Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет
-1 С - 10 С 0
0
Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл №158 (19919)
www.zhaikpress.kz
Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
Құрметті батысқазақстандықтар! Жаңа 2014 жылмен шын жүректен құттықтаймын! 2013 жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің кезеңі болды деп айтуға болады, еліміздің тарихына алтын әріптермен жазуға тұрарлық жыл болып енді. Қазақстан экономикада еңселі биіктерді еңсеріп, әлемнің бәсекеге қабілетті ең серпінді дамыған 50 елінің қатарына қосылды. Осы табыстарымыздың бәрі – Елбасының салиқалы саясатының жемісі. Тарих қойнауына кетіп бара жатқан 2013 жыл тарту еткен барлық жақсылық атаулы жарасымды жалғасын тапсын. Жаңа жылды қашан да алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жағымды жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағытбағдарымыз бен мақсат-міндеттерімізді белгілейтін, Үміт, Сенім мерекесі ретінде күтеміз. Халқымызда «Ескi жыл есiркесiн, жаңа жыл жарылқасын» деген сөз бар. Өткен жылға өкпе жоқ, ал келер жылдан күтер үмiтiмiз де, тiлер тiлегiмiз де жетерлiк. Елiмiзде тыныштық пен ынтымақ салтанат құрып, Тәуелсiздiгiмiз мәңгi болғай! Жаңа жылдың атқан әр таңы сәтті болып, Сіздерге зор денсаулық пен бақыт сыйласын!
Игі тілекпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі
oral_oniri@inbox.ru
әлеумет
Шампанның орнына қымыз
7
спорт
Нұрлан Ноғаев
Биылғы чемпиондар құттықтайды! Шаңырақ көтергендер 2012 ж. 6 126 2013 ж. 6345
Көбейіп келеміз! Б
атыс Қазақстан облыс тық әділет департаментінің АХАТ және апостиль қою қызметін ұйым дастыру бөлімінің басшысы Гүлжамал Лұқпанның мәліметіне қарағанда, 2012 жылы облыста 6126 шаңырақ көтерілген. Ал биыл 6345 ақ неке қиылып, заңды тіркеуден өткен. Яғни «Жасқа жас қосылса – жұп, елге ел қосылса – құт» дегендей, бірібіріне ғашық қыз-жігіттердің үйленіп, үй болуы былтырғыға қарағанда, 3 пайызға артқан. Облыстық статистика депар таментіне қарасты демографиялық статистика бөлімінің қызметкерлері биылғы 10 айдың
есеп-қисабын түпкілікті шыға рып қойған екен. Аталмыш бө лімнің басшысы София Құсайы нованың дерегіне қарағанда, біздің облыс бойынша 2012 жыл дың алғашқы он айында 10 468 сәби жарық дүниеге көрінсе, биылғы жылдың 1 қарашасына дейін 10 723 балбөбек өмір есігін ашқан. Бұл – біздің өңірге қатысты туу көрсеткіші өткен жылға қарағанда, 2,4 пайызға жиіледі деген сөз. Тіл-көзіміз тасқа, шүкір, көбейіп келеміз. Тура күні ертең басталатын Жылқы жылы да жасымызға жас, басымызға бас қосыла бергей! Өз тілшіміз
13
Бала туу көрсеткіші 2012 ж. 10 ай
10 468 2013 ж. 10 ай
10 723
2
АҚПАРАТ Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ҚР құрметті құрылысшысы, «Уральскводстрой» АҚның президенті Геннадий Мутасовты қабылдап, Елбасының атынан өңіріне «Құрмет» орденін тақты.
Емен-жарқын жүздесу Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңа жыл қарсаңында облыстың бір топ соғыс, еңбек ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Еламан ӘЙПІШЕВ, «Орал өңірі»
«Құрмет» орденімен марапатталды Геннадий Львович осы салада 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп, облыстың су шаруашылығы құрылысын дамытуға елеулі үлес
қосты. Ол жиырма жылға жуық «Уральскводстрой» тресінде бас инженер, кейін осы кәсіпорынның басшысы болды.
Нұрлан Асқарұлы құрылыс са ласының ардагері, білікті басшыға алдағы уақытта да табыс биігінен көрінуіне тілектестік білдірді.
Орал сахнасында – Өткен аптаның соңында облыстық қазақ драма театрында Нұрлан Өнербаевтың шығармашылық кеші өтті.
Өнербаев
Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, «Орал өңірі»
С
ыр-сұхбат бағытында өт кен концертке халық көп жиналды. Шара барысын да әнші араға он жыл салып Ақ Жайыққа табан тіреп отырғанын, батысқазақстандықтармен сағына қауышқанына шексіз риза екенін жеткізді. Осы кешті өткізу үшін облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтан арнайы шақырту алғанына да қуа нышты екенін айтты. «М.Әуезов
атындағы драма театры жанын дағы актерлар студиясын бітіріп, осы театрда он жылдай еңбек еттім. Менің әншілік, орындаушылық өнер жолым 80-жылдардың ортасында басталды, - деп еске алды ол. – Көп кешікпей еліміз егемендікке қол жеткізді. Тәуел сіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындық өнер саласын да айналып өткен жоқ. Сол жылдары ауылдардағы мәдениет үйлерін бұзып, шатырларын арбамен тасып жатқанын көргенде жүрегім қан жылады. Мен де «Бұл қалай болады, өнерді, мәдениетті өз қо лымызбен қиратамыз ба?» деп уайымға батып едім. Құдайға мың мәрте тәубе, көп кешікпей заманымыз түзеліп, сән-салтанаты келіскен өнер ошақтары салына бастады. Мына театр – соның бір айғағы. Жалпы, осынау киелі де қасиетті мекен, қазақтың небір ақындары мен батырларын, жақсысы мен
Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ
– Сіздер бай өмір тәжірибесі бар, көрген-білгені мол қазына сыздар. Тәуелсіздік, тұрақтылық, тыныштық пен бейбіт күннің қа дірін бір кісідей білесіздер. Жаңа жылдың алдында өздеріңізбен сұхбаттасып отыруды ұйғардым, – деп сөзін бастаған өңір басшысы тарих қойнауына сіңіп бара жатқан жыл ішінде атқарылған істерге тоқталды. Ақсақалдар мен зиялылардың әрқайсысының пі кірін мұқият тыңдап, кеңесіп те отырды.
Жиналған қауым облыстың әр саласына еңбегі сіңген адамдар еді. Қазір де олардың бәрі егемен мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріне, мәдени тыныс-тірлігіне белсене араласып жүр. Өз кезегінде Нұрлан Асқарұлы олардың биік азаматтық ұстанымдары үшін ризашылығын білдірсе, үлкендер ақ баталарын беріп, Жаңа жылда жаңа табыстар тіледі.
Өз тілшіміз
Қадыр ҒАЙСИН, соғыс және еңбек ардагері:
жайсаңын берген өңірдің бүгінде әлеуметтік-экономикалық әле уеті зор облыстардың қатарына кіретінін ақпарат құралдары ар қылы естіп-біліп жүрміз. Соның арқасында ауыл-аймақтарда мә дени ошақтар ашылып, жаңарып жатқанын білеміз. Бұл облыс тізгінін ұстап отырған азаматтардың іскерлігімен, өнерге, ұлтқа деген жанашырлығымен байланысты екені сөзсіз», – деді Н.Өнер баев. Кеш барысында «Анашым», «Ауыл түні», «Сұлулық», «Қарағымай», «Жан досым», «Әдемі-ау», «Қа- малу», «Ай да, күн де» әндері, сондай-ақ көптеген халық әні орындалды. – Жаңа жыл қарсаңындағы түрлі мерекелік шаралардың өтіп жатуына байланысты жұмыс жоспарыңыздың, уақытыңыздың ты ғыздығына қарамай, солардың арасынан сыналап мүмкіншілік та
уып, облысымызға келіп, әдемі кеш сыйлағаныңыз үшін өз атымнан және батысқазақстандықтардың атынан ризашылық біл діремін. Жаңа «Енді бес жыл не он жылдан соң ба, бұйырған күні кездесерміз» дедіңіз. Осыған орай біз сізді әрқашан да кү тетінімізді айтқым келеді. Бабаларымыз «Айтылмаса сөз жетім, тыңдалмаса ән жетім» дейді ғой, бүгін сіздің сөзіңіз де, әні ңіз де өз тыңдарманын тапты. Ақ Жайық жұртшылығының өнерді қалайша сүйіп, қошеметтейтінін мына зал толы халыққа қа рап білуге болады. Кейбіреулер «Әншілер сахнаға шығады да ән салады, болды ғой» деп ойлайды, мұның жаңсақ пікір екенін сіз дәлелдеп тұрсыз. Айтылған сөз деріңіз әркімнің жүрегіне жеткені сөзсіз. Әлгінде марқұм Қай рат Жұмағалиев ағамыздың «Анашым» өлеңіне байланысты ол тек қана анаға емес, Жер-анаға, туған топыраққа, Отанға деген ма хаббат екені әдемі түрде бейнелеп айтып, бәрімізге ой сал дыңыз. Сіздің кеш барысындағы әңгімелеріңізде де, әніңізде де қоғамдағы құбылыстар толық қамтылды деп ойлаймын. Халқыңыздың, отбасыңыздың ортасында аман жүріңіз, әнге суса ған көңілдерді серпілте беріңіз, қашан да жолыңыз болсын! - де ді кеш соңында сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ
– Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев соғыс және еңбек ардагерлерімен арнайы кездесіп, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрдық. Облысымыздың өтіп бара жатқан 2013 жылында қол жеткізген табыстары жөнінде қысқа-нұсқа баяндады. Бүгінде қатары сиреп қалған біз сияқты Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы әңгімеледі. Бізді үнемі кейінгі толқынға үлгі ететінін айтты. Жас тардың елді, ауылды көркейтуге белсене араласуын, қаладан гөрі ауылға бүйректерін бұрулары қажет екенін де жасырмады. Облыс халқын Жаңа жылмен құттықтаймын! Баршаңызға зор ден саулық, отбасылық бақыт және ашық аспан, жасампаз еңбек тілеймін.
Жайсаң Ақбай, еңбек ардагері: – Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының ал дыңғы толқын ағаларымен бұл кездесуінен мен қанаттанып шықтым. Қат-қабат қызметінің арасында біздерге уақыт тауып, емен-жарқын әңгіме құрғаны өте бір жарасымды кездесу болды. Жаңа 2014 жыл да еліміз үшін жемісті жыл болсын!
ҚОҒАМ Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Ынтымақ – қоғам тірегі
3
Ақсақалдың ақ тілегі
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ, «Орал өңірі»
Желтоқсанның 28-і күні облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтіп, онда «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мегажобасын Батыс Қазақстан облысында өткізу туралы мәселе егжей-тегжейлі талқыланды. Отырыс жұмысын облыс әкімі, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрлан Ноғаев басқарды. Алқалы жиынға Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі Ералы Тоғжанов арнайы келіп қатысты.
Б
асқосуды облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы кіріспе сөзбен ашты. «2013 жылды аяқтағалы тұрмыз. Бұл жылда Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы тиімді, өте нәтижелі жұмыс атқарды. Үш отырыс болды, басқа да көптеген шараларды өткіздік. Елбасы берген тапсырмаларды орындау жалғасты және әлі де жалғаса береді. “Бейбітшілік пен келісім жол картасы” мега-жобасы барысында елімізді мекендеген барша ұлт пен ұлыс өздерінің достық қарымқатынасын, татулығы мен бірлігін таныта білді. Ассамблеяның XX сессиясында Елбасы осы мега-жобаны 2014 жылы да жалғастыру жөнінде тапсырма берген болатын. Енді акция аясында қандай ісшаралар өткіземіз, соны талқылау үшін осы жерге жиналып отырмыз. Біздің бүгінгі басқосуымызға ҚР Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов арнайы келіп отыр. Мен сізге өз ризашылығымды білдіремін, - деді өңір басшысы. Бұдан әрі сөз кезегін БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшы лық меңгерушісі Ғайса Қапақов алып, алда тұрған жоба-жоспарларды ортаға салды. - ”Бейбітшілік пен келісім жол картасы” мега-жобасы бойынша шаралар биылғы жылдың басында өткен болатын. Жобаның эстафетасын Ақтөбе облысынан қабылдап алдық. Сосын 200-ден аса адамның қатысуымен Атырау облысына барып, эстафетаны тапсырдық. Кездесулер кезінде жобаны өткізуге қатысты көптеген ұсыныс-пікірлер айтылған еді. Енді соларды сараптап, жаңа, тың шараларды жобаға қосқалы отырмыз. Атап айтқанда, жобаны екі кезең де өткізу көзделуде. Бірінші кезең бұл мекеме-ұйымдар, оқу орын-
Бисен ЖҰМАҒАЛИЕВ, соғыс және еңбек ардагері:
Суретті түсірген А.КУПРИЕНКО
дары, ауылдық округтер арасында эстафета алмасу. Екінші кезең аудандар мен Орал қаласы арасында өтеді. Жоба қорытындысы гала-концертпен аяқталады. Бұл шаралар Қазақстан халқы ассамблеясы күні, яғни 1 наурызда басталуы тиіс. Осы күні Орал қаласы эстафетаны Теректі ауданына тапсырады. Теректі Бөрліге, Бөрлі Шыңғырлауға жалғастырады және осылай барлық аудандарды айналып шыққан эстафета 30 сәуірде Орал қаласына қайта жетеді. Аталмыш мега-жоба өте маңызды бол ғандықтан, оны ұйымдастырып өткізуде жүрдім-бардымға жол бермейміз. Барлық іс-шаралар мұқият жоспарлануы керек. Жоба аясында дөңгелек үстел отырыс тары, еңбек ұжымдарында кез десулер, тәжірибе алмасу, шығар машылық байқаулары болады, деді Ғайса Қапақов. Алқалы жиынға арнайы келген Қазақстан халқы ассамблея сы төрағасының орынбасары, ҚР Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі Ералы Тоғжанов қоғамдағы келісімді сақтап, ны ғайтудың маңызына айрықша тоқталды. - Күні кеше ғана Оңтүстік Қазақстан облысында ассамблея ның жылды қорытындылаған үл кен кеңесі өтті. Соған қатысып, енді, міне, Жайық өңіріне ат басын тіреп отырмын. Ең алдымен Елбасымыздың айтқан сөзін сіздерге жеткізгім келеді. Мемлекет басшысы бізге мәңгілік ел болуымыз қажеттігін қадап айтты. Ассамблеяның XX сессиясында келелі ойлар айтылды, стратегиялық бағыт ретінде қоғамдық келісім белгіленді. Осы қоғамдағы келісімнің арқасында бір ғана Батыс Қазақстан об лысының өзінде 11 мың жаңа жұ мыс орны ашылып, 257 млрд. теңге инвестиция құйылды. Әрине, Астанада түрлі жиналыстар өтеді, биік мінберлерден сөйлейміз. Дегенмен Елбасының өзі елдегі
үлкен бастамалардың ауылға, жергілікті жерлерге жетуін алдымыз ға мәселе етіп қойды. Қоғамдық келісім – ол алдымен мемлекет құрайтын қазақ халқының өзара келісім, татулығы. Даланың, қа ланың қазағы деп бөлінбей, бауыры бүтін бір қазақ болып, рес публикада тұратын өзге ұлт пен ұлыс өкілдерін қазақтығы айнала сына біріктіруіміз керек, - деді Ералы Лұқпанұлы. Басқосу соңында Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президент әкім шілігінің бөлім меңгерушісі Ералы Тоғжанов облыс әкімі, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрлан Ноғаевқа “Қа зақстан халқы ассамблеясының қоғамдық “Бірлік” алтын медалін” салтанатты түрде табыс етті. “Ел-
басы атынан мұндай марапат өңір басшылары арасынан тек сізге беріліп отыр. Бұл Мемлекет басшысының жұмысыңызға берген жоғары бағасы деп білемін” деді Е.Тоғжанов. “Бірлік” алтын медалімен, сондай-ақ “Ламед” еврей этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ольга Дергачева және облыстық “Татар мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ришат Хайруллин марапатталды. Сонымен қатар облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ұзақ жылдар бойы ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен бір топ мемлекеттік қызметшілерге «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін тапсырды. Ассамблеяның кеңейтілген отырысы соңында хаттамалық шешім қабылданды.
Данильбек САРАТОВ, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы: - Бұл мега-жоба еліміздің барлық өңірінде өтіп, елімізде тұратын барша ұлт пен ұлыстың бауырмалдық қасиетін, татулығы мен бірлігін айғақтады. Осы жоба аясында біз ақтөбелік қонақтарды қабылдап, Атырау облысына өзіміз эста фетаны тапсырдық. Келешекте қазақ стандық отансүйгіштік ұғымын жас ұрпақтың санасына сіңіру парызымыз. Біз оны сөзбен емес, іспен дәлелдейміз. Вера ШОХИНА, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, «ДОС» қоғамдық қорының директоры: - Төзімділік пен қоғамдық келісім қазақстандық брендке айналғаны ешкімге де жұмбақ емес. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында Қазақ станды дүние жүзі танып, мойындады. Ел бірлігі, татулығы біздің стратегиялық бағытымызға айналып отыр. Осы келісім мен татулықты насихаттайтын «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мега-жобасын облысымызда өткізуге байланысты айтатын ұсынысым – ассамблеяның қолдауымен достықты насихаттайтын бейне роликтер байқауын ұйымдастырса дұрыс болар еді.
- Мына өтіп бара жатқан жыл елімізге де, соның ішінде біздің облысымызға да жаман болған жоқ. Статистикалық мә ліметтерге қарасақ, ауыл шар уашылығы, өндіріс салаларында өсім бар. Әлеуметтік, мәдениет салаларындағы оң өзгерістерді ел-жұрт, соның ішінде ауылдағы ағайын айқын сезінуде. Әсіресе, Сайқұдықта Жұбан мектебінің жаңа ғимаратқа көшуі елеулі оқиға екені сөзсіз. Енді ол білім ұясы ақын атына сай болды деп ойлаймын. Жалпы алғанда, биыл батысқазақстандықтар дың көңіл күйі көтеріңкі, облы сымыздың еңсесі биік болғаны сөзсіз. Мұны кешегі сапары ке зінде Елбасымыздың өзі атап өткен еді. Жаңа жыл - Жылқы жылы. Яғни біздің ұлтымыздың жылы деуге болады. Себебі қазақ – жылқы мінезді халық. Қобы ландыны Тайбурылсыз, Ақан серіні Құлагерсіз елестету қиын. Ал Луговой жылқы зауытының “перзенті”, XVII Олимпиадалық ойындардың чемпионы Абсент ныспылы жылқы қазақтың атын әлемге әйгілі қылды. Міне, «Жігіттің даңқын аты шығарады» деген осы. Келіп қалған Жыл қы жылы да еліміздің абыройдаңқын асқақтатсын, батысқа зақстандықтардың мәртебесін арттырсын деп тілек білдіре мін!
Жыл жетістігі Сәуірдің 24-інде Зеле нов ауданындағы «Grown Батыс» ЖШС Ре сейге вакуумдық қаптамаға салынып, салқындатылған сиыр етінің алғашқы партия сын жөнелтті. Серіктестік ірі ритейлерлік компаниямен 100 тонна өнім жеткізу жөнінде келісімшарт жасаған болатын.
4
мәртебе Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Жыл жетістіктері
Білім маршалы Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ, облыстық «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары, ҚР мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері: - Жамиғатқа жақсылығын арқалап, тағы бір Жаңа жыл (Григориан күнтізбесі бо йынша) табалдырығымыздан аттап келеді. Күні кеше 95 жылдығын атап өткен өлкеміздің ата газеті «Орал өңірінің» оқырмандарын алдан күткен қуаныштарымен, жақсылықтарымен құттық таймын! Ел тоқ, уайым жоқ, халқымыз аман, тыныш за ман қалпымыздан айырма сын, Жаппар ие!
Лиза АЮПОВА, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі (Тасқала ауданы): - Ширек ғасырға жуық уақыттан бері жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісімен айналысып келемін. Шәкірттерім ҰБТ-да, облыстық деңгейдегі түрлі сайыстарда жақсы нәтиже көрсетулеріне байланысты түрлі марапаттардан кенде емеспін. Осыдан екі жыл бұрын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамо тасын иеленсем, енді, міне, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ерен еңбегі үшін» медалін алдым. Ол жалғыз менің емес, мектеп ұжымының еңбегінің жанғаны деп білемін. Жаңа жыл жұртымызға жайлы, игілігі мол жыл болғай!
Тарих қойнауына енгелі тұрған Жылан жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, тарих кафедрасының меңгерушісі Тұяқбай Рысбеков үшін ерекше жыл болды. Ол әлемдегі жоғары оқу орындары оқытушылары арасында білім беру сала сындағы құрметті атақ – Білім маршалы атанды. Оннан астам монография мен 400-дей ғылыми еңбегі жа рияланған елімізге белгілі ға лымның ғылыми-педагогикалық жетістіктері көп. Тұяқбай Зейіт ұлы – ҚР еңбек сіңірген қайратке рі, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан, Ресей және Балтика академияларының мүшесі. Орал қаласының құрметті азаматы, об лыстық мәслихаттың депутаты. Жақында ол арнайы шақыр тумен Францияның жүрегі – Париж қаласына барып қайтты. Онда Т.Рысбековке ғылым сала сындағы айрықша жетістігі үшін салтанатты жағдайда Наполеон медалі табыс етілді. Бұл жоғары награданы халықаралық ұйым – ұлттық өнеркәсіпті қолдаушы Ассоциация (SEIN) тағайындаған және білім мен экономика сала сындағы ерекше еңбегі үшін бе ріледі. SEIN 1801 жылы Наполеон Бонапарттың жарлығы бойынша
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы ая сында Қаратөбе ауда нында бір пәтерлік 22 үй салынады. Өткен жылы 8 үйдің құрылысы басталған. Жаңа үйлердің есебінен Қаратөбенің кіреберісінде жаңа көше бой түзеді.
құрылған. Ассоциацияның жоға ры марапаты SPI алтын медалі 2005 жылы БҚМУ-ға берілген болатын. Ол кезде Т.Рысбеков осы оқу орнының ректоры еді. Биылғы жылы осы медальді Т.Рысбеков пен бірге SEIN президенті Оливье Муссонның қолынан еліміздің тағы екі өкілі алды. Олар - белгілі шарап өндіруші Артуш Карапетян және Астана қаласынан медицина ғылымдарының кандидаты Дина Тұрақбаева. Профессорға медальмен бірге “Білім маршалы” атағы бе рілгені жөнінде сертификат табыс етілді. Ғалымды Парижден оралғанда тағы бір марапат күтіп тұрды. Халықаралық Сократов комитетінің (Оксфорд,
Ұлыбритания) шешімімен ол Еуропалық Бизнес Ассамблея «Best Scientist» («Озат ғалым») халықаралық байқаудың жеңім пазы атанды. Оған қоса оның ғылыми еңбегі 2013 жылғы Сократов жинағының 78-бетіне жарияланды. Биыл Т.Рысбеков көп- теген халықаралық конференцияларда, соның ішінде Ганновер (Германия), Санкт-Петербор, Краснодар, Екатеринбург, Якутск, Астана және Орал қалаларында өткен жиындарда баяндама жасады. Жыл ішінде оның жетекшілігімен 3 магистр даярланып, 30-дан астам ғылыми-әдістемелік мақа лалар жарияланды.
атындағы БҚМУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогикалық ғылымдары академиясының академигі Абат Қыдыршаевқа Еуропалық ғылыми-өндірістік палатасының (Мәскеу қаласы) Еуропалық алтын медалі табыс етілді.
Ол сондай-ақ аталмыш пала таның сапа жөніндегі дипломы мен (Diplom di Merito) марапаттал ды. Бұл жоғары награда ғалымның ғылым жолындағы табыстары мен жоғары сапалы кәсіби пе
Маусым айында Сырым ауданының Жымпиты ауылында «Мерей» мейрам- ханасы ашылды. Жаңа ны- санның иесі «Тоқсоба» ЖШСның директоры Мырзағұл Ра- қымжанов «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 30 млн. теңге несие алған. Несиелік қаражаттың жартысына 17 бұзаулы сиыр сатып алып, мал өсірумен шұ- ғылдануға ден қойды.
Өз тілшіміз
Абаттың алтын медалі Махамбет Өтемісов
дагогикалық қызметі үшін берілген. Абат Сатыбайұлы БҚМУ-да (бұрынғы Орал педагогикалық институтында) аздаған үзілістер мен 1990 жылдан бері еңбек етіп келеді. Сонымен қатар жуырда Алматы қаласындағы Ұлттық ғылыми кітапхана жанындағы «Ғылым ордасы» баспасынан «Қазақстан ғалымдарының библиография сы» сериясының жалғасы ре тінде А.Қыдыршаевқа арнал ған көрсеткіш те жарық көрді. Библиографияға ғалымның өмірі, қоғамдық және педагогикалық қызметін сипаттайтын мәліметтер, оның еңбектері және ол туралы әдебиеттер енгізілген.
Елжан ЕРАЛЫ
Қазталов ауданының Жалпақтал ауылы ның көшелері асфальт талды. Ауылдағы мәдениет үйінің алаңы жаңартылып, субұрқақ орнатылды. Бұл жұмыс осы ауылда 1969 жылы туылған азамат тардың бастамасымен іске асырылды.
Орал да қойдың жүнін түтетін жаңа цех ашылды. Цехтың иесі Радий Галимул линнің айтуынша, оның жабдығы сағатына 30 келі жүн түтуге қабілетті.
игілік oral_oniri@inbox.ru
Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
5
Жаңа орталық
Жыл кәсіпкерлерге қызмет көрсЕТпек жетістіктері
Сенбіде Орал қаласындағы «Алгоритм» технопаркі» ЖШС ғимаратынан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту
1 қыр күйек – Білім күні Жәнібек ауданының Қамысты ауылында 300 орындық жаңа мектеп ашылды. Білім ұясы республикалық бюджеттен бөлінген 725 млн. теңгеге салынды.
қорының облыстағы филиалы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашты. Салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев, «Даму» қоры басқарма төрағасының орынбасары Ернар Нұрғалиев қатысты.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»
О
ралдағы қызмет көрсе ту орталығы – еліміз бойынша ашылған он бесінші мекеме. Олардың қызме тінің кәсіпкерлерге қажеттігі бай қалып отыр. Облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев кәсіпкерлерді, екінші деңгейлі банктердің өкілдерін, жиналған қауымды кәсіп керлерге қызмет көрсету орта лығының ашылуымен және келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. – Орталықтың ашылуымен кә сіпкерлер «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде қажетті кеңес алып, қаржылай қолдау алуға құжаттарын рәсімдей алады. Орал дағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылуы кәсіп керлікті сапалы дамытуды мемлекеттік деңгейде қолдаудың нақ-
Биыл облысымызда жалдамалы, несие лік тұрғын үйлерді және инженерлік инфрақұрылымдарды салуға республикалық бюджеттен 6061 млн. теңге қаражат бөлінді және барлық қаржыландыру көздері есебінен 215 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланды.
Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ, «Орал өңірі» Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қатысушыла рына арналған 25 мың шаршы метрлік (317 пәтер) екі көппәтерлі үйдің іске қосылуы қамтама-сыз етілді. Жергілікті атқарушы орган-
ты бір көрінісі. Күшті бизнес дегеніміз – бұл мықты мемлекет, деді Алмаз Бекетұлы құттықтау сөзінде. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры басқарма төрағасының орынбасары Ернар Нұрғалиев ор талықтың ашылуына құтты болсын айтып, қор тарапынан жүргізілген зерттеулер бұрыннан жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен жаңадан іс ашқысы келетін азаматтарда өзіндік ақпараттық білім-біліктерінің жетіспейтінді гін көрсетіп отырғанын атап көр сетті. «Кәсіпкерлерге бизнесті жүргізудің түрлі саласында, соның ішінде қаржылық есеп, маркетинг, заңдылық, IT-технологиялар бойынша сауатты кеңес беретіндер аз», - деді Ернар Бақытұлы. Елбасының өзі айтқандай, жұ мыс істеуге жарамды халықтың
60%-ы шағын және орта кәсіп керлік саласында еңбек еткенде, Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізеді. Сондықтан кәсіпкерлікті дамыту – мемлекеттік маңызы зор мәселе. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның облыстық филиалы директоры Әлия Сә лиеваның айтуынша, орталық базасында форумдар, семинарлар, экономиканың түрлі саласында бизнесті жүргізу мәселелерін тал қылауға арналған шаралар өтеді. Бизнестің негізін оқытатын курстармен қатар жастар кәсіпкерлі гін дамытуға, start-up жобаларын қанаттандыруға көңіл бөлінбек. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпкерлерге қызметтер кешені көрсетіле ді. Облыс аудандарында мұндай жүйе биыл ашылған кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығымен көрсетілуде. Бүгінде атал-
мыш орталық мыңнан аса тұр ғынға кеңес берген. Моноқалалар деңгейінде кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс істей бас таған. Аз уақыттың ішінде Ақсай қаласында кәсіпкерлерге 450 кеңес берілген. Мұндай орталықтар салмақты бизнес-жоспарлардың және озық жобалардың іске асырылуына көмектеседі. Салтанатты жиын соңында «Даму-көмек» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі кә сіпкерлер Шолпан Мұханбет әлиеваға, Қуаныш Хайрулиевке, Анар Хошимоваға «Родник», «Автотраст контракт», «Стекло-сервис» ЖШС-лары, яғни жұмысы жемісті кәсіпкерлер демеушілік көрсетіп, Жаңа жылға тігін машиналарын сыйға тартты. Cуретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ
Үй салудың қарқыны қатты дарда кезекте тұрғандарға арналған 14,2 мың шаршы метрлік (пәтерлердің ауданы - 13,5 мың шаршы метр) жалдамалы тұрғын үй құрылысы (3 үй 225 пәтер) аяқталды. Сонымен қатар 9,4 мың шаршы метрлік (пәтерлердің ауданы - 8,9 мың шаршы метр) жас отбасыларына арналған жалдамалы (2 үй 180 пәтер) тұрғын үй құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «Жұмыс пен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,8 мың шаршы метрлік қызметтік 25 пәтер болатын тұрғын үй (Жаңақала ау данында – 1, Зеленов – 8, Сырым – 1, Тасқала – 5 және Терек ті – 10) құрылысы аяқталып, іске қосылды. Тұрғындардың есебінен жеке және инвесторлар есебінен ком
мерциялық тұрғын үй (175,1 мың шаршы метрлік 1518 пәтер) са лынып, пайдалануға берілді. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жасұлан Шүйін шәлиевтің айтуынша, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде облысымызда 2013
жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 225,5 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайда лануға берілген. Республикалық бюджеттен бөлінген барлық трансферттер мен кредиттер жыл соңына дейін толық көлемде игерілетін болады.
Қарашаның 7-сінде Оралда «West KazInvest-2013» халық аралық бизнес форумы өтті. Оған Ресей, Беларусь елде рінің және көршілес облыстарынан іскер топ, мемлекет тік орган өкілдері, ғалымдар қатысты. Құны 170 млн. доллар тұратын инвестмемо рандумдарға қол қо йылды.
Желтоқсанның 12-сінде Зашаған кентінде құрылысы аяқталған №6 қалалық емха наның ашылу салтанаты өтті. Осы күні Оралдың Жаңа орда шағынауданында №46 жалпы орта білім беретін жаңа мектеп ашылды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Теректі ауданының Подстепный ауылында ауысымына 75 адамды қа былдайтын дәрігерлік амбу латория ашылды. Сонымен қатар Бөрлі ауданының Ақсай қаласында да ау дандық жаңа емха на пайдалануға берілді.
6
дәулет Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Қалбырлы өндірістің
көшбасшысы - «Кублей»
Батысқазақстандық «Кублей» ЖШС компаниясы биыл Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанып, ірі кәсіпорындар арасынан «Халық тұтынатын тауар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымын жеңіп алды.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»
К
әсіпорын бүгінде тек елімізге ғана емес, алысты-жақынды шетелдерге де өз өнімдерімен танылды. Еліміздегі қалбырлы өндіріс саласы ның көшбасшысы. Шағын цехта жұмысын бастағанда компания тәулігіне 5 мың дана «Бұқтырылған сиыр еті» қалбырын шығаратын. Өнімге тұтынушылар тарапынан сұраныстың күшеюі компанияға өндірістік қуатты арттыруға мүмкіндік берді. Шығарылатын өнім түрі де 10-ға жетті. 2008 жылы кәсіпорын өндіріс орнына жаң ғырту және техникалық қайта жарақтандыру жұмыстарын жүр гізді. Несиелік қаражатқа ет қалбырлайтын автоматты желілер, заманауи еуропалық құрал-жаб дықтар сатып алып орнатты. Мұ ның өзі қалбырлы өнімдердің сапасын көтеруге және өндірілетін өнім көлемін көбейтуге жол ашты. Осы кезде кәсіпорын ауысымына 120 000 дана қалбыр және
қалбырдағы өнімнің 46 түрін өн діруге қол жеткізді. – 2012 жылы кәсіпорын өндірістік қуатын ұлғайтып, шығары латын өнім түрін 100-дің үстіне жеткізді. Бұрын тек ет пен балықты өңдейтін болса, енді жаңа өндіріс көкөністі қалбырлауды бастадық. Сонымен қатар дәстүрлі ұлттық тағамдарды дайын күйінде қал бырлап шығаруды игердік. Қалбыр дағы қазы, шұжық өнімдері тұ тынушылардың көңілінен шықты. Биылғы жылдың тамыз айында өнімнің жаңа түрін «Жылқы етінен жасалған қуырдақ» атты ұлттық тағамды өндіруді бастадық. Азықтүлік нарығын зерттегеннен кейін үнемі уақыт жетпей қарбаласта өмір сүретін белсенді жастарға арнап қалбырдағы дайын түстік өнім түрлерін шығардық. Ондай өнімдеріміз «Қазақша ет», «Сиыр еті қосылған макарон» деп кете береді», - дейді «Кублей» ЖШСның өндіріс меңгерушісі Гүлнұр Дошмұқанова. "Кублейлік" қалбырдағы еттің өзге елдерден әкелінетін тектес өнімдерге қарағанда құрамында қосымша дәмдеуіштер, ГМО, консерванттар, хош иістендіргіш заттар атымен жоқ. «Кублейдің» 100%
Ет қалбыры (өндіріс тоннамен)
6866
5407
2011 ж.
табиғи өнімнен тұратын қалбырлы өнімдері осылайша елімізді, іргелес елдерді «жаулап» алды. Мал еті Канада, Бразилия, Польшадан әкелінеді. Өңделетін көкөніс Венгриядан Атлант мұхитының балықтары да негізгі өндірісшіден алынуда. - Компания жергілікті шикізатты пайдалану жағын жоспарлап отыр. Зашаған кенті аумағында мал сою цехы салынуда. Ол 2015 жылы іске қосылады және 150-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Онда теріні терең өңдеу және қалдықтарды өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Мал азықтық астық шығару көзделуде. Келешекте етті вакуумдық қаптамада мұздатып сату жоспарланған. Биыл компа ния балық зауыты өндірісіне инвестиция салды, жаңа зауыт құры лысы жүруде. 70 жаңа жұмыс орны ашылады және балық өнім дерінің түрі молаяды, - деді кәсіп
орынның бас технологы Гүлжази ра Кенжеғалиева. 1992 жылы кәсіпорын ашылған да ұжымда 13 адам жұмыс істесе, бүгінде 370 адам тұрақты жұмыс пен қамтылған. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 100 мың теңгенің үстінде. Кәсіпорынның мамандары да, жұмысшылары да Қаратөбеде қарапайым трактор шы болып, еңбек жолын қара жұмыстан бастаған компания бас шысының жұмысшыларға жұмыс жағдайын жасауды бірінші кезек ке қоятынын мақтанышпен айтады. Олар кәсіпкерлікті нөлден бастаған, өзі басшылық жасайтын ұжымының әр қызметкеріне жанашырлықпен қарайтын, адамгершілік деген асыл қасиетті байлықтан жоғары қоятын жай саң басшы Талғат Берекешовтың басшылығымен компанияның әлі де талай табыс биігінен көріне тініне сенеді.
Балық қалбыры (өндіріс тоннамен)
2446 2438
2012 ж.
2011 ж.
2012 ж.
Жұмақыз ЕРМЕКОВА, ет бөлімінің операторы: – 2000 жылы «Кублей» кәсіпор нына жұмысқа тұрдым. Содан бергі уақыт ішінде компаниямен бірге мен де білім-білігімді жетілдірдім. Дозатор деген аппараттың көмегімен қалбырға салынған өнімнің сал мағын өлшейміз. Жұмысым өзіме ұнайды. Жұмысшыларға асханада екі мезгіл тамақ компанияның есебінен 50% ақшасына беріледі. Жуынатын, душ бар. Жұмыс киімдері тегін. Алуан ЖАЛПАҚОВА, балық цехының операторы: - Адал еңбегімді бағалаған компания басшылығы мені қарапайым жұмысшыдан опера торлыққа үйретіп, өсірді. Жас отбасы болғандықтан, баспанасыз едік, жеке үй салып алдық. Бұған жалақының уақтылы беріліп, тұрақ ты болуы да көп көмегін тигізді. Компанияда жұмысшыларға барлық әлеуметтік жәрдем қарастырылған. Жыл соңында сыйақы да беріледі. Компанияның өркендеуі оның ұжы мына оң әсерін тигізетінін айтқым келеді. Гүлнұр ДОШМҰҚАНОВА, өндіріс меңгерушісі: - Бұрын кәсіп орында өндіріс меңгерушісі деген қызмет болған жоқ. Өндірістің қанат жаюымен осындай қызмет ашылды. Ауысымына 140-150 қалбыр шығарудамыз. Ұжым қыз меткерлеріне және ет бөлшектейтін жұмысшыларға күшейтілген мед тексерістердің шығынын компания көтереді. Азық-түлік өнімдерінің технологтары, ихтиологтар, стандарттау және сертификаттау мамандары, ветеринар маман Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дан келуде. Жас мамандардың біліктілігін көтеруге компания жіті мән береді. Гүлжазира КЕНЖЕҒАЛИЕВА, компанияның бас технологы: - Базар жағалап, сауда жасап жүрдім. 2002 жылы «Кублей» компа ниясына жұмысшы болып орна ластым, кейін учаске шебері, басшысы, технологтың көмекшісі қызметтерін атқардым. Компания ның есебінен Мәскеу тамақ өндірісі технологиясы университетінде жо ғары білім алдым. Өндіріске жаңа технологиялардың енуіне орай Финляндияда, Эстонияда білім-бі лігімді көтердім. Жұбайым Ержан Кенжеғалиев - қалбыр жасайтын цехта оператор. Жалақымыз жақсы болған соң, ұжымдағы біраз маман секілді біз де қорықпай 20 жылға ипотекалық несиеге үй алдық. Бұл да – компаниямыздың жұмысына деген толық сенімнің көрінісі.
ӘЛЕУМЕТ oral_oniri@inbox.ru
Жыл жетістіктері
Қарашаның 29-ында Орал қа ласының іргесіндегі Деркөл ауылында екі қатарлы жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Шыңғырлау ауданындағы Амангелді бекетіне көгілдір отын келді. Желтоқсанның 6-сында Теректі ауданының орталығында 10 үй қоныстойын тойлады.
Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
7
Ғасырдан ұзақ ғұмыр Орал қаласының тұрғыны Ақжібек Асанқызы Жантұрсынова табалдырық аттап, енгелі тұрған Жылқы жылында өзінің 104-ші жаңа жылын қарсы алмақ. Мереке қарсаңында ғасырдан аса өмір сүрген кейуанамен кездесіп қайтқан едік.
Ж
ібек әжені бала ке зімнен білетінмін. Бір ауылда көрші тұрдық. Әкем ол кісінің балаларымен досжолдас болса, өзім немере-жиендерімен бірге ойнап өстім. Сөйтіп, көршілерімізбен жақын туыстардай араласып кеткен едік. Өмір ағысымен ауылдан ұзап, басқа өңірде жүрсем де, әженің аман-сау екендігін естіп, қуанып жүретінмін. Сәті келіп, сәлем бере барғанда, ғасыр жасаған қария ның келіндерімен бірге шаруаға араласып жүргеніне әрі қуанып, әрі таңғалып қайтатынмын. Осы жолы келгенімде, 104-ке келіп қалған Жібек әженің жанары әлсіреп, көруі нашарлапты. Бұрынғы ширақ қимылы баяу лаған. Алайда ешнәрсені ұмыт пайтын берік жадысы әлі сол қалпында. Қолымды жібермей, ауыл-аймақтың, ағайын-туманың амандығын сұрап, бала-шағасына дейін атын атап түгендеп жатыр. Аналарының халін білу үшін Шалқар ауылынан арнайы келген
қызы Күләш пен Орал дағы ұлы Мұхтарды да беттерінен сүйіп, қуа нып қалды. Ғасырдан да ұзақ өмір сүріп отырған қарияны ұлы Асқар мен келіні Роза балаша мә пелеп бағып отыр. «Кү ні кешеге дейін шауып жүрген еді. Былтырдан бастап анамыздың ден саулығы сыр бере бастады. Жасы ұлғайған адам ғой, жиі жатып қалатын болды. Бірақ кө ңілі сергек, тамақ ішуі, есте сақтау қабілеті жақсы», – дейді өзі де алпысты алқымдап қал ған Роза жеңгей. Жібек апай өткен ға сырдың басында, дәлірек айтсақ, 1910 жылы Жымпиты (қазіргі Сырым) ауданының Сарой ауылдық кеңесіне қарасты Дөңгелек сор деген жерде дүние есігін ашқан. Мәлке руының жәдік бөлімінен
шыққан әкесі Асан бір басына жетерлік дәулеті бар орта шаруа болыпты. Бойжетіп келе жатқан кезінде кәмпескенің құрығына іліккен әкесі дүние-мүлкі тәркіленіп, өзі жер аударылады. Жібек
Айнара мен Таңат үздіктер қатарында «Қазақстан» ұлттық арнасының «Қазақстан дауысы» жобасына қатысушы 16 үміткер жексенбі күні тікелей эфирде өнер көрсетті.
Біздің Солтүстік Қазақстан облысымен шектесетін Ресейдің Омбы облысына қарасты Нагибино селосының көп ұлтты тұрғындары биылғы жаңажылдық дастарқанға дәстүрлі шампан ішімдігінің ор нына қымыз қоймақ. Осылайша аталмыш елді мекеннің халқы келер жылдың иесі Жылқыға ерекше ілтипат көрсетпек. Осындай ниетпен нагибиндіктер бірі дү кеннен сатып, енді бірі шипалы сусынды өзі өндіріп дегендей, әйтеуір күн ілгері қымыздан берік қор жасап алған көрінеді. Бұл мәліметті ғаламтор арқылы «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі таратты.
Айгүл АХМЕТОВА
Марапат иелеріне құрмет
Шампанның орнына
қымыз
қыз бауыларымен бірге өгей ше шесінің қолында қалып, кейін барлығы Коминтерн (қазіргі Абай ауылы) колхозына қоныс аударады. Көп ұзамай Жантұрсынұлы Аманғали деген жігітпен бас қо сып, дүниеге 5 ұл, 5 қыз әкеледі. Он баланы асырап-бағу үшін кү йеуі екеуі аянбай еңбек етті. Жас кезінен қайратты болған Жібек әженің істемеген жұмысы жоқ. Соғыс кезінде ат-арбамен аудан орталығынан бөшке-бөшке май тасыды, шөп те шапты, астық та жинады. Қапшық-қапшық құм та сып, Коминтерннің іргесіндегі Қызылтаң елді мекенімен арадағы бөгет салу құрылысына да белсене араласқан. Кейін отағасы екеуі өз алда рына ірі қара мал алып, зейнет демалысына шыққанша бақты. Аманғали ақсақал 1986 жылы 83 жасында өмірден өтті. Бүгінде екеуінен өрбіген 10 баладан 35 немере-жиен, 40 шақты шөбере тараған. Ал немене, шөпшекте рінің санын әже анық білмейді. «Әйтеуір, ұрпағым аман болсын. Еліміз тыныш болып, Жаңа жылда жақсылықтар көп болсын!» деген ақжарма тілегін білдірді ға сырдан да ұзақ жасаған ана бізбен қоштасарда.
Батыс Қазақстан облысы намы сын қорғап жатқан Айнара Айт қалиева мен Таңат Жексенбаев тағы да көрермендердің дауысын көбірек иеленіп, келесі айналымға қиналмай шықты. Бастапқыда-ақ ерекше даусымен төрт бірдей тәлімгерді таңғалдырып, Алмас Кішкенбаевты «ға шық қылып», содан бері сүрінбей келе жатқан Айнара бұл жолы «Құс жолы» әнін орындаса, ба
тысқазақстандықтар үміт артып отырған тағы бір талант Таңат Ұлықпан Жолдасовтың «Өмір» әнін көрермендер назарына ұсынды. Алдағы жексенбіде 12 үміткер бақ сынайтын болады. Биылғы 19 қаңтарда мәреге жететін «Қа зақстан дауысының» жеңімпазы 5 млн. теңге сыйлыққа қол жет кізбек.
Арман БОЛАТҰЛЫ
Жуырда ғана мемлекеттік медальдармен марапатталған Гүлфия Нұртаева мен Роза Есенғалиеваны Сырым ауданының әкімі Абат Шыны беков қабылдады. Мұғалім деген ұлы маман дықтың тізгінін ұстаған Гүлфия Сатымқызы «Ерен еңбегі үшін», ал дәрігерлік антына адал Роза Төлеуғалиқызы «Шапағат» ме дальдарының иегерлері атанды. Оларды таяуда аудан әкімі арнайы қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Қабылдау барысында аудандық мәслихат хатшысы Ә.Ға лымов, аудан әкімінің орынбасары Ә.Жоламанов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы С.Құса йынов және аудандық аурухана басшысы А.Дүйсенғалиев марапат иелерінің қуаныштарына ортақтасып, құттықтау лебіздерін білдірді.
8
тарих Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
oral_oniri@inbox.ru
(Соңы. Басы газеттің №116, 122 сандарында жарияланды)
Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ, тарих ғылымдарының кандидаты
алу бай адамның ғана үлесіне тиді» деп жазады (Марта Олкотт. Қазақтар. Стэнфорд, 1987. 3-27б. // Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1994.69-б.). Батыс Сібірге саяхат жасаған неміс сая хатшысы А.Брем мен О.Финиш «Ислам дінін ұстанатын болғасын, қырғыздардың бірнеше әйел алуына жол беріледі. Бірақ түріктер мен мормондардың тәжірибесінен көріп жүргеніміздей, тек бай адамдар ғана мұндайға бара алады, себебі қалыңдық үшін берілетін қалың малдың құны өте үлкен. Қырғыздардың (қазақтардың) көпшілігінің бір-бір әйелі бар, ауқаттыларының өздері екі-ақ әйел алғанмен қанағаттанады» деген түсінік береді (Путешествие в Западную Сибирь доктора О. Финиша и Брэма. М., 1882.).
«Мал – бәйбішенікі, бай – тоқалдыкі»
Көп әйел алушылықтың негізгі сыры неде?
Мақаланың тақырыбы ерсілеу көрінгенімен, бұрынғы бабалардан бүгінге жеткен тәмсіл. Демек, бұл жолғы әңгіме ғасырлар бойы тектік қорымыздың кемелде нуіне оң ықпал етіп, ұлттық элитаның дәуірлеуіне теңдессіз үлес қосқан һәм өткен ғасыр дың жиырмасыншы жылдары на дейін өмір сүрген полигамия лық (көпәйелалушылық) неке хақында. Бұл – біздің бабалар жүріп өткен тарихи жол. Тектілік тақырыбы сөз болған жерде мұны айналып өту мүмкін емес. Бүгінгі заман биігінен көп әйел алушылықты тек ескінің сарқыншағы деп ұғыну сыңаржақ көзқарас болар еді және оны қазіргі таным тұрғысынан зерделеу, көтерілген мәселенің барлық қырын ашуға мүмкіндік бермесі анық. Ислам үйленетін әйелдер санын төртеумен шектеген және олардың бәріне бірдей адал болу шарты қойылған. Ислам көп әйелге үйленуге тек орынды себепке байланысты, белгілі бір жағдайды түзеу мақсатында ғана жол берген. Ол соғыс кезінде ер адамдар майданда опат болған жағдайда, яғни әйелдердің көбі қамқоршысыз қалғанда, кейде әйелдің денсаулығына байланысты (созылмалы ауру, бедеулік) кедергілерде жеңіл жүріске тосқауыл қою мақсатында ер адамға тоқал алуға рұқсат етіледі, әрі тоқалы бәйбішесімен тең құқылы болып табылады (Махмуд Хамди Зақзұқ. Исламды қаралауға қарсы жауап//«Ақиқат», 2005. №4.-35-36б., Шоқым Г.Т. Қазақ тіл білімінің гендерлік тұғыры. А., 2007.-62-б.). Десе де, дәстүрлі қазақ қоғамында бәйбішенің өзге әйелден шоқтығы биік болған және шариғат рұқсат еткен полигамиялық некенің белгіленген өзіндік қатаң тәртібі болған. Еш себепсіз бірнеше әйел алу қатардағы жай еркек үшін оңайға тимеген. Бұл туралы Колгейт университетінің профессоры (АҚШ) М.Олкотт «қазақтардың көбі жалғыз әйел алды, екі және одан көп әйел алғандар сирек кездеседі, өйткені қазақ дәстүріне сәйкес әр әйелдің өз отауы болуға тиіс, сондықтан көп әйел
Сонымен көшпелі қазақ қо ғамында полигамиялық некеге негіз болған басты себептің бірі, бәйбіше мүлдем бала көтермесе не ұл тумаса, не аурушаң болса, не күйеуі өліп жесір қалса, т.б. еркек сондай қадамға барған. Мысалы, қазақтың біртуар пер зенті Мұстафаның әкесі Шоқай (Шоқмұхаммед) екі әйел алған жан. Алғашқы әйелінен бала болмаған. Кейінгісінен бес бала – екі қыз, үш ұл көрінген. Шоқмұхаммед ортаншы ұлы Мұстафаны елу бес жас шама сында сүйген. Мұстафа ағасы Сыздықтан он бес жас кіші. Әлем таныған текті тұлғаның атасы Торғай Сыр өңірінде өте беделді адам болған. Бұл өңірді Қоқан хандығы билеген кезде Торғай датқа дәрежесіне көтерілген. Мұн дай мысалдар Қазақ тарихында жеткілікті. Демек, қазақ үшін көп әйел алудың негізгі сыры тектің тамырын үзіп алмай, кейінге жалғау аңсарымен тікелей байланысты болса, екіншіден, қазақ жесірін қаңғытпаған ел. Әмеңгерлік салтымен ұрпақ жалғастығын сақтап отырған. Осыған дейін әмеңгерлік ғұрпының сәулелі жақтары да бар екеніне мүлде мән берілген жоқ. Күйеуі өліп, жесір қалған жас әйелге марқұмның жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құқылы саналатын. «Келін ерден кетсе де, елден кетпейді» деген сөз – осы әмеңгерліктің куәлігі. Әмеңгерлік ғұрпының ең бірінші көздейтіні – ұрпақ қамы, жетімді жат босағаға телміртпеу. Қазақтың әмеңгерлік салты қара жамылған шаңырақтың өмір талқысының құрбаны болып кетпеуін көздеуден туындағанын дәлелдейді. Әмеңгерлік салты жасы келген, үйлі-баранды, балалы-шағалы әйел жесір қалғанда қолданылмайды, тек жас, әлі де бала туа алатын әйелдерге жүреді (Қалиев С., Оразаев М., Смайылова М. Қазақ халқының салтдәстүрлері. А., 1994. 131-б.). Осы тұста ерекше назар ауда рарлық нәрсе әмеңгерлік (леви рат) ғұрпы біздің ұлт қаймағы саналатын талай тарланбоздың тағдырына да тікелей қатысты.
Деректерге жүгінсек, Құнанбай өзінен кейінгі інісі Құтпамбет (Құлмұханбет) қаза болған соң, оның атастырған қалыңдығы Ұл жанмен отасқан. Тарқатып айт сақ, інісі жастай бақилық болып, Ұлжан «қыздай жесір» қалыпты. Құнанбай Күңкеден кейінгі екін ші әйелі қылып, текті жердің қызы Ұлжанды тоқалдыққа келіндей алған. Осы некеден Абай дүниеге келген. Кейін Абайдың өзі де інісі Оспанның әйеліне әмеңгерлікпен үйлен ген. Көтеріліп отырған мәселені аша түсетін, бұрын көп назар аударылмаған тағы бір тарихи дерек. Қазақтың маңдайына біт кен марқасқа ұлдарының бірі Қаныш Сәтбаев – Имантайдың екінші әйелінен туған. Иман тай қырық жеті жасқа келген де екінші рет үйленіп, қазақ тарихындағы текті әулет – атақты Шорман ауылында жесір отырған жас әйел Әлиманы алыпты. Дүниеге Қаныш келгенде Имантай өз болысының биі болған екен. Ол сөзге шешен, қазақтың мақал-мәтелдеріне жетік, ән салып, домбыра тартатын жан болыпты. Академик Ә.Марғұлан Е.Бөкетовке жазған хатында: «Қаныштың сыпайылығы, көп білуі әкесінен ауысқан қасиет. Оның әкесі Имантай осы күнгі университетте оқытып жүрген профессорлардың көбін үйрете алар еді. Ол кісі өзінің байтақ білімімен Г.Потанинге де көп көмек көрсеткен» деп айтқан екен. Қаныштанушы Медеу Сәрсе кенің деректеріне жүгінсек, Қанекеңнің де екі әйелі болған. Демек, бірнеше әйел алу салты сол кездегі қыз-келіншектердің мүдде сін қорғаудан туындаған. Ұлттық мүдде әйел бойындағы қызғаныш сезімінен жоғары тұрған. Тоқал алу құбылысын тек нәпсіқұмарлықпен байланыстыру сияқты сыңаржақ көзқарас, мәселенің ішкі мәнін терең түсінуге мүмкіндік бермесі хақ. Мұның астарында құлаққа әбден сіңген «қазақ байыса, қатын алады» деген түсініктен шығатын мал-дәулетті шашу емес, көшпелі өмір қажетінен туындаған текті сақтау, ұрпақ қамы, ұлт мүддесі, ел болашағы сияқты ұлы мұрат жатқаны аңғарылады. Түсінген жан ға ұлт ұтылмаған жердегі нәрсенің бәрі ұлықтауға лайық.
«Қарт бойында қалаш бар» Мына нәрсе де ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Ғалымдардың пайымдауынша, тұқымның асыл болуының көзге көп байқала бермейтін тағы бір қыры – ері мен әйелінің жас алшақтығы. Тек тілік феноменінің тағы бір құпиясы: сақарып, егде жас қа жетіп, ақыл-парасаты то лысқан, бойынан күш-қайраты қайтпаған бабындағы еркек пен толықсыған жас тоқалдан көп жағдайда кемеңгер ұрпақ туатыны дәлелденген. Мұны дәйектейтін деректер аз емес. Бұған басқа халықтардың тарихында да мысалдар жеткілікті. Қытай халқының ұлы ойшылы Конфуций дүниеге келгенде әкесі 70-тің
Тектілік
(тарихи-этнографиялық
үстінде, шешесі 17 жаста болған көрінеді. Ата қазақта «қарт бойында қалаш бар» деген мәні терең сөз бар. Мамандардың пікірінше, өзінен гөрі жасырақ әйелмен төсек жаңғырту егде тартқан еркек бойына күш-қуат беріп, оны жасартады екен. Жаһанға танымал жарқын тұлғалардың ата-анасы ның арасындағы жас айырмашылы ғына кезінде кеңес ғалымдарының өзі ерекше назар аударған бола тын. Мәселен: Гендель (әкесі 63, шешесі 34) Бородин (59, 24) Гончаров И.А. (58, 27) Бальзак (53, 21) Лондон (53, 29) Франклин (51, 39) Салтыков-Щедрин (50, 25) Софья Ковалевская (49, 29) Герцен А.И. (45, 17) Чайковский П.И. (45, 27) Шоу (45, 28) І Петр (43, 19) Короленко (43, 20) Шопенгауэр (39, 19) Гете (39, 17) Эйнштейн (32, 21) Гоголь (32, 18) Лобачевский (31, 19) Лермонтов (27, 17) т.б. (Алексахин И., Ткаченко А. «Индекс отца» // Литературная газета. 29 ноября 1972г.) болып жалғаса береді. Өкінішке орай, қазақтан шыққан белгілі тұлғалардың әкешешесінің жас айырмасына байланысты нақ осындай мәліметтер отандық тарих ғылымында сирек кездеседі. Қазақтың және бір жазылмаған заңы – әйел күйеуден сегіз жас, еркек әйелден жиырма бес жас үлкен болса, қосылуға рұқсат етілмеген. Әрине, әмеңгерлік жолда мұндай некелік ережелер мен шектеулерге қарамайтын жайлар да болған. Сонымен, соңғы жылдары зерттеушілер көшпелі қазақ өмі рінің қажеттілігінен туындаған полигамиялық отбасылық – некелік қатынастың қоғамға әкелген пайдалы, тиімді жақтарын саралауда. Публицист Т.Әсемқұлов: «Соғыс негізінен еркектерді жояды, яғни халықтың жыныстық құрамы өзгереді. Көшпенді қоғамда бұл ауытқу полигамия, яғни көп некелік заңы арқылы қалпына келеді. Ұлы әмеңгерлік заңының арқасында қазақ халқы жойылмай аман қалды десек, артық айтқан дық болмас» (Әсемқұлов Т. Аштық және соғыс. Қазақ алъманағы. №2 (06), 2010. 227-б.), - деп жазды. Тек көп әйел алушылықтың не гізінде ғана қазақ халқы сандық мөлшерін өсіріп жаугершілік, жұт, оба, шешек, мерез, құрт, т.б. жұқпалы кеселдер мен әртүрлі індеттер арқылы ойсырай тын демографиялық шығынның орнын жауып отырды. Кеңес өкіметі орнағанға дейін не гізінен ұлт өсімі «балағынан бала саулатқан» тоқалдар есе бінен жүзеге асты. Өйткені ұшықиырына жету үшін құстың қанаты талатын даласы бар қазақ үшін ұлт
өсімі қай кезде де өзекті. Сөзімізге тұздық ретінде тағы бір мысал. Қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, байбақты Сырымның атасы Шолан батырдан Есенбай, Түркеш, Байторы, Дат есімді төрт бала туған. Ел ішінде осы төртеуінің өсіп-өнген әулетін жинақтап «Төрт Шолан» деп те атайды. Осы төрт шоланның Есенбайының Зеріп деген тоқалынан 9 ұл, Даттың Дүрдана деген тоқалынан 9 ұл, Түркештің Кенжеқыз де ген тоқалынан 8 ұл туған. «Төрт Шоланды байытқан үш тоқал» деген сөз осыған орай айтылған. Дерек ретінде Даттың балаларын атай кетуге болады. Даттың бәйбішесінен – Адамбай, Атанай, Жомарт туған. Ал тоқалы Дүрданадан – Сырым (Сыр лыбай), Дүйімбай, Жандыбай, Қалдыбай, Базарбай, Қорлыбай, Шегебай, Нұрлыбай, Барлыбай туған (Сейдімбек А. Көрсетілген еңбек. 633-б.). Қысқасы, көшпелі қазақ қоғамында ұлтымыздың демографиялық ахуалын бірнеше әйел алуға мүмкіндігі бар осындай текті тұқымдар шешті. Зерт теушілердің пікірінше, қай заманда да демографиялық жағдайды дімкәс ұрпақ пен кедей халықтың үлесінен көтеру, соған сәйкес ұлт тың сапасыз ұрпақпен толығуы елді тұйыққа апарып тіреуі мүмкін. Мәселен, Мұхаммед пайғамбар өзінің даналыққа толы бір хадисінде: «Өзің аштан өлейін деп отырып, көп балалы болу – күнә» деп қатаң ескерткен. Қалай десек те, дәстүрлі қазақ қоғамындағы текті тұқымдардың тамыр жаюында көп әйел алушылықтың (полигамия) рөлі өте зор және бұл құбылыс жеті атасынан құт үзілмеген бай, қуатты, дүмді әулеттердің тарихымен тікелей байланысты. Қазақтың ұлы хандарының көбі тоқалдан туғандығын кезінде классик жазушы М.Мағауин жеріне жеткере жазған еді. По лигамиялық некеден ұлттың ұтпаса, ұтылмағандығын сарала ған жазушының пайымын теріс түсінгендер оны сын садағына ілді. Ғалым Ш.Ш.Уәлихановтың жазуы бойынша ұлы бабасы Абылай ханның 12 әйелі болған. Осы арулардан әйгілі хан «сабы бір, қабы бөлек» 30 ұл, 40 қыз көрген. Бұл мәліметті 1781 жылы Уәли сұлтанның ІІ Екатерина патшайымға жазған хатындағы «Абылай ханның артында 30 ұл қалдық» деген сөзі бекіте түседі. А.Левшиннің деректері бойынша «Кіші жүз ханы Нұралының 16-17 әйелі, оның сыртында 15 көңілдесі (кәнизагы) болған. Некелі, некесіз әйелдері оған 32 ұл, 33 әлде 34 қыз туып берген» екен (Левшин А.Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. – Алматы, «Санат», 1996. 334-б.). Ақын Абайдың ата-бабалары да жеті атасынан бақ-дәулет үзіл мей ел билеген әділетті, бақуатты болған жандар. Рухани тұрғыдан мықты, ата-тегі жағынан текті
тарих oral_oniri@inbox.ru
Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
феномені пайым)
бесіктен Абай шыққан. Абайдың атасы Тобықты руының атақты биі Өскенбай Ырғызбайұлының бес әйелі болған екен. «Абай» энци клопедиясында: «Зереден кейінгі төрт тоқалынан Өскенбай тоғыз ұл көрген» деп жазылған. Ал өз әкесі аға сұлтан Құнанбайдың Күңке, Ұлжан, Айғыз, Нұрғаным атты төрт әйелі болған. Ақын Абайдың өзінің де бірнеше әйелі болғаны белгілі. Бай, саудагер Қорамса ұлдары ның ішіндегі Арқа ән өнерінің арғымағы, алаш баласы ардақ тұтқан Ақан серінің бірінші әйелі Бәтима, аз ғана уақыт отасқан жары Ұрқия сұлу, ғашық болған арулары Ақтоты мен Жамал есімдері исі қазаққа белгілі. Деректерге жүгінсек, Біржан Қожағұлұлы, т.б. сал-серілер хақында да осылай айтуға болады. Мысалдарды тәспідей тізе бергеннен мәселе нің мәні өзгермейді және келтірілген тарихи деректерге қарсы шығу – тарихи шындыққа қанжар сұғумен бірдей. Полигамиялық некеде болғаны үшін жоғарыда есімдері аталған майталман ұл дарын қазақтың сөккен кезі бар ма?! Демек, ұлт ұтылмаған жер дегі нәрсенің бәрі одан төмен тұрады.
Полигамия һәм моногамия: тәжірибе мен тағылым Дәстүрлі қазақ қоғамындағы көп әйел алушылықтың тағы бір сырын, нақ осы мәселені арнайы зерттеген Т.Бесбаев былай деп түсіндірсе: «...Әйел баласының, ер кек кіндікті азаматқа қарағанда, биологиялық заңдылыққа сай өзінің жұбайлық міндетіне ерте салқындап, шау тартатындығын жа сырмаған жөн. Сондықтан да еразамат төсек жаңғыртуға мәжбүр болады. Таңдай қағып, тамсанатындай жаңалық емес, егде тартса да қауқарлы, жыныс жүйесі тегеу рінді ер-азаматтың кіндігінен «Алпысбай», «Жетпісбай», «Сексенбай» есімді нәрестелер дүниеге келген», орыстың атақты ақыны Николай Гумилев: «Мен білетін бір ғана шындық, ол: нағыз еркек – полигамды (көп әйелді), ал нағыз әйел – моногамды болуға тиіс» - деп жазған. Ал батыстық ғалым Густав Ли Вонның: «Мұсылмандардың көп әйелмен некелесуі – заңды түрде бір әйелмен некелесіп, жасырын түрде көп әйелмен көңілдес болып жүре беретін еуропалықтардан әлдеқайда артық» (Жолдыбайұлы Қ. Ислам діні көп әйел алуға неліктен рұқсат еткен? 11 қараша, 2011 ж. http:// www.muftiyat.kz) деу себебіне де көз жіберген дұрыс. Алайда ХХ ғасыр қазақ қоға мындағы отбасылық-некелік қа тынасқа түбегейлі өзгеріс әкелді. Патша тақтан құлағаннан кейінгі кезеңде билікке ұмтылған саяси күштер аталған мәселеде әр қайсысы өзінше таңдау жасады. 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Бүкілқазақтық съез-
де алаш арыстары «екі әйел алуға бірінші әйелдің келісімімен рұқсат етіледі» деген қаулы қабылдаса, 20-ж. Кеңес Үкіметінің қалың мал алуды жою, көп әйел алушылыққа, әмеңгерлікке тыйым салу туралы Декреті шықты. Сөйтіп, дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық инсти туттың негізгі тетіктерін жоюды «біртіндеп және абайлап» жүргіз ген кеңестік билік – отарлаудың ең төте жолын болашақ некелік қатынастарды бұзудан бастады. Бұл ретте кеңестік моногамиялық некенің шеңберіне сыймай бұл қынған «асау» таланттардың (М.Әуезов, Т.Рысқұлов, М.Тыныш баев, Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев) от басылық тағдырын еске түсірген жөн. Жинақтап айтсақ, ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап өмірімізге енген моногамиялық неке уақыт өте көп әйел алушылық туралы түсініктерді көмескілендірумен шектелмей, осы жылдар ішінде еркек әйелдің ешкіммен бөлісе алмайтын «жеке меншігіне» айналып шыға келді. Сайып келгенде, шаңырақтағы басты тұлға ер-азаматтың беделі бірте-бірте шайқала бастады. Француз ағар тушысы Жан-Жак Руссо бұл жайтты былайша қорытқан: «Билік ке ұмтылған әйел күйеуінің әміршісіне айналады, ал құлға айналған отағасынан асқан күл кілі де мүсәпір ешкім жоқ». Отбасы билігінен айырылып қалған отағасының мүшкіл халін бірнеше әйелі мен солардан тараған ұрпағының тағдырын құдіретті уысынан шығармаған ата-бабамен әсте салыстыруға келмейді және аталған моногамиялық неке екі-үш нәрестемен шектелетін қалалық отбасылық өмірде талай нарқасқа еркектің бағын байлағаны ешкімге жасырын емес. Кейбір сарапшылардың пі кірінше, шариғатқа қайшы қағи далардың қоғамға енуі аса зор құрбандықтарға әкелуде. Бұған табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы нә тижесінде кәрі қыздар санының артып, қазақ қызының өмірлік серігін таба алмай жатқаны, жезөкшеліктің қалыпты жағдайға айналуы, тастанды бала санының толассыз өсуіне байланысты жетімдер үйінің көбеюі, қаракөз дердің басқа ұлт өкілдеріне тұр мысқа шығып, аралас некенің қо ғамға сыналай енуі, ұлт өсімінің тежелуі, т.б. сияқты қазіргі қоғамда өткір тұрған мәселелерді жатқы зуға болады. Оқырман мына нәрсені дұрыс түсінгені жөн. Автор қазіргі за манда да дәл осылай болуы тиіс деген ойдан аулақ. Ұлы сөзіміздің негізгі өзегі ол емес. Біздің басты мақсат – дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан полигамиялық некелік қаты настардың көмескі жатқан тұстарына сәуле жүгіртіп, ата дәстүріне ұлттық мүдде тұр ғысынан қарап, бабалар тари хын асқақтату. Тарихшы К.Нұр
пейісовше айтсақ, кез келген құбылысты бірыңғай мақтау не даттау ғылыми еңбекке жатпайды, нақтыласақ, қай нәрседе де медальдің күнгейі мен көлеңкесі болады. Кеңес дәуірінде қалың мал, көп әйел алушылық, әмең герлік институты біржақты түсін діріліп, отарлаушылар ұлттық құн дылықтардың жағымсыз жағын баса насихаттауға ерекше мән бер ген еді. Біздіңше, көтеретін жүгі өте ауыр әрі айқыш-ұйқыш пікір-та ласын туғызатын, күн өткен сайын шендестіре саралауды қажетсініп келе жатқан күрделі мәселенің екі жағын таразыға тең тартқанда басып тұратын жағы салмақтырақ. Бірақ қашып құтылуы қиын та рихи шындық сол, қазақ тари хына есімі алтын әріптермен қашалған алаштың небір айбоз ұлдары мен текті оғландары – полигамиялық некенің жемісі. Бұл тұжырым, әлдеқашан тарихи деректермен дәлелденген шын дық. Бір ғажабы, әуелден қазақ тың қанында, ділінде бар ескі салт қазіргі қоғамда оқтын-оқтын көтеріліп, су асты ағыстарындай білінбей, ақырын жылжуда. Олай дейтініміз, бүгінгі таңда саяси, бизнес, шығармашылық элитаның халыққа белгілі һәм беделді өкіл дерінің арасында қанда бар көне дәстүр қайта жаңғыруда және қазірде күйеуге екінші не үшінші әйел боп тигендерді өз еркінен тыс барды дегенге сену қиын.
Ұлттың тектік қоры қалай әлсіреді? Қазақ хандығын басқарудың ғасырлар бойы қалыптасқан дәс түрлі жүйесінде бұрыннан келе жатқан ру-тайпалық тәртіп берік сақталды. Жеті сатыдан қаланған Қазақ хандығы құрылымының әр буынының тізгінін ұстаған би лікшілердің тектілігі мен мемлекетшілдігі таңғаларлық құбылыс және ел билігін тектілеріне сеніп тапсырған бабалардың даналығы тәнті боларлық. Тектілері мен асылдарын тез және әділ анықтайтын, соған сәйкес лайықты тұлғалар билік баспалдағына тез көтерілетін хандық билік құрылымының шын мәнінде көшпенділер өркениетінің құдіреті екеніне шек келтіру қиын. Оның бер жағындағы бодау заманның өзінде патшаға қасқайып қарсы шыққан Қазақ даласындағы ұлт-азаттық көте рілістердің көсемдері Сырым, Кенесары, Қаратай, Арынғазы, Исатай, Махамбет, Есет, Қайыпхан, Жанқожа, т.б. елді соңынан ерткен дарабоздардың шыққан тегі жеті атасынан құт үзілмеген хансұлтан, би, батырлар әулетінен болып келуі – ойланарлық нәрсе. Басқаша айтқанда, мемлекетшіл тұлғалардың қай кезде де текті әулеттен шығатынын және тектіліктің елдік, мемлекеттік, ұлттық мүдделермен ұштасып, қабысып жататынын байқамау мүмкін емес. Олар тек қарақан
басының қамын күйттесе, қора сындағы малы да, қолындағы билігі де бір өзіне жетіп артылатұғын. Демек, қай кезде де тектілік пен билік бірін-бірі толықтырып тұратын ерекше мәнге ие. Күні бүгін жатжұртқа «қашып» жатқан ел ұстарларының қылы ғын көргенде «Кісілікті, ірілікті, елдікті бәрінен биік қойған кешегі игі-жақсылардың ұрпағы неге ұсақталып кетті? Қазіргі ел тізгі нін ұстаған ірілі-ұсақты шенеуніктер осы биіктен неге көрінбейді, биліктегі ақжағалы ұлықтарымыз дың бойындағы тектілік қасиеттер қаншалықты? Неліктен бұрынғы текті билердің орнын қазір жемқор, есер шенеуніктер басты?» деген сауал мазалайды. Белгілі журналист-публицист Н.Жүсіпше айтсақ, оның сырын мынадан іздеген жөн: «Құлдан құл туады. Тектілер кетіп, кектілер қалған заман. Кім көрінгеннің әкім бола беретіні содан» (Жүсіп Н. Біз кімнен кембіз?. (публицистикалық пайым). Алматы: Шартарап, 2001. 135-б.). Ақиқатын айтсақ, отаршылдық дәуір қазақ халқының генетикалық қорына орасан зор нұқсан келтірген еді. Бұл ойды белгілі тарихшы, академик М.Қозыбаевтың пікірі орнықтыра түседі: «Қазақ қауымы ғасырлар бойы езілген-жаншылған халық. Оның ең асылдары үзбей қырылып келді. Халықтың тұқым дық қоры әлсіреді. Асылдары кетіп, жасылдары (жасықтары – Ж.Ж.) қалып келді» (Қозыбаев М. Көрсетілген еңбек. 190-б.). Сөйтіп, текті болмысты терең тарихы бар халқымыздың ұлттық иммунитеті қатты әлсіреді. Соған қарамастан, қанда бар ұлы қасиет түбегейлі жойылып кетпей, қазақ халқының тағдыры сынға түскен сәтте Ә.Бө кейханов, А.Байтұрсынов, М.Дула тов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Қ.Сәт баев, Е.Бекмаханов, Ә.Марғұлан, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы т.б. тегі асыл тектілерді фәни дүниеге әкелді. ХХ ғасырдың табалдыры ғын қазақ – аталған алыптар шоғырын алға салып аттаған еді. Өкініштісі, патша тақтан құ лағаннан кейін отаршылдықтың тізгінін алмастырған Қазақ жеріндегі Кеңес өкіметінің алғашқы қимылдары – ғасырлар сынынан сүрінбей өткен киелі салтдәстүрімізді одан әрі құртуға бағытталып, текті сақтаудағы тегеурінді тетіктердің тас-талқанын шығарды. Тектілік діңгегі рулық тәртіпте жатқанын түсінген отаршыл империя алдымен осы құрылымға соққы беруге асықты. Коммунистік биліктің тектілікті тұқыртып, жермен-жексен еткені сондай бүр жарған бозбала өзінің туған әкесі мен атасынан сырт айналып, ру сұрау мен тектінің тұяғы екенін айтуды ұятқа санады. Отаршыл жүйе өзінің ұлттық құндылықтарын жатсынатын, тіпті оған жиіркене қарайтын тексіз ұрпақ тәрбиелеп шығарды. Пролетариат диктатурасын ту еткен, «бай менен молданы, қойдай қу қамшымен» деп ұрандап, жарлы-жақыбайды дәріптеген міскін қоғамда тектілік хақында қандай әңгіме болуы мүмкін?! Азаттықты аңсаған алаштың талай айқасқа ұлдары тәуелсіздік үшін күресте оққа байланып, қылышқа туралса, нәубет жылдары талай әулет түп-тұяғымен жоғалып кетті. Ашаршылық жылдары туған топырақтан үдере
9
көтеріліп, бейтаныс, бөтен елге босқан қалың қазақтың көшін негізінен текті атаның үмбеттері бастаған-тұғын. «37-нің зұлматы» қазақ оқығандарының ішіндегі ең жүйріктерінің жұлынын үзді. Сөйтіп санмен бірге сапа да кетті. «Бір қолына нан, бір қолына қан» ұстаған Кремль текті ұлттың тамырын түбірімен құрту саясатын жымын білдірмей жүргізіп, қазақ баласының қанын бұзу мен ұрпағын аздыруды алдына мақсат етіп, оны кезең-кезеңімен жалғастыра берді. Мәселен, орыстан әйел алған қазақ жігіттеріне жылы шырай көрсету арқылы аралас некеге саяси мән беріп, оларды нағыз интернационалистер деп дәріптеу үйреншікті дағдыға айналды. А.Сейдімбековтің дерегінше, КСРО кеңістігіндегі ең үлкен алапат һәм ХХ ғасырдың ең үлкен қылмысы – тоталитарлық өктемдікпен екі жүзден астам ұлттың мидай араластырылып жіберілуі еді (Тарақты А. Ауызша тарихнама. // Қазақ. А., 1994. 36-б.). Қарастырылып отырған кезеңде ата-дәстүр әдірәм қалып, тектілік жайына қалып, арақпен уланған ұрпақ өсім берді және бұған Қазақ жерінің атом полигондарының қоқысына айналғанын, тың және тыңайған жерлерді игеру деген сылтаумен жерімізге келімсек тердің қаптағанын, т.б. қосыңыз. Тобықтай түйін. Біздің бұл шағын мақаламыз дәстүрлі қазақ қоғамындағы тамырын тереңнен алатын тектілік феноменін тәп тіштеп һәм тарқатып жазуды көтермейді. Жоғарыда келтірілген деректер мен дәйектерден ата-бабаларымыздың өз ұрпа ғының текті де мықты болуын аңсағандығын ұға түскендейміз. Шынында да, ұлан-ғайыр даланы ұстап қалатын кейінгі толқын осал болмауға тиісті. Қай кезде де тектілік қазақ үшін аяулы, қастерлі ұғым және осы бір ұлы қасиеттің табиғатын терең танып-білу тынымсыз, ұзақ ізденістерді қажет етеді. Дәстүрлі ұлттық мәдениетті және оның дүниетанымдық әмбебаптығын зерттеуде, қазақ халқының дүниеге көзқарасын айшықтауда – тектілік феноменіне терең зерттеу жүргізу үлкен маңызға ие. Тектілік туралы толғаныс терең парасатпен, кемел байыптылықпен ортаға салатын мәселе.Тектілік тағылымын терең зерттеп, терең меңгеруіміз қажет. Түйіп айтсақ, жеті ата, құда түсу, қалың мал, әмеңгерлік, полигамия институтының астарында тектілік феномені жатыр. Тектілік – ғасыр лар бойы жинақталған халықтық тәжірибенің сұрыпталған тұжы рымы мен негізгі нәрі. Қорыта айтқанда, тектілік феномені – қазақтың теңдесі жоқ даналық мектебі. Тектілік қасиет – қазақтың қасиеті. Тектінің тұяғы – қазақтың тұяғы. Тектілік тарихы – қазақтың тарихы. Ақын Сабыр Адайды сәл өзгертіп айтылған, «Әр қазақ – менің асылым» деген ұлағатты сөз «Мәңгілік ел» болуға ұмтылған ұлтымыздың ұстанымы мен ұранына айналып, тектілік феномені тәуелсіздік тұсында кекілі мен тұлымшағы желбіреген жас өскіннің жаңа ұлттық тарихи санасын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік деңгейде үздіксіз насихатталуы керек.
10
ГҮЛДӘУРЕН Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Үздік
студенттік топ
«Орал студенттер Жансая МУСИНА, танымал айтыс ақыны, 2013 жылғы республикалық айтыста Абылай хан атындағы бас жүлде иегері
“Жаңа жылды” қазаққа жат дейді жұрт, Халық айтса, қалт айтпайды білемін. Бұл мейрамда ұсынарым сый қылып Ақ ниетті, кіршіксіз ақ тілегім. Халқым, саған туар талай мүмкіндік, Баба жолын жаңылмастан жалғасаң. Аяз қарттың сыйлықтары – бір күндік, Қыдыр атаң қолдап жүрсін әрқашан.
альянсы» жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесінде М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың жаратылыстану-география факультетінің 01408 тобы облыста биылғы жылдың «Үздік студенттік тобы» атанды.
Т
оптың кураторы – аға оқытушы Балдай Ходжанова. Байқау барысында осы топтың емтихан қорытындыла ры, яғни білім-білігі, аталмыш топта оқитын қыз-жігіттердің қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы, спортпен шұғылдануы сы қылды факторлар бірінші кезекте ескерілді. Әр топ фотолар мен
өздері түсірген шағын бейнебаян дарын ұсынды. Жалпы, география, химия, геология, экология
сынды бірнеше бағыт бойынша маман даярлайтын география факультетінің студенттері ұйымшылдығымен ерекшеленеді. Жоғарғы курстың студенттері 1-курс тың студенттерін қамқорлыққа алып, әр түрлі мерекелік шаралар, кездесулер ұйымдастырады, жыл бойы сол топқа жетекшілік етеді. Сабақ үлгерімі бойынша да бір-біріне жәрдемдесуден тар тынған емес.
Ақтоты НИЯЗБЕКОВА, БҚМУ-дың жаратылыстану-география факультетінің деканы: – Біздің облыс бойынша үздік студенттік топ деп танылған география мамандығының 4курс студенттері – өте жан-жақты жастар. Олар барлық бастамаларда әрқашан бірге, өте ұйымшыл. Бұл топтағы шәкірттеріміз шет елдің білім ордаларына барып та, өздерін жақсы жақтарынан көрсетіп, білім-біліктерін көтеріп, ғылыми ізденістерін өрістете түсуде. Топтың старостасы Ақназар Дүйсенбайды топтың «жаны» десе де болады. Ол жайдары мінезді, кең пейілді, адамды бірден баурап алатын шын мәнінде көшбасшылық қадір-қасиет, қарым-қабілет ке ие. Ақназар өзінің тобына қатысты болсын, өзге топтарға, жалпы факультетке қатысты бастамалардың бәріне де атсалысып, үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қазірден бастап олар болашақ педагог ретінде тек оқушыларды ғана емес, әріптестерін де бастап жүре алатындығына ешқандай күмәнім жоқ.
Азаттықты адал жүріп көрген ең, Еркін елге тамсанатын әлем бар. Тарих көшін жалғап сара жолменен, Басталады тағы жаңа календарь.
Ақназар ДҮЙСЕНБАЙ, топ старостасы: – Мен өз тобымды мақтан етемін. Біздің топтағы әр студент ортақ мүдде үшін жұмыс істеу ге жанып тұрады. Үздік студенттік топ ретінде танылуымыз білім мен жаңашылдыққа деген ұмтылысымыз және ұйым шылдығымыздың арқа сы деп білемін.
Қазақстан, туған далам, бар мәнім Жұдырықтай жүрегіме тым ыстық. Орындалсын ойдағы бар арманың. Ал қазақтың бар арманы – тыныштық! Бүгін даусың естіледі өктем боп, Артта қалды басқа түскен қатер, сын. Ескі жылға айтатын еш өкпең жоқ, Жаңа жыл тек жақсылығын әкелсін!
Дайындаған Динара ШАНКИШЕВА, «Орал өңірі»
Жас маманға қолдау бар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың он бір айы ішін де 526 жас маман облысы мыздың ауылдарына келді. Олардың 67 пайызын мұға лімдер құрайды. Қалғаны ден саулық сақтау (18%), мәдениет (6%), спорт (3%), әлеуметтік қамсыздандыру (2%) және ветеринария (4%) салалары қызмет керлерінің еншісінде. Ауыл-аймаққа келген осындай білікті мамандарды қолдау үшін ел қазынасынан бөлінген 812,7 млн. теңге сомасындағы трансферттер және несиелер мақсатты игерілуде.
Жыл жетістігі
Желтоқсанның 12-сі күні қазақтың қаһарман ақыны Жұбан Молдағалиевтің туған ауылы Сайқұдықта жаңа мектеп ашылды. Жұбан мек тебінде 115 оқушы бі лім алуда.
Жас мамандар Жалпақтал ауруханасы жас мамандармен толы ғуда. Олардың бірі сонау Өзбекстаннан келсе, «Дипломмен – ауылға» бағдар ламасы шеңберінде және екі жас маман аталмыш ауруха наға жұмысқа қабылданды.
Жалпақталда
Ө
збек елінен келген Ба һадүр Буабаев Қарақал пақстан жерінде дәрі герлер отбасында дүниеге келген. Орта мектепте білім алған жас жігіт ата-анасының жолын қуып, Таш кенттің медициналық академия сына 2001 жылы оқуға түсіп, 2008 жылы «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығын алып шығады. Жо ғары білімді Баһадүр Ташкенттің мамандандырылған кардиология орталығында емхана-орденатурасында білімін жалғастырып, кейін 2010 жылы Ташкент облыстық ауруханасында кардиолог болып қызмет етеді. – Менің Қазақстанға бараты нымды үйдегілер естігенде алғашында қарсы болды. Кейін келі
сімдерін берді. Себебі әкем - кардиолог, анам - терапевт дәрігер, Наргиза есімді жолдасым да кардиолог болғандықтан, жас маман дардың ауылдық жерлерде же тіспей жатқандығын естіп келісті. Алдыңа келген науқастардың өмірі алдымен Алланың, сонан соң
дәрігердің қолында емес пе? Сон дықтан да қолдан келгенше көмек көрсету – міндетім. Келген уақытта аудан әкімі Нұрлан Мағаз ұлы қабылдап, тұрғын үй беретінін айтып, уәде еткен. Үй беріп жатса, отбасымды көшіріп алып келемін. Аз ғана уақыт аралығын
да ұжыммен де, халықпен де тез тіл табысып кеттім, – дейді Баһадүр Жаңабайұлы. Біздің «Тәжірибе жинап алған соң, өзіңнің еліңе қайтатын шы ғарсың?» деген сауалымызға «Бар лығы жақсы болып жатса, неге қалмасқа? Бастысы, жұмыс істеу ге деген ниетіміз бар», – дейді Баһадүр. Жалпақталға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында қыз метке келген Айгүл Ахмурзина мен Александр Подопригора «Емдеу ісі» мамандығын тәмамдаған. Қазір Айгүл – тәжірибелі дәрігер Айнұр Хайруллинаның көмекшісі, ал Александр хирургия кабинетінде еңбек етеді. Айгүл өзінің еңбек жолын Зеленов ауданының
Дариян ауылында бастап, Жалпақ тал ауылына келін болып түсіпті. «Бұл мамандық менің арманым болатын. Медициналық ұжым мені жақсы қарсы алды. Ендігі міндетіміз – сенімді ақтау», - дейді Айгүл. Ал медаға қызметіндегі Александр: – Мен еңбек жолымды туған ауылымнан бастағанды жөн көр дім. «Дипломмен – ауылға» бағ дарламасы – менің әріптестеріме тәжірибе жинап, жоғары деңгейлі маман болудағы бірінші баспалдақ. Өмірлік ұстанымым – мамандығым бойынша білімімді тереңдетіп, бі ліктілігімді арттыра беру, – дейді.
Тұрарбек АҚМУРЗИН, Жалпақтал ауылы, Қазталов ауданы
ауыл-аймақ oral_oniri@inbox.ru
Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
11
Қос ауылдың қуанышы Жыл жетістіктері Жаңа жыл қарсаңында Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Құрсай және Көлтабан елді мекендеріне «көгілдір отын» жетіп, салтанатты түрде алау тұтату рәсімі болды.
Наурыздың 16-сында облысы мызға іссапармен келген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Зашаған кентінде гі жаңа шағынауданға барып, көппәтерлі тұрғын үй құрылысы барысымен танысып, құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапа сына жақсы баға берді. «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы шеңберінде Оралда 7 тұрғын үй салынуда. Оның ішінде үш 75 пәтерлік үй қала әкімдігінде үй кезе гінде тұрғандарға, төрт көппәтерлік үй жас отбасыларға ар налған.
Қ
ұрсайлықтарды аудан әкімі Мұрат Мұқаев құт тықтап, осы ауылдың тұрғыны Серікқали Жұбанышев пен бірге «көгілдір отын» алауын тұтатты. Қос елді мекенге ауылішілік құбыр тарту жұмысын «Символ» ЖШС (директоры Е.Елемесов) орындады. Серіктестік негізгі жүйе арқылы келіп тұрған «көгілдір отын ды» көше ретімен тұрғын үйлерге жүргізуді өз қаражаты есебінен атқарып шықты. Тұрғындардың жағдайымен таныс кәсіпкер кей бірімен малмен де есептесіп, түсі ністік танытып отыр.
Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі Роберт Биғалиевтің айтуынша, Құрсайдағы дәрігерлік пункт ке газ құбыры тартылды. Енді оны осындағы бастауыш мектепке
жеткізу жұмыстары қолға алын бақ.
Нұртай ТЕКЕБАЕВ, Жәнібек ауданы
Алпыстың асқарында Ғилым Базарбайұлы 1980 жылы Орал педагогикалық инсти тутын география-биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын мұғалімдіктен бастайды.
1986-1989 жылдары Шалқар және Аңқаты орта мектебінде директорлық қызметтен, 1993 жылы Ақжайық аудандық тұтыну кооперациясының басшысының орынбасары, 1995 жылы Еңбек ауылдық округінің әкімі лауазымына дейін көтеріледі. 1997-2013 жылдары Теректі ауданына қарасты Подстепный қазақ мектебі, Жайық, Магистральный орта мектепте рінде директорлық қызмет атқарады. Оның тәрбиелеген оқу шылары да бүгінде білімнің биігі нен көрініп, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Қазақ халқының «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
деген даналық сөзінің астарында үлкен мағына жатыр. Еңбек етуді қарын тойдыру деп емес, адам болып қалудың жолын іздеу деп түсінген Ғилым Жапақов аудандық, облыстық білім беру ұйымының алғысхаттарымен қоса, Тәуелсіздіктің 20 жылдық ме далімен наградталған еді. Әйтсе де, «30 жылдан астам жұмысымда, ең кемінде 5 шәкіртіме адами қа сиеттерді сіңіре алсам, өмірімнің текке өтпегені» деп ой түйгені өзінің таңдаған мамандығына
құрметпен қарайтынын бірден аңғартады. Иә, кейіпкеріміздің қызметін дегі жетістігінен бөлек, бір бақыты отбасында десек артық айтпаймыз. Отыз жылдан астам уақыт жары Гүлбаршынмен ел қатарлы ғұмыр кешіп келеді. - Жанұясын құрметтемеген адам Отанын да қастерлемейді, Отанды сүю жанұяға, жақынжуыққа деген сүйіспеншілік ар қылы өрістейді, - дейтін Ғилым Базарбайұлының екі ұл, екі ке
Еліміздегі индустрияланды ру картасы шеңберінде «Жайық-Ет» ЖШС компаниясы шұжық өндірісі жобасын мау сым айында іске қосты. Фабрика да шұжықтың 55 түрі шығарылуда. Компания өз өнімдерімен батыс өңірді және Астана қаласын қамтуда. Алдағы уақытта Ресейдің іргелес облыстарына шұжық өнімдерін экспортқа шығаруға қам жаса луда.
ліні, немерелерімен қоса бір шаңырақ аясында сүттей ұйып отырғандығы – көпке үлгі болар лық өнеге. Қашан көрсең де, ұлкеліндеріне «Өзіңді алдамайтын, сенімді әрі жайлы, жақсы демалу ға болатын орын керек десең, ол – сенің отбасың», - деп үнемі айтып отырады. Оның алтын асықтай қос ұлының бірі кәсіпкер болса, бірі мемлекеттік қызметте. - Үлкен немереме зерделі, парасатты болсын деп есімін Зерде қойдым. Екіншісіне елінің қорғаны, айбары болсын деген ниетпен Сау ран есімін лайық көрдім. Ал кенжесіне ешкімге есесін жібермейтін, биікке самғар қыз болсын деп есімін Лашын қойдым», - дейді. Сөзіне ісі сай, қызметінде беделді, отбасының бәйтерегіне ай налған Ғилым Базарбайұлы алпыс жастың асқарына да көтерілді. Әріптес ретінде алдағы уақытта да отбасының амандығы мен еңбегінің жемісін көруге нәсіп етсін деп тілейміз.
Меңсұлу ЕСҚАЛИЕВА, Подстепный қазақ мектебі, Теректі ауданы
Қараша айының 7-сін де Бөкей ордасы ауданындағы Жиек құм ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасы бойын ша су құбыры тарты лып, іске қосылды.
12
үздік Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
«Орал «Зенит» зауыты» АҚ бас директоры Вячеслав ВАЛИЕВ: - Осы жыл біздің кәсіпорын үшін күнделікті күйбең тіршілікке және жаңа жетістіктерге толы болды. Зауыт мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында әскери ведомстволар үшін өнімдер, соның ішінде жаңа жобаларды жасап шығарды. Кәсіпорын үшін жылдың соңы маңызды оқиға мен белгіленді – зауыт бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберіндегі «Парыз» республикалық
oral_oniri@inbox.ru
конкурсының «Үздік ұжымдық шарт» аталмыш бойынша лауреат атанды. Бұл марапат қол жеткізілгенмен тоқтамауға және жаңа, соның ішінде әлеуметтік саладағы биікітерге ұмтылуға қосымша ынталандыру болып табылады. Жаңа жыл алдында барлығына да бар жақ сылықты тілегім келеді. Жаңа жыл – бұл барлығы жақсы көретін, асыға күтетін таңғажайып мереке. Ол әрқашан да жақсылыққа, жағымды өзгерістерге деген сеніммен бірге келеді. Жаңа жыл бәріне де амандық беріп, армандар орындалсын. Барлық батысқазақстандықтарды келе жатқан Жаңа 2014 жылмен құттықтап, денсаулық, отбасылық бақыт, бейбітшілік, келісім, жақсылық пен сәттілік тілеймін!
спақ терді игеруге атсалыбірлестігі «Машзавод» кенішна ың ын жасау зауыттар
Биыл өңірімізде маши құрылды. амына «Орал ын бұл бірлестіктің құр «Машзавод» деп аталат га» прибор жасау оприбор» ҒЗИ», «Оме «Зенит» зауыты», «Гидр ы», 1 «Промвентирал механикалық зауыт зауыты» АҚ-лар мен «О индустриялық ниттехсервис», «Ақсай «Зе , м» ро аП рм зА «Ка ляция», паркі» ЖШС-лар кірді. қ, Теңіз, Қашаған, бірлестік Қарашығана Алдағы уақытта бұл игеріп жатқан Шынарлы кеніштерін Қаражамбас-Бұзашы, зм қы еттерді көрсе тауарларды өндіруге, компанияларға қажет ы. туге мүмкіндік алмақш
Жаңа тұжырымдама
Облысымыздың индустриалдыинновациялық дамуы бойынша екінші бесжылдыққа арналған тұжырымдама бекітілді. Осы тұжырымдама аясында өңі ріміздің дамуына серпін беретін негізгі бағыттар айқындалды. Олардың ішінде машина жасау, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіп кешені, туризм және көлік логистикасы бар.
Ең әйгілі өнімі – кеме-катерлер құрылысы Күні бүгінге дейін зауыт конвейерінен шыққан катер-кемелер:
Жоғары жылдамдықты FC19 жобалы «Қалқан» катері
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тапсырысы мен жасалынған бұл катер өте ұшқыр жыл дамдығымен және шалт қимылымен, тайыз суда, тіпті өзендерде жүре бере алатын бесаспаптығымен ерекшеленеді. Еліміздің теңіз шекарасын бұзушыларға қарсы таптырмас құралға айналған «Қалқан» катерінің 3 данасы (2009 жылдан бері) жасалынған.
100М жобалы «Сұңқар» катері
1995 жылдан бастап жобаланған «Сұңқар» катері өзен-көлдерде, теңіз жағалау ларында патрульдік қызмет атқаруға арналған. Бүгінде сериялық өндіріске қойыл ған.
«Зенит» зауытының жетістіктері «Оралдық «Зенит» зауыты» акционерлік қоғамы 1941 жылы Ленинградтан көшірілген «Двигатель» зауытының негізінде қалыптасты. Соғыс жылдарында зауыт конвейерінен арнайы әскери-теңіз қаружарақтары шығарылған. ҰОС жылдарындағы жеңіске қосқан үлесі үшін зауыт ұжымы І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Бүгінде зауыт құрамына мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейтіп, қорғаныс тапсырыстарын орындайтын өнеркәсіп кешені кіреді. 1993 жылы акционерлік қоғам болып қайта құрылған зауыт 2003 жылы «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ құрамына енді. Бүгінгі таңда кәсіпорын арнайы техникалар, катерлер мен кемелер, мұнай-газ саласының жабдықтары және басқа аза маттық өнімдер шығаруға маманданған. Дайын өнімді халықаралық нарыққа шығару және тиімді әріптестікті дамыту үшін зауыт халықаралық, аймақтық және арнайы көрмелерге тұрақты қатысады.
2 рангалы «Барыс» кемесі
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тапсырысымын жасалынған. Мемлекеттік теңіз шекарасын күзетуге, заңсыз балық аулау, контрабанда, қарақшылық т.б. қылмыстарға қарсы патрульдік қызмет атқаруға арналған. Өзге кеме-катерлермен, авиациямен бірлесе әрекет етіп, браконьерлерді тұтқындай алады. 2006 жылдан күні бүгінге дейін 4 данасы жасалынған.
Зымыран-артиллериялық қондырғылы «Орал» кемесі
Кеме Қазақстан Республикасының Әс кери-теңіз күштерінің құрамында Каспий теңізінде әскери ұрыс қимылдарын орындау үшін жасалынған. Заманауи әс кери-техникалық қондырғылармен толық жарақтанған «Орал» кемесінің 2 данасы құрастырылып, бүгінде өз міндетін ой дағыдай атқаруда.
0200М жобалы «Бүркіт» катері
Катер алюминий құймасынан жасалған, теңіз жағалауларындағы мемлекеттік шекараны күзетуге, рейд жұмыстарына қатысуға бейімделген. Экипажы 13 адам. 1998 жылдан сериялық өндірісте.
Дайындаған Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Спорт Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Үздіктер
Биылғы чемпиондар
марапатталды
2013 жыл өңіріміздің спорт саласы үшін де жетістіктерге толы жемісті жыл болды. Батысқазақстандық спортшылар әлем, Азия, ҚР чемпионаттарында, халықаралық турнирлерде және басқа да дүбірлі додаларда түрлі жүлделерді иеленіп, еліміздің абыройдаңқын асқақтатуға сүбелі үлестерін қосты. Соған орай Жаңа жыл мерекесі қарсаңында үздік деп танылған спортшылар мен жаттықтырушыларға құрмет көрсетілді.
Сәкен МҰРАТҰЛЫ, "Орал өңірі" Жексенбі күні облыстық қазақ драма театрында өткен бұл шара «Спортшылар балы - 2013» деп аталды. Кеш ағымдағы жыл ішінде қол жеткен жетістіктер баяндалған бейнефильммен бас талды. Осы бейнекөрініс арқылы Ермахан Ибраимов, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Ольга Рыпакова, Асхат Житкеев, Максим Раков, Арман Шілманов сынды олимпиада мен әлем біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Геннадий Головкин, Данияр Елеусінов сияқты гүрзі жұдырықты боксшылар, Ұлан Рысқұл, Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров секілді «Қазақ стан барысы» атанған балуан жігіттер батысқазақстандықтарды Жа ңа жыл мерекесімен құттықтады.
13
құттықтайды!
Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы, ҚР-ға еңбек сіңірген спорт шебері, еліміздің ұлттық құрама командасының капитаны Данияр ЕЛЕУСІНОВ: – Биылғы жыл Қазақстан спорты үшін тамаша жеңістерге толы болды. Әсіресе, бокс құрамасының Алматы шаршы алаңындағы рекордты көрсеткішіне барлығыңыз куә болдыңыз дар. Құрамадағы бірқатар бауырларыммен бірге мен де әлем чемпионы атанып, еліміздің көк байрағын биікте желбіреттік, Әнұранымыз шырқалды. Осы еңбегім ескерілген шығар, маған, яғни сіздердің жерлестеріңізге Ақорда алдында орнатылған еліміздің бас шыр шасының шамын жағу бақыты бұйырды. Барша батысқазақстан дық жерлестерімді есік қаққалы тұрған 2014 – Жылқы жылымен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда жаңа жеңістерге жетейік!
- Бүгінгі кештің маңызы зор. Себебі спортшыларымыз өздерінің күш-жігерлерінің арқасында елі міздің көк байрағын желбіретіп, Қазақстанның атын шығаруға өз үлестерін қосып жүр. Биылдың өзінде біздің жерлестеріміз 369 медаль иеленді. Мұның бәрі атап өтуге тұрарлық. Алдағы жылы да жетістіктеріміз көп болады деп сенеміз. Сол себепті біз жерлестерімізді, соның ішінде ауылдағы ағайынды дене шынықтыру мен спортқа тарту, спорт ғимаратта рын қажет инфрақұрылыммен қамту бағытында жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Мұның бәрі Елбасымыздың Жолдауына сай жүзеге асырылуда. Көп ке шікпей Сочиде басталатын қысқы олимпиадада біздің алты жерлесіміз ел намысын қорғайты нына қуаныштымыз. Бүгінгі сәтті пайдаланып, осы жерде отыр ған спорт ардагерлеріне де өз ризашылығымды білдіргім келеді. Өңіріміздегі спорттың дамуына, салауатты өмір салтының насихатталуына, жастарымыздың жетістіктерге жетулеріне олар да себепші болуда. Облысымыздағы барлық спортшыны, спорт сүйер қауымды облыс әкімінің атынан келе жатқан Жаңа жыл мереке сімен құттықтаймын. Жаңа жыл жаңа табыстар жылы болсын, - деді бұл шараға арнайы қатысқан об-
лыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен. Содан соң 2013 жылы үздік деп танылған спортшылар мен жаттықтырушылар, спорт ардагерлері мен бұл саланың дамуына өз үлестерін қосып жүрген жандар марапатталды. «Жыл спортшысы» аталымы бойынша әйелдер күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Екатерина Ларионова, «Жыл жаттықты рушысы» аталымымен су спорты түрлері бойынша БЖСМ-ның қызметкері Нұрлан Мерғалиев, «Үз дік спорт ардагері» аталымы бойынша Қазболат Құрмашев, Мәншүк Баданова облыс әкімінің алғысхаттарын алды. Ал облыс тық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломына ие болғандардың ішінде балуандар Азамат Мұқанов, Темірлан Көлбай, боксшы қыз Назым Ищанова, ат спортынан Жанәділ Ғазезов бар. Орал қаласындағы №1 және Бөрлі аудандық БЖСМ-лар үздік балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі деп танылса, "Ақжайықтың" 1996 жылы туылған жасөсіпірім дердің футбол құрамасы «Үздік команда» аталымына ие болды. Мүгедектер спортын дамытуға үлес қосқаны үшін «Арба» қоғам дық бірлестігіне де құрмет көрсе тілді. Сондай-ақ Матьяс Хамитов пен Николай Антонов сынды ардагер спортшылар «Қазақстан футболына 100 жыл» медалімен марапатталды. Кеш соңы жаңажылдық мере кеге ұласты.
Еркін күрестен биыл Венгрияда ересектер арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, «2013 жылдың үздік спортшысы» аталымының иегері Екатерина ЛАРИОНОВА: - Күрес әліппесін Оралда жаттық тырушы болып еңбек ететін әкемнің қоластында бастадым. Міне, содан бері 13 жыл өтіпті. Осы жылдар ішінде Қазақстан чемпионатын бірнеше рет ұттым, жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы атандым. Әрине, күні бүгінге дейінгі ең үлкен жетісті гім – күні кеше Венгрияда аяқталған ересектер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізгенім. Алдағы мақсатым – олимпиада ойындарында алтыннан алқа тағыну. Алдағы 2014 жылы мені көптеген жарыстар күтіп тұр. Баршаңыз ға Жаңа жыл жақсылық, мықты денсаулық сыйласын!
Бокстан ҚР спорт шебері, халықаралық жарыстардың екі дүркін жеңімпазы, 52 келі салмақ дәрежесі бойынша жастар арасы нан Қазақстан Республикасының биылғы чемпионы Сағындық МОЛДАШЕВ: - Бокс кең қанат жайған біздің елде Қазақстан Республикасының чемпионы атанудың өзі зор мерей. Жас боксшы ретінде биыл осындай жетістікке жетіп, жанкүйерлерімді қуанттым. Бірақ бұл, әрине, «болдым, толдым» деген сөз емес. Рингтегі жеңіс-жетістіктеріммен ел-жұртымды әлі талай қуантсам деймін. Төбесі көрінген Жаңа жылмен барша жерлестерімді құттықтап, адам баласына тән барша игілік-ізгілікті тілеймін. Ең бастысы, деніміз сау, жұртымыз аман болсын. Жылқы жылы жақсылығы мол берекелі де мерекелі жыл болғай!
14
ауыл-аймақ Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Өткен сенбі күні Щапов ауылдық округіндегі «Бисекеш» шаруа қожалығының қыстағына біздің өңір түгілі, ел аумағына бұрын-соңды тұяғы тиіп көрмеген ешкінің “су жаңа” түрі қоныстанды.
Швейцария ешкілері Щаповта
Б.Бисекеш
Монтанадан әкелінген мал Жаңақаланы жерсініп кеткей
Іскер шаруалар арасында «Асыл емес мал – масыл» деген сөз айтылып жүр. Жай сөз емес, өмір тәжірибесінен алынған, дәлелдеуді қажет етпейтін сөз. Өйткені ұзақ жыл қаны тазармай, жақсы қасиеттерін жоғалтып, аза бастаған малдың өнімділігі тым төмендеп кеткені шындық-ты.
Расында сүті не еті үшін өнімі аз 2-3 мал орнына асыл тұқымды бір мал асырау тиімді емес пе? Мал өсіріп, бейнет кешкен жаңақалалық шаруалар осыны назарға алып, «Сыбаға» бағдар ламасы арқылы асыл тұқымды аталық мал сатып ала бастағанына да біраз болып еді. Әрине, одан мал басы бірден асылданып кет пейді. Десе де, түпкі негізгі қасиет терін жоғалтпайды. Ал асыл тұқымды аналық мал мен аталық малды бірден қатар алып өсірсе, одан асыл тұқымды түлік өрбитіні сөзсіз. Оған ықыластыларға Үкімет те қолдау көрсетіп, қажетті несие, асыл тұқымды мал алған жағдайда субсидия береді. Лизинг арқылы алуға да мүмкіндік жасап отыр. Жаңақала ауданындағы көпжа сарлық шаруа Тілеген Мусин осы
тиімді қолдауды ауданда бірінші пайдаланушы еді. - Інім Ербол екеуміз кеңесе келіп, Үкімет берген мүмкіндікті пайдаланып, шетелдік селекция дан мал алып, өсіруге тәуекел еттік, - дейді «Муса» шаруа қо жалығының жетекшісі Тілеген Мусин. Оған келіні Мариям Мусина басқаратын «Ақбота» шаруа қожалығы да қолдау көрсетуде. Сөйтіп, көзі ашық, құлағы тү рік ағайынды жігіттер «ҚазАгро Қаржы» АҚ-мен келісімшартқа отырып, лизинг арқылы шетелдік селекциядан мал алуға келісті. Екі жыл каникулы бар, жеті жылға берілетін лизинг арқылы 120 бас бір жылдық герефорд қашары мен 4 бас бұқасын алуға шарт жасалды. Лизинг құны - 80521550 теңге. Іздеген малдары алыс шетел – Америка құрама штатының Монтана, Солтүстік Дакота, Оңтүстік Дакота штаттарынан келді. Алыс аймақтан тасылатын асыл тұ қымды мал бағасы, әрине, арзан да емес-ті. Ауласына әкеліп түсіріп беретін мал аналығының орташа бағасы 606750 теңге, аталығы 1125 мың теңге. Алайда Үкіметтің әр бас малға 235 мың субсидия беретінін ескерсек, қымбат деп қорқудың да реті жоқ-ты. Өйткені мал жерсініп, өсіп кетсе, келтірер пайдасы да шаш етектен болмақ. Келісімшарт бойынша бар шаруаны тап-тұйнақтай еткен «Қаз АгроҚаржы» АҚ келісілген күні малды аталған қожалықтың Тас құдық қыстағына әкеліп түсіріп берді. Асыл тұқымды баспақ қашарлар да, бұқашықтар да азбай қоңды күйінде жақсы жетті. - Мал жақсы жетті. Сырт көзге ауру-сырқауы байқалмайды, бәрі де сергек көрінеді. Алайда 30 күн
карантинге қойылып, зерттеледі, - дейді ауданның бас мал дәрігері Б.Аюпов. Ауданға герефорд тұқымының әкелінуіне аса ықыласты әрі ұйытқы болған аудан әкімі Лавр Хайретдинов еді. - Герефорд - ұзақ жылғы сұрыптаудың арқасында XVIII ғасырдың аяғында Англияда Херефордшир графтығында шы ғарылған тұқым. Қазақтың ақбас сиырының түп атасы да осы тұқым. Бұл малдың келуіне ықыласты болғаным – ұзақ жыл қаны та зармаған жергілікті ақбас сиыр тұқымы ұсақталып, өзінің жақсы қасиеттерін жоғалта бастады. Күні ертең «Муса» шаруа қожалығы асыл тұқымды бұқашықтарын са та бастаса, ол аталықтан аудан малының қаны жаңарып, өзінің байырғы қасиеттерін жақсартады. Мал асылданып, өнімділігі артады. Ол мал өсіріп, күнкөріс жасайтын жерлестерімізге тиімді, - дейді елінің ертеңін ойлаған аудан басшысы. - Тәуекел еткен мал бүгін қорамызға кірді. Қуанып тұрмын. Мақсатым – тұрмысымызға тиімді асыл тұқымды мал өсіріп, игілігін елге көрсету. Өнімі аз көп мал өсіріп, белшеден бейнет кешкеннен, аз да болса, сапасы жоғары мал өсірген тиімді емес пе? - дейді мал иесі Тілеген Мусин. Сөйтіп, мұхит асып келген мал – Жаңақалаға келіп, қораға кірді. Бұл – алыс шетелден облысқа келген алғашқы герефорд тұқымы. Елі үшін игілікті іске бет бұрған мал иелерінің үміті ақталып, қорасы құтқа тол сын дейік.
Өмірзақ АҚБАСОВ, Жаңақала ауданы
Ғаламтор деректеріне сүйен сек, арғы тегі Швейцария елі нің Заанен өлкесінен тарап, заанен тұқымдас ешкі атауына ие болған түлік Еуропа елдеріне кең танымал екен. Тәулігіне 3,5-5 литрге дейін өнім беретін аталмыш тұқымның сүтінен дайындалған сыр, құрт, ірімшік, йогурт сияқты тағы да басқа халал стандартындағы өнімдер тұтынушылар тарапынан мол сұранысқа ие. Ресейліктер заа нен ешкісі мен орыстың ақ ешкісін будандастыру арқылы он шақты жыл бұрын жаңа тұқым алған. Ресейдің таулы өлкесінен «КамАЗ» автокөлігімен бір тәулік бойы жол жүріп келген аталмыш жаңа тұқымның 106 аналығы мен 4 текесі көліктен түскен бойда қоршалған ауланы екі-үш мәрте айналып шығып, жемшөпке лап қойды. Ал қожалық малшылары 31 лақты жылы қорадағы жайлы орындарға жайғастырып әлек. - Жапон елінде мектеп жасындағы балалар тамағына міндетті түрде ешкі сүтін қосып береді. Мыңғырған қой өсірген моңғолдар да бүгінде оның орнын ешкімен алмастыруда. Біздің болашағымыз – қазақ балаларын «Пепсиколадан» айырып, ұлттық сусындарымызға неге бет бұрмасқа? Міне, осы бір ой мені көптен мазалап жүр, - дей-
ді ешкінің жаңа тұқымын ауылға әкелген қожалық жетекшісі Бейбіт Бисекеш. Ешкі өсіріп, келешекте оның сүтінен халал стандартына сай өнім өндіретін зауыт салуды көздеп отырған шаруа қожалығының мүшелері бұл күнді асыға күтсе керек. Жаз бойы қажетті жемшөбін дайындап қойыпты. Қоражайды да өздері тұрғызып алған. Жылы да жинақы. Малшыларға арналып салынған жаңа үйлерге электр желісі мен көгілдір отын да тартылған. Жалпы, ешкі сүтінің адам ағзасына тигізер пайдасы мен емдік қасиетін ғаламдық ғалымдар баяғыда-ақ дәлел деп қойған. Оның құрамында ғы компоненттердің ана сүтіне жетеғабыл екендігі де көпке мәлім.
Ендеше, Ақ Жайық өңіріне қоныс тепкен ешкілерден келешекте мол өнім алынып, халық игілігіне айналуын тосалық.
Сәндібек ЖОМАРТҰЛЫ, Зеленов ауданы Суреттерді түсірген автор
ел және әлем Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
oral_oniri@inbox.ru
Дүниені дүбірлеткен Өтіп бара жатқан Жылан жылы жағымдыжағымсыз оқиғаларға толы болды. Әрине, оның бәрін жіпке тізіп шығудың қажеті бола қоймас. Дегенмен жекелеген үш оқиғаны атап өткен дұрыс.
Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі»
Біріншісі, әлбетте, Таяу Шығыс тағы жанжалды реттеудің бейбіт арнаға бет алуы. АҚШ, Батыс, Из раиль Аш-Шамға (Сирия) қарсы соғыс ашуға бейімделіп, тек жойқын қарулардың тетіктерін басуға сәл-пәл уақыт қалғанда, Ресей дипломаттары үздіксіз келіссөз жүргізу арқылы апаттың бетін қайтарды. Әйтпесе үшінші дүние жүзілік соғыстың басталып кетуі мүмкін еді. Өйткені АҚШ пен Батыс, Израиль бірлесе соққы бергенде, соған сақадай сай әзір отырған Иранның килігері сөзсіз. Аш-Шам-Иранның араб әлеміндегі бірден-бір одақтасы. Сол ау мақтағы басқа да мемлекеттердің қарап қалмасы анық. Мәселен, түбі бір түрік бауырымыздың. Себебі ол - НАТО саяси-әскери одағының мүшесі. Демек, ықтимал апат тың салдарын көзге елестетудің өзі қорқынышты. Міне, Қытай, Үндістан, Бразилия сынды алып ел дердің дипломатиялық қолдауы на мықтап сүйенген көршіміз, дәлірек айтсақ, Ресейдің сыртқы істер министрі Лавров АҚШ пен Батысты аталмыш араб еліндегі химиялық қаруды сыртқа шыға руға көндірді. Қазір ондағы хи миялық қаруды жоюдың екінші кезеңі жүріп жатыр. Әзірге соғыс өртінің құшағында қалған мемлекет аспанындағы тағы бір алапат бұлты сейілгендей. Орыс көршіміз сонымен бірге Иранның яд ролық бағдарламасына шүйіліп, оған да қарсы соғысқа даяр отырған АҚШ пен Батысты райынан қайтарды. Өйткені Женева қаласында өткен тағы бір келіссөздерден кейін АҚШ пен Батыс Иранға қарсы шектеулерді «жұм
дүмпулер
“Әдебиет порталы” ашылды Жаңа жыл қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында “Әдебиет порталы” интернет-ресурсының тұсаукесер рәсімі өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және ҚР Президенті жанындағы ОКҚ қолдауы мен «Қазконтент» АҚ тарапынан әзірленген бұл жоба қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қызмет етеді. - Портал қолданушылардың қазақ және шетел авторларының шығармаларын талқылап, оларға рецензиялар мен пікірлер жазып, сонымен қатар сұхбат, бейне материал, мақала, өлең, қысқаша мазмұн, хат, иллюстрация және аудармалар орналастыратын әдеби онлайн алаңы болып саналады. Сөйтіп, ол оқырмандардың бірегей ком муникациялық платформасына айналмақ. Қазіргі уақытта порталда 1411-ден аса кітап, 1184
сартуға» қинала-қинала келісті. Қытай мен Үндістан, Бразилия және басқа елдердің ықпалына сүйенген орыс дипломатиясының бұл жеңісіне Германия да себепші. Өйткені немістер АшШамға да, көне парсы еліне де қарсы күш қолдануға келіспейді. Әрі қандай ма болсын, қарулы күрес әрекеттерінен тартынады. Қазақтың «Аузы күйген үріп ішеді» деген даналығы ақиқат қой. Өткен ғасырдағы екі дүниежүзілік соғыста жеңілген немістер 1949 жылдан бері федералды Германияның алғашқы канцлері К.Аденауэрдің: «Енді неміс жерінен соғыс басталмауы керек» деген өсиетіне мейлінше адал. Биыл алпысты алқымдаған осы елдің басшысы Ангела Меркель неміс мемлекетінің Иран мен Аш-Шамға бағытталған соғыс әрекетіне қосылмайтынын бірнеше дүркін мәлімдеді. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, Украина үкіметінің Еуроодақпен келіссөз дерді доғарып, Ресейге бет бұрып, Кедендік Одаққа енгісі келетін ниетін білдіруі мұң екен, елдің астанасы Киев пен Харьков, Львов сынды ірі қалаларында толқулар басталды. Парламенттегі қызу пікірталас Майдандағы шеруге ұласты. Қараша айынан басталған жаппай наразылық әзірге толастар емес. Өкініштісі сол, шеруге шыққандардың арасында қоғамдық тәртіп сақшыла рымен қақтығысынан өлім болмаса да, жараланғаны көп. Жағ дайдың ушығуынан тайсалған ел президенті В.Янукович Еуро одақпен келіссөз үдерімінің жал ғасатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Жарқын келешегін тек Еу ропамен байланыстырғысы келген украиндарды, әсіресе, жастарды Киевке ат басын бұрған американ сенаторлары да қол дады. Ал бұрынғы Үкімет басшы-
сы Юлия Тимошенко шектеусіз аштық жариялады. Украиндардың шығыстағы көр шісіне өкпесі зор. Біріншіден, одан газды тым қымбатқа сатып алып отыр. Екіншіден, әлсін-әлі Ресей украинның біресе шоколадына, біресе етіне байланып, әкелуге не тыйым, не шектеу қоюда. Елінің Батыс пен Шығыс, Қырым болып үшке жарылғанын да Тарас Шевченконың қандастары Ресей ден көруде. Оның үстіне олар қазақ секілді 1929-1933 жылдары сұмдық аштықты бастан кешіріп, сан миллион бауырынан айырылды. Ресми Киев Мәскеуден сол үшін кешірім сұрауын талай рет талап еткенімен, көршілер оған құлықсыз. Ал ресми Берлин болса, сонау жылдары неміс нацис терінің осында жасаған сұмдық қылмыстары үшін кешірім сұрағанды. Бір сөзбен айтқанда, ресми Киев пен Мәскеудің арасында түйткілді қайшылықтар жеткілікті. Оның қашан әрі қалай таратылары болашақтың еншісінде. Осы жылы Қап тауының бау райындағы гүржі елінде президент сайлауы өтіп, билікке жаңа басшы Георгий Маргвелашвили келді. Бұрынғы ел басшысы Саакашвилидің тұсында, 2004 жылдан бастап орыс-гүржі қарым-қатынастары қатты шиеле нісіп, соғысқа дейін жеткен-ді. Ал жаңа басшы билік басына келісімен, БАҚ-тағы солтүстіктегі көрші-ге қарсы үгіт-насихат жұмысын шектеді. Өзінің Ресеймен қалыпты қарым-қатынас жасауға мүдделі екенін мәлімдеді. Көрші екі ел арасындағы тоңторыс жағ дай жібіп келеді. Алайда жаңа президент ел мүдделерін де ұмытқан жоқ. Ол Абхазия мен Оңтүстік Осетияның Гүржістан ның құрамдас бөлігі екенін ұмыт пайтынын, бірақ мәселені бейбіт жолмен шешуге де болатынын айтты.
15
автордың жеке парақшасы, 87 аудиокітап, 82 жанр түрі, 68 ақ параттық материал, 51 бейне материал бар. Сонымен қатар мұнда 48 рецензия, «Жас авторлар мінбері» айдарында 27 автор орналастырылған. Мұнда Pdf және ePub арнайы ридер арқылы барлық кітапты жеңіл оқуға мүмкіндіктер жасалған. Ридер оқырманға мәтін тілін, шрифті, стилін және көлемін өзгертіп бере алады. Сондай-ақ күндізгі, қарауытқан және түнгі режімдік оқу мүмкіндігі қа растырылған, - деді аталмыш жобаны таныстырған «Қазкон тент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нартай Әшiм.
Өз тілшіміз
Әуезов институтының тартуы
ҚР Ғылым және білім министрлігіне қарайтын М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың кітапханасына ерекше сыйлық жасады. 24 томдық ғылыми-зерттеу жинағын институттың қолжазба бөлімі ғылыми қызметкері Қалиолла Орынғали Алматыдан арнайы әкеліп, тегін табыс етті. – Бұл – біздің университет оқытушылары мен студенттері, ғалымдар мен ізденушілер үшін өте керемет сыйлық, – дейді осы оқу орнының проректоры, тарих ғылымдарының докторы Әбілсейіт Мұқтар. «Ғылыми қазына» айдарымен шыққан жинақтардың арасында көне түркі әдебиеті туралы зерттеулер, қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы туралы А.Жұбановтың жазбалары, қазақ театртану ғы лымының қалыптасу кезеңдері не арналған жинақтар, ХХ ғасыр басындағы Алаш әдебиеттануы (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, А.Байтұрсынов), фольклор тура лы зерттеулер т.б. көптеген құнды шығармалар бар. – ХІХ ғасырдың соңында жарық көрген орыс ғалымы А.Алек торовтың «Указатель книг, журнальных, газетных статьей и заметок о киргизах (о казахах)»
кітабының Қазақстанда санау лы данасы бар еді. Мың беттен тұратын осы аса құнды жинақты қайта басып шығардық, – дейді М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты қолжазба бөлімінің ғылыми қызметкері Қалиолла Орынғали. БҚМУ кітапханасында өткен кездесу кезінде профессор С.Шарабасов, қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі З.Мүтитегі т.б. Жаңа жыл қарса ңындағы бағалы сыйлыққа ри зашылық білдіріп, алғыс айтты. Болашақта БҚМУ мен Әуезов институтының арасында ғылыми әріптестікті дамыту мәселесі сөз болды.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Орал өңірі» Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ
16
шаһар Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
Желтоқсанның 28-і күні облыс орталығында 30 кереуеттік инсульт орталығы ашылды.
Инсульт орталығы жұмысын бастады Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі» Салтанатты ашылу рәсімін де сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ор талықтың маңызына тоқталып, бөлімшелерді аралап көрді. Енді жүрек-қан тамырлары ауруларымен науқастанғандар ға облыстық клиникалық ауру ханаға қарасты 2-терапия корпусының бірінші қабатында ор наласқан бөлімше тәулік бойы қызмет көрсететін болады. Ем делушілерге компьютерлік томография, диагностика, рентген, УЗИ, зертхана қызметі қол-
жетімді. Орталық құрылымында жедел терапия палатасы, инсульт дертіне шалдыққандардың денсаулығын қалпына келтіру бөлімшесі бар. Мұнда қызмет көрсететін невропатолог, нейрохирург, реаниматолог, рентгенолог, дәрігер реабилитолог, компьютерлік томография, УДЗ дәрігерлері инсульт науқастарын емдеудің еліміздің (Астана), Ресей мен Татарстанның (Қазан) жетекші клиникаларында емдеудің озық тәсілдері бойынша біліктіліктерін жетілдіріп келген. Шарада Орал қаласында жедел жәрдем көрсетуге арналған 9 реанимобиль де таныстырылды.
Әдемі безендіргені
үшін марапат
Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, «Орал өңірі»
Өткен сенбі күні қала әкімдігінің кіші залында ең таңдаулы жаңажылдық безендірулер жасағаны үшін мекемекәсіпорындарды марапаттау рәсімі болды.
Шара барысында шаһар әкімі Алтай Көлгінов жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, жаңажылдық безендіру жұмыс тары бойынша үздік деп таныл ған аталым иелеріне диплом табыстады. Атап айтқанда, «Орал» сауда ойын-сауық кешені, «Пафос» мейрамханасы, «Квант» сау да үйі, «Жайық жарығы» ЖШС, ұялы байланыс операторлары ішінен «Картел» ЖШС-ның Орал қалалық филиалы «Ең әдемі безендіргені үшін» аталымымен марапатталды.
oral_oniri@inbox.ru
«Күлтегіннің» 15 жинағы Алматы қаласындағы Орталық Азия университетінде «Күлтегін» қоғамдық әдеби-тарихи танымдық, этнографиялық, өнер бірлестігінің тұсаукесері және «Дала дарыны» жобасымен жарық көрген еліміздің он төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларындағы жас ақындардың 15 жыр жинағының тұсаукесері болып өтті. Университет ректоры Сайлау Аманжолұлы жаңа құрылған «Күлтегін» бірлестігінің төрағасы болып ақын, шоқайтанушы, Ха лықаралық «Алаш» әдеби сый лығының иегері Қасымхан Бегмановтың тағайындалғанын хабарлады. Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Темірхан Медетбек, жазушы, «Өлке» баспасының директоры Мереке Құлкен, ақын, «Қазақ энциклопе диясының» бас директоры, ф.ғ.д., профессор Бауыржан Жақып, тарих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетхан, ақын, ф.ғ.к Әділғазы Қайырбеков, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Мәуленов, ф.ғ.д. жазушы Нұрдаулет Ақыш т.б. жаңа бірлестіктің жұмысына сәттілік тілеп, ақсақал жазушы Зәкір Асабаев ақ батасын берді. «Күлтегін» өз жұмысын нақты іспен бастап отыр. «Дала дарыны» жобасы еліміздің әр өңіріндегі жас ақындардың жыр жинағының тұсауын кесті. Бұл игілікті идеяның авторы – мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет жанашыры Ислам Әбішев екен. Сөйтіп, бір күнде 145 ақынның шығармалары оқырманға жол тартты. Ақын Қасымхан Бегманов
басшылық етіп отырған «Дәстүр» баспасынан шыққан алғашқы сегіз жинақ «Алтай айшықтары» (Шығыс Қазақстан), «Маңғыстау мақамдары» (Маңғыстау), «Жа йықтың толқындары» (Батыс Қазақстан), «Ақтөбе әуендері» (Ақтөбе), «Алатау жырлайды» (Алматы қаласы), «Сарыарқа самалы» (Астана қаласы), «Жетісу жауқазындары» (Алматы облысы), «Ертіс әуендері» (Павлодар) аталып, қалың оқырманның арасына жол тартты. Бұл жинақтарды Халықаралық қатынастар және гуманитарлық институтының директоры, филология ғылым дарының докторы Гауһар Балтабаева құрастырған. Ал «Тұран» баспасынан жарық көрген «Оң түстік орамдары» (Оңтүстік Қа зақстан), «Әулиеата әуендері» (Жамбыл облысы), «Сырлы дария» (Қызылорда), «Атырау ай шықтары» (Атырау), «Сарыарқа сазы» (Қарағанды), «Дән дария» (Қостанай), «Қызырлы Қызылжар» (Солтүстік Қазақстан) жинақтарын ақын, «Қазақ үні» газетінің редакторы Қазыбек Иса дайындап құрастырған. Оқырмандарымызға «Жайық тың толқындары» атты жинақты жақынырақ таныстырып жібе-
рейік: бұл кітаптың алғысөзін Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ақын Бауыржан Жақып жазған. 230 беттен тұратын жинаққа Шерхан Талап, Сыйлыхан Жұмасалық, Дәурен Шамұратов, Талап Таймасұлы, Ләззат Мақаш, Нұрлан Сәдір, Қазбек Құтты мұратұлы, Талғат Мықи, Жансая Мусина, Жандос Әмірғали, Шаттық Орынбаева, Еркебұлан Ақкереев, Мұнайдар Балмолда, Айдана Болатова, Ақмоншақ Жұмай, Бақытжан Наубеков сынды ақындардың шығармалары еніпті. Осы жинақтың шығуына жергілікті ақын Талап Таймасұлы атсалысқан. Бір тәуірі, идея авторлары мұндай жинақтардың болашақта да шығып тұратынын айтуда.
Еламан ХАСЕНҰЛЫ ОАУ-дың ІІІ курс студенті, Алматы қаласы
Құрметті «Степной Леопард, ЛТД» БК» ЖШС» қызметкерлері! Сіздерді Жаңа 2014 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Баршамыз Жаңа жылмен бірге ізгі жаңа лықтардың келуін күтеміз. Келер Жаңа жыл Сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын! Сіздерге зор денсау лық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілеймін! Ізгі тілекпен, Бас директор Аип Исламұлы Супыгалиев.
ел-жұрт Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
oral_oniri@inbox.ru
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша Ақтөбеде 111 566,6 шаршы метр тұрғын үй салынды
17
Жыл жетістіктері
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруда Ақтөбе облысы алдыңғы орындардың бірін иеленіп отыр.
Мағауия ЗАЙНУЛЛИН, «Айсұлу» шаруа қожалығының төрағасы, Теректі ауданы: - 2013 жыл мен үшін ерекше болды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасы Жарлығымен «Құрмет» орденімен және ҚР Ауыл шаруашылығы минис трінің Құрмет грамотасымен марапатталдым. Өзімнің саналы ғұмырымды ауыл шаруашылығы саласына арнап келемін. Мы на марапаттар – осы бағыттағы еңбектерімнің жемісі деп ойлаймын. Қазір еліміздің әлеуметтікэкономикалық жағдайы шүкір ғой. Мемлекет тарапынан бар лық салаға қолдау көрсетілуде. Мәселен, біз мал асылдандыру бағытында селекциялық жұмыс тар жүргізгеніміз, асыл тұқымды аналық мал ұстағанымыз, оларға азық дайындағанымыз үшін мемлекет тарапынан де меуқаржы алудамыз. Мұндай қолдау бізге көп көмек. Батысқазақс тандықтарды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Алда ғы жылда да елімізде тыныштық, береке болсын, мемлекеттік бағдарламалар өз нәтиже лерін беріп, халқымыздың әлауқаты арта берсін!
2013 ж. 24 желтоқсанда «Қазақ станның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Ақтөбе облысы ның әкімі Архимед Мұхамбетов пен кездесті. Кездесу кезінде олар, негізінен алғанда, «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады. Бағдарлама бойынша жұмыс Ақтөбеде өткен жылдан бастап жүргізіле бастады. Осы уақыт ішінде Тұрғын үй құрылыс жи нақ банкінің жергілікті филиалы 2 миллиард 307 миллион 96 мың теңгені мемлекеттік бюджетке қайтарды. 2012 жылы 319 ақтөбелік отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды. Биылғы жылы 607 пәтер пай далануға беруге дайын, олардың 125-ін қазақстандықтар сатып алып та қойды. «Ал жыл соңына дейін», дейді Архимед Мұхамбетов, «…біз қалған пәтерлерді мүм кіндігінше толығымен бөлуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта тиісті құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Егер 2012 жылы үйлер қаланың ішінде салынса, 2013 жылы Ақтөбеде жаңа «Нұр-Ақтөбе» ықшамауданы пайда болды. Дегенмен, біз кейбір өңірлердегі дей тұрғын үй бағасын көтер мейміз». Қазақстандықтар 2014 жылы алуы тиіс қолжетімді баспана, Архимед Мұхамбетовтің айтуына қа-
Биылғы ақпан айында Қаратөбе ауданына қарасты Шөптікөл ауылдық округінің Үшағаш, Соналы елді мекендеріне және Сулыкөл ауылдық округінің орталығы Сулыкөл ауылына табиғи газ желісі жеткізіліп, тұрғындар қуанышқа кенелді.
рағанда, қазірдің өзінде салынып бітіп тұр. 2014 жылдың жазында ол үйлерді жайлыландыру жұмыс тарын жүргізуге тендер жарияланады, сөйтіп шамамен жыл соңы на қарай ҚТҚЖБ 752 салымшысы пәтер кілттерін алатын болады. «Ақтөбенің атқару органда ры «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасына тиісті деңгейде қолдау көрсетіп отыр, - деді Айбатыр Жұмағұлов, - «үш жыл ішінде облыс әкімдігі Ақтөбе балалар үйіндегі жас өспірімдердің шоттарына 57 миллион теңге аударды, жыл соңына дейін ол шоттарға тағы 10 миллион түседі. Балалар үйінен шыққан кезде жас өспірімдердің біздің Банктегі шоттарында белгілі бір сомадағы тұрғын үй құрылыс жи нақтары болады. Өздеріңіз тү сініп отырғандай, жетім балалар үшін бұл – үлкен көмек». Бұдан басқа әкімдік осында тұратын, ҚТҚЖБ салымшылары болып табылатын оралмандардың шоттарына да қазірдің өзінде 8 миллион теңге салды. Олардың саны облыста 88 адам. Жыл
соңына дейін олардың әрқайсы сының шотына тағы 10 000 теңге түсетін болады. Кездесуде басшылар бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін қолжетімді баспанамен қамтама сыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлді. Айбатыр Жұмағұлов пен Архимед Мұхамбетов тұрғын үй құрылыс жинақтарының артықшылығына қатысты «бюджеттік сала қызметкерлерімен» ауқымды үгітнасихат және түсініктеме жұмыс тарын кеңінен жүргізу керек деген шешімге келді. Мұнымен қатар Айбатыр Жұ мағұлов жергілікті атқару органдарына Қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын аудан орталық тарында да жүзеге асыра бастау қажеттігін ұсынды. Сондай-ақ жергілікті ірі компанияларға үй салуға жер бөлу мүмкіндігін қарастыру ды баса айтты. Өз кезегінде ондай компаниялар өз қызметкерлері үшін тұрғын үй құрылыс жүйесі арқылы тұрғын үй салуға мүмкін дік алар еді.
Ақпанның 21-інде Ақсай қаласында қағаз қалдықтарын өңдейтін және қағаз шығаратын цех ашылды. Онда тәулігіне 500 келі қағаз өңделеді. Жаңа нысанда 12 адам жұмыс істейді.
ҚТҚЖБ баспасөз қызметі
Жаңа жыл құтты болсын! Валентина МИХНО, «Отделстрой» ЖШС-ның директоры: - Өтіп бара жатқан жыл ішінде «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің құрамына қабылдандым. «Құрмет» орденінің иегері атандым. Анам Надежда Яковлевна 90 жасқа толды. Басқа да көп теген жарқын жаңалықтар мен жақсылықтар көрініс тапты. Жал пы алғанда, өтіп бара жатқан жылға өкпем жоқ. Жаңа жыл жаңа табыстар жылы болсын дегім келеді. Ол үшін еліміздің аспаны ашық, халқымыз ынтымақ-бірлікте, бо лашаққа деген сенімде болғай!
Сіздерді Жаңа 2014 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір үйге бақыт пен шаттық, денсаулық, бейбітшілік және қуаныш тілеймін. Келер Жаңа жыл сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, ашық аспан, шуақты күндер тілеймін. Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа жыл құтты болсын! Бауырымыз бүтін болсын, жақындарымыз аман жүрсін! Ізгі ниетпен: “Василец” ЖК директоры Алексей ВАСИЛЕЦ
18
Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
60 жас
МЕРЕЙТОЙ
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Мүтәлі Төреғалиев. Жылқы жылы дүние есігін ашып, биыл, қаңтарда 60-қа толғалы отыр. Аралтөбе ауылындағы «Жымпиты» ЖШС-ның жетекшісі. Әкесі Серікқали кезінде Бұлдыртыда ферма басқарып, «Еңбек даңқы» орденіне екі дүркін ие болған жан. Серекеңнің кіндігінен тараған Мүтәліден кейінгі ұлы Қамал Ресейдің Ярославль қаласында тұрады, «Ресейдің еңбек сіңірген агрономы» атағының иесі. Төлегені Сырым ауданы әкімінің орынбасары. Алпысқа адымдап келіп қалған азаматпен төмен дегідей әңгіме-дүкен құрып едік. – Мүтәлі, 60-тың ауылына ке ліп, ат суытқалы жатырсың... Қайырылып бір соңыңа қара саң, не тындырдым, не бітірдім деген ой мазаламай ма? Шы
рақшысын күні кешеге дейін серіктестігім ұстап келді. Тойхана бар, ол еуроүлгімен жөнделіп, бү гінде ауылдың кәдесіне
oral_oniri@inbox.ru
ламыңды қайрап... Ол тұста «Тас құдық» совхозында бас зоотехник пін. Күресті қойып кеткен кезім болса да, аудандағылар «ауылға келген төбелестен» құр қаласың ба дегесін бардым. Финалға дейін алдырмадым. Финалда Бөрлінің Холод деген палуанымен айқас тым. Институтта, облыстық жарыс тарда талай кездескенде еркін жығып кете беретінмін. Бұл жолы қой соңында жүрген жерімнен келдім ғой, тренировка жоқ. Бөрліде жаттықтырушы болып жүрген Холод спортшылар тілі- мен айтқанда, бабында, «формада» екен, алдырмады. Атойлап шық тың дейсің, орыстан жеңіліп, екінші орын алып, намыстан жарыла жаздап, Тасқұдығыма қайтқаным есімде... Еркін күреспен Бұлдыртыда, мектепте жүрген кезімнен айналыстым. Әскерде, институтта самбодан, еркін күрес-
соларды үйде ұстауға құлшынып тұратын жан еді. Бала күнімізде мамыр, қазан мерекелерінде міндетті түрде ат жарыс болады. Әкем соларға ат қосып, жүйріктің жалын маған ұстататын. Талай құладым, қалдым, оздым. Ал, шіркін, Сарыгүл жылқының төресі еді ғой, жан уар... Қаратөбенің Төлен деген жерінде құнан кезінде жолықтыр дым. Иесіне жалынып, жалпайып жүріп, үш жылқының құнын беріп зорға алдым... Жатпай-тұрмай баптадым. Талай жарыстарда аңырата тартқан сұр жебедей зырқырап бірінші келді. Көлік те мінгізді. Кейін ат бәйгесіне қаралық араласып, қазақ жылқысының бағы қайтты. Ағылшынның таза қанды жүйріктерін қосып жіберетін болды. Бәйге тек, қазақ аттарының арасында болуы керек қой. Осыны айта-айта жағым талды. Сарыгүл соңғы рет Бұлдырты мектебінің
тен облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алдым. Қазақ күресінен «Қа зақ ССР-ның спорт шебері» атанып, жас келгесін палуандығымды аяқтадым. – Мәншүктің қолынан талай дәм таттық. Ерте бардық, кеш бардық. Төріңде шалқыдық, шарықтадық. Бірақ қабағын шытқанын көрмедік. Бір анекдот тың тілімнің ұшына үйіріліп тұрғаны... Алаңғасарлау азамат бір досына айтады дейді «Осындай жақсы әйелді жұрт қайдан табады» деп. Мәншүктей ке реметке қай кезде, қалай жо лықтың? – Мәншүк екеуміз бір класта оқыдық қой. Ол мектепке 5-6 жасынан барса, мен сабазың 8-ге тақап барыппын. Оның себебі, төрт жасқа дейін тілім шықпай, сақау, тұтықпа болғанмын. Әжем қой сойылса, ...шекпен буындырады екен. Содан ...шекпен 1-2 рет артықтау буындырып жіберсе керек... Тілім тіпті қатты шығып кетіпті. Оның пайдасы болғанымен, кесірі де көп екен, қызмет барысында талай тарттым. Бала махаббатқа 1977 жылы үйлендім. Екі ұл, екі қыз сүйдік. Бір қызымыздан мектеп бітірер сәтінде қапылыста айырылып қалдық. Үлкен соққы болды, осы Аралтөбеге қойдық. Кейін қызмет бабында түрлі ұсы ныстар болғанда кете алмадым қиып, қызым жатқан жерді... Әке міздің қойнында өскен үлкен ұлымыз Бағдат кәсіпкер, кішісі Асхат қалалық әкімдікте есеп маманы. Төрт немере сүйдік. Алма гүл қызымыз Алматыда банк қызметкері. Сонымен, осы қаңтарда Мәншүк зейнетке шығып, өзім 60қа толып жатқан жай бар. – Ана бір жылдары Сарыгүл деген жүйрігің болды. Үстінде зерлі жабуы қалғып-мүлгіп тұрғанын көре қалдым. Тұрқы тұ рымтайдай әлгіге көңілімнің толмағаны да рас. Жабуын сы пырғанда түлеп сала берді ғой, жарықтық. Екі көзі шырадай жанып, тыпыршығанда қолдыаяққа тұрмай кетеді екен. Та лай облыстың жүйріктерін шаң қаптырды. Атбегілік бертін кел генде тапқан өнерің бе, әлде Төреғалиевтердің тұқымында әуелден бар қасиет пе? – Жылқы жылы туғасын ба, атқа бала күнімнен құмар болдым. Оның үстіне ұзақ жыл ферма басқарған әкем – Серікқали жақсы ат көрсе, жанынан шықпайтын,
80 жылдығында шапты... Сол уа қытта облыста Ваучер атты таза қанды ағылшын пырағы болды, атақты. Есік пен төрдей әлгі. Сол шабыста былайғы жүйріктер ке йіндеп, екеуі алға шықты. Екеуі де барын салып, қатар ақты жұлдыздай. Қоспауым керек еді, аламан десе, әкесін ұмытатын қазақтың қаны қойсын ба, бір Құдайға сиынып, қостым. Жарыс жолын жол сорабы кесіп өтеді екен, содан қарғып өтіп, аяғын ауыртты. Жа нуарым-ай, сонда да оқ бойы озып келді, Ваучерден. Бірақ аяғынан ақсап қалды. Ұзақ емдедім, жаза алмадым... Ақтөбе жаққа бердім, мүгедек болып қалғанын көргім келмей... – Мүтәлі, 60-қа келген жасың бар... Бұл өмір өзінің өрін де, еңісінде нені ұқтырды?.. – Қырық жасыңнан кейін зы мырайды екен, уақыт шіркін... Күннен-күнге мына жарық дүние тәтті бола түскендей ме, қалай... Бұл жасқа жеткен де бар, жете алмай көшкендер қанша, дүние ден. Сол жағынан келгенде өзімді бақытты санаймын. Жарым жанымда, бала-шаға немере, туматуыс, дос-жаран қасымда. Қызмет бабымен көп жердің суын іштім, достар таптым. Әлі күнге араласып келеміз. Сегіз-тоғыз жастағы, бала күнгі мына бір оқиға санама мөрдей басылып қалыпты. Бір күні даладан шідер тауып алдым. Қуанып, әлгіні әкеме әкеліп көрсетіп жатырмын. Әкем мақтау дың орнына, өзгенің атынан шешіп алды деп ойлады ма «Балам, өзіңнің затың болмаса, біреудің дүниесін алушы болма» – деп қатты ұрысты. Ол маған өмірлік сабақ болды. Біреудің ала жібін аттаған жоқпын. Дүние, байлық қуып, бұйырмасты алайын деп білектің күшіне, аярлардың қулығына салмадым. Егделікке аяқ басқанда алдың ашық болу үшін, кімнің болса да бетіне тура қарау үшін өткен жылдарыңда адамдығыңа кір жұқтырмаудың қан дай екендігін ұқтырды 60 жас. Бұл жағынан еш өкініш жоқ. Дегенмен, адам шіркіннің арманы таусылған ба, алда да арман, мақсат, мұраттар қол бұлғайды. Бұрын, жастау күніңде деймін ғой, құлап-сүрінсең де соларыңа жетуге ұмтылатынсың. Енді бүгінде әуелі, денсаулық бер, төңірегім түгел болсын, Жасаған ие, дегенді жиі айтқызады екен 60 жас!
«Жылқы жылы туыппын...» нында да, осы жасыңа дейін не тындырдың?.. – Ананы бітірдім, мынаны істедім дегенім мақтаныш болып шығады ғой... – Мақтаныш емес, қайта өт кен жылдардың текке кетпеге ніне, жеке қара басыңа емес, ауылыңа, ондағы халыққа пай даң тигеніне көңілді шүкірлеу, оған жұртыңды сендіру делік. – Ендеше, кейбір ауыл, аудан басқарған ағалар өздері жұмыс жасаған елге баруға беттерінен басса, мен жиі барып тұрамын. Өзім еңбек еткен, басшы болған ауылдарыма бара қалсам, құшақ жая қарсы алады. Бүгінде ең кейген қариялары жұмыстас болған күндерді әңгімелеп, көзде ріне жас алады. Қызмет бабын да көп көшкен адаммын. Бірдеңені бүлдіріп, сырғи беру емес, партияның жұмсауымен көштік қой. Әрі-беріден соң оған да үйренеді екенсің, екі-үш жылдан кейін буынып-түйініп көшуге дайындала бастайтын едік. Партия ның ырқына қарсы келуге бол майды, жұмсаған жаққа барасың. Жұбайым да соған үйренді. Жақында оның зейнетке шығуға құжаттарын жинап, қарап отыр сақ, еңбек кітапшасында жазатын жер қалмапты... 1979 жылы институттан соң зооинженер мамандығымен Батпақты деген бөлімшеде (Сырым ауданы) бес ай зоотехник болғаннан кейін «Тасқұдық» совхозына бас зоотехник етіп қойды. Арада үш жыл өткесін, Тінәліге ферма меңге рушісі етіп тағайындады. Совхоз да партком хатшысы, кейін партия тарағанға дейін аудандық партия комитетінде хатшы болдым. Соңынан ауылға сұранып, «Жымпиты» совхозына директорлыққа жіберді. Міне, содан бері ширек ғасырға жуықтапты, сол ауылда еңбек етіп жатырмын. Аласапыран жылдарда Арал төбені сақтап қалдық. Өндіріс орындары, қоғамдық нысандар міні құрыған жоқ, сол күйінде. Шеберхана, гараж, құрылыс це хы, тұқым қоймалары, сауда нүк телері, тағы басқалары істеп тұр. Бие сауып, қымыз дайындайтын цех, жылқы тұратын орын салын ды бертінде. Еліміз бойынша ауылдық жерде тұңғыш мешіт салғанымызды республикалық басылымдар бір кезде жазды. Ішінде өзің қызмет жасап жүрген «Орал өңірі» де болғанын біле сің ғой. Мешіттің имамын, шы-
толық жарап тұр. Ауылда өтетін мәдени шараларға әлі күнге дейін қолұшын беріп келеміз. Жыл сайын қуаңшылық жігерімізді құм қы лып келе жатса да, мен басқаратын серіктестік осы күнге дейін үш мың гектардай егістігін баптап, ірі қараларын өсіріп, жыл қысын жусатып бұйырған несібесін көруде. Он жылдан астам уақыттан бері қымыз дайындап, құрт ауруын ауыздықтауға үлес қосып келе жатырмыз. Мақтанды дер біреулер, бірақ айтайын дзю-додан, қазақ күресінен менің атымда аудан, аймақаралық жарыс өтіп тұрады. Сырым ауданы ат спорты қауымдастығы ның төрағасымын. Мектеп балаларын атқа шабуға, жүйрік бап тауға тәрбиелеп келеміз. Аудан, облыс көлеміндегі ұлттық ат спорты ойындары менсіз өтпейді де сем, тағы мақтанған болып шық пайын. – Бүгінгі шаруагер (бұрын маман, ферма меңгерушісі, сов хоз директоры, аудандық партия комитетінің хатшысы, серік тестік директоры) басшы, ауыл ағасы Мүтәлі Төреғалиев тап осы күйінде аспаннан аяғы салбырап түсе қалған жоқ қой. Ойы да, мойны да әлі қатып үл гермеген жас маманды жалық пай үйреткен, желдің өтінен, қауіп-қатердің бетінен қапысыз қорғаған қамқор ағалар болған шығар... – Әрине, болды. Көкөрім маман болып бастағанда Аманкелді Өтеуішев, Сайын Бақытжанов, Жоныс Нұрмұханов сынды ағаларым мені туған балаларындай қамқорлағанын әлі күнге ұмыт паймын. Оның бер жағында Биқайыр Жолбатыров ағайды қалай айтпай кетейін. Бұл жандардың бәрі бүгінде арамызда жоқ, жандары пейіште шалқысын марқұм дардың. Тілек Ерғарин, Иосиф Мұхамбетжанов, Есберген Әжі баев, Бауыржан Тұманов, Қамеш Дүйсенов, Мұрат Шоланбаев, Аманғали Кәрімов, Кашок Хамидуллин сынды ағалардың да алғаусыз көмектерін көрдім. Солардың ар қасында біртіндеп шыңдалдық, өстік. Жұмыс бабында реніш те, қуаныш та болды. Бірақ бір адам келіп, «сен мені алдап кеттің, табан ақы, маңдай терімді бермедің» – деп айтып көрген жоқ. Соған шүкіршілік етемін. – Сен сияқты шаруа бағып, қора-қопсы, мал төңірегінде жүргендер арасында жыр жа-
зып, оның жалынына жылына тындар некен-саяқ, тіпті жоқ десе де болады. Өлеңнің «ша лығы» қай кезде «тиіп» жүр? Оның үстіне сені Ресей жерінде туған, «кіндігін орыстың маржа сы кескен» деп қалжыңдайды құрдастарың? – Оның рас. Жылқы жылы, Орынбор жерінде туыппын. Біз тұрған деревняда фельдшер болмаған. Ауылда сиқыр көрсетіп жүретін (қайнап жатқан қазанға мысықты салып, былғап-былғап суырып алғанда әлгі тірі шығады екен дейді) не орыс, не сыған әйелі болған екен. Сол кісі анамды босандырып, менің кіндігімді кесіпті. Ата-анам бертінде әңгімелеп отыратын. Құдай сақтап, сиқыршылық маған қонбапты. Атаанам кейін елге көшіп, мектептің табалдырығын Бұлдыртыда аттадым. Ал өлеңді бала күнімнен бастап жаза бастадым. Мұқағали дың жұп-жұқа өлең кітабы шықты. Сондағы өлеңдерді түгелдей жаттап алғаным әлі есімде. Содан бастап, өлеңнің шалығы тиді. Жақсы көрген қыздарыма өлең арнайтын «ауруға» тап болдым. Олардың қалай шығып жатқанын бір Құдайдың өзі біледі. Әйтеуір, бұрқыратып жаза бердім. Кейін аптығым-солығым басылып, ес «жиғасын», өлеңдер көңіл күй ауа нына қарай туатын болды. Шыны керек, өлеңді мен өзім үшін жазамын. Кітап шығарайын деген ниет болмады. Бірақ ана бір жылдары жігіттер Аралтөбе жөнінде кітап шығарғанда біразын соған жариялады. Қазақпыз ғой, дом быра шертіп, кейбір өлеңдеріме әуен тудырып өзімнен-өзім шал қып отыратын шақтарымды да жасырмаймын. Шынымды айтсам, мектепті үздік бітіргеннен кейін ҚазМУ-дың журфагіне жиналып жүргенде бұйырмыс қой, басқа сала тартып кетті. Кім біледі, жур факқа барғанымда, бүгінде сенің наныңды тартып жеп жүрер ме едім... – 1980 жылы қараша мен желтоқсанның әйтеуір, біреуі. Тоғанаста «Правда» газеті атын дағы совхоздың директоры, Социалистік Еңбек Ері Виктор Шубиннің атында еркін күрес тен үлкен жарыс өтті. Оны облыстың сол кездегі бірінші хатшысы Мұстахим Ықсанов аға мыз тапжылмай тамашалап отырды. Боз кілемнің үстіне сонда сен де шықтың атойлап... – Онда сен де жүрдің ғой, қа
Әңгіме-дүкен құрған Есенжол Қыстаубаев
қаулы-қарар oral_oniri@inbox.ru
Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
ЖОБА
19
2013 жылғы «___»________ № ____ Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың ЕРЕЖЕСІ 1. Қолдану саласы 1. Осы Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың Ережесі (бұдан әрі-Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құ рылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің және Қазақстан Республи касының басқа да заңнамалық, нор мативтік-құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген және Батыс Қазақстан об лысының елді мекендерінде құрылыс салудың талаптарын ұсынады. 2. Осы Ереже белгілі бір елді мекен бойынша қазіргі заманғы және келешектегі қала құрылысына және әлеу меттік-экономикалық дамуына, сол елді мекеннің шекарасы шегіндегі табиғи және басқа да жергілікті жағдайларға қарай қала құрылысын салудың Ере желерін жасау үшін арналған. 3. Осы Ереже Батыс Қазақстан облысы аумағындағы барлық сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар, қалалық және ауылдық елді мекендердің құ рылысын салумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда мүдделі же ке және заңды тұлғалардың қолдануы үшін міндетті болып табылады. 4. Осы Ереженің талаптары қайта әзірленіп жатырған жобалық құжаттамалар үшін, сонымен қатар мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді ескере отырып, елді мекендердің аумағын дамытуды қам тамасыз ететін, сондай-ақ аумақтарда қалыптасқан жағдайдың, жылжымай тын мүліктің және өмір сүру орта сының өзгеруіне әкелетін басқа да қыз мет түрлері бойынша бекітілген қала құрылысы құжаттамалары мен қала құрылысы регламенттерін іске асыру үшін ұсынылады. 2. Нормативтік сілтемелер 5. 1-қосымшаға сәйкес сілтемелік заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілер және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі. 3. Ұғымдар және анықтамалар 6. Осы Ережеде «Нормативтік сілтемелер» бөлігіне қосылған заңна малық, нормативтік-құқықтық актілер және нормативтік-техникалық құжат тардан алынған ұғымдар, сондай-ақ 2-қосымшаға сәйкес тиісті анықтама лары бар қосымша терминдер пай даланылған. 4. Жалпы ережелер 7. Ереже қолданыстағы заңнамалық нормативтік-құқықтық актілердің, нормативтік-техникалық құжаттардың негізінде әзірленген және Батыс Қазақстан облысының аумағында құрылыс салуда бірыңғай қала құрылысы саясатын жүргізуді және төтенше жағдайлар туындаған кезде құрылыс салудың кешенділігі мен орнықтылығын, пайдалану барысында сақталуын, құрылыс үшін бөлінген алаңдарды игеру кезінде жолдарды, инженерлік коммуникациялар мен құрылыстарды салуды қарастырады. 8. Құрылыстарды, үйлерді, ғи мараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғыр ту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондайақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу тек жергілікті атқарушы органның шешімі (өкімі) негізінде және бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес әзірленген жобалар (көрсетілген жағдайда нобаймен (нобайлық жоба)) бойынша ғана жүзеге асырылады.
9. Батыс Қазақстан облысының аумағында ғимараттар мен құрылыс тарды салу меншік нысанына қара мастан жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау құқығын беретін тиісті мемлекеттік лицензиялары бар заңды және жеке тұлғалар әзірлеген жобалық құжаттамалар бойынша жүзеге асы рылады. 10. Батыс Қазақстан облысының аумағында объектілерді салуға меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан оларда қабыл данған шешімдердің қала құрылысы және құрылыс нормалары мен ережелеріне, санитарлық-техникалық және экологиялық жағдайларға, жарылыс қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі талаптарына, конструкциялық беріктік, сейсмикалық төзімділік (сейсмикалық аудандар үшін) және құрылыстардың пайдалану барысындағы сақталу, мә дени мұралар мен тарихи ескерткіш терді қорғау талаптарына, сондай-ақ құрылысты тұрғызу кезіндегі қауіпсіз дік техникасы талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптамадан өткен (өткі зу қажет болған жағдайда) жобалар (нобайлық жоба) бойынша ғана рұқсат беріледі. Қазақстан Республикасының стра тегиялық, ерекше маңызды мемлекет тік объектілерін және тіршілікті қамта масыз ету объектілерін салуды ҚР ҚБҚ 2.04-08-2009 сәйкес қауіпсіздік жүйе лерімен жабдықталған және инженерлік-техникалық тұрғыдан нығайтылған түрде жүргізу қажет. «Қаржыландыру көздерiне қара мастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы №918 қаулысын да белгіленген тәртіппен жобаларды сараптау жұмыстарын жобаларды (жобалық-сметалық құжаттамаларды) сараптамадан өткізу жөніндегі тиісті аккредитациядан өткен аттестаты және сарапшы куәлігі бар сарапшылар жү зеге асырады. 11. Батыс Қазақстан облысы аума ғында құрылыс жұмыстарын сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің тиісті түрлерін іске асыру ға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар (бірлескен кәсіпорындарды қоса) орындауы тиіс. Мердігер таңдауы ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құ рылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 66-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Тапсырыс берушінің алдында ғы мердігердің міндеттері мердігерлік келісімшартпен белгіленеді. 12. Құрылыс салушы Батыс Қазақстан облысы аумағында объектілер салу туралы ұсыныстарды тәртіп бойынша техника-экономикалық негіздемелердің (немесе техника-экономикалық) есептері негізінде қолданады. 13. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі жергілікті атқарушы органдар өз құзіреті шеңберінде Батыс Қазақстан облысы аумағындағы тапсырыс берушілер (құрылыс салушы), мердігерлер және жобалау ұйымдары арасындағы қала құрылысы қызметінің мәселелері бойынша қарым-қатынасты реттеуді жүзеге асырады. Аумақтық мемлекеттік сәулет-құры лыс бақылау және лицензиялау органдары салынып жатырған нысандарға тексеру жүргізу арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды қамтамасыз етеді. 14. Ереже аумақтардың қазіргі жайкүйінің, тарихи және мәдени ескерт кіштердің, табиғи-климаттық жағдай лардың және Батыс Қазақстан облысы
елді мекендерінің келешекті әлеуметтікэкономикалық, қала құрылысының даму ерекшеліктері ескерілген бекітілген қала құрылысы жобаларын: аумақтар дың қала құрылысын жобалаудың кешенді схемаларын, табиғи аймақтар жобаларын, бас жоспарларды, толық жоспарлау жобаларын іске асыру бойынша іс-әрекеттердің тәртібі мен бірізділігін белгілейді. 15. Осы Ереже мыналарды анық тайды және белгілейді: 1) құрылыс нысанына құқық орнататын құжаттарды орналастырудың, ұсынудың және ресімдеудің тәртібі мен шарттарын оның ішінде: елді мекеннің аумағында құрылысты кешенді орналастыру және нақты объек тілерді салатын алаңдарды таңдау; құрылыс және абаттандыру объектілерін арнайы белгіленген, не мемлекетпен қорғалатын аумақтарда орналастыру; жер учаскелерін беру; елді мекендерде құрылыс салу, абаттандыру, көгалдандыру және сәулет тік көркемдеу жұмыстарына жобалық құжаттаманы келісу, бекітілген жобалар бойынша құрылыс салуды және объектілерді пайдалануға қабылдауды жүзеге асыру; құрылыс нысанын құқықтық ресімдеу; 2) құрылысты жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары, оның ішінде: құрылыс объектісін жайғастыру (жер телімін таңдау); жер телімін беру (жергілікті атқа рушы органның шешімі); құрылыс нысаны үшін бастапқы мәліметтерді беру; нысан құрылысына жобалық құ жаттаманы алдын ала келісу және жер телімін таңдау актісін бекіту (қажет болған жағдайларда); жобалық құжаттаманы алдын ала келісу, сараптамадан өткізу (қажет бол ған жағдайларда) және бекіту; құрылыс жұмыстарын орындау, құрылыс сапасын және құрылысы аяқ талған нысандардың пайдалануға қа былдануын бақылау; қала құрылысы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін айыппұл санкцияларын салу; 3) мынадай жағдайлардағы тәртіп тер мен шарттарды: қолданыстағы жылжымайтын мүлік объектілерін өзгерту (қайта құру, қайта бейімдендіру, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, кеңейту, күрделі жөндеу және т.б.); уақытша пайдалануға (жалға) ұсы нылған жер телімдеріне құрылыс нысандарын жайғастыру; кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін уақытша сауда, қызмет көрсету, сыртқы жарнама, шағын сәулет нысандарын орналастыру; тұрақты пайдалануға және жалға бертілген жер телімдеріне басқа да көрме және коммерциялық мақсаттағы уақытша нысандарды орналастыру. 16. Осы Ереже қала құрылысы жобаларына және жер пайдалану құқығын беретін құжаттарға сәйкес берілген аумақты функционалдық мақсаты бо йынша және белгіленген шекара шегінде құрылыс салудың қала құрылысы регламенттерін (шарттары мен шектеулерін) есепке ала отырып, елді мекен аумағындағы сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді. 17. Қала құрылысын ерекше реттеу аумақтарында жылжымайтын мүлік объектілерін орналастыруға, салуға немесе өзгертуге қосымша талаптар бел гіленуі мүмкін. 18. Ерекше маңызды қала құрылы сы тораптары (объектілері) сәулеттікжоспарлау және көлемдік-кеңістіктік шешімдерді нақтылау мақсатында облыстың, ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдарының
сәулет-қала құрылысы кеңесінде қа растырылуы тиіс. Қала және аудан орталықтарының орталық көшелерін салу, барлық деңгейдегі бюджет есебінен нысандар құрылысын салу (толық жоспарлау жобасы) жобаланған нысандардың жобалық жоспары міндетті түрде тек облыстық қала құрылысы кеңесінде қаралғаннан соң жүзеге асырылады. Облыстық қала құрылысы кеңесінің құрамы және қарау үшін материал дарды ұсыну тәртібі Батыс Қазақстан об лысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген облыстың қала құрылысы кенесі туралы ережемен белгіленген. 19. Қазақстан Республикасының заңнамасында басқаша көзделмесе, белгіленген тәртіпке сәйкес бекітілген жобалық құжаттамасы жоқ нысан құрылысына жол берілмейді. 20. Бекітілген қала құрылысы құ жаттамасы ережелерді әзірлеу кезінде мыналар үшін басшылыққа алынады: аумақтық құрылыс салу және ау мақтық жерді пайдалану Ережелерін жасау үшін; Батыс Қазақтан облысының аумағы көлемінде табиғи ресурстарды пайдаланумен және қоршаған ортаға ықпал етумен байланысты әлеуметтікэкономикалық даму, қоршаған ортаны қалпына келтіру және сақтау, шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыру кезінде табиғи ресурстарды пайдалану мен ұдайы өндіру бағдарламаларын жасау үшін; жерлерді функционалдық тұрғыдан бөлуді және жер телімдерін мақсатты пайдалануды жүзеге асыру үшін; тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерді анықтау үшін; үлестік және жеке меншікке берілмейтін елді мекендердің жалпы пай даланыстағы жерлерін анықтау үшін; жерлерді таңдау, меншіктен алу, беру, сатып алуға, сатуға беру үшін; жеке және заңды тұлғалардың жер телімдерін пайдалануды және құрылыс салуды өзгерту мәселелерін шешу үшін; жер телімдерін пайдалану және құ рылыс салудың қала құрылысы регламенттерін (шарттарын) белгілеу үшін; құрылыстың барлық түрлерін орналастыру және олардың орналасатын жерлерін алдын ала келісу, құрылысқа (құрылыс салуға) және жер телімдерін басқалай пайдалануға рұқсат беру үшін; аумақтарды экономикалық бағалау және жердің бағалау құны үшін; елді мекендер мен басқа да аумақ тардың (аймақтардың), көшелер мен барлық санаттағы жолдардың қызыл сызықтарының шектерін белгілеу және өзгерту үшін; басымдықты дамыту аумақтарын анықтау және осы дамытуды қаржылай қамтамасыз ету үшін; экономика салаларын дамыту бағдар ламаларын әзірлеуді үйлестіру үшін; ерекше даму жағдайларындағы жергілікті маңыздағы аумақтардың тізі лімдерін құрастыру үшін; әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымды жобалау үшін; жалпы мүдделік аумақтарды, баубақша серіктестіктері аумақтарын анықтау үшін; Батыс Қазақстан облысы елді мекендерін әрі қарай дамытуға арналған аумақтарды резервте сақтау үшін; жол шаруашылығы жерлерін анық тау үшін. 21. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрындағы ақпараттар келесі міндеттерді шешу кезінде аумақтық Ере жеде қолданылуы тиіс: елді мекендерді дамытуды, жоспарлауды және оларда құрылыс салуды болжамдау; тұрғын үй-азаматтық, әлеуметтік және өндірістік мақсаттардағы нысандарды орналастыру, жобалау, салу және қайта құру; мәдени мұра ескерткіштерін қор
ғау, тарихи елді мекендерді, елді ме кендердің тарихи таралу аймақтарын, ортаның дәстүрлі сипатын регенера циялау; табиғатты қорғау; инженерлік және көліктік инфра құрылымды құру; тиісті аумақтарда жер қатынастарын реттеу; аумақтық ресурстардың ұтымды пайдаланылуын бақылау, бекітілген қала құрылысы құжаттамасының іске асырылуын талдау және т.б. 22. Осы ереже ғимараттар мен құ рылыстардың сенімділігін, қауіпсізді гін, ұсталуын қамтамасыз ету, оларды күтіп ұстау шарттарының сақталуын, қоғамдық және азаматтық мақсаттағы үй жайларының интерьерлерінің пай даланылуын бақылау бойынша іс-әре кеттердің тәртібі мен бірізділігін белгілейді. 23. Азаматтардың қалыпты демалысы мен тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында көп қабатты тұрғын үйлерде (тұрғын үйлер аумағында) инженерлік желілер, жүйелер мен коммуникациялардың аварияларын жою бойынша қалпына келтіру жұ мыстарын қоспағанда, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде, жер қазу жұмыстарын жасауға, ғимараттардың іргетасы мен каркастарын орнату жұмыстарын, сыртқы құрылыс монтаж жұмыстарын, тиеутүсіру жұмыстарын және тағы басқа да жұмыстарды кешкі сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін жүргізуге тыйым салынады. 24. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелері жоқ болған немесе пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайларда, елді мекенді сумен жабдықтау жүйесі санитарлық-эпи демиологиялық қадағалаудың жер гілікті органымен келісе отырып, сумен жабдықтаудың ашық көздерінен қарастырылуы тиіс. 25. Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарында кабель желілерін, телерадиоканалдарды ұжымдық және жеке қабылдау жүйелерін жобалау және құрылысын салу қолданыстағы мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Тұрғын үй және қоғамдық ғима раттарының алдыңғы жағына және балкондарына спутникті және эфирлік қабылдау құралдарын орналастыру жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. 26. Барлық жобалар міндетті түрде экологиялық сараптамадан өтеді. 27. Қала құрылысы регламенттері ережелерінде белгіленген іс-әрекет тер аумақтық аймақтар мен қосалқы аймақтар шектерінде орналасқан барлық жер телімдері мен күрделі құрылыс объектілеріне қолданылады, мына жер телімдерін қоспағанда: Қазақстан Республикасы мәдени мұрасы объектілерінің (тарих және мәдениет ескерткіштерінің) бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізілген ескерткіштер мен ансамбльдер аумақтары ның шектерінде, сондай-ақ жаңадан анықталған мәдени мұра объектілері болып табылатын ескерткіштер немесе ансамбльдер аумақтарының шекте рінде орналасқан; жалпы пайдаланыстағы аумақтар шектерінде орналасқан; линиялық объектілер орналасқан; пайдалы қазбаларды өндіруге берілген. 28. Қазақстан Республикасы заң намасына сәйкес белгіленген аумақ тарын пайдаланудың ерекше жағдай лары бар, елді мекенді қала құрылысы аймақтарына бөлу жоспарында көр сетілмеген аймақтар шекаралары қол даныстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілгеннен кейін елді мекендерде құрылыс салу және жер пайдалану Ережелеріне енгізіледі. (Жалғасы 20-бетте)
20
қаулы-қарар Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
(Жалғасы. Басы 19-бетте) 29. Қала құрылысы регламенттерінде жер телімдері мен күрделі құры лыс объектілеріне қатысты мыналар көрсетілуі тиіс: 1) жер телімдері мен күрделі құ рылыс объектілерін рұқсатты пайдалану түрлері: рұқсатты пайдаланудың негізгі түр лері; пайдаланудың шартты рұқсат етілген түрлері; рұқсатты пайдаланудың қосымша түрлері; 2) жер телімдерінің шекті (ең төменгі және/немесе ең жоғарғы) мөлшерлері және рұқсатты құрылыстың шекті параметрлері, күрделі құрылыс объек тілерінің өзгерістері (қайта құрылуы); 3) Қазақстан Республикасы заң намасына сәйкес жер телімдері мен күрделі құрылыс объектілерін пай далануға белгіленген шектеулер. 30. Қосалқы аймақтардың қала құрылысы регламенттері өздері орналасқан шекарадағы аумақтық аймақтардың қала құрылысы рег ламенттерінен жер телімдерінің шекті мөлшерлері және/немесе рұқсатты құрылыстың, күрделі құрылыс объек тілерінің қайта құрылуының шекті параметрлері немесе осындай мөл шерлер мен параметрлердің үйле сімдері бойынша айрықшаланады. 31. Жер телімдері мен күрделі құрылыс объектілерін пайдалануға қойылатын шектеулер жерге қатысты құқықтарды шектеу болып табылады. Қала құрылысы регламентінің құ рамындағы жер телімдері мен күрделі құрылыс объектілерін пайдалануға қойылатын шектеулердің мазмұны Қа зақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасымен анықталған. 32. Қала құрылысы жобаларының нормативтік параметрлеріне сәйкес әрбір қала құрылысы аумағы үшін құрылыс салудың бірыңғай шарттары мен регламенттері (шектеулері) және жер телімдерін пайдаланудың басқа да түрлері белгіленеді: үйлер мен құрылыстардың барынша мүмкін болатын биіктіктері және құрылыс салудың тығыздығы; үйлер мен құрылыстардың құрылыс салуды реттеу сызықтарынан, іргелес телімдер шектерінен ең аз шегіністері; үйлер мен құрылыстардың, көлік құралдарын қоятын жерлердің жолдары мен кіре берістерін ретке келтіруге қойылатын талаптар; инженерлік-көліктік инфрақұры лымның пайдаланылуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар; аумақтарды абаттандыру мен кө галдандыруға қойылатын талаптар; үйлер мен құрылыстарды күтіп ұс тауға қойылатын талаптар; жер телімдерін (қала құрылыстық, инженерлік, санитарлық-эпидемиоло гиялық, табиғатты қорғау, тарихимәдени) пайдалануға қойылатын шек теулердің тізімі және басқа да талаптар. 33. Қала құрылысы регламенттері жалпы пайдаланыстағы аумақтарды және Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көрсетілген жалпы ережелер, жалпы пайдаланыстағы жерлердің шектерін белгілеу, өзгерту және бекіту қажет болатын жер телімдерін пайдалануға белгіленбейді. 34. Елді мекеннің қала құрылысы жобаларын іске асыру жөніндегі негізгі құжат жылжымайтын мүлікті (жер телімдерін, ғимараттарды, құрылыстарды) пайдаланудың, құрылыс салуды жүзеге асырудың құқықтық қала құрылы сы регламенттерін жүргізу тәртібін анықтайтын – жоспар болып табылады. Жоспардағы іс-әрекеттер қызметі елді мекендерде құрылыс салумен немесе аумақтарды басқа да мақсаттарда пайдаланумен байланысты жергілікті атқарушы органдарға, заңды және жеке тұлғаларға таралады. 35. Жоспардың негізгі ережелері қала құрылысы қызметін жүзеге асыру және жерге құқық беру кезіндегі бас жоспарлар ережелерін іске асыратын аумақтардың функционалдық аймақтарының құрылысын салу стандарттары мен ережелері бойын-
ша жер телімдеріне құрылыс салуды аумақтық жоспарлау және қала құрылысы тетігін қалыптастыратын елді мекендердің Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының Деректер банкінің бастапқы ақпараттық базасыболып табылады. 36. Функционалдық аймақтар мен қала құрылысы регламенттері туралы ақпарат нақты аумақта құрылыс салуды іске асыру жоспары бойынша құжатты беру кезінде жарамды болады. 37. Жер пайдалану құқығын беретін құжаттарды (актіні) әзірлеу кезінде аумақтық Ережелермен анықталған құрылыс салудың және басқа (іргелес) жер телімдерін пайдаланудың біріңғай шарттары мен шектеулері ескеріледі. 38. Үй жанындағы алаңдарда құ рылыс салу және қосалқы үй iргесi шаруашылығын жүргізу бойынша жалпы талаптар Ережелермен белгіленеді. 39. Облыстық маңызы бар қалалар бойынша құрылыс салу ережесі (ары қарай аумақтық Ереже) қолданыстағы Ереже талаптарын есепке ала отырып әзірленеді және белгіленген тәр тіпте бекітіледі. Аумақтық Ережелер экологиялық сараптамадан өтуі тиіс. Аудандар бойынша елді мекендердің аумақтарында құрылыс салудың об лыстық Ережелері пайдаланылады. 40. Аумақтық ережелерде елді мекендер аумақтарының, оларда құры лыс салудың өзіне тән ерекшеліктерін, оларды дамытудың басым бағыттары бойынша мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бағдарламаларды, мәдени, тарихи, сәулет-қала құрылысы мұра ларының сақталуын және табиғи ланд шафты ескеру туралы талаптар болуы тиіс. 41. Аумақтық ережелерде аумақ шектерін, ортаны қорғау аймақтары ның шектерін және басқа да регламенттерді көрсете отырып, аумақтарды қала құрылысында пайдалану жоспар ларын құрастыру қажеттілігі қарасты рылуы тиіс. 42. Аумақтық ережелерде тұрғын аудандарды жобалау және оларда құрылыс салу, жаңадан игерілген және қайта құрылған аумақтарды абаттандыру кезінде тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік ғимараттар (үй-жайлар) мен құрылыстардың мүгедектер үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету жө ніндегі талаптар қарастырылуы тиіс. 43. Аумақтықережелер Батыс Қазақстан облысы аумағында салынуы тиіс мемлекеттік (халықаралық) маңызы бар объектілер бойынша қала құрылысы, сәулет-құрылыс және басқа да жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаларды қарастыруды, келісуді және бекітуді көздейді. 44. Аумақтық ережелерде елді мекендер аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін іске асыру барысында жергілікті ат қарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік қала құрылысы кадастры (елді мекеннің аумақтары бойынша қала құрылысы регламенттері) мәліметтерін пайдала нуының нұсқаулықтары болуы тиіс. 45. Аумақтық Ережелерде қала құ рылысы аймақтары шегінде құрылыс салу үшін аумақтарды функционалдық пайдаланудың және жер телімдерін басқалай пайдаланудың рұқсат етілген түрлерінің басымды және мүмкін бо латын қала құрылысы регламенттерінің тізбесі келтірілуі тиіс. 46. Аумақтық Ережелерде қала құрылысы нысандарын орналастыру және оларды жобалау үшін қажетті бастапқы мәліметтерді ұсыну мәселе лерінің шешілу тәртібі белгіленеді. 47. Аумақтық Ережелер бекітілгеннен кейін тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жария лануы тиіс. 48. Осы Ережелердің қолданылуы салдарынан заңды мүдделері бұзылған жағдайда жеке және заңды тұлғалар аумақтық Ережелер қағидаларынасот тәртібінде шағымдана алады. 5. Құрылыс мақсаттары үшін қала құрылысы құжаттарын жүзеге асыру 1. Жер телімдерін пайдаланудың талаптары
oral_oniri@inbox.ru
49. Елді мекендердің шектеріндегі жерлерді пайдалану және қорғау Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуб ликасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Батыс Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасының заңнама ларында белгіленген тәртіппен осы мақсаттарға бөліп берілмеген жер те лімдеріне салынған әр түрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың немесе жобадан ауытқып салынған, сонымен қатар тиісті қажетті рұқсаттар алынбай салынған құрылысқа рұқсат етілмейді. Құрылыс салу және жер телімдерін пайдалану тек қала құрылысы регламенттеріне сәйкес әкімдіктер анықтаған және жер телімдерінің құқығын куәландыратын құжаттарда көрсетілген нысаналы мақсаттарына қатаң сәйкестікте рұқсат етіледі. 50. Жер телімдерін пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары оларды құрылыс үшін ұсыну кезінде бекітілген қала құрылысы жобалау құжаттары негізінде анықталады: елді мекендердің бас жоспарлары, бірінші кезектегі құрылыстарды орналасу жобалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының, құрылыс салу жобалары, өндірістік, рекреациялық және қор ғау аймақтарын жоспарлау жобалары (сызбасы), ғимараттар мен кешендер дің бас жоспарлары, абаттандыру мен көгалдандыру жобалары, аумақтарды жер-шаруашылық орналасу жоспарлары және басқа да жобалау-сметалық құжаттар жобалары. Тапсырыс берушінің (заңды және жеке тұлға) қаржысы есебінен орында латын кешендерге секілді жекелеген нысандарға да орналастыруды негіздеу үшінбелгіленген тәртіпте егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес жұмыс жоспарын немесе құрылыс ауданының құрылыс салу жобасын әзірлеу қажет. 51. Жердi пайдалану кезiнде келесі экологиялық талаптар сақталуы қажет: 1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетiн өндiрiс технологияларын қол дануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуi, қолжетiмдi озық технологияларды енгiзуi; 2) топырақтың ластануына, қоқыс тануына, тозуына және құнарлылы ғының төмендеуiне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет болған жағдайлар ды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеуi; 3) қалдықтарды жинақтау мен жоюды олардың құзыретi шегiнде қор шаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, сондай-ақ арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен ке лiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы ор гандардың шешiмiмен айқындалатын жерде жүргiзу талаптарын сақтауы тиiс. 52. Елді мекен аумақтарының қала құрылысы жобалары Ережелердің әлеуметтік, өндірістік, рекреациялық, инженерлік және көліктік инфрақұры лымдар объектілерінің құрамы мен құрылымының ең төменгі қажетті нормативтік параметрлерге сәйкестігіне қойылатын талаптарды ескеруі тиіс, сондай-ақ мыналар көзделуі қажет: 1) аумақтарды абаттандыру, көгал дандыру, инженерлік даярлау; 2) аумақтарға кешенді құрылыс салуды; 3) халықтың әр түрлі әлеуметтік, демографиялық және кәсіби топтары мүдделерінің ескерілуін; 4) аумақтарға құрылыс салудың қала құрылысы регламенттерінің сақталуын; 5) қызмет көрсету саласындағы бә секелі ортаны дамыту үшін қажетті жағ дайларды. 53. Қолданыстағы үйлер мен құ
рылыстарды, жас көшеттерді кейіннен кәдеге жарату, сондай-ақ үйлер мен құрылыстардың, жер телімдерінің иелеріне (пайдаланушыларына) келген шығынның орнын толтыру заңмен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. 54. Жер телімдерінің пайдаланылу мақсаттарының өзгеруіне байланысты оларды жоспарлауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес нысаналы мақсатының өзгеруі тәртібін қатаң сақтай отырып осы жер телімдерінің иелері немесе пайдаланушылары жүзеге асырады. Үй иелері немесе пайдаланушылары жеке жер телімін жоспарлауды, онда үйлер мен құрылыстарды салуды оған тікелей жапсарласатын басқа да жер телімдері, үйлер мен құрылыстар иелерінің немесе пайдаланушылары ның мүдделерін есепке ала отырып жүзеге асырады. 55. Құрылыс объектісін орналастыру мүмкіндігін белгілеу қала құрылысы құжаттамаларына (бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, құрылыс салу немесе кварталдарды, шағын аудандарды қайта құру жобасына) сәйкес сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органның құзырына жатады жән аумақты инженерлік даярлау, абаттандыру және көгалдандыру шарттарын қоса алғанда, сәулет-жоспарлау тапсырмасын берумен бірге жүргізіледі. 56. Жергілікті атқарушы орган Қа зақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес елді мекендердің инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға тапсырыс берушілердің қа ражаттарын тарту, соның ішінде конкурстар, тендерлер өткізу арқылы елді мекендердің инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға тартылатын тапсырыс берушілер қара жаттарының шекті мөлшерін белгілеу тәртібін бекітеді. 57. Нысанды қолданыстағы құры лыстары бар немесе олардың бос алаңдарына орналастырған кезде Ережелер мен бекітілген қала құрылысы құжаттамалары болмаған жағдайда, тапсырыс беруші қала құрылысы негіздемесін жасайды, ол нобайлық жобамен бірлестірілуі мүмкін. 58. Қала құрылысы негіздемесін әзірлеудің қажеттігін, мақсатын, оның материалдарының тиісті көлемдерін сәулет және қала құрылысы жергілікті атқарушы органының келісімі бойыншажергілікті атқарушы орган немесе тапсырыс беруші анықтайды. 2. Жобаларды әзірлеу үшін бастапқы рұқсат беру құжаттарының негізгі тізбесі 59. Жобаны әзірлеу мына негізде жүзеге асырылады: 1) аумақты оның шектерінде пайдалану және жоспарланған нысанның мақсаты жөніндегі регламенттерді қоса алғанда, жер телімін беру (кесіп беру) немесе өтініш берушінің қолда бар телімдеріне көзделген нысанды салу үшін пайдалануға рұқсат берутуралы жергілікті атқарушы органдар шешімінің; 2) жобалау және құрылыс үшін қажетті құрылыс алаңдарындағы (жер телімі және инженерлік коммуникацияларды жүргізу (ауыстыру) трассалары шегінде) инженерлік іздеулер материалдарының; 3) аумақты инженерлік даярлау, абаттандыру және көгалдандыру шарттарын қоса алғанда, сәулет және қала құрылысы жергілікті атқарушы органының сәулет-жоспарлау тапсыр маларының; 4) иженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылудың техникалық шарттарының; 5) бекітілген жобалау (жобалық құжаттаманы әзірлеу) тапсырмасының. Қажет болған жағдайларда өтініш беруші құрамы мен көлемдері мемлекеттік нормативтік құжаттармен белгі-
ленетін қосымша бастапқы материалдарды (деректерді) қоса береді. Аталған бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу мен беру тегін жүргізіледі. Жобалау тапсырмасын құрастыру, келісу және бекіту, сондай-ақ жобаларды (жобалау алдындағы немесе жобалық-сметалық құжаттаманы) әзір леу тәртібі мен олардың құрамын мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелері анықтайды. 60. Техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалық-сметалық құ жаттамаларды әзірлемес бұрын тиісті салалық басқармалар технологиялық жабдықтарының тізбесін жасақтап, бекітуі қажет. 3. Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері 61. Нысан құрылысын іске асы руға ниетті тапсырыс беруші, жер заңнамаларына сәйкес аудандық (қалалық) жергілікті атқарушы органдарынан сол нысан құрылысы үшін жер телімін беру туралы шешім (құқық белгілеуші құжат) алуға міндетті. Нысандар құрылысына жер телімдерін ұсынуды жергілікті атқарушы органдар белгіленген заңнамалық тәр тіпте жүзеге асырады. Бұл тәртіпке тапсырысшыға меншiк құқығымен тиесiлi жеке үй жанында ғы, саяжай, бау-бақша телімдерiндегі уақытша құрылыстар, шаруашылықтұрмыстық құрылыстар және абаттандыру элементтерiн, сондай-ақ тапсырысшы жер пайдалану құқығында пайдаланатын телімдердегі (аумақ тардағы) маусымдық жұмыстар мен мал шаруашылығына арналған тұрғын және тұрмыстық үй-жайлар салу қо сылмайды. 62. Нысандардың құрылысына арналған жер телімдерін таңдауды қоршаған ортаны қорғау, санитарлықэпидемиологиялық қадағалау саласын дағы уәкілетті органның қатысуымен жер қатынастарын басқару орган дарымен бірлесе отырыпжәне бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және басқа да қала құры лысы құжаттары мен регламенттеріне қатаң сәйкестікте сәулет, қала құрылы сы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органжүзеге асырылады. 63. Құрылыс салу үшін жер телімін беру немесе оның нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулының жобасы мына уәкілетті органдар комиссияларының қорытындысы негізінде әзірленеді: сәулет, қала құрылысы істері жө ніндегі; жер қатынастары жөніндегі; санитарлық-эпидемиологиялық қызмет; қоршаған ортаны қорғау саласын дағы; мәдени мұра ескерткіштерін қорғау; жол полициясы; автомобиль жолдары қызметі (жол шаруалығы жерлерінде орналасқан нысандар үшін); және жер телімдерін бөліп беру және орналастырылатын нысандарды инженерлік қамтамасыз ету шарттарын анықтайтын басқа да кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер. 64. Нысан құрылысының кешенді қорытындысы мен қаулы жобасын сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган дайындайды. Ол үшін ұсынылған құжаттарды осы Ереженің 63-тармағында көрсетілген уәкілетті органдар өкілдерімен келісу үшін жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарында біріңғай күн белгіленеді (аптасына бір реттен кем емес). 65. Көрсетілген талаптар жер телімдері құқығының басқа тұлғаларға өту жағдайында да сақталады. 66. Жер телімдеріне жеке меншік немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығы бар заңды тұлға оны игеруді жергілікті атқарушы органның қаулысына және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жүзеге асырады.
(Жалғасы бар)
шарайна oral_oniri@inbox.ru
Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
21
Қағбаның алтын құлпы Меккеде қасиетті Қағбаның құлпы ауыстырылды. 750 сынамалы саф алтыннан құйылған жаңа құлыптың бұрынғысынан айырмашылығы да таза алтыннан соғылғаны екен. Сауд Арабиясы королінің қаржысына жасалған алтын құ лыпты Мекке қаласының әкімі Халед Аль-Фейсаль салтанатты түрде есікке ілді. Ал құлыптың кілті шейх Абдул Кадиру аш-Шайбиге берілді. Оның әулеті Қағбаның есігін ашатын кілтті XV ғасырдан бері сақтап
Тәуелсіздікке тарту келеді. «Қағбаның құлыбы соңғы 60 жылда бірінші рет ауыстырылып тұр. Кілт қолдан тоқылған арнайы сөмкеге салынып, ең қауіпсіз жерде сақталады. Тарихқа үңілсек, Ислам халифаты уақытында Қағбаның кілті бір рет ұрланып, табылды», – дейді шейх. Биыл Меккеге 6 млн.нан астам мұсылман барған. Қасиетті жерге тәу етушілер саны жыл сайын 10-20 пайызға көбейіп отыр.
71 жастағы танымал режиссер Александр Бурдонский – Сталиннің тікелей немересі. Ол – Сталиннің ұлы Василий мен Галина Бурдонскаяның баласы. Александр 40 жылдан бері Ресей армиясының орталық театрында қызмет істейді. Ол жақында сырт келбетін өзгертіпті, яғни мойнына
шәлі орап, көзіне қара көзілдірік киіпті. Сақал-мұрт қойған оны «Атасына қатты ұқсап кетті» дейді әріптестері. «Менің атам XX ға сырдың ең ұлы тұлғасы болды», –
Алматы облысы Көксу ауданының 76 жастағы тұрғыны Әмірбай Рысқұлов Гиннестің рекордтар кітабына енді. Әлемдік рекорд жасау үшін оған бар болғаны жарты сағат кетіпті. Ол жарты сағат ішінде 10 келі гір тасын 750 рет көтерген. Ресейдің Архангельск қаласында өткен 400 адам қатысқан күшті лер жарысында Әмірбайдың 4 қарсыласы болған. - Бұл жеңіске мен жылдар бойы дайындалдым. Бұл жеңісімді Ұлы мәртебелі Тәуелсіздік мерекесіне тарту етемін. Еліміздің чемпиондары қазақ елін әлемге таныта берсін, – дейді ол.
Сталин атасынан аумай қалған дейді ол. Және ол осы пікіріне жұрттың бәрі қосылады деп ойлайды екен...
Қайыршы ма, Ажал күткен азапты жылдар Жақында Алманияның 95 жастағы
тұрғыны Маргот Воелк Гитлердің тамағын дегустация жасағанын айтты. Ол бұл құпияны алпыс жылдан астам уақыт жасырып келген. Оның айтуынша, екі жыл бойы Гитлердің ішетін асының дәмін татып келгенін оның күйеуі де білмепті. Ал күйеуі Гитлердің төңірегінде қызметте болған. Воелктің міндеті тамақтың уланған-уланбағанын тексеру болған. Бүгінде Польша жеріндегі, соғыс жылдарындағы Гитлердің «қасқыр қоймасында» одан басқа 14 адам қызмет істеген. «Әр атқан таң біз үшін ең соңғы болуы ықтимал-ды. Өйткені оның тамағына кез келген уақытта у салуы мүмкін еді» дейді кемпір.
Болгарияның Баилово деревнясының тұрғыны, 98 жастағы қайыршы Добри қарт Софиядағы Александр Невский соборының қасында қайыр сұрап тұрады. Ол күн сайын ерте тұрып 10 шақырым қалаға жаяу жүріп келеді. Собор туралы деректі фильм түсірген журналист қызық жайға тап болыпты. Добри қайыршы соборға 40 мың еуро сыйға тартыпты. Бұл собор собор болғалы жеке адамнан түскен ең қомақты қаржы көрінеді. Ақшаның көшеде алақан жайып, қайыр сұрап жүрген қайыршыдан түскені баршаны қатты таң ғалдырған.
Дайындаған Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ
бай ма?
22
хабар-ошар Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
oral_oniri@inbox.ru
«Әмбебап полицей» көпшілік көңілінен шығуда
Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, «Орал өңірі»
Көзіміз жетті дүниенің жалғанына Не істейміз тағдырдың салғанына Күйінеміз қатыгез сұм ажалдың, Ортамыздан тым ерте алғанына. Қызымыз жатқан жерің жарық болсын! Сен біздің жұдырықтай жүректесің, Жәннатта боп, топырағың торқа болсын!
БҚО ІІД-де аталмыш департамент жанындағы қоғамдық кеңестің ағымдағы жылғы соңғы отырысы өтті. Жиынды ашқан қоғамдық ке ңес төрағасы Қазыбай Бозымов осы кеңес құрамында болған самбо күресінен төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыровтың БҚО ІІД штатына қабылда нуына байланысты ережеге сәйкес мүшеліктен шығарылғанын мәлімдеді. Оның орнына М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры ның кеңесшісі Тұяқбай Рысбеков бекітілді. БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мүсілім Жәрдемов «Әмбебап полицей» жобасының жүзеге асу барысы жөнінде баяндады. «Патрульдік және жол полициясы қызметкерлерін біріктіру бұл қосымша штатсыз, қаражатсыз, ішкі қор есебінен патрульдік экипаждардың санын екі есе арттыруға, олардың оқиға орнына тез жетуіне, адамдарға шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік береді, - деді ол. - Жаңадан құрылған жол-патрульдік полициясының бірінші батальоны қала көшелеріндегі бұзақылықтар ды болдырмай, тұрғындардың алаңсыз демалуына жағдай жасап, жолдағы көлік кептелісін реттеп, көшедегі қылмыстарды ізін суытпай ашуы тиіс. Ал екінші
Сағына еске алушылар: анасы Мубина және бауырлары «Спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандан дырылған мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметкерлерге бос орынға конкурс жариялайды:
батальон қала сыртындағы автотрассаларда және «Шеп» жүйесі нің стационарлық бекеттерінде қызмет атқарады. Бүгінгі күні облысымыздағы «әмбебап поли цейлердің» саны 418 бірлікті құрайды. Оның 237-сі Орал қала лық ішкі істер басқармасы батальонында, 151-і БҚО ІІД әкім шілік полиция басқармасы жа нындағы батальонда, 30-ы Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің взводында. «Әмбебап полицей» жобасы іске асырылған сәттен бері 2147 рет шақырту түсіп, 13 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Екі мыңнан аса қоғамдық тәртіпті бұзушы есепке қойылды. Көшеден 400 бұзақы, 390 қаңғыбас, 2630 маскүнем ұсталды. 116 көше қылмысы ашылып, берілген бағдарлар бойынша 80 автокөлік, 215 мас жүргізуші, іздеуде жүрген 6 қылмыс кер, қылмыс жасаған 130 адам құрықталып, жолдағы 34 көлік
кептелісі реттелді. Міне, осы жұмыстарға байланысты ағымдағы жылдың қараша айында қоғамдық орындардағы қылмыс 8 пайызға, көшедегі қылмыс 11,4 пайызға, жол апаты 6 пайызға азайып отыр. Жол-патрульдік полицияның барлық қызметкері тиімділігі жоғары радиостанциямен қамтама сыз етілді. Облыстық әкімдіктің және мәслихаттың қолдауымен облыстық бюджеттен қаражат бө лініп, салонының ішіне де, сыртына да бейне және аудиожазба жүйесі орнатылған «Шкода» маркалы 30 жаңа автокөлік берілді. Ал 16,5 млн. теңгеге сатылып алынған «Автоураган» кешені екі ай мерзім ішінде мемлекеттік борышкерлерді, айыппұл тө леуден жалтарып жүргендерді анықтау кезінде мемлекетке 6 млн. теңгеден астам кіріс кіргізді». Жиын соңында қоғамдық ке ңестің келер жылға арналған жұ мыс жоспары бекітілді.
«Шаңырақтың» шаттығы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде шыршатой ұйымдастырылып, балаларды құттықтауға Аяз ата, Ақшақармен бірге қалалық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер барды.
1. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі – 1 бірлік 2. Кітапханашы (жүктілікке және босануға байланысты демалысқа шыққан негізгі қызметкердің орнына) – 1 бірлік Үміткерлерге қойылатын талаптар: 1. Жоғары кәсіби білімі 2. Жұмыс өтілі – 3-5 жыл 3. Біліктілік санатының болуы 4. Компьютермен жұмыс істеу дағдысы Қажетті құжаттар хабарландыру шыққан соң 15 күнтізбелік күнде мына мекенжайға тапсырылуы қажет: Орал қаласы, Жданов көшесі, 7/1, «Ремзавод» аялдамасы, тел.: 28-48-07. БҚО МАЭ сотының шешімдерімен 14.11.13 ж. «Жангирхан» ЖШС (БҚО, Орал қ., Ярославская к., 12-үй, 86-п. БСН 060940008917, ЗТ, мем. тіркеу куәлігі 6978-1926-ЖШС б.к. 27.09.2006 ж.), 01.08.2013 ж. «УралАвтоЭкспресс» ЖШС (БҚО, Орал қ., Құрманғазы к., 121-үй, 14-п. ЖСН 270100240500, ЗТ мем. тіркеу куәлігі 7332-1926-ЖШС, б.к. 16.10.2008 ж.), 06.05.2013 ж. «Истрем НС» (БҚО, Теректі ауданы, Федоров с., Юбилейный к., 16-үй, БСН 051040009014, ЗТ мем. тіркеу куәлігі 20-ю-1926-14, б.к. 21.09.2010 ж.) банкроттар деп танылды. Талап-шағымдар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 19-үй, 92-пәтер мекенжайы бойынша қабылданады. Тел.: 8 (7112) 50-02-73, 87015215113.
Дзюдо додасында Жаңа жыл мерекесіне орай Орал қаласында 2001-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен ашық облыстық турнир өтті. Турнирде Ақжайық, Бөрлі, Жә нібек, Зеленов, Қазталов, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандарынан және «Жекпе-жек» ОРМБЖМ және №4 БЖСМ-дан келген 167 жасөспірім бақ сынасты. Нәти жесінде 26 келі салмақта Қазталов ауданынан Сенім Сейітқалиев, 29 келі салмақта №4 БЖСМ-дан Ерназар Ермеков, 32 келі салмақта Теректіден келген Дәурен Оралбаев, 35 келі салмақта бөрлілік
Данияр Абаев, 38 келі салмақта Сырым ауданынан келген Бейбарыс Нұралиев, 42 келіде жәнібектік Бекзат Мұсаев, 46 келіде жәнібектік Бекзат Нығметов, 50 келі салмақта Сырым ауданынан келген Мирас Ерболатов, 55 келіде №4 БЖСМдан Бахтияр Якубов, 55 келіден жоғары салмақта №4 БЖСМ-дан Шыңғыс Қаржау жеңімпаз атанды.
Өз тілшіміз
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аманкелді Медхатұлы Дәулетжановқа сүйікті апасы Баянның ұзаққа созылған науқастан қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі» Бүгінде «Шаңырақ» үйін сәбилі 27 жас отбасы мен жалғыз басты 12 ананың паналап отырған жайы бар. Олардың алпыс шақты бөбегіне шыршатой өткізуге депутат Асқар Лекеров, жеке кәсіпкер Алексей Попов, «Земэнергосервис» ЖШС, «Нұр» балалар үйі мен мектеп-интернат-
Жаңақала ауданы Айдархан ауылында туып-өскен аяулы қызымыз, қымбатты бауырымыз Дания Ерғалиқызы Бисе нованың дүниеден озғанына 5 жыл болуына орай сағына еске аламыз.
тары түлектерінің батысқазақстан дық одағы» қоғамдық бірлестігі демеуші болғанын, шараның әде мі өтуіне «Жас ұрпақ» әлеуметтік даму орталығы барынша еңбек тенгенін айта кеткен жөн. Үйдің кіреберісіне әсем безендірілген шырша қойылып, ба-
лалар түрлі ертегі кейіпкері болып киініп, әжептәуір дайындал ған. Олардың өнерін тамашалаған Аяз ата сыйлығын үлестіріп, игі тілегін арнады. Ата-аналар ба лаларының есінде ұзақ сақталар кеш үшін жомарт жандарға ал ғыстарын жаудырды.
«ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің әкімшілігі мен ұжымы Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аманкелді Медхатұлы Дәулетжановқа апасы Баянның қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. “Орал өңірі” газеті редакциясының ұжымы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың аға оқытушысы Балдай Ходжановаға інісі Қайырханның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
дала-қала oral_oniri@inbox.ru
Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
ік д з ү ң ы д л ы «Ж » і с і ш л і т с а ж
Құрылыс
қарқыны
2013 жылғы қаңтар-қарашада орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 51,1 млрд. теңгені немесе 2012 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 102,4 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың 11 айында 1663 жаңа ғимарат, оның ішінде 1462 тұрғын үй және 201 тұрғын үйге жатпайтын ғи мараттар пайдалануға берілді. Осы мерзімде тұрғын үй құрылысына 12,2 млрд. теңге инвестиция бағыттал ған, бұл 2012 жылдың сәйкесті кезеңінен 1,8 пайызға көп. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 225,5 мың шаршы метрді құрады. Өтпелі жылдағы 1 желтоқсанға дейін жұртшылық қаражаты есебінен 159,5 мың шаршы метр тұрғын үйлер, республикалық бюджет қаражаты есебінен 25 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үйлер және 25,4 мың шаршы метр арендалық коммуналдық үйлер, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 14,1 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үйлер мен (1,5 мың шаршы метр) жұмысшыларға арналған жатақханалар салынды. Іске қосылған тұрғын үйлердің көбеюі Бөрлі, Қазталов және Қаратөбе аудандарынан басқа барлық аудандарда және Орал қаласында байқалады.
Қараша айындағы орташа жалақы – 98 536 теңге
Санаулы сағаттардан кейін тарих қойнауына енгелі тұрған Жылан жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлықтехникалық университеті жанындағы студенттік «Заңғар» газетінің тілшісі Айнұр Базарова үшін жемісті де жеңісті жыл болды. Басты жеңісі - «Батыс Қазақстан облысы жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі белгілеген «Жыл үздігі 2013» байқауында «Үздік жас тілші» аталымын жеңіп алуы. Оған дейін қараша айында Астана аспанын дүрілдеткен шығармашыл жастардың XVI «Шабыт» халықаралық фестиваліне қатысып, «Үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша дипломант атанып, олжалы оралған болатын. Сондай-ақ облыстық дін істері, жастар саясаты мәселелері басқармалары, «Жа йық» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы бірлесе ұйымдастырған жастар арасындағы «Замандасқа айтарым бар...» шығарма шылық байқауында алғысхатқа ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы, әңгіме жазуды жаны сүйетін Айнұрдың проза саласында қол жеткізген табыстары аз емес. 2011 жылы облыстық жастар шығармашылығы орталығы өткізген «Дала дарындары» байқауының көркем
проза жанры бойынша ІІІ орын, 2012 жылы «Жайық Пресс» ЖШС ұйымдастырған «Тілші болғың келсе...» байқауының ІІІ орын иегері атанды. Әңгімелері Ақұштап Бақтыгерееваның рецензиясымен «Сырымның сыршылдары» атты жинаққа енген, сонымен қатар әңгімелері мен мақалалары облыстық «Орал өңірі», «Жайық үні», «Жастар жанары» газеттерінде, жастардың респуб ликалық әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси «Үркер» журналында жарияланып жүр. Ал балаларға арналған өлең, жұмбақ, ертігілері республикалық әдеби-сазды «Зерек Ботақан» альманахында жарық көріп, редакция алқасына қабылданды. - Қаламымнан туған дүниемнің көп ішінен суырылып үздік деп танылып жатқа нын тамшыдай ғана еңбектің еленгені деп білемін. Жылқы жылы баршаға жақсылығы мен берекетін ала келсін! – дейді «Жылдың үздік жас тілшісі».
Айгүл АХМЕТОВА
Салтанаты жарасқан Жаңа жыл қарсаңында аудан тұрғындары тағы да бір жақсылыққа куә болды. Жаңадан салынған саз мектебі пайдалануға беріліп, ғимараттың ашылу салтанатында аудан әкімі Алдияр Халелов, зейнеткер ұстаз Б.Сапаров және басқалары сөз сөйледі. Лента қию рәсімін әкіммен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Сүйеу Игилманов атқарды.
Бөлшек саудадағы нақты көлем 2013 жылғы қаңтар-қарашада жедел деректер бойынша бөлшек сауда көлемі 151,7 млрд. теңге құрады, оның ішінде сауда кәсіпорындарымен 67,0 млрд. тең геге, базарлардағы сатушылар және сау да нысандары бар жеке кәсіпкерлермен 84,7 млрд. теңгеге тұтыну тауарлары сатылды. 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағамен нақты көлем индексі 124,5%-ды құрады. Ірі және орта кәсіпорындармен 38,8 млрд. теңге (25,6%) сомасында тауарлар сатылды, шағын кәсіпорындармен 28,1 млрд. теңге (18,5%), жеке кәсіпкерлермен 59,6 млрд. теңге (39,3%), базарларда 25,2 млрд. теңге (16,6%). Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (62%).
Саз мектебінің директоры Айман Ора залинаға жаңа мектептің кілті ұсынылды. Содан соң көпшілік ғимараттың ішіне енді. Сапалы жұмыстың нәтижесіне ризалықта шек болған жоқ. Ғимараттың іші-сырты на сай. Түрлі сабақ өткізуге арналған бөл мелер, би, салтанат залы бар. Соңғы жылдары жақсы нәтижеге ие болып жүрген ұжымға бұл ғажайып жаңа
23
жылдық тарту болды. Жиналғандарға ұжымның шағын концерті көрсетіліп, келгендер әр сыныпты аралап шықты. Ел Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында атап көрсетілгеніндей, өнерге қолдау мен бала болашағына деген қамқорлық осылай болса керек.
2013 жылдың қараша айында бір қызметкер дің орташа айлық атаулы жалақысы 98536 теңгені құрады және өткен жыл дың сәйкесті айымен салыстырғанда 11,8%-ға, нақты көріністе 4,8%-ға өсті. Жоғары еңбекақы деңгейі өнеркәсіпте 201,5 мың теңге (орташа об лыстық деңгейден 2 есеге артық), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында 141,0 мың теңге және құрылыста 139,3 мың теңге (1,4 есеге), қаржы және сақ тандыру қызметінде 120,9 мың теңге (1,2 есеге), ақпарат және байланыс саласында 110,2 мың теңге (1,1 есеге), кәсіби, ғылыми және техника лық қызметте 103,7 мың теңге (5,3%-ға) және көлік және қоймалауда 102,7 мың теңге (4,2%-ға) байқалады. Ең төменгі еңбекақы деңгейі өнер, ойын-сауық және демалыс саласында байқалады, мұнда орташа жалақы ор та облыстық деңгейдің 54,6%-ын құрайды.
Адақ ТАНАБАЙҰЛЫ, Шыңғырлау ауданы
Алғысым шексіз Қараша айының соңында қызым Жаннаттың жол-көлік оқиғасына ұшы рауы бәрімізге ауыр соққы болды. Қызымды облыстық клиникалық ауруха наға жеткізген кезде, құрақ ұша жүгіріп, өлім мен өмір арасында жатқан адамның асты-үстіне түсіп, ем-домының бар лығын жасап, бүгінде бетін бері қаратқан ақ халатты абзал жандарға аналық үлкен жүрекпен шын алғысымды білдіремін. Олар осы клиниканың бас дәрі-
герінің орынбасары Жұмабек Жәдігерұлы Шайхиев, жансақтау бөлімінің мең герушісі Виктор Петрович Ширяев, травматология бөлімінің меңгерушісі Серік Оразбайұлы Қарекенов, дәрігерлер Азамат Тұрарбекұлы Мантбеков, Кристина Юреевна Барсигиян, аға медбике Жұпар Серікқызы және медбике Нұрсәуле Сәрсенбаева болатын. Адам өмірін сақтап қалу үшін бар ынта-жігер лерімен күресіп, өздерінің біліктілігін,
білімдерін көрсете білген жансақтау бөлімінің барлық қызметкерлеріне отбастарына амандық, еңбектеріне сәттілік тілеймін. Баршаңызға келе жатқан Жаңа жыл құт-береке, ырыс алып келсін.
Жаннат Шәкірованың анасы Тойған Жұмағазиева, Орал қаласы
«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор
Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН
Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)
8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126
Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08,
Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.
Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген
Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.
Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компьютерлiк орталығында терiлiп, беттелдi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16042, 6 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редакторлар: Т.кенжеғалиев, н.рахманов
24
керуен сарай Сейсенбі, 31 желтоқсан 2013 жыл
Орал қаласының тұрғыны, асыл жар, аяулы ана, сүйікті әже Күнайым Фазылқызы Рустемованы мерейлі 58 жасымен және зейнеткерлікке шы ғуымен шын жүректен құттықтаймыз. Анамыздың аялы алақаны, мейірімді жүрегінің жылуы біз үшін әркез қымбат. Балаға анадан артық адам, анадан қым бат жан жоқ. Осындай қуанышты туған күніңізде сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, әкеміз екеуің әлі де талай қызықтарды бізбен бірге көруге тілек білдіреміз. Теңдесі жоқ данасыз, Арқа тұтар панасыз. Еңбегіңізді ақтаймыз. Аман болшы, анашым!
Игі тілекпен: жұбайыңыз Талғат, балаларыңыз Асқар, Армат, келіндеріңіз Назгүл, Румия және немерелеріңіз Қайсар, Сұлтан, Арсен, Арназ «Парасат» орденінің иегері, доктор, профессор, академик, облыстық мәслихаттың депутаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универси тетінің құрметті ректоры Асхат Сәлім ұлы ИМАНҒАЛИЕВ! Сіз басқарған ұжымды, сізді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Айналайындар, алдарыңнан ақ күн тусын. Айдарымыз да, айбарымыз да болып жүре беріңіздер. Ақ тілегім періштенің құлағына шалынып, пайғамбарымыз қош көріп, Алла Тағала қабыл етсін. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге береке, отбасыларыңызға мереке әкелсін. Әумин!
Қала ақсақалы Асқар Әбубәкіров Теректі ауданы Ақжайық ауылының құрметті тұрғыны, ардақты да аяулы анамыз, немере-жиендерінің сүйікті әжесі Қапиза Құспанқызы МАМБЕТОВАНЫ 1 қаңтар күні 80-нің сеңгіріне шыққан жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып, тасып жүре беріңіз. Сізге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр, таусылмайтын бақыт тілей отырып, ұрпақтарыңыздың қызығы мен қуанышына, олардың сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз деген ниетімізді білдіреміз.
oral_oniri@inbox.ru
Құттықтаймыз! Тасқала ауданы Мереке ауылының тұрғыны, сүйікті әкеміз, атамыз Темі реш Телғараұлы ЖАНЖІГІТТІ мерейлі 90 жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Құтты болсын 90 деген жасыңыз, Қуаныштың кемерінен тасыңыз. Әрқашан да мықты болып денсаулық, Қажымастан жүзден әрмен асыңыз.
Құттықтаушылар: балаларыңыз, немерелеріңіз, жиендеріңіз, шөберелеріңіз Қаратөбе ауданы Саралжын ауы лының тұрғыны, ардақты әкеміз Жай лан АҚСҰЛТАНОВТЫ 70 жасымен шын жүректен құттықтаймыз. 70 жас құтты болсын, ардақты әке, Құдайым қылсын сізді әр кез аман. Сіз бар деп мақтанамыз, шаттанамыз Әрдайым арамызда жүрші аман. Біздер үшін қазыналы дерексіз Әрқашан да тірегіміз, керексіз. Тамыры көп, жапырағы жайқалған Ардақты әке, мәуелі бәйтерексіз. Құтты болсын 70 деген жасыңыз, Қуаныштан дариядай тасыңыз. Немере-жиендеріңізбен шаттанып, Ардақты әке 100-ге аяқ басыңыз.
Құттықтаушылар: ұл-келіндеріңіз, қыз-күйеу балаларыңыз, немере-жиендеріңіз, шөберелеріңіз
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Бала-шаға қызығына кенеліп, Ортамызда аман-есен жүріңіз. Анажан, өрлей берсін өр кемеңіз, Ақтауға ақ сүтіңді тер төгеміз. Мың жасап үрім-бұтақ ортасында, Мәңгілік үстем болсын мәртебеңіз.
Шын жүректен құттықтаушылар: балакелініңіз, қыз-күйеу балаңыз Абай-Алмагүл, немере-жиендеріңіз Елнұр, Айнара, Алтынай-Арман, Рустам, Жоламан-Мөлдір, Хамза
Тілек білдірушілер: бала-келініңіз АйнұрбекАйнагүл, қыз-күйеу балаларыңыз РамазанАйгүл, Ізтұрған-Айдын, Қайырбек-Айнагүл, зайыбыңыз Ұлдай Теректі ауданы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі Мәншүк Жақсығалиқызы УТЕПКАЛИЕВАНЫ мерейлі 50 жасымен шын жүректен құттықтаймыз. Білім саласында жаңашыл бастамалар мен жақсы күндерде, ұстаз дықтың нәтижелі сәттеріндегі еңбегі ңізге шабыт, отбасыңызға баянды бақыт, ең бастысы мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй тілейміз.
Өмірдің әр қырынан іздеп арай, Бақыт құсы самғасын сізге қарай. Сексеннің асуынан еркін асып, Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай.
Жаңақала ауданы Бірлік ауылының тұрғыны, аяулы анамыз Қаным Қайнықызы КАМИЛА ШОВАНЫ 80 жасқа, Айтпай елді мекенінің тұрғыны, сүйікті анамыз Меруерт АЙБАТҚАЛИЕВАНЫ 74 жасымен және Бірлік ауылы тұрғыны, ініміз Ерсайын Салмен ұлы КАМИЛАШОВТЫ қамал бұ зар 40 жасымен құттықтаймыз! Жаңа жылда жаңа табыс, шат көңіл, отбасы бірлігін тілейміз.
Тілек білдірушілер: Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы
Ақжайық ауданы Бесоба ауылының тұрғыны Раушан Жұма ғалиқызы БАХТИЯРОВАНЫ 1 қаңтарда толатын 60 жасымен құттықтаймыз. Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз, Сіз бар кезде асқармен теңесеміз. Алшаң басып жүре бер арамызда, Тарқамасын әрдайым берекеңіз! Орындалсын, анажан, басты арманың, Ешқашанда таймасын бастан бағың. Ұлы тойға ұлассын туған күнің, Жақсылыққа жайылып дастарқаның. Тілек білдіруші: ұлыңыз Данияр, қызыңыз Бақытгүл және немерелеріңіз
ҚПО «Парыз» күміс сыйлығын иеленді АСТАНА, Қазақстан, 20 желтоқсан 2013 жылы Тәуелсіздік сарайында өткен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз - 2013» республикалық байқауын қорытындылауға арналған салтанатты шарада «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» (ҚПО) компаниясы «Үздік әлеуметтік жоба» аталымында күміс сыйлық иеленді. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-министр, Үкімет мүше лері және өзге де ресми тұлғалар қатысты. ҚПО компания серіктестері мен облыс әкімдігінің қолдауына сүйене отырып, компания қызмет керлерінің көпшілігінің тұрғылық ты мекені саналатын Батыс Қа зақстан облысының (БҚО) және кен орнын жағалай орналасқан елді мекендер тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосу арқылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің озық үлгісі болуға тырысады. ҚПО «Парыз» күміс сыйлығын Орал қаласында жалпы білім бе-
ретін мектеп құрылысы бойынша әлеуметтік жобаны жүзеге асыр ғаны үшін иеленді. Мектеп ғима раты 1200 оқушыны қамти алатын бір кешенге біріктірілген үш қа баттан және бес блоктан тұрады. Мектеп түгелдей жасақталған жә не сапалы білім алу үшін қажеттінің бәрі бар: еңбек сабағын өткізуге арналған шеберхана, меди циналық қызметкердің бөлмесі, кітапхана, тіл сыныптары, АӘД сабақтарын өткізу үшін арнайы жаб дықталған бөлме, асхана және басқа да арнайы ғимараттар. ҚПО жыл сайын облыс аумағын да бірнеше ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады. Нысандардың тізімі мен басымдылығын облыс
басшылығы анықтайды. ҚПО-ның әлеуметтік бағдарламаларының негізгі бағыты – денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт ны сандарының құрылысын жүргізу. ҚПО-ның барлық әлеуметтік ны сандарының құрылысы тек қана қазақстандық мердігерлердің кү шімен салынып келеді. Атап айтарлығы, 2012-2013 ж.ж. аралығында «100 мектеп, 100 ау рухана» мемлекеттік бағдарлама сы аясында ҚПО-ның қатысуымен бес жаңа мектеп салынды. Олар дың біреуі Орал қаласында, ал қалған төртеуі шалғай аудандарда Ақжайық ауданының Ақсуат ауылында, Қаратөбе ауданының Үшағаш ауылында, Теректі ауда
нының Көнеккеткен ауылында және Ақжайық ауданының Сай құдық ауылында. Сонымен қатар ҚПО қаражаты есебінен Орал қаласында бала бақша салынды, жолдар салынды және жөнделді, Бөрлі ауданының Успенов ауылындағы мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Березов және Успенов ауылдарындағы сумен жабдықтау жүйелеріне күрделі жөндеу жасалып, Бөрлі ауда нының Жарсуат ауылындағы және т.б мектеп шеберханалары да күр делі жөндеуден өтті. Бұдан бұрын ҚПО Орал қала сындағы салтанат үйінің, Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы Бисен ауылындағы отбасылық-дәрі герлік амбулаторияның, Теректі ауданына қарасты Сарыөмір ауылында мәдениет үйінің және Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауы лындағы музыкалық мектептің құрылысын аяқтады. ҚПО-ның бас директоры Дамиа но Раттидің мәлімдеуінше, атал-
мыш әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру ҚПО мен Батыс Қазақстан облысы басшылығының арасында қалыптасқан жемісті әріптестік пен серіктестік қарым-қатынастар арқасында мүмкін болды. «Парыз» күміс сыйлығын иеленуге қатысты ойын білдірген Дамиано Ратти: «Біз үшін бұл сыйлық – аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін компанияға берілген жоғары баға. Жоғары өндірістік көрсеткіш терге қол жеткізумен қатар ҚПО Қарашығанақ кен орнынан игерілген байлықты аймақ тұрғындары мен жалпы Қазақстан Республи касының игілігі үшін жұмсауға мүдделілік танытады», - деді. 1998 жылдан бастап ҚПО-ның әлеуметтік салаға салған инвести циясының жалпы көлемі 565 миллион АҚШ долларынан асып түс ті, оның ішінде 2011 жылдың соңында пайдалануға берілген «Қа рашығанақ-Орал» газ құбырының да құрылысы бар.