Sapargali Begalin-Angimeler

Page 1

Сапарғали Бегалин ЖЫЛҚЫШЫ Мұқаш пен Ысқақ екеуі де майданға аттанды. Олардың қысы, жазы бағып өсірген әрі жүйрік, әрі күшті тұкымды «Танат» колхозының жылқысы — жас жылқышылардың қолында калды. Колхоз бастығы Исатайдын жаз шыққалы жылқыны көргелі келгені осы. Исатай егіс шаруасы жайланып көңілі орнықса, әдейі келіп жылқыны аралайтын. Кейде күнімен жылқы ішінде болып, дем алатын. Қар кеткелі Исатайдың жылқыға келгені бүгін еді. Ол алдымен көк айғырдың үйіріне келіп, оның сұлу мүшелі дөнен, бестілерін, саңлақты сақа биелерін көріп, аттан түсіп біраз отырды. Бірақ осы жылқынын іші Исатайға онша қызықты емес тәрізді. Әлденені қо ңылтақсығандай, самарқау ойда. Оған мұндай ой салған осы жылқыны жаз ыстыққа күйіп, қыс аязға тонып бағып өсірген інілері жоқ. Олар сонау жаумен алысып қан майданда жүр. Тұңғыш ұлы Тұрсын, оны да кеше әскер қатарына аттандырды. Ауылдағы шаруадан оңашаланып ен далаға шыққанда оны осы ойлар әлденеше қиырға жетектеді. Танат тауының көкбурыл саласы, бұрқырап аққан кар суының мөлдір бұлақтары да оның көңілін сергітпейді. Жалғыз-ақ онын ойын бөліп, көнілін сергіткен бір нәрсе көк айғырдын малдан бөлек, ерекше, бір кылығы болды. Исатай жылқы ішіне келгенде көк айғыр үйірінін шетінде жүре жайылып, кісінеп жүр еді. бір мезгілде арқырап, Танат тауын бауырлап жорта жөнелді. Қайыра-қайыра кісінеп алды да, жоқ болып кетті. Исатай таң-тамаша қалды. Ол көк айғырдың көп сырын білетін, әсіресе үйірінен мінілген бір тайын іздеп, әлденеше күн арқырап іздеумен болатын. Ондай кезде көк айғыр жылқының барлық өрісін шолып шығатын. Көк айғыр екі биені жетектеген кісіге бірсыпыра жерге шейің еріп барып, үйіріне қайтып келген-ді. Өйткені түнде құлындаған көк биенің құлыны әлі ширамаған болатын. Көк айғырдың ұзамағаны да осыдан болғанды, Көк айғыр жаңа туған құлын ширағанша, одан ұзамайтын. Жылқыға кісі келгенін байқап, көк айғыр тағы сол биелерді іздеп жөнелді. Көк айғырдыц бұл кетісі Исатайға бір ой салды. Мал жайын сөз еткенде Ысқақ көк айғырдың кейбір осындай мінезін айтып мақтайтын. Онда Исатай өз інісіне: «Қой, беталды бөспе, ол кісі деймісің!»—деп тоқтатып тастайтын. Шынында ол көк айғырдың кейбір есті мінезін сенімсіз көретін.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.