6 18 01 2014

Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

www.zhaikpress.kz

- 12 - 15

С

0

С

0

Сенбі, 18 қаңтар 2014 жыл №6 (19925)

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

oral_oniri@inbox.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан жолы – 2050:

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар! Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстан­ дықтар ертеңіне, елінің болаша­ ғына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігі­ міз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!

Құрметті отандастар! ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты ха­ лық­тың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйе­ тін ұлы туындымыз! Біз қазақстандықтардың ел бо­ лашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде көптеген табысты елдер – Қытай, Малайзия, Түркия ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жаз­бай, азаматтарымыздың күнделікті тір­шілігінің мәселелерін шешуге мүмкін­дік береді. Бұл біздің 30-50 жыл­­да емес, жыл сайын халық тұр­мысын жақсартатынымызды білдіреді. Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандық­тардың өмірін жарқын ете түсе­тін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осыған бар­лық жағдайды жасау. Мен әлем­ нің озық елдері арасындағы Ота­

нымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстан­дықтарды мәңгілікке бі­ ріктіретініне сенімдімін. Бүгін мен дамыған 30 елдің қа­тарына кіру жоспарымызды ұсын­ғым келеді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет нақты тұжырым­­дама жобасын жасады. Осы Жол­ даудағы менің тапсырмаларым ескеріле отырып жөнделгеннен кейін түпкілікті бекітілетін бұл құжатты жалпы алғанда қолдадым. Көпте­ ген болжамдар бойынша, алдағы 15-17 жыл Қазақстанның ауқымды серпілісі үшін «мүмкіндіктер көзі» болмақ. Бұл кезеңде сыртқы ор­таның қолайлылығы, ресурс­тарға, энергияға және азық-түлікке сұ­раныстың артуы, Үшінші индуст­ риялық төңкерістің пісіп-жетілуі сақталады. Біз бұл кезеңді пайдалана білуге тиіспіз. Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһандық бәсекелестік жағ­дайында ілгерілейміз. Алдағы он­жылдықтарда біз қазірдің өзін­де біліп отырған сын-қатерлер, жа­һандық нарық пен әлемдік сая­ саттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды. Ғасыр ортасы да таяп қалды. Әлемнің дамы­ған елдері соған сай нақты страте­гияларын дайындауда. ХХІ ғасырдың орта тұсы күрделі болары даусыз, ал жаһандық отыз­дық тобының тізіміне кіретін үміткерлер саны тым шектеулі болады. Мен «дамыған ел» ұғымының уақытқа сәйкес өзгеріп тұратын категория екенін бірнеше рет айттым. Дамы­ ған елдерде халықтың мүлде жаңа өмір сапасы пайда болуда. Бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ын­ тымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер көр­ сетіп отыр. Оған әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын өндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ-ға кіруге тағы 6 ел – Бразилия, Қытай, Үндістан, Индонезия, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасы үміткер болып отыр. Ұйымға мүше барлық елдер терең жаңғыру жо­лынан өтті, инвестицияның, еңбек өнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамытудың, халық өмірі стандарттарының жоғары көрсет­кішіне ие болып отыр. Әл­бетте, ЭЫДҰ елдерінің болашақ ұзақмер­ зімді қарқыны ескерілгендегі ин­дикаторлары – жер жүзінің дамы­ ған 30 мемлекетінің қатары­на кі­-

ру жолындағы біздің базалық бағ­ дарымыз осы. Мен Қазақстанда ЭЫДҰ-ның бір­ қатар қағидаттары мен стандарттарын енгізу жөнінде міндет қойдым. Олар Тұжырымдама жобасында көрініс тапқан. Экономикада ішкі жалпы өні­мнің жыл сайынғы өсімін 4 пай­ыздан кем қылмау жоспарлануда. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 па­йызына дейін ұлғайту керек. Эко­ но­миканың ғылы­ми қамтымды моделін енгізу Қазақстанның экспорт­ тық әлеуетіндегі шикізаттық емес өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру мақсатын көздейді. Экономиканың жоғары техно­ логиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек. Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдар­ лары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз ке­рек. Қазақстан халық құрылы­ мында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жа­ һан­дық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыз­дай деңгейге дейін өседі. Қазақ­ станның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады. Саламатты өмір салтының ор­нығуы, медицинаның дамуы қа­ зақстандықтардың өмір сүру ұзақ­тығын 80 жасқа дейін арттыра­ды. Қазақстан медициналық туриз­мнің жетекші еуразиялық орталық­ тарының біріне айналады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқта­лады. Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі.

Құрметті отандастар! Қазақстанның әлемдегі ең да­ мыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұ­ мыс­тың ұзақмерзімді басымдық­ тары белгіленген. Біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек. Бірінші. Инновациялық индуст­ рияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. Мен Үкіметке 2016-2019 жыл­дарға ар­ налған Үдемелі индустрияланды­ рудың Екінші бесжылдығы жо­басы жөнінде бірқатар тапсырмалар бердім. Индустрияландыру ба­ сымдықтары санын шектеу керек. Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар – біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұ­ най-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектерді өң­ деудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек ме­ талдардың ғылыми қамтымды са­лалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және ме­ дици­налық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымын ұлғай­ ту қажет. Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарық­ қа шығуға тиіс. Тиісті заңнаманы жеңілдете отырып, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тартқан жөн. Жалпы, дәстүрлі салаларға қатысты біздің оларды дамыту жөніндегі бөлек жоспарларымыз болуы керек. Әрбір келесі бесжылдықтың нақты нәтижесі экономиканың жа­ ңа салаларын қалыптастыру болуға тиіс. Бірінші бесжылдық аясында автомобиль және авиақұрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары өндірісі жолға қойыл­ ды. Оларды кеңейтіп, сыртқы на­ рықтарға шығару керек. Сонымен, 2050-ге дейінгі қал­ған жылдар жеті бесжылдыққа бөлінеді, олардың әрқайсысы бір мақсат – дамыған 30 елдің қа­тарына кіру мәселесін шешеді. Екінші және одан кейінгі бес­ жылдықтарда мобильді, муль­­тимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы (Жалғасы 2-бетте)


2

ЖОЛДАУ Сенбі, 18 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Қазақстан 2050 МӘҢГІЛІК ЕЛ

Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, гендік инженерия салаларын, бо­лашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн. Мемлекет жұмысының не­гізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта биз­несті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады. Екінші. Қазақстанның агро­өнер­­­кәсіп кешенін иннова­циялық ба­ғытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жа­һандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмы­сын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек. Бірінші кезекте, әсіресе баға қалыптастырудың ашық механизм­­дері арқылы тиімді жер на­рығын құру маңызды. Ауыл ша­руа­шылығы жерлерін инвестиция тарту және озық технологиялар енгізуді ескеріп жалға бергенде ғана бәсеке күшейеді. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиім­ді пай­далануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн. Болашақ – аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорын­ дары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қол­дауға тиіспіз. Фермерлер ұзақмер­зімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болу­ға тиіс. Ауыл өндірушілерінің қарыз­дарын ке­ пілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру да өзекті мәселе. Қазақстан ет және сүт өнім­де­рін экспорттайтын өңір­лік ірі елге айналуға тиіс. Егін шаруа­ шылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқарту, оларды көкө­ніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. Агрохимикаттарды тиімді тұтынудың, қуаң жерлерде топы­ рақты нөлдік өң­деудің заманауи технологиялары мен өзге де инновацияларды қолдануды кеңей­ту­дің кешенді шаралары қажет. «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі қабылданған тұжырым­ да­маға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшірілетін болады. Біз аграрлық ғылымды дамытып, сынақтық аг­ рарлық-инновациялық кластер­ лер құруымыз қажет. Уақыт кө­ шінен қалмай, табиғи азық-түлік өндірумен қатар құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер өндірісін де жүргізу ма­

ңызды. Айтылған міндеттерді ес­­кере келіп, Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарына түзету енгізуді тапсырамын. Үшінші. Ғылыми қамтымды эко­­номика құру – ең алдымен Қазақ­ стан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерция­ ландыру жөніндегі заңнаманы же­ тілдірген жөн. Үкіметке биыл­ғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті заң жобалары топтамасын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізуді тапсырамын. Ғылымды қаржылан­ дыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған елдердің көр­ сеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажет. Шетелдерден инвестиция тар­туды толықтай елімізге білім мен жаңа технологиялар трансферттеу үшін пайдалану керек. Шетелдік компаниялармен бірлесіп, жобалық және инжинирингтік орталықтар құру қажет. Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлт­тық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн. Мен кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігін білемін. Үкімет осы мәселені қайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұл үшін барлық жағдайды жасағаны жөн. Жабдықтарды өз елімізде өнді­ руімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудың қажеті жоқ. Ұлттық инновациялық жүйенің, оның негізгі институттарының тиім­­ділігін арттыру маңызды. Олар­ дың белсенділігін стартаптарды жә­не венчурлік мәмілелердің бас­тапқы кезеңдеріне қолдау көр­­сетуге бағыттаған жөн. Ірі қалалық агломерациялардағы, әсіресе Ас­­тана мен Алматыдағы техноло­гия­ лық парктердің жұмысын жан­дандыру керек. Алғашқы зияткер­ лік-инновациялық кластер қа­зір Астанадағы Назарбаев универ­ситетінің арқауында табысты жұмыс істеуде. Ал Алматыда мұндай кластер – «Алатау» ақпа­рат­тық технологиялар паркі. Технопарктерде қазақстандық ірі ком­ паниялардың қосалқы өндіріс­терін орналастыру үдерісін ынталандыру шараларын ойластыру маңызды. Төртінші. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көлік­ тің, энергетиканың қарқын­ды да­муын қамтамасыз ету керек. Аг­ ло­мерациялар – Қазақстан­ның ғылыми қамтымды экономика­ сының ұстыны. Елдің орасан зор аумағын, халықтың орна­ласу ты­ғыздығының төмен екенін ес­керсек, агломерациялар қалыптас­тыру мен дамыту – маңызды мәселе. Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар – Астана мен Алматы, одан соң Шымкент пен Ақтөбе болады. Олар халықтың және инвестициялардың шоғырлану ор­­талықтарына айналады, сапалы білім беру, медицина, әлеумет­тік-мәдени қызметтер көрсетеді.

Көлік инфрақұрылымы – индуст­риялық экономика мен қо­ ғамымыздың тамырына қан жү­ гіртетін жүйе. Сапалы заманауи магистральдарсыз дамыған ел болмайды деп мен талай рет айттым. Бұған қоса, Қазақстанның қатынас жолдары оның Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан маңызды мәнге ие. Елде жолдар желісін жасау үшін біз «Астана – Қарағанды – Алматы», «Астана – Павлодар – Өскемен», «Алматы – Қапшағай – Өскемен» автожолдарын салуды бастадық. Осы бағыттар бойынша пойыздар қа­зірдің өзінде екі есе жылдам жүріп жатыр. Логистикалық қызмет көрсету секторын дамыту қажет. Ең алдымен біздің жүктерімізді тасымалдау үшін Кеден одағы ау­ мағын барынша пайдалану туралы сөз болып отыр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің құрылысы да аяқталуға таяу, Пар­сы шығанағы­ на шығу үшін Тү­рікменстан мен Иранға теміржол тартылды. Келешекте Қазақстан теңізге шығатын жолдары бар елдерде логистика орталықтарын құруға инвестиция салуға тиіс. Жүктерді кедендік өңдеу мерзімдерін қысқартып, шекара өт­келдерінің өткізу мүмкіндігін арт­тырып, Ақтау портының қуатты­ лығын күшейтіп, экспорт-импорт операцияларының ресімдерін же­ ңілдету керек. Біз ұзындығы 1200 шақырым болатын Жезқазған – Шалқар – Бей­неу жаңа теміржолын салып жатырмыз. Ол орталықтың көптеген аудандарына жан бітіріп, елдің шығысы мен батысын тікелей байланыстырады. Бұл орасан құрылыс 2015 жылы аяқталады. Бұл магистраль Каспий мен Кавказ арқылы Еуропаға шығуға мүмкіндік бере­ді. Ал шығыста Тынық мұхиттағы Ляньюньган порты арқылы шығамыз, бұл жөнінде ҚХР-мен келісім бар. Біз энергетиканың дәстүрлі түр­ лерін дамытатын боламыз. Жылуэлектр стансаларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі із­деністер мен жаңалықтарға, өн­діріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеу­ ге қолдау көрсету қажет. Таяуда Еуроодақтың ірі компаниялары­ ның алғашқы ондығы Еуроодақ­ тың әйгілі жасыл экономика тұ­-

жырымдамасы негізінде қабыл­ данған энергетикалық стратегиясы­ на қарсылығын жариялады. Еуро­ одақ оны жүзеге асырған төрт жылда 51 гигаватт энергия қуатын жоғалтты. Жасыл экономика бағ­ дарламасымен жұмыс жүргізе отырып, біз осы қателікті ескеруіміз керек. Астанадағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты болашақтың энергиясын іздеу жә­ не жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерделеу мен енгізу орталығын құру үшін пайдалану керек. Мамандар тобы Назарбаев университетінің қолдауымен осы жұмысқа кірісуге тиіс. Біз қоғам­дық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіруге, электромо­ бильдерді енгізуге және олар үшін тиісті инфрақұрылым қалыптас­ты­руға жағдай жасауымыз керек. Еліміз бензинді, дизель отынын, авиация керосинін молынан өн­ діруді қажет етіп отыр. Жаңа мұнай өңдеу зауыттарын салу қажет. Сонымен қатар ядролық энергетиканы дамытудың келешегін ұмытпау керек. Әлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілік өсе түсетін болады. Қазақстан – уран өндіруде әлемдік көшбасшы. Біз АЭС отыны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз. Бесінші. Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қа­ зақстанды индустриялық және әлеу­меттік жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менің ұстаны­мым айқын екенін білесіздер, оны талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар, онда 2,4 мил­лионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,3 млрд. теңгені құрап отыр. Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жеке меншік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті

дамытуға кедергі келтіретін бар­ лық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс. Шағын бизнесті маманданды­ руды келешекте оларды орта дең­гейге көшіру перспективасымен дамыту шараларын қабылдау ма­ңызды болмақ. Осы сектор субъектілерінің банкроттығының айқын тетіктерін енгізген жөн. Шағын және орта бизнес жаңа иннова­ циялық кәсіпорындар тө­ңірегінде дамуға тиіс. Мен Үкіметке индуст­ рияландырудың екінші бес­жыл­дығы жоспарын «Бизнес-2020» жол картасымен үйлестіруді тапсырдым. Үкімет Ұлттық кәсіпкер­­лер палатасымен бірлесіп, жұмы­ сын жаңа бастаған бизнесмендер­ге әдістемелік көмектің тиімді те­ тіктерін жасауы керек. Алтыншы. Біздің болашаққа ба­рар жолымыз қазақстандықтар­дың әлеуетін ашатын жаңа мүм­кіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас ара­ лығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан олар­ ға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындар­лы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақ­паратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуін қа­растырғаны жөн. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық


ЖОЛДАУ oral_oniri@inbox.ru

Қазақстан 2050 МӘҢГІЛІК ЕЛ

бір мүдде, бір болашақ жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың тех­никалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қа­рас­ тыру қажет. Үкіметке 2014 жыл­ғы 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Жетекші университеттерді ака­ демиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет. Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп санаймын. Үкіметке 2016 жылғы 1 қаң­ тардан бастап стипендиялар мөл­шерінің 25 пайызға өсірілуін қам­ тамасыз етуді тапсырамын. Екіншіден, денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медици­налық сақтандыру енгізу мәселе­ сін зерттеген жөн. Мем­лекеттің, жұмыс берушілердің және қызмет­ кердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – меди­циналық қыз­ меттің барлық жү­йесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі про­ филактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі. Үшіншіден, жалпықазақстан­дық мәдениетті дамытуға жаңаша сер­пін берген жөн. Мәдени сая­сат­тың ұзақмерзімді тұжырым­дама­ сын әзірлеу қажет. Онда қазақ­­с­тандықтардың бәсекеге қабі­летті мәдени ментальдігін қалыптасты­ руға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағыттал­ған шаралар белгілеу керек. Қазақ тілі бүгінде ғылым мен бі­ лімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқы­татын 57 орталық жұмыс істейді. Олардан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлт­тың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Төртіншіден, білім беру, ден­ саулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта қарастырған жөн. Үкіметке азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісін әзір­ леуді және 2015 жылғы 1 шіл­деден бастап енгізуді тапсырамын. Ол қызметкерлердің еңбекақыларын денсаулық сақтау саласында – 28, білім беру саласында – 29, әлеу­ меттік қорғау саласында 40 пайызға дейін арттыруды қамта­масыз етуге тиіс. Бесіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы

біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа ор­ наластыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді. Сондай-ақ 5-10 адамға арналған арнайы квотаны енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады. Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады. Біздің барлық әлеумет­тік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы осы жұмысты қолға алғандары жөн. Егер қажет болған жағдайда Үкімет бұл мәселені бар­лық компаниялармен бірлесе пы­ сықтап, тиісті шешім қабылдауы керек. Мүгедектігіне және асырау­ шысынан айырылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы көлемін Үкіметке 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыруды тапсырамын. Мүгедектер бірлестіктері қызметінің құқықтық базасын же­ тілдірген жөн. Үкіметтен бастап жергілікті әкім­ дерге дейінгі барлық мемлекеттік органдардың олармен жұмысын күшейткен маңызды. Кедейлік деңгейін одан әрі тө­мен­детіп, жұмыс­ сыздықтың өсуін тежеген жөн. Бұл ретте масылдық пиғылдың өріс­ теуіне жол бермеу маңызды. Мемлекеттік көмек алушылар­ дың барлығы үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге көмек­ тесетін бағдарламаларға міндетті қатысу туралы ереже енгізу керек. Жетінші. Мемлекеттік институт­тар жұмысын жетілдіру. Әлем­нің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бә­секелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуа­ лы қажет. Мемле­кеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қи­мы­лының жаңартылған тәсілдері керек. Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс. Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс. Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру. Әкімшілік ре­форма қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нә­тижеге деген жауапкершілігін кү­шейте отырып, жергілікті жерлер­ дегі басқару органдарына кө­бірек дербестік беру керек. Үкі­ метке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, биылғы 1 шілдеге дейін осы айтылған барлық мәселелер жөнінде кешенді ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Мемлекеттік кәсіпорындардың,

ұлттық компаниялар мен бюд­ жеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуді жалғастыру қажет. Үкі­ метке «Б» корпусы мемлекеттік қыз­метшілерінің еңбекақысын 2015 жылғы 1 шілдеден бастап – 15 пайызға, ал 2016 жылғы 1 шілдеден бастап – тағы 15 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Мемлекетіміз бен қоғамымыз алдында тұрған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жо­ лындағы нақты міндеттер осындай. Біздің алдымызда оларды заң жүзі­ не және нақты шешімдерге айналдыру міндеті тұр. Құрметті депутаттар және Үкімет мүшелері! Әлемнің дамыған 30 елінің қа­ тарына қосылуға ұмтылысы­мызды біз екі кезеңде жүзеге асыруымыз қажет. Бірінші кезең XXI ғасырдағы «мүмкіндіктер көзін» пайдалана отырып, жаңғыру серпілісін жасау қажет болатын 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Қазақстан осы уақыт ішінде дамыған елдер­дің өткен жүзжылдықтағы ин­ дустриялық дүмпу кезінде жа­ сағанын жүзеге асыруы қажет. Мұны іске асыруға әбден болады. Оңтүстік Корея, Сингапур осындай жолдан өтті. Бұл кезең­де біз экономикамыздың дәстүрлі салаларының қарқынды өсімін қамтамасыз етіп, қуатты индуст­ риялық өңдеуші сектор құрамыз. Екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономи­ ка қағидаттарына негізделген ор­ нықты дамуын қамтамасыз ету қажет. Біз қуатты өңдеуші өнеркә­сіп қалыптастырамыз. Дәстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылып, ғылыми қамтымды экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қыз­ меттер дамиды. Көп нәрсе қалай бастауға байланысты екенін ескере отырып, енді биыл атқарылуға тиіс шараларға тоқталайын. Үкімет пен Ұлттық банкке осы жылға арналған нақты тапсырмалар беремін. Бірінші. Үкімет биыл экономика өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуге тиіс. Бұл орайда биылғы жыл қорытындысы бойынша, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,5 мың доллардан кем болмауға тиіс. Екінші. Ұлттық банк пен Үкі­метке 2014 жылғы 1 мамырға дейін инфляцияны орта мерзімді перспективада 3-4 пайызға дейін төмендетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын. Үшінші. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, 2014 жылғы 1 маусымға дейін Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағ­ дарламасын әзірлеуі қажет. Төртінші. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, мемле­кеттің қа­ тысы бар барлық компанияларға ­ (Жалғасы 4-бетте)

Сенбі, 18 қаңтар 2014 жыл

3

Тың қырынан айқындалған мақсат Маханбет ӘБІЛОВ, Ақжайық ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы: – Елбасының өз халқына Жолдауы қашан да ғылыми болжамдалып, дәйекті пайымдаулармен, орындалуының жан-жақты таразылануымен зор ынта-ықылас туындатады. Міне, осы жолғы жылдың басты құжаты да жарқын тағ­дырымызға қатысты межелерді саралауымен көңілімізді көркейтті. Әлемдегі әйгілі саясаткер, сарапшылар да қызыға көз тіккен “Қазақстан - 2050” стратегиясына сай маңызды шептеріміз, дағдарыс кезеңіндегі шымыр шешімдер нақтылана түсті. Бұл жаһан алдындағы абыройымызды тіпті асқақтата түскені тағы аян. Осының бәрі жан дүниеңді неге жадыратпасын! Отаның жер жүзіндегі серпінді дамушы елдер қатарына бағыт алса, неге мақтанбасқа! Барыс бейнелі болашақ - мұратымыз осы. Демек, жаңа Жолдаудан түйгенім - мықты мемлекет, дамыған экономика, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы үшін жұмылып, ісімізге екпін беру. Елбасымыздың әр сөзі келер күнге деген сенімімізді ұштап, біздің ұжымның да жауапкершілігін, ауыл-ел алдындағы парызын нықтай түсті.

Вера ШОХИНА, Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Дос» қоғамдық қорының директоры: – Елбасының бастамасымен құрылған Қа­ зақстан халқы ассамблеясының республика­ мыздың әлеуметтік-экономикалық, саяси да­муын­­да үлкен рөл атқаруда. Мемлекетімізде­ гі ауызбірлік, қоғамдық келісім Ұлт көшбас­ шы­сының биылғы Жолдауында қойған міндеттерді қазақстандықтардың жылдағыдай уақтылы әрі сапалы орындауына мүмкіндік туғызары белгілі. Себебі стратегияны орындау – бұл еліміздің әрбір азаматының міндеті.

Темірғали Ескендіров, оралдық кәсіпкер: – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына, соның ішінде өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелеріне айрықша кө­ ңіл бөлгені ұнады. Мемлекет басшысы «Қазақ­ стан ет өнімдерінің және жерімізде өсетін басқа да өнімдердің өңірлік ірі экспорттаушысына айналуы қажет», - деп атап көрсетті. Іс жүзінде Қазақстанның ондай әлеуеті бар. Мысал ретінде айтсам, біздің «Агропродукт» ЖШС компаниясы өткен жылы шұжық фабрикасын іске қо­сып, бүгінде шығарылатын өнім түрлерін 70-80-ге жеткізді. Кәсіпорын­да 130-дай адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Еліміздің батыс өңірін түгелдей және Астана қаласын өз өнімдерімізбен қамтып отырмыз. Онымен шектелмей, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап кедендік одақ аясында көршілес Ресейдің Орынбор облысына ет өнімдерін шығару­ ды бастадық. Іскерлік байланысты одан әрі тереңдетіп, экспорттық әлеуетімізді одан әрі күшейту бағытында жұмыстанып жатқан жайы­мыз бар. Сапасы жоғары, экологиялық таза шикізаттан жасалған қазақстандық өнімге сұраныстың сыртқы нарықта азаймайтыны белгі­лі. Сондықтан Елбасы тапсырмасына орай жұмыстана беретін боламыз.

Анаргүл ЖОЛДАСҚАЛИ, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы шәкіртақы иегері, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті: – Елбасының жыл сайынғы Жолдауынан жастар мәселесі тыс қалмайды. Соның ішінде биылғы Жолдауда көңіліме ерекше қуаныш ұялатқаны 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттік шәкіртақы көлемінің 25 пайызға дейін өсетіндігі. Бұл жаңа­лық өзіміз секілді жастар мен студенттердің қоғамдық белсенді­лігін арттыруына септігін тигізетіндігіне сенімім мол.


4

ЖОЛДАУ Сенбі, 18 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Қазақстан 2050 МӘҢГІЛІК ЕЛ

Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ (Соңы. Басы 1-3-беттерде)

талдау жүргізіп, жеке секторға берілетін кәсіпорындар тізімін анықтауы керек. Тура осындай жұмысты қалған мемлекеттік секторларда да жүргізу қажет. Биылғы жылдың бірінші тоқсанын­ да Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді бағ­дар­ламасы қабылдану­­ға тиіс. Бесінші. Үкімет жылдың со­ңы­ на дейін Астана және Алматы қа­лаларында агломерациялар қа­лып­ тастырудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясы жобасын әзірлеуі керек. Алтыншы. Үкімет халықаралық сауданы іске асыру кезіндегі кедергілерді алып тастау мәселелерін қарастыра отырып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін әзірлесін. Жетінші. Төртінші мұнай өң­ деу зауыты мен атом электр­стан­ сасының орны, инвестициялар көзі мен құрылыс мерзіміне қатысты мәселелерді Үкімет биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін шешкені жөн. Құрметті қазақстандықтар! Менің серіктестерім! Біздің Стратегия-2050-дегі басты мақсаттарға жетуді көздейтін барлық іс-әрекеттеріміз нақты қағидаттарға негізделуге тиіс. Біріншіден, қабылданатын бар­ лық шешімдердің прагматизмі мен эволюциялылығы қағидаты. Экономикада, саясат пен әлеуметтік тұрмыста ешбір секіріске, жөнсіз сынақ пен авантю­ралар­ға жол беруге болмайды. Айна­ ламыздағы әлем қалай тез өз­ге­ ретін болса, еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге тиіс. Екіншіден, өзара тиімді ашықтық қағидаты. Біз экономикамызға шетелдік инвестициялар, технологиялар мен инновацияларды кеңінен тар­татын боламыз. Инвесторлар үшін жұмысқа қолайлы жағдайлар жасаймыз. Біз дамыған 30 елдің тобына кірудің осы маңызды тетігі арқылы экономикамыздың өңір­ лік, жаһандық экономикалық жү­ йе­мен терең ықпалдасуын айқын көріп отырмыз. Бұл, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастыруға қатысуымызға, Дү­ ниежүзілік сауда ұйымына кі­руіміз­ ге байланысты. Үшіншіден, бұл – қазақстандық­ тардың әл-ауқатын арттыру қа­ ғидаты. Қарапайым адамдардың әлеуметтік көңіл-күйі біздің басты мақсатқа ілге­рілеуіміздің маңызды индикаторы болуға тиіс. Төртіншіден, бүкілхалықтық қол­ дау қағидаты маңызды мәнге ие. Менің халыққа Жолдауым біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді түсіндіретін басты құжат болып табылады. Әрбір министр, әкім, кәсіпорын басшысы осы Жолдауды түсіндіру жұмысына және оған баршаны қатыстыру ісіне жетекшілік

етуге тиіс. Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жү­зеге асыру жөніндегі нақты шаралардан әрбір қазақстандық хабардар болуы қажет. Бұл «Нұр Отан» партиясы қызметінің негізгі мәселелерінің біріне айналады деп сенемін. Ол үшін ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің өздері Стра­ тегиямыздың идеяларын бі­луге және мәнін терең ұғуға тиіс. Президент Әкімшілігі мен Үкі­меттің бүкіл құрамының, барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы барлық осы міндеттерді орын­ дауға бағытталуға тиіс. Жалпы, мемлекеттік органдардың құры­лымы алдағы міндеттердің ше­ шімімен үйлесім тауып, 2050 Стра­ тегиясының мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі керек. Қымбатты отандастар! Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ ша­ңыра­ғымыздың ұлттық идеясы. Баба­ ларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тә­жіри­ бесі. Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Екіншіден, бұл – қоғамымызда­ ғы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, бұл – индустрия­ ландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім. Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ор­тақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкілә­ лемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктеріміз­ді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патрио­тиз­м­нің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құн­ дылықтарда жатыр. Президент Әкімшілігіне, Үкімет­ ке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын. Біз өз халқымыздың игілігі жо­лында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтар­ ды 2050 Стратегия­сының басты мақсатына жету жөніндегі жұмыс­қа белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, жастарымызға мынаны

айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, же­­місін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұ­ мысқа әрқайсысыңыз ат­салысы­ ңыздар. Немқұрайлылық таныт­ паңыздар. Елдің болашағын барша халық­ пен бірге жасаңыздар! Қадірлі халқым! Мәңгілік Ел – ата-бабалары­мыз­ дың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа ай­ налдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жет­кізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіз­ дігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұр­ пақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұл­ тымыздың ұлы бағдары – «Қазақ­ стан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұм­тылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай бі­ луіміз керек. «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан ай­ нымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жа­сай берсін Елдігіміз Мәңгілік! Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар

Қамқорлықтың жарқын көрінісі Жұмажан ҚОЖЖАНОВ, облыстық мүгедектердің ерікті қоғамының төрағасы: – Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол - 2050: бірыңғай мақсат, бірыңғай мүдделер, бірыңғай болашақ» атты халыққа жаңа Жолдауын бұл жолы да мемлекеттің адамдарға әлеуметтік қамқорлығының тағы бір жарқын көрінісі деп бағалаймын. Оған дәлел боларлық мысалдар жеткілікті. Мемлекет басшысы республика Үкіметіне 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалатын жәрдемақыларды 25 пайызға өсіруді міндеттеді. Бұдан басқа, келесі жылдың маусымынан бастап, басқа салаларды айтпағанда, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға өсуі тиіс. Ал осының бәрінің негізін қалау үшін Елбасымыз жыл сайынғы экономикалық өсімнің 4 пайызға көтерілуін қамтамасыз етуді міндеттеді. Ішкі жалпы өнім де жан басына шаққанда, 14,5 мың доллардан кем болмауы керек. Мұның өзі әлеуметтік саланың да келешекте қамқорлық аясында болатынына сенімімізді беркітеді. Жалпы, соңғы жылдары Елбасымыз бен мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік жағынан кем қорғалған бөлігі - мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдауы мен қамқорлығы күшейіп келеді. Алысқа бармай-ақ, өзімізді алайық. Соңғы жылдары облыстық әкімдік біз сияқты қоғамдық ұйымдарға жүйелі көңіл бөліп, түрлі әлеуметтік жобаларды тұрақты қаржыландыруда. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасаудың бір оңтайлы көрінісі - «Инватакси» жұмыс істейді. Біздің қамқорланушылардың түрлі өнерпаздар байқауы мен облыстық, республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы, жүлделі орындарға ие болуы тұрақты сипат алды. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіпкерлікпен айналысуы да біртіндеп болса да, алға басып отыр.

Баян ХАБИЕВА, әнші-сазгер, ҚР Халық ағарту ісінің үздігі, «Ерен еңбегі» медалінің иегері: – Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы бізді жаңа биіктерге бастап келеді. Биылғы Жолдауды ғаламтордан қарап, өзім тер төгіп жүрген мәдениет, өнер саласына қатысты қандай қолдаулар болар екен деп оқығанша асықтым. Елбасы биылғы Жолдауында «2050 стратегия­сын» жүзеге асырудың негізгі тетіктері туралы айтыпты. Өзім ұстаз болған соң Жолдаудағы «2020 жылға қарай 3-6 жас аралығын­да­ғы балалардың мектеп­ке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтыла­ты­нына, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мұғалімдердің жалақы­сы 29 пайызға өсетініне қуан­дым. Сондай-ақ 2015 жылдың қаңта­ рынан бастап асыраушысы­нан айы­рылғандар мен мүгедектердің жәрдемақысы 25 пайызға артады екен.

Жәнібек КЕНЖЕҒАЛИЕВ, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы: – Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ха­лыққа арнаған кезекті Жолдауын жария етті. Бұл маңызды үнқатымда түрлі салалардағы өзекті мәселелерге терең талдау жасалынып, мем­лекеттің алдағы уақытта пәрменді дамуы басты нысанаға алыныпты. Біз былтыр «Қазақ­ стан – 2050» стратегиялық бағдарламасын экономикалық, инновациялық өркендеу жолында ұлттық мүддеге қабысатын, әлемдегі озық отыз елдің қатарына қосатын пәрменді күш ретінде қабылдадық. Соның аясында мемлекеттік басқару саласында реформалар жүргізілді, билік құрылымында демократиялық өлшемде жаңғырту, жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Қуатты «А» корпусы жасақталды. Дегенмен биылғы Жолдауда Елбасымыз «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы екі кезеңде еселене отырып, 30 пайызға артатынын тілге тиек етті. Әрине, бұл – мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын мамандар үшін қуанышты жайт. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлер үшін үлкен жауапкершілік үстей түседі әрі мемлекеттік қызмет сапасын арттыра түсуге міндеттейді. Қажырлы еңбек жолында баршамыз Ұлт Көшбасшысының Жолдауы аясында атқарылатын ауқымды істердің уақтылы жүзеге асуына жұмыла атсалысайық дегім келеді.


қоғам oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 18 қаңтар 2014 жыл

Жаңа тағайындау Облыс әкімінің міндетін атқа­ру­шы Серік Шәпке­нов­тің өкімімен Рыспай Өтешев Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылығы бас­қар­масының басшысы лауазымына тағайындалды. 16 қаңтар күні Серік Шәпкенов басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырды. «Рыспай Құрманұлына бұл сала жақсы таныс, шаруаны біледі. Елбасының тапсырмаларына сәй­кес облыс басшысының ал­ға қой­ған міндеттерін абы­роймен орын­дайды деген сенім­демін. Қызме­тіңізге табыс тілеймін» – деді Се­рік Жамбылұлы. Рыспай Өтешев өз кезегінде сенімі үшін облыс әкімі Нұрлан Асқарұлына алғысын білдіріп, бар білімі мен күш-жігерін жаңа жұмы­сына аянбай жұм­сайтын­дығын жеткізді.

* * * Рыспай Құрманұлы ӨТЕШЕВ 1959 жы­лы ту­ған. Білімі жоғары, 1986 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы инс­титутын бітірген. Ма­ ман­дығы инженермеханик. Еңбек жолын 1977 жы­лы Ақтөбе об­лы­сы Иса­тай ауда­ны­ның «Ақы­рап» кеңша­рын­ да есепші болып бастады. 1978-1980 жылдары Ке­ңес әскері қа­та­рында бол­ды. 1986-1987 жылдары Орал қаласындағы «Кушум­ водстрой» тресінің №34 жылжымалы механи­калан­ дырылған колоннасында механик. 1987-1990 жылдары БҚО тұрғын үй-ком­мунал­дық шаруашылығы өндірістік бір­лес­тігінің инженері. 1990-1992 жылдары қонақүй шаруа­шылығы бір­ лестігінің бас инженері. 1992-2004 жылдары «Спецавтобаза» мемлекет­тік мемлекеттік кәсіпорнының директоры. 2004-2007 жылдары Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары. 2008-2012 жылдары Жәнібек ауданының әкімі. 2012-2013 жылдары Қазталов ауданының әкімі. 2013 жылдан осы кезге дейін Орал қаласы әкімінің кеңесшісі. 2014 жылдың 16 қаңтарынан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лығы бас­қармасының басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

5

Ассамблеяның жұмыс АУҚЫМЫ КЕҢЕЙМЕК Кеше облыс әкім­ дігінде Қазақстан халқы ассамблеясы аясында өтетін «Бейбітшілік пен келісімнің жол кар­тасы» мегажобасын іске асыру бойынша ұйымдастыру алқасының отырысы өтті.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, «Орал өңірі» - Бүгін - республикамыз үшін ерек­ ше күн. Елбасымыз «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жария етті. Бұл құжатта мемлекетіміздің әрі қарай даму бағытындағы басымдықтар белгіленген. Онда «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына екпін түсірілген. Сондай-ақ Елбасы білім мен ғылымға, әлеумет­ тік, экологиялық салаларға жете мән беру керектігіне тоқталды. Енді муль­ тимедиялық, ғарыштық, нанотехнологияларды қолдау аясын кеңейтуге на­зар аударылмақшы. Алдағы уақытта мемлекетімізде жер нарығы құрыла­тын болады. Сол арқылы ауыл шаруа­ шылығы мақсатындағы жерлердің жал­ ға берілуі көзделуде. Қуаңшылыққа тө­зімді гендік өнімдер түрлерін шығару­ ды қолға алу жайы да Жолдауда көрі­ ніс тапты. Мұның бәрі өз кезегінде аг­роөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабі­ летті болуына септігін тигізбек. Бұл біздің облысымыз үшін де маңызды екенін айтып өту керек. Жолдауда Ассамблея ісі де назардан тыс қалған жоқ. Республикамыздағы секілді, облысымызда да аталмыш саяси институт өткен жылы үлкен жұмыстар атқар­ды. Былтыр Қазақстан халқы ассамблея­ сы төрағасы орынбасарының, облыс әкімінің, өңіріміздегі этномәдени ұйым жетекшілерінің қатысуымен «Бейбіт­ шілік пен келісімнің жол картасы» ме­ гажобасының тұжырымдамасын об­-

лы­сымызда іске асыру бағдарламасы бекітілген еді. Соған байланысты ұйым­ дастыру алқасының құрамы мен жұ­мыс жоспарын бекіту бағытында жи­налып отырмыз. Биыл Орал қаласы мен аудандарда аталмыш мегажоба­ ның эстафетасын табыстау рәсімдері өтпекші. Оған арнайы кітап шығары­ лып, оны ақпараттық түрде қолдау ұйымдастырылмақ. Бұл шараға білім мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар, соның ішінде жастар бірлестіктері ке­ ңінен тартылуы керек, - деді жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен. Өз кезегінде сөз алған Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбаса­ ры, хатшылық басшысы Ғайса Қапа­қов, этномәдени бірлестік жетекші­лері би­ылғы жылғы жоспарларына ме­ гажо­баға қатысты жұмыстарды енгізу қа­жеттілігіне тоқталды. Ал облыстық мәс­лихаттың хатшысы Мәлік Құлшар депутаттар корпусы да бұл жобаны жүзе­­ге асыруға және Жолдауды наси­ хат­тауға атсалысатынына сенім біл­дірді. Мемлекет басшысы Жолдауын жа­ риялағаннан кейін Қазақстан халқы ассамблеясының отырысында ел азаматтарына үндеу қабылданған болатын. Соған байланысты жиын бары­сында облыс ассамблеясы төрағасы­ ның орынбасары Вера Шохина осы үндеуді оқыды. Онда «Қазақстан - 2050»

Стратегиясындағы мақсат-міндеттер шығармашылық тұрғыдан жан-жақты талданып көрсетілгені айтылған. «Мәң­гілік ел» ұлттық идеясы қазақ халқы­ ның мыңжылдық тарихы арқылы жи­ нақталған тәжірибеден, Тәуелсіздік ішінде жүріп өткен қазақстандық жолдан туындағаны да көрсетілген. Үн­деу­де «Бір мақсат – бұл «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы арқылы Тәуелсіздігі­ мізді, Отанымыз – Қазақстанды дамы­ту! Бір мүдде – бұл біздің ортақ құн­дылықтарымыз, еркін және гүлденген елде тұруға деген талпыныс! Бір бо­лашақ – бұл «Мәңгілік ел» – біздің ортақ үйіміз – Қазақстанның гүлденуі! Қазақстан халқы ассамблеясы және еліміздің барлық азаматы «Мәңгілік ел» патриоттық актісін дайындау идея­сын үлкен қуанышпен қабылдады. Он­дағы жеті қағида даму құндылықта­ рымыздың, Қазақстан халқы ортақ мүддесінің және тарихи тағдыры­ның негізін құрайды. Бұл Ұлт көшбасшысы қойып отырған міндеттерді орындау­ ға үлкен серпіліс берері сөзсіз», деп жазылған. Сондай-ақ үндеуде еліміз­­дің әлеуметтік-экономикалық даму ба­ғытында Елбасымыз айтқан жайттар да қамтылған. Жолдауда көрініс тап­қан міндеттерді орындау - бұл респуб­ ликамыздың дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Қазақстан халқы ассамблеясы Елбасы Жолдауын толығымен қуаттап, оның орындалатынына сенім білдіреді.

«Бізге либералды қылмыстық заңнама қажет пе?» Облыстық ішкі саясат басқармасының мәжіліс залында осы тақырыпта құқық қорғаушы ҮЕҰ, авдокаттар, жас­тар­ дың қоғамдық жастар ұйымдары және БАҚ өкілде­рінің қатысуымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына ұсы­ ныл­ған ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа жобасы бойынша қоғамдық пікірталас өткізілді.

Еламан БАДЕНҰЛЫ, «Орал өңірі» – Өткен жылы ҚР Парламенті Мәжілісіне ҚР Қылмыстық ко­ дексінің жаңа жобасы ұсынылған болатын. Биыл бұл жаңа заң жобасы талқыланып, Елбасының қол қоюына ұсынылмақ. Осыған орай

бүгінде саяси партиялар мен қо­ ғамдық ұйымдар жобаны жанжақты талқылап, өздерінің ұсы­ ныс-пікірлерін ұсынуда. Бүгінгі бас­қосуды ұйымдастырудың мақ­ саты да осы. Сондықтан заң жобасы туралы ойларыңызды ортаға салуға шақырамын, - деді шараны ашқан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Серік Бисембаев.

Осы шараны өткізуге бастамашы болған Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы облыстық ко­митетінің бірінші хатшысы Ержан Дәулетов Қылмыстық кодек­стің жаңа жобасы туралы айта келіп, оның кейбір кемшін тұста­ рына баса назар аударды. – Соңғы кездері жер-жерде үре­­йімізді ұшыратын қылмыстық әрекеттер көбейіп бара жатқаны жасырын емес. Адам өлтіру, әйел­дер мен балаларға зорлық-зом­былық жасау, адам өліміне соқ­ тырған жол-көлік оқиғалары кө­ бей­месе, тыйылар түрі жоқ. Сонымен қатар экономикалық және жемқорлық сипаттағы қылмыстар да өршіп тұр. Қазақстан Комму-

нистік халықтық партиясы және оның Парламенттегі депутаттық фракциясы Қылмыстық кодекс­тің жаңа жобасына кейбір ауыр қыл­ мыс түрі бойынша жазалау шарасын қатайту қажеттігі жөнінде өздерінің ұстанымын білдіруде. Мәселен, жаңа жобада адам ұр­ лау, заңсыз бостандығынан айыру (құлдық) қылмысы бойынша жаза тағайындаудың төменгі шегі алынып тасталған, сонымен қатар мүлкін тәркілеу бабы жоқ. Заң­ның осындай жұмсақ жақта­рын қатай­ту жөнінде ҚКҚП фракция­сы ұсы­­ныс түсіруде, – деді Ержан Дәу­летов. Пікірталас барысында сөз ал­­ған құқық қорғаушылар мен жас­-

тар ұйымдарының өкілдері Қыл­ мыстық кодекстің жаңа жобасы­на ұйымдасқан қылмыс то­бы жә­не лаңкестік ұйымдарға қаты­су­­шы, ауыр және аса ауыр қылмыс (қа­сақана өлтіру, зорлау, педо­фи­лия т.б.), мемлекетке зиян келтірген сыбайлас жемқорлық, алкогольдік ішімдік ішіп кісі өліміне соқтырған, жол апатын жасаған тұлғалар үшін қатаң жаза беру бабын енгізу және жастарға қа­тыс­ты қылмыстық заңнаманы либералдандыру жөнінде пікірле­рін ортаға салды. Пікірталас барысында айтыл­ған ұсыныстар ҚР Парламенті Мә­ жі­лісінің қарауына жіберіле­тін болды.


6

бір күн Сенбі, 18 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Біз көшеден мүмкіндігі шектеулі немесе көмекке зәру адамды көрсек, оларға аянышпен қараймыз. Ал әлеуметтік қызметкер сол жандармен бірге біте қайнасып өмір сүреді. Олардың өміріне етене араласып, жалғызбасты қарияларға, І, ІІ топ мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға, жүйке жүйесі дертіне шалдыққан жандарға көмек көрсетеді.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ, «Орал өңірі»

Әлеуметтік қызметкер Айнұр Сағынғалиевамен ертеңгілік са­ ғат 10.00-де «Халыққа қызмет көр­­сету орталығы» аялдамасын­ да жолықтық. Алдын ала ке­лісім бо­йынша әлеуметтік-пси­хо­ло­гия­ лық көмек алушы Кен­же­мұ­рат Тілеуішовтың үйіне бет алдық. 57 жасар Кенжемұрат ағай бізді ба­ лаша қуанып, көңілді қар­сы алды.

ғанды, логикалық тапсырмалар орындағанды жақсы көреді екен. Көңілді жүретіндіктен сурет салғанда, ашық түстерді көп қол­данады. Біздің кейіпкеріміз - әлеуметтік қызметкердің тобын­ дағы алты көмек алушының ең белсендісі. Өз араларында өтетін мәдени шаралардан қалмайды. - Ағай әңгімешіл. Мен келген кезде қайда барғанын, кімді көргенін, бәрін әңгімелеп айтып береді. Мүмкіндігі шектеулі жандар да бала сияқты, сондықтан әр мереке мен туған күндеріне

Қамкөңіл жандар қамқоршысы - Күндегі әдеті осы, мені асыға күтеді, уақытында келмесем, телефон шалып, қашан келетінімді сұрайды, - деп жымиды Айнұр апай. Кенжемұрат ағай аға-жеңгесі­ нің екі бөлмелі үйінде тұрады. Бөл­месінде кереуеті, теледидары, шкафы бар. Жағдайы жақсы екені бірден байқалды. Ағай біз келгелі мәз болып, сөйлеп жүр. Ол кісі­ ні бірінші рет көргендіктен, мен сөздерін анық ұға алмадым. Бірақ әлеуметтік қызметкер әңгімесін түсініп, ағайды қолдап қояды. Кенжемұрат ағай сурет сал­

кішкентай болса да, сыйлық жасап апаруға тырысамыз. Олар бізді дастарқан дайындап күтіп отырады, - дейді Айнұр Сағынғалиева. Айнұр апай көмек алушыға бірнеше тапсырма берді. Тілалғыш шәкірт сықылды ағай тапсырманы ойланып, мұқият орындап отыр. - Бір қарағанда бастауыш сы­нып оқушысының деңгейіндегі тапсырма болғанымен, соны дұрыс, тез орындаса, кәдімгідей қуанып қаламыз, – дейді Айнұр апай. Енді ағай сурет сала бастады. Жаңа жыл қарсаңында барғандықтан, шырша мен ойыншықтарды бейнелеп

жатыр. Осы кезде Кенжемұрат ағайдың жеңгесі Рахима Басарова да жанымызға келіп жайғасты. Апай әңгімешіл жан екен. - Негізі екеуміз жас жағынан шамаласпыз, - деп бастады ол сөзін. Бірақ Кенже менің балам сияқты болып кетті. Онсыз шай да іше алмаймын. Екі ұлым бар еді, екеуі де есейді. Бірге тұрғанымызға 35 жыл болды. Өзі бала сияқты. Айнұрды күтіп жүреді. Ол келгенде қуанады. Біз жұмысқа кеткенде, үйде өзі қалады. Соңғы жылдары мәдени шараларға, музейлерге барып жүр. Келген соң әңгімесін

Белсенді бойжеткен Түстен кейін келесі көмекке мұқтаж жан Ғалия Өтеуованың үйіне беттедік. Ғалия төртінші қабатта тұрады екен. Есікті өзі ашып, қарсы алды. Бір қарағанда, дені сау бойжеткендерден еш айырмасы жоқ. Бірақ ол эпи­лепсияның жеңіл түрімен ауырады екен. Өзінің айтар әңгімесі жиналып қалғанға ұқсайды. Кірер-кірместен жаңалығымен бөлісіп жатыр. - Автобуспен қыдырғанды, жаяу жүргенді жақ­сы көремін. Кейде автопарктен орталық саябаққа дейін жаяу барамын. Сонда көңілім көтеріліп, өзімді жақсы сезінемін, - дейді ол. Ғалия әлеуметтік қызметкердің «Бүгін немен айналысамыз?» деген сұрағына «Есеп шығарайық» деп қалды. Ол математиканы жақсы көреді екен. - Айнұр апамен кекс, пирог, құймақ пісіреміз, салаттың түрлерін жасаймыз. Мен ғаламтордан қарап, дайындау тәсілін жазып аламын. Сосын сол бойынша дайындаймыз. Кейде кесте тігеміз. Маған Айнұр апа дүйсенбі, бейсенбі күндері келеді. Мен ол кісіні күтіп отырамын, - дейді ол. Ғалия есепті тез шығарды. 24 жасар бойжеткен бұрын үйден білім алған. Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік қызметкермен базарға барып көйлек алыпты. “Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен Жаңа жыл кешіне сол көйлекті киіп бар­дым” деп арасында мақтанып та үлгеріп жатыр. Өзі үй жұмысын тиянақты орындап, тамақ дайындап, ата-анасы мен сіңлісін күтіп отырады. Ол да – белсенді жандардың бірі. Бойжеткен әлеуметтік қызметкерден ішкі сырын да жасырмай, ақыл-кеңес алып тұрады екен.

айтып, тауыса алмайды. Мүмкінді­ гі шектеулі жандарды қоғамға, өмірге араластырған әлеуметтік қызметкерлерге айтар алғысым шексіз, - дейді ол. Ауа райы жақсы күндері ағай әлеуметтік қызметкермен сыртта, таза ауада серуендегенді жақсы көреді екен. «Кейде екеуміз халыққа қызмет көрсету орталығының ал­ дындағы орындыққа барып отырамыз. Таныстарының «Қасыңдағы адам кім?» деген сұрағына ол кісі «Қарындасым» деп жауап беріп жатады», - дейді Айнұр Сағын­ ғалиқызы. - Кенжемұрат “Егер денім сау бол­­ғанда үйленер едім. Суретші болар едім. Екі қызым болатын еді”, - деп айтып отырады. Жас күнінен атпен шауып келе жатқан қыздың суретін салады. Тіпті ертеректе сол суретін әспеттеп шифоньерге

іліп қоятын. Мүмкін ол да арманы шығар, - дейді анасындай болып кеткен жеңгесі. Жаз күндері Кенжемұрат ағай Айнұр апаны автобус аялдамасына дейін шығарып салады. - Мен мініп кеткенше қолын бұлғап, қарап тұрады. Ағам сияқты болып кетті. Кейде сенбі, жексенбі күндері хабарласып, халімді сұрайды. Мен де өзімнің қарауымдағы көмекке мұқтаж жандарға әбден бауыр басып кеттім. Кейде өзімнің жеке өмірімді ұмытып, сол кісілердің жағдайын ойлап кетемін, - дейді Айнұр Сағынғалиқызы. Кенжемұрат ағай тапсырмаларды өз деңгейінде, дұрыс орындап шықты. Берілген сұрақтарға да бар ынта-ықыласымен жауап берді. Кетерде әлеуметтік қызметкермен қимай қоштасты.

Біз не түйдік? «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» мемлекеттік мекемесінің қамқорлығында 909 адам бар. Оның ішінде жалғызбасты қариялар – 582, І, ІІ топ мүгедегі - 132, 18 жастан асқан жүйке дертіне шалдыққан жандар - 37, мүмкіндігі шектеулі балалар – 158. Осынау мұқтаж жандарға 132 әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді. Статистика бойынша арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж жандардың саны жыл сайын артып келеді екен. Әрине, бұл көңіл қуантарлық жәйт емес. Әлеуметтік қызметкермен өткізген бір күнде біз екі үйге бас сұқтық. Көмекке мұқтаж екі жанмен барынша сыр бөлістік. Олардың жан дүниесін түсінуге, жан жарасын жеңілдетуге сәл де болса үлес қосуға тырыстық. Әлеуметтік қызметкерді қайдам, мен өзім екі үйден де шаршаңқырап шықтым. Бір қарағанда, үйлерді аралап, әңгіме айтып, серуендеп жүрген сияқты көрінгенімен, жұмыс ауыр көрінді маған. Дәл осылай қамкөңіл жандардың жанына жігер беруге тырысып жүргені үшін Айнұр Сағынғалиқызы бар болғаны 26 мың теңге жалақы алады екен. Байқағаным, әлеуметтік қыз­меткер болу үшін темірдей төзім, салқын сабыр керек. Олардың сұраққа жауап бергенін, тапсырманы орындағанын күту, қиналып жүрсе мұңын тыңдап, жұбату үшін де біраз күш жұмсауға тура келеді. Әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеу, қысқасы, көпшілік ойлағандай оңай шаруа емес. Бұған үлкен жүрек иесі ғана бара алады.


денсаулық Сенбі, 18 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

7

Денсаулығың – Жұртымыз ежелденақ ең асыл адами

баға жетпейтін дәулетің

құндылықтар арасынан «Әуелгі байлық – денсаулық» деп дөп басып даралаған. Мәні өте терең бұл түйін тән мен жан саулығына, денсаулық үшін әркімнің саналы жауапкершілігіне меңзейтінін айтып жату артық. Мына дәуір мұны тіпті ерекше талап етіп отыр. Бұл ретте облысымыздағы ірі аудандар қатарындағы Ақжайықта заманауи қадамдар қандай? Аудандық орталық аурухананың директоры Дархан Хайрушевпен әңгімемізде осы орайдағы істер, міндеттер қаузалды.

– Дархан Манарбекұлы, ау­ ру­дың барынша кең спектрін диаг­ностикалау және емдеу, элек­­трондық медицина жайында қандай істер бар? «Қазақ­стан – 2050» стратегиясында ай­ тылған не­гізгі басымдылықтар­ дың бірі осылар ғой. – Алдымен мына деректерді келтіре кетейін: аудандық орталық аурухана құрамында 1 стационар, 1 емхана,10 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 23 медпункт бар. 39 дәрігер, 186 орта буынды медициналық қызметкер 29557 тұрғынға қызмет көрсетеді. Бізде халыққа ұтымды қызмет көрсетуге еліміздің көп­ теген жеріндегідей, жақсы жағ­ дай жылдан-жылға жетілдіріліп келеді. Тек бір күрмеу стационар ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу қажет, бір қуаныштысы бұл іс 2014 жылға жоспарланып отыр. Күніне 250 адам қабылдайтын, пай­ далануға берілгеніне 3 жыл бол­ ған аудандық емхана қызмет көр­ сетеді, жылдың өткен кезеңінде бас­қа мекемелерімізді қосып есептегенде 164294 тұрғынға қызмет көрсетілді. Соның ішінде алғаш­қы рет ауруы анықталғандар – 9477 адам. Емханамыз әрине түрлі жа­ ңа медициналық аппараттармен қамтамасыз етілген. Тұрғындарымыздың өмір сүру ұзақтығы жоғарылап (2012-62,5; 2013-67,5), өлім көрсеткіші, сәби өлімі 11,3%-дан 7,5%-ға төмендеді, осы көрсеткішкіштерге қарай оты-

рып, денсаулық сақтау жүйеміз­дің даму бағыты қалыпты деп айт­сам, артық болмас. «Саламатты Қазақстан» бағ­ дарламасымен учаскелік жұмыс деңгейін көбейту арқылы про­фи­­ лактикалық, алғашқы меди­ци­на­ лық-санитарлық, жоспарлы ста­­ционарлық қызмет көлемі азай­ тылуы тиіс, яғни күндізгі ем­деу бөлімінің жұмысы артуы қа­жет. Мысалы, 2012 жылы стацио­нар күндізгі емдеу бөлімімен са­лыс­ тырғанда артық көрсеткішке, яғни 273 науқасқа, ал 2013 жылы 318 науқасқа қызмет көрсеткен. Стационарда 7 бөлімшесімен қатар, реабилитация (кардиология – 10 кереует, неврология – 10 кереует), қарқынды емдеу, ақы­ лы жүйедегі палаталар қызмет көр­сетеді. Клиникалық, бакте­рио­ логиялық зертханалар, за­ман­ауи аппараттар науқастарға то­лық­ қанды қызмет көрсетуге сеп­ті­гін тигізіп отыр. Мүрдехана да қа­лып­ ты жұмыс атқаруда. Ел дамуының басты бағыты­ның бірі – жаңа технология, соның ішінде электронды жүйеге көшу. Бұл жүйе белгілі кезеңдерден өту арқылы дамиды, біз де жос­ парға сай, қалыспай келеміз. 66 компьютердің 60%-ы интернет желісімен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер алдындағы кезектің қарбаластығын жою мақсатында тұрғындар тіркеу бөліміне телефон арқылы хабарласа отырып, алдын ала учаскелік дәрігерге, невропатологқа жазыла алады. Бұл амалды одан әрі дамытамыз. Ақысыз дәрілерге рецепт жазу да электронды түрде жүргізілуде. Аппараттар жұмыс сапасын арттырып, ауруларды диагностикалауды кеңейте түсумен қатар, қызметкерлеріміздің жүктемесін азайтып отыр. Дәрігерлердің жа­

ңалықты игеруі өз деңгейінде, бір мәселе, рас, неврология бо­ йынша электроэнцефалогра­фия­ ны меңгеру төмендеу болып отыр, бірақ алдағы айларда бұл түйін шешіледі деген ой­да­мыз. Фи­зио­ терапиялық ка­бинет­те ав­то­мат­ты магнитотера­пия, инфрақызыл ла­зерлік аппарат, қысқа және микротолқынды терапия аппа­ рат­та­рымен қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар бір өзі бірнеше қызмет атқаратын, яғни диагностикалау, эндоскопиялық, емдеу қызметтерін көрсететін лор ком­байны ақжелеңділердің қо­лын едәуір ұзартты. Кардиоло­гия вэ­­ло­­эгрометр, валента, ультра­ ды­быстық жүйе аппараттары ар­ қылы жүрек-қан тамыр ауруларын, ақауларын, жүрек соғысын, тәуліктік және физикалық жүк­ темелерін анықтайды. Асқазан, өңеш қарайтын фиброскоп, тоқ ішек ауруларын анықтайтын аппараттарымен 2013 жылдың басынан бері 2324 адамға қызмет көрсетілді. Бұл аппараттардың қатарын паравертебралдық вибромассаж, жарықтандыру лампасы, мониторлық кальпоскоп, электорскальпель т.б. толықтырды. – Скринингке қатысты қан­ дай деректерді алға тартар еді­ңіз? Бұл бағыт өзімен бірге сіз­дердің қызметтеріңізге біраз жа­ңалықты ала келген шығар? – Ауруларды немесе қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала про­ филактикалық медициналық тексеруден өткізу, емдеу тиімділігін арттыру және асқынуды алдын алу мақсатында скрининг 2006 жылдан бастап енгізіліп, жүргізілуде. Алғашқы жылдары бұл 3 ауру түрінен өткізілсе, қазіргі уақытта 9 түрлі ауру: жүрек, қан айналым

жүйесі ауруларына, қант диабеті, глаукома, сүт безі және жатыр мойнының, асқазан, өңеш жолы, жуан және тік ішек, қуық асты безі обырлары, вирустық гепатит бойынша өткізіледі. 2013 жылы скиринингтік тексеріс бо­ йынша тұрғындардың 71,7%-ы қам­тылып, оның 4,2%-ынан дерт анықталса, соның төртеуінен он­ кологиялық кесел табылды. Ауру анықталғандар «Д» тіркеуге алынып, ауруларына түріне байланысты ем қабылдауда. Жұртымыз скринингтің ұтымдылығын кеңі­ рек айта бастады, мұнда біздің та­ ра­пымыздан жүргізілетін насихат­ тың да ықпалы зор. Айтқандайын, жаңалық өрісін кеңейткен беталыстар аз емес. Аудандық емханада аурудың алдын алу, тұрғындарға саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында саламатты өмір салты кабинеті жанынан «Артериалдық гипертензия», «Қант диабеті», «Демікпе», «Жас аналар», «Отбасын жоспарлау», «Қауіп-қатер факторларымен күрес» мектептері құрылды, жұмыстанып, семинар дәрістер, тренингтер өткізіледі. Мектептерімізбен хабарласушылар қатары да барған сайын қалыңдай түсуде. Тіпті өз тараптарынан білгісі келген жәйларды көлденең тартып, тақырып ұсы­ натындар бар. Бұл біз үшін, әри­ не зор қуаныш. Ұсыныс-пікірлер біздің қам-қарекетімізді байыта­ды ғой. – Ұсыныс-пікір демекші, ха­ лықтың тілегіне сай қандай істер өрістеп отырғанынан мысалдар келтірсеңіз? – Медициналық жүйеміздің қызмет көрсету диаметрі – 250 км. Жұрттың тілегін зерттеудің арқасында айталық, 2012 жылы дәрігерлер бригадасы 200 рет ауылдық елді мекендерге шығып, 3993 тұрғынға қызмет көрсетіп, 895 науқасты анықтады. Соның

нәтижесінде 697 науқас дер кезінде сауықтырылып, 76 науқас ауруханада емделді, 101-і «Д» тіркеу­ге алынды. Биыл, өткен айларда сол мамандандырылған бригада 175 рет ауылдық елді мекендерге шығып, 3086 тұрғынға қызмет көр­ сетті: 588 ауру анықталып, 495-і сауықтырылған, 39 науқас госпитилизацияланды, 90 науқас «Д» тіркеуге алынды. Аурулардың алдын алу және халық арасында сани­ тар­лық-ағарту жұмыстары бойын­ ша 239 дәріс оқылып, 2423 адам­­мен әңгімелесу ұйымдастырыл­ ған. БҚО денсаулық сақтау басқар­ ма­сы алға қойғандай, медицина­ лық қызметтердің қолжетімділігін және сапасын арттыру мақса­ тында ағымдағы жылдың шілдеқыркүйек айларында «Ашық есік күндері» барлық елді мекен­де ұйымдастырылып, әлеуметке ма­ мандандырылған әдістемелік-ке­ ңестер берілді. Дәрі-дәрмекке деген сұраныс­ ты өтеуге байланысты аудан орта­лығынан алшақ орналасқан ауылдарда 2011 жылдан бастап 8 дәрігерлік амбулатория жанынан дәріханалық дүңгіршектер ашылды (Жаңабұлақ, Бударин, Алға­бас, Ақжол, Қарауылтөбе, Қурайлы­сай, Есенсай, Қабыршақты). Халық­­тың көп бөлігі аудан орталығы­ның шетінде орналасқан емхана­ға келетін болғандықтан, олардың уақытын үнемдеу мақсатында емхана жанынан былтыр дәріхана іске қосылды. Басқа ауылдарда да дәріхана ашсақ деген жоспарымыз бар. Иә, халықпен тығыз қарымқатыс ұстау, тілегіне ден қою – қай­ сыбір салада да ілгерілеу кепілі. Біз де осыны мақсат тұтамыз. Ұлт­ тың саулығында, саламатты ізгілік­ терде соның орны зор. Ж

Әңгімелескен Бекем БЕКҰЛЫ, Ақжайық ауданы

Жарақаттан сақтан!

Облыстық клиникалық ауруханада травматологдәрігерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Соңғы кезде ауа райының құ­ былып, мұздақ болып, күрт өз­ге­ руіне байланысты тұрғын­дар­дың жарақаттануы жиілеген. Қаң­тар­ дың 1-15 күндері аралы­ғында облыс бойынша 1850 адам жарақат алған. Осының 50 пайызы - егде адамдар. Күні бүгін облыстық кли­никалық аурухананың жара­ қат бөлімінде 50 науқас ем алуда. «Жарақаттың алдын алуда тай­ғақ күндері аяқ киімге мән бе­ру қа­

жет. Әсіресе, егде адамдар абай­­ ап жүруі керек. 2012 жылы 5 мың­л ­ға жуық бала жарақат алса, 2013 жылы 7032 бала ауруханаға түс­ кен. Жыл басталғалы жарақат алған 211 бала көмекке жүгінді. Оның 2-еуі жаңажылдық отшашудан қо­лы және бетін жарақаттаса, 10-ы күйікке шалдығып, 8-інің қол-аяғы сынған. Сондықтан әр ата-ана ба­­ланы жарақат алудан қор­ғауы тиіс. Әсіресе, 1-3, 5-7 жас аралығы сәби үшін ең қауіпті, жара­­қат алу­ға бейімді жас болып есеп­те­­леді», дейді травматолог-дәрігер­лер.

Зағипа ІЛИЯС


8

жайық нұры Сенбі, 18 қаңтар 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

ң ы н ы р ы ж ш а Ал ы с а л а ғ ақ ша 1. Махаббаты-ай ананың! Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған, өзінің тамаша өлең-жырларымен қазақ поэзиясының ас­панын биіктетіп, көкжиегін ке­ ңейтіскен талантты лирик ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Ақ шағала» атты таңдамалысы мен өзге де жыр жинақтарын зерделеу барысында оның Анаға арнаған өлеңдерін тебіреніп оқыдым. Ақұштап жырлары кім-кімнің де анасына деген сағыныш-мұңын қозғап, жанарына жас үйірілтеді. Әр өлеңінен өз анаңның аяулы бейнесін, асыл қасиеттерін көре­ сің, «құлыным» деген ыстық сөзі құлағыңа келеді. Қысқасы, өз жү­ регіңнен шыққандай қабылдай­сың. Балаға деген мәңгі махаббатын өзімен көрге бірге ала кеткен ұлы ана бейнесі көз алдыңнан кетпей ұзақ тұрып алады. Бір кезде мені осы үйде дара бақтың, Қайтейін оралар ма ол ғаламат күн. «Құлыным көзін іліп алсыншы», – деп, Есіктен жайлап шығып бара жаттың. Иә, менің де анам дәл осылай мәпелеп бәйек болып, бағыпқаққан еді-ау, әттең, кезінде қаді­рін жете білмедік-ау, махаббатына сондай махаббатпен жауап бере алмадық-ау, деп аяулы бей­несін көз алдыңа елестете бас­ тайсың. Ақұштаппен бірге сен де сонау-сонау бұлдырап артта қал­ған жылдарға қайта оралып, қа­лада оқуда жүріп, анаңды сағы­ нышпен сарғайтқан, өзің де сон­шалықты сағыныш сезіммен ауы­ лыңа аңсап келіп, ана құшағына енген кездеріңді ойлап, көңілің сан түрлі күйге түседі. Аналарымыз «құлыным» деген жалғыз

сөзге жанжүрегінің бар жы­луын құйып, ұл-қызына деген барша сағынышын сыйғызып, аналық махаббатын төгіп, ыстық леппен айтады екен-ау! Соны ақын «Жалғыз сөз» деген жырында тебіренте жеткізген. Өмірде жақсы адамдардан «алтыным, асылым, күнім, гүлім, аққуым, ақ шағалам, ақ сәулем» деген секілді талай-талай тамаша сөздерді естіп жүрсе де... «Құлыным» деген сөзіңе, Жетпей­ді-ау соның бірі де!», – деп тү­йін­дейді. Осы жыр жолдарынан ана­лардың емірене айтатын «құ­ лыным» деген сөзінде қаншама ыстық сезім, құдіреттей аналық махаббат жатқанын түйсіне түсе­ сің. Тіпті осы бір сөздің керемет қасиетін қайта танығандай бола­ сың. Оның ана туралы қай жырын оқысаңыз да ормандай ой кешіп кетесіз. Ол анасын аңсап келіп, еркелеп, жатып та, тұрып та, сырласып отырып та, сағынып қаладан жазған хаттарында да, тіпті анасы қайтыс болғаннан кейін де оның рухымен тілдесіп мұң шаққан шақтарында да өмір мен адамдар жайлы, сол өмірдегі әділетсіздік­тер мен қайшылықтар, шырылда­ған шындықтар жайында толға­ нады; қамықтырған күйініштері мен сүйіндірген сүйініштерін анасына жайып салады, шерін шер­тіп, мұңын шағады. 2. Жайықпен жаны егіз Ақұштаптың замандас ақын­да­ ры қатарында осалы жоқ. Бүгінде­ рі әрқайсысы бір-бір мәуелеген бәйтерек, қазақ поэзиясының мақ­таныш жарық жұлдыздары.

Дегенмен солардың ішінен Ақұш­ тап жырлары менің жан-жүрегім­ді бөлекше баурайды. Қандай ерекше қасиетімен, – деген сұрақ туады. Өлеңде көркемдікпен бірге толып жатқан асыл қасиеттер бар. Сол асылдардың асылы – шы­на­ йылық. Ақұштап жырларының жү­регіңді жаулап, жаныңды баурай­тын басты қасиеті сол сезім шы­ найылығы. Ақұштап өлеңдерінің қағидаға айналғандай тағы бір қасиеті – шынайы сезім мен әдемі де әсерлі ой бірімен-бірі астасып, қатар өрбіп отырады. Сөйтіп, екі әсерге бірдей бөленесіз. Әдемі әсер алып қана қоймай, ақын бастан кешкен күйді бірге кешесіз, сол оқиғаға өзің қоса қа­ тынасқандай, сол көріністі бірге көріп тамашалағандай боласыз. Ол табиғаттың кез келген құ­ былысын жырлап, соны суреттей отырып, бір тың, тосын ой тауып айтады және солар салиқалы, сал­ мақты ойлар болып шығып жатады. Оның көз алдына табиғаттың, болмыстың көркем суретімен қо­са бейнелі ой қатар келіп отыра­ды. Ақұштап – бір сәт те ойланбай жүре алмайтын ақын. Оны ақын қыздар арасындағы Қадыр десе болар. Қара теңіз курортында демалып жатқан ақын: Көз тоймайды көгілдір тау көркіне, Көгілдір су шипа болар дертіңе, – деп жұмақтай мекендегі тау мен теңіздің сұлу суретін салып, бейнелеп келе жатады да кенет көңі­лі бұзылып, төтен ойдың шетін шы­ғарып, соны қатар өрбіте бастай­

д ы . «Қызау» деген ауылдағы жең­гесінің сөзін сағы­нып, ана тілінде бір қан­да­сымен жан сырын шерткісі келеді, мынау ғажап тама­ша та­биғаттан алған әсерін айтып бө­ліскісі келеді. Бірақ айналасын­ дағылардың бәрі орыстілділер кілең. Өлшеу қиын сағыныштың шыдамын, Ұзарып та кеткендей ме мына күн. Айырса егер ана тілден – анаңнан, Адам үшін қажет болмас жұ­ мағың, – деп бір-ақ қайырады. Ақынның көз алдындағы тау мен теңіздің бар сұлулығы әп-сәтте ғайып болады. Жаңа ғана ақын­мен бірге табиғатты тамашалап әрі жақсы жыр оқып сергіп отырған сенің де көңіл күйің ортайып, ана тіліңнің жайын ойлап, ішің айрандай ашып қоя береді. Ақындар үшін жырлайтын та­ қырыптар сан алуан. Солардың ішінде табиғат лирикасы мен ту­ған жер ерекше орын алады. Өйт­ кені бұл екеуі – ақынның туған анасынан кейінгі екінші анасы, жанының егізі. Ақұштап ақын та­биғатты сырттай тамашалап суреттемейді, онымен тілдесіп, құр­ бысындай сырласады. Ол, әсіресе, өзінің Ақ Жайығына деген ыстық сезім, махаббатын ондаған өлең жазса да жыр етіп тауыса алмай қояды. «Жайыққа сәлем де сен» атты жырындағы: Сен Жайыққа айт, ерке қыз келеді де, Өлең жазып ақ көйлек желегіне. Сағынышы басылмай жүр

дегейсің, Құлаш ұрып қайтпаса тереңі­ ңе, – деген басқы шумақтың өзінен-ақ Ақұштапқа тән шынайы сезімнің жан жадыратар жып-жылы лебі еседі. Осында тұнып тұрған эпитет, теңеу, метафоралар жоқ. Бі­рақ сезім шынайылығымен жаның­ды баурайды. Жыр соңында ақын дәстүрлі жүрісінен жаңылмай әдемі ой айтып, өзінің арналы да арынды өзеніне тартып туған бірбеткей өр мінезін танытады. Ал Ақұштапта суреттен ой басым түсіп жатады. Абай жыл мезгілдерін суреттегенде сол кездегі елдің тұрмыс-тіршілігін қоса жырлап отырады ғой. Ақұштап та солай табиғат құбылыстарынан тың ой туындатып, сурет пен ойды қыз бұрымындай қатар өріп және кейде оған ел өмірін сабақтастырып жібереді. Мысалы, «Күзгі Жайық» жырында солай: Айдында баржа-қайықтың, Жылжыған ізі қалады. Арнасында да Жайықтың, Алтын дән көшіп барады. Қалай әдемі айтқан! – дейсің. Және Жайық пен қайықтың ұйқас жағынан да, мазмұн жағынан да үндесе кеткенін қараңызшы. Жыр­ дың соңғы жолы қандай әсерлі! Ақын Ақ Жайығының жағасында жайғасып алып, онымен сыр бө­ ліседі, назын айтады. Табиғаттың таңдамалы туындыларының бір тамашасы бұлбұл құсқа арнаған өлеңін кәне оқып көрелік: Сайрайды бұлбұл биіктен алып дауысын, Тербелтіп бақты, мүлгітіп бүкіл тау ішін. Сайрайды бұлбұл құбылтып үнін тынбастан, Тіршілік оған риза сол бір әні үшін. Ән қажет гүлге қырларды жапқан көктемде, Ән қажет шыңға сәулесін ақ таң төккенде. Не жетсін шіркін, ғажайып мынау өмірде, Бір рет нағыз бұлбұлша сайрап өткенге!!! Ақын бұлбұл әнін барлық жанды тіршілік иелерімен бірге гүлге де, тауға да, тасқа да тыңдатады және мүлгіте тыңдатады. Оған қоса сол бұлбұл секілді барша ел-жұртты өнерімен сүйсіндіріп, жырмен тамсандырып сайрап өтер ме еді, деген арман-ойын айтады. Ақұштап – сол арманына өмірде жеткен ақын, бұлбұлша дауысын биіктен алып сайрап ке­ле жатқан ақын. Халқымыздың сү­ йікті ақын қызы Ақұштаптың да


9

ел-жұрт oral_oniri@inbox.ru

өлең-жырлары қазақ поэзиясы­ның алтын қорына мөлдір бұлақ суындай құйылып, қосылып жат­ қан және байытып жатқан құнды қазыналар екені айдан анық!

3. Өрелі ойлар Ақұштап – айдынында ақша­бақтай шоршып-ойнап, толқыны­ мен жарыса жүзіп өскен Ақ Жа­ йығына қай жағынан да ұқсап, тартып туған ақын. Жайық бірде буырқанып тулап ақса, арнасы кеңіп, жазыққа шыққанда сабырмен шалқып ағып жатпай ма. Сол кезде оны кеңпейілді аналарға, маңдайы кереқарыс ақылман да­ наларға ұқсатасың. Ақұштаптың өзі де, жырлары да сондай. «Біреуде жас та болса, даналық бар, Біреуде қарт та болса, шалалық бар», деп бір ақын жазғандай, оның 1967 жылы «Өрімтал» атты өзі де өрімталдай шағында шығарған алақандай жыр жинағы ормандай ойлы өлеңдерге толы болатын. Жас ақын қыз сол кездің өзінде көкірек көзінің қырағылығын та­нытқан еді. Мені Ақұштап өлең­ деріндегі философиялық ойлар өте-мөте қызықтырады. Мөлдірді аңдамаймыз бұлақ тұнбай, Өмірде ойланбаймыз сұрақ тумай. Біз жүру, жүзуге де үйренбейміз, Алдымен қара жерге құлап тұрмай. Ақұштап өмірден көргендері мен түйгендерінен осындай тү­ йіндер түюге шебер. Жағадан суға бойлаған сайын тереңдей бере­ті­ні секілді, төрт жол жырдың әр жолынан баспалдақтап әрі аттаған сайын мағынасы да күрделеніп барады. Өлеңді оқи отырып, өзің­нің өткен өміріңе еріксіз көз жі­ бересің. Қай тұста, қай жерде қа­лай сүріндің, себебі не еді, неден қателестің? Соларды ой елегінен өткізіп, бірер сәт қамығып та ала­ сың. Жас бала бірер құлап-сүрі­ніп, жүруді үйреніп кетсе, үлкен­дер өмірде олардан әлдеқайда көп қателеседі екенбіз. Иә, өмір­де жұмбақ та көп, сұрақтар да көп. Жауабын үнемі дөп таба бермейміз. Өмірдің күрделілігі де сонда. Ақынның жалғыз шумақ өлеңінен қора-қора ой өрбиді . Қазақ философиясының баста­ уында әл-Фараби бабамыз тұр. Одан кейін қазақта философия­ лық ойларын қара сөзбен жазып қалдырған – ұлы Абай. Екі ортада әлденеше ғасырлар жатыр. Бірақ сол аралық уақыттарда қазақтың философиялық ойы тоқырауға ұшыраған жоқ. Шыңғысхан Оты­рарды күйретіп, жазу-сызуымыз­ ды жойып жібергеннен кейін, біздің жазба әдебиетіміз ауыз әдебиетіне орын берді. Ал оның көрнекті өкілдері ұлы жырауларымыз бен ақындарымыз, ұлы билеріміз бен аузы дуалы шешендеріміз болды. Солардың бізге жеткен, әсіресе, насихаттық өлең-жырлары мен шешендік сөздеріндегі философиялық теңіз­дей терең ойлар Кант пен Ге­ гельдердің еңбектерінен еш кем емес. «Сонау бір көктем, сонау күз» аталатын жеті шумақ өлеңі­нің орта тұсындағы:

Cенбі, 18 қаңтар 2014 жыл

Қулық пен сұмдық, алдауды, Не деген бақыт білмеген! – деген екі жолдан көзімді ала алмай қойдым. Қулық-сұмдықпен, басқалардың несібесі есебінен байып, әділдік-адалдық, ар-ұят деген құндылықтарыңды белден басып, өздерін бақытты адамдар санап жүргендер қаншама. Ал нағыз шын бақыт қайда? Нағыз шын бақыт: қулық-сұмдықты біл­мей, ақпейілмен өмір сүріп, ғұмыр кешуде. Ақын соны жай айта сал­ маған. Не деген бақыт! – деп өте ерекшелеп, екпін түсіріп айтқан. Тұрмысы жұпыны, тіпті, кедей болса да, адалдан ас ішіп, еш кісінің ала жібін аттамай, алдауды білмей, адал өмір сүргенге не жетсін! Ал­ла сыйлаған өмірдің мән-ма­ ғынасы да сонда! Әрбір саналы адамның өмірлік ұстанымы да сол болуы керек емес пе. Біздер, әдебиет сыншылары, осы уақытқа дейін ақындардың өлең-жырларын зерделеу барысында олардағы жай ойдан биікте жоғары тұратын философиялық мәні маңызды ойларды саралай алмай келіппіз. Сол есімізге кел­мей жүріпті. Соған оқырмандар­дың да, ақындардың да назарын аудармаппыз. Ақұштаптың «Ардақ­ ты ананың айтқаны» жырындағы: ...Мамалап шыққан алдыңнан сәби дауысы, Ең үлкен бақыт, ең үлкен сый ғой әйелге! – деген түйінді де мен философиялық өрелі ойға қосар едім. Ондай дәрежеге көтеріп тұрған «үлкен бақыт» деген сөз емес, «үлкен сый» деген сөз. Сол сыйды әйелге балпанақтай етіп сыйға тартқан кім? Ол – құдіреті күшті Алла! Сол сыйы үшін әйелдер де, біздер де Аллаға мың мәрте алғыс айтып, мың мәрте құлшылық қылсақ ләзім. «Тау соқпағының»: ...Биіктерге бастайтұғын бұралаң, Өмір де сол тау соқпағы секілді, – деген және «Тулайды теңіз» ат­ты жырының соңғы: ...Кеудесі толы алыпта, Тыныштық деген болмайды-ау! – деген жыр жолдары да кісіні күрделі, бұралаң-бұралаң өмір жолдары жайлы және кеудесі ту­ лаған жал-жал теңіз толқындары секілді қат-қабат ойларға толы тұлғалар туралы сан ойдың соқ­ пағына салары сөзсіз. Келесі өлең­ деріндегі түйіндер де кім-кімді де ойға қалдырады: ...Ал тағдыр – асау аттың тізгіні екен, Тартқанға, тартысқанға көнбейтұғын. *** ...Асаудан жуас болдық, өмір бірақ, Қояр ма мойындатпай күштілігін. Ақұштап өлеңдерінде мұндаймұндай өрелі ойлар көптеп кездеседі. Демек, А.Бақтыгереева қатардағы ойлы ақындардың бірі ғана емес, шын мәнінде философ ақын деп бағалай білуіміз керек.

Жұма-Назар СОМЖҮРЕК, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әдебиет сыншысы ("Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жыл, №1 санынан алынған)

Облыс гербіне байқау жарияланды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі облыстың өзіндік нышаны – герб жобасына конкурс жариялады. Бұл жөнінде кеше облыс әкімдігінде өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.

– Әрбір облыстың, әрбір қа­ ланың өзіндік нышан-белгісі, гербі болуы – бұрыннан қа­лып­тасқан жағдай. Біздің Орал қа­ ласының өз, гербі бар екенін білеміз. Енді, міне, облыс әкімі­нің өкіміне сәйкес, Батыс Қа­зақ­ стан облысының ең басты символикасына байқау жария­ланып отыр, – деді Бақ­тияр Мәкенұлы өз сөзінде. Бұл байқауға кез келген заң­ ды және жеке тұлға, Қазақстан Республикасының кез келген жастағы азаматы қатыса алады. 18 жасқа толмаған тұлғалар жа­ саған жобаны олардың заңды өкілдері ұсынады. Барлық жо­ба 31 қаңтарға дейін қабылданбақ. - Ең басты шарт – гербте Батыс Қазақстан облысының тарихы мен дамуының ерекшеліктері ашылуы тиіс, – деді облыс

әкімінің орынбасары. Байқауға ұсынылған жұмыс­тар А-4 үлгідегі қағазда, соны­мен қатар электронды тасы­ ғыштарда (шағын-диск, СD-диск, флэш-тасығышта) тапсырылуы тиіс. Барлық жұмыстың зат белгісі болуы қажет (зат белгі 7 3 см, алдыңғы беттің төменгі оң жақ бұрышына бекітіледі). Зат белгіде автордың (қосалқы автор­дың) есімі, тегі, заңды тұлғалар­дың атауы, мекенжайы, байланыс телефондары көрсетіледі. Облыс нышанының жобасы www.dvp_party@mail.ru элек­ трон­­дық поштасына немесе ұйымдастыру комитетінің мекенжайына (БҚО, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі,19, «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, 207бөлме) жіберіледі немесе қолма-

қол әкелінеді. Байланыс теле­ фоны: 8 (7112) 513975. Байқауға түскен жұмыстарды 10 адамнан құралған комиссия іріктейді. Комиссия төрағасы – облыс әкімінің орынбасары Бақ­тияр Мәкен, топ құрамында облыстық ішкі саясат және мә­­дениет басқармаларының басшылары, тарихшылар, суретші­ лер, БАҚ өкілдері кірген. 6 ақ­­пан күні жоба авторлары өз жұмыстарын комиссия алдында қорғап шығады. Жеңімпаздар ақшалай немесе бағалы сый­ лықпен марапатталмақ.

Төрехан КӘРІМБАЙ Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Зейнетақы жинақтары бір «қазанда» тоғыспақ

Өткен жылдың басында Мемлекет басшысы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы тапсырған болатын. Еліміздегі зейнетақы қорларын «бір қолға» біріктіру жұмыстары биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталады. Сөйтіп 8 миллион адамның қаржысы түгелімен Ұлттық банк қарамағында құрылған жүйеге өтуде.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі» - Мемлекет басшысының тап­сырмасына орай ҚР Үкіметінің қаулысымен өткен жылы маусымда мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрыл­ды. Оның меншік иесі – еліміз­дің Үкіметі. Бірыңғай жинақтау­ шы зейнетақы қорын құру жи­ нақтаушы зейнетақы жүйесінің принциптеріне еш әсер етпейді. Бұл жүйеде де жеке жинақтаушы шоттар жүйесі сақталады. Міндетті зейнетақы салымдарының барлық түрі бойынша мемле­ кеттік кепілдік сақталады. Қа­зір­­гі зейнетақы қорлары өз жұмыс­ тарын инвестициялық қоржын­

ды басқарушы немесе ерікті түрдегі жинақтаушы зейнетақы қорларын басқарушы ретінде жалғастыра алады, - дейді Ұлт­ тық банктің Батыс Қазақстан филиалының директоры Борис Ізбасаров. Оның айтуынша, 11 қордың ішіндегі жеке 9 қордың активтері кезең-кезеңмен БЖЗҚға аударылуда. Бүгінде соның төртеуінің жеке активтері ауда­ рылған. Қалған қорлардағы активтер кестеге сәйкес биылғы жылдың сәуір айының біріне дейін аударылады. Активтерді тапсыру жұмыстары «Грантум», «Ұлар Үміт», «Халық», «Астана» қорларымен жүргізілетін болады, ал «Республика» мен «Отан» қорларының активтері тапсырылып болған. - БЖЗҚ алдындағы басты мін­дет – болашақта активтерді

басқару тұжырымдамасын да­йындау мен жинақтардың сақ­талуын қамтамасыз ету. Қор жұмысының комиссиясы дәре­ жесі бұрынғы қорлардың комиссиясымен салыстырғанда екі есе төмендейді. Ұлттық банктің төрағасы қордың құнды қағаз­ дар нарығынан табыс табу мүм­кіндігі жоғары екендігін мәлім­ деген болатын, - деді Борис Ізба­ сарұлы. Оның айтуынша, әр азамат БЖЗҚ-ға аударылатын зейнет­ақы қорындағы жинақ салы­мы­ның қандай шамада екендігі жөніндегі анықтаманы жергілік­ті халыққа қызмет көрсету ор­ талықтарынан ала алады. Өзінің электрондық кабинетіне рұқса­ты бар жеке қорлардың салым­ шылары интернет көмегіне жү­ гінеді. Жуықта елімізде зейнет­ақы активтерін басқару жөнін­де­гі кеңес құрылып, кеңеспен зейнетақы активтерін ұзақ мерзімдік басқару тұжырымдамасы жасалады. Бірінші маусымда зейнетақы активтерімен басқа­ ру тұжырымдасы Үкіметтің қа­ рауынан өтіп, қаржы нарығына жол тартады деп күтілуде.


10

хат-хабар Сенбі, 18 қаңтар 2014 жыл

Биылғы Жылқы жылы маған өте қуанышты сәттермен басталды. Бөрлі ауданы оқушылары арасынан облыс орталығындағы Президенттік шыршаға қатысу бақыты бұйырды.

oral_oniri@inbox.ru

Алғыс айтамын

Жаңа жыл күні мен өзімді «Ертегі­ лер әлемінде» жүргендей сезіндім. Өте тамаша, қызықты әсерге толы бол­ды. Бағдарлама бойынша қызықты қойылымдар, ойын-сауық орталықта­ рындағы түрлі ойындардың куәсі бол­дық. Орал қаласындағы жаңадан ашылған Назарбаев зияткерлік мектебіне де саяхат жасадық. Балаларға қызықты жаңа жыл ке­шін сыйлағаны үшін «Өркен» қосым­-

ша білім беру орталығына, облыс әкі­ мі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев мырзаға және «Айдана» мейрамханасына ри­ залығымды білдіремін. Елбасымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Құттықыз ТОҚПАНОВА, Бөрлі ЖОББ мектебінің 6 «а» сынып оқушысы, Бөрлі ауданы

«Облыс аумағындағы шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу» мемлекеттік қызметті көрсету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы №273 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 «Жеке және заңды тұлғалар­ ға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс­ тер енгізу туралы» қаулысына сәйкес «облыс аумағындағы шетелдік мерзімді басылым­ дарды есепке алу» мемлекеттік қызметі Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81/2 орналасқан халыққа қызмет көрсету ор­талығы (ХҚКО) және электрон­ дық үкіметтің порталы (egov.kz) арқылы көрсетіледі. 2009 жылдың 30 желтоқ­са­ нындағы ҚР Үкіметінің №2315 қаулысымен бекітілген «Аста­ на, республикалық маңызы

бар қалалар және облыстар аумағындағы шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу» мемлекеттік қызмет көр­сету стандартына сәйкес тұ­ тынушы орталыққа келесі құ­ жаттарды әкелуі тиіс: 1) шетелдік БАҚ-н есепке алу арызы, берілген арызда жергілікті атқарушы мекеменің атауы; таратушы (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға), оның ұйымдастыру-құқықтық ныса­ ны, атауы (тегі, аты, әкесінің аты), орналасуы (тұрғылықты жері); Қазақстан Респуб­ликасы­ ның аумағында таратылатын, шетелдік БАҚ-тың толық атау­ ларының тізімі; шетел БАҚ-тың таралу ау­ мағы; таралушы шетелдің

БАҚ-тың тілі (тілдері); таратылатын шетел БАҚ-тың негізгі тақырыптық бағыты көрсеті­­луі тиіс. 2) таратушы-жеке тұлға­ ға - кәсіпкерлік қызметпен ай­налысуға құқық беретін құжаттарының көшірмесі; 3) таратушы-заңды тұл­ғаға (филиал немесе өкіл­ діктің) - заңды тұлғаның мем­лекеттік тіркелуі (есеп­ке алынуы) туралы куәлігі­ нің көшірмесі.

БҚО ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпараттық құралдарына мониторинг жүргізу бөлімі

«Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялау Бөрлі ауданы әкімінің аппараты: 090300, Ақ­сай қаласы, Совет көшесі, 99-үй, 2-қабат, 34-бөлме, анықтама үшін телефон: 8-(71133) 20-5-09, электрон­ дық мекенжайы: burlin-akimat@mail.ru, бос мем­ лекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жария­ лайды. Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: E-3 санаты үшін: жоғары білім; Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі бі­лім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республика­ сының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын­да мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы; E-4, E-R-4 санаттары үшін: жоғары білім; Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. E-R-1 санаты үшін: жоғары білім; Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі бі­лім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республика­ сының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын­да мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мем­ лекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; ғылыми дәрежесінің болуы; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге ла­ уазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес. E-G-4 санаты үшін:жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім; E-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары Санаты

E-3 E-4 E-R-1 E-R-4 E-R-5 E-G-4

Еңбек сіңірген жылдарына min max 78798 59579 109548 56375 49969 48044

106345 80719 147986 76235 67907 64704

Бөрлі ауданы әкімі аппаратының аға инспекторы (Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі) - E-3 санаты. Функционалдық міндеттері: Қазақстан Респуб­ ликасының Заңдарын, жоғарғы басшы органдардың және аудан әкімінің қабылдаған бұйрық, қаулы, шешім,

өкімдерінің барлық жұмыс бағыты бойынша орындалуын қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады. Аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының, аудан әкімінің басқару пунктінің және эвакооргандардың авариялық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарын төтенше жағдайлар кезінде ұйымдастыру. АҚ және ТЖ қызметтерінің басқару құрамын, құрылымдарын және халықты ТЖ жағдайларда қазіргі уақыттағы зақымдау құралдарының залалынан сақтандыру әдісіне үйретіп оқыту және дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары не әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқықтану мамандықтары бойынша. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы-E-4 санаты. Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алулар бойынша азаматтық құқықтық мәліметтерді әзірлеуге және жасасуға қатысады; Бекітілген жылдық бюджет негізінде мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын әзірлеуге қатысады; Жеткізушілердің келісімшарттық міндеттемелерінің орындауын, келіп түсетін тауарлардың және өзге де материалдық ресурстар мен қызмет көрсетулердің саны мен сапасын бақылайды; Келісімшарттық міндеттемелерін бұзған жағдайда жеткізушілер мен орындаушыларға қойылатын кінәрат-талаптар бойынша материалдар дайындайды; Жеткізушілермен жасалған келісімшарт талаптарын өзгертуді келіседі; Мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы туралы есеп дайындайды; Сатып алынатын өнімдердің, қызмет көрсетулердің, жұмыстардың бағаларына мониторинг жүргізеді; Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқықтану немесе әлеуметтік ғылымдар, экономи­ка және бизнес мамандықтары бойынша. Бөрлі ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы - E-R-1 санаты. Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылық етеді және бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына жауапты. Ведомствоға бағынысты аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысын жүргізу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтерін және белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағында қала құрылысын жүргізу барысында сәулет, қала құрылысы, басқа да жобалық құжаттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Нысандар мен кешендерді орналастыру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс жасайды. Базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүр­ гізеді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында аудан әкімі алатын шешімдерде негіздемелер мен ұсыныстар, құжаттар дайындайды. Елді мекендердің аумағын көркейту және көгалдандыру жобаларын таңдау мәселелерін, жарнама, шағын сәулет нысандарын, монументтерді және ескерткіш белгілерді орнату жобаларын бекітуді қоса алғанда, ғимараттардың қасбетін бояу мен жаңарту және т.б. мәселелерді шешу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар мамандығы бойынша. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің оқуы кезіне) - E-R-4 санаты. Функционалдық міндеттері: Ведомствоға бағы­ нысты аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы саясатын жүргізеді. Салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізеді. Жеке және заңды тұлғаларға жобалық және құрылыс қызметінде ықпал етеді. Тапсырыс берушілерге, құрылыс салушыларға сәулет жоспарлау тапсырмаларын береді. Құрылыс аяқталған мерзімде аудандық статистика бөліміне қабылданған жеке тұрғын үйлердің саны туралы мә­

ліметтер ұсынады. Аудан әкімдігінің рұқсат құжаттарын рәсімдеу үшін өтініш берушілердің жеке меншік немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін құрылыс салуға пайдалануға немесе қолданыстағы объектілерді өзгертуге (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта құрылымдау) бастапқы деректемелерді әзірлейді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар мамандығы бойынша. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолау­ шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы - E-R-4 санаты. Функционалдық міндеттері: Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке тіркеу жұмыста­рын ұйымдастыру. Тұрғын үй бағдарламасының орындалуын бақылау. Мемлекеттік тұрғын жай қорының жағдайын бақылау. Заңсыз иеленген пәтерлерді ай­ қындау. Пәтерді жекешелендіруге, пәтер бөлуге тұр­ ғын үй комиссиясының жұмысын ұйымдастыру. Тұрғын жайға байланысты аудан әкімдігіне қаулының жоба­сын әзірлеу, тұрғын үйге қатысты барлық құжаттар­ды ресімдеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар, экономика және бизнес, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, ауыл шаруашылы­ғы немесе құқықтану мамандықтары бойынша. Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы - E-R-5 санаты. Функционалдық міндеттері: Қазынашылық ау­ мақ­тық органы арқылы төлемдер жүргізу, жоғары тұрған органдарға уақтылы есеп беру, бухгалтерлік электрондық бағдарламаға сәйкес жұмыстар атқару, жылдық жұмыс жоспарға сәйкес қаржыны мақсатты жұмсау, бухгалтерлік есептерді дұрыс және уақтылы жүргізу, мүліктер мен бағалы заттардың сақталуына бақылау жүргізу, бухгалтерлік құжаттарды сақтап, мұрағатқа тапсыру. Азаматтардың өтініштеріне, хаттарына, бақылау құжаттарының жауаптарына бақылау жүргізу, құжаттарды мұрағатқа тапсыру. Тендерлер, келісімшарттар және хабарламалар дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары бойынша. Ақсай қаласы әкімі аппаратының жетекші мамандары 2 бірлік- Е-G-4 санаты. Функционалдық міндеттері: Аппараттың бекітілген істер номенклатурасы бо­ йын­ша мұрағатпен айналысу, іс-қағаздарын жүргізу, құжаттарды тіркеу. Жеке және заңды тұлғалардың арыз, шағымдарын тіркеп, қала әкімінің азаматтармен қабылдауын ұйымдастыру, арыз иелеріне уақытында жауап беруін қадағалау, өкілетті органдарға есеп ақпа­ рат беру. 1 – ОЛ есебін жасау және белгіленген мерзімде тапсыру. Кадрға байланысты іс-қағаздарды толтыру. Өкімдер мен шешімдердің жобаларын дайындау. Ақсай қаласы бойынша көп балалы аналардың құжаттарын рәсімдеу. Тиісті органдарға ақпараттар мен мәліметтер әзірлейді. Әкім аппаратына түскен хаттар, ұсыныстар және басқа да өтініштер мен арыздарға уақтылы жауап беру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес не­ месе білім не құқықтану мамандықтары бойынша. Функционалдық міндеттері: Қаланың әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне қатысу. Мал иелерінің, қожа­ лық шаруашылықтармен, малдарды, мал тегінен шық­қан азық-түліктер мен шикізаттарды дайындайтын, өн­дейтін, сақтайтын, тасымалдайтын және сататын ұйым­ дармен, ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалармен заңды­лық­ тардың талаптарының сақталуын бақылау. Бекітілген жоспарға сәйкес індетке қарсы шаралардың орындалуын бақы­лау. Карантин және шектеу шараларын

жүргізуге заңды және жеке тұлғалармен ветеринарлықсанитарлық талаптардың сақталуын бақылау. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды және созыл­малы ауруларынан сауықтыруды бақылау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ветеринар мамандығы бойынша Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйым­ дарында алған азаматтар («Болашақ» бағдарламасы­ның түлектерінен басқа) білімі туралы құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: - осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; - 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама; - білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәлан­ дырылған көшірмелері немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері (мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады); - еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері (мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады); - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұй­ рығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куә­ лігінің көшірмесі; - құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. - Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсы­ным­дар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Конкурстық комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық адресіне жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құ­ жаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға де­ йін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес күн ішінде әңгімелесуді конкурс жариялаған аудан әкім аппаратында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасқан үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 18 қаңтар 2014 жыл

11

«Орал қалалық мәслихатының аппараты» ММ 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даңғ., 182/1, 3-қабат, 49-бөлме, қалалық әкімдік ғи­ма­ раты. Байланыс телефоны: 8/71121/51-52-01, факс: 8/7112/51-19-63, электронды мекенжайы: zko_ugm@mail.ru «Орал қалалық мәслихатының аппараты» ММ бос әкімшілік лауазымы - Орал қалалық мәслихаты аппаратының бас маманы Е-4» санаты лауазымын иеленуге конкурс жариялайды, лауазымдық жалақы­ сы қызмет өткерген жылдарына байланысты 59 587 теңгеден 80 723 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның материалдарын мәслихаттың сессия­ сында қарау үшін дайындау. Депутаттарға олардың уәкілеттіктерін жүзеге асыруға қолдау көрсету. Сессия шешімдерінің заңдылығын сақталуына міндетті түрде тексеру жүргізу. Мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Қалалық мәслихаттың құ­қықтық мүдделерін қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттарды да­йындауға қатысу. Қалалық мәслихаттың құқықтық жұмысына әдіс­ темелік жетекшілік жасау. Мәслихат хатшысының, аппарат басшысы­ ның өзге де тапсырмаларын орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары (кә­ сіби заңгерлік) білім, осы санаттағы нақты лауазымның функционал­дық бағыттарына сәйкес облыстарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес орта білімнен кейінгі білімі болуы рұқсат еті­ле­ді. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Респуб­ликасының «Қазақстан Президенті туралы», «Қазақстан Республика­ сының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заң­ дарын, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», осы санаттағы нақты лауазымның тиісті мамандануы саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, “Қазақстан - 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орын­дау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білуі: гуманитар­лық ғылымдар мамандықтарына сәйкес келуі, Қазақстан Республи­ касының заңдарын білу бойынша тест тапсыру бағдарламасына сәй­кес нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік тіл білуі, компью­тер­де жұмыс істей білуі. Конкурсқа қатысуға қажет құжаттар: - уәкілеттік органмен белгіленген нысандағы өтініш; - уәкілеттік органмен белгіленген 3х4 мөлшердегі суреті бар толтырылған анкета; - білім туралы құжаттардың нотариалдық тәртіппен немесе өзге заңнамалық тәртіппен куәландырылған көшірмелері (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құжаттар олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның кадр қызметімен куәландырылуы мүмкін); - еңбек қызметін растайтын нотариалдық тәртіппен немесе өзге заңнамалық тәртіппен куәландырылған көшірмелері (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құжаттар олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның кадр қызметімен куәландырылуы мүмкін); - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама /2010 жылғы 21 желтоқсан­дағы №6697 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген/; - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; - құжаттарды тапсыру сәтіне жарамды шекті мәнінен төмен емес нәтижесімен тестілеуден өткені туралы сертификат. Құжаттар конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру жариялан­ ған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс. Конкурстық комиссияның қарауына азаматтардың /құжат тігілетін мұқабада ор­ наластырылған құжаттардың тізімі көрсетілген/ қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы немесе электронды пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзіміне жіберілген құжаттар қабылданады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен бұрын кешіктірмей береді. Құжаттардың түпнұсқасы беріл­ меген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Әңгімеле­ суге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған «Орал қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді. Осы лауазымға орналасқан тұлғаларға көшу шығындары төленбейді, тұрғын үй мен жеңілдіктер ұсынылмайды. Шетелдік үлгідегі оқу құжаттарын нострификациядан өткізуге қажетті құжаттарды қабылдау аумақтық ХҚКО /ЦОН/ арқылы жүр­ гізіледі.

Өзіңсіз, әке, өтті ғой, міне, тағы да менің бір жылым... Анамызға әрда­ йым тіреу, балаларына әр сәт қамқоршы, немережиендерінің сүйікті атасына айналған асқар тау, алып емен әкеміз Мәлік Отарұлы Аргенов арамызда болса, 18 қаңтарда 62 жасқа толар еді.

Жаңақала ауданы Ай­дархан ауылының тұрғы­ны болған адал жар, аяулы әке Ізғали Лұқпанұлы Жантілеуовты сағы­ныш­ пен еске аламыз. Егер ортамызда болса, 50 жасқа толар еді. Көз салып бұл өмірдің мән-жайына, Адал болдың жұмыстың да қандайына. Мүшел жас қыршыныңнан қиып түсті Елу жас жазылмады маңдайыңа.

Сезім, шіркін, көңілімді кернеді, Сағынышты күйін шертіп тербеді. Түскен кезде сіз есіме, жан әке, Өксіп-өксіп жылап алғым келеді.

Көре алмадың ұл-қызыңның ізгі арманын Ағайынның жағдайын да сіз қамдадың. Ізіңді жалғастырар Жалғасың бар, Айда мен Асылайым қызғалдағың.

Әке деген менің асыл асқарым, Әке деген менің қамқор аспаным. Әкем барда ілінбеді кірпікке, Мұң менің шер көзден аққан жастарым.

Еске алушылар: зайыбы Гүлшат, бала-келіні Марғұлан-Гүлжазира, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері Жаңақала ауданы Айдархан ауылының тұрғы­ ны болған сүйікті күйеу баламыз, бірімізге тату бажа, бірімізге қадірлі жезде Ізғали Лұқпанұлы Жантілеуов арамызда болса, 18 қаңтарда 50 жасқа толар еді. Сұм ажал ортамыздан ерте алып кетті. Ажалға араша тұра алмадық, не шара, сағынамыз, жоқтаймыз, қолымыздан келетіні Құран бағыштап, еске алу. Топырағы торқа, жаны жәннатта, иманы жолдас болсын. Абзал азаматты ешқашан ұмытпаймыз, жү­ регімізде мәңгі сақталады.

Еске алушылар: енесі Мағрипа, қайын ағасы, Мерғали-Арай, балдыздары Руслан-Меңзада, Мағауия-Алтынай, ЖеңісЖадыра, Нұржан-Рая, бажалары АбатАйгүл, Бақтияр-Гүлсім

Бауырларың сөндірмес сан арманды, Жолдасың жанұяңның жан ардағы. Сексеннің сеңгіріне аяқ басқан Басыңа тағзым қылар анаң мәңгі.

Еске алушылар: анасы Бақыт, бауырлары, Жантілеуовтар әулеті Жаңақала ауданы Ай­дархан ауылының тұрғы­ ны болған қадірлі досымыз Ізғали Жантілеуов­ты сағынышпен еске аламыз.

Өмір-өзен ағып жатқан өтпелі, Неткен қиын бұл тағдырдың өткелі. Жанымызда жүрген дос едің, Елу жасқа толар ма едің бұл күні.

Сағына еске алушылар: Талапқали-Света, Мұрадым-Гүлмира, Нұрлан-Мансила, ТаирГүлсара, Жанкелді-Клара, Серік-Бибігүл, Балғали-Фарида

Қос автокөлікке іздеу салынды Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері орын алған қос бірдей қанды оқиғаға байланысты автокөліктер іздестірілуде. Облыстық ішкі істер депар­та­­мен­тінің баспасөз қызметі­нен түс­кен мәліметке қарағанда, 13 қаң­тар­ға қа­раған түні белгілі кәсіпкер Вита­лий Каркуланы өл­тіргендерді «Тұлпар» техникалық қызмет көр­сету станса­сы ма­ңын­да күтіп тұр­ған артқы әй­нектері күңгірттелген, ақ түсті «Пас­сат» автокөлігіне іздеу салынды. Осы автокөлікті көргендер БҚО ІІД кри­миналдық полиция бас­ қар­масына мына нөмірлер бойын-­­­

ша: 8 (7112) 98-45-08, 98-41-18, 98-41-06, 98-41-07, 98-41-31 немесе БҚО ІІД кезекші бөліміне: 98-45-30, 92-10-26, 102 телефондары арқылы хабарла­са алады. Құнды мәлімет берген адам­ға ірі көлемде сый­ақы белгіленді.

* * *

14 қаңтар күні өңірде тағы бір қанды оқиға орын алды. Орал-Атырау күре жолының 70-шақыры­мын­да Зеленов ауданы Янайкин

ауылы тұсында белгісіз автокөлік Орал қаласының 1968 жылғы тұр­ ғыны, «Абди» шаруа қожалығында мал бағатын Омаров Оразбайды қағып кеткен. Ол оқиға орнында жан тап­сырған. Куәгерлердің айтуы бо­йын­ша полиция қызметкерлері оқиға ор­ны­нан бой тасалаған Ресейде шы­ға­рылған қара түсті «ВАЗ» автокө­лігі­не іздеу салуда. Бұл көлік жө­нін­де мәліметі барлар БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасы­на және БҚО ІІД кезекші бөліміне ха­бар бере ала­ды. Байланыс телефондары: 92-17-00, 23-76-08.

Арман БОЛАТҰЛЫ

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат Есполаева (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08,

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16378, 3 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, Ж.ЖАЙЛАУОВА Кезекшi редактор: т.кенжеғалиев


12

керуен сарай Сенбі, 18 қаңтар 2014 жыл

Тоғызқұмалақтың келешегін толғау 16-17 қаңтар күндері Орал қаласында алғаш рет тоғызқұмалақтан төрешілер мен жаттықтырушылар біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинар өтті.

oral_oniri@inbox.ru

Құттықтаймыз! Қаратөбе ауданы Үшана ауылының тұрғыны асыл жар, аяулы анамыз Змура Мадарқызы МАДАРОВАНЫ 20 қаңтар күні толатын 65 жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Алла сізге, ең алдымен, мықты денсаулық берсін. Әрқашан жүзіңізден ме­ йірім нышаны кетпей, ай­­на­лаңызға нұрыңызды шашып, аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз.

Қазталов ауданы Жаңа­ таң ауылының тұрғыны сүйікті әкеміз, атамыз Исмағұл Қадырқұлұлы МУСИНДІ 20 қаңтар күнгі мерейлі 63 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жан әке, Пайғамбардың жасындасың, Біздерге махаббатың басылмасын. Жайқалған төрімізде бәйтерексің, Жасай бер алдымызда ғасыр жасын.

Ортамыздың сәні болып жүріңіз, Сізге арналды тілек пенен гүліміз. Жүз жасаңыз, денсаулық та зор болсын, Құтты болсын туылған бүгін күніңіз.

Құттықтаушылар: зайыбыңыз Гүлсара, балаңыз Тілеген, қыз-күйеу балаларыңыз Арман-Светлана, Дәурен-Оксана, жиендеріңіз Алинұр, Алсер, Арсен

Құттықтаушылар: жұбайыңыз Демеу, қыз-күйеу балаларыңыз, жиендеріңіз

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, "Орал өңірі"

Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қолдауымен және БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдасты­руы­ мен өткен семинарға еліміздің 10 облысынан барлығы 60-қа жуық жаттықтырушы мен төреші жи­ыл­ды. Екі күндік семинарды Қазақ­стан Республикасының «Тоғыз­құ­ малақ» қауымдастығы бойынша төрешілер алқасының дирек­то­ры Бауыржан Төлегенов (суретте) жүргіз­ді. Оның айтуынша, семи­нардың басты мақсаты – тоғыз­ құмалақта­ғы айналма, реттелме­ ген швейцар, олимпиадалық жә­-

не матчтық жүйелердегі турнир­ лерді ұйым­дас­тыру және жеңім­пазды әділ анықтауды үйрету. Семинарға Ас­тана қаласынан келген тоғызқұ­малақтан мемле­ кеттік жаттықты­рушы Дастан Ка­паевтың мәлім­деуінше, елімізде 190 мың оқу­шы тоғызқұмалақ үйірмесіне қатыс­са, бұл ойынмен 8 мыңдай адам кәсіби түр­де айналысады екен. Ал ғалам­ тор арқылы онлайн жүйесінде қосылып ойнауға 3 миллиондай адам тіркелген. Мы­салы, өткен жылдағы наурыз айы бойынша 4 144 адам онлайн ре­жимінде то­ғызқұмалақ ойнаған. Сондай-ақ Чехияның өзінде аталмыш ойын түрімен айналы­сатын 2 мыңдай адам бар көрі­не­ді. Қазақтың ұлт­ тық ойыны то­ғызқұмалақ Англия мен Фран­цияда да ойналады екен.

Облыстық қазақ драма театрының қаңтар айындағы репертуары 19 қаңта р И.Соди ков “Әпендін ің бес қа тыны” (сазды д рама) Басталу уақыты : 17.00 24 қаңтар М.Томанов “Made in Махаббат” (жастар комедиясы) Басталу уақыты: 18.00

26 қаңта

р Мар Б айджие в “Құдала р” (драма) Басталу уақыты : 17.00

22 қаңтар Ә.Оразбеков “Бір түп алма ағашы” (драма) Басталу уақыты: 18.00

26 қаңта р Қ.Төле уішев “Үш қоя н мен бө лтірік” (ертегі) Басталу уақыты : 12.00 әл-Хакім Таупық р а т ” ң а 28 қ аны-ай ың сасқ н н а т л “Сұ я) (комеди : 18.00 уақыты у л а т с а Б

31 қаңтар Т.Жуженоғлы “Көшкін” (мистикалық драма) Басталу уақыты: 18.00

Сырым ауданына танымал, ауыл шаруашы­лы­ ғының басшысы, спорт ардагері, Сырым ауданы ұлттық ат спортының төрағасы, «Жымпиты» се­ ріктестігінің директоры Мүтәлі Серікқалиұлы ТӨРЕҒАЛИДЫ 60 жас, балдызым Мәншүк ШАЙДОЛЛАҚЫЗЫН 58 зейнеткерлік жасымен құттықтаймыз!

Жәнібек ауданы Тау ауы­ лының тұрғыны Ғалима ХАВАСҚЫЗЫН мерейлі 60 жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Бүкіл өмірін балаларына арнап, өмірлік серігіне адал жар, ардақты ана бола білген сізге қажымас қайрат, зор денсаулық ті­лей отырып, ұзақ өмір сү­ ріңіз демекпіз.

Тілек білдірушілер: құда-құдағиларыңыз, қыз-күйеу балаларыңыз, жиендеріңіз

Қайын жұрты атынан бажаңыз Мақсот, қайын апаңыз Алма Ардақты да аяулы апаларымыз Баян ЖАҢА­ БАЙҚЫЗЫН 18 қаңтар күні 55 жасқа және Гүлнар КЕҢЕСҚЫЗЫН 48 жасқа толған туған күндері­мен құттықтаймыз! Сіздерге төмендегі жыр шумақтарын жолдаймыз. Баянға: Үлгі болдың артыңдағы қыздарға, Ақыл қостың інілерің – ұлдарға. Үйде-түзде кішіпейіл мінезіңмен Шуақ төктің қасыңдағы жандарға. Гүлнарға: Өзгеше нәзік едің арамызда, Өзіңді сыйлап өстік баршамыз да. Үй болдың, ана болдың осы күнде Ерекше орның бар ортамызда.

Қарауылтөбе ауылының бұрынғы тұрғыны, бірімізге аяулы аға, бірімізге құрметті әке Талап ИСМАГУЛОВТЫ адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз! Басыңыз аман, деніңіз сау болып, жиен-немерелер ортасын­ да шаттыққа кенеліп, бүлдіршіндер күлкісіне бөленіп жүріңіз. Зайыбыңыз Гүлмаржанмен 60 жасыңызды тойлап, әр күніңіз бақ-дәулетке, ырыс-берекеге, тыныштық пен ме­ рекеге толы болсын дейміз.

Екеуіңізге тілейді бауырларың аманшылық, Болмасын өмірлеріңде жаманшылық. Отбасың, балаларың аман болып, Болсыншы үйлеріңде тек жақсылық.

Тілек білдірушілер: аға-жеңгелеріңіз, сіңлі-күйеу балаларыңыз және бауырларыңыз

Құттықтаушылар: қарындас-күйеу балаңыз Бибігүл-Қалиолла, қыз-күйеу балаңыз Гүламан-Арман, БақтыгүлӨрлеу, Құралай-Иван, Ақтілек-Тілектес, Алтын-Қайрат, бала-келініңіз АйболатӘмина, ұлыңыз Нұрболат, қызыңыз Риза, жиен-немерелеріңіз

www.zhaikpress.kz Облыстағы №1 медиахолдинг

Құрметті оқырман! Ғасырға жуық тарихы бар об­лыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің, сондай-ақ ау­дандық газеттердің электрондық нұсқасын www.zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыздар. Сонымен қатар күн сайын­ғы жаңа­лықтармен танысуға да мүм­кіндік бар.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.