ТҮНЕКТЕ ТӨГІЛГЕН ЖАРЫҚ НҰР
МӘСІХТІҢ ТУҒАН КҮНІНІҢ ТАМАША МӘН-МАҒЫНАСЫН АШЫҢЫЗ! МӘТІНІ ЛҰҚА ЖАЗҒАН ІЗГІ ХАБАРДАН АЛЫНҒАН
Осы шығарма ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің діни сараптамасынан № 24-1-1-24/2744 нөмірі бойынша 04.12.2020 күні өткізілді.
Суреттерді салған: Алекс Уебб-Пепло. Безендірген: Андре Паркер. Түнекте төгілген жарық нұр: Мәсіхтің туған күнінің тамаша мән-мағынасын ашыңыз! Мәтіні Інжіл шарифтегі Лұқа жазған Ізгі хабардан алынған. Жаңару қауымы, Атырау қаласы, 2020 ж. – 48 бет. ISBN 978-3-98509-100-3
Шығарманың барлық құқықтары сақталған. Ағылшынша түпнұсқасы “Light in the Darkness” © The Good Book Company / Alex Webb-Pebloe / Andre Parker 2014 Киелі кітаптың қазақша аудармасындағы Лұқа жазған Ізгі хабардан алынған мәтін © Ени Яшам Яйынлары (Жаңа өмір баспасы), Стамбұл 1993, 1996, 2000, 2010, 2015.
Көптеген адамдар арамызда әбден белгілі болған оқиғаларды баяндауға кірісіп кетті. Олар Ізгі хабарды уағыздаушылардың әуел бастан-ақ өз көздерімен көріп, бізге айтып жеткізгендеріне сүйенді.
Солардың бәрін басынан бастап
ұқыпты зерттеп шыққандықтан, мен де оларды рет-ретімен
жазып берсем игі болар еді деп ұйғардым...
Осылайша сіз өзіңіз үйренген осы ілімнің берік негізіне әбден көз жеткізе аласыз.
1-БӨЛІМ
ҒАЖАП ХАБАР
ЯҺУДЕЯ ЕЛІНІҢ ПАТШАСЫ ИРОДТЫҢ ЗАМАНЫНДА ДІНИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ АБИЯХ ТОБЫНДА ЗӘКӘРИЯ ЕСІМДІ БІРЕУ БАР БОЛАТЫН.
ӘЙЕЛІ ЕЛІЗАБЕТ ТЕ ҺАРОН ӘУЛЕТІНЕН ЕДІ.
ЕКЕУІ ДЕ ҚҰДАЙ АЛДЫНДА ӘДІЛ ЖАНДАР БОЛЫП ЖАРАТҚАН ИЕНІҢ БАРЛЫҚ ӨСИЕТТЕРІ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ САЙ МІНСІЗ ӨМІР СҮРІП ЖАТТЫ. БІРАҚ ЕЛІЗАБЕТ ҚҰРСАҚ КӨТЕРМЕГЕНДІКТЕН,
БАЛАЛАРЫ БОЛМАДЫ АЛ ЕКЕУІНІҢ ЖАСЫ ДА ҰЛҒАЙЫП ҚАЛҒАН ЕДІ.
БІР КҮНІ ЗӘКӘРИЯ ӨЗ ТОБЫНЫҢ КЕЗЕГІ КЕЛІП, (ИЕРУСАЛИМДЕГІ ҒИБАДАТХАНАДА) ҚҰДАЙҒА ҚЫЗМЕТ ЕТІП ТҰРДЫ.
СОНДА ДІНИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ДӘСТҮР БОЙЫНША ОРТАҒА ЖЕРЕБЕ САЛЫП, ӨЗДЕРІ АТҚАРАТЫН МІНДЕТТЕРДІҢ РЕТІН БӨЛІСТІ.
СОДАН ЖАРАТҚАН ИЕНІҢ КИЕЛІ ҮЙІНЕ КІРІП, ОҒАН АРНАЛҒАН ТАРТУ РЕТІНДЕ
ЖҰПАР ШАЙЫР ТҮТЕТУ МІНДЕТІ ЗӘКӘРИЯНЫҢ ҮЛЕСІНЕ ТИДІ.
ЗӘКӘРИЯ, ҚОРЫҚПА!
ТІЛЕГІҢ ҚАБЫЛ БОЛЫП,
ҰЛДЫҢ АТЫН ЖАҚИЯ ДЕП ҚОЯСЫҢ.
ӘЙЕЛІҢ ЕЛІЗАБЕТ САҒАН ҰЛ ТУЫП БЕРЕДІ.
ТӨБЕҢ КӨККЕ ЖЕТЕ ҚУАНЫП ШАТТАНАСЫҢ, КӨП АДАМДАР ДА ОНЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНІНЕ ҚУАНАДЫ. ОЛ ЖАРАТҚАН ИЕНІҢ АЛДЫНДА МӘРТЕБЕЛІ БОЛЫП,
ШАРАП, СЫРА АТАУЛЫДАН АУЛАҚ ЖҮРЕТІН БОЛАДЫ. АНА ҚҰРСАҒЫНДА ЖАТҚАНДА-АҚ ОЛ КИЕЛІ РУХҚА КЕНЕЛЕДІ.
ІЛИЯС ПАЙҒАМБАРҒА ДАРЫҒАН ҚҰДАЙДЫҢ РУХЫ МЕН КҮШІНЕ ОЛ ДА БӨЛЕНІП, ИЕМІЗДІҢ АЛДЫНАН ЖҮРЕТІН БОЛАДЫ.
ЖАҚИЯ ИСРАИЛДІКТЕРДІҢ КӨБІН ӨЗДЕРІНІҢ ҚҰДАЙЫ — ЖАРАТҚАН ИЕГЕ ҚАЙТАДАН КЕЛТІРЕДІ.
ӘКЕЛЕРДІ БАЛАЛАРЫМЕН ТАТУЛАСТЫРЫП, ҚЫҢЫР МІНЕЗДІЛЕРДІ ӘДІЛ ЖАНДАРДЫҢ ТУРА ЖОЛЫНА БЕТ БҰРҒЫЗАДЫ. ОСЫЛАЙША ОЛ ХАЛЫҚТЫ ИЕМІЗДІҢ КЕЛУІНЕ ӘЗІРЛЕЙДІ.
БҰҒАН ҚАЛАЙ КӨЗ ЖЕТКІЗЕ АЛАМЫН? ӨЗІМ ҚАРТАЙДЫМ, ӘЙЕЛІМНІҢ ДЕ ЖАСЫ ҰЛҒАЙДЫ ҒОЙ…
МЕН ЖӘБІРЕЙІЛМІН!
ҚҰДАЙҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУШІМІН.
ОЛ МЕНІ САҒАН ОСЫ ІЗГІ ХАБАРДЫ ЖЕТКІЗУГЕ ЖІБЕРДІ. АЛ СЕН МЕЗГІЛІНДЕ ОРЫНДАЛАТЫН СӨЗДЕРІМЕ СЕНБЕГЕНДІКТЕН, ОЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН КҮНГЕ ДЕЙІН СӨЙЛЕЙ АЛМАЙТЫН МЫЛҚАУ БОЛЫП ҚАЛАСЫҢ.
ОСЫ ЕКІ АРАДА
ЖАМАҒАТ ЗӘКӘРИЯНЫҢ КИЕЛІ ҮЙДЕ КІДІРІП ҚАЛҒАНЫНА ТАҢДАНЫП, ТОСЫП ТҰРҒАН ЕДІ.
ОЛ СЫРТҚА ШЫҚҚАНДА,
… ОЛАРҒА СӨЙЛЕЙ АЛМАЙ ҚАЛДЫ.
СОНДА ЖҰРТ ОНЫҢ КИЕЛІ ҮЙДЕ АЯН КӨРГЕНІН ҰҚТЫ.
СЕБЕБІ ЗӘКӘРИЯ ОЛАРҒА ЫММЕН БЕЛГІ БЕРІП, МЫЛҚАУ КҮЙІНДЕ ҚАЛА БЕРДІ.
БҰДАН СОҢ,
ӘЙЕЛІ ЕЛІЗАБЕТ ҚҰРСАҚ КӨТЕРДІ.
ЖАРАТҚАН ИЕ БҰЛ КҮНДЕРІ МАҒАН НАЗАР АУДАРЫП,
МЕНІ АДАМДАР АРАСЫНДА
ҰЯТҚА ҚАЛДЫРМАУ ҮШІН ОСЫЛАЙ ЖАРЫЛҚАДЫ!
2-БӨЛІМ
КЕРЕМЕТ УӘДЕ
АЛТЫНШЫ АЙДА ҚҰДАЙ ЖӘБІРЕЙІЛ ПЕРІШТЕНІ
ҒАЛИЛЕЯ АЙМАҒЫНûҢ НАЗАРЕТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ
БІР ҚЫЗҒА ЖІБЕРДІ.
ОЛ ЖҮСІП ЕСІМДІ ЖІГІТКЕ АЙТТЫРЫЛЫП КОЙЫЛҒАН БОЛАТЫН.
ЖҮСІП ДӘУІТТІҢ ӘУЛЕТІНЕН ШЫҚҚАН ЕДІ.
ҚЫЗДЫҢ ЕСІМІ МӘРИЯМ БОЛАТЫН…
СӘЛЕМ САҒАН, ҚҰДАЙ ЖАРЫЛҚАҒАН ЖАН, ЖАРАТҚАН ИЕ САҒАН ЖАР!
ҚОРЫҚПА, МӘРИЯМ, САҒАН
ИСА ДЕП ҚОЯСЫҢ.
ҚҰДАЙ РАҚЫМЫН ТҮСІРДІ.
ОНЫҢ АТЫН ЕНДІ ҚҰРСАҚ КӨТЕРІП, ҰЛ ТАБАСЫҢ,
ОЛ ӨТЕ МӘРТЕБЕЛІ БОЛЫП, ҚҰДАЙ ТАҒАЛАНЫҢ (РУХАНИ) ҰЛЫ ДЕП ҚҰДАЙ ИЕ АТАЛАДЫ. ОҒАН АРҒЫ АТАСЫ ДӘУІТТІҢ ТАҒЫН СЫЙЛАЙДЫ. ИСА ЖАҚЫПТЫҢ ҮРІМБҰТАҒЫНА МӘҢГІ БАҚИ ПАТШАЛЫҚ ҚҰРАТЫН БОЛАДЫ. ОНЫҢ ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ШЕГІ БОЛМАЙДЫ. БҰЛ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ? МЕН ЕРКЕКПЕН ЖАҚЫНДАСҚАН ЕМЕСПІН ҒОЙ!
САҒАН САҒАН КИЕЛІ КИЕЛІ РУХРУХ ҚОНЫП ҚОНЫП ҚҰДАЙ ҚҰДАЙ ТАҒАЛА ТАҒАЛА САЯ САЯ ТҮСІРГЕНДЕЙ ТҮСІРГЕНДЕЙ ӨЗІНІҢ ҚҰДІРЕТІН ӨЗІНІҢ ДАРЫТАДЫ. СОНДЫҚТАН ДА СЕН ТАБАТЫН КИЕЛІ БАЛА «ҚҰДАЙДЫҢ (РУХАНИ) ҰЛЫ» ДЕП АТАЛМАҚ.
МЕН ЖАРАТҚАН ИЕНІҢ КҮҢІМІН; АЙТҚАНЫҢЫЗ БОЛСЫН!
СЕБЕБІ ҚҰДАЙДЫҢ ЕШБІР СӨЗІ ДЕ ЖҮЗЕГЕ АСПАЙ ҚАЛМАС!
БҰРЫН ҚҰРСАҚ КӨТЕРМЕЙДІ ДЕП САНАЛҒАН ЖАҚЫН АПАЙЫҢ ЕЛІЗАБЕТ ТЕ ҚАРТАЙҒАН ШАҒЫНДА ҰЛДЫ БОЛМАҚ. АЛТЫ АЙДАН БЕРІ ОНЫҢ АЯҒЫ АУЫР.
СОЛ КҮНДЕРІ МӘРИЯМ ЖОЛҒА ЖИНАЛЫП,
ЯҺУДА РУЫНЫҢ ТАУЛЫ ӨҢІРІНДЕГІ БІР ҚАЛАҒА ЖЕДЕЛ ЖҮРІП КЕТТІ.
СОНДА ОЛ ЗӘКӘРИЯНЫҢ ҮЙІНЕ ТҮСІП, ЕЛІЗАБЕТПЕН АМАНДАСТЫ.
ЕЛІЗАБЕТ МӘРИЯМНЫҢ БЕРГЕН СӘЛЕМІН ЕСТІГЕНДЕ,
ІШІНДЕГІ НӘРЕСТЕСІ ТЫПЫРЛАП КЕТТІ.
ҚҰДАЙ ӘЙЕЛДЕРДІҢ АРАСЫНДА СЕНІ ЖАРЫЛҚАҒАН, ҚҰРСАҒЫҢДАҒЫ НӘРЕСТЕНІ ДЕ ИЕМНІҢ ЖАРЫЛҚАҒАН! ШЕШЕСІ МАҒАН КЕЛЕТІНДЕЙ МЕН СОНШАМА КІМ ЕДІМ? КӨРДІҢ БЕ, СӘЛЕМ БЕРГЕН ДАУСЫҢ ҚҰЛАҒЫМА ЖЕТКЕНДЕ, ІШІМДЕГІ БАЛАМ ЖАРАТҚАН ҚУАНЫП, ТЫПЫРЛАП ИЕГЕ СЕНГЕН СЕН ҚОЯ БЕРДІ! БАҚЫТТЫСЫҢ, ОНЫҢ САҒАН АЙТҚАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ!
ЖАН ДҮНИЕМ ИЕМДІ МАДАҚТАЙДЫ, ҚҰТҚАРУШЫМ ҚҰДАЙҒА ҚУАНАДЫ.
КҮҢІНІҢ ҚАРАПАЙЫМ ЖАҒДАЙЫНА ҚҰДАЙ РАҚЫММЕН НАЗАР АУДАРАДЫ.
КҮЛЛІ ҰРПАҚТАР МЕНІ БҰДАН БЫЛАЙ «ҚҰДАЙ ЖАРЫЛҚАҒАН ЖАН» ДЕП АТАЙДЫ:
РАҚЫМЫ ӨЗІН ҚАСТЕРЛЕУШІЛЕРДІҢ ҰРПАҒЫНАН ҰРПАҒЫНА ЖАЛҒАСАДЫ.
ЕСІМІ КИЕЛІ ҚҰДІРЕТТІ ҚҰДАЙ МАҒАН КЕРЕМЕТ ҰЛЫ ІСТЕР ЖАСАЙДЫ!
АСҚАҚ НИЕТТІЛЕРДІ ШАШЫРАТАДЫ, ОЛ ҚОЛЫНЫҢ ҚҰДІРЕТІН ТАНЫТЫП,
БИЛІК ИЕЛЕРІН ТАҚТАН ҚҰЛАТЫП,
АТАҚСЫЗДАРДЫ ЖОҒАРЫЛАТАДЫ,
АШЫҚҚАНДАРДЫ ИГІЛІККЕ КЕНЕЛТІП, ТӘҢІР ӨЗ ҚАЙЫРЫМЫН ЕСКЕРІП, ҚЫЗМЕТШІСІ ИСРАИЛДІ ҚАМҚОРЛАЙДЫ:
БАЙЛАРДЫ ҚҰР ҚОЛ ҚАЙТАРЫП ҚУАДЫ.
ЕЖЕЛГІ АТАБАБАЛАРЫМЫЗҒА, ЫБЫРАЙЫМ МЕН ОНЫҢ ҰРПАҚТАРЫНА, ҚҰДАЙ ОСЫЛАЙ АЙТҚАН БОЛАТЫН ДА.
МӘРИЯМ ҮШ АЙДАЙ ЕЛІЗАБЕТПЕН БІРГЕ ТҰРҒАННАН КЕЙІН ҮЙІНЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ.
ЕЛІЗАБЕТТІҢ БОСАНАТЫН УАҚЫТЫ ЖЕТІП,
ҰЛ ТАПТЫ.
КӨРШІЛЕРІ МЕН ТУЫСТАРЫ ЖАРАТҚАН ИЕНІҢ ОҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАҒАНЫН ЕСТІП, ҚУАНЫШЫНА ОРТАҚТАСТЫ.
ОЛАР ОҒАН ЗӘКӘРИЯ ДЕП ӘКЕСІНІҢ АТЫН ҚОЙМАҚШЫ БОЛДЫ.
ЖОҚ, ОНЫҢ ЕСІМІ ЖАҚИЯ БОЛАДЫ!
ТУЫСҚАНДАРЫҢЫЗДЫҢ АРАСЫНДА СОНДАЙ ЕСІМДІ ЕШКІМ ЖОҚ ЕДІ ҒОЙ!
ОНЫҢ ЕСІМІ ЖАҚИЯ БОЛАДЫ! БҰЛ НӘРЕСТЕ КІМ БОЛАР ЕКЕН?
СОЛ СӘТТЕ-АҚ ЗӘКӘРИЯҒА ҚАЙТАДАН ТІЛ БІТІП, ОЛ ҚҰДАЙДЫ МАДАҚТАЙ БАСТАДЫ.
ИСРАИЛДІҢ СИЫНАТЫН ҚҰДАЙЫ МАДАҚТАЛСЫН: ОНЫҢ ЖАРАТҚАН ИЕСІ! ҚҰДАЙ ТАҢДАП АЛҒАН ХАЛҚЫНА КЕЛЕДІ, ОНЫ ҚҰТҚАРЫП АЛЫП АЗАТ ЕТЕДІ!
ҚҰЛЫ ДӘУІТТІҢ ӘУЛЕТІНЕН БІЗГЕ МЫҚТЫ ҚҰТҚАРУШЫНЫ ШЫҒАРАДЫ. ҚАСИЕТТІ ПАЙҒАМБАРЛАРЫНА ОЛ ЕЖЕЛДЕ БҰЛАРДЫ АЛДЫН АЛА БІЛДІРТКЕН ЕДІ, ОНДАҒЫ МАҚСАТЫ — БАР ЖАУЫМЫЗДАН, БІЗДІ ЖЕК КӨРЕТІНДЕРДІҢ
ҚОЛЫНАН ҚҰТҚАРЫП АЛЫП АЗАТ ЕТУ БІЗДЕРДІ. ҚҰДАЙ АРҒЫ АТАБАБАЛАРЫМЫЗҒА ОСЫЛАЙ ШАПАҒАТЫН ТАНЫТАДЫ,
ОЛАРМЕН ЖАСАҒАН ӨЗІНІҢ ҚАСИЕТТІ КЕЛІСІМІН ЕНДІ ЕСІНЕ АЛАДЫ, ТҮП АТАМЫЗ ЫБЫРАЙЫМҒА ӨЗІ БЕРГЕН АНТЫН ЕСІНЕ ТҮСІРЕДІ.
ҚАСИЕТТІ ДЕ ӘДІЛ ӨМІР СҮРУГЕ МӘҢГІ МҮМКІНДІК БЕРЕТІН БОЛАДЫ.
ЖАРАТҚАН ИЕМІЗДІҢ КӨЗ АЛДЫНДА
БІЗГЕ ЖАУЛАРДЫҢ ҚОЛЫНАН ҚҰТЫЛЫП, ӨЗІНЕ ЕШ АЛАҢСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТІП,
ОНЫҢ АЛДЫНАН ЖҮРЕТІН БОЛАСЫҢ: ӨЗІНІҢ ТАҢДАҒАН ХАЛҚЫН ҚҰТҚАРЫП, КҮНӘСІН КЕШІРЕТІНІН ХАБАРЛАП, ДАЙЫНДАУҒА ИЕМІЗДІҢ ЖҮРЕР ЖОЛЫН:
МЕЙІРІМДІ РАҚЫМЫМЕН ҚҰДАЙЫМЫЗДЫҢ
ШҰҒЫЛАЛЫ ТАҢ, МІНЕ, АТЫП КЕЛЕДІ!
ПАЙҒАМБАРЫ ДЕП АТАЛАТЫН БОЛАСЫҢ,
БАЛАМ, СЕН ОСЫЛАЙ ҚҰДАЙ ТАҒАЛАНЫҢ
АЖАЛ ТӨНДІРГЕН ТҮНЕКТЕГІ БІЗДЕРГЕ ОЛ ӨЗІНІҢ ШАПАҒАТТЫ НҰРЫН ТӨГЕДІ, ҺӘМ БІЗДІ БЕЙБІТШІЛІК ЖОЛЫНА ЖЕТЕЛЕЙДІ.
3-БӨЛІМ
ҚҰДІРЕТТІ ҚҰТҚАРУШЫ
СОЛ КҮНДЕРІ РИМ ПАТШАСЫ АВГУСТ ЖЕР ЖҮЗІНІҢ БАРЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРЫНА
САЛЫҚ ТӨЛЕУ ҮШІН ТІЗІМГЕ ТІРКЕЛУГЕ ЖАРЛЫҚ ШЫҒАРДЫ.
СОНДА ӘРКІМ ТІЗІМГЕ ТІРКЕЛУ ҮШІН ӨЗІНІҢ АТАМЕКЕНІНЕ БАРДЫ.
ЖҮСІП ТЕ
ҒАЛИЛЕЯДАҒЫ НАЗАРЕТ ҚАЛАСЫНАН ЖОЛҒА ШЫҒЫП,
ДӘУІТ ПАТШАНЫҢ ТУҒАН ҚАЛАСЫНА,
ЯҺУДЕЯ АЙМАҒЫНДАҒЫ БЕТЛЕХЕМГЕ, ТІЗІМГЕ ТІРКЕЛУГЕ БАРДЫ. АЯҒЫ АУЫР ӘЙЕЛІ МӘРИЯМ ОҒАН ЕРІП
ОЛАР БЕТЛЕХЕМДЕ БОЛҒАНДА
МӘРИЯМНЫҢ БОСАНАТЫН УАҚЫТЫ ЖЕТІП,
ТҰҢҒЫШ ҰЛЫН ТАПТЫ.
ОНЫ ҚҰНДАҚТАП, ҚОРАДАҒЫ ШӨП САЛАТЫН АҚЫРҒА ЖАТҚЫЗДЫ.
СОЛ ӨҢІРДЕ МАЛШЫЛАР ЖҮРЕТІН. ОЛАР ДАЛАДА ТҮНЕП,
МАЛДАРЫН КҮЗЕТІП ЖАТТЫ.
ҚОРЫҚПАҢДАР!
МЕН СЕНДЕРГЕ ҮЛКЕН ҚУАНЫШ ЖАРИЯЛАЙМЫН, ОЛ ҚУАНЫШ БАРЛЫҚ ХАЛЫҚҚА ДА ОРТАҚ:
БҮГІН ДӘУІТТІҢ ҚАЛАСЫНДА СЕНДЕРДІҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ,
ОЛ —
ИЕМІЗ
МӘСІХ!
МҰНЫҢ СЕНДЕР ҮШІН БЕЛГІСІ
СЕНДЕР АҚЫРДА ҚҰНДАҚТАУЛЫ ЖАТҚАН
НӘРЕСТЕНІ КӨРЕСІҢДЕР.
ЗАҢҒАР КӨКТЕ ҚҰДАЙ МАДАҚТАЛСЫН! ЖЕР ЖҮЗІНДЕ ӨЗІ РИЗА БОЛҒАН АДАМДАРҒА ТЫНЫШТЫҚ БОЛСЫН!
КӘНЕ, БЕТЛЕХЕМГЕ БАРАЙЫҚ! СОЛ ЖЕРДЕ НЕ БОЛҒАНЫН, ЖАРАТҚАН ИЕНІҢ БІЗГЕ БІЛДІРГЕНІН КӨРЕЙІК.
ОНЫ КӨРГЕН СОҢ,
МАЛШЫЛАР ОСЫ СӘБИ ТУРАЛЫ АЛҒАН ХАБАРДЫ СОЛ ЖЕРДЕГІЛЕРГЕ АЙТЫП
МҰНЫ ЕСТІГЕНДЕРДІҢ БӘРІ МАЛШЫЛАРДЫҢ ӘҢГІМЕСІНЕ ҚАЙРАН ҚАЛЫСТЫ.
АЛ МӘРИЯМ ОСЫ СӨЗДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫН КӨҢІЛІНЕ ТҮЙІП, ЕСІНЕ САҚТАДЫ.
МАЛШЫЛАРДЫҢ КӨРІПЕСТІГЕНДЕРІ ТҮГЕЛДЕЙ ПЕРІШТЕНІҢ АЙТҚАНЫНДАЙ БОЛҒАН СОҢ, ОЛАР ҚҰДАЙДЫ ДАҢҚТАП, ДӘРІПТЕПМАДАҚТАП, ҚАЙТЫП КЕТТІ.
СЕГІЗ КҮН ӨТКЕННЕН
КЕЙІН
НӘРЕСТЕНІ СҮНДЕТТЕЙТІН МЕЗГІЛ ЖЕТКЕНДЕ,
ОНЫҢ АТЫН ИСА ДЕП ҚОЙДЫ. ШЕШЕСІ ҚҰРСАҚ КӨТЕРМЕС БҰРЫН ПЕРІШТЕ ОҒАН ОСЫ ЕСІМДІ АЙТҚАН ЕДІ.
ӘКЕ-ШЕШЕСІ ИСАНЫ ЖАРАТҚАН ИЕНІҢ АЛДЫНА АПАРУ РӘСІМІН ОРЫНДАУ ҮШІН ИЕРУСАЛИМГЕ АЛЫП КЕЛДІ.
ОЛАР ТАУРАТ ЗАҢЫНДА АЙТЫЛҒАНДАЙ, «ЕКІ ОРМАН КЕПТЕРІН НЕМЕСЕ ЕКІ ЖАС КӨГЕРШІНДІ» ҚҰРБАН ЕТПЕКШІ ДЕ БОЛДЫ.
СОЛ КЕЗДЕ ИЕРУСАЛИМДЕ ШИМОН ЕСІМДІ КІСІ ТҰРАТЫН.
ОЛ ИСРАИЛ ЕЛІНІҢ КӨРГЕН АЗАБЫНАН ҚҰТҚАРЫЛУЫН
АҢСАП КҮТІП КЕЛГЕН, ӘДІЛ, ҚҰДАЙДЫ ҚАСТЕРЛЕЙТІН ЖАН ЕДІ. КИЕЛІ РУХ ОҒАН ҚОНҒАН БОЛАТЫН.
«ЖАРАТҚАН ИЕ ЖІБЕРГЕН ҚҰТҚАРУШЫ МӘСІХТІ КӨРМЕЙ ТҰРЫП ӨЛМЕЙСІҢ», — ДЕП КИЕЛІ РУХ ШИМОНҒА АЛДЫН АЛА АЙТҚАН ЕДІ. ЕНДІ ШИМОН КИЕЛІ РУХТЫҢ ЖЕТЕЛЕУІМЕН
ҒИБАДАТХАНАҒА БАРДЫ.
ӨЗІҢ АЛДЫН АЛА АЙТҚАНДАЙ, МЕНДЕЙ ПЕНДЕҢДІ ТЫНЫШТЫҚПЕН О ДҮНИЕГЕ АТТАНДЫРАСЫҢ.
УА, ӘЛЕМНІҢ ӘМІРШІСІ, СОНЫМЕН СЕН ЕНДІ,
СЕН БАР ҰЛТТАР АЛДЫНДА ДАЙЫНДАҒАН ҚҰТҚАРУЫҢ — САҒАН БАҒЫНБАҒАН ҰЛТТАРДЫҢ КӨЗІН ӘРІ ХАЛҚЫҢ АШАТЫН ИСРАИЛДІҢ ДАҢҚЫН ШЫҒАРАТЫН «НҰРЫҢДЫ» МЕН ҚАЗІР ӨЗ КӨЗІММЕН КӨРІП ТҰРМЫН! ОСЫ БАЛА ИСРАИЛДЕГІ КӨП АДАМДАРДЫҢ СҮРІНІП, ҚҰЛАУЫНА, АЛ БАСҚАЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫНА СЕБЕПШІ БОЛАДЫ.
АЛ, МӘРИЯМ, СЕНІҢ ЖАНЫҢ ЖҮРЕГІҢДІ ҚЫЛЫШПЕН ТІЛГІЛЕГЕНДЕЙ ҚАТТЫ АУЫРАТЫН БОЛАДЫ.
ОСЫ ЖЕРДЕ АШИР РУЫНАН ШЫҚҚАН ФАНУЕЛ ҚЫЗЫ АННА ПАЙҒАМБАР ДА БАР ЕДІ. ОЛ КЕЗІНДЕ КҮЙЕУГЕ ШЫҒЫП, ОНЫМЕН ЖЕТІ ЖЫЛ ОТАСҚАН,
ОРАЗА ТҰТЫП, КҮНІ-ТҮНІ ҚҰДАЙҒА СИЫНЫП ҚЫЗМЕТ ЕТІП, ҒИБАДАТХАНАДАН ШЫҚПАЙТЫН.
АЛ ЕНДІ ЖАСЫ ҰЛҒАЙҒАН ҚАРТ АДАМ БОЛАТЫН. СЕКСЕН ТӨРТ ЖАСТАҒЫ ЖЕСІР ӘЙЕЛ
БҰЛ КІСІ ДЕ СОЛ СӘТТЕ-АҚ КЕЛІП,
ЖАРАТҚАН ИЕНІ МАДАҚТАДЫ. СОДАН ОЛ ИЕРУСАЛИМ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰТҚАРЫЛУЫН АҢСАП КҮТІП ЖҮРГЕНДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫНА ОСЫ НӘРЕСТЕ ТУРАЛЫ ХАБАРДЫ ЖЕТКІЗДІ.
МӘРИЯМ МЕН ЖҮСІП ЖАРАТҚАН ИЕ БҰЙЫРҒАН ТАУРАТ ЗАҢЫНА САЙ ҚАЖЕТТІ РӘСІМДЕРДІҢ БӘРІН ОРЫНДАП БОЛҒАННАН КЕЙІН
ҒАЛИЛЕЯДАҒЫ ӨЗ ҚАЛАЛАРЫ НАЗАРЕТКЕ ҚАЙТЫП БАРДЫ.
БАЛА ӨСІП,
КҮШ ЖИНАП,
ДАНАЛЫҚҚА КЕНЕЛЕ БЕРДІ.
ҚҰДАЙДЫҢ МЕЙІР-ШАПАҒАТЫ ОНЫҢ ҮСТІНДЕ БОЛДЫ.
Бұл — Мәсіхтің дүниеге келгені туралы тартымды да таңғажайып тарихи баяндама. Ол Лұқа жазған Ізгі хабардың 1,2 тарауларының қазақша аудармасынан алынған. Оған еш нәрсені қосқан жоқпыз. Тек суреттермен безендіріп, сол қайран қалдыратын оқиғалардың қалай болғандарын мүмкіндігінше дәл әрі көзге елестетуге ыңғайлы қылып көрсетуге ұмтылдық. Мәсіхтің дүниеге келуі жайлы әңгіме — Оның Киелі кітаптағы өмірбаянының алғашқы бөлігі. Мұнда оны келтірдік, өйткені Мәсіх тірі. Ол соны қалаған адамдардың өмірін әлі де жақсылыққа өзгертуге дайын. Мәсіх біздің өмірімізді де жаңартып, түпкілікті өзгертті. Сол кезде Мәсіхтің құрбандық өлімінің арқасында барлық күнәларымыз кешірілді. Оның қайта тірілгенінің арқасында біз жаңа қуаныш, күшқуат пен тыныштыққа кенелдік. Енді сіз де Мәсіх Исамен жақыннан танысып, «Түнекте төгілген жарық нұрды» көкірек көзіңізбен көре алуыңыз үшін Жаратқан Иеге сиынамыз. Егер сіз Лұқаның Мәсіх Иса туралы жазған бүкіл баяндамасын оқығыңыз келсе, онда ғаламтордағы мына сайтқа кіріңіз: www.kkitap.net Ал егер Інжіл шарифтің немесе бүкіл Киелі кітаптың басылған данасына ие болғыңыз келсе, онда бізбен мына эл.пошта арқылы байланысыңыз: qazaq_adebiyeti@gmail.com
Қалашықтан келген жас жұбайлар Ағаш ұстасына айттырылған қарапайым қыз Далада түнеген малшылар Сырттан қарағанда маңызсыз болып көрінген осы адамдардың өмірі біржола өзгереді. Себебі олар кездестірген ғажап қонақтар ежелде алдын ала айтылып кеткен оқиғаның орындалып жатқаны жайлы керемет жақсы хабарды оларға жеткізеді. Мәсіхтің қалай дүниеге келгені туралы біліп алып, түнектегі нұрдың төгіле бастағанына куәгер болыңыз.