Орал Өңiрi №44

Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

+ 16 С +4 С 0

0

Сейсенбі, 22 сәуір 2014 жыл №44 (19963)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

oral_oniri@inbox.ru

«Өмір сыйла –

дала-қала

донор бол!» Еңбегіміз ақталсын, жасыл желек жайқалсын!

4

3 2014 жылдың екінші жартыжылдығына облыстық газеттерге жазылу басталды! Құрметті оқырмандар! 2014 жылдың екінші жартыжылдығына баспасөзге жазылу 15 сәуірден басталған­ дығын қаперлеріңізге саламыз. Ғасырға жуық тарихы бар «Орал өңірі» мен

1 2

Басылым атауы

«Орал өңірі» «Приуралье»

Жазылу мерзімі

6 ай 6 ай

Жеңісті жақындатқан әйгілі әнші

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Баспасөз - 2014

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

ел-жұрт

«Приуралье» газеттерін «Қазпошта» АҚ мен «Курьер» жеке кәсіпорны арқылы жаздырып алуды ұмытпаңыздар!

«Қазпошта» АҚ қала Жеке тұлғалар 2000 2000

Байланыс телефондары: - «Қазпошта» АҚ БҚ ОФ-ның жазылу бөлімі - «Курьер» ЖК-ның жазылу бөлімі

«Курьер» ЖК ауыл

Заңды тұлғалар 2720 2720

Жеке тұлғалар 2050 2050

51-54-56 50-86-75, 51-36-03

Заңды тұлғалар 2790 2790

Жеке тұлғалар 1650 1650

Заңды тұлғалар 2530 2530

2014 жылғы 17 сәуір

№365

Астана, Үкімет үйі

Демалыс күндерін ауыстыру туралы Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және 2014 жылғы мамырдағы жұмыс уақытын ұтымды пай­ далану мақсатында Қазақ­­стан Республикасының Үкі­меті қаулы етеді: 1. Демалыс күндері: 2014 жылғы жексенбі 4 ма­ мырдан – 2014 жылғы жұма 2 мамырға; 2014 жылғы жексенбі 11 мамырдан – 2014 жылғы бей­ сенбі 8 мамырға ауыстырыл­ сын. 2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай­­ақ құрылыс объектіле­рін іске

қосу үшін еңбек, материал­ дық және қаржы ресурс­та­ рымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйым­ дарымен келісім бойынша 2014 жылғы 2 және 8 мамыр­ да жұмыс жүргізуге құқық берілсін. Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі. 3. Осы қаулы алғашқы рес­ ми жарияланған күнінен бас­ тап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К. МӘСІМОВ


2

АҚПАРАТ Сейсенбі, 22 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru Сәуірдің 19-ынан 20сы­на қараған түнде барлық православ шіркеулерінде Пасхаға арналған салтанатты Құдайға құлшылық етулер болып өтті. Михаил

P P

P

Жуырда Түркияның Ыстамбул шаһарында 1997-98 жылдары туған палуандар арасында халықаралық жарыс мәреге жетті. 21 елдің палуандары бозкілемге шыққан сайыста біздің жер­ле­сіміз Әлішер Төлегенов (50 келі) екінші орын алды. Ол енді туар айда Бангкокта өтетін Азия чемпионатында бақ сына­ мақ. «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» акциясына Ақ­жайық ауданы Тайпақ ауылдық округі бойынша 392 адам бел­ сене қатысты. Осындағы 5 саябаққа 200 қарағаш және 100 көктерек көшет­те­рі отырғызылды. Бұл күні ауыл адамдары тазалық жұмыстарын қоса атқарып, көше бойларын тазарт­ты, ағаш түптерін әктеді. Игі істен мекеме-кәсіпорын қызметкерлері де тыс қалған жоқ. Олар өз аулаларына 35 түп түрлі жеміс ағаштарын отыр­ ғызды. Зеленов ауданында «Чернобль апаты зардабынан қаза болғандарды еске алу күні» қарсаңында апатты залал­сыз­дан­дыруға атсалысқан бейбіт күннің батырларына жергілікті бюджеттен қаржылай көмек берілуде. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, апат зардабын залалсыздандыруға қа­ тысушыларға (8 адам) әрқайсысына 10 мың теңге, Чернобль АЭСның апаты салдарынан мүгедек болып қалғандарға (20 адам) 10 мың теңге, апаттан сәулелік ауруға ұшырап қаза болған­дардың отбасына (2 отбасы) 10 мың теңге, апат орнындағы қызметі ба­рысында қаза болғандардың отбасына (8 адам) 10 мың тең­ге, апат аймағынан елімізге қоныс аударылған тұл­ғаларға (2 адам) 3 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілген.

нал­­­ған қауымды облыс әкі­­ мінің орынбаса­ры Бақтияр Мәкен құттықтады.

www.mgorod.kz сайтынан алынды

Діни мерекемен құттықтады

О

сы мерекенің маңыз­ дылығын атап көрсете отырып, Бақтияр Мә­кен жерлестерді келешек­те де аталмыш діннің қағидала­ры бо­йынша өмір сүріп, түрлі дін жә­ не ұлт өкілдері арасындағы дос­тықты нығайтуға, тек ізгілік ете отырып, біздің мемлекеттің жар­ қын болашағын бірлесе жа­сауға шақырды. Сондай-ақ ол орыс пра­вославие шіркеуінің біздің Ота­нымыздағы тыныштық пен келісімді сақтаудағы, жас ұрпақ тәрбиесіндегі айрықша мәнін атап көрсетті. Осы жылы Пас­ха­ ның мерекеленуінің православ­-

тар мен католиктер күн­тізбе­ сінде сәйкес келуінің өзі ай­ тарлықтай жағдаят. Жүздеген Орал қаласының тұрғындары қа­­тысқан Құдайға құлшылық ету рәсіміне Ресей елінің өңіріміз­де­гі бас консулы Саид Забитов те қатысты. * * * Пасха мерекесінің қарсаңын­да Орал қалалық мәслихаты­ ның депутаты, танымал кәсіп­кер Аветик Амирханян армян ұлттық-мәдени орталығының мү­­­шелеріне арнап, мерекелік дас­тарқан ұйымдастырды. Қа­зақ­

стан халқы БҚО ассамблея­­сының мүшесі А.Амирханян Қа­зақстан хал­қы ассамблея­сының ХХІ сес­сиясы мен сондағы Қазақ­стан халқы ассамблеясы­ның төраға­ сы Н.Назарбаевтың Отаны­мыз­ да бейбітшілік пен келісімді әрі қарай сақтауға ба­ғытталған ал­ға қойған міндет­тер туралы сө­зінен алған әсері жайында қан­ дастарымен бөлісті. Кез­десуге Қазақстан халқы БҚО ассамбле­ ясы төрағасының орынбасары, хатшылықтың басшысы Ғ.Қапа­қов қатысты.

Светлана ПОСТНОВА

Өзекті мәселелер сөз болды

Медресе шәкірттері музейде

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық универ­

­ ткен аптада Орал қалалық Ө мешіті әкімшілігінің ұйым­­­дасты­ руымен Орал мед­­ресесінің ұс­таздары мен шәкірттері Батыс Қазақстан облыстық тари­хи-өлке­тану музейінде болып, біздің өңірдің сан ғасырлық шежіресі­мен та­ нысып қайтты. Наиб имам Бейімбет Дүйсенәлі, Мысыр шаһары­нан келген шейх Мұхаммад Нажи Шушан мен Ақжайық атырабы­ның әр қиырынан жиналған медресе шәкірттері өлкеміздің өт­кені­­нен сыр шертер жәдігерлерге зер салды, олардың, әсіресе, көне Құ­ран кітаптар мен шариғат киімдеріне ықыласы ерекше болды. Орал қалалық мешіттің баспасөз қызметінің мәліметіне қараған­да, медресе шәкірттерінің елжандылығын еселер осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Жоба

Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасында жерг­ ілікті мемлекеттік басқару жә­ не өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Норматив­ тік-құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Мемлекет­ тік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына жә­ не 2014 жылғы 24 ақпандағы №137 «Діни қызмет саласындағы мем­ лекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қа­ зақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Миссионерлік қызметті жү­ зеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мем­ лекеттік көрсетілетін қызмет рег­ ламенті; 2) «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үй­-

Архангел соборында жи­

лерінен (ғимараттарынан) тыс жер­ лерде орналастыруға келісу ту­ра­лы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 3) «Діни әдебиетті және діни маз­мұндағы өзге де ақпараттық мате­ риалдарды, діни мақсаттағы заттар­ ды тарату үшін арнайы тұрақты үйжайлардың орналастырылуын бе­ кіту туралы шешім беру» мемле­кеттік көрсетілетін қызмет регла­ менті бекітілсін. 2. «Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындай­тын қажетті шараларды қабыл­да­сын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбаса­ ры Б.Мәкенге жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жа­ рияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа ен­ гізіледі.

Облыс әкімі

Н.Ноғаев

ситетінің мәжіліс залында «Қазақстан - 2050: эко­но­ми­ калық және әлеуметтік-адами даму үдерімі» атты ха­ лықаралық ғылыми-машықтық конференция болып өтті. Оған облыс орталығындағы жоғары оқу орында­рының ғалымдары мен студенттері қатысты.

Серік ІЗБАСАРҰЛЫ, «Орал өңірі» Алқалы басқосуды уни­вер­ ситеттің ректоры Жас­қай­рат Ер­назаров ашып, келгендер­ді құт­тықтады. Жиында М.Өте­місов атындағы БҚМУ-дың аға оқы­ ту­шысы Тұрар Шайхиев, Жәң­­гір хан атындағы БҚАТУ-дың про­фессоры Алла Ғиззатова, ха­ лықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық бө­лімшесінің төрағасы Болат Жек­ сенғалиев, Ресейдің Белгород қаласындағы мемлекеттік ұлттық

зерттеу институтының профес­ соры Федор Собянин, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың доценті Әскен Мұханбетқалиев, БҚИГУдың доценті Асылбек Ерғалиев түрлі тақырыпта баяндама жа­ сады. Баяндамаларда қоғамда ұлт­аралық және дінаралық татулық пен өзара сыйластықты қалып­­тастыру, оны әрі қарай дамыту мәселелері жан-жақты сөз бол­ ды. Елбасының әлемдік ортақ ва­люта енгізу туралы ұсынысы да бүгінгі күн болмысынан туып отыр. Шетелдегі тосын оқиғалар

қылаң бермес үшін қоғамдықсаяси тұрақтылықтың берік ке­пілі – орта тапты нығайту керек. Де­мек, қа­зір Отанымызда орта тап­ты кү­шейтудің маңызы ерек­­ше. Әрине, бұл орайда тәуелсіз Қа­зақстанның көп бағытты саяса­ тының мемлекет қауіпсіздігін қам­­­тамасыз етудегі жемісті нәти­жесінің қазір де, келешекте де берері мол. Қазақстанның азықтүлік қауіпсіздігі де күн тәртібі­ нен түспек емес. Өйткені ол жаппай кедейлікпен тығыз бай­ ланысты. Әрине, еліміз негізгі азық-түлік түрлерімен өз әлеуеті есебінен қамтылған. Алайда бар­ ды місе тұтуға болмайды. Олай болса, әлі де сырттан әкеліне­ тін азық-түлік түрлерін отандық өнімдермен ауыстыру қажет екен­­дігі басқосудың негізгі та­­қы­рыптарының біріне айналды. Жиын соңында Б.Жексенға­ лиев «ҚР Мәдениет ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Чернобыль апатына 28 жыл Өткен сенбі күні №42 «Ақниет» гимназиясының спорт залында Чернобыль ядролық апатына 28 жыл толуына арналған спорттық сайыс өтті.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, «Орал өңірі»

С

айыста «БҚО Черно­ быль ар­дагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, мүгедек­ тердің ерікті қоғамы, Ауған соғы­ сының ардагерлері және «Не­

вада-Семей» ядролық сынаққа қарсы халықаралық қозғалыс­тың мүшелері дойбы, дартс, үс­тел теннисі жә­не шағын фут­ болдан өзара сын­ға түсті. Жарыста шағын футболдан командалық есеп бойынша бі­рінші және үшінші орынды «БҚО Чернобыль ардагерлері және

мүгедектері» қоғамдық бірлесті­ гінің екі командасы иеленсе, екін­ ші орынды Ауған соғысының ар­дагерлері еншіледі. Ал дойбы­ дан Қайрат Жұмағалиев, дарт­ стан Біржан Кизекенов, үс­тел теннисінен Ғали Тухва­туллин же­ ңімпаз атанды. Дойбыдан әйел­дер арасында Ардақ Қобда­ баева бірінші орынды иеленсе, дартс және үстел теннисі бо­ йынша сайыстың екі түрінен де Бақытжамал Сапарәлиева топ жарды.


ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru

Сейсенбі, 22 сәуір 2014 жыл

«Өмір сыйла –

«Дін – ынтымақтастық пен бірліктің кепілі»

донор БОЛ!»

Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

17-24 сәуірі аралы­ғында «Өмір сыйла – донор бол!» атты акция өтуде. Қанға мұқтаж адамдарға қолұшын со­зу мақсатында ұйымдастырылған шараны «НҰР» корпо­ ративтік қайырымдылық қоры ұйымдастырған.

Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ, «Орал өңірі»

Қ

ан тапсыруға ниет біл­дірген мемлекеттік қыз­меткердің легі 17-18 сә­

Ғасырлар таңбасы – Капустин Яр Облыстық табиғат және экология музейінде «Ғасыр­лар таңбасы – Капустин Яр» атты көрме мен шара өтті. Оған БҚИГУ құрамындағы Ең­бек және әлеуметтік қатынас­­тар академиясының оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара ядролық қаруға қарсы «НевадаСемей» халықаралық қоз­ғалы­сы­ның 25 жылдығына, 22 сә­уір – әлемдік Жер және 7 сәуір – дү­ ниежүзілік денсаулық күндеріне орай ұйымдас­тырылды. Көрмеге Капустин Яр сынақ ай­лағының құрылу тарихы мен іс-әрекеті, оның қазақ жеріне ти­ гізген зардаптарын кеңінен баян­ дайтын құжаттар мен суреттер қойылған. Шараны аталмыш музей ди­ ректоры Кәкима Әлмұқанова ашып, көрменің маңызы мен мә­­ні туралы баяндады. Сонан соң БҚО табиғи ресурстар мен таби­ғат пайдалануды реттеу басқарма­сының бас маманы Фарида Сұл­ ташева 1947 жылдан белсенді әре­ кет еткен атышулы сынақ айла­ғында кезінде 24 мыңдай жары­лыс болғанын, атом бомбасы мен түрлі мақсаттағы зымыран­дар­дың сыналғаны туралы айта ке­-

Сенбі күні «Нұр» балалар үйі мен мектеп-ин­тер­­наты түлектерінің Батыс Қазақстан одағы» қоғам­ дық бірлес­тігінің мүшелері «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің ауласына балаларға ойнайтын құм түсіріп берді.

ліп, соңғы жиырма жылда осы қасірет аумағының экологиялық толық мәртебесін анықтау жұмы­сының жүріп жат­қанын мәлім­ деді. Жалпы, көрші елдің әске­ри-өндірістік кешені­нің кесірі­нен қазақ жерінің 19 млн. га жері ядролық сынақ­тың жын-ойнағы­на айналды. Бұ­рын олар Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған сынды қазақ же­рінің табиғаты әсем де шұ­райлы аймақтары болатын. Қа­зір кейбіреуінің белгілі бір бө­ лігі сынақ айлағы аумағынан шы­ ғарылып тасталғанымен, қатты бүлінген күйде. Сонан соң академия студент­ тері еліміздегі сынақ айлақта­ры туралы баяндамалар жасады. Баяндамалардан кейін акаде­мия­ның доценті, биология ғылымда­ рының кандидаты Мүбина Зинә­лиева Капустин Яр қасіретінің халық жадында мәң­гілік сақта­ла­тындығын көрсе­те ке­ліп, шара­ ға қатысушыларға ал­ғыс айтты. Соңынан жинал­ғандар­ға «Нарын тағдыры – ел тағды­ры» атты бей­ нефильм көрсе­тілді.

Серпін САЯҚ

Дәл осындай тақырыпта Батыс Қазақстан гуманитар­ лық академиясында студент­ тердің ғылыми-тәжірибелік кон­­ференциясы өтті.

уір күндері көп болды. Бұл күн­ дері облыс бойынша 260 адам қан тапсырды. Соның 143-і – қала­ лықтар. Олардың қатарында об­лыстық әкімдік, «Ақжайық» спорт клубы, Жастар орталығы, «Жа­ йықжылуқуат» АҚ, №1, №2, №3, №4, №5, №6 емханалар, нарко­ логиялық орталық пен Батыс Қа­ зақстан медициналық колледж ұжымы бар. – Жалпы, облыста қан қоры жеткілікті. Біз орталықтың тұрақ­ ты донорларына арқа сүйеп ке­ леміз, – дейді донорлар жинақтау

О

ған қоса қаланы көр­ кейту мақсатында жү­ріп жатқан айлық қар­

бөлімі басшысының міндетін ат­ қару­шы Динара Кенжеғалиева. Оның айтуынша, облыста жылына 15-20 мың адам қан тапсырады. Олардың қатарында Ю.Чехолиди, Е.Сәрсенбаев, А.Сводин сияқты қанды жылына бірнеше рет тап­ сыратын тұрақты донорлар бар. Егер донор атанып, қанға зә­ру жандарға көмектескіңіз келсе, облыстық қан орталығына (т. 5180-33) немесе «НҰР» корпора­ тив­тік қайырымдылық қоры­на (телефоны 97-12-96, 8-777-87277-72) жолығуыңызға болады.

Бірыңғай жинақ­тау­шы зейнетақы қо­­ры­на өткізілген зей­нет­ақы активтері 4 трлн. теңгеге жуық­тады.

Халықтың депозитке сенімі артуда Б

ұдан бұрын бұл қаржы мемлекеттік құнды қағаз­дарға, «Самұрық-Қазына» қоры­ ның ба­ғалы қағаздарына, сон­дай-ақ түрлі валюталық тетіктер мен акция­лар­ға, жеке сектор­ дың облигацияларына орналас­ тырылды. Қазіргі кезде осы активтер мен міндеттемелерді Бір­ыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тапсыру бойын­ша жұ­мыс­тар аяқталды. Бұл туралы ОКҚ-ның баспасөз мәсли­ха­тын­да ҚР Ұлттық банкінің төра­ғасы Қай­ рат Келімбетов мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет бас­ шы­сының шешімімен құрылған зейнетақы активтерін басқару бойынша кеңесте бұл қаржыны бұдан ары қарай орналастыру мәселесі талқыланбақ. – Банктердің банкротқа ұшы­ рау мүмкіндігі туралы SMS-ша­ буылдар салдарынан азаматтар қайтарып алған депозиттердің жартысы есеп­шоттарға қайта тү­ сіп жатыр. Депозит жүйесінен кетіп қалған 250 млрд. теңге қаржының бүгінде 100 миллиард теңгесі қайта орналастырыл­

Сәбилерге сый жасады Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ, «Орал өңірі»

3

саңында ауланы сырлайтын түр­лі-түсті сырды сыйға тартты. Ме­ йірімді бірлестік мүшелері құм­­ға ойнап, мәз болған балаларға тәтті үлестіруді де ұмытпады. – «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде қазір 115 жас тұрып жа­

ды. Яғни алынған қаржы­ның 40 пайызы екі айға жетпейтін уақыт ішінде қайтарылды. Біздің ойы­ мызша, қалған қаржы алдағы уақытта қайтарылатын болады. Ондай қыруар қаржыны қолда ұстау дұрыс емес. Елбасының тап­сырмасы бойынша Ұлттық банк енді халықтың қаржылық сауат­ты­­лығын көтерумен бел­сенді түрде айналыспақ. Жал­ пы, банк сек­торындағы жағдай тұрақты. Соңғы үш жылда олар­ дың жеке капиталы мен актив­ тері артты. Бұл өз кезегінде елдің экономикалық дамуында банктердің рөлінің артуын бай­ қатып отыр. Өткен жылы халық депозитінің өсімі жалғас­ты. Был­ тыр депозиттер 10 триллионнан астам теңгені құрап, 12 пайыз­ ға артты. Ал биылғы жыл­дың 1 наурызындағы жағдай бойын­­­ша депозиттердің көлемі 11 трил­ лион теңгеге жетіп, жыл басы­нан бері 10 пайызға жуық дең­ гейде жоға­рылады, - деді Ұлт­тық банк төрағасы.

Мәди ЫҚЫЛАС

тыр. Олардың 22-сі – студент. Жас­ өспірімдер үйін 27 отбасы және 12 жал­ғыз­бас­ты ана паналауда. Қазір біздің үйі­мізде 68 бүлдір­ шін өсіп келеді. Бал­ғындардың алтауы мектеп жасында, бесеуі балабақшаға барады, – дейді «Ша­ ңырақ» жас­өспірімдер үйінің мең­герушісі Өмір­бай Қа­лымбе­тов.

Конференцияға ғалымдар, дін­танушылар, жоғары оқу орын­­дарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында студенттер «Біз жиһат туралы не білеміз?», «Еліміздегі діни ағымдар мен секталар, олардың жастар тәр­ биесіне әсері», «Дін мен дәс­ түрдің сабақтастығы», «Орал мешіттері» сықылды бүгінгі қо­ғамда маңызды деген он та­ қырып бойынша баяндама оқы­ды. Ал «Жайық» диструктивтік діни ағымдардан жапа шек­кендерге көмек көрсету орта­ лығының төрағасы Азамат Тал­ ғатұлы, «Нұр-Мүбәрәк» уни­вер­ситетінің түлегі, исламтану­ шы Арман Нұрахметұлы, Орал қалалық мешітінің бас има­мы Әлімхан Нұрмұханұлы, Орал қалалық мешітінің наиб има­ мы Бейімбет Дүйсенәлі баян­­ дамалардағы тақырыптар бо­ йынша толық мағлұмат берді.

Мектеп-интернаттағы сенбілік Экологиялық акция шең­бе­рінде Орал қаласындағы же­тім және ата-анасының қам­қор­лығынсыз қалған бала­лар­ға арналған №15 облыс­ тық көмекші мектеп-интер­натының ауласына аққайың­ ның, қара­ғайдың, теректің 70 шақты көшеті отырғы­ зылды. Шараға оқушылар мен мұ­ ғалімдер, ата-аналар және бі­лім ұясына демеушілік жа­ сайтын ұйым-мекемелердің өкіл­дері қатысты. Сондай-ақ облыс әкімдігінің маман­дары, облыстық білім беру басқар­ ма­сының және әзірбайжан ұлт­тық-мәдени орталығының өкілдері де белсене еңбек етті. Акциядан кейін сенбілікке қа­тысушылар мен қонақтар мектеп аумағында өткен ип­ потерапия, яғни ат үстінде жү­ру сабағына қатысты.

Аиданың алтыны Түркістан қаласында сам­бо күресінен 1994-95 жыл­ ғы жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында ба­тысқазақстандық балуандар жүлдегерлер қатарынан кө­ рінді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түс­кен мәліметке қарағанда, атал­мыш жарысқа еліміз өңір­лері мен қалаларынан 16 команда қатысты. Батысқазақ­стан­дық­ тардан Аида Садықова 64 келі салмақта жеңімпаз атанса, Гауһар Сағадат (72 кг) – екінші, Әйгерім Телемгенова (52 кг), Айзан Отарбаева (64 кг) үшінші орынды еншіледі. Сондай-ақ Қазбек Смағұлов (48 кг) пен Ай­ бек Аймағамбетов (62 кг) қола жүлдені иеленді.

Өз тілшілеріміз


4

дала-қала Сейсенбі, 22 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Еңбегіміз ақталсын, жасыл желек жайқалсын! Биыл ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі «Тұрақты даму» Жер қоры» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, республика көлемінде «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» акциясын жариялады.

Айша ӨТЕБӘЛІ, «Орал өңірі» Осыған орай өткен сен­ бі күні облыс көле­мінде сенбі­ лік ұйымдастырылып, ел-жұрт ағаш отырғызуға бел­се­не ат­­са­­лысты. Бұл күні әр ме­ке­ме өзде­ ріне бөлініп берген жер­ге ағаш егіп, сол аумақты қо­қыс­тан та­ залады. Мысалы, бұқаралық ақ­па­ рат құралдарының өкіл­де­рі қа­ла­дағы Достық даңғылының Ка­ рев және Чапаев көшелері ара­­­лығындағы бөлігі бойына шыр­­ шалар ек­се, мемлекеттік қыз­ меткерлер Құр­манғазы көше­­сі­нің бойында­ғы тұрмыстық қыз­­мет көрсету үйі аумағын көгал­дан­ дырды. Құ­қық қорғау сала­сының өкілдері «Атриум» сау­да орта­ лығының маңайын гүл­ден­дірсе, қалалық мәсли­хат депутаттары Еуразия даңғылын­да­­ғы ғылымитехника­­лық кітап­хана ау­мағын шыр­­ша­лар­ға тол­тырды. Бұдан бас­қа жол пайда­лану кә­сіп­орны жұ­мыс­­шылары мен жо­ғары оқу орны студент­терінің кө­мегімен Тәуел­­сіздік, Энтузиас­тар және Айт­құ­лов атындағы кө­шелерге барлығы 5 000-дай әр түрлі ағаш­ тардың кө­шет­тері отырғы­зыл­ды. Сондай-ақ сенбі­лікке бел­ сене қатысқан білім жә­не ден­ саулық саласының мамандары өз мекемелерінің айналасына 2000-ға жуық ағаш екті. №3 емха­ на маңайын көгалдандыруға тек журналистер ғана емес, сонымен қа­тар қала әкімі Алтай Көлгінов бастаған әкімдік қызмет­кер­лері мен ардагерлер қатысты.

Биылғы сен­білікке қа­ ла халқы бел­ сенді атсалы­ суда. Та­залық а й­ л ы ғ ы н д а барлығы 7000 ағаш отырғы­ замыз деп жос­­пар­ласақ, оның 2000-ы алдыңғы ап­тада отыр­ғызылды. Осы жолы 3-4 мың көшет егеміз деп ой­ лаймын. Биыл отыр­ғызылатын 7000 түп ағаштың 1000-ы қа­ ра­ғай-шырша болса, қалған 6000-ы түрлі тұқымды ағаштар болмақ. Осы маусымда қала кө­ше­ле­рі 350 шыршаға толығады деп отыр­мыз. Шыршалардың 100-ін бюд­жет қаражатына ал­ сақ, қалған 250-ін кәсіпкерлер өз қаража­ты­на са­тып алып, отыр­ғызуда. Сон­­дай-ақ меке­мекә­сіп­­орын­дар да көшет жеткізу­­ ші­­лерден өз қа­ра­жатта­ры­на са­­тып алып, кө­гал­дан­ды­ру ісі­ не үл­кен үлес қо­суда, - деді Ал­ тай Сейдірұлы ағаш отырғызу жұ­мы­­сына белсе­не аралас­қан қала халқына ри­зашылығын біл­ діріп. Сенбілікке қатысушылардың арасынан ағаш түбін қопсытып жүрген Хамза Сафин ақсақалды көріп, әңгімеге тарттық.

- Тал-терек егу ар­қы­лы біз қ а­ л а­ м ы з д ы ң ажа­рын ашып қана қоймай, эколо­гия­­лық жағ­дайын жақ­ сартуға үлес қо­самыз. Мұны келе­шек ұрпақтың ден­саулы­ғына жа­салып жатқан қамқор­лық деп тү­сіну керек. Жасыл желектің адам өміріндегі маңызы ұшан-теңіз, бұл жөнінде Елбасы Қазақстан халқы ассамблея­сы­ ның кешегі жиынында да баса айтты. Ағашты отырғызу өз ал­ дына, оны күтіп-баптау жұ­мы­сы тағы бар. Біз, ардагерлер бү­гінгі шараның өтетіндігі жөнінде ес­­­тіп, ешкім шақырмаса да, сенбі­лік­­ ке қатысып, жастарға ақыл-ке­­ңе­­сімізді айтайық деп келдік, - дей­­ді Ұлы Отан соғысының ар­да­гері, Қазақстанның еңбек сіңірген құры­лысшысы, Орал қала­сы­­ның құр­­­­мет­ті азаматы Хамза Әбдірахманұлы. Сенбілік соңында қала әкім­ дігінің баспасөз қызметкері «Бү­ кілқазақстандық орман отырғызу күні» акциясына 8000-дай адам­ ның қатысқанын айтып, бұл іске белсенді атсалысқандарға ар­на­ йы сертификат табыс етті. Оның айтуынша, бұл сертификат ағаш отырғызушыларға оны суару жә­­не күтіп-баптау міндетін жүк­тей­ді.

«Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» Ақжайық ауданында жер-жерде салтанатты жағдайда ашылды. Ауыл-елге сыйлы ардагерлер, қадірменді қариялар, маңдайалды еңбеккерлер тұрғындарды жасыл желекті жайқалтуға шақырып, сөз сөйледі, балауса жастарға әр талды күтіп өсіруді аманаттады.

Чапаевта бұл акция ауылдың басты алаңынан шеру тарт­ты. Қатысушыларды аудан әкі­мі Нариман Төреғалиев құт­­тық­тады. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХАның кеше өткен сессия­сында сөйле­ген сөзіндегі ағаш өсіру тек эко­ло­гиялық жағынан емес, тір­шілі­гіміздің тамырын терең­ детудегі маңызы жайында әсерлі айтқанынан мысал кел­ тірді.

Дәл осы алаңдағы «Жұбан саябағында» Н.Төреғалиев және еңбек ұжымдары, ҮЕҰ өкілдері 30 түп қарағай көшетін екті. Бұл саябақта былтыр егілген жиыр­ ма қарағай ойдағыдай бой көте­ руде. Аудан бойынша акция бары­ сында 4200 түрлі тал-терек егіл­ ді.

Сәуірдің 19-ы күні шыңғырлаулықтар «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» акциясына шығып, үлкен ұйымшылдық көрсетті.

не жануарлар дүниесін қор­ғау жөніндегі мем­лекеттік ме­ ке­ме­сінің бас маманы Р.Сай­фет­ динова көшет­терді отыр­ғызу ере­жесін түсіндірді. Да­ла төсін­ де музы­ка ойнап, адам­дар үл­ кен сер­піліс­пен жұ­мыс­­қа кірісті. Акцияға қа­тысушылар 170 кө­ шет егіп, бірден суаруға кі­рісті. Екі су тасығыш машина ты­ным­ сыз жұмыс істеді.

Ауыл сыртындағы арнау­лы бөлінген жер телімінде кө­шет егу үшін ұзындығы 180 метр жыртылған жерге 9 қа­тар ағаш отырғызылды. Акцияны аудан әкімі А.Халелов құттықтау сөз­­ бен ашты. Аудан­дық орман жә­-

Біздің ауданда жыл сайын көктем, күз

«Бүкілқазақстандық көшет отырғызу күні» акциясына теректіліктер де айтулы үлес қосты. Теректі аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешені алаңында өткен акцияның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер, мәдениет қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және жастар жиналды. Аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоғжанов акция­ны ашып, бұл шараның рес­­публикалық ау­қымда өтіп жат­қанын тілге тиек етіп, шараның ойдағыдай

өтуіне тілектестік біл­­дірді. Одан әрі ардагерлер ке­ңе­сінің төр­ ағасы Сәлім Қоқашев, дене шы­нықтыру-сауықтыру ке­­ше­ні­­­нің директоры Баймолла Құ­

башев құттықтау сөз алып, игі­лікті іске ұйымшылдық­пен атса­ лысуға шақырды. Аудан­дық мә­ дениет үйі өнерпаздарының па­ триоттық ән шашуларынан соң, жиналғандар қолға күрек алып, қызу жұмысты бастап кетті. Ақ қайың, шырша және көктеректің жас шыбықтары Терек­ті халқының қолынан түлеп, жа­ңа рең алды. Дәл осы акция мектеп­терде, ба­ лабақшаларда жалғасын тапты.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ, Теректі ауданы

айларында тал-терек егу дағдыға айналып келеді. Өткен жылы күз айында 5 мың көшет әкелініп, әрбір округтерге бөлініп берілді. Сол көшеттердің 182-сі Жал­ пақтал ауылындағы орталық сая­баққа және 500 түп көшет ау­дан ор­талығындағы жаңадан бой тү­зе­ген көшелерге, кеңсе­­лік ғи­ма­рат­тардың маңына отырғызылды. Осы көшеттер­дің

Бекем БЕКҰЛЫ, Ақжайық ауданы

Айсұлу АРЫСТАНОВА, Шыңғырлау ауданы

ішінде қысы-жазы жасыл түсті шыршалар да бар. 19 сәуір күні «Бүкілқазақ­ стандық орман отырғызу күні­­не» орай Қазталов ауданында сенбілік ұйымдастырылды. Ау­ дан орталығында бұл күні 500 түп көшет отырғызылды. Бұл сенбілікке мектеп оқушы­лары­ мен қатар мемлекеттік мекеме­ лер мен қо­ғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кө­шет­тер негізінен 2 саябақ, 2 мектеп жә­ не «Нұрба­лапан» бала­­бақ­шасы ғимарат­тарының маңына егілді.

Жұлдыз ТАЛАПОВА, Қазталов ауданы


ел-жұрт Сейсенбі, 22 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

5

Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевке - 105 жыл бергенде, майдан команда­шы­сы Г.Жуковтың өз қолынан жа­уын­ герлік Қызыл Жұлдыз орденін ал­ ғаны ұмытылмастай есте қал­ды. Ғарифолла Құрманғалиев 1958 жылы қазақ әдебиеті мен көр­­­ кем­өнерінің Мәскеуде өткен он­­күндігіне барған сапарында ас­­та­на жұртшылығынан аса жо­ға­ры баға алып, үлкен абырой­мен орал­ды. Осы онкүндікте мәс­ кеу­лік­тер алдында көрсеткен тар­­ тым­ды концерттері үшін Ғаре­кең Еңбек Қызыл Ту орде­ні­мен мара­ патталды. Ғарекең - ән­шілік және актерлік өнерінің үстіне өз атынан ән шығарған компо­зи­тор. Оның «Әнші дауысы», «Ақ­жа­йық», «Ора­ лыма», «Нұржамал», «Асыл жан»,

Жеңісті жақындатқан «Ей, Ғареке, қасиетті қазына, байтақ ән, Сенің асқақ жүрегіңді қалайша мен айта алам, Сендей саңлақ, бұл өмірге ке­ лер ме екен қайтадан!» - деп ақын Төлеген Айбергенов жырлап өт­ кендей, әйгілі әнші жерлесіміз Ғарифолла Құрманғалиев – хал­ қына аса қадір­лі біртуар тұлға. «Ауыл әншісі, әнші бала» атан­ ған Ғарекең 25 жасында 1934 жы­лы сол кездегі астана­мыз Ал­матыда өткен халық та­лант­­­та­ рының республикалық сле­­­­ті­не арнайы шақырумен қа­ты­­сып, атақты әншілер Кү­ләш, Қанабек Байсейітовтер, Құр­ман­бек Жан­ дарбековтердің ал­дында дүлдүл әнші Мұхиттың «Айнам­кө­зі­нен» бастап бірнеше әндерін өзі­­не ғана тән аса көтеріңкі дауыс­пен орын­ дап, слетке қатысушыларды таңтамаша қалдырған-ды. Ғарекең әр аймақтан келген слетке қаты­ сушылардың ішінен бірінші орын алады. Қазылар алқасында отыр­ ған өнер тарландары да бола­шақ әншінің таудай талабы мен ас­қан талантын тап басып таныған. Ғарекеңнің бір ғана әншілік өнер емес, актерлік образ жасауда да қабілеті жететіндігі байқалған соң ол қазіргі Абай атындағы опе­ ра және балет театрына әр­тістік қызметке қалдырылады. Сол жыл­ дары танымал ақын Жам­был, жа­ зушы Сәбит Мұқанов та Ғарекең­­нің ар­қасынан қағып, «Қазақ өне­ рі­нің жаңа бір жарқын жұлдызы туды» десіпті. Ән – халықтың шежіресі дей­ тін болсақ, шежірені дәріптеп, ха­ лықтың рухын асқақтату – әншінің де міндеті. Бұл міндетті абырой­ мен жарты ғасыр бойы орындап өткен Қазақстанның халық әр­ тісі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­­ реаты, туғанына биыл 105 жыл толып отырған әнші Ғарифолла Құрманғалиевті әнсүйер хал­қы­ мыз музыка мәдениетінің ерен құбылысы деп бағалаған бола­ тын. Ғ.Құрманғалиев – Қара­тө­бе ауданының тумасы. Өт­кен ға­ сырдың ба­сында­ғы аласапы­­ран ке­зеңде дүниеге келген ол сол за­манның тілімен айтқанда, ауыл­ дық кеңес төрағасы да, кол­хоз басқармасының төр­ағасы да

әйгілі әнші бол­­ған-ды. Алайда Ғарекең тума талант ретінде өнердің жолын таңдады. Отызыншы жылдарда Мұхит дәстүрін жалғастырған Шын­тас, Шайқы сияқты ұстаз­да­ рынан тәлім-тәрбие алған ол Мұхит мұрасын осы заман­ға жет­ кізген бірден-бір шебер өнер­паз. Сондықтан оны хал­қы­мыз «екін­ші Мұхит» деп те атайды. Әншілігіне қоса Ғарифолла Құрманғалиев Е.Бру­силовскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тар­ ғын», «Айман-Шол­пан» опе­ра­ла­ рын­дағы Шеге, Жа­рас, Елемес, Сахан, М.Төлебаев­тың «БіржанСа­ра­­сындағы» Естай, «Абай» опе­расындағы Нарманбет бейне­ ле­рін сомдауда шеберлігімен таныл­ған актер да. Демек, оны классика­лық өнерді де, дәстүрлі халық музыкасын да қатар алып жүрген аса талантты әнші әрі актер деуімізге толық негіз бар екен. Ғарекең «Абай әндері» филь­ мінде ақын өлеңдерін орындап, тыңдаушыларды тамсандырса, «Алтын астық» операсындағы Жам­былдың және басқа да қазақ операларындағы түрлі рольдер­ ді орындау шеберлігімен ерек­ шеленді. Ол әлемдік классика сана­ла­тын «Данск», «Наргиз», «Ев­ гений Онегин» операларынан да же­­текші образдарды сомдай біл­ ді. Әр­тістік өнердің биік шыңы – опера. Ғарекең өзінің шығарма­­ шылық ғұмырын опера әртісі бо­­­лу­мен бастап, опера әншісі бо­лу­­мен аяқтады. Ол жаратылыс бер­ген өнерінің арқасында сол кез­дегі КСРО-ның барлық респуб­ ликасын, сондай-ақ Польша, Қы­ тай, Ауғанстан сияқты көпте­ген шет елдерді гастрольдік сапар­­мен аралаған. Ұлы Отан соғысы жылдары Ғ.Құрманғалиев арнайы жасақ­тал­ған әртістердің мәдени брига­да­ сын басқарып, жауға қарсы ер­лік күрес жүргізіп жатқан жауын­ герлер арасында үш мәрте бо­ лып, концерттер беріп, ерекше көзге түс­ті. Әсіресе, 1944 жылы жауынгерлер арасында кон­церт

«Сүйген жар», «Жер-Ана», «Тыңнан тарту», «Кел, құр­бым!» сияқты 70тен аса өзі шығарып, көпшілікке кең та­ра­лып, айтылып жүрген әндері бар. Ғарифолла Құрманғалиев 1967 жылы «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан ашылған эстрада цирк өнері студиясында өз класын ашып, күш-қуатын ұстаздыққа да арнады. Көптеген талантты ұлқыздардың халық әндерінің, со­ ның ішінде шоқтығы биік Мұхит әндерінің құдіретін ұғынып-мең­ геруіне жігер-жалынын аямай сарп етті. Қазақстан Республикасының ең­бек сіңірген әртістері Қажыбек Бекбосынов, Әскербек Еңкебаев, Қапаш Құлышева, Сәуле Таудаева, Сәуле Жанпейісова, сондайақ өнерлерін ел-жұрт әр кез дә­ріп­тейтін әншілеріміз Жақ­ сы­лық Сәрсенғалиев, Мекес Тө­ре­шев, Ақжігіт Дәрібаева, Серік Әбді­рахманов, Сағадат Рахметжанов, Гүлмайдан Сүн­ детова, марқұм Қаламқас Ора­шева мен Қалампыр Рахимова жә­ не басқалары Ғарекеңнен дә­ріс алып, қанаттанған дарындар. Ғарифолла ағамыздың соңын­ да қалған құтты шаңырағы әлі де базарлы, бақуатты, төрт ұлы, екі қызы бар. Тұңғышы Сәуле Құрманғалиева - әке жолын қуған әнші, Қазақстанның халық әртісі, ұстаз-профессор. Ғарекеңнің ға­ лым ұлы Санат Ғарифоллаұлы – ауыл шаруашылығы саласының бі­­лікті маманы, экономика ғылым­ дарының докторы. Таулар алыстаған сайын биік­ тей түседі деген тәмсіл бар ғой. Қазақ өнерінің тарланбозы, ақиық әнші, шебер сахнагер, ұлы ұстаз Ғарифолла Құрманғалиевтің де тұлғасы жыл өткен сайын жаң­ ғырып, сомдана түсері хақ!

Ғилаж НАУРЗИН, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті журналисі

Жақында облыстық «Орал өңірі» газетінің редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин мен «Приуралье» газетінің бас редакторы Роза Сиықова Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде болып, педагогтармен және студенттермен кездесті. Алғашқы болып сөз алған қос басылымның редакторлары жастарға арналған арнайы «Студент», «Гүлдәурен», «Жұлдыздар» беттері бар екенін айтып, студенттерді редакциямен шығармашылық байланысқа шақырды.

Педколледждегі Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ, «Орал өңірі» Екі жақты диалог түрінде өткен жүздесуде қазіргі күнде облыстық газеттерде көтеріліп жатқан өзекті мәселелер ай­ тылып, оқырман қауымының ұсыныс-тілектері сұралды. Атал­ мыш оқу орнындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қырымжан Үм­бет­­ қызы біздің газетті үзбей оқи­ тынын, алдағы уақытта қыз-ке­ ліншектерге арналған «Бет­ке, теріге күтім жасау», «Сән үлгі­ лері», «Жыл маусымына орай бау-бақша баптау туралы» пай­ далы кеңестер берілсе, сонымен қатар ұмытылып бара жатқан ұлы тұлғалар мен еңбек майда­ нында жүрген көзі тірі, еңбек сі­ңір­ген ағартушы ұстаздар тура­ лы мақалалар жиі жазылса де­ ген ұсынысын білдірді. Саздық білім мамандығының І курс студенті Арайлым Зинолова өз

кездесу туындыларын газетке бермек ниетте екенін айтты. Кітапхана меңгерушісі Мәншүк Такиева «өлкеміздің тыныс-тіршілігі мен тарихын насихаттаудан жа­лық­ паған газетті жиі қолға алаты­ нын айта келіп, Елбасының Жол­ дауын үлкен-кіші асыға күтіп оқитындықтан, кітапша түрінде ыңғайлап шығарсаңыздар», - де­ ген ұсынысын жеткізді. Кездесуде жастарды жат діни ағымдардан арашалау, халықтар достығын нығайту бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды және халықтың тұрмыс-тірші­ лігін жақсартар экономикалық бастамаларды қалың бұқараға уақытында жеткізу облыстық қос басылымның негізгі ұста­ нымдарының бірі екені баса ай­ тылды. Осындай кездесуден кейін оқырмандар қатары молая түсе­ ді деген сенімдеміз.

Қалалық емхананың игі ісі Жуырда «Игі істер уақыты» акциясы аясын­ да Зашаған кентін­дегі №6 қалалық емханада ұжым директоры Мұрат Дүйсеевтің бастамасымен сенбілік өтті. - Жалпықалалық тазалықтың екі айлық акциясына үлесіміз ретінде біз бірқатар денсаулық мекемелерінде үш күндік сенбі­­ лік өткізудеміз. «Тазалық – ден­сау­лық кепілі» деген сөзді ха­ лық те­гін айтпаған. Қаламыздың та­залы­ғын сақтап, әр көше, ме­ кеме жа­ны­на ағаш отырғызсақ, денсаулық та жақсарады. Бүгін №6 қалалық емхана ұжымы, ардагерлер «Ата­дан мал қал­ ғанша, тал қалсын» деген қағи­ даны ұстанып, ағаш егуде­міз. Ұрпаққа қалар саяжол деп, шыр­ша, қайың ағаштарын егу – құптарлық іс. Бү­гін­гі тал ертең дәу ағаш бо­лып, соның көлеңке­ сін­де науқастар, дәрігерлер де­

малып отыратын болады, - деді сенбіліктің ашылу сәтінде БҚО денсаулық сақтау басқармасы­ ның басшысы Қамидолла Ирме­ нов. Сенбілікті ұйымдастырушы №6 қалалық емхананың бас дә­ рі­гері Мұрат Дүйсеев өз сөзінде игі шараға баршамен қатар бі­ лек сыбана кіріскен ардагерлер қауымына алғысын жеткізді. - Бүгінгі сенбілікке келген ар­ дагерлерге мың алғыс. Алтын уақыттарын бөліп, емхана айна­ ласына тал-терек егіп, жастар­ ға үлгі көрсетті. Алды 93 жас­та, кейінгісі 70-ке қараған қария­­­лар – қоғамдық жұмысқа барын­ ша белсене араласатын жан­дар. Бү­гін біз 80 ағаш отырғыздық, ер­тең 50 ағаш, одан кейінгі күні тағы да 50 түп көшет отырғыза­ мыз деп жоспар­лаудамыз, - дей­ді Мұ­рат Баянұлы.

Социал ПҰСЫРМАН, ардагер-ұстаз, Орал қаласы


6

әділет Сейсенбі, 22 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

22 cәуір - құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының құрылған күні

Құқықтық статистика –

қоғам айнасы

Мемлекеттік билік өз еліндегі елеулі қоғамдық құбылыстарды, адам өмірінің түрлі салаларындағы оқиғаларды, заңдылыққа, нормативтік-құқықтық актілерге бағынышты қарым-қатынастарды есепке алып, олардың нақты нәтижелерін біліп отыруға мүдделі.

С

ебебі қоғамның дамуын сандық көрсеткіштердің оң және теріс бағыттарда құбылуынан көреміз. Бұл тұрғыда, мемлекет статистиканың, соның ішінде алдымен құқықтық статис­ тиканың көмегіне сүйенеді. 1997 жылдың 22 сәуірінде Ел­ба­ сының «Қазақстан Республика­­сы құқық қорғау органдары жүйесін әрі қарай реформалау шарала­ ры туралы» Жарлығына сәйкес Мемлекеттік тергеу комитетінің Криминалдық ақпарат орталығы, Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігінің статистикалық қыз­ меттері негізінде Қазақстан Рес­ публикасы Бас прокуратурасы­ның жанынан Құқықтық статистика жә­­не ақпарат орталығы құрылған болатын. 2003 жылдың 28 науры­ зында Қазақстан Республикасы Президентінің №1050 Жарлығы­ мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық ста­­тистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті құрылды. Со­ дан бері аталмыш орган қоғам алдындағы міндетін абыроймен орындап, өзінің өміршеңдігін көрсете білді. 2003 жылдың 22 жел­тоқсанында «Мемлекеттік құ­ қықтық статистика және арнайы

есепке алу туралы» арнайы заңы қабылданды, «Прокуратура тура­ лы», «Сыбайлас жемқорлықпен кү­ рес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарға толықтырулар енгізілді. Дербес мекеме ретінде бақылау және қадағалаудың өзіндік өкілет­тіліктеріне ие болған Коми­тет­­тің қазіргі таңда аймақтық, транспорт­ тық және әскери басқар­малары жә­не орталықтанды­рылған кең ау­қымды мемлекеттік деректер желісі бар. Бүгінде Комитет пен оның ау­ мақтық органдары статистика­лық есептердің 65-тен астам түрін қа­ лып­тастырып, 10-нан астам орта­ лық­тандырылған дерекқор­лармен жұмыс істейді. Олар - азаматтардың мемлекеттік орган­дарға жүгінулері мен олардың өтініштерінің қара­лу нәтижелері, шаруашылық субъ­ек­ тілерінің және мемлекеттік ме­ке­­мелердің қызметін тексеру, әкім­ шілік және сыбайлас жем­қор­лыққа қатысты құқық бұзған азаматтар, қылмыстар мен құқықбұзу­шы­лық­ тар үшін жауапкершілікке тар­ тылған тұлғалар туралы деректер және тағы басқалар. Қазіргі таңда Комитеттің бас­ тамасымен 5 инновациялық пи-

лот­тық жоба жүзеге асырылуда. Олар – «Бизнес тірегі», «Электрон­ ды өтініш­тер мен хабарламаларды тір­­кеу кітабы», «Айқын», ЭҮШ (ШЭП) – электронды үкімет шлю­зы және «Шектеу». Бұл жоба­лардың бір ерек­ шелігі, халық­тың мұң-мұқтажын қанағат­тандыра отырып, өтініштер мен хабарла­маларға жедел жа­ уап қатуды және шешім­дердің қабылдануын тездетеді. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметінің табыс­ ты болуы кадрлардың мұқият іріктеліп, дұрыс таңдалуына бай­ ланысты. Сондықтан жұмысқа орналасушылар қатаң іріктеуден өткеннен соң, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында үнемі оқу сабақтары

мен түрлі тақырыптағы семи­ нарлар өткізіледі. Жас маман­ дар үшін Тәлімгерлер кеңесі ұйымдастырылып, арнайы есепке алу және құқықтық статистиканы қалыптастыру салалары бойынша тексерістер жүргізу әдістемелері жасақталады. Құқықтық статис­ тика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадаға­ лау оңай іс емес, бұл жұмыс прокурорлар мен мамандардан қырағылықты, зейінділікті және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Облысымызда құқықтық ста­ тистика және арнайы есепке алу органының аяғынан тік тұруына атсалысқан ардагерлерді айтпай кетуге болмайды, олар – Сұлу Ғаббасова, Бақтияр Баймырза,

Айман Оңаева, Сансызбай Үмбе­ талиев, Қалима Жаналиева, Гүлсім Мұхтарова секілді өз қызметіне адал жандар. Аталмыш органның әр қадамына куә болған, әр ісінің басы-қасында жүрген, жұмысы­ ның оңға басуына себепші болған қызметкерлер әлі де арамызда еңбек етуде. Оларды атап айтсақ, комитеттің Батыс Қазақстан об­ лысы бойынша басқармасының бастығы – Жанат Нұрмағамбетова, басқарманың арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Гүлнар Ибра­ шева, басқарманың Жаңақала ау­ даны құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалаушы проку­ роры Ақмарал Шапекова. Басқарма құрылғалы бері ай­ тарлықтай жұмыс жасады. Мұн­да тынымсыз еңбегімен көзге тү­сіп жүрген көптеген қызметкерлер төсбелгілермен, айрықша бел­ гілерімен, Бас прокурордың, ко­митет төрағасының, облыс әкі­ мінің грамоталарымен және ал­ ғысхаттарымен марапатталды, ара­мызда Президенттің Жарлығы мен «Құрмет» орденінің иегері атан­ғандар да бар. Қазіргі таңда басқарманың кадр­лармен жұмысы Елбасының 2013 жылғы 31 желтоқсандағы Жар­ лығымен бекітілген Құқық қорғау органдарындағы кадрлық саясат тұжырымдамасының басты қа­ғи­­ даттары бойынша жүзеге асы­ры­лу­да. Қоғам өмірінің түрлі сала­ларындағы заңдылықты қада­­­ға­­­лау­мен қатар, оның көрсет­­кіштері арқылы шынайы бет-­бейнесін қа­ лыптастыру, орта­лық­­­тан­­дырыл­ ған дерек­қорды оңтайлан­дыру мен әртарап­тандыру – прокурор­ лардың алдына заманның өзі қойып отырған талаптар, біздің тікелей міндетіміз. Элмира СЕЙІТҚАЛИЕВА, басқарманың кадр жұмысы және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аға прокуроры

ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ БІРЫҢҒАЙ ЖЕР САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ МЕН БІРЫҢҒАЙ ЖЕР САЛЫҒЫН ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ТАБЫСТАУ МЕРЗІМІ Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы: 1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі; 2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімі; 3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп. Арнаулы салық режімін қолдану құқығы жеке меншік құқы­ ғындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қай­талап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кез­ де, шаруа немесе фермер қожалықтарына берілген. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкер жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық орга­ нына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етеді, ал жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер шаруа немесе фер­ мер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде таңдауы қажет. Арнаулы салық режімін қолдану ерекшеліктері мен тәртібі ҚР Салық кодексінің 441-442-баптарында толықтай көрсетілген. Салық кезеңі күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады. Бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі бо­ лып жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны саналады, жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бер­ ген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі болмаған кезде жер учаскесінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша аудан, қала бойынша орташа жердің 1 гектарының бағалау құны

және жер учаскесі алаңы негізге алына отырып, айқындалады. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібіегістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай ставкаларды қолдану жолымен жүргізіледі: Реттік Жер учаскелерінің № алаңы (гектар) 1 2 1. 500-ге дейін 2.

3.

4.

5.

Салық ставкасы 0,1%

3

501-ден 1000-ға дейін қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,1% 500 гектар­дан асатын гектарлардың бағалау құнының + 0,2 % 1000-нан 1500-ге дейін қоса 1000 гектардан бағалау алғанда құнының 0,2% 1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының + 0,3% 1501-ден 3000-ға дейін қоса 1500 гектардан бағалау алғанда құнының 0,3% 1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының + 0,4% 3000-нан жоғары 3000 гектардан бағалау құнының 0,4% 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының + 0,5%

Жайлаулар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режімі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаске­ лері бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаске­лерінің жиынтық бағалау құнының 0,1% ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондайақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке

толған мүшелері үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 20 пайыз став­ касы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп оты­ рады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтіз­ белік жылдың басынан бастап туындайды. Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады. Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады. Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған деклара­ цияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер беті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрініс таба­ ды. Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына есеп­ ті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 31 наурызынан кешік­ тірілмей табыс етіледі. Салық төлеушілер салық есептілігін жоғарыда көрсетілген мерзімнен кешіктіріп табыстаған болса, осы салық төлеушіге қатысты ҚР ӘҚбК 206-бабына сәйкес шаралар қолданылады. ж

А. ДҮйсенов Орал қаласы бойынша салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 22 сәуір 2014 жыл

7

Хамидолла Төлеуғалиев Жас кезінде тай-құлындай те­бісіп өскен, бірнеше жылдар жұ­мыстас, үзеңгілес жолдас болған Хамидолла Төлеуғалиев дүние­ден озды деген хабар қабырға­ мызды қайыстырып жіберді. Ха­ мекең аққан жұлдыздай көзден ғайып болады деген ой үш ұйық­тасақ та, түсімізге кірмепті. Ха­ мидолла Батыс Қазақстан облы­ сы Чапаев ауданы Киров ауыл кеңесінде 1936 жылы дүниеге келген. Онжылдық мектеп бітір­геннен кейін 1957 жылы Орал­ дың А.Пушкин атындағы педаго­ гикалық институтын, 1968 жылы Саратов қаласындағы экономи­ калық институтты бітірген. 19571972 жылдары Қарсы орта мек­тебінде мұғалім, оқу ісінің мең­ герушісі, Чапаев аудандық ком­ сол комитетінің бірінші хатшысы, Батурин атындағы совхоз пар­тияның комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. Кеңша­рын­ да саяси әлеуметтік мәселелер­ ді, моральдық психологиялық ахуалды қажетті деңгейіне де­йін көтерудің нәтижесінде шар­ уа­шылық салаларында алдың­ғы шептен көріне бастады. 1972-1991 жылдары аудандық кәсіподақтар комитетінің төр­

Сырым елінде туып, Ақжайық ауданы Базартөбе ауылында еңбек еткен аяулы жар, ардақты әкеміз Мақсотқали Болат­ қалиұлының бақилық болғанына 21 сә­уірде 20 жыл болады. Егер әкеміз тірі болса, 5 мамырда 75 жасқа толар еді. Ме­­рейтойының төрінде отырар еді. Амал не... Әкеміздің нұрлы бейнесі жадымызда мәң­гі сақталады. Топырағы торқа, жаны жән­ натта болсын.

ағасы, ПМК-115 су құрылыс ме­ кемесінде, аудандық партия ко­митетінің нұсқаушысы, партко­ миссия төрағасы, Чапаев аудан­ дық салық комитетінің бастығы болып жұмыс істеп жүргенде оның ұйымдастыру қабілеті шыңда­лып, адами қасиеттері ерекше­ лене түсті. Аудан тұрғындарының беделіне ие болды. Сол жыл­ дарда ауданның экономикасын, мәдениетін дамытудағы өрелі іс­ тері жоғары бағаланып, көптеген медальдармен, Қазақстан Рес­ публикасы Қаржы министрінің Құрмет грамотасымен марапат­ талды. 1996 жылы зейнеткерлік­ ке шығып, әдемі қарттықтың үл­гілерін көрсетіп, өмірлік тәжі­ри­бесін жастарға үйретуден жа­ лықпады. Отанын сүю, жастарға патриоттық тәрбие беруге қазақ халқының озық әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін насихаттауда өзін­ дік үлкен үлес қосты. Өмірінің соңғы күндеріне дейін қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, Орал қалалық ардагерлер кеңе­ сінің төрағасының орынбасары болып жұмыс атқарды. Қалада­ ғы Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлерінің әлеумет­ тік мәселелерін, тұрмыс жағ­дай­

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаменті» ММ Орал қаласы, Достық даңғылы, 191/4 электрондық мекенжайы: zko_dkomy@mail. ru 2014 жылға республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын бо­ сап шыққан қаржы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік беріл­ген көлемін (бұдан әрі – қызмет) көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рә­сімін (бұдан әрі – рәсім) өткізу туралы хабарландырады: медициналық көмектің түрлері бойынша: жоғарымамандандырылған. медициналық көмектің нысандары бойынша: стационарлық. Қызметтер көрсетілуі тиіс: Батыс Қазақстан облысы аумағында. Рәсімге қатысуға арналған өтінімдер және нысандары komu.mz.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан қоса берілген құжаттардың тізбесін әлеуетті қызметтер берушілер «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаменті» ММ Орал қаласы, Достық даңғылы, 191/4 мекенжайы бойын­ ша, №6 кабинетке ұсынады. Рәсімге қатысу үшін өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2014 жыл 28 сәуір сағат 12.00-ге дейін. Рәсімге қатысу үшін өтінімдер сағат 15.00-де 28 сәуір 2014 жылы, мына мекенжай бойынша: Орал қаласы, Достық даңғылы, 191/4, №3 кабинетте қаралатын болады. Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефон арқылы алуға болады: 8 (7112) 50-33-78.

ларын шешуге ықпал жасауға сү­ белі үлес қосқан азамат. Хамидолла – үлкен шаңы­рақ­тың иесі болған, жұбайы Зура екеуі екі ұл, екі қыз өсіріп, олар­ дан немере сүйген әке. Туматуысқандарына қамқоршы бола білген, кішіпейілділігімен, бірқа­ лыпты мінез-құлқымен аудан­ның, қаланың кәрілері мен жаста­ рын тәнті еткен қария. Біздер, бір топ жолдастары, көп жылдар бірге жүріп, бірге тұрғанымызға тәубе дей отырып, Хамекеңнің жұбайына, балаларына, туматуысқандарына қайғырып көңіл айтамыз. Қош, қадірлі дос, қимас жол­ дас. Жатқан жері жарық, иманы жолдас болсын.

Сұм ажал алып кетті арамыздан, Айырылдық асқар таудай панамыздан. Бұл өмірден мәңгілік кетсең-дағы, Әкежан, өшпейсің сен санамыздан. Еске алушылар: зайыбы Ақлима, бала-келіндері Арман-Аймекен, Асылбек-Раушангүл, қыз-күйеу балалары Гүлнара-Айбар, Гүлдана-Нұрлан, Айдана-Марат, Венера-Бисенбай, немере-жиендері Жаңақала ауданы Бірлік ауылының тұрғыны болған сүйікті ұл, адал жар, ба­ лаларының қамқоршысы, отбасымыздың тірегі бола білген әкеміз Бауыржан Тө­легенұлы Сахиповты сағына еске ала­мыз. Әкеміздің өмірден өткеніне 21 сә­уірде 1 жыл болады. Көкірегіміз өкінішке тол­ ды, бұл күнге жете алмай кете бар­дыңыз. Тағдырдың жазғанына көніп, біз қалдық. Әкеміздің жатқан жері жарық, рухы биік, жаны жәннатта болсын деп сағынышпен еске аламыз. Бір жыл өтті асқар тауымыз құлағалы, Бір жыл өтті анамыз іздеп жылағалы. Әр күніміз сағынышпен өткенімен, Жүрегіміз әке деп соғады әлі. Тәрбиеңді көріп өстік жасымыздан, Ешкім сіздей сипамаған басымыздан. Түсіне алмай қалдық, әке, артыңда біз, Кетуің де болды-ау, әке, бұл тосыннан.

Бір топ жолдастары Жоғары қабілетті және сәу­ле­лік жүктемесі айтарлықтай төмен соңғы үлгідегі аппа­рат­та Компью­ терлік томогра­фия (қабатталған рентге­но­логия) өткізіледі. Әмбебап аппаратта магнит­тірезонанстық томография (МРТ) өт­кізіледі. Зерттеудің барлық кес­кінді түрлері бар. Тексеруге дәрі­гер­дің нұсқауынсыз тексе­ріс қа­ былданады. МРТ кабине­тінің дәрі­ гері бақылау аумағын белгілейді. Мекенжайымыз: Орал қа­ла­сы, Есенжанов көшесі, 19-үй, («Омега» зауыты ауданы), «Меди­циналық ор­ талық» ЖШС).

Сағына еске алушылар: әкесі Төлеген, зайыбы Батшайым, балалары-келіні Тілектес-Ақерке, Эльдар, Ерназар және бауырлары Орал қаласының тұрғыны болған асыл жар, аяулы әке, сүйікті ата, қимас бауыр, қадірлі құда Мизамғали Оразайұлы Әмірхановты өмірден озғанына 1 жыл бо­ луына орай қайғырып еске аламыз. Көктем де келді өкпек желмен өзегімді өртеген, Сан ойлар мені сарғайтады, оятады ертемен. Құстар да келіп ұясына оралар Тек сен жоқсың, іздейміз сені жылжыған айлар, күндерден. Жыл өтті, міне, айтылмайды асқақ ән, Әзіліңді сағынады жақын-жуық, дос-жаран. Қаласың енді жүрегімізде мәңгілік, Талғамы биік, ойы ұшқыр басқадан.

Анықтама алу үшін телефон: 53-72-59, 53-67-78

Борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықты жүргізу туралы ақпараттық хабарлама «Губашева З.У.» ЖК, конкурстық басқарушысы (Орал қ., Орақбаева көшесі, 4/1-үй, ЖСН: 651115402799) «Губашева З.У.» ЖК БҚО Орал қ., Орақбаева, 4/1 көшесі бойынша тіркелген борышкердің мүлкін (актив­ терін) сату бойынша сауда-саттықтың жүргізілетіндігі туралы хабарлай­ ды, сауда-саттық Орал қ., Еуразия даңғылы, 108 (дәріхана ғимараты) мекенжайы бойынша 16.05.2014 ж., сағ. 11.00-де өткізіледі, ұ.т.: 8-701521-51-13. Борышкердің негізгі қызмет түрі: көліктерді сату, жөндеу. Мүлік сауда-саттыққа ағылшын әдісі бойынша екі лотпен қойылады. Лоттың №1 – БҚО Орал қ., Орақбаева, 4/1 көшесі бойынша тіркел­ген әкімшілік кешен А Литер (қызметшілердің бөлмелері) 1 Литер, Ша­тырлы орындар 2 Литер, ғима­рат­тардың астындағы жер учаскелері, бастапқы бағасы – 50 460 800 тең­ге. Лоттың №2 – 1994 жылғы Ford Transit автокөлігі, техникалық жағдайы – қанағаттанарлық, бастапқы бағасы – 416 900 теңге. Кепілдік жарна ЖК-ның №KZ 45856000000437361 КБЕ 17, БИК: KCJBKZKX «БанкЦентрКредит» АҚ, банк шотына лоттың жоғарғы баға­

сының 10% мөлшерінде төленеді. Өтініштер қабылдау және сауда-саттыққа қатысуға тілек білдіруші тұлғаларды тіркеу осы хабарлама жарияланған күннен кейінгі күннен бастап Орал қ., Еуразия даңғылы, 108-үйде (дәріхана ғимараты), тел.: 8-701-521-51-13 мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағ. 9.00-ден бас­ тап 17.00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс сағ. 12.00-ден бастап 14.00-ге дейін. Өтініштерді қабылдау және сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу сауда-саттық басталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталады. Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін құжаттар өзімен не үшінші тұлғаның өкілеттігі бойынша өкілдігі тиісті түрде ресімделген болса, сауда-саттықты ұйымдастырушыға ұсынылады. Қосымша ақпаратты Орал қ., Еуразия даңғылы, 108-үйде (дәріхана ғимараты) тел.: 8-701-725-52-84 мекенжайы бойынша алуға болады. Конкурсты ұйымдастыру бойынша шағымдар БҚО Салық департа­ менті, Орал қ., Некрасов к., 30/1 мекенжайы бойынша сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін, тел.: 8 (7112) 51-25-45, электрондық пошта: taxwest@mgd.kz

Еске алушылар: зайыбы Гүлзада, анасы Сәлия, балалары, бауырлары, немере-жиендері

“Жайық Пресс” ЖШС мен “Орал өңірі” газетінің редак­ция ұжым­­ы редакцияның бұрынғы қызметкері, еңбек ардагері Темірғалиева Раушан Темірғалиқызының қайтыс болуына байланысты марқұмның жанұясына, туысқанда­ры­на қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16478, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: а.жұмаева


8

керуен сарай Cейсенбі, 22 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«Ақжайық» – «Восток» 1:0 Бірінші лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші турында Оралдың «Ақжайығы» Өскеменнің «Востогын» қабылдады. Бұл қос команда өткен жылы премьер-лигада өнер көрсеткен болатын. Олардың өзара ойында­ рында шығыстықтар басымдылық көрсеткен еді. Оралда 2:2 есебі­ мен тең ойын нәтижесі тіркелсе, Өскеменде соңғы минутта Павел Удалов соққан доп «Востокка» же­ңіс әперген-ді. Чемпионат қоры­ тындысында «Ақжайыққа», міне, осы ұпайлардың да жетпей қал­ ғаны анық. Сенбі күнгі кездесуде

П.Удалов алаңға шыққанымен, ай­та қаларлықтай көріне алған жоқ. Де­ генмен талай жердің дәмін татқан Сабырхан Ибраев, «Ақжайықта» бір-екі жыл ойнап кеткен Вячеслав Эрбес, қақпашы Илья Байтеряков сынды тісқаққан ойыншылары бар «Восток» оңай шағылар жаңғақ емес. Оны ойын барысы көрсетті де. Бірінші таймда «Ақжайықтың» жас шабуылшысы Иван Антипов­ тің шірене соққан добы қақпа маң­дайшасынан кері қайтса, көп ұза­ май, 36-минутта Орал футболының тағы бір түлегі Руслан Валиуллин қарбалас сәтті шебер пайдала­ нып, есеп ашты. Ойынның екін­ ші кезеңінде «Восток» бас-көзге қарамай, шабуылға шықты. Тіпті бірде доп қақпа маңдайшасына тисе, екіншісінде Эльдар Абдрах­

манов аман алып қалды. Кездесу соңына таман «Ақжайықтан» Алек­ сей Мальцев, Данило Беличтер­ дің бірнеше рет доп соғатындай мүмкіндіктері болғанымен, бірде өздері мүлт кетсе, келесіде қақ­па­шы құтқарды. Сөйтіп матч 1:0 есе­ бімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Осы турдан кейін «Ақжайық» жеті ұпаймен үшінші орынға кө­ терілді. Бірінші лигада 9 ұпай жи­ наған Ақтаудың «Каспийі» мен Шымкенттің «Қыраны» көш бастап келеді. Оралдықтар келесі кезде­ суін 27 сәуір күні Көкшетауда «Оқжетпеспен» өткізеді. Оның ал­ дында Шымкентте Қазақстан ку­ богі үшін ойында «Қыранмен» күш сынасады.

Құттықтаймыз! Шыңғырлау ауданының тұрғыны, қы­ зымыз Гүлжамал ЖҰМАҒАЗИЕВАНЫ ме­рейлі 50 жасқа толған туған күнімен құт­ тықтаймыз! Денсаулық, отбасына бақыт тілейміз. Ұл-қызыңыздың қызығын көріп, қосағыңызбен қоса ағарыңыз. Бәріміздің басымызды қосып ап, Жанұялық ансамбльді басқардың. Облыстық байқауда үздік орын ап, Мерейімізді көтеріп бір тастадың. Құтты болсын 50 келген жасыңыз, Саулық берсін, аман болсын басыңыз. Отбасымен қуанышқа кенеліп, Асулардан талай алға асыңыз.

Игі тілекпен: әкеңіз Ғұмар, анаңыз Сара, ініңіз Радж, келініңіз Гүлмира Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылының тұрғыны, асыл жар, сүйікті әке Нұрлыбай Ибрахимұлы САЛЬМАНОВТЫ 20 сәуірде ердің жасы 50-ге толатын туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әкемізге мықты денсаулық, отбасылық ұзақ бақыт­қа кенелуді, немере-жиендерінің қызы­ ғына бөлене беруді тілейміз. Арамызда аман-есен қызықтарымызға куәгер болып жүре беріңіз.

Елжан ЕРАЛЫ

Тал түсте тапанша кезеніп... Өткен аптаның жұмасында облыстық ІІД тергеу басқармасының қызметкерлері жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Айша ӨТЕБӘЛІ, "Орал өңірі"

Жиынды жүргізген аталмыш басқарма бастығының орынбаса­ ры Мағауия Құрмашевтің мәлім еткеніндей, 17 сә­уір күні шама­мен сағат 11.30-дар­­да Әбілқайыр хан даңғылы мен С.Тюленин кө­ шелерінің қиылы­сында 1986 жы­ лы туған В.Адамян еш себепсіз 1986 жылы туған Эльвар Ибраги­ мов пен 1989 жылғы Элияр Иб­рагимовке тиісіп, оның соңы жан­­-

жалға ұласқан. Содан соң В.Ада­мян «Тойота Прадо» маркалы автомашинаға мініп, сол жерден кетіп қалады да, 10 минут өткен­нен кейін ағайын­ды Ибрагимов­ терге қайта келіп, көлігінен түс­ пестен оларға трав­матикалық тапаншадан оқ атып, оқиға орны­нан бой тасалаған. Жарақат алған ағайынды Иб­ рагимовтер тез арада облыстық ауруханаға жеткізілген. Сол жер­ де оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. Осы жағдай бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шараларының

нә­тижесінде бір тәулік ішінде В.Адамян ұсталып, Қазақстан Рес­публикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабы бойынша Орал қаласы ішкі істер басқар­ масының уақытша ұстау изолято­ рына қамалды. Аталмыш оқиғаға байланысты Орал қалалық ІІБ Қазақстан Рес­ публикасы Қылмыстық кодексі­ нің 257-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бүгінгі таңда қажетті сарапта­ ма тағайындалып, дәлелдемелік және куәгерлік негізді бекіту бойынша жедел тергеу амалдары жүргізілуде. Мағауия Құрмашев­ тің айтуынша, бұл оқиға жігіттер арасындағы түсінбеушілік салда­ рынан болған, мұның ұлттар ара­ сындағы қарым-қатынасқа еш қатысы жоқ.

Құттықтаушылар: зайыбыңыз Жаңыл, ұлдарыңыз Самғат, Ерназ, қыз-күйеу балаңыз Талғат-Жұлдыз, жиеніңіз Жанель

Хабарландыру 2014 жылғы 25 сәуір күні сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің үлкен залында Орал қалалық мәслихатының 23-кезектен тыс сессиясы ке­лесі күн тәртібімен өткізіледі: 1) 2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджетті нақтылау туралы. 2) Әр түрлі.

Мия тамыры шәрбатын (сироп) сатамын (ащы жал­ бызды). Тел.: 51-35-97 Шектелмеген көлемде мия тамырын сатып аламын. Қымбат. Тел.: 51-35-97

“БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы” ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды 090006, БҚО Орал қ. Х.Чурин көшесі, 116, 2-қабат, 202-бөлме, анықтама алу үшін телефон: 8 (7112) 50-97-98, e-mail: depenergzko@mail.ru 1. Батыс Қазақстан облысының энерге­ тика және тұрғын үй-коммуналдық шар­ уашылық басқармасы басшысының орын­ басары – 1 бірлік (D-О-2) санаты, жалақысы қызмет өтіліне қарай 131969 теңгеден 169767 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Облыстың елді мекен­дерін газдандыру және электр­ лендіру мәселелері, ны­сандары пайдалануға беру және қажетті құжаттарды рәсімдеу бо­йынша процедураларды жүргізеді; «Биз­нестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберін­ де индустриялық инфрақұрылымды дамыту­ға қатысады; Форма-1 және Форма-2 нысан­да­рының және мемлекеттік сатып алу бойын­ша келісімшарттардың жүргізілуіне бақылау жасау және қол қою; Басқармада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына бақылау жасайды; Басқармада кадрларды ірік­ теу ко­миссиясының жұмысын ұйымдастыра­ ды; Бюджет қара­жатын уақтылы игерілуін қа­ дағалау. Үміткерлерге қойылатын талаптар: «Тех­никалық ғылымдар және технологиялар», «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (эконо­ми­ка, қаржы, есеп және аудит, ме­неджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) маман­ дықтары бойынша жоғары білім.

Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйым­дарында алған азаматтар («Бола­шақ» бағдарламасы­ның түлектерінен басқа) білімі туралы құжаттарын тану немесе ностри­ фикациялау рәсімінен өтуі тиіс. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың бірі­не сәй­кес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 2) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарла­малары бойынша Қазақстан Респуб­ликасы Президенті­нің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізін­ де немесе шетелдің жоғары оқу орын­дарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі респуб­ ликалық комиссия бекітетін басым мамандық­тар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемле­ кеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес неме­се ғылыми дәрежесінің болуы; 3) мемлекеттік органдарда басшылық неме­ се өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 4) осы санаттағы нақты лауазымның функ­ ционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес. Қазақстан Республикасының Конституция­сын, Қа­зақ­стан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақ­ стан Республикасының Пар­ламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақ­ стан Республикасының Үкіметі туралы» Кон­сти­ту­циялық заңдарын, Қазақстан Республи­касының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сы­-

байлас жемқорлыққа қар­сы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нор­мативтікқұқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңда­рын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қаты­нас­ тарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қа­зақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функ­ ционал­дық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндет­ті білімдер; Конкурс Қазақстан Республикасы Мемле­ кеттік қыз­мет істері жөніндегі агенттігі төр­а­ ғасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген бос әкімшілік мемле­ кеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу жә­не конкурс комиссиясын қалыптастыру қа­ғи­далары негізінде өткізіледі. Конкурс комиссиясының отырысына бай­ қаушылар­ды қатыстыруға жол беріледі. Қажетті құжаттар тізбесі: 1) белгіленген нысан бойынша өтініш; 2) 3x4 өлшемдегі суреті бар белгіленген ны­ сандағы сауалнама; 3) нотариалды куәландырылған білімі жө­ ніндегі құ­жаттардың көшірмелері; 4) нотариалды куәландырылған еңбек жо­ лын рас­тайтын құжаттардың көшірмелері; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министр­лігінің 2010 жылғы 23 қараша­дағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республи­

касының нормативтік-құқықтық актілердің ті­ зілімінде 2010 жылғы 21 желтоқ­санда №6697 болып тіркелген) нысан бойынша денсау­лық жағдайы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының же­ ке куәлі­гінің көшірмесі; 7) Құжат өткізу сәтінде күші бар шекті мән­ нен төмен емес нәтижелі тесттен өту туралы сертификат. Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кә­сіби ше­берлігіне және беделіне қатысты (бі­ліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжат­тардың көшір­ мелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғы­лы­ми жа­рияланымдар және өзге де олардың кәсіби қыз­метін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақ­параттар бере алады. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар кон­ курс тура­лы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға 090006, БҚО Орал қ. Х.Чу­рин көшесі, 116-үй, 2қабат, 202-бөлме, анықтама алу үшін телефон: 87112-50-97-98, e-mail: depenerg-zko@mail.ru тапсыруы тиіс. Электрондық пошта арқылы конкурсқа қа­ тысуға құ­жат тапсырған азаматтар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктер­ мей құжат түпнұсқаларын тапсырады. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан үміткер­лерді әңгімелесуге жіберу туралы ха­бардар етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы­ның энергети­ ка және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық басқармасында өтеді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.