Газета 148

Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

+1 С -7 С 0

0

Сенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл №148 (19909)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Он отбасының

oral_oniri@inbox.ru

әріптестік

қуанышы Кедендік одақ саяси ұйым емес...

10

керуен сарай

8 Қысқа-нұсқа

.

Ақжайық ауданындағы Ақсуат ауылдық округінің әкімі Дәмелі Бе­ кен өз аппаратының қызметкерле­рін жұмылдырып, жеке жинақтарынан 10 мың теңгенің түрлі ойыншықтарын “Ақшағала” шағын орталығына сый­ лады. Бұл шағын орталық ауылдық округтің Ақбұлақ елді мекенінде ор­ наласқан. Балдырғандар оларға риза­ шы­лық ретінде ән әуелетіп, тақпақтар айтып берді.

.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық уни­верситеті политехникалық фа­культетінің ІІІ курс студенті Әмір Садыров ҚР Орталық сайлау комиссиясының еліміздің ЖОО-ның студенттері мен магистранттары арасында ұйым­дас­ тырған ҚР сайлау құқығы және сайлау үрдісі мәселелері жөніндегі байқауға қатысып, жеңімпаз атанды.

.

Бүгін Оралдың Әйтиев көшесінің бойындағы спорт кешенінде (Әйтиев – 72А) ҚР тұңғыш Президенті күніне орайластырылған аралас жекпе-жек­ тен облыстық жарыс өз жалауын көтерді. Спорттың аталмыш түрінен алғаш рет ұйымдастырылған облыс біріншілігі ертең өз мәресіне жетеді. Сайыстың ашылу салтанаты бүгін сағат 17.00-де басталады.

.

Осы айдың 13-ші жұлдызында ҚР Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің спорт залында (8-нау­рыз көшесі – 125/1) әскери-патриоттық спар­такиада өтеді. Аталмыш колледж­ дің ұйымдастыруымен өтетін шараға облыстағы техникалық және кәсіптік дәріс беретін білім ошақтарының сту­ денттері қатыспақ. Өз тілшілеріміз

Күй анасына құрмет

16

Қадірлі отандастар!

Қашан да Еділ мен Жайық Деш­ ті-Қыпшақ даласының қызыл қаны гүрілдеп аққан күре тамыры болған. Жайығым – жаным, Ойылым – ойым деп еңіреген есіл жыраулар. Бүгінде Орал - қазақ елінің батыс­ тағы бағдар артар көмбесі. Хас батырлар мен әулиелер өлкесінде «Қазақстан» газеті дүниеге келуі еш жанды таңғалдырмаса керек. Тұңғыш рет қазақ қазақ үшін ой алаңы – өз га­ зетін шығаруды бастады. Қазақтың біртуар асылдары Ғұмар Қараш, Елеу­ сін Бұйрин, Бақытжан Қаратаев сын­ ды тұлғалар дүниеге әкелген газет қазақ елінің дербес ойымен дара арманын уа­ ғыздауға арналды. Алашорда азамат­ тары «ҚАЗАҚСТАН» газетінің ой әле­ мін қазақтың болашағы үшін «ҚАЗАҚ» газетімен рухани жалғастыруға бағыт ұстады.

Ұлттық рухты жоғалту өліммен тең. Қазақтың қасиетті тұлғалары сол үшін жан берісер күрес жолына шықты. Өзінің ұлттық рухын, ұлттық бітім-болмысын жоғалтпаған ұлт қа­ на мәңгі жасайды. Қалғаны – өресіз, жалған, жалаңдаған бос сөз. «ҚАЗАҚСТАН» газетін дүниеге әкел­ ген арыстардың алдында бас иіп, рух­ тарына тағзым етемін. «ҚАЗАҚСТАН» газетіндегі мақалаларды кітап қылып шығаруға атсалысқан Ақ Жайықтың айтулы ғалымдары мен қаламгерлеріне мың алғыс! Рудың емес – РУХТЫҢ, жүздің емес – ҰЛТТЫҢ берік болуы үшін жа­ нымызды салайық. Сіздерге амандық, сәттілік, шығар­ машылық табыстар тілеуші: Роллан СЕЙСЕНБАЕВ


2

АҚПАРАТ Сенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Достықты асқақтатар фестиваль Кеше А.Островский

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің құрылғанына 80 жыл толды. Осы оқу орны кеше төл мерейтойын атап өтті.

Сексеннің сеңгіріндегі

атындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан халқы ассамблеясының XIV

колледж

облыстық «Достық-Дружба» фестивалінің жабылу салтанатына арналған галаконцерті өтті. Концертті облыс әкімі, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Н.Ноғаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Е.Мұқаев, С.Ахметов, Мәжіліс депутаты З.Саяпова тамашалады.

Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ, «Орал өңірі»

Б

іраз жылдан бері облыс­ тың барлық ауданын­да, қалада, мекеме-кәсіп­орындарда кеңінен аталып өтіп жүрген «Достық» фестивалі тілегі бір Қазақстан хал­қының досты­ғын нығайта түсу­ге ықпал еткен бірден-бір шара екенінде дау жоқ. Концертті Зеленов ауданының «Дарьюшка» би ансамблі «Балалайка мен домбыра» биімен бас­тады. Көрермен қазталовтық М.Ахметов, А.Шин (кәріс ұлттықмәдени орталығы), жаңақала­­лық Ж.Шуйкина, бөрлілік С.Дың­ғалиева сияқты әншілер мен «Толқын» (Ақжайық ауданы), «АйЛуна» би ансамбльдерінің («Бир­

лик» әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығы) өнеріне қуана қол соқты. – Бүгін шын мәнінде мейрам. Мына сахнада ән салып, би би­ леп, тамаша өнер көрсеткен ұлқыздарын өнерге баулыған атааналарға үлкен рақмет, – деді концерт соңында сахнаға көте­ рілген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. – Қазақстан халқы ас­сам­блеясының ХХ сиезінде Елбасы Н.Назарбаев барлық облыста қо­ғамдық келісім кеңесін құру­ға тапсырма берген болатын. Біз бү­гін осы кеңестің отырысын өт­кіздік. Бұл кеңес ұлтара­лық ке­ лісім мен достықты, тұрақты­­лықты нығайтуға, әркімнің жеке мақсат-мұратын Елбасының Жол­ даулары мен елдің болашағы­-

на ұштастыру жолында қызмет етеді. Еліміздегі достық, бейбітші­ лік, ұлтаралық ынтымақ одан са­йын тереңдеп, нығаюда. Оған осы отырған сан түрлі ұлт өкілдері ат­ салысуда. Фестивальға қатысушыларға ал­­ғыс сезімін жеткізген облыс әкі­ мі бұдан соң үздік өнер көрсет­кен қатысушыларды алғысхатпен марапаттады. «Еднання» украин мәдени-ағарту орталығының аты­нан оның басшысы В.Тарасенко облыс әкіміне алғысхат табыс етті. Облысты мекендеген сан түрлі ұлт өкілдерінің ән-биі салтанат құрған фестивальдің қорытынды концертіне жиналған көрермен риза болып тарасты. Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Шараға облыс әкімінің орын­ басары Бақтияр Мәкен, облыс­тың білім саласының өкілдері, ардагер педагогтар мен колледж­ дің әр жылдардағы түлектері қа­ тысты. – Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баев білім саласының да­муына жіті көңіл бөліп келеді. Әсіресе, соңғы жылдары кә­­сіп­тік-техникалық білім беруді да­ мытуға жол ашты. Елбасының бастамасымен еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда жұмыс­ шы мамандарды даярлау үшін білім саласының техникалық жә­­не кәсіптік жүйесін жаңғырту үрдісі басталды. Бұл кол­ледж – жоғары кәсіби мамандар­ды да­ ярлауда алдыңғы қатарлы оқу ор­ны. Сондық­тан колледж ұжы­мын мерейтойларымен құт­тық­ тап, ең­­бек­теріне табыс тілей­мін, – деді Бақтияр Мәкен. – Біздің колледж алдағы уа­қыт­та да жаңа қырларынан та­ нылып, жұмысын одан әрі де жан­­дандыра береді, - деп атап өт­ті. Орал газ, мұнай және сала­лық технологиялар колледжі­нің директоры Серік Мұхамбет­қа­ лиев. Қазіргі таңда аталмыш оқу орны 18 мамандық бойынша маман­ дар даярлайды. Оның ішінде 10

мамандық мұнай, құрылыс-тех­ни­ калық, ауыл шаруашылы­ғы са­ла­ ларына бағытталған. 2011 жыл­­дан бастап «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуына атсалысып келеді. Жұмысшы мамандықта­ры бойын­ ша кәсіби дайын­дық, алдын ала даярлау және азаматтардың бі­ ліктілігін арттыру үшін колледж қосымша бі­лім бө­лімін ашып, жұ­ мыс істеуде. Мәселен, өткен жы­лы 107 тың­дау­шы білімін то­лық­ тырып, 54 адам біліктілі­гін арт­ тыр­ған. Ал биыл мемлекеттік бағ­ дарлама бойынша 90 адам білім алуда. Бүгіндері тілге тиек болып отырған оқу орнында барлығы 1724 сту­дент білім алса, күндізгі бөлімде 1327 студент оқиды. Жыл са­йын мамандарды даярлауға мем­ ле­кеттік тапсырыс артып, ағым­­да­ ғы жылы 400 адамға жетіп отыр. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 375 адам, республика­ лық бюджеттен 25 адам білім алуда. Соңғы екі жылда колле­дж зерт­ханасы, шеберханасы жаңа құрылғылармен жабдықталып, ком­­пью­терлік техника мен ин­ терактивтік тақталармен қамтама­сыз етілді.

Наталья ГОРОХОВА

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 5,2 млн. тонна бидай жиналып, жыл басынан бері 1,5 млн. тонна астық экспортқа шығарылды.

Қызылжарлықтар жол қатынасын жақсартпақ Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, «Орал өңірі»

Дала математикасының Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен тоғызқұмалақтан ІІ ашық Азия чемпионатының же­ңімпазы Әсет Қайыр­жа­ нов пен осы доданың қола жүлдегері Ақгүл Нұрғалиды қабылдады. Серік Кенжебекұлы жас спорт­ шыларды жеңісімен облыс әкі­мі Нұрлан Ноғаевтың атынан құт­ тықтап, интеллектуалдық спорт­ та облыстың намысын абырой­ мен қорғағандары үшін алғыс айт­ты. Тоғызқұмалақтан ІІ ашық Азия чемпионаты қарашаның 17-23-і аралығында Павлодар қа­-

жас чемпиондары ласында өтті. Чемпионатқа қазақ­ стандық спортшылардан өзге 9 елден 100-ден астам тоғызқұма­ лақшы қатысты. Олардың көпші­ лігі спорт шебері және спорт шеберлігіне үміткерлер болатын. Әсет Қайыржанов – жасөспірім­дер арасынан Азия чемпионы, Ақгүл Нұрғали жастар арасынан қола жүлдегер атанды. – Әсет пен Ақгүлді мақтан тұ­ тамыз, дала математикасы сана­ латын тоғызқұмалақтан алар асу­ларының биік болатынына сенім­ діміз. Облыс басшылығына спорт­тағы дарынды жастарды қам­қор­

лап, ілтипатпен қабылдағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Об­лыстық туризм, дене шынықты­ ру және спорт басқармасына да алғыс айтамыз, – деді тоғызқұ­ма­лақ бойынша облысымыздың бапкері Қанапия Қаяпбергенов. Серік Сүлеймен жас чем­пион­ дарға ноутбук пен планшет сыйға тартып, инновациялық техника­ ның дала математикасының біл­ гірлеріне шеберліктерін шыңдау­ға көмегі тиетінін тілге тиек етті.

Галина САМОЙЛОВА Фото автордікі

Қызылжарлықтар жыл са­йын Еуроодақ, ТМД, Таяу Шығыс, Сол­ түстік Африка елдеріне орташа есеппен 1,5-2 млн. тонна астық сатады. Облыс экономикасының құрамында аграрлық сектор­­дың үлесі 30%-ды құрайды. Ха­лық са­нына шаққандағы ауыл шар­уа­ шылығы өнімдерінің жалпы өнім көлемі де өсіп келеді. Облыста ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтіндер өңір халқы­ ның 44 пайызы, яғни 146 мыңнан астам адам шамасында. Бұл туралы кеше Астанада ОКҚ алаңында өткен брифинг­ те Солтүстік Қазақстан облысы­ ның әкімі Самат Ескендіров мә­ лімдеді. Индустрияландыру картасы аясында өңірде 41,5 миллиард тең­генің 30 жобасы жүзеге асы­ рылуда. Әкімнің сөзіне қараған­ да, индустрияландыру картасындағы жобалар шеңберінде екі

мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Бүгінде 26 миллиард теңгенің 26 жобасы іске қосылып, 800 мың жаңа жұмыс орында­ ры құрылды. Облыста Орталық Азиядағы ең ірі сүт өнімдері за­ уыты салынды. Оның өнімінің 70 пайызы экспортқа негізделген. – Біз жол жөндеуге жете мән берудеміз. Негізінен орташа жөн­ деу түрін жиі қолданамыз. Бұл жо­ба бойынша облыстағы 200 ша­қырым жол жөндеуден өтті. Ал республикалық маңызы бар Пет­ ропавл-Астана бағытындағы 132 шақырым жол жөнделді. 20142015 жылдары бұл жұмыстар қарқынды жүретін болады. Елба­ сы биылғы 2050 стратегиясында халықтың әл-ауқатының жақса­­руы тікелей инфрақұрылымға бай­ланысты деген еді. Сондықтан ма­ ңызы жоғары жолдарға бөлінетін қаржы еселенеді. Нақты айтқанда, 5,5 млрд. теңгеден асып жығылды. Соның нәтижесінде елді мекен­дер арасындағы жолдар тегісте­ ліп, жол қатынасы едәуір жақса­рады, – деді Самат Ескендіров.


қоғам oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

Ассамблея жұмысына

атүсті қарауға болмайды

Бейсенбі күні облыс әкімдігінде облыстық ассамблеяның кеңейтілген отырысы өтті. Облыс әкімі, облыстық ассамблеяның төрағасы Нұрлан Ноғаевтың жетекшілігімен өткен жиналысқа облыстық ассамблея кеңесінің мүшелері, аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты.

Сәкен МҰРАТҰЛЫ, «Орал өңірі»

Б

-

үгінгі басқосуымыз Елбасы­ мыз­дың халыққа Жолдауынан, Қазақстан халқы ассам­блея­­­сы­ның Х сессиясы, облыстық ассамб­ леяның ХVІ cессиясы, облыстық ассамб­ лея кеңесі шешімдерінен, іс-шаралар жос­ парларынан туындаған тапсырмалардың іске асыру барысын талқылауға арна­лып отыр. Бұл тапсырмалардың ішінде ел бірлігі мен қоғамдық-саяси ахуалды жек­ тілдіру, аға ұрпақтың бірлікті қа­лып­тастыру жөніндегі тәжірибесін насихат­тау, жастардың ел, өлке тарихын білуіне ықпал ету және қазақстандық патриотизмді нығайту, этносаралық қарым-қатынасты, мемлекеттік тілді дамыту сынды мәсе­ лелер бар. Жалпы алғанда, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктерінің орындауы үшін 28 тапсырма қарастырылған. Бүгін біз соларды талқылап, тиісті шешімдер қабылдауымыз қажет, - деді жиынды ашқан Нұрлан Асқарұлы.

Жиынның күн тәртібіндегі бірінші мә­селе - хаттамалық тапсырмалардың орындалуы жөнінде облыстық ассамб­ лея төрағасының орынбасары, хатшылық басшысы Ғайса Қапақов баяндама жа­ сады. «28 тапсырмаға байланысты жа­ салған талдау жұмыстары көрсетіп отыр­­ ғандай, аудандар және Орал қаласы әкімдіктерімен бұл бағытта айтарлықтай

жұмыстар жүруде. Салт-дәстүрді, ұлттық мә­дениетті қадірлеуге қатысты этномә­ дени бірлестіктер тиісті деңгейде жұ­мыс­тарын атқарып келеді. Аудандарда құры­лымдық бөлімшелері құрылған. Ас­самблея, қоғамдық келісім кеңестері бар. Достық фестивалі, түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіледі, - деді Ғайса Хамидоллаұлы. - Талдау нәтижелері сон­ дай-ақ бұл істе кемшілік пен жетіспейтін тұстардың да көп екенін көрсетіп отыр. Бізге жолданған хаттардан-ақ қойылған тапсырманың мән-маңызын түсін­беушілік анық аңғарылады. Оларды орындауға қаржы керек емес, тек ұйым­дастыруды дұрыс жолға қоя білу қажет. Мәселен, кеңес қорытындысы бойынша алынған тапсырмаға сәйкес, аудандары мен Орал қаласының әкімдері педагогтар мен ұйым басшыларының қатысуымен мемлекеттік тілді үйрену және оның кең қолданылуы үшін қажет шараларды алу турасында кеңейтілген отырыс өткізуі тиіс болатын. Бұл, әсіресе, Ақжайық, Бөрлі, Зеленов, Тасқала, Теректі аудандары мен Орал қаласы әкімдіктеріне тікелей қатысты еді.

Мәселенің өзек­тілігіне қарамастан аудан­ дар мен облыс ор­талығында тиісті жиын­ дар өткен жоқ. Орал қалалық әкімдігі сондай-ақ, қалалық ассамблея кеңесін, мекеме-кәсіпорындарда қоғамдық келі­ сім кеңестерін, мектептерде достық клуб­тарын құру бойынша әлі күнге дейін жұмыстанбай отыр. Егер облыс аума­ ғын мекендеген ұлт-ұлыстардың негізгі

бөлігі Орал қаласында қоныстанғанын ескерсек, бұл алаңдаушылық туғызбай қоймайды. Айта берсе мұндай мысал көп. Жалпы алғанда, жүйелі жұмыс аз. Мұның бәрі әріптестеріміздің әлі де болса ас­ самблея жұмысына атүсті қарап, бұған жете мән бермеуінен туындауда. Ассам­ блея жұмысын айтып жатқанда олардан селқостықты, «Мұның не керегі бар?» деген кейіпті аңғаруға болады. Мұны Елбасымыздың бастамасымен құрылған, жыл өткен сайын жетіліп, дамып келе жатқан конституциялық органның жұ­ мысына және Президенттің алдында бер­ ген антқа жеңіл-желпі қарау деп түсінемін. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысқа оң көзқарас қалыптасады деп сенеміз. Облыс әкімінің ассамблея жұмысына қатысты көрсетіп отырған үлгісі облыс­ тық басқарма басшылары, Орал қаласы және аудандардың әкімдеріне жұғысты болады деп үміттенеміз». Облыстық ассамблеяның 2014 жыл­ ға арналған жұмыс жоспарын талқы­лау барысында «Еділ-Жайық» қауым­дас­­ты­ ғының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Аманжол Зинуллин мен «Қа­ зақ тілі» халықаралық қоғамы облыс­тық филиалының төрағасы Болат Жексен­ ғалиевтің мемлекеттік тіл саясатын жү­зеге асыруға жете мән беру туралы ұсы­ ныстары қолдау тапты. Соған орай «Мир­ зоян» армян этномәдени бірлес­тігінің төрағасы Аветик Амирханян мемлекеттік тілді білгісі келетіндердің көптігін айтып, тіл үйрену курстарын қала мектептерінде аптасына екі-үш мәрте жүргізу керек де­ ген пікірін білдірді. – «Облыстық тілдерді дамыту басқар­ масының қолда­уымен біздер, яғни эт­ номәдени орталықтар өкіл­дері үшін мемлекеттік тіл үйрену курсы ашыл­ ды. Басында аптасына бір мәрте бо­ лып жүргесін біз «ол аз, жиі болсын» дедік. Біздің сөзіміз ескеріліп, аптасы­ на үш мәрте оқыдық. Бірақ біз өзіміз қолымыздың тимейтіні жөнінде түрлі сылтау айтып, бармадық қой. Жергілікті атқарушы биліктің, құзырлы органдар­ дың біздер үшін туғызған қажет жағдайын өзіміз пайдалана алмағанымызды мойын­ дайық. Енді келер жылы осы олқылықтың орнын толтырайық, – деді «Вайнах» ше­ шен-ин­гуш этномәдени бірлестігінің тө­ рағасы Данильбек Саратов. Жиын барысында сондай-ақ облыстық ассамблея мүшелеріне жүктелген тап­ сырмалар жөнінде, Достық үйлерінің директорлар кеңесінің құрамын бекіту бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

3

Соттың 80 жылдығы Таяуда Тасқала аудандық сотының 80 жылдығы аталып өтті. Аудандық соттың кеңсесінде өткен салтанатты жиынға БҚ облыстық соты қылмыс­ тық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Мейрамбек Нағашыбаев қатысып, ұжымға ком­ пьютер тарту етті. Тасқала ауданы­ның әкімі Санжар Әлиев сот сала­ сындағы жылдар бойғы жемісті еңбе­ гі үшін Тасқала аудандық сотының төрағасы Әліби Ахметов пен жетек­ ші маман Ирина Ермаковаға алғыс­ хат табыс ет­ті. Ал Батыс Қазақстан облыстық соты төрағасының алғыс­ хатымен Тасқала аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Жанар Өтегенова және бас маман Ришат Хисаметди­ нов марапатталды.

Жанболат жұмысқа кірісті Ақтөбедегі медициналық бағыт­т­ ағы жоғары оқу орнының биылғы түлегі Жанболат Сүйешев Батыс Қа­ зақстан облыстық сот-медици­на­лық орталығы Қазталов бөлімшесінің сот-медициналық сарапшы-дәрігері ретінде жақында жұмысқа кірісті. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өзінің туған ауыл-аймағы­ на маман болып оралған жас дәрі­гер­ге жемісті еңбек тілейміз.

Санкт-Петербург сапары

Қараша айының соңында Шың­ ғыр­­лау аудандық саз мектебінің өнерпаздары Санкт-Петербургте (Ре­ сей) өткен «Праздник детства» атты ХVІ халықаралық фестивальға ба­рып қайтты. Якутия, Шешен-Ингуш, Грузия, Ресейден қатысқан өнерпаздарға Чехия, Франция, Мәскеу, Санкт-Пе­ тербург қалаларының белгілі өнер жұлдыздары әділқазылық етті. І дә­­режелі лауреат аталымдарына А.Тас­мағамбетова (қобыз), Т.Күзбаев (дом­быра), М.Айталипов (суретте) (дом­ быра), З.Амангелді (эстрадалық ән) ие болды. Бұл өнерпаздардың ұстаз­ дары Г.Сисенованың, А.Қалиевтің, Ү.Теміро­ваның, М.Айталиповтің де еңбектері жанған күн болды. Осы өнер сапарына барып келуге кәсіп­ кер Жанар Тасмағамбетова демеу­ шілік жаса­ды.


4

депутат Cенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Кәсіпорындардың жағдайымен танысты

Айша ӨТЕБӘЛІ, «Орал өңірі» ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова мен Сергей Громов және облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ-ға қарасты «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ-да болды. Ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Александр Гнело­ медов меймандарды, ең алдымен, жөндеу цехына апарып, мекеменің жұмыс барысымен таныстырды. Оның айтуынша, негізінен жоба­ лау жұмыстарымен айналысатын институтта бүгінгі таңда қорғаныс техникалары мен мұнай-газ сала­ сына қажетті машиналар дайын­ далып, оларға техникалық қызмет көрсетіледі. Қазіргі уақытта цехта тұрған төрт катерге жөндеу жұ­ мысы жүргізіліп жатқанын айт­­қан директор техникаларға тұ­рақ­ ты тапсырыс болса, табысты мо­ лайтуға мүмкіндік барын айтты. Оның сөзінше, институт бұрын ме­

кемелермен келісімшартқа оты­ рып, тап­­­сырыс бойынша жұмыс іс­теген, бү­гінде талап басқаша. Кә­ сіпорындармен нақты келісім­­шарт арқылы жұмыс істеу, меке­ме­нің тыныс-тіршілігін жоспарлы түр­ де ұйымдастыруға және өн­ді­ріс­­ тік үрдістің қалыпты бо­луына оң ықпалын тигізеді. Бұдан соң халық қалаулылары мекеме қызметкерлерімен кез­ десті. Мұнда алдымен сөйлеген Сенат депутаты Бірғаным Әй­ ті­мова жиналғандарға іссапар­ ларының мәнісін түсіндіріп, «Нұр Отан» партиясының XV съезінде көтерілген негізгі үш ба­ғыт туралы айтты. Жаңа иннова­ция­лық бағ­ дар­ла­ма­лар мен ын­ты­мақ­тас­тық­ тың мәні және құ­­қық­­тық саланы же­тіл­дірудің маңы­зы жө­нін­де әң­ гімелеген ол зей­нет­ақы жүйесін­ дегі өзге­рістерге де тоқталып өтті. Зей­нетақы мөлшерінің жыл сай­ ын ұлғайып келе жатқанын тілге тиек еткен Бірғаным Сарықызы жаңалық ретінде сәбилі болған келіншектердің есепшотына бір жыл бойына жалақысының 10 пайызы көлемінде республика­ лық бюджеттен ақша аударылып тұратынын хабарлады. Ол сон­

дай-ақ осы жиында 2017 жылы Астана қаласында өтетін «ЭКСПО2017» халықаралық көрмесі ту­ ралы айтып, бұған осы мекеменің қызметкерлерінің қатысқандары жөн деген пікірін жеткізді. Бұдан кейін сөйлеген Сер­ гей Громов машина құрылысын жетілдіру – инновациялық да­ мудың ең басты тетігі екенін қоз­ғап, институттың түйінді мә­ се­лелерін тиісті орындарға жет­ кі­зуді өздерінің міндетіне ал­ды. Ол қазіргі уақыттағы қиын жағ­ дайға қарамастан, жұмысын жал­ ғастырып келе жатқан институт қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, білікті мамандарды тө­ зімділікке шақырды. Елбасының ғылымды дамытуды басты на­ зарда ұстап отырғанын айтқан ол ғылыми-зерттеу институттарына қажетті қолдау көрсетілетінін жет­ кізді. Жиын барысында депутаттарға ұжым тарапынан сұрақтар қо­ йылып, оған тиісті жауаптар қай­ тарылды. Бұдан кейін сенаторлар «Омега» прибор құру зауыты» АҚ-да болып, зауыт жағдайымен танысты.

Сенаторлар әскери бөлімде Облысымызға жұмыс сапарымен келген сенаторлар Б.Әйтімова мен С.Громов ҚР ІІМ Ішкі әскерінің әскери бөлімінде болды.

Халықаралық қатынастар, қор­ ғаныс және қауіпсіздік ко­ми­теті­ нің хатшысы Бірғаным Әйтімова мен аталмыш комитет мүшесі Сергей Громовты «Батыс» өңір­лік қолбасшысының бірінші орынба­ сары, штаб бастығы пол­ков­ник Асхат Омаров бастап жүрді. Ол қонақтарды қызметтік-әс­ кери тапсырмаларды орындауға арналған күштер жөнінде ха­ бардар етіп, бөлімнің қызметтікәскери әрекетімен таныстырды. «Батыс» өңірлік қолбасшы­ лы­ғының музейіне бас сұққан се­наторлар одан соң әскери қыз­ мет­керлермен жүздесті. Кездесу барысында депутаттар еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағдарламасының негізгі бағыттары жөнінде тарқа­та әңгімеледі. Бөлімді аралау кезінде сена­ торларға №5517 әскери бөлімі­ нің, арнайы жасақталған «Бүр­кіт» отрядының техникалары мен

қару-жарақтары таныстырылды. Қо­­нақ­тар сондай-ақ офицерлер мен сарбаздардың қызмет жағ­дай­ ларымен танысып, сарбаздар ка­ зар­масын, клубты, конференция залын, жауынгерлік басқару ор­­ та­лығын, автотұрақты және асха­ наны аралап көрді. Шара соңында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қа­уіпсіздік комитетінің хатшы­ сы Бірғаным Әйтімова әскери қызметкерлер қызметінің жарақ­ тандырылуы мен жағдайын жо­

ғары бағалап, Қазақстан Респуб­ ликасы ІІМ-ның Ішкі әскерлерін жаңғырту мен дамытуға бөлініп жатқан қаражаттар толық кө­лем­де игеріліп, нақты мақсатта жұм­­­­­са­­лып жатқандығын атап өтті.

Ерболат СҰЛТАНОВ, майор, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы

Ел-жұртқа жақындай түскен күн Кеше «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ш.Өтемісов, С.Оразов азаматтармен кездесіп, олардың мұң-мұқтажына құлақ түрді.

Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі» Бұған дейін сенаторлар Р.Ахме­тов, Е.Мұқаев, Мәжіліс депу­таттары С.Оразов, Ш.Өтемі­сов, Е.Тарасенко Зеле­нов ауда­ ны агроөнеркәсіп саласын­да еңбек ететін бір топ кәсіп­кер­ лерді қабылдаған еді. Әрі қа­ рай С.Оразов пен Ш.Өте­мі­­сов қа­был­дауды жалғастырды. Са­ ми­­­ғолла Оразовтың алдына бі­ рін­ші болып, Орал қаласының тұрғыны, нацистік өлім лагері­ нің бұрынғы тұтқыны, еңбек ардагері Иван Дунько келді. Ол депутатқа неміс нацизмінен зардап шегуші ретінде бұрын кейбір әлеуметтік жеңілдіктерді пайдаланғанын, өкінішке орай, қазір одан айырылып қалғанын айтып, көмек сұрады. Самиғол­ ла Хамзаұлы дереу әлеуметтік сала қызметкерлерімен байла­ нысып, ахуалды анықтады. Со­ нан кейін бұл мәселені аяқсыз қалдырмайтынын мәлімдеді: - Көп ұзамай Ұлы Жеңіске де 70 жыл толмақ. Біздің арда­ гер майдангерлер сияқты Иван Архипович те дүлей зұл­мат­­тың құрбандығы. Осындай жан­ дардың саны облыста оннан ас­ там екен. Республика бойынша да әрі кеткенде, мыңнан аспас. Сондықтан мұндай адамдардың көрген қорлығы мен шеккен азабының өзі ерлікке татиды. Де­мек, майдангерлермен қатар, оларды да ұмытпауымыз қажет, - деді депутат С.Оразов. - Жерлес депутаттың қабыл­ дауына разымын. Біз сияқты жа­ны жаралы жандардың талап-тілегі аяқсыз қалмас деймін, - деді кез­ десуден соң Иван Дунько. Екінші қабылданған Орал қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Ескен­ дір Сұлтанғалиевтің өтініші де тарихпен тығыз байланысты бо­ лып шықты. Ескендір ақсақал Қаратөбе ауданында сонау жыл­

дары Аққозы батыр атындағы ауылдың болғанын, алайда оның атауының кейін «Қоржын» деп не­ гізсіз алмастырылғанын тілге тиек ете отырып, тарихи әділеттіліктің қалпына келтірілуін сұрады. Де­ путат елімізде ұзақ уақыт бойы жер-су атауларын өзгертуге шек­ теу қойылғанын айта келіп, атал­ мыш мәселені шешудің құзыры, ең алдымен, жергілікті билік орындарының еншісінде екенін баса айтты. Бірақ ол туралы тие­ сілі орындармен хабарласаты­ нын мәлімдеді. - Мәселені бірден шешіп тастамағанымен, сөзімді тыңдап, ілтипат көрсеткеніңе рақмет! Келешекте де жұмысың жемісті болсын! - деді кездесу­ ден соң Ескендір Сұлтанғалиев Мәжіліс депутатына. Қабылдау барысында Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов бір топ журналистерге сұхбатында былай деді: - Осындай кездесулер өте маңызды және өзіме ұнайды. Бұл парламент пен ел-жұртты бір-біріне жақындата түседі. Әрине, қабылдаудың да қабыл­ дауы бар. Жаңа ғана бір топ әріптестеріммен зеленов­тық кә­ сіп­керлерді қабылдадық. Олар – елдің қалың ортасында жүр­­ген азаматтар. Сондықтан кә­сіп­кер­ лердің мемлекеттік мүд­делер тұрғысынан ойлауы мен соған орай талап-тілегін білдіруі біз­ ді таңдандырды әрі сүйсіндірді. Мәселен, ет саудасына делдал­ ды жақындатпау, мемлекеттік несие мен көмекқаржы бөлу, беру тұрғысындағы арыз-ша­ ғымдары өте орынды. Жерді пайдалану, оның салығын кө­ теруге қатысты ұсыныстары да ойланарлықтай. Ал жеке аза­ маттардың біреуі пәтер мен жұ­ мыс жөнінен көмек көрсетуді сұраса, екіншісі тұрмыстық түйт­ кілдерді айтады. Әрине, біз, ха­ лық қалаулылары қай адамның да өтінішіне құлақ түріп, оны шешуге, қала берді, құнды кеңес беруге күш саламыз. Ал жоғарыда­ ғы экономикалық мәселелерге қатысты айтарым, оларды әб­ ден талқылап, пысықтап, ортақ қорытындыға келген соң, пар­ ламент қабырғасында сөз етіп, тиесілі шешімдер қабылдауға жетісеміз. Бұл күні Мәжілістің қос депутатының әрқайсысына он адамның үстінде қабылдау­ ға жазылып, олардың бәрі де қабылданды.


20 қадам oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

5

Машина жасаушылар ұлттық кластерге енуді қолдайды Өңірімізге іссапар­ мен келген ҚР Парла­ ментінің депутаттары машина жасау кешені кәсіпорындарының өкілдерімен кездесті.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі» «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы төрағасының бі­ рін­ші орынбасары Кенжебай Нығмет басқосудың өңір эко­номикасының дамуына ай­тар­лықтай үлес қосып отыр­ған кә­сіп­ орын­дар­дың және кә­сіп­кер­ лер­дің халық қалау­лы­ларымен іс­керлік сипатта әңгіме-дүкен құруға мүмкіндік туып отыр­ға­ нын жеткізіп, жи­нал­ған­дар­ды ашық әңгімеге ша­қыр­ды. БҚО кәсіпкерлері қа­уым­дас­ты­ғы­ның президенті Әнес Із­ті­леуов об­лыс­ тағы кәсіп­кер­ліктің ал­дын­дағы мақсат-міндеттер мен түйінді түйткілдерге тоқталды. - Үдемелі индустриялық-ин­­ но­­вациялық даму бағдар­ла­ма­­сы­ ның бірінші бесжылдығы қо­ры­ тындысы бойынша облысымыз барлық көрсеткіш бойынша республикада орта шамада ке­ леді. Көптеген кәсіпорын өндіріс желілерін жаңғыртуда. Мемле­ кет тарапынан да тиісті қолдау көрсетілуде. Кедендік одақ (КО) шеңберінде және ДСҰ-ға кіру қарсаңындағы экономикалық кі­­рігу жағдайында жергілікті компанияларға ресейлік қуатты әріп­тестермен бәсекелесу оңай­­ға түспейді. ДСҰ-ға мүше­лік­тен кейін оралдық машина жасаушылардың Ресей, Қытай компанияларының қосалқы мер­ дігерлері болу қаупі зор. Мы­ салға, бүгінде Саратов облысында цемент зауытын салуға кіріскен неміс компаниясы өңі­рімізден қосалқы мердігер із­ дестіруде. Құрамына 27 ком­ панияны біріктірген ресейлік «Газ­Пром­Авто­ма­ти­ка» ком­па­ния­сы да біздің нарыққа аяқ бас­ ты. Осындай жағдайда кәсіп­ орын­дар­ға технологияны, тех­ ни­ка­ны жаңартуға мем­ле­кет­тің қолдау көрсетуі маңызды, - деді Әнес Ізтілеуов. Оның айтуын­ ша, өңірде кеме жасау сала­­сын дамытуға, техрегламент­терді сер­­тификаттауға, КО жағ­дайында­ ғы әкімшілік кедер­гілерге қа­­ тыс­ты түйткілді мә­се­лелер бар. Бірақ бүгінгі басты мәселе – өңір­дің ұлттық кластерге енбей қалуы. Ұлттық кластерге кір­ ген өңірлерге күшті қаржылық қол­дау көрсетіледі. Өңірде мұ­ най­газ кластеріне енуге мүм­

кіндік бе­ретін үлкенді-кішілі кә­­сіп­орындар баршылық. Бірақ Қа­­зақ­станның индустриалды да­му институты жергілікті кә­сіп­ орын­­дарды кластерге енуге да­ йын емес деген тоқтам жасаған. Алайда оралдық бірқатар ком­ пания мұнайгаз саласындағы ірге­лі компаниялардың тапсы­ рыс­тарын абыроймен орындау­ да және кластерге енуге мүм­ кіндіктері жеткілікті. Оның үсті­не машина жасаушы компания­лар «Машзауыт» консорциумын құр­ ды. Оған 6 шетелдік компания құрамына енген «Ақсай индус­ триалды паркі» компаниясы кір­ гендігін ескерсек, мұның өзі клас­ терге дайындықты көрсетеді. Парламент депутаты Вик­ тор Киянскийдің айтуынша, бұл мәселені Индустрия және жа­ ңа технологиялар министрі­нің ал­дына тікелей қойылға­нын, газ­энер­ге­тикалық кластерге Қа­ра­шы­ғанақ кен орнының әлеуе­ ті негізінде өңірдегі машина жа­ саушы компаниялардың жә­не ғылыми ұйымдардың кіру мүм­ кіндігі барын жеткізді. Өйт­кені әзірге тұжырымдама жо­басы жасақталуда, оған өзге­ріс енгі­ зу мүмкіндігі бар. Оның үстіне өткен жылы Мемлекет басшы­ сы Қарашығанақ және Теңіз кен орындары негізінде екі мықты ұлттық кластер құру­ды тапсырған болатын. Парламент депутаттарының пікірінше, ұлт­ тық кластерге ену ұстанымы ал­ дымен жергілікті жерде нақты анықталып, облыс басшылығы мен кластерге қатысуға ниетті кәсіпорындардың ойлары бір жерден шығуы тиіс. Зауыттардың өкілдері еуро­ палық, америкалық стандарттар бойынша сертификаттар алу мәселесін көтерді. «ГидромашОрион» инвестициялық ком­паниясының бас директоры Әмір­хан Омаров сертификат­ тау мәселесі мемлекет есебінен ше­шілсе деген ойын білдірді. Сондай-ақ сырттан технология сатып алу барысында мемлекет­ тік қолдауға берілетін қаржының курстық бағам бойынша «желі­ ніп», нәтижесінде қаржы жетіспей несие алуға мәжбүр болатыны айтылды. Жиында тұжырымдама жобасындағы тау кен-металлур­ гия кластерін дамытуды қолдау бөліміне ШҚО, Қарағанды, Павло­ дар облыстарының сапына біздің өңірді де қосу ұсынылды. Бұл салада «ҚазАрмаПром», «Орал құю-механикалық зауыты» және ресейлік кәсіпорындар жұмыс істейді. Басқосуға қатысушылар өңірімізден сайланған Парла­ мент депутаттарынан өңіріміздің ұлттық кластерге енуі мә­ селесіне қозғау салуларын сұ­ рады.

Ауылдағы кәсіпкерліктің арқасында жұмысқа тұрған сатушы Ұлданас Құспанова

Кәсіптен

нәсіп жасап...

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша несие қаржыға қол жеткізіп, бизнесін өрге домалатып отырған кәсіпкерлер Бисен ауылдық округінде де баршылық.

О

лардың мамандықтары да, жұмыс салалары да, айналысатын істері де әр алуан. Атап айтар болсақ, Ләй­ лә Темірханқызы іскерлік өнері­ мен, сызылта ән салатын әсем қо­ ңыр даусымен көпке таныс. 1983 жылы мектеп бітірген ол содан бері ауылдағы көркемөнерпаз­ дар үйірмесінің белді мүшесі. Ке­зінде аудандық өнер байқауын­ да С.Ротарудың орындауындағы «Аист на крыше» әнін шырқап, көзге түскен оны аудандық мәде­ ниет бөлімінің меңгерушісі На­ рынбек аға Мамаев аудандық «На­ рын» ансамблінің құрамында өнер көр­сетуге шақырған. Ләйлә сол ансамбль құрамында Ресей Феде­ рациясы мен Атырау облыстары­ ның көршілес аудандарын ара­ лап, концерттік бағдарламаларға қатысты. Сол кезде ең алғаш киген сахналық көйлегі оған ерекше ұнайды. Көп жылдар өткен соң өзі ұнатып киген сол көйлектің киім

тігуге септігі тиерін ол сол кезде, әрине, білген жоқ. Л.Темірханқызы Ресейдің Там­ бов қаласындағы ауыл шаруа­шы­ лығы техникумында оқып жүр­ген кезінде дүкендегі бір матаға қатты қызығып, сатып алады. Көйлек тігейін десе, бүлдіріп аламын ба деп қорқып, әуелі терезе жабынға бұрын сахнада киген көйлектің сұлбасын сызып, тігуге кіріседі. Ол ойынан шыққан соң, өзі ұнатқан матадан көйлек тігіп, киеді. Осы­ лайша, оның ісмерлік қасиеті ашы­ лады. Негізінен тігіншілік нағашы жұртында бар екен. Анасының сіңлісі Зәуреш шебер тігінші әрі әнші болған деседі. Өз анасы да, апасы Меңсұлу да тігу, тоқу, киіз басу, текеметке ою-өрнек салу ісімен айналысыпты. Бүгінде өзі де анасының жолын жалғауда. Сонымен қатар Ләйлә апа шабы­ ты келгенде өлең жазатынын да жасырмайды. Отағасы Қанат – жеке шаруа, қызы – студент, ұлы – оқушы. Екінші бір кейіпкеріміз Күләш Рысқалиқызы Биданова да - сан түрлі өнерді өміріне серік еткен жандардың бірі. Бала кезінен қайратты болып өскен ол әкесіне еріп мал қарап, үйде анасынан іскерлік өнерді үйренеді. Бер­ тін келе өз кәсібін ашты. Кез­ дескен қиындықтарға төтеп беріп, тоқырау заманында тосырқап қалмай, өз ісін жандандыра білді. Тас соғып, үй салып, сырлап, әктеу жұмыстарын да өзі атқарды. Дүкен ашты. Ауылдастарының баспана­ ларын жөндеу былай тұрсын, тен­ дерді жеңіп алып, мекемелерге

жөндеу жұмыстарын да жүргізді. Бұл - екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Ескі үлгідегі киім­ дерді жаңа үлгіге сай етіп қайта­дан өңдеп тігу де ол үшін қиын шаруа емес. Ал ауылымызда көпшілік жиі бас сұғатын «1001 ұсақтүйек» дүкенінің иесі Насимолла Нұфтоллаұлы Әбілов те қоңыр тірлігімен келісті тұрмыс кешіп отырған жан. Жұбайы Қаламқас Бекесова екеуі сауда-саттыққа да икемді. Соның арқасында ауыл­ дастарына қажетті бұйымдарды үзбей жетістіріп, тұтынушылардың ілтипатына бөленіп жүр. Иелік­ терінде жеңіл көлік те, жүк көлігі де бар. Сыртқы шаруаға Насимол­ ла жүрсе, іштегі шаруаны Қаламқас оқсатады. Ауылымыздағы тағы бір тың жаңалық – ауылдық округ әкім­ дігінің мұрындық болуымен бұ­ рынғы аурухана ғимаратының ор­ нына шаштараз, аяқ киім жөндеу, тігін цехының ашылуы. Онда Рай­ гүл Ғатауова, Тәнзила Шабатова және кеше ғана аудандағы белгілі кәсіпкер Б.Жұмағұлова қолдап, де­ меп жіберген Гүлім Сағындықова жұмыс жасайды. Бастысы, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуге бар жағдай жасалған. Бұл да бол­ са елдің көркеюі, дамуы. Мұның бәрі Елбасымыздың көрегенді саясатының жемісі дер едік. Тек осы бір игілікті істер қашан да өз жалғасын таба бергей деп тілейік.

Екатерина МӨКЕШЕВА, Бисен ауылы, Бөкей ордасы ауданы


6

ЕСЕП Сенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі күні облыс әкімдігінде аудан

адам тартылып, жастар тәжіри­ бесіне 109 жас жолданды. Мемлекеттік бағдарла­малар­ дың орындалу барысын қысқаша баяндауға тырысқанмен, бұл ау­дан әкі­­мі де цифрларды сөй­ле­те алмай, сын садағына ілікті. «Биз­нестің жол картасы - 2020» бағ­ дарламасы бойынша жобалар­ды жүзеге асыруға бөлінген мемле­ кеттік гранттарды иеленуге ау­­данда бар болғаны 3 кәсіпкер ниет білдірген. Бірақ біреуінің де жобасы комиссиядан өтпеген. Ау­данда мал шаруашылығын да­мы­ туға жақсы мүмкіндік бар. Соны­

әкімдерінің мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы есептерін талқылау одан әрі жалғасты. Бұл жолы Орал қаласы және Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандары әкімдерінің есептері тыңдалды.

Еламан ӘЙПІШЕВ, «Орал өңірі»

Ақпараттандыру ақсап,

түсінік жұмыстары жетпей жатыр

Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Алқалы жиынға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. – Біз кешеден бастап Үкімет басшысының тапсырмасына орай, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде аудан әкім­ дерінің есебін тыңдауды баста­ дық. Бұл жиынның басты мақса­ты атқарылған жұмыстарды сара­лап, ортақ жұмысымыздың кем­ шін тұстарын түзетуге бағыт ұстау болып табылады, - деді жиынды ашқан облыс басшысы. Алғашқы болып мінбеге көте­ рілген Бөрлі ауданының әкімі Ма­ рат Түсіпқалиев «Жұмыспен қам­ту – 2020», «Бизнестің жол кар­ тасы - 2020», моноқалаларды да­мытудың 2012-2020 жылдарға ар­налған бағдарламаларының ау­­данда жүзеге асу барысы тура­­лы арнайы дайындалған слайд­тар мен деректерді көрсете отырып баян­дап берді. Аудан әкімінің баяндама­

сын бастан-аяқ тыңдаған об­ лыс басшысы Нұрлан Асқарұлы ауданда атқарылған жұмыс­тар­ ды көз шатыстырар цифрлар­мен тізбектеудің орнына, ақ­па­ ратты қысқа-нұсқа жеткізуге дағ­ дылану керектігіне баса назар аударды. – Қаптаған цифр не береді? Ешқандай статистикалық не­ме­ се са­раптамалық көрсеткіш жоқ. Одан да не істелді, болашақта қан­­дай жұмыстар атқарылмақ, со­­ны баяндау қажет еді. Бөрлі – об­ лыстағы іргелі аудандардың бірі. Кезінде егін, мал шаруашылығы жақсы дамыған аудан. Ауданның әлеуеті зор, алайда толық пайда­ ланылмай отыр. Ол үшін не істе­ уіміз керек? Облыстық басқар­малар тарапынан қандай кө­мек қажет? Ол туралы әңгіме қозғал­ мады. Менің байқауымша, аудан әкімдігі мен облыстық басқар­ма­ лар арасында жанды байланыс

Бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының облыс­тық филиалы жанын­дағы «Жас Отан» жас­тар қанатының студенттер мен оқушылардан құралған «Жас саясат­керлер» мектебінің тың­дау­шылары Мәжіліс депутат­тары Е.Тара­ сенко, В.Киянский жә­не З.Сая­повамен кездесті.

Ләззат ШАҒАТАЙ, «Орал өңірі»

Е

лдің саяси сахнасын­ да жүрген тұлғалармен басқосудың басты мақ­ саты – Елбасының жүргізіп отыр­ған саясаты мен бағыт-бағ­

жоқ. Бұдан тиісті қорытынды шы­ ғарыңыздар, - деп Нұрлан Асқар­ ұлы жиынға қатысушыларға ес­керту жасады. Бұдан кейін Қаратөбе ауда­ны­ ның әкімі Асхат Шахаровтың есе­бі тыңдалды. Баяндамада халық­ты жұмыспен қамту, кәсіпкерлік­ ті дамыту, жаңа жұмыс орында­ рын ашу бағытында атқарылған жұ­мыстар жан-жақты айтылды. Мәселен, биыл ауылда кәсіп­кер­лікті дамытуға 59 млн. теңге бө­ лінген. Бұл қаржыны 37 адам өз кәсібін ашуға және кеңейтуге ал­ ған. 32 адам мал шаруашылығын дамыту мақсатында 47,5 млн. тең­ге несие алып, 219 бас ірі қара, 318 қой-ешкі, 16 бас жылқы сатып алды. Осы жылы әлеуметтік жұ­мыс орындарын ашуға республи­ка­лық бюджеттен 15 707 мың, жас­ тар тәжірибесіне 14 291 мың теңге қаражат бөлінген. Осының нәти­ жесінде әлеуметтік жұмысқа 139

мен қатар ауданда мал басын кө­ бейту, асыл тұқымды мал сатып алу үшін мемлекет тарапынан бе­ ріліп жатқан қаржыны алу әлі де мардымсыз. Бұл мәселе жөнінде облыс әкі­мінің орынбасары Серік Сү­лей­мен және «Ауыл шаруашы­ лы­ғын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚ филиалының дирек­торы Қайриден Жә­киев ауыл­дағы ша­ руа қожалық­та­рының екін­ші дең­­гейдегі банктер­ге кепілдік­ке қоя­тын жылжымайтын мүлік­те­рінің жоқтығы қол байлау бо­лып отыр­ ғанына тоқталды. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге «ҚазАгро­ Қаржы» холдингі үлкен жеңілдік­пен несие беруде. Оның облыс­тағы өкілі Төлебай Меңдіоразов­ тың айтуынша, осы мемлекеттік қолдауды ауылдағыларға түсінді­ ру, насихаттау жағы жеткіліксіз. – Біз аудандарға шығамыз, ау­ дан басшыларымен, жекелеген кәсіпкерлермен кездесіп, барын­ша егжей-тегжейлі түсіндіреміз. Алайда бүкіл аудандағы кәсіпкер­ лерді қамту мүмкін емес. Сон­ дықтан аудандармен интернет ар­ қылы байланыс орнаса, қо­сым­ша түсіндірме ақпарат­тармен қам­ти аламыз, - деп Төлебай Мыр­зағұл­­ұлы өз сөзін әкімдерге бағыш­ тады. Бұл мәселені облыс басшысы да қолдады. – Жалпы «Бизнестің жол карта­ сы – 2020» бағдарлама­сы бойын­ ша Үкімет тарапынан қыруар қаржы бөлінуде. Оның үс­тіне «Сыбаға» бағдарламасы бо­йынша «Ауыл шаруашылығын қар­жы­ лай қолдау қоры», «Аграр­лық не­сие корпорациясы» АҚ және

басқа да қорлар арқылы несие қаржысы берілуде. Үкімет мұндай қомақты қаржыны жыл сайын бере бермейді. Осы мүмкіндікті жер­гілікті тұрғындар толық пай­ далана алмай отыр. Бізде халықты ақпараттандыру жағы ақсап тұр. Аудан, ауыл әкімдері халық ара­ сында түсінік жұмыстарын жет­ кілікті жүргізбейді. Бұл орайда БАҚ-ты пайдалану керек. Сол сияқ­ты буклет шығарып тарату, те­леарналар арқылы бейнеролик­ терді көрсетуді қолға алу қажет, - деді Нұрлан Асқарұлы. Жиында Сырым ауданының әкі­мі Абат Шыныбековтің, Шыңғыр­ лау ауданының әкімі Алдияр Ха­ леловтің және Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің есеп­ тері де қызу талқыланды. Облыс әкімі Сырым, Шыңғырлау аудан­дарында және Орал қаласында біраз шаруалар қолға алынғаны­мен, әлі де болса кейбір салалар бойынша жұмысты ыждағаттау қа­жеттігіне тоқталды. Сырым ау­ данында салынып жатқан, құны 44 миллион теңге тұратын шағын мал сою цехын басқа аудан­­дар орталықтарында, кейінірек ірі ел­ ді мекендерде салуды қолға алу қажеттігіне назар аударды. Мы­ салы, Шыңғырлау ауданында мал шаруашылығын дамыту барысын­ да қолға алынған жақсы істер бар. Қазір ауданда 6 мал бордақы­лау алаңы салынуда. Әрбір ауыл­дық округте кемінде 400 бас ірі қа­ра бордақыланатын болады. Бұл бастаманы басқа аудандар өз тәжірибелеріне енгізулері тиіс жә­­не оған мүмкіндіктер де бар. Ауданда сонымен қатар құрылыс жұмыстары кең құлаш жайды. Ау­дан кәсіпкерлері теміржол мүм­кін­ді­гін жете пайдаланып, құры­­лыс ма­териалдарын Ресейден жә­ не бас­қа да ірі қалалардан арзан ба­ғаға сатып алуда. Құрылыс ма­те­риалдарының бағасы Орал қа­ла­сындағы сауда орындарын­да­­ғы­дан әлдеқайда арзан. Нәтиже­­­ сінде ауылдарда тұрғын үй са­­лу қар­­қынды жүруде. Тек биыл­дың өзінде 33 тұрғын үй салынды. Аудандар және қала әкім­де­ рінің есебін талқылауды қоры­ тындылаған Нұрлан Асқарұлы мем­лекеттік бағдарламалар бо­ йынша бөлінген қаржыларды то­ лық игеру, еңбекақы бережағын жою, жылды барлық сала бойын­ ша ойдағыдай аяқтау әкімдер­дің тікелей міндеті екенін тағы да қадап айтты. Облыс басшысы әкімдерге бү­ гінгі жиынға қатысушылар­дың айт­қан сын-ескертпелерін басшы­ лыққа алып, өңірдегі мемлекет­ тік бағдарламалардың уақы­тын­да және толық орындалуын қам­ тамасыз етуді нықтап тапсырды.

Депутаттар жастар арасында дары, бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына ену жөнінде ашық әңгіме өрбітіп, тыңдау­шы­ ларды тұлға болып қалып­тасуға баулу, жан-жақ­ты қа­лып­тасқан азамат етіп тәрбие­леуге атсалысу. Кездесу барысында депутат­ тар елдің саяси-экономикалық

даму жолдары, билік жүйесінің қалыптасуына тоқталып, «Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» атты саяси доктринасының мән-ма­ ңызы жөнінде әңгіме өрбітті. Сон­дай-ақ тыңдаушылар шақы­ рылған қонақтарға саяси сұрақ­ тардан бөлек, мансапқа жету, от­

басы мен жұмыстың тізгінін қатар ұстау, еңбек жолындағы қиын­шы­ лықтарды жеңу жолдары секіл­ ді өздерін толғандырып жүрген сауалдарды қойды. Жастардың сұрақ-пікірлеріне депутаттар тұ­шымды жауап қайтарып, бел­ сенділік танытқандарға риза­шы­ лықтарын білдірді.


ОТАН-АНА oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

Өсетін қоғам Кеше облыстық қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассам­ блеясы қоғамдық келісім кеңестері төрағаларының бірінші облыстық форумы өтті. Форум жұмысына облыс әкімі, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрлан Ноғаев төрағалық етті.

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, «Орал өңірі»

Ж

иынға ҚР Парламенті Сена­тының депутат­ тары Рашит Ахметов пен Ерболат Мұқаев, Мәжіліс депутаты Виктор Киянский, об­ лыс­тық басқармалардың басшы­ лары, аудандар және Орал қала­сының әкімдері, қоғамдық келі­­сім кеңестерінің төрағалары, мем­ лекеттік құрылымдар мен меке­ме-кәсіп­орындардың басшылары жә­не эт­номәдени бір­лестіктер­дің өкіл­дері қа­тысты. Басқосуда өңір басшысы Нұр­ лан Ноғаев баяндама жасады. – «Құрметті форумға қатысу­шылар! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан хал­ қы ассам­блеясының XX сессия­сында рес­публикамыздың бар­ лық өңі­рін­де қоғамдық келісім кеңестерін құруға тапсырма бер­ген болатын. Қа­зіргі таңда бар­лық аудандарда, ірі мекеме-кәсіп­ орындарда бұл ке­ңес­тер құрыл­ ды. 160-тан аса кеңес төрағала­ры осы форумға қатысып отыр. Бұл кеңестің қоғамдағы рөлі өте зор. Алда қандай шаруалар­мен, мәселелермен айналыса­мыз, осы басқосуда талқыға сала­мыз. Бұл форум еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңын­­да өтуде. Қазақстан халқы ас­сам­­блеясының негізгі міндеті де

келісімге арқа сүйейді қоғамдағы тыныштық пен та­ту­ лықты, достықты сақтау арқылы тәуелсіздіктің нығаюына үлес қо­су. Қазақ «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Себебі біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның бүгінгі­ дей қарыштап дамып отырғаны тұрақтылық, ұлтаралық, дінара­­лық келісімнің нәтижесі. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төр­теу түгел болса, төбедегі келе­ді» деген халық мәтелі бәріңізге бел­ гілі. Ең басты ұстаным – бірлік, келісім болған жерде ғана да­му бар екендігін түсіндіру. Мем­ лекетіміз егемендік алғаннан бе­ рі көптеген ауыртпалықтар­дан, қиындықтардан, асу-белдерден өт­­ті. Осы отырған сіздер де соның ортасында жүрдіңіздер. Тәуелсіздік алған 22 жылға көз жүгіртетін бол­ сақ, талай сынақтардан өттік. Бі­рақ Елбасымыздың ұстанған сая­саты, дер кезінде қабылдаған ше­ шімдерінің арқасында халықтың қолдауымен қазіргі шалтты заман­ ға келдік. Жүрегімізбен сезініп, әрқашан айтып жүретін жайт – Пре­зидентіміз «Қазақстан – 2050» стра­тегиясында «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» мәселесін атап өткен болатын. Ассамблеяның XX сессия­ сында Елбасы ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім деді. Ал ұлтаралық тату­лық мәселесі ассамблеяның сан қырлы бір парасы ғана. Қазақ­ стандағы қоғамдық келісім ең ал­ дымен қазақтың келісімі екендігін мықтап есте ұстаған абзал. Тату­лық пен тұрақтылық ел егесі ре­ тінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің келбетін сақтау мүмкін емес. Бір­ лігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ деді Елбасы. Ассамблеяның мүм­кін­ діктерінің көптігі, заманымыз­ды алға сүйреп, ілгері жетелейтін идеялардың ұйытқысы болатын

бірден-бір бүкілхалықтық ұйым екеніне тағы назар аудартты. Ас­ самблея – еліміздегі бірліктің, ке­лісімнің киелі бесігі, тұтастық пен татулықтың құтты шаңырағы. Бұл саяси құрылым халқымыздың жү­­рек қалауымен, қоғамның ізгі ті­ легімен құрылған, осы жылдар ішінде байсалды жолдан өтіп, ба­йып­ты тәжірибе жинақтады. Ол еліміздегі этносаралық қарымқатынасты дамытудың іргелі инс­ титутына айналды. Президент ке­­лешек жоспарларымызды іске асыруда халықпен тығыз байла­ ныста болу үшін әртүрлі деңгей­ де­гі қоғамдық келісім кеңесте­рін құ­руға берген тапсырма орын­ дал­ды. Енді халықтың көңілінен шы­ғатындай жұмыс істеуіміз ке­ рек», – деді Нұрлан Асқарұлы. Форумда сондай-ақ Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бек­ қайыр, «ҚазАрмаПром» ЖШС-ның бас инженері, қоғамдық келісім кеңе­сінің төрағасы Виктор Смир­ нов, Теректі ауданы Федоров ауы­ лы қоғамдық келісім кеңесінің төр­ ағасы Мұсағали Төлегенов және басқалары сөз сөйлеп, татулық пен келісімнің маңызына тоқталды. Форум соңында арнайы қарар

қабылданды. Онда былай делін­ ген: «Форумға қатысушылар Мем­лекет басшысы, Қазақстан хал­ қы ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың ассамблеяның

7

ХХ сессиясында берген тапсыр­ маларынан туындайтын міндет­ тер негізінде қоғамдық келісім кеңестері жұмысының негізгі ба­ғыттарын талқылай келе, облыс­ та қоғамдық келісім жұмысын жол­ға қою бойынша белгілі оңды шешімдер қабылданғанын атап көрсетеді. Алайда бұл жұмыс одан әрі же­тілдіруді талап етеді. Форумға қа­ тысушылардың ой-ұсыныстарын ес­кере отырып: 1. Жергілікті жерлерде мем­лекеттік билік органдары мен азаматтық институттардың өзара іс-қимыл жасау тетігі ретінде об­ лыстың барлық кәсіпорындары мен ұйымдарында қоғамдық ке­лі­ сім кеңестерін құру және дамы­ту бойынша жұмысты жалғастыру; 2. Қоғамдық келісім кеңес­тері Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыруды жұмыстың басты бағытына ай­налдыруы, өзінің тиісті орнын та­ бу үшін құрылып жатырған 2050 – қоғамдық қозғалысының қозғау­шы күшіне айналуы; 3. Қоғамдық келісім кеңестері бизнесті дамытуға, отбасы әлеуе­тін дамытуды, елді мекендерді абаттандыру және кәсіпорын­дар­ дың бәсекеге қабілеттілігін арт­ тыруды қолдау жөніндегі жүйелі жұмыстарды қалыптастыруға ба­ ғыт­талған нақты істерді жүзеге асы­руға облыс тұрғындарын ке­ңі­­нен тарту жөнінде шаралар алуы; 4. Қоғамдық келісім кеңес­тері негізгі міндеттердің бірі ретін­ де жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартуға жәрдем көрсету мәсе­ лелері бойынша азаматтық баста­ маларды іске асыруға көмек көр­ сетуі қажет деп санайды; 5. Форумға қатысушылар Ба­тыс Қазақстан облысының барлық аза­маттарын әлеуметтік жаңғырту және жаңа қазақстандық патрио­ тизмді қалыптастыруға белсенді қатысуға шақыра отырып, жаппай еңбек қоғамына талпынуда қо­ ғамдық келісімді – Қазақстанның өркендеуінің кепілі деп санайды». Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Нұрлан БЕКҚАЙЫР, Қазталов ауданының әкімі: – Қоғамдық келісім кеңестері біздің ауданы­ мызда да құрылды. Қазан айында құрамында 37 мүшесі бар аудандық қоғамдық келісім кеңесін құрдық. Оған барлық мекеме-ұйымдар қамтылды. Бұл құ­рылым – Елбасымыздың ел тәуелсіздігін баян­ ды ету жолындағы саясатының жемісі. Қоғамда­ғы ынтымақ пен келісімнің нық орнауының көрінісі. Кейбіреулер «Мұн­ дай қоғамдық кеңестер қазақ ұлты топтасқан жерлерге керек емес» де­гендей пікір айтып жүр. Шынтуайтында, қоғамдық кеңес қоғам­дағы барлық топтар мен бірлестіктердің басын қосу, бір мүддеге жұ­мылдыру үшін қажет. Виктор СМИРНОВ, «ҚазАрмаПром» ЖШС-ның бас инженері, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы: – Мен жұмыс істейтін зауытта 10 ұлттың өкілдері еңбек етеді. Кәсіпорын жылма-жыл өндірісті жетіл­ діре түсуде. Оның үстіне жас мамандар көптеп келу­де. Олай болса бұл жерде адамдар арасындағы ке­ лісім, достық болмаса іс өнбейді. Жастардың сана­сына ұжымдық рухты сіңіру – біздің, яғни аға буынның парызы. Тату­лық пен келі­сім болған жерде ғана берекелі тірлікке орын бар.


8

ауыл-аймақ Cенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Он отбасының қуанышы Кеше Теректі ауданының орталығында 10 үй пайдалануға беріліп, жаңа баспаналардың иелері қоныстойын тойлады.

Елімізде 2011 жылы қолға алынған «Жұмыспен қамту 2020» бағ­дар­ла­масының үшінші бағыты бойынша ха­лықтың жал­дамалы еңбекпен немесе жеке іспен айналысуға нақты мүм­кін­дігі бол­маған жағдайда эконо­ми­калық әле­уеті төмен елді мекен­дерден экономи­ка­ лық өрлеу ор­талықтарына өз еркімен кө­шуге жәр­демдесу қарастырылған бо­ла­­тын. Міне, аталмыш бағдарлама ая­сын­да Теректі өңірінде де ау­қым­ды жұ­ мыс­тар атқарылып келе­ді. Те­ ректі ауданы орталығында күні кеше тапсырылған 10 баспана – осының куәсі. Бұл қуанышты шараға облыс әкімінің орынба­ сары Марат Кәрімов қатысты. Шара барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары жаңа

Кәсіпкерлік жайын талқылаған жиын Осы аптаның сейсенбісінде Қаратөбе ауданында «Биз­нестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту – 2020», «Экспорттаушы – 2020», «Өнімділік – 2020» бағдар­ ламаларын жүзеге асыруды көздейтін жергілікті кәсіпкерлерге арналған облыстық көшпелі семинаркеңес болып өтті.

К

қоныс иеле­рін қуаныштарымен құттықтап, баспана кілтін салта­ натты түрде тапсырды. Сондайақ жаңа үйлердің құрылысын жүзе­ге асырған бас мерді­ гер, жергілікті жеке кәсіпкер Нәбиолла Сәрсенбаевқа облыс әкімшілігінің атынан алғысхат табыс етті. Жоғарыда сөз болған бағ­ дарлама бойынша әрқайсы­сы­ ның жалпы көлемі 74,1 шар­шы

метрді құрайтын үш бөл­­мелі 10 үйдің құрылысына рес­ публикалық бюджеттен 70 млн. теңге бөлінді. Жаңа үй­лерге Ақ­ соғым, Шағатай, Шал­қар ауыл­дық округтерінен барлы­ғы 10 от­ба­сы көшіп келді.

Нұртас САФУЛЛИН, «Орал өңірі», Теректі ауданы

елелі кеңеске облыс әкі­ мінің орынбасары Ма­ рат Кәрімов, облыс­тық деңгейдегі сала басшылары, Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров пен Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков қатысты. Кәсіпкерлікке арналған мем­ лекеттік бағ­дарламаларды жүзе­ге асыруға бағыт­талған семинаркеңесте сөз алған облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов об­ лыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың тап­ сырмасы бойынша өңірде кә­сіп­ керлікті дамыту, саланың түйін­ді мә­селелерін оңтайлы шешу мақса­ тында ұйымдастырылған кеңеске

қа­тысу­шы­ларды ұсыныстарын айту­ ға, ашық пікір ал­ма­су­ға ша­қырды. Шара аясында аудандағы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалы­ ғы жетекшілері, ауылдық округ әкімдерінің тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауап­ тар берілді. - Бүгінгі мақсат – шағын және орта бизнесті дамыту бағытында мемлекет тарапынан жасалынып отырған қолдау шараларын жер­ гілікті кәсіпкерлерге насихаттау, несие беру мен шағын несиеге қол жеткізудің тиімді тетіктерін нұсқау, - деді өз сөзінде БҚО кәсіпкерлік және ин­дус­триалдықинновациялық даму бас­қар­масы басшысының орынбасары Мир­­жан Сатқанов. Сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов Қаратөбе ауданы орталығында орын тепкен жылыжайда (жетек­ шісі Руслан Серікқалиев), наубай­ хана (жетекшісі Есентай Аюпов) мен кулинария-дүкендерінде (же­ текшісі Мұрат Ізтілеуов) болып, шаруаларының жай-күйімен та­ нысты.

Серікбай ХАСАНОВ, Қаратөбе ауданы

Берері мол бағдарлама «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдар­ ламасының бірінші бағыты бойынша биыл Шыңғырлау ауданында тоғыз жоба жүзеге асуда. Оған қазынадан 625,6 млн. теңге бөлінген болатын. Инфрақұрылымды және тұр­ ғын үй-коммуналдық шаруашы­ лығын дамытуды, жұмыспен қам­ тама­сыз етуді көздейтін бұл бағыт бо­йынша көп шаруа атқарылды. «Қазіргі таңда алты жоба бойын­ ша жұмыстың бәрі бітті, - дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлі­ мінің басшысы Айбек Сұлтанов. - Қалғаны, яғни екі жоба Шыңғыр­ лау ауылына қарасты техникалық су құбырларын және Белогор ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Бөлінген қаржы тү­ гелдей игерілді». Алты жобаның бірі - аудандағы орталық саябақты абаттандыру. Аталмыш бағдарламаның аясын­ да бұл саябақ жаңа кейіпке енді. Субұрқақ, шамдар, балалардың

Көлік жөндеу шеберханасында ойын алаңы, күрке (беседка) ор­ натылып, сахна алаңдары, сая­бақ ішіндегі жолдар күрделі жөн­деу­ ден өткен. «Балтемен» серіктестігі жүргізген бұл абаттандыру жұ­ мыстарына 67,1 млн. теңге қара­ лып, 13 адам жұмысқа тартылды. Ауданға келген қонақтарға ұял­ май көрсететін саябағымыздың бар екеніне қуаныштымыз. Шың­ ғырлаулықтардың өздері де мұн­ да жиі келіп, серуендеп, демалып кетеді. Таяуда татарлардың ұлт­тық мейрамы - сабантой тойланды. Енді өзге де ұлттық орталықтар өз мерекелерін атап өтетін болады. Ал жазда ауылдардағы көркемөнерпаздар ұжымдары келіп кон­ церт қояды, жастардың би, са­уық кештері өтеді, - дейді аудан­дық орталық саябақтың директоры Ел­ дар Бижан. Ал аудандық орталық ауруха­ наны күрделі жөндеуден өткізуге

150,1 млн. теңге қаржы қаралып­ ты. Жөндеу жұмыстарын жүргіз­ ген «Азиятехстрой» серік­тестігінің құрамында жергілікті 35 тұрғын еңбек етіп, өз нәпақасын тапты. Олар аудандық жұмыспен қамту

орталығы арқылы жұмысқа тар­ тылды. «Бұрын біздің ауламызға кө­ лік атаулысының кіріп-шығуы мұң еді, - дейді аудандық емхананың меңгерушісі Динара Жүнісова. - Ол науқас жандарға да, бізге де түр­ лі қиындықтар тудыратын. Қазір бұл мәселе шешілді. Ғимараттары­ мыз заман талабына сай күрделі жөндеуден өтті. Соның арқасында бұрын салқындау болып келген бөлмеміздің бәрі жылынды, жа­ рық жақсы түсетін болды. Ыстық су кел­ді. Ғимараттың ішінде әжетхана жоқ еді. Соған орай тұрғындар та­рапынан реніш туындап жүрді. Қазір бұл мәселе де толығымен шешілді. Жалпы алғанда, емде­ лушілер де, медициналық қыз­ меткерлер де риза». Аталмыш бағдарламаның 2-ба­ ғыты бойынша ағымдағы жылы 28 адам несие алып, 25 жұмыс орны

Аудандық орталық саябақ

құрылған. Несие алған жандар­дың бірі - Исламбек Зәкария. Бұрын жүргізуші, токарь, дәнекерлеуші, электрик болып, техника атаулы­ ны бес саусағындай білетін ол жұмыс іздеп алысқа шапқылаудан шаршаған соң көлік жөндеу ор­ нын ашты. «Кәсібімді осыдан екі-үш жыл бұрын өз көлігімді жөндеуден бастадым, - дейді Ис­ ламбек Зәкария. - Сосын туматуыс, дос-жаран, таныс-тамырдың техникаларының ақауларын қарап жүрдім. Биыл әкімдікте өткен бір жиында «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы ту­ ралы естіп, ісімді дамыту жөнінде ойланып қалдым. Ақылдаса келіп, құжаттарымды жинап 1,6 млн. теңге несиеге қол жеткіздім. Оған көлік көтергіш (подъемник), ком­ прессор сынды түрлі жөндеу құ­ ралдарын алдым, шағын гаражым­ ды кеңейтіп жатырмын. Күніне 1-2 көлікті жөндеуден өткіземін. Қазір қасыма көмекші алдым. Гаражым­ ды салып болғасын жұмыспен қамту орталығы арқылы тағы бір жұмысшы алмақпын. Келер жылы аталмыш бағдарлама ая­ сында кәсібімді кеңейткім келеді. Яғни техниканы жөндеу ауқымын кеңейтіп, көлік жуу орнын ашу жоспарымда бар. Осындай бағ­ дарлама дайындағаны үшін Елба­ сына, Үкіметке, жергілікті атқа­ рушы билік органдарына айтар алғысымыз шексіз».

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, Шыңғырлау ауданы


сұхбат Сенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

ағыт!» - деді. Шіркін, Қыз Жібектің елі – Ақ Жайықтың суын бір қа­ нып ішіп кетсем деп армандайтын едім, ол арманым орындалды. Еш­қандай бұйымтайым жоқ. - Ақ Жайықтың жұртына өзі­ ңізді таныстырсаңыз. - 1949 жылы Семей облысын­ да дүниеге келдім. Тағдырдың жазуымен 1972 жылы Семейдегі «Зағиптар қоғамының» оқу-өн­ді­ рістік мекемесінде жұмысшы бо­ лып кірдім. 1975 жылдан бас­тап

себебі азаннан кешке дейін оқудан жалықпаймын. Сосын мен жай ғана жыршы емеспін, мен қазақ­ тың ауыз әдебиеті, мақал-мәтел, көсемсөз, жыр, шариғат, жалпы тарих, мәдениет, өнер жөнінен бәрін отырғызып қойып лекция оқи алатын адаммын. - Жыршылық өнерді дамыту үшін не істеу керек? Сіз білетін жыраулар кімдер? - Жыршылық 1985 жылдан қайта жандана бастады. Баянғали

бей­нелер арқылы қанымызға тән адал қасиеттерді ұрпақ өз бойы­на жинайды. - Жырды ортаға қайтып әке­ лу үшін не істеу керек? - Алдымен жыршы-термешілер­ ге мемлекет тарапынан қамқор­ лық қажет. Эстрадада пайда бол­­ ған жаңа толқын батысқа еліктеп, жалаңаштанып, бастарын қисақ­ татып, жын соққандай сахнада секіреді келіп... Тыңдауға, көруге ұят, не әуен, не жүрекке жетер сөзі

9

тар қоғамы өткізген Н.Бе­ке­жа­ новтың 100 жылдығына арнал­ған айтыста бірінші орын алдым. Одан кейін аудандық, облыстық, рес­пуб­ ликалық бес айтыста 1, 2-орын­ дарды иелендім. - Қанша жыр білесіз? Жыры­ ңызды үнтаспаға жаздырдыңыз ба? - Негізі 20 жыр-дастанды жатқа білемін. Бүгінде репертуарым­ да «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу, «Қалқаман-Ма­

Дүйсенғазы НЫҒМЕТЖАНОВ:

«Ақ Жайықтың суын

қанып ішсем деп армандайтын едім»

Жуырда семейлік жыршы-термеші Дүйсенғазы Нығметжанов Орал қаласына келіп кетті. 1990 жылдан бері жыршы-жыраулар және республикалық ақындар айтысында 25 рет жүлде алған, соның 11-інде 1-орын, 3-еуінде бас жүлдені иеленген көненің көзіндей Дүйсенғазы жырау Ақ Жайықта арқаланып, көсіле жырлап, біздің өлкеден ерекше қанаттанып аттанды. Аттанар алдында «Жайық Пресс» ЖШС-ның баспасөз орталығында журналистермен кездесіп, жыр толғаған ағамызды сөзге тарттық.

- Дүйсенғазы аға, Ақ Жайық­ тың ауасымен 4-5 күн тыныстап, ен­ді, міне, еліңіз­ге аттанғалы отырсыз. Қандай бұйымтайы­ ңыз бар? - Рақмет, мен бір қызық ай­ тайын. Ақ Жайыққа келуімнің өзі кездейсоқ болды. Өткен жылы бір бала телефон шалды. «Қай баласың?» - десем, «Нұртас Са­ фуллин деген баламын», - дейді. «Қай жердің баласысың?» - де­ сем, «Оралдан телефон шалып тұрмын», - дейді. «Неге Оралдан маған звондайсың, не жағдай?» десем, «Ата, сіз көп жырды жатқа біледі екенсіз, сізбен кездесіп, жыр тыңдағымыз келеді», - деді. Содан ол бала келем деп жина­ лып жүрді де, келмей қалды, мен ол туралы ұмытып кетіппін. Жыл өткен соң тағы да телефон шалып: «Ата, Оралға келе аласыз ба? Сізді шақырғымыз келіп отыр», - деді. «Е, кел десең, келейін», - дедім. Жақ­сы қарсылады. Шыным­ды айт­сам, мен тұңғыш рет Жайық жұр­ тына есеп концертімді бердім, бар өнерімді салып жырладым. Бұл сапар мен үшін жай кезде­ су емес, үлкен бақыт болды. Се­ бебі мен өз жерімде «әне, міне» деп концерт бере алмай жүруші едім. Ойламаған жерден Оралға келіп қалдым. "Жайық Пресс" ұжымының азаматтары жүгіріп жүріп қонақ етті, ақсақалы бар, қара сақалы бар, бәрін алдыма жинап берді де: «Ал енді жырды

көркемөнерпаздар үйірмесіне қа­­­тыстым. Хорға жетекшілік ет­ тім, қазақ тілінің дамуы жолында еңбектендім. 1994 жылы Семей мәдени-ағарту училищесін бітір­ дім. Төрт балам бар. - Жырға деген қызығушылы­ ғыңыз бала кезден оянды ма, әлде?.. - Бала кезімде ауылда кино жоқ, радио да көп сөйлемеді. Батырлар жыры алғаш жарыққа шыққанда 2 сом 20 тиын болды, бұл ол кез­ де әжептәуір ақша. Сатып алып жаттадым. Ертеректе Мұса деген көрші қарт болды, сауатсыз кісі, бірақ көп жыр білді. Алғашқы ұстазым сол кісі болды. Мен 1969 жылы 20 жасымда аяқ астынан көруден қалдым. Содан зағиптарға арналған кітапханадағы 40 мың кітап менікі болды. Отырып алып шетінен оқи бастадым... Көп жыр­ ды кітаптан жаттадым. - Әңгімеңізге қарағанда қа­ зақ­тың ауыз әдебиеті ғана емес, көп дүниеден хабарыңыз бар сияқты. Осы жерде туыпөскендей батыстың тарихын да жетік біліп отырсыз. - Бұл - хан да, қара да өткен тарихқа бай жер. Пушкин, Даль, Толстойдың табаны тиген өлке. Дәулеткерей, Құрманғазы, Қаша­ ған, Мұрын жырау өткен қасиетті жер. Мен әдебиетті тәуір білемін,

Әлімжанов, Алмас Алматов, Май­ ра Сәрсенбаева, Феруза Армано­ ва, Күнсұлу Түрікпенова, Мақан Әбдіуәлиев сияқты бар болғаны 20 шақты жыршы бар. Оралда Сәкен Жанғазиев деген жыр­ шы бар екен. Жақсы жырлайды, тек ізденіп, өнерін әлі де дамыта түсуі керек. Оған үлкен қолдау керек. Жалпы, жырдың мекені – Қызылорда жағы. Әр жерде ша­ шырап жүрген шәкірттерді жи­ нап, байқау жария­лау керек. Оған көп қаржының қажеті жоқ, көлік тікпе, мысалы, халықты жина да, 5-6 баланы жыр айтуға отырғыз. Соңынан ішіне азын-шоғын ақша салып алғысхат бер. Бұл – жырды енді үйреніп келе жатқан жастар үшін үлкен марапат, қанаттанған бала келесі жолы жанын салады жырға. Жастарға жырды интернет емес, біз сияқты шалдар тарихты айтып отырып үйретуі керек. - Жырдың ұрпақ тәрбиесіне ықпалы қандай деп ойлайсыз? - Біріншіден, жыр жастарды Отанын сүюге тәрбиелейді. Мыса­ лы, соңғы жылдары Әулие Вален­ тина күні деген мейрам пайда болды. Егер қазаққа махаббат мей­ рамы сондай керек болса, жырда­ ғы Гүлбаршын мен Алпамыстың, Қозы Көрпеш пен Баянның, Арыс­ тан мен Гүлайымның махабба­ тын неге үлгі тұтпайды жастар? Жырдың халыққа, ұрпаққа бе­ ретіні ұшан-теңіз. Жырдағы осы

жоқ. Міне, осыған қыруар қаржы кетіп жатыр. Ұрпақты оясыздық­қа, жеңілтектікке итермелейтін осы­ ларға кеткен қаржыны неге ұлттық өнерге жұмсамайды? Со­сын дәс­ түрлі әндер деген шықты. Мұны қай мисыздың ойлап тапқанын білмеймін, қазақта дәстүрлі ән деген жоқ, қазақтың халық әндері деген бар. - 2-3 сағат жырланатын жыр­ ды қазіргі жастардың тыңдауға шыдамы жетпей жатады... - Себебі жыр мектебі жоқ. Жыр­ ды бала құлағына қалай сіңіре­ міз? Ол үшін мектептегі домбыра, баян, ән, бидің қатарынан жыр үйірмесін ашуымыз керек. Р.Рым­ баева, М.Жүнісова, жалпы барлық өнер иелерін мектеп тәрбиеледі. Қабілеттерін ашты. Сондықтан мек­ тептегі ән-күй сабағын түзеу және оған жырды қосу керек деп ой­ лаймын. Жасынан құлағына жыр ұялаған бала 2 сағат түгілі, 5 сағат бойы тыпыршымай жыр тыңдай алады. - Талай айтысқа қатысып, бәй­геден озып келіпсіз... - Мен 1995 жылға дейін айтыс­ қа қатысқан адаммын. 1990 жы­ лы Семейде өткен Қаракерей Қа­банбайдың 300 жылдығына ар­­налған айтыста бас жүлдені же­ ңіп алдым. Сол жылы Қызылорда қаласында республикалық зағип­

мыр», «Еңлік-Кебек», «Алпамыс батыр», «Шахнама», «Ескендір», «Қыз Жібек», «Арқалық батыр», «Қамбар батыр» жырлары бар. Се­мейде 12 жырды үнтаспаға жаз­ дырғанмын. Бірақ диск болып қа­ шан шығатынын білмеймін. Жұрт­ қа қызмет салып жүріп алатын адам емеспін. Оралға осы келген сапарымда «Жайық Пресс» ЖШСның қызметкерлері «Қобыланды батыр», «Еңлік-Кебек», «ҚалқаманМамыр», Абай­дың «Ескендір» по­ эмасын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырларын жазып алды. Кең оты­ рып, бірнеше күн бойы сағаттап жырлап, киноға түстім. - Елді көп аралайсыз ба? - Басқа қалалар шақырса, барар едім, бірақ шақырмайды. Себебі қазақ жырдан ажырап қалды. Се­ мейде көзі нашар көретіндердің «Шамшырақ» атты жыршы-тер­ мешілер клубы бар. 11 жылдан бері соның жетекшісімін, жастарға білгенімді үйретемін. Менен кейін осы мектепті біреу ұстап қалса деп армандаймын. Ақ Жайықтың ақ пейіл адамдарына, жырау деп мені еліне шақырып, үлкен құр­мет көрсеткен азаматтарға, жырдың мән-мазмұнын түсініп, жүрек­ жарды құттықтау лебізін білдір­ ген облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа алғысым шексіз. Әңгімелескен Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ, «Орал өңірі»


10

әріптестік Сенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Кедендік одақ саяси ұйым емес, оған қай ел мүше болуға құлықты?

Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында түйіні тарқатылмаған мәселелер жеткілікті. Елімізде шығарылған өнімдердің өткізілмей жатқанына отандық бизнес «үнсіз» келіспеушілік танытты. «Сабыр түбі – сары алтын» дейтін қазақы қалпымызбен мұндай жағдайға салқынқандылықпен қарадық. Алайда кешегі Беларусьта өткен кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев түйткіл мәселені кесіп айтып, ортаға салды. Іс жүзінде өзара тауар айналымындағы кедергілер 2015 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен бірге толық алынуы тиіс. Сарапшылардың пікіріне құлақ салсақ, Кедендік одақ арқылы іргетасы қаланатын Еуразиялық одақтың Еуроодаққа балама болатыны анық. Ондай дәрежеге жету үшін Кедендік одақ қатарында экономикасы күшті мемлекеттер сап түзеуі тиіс. Оның қандай боларын уақыт көрсетеді, дегенмен соған ғаламтор материалдары негізінде талдау жасап көрелік. Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»

Арменияға оң қабақ Жақында Минскіде өткен кеңесте Кеден одағына кіруге ресми өтініш білдірген Армения тиісті келісімге қол қойды. Кезек­ те Қырғызстан мен Украина тұр. Соңғысы әлі Еуропаға жалтақтап, екі оттың ортасында қалғандай. Өйткені Украина қараша айын­ да Вильнюсте Еуропа одағы ту­ ралы келісімшартқа қол қоймақ. Ашығын айтсақ, Қазақстан мен Кеден одағының өзге елдері Ар­ менияның қатарға қосылғанына аса қуана қоймайды. Сарапшы Олег Егоровтың айтуынша, әуелі КО-ға мүше елдердің өздері өзара қарым-қатынас жүйесін, заңды­лық, кедендік норма, экономи­ка­ лық байланыс мәселелерін рет­ теп алуы тиіс. Арменияның КО-ға қосудағы мақсат бұл одақтың бе­ делін көтеріп, өзге елдердің мү­ ше болуға ұмтылатынын көрсету ғана деседі мамандар. Өйткені Арменияда шикізаттық ресурс­ тар, көмір және көмірсутегі қоры жоқ және өнеркәсібі соншалықты дамымаған. Одан басқа КО-ға мүше елдер мен ол елдің арасы тым алыс. Ресейлік сарапшылар Арменияның КО-ға қосылғанынан Қазақстанға келіп-кетер ештеңе жоқ деп санайды. Бұл қосылудан кейін Ресей мен Беларусьтың ауыл шаруашылығы өнімдері Қа­зақстандағы секілді Арменияның азық-түлік нарығын «жаулайды». Ресей өзінің автокөлігін өткізетін жаңа нарыққа ие болады. Ресей­ лік сарапшы Е.Бадыханның ай­ туынша, Армения түсті металдар мен ауыл шаруашылығы тауар­ ларын экспорттайды. Сондықтан Қазақстандағыдай ондағы ірі пай­далы қазбаларды экспорттау­ шылар ғана ұтуы ықтимал деген болжамды алға тартады. Қарамақайшы пікірлердің болуына қа­ рамастан Арменияға Ресей тара­пы оң қабақ танытты. Бірақ Арме­ нияның КО-ға мүшелікке өтуі 1-2 жылға созылады, өйткені бұл ел ДСҰ-ға мүше болғандықтан, тариф­ терді үйлестіру мәселесіне уақыт керек. Еуропалық одақ пен НАТОның ТМД-ның кейбір елдерінің, соның ішінде славян республи­ калары мен Кавказдағы елдердің

«басын айналдырып» жүргені бел­ гілі. Украина мен Грузияның Батыс­ қа, еуроинтеграцияға өзгелердің еуразиялық әріптестікке бет ал­ ғаны мәлім. Одан басқа Ресейдің Арменияда әскери базасының болуы (Гюмри қаласында бес мың адам, “ЗРК С-300”, “МиГ-29” жойғыш ұшақтары) аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты факторлардың бірінен сана­ лады.

Өзағаң ешқайда қашпайды Республикалық басылым­дар­ дың біріне берген сұхбатында саясаткер Сайполла Сапанов Өз­ бекстанның КО-ға кіру мүмкіндігін былайша пайымдапты: «И.Кари­ мов оқшаулану саясатынан еште­ ңе ұтпайтынын түсіне бастады. Интеграцияны дамытуда КО-ға балама жоқ екенін біледі. Праг­ матик саясаткер ретінде әліптің артын бағып отыр», – деді. Бір қарағанда Өзбекстанның саясаты сырт көзге түсініксіздеу көрінеді, өйткені ШЫҰ секілді ұйымдарға мүшелікке кіріп, артынша ат-тонын ала қашатын өзағаңдар бәрінен бұрын өздеріне тиер пайданы ойлайды. Исламдық терроризмге қарсы тұруға, сепаратистік, экс­ тремистік күштермен күресуге Өзбекстанның жеке өзінің шама­сы келмейтіні айдай анық. Сон­ дықтан Өзбекстан әліптің артын бағып отырған сыңайлы...

Қоры мол елдер және Түркия Сарапшылар Әзірбайжан елінің Армениямен арадағы келіспеу­ шіліктерін ескере отырып, оның да одаққа қосылуы неғайбыл деседі. Өйткені АҚШ пен Еуроодақ ел­ дері Әзірбайжанның КО-ға кіруін қоштамайды. Түрікменстан мен Әзірбайжанның экономикалық қуаты күшті. Әзірбайжанның бір манаты бір еуроға тең, валютасы тұрақты. Бірінде табиғи газ, бірін­ де мұнайдың мол қорының болуы бұл елдердің КО-ға мүшелікке еркін кіре алатынын көрсетеді. Алайда сарапшылар олардың КО-ға кіруіне сыртқы факторлар кедергі болады дегенді алға тарту­ да. Қазақстан түбі бір Түркияның КО-ға мүше болуын қалайды. Бұл ел ислам мемлекеті болғандық­тан, 60-жылдардан бері Еуроодақ­ қа мүшелікке өте алмай келеді. Түркия – әлеуетті, экономикасы дамыған және аймақтық маңызы бар ел. Сарапшылардың бір тобы Түрік елінің Еуроодақтан гөрі, экономикалық жағдайы төмен мем­ лекеттер мүше болып табылатын Еуразиялық одаққа кіргенін жөн дейді. Енді бір сарапшылар алдағы 2014 жылы маусымда Еуроодаққа мүше боламыз деп желпініп, үмітін үкілеп отырған Түркияның КО-ға мүше болуы екіталай деген пікір де бар. Қалай болғанда да Түркияның КО-ға қосылғанынан КО елдері ұтылмайды. Оңтүстік Осетия, Си­ рия мүшелікке қабылдана ма?

Оңтүстік Осетияның президенті Леонид Тибилов республикадағы үлкен алқалы жиында Ресеймен бірге Кеден одағына мүше болуды басымдық береді деп айтып салды. Кейін Абхазия да Оңтүстік Осетия сықылды Ресейден Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен оның институттарының қызметіне қатысуға мүмкіндік беруді және келешекте КО-ға мүшелікке өтуді сұрады. Солай болғанымен Бе­ ларуссия мен Қазақстан Оңтүстік Осетияны мемлекет санамай­ ды. Сондықтан осетиндер мұның КО-ға кіруде кедергі болатынын түсінеді. Ресей бұл елді 2008 жылы мемлекет деп таныды, ал 1990жылдардың басында Оңтүстік Осетияға бақылауын жоғалтқан Грузия әлі күнге оны өз елінің аумағы санайды. ҚР Парламент Мәжілісінің де­ путаты Мәулен Әшімбаевтың пікіріне сүйенсек, Сирия КО-ға мүше бола алмайды. Оған бірін­ шіден, бұл елдегі азаматтық соғыс ахуалы кедергі болса, екіншіден, бұл ел одақтың өз талаптарына сәйкес келмейді. Оның айтуынша, кеден одағына мүше мемлекет­ тер ішкі тұрақтылығы талапқа сай келмейтін елдерді мүшелікке алу мәселесін қарастырмайды.

Кеден одағы саяси ұйым емес... Көптеген саясаткерлер КО-ны экономикалық емес, саяси ұйым ретінде қарастырады. Экономика

ғылымдарының кандидаты, са­рапшы Сапарбай Жұбаевтың пі­ кірінше, Ресей өзінің бауырлас Ук­ раин мемлекеттерімен осы Кеден одағына еркін кіру, еркін сауда жасау мәселесінде өзінің саяси мақсаттарын алға шығарып қойған. Ресей Украинаға Европа одағына қарай жол тартатын болсаңдар, КО-мен алыс шетелдегі мемлекет сияқты өте қатаң тәртіппен сауда жасайсыздар деп шарт қоюда. Мысалға, Ресей Украинаға газ­ ды 450 АҚШ долларына сатса, Германияға 350 АҚШ долларына, 100 АҚШ долларға арзанырақ бағаға беруінің астарында осын­ дай мән бар. Саясаткер Сайпол­ ла Сапанов одақты саяси жобаға айналдырмай, экономикалық тұғырнамасын бекіткен жөн деп санайды. Сондықтан Қазақстан, Ресей, Беларусь арасындағы интеграциялық үрдістер дамып, КО өз жемісін бере бастаса, мүше болғысы келетін елдердің саны көбейетінін алға тартады. Ресей президенті В.Путин Минск кездесуінде нарығының көлемі де, ауқымы да кең Үнді елінің Кеден одағымен еркін сауда аймағы жөнінде келісім жасауға ықыласты екенін жеткіз­ ді. Алдағы 4-5 жыл ішінде КО оң нәтижелерге жетіп жатса, өзге ір­ гелес елдердің одаққа енері анық. Бұрынғы кеңестік одақтас елдерді айтпағанда, КО-ға Вьетнам, Түркия, Пәкістан, Үндістан, Австрия, Жапо­ ния секілді елдерді тарту арқылы кеңеюді қалайтын саяси күштер де барын сарапшылар жоққа шығармайды. Шетелдік сарапшылар Мәскеу бұрын өзіне бағынышты болған аймақты экономикалық жағынан ғана емес, саяси тұрғыдан да билегісі келетінін айтады. Бірақ Ресейдің экономикалық үлгісі мақтанарлықтай емес, өйткені экономикасы шикізат пен мұнайға тым тәуелді, сыбайлас жемқорлық меңдеп алған деген уәжді алға тартады. Сондықтан отандық экономистер Ресейдің КО-ны экономикалық интеграция заңдылықтарына сәйкес дамытуға көбірек мән беруі қажеттігін ай­ тады. Кедендік одақ құрылымы дүниежүзінде қалыптасқан және өзара жақын мемлекеттердің арасындағы қауымдастық сана­ лады. Сондықтан оны ұлғайтып, дамытқаннан ешкімнің ұтылмасы анық.


ел-жұрт oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

11

Қондырғы іске қосылды

ҚР тұңғыш Президентінің күні қарсаңында Қамысты ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа

Имамдар

кенелді. Ауылдағы су тарту нысанында тұшыту қондырғысы іске қосылды. Осы кезге

сынақ тапсырды

дейін қамыстылықтар тұздылығы жоғары,

Бейсенбі күні Батыс Қазақстан облысындағы қала, аудан және ауыл мешіттерінің имам-молдалары ҚМДБ-дан келген аттестациялық комиссия алдында емтихан тапсырды.

Б

-

ас муфтиіміз Ержан қа­ жы Малғажыұлының тап­сырмасымен біз жыл басында имам-молдалардың білімі мен біліктілігін тексеруді бастаған едік. Жаз бойы Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс істедік, 3 мың­нан аса діни қызметкерді аттестация­ дан өткіздік. Енді батыс облыстар­ ды аралап жүрміз. Маңғыстау мен Атырау облыстарында бол­дық. Ертең Ақтөбеге аттанамыз, – деді Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасы дін істері жөніндегі бөлім меңгерушісі Кәмілжан Бек­босынұлы. Сынақ алатын комиссия құра­ мында ҚМДБ-ның пәтуа бөлімі мең­герушісінің орынбасары Сан­ сызбай Шоқанов, ҚМДБ-ның іс басқарушысы Ербосын Орын және «Деструктивтік діни ағым­дардан

кермек суды тұтынып келген еді. Енді, міне, мәселе шешілді.

зардап шеккендерге көмек» ор­та­лығының психологы Светлана Құжбанова да болды. Сараптамадан БҚО-дағы 45 мешіт, 4 на­мазхананың имамдары – бар­лығы 60-тан аса адам өтті. – Имам-молдаларымыздың бәрі де сараптамадан өтті. Кейбір жасы келген молдаларға білікті жастар­ ға орнын босату туралы ескертілді. Осы сараптамада ауылдарда діни рәсімдер атқарып жүрген 10 молда емтиханды сәтті тапсырды. Оларға Орал қаласынан бір айлық оқыту курсын ұйымдастырамыз, кейін ҚМДБ тарапынан бұйрық шығып, қызметіне ресми кірісетін болады, – дейді облыстың бас имамы Руслан Сұлтанов. Төрехан КӘРІМБАЙ

Халықтың қуанышын бөлісуге аудан әкімінің орынбасары Рүс­ тем Қарашин барды. Қамысты ауыл­дық округінің әкімі Бұрхан Өте­ға­лиев­тің сөзіне сүйенсек, облыс әкімінің қолдауымен ны­ санға об­лыс­тық бюджеттен 10 млн. тең­ге бөлінген. Тен­дерде Орал қаласындағы «Оме­га» прибор жасау зауыты» АҚ жеңімпаз атанды. «Қа­зақ­стан инжи­ниринг» ұлттық ком­па­ ниясы­ның қарамағындағы кә­ сіпорын тұтынуға жарамды су дайындайтын «Тазасу-Т» тұрақ­ ты қондырғысын орнатып бер­ ді. «Тазасу-Т» қондырғысы саға­ ты­на екі текше метр ауыз суды

өңдейді. Алғашқы екі сүзгінің біреуі суды ірі қиыршықтан та­ зартса, келесісі ұсақ-түйектен арылтады. Бұдан соң ең негізгі қызмет – модульдік өңдеу кү­ті­ле­ ді. Бұл бөлімде тұздылы­ғы­­нан айырылған су инфрақы­­зыл сәу­лелі құрылғысымен сүзі­ліп, зиянды бактериялардан за­ лалсыздандырылады. Осындай үде­ріспен өңделгеннен кейін су қоры 1,5 тонналық бөшкеге жиналады. Ауыл тұрғыны үшін тұщы су литрінің төлемақысы - 50 тиын. Алдағы уақытта су айдау нысанын «Жолаушы» МКК қа­

Тылсым қабілеттің иесі тасада неге қалады? 1992 жылдың жаз айы еді. Аулада тұрған «ДТ-75» тракторының жүргізушісі тракторын оталдырып қалғанында, трактордың тежегіші айырылмай қалғандықтан, ол оқыс жүріп кетті. Жүргізушімен әңгімелесіп, алаңсыз тұрған жас жігіт Манарбек сол сәтте ғана есін жиып, артқа қарай секіріп үлгерді. Бірақ трактордың алдыңғы жағында тұрған Манарбектің бір аяғының башпайларын трактордың шынжырлы табаны жаншып өте шықты. Әп-сәтте болған оқиға. Жүзі қудай болып қуарып кеткен трак­ тордың жүргізушісінде ес жоқ, со­ пиып тұрып қалған. Ма­нар­бек бол­ са дін аман, аяғы­ның башпайын таптап өт­кен трак­тордың шынжыр іздері түсір­ген жолақтарға аң-таң қа­рап тұр. Сүйектері сынбаған, аман. Ғажап жағдай. Қандай күш, нен­дей тыл­сым өзін аман алып қал­

ды?! Әй­теуір, періштесі қа­ғып жым­пи­тылық жас жігіт Манар­бек Жұ­ма­ға­лиев бұл оқиғадан аман қалды. Осы оқиғадан соң Манарбектің басынан үйдің төбесінен абай­ сызда құлап түсу, «КамАЗ» көлі­гі­ нің есігінен бұрылыста ұшып ке­­ту, мотоциклден ауда­рылу сәт­тері болды. Бірақ солар­дан еш жа­ра­ қат алмай, аман қалды. Манар­бек Жұмағалиев - Жым­питы ауылы­ ның тумасы. Оның әкесі Лұқпан –

халықтық театрдың өрге басуына бір кісі­дей үлес қос­қан режиссер, театр­дың тар­ланы болса, қарын­дас­ тары да мың бұралған бишілер. - Менің нағашы аталарым Әли, Рысалы өте аруақты адам­ дар болған көрінеді. Бәлкім, ме­ нің бойыма алапат күш-қуат осы аталарымнан дарыған болуы да мүмкін. 1997 жылы отбасымызбен көмір иісінен уланып, орта­лық­тағы ауруханада үш күн бойы ессіз жат­

тым. Сонда ессіз жатып, о дүние­ нің де «табалдырығына» барған кезімде небір елестер­дің бойды билегені бар, – дейді Манарбек әңгімесінде. Манарбектің бойындағы тыл­ сым күштің қуаты алғаш рет 2000 жылы Қособа ауылындағы клуб­ тың сахнасында халықтың жүрегін дір еткізерлік кейбір көріністерді көрсетуден басталады. Бертін ке­ ле, Манарбек төсі­не кірпіш тас қойдырып, үлкен балғамен сын­ дырту, сынған әй­нектің, шегенің үстіне жалаңаш денесімен жату, әйнектің үстінде сазды әуен ыр­ ғағымен билеу, өткір пышақ, бал­ тамен денесін, башпайларын кес­ кілеу сияқты жан түршіктіретін көріністерді сахнада көрсетуді қолға алды. Тіпті осы көріністерді Манарбек Жұмағалиев ұлттық өнер, салт-дәстүрді насихаттау бағытында ұйымдастырылған Зе­ ленов ау­данындағы «Аймақтар аламаны» атты облыстық өнер сайысында, Жымпиты ауылында өткізілген «Дарындылар додасы» атты облыстық өнер сайысында, жақында ғана облыс орталығында

рауына алып, сол ар­қылы судың әр текше метрі бұ­рын­ғысына қа­рағанда, әлде­қайда арзан ба­ға­ланып, тиі­сінше Үкімет та­ ра­пынан жеңіл төлемақы үшін арнайы демеу­қаржы бө­лінуі мүмкін. Сондай-ақ осы ауыл­ға келесі жылы «Ақбұлақ» бағдар­ ламасымен су құбырын тартуға жобалық-сме­талық құжаттарын дайындауға ау­дан әкімдігі та­ рапынан арнайы қаражат қа­ растырылып жатқан көрінеді.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ, Жәнібек ауданы

тойланған қала күнін мерекелеу­ де көрермендер алдында жайып салып, оларды таң-тамаша еткені бар. - Өзім сахнаға ешқандай әзір­ ліксіз шығамын. Әйтеуір, Жа­рат­қан иенің бір тылсым күші итерме­леп, арқам, алақаным еріксіз қы­зып, бойыма күш-қуат бітіп тұратын­ды­ ғы рас. Дене қимылдатып, жұ­мыс істемесем ауырамын. Ине са­бақ­ тап, жаңажылдық, ұлттық кос­тюм­­ дер тігемін, ою-өрнектерді таза та­би­ғи түрде қолмен жасаймын. Сондай-ақ ағаштан түрлі мү­сін­ді ойып жасайтын өнерім де бар, деді Манарбек ағынан жарылып. Иә, өнер дарыған осы бір 42 жастағы жігіт бүгінде қай жерде жұмыс болса, сонда барып, өзінің нәпақасын табуда. Дегенмен сах­ наға шығып, көрермендерді көз сенбейтін көріністермен әп-сәттеақ баурап алатын Манарбекке әзірге тұрақты жұмыс таптырмай жүр. Таңғажайып өнерімен көп­ шілік­ке танылып үлгерген Ма­нар­ бекке өнер саласының бас­шылары қамқорлық көрсетіп, бұл жігіт­тің тылсым өнері тасада қал­май, на­ сихатталса дейміз.

Мүсірбек АЙТАШЕВ, Сырым ауданы


12

дәулет Сенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Ең сенімді кепілдік

Банк салымшылары салымға орналастырылған ақшаларынан айырылып қалу мүмкіндіктерінен қаншалықты сақталатынына көңіл бөледі. Оқырмандар­дың ең маңызды сауалдарына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мамандарын жауап беруді сұрадық.

Жарнамада басқа қаржы құралдары туралы - тәуекелді болатын және мем­ лекет тарапынан кепілдікке жатпайтын үлеспұлдық инвестициялық қорлар, ак­ циялар және т.б., сонымен қатар қаржы пирамидасымен ұсынылатын сыйақы ту­ ралы айтылуы мүмкін. Соңғының қызметі заңмен қудаланады.

Ғаламторда келесідей ақпараттар көп: «Салым бойынша пайыз – жыл­ дық 200%, кепілді, сенімді!». Әңгіме банк салымдары туралы айтылмаса да, бірақ жиі пайдаланатын сөздер: «салым», «депозит», «жинау». Шынын­ да да, мұндай жарнама әлдеқандай кепілдік бере ме? Сауле Бисембаева – Басқа қаржы құралдарының түр­ле­ріне қарағанда, банктегі депозиттер қа­ терсіз болып табылады – банк салымы­ның соңғы мерзімінде салымшы депо­ зитке салынған бастапқы сомасын және шартпен қарастырылған депозит бойын­ ша сыйақы сомасын кепілді түрде алады. Бұл жағдайда салымшы үшін тәуекел банк­ ті мәжбүрлі түрде тарату жағдайында болады, бұл әрине сирек болатын жағ­дай, бірақ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры осы жағдайдағы же­ке тұл­ғалардың барлық салымдарына ке­ пілдік береді.

Кепілдік беру жүйесіне қатысатын көптеген банктер салымға кепілдік беретін жүйенің қатысушысы болаты­ нын үнемі қайталайды. Егер банк осы ақпаратты белгілемесе, онда ол кепіл­ дік ұсынбайтынын көрсете ме? Асхат Тугусов – Жоқ, көрсетпейді. Депозиттерге мін­ детті кепілдік беру туралы Заңға сәйкес, депозиттерді қабылдауға, жеке тұлға­лар­дың банктік шоттарын ашуға және жүргі­ зуге лицензиясы бар барлық қазақстан­дық банктер, тек ислам банктерінен бас­қа депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кіруге міндетті. Яғни осындай банктер­­де­гі жеке тұлғалар салымдарының бар­лық түрлері кепілдендірілген болып та­была­ды. Демек, тұрғындардың депозит­тері­не кепілдік беретін банк емес, ал коммер­­ция­лық емес ұйым – Қазақстан­ның де­по­зит­терге кепілдік беру қоры екендігін ай­рықша баса айту қажет. Ұлт­тық Банк Қор­дың жалғыз акционері бо­лып табылады.

Салымның сақтандыру жүйесі қан­ шалықты сенімді және тұрақты? Максим Селезнев – Қазіргі уақытта Қазақстан Республи­ касында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі қаржылық тұрақтылықтың жоғарғы деңгейінде тұр. 2013 жылдың 1 қарашасына кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған Қазақстанның депо­ зиттерге кепілдік беру қорының арнайы резерв мөлшері 231,2 млрд. теңгені құ­ райды. Қордың арнайы резервінің жетіспеу­ шілігі пайда болған жағдайда, ҚР заңна­ масымен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерінен қо­ сымша жарналарын өндіріп алу немесе жетпей тұрған қаражатты Қазақстанның Ұлттық Банкінен қарызға алу есебінен осы жетіспеушілікті өтеуге шаралардың барлық түрлері қарастырылған. Бұдан басқа мемлекет Қордың жалғыз акцио­ нері Қазақстанның Ұлттық Банкі атынан қажет болған жағдайда Қордың жарғы­лық капиталын толтыруы мүмкін. 2008 жылдың соңынан бастап, Қордың акцио­ нері арнайы дағдарысқа қарсы бағдар­ лама аясында жыл сайын оның жарғылық капиталын 10%-ға көбейтеді. Қайсысы жақсы – банк салымда­ ры­ның мемлекеттік кепілдігі ме әлде жеке меншік кепілдігі ме?

Анжелика Увалиева – Көп жағдайда белгілі бір мемлекет­тің қаржы реттеуші органдары қаншалық­ты мықты екендігіне тәуелді. Германия немесе Швецария секілді көптеген еуро­ паның дамыған елдерінде қаржы реттеу­ іштер үлкен өкілеттікке ие, сондықтан банк­ те азаматтардың сақталған ақшаларына кепілдік беретін жеке меншік жүйесі ай­тарлықтай тиімді әрекет етеді. Алайда ха­лықаралық қаржы ұйымдарының ұсы­ныс­ тарына сәйкес депозиттерге кепілдік беру жүйесі мемлекеттік болуы тиіс. Шынында да, көптеген дамып келе жатқан елдер­ дің даму және реттеу саласындағы бел­ гілі бір жетіспеушіліктерге байланысты, қаржы нарығының тұрақтылығы төмен. Тиісінше, осындай елдерде мемлекеттік қаржыландыруға кең және ең жеңіл қол жеткізе алатын депозиттерге кепілдік бе­ ретін мемлекеттік жүйесі, жеке меншікке қарағанда тұрғындарда үлкен сенімділік

тудырады. Сондықтан бүгінгі күні әлем­нің көптеген елдерінде жеке тұлғалар­дың депозиттері бойынша кепілдік беру мемлекеттік болып табылады. Банктегі барлық шоттарға кепіл­дік беріле ме? Ботагөз Сауытбекова – Иә, банк шотының және (немесе) банк салымының шарттарымен куәлан­ды­рылған және кез келген банк шотта­рын­да оның есептелмеген сыйақысы бойын­ша жеке тұлғалардың депозиттері теңге және шетел валютасында мәжбүрлі түр­де таратылуы жағдайында қатысушы бан­кінің қайтару бойынша міндеттеме­лері депозиттерге міндетті кепілдік беру ны­саны болып табылады. Сондықтан Қор жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банктегі бар­ лық депозиттеріне кепілдік береді – та­лап етуге дейінгі салымдарға, мерзімді және шартты депозиттерге, сонымен қа­ тар ағымдағы және карт-шоттарға. Ж

Мария ИБРАЕВА

P.S.

Беттеме жасалып жатқан кезде, депозиттерді сақтандыру жүйелерінің халықаралық қауымдастығы (IADI) Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына ең беделді номинацияларының біреуін – «Депозиттер­ ге кепілдік беру жүйесін жетілдірудегі жетістіктері үшін» жылдың ең үздік ұйымы деген атағын бергені туралы белгілі болды. IADI Қордың келесі­ дей жетістіктерін ерекше бағалады:бизнес-процестерді оптимизациялау және техникалық шешімдерді дамыту, дамыған риск-менеджмент жүйесі және стресс жағдайларындағы операцияларды жоспарлау, ілгері дамыған қорландыру жүйесі және т.б.

Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру туралы қосымша ақпаратты қордың мамандарынан «шұғыл байланыс» телефоны - 8 800 080 10 20 арқылы алуларыңызға болады (Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерден қоңырау шалу тегін).

Болашақтың маманын бүгінгі таңда дайындау заман талабы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалып­ тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында КӘСІПКЕРЛІКТІ – Ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау керек деп атап айтқан болатын. Ел­ басының сөзін келтіре кетсек: “Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс”.

Бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кәсіп­ орындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және ал­ ғышарттар қалыптастыру. Халықара­лық тәжірибені талдау көрсеткеніндей, кә­сіпкерлердің палатаға топтасуы – эко­номиканың тиімділігінің маңызды фак­ торының бірі, осылай істелген жер­лерде «мықты бизнес - мемлекет» қа­ ғидасы іс жүзіне асады. Мемлекет өзінің рөлін өзгертуі тиіс. Бізге кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет. Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемле­ кеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан біз стратегиялық емес си­пат­тағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беруге тиіспіз. Бұл отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін аса маңызды қадам,- деген болатын. Ғылым және білім министрі Аслан Саринжипов ел алдында сөйлеген сө­зін­де осы мәселенің оңды жақтарын ай­ қын көрсетті, болашақта осы бағытта жұмыстану қажеттігін қадап өтті. Бұ­дан байқағанымыз, жеке меншік оқу орын­ дарының оң бағытта екендігін, болашақ­ та жеке меншікті көтеруді Елбасымыз қолдап отырғандығын байқаймыз. Со­нымен қатар Елбасымыз бәсекеге қа­ білетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек деп атап айтты. Елбасы «Қазақ­стан – 2050» Жаңа бағытын ескере оты­-

рып, Үкіметке 2013 жылдан бастап ха­лықаралық үлгідегі куәліктер беру ар­ қылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жү­ йесін дамытуды қамтамасыз етуді тап­ сырды. Жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкер­ шілігі білім беру саласында айрықша көрінуі керек. Ол үшін: жоғары және ор­та білім беру жүйесін дамыту үшін мем­ лекеттік-жеке меншік әріптестігі же­лі­сін құру, көп сатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу, бүкіл ел бойынша ғылыми-зерт­теушілік және қолданбалы білім беру­дің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жү­йесін құру. жоғары оқу орындарының екінші курсынан бастап кәсіпорын­дар­ дағы міндетті өндірістік тәжірибені заң­ намалық тұрғыда бекіту. Бұл процесті (дуальная система) БҚО-ға іссапармен келген кезде білім министрінің бірінші хатшысы Галимова Алия Қайдарқызы КазИИТУ студент жастары және магис­ транттарымен кездесу кезінде толығы­рақ тоқталып, тиімді жақтарын атап айтқан болатын. Елбасының Қазақстан халқына Жол­ дауында «бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орта­ лықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту ке­рек болады... Бізге елімізге қажетті тех­ нологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беріп, бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алу­ ға көмектесуі тиіс. Оған қоса біз ауқым­ды халықаралық ғылыми-зерттеу жо­баларына әбден-ақ қатыса аламыз. Бұл бізге ғалымдарымыздың күш-жігерін шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдас­ тықпен стратегиялық инновациялық ба­ғыттар бойынша ықпалдастыруға мүм­кіндік береді. Біздің мақсатымыз – жа­һандық технологиялық төңкерістің бөл­ шегіне айналу» делінді. Батыс Қазақстан инженерлік-гума­ни­ тарлық университетінің инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер институтында ғылыми-зерттеу қызметі жоғары білікті мамандар дайындау про­ цесінің құрамды бөлігі және алыс-жа­қын шетелдердің ЖОО-мен халықара­лық байланысты кеңейту болып табы­лады. Мысалы, Адам-табиғат-қоғам Дубна

қаласындағы халықаралық универси­ тетімен жасалған шарт шеңберінде Дубна қаласында инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер инсти­ тутының магистранттары А.Буранова мен М.Айгужиева грант иегері атанып, қазіргі таңда сол оқу ордасында өз білімдерін шыңдауда. А.Буранованың «Разработка и организация научно-об­ разовательных мероприятий в рам­ ках подготовке к всемирной выставке ЭКСПО-2017» тақырыбындағы ғылыми жо­басы ЭКСПО-2017 конкурсқа жолдама алды. Тағы бір айтар жайт, аталмыш университет шеңберінде техника ғы­ лымдарының докторы, «Тұрақты даму» кафедрасының профессоры және «Тұ­рақты даму ғылыми мектебінің» көш­ басшысы Борис Евгеньевич Большаков­ пен халықаралық байланыс бөлімінің жетекшісі Алмагүл Ақболатқызы Қамие­ ва «Исследование и развитие фунда­ ментальной базы научных знаний в об­ласти устойчивого инновационного развития» (2013 жыл, шілде; Ресей-Мәс­ кеу-Дубна) жобасына қатысты. КазИИТУ білім-ғылым кешені өз ма­ мандығы аясында білім іргетасын қалап, кәсіби дағдыларды қалыптастыратын еңбек нарығы мен кәсіби қауымдас­тықта бәсекеге қабілеттілігін арттыра­тын мамандар дайындайды. КазИИТУ ҒБК жаңа оқу жылы баста­ луына байланысты кәсіби бағдар бе­ру жұмысын қаланың №1, № 4 жалпы орта білім беретін мектептерінен бас­тадық. Ондағы мақсатымыз - елімізде болып жатқан білім-ғылым саласын­да­ғы жаңалықтармен, атқарып жатқан жұмыстарымен, білім беру реформа­ ларындағы жаңа өзгерістер мен ЖООдағы білім жүйесімен таныстыру. Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жал­ ғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс. ЖОО-ның инновациялық қызметке көшу тетігін қалыптастыру қажет. ЖОО мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткен жылы Ғылым және білім министрлі­ гінің «Жоғарғы оқу орындарының мек­ теп оқушылары арасында ғылымды алға өрбіту» қаулысы бойынша ұйым­ дастырылған шара болатын. Аталмыш шараны КазИИТУ ҒБК кәсіби бағдар жә­не мониторинг орталығы ұйымдасты­рып, оған кәсіби бағдар беру орталығы­ ның директоры О.Каленов бастаған

«Біз әр азаматтың әлеуетін, жасампаздық күш-қуатын, болашаққа деген сенімі мен білімін өз Отанымыздың игілі­гіне жұмсауға тиіспіз!» Н.Ә.Назарбаев топ барды. КазИИТУ ҒБК магистранты А.Исмагулова елімізде болып жатқан жекешелендірудің екінші этапы туралы, КазИИТУ ҒБК бағыты мен қазіргі таңда заман талабына сай мамандықтар бо­йынша мамандар дайындап жатқан­ды­ғын, ғылыми-кешенде Hi-tecx лаборато­ риясының құрылғандығын, сондай-ақ «Радуга» көрмесінің ашылып, қазіргі таңда мектеп оқушыларының біздің ке­ шенге келіп тамашалауға болатынды­ғын тілге тиек етті. Шараны қатысу­шы­ лардың назарына КазИИТУ ҒБК студент­ тері мен магистранттары дайындаған фильмді ұсынып, олардың көңілдерін­де керемет әсер қалдырып, көз алда­ рынан ғылыми кешеннің тіршілігі мен өмірін бір шолып өткіздік. Оқушылар тарапынан әр түрлі сауалдар мен сұрақ­тар қойылды, соның ішінде көбісі оқу гранттары мен мамандықтар бағытын­да болды. Бұл кездесулер дәстүр бо­ йын­ша өз жалғасын табады, алда талай мақсат пен міндеттер тұрғанын, бола­шақ түлектердің қалаған мамандықта­ ры бойынша толық ақпарат алуға бола­ тындықтарын оқушылардың қаперле­ріне тағы бір саламыз. Елбасымыздың мына бір айтқан сөздері сөзге тиек бо­ лардай: «Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады. Егер біз таңғажа­йыпқа сенсек немесе басқаларға иек артсақ, қол жеткізген жетістіктеріміз­ ді жоғалтып аламыз. Бүгін біз ең дұрыс таңдау жасауға тиіспіз», бұл сөздердің маңызының өте тереңде жатқанын әр­бір қазақстандық азаматтың түсінгені абзал. КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің бү­ гінгі таңдағы ең басты мақсаттарының бірі-еңбек нарығының, еліміздің индус­ триялық-инновациялық даму міндетте­ рі мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру са­ ласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жо­ғары деңгейіне қол жеткізу және қа­зір­гі заман талабына сай заманауи маман­ дықтар бойынша ең үздік маман иеле­рін дайындау. Соңғы кездері Қазақстан ДСҰ-ға (Дү­ ниежүзілік Сауда Ұйымы) мүше болуы­ на байланысты осы мәселе төңірегінде

әңгіме желдей есе бастады. Негізі қазақ басшылығы осы мәселе төңірегін бір­ неше жылдан бері зерделеп келеді, ол бәрімізге аян. Соңғы жылдары дамыған елдер арасында өндіріс және марке­ тинг саласындағы бәсеке арта түсті. Әлемдік нарықтан әркім өзінше орын табуға тырысуда. Сол үшін көптеген мем­ лекеттер өз аймақтарында ұйымдарға бірігіп, ортақ мүдделерге жетуге күш жұмылдыруда. Осы тұрғыдан келген­ де, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) әрбір мемлекеттің еркін сауда жаса­ уына орасан зор мүмкіндіктер береді. Қазақстанның ДСҰ-ға кірудегі басты мақсаты елдің әлемдік экономикаға ин­ теграция үдерісін кеңейту және күшейту болып табылады. Қазақстан ДСҰ-ға (Дүниежүзілік Сауда Ұйымы) мүшелікке қабылданғаннан кейін Кедендік одақ аясында Бірыңғай экономикалық кеңіс­ тік жұмыс істейді. Осыған орай осы са­ лада еңбек нарығының сұраныстарына ие осы бағытты жандандыратын маман­ дар қажет екені айдан анық. Ол қандай мамандық?.. Ол болашақтың маманы. Ол Кедендік одақ пен ДСҰ-ның аясын­ да жұмыс істейтін, осы саланы ілгері жүргізетін мамандық иелері. Демек, біздің экономикалық бағытта және ин­ новациялық бағытта болашаққа басқан ұлы қадамдарымыздың оң бағытта еке­ нін тағы бір қайталап өтсек, артық етпес. КазИИТУ ҒБК бизнес пен кәсіби қа­ уымдасдастықты дамытуға және кадр­ лар даярлауға белсенді қатысады. Бі­лімнің, ғылымның және өндірістің кі­ рігуін қамтамасыз етіп, зияткерлік мен­шік пен жаңа технологияларды игеріп, инновациялық және техникалық жоға­ ры білікті ғылыми – кадрлар даярлау бағытында еліміздің жетекші ЖОО са­ натындағы бәсекеге қабілетті бірденбір ғылыми-кешен. Ж

А.Исмагулова, КазИИТУ ҒБК магистранты, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, кәсіби бағдар және мониторинг орталығының маманы


қызмет oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

«Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға төмендегі санаттар бойынша конкурс жариялайды Круглоозерный кенті әкімінің аппараты, Орал қаласы Серебряков ауылы, Учительская көшесі 3 анықтама теле­ фондары 8(7112) 52-11-58, эл.адресі: kruglooz_akim@mail.ru І.Круглоозерный кенті әкімінің аппаратының абаттан­ дыру бөлімінің басшысы, E-G-2 санаты – 1 бірлік, лауазым­дық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 71110 теңгеден 96094 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: кентті абаттандыру, көгалдан­ дыру және санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу, коммунал­ дық және жол қызметтерінің жұмысын бақылау. Кент көшелері­нің жарық жүйесін қадағалау және қамтамасыз ету. Сумен қам­туды ұйымдастыру және суды пайдалану мәселелерін реттеу. Кенттің шаруашылығын күзгі-қысқы маусымға дайындау. Кент әкімінің шешімдерімен өкімдерінің, басқа да ресми хат­тар жобаларын дайындау және құқықтық сараптама жасау. Үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары білім: «Гума­ нитарлық білім», «Құқық» немесе «Ауыл шаруашылығы ғылым­дары», «Әлеуметтік ғылымдармен бизнес» (экономика, мемлекет­тік және жергілікті басқару немесе есеп және аудит, қаржы), жа­ратылыстану ғылым (экология). Жұмыс тәжірибесі келесі талап­ тардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы. II.Круглоозерный кенті әкімінің аппаратының бас ма­ман-есепші , «E-G-3»- санатты, 1 бірлік, лауазымдық жала­қысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 42922 тең­ геден 57656 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Кент әкімінің аппаратының қаржы шаруашылық қызметін қамсыздандыруды белгілі қалыпта және ережелерге сәйкес бух­ галтерлік есеп жүргізумен кешенді жұмыстарды жүзеге асыру, кент әкімі аппаратына қажетті мемлекеттік сатып алуды ұйым­ дастыру және басқа да заңмен белгіленген міндеттерді атқара­ ды. Органның мемлекеттік мекемелермен т.б. субъектілермен қызметтер алысу жөніндегі келісімшарттарды дайындау. Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары немесе кейінгі білім не орта техниқалық немесе кә­ сіптік білім, «Әлеуметтік ғылымдармен бизнес» (экономика, мем­лекеттік және жергілікті басқару немесе есеп және аудит, қар­-

жы) . Жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын қосым­ ша талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын Қа­ зақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Прези­денті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Респуб­ли­ касының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жем­ қорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарың осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық ак­ тілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекет­тік бағыты стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білуі Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; Өкілетті орган белгілеген нысанда­ғы сауалнама 3х4 фотосымен; Білімі туралы құжаттардың нота­ риалдық куәландырылған көшірмелері; Еңбек қызметін растай­ тын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; ҚР Ден­ саулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (ҚР-ның нормативтік-құқықтық актілердің тізімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) ны­ сандағы денсаулық туралы белгіленген анықтама, Қазақстан Рес­ публикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, құжаттарды қабылдау сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы ха­ барландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құ­ жаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп бер­ ген немесе поштамен жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Сонымен қатар құжаттарды көрсетіл­ген электрондық мекенжайға электронды түрде бере алады, бі­рақ құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей беру керек. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар осы кандидаттарды әңгі­ мелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған кент әкімінің аппаратында өтеді.

13

Адам құқығы қапаста да қорғалады Таяуда Орал қаласындағы «РУ-170/2» қылмысын жазамен өтеу мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік органдар мен мекемелердің тұтқында ұсталған немесе қамауға алынған азаматтарға қатысты азаптау әдістерін қолдануының алдын алу шаралары» атты тақырыпта семинаркеңес болып өтті. Оған өзге құқық қорғау қызметкерлерімен қатар, об­ лыс прокурорының көмекшісі Әділ Ақмолдин, БҚО ІІД арнаулы мекемелер және айдауыл әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция подполков­ нигі Абай Махметов және «Заңдылықты сақтау және адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросы» қоғамдық бірлестігі облыстық бөлімшесінің директоры Па­ вел Кочетков қатысты. Семинар екі кезеңде өткізілді. Алғашқысы қылмыстықатқару жүйесі департаментінің әкімшілік ғимаратында оздырылса, екінші кезеңі тұрғын үй аумағының монито­ рингісіне арналған. Жиналыста тәрбие жұмысы бөлімі от­рядының бастығы Андрей Сірәлиев, облыстық прокура­ тураның өкілі, заң кеңесшісі Ә.Ақмолдин, адам құқығын қорғаушы П.Кочетков күн тәртібіндегі мәселе бойынша ой-пікірлерімен бөлісіп, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. Жиын барысында оған қатысушылар атал­мыш мекеменің тұрмыстық бөлмелерін, асхананы, кітап­ хананы, тағы басқаларын қарап, ахуалмен танысты. Ал лауазым иелері жазасын өтеушілерді қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, арыз-шағымдарына құлақ түрді.

Өз тілшіміз

«Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды 090006, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116, 1-қабат, 110-бөлме, анықтама үшін телефон­ дар: 8-(7112) 515453, факс: 8-(7112) 508009, e-mail: uppzko@mail.ru Барлық конкурсқа қатысушыларға қойы­ латын біліктілік талаптары: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауа­зымдық жалақылары: Д-О-4 санаты үшін лауазым­дық жалақысы қызмет өткерген жылда­ рына бай­ланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін. 1. Кәсіпкерлік және сауда бөлімінің бас ма­ маны (1-бірлік) Функционалдық міндеттері: Кәсіпкерлікті қолдау тұжырымдамасын, са­ла­ лық және аймақтық бағдарламарды дайындауға және жүзеге асыруға қатысады. «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту картасы – 2020» бағдарламаларды облыста іске асыру мәселе­лерімен айналысады. Облыстың ауыл тұрғында­ рын шағын несиелеу жөнінде ақпарат дайын­ дайды. Азық-түлік тауарларына баға туралы ақ­ паратты жинақтайды және дайындайды. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік және басқа да аймақтық бағдарламаларды жүзе­ ге асыруды дайындауға қатысады. Облыстың қо­ ғамдық кәсіпкерлер бірлестіктерін акредиттеуге материалдарды дайындайды, дөңгелек үстелдер, конкурстар өткізуді ұйымдастырады. Облыстық төтенше жағдай және азаматтық қорғанысының сауда және тамақтану қызметінің сұрақтарымен айналысады. Басқарма бойынша азаматтық қор­ ғаныс саласындағы міндеттерді шешуге арнайы уәкілеттік берілген жауапты қызметкер болып тиісті міндеттерді жүзеге асырады. Үміткерге қойылатын талаптар: құқық (құ­ қықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылым­дар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, маркетинг, жергілікті және мем­лекеттік басқару, әлемдік экономика) маман­ дықтары бойынша білімі. 2. Инвестициялар бөлімінің бас маманы (1-бірлік) Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасын үдемелі индустрия­ лық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын

Батыс Қазақстан облысында іске асыру. Инвес­ тицияларды тарту мәселелерімен айналысады. Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасын облыста іске асыру, жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алула­рында қазақстандық құрамды арттыру сұрақта­ рымен айналысады. Бөлімнің сұрақтары бойынша аналитикалық ақпарат, есептер дайындайды. Үміткерге қойылатын талаптар: құқық (құ­ қықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылым­дар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, маркетинг, жергілікті және мемлекеттік басқару, әлемдік экономика), техника­ лық ғылымдар және технологиялар мамандық­тары бойынша білімі. 3. Жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы (1-бірлік) Функционалдық міндеттері: Облыста заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (да­йындау) сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөнінде қызметін лицензиялауына қатысты мәселелері­ мен айналысады. Лицензияттардың құжаттарын тексереді және талдау жасайды. Облыстағы жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазба­ лар кен көздерін өндіру бойынша және шарттық міндеттемелерінің орындалуына бақылау жүргі­ зеді. Кен таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге және бірлескен түрде барлау жә­ не өндіруге келісімшарттар жасау, тіркеу және орындау жөніндегі құзыретті органның міндет­ терін орындауын ұйымдастырады. Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға құқық беретін конкурстарды өткізуді ұйымдастырады, келісімшарттардың сақталуын және тіркелуін жүзеге асырады. Келісімшарт жағ­дайының орындалуын бақылайды, жер қойнауын пайдаланушылар қызметіне жүргізілетін инспек­ циялық тексерулерге қатысады. Үміткерге қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, маркетинг, жергілікті және мемлекеттік басқару, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (гео­ логия және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, тау ісі) мамандықтары бойынша білімі. 4. Сыртқы экономикалық байланыстар жә­ не туризм бөлімінің бас маманы (1-бірлік) Функционалдық міндеттері: Облыстық сыртқы экономикалық байланысты сұрақтармен меңгереді, облыстық кәсіпорында­ ры және шетел компаниялар арасында екі-жақты байланысты дамытуға және кеңейтуге ықпал жа­-

сайды. Үкімет аралық келісімді іске асыруға қа­ тысады, Қазақстан Республикасы және Ресей Фе­ дерациясы арасында шекаралық ынтымақтастық сұрақтарымен айналысады. Туризмді дамыту сұ­ рақтарымен айналысады. Шетел инвестицияла­рын тарту мәселелерімен айналысады. Жаңа ше­тел технологияларын облыс кәсіпорындарына енгізу мәселелерімен айналысады. Кедендік және басқа да мемлекеттік құрылымдармен өзара әре­ кет етеді, форум, көрме, жәрмеңке, айналысатын сұрақтары бойынша кеңес және семинар өткізуді ұйымдастыруға қатысады. Үміткерге қойылатын талаптар: құқық (құ­ қықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылым­дар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, маркетинг, жергілікті және мемлекеттік басқару, әлемдік экономика), қызмет­тер (туризм), гуманитарлық ғылымдар (халықара­ лық қатынастар) мамандықтары бойынша білімі. 5. Әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас ма­ ман-заңгері (1-бірлік) Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажетті тәсілдерді жүргізуді ұйымдастырады, мем­ лекеттік сатып алу бойынша қажетті құжаттарды жинақтайды. Персоналды басқару мәселелерімен айналысады. Басқарманың мүддесіне сот орган­ дарында өкілдік етеді. Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және басқарма басшылығының тап­ сырмаларын орындалуын қадағалайды. Басқарма қабылдаған және жасақтаған актілерді, басқа да құжаттарды және келісімшарттарды заңнамаға сәйкестігіне тексереді. Басқармада электрондық құжат айналымға және іс жүргізуге жетекшілік етеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты ұйымдастырады. Үміткерге қойылатын талаптар: құқық ғы­лымдар (құқықтану, халықаралық құқық) маман­ дықтары бойынша білімі. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қа­ лыптастыру қағидалары негiзiнде жүргiзiледi. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ны­ сандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен осы қағидаларға 3қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауална­ ма; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық

куәландырылған көшiрмелерi (мемлекеттік қыз­­мет­шілер ұсынатын құжаттарды олар жұмыс іс­ тейтін мемлекеттік органның персоналды басқа­ру қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың но­та­ риалдық куәландырылған көшiрмесi (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды бас­ қару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республи­касы­ ның нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркел­ ген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті ор­ ганмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыс­та­ғы сертификат. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсi­ би шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттай­тын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек. Конкурс комиссиясының қарауына қабылдау мерзiмiнде қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы жіберілген құжаттар (құ­жат тігілетін мұқабада орналастырылған) қабыл­ данады. Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсе­ тілген электрондық пошта мекенжайына элект­ ронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктір­ мей береді. Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы ха­ бардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқарма­ сында өтеді. Осы лауазымдарға орналасқан тұлғалар үшін көтермелеу шығындары төленбейді, үй және же­ ңілдіктер берілмейді.


14

хат-хабар Сенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

БҚО кубогы мәреге жетті

Қазақстан тәуелсіздігі мерекесіне орай Оралда волейболдан ерлер командалары арасында БҚО кубогы ойындары мәреге жетті. Жарыстың бас төрешісі Манар­ бек Исқақовтың айтуынша, жар­ тылай финалда тартысты кезде­ суде Орал қаласы командасы бө­кейордалықтарды 2:1 есебімен ұтты. Екінші ойында Зеленов ау­даны волейболшылары тасқа­ла­

лықтарды 2:0 есебімен тізе бүктір­ ді. Финалда зеленовтықтар 2:0 есе­бімен оралдықтарды жеңіп, кубок иегері атанды. Тасқалалық­ тар үшінші орынды еншіледі. Жарыс қорытындысында об­ лыс­тық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйға­ рымымен Азамат Рахов – «Үздік байланыстырушы», Денис Кучеров – «Үздік тосқауыл қоюшы» (екеуі де Оралдан), бөкейордалық Са­ нат Саматов – «Үздік шабуылшы», Ақжайық ауданынан Данияр Ба­қышев – «Үздік қорғаушы», тас­

қалалық Жаслан Танбаев «Үздік ойыншы» атанды. Сонымен қатар БҚО волейбол федерациясы да үздік деп тапқан Сергей Цомаев (Зеленов), Фархад Таңатов (Бө­ кей ордасы), Марлен Қонатаров (Тасқала) және жас үміткер Ми­ рас Мұратәлиевке (Орал) өз сый­ лықтарын табыс етті. Жарыс жеңімпаз-жүлдегерлері облыстық басқарманың кубогы, грамота, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Арман БОЛАТҰЛЫ

Жарамсыз деп танылсын Турашев Арман Анатольевичтың атына 26.02.1997 жылы берілген Қаз­та­лов ауданы Бо­лашақ ауылы, Бейбіт­шілік көшесі, №14 үйдің жер ак­тісі ЗК №0076216 кадастрлық номері 08-119-001-159 және 09.03.2001 жылы беріл­ген техникалық паспорты тізілім №1336 жоға­луына байла­ нысты жарамсыз деп танылсын. Максут Макаремович Мурзакаевтың атына 2010 жылы 7 қыркүйек күні берілген БҚО, Теректі ауданы, Әйтиев ауылы №6/1 мекенжайы бо­ йынша жер актісін беру туралы Теректі ауданы, Ақсуат селолық окру­гінің №34 шешімі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Біздің газетіміздегі жарнамаңыз – сіздің табысыңыз. Тел: 51-51-09

Қазталов ауданы әкімінің аппараты, 090700, БҚО, Қазталов ауданы, Қазталов ауылы, Шарафутдинов көшесі, №1 үй, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі), анықтама телефондары: 8 (71144) 31168, электрондық мекенжайы: akimkaztalov@mail.ru, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: E-R-4 санаты үшін: жоғары кәсіптік білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санатта­ ғы нақты лауазымның функционал­ дық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. E-G-4 санаты үшін: жоғары немесе ор­ тадан кейінгі білім не орта техникалық не­ месе кәсіптік білім. E-R-4, E-G-4 санаттары үшін: Осы санаттағы нақты лауазымның маманда­ нуына сәйкес облыстардағы қатынас­тар­ды реттейтін Қазақстан Республи­ка­сының нормативтік-құқықтық актілерін, тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құ­ қықтық актілерді білу, «Қазақ­стан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. «Б» корпусы бойынша мемлекеттік әкім­ шілік лауазымдарының санаттарының үл­ гілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қа­зақстан Республикасы Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігі төрағасы бірінші орын­ басарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы №0201-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қа­зақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 қаңтардағы №5084 тіркелген). Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min

max

E-R-4

56375

76235

E-G-4

48047

64704

1. Қазталов ауданының білім беру бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты. Функционалдық міндеттері: Бала­лар құқығын қорғау комиссиясының жұ­ мысы, жасөспірімдер арасындағы құқық­ бұзушылықтың алдын алу жұмыстары, жетім балаларды қамқорлыққа, қорған­ шылыққа алуды ұйымдастыру, жетім жә­не ата-анасының қамқорлығынсыз қал­ ған балалардың статистикалық есебін жүргізу, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында қорған­шы және қамқоршы және қамқоршы ор­ ганның анықтамасын беру. Оқушылар­дың денсаулығын қорғау, үйден оқыты­ латын балалармен, кемтар, мүгедек бала­ лармен жұмыс, ППТК жұмысын қадаға­лау.

Балаларды патронаттық тәрбиеге беруді ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мен стандартының орында­ луын қадағалау. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi ту­ ралы» заңының орындалуына басшылық жасау. Азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын қарау, тіркеу. Конкурсқа қатысушыларға қойы­ла­тын талаптар: «Білім беру» немесе «Құ­қық» немесе «Қызмет көрсету» маман­ дықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

маманы, Е-G-4 санаты. Функционалдық міндеттері: Ауыл тұрғындарының әр түрлі сұраныстарына қарай анықтама береді. Шаруашылық кі­ табын жүргізеді. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі. Көші-қон, демо­ графия есебін жүргізу. Келген құжаттар­ды тіркеу және олардың уақтылы орын­да­луын қадағалау. Округ бойынша сайлау­ шылардың санын анықтау, есебін жүргі­зу, сайлауларды өткізуді ұйымдастыру. Жал­ пы ұқсас басқа да қызметтер ат­қа­рады.

2. Қазталов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты. Функционалдық міндеттері: Бөлім­ де атқарылатын халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарға басшы­ лық жасап, ұйымдастыру. Аймақтық бағ­ дарламалар бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдамамен жұмыссыздар­ ды жіберуді жүзеге асыру. Олардың ті­ зімдерінің арнайы журналдарға ретімен тіркелуін қадағалау. Жұмыссыздардың тір­ келу және есептен шығарылуы жөнінде­ гі есептің дұрыс жүргізілуін қадағалау. Жұмыссыздарға берілетін анықтамалар­ға қол қою. Тиісінше төлем тізімдерінің дұрыс жасалып әрбір ай сайын белгілен­ ген кестеге сәйкес бухгалтерияға тапсы­ рылуын қамтамасыз ету. Жұмыссыздар­ ды тұрақты жұмысқа орналастыру. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйым­ дастыру, халықты жұмыспен қамту мә­се­лесіне қатынасты барлық есептік мә­ ліметтерді жинақтап әрбір ай, тоқсан са­ йын және жылдың қорытындысы бойын­ша есепті сапалы деңгейде және уақы­ тында тапсыру. Қатынас қағаздармен жұ­мысты ұйымдастыру. Бөлім бойынша әлеуметтік бағдарламалардың орында­лу көрсеткіштері туралы мониторинг жүр­ гізу. №14 ауылдық аймақтарды дамыту мониторингін жасау. Ауданның «орта­ша» және «ұзақ» мерзімді «Аймақтық да­му» жоспарын салалар бойынша жинақ­талған болжамдық мәліметтер негізінде жүйелеп, жасақтау. Өтініш арыз-шағым­ дар бойынша тексеріс ұйымдастырып, уақытында жауап қайтарылуын қамта­масыз ету. «Еңбек нарығы» автоматтан­ дырылған ақпараттар жүйесімен жұмыс істеу. Бөлім бастығының қосымша тап­сырмалары бойынша сұратылған ақпа­ ратты уақытында, сапалы әзірлеп тапсыру. «Salarу» бағдарламасымен жұмыс істеу.

4. Бірік, Бостандық, Жалпақтал, Қа­йыңды, Қараөзен, Қошанкөл, Қарасу ауылдық округтер әкімі аппаратта­ры­ ның жетекші маманы-бухгалтер, Е-G-4 санаты. Функционалдық міндеттері: Негізгі қаржы, түрлі мүлік, құнды заттар және ақшалай қаражат түсімдерінің есебін жүргізу. Мемлекеттік бюджетке аудары­ латын төлемдерді уақтылы төлеу. Жа­лақылар қоры шығындарының жұмса­ луының дұрыстығын қадағалау. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртібін қатаң сақтау. Жергілікті қауымдастықтың жина­ лысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын әзірлейді. Әкім аппа­ раты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге жәрдемдеседі. Конкурсқа қатысушыларға қойы­ла­ тын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес мамандықтары, соның ішінде қаржы, есеп, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

3. Жаңажол, Қайыңды, Қараоба, Қа­ расу, Қошанкөл, Талдыапан ауылдық ок­ ругтер әкімі аппараттарының жетекші

5. Жалпақтал, Қайыңды ауылдық округтер әкімі аппараттарының жетек­ ші маманы-мал дәрігері, Е-G-4 санаты. Функционалдық міндеттері: Халық­ тың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу, ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздік­ті қамтамасыз ету жұмыстарын атқара­ды. Округтегі мал есебін анықтау, есебін тапсыруды жүзеге асырады. Конкурсқа қатысушыларға қойы­ латын талаптар: Ветеринарлық медицина немесе вете­ ринарлық санитария мамандықтары бо­ йынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құ­ жаттар: 1) өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы

өтiнiш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауал­ нама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нота­риал­дық куәландырылған көшiрмелерi /мем­ле­кеттік қызметшілер тапсыратын құжат­тар­ ды олар жұмыс істейтін мемлекеттік ор­ган­ дардың кадр қызметі куә­ландыра алады /; 4) еңбек қызметін растайтын құжат­тың нотариалдық куәландырылған кө­ шiрмесi /мемлекеттік қызметшілер тап­ сыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады /; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қа­ рашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтікқұқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азама­ты­ның жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкі­летті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жа­ рияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні­ нің ішінде, көрсетілген мекенжай бойын­ша сәйкесті мемлекеттік органға тапсы­ рылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қа­ рауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, пош­ тамен немесе электрондық мекенжайға жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папка­ да орналастырылған) құжаттары қабыл­ данады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсы­ну конкурс комиссиясының оларды қа­ раудан бас тартуы үшін негіз болып та­былады. Конкурсқа қатысу үшін құжат­тарды электрондық пошта арқылы берген азамат­ тар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей беріледі. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағ­дайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазталов ауданы әкімі аппаратында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

15

Зорлықшыдан құтқарды Орал қаласындағы 5517-әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальоны жауынгерлері күн сайын қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті сақтауда өз үлестерін қосып келеді. Олар полиция киімін киетіндіктен, қарапайым халық сарбаздарды полицейлер деп ойлап қалатыны жасырын емес. Жуырда әскери жасақ құра­ мындағы, қатардағы жауынгер­лер Нұрбек Нұрбаев, Тілеп Дінис­ ламов пен Елшібек Сатыбалды ке­ зекшілікке шықты. Түнгі сағат 22.45-тің шамасын­

да сарбаздар Циолковский көше­ сі бойындағы №9 орта мектеп жа­нынан өте бергенде, көмекке ша­қырған әйел даусын естиді. Сөйт­ се, ішімдік ішіп алған жігіт әйелді зорлағалы жатыр екен. Әскери

Дүние кеміп қалды, Теміржан... Өзіңмен та­нысқан, табысқан 90-жылдардан бастап бүгін­ге дейін сенің адамгершілік қасиетіңе бас июмен келе жатырған, саған тілектес до­сың, ағаң едім. «Жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» деген халықтың сөзі сенің би­ік парасатыңды айқындай түсетін еді. Сен ерекше сыйлы жан едің. Ата-анадан ерте қалып, бүгінгі дәрежеңе өзің жетіп едің. Сенің қызметің, жоғары білік­ тілігің туралы әріптестерің айтар. Мен сенің адамның асылы, жігіттің төресі, жақсының жақ­ сысы еке­нің­ді айтқым келеді. Бірге жүрген, қызметтес болған Ғаллам, Мақсот ағаларыңды қалай сыйласаң, мені де солай сыйлаушы едің. Кездескенде олар туралы көп айтушы едің. Өмірден ерте кеткен ағаларыңның соңынан өзің де асығыс аттандың. «Жақсы адамнан қол үзбе, шөлдегенде сусының» демекші, жақсы­лықтарымызда алдымен сені іздеуші едік. Қатқабат шаруаларыңа қарамай, қуа­нышымызға ортақтасушы едің.

жасақ сарбаздарының тез, батыл іс-әрекеттерінің арқасында әйел зорлаушы ұсталып, Орал қалалық ішкі істер басқармасына жеткізіл­ ді. Қырағылық көрсеткен әскери жасақ жауынгерлері бөлім коман­ дирі тарапынан арнайы марапат­қа ие болды.

Жаңақала ауданы Қырқопа ауылы­ ның тұрғыны болған бірімізге адал жар, бірімізге сүйікті әке Жақсылық Өтеқаев тірі болса, 5 желтоқсанда 70 жасқа толар еді. Адал жар, аяулы әке, асыл арман, Сағыныш сізге деген басылар ма? Көз жұмдың, дүниеден өттің ерте, Тағдырдың жазғанына шара бар ма?

«Батыс» өңірлік қобасшылығының баспасөз қызметі

Қазақтың қара сөзінің қасиетін ұғынған, жа­ ның нәзік, жүрегің жұмсақ, ақынжанды жігіт едің. Кейде осындай болмысымен қа­лай үкім шығарады деп таңданушы едім. Табиғатыңа сай ақындардың өлеңдерін жатқа оқушы едің.

Еске алушылар: зайыбы Батес, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары, ұлы Өмір, немере-жиендері

Орал қаласының тұрғыны болған қы­ зымыз Зухра Қадырбекқызы Дюсен­ баеваны қайғыра еске аламыз. Арамыз­да тірі жүрсе, 7 желтоқсанда толатын 23 жасын тойлар едік. Тағдыр оны бізге жаз­ бады. Сұм ажал арамыздан ерте әкетті. 3 жыл өтті гүліміздің солғанына, Көне бардық тағдырыңның салғанына. Армандаған арманыңа жете алмай, Кете бардың қара жердің қойнына.

Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады, Қыранның қырдан байқар баласындай. Жаман парқы жақсымен бірдей емес, Жақсы жігіт елінің ағасындай.

Сені ойлаумен айлар өтті, жылдар өтті, Сені ойлаумен ұйқысыз түндер өтті. Сағындық қой әп-әдемі жүзіңді, Сағындық қой мың бұралған билеріңді.

Жыраулардың жақсының бағасын арт­тыр­ ған осы жолдары дәл саған айтылғандай еді. Не істерсің, сұм ажал сені ерте қиды. Дүние бір жақсыға кеміп қалды. Жаның жәннатта болсын, Теміржан. Артыңда қал­ған Айгүлің мен қос ұлыңа Алла ұзақ ғұмыр бергей.

Жарқырап бұл дүниеге келіп едің, Жұлдыздай боп ағып кеттің о дүниеге. Жатқан жерің жарық болсын о дүниеде, Жалғыз інің аман болсын бұл дүниеде. 20 деген жасыңа жете алмадың, Ақ фатаңды басыңа кие алмадың. Қол ұстасып армандаған сүйіктіңмен Таулардың шыға алмадың шыңдарына.

Сені жоқтаушы ағаң Асқар Нұрмақов, Тасқала ауданы

Құлағыма қалдырдың ғой «мама» деген үніңді, Біліппін бе өтіп жатқан санаулы күндеріңді. Жасқа толы жүрегімнен арнау арнап, Еске алып отырмыз ғой бүгін, жаным, сені.

Кенеттен өмірден озған Теміржан Нұртазаұлы Нұғмановтың жеті күндік садақасы 9 желтоқсан сағат 12.00-де «Звезда» мейрамханасында беріледі. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аг­­рарлықтехникалық университетінің ректораты, про­фессороқытушылар құрамы облыстық білім бас­қармасының басшы­сы Айгүл Әділге­рейқызы Мың­баеваға жұбайы Теміржан Нұртазаұлы Нұғмановтың мезгілсіз өмірден озуына байланысты қайғы­сына ор­ тақтасып көңіл айтады. «КазИИТУ» ғылым-білім кешенінің әкімшілі­гі мен ұжымы облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаеваға жолдасы Теміржан Нұртазаұлы Нұғмановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны тол­ мас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Жәнібек ауданының әкімдігі Батыс Қа­зақ­стан облыстық білім басқарма­сы­ның басшысы Айгүл Әділгерейқызы Мыңбае­ваға жұбайы Теміржан Нұртазаұлы Нұғмановтың мезгілсіз қазасына байланысты қайғы­рып кө­ңіл айтады.

БҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының кеңесі білім бас­қармасының басшысы Айгүл Әділге­рей­ қызы Мыңбаеваға жолдасы Теміржан Нұртазаұлы Нұғмановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қай­ғы­сына ортақтасып көңіл айтады. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Бөкей ордасы колледжі» МКҚК ұжымы облыстық білім басқармасының басшы­сы Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаеваның жұбайы Теміржан Нұртазаұлы Нұғмановтың мезгілсіз қазасына байланысты қайғысына ор­ тақтасып көңіл айтады.

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің ұжымы және барша білім қызметкерлері облыс­тық білім бас­қарма­сының басшысы Айгүл Әділ­ге­рейқы­зы­ Мыңбаева­ ның жарының қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айта­ды. Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын.

Еске алушылар: әкесі Қадыр, анасы Әлия, жалғыз бауыры Оралбек БҚО МАЭ соты 19.09.2013 ж. «Анджей» ЖШС-ға екі жыл мерзім­ ге оңалту шарасын қолдану туралы шешім шығарды. БҚО, Орал қ., Қонаев ат. ш/а, 50-үй, 24-пәтер.

ЖК Оразов Н.Е, СТН 270910110501, куәліктің сериясы 07915 №0119660, 29.11.2007 ж. өз жұмысын тоқтатқандығын хабар­ лайды. “Жайық Пресс” ЖШС және “Орал өңірі” газеті редакциясының ұжымы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызына аяулы жары Теміржан Нұртазаұлы Нұғмановтың кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақта­сып көңіл айтады. Қазталов ауданы Ғ.Молдашев атындағы ЖОББ мектебі­нің ұжымы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаеваға аяулы жары Теміржан Нұртазаұлы Нұғмановтың кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақта­сып кө­ңіл айтады.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08,

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 15873, 4 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: г.әжігереева, л.шағатай


16

керуен сарай Сенбі, 7 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Күй анасына құрмет Қаладағы Дина Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебінің алдына күй анасының мүсіні орнатылды. Бейсенбі күні Жаңақала ауданы әкім­ дігінің қолдауымен орнатылған мүсіннің ашылу салтанаты өтті. Шараға аталмыш мектеп ұжымы, қа­ла­ мыздағы зиялы қауым өкілдері жиналды. Сондай-ақ Дина әжеміздің Әсемқоңыр де­ ген қызынан туған жиені Бағила Бишаева және «Дина» қоғамдық қорының жетек­шісі, күйшінің жиеншары Дәрібек Өтеге­ нов арнайы қатысты. Мүсінді Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов және Дина Нұрпейісо­ва атындағы №1 балалар саз мектебінің директоры Сергей Погодин жиылған жұрт­ шылық алдында салтанатты түрде ашты. Шара барысында Л.Хайретдинов, Қазақ­ стан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, Жаңақала ауданының құрметті азаматтары Әділғазы Нұрғалиев, Төлеген Мерғалиев көпшілікке арнап құттықтау сөз сөйледі. Шара аталмыш мектеп ұжымының мерекелік сазды бағдарламасына ұласты.

Үй төбесінде сақталған қылыш Серікбай Аманғалиев 1970 жылы отау құрып, Мұхит ауылымен іргелес Сәуле бөлімшесіне қоныс тебеді. Ауылдағы Әжібай қарттың ескі қыстауына көшіп келген отағасының назарын үй төбесіне қыстырылған қылыш бірден аударады.

Жеңіс ӨТЕУОВ, Дина Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебінің ұстазы, өнер магистрі Суретті түсірген Т.ТОҚМАМБЕТОВ

Жалған хабарлама, қарақшылық шабуыл һәм жемқорлық

Сейсенбі күні облыстық ішкі істер департаментінде баспасөз брифингі өтті. Онда Зеленов ауданының Калинин ауылындағы «орталық аудандық ауруханаға жарылғыш зат қойылды» деген жалған ақпарат, Орал қаласындағы такси көлігінің жүргізушісіне жасалған қарақшылық әрекет және облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің тарапынан жасалған жемқорлық фактісі туралы айтылды.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, «Орал өңірі» Аталмыш үш мәселе бойын­ ша облыстық ішкі істер департа­ ментіне қарасты экстремизммен Жергілікті «Қайсар» спорт клубының әкімшілігі жуырда ардагерлер арасында шахмат, дойбы, қол күресінен жарыс ұйымдастырды.

Жарысқа 42 ардагер қатысты. Апта бойына созылған сайыста шахматтан алғашқы үш орынды Ғилаж Қаналиев, Зинедден Бисе­ кенов және Ақсерік Орынбасаров иеленді. Дойбыдан тиісінше Ма­ хамбет Қожамұратов, Зинедден

күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция подпол­ ковнигі Серік Аманов, қылмыстық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Сергей Шевченко және өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция майоры Жасталап Сағадетов жур­ налистерге мәлімдеме жасады. Зеленовтағы ауруханаға жарыл­ғыш зат қойылды деген жал­ған ха­ барға байланысты ақпарат бұған де­ йін газетімізде жарияланды. Үстіміздегі жылдағы желтоқ­ сан айының 2-сіне қараған түнде 2-жұмысшы ауылы ауданында жо­лаушы болып такси көлігін тоқ­тат­қан екі адам пышақ қолданып, қарақшылық шабуыл жасау арқы­лы такси жүргізушісінің ұялы те­ лефонын және азғантай сомада­ ғы ақшасын тартып алған. Түскен хабарлама бойынша кезекші құ­рамның және жол-патрульдік по­лицияларының жедел әрекетке

көшуінің арқасында қылмыскер­ лер іздері суымастан қолға түс­ті. Олар бұған дейін де қарақшы­ лық шабуылдары үшін сотталған, жұмыссыз жүрген 32 жасар К. және 37 жасар Ж. есімді азаматтар болып шыққан. Қарашаның 30-ы күні жедел іздестіру шаралары кезінде сағат 15.30 шамасында Орал қаласының Қонаев шағынауданында табиғат қорғау полициясы бөлімінің бас­ шысы Г.Қағазғалиев Х. есімді азаматты қылмыстық жауапкер­ шіліктен босату мақсатында одан 150 мың теңге ақша алу кезінде ұсталған. Оқиғаны анықтау бары­ сында аталмыш қылмысқа ІІД-дегі тергеу басқармасы бастығының орынбасары З.Мұхтаровтың қа­ты­сы бар екені анықталған. Бү­гінде қос қызметкердің үсте­рінен пара алғандығы үшін қыл­мыстық іс қозғалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Ақсақалдар сайысқа түсті Бисекенов және Ғилаж Қаналиев үздік шықты. Борис Жиенғалиев пен Нұрлан Жұмағалиевке жеңіс­ ке деген жігері үшін жүлдесі тап­ сырылды. Қол күресінен сайысқа түскен 12 ардагер арасынан еңбек ар­ дагері, ұзақ жыл шопан болған Опағали Кенбаев жеңімпаз атан­ ды. 80 жастан асқан ағамыз Серік Ғабделов арнайы жүлдемен атап

өтілді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін «Қайсар» спорт клубының басшысы Бауыржан Ихсанов дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапаттады.

О.САРҒОЗЫҰЛЫ, Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Міне, сол сәттен бастап ағамыз аталмыш көне бұйым­ды көздің қарашығындай сақтап, күні бүгінге дейін ұстап отыр. - Басында теріден қын жа­ сап, төргі бөлмедегі кілемге іліп қойып жүрдік. Көрші-кө­ лемнің көзі түсіп, қызығушылық танытқандар көп болды. «Құда түсіп», маған сат дегендер де

кездесті. Тіпті бөліп-кесіп соғым союға арналған пышақ ретінде пайдаланайық деген «тапқыштар да» шықты. Алайда отбасымыз болып қылышты шаңырақтың қорғаушысы, қолдаушысы болсын деген ниетпен күтіп-ұстап сақтауға келістік. Ұзындығы - 98 см, өзі болаттан, сабы жезден және қорғасыннан құйылған, ілмегі бар қылыш 1820 жылы жасалған. Оған қылыштағы «ЗГАТ. 1820 г» деген жазу дәлел. Серікбай Аманғалиев тари­ хи жәдігерді музейге тапсырмақ ниетте.

Ертай БИМҰХАНОВ, Қаратөбе ауданы

«Назар аудар» - чемпион! Оралдық «Назар аудар» КВН командасы жоғары лигада жеңімпаз болып қайтты. Ағымдағы жылдың 29-30 қараша күндері Астана қаласында «Қа­зақстан КВН Одағы» республикалық жастар қауымдастығы бір­лес­тігінің ұйымдастыруымен «Жайдарман» чемпионаты жоғары лига­ сының финалдық ойындары өтті. Бұл сайысқа 5 топ, яғни «Демеуші­міз болашақ» (Астана), «Қазақстан ұлттық университетінің құрамасы» мен «Жаснар» (Алматы), «Қорқыт құрамасы» (Қызылорда), «Назар аудар» (Орал) командалары жолдама алды. Нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған «Назар аудар» команда­ сы «Ғажайыптар алаңы» тақырыбын арқау етіп, екі күн бойына жеті са­йыстан сүрінбей, 2013 жылдың жоғары лига чемпионы атағын же­ңіп алды. – Жалпы айтқанда, оңай болған жоқ. Әсіресе, осы сапарымызда қай команданы алсаңыз да, үш-төрт турдан артық дайындалып көрме­ген, ал біздер бес күннің ішінде жеті турға дайындалып, осындай нәтижеге қол жеткіздік, - дейді топтың капитаны Самат Қабдиев. Көптен бері республика шеңберінде өтетін «Жайдарманның» жо­ғары лигасында өнер көрсетіп жүрген «Назар аудар» коман­дасының жігіттері осылайша жарап тұр.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.