Орал Өңiрi №31

Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

+2 С -2 С 0

0

Сейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл №31 (19950)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Банкирлерді

oral_oniri@inbox.ru

ақпарат

ауылға шақырды Құлбековтің көрмесі

2

дала-қала

2 Комиссия өңірдің әлеуеті

зор деп бағалады

Наурыздың 15-інде облыс әкімдігінде БҚО-да ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасының жүзеге асырылу нәтижелерін тексере келген жұмыс тобының қатысуымен кеңес өтті. Оның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов төрағалық етті. Басқосуға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, аудандардың, ауылдық округтердің және шаруашылықтар құрылымдарының басшылары қатысты. Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, "Орал өңірі"

Б

иылғы ақпан айының 18-інде Үкімет басшысы Серік Ахметовтің тө­ рағалығымен еліміздің ет экспорты әлеуетін арттыруға байланыс­ты кеңейтілген кеңес өткені мәлім. Онда облыс басшыларына, басқа да уәкілетті органдарға кешен­ді жоспардың тиімділігін арттыру үшін бірқатар тапсырмалар бе­

рілді. Өңірлердегі жағдайлармен танысу үшін арнайы комиссия­ лар құрылған болатын. Соған орай ҚР Статистика агенттігінің жауапты хатшысы Бақытбек Иманалиев бастаған тексеру жұмыс тобы БҚО-да болып, етті мал өсі­ ру жұмыстарымен танысты. Сол жұмыстардың нәтижесі бойынша оздырылған бұл кеңесте өңір­дегі мал экспорты әлеуетін кө­теру мәселелері жан-жақты тал­ қыланды. Елбасының еліміздің экспорт­

қа қабілетті болуына, ауыл ша­ руа­шылығы өнімдерін сыртқа шы­ғаруға үлкен мән беріп отыр­ғаны белгілі. Соған сәйкес елімізде қажетті бағдарламалар қа­ былданып, әр бағдарламаға тиіс­­ті қаржы-қаражат қарасты­рыл­ ған. 2016 жылға дейін Қазақстан 60 мың тонна ірі қара етін экспорттауы керек болса, мұндағы батысқазақстандықтардың үлесі 5 мың тоннаны құрамақ. (Жалғасы 2-бетте)

Мегажоба Қаратөбеде

5

Тауарлы табынның тұқымдық құрамын жақсарту Қолдан ұрықтандыру жолымен 36,7 мың бас, 37,7%

2013 жыл 97,3 мың бас Асыл тұқымды өндіргіш бұқамен 60,6 мың бас, 62,3%

Асыл тұқымды өндіргіш бұқамен 79,0 мың бас, 65,6%

2014 жылға жоспар 120,3 мың бас Қолдан ұрықтандыру жолымен 41,3 мың бас, 34,4%

2013 жылы 97,3 мың бас мүйізді ірі қара малы аналығына табынның тұқымдық құрамын жақсарту жұмыстары жүргізілді. 2014 жылға 120,3 мың бас мүйізді ірі қара мал аналығына табынның тұқымдық құрамын жақсарту жоспарлануда.


2

АҚПАРАТ Cейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл

P

«Казармапром» ЖШС-ның цехында тұрғындар ерікті түрде тапсырған 328 дана қару жойылды. БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мүсілім Жәрдемовтің айтуынша, атыс қаруын, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыру шарасы өткен жылғы 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін жүргізіліп, азаматтарға 12 миллионнан астам теңге төленді.

P

Зеленов ауданында мемлекеттік мекемелердің қызмет­кер­ лері арасында волейболдан жарыс өтті. Аудандық ішкі істер бөлімі мен «Нұр Отан» партиясының ау­ дандық филиалы ұйымдастырған шараның мақсаты – полиция қызметкерлеріне деген халықтың оң көзқарасын қалыптасты­ рып, сенімін арттыру және ел ішінде салауатты өмір салтын нығайта түсу. Жарысқа аудандық әкімдік, аудандық ІІБ, Зеле­нов колледжі, БЖСМ, Қ.Аманжолов атындағы орта мектеп командалары қатысты.

Құлбековтің көрмесі

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі» Облыстық тарихи-өлкетану музейінде белгілі қылқалам шебері Саты­балды Құлбековтің 65 жас мерейто­ йына арналған «Жайықтың самал ле­бі» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Архитектура қымбат тас­ тардың әуені болса, ал сурет өнері түрлі-түсті бояудың әуе­ні екені мәлім. Майлы бояумен шебер бейнеленген кар­тиналарды тамашалауға көрер­ мен көп келді. Көрмеге су­­ретшінің 18-ден астам туындысы қойылды. Шараның бас­ты мақсаты – Ақ Жа­йық өңірі­не танымал суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүше­сі С.Құл­ бековтің шығармашылығымен жастарды таныстыру. Шара барысында күй шертіліп, суретші туралы бейнеролик көрсетілді. Кеш соңын­да қатысушылар алдында қылқалам иесі «шеберлік класын» өткізді.

oral_oniri@inbox.ru

Банкирлерді ауылға шақырды Өткен аптада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыста­ ғы екінші деңгейлі банк басшыларының және аудан әкімдерінің қатысуымен жиналыс өткізді. Басқосуда өңір басшысы қаржы институттарының өкілдерін ауылға ат басын бұруға шақырды.

К

үні бүгін облыста екін­ші деңгейлі 18 банк филиалы болса, олар­ дың түгелге жуығы облыс орта­ лығында шоғырланған. Ал аудан­дарда бір ғана «Қазпошта» АҚның филиалдары жұмыс істеп, ауыл тұрғындарына қаржылық қызмет көрсетуде. Банкирлер ау­дан орталықтарында филиал ашу тиімсіз дегенді алға тарта­ ды. «Егер ашсақ, 3-4 айдан кейін банкрот болып, жабылады» деп безек қағады. Ал «ҚР Ұлттық банкі» АҚ БҚО филиалы директо­рының орынбасары Ға­лия Саты­ балдинаның келтірген дәйегі тіп­ті қызық. Ол облыстағы жол сапасының нашарлығына сын тақ­ты. «Банк филиалы то­лық­қанды жұмыс істеуі үшін қар­жы

үздіксіз жеткізілуі тиіс. Аудан­ дарға жол нашар. Әрі ақша сақ­ тайтын арнайы орындар жоқ» деді Ғ.Сатыбалдина. Осы жерде өңір басшысы бан­­кирлерге «Сіздер соңғы рет қа­ шан ауданға шықтыңыздар?» деп сұрақ қойды. Бір қызығы, соңғы уақытта ешбір банк өкілі ауылға ат ізін салмапты. – Сіздердің клиенттеріңіздің ба­сым бөлігі ауылда тұрады. Сондықтан жол жаман, ауыл­ дық­тар несиені төлей алмайды, ке­піл мүлкі жоқ деген жай ғана сылтау, енжарлықтың белгісі. Жол салу үшін жыл сайын мол қар­жы бөлінуде. Мысалы, Қаратөбе­ ге жол жақсы. Бірақ солай бола тұра, онда бірде-бір банк филиа­ лын ашпаған. Осының кесірінен Алдағы уақытта «Әлем» ШҚ мал бордақылау алаңының жанынан ауысымына 15 тонна тоңазытыл­ ған ет өндіретін типтік жобада­ғы мал сою цехының құрылысы жоспарлануда. Ол Қазталов, Жәні­­бек, Бөкей ордасы аудандары­ның малын аталған кешенде сойып, еттің 50% экспортқа бағыттауға мүмкіндік беретін болады (жобаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қар­жыландыру жоспарлануда). «ҚазАгроӨнім» АҚ басқарма төр­ағасының бірінші орынбасары Анас Баққожаевтың айтуынша, өңір­дің ет экспортын дамытуға

(Соңы. Басы 1-бетте)

О

блыстық ауыл шаруа­шылығы басқар­масы­ ның басшысы Марат Оңғарбековтің айтуынша, биылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша облысымызда 415 мың ірі қара мал бар және бұл бағыттағы жұ­ мыстарды жандандыру межеден шығуға мүмкіндік береді. Соған орай 12,5 мың басқа арналған мал

Комиссия

өңірдің әлеуеті зор деп бағалады бордақылау алаңдарын іске қо­сып, 200 фермерлік, 5 асыл тұқым­ды жасақтаушы шаруашылық құ­рып, 5,3 мың бас шетелдік селек­ циялық мал әкелінбек. Соңғы жыл­дары Зеленов, Жәнібек аудандарында 2 мал бордақылау алаңы салынды. Қазіргі уақытта құрылы­ сы 2015 жылы жалғасатын 5 мал бор­дақылау алаңының құрылы­ сы қолға алынды. Биыл аналық тұқым­дық малды «ҚазАгро» хол­дингтің еншілес компаниясы ар­ қылы сатып алу мәселесі шеші­луде. Бұдан өзге 5 ауданға қо­сым­ша тұқымдық мал алу жайы қа­ растырылып отыр. Бүгінде об-

лыс шаруашылықтарына жоғары өнімді етті бағыттағы 700 мал са­тып алынған. Олардың басым бө­ лігі қазақтың ақ бас тұқымынан. «Кроун Батыс» ЖШС бордақы­ лау кешенін толық қуаттылығына шығару мақсатында үкімет тарапынан мал шаруашылығындағы демеуқаржы бөлудің (субсидия­ лаудың) жаңа бағытын, яғни та­уар өндірушілердің 6-18 айлық бұқашықтарды бірінші дең­гейін­ де­гі бордақылау алаңдарына өт­кізгені үшін 15 мың теңге­ден суб­­сидиялау бағдарламасы ар­қылы кешенді малмен толық­ты­ру жұ­ мыстары жүргізілуде. «Кроун Ба­-

тыс» ЖШС бордақылау алаңы бұ­ қашықтарды 1 келі тірілей салмақ­та 370 теңгеден қабыл­дау­да. Бү­гінде онда 1465 мал бор­да­қы­лануда. Жыл басынан бері кәсіп­ орын 90 тонна сиыр етін өн­діріп, соның 74,0 тоннасын неме­се 82,0%-ын Ресей Федерациясына экспортқа шығарды. Өткен жылы Жәнібек ауданы­ ның «Әлем» ШҚ 146 тонна ет өн­ діріп, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары мен өзіміздің ішкі на­­рыққа шығарды. Биылдың өзін­де мұнда 200 ірі қара бор­дақы­ла­ нып, етке өткізілді. Бүгіндері 150 сиыр малы және бордақылану­да.

әлеуеті жеткілікті. Комиссия ау­ дандардағы 12 шаруашылықты аралап, етті мал өсіру бағытында­ ғы және мал бордақылау алаңдарының жұмыстарымен таныс­ қан. Бағдарламалардың операторы «ҚазАгроӨнім» компаниясы бо­лып табылатындықтан, облыс­тағы бірінші санатты мал борда­ қылау алаңдарын етті малмен толтыру, асыл мал сатып алу жұ­ мыстарын осы еншілес компания атқарады. Мал бордақылау алаңдарын малмен толтыру тетіктері жайында әңгімеленді. Бас­ қосуда шаруашылық өкілдері бор­дақылау алаңына етті мал са-

ауылдықтар әлденеше шақырым жол жүріп Оралға келіп, ақша айырбастауға, несие ресімдеуге мәжбүр, – деді Нұрлан Асқарұлы. Жәнібек ауданының әкімі Мұ­ рат Мұқаев банкирлерден тым болмаса ақша айырбастау пунк­ тін ашуды сұраса, Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Ра­хымжанов «Аудан орталығын­да банк филиалын ашуға ғима­рат әзір» деп мәлімдеді. Өкінішке қарай, банкирлер та­рапынан сындарлы әңгіме болмады. Көбі үндемей құтылу­ды жөн көрсе, тек «Халық банкі» АҚ өкілі ғана кейбір аудан орталық­ тарынан филиал ашу туралы ұсынысқа ойлануға сөз берді. Өңір басшысы банкир­лердің жұмысына көңілі толмайтын­ды­ ғын, нәтижесінде жергілікті жерлердегі мемлекеттік бағдарла­ма­ларды жүргізуге кедергі көбе­йе­ тіндігін ашып айтты.

Жанна БАЛЫҚОВА Суретті түсірген Виктор ПРЕДЫБАЙЛО

тып алу бағасын өсіруді сұрады. Олардың пікірінше, «Кроун Батыс» мал бордақылау алаңына өткізілген малға есеп айырысуда жайбасарлық басым. Жиында көтерілген кейбір мәселелер «ҚазАгроӨнім» тарапынан қара­ лып, нақты шешілетін болады. «Кроун Батыс» мал бордақылау алаңына жас мал қабылданатыны, одан өзге кәрі малды қабылдап, ішкі нарыққа шығаруға болатыны да сөз болды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығының айтуынша, «Кроун Батыстың» бордақылау алаңы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында барлық мүл­кі лизингтік несиеге кепілге салын­ған. Енді жекелер мен шаруа­шы­ лықтардан өзге малды сатып алып, бордақылауға қаржы тапшы әрі банктерден несие алуға кепілзаты жоқ. «ҚазАгроӨнім» компания­сы бұл мәселені де көп ұзатпай шешіп бермек. Жиынды облыс әкімінің орын­басары Арман Өтеғұлов қорытын­ дылап, аудандардың басшыларына ет экспортын дамыту бойынша жұмыстануды тапсырды. Мемлекет өз тарапынан қаржылай қол­ дау көмегін ұсынып отыр. Биыл об­лысымыз Ресейге шамамен 1800 тонна етті экспорттауы керек. Об­лыстық ауыл шаруашылығы са­ла­сының мамандары мұндай ме­ жені іс жүзінде артығымен орын­дауға болатынын жоққа шығар­ майды. Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ


ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл

Қамкөңіл жандар

Эфирде «Руханият»

тасада қалмайды Сырым ауданында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне арналған кеңес өтті. Басқосуға аудандағы бөлім басшылары, ҮЕҰ-лардың жетекшілері, денсаулық саласының басшылары мен аудандық мәслихаттың депу­ таттары қатысты.

Ж

иналысты аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Абат Шыныбеков кіріспе сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды. – Елбасы, «Нұр Отан» партия­ сының төрағасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың кезекті «Қазақ­ стан жолы: Бір мақсат, бір мүд­де, бір болашақ» атты Жолдауын­да мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету бары­ сы баса айтылды. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» мүмкіндігі шектеулі жандар­ ды қолдауға арналған жобасы іске асуда. Елдің даму жолында әлеуметтік саясатты жүзеге асыру бағытында ауқымды шаралар атқарылып келеді. Аудан халқының 3,5 пайызы немесе 740 адам мүмкіндігі шектеулі жан-

дар. Партияның бағыттаған тапсырмалары жергілікті атқарушы органдармен жүйелі орындалуы қажет. Қоғамдық қабылдауға келген әрбір азаматтың өтініш-тілегі, мұң-мұқтажына дереу жауап беруіміз керек. Қазірдің өзінде аудандық партия филиалының қабылдау бөлмесінде әр аптаның сәрсенбі күнінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы қабыл­дау жүргізіледі, – деді аудан әкімі А.Шыныбеков өз сөзінде. Кеңесте «Аудан бойынша мүм­кіндігі шектеулі жандарды қор­ғау әлеуметтік саясатты жүзеге асыру туралы» аудандық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағ­ дарламалар бөлімінің басшысы Қ.Төлепов және «Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық орта­ ға бейімдеу туралы» аудандық пе­дагогикалық-психологиялық

түзеу кабинетінің меңгерушісі Аида Ниязғалиева өз хабарламаларында мүгедектерді әлеумет­тік оңалту, оларды жұмысқа орналастыру, қамқорлық көрсету жә­ йін кеңінен қамтыды. Сырым аудандық орталық ау­руханасының директоры А.Дүй­­сенғалиев ауруханаға 5 мүгедек жанды жұмысқа орналастырып, таяуда тағы үшеуін орна­лас­тыр­ғалы отырғандығын, мүгедек­тер­ді арнайы қабылдау бөлмесі ашыл­ғандығын айтса, аудандық сәулет, қала құрылысы және құ­рылыс бөлімінің басшысы Қ.Жа­киев, аудандық тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы, жолау­ шылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімінің басшысы Ө.Бек­тенов мүгедектерді қоғам­дық орынға кеңінен тартып, олар­­дың еркін жүруіне жағдай жасау, мүгедек жандардың қол ең­бектерін бағалап, олар жаса­ған зергерлік бұйымдар мен тұр­­мыстық заттарды көрмеге шы­ ғарып отырсақ, тұрғындар бел­гілі бағаға сатып алар еді деген орынды ұсыныстарын айтты. Жиынды аудан әкімі Абат Абай­ ұлы қорытындылап, аудандық пар­тия филиалына, бөлім бас­ шыларына нақты тапсырмалар берді.

Мүсірбек АЙТАШЕВ, Сырым ауданы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихат сессиясы төрағасының шешімі Орал қаласы

№ 16

17 наурыз 2014 жыл

Облыстық мәслихаттың кезекті XVI сессиясын шақыру туралы «Қазақстан Республикасында­ ғы жергілікті мемлекеттік басқа­ ру және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІМ: Облыстық мәслихаттың кезек­ті XVI сессиясы 2014 жылғы 28 нау­рызда облыстық мәсли­хат­

тың үлкен залында сағат 10.00-ге шақырылсын. Сессияның күн тәртібіне ұсы­ нылатын мәселелер: – 5-ші шақырылымдағы Батыс Қазақстан облыстық мәсли­ха­ тының үлгі Регламентін бекіту туралы;

– Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 15 нау­рыздағы №30-3 «Батыс Қазақ­стан облысындағы құқықбұзу­ шылық профилактикасының 20112013 жылдарға арналған өңір­­лік бағдарламасы туралы» ше­ шімінің орындалуы жөнінде;

Газеттер де есепте тұрады 2013 жылы «Облыс аумағындағы шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша ішкі саясат басқармасымен атқарылған жұмыстарының есебі «Облыс аумағындағы шет­елдік мерзімді басылым­дарды есепке алу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі саясат басқармасымен көрсетеді. Оны ақпараттық саясат және БАҚ-на мониторинг жүргізу бөлі­мі халыққа қызмет көрсету орта­ лығы (ХҚКО) және үкіметтің элек­ трондық порталы (egov.kz) арқылы атқарады. ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 30 желтоқсанындағы №2315 қаулы­сымен бекітілген «Астана, респуб­ ликалық маңызы бар қала­лар және облыстар аумағындағы шет­ел­дік мерзімді басылымдарды есепке алу» стандартына сәйкес осы қызмет түрі тегін көрсеті­ле­ ді. Аталған стандарт ішкі саясат басқармасының сайтына орналас­ тырылған. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі тура­­лы хабарландыру ішкі саясат бас­қар­масының сайтында және бас­ қарманың стендінде де тұр.

3

Қызмет көрсету барысының ашық­тығын қамтамасыз ету мақ­ сатында БАҚ арқылы және семинарлар арқылы түсіндіру жұ­ мыстары жүргізілді. 2013 жылы 16 ақпанда «Облыс аумағындағы шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу» мемлекеттік қызме­тін көрсету туралы» тақырыбын­да ХҚКО директорының орынбасары Ж.Батырғалиеваның, кәсіп­керлік және өнеркәсіп басқар­ масының бөлім басшысы Г.Вар­ фоломееваның, «Паршин» ЖК ди­ректоры М.Паршинның, «Постмэн» ЖШС-ның өкілі Е.Боранбаева, «Қазпошта» АҚ филиалының өкі­лі Д.Есқалиеваның, «Еуразия Пресс Батыс» ЖШС директоры С.Муси­ наның және облыстық ішкі саясат басқармасы мен қалалық ішкі сая­ сат бөлімі өкілдерінің қатысуы­мен дөңгелек үстел ұйымдас­ты­ рылды. Өткен шара туралы «Шетелдік баспасөзге қолжетімділік жеңілдеді», «Орал өңірі», №46, 20.04.2013 ж., «Газеты на учет»,

«Приуралье», №44-45, 20.04.2013 ж., газеттерінде және «Қазақстан Орал», «ТДК - 42» 21.04.2013 ж. теле­арналарындағы сюжеттерде жа­рияланып, көрсетілді. 2013 жылы 24 сәуірде халыққа қызмет көрсету орталығының «Жем­­қорлықсыз орталық» тақы­­ры­бында ұйымдастырған семи­на­рына басқарма қызметкерлері қа­тысты. Жалпы, өткен жыл бойы қыз­ метті электрондық түрде алуды тұрғындарға түсіндіру, соның ішін­де «Облыс аумағындағы шетел­дік мерзімді басылымдарды есепке алу» мемлекеттік қызметі туралы және мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен са­пасын арттыру мәселелеріне ар­налған бұқаралық ақпарат құ­ ралдарында 35 мақала жарияланды. Жыл бойы 6 анықтама берілді, соның ішінде 2-еуі электрондық түрде, 4-еуі қағаз түрінде, облыс бойынша шетелдік мерзімді

– Батыс Қазақстан облысы ау­ мағында құрылыс салудың Ережесін бекіту туралы; – Басқа да мәселелер.

Сессия төрағасы Р.Хайруллин басылымдардың 700-ден астам тү­рі таратылды. Облыста шетелдік БАҚ-ты таратумен «Паршин» ЖК (437 БАҚ), «Постмэн» ЖШС (430 БАҚ), «Еуразия Пресс Батыс» ЖШС (303 БАҚ), «Еламед - KZ» (1 БАҚ), «Гильманова» (1 БАҚ) сияқты мекемелер айналысады. 2013 жылы қызмет алушылар­дың тарапынан мемлекеттік қыз­ метті көрсету мәселелері бойын­ша арыз-шағымдар кездескен жоқ. Көр­­­сетілген қызметтер туралы есеп ай сайын облыс әкімдігіне жолданып отырады. 2014 жылдың ақпан айында көрсетілетін қызметтер­ дің сапасын бақылау мақсатында облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментімен жүргізілген тексеру нәтижесінде ескертулер болған жоқ. 2014 жылы 18 сәуірде ішкі саясат басқармасында (Молдағалиев көш. 19, 304 каб.) мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-тың, мүдделі жеке және заң­ды тұлғалардың қатысуымен «Облыс аумағындағы шетелдік мер­зімді басылымдарды есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету саласында басқарманың қызметі туралы дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.

БҚО ішкі саясат басқармасы

Таяуда ҚМДБ-ның БҚО бо­ йынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов облыстық теле­ра­ диокомпаниясында болып, әр жұма сайын өткізілетін «Руханият» бағдарлама­сының тұсауын кесті. Бағдарлама ақпараттық үгітнасихат жұмысының жоспары-­ на сәйкес, облыс жұртшылы­ғына дәстүрлі Ханафи мазха­ бы­ның құндылықтарын ашып, дін мен дәстүрдің байланысын түсіндіру мақсатында ашылып отыр. Биылғы жылдың «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияла­ нуына байланысты облыс има­мы Руслан Тыныштықұлы: «Біз­­дің міндетіміз – халық арасын­ дағы діни сауаттылықты арттыру. Әр жұма сайын Отан жа­йында, отбасы хақында, атаананы құрметтеу турасында уа­ғыз-насихат айтылады» - деп сүйінші хабарын жеткізді. Ол «Дін мен дәстүр» тақырыбын­да уағыз айтты.

Жырымен әлдилеген Ақжайығын Ақжайық ауданының Мерген ауылындағы кітапхана­да белгілі ақын Ақұштап Бақты­герееваның 70 жас мерейто­ йына орай бастауыш сыныптар оқушылары арасында мә­ нерлеп оқу байқауы өтті. Бұл шара ұл-қыздардың Ақ Жайықтың «ақ шағаласы» атан­ған Ақұштап ақынның шы­ғар­маларын сүйіп оқитынын әй­ гіледі. Байқау қорытын­ды­сын­да І орынды 4-сынып оқу­ шысы Сымбат Байғұтты, ІІ орынды 3-сынып оқушысы Ақбота Қуанышқалиева, ІІІ орынды 2сынып оқушысы Аяулым Сансызбай иеленді.

Хакало «қақалды» Орал қалалық сотының қаулысымен ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлімі «б» тармағы бойынша айыпталып отырған «AKELLA» ЖШС директоры Алина Хакалоны екі айға қамауға алу туралы санкция берілді. БҚО сотының баспасөз қыз­метінен түскен мәліметке қа­ рағанда, «USAID CEED Bulgaria in Kazakhstan» халықаралық компаниясының шағын және орта бизнеске қаржылай тегін қолдау жөніндегі Қазақстанда­ ғы бағдарламасының операторы ретінде өзін таныстырған А.Хакало алаяқтық жасау мақ­сатында 2009 жылы аталмыш ЖШС-ны құрып, содан бері ел аумағында ауыр қылмыс жа­ саған. Мәселен, А.Хакало «СаудаИнвест» ЖШС директорымен грант қорын құру жөнінде ке­ лісімшартқа отырған. Кейін «Сау­да-Инвест» «AKELLA» ЖШС есебіне 150 млн. теңге аударған. Осындай жолмен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аг­ рарлық-техникалық универси­ тетіне – 235,9 млн., «Конденсат Холдинг ЛТД» ЖШС-ға 408 млн. теңге және басқаларға барлығы 1 млрд. астам тең­ге залал келтірілген. Бұл қар­жы Хакало құрған жалған кәсіп­ орындардың есепшотына аударылып, екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Өз тілшілеріміз


4

денсаулық Сейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

қарасты Құрсай, Көлтабан елді мекендеріне газ құбыры тартылып, осындағы медициналық пункт­ тер көгілдір отынға қосылып, тұр­ғындарға да, медбикелерге де қо­лайлылық тудырды. Қазіргі кезде аудандық орталық ауруханада уа­қыт тынысына сәйкес заңдық тұр­ғыда рұқсат етілген ақылы қыз­­мет көрсету орындарын ашу қолға алынуда. Мәселен, былтыр осында қонақүйі ашылса, жуырда кір жуатын дезкамера да ақылы қызмет көрсете бастады. Аудан­дық орталық аурухананың жаны­ нан, сондай-ақ автокөлік жуатын орын да іске қосылды. Аурухана­ ның іші-сыртына қауіпсіздікті қам­ тамасыз ету мақсатында бейне ба­қылау орнатылып, мекемені ба­ қылап, қадағалайтын күзетші-ма-

Тимур МҰСАҒАЛИЕВ, «Жәнібек аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚМКК директоры

летін жеңілдіктер беріліп отыр. Осы орайда аудандық атқару­шы органдарға, аудан әкімі­не ал­ғысымды білдіргім келеді. Өйт­ке­ ні біз жылма-жыл ауданы­мыз­ға жоғары медициналық оқу орын­дарын бітіріп, басқа жерден кел­ген мамандарды немесе өз ауы­ лымыздың осы оқу орнын бітірген түлектерін тұрғын үймен қам­тамасыз етіп отырмыз. Бұл ау­дан басшыларының медицина саласына оң көзбен қарағандығы деп түсінеміз. Өткен жылы ау­ данның медициналық мекемеле­ ріне облыс орталығында­ғы ме­ ди­циналық колледжді бітір­ген 7 орта буын мамандар келді. Ау­данға ат басын бұрған барлық орта буын медицина қызмет­ керлеріне тиісті жағдайлар жаса-

ру­ларының алдын алу үшін былтыр 8937 адам флюорография­­лық тексеруден өтсе, соның ішін­де жылжымалы флюорографияға 2712 адам тексерілді. Аудан­дық орта­­ лық ауруханада онко­ло­гиялық ау­ рулардан болатын өлім көрсеткі­ шін төмендету мә­селесі басты назар­ға алынды. Скрининг өткізу ке­зінде анықталған онкология­лық аурумен сырқаттанатындар­ды уа­­қы­тында есепке алып, емдеу жұ­мыстары жүргізілуде. Бүгінде атал­ған аурумен аудандық орта­ лық ау­рухананың есебінде тұра­ тын адам­дар тегін дәрі-дәрмек­­тер­мен қам­тамасыз етілуде. Жал­пы, өлім-жітім, табиғи өсім бар­ лығы да қазіргі күнгі облыстың деңгейінде келе жатыр. Ауданда 2011-2015 жылдарға

Дәрігерлердің біліктілігін Басы ауырып, балтыры сыздаған, бір сөзбен айтқанда бойындағы дертіне шипа іздегендер дәрігердің алдына жүгінері сөзсіз. Бұл тұрғыда, ауданымыздағы ақ халатты абзал жандар тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуден аянып қалған емес. Аудандық орталық ауруханада және ауылдық округтердегі денсаулық сақтау орындарында тұрғындардың медициналық көмек алуына барлық жағдай жасалған.

Ж

әнібек ауданы бойынша денсаулық сақтау саласында барлығы 18 медициналық мекеме жұмыс жасайды. Оларды жіктеп айтар болсақ, 1 аудандық орталық аурухана, 1 туберкулез ауруханасы, 6 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік жә­не 7 медициналық пункт тұр­ ғындарға медициналық көмек көрсетуде. Ауданық орталық ау­ру­хананың қарамағында 18 дәрі­гер мен 121 орта буындағы ме­ди­циналық қызметкерлер жұмыс істейді. Ауылдық округтердегі дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік пункттер авто­кө­лік­ пен, компьютермен және телефон байланысымен толықтай қамта­масыз етілді. Шалғай елді мекен­ дердегі медициналық пункттерге де телефон жүйесі қосылып, тәу­ ліктің қай мезгілінде де үздіксіз жұмыс істеуде. Өткен жылы аудандық ауруханада 1136 науқас сырқатына бай­ланысты емделіп шықса, ау­ руханадағы күндізгі стационарда 2703 науқас, ал үйдегі стационар бойынша 54 сырқат ем-дом алды. Аудандық орталық аурухана қыз­меткерлерінің басты міндеті тұр­ ғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетумен бірге олардың медициналық скринингтен өтуін бақылау болып табылады. Былтыр скрининг әдісімен қан айналымы, сүт бездері, жатыр мойны, тік ішек дерттері бойынша сәйкесінше 1509, 476, 426, 766 адам тексеруден өтсе, 0-17 жас аралығындағы 4620 балалар мен жасөспірім­дер­­ге аталған әдіске сәйкес тек­ серу­лер жүргізілді. Сондай-ақ

арттыратын боламыз

скрининг әдісімен 1488 адам глаукома ауруы бойынша тексе­ руден өткізілді. Бұл үдеріс жыл сайын жалғасын табуда. Ауруы анықталған жандарға тиісті шаралар алынып, одан әрмен қа­ рай толығырақ емделуі үшін жағ­ дайлар жасау қолға алынды. Аудандық орталық аурухана­ ның материалдық-техникалық ба­засы жылдан-жылға дамып, ны­ ғая түсуде. 2010 жылы аудандық орталық аурухана ғимаратының заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілуі тұрғындарға үлкен қуа­ ныш сыйлады. Қазір ауруханада жатып емделушілерге қолайлы жағдайлардың барлығы да ту­ ғызылған. Аудандық орталық ау­ руханаға 2008 жылы алынған телемедицина қондырғысы облыс орталығындағы аурухана, емханалармен байланысқа шығып, кеңес алуға мүмкіндік жасады. Сонымен бірге аурухана рентген сандық аппаратурасымен, маммография­лық құрал-жабдықтармен қамтыл­ ды. Аудандық орталық ауруханада лабораториялық қызмет те дами түсуде. Соңғы жылдары ауруха­наға жұмсақ жиһаздар мен теледидар көптеп алына бастады. Ауылдық округтердегі тұрғындар­ ға медициналық қызмет көрсете­ тін орындардың бәрі де түгел­дей көгілдір экранмен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ ауылдардағы ме­дициналық мекемелердің басым көпшілігі табиғи газ құбырына қо­ сылды. Газ құбыры жеткізілмеген елді мекендердегі медициналық пункттер қысқы отынмен толық қамтылды. Өткен жылдың соңын­ да Күйгенкөл ауылдық округіне

мандар қызметке алынды. Сол сияқты тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау­ да ауруханада науқастар мен дә­ рігерлерге емделуге келгендер­ге бейнероликтер көрсету жолға қойылды. Мұның өзі тұрғындар­ дың түрлі аурулардың алдын алу­да сауаттылығын арттырып, ауыр­майтын жол іздеудің жолда­рын қарастыруға ықпалын тигізуде. Аудан көлеміндегі медицина­лық мекемелерді дәрігерлер­ мен, орта буын медицина қыз­ меткерлерімен қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын кемінде жоғары ме­ дициналық оқу орындарын бітірген 2-3 дәрігер аудандық орталық ауруханаға қызметке орналасып жатады. Мәселен, өткен жылы 5 жоғары білімді маман-дәрігерлер­ ді қызметке қабылдадық. Олар­дың екеуін өндірістік қажеттілікке сай Алматы, Ақтөбе қалаларында­ғы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтына жіберіп, оқытып алдық. Жаңадан жұмысқа кіріс­кен дәрігерлерге тиесілі көрсеті­

луда. Мәселен, 2010-2013 жылдар аралығында ауданға ат ізін салған 7 орта буын маман несие есебі­мен баспанамен қамтамасыз еті­ ліп, барлығы да көтермеақы алды. Дейтұрғанмен ауданға жоғары бі­лімді дәрігерлердің келуі әлі де болса көңілді көншітпейді. Қай­сы­бір жас мамандар аудандық ауруханада бір-екі жыл жұмыс істегеннен кейін тұрақтамай, қалаға не болмаса қала маңындағы ауыл­дық жерлерге кетіп қалады. Мұ­ ның өзі жұмысымызға белгілі бір дәреже­де кедергісін тигізбей қоймайды. Мысалы, күні бүгін ау­дан бойынша окулист, рентгенолог және жалпы тәжірибелік екі жо­ғары білімді дәрігер жетіспей отыр. Ауданда нәресте өлімі жылданжылға азайып келе жатыр. Мәсе­лен, соңғы үш жылдың көрсет­ кішімен салыстыратын болсақ, 2011 жылы – 4, 2012 жылы – 2, ал был­тыр 1 нәресте шетінеді. Өт­ кен жы­лы туберкулез ауруына шал­дығып, өлім-жітімге ұшы­ра­ ғандар да тіркелген жоқ Өкпе ау­

арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру ая­ сында «Орта медицина қыз­мет­ керлерінің жоғары сапалы өмірді сақтаудағы рөлі мен жауапкершілігі» тақырыбында орта буынды медицина қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін арттыру мақ­ сатында аудандық орталық аурухана мен ауылдық дәрігерлік амбулаториялар арасында байқау­лар ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Аудан медицина қызметкерлері облыстың, ауданның қоғамдық саяси өміріне белсене атсалысады. Даталы күндерге байланысты оздырылатын мерекелік шаралардан да ауданның медицина саласында қызмет істейтіндер тыс қалған емес. Мысалы, өткен жылы маусым айында облыс орталығында халықаралық медицина қызметкерлері мерекесіне орай өткізілген спорттық шараларда аудандық орталық ауруха­на ұжымы жүлделі үшінші орынды жеңіп алса, былтыр жазда аудан орталығындағы мекемелер арасында оздырылған «Би ырғағы» атты өнер сайысында топ жарып, жүлдегер атанды. Алдағы уақытта біздің аудандық денсаулық сақтау орындарының алдында медицина мекемелері­ нің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтып, оларды қажетті құрал-жабдықтармен, байланыс қондырғыларымен қамту, тұрғындарды флюорографиядан өткізу, профилактикалық алдын ала егу жұмыстарын жүргізу, ана мен бала денсаулығын қорғауда медициналық көмек көрсетудің сапасын көтеру, ауданға қажетті дәрігер мамандарын тарту, туберкулез ауруы, АҚЖҚ; нашақорлық, маскүнемдік, жүрек-қан тамырлары, сусақ, астма, тағы да басқа түрлі аурулардың алдын алуға жіті назар аудару, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны насихаттау міндеттері тұр. Біз бұл межелерден өту мақсатында аянбай Ж жұмыс істейтін боламыз.


ДАЛА-ҚАЛА Сейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

5

«Мен бақытты жан екем»

Наурыздың 14-і күні қазақ драма театрында Жайық жұртына жақсы таныс ақын Дариға Мұштанованың 60 жасқа толуына орай «Жүрек үні» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ, «Орал өңірі» Менің ауылым, анау тұрған дөңгелеп, Онда маған орын бөлек, төр бөлек, Көру үшін көркемдігін ол жердің, Саған достым, мына мендік көз керек, - деп өзі жырға қосқан Жалпақтал, «Көктерек» кеңшары, Киров ауылы – ақынның кішкентай кезінен топырағында аунап өскен жері. 17 жасынан қолына домбыра ұстап, айтысқа шығып, ел мерейін асырған ақынның кешіне жырсүйер қауым көп жиналды.

Кешке арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Арман Өте­ ғұлов ақынға облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың құттықтау ха­ тын тапсырды. - Бүгінгі той – айтыс өнерінің тойы. Апамыз айтыстың ауырт­ палығын көтеріп, талай мәрте об­ лысымыздың намысын қорғады. Қазіргі күнде жас ұрпағымызға бі­лім беріп, құнарлы ана тілімізбен сусындатып тәрбиелеуде көп еңбек сіңіріп жүр. «Үміт» лин­гвис­тикалық гимназиясы - об­лы­сы­ мыздағы маңдайалды мек­теп­­тер­ дің бірі. Ақын-ұстаздың шә­кірт­­тері еліміздің әр түкпірін­де білім алып жүр. Сізге ұзақ ғұ­мыр тілей­ міз! – деді Арман Кәрімұлы. Ақын сіңлісін мерейтойымен құттықтап келген Ақұштап Бақ­ тыгереева қазақы дәстүрмен мерейтой иесіне құндыз жағалы, оқалы шапан кигізді. «Әйел затына қалам жүгін кө­ теру – қанар жүгін көтеруден ауыр. Даланың мұңын, солған гү­лін, тартылған өзенін, бәрін түні­мен ұйықтамай өлеңге қосу,

әйелге ақын болу оңай емес. Сол ауыр жолдан өтіп келе жатқаныңа, сол жүкті көтергеніңе қуанамын. Сол үшін қол соғамын. «Денемдегі дірілді емес, дәрігер, емдей ал­ саң жүрегімді емдеші» дейсің бір өлеңіңде. Көп адам байқай бермейтін, өмірдің қалтарыстарын сезіне білген жаралы жүрегіңнен айналайын! Енді тек сенің жү­ регіңнен жеңіл жырлардың желпініп шығуына тілекшімін» деді Ақұштап ақын. Астанадан арнайы келген ай­ тыскер Жібек Болтанова ақын апасына жырдан шашу шашса, әдемі ­ кешті ақынның өлең­де­рі­ одан әрі өрнектеді. Д.Мұш­та­но­ ваның сөзіне жазылған әуезді ән­дер де көрерменге қуат сый­­ лады. Әсіресе, әнші Сәу­­ле Тау­­ дае­ва­ның орындауындағы «Қыз­ дар-ай» мен Еркін Өтегенов орын­даған «Ақ Шолпан» әндері көрер­меннің ерекше қошеметіне ие болды. Жырға сусап келген халық көктем лебін сезініп, поэ­зия кешінен рухани нәр алып шықты. Бар екен жұртым, бар екен, Нар екен жұртым, нар екен, Ойлағандары ар екен, Мен бақытты жан екем, - деп жұртына ризашылығын білдірген мерейтой иесін сөзге тарттық. - Бұрындары өзіме ылғи көңі­ лім толмай жүретін. Бүгінгі кештен кейін өзімді аздап жақсы көре бастағандаймын. Кеш әде­ мі өтті. Халық менің жырымды тыңдаса, мен олардың ілтипатына сусындадым. Осы кеш­ті өткі­зуіме қол­дау көрсеткен об­лыс­ тық тілдер басқармасы, об­лыс­тық мәдениет, мұрағат жә­­не құ­жат­тама басқармасы, ха­лық шы­ғар­­ма­­шылығы орталығы, об­лыстық бұ­ қаралық ақпарат құ­рал­дары­ның өкілдеріне, ма­ған ті­­лекші жан­ дардың бәріне ри­за­шы­лы­ғым­ды білдіремін, – деді Дариға ақын.

Құрметті әріптестер! Наурыз - көп ұлтты Қазақстан халықтарының достық пен туысқандықтың, еңбек пен бірліктің, молшылықтың бастауы болатын көктем және жаңа жыл мейрамы. Күні мен түні, ұлылығы мен жылылығы теңесетін осы айды шығыс елі халықтары ежелден жыл басы санап, өткенге ой жүгіртіп, болашаққа көз тігіп, бір-бірінің кінәсін кешіріп, келер жылдың ырысы мол болсын деп дастарқан жайған. Наурыз күні дастарқанға ағайынтуысты шақырып, қауышып, өткенге салауат айтып, болашаққа әділ көңілмен, жақсы үмітпен қарайтын кез. Бұл күн еңбек пен іскерліктің, ырыс пен ынтымақтың, бауырмалдық пен достықтың алтын арқауын одан әрі бекіте түседі. Әр отбасыға құт-береке, қуаныш пен бақыт тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Құрметпен, «Урал-Кров-Авто» ЖШС бас директоры Валерий БЕЛАШ

Мегажоба

Қаратөбеде

Батыс Қазақстан облысында көктемнің алғашқы күндерінен бастау алған мегажоба эстафетасы өнер өлкесі Қаратөбеге келіп жетті. Наурыз айының 13-і күні атау­ лы мегажоба аясында аудан орталығы Қаратөбе ауылында «Бейбітшілік пен келісім - тату­ лықтың айнасы» атты дөң­ге­лек үстел оздырылды. Аудан әкімі Асхат Шахаров достық сапармен келген шара қонақтары мен дөңгелек үстел­ ге қатысушыларды игі шараның ашылу салтанатымен құттық­та­­ды. Шыңғырлау ауданының әкі­ мі Алдияр Халелов Қаратөбе­де ұйымдас­тырылған мегажоба жұ­мысына 22 ұлт өкілдері татутәтті өмір сүріп жатқан аудан халқының атынан алғысын ай­ тып, шекаралас екі аудан тұрғын­ дары­ның мызғы­мас достығы­ның одан сайын нығая түсетіндігіне үлкен сенім білдірді. «Көп ұлтты еліміздің бірлігі мен татулығын сақтау, оны ны­ғайту – басты мақсат» деп сөзін бастаған Қазақстан халқы БҚО ассам­блея­сы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов ассамблея жұмысына тоқталып өтті. Қазақстанның экономикасы мық­ты дамыған әлемнің 30 елі­нің қатарына енуі үшін жұмыла еңбек етудің қажетті­ гін, өске­лең ұрпақтың аға буын өкілдері­нің ақылына құлақ асып, ел игі­лігі үшін ізгілікті іс жа­сауы, мем­лекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытында атқарыл­ған жұмыс­­­­тар төңірегінде әңгімелеп, аудан­дар бірлігін нығай­та түсетін игі шараға ризашылы­ғын білдірді. Көршілес екі аудан Қаратөбе мен Шыңғырлау өлкесіне тән ортақ ерекшеліктер жетерлік. Бастысы, ауылы аралас, қойы қоралас қос өлкенің табиғаты мен тарихы да біте қайнасқан. «Бейбітшілік пен келісімнің

жол картасы» мегажобасы ая­ сында достық туын көтерген өнер мерекесі аудандық мәденидемалыс орталығында Шыңғыр­ лау ауданы көркемөнерпаздары­ ның сазды бағдарламасымен өр­нек­телді. Жергілікті ақындар­ дың жыр шашуымен ашылған мерекелік шарада «Шыңғырлауым – сәнді өлкем», «Ауылым – алтын бесігім» әндерін орындаған «Аққұм» квартетінің өнеріне қа­­ратөбеліктер риза болысты. Әсіресе, Шыңғырлау өңірінде құ­рылған түрлі ұлт өкілдері мә­ дени орталықтары өкілдерінің дайындаған мерекелік ән шашулары ұлттар арасындағы дос­тық пен ынтымақтастықтың мәңгі салтанат құра беретіндігінен кө­ рініс берді. Екі аудан арасындағы өнер достығының беріктігін көр­сет­ кен шара халық­аралық, рес­пуб­ ликалық ән байқау­ларының жүлдегері Таңат Жексенбаевтың орындауындағы «Қазақстаным» әнімен сахна шымылдығын жапты. Сахна төріне көтерілген Шың­ ғырлау ауданының әкімі Ал­дияр Халелов аудан бас­шылығы­на сый-сыяпат ұсы­нып, достық эс­ тафетасын табыстады. – Елімізде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолдауымен «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасы жүзеге асып ке­леді. Игілікті шара аясында біз­­­ді көтеріңкі көңіл күймен көм­ керген Қаратөбе өңірі халқына алғысымды айтамын. Шыңғыр­ лау ауданы жұртшы­лығы атынан қаратөбелік бауырларымыздың әр ісіне сәттілік тілеймін, – деді Алдияр Сансызбайұлы. Одан соң сөз алған Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров шыңғырлаулықтарға қонақ­жай­ лық танытып, алғысхат пен ескерткіш сыйлық тарту етті. Шара шеңберінде қос аудан командалары арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.

Ерболат РАЙСОВ, Ертай БИМҰХАНОВ, Қаратөбе ауданы


6

ХАТ-ХАБАР Сейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл

Өткен жылы облыстық қаржы басқармасы өңіріміздегі коммуналдық меншік нысандарына түгендеу жүргізді. Соның корытындысына сәйкес нысан саны 7062 бірлікті, ал олардың құны 133,8 млрд. теңгені құрады. Қаржы басқармасы тарапынан коммуналдық меншік нысандарын теңгерім ұстаушылар тиімді әрі мақсатқа сай пайдалануды қада­ ғалаумен қатар, коммуналдық мен­шік нысандарын иесіз қалған мү­ ліктерді мемлекеттік меншікке алу арқылы толықтыру бағытында бір қатар жұмыстар жүргізілуде. Соған байланысты иесіз мүлік орналас­қан ауданда жергілікті атқарушы билік мүлікті иесіз ретінде әділет органдарында тіркетіп, бір жыл мерзімнен кейін сотқа жүгіну арқы­ лы мемелекет есебіне қабылдай­ды. Сәйкесінше қаржы басқармасы мемлекеттік мүлік тізіліміне тиісті өзгерістерді енгізеді. Бұл жұмыс­ тар басқарма тарапынан үнемі ба­ қылауда. Қазіргі таңда Елбасымыздың Үкі­-

oral_oniri@inbox.ru

Бәсекелестік ортаны дамыту жолында меттің алдына қойған тапсырмала­ рының бірі – бәсекелестік ортаны дамыту үшін мемлекеттің қатысу үлесі бар мекеме-кәсіпорындарды мейлінше азайту бағытында жұ­мыстар жүргізу. Соған орай мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлға­лар­дың басқару тиімділігін мони­то­рингі жүзеге асырылды. Мони­то­рингтің негізгі мақсаты өндіріс­тіктехникалық, технологиялық, қар­жы­лық-экономикалық, құқықтық, эко­логиялық және басқа да пара­ метрлер бойынша мемлекеттік кә­сіпорындарды, акционерлік қо­ғам­ дарды, жауапкершілігі шектеу­лі се­ ріктестіктерді басқару тиім­ді­лігін кешенді талдау және мемлекеттік мүлік жағдайын біртұтас бағалау болып табылады. Өткен жылы облыс­тық қаржы басқармасы 24 мониторинг нысанының тізбесін белгіле­ ді. Оның қорытындысы бо­йынша ұсынымдар мен кәсіпорын қызметін одан әрі жетілдіру туралы ұсыныстар мемлекеттік органдарға жолданды. Былтыр басқармамен комму­нал­

дық нысандарды сату, жалға беру, мемлекеттік заңды тұлғалардың таза табыстарының бір бөлігін ау­ даруы есебінен бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру мақсатында қа­ зынаға 38,4 млн. теңге түсім түсуі қамтамасыз етілді. Жекешеленді­ру бойынша 69 автокөлік және бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлесін сату бойынша жұмыстар жүргізіл­ ді. Оның қорытындысы бойынша 41 автокөлік 6,9 млн. теңгеге сатыл­ды. Жалға беру ісінде 2013 жыл­ дың 31 желтоқсандағы жағдай бо­ йынша 70 мүліктік жалдау шарты әрекет етті. Өткен жылы облыстық коммуналдық мүлікті жалдаудан түскен түсімдер 20,9 млн.теңгені құрады. Сөйтіп, жылдық жоспар 101,9 пайызға орындалды. Мемлекеттік заңды тұлғалардан таза табыстың бір бөлігін аудару бо­ йынша былтыр 121 ұйым қаржышаруашылық қызметін атқарды. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 2 жауапкершілігі шектеулі се­ріктестік, 9 мемлекеттік комму­нал­дық кәсіпорын жылды таза табыс-

«Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыру «Зеленов ауданы әкімі аппараты» ММ: 090600, Зеле­ нов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі 139, 2-қабат, 19-бөлме, анықтама үшін телефондар: 8-(71130) 22-2-25, электрондық мекенжайы zel-orgotdel@mail.ru бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды. 1. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы. Санаты Е-R-1 (02-05-01). Қызмет еткен жылдарына байланысты лауа­ зымдық жалақысы 109548 теңгеден 147986 теңгеге дейін Функционалдық міндеттері: Ауданның білім беру меке­мелерінің міндетті сапалы орта білімді, жергілікті деңгейде жалпы білім беру бағдарламаларын орындауын қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылық ету. Білім беру ұйым­да­ рының педагог кадрларына аттестаттау және лицензиялау өткізуді, ауданның білім беру мекемелерінде мемлекеттік міндетті стандарттарды қамтамасыз етуді бақылау. Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар: Білім, әлеуметтік ғылымдар және бизнес мамандықта­ры бойынша жоғары кәсіби білім. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: - мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; - жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі бі­лім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқ­таған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; - ғылыми дәрежесінің болуы; - мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауа­ зымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; - осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық ба­ ғыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес. 2. Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамта­ масыз ету және қаржы-шаруашылық жұмысы бөлімінің құқық мәселелері жөніндегі бас маманы. Санаты E-4. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақы­ сы 59578 теңгеден 80719 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының заңдылық қыз­ метінің сақталуын қамтамасыз ету, құқықтық әрекеттермен олардың мүддесін қорғау. Құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкес келуін тексеру. Даулы мәселелер бо­ йынша сотта өкілдікті қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар: құқық мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім. 3. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі­нің бас маманы. Санаты E-R-4. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 56375 теңгеден 74953 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Коммуналдық шаруашылық мәселелері, сумен жабдық­тау, газбен жабдықтау, кәріздік. Ауданның әлеуметтік нысандарын күзгі-қысқы маусымына дайындық. Ауданның ел­ді мекендерін абаттандыру. Ауданның елді мекендерінің са­ нитарлық-экологиялық жағдайы. Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талап­тар: Техникалық ғылымдар және технология, құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика) мамандық­

тары бойынша жоғары кәсіби білім. 4. Ауылдық округтері әкімдері аппараттарының бас маман-есепшілері (Белес, Раздольный) -2 бірлік. Санаты E-G-3. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 53813 теңгеден 73750 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратына бухгалтерлік қызмет көрсету және қаржылық есепті жүргізу, статистикалық жә­не оперативтік есептемені құрастыру. Шығын сметаларын орындау жөніндегі операциялар есебі. Өз жұмысын бол­жамдау, жоспарлау және ұйымдастыру қабілеті. Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) мамандықтары бойынша кәсіби жоғары білім. 2,3,4 тармақтары үшін Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес бо­луы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Конкурсқа құжат тапсыру барысында шетелдік оқу орындарын бітірген азаматтар білімі бойынша құжат­ тарын нострификациялау рәсімінен өткізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген ны­ сандағы толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәлан­ды­ рылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куә­ ландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министр­ лігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекі­тілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық акті­лердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. Қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік ор­ ганға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әке­ліп берген, поштамен немесе электрондық адресіне жібе­ рілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комис­ сиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттар­ды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бас­тап бес күн ішінде конкурс жариялаған Зеленов ауданы әкімінің аппаратында өтеді.

пен аяқтады. Барлығы 10,6 млн. теңге таза табыстың бір бөлігі то­ лықтай облыстық бюджетке аударылды. ҚР Президенті Н.Назарбаев би­ыл­ғы Жолдауында Үкіметке «Самұ­рық-Қазына» қорымен бірлесіп, мемлекеттің қатысуымен барлық компанияға талдау жүргізіп, жеке секторға берілетін кәсіпорын­дар­ дың тізімін анықтауды міндетте­ ді. Сондай-ақ үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдауды да тапсырды. Осыған орай Үкімет аталмыш жоспарды дайындауда. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен биылғы жылы облысымыз бойынша барлық квазимемлекеттік сектор субъектісін оңтайландыру бойынша мемлекеттік органдардың ұсыныстары қаралып, талдау жасалуда. Талдау нәтижесі бойынша мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдарды жекешелендіру, тарату жолымен, мемлекеттің өзіне тән емес функцияларын бәсекелестік ортаға бе­-

ру жұмыстары жалғасады. Еліміздегі меншікті жекешелен­ дірудің негізгі мақсаты бәсекелес­ тік ортаны құру, шағын және ор­та бизнесті дамыту және жеке кәсіп­керліктің үстемділігімен ұйымдас­ тыру-шаруашылық құрылымдарын құру болып табылады. Осы ретте 2012-2013 жылдары облыс көлемін­де жүргізілген жұмыстың қоры­тын­дысы бойынша 18 ұйым бәсеке­ лестік ортаға берілді. Оның ішінде ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы са­ласындағы екі ұйымның 51 па­йыз­ дық үлесі жекешелендірілді. Білім беру, байланыс және коммуника­ ция, туризм, сәулет және қала құ­рылысы, табиғат пайдалану сала­ ларындағы 16 ұйымның қызмет түрлері қайта құру немесе тарату жолымен бәсекелестік ортаға табысталды.

Тілепберген КАЮПОВ, облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) ребрендинг бастайды және ұйымның үздік атауы мен логотипіне байқау жариялайды Қоғамның атауы қазақ және орыс тілдерінде келесі талаптарға сай болуы тиіс: а) Қоғам қызметінің мәнін білдіруі; б) Қоғамның «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниялар құрамына кіретінін білдіру мақсатында ұсынылған атаудың бастапқы сөздері «ҚазАгро» деген сөздермен басталуы тиіс; в) қысқа әрі мәнді болуы, сондай-ақ 4 сөзден көп емес, мүмкіндігінше 4 сөзден аз болғаны дұрыс (мысалы, «ҚазАгроШағынНесие»); г) қысқартып айтылғанда аббревиатура жеңіл айтылатын және жағымды естілетін болуы тиіс. Ұсынылған атауға фирмалық белгі (логотип) үшін идея ұсынылуы тиіс. Басты және жалғыз жүлде – 200 000 (екі жүз мың) теңге. Автордың аты-жөні, әкесінің аты көрсетілген барлық ұсыныстарды 2014 жыл­дың 27 наурызына дейінгі мерзімде жеке электронды мекенжайдан pressa@fagri.kz электронды мекенжайға жолдау қажет. Анықтама телефондары: 8/7172/ 678-250 (Әлия Еңсебаева)

2014 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын сақтау мақсатында ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасында автокөліктердің қозғалысы туралы кейбір мәселелер» туралы 19.01.2002 жылдағы 62 қаулысы-­ на сүйене отырып, Көлік және коммуникация министрінің №162, 11.03.2013 жылғы бұйрығын іске асыру мақсатында оське түсе­тін жүктемені 8 тоннадан жоғары, ауыр салмақтағы автокөлік­ терге 2014 жылдың наурыз айының 23-інен мамыр айының 1-іне дейін халықаралық және республикалық маңыздағы жалпы пай­ даланымдағы жолдарында жүруге тыйым салынады. Ауыр салмақты автокөліктер қатынасын реттеу және т.б. қо­ сымша ақпараттарды БҚО бойынша транспортты бақылау инс­ пекциясынан 50-95-35 телефоны арқылы хабарласып білуге болады. “ҚазАвтоЖол” АҚ МК Батыс Қазақстан облыстық филиалы Су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК бос қызмет орындарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды: 1. Заңгер – 1 бірлік (жоғары білімі, жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы бойынша (Веб-портал) жұмыс жасай алуы қажет; 2. Электрик – 1 бірлік. Конкурсқа қатысқысы келетін үміткерлер мына құжаттарды алып келуі тиіс: - Мемлекеттік тілде түйіндеме ған білімін анықтайтын құжаттар­дың кө­ - Мемлекеттік тілді білу шірмесі - Конкурсқа қатысуға өтініш - Медициналық кітапша (жұмыс жа­сауға - Қазақстан Республикасы азама­ты­ның рұқсаты бар) жеке куәлігінің көшірмесі - Еңбек кітапшасы - Кадр есебі бойынша жеке іс-па­ра­ғы - Әскери есеп құжаты (әскери мін­дет­ті­(нақты мекенжай мен телефон нө­мірі лер мен әскери қызметке шақы­рылуға көрсетілген) жататын адамдар үшін) - Өмірбаян, 2 дана 3х4 фото - Сотталмағаны туралы анықтама - Белгіленген тәртіппен қуәлан­ды­рыл­

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап, 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы қажет. Орал қаласы, Жеңіс шағынауданы, №5 ғимарат. Анықтама үшін телефон: 26-26-80.


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл

7

Мұрат Ғайсаұлы ҒҰбашев Мейірімсіз ажал елге танымал, абзал азамат, біреуге өмірлік қи­мас асыл жар, біреуге сүйікті әке, біреуге тума-туыс, бауыр, жолдас Мұрат Ғайса­ұлын арамыздан алып кетті. Мұрат Ғайсаұлы Ғұбашев 1937 жылы 23 наурыз айында Орда ауданында дү­ ниеге келді. Орда ауданының М.Горький атындағы орта мектепті бітіріп, 1963 жы­лы Алматы қаласындағы СМУ-10 құрылыс мекемесінде жұмысшы болып еңбек жолын бастайды. 1963 жылы Жамбыл қаласындағы гид­ромелиоративтік институтына түсіп, 1968 жылы құрылысшы-инженер маманды­ғын алып шығады. Оқу бітіргеннен кейін Батыс Қазақстан облысының Фурманов, Жәнібек ауданда­ рында аудандық ауыл шаруашылығы бас­­қармасында аға инженер бо­лып еңбек ет­ті. Жәнібек ауданында жол салу бөлімінде, ПМК-804, аудандық суландыру мекеме­сінде және аудандық мал бақылау мекемесінде аға құрылыс прорабы болып абыройлы жұмыстар атқарды. 1989 жылы өз алдына жеке «Заря» ат­ ты құрылыс салатын кооператив ашып, Жә­нібек ауданының орталығында, аудан совхоздарында көптеген мәдени орындары мен жеке тұрғын үй құрылыстарын салды. Мұрат – үлкен жанұя басшысы, бір ұл, бір қыз, екі немере тәрбиелеп өсіріп, ба­лаларына жоғары мамандық алып шығу­ ларына қамқоршы бола білді. Комсомол, кәсіподақ партия қа­тарын­ да болған кезінде қоғамдық жұмыс­тарға белсене қатысты. 1981 жылы марксизмленинизм университетіне оқуға тү­сіп, эко­номикалық факультетін бітірді. Отан ал­

дындағы борышын адал атқарған сол кездегі кеңес әскерінің сарбаздарының қатарында болды. Мұрат үлкендерге де, кішіге де сыйлы, аяулы азамат бола білді. Жәнібек ауданы­­ның «Еңбек ардагері» атанды. Ұзақ жыл­ дардағы жемісті қызметі үшін бірнеше медаль мен құрмет грамоталарымен ма­рапатталды. Мұраттың өмірін, өнегесін елге істеген барлық жақсылығын жан жолдасы Сара, баласы Абзал, қызы Маргарита жалғас­­ты­рады деп есептейміз. Ғұбашевтар жанұясы үшін осынау ауыр сәттерде барлық тума-туыстарына, құ­да­­лары мен жолдастарына берік болың­дар, қайғыңызға ортақпыз, ендігі жерде шаңы­ рақтарыңызға жақсылық болсын деп тілек білдіреміз. Жаны жайсаң, көпшілікке қамқор, өне­ гелі шаңырақ иесі, адал дос, асыл азамат­тың бейнесі жадымызда әрдайым сақта­ лады. Жаны жәннатта болсын, иманы серік, алды жарық болсын деп тілек білдіреміз.

Тума-туысқандары мен жолдастары

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комите­тінің БҚО бойынша департаменті» ММ Орал қаласы, Достық даңғылы, 191/4 электрондық мекенжайы: zko_dkomy@mail.ru 2014 жылға республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын босап шыққан қаржы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – қыз­мет) көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсімін (бұдан әрі – рәсім) өткізу туралы хабар­лайды: медициналық көмектің түрлері бойынша: білікті, мамандандырылған және жоғары маман­дан­ды­ рылған; медициналық көмектің нысандары бойынша: стационарлық және стационаралмастырушы. Қыз­меттер Батыс Қазақстан облысы аумағында көрсетілуі тиіс. Рәсімге қатысуға арналған өтінімдер және нысандары komu.mz.gov.kz интернет-ресурсында ор­ наласқан қоса берілген құжаттардың тізбесін әлеуетті қызметтер берушілер «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша депар­та­менті» ММ Орал қаласы, Достық даңғылы, 191/4 мекенжайы бойынша, №6 кабинетке ұсы­на­ды. Рәсімге қатысу үшін өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2014 жыл 26 наурыз сағат 12.00-ге дейін. Рәсімге қатысу үшін өтінімдер сағат 15.00-де 26 наурыз 2014 жылы, мына мекенжай бойынша: Орал қаласы, Достық даңғылы, 191/4, №3 кабинетте қаралатын болады. Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7112) 50-33-78.

Облыстық, қалалық ардагерлер ұйымының кеңесі Орал қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Бижан Тілешұлы Иманғалиевтің дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Батыс Қазақстан облыстық соты сот жүйесі­нің ардагері Бижан Тілешұлы Иманғалиевтің дүниеден озуына байланысты отбасы мен ту­ғантуысқандарының қайғысына ортақтасып кө­ңіл айтады.

«Орал-жер» ЖШС ұжымы директор Д.Б. Иманғалиевке әкесі Бижан Тілешұлының қайтыс болуына байланысты қай­ғысына ортақтасып көңіл айтады.

Биылғы 2014 жылдың 21 наурызында облысқа танымал тұлға, еңбек және соғыс ардагері, Сырым елінің құрметті азаматы, аса қадірлі де аяулы әкеміз Молдаш Қаналиевтің дүниеден өткеніне 20 жыл жә­ не ол кісінің үлкен немересі, қимас бауырымыз Талғатты сұм ажал бізден айырғанына 1 жыл болады. Әкеміз бен бауырымызды қабырғамыз қайысып, қи­мас­ тықпен еске ала отырып, топырақтары торқа, жандары жәннатта болсын дейміз.

Еске алушылар: Қаналиевтер әулеті және ұрпақтары Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының тұрғыны болған асыл жар, аяулы ана Балия Закаринаның бақилық бол­ ғанына 23 наурызда 40 күн болады. Асыл ана, сөнбейді шырағыңыз, Өмірде биік тұрар Құраныңыз. Алдың жарық, ал артың пейіш болып, Жәннатта болсын орын-тұрағыңыз.

Еске алушылар: жұбайы Ермек, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары және немере-жиендері, Лұқпановтар әулеті Жаңақала ауданы Пятимар ауылының тұрғыны болған сүйікті жар, аяулы да ардақты ана, қымбатты да қамқоршы әже Надежда Қоштайқызы Муханова ортамызда болса, осы жылы 77 жасқа толар еді. Амал не, сұм ажал ортамыздан алып кетті... Ендігі тілеріміз – Алла алдынан жарылқап, жаны жән­ натта болсын. Әжемізді ортамыздан алып кетті, Әжеміз бірақ қаншама із қалдырып кетті. Сіздей ана ешқашан қайталанбас, Жүрегімізге қайғы-мұңын салып кетті. Жатқан жері жарық, иманы жолдас, топырағы торқа болсын!

Сағына еске алушылар: жұбайы Темірхан, бала-келіндері Ерболат-Гүлсім, Қадем-Гүлнар және немерелері Сырым ауданы Бұлан ауылының тұрғыны болған аяулы анамыз Зәрует Батырғалиқызы Шакированың арамыздан кеткеніне 21 наурызда 5 жыл болады. Сағынамыз, жан ана, сағынамыз, Басыңа барып, рухыңа табынамыз. Сағынғаннан, анашым, амал қанша, Алланың жазғанына бағынамыз.

Еске алушылар: жұбайы Берік, балалары Манас-Ақмарал, Асқар-Алмагүл, Алмас-Әйгерім, немерелері Азалия, Ерасыл, Мерхат, Зерде, Фатима Облыстық денсаулық сақтау бас­ қармасы және облыстық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ филиалы «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» ММ директоры Мақсот Бижанұлы Иманғалиевке әкесі Бижан Тілешұлы Иманғалиевтің қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Батыс Қазақстан облыстық денсау­лық сақтау басқармасының облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің ұжымы осы мекеменің бас дәрігері Мақсот Бижанұлы Иманғалиевке әкесі Бижан Тілешұлы Иманғалиевтің қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16475, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: а.қабылова


8

керуен сарай Cейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Ұланда қызмет еткенін

мақтан тұтады

Наурыздың 16 жұлдызы – республикалық Ұланның құрылған күні.

Өңірімізде азаматтық борышын РҰ-ның әскери бөлімдерінде өте­ген сарбаздар баршылық. Солар­ дың бірі – Әділет Мұхитов. Ол 2010 жылдың қазанында Бөрлі ауданы­нан әскери қызметін өтеуге ша­ қырылады. Өзі қатарлас 19 бала­мен әскерге аттанған оның қуа­ нышында шек болмады. Себебі

кез келгенге бұйыра бермейтін РҰ-ның әскери бөліміне түседі. Алғаш Алматы қаласына аттанған оны сол жақтан Астана қаласына ауыстырған. Сөйтіп, Астана қаласындағы РҰ-ның 0112-әс­ кери бөлімінде бір жылдан аса уақыт әскери міндетін өтейді. «Республикалық Ұланға өту үшін денсау­ лығыңда ешбір кінәрат болмауы керек, бойың 180 см, салмағың 70 кг шамасында болуы шарт. Бет-әлпетіндегі тыртық­ тарға да қарайды» деді Әділет біз одан Ұланға қалай өткенін сұ­­рағанымызда. Аз-кем әңгіме барысында ол өзінің РҰ-да боры­шын өтегенін мақтаныш тұтаты­нын байқадық. - Республикалық Ұлан мемле­кеттік маңызы бар объектілерді қорғайды. ҚР Ақор­дасы мен Пре­-

зидентінің қауіп­сіздігін қамтама­ сыз ету ұландық сарбаздардың қалтқысыз қызметі саналады. Әс­кери борышыңды өтеу еліңнің қа­уіп­сіздігі үшін қызмет етудің ал­ғаш­қы баспалдағы деп түсіне­мін. Рес­публикалық Ұланда жүргенде біз күн сайын Ақорданы және Ас­тана әуежайында­ғы Президенттің ұшағын күзеттік. Біздің бұл қыз­ме­тіміз – міндетіміз болса, екінші жа­ғынан, аз уақыт болса да, ел қа­уіпсіздігі үшін жа­саған ісіміздің басы. Өйткені біз сол кезде Ақор­да мен Елбасы­ның қауіпсіздігі үшін жауаптылар­дың қатарында болдық, - дейді ұландық сарбаз. Бойынан жастық жігер жалындап тұрған қайсар ұланның болашағынан үлкен үміт күттік. Бүгінде ол ҚазИИТУ-да заңгер ма­мандығы бойынша білім алуда.

Ақмоншақ ЖҰМАЕВА

ш е к н а ғ у а ж Гүл

Таяуда «Нұр Отан» партиясы ғимаратының концерт залында тамаша ән кеші өтті. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, республикалық, халықаралық ән байқауларының бас жүлдегері Марат Сарбөпеевтің шығармашылық кеші оралдықтарға көктемнің алғашқы жылуын ала келгендей болды.

Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ, "Орал өңірі"

Жанды дауыста басталған ән кешін Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының деканы, жерле­сі­ міз Асхат Маемиров жүргізді. Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және құжаттама басқармасының бөлім меңгерушісі Р.Қазиханова әншіні басқарма атынан құттық­тап, алғысхат табыс етті. Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын бітірген Мараттың өнердегі жолы жар­ қын сәттерге толы. 1995 жылы жи­ырмаға да толмаған жас талант республикалық «Жас қанат» бай­ қауының лауреаты болды. Содан бастап оның бағына додалы жарыстарда тек қана бас жүлдегер болу бұйырған сияқты. «Шабыт»,

«Азия дауысы», «Алтын домбыра», Ақтау қаласында өткен «Жаһан дала», Белоруссияда өткен халық­ аралық «Золотой шлягер», Мальта еліндегі, Севастополь қаласында­ ғы және Македонияда өткен «Еврофест» халықаралық ән фестивальдерінде бас жүлделерге ие болды. Жүргізуші Асхат айтпақшы, ән­ді жанын жеп, жүрегімен айтатын әнші өз елімізде ғана емес, Мальта мен Македонияға қоса Қытайдың Құлжа, Үрімші, Бейжің, Американың Лас-Вегас, Ресейдің Орынбор, Астрахан қалаларында, Латвия мен Украинада да концертін беріп, шетелдіктерге қол соқтырған. Кеште Шанхайда өткен халықаралық ән фестивалінің лауреаты Дәуренбек Мерғалиев сияқты Мараттың жолын қуған шә­кірттері өнер көрсетті. Сахнаға ақ жаулықты анасы мен достары кө­

теріліп, ақжарма тілектерін айтты. Кештің бір ерекшелігі - Марат­тың қазақ, орыс, шетел компо­зи­ торларының шығармаларына қо­ са жергілікті авторлардың әнде­рін орындап, оларға құрмет көр­сетуі болды. Әнші ақындар Ұ.Са­ риева, М.Балмолда, С.Бисенғалиев, Е.Ахметов, композитор Ж.Ғайса­ға­лиев, әуесқой сазгерлер Г.Қасие­ това, Ғ.Хибашевтың әндерін орын­дады. Өзі жазған әндерді халық­ қа таныстырды. Белгілі әнші Жа­ ңылсын Хасанова екеуі марқұм Ботакөз Баймұқанқызының көп­ шілікке белгілі «Кетсем де шалғай» әнін шырқады. Айнара Айтқалие­ва сияқты талантты жастар да өнер көрсетті. Бұл кеш өзін емес, өзгені ма­ дақтау, бір құдықтың суын ішіп, бір топырақты басып жүрген өнер иелеріне құрмет көрсету, жарасымды сыйластық пен биік адамдықтың үлгісіндей өтті. Қы­рықтың қырқасына үлкен же­ тістіктермен көтерілген Марат Сарбөпеевті Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларынан шәкірттері мен достары келіп құттықтады. Зал толы көрермен әншінің құша­ғын гүлге толтырды.

Колониядағы «Көктемгі марафон» Орал қаласындағы РУ-170/3 ме­кемесіне қарасты қоныс-колония­ сында жазасын өтеушілерді мо­ ральдық-психологиялық қолдау мақсатында әр түрлі мәдени шаралар барынша жиі өткізіліп тұрады. Жақында 8 наурыз мерекесіне орай тәрбиелік жұмыстар отряды басшыларының ұйымдастыруы­ мен «Көктемгі марафон» көңілді тап­қыштар клубы (КТК) ойыны

және мерекелік концерт өткізілді. «Бостандық» және «Қонақтар» атты екі команда қатысқан КТК ойыншылары шараға шақырылған нәзік жандарды мерекемен құт­ тықтап, сыйлықтарын табыс етті. Бұдан соң олар конкурстың шар­ты бойынша сәлемдесу, сергіту ойындары, үй тапсырмасы, қабыр­ға газетін шығару және мәрелік аккордтан сынға түсті.

БҚО қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары, әділет полковнигі Дмитрий Кобцев бастаған қазылар ал­қасы «Бостандық» командасын жеңімпаз деп тауып, кубок табыс етті.

Лия ӨТЕШЕВА, БҚО ҚАЖ департаменті РУ-170/3 мекемесінің отряд жетекшісі, Орал қаласы

Құттықтаймыз! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! РУ-170/1 мекеме қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құт­тық­ таймын! Ежелден келе жатқан бұл ерекше мереке біз үшін көктемгі жаңарудың, тіршіліктің жандануының, табиғаттың гүлденуінің, береке-бірліктің белгісі болып табылады. Барлығыңыздың от­ басыңызға бақ-береке және зор денсаулық, бақыт тілеймін.

РУ-170/1 мекеме қызметкері А.Жұмағалиева Құрметті Сатыбалды Қаджымұратұлы! Сізді 65 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Бала, немере қызығын көріп, бақытты өмір сүріңіз.

Игі тілекпен: сыныптас достарыңыз Рабиға, Төлеген, Жаннат, Алия, Сатыбалды, Клара, Ағырыс, Үміт Атырау қаласының тұрғыны Гүлдәурен сүй­ікті қызымыз НАУРЫЗБАЙҚЫЗЫН мерейлі 35 жасымен шын жүректен құттық­ таймыз. Құтты болсын 35 деген жасыңыз, Аман болсын әрқашанда басыңыз. Бейнет көрмей, қызығы мол өмірде, Әлі талай асулардан асыңыз.

Құттықтаушылар: ата-анаң Наурызбай-Клара, бауырларыңыз Ернар, Дамир, Райымбек Редакциямыздың фототілшісі Темірболат ТОҚМАМБЕТОВТЫ ор­да бұзар 30 жасқа толуымен құт­ тықтаймыз! Ұжымда беделді, сый­ лы әріптесімізге шығармашылық табысының арта беруін тілейміз. Осындай ашық-жарқын мінезіңмен отбасың мен бауырларыңның, дос­ тарыңның арасында аман-есен жү­ре бер. Қос қызың қуанышың боп өсе берсін. Әрқашан тілектес, ниет­тес адамдар өзіңді қаумалап жүр­ сін!

Игі тілекпен: «Орал өңірі» газетінің ұжымы ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес (57-бап) «Жаикму­най» ЖШС Батыс Қазақ­стан облысы бойынша экологиялық департа­ментіне Қоршаған ортаны қорғау бөлімімен қо­са «Жаикмунай» ЖШС нысандарын техникалық сумен қамтамасыз ету үшін жоғары перм сутұтқыш беткейінен салынатын су көзінің пайдалану жобасына» мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу үшін жолдайды. Қызығушылық танытқан барлық тұлғалар мен қоғамдық бірлес­тіктерге мемлекеттік эко­логиялық сараптама өткізілу кезеңінде тө­ мендегі мекенжайға өз пікірлерін білдіру мүмкін­дігі беріледі: Орал қ., Л.Толстой көш., 59, «Батыс Қазақстан облысы бойынша экология де­пар­таменті», тел.: 50-04-81, факс: 51-29-81.

www.zhaikpress.kz Құрметті оқырман! Ғасырға жуық тарихы бар об­лыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің, сондай-ақ ау­дандық газеттердің электрондық нұсқасын www.zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыздар. Сонымен қатар күн сайын­ғы жаңа­ лықтармен танысуға да мүм­кіндік бар.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.