Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет
+ 13 С +4 С 0
0
Сейсенбі, 15 сәуір 2014 жыл №41 (19960)
www.zhaikpress.kz
Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
Ырыс алды – ынтымақ
oral_oniri@inbox.ru
достық
Екі елдің дипломын иеленбек
4
әлеумет
"Татулығымыз тағдырды жеңді"
Шаһар шырайланып келеді Өткен сенбіде өз қаласының таза болғандығын қалайтын оралдықтар сенбілікке шықты.
Н
аурыз айынан бастап қала көшелерін тазалауға барлық мекеме-кәсіпорын ұжымдары жұмылдырылып келеді. Ол дұ рыс та. Өйткені күнделікті жүріп-тұратын қала көшелерінің таза әрі көрікті болуы әрбір қала тұрғыны үшін аудай қажеттілік. Ғабит ҒАЗИЕВ, БҚО экология департаментінің бөлім басшысы: - Өткен сенбіде қала орталығындағы қараусыз қалған саябаққа БҚО бойынша экологиялық департаменті, балық инспекциясы және "Қазгидрометтің" облыстық филиалының ұжымымен бірігіп, тазалық
жұмыстарын жүргіздік. Алдағы уақытта 300 түп ағаш, оның ішінде шырша, аққайың, та ғы басқа да түрлерін отырғызамыз. Егілген ағаштарды болашақта да суарып, айналасын тазалап, қала тұрғындарының демалыс орнына әрі көз қуанышына айналуына бар күш-жігерімізді саламыз. Айдынбек ЗЕЙНҚАБДИЕВ, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің 2-курс студенті: - Өткен сенбілікте біздің колледж студенттері Шаған өзенінің жағалауына және Ж.Досмұхамедов көшесінің бойына тазалық
санитарлық жұмыстарын жүргіздік. Бүгін, міне, Жұбан ақын саябағы аумағындағы тал-теректің түбін қопсытудамыз. Ал басқа топтың студенттері Достық даңғылын тазалап, қаламыздың сәнін келтіруде. Иә, бұл күні қала әжептәуір ажарланып, қысқы қоқыстардан арылып, көше біткен кәдімгідей жеңілдеп қалды. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы лар көлігі және автомобиль жолдары бө лімінің мәліметі бойынша өткен сенбілікке 21426 адам қатысып, 654 текше метр күлқоқыс аулаққа шығарылды. Әсіресе, Сарытау шағынауданы мен Тәуелсіздік, Темір Масин және Чапаев затоны көшелері, сонымен қатар Желаев күрежолының бойы тазартылды.
Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ, "Орал өңірі"
5
2
АҚПАРАТ Cейсенбі, 15 сәуір 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Оралға Атырау көшіп келгендей... Сәуірдің 11-інде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыстық қазақ
P
P
Орал қаласында басталған екі айлық сенбілік аясындағы игі істерден кәсіпкерлер де шет қалмай отыр. Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, Болат есімді (аты-жөнін жарияламауды сұраған) оралдық кәсіпкер әр қайсысы 90 мың теңгеден тұратын жеті шыршаны шаһарға өз қаржысына сатып алып берген. Қысы-жазы бір түсті жеті метрлік сирек ағаштар облыстық филармония маңына отырғызылып, қаланы ажарландыра түсті. Сонымен қатар облыстық экология департаменті ұжымы да 500 түп, оның ішінде сәндік ағаш түрлерін егуге ұсыныс білдірген. Қазір әдемі ағаш түрлерін отырғызатын ыңғайлы орын қарастырылуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова Тасқала ауданындағы қос кәсіпорынды «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымымен марапаттады. Аудан әкімінің орынбасары Сырымбет Серғалиев аудан экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген белгілі кәсіпкерлер, «Арай» шаруа қожалығының басшысы Жарас Жамансариев пен «Рамазан» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Жарасхан Нұрашевқа Астанадан келген алғысхатты табыс етті. Кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетуде көпке үлгі болып келеді.
Кәсіпкерлердің жадына! Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жұмыстарының маңызды ба ғыттарының бірі – жеке кәсіпкерлердің қызметіне мемлекеттік бақылаушы орган дардың заңсыз араласуына тосқауыл қою, уақтылы заңбұзушылықтарды жою, осы саладағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Орал көлік прокуратурасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында, барлық қадағалау саласы бойынша қызметкерлерден же дел әрекет жасау тобы құрылған. Кез келген кәсіпкер, бақылаушы органдардың тексерісінің заңды лығына көз жеткізу үшін 50-89-87, 51-14-20 немесе zrtp-uralsk-kanc@ prokuror.kz электрондық мекенжайға хабарласуына болады. Сонымен қатар мемлекеттік органдар тексеру жоспарларын Қа зақстан Республикасының Бас прокуратурасының www.prokuror.kz сайты арқылы кез келген кәсіпкер жоспарлы тексерудің заңға сәйкес ашылғанын көре алады. Тексеру жөнінде ақпаратты 1012 нөміріне хат жіберу немесе Call – орталығына (ҚР бойынша бірыңғай нөмірі - 115) телефон шалу арқылы жедел алуға, білуге болады.
Орал көлік прокуратурасы
драма театрындағы Атырау облысы кәсіп орындарының өнімдері көрмесін аралап, об лыстық тарихи-өлкетану мұражайы экспонаттарымен танысты. Одан кейін өңір басшысы атыраулықтардың қорытынды гала-концертін тамашалады.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі» Атырау облысының қорытын ды гала-концерті республикалық, халықаралық фестивальдердің лауреаты Орақ Жауыров тың дирижерлік етуімен Д.Нұр пейісова атындағы академиялық ұлт-аспаптар және «Нарын» ха лық аспаптар оркестрлерінің орындауындағы Құрманғазының «Серпер» күйімен басталды. Концертте атыраулық танымал өнер ұжымдары мен әншілері өнер лерін паш етті. «Ақ ерке – Ақжайық» ұлттық-халықтық ансамблі нің өнері, ҚР мәдениет саласы ның үздігі Қайрат Кәкімовтің орындауындағы Мұхиттың «Паңкөйлегі», танымал әнші Гүлмай дан Сүндетова сызылтқан «Менің елім», ҚР мәдениет қайраткері Аманжан Басығариев шырқаған «Өз елім» әндері көпшіліктің кө ңілінен шықты. Республикалық байқаулардың лауреаттары Ринат Ғимрановтың, Ерлан Райысовтың, Темірбек Хайдаровтар дың күй тартыстары шеберліктің көрінісі болды. Атырау лық термешілер Ақмарал Ноғай баева, Шолпан Мұқашева, Гауһар Әбдірахим, Пахаман Құтты
Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ
мұратов, Айдар Иманғалиевтер өздерін батыстың ән мектебінің марғасқалары екенін танытып, арқаны кеңге, арманды өрге салып, әуелеген әуендерімен жи налған жұртты елітті. Бишілер де өз өнерлерімен тамсантты. Әсіресе, Шара Жиенқұлова атындағы халықаралық би сайысы ның жүлдегері Назгүл Жүсіпова орындаған «Бақыт құсы» биіне көпшілік үлкен қошемет көрсетті. Жалпы, атыраулықтардың мәдениет күндеріне асқан дайын дықпен келгені концерт барысында байқалып-ақ тұрды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев атыраулық қонақтар мен өнер паздарға облыстағы мәдени күн дері үшін ризашылық білдірді. – Қазақстан Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев өңір басшыларына облыстардың бір-бірімен араласып, экономикалық, мәдени, гуманитарлық, қоғамдағы барлық жетістіктерін өзара бөлісе отырып, тәжірибе алмасуды, ор тақ үйіміз Қазақстанды дамытуға үлес қосуды тапсырған болатын. Соған орай Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхам бетовтың бастауымен мәдениет күндері жоғары деңгейде өз мә ресіне жетті. Қазақтың ақыны
Фариза Оңғарсынова «Атырау - ақжарқын ел, жайлы қалам, ән мен күй, көкірегінде таусылма ған» деп айтқандай, қазақтың қай өңірі де өнерге, мәдениетке, дәстүрге толы. Соның ішінде батыс өңірі де. Атырау облысында да бұл дәстүр жоғары деңгей де. Мәдениетімізді, дәстүр мен тілімізді сақтай отырып қана бабаларымыз аманат еткен елімізді, байтақ жерімізді, тәуелсіздігі мізді сақтай аламыз, – деген өңір басшысы облыстардың жетістіктеріне марқайып отыратын кез көп болсын деген игі тілегін жет кізді. Облыс басшысының айтуынша, алдағы мамыр айында Атырауда БҚО-ның мәдениет күндері өтеді. Нұрлан Асқарұлы атыраулық қонақтарға алғысхат пен «Тойота» автобусының кілтін табыс етті. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев алдағы уақытта да екі жақтың арасындағы сан салалы байланыстың үзілмейтініне сенім білдірді. Шара барысында ыстық ықылас танытып, жылы қар сылаған батысқазақстандықтарға, облыс басшысы Нұрлан Ноғаевқа алғыс айтқан Ғұмар Ис лямұлы алтын жалатылған домбыра кәдесыйын тарту етті.
Өнім өткізу көкжиегі кеңейеді Самара облысында ба тысқазақстандық қой етіне сұраныс үстем. Сондықтан самаралықтар БҚО фермер леріне өз базарларынан сауда орындарын ашуды ұсынды.
О
блыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасымен БҚО-ның делегациясы Самара облысының губернаторы Николай Меркушинмен кездесіп, самаралық базарларға ет жеткізу мәселесін талқылады. Сонымен қатар облыстық «Губер ниялық базар» және дайын ет өнімдерін экспорттайтын «Гарибальди» компаниясының өндіріс тік базарларында болып, жұмыс тарымен танысты.
– Бүгінде Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының бір қатар өңіріне ет экспорттайды. Біздің «Премиум» класты сиыр еті ресейлік нарықта сұранысқа ие. Қазіргі жұмыс істеп тұрған өндірістерден өзге өңірде 20142015 жылдары жалпы құны 6,9 млрд. теңгелік 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. 2015 жылға қарай 9400 тонна етті экспортқа шығару көзделуде. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы бойынша бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде жә не өнімдерімізді өткізетін нарық тарды іздестірудеміз. Мұның екі жаққа да, алдымен тұтынушыға тиімді болатынын айтқым келеді, өйткені ет өнімдерін сату тікелей, делдалсыз жүзеге асырылады, – деді БҚО әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов Самара облысының губернаторы Николай Меркушинмен кездесу барысында.
Арман Кәрімұлы Николай Меркушинге БҚО-ның тауар өндірушілері Самара облысына өз өнім дерін жеткізуге ынталы екендіктерін жеткізді. Бұл жерде әңгіме ет және көкөніс қалбырлары, ет өнімдері жөнінде болды. Самара об лысының басшысы батысқазақ стандық тауар өндірушілерге облыстағы базарлардан сауда па вильондарын ашуды ұсынды. – Мәселе мынада, көптеген өнім ірі жабдықтаушылардың әріптес тігімен сауда желілері арқылы өткізіледі. Өкінішке орай, ондағы ресейлік еттің үлесі онша емес. Біз қазір желілердің үстемдігін әлсірету бағытында жұмыстанудамыз. Самара облысында агроөнер кәсіп паркі құрылады. Паркте жер гілікті өндірушілердің өнімдері жинақталады да, содан кейін ор талықтандырылған күйде барлық сауда нүктелеріне таратылатын болады, – деп мәлімдеді Николай Меркушин.
Николай Меркушин облыстық үкіметтің ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Виктор Альтерготқа БҚО-дан етті тікелей жеткізу мүмкіндіктерін қарас тыруды тапсырды. А.Өтеғұлов Самара облысының басшысына облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың Оралда жаздың ортасында болатын шекаралас аймақтардың форумына қатысуға шақырғанын жеткізді. Самарада 1,5 миллион адам тұрады. Қала әкімшілік 9 ауданға бөлінген және 7 ірі базар жұмыс істейді. Жылқы және қой етіне сұраныстың жоғары екенін биліктегілермен қатар сауда орында рының да өкілдері айтады. «Самарада өткен бірлескен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі барысында мұны анық байқадық. Орталық губерниялық базарда Самара және Саратов облыстарының ет өнімдері қойылған. Қазір он-
да 50 орын бос тұр. БҚО-ның ет өнімдері бізде сатылатын болса, жақсы болар еді. Білуімше, қазақстандық ет әлдеқайда арзан әрі жоғары сапалы. Сондықтан Батыс Қазақстан өңірінен ет жеткізіледі деп күтеміз» дейді Самара қалалық округі тұтынушы лар нарығы департаменті бас шысының орынбасары Станислав Максимов. Самара облыстық үкіметі төр ағасының орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығы және азықтүлік министрі Виктор Альтергот тың айтуынша, Самара облысы өзін етпен 50%-ға қамтып отыр. Соның өзінде ол тек сиыр еті, ал жылқы еті өндірісте жоқ. Қой еті де тапшы. Виктор Альтергот батысқазақстандық көршілердің Самара облысының нарығын ет өнімдерімен толығымен қамтуға мүмкіндігі бар деп есептейді.
Н.ПОРТНЯГИНА
ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru
Cейсенбі, 15 сәуір 2014 жыл
«Жайық жұлдызы» – Қаратөбе төрінде
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша
Таяуда аудандық мәдениет үйінде аймақтық «Жайық жұл дызы» қоғамдық қорының бастамасымен «Туған елге тағ зым» атты әдеби-мәдени сазды шара өтті.
2005 жылдан бері Еуропа аймағында өтіп келе жатқан иммундау апталығы облысымызда 22-26 сәуір аралығында өтпек.
Иммундау апталығы өтеді Жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау - ауырмаудың ең тиімді жолы. Халықты вакциналаудың нәтижесінде жұқпа дерт атау лымен сырқаттану деңгейі едәуір төмендеді. Биылғы апталық «Өмір үшін иммундау» ұраны мен өтеді. Вакцинаның арқасында шешек ауруы жойылды. 1977 жылдың қазанынан бастап әлемде шешекпен сырқаттанған бірде-бір науқас тіркел ген жоқ. Иммундау әдісінің кө мегімен басқа да жұқпа ауруларды ауыздықтау көзделуде. 2002 жылы Қазақстан полиомие литтен еркін аумақ ретінде сертификатталды. Алайда Африка ның кейбір елдерінде, Пәкіс танда, Ауғанстан мен Үндістанда жабайы полиомиелит вирусы ның айналымы бар. Бұл жұқпаның біздің елге ену қаупін үзіл
ді-кесілді жоққа шығаруға бол майды. Сондықтан облыста полиомиелитке қарсы вакциналау жалғастырылуда. Халықты вакцинациялау 21 жұқпалы ауруға қарсы тегін жүр гізіледі. Қазақстанда әр адам вакцинамен егілуге қол жеткізе алады және басқа елдерден келгендер де ақысыз егіледі. Өткен жылы еліміздің Ұлттық егу күн тізбесіне жаңа құрамдас вакци налар енгізілді, бұл вакциналар бір иньекциямен 5-6 жұқпа ға қарсы, яғни көкжөтел, күл, сіреспе, вирусты В гепатиті, гемофильді инфекция, полиомие литке қарсы вакцина алуға мүм кіндік береді. Соңғы кезде бұқаралық ақпа рат құралдарында, ғаламторда вакцинаның қауіпсіздігіне кү мән тудыратын жалған ақпарат
таратқан мақалалар қылаң беруде. Соның кесірінен қоғамда негізсіз қорқыныш туындап отыр. Облыста түрлі себептермен ба лаларының алдын ала егілуіне қарсылық білдіретін ата-аналар тіркелуде. Өткелі отырған иммундау апталығы ата-аналардың вакцина жөніндегі түсінігін ке ңейтіп, өскелең ұрпақтың уақ тылы егілуін қамтамасыз етпек. Құрметті ата-аналар! Ұл-қызыңыздың денсаулығы – өз қолыңызда. Балаңыздың елі міздің дені сау азаматы болуына көмектесіңіз.
Алтын ОРЫНҒАЛИЕВА, БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы ның орынбасары
Сахнаға көтеріліп, сөз алған аталмыш қор директоры, халық аралық ақындар айтысының бірнеше мәрте жеңімпаз-жүлдегері Бауыржан Халиолла шара мақсатына тоқталып, қаратөбелік ағайынға жырдан шашу шашты. Жергілікті ағайынға рухани азық сыйлауды парыз санаған кеште республикалық термеші лер байқауының жеңімпазы Армат Исламғалиев халық әндеріне қоса, Мұхит пен Ғарифолланың әндерін орындады. Орал дық жыршы Фархат Оразов ха лыққа Наурызбек жырау мен Махамбеттің толғау-термелерін тарту етті. Кешті жүргізген Ақ Жайық өңіріне танымал айтыскер ақын Эльдар Ихсанов та ел алдында ән шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ауданға ат басын тірей келген өнер өкілдеріне Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бақыт жан Жүсіпқали ел-жұрт атынан ризашылығын білдірді.
Ертай БИМҰХАНОВ, Қаратөбе ауданы
«Мені жұмысқа алмайтындықтан, жұмыс тәжірибем жоқ, себебі мені жұмысқа алмайды», – дегенге ұқсас таптаурын сөздер отандық ЖОО түлектері арасында кездеседі. Алайда студент бола тұра, Қазақстанда тәжірибе алу әбден мүмкін. «Kcell академия» жобасы студенттердің өз дарыны мен тәжірибелік машықтарын әр түрлі байқау мен олимпиадаларда іске асыруға көмектеседі.
Ә
л-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен студенттер арасындағы VI республикалық олимпиадада
ҚарМУ студенттерінің пікірінше, тарихты интерактивті зерттеген дұрыс. Сол себептен олар «Nomad wars» («Көшпелілер со-
«iRUN», «Nomad Wars»
ғысы») деген компьютер ойынын ойлап шығарған. Олардың па йымдауынша, компьютер ойыны бұл Орта Азия аумағындағы көне мемлекеттердің құрылуы туралы әлдеқайда қызықты тәсіл болып табылады. ХБА атынан олимпиадаға қатысушылар Қазақстанның бар лық туроператорлары үшін бірегей сайт жасауды ұсынды. Туристік фирма клиенттері өздерін қызықтыратын барлық сұрақ ты турфирмаға үйден шықпай-ақ, онлайн форматында бейне-сұх баттасу арқылы қоя алады. «Компаниямыз тек ішкі нарықтағы қызметкерлерді жұмыс қа алады. Сондықтан біз Қазақ стан студенттерінің сапалы кәсіби даярлануына мүдделіміз. Соңғы екі жылда біз көптеген ЖОО
Республикалық кезеңге жолдама алды Таяуда «Дарын» қосымша білім орталығында облыстық ХV Абай оқулары мен V Махамбет оқулары өтті. Аталмыш сынға Теректі ауданының намысын қорғауға барған 6 оқушы да жүлделі оралды. Ақжайық мектебінің оқушылары И.Мұратов 1-орын, Г.Қадырова 2-орынды иленсе, «Үміт» гимназиясының оқушы сы А.Мерсадықов пен Ақсуат мектебінің шәкірті Ж.Әбуғалиев 3-орынды қанжығаларына байлады. Байқау қорытындысында ақжайықтық Ислам Мұратов Шы ғыс Қазақстан облысының Абай ауданында қыркүйек айында өтетін ХV Абай оқуларының рес публикалық кезеңіне жолдама алды.
Астанадан жеңіспен Футболдан бірінші лига командалары арасында ел чемпионатының екінші турында «Ақжайық» жеңіске жетті. «Астана аренада» жергілікті «Астана-1964» командасымен күш сынасқан батысқазақстан дықтар 2:1 есебімен басым түсті. Ойынның 52-минутында сербиялық шабуылшы Данило Белич биылғы маусымда ғы екінші добын соқса, арада бес минут өткенде, алаң иелерінен Драмане Коне есепті теңестірді. Дегенмен 81-минутта «Ақжайықтың» жас шабуылшысы Иван Антипов өз командасына жеңіс әперді. Қос турдан кейін «Ақжайық» төрт ұпаймен бесінші орында келеді. Келесі кездесуін орал дықтар 19 сәуірде осы жолы өз алаңында Шымкенттің «Қыранынан» ұтылып қалған, өт кен жылы премьер-лигада ой наған Өскеменнің «Востогын» қабылдайды.
Қазақ күресі жанданбақ
және cмартфондарға арналған киіз қорғаныс еліміздің 18 ЖОО студенттері инновациялы әрі талап етілетін өнім жасауға қабілетті екенін дә лелдеді. Мысалға, түйенің жүні мен терісінен смартфондарға арнап жасалған экоқап. Оны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Greens» командасы ұсынды. Студенттердің пікірінше, мұндай қап смартфон пайдаланушысын те лефонның зиянды сәулеленуі нен қорғайды. Одан бөлек, бұл экологияға залал келтірмейтін тамаша аксессуар. Шымкенттен келген ОҚУ студенттері де ортаға қызықты жобаны ұсынды. Олар айран мен таурин негізінде энергетикалық сусын жасаған, ол өзге энерге тикалық сусындардан ерекше, пайдалы да болып келеді. Олар да өз өніміне «iRUN» деп жаңа түрде ат берген.
3
студенттердің нақ тәжірибелі машықтарын дағдылауға бағытталған байқаулар өткізе баста ғанын байқап жүрміз. Бұл - өте маңызды беталыс. Себебі ЖОО мен бизнес міндетті түрде тығыз байланыста жұмыс жасауы тиіс. Сол кезде университеттер іс жү зінде талап етілетін мамандарды дайындап, ал бизнес оларды қуана жұмысқа алатын болады», – деп атап өтті «Кселл» АҚның бас атқарушы директоры Али Аган. Осы жылдың басынан бастап «Kcell академия» үш жобаға қол дау көрсетті. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында «Жас зерде» тақырыбымен студенттердің маркетингті және әлеуметтік зерт теулерінің халықаралық байқауы ХБА-да өткізілді. Бұл байқау-
ды ҚҚНКЗҚ ұйымдастырған болатын. Байқауға Қазақстанның барлық өңірі мен ТМД елдерінің 50 жұмысы атсалысты. Ақпан айында Kcell қолдауымен Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Бәсекеге қабілеттілік және кәсіпкерлік: Қазақстан және өзге жаңа экономикалар» атты студенттер арасында халықаралық конференциясы өтті. Аталмыш конференцияға бүкіл Қазақстаннан және шетелден келген студенттер, кәсіпкер лер мен бизнес көшбасшылары, сондай-ақ «Cambridge Univer sity», «London School of Business», «London School of Economics» сияқты әлемдік университеттердің жетекші академиктері қатыс ты. Ж
Жақында «Сырым аудандық қазақ күресі федерациясы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Федерация президенті болып Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтыру шысы, «Сырым колледжі» МКҚК директоры Санат Берсебаев сайланды. – Біздің аудан басқа спорт түрлерін былай қойғанда, кү рестен мықты. Осы сөзіме ау дандағы күрес тарихын толықтырып тұрған саңлақ спортшылар мен бозкілемде бағы биік болып жүрген бүгінгі чемпион дарымыз айқын дәлел. Аудан басшылығы тарапынан бастамаларыңыздың баянды болуын тілеймін әрі оған қолдау шы болуға дайынмын, – деді аудан әкімі Абат Шыныбеков бастамашыл топтың бас қосуында.
Өз тілшіміз
4
достық Сейсенбі, 15 сәуір 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Екі елдің
дипломын иеленбек Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты тиімді байланыстар орта
және жоғары білім беру ісінен де кең көрініс тауып отыр. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ресейлік жоғары оқу орындарымен біріккен жобаларды іске асыруға мүдделі.
О
сы мақсатта жуырда университетімізде Ресейдің Ульянов қаласынан келген ғалымдар өздері жасақтаған озық жобаларды ортаға салды. Ульянов мемлекеттік педагогика лық университетін жылына мың даған түлек тәмамдайтын болса, соның 75%-ы – педагог-мамандар. Кездесу барысында екі оқу орны біріккен оқу бағдарламасын жасау, қазақстандық магистранттардың
Ресейде ғылыми іс-тәжірибеден өтуін қамтамасыз ету, студенттер дің әлеуметтік жағдайын жақсар ту секілді бірнеше инновациялық жобаларды талқылады. Кездесу барысында халықаралық ынты мақтастық аясында екі жақты байланысты нығайту үшін меморан думға қол қойылды. - Ресейлік жоғары оқу орны шағын мектептердегі жұмыс тәжі рибесімен бөлісті. Бұл – еліміздегі
білім беру саласындағы күрделі мәселелердің бірі. Осыған орай шағын мектептерге мұғалімдер дайындауда Ульянов мемлекеттік педагогикалық университетінің мол тәжірибесі бар және бұл жағынан да болашақта жиі тәжі рибе алмасатын боламыз, - дейді М.Өтемісов атындағы БҚМУдың бірінші проректоры Әсет Тасмағамбетов. Ал Ульянов мемлекеттік педаго
гикалық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Наталья Ильинаның айтуынша, екі жаққа да өте тиімді әріптестік байланыс тек педагог мамандарды ғана емес, жалпы әлеуметтікгуманитарлық саладағы кадрларды даярлау бойынша да ай қын көрініс тауып отыр. Білім бе ру бағдарламасы аясында даяр лықтан өткен мамандар бірден Ресейдің және Қазақстанның дип
Мегажоба
Жәнібекте жалғасты
Көктемнің салқын желіне қарамай, жерлестеріміз Бөкей ордасы ауданынан келген делегацияны қуанышпен қарсы алды.
Б
ұл шара ұлттық рухы ызға шамшырақ болған м ғұлама ақын Ғұмар Қа раш ескерткішіне тағзым етумен басталды. Ақын ескерткішіне Жәнібек, Бөкей ордасы ауданда рының әкімдері Мұрат Мұқаев пен Нұрлан Рахымжанов гүл шоқта рын қойды. Жалпы, қос ауданның тағдырталайының ортақ тұстары көп. Ел үшін Ұлы Отан соғысында қыршын кеткен боздақтар рухы мәңгілік құрметтелуі тиіс. Көпшілік қауым мұны «Мәңгілік алау» жанындағы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова ескерткіші алдында өткен құрмет шарасында терең түйсінгені анық. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев пен бөкейордалық ардагер Ноқаш Қадимов гүл шоқ тарын қойған соң, ерлік ісімен ел жадында қалған жауынгерлер рухы үшін бір минут үнсіздік жа рияланды. Кейін аудандық балалар-жасөс пірімдер спорт мектебінде спорт тық шараның ашылу салтанаты өтті. Әнұран ойналып, алғысөзге орын берілді. «Қасиетті Жәнібек жеріне аяқ басқан бөкейордалық қауым, қош келдіңіздер! - деді ау дан әкімі Мұрат Мұқаев. Әріптес тік, достық мүдде тұрғысынан қауышу жолында өтіп жатқан
барлық іс-шараның маңызы зор. Бәріңізге амандық, зор денсаулық тілеймін. Спортшыларымызға үл кен сәттілік тілеймін! – деді Жәні бек ауданының басшысы. «Құрметті жәнібектіктер, ықы ластарыңызға рақмет, - деді ізетті ізеттілікпен іліп әкеткен Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов. - Міне, өңірімізде жүзеге асып жатқан эстафета тіні сіздердің жерлеріңізде де жал ғасын табуда. Мегажоба аясы жанжақты қамтылсын деп спортшыларымызды да алып келдік. Өзара достық, ынтымақ ырысы жараса берсін». «Жаснұр» тобы рухты ән шыр қаған соң, волейболдан қос ауданнан келген команда арасында жолдастық кездесу басталып кетті. Қызу тартыста жәнібектік әуе допшылар жеңіске жетті. Аудан әкімдігінде өткен «Бейбітшілік пен келісім - Қазақстанның ең басты байлығы» атты дөң гелек үстелді аудан әкімі Мұрат Мұқаев ашып, жүргізіп отырды. - Халықтар достығы мен ұлта ралық келісім - еліміздегі саяси тұрақтылықтың кепілі, - деді аудан басшысы өз сөзінде. - Осынау басты құндылығымыздың арқасында бүгінгі таңда елімізді мекен еткен сан алуан ұлт пен ұлыстар татутәтті, бірлікте өмір сүріп, салт-
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғыртып келеді. Бұдан соң Бөкей ордасы ау данының әкімі Нұрлан Рахымжанов екі аудан тұрғындарының талайлы тағдыры бір тоғысқандығын, екі ауданның да аумағы Ресеймен шектесіп жатқандығына тоқ талып, көршілердің достық қа рым-қатынасы мәңгілік жалғаса беретінін айтты. Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыс ассамблеясы жанындағы «Дос» қоғамдық қоры ның директоры Вера Шохина өз кезегінде болашақта мегажобаның ауқымы кеңейіп, жоба аясында облыс аудандарының бір-бірімен байланысы нығая түсетінін, таяу уақытта облыс орталығындағы
этномәдени бірлестіктердің ау дандарды аралап, ұлттық дәстүр леріне сай мәдениеті мен өнерін өңір жұртшылығына паш ететінін мәлімдеді. - Жас ұрпақты достық пен бірлікке, төзімділікке балғын шағынан тәрбиелеуіміз қажет. Бүгінгі мегажоба соның айқын кө рінісіндей болып отыр. Бұл үрдіс үзілмей сабақтаса байланысатынына сенім мол, - деді ол. Жиын тәмамдалар тұста аудан әкімдері екі аудан арасындағы ауыл шаруашылығы, мәдениет, бі лім, денсаулық және кәсіпкерлік салалары бойынша тәжірибе ал масу, сондай-ақ ауылдардағы ор тақ мәселелерді бірлесіп шешу жө ніндегі меморандумға қол қойды. - Қос аудан арасындағы мега
ломын иеленеді. Тағы бір басым дығы - академиялық ұтқырлық негізінде білім алатын жас ізденуші ғалымдармен бірге магистранттар мен профессорлық-оқытушылық құрамның қатары да арта түседі.
Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың баспасөз хатшысы
жобаның өтуі, сөз жоқ, достық пен тұрақтылықтың орнығуына, жастардың бойында елжандылық сезімнің артуына дәнекер болды. Осындай ізгі шаралар бұдан былай да жалғасын таба береді, - деді аудан әкімі Мұрат Мұқаев жиын соңында. Аудан орталығында өткен жы лы ашылған Достық үйінде бөкей ордалықтарды Жәнібекті мекендейтін 16 ұлт өкілдері өздерінің дәстүрлеріне сай дәм-тұзын ұсы нып қарсы алып, ән-күйден шашу шашты. Осында болған жылы жүздесу үстінде Жәнібектегі «Ақ көгершін» интернационалдық дос тық клубының жетекшісі Сәния Ғайнөшева облыс аудандарының арасында дара да бірегей клуб тың жұмысындағы жетістіктерді меймандарға таныстырды. Аудандық мәдениет үйінде Бөкей ордасы ауданының концерттік бағдарламасы оздырылды. Кеш мәресіне таяғанда, Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов жәнібектіктерге алғыс білдіріп, «Бейбітшілік пен ке лісімнің жол картасы» мегажобасы эстафетасының кітабын, алғысхат пен естелік сыйлығын аудан әкімі Мұрат Мұқаевқа табыстады. Бөкей ордасы ауданының қадірлі ақсақалы Нұрхат Шәріпқалиев жыр шумағын шашып, «Нарын нар түлегім» атты өлеңдер жинағын Мұрат Рахметұлына тарту етті. Сөз тізгінін алған аудан әкімі Мұрат Мұқаев Елбасымыздың бастамасымен еліміз бойынша жүріп жатқан «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының мәніне тоқталып, бүгінгі шарада екі аудан арасындағы құрылыс, мәдениет, білім, денсаулық салаларында ме морандумға қол қойылғандығын айтып, шебердің қолынан шыққан ауданның «Жасампаздық тұғыры» бейнелік мүсіні мен алғысхатты Бөкей ордасы ауданының әкіміне табыстады. Нұрымбек ЖАПАҚОВ, Жәнібек ауданы
әлеумет Сейсенбі, 15 сәуір 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
«Татулығымыз
5
тағдырды жеңді»
Жарық дүниені жанарымен емес, жан дүниесімен сезінетін оралдық пианист Саида Қалықова туралы біз бұрын да жазғанбыз. Осы кейіпкеріміз жақында «Болашақ» бағдарламасы бойынша классикалық музыканың Отаны саналатын Италияның Флоренция қаласындағы Луиджи Керубини атындағы консерваторияның магистратурасын фортепиано класы бойынша үздік бітіріп, елге оралды. ...Сабақ үлгерімі мен қоғам дық жұмыстар бойынша тең құр бысының алды болып, желкілдеп өсіп келе жатқан Саида 1994 жы лы 9 жасар кезінде денсаулығы сыр беріп, Мәскеудегі академик Н.Бурденко атындағы нейрохирургиялық ғылыми-зерттеу институтында отадан (операциядан) өтуге мәжбүр болды. Осы отадан кейін оның көз алды тұмшалан ды... Бірақ тағдырдың бұл қатал сыны қаршадай қызды қайыс тыра алған жоқ, қайта оның қай сарлығын шыңдай түсті. Қатал тағдырға қарсы тұрған Саида зағиптығына мойымастан, 2002 жылы Орал қаласындағы №3 му зыкалық мектеп пен №21 жалпы орта білім беретін мектепті алтын медальмен бітірді. Бұған қоса ол 2006 жылы Құрманғазы атындағы Орал саз колледжін, ал 2010 жылы Астанадағы Қазақтың ұлттық өнер университетін фортепиано класы бойынша үздік тәмамдады. Енді, міне, Саида қарындасымыз жоғарыда атап өткеніміздей, классикалық музыка патшалығы болып есептелетін Италияның Луиджи Керубини атындағы кон серваториясының жақында үздік дипломына қол жеткізді! Қазіргі кезде Саида Қалықованың репертуарында Абай, Ахмет Жұбанов,
Кенжебек Күмісбеков, Латиф Хамиди, Нағым Меңдіғалиев сынды отандық композиторларға қоса, Фредерик Шопен (Польша), Дмитрий Шостакович (КСРО), Энрико Гранадос (Испания), Оттарино Респиги (Италия), Габриэль Форе (Франция) секілді әлемдік деңгейдегі классикалық музыка алыптарының шығармалары бар. - Қызымыздың білімін жалғас тыруға құштарлығы күшті болған дықтан, біз оған тосқауыл болмай, қайта оның талабын ұштап, ұдайы қолдаумен келеміз. Әрине, Саиданың оқуына байланысты от басымыздың уақытша екі-үшке бө лінуі қиын соқты. Мен қызыммен әуелі Астанаға кеттім. Осы кезең де ұлымыз Арман Отанымыздың бас қаласындағы медициналық жоғары оқу орнында білімін жал ғастырды. Отағасы Тұрарбек болса, үйреншікті қызметінен қол үз бей, осындағы жұмысын жалғасты рып, әрі мұндағы үй-жайға қарап, Оралда қалды. Саида Л.Керубини атындағы консерваторияның ма гистратурасына түскеннен кейін қызымыз екеуміз Италия астық. Осылайша сүттей ұйып отырған отбасымыз үшке бөлінуге мәжбүр болды. Бірақ нәтижесінде жан ұямыздың татулығы арқасында біз тағдырды жеңіп, қызымыз әлем
Суреттерде: Саида ата-анасымен дік дәреже-деңгейдегі музыкалық жоғары білім алып, арманына жетті. Енді біразырақ күннен кейін Саида Астанадағы өнер орда ларының біріне өз мамандығы бойынша қызметке тұрады. Қиын кезде бізді қолдаған ағайын-туыс, дос-жаранға, сондай-ақ Меруерт Мусина, Қашура Әжіғұлова, Қамидолла Ирменов секілді дәрігерлер қауымына ай-
тар алғысымыз шексіз, - дейді бүгіндері Саиданың анасы Сәуия апа. Саиданың өзімен сөйлеске німізде, алдымен ата-анасына ризашылығын білдіріп, ол да жанашырлық танытып, демеушілік көр сеткен барша жанға жүрекжарды алғысын жолдады.
Бауыржан САЛЫҚҰЛЫ, «Орал өңірі»
Өмірге қайта келдім Мен бүгін өзім туралы жазғалы отырмын. Соңғы жылдары мен туралы аудандық, облыстық газет тілшілері біраз жазды. Кейде мен жайлы жазғандарын қаламай тұрсам да, өзім секілді тағдырлы жандарға менің өмір жолым сабақ болсын деген ой көлденеңдей береді.
Ө
мір ғой, соқталдай жігіт болғанша, түсіп қалған түймесін апасына қа датып жүрген мені бүгінде жұрт шылық, әсіресе, оқырман қауым тері бұйымдарының шебері деп таниды. Сонау тоқсаныншы жылдары ауыр кеселге тап болдым. Тұр мыстың қиындау шағы ғой, біраз саудамен жүріп қалсам керек, әбден суық тиіп, ауруымның ас қынғаны соншалық, жарты жыл жан сақтау бөлімінде, кейін екі жыл бойы аурухана кереуетіне таңылдым. Бел омыртқама екі рет күрделі ота жасалып, жұлыннан су алды. Өздігімнен қозғалуға
үміттің аз екенін ішім сезсе де күдерімді үзбедім. Дәрігер мамандар болса, кейін бәлкім арбаға отыруға жарап қаларсың дегенді айтты. Осылайша тағдырдың жазуы болар, мен І топтағы мүгедек санатына қосылдым. Отбасында анам мен үлкен апамның ерекше қамқорлығында ерке өскен мен өмірдің мәнін сол сәтте ғана ұқтым. Қиналсам да жасымадым, басыма түскен тағдырға мойынсұ нып, өмірге қайта келдім. «Алла қолдап, аяққа қайта тұр сам, қарап отырмаспын, зейнеткер анама қолғабыс етерге тырысармын» – деген арманым алдамады. Екі аяққа жан бітіп, еңсем тіктелді.
Сөйтіп, өздігімнен қозғала баста ған сәттен бастап, нендей болсын іспен шұғылдануға бел будым. Ата-тегіме дарымаған өнер, яғни тері қолөнермен шұғылдану естүссіз төсекке таңулы жатқан кезде түсіме енгендей болады өзіме. Өйткені осы істі қолға алған сәтте, құдды оқуын тауысып, әбден игерген кәсібім секілді тіпті өзім де таңғалдым. Менің бағыма орай, бір тылсым күштің қуат бергені шындық. Тұмар, әмиян секілді шағын бұйымдар жасаудан бастаған кәсібім, міне, 9 жыл бойы жан сері гіме айналды. Аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық
бірлестігі арқылы сан мәрте ұйым дастырылған қолөнер көрмесі мен өзге де шараларға үнемі қатысып келемін. Өз азаматтық пікір-пайымымды елге жеткізіп, әділдіктің салтанат құруына қолымнан келгенше атсалыспақ ниетпен «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне өттім. Жасаған дүниелерімді де ұдайы дамытып, тұтынушылар ал дындағы жауапкершілік жүгін адал атқаруға тырысып келемін. Өткен жылы республикалық деңгейде өткен «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» конкурсының фи налдық кезеңіне, Астана қаласына жол түсті. Осы уақытқа дейін үйдің шағын
Наталья СВЕШНИКОВА, Саиданың саз колледжіндегі ұстазы: - Біздің колледжге оқуға түскен жылы Саиданың мүмкіндігі тым шектеулі екендігін көргесін педагогтардың бәрі одан бас тартты. Шынымды айтсам, өзім де оны бастапқыда жүрексіне қабылдадым. Алайда Саида бір айтқаныңды екі еткізбей, музыкалық аспапта бір ойнағаныңды қалт жібермей қағып алатын өте зерек шәкірт болып шықты. Шәкіртімнің Луиджи Керуби ни атындағы консерватория ның магистратурасын үздік тәмамдауы, әрине, мен үшін де зор мерей-мәртебе. Саи даның алдағы уақытта да ұстаздарының үмітін ақтай беретіндігіне кәміл сенімдімін.
бөлмесінде жұмыстанып келем, қолданылатын түрлі желімдер мен бояулар исінің егде тартқан анамның денсаулығына қолайсыз әсері бола ма деген ой мазалайды. Тым тәуір алға басып келе жатқан кәсібімді дамыта түсуге шеберхананың жоқтығы қолбай лау болуда. Елбасы биылғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керектігін атап көрсетті. Нұрсұлтан Әбішұлының Жолдауын тыңдай отырып, көмек ке мұқтаж, қамқорлыққа зәру жандарға көбірек көңіл бөлінетініне қатты риза болдым. Ауданда мүм кіндігі шектеулі жандар жиі бас қосып, мазалаған сұрақтарымыз ды қозғап, ой бөлісіп отырамыз. Жуырда «Нұр Отан» партиясы ның аудандық филиалы төрағасы Кәрім Жақыповтың арнайы қабыл дауында болып, ауладағы жазғы сарайға жылу жүйесін жүргізіп, шеберханаға ыңғайлауға қолдау білдіруін өтінген едім. Әрдайым көмекке дайын тұратын азаматтар бұл ойымның іске асуына кірісуде. Жақын күндері арнайы жабдықталған шағын шеберханамда шаруамды дөңгелете бермекпін.
Арман АЙТБАЕВ, Зеленов ауданы
6
хат-хабар Сейсенбі, 15 сәуір 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Ана сүтінің ғажайып қасиеттері Дүниеге шыр етіп келген сәбидің ең алғаш татар дәмі – ана сүті. Туғанына жарты сағат өтпей жатып, сәби бірден ана сүтіне ден қояды. Ана сүті – әр түрлі дәрумендерге бай, сәбидің ауру-сырқаусыз дамып, жетіліп кетуіне оң әсер ететін, еш жерден сатып ала алмайтын ғажайып дүние. Ана сүті ашып кетпейді, суып қалмайды, қажет кезінде жаныңыз дан табылады. Сәби емген кезде баланың бүкіл ағзалары жұмыс жа сайды. Бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыз ерін бұлшық еттері тез жетіледі. Ең алғашқы уыз құрамы - сәбидің әл жинауына, тез ширауына қажетті витаминдерге бай. Ана сүтінің ға жайып қасиеті - бала өскен сайын сүт құрамындағы қоректік заттар да қоса өзгеріп отырады. Халқы мыздың әлжуаз, әлсіз балаларды «уызға жарымаған» деуі тегін емес. Мамандар зерттеуінің қоры-
тындысы бойынша сүт қоспала рында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат тек ана сүтінде ғана кездеседі. Балаға ең қажетті А,Е, Д дә румендері, белок, май, гармондар, темір, көмірсутектер ана сүтіндегі осындай ферменттердің және оның қалыптасқан құрамының болуы баланың тамақтануы кезінде ас қорытудың бұзылуын болғыз байды. Ол баланың ішектерінде патогенді бактериялардың таралуына кедергі қойып, пайдалы мик роорганизмдердің қоныстануына жағдай жасайды. Ұзақ уақыт емшек емген баланың
гипертониялық аурулармен, атеросклерозбен, қант диабетімен ауруы сирек кездеседі. Сонымен қатар ана сүті баланың ми тканьдерінің дамуына жақсы әсер етеді. Одан бөлек ана сүтін емген бала мейірімді, бауырмал, көпшіл болып келеді. Емізу ананың өзіне де оң әсер етеді. Бөбегін еміреніп, иіскеп, сылап-сипап емізген ананың өзі де тынышталып, жайлы сезімге бөленеді. Ал жасанды сүт қоспаларымен қоректендіргенде мұн дай жылы сезім болмайды. Ана сүтін рахаттана еміп, балбырап ұйқыға кеткен сәбиін көкірегіне қысқан ананың шексіз бақытын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өкініштісі, жас аналардың жасанды сүт қоспаларына иек артуы әлі күнге азаймай тұр. Жасанды сүт қоспалары химиялық құрамы жағынан ана сүтіне жақын болғанымен, бәрібір ана сүті-
Орал қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі «Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1-үй, 4-каби нет, анықтама үшін телефондар: 8-(7112)512438, факс: 8-(7112) 500977, электрондық мекенжайы: oralselhozotdel@mail.ru 1. Орал қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы, Е-R-4 санаты (№8-03), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Шаруа қожалықтарын, ауыл шаруашылығы кооперативтерін және шағын кәсіпорындарын ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы құрылымдарында жер реформасын жүргізу, мемлекеттің аграрлық саясатын жүргізу. Ауыл шаруашылығында мал басын өсіру, қолдан ұрықтандыру, мал басының өсімі туралы есеп беру. Қала аумағындағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында өндіріс көлемінің тұрақты өсуі үшін жағдай жасау және аймақтық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін ветеринарлық аурулардан сақтандыруды қамтамасыз ету. Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін басқа да жұмыстар атқару жүктеледі. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білімі агрономия, аграрлық техника және технология, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ветеринариялық санитария, ветеринариялық медицина мамандығы бойынша. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутатта рының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Орал қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы, Е-R-4 санаты (№8-06), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Тұқым шаруашылығы саласын дағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Тұқым шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады. Селекция, сортты сынақтан өткiзу және тұқым шаруашылығы жөнiндегi ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады. Тұқымның мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды және олардың сан-сапа жағынан жай-күйiне бақылау жасауды жүзеге асырады. Қаланың тұқым ресурстарының мониторингiн жүзеге асырады. Қала бойынша тұқымдар балансын жасайды. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді. Тұқым және сорттық шаруашылығы саласындағы бақылау: тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу, тасымалдау және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай: тұқым себу; ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң вегетациясы; жинау; тұқым құю; тұқым сақтау; өткiзу (тұқымдардың өткiзуге дайындалған және өткiзiлген партияларын, оның iшiнде экспорт және импорт кезiнде, олардың сапасының растаушы құжаттарға сәйкестiгiне тексеру) кезеңдерiнде тұқым шаруашылығы ережелерi мен нормаларын сақтау нысанында бақылауды қамтиды. Белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң тұқым өндiруiн бақылау, ол мынадай кезеңдердi қамтиды: тұқым себуге дайындалған егiстiктердi тексеру; вегетация кезеңiнде сорттық егiстердi тексеру; сорттық және гибридтiк егiстердi байқау және егiстiк зерттеудi бақылау; тұқымдарды жинау (жинап алу), тасымалдау, өңдеу (та-
зарту) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақы лау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білімі агрономия, аграрлық техника және технология, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы бойынша. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутатта рының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ор наласуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негізінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: - өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; - 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама; - бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куә ландырылған көшірмелері /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады/; - еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәлан дырылған көшiрмесi немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіп пен куәландырылған көшірмелері /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдар дың кадр қызметі куәландыра алады/; - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; - құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек. Конкурс комиссиясының қарауына қабылдау мерзімінде қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы жіберілген құжаттар (құжат тігілетін мұқабада орналастырылған) қабылданады. Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жібе рілген үміткерлер одан үміткерлерді жіберу туралы хабардар ету күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Орал қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде өтеді. Осы лауазымдарға орналасқан үміткерлер үшін көтермелеу шығындары төленбейді, үй және жеңілдіктер берілмейді. Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар мен сарапшылар қатыса алады.
нің орын толтыра алмайды. Жас ана сәбиін кем дегенде алты ай ана сүтімен қоректендіруі тиіс. Ең бірінші орында дене сымбатын емес, сәбидің денсаулығын ойлаған абзал. Дәрігер ретінде жас аналарға айтарым ана сүті сізге – Алланың берген нығметі. Ендеше, сәбиіңізді емізуден бас
тартпай тұрып, оның денсаулығын ойлап, екі жасқа дейін ана сүтінен ажыратпауға тырысқаныңыз жөн. Ж
Дина ҚАРЖАУОВА, облыстық перинаталды орталықтың медбикесі
«Орал қаласының №2 сотына «Ата-анасынан қамқорсыз қалған және жетім балаларға арналған №15 облыстық мектеп-интернаты» КММ-ның тәрбиеленушісі Шолпан Нигметовна Сембиеваны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы арыз түсті. Шолпан Нигметовна Сембиеваның мекендеген жерін білетін жандар болса, жарияланым берілген күннен бастап 3 (үш) ай мерзімде Орал қаласының №2 сотына хабарлауларыңызды сұраймыз! «Жайықмұнай» ЖШС ҚР-ның Экологиялық Кодексінің (57-бап) талаптарына сәйкес Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің БҚО экология департаментіне келесі жобалық құжаттаманы ұсынуды жоспарлап отыр: 1. Қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарымен қоса «Жайықмұнай» ЖШС нысандарын техникалық сумен қамтамасыз ету үшін жоғары перм сутұтқыш беткейінен салынатын су көзінің пайдалану жобасы. Барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу кезінде өз ойларыңызды төмендегі ме кенжай бойынша білдіру мүмкіндігі бар екендігін хабарлаймыз: Орал қаласы, Л.Толстой көшесі, 59, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Эко логиялық реттеу және бақылау комитетінің БҚО экология департаменті, факс: 51-29-81, телефон: 50-04-81, 51-53-52.
Дәрілік заттарды қосымша беру туралы
Жоба
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2003 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және же ңілдікті шарттармен дәрілік заттар, бейімделген емдік өнімдер, медицина лық мақсаттағы бұйымдар қосымша берілсін. 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Облыстық мәслихаттың хатшысы
З. Мусина М. Құлшар
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы ___ _______№_____ шешіміне қосымша
Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар, бейімделген емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар тізімі Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)
Дәрілік заттың атауы (шығару нысаны)
Аурулар
Халық санаты
Бастапқы өкпе гипертензиясы
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
Науқастанудың барлық сатысы мен дәрежесі
Юневильдық артрит
Диспансерлік есепте тұрған балалар
Науқастанудың барлық сатысы мен дәрежесі
Ревматоидтық артрит
Диспансерлік есепте тұрған ересектер
Науқастанудың барлық сатысы мен дәрежесі
Ағзалармен тіндерді ауыстырып қондырылғаннан кейінгі жағдай
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
Науқастанудың барлық сатысы мен дәрежесі
Тенофовир үлбірлі қабығымен қаптал ған таблеткалар
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
Науқастанудың барлық сатысы мен дәрежесі
Леветирацетам үлбірлі қабығымен қапталған таблетка
Эпилепсия
Босентан қабығы мен қапталған таблеткалар; Силденафил қабығымен қап талған таблеткалар Тоцилизумаб ин фузиялық ерітінді дайындауға ар налған концентрат Тоцилизумаб ин фузиялық ерітінді дайындауға ар налған концентрат
хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru
Cейсенбі, 15 сәуір 2014 жыл
Азаткүл Піржанқызы Жалмағамбетова Тарыққанға демеу, сү рінгенге сүйеу, шипалы алақанымен алдына келген мыңдаған адамның дертіне дауа болған арқалы емші, асыл жан пәниден бақиға өтті. Халықты «хан-қара» деп, «байкедей» деп бөліп-жармай, төңірегіне ізгілік нұрын ғана сепкен аяулы емшінің жүрегі 10 сәуір күні таңда соғуын мәңгілікке тоқтатты. Амал не?! «Әлем емшісі» және «Қазақстанның жұлдызды емшісі» Азаткүл Піржанқызы 1951 жылы 15 қазанда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген. Арғы атасы Сейтпенбет қожа Қият қаласының тұрғыны молла Әзімнің баласы. Ол Хиуа, Медине, Мысыр, Шам шаҺарларында білім алып, парсы, араб, түрік, үнді, қытай тілдерін білген ғұлама молла болған. Бұқарада бала оқытып, шөптен дәрі жасап, адамдарды емдеген. Атасы Жалмағамбет пен әкесі Піржан да аруақты емшілер болған. 1994 жылы Орал қаласына қоныс аударған Азаткүл Піржанқызы жолдасы Төлен екеуі алтын асықтай үш қыз, екі ұл тәрбиелеп өсірді. Бүкіл саналы өмірін адам жанына араша болуға жұмсаған Азаткүл Піржанқызы Анталия қаласында өткен Түркі әлемінің бірінші халықаралық халық медицинасы симпозиумында ха лық денсаулығына сіңірген еңбегі үшін алғысхат және «Алматы-Анталия шипагері» медаліне ие болды. Оған түркі елдеріне кең жол ашылған еді. Бұндай мүм кіндікке симпозиумға қатысқан Қазақстан, Ресей, Америка, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Тәжікстан елінің 70 емшісінің 4-еуі ғана ие болды. Емші қалаған уақытында Түркияға барып ем жүргізуге құқылы болды. Симпозиумда Азаткүл Піржанқызына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «ҚР халықтық және рухани емшілер мекемесінің, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) Дәстүрлі медицина акедемиясына дәріс беретін емшілерді дайындау тапсырылды. Азаткүл Піржанқызының алдына Өзбекстан, Тәжік стан, Татарстан, Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Канада, Америка, Литва, тағы басқа алыс-жақын шетелден, Ресейдің жүздеген деревня-қалаларынан, Якутиядан дертіне шипа іздеп келген мыңдаған науқастар сауығып, қатарға қосылды. Азаткүл Піржанқызының биік адамдық тұлғасы, сұлулығы мен күндей жарық келбеті, үлкен жүрегі оны біле тіндердің есінде мәңгі сақталады. Қош, аяулы Азаткүл!
Дос-жарандары: Ұ.Сариева, Р.Әміреев, З.Тұрлыбаева, Б.Нұралин, С.Темірғалиев, Н.Бекболов, Н.Елеуова, Ж.Имашев, Қ.Жақсығұловтар отбасылары
ҚР Ұлттық инженерлік академиясының Батыс Қаз ақстан филиалы, «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің ғылыми кеңесі мен профессор-оқытушылар құрамы және облыстық математиктер қауымдастығы өңіріміздің белгілі қоғам қайраткері, елімізге танымал педагог-математик-ұйымдастырушы, үлкен педагоги калық династияның негізін қалаушы, КСРО және ҚазКСР ағарту ісінің үздігі Меңеш Сабырұлы Сабыровтың дүниеден озуына байланысты марқұмның ұрпақтарына қайғырып көңіл айтады.
Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 69 жыл қарсаңында со ғыс ардагері, әкеміз Сабыр Қонайұлы Қапашев ортамыз да болса, 2014 жылы 15 сәуірде 90 жасқа толар еді. Жастайынан әке-шешеден жетім қалып, балалар үйінде тәрбие алды. 1943 жылы Ташкент артиллерия училищесін бітіріп, кіші лейтенант Сабыр Қапашев Бірінші Беларусь майданының 362-атқыштар дивизиясының 1208-атқыштар полкінде минометшілер взводының командирі болып соғысқан. Сол аяғынан жарақат алған. 1945 жылы соғысты Берлинде аяқтаған. 1946 жылы Орал педучилищесін бітіріп, 38 жыл Қарасу орта мектебінде ұстаздық қызмет жасап, 1984 жылы зейнетке шыққан. Ха лық ағарту ісінің озаты. 9 жасында жетім қалып, 19 жасында Ұлы Отан соғысына қатысып, 69 жасында дүниеден озған әкеміздің аруағы кейінгі ұрпақтарын желепжебеп жүрсін деп тілейміз, еске алып, дұға оқимыз.
Сырым ауданы Қособа ауылының тұрғыны болған ұл-қыз дарына ардақты әке, немерелеріне сүйікті ата, Ұлы Отан соғысының ардагері Сапи Әбілқасымовты еске аламыз. Бүгінгі күні ортамызда болған да, сәуірдің 15-інде 90 жасқа толар еді. Жетпеді, әттең, ғасырға – жүзге демің, Қабіріңе сағынып жүз келемін. Жыл да асып кетті-ау ата сізді – Қойнына көмгелі қара жердің. Арамызды мәңгілік алшақ етіп Қатал тағдыр жасады өз дегенін. Таңым едің шұғыла атқан менің, Шежірелі, дария, ақтаңгерім. Жаның тыныш, иманың жолдас болып, Жарық болсын мәңгілік жатқан жерің.
Еске алушылар: Әбілқасымовтар әулеті
Еске алушылар: ұрпақтары, немере-шөберелері, Қарасу ауылы
Бөкей ордасы ауданы Сай қын ауылының тұрғыны болған бірімізге адал жар, бірімізге сүйікті әке, ата Шәкір Хасенов егер де ортамызда болғанда, 14 сәуір күні 65 жасқа толар еді.
Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылының тұрғыны болған сүйікті ұл, адал жар, ардақты әке, жан аға, асыл іні, бауырымыз Азамат Сапарғалиұлы Абдрахмановтың бақилық болғанына 8 жыл болады. Егер арамызда тірі жүрсе, 16 сәуір күні 40 жасқа толар еді. Қара жерге қия алмай қамығамыз, Амал жоқ, тағдырға бағынамыз. Сағынамыз, бауырды сағынамыз, Бүгін туған күніңде Ұлдарың мен бауырларың Еске алып, рухыңа табынамыз.
Сағынышпен еске алушылар: анасы Гүлмаржан, зайыбы Арай, ұлдары Ернар, Елнұр, аға-жеңгелері, апажезделері, іні-келіндері, қыз-күйеуі
9 жыл өтті асқар тауым құлағалы, 9 жыл өтті анам іздеп жылағалы. Әр күніміз сағынышпен өткенімен Жүрегіміз әке деп соғады әлі.
Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылының тұрғыны болған балаларына сүйікті ана, немере-жиендерінің қадірлі әжесі Тойған Заеваның бақилық болғанына 16 сәуірде 7 жыл болуына орай сағына еске аламыз!
9 жыл өтті, біз де болдық балалы, Суретіңе атам ғой деп қарады... Жұмбағы мен сырлары көп дүние-ай, Өзегімді өртеп, бөліп барады. Тәрбиеңді көріп өстік жасымнан Ешкім сендей сипамаған басымнан. Түсіне алмай қалдық, әке, артыңда, Кетуің де болды-ау бізге тосыннан.
Сағына еске алушылар: зайыбы Сайма, бала-келіні Бекболат-Мөлдір, қыз-күйеулері, немере-жиендері
Орал газ, мұнай және салалық технологиялар коллед жінің ұжымы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Меңешұлы Сабыровқа әкесі Меңеш Сабырұлы Сабыровтың қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
7
Еске алушылар: немере күйеу баласы Әбділда Сарсенгалиев, немересі Айнұр Заева, шөберелері Бекнұр, Данияр, немересі Бақтыгерей
БҚО бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы және БҚО бойынша несие серіктестіктерінің ұжымы «Нарын-несие» несие серіктестігінің басқарма төрағасы Әділбек Жек сембайұлы Хайруллиннің анасы Алтын Имашқызы Хайруллинаның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Асыл ананың то пырағы торқа, иманы жолдас болсын. Құрметті Әділбек Жексембайұлы, Алланың әміріне шара бар ма, болаттай берік болыңыз.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Батыс Қазақстан филиа лының ұжымы Құттымұрат Ерниязовтың дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен тума-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор
Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН
Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)
8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126
Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08
Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.
Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген
Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.
Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компьютерлiк орталығында терiлiп, беттелдi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16478, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: г.кенжеғалиева
8
керуен сарай Cейсенбі, 15 сәуір 2014 жыл
oral_oniri@inbox.ru
БҚМУ тағы да топ жарды!
Құттықтаймыз! Әріптесіміз, «Орал өңірі» газе тінің тілшісі Ләззат Шағатай Ана атанып, дүниеге тұңғыш перзентін әкелді. Көктеммен ілесе келген періште сәбиге ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз!
Өткен аптаның
соңында М.Өтемісов
Сәби келсе, өмірдің сәні артады, Күлкісімен әлемді тазартады. Арман-Ләззат, қуаныш құтты болсын, Тарқамасын үйіңнің базар шағы!
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен
«Орал өңірі» газеті редакциясының ұжымы
«5В011600-География» мамандығы бойынша
Құттықтаймыз!
жоғары оқу орындары студенттері арасында
Жәнібек ауданының тұрғыны, аяулы анамыз Мақпал ҚАЙЛАНҚЫЗЫН сәуір дің 20-сы күні толатын 60 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!
республикалық пән олимпиадасы өтті.
Құтты болсын, анашым, туған күнің, Жайнай берсін, гүлдей берсін өмірің. Немере мен шөбере арасында Өте берсін әр таңың мен әр күнің.
Айша ӨТЕБӘЛІ, "Орал өңірі" Бұған еліміздің барлық өңірінен келген студенттер қатысты. Олимпиаданың ашылу рәсімін де сөйлеген М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың проректоры, профессор Әбілсейіт Мұқтар алдымен сынаққа қатысушыларды таныстырып, шараның өту тәртібі жө нінде әңгімеледі. Министрліктің ережесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге үш орын белгіленген. Үздіктерді ғылыми атағы бар оқытушылардан құралған комиссия анықтайды. Бұдан кейін сөйлеген универ ситет ректоры, академик Асхат Иманғалиев алыстан келген қо нақтарға «Қош келдіңіздер!» деп, аталмыш шараның мақсаты мен маңызына тоқталды. - Бұл олимпиада болашақ кә сіби мамандардың біліктілігін қалыптастыру және оларды ғылымға бейімдеу мақсатында біздің университетімізде осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Осындай республикалық деңгейдегі үлкен шараны өткізуді БҚМУ-ға сеніп тапсырып отырған Білім және ғылым министрлігіне үлкен риза шылығымызды білдіреміз. Бұл – министрліктің біздің мүмкіндігімізді жоғары бағалағаны деп білеміз. Былтырғы білім сайысында біздің университеттің студенттері жоға
ры біліктіліктерін дәлелдеп, олимпиада жеңімпазы атанды. Биыл да студенттерімізден үлкен үміт күтіп отырмыз. Білім додасына бұл жо лы облысымыздан үш команда қатыспақ. Бірақ олардың тек біреуі ғана негізгі команда есебінде са йысқа түседі, ал қалған екі команда олимпиада жұмыстарына үй рену мақсатында қатысады. Осы жолғы білім додасында еліміздің әр түкпірінен келген 22 команда бақ сынамақ, - деген Асхат Сәлім ұлы олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Осыдан соң көп ұзамай, универ ситеттің жаратылыстану-география факультетінің ғимаратында білім додасы басталып кетті. Бірінші турда олимпиада қатысушыла рына жалпы жер тану, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, шетелдердің эконо микалық, әлеуметтік және саяси географиясы, геоморфология және гидрология бойынша тапсырмалар ұсынылса, келесі турда картография, топография негізде рі мен Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы бойынша тәжірибелік бағыттағы тапсырмалар берілді. Студенттер берілген тапсырманы барын салып орындауға тырысты. Әр турдан кейін олимпиадаға қатысушылар
Облыстық қазақ драма театрының сәуір айындағы репертуары 18 сәуір Б.Мұқай “Сергел дең бол ған серіл ер” (комеди я) Басталу уақыты : 18.00 20 сәуір М.Байдж иев “Махабб ат жағал а у ы” (драмал ық мұң) Басталу уақыты : 17.00
В.Орлов 20 сәуір ” балапан “Алтын ) гі е (ерт 2.00 ақыты: 1 асталу у
Б
22 сәуір С.Ахмад “Суперкелін” (мұңды комедия) Басталу уақыты: 18.00 24 сәуір Ж.Шевре “Күтпеген қайырымдылық” (драма) Басталу уақыты: 18.00
қаланың көрнекті жерлерін аралап, содан соң жергілікті университет студенттері даярлаған концерттік бағдарламаны тамашалап, көңілдерін сергітіп отырды. Комиссияның қорытындысы бойынша жекелеген есепте І орынды М.Қозыбаев атындағы Солтүс тік Қазақстан мемлекеттік универ ситетінің студенті Елена Гаврик иеленсе, ІІ орынды Павлодар мемлекеттік педагогикалық институ тының студенті Мәдина Сержан мен академик Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универ ситетінің студенті Евгений Шадский олжалады. Ал ІІІ орын Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Серік Жолдасовқа бұйырды. Топтық есеп бойынша М.Өтемісов атын дағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті тағы да топ жарып, олимпиаданың жеңімпазы атанса, ІІ орынға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті шықты. Ал жүлделі ІІІ орын білім-біліктілігі бойынша тең түскен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетіне берілді.
Ақжайық ауданы әкімдігінің «Тайпақ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы үкіметінің 24.12.2011 жылғы №1246 қаулысына сәйкес Тайпақ ауылы тұрғындарын ауыз сумен қамту жұмысы ның 2013 жылдың қорытын дылары жөніндегі тыңдауын өткізу 2014 жылғы 30 сәуірде сағат 11.00-де БҚО Ақжа йық ауданы Тайпақ ауыл округі әкімдігінің мәжіліс залында өткізілетінін хабарлайды.
Құттықтаушылар: жұбайыңыз Нұрман, бала-келіндеріңіз, қыз-күйеу балаларыңыз, немере-жиендеріңіз Жәнібек ауданының тұрғыны, құдағиымыз Мақпал ТУМЕНОВАНЫ мерейлі 60 жасымен құттықтаймыз! Ұзақ ғұмыр, ба қытты баянды өмір, тек бала қызығын көріп, аман жүріңіз. Құтты болсын қуанышты күніңіз, Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз. Алпыстың да асқарына жеттіңіз, Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Тілек білдірушілер: құда-құдағиыңыз Аманша-Сәулеш, қыз-күйеу балаңыз Мейіржан-Толқын, құдашаңыз Гүлсезім, жиеніңіз Інжу
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы мемлекеттік тұқым қорынан несиеге және жүзеге асыру үшін дән беру басталғандығын хабарлайды Несиеге дән беру және дән сату ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банкте рінің кепілдігі бойынша және «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қорында бар өнімді алдын ала төлем төлеу арқылы қаржылай жүзеге асырылады. Сұрып «ВолгаУральская» «Саратовкая 42» «Альбидум»
Репродукция
Егіс стандар тының класы
Сұрыптық тазалық санаты
Мөлшері, тонна
3
2
1
48
2
2
1
223,989
3
2
1
106,000
Аталмыш бағдарламаға қатысу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер келесі құжаттарды тапсырулары қажет: - дәнді несиеге және бөліп төлеу тәсілімен алу үшін – жазбаша арыз, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банкінің кепілдік беруге дайындығы баяндалған талап-хат, жер теліміне иденти фикациялық құжаттардың көшірмелері, құрылтайлық құжаттардың көшірмелері - дәнді алдын ала төлем арқылы алу үшін – жазбаша арыз, жер теліміне идентификациялық құжаттардың көшірмелері, құрылтай лық құжаттардың көшірмелері. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің өтініштері мына мекенжай бойынша орналасқан «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінде қабылданады: Орал қ., Ғұмар Қараш көш., 33/2. Қосымша ақпаратты анықтау телефоны: 8 (7112) 50-08-34