БІРІНШІ ТОМ Өлеңдер, дастандар, әңгіме ТУҒАН ЖЕРІМ – САСЫҚӨЛ ӨЛЕҢДЕР Сасық деп еркелетіп ат қойған көл, От-суға иең түгіл, жат тойған көл. Назданып, жүйрік мініп, тарлан шүйіп, Көкселдір тұс-тұс жақтан ат қойған көл. Бір күні, ерте оянып, жаттым ойлап, Көп шыбын өрмелеген уық бойлап. Ұшқан боп жақындасып бір-біріне, Тайдырып, орнын қозғап, түртіп ойнап. Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме! Ойынға, құр қаларсың көңіл бөлме.