Орал Өнiрi №23

Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

- 13 - 25

С

0

С

0

Сейсенбі, 25 ақпан 2014 жыл №23 (19942)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Асыл деп алыстан тасығанша,

oral_oniri@inbox.ru

қоғам

қолдағы тектінің қадірін білейік "ҚазАгро" жұмыс істемейтін несиелер санын қысқартты

4

мәселе

3 Су тасқынына дайындық басталды Жақында Теректі ауданының Подстепный ауылында аудан әкімі Жеңіс Серікқалиевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті.

М

ұнда барлық деңгейдегі атқарушы құрылымдар төтенше жағдайлардың алдын алу ба­ғытында жүргізілген өткен жыл­ғы жұмыстары мен ағымдағы жыл­ға қабылдаған міндеттері ту­ралы баяндады. Сонымен қатар бұл жиында көктемгі су тасқы­нын апат­сыз өткізуге ба­ғыттал­ған шаралар да тал­қы­ланды. Атап айтқанда, ол ша­ралардың қай елді ме­кенде жү­зеге асырылатыны анық­талып, бұған жұмсалатын күш пен қар­жы көлемі алдын ала есептелді. Сондай-ақ су тасқыны орын ал­ған жағдайда шығын мөлшерін азайту жайы да қарастырылып, елді мекен басшыларына

тиіс­ті шараларды дер кезінде ұйым­дастыру тапсырылды. Тас­қын қаупі бар жерлерде су деңгейін өлшейтін бекеттер тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Бұл қауіптің алдын алу үшін қажет. Ауданда су тасқыны кезінде лауазымды тұлғалар арасын­да тәулік бойы кезекшілік ұйым­дастырылмақ. Жиын соңында Жеңіс Серік­қалиев бар­лық аудандық бөлім­дер мен жергілікті өзінөзі бас­қа­­ру органда­рын су тасқынына қар­­сы бірігіп жұмыстануға ша­қырды.

Нұрзия СИСЕНБАЕВА, Теректі ауданы

Ыстық тамақ төңіре­гіндегі түйткілдер

5

Бөлшек сауда 11,4 пайызға артты Батыс Қазақстан облысында биылғы қаңтарда теңгенің бөлшек тауары сатылды.

14,9

млрд.

2014 ж.

11,4% 2013 ж. Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өткен жылғыдан 11,4 пайызға көп. Соның ішінде ірі сауда нысандары 6,9 млрд. теңгенің, базарлардағы сатушылар және сауда нысандары бар жеке кәсіпкерлер 8 млрд. теңгенің бөлшек саудасын жасады.


2

АҚПАРАТ Сейсенбі, 25 ақпан 2014 жыл

P

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Невада-Семей» халық­ара­ лық ядроға қарсы қозғалысының құрылғанына 25 жыл то­луына орай «Таза табиғат пен ядролық қарусыз ғасырға!» та­қырыбында дөңгелек үстел өтті. «Невада-Семей» халықаралық ядроға қарсы қозғалысы филиалының Батыс аймағы бойынша директоры Ізімғали Көбеновтың төрағалығымен өткен басқосуға ядролық поли­гон аймақтарында әскери борышын өтеген ардагерлер, ға­лымдар мен мемлекеттік мекеме өкілдері, студенттер қатысты. Шара барысында жиылғандар еліміздегі ядролық полигоннан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан көрсеті­ліп отырған әлеуметтік көмектер және алдағы уақытта по­ли­гон зардабын түпкілікті тоқтату мәселелері туралы ой-пі­кірле­ рін ортаға салды.

P

18 ақпанда «Ғинаят құрылыс» ЖШС директоры Зеленов ауданының №2 сотының төрағасы Б.Сатыбалдиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы БҚО бойынша қаржы полиция­ сы департаментіне жүгінді, – деп хабарлады аталмыш де­ партаменттің баспасөз қызметі. Серіктестік директорының айтуынша, Сатыбалдиев кәсіпкерге қатысты Зеленов ауданы­ ның салық басқармасымен жасалған әкімшілік материал бо­ йынша айыппұл та­ғайындамау үшін 200 мың теңге бопсала­ған. Сол күні Батыс Қазақстан облысы прокурорының санкция­сы бойынша қаржы полициясы қызметкерлері жедел-іздеу шараларын өткізіп, нәтижесінде Сатыбалдиевтің өзінің жұ­мыс кабинетінде кәсіпкерден 200 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұстады. Тергеу алды тексеріс барысында жиналған жедел-іздестіру материалдарының негізінде Қаржы полициясы агенттігі ҚР Бас прокурорына Сатыбалдиевке қатысты пара алу фактісі бо­ йынша қылмыстық іс қозғау туралы ұсыныс түсірді.

Кеңес беру тобы құрылды ҚР ҚМ Салық комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Бірыңғай байланыс орталығы (ББО) салықтық қызметтерді көрсету мәселелері бойынша кеңес беру тобын құрды. Онда: – жеке тұлғалардың мүлік салығы; – көлік құралы салығы; – патент есеп-қисабын толтыру; – оңтайландырылған декларацияны толтыру; – мемлекеттік қызметкерлер үшін декларацияны толтыру; – салық төлеушілер бөлмесінде салық есептілігін толтыру және жөнелту бойынша қызметтер көрсетіліп, салық заңнамасының жекелеген сұрақтарына жауап беріледі. Осы мәселелер бойынша ББО-ның 1414 және 8-800-080-7777 нөмірлері арқылы телефон шалуға (байланыс тегін) болады.

Орал қалалық салық басқармасы

oral_oniri@inbox.ru

Тарих қателігі

қайталанбайды

Өткен сенбіде «ҚазИИТУ» ғылым-білім кеше­ні­нің Студенттер сарайында шешен-ингуш халқын Қазақ­ станға күштеп көшіргеніне 70 жыл толуына арналған шара өтті. «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық-мә­дени қоғамы ұйымдастырған бұл шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан халқы облыстық ассамблея­ сы мүшелері, ұлттық-мәдени бірлестіктері өкілдері мен жо­­ға­ры оқу орындарының ғалымдары, студент жастары қа­тысты.

Еламан ӘЙПІШЕВ, «Орал өңірі» Шараға қатысушылар шешенингуш халқының басынан өткен тарихи оқиға туралы түсірілген деректі фильмді көріп және ұлт­ тық-мәдени бірлестігі даярлаған тарихи суреттер көрмесімен танысты. Жиналғандар алдында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сөз сөйледі. – Әр халықтың тарихында ұмы­­тылмас кезеңдер болды. Оған тарихи баға беру қиын. Шешен-ингуш және корей халық­-

Қолдаудан кенде қалмайды Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға пайдалы еңбекке тарту және олардың кәсіп­ керлігін қорғауға қатысты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Б

асқосуды ашқан БҚО кә­ сіп­кер­лер палатасы­ның директоры Ке­ңес Әб­сатыров Елбасымыз Н.Назарбаев­ тың соңғы Жолдауынан туындай­ тын, мүмкіндігі шектеулі жандар­ға мемлекет тарапынан қамқор­ лықты күшейту жөніндегі міндетке айрықша тоқталды. Ірі жә­не орта кәсіпкерліктің де өз тарапынан мүмкіндігі шектеулі жер­­лестеріне көмек пен қолдау көр­ сетуге ықыласты екенін атап көр­сетті. Әрі қарай шара бары­сын­ да кәсіпкерлерден мұң-мұқ­тажы және қиындықтары жайында

ашық айтып, пікір бөлісуін сұ­ рады. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдә Исқақова өңірде жиырма бес мыңнан астам аталмыш санаттағы азаматтар бар екенін айтып, оларды жұмыспен қамтуда және кәсіпкерлігін дамытуда атқарылған істер туралы баяндады. Оның айтуынша, бізде жұмысқа қабілетті жастағы 15 мыңдай мүмкіндігі шектеулі адамдар бар. Солардың қазір тек 3500-і ғана еңбек етіп жүр. Демек, олардың санын өсіруге жағдай туғызған жөн.

Мүгедектердің облыстық ерік­ті қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов жалпыға ортақ қиын­дықтар туралы айтса, облыстық кәсіпкерлер палатасы директо­ры­ ның орынбасары Нұржан Мақсо­тов кәсіпкерлерге заңдық, қар­ жы­лық, экономикалық тұрғыдан түсінік берді. Палатаның жұмыс телефондары, мекенжайы, кәсіп­ керлерге арналған сайт туралы кеңінен хабардар етті. Мүмкінді­ гі шектеулі кәсіпкерлер Біржан Қожақов (Орал қаласы), Арман Айтбаев (Зеленов ауданы), Нұргүл Ережепова (Теректі ауданы), «КОГ» ашық қоғамы өндірістік кәсіп­орнының директоры Мәлік Кө­ бей­сінов және басқалары күн тәр­тібіндегі мәселе бойынша ойпікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.

Серпін САЯҚ

тарын күштеп қоныс аударған­ да қарапайым халық қилы жағ­ дайларды бастан кешірді. Мұн­дай қателік енді қайталанбай­ды. Кейін 1957 жылы Шешен-ингуш ав­тономиялы республика­сы құ­рыл­ғанда бізге келген шешен-ингуштардың көпшілігі Қа­зақ­стан­ды екінші Отанымыз деп қа­лып қойды. Қазір олар тәуел­сіз елі­міздің қарыштап дамуы­на өз үлестерін қосуда. Бауыр­лас ха­лықтың салт-дәстүрлері, ті­лі мен мәдениеті даму үстінде. Бұл мақсатта 1989 жылы ұйымдас­қан «Вайнах» ұлттық-мәдени бір-

лестігі үлкен жұмыстар атқару­да, – деді Нұрлан Асқарұлы. Шарада бұдан соң сөз алған «Вайнах» шешен-ингуш ұлттықмәдени қоғамының төрағасы Даниялбек Саратов, кәріс ұлттықмәдени бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары Анатолий Ким, М.Өтемісов атындағы БҚМУ тарих факультетінің деканы Захот Мұхлисова, «Еділ-Жайық» қа­зақ­тары қауымдастығының төр­ ағасы, облыстық мәслихат депу­таты Аманжол Зинуллин, «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық-мә­дени бірлестігі ақсақалдар алқа­ сының төрағасы Мұхтар Бокаев және облыстық мәслихаттың де­пу­таты Кенжебай Нығмет ше­шен-ингуш халқының тарихына қатыс­ты кейінгі ұрпақтарға та­ ғылым болар естеліктер айтты. Шара соңында шешен-ингуш және қазақ халқының достығын паш ететін патриоттық әндер шырқалды. Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Таяуда республикалық «Аяла» қайырымдылық қо­ры «Ты­­ныс ал, балақай!» жобасы аясында облыстық пери­­на­талды орталыққа медициналық құрал-жабдықтар табыс­­тады.

«Тыныс ал, балақай!»

Ш

араға облыс әкімінің орын­басары Бақтияр Мәкен, облыс­тық ден­саулық сақтау басқарма­сы бас­шысының орынбасары Ғизатол­ла Лямов қатысып, қайырымды­ лық қорына және қордың демеу­ші­леріне алғыс білдірді. Жалпы құны 17 391 800 теңгені құ­райтын бұл медициналық жаб­дықтар шала туылған және ден­ саулығында түрлі ауытқулар бар нәрестелерге арналған. Оның ішін­де 4 СИПАП тыныс алу, 6 фото­ терапия, 1 рентген құрылғысы бар. Бүгінде облыстық перинаталды орталықта жылына 5000-ға жуық бала дүниеге келсе, соның 400-дейі шала немесе денсаулық

ақауымен туылады екен. Олардың арасында тыныс алуы бұзылған балалар жиі кездеседі. Сондықтан мұндай құрылғылар орталыққа өте қажет. Шарада сөз алған перинаталды орталық директоры Ни­колай Дмитриенко қор басшы­лығына үлкен алғыс білдіріп, осы көмектің арқасында сәби өмірін құтқару мүмкіндігі жоғар­ылайты­ нын айтты. Қордың вице-президенті Жан­­гелді Сәрсеновтың айтуынша, жо­баға «Каспий банкі» мен «Қазақ­ стан Халық банкі», «АТФ банкі» АҚ-лары, «Британ-Қазақ қоғамы», «Қамқор Менеджмент» ЖШС сынды ұжымдар қаржылай қолдау көрсеткен.

Ақмоншақ МАҚСОТҚЫЗЫ


экономика oral_oniri@inbox.ru

Сейсенбі, 25 ақпан 2014 жыл

Асыл деп алыстан тасығанша,

3

Эстафетаны бөрліліктерге табыстайды

қолдағы тектінің қадірін білейік Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі» Облыстың агроөнеркәсіп кешенінің жылды қорытындылау және алдағы міндеттер жайын талқылаған кеңейтілген кеңесте алдымен саладағы қол жеткен табыстар сараланды. Жалпы өткен жылы өсімдік және мал шаруашылықтарында оң нәтиже басым. Алайда ақ­ сап жатқан мәселелер де бар­ шы­лық. Мемлекет бас­шы­сы­­ның тап­сырмасымен қа­был­дан­­ ған «Агро­бизнес - 2020» бағ­дар­ ла­ма­сын іске асыруға бай­ла­ныс­ ты 15 шебер-жоспар жа­сал­ға­ны белгілі. Соған орай ауыл шаруа­ шы­лығы өнімдері өндірісі мен қайта өңдеу көлемін арттыруға, етті мал шаруашылығын дамы­ туға мән берілуі керек. Ауа райы күрт өзгермелі келетін об­лыс жағдайында өсімдік шаруа­шы­ лы­ғын майлы, мал азықтық жә­не күздік дәнді дақылдар егіс­ті­гін ұлғайту, бір дақылды – жаз­дық бидай егісін қысқарту есебінен әртараптандыру жұмыстары­ ның маңызы зор. Облыс әкімінің орын­басары Арман Өтеғұловтың айтуынша, өсімдік шаруашылы­ ғын әртараптандыру жөніндегі облыс әкімдіктері мен АШМ ара­ сындағы жасалған меморандум көрсеткіштерінің биыл орындалмау қаупі бар. Мемлекет тарапынан саланы дамытуға барлық жағдай жасалуда, мал азықтық дақылдарға бұрын бір гектарына 800 теңге демеуқаржы бөлінсе, бүгінде 4600 теңге беріледі. Сон­ дықтан дәнді дақылдары өнік­сіз аудандардың мал азықтық да­ қылдар өсіруге ден қойғаны жөн. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қа­

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы тарихи-өлкетану музейі тың дүниелермен толыға түсуде. Атыраптың өткеніне, шежіресіне көпшіліктің ықыласзейінін үйіретін жәдігер жинақтау үшін мекеме қызметкерлері жүйелі ізденуде. Халықты азық-түлікпен, ең қа­рапайым тұрмыстық қажет­ті­ лік­пен қамтамасыз ету мақса­тын­­­да 1940 жылы 31 наурызда аудандық тамақ-өндіріс комбинаты құ­рылған. Міне, жуырда Ұлы Отан соғысына қатысушы марқұм Факей Крадиновтың от­басынан «12 желтоқсан өнді­

Көктемнің алғашқы күні – 1 наурызда Теректі ауданы «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мегажобасының эстафетасын қабылдап алады.

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

рағойшиннің айтуынша, «Ірі қара мал етінің әлеуетін арттыру» бағдарламасы аясында облысымыз 2015 жылға дейін 5 мың тонна ірі қара етін экспорттауы керек. Соған орай 12,5 мың басқа арналған мал бордақылау алаңдарын іске қосып, 200 фермерлік, 5 асыл тұқымды жа­ сақтаушы шаруашылық құрып, 5,3 мың шетелдік селекциялық мал әкелінбек. 2013 жылы 1000 бас мал шетелден әкелу жос­ парланғанымен, ол орындалмай, тек 56,4%-ды құраған. «Бөкей ордасы, Жәнібек, Зеленов, Сырым, Теректі аудандары сырттан асыл малды мүлдем әкелме­ген, Ақжайықта – 40%, Бөрліде – 4%, Тасқалада 23,2%-ға ғана орындалып отыр. Ал Жаңақалада 124%-ға, Қаратөбеде 100%-ға, Шың­ғырлау ауданында 120%-ға орындалған. БҚО аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Болат Айтуғановтың баяндауын­ ша, 2013 жылы 49 індет ошағы тіркелген және 51 адам, яғни Ақ­жайық ауданында – 10, Бөрлі ау­данында – 5, Қазталовта – 6, Қа­ ратөбеде – 4, Сырымда – 12, Теректіде – 1, Шыңғырлауда 13 адам бру­целлез ауруына шалдыққан. Шыңғырлау ауданының әкімі Алдияр Халелов сүт шаруа­шы­ лықтарын дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстармен

таныстырды. 15 шебер-жоспарда сүт шаруашылығын дамыту бойынша шикізаттың жетіспеу­ шілігін шешу үшін аудандарда жеке шаруашылықтардан сүт жи­найтын дайындау пунктте­рін құруға инвестициялық де­меу­қар­ жы бөлу көзделген. Ет өң­деу кә­сіпорындарын шикізат­пен қам­ ту үшін мал тасығыштар са­тып алу шығындарын субсидиялау жоспарланған. Жаңа­қа­ла ауда­­нының әкімі Лавр Хай­рет­ди­нов­тың айтуынша, 2013 жы­­лы ау­дан­ дағы 18 шаруашы­лық 35 ата­лық, 572 аналық мал сатып ал­ған. Еділбайдың «отанынан» асыл тұ­ қымды малдың шет­ел­ге, бас­қа облыстарға кетіп жат­қан­ды­ғына алаңдаған басшы бү­гінде қойда – 11%, жылқыда – 9%, ірі қа­рада тек 2% мал асыл тұ­қым­­ды екенін айтты. Ауданда ет өнім­дерін өткі­ зу жөнінде Атырау облысымен келіссөздер жасалуда. Облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов «Ел ырысы» ком­ муналдық базары маңындағы заңсыз ет сатумен айналысатын делдалдарға қатысты заң аясында пәрменді шаралар алу жайын тиісті орындарға шегелеп тапсырды. - Өзіміздің асыл тұқымды малымызды облыстағы шаруа­ шылықтарға таратуды маңызды деп есептей­мін. Бұл жөнінде облыс басшысы­ның тапсыр­масы

бар. Қолдағы мал­дың қоз­ғалы­сын көріп отыруымыз керек. Басы артығын сатамыз, алайда өзімізге жетпей жатқан асыл тұқымды малды өзгелерге, таяу шетелдерге сату дұрыс емес. Асыл деп алыстан тасығанша, қолдағы текті малды өсіруге мән бергені­міз дұрыс, - деді Арман Кәрімұлы. Кеңесте көктемгі-далалық жұ­мыстарға дайындық барысы пы­ сық­талды. Егістік алқапта­ры­ның құ­ры­лымына сәйкес көк­тем­гі егіс­ке 35,9 тонна жаздық тұ­қым қа­жет болса, соның 30,6 тон­ на­сы дайын. Зеленов, Терек­ті аудандары мен Орал қала­сы өз қажеттілігін толықтай қам­ту­да. Аудан басшыларына тұ­қым да­ йын­дау жұмыстарын ба­қы­лау тап­сы­рыл­ды. «Ауыл шаруа­шы­ лы­ғын қаржылай қолдау қо­ры» АҚ БҚО филиалының ди­рек­то­ ры Қайриден Жакиев биыл об­ лысымызға қордан 996 млн. тең­ге бөлінгенін, қор тара­пы­нан қол­дау көрсетілетін бағдар­ла­ма­ лар бойынша сала мамандарын бірлесіп жұмыстануға шақырды. Кеңесті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов өсімдік шаруашылы­­ғын әртараптандыру, әр ауылдық округте бюджет есебінен мал­дә­ рігерлік пункт ашу және күн тәр­ тібіндегі мәселелерге қатысты аудандардың және сала басшы­ ларына тиісті тапсырмалар берді.

Тың жәдігерлермен толықты

рістік ар­телі» деп аталған сол комбинаттың аяқ киім тігу және тігін цех­тарының 1950 жыл­дар­ дағы фотосуретте­рі та­былды. Сонымен бір­­ге экспозицияға өт­кен ға­­­сыр­­дың отызыншы жыл­ дары­нан бермен қолданыста

бол­­ған іс-қол машинасы, теле­фон аппараты, самаурын, кәмпит-күл­ше салатын ыдыс, өрт сөнді­ру­ші­лердің бас киімі, күй­ табақ ойнат­қыш, пионер­лердің кернейі мен барабаны қойылды.

Музейдің ІІ залында жаңа тақырыптық тұрақты көрме­лер­ ден 5 шкаф толықты­рылып, экс­ позицияға даярлануда. Олар – қобыз, шаңқобыз, әшекейлі жи­ һаз, қыз-келіншектердің сәндік бұйымдары, ер-тұрман, басқа да зергерлік бұйымдар. Айталық, жүзіктер – ХVІІІ-ХХ, тұмарша ХІХ ғасырда жасалған. Көрмелерде түрлі елдердің қағаз ақшалары мен тиындары да бар. Осының бәрі, әсіресе, жас ұрпақты адамзаттың тарихына деген құрметке тәрбиелейді.

Бекем БЕКҰЛЫ, Ақжайық ауданы

Осыған орай аудан әкім­ дігінде ұйымдастыру коми­ те­тінің отырысы өтті. Жо­ба­­ның мақсаты – Қазақстан хал­қының бірлігі мен қоғам­дық келісімін нығайту, аудан жә­ не облыс көлеміндегі ассам­ блеялар арасындағы мәдени және рухани байланысты дамыту. Отырыста делегация құрамы анықталып, өтетін шаралар белгіленді. Соның бірі – этно-мәдени орталықтары өкіл­ дерінің тілек-пікірін білдіруге арналған «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» бейнекітабы таныстырылып, халық қолөнері көрмесі жасақталады. «Біздің тағдырымыз – біздің Мәңгілік еліміз» патриоттық акциясы, «Қазақстан аспаны аясында» атты достық фестивалі өткізіледі. Жоба барысында БҚО ассамблеясы ау­дан­ дық өкілдігінің этно-мә­дени орталықтары да өз жұмыс­та­ рын көрсетеді. 5 наурыз күні Те­ректі ауданының делега­ция­ сы Достық кітабын Бөрлі ау­ даны­на табыс етеді.

«Ақжайық» алтыншы орында 23 ақпан күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» биылғы мау­сым­ дағы соңғы ойынын өткізді. Орынборда оралдықтар 22 ақпан күні 1:10 есебімен ұтыл­ са, жексенбі күні 0:11 есебімен ойсырай жеңілді. Сөйтіп «Ақжайық» 33 ұпай­ мен екінші топта алтыншы орын­ды иеленді. Дмитрий Иван­ников бастаған ма­ман­дар жаттықтыратын орал­дық­тар жоғары лиганың финал­дық ойындарына баруға мүм­кіндік беретін алғашқы үш ко­ман­ даның қатарына іліге алған жоқ. Әсіресе, жаңа жыл­дан кейінгі кездесулерінде екі-ақ рет жеңіске жеткен «Ақжайық» қалған ойындарын сүреңсіз өткізді. Бір айта кететін жайт, команда капитаны, шабуылшы Ескендір Нұғманов бұл маусымда 31 доп соқты.

Өз тілшілеріміз


4

қоғам Сейсенбі, 25 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«ҚазАгро» 75 инвестжобаны жүзеге асырады «ҚазАгро» холдингі жыл аяғына дейін 75 инвестициялық жобаны іске қосады. Бұл жөнінде «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Дулат Айтжанов мәлімдеді.

О

ның айтуынша, «ҚазАгро» холдингі заемшыларының саны 22 мың адамға жеткен. Ин­ вестбағдарламаларды іске асы­

ру шеңберінде құны 237,5 млрд. теңге болатын 346 жоба қаржы­ ландырылды. Соның ішінен 290 жоба іске қосылып, 160-ы 70%-дан астам қуат жүктемесіне шыққан. - Өткен жылы 68 жоба жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы хол­ дингтің қарауына 42 жоба түскен, жыл соңына дейін 75 инвестжобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз, - деді Дулат Айтжанов.

Төрағаның айтуынша, іске қо­ сылған жобалардағы бір адамның жылдық орташа еңбек өнімділігі 17,1 мың АҚШ долларын құрады. - Еліміздегі агроөнеркәсіп кешеніндегі бір адамның жылдық орташа еңбек өнімділігі шамамен 9,9 мың долларды құрайды. Хол­ дингтің барлық бағдарламалары есебінен 15,4 мың адам жұмыспен қамтылған, - деді төраға.

«ҚазАгро» жұмыс істемейтін несиелер санын қысқартты 2013 жылы «ҚазАгро» холдингі жұмыс істемейтін несиелер үлесін 10%-дан 7%-ға дейін азайтты.

Қ

«

азАгро» ұлттық басқару­ шы холдингі» АҚ-ның бас­қарма төрағасы Дулат Айтжанов­ тың айтуынша, жұмыс істемейтін несиелердің үлесін азайтуға шаралар қабылданған. Соның нә­тижесінде 2013 жылы жұмыс іс­

темейтін несиелер үлесі 10%-дан 7%-ға дейін азайған. Сон­дай-ақ холдингпен «Агробизнес – 2020» бағдарламасы шеңбе­рінде холдинг­ тің еншілес ұйым­дары мен екінші деңгейдегі банктердің алдында қарызы бар ауыл шаруашылығы

тауар өндірушілерін сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Өсімдік шаруашылығына міндетті сақтандыру жөніндегі заңға өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар дайындалуда. Онда агроөнеркә­ сіп кешені саласындағы өзіндік тәуекелдерді қысқартып, оларды жеке сақтандыру компанияларына ішінара беру көзделген, - деді Дулат Айтжанов.

Өнімдерін арзанға сатты Қала тұрғындарын қол жетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында «Ел ырысы» базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жиі ұйымдасты­рылуда.

Ө

ткен аптада аталмыш ба­ зарға Теректі шаруалары мен кәсіпкерлері өз тауарларын жеткізді. Жәрмеңкеге теректі­ ліктер екі бас ірі қара мен бір

бас шошқаның етін шығарып, оның келісін 800 теңгеден сатты. Ал «Батыс Күнбағыс» ЖШС-да өндірілген рафинатталған жә­ не рафинатталмаған күнбағыс

майының литрі 205-215 теңгеден босатылды. Жәрмеңкеде көкөністер де мол сатылды. Мысалы, «Жеміс» шаруа қожалығы 40 келі қызылша, 80 келі сәбіз, 200 келі қырыққабат әкеліп қызылшаның келісін 80 теңгеден, сәбізді 100 теңгеден, ал қырыққабатты 80 теңгеден ұсынды. Жылыжай ұстап отырған жеке кәсіпкер Ильдар Үмбетия­ ров тұтынушыларға 100 келі жас қиярды 520 теңгеден ұсынса, Федоров ауылынық тұрғыны В.Кол­ паков 15 келі балдың әр келісін 1700 теңгеден саудалады. Сондай-ақ Ақсуат ауылдық округіндегі "Құбаев" қожалығы құс өнімдері мен сүттен жасалған тағамдарды және жылқы етін арзан бағамен саудалады. Жәрмеңкеге келген қала тұрғындары теректіліктердің са­ палы өнімдеріне дән риза болды.

Нұрлан БЕРДІҒАЛИЕВ, Теректі аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруа­ шылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі меморандумда көрсетілген дәрі-дәрмек бағасын көтеруге рұқсат бергені жөнінде ақпаратты жоққа шығарады және жалған ақпарат таратқандар туралы тиісті мекемелерге хабарлайды.

«Дәрі-дәрмек қымбаттады» деген ақпарат жалған 2014 жылғы 13 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлі­ гі елімізде дәрі-дәрмекке ба­ ғаның өсуіне жол бермеу мақсатында бірқатар кә­сіби қауымдастықтармен: «Фар­мқыз­­метті қолдау және дамыту қауымдастығы», «Қазақс­тан­ның Фарм­МедИндустриясы» қауымдасты­ ғы, Фарма­цев­тикалық өнімдер дистри­бью­тор­лары, Фармацев­ тикалық фирмалар өкілдіктері және «Ұлттық денсаулық сақ­тау палатасы» заңды тұлғалар бірлестігімен дәрі-дәрмекке ба­ғаны ұстап тұру туралы ме­ морандумға қол қойды. Мақсат – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кір­меген, әлеуметтік осал және аз қамтылған тұрғындар жиі қолданатын 224 түрлі дәрі ба­ ғасын 2014 жылғы 10 ақпанда болған күйінде сақтау болды. Меморандумға кірген дәрілер тізімін ұлғайту да қарасты­ рыл­ған. Меморандум барлық өңірлерге жіберілді. Әр өңірде әкімдіктер осы сияқты меморандумдарға қол қойып, 10. 02. 2014 ж. қалыптас­ қан бағаларды сақтау жөнінде келісімге келді. Жекелеген өңір­ лерде дәрілік құралдар тізімі кеңейтілді. Айталық, Шығыс Қа­ зақстан облысында тізімге 270 түрлі дәрі-дәрмек кірді. Министрлік әлеуметтік осал топтар барынша жиі қолдана­ тын дәрілік құралдарға бағаны көтеру фактілерін елеу жөнінде штаб құрды, телефоны: 8-7172-

74-31-28. Сондай-ақ дәрілік ақ­парат орталығының шұғыл желісі (8800 080 88 87) тәулік бойы жұмыс істейді. Күн са­йын барлық өңірлерде дәрі-дәр­ мек нарығындағы жағдай­ға­ мониторинг жүргізіліп, жағ­дай тұрақты күйінде сақталуда. Алайда 2014 жылғы 19 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында кейбір дәрілерге бағаны көтеру оқиғалары орын алып, жергілікті атқарушы органдармен бірге тиісті шаралар қабылданды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі меморандумда көр­ се­тілген дәрілерге бағаны кө­теру фактілері анықталған жағ­ дайда жоғарыда көрсетілген телефондарға хабарласуды сұ­райды. Кейбір бұқаралық ақ­ парат құралдарында жария­ ланған «Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік құралдарға бағаны көтеруге рұқсат берді» деген сипаттағы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Айталық, Шығыс Қазақстан облысында бекітілген меморандумда «Хилак-форте» бағасы - 1500 теңге (2500 тең­ге емес), парацетамол – 25 тең­ге (28 теңге емес) оксолин жақ­ памайы – 120 теңге (400 теңге емес). Осыған орай Министрлік жалған ақпарат таратқандарға қатысты тиісті органдарға ха­барласып, шара алынуын сұ­ райтын болады. ҚР Денсаулық сақтау министр­ лігінің баспасөз қызметі. тел: 87172-74-31-37, 8-7172-74-32-41

Көлеңкелі жүйені жоймақ Емделушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында ҚР Ден­ саулық сақтау министрінің орынбасары Болат Төке­ жанов ендігі кезекте медқұрылғыларды сатып алу жүйесі басқаша жүргізілетін болады деп хабарлады.

М

«

едтехниканы лизинг­ тік жеткізудің жаңа жүйесі болашақта өндірушілер­ мен ешқандай делдал және дистрибьютор­лардың көмегін­ сіз тікелей келісімшарт жаса­су арқылы жұмыс істеуді мақ­сат тұтады. Бұл, әрине, ескі жүйе бойынша жұмыс істеп, дел­ далдық келісімшарттар ар­­қасында пайдаға кенелуге үй­ре­ ніп қалған адамдардың қар­сы­­лығын тудыруда. Меди­ци­на­лық техниканы лизингтік жет­кізудің жаңа жүйесі либеральды және нарықтық қағи­ даттармен жүргізіледі, бұл елі­мізге инвестицияға тартуға,

қорғауды қамтамасыз етуге, өндірушілердің есебін және жаңа өндірістердің дамуына серпін беруді қамтамасыз ете­ді» – деді өз сөзінде вице-министр. Болат Төкежанов «ҚазМедТех» бірінші кезекте тежелу механиз­ мін және құрылғы сатып алу­ дағы көлеңкелі жүйені жою үшін құрылғандығын атап өтті. «ҚазМедТех» АҚ басқарма төр­айымы Салтанат Бралина қазіргі таңда 240 бірлік ме­ди­­ циналық техника лизинг ар­ қылы алынғандығын, оның әр­қайсысына мониторинг жүр­ гізілетіндігін хабарлады.


мәселе Сейсенбі, 25 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

5

Ыстық тамақ төңірегіндегі түйткілдер Мектеп оқушыларының та­мақтану тәртібі мен мәдениеті жөнінде кейінгі кезде биік мінберлерден айтылып, мемлекеттік деңгейде мән беріліп жүр. Халық қалаулылары да мектеп оқушыларын сапалы ыстық та­ мақпен қамтамасыз ету бүгінгі күннің күрделі мәселесі деп дабыл қағуда.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ, «Орал өңірі»

М

ектеп оқушыларына жүр­ гіз­ген соңғы уақыттағы ме­­­ди­ци­налық тексерістің нә­ти­же­сін­де жасөспірімдер ара­сында бірін­ші орында көз аурулары, екінші орында ас қорыту жүйесінің дерті жиі анықталғаны ма­ман­­­­дар­ды қатты алаңдатуда. Мемле­ кеттік санитарлық-эпи­демиоло­гия­ лық коми­те­ті Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Құрма­най Жұ­ма­ғалиеваның айтуынша, тек бастауыш сынып оқушыла­рын ғана емес, жалпы мектеп балаларын түгелдей ыстық тамақпен қамта­ масыз етуге қол жеткі­зуі­­міз керек. Жақында Теректі ауданының Подстепный ауылындағы №1 орта мектепте түйткілді мәселе­ нің түйінін шешуге арналған «Мек­ теп­те ыстық тамақты ұйымдасты­ ру­дың өзекті мәселелері» атты семинар өтті. Әр ауданнан мамандарды арнайы шақырып, облыс­ тық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйым­дастыруымен өткен семи­ нардың мақсаты - өңіріміздегі жас өскіндерімізге жағдай жасап, олардың сапалы, құнарлы тамақтануын қамтамасыз ету.

Облыстық білім басқармасы­ ның бізге берген мәліметі бо­ йынша ыстық тамақ облыстың 374 мек­­тебінде ұйымдастырылып жүр. Қазіргі күнде ыстық та­мақ­пен бастауыш сынып оқушыла­­ ры­ның 98 пайызы, әлеуметтік қам­қорлыққа ділгер отбасы бала­ лары­ның 99 па­йызы қамтылып отыр. Жалпы, ба­ла­­лар­ды ыстық тамақ­пен қам­туда Қаз­талов, Қара­ төбе аудан­дары мен Орал қа­ ласының көр­сет­кіш­тері төмен. Ал балғындарды ыс­тық тамақпен қамтуда өзгелерге үлгі болып жүрген Бөрлі, Теректі аудандары екені белгілі болды. Теректі ауданының мектептерінде ыстық тамақты ұйымдастырудағы үздік тәжірибелер туралы аудандық білім беру бөлімі басшы­сы­ның орынбасары Жанаргүл Құса­йы­н­о­ ва былай дейді: - Ауданымызда оқушыларды ыстық тамақпен қамтуда үлкен жұмыстар атқарылуда. Биыл бастауыш сынып оқушыларын ыс­тық тамақпен қамтуға 53736,0 мың тең­ ге, ал табысы аз от­басының балаларына 52473,0 мың теңге бөлінді. Бір оқушы­ға ыстық тамақтың құны 177 тең­ге­ні құрайды. Ауыз судың сапасын арттыру мақсатында 70 арнайы қондырғы сатып алынды. №1 Подстепный орта мектебі­

нің директоры А. Хаймулдинов «Айбар» ЖШС-мен бірлесіп жұ­ мыс жасап, жақсы жетістіктерге қол жеткізіп жүргенін айтады. Бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасының балалары 100 пайыз ыстық та­мақпен қамтылған. 5-11-сынып оқу­шы­ ларына мектеп асханасында арзан бағамен пісірілген бөлкелер мен ыстық, салқын сусындар сатылады екен. Жетіспейтін тұс­та­ры – ыдыстардың сапасыздығы. Бұл мәселені де жақын арада ше­ ше­міз, - дейді мектеп директоры. Құрманай Жұмағалиева «Ыстық тамаққа қойылатын санитарлықэпидемиологиялық талаптар» туралы ойын былай сабақтайды: - Мектептердегі ас мәзірі күні бұрын екі аптаға дайындалуы керек. Көп жағдайда білім ошақтарында ыстық тамақ пен ыссы шаймен берілетін ыстық бөлкелерді шатыстырып алатын жағдайлар жиі ұшырасады. Бірақ ыстық бөлкелер ыссы тамаққа емес, буфеттік тағамдарға жатады.

Кейбір аудандар облыстық білім басқармасына 100 пайыз ыстық тамақпен қамтыдық деп есеп бергенімен, кейін санэпидқадағалау мекемесі мамандарының тексерісінде әлгіндей жайлар орын алып жатады. Әрбір асханада дә­рілік қорапша міндетті түрде бо­луы тиіс. Асханадағы маман­дар­ дың кәсіби санатының жоға­ры болуын ұйымдастыру жағынан Тасқала ауданын атап өтуге болады. Мектеп асханаларында жиі орын алатын тағы бір жай - ас мәзірлерінің жоспарға сай орындалмайтыны. Мәселен, жоспарлы ас мәзірінде басқа тағамның атауы, күн сайынғы ілулі ас мәзірінде басқа тағам, ал қазанда мүлдем өзге тағамның пісіп жататыны көп кездеседі. Бекітілген ас мәзірі мүм­ кіндігінше жоспарға сай орындалуы керек. Кей мектептерде ас мәзіріне жауапты етіп әлеуметтік қызметкерді бекітіп қояды. Бұл жерде балалардың салауатты та­ мақтануы, қала берді балалардың өмірі тұрғандықтан, ас мәзіріне

мек­теп директорының бірінші орын­басары жауап беру керек. Ас мәзірін жасағанда міндетті түрде ыстық тамақ қарастырылғаны жөн. Тек сорпа әлде ботқа болса да, екі та­ғамның бірі балаларға ыстық тамақ ретінде берілуі тиіс. Кей мектептер шұжық, вафли, конфет беріп жатады. Бұл тағамдар­ ды ба­ла ағзасына пайдалы ыс­тық та­мақ пен жеміс-жидектермен ал­ мастырған жөн. Аудандар бойынша бір баланы тамақтандыру құны орташа есеппен - 150 теңге, ал қала бойынша 107 теңгені құрайды. Бұл - 2010 жылдан бері өзгермеген баға. Азық-түлік қымбаттап жатқан­ дықтан, ет өте аз қолданылады, оның орнына жас өскіндеріміз құс етін талға­жау етіп жүр. Рес­пуб­ ли­ка бо­йынша балғындары­мыз­ ды ыс­тық тамақпен қамтамасыз ету­ден соңғы төрт облыстың қа­та­ рында екенбіз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, тамақтану халықтың денсаулық деңгейін анықтайтын негізгі фак­ тордың бірі болып табылады. Батыс елдерінің көпшілігінде мектепке дейінгі балалар мен мектеп оқушыларын сапалы та­ мақтандыру мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мәселесімен қатар қо­йылады. Еліміздегі балалар ден­­ сау­лығының күрт нашарлап кет­­ ке­ні дұрыс тамақтанбаудың кесі­рі­нен екені анықталды. Елба­сы­ мыз да дені сау ұлт қалыптас­ты­ руды балалық кезеңнен, де­мек, балабақшадан бастау керек еке­­нін айтты. Ендеше, нақты іске кіріскен жөн, ағайын!

«Қазпошта» АҚ БҚО филиалы басшылығының назарына!

"Баяғы жартас, Өткен жылы, дәлірек айтсақ, 2013 жылдың 9 мамыр күні Жәнібек аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетіне жерлестеріміздің пікірлерін алға тарта отырып, «Жанайқай» айдарымен «Пошта қызметі сын көтермейді» тақырыбында «Қазпошта» АҚ Жәнібек аудандық пошта байланыс торабының тұрғындарға газетжурналдар таратудағы кемшіліктерін сынап жазған болатынбыз.

О

ндағы ойымыз көзі ашық, көкірегі ояу оқырман қа­ уымның мерзімді басылымды уақ­тылы ала алмай, әуре-сар­ саң­ға түсуіне араша болу еді.

сол жартас"

Сонымен қоса ауданымызда га­зет-журналдың таратылымына жауапты қызметкерлердің «уақыт оздырып, шапан тоздырып» жүрмей, негізгі қызметке деген жауапкершілігін арттыру, на­мыстарын қайрау болатын-ды. Аталмыш мақалада ауданымыз­ дағы бас пошташымыз Ш.Абдо­ лова: «Алдағы уақытта ауданымызда газет-журнал тасымалдау жұмысы дұрысталады деп ойлаймын» деп сөзін берген еді. «Айтылған сөз, атылған оқ» болмай шықты. Басшының сөзі желге ұшты. Себебі пошта тасымалында ешқандай жаңашылдық не өзгеріс көре алмадық. Олай дейтініміз, жерлестеріміздің уақытымен газет-журнал алуы «байтал түгіл, бас қайғыға» айналды. Сонымен, уақытында қазақтың

біртуар ұлы Б.Майлин «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» десе, біздің дауымыз айдың-күн­­ нің аманында оқырманның қо­ лына уақытында тимейтін газетжурнал болды. Иә, айтуға оңай. Бірақ ақадал ақшасына мерзімді басылымға жазылғанымен, оны мезгілінде ала алмау кімге жақсы? Аудандық «Шұғыла» газетінің тіл­шісі Н.Жапақов мәселені аяқас­ты етпейік деген мақсатта жерлес­ теріміздің пікірлерін негізге алып, 2013 жылы 27 желтоқсан күнгі аудандық газетке «Мәселе» айдарымен «Жұрт газетті жиып оқиды» атты мақаласын жариялады. Айтса айтқандай, апталап, тіпті айлап жиналып бір келетін мерзімді басылымдарды жиып-теріп отырып оқуға көштік. Көрші аудандардағы әріптестер ана газеттегі, мына га-

зеттегі мақалаларды оқыдыңыздар ма деп сұраса, «Газет бізге әлі келген жоқ» деп ұялмай жауап беруге көштік. Шындығында да, солай. Енді қайтеміз. "Ұялған тек тұрмас" деген бар емес пе? Естіген құлақтан ұят. Амал қанша, бас аман болсын деп жүре береміз де. Өйткені біз көнбіс халықпыз. Бастысы – өзімізді өзіміз жұбатамыз. Биылғы жаңа жылымызда баяғы «Қазпошта» АҚ Жәнібек аудандық пошта байланыс торабының пошта тасымалы керемет көңіл күйімізді су сепкендей қылды. 2014 жылғы 17 қаңтар күнгі «Шұғыла» газетінің үшінші саны Тау ауылдық округіндегі оқырмандарымызға түгел бар­мапты. Таулық ағайындардан биылғы жылы аудандық газетке 170 заңды және жеке тұлға жа­зылған. Аудандық басылымға, ынта-ықы­ лас білдірген таулықтарға біз шексіз ризамыз. Амал не? Баяғы газет дұрыс таратылмайды. Кінәлі кім? Жауапкершілік қайда? Бүгінгі таң­ да таулық ағайындардан редак­ цияға 3 өтініш келіп түсті. Олар газеттің жоғарыдағы санын әлі күнге қолдарына алмаған. Сонда газет-журналға жазылып тұрып, оны ала алмаса, оларға біз қалай бейқам қараймыз. Бір нәтиже

болуы керек емес пе? Бұл арада құзырлы мекемелер іске кірісіп, ақ пен қарасын айырар деген ойдамыз. 2013 жылы 4 желтоқсан күні №143 шығыс қатынас қағазы ар­қылы «Қазпошта» АҚ Жәнібек ау­дандық пошта байланыс торабы­ ның басшысы Ш.Абдолова­ға қыз­ меттік қажеттілік­ке байланысты аудандық мерзімді басылымға қанша жеке және заңды тұлға жазылғаны жөнінде білмек оймен сұраныс жіберген едік. Аталмыш мекеме қашан жауап берді деп ойлайсыздар? Тек шошып кетпеңіздер, құрметті ағайын. Мекеме басшысы Ш.Абдолованың жауап бергенін растайтын қатынас қағаз 2014 жылы 10 ақпан күнгі шығыс №147 хатымен редакцияға келді. Бұл қалай сонда? Тура екі ай, бір аптадан соң жауап беріп отыр ғой. Оған дейін жауап беруге, ойлануға осыншама уақыт керек болғаны ма сонда. Басқаларды білмейміз, өзіміз солай ұғындық. Сіз не айтасыз, ағайын?..

Ахмедияр ҚУАНҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жәнібек ауданы


6

қызмет Cейсенбі, 25 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Мемлекеттік сатып алуда Елімізде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті – БҚО-дағы Тәртіптік кеңес 2013 жылға бекітілген жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды және департаменттің ережесін басшылыққа алып, өз құзыретіне сәйкес бірқатар жұмыстар атқарды. Тәртіптік кеңес өз жұмысын жариялылық, тұрақтылық және ал­дын алу бағытындағы қағида­ лар­ды ұстанып, қоғам мен бұқа­ ра­­­лық ақпарат құралдарының өкіл­де­рін жұмыс отырыстарына ке­ңі­нен тартуда. Хатшылық Қа­ зақ­­стан Республикасының заң­на­ масын­да белгiленген тәр­тiп бо­ йынша Тәртiптік кеңес қыз­ме­­тiн ақ­параттық-талдамалық, ұйым­дыққұ­қықтық және өзге де қам­та­ма­­ сыз ету, сыбайлас жем­қор­лыққа қар­сы заңнаманың нор­маларын бұ­зу­шылық туралы ақпаратты жи­нақ­тау, жүйелендiру мен талдау, аталған заңнама мен Ар-на-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №06-7/179 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 «Мемлекеттік қызметшілерді және мем­ лекеттік әкімшілік лауа­ зымдарға орналасуға канди­даттарды тестілеу ұйым­дас­тырудың кейбір мәсе­лелері туралы» бұй­ры­ ғына өзгерістер енгі­зіліп, тестілеудің жаңа бағдар­ ламалары қабыл­данды. Аталған бұйрық күшіне 2014 жылдың 1 наурызында енеді. Жаңа ереже бойынша тестілеу енді үш бағдарламадан тұрады: Бірінші бағдарлама «Б» кор­ пусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2 санаттарына арналған келесі тесттерді қамтиды: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тест (10 тапсырма), Қазақстан Рес­публикасының заңнамасын бі­лу­ге арналған тестке Қазақстан Рес­публикасының Конституция-

мыс кодексiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау, аталған нормалық-құқықтық актілерді сақ­тау саласында азаматтарды құ­ қықтық ағартуға қатысу функ­ цияларын жүзеге асыруда. Жыл бойына Тәртіптік кеңес­тің 11 отырысы өткізіліп, 66 тәр­ тіп­тік іс қаралды, соның ішінде облыс және аудан деңгейінің мемле­кеттік органдарының басшылары – 32, селолық округ­тер­дің әкімдері – 9, мамандар – 13. Оның нә­ти­жесі бойынша 41 мем­ лекет­тік қызметші және өзге тұл­ ға­лар тәртіптік жауапкерші­лікке тар­тылды. Соның ішінде 15 мем­ лекеттік қызметші Ар-намыс ко­­ дек­­сінің талаптарын бұзғаны үшін, 26 ла­уазымды тұлға сыбайлас жемқор­лық жасағаны үшін. Тексерістер жүргізгенде және Тәртіптік кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша бар­ лық деңгейдегі әкімдермен мем­­ле­кеттік органдардың басшы­ла­­­ рына мемлекеттік тәртіпті ны­ғай­ ту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­­рес туралы заңнаманың және Ар-намыс кодексінің талапта­рын сақ­­тау туралы ұсыныстар мен ұсынбалар дайындалды. 2013 жылдың 12 айында осындай 45 ұсы­­ныс пен ұсынбалар жіберілді. Тәртіптік материалдар Тәртіп­ тік кеңестің қарауына ұсынылар алдында хатшылықпен жан-жақ­ты зерделеніп, түсініксіз немесе дә­ лел жеткіліксіз жағдайда қосымша тексеру жүргізеді, қадағалаушы құзырлы органдарға сұраныстар

салғырттық басым

жолданып, олардың пікірлері на­ зарға алынады. Түскен ұсыныстардың жалпы саны бойынша лауазымды тұлға­ лар келесі құқықбұзушылықтар жіберген: - Мемлекеттік сатып алу саласында 24 адам 36,4 %; - Жеке және заңды тұлғалар­­дың өтініштері қарау саласында 9 адам 13,6%; - Жер, орман шаруашылығы, қоршаған қорғау саласындаа 9 адам 13,6%; - Еңбек заңнамасын сақтау са­ ласында 8 адам 12,1%; - ҚР басқа заңнамалары 16 адам 24,3%. Тәртіптік кеңес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға ерекше кө­ңіл бөлуде. Жыл басынан бастап түр­лі сұрақ­

тар бойынша 243 өтініш түсті. Жеке қабылдауда 201 шағым­данушы­ лар болды, соның ішінде 86 көшпелі қабылдауда болды. Өткен жылы заң­на­маларды түсіндіру және наси­хат­тау ба­ғы­ тында, заңға қай­шы әре­кет­тердің алдын алу мақ­са­тында сыбай­лас жемқор­лыққа қарсы күрес жә­не Ар-намыс кодексі жөнінде 77 семинар-кеңес және дөңгелек үс­тел өткізілді. Бұқаралық ақпарат құрал­да­ рымен тығыз байланыс жасау ар­­қасында жұмысымызды жұрт­ шы­­лыққа тарату жариялылық пен ашық­тықтың белгілері болып та­бы­ла­ды. Екі жақты «кері байланыс» сенімділікке әкелетіні сөзсіз. Ал азаматтардың ақпаратқа иелену құқықтары – қазіргі кездегі қоғамның алға дамуы барысында

«Б» корпусында жаңа ережелер сын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған сұрақ­ тар кiредi. Нормативтік-құқықтық актінің әрқайсысы бойынша 15 сұрақтан. Екінші бағдарлама «Б» кор­пу­сы­ ның B-5, C-4, C-5, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-O4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына а­р­ налған келесі тесттерді қамтиды: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тест (10 тапсырма), Қазақстан Республикасы­ ның заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасы­ ның Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы­ның конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура-

лы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қыз­­меттер туралы», «Қазақстан Рес­ публикасындағы жергілікті мем­ ле­кеттік басқару және өзін-өзі бас­қару туралы» Қазақстан Рес­ пуб­ликасының заңдарын бiлуге арналған сұрақтар кiредi. Нормативтік-құқықтық актінің әрқай­сы­ сы бойынша 15 сұрақтан. Үшінші бағдарлама «Б» кор­пу­ сының C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған келесі тесттерді қамтиды: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тест (10 тапсырма), Қазақстан Республикасының заң­ намасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Рес­публикасындағы жергілікті мем­лекеттік басқару және өзінөзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған сұрақ­ тар кiредi. Нормативтік-құқықтық актінің әрқайсысы бойынша 15 сұрақтан.

Тестілеудің шекті мәні бірінші бағдарлама бойынша әрбір нормативтік-құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды, ал екінші және үшінші бағдарламалар үшін әрбір нормативтік-құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды. Логикалық және мемлекеттік тілді бiлуге арналған тесттер бойынша шекті мән белгіленбейді. Тестілеуге қатысу үшін «Б» корпусына үміткерлер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарына, сондай-ақ департаментке жүгіну жолымен өтініш тапсыра алады. «Б» корпусына үміткер тес­ті­ леудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды. Шекті мәннен төмен емес тестілеу нәтижесін алған үміткерге тестілеу өткендігі туралы сертификат беріледі. Сертификаттың жарамды мерзімі 1 жылды құрайды. Тестілеудің бірінші бағ­дар­ла­ масы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына, ал екінші бағдарлама бойынша берілген сер­тификат үшінші тестілеу бағ­

басты негізге алынатын қағидат. Сондықтан Тәртіптік кеңес өз жұмыстары туралы бұқаралық ақ­ парат құралдарына 2013 жылы 216 материал берді. Елімізде мемлекеттік қызмет саласындағы қабылданған жаңа өзгерістер мемлекеттік қыз­мет­ шілердің кәсібилігін, мемле­кеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік басқарудың менеджменттің түпкі нәтижеге бағдарланған тиімді әдістерін енгізу мақсатында әзірленген. Сон­ дықтан мемлекеттік орган­дар­дың алда атқарылатын жұмыс­тары көп. Уақыт талаптарына сай әрбір мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыра отырып, ҚР заңдарын бұлжытпай сақтап, оны бұзуға жол бермеуге ұмтылыс жасауы қажет. Сыбайлас жемқорлықтың дең­гейін төмендетуді жүзеге асы­ ру­да, осыған байланысты атқа­рылып жатқан іс-қимылдардың пәр­­мен­ділігін арттыруда мемле­ кет­тік қызметшілер, мемлекеттiк мiн­деттер атқаруға өкiлеттi адам­ дар мен оларға теңестiрiлген адамдар­дың алдында ауқымды міндет­тер тұр.

Асылұлан ДОСЖАНОВ, Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, департамент басшысының орынбасары

дарламасына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызме­ті­ нің санаттарына жарамды. Бұл жерде осы бұйрық күшіне енгенге дейін, яғни бұрынғы бағдарлама бойынша алынған сертификаттар оны алған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде жарамды болатындығын айта кету керек. Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған «Б» корпусына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді. Алайда қазіргі қолданыстағы тест бағдарламасы бойынша шектi мәннен төмен баға алған үміткерлер 3 ай мерзімді күтпей, жаңа бағдарламалар күшіне енген соң ол бойынша тестіні қайта тапсыра алады. Келесі сатыда, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялағанда, қолдарында тест өткен сертификаты бар, біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлер ғана қатыса алады. Сол сертификат басқа құжат­ тармен қоса бос лауазымға кон­ курсқа қатысу кезінде бірге тап­ сырады.

Медет МЫРЗАШ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 25 ақпан 2014 жыл

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясы 2014 оқу жылына үміткерлерді қабылдау жүргізіліп жатырғанын хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара Академиясы «ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қыз­ меттік-әскери әрекетін басқару» мамандығы бойынша «Шекара қыз­метінің офицері. Басқару саласы­ ның маманы» біліктілігі бар офицерлерді дайындайды. Оқу мерзімі: 4 жыл ҚР ҰҚК Шекара Академиясына оқуға түсу үшін қажетті құжаттар (барлығы көшірме): 1. Жеке куәлік; 2. Туу туралы куәлік; 3. Азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы; 4. Әскерге шақыру учаскесіне

тіркеу туралы куәлік; 5. 11-сыныптың І, ІІ тоқсаны бо­ йынша оқушының сабақ үлгерімі туралы табелі; 6. Негізгі орта білім туралы куә­ лік; 7. Фото, 3,5х4,5 – 6 дана, 9х12 – 2 дана. 2014 жылы 11-сынып бітіретін оқушылар ҰБТ шеңберінде (мек­тепті былтырғы немесе одан бұ­ рынғы жылдарда бітірген азаматтар Шекара Академиясының база­сында кешенді тестілеу тапсы­ра­ды) келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

1. Қазақ тілі; 2. Орыс тілі; 3. Математика; 4. Қазақстан тарихы; 5. География; 6. Физикалық дайындық (нор­ мативтерге сәйкес). Ескерту: үміткерлердің жасы 21-ден аспауы шарт. Барлық қосымша сұрақтар бо­ йынша ҚР ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне 98-81-20, 98-81-67, 98-81-71 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Келушілерді қабылдау кестесі Азаматтарды қабылдау: сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін БҚО бойынша ҚР ҰҚКД басшысы, генерал-майор Н. Жігітеков

Сейсенбі

БҚО бойынша ҚР ҰҚКД басшысының бірінші орынбасары, полковник М. Әділғазин

Сәрсенбі

БҚО бойынша ҚР ҰҚКД басшысының орынбасары, полковник Е. Хабиев

Бейсенбі

БҚО бойынша ҚР ҰҚКД басшысының орынбасары, полковник А. Құрмашев

Жұма

Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылы­ ның тұрғыны болған, бірімізге адал жар, бірімізге сүйікті әке Талғат Рамазан­ұлы Есенға­лиевтің бақилық болғанына 25 ақпан 1 жыл болады. Өтсе де қанша уақыт, қаншама жыл, Әкетайым, біз біргеміз мәңгі сізбен! Бүгін, міне, жиналып, еске алмақпыз Сырласып іштей ғана өзіңізбен!

Сағына еске алушылар: зайыбы Светлана, балалары Мереке, Құрмет, Абзал, Бағдат, Мақсат, келіндері, немерелері, құда-құдағилары және барша тума-туысқандары Қаратөбе ауданының тұрғыны бол­ған ұлымыз Қуаныш Маратұлы Баян­ға­ли­евтің өмірден өткеніне 5 жылдың жүзі болды. Ортасын ерекше мінезімен тән­ті ет­кен осы бір тосын оқиға жаны­мызға жа­зылмас жара салып кетті. Сағы­ нышы­мыз мәңгі тарқамайды. Жалында­ ған жас қалпын­да бейнесі бізбен бірге... Арман боп қалған ұлымыз, Сырғиды ай мен күніміз. Өтіпті 5 жыл өзіңсіз, Жоқтаймыз мәңгі сені біз. Айтушы еді туыс-дос, Айрықша деп ақыл-ес. Көз де солай бола ма, Орны тұр енді мәңгі бос. Ата-анасы, бауырлар Жас алып көзден қайғырар Дәрігер болып жүрер ед Осындай қиын қайғы бар.

Сенім телефоны: 98-81-81.

Қуанышымның достарын, кластастарын, группаластарын, ағайын-туысты 2014 жылдың 1 наурызы күні еске алуға шақырамыз.

«Еуразиялық банк» АҚ сенім білдірілген тұлға Қадыров Кенжебек Жұмабайұлы келесі кепілдікке салынған мүліктің сауда-саттығын хабарлайды: №1 Лот БҚО, Зеленов ауданы, Мичурин ауылы Комсомольская көшесі, 26/1-үй, мекенжайы бойынша орналасқан, тұрғын үй, алты бөлмелі пә­тер жалпы ауданы 329,0 ш.м., соның ішінде тұр­ ғын ауданы 159,2 ш.м., жапсарлас орналасқан жер учаскесі жалпы ауданы 0,08 га (бұдан әрі Объект). Сауда-саттық объектісінің бастапқы бағасы 13 800 000 (он үш миллион сегiз жүз мың) теңге. Сауда-саттықа қатысушының кепілді жарна сомасы 5%-ды құрайды. Кепілді жарна 2014 ж. 3 нау­рыз сағат 17.00-ге дейін қолма-қол ақша­мен/не­месе келесі төлем деректемелері бойын­ша: шот №KZ14948KZT01404001JU, есеп шот KZ0394813KZT22040000, банктің жеке коды EURIKZKA, код 948, БСН 050341000014, Код ОКПО 305216530671, салым коды 19 салынады

Еске алушылар: Баянғалиевтер әулеті және апа-жезделері

(қабылданады). Сауда-саттық №1 Лот бойынша ағылшын әді­сі бойынша (бастапқы бағасынан жоғарылату), 2014 ж. 4 наурыз сағат 10.00-де, Орал қаласы, Строитель шағынауданы, 2/5 мекенжайы бо­йынша өтеді.

Тасқала ауданы Мерей ауылында ту­ып-өскен ұлымыз Нұрлан Кайрку­ лов­тың дүниеден озғанына 25 ақпанда 1 жыл болуына орай сағына еске аламыз. Тағдыр неге сонша қатал екен, Алып кеткен, көкешім, сені бізден, Әлі күнге сенбейміз біз Сенің мәңгі кеткеніңе бұл өмірден. Ұлым-ау, жатқан жерің жарық болсын! Сен біздің жұдырықтай жүректесің Жәннатта боп, топырағың торқа болсын!

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер 2014 ж. 3 наурыз сағат 17.00-ге дейін қабылданады. Обьектінің сатып алу бағасы теңгемен кепілді жарнаны салуға көрсетілген төлем деректе­мелері бойынша сауда-саттық өткізілген күн­нен 3 (үш) банктік күн ішінде төленеді. Анықтаманы Орал қаласы, Строитель шағынауданы, 2/5 мекенжайы бойынша, тел.: 8 (7112) 505-839, 233-112, 234-789, 234-192, 8 701 989 53 77 сенім білдірілген тұлғадан Қадыров Кенжебек Жұмабайұлы 9.00-ден 18.00-ге дейін алуға болады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы ағымдағы жыл­ дың 26 ақпанында сағат 15.00-де басқарманың Орал қаласы, Достық даңғылы, 197 мекенжайында орналасқан ғимаратын­ да ашық есіктер күні өтетіндігін, осы уақытта жеке және заң­ды тұлғаларды қабылдау жүргізілетіндігін хабарлайды. Анықтама алу телефоны: 51-12-36.

7

Сағына еске алушылар: ата-анасы Едіген-Қарлығаш, бауыры Руслан, жары Элеонора, ұлы Диас “Спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметкерлерге бос орынға конкурс жариялайды: 1. Қазақ сыныптарында орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі – 1 бірлік; 2. Кітапханашы (жүктілікке және босануға байланысты демалысқа шыққан негізгі қызметкер­­дің орнына) – 1 бірлік; 3. Менеджер – 1 бірлік. Үміткерлерге қойылатын талаптар: 1. Жоғары кәсіби білімі, кітапханашы үшін арнаулы орта кәсіби білімінің болуы да ескеріледі. 2. Менеджер үшін – жоғары экономикалық білімі, веб-порталда жұмыс істей білуі, міндетті түрде қазақ тілі мен орыс тілін жетік білуі. 3. Жұмыс өтілі 3-5 жыл. 4. Біліктілік санатының болуы. 5. Компьютермен жұмыс істеу дағдысы. Қажетті құжаттар хабарландыру шыққан соң 15 күнтізбелік күнде мына мекенжайға тапсырылуы қажет: Орал қаласы, Жданов көшесі, 7/1. “Ремзавод” аялдамасы. Тел.: 28-48-07.

Біздің газетіміздегі жарнамаңыз – сіздің табысыңыз. Тел: 51-51-09

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16438, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор:а.жұмаева


8

керуен сарай Cейсенбі, 25 ақпан 2014 жыл

Қазақ киносының саңлағы

oral_oniri@inbox.ru

Құттықтаймыз! Құрметті Галилей Жангерейұлы! Сізді 75 жасқа толған мерейлі жасыңызбен облыс педагог­ тары атынан шын жүректен құттықтаймыз! Облыс білім саласы кәсіп­ода­ ғының басшысы болған осы­нау ұзақ еңбек жолыңызда сізді ел ерекше басқарушылық, ұйымдастырушылық және адами-азаматтық қырыңыздан жақсы танып-білді, әрі емендей берік те төзімді, қарағайдай қайсар да қайратты тұл­ға ретінде құрмет тұтады. Мерейлі жасыңызда асыл әке, сүйікті ата, отбасының ғана емес, барша ұстаздардың қамқоршысы болып, ұр­ пағыңыздың қызық-қуанышына, көпшіліктің құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспіз!

Құрметпен: Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Серік ИХСАНҒАЛИ, "Орал өңірі" Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен Гагарин атындағы кинотеатрда КСРО халық әртісі, атақты актер және режиссер Шәкен Аймановтың туылғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ киносының саңлағы» атты кеш өтті. Оған мектеп оқушылары мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенттері шақырылды. Шараға келгендер алдымен Ш.Аймановқа арналған кітап көрмесін тамашалады. Облыстық кітапхана ди­рек­ торының орынбасары Сара Кенжебаева Ш.Айманов­тың қазақ өнеріндегі айрықша орнына тоқталып, оның өмірінің қашанда үлгі тұтуға лайық екенін атап көрсет­ті. Шара барысында талантты тұлғаның өмірі мен шы­ ғармашылығына қатысты бейнекөріністер жиналған­ дар назарына ұсынылды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, зейнеткер Айман Қуатова өзінің 1963 жылы Ақтөбе қаласында Шәкен Аймановпен кездесуі жайында әсерлі әңгімелеп берді. М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенттері Д.Шамұра­ тов Ш.Аймановтың «Алдар Көсе» фильмінен монологты сәтті бейнелеп берсе, З.Қасымова атақты актердің сүйікті әні «Жиырма бесті» домбырада орындады. Шара­ға қатысушыларға Ш.Айманов басты кейіпкерін сом­даған «Алдар Көсе» кинокомедиясы көрсетілді.

www.zhaikpress.kz

Жәнібек ауданының тұрғыны, сүйікті әжеміз Ұлғаным Ахетқызын мерейлі 72 жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз біздің күніміз жарқыраған, Әжеден қуат алған жарты ғалам. Құны мен қасиеті тозбайтұғын Біз үшін әже деген алтын адам.

Тілек білдірушілер: немерелеріңіз Абзал, Жайнагүл Батыс Қазақстан облыстық мүгедектер ерікті қоғамының басқармасы облыс әкімінің ке­ ңесшісі, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанұлы ҚОЖЖАНОВТЫ 60 жас мерейлі тойымен құт­ тықтайды. Деніңізге саулық, шығарма­ шылық белсенді ғұмыр, мүмкін­ дігі шектеулі жандар үшін жаса­ған еңбегіңізге жеміс, отбасыңызға бақыт пен амандық тілейміз!

Ғасырға жуық тарихы бар об­лыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің, сондай-ақ ау­дандық газеттердің электрондық нұсқасын www.zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыздар. Сонымен қатар күн сайын­ғы жаңа­лықтар­мен танысуға да мүм­кіндік бар.

Сізді 75 жас мерейтойы­ңыз­бен Батыс Қазақстан облысы­ ның аудандық кәсіподақтар ұйы­ мының атынан шын жүректен құттықтаймыз! Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар ұйы­мын басқарған ұзақ жылдық тәжі­ри­беңізде сіз бастама жаса­ған үлкен деңгейдегі игі істердің куәсі болдық. Соның ішінде білім саласы қызметкерле­ рі­не көрсеткен игі қолдауыңызды өңір жұртшылығы ұмытпайды. Өркениеттің көшінен қалмай, Қазақстанның дамыған елдердің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық мақса­ тына жету үшін әр қызметкердің атқарып жатқан ісінің маңызы зор. Сіздің қоғамдағы әр кәсіп иелеріне көмек қолын созып, шынайы қолдау жасағаныңызды ел дамуы­на қосқан үлесіңіз деп білеміз. Ұзақ жылдық еңбегіңіз еленіп, халқыңыздың қалаулысы болып жүре беруіңізге тілектеспіз. Деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын. Ме­рей­ тойыңыз құтты болсын!

Құрметпен: Бөкей ордасы, Жаңақала, Қазталов, Қаратөбе, Сырым аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақтар ұйымының төрағалары Шыңғырлау ауданының тұр­ ғыны, ұлағатты ұстаз, елге елеу­ лі, халыққа қалаулы, жанұяның ұйытқысы, құрметті бажамыз Сабырғали Самиұлын мерейлі 70 жасқа толуымен құт­ тықтаймыз! Жетпіс деген жеті белес ғұмырың, Жетпісте де берік, мықты тұғырың. Құтты болсын 70 деген жасыңыз, Аман болсын жанұяңыз, басыңыз.

Игі тілекпен: Мұхит-Дәметкен

Аяулы да, сүйкімді, қамқоршы асыл анам Гүлшара Жапақова, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз болмағанда жарық дүниенің қадірін, махаббаттың ләзза­тын, мейірім шапағатын тереңінен сезінбес едік. Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілекте­рім өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан өзіңізге арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт бе­ ріп, аялап өсіріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, осы күнге жеткізгені­ңіз үшін алдыңызда мәңгі қарыздармыз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кет­пей, айналаңызға нұрыңызды шашып, аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз. Ұл-қызда­ры­ңыз­дың қызығын көріп, аман-сау ортамызда жүре беріңіз. Бақытты отбасыңыздың бе­реке­сі мәңгілік болсын. Туған күнің құтты болсын, анашым, Әрқашан да бізге үлгі, панасың. Тілеймін зор денсаулық, мол бақытты, Әр атқан таң әкелсін мол шаттықты.

Облыстағы №1 медиахолдинг

Құрметті оқырман!

Құрметті Галилей Жангерейұлы!

Тілек білдірушілер: жұбайыңыз Жансерік, ұл-қыздарыңыз Гүлжан мен Біржан

Шорттрекшілер бесінші орында Сочи қаласында мәреге жеткен қысқы олимпиада ойындарында шорттректен Қазақстан ұлттық құрамасы 5 мың метрлік эстафеталық жарыста финалда өнер көрсетті. Соңғы бәсекеде барлығы бес ко­манда бақ сынады. Әп дегенде, қы­ тайлықтар мен голландықтар құлап қалып, қазақстандықтар суырылып, алға кеткен ресейліктер мен амери­ кандықтардан кейін үшінші орында

келе жатты. Қола медаль қол созым жерде тұрғандай болған. Бірақ қа­зақ­ стандықтардың қарқыны бірте-бірте бәсеңдей берді. Сөйтіп оларды қы­ тайлықтар мен голландықтар қуып жетіп, басып озды. Атақты кәріс спорт-

шысы Виктор Ан бастаған ресейлік­тер олимпиада чемпионы атанса, АҚШ – күміс, қытайлықтар қола жүлде­ ге қол жеткізді. Мәдіғали Қарсыбеков бастаған ма­мандар жаттықтырған батысқазақ­ стандықтар Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев және қостанайлық Денис Никишаның бесінші орын алуы да – жақсы нәтиже.

Ғайса БӘЙМЕН


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.