сөз сұраған тұрғын Надежда Свешникова үйінің тым ескі екендігін және кө леміне байланысты оны жөндей де, сата да алмайтынын айтып көмек сұраса, «Березка» орыс мәдени орталығы қоғамдық бір лестігінің төрайымы Татьяна Киш кина шыңғырлаулықтар үшін қа зіргі заманға сай үлкен мәдениет үйінің қажеттілігін айтып, қаржы бөлуді сұрады. Ал аудандық жұ мыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшы сы Айбек Сұлтанов кәсіпкерлік пен айналысушылар үшін тағы да несие-көмек берілсе деп өтініш білдірсе, аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Юрий Абуба киров Ақсай-Шыңғырлау тас жолының мәселесін көтерді. Сонымен қатар «Ақбұлақ жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ғарышкер Сайын ауылда мәде ниет үйінің жоқтығын, осы шаруа ға қаржы қашан бөлінетіндігін сұраса, Лубен ауылдық округіне ФАП қажеттілігін аудандық мәслихаттың депутаты Жауынбай Байқатов айтып өтті. Аудан әкімі Алдияр Халелов бұл есептік кездесуінде 16 мыңға жуық халқы, 25 елді мекені бар ауданның тәуелсіздік алғалы бері алғашқы рет халық санының өсуі тіркелгенін назарға салды. Әкім нің айтуынша, өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында 4 млрд. 456 млн. өнім өндірілген. Шағын және орта бизнестен түскен салық көлемі – 65,7 млн. теңге. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда, 15,7 млн.
алға ұмтылу қажет»
теңгеге артқан. Айта кету жөн, өткен жылы ауданда мал басы едәуір артқан, әсіресе, ірі қара және асыл тұқымды мал мен жыл қы саны біршама көбейген. Ау данда шағын және орта кәсіпкерлік жылдан-жылға қарқын алуда, мемлекет тарапынан берілген де меуқаржылар мен несиелер тұр ғындардың өз істерін ашып, өзінөзі жұмыспен қамтуына мүмкіндік беруде. Есептік жиында аудан басшысы алдағы атқарылар жұмыстарды да саралап берді. - Алда шағын және орта кә сіпкерлікті одан әрі дамыту, асыл тұқымды жылқы, ірі қара малы және қой басын көбейту, ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізат қабылдайтын пункттер ашу, сүт өнімдерін шығаратын, қымыз құтылайтын цех, шыны ыдыстар
Өткен сенбі күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Сырым аудандық мәдениет үйінде өткен аудан әкімі Абат Шыны бековтің халық алдындағы есеп беру жиналысына қатысты.
- Ауданымызда шағын кәсіп керлік субъектілері мен осы салада жұмыс істейтін адамдар саны жыл сайын артып келеді, - деп бастады аудан басшысы өз есебін. Шағын кәсіпкерлік субъектіле рінің 2013 жылы өндіріс, қызмет көрсету көлемі 2012 жылмен са лыстырғанда, 14,7 пайызға көбе йіп отыр. Ауданда 2013 жылы әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен несиелердің арқасында 77 жаңа жеке кәсіпкерлер тіркелген. Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 2012-13 жылдары ауданда 4 мейрамхана, 2 сауда орны, 4 шағын цех, 1 шаштараз сияқты 11 ғимарат пайдалануға берілді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы Самара – Шымкент халықаралық маңызы
бар жол бойынан «Жолаушыларға қызмет көрсету кешенін» салу жоспарлануда. Ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, оның ішінде мал шаруашылығын өркендетуге толық мүмкіндіктер бола тұра, әлі де дұрыс пайдалана алмай отырмыз. Асыл тұқымды мал шар уашылығымен ауданда тек бір ғана «Талап» шаруа қожалығы айналысуда. Үстіміздегі жылы «Жібек жолы» шаруа қожалығына 310 бас асыл тұқымды малды шетелден әкелу жоспарланса, 400 басқа арнал ған мал бордақылау кешені іске қосылмақ. Оның сыртында Ресей елінен 61 бас асыл тұқымды ірі қа ра малдары «Мансұр-Жаһан» шаруа қожалығы арқылы әкелінбек.
ға құйылған су шығаруды қолға алу, ет өнімдерін өндіретін цех, балық өсіру, кірпіш, пеноблок жасауды қолға алу, жылыжай ашу, бақша өнімдерін сақтайтын қоймалар ашу, аудан орталығына әмбебап дүкен, балаларға ар налған ойын-сауық орталығын ашу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрмыстық техникалар ды жөндейтін цехтар ашуды жос парлаудамыз, - деді ол өз сөзінде. Өз кезегінде облыс әкімі Нұр лан Ноғаев жиынға қатысушылар алдында облыс көлемінде атқа рылған оң істерге шолу жасап өтті. Қандай елде де, қандай ау дан болмасын бірлігі бар болса, істері де оң болмақ. Әкімі бас болып, тұрғындары қолдап отырса, алынбайтын қамал, атқарыл майтын іс болмайтынын ескертті. Облыс басшысы шыңғырлаулық
тардың береке-бірліктеріне, ын тымақтастықпен жұмыс істеп, қашан да ынта-жігерлерімен көзге түсіп отырғандықтарын айта келіп, аудан әкімінің өз ісін үлкен жауапкершілікпен атқа рып отырғандығын да атап өтті. Жол мәселесіне, техникалық су, жаңа мәдениет үйін салу үшін қажетті қаражатқа байланысты ақыл-кеңесін берді. Соңғы жыл дары барлық аудандарда да әлеуметтік, экономикалық салада даму әжептәуір байқалатынды ғын, бірақ барға масаттанбай, алға ұмтылу өздеріңіз үшін, болашақ үшін қажет деді. Жиын соңы аудан өнерпазда рының ән-жырымен өрнектелді.
Айсұлу АРЫСТАНОВА, Шыңғырлау ауданы
Толғандырған
Биыл жұмыссыздар есебінде тіркелген азаматтарды қамыс буу және тас соғу сияқты өзіне де, халыққа да пайдалы жұмыстарға кеңінен тартуды көздеп отырмыз. Ауданымызда жыл басында 740 мүгедек есепте тұрса, біз оларға қамқорлық көрсетіп қана қоймай, шаруашылықтар мен кә сіпорындарға жұмысқа тартып, оларды қоғамның толыққанды мүшесі, пайдалы еңбеккер ре тінде сезінуін қамтамасыз етуге тиіспіз және ауданның барлық кәсіпкерлерін осыған шақырамын, - деді аудан әкімі баяндамасында. Баяндама бойынша жарыссөз де жосалылық зейнеткер ұстаз Асан Жүсіпов, Бұлдырты орта мектебінің директоры, аудандық
мәслихаттың депутаты Алмагүл Бисалиева, аудандық аурухана дәрігері Темір Есентаев сөйлеп, аудандағы жетістіктерді тілге тиек етті. Жарыссөзге жазылғандар сөй леп болған соң өздерін толған дырып жүрген ойларын ортаға салмақ болып бірнеше азаматтар да мінбеге көтерілді. Өлеңті ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Бақ тығалиев ауылға мәдениет ошағы салынса деген ұсынысын білдірді. Ал өлеңтілік Тауфик Елеубаев ауылдардағы жұмыс істемейтін кейбір клубтарға штат ашылып, қаржы көзінің босқа рәсуа болып жатқандығын, сол шашылған қаржыны кері қайтару жолын қолға алу қажеттігін айтты.
Талдыбұлақтық зейнеткер Са бырғали Оразов әбден тозығы жеткен электр желілері мен баған дарына жөндеу көрсетуді сұрады. Зейнеткердің ендігі бір тілегі Самара – Шымкент тас жолынан ауылға кіретін 12 шақырымдық жолды жөндеуден өткізуді жос парға енгізудің жәйі болды. Зейнеткер ұстаз Абат Хамзин жымпитылықтар 50 жылдай пайдаланылып келе жатқан ау дан орталығындағы ауыз су қо рының азайғандығын, ендігісін «Кеңащыдан» құбыр тартудың жәйі шешілсе деген ойын білдірсе, зейнеткер Сапура Көптілеуова «Газ, электр жарығы қымбаттайтын көрінеді, сол рас па, отырған үйім салқын, немерелерім жас, жиі ауыра береді. Орталық ауруханада
іссапар Cейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өткен аптаның сенбісінде Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаровтың қорытынды есебіне қатысты. Өңір басшысы бастаған құрамда облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, облыс әкімі аппаратының басшысы Марат Тоқжанов және облыстың бірқатар басқарма басшылары алдымен Жусандыой ауылдық округінің Ханкөл бөлімшесінде орналасқан «Думан» шаруа қожалығында болды. «Думан» шаруа қожалығы «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұмтыл қыстағына 1,2 км электр тарату желілерін тартуға бизнес жобасын ұсынған болатын. Жобалық-сметалық құжаттары сараптамадан өткізіліп, өңірлік үйлестіру комиссиясында мақұл данды. Жоба құны 7,5 млн. теңге қаражатты құрайды. Қожалық жетекшісі Серік Құ башев Нұрлан Асқарұлына игілікті тірлігін егжей-тегжейлі баяндап берді. Нәтижелі істің шарықтап өркендеуіне ниеттес екендігін білдірген аймақ басшысы атакәсіптің маңызы зор екендігін, мал басы тұқымын асылдандыру бағы тында жұмыстану қажеттігін айтты. Аудандық мәдениет үйінде өткен есепті кездесуде алдымен ел назарына өңірдің баянды тіршілігін паш етер бейнекөрсетілім ұсынылды. - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаевтың биылғы «Қа зақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы баршамызға маңызды міндеттер мен тапсырмалар жүк тейді. Бұл Жолдаудың ерекше болғандығы соншалық, өз басым тарихи басты құжатта атап көрсетілген үш мәселе төңірегін де рухани сипатқа ендім. Елдің
Спорт кешені салынбақ
кемел келбетін айқындайтын ең басты тарихи серпіліс – «Мәңгі лік Ел» Ұлттық идеясы жариялан ғаны – ол біріншісі. Екіншісі, ең дамыған 30 елдің қатарына ену үшін 2050 жылға дейінгі Қазақ станның даму кезеңінің үтір-нүк тесіне дейін айқындалуы. Үшін шісі, Қазақстанның экономика сының нығаюы мен әрі қарай дамуы, - деп сөз бастаған аудан әкімі Асхат Шахаров 2013 жылы атқарылған ауданның әлеумет тік-экономикалық дамуының қорытындыларын баяндап, үстіміз дегі жылы жүзеге асырылмақ жұ мыс жоспарларын ел талқысына салды. - Аудан экономикасының не гізгі көзі – мал шаруашылығы. Бұл салада 262 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Қазақстан Рес публикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған жаңа сала лық бағдарламасын жүзеге асы- ру барысында аудан көлемінде 45 761 центнер ет, 90 615 центнер сүт, 1 168 мың дана жұмыртқа, 1 012 центнер жүн өнді рілді.
Мал шаруашылығының тұрақты дамуына Үкіметтен берілетін дотациялар мен субсидия алуларына жағдай жасалуда. Мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2013 жылы 2 шаруа қожалығына 24,7 млн. теңге несие берілді. Аудан бойынша 4 шаруа қожалығы қой малын асылдандыру мақсатында 56 бас асыл тұқымды қошқар, «Қосанмалы» шаруа қожалығы 185 бас асыл тұқымды қой малын, «Сатыбалды» шаруа қожалығы Ресей Федерациясының Орынбор облысынан 140 бас асыл тұқым ды қазақтың ақбас қашарларын сатып алды. Ауыл шаруашылығы техникаларының базасын жаңар ту мақсатында лизинг әдісімен «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы жаңадан 8 «Беларусь» маркалы тракторлар алынды, - деді аудан басшысы. Аудан басшысы өңірдің сан тараулы саласына тоқталып, атқа рылған істерді баян етті. Бұл жолы аудан әкімінің өткен жыл ішінде жасаған жұмысына баға беріп, сөз алғандардың қа тары аз болды.
- Бүгінде біздің Сулыкөл ауылдық округіне көгілдір отын жеткізілді. Округ орталығы Қал дығайты ауылында екі қабатты мәдениет үйінің құрылысы қар қынды жүруде. Оның үстіне Үш ана елді мекеніне үстіміздегі жылы табиғи газ құбыры мен сапалы ауыз су құбыры тартылады деген қуанышты хабар да бар. Қасиет қонған өлкеде жасалынып жатырған істерге ризашылығым шексіз, – деді алғашқы сөз кезегін алған ардагер ұстаз Аман Жүсіпқалиев. Ал аудан жастары атынан сөз алған «Мұхит жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рақымжан Оразов: - Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында ауданымызда көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Оның бір куә сі өткен жылы өңірде өткен «Ел болашағы – жастар қолында» атты аймақтық жастар форумы бола тын. Бүгінгі таңда аудан орталы ғында теннис корты салынып, пайдаланылуға берілді. Сонымен қатар Қаратөбе аудандық спорт клубы ашылып, жұмысын бастады.
мәселелер айтылды тиісті құрал-жабдықтар жетіспегендіктен, немерелерімді облыс орталығындағы ауруханаға апарып емдетіп жүрмін» деген назын облыс әкіміне жеткізді. Аудан тұрғындарының сөзде рін, өзіне қойылған сауалдарын мұқият тыңдаған облыс басшысы Нұрлан Асқарұлы әңгімесін төмендегіше сабақтады: - Алдымен Өлеңтіден мәдени орталық ашу жөнінде. Қазақ айтады «көрпеңе қарай көсіл» деп. Қолымыздағы бар қаражатты тұр ғындардан түскен ұсыныстарды, әр деңгейдегі депутаттардың, сайлаушылардың сайлауалды тұғырнамасында берген уәделе рін орындау бағытында халық іс-шараларға қатысты әр елді мекенге, ауданға қаражат бөліп
5
отырамыз. Көптеген аудандарда, ірі мекендерде мәдениет ор талықтары жоқ. Біз жайлап ше шіп келе жатырмыз. Өлеңтідегі мәдениет ошағының биыл жо балық-сметалық құжаттамасы дайын тұр. Сараптамадан өткен. Спорт кешенін салу жоспарланып отыр, мектептің жанында. Мәде ниет үйі 2014 жылы салынады деп уәде бермеймін. Қаражат жоқ әзірге. Бұл – болашақтың еншісін дегі іс. Елеубаев Тауфиктің айтқаны «Ауыл шаруашылығы шамаланып қалды» дейді. Бұл рас. Жаңа түске дейін көршіліс Қаратөбе ауданында болып қайтқанбыз. Ауданда 16 мың халық бар. Ал ірі қара мал басы 65 мың. Сырым ауданында 20 мың адам бар. Ірі қара мал басы 30 мың. Осыдан айырмашылықты
байқап отырсыздар ғой. Сырым ауданында мал шаруашылығын көбейтуге не кедергі? Осы кез десудің алдында мен «Жібек жо лы» ЖШС-ның басшысы Ғанимат Нұрмұхановтың шаруашылығымен таныстым. Асыл тұқымды мал бағу, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша және ауыл шаруашылы ғы саласына Елбасының тапсырмасына сәйкес беріп жатырған қаражаттың тиімді пайдаланып жатырғанының үлгісі бар. Ондай шаруашылықтар көп. Және осы жылдың басында кезіндегі менің орынбасарым Серік Сүлейменов, қазіргі орынбасарым Арман Өте ғұлов ауыл шаруашылығы мамандарымен үлкен жиналыс өткізген болатын. Барлық мүмкіндік бар. Бірақ іс алға жүрмейді. Не себеп-
тен екенін білмеймін. Осы жерде отырған алдыңғы буын ағалар айтады барлық жағдайлар бар деп. Сондықтан бұл – ойланатын жағдай. Енді Елубаевтың клуб туралы са уалына келейік. «Өлеңтінің жанып кеткен клубына заңсыз штат ұстап отыр немесе басқа да мекемелерде заңсыз штат ұстап, біреу дің «бармақ басты, көз қысты» деген принципімен мемлекеттің қаржысын талан-таражға салып отыр» деген арыздар бойынша тексеріс жүрді. Ондай фактілер анықталған жоқ. Одан әрі облыс басшысы электр қуатымен қамту оның то зығы жеткен желілерін ауыстыру жәйі, Бұлдыртыға бұрылатын 12 шақырымдық жолды жөндеу, аудандағы, әсіресе, Жымпиты
Ең маңыздысы тарихта аты қалған «Қаратөбе сиезі» өткен орынға ескерткіш тақтаның ашылуы ауыл жастарына рухани, патриоттық тәрбие беруде жетекші рөлге ие. Келешекте де Қаратөбе өңірінде жастардың бос уақытын тиімді өткізетін мәдени-спорттық демалыс орындары ашылып, ел игілігіне берілетіндігіне бек сенеміз, – деп жастарды білім мен өнер жолында бірлікте, ынтамақтастықта болуға шақырды. Мінберден сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасы сая сатын жүзеге асыру бағытында өңірде атқарылып жатырған жұ мыстарды баяндап, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы ірі жо баларға тоқталды. - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Батыс Қазақстан облысы бойынша «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы негізінде Бөкей ордасы, Жаңақала, Қазталов, Жәнібек және Қаратөбе ауданда рында бірде-бір жобаның іске аспағандығы жөнінде сын-ескерт пелер айтып кеткен болатын. Қа зіргі таңда кәсіпкерлікті дамыту турасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Елді мекен дердегі инфрақұрылымды дамы ту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар жалғасын таба беретін болады. Биылғы жылы Қаратөбе ауданының ор талығында 160 орындық спорт кешені салынады. Құрылыс орны белгіленіп, анықталынды. Жыл ая ғына дейін аяқталып, халық игілі гіне тапсырылады, - деді өз сөзінде өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы. Кездесуден соң облыс басшы лары ауданның әлеуметтік-эко номикалық дамуы жөнінде жа сақталған көрме жұмысымен танысты.
Ертай БИМҰХАНОВ, Қаратөбе ауданы Суреттерді түсірген Серікбай ХАСАНОВ
ауылына ауыз су жеткізу мәселесі, көгілдір отынның бағасы, балабақша салу және басқа да тұрғындар көтерген мәселелерге байланысты егжей-тегжейлі нақты жауап қайтарды. Нұрлан Асқарұлы қандай сұрақтар қойылмасын, оны облыс жағдайы мен басқа аудандағы хал-ахуалмен салыстыра жауап берді. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев сөзін аяқтай келе, ауданда жеті айдан аса мерзім ішінде аудан әкімі қызметін абыройлы атқара білген Абат Абайұлының жұмысына ризашылығын білдіріп, халық пен тіл табысуындағы қабілеттілігіне оң бағасын берді. Облыс әкімі жиын соңында бір топ тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Мүсірбек АЙТАШЕВ, Мәншүк ЕРНИЯЗОВА, Сырым ауданы
6
естелік Сейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Ғалым. Азамат. Қайраткер Алдағы аптада техника ғылымдарының кандидаты, профессор, КСРО халық ағарту саласының еңбек сіңірген қызметкері, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Сергей Жұбаев 75 жасқа толар еді. 1989-2000 жылдары Батыс Қазақстан аграрлық университетінің ректоры ретінде бүгінгі БҚАТУ-дың өркендеп-кемелденуіне зор еңбек сіңірген Сергей Шұғайұлы Жұбаевтай өз ұлтына жан-тәнімен берілген, атқарған кәсібіне жанын сала кіріскен, күрмеуі қиын ғылым саласына адалдығынан танбаған нағыз азаматтар қазір де бар болар, бірақ көп деп айта алмаймын.
С
ергей Шұғайұлының ба лалық шағы ел басына зұлмат күн туған соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Тым ерте есейген «Соғыс балалары» өздері ашқұрсақ жүрсе де, шаршап-шалдықса да, мойымады, ерік-жігері мұқалмады. Таң алакеуімде оянып, ересектермен бірге бірде шөп шапса, енді бірде егін орды. Саршұнақ аязда да, шіліңгір ыстықта да «Бәрі де майдан үшін» деп ұрандата еңбек ете жүріп, Ұлы Жеңісті жақындатуға сүбелі үлес қосты. Секеңнің әкесі Шұғай ақсақал – қан майданға бастан-аяқ қатысып, соғыс аяқталған соң да біраз кідіріңкіреп, есесіне елге үлкен абыроймен, кеудесін орден-ме дальға толтырып оралған кәнігі жауынгер. Қазақтың «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» дегені осы шығар. Сергей Шұғайұлы 1945 жылы өзінің туған ауылы Козлов-Разбугорьедегі қазақ мектебінің 1-класына қабылданады. Астрахан облысына қарасты аталмыш ауылды кілең қазақтар мекен еткен екен. Тек бір ғана орыс отбасы болыпты. Сондықтан бастауыш сыныпты үздік тәмамдаған оқушы Сергей көрші Володаровка ауылындағы орыс мектебіне ауысқан кезде оқуын біраз ақсатыңқырап алады. Себебі өңкей қазақтың ортасында туып-өскендіктен, бір ауыз орыс ша білмейді. Дейтұрғанмен, жас тайынан ауыр еңбектен қашпаған, қиындықтан жасқанбаған талапты өрен аз уақыттың ішінде орыс тілін жетік меңгеріп, өзгелермен тең дәрежеде білім бұлағынан нәр ала бастайды. «Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы» деп бекер айтылмаса керек. Мектеп қабырғасындағы ұс таздары Г.Ягудин, Я.Демьяненко, Г.Григорьевтер Сергей Шұғайұлы ның математика, физика, химия пәндеріне қызығушылығын оятып қана қоймай, болашақ мамандық таңдауына да оң ықпал етеді. Орта мектепті тәмамдаған соң Саратов ауыл шаруашылығын механикаландыру институтына оқуға түсіп, оны да үздік аяқтаған талапшыл жас туған ауылында бірер жыл еңбек етіп, аспирантураға құжат тапсырады. Білімдінің мыңды жы ғарын анық ұғынған ол ақыры техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алып шығады. Ұстаз ретіндегі алғашқы еңбек жолын ата-бабасының қаны сіңген қазақ жерінде, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының мал шаруашылығы фермаларын механикаландыру кафедрасының
ассистенті қызметінен бастайды. Сөйтіп, бойында болашаққа деген нық сенімі мен ерік-жігері бар жас маман еңбек майданына қызу араласып кетеді. Батыс Қазақстан ауыл шаруа шылығы институтында қырық екі жылға созылған еңбек жолында ол жаратылысы келіскен сәйгүліктей аяңдауды, шабысынан жаңылуды білмей үнемі өрлеу, өсу үстінде болды. Кафедрада ассистент, үздік кафедраның меңгерушісі, доцент, институттағы ең ірі факультеттің деканы, проректор, ректор, про фессор – осы сатылардың, лауа зымдардың бәрін дер кезінде абыроймен жүріп өткен ол қай істі қолға алса да, адамдық пен адалдықты бәрінен биік қоя білген дарыны мен қарымының ар қасында атақ-құрметке де, абырой-беделге де қол жеткізді. С.Жұбаев қазақ үшін байлық – малда екенін анық ұғынған асыл азамат еді. Ол Ақтамберді жырау ша айтсақ, «алғайдың құба жонына сыймас» ақтылы қой, «көлге түссе, көз жетпес» көк алалы көп жылқы, боздаған даусы күй болып төгілетін сансыз түйе жайлы армандады. Елдің төрт құбылысы тең, үлкен байлыққа кенелгенін қалады. Қазіргі таңда қызу тал қыланып жүрген ғылымды өндіріске жеткізу, индустрияға апару мәселесінің өзектілігін сол кездің өзінде-ақ бағамдай білді. Оқытушылар мен аспиранттар дың, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өндіріске кеңінен енгізу мақсатын да құрылтайшысы институт болып табылатын төрт шағын ғылы ми-өндірістік кәсіпорынның құрылуына мұрындық болды. «Зерде», «Земледелец», «Зерек», «Аспан» ғылыми өндіріс орталықтары колхоз, совхоздармен және кәсіп орындармен шаруашылық шартқа отырып, ғылыми зерттеу жұмыс тарын ұйымдастырды. Болашақты дөп басып болжау, бүгіннің емес, ертеңнің қажетін айнытпай тани білу тек көрегенді адамға ғана тән қасиет. Секеңнің болжампаздық қабілеті аса жауап ты лауазым ректорлық қызметті атқарған тұста ерекше көрінді. Жаһандану жағадан алып, елдің тыныс-тіршілігіне нарық кіріп, тағдыры Ресейге байланған эко номиканың жібі бырт-бырт үзіле бастаған күрделі кезеңде Ауыл шаруашылығы министрлігіне тікелей бағынышты болып келген жоғары оқу орны бір мезетте қаржыландырусыз қалды. Соған қарамастан тығырықтан шығудың түрлі жолдарын қарастырды. Таба
да білді. Сергей Шұғайұлының бастамасымен 1989 жылы ЖОО тарихында тұңғыш рет инженермеханиктерге қазақ тілінде білім беретін қазақ топтары ашылды. Орал қаласындағы жалпы білім беретін №30 орта мектептің ашылуына да өзі мұрындық болды. Алғашында институт мектеп үшін агрономия факультетінің екінші қабатын бөліп берсе, кейін қазақ мектебіне қазіргі орналасқан жаңа заманауи ғимараттың салынуына мүдделілік танытып, ұйытқы болды. Қазақ тілінің болашағына миығынан күліп қарайтындар әлі де үстемдік алып тұрған күрделі кезеңде Секең нағыз ерлікке татитын қызмет жасады. 1995-2002 жылдары ел эконо микасында, барлық салаларда дағдарыс орын алды. Бір мезетте қаржыландырусыз қалған институт құрып кетпеудің амалын ойлады. Оқуға түсетін, оқығысы келетін талапкерлердің саны күрт қысқарды. Көптеген отбасылардың баласын ақы төлеп оқытатын мүмкіндіктері болмады. Сергей Шұғайұлы осындай қиынқыстау кезеңде өзін шебер ұйымдастырушы, қарамағындағы адамдарға қамқор басшы ретінде көрсете білді. Институттағы тәжі рибелі, ғалым-педагог кадрларды сақтап қалудың амалдарын жасады. Заман талабына сай жаңа мамандықтар ашылып, иннова циялық даму бағдарламасы жасақталды. Ол жазық далада бой көтерген ең алғашқы оқу ғима раттарының, студенттер қала шығы мен ғылыми-зерттеу орта лықтарының уақыт өте келе, тұтас студенттер кампусына айналуын, студенттердің заманауи дәрісханаларда білім алуын, жайлы да ыңғайлы жатақханаларда тұруын армандады. Жоғары оқу орындарының өркениетті елдердегідей дербес болуын, ал ректорлардың жұмысын бақы лайтын тәуелсіз өкілетті органның құрылуын аңсады. Бір кездері утопиядай болып көрінген басқарудың бұл үлгісі қазіргі таңда дәуір талабына, өмір шындығына айналып отыр. Ұлтжанды, отансүйгіш азамат Ауыл шаруашылығы институтының тек білім-ғылым ордасына ғана емес, қоғамдық-саяси және мә дени орталыққа айналуына көп күш жұмсады. Он екі мамандық бойынша диссертациялық кеңес, ғалымдар мен аспиранттардың еңбегін басып шығаратын баспахана да Секеңнің тікелей араласуымен құрылды. Жоғары оқу орнының жетекшісі ретінде ол Александр Гумбольдтың «зерттей
Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитетінің бірінші хатшысы М.Ықсановтың С.Жұбаевты "Құрмет Белгісі" орденімен марапаттау сәті. 1981 жыл
жүріп, білім бер» қағидасын жүзеге асырғандықтан, ғұмырын ғылымға арнаған ғалымдардың үлкен буыны қалыптасты. Ғалымдар ауылы көшесінде профессорлар мен доценттерге арналған коттедждер салуға қол жеткізіп, тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлді. Оқытушылар мен қызметкерлер үшін көп қа батты 60 пәтерлік тұрғын үй бой көтерді. С.Жұбаевтың сан-салалы ең бегі мемлекет тарапынан лайықты бағасын алды: «Құрмет Белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, КСРО халық ағарту саласының еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі ғылыми атағы, Орал қаласының құрметті азаматы атақтары берілді. 2008 жылы «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ардагері» кеуде белгісі табысталды. Ғылыми кеңес шешімімен С.Жұбаев атындағы стипендия тағайындалды. Өмірдің сан сынағымен бетпе-бет келгенде жол таба білу үшін жанашыр тәлімгерге жолығу - кім-кімге бұйыра бермейтін бақыт. Өз тарапымнан айтарым, Сергей Шұғайұлы өзіміздің білім ордасында істеген жылдар ішінде тұтас ұжымның, оқытушылар мен студенттердің сүйікті ұстазына, ақылгөй ағасына айналды. Тұлабойы тұнып тұрған үлгі, өнеге, ізеттік пен ізгілік деп осы кісі туралы айтуға болады. Секең жөнінде сөз болғанда, «нағыз» деген сөзді қосқың келеді де тұрады: нағыз ғалым, нағыз маман, нағыз педагог, нағыз тәрбиеші, нағыз дос. Мәдениеттіліктің, зиялылықтың, адамдарға деген кеңпейілділіктің, жанашырлықтың көріністерін бұл кісінің сөзінен, ісінен, жүріс-тұрысынан, үлкенге де, кішіге де, қарымқатынасынан анық байқауға болады. Сан мыңдаған түлектер Сергей Шұғайұлының алдын көрді, сөзін естіді, дәрістерін тыңдады, одан ғұмыр бойы ұмытылмайтын сабақ алды. Еліміздің ұлттық қасиеттерін,
қонақжайлылығын, әсіресе, отба сының сыйлылығын, берекесін бәрінен биік қойған азамат еді. Құдай қосқан қосағы Светлана жеңгей екеуі ұлдары Асқар мен қыздары Маринадан тараған үрімбұтағының ортасында тамырын кеңге жайған мәуелі бәйтеректей ұлағатты ғұмыр кешті. Жәңгір хан атындағы БҚАТУдың 50 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтаған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Асқар ұлы Ноғаев: «Жартығасырлық тарихында институттан универси тетке дейінгі бірнеше белесті арт қа тастаған білім ордасы отандық ғылымның жаңаруына сапалы үлес қосып, елу мың маманға үл кен өмірге жолдама сыйлап, тек өңірдің ғана емес, барша Қазақ елінің дамуына сүбелі үлес қосты» - деді. Біздің ғалымдарымыздың инновациялық жобалары, соның ішінде «Парасат» ғылыми-техно логиялық ұлттық холдинг» АҚ-мен біріге отырып, «Бекіре тұқымдас балықтарды өсірудің аквамәдени технологиясын дайындау және құрал-жабдықтарды жасау» жобасы өткен жылы университетімізге үшінші мәрте келген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да оң бағасын алды. «Сыйласарлық тектінің, Кім танымас нұсқасын», - деп Абай атамыз айтқандай, Сергей Шұғайұлының бүкіл өмір жолына көз жіберсек, артында сайрап із жатыр. Елге жасаған еңбегі ерекше ескеріледі. Дүниеден кім өтпей ді? Қазақтың ақиық ақыны Мұқа ғалидың «Жетпіс жасап, жеті сөз қалдырмаған, әлдекімнің тағдыры бұйырмасын» деп жырлауы да қысқа ғұмырдағы адам баласының өмірлік мұратының өзі – артында жақсы атың мен өшпестей із қалдыру екенін меңзеп тұрғандай. Осы тұрғыдан қарағанда, Сергей Шұғайұлының ғұмыр жолы мәнді де мағыналы болғаны анық.
Қазыбай БОЗЫМОВ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ректоры, профессор
хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru
Cейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл
Жыл басынан бері облысымызда жалпы саны 67 өрт оқиғасы тіркелген. Тілсіз жау көбінесе тұрғын үйлерде орын алуда. Сон дай-ақ ауа райына байла нысты жылу құралдарын, табиғи газды пайдалану арқылы улану оқиғалары да жиілеп отыр. Өрт салдарынан 3 адам қаза болған. Бұл туралы таяуда облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте сөз болды.
Жақында қаламызда сауда орындарына қатысты екі бірдей нысан өртке оранғаны белгілі. Осы жайт қа тоқталған БҚО ТЖД-ның бөлім бастығы Роман Штукатуровтың айтуынша, екі нысанда да адам шы ғыны болған жоқ. «Каменный» кешенінде екі адам жарақаттанып, бір адам уланды. Қазір бұл екі өрттің себебін Ақтөбеден арнайы келген сарапшы анықтауда. Келген шығын
Деннің саулығы тіске де байланысты. Себебі тіс адам денсаулығына, бүкіл бетәлпетіне, көңіл күйіне және мінез-құлқына әсер етеді. Балаларда сүт тістері 6 айдан бастап шыға бастайды. Бүлдіршін 2,5-3 жасқа келгенге дейін тістері түгел шығып болады. Сол себепті 2-2,5 жастағы баланы тіс тазалауға үйрету қажет. Оны ата-ана сының үнемі қадағалап отырғаны жөн. Тісті күніне 2 рет (таңертең, кешке) тазалау керек. Тіс тазалаудың да өз әдістері бар. Сол бойынша тіс қатарын шартты түрде бірнеше бөліктерге бөлуге болады. Тіс тазалауды жоғары жақтың оң жақ үлкен азу тістерінен бастайды. Жоғары жақ тістерін тазалап болғаннан кейін төменгі жақ тістеріне ауысады. Жоғары және төменгі жақтың үлкен және кіші азу тістерінің ұрт беттерін тазалағанда, тіс щеткасының қылтанақ тары тіс бетіне бұрыш жасап тұруы қажет. Яғни жоғары орналасқан тістер төмен қарай, төменгі тістер жоғары қарай сыпыру қозғалысымен тазалана-
7
Бір айда – 67 өрт туралы ақпаратты сауда иелерінің өздері бермек. «Екі жағдайда да өрт сөндіру қызметіне кеш хабарлас қан, - деді БҚО ТЖД бастығының орынбасары Омар Бержанов. - Мәселен, «Каменный» кешенінен хабар түскеннен кейін біздің бірінші құтқару бөлімшесі 6 минутта оқиға орнына жеткенде, өрт кешен шатырынан лаулап шығып кеткен. Көбінесе нысан иелері өрт сөндіруге өздері кіріседі. Мұндай жағдайда олар, ең алдымен, 101-ге хабарлап, сосын қолдарынан келгенше апаттың бетін қайтаруға кірісулері керек». Мамандардың мәлімдеуінше, қауіптілік деңгейіне байланысты әр нысанның тексерілу уақыты бар. Мысалы, өрт қаупі жоғары деңгейлі нысандар жылына бір, орта деңгейлілер 3 жылда бір, төмен деңгейлі нысандар 5 жылда бір тексерілуі тиіс. Төтеншеліктер
осы нұсқауды басшылыққа алады. Кездейсоқ, жоспарсыз тексеру жүргізе алмайды. Тексеру жоспары алдын ала бекітіліп қойылады. Екі оқиға орын алған нысандар орта деңгейге жатады. «Каменный» кешені соңғы рет 2011 жылы тексеріліпті. Жалпы, бұл да өрт оқиға ларының жиі орын алуына себепші фактор болуы мүмкін. Негізінен нысанның қауіпсіздігі үшін қожа йын өзі мүдделілік таныту қажет, жауапкершілікті сезінуі керек. Брифинг қорытындысында төтенше жағдай қызметкерлері тұр ғындарға өрт қауіпсіздігіне жете мән беруді, ең алдымен, 101 телефонына қоңырау шалуды, сонымен қатар өрт сөндіру құрылғы ларын алғанда, оның пайдалану нұсқаулығына (сертификатына, тү ріне) қарау керектігін айтты.
Ақмоншақ МАҚСОТҚЫЗЫ
Бөкей ордасы ауданы, Орда ауылының тұрғыны болған бірімізге адал жар, бірі мізге асыл ана Фарида Хайдуллинаның бақилық болғанына 13 ақпанда 1 жыл болуына орай сағынышпен еске аламыз. Айырылдық ойда жоқта өзіңнен, Амал қанша, көндігеміз төзіммен. Бір жыл өтті, жан ана, сен кеткелі, Сенің бейнең мәңгі естен кетпейді.
Еске алушылар: жұбайы Сахтар, бала-келіні СамалГүлжайнар, қыз-күйеу баласы Әсел-Қайрат, ӘсемБейімбет, қызы Назерке, немересі Аружан, Ақниет, жиендері Олжас, Мөлдір, Ықылас
Орал қаласының тұрғыны болған елдің абыройлы азаматтарының бірі Қуандық Мұхтарұлы Әжіғұлов тірі болса, ақпан айында зейнеткерлік жасқа толып, тойлап жатқан болар едік. Аяулы ата, ардақты әке, сүйікті жар, адал дос болған Қуандық Мұхтарұлын сағынышпен еске аламыз.
Тіс күтімі – денсаулық кепілі ды. Одан кейін көлденең қозғалыстар жасалып, тіс тазалауды щетканы айналдыра отырып аяқтайды. Тістерді тазалап болғаннан кейін тіс щеткасын сумен жақсылап шайып, тамақ қалдықтарынан, тіс пастасынан арылтып, сабындап қою керек. Келесі тіс тазаланар алдында сабын жуылып тасталынады. Щетканы жақсы кебу үшін басын жоғары қаратып қойған жөн. Ешқашан да оны жабық қапшыққа салуға болмайды. Бір тіс щеткасын 3-4 айдан артық пайдаланбау шарт. Сонымен қатар жеке бастың тазалығын сақтау, құрамында дәрумендер, кальций, фтор, фосфор және басқа да микроэлементтері мол сапалы тамақ ішу, жеміс-жидектер жеу тістің берік болуына ықпал етеді. Әр адам жылына екі рет тіс дәріге ріне барып қаралып, ақыл-кеңес алып тұрғаны жөн. Себебі ауыз қуысының сау болуы адам денсаулығына қатты әсер етеді. Айталық, тіс жегісі – адамдар арасында көп таралған ауру. Бұл тістің қатты тіндерінің жұмсаруынан пайда
болады. Ол дұрыс тамақтанбау, сілекей дің құрамы мен қызметінің бұзылуы, ауыз суында фтор мен кальцийдің же тіспеушілігі, басқа да себептерге бай ланысты болады. Тіс жегісінің алдын алу үшін фтор лаудың жүйелі әдістерін (құрамында фторы бар дәрілерді қолдану), ошақтық тәсілдерін (құрамында фторы бар тіс сықпаларын пайдалану, фтор ерітінділерімен ауыз қуысын шаю), фиссуралар мен соқыр тесіктерді герметизациялау, ауыз қуысының гигиенасын дұрыс сақтау, тамақтану кезінде кариесогенді тағамдарды қолданбау сияқты қарапайым ережелерді білген жөн. Жалпы, үлкенге де, кішіге де тіс күтіміне немқұрайлы қарауға болмайды. Ж
Роза Давлеткалиева, облыстық балалар стоматологиялық емханасының 1-санатты медбикесі
«Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» бос орындарға конкурс жариялайды Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы • Профессор, ғылым докторы - 0,5 жүктеме; лауазымдық жалақы 70-75 мың теңге; • Доцент, ғылым кандидаты - 1 бірлік; лауазымдық жалақы 130-140 мың теңге; • ғылым кандидаты аға оқытушы - 1 бірлік; лауазымдық жалақы 120-130 мың теңге Инновациялық-технологиялар және ғылыми жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы • Профессор, ғылым докторы - 1 бірлік; лауазымдық жалақы 140-150 мың теңге; • Ғылым кандидаты, аға оқытушы; лауазымдық жалақы 120-130 мың теңге • немесе ғылыми дәрежесі жоқ аға оқытушы (география, биология, химия пәндері бойынша уақытша) - 1 бірлік; лауазымдық жалақы 105-115 мың теңге Тәрбиелеу мен жеке тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасы
• Профессор, ғылым докторы - 1 бірлік; лауазымдық жалақы 140-150 мың теңге; • Доцент, ғылым кандидаты - 1 бірлік; лауазымдық жалақы 130-140 мың теңге; Қойылатын біліктілік талаптары: - жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіби білімі; - сала бойынша ғылыми дәрежесі бар тұлға; - еңбек өтілі - 5 жылдан жоғары; - қазақ және орыс, т.б тілдерін білу; - конкурсқа қатысу туралы директордың атына жазылған өтініш; - кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы; - жеке куәлік көшірмесі; - нотариалды куәландырылған дипломдарының көшірмесі; - куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі; - сотталмағаны туралы анықтама - өмірбаян; - түйіндеме; - 3х4 фото - 2 дана; - медициналық анықтамасы;
Мекенжайы: Орал қаласы, Еуразия даң., 238, тел.: 54-37-01
Өмір - өзен ағып жатқан өтпелі, Неткен қиын бұл тағдырдың өткелі. Көп жыл бойы бірге жүрген дос едің, Ойсырап тұр сенің орның өйткені.
Еске алушылар: достары Өтеш-Әлия, Рахметолла-Ұлмекен, Мұқанбет-Үміт, Аманғали-Қарлығаш, Мұхтар-Роза «Урал Ойл энд Газ» ЖШС «НИПИнефтегаз» АҚ-мен бірлесіп «газконденсатты Рожков кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жобасына қосымша» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды. Тыңдау БҚО, Зеленов ауданы, Чеботарев ауылдық клубында 2014 жыл дың 3 наурызында сағат 11.00-де өтеді. Барлық сұрақтар бойынша «НИПИнефтегаз» АҚ-ға Ақтау қаласы, телефон: 8 (7292) 600208 мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
БҚО бойынша МАЭС 13.12.2013 ж. шешімімен «Дарын-Нур» ЖШС БИН 096140001790 және 24.12.2013 ж. сот шешімімен «Орти строй» ЖШС БИН 090140000366 банкрот деп танылды. Талаптар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде Орал қаласы, Молдағұлова көшесі, 9-үй, 18-пәтерде қабылданады. Телефон: 87026385016.
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 04.02.2014 ж. шешімімен «Жаиктранс» ЖШС-ны (БИН 980440000373, СТН 270700001570) банкрот деп тану туралы іс қоз ғалды. Жарамсыз деп танылсын Сармуханова Клара Даутовнаның атына 10.01.2010 жылы берілген «Мерей» жеке кәсіпкер, сериясы 07915 №0001689 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұжымы Марат Оразғалиұлы Ерғалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор
Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН
Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)
8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126
Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08
Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.
Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген
Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.
Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компьютерлiк орталығында терiлiп, беттелдi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16597, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: е.әйпішев
8
керуен сарай Cейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Құттықтаймыз! Ақжайық ауданы Алғабас ауылының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері, 11 бала тәрбиелеп өсіріп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, жапырағын кең жайған мәуелі бәйтеректей болған отбасының ұйытқысы, аяулы жар, ардақты ана, асыл әже Ұлзия Мұқашқызы Бисенованы 14 ақпан күні 80 жасқа толу мерейтойымен құттықтаймыз. Оған денсаулық, ұзақ ғұ мыр, жанұя бақытын тілейміз. Жадыраған жүзінен тарап ізгі үн, Қамын ойлап жүрумен бала-қыздың. Жеткенін 80-нің де аңғармапты Тойлайық мерейтойын анамыздың. Қайырлы құтты болсын 80 жасың Жүзіңді енді ешқандай мұң шалмасын. Жан жарың – әкемізбен қол ұстасып, Зымырап 90-нан да жасың ассын.
Облысымыздың қадірлі азаматы, жолдасымыз Ғарифолла Көшеновті 75 жасқа толған туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Облыс журналистикасы саласында өзіндік қолтаң басын қалдырған белгілі ақын, қарымды журналист, парасаттылығы, адамгершілігі мол азамат Ғарекеңді біз, жолдастары, ерекше сыйлап, қадір тұтамыз. Ақжарқын мінезімен ортасына шуағын сеуіп, әр кез қуаныш сыйлап жүретін қадірі мол, кісілігі биік жол дасымызға әлі де мықты денсаулық, тауқыметсіз аталық ғұмыр, абыздық қадір, шығармашылық шабыт тілейміз. Сексеннің сеңгіріне қосағымен бірге жетуді Алла нәсіп еткей.
Құрметпен: бөкейордалық жолдастарыңыз Ерболат-Жаңылсын, кіндік ұлыңыз Ержан Орал шаһарының тұрғыны Рысбай Зарипұлы БАЙБОЛОВТЫ 55 жас мерейтойымен құттықтаймыз!
Анашым, 80 жасың құтты болсын, Әр басқан қадамдарың мықты болсын. Қызығын ұрпағыңның ұзақ көріп, Немере-шөберелер үйге толсын.
Көңілде көл-көсір ғой тілегіміз, Қашанда кең пейілді жүрегіңіз. Қызығын ұрпағыңның көру жазсын, Ешқашан жасымасын жүрегіңіз.
Өмірде қуаныштар бола берсін, Шаңырақ той-думанға тола берсін. Тәңірден ақ ниетпен біз тілейміз 80 жас жақсылықтар ала келсін!
Игі тілекпен, жұбайыңыз Ерен, балакеліндеріңіз, қыз-күйеу балаларыңыз, немере-жиендеріңіз, шөберелеріңіз
Тілек білдіруші достарыңыз: СансызбайДілдә, Ибрайым-Маржан, СабырғалиҒалияш, Әлім-Звайда, Мұсабек-Самиға
Аса қауіпті қылмыскер іздестірілуде Кеше Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде өткен брифингте жергілікті кәсіпкер В.Каркуланы өлтірген екі адамның қамауға алынғаны ресми түрде айтылды. «Қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызған қылмыс толық ашылды. Қос күдікті ұсталып, абақтыға тоғытылды, үшіншісіне іздеу жарияланды» деді БҚО ІІД басшысы Махамбет Әбисатов.
Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, "Орал өңірі" Оның айтуынша, кәсіпкерді өлтірген топтың бір мүшесі оны жақсы таныған, кезінде кәсіпкер В.Кар куланың қоластында жұмыс жасаған. Көрші ауылда тұрған. Ол қасындағы екі серігіне Каркуланың қай кезде үйінде болатындығы, көршілерінің ауласының орналасу тәртібі, аулада иттің бар-жоғы, қылмыс жасаған нан кейін қашатын жол туралы ақ паратты жеткізіп отырған. «2014 жылдың 13 қаңтарына қараған түні қылмыскерлер кәсіпкердің үйіне терезе арқылы кіріп, Виталий Каркуланы басынан үш рет атып өлтірген. Зайыбы Валентина Каркуланы ұрып-соғып, 1 млн. теңге ақшаны, құны 3 млн. теңге құрайтын әшекей бұйымдарын және әзірге анықталмаған көлемдегі Ресей рублін тартып алған. Қылмыскер лердің бар мақсаты – қарақшылық шабуыл жасау арқылы ақша мен әшекей бұйымдарына иелік ету болған және Валентина Каркуланы өлтіре алмаған себебі - кәсіпкердің зайыбы сытылып шығып, шеткі бөл-
меге кіріп, «Құтқарыңдар!» деп айғай салады. Шу шығып кетеді деп қорыққан қарақшылар дереу үйден қашып шығып, көлікке отырып бой тасалайды. Күні бүгін екі адам ұсталды, олардан мылтық пен көлік, бетперде, қылмысқа қатысты бас қа да айғақ заттар тәркіленді. Қылмыскерлерді қалай құрықтау мүмкін болды деген сауалға тоқталар болсам, ІІД мен банк және жеке ұйымдардың бейнекамераларын дағы бірнеше мыңдаған жазбалар електен өткізілді. Табылған тұлға ларды «Портрет» ақпараттық-іздеу жүйесіне енгізген кезде В.Каркула ны өлтірген қылмыскерлерге ұқсас 32 адамның бейнесін берді. Қылмыс жасаған 3 адам солардың арасында болды. Үшеуі де бұрын сотталған», – деді М.Әбисатов. Екі адам ұсталғанымен, үшіншісі әлі қашып жүр. Оның есімі белгілі. Ол аса қауіпті қылмыскер, бұған дейін кісі өлтіріп және қарақшылық жасап үш рет сотталған, Орынбор облысында 1980 жылы туған Тоғаев Азамат Жұмағалиұлы. 2012 жылдың наурыз айында түрмеден босаған А.Тоғаев кәсіпкерге қастандықты ұйымдастырушы болып есептеледі.
Белгілері: азиат нәсілді, бойы шамамен 185 см, дене бітімі арықша, беті тартылған, ұрты түсіңкі рек, қыр мұрынды, мұрнының астында үстіңгі ернінің сол жағында кішкентай меңі бар, құлағы үлкен, қалқандау, қасы қалың қара, көзі сығыр, шашы қара орташа ұзын дықта, көзінің үсті аздап түсіңкі, кішкене сақал қоюы, грим жасауы да мүмкін. Назар аударыңыз: қылмыскер өте қатігез, қызуқанды, атыс қаруы мен қаруланған болуы мүмкін. Осы іздеудегі қылмыскердің жүрген жері белгілі болса, Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне мына телефондар бойынша хабарласу сұралады: 8 701-767-30-90, 701-918-5186, 701-534-2229 (криминалдық полиция басқармасының басшылығы), (87112) 98-45-30, 92-10-26 (ІІД-ның кезекші бөлімі) немесе 102 телефоны арқылы жақын жердегі по лиция бөліміне хабарласуға болады. Қауіпті қылмыскерді құрықтауға көмек көрсеткендерге қомақты ақшалай сыйақы белгіленді, құпия лылығы үшін кепілдік беріледі.
Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының тұрғыны құда мыз САҒИДОЛЛАНЫ 60 жасқа, құдағиымыз ӘЛИЯ НЫ 58 жасқа толуымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр кешіңіздер деген ақ тілегімізді жолдаймыз.
Игі тілекпен: құда-құдағиыңыз Ғинолла-Нағима, қыз-күйеу балаңыз Эльмира-Тимур, жиендеріңіз Нұрдәулет, Дәурен, Қайрат, Майра Шыңғырлау ауданы Лубен ауылының тұрғыны сүйікті әкеміз Сағынғали САРБАЗҰЛЫН 75 жасымен құттықтаймыз! Асыл әке – ардағы ұл-қызының, Бәрін болжап жүретін алдағының. Қамқорымыз, сіз келіп 75-ке Ортамыздың сәні болып жүріңіз. Сізге арналды тілек пенен гүліміз, Жүз жасаңыз, денсаулық та зор болсын!
Тілек білдірушілер: зайыбыңыз Бөбек, қыз-күйеу балаларыңыз, бала-келініңіз, немере-жиендеріңіз, жиеншарыңыз Сырым ауданы Ақырап ауылының кішкентай тұрғыны Манас Айдосұлы ҒАЛЫМЖАНДЫ 11 ақпан 4 жасқа толу туған күнімен құттықтаймыз! Саған өмірде бар жақсылықты тілей міз, денің сау болсын! Аңсаған арманы ңа жет!
Құттықтаушылар: атаң Ғалымжан, әжең Құттығыз, ата-анаң Айдос-Эльвира, тәтең Мирас, қарындасың Гүлназым
Жасөспірімдерді азғындыққа итермелеген деген күдікпен ұлыбританиялық азамат Питер Барух Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Шетелдік қамауға алынды Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 14 қаң тар күні азаматша В.Брызгина оның 2001 жылы туылған, кә мелеттік жасқа толмаған қызы Тинаны «Шағала» қонақ үйінің бөлмесінде жалаңаш күйінде белгісіз ер адамның суретке түсіргені туралы хабарлаған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барған кезде күдікті тұлғаның кейіннен Ұлыбритания азаматы Барух екені анықталды. Аталған факті оқиға орны болған бөлмені заң талаптарына сәйкес кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда, уақтылы, мәжбүрлі түрде қарау арқылы анықтал ған болатын. Сонымен қатар азамат Барухтың орыс тілін білетіндігі белгілі болды. Қонақ үйдің бөлмесін қарау барысында Барух ноутбукты және компьютер флешкаларын микротолқынды пеште өртеу арқылы жоюға тырысқан. Осы факті бойынша қазіргі уақытта Орал қалалық ішкі істер басқармасы ҚР ҚК 124бабының 3-бөлімімен және 273-1 бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде. Оның
барысында басқа да кәмелетке толмаған жәбірленушілер дің бар екендігі анықталды. Жәбірленушілердің табылған суреттері жүргізілген са раптаманың қорытындысына сай порнографиялық және эротикалық сипаттағы суреттер болып табылды. Прокуратураның наразылығы бойынша БҚО соты қылмыстық істер жөніндегі апел ляциялық сот алқасы күдікті Барохтың шағымы бойынша оқиға орнын қарау хаттамасын заңсыз деп тану туралы қала лық соттың шешімін бұзды. Сонымен қатар облыс прокуроры күдіктіні қамауға алу туралы нұсқау берді, осылайша 7 ақпан күні Барух ҚР ҚК-ның 132-бабымен Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кеше Орал қалалық сотының қаулысымен ол екі айға тұтқындалып, тергеу изоляторына тоғытылды. Қылмыс Қазақстан аумағын да жасалғандықтан, шетелдік азамат ҚР қылмыстық заңнамасы бойынша жауапқа тар тылатын болады.
Арман БОЛАТҰЛЫ