Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет
-6 С - 10 С 0
0
Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл №19 (19938)
www.zhaikpress.kz
Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
Баға
oral_oniri@inbox.ru
шаһар
бақылауда "Бір шаруаны тындырсақ, тағы екеуі бой көтереді"
4
Керуен сарай
2 Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО
жылдығы 7%-ға дейін, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің жылдығы 7,3%-ға дейін әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салым қалдығының 5%-ынан бастап 7%-ға дейін
Банктік сыйақы мөлшерлеме Мемлекеттік жыл сайынғы сыйлықақы
8 (7112) 59-39-45, 59-39-76 (Орал қаласы үшін)
8
5, 10 жыл, салым мерзіміне ұзарту мүмкіндігімен, алайда 20 жылдан аспайды
Салым мерзімі
Толығырақ ақпаратты Банк бөлімшелерінен ала аласыздар. Байланыс орталығының телефондары:
Шорттрекшілер финалда!
8 8000 8000-59
Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операцияларды жүргізуге берілген 2008 жылғы 6 тамыздағы №10 лицензия
(Қазақстан бойынша)
2
АҚПАРАТ Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Президент биылғы 1 сәуірден бастап зейнетақыны, әлеуметтік төлемдерді, шәкіртақыны көтеруді тапсырды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке биылғы 1 сәуірдан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер, атаулы әлеуметтік көмек және студенттерге шәкіртақы көлемін көтеруді тапсырды. «Жыл басынан бері баға ұлғайғанын ескеріп, биылғы 1 сәуірден бастап, зейнетақы төлемдерінің өсім көлемі 14 пайызға дейін, мемлекеттік әлеуметтік төлемдері 12 пайызға дейін жеткізілсін. Атаулы әлеуметтік көмек көлемі 12 пайызға және студенттердің шәкірт ақысы 10 пайызға көтерілсін», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.
Еңбекақы 10 пайызға өспек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтық қызметшілердің жалақысына 10 пайыздық қосымша төлемді қамтамасыз етуді тапсырды. - Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда жұмыс істейтін азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақысына 10 пайыз көлемінде ай сайынғы қосымша төлемді қарастыруды тапсырамын. Онымен бірінші кезекте білім мен ғылым, денсаулық, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала қызметкерлері қамтылуы керек, - деді Президент. Сондай-ақ мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» әлауқат қорына өндіріс орындары да сәуір айынан бастап өз еңбеккерлерінің жалақысын 10 пайызға өсіруге тапсырма берді. - Тау-кен және металлургия, мұнай-газ кешенінде жұмыс істейтін ірі компанияларға және ұлттық компанияларға да жұмысшыларының жалақысын 10 пайызға көтеру мәселесін қарастыруды сұраймын, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Елбасы түйткілді несиелер үлесін азайтуды тапсырды Елбасы Ұлттық банкке жұмыс істемейтін несие үлесін 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін 15 пайыз, ал 2016 жылдың 1 қаңтарына 16 пайызға дейін азайтуды тапсырды. - Мұндай жұмыс істемейтін несиелерді жойып жібере ме, әлде болмаса, өз активтерін азайта ма, не басқа амалдарын қарастыра ма, әйтеуір Ұлттық банк олардың санын белгіленген уақытта көрсетілген мөлшерге дейін азайтуы тиіс, - деді Елбасы өз сөзінде.
Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО
Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, «Орал өңірі»
Доллар құнының жоғарылауына байланысты бағаны негізсіз өсіруге жол жоқ. Бағаны көтеріп, пайдасын еселегісі келетіндерге шара қолданылады. Бұл туралы бейсенбі күні Орал қаласындағы орталық «Мирлан» базарында болып, азық-түлік бағасымен танысу барысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Облыс басшысы бірінші кезекте аталмыш базардың аумағында тамақ өнімдерін саттыққа шығарып тұрған автодүкен иелерімен кездесіп, бағаны негізсіз көтеруге болмайтынын ескертті. Ал көкөніс, жеміс-жидек сататын павильонда Балым Әбілхайырова есімді сатушы кейбір көкөністердің құны еселенгенін айтты. Соның салда рынан бұрын 80-90 теңге болған картоп пен пияз 120-130 теңгеге сатылуда. Сәбіздің бағасы 150 теңге шамасында. Көкөніспен қамтушылар құнын өсіріп әкелгесін, бұлар да бағаны еріксіз кө теріп отыр. Әріптесінің сөзін қостаған Ұлданай Мұқашева осы жердегі сатушылар алынған тауардың әр келісіне 7-20 теңгеге дейін қосатынын жеткізді. Сауда жасап жүрген Нина әжей де әкімге азық-түлік өнімдерінің қымбат тап жатқанына алаңдайтынын білдірді. Бұл, әсіресе, зейнеткерлер секілді әлеуметтік жағынан аз қорғалған жандарға қатты әсер етуде. Нұрлан Асқар ұлы жергілікті атқарушы билік тарапынан бағаның негізсіз көтерілуіне жол берілмеу шаралары қолға алынып жатқанын айтты. «Мирлан» базарында азық-түлік өнімдерін сататын алты павильон бар. Солардың бірінде шұжық, ірімшік, майо-
Кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХV сессиясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов қатысты. Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»
Сессияда 2011-2015 жылдарға арналған БҚО-ның аумағын дамыту бағдарламасының 2011-2012 жылдары іске асырылу барысы жөнінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Руслан Бектемір баяндама жасады. Оның айтуынша, өңір дамуының негізгі ба ғыттарын көрсететін бағдарламаға орталық меморгандардың тапсырмаларына сәйкес және бағдар ламаны іске асыру мониторингі қорытындысы бойынша 3 түзету
Баға бақылауда
енгізілген. Бағдарламада жалпы 25 мақсат, 44 нысаналы индикатор, 99 тікелей нәтиже көрсеткіштері қарастырылған және оларға қол жеткізуге 15 облыстық басқарма, ішкі істер және ТЖ жөніндегі департаменттері жауапты орындау шылар болып табылады. Елбасының Жарлығына сәйкес өңірдегі стратегиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бағыты бойынша облыс әкімдігі қызметінің тиімділігі облыстың аумағын дамыту бағ дарламасы мониторингісінің нәтижелерімен бағаланады. Күні бүгінге бағдарламаның 2 монито рингі (2011 және 2012 жылға) жүргізілген. 2011 жылдың қорытынды сы бойынша облыс әкімдігі қыз-
нез өнімдері саудаға шығарылады. Облыс басшысы бастаған топ осы павильонға ат басын бұрды. Мұнда да баға өскен. Сатушы Эльвира Ғиззато ва, әсіресе, шұжықтардың бағасын да өзгеріс барын жеткізді. Мәселен, жергілікті «Мясодел» компаниясы дайындайтын краков шұжығы бұрын 530 теңге болса, қазір 585 теңге. Шұ жықтың «Наурыз», «Мусульманская» секілді түрлерінің құны 150 теңгеге жоғарылаған. Ал ветчина сынды ет өнім дері одан да бетер қымбаттап отыр. Бұл өз кезегінде саудаға да кері әсе рін тигізуде. Келушілер аз. Көпшілік «Алтын алма», «Ел ырысы» сынды базарларға барып жүр. Олар көтер ме сауда орындары болған соң, тауар құны да арзандау. «Бізге келетін негізінен ауыл адамдары, - дейді оның қасында сауда жасап тұрған Татьяна Груббе. – Ауылдағы ағайынның қалтасы қалың емес. Соған орай бағаны жоғарылатуға біз мүдделі емеспіз. Біз бар болғаны тауар бағасының үстіне 10% ғана қосамыз. Негізінен жергілікті өнімдерді сатуға бағыт ұстанудамыз. Ал олардың өздері құнын көтеріп жатса, біз не істейміз?». Ет павильонындағы ірі қара, қой, жылқы еттері мен олардан жасалған
өнімдер қымбаттамаған. Берік есімді қала тұрғыны осыдан екі-үш апта бұрын қашар етінің келісін 950 теңгеге алса, бүгін тіпті 930 теңгеге алып жатыр. Әсия әжей келісі 2000 теңге тұ ратын қазыны саудалауда, оның бағасы өткен жаздан бері солай. – Базардағы бағаның өскені байқалады. Бүгінгі жүргізілген тексеру шарасына сәйкес біз тауарларды кім қымбаттатып отырғанын анықтаймыз. Сауда орындарын жалдау құны жарты жылдан астам уақыттан бері көтерілмеген. Бөлшек сауда жасаушылар да бағаны өсіріп отырған жоқ. Енді тауар жеткізушілер мен таратушыларды бақылауға аламыз. Мұндай мониторинг соңғы бір-екі күнде ғана емес, бұрыннан бері, яғни апта, ай сайын жүргізіліп келеді. Таяуда біз жергілікті БАҚ арқылы сенім телефонын хабарладық. Осы тікелей байланыс желісі арқылы кез келген адам құны шарықтап кеткен тауарлар жөнінде мә лімет бере алады. Қазірдің өзінде қала тұрғындары белсенділік танытып, телефон шалуда. Соған байланысты құзырлы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері тексеру амалдарын жүргізуде. Бүгінгі таңда біз тұқым, ұн және өзге де өнім өндірушілермен тауардың бұрынғы бағасын сақтау турасында меморандум жасастық. Енді көтерме сауда саласындағы кә сіпорындармен де осындай бағытта жұмыс жүргіземіз, - деді БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Нұрлан Ноғаев.
Облыс өңірлер арасынан 6-орында метінің тиімділігі бағасы 87 балл, 2012 жылы 87,9 балл болған. Облыс жалпы рейтингте 40-тан 16орынға және республиканың өңірлері арасынан (16 өңірден) 6орынға ие, сөйтіп, облыс әкімдігінің қызметі орта тиімді болып айқындалған. Қазір өткен жылдың есебі жасалуда. Бағалауды өткен жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, биыл Өңірлік даму министрлігі жүргізеді. Халық қалаулылары В.Голоухов, Қ.Ашығалиев, А.Зинуллин газ өңдеу зауытының құрылысына қатысты мәселе көтеріп, зауыт құ рылысын облыстың аумағын дамыту бағдарламасына енгізуді, зауыт құрылысына қатысты Қара шығанақ кен орнын игеруші компанияның құрылтайшылары мен
дирекциясын, тиісті министрліктің өкілдерін сессияға шақыруды, сонымен қатар облыс әкім дігі жанынан жұмыс тобын құруды ұсынды. Депутаттар «2011-2015 жыл дарға арналған облыстың аумағын дамыту бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде шешімнің жобасын қарастырды. Бұл мәселе бойынша тиісті өзге рістер енгізіліп, мақұлданды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов сессияның күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты түсінік берді. Газ өңдеу зауыты құрылысының техэконо микалық негіздемесі жасақталып жатқанын, зауытты облыс өз кү шімен сала алмайтынын, алайда
мәселенің облыс басшылығының назарында тұрғанын жеткізді. «Тең ге бағамының өзгерісі – еліміздің экономикасын көтеруге қатысты уақ-тылы қолданылған шара. Баға өскен жағдайда кірісі аз отбасыларға Үкімет толығымен көмектесе алады, бірақ бағаның көтерілуіне негіз жоқ. Жанар-жағармай бағасы, тарифтер тұрақты, келісімшарт бойынша газ бағасы да мамыр айына дейін өспейді. Жергілікті өнім өндірушілермен бағаны өсірмеу жөнінде меморандумдар жасалды, арнайы штаб құрылды, бағаны ойнатып, қобалжушылық ту ғызатындармен жұмыстанатын боламыз», - деген Серік Шәпкенов халық қалаулыларына мән-жайды өз сайлаушыларына жеткізуді тапсырды.
ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru Орал қаласында азықтүлік бағасы шағын дү кендерге қарағанда ірі сауда орындарында көп қымбаттамаған. Мұны біз облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инно вациялық даму басқармасы мамандары жүргізген мониторинг барысында анық аңғардық.
Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл
Бағаға қатысты
Этнобірлестіктердің дөңгелек үстелі
мониторинг
Сәкен МҰРАТҰЛЫ, «Орал өңірі»
Г
агарин атындағы кинотеатр жанында орналасқан «Айдар» дүкенінің иелері азық-түлік тауарларын өт кен аптаның соңында алған екен. Сол себепті мұнда көп заттың бағасы бұрынғы күйінде тұр. «Мен кеше жергілікті «Мясодел» өнімдерін қымбаттау бағамен алдым. Соған байланысты бір-екі күн турасында 670 теңгеден саттыққа шығарылған краков шұжы ғын қазір 700 теңге, 890 теңге болған сиыр еті шұжығын 1000 теңге деп жазып қоюға мәжбүр болдым, – дейді сатушы Камил Камалов. – Сондай-ақ алма 210нан 260 теңгеге, банан 280-нен 300 теңгеге, мандарин 370-тен 400 теңгеге дейін өсті. Айналада сауда орындары көп болған соң біз алған тауарларымыздың бағасына 12 пайызға дейін үстеме қосамыз». Достық даңғылы бойындағы «Әсем» сауда үйінде де шұжық, сүт, сұйық май, жұмыртқа, қант өнімдерінің құны жоғарылаған. Сатып алушылар тарапынан на разылық та жоқ емес. «Тарасов» ЖК-ға қарасты дүкенде де осындай жағдай. Ал оған қарсы бетте орналасқан «Данель» дүкенінде тауар түрі азайып қалған. «Кеше өзіміздің «Береке» ЖШС сүт
өнімдері бағасын 30 пайызға жо ғарылатып алып келді, оны ал ған жоқпыз. Қант 145 теңгеден келді, оны да қайтарып жібердік. Өзге де тауарларға қатысты осындай жағдай қалыптасып отыр. Соған байланысты сөрелеріміз босауда, – дейді дүкен мең герушісі Бақыт Тоқпанова. - Әр келісі 110 теңге болып келген картопты амалсыз алдық. Себебі тұрғындар тарапынан сұраныс бар. Оны 130 теңгеден сатудамыз. Жаңа аққайың шырыны, лимонад, шай-шырын, газдалған, газдалмаған сусындармен жаб дықтаушылар хабарласып, ертең оларды жаңа бағамен жеткізетіндерін мәлімдеді. Кей та уарларға тапсырыс берсек те әкелмей жатыр, соған қарағанда олардың да құндары өсіп келетін шығар».
«Жеміс-жидек 20-30 теңгеге қымбаттады» Облыс және қала әкімдігінің арнайы шешімі бойынша құрылған жұмыс тобы азық-түлік өнімдері мен жанармай бағаларына бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Еламан БАДЕНҰЛЫ, «Орал өңірі» Осы мақсатта күн сайын қала әкімдігі, облыстық статистика және ауыл шаруашылығы бас қармалары, «Қазагромаркетинг» мамандары қаладағы сауда орта лықтарына рейд жүргізуде. Рейд барысында құрылған ұтқыр топ «Мирлан», «Алтын алма» және «Ел ырысы» сықылды ірі сауда орталықтарында болып, азық-тү ліктің құнын бағамдады. – Күні бүгінге дейін облыс ор талығындағы сауда орындарында азық-түлік түрлерінің күрт өсуі болған жоқ. Тауарларды кө терме бағамен ұсынатын «Мирлан», «Алтын алма», «Караван» базарында картоп, жеміс-жидек
бағасы осы кезге дейінгі бағадан 20-30 теңгеге өскені байқал ды. Жергілікті шаруашылықтар өндірген өнімдердің бағасы бұрынғы күйінде, – дейді облыс тық ауыл шаруашылығы басқар масының бөлім басшысы Сергей Выдрин. Ал саудагерлердің айтуынша, көкөніс пен жеміс-жидектер көр шілес Ресейден және еліміздің оңтүстік өңірлерінен әкелінеді. Олар біздің азық-түлік түрлеріне қоятын бағамыз аталмыш аймақ тардан келетін өзгерістерге байланысты дейді. Дегенмен қала дағы сауда орындарында аса бір қымбаттаушылық байқалмады. Сауда жасауға келушілер тауар бағасының аспандап кетпегеніне қуануда.
Бағаның жоғарылағандығынан болса керек, кейбір дүкендердің есігіне қара құлып салыныпты. Рейд барысында облыстық аурухана ауданында орын тепкен «Народная» дүкеніне, Құрманғазы көшесі бойындағы «Орал» супермаркеті жабық тұ руына байланысты кіре алмадық. Сол маңдағы «Лидер», «Бәй терек», орталық базар жанында ғы «Атаба», «Рамстор» ірі сауда орындарында әзірге баға көп өзгермеген. Себебі онда бұрын ғы бағамен алынған зат көп. Жа ңа тауарлар жаңа бағамен келуі мүмкін. – Біз негізгі азық-түлік тауарлары бағаларына мониторинг жүргізудеміз. Орал қаласында да, аудандарда да бағаның өскендігі байқалуда. Мысалы үшін, 14 ақ пандағы жағдай бойынша ең арзан нан Зеленов ауданында. Бір
бөлкесі 48 теңге тұрады. Қымбаты Жаңақала мен Бөкей ордасында, мұнда ол 70 теңгеден сатылуда. Облыс орталығында 65 теңге. Сұйық майдың 1 литрі Теректі ауданында 240 теңге болса, Бөкей ордасында 322 теңге, Оралда 270 теңге шамасында. Қант Қазталов пен Сырымда арзан (1 келісі 140 теңге). Макарон өнімдерінің әр келісі Ақжайық пен Сырым аудандарында 120 теңге болса, Жаңақала мен Жә нібекте 162 теңге. Жұмыртқа Қа ратөбе, Шыңғырлау, Жаңақала, Бөкей ордасында қымбаттау. Яғни он данасы 250 теңгеден саттыққа шығарылса, Оралда 180 теңге. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді, - дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриал ды-инновациялық даму басқар масының бас маманы Бақдәулет Ибраимов.
Бақтияр СЕЙТЕКОВ, көлік жүргізуші: – Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің сауда орындарында жиі болып, жағдаймен танысқаны дұрыс. Бұл кәсіпкерлердің бағаны көтеріп жібермеуіне септігін тигізетіні сөзсіз. Дүкендерде болып жүрміз ғой, 13 ақпанға қарағанда 14 ақпанда кейбір азық-түлік түрлерінің арзандағанын байқадым. Осындай бақылау шараларын күшейту керек деп ойлаймын. Людмила САЛАГУБЦЕВА, «Добрая» ЖК-ның өкілі: – Біз Беларуссияда шығарылатын тамақ өнімдерін жергілікті сауда нүктелеріне таратумен айналысамыз. Ол өнімдерге ГМО, консервант қосылмағандықтан, сұраныс жоғары. Әзірге біздің баға көтерілген жоқ. Сондықтан «жабдықтаушының бәрі тауар құнын өсіріп жатыр» деген қате пікір екеніне екпін түсіріп айтқым келеді.
Жанармайдың орташа бағасы р/н
Аудандар
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Ақжайық Бөкей ордасы Бөрлі Жаңақала Жәнібек Зеленов Қазталов Қаратөбе Сырым Тасқала Теректі Шыңғырлау Орал қаласы
АИ-80 (1литр) 14.02.2014ж. баға 87 115 88 89 98 89 100 102 89 88 115 88 87
3
АИ-92/93 (1литр) 14.02.2014ж. баға 113 130 112 115 128 115 120 121 115 115 125 115 115
Орал қаласында облыстық кәріс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Елбасы Жолдауын қолдау бағы тындағы дөңгелек үстел өтті. Шараға этномәдени бірлестік өкілдері мен мектеп оқушы лары қатысты. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ел бірлігін нығайту мақсатында ғы кездесуде Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов оқушыларға Елбасы Жолдауындағы басым бағыттардың ма ңыздылығын шетелдегі жоғары дамыған мемлекеттердің тұр мыс-тіршілігінен мысал келтіре отырып әңгімеледі. Сондай-ақ ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің баға жетпес құндылық екеніне тоқталды. Ал кәріс эт номәдени бірлестігінің өкілдері аталмыш бірлестіктің жұ мыс барысы және алдағы жоспарларымен таныстырды. Кездесу соңы шағын концертке ұласты.
Теріс ағым уламасын Облыстық білім басқарма сында оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жастар мен жасөспірімдер дің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу» тақырыбында онлайн оқыту семинары өтті. Оқыту семинарына облыстық дін істері басқармасының бас маманы Саламат Жұмағұ лов, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Педагогика және психология» кафедрасының психологтары, облыстық білім беру мекемелерінің педагогпсихологтары мен дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинардың практикалық бөлі міне 35 адам қатысып, онлайн режиміне 58 білім беру меке мелері қосылды. «Біз неге ұқсаспыз» тренингімен басталған семинарда қоғамдағы теріс діни ағымдар жөнінде өзекті мәселелер көте ріліп, жастарды деструктивтік діни ағымдардан сақтандыру жолдары талқыланды. Серебряков орта мектебінің жоғары сынып оқушылары жүргізілген тренингтерге белсене қатысып, теріс діни ағымдар жөніндегі ойларын ортаға салды.
Әзірше байқалмады Жәнібек ауданы бойынша тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және оны тұрақтандыру жөніндегі жұ мыс тобы құрылды. Ол аудан орталығындағы 54 азық-түлік дүкені және 3 дәріхананы аралап, тауар өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіп, дүкен иелері мен сатушылар арасында түсінік жұмыс тарын атқарды. Күнделікті тұрмыстағы негізгі қажеттіліктер – нан, ұн, тұз, макорон өнімдері, қант, шай, май және дәрі-дәр мектердің бағалары анықта лып, сарапталды. Мониторинг барысында азық-түлік бағала рының әзірше өсуі байқалмады.
4
шаһар Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
«Бір шаруаны тындырсақ,
тағы екеуі бой көтереді»
Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тұрғындармен қорытынды есептік кездесуі сәрсенбі күні Жастар мәдениет үйінде өтті. Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская қатысты.
Нұрлыбек РАХМАНОВ, "Орал өңірі" иын басында жұртшы лық назарына шаһар дың тыныс-тіршілігі жайлы бейнебаян ұсынылды. Жаңа технологияларды кеңінен пайдалана отырып құрылған бейнебаян жанды графика, сызба-диаграммалар арқылы көрген адамға ұғыныңқы болды. Шебер жасалған бейнебаяннан кейін әкім қалада атқарылған жұмыстар, жоба-жоспарлар жайлы баяндады. Кіріспесін ғұлама Әбу-Насыр әл-Фарабидің «Мақсат жолында бірлігі мен тірлігі жарасқан шаһар халқы ғана бақытқа кенеледі» деген даналық сөзімен бастаған жас басшының жетекшілігімен облыс орталығында шамалы уақыт ішінде біраз шаруа атқарылғанын байқадық. Оны көзіқарақты оқыр манның өзі де көріп-біліп жүргені сөзсіз.
асып, 1021 жұмыс орны ашылған. «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы 12 адам несие алып, 27 жаңа жұмыс орнын ашса, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 13,9 млрд. теңгенің жобалары іске қосылған. Суы мен нуы келіскен шаһардың айналасы ауыл шаруашылығына да қолайлы. Бұған былтырдың өзінде аграрлық өнеркәсіптік кешенді дамытуға 185 млн. теңге қарастырылғаны дәлел. «Сыбаға» бағдарламасы ар қылы 4 млн. теңге игерілген. Оралда соңғы сегіз жылда 21 балабақша салынса да, күні бүгін 2 мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Былтыр 360 орындық тағы бір балабақша пайдалануға берілген болатын. Биыл да тап осындай нысан құрылысы Заша ған кентінде бой көтермек. Бұл де мографиялық даму не урбанизация десек те, әйтеуір, балапандарға арналған мекемелердің қаңырап тұрмағаны қуантады. Ылайым же
Басым бөлігі орыс тілінде өт кен жиында қалада атқарылған жұмыстардың бір жылдағы жетіс тігі мен кем-кетігі таразыланып, болашаққа бағдар жасалды. Өткен жылы Оралда оң өзгеріс аз болмады. Өнеркәсіп, кәсіпкер лік, ауыл шаруашылығы, білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет саласына ілгерілеу тән. Сондайақ жұмыссыздықты азайту, халық тың әл-ауқатын көтеру бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында да атқарылған жұмыстар қомақты. Салық түсімдері көбейіп, мемлекеттік бюджет кірісі 10 пайызға, яғни 6 млрд. теңгеге ұлғайған. Шағын және орта бизнестің белсенді нысандары бір жылда 20 пайызға артқан. Индустрияландыру картасы бойынша 23 жоба іске
рі кең, өзі аз халқымыз көбейе берсін. Көбею демекші, әкім есе бінен белгілі болғандай, облыс орталығында көлік саны да арта түскен – шаһар халқының үштен біріндей болған. Яғни әр үшін ші оралдықтың темір тұлпары бар деген сөз. Бұл да тұрмыстың жақсарғанын көрсетеді. Алтай Сейдірұлы биыл көлік қозғалысы қиын кей көше қиылыстары оң тайландырылатынын, Есқалиев пен Ықсанов көшелерінен Пугачев көшесіне дейін, Чкалов, Ружейников көшесінен Желаевқа дейін Шоссейная көшесі күрделі жөндеуден өтетінін айтты. Мең дәлиев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін Алмазов көшесі, Мұхит көшесінен Шаған жаға лауы көшесіне дейінгі Еуразия даңғылының бөлігі, бұдан басқа
Суреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ
Ж
да көшелерді қосқанда қалаішілік 36 шақырым жол жөнделмек. Былтыр жалпы ұзындығы 31 ша қырым қалаішілік жол – 15 көше жөнделген еді. Сонымен қатар шаһар басшысы өз баяндамасында қоғамдық ұйымдармен жұмыс, мерекелер дің өз деңгейінде аталып өтілуі, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй-ком муналдық шаруашылығын жаңғырту, қаланы абаттандыру, жағ дайы мүшкіл жеделсатылар сияқ ты мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Бүгінде қалада ірілі-ұсақты 52 саябақ бар екен. Оның 26-сы абаттандырылған. Бұған дейін қонақтарын «таза, әдемі, жасыл қала» деп тамсандырып келген қалада абаттандыру, тазалықты сақтау басты назарда қала беретінін байқадық. Былтыр орталық базар аумағында арығы, жарығы, өрнектас төселген жолы бар, жасыл желек отырғызылған әдемі көше пайда болды. Жайық жа ғалауында ірі демалыс алаңқайы салынды. «Назарбаев зияткерлік мектебі» мен Салтанат сарайы алдына, көптеген даңғылдар мен көшелерге мыңдаған түп қарағай мен шырша егілді. Биыл Зашаған кентіндегі №20 мектеп маңында саябақ жасақтау жұмыстары аяқталады. Қала тазалығын қадаға лайтын мекемелерге әлі де арнайы техникалар алыну көздел ген. Жиналыста жаз мезгілінде қала ішінің шаңын трактормен сыпырып көкке көтеретін ЖПК (ДЭП) жұмысына сын айтқан тұрғынға Алтай Сейдірұлы аталған мекемеге шаңсорғыш қызметін атқаратын техника алып беру жоспары барын айтты. Оралда былтыр 49 мың шаршы метр үй салынған. Қаланың 2030 жылға дейінгі бас жоспарына сай шаһар 5 мың гектарға іргесін кеңейтпек. Қаланың инженерлік желілерін ауыстыру сынды бұған дейін жүргізілген жұмыс тар ағымдағы жылы да жалғасын таппақ. «Қала тірі ағза сияқты. Бір шаруаны тындырсақ, тағы екеуі бой көтереді» деген әкім жылу жүйелерінің 60%-ы тозғанын тілге тиек етті. Еске сала кетсек, былтыр 18 шақырым жылу, 118 шақырым электр желілері, 61 шақырым газ, 85 шақырым су құбыры жөндел ген еді. Сондай-ақ биыл №7 орта мектеп, Круглоозерный мекте бі, №6 «Шолпан» балабақшасы ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілмек. Сондай-ақ қалалық мәдениет және демалыс саяба ғындағы Шаған өзені арқылы өте
тін көпірдің құрылысын аяқтау және арғы жағалауын абаттандыру жұмыстары қолға алынады. Есепте айтылған атқарылған істердің бәрін тізбелеу бір мақала көлеміне сыймас. Бұдан әрі қала басшысы алдын ала жәшіктерге келіп түскен және тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» БҚО филиалының төрайымы Хадиша Мұқанова доллардың қым баттауы бағаға қаншалықты әсер ететінін, тарифтің көтерілуіне байланысты көп жағдайда тұтыну шылардың құқығы қорғала бермейтінін, осыған әкімдік тарапы нан қаншалықты мән берілетінін сұрады. Әкім: «Доллар бағамы көтерілуіне орай қалада тауар бағасының ретсіз өсуін қадағалайтын арнайы бақылау тобы іске кірісті. Әсіресе, азық-түлік пен жанармайдың құнын бақы лауға басымдық берілмек. Монополияға қарсы агенттік те бақы лауды күшейтті. Егер жеке кәсіп керлік нысандарында бағаның шарықтауы байқалса, олар лицензиясынан айырылады. Бүгін азық-түліктің бағасы сәл ғана қымбаттағаны байқалды. Салыстырып қарасақ, әр кезеңде белгілі бір өнімнің құнында аздап ауытқу болады. Бірақ ол кешікпей қалпына келмек. Баға мәселесі үнемі назарда» деп жауап берді. Ал сөз алған М.Өтемісов атында ғы БҚМУ-дың оқытушысы Мерген Сүлейменов Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамында ат жарысын ұйымдастыруды ұсынды. «Ақ Отау» отбасы орталығы» қоғам дық бірлестігінің төрайымы Алтынай Есқалиева «169» анықтама қызметінің жұмысына: «Соңғы кездері оларға хабарлассақ, ұзақ уақыт әуен қосылады, кейін тағы бір жауаптарды естиміз. Қажет ақпаратты алу қиындап кетті» деп сын айтты. «Қазақтелеком» АҚ БҚО филиалының бас директоры Болатбек Қанафин: «Бұл қызмет Астана, Алматы қалаларында ор талықтандырылды. Бұрын тек қала аумағынан анықтама алған болсаңыз, енді «169» нөмірі ар
қылы өзге қалалардағы телефон нөмірлерді алуға болады. Бұл қызмет сапасының артқаны деп ойлаймын» деп жауап берді. Дер көл ауылының тұрғыны Гауһар Ғалиева мектеп пен балабақша қашан жөнделетінін білмек болды. Алтай Көлгінов: «Ғимараттардың ішін көрдім. Жағдаймен таныс пын. Мектептің күрделі жөндеуіне 257 млн., балабақшаға 131 млн. теңге қаржы керек, жұмыстана тын боламыз» деді. Қала тұрғыны Ж.Нығметов «Ет комбинаты» ауданында көпшілік сырғанау мұз айдыны керектігін айтса, кітап ханашы А.Әмірова М.Горький атындағы қалалық кітапхананың күрделі жөндеуден өткенін айтып алғысын білдірді. Енді рухани орын жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталса деген өтінішін де білдірді. Қала тұрғын дарының кейбір көшелердегі жаяу жолақ белгілері ережеге сай қойылмағанын, қаладағы көпірлердің тарлығын, көлік кептелісі орын ала бастағанын айтқан сауалдары да жауапсыз қалмады. «Қонаев» қорының төрағасы Нұр лан Ізтілеуов ақсақалдың шаһарда мемлекет және қоғам қайрат кері Дінмұхамед Қонаевқа мүсін қойылса деген өтінішін залға жиналған халық қол соғып, қызу қолдады. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Оралда саяси және қоғамдық жағдайдың тұрақтылығын, әлеуметтік-эконо микалық өсудің оң динамикасы бар екенін айтты. «Қала әкімі барлық атқарылған істерді баяндай отырып, алдағы жұмыстар туралы да толыққанды мағлұмат берді. Бұл істердің барлығы – Елбасы тапсырмасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың жүйе лі жүзеге асуының нәтижесінде жасалған жұмыстар. Келешекте Орал қаласы одан әрі көркейіп, еліміздегі ең әдемі шаһарлардың бірі боларына сеніміміз мол. Сондықтан барлығымыз бірігіп, қыз мет атқарайық» деген өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы қала әкімінің өткен жылғы жұмысына оң баға берді.
ДАЛА-ҚАЛА Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
● Дін-діңгек Таяуда облыс әкімдігі
Діни ахуал
жанындағы діни бір-
қалыпты
лестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оған аталмыш кеңестің тұрақты мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сайлаушылармен кездесті Облысымызда іссапармен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романов ская өткен сейсенбіде «Ескі Орал» мұражайында Қазақстан халқы Батыс Қазақстан облысы ассамблеясы жанындағы ұлттық-мәдени бірлестіктер мүшелерімен кездесті.
Еламан БАДЕНҰЛЫ, «Орал өңірі» – Біз өз сайлаушыларымызбен болған әрбір кездесуден жұмысымызға бағытбағдар алып қайтамыз. Парламентте заң жобасы талқыланғанда, әрдайым халықтың пікіріне сүйенеміз. Сайлаушы лардың өтініштері мен шағымдарының 70 пайызы мемлекеттік органдардың заңға қайшы әрекеттері туралы болады. Сонымен қатар тұрғын
үй, зейнетақы, тариф сияқты түйткіл мәселелер қозғалады. Біз әрбір сайлаушының өті нішін аяқсыз қалдырмаймыз, - деді Светлана Юрьевна кездесуде. Бұл жолы да ассамблея мүшелері өздерін толғандырып жүрген әлеуметтік, ком муналдық қызмет көрсету бағаларының өсуі, тарихи нысандарды қорғау, экология және облыс аймағындағы сы нақ полигоны зардабын жою жөніндегі сауалдарын қойып, тиісінше жауап алды.
Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі» – Елбасымыздың таяудағы Жолдауы – ел өміріндегі маңызды белес. «Мәңгілік ел» қағидасы ұлттық идея ретінде қоғам тарапынан айрықша қызығушылық туғызып отыр. Жолдауға орай басқа құндылық тармен қатар, мемлекетіміздің за йырлық қағидаларын онан әрі беркіту назардан тыс қалмайды. Оның бүгінгі күн тәртібіндегі мәселеге де тікелей қатысы бар, - деді басқосуды ашқан облыс әкімінің орынба сары Бақтияр Мәкен. Жиында облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығмет баяндама жасады. Оның па йымдауынша, облыс аумағындағы діни ахуал қалыпты. Әрине, ол мемлекеттің дін саласындағы саясаты ның, оны жүзеге асырудағы тетікте рінің оңтайлылығынан мүмкін бо-
луда. Алайда барға қанағат етіп, алаңсыз отыру дұрыс емес. Бүгін болмаған қауіптің күні ертең қылаң бермесіне кім кепіл? Демек, діни теріс ағымдарға қарсы жұмысты жүйелі және жоспарлы түрде жүргізуіміз қажет. 2013 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында діни эстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2107 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» жүзеге асыруда өңірдегі тындырылған істерге кеңінен сипаттама бере отырып, баяндамашы алдағы міндеттерге тоқталды. Отырыста Орал қаласы әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиев пен Сырым ауданы әкімінің орынбасары Әділ Жоламановтың ша ғын баяндамалары тыңдалды. Қазақстан халқы ассамблеясы об лыстық хатшылығының жетекшісі Ғайса Қапақов діни теріс ағымдарға қарсы күрестің пәрменділігін күшейту керектігін айтса, Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний әкей өңіріміздегі кейбір діни бірлестіктердің заңды түрде тіркелмейтініндігіне қынжылыс білдірді. ҚМДБ-ның өңіріміздегі өкіл имамы Руслан Сұлтанов соңғы жылда
Таяуда облыстық білім басқармасы мен
сынға ілікті...
өтті. Кеңеске аудан әкімі А.Шыныбеков, Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бөлімінің басшысы З.Ғұмарова, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері мен аудандағы білім беру саласының қызметкерлері қатысты.
Кеше облыстық ішкі саясат басқармасында ұлттық ақшаның девальвациясына байланысты дәрілік заттардың құнын қолжетімді бағадан асырмауға арналған кеңес өтті.
Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ, «Орал өңірі» Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты. Облыстық денсау лық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Аймұрзиева дәрі-дәрмек бағасының өспеуін бақылау жұ мыстары қолға алынғанын ескертіп, фармацевтикалық фирма өкілдеріне өз деңгейін де мониторинг жүргізіп, мә селені қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Облыста 2014 жылға амбулаторлы және стационарлы науқастарды толық
қамтамасыз етуге жетерлік дә рі-дәрмек қоры жасақталған. Медициналық мекемелерге дәрілік заттардың бекітілген кестеге сай үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілген. Ал тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекті сатып алу, яғни көтерме және бөлшек үстеме бағалар қатаң бақылауда болмақ. Болашақта дәрі-дәр мек бағасы көтерілуінің алдын алу мақсатында еліміздегі дәрідәрмек шығаратын және тарататын ірі мекемелермен меморандумдар жасалмақ. Қысқасы, облыста дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне еш себеп жоқ.
ры имамдар қатарын білімді дінтанушылардың толықтыру үдерімі не қанағаттанғандық сезімін жа сырған жоқ. Сонымен қатар заманауи талаптар бойынша төрт аудан дық мешіттің ғаламтор жүйесіне қосылғанын айтып, аталмыш үрдіс тің биыл онан әрі жалғасын табатынын мәлімдеді. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ректоры Асхат Иманғалиев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенова және басқалары күн тәртібіндегі мәселе бойынша ойпікірлерін ортаға салды. – Биыл былтырға қарағанда нә тиже жақсы. Мәселен, дін істері жөніндегі басқарманың ұйымдық мә селесі шешіле келді. Енді қалғаны – істің сапасын жақсарту. Осы орайда мақсаттар айқын және нақты болуы тиіс. Менің бір ұсынысым – дін тақырыбына тікелей қатысты бейнетаспаларды көп дайындап, кеңінен қолдану қажет. Себебі бүгінгі жастар оқуға құлықсыз, олар теледидар мен ғаламторға үңілгенді жөн көреді. Алдағы жұмысқа байланысты нақты ұсыныстарыңыз ды 4 наурызға дейін дайындап бе руіңізді сұраймын, – деді отырысты қорытындылаған Бақтияр Мәкен.
Біраз мектеп Сырым ауданы әкімдігінің бірлескен кеңесі
Дәрі-дәрмек те назарда
5
К
үн тәртібі бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы C.Құсайынов баяндама жасады. Баяндама барысында ауданда білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық әлеуетін жақсарту мақсатын да барлық жағдай жасалып отырғанымен, мектеп оқушыларының білім сапасы көтерілмей келетіні айтылып, себептері талданды. Кеңірек тоқталсақ, өткен 2012-2013 оқу жылында 52,2 пайыз болған ау данның білім сапасы 2013-2014 оқу жылының алғашқы жартыжылдығын да 1,2 пайызға төмендеген. Аудан мектептеріндегі оқушылар санының азаюының себебі көші-қон емес, осы білім сапасының төмендігінен болып отыр. Мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы жақсы дегеннің өзінде, біздің аудан көп көрсеткіш тердің көлеңкесінде қалуда. Облыстық білім беру басқарма сының бөлім басшысы З.Ғұмарова өз кезегінде ауданның білім беру деңгейіне қатысты біраз жайтқа тоқталды. Негізінен ауылдық округтердегі есептік кездесулерде де тұрғындар тарапынан білім беру мекемелерінің ішкі мазмұнына қа тысты шағымдар болған еді. Сон-
дай-ақ мектептер мен мектеп ішіндегі медициналық кабинеттердің лицензиясы болуын қадағалау, мектеп асханаларының материалдықтехникалық жабдықталу деңгейін көтеру, ауданның ҰБТ көрсеткішін облыстық орта көрсеткіштен асыру секілді мәселелер көтерілді. Білім сапасын арттыру мен білім берудің жүйелілігін қамтамасыз ету жөнінде аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.Саркенова баяндады. Әдістемелік кабинеттің берген ақпаратына сүйенсек, аудандағы мектептерде бағалау нормативтері бұзылып, асыра бағалау орын алуда. Нақтылықтан ажыраған мектеп көрсеткіштері білім сапасының жүйе сіздігін қалыптастырып отыр. Гүл шарат Мұратқызының «әдістемелік кабинет мектептерді тексергенде» деген сөзіне облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Зәуре Базарғалиқызы түзету жасады. Себебі әдістемелік кабинет мектептердің жұмысын тексеруге емес, алға басуына жәрдемдесуі керек. Кеңесте Елтай ауылдық округіндегі Тасқұдық негізгі мектебі жөнінде үлкен әңгіме болды. Бұл мектеп
2013-2014 оқу жылының алғашқы жартыжылдығындағы аттестаттаудан өте алмаған. Мектепте мектепішілік бақылау әлсіреген, жылдық оқу-тәрбие жұмысы жоспары мүмкіндіктерді ескермей жасалған. Мектеп басшысы М.Шүлеуовке «Қа шанғы ауыл тұрғындарының алдындағы есептік кездесулер тек Тасқұдық негізгі мектебінің мардымсыз жұмысы жөніндегі пікір алаңына айналады?» деген сұрақты аудан әкімі А.Шыныбеков төтесі нен қойды. Кеңестің сын садағына Қазақстан негізі мектебі, Ж.Досмұ хамедов атындағы орта мектепбалабақша кешені, Аралтөбе орта мектебі, Бұлдырты орта мектебі де ілінді. Бұлардың көбіне негізінен оқушылардың ҰБТ-дағы білім деңгейінің төмендігі, кейбіріне әдісте мелік бірлестік жетекшілерінің жоспарлы жұмыстарының болмауы тән. Бірқатар мектеп басшылары мектептегі білім беру сапасы жайлы өз пікірлерімен бөлісті. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі А.Шыныбеков бұл кеңестің басқаға ақыл үйретіп, сын-ескертпе жаудыруды мақсат тұтпайтынын айтты. Аудан басшысы аудандық білім беру бөліміне мектептер мен медициналық кабинеттердің лицен зиялануын жеделдетуді, 2014-2015 оқу жылында тереңдетілген сыныптарды ашуды тапсырды.
Бауыржан Ширмединұлы, Сырым ауданы
6
дәулет Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
• «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның құрылғанына 20 жыл!
Сәттілік жолы
2007 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Батыс Қазақстан филиалының несие портфелі 14 есеге дейін өсті. Филиал өз жұмысын дұрыс ұйымдастырудың арқасында акционерлік қоғамға қарасты 14 филиал арасынан ең үздік үштік қатарында келеді. Осындай жетістіктерге бастаған БҚФ директоры Қайриден Есенғалиұлы Жәкиев ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына байланысты мерейтойлық медальмен және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Жалпы қордың және облыстағы филиалдың жұмыс нәтижелері туралы филиал басшысы Қайриден Жакиев төмендегідей әңгімеледі. - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жарғылық капита лына мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен Үкіметтің 1994 жылғы 22 жел тоқсандағы қаулысымен құрылды. 1998 жылы жабық акционерлік қоғам болып Үкімет қаулысымен қайта құ рылды. Қордың негізгі функцияларын және жарғылық мәселелерін жүзеге асыру үшін, несиелік операциялар жүргізуге Халық банкінен 1998 жылғы 14 қыркүйекте №22 лицензия алынды. 2000 жылы «Қаржы лизингі туралы» заңның қабылдануына байланысты қор 2004 жылғы 18 мамырда лизинг операцияларын жүзеге асыру және қарыз беру операцияларын жүргізу ге құқық беретін ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің лицензиясын алды. Қор әрекет етуші қаржы-несиелік мекеме болып табылады, 14 филиалды біріктіріп отыр. «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға сайкес қор 2004 жылы 24 тамызда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ болып қайта тіркелді. 1998 жылдан бастап қор 1994-1995 жылдары екінші деңгейлі банктерден берілген орталықтанды рылған несие жүйесі бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші лерден берешекті өндіру және ҚР Үкіметінің әр түрлі қаулылары негізінде қордың теңгеріліміне берілген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің басқа да борыштары жөніндегі жұмыстарды жүргізді. 2004 жылы шағын несиелеу мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, қордың жұмысына екінші тыныс берді. Содан бері қор екі бюджеттік бағдарламаға қатысу жолымен өз қызметінің саласын кеңейтті. Оның бірі «Ауыл тұрғындарына шағын несие беру жүйе сін ұйымдастыру» кіші бағдарламасы және «Ауыл шаруашылығын институционалды дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламаларын іске асыру, екіншісі “Өсімдік шаруашылығын дағы міндетті сақтандыру туралы” заңды іске асыру шеңберінде, қор өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдауға республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік қаржыны басқару жөніндегі агент болып белгіленді. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру ауыл тұрғындарын шағын несиені тиімді пайдалану мен кәсіпкерлік негізінде оқыту, ауыл тұрғындарының мақсатты тобына (үй шаруашылық тарына) шағын несие беру екі бағыт бойынша жүзеге асырылды. 2007 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдингі” құрамы на кірді. Қоғам жұмысының арқасын да еліміздің ауылдық жерлерінде 51 ШНҰ, соның ішінде БҚО-да 3 шағын несие ұйымы (Зеленов ауданында «Кәсіпкер-Бірлік», Теректі ауданында «Теректі - Финанс», Сырым ауданында «Милена - Сырым» ШНҰ-лары) құрылды. Қордың негізгі мақсаты – ауыл тұрғындары мен шағын ауыл шаруа шылық тауар өндірушілердің тағы да
басқа ауылдағы шағын бизнес құры лымдарын несие ресурстарына қол жетімділігін арттыру, шағын несие инфрақұрылымы мен кәсіпкерлікті да мыту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту. 2014 жылдың 1 қаңта рына қордың республика бойынша жалпы портфелі 37,8 млрд. теңгені құ рады, белсенді қарыз алушылардың саны 19 395 адам болса, 2013 жыл барысында берілген қарыздардың жалпы шамасы 29,7 млрд. теңгеге жетті және ол 2012 жылмен салыстырғанда 11,5 млрд. теңгеге өсті. Батыс Қа зақстан филиалы бойынша несие портфелі 2 985 млн. теңгені құрады, белсенді қарыз алушылардың саны – 1 355 адам, 2013 жыл барысында бе рілген қарыздардың жалпы шамасы 1 706 млн. теңгеге жетіп, ол 2012 жылмен салыстырғанда, 1 352 млн. теңгеге өсті. Осының сыртында «Ауыл ипотекасы» бағдарламасы бойынша 20102013 жылдары ауылдық жерге жұмысқа орналасқан 1004 жас маманға 1 млрд. 987 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға несие берілді. - Қайриден Есенғалиұлы, қордың облыстағы филиалының құрыл ғаннан бергі және өткен жылғы жұмыс нәтижесі қандай? - 2005 жылдан бері филиал арқылы облыстың 7 755 ауыл тұрғынына және ауылдағы бизнес құрылымдар ға 7,2 млрд. теңгенің несиесі берілді. Орал қаласына жататын ауылдық округтер және 12 ауданның барлық округтері, 230-дан астам елді мекен шағын несие алуда. Несие портфелі нің өсіміне қарамастан оның сапасы тұрақты болып қалуда. 2014 жылдың 1 қаңтарына кешіктіріліп төленіп жатқан қарыз шамасы несиелік портфельден 0,7 %-ды құрады. Өткен жылы несиелендірудің 8 бағдарламасы бойынша жылдық жоспар толықтай орындалды. 2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыратын өңірлік қаржы институты ретінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бекітілгені мәлім. Соған орай қор «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының 2 бағытына аймақтық уәкілетті ұйым ретінде қатысуда. Несиелер сауда сала сындағы қызметін жүзеге асырудан басқа, өз ісін ұйымдастыру және ұл ғайту, айналым капиталын арттыру мақсатында беріледі. 2014 жылдың 1 қаңтарына «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 1 075 млн. теңге бөлініп, толықтай иге рілді. Мал және өсімдік шаруашылығын, ауылдық жерлердегі басқа да бизнес түрлерін дамыту үшін 602 адам несие алды. Соның ішінде 361 жұмыссыз адам өз ісін ашса, 241-і өз бетінше жұмыспен қамтылған тұрғын жеке кәсіптерін ұлғайтуда. Жалпы 650ден астам адам жұмыспен қамтылды. Қазіргі уақытта несиенің мақсатты жұмсалғандығы жөнінде және қаржы лық жағдайларын анықтау мақсатында мониторинг жүргізілуде. Бір айта кетерлігі, осы «Жұмыспен қамту - 2020
жол картасы» бағдарламасы бойынша 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін өңірлік қаржы институты ретінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ таңдалынды. Бағдар лама бойынша 2020 жылға дейін жұмыс жасайтын боламыз. Бағдарлама ның негізгі шарттары: несие көлемі – 3 млн. теңгеге дейін, несие мерзімі – 54 ай (4,5 жыл), сыйақы мөлшері – 6%, негізгі берешек бо йынша жеңілдік уақыты – несие мерзімінің көлеміне қарай үштен бір бөлігі, бірақ 18 айдан жоғары емес, сыйақы мөлшерлемесі бойынша жеңілдік уақыты – 6 айға дейін, кепілдікті қамтамасыздан дыру – өтімді мүлік (жылжымай тын мүлік, автокөлік, ауыл шаруа шылығы техникасы т.б.). - Бұрынғы «Шағын несие» бағ дарламасы неліктен тоқтатылды және қазіргі уақытта қандай бағ дарламалар бойынша жұмыстанып жатырсыздар? - Ауыл тұрғындарын тікелей шағын несиелеу 2005 жылдан бастап жүргі зілді. Шағын несиелер қал-ауқаттарын жақсартамын деген үй шаруашылық тары мен ауыл тұрғындарына берілді. Бағдарламаның мақсаты мал, өсімдік шаруашылығына, сауда және басқа да тұрмыстық қызметтер көрсету салаларын дамытуға бағытталды. 2005 жылдан бастап 4085 адамға 1 миллиард 126 миллион теңге шағын несие берілді. 2014 жылдан бастап «Шағын несие» бағдарламасының несие беріле тін бағыты «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасымен сәйкес болуына байланысты тоқтатылды. Агроөнеркәсіптік кешеннің өсімдік шаруашылығы саласындағы субъекті лерін көлемді қолдаудың шеңберінде 2010 жылдан АӨК субъектілерін көктемгі егістік, бау-бақша және оның өнімін жинау жұмыстарын қаржыландыратын «Егінжай» бағдарламасы іске асырылуда. 2010-2013 жылдары аралығында облыстағы 103 ауыл шаруа шылығы құрылымы 268,6 млн. теңге несие алды. Бағдарлама бойынша ұсынылатын несие көлемі – 6 млн. теңгеге дейін, мерзімі – 36 ай (3 жыл), сыйақы мөлшері – 9,5%, негізгі берешек бойынша жеңілдік уақыты – 12 айға дейін, сыйақы мөлшерлемесі бойынша жеңілдік уақыты – 12 айға дейін, кепілді қамтамасыз етуге өтімді мүлік (жыл жымайтын мүлік, автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы т.б.) қо йылады. Сондай-ақ Ислам Даму Банкімен біріккен жобаның шеңберінде 2012 жылдың қазан айынан бастап, ауыл тұрғындарын несиелеудің жаңа «Сәтті» («Мурабаха») бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдана бастады. Өткен жылы 180 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы техникасы, автокөлік тер және өзге де құрал-жабдықтар сатып алу үшін 66 шағын несие берілді. Бағдарлама ауыл тұрғындарына және бизнес құрылымдарына өте тиімді. Сондықтан биыл да ол өзінің жалғасын табады. Бағдарламаның не-
гізгі шарттарына келсек, несие 25 000 АҚШ долларына дейін, 48 айға (4 жыл), 9,5%-дық табыс мөлшерімен, 12 айға дейін негізгі берешек бойынша жеңіл дік уақытымен, 12 айға дейін сыйақы мөлшерлемесі бойынша жеңілдікпен беріледі. Кепілдік өтімді мүлікті (сатып алынатын жылжымалы мүлік, негізгі құрал-жабдықтар және өтімді мүлікпен (жылжымайтын мүлік, автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы және т.б.) қамтамасыз ету арқылы жүзеге асы рылады. «Кәсіпкер» бағдарламасы бойын ша қор ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы емес бизнес түрлерін несиелейді. Бағдарлама бойынша несие алуға сұраныс өте көп. Аталмыш бағдарлама бойынша несие көлемі – 8 000 ЕАК, несие мерзімі - 60 ай (5 жыл), сыйақы мөлшері – 14 %, негізгі берешек бойынша жеңілдік уақыты – 12 айға дейін, сыйақы мөлшерлемесі бойынша жеңілдік уақыты – 12 айға дейін, кепілді қам тамасыз етуге өтімді мүлік (жыл жымайтын мүлік, автокөлік, ауыл шаруашылығы техникалары және т.б.) керек. «Сыбаға» бағдарлама сының мақсаты – АӨК субъектілерінің экспорттық әлеуетін арттыру туралы Елбасының тапсырмасын орындау бойынша инвестициялық бағдар лама шеңберінде жергілікті малдың санын көбейту және сапалық көрсеткіштерін жақсарту үрдісіне шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашы лықтарын тарту. 2011-2013 жылдар аралығында 201 ауыл шаруашылығы құрылымдары 1 миллиард 315 миллион теңге несие алды. Оған 7 067 аналық мүйізді ірі қара және 318 қазақтың асыл тұқымды ақ бас бұқасы сатып алынды. Айта кетерлігі, «Сыбаға» бағдарлама сы 2014 жылдан бастап «Ауыл шаруа шылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы емес, «ҚазАгро» ҰБХ-ның басқа еншілес қаржы институты арқылы жүзеге асырылуда. «Бизнес-аймақ» бағдарламасы бойынша 2009-2010 жылдары жергілікті бюджеттен ауыл дық жерлерде бизнес құрылымдарына тауар өндіруге және ауылда қызмет түрлерін көрсету үшін несиелік қаражат берілді. Осы жылдары облыстық бюджеттен 400 млн. теңге бөлініп, иге
рілді. 123 ауыл кәсіпкері несие алып, жаңадан 279 жұмыс орнын ашты. Сол уақытта қайтарылған несие қайтадан 48 жобаға, 217,9 млн. теңге шамасында жұмсалды. Қазіргі уақытта жергілікті бюджетке несие ресурстары кесте бойынша қайтарылуда. «Ауыл ипотекасы» бағдарламасы бойынша «Ауылдық елді мекен дердің әлеуметтік салада және мал дәрігері мамандарына әлеуметтік қол дау көрсету шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік несиелер» республикалық бюджеттік бағдарламасын орындауға қор өкіл ретінде қатысады. Қарыздың шекті шамасы – 1500 АЕК. Бағдарлама жас мамандарға ауылдық жерлерден тұрғын үй сатып алып, оларды ауылда тұрақтандыруды көздейді. 2010-2013 жылдары ауылдық жерге жұмысқа орналасқан 1004 жас маман 1 млрд. 987 млн. теңгеге тұрғын үй сатып ал ды. Соның ішінде білім беру саласына 670, денсаулық сақтау саласына – 208, мәдениет саласына 107, ветеринария саласына 19 шағын несие берілді. Бағ дарлама бойынша берілетін несие көлемі – 1 500 АЕК, мерзімі – 180 ай ға дейін (15 жыл), сыйақы мөлшері – 0,01 %, кепілді қамтамасыз етуге сатып алынатын жылжымайтын мүлік салынады. Елді азық-түлікпен қамтамасыз етуді, халықты жұмыспен қамтуды артты рудағы және экономиканы дамытуда ғы ауыл шаруашылығының рөлін Елбасымыз өзінің Жолдауларында атап көрсетті. Осыған орай Мемлекет бас шысының тапсырмасымен еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес - 2020» бағдарламасы жасалды. Бағдарламаға 2014 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол дау қоры» АҚ қатысып, бағдарлама шеңберінде жұмыстанатын боламыз. - Әңгімеңізге рақмет. Қордың жұ мысы ауылдағы ағайынның табысын еселеуге септігін тигізе берсін. Ж
Гүлнәр ШӘҢГЕРЕЙ
Түлік төлді болсын! Ақжайық ауданында жылқы жылының төлін қабылдау ойдағыдай өтуде. Меншіктің барлық түрі бойынша бүгінге 986 бас бұзау, 4542 қозы-лақ қабылданды. Көнеккеткен ауылдық округінің жұрты жыл төлінің тез ширауын жақсы ырымға балап отыр. Мысалы, бүгінге Ағжан Досмақовтың шаруа қожалығында 45 қозы, Нұрболат Қадырғалиевтың шаруа қожалығында 10 бұзау ырыс-құт тың белгісіндей жақсы салмақ қо суда. Әліби Жұбановтың шаруа қожалығында төлдің дені наурызсәуірде қабылданады. Бұл кезеңге
дайындық жан-жақты жүргізілуде. Ауылда мал пішеннен тапшылық көрмейді, төлханалар, ықтасын дар мұқият жабдықталған. Енесі жарытпайтын төлдер ерекше назарда, қосымша қоректендіріледі. Көнеккеткен бойынша бүгінге 290 бұзау, 676 қозы, 362 лақ қа былданды.
Бекем БЕКҰЛЫ, Ақжайық ауданы
7
хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru
Cенбі, 15 ақпан 2014 жыл
«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды 090000, Орал қаласы, Ж.Досмұха медов көшесі 45, 2-қабат, 213-бөлме анықтама үшін телефондар: 8-(7112) 505406, факс: 8-(7112) 506506, e-mail: uraloblfu-kz@bk.ru 1. Мемлекеттік сатып алу мониторингісін жүргізу бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысынан шығу уақытына дейін) Д-О-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет өт керген жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және сұраныс бойынша басқа да мемлекеттік органдарға мемлекеттік сатып алу жөніндегі ақпаратты жинақтау, жиынтықтау және ұсынуды жүзеге асырады; мемлекеттік сатып алу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды жинау, жиынтықтау және талдау және жал пылауды жүзеге асырады; мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік мекемелермен және кәсіпорындармен, мемлекеттің қатысу үлесі бар заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарларын орналастыруына талдау жа сайды; жергілікті қамту көлемі туралы ақпараттар бойынша мәліметтердің то лық болуын қамтамасыз етеді; мемлекеттік сатып алу бойынша облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жоспарланған және өткізілген конкурстар туралы дерек терді жинау және жиынтықтауды жү зеге асырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функцио налдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мамандық тар «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті бас қару, менеджмент). 2. Қаржы-шаруашылық қамта-
масыз ету бөлімінің бас маманы ДО-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына бай ланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: электрондық құжатайналымының, электрондық цифрлық қолтаңба куәлігінің жұмыс істеуі бойынша жұмыстар жүргізеді; электрондық құжатайналымы жетілдіру бойынша жұмысты жүргізеді, техникалық ерекшелікке, ақпараттық жүйеде пайдаланылатын техникалық және ұйымдастыру-өкімдік құжатта маларды қамту және құру талаптарын анықтайды; пайдалануға рұқсат етілген жаңа компьютерлік және көшірме-көбейту техникасын, ақпаратты өңдеу техникалық құралдарын, персоналды компьютерлер және жүйелер, автоматтанды рылған жұмыс орындарын енгізу бо йынша жұмысты жүргізеді; ақпараттық қауіпсіздік, ұйымдасты ру техникасы мен компьютерлік бағ дарламаларды қондыру, үздіксіз және жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді, оларды пайдалануға дайындығын тексереді, ұйымдастыру техникасын, коммуникацияның жағ-дайына бақылау жүргізеді, олардың дұрыс жұмыс істемеуі анықталған жағдайда оларды жою бойынша немесе заңнамаға сәйкес жөндеу жұмыстарын және басқа техникалық қызмет көрсету түрлерін өткізу үшін мамандарды тарту бойынша шаралар қолданады; басқарманың персоналдық компьютерлерінде «Парус», «Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесі» бағдарламаларының тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; басқарма қызметі туралы ақпарат тарды басқарманың интернет-ресурсында тиісті тарауларына орналастырады, оларды бұдан әрі және жүйелі жаңартуды қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыс тарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі
бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мамандықтар «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент). Техника лық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер). Конкурс «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптас тыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды тапсырады: 1) осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш; 2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы қағи даларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрме лерi; 4) еңбек қызметiн растайтын құжат тың нотариалдық куәландырылған кө шiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсау лық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бе кiтiлген (Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлердiң тiзi лiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азама тының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi; 7) құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мән нен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар етілген күннен бастап 5 жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған «Батыс Қазақстан облысы ның қаржы басқармасы» ММ-да өтеді.
«Ат спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК азаматтық қызметкерлердің бос лауазымдары орнына байқау жариялайды 1. Бапкер-жаттықтырушы (ат спорты бөліміне) – 2 бірлік, 2. Автокөлік жүргізуші – 1 бірлік. Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет: - Мемлекеттік тілді білу, - Мемлекеттік тілдегі түйіндеме, - Байқауға қатысу туралы өтініш, - Кадр есебі бойынша жеке іс-парағы (нақты мекенжайы),
- Медициналық анықтама /086 – У нысан/ жұмысқа жарам дылығы жөнінде терапевтің қорытындысымен, - Еңбек кітапшасының көшірмесі /нотариуспен куәланды рылған/, - Білімі туралы құжаттың (диплом) көшірмесі /нотариуспен куәландырылған/, - Жеке куәлігі, - Тұрғылықты мекенжайы жөніндегі анықтама.
Қажетті құжаттар конкурс өткізу жөніндегі хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға тапсырылады: БҚО, Зеленов ауданы, Асан ауылы, Рабочая көшесі, 10/1. Толық мәліметтерді алу телефоны: 27-42-44, (факс) 27-42-45.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 наурыздағы №255 қаулысымен бекітілген электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты 2013 жылдың 8 маусымынан қолда нысқа енгізілгені туралы электр энергиясы тұтыну шыларының назарына жеткіземіз.
«Батыс Энергоресурсы» ЖШС-мен бұрын жасал ған келісімшарттарды электрмен жабдықтаудың үлгілік шартымен сәйкестендіруді ұсынамыз. «Батыс Энергоресурсы» ЖШС
Қазталов ауданы Қараоба ауылының тұрғыны болған, аз ғана ұстаздық ғұмы рында зор беделге ие болған, асыл іні, абзал аға Талғат Қайырлыұлы Беисов тың бақилық болғанына 25 жыл, тірі болса ақпанның 15 жұлдызында 60 жасқа толар еді. Талғаттың жаны жәннатта, иманы жолдас болсын. Біз оны әрдайым ортамызда деп есептейміз.
Сағынышпен еске алушылар: аға-жеңгесі, іні-келіні, қарындас-күйеу балалары, немере-жиендері Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі төмендегі бос орындарға конкурс жариялайды 1. Әлеуметтік педагог - 1 бірлік Біліктілік талаптары: жоғары білімді, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, мемлекеттік тілді және орыс тілін жетік білуі, компьютерде жұмыс істей білуі керек. 2. Жүйе администраторы - 1 бірлік 3. Кеңсе тіркеушісі - 1 бірлік Біліктілік талаптары: жоғары ақпараттық-техникалық білімі, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгере білуі керек. Жұмыс өтілі 3-5 жылдан кем болмауы тиіс. 4. Оқу корпусының коменданты - 1 бірлік 5. Қоймашы - 1 бірлік Біліктілік талаптары: арнаулы орта білім, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Қажетті құжаттары: - байқауға қатысу туралы өтініші; - жеке куәлігінің көшірмесі; - жеке іс-қағазы; - еңбек кітапшасының көшірмесі; - дәрігерлік кітапшасының көшірмесі; - білімі туралы құжат, СТН, ӘЖК.
Газетке хабарландыру шыққан соң 15 күнтізбелік күн ішінде құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Орал қ., Достық даңғылы, 173-үй, тел./факс: 510681, эл.пошта pedcollezh@mail.ru
«Болз» ЖШС ҚР Экологиялық кодексінің 57-бабына сәйкес БҚО экологиялық департаментіне №1 барлау-іздестіру ұңғы масы құрылысының жобасын мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу үшін тапсыруға ниеттенгенін хабарлайды. Жеке, заңды тұлғалар мен қоғамдық ұйымдардың пікірлері мына мекенжайда қабылданады: Орал қаласы, Л.Толстой көш., 59-үй, БҚО экология департаменті. Тел.: 50-04-81, 51-92-98, факс: 51-29-81.
«Сатбор» ШҚ ЖШС «Сатимола кен орнындағы құрамында калий және бор кездесетін тұздарды тәжірибелі-өнер кәсіптік өңдеу жобасының» қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасын ММ «Жайық-Каспий экология департаментіне ҚР ҚОҚМ экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жолдайды. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге өз пікірін төмендегі мекенжайға білдіру мүмкіндігі беріледі. Орал қаласы, Дамба тұйығы, 5/1, тел.: 24-04-62 «Урал Ойл энд Газ» ЖШС «БҚО Федоровский блогы, Рожковский ау мағындағы U-25 ұңғымасына жалғастыру бөлігіндегі, 5200 м тереңдікте U-24, U-26, U-33 іздестіру ұңғымаларын салуға арналған топтық техникалық жобасының №4 қосымшасына қоршаған ортаны қорғау тарауы» тақырыбы бойынша қоғамдық тыңдау өткізетіні туралы хабарлайды. Қоғамдық тыңдау 2014 жылдың 3 наурызында сағат 10.00-де қоғам ның (халықтың), Орал облысының жергілікті және өзге де мемлекеттік органдарының қатысуымен Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Чебатарев ауылының клубында өткізіледі. Жобаның толықтырылған мәліметтерімен «Урал Ойл энд Газ» ЖШС арқылы танысуға болады. «Урал Ойл энд Газ» ЖШС келесі мекенжай бойынша орналасқан: Орал қаласы, Достық даңғылы, 148 А-А1. Тел.: 8 (7112) 5005-08 (137).
«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор
Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН
Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)
8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126
Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08
Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.
Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген
Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.
Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компьютерлiк орталығында терiлiп, беттелдi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16438, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: а.жұмаева
8
керуен сарай Cенбі, 15 ақпан 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Шорттрекшілер финалда!
Сочиде өтіп жатқан қысқы олимпиада ойындарында шорт-тректен Қазақстан құрамасы 5 мың метрлік қашықтықта эстафеталық жарыста сәтті өнер көрсетті. Жартылай финалдық бәсеке де барлығы сегіз команда күш сынасты. Құрамында батысқазақстандықтар Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұма ғазиевке қоса қостанайлық Денис Никиша бар қазақстандықтар
“Егіз”
АҚШ, Оңтүстік Корея, Нидерлан ды құрамаларымен жарысқа шықты. Жарыс барысында дүниежүзілік шорттрек жұлдыздары – оңтүстіккореялықтар мен АҚШ шорттрекшілері құлап қалғанын да айта кетейік. Нәтижесінде голландық-
тардан кейін екінші орынды иеленген Қазақстан құрамасы финалға жолдама алып, айды аспанға шы ғарды. Бұл сенсациялық оқиға ретінде бағалануда. Сонымен, 21 ақпан күні жергілікті сағат 23.20-да басталатын финалда Ресей, Қытай, Нидерланды, Қазақстан және АҚШ құ рамалары медаль үшін таласпақ. Соңғы сынға американдықтар төрешілердің шешімімен қосылды. Ақтық бәсеке нәтижесіне қарамастан, бұл – қазақстандық шорттрекшілер үздік бестік құрамында деген сөз! Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында он жылдай уақыт бұрын басталған талаптыларды тынбай баптау, міне, осындай жоғары нәтижеге жеткізіп отыр. Мұнда Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков бастаған мамандардың еңбегі мол.
Ғайса БӘЙМЕН
чемпион?!
Сочидегі ақ олимпиадада сирек кездесетін оқиға тіркелді. Тау шаңғысымен құлдилау сайысында
Құттықтаймыз! Орал қаласының тұрғыны, адал жар, тау шыңындай мәртебесі биік, ақылшы әке, біріне қамқор аға, мейірімді ата Асқар Сейілханұлы ҚУА НАЕВТЫ 18 ақпанда мерейлі 55 жасымен құттықтап, дүниедегі бар жақ сылықты алаңсыз кешіп, аман-есен жүре беріңіз деп тілек білдіреміз. Бала шақтан кеудеңде таласты үміт, Қаныңда жоқ әу бастан оғаш қылық. Өз күшіңмен келесің, асыл әке, Бақытыңды сәтімен қаластырып. Той тойлаған жақсы ғой жанұяңмен, Құда-жекжат, дос-бауыр, қариямен. Жүзге дейін талмастан, қажымастан, Жүзе бергін ұлы өмір-дариямен!
Ақ тілекпен: зайыбыңыз Назгүл, ұлыңыз Мұрагер, қыз-күйеу балаңыз Назерке-Ұлықбек, немере-жиендеріңіз Наргиза, Есминаз
Ерлікке құрмет Облыстық ішкі істер департамен тінде Кеңес әскерінің Ауғанстан нан шыға рылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара ұйымдас тырылды. Оған ауған соғысына қатысқан полиция қызметкерлері және ішкі істер құрылымдарының жас мамандары қатысты.
екі бірдей спортшы 1.47.57 секунд
Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, "Орал өңірі"
уақытпен алтын медальді жеңіп алды.
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ, "Орал өңірі"
Жеңімпаздардың есімі словениялық Тина Мазе мен швейца риялық Доминика Гизин. Әрине, бұған дейін әлем чемпионаттары мен кубоктарында бет қаратпаған Тинаның табысы кездейсоқтық емес. Ал Доминика үшін Сочи қа ры аса сәтті болғаны даусыз. Гизин 2009 жылы Австрияда өткен жарыста Аня Перссонмен бірдей
Таяуда Атырау қаласында грек-рим күресінен 1997-2000 жылдары туылған жас өспірімдер арасында өткен республикалық турнирден жерлестеріміз бас жүлдемен оралды.
нәтиже көрсетіп, чемпион атанған екен. Күміс жүлде ешкімге берілген жоқ. Қола медаль Гизиннің отандасы Лара Гутқа бұйырды. «Бұл апта мен үшін бас айнал дырарлықтай болды. Қазір қуаны шым қойныма сыймай тұр! Тіпті чемпион боламын деп ойламақ түгілі, армандаған да емеспін. Олимпиада алтынын алғаннан кейінгі жеңістің дәмі арманнан да тәтті. Менен кейін қаншама тамаша спортшылар сайысты. Со лардың көрсеткен уақыттарын
қарап тұрудан асқан азап жоқ екен» депті Доминика Гизин. Алтын алған Тина Мазе: «Мен олимпиадаға тек жеңу үшін келіп, мақсатыма жеттім. Маусымның ортасында жеке бапкерім ауысып, біраз қиналған едім. Дегенмен уақыт менің шешімімнің дұрыстығын дәлелдеді. Доминикамен бірдей уақыт көрсеткеніме таңғалған жоқпын. Себебі менің спорттық карьерамда мұндай оқиға болды. Ең бастысы, алтын медаль!» – деді.
Қоржында 6 алтын Ауғанстаннан КСРО әскерінің шығарылғанына 25 жыл толуына арналған жарысқа 16 команда құрамында 200-ден астам спортшы қатысты. Отызға тарта жерлесіміз облысымыздың намысын қорғады. Нәтижесінде олардың алтауы өз салмақ дәрежесінде үздік
болды. Сөйтіп, жалпыкомандалық есеп бойынша батысқазақстандықтар бас жүлдегер деп танылды. Алтыннан алқа таққандардың ішінде Азат Мұхамадиев (36 келі, №1 БЖСМ), Әділхан Ақунов (63 келі, №1 БЖСМ) бар.
Өз тілшіміз
Шарада департамент басшысы Махамбет Әбисатов ауған со ғысына қатысқан ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Рашид Фазыловқа, қалалық ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспек-
торы Қасым Төлеуовке және Те ректі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері, полиция старшинасы Аязбек Киндербаевқа Ішкі істер министрінің және ішкі істер департаментінің марапаты мен алғысхаттарын салтанатты түрде табыс етті. Ауған соғысының от-жалынынан аман-есен оралған полиция қызметкерлері естеліктер айтып, жас полицейлердің қойған сұ рақтарына жауап берді. Сондай-ақ жиылғандар ауған соғысына байланысты «Ерлік – ұрпаққа мұра», «Ауғанстан – жүрек тегі жара», «Ауғанстан от-жалыны» тақырыбында ұйымдастырылған фотокөрме мен деректі фильмді тамашалады.
Қаратөбелік трио – бас жүлдегер Бейсенбі күні облыстық қазақ драма театрында «Ауған әндері» атты облыстық ән сайысының гала-концерті өтті. Кеште байқаудың аудандық, қалалық, облыстық іріктеу айналымдарынан өткен өнерпаздар өнер көрсетті. Концертті тамашалаушылар қатарында ауған соғысының арда герлері, сарбаздар, студент жастар, қала тұрғындары болды. ҚР Композиторлар одағының мүшесі, халықаралық байқаулардың лау реаты Жаскелең Ғайсағалиев тө рағалық еткен қазылар алқасының шешімі бойынша құрамында Айдос Жапақов, Рүстем Ақташев, Сәнжан Байтеміров өнер көрсет
кен қаратөбелік трио аталмыш байқаудың бас жүлдесіне лайық деп танылды. Өнерпаздарға «Ауған соғысының мүгедектері және ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғам дық бірлестігі атынан бағалы сый лықтар мен алғысхаттар табыс етілді.
Өз тілшіміз