22 22 02 2014

Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

- 11 - 18

С

0

С

0

Сенбі, 22 ақпан 2014 жыл №22 (19941)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

"2013 – жемісті еңбек

oral_oniri@inbox.ru

Ақпарат

жылы болды" "Енді шетелдік инвесторлар пайда­ның 20 пайызын..." ел-жұрт

3-5 Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

"Сіздерге қашан да есік ашық!"

2

6

Сөзден іске кірісетін

уақыт келді

Осы аптаның бейсенбісінде «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының XVII конференциясы өтті.

К

онференцияда «Нұр Отан» партиясы облыстық фи­лиа­­лының төрағасы, облыс әкі­мі Нұрлан Ноғаев Елбасының «Қа­зақ­ стан жолы - 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан туындайтын мақсаттарды жүзеге асырудағы партия ұйымда­ рының алдында тұрған мін­деттер туралы» баяндама жасады. Нұрлан Асқарұлы өз баяндамасында биылғы Жолдаудың мәнмаңызына тоқтала келіп, онда бел­гіленген еліміздің әлемдегі ең

да­мыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасын жүзеге асы­ рудағы кезек күттірмес мәсе­ле­ лерді ортаға салды. – Жолдауды насихаттау мен тал­ қылауға арнал­ған 300-ден астам кездесу өткізілді. Енді сөзден іске кірісетін уақыт келді. Сондықтан да жергілікті жерлердегі партияның әрбір мүшесі халықты жұмысқа жұмылдырып, Жолдауда көрсе­ тілген басым бағыттар бойынша істі жандандыру қажет. Әсі­ре­се, агроөнеркәсіп кешеніне ин­­­

новациялық жобаларды енгізу, инвестицияны көбірек тартуға, энергетика, жол құрылысы, инф­ рақұрылымды дамыту мәселеле­ ріне нақты көңіл бөлуіміз қажет, - деді Нұрлан Асқарұлы. Конференцияда сөз алған Теректі ауданындағы «Үміт» гим­ назиясының директоры Дариға Мұштанова, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов, Жәңгір хан атында­ғы БҚАТУ-дың «Айбын» бастауыш партия ұйы­мының төрағасы Ас-

хат Өкше­баев Жолдауға қатысты атқарылмақ жұмыстар туралы ойпікірлерін ортаға салды. Конференция талқыланған мә­ селе бойынша тиісті қаулы қабыл­ дады. Жиын барысында «Нұр Отан» партиясынан №19 Шыңғырлау сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына үміткер «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Жеңіс» шаруа қожалығының жетекшісі Мадияр Байжановтың кан­­дидатурасы бірауыздан мақұл­ данды.

Сондай-ақ конференцияда ұй­ым­дық мәселелер талқыланды. Конференциядан кейін пар­ тия­ның облыстық филиалы саяси кеңесінің бюро отырысы өтті. Он­ да зейнеттік демалысқа шығуы­на бай­ланысты Кенжебай Нығмет саяси кеңестің бюро құрамынан шығарылып, облыстық филиал тө­ рағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен саяси кеңестің бюро мүшесі болып сайланды. Еламан ӘЙПІШЕВ, «Орал өңірі»


2

АҚПАРАТ Сенбі, 22 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru Облысымызға іссапармен келген ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин жер қойнауын пайдаланушылармен кез-

P

P

Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде облыстық «Мұхит» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен біртуар әнші Ға­ рифолла Құрманғалиевтің 105 жылдығына орай концерт өтті. Мәдени шарада Қазақстан Республикасының мә­дениет қайраткері, әнші-термеші Сағадат Рахметжанов, рес­пуб­ ликалық әншілер байқауының лауреаты Еркін Өтегенов, Құрманғазы атындағы республикалық күйшілер байқауы­ ның бас жүлдегері Ақылбек Бектасов ән мен күйден шашу шашты. Қазіргі уақытта еліміздегі медреселер мен мешіттерде ғаламтор арқылы онлаин дәріс жүйесі жүргізілуде. Ханафи мәзһабының ақида, фиқһ және басқа да бөлімдері бойын­ ша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапы­нан бекітілген ұстаздардың онлаин жүйесінде дәріс бе­ руі оңтайландырылған. Осы орайда Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Аб­ дуғалиев жақында мешіт қызметкерлері әрі иман жолына бет бұрған тұрғындар үшін бұл игілік қолжетімді болып отырғанын қуана хабарлады. Сабақ аптасына екі мәрте өткізіледі.

Саланың келешегі талқыланды Кеше облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов­ тың төр­аға­лығымен облыстың агроөнеркәсіп ке­шені­ нің 2013 жылғы даму қорытындылары және биылғы жылғы атқа­ры­латын жұ­мыстар жайына арналған ке­ңей­тілген кеңес өтті. Онда мал және өсімдік шаруашылықтарын дамыту, егісті әр­та­ раптандыру, ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу мә­селелері және саладағы түйінді түйткілдерді шешу жағы тал­қыланды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бас­шысының мінде­тін атқару­шы Наурызбай Қарағойшин, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадаға­лау комитеті БҚО ау­мақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Бо­лат Айтуғанов күн тәртібіндегі мәселелер бо­йынша баяндама жасады.

Өз тілшіміз

(Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).

десіп, олардың саланы да­мытуға қатысты ой-пікірлерін тыңдады. Бас­қосуды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ашып, жүргізіп отырды.

«Енді шетелдік инвесторлар пайданың 20 пайызын, ал еліміз 80 пайызын алатын болады» Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»

М

инистр алдымен Елбасы Жолдауының ма­ңызы, Жолдаудан туындайтын мұнайгаз сала­сын­дағы стратегиялық міндет­терге, өткен жылғы жұмыс қо­рытын­ дылары жайында баяндады. Оның айтуынша, Қазақстан мұ­най қоры жөнінен әлемнің мұ­ найлы 15 елінің, газ қоры жөні­ нен алдыңғы 20 елінің қатарына енді. Соңғы 20 жыл ішінде мұ­най өндіру 3 есеге, газ өндіру 5 есеге артып, жылына 80 млн. тон­надан астам мұнай және 40 млн. текше метрден астам газ өн­ дірілуде. Басқосуға қатысқан машина жасау саласы кәсіпорында­ры­ның басшылары, бизнес қауым­ дастықтың өкілдері мұнайгаз клас­­терлер құрылатын өңірлер қатарына БҚО-ның енбей қалуы мәселесін көтерді. Сондай-ақ жергілікті өндірісшілердің ай­туын­­­­ша, машина жасаушылар қа­ уымдастығын құрып, «ҚПО б.в.» компаниясының тендерлеріне қатыс­қанымен, әлдебір себеп­­тер­мен істің алға басуы мардымсыз. – Бұған қатысты әлденеше рет кеңестер өткізілді. Соңғы­сын­да

жер қойнауын пайдаланушы­лар­­ ың өздері комиссиясын құ­рып, д зауыттардың тапсырыстарды орындау мүмкіндіктерін көріп, бағаласын деп келістік. Комис­сиялар өндіріс орындарын әл­ денеше рет қарады. ТШО-дан, өз­ге компаниялардан келді. Нә­тиже жоқ. Алайда кен игеруші­ лерге қысқа мерзімде жабдық, материалдар қажет болғанда, оларды кәсіпорындарға арзан бағаға жасатады. Зауыттар жа­уапкершілігі төмен жабдық­тау­ шылардың «қара тізіміне» ілікпес үшін және әлеуетін көрсету үшін кен игерушілердің шартта­рын қабылдайды, – деген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев «ҚПО б.в.»дағы қазақстандық үлестің жыл санап өсіп отырғаны байқалған­ мен, әлі де толық көлемде емес­ тігін алға тартты. Ал «Батыс Қа­­зақстан машина жасау компа­ ниясы» зауытының бас директоры Әліби Ахметжановтың ай­туынша, аталмыш комиссия за­уытқа 12 мәрте келген. Компа­ ния басшылығы «ҚПО б.в.» ком­ паниясымен өткен жылы 37 млн. теңгенің келісімшарты жасал­ған­ мен, ең аяғы бір болт жасау­ға әлі күнге тапсырыс түс­пеген. – Қарашығанақ сықылды кү­кірт­сутегі кен орындары тех­но­ логиялық тұрғыдан қара­ғанда, өте күрделі жобалар. Сондық­-

тан онда қолданылатын тауар­лар мен жабдықтар әлемдік деңгейде болуы тиіс, өйткені жаб­дықтан ақау шығып, қолайсыз жағдай орын алатын болса, олардан жа­ уапкершілік сұралады. Ин­вес­торларға тапсырыстарды қазақ­ стандық өндірісшілерге берің­ дер деп мәжбүрлей алмаймыз. Бірақ тапсырыс берушілер тарапынан өнімнің сапасы мен жет­­­кізілуіне әсер етпейтін талап­ тардың қойылатынын естіп отырмын, сондықтан бұл мәселені ба­қылауға аламыз. Оралдық кә­ сіпорындардың әлеуеті таныс, сон­дықтан бәрі дұрысталады, деді Ұзақбай Қарабалин. Ұзақбай Сүлейменұлының ай­туынша, «ҚПО.б.в.» компаниясы өзінің инвестициясын өтеді. Бұған дейін кен орнынан түсе­тін пайданың 20%-ын Қазақ­стан, 80%-ын шетелдік инвестор­лар алып келді. Енді пай­даны бө­лу жөнін­де­гі келісім­шарт қайта қа­ ралып, елі­міз пайданың 80%-ын, инвес­торлар 20%-ын ала­тын бо­ лады. «Бұл үрдіс бірден іске қо­­ сыл­майды. Оны әуелі есептеп, биыл және алдағы жылдары біртіндеп қолданысқа енгізуге қам жасаймыз. Бұл жақсы жаңалық және бюджетке түсетін қосымша тү­­сім» – деді министр журна­листерге берген сұхбатында. Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Министр жастармен кездесті Өңірімізге іссапармен келген ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Карабалин мен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сәрсенбі күні қаламыздағы Салтанат сарайында жастармен кездесті.

К

ездесуге Жәңгір хан атын­дағы БҚАТУ, ҚазИТУ, БҚИТУ және Орал мұ­­най, газ және салалық технология­лар колледжі, жоғары тех­ника­лық мектеп студенттері қа­тысты. Жиында алдымен сөз алған облыс басшысы Нұрлан Ноғаев облыста жастар саясаты, жастарды жұмыспен, тұрғын үймен қам­­тамасыз ету бағдарла­ма­лары­ның жүйелі жүргізіліп жатқанын айт­­ ты. Сонымен қатар тек біздің об­ лыста жүзеге асып жатқан «Жас отау» бағдарламасы туралы ке­­ңірек әңгімеледі. Өңір жастары қоғамда өз белсенділіктерін көрсетіп жүреді деген облыс әкімі

таяуда «Еңбек Ері» жоғары атағы­на ие болған министрдің жас­тармен кездесуге уақыт тапқаны үшін алғысын білдірді. Мәртебелі мейман Ұзақбай Сү­лейменұлы: «Еліміз мұнайгаз өндіру бойынша – 20, ал кө­мір­сутектерін өндіру бойынша 15 үз­діктің қатарына еніп, бүгін­де бел­сенді дамып келеді» – деп, жас­ тарға өзінің өмір, жұмыс тәжіри­ бе­сінен естеліктер айтты. Оларды өздерін жетілдіруге, сөй­­­­­тіп бә­секеге қабілетті маман болып шығуға шақырды. Бүгінгі таң­­­да ағылшын тілі мен компьютер­лік бағдарламаларды игеру маңызды екенін тілге тиек етті. Елімізде ірі

компа­ния­ларға тек шетелдіктер­ді ғана жұ­мысқа алады деген әсі­ ресе, жас­тар арасында түсінік бар. Бұл қате, бүгінде «ҚПО б.в.» ком­па­ниясында 3000 жұмысшы бол­са, соның 2500-ге жуығы – қазақ­стан­дықтар. Шетелдіктердің үле­сі аза­йып келеді. Сол себепті мүм­ кіндік мол. Кездесуде жастар ұйымдары жетекшілері мен студенттер мұ­ найгаз саласындағы өндіріс орындарынан өндірістік тәжірибеден өту жәйі, мұнайгаз зауытта­­ры­нан та­биғатқа келетін экологиялық зар­ даптар туралы, «KAZENERGY»-ге қатысты сұрақтарын қойды. – Бүгінгі таңда KAZENERGY мұ­ найгаз мамандықтарын таң­дау­­шыларға (оның ішінде жақсы оқитын, отбасы жағдайы төмен балаларға) жыл сайын 150-дей грант бөліп, үздік оқып жүрген студенттерге тұңғыш қазақ инженері Сафи Өтебаев атындағы жә­-

не арнайы шәкіртақылар таға­йын­­дап отыр. Ал тәжірибе мәсе­ лесіне келсек, ірі мұнайгаз ком­панияларын «студенттерді өнді­­ріс­­тік тәжірибеден өткізіңдер деп» мәжбүрлей алмаймыз. Елі­­міз­де­гі кен орындарын пайдаланушы ком­­паниялар мемлекетпен кен орнын пайдалану тура­лы келісімшарт жасайды. Ол жерде бірнеше шарттар қарастырылады, соның бірі – отандық кадрларды оқытуға қаржы қарастыру. Бі­рін­шіден, компания өз ішіндегі кадр­

ларды оқытуға, екіншіден, қал­­ ған қаржыны осы саладағы оқу орындарына бөлуі керек. Алайда еліміздегі оқу орындарында тә­ жірибеден өткізу мүмкіндігі жоқ. Біз бұл қаржыны KAZENERGY-ге жинақтап, оны студенттердің тә­ жірибеден өтуіне бағыттаса, үлкен мәселе шешілер еді деп ойлаймын, – деді министр.

Ақмоншақ ЖҰМАЕВА Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ


БИЛІК oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 22 ақпан 2014 жыл

Бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы облыстық

Күн күрт суытады!

филиалының ғимаратында облыс әкімі Нұрлан Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Ноғаевтың ел-жұрт алдындағы есептік кездесуі өтті. Оған ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бас инспекторы Марат Анарқұлов, ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин және мемлекеттік құрылымдар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары қатысты.

«2013 –

жемісті еңбек жылы болды» – Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылғы Жар­ лы­ғына сәйкес, сол кезден бас­тап әр деңгейдегі әкімдер ха­лық ал­ дында есеп беріп келеді. Бұл «әкім бол, халқыңа жақын бол» деген қағиданы орындау ба­ғы­­тында іске асуда. Биыл да ағым­дағы жылдың қаңтар-ақпан айла­рында өңіріміздің 151 ауыл­­дық округі, 12 аудан жә­не Орал қаласының әкімдері тұр­ғын­дарға атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. Аудан және қала басшыларының есебінің бә­­рі­не өзім қатыстым. Өңі­ріміздің әлеу­мет­тік-эко­но­ми­ка­ лық дамуын­­да оң динамика бары осы кез­­де­су­лер барысында анық аңға­рыл­ды. Мұның негізі ұлтара­ лық, дінаралық келісім, қоғам­ дағы тұ­рақтылыққа бағыттталған Елбасының саясаты екені белгі­лі. Бұл істер болашақта да жал­ғасын таппақ. Өткен жыл несімен есте қал­ды, енді соған тоқталайын. Бі­ рінші, былтыр әкімшілік реформа өтті. Соның нәтижесінде об­лы­сымыздағы 12 ауданның 6 әкі­ мі ауысты. Жаңадан «А» корпусы жасақталды. Халық сайлауымен 151 ауыл әкімінің 30 пайызы ауысты. Ауыл әкімдерін сайлауға жергілікті тұрғындар белсенді атсалысып, сол жердің мұң-мұқта­жын жақсы білетін азаматтар­ дың әкім болып сайлануына өз үлестерін қосты. Соның арқа­ сында округтерде көптеген оң өзгеріс орын алуда. 2013 жылы қабылданған заңнама аясында ауыл әкімдерінің құзіреті де ке­ ңейді. Тағы бір ерекшелік, «Нұр Отан» партиясының доктри­на­сы қабылданды. Биылғы жылдың басында Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүд­де, бір болашақ» атты Жолдауын жариялады. Онда қысқа және ұзақ мерзімді міндеттері­ міз айқындалған. Қазіргі таңда Үкімет, жергілікті атқарушы би­ лік органдары осы міндеттерді орындауға кірісуде. Оны бәріміз бірігіп атқарсақ, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны нықталып, экономикалық дамуы­ның, халықтың әлеуметтік жағ­дайының жақсару қарқыны арта­тыны сөзсіз. Жолдау батысқазақ­ стандықтардың да тарапынан қы­зу қолдау тапты, – деді өз есе­бінің кіріспесінде Нұрлан Асқар­ ұлы. Содан соң ол есепті мерзім ішіндегі атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы

баян­дады. Республиканың жал­пы ішкі өніміндегі облысымыз­дың үлесі 4,8%-ды құрады. Жан басына шаққанда облыс бойынша жалпы өңірлік өнім орташа рес­ публикалық деңгейден 31,1%-ға артты. Өнеркәсіптің дамуының басты көрсеткіштері соңғы жылдары қарқынды өсу динамика­сын көрсетуде. Яғни соңғы үш жылда өнеркәсіп өндірісінің кө­лемі 1,7 есеге көбейді. Өңдеу өнер­­кәсібінде еңбек өнімділігі 24%-ға өсіп, жан басына шаққан­да 32 мың АҚШ долларын құра­ды. Облыста 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инно­ва­ циялық даму тұжырымдамасы да­йын­далды. Тұжырымдама не­гі­ зін­де облыстың басты ба­ғыт­тары болып машина жасау, құ­ры­лыс индустриясы, туризм, агро­өнер­ кәсіп кешені және көлік логис­ тикасы айқындалды. Газ өндіру көлемі 2012 жыл­ ғыдан 1,4%-ға артық. Мұнай өң­­деу өнімдерін өндіру көлемі 1,6 есеге жоғары. Есепті мерзім ішін­де индустрия­ландыру карта­ сы аясында 2,1 млрд. теңгеге 3 жоба жүзеге асырылып, 116 жа­ ңа жұмыс орны пай­да болды. Соңғы үш жылда бар­лығы 252 млрд. теңгеге өңірлік ин­дус­трия­ лан­ды­ру картасының 31 жобасы іске қо­сылды, бұл 1300 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Негізгі капиталға салын­ған ин­вестициялар 2012 жылғыдан 14,0%-ға көп. Шетелдік инвестициялар есепті мерзім ішінде 33%ға артты. 247,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Құры­ лыс жұмыстарының кө­ле­мі 2012 жылғыдан 7%-ға өс­ті. Тоғыз елді мекенге газ құ­бы­ры тартылды. Бұл 4,2 мың адамға көгілдір отынның қызы­ғын көруге мүмкіндік берді Тұр­ғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сегіз жоба іске асырылды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 86 млрд. теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда, 104%-ды құрады. Аталмыш саланы мемлекеттік қолдау көлемі былтыр 4,3 млрд. теңгеге жетті. 4 млрд. теңге несие ресурстары тартылып, лизинг ар­қылы 197 да­ на ауыл шар­уа­шылығы техни­ка­сы мен қондырғылары сатып алынды. Жыл қо­рытындысы бойынша ірі қара ма­лының, жыл­қының, қойдың жә­не құс басының өске­ ні байқа­лып отыр. Өткен жылы барлық ауыл шаруашылығы да­­қы­лының жалпы егіс көлемі

3

2012 жылға қарағанда 49,0 мың гектарға кем болды. Дәнді да­ қылдардың егіс көлемі де 13,0%ға қысқарды. Ауа райының қо­­ лай­­сыздығы салдарынан дән­ді да­қыл­дар алқабының 15%-ы есептен шығарыл­ды. Об­лыс бо­­йын­­ ша дәнді дақылдар­дың ор­та­ша өнім­ділігі гектарына 7 цен­тнер­ді құрады. Май­­лы да­қыл­дар­ды егу көлемі де 2012 жыл­ға қа­ра­ған­­да 10 мың гектарға азай­­ды. Егіл­ген алқап­тың 11 мың гектары қуаң­шы­ лық салдарынан күйіп кетті, орташа өнімділік гектарына 4 центнерді құрады. Табиғатқа тәуелді, тұ­­рақты өнім ала алмайтын ау­дандар біртіндеп мал шаруашы­ лығына ауысып келеді. Мәселен, 60 мың тонна ірі қара малы­ның етін сатқанда түсетін пайда 4 млн. тонна астық өткізген­ мен тең. Таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мә­селеге байланысты мемлекет бас­шысы әр өңірдің өзінің ерекшелігіне байланысты экономикасын дамытудың жағдайын жаса­уы керектігін айтқан еді. Ақ Жа­ йық өңірінде мал шаруашылы­ғын өрістетуге мүмкіндік мол. Соны толыққанды пайда­лан­ған жөн. Көкөніс, бақша дақылда­ ры­ның алқабы 2012 жылғы кө­леммен салыстырғанда тиісінше 1% және 5%-ға артты. Олар­­дың өнімділігін жоғарылату мақ­­­сатында тамшылатып суару жү­йесі қолданылып, арзанда­тыл­ған бағамен 481 тонна мине­ралдық тыңайтқыш сатып алынды. Нәтижесінде картоптың жал­пы өнімі 12%, көкөніс 4,0%, бақ­ ша дақылдары 2,0%-ға артты. Қайта өңдеу саласы тұрақты да­­муда, өндірілетін өнім түрі кө­ бейіп, сапалық көрсеткіштері жақ­сарып, жаңа кәсіпорындар ашылуда. Атап айтқанда, «Жа­йық Ет» ЖШС қуаттылығы тәулігіне 20 тонналық 70-тен астам ет жә­ не шұжық өнімдерінің түрле­рін өндіретін кешеннің құры­ лысын аяқтады. «ОралАгроСервис» ЖШС сыйымдылығы 2,0 мың тонна заманауи көкөніс сақтау қоймасын іске қосып, 148 га алқапта тамшылатып суару жүйесін енгізу бойынша жобаны жүзеге асырды. Серіктестік биыл 3,0 мың тонналық екінші кө­кө­ніс сақтау қоймасының құры­ лы­сын бастауды жоспарлауда. Ақжайық ауданында «Батыс Марка Ламб» ЖШС-ында тәулігіне 1400 бас қойдың етін вакуумды орамада ірі кесекті және блок­-

ты түрде өндіретін етті қайта өң­деу кешенін құру бойынша жо­ба іске асырылуда. Биыл Зеленов ауданында «Жайық құс» ЖШС жылына 6,0 мың тонна құс етін өндіретін фабриканың, «MOON­ GRAS» ЖШС жалпы көлемі 8 га құ­райтын жылыжай кешенінің құ­рылысын бастауды жоспарлап отыр. – Бөлшек тауар айналымының көлемі 172,0 млрд. теңге, 2012 жыл­ға қарағанда, нақты көлем ин­­дексі 125,0%-ды құ­рады. Ин­фля­ цияның жалпы дең­гейі 106,0%ды құрады, респуб­ликалық көр­сеткіш – 105,0%. Инфляция демекші, кешегі теңгенің жаңа бағамға ие болуы кез келген елдің өз алдына томаға-тұйық бола алмайтынын, әлем эко­но­ микасындағы күрт өзгеріс­тер­ дің елімізге де әсер етпей қой­ майтынын тағы бір дәлелдеді. Әлем­дік нарықтағы тұрақсыздық жағдайында еліміздің экономи­ касы 6% өсімге ие болып отыр. Елбасы 14 ақпан күні өткен Үкімет­тің кеңейтілген отырысына қа­ тысып, осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді. Халықты әлеу­ мет­тік қолдау жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажеттігіне тоқталып, биылғы 1 сәуірден бас­тап мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазынашылық кәсіп­орындарда жұмыс істейтін аза­маттық қызметшілердің лауа­зым­ дық еңбекақыларына 10% көле­ мінде ай сайынғы қосымша тө­лем қарастыруды тапсырды. Біз­ дің облыс бойынша азық-түлік қо­ры жеткілікті. Тұрмысы төмен отбасыларды қолдау жөнінен тұрақты комиссия жұмыс жасап, тиісті шараларын дер кезінде алуда. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,7%-ға өсті, бәрі де салыстыру арқылы анықталады, бұл республикалық көрсеткіш дең­ге­йінен 1,6 пайыздық пунктке тө­мен. Бүгінде облысымызда шағын және орта кәсіпкерлікте 94,0 мың адам жұмыс жасайды, бұл 2012 жылғыдан 15,0%-ға көп. Облыстың экономикалық белсенді халқынан жұмыс істей­тіндер үлесі 27,0%-ды құрайды. 29,0 мың шағын және орта кә­ сіпкерліктің белсенді субъекті­сі жұмыс істейді немесе 2012 жыл­ мен салыстырғанда 104,0%.

(Жалғасы 4-5-беттерде)

“Қазгидромет” РМК “Батыс Қазақстан гидрометео­рология ор­та­лы­­ғының” мәліметіне қа­­ра­­ ған­да, 22 ақпан күні күндіз Орал қаласында және об­лыс­­ аума­ғы­ ның кей жерле­рінде 12-170С аяз, ал ақпанның 22-сінен 23-іне қараған түні 20-250С аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Ұжым басшылары, әсір­есе, қалыпты тіршілікті қам­­та­­ма­­сыз ететін ком­­му­­­нал­­­­­дық ме­ке­ме­ лер­дің же­тек­­ші­ле­рі электр жә­­не байланыс желі­ле­рі­нің ба­рын­ша тұ­рақты жұмыс жаса­уын қам­тамасыз етуі шарт. Төтенше жағдайлар орын ал­­ған кезде Орал қаласы, Дос­­тық даңғылы, 215 ме­кен­жайы бо­йын­ша немесе 53-60-91, 54-52-25 телефондары арқылы Орал қа­­­лалық ТЖАК КДС ке­зек­­ші диспетчері­не хабарлау керек.

«Табиғи дауыс» байқауы Жақында «Аснұр» студия­ сының ұйымдастыруымен «Та­биғи дауыс» байқауының бірінші кезеңі өтті. Өнер биігінен көрінсем деген 15-30 жас аралығындағы 40 өнерпаз байқаудың алғаш­қы кезеңінде бақ сынады. Бел­гілі әнші Айнара Айтқалиева сынды өнер жұлдыздары тө­ релік жасаған байқаудың ал­ ғаш­қы кезеңінен 21 жас келесі кезеңге жолдама алды. «Free lif» компаниясының демеушілігімен өтіп жатқан байқаудың екін­ші кезеңі 28 ақпанға жос­ парланған. «Табиғи дауыс» ата­ғын иеленген жеңімпазға 100 мың теңге сыйақы беріліп, те­гін бейнебаян түсірілмек. Екінші, үшінші орынға қол жеткіз­ ген өнерпаздарға бағалы сый­лықтар беріледі дейді ұйым­ дастырушылар.

«Жеңіске бірге жетейік!» Осындай ұранмен Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан XXII қысқы олимпиада ойын­ дарындағы жерлестерімізді қолдау мақса­тында Сы­­рым ауданындағы мекеме қыз­ меткерлері арасында қыс­ қы спорт түрлерінен жарыс өткізілді. «Саламатты ұрпақ» акциясы аясында «Жас Отан» жас­тар қанаты Сырым аудандық филиалы ұйымдастырған ша­ра­ға «Қайсар» спорт клубы қол­ дау білдірді. 150-ден астам адам қатысқан сайыста 30 жасқа дейінгі жә­не 30 жастан жоғары қыз-келіншектер шаңғы жарысынан 500 метр қашықтықта сынға түссе, ерлер 1000 метр­лік қашықтықта бақтарын сынады. Сондай-ақ 400 метрлік «Әке мен бала» шана жарысы мен арқан тартысы да са­ йыс көрігін қыздыра түсті. Нә­ тижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және ақ­ шалай сыйлықпен марапатталды.

Өз тілшілеріміз


4

билік Cенбі, 22 ақпан 2014 жыл

(Соңы. Басы 3-бетте)

К

әсіпкерлермен 314,0 млрд. теңгеге тауар (жұмыс, қызмет) өндірілді, бұл тиісінше салыс­­тырмалы мерзім­нен 3,0%-ға көп. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде респуб­ликалық бюд­жеттен индустрия­лық инфрақұ­ ры­лымды дамытуға 1,1 млрд. тең­ге, жеке меншік кәсіп­керлікті қол­дауға 1,2 млрд. теңге көлемінде мақсатты трансферттер бөлінді. Бұл бағдар­лама қазір облысы­ мыздың барлық 12 ауданын да қамтиды. Бағдарлама­ның бірінші және үшінші бағыттары шеңбе­ рінде өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен жалпы сомасы 15,0 млрд. теңге­ге 98 жоба мақұлданды. Ма­құлдан­ ған жобалардың шеңбе­рінде 1351 жұмыс орнын ашу жос­парлануда. Бұдан басқа «Жұ­мыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ауыл­дағы кәсіпкер­лік­тің дамуына ықпал етуге 1,1 млрд. теңге, осы бағ­дарламаға қатысу­шыларды кәсіпкерлікке оқытуға 29,0 млн. теңге бөлінді. Өткен жы­­лы екінші деңгейдегі банктер­мен шағын бизнес субъектілері­не 19,1 млрд. теңге, облыстың ша­ ғын несие ұйымдарымен 624,0 млн. теңге шағын несие берілді. Жұмыспен қамту қызметінде 1783 адам есепте тұр, бұл – эко­ номикалық тұрғыдағы белсенді халықтың 0,5%-ы. Былтыр 11 180 жұмыс орны құрылды. Жалпы құрылған жұмыс орындарының жартысына жуығы ауылдық жерде. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 7 мыңнан астам адам жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 3 мың адам орналасты. Жағдайы төмен отбасылардың саны 2012 жылмен салыстырғанда 234 от­ба­ сыға азайды. 2013 жылғы қаңтаржелтоқсанда орташа айлық ең­бекақы 97 937 теңгені құрады, деді өңір басшысы. Әкім содан кейін білім саласына тоқталды. Өткен оқу жылы түлектердің 71,0%-ы ҰБТ-ға қаты­ сып, орташа 78,15 жинақ балл ал­ ды. Сөйтіп, батысқазақстандықтар республика бойынша Астана, Ал­маты қалаларынан кейінгі үшін­­ші орынға шықты. Бұл – ұстаз­дар­дың, жалпы білім процесіне қа­ тысты мамандардың қажырлы ең­бегінің нәтижесі. 1 жастан 6 жас­қа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 59,0% (республика – 48,0%), 3-6 жастағы балаларды қамту 96,0% (респуб­ ликалық көрсеткіш – 73,0%). Облыс орталығында 350 орындық балабақша салынды. Орал мен Ақсай қалаларында 100 орындық жеке мектепке дейінгі ұйымдар ашылды. Биыл қаламыздағы За­ шаған кентінде 360 орындық ба­ лабақша құрылысы аяқталады жә­не Жәнібек ауданында 290 орын­дық бөбекжайдың қабырғасы қа­ланбақ. Балаларды мектепке де­­й­інгі тәрбиемен толық қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жеке серіктестік қағидатын да қолдануымыз қажет. Жәнібек ау­­даны Қамысты ауылындағы 300 орын­дық мектеп құрылысының аяқ­­талуымен үш ауысымда оқыту облыста толы­ ғымен жойылды. Оралда 600 жә­не Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылында 198 орындық жаңа бі­

oral_oniri@inbox.ru

«2013 – жемісті лім ұялары пайдалануға берілді. Шыңғырлау ауылында саз мекте­бі бой көтерді. 23 білім беру ны­санына жергілік­ті жә­не респуб­ ликалық бюджет қара­жа­ты есе­бінен күрделі жөндеу жұ­мыста­ры жүргізілді. Облыста апат­ты жағ­ дайдағы 6 мектеп бар, оның төр­ теуіне құрылыс жұ­мыс­тары, екеуіне күрделі жөндеу қажет. Қазіргі таңда бұл нысандарға жобалаусметалық құжаттамалары дайындалуда. Мұндай жағдайдағы білім ұяларын жылдың соңына дейін қалыпқа келтіру жоспарда бар. Денсаулық сақтау саласында да атқарылған іс аз емес. Нәрес­те өлім-жітімінің деңгейі 2012 жылмен салыстырғанда 15%-ға төмен. Өкінішке орай, Бөрлі ауданында бір ана өлімі тіркелді. 9 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. «Саламатты Қазақстан» бағ­ дарламасы шеңберінде 3 емхана мен 5 дәрігерлік амбулатория са­лынды. Орал қаласындағы 300 тө­сек орындық көпбейінді ауруха­на құрылысы, Жалпақтал ауылын­ дағы қарттар мен мүгедектерге арнал­ған жалпы үлгідегі медици­налық-әлеуметтік мекеме ғима­ ратын қай­та жаңғырту жұмыстары жалғаса­ды. Ақсай қаласында 500 келушіге, Жаңақала ауылында 250 келушіге, Орал қаласының За­шаған ауылында 250 келушіге ар­ налған үш емхана пайдалануға берілді. Орал-Атырау тас жолын­ да жол апаттары жиі орын алады. Міне, осындай жағдайға түскен азаматтарға дер кезінде медици­ налық көмек көрсету мақсатында Ақжайық ауданында апатты ме­ дициналық кешен ашылды. Оны Үкімет тапсырмасына орай ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жүзеге асырды. Ол жерде білікті мамандар вахталық әдіспен жұ­мыс жасайды, қажетті техника, құ­ рал-жабдықпен қамтылған. Орал және Атырау қалаларында ті­к­ ұшақтары бар. Мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде «Диамед­ техника» ЖШС-мен бірге гемодиа­лиз орталығы ашылды, ол екі ауы­сымда 96 адамға қызмет көрсете­ ді. Биыл Ақсай қаласында осындай орталық салу жоспарлануда. Теле­медициналық кеңес беру 2012 жылмен салыстырғанда 7%ға артты және шалғай елді мекен тұрғындары үшін білікті меди­ци­ налық көмек­ке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында үш жылжымалы ме­ди­циналық кешен жұмыс жасады, олар 130 елді ме­кенге шықты. Ұлт­тық скрининг­ тік бағдарламасы бойынша тұр­ ғындардың 30%-ы, мақсатты топ­тарға жататын тұрғындардың 100%-ы скринингтік тексерулермен қамтылды. Ағымдағы жылдан бастап онкопатологияның төрт түрінен ерте анықтауға арналған скринингтік тексеріс жүргізілуде. Денсаулық саласына 126 жас маман келді, олардың 62-сі ауылдар­ ға жолданды. Бірақ күні бүгін біз­де 102 дәрігер жетіспейді. Со­ған байланысты еліміздегі меди­ циналық ЖОО-лардың түлекте­-

Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО рін облысқа тарту бағытында тиіс­ті жұмыстар жүруде. әдениет саласындағы өнер­паз­дарымыздың да жетістіктері мол. Мы­салы, өткен жылы Ғ.Құрман­ға­ лиев атындағы облыстық фи­­лар­монияның «Орал сазы» фольк­ лорлық ансамблі Ватикан мемлекетінде, Әбу-Даби, Дубай, Бер­лин, Магдебург, Дрезден қалала­ рында қазақтың ұлттық өнерін насихаттау мақсатында өнер көр­сетті. Жеті мәдениет нысаны күр­ делі жөндеуден өткізілді. Қара­тө­бе ау­данының Сулыкөл ауылында 200 орындық және Қазталов ауданының Жаңажол ауылында клубтардың құрылысы жалғасу­ да. Бұдан басқа қаламызда Қадыр Мырза Әлі атындағы шығармашы­ лық орта­лық ғимараты биыл пай­ далануға бе­ріледі. Оқушылар жә­не жастар сарайы, облыстық ор­ талық кітапха­насы құрылысының жобалық-сме­талық құжаттамасы дайындалуда. Облысымызда Елбасының бұ­қа­ралық спортты дамыту, сала­уатты өмір салтын бекіту жөнін­дегі тапсырмасы жоғары деңгей­ де іске асырылуда. Облыс спорт­шыларының да жетістіктері мол. Сочи қаласында өтіп жатқан ХХІІ қысқы олимпиада ойындарына шорт-тректен елі­міздің ұлттық құ­рамасы сапында батысқазақстан­ дық 4 спортшы өнер көрсетуде. Спорт ұйымдарының материал­ дық-техникалық базасын нығай­туға үлкен көңіл бөлініп келеді. Теректі және Қазталов ау­данда­ рының орталықтарында спорт ке­шендерінің құрылысы аяқ­­тал­ды. Орал қаласында 20 алаң пай­да­лануға берілді. Облыс ор­талығын­ да теннис кешенінің, Дер­­көл ауылында спорт кешенінің құ­ры­лы­сы жалғасуда. Биыл Қа­ра­төбе, Сы­рым аудандарында де­­не ­ шы­нық­­тыру кешендерінің құ­рылыс жұ­ мыстары басталады. - Ағымдағы жылы алдымызға қойылған міндеттер мен атқары­лар жұмыстар аз емес. Болжам бойынша, осы ақпан айының ба­-

М

сында түскен қар белгіленген нор­мадан артық. Төтенше жағдайды болдырмау мақсатында облыс же­ рінде кешенді шаралар жүргізі­ліп жатыр. Ресейлік әріптестері­ міз­бен ақпарат алмасу жүзеге асу­да. Тұрғындар­дан сұрайтынымыз, әрқайсысы ең болмағанда үйінің алдындағы қарды күреп, көмек көрсетсе дейміз. Күні бүгін тө­тен­ ше қорға 512 млн. теңге қара­жат қаралды. Су тасқынының ал­дын алудың ал­ғашқы шараларына 152 млн. теңге бөлінді. Экономикада жалпы өңірлік өнімнің 4 пайыздан төмен емес өсуіне қол жеткізу керек. Оған бізде барлық мүмкіндік бар. Индустрияландыру картасы шеңберінде 400 жұмыс орнын құрумен жал­пы құны 5,0 млрд. теңгеге 3 жоба­ны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Облыста әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның одан әрі дамуына баса көңіл бө­лінетін болады. Тұрғын үй құры­лысына және инженерлік-комму­ никациялық инф­рақұрылымға 6,0 млрд. теңге қарастырылды. 216,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс. Газ­дандыру бойынша 4 жобаны іс­ке асыруға 3,0 млрд. теңге сома­сын­да қаражат қарас­тырылды. Ха­лық саны 16,0 мың адамды құрайтын 23 елді мекенге газ құбырын тар­ту жұмыстары басталмақшы. Ауыз сумен жабдықтау бойынша 9 жо­баны іске асыруға бюджеттен 1,0 млрд. теңге қаражат қарасты­рыл­ ды. «Өңір­лерді дамыту» бағдарла­ масының шеңберінде 3 жобаны іске асыруға 1,0 млрд. теңге, «Мо­ноқалаларды дамыту» бағдарла­ масының шеңбе­рінде 6 жобаны іске асыруға 672,3 млн. теңге бө­ лінбек. Әлеуметтік нысандардың құрылысына 4,0 млрд. теңге, жер­гілікті бюджеттен 401,0 млн. тең­ге көзделді. Ендігі жерде жоспар­лан­ған жұмыстарды уақтылы жә­не сапалы атқаруымыз қажет. Би­ыл автокөлік жолдарын қайта жа­ ңарту және күрделі жөндеу жұ­мыстарына республикалық бюджет қаражаты есебінен 2,9 млрд.

теңге, жергілікті бюджеттен 3,1 млрд. теңге қаралып отыр. Би­ыл­ғы жылы жалпы ұзындығы 61 ша­қырым облыстық маңызы бар автомобиль жолдары салынатын бо­лады, атап айтқанда, ЖымпитыҚа­ратөбе (14,5 км), Чапаев-Жаңа­қала-Сайқын (13,1 км), Аңқаты-Са­ рыөмір (3,3 км), Ақсай-Шыңғыр­ лау (14,3 км), Алғай-ЖалпақталЖұлдыз-Қарасу (10,5 км). Сон­дай-ақ жалпы ұзындығы 19 шақырым рес­публикалық маңызы бар автомо­ биль жолдарының құры­лысы жал­ ғасады. Самара-Шымкент (8 км), Чапаев-Жалпақтал-Қазталов (11 км). Жалпы ұзындығы 96 ша­қырым Подстепный-Федоров автомо­биль жолына орташа жөндеу жұмыста­ры жүргізілмек. Ағымдағы жылы Орал-Тасқала-РФ шекарасы авто­мобиль жолын қайта құру жұмыс­ тары жүргізілетін болады (27 км). Сондай-ақ Бөкей ордасы ауданына қарай жол Чапаев-ЖалпақталҚазталов-Өнеге-Бисен-Сайқын ба­ғытында жүргізілмек. Бұл аудан арқылы біз Астрахан губерниясымен шектесеміз. Ол - дамыған ірі қала. Сол себепті транзиттік әлеуетімізді арттыруымыз керек. Соған орай аудандағы «Молодость» өту пунктін автокөлік өту пункті етіп алмастыру бағытын­да жұмыстарды қолға алмақпыз. Шың­ғырлау мен Қаратөбе аудандарына жол салынуына байланысты осы аумақтарда асфальт зауыттары тұр. Соған орай аталмыш аудан орталықтарында­ғы ішкі жолдарды күрделі жөн­деу­ден өткізуге қаржы бөлу жө­нінде жұмыстанудамыз. ен былтыр атқарылған және биыл қолға алынатын істерді баяндап шықтым. Жоспарланған жұ­мыста­ рымыз Елбасымыздың сын­­дарлы саясатының, Үкімет қабыл­даған мемлекеттік бағдар­лама­лардың жүйелі іске асуының нә­тижесінде орындалды. Сондай-ақ осындай есепті кездесулерде тұр­ғындар­ дан түскен ұсыныс-тілектері, әр деңгейдегі мәслихат, ҚР Парла­ менті депутаттарының сай­лауал­

М


билік Cенбі, 22 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

5

еңбек жылы болды» ды тұғырнамасындағы іс-шаралары шеңберінде жүзеге асты. Бұл әрі қарай өз жалғасын табады. Осы сәтті пайдалана отырып, өз орынбасарларыма, аудан, қала әкімдеріне, басқарма, мекеме-кә­сіпорын басшыларына, мем­ле­кет­ тік қызметкерлерге, барша ба­тысқазақстандыққа бірігіп атқар­ ған жұмысымыз жемісті болғанын айтқым келеді. Сол үшін өз риза­ шылығымды білдіремін, - деді Нұрлан Ноғаев. ***

О

блыстың өткен жылғы әлеу­меттік-эконо­ми­ ка­лық жетістікте­ріне және алда тұрған жаңа мін­детмақсаттарға кеңінен тоқтал­ған өңір басшысының баяндамасынан кейін келіп түскен, зал­дан қойылған сауалдарға жауап бе­рілді. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев әрбір сұраққа мұқият тоқталды. Мәселен, қалалық тұтынушылар­ дың құқығын қорғау қоғамының төрағасы В.Ефремов бірнеше са­ уалдарын жолдаған екен. Олардың ішінде пәтер иелері коооператив­ теріне қатысты салық мөлшері­не, қаладағы анықтама телефондары нөмірінің өзгеруіне, қалалық әкімдіктегі кадр саясатына байланысты сауалдарға облыстық салық басқармасының, «Қазақтелеком» АҚ-ның өкілдері және қала әкімі Алтай Көлгінов тиісті жауапта­рын берді. «Батыс Қазақстан облысында газ бағасы неге қымбат?» деген

сауалға өңір басшысы: «Иә, Батыс Қазақстан газ өндіретін өңір бол­ғандықтан, тұтынушыларға газ не­ге қымбат бағамен жетеді деген мәселе бізді де бейжай қалдыр­ майды. Күні бүгін бұл мәселеге қатысты түрлі мүмкіндіктерді қа­растырудамыз. Газ бағасы 1 ма­ мырға дейін көтерілмейді. Бірақ басы ашық жағдай – газға болсын, басқа да коммуналдық қыз­меттерге болсын тариф төменде­ мейді. Әрине, тарифтерді оңтай­ ландыру саясаты әрі қарай жал­ ғасын табады» – деді. В.Ефремовтың: «Неге «Диана» фабрикасының ғимаратында сау­да үйі ашылып жатыр?» деген сауалына да нақты жауап естідік. «Диана» фабрикасы бұрын ірі кәсіпорын болғанын, кезінде өз өнімін АҚШ-қа дейін шығарғанын білемін. Бірақ одақ тарағасын ол жекенің қолына өтті. Жаңа акцио­ нерлер сауда үйін ашуды жоспарлауда. Бұл жеке бизнес, оған ақыл айтуға, бұйыруға, жазалау­ ға құқымыз жоқ» – деді Нұрлан Асқарұлы. Қазақстан социал-демокра­тия­лық партиясы облыстық филиа­­лы­ ның төрайымы Хадиша Мұқа­но­ва алыс ауылдардағы білім ошақ­ тарының жабылмауын қалайды. «Миграциялық үрдіс – бұл қалаға да, далаға да тән құбылыс. Көшіқон адамдардың еркіне байланыс­ ты үздіксіз жүретін нәрсе. Осыны ескере келе, күні бүгін аумақтар­ ды дамыту бағдарламасы қабыл­ данды. Батыс Қазақстан облысында даму әлеуетіне қарай 21 тірек елді мекен анықталды. Оларда қа­

жетті инфрақұрылым мен шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін тиісінше қаржы бөлінетін болады. Келешегі жоқ делінген ауылдардың шәкірттерін интернатта оқыту қолға алынбақ. Қай жерде жақ­ сы, сапалы білім берілетін болса, оқушы сол жерде оқуы керек. Бір кездері халық саны азайып кеткен, алайда табиғаты тұруға қолайлы жерлерге көшіп баруға тілек біл­діргендер болса, оны да бір бө­ лек қарастырамыз. Мысалы, Шың­ ғырлау ауданының Сегізсай ауылында жаңа мектеп салуға шешім қабылдадық және бұл ауылда ха­лық тұрақты екендігіне көз жет­ кіздік» – деді өңір басшысы. септік кездесу барысын­да, сон­дай-ақ Орал қала­сының 7-ық­шамауда­нын­да жол салу, «Зашаған» бағбан­дар серіктестігі аума­ғында жол мен ауыз су мәселесін шешуге қа­тысты сауалдар қо­йы­лып, сауал иелеріне жауап беру, қажет бол­са жеке қабылдау мә­селесі қала әкімі Алтай Көлгінов­ке тапсы­ рылды. «Арба» қоғамдық бірлесті­гінің төрайымы Гүлмира Батпаққұло­­ва­ның айтуынша, соңғы жылда­ры мүмкіндігі шектеулі азаматтар­ ға жергілікті атқарушы билік та­ра­пынан жылы көзқарас пен қам­ қорлық едәуір жақсарған. «Бізге қалалық әкімдік көп көмек көр­ сетуде. Арнайы ғимарат берді. Де­генмен қаладағы көптеген ғима­ раттар, мысалы, қонақүйлер мен неке сарайы мүгедек арбасы емінеркін көтеріліп-түсетін пандуспен жабдықталмаған, болған күннің

Е

өзінде ол өте биік. Біздің сұрай­ тынымыз мәселені жөнге келті­ріп, облыстық клиникалық ауру­ ханада мүгедектерді арнайы қа­ райтын 1-2 палата ашуға болмас па екен?» – деді Г.Батпаққұлова. Бұл сұраққа жауап берген об­лыс әкімі қазіргі құрылыс заңна­масы­на сәйкес, жаңадан салын­ ған кез келген ғимарат пандусы болмаса пайдалануға қабылдан­ байтынын, оңалту орталығының жобасы жасалып, мемлекеттік са­раптамадан өтуде екендігін, оның ішінен мүмкіндігі шектеулі жан­дарға арналған палаталарды жа­ сақтау жайын қарастыратынды­ғын жеткізді. «Ақжайық» шипажайының қыз­ меткерлері тұратын бес қабатты тұрғын үйдің апатты жағдайын өткен жылы облыс әкімінің есептік кездесуінде сол үйдің тұрғыны Рабиға Ақыжанова жаны ауыра жеткізген болатын. Зейнеткер ана бұл жолы мәселенің оң шешілге­ ніне қуанып, алғысын айту үшін арнайы келіпті. - Құрметті Нұрлан Асқарұлы, сізге «Ақжайық» шипажайында тұратын тұрғындардың баспана мәселесін шешіп бергеніңіз үшін көпшіліктің алғысын жеткізгелі келдім. Өткен жылғы есеп беру жиналысында үйіміздің әне-міне құлағалы тұрғанын айтып, кө­ мек көрсетуді сұраған едік. Ал­лаға шүкір, ажал аузынан аман қалдық, жаңа баспана салып бер­ діңіздер, жүзімізде қазір қуаныш. Халықтың аманатын орындады­ ңыз. Сізге сәттілік, еңбегіңізге табыс тілейміз, - деді кейуана.

Б

ұл мәселеге қатысты Нұрлан Асқарұлы былай­ша түсінік берді: «Естері­ңізде болса, өткен жылғы есеп­тік кездесуде «Ақжайық» шипажа­ йындағы 75 пәтерлік 5 қабатты үйдің апаттық жағдайы туралы сұрақ қойылған болатын. Негізі 1980 жылдары бұл үйінің ішін заңсыз бөлу жұмыстары жүргізіл­ гесін үйдің қабырғалары жарыл­ ған. Осыны ескеріп, жаңа тұрғын үйлер салуға шешім қабылдадық. Қазір мәселе шешілді, жаңадан 11 үй салынды. Бұл игі бастамаға Теректі аудандық ардагерлер ке­ңесінің үндеуі де өз көмегін ти­ гізді. Үндеуге көптеген бизнес құрылымдары үлес қосты, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақыларын аударды. Жетпей тұрған 75 млн. теңгені «Урал энд ойл газ» компаниясы аударды. Жалпы, құны 100 млн. теңгеден асатын үйлер салынып, қазір же­ ке меншікке берілді. Сондықтан Рабиға апа, алғысыңызды осы қа­йырымды, жаны жомарт азамат­ тарға да айтуыңызды сұрай­мын» – деді өңір басшысы. Әрине, ел болғасын ала да, құ­ла да жүретіні белгілі. Есептік кез­десуді пайдаланып, қысқа да нұс­ қа сұрақ қоюдың орнына ұзақсо­нар әңгіме айтып тұрып алғандар да кездесті. Осы өңірдің бір тұр­ғыны ретінде келешекте жерлес­ теріміздің тарапынан сұхбаттасу мәдениетінің сақталғанын қалай­ мыз.

Сәкен Әбілхалықов, Тоқтар Кенжеғалиев, “Орал өңірі”

«Мемлекеттік бағдарламалар жоспарға сәйкес орындалуда» Есептік кездесуден соң өңір басшысы Нұрлан Ноғаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихаты өткен орынның ғаламтор жүйесіне қосылған компьютерлермен қамтылуы және жұмысқа қолайлы басқа да жағдайлардың жасалуы журналистердің ақпарат тарату мүмкіндігін жеделдетті.

«2005 жылдан бері барлық дең­гейдегі әкімдердің есептік кезде­сулері өтіп келеді. Жаңа ғана аяқталған кездесу барысында об­лыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұ­рақ­тылығы, өндіріс­те өсім бар екен­дігі айтылды. Ел­басы тапсырған мемлекеттік бағ­ дарламалар жос­парға сәйкес орын­далуда» – деді Нұрлан Асқар­ұлы журналистерге. Ғайсағали Сейтақ, «Қазақпарат» агенттігінің БҚО-дағы тілшісі: - Нұрлан Асқарұлы, Бөкей ор­дасы, Жәнібек аудандарына қат­қыл табанды жол нақты қай уа­ қытта жетеді деп ойлайсыз? - Облыстың алты ауданына асфальт жол жоқ. Биыл Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарының орталы­­ғына баратын жолдарды бітіреміз. Бөкей ордасына нақты қашан баратындығын айта алмаймын. Қазір Қазталов ауданына қарай 100 шақырым­дай жақсы жол жа­салды. Бір айта кететін жағдай – Бө­кей ордасы ау­данына салына­тын жол Қазталов арқылы шы­ға­ды.

Злата Удовиченко, «Время» апталығының тілшісі: - Күні кеше өткен Үкімет отырысында Премьер-министр мал шаруашылығы саласын ақсатқан 10 ауданның әкімін қызметтері­нен босатыңыздар деп талап қой­ды. Менің білуімше, сол 10 аудан­ ның қатарында біздің Қазталов ауданы да болды. Оның әкіміне қандай да бір шара алына ма? - Злата, Қазталов ауданы 10 на­шар ауданның емес, 10 озық ау­ дан­ның қатарында. Жалпы, біздің облыс ет экспорты бойынша ал­дыңғы лектен көрінуде. Құс етін өндіретін комбинаттың құрылы­ сы жоспарлануда. «Сыбаға» бағ­ дарламасы бойынша соңғы үш жылда біз 8500 бас ірі қара са­тып алуымыз қажет болса, қазір 13 980 бас мал сатып алдық. Дмитрий Терещенко, «Уральская неделя» газетінің тілшісі: - Жер қойнауын игерушілер­ден түсетін қаржы неге жергілікті жерде қалмай республикалық бюджетке кетеді?

Суретті түсірген Темірболат тоқмамбетов - Қазақстан - унитарлы мемле­ кет. Сол себепті Бюджеттік кодекс­ ке сәйкес түскен қаржы барлық облыстарға сәйкесінше бөлінеді. Ақмаржан Таубаева, «Жайық ұстазы» газетінің редакторы: - Халықты толғандырып жүрген мәселенің біреуі – мүгедек бала­ларға арналған оңалту орталығы­

ның қашан ашылатындығы?.. - Құжаттары дайындалуда, министрлікке ұсыныс бердік. Бюджетті нақтылау барысында өзіміз бар, Парламент депутаттары бар бәріміз жаңағы мәселенің оң шешілуіне күш салатын боламыз. Орталықтың салынуы - уақыттың еншісіндегі шаруа, – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.


6

ел-жұрт Сенбі, 22 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«Сіздерге қашан да есік ашық!»

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Жақында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында аудандық, қалалық ардагерлер кеңестері және мүгедектердің ерікті қоғамдары төрағаларының басқосуы өтті. Онда аталмыш ұйымдардың алдындағы Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып, сөз сөйледі.

Серік ІЗБАСАРҰЛЫ, «Орал өңірі» - Қазір осында ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар қо­ ғамдық ұйымдарының өкіл­де­рі жиналып отыр. Жүздесіп отыр­ ғаныма қуаныштымын. Біріншіден, сіздермен тікелей таныссам, екіншіден, аталмыш ұйымдардың

Батыс Қазақстан облысының әкiмi, 090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс): 8(7112) 51-39-04, 51-2723, е-mail: zapkazakim@westkaz.kz, бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымы - Батыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі (режим бойынша) лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (D-3 санаты). D-3 санаты үшiн лауазымдық жа­ лақы­сы қызмет өткерген жылдарына байланысты 94 813 (min) теңгеден 128 126 (max) теңгеге дейiн. Функционалдық мiндеттерi: Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдас­ тыру, құпия іс-қағаздарын жүргізуге ба­ қылау жасау. Конкурс қатысушыларына қо­ йылатын талаптар: Жоғары білім. Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азаматтар (“Болашақ” бағдарламасының түлектерінен басқа) білімі туралы құ­ жаттарын тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптар­ дың біріне сәйкес болуы тиіс:

атқарып жатқан жұмыстары туралы деректермен қанығуға мүм­кіндік алмақпын. Елбасының Жол­дауында мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет пен қоғам тарапынан қамқорлық пен қолдау­ ды күшейтуге байланысты нақты міндеттер қойылған. Оны жүзеге асыру ісіне өзге де қоғамдық ұйымдармен қатар, құрметті ар­ дагерлердің де лайықты үлес қос­ қанын қалар едік, - деді Бақтияр Мәкен. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов пен облыстық мүге­ дектер ерікті қоғамының төр­­аға­ сы Жұмажан Қожжанов шағын ха­ барлама жасады. Жарыссөзге Орал қаласы со­ ғыс және ардагерлер ұйымы ке­ ңесінің төрағасы Сағи Алдабергенов, Ақжайық ауданы ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Ғилаж Лұқпанов және басқа да азаматтар қатыс­ты. Аға буын өкілдері­нің айтар ортақ уәжі – парламентте «Ардагерлер туралы» заңды тал­ қылап, қабылдауды көпке созуға бол­майды. Өйткені заңдық негіздің кемшіндігі ұйымдар жұмысына көп

кедергі. Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, Орал қаласында тыл ардагеріне ескерткіш орнату қажет. Ардагерлер үшін «Ақ­жа­ йық» шипажайына жеткілікті жол­дама бөлу жайын ескерген жөн. - Ардагерлер - алтын қазына. Сіздер ресми билік пен халық­ тың арасындағы дәнекерсіз. Сіз­­ дер арқылы елге сөз арнай­мыз, ашық пікір алысамыз. Сондық­ тан қоғамдағы орныңыз ерек­ ше. Мен сіздердің тілек-ұсы­ныс­ тарыңыздың бәрін түртіп алдым. Оның бәрі бірден орындалады деп те айта алмаймын. Бірақ көп­шілігін орындауға мүмкіндік бар. Ол уақыттың еншісінде. Мә­ селен, келешекте Қадыр Мырза Әлі атындағы қоғамдық ғимарат тұрғызу жоспарда бар. Мүмкін соның ішінен лайықты орын та­ былып қалар. Немесе өзгеше жолы табылар. Облыс әкімі Нұр­ лан Ноғаев пен өзімнің атымнан бүгінгі емен-жарқын кезде­су үшін алғыс айтамын. Тек бүгін ғана емес, кез келген шақта әкімдік­ке келіп, талап-тілек, өтініш­тері­ңіз­ді айтуыңызға болады. Сіздер үшін қашан да есік ашық, – деді сөз соңында Бақтияр Мәкен.

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қа­ зақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында ше­ телде кадрлар даярлау жөніндегі рес­ публикалық комиссия бекітетін ба­сым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 4) ғылыми дәрежесінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республика­ сы­ның Парламентi және оның депутат­ та­рының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қар­ сы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық акті­ лер туралы», «Жеке және заңды тұл­ға­

лар­дың өтiнiштерiн қарау тәртiбi тура­ лы» Заң­дарын, осы санаттағы нақты ла­уа­зым­ның мамандануына сәйкес сала­ лар­дағы қатынастарды реттейтін Қазақ­ стан Республикасының нормативтікқұқық­тық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жа­ңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурс Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік қызмет істері агенттігі төр­ ағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мем­ лекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орна­ ласуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негiзiнде жүргiзiледi. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен осы қағи­ даларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың но­та­ риалдық куәландырылған көшiр­ме­ле­рi (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құ­жаттарды олар жұмыс істейтін мемле­ кеттік органның персоналды басқару

Алдағы міндеттер талданды Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі»

Сәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының ХIІ кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынға «Нұр Отан» пар­ тиясының Батыс Қазақстан об­ лыстық филиалы төрағасының орынбасары Аққали Әубекеров, партияның Орал қалалық фи­ лиалының бюро және саяси кеңес мүшелері, қалалық мәс­ лихаттың депутаттары, қа­лалық атқарушы билік органдары өкіл­ дері қатысты. Бүгінде аталмыш партияның Орал қаласында 6 мыңнан астам мүшесі бар, 101 бастауыш партия ұйымы жұмыс істеуде. Бұл отырыста Елбасының «Қазақстан

қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 4) еңбек қызметін растайтын құ­ жаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 5) Қазақстан Республикасы Денсау­ лық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бе­ кі­тілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің ті­ зі­­­лімін­­де 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы ден­ сау­­­лы­ғы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы аза­ма­ тының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уә­кі­ летті органмен белгіленген шекті мән­нен төмен емес нәтижемен тестілеуден өт­ кені туралы қолданыстағы сертификат. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тә­жi­ри­ бесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын

жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүд­ де, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын насихаттау мен жүзеге асыру барысындағы партиялық ұйымдардың мақсат-міндеттері талқыланып, Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері баяндама жасады. Елбасының Жолдауында көтерілген мәселе­ лерді жүзеге асыру үшін партия­ қалалық филиалының, бас­тауыш партия ұйымдарының, «Нұр Отан» партиясы мү­ше­лерінің алдында тұрған жаңа міндеттер анықталды. Кезектен тыс конференция­ да қалалық партия ұйымының саяси бюросы құрамына өзге­ріс­ тер енгізіліп, облыстық пар­тия конференциясына де­легат­тар сайланды. №1 сайлау округі бо­йынша қалалық мәслихат де­путат­ты­ғына үміткер ретінде Ақ­қали Әубекеровтің кандида­ту­­ расы ұсынылды.

мәліметтер) бере алады.

қосымша

ақпараттарды

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабар­ ландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек. Конкурс комиссиясының қара­ уына қабылдау мерзiмiнде қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы жіберілген құжаттар (құжат тігілетін мұқабада орналастырылған) қабылданады. Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әң­гімелесу басталғанға дейін бір жұ­мыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жі­беру туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Батыс Қа­зақ­стан облысы әкімі аппаратында өтеді. Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтермелеу шығындары төлен­ бейді, үй және жеңілдіктер берілмейді.


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 22 ақпан 2014 жыл

«Б» корпусы бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру «Қаратөбе ауданы әкімі аппараты» ММ, 090800 Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №19-үй, анық­тама үшін телефондар: 8(71145) 31-1-08, факс: 31535, электронды мекенжайы akim­ karatobа@mail. kz «Б» корпусы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бос орнына орналасуға конкурс жариялай­ды. Қаратөбе ауданы әкімі аппараты жал­пы бөлімінің бас маман-есепшісі (1 бірлік), Е-4 санаты, лауазымдық жалақысы қыз­мет еткен жылдарына байланысты 59579 тең­геден 80719 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: – аудан әкімі аппаратында бюджет туралы заңдардың және бухгалтерлік нұсқаулық­тар­ дың орындалуын қадағалау, шығыстар сметасын жасақтау, смета шегінде қаражатты жұмсау құжаттарын әзірлеу, аппарат қызмет­керлерінің еңбекақысының есебін жүргі­зіп отыру, ведомосты жасақтау, еңбекақыларын басқа да аудармаларды уақытында аудару қамту мекемелерімен есептесу, есеп құжат­ тарын номенклатураға сай жүргізу; аудан әкімі аппаратының бухгалтерлік есептерін нұсқаулықтарға сай жүргізу; аудан әкімі ап­паратында мемлекеттік сатып алу жұмыс­та­ рының құжаттарын дайындау және жүргізу, орындалуын бақылау; Конкурсқа қатысушы үміткерге қойы­ латын талаптар: – жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім; – әлеуметтік ғылым және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қар­жы) саласындағы мамандар. Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі­ нің бас маманы (1 бірлік), Е-R-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: – жалпы білім беретін мектептерде жал­пыға бірдей міндетті оқуды ұйымдастыру; – білім беру бөлімінің жұмыс жоспарын, жоғарғы органдардан келген құжаттарын, аудандық білім беру бөлімінің бұйрықтары мен шешімдерінің орындалуын бақылау; оқушылардың білім сапасы; жалпы білім беретін мектептерде емтихандар өткізу; оқушыларды емтиханнан босату; жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың тамағын ұйымдастыру; жалпыға бірдей міндетті оқудың жай күйін/оқумен қамту, та­мақ ұйымдастыру, қор, оқушыларды тасымалдау/бақылау; мектептер арасындағы жұ­ мыстарды үйлестіру. Конкурсқа қатысушы үміткерге қойы­ латын талаптар: – жоғары білім. Мамандығы бойынша мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстар­да екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар бол­ған жағдайда ортадан кейінгі білімі бар­ларға рұқсат етіледі.

Саралжын селолық округі әкімі аппа­ ратының жетекші маманы (1 бірлік), Е-G-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты 48047 теңгеден 64704 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: 1. Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбекақысынның есебін жүргізу, ведомос­ты жасақтау, еңбек ақыларын аударып оты­ру, қамту мекемелерімен есептесу, мемлекеттік статистикалық есептерді уақытында тапсырып отыру; округ әкімі аппаратының қаржысын бақылау; селолық округ әкімі аппаратының барлық қаржылық және мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заңға сәй­кес ұйымдастыру; Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік бі­ лім. Компьютерде жұмыс жасай білуі қажет. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құ­жат­ тар: - өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; - 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама; - бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; - еңбек қызметін растайтын құжаттың но­ тариалдық куәландырылған көшiрмесi; - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақ­тау министрлігінің 2010 жылғы 23 қара­ша­дағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақ­стан Республикасының нормативтік-құқық­тық ак­т­ілердің тізілімінде 2010 жылы 21 жел­­тоқ­ санда №6697 болып тіркелген) нысанда­ғы денсаулығы туралы анықтама; - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; - құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. Қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссия­ сының қарауына құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады. Аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген элек­ трондық пошта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін осы көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Құжаттардың то­лық емес пакетін ұсыну конкурс комис­ сиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әң­ гімелесуге жіберу туралы хабардар ету күні­нен бастап бес күн ішінде конкурс жария­лаған Қаратөбе ауданы әкімі аппаратында өтеді.

7

Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округіне қарасты Ақкөлмек елді мекенінің тұрғындары болған аяулы ата-анамыз Хабен Айтасов пен Нұр­­ғаным Айтасованың өмірден өткен­деріне 35 және 15 жыл болуы­­на орай жарқын бейнелерін сағы­нышпен еске аламыз. Жайдары мінезді, кең пейілді атаанамыз өмірдің қызығын көре алмай, арамыздан ерте кетті. Марқұмдар арттарында қалған бала-шаға, отба­сын желеп-жебеп жүргей деп, аруақтарына Құран бағыштаудамыз. Нұры пейіштің төрінде шалқығай. Жан едіңдер пейіш бақтай пейілі бар, Жүруші ек ақылдарыңа сүйеніп әр. Аялы алақандарың жетіспей жүр, Ата-аналық жүректеріңнің мейірі бар.

Еске алушылар: бала-келіндері Әділбай-Ұлболсын, ЖұмабайЖанғаным, Бисенбай, Жамбыл, Дүйсенбай-Мәншүк, қыз-күйеу балалары Муса-Ғайнижамал, Сағадат-Асылғаным, Асқар-Гүлжамал, Серікбай-Жанғаным, Орал-Бірғаным және немере-жиендері Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылының тұр­ ғыны болған асыл жар, ардақты әке, аяулы ата Амангелді Бекетов ортамызда болса, 23 ақпанда 70 жасқа толар еді. Мерейлі жасына толуға өмір за­ңы бағындырмай, арамыздан алып кетті. Иманы жолдас, жаны жәннатта болғай! Жарқын бейнесі жа­дымызда мәңгі сақталмақ. Үш жыл өтті үлкен жүрек тоқтағалы, Қайырылып өз үйіне соқпағалы. Бүгін туған күніңде ұл-қыздарың Өзіңді, әке, сағынышпен еске алады.

Сағына еске алушылар: зайыбы Гүлжиян, ұл-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері Жаңақала ауданының құрметті азаматы болған, аяулы жар, ардақты әкеміз Мұрат Шакиров егер ара­мызда болса, 22 ақпанда 63 жасқа толып, зейнеткер­лік демалысқа шығар еді Амал қанша тойымсыз қара жер құшағы әкемізді зейнет жасына да жеткізбестен, қабырғамызды қа­ йыстырып, қанжылатып, қабағымызға кірбің түсірді. Сіз өмірден өткелі, бізге деген мейіріміңіз бен ыстық құшағыңыз, ақыл-парасатыңыз, сіз беретін күш-қуат жетіспей жүр. Әкемізді сағына еске алып, мына жыр шумақтарын арнаймыз. Әкешім, естен кетпес сол бір бейнең, Қайтейік, амал қанша, сен бір сәуле ең. Кеттің-ау, сен бір алыс сапарға ұзап, Дұға қылып еске алумен өмір өтер.

Ақылын көмегімен аямаған, Бұл өмірде сіздей жанды қайдан табам?! Ерік келді-ау көз жасына еске алғанда, Желеп-жебеп жүргейсіз бізді әрқашан.

Асыл әкеміздің, жатқан жері жарық, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын.

Сағына еске алушылар: зайыбы Мария, ұлы Еркебұлан, қыздары Жазира, Жансая, қыз-күйеу баласы Рулан-Жадыра, жиендері Милена, Амир Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылының тұрғыны бол­­ған, ұзақ жыл аудандық «Шұғыла» қоғамдық-сая­си га­ зетінің көзі өткір тілшісі, жиырма жыл сөзі мы­ғым редакторы ретінде журналистикада өзіндік жолын қалыптастырып кеткен асқар таудай әкеміз Едіге Әбетұлы Өтебалиевтің дүниеден озғанына ақпан айының 23-інде 1 жыл толмақшы. Жаратқанның жазмышымен бес мүшел – 61 жаспен ғана шектеліпті. Парасаты биік, пайымы терең, сабыры шалқар әкеміз­ді сағынамыз, жоқтаймыз, не шара, қолымыздан келетіні – Құран бағыштап, еске алу. Топырағы торқа, иманы жолдас болсын! Ардақты әке, сөнбейді шырағыңыз, Өмірде биік тұрар Құраныңыз. Алдың жарық, ал артың пейіш болып, Жәннатта болсын орын-тұрағыңыз.

Еске алушылар: бала-келіні Ерік-Айман, қыз-күйеуі БақжанЭдуард, қызы Бағдат, немере-жиені Айару, Айсезім, Дайана

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16438, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: н.сафуллин


8

керуен сарай Cенбі, 22 ақпан 2014 жыл

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген...» «Желтоқсанның жебесі» атан­ған Жұ­бан Молдағалиевтың әйгілі «Мен қа­зақ­пын» дастанының жазылғанына биыл – 50 жыл. Осыған орай Ақжайық ауда­ны­ ның Ілбішін ауылдық мәдениет үйін­де «Еркем-ай» мектепке дейінгі ұйы­мы­ның балдырғандары өнер көр­сет­ті. Дастаннан балалар үзінділер оқы­ды. Бұл жыр­дың мәңгі өшпейті­­ні жа­йын­да тұр­ғындар кеңінен тол­ға­­ды. «Әжелер» ансамблі өнер көр­сетті.

Бекем БЕКҰЛЫ, Ақжайық ауданы

Украинада орын алған жағдайлар бойынша ҚР СІМ мәлімдемесі Киевте және Украинаның басқа да қалаларында на­ ра­зылық акциясына қатысушыларды, сондай-ақ құқық қор­ғау органдарының өкілдері арасында қазаға әкелген қақ­тығыстардың ушығуын үлкен алаңдаушылықпен қа­ былдадық. Мықты және беделді, экономикалық, өндірістік және адами әлеуеті зор мемлекетке саяси қарама-қайшылық­тар­дың тигізіп отырған зардабын өкінішпен атап өтеміз. Қазақстан мен Украинаны дәстүрлі достық және стра­ тегиялық қарым-қатынас байланыстырады, олардың негі­ зінде өзара сенім мен құрмет жатыр. Біз Украинаны маңыз­ ды әріптесіміз ретінде қарастырамыз. Біз зорлықтың кез келген түрін қатаң сынаймыз және Украинаның барлық саяси күштерін ұстамдылыққа, қан төгісті тоқтатуға, мемлекеттің конституциясы мен заңда­ рына сәйкес тәртіп орнатуға шақырамыз. Сонымен қатар халықаралық қауымдастықты да осы елдегі жағдайды тұ­ рақтандыруға барынша ықпал жасауға шақырамыз.

Қазақстан азаматтарына ақпарат ҚР Сыртқы істер министрлігі милиция мен наразылық акциясына қатысушылар арасындағы қақтығыстардың жал­ғасуына орай Қазақстан азаматтарына Украинаға бару қаупінің артып отырғаны туралы хабарлайды. Осы орайда Украинаға баруға ниеттеніп отырған не­ме­се сол елде тұрып жатқан Қазақстан азаматтарына Сыртқы істер министрлігі барынша абай болуларын, нара­ зылық, шеру және адамдардың көп шоғырланған жерлерінен міндетті түрде алшақ жүрулерін және мүмкіндігінше тұрғылықты жерлерінен түнгі уақытта шықпауын ұсынады. Төтенше жағдайларға тап болған Қазақстан азаматта­рына Қазақстанның Киевтегі елшілігінің консулдық бөлі­міне +38-066-467-87-97, +38-063-375-00-07 нөмірлері бо­йынша немесе ҚР Сыртқы істер министрлігінің тікелей же­лісіне + 7-7172-72-04-72 нөмірі бойынша телефон ар­қы­лы хабарласуды сұраймыз.

Шорт-трек шеберлерін қолдаймыз! Жайық өңірінің жұртшылығы Сочиде өтіп жатқан ақ олимпиадаға айрықша назар аударып отыр. Дүбірлі жарысқа батысқазақстандық шорт-трекші­лер де қатысуда.

Ж

ақында қаладағы А.Иманов атындағы жол-кө­ лік колледжінде жерлестерімізді қолдауға ар­налған іс-шара өтті. Мемлекеттік Әнұранды шырқаумен басталған шара әрі қарай жастардың флеш­моб акциясымен жалғасты. Директорымыз Н.Нұрпейісов бас­таған колледж ұжымы мен студенттер шаңғы жоры­ғына шығып, денелерін сергітуге, көңілдерін көтеруге мүмкіндік алды. Содан кейін мұз айдыны спорт сарайын­да коньки тептік. Іс-шара аясында 9 жасынан бері А.Иманов атындағы жолкөлік колледжінің күрес залында жаттығатын еркін күрес­ тен жастар арасындағы әлем чемпионы Екатерина Ларионовамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 200-ге жуық студент қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жа­уап алды. Соңынан әлем чемпионымен бірге суретке түсті.

Қазбек АМАНКЕЛДІҰЛЫ, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің мұғалімі, Орал қаласы

oral_oniri@inbox.ru

Құттықтаймыз! Құрметті Галилей ЖАНГЕРЕЙҰЛЫ! Сізді 75 жасқа толған ме­рейлі тойыңызбен шын жү­ ректен құттықтаймыз! Кең байтақ еліміздің қоғамдықсаяси, білім беру саласы­на, кәсіподақтар ұйымы­ның дамуына қайраткер ретінде үн қосып, қажырлы еңбек етіп, бүгінгі мерейлі шаққа жетіп отырсыз. Қазақ­тың ғұламасы Ш.Уәлихановтың «Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді» деп айтқан қабырғалы сөзі сіздің атқарған қызметіңіздегі ақиқат пен әділеттілікті ту еткен білікті­лік пен берік ұстанымдарыңызды айқындары сөзсіз. Сіздің ұзақ жылғы үздіксіз атқарған, жетекшілік қыз­мет жасаған кәсіподақтар ұйымы жұмысында атқарған табандылық пен қайраткерлігіңіз, өнегемен жалғасын тапқан тағылымды ғұмырыңыз – бүгінгі ұрпақ үшін үлгіөнеге. Жоғары зияткерлік деңгей мен терең білім, қызметте қол жеткізген табыстарыңыз бен ұстаздар қауымына жанашыр ретінде қолдау жасаған зор еңбегіңізді біз әр кез мақтан тұтамыз. Бүгінгі мерейлі шақта сізге ел үшін еткен еңбегіңіз елеулі болып, халқыңыздың қалаулысы болып жүре бе­ руіңізге тілектеспіз. Сіз бүгінде бақытты отбасы құшағында жүрген жан­ дардың бірісіз. Сіздер тәрбиелеген ұрпақ жан-жағына мәуелі бәйтеректей жапырағын жайып, немерелеріңіз сіздерді әрқашан қуаныш нұрына бөлесін! Қадірлі Галилей Жангерейұлы! Мерейтойыңыз қарса­ ңында сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр, отба­сы амандығын тілейміз. Көп жылдық қажырлы қыз­ме­ тіңіздің жемісін көріп, еселі еңбегіңіз бақыттың биік шыңына жеткізсін деген тілек білдіреміз.

Игі тілекпен: М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, академик А.Иманғалиев, М.Өтемісов атындағы БҚМУ кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Даупаев Орал қаласының тұрғы­ ны Балдай Төлеуқызы ТҰРҒАЛИЕВАНЫ адам өмі­рінің айтулы белесі 60 жас­ қа толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Гүлдей қыз өсірген, біл­дей ұл өсірген, балдай не­мере-жиендер сүйіп, өмір сүруге, адам болуға тәрбие­ леген құдағайымызға осын­дай мерейлі күні шын кө­ ңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.

Құттықтаушылар: құда-құдағайыңыз Бекқали-Клара, жиендеріңіз Әлішер, Әділет және Абдешевтер әулеті

Орал шаһарының тұрғы­ ны Звайда Әпиетқызы ИСКАКОВАНЫ 55 жас мерейтойымен құттықтаймыз! Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Бала-шаға қызығына кенеліп, Ортамызда аман-есен жүріңіз!

Тілек білдіруші достары: Сабырғали-Ғалияш, Сансызбай-Ділдә, Ибрайым-Маржан, Рысбай-Мәрзия, Мусабек-Самиға

Жәнібек ауданы Борсы ауы­лының тұрғыны, тілеуімізді тілеген, еркелігімізді көтер­ген, ауырсақ жаны ауырған, көрмей қалса, сағынған асыл жар, аяулы анамыз Айбарша ГУБАШЕВАНЫ 60 жасқа толу мерейтойымен шын жүрек­тен құттықтаймыз! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеуде­сі қа­зына, сөзі қасиетті жан жарыма, асыл ана­мызға әлем­дегі бар жақсылықты тілейміз. Нұрлы жү­зіңе жа­ расқан жымиған күлкіңізбен бізді қуантып, аман-есен жүре беріңіз. Өмір-өзен жақсылығын жалғасын, Тіршілікте сәттіліктер қолдасын! Жанұямен мақтанамыз қашанда, Арамызда сіздей ана болғасын. Мінезіңнің міні жоқ – майдақоңыр, Бір жымисаң кетеді жайнап өңір. Ризамыз пейіліңе дарқан дала, Айырмасын шаттықтан, жан анашым! Әкеміз Саматпенен қанаттасып, Жүріңіз әр күн сайын алға басып. Сіздерді мақтан етіп біз тұралық, Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып.

Игі тілек білдірушілер: жан жарыңыз Самат, бала-келіндеріңіз Абылай-Айнагүл, МанарРаушан, Мейірбек-Гүлзина, Мирас-Жадыра, қыз-күйеу балаларыңыз Әлімжан-Айгерім, Болатбек-Жаннат, немерелеріңіз Алмат, Нұрсұлтан, Нұрсәуле, Нұрбек, Жәнібек, Айтолды, Нұрдәулет, Айсәуле, Ерназар, Ораламан, Жазира, Айназ Орал қаласының тұрғы­ны, аяулы жар, ардақты ана, асыл әже Балдай Тө­леу­ қызы ТҰРҒАЛИЕВАНЫ 60 жас мерейтойымен құттық­таймыз! Әрдайым отбасы­ ңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

Құдайым сізге ұзақ өмір сыйласын, Бақ пен дәулет шаңырағыңызда орнасын. Жан жарыңыз, балаларыңыз аман боп, Өміріңіз күн көзіндей нұрлансын!

Игі тілекпен: жұбайыңыз Бақытжан, балаларыңыз Асхат-Назгүл, Дәурен-Аида, немерелеріңіз Илана, Ілияс, жиендеріңіз Әлішер, Әділет Зеленов ауданы Достық ауы­лының тұр­ғын­дары Ер­нар мен Бо­тагөз Хайда­ ров­тарды мерейлі 30 жас­тары­мен шын жүректен құт­тық­таймыз! Дендеріне сау­­лық, бақыт­ты от­ басылық өмір, атааналарының ақ сүт­терін ақтап, ұрпақта­ры­ның қызығын көруді тілейміз. Құтты болсын туған күніңіз, Болмасын қайғы-мұңыңыз. Ойнап-күліп әрқашан, Жанұяларыңмен аман жүріңіз.

Игі тілекпен: әжелеріңіз, ата-аналарыңыз, бауырларыңыз, балаларыңыз


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.