Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет
+ 15 С + 5С 0
0
Сенбі, 29 наурыз 2014 жыл №34 (19953)
www.zhaikpress.kz
Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
Ұлт саулығы –
oral_oniri@inbox.ru
ел-жұрт
өзекті мәселе 5
Қос жеңімпаз керуен сарай
3 Былтырдан бері біздің елдің аумағында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында алуан іс-шара қанатын жайғаны мәлім. Біздің облысымызда да бұл марафон кең байтақ Отанымыздағы ынтымақтың іргетасын нығайтып, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы үшін топтасудың жарқын мысалына айналуда. Мегажобаның эстафетасын бұ ған дейін қаратөбеліктерден қабылдаған сырымдықтар 27 наурызда аудан әкімі Абат Шыны бековтің бастауымен Ақжайық ауданына келді. Аудан орталы ғындағы шаралардың легі «Жел тоқсанның жебесі» атанған Жұбан Молдағалиевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етумен басталды.
Шоңайға «шақырылмаған қонақ»
Эстафета – Ақжайықта
Содан соң меймандар отан сүйгіштікті насихаттаудағы ау қымды қызметімен танылып үл герген «Радуга» ұлттық-мәдени орталығында болды. Сырымдық тар Ақжайық ауданының кешегісі
мен бүгінгісінен сыр шертетін жәдігерлерге бай өлкетану музейінен де зор әсер алды. Чапаевтағы соңғы жылдары бой көтерген еңселі ғимарат – М.Әуезов атын дағы орта мектептің спорт за-
лында екі ауданның мемлекеттік қызметшілерінен құралған волейбол командаларының жолдастық кездесуі өтті. «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» Тәуелсіздігімізді, Жалпы ға ортақ еңбек қоғамын құруды, ортақ тарихымызды, мәдениет пен тілімізді басты құндылықтары мыз деп әйгілеген «Мәңгілік ел» мұраттарымен табиғи үндесіп жатыр. Қазақстан халқы БҚО ассам блеясы төрағасының орынбасары, хатшылық басшысы Ғайса Қапа қов, қос ауданның қоғамдық ұйым дар, кәсіпкерлік, білім, мәдениет, денсаулық сақтау салалары өкіл дерінің қатысуымен өткен жиында ұлттық құндылықтарымыз жө нінде кеңінен айтылды. Мәжіліс соңында қос ауданның әкімдері ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім, медицина, мәдениет сала
8
лары бойынша жүйелі түрде тәжірибе алмасу, ортақ пробле маларды бірлесіп шешуде ісқимылды үйлестіруді көздейтін меморандумға қол қойды. Түстен кейін «Мерей» мәденидемалыс орталығында «Сырым сазы» фольклорлық ансамблі, ән ші Төлеген Есмұханов, ІІ облыстық Қадыр оқуларының бас жүлдеге рі Меңсұлу Сәрсен, «Ерке наз» би тобы, белгілі әнші Жаскелең Ғайсағалиев сынды өнерімен өр ге жүзгендерге ақжайықтықтар қошеметпен қол соқты. Концерттен соң мегажоба эстафетасын Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиевқа салтанатты түрде та быстады. Алдағы күндері ақжа йықтықтар осындай мақсатпен Жаңақала ауданында болады.
Тілес ЖАЗЫҚБАЙ, Ақжайық ауданы Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН
2
АҚПАРАТ Сенбі, 29 наурыз 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Үш азаматқа
12 Гүлбаршын онлайн-казино ӘЖІГЕРЕЕВА, жабылды
құрметті атақ берілді
Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментімен Қазақстан аумағындағы ғаламтор (интернет) желісіне қосылған онлайнказино сайттарын әшкерелеу жұмыстары жалғасуда. Ел аумағындағы онлайн-казино сайттарының әрекетін тоқтату жөніндегі департаменттің ұсынысы Орал қалалық прокуратурасы тарапынан қолдау тауып, 12 онлайн-казиноға байланысты шағым сотқа жолданды. Биылғы алтыншы наурызда осы шағымда көрсетілген талаптар қанағаттандырылып, 12 онлайн-казиноның жұмысын тоқтату жөнін дегі Орал қалалық сотының шешімі заңды күшіне енді. Департаментпен бұдан бұрын, яғни 2013 жылдың қыркүйек айында 4 онлайн-казино сайты жабылған болатын.
БҚО бойынша ЭСЖҚД-ның баспасөз қызметі
Еңбекақы уақтылы төленуі тиіс! Бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысы өтті. – Комиссия жұмысының басты міндеті – еңбекақы қарызын болдырмау, ондай түйткілдер бола қалған жағдайда мәселені жедел шешу, – деді басқосуды ашқан Б.Мәкен. Жиында жұмысшылардың ең бекақысы және өзге де міндетті төлемдерді төлеуді кешіктірген бірқатар мекеме-кәсіпорын өкілдері сөз алып, бережақтың қор далану себептері жайында есеп берді. Мысалға, «БГС-Ақсай» ЖШСның еңбекақы бережағының 21 млн. теңгесі өтелген. Енді компания жұмысшыларға пайдала нылған еңбек демалысы үшін есеп айырысуы керек. Алайда жұмыс ауқымының болмауынан компания борышкер мекеме «мәртебе сінен» құтылар емес. Комиссия мүшелері қызмет керлеріне еңбекақы уақтылы төленбейтін компания басшылары на еңбек заңдылығы бойынша еңбекақы келесі айдың 10-ына дейін төленуі тиіс екендігін еске салып өтті. Жалақы бойынша заң дылықты бірінші рет бұзғанда мекеме-кәсіпорын басшылығы әкімшілік, екінші рет бұзған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бақтияр Мәкен комиссия отырысына мекеме-кә сіпорын басшыларының қатыс пауы жауапсыздық деп білетінін, жұмысшылардың маңдай тері уақ тылы төленуі тиістігін, мәселенің аяқсыз қалмайтынын, комиссия хаттамасына нақты шешім шығару жөнінде ұсыныс енгізілетінін жеткізді. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары еңбекақыдан берешегі бар мекеме-кәсіпорын бас шыларының қалыптасып отырған жағдайды түсіндіріп, комиссиямен бірлесіп тұйықтан шығар жол іздеу қажеттігін де атап көрсетті. Комиссия мүшесі, БҚО прокурорының орынбасары Халидолла Дауешевтің айтуынша, жыл басынан бері прокуратура қызметкерлері облыста еңбек заңдылығын сақтау мәселелері бойынша 16 тексеріс өткізілген. Тексе рістер барысында 3 164 еңбек заңдылығын бұзу фактілері анықталып, 39 қадағалау актісі шыға рылды, 3 299 тұлғаның құқығы қорғалып, 23 лауазым иесі түрлі
жауапкершілікке, 13 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тар тылған. Жыл басынан бері прокура тураның араласуымен 196 млн. теңгеден астам шамадағы еңбек ақы берешегі өтелген. Х.Дауешев комиссияның келесі отырысына «ҚПО б.в.» компаниясының өкілдерін қатыстыруды ұсынды. Оның пікірінше, компания жергілікті мердігерлермен тапсырыс бойынша жасалған жұмыс үшін есеп айырысуды бір айға кешікті реді. Соның кесірінен отандық мекеме-кәсіпорындар өз ұжым мүшелеріне еңбекақыны уақтылы төлей алмай, қарызға батады. Бұдан кейін Жәнібек және Жаңақала аудандары бойынша әлеу меттік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиялар жұмыстарының есептері тыңдал ды. Аудандарда комиссиялар тұрақты жұмыс істеуде, екі ауданда да еңбекақыдан және өзге де төлемдерден берешек жоқ. – Әлеуметтік жауапкершілікке сергек қарайтын мекеме-кәсіп орындардың басшыларын мемле кет, облыс пен аудандар тарапынан марапаттау, жақсы істерін өнеге қылуды ұмытпауымыз керек, деді Бақтияр Мәкен. БҚО бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Арман Тұйғынбетовтің айтуынша, биылғы жылдың 1 наурызына кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша қыз меткерлерге еңбекақы бережақ тарының жалпы шамасы 24,5 млн. теңгені құраса, қазіргі таңда 16299,0 мың теңге көлемінде жалақы бережағы өтелген. Оның ішінде «ОралҚұрылысЖөндеуСервис» ЖШС 2245,4 мың теңгені, «Оралдорстрой» АҚ 12299,6 мың теңгені, «ПСТК Бителеком» АҚ 1754,0 мың теңгені жұмысшыларына төлеген. Мемлекеттік ең бек инспекциясының 26 наурыз күнгі жедел мәліметі бойынша еңбекақы берешегінің жалпы шамасы 8149,9 мың теңгені құрап отыр. Комиссия отырысының соңын да 2014 жылға арналған комис сияның жұмыс жоспары мақұлданды.
Өз тілшіміз
Кеше облыстық мәслихаттың кезекті ХVІ сессия сы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»
С
ессия бесінші шақырылымдағы БҚО мәслиха тының регламентін бекіту және бұрынғы регламент жө ніндегі облыстық мәслихаттың шешімін жою туралы мәселелер қарап, шешім қабылдады. Күн тәртібіндегі «БҚО-дағы құқықбұзушы лықтың алдын алудың 20112013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру туралы» мәселесі бойынша облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Махамбет Абисатов баяндама жасады. Оның айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыруға қа тысты қабылданған ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар облыс аумағындағы жедел жағдайдың тұрақтануына әсер еткен. Жалпы тіркелген қылмыстар санының 2011 жылы 89,3%-ға, 2012 жылы 18,9%-ға өсуіне қарамастан 2013 жылы ауыр және аса ауыр (13,1% немесе 1098-ден 954-ке), соның ішінде кісі өлтіру (33,9% немесе 62-ден 41-ге), қарақшылық шабуыл (22,8% немесе 57-ден 44-ке), тонау (12,3% немесе 798-ден 700-ге) қылмыстары азайған. Қазір облыста қылмыс деңгейінің төмендеуі байқа лады. – Қылмысты ашу бойынша жедел қызметті ұйымдастыруда оң өзгерістер бары статистикадан байқалады. 2012 жылдың қорытындысымен облыстардағы ІІД бо йынша біздің департамент ашылу көрсеткіші бойынша соңғы орында болса, 2013 жылды республика бойынша 4-орында аяқтады, - деді М.Абисатов. Баяндамашы мұндай оң нәтижелер депутаттардың азаматтардың қауіпсізді гін қамтамасыз ету ісіне түсіністік пен қарап, қаражаттың бөлінуіне қолдау жасағанының септігі тигенін атап көрсетті. Сондай-ақ алдағы жылдарға жаңа бағдарлама жасақталуда, оны да қаржылай қолдауды ұсынды. Депутаттар облыс аумағында құрылыс салудың ережесін бекітті. Облыстық сәулет және қала құ рылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Ержан Есімовтің айтуынша, ереже еліміздегі қолданыстағы барлық заңдылық
Халық қалаулылары еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуға, облыстың саяси-әлеуметтік, мәде ни-экономикалық, рухани дамуына үлес қосқан қазақтың белгілі ақыны марқұм Қайрат Жұма ғалиевке, қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиевке, Социалистік Еңбек Ері, еңбек ардагері Ескендір Есімовке «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы облыс әкімінің ұсынбасын мақұл дады. тар мен нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген және өңірдегі елді мекендерде құры лыс салудың талаптарын ұсынады. Сессияда облыстың әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы, облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның және бірқатар өзге де комиссиялардың құрамы, ҮЕҰ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі облыс тық консультативтік кеңесінің құрамы жөнінде мәселелер қара лып, тиісті өзгерістерді мақұлда ды. Облыс әкімдігінің құрамы ту ралы мәселе бойынша сессияда Үкіметтің шешімдеріне сәйкес облыстық балалар құқықтарын қорғау басқармасы мемлекеттік мекемесін тарату, әкімдік құра мына ҚР Еңбек кодексіне сәйкес БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасы мемлекеттік мекемесін енгізу жөніндегі өзгеріс тер қолдауға ие болды. Халық қалаулылары еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуға, облыстың саяси-әлеуметтік, мәдениэкономикалық, рухани дамуы на үлес қосқан қазақтың белгілі ақыны марқұм Қайрат Жұмағалиевке, қоғам қайраткері, со ғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиевке, Социалистік Ең бек Ері, еңбек ардагері Ескендір Есімовке «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы облыс әкімінің ұсынбасын мақұлдады. Қо ғамға сіңірген еңбектері үшін облыстық, қалалық және аудан дық мәслихаттардың қазіргі жә-
не бұрынғы бір топ депутат тарын БҚО-ның Құрмет грамо тасымен марапаттау туралы мәселе де депутаттар тарапынан қолдау тапты. Облыстық мәсли хаттың 2013 жылғы 28 наурыздағы «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдала ну төлемақысының ставкалары туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы мәселе де оң шешімін тапты. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған шешімдер облысымыздың әлеуметтік дамуына, Елбасымыз белгілеген іс-шараларды жүзеге асыруға көмектесетінін жеткізді. Өңірдегі құқықбұзушылық көрсеткіштерінің төмендегенін, оған халық қалаулылары дер кезінде қабыл даған шешімдердің, облыс тұрғындарының құқықбұзушылық ты болдырмау жөніндегі істерге белсене араласуының септігі тигенін атап көрсетті. Облыстың дамуына елеулі үлес қосқан үш азаматқа «БҚО-ның құрметті азаматы» атағын беру ұсынысын қолдаған депутаттар корпусына алғыс айтты. Нұрлан Асқарұлы алдағы уақытта да өңірдің дамуы жолында халық қалулыларымен бірлесе жұмыс істей беретіндерін жеткізді. Облыстық мәслихаттың келесі сессиясының төрайымы болып депутат Зинатбану Мусина сайланды. Сессия күн тәртібіндегі қа ралған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылдады. Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ
ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru
Сенбі, 29 наурыз 2014 жыл
Кеше облыстық қазақ драма театрында «Қазақстан 2050» стратегиясы: дене шынықтыру мен спорт арқылы ұлттың денсаулығын нығайту» атты халықаралық ғылымитәжірибелік конференция өтті. Конференцияға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, Польша мен Ресей Федерациясынан және өз еліміздің өзге өңірлерінен келген белгілі ғалымдар қатысты.
Ақтөбеден ақжолтай ақпарат
Ақмоншақ ЖҰМАЕВА, «Орал өңірі»
Ұлт саулығы –
Суретті түсірген О.Дементьевская
өзекті мәселе
- Қайырлы күн, құрметті кон ференцияға қатысушылар! Бүгінгі жиынға атақты бапкерлер, белгілі спортшылар, танымал ғалым дар, спортсүйер қауым келіп отыр. Халықтың денсаулығын де не шынықтыру арқылы нығайту – тек Қазақстан мен Ресей үшін ғана емес, бүкіл әлем елдері үшін өзекті мәселе. Салауатты өмір салтын нығайта түсу, спортпен айналысуға арналған нысандарды көбейту күн тәртібінен түспеуі тиіс көкейкесті мәселелердің бі рі болып саналады. Өйткені тәні саудың – жаны сау. Тұрғындары сау болса, әрбір ел өздерінің алдына қойған мақсаттарына же те алады. Менің ойымша, дене тәрбиесі мен спортты дамытуды кешенді түрде қарастыру керек. Оны белгілі бір оқу орнының немесе мектептің дене тәрбиесі пәнін дамыту бағытындағы тар шеңберге сыйғызуға болмайды.
Бүгінде елімізде, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында да көптеген спорт нысанының құ рылыстары жүргізілуде. Бүгінде облыс халқының 22,2%-ы спортпен тұрақты шұғылданады. Біз материалдық әлеуетке мән берумен қатар, спортты дамытуды түсіндіру, үгіттеу жұмыстарын да қолға алуымыз керек. Арамызда көпшілікке үлгі болатын жандар көп. Олар тұрғындарға спортпен айналысу арқылы жетістікке жетуге болатынын ұғындырулары шарт. Спортпен жүйелі айналысу арқылы көптеген ауру-сырқаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтану, жұмыс жүйесі мен демалысты сауатты ұйымдасты ру, салауатты өмір салтын ұста ну секілді кешенді жұмыстарды жүргізу қажет. Тарихқа көз жү гіртсек, ешқандай спорттық ме
кемелері болмай-ақ бабаларымыз жетістіктер мен жеңістерге жеткен. Бастысы, жеңіске деген сенім, ерік-жігеріміз болуы керек, - деді конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі. Конференция аясында пленарлық мәжіліс ұйымдастырыл ды. Онда Польша мен Ресейден арнайы келген қонақтар мен елімізге белгілі ғалымдар баяндама жасады. Быдгощ қаласын дағы (Польша) Экономика универ ситетінің профессоры А.Скалий «Польшадағы дене шынықтыру мен спорттың даму стратегиясы, оның міндеттері мен орындалу жолдары» туралы баяндаса, Ресей ғалымы В.Беленов білім беру мекемелерінде салауатты өмір салтын қалыптастырудың ерекшеліктерін сөз етті. Өз кезегінде
ресейлік ғалым Г.Карнаухов мемлекеттік олимпиадалық резервтегі оқу орындарында болашақ чемпиондарды даярлау барысына тоқталды. Сонымен қатар педагогика ғылымдарының докторы, ақтөбелік Т.Ботағариев пен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың кафедра меңгерушісі Р.Испулова да еліміздегі осы саланың өзекті мәселелері төңірегінде ой өрбітті. Пленарлық мәжіліс соңында облыс әкімі спорт саласында елеу лі еңбек еткен азаматтарға ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің марапаттарын табыстады. Жәнібектік Т.Ғұсманов «ҚР құрметті спорт қызметкері» және оралдық бапкер А.Ларио новтың өңіріне “ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы” төсбелгілерін тақты. Сонан соң конференция қатысушылары секциялық жұмыс тар мен дөңгелек үстел форматында ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.
«Ксеll» «АКТ қорына» қолдау жасағаны үшін марапатталды Қазақстандағы Еуропалық Бизнес Қауымдастығы (ҚЕУРОБҚ) «АКТ-ны дамыту қоры» жобасы үшін «Ксеll» компаниясына корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында сыйлық берді. Жоба «Қазақстан кәсіпкерлерін қолдау» аталуында ең үздік деп танылды. Жыл сайын ҚЕУРОБҚ елімізде жұмыс істейтін халықаралық компаниялар іске асырған ең маңызды әлеумет тік жобаларды анықтайды. «АКТ-ны дамыту қорын» Eurobak ақпараттық коммуникациялық технологиялар са ласындағы Қазақстан старт-ап жобаларын дамытуға бағытталған ең үздік жобалардың бірі деп атап өтті. ҚЕУРОБҚ атқарушы директоры Юлия Кусидинің айтуынша, ең үздік жобаны іріктеу өте қатаң белгілер бойынша өтті: «Ең үздік әлеуметтік жобаны айқындаған кезде, біз жобаны мемлекеттік органның қолдауынсыз жүзеге асыру, жобаға кеткен уақыт, жобаны іске асыруға тартылған адам саны және ең бастысы, жобаның адам өміріне әсерін тигізген немесе олардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгерткен адам саны тәрізді көрсеткіштерді негізге алдық».
«АКТ-ны дамыту қоры» ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы әлеуетті старт-ап жобаларына қолдау жасау үшін құрылған болатын. Бұл жаңашылдық идеясы жақ сы, бірақ бизнес-жобаны іске асыру тәжірибесі жоқ жаңа компаниялар үшін тамаша бастама болмақ. Өткен жылы қордың қамқоршы кеңесі мақұлдаған 5 жоба қордан қаржыландырылды. E-queue электрондық кезек онлайнқызметі көп клиент ағымын (медицина мекемелері, автожуғыш пен өзге ұйым дар) ұйымдастыруға арналған. Қызмет электрондық кезекті орнату үрдісін әлдеқайда қысқартып, арзандатады. Бұл үшін клиент жай ғана сайтта тіркеліп, монитор мен сенсорлы енгізу құрылғысын, оған мысалы, кез келген планшет болуы мүмкін, орнатса жеткі лікті. Қазақстан нарығында соған ұқсас шығу жолы ретінде мамандандырыл
3
ған терминалдары, табло және т.б. бар аппараттық-бағдарламалы кешен түрі ғана қолданылады. E-queue-ні Ха лықаралық IT университетінің үш студенті ойлап шығарған. SHOPPY.KZ – бұл сауда орталық тарындағы бренд тауарларын іздеуге арналған қызмет көрсету порталы және өнімді өткізу мөлшерін арттыру дың ыңғайлы механизмі болып табылады. BARAKAT MENU – бұл қоғамдық тамақтану мекемелерінің иегерлеріне арналған қызмет, мұнда өзіне-өзі электронды қызмет көрсету жүйесі, ұя лы байланыс құрылғыларында (планшеттерде) сандық мәзір орнатылған. Қызмет көрсету жұмысының алгоритмі мынадай – сайтта тіркеліп, мекеме әкімшісінің планшетінде және мекеме үстелдеріндегі «планшет-мәзірде» мәзір жасау, клиент қосымшаларын орнату. AION CONNECT - WebRTC технологиясы негізіндегі IP телефония қызме ті. Технологияның басты ерекшелігі – браузерге кірістірілген веб-қосымша түрінде іске асыру. Бұл қызметті ашу уақытын әжептеуір қысқартуға қол жеткізеді, яғни ары қарай орнатылған
қосымша бағдарламаны енгізу қажет тігі жоқ және тіпті аппараттық қамсыз дандырудан да үнемдеуге болады (тек стандартты гарнитура болса жетеді). Бұл кезде WebRTC технологиясы «классикалық» IP телефониясының негізгі мүмкіндіктерін (қосымша желі, дыбыстық хабарлама, конференция, қоңы рауды басқа нөмірге бағыттау, нөмірді анықтау, дыбыстық мәзір және т.б.) және өзге интернет-қызметтерімен ин теграцияны (мәтіндік хабарламалар, мекенжай кітабы және т.б.) сақтап қа лады. «Біз осындай беделді марапатқа ие болғанымызды мақтан тұтамыз, бұл дегеніміз - компанияның әлеуметтік жобалары Қазақстанның инновациялық экономикасын дамытуға өзінің қомақ ты үлесін қосатынын растайды. «АКТны дамыту қоры» қамқоршылары тәрізді, «Ксеll» үшін жастарға бизнесжобада нақты қолдау көрсету өте ма ңызды. Бүгінгі стар-аперлер таяудағы болашақта табысты Қазақстан бизнесмендері қатарына еніп, мемлекет экономикасына оңтайлы өзгеріс енгізеді деп сенеміз» деп атап өтті «Ксеll» АҚның атқарушы директоры Али Аган. Ж
Кеше Ақтөбе қаласында мұғалімдер арасындағы аймақтық «Ақжелкен» математикалық регатасы мәреге жет ті. Аталмыш байқауға төрт облыстан сегіз команда қа тысып, тасқалалық ұстаздар бас жүлдегер атанды. Батыс Қазақстан облысының атынан Тасқала ауданы ның «Сәулет» мектеп-лицейі нің ұстаздарынан құралған «Квант» командасы мен Сәкен Сейфуллин атындағы №11 об лыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің мұғалімдерінен құралған «Батыс» командасы қатысты. Сайыс қорытындысында біздің облыстың қос командасы да алдыңғы лектен көрінді. Бақ тығұл Тасмағамбетов жетекші лік ететін «Квант» бас жүлдені еншілесе, «Батыс» командасы ІІ орынға ие болды. Тасқалалық ұстаздардың қа тарында Ізтұрған Қалниязов, Ақ қаным Бисалиев, Жанар Ивакиналар бар екенін айта кетейік.
Жаңа мешіт салынбақ Қазталов ауданының Жа ңажол ауылында облыстық орталық мешіттің найб имамы Марат Асанов ауыл тұр ғындарымен кездесті. Оған ауылдың үлкен-кішісі қатысты. Марат Рахметтолла ұлы өзекті мәселенің бірі – өзіне-өзі қол жұмсау оқиғала рына байланысты уағыз айтып, қазақ халқының ежелден ұстанған Әбу-ханифа мәзхабының маңызын баса айта келіп, ауыл жұртшылығына сүйінші хабар жеткізді. Иманды аза маттың бірі – жеке кәсіпкер Айдос Сәрсенғалиев осы Жа ңажол ауылында мешіт құрылысын бастамақ. «Айдос Сат қанұлы қазір біздің ортамызда отыр. Алла қаласа, мешіт те ашылып, иманды жастар көп боларына сенім бар. Дін мен салт-дәстүрді дәріптейтін, атаанасын сыйлайтын, елге жақсы лық жасайтын иман жүзді ұрпақтарымыз көп болсын!» деді Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұра лиев.
Тұрарбек – чемпион! Жақында бокстан жасөс пірімдер арасында өткен облыстық чемпионатқа Бостан дық ауылынан қатысқан Тұ рарбек Қалиев 32 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанып, «Үздік техникасы үшін» аталымын жеңіп алды. Асланбек Сармалаев жат тықтыратын Тұрарбек бұған дейін республикалық сайысқа қа тысып, чемпион атанған болатын. Енді ол досы Наурызбекпен бірге батыс аймақтық турниріне қатыспақшы. Данияр Елеусінов сияқты жерлес ағасының жолын қуған Тұрарбектің алда ғы алатын асуларының биік болатынына сенеміз.
Өз тілшілеріміз
4
ДАЛА-ҚАЛА Сенбі, 29 наурыз 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Ұлы мәртебелі
театрдағы той
27 наурыз - халықаралық театр күніне орай облыстық қазақ драма театрында мерекелік кеш өтті. Театр әртістері ән шырқап, би билеп, спектакльдерден үзінді көрсеткен әдемі кешті өнерсүйер қауыммен бірге облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та тамашалады. Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО
Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ, "Орал өңірі" 1993 жылы 16 желтоқсанда ашылған облыстық қазақ драма театрының тарихы әріде жатыр. 1936 жылы Орал музыкалық қазақ драма театры дүниеге ке ліп, оның көшбасында драматург, режиссер, қазақ театр өнерінің негізін қалаушы, Қазақ КСР халық әртісі Жұмат Шанин тұрды. Ақын Қасым Аманжолов, әртістер Шәкір Оразғалиев, Түмия Оразға лиева, Хамит Демеуов, Рахила Ақжарова сияқты алғашқы театр қарлығаштары Орал сахнасында еңбек жолын бастады. 1937 жылы қараша айында Жұмат Шанин қуғын-сүргінге ұшырап, бір жылдан соң атылып кетті. Оған С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқар лар», І.Жансүгіровтің «Исатай-Махамбет» пьесаларын сахналаға
ны үшін айып тағылған болатын. Жалпы тарихы 1934 жылдан басталатын театр өткен жылы 20 жылдығын тойлады. Осы жылдар аралығында талай театр фестивальдерінде бас жүлдені қанжы ғасына байлаған ұжымды облыс әкімі құттықтап, сөз сөйледі. - Театрдың адамзат өмірінде алар орны ерекше және өскелең ұрпаққа ғана емес, жалпы халыққа берер тағылымы зор. Қоғам ның дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан өнер адамдары, актерлер, басқа да сахнада көрін бейтін мамандық иелеріне ерекше ризалығымызды білдіреміз. Өнерге деген ыстық ықыластары ңыз ортаймасын, адам санасына ізгілік пен парасат құйған өнері ңізді тамашалайтын көрермен мол болсын. - Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде 34 театр болса, бүгінде Президенттің тікелей
қолдауымен 50-ден астам кәсіби театр өнердің отын жағып отыр. Басқа елдерде жоқ ұйғыр, кәріс, өзбек, неміс театрлары өздерінің ұлттық құндылықтарын насихаттап келеді. Ал облыста екі облыстық, ондаған халық театры бар. Олар қоғамда болып жатқан өзгерістерді насихаттап, адамның рухани дамуына үлес қосуда. Белгілі сыншы: «Біз сахнадан адамды емес, актерді көрсек, бұл актердің шеберлігі нің жетіспегені» деген екен. Біз актердің мойнындағы орасан зор ауыртпашылықты сезінуге тырысамыз. Бүгін трагедия, ертең комедиялы образдың үдесінен шығу оңай емес. Осы тұрғыда шеберлігі шыңдалған әртістеріміз бар. Тә уелсіздік жылдарында ашылған 20 театрдың 4-еуі жаңа ғимаратқа ие болды. Соның бірі Орал театрының бүгінде шығармашылық деңгейі ғана емес, мате риалдық-техникалық әлеуеті де
нығайды - деді Нұрлан Асқарұлы. Бұдан әрі облыс әкімі өз сө зінде Үкіметтің кеңейтілген мә жілісінде қаралған театрларды дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалатынын, облыстық театр лардың өзекті мәселелеріне қанық екендігін айтты. Бұдан соң Нұрлан Асқарұлы театрдың бұрынғы директоры, бүгінде театрдың әдебиет бөлімін басқаратын Құжырғали Төлеуішевті марапаттады. 17 жылдың үстінде театр ұжымын басқарып, оның ыстық-суығын көтерген, ұжымның әлеуметтік-тұрмыс жағдайынан бастап, театрдың шығар машылығы мен материалдық-техникалық базасын нығайтуға елеулі үлес қосқан Құжырғали Тө леуішев ағамызға облыс әкімі лайықты сый-сияпат көрсетті. Алғысхатпен марапаттап, ноутбук сыйлап, иығына былғары күрте жапты.
Айтулы мейрамда әртістер де құралақан қалған жоқ. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сердеш Қажымұратов «Ең үздік ер адам бейнесі», ал Хорлан Шәмелова «Ең үздік әйел бейнесі» аталымына ие болды. Сондай-ақ екінші пландағы ер және әйел бейнесі аталымын Т.Жігеров, А.Жарылғапов, А.Құсайынова, Ұ.Жарасов иемден ді. «Театрдың ертеңі» аталымы бойынша жас әртістер С.Түменов, Р.Сабырғалиев, А.Жакин, Д.Ома ров, Б.Өтеғалиев марапатталса, сахна сыртындағы мамандық иелеріне де алғысхаттар берілді. Кеште театр әртістері өздері нің сан салалы, нағыз өнер иесі екендіктерін көрсетті. С.Қажымұ ратов, Б.Исалиева, Т.Матаев, М.Бек тенов сияқты сахна шеберлері бастаған әртістер ән де салды, би де биледі. Олар «Ұлы мәртебелі сахнаның» құдіретін көрерменге тағы да бір танытты.
Өнерлерін паш етті Ұлыстың ұлы күні Волгоград облысының Волжск қаласындағы «Қазақстан мұрасы» ансамблі Палласовка аудандық мәдениет үйінде өнерлерін паш етті. Көрші ауылда өткен шараға жәнібектіктер де куә болды.
С
Көк аспанда
қалықтаған көгершіндер
22 наурыз күні аудан орталығында Наурыз мерекесі аталып өтті. Наурыз мейрамын бірге тойлауға Саратов облысының бізге көршілес Александров-Гай ауданынан қонақтар келді.
О
рталық алаңға жиналған жұрт шылықта есеп жоқ. Күн тамыл жып тұрды. Күмбірлеген күй мен төгілген әсем ән-жыр көңіл күйді шарықтата түсті. Мейрам көрші елден келген қонақтарды қарсылаудан басталды. Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ауыл ақса қалдарымен бірге Александров-Гай ауданы муниципалдық әкімшілігі басшысының орынбасары Алевтина Луговская бастаған делегацияны қарсылап, әңгіме-дүкен құрды.
Әңгіме барысында екі ауданның достық қа рым-қатынасы жөнінде салиқалы пікірлер айтылды. Бұдан кейін Наурыз мерекесі басталды. Екі ауданның өкілдері достықтың, бейбітшіліктің символы ретінде «Мәңгілік ел» флешмобын бейнелеп, көгершіндерді аспанға ұшырғанда, алаңды ду қол шапалақ кернеп кетті.
Гүлфия КӨШБАЕВА, Қазталов ауданы
алтанатты шара басында Вол гоград облыстық думасының депутаты Сергей Булгаков ресейлік қандастарымызды Наурыз мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады. Палласовка мунципалды ауданы басшысының орынбасары Андрей Кроснлотский, Палласовка қаласының мэрі, Палласовка қалалық думасының төрағасы Валерий Смирнов киелі сахнаға шығып, көрермен қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, «Қазақстан мұрасы» ансамблінің жетекшісі Александр Сәлімов ті талантты да дарынды қазақ жастарынан керемет ансамбль құрып, өнер байқауларында белсенділік танытып жүр гендері үшін алғысхатпен марапаттады. Құттықтаулардан соң жұртшылық оюөрнекпен безендірілген ұлттық киім үлгісінде киінген өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады. Күнсұлу Қабасова, Анар Зайнуллина, Румия Кожағалиева, Арзу Байлиева, Диана Нұрпейісова, Айжан Тілегенова, Зарина Касаева, Наталья Касеева орындаған қазақ және орыс әндері көрермендердің көңілінен шықты. Диана Ілиясова «Ұлы дала» биін мың бұрала билесе, «Жігіттер» тобы сахнаға шығып, «Адай» биін нақышына келтіріп, зал толы көрерменге өз өнерлерін паш етті.
Концерт соңында біз ансамбль жетекшісі Александр Сәлімовке жолықтық. – Азан шақырып қойған есімім – Шәпибаян. Бірақ мені бәрі Александар деп атайды. «Қазақстан мұрасы» қорының төрағасы Айболат Ахметов екеуміз ақылдаса келе, аталмыш қор жанынан ансамбль құруды жүзеге асырдық. Ансамбльді құру мақсатымыз – өнерден хабары бар қазақ жастарын біріктіріп, осындай қоғамдық шараларға қатыстыру. Біз атажұрттан жырақта жүргендіктен, ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, оны ұмытпау үшін бар білгенімізді жастарға үйретудеміз. Ансамбль мүше лері - өнерге құштар жандар. Олардың ұлттық өнер жөнінде білген үстіне біле түссек деген ынталары зор, – деді ағынан жарыла өнерпаз бауырымыз. – Біз бүгінгі күні «Қазақстан мұрасы» ансамблі мүшелерінің өнерлері арқа сында Волгоград облысына кеңінен танымал болдық. Ендігі мақсатымыз – осы өңірде ана тілімізде газет шығару. Жасырып қайтейін, жастарымыз ана тілін ұмытып барады. Бізге салт-дәстүр мен мәдениеттің маңызы қандай болса, ана тіліміздің де маңызы сондай, – дейді Айболат Ахметов.
Ахмедияр БАТЫРХАНОВ, Жәнібек ауданы
5
ел-жұрт Сенбі, 29 наурыз 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Қос жеңімпаз
Облыс оқушыларының 2011-2012 және 2012-2013 оқу жылдарындағы республикалық олимпиадаларда жеткен жетістіктері:
Таяуда Өскеменде өткен мектеп оқушыларының республикалық пән олимпиадасында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп лицейінің оқушылары химия пәні бойынша тең құрбысының алды болып, жеңіс тұғырына көтерілген болатын. Осы аптаның бейсенбісінде біз оларды 9-сынып оқушысы Мирас Мұратов пен 10-сынып оқушысы Бауыржан Сайыновты редакциямызға арнайы шақырып, қос жеңімпаздың пікіріне құлақ түрдік.
2011-2012 оқу жылы:
1 2
Мирас МҰРАТОВ, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп лицейінің 9-сынып оқушысы: - 7-сыныптан бастап қазақ-түрік лицейінде оқып келемін. Олимпиададан бірінші орын алғанымды естігенде қатты қуандым. Бізде сабақтардың көбі ағылшын тілінде өтеді. Яғни лицейді тәмамдағанда ана тілімізге қоса ағылшын, түрік тілдерін меңгеріп шығамыз. Менің ойымша, біздің лицейде алаңдамай сабақ оқу үшін, оқу-білімге ұмтылған өрендер үшін барлық жағдай жасалған. Болашақта мұнай саласының инженері болғым келеді. Сол үшін барымды салып оқып жүрмін.
–
1
4
1
11 3
Бауыржан САЙЫНОВ, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп лицейінің 10-сынып оқушысы: - Біз Өскеменге Алматы арқылы бардық. Өске менге баратын пойыздың уақыты болғанша Алма тыны араладық. Барлығы алдын ала ойластырылып, жақсы ұйымдастырылған. Республикалық олимпиа даға шамамен 800-ге жуық оқушы қатысты. Менің көзқарасым бойынша сұрақтар орташа деңгейде болды. Жеңіске жеткенімді естігенде, қатты қуандым. Бірден ата-анама және мені осы сыныпқа дайында ған ұстазым Жанболат Жолкелдиевке хабарластым. Қазіргі мектебім өзіме ұнайды. Бұрынғы мектебімде мұғалім мен оқушы арасында ресми, қасаң қарым-қатынас болса, ал қазақ-түрік лицейінде мұғалім мен оқушы бір-бірімен дос сияқты болып кетеді. Ендігі арманым – жазда Вьетнамда өтетін халық аралық олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атану.
тұлға
1975-86 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облыстық коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы ретінде біздің өңірдің тізгінін ұстаған Мұстахим Біләлұлы Ықсанов Ақ Жайық атырабының экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан түлеуі үшін зор еңбек сіңірді. Сол себепті төл туған күнінің қарсаңында Ықсановтай жарқын тұлғаны ел-жұрттың жадында және бір жаңғыртқанды жөн санадық.
...Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында Қарашығанақтай алып кен орны ашылып, оны жедел игеру басталғанда, Қарашы ғанақтың қазынасын біздің өңір дің сол кездегі басшысы Жайық жұртының игілігіне айналдыруға ниеттенді. Дәлірек айтқанда, Ақ сай қаласының аумағында шикізатты өңдеп, дайын өнім шығаратын зауыт салуды көздеген көрінеді. Күндердің бір күнінде біздің өңірге іссапармен келген Кеңес одағы ның үкімет басшысы Н.Рыжковпен кездесуде М.Ықсанов Бөрлі ауда
2
3
Жарқын
нының аумағында газ өңдеу зауытын салу керектігі жөніндегі ой-пікірін бүкпесіз ортаға салады. Мұндай көзқарас орталықтың өктем өкіліне ұнаған жоқ. «Вы, казахи, слишком многого хотите» десе керек Н.Рыжков. Осыдан бастап Мәскеудің қырына ілінген М.Ықсанов 1986 жылы саяси сахнадан ығыстырылды. Егер сол кезде Мұстахим ағаның отаншыл ойы жүзеге асып, газ өңдеу зауыты салынғанда, ол облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор пайдасын тигізері сөзсіз еді... «Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» Кеңес одағы кезінде-ақ, Ақ Жайық атырабының нұрлы келешегін ойлаған Мұстахим Ық
9
5
30 наурыз - көрнекті мемлекет қайраткері Мұстахим Ықсановтың туған күні
Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі»
2012-2013 оқу жылы:
санов – Жәнібек ауданының тумасы. Бала кезінен даңқты жерлесі Ғұмар Қараштың ағартушылық идеяларынан рухани нәр алған ол қандай лауазымды қызмет ат қарса да, өзінің ұлтжанды болмысынан айныған жоқ. Жоғарыда тілге тиек болған Қарашығанақтай алып кен орнын бірінші кезекте атамекеннің мүддесі үшін пай далануға тырысқан, алайда іске аспаған бұлқынысы – соның бір дәлелі. Мұстахим Біләлұлымен талай үзеңгілес болған еңбек ардагері Дәржан Иманғалиевтың айтуынша, бір қарағанда, М.Ық санов кім-кімге де ауыр мінезді, түрі сұсты көрініпті. Мен өзім 1981 жылы Ықсановты бірінші
және соңғы рет көргенімде, ол кісінің әлгіндей әсер қалдырғаны рас. Ал шын мәнісінде Мұсекең кішіпейіл, тіпті жан дүниесі кең адам болған екен. Сөйте тұра, ол қызмет бабында ешкімді басынан «сипай» қойған жоқ. Орынды талап қойып, қызметтік міндетін қалтқысыз атқара алмағандарды тәубесіне түсіріп отырды. Әлі күн ге дейін арамызда оны сол үшін кінәлайтындар да бар. Кім не десе, о десін, М.Ықсанов ауқымды істерді қолға алғанда, оның қайраткерлік қыры ашылып, жарқырай түсті. Ол кадрды дәл танып, таба да білді. Кезінде Ықсановтың мектебінен өткен Т.Мырзағалиев, Р.Көжекова, М.Батықова, Д.Иманғалиев, М.Баты ров, Х.Тастамбеков секілді бүгінгі көптеген еңбек ардагерлері – кезінде өңіріміздің экономикасы мен мәдениетін дамытуға айтулы үлес қосқан аға ұрпақ өкілдері. Бір айта кетерлік жайт, Ықса новтың жұмыс істеу әдісі бөлек. Оның болмысына айқай-шу, қор қыту-үркіту, бос сөз, орындалмас уәде атымен жат. Қайта оның алдына келген адамды тыңдай білетінін, сауатты, нақты шешім қабылдайтын жан екенін алдың ғы толқын өкілдері бүгінде жыр етіп айтады. Ықсановтың жұмыс мәнерінің және бір ерекшелігі, ол қай жерге қашан баратынын күні бұрын хабарламайды екен. Баратын жеріне кенеттен барып, диқан қауым үшін даярланған да ла қосындағы тамақты немесе кез келген шопанның үйіндегі бұйыр ған дәм-тұзды ішіп, жүре беретін, деседі көзкөргендер. Бұл да – оның «Ұлық болсаң, кішік бол» деген халық даналығына сай екендігінің бір айғағы. Мұстахим Біләлұлының өзі 11 жыл басшы болғанда өңірде тын дырған ісі ұшан-теңіз. Басқасын
айтпағанда, тек облыс орталығын алсақ, жетіп жатыр. Өзіміз де куәміз, Ықсанов келмес бұрын, көбіне бір қабатты, жатаған үй лерден тұратын Орал қаласын сол кезде қу тілділер «Большая деревня» деп мысқылдайтын. Ықсанов келгеннен кейін кәрі Орал түлеп сала берді. Облыс орталығын көркейту және оның сәулетін арттыру мақсатында жобалау институттары құрылды. Қалада 11 құрылыс кәсіпорны жасақталып, олар облыстың құрылыс саласын өркендетуге жегілді. Ардақты азамат басшылық еткен жылдары жаңа теміржол вокзалы, әуежай, облпартком ғимараты, әмбебап дүкен, Баспасөз үйі, жобалау институты, неке сарайы, жер асты жолдары, «Ақжайық» қонақүйі және де басқа сәнді де сәулетті ғимараттар ел игілігіне берілді. Бұған қоса «Омега» және «Металлист» зауыттары сықылды бірқатар өндіріс ошақтары іске қосылды. Сондайақ 12-14 қабатты зәулім тұрғын үйлер салынып, қала халқын жанға жәйлі пәтерлермен қамту күрт жақсарды. Сонымен қатар Орал өңірінің тізгінін М.Ықсанов ұстаған жылдары Ресейдің Самара, Саратов қалаларына шығатын, Оралдың сыртынан айналма аутожолдар салынып, осы жол тармақтары әлі күнге дейін кәдеге жарап келеді. Ал Мұстахим Біләлұлының тікелей өзінің ұйытқы болуымен облыс тың аудан-ауылдарында суландыру жүйесінің қолға алынып, жүзеге асуы мал шаруашылығына қоса, суармалы егістік пен бау-бақша шаруашылығының қанат жаюына тікелей ықпал етті. Міне, туған өлкеміздің өркендеуі үшін қыруар жасампаз іс тындырып, соңына жарқын із қалдырған Ықсановтай азаматтың өнегелі өмір жолының бір парасы осындай.
6
әлеумет Сенбі, 29 наурыз 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Kcell – көктемгі көңіл күйдің серіктесі Қазақстандықтар ұялы байланыс арқылы өздерінің туған-туыстары мен таныстарын құттықтағанды жөн көре ме және олар мейрамдарда бір-біріне қаншалықты жиі қоңырау шалады? Еліміздегі Ксеll компаниясы Наурыз айының 21-і мен 23-і аралығында байланыс желісінің жүк телу деңгейі туралы сараптама жүргізді. Қазақстанда 22 наурыз мемлекеттік мереке ретінде 1999 жылдан бастап тойланып келеді. Ал 2009 жылдан бері Наурыз мерекесін халқымыз 3 күн тойлайтын болды. Биылғы мерекенің үш күні ішінде абоненттер 353,6 млн. қоңырау шалған. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 21 наурызда 121,4 млн. қоңырау шалынған – бұл өткен жылдың деңгейі шамасында. Ал мереке күні, яғни 22 наурызда байланыс жүйесі шарықтау шегіне жетті деуге болады. Ксеll компаниясының абоненттерінен
бір күнде 126 миллионнан астам қоңырау тіркелген. Бұл көрсеткіш жай күндермен салыстырғанда қоңырау шалушылардың саны 3 мил лионға көбейгенін байқатады. Або ненттердің бұлайша белсенділік танытуы Наурыз мерекесінің арна йы дата ретінде тойлануымен бай ланыстыруға болады. Мерекенің үшінші күні, яғни 23 наурызда ұялы байланыс жүйесін қолдану біртіндеп төмендеген. Естеріңізге сала кетейік, бұл күн жексенбі болатын. Жұрт екі күн мерекеден кейін демалатыны анық. Бұл
күні қоңырау шалу көрсеткіші жай күндермен салыстырғанда 14,5 па йызға түскен. Мереке күндері абоненттер СМС хабарлама жібергеннен гөрі, жақындарымен бетпе-бет көрісуді жөн көрген. 22 наурыз күні абоненттер 6 миллионнан астам жеке хабарлама жіберген. Оны жай күн дермен салыстырсақ, Наурыз мерекесіне арналып жіберілген СМС хабарламалар 62 пайызға артқан. Айта кетейік, көктемнің алғаш қы күнімен қатар келген 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесінде қазақстандықтар 159 миллион қоңырау шалған. Ал СМС-хабарламалар 3 есеге артқан. Ксеll байланыс компаниясы мереке күндері қоңырау шалушылар қатарының көп болғанына қара мастан, абоненттеріне үзіліссіз жә не сапалы қызмет көрсетті. Ж
Жаңақаладағы діни семинар Дәстүрлі ислам жолындағы діни қызметкерлердің біліктілігін арттыру – кезек күттірмейтін мәселе. Осыған орай облыс әкім дігінің ұйымдастыруымен Жаңақала ауданының орталығында таяуда имамдар дың білімін жетілдіру аймақ тық семинары болып өтті.
О
ған аудан әкімі Л.Хай ретдинов, ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Р.Сұлтанов, Египеттегі «әл-Азһар» университетінен келген ҚұранКәрім үйретуші ұстаз Мухаммед Наги Шушан Касем, облыстық ме шіттің наиб имамы М.Қыстаубаев, «Жайық» теріс ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының бас маманы Арман Нұ рахметұлы, Жәнібек, Жаңақала,
Бөкей ордасы, Ақжайық, Қазта лов аудандарының имамдары қатысты. Аллаһ жолындағы қызметі бір болғанымен, әрқайсысы түр лі ауыл-аймақтан келген имамдар семинарда оқып қана қой май бір-бірімен етене танысып, тәжірибе алмасты. Семинарда негізінен мұсылман дінінің қағида лары – ақида мен фиқһ мәселеле рі жөнінде кеңінен әңгіме болып,
күнделікті өмірде кездесетін са уалдарға жауап берілді. Семинарға қатысқан барлық имам-молдаларға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Ты ныштықұлы ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажы ұлының «Дін мен дәстүр» кітаптары мен сертификаттар табыс етті.
Г.ӘБДІҒАЛИҚЫЗЫ, Жаңақала ауданы
Егер сіздің ауданыңызда жиі су тасқыны орын алатын болса, су басуы мүмкін болатын аймақтарды, сондай-ақ елді мекендерге тікелей жақын орналасқан, биік орындарды, оларға баратын қысқа жолдарды есте сақтаңыз.
Су тасқынына дайынсыз ба? Отбасы мүшелерін ұйымдасты рылған және жекелеген эвакуация кезіндегі тәртіп ережелерімен, сондай-ақ ТЖ қаупі төнген немесе орын алған кездегі әре кетпен таныстырыңыз. Қайықтар дың, салдардың және құрылыс материалдарының сақталу орындарын есте сақтаңыз. Алдын ала эвакуация кезінде алып шығатын құжаттардың, заттардың және дә рі-дәрмектің тізімін жасаңыз. Арнайы чемоданға немесе рюкзакқа құнды заттарды, жылы киімде ріңізді, азық-түлік, су қорларын және дәрі-дәрмектерді салып қо йыңыз. Су тасқыны және эвакуация жа йында дабыл қағылса, дереу, белгіленген тәртіп бойынша апатты су басу қаупі бар қауіпті аймақ тардан қауіпсіз ауданға немесе биік жерлерге өздеріңізбен бірге құжаттарды, құнды заттарды, қа жетті киімдерді және екі тәулікке дейін бұзылмайтын азық-түлікті алып шығыңыз. Эвакуациялық жиналу бекетінде тіркеліп қойыңыз. Үйден шығар кезде электр қуаты мен газды сөндіріп, пештердегі отты өшіріп, ғимараттан тыс жатқан барлық жүзетін заттарды бекітіңіз немесе оларды қоймажайларға орналастырыңыз. Егер уақыт болса, үйдегі құнды заттарды жоғарғы қабаттарға немесе тұрғын үйдің шатырының астына орналастырыңыз. Есік пен тере зелерді жауып қойыңыз және қа жет болған жағдайда уақыт болса, бірінші қабаттардың есіктері мен
терезелерін сыртынан тақтаймен қағып қойыңыз. Эвакуация ұйымдастырылма ған жағдайда, көмек келгенге дейін немесе су басылғанға дейін, жоғарғы қабаттарда және ғима раттардың шатырларында, ағаш үстінде және басқа да биіктелген заттардың үстінде болыңыз. Сонымен қатар үнемі апаттық дабыл қағыңыз: күндіз – анық көрінетін матаны ағашқа қағып немесе қолмен көтеріп, ал кешкі уақытта жарық сигналымен және ауық-ауық дауыспен хабар беріңіз. Құтқа рушылардың жақындаған кезде рінде сабырмен, үрейсіз және сабыр сақтай отырып, қауіпсіздік шараларын сақтап, жүзу амалына көшіңіз. Сонымен қатар құтқару шылардың талаптарын тапжылмай орындаңыз, жүзетін құрал дарға артық жүк тиемеңіз. Қозғалыс кезінде орналасқан орындар ды тастап кетпеңіз, экипаждың талаптарын қатал орындаңыз. Өздігімен су басып кеткен аудандардан шығуға тек зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, су деңгейінің көтерілуінің жалғасуы, жоғарғы қабаттардың (шатыр астындағы қабаттардың) су басу қаупі сияқты себеп болған жағдайда ғана ұсынылады. Бұл жағдайда сенімді жүзетін құрал (көлік) болуы керек және жылжу бағытын білу қажет. Өздігімен жылжу барысында апаттық дабыл беруді тоқтатпаңыз. Суда жүзіп жүрген және батып бара жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің ТЖ алдын алу бөлімі
«Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ: 090000, Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 127а-үй, 2-қабат, 15-бөлме, анықтама үшін телефондар: 8-(7112) 506272, факс: 8-(7112) 512899, электрондық мекенжайы: ujkdx_uralsk@mail.ru бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды. Қаржы секторының бас маманы, Е-R-4 санаты /№1-9 0-10-2/, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 56 375,56 тең геден 76 235,14 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Бөлім басшылығының тапсырмаларын белгі ленген мерзімде орындау. Қазынашылықпен жұмыс, бөлім қызметкерлерінің еңбекақыларын, салықтарды, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік жарналарын аудару үшін тө лем шоттарын ресімдеу, бөлім қызметкерлерінің карточкалық шотына еңбекақыларын және міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін тізімді дайындау бойынша Халық банкінің МТ102 бағдарла малық қамтамасыз ету бөлімімен жұмыс. Бухгалтерлік құжаттарды есепке алу, тексеру, №1, №2, №3, №4, №5, №6, №8, №9, №10, №13 мемориалдық ордерлерді ресімдеу, ағымдағы шот көшірмелерін дайындау, 408 нысанындағы ұйымдар мен есеп жүргізу бойынша жиынтық ведомостіні қабылдап, тексеру. Бөлімге түсетін ақшалай қаражаттың, тауарлықматериалдық құндылықтардың және негізгі құрал дардың есебін жүргізу және олардың қозғалысы мен байланысты бухгалтерлік есеп операцияларын уақтылы жүргізу. Бөлім қызметкерлеріне еңбекақы аудару. Алғашқы бухгалтерлік құжаттарды қабылдауды жүзеге асыру, тиісті органдарға, Салық комитетіне, БҚО бойынша статистика департаментіне белгілен-
ген мерзімде бухгалтерлік есеп ұсыну. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды ресімдеу және белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алулар бойынша жасалған және орындалған келісімшарттар бойынша мәлімет жинақтау. Хаттарға жауап дайындау және уақтылы қара луын қамтамасыз ету. Қаржы секторының бас маманы (негізгі қыз метшінің бала күту демалысы уақытына), Е-R-4 санаты /№1-9 0-10-4/, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 56 375,56 теңгеден 76 235,14 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Бөлім басшылығының тапсырмаларын белгі ленген мерзімде орындау. Қазынашылықпен жұмыс жүргізу, мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдас тыру, үйлестіру, дайындау, мердігер ұйымдар мен жеткізушілер тарапынан келісімді міндеттердің орындалуына бақылау жүргізу, мемлекеттік сатып алу бойынша есепті дайындап, ұсыну, бюджеттің орындалуы бойынша ақпарат дайындау, ұсыну; Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын дайындау. Қаржыландыру мәселелері бойынша ақпа раттық-анықтамалық материалдар мен қала әкім дігінің қаулылары мен шешімдерінің жобаларын дайындау. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтама сыз ету, оларды ресімдеу және белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алулар бойынша жасалған және орындалған келісімшарттар бойынша мәлімет жинақтау. Хаттарға жауап дайындау және уақтылы қара луын қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап
тар: «Әлеуметтік ғылымдар мен бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функцио налдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функцио налдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер; «Болашақ» бағдарламасымен оқыған азаматтардан басқа, ҚР аумағынан тыс жерлерде білім алған азаматтар, білімі туралы құжаттарын настрификациялап, настрификацияланғандығы жөніндегі куәлі гін ұсынуы қажет. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: - өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; - 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәлан дырылған көшiрмелерi немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжат тарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдар дың кадр қызметі куәландыра алады/; - еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариал дық куәландырылған көшiрмесi немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған кө шірмелері /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік орган дардың кадр қызметі куәландыра алады/; - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ми-
нистрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұй рығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) ны сандағы денсаулығы туралы анықтама; - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; - құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық мекенжайға жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құ жаттары қабылданады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу бас талғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда, тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес күн ішінде конкурс жарияла ған Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді. Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар мен сарапшылар қатыса алады.
хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru
Cенбі, 29 наурыз 2014 жыл
Сұйытылған газдың бағалары бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агент тігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен, мотор лы отын ретінде пайдаланылатын сұйытылған газ бағасы, реттелетін нарық субъектілеріне келесі мөл шерде белгіленген: - «Алау» ЖШС – 1 литр үшін 47,79 теңге ҚҚС-сыз (ҚҚС-мен 53,53); - «Тәуекел» ЖШС – 1 литр үшін 47,0 тенге ҚҚ-сыз (ҚҚС-мен 52,64). Көрсетілген бағалар 2012 жыл дың мамыр айынан бері өзгерген жоқ және күні бүгін қолданыста. Реттелетін нарық субъектісінің бағалардың алдағы көтерілетіні туралы хабарламаны Қазақстан Рес публикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылық ты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынбай сұйытылған газ-
дың бағасын көтергені және оларды өткізгені үшін жеке кәсіпкер лерге және заңды тұлғаларға әкімшілік құқықбұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсім нің) он проценті мөлшерінде айып пұл көзделген. Осыған орай егер «Алау» ЖШС және «Тәуекел» ЖШС белгіленген бағаны көтеру фактілері орын алған жағдайда бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмыс комиссиясының облыстық штабына 50-42-04 телефоны арқылы хабарлауыңызды немесе Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1, 4 қабат (қалалық әкімдік ғимараты мекенжайы бойынша жазбаша жү гінуіңізді сұраймыз.
Қазталов ауданы Бостандық ауылының тұр ғыны болған бірімізге құда, бірімізге аға, бірімізге нағашы Нұрлан Капиятоллаұлы Ахметсафиннің қайтыс болға нына наурыздың 31-і бір жыл болады. Ағамызды қатты қайғыра еске аламыз. Абыройлы азамат ең ауылыңның, Жарқын бейнең білмейтін жабығуды. Ақ жүректі, аңқылдақ асыл аға, Өзіңді бауырларың сағынулы.
Еске алушылар: құдағайы Бақыт, күйеу баласы Ерлан, қарындасы Толқын, жиендері, Тасқала ауылы
«Бөкей ордасы ауданы мәслихат аппараты» ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды 090200, БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 31 анықтама телефондары: 8 (71140) 21-747. Е-mail: bokei_maslihat@mail.ru 1. Бөкей ордасы ауданы мәслихат аппаратының бас маманы /есепші/ Е-4 санаты. 2. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет қатарындағы еңбек өтіліне байланысты 59579 теңгеден 80720 тең геге дейін. 3. Функционалдық міндеттері: Бас кітапты жүргізу. Бухгалтерлік есептің шот жоспарларын жасақтау, баланстарды құрау және келтіру. Аппарат қызмет керлерінің еңбекақыларын, демалыс ақыларын, еңбекке жарамсыздықтары жөніндегі парақтарын есептеп түсіру, төленетін еңбекақы көздерінен жеке адамдардан ұсталатын салықтарды есептеу. Өз қызметі бағыттары бойынша белгіленген үлгідегі есептерді қаржы, салық, статистика органдарына дер кезінде түсіру. Банкі, касса операцияла рының жәйіне бақылау жасау. 4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционал дық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 5. Мамандығы бойынша: әлеумет тік ғылымдар және бизнес: экономи ка, есеп және аудит, қаржы 6. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нота
риалдық куәландырылған көшiрмелерi /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куә ландыра алады /; 4) еңбек қызметін растайтын құжат тың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қыз меті куәландыра алады /; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматы ның жеке куәлігінің көшірмесі; 7) Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкі летті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жа рияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс. Конкурс ко миссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе элек трондық мекенжайға жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналасты рылған) құжаттары қабылданады. Әңгімелесу жүргізу уақыты орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу кезінде конкурстық комиссия отырысына байқаушылар қатысатын болады.
«Жайық Пресс» ЖШС-ына мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман қажет.
Бір Алла кімді неге көндірмеген, Кімдердің шамшырағын сөндірмеген. Тірегі бір әулеттің, ардақты әке, Толды он жыл сіз кеткелі бұл өмірден. Білгенбіз сәби күннен қадіріңді, Көтердік сіз кеткен соң қайғы-мұңды. Сағынып ұрпақтарың жиі барып, Кетеміз бір құшақтап қабіріңді. Күндерді еркелеткен сағынамыз, Ойласақ бала кезді, қамығамыз. Бейнеңе көк тастағы шағым айтып, Біздерді жебей көр деп жалынамыз. Еске алу, әке, сізді парызымыз, Жоқ, әке, айтар сізге арызымыз. Әулеттің ұл-қыздары дұға арнаймыз, Перзенттік бір өтелсін қарызымыз. Сағындық нұр жүзіңді, ардақты әке, Кешкейсіз ұрпағыңнан кетсе қате. Дұғамыз сізге арнаған қабыл болсын, Жұмақтың төрінде бол, қымбатты әке.
Желеп-жебеп жата бер ұрпағыңды, Есіркеп жан жарыңды – гүл-бағыңды. Жоқтаушы ұл-қыз, жиен-немерелер Ардақтап өтер әр кез тұлғаңызды.
Еске алушылар: апасы Бәтіш, жұбайы Абухан, қыз-күйеу балалары ГүлнараАрман, Лаура-Мәлік, ұл-келіндері СәкенЛаура, Ғабит-Диляра, немерелері Мағжан, Әмірхан, Ілияс, жиендері Асқар, Гауһар, Әйгерім, Нүркен, Камила, Жәмила
Сағына еске алушылар: Сакиевтер әулеті, қыз-күйеу балалары, бала-келіндері, немере-жиендері
Қаратөбе ауданы Үшана ауылының тұрғыны болған бірімізге ардақты ана, бірімізге асыл жар бола білген Әлия Салыққызы егер ортамызда болса, наурыздың 26-сы күні 64 жасқа толар еді. Ақ көңіл, ақжарқын қалпымен, үлкенкішінің тілін тауып, ағайын-туыстың арасында алтын көпір бола білген аяулы анамызды сағынышпен еске аламыз. Апа, біздің шаңырақта сен кеткелі көңілсіз, Күз бен қысты шығарып салдық өзіңсіз. Жадымыздан жарқын бейнең өшпейді, Рухыңмен сырласамыз тек үнсіз.
Сағына еске алушылар; жұбайы Әділхан, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері Жарамсыз деп танылсын
2014 жылға арналған босап шыққан қаржы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қызметтер берушілерінің тізімі «ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаменті» ММ мынадай қызмет берушімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі шарттар жасасу туралы хабарлайды: №
Қызметтер берушінің атауы
1
2 БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК
1
2.
Түйіндемені 50-30-14 факс нөмеріне жіберіңіз.
Ардақты біздің әкеміз Масалим Хамитұлы Сакиев Теректі ауданының Қабылтөбе ауылында туыпөскен. Сол ауданның ішкі істер бөлімінде 26 жыл еңбек еткен. 1988 жылы тамыз айында майор шені мен зейнеткерлікке шық ты. Өмірінің соңғы жылдары 1999 жылдан бастап Орал қаласында тұрған. Қымбатты әкеміз 5 перзентті өсіріп, он немере-жиен сүйді. 2004 жылы 28 наурызда өмірден өтті. Әкемізді, атамызды сағына еске аламыз.
Орал қаласының тұрғыны болған сүйікті жар, аяулы ана Зеріп Нұр шалиеваның бақилық болғанына 10 жыл болды. Оның жарқын бейнесін сағынышпен еске аламыз.
ТМРА БҚО бойынша департаменті
7
БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК
Медициналық көмектің түрі 3 Мамандандырылған Жоғары мамандан дырылған
Медициналық көмектің нысаны 4 стационарды алмастырушы стационарлық
“Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ау данының білім беру бөлімі” ММ-ға Орда ауылдық округі әкімінің 2005 жылғы 24 тамыздағы №25 шешімімен берілген Орда ауылындағы кадастрлық нөмірі 08-126-026-213 жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін 2005 жылғы 19 қазандағы №0055225 акті түпнұсқасының жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.
Батыс Қазақстан облыстық соты жанындағы қоғамдық кеңесі аталған кеңестің мүшесі ҚР сот жүйесінің ардагері Бижан Тілешұлы Иманғалиевтің қайтыс болуына байланысты туматуыстарының орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор
Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН
Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)
8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126
Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08
Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.
Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген
Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.
Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компьютерлiк орталығында терiлiп, беттелдi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16475, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: Г.Кенжеғалиева
8
керуен сарай Cенбі, 29 наурыз 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Құттықтаймыз!
Жұмбақтың шешуі – Ілиястың «Құлагері» «Орал өңірі» газетінің биылғы 20 наурыз күнгі санында жария ланған «Әдеби жұмбақтың» («Оө», №32, 20. 03. 2014) шешуі – Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы екендігін аталмыш нөмір шық қан күні Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы Аманкелді Шахин редакцияға
электрондық пошта арқылы жол дап, оқырман қауымның алды болды. Жұмбақтың дұрыс ше шімін айтып, екінші болып, Наурыз мейрамынан кейін зейнеткер Социал Пұсырманов, ал ту ра күні кеше Ақсай қаласында тұратын ақын Дариға Нұрашева хабарласты. Осылайша бұл жол
Ақсай қаласының тұрғыны, нағашымыз, құдамыз Зарлық МУСИНДІ 27 наурызда толған 65 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!
ғы «Әдеби жұмбақтың» жеңімпазы ретінде ақын-журналист Аманкелді Шахин танылды.
Редакция алқасы
Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс Әдетте, бас ауырып, балтыр сыз даса, ақ желеңділер көмегіне жүгіне кететініміз аян. Өз басым да жанымды дерт мазалаған соң, ауруханаға бас сұқтым. Сол сәтте кішіпейілдігі мен біліктілігін танытып, облыстық онкологиялық диспансердің бас директоры Есенгелді Байзоллаұлы Рабаев өзі де-
реу қабылдап, аурудың жай-жапс арын анықтады. Сондай-ақ ем қабылдарда медбикелер Гүлфайруз Төлегенова, Ләззат Меңдіғалиева, Күнзира Өтешевалардың қызметі не жан сала кірісіп, жан жылуын аямағандарына аналық көңілмен ризалық айтқым келеді. Осындай ақ халатты абзал жандардың ақ
адал еңбегіне зор алғыс айтамын. Қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілеп, биіктен көріне берулеріне тілектеспін.
Рахима Меңжанова, Сарықұдық ауылы, Қазталов ауданы
Шоңайға «шақырылмаған қонақ» Таяуда, яғни наурыздың 26-нан 27сіне қараған түні сағат екі шамасында Бөкей ордасы ауданы Шоңай ауылының шығыс бетінен 500 метрдей қашықтықта «МН-300» метеорологиялық зымыраны құлады.
Оқиғаға байланысты құрылған комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқа шевтің сөзіне қарағанда, оның ұзындығы 7 метр, ені 45 сантиметрді құрады. Зымыран төрт бөлікке бөлініп, қалдықтары 50 метр жерге дейін шашыраған. Соған орай прокуратура, ішкі істер органы, төтенше жағдайлар қызметкерлері және шекарашы лар оқиға орнынан табылып, тиісінше акті жасалды. Радиация қалыпты деңгейде. Топырақтан тиісті сынамалар алынып, Орал қаласына жөнелтілді. Зымыранда гептил жоқ, қатты отынмен ұшады. Енді Бөкей ордасы ауданына Капустин Яр мемлекеттік полигонының өкілдері келмекші.
БҚО Сот актілерін орындау департаментіне Орал қаласы көлік прокуратурасының қаулысы негізінде борышкер «Судоремонтный завод» ЖШС-ның 44 қызметкерінің пайдасына 3 018 808 теңге өндіру жөнінде атқару парағы келіп түскен болатын.
Содан кейін оқиғаның себепсалдары анықталмақ. Бұл жайтты алғаш байқаған шоңайлық шекарашы, сержант Арман Қабесов алғашында Капустин Яр полигоны жағынан шық қан жарықты, одан кейін найзағай сынды шашыраңқы ұшқын пайда болғанын көреді. Бірақ елді дүрліктірер жойқын дыбыс естілмепті. Аудан басшыларының пайымдауынша, аталмыш зымыран Жаңақала ауданы Жаңақазан маңындағы полигон аймағына түсуі керек екен. Алайда ол алған бағытынан ауытқып кеткен. Осы оқиғаға байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі таратқан
хабарламада аталмыш зымыран 2013 жылғы 28 қарашадағы ҚР Қорғаныс министрлігімен келісілген 2014 жылғы сынақ жұмыстары жоспарына сәйкес РФ Қорға ныс министрлігінің Капустин Яр полигонынан ұшырылғаны тура лы айтылған. «Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі оқиға салдары анықталғанша еліміздің аумағында Ресейге жалға берілген алаңдарда сынақ жүргізуді уақыт ша тоқтатты» делінген баспасөз хабарламасында. Абырой болғанда, оқыс оқиғаға байланысты зардап шеккендер жоқ.
Арман БОЛАТҰЛЫ
Жалақыларын алды Бірнеше айлап жалақыларын алуға зар болып жүрген зауыт қызметкер лері әділдік іздеп сотқа жүгінген. Бірақ зауыт басшылығы сот шешімін орындауға құлақ аспады. Сот орын даушысының борышкерге сот шеші мін өз еркімен орындау жөніндегі бірнеше рет жолдаған ескерту хабарламасы да аяқсыз қалды. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес сот орындаушысы өз кезегінде борышкердің есеп шоттарына инкассалық өкім қойып, жылжымай-
тын мүліктеріне тыйым салды. Тек осындай қатаң шаралардан кейін ға на зауыт басшылығы ұйқыларынан оянғандай болды. Сөйтіп, қарапайым еңбек адамдарының талап-тілегі орындалды. Сот орындаушысының пәрменділігінің арқасында борыш кер кәсіпорыннан 3 018 808 теңге толығымен өндіріліп алынды. Қазіргі уақытта ҚР Заңының 124-бабына сәйкес жауапкер мекемеден мемлекет пайдасына атқарушылық санкция өн діру туралы әрекет қарастырылуда.
Фатихолла МАШТАХОВ
Құтты болсын 65 деген жасыңыз, Қуаныштың кемерінен тасыңыз. Әрқашанда мықты болып денсаулық, Қажымастан жүзден әрмен асыңыз.
Құттықтаушылар: қарындасыңыз Ақмоншақ, жиендеріңіз Серік-Гүлмира, Жасұлан-Ләззат, құдаларыңыз Ануарбек-Райма Орал қаласының тұрғыны, асыл жар, аяулы анамыз Бибігүл Дәуітқызы САРИЕВАНЫ мерейтойымен шын жүрек тен құттықтаймыз! Бақытты да шаттық ғұмыр, зор ден саулық, мол бақыт тілейміз. Ағайынтуыс пен дос-құрбының ортасында балаларыңызбен қуаныш-шаттыққа ке неле беріңіз.
Игі тілекпен: балаларыңыз Азат, Шұғыла, жұбайыңыз Талғат
Сот төрағасына қатысты қылмыстық іс қозғалды 2014 жылғы 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментіне облыс аумағында әрекет ететін ЖШС-лардың бірінің жетекші сінен Зеленов ауданы №2 сотының төрағасы Б.Сатыбалдиевті қылмыстық жауапкер шілікке тарту туралы арыз түскен болатын.
Оның айтуынша, Б.Сатыбалдиев Зеленов аудандық салық басқар масы толтырған әкімшілік мате риал бойынша айыппұл тағайын дамау үшін кәсіпкерден 200 мың теңге бопсалаған. Сол күні Батыс Қазақстан облысы прокурорының санкциясы бойынша қаржы полициясы қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізіп, нәти жесінде Б.Сатыбалдиевтың өзінің қызмет кабинетінде кәсіпкерден 200 мың теңге пара алу фактісін әшкереледі.
Тергеу алды тексеріс барысын да жиналған жедел-іздестіру ма териалдарының негізінде Қаржы полициясы агенттігі ҚР Бас прокурорына Б.Сатыбалдиевқа қатысты пара алу фактісі бойынша қыл мыстық іс қозғау туралы ұсыныс түсірді. ҚР Бас прокурорының өкімімен 2014 жылдың 6 наурызында Зеленов аудандық №2 сотының төрағасы Б.Сатыбалдиевқа қатыс ты ҚР ҚК-ның 311-бабының 3-бөліміне сәйкес (лауазымды адам ның пара берушінің пайдасына жасаған іс-әрекеті үшін пара алуы) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уа қытта қылмыстық іс ҚР ЭСЖҚА-да тергелуде, тергеу қорытындысы қосымша хабарланатын болады.
Қаржы полициясының баспасөз қызметі
Өгей «әкеге» 11 жыл БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты патронаттық тәрбиеге алған қызын зорлаған өгей әкені 11 жылға бас бостандығынан айырды. БҚО сотының баспасөз қыз меті хабарлағандай, 2012 жылы азаматтық некеде тұрған ерлі-зайыптылар балалар үйінен 1997 жылғы қызды патронаттық тәрбие ге асырап алған. Арада бір жыл өткеннен кейін Оралдағы колледж ге түскен қыз патронаттық ата-
аналарының иелігіндегі пәтерде тұрған. Қалаға келген өгей әке мас күйінде күштеп-қорқытып қызды зорлап тынған. Сот оны ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлімі бойынша айыпты деп танып, қатаң режимдегі колонияда жазасын 11 жыл өтеуге кесті.