40 12 04 2014

Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

+6 -5

С

0

С

0

Сенбі, 12 сәуір 2014 жыл №40 (19959)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Береке батауы – бірлік

oral_oniri@inbox.ru

қоғам

Сенбілікке шығайық!

3 өнер

Мұнайлы Атыраудың мәдениет күндері

4-5

Бейсенбі күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің алқа мүшелері студент жастармен кездесті.

Рухани – байлықтан құр қалмаңыз! Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, "Орал өңірі" - Газет оқыған адамның ой-өре­ сі жоғары болатыны белгілі. Бұл бағыттағы тәрбие негізінен от­ба­сында қалыптасады. Яғни атаанасының, бауырларының газет оқығанын көрген бала да қолына үнпарақты алады. Газеттеріміздің сіздер секілді студент жастарға берері көп. Мәселен, біздің қос басылымда әлемде, елде, облыс­та болып жатқан жаңалықтар тұ­рақты түрде жазылады. Халықтың, соның ішінде жастардың әлеу­ меттік жағдайын жақсартуға ба­ғытталған мемлекеттік бағдарла­ малар, олардың облысымызда жүзеге асуы туралы сараптамалық мақалалар жарық көреді. Соны­

мен қатар дін мәселесі де күн тәртібінде тұр. Бүгінгі таңда жас­ тардың өмірінде діннің алар орны үлкен. Соған орай жастардың ді­ни сауатын көтеру үшін осы салада тер төгіп жүрген ғалымдар­ дың еңбектерін шығарудамыз. Өлкеміздің тарихына қатысты ма­ қала да аз емес. Жалпы алғанда, басылымдарымызда үлкенге де, кішіге де ой салатын материал­дар жеткілікті. Қазір жастар ұялы телефондарына бірлік салу үшін немесе түнгі клубтарға, басқа да көңіл көтеру орындарына бару үшін ақша шығарады. Ал кітап алуға, газетке жазылуға келгенде қаржысын қимай қалады. Респуб­ ликалық, облыстық 3-4 газетке жа­ зылуға орта есеппен 5-6 мың тең­ ге кетеді. Енді ойлап қараңызшы,

мұндай ақшаны қыдырып, бір кеш­те жойған дұрыс па, әлде жарты жыл бойы газет оқып, рухани тұрғыдан байығанымыз жөн бе, - деді жиынды ашқан «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин. Сонан соң «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттері бас редак­торларының орынбасарлары Есен­жол Қыстаубаев, Қалиолла Қара­ ғойшин, арнаулы тілші Қазбек Құттымұратұлы басылымдардың кешегісі, бүгінгісі және болаша­ғы турасында ой өрбітсе, «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры­ ның орынбасары, ақын Ғайсағали Сейтақ «Қасымнан қалған сөз» атты өлеңін оқыды. Кездесу барысында газет та­­ри­хына, оның алғашқы шығарушы­

ларына арналған деректі фильм көрсетілді. Бұдан кейін сөз алған БҚМУ-дың 2-курс студенті Жанер­ ке Бақтығалиева, БҚГА-ның 1-курс студенті Гауһар Мұратова, Орал гуманитарлық-техникалық кол­леджінің студенті Алтынай Бақыт­ жанова және өзге де студенттер бұл кештен ерекше әсер алған­ дарын, облыстық басылымдарды оқып тұратындарын, студенттік өмір турасындағы мақалаларды жиі көргісі келетіндерін айтты. Шара соңында ұшқыр ойымен, әсерлі сөзімен, газетке деген ықыласымен ерекшеленген жас­ тарға «Орал өңірі» мен «Приуралье» басылымдарының 95 жыл­ дығына орай шығарылған «Қос газеттің тарихы», «Жайық журналистері» кітаптары табысталды.


2

АҚПАРАТ Cенбі, 12 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Атыраулықтарды қабылдады P

P

P

P

Сырым ауданының орта­лығы Жымпиты ауылында аудан­дық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ла­ма­лар бөлімінің ұйымдас­ты­руымен мүмкіндігі шектеу­лі жандарға арнал­ған бос жұ­мыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ауылдық округтерге қызметкер, мұғалім, мәдениет, медицина, аспазшы, іс жүргізуші сияқты көптеген жұмыстар ұсынылды. Сөйтіп, бір күнде 8 мүгедек жан жұмыс берушілермен келісіп, тұрақ­ты жұмысқа тұратын болды. Орал қаласындағы №7 ор­та мектепте жетім балалар мен ата-анасының қамқорлы­ғынсыз қалған балаларға ар­налған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің арасында облыс­тық «Таңшолпан» байқауы өткізілді. Қамкөңіл балғындар арасынан таланттыларды анықтауды мақсат еткен байқауға 25 үміткер қатысты. Байқау қорытын­дысы бойынша «Отырар сазын» әуелете шырқаған облыстық бала­лар үйі­нің 6-сынып оқушысы Владимир Сарафутдинов жеңім­паз атанып, республикалық «Таңшолпан» бай­қауына жолдама алды. Жақында Астана қаласында жас бард әншілердің «Струн­ная капель – 2014» аймақтық фестивалі өтті. Аталмыш фестивальға облыстан 10 жасөспірім қатысса, оның 8-і Жәнібек ауданындағы Т.Жароков атындағы орта мектеп­тің мұғалімі Сүйінғали Шүкіров жетекшілік ететін «Үркер» балалар авторлық студиясының шәкірттері болатын. Фести­валь­ға еліміздің қалаларынан белсене атсалысқан 12-18 жас аралығындағы 50 бард әншінің арасында жәнібектік өрен­дер де өрісті өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие бол­ды. Жуырда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында қазақ күресінен 1997-1998 жылы туған жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Осы чемпионатта облыс намысын қорға­ған, Теректі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мекте­бі­нің палуаны Бектұрсын Жұмағалиев 72 келі салмақ дәреже­сінде жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 17-сессиясын шақыру туралы мәс­лихатының 2013 жылғы 13 жел­тоқсандағы №14-3 «2014-2016 жыл­­дарға арналған облыстық бюд­жет туралы» шешіміне өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы; – Облыстық (аумақтық) сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы ; – Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құ­рам­ дарын сайлау туралы; – Басқа да мәселелер.

Сессия төрайымы З.Мусина

дың жай-жапсарын сұрап, мәде­ ниетке, өнерге, жай қарым-қа­ты­ настың өзіне ерекше мән бе­ріп отыр. Ақ Жайықтың екі бетін кең жайлаған екі облыстың өзара байланысы, өзара әсері жайында тиянақты әңгіме болды, - деді ол. Ал әкім қабылдауынан шыққан ақын Қойшығұл Жылқышиев өзі­ нің көңіл күйін Оралға арнаған «Орамал» атты өлеңін шабыттанып оқып берумен білдірді. Суретті түсірген Т.ТОҚМАМБЕТОВ

мал ұрлығы бәсеңДЕмей тұр... Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, «Орал өңірі»

жөніндегі ведом­ствоара­

11 сәуір 2014 жыл

стандықтар да осындай миссия­ мен Атырауға бармақ. Мұның бәрі Елбасының тапсырмасына сәй­кес Үкі­метпен бекітілген ісшаралар аясында өтуде, – деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан. Жазушы, композитор Илья Жақанов облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың жылы шырайлы қа­былдауына ризашылығын біл­дірді. «Облыс басшысы Нұрлан Асқарұлы өтіп жатқан шаралар­

Мас күйінде құқықбұзушылық пен

бұзушылықтың алдын алу

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жә­не өзін-өзі басқару туралы» За­ ңының 10-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ: Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 17-сессиясы 2014 жылғы 16 сәуірде облыстық мәслихат­ тың үлкен залында сағат 10.00-ге шақырылсын. Сессияның күн тәртібіне ұсы­ нылатын мәселелер: – Батыс Қазақстан облыстық

– Қабылдау барысында қа­зақ өне­рінің дамуы, мәде­ниет мекемелері­нің, шығар­ ма­шылық ұжымдардың өзара байланысы жайында сөз бол­ды. Өткен жылы Атырау қаласын­ да 1000 адамдық домбырашы­ дан тұратын Дина Нұрпейісова атындағы халық аспаптар оркестрі концерт берді. Сондай-ақ былтыр Еуропада, Германияда, Түркияда, Австрияда болып, қа­зақ өнерін насихаттап, 9 концерт өткіздік. Мәдени күндер аясындағы тәжірибе алмасу шы­ғармашылық ұжымдарды руха­ни байытып, жұмыстарына сер­пін береді. Туар ай­да батысқазақ­

әкім­дігі жанындағы құқық­

Стамбул қаласында каратэ-додан «Бос­фор кубогі» ХХVІІ ха­лықаралық турнирі мә­ реге жетті. БҚО дене шынықтыру және спорт басқар­ масынан түскен мә­лі­метке қарағанда, аталмыш бәсе­кеге Бразилия, Мексика, Ресей, БАӘ, Әзербайжан, Қазақстан сынды жиыр­ мадан астам елдің командалары қатысқан. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен батысқазақстан­дық Влада Подмарева 68 келі салмақта қола жүлдені еншіледі. Ел құрамасы жалпыкомандалық есепте алғашқы ондықтың қатарына енді.

№ 17

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»

Бейсенбі күні облыс

Каратэші қыздың жүлдесі

Орал қаласы

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірімізге мәде­­ни күндер шарасын өт­кі­ зуге келген аты­рау­лық делегацияның өкіл­дерін қабылдады.

лық комиссия отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі­ нің орынбасары Бақтияр Мәкен төрағалық етті. Комиссия отырысында екі түр­лі мәселе қаралды. Бірінші мә­селе – 2013 жылдың қорытын­дысы бойынша облыста мас кү­ йінде жасалатын құқықбұзу­шы­ лық­тардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы, ал

екінші мәселе – 2013 жылдың қорытындысы бойынша мүліктік қылмыс түрлерінің, оның ішінде мал ұрлығының алдын алу бо­ йынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарылған жұмыстар туралы болды. Баяндамадан белгілі болға­ нындай, 2013 жылы мас күйінде жасалған қылмыстардың саны 2012 жылғымен салыстырғанда 24,3 пайызға артқан. Ал мүліктік қылмыс түрлері бойынша өткен жылы облыста 11 150 қылмыс тіркелген. Мал ұрлығы Қазта­лов, Зеленов, Бөкей ордасы, Жа­ңа­қала және Ақжайық аудандарында белең алып тұрғаны айтылды. Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретденовтің айтуынша, бұл мәселелердің туындауына басты себеп мал иеле­

ріндегі жауапкершіліктің азды­ғы. Оның қарапайым мысалы – малды өріске шығарғанда бақта­шыға қоспай, өз бетімен қоя бе­ру. Ал Ақжайық ауданының әкімі На­ риман Төреғалиевтың пікі­рін­ше, ұрлыққа қатысты заңды қа­тайту керек. Өйткені көп жағдай­да қыл­­мыс ашылғаннан кейін, ұр­лық-қарлыққа барған кісіге ке­ші­ рім жасау, өзара келісімге келу қылмыс­тың азаймауына әке­леді. Жиында екі мәселе бойынша да атқарылған істер айтарлық­ тай нәтиже бермей отырғаны мәлімделіп, сын-ескертпелер ай­ тылды. Жиылғандар алдағы уа­қытта мәселелерді шешу бағы­ тын­да нақты жобалар дайындап, оның уақтылы жүзеге асуын жә­ не нәтижесін жіті қадағалауға алу керек деген шешімге келді.

Достық тіні үзілмейді Таяуда Саратов облысы­ның Александров-Гай муниципалдық әкімшілік басшысы Сергей Федечкин пен Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр кездесті. Қазталовта өткен кездесуде басшылар екі аудан арасындағы мәдени-экономикалық байланысты одан әрі қарай дамыту жөнінде әңгімелесті. Ресейдің Александров-Гай ау­даны Қазталов ауданымен ше­ каралас жатқан «ауылы – аралас, қойы – қоралас» ел болып табылады. Кеңес үкіметі кезінде екі аудан экономикалық-әлеуметтік жағынан тығыз байланыста болды. Шекара бекігелі бері үзіліп қалған байланыс соңғы кезде

қайта жанда­нып, екі аудан тұрғында­­ры бірбірімен араласа бас­та­ ды. Күні кеше ғана ал­ ғайлықтар Наурыз ме­­ре­ке­сіне келіп, бірге тойлады. – Қазақстанның дамуына ал­­ғайлықтар, соның ішінде біз­дің ауданда тұратын қазақ бауыр­ ларыңыз да қуанулы. Алдағы уа­ қытта да досты­ғымыз ны­ға­йып, табысқа жете берейік, – деді Сергей Федечкин.

Аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы да ғасырлар бойы жалғасып ке­ле жатқан ұлы достықтың тіні үзілмей, одан әрі жал­ғаса беретінін жеткізді.

Гүлфия КӨШБАЕВА, Қазталов ауданы


ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru Мемлекеттік құры­ лымдар жұмысының тиянақтылығы мен ІІМ қызметкерлерінің жедел әрекеті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жаттығудың сәтті өтуіне негіз болды.

Қ

оғамдық тәртіп пен қа­ уіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өткізілген

Cенбі, 12 сәуір 2014 жыл

Жаттығу жиынына оң баға оқу кезінде ішкі істер және тө­тенше жағдайлар министрліктері айрықша жинақылық көрсетті. Оқу барысында ве­домство бас­шылары Қалмұхан­ бет Қасымов және Владимир Божко өз құрылымдық бөлім­ шелері қызметкерлерінің іс-әре­кеттерін жедел әрі мұқият қа­ дағалап, үйлестіріп отырды. Ісәрекеттерді үйлестіруді Пре-

мьер-министр Кәрім Мәсімов жүзеге асырды. Жаттығу өз мақсатына жетіп, мемлекеттік құрылымдардың өзара үйлесімді іс-әрекеті көрі­ ніс тауып, полиция және апаттан құтқару қызметтерінің техни­­ка­ лық жарақтандырылуы, олар­­дың жұмыс бағыты, сондай-ақ бекі­тілген нормативті мерзім ішінде күш және құралдарды

Көктемгі егіс қыр астында Батыс Қазақстан облысында биыл 329,7 мың гектарға жаздық дәнді дақылдар егілмек. Облыс әкімдігінен түскен мә­ ліметке қарағанда, 70,3 мың га күздік бидайды қосқанда, жалпы дәнді дақылдар көлемі 400 мың гектарға жетпек, бұл өткен жылғыдан (355,2 мың га) 44,8 мың гектарға артық. Көктемгі егістің 185 мың гектарына жаздық бидай, 135 гектарына арпа себіледі. Майлы дақылдар көлемі 33 мың га, картоп пен көкөніс, бау-бақ­ ша дақылдары 10300 га болмақ. Мал азығы дақылдары егісін 132 мың гектарға дейін ұлғайту көз­ делуде. Жоспар бойынша ауыл

шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 656,3 мың гектар­ға жетуі тиіс, бұл өткен жылғы­дан 113,8 мың гектарға көп. Өңірде қажетті 35,9 мың тонна тұқымның 31,1 мың тоннасы немесе 87 пайызы дайындалған,

тұқым жетіспеушілігін жою үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ облыстық фи­лиалымен бірлескен шара­лар алынуда. Көктемгі егіске 4173 трактор, 4965 тұқым сепкіш, 793 қопсытқыш, өнімділігі жоғары

қайта топтастыру жөніндегі әре­ кеттері тексерілді. Жаттығу жиын аяқталысы­мен барлық күш пен құралдар тұ­рақ­ ты орындарына қайта­рылды. Премьер-министр К.Мәсімов ІІМ мен басқа да жаттығу­ға қа­тыс­қан мемлекеттік құры­лым­ дардың жұмысына оң баға берді.

Өз тілшіміз «Джон Дир», «Флексикойл», «Кейс», «Хорш» сынды ныспылы 54 егіс кешені қатыстырылмақ. 12 мың тонна дизель отынын Атырау мұнай өңдеу зауыты­нан «Орал-Терминал» ЖШС ауыл шар­уашылығы тауарын өндіру­ шілерге 1 литрін 94 теңгеден жет­кізіп бермек. Облысқа наурызда 3 мың, сәуірде 5 мың тон­на бөлінді, 4 мың тонна дизель отыны мамыр айында әкелінбек. Көктемгі-далалық жұмыстар­ ды қаржыландыру мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Егінжай» бағдарламасы бойынша 90 млн. теңге қаралды. Күні бү­гін жеті шаруашылық 25,6 млн. теңгеге қол жеткізсе, тағы ал­ тауының 26 млн. теңгеге өтіні­мі қаралу үстінде. Сондай-ақ «Аг­ рарлық несие корпорациясы» АҚ-ға 14 шаруашылық 34,6 млн. теңге көлемінде өтініш берген.

Арман БОЛАТҰЛЫ

Несие серіктестіктері Бөрлі аудандық әкімдігінде «Жұмыспен

ҚАРЫЗДАРЫН неге қайтармай отыр?

қамту – 2020 жол картасы» бағ­дарлама­ сы­­ның екінші бағытын түсін­ діру жөнінде кеңес өтті. Кеңес­ке аудан әкімі Марат Түсіпқалиев, «Орал» әлеу­ меттік-кәсіп­кер­ лік корпорация­ сы» ұлттық ком­­паниясы» АҚ бас­қармасының төрағасы Ержан Балтаев қатысты.

Б

ағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» тұрғысында атқарылған жұ­мыс­ тар бойынша жұмыспен қамту орталығының директоры Ғалия Баймұқашева баяндады. Оның айтуынша, Бөрлі ауданына 2012 жылы республикалық бюджет­тен 140 млн. теңге қаражат бө­ лініп, 18 несие серіктестігі өз жұмыстарын бастаған. Оның ішінде 15 несие серіктестігі мал шар­уашылығын дамытуға несие

3

алған. Олардың есебі бойынша 303 ірі қара мал, 65 жылқы, 457 қой және 27 ешкі сатып алын­ ған. Осы 18 несие серіктестігінің бесеуі 2014 жылдың 1 сәуіріне «Орал» ӘКК алдында 848 891 теңге бережақ. Борышы бар несие серіктестіктеріне қарызды қайтару жөнінде тиісті орындар тарапынан ескертілгенмен, нә­ тиже жоқ. Орталық директоры, әсіресе, құр уәде беріп шыға­ рып салып жүрген «Жалын» мен «Еңбекші» ЖШС серіктестіктерін сынап, өз міндеттеріне алған қаржыны уақытында қайтаруға шақырды. Баяндамашыдан кейін сөз ал­ған «Орал» ӘКК» АҚ бас­қар­ масының төрағасы Ержан Балтаев несие серіктестіктеріне

кәсіпкерлікті дамыту мақсатын­ да ешқандай кепілсіз берілген қа­ражатты қайтару қажет екендігін айтты. «Мемлекет тарапынан көмекке берілген қаржы­ны уақытында қайтару да міндет. «Орал» ӘКК бұл қаражаттан еш пайда таппайды. Ауданда­ғы кәсіпкерліктің дамуы бізге ке­ регі» деген Ержан Талғат­ұлы несие серіктестігі басшыларынан қаражатты неліктен қайтармай жүргендерін сұрады. Жиында НС-лардың (несие серіктестік­тері) ішінде белсенділік таныт­қан «Қа­­нағат» және «Дамир» ЖШС НС-ның басшылары бол­ды. Мал шаруашылығымен ай­ налысатын шаруалардың айтуынша, қарызды төлеу үшін мал басын сату қиын.

«Басында мал өсіруді мақсат етіп алған едік. Қазір баққан ма­лымызды өткізе алмаймыз. Қа­ рызды қайтару керек екенін бі­ леміз, бірақ бізді де түсіну керек. Өткен жылғы бұзау биыл бір жаста. Оны кім сатып алады? Несие серіктестігін ашқанда, өз ісін айналдырып, бір ізге салу үшін 18 айға жеңілдік кезеңі берілді. Бұл уақыт өте қысқа. Мұндай мер­зім кем дегенде үш жыл көле­мін­ де берілгені дұрыс. Осы ара­лықта мал да өсіп, көбейеді. Сондықтан да біз малды өткізетін, етін сатып алатындай жағдай бол­са дейміз. Біздің жұмысымыз жүрсе, ауданның да жағдайы жақсара түседі» деді бағдарламаға қа­ тысушылар. Жиналысқа қатысқан өзге де мамандар сөз сөйлеп, қарызды өтемеген жағдайда қандай шара­ лар қолданылатынын жеткізді. Яғни қарызын төлемегендерден сот арқылы малын немесе үймүлкін алып қоюы да мүмкін. Несие серіктестігінің бір мүшесі қарыз болған жағдайда өзге мү­ шеле­рі де жауапкершілікке іліге­ тіні ескертілді. Шаруалар несие­ лік серіктестікті жабу, қарызды өтеу секілді өзге де сауалда­рын қо­йып, тиісті жауаптарын алды.

Ясипа РАБАЕВА, Бөрлі ауданы

Сенбілікке шығайық! Қазақстан халқы бірлігі күні және Жеңіс күні мей­рам­дары қарсаңында БҚО азамат­тық альянсы 12 сә­уір­де сенбі­лікке шығады. «Қала таза­лы­ғы – әр тұрғын­ның ісі!». Құрметті қала тұрғындары, коммуналдық қызмет мекеме­ леріне қиын­­дық туғызатын, қыс­­тан ке­йін қаланы бұрынғы абаттан­ды­рылған, шырайлы қал­пына келтіруге көмектесу – біздің ортақ парызымыз. БҚО азаматтық альянсы орал­дықтарға, мекеме-кә­­сіп­орын­дардың еңбек ұжым­да­рына, барлық сала және меншік нысаны ұйымда­рына, оқу­ шылар мен студенттерге көп пәтерлі үй мен жеке иеліктегі үйлердің тұрғындарына – барлық­тарына, өз қаласын қадірлейтін тұрғындарға, бү­гін – 12 сәуір күні өтетін жал­пы қалалық сенбілікке қаты­сып, келе жатқан мейрамдар­ды тазалықпен қарсы алу үшін бар ын­та-жігерімізбен ат­са­лы­ суға шақырады.

Бөкейлік шәкірттердің жетістігі Жуырда Орал қаласында облыстық «Туған өлкеге шексіз сүйіспеншілік» атты сырттай байқауы өтті. Осы байқауда «Табиғат бар­ лығымызға ортақ» суреттер аталымынан бөкейордалық оқушы­­лар Ғасыр Нәсекенов­тің «Жа­ғада жайқалған жапы­рақта­рым жоғалды-ау» (жетекшісі Н.Мұс­тафин), Батыржан Ті­ле­геннің «Табиғатқа да күтім керек» (жетекшісі Б.Талипов) жұмыс­ тары мен «Экология жә­не ба­лалар» аталымы бойынша үй­ден оқитын оқушы Аруна Қалиматтың «Менің өлкемнің сырға толы экологиялық жағ­ дайы» (жетекшісі Ә.Күле­кеева) слайд түріндегі бейнеролигі үз­діктер қатарынан көрініп, рес­ публикалық сынға жолдама алды.


4

өнер Cенбі, 12 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Мұнайлы Атыраудың Облыстық қазақ драма театрының фойесінде Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайының көрмесі ашылды.

Сәуірдің 9-ы күні Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының «Нарын» ұлт-аспаптар оркестрі Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта концерт берді. Мұнайлы аймақтың біздің облысымыздағы мәдениет күндері осылай шеру тартты. Көршілес облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан бастаған, құрамында өнертану тарланы, сазгер, қаламгер Илья Жақанов сынды танымал тұлғалар бар атыраулық делегацияны, өнер ұжымдарын БҚО әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов, Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиев қуа­ нышпен қарсылады. Әлемге әйгілі ұлы күйші Құр­ манғазының туындысы «Серпермен» басталған концерт да­рабоз Дәулеткерейдің «Қыз-Ақ­желең» және даңқты Динаның теңіздің жойқын толқынындай «Жігерімен» жалғасып, тектілердің асыл тұяғы Тұяқбердінің «Ақжелеңіне» ұласты. Ақ Жайық жұрты рухани құн­ дылықтарымызды бағалай біледі. «Нарынның» орындауында сайын

Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ, «Орал өңірі» ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен «Облыс апталары» атты бағдарламаға орай облысымызда өтіп жатқан Атырау облысының мәдениет күндері аясында 10 сәуір күні «Жайық Пресс» ЖШС ғимаратында баспасөз брифингі өтті. Оған Атырау облысы әкімі­­ нің орынбасары Шыңғыс Мұ­қан, Қазақстан және Қырғыз­стан­ның еңбек сіңірген мәде­ниет қай­ рат­кері, композитор, жазу­шы Илья Жақанов, Қазақстан Жазу­шылар одағы Атырау об­лыс­тық филиалының төрағасы, ақын Қойшығұл Жылқышиев, Д.Нұр­

даламыздың музыкалық портретін, халық арманын, ерлігін көз алдыңа жайып салатын басқа да шығармаларға, Ханзада Сақыпо­ ва мен Назым Шаймарданова, Қуандық Нұғымаров, Шолпан Мұқашева сынды саңлақтардың әуелеткен әндеріне, қобызшы Гүлмира Қуанышбаеваның да «саусағының сиқыры бар» өнеріне қалың көпшілік қуана қол соқты. Концерттен соң сахнаға көте­ рілген Нариман Төреғалиев әман­да Жайық жұртымен аралас-құралас Атырау облысы хал­ қы­на игі лебізін білдіріп, көрші

өңірдің өнерпаздарына ғасыр­ дан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ми­рас өнеріміздің биіктігін паш еткен концерт үшін алғыс арнады. Шыңғыс Мұқан ақжайықтықтарға Атырау облысы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың ыстық сәлемін жеткізе тұрып, атыраулықтардың мәдениет күндері екі аймақтың сан салалы қарым-қатынасын ны­ ғайта түсетіні сөзсіз екенін айтты.

пейісова атындағы ұлт­тық ака­ демиялық ұлт-аспаптар оркестрі­нің дирижері, халық­ара­лық фес­ти­вальдардың лауреаты, «Құр­мет» орденінің иегері Орақ Жауыров қатысты. Бірінші боп сөз алған Шың­ ғыс Жұмабекұлы журналистерді жоспарлы шаралармен таныстырып, мәдени күндердің мәнмағынасына тоқталды. Тәуелсіз Қазақстанның жан-жақты да­мып, өзге елдермен салыстырған­да ілгерілеп бара жатқанын тілге тиек еткен И.Жақанов осыдан біразы­ рақ жыл бұрын Аты­рау облысы­ ның мәдениеті мен әде­биеті күң­ гірт кезеңді басынан өткергенін, тек шаруашылық, өндіріс пен экономикаға ғана көңіл бөлінге­нін, алайда соңғы жылдары өнер­ дің өрге басқа­нын айтты. - Облысқа әкім болып Бақты­ қожа Ізмұхамбетов келісімен

ақын-жазушыларды қабылдады. Біз де өз тарапымыздан әкімге ұсыныс-өтінішімізді айттық. Со­ ның бәрі бүгінде орындалды. Жазу­шы, әнші, суретшілерге бар жағ­дай жасалып жатыр. Облыс рухани тұрғыдан түлеуде. Жергілікті қаламгерлердің кітаптары көптеп шығуда. Жақында Атырау облысы поэзиясының антологиясы және облыста тұ­ратын Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерінің 7 кітабы об­лыс әкімдігінің қаржылай қол­дауымен жарық көрмек, - деді Қойшығұл Жылқышиев. Бұдан әрі сөз алған Орақ Жа­ уыров Атыраудағы Д.Нұр­пе­йісова атындағы ұлттық ака­де­миялық ұлтаспаптар оркес­трі туралы, мәдени мұраны сақтау, халық музыкасын насихаттау туралы әңгімеледі. Қо­ нақтар брифингке қатысқан жур­ на­листердің сұрақтарына жа­уап берді.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ, Ақжайық ауданы Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, «Орал өңірі» – Атырау облысының тарихиөлкетану мұражайына қатысты айта кетерлік бір ерекшелік еліміздегі археологиялық қаз­ ба жұмыстары кезінде екінші алтын адам Атырау облысы ай­ мағы­нан табылған. Ал былтыр елі­мізде тұңғыш рет Батыс Қазақ­ стан облысы аумағынан алтын әйел табылды. Соған қарағанда біздің байырғы ата-бабаларымыз тек азаматын алтындап қоймай, әйелдерге де жоғары құрмет көрсеткені байқалады. Мұндай дәстүр осы уақытқа дейін жалғасын тауып келе­ ді. Бүгінгі көрмеге таңдаулы жә­ді­герлерден бөлек Атырау об­лы­сының қылқалам және қол­­өнер шеберлерінің туындыларын әкеліп отырмыз. Сондайақ өңіріміздегі кәсіпкерлердің өнімдерін де паш етпекпіз. Бізді ілтипатпен қарсылап отырған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа, барша оралдықтарға алғысымыз шексіз, - деді көрменің ашылу салтанатында сөз алған Атырау

об­лысы әкімінің орынбасары Шың­ғыс Мұқан. Екі күн бойы келушілер назарына ұсынылған көрмеге Жы­лой ауданынан табылған сар­ мат көсемінің алтын киімі мен әшекейлерінің көшірмесі, Алтын Орда астанасы Сарайшық қалашығының орнынан табыл­ ған тиындар мен моншақтар, қола айналар, шырағдандар мен тасымалдауға келмейтін құнды жәдігерлердің фотосуреттері, Сұлтан Бейбарыс ескерткішінің және оның Кайрдегі мешітінің макеті мен қабіріндегі жазудың фотосуреттері, мамлюктердің тапаншалары, Шопан ата жер асты мешітінен табылған XVIII ғасырдағы тудың ұштығы қо­ йылған. Исатай Тайманұлы жә­не Махамбет Өтемісұлына қа­тыс­ты архивтік құжаттардың көшірмесі, Ұлы күйші Құрман­ ғазы Сағырбайұлының ұзын ұң­ғы­лы шиті мылтығы, Күй ана­сы Дина Нұрпейісованың зат­тай жәдігерлері, сүйекпен әшекейленген ақбас ер үзең­гі­ сі­мен, күмістелген қамшы, ағаш ыдыстар, зергерлік туындылар өзге де құнды жәдігерлер аталмыш көрмеден орын алған.

Көрнекті композитор Илья Жақанов, Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы, ақын Қойшығұл Жылқышиев, Атырау облыстық қазақ драма театрындағы әдебиет бөлімінің меңгерушісі, «Алтын топшы» жас ақындар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Артур Яхуда Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенттерімен кездесті. Кеш барысында колледж студенттері композитор Илья Жақановтың әндерін шырқап, ақын Қойшығұл Жылқышиевтың лирикалық өлеңдерін оқыды. Студенттер меймандарға қойған әр түрлі бағыттағы сұрақтары­ на қызықты да тағылымға толы жауаптар алды. Талантты жас

ақын Артур Яхуда өзі шығар­ған өлеңдерін оқып, көпшіліктің шынайы қошеметіне бөленді. Кездесу соңында аталмыш кол­ ледждің директоры Шалқыма Құрманәлина қонақтарға сту­ денттердің қолынан шыққан әдемі өнер туындыларын сыйға тартты.


өнер Cенбі, 12 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

мәдениет күндері М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының «Нарын» ұлт-аспаптар оркестрі көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Концерт алдында сөз алған аталмыш университет проректоры Т.Дәрішева атыраулықтарға қош келдіңіз айтып, шығармашылық табыстар тіледі.

Ақмоншақ Мақсотқызы, «Орал өңірі»

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Зал толы халықтың оркестрге деген құрмет-қошеметі ерекше болды. Тарихы мен тамыры, жыры мен сыры, әншісі мен күйшісі, ақыны мен жыршысы ортақ егіз өлкенің халқы өзара бауырластық байланысын үзген емес. Бұл кеш те соның тағы бір дәлеліндей. Халықтың қазыналы қамбасынан күмбірлеген күй мен әуелеген әнді төгілткен өнер ұжымы кәсіби шеберлік пен өнерге деген жоғары ықыласты байқатты. Әп дегеннен-ақ кеш шымылды­ ғын Түркештің «Көңілашарымен» ашқан өнерпаздар көпшілікті бірден баурап алды. - Оркестрдің құрамында 45 адам өнер көрсетеді. Жетекші­сі – республикалық, халықара­лық конкурстардың лауреаты, «Құр­ мет» орденінің иегері, Атырау облысының құрметті азаматы Орақ Жауыров. Репертуарларында тек батыстың дәстүрлі әнкүйлері емес, Қазақстанның басқа өңірлерінің музыкасы, шетелдік

классикалық шығармалар бар. Бұл шараның маңызы зор. Өнер­ паз­дар өзара репертуар, тәжі­ри­бе алмасады, мәдени байла­ ныс ны­ғая түседі, - дейді Атырау об­лыс­тық филармониясының ди­рек­торы Ғәділ Дүйсенғалиев. Концертте Дәулеткерейдің «Қыз Ақжелеңі», Сүгірдің «Боз інгені», «Ыңғай төкпесі», Алтынайдың «Алтынайы», Махамбеттің «Жұмыр, Қылышы» секілді бірқатар халық жадында сақталған күйлер және Ғ.Құрманғалиевтің «Әнші дауысы», Т.Шәмеловтың «Ауылым», халық әндері «Шіркін-ай», «Сәулем-ай» орындалды. Елімізге танымал өнерпаздардың тамылжыта сал­ ған әндерін көрермен тапжылмас­ тан тыңдады. Оркестрге дирижер­ лық жасаған Сая Жұмашеваның БҚМУ-дың түлегі екенін естіген студенттер мен ұстаздар қауымы қошеметтерін үдете түсті. Ал жас күйшілер Бекзат Қайырболатов пен Санжар Қатапов «күй тартыс» жасағанда халық ықыласы одан сайын артты. Домбыраның құлағында ойнаған жас дарын­дар оның сиқырлы сырларын шерткендей еді.

Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ, «Орал өңірі» Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры Нобель сыйлығының лауреаты Юджин О' Нилдің «Шырмауық астындағы шырғалаң» трагедиясын қойды. 1938 жылы М.Әуезовтың «Түн­ гі сарын» қойылымымен ал­ғашқы шымылдығын ашқан Қазақ­стан­ дағы ең байырғы Атырау театры ұлттық классикамен бірге Го­ гольдің «Ревизор», Шекспирдің «Асауға-тұсау» пьесаларын қо­йып, қазақтың театр өнеріне сүбелі үлес қосқан өнердің қара шаңырағы саналады.

Қойылымның оқиғасы XVIII ға­ сырдың соңын қамтиды. Дүние мен мал жинауды мақсат еткен ағыл­ шын фермері Эфраим осы жолда туған­дарын құрбан етеді. Оның қорлығына шыдай алмаған екі әйе­ лі өліп тынады. Мал қорадан шық­пай құл есебінде жүрген екі ұлы оның тыққан алтынын алып қа­ шып кетеді. Ал И’ Бен атты ұлы Эфраимның үшінші әйелі Эббиге ғашық болады. Қарттың фермасына ие болу мақсатымен келген Эбби байлықты ұмытып, жас жі­ гітпен бірге болу үшін одан туған баласын өлтіреді. Бұның бәріне куә болған қарт бәз кешіп, бар байлығынан бас тартып, қаңғып кетуге бел байлайды. Оралдық көрермен қойылымдағы ролдер­ ді сомдаған ҚР еңбек сіңірген қай­раткері Төлеген Жангелдиев (Эфраим), Гауһар Қабиева (Эбби), Нұрбек Сьезханның (И’ Бен) актер­ лік шеберліктеріне тәнті болды.

5

Дәстүр бойынша ғарыш күні ретінде белгілі 12 сәуірде ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Аталмыш мерекеге орай жуырда ҚазИИТУ ғылымбілім кешенінде ресейлік ғалымдардың қатысуымен халықаралық ғылымипрактикалық onlineконференция өтті.

Тұрақты инновациялық даму үшін Суретті түсірген О.КАТКОВА

Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі» Атырау облысының Батыс Қазақстан облысында өткен мәдениет күндерінің аясында Орал саз колледжінде аталмыш өңірдің ақынжазушыларымен кездесу өтсе, облыстық Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияда оралдықтар «Ақ ерке – Ақжайық» ұлттық-халықтық ансамблінің өнерін тамашалады. Саз колледжінің ұстаздары мен оқытушылары құрметті қонақ­­ тарды ілтипатпен қарсы алып, әңгімелеріне құлақ түрді. Қа­­зақ­ стан мен Қырғызстанның ең­бек сіңірген мәдениет қай­раткері, сазгер, жазушы Илья Жақанов, ақын, Қазақстанның еңбек сі­ңір­ ген қайраткері, Қазақстан Жазу­ шылар Одағы Атырау облыстық бөлімшесінің төрағасы Қойшығұл Жылқышиев, жас ақын, Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры әдебиет бө­ лімінің меңгерушісі Артур Яхуда жиналғандар алдында сөз сөй­­­леп, ой-пайымдауларымен бөліс­­ті, өлең­дерін оқыды. Қ.Жылқышиев Малайсары, Мөңке Мұратұлы сынды тұлға­ лар­дың кіндік қаны тамған жерден бойына ұлттық рух алып өскенін баяндай келіп, жастарды отансүйгіштік пен әдебиетке ің­ кәрлікке шақырды. Артур Яхуда бүгінгі жастардың рухани ой-пікі­ рі жайында кеңінен сөз толғады. - Мен Артурдың талантын бірден таныдым. Сондықтан оны шы­ ғармашылық жолына бағыттап, сәт сапар тілегенімді мақтан тұ­­ тамын. Қашанда аға буынның мін­ деті жастарға жол сілтеп, олар­­дың қанаттанып кетуіне жағдай жасау ғой. Ал сіздердің бізді құрмет­пен қарсы алғандарыңызға мың да бір рақмет! Жалпы, өзім

де Орал­ға үнемі келіп тұруды жаным сүйе­ді, - деді Илья Жақанов. Танымал сазгер «Еділ-Жайық» әнінің туылу тарихын айтып, шығармашылық еңбектің қиын да күрделі еке­нін баса көрсетті. Соңынан құрмет­ті қонақтар жиналғандардың сұ­рақтарына жауап қайтарды. *** «Ақ ерке – Ақжайық» ұлттықхалықтық ансамблі Атырау об­ лыстық халық шығармашылығы орталығының жанынан 2013 жы­лы ақпанда құрылған. 9 адамнан тұратын ансамбль ұжымы қазақтың сирек кездесетін көне аспаптарының бәрінде ойнайды. Олардың ішінде шертер, шің­ кілдек, саз сырнай, тоқылдақ, сусылдыр және басқалары бар. Қазір ұжымның саз қоржыны ұлттық және әлемдік деңгейдегі шығармалармен толығуда. Өнер ұжымы өткен жылы Ресейдің Дербент қаласында «Дербентөр­кениеттердің қиылысы» және Астрахандағы «Көп ұлтты Астрахан» халықаралық фестивальдерінде бас жүлдені иеленген. Міне, ұжымның өнерін та­ машалауға облыстық филар­мо­ нияның көрермендер залы­на халық көп жиналды. Шы­мыл­дық «Мерует» би тобы орын­даған қазақтың «Шат­тық» биімен ашылды. Сонан соң өнерсүйер қа­уым­ ға А.Жұбанов­тың «Қара тор­ғай» әні, Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйі ұсы­нылды. Әсіресе, жезтаң­дай ән­ші­лер А.Ноғайбаева мен Г.Әб­діра­хим орындаған «Ән шеруі» өте сәтті шығып, көрермен­ дер­дің делебесін қоздырды. Дом­ бы­ра­шылардың «Күй тартысы» да ешкімді енжар қалдырмады. Ал ансамбльдің американдық джаз ырғағында қазақтың халық әні «Әләулімді» шебер орындауына халық ризалықпен қол соқты. Бір сөзбен айтқанда, атыраулықтар оралдық бауырларына бір сағат­ тан астам өнер көрсетіп, жи­нал­­ған үлкен-кішінің көңілінен шықты.

Кеше облыстық қазақ драма театрында өткен Атырау облысы өнер шеберлерінің гала-концертімен көр­ ші өңірдің мәдениет күндері қорытындыланды.

Форум аясында тұрақты дамудың ғылыми мектебі «Дубнаның» ашылу салтанаты болды. Ғылыми-практикалық кон­ ференцияға интерактив­ті ре­жимде Ресей ғылым ака­де­ миясының академигі, «Дубна» қоғам және адам табиғаты халықаралық университетіндегі тұрақты инновациялық даму кафедрасының мең­ге­ рушісі Б.Большаков, Иванов мемлекеттік университетінің оқытушысы, психология ғы­ лымдарының докторы А.Тур­ чин, техника ғылым­да­ры­ның докторы, профессор, Ю.Га­га­ рин атындағы ғарыш­керлер­ ді даярлайтын ға­рыш­керлік ғылыми орта­лығының ғылы­ ми бөлім жетекшісі А.Кури­цин қатысты. Оралда форум жұмысына ғарыш тақырыбы бойынша журналист-зерттеуші В.По­ле­таева, «Дубна» универ­си­те­ тінің тұрақты иннова­ция­лық даму кафедрасы мең­ге­ру­ші­ сінің орынбасары Е.Ша­ма­ева және т.б. белсенді ат­са­лысты. ҚазИИТУ ғылым-білім ке­ шенінің президенті, Ұлттық инженерлік академияның академигі Ақсерік Әйтімов өз сөзінде жоғары оқу орны ғалымдары мен ресейлік әріптестер арасындағы көп жылдық тарихы бар же­міс­ті әріптестік 2017 жылы Қа­зақ­ станда өткізілетін ЭКСПО ха­­лық­аралық көрмесі қар­са­ ңында ерекше мәнге ие екендігін атап өтті. Форум барысында жаңа ғасыр мамандарын тәрбие­ леудегі күрделі ғылымның маңызы, облыста жаңа ин­ но­вациялық технологиялар­ ды зерттеу мен жасап шы­ ғару, инженерлік бі­лім­ді ақ­параттық және бағдар­ла­ малық қамтамасыз ету, ға­ ламдық және өңірлік аспек­ тідегі жаңа бағыт ретінде саналатын жасыл экономи­ка, сондай-ақ «Табиғат-қоғамадам» жүйесіндегі тұрақты инновациялық даму туралы мәселелер қызу талқыға түсті. Секциялық отырыстарда қатысушылар ғылыми мәсе­ лелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасты.

Әлия РАХМЕТОВА


6

хат-хабар Сенбі, 12 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

ЖОБА

Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқа­ру және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақ­стан Республикасының Заңына және «Асыл тұқымды мал шар­уашылығын дамытуды, мал шар­уашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағи­даларын бекi­ту туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы №103 Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қа­зақ­ стан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі; 2) жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талап­тар бекітілсін. 2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқар­масы» мемлекеттік мекемесі және аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынба­сары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбе­лік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Н.Ноғаев

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі _______________А.С.Мамытбеков «____» ___________2014 жыл

ЖОБА

Мал шаруашылығы саласын субсидиялау мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік бас­қару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтар­дағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қыз­ меттер туралы» 2013 жыл­ғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1542 қаулы­сына сәй­ кес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 3) «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 4) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақы­лау облыс әкімінің орынбасары А.К.Өте­ ғұловқа жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жария­ ланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Облыс әкімі

Н.Ноғаев

Жат діннен сақтанайық Таяуда облыстық ішкі саясат және дін істері басқарма­ ла­ры­ның ұйымдастыруымен Чапаев ауылында семинаркеңес өтті. Діни мәселелерге байланысты құ­рылған облыстық ақпараттық-наси­хат тобы арнайы келген жиынға Ақжа­йық, Жаңақала және Қазталов аудандарын­ дағы мемлекеттік органдардың, еңбек ұжымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Шара жат дінге арбалғандар туралы бейнефильммен басталды. Содан соң облыстық орталық мешітінің наиб има­мы, теолог Мұратбек Қыстаубаев, «Жа­ йық» деструктивтік діни ағымдардан

жапа шеккендерге көмек орталығы төрағасының орынбасары, теолог Арман Нұрахметұлы, облыстық дін істері басқармасының қызметкерлері Саялбек Ғизатов, Саламат Жұмағұлов баяндама жасады. Семинар-кеңесте Жаңақала ауда­ нындағы «Жастар үні» қоғамдық бір­лестігінің төрайымы Жадыра Төлеу­ ғалиева, Қазталов аудандық ішкі сая­сат бөлімінің басшысы Қадірбек Мұқа­нов аудандарында жат дінге қарсы жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқ­ талды. Жиын барысында сауалнамалық анкеталар толтырды.

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ, Ақжайық ауданы

Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы телекоммуникация желілерін дамыту бойынша жоспарланатын жұмыстар туралы хабарлайды ҚР Экологиялық кодексінің (57-бап) талаптарына сәйкес, Батыс Қазақ­стан ОТД, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет­теу бас­қармасына мемлекеттік эколо­гия­лық сараптама жүргізу үшін ке­ле­сі жоба­лар бойынша жобалық құжат­таманы ұсынады: 1. “Орал қ. “Қазақтелеком” АҚ FTTH (Fiber to the Home) желілерінің құрылысы, 4 кезең”; 2. “БҚО, Бөр­лі АӨТТ Қызылтал а. FTTH желіле­рінің құ­рылысы”; 3. “Орал қ. “Қазақ­­те­леком” АҚ FTTH желілерінің құры­лысы, 4 кезең” (қосымша үйлер); 4. “22-АТС, 54-АТС, 50/51-АТС арасында қосу желісінің құрылысы” (Орал қ. “Қазақтелеком” АҚ FTTH желілерінің құрылысы, 4 кезең шеңберінде). Барлық мүдделі азаматтар мен қо­ғамдық бірлестіктерге мемлекеттік экология­ лық сараптама жүру кезе­ңінде келесі мекенжай бойынша өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі: Орал қ. Дамба тұйығы к-сі, 5/1, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, тел. 8-7112-50-92-70, 50-32-99, факс: 50-35-75, 51-28-42.

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс): 8(7112) 51-39-04, е-mail: zapkazakim@westkaz.kz, бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне). («D-4» санаты, 1 бірлік). «D-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 71 751 (min) теңгеден 96 735 (max) теңгеге дейiн. Функционалдық мiндеттерi: Облыс әкімі аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы баға­лау және аттестаттауды жүргізу бойынша ұйымдас­ тыру-әдістемелік қамтамасыз ету. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу, кадрлардың ақпа­ раттық «деректер қорын» қалыптастыру. Облыс әкімі аппаратында тағлымдамадан және тәлімгер­ ліктен өту мәселелері. Мемлекеттік қызметшілер­дің ант қабылдауы жөніндегі шараларды ұйым­ дастыру. «Персоналды басқару» бағыты бойынша аудандар және Орал қаласы әкімдері аппараттарында, облыстық басқармаларда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру, нәтижелерді жинақтау, талдау жасау. Кадрлық іс қағаздарын жүргізу. Талдамалық ақпараттар, анықтамалар мен жазбалар дайындау. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «Білім беру» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар жә­ не бизнес» немесе «Жаратылыс ғылымдары» не­месе «Техникалық ғылымдар және технология­лар» немесе «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» немесе «Қызметтер» мамандықтары бойынша жоға­ры білім. Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азаматтар (“Болашақ” бағдар­ ламасының түлектерінен басқа) білімі туралы құ­ жаттарын тану немесе нострификациялау рәсімі­ нен өтуі тиіс. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функцио­ налдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағ­дарламалары бойынша Қазақстан Республика­ сының Президенті жанындағы білім беру ұйым­ дарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадр­ лар даярлау жөніндегі республикалық комиссия

бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 4) ғылыми дәрежесінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республи­ касының Президенті туралы», «Қазақстан Респуб­ ликасының Парламентi және оның депутаттары­ның мәртебесi туралы», «Қазақстан Республика­ сының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стра­ тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функцио­ налдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы («D-4» санаты, 1 бірлік). «D-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 71 751 (min) теңгеден 96 735 (max) теңгеге дейiн. Функционалдық мiндеттерi: Электрондық құжаттар айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) бағдарламасы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік ұйымдардың нұсқаулық ұйым­ дастырушылық-өкімдік құжаттары мен норматив­ тік-құқықтық актілерін бақылауға қою. ЭҚАБЖ бағ­дарламасы бойынша бақылауға қойылған құжат­ тардың қозғалысына және уақтылы жетуіне бақы­ лау жүргізу. Облыс әкімі аппаратының, қала және аудандар әкімдері аппараттарының, облыстық басқармалардың ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, ҚР Үкіметінің қаулы­ ларын, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді уақтылы орындауларына бақылау жүргізу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпараттықтал­дау материалдарын, анықтамалар, жазбалар дайындау. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «Білім беру» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Құқық» немесе «Өнер» немесе «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» немесе «Жаратылыс ғы­ лымдары» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Ауыл шаруашылығы ғы­-

лымдары» немесе «Ветеринария» немесе «Қыз­ меттер» мамандықтары бойынша жоғары білім. Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азаматтар (“Болашақ” бағ­ дарламасының түлектерінен басқа) білімі туралы құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсі­ мінен өтуі тиіс. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функцио­ налдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республика­ сының Президенті жанындағы білім беру ұйым­ дарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадр­ лар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 4) ғылыми дәрежесінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуб­ лика­сының Президенті туралы», «Қазақстан Рес­публикасының Парламентi және оның депутатта­рының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республи­ касының Үкіметі туралы» конституциялық заңда­рын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Же­ке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәр­тiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауа­зымның мамандануына сәйкес салалардағы қаты­ настарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функцио­ налдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалып­ тастыру қағидалары негiзiнде жүргiзiледi. Конкурс комиссиясының отырысына байқау­ шыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан­ дағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен осы қағидаларға 3-қо­

сымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куә­ландырылған көшiрмелерi (мемлекеттік қыз­ метшілер ұсынатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нота­ риалдық куәландырылған көшiрмесi (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқа­ру қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы­ ның Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркел­ген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куә­лігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нә­тижемен тестілеуден өткені туралы қолданыста­­ғы сертификат. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек. Конкурс комиссиясының қарауына қабылдау мерзiмiнде қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы жіберілген құжаттар (құжат тігілетін мұқабада орналастырылған) қабылданады. Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетіл­ ген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құ­жаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабар­дар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Ба­тыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында өтеді. Осы лауазымдарға орналасқан тұлғалар үшін көтермелеу шығындары төленбейді, үй және жеңілдіктер берілмейді.


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 12 сәуір 2014 жыл

«Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды 090000, БҚО, Орал.қ, Қасым Аман­ жолов көшесі, 75-үй, 2-қабат, 206-бөл­ме, анықтама алу телефондары: 8(7112) 512742, 506594, E-mail: zko_selhozup@ mail.ru 1. Басқарма басшысының орын­ басары D-O-2 (2-2) лауазымдық жа­лақысы еңбек өткерген жыл­да­­рына байланысты 124923-тен 169767 тең­ге­ ге дейін. Функционалдық міндеттері: Стра­­тегиялық жоспарлау, эконо­мика­лық реформаларды жақсарту және ауыл шаруашылығын қаржы­лық жақсарту жөніндегі жұмыстар­ға бас­шылық жасайды. Ауыл шаруашылы­ғы мәселесіне қатысты заңнамалар­ дың, басқа да нормативті-құқықтық актілердің жобасын жасау жөніндегі жұмыстарға басшылық етеді. Ауыл шаруашылығы қызметінде заңдылық­ тардың сақталуына бақылау жасайды, күші бар заңна-маларға сәйкес мекеменің қаржы-экономикалық, құ­қықтық қызметіне басшылық етеді және бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуына бақылау жасайды, эко­ номикалық байланыстардың басым бағыттарын жасауға қатысады. Бас­ қарма құзыретіне кіретін қаржы-несие және салық саясаты жобаларын жа­ сау­ға қатысады, кадрлармен жұмыс­ты ұйымдастырады, кадрларды таң­ дау мен орналастыруды жүзеге асы­ рады. Мемлекеттік сатып алулар бо­йынша жұмыстарды ұйымдасты­ра­ды және басшылық жасай­ды. Рес­­публи­­калық және облыс­тық бюд­жеттерден бөлінетін транс­ферт­тер­дің (субсидия­ лардың) уақтылы жә­не толық игері­луіне басшылық жасайды. Экономи­ калық талдау, жос­парлау және жиын­тық ақпарат бө­лімінің, АӨК қаржы­лан­дыру бө­лімінің, кадрлық және құ­ қықтық жұ­мыстар бөлімінің жұмысы­на бас­шылық жасайды. Үміткерге қойылатын талап­тар: ауыл шаруашылығы, әлеу­мет­тік ғы­ лымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік білім. Жұмыс тәжірибесі келесі талап­ тардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 2) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдар­ ламалары бойынша Қазақстан Рес­ публикасы Президентінің жа­нын­да­ғы білім беру ұйымдарында мем­ле­ кеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарын­да Шетелде кадрлар даярлау жө­ніндегі республикалық комиссия бе­кітетін

басым мамандықтар бо­йын­ша оқуды аяқтаған жағдайда мем­лекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғы­лы­ми дәрежесінің бо­луы; 3) мемлекет­тік органдарда бас­шылық немесе өзге лауазым­дарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 4) осы санаттағы нақты лауа­ зымның функционалдық бағыттары­на сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшы­ лық лауазымдарда бір жылдан кем емес. Қазақтан Республикасы заңнама­сын тестілеу бағдарламасына сәй­кес нор­мативтік-құқықтық актілерді білу, мем­лекеттік тілді білу. Осы са­наттағы лауазымдар бойынша функ­ционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Мал шаруашылығы бөлімінің же­текші маманы D-O-5 (4-4) лауа­ зымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты 57657 тең­геден 78157 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Ірі қара малдарды қолдан ұрықтандыру жөнінде мәліметтер жинайды және ауыл шаруашылығы малдарының қолдан ұрықтандыру қосындарының жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсетеді, облыстық бюджеттен мал шаруашылығын дамытуды қол­дау­ға жергілікті бюджеттерден тауар өн­­діру­шілерге бөлінген субсидия­лардың мақ­сатты пайдаланылуын ұйым­дастырады және талдау жа­сай­ды, жұмыстарды жүргізу­ге іс кө­мектер, кеңестер көрсе­те­ді. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарла­масын жүзе­ге асырылуы туралы мә­лі­меттерді жи­найды және ақпараттық талдау жү­йесіне бақылау жүргізеді. Орта жә­не ірі тауарөндірушілердің өндірі­ сіне талдау жасап, ұйымдастырады және ай сайын ақпараттар жинай­ды. Мал шаруашылығы мәселелері бойынша анықтамалар мен есептер дайындайды. Жеке және заңды тұл­ғалардың өтініштерінің уақытында және тиісті дәрежеде қаралуына жауапты. Үміткерге қойылатын талаптар: Ауыл шаруашылығы (зоотехния), тех­ никалық ғылымдар мен техноло­гия (биотехнология), ветеринария (ве­те­ри­ нарлық медицина, вете­ринарлық санитария) мамандықтары бойынша жоға­ры немесе ортадан кейінгі білім. Қазақтан Республикасы заңнама­сын тестілеу бағдарламасына сәй­кес нор­ма­тивтік-құқықтық актілерді білу, мем­лекеттік тілді білу. Осы са­наттағы лауазымдар бойынша функ­ционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

«Жайықжылуқуат» АҚ барлық мүдделі жұртшылық өкілдеріне және уәкілетті органдарға «Жайықжылуқуат» АҚ табиғатты қорғау іс-шаралары жоспары» бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды. Қоғамдық тыңдауларды өткізу 2014 жылғы 6 мамыр сағат 11.00-ге ЖЭО ауд., «Жайықжылуқуат» АҚ кеңсесі, мәжіліс залы мекенжайы бойынша белгіленіп отыр. Табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарымен ЖЭО ау­даны, «Жайықжылуқуат» АҚ мекенжайында танысуға бо­лады. Байланыс телефоны: 8 (7112) 239561. «Жайықжылуқуат» АҚ табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарының» электрондық нұсқасын olya-nevidimka@ mail.ru электрондық пошта мекенжайынан сұратуға болады. Сонымен бірге осы мекенжайға ескертулер мен ұсыныстар қабылданады.

Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жыл­ғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұй­ры­ғы­мен бекітілген бос әкім­шілік мем­лекеттік лауазымға орна­ласуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағи­далары негізінде өткізіледі. Қажетті құжат тізбесі: 1) белгіленген нысан бойынша өтініш; 2) мөлшері 3х4 фотосуреті бар белгіленген нысандағы сауалнама; 3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі; 4) нотариалды куәландырылған еңбек жолын растайтын құжат кө­шір­ месі; 5) Қазақстан Республикасы Ден­ саулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұй­ры­­ғымен бекітілген (Қазақстан Рес­пуб­­ликасының нормативтік-құ­қық­тық ак­тілердің тізілімінде 2010 жы­лы 21 желтоқсанда №6697 бо­лып тіркелген) нысан бойынша ден­сау­лық жағдайы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы аза­ма­тының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжат өткізу сәтінде күші бар шекті мәннен төмен емес нәтижелі тестен өту туралы сертификат. Азаматтар біліміне, жұмыс тәжі­рибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (білікті­лігін арт­тыру, ғылыми дәреже­лер мен атақ­ тар берілуі туралы құжаттардың кө­ шірмелері, мінездемелер, ұсы­ным­­дар, ғылыми жарияланым­дар және өзге де олардың кәсіби қызме­тін, біліктілігін сипаттайтын мәлімет­тер) қосымша ақпараттарды бере алады. Конкурсқа қатысуға қажетті құ­ жаттар конкурс өткізу туралы ха­ барландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 10 жұмыс күні ішінде 090000, БҚО, Орал қ., Қасым Аманжолов көшесі, 75-үй, 2-қабат, 203-бөлме немесе zko_selhozup@mail. ru. электрондық поштасы бо­йынша ұсынылуы тиіс. Электрондық пошта арқылы кон­ курсқа қатысуға құжат тапсырған аза­маттар әңгімелесу басталғанға де­ йін бір жұмыс күнінен кешіктір­мей құжат түпнұсқаларын тапсы­рады. Әңгімелесуге жіберілген үміт­кер­­лер одан үміткерлерді әңгіме­ле­суге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруа­ шылығы басқармасында өте­ді.

Жарамсыз деп танылсын Орал қаласы, Темофеев көшесі, №3 мекенжайын­ дағы Сериккали Уалиетдинов атына берілген үй кі­­тапшасы жоғалуына байланысты жарамсыз деп та­­нылсын. БҚО, Тасқала ауданы 2-ші “Шежін” ауылындағы “Ше­ жін” ЖШС жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акті кадастр нөмірі 08-124-015-772 жоғалуы­на байланысты жарамсыз деп танылсын.

Бөкей ордасы ауданы әкімдігі ауданның құрметті азаматы, қоғам қайраткері Меңеш Сабырұлы Сабыровтың қайтыс болуына орай ағайын, тума-туыста­ ры­ның орны толмас ауыр қайғы­ларына ор­ тақтасып, көңіл айтады.

7

Қазталов ауданы Сатыбалды ауылының тұрғыны болған бірімізге адал жар, бірімізге асқар таудай әкеміз Ғаббас Нәбиұлы Әлжановтың бақилық болғанына 12 сә­уір­ де 1 жыл болады. Желеп-жебеп жата бер ұрпағыңды, Есіпкеп жан жарыңды, гүл бағыңды. Жоқтаушы бала-келін, немерелер Ардақтап өтер әр кез тұлғаңызды.

Сағына еске алушылар: зайыбы Зәуреш, бала-келіндері, немерелері «Секва Петролеум Казахстан» ЖШС («Болз» ЖШС) ҚР Экологиялық кодексінің 57-ба­бы­на сәйкес, 2014 жылдың 15 сәуірі күні Батыс Қазақстан облысының департаментіне тұжырым алу мақсатында экологиялық сараптама жүргізу үшін келесі жобаларды тапсырады: 1. Батыс аумағы Ақсай құрылымында «Бұрғылау станогы, вахталық қалашық және қатынас жол құрылысын салу» жұмыс жобасының «Бұзылған жерлердің топырақ құ­нар­ лылығын қалпына келтіру жобасы». 2. Батыс аумағы Ақсай құрылымында «Бұрғылау станогы, вахталық қалашық және қатынас жол құрылысын салу» жұмыс жобасы. Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларға мемлекеттік экологиялық сараптама жүр­ гізу кезеңінде өз ұсыныс-тілектерін БҚО бойынша экология департаментіне жолдауын сұраймыз. Мекенжайы: Орал қ., Л.Толстой көш., 59 Қабылдау бөлмесінің телефоны: 50-04-81, сараптама бөлімі: 51-53-52

«Жаикмунай» ЖШС ҚР Экологиялық кодексінің 57-б. 1-т. сәйкес, «БҚО бойынша экология департаменті» ММ-ға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін «Чинарев кен орнында «Жаикмунай» ЖШС-ның УКПГ-1/2 және УКПГ-3 құрылғыларына аминдерді регенерациялау қышқыл газда­рына күкіртті сутекті байытуды орнату» жобасын және аталған жобаның ҚОӘБ материалдарын жолдауға ниетті. Қызығушылық танытқан барлық азаматтар мен қоғамдық бірлестік­терге мемлекеттік экологиялық сараптама жүру кезеңінде БҚО, Орал қ., Л.Толстой көш., 59-үй, «БҚО бойынша экология департаменті» ММ мекенжайы бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік беріледі. Тел.: 50-04-81

Жәнібек ауданының әкімдігі еңбек ардагері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озаты Меңеш Сабыровтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен тума-туыс­ қандарына қайғыларына ортақтаса отырып көңіл айтады.

Қазталов ауданы әкімінің аппараты және ауылдық округ әкім­дері Батыс Қазақстан облысы әкі­мі аппараты персоналды бас­қа­ру қызметі бөлімінің басшысы Жібек Меңешқызы Сабыроваға әкесі Меңеш Сабырұлының қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Жәнібек колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұжымы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Меңешұлы Сабыровқа ардақты әкесі, білім саласының ардагері Меңеш Сабыровтың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Бөкей ордасы колледжі» МКҚК ұжымы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Меңешұлы Сабыровқа әкесі Меңеш Сабырұлы Сабыровтың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұжымы басқарманың бас маман-бухгал­тері Жеміс Ғабдықайырқызы Кажимоваға әкесі Ғабдықайырдың қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16478, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: Ұ.Сариева


8

керуен сарай Cенбі, 12 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«Благодатьта» 9 қазақ

Жат діни ағымдарға кіріп, ата-бабасының салт-дәс­ түрін аяқ асты еткен бауырлар аз емес. Ащы да болса, шындық осы. Тіпті кейбір қазақтың қаракөз балалары ұлтымызға жат діни бірлестіктердің тұтқасын ұстап отыр. Сондай діни бірлестіктің бірі - ”Благодать”. “Благодать” шіркеуінде сы­йы­натындардың әр бесіншісі – қазақ. Мұндағы құлшылық про­тестант шіркеулеріне тән тәр­ тіппен өтеді. Дұға оқу мен Құ­ дайға жалбарыну кезінде саз қо­сылып, діни ән айтылады. Пас­ тор шіркеуге бірінші рет кел­ гендерге арнап, құлшылық ке­зінде сөз арнайды. Ол қауым мүшелерінен жаңа келгенмен аман­дасып, жылы шырай танытуларын сұрайды. Оларға арнап «Құдай әр пендесін сүйеді» деген мағынада дұға оқиды. Осы бір діни бірлестік біздің өңірде де қанат жаюда. Шаһарымызда орын тепкен діни ұйымның жал­ған сенімдері мен ақылға қон­ байтын іс-әрекеттері кей аза­маттарды тура жолдан тайдырып жүр. Қаламыздағы Алма­зов көшесінің бойындағы №43 ме­-

кенжайда орын тепкен бірлес­ тіктің бүгінде 32 мүшесі бар. Оның 23-і - орыс, ал 9-ы - қазақ. Көпшілігі – 40 жастан асқандар. Мектеп жасындағы 4 жеткіншек те бұлардың сеніміне алданып, еріккеннің ермегін жасап жүр. Одан да сабағын оқып, пайдалы нәрсемен шұғылданса болар еді. Діни бірлестіктің мүшелері әр жексенбі сайын сағат 10.00-ден бастап жиынын өткізеді. Жиын Марина, Валентин Осинкин басшылық еткен пасторлардың дұға оқуымен басталады. Алдымен діни әуен­дер айтылады. Інжілдің бөлім­ дерін өзара талдайды. «Барлы­ғы Құдайдың қолында, Құдай­ дың айтқаны болады, Құдай жолымен жүріңдер» деген алдамшы сөздер жиі-жиі айтылады. Пасторлар: «Құдайға күнде сыйынып, дұға оқып жүрсең­-

дер, сендердің күнде жолдарың болады. Сендерге ешкім ешқан­ дай кедергі келтіре алмайды» деп сендіреді. Бұл, әрине, ақыл­ға қонымсыз іс-әрекет. Ерлер мен әйелдер бөлек отырып, бір-біріне Інжілдің бө­лімдерін түсіндіріп, пастор­лар­ дың айтуымен талдайды. Жиын 3 сағатқа созылады. Жиынның соңы Құдайға ар­налған әуен­ мен және жалпылама мү­шеле­­рінің дауыстап оқы­ған дұғала­ рымен аяқталады. «Жаманның сан­дырағы келеді» демекші, мұн­ дағылар шіркеудің діни әуен­дерін барынша беріліп айтып, дұғаларын сезімге беріліп оқи­ ды. Бұларға қарап: «Алғашқы қа­уымдық қоғамда өмір сүріп жатырмыз ба?» деп қаласын. Шіркеуде «басшы», «бағынушы­ның» толық көрінісі бар. Себебі пастор Осинкин мен оның әйелінің ерлер мен әйелдерге өзінше бұйыру, тапсырма беру сияқты ісқимылдар жасайты­ны байқалады. Діни ағым барлық жиналысында «Ақша адамға жолдас болмайды» деген сөз­дермен байланыстыра Құдай жо­лына жинаған нәрседен еш­теңені (мысалы, ақша, дүние, мүлік) аямау керектігін алға тартады. Барлық шіркеу мүшелері оларға жағына, абайлап сөй­ле­ суге тырысады. Көпшілігі осы ұйым­ның діни сенімі мен тақуа­лығына беріліп кеткен. Бірақ та бұл адамдарды әлі де райынан қайтарып, тура жолға тар­ ту кеш емес. Бұл дәстүрлі емес діни ағымның шырмауын­да жүргендердің барлы­ғы – мем­лекетіміздің азаматтары. Сон­дықтан осындай жалған сенімге еріп, өмірді қор қыл­ғанша, білім мен ғылым қуып, пайдалы іспен айналысып, мәнді де сәнді өмір кешейік, ағайын.

Азамат ӘБДІРАХМАНОВ, «Жайық» теріс діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

www.zhaikpress.kz Құрметті оқырман! Ғасырға жуық тарихы бар об­лыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің, сондай-ақ ау­дандық газеттердің электрондық нұсқасын www.zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыздар. Сонымен қатар күн сайын­ғы жаңа­лықтармен танысуға да мүм­кіндік бар.

Құттықтаймыз! Ұл-қызына ардақты ана, немере-жиен­ деріне мейірімді әже атанған Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылының тұрғыны Орынғаным Ғаниқызы ГАТАУЛИНА­НЫ 14 сәуір күні еңбекпен пісіп, ең­-кеймей жеткен 58 жасымен шын жү­ректен құттықтай­мыз! Саналы ғұмырын «Қазпошта» АҚ-да қызмет етуге арнап, аға буынға сыйлы, жастарға тәлім алар, үлгі-өнеге көрсе­тер алдың­ғы қатарлы қызметкердің бірі болды. Бүгінде зейнеткерлікке шық­қан анамыздың жемісті тойы туған күні­мен тұспа-тұс келіп отыр. Еселі бейнетіңіздің зейнетін көріңіз. Тамашалағаныңыз ағайынтуманың жарастығы, бала-шағаның қаумалағаны, естігеніңіз неме­ре-жиендердің «әже» деген тәтті тілі мен сүйкімді қылығы болсын! Жа­ныңыз жадырап, күндей күліңіз. Деніңіз сау, басыңыз аман бол­сын! Ана, біз бақыттымыз.

Құттықтаушылар: жұбайыңыз Амангелді, балаңыз Назар, қыз-күйеу балаңыз Қуатбек-Гүлназ және жиеніңіз Ислам Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылының тұрғыны құдағиымыз ОРЫНҒАНЫМ­ДЫ 58 зейнеткерлік жасымен құттық­таймыз! Дүние кеме болса, өмір – теңіз, Денсаулық пен жансаулық ұғым да егіз. Отбасыңмен аман-сау жүре берші, Өтер ғұмыр, келмес қайта 58. Анасың, ана – бұл киелі есім, Бар жақсылық бойыңа иеленгін. Сен – бәйтерек, үш бала, үш ұрпағың, Жапырақ жая берсін немере-жиендерің.

Ізгі тілекпен: құда-құдағиыңыз Базарбай-Ажар, қыз-күйеу балаңыз Роллан-Манар, жиендеріңіз Ерасыл, Жанасыл Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылының тұрғыны, асқар тау әкеміз Айболат Бақытұлы Қаратаевты мерейлі 50 жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Жан әке, құтты болсын 50 жасың, Біз үшін ардақты ғой алтын басың. Немереден көріңіз шөберені Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.

Құттықтаушылар: балаларыңыз Али-Гауһар, Мейрам-Айнұр, Азат-Сандуғаш, Гүлсая, немерелеріңіз Малика, Саяра

Назарбаев мектебі қызметкерлерді қабылдауға конкурс жариялайды Сатып алу жөніндегі маман – 1 бірлік, баспасөз хатшысы – 1 бірлік, кітапхананың меңгерушісі – 1 бірлік, есепші – 1 бірлік. Түйіндемені Орал қаласы, Московская 16 к., тел.: 8 (7112) 22-27-04. «Газжобалау» ҒЗЖИ ЖШС басқармасы 2014 жылдың 18 сәуірі күні сағат 10.00-ге Орал қ., Дина Нұрпейісова көш., 12/1 мекенжайы бойынша белгіленген ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысы өтпейтіндігін хабарлайды. ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының өткізілу мерзімі қалыпты режимде бекітіліп, хабарланатын болады.

Облыстық қазақ драма театрының сәуір айындағы репертуары 13 сәуір

А.Милн “Достар ” (ертегі) Басталу уақыты : 12.00

мов А.Макси 13 сәуір қты күз” а р ы п а ж ) “Жасыл лодрама алық ме 0 .0 (мистик 7 :1 уақыты Басталу

16 сәуір Г.Хугаев “Қиқарлар” (комедия) Басталу уақыты: 18.00

«Жайық Пресс» ЖШС-ға мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман қажет. Түйіндемені 50-30-14 факс нөміріне жіберіңіз.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.