"Орал өңірі №35"

Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

+7 С -2 С 0

0

Сейсенбі, 1 сәуір 2014 жыл №35 (19954)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Саратовтағы

oral_oniri@inbox.ru

әлеумет

Наурыз нақыштары Бокс бәсекесі басталды

5

бұқара

С ә у ір

4 Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Қар суын

Таланттыға тұсау жоқ...

6

● Ойлы хат – ортақ олжа

кәдеге жаратайық

Қазір су тасқынының алдын алу бойынша біраз шаруа қолға алынуда. Әсіресе, қар суының мол қорын Сарыөзен мен Қараөзенге бағыттау жұмыстары құптарлық. Өзім Шыңғырлау жағының ақсақалымын. 1941 жылы қалың қар жіті еріп (сәуірдің 6-12 аралығында), сайсаланың бәрін суға толтырып, қатты тасқын болды. Ауылды су басқанда, үйдің төбесіне шығып, аман қалдық. Су түнде қатты таси­ ды екен, түнімен үлкендер жұртты сақтыққа шақырып, сиыр мөңіреп, қой маңырап дегендей, ауыл қат­ты дүрлікті. Тасқынның салдарынан біз­дің Тұщықара ауылы түгелдей

қирап, кейін елді мекен ретінде біржола жойылды. Ауылымыз екі тәуліктің ішінде суға бөгіп, үйлер қирап қалса да, адам шығыны бол­ мады. Сол тасқыннан кейін аудан көлемінде көптеген көлдер мен көлшіктер пайда болды, егін мол шығып, шөп шүйгін бол­ ды. Елек өзені қатты тасығаннан жайылмаларға су толып, тіпті

Шилі ауылының маңындағы Ақкөл (тұзды көл) деген аумаққа Електен су жөңкіп, екі үлкен көл пайда бол­ ды. Қазір соның біреуі ғана емдік қасиеті бар тұзды көлге айналып, халыққа пайдасын тигізіп келеді. Биыл Ақтөбе облысында қар қалың деседі. Осы жағдай тіпті әлі күнге дейін жолаушыларға қиындық туғызуда. Демек, биыл да тағы сол Елек өзені қатты та­

суы мүмкін. Олай болса, 1941 жылғы тасқын қайталануы ғажап емес. Міне, осыны пайдаланып, Шыңғырлаудағы екі Ақкөлді суға толтырып алуды ойлау керек. Бірақ оған бір кедергі бар. Су жайылмаға қанша толса да, оның көлдерге қарай ағуына көтерілген автомобиль жолы бөгеу болары сөзсіз. Жолдың астында су ағатын арна бар ма, жоқ па білмедім. Егер

болмаса, судан құр қалатынымыз анық. Сонау жылы екі Ақкөлге толған суды ауыл адамдары бірша­ ма жыл пайдаланып еді. Жол асты­ нан суағар арна жасаса, ел-жұрт, мал-жан суға қарық болар еді-ау!

Бақытжан ҚОНЫСБАЙҰЛЫ, зейнеткер, Орал қаласы


2

АҚПАРАТ Сейсенбі, 1 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Жеңістің 70 жылдығына қамданыс P

Кеше Орал қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» деген атаумен туристік жорық жасақтарының облыстық слеті бас­ талды. Бұл шара облыстық балалар мен жасөспірімдердің ту­ризм және экология орталығының ұйытқы болуымен өтуде. Ертең мәреге жететін слеттің басты мақсаты – жас ұландар­дың туристік-өлкетанушылық ынта-ықыласын арттырып, өз өңірі­нің табиғаты мен тарихы туралы таным-түсінігін кеңейту.

P

«ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысындағы өкіл имамы Рус­ лан Тыныштықұлының бастамасымен биылғы наурыздың соң­ғы сенбісі күні облыс аумағындағы мешіттердің ұжымы сенбі­лік өткізді» деп хабарлады редакцияға ҚМДБ-ның БҚО бойын­ша баспасөз хатшысы Нұрлан Қабыкеш. Сенбілік барысында мешіттердің маңы қоқыстан арылып, діни нысандардың ауласындағы ағаштардың түбі қопсыты­лып, тал-теректер діңінің түбі әктелді.

P

Өңіріміздегі студенттік құрылыс және жастар еңбек жа­ сақтары сарбаздарының арасында шағын футболдан жарыс өт­ті. Аталмыш жарысқа «Жас Отан» жастар қанаты, «Жас эко­ номист» жастар қоғамдық бірлестігі мүшелері мен студент­тік құрылыс жасақтарының сарбаздарынан құралған 6 коман­да қатысты. Тартысты өткен жарыс қорытындысында «Батыс» команда­сы І орынға, «Қайсар» ІІ орынға ие болса, үздік үштікті «Нарын» түйіндеді.

«Ұрпаққа мұра болар сыйлықтар» Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі ағым­ дағы жылдың сәуір-қараша айлары аралығында «Ұрпақ­қа мұра болар сый­лықтар» атты акция жариялап отыр. Бұл шара барысында ел-жұрттан ХХ ғасырға тиесілі жиһаз, тұр­ мыстық техника, зергерлік туындылар, салтанатты кеш киімдері, фарфор статуэткалары, мектептік бұйымдар мен кәдесыйлар, ойын­ шық­тар жинау жоспарлануда. Бұған туған өлкесінің тарихын қадір тұтар барша жерлесіміз атсалыса алады. Желтоқсан айында атал­мыш акция кезінде жиналған жәдігерлерден көрме ұйымдастыры­лып, ел-жұрттың назарына ұсыну көзделуде.

Төтеншеліктер кәсіпкерлерді қолдайды Таяуда облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық бөлімшесінің өкілдері бас қосып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мә­селелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы мемо­ рандумға қол қойды.

Айша ӨТЕБӘЛІ, «Орал өңірі»

Б

ұдан соң осы бағытта жүргі­зілетін жұмыс жос­па­рын бекіткен қос меке­ менің басшылары кә­сіп­керлік са­ласының белсенді дамуы үшін бі­рігіп жұмыстануға уәде етті. Ол үшін тараптар ақпарат алмасу тәртібін реттеп, БАҚ арқылы тү­ сіндіру жұмыстарын жүргізетін болды. Осы жиында сөйлеген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қадыр Бисембаев аталмыш меморандум аясында төтеншеліктердің кәсіпкерлерге құқықтық негіз бойынша тегін кеңес беруге, олардың жұмысына кедергі келтірушілерге тосқауыл қоюға, сондай-ақ оларды өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі-

мен қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді. Төтеншеліктер тара­ пынан заңсыз әрекеттер жасалған жағдайда, мәселенің шұғыл шешімін табатынын айтқан Қадыр Уапұлы кәсіпкерлерге төтенше жағдайдан сақтанып жүруге кеңес берді. Оның сөзін жалғастырған облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Әбсатиров кәсіпкерлікті дамыту үшін осы бағытты насихаттайтын жиындарды жиі ұйымдастыру қажет екенін айтты. Өздерінің соңғы кездері өкілетті орган қызметкерлерін қатыстыра отырып, қоғамдық қабылдау ұйымдастырып жүргенін жеткізген Кеңес Ғарапұлы мұндай тәсілдің кәсіпкерлер құқығын қорғау жұмысында аса тиімді екенін қаперге салды. Оның сөзінше, келесі қоғамдық қабылдау 2 сәуірде өткізілмек.

Таяуда «Нұр Отан» партиясы облыстық бөлімшесінің ғимаратында Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толуын құрметпен атап өтуге арналған жиын өтті. Оған өңіріміздегі кейбір мемлекеттік мекемелердің басшылары, соғыс және тыл еңбеккерлері қатысты. Басқосуды облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жүргізді.

Серік ІЗБАСАРҰЛЫ, «Орал өңірі»

Ж

иынды ашып, қыс­ қаша сөз сөйлеген Бақ­тияр Мәкен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің ай­ рықша саяси-тарихи маңызына тоқталып, оның ұрпақтар жа­дын­ да мәңгілікке сақталатынын атап өтті. Осыған орай сәуір айын­­да облыста «Ардагерге – құрмет!» арнайы айлығының өтетінін ай­тып, соған жұртшылықтың бел­ сене қатысуына тілектестік біл­ дірді. Сонан соң «Генералдар ке­ ңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, генералмайор Руслан Тыңбаев сөйлеп, еліміз бойынша Ұлы Жеңістің 70 жылдығына даярлық туралы ке­ ңінен баяндады. Генералдың ай­

туынан аңғарғанымыз, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Ба­ тыры Сағадат Нұрмағамбетовты «Халық қаһарманы» атағына ұсы­ну жоспарланған және ұлты­мыз­ дың осы тамаша ұлы туралы екі сериялы көркем фильм түсіріл­ ген. Марқұмның Отан алдында­ғы парызын өтеудегі жанқияр­лық ерлігін ұлықтау жайында өзге де шаралар жүзеге асырылмақ. Атақты ұшқыш Талғат Бигелди­нов те «Халық қаһарманы» құр­метті атағына ұсынылады. Сондай-ақ Елбасымыз Н.Назар­ баевтың нұсқауы бойынша бү­гін­ де көзі тірі және өмірден озған, еліміздегі бүкіл Кеңес Одағы­­­­ның Батырлары хақында деректі фильмдер түсірілуі тиіс. Айтпақ­ шы, бүкіл еліміз бойынша қазір 520 Кеңес Одағының батыры және 6 «Даңқ» орденінің толық

иегері тіркелген. Солардың қайқайсысы да қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. Руслан Ислам­ ұлы осы жұмысқа жерлестердің де лайықты үлес қосуын сұра­ды. Сонан кейін сөз алған соғыс ардагері Қ.Сүйіншәлиев бұрын­ғы майдангерлерге мерекеге орай арнаулы төсбелгі шығару қа­жеттігін тілге тиек етсе, партия ардагері М.Батыров тыл арда­герлерін де назардан тыс қал­ дырмау жайында айтты. Орал қа­лалық соғыс және еңбек арда­ герлері ұйымының төрағасы С.Алдабергенов көршілес Ре­ сейде РФ президенті В.Путиннің жарлығы бойынша Ұлы Отан со­ғысының аяқталу мерзімінің 1945 жылдың 2 қыркүйегіне бел­ гіленгенін айтып, біздің елдің де сол атаулы күнді мақұлдау қа­ жеттігін алға тартты. Отырысты қорытындылаған Б.Мәкен алда­ғы Жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлері мен басқала­ рына қосымша қаржылай және басқалай көмек көрсетілетінін айта келіп, көзі тірі майдангер­ лерді суретке түсіріп, қала кө­ше­­леріндегі билбордқа шыға­ру жос­ парланғанын баян­дады. Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Қала сенбілікке шықты

Өткен сенбі күні «Ізгі істер мезгілі» атты екі айлық санитарлық тазалық шарасы барысында Оралда ал­ ғаш­қы сенбілік ұйымдастырылды.

Қ

ала әкімдігінен түскен мә­ ліметке қарағанда, ша­һар 20 бөлікке бөлініп, оған жауап­ты адамдар бекі­тіл­ген.

Сенбілікке қатысқан Орал қа­ласының әкімі Алтай Көл­гінов­ тің атап өткеніндей, ай­лық ба­ рысында апта сайын сенбілік­

тер өткізумен қатар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүмкін­ді­ гі шектеулі жандарға, жетім ба­лаларға көмек көрсетілетін бола­ ды. Мәселен, жалғызілікті адам­­дардың ауласын тазартуға қол­ ұшын беру жоспарланып отыр. Орал қаласы әкімдігі мен қа­ лалық мәслихат қыз­мет­­керлері, жастар мен сту­денттер ұйымда­ ры өкілдері күрделі бөліктер­­дің бірі – Жұл­дыз шағынау­да­нын­дағы ав­тобустың соңғы аял­ дамасын қоқыстан тазартты. Жалпы, бұл күні сенбілікке 15240 адам қатысып, 304 тон­на қоқыс шығарылды. Осы аптадан бастап қа­лада ағаш отырғызу қолға алынбақ. Барлығы 7 мың түп тал-терек егу көзделуде. Биыл қыс пен ерте көктемде шаһарда шырша мен қарағай көшеттері егілсе, енді басқа теректерге де кезек келді.

Елжан ЕРАЛЫ


ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru

Сейсенбі, 1 сәуір 2014 жыл

Таяуда «Шағала» қонақүйінің мәжіліс залында «Кен өндіру саласының айқындық бастамаларын алға жыл­ жыта отырып, жергілікті деңгейде билік, бизнес және азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл институттарын құру» атты жобаның тұсаукесері өтті.

Айқындыққа

Елбасымыз Н.Назарбаевтың елі­міздегі кен өндіру саласына ай­ қындық енгізіп, оның ашық­тығын арттыру жөніндегі бастамасы­ нан бастау алғанын айтты. Оның сөзінше, аталған бастама бүгінгі таңда әлемнің 70-тен астам елін­ де жүзеге асырылуда. Біздің елі­ мізде кен өндіру саласындағы

бағытталған жоба Айша ӨТЕБӘЛІ, «Орал өңірі»

А

тыраулық «Қазақстан­ ның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бір­лестігі мен «Заман» Батыс Қазақ­ стан облысының өндірушілер қа­уымдастығы бірігіп ұйымдастыр­­ ған бұл шараға облыстық ішкі саясат басқармасының қызмет­ керлері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды «Заман» Батыс Қа­ зақстан облысы өндірушілер қа­ уымдастығының төрайымы Айгүл

Түркина ашып, аталмыш жоба­ ның маңызын түсіндірді. Оның сөзінше, бұл жоба кен өндіруші компаниялардың әлеуметтік қыз­­мет­терінің айқындығын артты­ рып, Атырау және Батыс Қазақ­ стан облыстарының қарқынды дамуына мүмкіндік бермек. Бұл жоба Астанадағы Ұлыбритания елшілігі мен «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен іске асы­ рылмақ. Бұдан кейін сөйлеген атырау­ лық «Қазақстанның тәуелсіз ұр­пағы» жастар қоғамдық бірлесті­ гінің директоры Ұлықбек Тінә­лиев бұл жобаның 2005 жылы

айқындық бастамаларын іске асы­­ру бойынша Ұлттық кеңес 2007 жылы құрылып, содан бері осы бағытта жұмыстанып келеді. Кеңес құрамында мұнай өн­ді­руші компаниялар, ҮЕҰ, орта­лық мемлекеттік органдар өкіл­дері және ҚР Парламент Мәжі­ лісінің депутаттары бар. Көп қыр­­лы кеңестің компания мен Үкіметтің қаржы есептерін са­лыстырып, еліміздегі кен өнді­ру­ ші компаниялардың жыл сайын­ғы салық төлемін тексеруге құ­қығы бар және олардың инфра­ құрылымдық жобаларды қолдау­ ға, дивидендтерді төлеу­ге және

тағы басқа да бағыт­тар бойын­ша қаншалықты шығын­далаты­нын сұрау салып, біле алады. – Осындай көп қырлы ке­ңес­ тің еліміздің кен өндіруші ай­мақтарында да құрылғаны дұ­ рыс. Мұндай кеңестер халықты кен өндіруші ком­паниялардың тыныс-тіршілігімен таныстырып, инвесторлардың бел­гілі бір жұ­ мыстарға жұмсаған қаржысы жө­ нінде нақты ақпа­рат береді. Және жергілікті тұр­ғындардың пікірін есепке ала отырып, олардың тиім­ді жобаны таңдауына мүм­кін­ дік береді. Сөйтіп, сол аймақтың қарқынды дамуына оң ықпалын тигізеді, – деген Ұлықбек Тінә­ лиев бүгінгі таңда өздерінің осы бағытта жұ­мыстанып жатқанын жеткізді. Жиынды қорытындылаған Ай­гүл Түркина осы бағыттағы ұсы­ныс хаттың облыс әкімшілігіне жол­данғанын айтып, қоғамдық бір­ лестіктердің бұл ұсынысы жер­ гілікті билік өкілдері тарапынан қолдау табатынына сенім білдірді. Жиын барысында қатысушылар тарапынан аталған жобаға қа­ тысты көптеген сұрақ қойылып, бұған ұйымдастырушылар тиісті жауаптарын берді.

3

Төлемдерден босатылды Орал қалалық мәсли­хат­ы­ның кезекті сессиясында ша­­һар басшысы Алтай Көл­гінов биылғы 1 мамырдан бастап Ұлы Отан соғысының ардагерлерін коммуналдық тө­ лем­дерден босату жөнінде бастама көтерді. Халық қа­ лаулылары бұл бастаманы мақұлдады. Орал қаласының басшылығы күн санап қатары сиреп бара жатқан ардагерлерге Ұлы Же­ ңістің 70 жылдық құрметіне осын­дай тарту жасады. Бар­лы­ғы 259 адам коммуналдық тө­ лем­дерден босатылады. Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдар­ ламалар бөлімі­нің басшысы Ай­гүл Төкешеваның айтуын­ ша, әр­бір соғыс ардаге­рі орта есеп­пен айына ком­му­налдық тө­лемдерге 8873 теңге жұм­ сайды. Сондықтан енді олар өз зейнетақыларына қоса қала­ лық бюджеттен 5 АЕК көле­ мін­­де немесе 9260 теңге қоса алады. Жеңілдікке ие болған­дар қатарында 232 соғыс арда­ гері, концлагерьдің 17 тұт­­қы­­ны, Ленинград қоршауында бол­ған 10 адам бар, – деді А.Тө­ кешева.

Төл төгіні жалғасуда Ақжайық ауданы бойынша бүгінгі таңда 26 034 сиырдан 4 406 бұзау, 111289 қой-ешкіден 19252 қозы-лақ, 7795 бие­ ден 125 құлын алынды. Сала мамандарының айтуынша, жас төлдер тез ширауда.

«Промстрой - Астана 2014» 2014 жылдың 1-3 сәуір аралығында Астана қаласының әкімдігі мен «Атакент-Экспо» халық­ аралық көрме компаниясы ҚР Индустрия және технологиялар министрлігінің, Өңірлік даму министр­лі­гі­нің қолдауымен XV қазақ­ стандық халықаралық «Промстрой-Астана 2014» көрмесін өткізуде.

К

өрме барысында қо­нақтар мен қатысушы­ лардың назарына зама­ науи құрылыс технологиялары, әрлеу материалдары, желдету, жылыту және кәріз жүйелері, газ­ бен, сумен және энергия қуаты­мен жарақтау жүйелері, құры­лыс машиналары мен жабдық­тар, жол-құрылыс техникасы, құры­ лыс пен жөндеу жұмыстарына арналған құрал-саймандар, құ­ рыл­ғылар мен керек-жарақтар, құрылыс және жол материалда­ ры, электр техникалық жабдық және тағы басқалар ұсынылмақ. Дәл осы кезеңде «Атакент-Экспо»

көрмесі өтеді ХКК Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің, Ас­тана қаласы әкімдігінің және Қа­зақстан құрылысшылары қа­уымдастығының дәстүрлі қол­дауымен V қазақстандық халық­ аралық «Экспо жылжымайтын мүлік – 2014» көрмесі өтпек. Атал­мыш көрмеге Қазақстанның, Ре­сейдің, Болгарияның, Ұлыбри­ танияның, Солтүстік Кипрдің, Лат­ вия мен Түркияның жиырмаға жуық компаниясы қатысып, Қа­зақстан мен шетелдегі жылжы­ майтын мүлік нарығындағы жа­ ңа­лықтарды таныстырмақ. Және риэлторлық, заң және консал­тинг­тік қызметтерді, элиталы жыл­жымайтын мүліктерді ұсынбақ. Ресей Федерациясының сау­да-өнеркәсіптік палатасының өңірлік өкілдігі Астана қаласы әкім­-дігімен бірлесіп жыл са­йын «Кедендік одақ аясының ке­ңей­тілуі және Қазақстанның ДСҰға кіруі: перспективалары, пай­дасы мен зияны қандай?» тақы­ рыбында тәжірибелік конферен­ ция өткізіп, қазақстандық және

ресейлік кәсіпкерлерге арнал­ған іскерлік келіссөздер жүргі­зеді. 2007-2013 жылдары аралы­ғында Астана қаласының өнер­кәсіп және кәсіпкерлік басқар­ масы, құрылыс басқармасы, «Ата­кент-Экспо» ХКК және Қазақ­стан Республикасының Сауда-өнер­ кәсіптік палатасымен бірлесіп өт­кізілген мұндай шаралар оң бағаланып, Астана қаласының ин­вестициялық тартымдылығын нығайтуға және осы көрменің насихатталуына үлкен септігін тигізді. Көрмелердің жұмысына отан­дық және шетелдік жетекші ма­мандардың қатысуы жақын жә­ не алыс шетел мемлекет­тері­­нің құрылыс индустриясы саласын­ дағы сауда-эконо­микалық ын­тымақтастығының аясын ке­ңей­ ту бағытындағы маңызды қадам болмақ. Көрмелердің ресми ашылу салтанаты «Көрме» орталығын­да 1 сәуір күні сағат 11.00-де бас­ талады.

Көрменің ұйымдастыру комитеті

Студенттік жобалар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «ЭКСПО – 2017»: Қа­ зақ­стан­ның индустриал­дыиннова­ция­лық да­муының ке­лешегі» та­қырыбында дөңге­ лек үстел өтті.

Жамбыл ауылдық округінде осы күнге дейін 3390 қойдан 2064 қошақан, 1528 ешкіден 1156 лақ, 1069 сиырдан 486 бұзау, 210 биеден 15 құлын алынды. Мысалы, «Ахмет» шар­уа қожалығында (жетекшісі М.Валиева) 200 қойдан 110 қо­зы, 70 ешкіден 40 лақ, 30 сиыр­дан 6 бұзау алынып, олар түгел­ дей аман-есен өсіп жетілуде. Ал «Сейітжан» шаруа қожалы­ ғын­да (жетекшісі Е.Қойсариев) 40 сиырдан 20 бұзау, 300 қой­ дан 150 қозы, 37 ешкіден сон­ шама лақ қораны толтырды. Сондай-ақ Есенсай ауылдық округінде де барлығы 2738 ірі қара, 6184 уақ жан­дық, 830 жылқы алты ай қыстан аман шығып келеді. Түліктер­дің алды өріске шықты. Есен­ сайда бүгінде 950 сиырдан 314 бұзау, 3543 қой-ешкіден 858 қозы-лақ алынды.

Шараны ашқан аталмыш уни­верситет ректоры Асхат Иманғалиев «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің елі­міз үшін маңызына тоқталды. Жиында «Алгоритм» техно­пар­ кінің директоры Арман Есеке­ нов, университет проректоры Әбілсейіт Мұқтар мен Лилия Мерғалиева, Ермек Айталиев, Гүлсім Миниус, Венера Чудрова сынды ғалымдар әлемдік эко­ номикадағы еліміздің рөлі мен даму келешегі, болашақтың энер­ гиясы, жалпы қуат үнемдеу, ба­ ламалы қуат көздері турасында баяндамалар жасады. Студенттер Анастасия Ми­ хеева, Мұрат Юсупов жылуды сақтауда жергілікті материал­ дарды қолдану мен резина жа­ сауда мұнай-газ өнеркәсібінде­гі қалдықтарды пайдалану ба­ғы­тында өз жобаларын ұсын­ ды.

Таяуда Қазталов ауданы­ның спорт кешенінде спорт­ тық-эстафеталық жарыс өтті.

Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА

Өз тілшілеріміз

Спорт тәрбиелейді

Оған №1 аудандық қылмыс­ тық атқару инспекциясының есе­бінде тұрған сотталушылар қатысты. Бүгінгі таңда ауданда 16 осындай сипаттағы (қоғам­ нан оқшаулауға байланысты емес жаза) сотталушылар бар. Жарысқа қатысушылар се­ бетке доп лақтыру, қапшықпен секіру, қақпаға доп тебу, білек­ тесу сынды спорт түрлерінен сынға түсті.


4

достық Сейсенбі, 1 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Саратовтағы Шығыс халқының шуақты мерекесі – Наурыз 2010 жылы ЮНЕСКО-ның қамқорлығына алынып, күллі адамзаттық құндылық ретінде танылған болатын. Күн мен түн теңесіп, адам аузы аққа, мал аузы көкке тиетін керемет уақытпен тұспатұс келетін Ұлық мейрам еш уақытта шекара таңдаған емес. Күні кеше ғана Ресей Федерациясы Саратов облысының қазақтары Наурыз мерекесін дүрілдетіп тойлап, Батыс Қазақстан облысының делегациясын арнайы қонақ ретінде шақырды. Саратов облысының Маркс қаласында өткен Наурыз мейрамына батысқазақстандық делегацияны облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өзі бастап барды.

Наурыз нақыштары

М

аркс – облыс орта­лы­ ғынан 60 шақырым жерде орналасқан ша­ ғын қала. Шағын болғандығына қарамастан, экономикалық әлеуе­ ті жағынан сол өңірдің ауданда­ ры арасында оқ бойы озық тұр. Тағы бір байқағанымыз - маркстік қазақтар ана тілдерінде сөйлеуге құштар екен. Кімге жақындасаң да, «Ассалаумағалейкум!» деп аман­ дасып, төс қағыстырып көріседі. Сосын ұлттық киімді аса қадірлеп, жасы-кәрісі, бала-шағасы түгел киіп алыпты. Қазақстанның көк байрағын иығына жамылып жүр­ ген бір жасөспірімді көргенде, кеудемізді Отанға деген мақта­­ныш сезімі кернеді. Бейне бір жат елде емес, өз елімізде жүрген­дей күй кештік. Наурызды мерекелеуге Са­ ра­товтың 30 ауданынан 5 мың­ нан аса қаракөз бауырларымыз жиылды. Күннің ызғырығына қа­ рамастан, қаланың қақ ор­та­сын­ дағы кең алаңға оннан аса киіз үй тігілді. Екі облыс басшылары Вале­ рий Радаев пен Нұрлан Ноғаев әр шаңыраққа бас сұғып, ақтан ауыз тиді және барша бауырларды Нау­ рыз мерекесімен құттықтады. Сол маңайда болып жатқан балуандар күресін, ұлт­тық ойындарды тама­ шалады. Жаңарып-жаңғырудың, өркендеудің белгісі ретін­де тал екті. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып­қа қатысты көріністер мерекеге келген халықты бейжай қалдыр­мады. Той көрігін қыздыруға жер­ гілік­ті және батысқазақстандық өнер шеберлері де үлкен үлес қосты. Жалпы, осы той Ресей­ дегі халықтардың өзара татулы­ ғын, ауызбірлігін нақты көрсетті. Мұнда ұлт пен ұлысқа бөлініп жатқан ешкімді байқамадық. Бәрі бір атаның баласындай тізе қо­сып, шат-шадыман көңілмен ме­ рекені жоғары деңгейде атап өтті. «Наурыз мерекесі Марксте бұрын-соңды мұндай ауқымда өтіп көрген жоқ еді. Бүгін қазақ­ша ән тыңдап, қазақтың салтдәс­түрін көзбен көріп, ұлттық тағамдар­дан дәм татып, шат-ша­ дыман көңіл күймен үйіме қайтып барамын» деді бір орыс әжей «Нау­ рыз сізге ұнады ма?» деген са­уа­лымызға. Мерекенің өту бары­сы­на бұдан артық бағаны біз де, сі­рә, бере алмаспыз.

Радаев БАҚ өкіл­­деріне бер­ген сұхба­тында. Әріптесінің сөзін Нұрлан Ноғаев та қуаттады. «Саратов та­ рихи көршіміз болғандықтан, байланысымыз жақсы. Екі мем­ лекеттің басшылары берген тапсырмаға сәйкес өзара іс­керлікмәдени қарым-қатынасты жолға қойдық. Алдағы уақытта бұдан да тығыз жұмыс істеуге дайын­быз» деді Нұрлан Асқарұлы.

Той тойлаймыз, шаруаны да ойлаймыз Әрине, батысқазақстандық де­­ле­гацияның Саратовқа сапары Ұлық мерекені ұлықтап, той той­ лаумен ғана шектелген жоқ. Қос өңір басшылары Нұрлан Ноғаев пен Валерий Радаев екі жаққа да тиімді бірқатар мәселелерді талқыға салды. Атап айтқанда, Батыс Қазақ­ стан облысы Ресейге экологиялық таза, сапалы «Премиум» сұрыпты етті экспорттауға мүдделі. «Біздің облыс Ресейдің бес губерниясы­ мен шектеседі. Соңғы жылдары арадағы тауар айналымы өсіп, Жайық өңірінде өндірілген сапа­ лы ет Мәскеу, Самара, Тольятти нарығында үлкен сұранысқа ие болуда. Осы сапалы етті ал­дағы уақытта халқы тығыз қоныстанған Саратов аймағына шығар­сақ, ол үшін базардан арнайы орын­дар

бөлінсе, нұр үстіне нұр болар еді. Себебі қазірдің өзінде сіз­ дер­дің базарларыңызға ет жет­кі­зетін кәсіпкерлермен уағдалас­ тық бар. Біз етті бөлшек бағамен де, көтерме бағамен де жет­ кізіп бере аламыз» деді Нұрлан Асқарұлы. Валерий Радаев бұл ұсынысты құп алып, арнайы орын бөліп, Саратовтың коммуналдық базар­ ларында қазақстандық етті тұ­ рақты сатуды ұйымдастыруға нақ­ты тапсырма берді. «Біз бүгін Батыс Қазақстан облысының әкі­ мі Нұрлан Ноғаевпен бірге көпте­­ген мәселелерді талқыладық. Яғни көрші өңірлерде екіжақты тиімді бай­ланыстың кез келген түріне мүмкіндік мол. Мысалы, біз­ге са­палы, экологиялық таза ет қа­­жет. Ал құ­рылыс қарқынды да­мып отырған сіздерге біздің кәсіп­орын­дар өндіретін құрылыс ма­те­риалдары артықтық етпейді» деді Сара­­тов облысының губернато­ры Ва­лерий

Владимир ПОЖАРОВ, Саратов облысы үкіметінің экономи­ калық даму және инвес­ тициялық саясат ми­ нистрі: - Саратов облысының бизнес құрылымдарында қазақтардың бе­делі жоғары. Мысалы, осы бір ға­на Маркс ауданының аумағын­ да­ғы ең ірі 10 агроқұрылымы­ның төртеуін қазақтар басқарып отыр. Одан бөлек биылғы маусым айын­ да Астана қаласында Сара­тов облысының апталығы өтпек. Ол жерде біз өзіміздің мүмкіндігіміз­ді жан-жақты жарнамалайтын бо­ ламыз. Батыс Қазақстан облысы­ на келер болсақ, тарихи көр­ші ретінде өзара тиімді жұмыс жа­сау­ға барлық жағдай бар. Екі облыстың кәсіпорындары ара­ сындағы тауар айналымы көрсет­ кіші жылына 12-15 пайызға өсіп келеді. Бізге ет пен ет өнімдері қажет. Сонымен қатар Қазақстан тарапынан өндіріске енгізілген

инновациялық технологиялар да бізді қатты қызықты­ра­ды. Өз та­ рапымыздан газ саласы­ның жаб­ дықтарын ұсына аламыз. Құры­лыс заттарын экспорттауға да мүд­ деліміз. Тек екі арадағы жол ин­ фрақұрылымын жақсарту керек. Тоқтар СӘРСЕН­ ҒАЛИЕВ, «Волгадизельаппарат» зауыты директо­ры­ ның өндіріс жөніндегі орынбасары: - Біздің зауыт - Маркс қала­сындағы ең байырғы кәсіп­орындардың бірі. Біз тепло­воздарға қажетті отын аппара­ту­ра­ларын өндіреміз. Күні бү­гін кәсіпорын «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен тығыз байланыс ор­натуға мүдделі. Жолға қойылған байланыстар туралы айтсам, Теміртау метал­ лургия комбинатымен жақсы қа­ рым-қатынастамыз. Егер бізбен бірле­­сіп, жұмыс істеймін де­ ген қазақ­стан­дық мекеме-кә­сіп­ орындар бол­са, өнді­ріс­­ті, құралжабдықта­ры­мызды, әлеуетімізді көрсетуге дайынбыз.

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, «Орал өңірі», Орал-Саратов-Орал Суреттерді түсірген Александр КУПРИЕНКО, Рафхат ХАЛЕЛОВ


әлеумет Сейсенбі, 1 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Кеше Оралдағы мұзсарайда қазақстандық бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың

Бокс бәсекесі басталды

жүлдесі үшін бокстан

отырған барлық елдің спортшы­ ларына сәттілік тілеймін! Бүгінгі турнир­дің қадірлі қонақтары, олимпиада жүлдегері Болат Жұ­ма­ ді­лов, Бейжің олимпиадасы­ның чемпионы Бақыт Сәрсекбаев, бокс­ тан әс­керилер арасында әлем чемпионы Азамат Мақажанов­қа ай­рықша алғысымды білдіре­мін! Олардың уақыт тығыздығына қарамастан бүгінгі шараға қа­ты­ суы осы турнирдің бәсін арттыра түсері даусыз, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сайыстың ашылу салтанатындағы құттықтау лебі­ зінде.

халықаралық турнир басталды.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, «Орал өңірі»

Жарыстың ашылу салтанаты­ на облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, бокс­тан ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, Азия, әлем чемпио­ ны, олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділов, Азия ойындарының же­ңімпазы, 2008 жылы Бейжіңде өткен XXIX жазғы олимпиада ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев, бокстан халықара­лық дәрежедегі спорт шебері, Орта Азия ойындарының жеңімпазы, әскерилер арасында әлем чем­пио­ны Азамат Мақажанов құр­­мет­ ті қонақ ретінде қатысты. - Құрметті оралдықтар, қа­дір­менді сайысқа қатысушы спорт­шылар, бапкерлер! Бар­шаңызды Қазақстан бокс феде­ра­ция­сы­ ның құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүл­десі үшін дәс­ түрлі түрде Орал қаласында бе­сінші рет ұйым­дас­тырылып отыр­ған бокстан ха­лық­ара­лық тур­нир­ дің ашылуымен құттық­таймын! Спорттың қай түрі болса да,

5

адамның денсаулығына, сергек ойлауына оң әсер етеді. Бү­гін­ де Елбасының тапсырмалары бойынша орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы орган өкілдері спортқа үлкен көңіл бөліп, ел ішінде салауатты өмір салтының нығая түсуіне ұдайы мүдделілік танытуда. Соның арқасында біздің спорт­шылар көптеген спорт түр­ лерінен халықаралық турнир­

Сәуір айының бесіне дейін созылатын сайыста Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және өз еліміздің құрама командала­ ры 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынамақ. Аталмыш турнирде Қазақстан құрамасы сапында 113, соның ішінде біздің облыстан 13 боксшы ел намысын қорғайды. Жарыстың жүлде қоры бірінші орынға 400 доллар, екінші орын­ ға 300 доллар, үшінші орынға 150 доллар болып белгіленген. Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

лерде, олимпиадаларда жо­ғары деңгейден көрініп жүр. Бүгінгі статистикалық деректерге сүйен­сек, Батыс Қазақстан облы-­ сында халықтың 22 пайызы спортпен күнделікті айналыса­ ды. Облысымыздағы спорт ғи­ ма­раттары мен кешендерінде осындай іс-шараларды одан әрі жалғасты­ра беруге толық мүмкін­ дік береді. Сайысқа қатысқалы

Ажалдан арашалайтындар Адамға қайтадан жан кiргiзу ғаламатын күн сайын кез келген емханадан, әрбiр перзентханадан кездестiруге болады. Мыңдаған адам қан алмастырып құюдың арқасында өмір сүруін жалғастыруда. Донорлық – бiздiң елiмiзде гуманизмнiң ең бiр жарқын көрiнiсi, жолдастық көмектiң айқын бiр айғағы. Мұндай ерлiк көрсеткендер әрқашан құрметтеледi, қадiрленедi. Жақында “Денсаулыққа – жеті қадам” атты акция шеңберінде облыстық қан орталығында донорларға көрсетілген құрметтің куәсі болғанбыз. Осында бір топ ажал арашашыларымен әңгіме-дүкен құрдық. Бүгін солардың бірі Қазақстан Республикасының қос бірдей Құрметті доноры Юрий Чахалиди және Людмила Чайкамен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

- Юрий Константинович, Людмила Ивановна, екеуіңіз де біраз жыл өтілі бар донорсыздар. Сондықтан екеуіңізге ортақ сауал - қай жылдан бері қан тапсырып келесіздер, бұл абыройлы іске қалай ден қой­дыңыз? Юрий Чахалиди: – Мен алғаш рет 1986 жылы қан тапсырдым. Ол кезде Кеңес әскері қатарындағы жас жігіт едім. Бір күні “Шұғыл қан керек. Адам өлім алдында. Жоғары тө­ лем” деген хабарландыруға кө­ зім түсті. Сол бойда көрсетілген мекенжайға барып қан тапсыр­ дым. Әрине, ақша үшін емес, те­ гін бердім. Кейін біз берген қанның арқасында әлгі адам тірі қалғанын естідім. Осылайша, қан

тапсыруды әдетке айналдырып, әлі жалғастырып келемін. Людмила Чайка: - Ал мен 1965 жылдан бастап қан тапсыра бастадым. Сол жылы Орал медициналық училищесіне оқуға түскен едім. “Орталықтан қан алушылар келді, ерікті қан тап­ сырушыларды қабылдауда” деген­ ді естіп, өзім бардым. Медици­на саласында 40 жылдан астам уа­қыт еңбек еттім. Жылына екі рет, кей­де бір рет қан тапсырып жүрдім. - Қан тапсырушылық тек қан құюды қажет еткен ауру адамға ғана емес, соны­мен қа­тар донордың да денсау­лы­ ғына аса пайдалы дейді. Ден­ саулықтарыңыз қалай?

Юрий Чахалиди: – Менің денсаулығым өте жақсы. Әуелден салауатты өмір салтын ұстанып келемін. Ішімдік ішу, шылым шегу дегенді білмей­ мін. Қан тапсырған денсаулыққа пайдалы. Өйткені қан тапсырған сайын бойыңдағы қан жасарып, жаңғырып отырады. Мен қазір жеке кәсіпкермін. Өзімді жақсы сезінемін. Людмила Чайка: – Денсаулыққа пайдалы еке­ нінде дау жоқ. Қазір зейнет жа­ сындамын. Тек денсаулығым нашарлағасын қан тапсыруды доғардым. Әйтпесе әлі де бе­рер едім. Ешқандай қиындығы жоқ.

- Қанша рет қан тапсыр­ды­ ңыздар, естеріңізде бар ма? Қай жылдан ҚР Құрметті доноры атандыңыздар? Юрий Чахалиди: – Мен, қателеспесем, 210 рет қан тапсырдым. Әлі де тапсыра­ мын. 1995 жылы ҚР Құрметті до­ норы атағын алдым. Қан ор­талы­ ғынан алған мақтау грамоталары мен алғысхаттардың саны жоқ. Людмила Чайка: – Шынын айтсам, саны есім­ де жоқ. 50-60 рет болар. Жо­ғарыда айттым ғой, аздап жүре­ гімді ауыртып алып, қан тапсы­ руды доғаруға мәжбүр болдым. Бірақ облыстық қан орталығымен байланысты әлі үзген жоқпын. ҚР

Құрметті до­но­ры белгісімен 2008 жылы мара­патталдым. - Сіздер донор ретінде бірнеше адамды ажалдан арашала­ ған боларсыздар. Өздеріңіздің ізбасарларыңызға, яғни кейінгі ұрпаққа қандай тілек айтасыздар? Юрий Чахалиди: - Нағыз қиын-қыстау сәтте дәрiгердiң қолында шипалы до­ нор қанының жеткiлiктi мөлшер­де болса, онда адамды ажал тырна­ ғы­на iлiктiрмей аман алып қалуы­ на ақ желеңділердің мүмкiндiгi мол. Сондықтан да жастарды қан тапсыруға шақырамын.

Людмила Чайка: – Адам өмірін сақтауға аздыкөпті үлес қосқанымды мақ­тан тұтамын. Қазіргі жастар са­ налы ғой. Мен оларға “Өзде­рі­ңнің денсаулықтарыңды жақ­сарта оты­рып, донор болыңыздар. Қан – тіршілік көзі. Тапсырған азған­тай қаныңызбен бірнеше адам­ның өмірін сақтайсыздар” дер едім.

Сұхбаттасқан Еламан ӘЙПІШЕВ, “Орал өңірі”


6

бұқара Сейсенбі, 1 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Есірткішіге 12 жыл БҚО қылмыстық істер жөніндегі маманданды­ рыл­ған ауданаралық со­ты Б.Козловты ҚР ҚК 259-бабы 3-бөлімі «в» тармағы бойынша айыпты деп танып, мүлкін тәр­кілеумен бірге жазасын ерекше тәртіптегі колония­да өтеуге 12 жылға бас бостандығынан айырды.

А

Құстарға қамқорлық

А

қжайық ауданындағы Чапаев орман және жануар­лар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің Чапаев орманшылығының орман күзет­шілері қа­раторғай ұяларын биыл жылдағыдан кө­ бірек, яғни 67-сін жасап, терек басына ілді. Мұның қанатты достарға қамқорлықпен қа­ тар өсімдік зиянкестерінің алдын алудағы маңызы айрықша. Құстар орманның сани­ тары ретінде ағаштардың түрлі құрттарын құртатыны мәлім.

Бекем БЕКҰЛЫ, Ақжайық ауданы

талмыш соттың жетекші маманы Елдос Ахметов­тің хабарлағанын­ дай, сот оның қыл­мыстық іс-әрекетінің қауіпті­лігін ескерді. Себебі Б.Козлов есірт­ кі сатқаны үшін бұдан бұрын да соттал­ ған еді. Алайда онысынан сабақ алмай, 2013 жылы шілдеде баю мақсатында «Алик» есім­ді сатушы есебіндегі поли­ция қыз­меткеріне 9,26 грамм героинді 25 мың теңгеге өткізген. Сол күні-ақ қол­ға түскен есірткі сатушының ас бөлмесі­ нен 5,56 грамм героин, яғни ірі көлемде­гі орама тағы табылған. Сот үкіміне Б.Козлов апелляция­лық шағым келтіргенімен, оны БҚО сотының қылмыстық істер жө­ніндегі апелляция­ лық сот алқа­сы өзгеріссіз қалдырды. Сот үкімі күшіне енді.

Арман БОЛАТҰЛЫ

Көктем - жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін жаз мезгілінің арасындағы кезең. Қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесінде жыл басы көктемде 22 наурыздан, табиғаттың жаңаруынан басталады. Ал астрономиялық күнтізбеде көктемде 93 күн болады. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жі­ биді, жауын-шашын мол жауып, соның салдары­ нан көбіне су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік

«Ақжайық балалар саз мектебі» МКҚК бос азаматтық лауазымына ашық конкурс жариялайды Фортепиано класының оқыту­шы­ сы – 1 бірлік. Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары, арнаулы орта педагогикалық. Конкурсқа қажетті құжаттар: кон­курсқа түсуге арыз, жеке басын куә­лан­дыратын құжат көшірмесі, білімі ту­ралы құжаттың көшірмесі, қосымша­ сы (нотариалды шандырылған), еңбек кітапшасының көшірмесі, үлгілі ны­ сандағы медициналық анықтама. Құжаттар «Орал өңірі» облыстық га­зеті басылымында хабарландыру жа­ рияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 59А. Бай­ ланыс телефоны: 50-4-26.

Көктем иелерінің жандануы, тіріліп, жәндіктер мен хайуа­ наттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастай­ ды. Мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу сияқты ауыл шаруашылығы жұмыстары басталады.

Жанболат Есқалиев, РУ 170/1 мекемесінің аға бақылаушысы, старшина

Ж

«Zhaik Petroleum Ltd» ЖШС қор­ шаған ортаға әсерін тигізу туралы «Темір жолдың тұйықталған басы мен көмірсутек шикізатын өңдейтін және сақтау кешені құрылысы» жобасының қоғамдық тыңдауларды өткізуі тура­лы хабарлайды. Қоғамдық тыңдауларды өткізу 2014 жылғы 21 сәуірде сағат 11.00де, ҚР, БҚО, Зеленов ауданы, Белес кенті, мәдениет үйі ғимаратында бел­гіленіп отыр. Мүдделі тұлғалар «ООС» матери­ал­дарымен ҚР, БҚО, Орал қаласы, Уральский тупик, 2-үй мекенжайын­да таныса алады. ООС материалдарының электрон­ дық нұсқасын zhaikpetroleum@mail.ru электрондық пошта мекенжайынан сұратуға болады, ескертулер мен ұсыныстар көрсетілген мекенжайда қабылданады.

• 1 сәуір - Күлкі күні

Таланттыға тұсау ж қ... (әзіл әңгіме)

Қазақ аман тұрғанда, қалжың өлмейді деген еді бір досым. Келісемін. Өйткені мен де қара жаяу емеспін. Апамның айтуынша, ыржиып дүниеге келіппін. Сол ыржиюмен балабақша кетті, мектеп кетті. Институтта да езу жиылмады. Содан жұмысқа кірдім. Көңілді қалпымды аңғарған бастығым бір күні кабинетіне шақыртты. Арсалаңдап жеттім.

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, «Орал өңірі»

Т

«

а-а-к, байқаймын, өзің бір күлкі қытықтап жүретін бала екенсің. Сен былай ет... Бұл жер сенің тақияңа тарлау... Саған шабыт ке­ рек, қабілетіңді босқа қор қылма, өз еркіңмен арызыңды жаза ғой, мен қол қойып берейін...» демесі бар ма. Есі дұрыс адам осы жерде күле ме?! Ал мен жын ұрғандай селкілдеп тоқтай алсамшы. Басты­ ғым негізі әзілді жақсы түсінетін кісі еді. Қосыла күліп, есікке дейін келді де, май құйрықтан қайқай­ тып тұрып бір тепті... Үйде жатып алып ойландым. Құдайым өзі қабілет берген екен, енді оны жарыққа шығару керек. Талантың қанша бетіңе теуіп тұрса да, көре алмайтындар, жолыңа кесе көлденең тұрып алатындар көп. Оның үстіне қазіргі сатираға көңілім толмай жүрген. Әзілді

қалжыңнан, қалжыңды сықақтан айыра алмайтындарға оспақ пен әжуаны үйретем деу бекер тірлік. Ал мен осының бәрін жіктеп-жі­ ліктеп шағып тастаған адаммын. Рас, мамандығым – мал дәрігері. Онда тұрған не бар? Бізде мектеп басқаратын мал дәрігері немесе шаруашылыққа жетекшілік ететін мұғалімдер жетіп артылады. Оған біз таңғалмаймыз. Ең бастысы, қабілетің жетсе, басқар! Маған сенбесеңіз, Құдайберген көкеме сенетін шығарсыз. Баяғыда бір биік мінберден сөйлеп еді ғой: «Мұндағылардың бәрі әртіс екен, бірақ ішіндегі кәсіби әртісі жалғыз мен ғана» деп. Сол сияқты түлкі боп бұлаңдаған заманда тазы тір­ лік істемесек болмайды, жігіттер. Шыны керек, залды толтырып алып күлдіре алмай, күше­ніп жүр­ гендерге қарағанда менің айтқан әр сөзім шедевр! Иә, өнерде әуелі өз өзіңе сенбесең болмайды. «Мен сондаймын!» деп барып қана іске кірісу керек. Театр маған келмесе,

сәуір

мен театрға барамын! Актер бола­ мын, кімнен кеммін! Осы ойға нық бекініп, өзіме деген шексіз сеніммен қаладағы жалғыз театрдың табалдырығы­ нан аттадым. Күзетшісінен бас­ тап күлімдеп қарсы ала ма де­ сем, кіргізбей әбігер қылды. Тұра тұрыңдар, бәлем! Бұлар хас та­ лантты танымай жүр екен... Долда­ нып директордың алдынан бір-ақ шықтым. Қабылдау бөлмесіндегі хатшы қыздың көзі атыздай.

Төрде отырған директор өре түрегелді. - Жігітім, жайшылық па? - Жайшылық бола ма, актер болғым келеді! - Қолыңнан басқа не келеді? Мынауың жынды ма, ерігіп жүрген ешкім жоқ, алдына актер боламын деп арындап келген адаммен қалай-қалай сөйлеседі өзі. Директорым кереқарыс маң­ дайын қос қолымен шеңгелдей қысып отырып қалды.

- Былай ғой, жігітім, актер болу үшін арнайы оқу бітіру керек... Со­ сын жалпы қабілет, туабітті дарын дегендер болады... - Менде дарын жетеді. - Диплом ше? Енді мына тергеуден менің жы­ ным қоза бастады. «Сонда сіздің ойыңызша, Алдар көсенің актерлік дипломы бар ма?» дедім сызданып. «Әлде Қожанасырды құжаты жоқ деп жұмысқа алмай қойып па?». Қызды-қыздымен ол кезде театр болмағанын ұмытып кетіппін. Бір кезде директор қарқылдап, күліп жіберді. Маған қарайды да күлкіге булығады, саусағын шо­ шайтып домалайды. Кенет кілт тоқтады да, жасаураған көзін жая­ лықтай орамалымен сүртті. - Сенемін, сенемін, жігітім. Сен шынымен талантсың, дәлелдедің, Станиславский көрсе де, сенеді екен негізі... Соңғы жылдары бізге сен секілді актерлық қабілеті ере­ сен һәм аса талантты жастар көп келеді. Әрине, алғымыз-ақ келеді жұмысқа... Бірақ штат жоқ, тіпті клоунның да орны бос емес... Амал не, амал не... Әлгінің пұшайман түрін көріп аяп кеттім. «Жарайды, басеке, жұмыс болмаса қиналмай-ақ қо­ йыңыз. Мен әлі филармонияға... сосын оркестрге баруым керек...». Директор үн-түнсіз тұра келіп, қо­лымды алды. Арқамнан қағып, есікке дейін ертіп әкеліп, әлде ая­ нышты, әлде жалынышты жүзбен шығарып салды. Қиындыққа мойитын адамың мен емес. Бір есік жабылса, екін­ ші есік ашылады деген қағидамен өмір сүремін. Жалпы, дарындыға қайда да даңғыл жол емес пе?! Алған бетімнен қайтпасам, түбі танымал боламын. Осы оймен филармонияға келіп тұрмын...


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 1 сәуір 2014 жыл

Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 090006 БҚО Орал қ., Х.Чурин көшесі,116-үй, 3-қабат, 349-бөлме, анықтама алу үшін телефон: 87112-50-43-24, e-mail: zko.аgis@list.ru 1. Басқарманың өндірістік-техни­ ка­лық бөлімінің бас маманы (1 бірлік) жа­лақысы еңбек өтіліне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (Д-О-4 санаты). Функционалдық міндеттері: Бас­қарманың Стратегиялық және опера­ циялық жоспарларын жасақтау үшін сумен қамту нысандары бойынша қа­жетті ақпаратты уақтылы ұсыну; рес­ публикалық және жергілікті бюджет есебінен салынатын әлеуметтік сала нысандары, сумен жабдықтау нысанда­ ры, қоршаған ортаны қорғау нысанда­ ры бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысу; бөліммен же­текшілік ететін нысандарын жобалау, са­лу және қайта құруға мемлекеттік са­тып алуды өткізу үшін техникалық ерек­шеліктер мен тапсырмаларды дайындау; бөліммен жетекшілік ететін нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттама­ ны дайындау үшін шығыс деректерін жинау; әлеуметтік сала нысандарының, сумен қамту нысандарының, қоршаған ортаны қорғау нысандарының құрылыс барысы туралы мониторинг жүргізу; жинақтаушы ведомость пен сметалық құжаттамалармен салыстыру арқылы техникалық қадағалаумен расталған есеп мерзімінде орындалған жұмыстарының актілерін тексеру (№2 форма); құрылы­сы аяқталған нысандар бойынша мемле­кеттік қабылдау комиссиясына құжаттар­дың жиынтығын ұсыну; құрылысы аяқ­ талған нысандарын, жобалау-сметалық және техникалық құжаттамаларын пай­ даланушы ұйымдарға тапсыру; әлеумет­тік сала нысандарының, сумен қамту ны­сандарын, қоршаған ортаны қорғау ны­сандарында мемлекеттік қадағалау ор­гандарымен өткізілетін бірлескен тек­ серулер мен бақылау өлшемдеріне қа­ тысу; бөлім бойынша қажетті есептеме, ақпарат, анықтамаларды уақтылы ұсы­ ну. Өз жұмысын ұйымдастыру қабілеті, ақпараттық-талдамалы сипаттағы үлгі­ лерді игеру, тіл табысу. Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары кәсіптік. Мамандығы–«Тех­ никалық ғылымдар мен технологиялар» (құрылыс, құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрылымдарының өндірісі). «Ауыл шаруашылығы ғылым­ дары» (су ресурстар және суды пайда­ лану), инженер-құрылысшы, инженермеханик, инженер-технолог, құрылыс саласындағы инженер-экономист, инже­ нер-гидротехник, техник-гидротехник, техник-құрылысшы (техник-технолог), электроэнергетика. Ортадан кейінгі бі­ ліммен рұқсат етіледі, жұмыс өтілі кем дегенде мемлекеттік қызметте бір жыл болуы тиіс, болмаса лауазым орнында осы санатқа сәйкес келетін функцио­ налдық бағытта екі жыл жұмыс өтілі бо­лу керек. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестілеу бағ­дарламасына сәйкес Қазақстан Респуб­ ликасының нормативтік-құқықтық акті­ лерін білу. Қазақстан Республикасының «Қазақ­ стан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі тура­

Тайпақ ауданы Есен­ сай ауылының тұрғы­ ны болған әкеміз Сапа Жұмашевты бақилық болғанына 30 жыл бо­ луына байланысты ес­ ке аламыз.

лы», «Қазақстан Республикасындағы жер­гілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқа­ру туралы», «Әкімшілік рәсімдер тура­ лы», «Құқықтық-нормативтік актілер ту­ ралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек ко­дексін, аталған санаттың нақты лауа­зы­мының мамандануына сәйкесті сала­ лардағы қарым-қатынастарды реттей­ тін Қазақстан Республикасының өзге нормативтік-құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді меңгеруі. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бе­кітілген бос әкімшілік мемлекеттік ла­ уазымға орналасуға конкурс өткізу жә­ не конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негізінде өткізіледі.

Өтсе де қанша уақыт, қаншама жыл, Әкетайым, біз біргеміз мәңгі сізбен! Бүгін, міне, жиналып еске алмақпыз, Сырласып іштей ғана өзіңізбен.

Еске алушылар: ұл-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылының тұрғы­ ны болған Уалихан Рақымұлы Жақыбалиевті және Жұмағаным Ұзақбайқызы Айтқалиеваны сағынышпен еске аламыз. Он жыл өтті қос жүрек тоқтағалы, Он жыл өтті ұл-қызың жоқтағалы. Он жыл өтті ардақты ата-ананың Бақи дүние әлемін аттағалы. Ұрпақпенен жалғасты өмір, мәнін тапты, Жалғыз ұл шаңырақтың шамын жақты. Қыздарың ел қатарлы білім алып, Өмірден өз өрісін, бағын тапты. Осылай өсіп-өнді ұланыңыз, Сағыныш сазы болды жыр-әніміз. Бақида топырақтары торқа болсын, Бейіштің төрі болғай тұрағыңыз.

Қажетті құжаттар тізбесі: белгіленген нысан бойынша өтініш; 3x4 өлшемдегі суреті бар белгіленген нысандағы сауалнама; нотариалды куәландырылған білімі жөніндегі құжаттардың көшірмелері; нотариалды куәландырылған еңбек жолын растайтын құжаттардың көшір­ мелері; Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітіл­ ген (Қазақстан Республикасының нор­ мативтік-құқықтық актілердің тізілімін­ де 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысан бойынша ден­ саулық жағдайы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; Құжат өткізу сәтінде күші бар шекті мәннен төмен емес нәтижелі тесттен өту туралы сертификат. Азаматтар біліміне, жұмыс тәжіри­ бесіне, кәсіби шеберлігіне және беделі­ не қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездеме­ лер, ұсынымдар, ғылыми жарияланым­дар және өзге де олардың кәсіби қыз­метін, біліктілігін сипаттайтын мәлімет­ тер) қосымша ақпараттар бере алады. Конкурсқа қатысуға қажетті құжат­ тар конкурс туралы хабарландыру жа­ рияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға 090006, БҚО Орал қ., Х.Чурин көшесі, 116-үй 3-қабат, 329-бөлме, анықтама алу үшін телефон: 87112-50-43-24, e-mail: zko.sgis@list.ru тапсыруы тиіс. Электрондық пошта арқылы кон­ курс­қа қатысуға құжат тапсырған аза­ маттар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей құжат түпнұсқаларын тапсырады. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан үміткерлерді әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан об­ лысы құрылыс басқармасында өтеді.

Қазталов ауданы Қаз­талов ауылының тұрғыны болған бірі­ мізге адал жар, балала­ рына сүйікті ана, неме­ре-жиендеріне қадір­лі әже болған Нұрзия Зұлхашқызы Әбі­ше­ва­нің бақилық болға­ нына 9 сәуірде 20 жыл болады. Немере-жиендерің – алтындарың, Аймалап отырар ең жинап бәрін. Тағдырың жеткізбеді бұл күндерге, Жәннатта болсын әр кез ғазиз жаның.

Сағына еске алушылар: жұбайы Есімхан, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылының, ке­ йінгі жылдары Ақсай қа­ласының тұрғыны бол­ ған бірімізге адал жар, бірімізге сүйікті әке Талаптан Мажитұлы Газиевтің бақилық бол­ ғанына 4 сәуір күні 2 жыл болады.

Парасатты, пайымы мол, абзал әке, Сол бір күнгі келбетіңіз есімізде. Жәннатта желеп-жебеп жатқайсыз сіз, Ұрпағыңызбыз жалғастырар келер күнге.

Сағына еске алушылар: ұл-келіндері, қыз-күйеу балалары Алтынбек-Анар, Мәлік-Айтолқын, Нұртілек-Шынар, Жанар Орал қаласының тұрғыны болған аяулы әке, адал жар, ардақ­ты ел ағасы, салмақ­ты жан Мағсұд Дүйсен­­ға­ли­ұлы Бижановтың өмір­ден өткеніне 3 сәуірде бір жыл бола­ды. Сағы­нумен, аңсау­мен өт­кен әр күніміз жылға толды. Ағайын, туыс-бауыр­ лардың, әулеттің жа­ нашыры, жан дүниесі мейірімге толы асыл жан – әкемізді сағына еске аламыз.

7

2 жылдық ас беру дастарқаны Ақсай қаласындағы өз шаңырағында 5 сәуір күні сағат 12.00-де болатындығын хабарлаймыз.

Еске алушылар: зайыбы Мағия және балалары Сырым ауданы То­ғанас ауылының Құспан-көл бөлімшесінің тұр­­ғыны болған Болат Кенжеғалиұлы Қате­ шов бүгінде тірі болса, 5 сәуірде 45 жасқа то­ лар еді.

Асыл әке, есімізде қалдың мәңгі, Сағындық біз жанарың мен мейіріміңді. Өте шықты бір жыл да сіз кеткелі, Мұңаюмен әр таң атты аңсауменен. Әкешіміздің жатқан жері жарық, топырағы торқа, жаны жәннатта, иманы жолдас болсын дейді бала­ лары. Анаға – қуат, жарына – тірек, перзенттеріне – асқар таудай азаматтың пейіште нұры шалқығай деп тілейміз.

Сағына еске алушылар: анасы Бақыт, жолдасы Светлана, балалары Мейрамбек, Галина және қыз күйеу балалары Арман-Аэлита, Абзал-Мөлдір, жиендері Қалихан, Аят, Мадина

«Жайық Пресс» ЖШС-ына мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман қажет.

Суретке жансыз табынып, Не қайран келер қолымнан. Амалсыз жүрміз бағынып. Сенсіз бірақ таң да атар, күн де батар, Бұл өмірде жоқтығың жанға батар. Сағынып, еске алумен күн кешеміз, Иманың жолдас болғай – бізден айтар. Енді бүгін еске аламыз бейнеңді, Жүректерде мәңгі сақтап атыңды.

Еске алушылар: зайыбы Арман, баласы Бекзат, қыздары Гульвира, Қамажай

“Нұр Отан” партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы Жәнібек аудандық партия филиалы төрағасы­ның бірінші орынбасары Қайдаров Мереке Жұмабайұлына әкесі Қайдаров Жұмабайдың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Түйіндемені 50-30-14 факс нөмеріне жіберіңіз.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16478, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: г.әжігереева


8

керуен сарай Cейсенбі, 1 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«Барлаушы туралы сөз» КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) полковнигі, сыртқы барлау

Республикалық “e-history.kz” порталы әкімдігі ұйым­дастыр­ған “Қа­зақстан 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы жылдарын­да” атты конкурста әріп­тесіміз Нұрлыбек Рахманов үздік деп таныл­ ды. Журналист Нұрлыбек Нұрланұлы бұл марапатқа “Майдан­ның бергі бетінде” атты мақаласы үшін ие болды. Аталмыш шығарма иесіне iPhone 5s ұялы телефо­ны табысталды.

Құттықтаймыз!

саласының ардагері Ақас Аманғалиевтың бұл фәниден бақиға өткеніне

Бұрынғы Тайпақ ауданы Базартөбе ауылында 37 жыл дә­ рігер қызметін атқарып, талай жанның алғысына бө­ленген жан, қазірде Орал қаласында тұратын Мағрипа Батырқызы КАМАЛИЕВА 29 наурызда 75 жасқа толды.

де бір жылдың жүзі болды.

Осыған орай жақында Ақас Аман­ ғалиевтың өмір жолынан сыр шерте­тін «Барлаушы туралы сөз» («Слово о разведчике») атты қазақ және орыс тілдерінде естеліктер жинағы жарық көрді. Кезінде Индонезия, Малайзия сықылды шалғай шетелдерде МҚК-ның тапсырмасы бойынша жылдар бойы жауапты тапсырмаларды сәтті орын­ даған полковник А.Аманғалиевтың кі­сілік келбеті, азаматтық бітім-болмысы Ақас ағайдың зайыбы Роза апайдың, Төтенше және өкілетті елші Меңжан Ғиззатовтың, Қазақстан Республика­сы­ның дипломатиясына еңбегі сіңген қыз­меткер Қайыр Омаровтың, био­

Жүлде құтты болсын!

Құтты болсын 75 деген жасыңыз, Аман болсын әрқашанда басыңыз. Бейнет көрмей қызығы мол өмірде, Әлі талай асулардан асыңыз.

Құттықтаушылар: қыздарыңыз Бияда, Бағила, Бибігүл, Бижамал, күйеу балаларыңыз Қуанай, Амангелді, жиендеріңіз Айда, Талап, Ернұр, Ақжанар, Талап, Нұрдәулет

логия ғы­лымдарының докторы, академик Айтқожа Биғалиевтың, сондай-ақ және де бас­қа авторлардың естеліктерінде шынайы ашыл­ ған.

Өз тілшіміз

Жаңақала ауданы Мәстексай ауылының тұрғыны, адал жар, аяулы ана, сүйікті әже, ұлағатты ұстаз Сәуле Сағынғалиқызы Құрманғалиеваны 2 сәуір күні толатын мерей­лі 50 жа­ сымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, ұзақ ғұмыр, жұмысына үлкен табыс ті­лей отырып, мына өлең шумақтарын арнаймыз: 50 жасың құтты болсын, анашым, Сіз біз үшін асқар биік дарасың, Көрмеші еш бұл өмірдің наласын, Алла арттырсын ғұмырыңның бағасын. Өмір саған әжімдерін салуда, Өткен күндер жылжып артта қалуда. Бақытты бол, бақытты бол, анашым, Лайықсың сен бақытты болуға!

Ізгі ниетпен: жұбайыңыз Оралбай, бала-келіндеріңіз Азамат-Алмагүл, Артур, Тимур-Ақтоты, Айгерім, немерелеріңіз Ғаламат пен Мархабат Орал қаласының тұрғыны, аяулы ана, сүйікті әже Күнайым Хамитқызы ИХСАНОВАНЫ мерейлі 45 жасымен шын жү­ ректен құттықтаймыз! Ардақты ана, Алла сізге, ең алдымен, мықты денсаулық берсін. Әрқашан жүзіңізден мейірім ныша­ ны кетпей, айналаңызға нұры­ңызды шашып, ұзақ өмір сүріп, аналық бақытқа кене­ліп, әкеміз екеуіңіз ортамызда аман-есен жүре беріңіз­дер. Құтты болсын туған күн мерекеңіз, Ұзақ жасап молайсын берекеңіз. Жүзге жетіп, баянды ғұмыр кешіп, Арта берсін абырой беделіңіз.

Құттықтаушылар: қыз-күйеу балаңыз Ерсайын-Айымгүл, жиеніңіз Айбибі

Сәуір айындағы елеулі күндер 1 сәуір – халықаралық құстар күні 2 сәуір – халықаралық балалар кітабы күні 7 сәуір – дүниежүзілік денсаулық күні 11 сәуір – фашистік концлагерь тұтқындарын азат ету күні 12 сәуір – дүниежүзілік космонавтика және авиация күні 18 сәуір – тарих және сәулет ескерткіштерін қорғаудың халықаралық күні 22 сәуір – халықаралық Жер күні 23 сәуір – халықаралық кітап және авторлық құқық күні 24 сәуір – жастардың халықаралық ынтымақ күні 25 сәуір – бауырлас қалалардың дүниежүзілік күні 26 сәуір – халықаралық интеллектуалдық меншік күні 26 сәуір – хатшылардың халықаралық күні 28 сәуір – дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 29 сәуір – халықаралық би күні

Қазақстан Республикасындағы кәсіптік мерекелер 6 сәуір (сәуірдің бірінші жексенбісі) – геологтар күні; 12 сәуір – ғылым қызметкерлері күні;

Батыс Қазақстан облысына қатысты атаулы күндер

Қосымша ақпарат www.zhaikpress.kz, www.danakaz.kz

5 сәуір – ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Бекмұхамбетов Ерсайын Сатыбалдыұлының туғанына 80 жыл, Те­ректі ауданының тумасы (1934). 11 сәуір – оралдық суретші, педагог Котельников (Гофман) Виктор Адольфовичтің туғанына 90 жыл (1924-1987). 11 сәуір – Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың доценті, биология ғылымдарының кандидаты, геоботаник Шүйіншәлиев Әділгерей Төлегенұлының туғанына 75 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1939-2009). 21 сәуір – Орал аэропортының пайдалануға берілгеніне 80 жыл (1934). 28 сәуір – тарихшы, қазақтар арасынан шыққан тұңғыш тарих ғылымының канди­ даты атағын алған Әділгереев Халел Мұха­меджанұлының туғанына 110 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1904-1974).

Дайындаған Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.