Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет
+3 С -3 С 0
0
Сенбі, 15 наурыз 2014 жыл №30 (19949)
www.zhaikpress.kz
Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
Тұрғындар да
oral_oniri@inbox.ru
ӘЛЕУМЕТ
қамсыз отырмауы тиіс Қамқорланушылар қараусыз қалмайды
5
ардагер
4
жылдығы 7%-ға дейін, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің жылдығы 7,3%-ға дейін әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салым қалдығының 5%-нан бастап 7%-ға дейін
Банктік сыйақы мөлшерлеме Мемлекеттік жыл сайынғы сыйлықақы
8 (7112) 59-39-45, 59-39-76 (Орал қаласы үшін)
6
5, 10 жыл, салым мерзіміне ұзарту мүмкіндігімен, алайда 20 жылдан аспайды
Салым мерзімі
Толығырақ ақпаратты Банк бөлімшелерінен ала аласыздар. Байланыс орталығының телефондары:
"Марафоншы" ағай
8 8000 8000-59
Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операцияларды жүргізуге берілген 2008 жылғы 6 тамыздағы №10 лицензия
(Қазақстан бойынша)
2
АҚПАРАТ Сенбі, 15 наурыз 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru Кеше облыстық мәслихаттың үлкен залында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен және барлық деңгейдегі әкімдер қатысқан кеңейтілген мәжілісте облыстағы кәсіпкерлікті дамыту тақырыбы жан-
P
P
«Жас Отан» жастар қанатының «Жастар ауылға» жобасы аясында кеңес орталығында медицина күні өткізілді. «Облыстық СПИД-ке қарсы күрес орталығы» мен «Қамқор жастар денсаулық орталығының» эпидемиолог дәрігері Эль вира Ақылбекқызы және мейірбикесі Зүлфия Елтайқызы «Мирлан» базарының сатушылары мен сатып алушыларына тегін қызмет көрсетті. Кеңес барысында 19 адамның денсаулығының жалпы жағдайын тексеріп, қан қысымын өлшеу, қан құрамын анықтау сынды қызметтер көрсетілді. Чапаев Орман және жануар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде көктемнің қам-қарекеті қызуда. Бударин тұқым бағынан көршілес аудандарға терек, үйеңкі, қара қат, жиде, акация, қарағаш, шаған көшеттерін, яғни 20 мың түпті жөнелтуге дайындық басталды. Мекеменің өз жұмысшықызметкерлері осы көктемде Орал-Атырау және Чапаев-Жа ңақала автожолдары жанына – 25 гектар жерге жиде, қарағаш, қарақат талдарын егудің жоспары пысықталды.
жақты талқыланды.
Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, «Орал өңірі» – Бүгінгі басқосуымыздың басты тақырыбы – орта және шағын бизнесті қалай дамытамыз деген мәселені егжей-тегжейлі қарастыру. Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы
«Ауыл адамы кәсібін ашуы үшін түсіндіру жұмысын ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗУ КЕРЕК»
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»
Бас жүлде – БҚГА-да Жақында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің спорт залында қала мыздағы ЖОО-лардың студент-қыздары арасында волейболдан ашық бі ріншілік өтті. Екі күнге созылған тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша ҚазИИТУ мен №19 орта мектеп командасы ІІІ жүлделі орынды иеленді. Финалдық ойын Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мен БҚГА командалары арасында өтті. Нәтижесінде БҚГА командасының шеберлігі басым түсіп, бас жүлдені жеңіп алды. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, медальдармен марапатталды.
Кәсіпкерлер күні белгіленсе... Осы аптаның бейсенбісінде «Парк-отель» кешенінің мәжіліс залында облыстың бір топ кәсіпкерлері ҚР Ұлт тық кәсіпкерлер палатасының ҚР Парламенті Мәжілісін дегі және ҚР Үкіметіндегі өкілі Аманжан Жамаловпен кездесу өткізді. Кездесуді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Әбсатиров ашып, жиынды өткізудің мән-мақсатын түсіндірді.
Еламан ӘЙПІШЕВ, «Орал өңірі» Сөз алған Аманжан Жамалов жиналғандарға Елбасының «Қазақ стан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жақсартуға жағдай жасау жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» №753 Жарлығы бо йынша жан-жақты түсінік берді. – Елбасы елімізде кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Оған дәлел – Елбасының шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге кезекті мораторий жариялауы. Кәсіпкерлікті өріс тетуге мұндай қолайлы жағдай көптеген елде жоқ. Сондықтан да бізге осы мүмкіндікті жете пайдаланып, бизнесті өрістетуіміз қа жет. Оның үстіне девальвацияға байланысты ұлттық қордан бө лінген қаржының басым бөлігі кә сіпкерлердің жобаларын жүзеге асыруға бағытталмақ. Бүгінгі кездесудің мақсаты мораторийге тікелей қатысты. Президент Жар
лығының мән-маңызын сіздерге түсіндіру және өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелер бо йынша ашық пікір алмасу, – деді Аманжол Мәкәрімұлы. Кездесуде сөз алған Жаңақала ауданынан келген кәсіпкер Досқали Мұратов, облыстық кәсіп керлер қауымдастығының төрағасы Әнес Ізтілеуов, «Даму» кә сіпкерлікті қолдау қоры» кеңесі нің мүшесі Әліби Оразов, «Шағын бизнес орталығы» қауымдастығының директоры Шолпан Махмудова, «Ақжол» демократиялық партиясы облыстық филиалы төр ағасының орынбасары Қайыржан Идиятов және басқалар жергілік ті жерлерде кәсіпкерлікті дамы туда шешімін таппай келе жатқан түйткіл жақтарын ортаға салып, оны шешуге ұлттық палата тарапынан қолдау қажеттігіне тоқтал ды. Кездесуде ел дәулетін еселеуге атсалысып жүрген кәсіпкерлердің кәсіби мерекесін белгілеу туралы ұсыныс түсті.
Назарбаев кәсіпкерлікті дамы туға үлкен көңіл бөліп, жыл сайынғы Жолдауларында баса мән беріп отыр. Президент тап сырмасына сәйкес, орта және шағын бизнестен түсетін түсімді жалпы ішкі өнімнің 50 пайызы на жеткізу бұл біздің негізгі міндетіміз. Барлық жағдай бар, кедергілер азайып, мемлекет та рапынан қолдау көлемі өсуде. Дегенмен Жайық өңіріндегі жағдай бізді қанағаттандырмайды. Мүмкіншілік бола тұра, ұйымдастырушылық қабілеттің жетіспеуінен немесе басқа да субъек тивтік кедергілердің кесірінен іс ақсап жатыр. Осы басқосуда қандай түйткілді тұстар бар, қандай объективті себептер аяғы мызға тұсау болып отыр, соларды анықтап, жою жолын бірлесіп іздестіреміз, – деді Нұрлан Асқарұлы. Өңір басшысынан кейін сөз алған облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов 2013 жылы Жайық өңірінде шағын және ор та кәсіпкерлік саласында жасал ған жұмыстарға тоқталып, кемшіліктерді, артта қалып тұрған тұстарды боямасыз, бүкпесіз баяндап берді. – Жалпы, бұл салада Батыс Қа зақстан облысының көрсеткіштері республика көлемінде орта ша деңгейде. Облыс деңгейіне келетін болсақ, Орал қаласы,
Ақжайық, Қазталов, Тасқала және Жаңақала аудандарының көр сеткіштері жаман емес, – деді М.Кәрімов. – Марат Шайдоллаұлы, республикада орташа деңгейдеміз дедіңіз. Жарайды, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстары негізінен өндірісті өңірлер ғой. Ал Қостанай, Жамбыл, Ақмола облыстары біз сияқты ауыл шар уашылығына баса мән беретін өңірлер емес пе? Сонда әрі қа рай не істеуіміз керек? Сонда кәсіппен айналысуға халықтың ынтасы жоқ па, бизнесті қолдау тетіктері дұрыс емес пе, әлде халыққа түсіндіру жұмыстары жетіспей жатыр ма? Яғни олай болатын болса, БАҚ арқылы насихатты күшейту керек, даму институттарының өкілдерін ау дандарға шығару керек, – деді өңір басшысы. Бөрлі мен Зеленовтың жақсы көрсеткіштері негізінен бұл ау дандардағы ірі өнеркәсіп орындарымен байланысты екендігіне тоқталған облыс әкімі «Егер бұл жерлердегі ірі кәсіпорындар болмаса, соның айналасын да жүріп табыс табатын шағын кәсіпкерлік нысандарынан түсе тін түсім де анағұрлым төмен бо лар еді» деген тұжырым айтты. «Кезінде мен Президентке өңдеу өнеркәсібі өскендігін баяндап тұрған кезімде ол менен
«Ал жарайды, осының ішінде қаншасының мұнаймен байланысы жоқ?» деп сұрады емес пе. Ал қазір Бөрлі мен Зеленовтың көрсеткішінен мұнай-газдан түсетін түсімді алып тастасақ не болады? Сондықтан шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесін де барлық аудандарды бірдей қарап, жұмыс қарқынын талдау керек. Өз-өзімізді алдап, жұбату дың қажеті жоқ. Бәріміз бірдей жасай алатын ортақ шаруаны қолға алуымыз қажет. Мал басын көбейту, егін шаруашылы ғын өркендету мәселесі күн тәртібінен түспеуі тиіс. Рас, ел бол ғасын бес саусақ бірдей емес. Үйде әлеуметтік көмек алып шалқайып жататындар бар. Жақын да менің қабылдауыма Жаңақала ауданының Айдархан ауылынан бір азамат келді. Қаладан пәтер, жұмыс сұрайды. Ауылда қалай күн көріп жүргенін сұрасам, «Жазда көлден балық аулап сатып, қыста үйде жатамын» дейді. «Жұмыс сұрап, ауыл әкіміне бардыңыз ба?» деп едім: «Бардым, биржадан бір жұмыс берді, оны істемеймін, арланамын» деп қарап тұр. Бұл не сонда? Ел арасында масылдық пси хология әлі бар деген сөз ғой. Аудан, ауыл әкімдері сіздер ха лықпен тығыз жұмыс істейтін азаматтарсыздар. Сондықтан мұндай «көңіл күйден» кейбір адамдарды арылту сіздердің күнделікті жұмыстарыңыз», – деді Нұр лан Асқарұлы. Жиында жекелеген ауылдық округтердің әкімдері өз ой-пі кірлерін ортаға салып, негізінен жергілікті жерде кәсіпкерлікті дамытуға кепіл мүліктің болмауы кедергі келтіріп отырған дығын қадап айтты. Сондай-ақ Шыңғырлау, Бөкей ордасы, Қаз талов аудандарының әкімдері, «Даму» қорының, «Атамекен» ұлттық палатасы жергілікті фи лиалының өкілдері сөз алып, ұсы ныстарын білдірді. Өңір басшысы орынбасары М.Кәрімовке аудандарда шағын және орта бизнесті дамытуды кеңінен наси хаттау жұмысын жолға қоюға тапсырма берді. Суреттерді түсірген Александр КУПРИЕНКО
ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru
Cенбі, 15 наурыз 2014 жыл
Салаға қатысты сауалдар сарапталды
Кеше облыс әкімінің орынбасары М.Кәрімовтың қа тысуымен кеңес өтті. Басқосуда аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері өңіріміздегі кәсіпкерлік саласының басшы-қосшыларымен кездесіп, саланы дамыту жайын талқылады.
Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі»
Ж
иында кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Миржан Сатқанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқар масы басшысының орынбасары Наурызбай Қарағойшин, «ҚазАг роҚаржы» АҚ БҚО филиалы директоры Төлебай Меңдіоразов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалы директоры Қайреден Жәкиев, «Да му» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ БҚО филиалының менеджері
Айнагүл Арыстанова өз салалары бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстардан хабарламалар жасады. «Даму» қорының менеджері Айнагүл Арыстанова гранттар, жаңадан өз ісін бастаған кәсіпкер лерге жедел несие беру, кепілдіктер, демеуқаржылар жайлы мағ лұматтар берді. «Ауыл шаруашылығын қаржы лай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалы директоры Қайреден Жәкиев аталмыш қор арқылы атқарылған істерге тоқталды. Жиынға қатысқан ауылдық округ әкімдері мүмкіндігі шектеулі жандарға несие беру, суармалы егістікке субсидия беріл-
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы Жоба
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы зеге асырылатын жануарлардың «Қазақстан Республикасындаэнзоотиялық ауруларының тізбе ғы жергілікті мемлекеттік басқа ру және өзін-өзі басқару туралы» сі бекітілсін. 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ве2. Осы қаулының орындатеринария туралы» 2002 жылғы луын бақылау Батыс Қазақстан 10 шілдедегі Қазақстан Республи облысы әкімінің орынбасары касының Заңдарын басшылыққа А.К.Утегуловке жүктелсін. ала отырып, Батыс Қазақстан об 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнлысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: тізбелік он күн өткен соң қолда 1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы нысқа енгізіледі. бюджет қаражаты есебінен жү Облыс әкімі Н.НОҒАЕВ 2014 жылғы «__» _________ № _______ Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі № 1
Жануарлардың түрі Жануардың бірнеше түріне ортақ аурулар
Аурулардың түрі гиподерматоз трихофития псороптоз
2
Қой мен ешкі аурулары
гельминтоз
меуі сияқты кәсіпкерлердің көк ейінде жүрген сауалдарды жет кізді. Ауылдағы ағайынның үй лері несиелер үшін кепілдікке алынбай жатқаны да сөз болды. Қайреден Жәкиев: «Ауылдарда жаңа үйлер жоқ, ең жаңасының салынғанына 30 жыл болған. Тәуелсіз сарапшылардың да өз та-
лабы бар. Олар мүліктің сол жердегі бағасына қарайды. Біреулер үйіме 10 млн. теңгеге жөн деу жасалған деп келгенмен, ол жерде ондай қаржыға үйді ешкім ала алмауы мүмкін. Яғни сол жергілікті жердің нарығына қарай бағалайды» деп жауап берді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ БҚО филиалы директоры Төлебай Мең діоразов баяндамасында өздері нің облыста атқарып жатқан істеріне тоқталды. Аймақтағы 300дей шаруаға несие бөлген «Қаз АгроҚаржының» бөлімше басшы сы «1 млрд.-тан астам теңгеге техника алуға көмек көрсеткіміз келеді» дейді. Бұлардың пайызы бұрын 8-12% болып келсе, былтыр дан бастап 7 пайыз болды. Жиын ға қатысушылар «Тракторларды сақтандырған дұрыс, ал олардың тіркемесінде жүретін техниканы сақтандырудың қажеті не?» деген қарапайым шаруалардың сұрағын да жеткізді. Бұл мәселе облыстан бекітілмейтінін, оның аса үлкен қаржы еместігін айтты баян дамашы. Басқосудан ауыл-аймақтың әкімдері халықтың жағдайын түзеуге бағытталған маңызды ақ парларды, жаңа мүмкіндіктерді елге жеткізіп, ол істерді атқаруға құлшынып барарына сенім мол. Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ
3
Өлкетануға арналған семинар Осы аптада облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында «Өлкетану – патриоттық тәрбиенің қайнар көзі» атты семинар өтті. Семинарға аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері, музей қызметкерлері, қалалық меңгерушілері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинардың мақсаты – турис тік-өлкетану және мектеп музейлері қызметін жандандыру, қызметкерлердің өлкетану бағытындағы білімін жетілдіру, озық тәжірибелерді насихаттау, әдістемелік көмек көрсету. Семинар аясында ОБЖТжЭО музейіне саяхат жасалып, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ музейінде шеберлік кла сы ұйымдастырылып, секция лық жұмыстар жүргізілді.
«Тәрбие – талбесіктен» Теректі ауданының Қызыл жар негізгі мектебінде «Тәр бие – талбесіктен» атты шара өтті. Қыз балаларды имандылық қа тәрбиелеу мақсатындағы шараға 7-9-сынып қыздары және А.Досмұханова, Ф.Ертекешова, Б.Жанғалиева, А.Әбіл ғазиева секілді үй шаруасындағы көп балалы аналар қатысты. Кездесуде мектеп директорының орынбасары Ж.Бай нешова «Қыз қылығымен сүйкімді» тақырыбында баяндама жасаса, психолог Б.Сақыпкереева аналармен тренинг өт кізді. Содан соң мектеп медбикесі Н.Ізбасова қыз бала гигиенасы тақырыбында дәріс оқыды. Шара барасында аналар да өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Сұйытылған газ бағасы бақылауда Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің БҚО бойынша департаментімен моторлы отын ретінде пайдаланылатын сұйы тылған газ бағасы реттелетін на рық субъектілеріне, соның ішін де «Алау» ЖШС-ға 1 литр үшін (ҚҚС-сыз) 47,79 теңге (ҚҚС-мен 53,53 теңге), «Тәуекел» ЖШС-ға 1 литр үшін (ҚҚС-сыз) 47 теңге (ҚҚС-мен 52,64 теңге) шамасында белгіленген. Бұл бағалар 2012 жылдың мамыр айынан бері өзгерген жоқ және күні бүгінге қол даныста. – Реттелетін нарық субъекті сінің бағалардың алдағы көтерілетіні жөніндегі хабарламасы табиғи монополиялар салала рындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға еліміздің заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылуы тиіс. Олай жасалмай, кәсіпкерлер мен заң-
ды тұлғалар сұйытылған газдың бағасын өз бетінше көтеріп, әкімшілік құқықбұзушылыққа барса, онда алынған табыстың 10%-ы мөлшерінде айыппұл салынады, – деді ТМРА БҚО бойынша департаментінің басшысы Ербол Есіркепов. Департамент мамандарының айтуынша, «Алау» және «Тәуекел» ЖШС-ларында сұйытылған газға белгіленген бағаны көтеру фактілері орын алған жағдайда, ба ғаны тұрақтандыру жөніндегі жұ мыс комиссиясының облыстық штабына 50-42-04 телефоны арқылы хабарлауға немесе ҚР Та биғи монополияларды реттеу агенттігінің БҚО бойынша департаментіне, Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1, 4-қабат (қалалық әкімдік ғимараты) мекенжайы бойынша жазбаша жүгінуге болады.
Өз тілшіміз
Тасқынға әзірлік Жақында Сырым ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Көк тем – 2014» оқу жаттығуы өт ті. Аталмыш шара аясында арнайы комиссияның отырысы ұйымдастырылып, бұған аудан әкімі Абат Шыныбеков төр ағалық етті. Жиын барысында көктемгі су тасқынын апатсыз өткізуге бағытталған шаралар талқыланып, төтенше жағдай орын алған жағдайда оны жою ға жұмсалатын күш пен қаржы мәселесі пысықталды. Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Т.Жақыповтың айтуынша, су тасқынының алдын алу мақ сатында ауданда 3000 дана қанар, 40 тонна қиыршық құм, 3 тонна дизель отыны, 3 тонна «АИ-80» бензині, 5 сусорғы (насос) дайын тұр. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Орал қаласынан мұз жаруға арнайы үш бригада шақыртылмақ.
Өз тілшілеріміз
4
ел-жұрт Сенбі, 15 наурыз 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Жаңа технологияларды енгізу жалғаса бермек Кеше Орал қаласында «Еуразиялық өзен аралығы» экономика білімінің «Ғылым-Білім беру-Тәжірибе» кластерлік триадасы» тақырыбында Менделеев жобасының VІІ халықаралық интеграциялық конгресі өтті. Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі, БҚО әкімдігі, «Еуразиялық іскерлік кеңес» еуразиялық экономикалық қауымдастығы, Ресей тауар өндірушілер одағы, «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы, Ресейдің инженерлік академиясы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының БҚ филиалы, «Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» (ҚазИИТУ) ғылым-білім кешені ұйымдастырды.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі» Форумға облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев, ҚР Ұлт тық инженерлік академиясының академигі Талғат Жүнісов, Қазақ станның және Ресейдің жоғары және орта техникалық оқу орын дарының басшылары мен ғалым дары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев конгреске қаты
сушыларды форумның ашылуы мен құттықтады. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ғылымға негізделген эко номикаға қол жеткізу, жаңа инно вациялық ізденістерге ден қою, әлемдік озық технологияларды экономиканы дамытуда ұтымды пайдалану керектігін тапсырға нын еске салды. «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің президенті Ақсерік Әйтімов те шараға қатысушыларға қош келдіңіздер
дей келе, көрші Ресейден ат арытып келген ғалымдардың бір шоғырын көпшілікке таныстырды. Олардың арасында Самара мемлекеттік және муниципалдық басқару академиясының ректоры В.Семенычев, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры С.Ки бальников, Саратов мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық уни верситетінің профессоры Р.Бай ниязов және өзгелері бар. «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешені заман тынысын әріден сезініп, іргедегі Ресеймен екі арада ғы лым, инновация салаларындағы интеграциялық үдерістерге баса мән беріп келеді. «Еуразиялық өзен аралығы» атты халықаралық қоғамдық қозғалыстың шеңберін де аталмыш кешенде ғарыштық технологиялар, автоматтандыру және радиоэлектроника, сонымен қатар салааралық технологиялар бойынша ғылыми конференция-конгрестер ұйымдастыру дәстүрге айналды. - «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешені 2010 жылдан бері Пенза мемлекеттік университеті және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақтың ұлттық техникалық университеті-
мен бірлесіп, интеллектуалдық және инновациялық идеялардың трансфертін жүзеге асырып келеді. Былтырдан бері Ресейдің «Дубна» халықаралық табиғат, қоғам және адам университетімен «Бірқалыпты инновациялық даму» атты консорциумдық жоба жұмыс істеуде. Осындай жұмыстардың нәтижесінде біздің уни верситет ғалымдары Кедендік одақ мемлекеттері және Еуропа ның ғылыми орталықтарымен тұрақты байланыс орнатып, инно вациялық көрмелерге қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ соңғы жылдары Ресей мен Еуропада өткен ғылыми инновациялық көрмелерде қайтадан жандандырылатын энергия, автоматтандыру және телемеханика, радиоэлектроника салаларын қамтитын жобалар жоғары бағаланды, деді форумда ҚР Ұлттық инженерлік академиясы БҚФ-ның төр ағасы, «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің президенті Ақсерік Әйтімов өз баяндамасында. Оның айтуынша, Мәскеудің, Дубнаның, Самараның, Тольяттидің, Орынбор мен Саратовтың жетекші ғалымдарын университеттегі оқу үрдісіне тартып, зияткерлік ин-
вестициялардың құйылуына мүмкіндік жасалған. Соның бір дә леліндей мысал, С.Королев атын дағы Самара мемлекеттік аэро ғарыш университетімен арадағы жасалған келісімшарт негізінде ҚазИИТУ ғалымдары ғарыштық аппараттар тікұшақтары иондық қозғалтқыштарының жаңа үлгілері мен жобаларын жасаған. Жобалар Самарадағы аэроғарыш университеті ғылыми ұжымының жоғары бағасына ие болды. Осындай ілкімді жұмыстардың нәтижесінде оралдық универси тет кешені Еділ өңірінің ІТ технологиясы саласындағы жетекші жоғары оқу орнындағы қауымдастығының құрамына кірді. Көрші мемлекеттердің ғылым жолындағы ізденістерін бір ар нада тоғыстыратын кезекті ин теграциялық конгреске қатысу шылар алдағы уақытта да бірле сіп жұмыстануға дайын екендіктерін жасырмады. Дубналық халықаралық университеттің және М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеттің ғалымы Сергей Кибальниковтың айтуынша, өткен жылдан бастап «Дубна» университетінде ҚазИИТУ-дың жас мамандары қатарынан магистранттар даяр лаудың арнайы бағдарламасы қолға алынған. Ал самаралық бір қатар мемлекеттік университеттерде осы үрдіс жалғасуда. Осының бәрі – ғылымдағы интегра цияның нақты мысалдары. Сондықтан инновация, жаңа техно логияны трансферттеу бағытын- дағы жұмыстар жалғаса бермек.
Тұрғындар да қамсыз отырмауы тиіс Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі»
Орал қаласы әкімдігі мен қалалық коммуналдық шаруашылық басшылары БАҚ өкілдеріне өзендердегі көктемгі судың көтерілу кезеңіне дайындықтары жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді. Облыс әкімдігінде ұйымдасты рылған бұл жиында қала әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиев жалпы ахуал, дайындық шарала ры жөнінде мағлұмат берді. Дәл қазір өзендердің бетіндегі мұз сөгіліп, сең қозғала қойған жоқ. Мұз жару әлі басталмады. Соңғы күндері жылымықтың әсерінен Оралдың кейбір көшелерінде қар суы жиналуда. Қалалық жол пайдалану кәсіпорны көшелердегі қарды біраздан бері шетке шы ғарып жатса, енді шалшық суларды сору жұмыстарын да бастады. Төтеншеліктер Жайықтың бастауында отырған көрші елдегі әріптестерімен ұдайы байланыста екендіктерін айтады. Өзен суы көрші елден көбейіп келмесе, өзімізде биыл қар аса қалың емес. Сондықтан шаһар аумағындағы
өзен жайылмаларында салынған саяжайларды мекен еткен халыққа қауіп бар. Қала әкімінің орынбасары Ға лым Орынғалиев су тасқыны орын алған жағдайдағы іс-шаралар жоспары арнайы комиссиямен талқылана отырып бекітілгенін, құзыретті орындар сол жоспар ларға сай қимылдауға әзір екен дігін мәлімдеді. «Су басу қаупі жоғары аумақтар анықталып, ол жерлердегі барлық арықтар мен құбырлар тазартылды. Су бөгетте рі нығайтылып, сол жерде шұғыл әрекеттерге әзір жұмыс топтары әзірледі. Әзірлік жұмыстарына 27 млн. теңге қаржы бөлінді. Төтенше қорда 106 млн. теңгедей қаржы бар» деді Ғалым Орынғалиев. Саяжайларда 7583 адам мекен етуде. Әкім орынбасарының айтуынша, ол адамдар қауіп-қатерден хабардар, түсіндіру жұмыстары
әлі де жүргізілуде. 3 наурыз күні саяжай қауымдастықтарының төр ағаларымен жиналыс өткізіліп, қажет жағдайда қауіпсіз жерге көшуге әзір болулары ескертілген. Жер үйлердің тұрғындары да қамсыз отырмай, аулаларындағы қарды көшеге шығарулары қажет. Коммуналдық қызметтердің бар лық күші бүгіндері қар шығаруға бағытталған, көшеден қала сыртына тасу соларға міндеттелген. Оралдың көшелерінде күн сайын 360-қа жуық жұмысшы, 100 шақты техника еңбек етуде. «2011 жылғыдай үй берілмейді, сондықтан жеке үйлердің суға кетпеуіне қожайындары да ынталы болып, әрекет етулері керек» деп ескерте кетті баяндамашы. БАҚ өкілдерінің түрлі сауалдарына жауап беру барысында басшылар Орал қаласының Зашаған
кентіндегі Кең дала, Сарытау шағынаудандарындағы, Асан ауылы жағындағы жыл сайын суға кетуге шақ қалатын аймақтарға да тоқталды. Зашағандағы ұзындығы 3 шақырым шамасындай бөлігіне құбыр салынбаған Брусиловский көшесінің, дәл осындай күй кешкен Сарытау трассасының инженерлік құрылысы болашақта өзгеретінін, құжаттары әзір екендігін айтты. Қырдан келген қар суына тұтас екі шағынауданнан шыққан су қосылып, Брусиловский көшесінің Орал-Тасқала тасжолымен қиылысқан тұсына, тек бір жерге қатар салынған үш жол асты құбырына сыймай, жыл сайын сол маңдағы үйлер қиын жағдайда қалады. Жыл сайын тасыған су сыймағасын асфальт жолды қопарумен, төтеншеліктер түнімен сол маңда көліктерінде
қонып таңды атырумен келеді. Бұл жағдай бірнеше жыл қайталануда, ал қала әкімшілігі жағдайдан хабардар екен. Қыстан қаланың жылу және электр жүйелері апатсыз шықты. Көктемгі кезеңге де сақадай саймыз дейді жиынға қатысқан атал ған саланың басшылары. Жол пайдалану кәсіпорнында (ДЭП) халық үшін күндіз-түні диспетчерлік қызмет жұмыс істемек. Үйлеріне су кіру қаупі төнсе тұрғындардың өтінішіне сай, қажетті техника жіберуге әзірміз деді мекеме басшысы өз сөзінде. Айтуын айтады-ау, бірақ жылдағыдай нағыз керек кезінде техникалары мен жұмыс күші таныс-тамыр мен дәулеттілердің коттедждерінің ауласын тазалаудан босамай қалмаса болғаны... Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ
ӘЛЕУМЕТ Сенбі, 15 наурыз 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Тәлімгер Бақыт Есенғалиева облыстық зейнетақы төлеу орталығында еңбек етеді. Үдеріс бөліміндегі маман. Өз міндетін атқарып қана қоймай, жанындағы үш әріптесінің жұмысын бақылап, қадағалап отырады. Өйткені орталықтағы жұмыс өте күрделі де жауапты. Оның осы ұжымда еңбек еткеніне биыл 13 жыл толмақ.
Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі»
Б
ақыт – қарапайым отбасынан шыққан адам. Жәнібек ауданының орталығында Жұмабай және Нәбира Ахетовтардың отбасында өсіп-өнді. 1989 жылы №1 орта мектепті бітіріп, технолог немесе бухгалтер мамандығын алуды мақсат етті. Асыл арман жолында Ленинград, Қарағанды сынды үлкен қалалардағы жоғары оқу орындарын «шабуылдап» көрген, жолы болмады. Алайда тумысынан сабырлы бойжеткен оған абыржыған жоқ. Алматы қаласындағы арнаулы орта оқу орнын қызыл дипломмен бітіріп, елге оралды. Аспаз, кейін технолог болып істеді. Сонымен бірге Орал қаласындағы қайта оқы ту бағдарламасы бойынша алты айлық курсты аяқтап, бухгалтероператор мамандығын меңгерді. Қай жерде жүрсе де, байыпты мінезі және тындырымдылығы мен көзге түскен жас маманды 1998 жылдың сәуірінде аудандық зейнетақы төлеу орталығына қызметке шақырды. Сөйтіп, бүгінгі мансабына барар жол сол кезден бастау алған-ды. 2001 жыл. Бұл – Бақыттың өміріндегі айрықша кезең. Ол өзі нің теңі әрі жерлесі Арман Есен ғалиевпен көңілі жарасып, тұрмыс құрды. Заманның ауыртпалығына байланысты жас жұбайлар атааналарының батасын алып, облыс орталығына қоныс аударуды ұйғарды. – Риза болатыным сол, – дейді бүгінде Бақыт Жұмабайқы зы, – облыстық зейнетақы төлеу орталығы басшысының алдына келіп: «Сізге қызметке ауысайын» деп едім, Асқар Қожымов сөзге келместен, рұқсатын берді. Ұжым да жатырқай қойған жоқ. Әсіресе, сол кезде бастықтың орынбасары болған Қарабалин Аян ағама алғысым шексіз. Мені ерінбей-жалықпай үйретті, сәл сәтсіздігіме өкініп, жетістігіме қуанды. Нәтижесінде жұмысыма біртіндеп төселіп кеттім. Оның ата-анасы да – өнегелі жандар. Өздерінің бір ұл, екі қы зын өсіріп, ұясынан ұшырып қана қоймай, бауыры Жақсыбайдың бес қызын қосып асырады. Сонау жылдары інісі мен келіні бірінен соң бірі мезгілсіз өмірден өтіп, бес қызы жетім қалған-ды. Амал не, белді бекем буып, ерлі-зайыпты
5
Облысымызда 708 әлеуметтік қызметкер 613 мүгедек балаға, 373 он сегіз жастан асқан пси хоневрологиялық ауруы бар мүгедек терге және 2441 жалғызбасты қариялар мен бірінші, екінші топ мүгедектеріне арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде.
Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі» екеуі ата-аналық міндетті мойнына алды. Қазір бес қыз өмірден орындарын тапты. Бәрі де бірбір шаңырақтың түтінін түтетіп отыр. Осындай нәтижеге көңілі жайланған абзал ата-ана Оралда ғы шаңырағында қарттықтың қызығына кенелуде. Бақыттың өзі де қазір үш қыздың анасы. Ол жұ мыстан қол үзбеуінде енесі Зәу рештің көп көмегі барын баса көрсетті. Тәжірибелі маман уақыт созбай, осында жоғары білім алды. Жоғары санатты маман талай рет мақтау қағазы және ақшалайзаттай марапатқа ие болды. Мә селен, былтыр әлеуметтік сала қызметкерлері күніне орай тұр мыстық техникаға ие болды. Тіпті оған мансаптық өсу жөнінен де ұсыныс болған екен. Мысалы, Бөр лі, сонан кейін Жаңақала аудан дық зейнетақы төлеу орталығына басшылыққа бару жөнінде ұсыныс болса да, бас тартыпты. – Біріншіден, осында үйреніп қалдым. Екіншіден, өзіммен қоян-қол тық еңбек ететін Б.Ортанбаева, А.Атаев, Р.Ибраева сынды әріп тестерімді қиып кеткім келмейді. Үшіншіден, басшы болуға ынтам жоқ , - дейді ол ағынан жарылып. Осындағы 13 жыл ішінде ол бір де-бір рет сөгіс не ескерту алып көрмепті. Таңғаларлық түгі жоқ, байыпты да сабырлы маман ха лықтың тілін таба біледі. Ал оған келушілер – зейнеткерлер, мүмкін дігі шектеулі жандар және әйтеуір әлеуметтік демеуді қажетсінетін жерлестеріміз. Кәнігі маман олар ға сағаттап отырып, түсіндіруден немесе кеңес беруден жалық пайды. Телефон шалса да, асық пай түсіндіріп жатқаны. Әйтеуір, келушінің бәрі оған алғыс айтып, кетіп жатады. – Біздің жұмыс есеп-қисаппен тығыз байланысты. Бір әріп немесе бір сан қате салынса, бүкіл ұжымның жұмысы зая кетеді. Өзім кезінде технологпен қатар, бух галтер болғым да келді. Біздің жұмыс – тап-таза бухгалтерлік іс. Сондықтан жұмысыма ризамын. Келешекте де кәсіптік шеберлігімді жетілдіре бермекпін. Жыл сайын ұжым жас маман дармен толығуда. Оларды үйрету, баулу өзгелермен қатар Б.Есен ғалиеваға да жүктелген. Ал ол тәлімгерлік міндетін күнделікті жұмысымен қатар ойдағыдай атқаруда.
Қамқорланушылар
С
ондай-ақ облыс бойын ша 1235 қамқорланушыға арналған 9 медици налық-әлеуметтік мекеме жұмыс жасайды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеумет тік қорғауға жататын халықтың әлжуаз топтарына, соның ішінде мүгедектерге арнаулы әлеумет тік және әлеуметтік қызметтер көрсетілуінің баламалы түрлерін дамыту бағытында бірқатар қо ғамдық бірлестіктермен тығыз жұмыс жасауда. Олардың ішінде Батыс Қазақстан облысы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамының, Қазақ саңыраулар қоғамының облыстық филиалдары, «Арба», «Бәйтерек», «Диабет» қоғамдық бірлестігі және т.б. ірі қоғамдық бірлестіктер бар. Басқарма басшысы Кемел Сәдбековтің айтуынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шең-
қараусыз қалмайды берінде халықты әлеуметтік қорғау желісінде 50 психоневроло гиялық патологиясы бар балаға 3 үкіметтік емес ұйым арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткен. Бұл «Бәйтерек», «Диабет» жә не «Қазталовка» үкіметтік емес ұйымдары. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қазақ зағип тар қоғамы» қоғамдық бірлестігі 275 зағип жанға (көзі көрмейтін 1 топ мүгедектеріне) «Арба» қоғамдық бірлестігі 85 ті рек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге (кресло-арбамен жүретін мүгедектерге) жеке кө мекші қызмет көрсеткен. Облыс бойынша Капустин Яр және Азғыр әскери сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен, полигондармен шектесетін аумақтарда (6 аудан) тұратын мүгедектерге жергілікті бюд-
жет есебінен ай сайын әлеуметтік төлемдер беріліп келеді. Осы бағытта 2013 жылы 4028 мүге декке 126,3 млн. теңге әлеуметтік төлемдер төленген. Ал 2014 жылға осы әлеуметтік тө лемдерді өтеу үшін 141,1 млн. теңге қарастырылды. Халықтың әлеуметтік қорға латын тобына жататын азамат тарға қамқорлық көрсету, олар дың жағдайларына көңіл бөлу мақсатында жыл сайын 1 қазан мен 1 қараша аралығында дәстүрлі «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы өткізіліп келеді. Былтыр «Ме йірбандық күндері» айлығында демеушілік қаражат арқылы және жергілікті бюджет есебінен ақшалай және заттай түрінде барлығы 23669 адамға 80419,6 мың теңге көлемінде қайырым дылық көмек көрсетілді.
«Жылу жинап бермесең де...» Ақжайық ауданында да мүмкіндікгі шектеулілерді жұмысқа орналастырудың, кәсіпке оқытуды жалғас тырудың жолдары қарастырылуда. Әрине, біреуді біреу дің соншама жарылқап тастауы мүмкін емес. «Жылу жинап бермесең де, жүрек жылуын аяма» деген бар емес пе? Істің қайнар көзі осыдан арна тартуы керек-ау.
Б
ұл туралы апта басында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалын да мүмкіндігі шектеулі жандар ды еңбекке орналастыру тақырыбында болған басқосуда жанжақты талқыланып, баяндалды. Бірсыпыра кәсіпорын, мекемелер жетекшілері, мамандар шақырылып, аудан әкімінің орынбаса ры Асқар Әбуғалиев жүргізген бұл кеңесте өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған мүгедек жандар жайында көптеген мысал келтірілді. Демек, мүмкіндігі шектеулілер өздерінің өмірге құштар-
лықтарын, еңбекке мүмкіндікте рін дәлелдеп келеді. Қазір ауданда 1504 мүгедек бар, бұл – барша тұрғынның 3,5 пайызы. Олардың еңбек жасындағылары – 928. Мемлекеттік мекемелерде, шаруа қожалықта рында, жеке ұйымдарда бүгінде мүмкіндігі шектеулі 160 адам еңбек етуде. Мүгедектер арасынан әлі де 341 адамды еңбекке орналастыруға қазір ауылдарда бар мүмкіндік қарастырылуда. – Жуырда ғана, - дейді аудан дық жұмыспен қамту және әлеу меттік бағдарламалар бөлімінің басшысы Талғат Қайрекеев,
– Мысалы, Ақсуат ауылында «С.Қадыралиева» жеке кәсіпорны ІІІ топ мүгедегі С.Төлегенованы, «Медет» шаруа қожалығы осындай топтағы А.Абиловты, Қабыр шақты ауылында «Дамир» ЖШС ІІІ топ мүгедектері Б.Құрманов пен Т.Досқалиевты, Тайпақта «Хисин» жеке кәсіпорны сол топтағы А.Құсановты тұрақты жұмыс қа қабылдады. Құрайлысай ауыл дық округінен ІІІ топтағы екі мүгедек жылыту қазандығының операторы оқуына жолданды. Кеңесте кәсіпорын, мекемелер жетекшілері өздерінде жұмыс жасайтын мүгедектерді мысалға келтіре отырып, осындай басқа да жандарға кәсіп табуда ізденетіндерін әңгімеледі. Осы ай дың аяғында жұмыс орындарына жәрмеңке өткізу ұйғарылды.
Болат ҚОСЖАНҰЛЫ, Ақжайық ауданы
6
ардагер Сенбі, 15 наурыз 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
«Марафоншы» ағай (қаз-қалпында)
Сегізінші сыныпқа баратын жылы біздің Қарауылтөбеде (ол кезде Тайпақ ауданына қарайды) бір жас жігіт пайда болды.
О
ның ауыл үшін алғаш қыда тосындау, қара пайым ауыл адамдары ның түсінігінде ерсілеу қылығын ең әуелі ертемен жайылысқа мал айдайтын әйелдер байқайды. Бір күні... Сонымен бір күні қырға қа рай мал айдай шыққан бір жеңге міз ауылға қарай құйын-перен жүгіріп келе жатқан біреуді көріп, шошып кетеді. Өзі алысқа шабатын тазылардай аяқ-қолы сымдай тырбиып қалған арық көрінеді. Оның үстіне тылтитып жұқа трико киіп алған. Елең-алаңда аяқ астынан сап ете қалған жын ба, пері ме деп жеңгеміз қорыққанынан иманы зіркілдеп шөкесінен отыра кетеді. Аяқтарын еріне басқан сиырлар да сәйгел тигендей ос қырына үркіп жөнеледі. Құйынперен шауып келе жатқан әлгі жас жігіт екен, әйелге қабағының астымен сүзе қарап, сәлемдеседі де, жүгіріп кете барады. Кейін біздің ауыл сан-саққа жүгірткен «марафоншы» (42 шақырым 195 метрді алқынбай жүгіріп өтетін спортшылар) әскерде жүріп-ақ, жүгіру мен шаңғы тебуден алдына жан салмаған спортшы, өзіміздің А.Пушкин атындағы пединститутта оқып жүргенде спорттың осынау қос түрінен облыстың чемпионы әрі құрама команданың мүшесі Сүйіндік Елекешұлы Ер кашевпен Қарауылтөбенің тұрғындары осылай танысып еді. Ал сол жылы қыркүйекте сегізінші сыныпқа (Тайпақ орта мектебі) келген біз сияқты малшымеханизаторлардың балаларының алдында денесі сымдай тартылған, жағына пышақ жанысаң, от шы ғарардай 25-тердегі жігіт тұрды.
Институтты тәмамдап келген беті екен. Екі қолын артына ұстап, әрқайсысымызға шүйіле қараған түріне біз алғашқыда күлкімізді жасыра алмай, біріміздің арқамызға біріміз тығылғанымыз есімде. Ағай одан сайын түсін суыққа салып, әрқайсысымызға сүзе қарап, тіпті қызық болғаны. Сосын арасында арқасына ері батқан сәйгүліктей екі иығын көтеріп қалады екен (бала деген пәленің байқамайты ны жоқ қой, кластасымыз Мұрат тентек санап отырса керек, кейін «Ағай 45 минутта иығын 357 рет қиқаңдатты» деді бізге). Ағай орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Оқулығымыздағы көрсетілген шеңберден шығып кетіп, сабағын еліктіріп, қызықтырып беретін. Орыстың осы қалай деген ақынжазушыларының бізге беймәлім тұстарын әңгімесіне тамызық етіп қоятын, бізді қызықтыратын өзіндік әдісі болатын. Бәріміз де ауыл баласымыз, орысшаға мүлдем шорқақпыз, түсінбейміз. Түсінбегесін тыңдамаймыз, шулап, тентектіктің неше шұрайлысын шығарамыз. Сондықтан бізге орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі шақ келмейтін. Ал Сүйіндік ағайдың келуімен жағдай 180 градусқа өзгерді. Әдеби кітабы көп екен, бір атан түйеге жүк болардай. Арасында құмартқандарымызға оқуға беріп, кейін қалай түсін генімізді тәптіштеп сұрап, талқы лайтын. Жазда елең-алаңда тұ рып жүгіретін ағамыз қыс келсе, шаңғыға тұрып, тоғайға қарай ызғытып бара жатады. Біз бұған кереметтей қызықтық та, ағайға қалай ілескенімізді байқамай қал дық. Ол кезде дене тәрбиесінен
бізге басқа ағай беретін. Бірақ біз Сүйіндік ағайға үйірсек едік. Тіпті мектеп директорына «Дене шынықтырудан бізге Сүйіндік ағай берсін» деп барып, ұрыс естіге німіз бар. Оның сойылдай себебі болатын. Өйткені дене тәрбиесінің мұғалімі сәл тентектік танытсақ, мектептің спорт залы деп аталатын жатаған ескі үйдің ішіне тек ер балаларды алып қалып, қыздарды «Далаға барып ойнаңдар» деп шығарып жібереді де, бізді кезектеп жұдырықтың астына алатын. Таңба түспесін деп іштен, бүйірден ұратын. Ал Сүйіндік ағай сырты суық болғанымен, саған шүйіле қарағанымен, жан дүниесі, жүрегі толып тұрған мейірім десе дұрыс болар. Қанша еркелік танытсақ та, қол жұмсамақ түгілі, дауыс көтеріп ұрыспайды. Бір қызығы, Сүйіндік ағайға «Балаларды жүгіруге тарт, шаңғы тептір» деп жатқан ешкім болмаса да, сабағынан тыс уақытта өз бетімен бізді үйрете берді. Соның да әсері шығар, ке йін осы жолдардың авторы об лыстық спартакиадаға қатысты. Ал саналы өмірін әскерге арнаған, бүгінде доғарыстағы майор Мырзашев Темір: «Сүйіндік ағайдың қысы-жазы бізді шыңдағанының пайдасын әскерде көп көрдім. Ағамыздың сол бала кезімізде бойымызға сіңірген спортқа деген құмарлық әлі басылған жоқ. Әлі күнге шаңғы тебемін» деп ылғи айтып отырады қазірде. Сөйткен Сүйіндік ағамыздың өмір жолына бір мезет қысқаша шолу жасап көрелікші. Оның со йылдай себебі бар екенін кейін айтамыз. Орал педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті
мамандығы бойынша тәмамдап, 1969 жылы Тайпақ орта мектебінен ұстаздық жолын бастайды (жоғарыда айтқанымыздай, ағайдың алғашқы шәкірттерінің біріміз. Е.Қ.). Ұстазымыздың аузынан институтта өзін оқытқан М.Тілеужанов, Н.Жигалин, Н.Фо кин, Е.Салихов сынды ұстаздар дың есімдерін жиі еститінбіз. Оларды құрмет тұта сөйлейді. «Ертең институтқа түссеңдер, ол ағаларыңды өздерің де көре сіңдер» деп әр шәкіртінің кө кірегіне үміт отын қондырып отырады. Ал ұлы педагогтар А.Ма каренко, Ы.Алтынсариндерді әулиедей көреді. Оларды темір қазық тұтатын өзіне, соларға ұқсауға тырысатын. Алғашқы ұстаздық жылдарында жас мұғалімге шын ақылшы, жанашыр бол ған аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Қ.Кенжеалиевті, инс пектор Ф.Иманқұловты Сүйекең бүгінде ылғи сағына есіне алады. Жақсы ұстаз, адамгершілігі биік азаматты алдыңғы толқын ағалары да бір жерде көп аялдатпай, жауап ты қызметкерге жұмсап отырды. Интернат меңгерушісі, аудандық оқу бөлімінің инспекторы, мектеп директоры болды. «Жақсы кадр партияға да керек» дегендей, Тай пақ аудандық партия комитеті аттай қалап, зор жауапкершілік жүктеп, өз қатарына шақырды. Ол жұмыстарды да ұршықша үйірді. Қысқасы, Сүйекең қай жұмысты да шашасына шаң жұқтырмай адал, жеріне жеткізе атқарды. Алқаусыз еңбегі мемлекеттік марапаттармен әлденеше әспеттелді. Бағана сөзіміздің басында қа
лам тербеуіміздің сойылдай себебі бар деп едік қой. Енді соған келейік. Кешегі спортшы, ұлағатты ұстаз, білікті маман, бекзат азамат осы наурызда 70-ке толғалы отыр. Ағайдың осыдан он жыл бұрын, 60-қа толғанына байланысты құрдастары қалжыңдайтын көрінеді. «Жайыққа жолама!» деп. Әзілдің астарында шындық жатыр. Алпысқа толатын күні мек тептің ІІІ тоқсанның есебімен ауданға шұғыл кетіп бара жатып, Жайықтағы бетіне қызыл су жүгірген мұздан жаяу өтуге тура келді. Жас баланың еңбегіндей былқылдап жатқан мұз күрт ойылып, күмп ете түсті. «Отчет суға кетеді-ау!» деген ой санасын тіліп өтіп (өзін ойламай тұр ғой), шым батып бара жатқан сәтінде құжаттар толы жуан папканы аулаққа қарай, құлаштай лақтырды. Мұз астына тартқан қатты ағыс, суға бөккен қалың киім құрдымға сүйреп, ақиреттің аузы арандай ашылды. Спортқа піскен шымыр дене аяқ астынан киліккен қауіппен қаса рыса айқасты. Бүкіл бұлшық еті болат серіппедей түйіліп, денесін мұз бетіне қайта-қайта лақтырумен болды. Ақыры шықты-ау, мұз бетіне! «Отчет жайына қалған болар сол күні, ағай?» дейміз бүгінде бала күнгі еркелігіміз ұстап. «Жоқ.Тоғай ішіндегі құрғақ ағаштарды жағып, малмандай киімдерімді кептіріп алдым да, сол күні ауданға жетіп, отчетті үлгерттім» дейді Сүйіндік ағай бізге қабағының астынан баяғыдай сүзіп жіберердей қарап. Жетпістің желкесіне шығып жатса да, ағамыз әлі де сол күйі, ащы терін алып, таң асырып қойған жүйріктей сол баяғы самдағай қалпы. Бүгінде Базартөбе ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы. Бірақ біздің оған сенгіміз жоқ. Дұрысы – бір кездегі «марафоншы» ағамызды қариялардың «ко мандирлігіне» қимаймыз. Ендеше, 42 шақырым 195 метрді алқынбай өтетін жігіт шақтың сарқыты 100-ге жеткізгей дейміз Сүйіндік ағамызға шәкірттері атынан!
Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ, «Орал өңірі»
Қауіпсіздік кепілі - табиғи газды пайдалану кезінде ережелерді сақтау! Жылыту маусымы әлі аяқталған жоқ жә не өрт немесе улы газбен улану қаупі өте жоғары. Жылыту маусымының басынан бастап Қазақстан Республикасы бойынша 25 жазатайым оқиға орын алып, 68 адам жарақат алды, оның ішінде 36 адам көз жұмды (күю және улы газбен улану салдарынан). Ал 2014 жыл басталғалы Батыс Қазақстан облысы бойынша қаңтар айында 5 оқыс оқиға тіркелді. 12 адамның денсаулығына нұқсан келіп, 6 адам газбен уланған. Талдауларға сүйенсек, оқыс жағдайлар тұтынушылардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан туындап жатады. Газдың қауіпті екенін бәрі біледі, алайда ұзақ уақыт бойына пайдалана келе, халық оған үйреніп кетіп, мұқияттылық туралы ұмытып жатады. Жабық орын-жайда газ жылыстауы кезінде газ-ауа қоспасы түзіледі, бұл кезде жарылыс болу үшін кішкене ғана ұшқынның өзі жеткілікті. Күзгі-қысқы мерзімдерде сыртқы ауа температурасының шұғыл төмендеуі-көтерілуі болып тұрады,
осының нәтижесінде түтінтартқыш тұрба лардың бастарының қатуы, түтінтартқыш тарға бөтен заттар түсуі мүмкін және түтінтартқыштардың тартуы нашарлауы немесе керісінше қатты тартуы мүмкін. Бұл жағдайда табиғи газдың толық жанбау өнімдері (улы газ) газдандырылған пештердің тесіктерінен, кірпіш қалауының саңылауларынан орын-жайға шығып, таралуы мүмкін. Улы газбен улану себептерін талдау көптеген тұрғын үйлерде түтінтартқышта жеткіліксіз тартылыс болғанын немесе мүлдем болмағанын, оларға жүйелі түрде алдын ала тазалау жұ мыстары жүргізілмегенін көрсетті. ҚР-ның 09.01.2012 ж. №532-ІV «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 30-бабы 4тармағына сәйкес «Ғимараттардың, үй-жайлардың түтіндік және желдеткіш арна ларының, инженерлік коммуникацияларды қосу нығыздамаларының иелері олар дың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті». Аталмыш Заңға сәйкес тұрғын үй иелері, яғни тұтынушылар
газ жабдығының қалыпты жұмысын, жылыту пештері мен газ суысытқыштарының түтінтартқыштарындағы тартылыстың болуын тексеруге, ал пайдаланып болғаннан кейін газ аспабындағы және оған түсетін жердегі шүмектерді жабуға міндетті. Улы газбен улану және жарылыс оқи ғаларының көбі жылыту аспаптарын пай далануға немқұрайлы қатынас, оларды өз еркімен қосу немесе арын ауыстыру, күмән туғызатын сападағы немесе қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдалану салдарынан болатыны белгіленді. ҚР-ның «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңы талаптарына сәйкес газ тұ тыну жабдықтарын қауіпсіз пайдалану мақсатында тұтынушыларға маманданды рылған ұйымдармен техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасау қажет. Газ жабдығына техникалық қызмет көр сету жиілігі: - жеке тұрғын үйлердегі жылыту жабдығы мен газ плиталары – жылына 1 рет, көпқабатты тұрғын үйлердің газ плиталары – екі жылда 1 рет. Мысалы, 4-ком-
порлы газ плитасына қызмет көрсету құны 706 теңгені құрайды, қызмет көрсету мерзімі екі жылда 1 рет, яғни айына 30 теңгенің айналасында. Бұл – қауіпсіздік үшін шағын ғана ақы. Өз тарапынан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушыларды қауіпсіз және үздіксіз газбен қамту үшін өз жауапкершілігін түсіне ді. Компанияда газбен қамту жүйелеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстар орын дауға жоғары жауапкершілікпен қарай тын білікті мамандар қызмет етеді. Тұрғын үйлерге табиғи газды бастапқы қосу алдында тұтынушылар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚӨФ-да газ аспаптарын қауіпсіз пайдалану және жылыту пештері мен газ суысытқыштарының түтінтартқыштарын пайдалану бойынша нұсқау алуы тиіс. Табиғи газ тек оны дұрыс пайдалана білген жағдайда ғана тұрмыста сенімді көмекші бола алады. Тұтынушыларды газ аспаптарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырамыз. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚӨФ
хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru
Cенбі, 15 наурыз 2014 жыл
Бижан Тілешұлы Иманғалиев Батыс Қазақстан облысының жұрт шылығы орны толмас ауыр қазаға душар болды. Тамаша азамат, абзал аға Бижан Тілешұлы Иманғалиевтің жүрегі соғуын мәңгіге тоқтатты. Б.Иманғалиев 1927 жылы 12 қара шада Шыңғырлау ауданы, Шоқтыбай ауылында туған. 1944 жылы Шыңғыр лау орта мектебін бітірген. Б.Иманғалиев Алматы заң институтын бітіргеннен кейін 1948 жылдан бастап, облысымыздың Тайпақ, Тасқала, Шыңғырлау аудандарында сот болып жұмыс жасайды. Бұдан кейін оны облыстық партия комитеті хатшысының орынбасарлығына ұсынады. 1954 жылы ол Жымпиты ауданының «Правда» газеті атындағы, «Бұл дырты» совхоздарының бастауыш партия ұйымы хатшылығына сайла нады. Бижан Тілешұлының одан арғы қызметі құқық қорғау органдарымен тікелей байланысты, әуелі БҚО ІІД тергеуші болып бастап, бұдан әрі об лыстық соттың төрағасы қызметін жиырма жыл үзіліссіз атқарды. Одан кейін облыстық адвокатура коллегиясын басқарып, сол жерде он жыл тұрақты қызмет жасаған. Оның бастамасы бойынша Бөрлі, Зеленов, Қаратөбе, Жымпиты аудандарында аудандық соттардың ғимараты салынды. Сол жылдары облыс бойынша бар болғаны 11 ғана адвокат бар еді, олардың өзі тек облыс орталығында ғана қызмет атқарды. Осымен байланысты аудан орталық тарында заң кеңесі кеңселерін ашты, соңынан алқа шешімі бойынша қорғаушылар аудандарға қызмет жасауға шығатын болды. Өзінің өмір бойы жиған бай іс-тәжірибесі мен мол білімін өзінен кейінгі жас әріптестеріне аямай берумен болған ақылшы, ұстаз аға еді. Күні бүгін шәкірттері кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде табысты қызмет жасап жүр. Зейнетке шықса да, қоғамдық қызметтен қол үзген емес. 2011 жылға дейін облыстық ардагерлер кеңесінің президиум мүшесі болды. Өзіне сеніп тапсырылған қай қызметте де ол жоғары кәсіби білігі мен ұйымдастырушылық талантын туған еліміздің гүлденіп, дамуы жолына жұмсады. Сот саласындағы ұзақ жылғы жемісті қызметі үшін «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жұмыстағы қол жеткен табысы үшін» белгісімен, «Үш би» медалімен марапатталды. Бижан Тілешұлын қызмет бабымен білетіндер оны кәсіби ісіне шын берілген маман, мемлекетіміз бен халқына адал жұмыс жасаған талапшыл адам ретінде жақсы танитын еді. Оның қазасы облысымыздың дарынды да жарқын тұлғаларының бірін арамыздан алып кетті. Жарқын бейнесі батысқазақстандықтардың жадында мәңгі сақталады.
Н.Ноғаев, С.Шәпкенов, А.Өтеғұлов, Б.Мәкен, М.Кәрімов, А.Бадашев, М.Тоқжанов, М.Құлшар, А.Көлгінов, Б.Жұмағалиев, М.Мұқамбетов, Қ.Нұрышев, С.Қараманов, Н.Жігітеков, А.Балтағұлов, Ә.Мұхитова, М.Абисатов
«Ақжайық» жаңа маусымда Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» премьер-лигаға қайта оралуды мақсат етіп отыр. «Ақжайық» футбол клубының спорттық директоры Ерболат Те мірғалиевтің айтуынша, қазіргі кезде команда бас бапкер Бауыржан Баймұхамедовтің басшылығымен Түркияда жаттығу жиынын өткізуде. Одан клуб 25 наурызда оралады. «Ақжайық» әзірге бір ғана легионер, болгариялық қорғаушы Иван Миховпен келісімшартқа қол қойды. Бірінші лига командаларында барлығы үш легионердің болуына рұқсат еті леді. Күні бүгін тағы екі легионер алу ойластырылуда.
«Ақжайықтан» жергілікті ойын шылардан Бауыржан Омаров пен Владимир Плотников «Тобылға», Сергей Шевцов Қызылорданың «Қай сарына» ауысты. Басқалары қатар да, соның ішінде өзге командаларда бақ сынап көрмекші болған Алексей Мальцев, Николай Забродин, Руслан Қайыров қайта оралды. Оралдықтар жаңа маусымның алғашқы кездесуін 6 сәуір күні өз ала ңында Талдықорғанның «ЖетісуСұңқар» командасымен өткізеді.
Арман БОЛАТҰЛЫ
2014 жылдың 4 сәуір күні сағат 14.00 Батыс Қазақстан облысы ның Бөрлі ауданында орналасқан Жарсуат ауылының мәдениет сарайында «БОЛЗ» ЖШС компаниясы төмендегі жоспарлар бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді: 1. ЖШС Секва Петролеум (Қазақстан) 2014 жылға табиғатты қорғау шаралар жоспары - ұңғы маны сынау. 2. Exalo Drilling АҚ Қазастан Рес публикасындағы филиалының 2014 жылға табиғатты қорғау шаралар жоспары – ұңғыманы бұрғылау. Сұрақтар туындаған жағдайда, қосымша мәлімет алу үшін төмендегі байланыс телефондарына жә не электрондық мекенжайға хабарласыңыз: Телефон: +7 272 227 90 30. e-mail: daniyar.slanbayev@ sequa-petroleum.com
Қаратөбе ауданы Аққозы ауылының тұрғыны болған аяулы анамыз Бақытжан Тағыберліқызы егер де ортамызда болса, 15 наурызда 70 жасқа толар еді. Асыл ана, сөнбейді шырағыңыз, Өмірде биік тұрар Құраныңыз. Алдың жарық, ал артың пейіш болып, Жәннатта болсын орын, тұрағыңыз.
Сағына еске алушылар: балакеліндері Жалғас, Оралбек-Гүлназ, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері Жәнібек ауданының тұрғыны болған сүйікті әкеміз Садыр Құрманғалиұлы Джуматовтың бақилық болғанына 19 нау рызда 5 жыл болады. Желеп-жебеп жата бер ұрпағыңды, Есіркеп жан-жарыңды гүл бағыңды. Жоқтаушы ұл-қыз, жиен-немерелер, Ардақтап өтер әр кез тұлғаңызды.
«Намыс» спорт клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос лауазым орындарына орналасуға конкурс жариялайды: 1. Бас есепші – 1 бірлік. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімді (экономикалық, бухгалтерлік, аудиторлық), 3 жылдан жоғары еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесінің болуы, компьютер бағдарламасын, 1С бухгалтер бағдарламасы 8.2 нұсқасын және мемлекеттік тілді білуі керек. Қажетті құжаттардың тізбесі: Түйіндеме, кадрларды тіркеу парағы, жеке куәлік (көшірме), СТН (көшірме), ЭЖК (көшірме), медициналық кітапша немесе (№086), еңбек кітапшасы, зейнет ақы қоры шарты (көшірме), диплом (көшірме), 3х4 фото 2 дана. Құжаттар газетке жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде мына мекенжайда қабылданады: Орал қаласы, Айтиев көшесі, 68, тел. факс: 54-29-39.
«Урал Ойл энд Газ» ЖШС ҚР Экологиялық кодексінің 57-тармағына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының экология бойынша департаментіне келесі жобаларды қарап тексеруге және ұйғаруға жолдайды. 1. «Газконденсатты Рожков кен орнын тәжірибелікөнеркәсіптік пайдалану жобасына қосымша» жобасы. 2. «Газконденсатты Рожков кен орнын тәжірибелікөнеркәсіптік пайдалану жобасына қосымшасына» қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау жобасы.
7
Сағына еске алушылар: балакеліндері, қызы және немере-жиендері Теректі ауданы Дуана ауылының тұр ғыны болған әкеміз Сырым Құмарұлы Макашев егер тірі болса, 17 наурызда 63 жасқа толар еді. Әкеміздің жарқын бейнесі әрқашан көз алдымызда, әр сөзі жү регімізде сақталады. Енді бізге атпайды таң арайлы, Жүрміз ғой сенсіз өткен санап айды. Артында анам қалды жасын төгіп, Сұм ажал көңіліңе қарамайды. Өзіңмен өткен күндер жатқан аңыз, Еске алып сағынышты ақтарамыз. Немере, жиендерге өнегеңді, Бейнеңді естелік қып ап барамыз. Сіз жоқта күлкі де жоқ, тыйылды әнім, Тағдырдың қабылдадық құйындарын. Жан әке, торқа болсын, топырағың, Тілейміз жұмақтан төр бұйырғанын.
Сағына еске алушылар: зайыбы Жұмағаным, қызы Ботакөз, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері Қазталов ауданы Сатыбалды ауылының тұрғыны болған әулетіміздің аяулы келі ні, шәкірттерінің сүйікті ұстазы, ұлының асыл анасы, адал жар Рима Өтешқызы Қуандықованы сағына еске аламыз. Арамызда болса, 18 наурызда 50 жасқа толар еді. Рима өз ортасында сыйлы, адамгершілік қасиеті биік, шырқата ән айтатын ерекше дауысы бар еді. Жалған өмір десеңші, жатқан жері жарық, иманы жолдас болсын. Ұлыңды қор ғап, рухыңмен демей гөр, Рима.
Еске алушылар: Қабдоловтар әулеті
«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор
Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН
Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)
8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126
Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08
Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.
Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген
Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.
Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компьютерлiк орталығында терiлiп, беттелдi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16475, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: Ұ.Сариева
8
керуен сарай oral_oniri@inbox.ru
«А+» топтағы бүлдірген көшеттері
бүлдірген (Алып) «гигантелла» *
60
мм
де
Өнімі 50 % көп!
Маусым ішінде 3-4 қайтара өнім береді!
йі
5 көшет – 3500 т. 10 көшет – 6000 т.
н
бүлдірген «Альбион» *
Жидек 125 грамға дейін
5 көшет – 3500 т. 10 көшет – 6000 т.
бүлдірген (Ақ арман) «Белая МЕЧТА» * 3 көшет – 3500 т. 6 көшет – 6000 т.
Суперұсыныс! үш бүлдірген жиынтығы жиынтық - 15 көшет Гигантелла 5 көшет + Вьющаяся 5 көшет + Альбион 5 көшет = 9000 т. жиынтық - 30 көшет Гигантелла 10 көшет + Вьющаяся 10 көшет + Альбион 10 көшет = 15000 т.
ананас және бүлдірген дәмдерінің қосындысы
5 көшет – 3500 т. 10 көшет – 6000 т.
біздің интернет дүкен:
www.abekker.kz
* сұрыптың атауы болып табылмайды
«АЛЬБИОН» Мамандардың пікірінше, әлемдегі №1 сұрып болып табылады. Жидектері жерге тимей пісіп-жетіледі. Жемістері 70 грамға дейін өте ірі, күңгірт-қызыл, тығыз, тәтті. Бір маусымда 3-4 рет өнім береді. Көктемнен бастап қара суыққа дейін жеміс береді. «БЕЛАЯ МЕЧТА». Ананас және бүлдіргеннің хош иісі мен дәмінің қосындысы. Гипоаллергенді, сондықтан жемістерді тек қана аллергиктер ғана емес, сонымен қатар жас балалар да тамаққа пайдалана алады. Еті тығыз, шырын және тәтті ананастың хош иісі бар. Сұрыптың пісіп-жетілу мерзімі орташа, жеміс беруге бейімді. Үлкен сиректік қазір тағы да Сіздер үшін! «ВЬЮЩАЯСЯ». Бұл бүлдірген кепілді түрде экстраұзын және күшті қылқандарын жаяды.
Т.А.Ә. Индекс Аудан Көше Туған жылы
Үнемдеу 3000 теңге
Супербаға!
бүлдірген (Иір) «вьющаяся» *
Тауар «Белая мечта» бүлдіргені «Вьющаяся» бүлдіргені «Гигантелла» бүлдіргені «Альбион» бүлдіргені жиынтық – 15 көшет жиынтық – 30 көшет
Үнемдеу 1500 теңге
Бағасы
Саны
Ол қылықандарды Сіз 1,5 метр ұзындықтағы қатарларға, шарбақтарға, қоршауларға асып байлап қоя аласыз. Бүлдіргеннің алғашқы ірі ашық қызыл жемістерін Сіз отырғызған жылдың өзінде-ақ жинай аласыз. Дәмді бүлдірген жаздан бастап соңғы аяздарға дейін біркелкі үлкен және тәтті болып қала береді және азаймайды. Бүкіл маусым барысында өнім береді! «ГИГАНТЕЛЛА». Аталмыш сұрыптың жемістері бүлдіргеннің барлық сұрыптарының ішіндегі ең ірісі. Ол өзінің ірі жемістерімен ғана тартымды емес, бір жемістің салмағы 125 грамға жетеді, со нымен қатар тығыз шырын жұмсағымен, ғажайып қанық дәмімен де баурап алады. Ауруға төзімді, қысқа шыдамды.
Тапсырысты кез келген өзіңізге қолайлы тәсілмен жасаңыз; купонды толтырып оны мекенжай бойынша жіберіңіз, біздің интернет-дүкен арқылы тапсырыс беріңіз немесе бізге қоңырау шалыңыз
«БЕККЕР company» ЖШС, Қазақстан Республикасы 090000, Орал қ,. Жуков көшесі 23-үй, а/я 23
(727) 319-49-50 Облыс Тел.
«БЕККЕР company» ЖШС, Қазақстан Республикасы 090000, Орал қ,. Жуков көшесі 23-үй, а/я 23 РНН 271800052582.
Cенбі, 15 наурыз 2014 жыл
Үй
Қала Ұялы тел.
Пәтер Қолы
Сіз көшеті бар сәлемдемені арнайы орамада өзіңіздің пошта бөліміңізде шарт бойынша төлем арқылы аласыз. Төлем поштада сәлемдемені алу кезінде төленеді. Тауарды тікелей отырғызу мерзісінің алдында (наурыз-мамыр) жібереміз. Сіздің тапсырысыңызды жібергеніміз туралы Сізді СМС арқылы хабарландыру үшін міндетті түрде ұялы телефоныңыздың нөмірін көрсетіңіз. Кеңсе телефоны: (7112) 51-84-83
Менің тапсырымды жүзеге асыру үшін, Мен өзімнің жеке мәліметтерімді “БЕККЕР company» ЖШС-ға өз еркіммен беремін және “БЕККЕР company» ЖШС және оның коммерциялық серіктестерінен жарнамалық ұсыныстарды алып тұру үшін менің берген жеке мәліметтерімнің толық тізімін өмір бойы сақтауға және пайдалануға келісімімді беремін. Жеке мәліметтерге өзгертулер енгізу немесе оларды кері қайтарып алу (жарнамаларды алудан бас тарту) жазбаша түрде немесе “БЕККЕР company» ЖШС-на қоңырау шалу арқылы жүргізіледі.
ОрО 1
акцияларды, сыйлықтарды, ұтыстарды сондай-ақ біздің бүкіл ассортиментті біздің сайттан таба аласыздар www.aВekker.kz
Тіркелген салық бойынша ҚР Салық кодексінің 17-бөлі мінің 60-шы тарауы толықтай тіркелген салық тақырыбына ар налған. Салық кодексінің 420-бабына сәйкес тіркелген салықты тө леушілер: 1) ұтыссыз ойын автоматтарын; 2) ойын өткізуге пайдаланы латын дербес компьютерлерді; 3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан); 4) картты (картинг); 5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көр сетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады, ал жоғарыда аталған ұтыссыз ойын автоматтары, ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлер, ойын жолдары (боулинг (кегельбан); картты (картинг); бильярд үстелдері тіркелген салық салу обьектілері болып табылады. Салық кодексінің 422-бабына сәйкес тіркелген салық ставка ларының әр салық салу обьекті сіне салық салу ставкасының ең төменгі мөлшерінен ең жоғарғы мөлшеріне дейінгі базалық ставкасы АЕК мөлшерінде белгіленсе, қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге
асыратын барлық салық төлеуші лер үшін жергілікті өкілді орган дар (мәслихаттар) бекітілген базалық ставкалар шегінде бірың ғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді. Осыған орай 2013 жылдың 1 қаңтарына тіркелген салық ставкалары келесідей: бір және бірнеше ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автомат тарының біреуіне 5 АЕК; ойын өткізуге пайдаланылатын 1 дербес компьютер үшін 4 АЕК; бір ойын жолына (боулинг (кегельбан) 20 АЕК; карт (картинг) 8 АЕК; 1 бильярд үстелі үшін 12 АЕК мөлшерінде. Салық төлеуші әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы тіркелген салық сомасын есептейді. Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде тіркелген са лық белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставка ның 1/2 мөлшерінде есептеледі. Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде тіркелген салық белгіленген ставкасының 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.
Тіркелген салық бойынша декларация 710.00 нысанда есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органына табыс етіледі және тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төле нуге жатады, және де тіркеу салығын төлеуші болып табылатын жеке кәсіпкерлердің Салық кодексінің 358-бабының 2-тарма ғын және 359-баптың 3-тармағын басшылыққа ала отырып, 200.00 нысанда жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны белгіленген мерзімде салық органына табыстауы қа жет. Жоғарыда көрсетілген салық есептіліктерін мерзімінде табыс тамаған салық төлеушілерге ҚР ӘҚбК-ның 206-бабына сәйкес ша ралар қолданылады. Ж
А.Дуйсенов, Орал қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы
Облыстық қазақ драма театрының наурыз айындағы репертуары нов з Т.Ахта 16 науры ” у е үй “Күшік к (драма) : 17.00 уақыты Басталу
мов з А.Макси 22 науры ! а р е ь м Пре қты күз” жапыра “Жасыл ) ка и ст (ми 5.00 қыты: 1 а у у л а Баст
мов з А.Макси 22 науры ! а р Премье қты күз” жапыра л сы а “Ж ) (мистика : 17.00 ты ы қ а у Басталу
Құттықтаймыз! Орал қаласы Круглоозерный ауылының тұрғыны, зайыбым Рысты Хафизқызы ҒҰМАРОВАНЫ мерейлі 70 жасымен шын жүректен құттықтаймын! Ардақты ана, құтты болсын жетпісің, Ұл-қызына ерекшесің, жалқысың. Әкемізбен ғасыр тойға жетіңіз, Көңілдерің қуаныштан шалқысын.
Құттықтаушылар: жұбайыңыз Жолды, бала-келіндеріңіз, қыз-күйеу балаларыңыз, немерелеріңіз, шөбереңіз Арсен Орал қаласының тұрғыны, асқар таудай ардақты әкеміз Самиғолла СҰЛТАНИЯРҰЛЫН 63 жасқа то луымен шын жүректен құттықтаймыз! Өмір-өзен ағып жатқан арналы, Сара жолға ғұмырыңды арнадың. Анамызбен мына өмір көшінде, Бірге жүріп, еңбектендің, талмадың. 63-ке келдің, әке, еңселі, Құрмет тұтып, қадірлесін ел сені. Асыл әкем, қаймықпадың, талмадың, Ұрпағыңды жетілдірдің, жалғадың. Қарыздармыз еңбегіңіз еленсін, Біздер үшін асқар асу кемелсің. Ортамызда аман-есен мәңгілік, Жүре берші өз ортаңды сән қылып.
Игі тілекпен: зайыбыңыз Нұрғаным Халекқызы, ұл-келіндеріңіз Мұрадым-Нұрғаным, Шахмардан-Лида, Абдрахман-Айгүл, қыз-күйеу балаларыңыз Зинаида-Асылбек, Гүлжайна, Дамира-Ануарбек, Нұргүл, немере-жиендеріңіз Қаратөбе ауданының тұрғыны, ардақты да сүйікті анамыз Бақтыгүл Құмарқызын 40 жасқа толу туған күнімен құттықтаймыз! Анамызға мықты денсаулық, ұзақ өмір тілей отырып, төмендегі өлең шумақ тарын арнаймыз. Мен қалай қуанышты жасыра алам, Жүре бер тек күлімдеп қасымда аман. Әрдайым ұл-қызыңмен бірге болып, Қырыққа қадам бастың, асыл анам. Сүймейді қуанышты, думанды кім, Мереке біздер үшін думан бүгін. Деніңе саулық берсін, Жаратқаным, Анашым, құтты болсын туған күнің.
Тілек білдірушілер: балаларыңыз Айгерім, Айкөркем, Айбек Қазталов ауданы Қараөзен ауылының сүйікті кіш кентай тұрғыны Мәди Мейрғалиұлы ӨТЕГЕНДІ өмі рінің бірінші парағы 1 жасқа толуымен құттықтаймыз! Сен арқылы айналады өмір жұмаққа, Былдырлаған кіп-кішкене балақан. Жүрегімнен саған шуақ таратам, Саған деген махаббатты біздегі Сезіне алмас бұл дүниеде жан адам.
Құттықтаушылар: ата-әжең Өтеген-Шолпан, нағашы атаң Ғабдулкәрім, ата-анаң Мейрғали-Мәншүк, апа-жездең БаянГүлжайнар, Гүлдария, жиендерің Әділжан, Інжу
www.zhaikpress.kz Құрметті оқырман! Ғасырға жуық тарихы бар облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің, сондай-ақ аудандық газеттердің электрондық нұсқасын www. zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыздар. Сонымен қатар күн сайынғы жаңалықтармен танысуға да мүм кіндік бар.